Текст
                    ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы

М. Балақаев, Е. Жанһёйісов.

М. Томанов, Б. Манасбаев

М. Балақаев, М. Томанов, Е. Жанпейісов, Б. Манасбаев ҚАЗАҚ ТІЛІНЩ СТИЛИСТИКАСЫ Оқулық Өңделіп үшінші басылуы АЛМАТЫ, 2005
ББК81.2 Каз-5 Б22 «Қазақ тілінің стилистикасы» окулыгын өңдеп, басылымга дайындаган Бердібай Шалабай, филалогия гылымының доктрры, профессор. Б22 Балақаев М., Томанов М., Жанпейісов Е., Манас- баев Б. Қазак. тілінің стилистикасы. Окулык, 3-ші басылым. - Алматы: «Дәуір», 2005 ж. - 256 бет. І8В^ 9965-749-07-8 Бұл окулыктың казак тілін толык меңгеріп, жазу, оку, өз ойын, пікірін білікті, шешен деңгейде жеткіземін деп талап етушілерге үлкен көмегін тигізетіні сөзсіз. Казіргі кезенде казактіліне жазу мен мәнер- леп сөйлеуге шоркак және оның ішінде көркемдеп, адемі жазу адістерін грамматикалык түрғыдан колдануы төмен азаматгар арамызда көбейіп келеді. Осы түрғыдан алғанда бұл кітаптың ұстаздарға, студенттерге, жорналшыларға және казак тілін толык меңгерсем деген азаматтарға пайдалылығы өте зор. 4602020400 462(О5)-О5 І8ВК 9965-749-07-8 ББК81.2 Каз-5 © Балакаев М., Томанов М., Жанпейісов Е., Манасбаев Б. © Қазақстан жоғары оку орындарынын кауымдастығы
АЛҒЫСӨЗ Ұсынылып отырған кітап «Қазақ тілінің стилистикасы» оқулығының үшінші басылымы. Екінші басылымы жарыққа шыққан 1974 жылдан бергі уақытта стилистика ғылымы- ның даму деңгейі де өсті, стилистика пәнін оқытуда да көптеген жаңа, оң тәжірибелер жинақталды. Бұл айтыл- ғандардың үстіне еліміз тәуелсіздік алып, қазақ тілі мемле- кеттік тіл мәртебесіне ие болды. Осыған орай қазақ тілінің қолдану өрісі кеңейді, функционалдық стильдерінің аясы да бүрынғыға қарағанда әлдеқайда артты. Осы өзгерістер стилистика оқулығының жаңадан жазылатын нүсқасында ескеріліп, кейін баспадан шығарыла жатар, ал әзірше бүры- нғы оқулықтың да қүндылығы жойылмағандығын, осы уақытқа дейін пайдаланып келе жатқанын және осы күні студентгердің қолына түсе бермейтін, сирек кездесетін кіта- пқа айналғандығын ескеріп, баспа үжымы бүл оқулықты қайта шығаруды қолға алып отыр. Осыған байланысты жаңа басылымда оқулықтың тео- риялық бөлімі сол күйінде қалдырылып, тек мысалдары ғана қазіргі заманға лайықталып және кеңестік кезеңнің сөз қолданыстарына тән кейбір сөз орамдары ғана өзгертілді. Оқулықтың «Стилистиканың жалпы мәселелері» (1-11§), «Фразеология» (29-42§) тақырыптарын Б. Манас- баев, «Лексиканы» (12-28§) - Е. Жанпейісов, «Морфология- ны» (43-48§) - М. Томанов, «Синтаксис» (49-58§) тақыры- бын М. Балақаев жазған. Б. Шалабай, филология ғылымының докторы, профессор
Бірінші бедім СТИЛИСТИКАНЫҢ ЖАЛІІЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ § 1. Стилистика курсының міндеті мен мақсаты Стилистика - тіл білімінің бір саласы. Оның тарихы әріден басталғанмен, қазақ тіл білімінде стилистика мәсе- лелерін зерттеуге жаңа-жаңа көңіл бөліне бастады. Қазақ тілі стилистикасының мәселелері арнайы зерттеу нысаны бола алмай келді; Сонда да қазіргі қазақ оқулықтары мен оқу қүралдарында және көркем шығарма тілі жайында жа- зылған еңбектерде тіліміздің кейбір стильдік қүбылыстары жайында жазылған азын-аулақ пікірлерді кездестіруге бо- лады. Орыс тіл білімінде стилистика мәселелерінің зертте- луі көптен бері қолға алынып, бүл саладан біраз жүмыстар жарияланды. Солардың ішінен А. М. Пешковский, Л. В. Щерба, В. В. Виноградов, Г. В. Винокур, А. Н. Гвоздев, А. И. Ефимов, В. П. Мурат сияқты зертгеушілердің еңбек- терін атауға болады. Стилистиканың бірқатар проблема- лық мәселелері 1954 жылы “Вопросы языкознания” жор- налы үйымдастырған дискуссия материалдарында да қам- тылған. Жорналда көтерілген негізгі мәселелер: стилистиканың мақсаты мен міндеті, тілдік қүбылыстардың стилистикаға қатысы, функциональды стильдер, тіл білімінде стилисти- каның алатын орны т. б. Ондағы сөз болған мәселелерді қорыту ретінде академик В. В. Виноградовтың мақаласы жарияланды1. Осы дискуссиядан кейін стилистика мәселе- лерін зерттеу жүмысы жандана бастады, көп кешікпей сти- листика жөнінде еңбектер жарық көрді. Стилистикадағы негізгі үғымдардың бірі — с т и л ь. ' В. В. Виноградов. Итоги обсуждения вопросовстилистики “Вопросы языкознания”, 1955, № 1.
Оны осы күнге дейін әркім әр түрлі түсінеді. Себебі стиль терминінің мазмүны кең, оның жүмсалатын орны көп1. Стиль — латынша зіуіоз (қазақша — жазу құралы) деген сөз. Латын тілінде кейіннен стиль сөзі “жазу мәнері” деген мағынада қолданылатын болған. Оның осы магынасы Европа білімпаздарының арасына көп тараған. Орта ғасырларда Грецияда, Римде с т и л ь — сөзге сендіру, нандыру тәсілі, стилистика — риторика (ше- шендік) өнері болып саналған. Үнді оқымыстылары стильді мәнерлеп сөйлеу, ал стилистиканы мәнерлеу туралы ғылым деп есептеген. Кейін, үлтгық әдеби тілдің қалыптасу дәуі- рінде, кейбір елдерде стиль белгілі бір әдеби жанрға тән тілдік қүрал деген үғымда қолданылды. Бүл үғым Россияға да кең тараған болатын. Мысалы, Ломоносовтың үш стилі (жоғары, орташа, төмең) осы жанрлық принципке негіздел- ген._ ч5өйтіп, лингвистикада “стиль” жазу мәнері, сөзге сенд- іру тәсілі, мәнерлі сөйлеу және белгілі бір әдеби жанрға тән тілдік құралдар жүйесі деген сияқты көптеген мағына- да қолданылып келген. Ал стилистика көбінесе шешендік өнері туралы ғылым ретінде танылған. Ол тек XX ғасыр- дың бас кездерінде ғана шешендік өнерінен бөліне бастай- ды. В. Г. Белинский былай дейді: “Сойлеу өнерінің, әсіре- се жазу өнерінің, зерттеуді өте қажет ететін өзінің техника- лық жақтары бар”1 2. Белинскийдің пікірінше, тіл өнерінің осы “техникалық жақтары”, яғни тілдің қолдану тәсілдері мен заңдылықтарын зерттеу мәселесі (риторика емес), сти- листиканың үлесіне тиеді. Ъірақ стильдің жалпыға танылғ- ан белгілі анықтамасы әзірге жоқ. Стиль терминінің алға- шқы мағыналары қазір де жойылмағандықтан сол үғымдар негізінде стилистиканы тіл білімінің маңызды саласының бірі деп тануға болады; стилистиканы дербес пән ретінде оқытудың мәні зор. Стилистика - ең алдымен с т и л ь туралы ғылым. Стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолданылу принциптерін айтамыз. 1 “Стиль” термині әдсбист тану, бсйнслсу онсрі, музыка тағы баска гылым салаларында да ксңінсн колданылады. 2 В. Г Белииский. Иэбр. соч., М., 1948, стр. 147
Бір ұғымды айтып, не жазып жеткізу үшін қажетті тілдік тәсілдерді сүрыптап қолдануға болады. Бүл ретге әсіресе тіліміздегі синонимдер мен оның варианттары көбірек пай- даланылады. Мұндай синонимдердің түрі әр алуан: лекси- калық синонимдер мен фразеологиялық синонимдер, мор- фологиялық синонимдер (варианттар) мен синтаксистік си- нонимдер. Лексикалық синонимдерге мына тәрізді сөздер жатады: 1) Айту 2) Сөйлеу 3) Міңгірлеу 4) Күмілжу 5) Мыңқылдау 1) Мылжыңдау 2) Көпіру 3) Көку 4) Оттау 5) Бөсу. Бүл синоним сөздердің бәрі сөйлеудің әр түрлі сипа- тын білдіреді. Әр түрлі жағдайда қолданылады. Сондық- тан олардың мағыналық реңдері біркелкі емес. Бірі жағым- ды, бірі жағымсыз, бірі кекесінді, бірі тұрпайы реңде қол- данылатынын аңғару қиын емес. Біреудің сөзін сөйлеп, біреуді жақтау деген ұғымды тұрақты сөз тіркестері арқылы беруге болады. Сойылын соғу, жыртысын жырту, шашбауын көтеру сияқты синонимдес фразеологизмдер біздің тілімізде көп кездеседі. Сөздердің лексикалық және грамматикалық ма- ғыналарынан басқа олардың әр түрлі қосымша реңдері бо- лады: сөйлейді көп сөйлейді мылжыңдады көпірді көкіді көк езу болды Бұл сөйлемдердегі сөздердің лексикалық мағыналары сөйле, мылжыңда, көпір, көкі болса, ал грамматикалық ма-
ғыналары -ды, -ді арқылы берілген. Сөйледі, көп сөйледі және мылжыңдады, көпірді, көкіді, көк езу болдыдеп қол- дануда айырмашылықтары жоқ емес. Соңғыларының қосымша реңдері басым сезіледі. Тіліміздегі сөздердің лексикалық және грамматикалық мағыналарынан басқа осындай қосымша реңін эмоциональ- ды-экспрессивті бояу дейді. Оларды сондай-ақ тілдің стильдік сапасы немесе мәнерлі тәсілдері деп те атайды. Стильдік сапа немесе мәнерлегіштік сипат тек лексика мен фразеологияға ғана тән құбылыс емес. Стильдік сапа - тілдік единицалардың қай-қайсысына да тән қүбылыс. Морфоло- гиялық түлғалар мен синтаксистік қүрылыстардың да мәнерлегіштік сипатын дәлелдейтін көптеген мысалдар кел- тіруге болады: сөйлегіш, сөйлемпаз, сөзшең, сөзуар, сөз кұмар т. б. Бүл сөздердің де, жоғарыда келтірілген мысалдардай, эмоциональды-экспрессивті бояуы айқын сезіледі. Осы сөздерге мүндай өң, бояу беріп түрған морфологиялық түлғалар (форма) екенін аңғару қиын емес. Долларшыл топ— согыс күмар бөспенің, Тілейміз біз жер бетінен ошкенін. (“Бейбітшілік даусы”). Осында соғыс күмар деген сөздің соғыскор, соғысшыл сияқты әр түрлі реңділікті білдіретін синонимдері бар. Ашу- шаң, ашукой, ашуланшак, ашуланғыш дегендердің де си- нонимдес екенін байқаймыз. Кейде мүндай рең дамыту тәсілімен де беріледі. Мысалы: көгілдір, көкшіл, көкшілтім, көктеу, көгірек, көк, өте көк, шымкай көк, тым көк. Мор- фологиялық тәсілмен берілетін жеке үғымдарды синтак- систік тәсілмен де түсіндіруге болады. Мысалы: Акылды— акылсыз емес. Біледі — білмей түрған жок. Түсінеді— түсінбейді емес. Түсінді — түсінбей түрған жок. Синтаксистік қүрылыстың ойды айтып немесе жазып жеткізуде айрықша мәні бар. Әдеттс сойлемдердің айтылу-
ына, колдану тәсіліне қарай әр түрлі реңдері болады. Олар көбінесе сөздердің орын тәртібі және сөйлемнің қүрылы- сы аркылы беріледі. Бірінші мысал: 1. Сені шакыра барған кім? 2. Сені кім шакыра барды? 3. Кім сені шакыра барды? 4. Кім сені шакырды? 5. Сені кім шакырды? 6. Шакырған кім сені? Алдыңғы үш сөйлем бір-бірімен мағыналас, шакыру- шы кім? деген ұғымды білдіреді. Ал соңғы сөйлемдердің мағыналары екі үшты, айқын емес. Біріншіден, шакырушы кім деген үғымды білдірсе, екіншіден, ол адамның кел- генін жақтыртпау реңі сезіледі. Екінші мысал: 1. Бүгін күн ыстык. 2. Бүгін күн ыстык екен, 3. Бүгінгі күннің ыстығын-ай! 4. Бүгін күн кандан ыстык! 5. Не еткен ыстык күн! 6. Мүнданда ыстык болады екен! Бүл мысалдарда күннің ыстықтығы әр түрлі реңмен бе- рілген. Сөздердің сөйлемдегі орын тәртібінің қалай орналасу- ының айрықша стильдік мәні бар. Ахмет бүгін лекцияға келген жок деген сөйлемді алайық. Егер лекцияға келме- ген Ахмет екеніне баса көңіл бөлгіміз келсе, онда сөйлемді былай күрамыз. Бүгін лекцияға Ахмет келген жок. Ал Ах- меттің лекцияға келмей қалғаны тек бүгін ғана дегіміз кел- се, Ахмет лекцияға бүгін келген жок дер едік. Сөздердің орын тәртібі жеке-жеке сөздердің мағынала- рының өзгеруіне ғана әсерін тигізіп коймайды, сонымен бірге бүкіл сөйлемге ықпал жасайды. Оны, тіпті, да/де, та/ те арқылы келетін сөйлемдерден аңғаруға болады. Мыса- лы: Бүл сүрак Омаров сиякты студентке де киын болар (мүның мағынасы: Бүл сүрак Омаровтай жақсы студентке де қиын). Бүл сүрак та Омаров сиякты студентке киын бо-
лар (мүндағы мағына: Омаровтай нашар студентке бүл сүрақ та қиын). Сөйлеуде (речь) сөз бен сөйлем қүрылысының дүрыс және айқындығының үстіне, дыбыс үйлесімділігі (благо- звучие) болуы да шарт. Дыбыс үйлесімділігі, біріншіден, біркелкі дыбыстардың бір жерге жиналуынан сақтандыр- са, екіншіден, сөйлеудің мәнерлілігін арттырады. Сондық- тан дыбыс үйлесімділігі оқуға және тындаушының қабыл- дауына үлкен жеңілдік туғызады. Бүл — фонетикалық тәсілдердің практикалық мәні. Әр түрлі стильдік сапа, мәнерлегіштік сипат тілдік еди- ницалардың барлығында да болады. Сондықтан стилисти- каның объектісі — лексикология, семасиология, граммати- ка және фонетика зерттейтін единицалар. Бірақ тіл білімінің бүл салалары тілдік единицалардың стильдік сапасын қара- стырмайды. Лексикология және стилистика. Лексикология сөздердің шығу тегін, сөз қүрамын, оның баю жолдарын қарастырса, стилистика сөздердің қолданылу заңдылықта- рын, сөздер мен сөз тіркестерін экспрессивтік түрғыдан дүрыс пайдаланылу принциптерін зерттейді. Семасиология және стилистика. Семасиология — тіліміздегі бейнелегіш тәсілдердің мағынасын, оның өзге- ру заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Семасиологиялық стилистиканың міндеті — тіліміздегі бейнелегіш қүрамдар- ды топтастырып, олардың стильдік қызметін, қолданылу заңдылықтарын көрсету. Грамматика және стилистика. Стилистика грамматика- ны да өзінің зерттеу нысаны ете алады. Ол грамматикалық қүбылыстарға стильдік талдау жасайды. Бірақ грамматика- лық талдау мен стильдік талдау тәсілдері бір емес. 1. Мор- фология сөздердің түлғалық көрінісін және грамматикалық мағынасын, яғни сөздердің қүрылысып, өзгерілуін және қүра- мын талдап топтастырады. Стилистика ойды мәнерлі (выра- зительно) жеткізу үшін морфологиялық формаларды (түлға- ларды) қандай жағдаида калай қолдануға болатындьгғын қара- стырады. Яғни морфологиялық түлғадағы сөздердіц, олар- дың варианттарының (синонимдерінің) ішінен сойлеу не жазу арқылы жеткізілетін ойдың эмоциональды-экспрессивті реңін білдіре алатындарын сүрыптап қолдану принциптерін зерт-
тейді. 2. Синтаксис сөйлемнің құрылысын, сөздердің тіркесу заңдылыкгарын қарастырады. Ал ойды білдіретін сөйлем- дердің айтылуына, қолдану тәсіліне қарай әр түрлі реңцері болады. Ол қосымша мағыналар көбінесе сөздердің орын тәртібі мен сөйлемнің қүрылысы арқылы беріледі. Ойды мәнерлі жеткізуде синтаксистік бүл тәсілдердің маңызы зор. Стилистика синтаксистік қүралдардың мәнерлілігін, оны дұрыс пайдалану зацдылықтарын зертгейді. Фонетика және стилистика. Фонетика тілдегі дыбыс- тардың жасалуын, жүйеленуін зертгесе, стилистика дыбы- старды, оларға тән белгі, интонация, қайталау, дыбыс үйлесімділігі сиякты фонетикалық ерекшеліктерді белгілі мақсатқа икемдеп, қайткенде де мәнерлі құрал ретінде пай- далану жагын көздейді. Стилистика фонетикалық едини- цалардың мәнерлі қолдану заңдылықтарын зерттейді. Біз бүл салыстырудан тіл білімінің әр саласынын зерт- теу объектілері де, мақсаттары да бір-бірінен өзгеше екенін байқаймыз. Сөйтіп фонетика, грамматика, семасиология тілдің құрылысын қарастырса, стилистика тілдік единица- лардың қолданылу заңдылықтарын зерттейді. Стилистика жалпы халық тілінің стильдік жүйелерін, жалпы халықтық тілдің ауызекі және жазба түрлері, олар- дың өздеріне тән ерекшеліктері, әдеби тілдің стильдерін тегіс қамтиды. Сөйтіп стилистика тілдік единицалардың мәнерлегіштік мүмкіншіліктері мен олардың қандай формада және стильдің қай түрінде қалай қолданылатыны туралы мәсе- лелерді қарастырады. § 2. Жалпы халықтық тіл және оның формалары Тіл — қоғамдық құбылыс. Тілдің.даму тарихы қоғам- дық өмірмен тығыз байланысты. Тіл қоғам өмірімен бірге жасап, бірге дамиды. Қатынас қүралы1 болып саналатын тілдің адам қоғамында алатын орны ерекше зор. 'В. В. Виноградов. ... важнейшие обществеииые функции языка общение, сообщение, воздействия. “Стилистика. Теория поэти- ческой речи. Поэтика". М., 1963,6-бет.
Қоғам мүшелерінің бір-бірімен қатынасы олардын бәріне бірдей түсінікті ортақ тіл арқылы жасалады. Ол ор- тақ тілжалпы халықтыктіл деп аталады. Қолдану ерекшелігіне қарай жалпы халықтық тілдін а у ы з ш а және ж а з б а ш а түрлері болады. Мүнда ескеретін бір жай: “ауызша”, “сөйлеу тілі” мен “жазбаша” және “кітаби” дегендерді бір-бірімен мағыналас деп қарауға болмайды1. Сондай-ақ тіл мен сөздің (речь) де өз алдына жеке үғымдар екенін ескерген жөн. Тіл мен сөз әрқашанда диалектикалық бірлікте қарала- ды. Тіл мен сөзді бір-бірінен бөліп ажырату үшін, ең алды- мен тілдің қандай элементтерден түратынына көңіл аудар- ған дүрыс. Тіл қүрайтын элементтер: морфема, сөз, сөз тіркесі және сөйлем. Бүларды т і л ж ү й е с і деп те атайды. Тіл жүйесінсіз (морфема, сөз, сөз тіркесі) сөйлеу бол- майды. Тіл жүйесі арқылы адамдар өзара пікір алысады. Сөз1 2 (речь) түтас бірлікте танылып қабылданылады. Со- лай болғанымен оның ішкі м а з м ү н ы және сыртқы ф о р м а с ы болады. Сөз а у ы з ш а және ж а з б а ш а болып бөлінеді. Ауызша сөйлеуде әр түрлі сазды үн шығады, яғни адам- дар айтайын деген ойын бір-біріне үнді тіл арқылы жеткі- зеді. Сөйтіп, бірінің айтқанын бірі естиді. Сөйлеуде есту сезімі қатысады. Ауызша сөйлеу интонациялық қүбылма- лылыққа өте бейім түрады. Ол тілге әр түрлі мәнерлік, әуезділік сипат береді. Интонация3 деген ұғымға сөйлеу темпі, сөйлеу сазы, дауыстың құбылуы, екпін т. б. сияқты- лар енеді. Сөйлеу өзінен өзі болмайды. Сөйлесу үшін, екі не одан да көп адам қатысуы шарт. 1 Орыс тілінде жазылған стилистикалык сңбсктсрдс бүл тсрмин- дерді бір-бірінен ажырату кажст сксндігінс срскшс көңіл белінгсн, мы- салы, В. Г. Костомаров о разграничснии тсрминов “устный и разговор- ный” “лисьменный”, “книжный”, (“Проблсмы соврсмснной филологии” М., Наука 1965) жәнс Т. Г. Винокур. “О содсржании нскоторых стилн- стических понятий” — (етилистичсскис исслсдования М„ 1972,) т. б. 2 Речь — үғымы коитскскс карай тіл, сойлсу, сез дслініп тс колда- нылды 1 Интонация (латынша іпіопагс) дауыстап айту
Жазбашада бұл көрсетілгенерекшеліктерболмай- ды. Өйткені, онда ой қағазға жазылып жеткізіледі. Яғни жаз/ тілдің, көзге көрінетін белгілері (дыбыс қүрамы, сөз тіркесі) арқылы адам ойын жеткізу тәсілі ғана. Жазбашада ой тілдің көзге көрінетін белгілері қағазға жазылып жеткізілетін болғандықтан, онда ауызша сөйлеу- дегідей әнгімелесушінің қатысып отыруы шарт емес. Сонымен жазу - ол белгілі бір текст. Бұл түрлі текстер (газет, жорнал, кітаптардағы материалдар) әр жай, күйді білдіріп хабарлайды. Ал, хабар — тіл фактісі. Мысалы, Абайдың шығармасы - жалпы тіл фактісі. Біріншіден, мұнда Абайдың поэзия тілімен сөйлеуінің нәтижесінде тіл жүйесі (дыбыс қүрамы, сөз тіркесі және сөйлем) белгілі бір қалыпқа түскен. Екіншіден, Абайдың тілі — ол қазақ тілінің фактісі. Ал сөйлеуде де, жазуда да тіл жүйесі пайдаланылады. Оларға дыбыс құрамы, сөз тіркесі және сөйлем жатады. Сондық- тан сөйлеу де, жазу да - тіл фактісі болып есептелінеді. § 3. Әдеби тіл және оның нормасы Сөйлеу де, жазу да сөз қолдану заңдылығына сүйе- неді. Жалпы халықтық тілді жұмсаудың дәстүрлі үлгісі бо- лады. Сөйлей білмес жаманның, Сөзі өтпес бір пышак; Сөз білетін адамның Әр сөзіне бір тұзак. Осы мақалдын қай кезде, қай ғасырда қалыптасып на- қыл сөзге айналғанын білу қиын. Бірақ оның мазмұнын біркелкі түсінеміз. Өйткені мақалда сөз қолдану туралы ай- тылады. Сонымен тіл нормасы деп адамдардың бір-бірімен катынас жасау нәтижесінде калыптасып бекіген, жалпы ха- лыкка тегіс танылған тілдік құбылыстарды айтамыз. Тіл нормасы — тарихи құбылыс. Ол сөйлеу және жазу арқылы қалыптасып, адамдардың санасында сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып, дамып, жетіліп отырады. Соған 12
орай, әр кезде тіл қолдану заңдылықтарын білдіретін үғым- дар да өзгеше болады. Мысалы, белгілі бір тарихи кезең үшін “дәстүр” деп қолдану орынды болса, қазір “тіл нор- масы”, “әдеби норма”, “әдеби тіл” терминдері қалыптасты. Әдеби тіл ұғымын дұрыс түсіну үшін, алдымен “әдеби” сөзінің терминіне түсінік бере кеткен жөн. Әдебиет сөзініи қазақ тіліне арабшадан ауысқаны белгілі. Орыс тілінде әде- биет (литература) латынша (“ІіИега”) жазу деген сөзден алынған. Ал әдеби тіл (литературный язык), әдеби норма (литературная норма) деп жоғары тіл нормасы мағынасын- да қолдану орыс тілінің ықпалы екенін аңғару қиын емес. Әдебиет ұғымына әлеуметтік мәні бар жазу үлгілерінің бәрі енеді, мысалы, саяси әдебиет, ғылыми әдебиет, меди- циналық әдебиет және көркем әдебиет (поэзия, проза дра- ма т. б.). Ал бұлардың барлығы да жалпы халықтық тілдің жазбаша түріне жатады да әдеби тілде (жазба тілге қойылатын талапқа сай) жазылады. Сонымен бірге, сөйле- удің ауызша және жазбаша формалары бір-бірімен ара қаты- наста болады. “Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиет тарихи даму үстінде бір-бірімен қарым-қатынаста болып, фольклор жазба әде- биеттің қалыптасуына ықпал жасайды. Оны әсіресе, Орта Азия халықтарының әдебиетінен байқауға болады. Қырғ- ыз, қазақ жазба әдебиетінің дамып, қалыптасуына фольк- лорлық шығарманың реалистік тенденциясы әсер етті”. Фольклордың жазба әдебиетке, оның қалыптасуына ти- гізетін ықпалы туралы 3. Кедрина: “Қазақ ауыз әдебиеті дәстүрінің өмірге бейімділігі соншалықты, ол өткен ғасыр- дың екінші жартысында қазақ халқының ұлы ағартушыла- ры: орыс армиясының офицері Шоқан Уәлихановтың (1835—1865); қазақ мектебінің бірінші оқулығы мен хрес- томатиясының және алғашқы көркем проза тәжірибесінің авторы, педагог Ыбырай Алтынсариннің (1841—1889) және ұлы ақын, философ, ағартушы Абай Қүнанбаевтың (1845— 1904) аттарымен байланысты пайда бола бастаған жазба әдебиет: ешбір өңдеуді қажет етпей-ақ сол табиғи қалпын- даенді”1,— дейді. Әдеби тілдің нормасы жазба тіл арқылы қалыптасып, 1 3. Кедрина. Своей дорогой, “Вопросы литсратуры”, 1958, № 7
шыңдалып отырады. Ал оның өңделіп жетілуі және халық арасында тарап, жалпыға танылуы ұлттық әдебиеттің да- муымен байланысты болды. Қазақта түңғыш жазба әдеби тіл үлгісін жасағандар - Абай мен Ыбырай. Олар жалпы халықтық тіл қорының тек түсінікті формаларын ғана шы- ғармаларында қолданған. Фольклорлық бай мүраны шебер пайдалана білген. Сөйтіп, Абай мен Ыбырай шығармалары жалпы халықтық тіл қорының бай қазынасының ең тама- ша қасиеттерін бойына сіңірген. Сондықтан да, ол шығар- малар көркем сөздің ерекше үлгісі ретінде мәңгі жаса- мақ. Ескерте кететін бір жай, әдеби тіл мен көркем шығар- ма тілі екеуі бір үғымды білдірмейді. Әдеби тіл, ол тек көркем шығарманың ғана тілі емес, жалпы жазба тіл түрлерінің бәрін түгел қамтиды. Солай бола тұрса да көркем шығарма тілінен оның шеңбері тар. Өйткені, әдеби тіл - сөйлеуде және жазуда пайдаланылып нормаланған тілдік белгілер. Ал нормаланған тілдің “қ а л ы п т ы л ы ғ ы” басым болады. Көркем шығармада олай емес, онда стильдік мақсатта жалпы халықтық тілдегі қарапайым, тұрпайы және жергілікті ерекшелік сипатындағы сөздердің бәрі де қол- данылады. Сондықтан әдеби тілден оның аясы кең. Соны- мен бірге тілдің басқа формаларына қарағанда, көркем шы- ғарма тілі көрнекті орын алады. Көркем шығарма тілінің даму тарихы бірден қалыптаса коятын құбылыс емес, көркем шығарма тілінің маңызды рөлі, әсіресе ұлт тілінің қалыптаса бастаған кезінен, әсіресе осы жаңа дәуірдегі әде- би тілімізден айқын сезіледі. § 4. Стилистика және оның жалпы халыктык тілге қатысы Стилистиканың міндетін жалпы халықтық тіл мен әде- би тілден бөліп қарауға болмайды. Жалпы халықтық тіл негізгі қатынас қүралы ретінде өмірдің барлық саласында пайдаланылады. Осы негізгі қатынас құралы жалпы халықтық тілді белгілі бір жүйеліл- ікке, нормаға салатын әдеби тіл. Әдеби тіл жалпы халықтық тілдің ауызша және жазба-
ша түрлерінің негізінде қалыптасады. Сондай-ақ жалпы ха- лықтық тілдің ауызша және жазбаша формалары стиль- дердің де қалыптасуына негіз болады (Бүл жөнінде 3 пара- графта айтылады). Стилистика жалпы халықтық тілдің ауызша және жаз- баша формалары мен оның стильдерінде тілдік белгілерді (сөз, сөз тіркес, сөйлем) қалай қолдану қажет екендігін көрсетеді. Стилистика тілдің қолдану заңдылықтарын зерттейтін ғылым болғандықтан, тілдік белгілердің дүрыс қолданылу нормасын көздейді. Тілдік қүралдарды дүрыс, үтымды қол- дана білудің қоғамдық үлкен мәні бар. Тілдік белгілерді сүрыптап қолдану заңдылықтары әдет- те айтылатын ойдың мазмүнына байланысты. Ойлау жүмы- сының нәтижелерін тіл соз арқылы бейнелейді. Ал сөз ар- қылы жеткізілетін ой мен оның мазмүнының арасында ты- ғыз байланыстылық болады. Егер он түсініксіз болса, онда сөз де түсініксіз шығады. Мысалы: “Палеонтолог-мамандар бүл теңіз корольда- ры планетамыздың дамуындағы тас көмір дәуірінде бол- ған деп топшылайды, бүдан үш жүз миллион жылдай бүрынғы ол кезде “дүние шатырының”казіргі алып таулы аймағы орнында үшы-киырына көз жетпейтін мүхит шал- кып ^тлйя”(газеттен). Сөйлемді түсіну өте қиын. Айтылатын ойды сауатгы жет- кізе білмеу тек сөйлеушінің не жазушының жалпы мәдени- етінің төмендігін ғана білдіріп қоймайды, сонымен қатар ол адамдардың бір-бірімен түсінісуін де қиындатады. Сондық- тан ауызша не жазбаша түрде айтылатын ойдың түсінікті, нақтылы болуына айрықша көңіл бөліп, оның мазмүнын дәл бере алатын тілдік қүралдарды сүрыптап қолдана білудің ма- ңызы зор. Мына бір газет оқушысының хатын алайық: “Айтпағым көп ретте келіншектер от басында қалып кояды. Кейде күйеуінің бір мезгіл орынсыз ашуына килік- се үндемейді. Бірак әркімде өмірдегі, өз еншісіндегі кызык- тан, жаксылыктан күр калмауы керек емес пе? Түрмыска шыккасын токырау керек пе? Жок. Осыған орай әріптес- терім, жас келіншектердің көңіліндегілерін білгім келетінін де жасырмаймын” (газетген). Хат қысқа жазылған. Бірақ мүнда автордың ойы
түсініксіз, жас келіншектерді нендей игілікгі, жақсы іске шакыратынын айқын, нақтылы жеткізе алмаған. “...Күйе- уінің бір мезгіл орынсыз ашуына киліксе үндемейді", “түрмыска шыккасын токырау керек пе?" - дегендерді қдлай түсінуге болады? Тілді бүлайша қолдану логикалық қате болыл есептеледі. Сонымен бірге, хатта кейбір: сөздердің стильдік бояуы ескерілмей қолданыла салынған: (Айтпа- ғым, әріптестерім). “Айтпағым” деп қолдану қарапайым сөйлеу гілінде орынды: әріптестерім - кітаби лексика (орыс- ша коллеги деген сөздің аудармасы), жалпы қолдануға болады, бірақ дәл осы тексте “замандастарым” десе, дүрыс болатын еді. Баяндау түрінде жазылған материалдарда қарапайым және жергілікті ерекшелік сипатындағы сөздерді қолдануға болмайды. Бірақ, стилистикалык бұл талап ескеріле бер- мейді: “...Өсу, өрлеу жылдарының ә п е р ге н жеңістерін көз алдыңнан тағы өткергің кедеді"(пзетн). Аламан бәйге 25 шакырымға мөлшерленді. Жүзден жүйрік, мыңнан түлпар шығып, дараланар сәтті тағатсыздана күтіп, кнкула- ған калың көрерменнің үні боз даланы жаңғыртады. (газет- тен) Сол сияқты сөйлеу тілі ыңғайында жүмсалатын “апай" сөзінің және ресми қатынаста қолданылатын “жолдас" сөзінің газет заметкаларында қолданылуы да дүрыс емес. Бірақ газеттерден ондай мысалдар аз кездеспейді. Қалыгггасқан (штамп) сөздердің де талғамсыз қолданы- луына мысалдар табылады: Қүнан бәйгеде Гермесдеп ата- латын жылкының мәртебесі ерекше биік болды (газеттен). Сөз қолданудың бүл үлгісінен ресми документтер мен кеңсе іс қағаздарының ықпалы баса сезіледі. Қалыптасқан сөздердің бірқатары кез келген жерде орынсыз қолданылатындығы байқалады. Мысалы, өндіру сөзі мынадай гіркестерде жүмсалып жүр: астық ө н д і р у; сүт ө н д і р у; жүн ө н д і р у; қаракөл ө н д і р у; жүмыртқа ө н д і р у; қоян ө н д і р у; торай ө н д і р у т. б. Осылар текгі қалыптасқан сөздер сөйлеген сөзді және жазба тілді бір сарынды, бір әуезді жасап, тілдің экспрес- сивтік-эмоциональдық бояуы мен оның мәнерлегіпггік қаси- етін әлсіретеді. Тілді қолданудағы кемшіліктер тек осы ай-
тылғандармен ғана шектелмейді. Мұндай қүбылыс сино- нимдерді, көп мағыналы сөздерді, түрақты сөз тіркестерін және грамматикалық түлғаларды пайдалануда да кездеседі. Бұл сияқты сөйлемдерді болдырмау үшін сөз қолдану заң- дылықтарын жақсы білу қажет. Стилистика әдеби нормадан ауытқымай, тілді тек дұрыс қолдануды үйретеді, әдеби тілдің стильдік сапасын, мәнер- легіштік қасиетін арттыру жолын көрсетеді. Стилистика жалпы халықтық тілдің ауызша және жазбаша формала- рын, оның әр түрлі стильдерін зерттеп, олардың бір-бірінен айырмашылықтары мен өзіндік ерекшеліктерін қарастыра- ды. Стилистика тілдік құралдардың стильдік белгілерін анықтап, оған сипатгама береді. Стилистиканың объектісі болатын негізгі мәселелер - осылар. § 5. Әдеби тілдің стильдері Стиль үғымы да сөйлеу (речь) және оның формалары- мен байланысты қаралады. Стильдердің негізгі арқауы — сөйлеудің ауызша және жазбаша формалары. Қоғамдық өмірде қатынастың коптеген түрінің болуы- на байланысты онда тіл біркелкі пайдаланылмайды. Өйткені адамдардыҢ қатынасы әр түрлі жағдайда жасалады. Әр түрлі жағдайда, әр түрлі сөйленіп, әр түрлі жазылады. Мы- салы: “Тыңдаңыздар, Алматыдан сойлеп түрмыз!”бен “Әй, тыңдасаңдаршы!” дегенді салыстырсақ; біріншіден, әдет- тегі, күнде радиодан естіп жүрген ресми хабар түрі де, екі- ншіде - үйреншікті сөйлеу тілі бар. Формасы жағынан екеуі де — ауызша, бірақ айтылып жеткізілуі әр басқа. Қай халыктың болса да коғамдык осу-өркендеу жо- лында көтеріле алған билігі мәңгілік болып ана тілінде сак- талып отырады. Қай халыктың болса да акыл-ой тереңдігі, сана-сезімі, сергектігі коп салалармен тармактана-молыға келіп, тағыда сол ана тілдің алтын корына косыла береді, ажарлана береді. Қай халыктың болса да басынан өткен дәуірлері, килы-килы кезеңдері ана тілінде із калдырмай өте алмайды. Ана тілі ғасырлар бойында жасала да береді, жасара да береді. Тіл диалектикасы - жасаған сайын жаса- ра беруінде. Ана тілі-оегеніміз - сол тілді жасаған, жасап
келе жаткан халыктың мәңгілігінің мәңгілік мәселесі. Ана тілін тек өгей үлдары ғана менсінбенді, өгей үлдары ғана аякка басады. (Ғ. Мүсірепов.) Ана тілің - арың бүл, Үятың боп түр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді күрметте! (Қ. Мырзалиев) Мысалдың екеуінде де ана тілі туралы сөз болған. Екі мысал да сөйлеудің жазбаша түріне жатады. Ал жазылу тәсілі жағынан біріншінің публицистикалық стиль, екіншінің көркем сөз (поэтикалық) стилі екенін аңғару қиын емес. Немесе, мынадай фактіні алайық; ғылыми стильде оқулық жазылады және лекция окылады. Мүнда оқулық — жазбаша, лекция — ауызша яғни сөйлеудің әр түрлі формасы бір стильде келген. Сөйтіп, сөз (речь> формасы мен стиль үғымдары бір емес.1 Ф о р м а — ол тіл қүралдарының көмегімен болатын сөйлеудің (речь) сыртқы көрінісі; С т и л ь — ол белгілі бір қатынастың түрінде тілдік бірліктерді сүрыптап пайдалану арқылы, ойды жеткізу мәнерінің көрінісі. Форма — тұрақгы ұғым. Мәселен, тілдің ауызша түрі адам қай кезден бастап сөйлесе, содан бері бірге жасап келеді; және бұдан былай да жасай бермек. Стиль болса,— ол тарихи категория. Сондықган тарихи бір кезеңде кейбір стильдердің болмауы заңды күбылыс деп саналады. Стильдер калай қалыптасады? Стильдер жасалатын катынастың ерекшелігіне қарай тілдік единицалардың сұрыпталып қолданылу нәтижесінде дамып жетіледі. Де- мек, сөйлену жағдайына байланысты, әр алуан стильдік бояуы бар (стильдік ыңғайдағы) тілдік кұралдар пайда бо- лады. “Тілдегі стильдердің дамып жетілуі белгілі бір жанр- 1 В. Виноградов. “ Вопросы языкознамия", 1955, №1
дың пайда болуымен байланысты. Сондықтан әдеби тілдің стильдерін таптастыруда ең алдымен жанрлық принципті негізге алу қажет”1. Ал жанрлардың пайда болуы, жазба әдеби тілдің даму қалпын көрсетеді. Жазба тілдің жетіле түсуі ғылым мен техника, әдебиет пен өнер салаларының дамуына байланы- сты. Ғылым және мәдениет салаларының дамуы жаңа жан- рлардың пайда болуына ықпал жасайды. Ол жанрға сай тілімізде жаңа стиль қалыптасады. Кейінгі жылдары қазақ тілінің тек грамматикалық құры- лысы жетіліп, лексикасы молығып қана қоймай, сонымен бірге, қазақ әдеби тілінің стильдер жүйесі, функционалды стильдері де дамиды. Стиль - тілдің бәріне тән қүбылыс. Стильдерді таптас- тыру проблемасы да тіл білімінде әлі тиянақты шешілме- ген даулы мәселенің бірі. Стильдерді таптастырудың дәстүрлі, қалыптасқан, бүрыннан белгілі принципі жоқ. Тіл стильдері туралы қазір де әр түрлі көзқарастар бар* 2. Адам тілді қатынас қүралы ретінде өздерінің барлық жүмыс са- лаларында қолданған. Сөйтіп, стиль дегеніміз — өмірдің белгілі бір саласын- да қолданылып, тарихи қалыптасқан тілдік күралдардың жүйесі. Басқа тілдер сияқты қазақ тілінің де әр түрлі стильдері бар. Олар: сөйлеу стилі және кітаби-жазба стильдер. ' А.И. Ефимов. История русского лптсратурного языка, М., 1961, 15-бет 2 А. Н. Гзоздев. “Очерки по стилистикс русского языка” деген кіта- бында стильдер кітаби және сөйлсу стиль болып белінгеи. Бүлардын өзі бірнеше стильге белінеді. А.И. Ефимов “ История русского литератур- ного языка” (1954) деген кітабында мынадай стильдсрді атап өтеді: 1) Көркем беллетристикалык стиль; 2) әлеумсттік - публистикалык стиль; 3) ғылыми шығармалар стиль; 4) профисонолды-техникалык стильдср; 5) ресми кағаздар стиль; 6) эпистолярлык стиль. В.П. Мурат (Об основ- иых проблемах стилистики” (1957) стильдсрді төмендегіше белген; 1) әдеби сөйлеу тілі стилі; 2) поэтикалык; 3) саяси; 4) ресми іс-кағаздары- иың стильдері; 5) ғылыми стилі; 6) карапайым сөйлеу стиль. Ал Э. Ри- зельде: I) керкем дебиет стилі 2) публистикалык стиль; 3) баспа сөз стилі; 4) ғылыми әдебиеттер стиль; 5) іс-кагаздар стилі; 6) шешендік стиль 7) телеграф стиль; 8) радиохабарларыиын стиль; 9) ауызша рес- ми катыиастың стиль; 10) почта стиль жәнс т.б. (“Иностранныс языки в школе”, 1952, №2.
§ 6. Сейлеу стнлі Сөйлеу тілі адамдардың бір-бірімен күнделікті қатына- сында паидаланылады. Сондыкган, онда тілдіц коммуни- кативтік функциясы баса сезіледі. Сөйлеу стилі белгілі бір жағдайда тікелей жасалатын қатынас стилі болғандыктан, ол сөйлеудің ауызша форма- сымен тығыз байланысты. Ауызша сөйлеуде еркіндік ба- сым келеді. Яғни үйреншікті жағдайда адамдар қысылмай еркін сөйлейді. Өйткені онда күнделікті өмірге байланыс- ты мәселе сөз болады. Сондықтан сөйлеу тақырыбына сай тұрмыста көп жүмсалатын үйреншікгі сөздер мен сөз гірке- стері қолданылады. Бүл сөйлеу - тіліне түрмыстық сипат беріп, оны қарапайымдандырадьЛ Мысалы: - Денсаулық калай, мыкты ма? - Жаман емес. - Қайда дем аласың жазда? - Үнде. (Сөйлеу тілінен). - Мылжыңдап барасың ант үрған. - Қүдайақы, рас. 2>/зд/якатыннан қүрт сүрап әкетгі (Ғ. Мүстафин). Жоғарыдағы мысалдардың тақырыбы да, сөйлеу жағ- дайы да әр басқа. Соған орай, олардың лексикалық қүрамы да өзгеше болып сүрыпталған (қарапайым және тұрпайы создер). Тек лексикасы ғана емес, сонымен бірге, ол сөз үлгілерінің сөйлем күрылысына, ондағы сөздердің орын 1 Қарапайым сөйлеу деген мағынада. Ал карапайым сезінін мағына- сы өте кен. Ол ресмн емес, кенеттен дайынДыксыз түрмыста сейленген сөздін түрлерінін бәрін камтиды. Бүл үғымды біз әзірше шарпы түрде алдык. Орыс тілінде оны В. В. Внноградовтын терммні бойынша, “Обы- ходно-бытовой стиль” деп жүр. Ол термин алі де орнығып, бекімегенге үксаиды. Мәселен, О. В. Снротнннна оны былай түсіндіреді: “Видимо, бытовой тип н обыходно-бытовая речь — это разные стороны одного того же авлениа. Тип речи свазано с се характером, термин “обы- ходно-бытоваа речь” отображает, прежде всего тематмку и условиа об- щениа” (“Вопросы социальной лингвистики” деген макалалар жинағын- да, Л., 1969, 387-бет).
тәртібіне қарай әрқайсысының өзіне тән әуезділігін және мәнерлік қасиетін аңғару онша қиынға соқпайды. ^өйтіп, сөйлеу тілінің өзіндік ерекшелігін жасайтын ай- рықша белгісі — жағдайға (ситуация) байланысты сөйлеу мәнері. Сөйлеу мәнеріне қарай тілдік единицаларды қол- дану өзгешелігі болады. Ол ерекшелік ең алдымен, ондағы лексика-фразеологиядан байқалады. Өмірдің барлық саласында сөйлеу тілі кеңінен пайда- ланылады, бірақ оның атқаратын қызметі және тілдік жүйенің пайдаланылуы бір текті болып келмейді. Солай болғандықтан сөйлеу тілін зерттегенде оның формасын, түрін және стилін ескерген жөн (мәселен күнделікті түрмыс тақырыбы мен ғылыми тақырыпта сөйлеу үлгілері және жиналыстарда, радио мен телевизорда сөйленген сөз т.б.к “Тәжірибені жетілдіре берсең, оған есең кетпейді, - дейді әкем. Әкем ұзак жылдар бойы осы совхозда шопан болып істеді. Ал, менің де әкенің кұтты таяғын кабылдап алғаныма алты жыл болды. Содан бері өзім кабылдаған міндеттемемді артығымен орындап жүрмін. Көрсеткішім- де төмен болып көрген емес. Еңбек жолында талай-талай киыншылыктар да кездеседі. Оған өз басым мойымадым. Он айдың ішінде обылысымыздың ауыл-селоларын түгел дерлік аралап, концерт койдык. Біздіңкөрші Солтүстік Қазакстан, жакында күрылған Торғай обылыстарындағы болып өнер көрсетуіміз шеберлігімізді арттыра түстідесек, асыра айткандык болмас еді. Біз болған екі обылыстың да көрермендері жылы кабылдап, аудандык, обылыстык га- зеттерде біз жөнінде игі тілек білдірген макалалар жарык көрді'. Мүнда әңгіме шаруашылығы туралы болғандықтан, сол салаларға қатысты кәсіби сөздер (қарамен берілген) көбірек қолданылған. Бірақ жоғарыда келтірілген мысалдардағы- дай осында қарапайым, түрпайы сөздер мен диалектизмдер кездеспейді. Өйткені сөздер формасы жағынан ауызша бо- лып, тілдік қүралдарды пайдалануда әдеби норма мүқият ескеріледі. Сонымен, сөйлеу тілінің қарапайым түрінің лексикасы- 'Бұл мысалдар пленкага жазылып, радиодан берілген материялдар* дан алынды.
ныц қүрамына көбінесе қарапайым, түрпайы сөздер және диалектизмдер мен кәсіби сөздер енеді. Бұлар, әсіресе, ал- дые ала дайындықсыз, кенеттен сөйлегенде қолданылады. Сөздердің ауыспалы мағынада қолдану амалы сейлеу тіпіне мәнерлегіштік әрі бейнелегіштік қасиет береді. Ауыспалы мағынадағы бейнелі сөздер, сол сез болатын зат не қүбылысқа адамдардын жағымды не жағымсыз көзқа- расын білдіру құралы болып саналады. Сөйлеу тіпінің эмо- ционалдық қасиеті, басым болғандықтан, бұл құралдар сөйлеуде жні пайдаланылады. Сонымен бірге, сөйлеу стил- інде әдетте, олардыц көп қайталанып, тұрақталған тұрлері жүмсалады. - Түу, ит-ай... Сонша үмытпай жүр бәрін... (С. Сей- фуллин). - Алда көргенсіз ит-ай. Нәрестедей жаныма аузы калай барды екен. Түра түр бәлем, итаяктан сары су ішкізермін (Ғ. Мұстафин). Осы мысалдарда “ит” сөзі біріншіде жағымды эмоция- ны (сүйсіну); екіншіде жағымсыз эмоцияны (жек көру) білдіреді. Бұлай қолдану қарапайым сөйлеу тұрі үшін орын- ды. Сөйлеу тілінде жұмсалатын ауыспалы мағынадағы сөздер де қүрамы жағынан әр тұрлі: қарапайым, тұрпаиы және жалпылама қолданылатын сөэдер болып келеді. Ал жасалуы жағынан метафора (өзің бір түлкі екенсің); метонимия (аудитория тынышталды); синекдоха (үйіңде қанша жан бар) т. б. жіктеледі. Тідді бейнелі жасайтын құралдыц бірі - фразеологнзм- дер. Фразеологизмдерге идиом, мақал-мәтел, нақыл сөздер енеді. Бұл тұрақгы сөз тіркестері көпшілік жағдайда сөйлеу тілі ыцғайында жүмсалады. - Шіркін, үріп ауызға салғандай екен (сөйлеу тілінен). - Ит жанды ит тірілді той деп кос қабаттаган камшы бас-көзімдіжауып кетті... (Ғ. М үс і ре п о в). Осы сөз үлгілеріндегі тұрақгы сөз тіркестері эмоцио- нальды бояуы жағынан біртекгі болып келмеген. “Үріп ауызга салғандай”(сүйкімді, жақсы); “Ит жаңды”(тез\мш) дегендер жағымды эмоцияны білдіреді. Сөйлеу тілінін фразеологизмдері қолдану ьщғайына
қарай қарапайым, түрпайы, жергілікті ерекшеліктегі және кәсіби болып жіктеледі. Қарапайым фразеологизмдер: **нт жанды”, “өзің білме, білгеннің тіліналма”т. б. Түрпайы фразеологизмдер: ‘7/т жокта шошка үреді; снырсуішсе, бүзау мүз жалайдьГт. б. Жергілікті ерекшелік сипатындағы түрақты тіркестер: жедел беру - нүскау беру; бүйірін шертіп шыгу - тонып шыгу; бон каккан - араласпаған' т. б. Кәсіптік сипаттағы фразеологизмдер: шопан ата таяғы (қойшылар туралы); <зшь/л'с//б//л'(мүғалімдер тілінде); эфнр- ге шығу (радио мен теледидарда); күлап калу (студент- тердің тілінде) т. б. Грамматикалық қүбылыстардың да экспрессивтік және стилистикалық мүмкіндіктерін жоққа шығаруға болмайды. Тек ол лексика мен фразеологизмдерге қарағанда солғын сезіледі. Бірақ кітаби-жазба стильдермен салыстырғанда, сөйлеу тілі грамматикасының экспрессивтік және стилис- тикалық мүмкіндіктері басымырақ. Оны, әсіресе, синтак- сис саласынан аңғаруға болады2. Сөз қайталау тәсілі3: баласы бала-ак екен, түсіндірудей түсіндіреді екен. Немесе: айтканым айткан, айтатынымды айтам, расырас, үлкені үлкент. б. Сүраулы сөйлем: - Естіп пе ең, келді гой? - Кім? - Әбіл. - Қайда? - Осында. (Б. М а й л и н ). Не болмаса: - Рас, кызбен танысайын деп ем. - Қайдағы? - Шәмшия ше! (Б. М а й л и н). Болымсыз сөйлем: - Інім енді саған келмейді. 1 Ғ. Қалиев. Ш.Сарыбаев. Қазак диалсктологиясы, Алматы, 1967,105- бет. 1 Р.Амиров. Особенности синтаксиса казахской разговорной речи (1972) деген енбегінде бұл мәселсні кен камтиды. 1 Мысалдар осы көрсетілген кітаптан алынады.
- Келмейді емес, талай жалынды. - Сүраған соң айтқан шығар. - Сұраған соң емес, әдейілеп барып айтыпты. Немесе: - Немене, енді кеш қалдым ба? - Қайдағы кеш! Бәріміз де оқып жүрміз ғой (А. Ш ә м - кенов). Сөйлеу тілінің фонетикасы мен морфологиясының да ерекшелігі бар. Бірақ, ол өз алдына бөлек зертгеу объектісі. Сөйлеу тілі диалогқа құрылады. Диалог репликалар тізбегінен тұрады да, қысқа, тұжырымды болып келеді. - Бүгін келесің бе? - Келем. Мұнда сөйлеуге қатысушы екі адам. Бірі — сұрақ қоюшы, екіншісі — жауап қайтарушы. Олар бірінің айт- қанын бірі естіп, тез түсінеді. Тез түсінісу сөйлеудің қан- дай жағдайда өтуіне, дауыс ырғағы интонацияға және бас- қа да дене қимылдарымен тікелей байланысты. Әсіресе, интонацияның маңызы ерекше. Мысалы, “бүгін кел” де- генді басқаша да қүбылтып айтуға болады: Бүгін келесің бе? Бүгін келмейсің бе? Бүгін келесің ғой? Бүгін келсейші.. ? Диалогта айтушының көңіл күйі, сезімі еркін, жеңіл бей- неленіп, оңай түсініледі. Мысалы, “Бейімбет Майлиннің диалогқа қүрылған “Ыбыраймыз”, “Ыбыраймын” деген өле- ңінде сөйлеу тілінің ерекшеліктері өте шебер берілген. - Уа, кімсіз? - Ыбыраймыз. - Жаймысыз? - Жаймыз. Төске таққан шеніміз бар, Патшаға жаққан ебіміз бар, Құдайға шүкір, қойданжуас, Момақан ғана еліміз бар. - Уа, қайдан келесіз? - Сайлаудан келеміз. - Елге ойран сап, - Ойнаудан келеміз. Біз— бай, Біз— күдай! Күш — сынасса, жүн болады, Кім келеді сайма-сай. Міне, мүнда сайлаудан қуанышты қайтқан Ыбырай байдың көңіл күйін ауызекі сөйлеу тілінің үлгісінде, оған
тән тілдік тәсілдерді мәнерлі қолдану арқылы автор өте дәл бейнелейді. Кеше ғана сайлауда болып, патшаға жақ- қаны үшін шен алып, “Ыбыраймыз, Біз - бай, біз - құдай”,— деп, асып-тасыған байдың өмірі ұзаққа созылмайды. Енді ол соттан қайтып келе жатады. Мойнына су құйылған, көңілі су сепкендей басылған, сондықтан ол сылбыр сөйлейді. - Уа, кімсің? - Ыбыраймын. - Жаймысың? - Жаймын. - Қайдан келесің? - Соттан келемін. Соттан емес-ау, Оттан, келемін. - Білдің бе? - Білдім гой. - Қалайекен. - Арыз берген малай екен. - Солаймаекен? - Солайекен! - Недейді? - Акысүрайды. - Қанша? - Он мың сом - Он мыңсом? - Неңкалад? - Нем калсын. Қатын калад, Мен калам - Шенің кайда? - Тозган. - Еліңкайда? - Күні озган. - Енді не етпексің? - Бітем! - Бітсеңбіт: Менде соныңды күтем.! (Б. Майлин). Ақын диалогтың құрылысын шебер пайдалану арқылы өлеңнің көркемдік қасиетін арттыра түскен. Сөйлеу тілінің ерекше бір түрі - монолог. (Монолог - бір кісінің сөзі). Монологты сөз өте күрделі ойға құры- лып, әр түрлі тәсілмен жеткізіледі. Мұнда кітаби-жазба стильдерге тән ерекшеліктер мен заңдылықтар қатал сақ- талады. Сондықтан монолог әдеби сөйлеу үлгісіне жа- тады. Монологта белгілі бір тақырыпты әңгімелеп айтып беру мақсаты көзделеді. Саяси, ҒЪілыми және басқа да тақы- рыптар да әңгімеленеді. Тақырып аясының осындай кеңді- гінен, монологты сөз көптеген түрге бөлінеді. Олар:
көпшілік алдында, жиналыста, радио мен теледидардан лек- ция, баяндама, консультация т. б сөйленген сөз'. Сонымен бірге радио мен телевизордан сөйлеудің басқа да жаңа формалары қалыптасты: Радиоинтервью, телеинтервью және радиорепортаж, телерепортаж т. б. Бұл формаларда сөйлеу тілінің маңызы айрықша. Мысалы, интервьюді алатын болсақ, оның құрылысы ди- алогқа ұқсас келіп, ал сөйлеу тәсілі әдеби үлгіде бола- ды. Міне, бұл айтылғандар сөйлеу, тілінің жүмсалу аясы күн сайын кеңи түсіп, түрмысқа әдеби сөйлеу үлгісі де еркін ене бастағандығын дәлелдейді. § 7. Кітаби-жазба стильдер Кітаби-жазба стильдер, осының алдында талдау жа- салған сөйлеу стилі сияқты, өмірдің белгілі салаларын- да пайдаланылып танылған ұлт тілінің нақтылы түрі бо- лып саналады. Олар әр саладағы атқаратын қызметіне (функциясына) қарай іс қағаздар ресми стиль, публици- стикалық стиль, ғылыми стиль және көркем сөз стиліне бөлініп жіктеледі. Кітаби-жазба стильдердің былайша бір-бірінен ажыратылып бөліне бастауы қоғамдық ой са- наның жоғарылығынан боладьіу Неғұрлым қоғамдық ой жоғары болса, солғұрлым ұлт тілінің маңызы артады. Бұл тұста, күнделікті сөйлеу мен кітаби-жазба стиль- дерінің бір-бірінен ерекшеліктері айқындала түседі. Әде- би тілде сөйлеу, жазу талабы артады. Өйткені, “тек сөйлеу тілінің үлгісімен жазу - ол тілді білмегендік бо- лып саналады”1 2. Сөйлеу тілі өзінің қоғамда атқаратын қызметіне қарай, белгілі бір шеңберде пайдаланылуы қажет. Кітаби-жазба стильдерде деғ әсіресе көркем шы- ғарма мен публицистикада сөйлеу тілінің элементтері тек стильдік мақсатта жұмсалса ғана орынды. 1 В. Виноградов. Стилистика. Т?ория поэтической речи. Поэтика. Москва, 1963, 20-21-бсттер. 2 А. С. Пушкин. Письмо к издателю. “Русские писатели о языке”. Ленинград, 1959, 77-бет.
Кітаби-жазба стильдер1 жалпы халықтық тілдің жазба- ша формасының негізінде қалыптасады да, кітаби сипатта болады. Бұл стильдер қатынастың жазбаша формасында жиі жұмсалатындықтан мұнда тілдік құралдар сұрыпталып қолданылады, кітаби жазба стильдер сөйлеу стиліндей тіке- лей қатынас жасауда көрінбейді. Сондықтан, онда қарала- тын ғылым, заң жобалары, іс қағаздары, ресми құжаттар және басқа да осылар сияқты қоғамдық маңызды мәселе- лер жан-жақгы толық қамтылып, логикалық жүйелілікті бүзатын қажетсіз детальдар болмай, нақтылы, дәл жазы- луы керек, мүндай талап кітаби-жазба стильдердің бәріне бірдей қойылады. Бірақ ол стильдердің өмірдің қай сала- сында жүмсалатыны, қандай қызмет атқаратыны қатал ес- керіліп, өздеріне тән сөз қолдану заңдылықтары сақтала- ды. Мысалы, ғылымда терминдердің қолданылуы басым болса, публицистикада саяси, әлеуметтік мәнді сөздердің жиі пайдаланылуы заңды қүбылыс. ”Әр стильдің өзіне тән тілдік қүралдарды қолданудағы осындай ерекшеліктерімен бірге, олардың ортақ белгілері де болады. Мүндай ортақ белгілер ресми, ғылыми және публицистикалық стильдер- ден байқалады. Ол стильдерде жалпы халықтық тіл құрал- дары әдеби нормаға сай қолданылады. Ал, сөйлеу тілі мен көркем шығармада бұлай емес, оларда жалпы халықтың тіл байлығы сарқа пайдаланылады. Сөйлеу стилі мен кітаби-жазба стильдер өз ара тығыз байланыста болады. Мысалы, жоғарыда сөйлеу стилінің ауызша және жазбаша формада болып келетіндігі айтыл- ды. Сол сияқгы кітаби-жазба стильдердің де ауызша, жаз- баша формалары бар, мәселен, “халықаралық жағдай тура- лы” жазылған мақаланы немесе, осы тақырыпта жасалған 1 Бүлайша іс кағаздары мсн рссми стильдік жәнс публицистикалык, ғылыми, керкем сөз стильдерінің жинакталып “кітаби-жазба стильдер” деп аталуы, біріншіден, олардын “шығу тсгі”, калыптасу нсгізін көрсст- се, екіншіден, ол стильдердін кітабилығын (книжность) аңғартады. Ал кітабилык стильдік бслгі орыс тілі стилистикасы туралы жазылған еңбск- терде “функциональды стильдср" дслініп жүр. Мүнда “функциональды” сөзі стильдердің кай салада кандай кызмст аткаратынын аңгартады; Мы- салы, іс кағаздар стилі - ксңссдс, ғылыми стиль — ғылым саласында т. б. Сондай-ак орыс тіліндс “стильдср жүйссі” (“снстсма стилей”), “әдеби тіл стильдері” (“стили литературного языка”) дегсн тсрминдер де кол- данылады.
баяндаманы алатын болсақ; мақала - жазбаша, баяндама ауызша құрылады. Солаи болғанымен де бүл екі форма да публицистикалық стильге жатады. Ғылыми стиль де осын- дай екі формада жүмсалады. Бірақ ол кейбір жағдайда ғана байқалады. Өйткені, ғылыми стильдің де өзінің даму, қалып- тасу заңдылығы бар. Ол даму заңдылығы әр кезде, әр түрлі болды. Бүрын Октябрь революциясына дейін ана тілімізде ғылыми еңбектер жазылмағаны белгілі. Ал қоғамда, аз уақытгың ішінде ғылым жедел қарқынмен дами түсті. Енді қазақган шыққан ғалымдар көбейіп, ана тілімізде мақала, оқулық және монографиялық еңбектер жазатын дәрежеге жетгі. Осындай жазба еңбектердің негізінде қазір қазақ тілінде гылыми стиль қалыпгасып дами бастады. Бірақ қазақ тіліндегі ғылыми стильдің өзіндік ерекпіелігі бар. Ол ерек- шелік - қазақ галымдары өздерінің зерттеу еңбектерін екі тілде; қазақша және орысша жазатындығы. Мысалы, қогам- дық гылымдар, оның ішінде әсіресе филология гылымда- рының: әдебиет, әдебиет тану және тіл білімі сняқты сала- ларының зерттеулері қазақ тілінде жазылады. Ал матема- тика, физика, химия, биология тағы басқа да, осылар тәрізді дәл ғылымдар саласы орыс тілінде зерттеледі. Бүл факті- лер ғылыми стильдің әлі де жетіліп дами түсетінін көрсе- теді. Іс қағаздары мен ресми стильдің де ғылыми стильге үқсас жақтары байқалады. Ол ұқсастық ең алдымен тіл қол- данудан аңғарылады. Іс қағаздары мен ресми қүжаттар тілінің ерекшелігі, онда факті дәл көрсетіліп, бір ізбен жүйелі жазуға айрық- ша мән беріледі. Өйткені іс қағаздары да, ресми қүжатгар да ерекше қатынас жасау қүралы болып саналады. Жога- рыда айтылған ғылыми шығармалар сияқты, бүл қағаздар- дың түрлері де екі тілде пайдаланылып жүр. Дегенмен, кең- сеге қатысты қагаздар және ресми қүжаттар қазір көбінесе орыс тілінде жазылады. Олардың ішінде үкімет хабарлары, Қазақстан Парламентінің қүжаттары, Заңдар, тағы басқа осылар тәрізді мемлекеттік қүжаттар орысшадан қазақ тіліне аударылып, газетке басылып отырады. Сондыктан, қазақ тілінде қолданылып жүрген қалыптасқан сөз орамда- рының көпшілігі орыс тілінің ықпалымен жасалған: қызу мақүлдау, қызу қарқын, түрмыстық қызмет, кызмет көрсе-
ту, жүзеге асыру, камтамасыз ету, өз күшінде қалдыру, қол жеткен табыс, кең жол ашу, іске косу, мәселе көтеру, алғ- ысжариялау, сөгіс жариялаут. б. Мүндай сөз орамдары іс қағаздары мен ресми қүжаттарда дайын тілдік единица ре- тінде жүмсалып, ол қағаз үлгілеріне кеңселік сипат береді. Қалыптасқан сөз орамдары қазір газетке басылып жүрген әкімшілік орындарының есебінде, баяндамада және газет хроникасы мен репортажда көбірек кездеседі. Мыса- лы, “тракторлар күрделі жөндеуден өтті, “электр жүйесі іске қосылды”, “қызу мақүлдады” т. б. Бірақ газеттерде қалыптасқан сөз орамдарын әр уақытта дүрыс қолдануға мән берілмейді: қайта шамадан тыс көп қайталанылып қол- данылғандықтан, олар газет тілін сүреңсіздендіріп жүр. Оған мынадай мысалдар келтіруге болады: “мектеп үйлері күрделі жөндеуден өткізілді”, “өсімдік төрт рет судан өткізілді”, немесе, “... түрғын үй іске қосылды”, тілдік тәсіл-дердің іске қосылуы...”, “ауыр жағдайды ескерген Бейсенқүл Дәулеттей, Иманқүлдай үйелмелі-сүйелмелі өрімдей қос інісін жүмыска қосты” не болмаса “...жаңа цехты катарға қосу көзделіп отыр”, “Шардара аудандары- ның шаруашылықтары көзделген 37 қораның орнына 57 кораны қатарға қосты”, “Әбн жөндеп қатарга қосқан тракторлардың бәрі қызу еңбек сонында жүр”, “кой қызу төлдеп жатқан кез”, “кішкентай Ираның ата-анасы ер жүрек жігітке қызу алғыс айтты”т. б. Стильдер бір-бірімен тығыз байланысты. Сойлеу стилі, кітаби-жазба стильдер мен кітаби-жазба өз ара байланыс- ты болады. Әсіресе, бүл жай көркем шығармада көбірек кездеседі. Онда жалпы халықтық тілдің ауызша, жазбаша түрлері түгел пайдаланылады. “Құрметті Берсиев жолдас! Тары рекордын жасау күре- сіндегі тәжірибеңізді халыққа кең тарату үшін Бүкіл одақ- тық ауыл шаруашылық көрмесінің бюросы бір мақала беруіңізді өтінеді... (Ғ. М үстафин). Немесе: Бүйрық Шахтерлерді боқтап, үрып жүмыс істсткендігі үшін бри- гадир Владимиров Сергейді орнынан аламын. Оның орны-
на бригадир етіп екпінді Елемес Жайлыбекүлын тағайын- даймын (С. Е р у б а е в). Осы мысалдардың алдыңғысы ресми хат, екіншісі - бұйрық. Бұлар өмірде пайдаланылатын іс қағаздары үлгілерінің көшірмесі емес,- солар текті жазылып, қалыпқа келтірілуі (воспроизведения). Әдеби шығарманың көркемдік қүралы - тіл. Тіл арқы- лы өмірдің тұтас картинасы жасалады. Үлкен полотноға салынған суреттің көп түсті бояуындай, әдеби шығармада келтірілетін сөйлеу формалары мен стильдер де, көркемдік деталь ретінде пайдаланылып, бір тұтас картина жасайды. Сондықтан көркем шығарманың мәні, ондағы жекелеген сөздерде емес, сол сөздерден салынған суреттің, бай мазм- ұнында. Жоғарыдағы кітаби-жазба стильдердің кейбір ерек- шеліктері сөйлеу стилімен салыстырылып жалпы айтыла- ды. Сонымен қатар кітаби-жазба стильдердің' өз ара бай- ланысты болатындығына мысалдар келтіріледі. Төменде, кітаби-жазба тіл негізінде қалыптасқан іс қағаздары мен ресми стильге және ғылыми, публицистикалық, көркем сөз стильдеріне қысқаша тоқталып, сипаттама беру көзде- леді. § 8. Іс қағаздары стилі мен ресми стиль Қатынас құралының бұл түрлері де күнделікті өмір қажетінен туып, өз алдына орныққан бөлек жүйе болып саналады. Іс қағаздар стиліне әр түрлі мекемелерде жүргізілетін жазу үлгілері жатады. Іс қағаздары белгілі бір форма бойынша жазылады. Ол форманың түрлі үлгілері болады. Кеңсе іс қағаздарының үлгілеріне өтініш, сенім хат, қол хат, анықтама, мінездеме, шақыру билеті, хабар- ландыру, мәжіліс хат, қатынас қағазы, акт, мәлімдеме, шарт, міндеттеме, бұйрық, есеп және т. б. жатады. Іс қағаздары көбінесе, сол үлгі бойынша жазылады. Мұндай қағаздарды 1 Стильдердін кай түрін алсақ та, олар өз алдына жеке-жеке зертгеу такырыбы. Сондыктан, окулықта барлық стильдерді толык камтып, жан- жакты талдау жасау мүмкіи емес. Оиы окулықтын келемі кетермейді де.
жазу онша қиынға сокпайды. Ол алдын ала танысып жат- тығу, дағдылану арқылы меңгеріледі. Ресми стильдің көлем, мазмүн және жазылу формасы жағынан іс қағаздарынан біраз срекшеліктсрі бар. Ресми қағаз белгілі бір қалыпқа (штампқа) түсіп отырады, онда сөз қолданысы ерекше болады. Ресми стильде көбінесе заң, жарғы, үкімет органдарының қаулылары, Республика пар- ламентінің жарлықтары, халықаралық шарттар, келісімдер, нота, үкімет хабарлары жазылады. Мүндай мемлекеттік күжаттарда саяси-публицистика- лық лексиканың, әкімшілік терминдерінің колданылуы ба- сым келеді. Мысалы: Мемлекет басшысының Жарлығы- мен Қазакстан Республнкасының Украннадағы Төтенше жәнс өкілетті елшісі Амангелді Жұмабаев Қазакстан Рес- публикасының Молдова Республнкасындағы Төтенше және өкілетті елшісі кызметін коса аткарушысы болып тағайын- далды(газеттен). Осы мысалда сойлем қүрылысы жағынан жалпы жазба тіл нормасынан ауытқушылықты байқаймыз. Ал лексикалық өзгешелігі бірден көзге түседі. Мұнда сая- си өмірге тән арнаулы сөздер мен сөз тіркестері қолданыл- ған. Ресми стильдің ерекшелігін мына төмендегі үлгілер- ден байқауға болады. Қазакртан Реснубликасы Президентініц жарлыгы Қазакстан Республикасында білім бсруді дамытудыц 2005-2010 жылдарга арналган Мемлекеттік багдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Конститутциясының 44-бабы- ның 8-тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республика- сының білім беру жүйесін дамыту мақсатында қаулы етемін: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мем- лекеттік бағдарламасы (бүдан әрі- Бағдарлама) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасыныц Үкіметі бір ай мерзімінде Бағдарламаны іске асыру жөніндсгі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін. 3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сон-
дай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағ- дарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын. Қазакстан Республнкасынын Президенті Н. НАЗАРБАЕВ Астана, 2004 жылгы казаннын 11-і, №1459 Ресми стильге жататын мемлекетгік қүжаттар жанр және мазмүн жағынан әр түрлі болып келгенімен, олардың бар- лығына ортақ жалпы сипаты болады: 1. Белгілі бір қалыптасқан үлгіде, баяндау тәсілімен жазылады. 2. Лексика-фразеологияның құрамы (саяси-публицис- тикалық сипатта, әкімшілік терминдер мен күрделі тер- миндер, қысқарған сөздер) өзгеше болып келеді. 3. Ойдың логикалық жүйелілігін сақтау мақсатымен сөйлем күрделі қүрылады. Сонымен қатар, экспрессивті, бояулы тілдік қүралдар қолданылатын кейбір текстер де бар. Мәселен, халықара- лық үйымдарды, даңқты қалаларды және жеке мекемелер мен белгілі қоғам қайраткерлерінін мүшелі тойына арналғ- ан құттықтаулар болады. Құттықтау текстерінің қайсысы болса да жігер, қуатқа толы, жақсы тілектер айтылып, жылы сезіммен жазылады. Сондықтан онда эмоциональды бояу- лы сөздердің қолданылуы заңды құбылыс. Қозақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралык автомобиль катынасы туралы келісімді бекіту туралы. Астана 2003 жылғы 25 желтоқсанда жасалған Қазақ- стан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республика- сының үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қаты- насы туралы келісім бекітілсін. Қазакстаи Республикасынын Президенті Н. Ә. НАЗАРБАЕВ. Астзна 2004 жылғы мамырдын 25-і. №554-11ҚРЗ
Қазак/стан Республнкасыныц зацы Қазақстан Республикасының Үкімсті меи Ислам Даму Банкі арасындағы Қазакстанда Қараганды облысынын ауылды сумен жабдыктау жобасы үшін карыз туралы келісімді бекіту туралы Алматыда 2003 жылы 2 кыркүйекте жасалған Қазақ- стан Республикасының Үкіметі мсн Ислам Даму Банкі ара- сындағы Қазақстанда Қарағанды облысының ауылды су- мен жабдыктау жобасы үшін қарыз туралы келісім бекітілсін. Қазакстан Рсснублнкасынын Президенті Н. Ә. Назарбаев. Асгана 2004 жылгы мамырдын 26-сы. №.555-1IҚРЗ Қазақстан Республикасының заңы Қазакстан Республикасы мен Халыкаралык Қанта Қүру және Даму Банкі арасындагы карыз (Нүра озенін тазарту жобасы) туралы келісімді бекіту туралы Вашингтонда 2003 жылғы 17 желтоқсанда жасалған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Қүру және Даму Банкі арасындағы қарыз (Нүра озенін тазарту жобасы) туралы келісім бекітілсін. Қазаксгап Рсснублнкасыііыц Президенті Н. Ә. Назарбаев. Асгана 2004 жылы мамырдың 26-сы №55611ҚРЗ Хабарландыру “Мал шаруашылығы жәнс мал дәрігерлік ғылыми - өндірістік орталык” РМК мына тауарларды мсмлекеггік сатын алу жөпінде конкурс откізетіиін хабарлайды: змбриондарды криоконсервания- лау үшін кажетті бағдарламалык тоназытатын шағып аііііараіып - 1 дана...; Жеткізілетін тауарлардын тсхникалык срскшсліктсрі, жсткізілстін мерзімі және орны конкрустык күжаттамада корсстілген. Конкурска “Мемлсксттік сатып алу туралы" ҚР Занынын 8-бабы-
ның 1-тармагындагы біліктілік талаптарға сай келетін барлык әлеуетті жеткізушілер жіберіледі... Конкурстык өтінімдерді тапсырудың сонгы мерзімі - 2004 жығы 16 маусымда сагат 13.00-де Конкурстык өтінімдер салынған конверттер 2004 жылғы 16 мау- сымда сағат 14.00 -де мына мекен - жайда ашылатын болады: Алматы к., Жандосов к-сі, 51, №203 белме. Әлеуетті жеткізімшілер конверт- терді ашу кезінде катыса алады. Қосымша акпарат пен аныктаманы мына телефондар аркылы алуга болады: 8 (3272) 21-42-41, 21-43-66. Жеделхат Құрметті “Жас Алаш”! Мен ешқашан ешбір басылымға соның ішінде “Жас Алаш” пен оның 25 мамырдағы 3-бетінде сөз болған “Үш қиян” газетіне де өзім туралы ешқандай қолқа салып көрген емеспін. Мұхтар Әуезовтың ұлы азаматтық түлғасы мен су- реткерлік мұрасын зор құрмет түтатынымды, сондай-ақ аға, іні, замандас қаламдастарымның шығармашылық жетістік- теріне ілтипатпен қарайтынымды оқырман қауым сөйле- ген сөздерім мен жазған мақалаларымнан біледі деп ой- лаймын. Әдебиетте де, саясатта да атақ жарыстырып, бақ асы- руды емес, шамамның келгенінше, әлеуметке айтар ойым- ды ортаға салып тұруды басты мүрат санаймын. Жазғанда- рым мен айтқандарым біреуге үнар, біреуге ұнамас. Ол үшін мен ешкімді жазғырмаймын. Үнататындарға да, ұнайтпай- тындарға да айтар өтінішім: даттасаңыздар да, тек менің өзіммен болып, мен үшін басқалардың бастарын ауыртпа- саңыздар екен. Ә. Кекілбайұлы § 9. Публицистикалык стиль Публицистика (латынша: риЫісиз — көпшілік, әлеумет) - қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады. Публицистикалық стиль қоғамдық талапқа сай жазыл-
ған шығармалардың негізінде қалыптасады. Белгілі бір тілде публицистиканың өз алдына бөлек стиль болып қалыпта- суы қоғамдық сананың өскенін, артқанын көрсетеді. Тілдің басқа стильдері сияқты публицистикалық стиль де бірың- ғай болып келмейді. Бірқатар лингвистер публицистика- лық стильдің жазбаша түріне саяси тақырыпқа жазылған газет, жорналдардағы мақалалар, памфлет, очерк т. б. шы- ғармаларды, шешендік сөздерді публицистикалық стильдің ауызша түріне жатқызып жүр. Публицистикалық стильдің жазба түрінің ең алғаш қалыптаса бастауы халықтың жалпы мәдениеті мен эконо- микасына байланысты. Мәдениеті ерте дамыған елдерде публицистикалық жанр ерте қалыптасады. Оған орыс тілі мысал бола алады. Россияда XVIII ғасырда ең бірінші га- зет жарық көрді; сықақ жорналдар шыға бастайды. Ради- щевтің “Петербургтен Москваға саяхаты” сол кезде жалын- ды публицистикалық шығарма болып есептелген. XIX ғасырдың екінші жартысы публицистикаға үлкен өзгерістер енген кез болды. Бүл кезде революцияшыл-де- мократтар публицистиканы царизмге қарсы күрес қүралы етіп жүмсады. В. Г. Белинский, Н. А. Добролюбов, Н. Г. Чернышевский сияқты сыншы-публицистер өздерінің сын мақалаларында қоғамдық қүрылысты қатты сынға алып, революцйялық идеяны қуатгады. “Қазақстанда революци- ядан бүрын баспа орны атымен жоқ еді. Бірен-саран шық- қан кітаптарда қазақ тілі бүрмаланып басылып жүрді. Қазақ тілінде ең тұңғыш басылған кітаптың бірі - “Қозы Көрпеш- Баян сүлу” қиссасы (ең алғаш 1816 жылы басылыпты). Шо- қанның, Ыбырайдың, Абайдың т. б. шығармалары Петер- бургте, Қазан мен Уфада, Орынбор мен Ташкентте шық- қан. 1913 жылы басылған азын-аулақ кітаптардын ішінде Спандияр Көбеевтің “Қалың мал” романы, “Айна”, “Қар- лығаш” деген өлеңдері мен поэмалары Қазанда жарық көріпті1 ”. Октябрь революциясынан кейін мәдени-ағарту мәселесі қолға алынып, оны жедел оркендету талабы қойылды. “1919 жылы 26 декабрьдс В. И. Ленинніц қолымен Халық 1 Ә. Бектемісов. Ксрсмсттін ксрсмсті. “Лсниншіл жас”, I. III, 1964.
Комиссарлар Советі қалың еңбекші бұқараның сауатсыз- дығын жою туралы шаралар белгіледі. Осы қаулыда және партия мен үкіметтің 1920 жылдардың бас кезінде шыққан нұсқау-директиваларында ұлттардың ана тілінде мектеп ашу, газет-журналдар шығару, әдебиетін өркендету мәсе- лелеріне айрықша көңіл бөлінді. Осы жылдары шыға бас- таған “Қазақ тілі” (1919 ж., Семей), “Дүрыстық жолы” (1919 ж., Орда), “Жаңа өмір” (1920 ж., Ташкент), “Тіршілік” (1918—1919 ж., Ақмола), “Ұшқын” (1919—1920 ж.ж., Орынбор), “Кедей сөзі” (1920 ж., Омбы) және басқа со- веттік газетгердің бетінде басылған өлеңдер мен әңгімелер алғашқы революциялық жеңісті қуанышпен қарсы алған тілек-мақсатты бейнелейді”1. Бұл баспа органдарынан осын- дай мақсатта жазылған публицистикалық шығармаларды да көп кездестіреміз. 1920 жылдары республикалық тұңғыш газет “Еңбекші Қазақ” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) шыға бастайды. Бұл тұста казақ публицистикасы жаңа белеске кетеріледі. Көпте- ген кеңестік идеологияны насихаттайтын шығармалар қазақ тіліне аударылып басылды. Орыстың революцияшыл-де- мократ жазушыларының шығармалары қазақ тіліне ауда- рыла бастады. Осындай игілікті істер қазақ публицистика- сының шыңдалып жетіле түсуіне белгілі дәрежеде ықпал- әсерін тигізді. Кеңестік кезіндегі әдебиетіміздің ірі өкілдерінің бірі Сәбит Дөнентаев әйел теңдігі туралы мәселені өзінің алға- шқы публицистикалық шығармаларында сөз етеді. Оның “Қазақ әйелдері туралы” деген тақырыппен 1918 жылы жа- зылған мақаласынан үзінді келтірейік: Дүниеде жүканағы бар нәрсе тәрбиесі болса, жасалмак, үлғаймак, тәрбие болмағанда, нашарламак, жоғалмак- Адам- да екі түрлі куат бар; біреуі - ақыл куаты. Акыл куатыныц тәрбиесі - ғылым, тәжірибе. Екінші - дене куатының тәрбие- сі - жүру, түру, іске айналу (гимнастика). Осы екі тәрбие- нің капысыз болып орнына келуіне бір-ак шарт бар, ол - еркіндік (свобода). Адам баласы екі түрлі затган күралғанда (біреуі еркек, біреуі әйел болып), туысы бірдей болғанымен, түрмысы 1 Қазак совет әдебиеті тарихының очерктері. Алматы, 1958, 14-бет.
бірдей бола алмай, өмір катарында әйелден еркек әлдекай- да үздікжүр... ... Қыскасы, казак әйелдері өздерін еркектің пайдасы үшін ғана жаратылган бір хайуан есебінде үғады. Сондык- тан өздерінде осы түрмыстарына наразылығы жок. Жал- ғыз-ак, олардык шыркын күндестік кана бүзады. Сөйтіп, олардың жігері түрмыстык табанында езілген, максаты - “көйлегім көк, тамағым ток болса екен” ғана. Хат танитын әйел казак арасында жокка есеп. Гззет окыған, заманның жайы-нан хабары бар әйелді казак арасында көзің де көрмейді. Бірак соншама мүң болып сезілсе де, сонша- ма караңғы надан болса да, баска түрік әйелдеріне кара- ғаңда артыкшылык жерлері де жок емес. Мысалы, аса бір үлкен аксакалдан, яки бөтен бір кісіден болмаса, жасыры- нып, кашкак түрмайды. Сөзге ашык, әзілге үсталык, әдепті жайдарылык олардың ілгері басуына ыңғайлылығын көрсе- тедГ4. Сол кездегі әдеби көркем публицистикада қоғамдық осындай тақырыпқа айрықша маңыз берілген. Мүндай шы- ғармалардың қай-қайсысында болмасын азаттыкдың, бос- тандыктың жалынды үні айрықша сезіледі. Ол уақыттағы шығармаларда ауызекі сөйлеу тілінің әсері басым болғаны байқалады, сөз қолданылуы қарапайым болып, сөйлемдері қысқа-қысқа келеді. Саяси-әлеуметтік термин создерді қол- данғанда, олардың баламасы тек ана тілінен алынған бо- латын. Мысалы: революцня - төнкеріс, совет - кеңес, ре- жим - низам, помещик - алпауыт т. б. немесе интернацио- налды терминдер бүрмаланып қолданылған; көменес (ком- мунист), пәлсепе (философия), пидал (феодал) т. б. Осы күні мүның бәрі бір қалыпқа түсті, әдеби нормаға сай қолданылады. Бүл публицистикалық шығарманың тілінің сапалылығын арттырып, мазмүнды болуына үлкен ықпал жасады. Сонымен қатар публицистиканың өзі әдеби тілімізді жаңа сөздер, жана сөз тіркестері және күрделі сөйлем қүрылыстарымен байыта түсті. Тілімізге еніп жат- қан жаңа үғымдар мен терминдер төл сөзімізгс айналды. Мысалы “Егемен Қазақстан” газетінде басылған мына бір мақаланы алайық: Академияның Қоғамдык ғылымдар ' С.Дөнентаев. Шығармалар, Алматы,І957, 394-396-бсттер.
бөлімшесінде ғалым хатшы болып кызмет етіп жүргем. Бір күні академик Әлкей Хаканүлы біздің кабинетке келіп: - Сейіт мен Ленинградта болып ем. Сені Виктор Жир- мунский сүрады. Мен осында істейтініңді айтгым. Сен оған хабарлас! - деді. - Жарайды аға! - дедім сәл кысылынкырап. Өйткені, Әлкей Хақанүлы бүлай бетпе-бет жеке сөйлесуім бірінші рет. Жүмыс бабымен ресми түрде көбінесе телефон арқы- лы байланыс жасап жүретінмін. Бүл жолы ол кісінің өзі келуі - мен үшін өте тосын жағдай еді және мен туралы мүндай әңгіме болады дегенді еш ойлаған емеспін. Әлкей Марғүланның есімімен аспирант кезімнен таныс болатынмын. Әсіресе, орталық ғылыми кітапханадағы қол- жазба қорын сүзіп жүргенімде, Әлекең жазып көргем. Оның үстіне ол кісінің фольклорға арналған еңбектерін де жақсы білуші едім. Әсіресе, Мәскеудегі Ленин кітапханасындағы докторлық диссертациясын мүқият оқығам-ды. Қазіргі кезде публицистика зор қарқынмен даму үстінде. Публицистика — қоғамның әлеуметгік маңызы бар мәсе- лелерді шешуіне ат салысатын айбынды қүралы. Публици- стикалық шығармаларда еліміздің ішкі-сыртқы саясаты және мәдениет пен мораль проблемалары сияқты өзекті мәселелері сөз болады. Публицистикалық стильге қойылатын талап - қандай тақырыпқа жазылса да, логикалық жағынан дәлелді, көңілге қонымды болуы қажет. Ол - гілдік қүралдарды қолдана білуден байқалады. Публицистиканың қоғам өмірімен ты- ғыз байланыстылығы оған үгіт-насихаттық сипат береді. Сондықтан публицистикалық шығарманың тақырыбына, мазмүнына сай сөздер мен сөз тіркестерін сүрыптап қолда- на білудің және қажетті синтаксистік қүрылысты пайдала- на білудің үлкен мәні бар. Публицистикалық стильде тілдің эмоциональды элементтері және сөзді образды қолдану сияқты әдеби стильге тән қүбылыстар да кездеседі. Бүл оның әдеби стиль- ге жақындығын көрсетеді. Ал оның фактіні толық және логикалық жүйелі баяндау тәсілі жағынан ғылыми стильге жақын екені байқалады. Публицистиканың жанры әр алуан. Сол жанрлардың түріне, өзгешелігіне қарай оның тіл ерекшелігі болады. (Бас 38
мақала, информациялық хабар, очерк, халықаралық шолу, памфлет, радио мен телевизордан берілетін хабарлар т. б.) Публицистикалық стильдің ауызша түрі - шешендік сөз. Публицистиканың бұл түрі оте ерте дамыған1. Біздің дәуі- рімізге дейінгі 335 жылы жазылған Аристотельдің “Рито- рикасында” шешендік сөздің құрылысына жан-жақты тал- дау жасалынады. 1748 жылы Ломоносовтың “Краткое ру- ководство к красноречью” деген кітабы басылып шығады. Қай халықтың болмасын шешеидік өнері оның мәдени- етінің бөлінбес бір саласы болған. Қазақ тілінде шешендік өнерінің теориясы болмаған. Бірақ, басқа халықтардай, қазақ халқы да шешендік өнерге айрықша мән берген. “Көне замандардағы шешендер, философтар сөзді бағалағанда, қүдайға теңеп, “құдай текті жоғары” деп көтермелейді. Қазақтың халық арасынан шыққан шешендері “өнер алды - қызыл тіл” деп сөздің шын мәнін дұрыс аңғарып, адам баласына нәрсе де емес, өнер екендігіне ақылдары жет- кен”1 2. Шешендік сөз бүрын таптық козқарасты білдіру үшін де жұмсалатын құрал саналған. Оны әр кездегі тарихтан.- жақсы аңғаруға болады. Қдзақгың сртедегі шешендік сөзінің тақырыптары: ру тартысы, барымта, жер дауы сияқты не- месе тойларда айтылатын мактау сөздер, акыл, кеңес, біреу өлгенде көңіл айту т. б. Осындай шешендік сөздердің үлгілерінің қай-қайсысын да М. Әуезовтің “Абай жолы” эпопеясынан кездестіруге болады. Романда Тобықты мен Уақ руларының араздасу- жанжалдары былай берілген: “Осы елдің бәрінің аузында Оразбапдан тараган бір гана желік пен пәле тілеген суык соз жүр. Оны Әзімбай осында келе жатып Абай үйіне сокканда, “Оразбай айтып жібер- ген сөз”демей өз сөзі кып айтып шыккан-ды. 1 Мысалы, В. Г. Белинскніі былай дсйді: “Риторика - получила свос начало у древних. Социализм и рсспубликанская форма правлсние дрсв- иих обществ сдслали красиорсчьс самым важным и исобходимым ис- кусством, ибо оно отворяло двсри к властн и начальствованию. Удиви- тсльно что все и каждый хотсли быть ораторами, хотсли имсть влиянис на толпу посредством искусства красно говорить?” (Полнос собр. соч., т. 8, 506—509-беттер). 2 Қазақ әдсбиетінің тарихы. Алматы. 1948, 277-бст.
“Жау үлкені— елдіңжауы, дау үлкені— жердіңдауы” деп бір лаурайды. Соған ілесе Оразбай және айткан: Уак пен менің алты алас, бес бересім жок. Өз басым үшін емес. Тобыкты намысы үшін, ел бағы үшін атка мінемін! Уак болса, елге жаулык етіп отыр деген сөзді және де көптін аузына таратып жатыр. Уак Тобыктының күз күзеуін, кыс отарын, көктемгі кең жайылысы өрісін алып жатыр. Кімдікін алып жатыр? То- быкты аруағына меншікті болған коныс-өрісті алып жа- тыр. Ендеше намысын шабактап өртеп жатыр. Осы көктем күзеу Қаракүдык, Төрекүдык, Обалы, Қоғалы, Шолак, Еспе, Қанай, Қарағаны, Босжымба, Аякжымба - Ъәрі-бәрі Ораз- байдың әкесі Аккүлы ғана меншіктеген жер ме еді? Қүнан- бай ғана пайдаланып па? Байсал, Бөжей немесе Малдыбай, Буракан ғана өріс-коныс етіп пе еді? Қүдай кәні, тілесе Тобыктының бар атасының үлы бірде кезек етіп, бірде кыскы жылкысына отар етіп, немесе осы бүгінгідей көктем- де өріс етіп пайдаланып келмеп пе еді? Сол жерді алғалы отыр! Қазак - казак болғалы іргелі дауының үлкеңі жер дауы емес пе? Сол жер үшін, желік үшін емес, өзім үшін емес, көбің үшін, міне, туын көтердім, алдыңа түстім! - дейді Оразбай. Тағы бір орайда: Тартынған тартынып, бүккан бүғып кала берсін. Жер ашуы - жан ашуы, салдым барымды. Арыңды жактадым, Тобыкты! - деп те сілтеген. Жиренше Оразбайға: - Ендігі, Тобыктының туы сенің колыңда! Намыс туы - сол! Саған ермейтін Тобыкты ез ел емес! Намыс үшін, жауға жігер танытып сен шыкканда, үстаған жерде колымыз, тістеген жерде тісіміз кетсін! Уатып алдымызға салып бер осы Уакты!— деген. Оразбай Уактың аты аталғанда еліріп, сүрланып қатты козғалып алды. - Шикылдаған арбасына мәстегін жеккен өңшең егінші, масакшы, күрек-шоттан керегін іздеген ку кедей! А талы ел боп, іргелі жүрт боп белдессе бір сәрі. Қырыкрудан күры- лып, кырык-жамау болған басымен “Көкен еліміз” деп көкиді дейді. Осы “үстасканда кімісімен үстасамын” десең де, көзге түсер күйкалы жері жок. Өңшең “күм жиылып тас болмас, күл жиылып бас болмас” дейтін, сайда саны,
күмда ізі жоктар. Енді шапканда солардык кырык руы бір араға жиылған кара корда бір нөпірін бұздырайын деп отыр- мын. Өңшең тырмашы, балташы, оракшы, сокашы, дихан- шыдей ме ылғи ыңыршак, мінген ырымы жаман суырлар- ды сойғызайын деп отырмын!”- дейді. Бұл келтірілген мысалда шешен өз дәуірінің, өз зама- нының, өз руының жоғын жоқтайды, соған орай сөз сап- тайды. Өз заманында өз руының билеп-төстеуші зорлықшыл тобымен “мыңмен жалғыз алысқан” данышпан Абайдың әр кезде айтқан сөздерінің ақыл-кеңесші, адамгершілікке шақырған терең философиялық ой деуге болады. Мысалы, “Абай жолы” романында Әуезов Оразбай мен Абайдың ай- тысын былай қүрған: - Тағы салдың ба өртіңді? Өртеп кал, Абай! А бай саскан жок. Даусын Оразбай даусынан асыра, кат- ты көтерді де, мыскылдай сөйледі: - Өрт деймісің?! Өрттің бәрі жаман дегенді саған кім айтты? - Иә, өрт жаксылык демексің ғой сонымен, ә? - Өрттің жаманы да бар, жаксысы да бар. Шіріген шең- гел, кураған түп-түбір кәрі тікенектерді әдейі өртейтін де кез болады. Оларды тамыр-түбірімен жойып, залалын күрта- ды. “Орнына жаңа көк шыксын”, “жаңа жас өмір тусын”, “соған анау жол берсін” деп салады. Бар пәлені білгенде соны білмей не кара басты? “Абай” эпопеясының негізгі арқауы шешендік сөз десе де болады. Мүнда шешсндік сөздің көптеген түрлері кез- деседі. Сонымен бірге ромапда мағыпасыз, бос, жаттанды болған кейбір шешендік сөздерге сын айтылады: “Бүрынғы казактың би мен бегі, алымпаз акыны жыр- ласа немесе кейінгі заманда мүсылманшылык, діншілдік үгітін көп тараткыш кожа-молда жоктау жазса, татымал болған арзан шындыктар каптаушы еді. Онда бос мылжың- дап, сөз косарлап “Тұяғы бүтін түлпар жок, канаты бүтін сүнкар жок” деп бір кетеді. Немесе кобінесе соңғы заман- дарда “Қүдайдың досы пайғамбар да кеткен” деп сөз бас- тайды. “Мұғаммед досты шаһарнар кеткен”дейді. “Керба- лада Қасен-Қүсайын да өлген. Ак пайғамбар достысы Қам- зада каза болған”дейді.
Осындай кайғыны айтамын дсп кайдағыны кезетін каңғыма сөздер көбейетін”(214-бет). Қазіргі кезде шешендік онерінің орісі кеңейе түсіп, оның мазмүны да өзгерді. Саяси қайраткерлер мен ғалым, жазу- шылар, барлық идеология қызметкерлерінің армиясы сөз өнерін дамытып, жалпы тіл мәдениетін арттыруға өздерінің үлестерін қосуда. Мәселен, біз күнделікті өмірде өзіміз тың- дап, естіп жүрген насихатшылар мен үгітшілердің, лектор- лар мен баяндамашылардың және митингіде, жиналыстар- да сөйлеуші адамдардың ішінен сөз өнеріне айрықша мән беретін, шешен сөйлейтіндерді жиі кездестіреміз. § 10. Ғылыми стиль Ғылыми стиль - жазба стилінің бір түрі. Бүған қазақ тілінде әр салада жазылған ғылыми шығармалар жатады. Ғылыми стильде зерттеу объектісі болатын - зат не қүбы- лыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет етеді. Ал, пікір дүрыстығын дәлелдеу үшін мүнда логика ‘заңына, яғни дүрыс ойлау заңына, сүйену қажет. Сондықтан, ғылы- ми стильде логиканың маңызы ерекше. Ғылыми шығарма- лар жалпы халықтық әдеби тілде жазылады. Бірақ тілдік тәсілдерді пайдалануда, оның өзінің ерекшелігі болады. Ғылыми стильдің лексикасындағы ерекшелік: сөз тек өзінің негізгі мағынасында жүмсалады. Сөздің көп мағы- налылығы, образды сөздер мүнда аз кездеседі. Ғылым са- лаларының ерекшеліктеріне қарай әр саланың арнайы тер- мин сөздері болады. Мысалы, тіл білімінде лннгвнстнка, лексика, фразеология, семасиологня т. б. физикада анод, вакуум, атом, атомдык салмак, шама т. б. Сонымен бірге белгілі бір ғылымның саласында қолдану аясына байланы- сты жалпылама лексиканың кейбір сөздері термин сөзге айналады. Ғылым ылғи алға басып дамып, отыратыны белгілі. Ғылымның дамуымен бірге жаңа үғымдар туып оты- рады. Оны белгілейтін жаңа сөз - неологнзмдер - туады. Ғылымның белгілі бір саласында қолдану нәтижесінде пай- да болған неологизмдердің өмірінің үзақ, қысқа болуы ғылымның сол саласының өмірде алатын орнына, практи- калық мәніне байланысты. Мысалы, мененджмент, банк, 42
демеуші, нарыктык экономика т. б. бір кезде ғылыми-тео- риялық еңбектерде термин ретінде ғана қолданылса, қазір жалпы халықтық лексикаға айналып отыр. Сол сияқты ғарыш, ғарышты игеру, ғарыш бағдарламасы, несиелік тех- нология сөздері де өздерінің практикалық мәнімен таны- лып, берік қалыптасты. Ғылыми стильде жалпы жазу тіліне тән синтаксистік қүрылыс пайдаланылады. Бүл стильдің негізгі ерекшелігі - мүнда ой күрделі баяндалып, аныктама, дәлелдеме және формулаларға негізделуінде. Сонымен бірге, әрбір ғылым саласының өзінің ерекшелігіне карай баяндау тәсілінде кейбір өзгешеліктері болады. Мысалы, химия оқулығында былай делінген: Газ күйіндегікандай заттың болса да грам- молекулалары бірдей жағдайда, бірдей көлем алады'. Фи- зикада: Бір инерция моментінен екінші инерция моментіне көшу мына теория бойынша орындалады: кең келген айна- лыс осіне катысты инерцня моменті сол оське параллель, ауырлык центрінен өтетін оське катысты инерцня моменті мендене массасының солдене ауырлык центрінің айналыс осінен кашыктығы. квадратының көбейтіндісінің косынды- сына тең боладьг. Бүл келтірілген мысалдарда жалпыға бірдей түсінікті бола бермейтін молекула, ннерцня, масса, ось сияқты көпте- ген термйн сөздер - осы мамандықтағы адамдарға ғана та- ныс. Сонымен қатар, үғымның түсіндірілуі де ғылымның басқа салаларынан өзгеше берілген. Әсіресе қоғамдық ғылымдарда тілдің еркін және мәнерлі қолданылатыны бай- қалады. Оны В. Г. Белинскнйдің мына бір сөзінен аңғаруға болады. “Сана дегеніміз - омірдің рухы, оныц жаны, по- эзия дегеніміз - өмірдің күлімдегепі; оның таскынды айк- ын жүзінің тез ауысып отыратып түйсігі. Жаратылыста си- рек кездесетін әдемі әйелдер болады, бірак оның сол сым- батты көркемдігінің жансыздығымен таң калдырғаны- менде, жүріс-түрысында икемдігі, грацпя болмаса, мүндай әйелдер өзінше аскан көркем болғанымен де және сізді таңыркатканымен де, оның кездесуі ешкімнің жүрегін теб- 1 Б. А. Бірімжанов. Жалпы химия. Алматы, 1962, 34-бст. 3 С Э. Фриш жәнс А.В. Тиморсва. Жалпы физика курсы, I том, Алматы, 1962, 137-бет.
іренте алманды, оның көркемдігі махаббат туғыза алман- ды, сондыктан махаббатсыз сүлулык та, өмірде, поэзняда жок’9^ Екінші бір мысал, Мұқтар Әуезовтің зертгеу еңбектері- нен: “...Абай лирикалық, эстетикалық тақырыптарының ма- хаббатқа арналған жайына тағы да тыңнан жазған екі өлең- мен оралды. Бүлары: “Қызарып, сұрланып”, “Көзімнің қара- сы”. Бүрын да осы тақырыпқа әр алуан үлгіде оралып со- ғып отыратын ақын мынау екі өлеңінде және де екі алуан өзгешелік байқатады. “Қызарып, сүрланып” өлеңі Пушкин, Лермонтов шығармалары сияқты үлкен бір шындықпен, ыстык жалынмен жырланған. Махаббатты табиғаттың көр- кем бесігіне бөлеп көрсетеді. Жасырын кеште алғаш кезде- сіп, сөз таба алмай, тек қана лүпіл қаққан жүрекпен, кабак- пен сыр танытқан жастар көрінеді. Өрепкіген қуаныш ара- сында алабүрткан дағдарыста бар. Сәт сайын ауысқан сол қүбылыстар ол жастардың ақыл, сезімін билеген. Бар ты- нысы бусанып көрініп туған жанды махаббат жырланады. Бұл өлең махаббат психологиясын аса нәзік сезінген шеберлікті танытады. Ақын осындай терең күйде жалын- даған шындық пен табысқан жүректерді қүптап, қостайды. Шын махаббат сөзсіз, үнсіз-ақ танылсын, ыстық жалынды кеуденің тынысымен-ақ білінсін, айтылып болмастай ым- мен, емеурінмен танылатын болсын дейді. Сондай ғашық- тықты жастарға үлгі еткенде, бір жағынан, интимная лири- ка арқылы нәзік сырды тереңдетеді. Екіншіден, өзінің реа- листігіне берік ақын аса нақты жайларды суреттейді. Түстей түманға, белгісізге батқан қиял жоқ. Абайдың махаббат жайындағы ең нәзік, ең көркем терең сөздері осы өлеңнен көрінген”1 2. § 11. Керкем әдебиететилі Көркем әдебиет стилі немесе көркем сөз - ойды және сезімді образ арқылы бейнелейтін айрықша өнер. Тіл 1 В. Г Билинскнн. Таңдамалы шығармалары, Алматы, 1948, 88-бет (каэакша). 2 М. Әуезов. “Әр жылдаройлары”, Алматы, 1959, 122-бет.
көркем шығармада ерекше эстетикалық қызмет атқара- ды. Тіл адам баласының іс-әрекеттерінің барлық жақтарын тегіс қамтиды. “Тілдің қимыл орісі шексіз”. Адам өз ойын жеткізу үшін ғана сөйлесіп қоймайды, коңіл күйін, эмоци- ясын білдіру арқылы басқа адамдардың да сана-сезіміне әсерін тигізеді. Ол әсер сөйлеу тілімізде айтушының өз түсінігі бойынша, өз ойын тіл күралы арқылы жеткізе білуі- нен болса, көркем шығармалар — жазушының өмір тануы- на, дүние сезінуіне, көзқарасына сол өмір фактісін жинақ- тап, қорытып бейнелі тілмен жазу мәнерінен болады. Сойлеу тілімізде сөздер бүрыннан машықталған үйреншікті қалыпта жүмсалады, ал көркем шығармада сөздер сарала- нып, белгілі стильдік мақсатта қолданылады. Көркем сөзбен жазылған әдеби шығарма - омір фактілерін жанжақты те- рең қамтитын жанды организм. Онда адам да, аң да, қүс та, табиғат та — бәрі де қатысады. Түрмыс салт, шаруашы- лық, экономика салаларының қалпы, даму жолдары көрсе- тіледі. Көркем шығармада көптеген кейіпкерлер болады. Олар жағымды, жағымсыз образдарға бүлініп, топталады. Олардың әрқайсысының оз алдына жеке-дара сырт пішіні - портреті - жасалып, іс-әрекеттері, ой-орісі, өмір тануы суреттеледі. Ол кейіпкерлердің тіл ерекшеліктері болады. Сөйтіп типтік образдар жасалады, Шығармалардағы адам- дар табиғат қоршауында әрекет жасайды. Мүның бәрі шы- ғарманың идеялық мазмүнын, көркемдік ерекшелігін ай- қындауда маңызды рөл атқарады. Шығарманың көркемдік қасиеті ондағы қайталаусыз жасалған әр алуан образдар мен өмір қүбылыстарының картиналары бейнелеулер ар- қылы корінеді. Мысалы: Азуы— алмас, тілі — у, Арам көңіл, ала ту, Кең жемсаулы, кең карын, Найзадай түйреп колдарын Қоркау каскыр — “жан” жүрді'. С. Мүқанов осы бір шумақта бүқара халықты рақым- 1 С. М үканов. Таңдамалы өлскдср, Алматы, 1954, 58-бст.
сыз езіп, жаншып, өктемдігін жүргізген қиянатшыл заман- ның мейірімсіз өкілдерінің жиренішті кескін-кейпін ұтым- ды теңеу, эпитеттер арқылы оқушының көз алдына елесте- теді. Осындай суреттеуге М. Әуезовтен тағы бір мысал: Қызылды-жасылды кылып сәнмен жиылған жаксы үйлер- де калың көрпе, күс жастыктарға комілген жуан билер, күндіз-түні семізді кертіп жеп, кекірігі азғанша майға бөгіп жаткан. Бүлар, малына індет келген ауылдың итгері сияк- ты, жаны шығып, күйрығын сыртка салып, көзі кызарып күтырғандай канталап, кауып түсетін сиякты түр көрсе- теді'. Немесе, ...долданып күтырған Қокыштар, Сәрсендер жуан-жуан жаксы киімді, боктығы күшті үлкендер... Бүл мысалдардан образды сөздердің атқаратын қызметі ерекше сезіледі. Сонымен бірге мүнда сөз қолдану, сөйлем қүрылысы, тіпті контекст - барлығы да экспрессивті беріл- ген. Автор тілдің экспрессивті-эмоционалды тәсілдерін ше- бер пайдаланған. Жазушы суреттеп отырған шындықты оқушы көзбен көргендей айқын сезінеді. Мұнда жағымсыз образ тілдік тәсілдерді бейнелі, экспрессивті қолдану ар- қылы жасалған. Осылайша сөзді метафоралы қолдану ар- қылы жасалған образдар тез қабылданып, ойда үзақ сақта- лып, сөз қолданысы түрақталып, бейнелі сөздердің үлгісі молығады. Образ жасаудың сөзді метафоралы түрде қолданудан басқа да көптеген тәсілдері бар. Оны төмендегі мысалдан көруге болады: Бактығүл атка мінісімен: “Әйдә, тарт!” - деп тебініп жіберіп, козғалып кетгі. Көп сәйгүліктің аяғы сатыр-сүтыр басып, шымды жерді дүңк-дүңк еткізіп, үсте- ріндегі ер-түрмаи, кару-сайман бір-біріне шалдыр-шылдыр, тыкыр-тыкыр соктығып, ымырт караңғылығын куалай тар- тып береді2. Автор мүнда әр түрлі дыбыстарды еліктеуіш сөздер ар- қылы бейнелеп отыр. Осы түста оқушы көп аттың тұяғы тиген жердің дүңкілін, ер-тұрманның шылдырын айқын естіп түрғандай сезінеді. 1 М. Әуезов. “Қараш-қараш”, Алматы, .1960, 53-бет. 1 М. Әуезов. “Қараш-караш”, Алматы, 1960,42-бет.
Көркем шығарма тілі - күрделі мәселе. Көркем шығар- маны жасайтын - жазушы. Шығармадан жазушының өзіндік ерекшелігі, шеберлігі, стилі байқалып отырады. Шеберлік мәселесін шығарманың тілінен бөлек алып қарауға бол- майды. Шеберлік мәселесі тілге тікелей қатысты. Сондык- тан да жазушының шеберлігі жайында сөз еткенде, ең ал- дымен оның тілінен бастаған жөн1. Шеберлік дегеніміздің өзі - тар шеңберде алғанда, адам бейнесі, табиғат көрінісі, қимыл, іс-әрекет сияқты әдеби- еттік түрлі образдарды жасау үшін қажетті сөздерді талғ- ап, ұқыптылықпен қолдана білу. Мүндай образдарды жа- сау үстінде сүрыпталатын сөздерге әрқашан да жаңа мағы- на, қосымша реңдер берілетіні белгілі. Сөздердің ондай жаңа қосымша мағынасы мен реңдері образды ойды эсте- тикалық жағынан байытып отырса ғана қүнды болмақ. Об- разды ой дегеніміз - суреттелетін зат, қүбылыстың форма- сын сөз арқылы шебер бейнелей білу. Көркем әдебиет - “сөз арқылы әдемі түрде суреттелетін искусство”. Әдебиетшілер болсын, тілшілер болсын көркем шығарма тілін сөз еткенде, екеуінің де негізгі объектісі - әдеби шығарма. Өйткені әдеби шығарманың негізгі қүра- лы - тіл. Жазушылар да қүрылысшылардың кірпіштен сал- ған биік әсем мүнарасы сияқтандырып өмірдегі сан алуан құбылыстарды бейнелі соз өрнегі арқылы қиюластырып, көркем образдар жасайды. Коркем образ жазушының ше- берлігіне, оның жалпы халықтық тіл байлығын жетік мең- геріп, шүрайлы сөз образдарын колданып шебер суреттей білуіне байланысты. Сонымен бірге жазушы шығармасы- ның тілі, оның стиль ерекшелігі шығарманың мазмүн, идея- лық жақтарымен байланысты қарастыруды қажет етеді.2 Жазушының стилі - көркем шығарма жазу үстінде қалыптасатын әр жазушының өзіндік мәнері, сөз қолдану тәсілдері. Жазушының стиль ерекшелігі, оның өзінің өмір тануына, шығармасының идеялық мазмүнына сай жалпы халықтық тіл қазынасын меңгеріп, опы қалай қолданған- дығынан байқалады. Ал жазушылардың тілдік қүралды қол- дану тәсілдері біркелкі болмайды. Өмірдегі адамдар қан- 1 К Феднн. О мастерствс. Сб. "О писатсльском труде”, М., 1955, 319-бст.
шалықты көп болып, олардың түрлері бір-біріне үқсас кел- мейтіні тәрізді жазушылардың да жазу мәнерінде, стилін- де үқсастық бола бермейді. Әр ақын-жазушылардың өзіндік ерекшелігі болады. Ақын-жазушылардың өзіндік стиль ерекшеліктері, жазу мәнері жалпы халықтық тілдің негізінде қалыптасып жетіледі. Жазушының стиль ерекшелігі - жалпы халықтық тілдің жалғасы ретінде дамитын әдеби тілдің маңызды бөлшегі. Жазушының тілі, өзіндік (индивидуальды) стилі - ол сол дәуірдегі көркем әдебиетке тән тілдік тәсілдерді өзінің эстетикалық талғамына сай өзінше пайдаланып дамыту жүйесі. Жазушының өзіндік стиль проблемасы - ең алды- мен әдеби шеберліктің, үлттық көркем әдебиеттің пробле- масы1. Сондықтан әдеби тілдің даму жолдарын, қалыптасу үрдісін жете түсіну үшін жеке жазушылардың шығарма- сының тілін зерттеп, олардың сөздерді сүрыптап қолдану тәсілдерін, жалпы халықтық тілдік қүралды қалай меңгер- гендігін және әдеби тіл үлгісін байытып тыңнан қосқан жаңа сөз үлгісін айқындап, жан-жақты талдау жасац көрсе- тудің көркем сөз стилистикасында мәні зор. Көркем шығарма тілінің осы уақытқа шейін қалай зерттеліп келгені туралы академик' В. В. Виноградов. “О языке художественной литературы” деген кітабынан то- лық мағлүмат алуымызға болады. Автор бүл еңбегінде кеңес дәуіріндегі көркем шығарма тілінің зерттелуіне ар- налған ғылыми еңбектер мен мақалаларға талдау жасап, ондағы жетістік пен кемшіліктерді көрсетіп, көркем шы- ғарма тілінің зерттелуі жайында қүнды пікірлер айтқан. Академик В. В. Виноградовтың аталған еңбегінің күнды- лығы - жазушының өзіндік стилі орыс әдебиетінің даму заңдылықтарымен байланысты қаралуында. Бүл тәсіл - жа- зушының тіл ерекшелігін зерттеушілердің бүдан былайғы жерде айрықша көңіл бөлетін мәселесі. Қазіргі стилистикаға байланысты жазылып жүрген зер- ттеу еңбектері мен мақалаларда, көбінесе оның зерттеу объектісіне, шығарманың тілін зерттеу тәсіліне баса көңіл бөлініп жүр. Бүлар көркем сөз стилистикасы саласындағы 1 В. В. Виноградов. “О языке художественной литсратуры”, Моск- ва, 1969, стр. 85.
бүгінгі таңдағы маңызды мәселе екені даусыз. Бірақ көркем сөз стилистикасының басы ашылмаған басқа да мәселелері аз емес. Көркем шығарма тілін зерттеуде кездесетін бір қиын- дық - оның проза, драма, поэзия сияқты жанрларды қам- тып, көп жанрлы болып келуінде. Әр түрлі жанрлардың әрқайсысының өзіне тән тіл ерекшеліктерін зерттеу әдістері жөнінде белгілі бір нүсқау беру қиын. Шығарманың жанр- лық ерекшелігіне қарай, тіл өзгешелігі болатындығы әде- биет теориясының оқулықтарында және кейбір лингвисти- калық еңбектерде тиіп-қашты айтылады. Ал арнайы жазы- лған еңбек әзір жоқтың қасы. Тіліміздегі басқа стильдерге қарағанда, көркем сөз стилінің аясы кең. Мүнда барлық, стильдердің элементтері кездеседі1. Тілдік тәсілдер көркемдік мақсатта жүмсалады. Образды сөздер жиі қолданылады. Әр жазушының өзінің талғамына қарай тіл ерекшелігі, қолдану тәсілі болады. Ол ерекшеліктердің бәрі бір-бірімен ара қатынаста болып, көркем әдебиет стилінің басқа стильдерінде қайталанбай- тын, айрықша жүйесін жасайды. Көркем әдебиет сөз өнері ретінде ғана танылмайды. Ол өмір қиындығын біліп тануымызға ыкпал жасайтын, біздің өміріміздің эстетикалық жағын қамтитын қоғамдық қүбы- лыс болып саналады. Сондықтан акад. В. В. Виноградов- тың: “Көркем шығарманың тілін зерттеу мәселесі тіл білімінен де, әдебиет танудан да оз алдына айырмашы- лығы бар филология ғылымдарының айрықша бір бөлек саласы болуға тиіс”1 2, - деген пікірі обден дүрыс. 1 Ол женінде § 7 кара. 2 Литсратуровсденнс и соврсмсиность, “Вопросы литературы’’, 1959, № 10.
Екінші бөлім ТІЛДІК ҚҮРАЛДАРДЫҢ СТИЛИСТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ 1. ЛЕКСИКА § 12. Қазак тілі лексикасы туралы жалпы түсінік Лексика, лексикология және стилистика - бір-бірімен тығыз байланысты қүбылыстар. Лексика деп — әдетте тілдегі барлык сөзкорын айтады. Лексикология сол сөздік кұрамды тексеретін ғылым; яғни тіл білімінің сөз мағына- сын, оның шығу тегін зерттейтін саласы. Ал стилистика әр түрлі стильдерді, мысалы, әдеби тілдің стильдерін,’сөйлеу және көркем әдебиет стильдерін зерттейді, әр алуан тілдік күралдардын экспрессивтік-эмоционалдық қасиеттерін тал- дайды. Қазақ тілінің сөз қоры лексикология түрғысынан мынадай бірнеше негізгі салаға бөлінеді: байырғы сөздер (бүл әдеби тіліміздегі ең үлкен, басты арна), араб, парсы тілдерінен ауысқан, монғол тілінен, туыстас кейбір түркі тілдерінен келген, орыс тілінен және сол арқылы шет ел- дер тілінен енген терминдер мен түрлі жаңа сөздер. Ал лексиканы тілдегі жалпы стильдер түрғысынан жіктейтін болсақ, әлгі санап өткен салаларды енді мүлдем басқаша топтауға тура келеді. Өйткені осы аталған әр алуан тіл қабаттарының қай-қайсысы да стилистикамен тығыз бай- ланысты. Бір де бірі одан сырт емес. Рас, сала-сала бүл сөздердің әдеби тіл, сөйлеу, көркем әдебиет стильдерін- дегі қолданылу дәрежесі біркелкі емес, түрлі-түрлі болып келеді. Олардың белгілі бір қолданылу аясы, өзді-өзіне лайық стильдік қызметі бар. Мысалы, мына бір үзінділерге коңіл аударып көрейік. Білігі артык Қарашаш (Батырлар жыры); Заявление - арыз, Тексеру бізге парыз (I. Жансү- гіров); Сөйлеп көр тіл мен жак. Сөзіңнің бәрі хақ (С. Сей-
фуллин); Атаның адал батасын, анаңның ак сүтін ерлікпен актаусаған парыз (Б. Момышүлы); Бізге бригадиріміз Қуд- рявцев сиякты білікті күрылысшы болу әлі ертерек (газет- тен); Қазак халкының, оның ескі тайпаларының, талай та- рихи шытырман кезеңді өткермегі де хақ, талай жазу-сызу жоралғыларына бірде тікелей, бірде жанамалай жанаспағы да хақ (ғылыми мақаладан). Жерді тыңғылыкты, өңдеп, баптау ең алдымен тракторшының парызы (газеттен). Осы үзінділердегі білік (білікті), парыз, хақ, үлан лексикамыз- да жалпы белгілі сөздер. Бірақ, олар тіліміздегі әр түрлі стильдерде қолданылуы жағынан бірдей емес. Оны жоға- рыда келтірілген мысалдардың өзінен-ақ оңай байқаймыз. Ілгерідегі мысалдарды өз ара салыстыру арқылы да осыны аңғарамыз. Бүл арада әр түрлі стильде колданылған бір сөзге әдейі тоқталып отырмыз. Өйткені ондай жеке сөздің стиль түрлерінің кез келгеніне жарасып, қонымдылық та- буы мүмкін емес. Дегенмен қай тілде де қандай бір сөз болмасын, ол өзінің табиғаты, жалпы қолданылу ерекшелігі жөнінен көбінесе белгілі, бір ғана стильге бейімірек тұра- ды. Лексикология мен стилистиканың бір-бірімен байла- нысты, олардың әдетте өз ара тығыз қарым-қатынаста бо- латыны міне осыдан. Парыз есімін тракторшы дегенмен қосақтау, яғни тракторшының парызы деу қай жағынан да келісіп түрған жоқ. Бүдан гөрі тракторшының міндеті түрінде қолданылғаны әлдеқайда орынды. Дүрысының өзі де сол. Себебі парыз сөзі көбінесе көркем әдебиет стиліне тән қүбылыс. Қейде публицистикалық стильде де қолда- ныла береді. Ал күнделікті баспасөз бетінде жарияланып жататын ресми шағын хабарда парыз есімін пайдалану, оны және тракторшы дегенмен тіркестіру стиль шартына үнемі дәл келе бермейді, ұтымды да болып шықпайды. Ол сон- дай-ақ ғылыми стильге де, ресми кеңсе тіліне де үйлесімді емес. Мүны, яғни қандай да бір тілдік қүбылысты, стильдік өңіне қарай талғап қолдану қажеттігін, сондай-ақ үлан, саң- лак, марквю сөздерінен де айқын көруге болады. Сол бүйырмаған махаббат-достыктан біткен екеуінің ба- ласы, жөргектегі нәрестесі жас үлан мынау шеткі Акшо- кының елсіз биігінің басына апарып тасталды(М. Әуезов); Еңлік үнімен кыз жүрегі сыр айтса, Кебек тілімен үл арма- ны, ер ашуы, үлан жаны жокталса болмас па (осында); Бүл
бастаманы өндіріске енгізген тапкыр үландар казірдің өзінде 45 мың адамды кол жүмысынан босатты (газеттен). Автомобиль транспорты да кемеліне келіп марқайды (га- зеттен.) Жапырактар жалпайды. Жас козылар марқайды (I. Жансүгіров); Ел күрметіне бөленіп, көзге түсіп жүрген санлақ сауыншыларбіздекөп(уакттен). Мен-дағы мүндай кезде жылмаң каккам, Мінгенмін не саңлаққа сумаң каккан (I. Ж а н с ү г і р о в). Әуелі мүндағы саңлак сөзінің қолданылу ерекшелігіне, стильдік бояуына тоқталып көрейік. Бүл да негізінен сол көркем әдебиет стиліне тән қүбылыс. Ол әдетге ақын, жа- зушылардың шығармаларынан жиі кездесіп отырады. Саң- лак және сауыншы сөздерінің қатар қолданылуынан жа- тықтық емес, қайта жасандылық сезіліп түрады. Парыз, саң- лак сөздері ара-тұра сөйлеу стильінде де айтылады. Ғылы- ми стильде, газет, журналдарда ақпар түрінде шығып жа- татын қысқа материалдарда, ресми кеңсе стильдерінде мүның екеуі де сирек үшырасады. Саңлак сауыншы немесе тракторшыныц парызы деу құлаққа да тіпті ерсі естіледі. үлан, хак, білік есімдері мен маркаю етістігін де дәл осы тұрғыдан алатын болсақ, бүлардың да жоғарыдағы қолда- нылуының қайсысы орынды, қайсысы жасанды екенін білу қиын емес. Мысалы, “БілігіартыкҚарашаш”деген жолды “Білімі артык Қарашаш” деп өзгертуге де болар. Бірақ дәл осы контексте, осындай ескі жыр шумақтарына білім зат есімінен гөрі көне форма б/л/ксөзінің өзі көбірек үйлеседі. Ал білікті күрылысшы дегендегі біліктіез орнында түрған жоқ. Контексте стиль ерекшелігіне сай жүмсалмаған. Бүл арада және бір ескертетін нәрсе: білік білім сөзінің ғана орнына емес, ақыл деген мағынада да қолданылады. Оны осы себепті де кез келген стильде келтіре беруге болмай- ды. Сондай-ақ автомобиль транспорты марқайды мен жас козылар марқайды дегендерді немесе тапкыр үландар 45 мың адамды кол жүмысынан босатты мен үлан жаны жок- талса болмас па деген екі үзіндіні салыстырсақ та, жоғары- дағы тәрізді ерекшелікті: қандай бір сөздің болса да, белгілі бір стильге көбірек бейім тұратынын аңғарамыз. Маркайды етістігі қозыға байланысты айтылғанда, айнала- сындағы сөздермен қиюласуы да, үйлесімі де өте табиғи, жым-жігі білінбейді. Бүған керісінше автомобиль транс-
порты марқайды дегеннен мүндай жатықтық көрінбейді. Парыз, саңлак есімдері тәрізді бүлар да (хак, үлан, білік, маркаю сөздері де) негізінен көркем әдебиет стиліне, ара- түра публицистикалық мақалалар мен ара кідік сөйлеу тілінде қолданылады. Демек, лексиканың стильдік сипаты әдетте тіліміздегі әр сала сөздердің белгілі бір стиль түріне бейімділігіне не онда қолданылатындығына қарай анық- талады. Әдеби сөйлеу және көркем әдебиет стильдерінде сөздердің өзді-өзіне тән жүмсалу қабілеті аңғарылады. Мүндай өзгешелік әсіресе көркем әдебиет стилі мен кең- се, ғылыми, публицистикалық стильдердің арасында айқы- нырақ сезіледі. Көркем шығарма тілінің казақ тілінің бай- ырғы сөздері болып келеді. Онда әдетте тілде бар сөздің қолданылмайтыны аз байқалады. Стильдік мақсатқа керегі- не қарай, мүнда байырғы қүбылыстар да термин де, сөздер де, диалектизм де кездесіп отырады. Бірақ солардың ішінен көбінесе көркем әдебиет стилінде жүмсалатындары да бар. Мысалы: Қайта жолдастары осыны айткалы көңіліне амал- сыздыктың бір жадаулыгы да келіп еді (М. Әуезов). Күңгірт, сүргылт кыс аспанында көшпе бұлттар өркеш- өркеш боп, терістікке каран маңып, ауып барады (сон- да). Мең малыма өзім иемін - деп, Нүржан шірене түсті (Б. Майлин). Самаурынын быжылдатып, мына сабалак сары баланы күтіп бүл әйел отырады да кояды. Отаскан- дарына жылда толмаган. Ойын-күлкіге батып жайраңдай- тын кезі ғой шыны (сонда). Бүл келтірілген мысалдарда жадаулык, күңгірт, сүргылт, маңу, шірену, быжылдау, сабалак, отасу, жайраңдау деген сөздер өзге стиль түрлеріне қарағанда, әсіресе көркем әде- биетге жиі байқалады. Жеке сөздерден байқалатын осы ерекшелікке байланысты, олардың әр түрлі стильдік бояу- ына қарай, лексиканы жалпы салаға топтастыруға болады. § 13. Бейтарап (стильаралық) лексика Тілдегі сөздердің көпшілігінен белгілі бір стильдік бояу аңгарылады. Соған байланысты өздерінің қолданылу аясы- на, ерекшеліктеріне қарай бірнеше лексикалық топқа
бөлінеді. Лингвистикалық әдебиеттерде лексикалық топ- тар саны әр түрлі қаралып жүр. Мысалы, жалпы қолды түрмыстық лексика, сөйлеу тілі, әскери, кітаби, поэтика- лық, диалектілік, ресми-іс қағаздар лексикасы, т. б. Сон- дай-ак бұдан өзгерек, яғни әлгі аталған салаларды топтап, жинақтап беру әдісі де бар. Бұл әдіс бойынша лексика үш салаға бөлінеді: сөйлеу тілі, бейтарал және кітаби лексика. Оқулықта осы соңғы түрі негізге алынып отыр. Тілде стиль түрлерінің (ғылыми, ресми-кеңсе, публи- цистикалық, көркем әдебиет) екеуінде не үшеуінде бірдей қолданылатын сөздер де, немесе барлығында кездесетін- дері де бар. Мысалы: Күз аспаны күңгірт, бүлыңғыр, ауада дым- кыл сыз бар (М. Әуезов). Аспан әлемінен жер бетіне келіп жаткан сан миллион сәулелер, космос сәулелері деп атала- тын сәулелердің табиғаты... (Физика). Баканастың өз өңірінде өспейді. Өзге кай жерде бар (М. Әуезов). Ауадан гөрі таза оттекте заттардың тотығу процесі күшті жүреді (Химия). Бүл үзіндіден аспан, ауа, жер, су, өзен, тау аттарының ғылыми стильде де, сондай-ақ көркем әдебиет тілінде де қолданыла беретінін көреміз. Олар өзге стильдерде де жүмсалады. Міне, мүндай сөздерді, яғни стиль түрлерінің қай-қайсысында да қолданылатын тілдік қүбылыстарды бейтарап немесе стильаралық л е к с и к а деп атайды. Мүның кейбір үлгісін әр түрлі еңбектерден, ғылыми әде- биеттерден, оқулықтардан, көркем шығармадан, жоғары- дағы мысалдардан аңғаруға болады. Оны сондай-ақ мына бір жолдардан да байқау қиын емес. Таудан соккан салқын ызғар қатал мінездердің ызғары сиякты (М. Әуезов). Өзен жағасына келсе Оспан, Смағүл бастаған көп кішілеу бала- лар, мөлдір суда асыр салып... (сонда). Тау беткейінің го- ризонт жазыктығымен жасайтын бүрышы (Тригонометрия). Өзеннің енін аныктау үшін оның бір жэджағасына... (сон- да). Гидросульфидтереула әжептеуір жаксы ериді (Химия). Бейтарап лексикаға жататын сөздер қай тілде де сан жағынан біраз бар. Оған ең алдымен жоғарыда аталған аСх пан. жео. су. ауа. жел. езен. тау тәрізді табиғат қүбылыста- ры жатады. Осы сөздер көркем әдебиет стилінде де; ғылы- ми, ресми-кеңсе, публицистикалық стильде де қолданыла
береді. Олардың әр түрлі стильдерде жүмсалуына бірер мы- сал келтіре кетейік. Тау басында жел түрды білем(М. Әу- езов). Ең кызығы Шолпандағы жел ылғн бір-ак жакка, яғни планетаның айналуымен багыттас согады, екен (Физика). Денеге жерден шыгып кетуге мүмкіндік беретін жылдам- дык осындай болады (сонда). Бүнда калың боп көпсіп жа- татын күм мен боз топырактан аяк алып жүру бір жүк (М. Әуезов). Фосфорит, құм және көмірдің үсакталган кос- паларын электр пешінде ауа жі-бермей жоғары температу- рада кыздырады (Химия). Сондай-ақ абстракт мағыналы сөздер де бейтарап лек- сикаға жатады. Өйткені олар да белгілі бір ғана стильде емес, әр түрлі де жүмсалып отырады. Мысалға касиет деген сөзді алып көрейік. Бүл ресми-кеңсе стилінде де, ғылыми және публицистикалық стильде де колданылады. Дәл осындай ерекшелік аныктау деген етістіктен де аңғары- лады. Ол да ресми-кеңсе және ғылыми стильдің екеуінде бірдей келе береді. Сол иығындагы ажал періштесі өлімге карай сүйресе, оң иығындагы өмір періштесі оны өлімнен бөтен жакка алып кашкандай (I. Есенберлин “Махаббат мейрамы” 3 бет). Эволюция барысында Жер айналасында тірі организім- дер өмір' сүретін ерекше кабыкша немесе сфера түзілді (Биология 9-10 сынып Биосфера жер планетасы биомасса- сының касиеттері 1096). Таңгажайып табиғаты, аспанға шаншыла тік көтеріл- ген көп кабатты үйлерінің әсерінен есіле кетіп, өзімді күдды бір шетелде жүргендей сезіндім. Қазак әдебиеті 1.10. 2004. Аспан әлемінен жер бетінен келіп жаткан сан миллион сәулелер, космос сәулелері деп аталатын сәулелердің та- биғаты (физика). Буы бұркырап төңкерілген үлкеп кара казандай аспан, төбеден төніп, жаңбыр киғаштай екілене себелеп соғып түр. (Б. Момышүлы “Москва үшін шайкас” 38 бет. Маркакөлдің суын ішіп, отын жеген сары карын, түтам емшек жануарлардың бауырынан сүт сорғалап, сүт емес- ау, күт сорғалап, көмек-көмек лакылдайды (Ж.Аймауытов “Ақбілек”). Бейтарап лексикаға жататын, яғни стиль түрлерінің жал-
пы қай-қайсысында да келе беретін мүндай сөздер қазақ тілінде осылар ғана емес. Олар көп және әр тарап болып келеді. Біз солардың кейбіріне тоқталдық. Сондай-ақ, стиль түрлерінің бәрінде емес, кейбірінде ғана қолданылатын сөздер де бар. Мысалы, лексиканың белгілі бір тобы өзінің стильдік бояуына байланысты көбінесе сөйлеу стиліне тән болып келеді де, сонда жиірек қолданылады. Ондай сөздер сөйлеу тілі лексикасы деп ата- лады. § 14. Сөйлеу тілінің лексикасы Адамдардың күнделікті қарым-қатынасында, қызмет ба- бында (баяндамада, лекцияда, неше алуан сүрақ-жауапта, жарыс сөзде, басқа да ретте) стильдік бояуы әр түрлі сөздердің қай-қайсысы да жалпы айтылады. Бірақ оның бәрі сөйлеу тілі лексикасына жатпайды. Мысалы, қай тілде де, ғылыми стильде, ресми-кеңсе стилінде негізінен қолда- нылмайтын, тіпті көркем әдебиет пен публицистикалық стильдердің өздерінде де онша көп кездеспейтін, қайта бүла- рға қарағанда сөйлеу стилінде жиірек айтылатын белгілі бірер тобы болады. Сөйлеу тілі лексикасы міне осындай сөздерді қамтиды. Алайда мына жағдай есте болуы керек. Сөйлеу стиліне тән бұл сөздер басқа стильдерде қолданы- лады деуге болмайды. Бірақ сөйлеу стиліндегідей дәре- жеде емес. Олардың өз алдына сөйлеу тілі лексикасы деп аталуы міне осы жағдайға - қолданылу аясына байланыс- ты. Көбіне-көп сөйлеу стиліне, яғни сөйлеу тілі лексикасы- на тән ондай сөздерге қарапайым сөздер, табу, эвфе- мизм, диалектизмдер және к ә с і б и сөздер жатады. § 15. Қарапайым сездер Қарапайым сөздер, табу мен эвфемиздер көркем әдеби- етте әсіресе сөйлеу тілі стилінде жиі қолданылады, ол көркем әдебиет стилінде белгілі бір көркемдік мақсат үшін жүмсалады. Қарапайым сөздер кейде публицистикалық 56
стильден де байқалады. Бүлардың эстетикалық, эмоциональ- дық әсері, бейнелілігі өте-мөте көркем әдебиет стилінде үтымды келеді. - Биыл сен осы жиырма түлкі алғыздың-ау, Ержан. - Жиырмаға жете койған жок әлі... - дейді де, Ержан қолын ақмойнаққа созады. Тағы сылк-сылқ, тағы бүлк- бүлк... Ақмойнақ қырлы стакандарға тағы да еңкейді (Ғ. Мүсірепов). Көбінесе сөйлеу тілі стилінде айтылып, ал әдеби тіл стильдерінде сирек үшырасатын белгілі бір сөздер бар. Олар түрпайы мағыналы сөздер. Мүндай қарапайым сөздер ара- түра көркем әдебиет стилінде белгілі бір стильдік мақсатта жүмсалады. Жастау жігіт койнынан бүктелген қағазды шығарып, Қамилаға қарап күлімсіреді: - Л/ь/ядгаядонғал басыңды басып жіберші—деп. - Жок, жолдас, кеңсеге бар, мөрді каптаға салмаймын, кеңседе болады, - деп Камнла жауапты қысқа қайырды (Б. Майлин). Скендір сияқты судырлар елдің үрейін үшырып: (сонда). Осы мысалдардағы донғал бас (мөпк судырлар (бел- сенділер) қарапайым создері кейіпкер тілінде айтылып түр. Мүндай стильдік мақсаттағы қарапайым сөздер, негізінен, кейіпкер тілінде қолданылады. Сөйлеу стиліндегі кейбір теңеу күралдары әдетте тым қарапайым, тіпті қарадүрсін, дөрекі болып келеді. Сөйлеу стиліндегі мүндай сөздердің бәрі бірдей көркем әдебиет стилінде қолданыла бермей, тек авторлық ремаркада ғана ара-түра кездеседі. Бүл тәрізді жекелеген қарадүрсін сөз қолданыс ертеректегі әдеби шығармалардың тілінде, атап айтқанда, авторлық баяндауда үшырасатын. Бүған сол кезгі көркем әдебиет үлгілерінен бірер дәлел келтіре кетейік. Алпысқа калай қарайсың? - сексенді көзіме тыкты, жарық- тығым. Берген жоқпын. Осы кезде сайтандай Ерден жетіп келді; Шал елу тиынды тастағасын, “тағы, бес тиын тас- тайыи, сағанда ырым болсын”деді, бес сом тастап түрған немедей (С. Мүқанов). Әзірленіп конған екен, бармасаң ол да, мен де катгы ренжимін деп талақтай жабысты. Бірак былайғы жерде тілдегі мүндай теңеу қүралдары көркем әде- биет стилінің өзінде де сирей бастады. Өйткені, жазушы-
лардың бірте-бірте сөз қолданудағы талғамы, шеберлігі арта түсті. Шынында да, сөйлеу стиліндегі ондай тым қарабай- ыр сөздер көркем әдебиет стилінің табиғатына, тұтас кон- текс көлеміндегі көркемдікпен еш үйлеспейді, қайта оны түрпайыландырып нүксан келтіріп түрады. Мысалы: Са- ғындықтардан бөлінгеннен кейін сүзісуге аңдыскан бұка- дай, Мүрат пен Қайролла біразға дейін пәлендей басты кеңеске кірісе алған жок (сонда). Жүман дейтін көлбақа- дай тырбиған біреу менің келгенімді хош алып... (Б. Май- лин). Мүндай жерде Шакшайдың кнмылына ілескен емес. Ол сайтанша ягдоед/П. Жансүгіров). Сулеяатынан секіріп түсіп, еркелеген иттей уәкілдерге келіп, кайнаңдай баста- ғанда (Ғ. Мұстафин). Сөйлеу тілі лексикасын стильдік тұрғыда сипаттаған- да мына бір сөздерді де өз алдына бөле, жеке айту керек. Мысалы пошым, неме, “көзір” пәленше, түгенше тәріздес қарапайым сөздердің, варваризм атаулынын, да тіл байлы- ғына жататыны мәлім. Бірақ олар да белгілі бір стильде ғана жүмсалады. Әлгі сөздер, мысалы, сөйлеу тілі лексика- сына тән. Осы себепті көбінесе сөйлеу стилінде қолданы- лады. Сондай-ақ, кейде белгілі бір стильдік мақсат үшін көркем шығармада да, сықақ-мысал түрінде жазылған очер- ктерде де кездеседі. Ал қалған стиль түрлерінде сирек ұшы- расады, негізінен көркем әдебиет стилінде ғана колданы- лады. Түбінде Абайды үлкен жазаға үшырататын болса, бүл іс бір үлкен көзір болып... (М. Әуезов). Түпкі үйдің есігі- нен кептеліп бір кырынан шыккан жеңгей колындағы бір бөлке нан мен шөлмек пошымдас ораулы газетті көргенде “бүл байғүсты бірдеме шалған екен”деді (газеттен). Тәуір екен тапанша? Түсі суык неме екен (I. Ж а н с ү г і р о в). Пәленшені үрамдеп, Түгеншені кырамдеп... (А б а й). Сондай-ақ мына бір-екі сөздің қолданылуына да сәл көңіл аударып көрейік. Семей облысында күндіз-түн, то- лассыз соғатын жаяу борасынды ақжорға деп атайды. Бүл
тәріздес әзілді астары бар, бейнелі создер ел ішінде неше алуан. Аққұйрық есімі де сондай. Екеуі де негізінен қара- пайым сөйлеу стиліне бейім тұрған сөз. Бүлардан халық- тық әзіл, ирония айқын сезіледі. Көркем әдебиет стилінде әдетте осы сала сөздер де жиі жүмсалып, белгілі бір «Стильдік мақсат үшін әдейі пайдаланылады. Ь7рдлг“ақжор- ға” дейтін жаяу борасынның жүрмейтін күні жок. Биылғы жүт кысында ақжорға ак боранға айналмаған шактарында күндіз-түн толассыз соғады (М. Әуезов). Терісінен соккан суык жел ақжоргамен даланы обмы карға, опка толтыра береді (сонда). Бүл кезде тергеуші Зенковка лзт-лзт^аққұй- рық” дейтінделдал араласып еді; Қаттаулы аққұйрықтар да Казанцевтің темір сандығына салынған-ды (сонда). Акжорға. аккүйоык сөздерінің коркем әдебиет стиліне жақындығын осы келтірілген үзінділерден айқын көруге болады. Бүлар ғылыми немесе ресми-кеңсе стильдерінде қолданылмайды. Сөйлеу тілі лексикасына стильдік бояуы жағынан т а б у сөздер мен эвфемиздер де жатады. Табу. эвфемизм - бір-біріне мағыналары жақын, мәндес терминдер. Әлдебір, діни нанымға, ескі әдет-ғүрыпқа байланысты айтуға бол- майтын, сондай-ақ цензуралық ретпен де қолдануға тыйым салынған сөздерді табу (эвфемизм) деп атайды. Бір жағ- дайды, хабарды тура айтпай, түспалдап жеткізетін создер де т а б у (эвфемизм) делінеді. Өйткені стиль түрғысынан алғанда, тура сөзден гөрі (яғни ашық түрде, тура айтуға қарағанда) оны ауыстырған түспал создің озі үтымды. Табу мен эвфемизмнің көбіне-көп сөйлеу стилі мен көр-кем әде- биетте қолданылатыны олардың осы ерекшелігімен тығыз байланысты. Қазақ қоғамында бүрынғы кезде келін ата-енесінің, ба- баларының не қайынағаларының атын атамайтын. Олар- мен аттас басқа да түрлі заттарды тұспалдап, басқаша атай- тын. Келіннің күйеуінің туған-туыстарына қоятын аттары табу сөздерге (эвфемизмге) жатады. Бүлар көбінесе сөйлеу тілі стиліне тән қүбылыс. Табу создер сондай-ақ көркем әдебиет стилінде де қолданылады. Себебі автор көр- кемдіктің шарты бойынша кейіпкер тілінде кездесетін осы тәрізді, яғни табу түрінде келетін создерді де қадағалап отырады. Мысалы: Шырайлым-ау, күйеуіңнің онысы несі,
алайын деп отырғанда сені тастап кеткені қалай (Б. Май- лин). Жаным-ау, алпамсадай болған кімдесем, мынаук&л- жем ғой... Әйгерімнің кенжем дейтіні Оспан болатын... Кенжем! Түнқатып шыккансың ба?Алыстан келген жолау- шыдайсың ғой. Әйел ілгеріде күйеуінің де, жасы үлкен жал- пы еркек атаулының есімін айтпай, “әлгі”, “үлкен кісі” дейтін. Келін немесе жас әйел тарапынан айтылатын табу (эвфемизм) үнемі бүлай жеке сөз түрінде келе бермейді. Қазақ тұрмысында бұрынырақ кезде түтас бір ауыл түгел- дей үлкен аталарының атымен аталатын. Мысалы, ауыл егер Сексен деген кісінің атымен аталса, оны жүзден жи- ырмасы кемнін, ауылы дейтін салт болган. Сөйлеу стилін- дегі табудың (эвфемизмнің) бұл түрі гылыми стильден, рес- ми-кеңсе стилінен, тіпті публицистикалық стилден де кез- деспейді. Ол негізінен сөйлеу стилі мен көркем әдебиет стиліне тән. - Үлкен кісі, жүзден жиырмасы кем ауылының жігіттері кайда жатады екен? — Шырағым, ондай оспағыңа шорқақ едім. — Тәңірі деген, жүзге жиырмасы жетпесе сексен бол- майтын ба еді! — Е, Сексен ауылының жігіттері ме?... Жүзден жи- ырмасы кем ауылының жігіттері, далаға шығыңдар! Қатындарың қарға батып жатыр (Ғ. М ү с і р е п о в). Адамга байланысты әлде бір жайсыз, суық хабарды, ауыр жагдайды сарт еткізіп айтып салмау да әріден келе жатқан ескі әдет. Мысалы, қазақ тілінде өлді дегенді әр түрлі астарлы сөзбен айтады. Өлді дегеннің орнына қолда- нылатын астарлы, ауыс маганалы сөздер де табуға (эвфе- мизмге) кіреді. Табудың (эвфемизмнің) осы түрі де көбіне- се сөйлеу стилі мен көркем әдебиет стилінде қолданыла- ды. Себебі, сөйлеу стилінде, әсіресе көркем әдебиет стилі- нде “өлді” дегеннен гөрі, жан тәсілім кылды, үзілді, өтті, көшті тәрізді етіп айту жат, суық хабарды жіңішкелеп, өте бір жүмсақ, нәзік түрде жеткізу (суретгеу) жагынан алган- да, жатық, үтымды. Оны мына бір үзінділерден анық көру- ге болады. Осы күннің ертеңінде суық сыбыс анық боп, Бөжей қайтыс болды деген хабар да жетті. Өткен түні, ел жатар кезде жан тәсілім қыпты (М. Әуезов). Сол сәтте Мағаш
үзіле берді (сонда). Соның артынан, ұзак түннің баяу таңы жаңа сызат беріп ата берген шакта Әбіш үзілді (сонда). Осылайша айналасы айыкпаған сұр тұман, заман ішінде ұлы жан дүниеден кешті. ¥лы кеуденің ыстык демі тоқ- талды. Өмірден Лбаякетті (сонда). § 16. Диалектизмдер. Кәсіби сөздер Диалектизм, кәсіби создер стилистика мәселесімен ты- ғыз байланысты. Солай екенін оларды стиль түрлеріне қаты- сы жағынан алып талдағанда айқын көреміз. Бірақ, диа- лектизм мен кәсіби сөздердің стильге қатысын бірдей деуге болмайды. Өйткені бұлардың өзді-озіне тән ерек- шелігі, бір-бірінен айырымы бар. Кәсіби сөздер диалек- тизмге қарағанда, көркем әдебиет және сөйлеу стилінде көп кездеседі. Белгілі бір көркемдік мақсатпен әдеби шы- ғарма тілінде жұмсалады. Сондай-ақ, публицистикалық, стильден байқалады. Диалектизм ғылыми, ресми-кеңсе сти- лінде де қолданылады. Кәсіби сөздер қажетіне қарай стиль түрлерінің қай-қайсында да бола береді. Кейбір кәсіби сөздің диалектілікте сыңары болуы мүмкін. Кәсіби сөздің ондай диалектизм түрінде келетін сыңары (яғни вариан- ты) стиль түрлерінің бәрінде бірдей қолданылмайды. Көркем әдебиет стилінде кейбір диалектизм өдеби тілдік баламасы тұрса да қолданылады. Бұл - таза стильдік мақ- сатпен байланысты мәселе. Кейдс бір сойлемде бір созді екі рет немесе одан да көбірек қайталап қолдануға тура келеді. Егер ондай әдеби создің жергілікті халық тілінде диалектілік сыңары бар болса да оны жазушылар көркем әдебиет стилінде қолданады. Бірақ Жамбыл облысы түрғын- дарының, тіліндегі ашык-машык созі сияқты диалектизім сөз қайталаудан қанша қашқанмен де, көркем әдебиет сти- лінде, авторлық ремаркада қолданылмайды. Осы ашык-ма- шык (топса) немесе Жайық мацында аманбыз, сау-сәле- метбіз деген ұғымда жұмсалатын мұз кара көк (мұздай кара көк деп те айтады) тәрізді диалектілік қүбылысты автор сөзінде қолданудың орынсыздығын былай қойғанда, кейіп- кер тілінің өзінде де үнемі үтымды бола бермейді. Демек, жергілікті тілдік ерекшелікті коркем өдебист стилінде қол- дануда да белгілі бір шек бар.
Диалектизімнің көркем әдебиет стиліндегі қолданылуы екі түрлі: бірі - авторлық ремаркада, екіншісі - диалогга. Авторлық ремаркада, кейіпкер тіліндегімен салыстырған- да, диалектизм аз қолданылады. Төжірибесіз қызалаң еш нәрсе түсінбесе керек... Қызалақ сәби өзі де дәл көгершін тәрізді (сонда). Қанат ағай Қарынбай бөлесін көз нәлеті- мен атып, басын шайқайды... Бригада мүшелерінің бәрі де Тоғайәлігекнз нәлеттерін жаудырды (сонда). Дауысы пәті шыкты ғой, не бітіріп қайтты екен (Ә. Нұрпейісов). Күн кештете күндізгі ыстықтың пәті қайтайындеді (сонда). Ақын жазушылардың қай-қайсысының да шығармасы- нан (мүмкін біреуінде аз, екіншісінде одан көбірек болар) диалектілік ёрекшілік кездеспей отырмайды. Өйткені, әр адам, әсіресе әрбір сөз шебері - таза әдеби тілдің ғана емес, сонымен қоса белгілі дәрежеде, белгілі бір аймаққа тән диалектіні де сақтаушы. Жазушы диалектизмді өзінің ав- торлық баяндауында әдейі қолдануы да мүмкін. Мүның көркем әдебиет стиліне еш оғаштығы жоқ. Мысалы атжегу деудің орнына кей жерде ат шегу деп те айтады. Соңғы - диалектілік ерекшелік - жмен шдыбысының алмасуы. Осы алмасу көркем әдебиет стилінде оқта-текте бірлі-жарым ба- сқа сөзден де байқалады. Көркем әдебиет стилінде кейде жеке сөз түріндегі, яғни лексикалық диалектизм де кезде- седі. Мысалы: Абай күз бойы өзінше бір оқшау, жалғыз болған. Көбінше домбыра тартып, күй күңіренте береді. Шешен коңыр домбыра биыл тіпті ділмәр болып алғандай. Көп- көп сырлар айтады. “Саймактың сары өзенін” тартса да, **Қос қыздың жылағанын”, **Боз торғайдың шырылдаға- нын тыңдаса да баяғы сарын көп жайды баян ететін бол- ды”'. Шақ қана үн қатып, тек қақкан белгі атқан еді (М. Әуезов). Шалкалап барып шақ калдым... Шаршап, та- лып, шак жеттік (Ә. Сәрсенбаев). 1 Әуелде “дүрысы жырлағанның болар, әлде бір кездейсоқ катеден осылай шырлаганын болып кеткен шығар” деп ойлаған едік. Бірак олай болмай шыкты. Кітаптын барлық басылымын (1942,48,53,55,61 жылы шыккандарын түгел карап шығуга тура келді. Бәрінде де 364,373,363,364, 351-беттерді кара) - шырлағанын. Жазушының өзі колжазбасында калай екен деп, оны да карадық. Онда да осылай - шырлағанын делінген (ЛММА. КПР. №2. 421-бет).
Көркем әдебиет стиліндегі авторлық ремаркада шырла- ғанын. шак, кызалак. пәтті. пәті, кәз нәлеті тәрізді жергілікті диалектілік ерекшелік сирек үшырасады. Көркем әдебиет стилінде диалектизм көбінесе диалогта колданы- лады. Автор жергілікті жердің тіл ерекшелігін, сөз байлы- ғын аңғартуды көздеп, кейіпкердің қай жақтың адамы екенін байқату үшін әдейі қосады. Ал әдеби тілдегі стиль- дерде: ғылыми еңбектерде, саяси әдебиеттерде, оқулықтар- да, ресми стильде диалектизмдер көркем әдебиет стилін- дегі сияқты қолданылмайды. Ал кеңсе іс қағаздары стилінде жергілікті жердің тіл ерекшелігі оқта-текте кездесуі мүмкін. Бірақ ондағы диа- лектизм көркем әдебиет стиліндегімен бір емес. Көркем әдебиет стиліндегі диалогта қолданылған диалектизмге қарап, кейіпкердің қай жердің адамы екенін, қай жердің жергілікті тіл ерекшелігімен сөйлеп тұрғанын бірден білу- ге болады. Осы кылғаныңа исі Үйсін, Дулат мүкым тегі үлы жүз баласы мың мәртебе алғыс аігггык, саған. Оякка сондай жаксы атың барып жатса, бүякта досың артып жатсын... Тағын айткын, айткылашы, інішегім. Кеудеме, саңылау көрмеген кеудеме нүр төккендей болдың-ау, мүдем тегі (М. Әуезов). — Абай дария болғанда былайғы жүрген бәріміз жар шүканак екеміз ғой тәйір, шіркін. Бірді күлдіріп, бірді жүлдырып айталы десек те, табатынды тап- паппызда... Көріп отырмыз, о яғып айтпай-аккыатът (сон- да). — Еше сол Абайдың Пушкни, Лермонтовтан казакша жазғанын білесің бе?.. А, еше, ол сөздімен есітпейбомай- ды (сонда). Диалектизмге қарағанда, кәсіби лексиканың қолданы- лу аясы кеңірек. Лексиканың бұл саласына белгілі бір ай- маққа ғана тән кәсіп түрлерімен, мысалы, көмір өнеркәсіб- імен, мақта өсірумен, балық шаруашылығымен байланыс- ты сөздер, термин ыңғайында әр түрлі атаулар жатады. Бұлар стиль түрлерінін, жалпы қайсысында да азды-көпті кездесіп отырады. Әсіресе белгілі бір мақтағы жергілікті халықтың күнделікті ауыз екі тілінде және сол облыстың газет тілінде жиі қолданылады. Косіби лексика элементі белгілі бір көлемде әдеби шығармалардан да байқалады. Мысалы:
Мен бүгін сүген үстадым. Аудың жалғыз көзіне саға- лынан ғана ілініп түр екен. Ол неменің асау болатыны кайда? - Қыста балыкта каукар кала ма. -Балыктың ішінде, жарыктык, бекіре ғойжуасы... - Онан көрі берегіректе, балык тоңдататын үлкен мұз қала бар. Мұз қаланың түкпірінен еңгезерден біреу шык- ты. Бүл осы промсолда кара жүмысшы. Жаз айларын- да балыкты бабына келтіріп түздантын солелыцик (Ә. Нұрпейісов). Жазушы мақташы не балықшы өмірін суреттеуді мақ- сат етсе, ол сол шаруашылық саласында бұрын-соңды пай- да болған термин сөздерді, жаңа атауларды атгап кете ал- майды. Автор оларды көркем әдебиет стилінің шарты бой- ынша ретіне қарай, қажетінше пайдалана білуге тиіс. Өйтпейінше жазушы өзінің алдына қойған көркемдік мақ- сатқа толық жете алмас еді. Жоғарыдағы тәрізді белгілі бір кәсіп адамдары туралы жазылған шығармада кәсіби лексика элементтерінің азды-көпті кездесіп отыратыны міне осы себепті. Пароход енді сол барған жолын кеңентуге кірісті. Енді экспеднцня үш мотор, он шакты мотофлюгаларға, кішке- яекайықтарға бөліне тнеліп, “анкаска”үмтылды... Қаңпак- тары ашылған трюм тереңінен іркілдеген ақ майлар шор- шн карғып палубаға түседі. Екі ит балықты екі колына алып Акмамбет те кубрикке күлайды. Рубка ішінен тек алдыңғы бағытты болмаса, өзге түсты болжай алар емеспін (Ә. Сәрсенбаев). Осы үзіндідегі ит балык. сүген. бекіре. ак май. мүз кала. промсол, солелыцик. пароход. экспедипия. мотор. мотофлю- га, кайык .тоюм. кубоик. рубка атаулары кәсіби лексикаға жататын сөздер. Мүндай жеке термин түрінде қалыптасқан кәсіби сөздерді көмір өндірісіне байланысты да келтіруге болады. Ондай кәсіп түріне қатысты арнаулы терминдер мен әр түрлі атаулардың тым жиілігі шығарма тілінің жалпы көркемдігіне нұқсан келтіреді. Сондықган, жазушылар әдет- те кәсіби сөздерді өздерінің шығармаларында тек орнымен ғана пайдалануға ұмтылады. Оны, мысалы, мына бір үзінділерден айқын көруге болады.
Шахты асты. Нсгізгі штректіц оң жактағы еңбектеп жүретін лаваның жоғарғы, ең түбінде, үңгірде 5 адам шам- дарын кірептерге іліп койып, көмір шауып жатыр. Штрек- тегі сырылдаған вагон даусы далаға жарыкка шыға алмай кабырғаға соктығып, көмір сиякты опырылып, үнтакталып жерге түсетін сиякты (С. Ерубаев). Жер астында уклон, штректерден соңғы бүл бір үлкеи жол, бірсыпыра лава, пештердің көмірі осымен өтеді. Кәсіби лексиканың әр кезгі даму көрінісін белгілі дәре- жеде көркем әдебиет стилінен де коруге болады. Мысалы, әлгі штрек. лава. уклон. креп дегендер сол 1920-30 жыл- дарда өндірісте жиі кездесіп отырады. Бірақ, халык шаруа- шылығының неше алуап саласыпдағы, атап айтқанда, ғылым мен техникадағы, сондай-ақ озге де кәсіп түрле- ріндегі күнделікті озгеріске сәйкес бүлардың кейбірі қолданудан шығып қалды не оларға жаңа атаулар косыл- ды. Айталық “Менің қүрдастарымнан” “Қарағанды” ро- маны әлдекайда соң жазылды. Онда да ондіріс өмірі, кеншілер түрмысы суреттеледі. Кәсіби лексикада кейін пайда болған атаулар, тың үғымдар бүл шығарманың тілінен де айқын сезіледі. Мысалы: Алдында кос темір жолдың түйіскен басында барабан. Барабанға оралған сталь арқанның екі үшы екі вагонеткада... Көміршілердің колында - врубмашина, электровоз, электрлі балға, кон- вейерлер ойнайды... Машина қайланы жойса, темір ас- тау адам терін суша төккеи, ташке, шана түгілі лавадан вагонеткаларды куды. Электр теңсеген рештак ондаған адамнан өнімдірек істесе де, әкім канағаттанбапты (Ғ. Мұстафин). Кәсіби лексика публицистикалық стильде де, мысалы, түрлі жол жазбада, очерктс т. б. ара-түра қолданылады. Автор оны мұнда да сол суреттсліп отырған уақиғаны окушының көз алдына нақтылы түрде, дәл елестету үшін пайдаланады. Сонымен МРС-қа барып реюшка алдык Онымызжел- кенмен жүретін үлкен кайык. - Қайыкты баскарушы кім?- деген менің сүрауыма: ‘Ъүл араиың тілінде оидай баскару- шыны көршік дейді... Мәштіц (мачта - кеменің ортасында желкенді көтеретін діңгек) жоғарғы жартысына көлденең жайылып, жарғанаттың каиатына үксап керіліп түрған
парызды Мүсілім оң кабырғадан сол кабырғаға шығарды (С. Мұқанов). Қазақ тілінде кәсіби сөздер әр алуан қаулы-қарарда, есеп кұжаттарында, анықтама-мәлімет қағаздарында, яғни ресми-кеңсе стилінде де кездесіп отырады. Олар сондай-ақ ғылыми стильде де, атап айтқанда, арнаулы зерттеу еңбек- тердің тілінде де қолданылады. Мысалы: “Бүл айтылган аныктамалар, мысалдар және фактілер (распор, сүзгі, ақаң, шаң т. б.) профессноналдың лекснканың жаргоннан кенбір әлеуметтік топтардын тіліндегі өзгешеліктен (арголык т. б.) айырмашылығын ашып көрсетеді. Профессноналдың лексиканың элементтері әр алуан кәсіптің, өндірістің туып дамуымен байланысты жасалады және лекснкалык (за- вод,цехт. б.), лекснка-семантнкалык (уиык, балық үйығы т. б.), морфологнялык (үйық, үю т. б.), стнлнстнкалык(мы- қын, жылымнын мықыны т. б.) жағынан ерекше өзгешелі- кке, кәсіпшілік, өндірістік снпатка нелік етеді” (Ғылыми мақаладан). § 17. Кітаби лексика Кітаби лексикаға саяси әлеуметтік терминдер, әр алуан техникалық атаулар т. б. жатады. Бүлар өздерінің стиль түрлеріндегі қолданылу аясына қарай бір-бірінен өз ара ерекшеленеді. Мысалы, ғылыми стильде, әр түрлі оқулық- тар тілінде терминдер, техникамен байланысты сан сала атаулар көбірек үшырасады. Мысалы: Химиялык элементтердің барлығыдерлік тотыктар түзе алады: Көпшілік кышкылдар суда жаксы ериді: Негізгі және косымша топша дегеніміз оттек бойынша ва- ленттілігі бірдей... (Химия). Өз ара перпенднкуляр екі жа- саушы аркылы жүргізілген киманың ауданын табыңдар: Берілген түзуден берілген жазыктыкка перпендикуляр етіп... (Геометрия). XIXғасырдың аяк, кезінде белгіліШол- ған оптикалык кұбылыстар жарыктың толкын түрінде таралатынын көрсетті. Солтолқындар таралатын ортъ шар- тты түрде эфир деп аталады (Физика). Үлгі баулар бой- ынша өнімді есепке алудәнді дакылдарға, лкэяеталшык- ты ж-дяежемшөптік дакылдарға колданылады. Мөлдек- 66
тен түскен дәннің өнімін мына теңдеу ойынша есептеп шыгарады (Биология). Химия, биология, физика оқулықтарында кездесетін то- тыктар, кышкылдар, топша, оттек, валенттілік, теңсіздік, теңдеу, шама, косынды, көбейтінді, жанама, диаметр, кесінді, перпендикуляр, жасаушы, кима, түзу, жазыктык, жарык, толкын, эфир, тыгыздык, тербеліс, серпінділік, да- кыл, мөлдек сөздері қазақ тілінің лексика қорына жататын сөздер. Олар ғылыми стиль саласында термин ретінде, атау түрінде қалыптасты. Бүл сөздер көбінесе зерттеу еңбек- терде, оқулықтар тілінде қолданылады. Ал көркем әдеби- етте, ресми-кеңсе, публицистикалық стильде сирек үшыра- сады. Лексикалық топтардың осылай бір-бірінен ара жігі ашылып, өз алдарына даралана түсуі, бас-басына сарала- нып шығуы - әдеби тілдегі функционалдық стильдердің, көркем әдебиет, сөйлеу стильдерінің әрқайсысының өзіндік табиғатына, мазмүн-мақсатына байланысты. Әрбір стильдің негізгі және қосалқы белгілері болады. Шығармада бас- тан-аяқ лексикалық қүрамдағы байырғы сөздердің мол қол- данылатындығы көркем әдебиет стилінің негізгі белгісі. И. Р. Гальпериннің атап көрсетуінше, ғылыми стильдің мүндай негізгі белгісі - термин сөздердің жиілігі1. Рас, ғылыми стильдің ауызша формасында сөйлеу тілінің ерек- шелігі едәуір орын алуы мүмкін. Бірақ термин сөздердің, әр түрлі атаулардың жиілігі бүл ретте де сол негізгі белгі ретінде ерекшеленіп түрады. Дәл ғылым саласындағы арнаулы терминдер мен атау- лардың стильдік сипаттамасын жоғарыдағы зерттеу еңбек- терден, оқулықтардан, келтірілген мылсалдардан айқын көруге болады. Осы ретте, яғни қазақ тілі лексикасының стильдік сипаттамасына тоқталғанда, қоғамдық ғылымдар- мен байланысты қалыптасқан термин сөздер де ерекше көңіл аударады. Өйткені дәл ғылымға тән терминдер мен атауларға қарағанда, қоғамдық ғылымдар саласына байла- нысты қалыптасқан терминдер мен атаулар қай стильде бол- са да жиірек кездесіп отырады. Мына бір үзінділерді алып көрейік. 1 И. Р. Гальперин. К проблсмс днффсрснцкацкн стнлсй речн. Жн- нак: Проблсмы совремснной фнлологии М., 1965, 69—71-бсттср.
Танымның сезімдік және рационалдық сатыларын қарастыра келіп, олардың бір-бірімен тығыз байланысты екенін тағы да атап өткен жөн (Философияның бастауыш курсы). Алғашқы қауымдық қүрылыстағы ең көне семья формасы топты некеге негізделген. Жұп семья тағылық дәуірдің соңында қалыптаса келе, варварлык дәуірде әбден кәмелетіне келіп, қоғамдары басты семья формасы- на айналды. (X. А. Арғынбаев. Қазақ халқындағы семья мен неке. Монография). Қоғамдык кордан әрбір семья- ның алар үлесінің артуы, жүмыс ж&не еркін уақыт ара- катынасының өзгеруі - бәрі де ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін сарқа пайдаланумен астарлас істер (ғылыми мақаладан). Осындағы таным, сезімдік саты, ра- ционалдық саты, топты неке, жүп семья, варварлық, қоғам- дық қор, еркін уақыт терминдері көбінесе ғылыми стиль- де, саяси әдебиеттердің тілінде қолданылады. Олар сон- дай-ақ ресми-кеңсе, сөйлеу стилінде де кездесіп отырады. Дәл ғылымда техникада қалыптасқан терминдерге кара- ғанда, қоғамдық ғылым саласындағы терминдер әр түрлі стильде жүмсалады, яғни бүлардың стильдердегі қолда- нылу аясы кеңірек. Кейбір сөзді ғылыми, кеңсе, ресми іс қағаздары стильдерінде қолдану ерескел көрінеді. Ал оны көркем әдебиет стилінде пандалануға әбден болады. Мы- салы: Сылдырлаған шолпысы әлдекандай былдырлаған тілменен Тоғжанның келері мен кетерін паш етеді (М. Ә у е з о в). Қарагөздің Сыбанбай аулына баргысы кел- мей жүретіні паш болып қалған (сонда). Ал 28 қазанда Қазақстанның биыл да мемлекетке миллиард пүт астық, бергені дүние жүзіне паш етілді (газеттен). Бүлар үзын бойлы, сіңірлі, өңшең атан жілік, атпал азаматтар көрінеді (М. Әуезов). Қүнанбай жүз елудей атпал азаматқа ең жүйрік аттарды мінгізіп, колдарына тегіс сойылдарын тас- татып, айбалта, найза бергізді (сонда). Қарындас қара жерге тыға алмай жүр, Бірінің бірі сөзін қүп алмай жүр (Абай). Сәбидің көп жуылған жөргегіндей Сайын қыр қалған екен сары ала боп (Қ. Мырзалиев).
Мұндағы атпал, қарындас, паш, сайын — көркем әде- биет стилі мен публицистикалық стильде жиі қолданыла- ды. Бұл сөздер ғылыми стильде, ресми іс-қағаздары стилі- нде кездеспейді. Өйткені атпал да, сайын да, ағайын-туыс, бауыр мағынасындағы қарындас та қазіргі сөйлеу стилін- де сирек айтылады. Паш сөзі көбінесе көтеріңкі стильге тән. Кітаби лексикада аударма әдебиет арқылы, кальки жо- лымен қалыптасқан тіркеме, айналым, сілтеме, біріншілік, кіріс, шығыс, жүлдегер, сүрлем, пішендеме, шамшырактар, аманат, кешен, айдар, егемен бейнетаспа жанкүйері, шешім, карар, каулы, сенім кағаз тәрізді толып жатқан балама сөздер, терминдер, әр түрлі ұғым атаулары неше алуан. Бұлардың да стильдік сипаты, қолдану аясының кеңдік дәрежесі бірдей емес. Мысалы, әсіресе ресми-кеңсе стилі- нде айқын көрінеді. Мектепке дейінгі тәрбиеніц нормативтік күкыктык және оку-әдістемелік базасы күрылды. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі 82 атаудан түратын 19 оку-әдістемелік кешен әзірленді, сынактан өткізілді және 2003/2004 оку жылында алғаш рет енгізілді. 1999 жылы Қазакстанда балалардың міндетті мектеп алды дайындык багдарламасымен камтуга әсер етті. (Қазакстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналган мемлекеттік багдарлама- сы) Білім беруді халыкаралык стандартты жіктеу (БХСЖ) Ұсынымдарына сәйкес кәсіптік білім беру және кадрларды даярлау жүйесін кайта күрылымдау; (сон- да) Орталык комуникациялык тарап күрылып, оган Білім ж&не ғылым минстірлігінің орталык аппаратының тарабы ж&не облыстык білім департаменттерінің телекоммуника- циялык тараптары косылған. (сонда) Жоғарыда келтірілген әр сала сөздер, термин мен түрлі атаулар жалпы жазу тәжірибесінде қай стильде болсын үнемі қолданылады. Кітаби лексикаға жататын неологизмдер де осылай жиі жүмсалады. Ал архаизмдер бүларға қарағанда әлдеқайда сирек жұмса- лады.
§ 18. Кенерген сездер мен неологизмдердің қолданылуы Тілдің сөздік күрамы баяу болса да, үнемі өзгеріп оты- рады. Себебі халықтың әлеуметтік өміріндегі: өнеркәсіп- тегі, ауыл шаруашылығындағы, ғылымдағы және техни- кадағы, өнер мен мәдениет саласындағы әркезгі даму, олардағы ертелі-кешкі жаңалықтар лексикаға да үнемі ықпалын тигізіп отырады. Осы ретте кейбір сөздің қолда- нылу аясы бірте-бірте тари бастайды не кеңи түседі. Ал жеке сөздің қолданудан жалпы шығып қалуы бірден бола қоймайды. Өткен дәуірлерде болған кейбір наным, әр түрлі әдет-ғүрып, күнделікті пайдаланып келген жекелеген үй мүлкі, шаруашылық бүйымдары халық түрмысында бірте- бірте азайып, кейін ақыры мүлдем жоғалып кетеді. Сола- рға катысты сөздер мен атаулар да ескіре бастайды, өте сирек қолданылатын болады, Мысалы: би, болыс, старшын, елубасы, онбасы, отарба, қосын, бәйбіше, тоқал, әмеңгер, күндес, сеп, ояз, дулыға, шарайна, дуан, үя, пері, прріште, дию, азан, ысқат, отамалы, өлара, тоғам, сәукеле, жыға, барымта, қүн, дабыл, кит, ілут. б. Міне бүлар тілде көнер- ген сөздер деп аталады. Көнерген сөздер архаизм және историзм болып екіге бөлінеді. Ел өміріндегі, халық шаруашылығындағы үдайы болып жататын қарқынды дамуға сәйкес небір жаңа үғымдар, көптеген тың сөздер қалыптасады. Солардың бүл жерде кейбірін ғана атауға болады. Мысалы, спутник, планетаа- ралық станция, салмақсыздық, атом мүзжарғышы, көрер- мен, оқырман, балмүздақ, аялдама, жүлде, айналым(б\ршш\ айналым дегендегі), көпсайыс, бессайысшы, космос, кос- модром, космонавт, астронавт, шамшырақтар, тілші (тіл зерттеуші), тілші (газет тілшісі), әзірлік сапы т. б. Бүл тәрізді неологизмдер тілімізде өте көп. Ал қазіргі көркем әдебиет стиліне, сөйлеу стиліне қатысы жағынан алғанда бүлардың (көнерген сөздер мен неологизмдердің) әрқай- сысының өзді-өзіне тән ерекшелігі бар. Көнерген сөздер ара-түра сөйлеу стилінен де кездесіп отырады, әсіресе өткен дәуірдегі оқиғаны суреттейтін, та- рихи шығармада жиі үшырайды. Мысалы, исі, игі, селебе, келе, би, болыс, елу басы, он басы, ауылнай, старшын, то-
кал, бәйбіше және осы сияқтылар әдеби шығарма стилін- де белгілі бір көркемдік мақсат үшін жүмсалады. Халық- тын бүрынғы өмірі, түрмыс жағдайы туралы шығарма жа- зуда автор сол кезгі сөз үлгілеріне, сол уақытқа тән әр түрлі атауларға зер салып, сол озі суреттеп отырған уақыт- тың тілімен сөйлетеді. Көркем әдебиет стилінде қолданы- латын көне сөздердің мағыпасы қазіргі оқушыға, әсіресе жастарға көбінесе түсініксіз болып келеді. Мысалы келе сөзі қазақ тілінде ағайын ауқымы, елі-жүрты, ортасы, сөзге, қатарға деген үғымда да, жол-жора, рет-жөні, айтыс, талқы деген мәнде де жүмсалады. Тентегі үшін келесі карыздар болмаса. Осы елге, өз келеңе келгенде осы отырған бәрімізге салык. Мына Тобыктынын ағайып келесі сен- дерге бір сөзді сынаткалы отырмыз. Олар соныл согар. Бірак келеге әсте кірген емес. Ас келесі солан гой. Жұрт келес- іне салармыз. Ел келесіпен калыспантын пысык сөзуар, өзі мыскылшыл Абралы отыр(М. Әуезов). Бағы. тауарык сөздерінс келсек, бұлар осы күнде жиі айтылатын, әркімге әбден түсінікті баяғы, тарих есімдерінің көне формасы. Мүндай сөздер коркем әдебиет стилінде, мысалы тарихи тақырыпқа, бүрынғы омір жайлы жазылғ- ан шығармаларға, жазушының оз баяндауына көбірек жа- расымды. Сондай-ақ, тіліміздегі арсы, дабыл, шын- бұлар да көне сөздер. Соңғы ексуі кобінссе эпостық шығарма- ларда жиі үшырайды. Арсы - арман, тілек мағынасын біл- діретін сөз. Жоғарыда аталған келе. арсы. дабыл. шын, бағы, тауаоык сөзі ескілікті оқуы бар қарт адамдардың сойлеу тілінде, көркем әдебиетгс және ғылыми стильде кездеседі. Ғылыми еңбек тілінде ілгсріде аталған коне создердің бәрі бірдей кездесе бермейді, оқулықтарда және бір атау түрінде келген, нақтылы мағыналы коне создср ғана қолданыла- ды. Мысалы: дабыл. шын. сауыт. елу басы. старшын. то- кал. әменгео тәрізділер. Ал онда исі. игі. келе. селебе. аосы. бағы сияқты көне создср псгізіпсн қолданылмайды. Бүлар ресми, кеңсе, іс қағаздары стиліндс жалпы сирск үшыраса- ды. Сөйлеу тілінде, публицистикалық жәнс көркем әдеби- ет стилінде олардың бәрі (нақтылы мағыналы атау түріндегі көне сөздер де, абстракт мағыналы коне создер де - қай- қайсысы да) кездесіп отырады. Дабыл. сауыт. шын сияқ- ты көне сөздер эпостық жырларда жиі болады.
Алтын терек арсыға күлаш үрған ардакты азамат, сен өлмейсің дейді Әйгерімсазы. Бүл жөніндебаты заманғүла- малары жазым кеткен дағуалар бар. Оралбайды жеңгені- мен, өмірді, тауарыңты жеңе алмас. Шәке ерінің касына байлаған дабылды катты даңғыратып, соғып жіберді. Шыңды шабуыл жалғыз көзді жалмауыздың өзіне беттеп жөнелгенде (М. Әуезов). Алдына дабыл төңкерген, Арты- язсауыт бөктерген... Барабан соғып, шың кағып (Қобы- ланды). XIX ғасырдағы әкімшілік атауларының ішінде әсіресе болыс және би есімдері ерекше көңіл аударады. Өйткені осы сөздерге байланысты әр алуан терминдік сөз қолданыс- тар қалыптасты. Мысалы: болыс, болыстык сайлау, болыс- тыкстаршын, болыс кеңсесі, төбе би, “тіретей” би, “тіре- тей” билер, долынжы би, урядник, стражник, аға сүлтан, кандидат, атшабар, елу басы, он басы, почтабай, ояз, ол түста сондай-ақ күн, барымта, дуан, дуан басы, кол, кол басы, жатак, бас жатак, орта жатак, аяк жатак, жасауыл, дүре, майыр, приказдың бастығы, үкілі почта, “еңбекшерік”, “кәсіпшерік” карашығын, недоимка сияқты көне сөздер де айтылды. Көпшілігі историзм, біразы - архаизм. Қазір қай-қайсысы да негізінен көркем әдебиет стилінде (онда да тарихи шығармаларда), ғылыми стильде (тарих оқулық- тарында және осы тақырыпты зертгеу жүмысының тілінде) ғана қолданылады. Оқта-текте ресми және сөйлеу стилін- де (баяндама, лекцияда) жүмсалады. Архаизмдер ресми-кең- се стилінде өте аз кездеседі. Олардың ең көп қолданыла- тын жері - көркем әдебиет стилі. Оны мына бір үзінділер- ден айқын керуге болады. Сыбан, Тобыкты, Керей, Уак болыстары, кандидатта- ры, долынжы билері кастарына тілмаштарын алыпты (М. Әуезов). ¥лык үйлерінен урядниктер, стражниктер де шыкты. Мынау жалғыз ояз емес, кап төренің тобы ғой (сонда). Бүны биыл Қүнанбай өзі ағасүлтан болғаннан кейін осы Тобыктыға болыстық старшын еткенді (сонда). Осын- да “еңбекшерік”, “кәсіпшерік” болысып орналасып калған көптеген елдің үйлері бар (сонда). Мүндайлык айналма пәленің ашык аты— “недоимке”, “қарашығын” және биыл түскен “түңдік басы” (сонда). Өгеп біріншінің старшыны еді (сонда). Соның Дәмежан корасы түрған жағы бас жа-
тақ атанады еді (сонда). Дуаны бүл болыстардан бөлек болсада, жері көршілес Керей де бар. Жасауыл әр шақыр- ғанға келмейді (сонда). Енді бүл қосын өздерінен басқа дүниеден түгел кол үзіп жалғыз калды (Ғ. Мүсірепов). Соңғы сөйлемдегі косын көне сөзі тарихи тақырыпқа жазылған публицистикалық еңбектерде де қолданылады. Публицистикалык, стильде, сондай-ақ, өзге де кейбір көне сөздер кездеседі. Мысалы серіктік, қосшы үйымы, косшы одағы (союз қосшы), ортақшыл жастар, астық, салғырты, азық-түлік салғырты, түтыну салғырты т.б. Хан басын қарашыға теңгеру жеңіл болмаса да, өз ал- дына жүрт болып түра алмайтүғүн болған соң, хандары- мызхалқымен Россияға қосылған (Айқап). 1912-інші жылғы 15-ші июльде шыққан закон бойын- ша ауыл халқы үшін волостной сот сақталған да, жоқ бола түрып бүлай етудің жөні жоқ. “Хирург үшін де ултрадыбыстардың орны ерекше. Ол хирургтың колындағы қандауыр пышақтың (скальпель) да, пісіру аппаратының (сварочнып аппарат) да орнын баса алады’”Жейсу “УЗИ-дің тиімділігі” ІЗшілде 2004ж. Ғылым мен техниканың, өнеркәсіптің даму барысында да кейбір атаулар көне сөзге айналады. Мысалы, бодия, атбарабан, қайла, бу (шахтадағы), жезл, суфляж, жарты ка- зарма, толкач пионер (темір жолдағы), жылу мөлшері, жылу беру, жылуалмасу, жылу сыйымдылык (физикадағы) қазір жалпы пайдаланылмайды. Бірақ ғылыми стильде осылар- дың қай-қайсысы да қолданылады. Кейбіреуіне мысал кел- тірейік. Бірақ жылу тегі теориясының негізінде қалыптасқан “жылу мөлшері”, “жылу беру”, “жылу алмасу” лгәяе“жылу сыйымдылық” тәрізді ескі үғымды білдіретін терминдер физикада қалып қойды (ғылыми мақаладан). ¥я, серіктік, кандидат топтары, азық-түлік салғырты тәрізді біраз көне сөз кезінде, яғни сол 20-30 жылдардың ресми-кеңсе стилінде де қолданылған. Мысалы: Бүдан бы- лай бірнеше колхозға ие бірнеше ауылға ортақ ұялар, ие кандидат топтары күрылмасын (газеттен). Үсақ кәсіп кәперетсесі орындарының жүмысын кайта күруға белсеніп катынасып, артельдің, серіктіктің кәперетсе-шаруашылық жағын нығайтуға айырықша ^өя/лболінсін (сонда).
§19. Неологизм Неологизмдер стиль түрлерінің жалпы қай-қайсысын- да, тіпті сөйлеу стилінде де азды-көпті қолданылады. Олар көбінесе ғылыми стиль мен публицистикалық стильде жиі үшырасады. Өйткені неологизмдер көбіне-көп сонда (сол стильдерде) қалыптасады. Бірақ, көркем әдебиет стилін- дегі неологизмдер мен өзге стильдердегі неологизмдер бір емес. Осы екі сала неологизм бір-біріне үқсамайды. Мыса- лы, окырман, балмұздак, аялдама, жасанды жер серігі, кіші механизация, Қазакстан сағаты, биікшілер, озаттар тұғыры, ұстаз -бригадир т&різді жекесөз не бір тұтас тіркес (орам) түрінде келетін неологизмдер бар. Бүлар әсіресе пуб- лицистикалық стильде жиі көрінеді. Сондай-ақ ресми-кең- се және көркем әдебиет стилінен де кездеседі. Ғылым мен техника саласындағы неологизмдер өте көп. Олар сол ғылы- ми стильдің өзінде жиі пайдаланылады. Неологизмнің сон- дай-ақ тағы бір түрі бар. Ол - контекстік неологизмдер. Бүлар публицистикалық, өте-мөте көркем әдебиет стиліне тән. Жоктыктыц барлыкка жіберген келгіні біз дегендей шаттана жайнайды (М. Әуезов). Шабарман емес, сабарман гоя(сонда). Тоғжанды жыллуляр жүрекпен жоктайды(сон- да). - Абайаға, Міне осындай жылаулар жайымен келдім. Жылаулар халықтың касынан табылсам дейтін бопты. Тағы да Мағашка алгаш өткен күндердей ағылып, төгіліп келіп жаткан жылаулар көп (М. Әуезов). Ал мүндай нео- логизмдер үнемі жалпы халықтық сипат ала бермейді. Жеке жазушының шығармасында ғана кездеседі. Көркем әдеби- ет стиліндегі неологизм әдетге әлдебір тосыннан жасал- ған, мүлдем жаңа сөз емес. Неологизм (көркем әдебиет сти- лінде, публицистикалық стильде) тілде жалпы бүрыннан бар, белгілі сөздің негізінде жасалады. Жазушы иә ақын тілдегі дайын үлгі (модель) бойынша сөздің түлғалық жа- ғына түрлі өң беріп, өзінше қүбылтып қолданады. Ал өзге стильдерде (сөйлеу тілі, ғылыми,-кеңсе, ресми стильдерде) неологизмнің мүндай контекстік түрі кездеспейді. Пуб- лицистикалық стиль мен көркем әдебиет стиліндегі неоло- гизмдер өте әр тарап болып келеді. Ал, малдан, бұ байғүс- ты, сөзді созба Балалат, Қолбасалат сал ауызға... Ал,
гүрсіддет! Балғалат! Ал, ұрандат! Алғалат (I. Жансүгіров). Сенің арың - арлайтыным өмірде (Б. Майлин): Жүз әулие, мың пір кеп мнлағанмен (С. Торайғыров). Мен колхозда төлшімін (Т. Бердияров). Сүйем мен өлментүғын жыршы- лыдты(С.Баймолдин). Біріншілік көрермен, жүлде, жүлде- гер, шамшырак неологизмдері қазақ тілінде осы он-онбес кальки жолымен пайда болды. Бірақ, уақыт өте келе қол- данылуда тосаңдығы сезілмей кетті. Олар қазір публицис- тикалық стильде жиі кездесіп отырады. Қазак халкының болашак даму жолы, бакытка, тәуелсі- здікке, өркениет өлкесіне алып барар жолы әбден таптау- рын болған, өзімізге белгілі кара жол емес. Ол тек нарык- тык экономнкаға апарар ауыр да киын жол, кажырлы еңбекті, іскерлікті, білімді, үйымдастырушылыкты кажет ететін тың жол. (Ег. Қаз.) Аты бар да, заты жок, "Шығыс кәсіпорын” деген шек- пенді жамылып, негізгі ісінен мүлде бөлек, көбіне алыпса- тарлык, делдалдык әрекеттерге бой түрған мүндай үжым- дардың каржы-каражат операцияларын калай жүргізіп жа- тканыда бакылаудан тыс. (Ег. Қаз.) Міне, қоғам дамуымен байланысты жеке сөз осылай қолданудан біртіндеп шығып қалады не жанадан пайда бо- лып жатады. Қоғам дамуы сондай-ақ белгілі дәрежеде адам- дардың рухани эстетикалық жетілуіне де, олардың өздерін қоршаған дүниені экспрессивтік, эмоционалдық түрғыда түйсінуіне де, жалпы соз мағынасына да әсерін тигізеді. § 20. Сөздің экспрессивтік жәнс эмоционалдык бояуы Тіліміздегі сөздер өздерінің экспрессивтілігі жағынан да әр түрлі. Демек экспрессивтік сапа белгілі бір сөздерден ғана байқалады. Мысалы: адам, кол, кабырға, үлкен, су- сын, бала, тау, көтеру, аға, таиыс, киім, шоп, отын тәрізді бір топ сөзді кылпың, тыраш, какшу, тойтаңдау, жортакы, дедектеу, каздаңдау, кымыңдау, шал-жию, кымку, көсти- ту, төпелеу, дардию, тыраю, ызғыту, еміну, тырбыкай, пы- сыкай, күкай, тыкак, шыпжыкай, түштакай дегендермен оз ара салыстырсақ, өздерінің көркемдік бейнслілігі, эстети-
калық әсерлілігі тұрғысынан бұлардың екі сала нәрсе екенін оңай аңғаруға болады. Мысалы, соңғы топтағылар ғана эк- спрессивті сөздер. Бұлар көбінесе көркем әдебиет стилі мен сөйлеу стилі және публицистикалық стильдерде жиі жұмса- лады. Экспрессивтік бояу - жеке сөздерге де, фразеологиялық орамдарға да, сөз формаларына да, синтаксистік конст- рукциялардың қай-қайсысына да тән сипат. Бірақ бұл ара- да мына бір мәселенің бетін аша кету керек. Әдетте әр сөздің өзіне тиісті қолданылу ерекшелігі, белгілі бір стиль түріне бейімі, яғни стильдік сипаты бопъцы. Мысалы, жо- ғарыда талданған саңлақ, парыз, пәті, еше, аға сүлтан, он- басы, ультрадыбыстык кондырғы, салмақсыздык, мүзка- ла, шырайлым, т. б. кез келген стильде қолданылмайды. Кейбіреуі ғылыми стильге тән болса, өзге бір тобы көркем әдебиетге тиімді, ал енді бір саласы ресми кеңсе қағазда- рына лайықтырақ. Бүлардан басқа тағы бірқыдыру сөз стиль түрлерінің бәрінде кездесіп отырады. Мысалы, бейтарап лексика солай. Демек, тілдегі сөздің қай-кайсысының да өзіндік қолдану аясы, дәлірек айтқанда, белгілі бір стильдік сипаты болады. Ал тілдегі сөздің қай-қайсысының да зкспрессивтік бояуы бола бермейді, бала мсн бөбек, бүл- діршін дегенді, немесе кала мен кент, шаһар есімдерін өз ара салыстырып көрейік. Қала, бала сөздері экспрессивті емес. Ал бүл екеуіне қарағанда, бөбек, бүлдіршін, кент, шаһар дегендерден экспрессивтік бояу айқын сезіледі. Экспрессивтік бояу әдетге екі тұрғыда сөз етілуі тиіс. Біріншіден, лексикалық мағынасы әуелден экспрессияға бейім тұратын сөздер, екіншіден, қолдану процесінде жүре келе экспрессивтік бояу алатын есімдер мен етістіктер. Бірақ сөздің лексикалық мағынасында экспрессивтік өң үнемі бола бермейді. Әрбір жазушы белгілі бір образ жасау үс- тінде өз шығармасының тіл көркемдігін жетілдіре түсу үшін бейнелеу қүралының осы түрін де ретіне қарай пайдала- нуға тырысады. Экспрессивтік сөз қолдану тәсілі автордың жалпы сөз байлығына ғана емес, сондай-ақ материалды көркемдік мақсатқа сай қаншалықты дәл іріктеп ала білуі- менде тікелей байланысты. Сөздің мұндай экспрессивтік қызметі публицистикалық, сөйлеу стильдерінде, әсіресе көркем әдебиет стилінде барынша ерекшелене түседі.
Бүгілген бойында күнысып, қозғалактай берді. Кейде жершүкыпкал, кейде қымыңдап, қозгақ қағады (М. Әу- езов). Қызыл Қүлжаны қымқырып алып, өз үйіне карай жөнеле берген болатын (сонда). Шаптығып катты үрсып, асығып келе жаткан кіші шешесі Айғызды таныды (сон- да). Жаңа жамыраған козылар ауылдардың екі жағындағы адырларға тырағайлап өріп барады. Бір куктыртың етеді, бір луябұртың.. Тиянаксыз, байлаусыз байғүс қылпың (А б а й). Қаза болды Мүрадн, ажал оны қақшыды (Р удаки). Тартына бфиетайтаңдап... Күй шіркін ылпылдап, бипыңдады (Ілияс Жансүгіров). Экспрессивтік бояу тілдің жалпы әр түрлі қабатынан- ақ байқалады. Әдеби нормада әбден тұрақтап кеткен кала зат есімі кейде көркем әдебиет стилінде шаЛартүрінде қол- данылып<етеді. Өйткені қаладан гөрі шаһар түрі айтылса, одан әлдёбір пафостық әуен, поэтикалық сарын сезіліп түрады, көркемдігі де әсерлі шығады. Бірақ бүған қарап, қала сөзі бұл стильде мүлдем қолданылмайды екен деуге болмайды. Тіліміздегі жырак созі де сондай, ол да кашык, сын есімімен қатар қолданылады. Қашық сөзіне карағанда, мұның да экспрессивтік бояуы көбінесе көркем әдебиет стилінде айқын сезіледі. Шаһар, жырак, сөздерінің көркем әдебиет стиліндегі экспрессивтігін мына бір мысалдардан айқын көруге болады. Бәрінде ел аз, несіздік мол. Іргелі мекен, онерлі шаһар жок (М. Әуезов). Қазіргі бүлтсыз аспандай алыска, таза- лыкракатка шакырып, жыраққа меңзейді (сонда). Шаһар сөзінің экспрессивтік бояуы алдыңғы сөйлемде анық көрініп түр. Көркем әдебиет стилі үшін өнерлі кала дегеннен өнерлі шаһар тіркесі жарасымды. Жалпы, осын- дай жекелеген сөздердің қай-қайысының да экспрессивтік бояуы негізінен көркем әдебиет стилінде айқынырақ
көрінеді. Сөйлеу стиліндегі мына бір экспрессивтік қүбы- лыс кейде көркем әдебиет стилінде де өте үтымды пайда- ланылады. Мысалы, дағдылы ауызекі тілде, кекесінді, юморлық ыңғайда кейбір адам жөнінде сөлпекбай немесе бөспебай деп те өз ара айтылады. Мүндағы экспрессивтік бояу Сәрсенбай, Мүратбай тәрізді кісі аттарының ізімен жасалып түр. Осы әдісті жазушы кейде таза стильдік мақ- сатқа, көркемдік, үтымдылық үшін пайдаланады. Мысалы, Ғ. Мүсірепов “Желкеден бір-екі рет түйіп жіберді”немесе “бір-екірет желкелеп жіберді” деудің орнына былай дейді: Қолхоздың көпшілігі тоскауыл тоскдн жаудың үгіті екені- не түсініп, Есілбай мен Сүгірбай молданы сәлдесінен бас- тап иманына дейін сыпыра боктап, үйіне де бір куып тык- кан. Бір-екіретЖелкебай да беріп жіберген. Сөйлеу стилі- ндегі бұл тәрізді экспрессивтік бояу басқа автордан да бай- қалады. Мысалы, I. Жансүгіров келген қонақтардың күн көріс, дәулет дәрежесінің біркелкі еместігін бір сөзбен ғана өте әсерлі етіп суреттейді. Қыр мен каланың коспасынан күралған бай аулының реңі сиякты олардың конағы ара- ласпай болушы еді. Академик В. В. Виноградов айтқандай, тілдің экспрессивтік сапасы стильді қалыптастырудың бір құралы болып табылады1. Экспрессивтік бояу сондай-ақ тілдегі кейбір көне қүбы- лыстан да айқын сезіледі. Мысалы, бояу зат есімі көркем әдебиет стилінде кейде көне бояқ формасында қолданыла- ды. Оның (бояқ сөзінің) көркем әдебиет стиліндегі эксп- рессивтік бояуы мына бір өлең жолынан анық көрінеді. Қозға енді, бота көзім, Қызыл атым, Сертті істе өнеріңді кызынатын! Аел-бояк ендалада күлаш керіп, Жүлдыздай көктегі ағып сызылатын (С. Сейфуллин). Экспрессивтік бояуы бар жоғарыдағы тәрізді жеке сөз, кейбір көне құбылыс сөйлеу стилінде, публицистикалық стиль мен көркем әдебиет стилінде көбірек кездеседі. Ал 1 В.В. Виноградов. Стилистика. Теория поэтической речи. Поэтика. М., 53-бет.
ғылыми және ресми кеңсе стильдерінде сирек үшыраса- ды. Экспрессивтік бояу қай стильде болса да әр түрлі болып келеді. Лексикалық мағынасының өзінен экспрес- сивтік бояу білініп түратын сөздердің катарына селтию, іншік, көйту, желкебай, араласпай, итіну, тырағай- лау, шертню алшию, көститу, сүңгіту, сөлектеу, қыл- пың, күйтыңдау, қымыңдау, қүқай, күйкі т. б. жата- ды. Бірақ бүлардың өздері де білдіретін мағыналарына қарай өз ара бірнеше түрге болінеді. Оны мына тәрізді түтас сөйлем ішінде контекстік қоршаудан айқын көру- ге болады: Кенбіреулер тыраштанып жуынып жатыр (С. Сейфуллин). Жез мұрты мысыктың мұрты кұсап сел- тиеді де тұрады (Ғ. Мүсірепов). Сөлектеп, алдымды орап, екеуің бір болмайсың (М. Әуезов). Акыры Абай мен Тәкежан алшайысып кетті (сонда). Жалаудан жел де сарнайды (С. Сейфуллин). Тек кез келгенді белуар- дан көстите береді (М. Әуезов). Солтабактарды үй ішіне сүңгітіп жатыр (сонда). Осы сөйлемдердің қай-қайсысы да экспрессивті. Бұлар- дағы экспрессивтік бояу сөйлемнің мазмұнына түрліше стильдік өң беріп түр. Өйткені жоғарыдағы тыраштану, сел- тию, сөлектеу, алшайысу, көстнту, суяг/туетістіктері белгілі дәрежеде автордың суреттеліп отырған оқиғаға деген көзка- расын аңғартады. Экспрессивтік создер коркем әдебиетте әдетте осындай белгілі бір стильдік мақсат үшін колда- нылады. Экспрессивтік бояу тыраштану, селтню, сөлек- теу, сарнау, жалаңдау дегендердегі сияқты бірыңғай жа- ғымсыз мағынаға құрылмайды. Кобінесе көркем әдеби- ет стилінде жиірек қолданылатып тыраштану, селтию, сөлектеу сөздерінің экспрсссиясы кейінгі алшайысу, сар- нау, көститу, сүңгіту етістіктерінің экспрессиясынан өзгешелеу. Ол үшеуінде кекссіпді, кслемеж сарыны ба- сым. Экспрессивтік бояу әдетте не бір түрлі әзіл-оспақ, юмор түрінде де, салтанатты котеріңкілік мәнінде де, адамның мінез-қүлқына, коңіл-күйінс байланысты да бо- лады. Бірақ экспрессивтік бояудың осы қатпар-қабатта- рының бәрі қай стильде болса да үпсмі түгел көрінбейді, кез келген көркем шығарма тілінсн бәрі бірдей байқала бермейді. Себебі бүл әрбір автордың тіл шеберлігінс,
әрбір шығарманың жазылу стилімен тікелей байланыс- ты. Әзіл сыңқылды майыскан катар салдарға карсы бас- ты. Жаяу салдардың кастарында өңшең ірікті сүлу келін- шектер келеді екен (М. Әуезов). Өзүйіңде шертиген паңы күрсын (Кбгілү Манастыкөп көйткізді (М. Әуезов). Шок- ша сакалы шанжау-шанжау боп,\ тырағайлап шыккан (сонда). Ыскак пен әйелі майы туралған біртабакка итіме түсті (I. Жансүгіров). Сасык іншік түбінде Отыр жалғыз келіншек (С. Сейфуллин). Осы мысалдардағы сылдырлы, сыңкылды, ірікті, шер- тию, тырағайлау, итіну, іншік сөздері өздерінің экспрес- сивтік сипаты жағынан әр түрлі. Мысалы нтіну, шертию,- көйткізу етістіктерінің экспрессивтік бояуы мысқылға, сықаққа қүрылған. Ал желкебай, араласпай, тырку, ты- рағайлау сөздерінің экспрессивтік бояуынан сыпайы юмор айқын сезіледі. Егер автор тырағайлап деудің ор- нына әр жерден сирек шыққан десе, одан дәл мүндай экспрессия байқалмас еді. Іншік сөзінің негізгі, һекси- калық мағынасының өзі экспрессиялы. Жоғарыдағы өзге экспрессивтік сөздердің мағынасы сән-салтанатқа, той- думанды жиынға меңзейді. Бүлар контекске әлде бір көтеріңкілік сипат береді. Мысалы, сыңқылды, ірікті сөздерінің стильдік экспрессивтік бояуы тырқу, тыра- ғай, желкебай сөздерінің итіну, көйткізу етістіктерінің экспрессивтік бояуына үқсамайды. Іншік кейіпкердің түрмысының жүдеулігін керсететін экспрессивтік сөз. Ірікті, сыңкылды есімдері негізінен көркем әдебиет стиліне тән сөздер. Экспрессивтік сөздер сондай-ақ публицистикалық стильде де қолданылады. Мысалы, тіліміздегі сабаз зат есімінде де, жалаңдату деген етістікте де экспрессивтік бояу бар. Экспрессивтік бояу олардың лексикалық ма- ғыналарының өздерінен-ақ аңғарылып түр. Осы екі сөз көркем әдебиет стилінде ғана емес, кейде публицисти- калық стильде де (мысалы, саяси әдебиет тілінде де) жүмсалады. Жеңіліп калғаннан кейін біздің сабаздар жылап жіберді және киын жағдай туралы байбалам сал- ды(3. И. Ленин. Таңдамалы шығармалар. Үш томдығы, I том, Алматы, 1962, 366-бет).
§ 21. Сез және оныц мағынасы Тілдің стильдік мүмкіндігі жалпы халык шаруашылы- ғының, қала мен ауылдың өсу-өркендеу каркынына, ха- лықтың заттық және рухани мәдениетінің даму дәрежесіне сәйкес бірте-бірте жетіле түседі, кеңейіп отырады. Сөздің түрлі ауыс мағыналары міне, осы түста қалыптасады. Олар белгілі бір стильдік қажетке байланысты, сөздің негізгі (тура) мағынасынан келіп шығады. Ауыс мағына екі түрлі: бірі - жалпы халықтық стильде, екіншісі - оған керісінше, яғни белгілі бір автордың соз қолдапуында жалғыз-ақ рет не өте сирек кездесетін ауыс мағынада келеді. Соңғыны әдетте контекстік ауыс мағына деп атайды. Сөздің осы тура, ауыс және контекстік мағыналарын мына мысалдардан анық көруге болады. Күііме алыстап барып, сар көделі бел- ден аса берді^Л. Әуезов). Кзал/гед/лтятірлікте кай белдің астында жүрсем де, артымда отырған бір бел - өзің еді? (сонда). Қазір бетпақдалапың оны мен қыры көкпеңбек бояктай (Ә. Көшімов). Қыр жолаушысы сняктанған сапта- масы бар (М. Әуезов). Дәмі каіітпас, бүзылмас тәтті бар ма... Тәтті ауыздан дәм кетпей(һбэм). Осы үзіндідегі бел. кыр. тәтті есімдері өздерінің тура мағынасында да, сондай-ақ ауыс мәпде де жүмсалған. Бел сөзінің қолданылуы ерекше көңіл аударады. "Сар көделі белден аса берді”. Бел бүл арада озінің нақтылығы, тіке мағынасында келіп түр. Ал содап соңғы екінші сөйлемнің бір өзінде бел зат есімін жазушы қатарымен екі рет әдейі қолданады. Бірақ екеуі де екі түрлі ауыс мағынада: “Қай белдің астында жүрсем де... ”. Мүндағы бел сөзі қай жерде жүрсем де дегенді аңғартады. Ал “бір бел өзің еді”д$геү\- дегі бел тірек, сүйеніш үғымында алынған. Қыр сөзі де солай. Ол да әуелі тура мәнде, содан соң ауыс мағынада қолданылған. Тәтті ауыз дегендегі тәтт/сын есімінің мағынасы - кон- текстік. Тәтті сөзі ауыз зат есімімен тіркесіп, көркем әде- биет пен публицистикалық стильдерде ғана (онда да өте сирек) алынады. Жалпы халықтық (сондай-ақ контекстік те) ауыс мағы- на үш түрлі: метафоралық, метонимиялық және синекдо- халық жолмен жасалады.
§ 22. Метафора Метафораның (ауыс мағыналы не әсірелеу мағынасын- дағы сөздің) ең көп колданылаггын жері - публицистика- лык стиль мен әсіресе көркем әдебиет стилі. Сөздің мета- форалык мағынасы шешендік сарындағы өсиет өлеңдер- ден, макал-мәтелден, айтыс жырларынан, киссалардан, жүмбак пен жаңылтпаштардан, ауыз әдебиетінің өзге де үлгілерінен кездеседі. Бірак осылардың ішінде өте-мөте көркем әдебиет стилінде жиі және әр тарап түрде келіп отырады. Сөз бакпаған момын ағайынның бәрі де Қодарды кара- ламады (М. Әуезов). Өмір бойы кімге кездессе де ылғн таркап кеткен базардың соңына ілінумен өткені ме? Өгкен соң базар, Қайткан соң ажар... Сен едің базарым (Абай). Бүзау тіс камшы қүйрығын шаншып алып кайкайып бара- ды(Ғ. Мүсірепов). Осы үзіндідегі караламады деген етістік метафоралык тәсілмен өзінін тікелей мағынасынан шығып, стильдік жаңа үғымда жүмсалған. Метафораның ең басты стильдік ерек- шелігі - бейнелілігі, ойды бейнелі түрде жеткізетіндігі. Ол сондыктан да көркем әдебиет стилінде жиі колданылады. Ал, ғылыми, кеңсе, ресми іс қағаздары стильдерінде мета- фора дәл мүндай дәрежеде кездеспейді. Поэтикалық ме- тафора көркем әдебиет стилімен тығыз байланысты. Әрбір жазушы образ жасауда осы метафоралық сөз қолдану тәсіліне көбірек барады. Мысалы: Даусы гүжілдеңкіреп шығатын, жарықшак үнді Ділдә Әйгерімнің жүзінен көз алмайды(М. Әуезов). Барлык жаңағы жас әйелдердің шын- шыл сезгіш жүздерінде жағалай дуылдап шапшаң толкын, жеңіл кызғылт нұр жүгірді (сонда). Сол кеште үнсіз коцыр тартып, жайлау-жайлауларына кайтысты (сонда). Бүл мысалдардағы метафоралык сөз қолданыстар мына- лар: жарыкшак (үн). женіл (нөр). коныр тартып, Көркем шығармада метафоралардың стильдік қызметі неше алуан болып келеді. Бүл қағазда Ғайша жүрегінің кайғысы мен өз өмірінің өкінішті арманын түгендеп, тізіп жазып еді (М. Әуезов). Сондай кездің карсаңында өз елінің ішімен кағжздасып жатулайыкемес(съүц&\ Молдалар кызылды сезген кара-
кұстай жанталасып жүр (М. Әуезов). Ылғи қызыл бер деп, тағы керілмейді (сонда). Қызылы кырманымның мая, кыр- дай (Керімбеков). Кағаз, кызыл метафоралары тура мағынада да, метафо- ралық мағынада да қолданылған. Жалпы халықтық сипат алып кеткен мүндай метафоралар тілімізде өте көп, бүлар- дың қолданылу аясы, стильдік бояуы әр алуан болып ке- леді. Аласы аз кара көзінүр жайнайды... Бүл іске кім виноват Я Семейдін каласы? Я казактың ал асы?... (А б а й). Осындағы аласы сөзі екі түрлі мағынада: біріншіден, тура мағынада (аласы аз көз), екіншіден, метафора ретінде жүмсалып түр. Ол көбінесе жалпы халықтық сипаттағы метафорлық мағынада (ала ауыз, ала кол, мал аласы сыр- тында, адам аласы ішінде, алтау ала болса тәріздес тұрақ- ты тіркестер қүрамында) жүмсалады. Ал көркем әдебиет стилінде белгілі бір көркемдік қажетке орай бұл түрақты- лық үнемі сактала бермейді, яғни жоғарыдағы сияқты тірке- стердің ара жігі кейде ашылып, ондағы компоненттер ара- түра өз алдарына жеке-жеке де колдапылады. Абай ала сөзін әділдік, адалдык, береке-бірлік, жоктык, алауыз мағына- сында, дағдылы сөз орамын озгертіцкіреп, өзінше стильдік ыңғай беріп, жаңаша қолданып отыр. Бірақ ол бүл жерде де (ала сезі) өзінің жалпы халықтық ауыс мағынасынан ажырамаған. Осы тәріздес стильдік қүбылу тәтті сын есімнің метафорлық мағынасында да айқын байқалады. Мысалы, оның мына бір өлең жолдарындағы қолданылуы- на көңіл аударып көрейік. Тәтгі ауыздан дәм кетпей... Уылжыған тәтті жас (М. Әуезов). Жакынның сөзі тәтті деп... Мінезі татгі болмайды...
Жылы тәтті жауап аит. Жаксы ән мен тәтті күй... (А б а й) Бүл үзінділерде татгі сөзі бес рет колданылған. Ал- дыңғы екі мысалдағы ауыс мағынасы контекстік кана, яғни татті жас, мінезі татті орамдары жалпы халықтық аяда айтыла да, қолданыла да бермейді. Ал тәтті күй, сөзі тәтті тіркесіндегі тәтгі сын есімінін метафоралық мағынасы он- дай емес. Мүнда олар жалпы халыкгық ауыс мағынада қол- данылып түр. Олай дейтініміз жақсы ән мен тәтгі күй де- ген сөз орамы қазақ оқушысынын казір қай-қайсысына да таныс, түсінікті. Тәтгі сөзінің қолданылуындағы стильдік ерекшелік әсіресе мына бір контексте көрінеді. Дәмі кайтпас, бүзылмас татті бар ма? Бүл арада татті сөзі өзінің тура мағынасында ма, алде жалпы халықтық сипаттағы метафора ретінде қолданылып түр ма - дәл айту қиын. Себебі оны дәл осы жолда тура мағынасында да, ауыс мағынада да алып қарауға болады. Жазушы екеуін катарластыра, қабаттастыра пайдаланған. Автор татті сөзін стильдік мақсат үшін әдейі қолданып отыр. Тура мағына мен метафоралық мағына бір-бірін то- лыктырып, бірімен-бірі астасып кеткен. Тәтгі сын есімінің мүндағы ең негізгі стильдік мәнінің өзі де осы. Метафора біткеннің бәрі бірдей жалпылык сипат алып кете бермейді. Өйткені ол сөздің тура (лексикалық) мағы- насымен және қандай стиль түріне бейім, соған байланыс- ты. Демек, кей сөздің метафорлық мағынасы белгілі бір стильде контексгік кана болып келеді, яғни белгілі бір ғана аяда көрінеді. Мүндай, контексгік метафора көбінесе көркем әдебиет стилі мен публицистикалық стильден бай- қалады. Ол әр автордың өзіндік сөз колдану шеберлігімен байланысты мәселе. Себебі, метафора түрінде келген он- дай сөз белгілі бір контексте бірақ рет қана үшырасады да, баска жерде кайтып колданылмайды. Жалпы тілдік аяда кездеспейді. Сөздің метафоралык мағынасы стильдік қүбы- лыс дегенде, әсіресе оның осы контекстік мағынасы не- гізге алынады. Контексгік метафора сөздің жалпы халық- тык ауыс мағынасынан бөлек түрған нәрсе емес. Р. А. Бу- дагов атап көрсеткендей, көркем әдебиет стиліне тән кон-
текстік ауыс мағына жалпы халыктық ауыс мағынадан келіп шығады1. Мүндай контекстік метафора үнемі жалпы халыктық сипат ала бермейді. Жыртаң-тыртаң қызылдан шығады ерек... Терін сатпай, телміріп көзін сатып, Оқыган білер әр сөзді... Әйтеуір аксақалдар айтпады деп, Жүрмесіндеп, аз ғана сөз шығардык (А б а й). Жоғарыдағы кызыл. тер және сөз есімдері контекстік метафоралар. Алдыңғысы, мысалы, сырты жылтырақ, ал ішінде түгі жок бос кеуде, ойсыз, жеңілтек адам деген ма- ғынада қолданылған. Оның мүндай мағынада жүмсалып түрғандығын жалпы контекске, яғни айналасындағы сөздердің өз ара мағыналық байланысына қарап та байқауға болады. Ақын терін зат есімі арқылы еңбегін де- генді айтпақшы. Ал сөз есімі екі түрлі метафоралық мағы- нада жүмсалып түр. Біріншіден, оқыған адам әр түрлі нәрседен хабардар болады, көп біледі деген мәнді білдірсе, екіншіден, соңғы шумақта өлең (өлең шығардық) мағына- сында қолданылған. Сөйтіп контекстік метафора көбінесе көркем әдебиет стилі мен публицистикалық стильге тән ерекшелік. Ол әрбір ақын, жазушының сөз қолдану қабі- летімен, жеке өзінің ғана шеберлігімен тығыз байланыс- ты. Жүрсе екен өлеңімде жаз көркіндей Жасыл ой, жасыл сезім, жасыл ырғак Осы екі жол өлеңдегі жасыл сын есімі жас деген мағы- нада қолданылып түр. Мүндай контекстік метафора ғылы- ми, кеңсе, ресми стильдерде сирек үшырасады. Жасыл ой. жасыл сезім. жасыл ырғак тәрізді контекстік мағынадағы метафоралар сөйлеу стилінде жалпы халықтық сипат алып кете алмайды. Міне, сондықтан да әрбір жазушы өзінің ’ Р. А. Будагов. Введенне в науку о языке, М, 1965,45-бет.
кейіпкерін сөйлеткенде, сөздің әлгі тәрізді мағынасын, яғни контекстік мәнін де үнемі талғап отырады. Мүкандай кең акыл, кемеңгер Мүрдеге сияды демеңдер. Соны ом/галтайыздар тарынар Тереңдер тереңге тереңдер (М. Әлімбаев). Жоғарыдағы екі сөздің метафоралық мағынасы ерекше көңіл аударады. Олар - тайыздар, тереңдер. Алдыңғы сөз - ойсыз, пасық адамдар мәнінде жүмсалып түр. Соңғысы те- реңдер, бүған керісінше - ойлы, ақыл-парасаты мол, білімді адамдар деген үғымда алынған. Екеуінің (тайыздар мен те- реңдер сөзінің) тура, лексикалық мағынасы да сондай қара- ма-карсы. Ақын қарсы мәнді екі сөзді стильдік мақсат үшін қатарластыра, әдейі осылай жүмсап отыр. Шағын елеңдегі стильдік үтымдылық - лексикалык мағынасы қарама-қар- сы екі сөзді жарыстыра қолдану арқылы жасалуында. Соңғы жолда бір ғана терең сөзі үш рет қайталанған. Үиіеуі де метафоралық мағынада берілген: Тереңдер тереңге терең- дер... Мүндай кейбір жеке сөздің ара-түра осылай қайтала- нып келіп отыруы, тілде жалпы бар қүбылыс. Ол көбінесе көркем әдебиет пен публицистикалық стильдерде болады. Мысалы, терең сын есімін Абай қарсы мәндегі үстірт сөзімен қатар алып қолданады. Екеуі де өздерінің тура ма- ғынасында емес, метафора ретінде шендестіріледі. Үстірт сөзі бүл арада ілгерідегі тайыз сөзімен мағыналас. Абай оны сондай-ақ жеке алып та, қарсы мәнді сөзбен қатар қоймай да, қосарламай да жүмсайды! Қай-қайсысында да ол контекстік метафора ретінде келіп түр. Аспаса акылкайраттан Тереңге бармас үстірттер... Тіршіліктің несі сән Тереңге бет коймаса... Көңілге түрлі ой түсер Әр тереңге нүскасаң Осындағы тереңге есімінің өзекті, түкпірлі, терең ойга.
парасаттылыкка, үлкен максатка, үлкен іске, әрекетке де- ген метафоралык мағынасы жалпы халықтық емес, кон- текстік ғана. Көркем әдебиет стилінде кейбір метафора- ның мағынасы тұтас бір контекст ішінде ғана айқындала- ды. Бұл ретте ондай метафораныц контексте әлденеше рет кайталанып колданылатын да кезі болады. Мысалы, Ғ. Мүсірепов бір ғана коңыр созінің озін бір контекст ішінде мына төмендегіше неше түрлі қүбылтып қолданған. Қоңыр көлеңке үйдің қоңыр сәулесі Шаіізаны да коңырланды- рып, сүрғылтка таңдык түс береді. Үй де қоңыр, көлеңке де қоңыр. Қоңыр үйдегі түрмыс та қоңыр. Қоңыр үйдегі жандар да қоңыр. Қоңыр ойлы Шайзаның әні де қоңыр. Қоңырлатып, ыңырсып олең айтып отырады. Өлең емес, қоңыр күймен ішіндегі зарын төгіп отырады. Осы үзіндіде қоңыр сын есімі он үш рет қайталанады. Екі-ақ жерде етістік түрінде (қоңырландырып, қоңырла- тып) қолданылады. Ал қалған жердің бәрінде есім қал- пында жұмсалған. Алынған мысалдардағы қоңыр сөзі то- ғыз жерде өзінің тура мағынасында, алты жерде метафора ретінде келген (түрмыс та коңыр, жандар да коңыр, коңыр ойлы әні де коңыр, коңырлатып олең айтады, коңыр күймен). Осы метафоралар контекст арқылы бірінің стильдік сырын бірі аша түскен. Шебср суреткердің коңыр сын есімін әр сөйлем сайын осылай жарыстыра қолдануы кездейсоқ емес. Контекске кірген әрбір сойлемді жеке-жеке алып талдасак, коңыр созінің шын мәніндегі стильдік қыз- меті толық ажыратылмай қалады. Автордың коңыр созін бүлай әр түрлі құбылтып қолдануынан кейіпкердің бір сәткі көңіл күйін, ішкі жан дүниссін, айналасындағы омір құбы- лысымен, сыртқы ортамен органикалық байланыста наным- ды суреттегенін байқауға болады. Дсмск, жазушының коңыр созін соншама коп қайталап колдапуындағы мақса- ты біреу-ақ. Ол - өзінің суреттеп отырған кейіпкерінің түрмыс жағдайындағы тапшылықты, осыған байланысты оның басындағы көңілсіздікті, коңілінде бұдан басқа да әлдеқандай алаң бар екенін керсету. Қоңыр созінің түтас контекстегі метафоралық мағынасы автордың осы мақса- тына бағындырылған. Кәрі және күндегі машыгы боііыпша бесік жырын ай- тады... Осындай қоңыр кештің қоңыр күйі. Бейуагына
жеткен әженің өмірлік көй-көйі (М. Әуезов). Мүндағы коңыр күйі дегендегі метафораның (яғни коңыр сөзінің) дәл мағынасын тұтас контекске қарап қана ажыратуға бо- лады. Автор бүл арада оны сәл бір кірбің, мүң мәнінде қолданып отыр. Біз сөзді осылай метафоралық мәнде әлде- неше рет қайталап колдану арқылы белгілі бір көркемдік мақсатқа жету - көбінесе әдеби шығарма стиліне тән ерек- шелік. Сөзді жалпы қайталап қолдану сөйлеу стилінде де жиі кездеседі. Бірақ, сөйлеу стиліндегі сөз қайталаудын си- паты басқарақ. Өйткені мүндағы қайталаулардан (яғни бір сөзді бірнеше рет қолданудан) көркем әдебиет тіліндегі қай- талаулардағыдай көркемдік, стильдік астар байқалмайды. Бүл айырмашылық сөйлеу стилі сарынында жазылған шы- ғармалардан, әсіресе ондағы авторлық баяндаулардан айқын көрінеді. Мұндай, сөйлеу стилі үлгісіндегі сөз қайталаулар ертерек кезгі, мысалы, 1920-30 жылдардағы прозада көбірек. Олар мына тәрізді болып келеді. Көшенің кейбір бұрышта- рындағы панар орнаткан бағаналардың касына, панар жағу- шылар келіп,жоғарыдан панарды бұрап түсіріп ман кұйып, жағуға камданысты (Т. Жомартбаев). Иесіне еркелеген ит- тей бүлаңдап жаңа келгендер ояздың алдына барып бүлаң какты. Олардың булбүлаңдауы басымыздағы бағымыз кал- са, сен аркылы калар деген булаңдас еді(Ә. Әбішев). Метафоралар, яғни ауыс мағыналы не әсірелеу мәнінде алынатын сөздер көбіне-көп көркем әдебиет стилінде қол- данылғанмен, ара-түра өзге стиль түрлерінде де кездеседі. Мысалы, олар публицистикалық стильде де бірқатар жер- де жүмсалады. Әдеби шығармалардағы метафора мен пуб- лицистикалық, саяси еңбектердегі метафора стильдік қыз- меті жағынан өз ара бірдей болып келе бермейді. Себебі, көркем әдебиет стилінде жалпы халықтық сипаттағы мета- форалармен қоса, контекстік те метафора қолданылады. Публицистикалық стильде негізінен жалпы халықтық си- паттағы метафора жиі пайдаланады. Ал публицистикалық стильден контекстік метафора оқта-текте ғана ұшырасады. Ұлтымыздың тепсе темір үзер ұл-қыздары күрк-күрк жөтеліп жүр. Тым жасарып кетіпті құрт ауруы (газеттен). Метафора (ауыс мағыналы сөздер) ғылыми стильде де қолданылады. Мұнда тек жалпы халықтық сипаттағы ме- тафоралар, яғни ауыс мағынасы кімге болса да жақсы
түсінікті, әбден орныққан сөздер ғана пайдаланылады. Кон- текстік метафоралар ғылыми стильде жалпы кездеспейді. Бүл - ғылыми стильдің өзіндік сипатымен, оған тән ерек- шелікпен тығыз байланысты. Ғылыми әдебиеттерде, оқулықтарда қолданылатың сөздердің мағынасы жүртқа жете таныс, жеңіл сөздермен, оңай тілмен жазылады. Сон- дықтан оларда үнемі жалпы халықтық сипаттағы метафо- ралар ғана қолданылып отырады. Мысалы: Бірінші топқа масса, энергия, өріс тәрізді қазіргі физика ғылымының қаңқасын құрайтын негізгі ұгымдар жатады (Ғылыми ма- қаладан). Игі бастамалардың тиегі жүмысшы табы болды (сонда). Пирамиданың табаны тең қабырғалы үш бұрыш (Тригонометрия). Берілген конуска іштей сызылган шар- дың беті сол конустың табанымеи тең шамалы (Геомет- рия). Метафора сондай-ақ ресми кеңсе стилінде де қолданы- лады. Мүнда да негізінен сол жалпы халықтық сипаттағы метафоралар жүмсалады. Бірақ стиль түрлерінің ішінде ме- тафора жалпы көркем әдебиет және публицистикалық стильдерден жиі байқалады. Ал басқаларға қарағанда ғылы- ми, ресми-кеңсе стильдерінде біршама аздау кездеседі. Мы- салы, ресми-кеңсе стилінде мына тәрізді метафоралар қол- данылады: Кадрлңрды даярлау жүйесін әлемде жалпы кабылданғ- ан бакалавр-магнстр моделіне кошірудің негіздері калан- ды. (Қазақстан Республикасында білім берудің дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлексттік бағдарламасы) Қазақстандық және шетелдік білім берудің багдарламала- рын, білім туралы күжаттарды өзара есепке алу және өзара тану тетіктерін әзірлеу процесі баяу жүруде, ол студенттер мен оқытушылардың академиялык ұткырлығын тежейді. (Сонда) Ғылыми ұйымдардың жоғаргы оку орындарының білім беру процесіне қатысуы болмашы. Білім берудің мазмұны мен ғылымның қазіргі жагдайының арасындағы алшактык маман даярлаудан жаңа ғылыми ндеяларды шыгармашы- лықпен қабылдай алатын, жаңа технологняларды алға апа- рушы және қазіргі заманғы технологиялык процестерді ба- сқара алатын зеріттеуші маман даярлауға толыкканды көшуді жүзеге асыруга мүмкіндік берменді. (Сонда)
§ 23. Метонимия Метафораға қарағанда, метонимияның (ауыс мағынасы бір зат пен екінші бір заттың өз ара ұқсастығының не- гізінде жасалатын сөздердің) қолданылу аясы әлдеқайда тар. Метафора стиль түрлерінің қай-қайсысында (бірінде аз да, басқасында одан көбірек) қолданылатын болса, ме- тонимия мүлдем олай емес. Метонимия тілдегі стильдердің бәрінде бірдей қолданылмайды. Ал ғылыми стиль (тіпті қоғамдық ғылымның өзінде де) мен ресми-кеңсе стилінде жалпы кездеспейді. Оның көбірек қолданылатын жері - көркем әдебиет стилі. Метонимияның көркем әдебиет сти- ліндегі қолданылуы метафорадан гөрі өзгешелеу: яғни бүл екі тропаның жазушы шығармаларындағы жүмсалу дәре- жесін бірдей деуге болмайды. Өйткені, метонимияны көр- кем әдебиетте қолдану мәселесі, яғни оның шығармадағы аздығы немесе көптігі ең алдымен әрбір жеке автордың сөз қолдануындағы өзіндік шеберлігімен тығыз байланыс- ты. Шығармада метонимияны қолдану үшін белгілі дәре- жеде шеберлік қажет. Метонимияның кей жазушыда азы- рақ, кейінде одан көбірек болатыны міне осы себепті. Осы түрғыдан алғанда, метонимияны М. Әуезов пен Ғ. Мүсіре- повтің қолдану шеберліктері ерекше көңіл аударады. Теңіз карнын семсердей тілгілеп жүрген жалғыз өзі ғана емес екенін көкқаска енді абайлады. Өзімен ата тегі бір Азат-мая нәсілінің естияр еркектері түгел қүтырынып, олар да жаркырап ағып, жорык, әнін салып жүр. Теңіз астында найзағай көбейген, жаркылдау көбейген. Сол найзағай- лар барлык ана балыктарга үлы жорықтың бет алысын, жөнін сілтейді (Ғ. Мүсірепов). Жазушының мүндағы найзағай деп отырғаны - көкқас- қа тәріздес ата балықтар. Әрине, “Теңіз астында ата балық көбейген. Сол ата балықтар барлық ана балыктарға үлы жорықтың беталысын, жөнін сілтейді” деп те жазуға болар еді. Бірақ мүның көркем экспрессивтік, эмоционалдық бояуы алдыңғыдан әлдеқайда солғын да, өте көмескі. Жа- зушы соны алдын ала ескеріп, ата балык деудің орнына найзағай метонимиясын әдейі және өте тапқырлықпен, дәл қолданып отыр. Демек, метонимия - көркем әдебиет стилі- не барынша тән қүбылыс. Көркем әдебиет стилінде мето-
нимияны қолдануда қалыптасқан мынадай бір тәсіл бар. Мысалы, әлгі найзағай зат есімін немссе сондай басқа бір сөзді метонимия дәрежесінде келтіру үшін, алдымен оны - дай (дей) қосымшасын жалғап, бір рет қолданып алады. Бүл метонимияның қандай мағына білдіріп түрғанын аңғару үшін де қажет. Көкқасқа бүлардан ығысқан жоқ. Қанды ауыздар то- бын қақ ортасынан найзағайдай жарып өтті. Қүлқын тыр- баңымен жүргендер найзағайды қалан үстай алсын, ауыз- дарын ашқан бойы қала берді (Ғ. Мүсірепов). Алғаш кез- дескен қүламадан аналықтар да көп іркілмей өтті... Бір сәт қүлама үстінде күміс қанжар лактырысып, ойнап жүрген біреулер бардай еді. Төменнен жоғары қарай лақтырған қанжарлар күн көзінде бір жарқ етіп қалды да, суға шан- шыла түсіп жоқ болды (сонда). Жоғарыдағы найзағай метонимы тәрізді, мүндағы қан- жар метонимы да сол балық мағыпасында қолданылған. Метонимия көркем әдебиет стилінде тек жеке сөз түрінде ғана емес, тұтас бір орам, тіркес болып та келіп отырады. Мүндай орам түріндегі метонимияның мағынасы да жалпы контекстен аңғарылады. Метонимияның өзіндік осы ерек- шеліктеріне байланысты, ол өзге стиль түрлерінің көбінде қолданылмайды. Метонимияпың табиғаты, оған тән сипат- ерекшелік көркем әдебиет стилінде ғана жан-жақты, то- лық көрінеді. Бұған ілгерідс келтірілген үзінділер де, сон- дай-ақ мына бір мысал да әбден дәлел бола алады. Алдыңғы күні Ержан аңшы үйіне екі түлкі әкеліп еді. Екеуідеалтайы қызыл, алтындай жымындайды екен... Қалың қызыл алтынның бетінде азғана ақ қылаң күміс сызық- тар бар (Ғ. Мүсірепов). Жемсауын шалқайта үстап, темір найзаларын тосаберді. Тырнақты да білекті екен (сонда). Бұл үзіндідегі метонимиялық монде жұмсалғандары: калың кызыл алтын жәнс ақ қылау күміс сызықтар, темір найзаларын деген соз орамдары. § 24. Синекдоха Сөздің синекдохалық мағынасы басқа стиль түрлеріне қарағанда әсіресе сөйлеу стилі мен коркем әдебиет, публи-
цистикалық стильдерде көбірек байқалады. Ал ғылыми, рес- ми-кеңсе стильдерінде ондай дәрежеде кездеспейді. Синек- доха өте-мөте көркем шығармада неше алуан стильдік мақ- сатта жүмсалады. Бұл жеке жазушылардың тіл байлығы- мен, сөз қолдану шеберлігімен байланысты. ...Қүнын айтпаймын. Б/рэд-Қарашоқыны қайтесің? Ол мына баланың сыбағасы емес пе еді?(М. Әуезов). Қарашо- лақпен алғаш тоғысқан жерде тайталаста, біздің қостың абыройын айрандай төкті-ау(сонда). Амандаса келген, қай- ырлы болсын айта келген Байсал, Қүлыншак дәл бүгінгі күн амандасу емес, Бөкенші, Борсаққа қыр көрсете келіп түр (сонда). Алдыңғы сөйлемде Карашокыны емес, сол жерде өлті- рілген Қодарды қайтесің деген мағына берілген. Сондай-ақ костын абыройы. Бөкенші, Борсақ деген жеке сөз тіркесі мен жалқы есімдер де осындай ауыс мағынада қысқа қайырылғ- ан, яғни соңғы екі мысалда әңгіме қостың өзі туралы емес, онда тұратын адамдардың абыройы жөнінде және Борсақ, Бөкенші руларының адамдары жайында болады. Бұл сияқты сөздер көркем әдебиетге кейіпкер тілінде де, авторлық баян- дауларда да келе береді. Әрине, “қостың абыройы” тіркесі қостағы адамдардың абыройы жөнінде айтылғаны түсінікті. “Қарашоқыны қайтесің” дегендегі Қарашоқы “Қодар өлтірілген жер” мағынасында колданылып түрғанын оқушы контекске, шығарманың сюжет желісіне қарап түсінеді. Әдетте қандай бір зат не құбылысты дәл өз атауымен атамау, яғни оны басқа белгісімен, не бір бөлшегімен атау дағдысы күнделікті сөйлеу тілі аясында, сондай-ақ түрлі жазба еңбектерде, әсіресе көркем шығарма стилінде де кез- деседі. Бірақ бір атауды осылай синекдохалық мағынада жұмсауда коммуникативтік функциядан гөрі; стильдік мақ- сат басым жатады. Синекдоха тәсілі арқылы жасалатын стильдік реңк қазіргі көркем шығарманың қай-қайсысы- ның тілінен де аңғарылады. Қонақ үйлер дағды бойынша көп жеді... Ділдә келісі- мен ас жасалып, төр де, шымылдық іші де ас жеді (М. Әуезов). Менің алдымнан жемірілген окшеляр жырым-жы- рым шалбар балақтары өтіп жатты (Ғ. Мүсірепов). Тер- мостар біресе поселкеге қарай, біресе шыңырауға қарай жөңкіледі. Өзге тамақтар азаяр емес (сонда).
Шынында да, синекдохалық сөз қолдану тәсілі көбіне- көп сөйлеу тілі табиғатына бейім түрады. Сөздің метафо- ралык, метонимиялық мәнінен гөрі, синекдоханың білдіре- тін мағынасын оқушы әдетте оңай байқайды. Ол (синекдо- ха) осы ерекшелігіне байланысты көркем әдебиет стилінде көп те және барынша жан-жақты пайдаланылады. Жазу- шылар оны өзінің айтайын деген ойына әлде бір әзіл ны- шанын, юморлық өң беру үшін де жиі қолданады. Мыса- лы: Үйлерінде қонақ жоқ, оңаша шығар дем ем. Жаңағы арбаның үстіне тиеп қойған сақалдарың немене? Сақал- дарын тамашалайым деп, өздерін танымайда қалдым. Қай- дан келген, қандай сақалдар бүлар?... Абай таңертең түрып, бетқолын жуып, Дәмежаниың шайына асықпай кеп отырғанда түндегі бүл сүраған сақалдар бірі артынан бірі шүбыра кеп еді... Жаңағы сақалдар Абайдан бүрын кол қойып еңсере тніскенде... (М. Әуезов). Сақал-мүртына мүз қатып, шақыр-шүқыр басып келген кім десем, ауыл екен ғой (сонда). Зинекдохалар сондай-ақ публицистикалық стильде де қолданылады. Олар күнделікті баспасөз бетінде әр тарап болып келеді. Мұнда да сол белгілі бір ойды ықшам түрде, үғымға қонымды етіп жеткізу мақсаты көзде- леді. Мүндай мақсатта жұмсалған синскдохалардың қай- қайсысы да жалпы халықтық сипат алғап. Сондықган оның мағынасын кім де болса бірден дәл түсінеді Мысалы мына бір үзінділердің өзінен-ақ оны анық байқауға болады. Бүл турнирге еліміздің 200-ден астам былғары қолғап шебер- лері қатысты (газеттен). Үлкен кілемніц айла-тәсіліне қанық аға буын спортшылармен бірге жастар да кубок жолындағы сынға түседі (сонда). Мен жиналғандардың екіиші қатарынан, ағамыздың зай- ыбына жақындау жерден орын алғанмын (газеттен). Батыр ағамызды ауыл болып, жылы сезімінен, аса бір қимастықпен шығарып салдық (газсттеп). Ондай болса Шымкептікктерге не жарык. Олар колға алам десе, қазақта ескерткіш орпатуға лайық талант көп емес пе! (газеттен) Синекдоха қолжазба түрінде жазылған публицистика- лық мақалаларға да жиі қолданылады. Оның стильдік қыз- метінің өте әр тараптылығы, коркемдік жағынан да сонша- лықты ұтымдылығы публицистикада айқын көрінеді. Мы-
салы, бір колхоздағы екі Социалистік Еңбек Ері жөнінде жазылған мақаладағы жуллыз деген синекдохаға көніл аударайық. - Аға, кай отарға тартамыз? - “Қос жүлдыздың” аулына... - Бүл кісі біздің**Крс жүлдыздың” жасы үлкені- Күнбо- лат Сейітов... Серікті **Кос жүлдыздың” екіншісі - Нүртай Шаймерденовты шакырып келуге жіберді... “Қосжүлдыз- бен” әнгімелесе, пікірлесе келтенде шопан енбегінің ауыр да абыройлы екеніне каныкгык... Осынау **Қос жүлдыз- дың” еңбек жолдары соның куәсы болғандан (газетген). § 25. Сездің кеп мағыналылығы және омоним Көп мағыналы сөздер өздерінің сырт формасы жағы- нан омонимдерге үксайды. Олардың осы сырт үқсастығы бірінен-бірін ажыратуда көп ретге қиындық та келтіріп жүр. Студенттер стилистика сабағындағы талдау жүмыстарын- да бүл екеуіне байланысты кейде қате де жіберіп жатады. Мысалы, ай зат есімі - қазақ тілінде әдетте көп мағыналы сөз де, сондай-ақ омоним ретінде де қаралады. Ол көп ма- ғыналы сөз ретінде астрономиялық атауда (ай туды, ай бат- ты), уакыт өлшемінде (екі ай, айдан асты), теңеу қүралы қызметінде жүмсалып әдемілік, көрік үғымында (айдай, ай десе аузы..., Айсүлу), ауыс мағынада (айға қолы жет- кендей) білдіреді. Демек, ай есімі төрт түрлі мағынада қатар қолданылып түр. Төрт жердегі ай сөзінің ұғымы басқа-ба- сқа болғанымен, олардың арасында мағыналық байланыс бәрібір сақталған. Төрт жердегі ай да айналып келгенде бір-ақ сөз. Омоним де осындай, сыртформасы (түлғасы) бірдей сөз. Осы жағынан алғанда, ай сөзі тілімізде омоним түрінде де айтылады: кәріліктің аны етті, соның айы өтіп түр, ай Айша, бері келшг, айдалада ак отау, аузы-мүрны жок отау. Міне осылардағы “ай”-лар және әлгі көп мағына- лы сөз ретінде келген “ай”-лар өз ара омоним. Немесе ат сөзін алайық. Ат - зат есім, ат - етістік. Алайда, бұл екі “ат”-тың арасында да, сондай-ак жоғарыдағы “ай”-лардың арасында да мағыналық байланыс жоқ. Екеуі жеке-жеке екі сөз. Көп мағыналы сөз бен омоним стиль түрлеріне
қатысы жөнінен де озді-озіне тән ерекшеліктері, айырма- шылығы бар, бір-бірінен алшақ түрған қүбылыстар. Ерді осы екеуін стильдік сипаты жағынан жеке-жеке алып тал- дайық. Сөздің көп мағыналығы жалпы халықтық ауыс мағы- наның негізінде жасалады. Коп мағыналы сөз қай стильде болса да қолданылады. Бірақ. оның ең көп жүмсалатын жері - көркем шығарма. Бер жағына бір кірпіштен соң бір кірпішті койып, тел- мірген кездерден денесін жасыра бастады (М. Әуезов). Қалаға барып ескі көздерді көрген соң, қыр есіңнен шы- ғып кетті (сонда). Бүгінгі күн түрленген кынаулымын Айналамда козде коп сынаулымын (сонда). Әжесі тірі болған күн Қасымның көңілінен сүлу са- ғымдай, жазғы-түрғы мамык түсті бүлттай болып, кайта оралмастай боп жоғала бастады. Қасымның үміті, жарык күні де батты. Сізді мен күткемін, ол кезде сіз үшін кіммен болса да, кетісуге шыдағамын. Бірак ол күндер өтті (сон- да). Бүл үзіндідегі көз және кун созіпің екеуі де көп мағы- налы. Екеуінің осылай түрлі-түрлі мән алуы көбінесе көркем әдебиет стилінің табиғатымен тығыз байланысты. Өйткені, жазушы мүнда әрбір тілдік қүбылысты белгілі бір көркемдік мақсатта қолдануға тырысады. Ал ондайға әдетте көп ма- ғыналы сөздер бейімірек. Мысалы, жоғарыда келтірілген көз сөзі әуелі адам деген үғымды, одан соң таныс мағына- сын, соңғы сөйлемде ел (жүрт) мөнін білдіріп түр. Көз есімінің әр алуан мағынасын осылай түрлішс ыңғайда пай- далану - жалпы сөз қайталаудан қашқандық. Қөп мағына- лы иүн сөзінің стильдік қолданылу аясы бүдан да әр тарап. Соны авторлар көркем өдебиет стиліндс оте шебер пайда- ланады. Ілгерідегі мысалда күп созі ксз, уақыт (шақ) мәнінде алынған. Бірақ стильдік жатыктығы жағынан әжесі тірі болған кез (уақыт) дсуден горі әжесі тірі болған күн деген үтымдырақ. Сондай-ақ қайғысыз, қамсыз шағы (кезі), ол кез (ондайға бел байлаған кез), ол уақыт дегенге қара- ғанда, үмітті жарық күні, ол күндср (отті) деп алғанның
көркемірек екенін, стильдік жағынан ұтымдылығын оңай байқауға болады. Әсіресе күн есімінің көп мағыналылығы сөйлеу стиліңде, өте-мөте көркем әдебиет стилінде жан- жақты көрінеді. Ол тіпті бір ғана Абай өлеңдерінің өзінде неше алуан стильдік астар береді. Солардың (бәрі емес) кейбірі мына төмендегі тәрізді: Яекүн туды басыңа... Не қорлық, қүр қылжаңмен күн өткізбек... Итқорлык, немене екен сүйткен күні... Сасып қалдым күн тығыз Тыңтүяқ күнім сүйтседе Қор болды жаным Сенсіз де менің күнім... Біреуінің күні жоқ біреуінсіз (Абай). Күн сөзі мүнда не зор (туды), қиын-қыспақ не жағ- дай уақыт, кез, өмір, келешек деген тәрізді мағыналарда жүмсалған. Сөзді осылай әр қырынан алып, түрлі мәнде қолдану, яғни көп мағыналы сөзді бүлай пайдалану. пуб- лицистикалық стильде (жоғарыда айттық), сөйлеу стилі- нен де ара-түра байқалады. Өзге стильдерде: ғылыми, рес- ми, кеңсе қағазы стильдерінде көп мағыналы сөздің қолда- нылуы мүлдем басқаша. Көркем әдебиет стилінде ақын, жазушылар өздерінің шығармаларында көп мағыналы кейбір сөзді екі не үш ма- ғынасында қатар алып та жүмсай береді. Жарыстыра пай- даланады. Ресми кеңсе, ғылыми стильдерде көп мағыналы сөзді пайдаланудың бұл түрі жалпы сирек кездеседі. Мы- салы, жаңағы күн сөзінің сондай-ақ көп мағыналы жан зат есімінің бір сөйлемдегі қайталануына сәл көңіл аударып көрейік. Сонымен кәрі әженің ықтиярынан бір күн шет жайлап көрмеген Жәмеш алдыңғы күнін өз бетімен ойлағанда жоқ- ты. (М. Әуезов). Әжесі өлген соң, көңілінде бір күн тіршілігіне сүйсінгендей ашық күн болған жоқ (сонда). Мейрам күннің түс мезгілінен бері қарай бақшаға барамыз деп әзірленген бозбаламен әйелдер күн батардан-ақ бөлек- бөлек жайраңдаған топ болып үзілместен келіп жатыр (сон- да). Келер күні күн көтеріле бере... кәнігі Көкқасқа көп үзамай Қүламаға кезігетіндерін сезінді.
Бүл күніме бір күні Боламын ғой деймін зар Менің де күнім күн емес Екі күймек бір жанға әділет пе, Қаны кара бір жанмып жаны жара (А б а й). Соңғы екі жол өлеңіпдс жан созі үш рет келтірілген. Екі жерде адам мағынасында (бір жанға, бір жанмын) алы- нған. Одан соңғы, яғни ең кейінгі жолдағы жан көңіл ақыл- ой, сана деген мәнді аңғартады (жаным жара көңілім қаяу уайымдымын, мүңдымын деген тәрізді мазмүнда айтылып түр). Ал бірінші жолда автордың осы екі мағынаны қайсы- сында алып отырғанын дәл басып айту қиын. Өйткені оқушы оны адам үғымында да сондай-ақ тура жан мағына- сында да түсінуге болады. Автор бүл сөзді бірінші жолда осы екі мағынада тіпті бірдей алғапда да үқсайды. Сөздің көп мағыналығымен байланысты мүпдан өзгешелік көркем әдебиет тілінен жиі үшырасады. Осы ерекшелік ғылым мен техника жөніндегі зерттеулерден, оқулықтардан үнемі бай- қала бермейді. Жоғарыдағы екі жол олеңде үш рет қолданылған жан есімінің мағыналық сипаты әр басқа, яғни стильдік қолда- нылуы жағынан осы үш жердегі жан созі оз ара бір емес. Сөздің көп мағыналығы мен стилистнканың бір-біріне қаты- сы деген мәселе міне осы түрғыда аңғарылады. Бүл сөздің осы бір стильдік үтымдылығы, яғни оны жоғарыда аталған екі мағынасында қатар қойып жүмсау тәсілі көркем әдебиет стилінде жалпы жиі кездесіп отыра- ды. Жан есімі әлгі екі түрлі мағынасында, кейде бір өлең жолының өзінде-ақ бүлай ірксс-тіркес келіп отырса, енді бірде ол басқарақ ыңғайда, бір-біріпеп сәл алшақтау да қолданылып келеді. Мысалы: Тән сүйгенін бермесе, Жан шыдамас жаны ашып... Сүйкімді тіріукл\\ғл неткен жансыц?/.. Арамдыкпен бар ма екен жаііііап аспақ... Суяержансып, "сүйкімді бет берем"деп... Қысылған жерде жап жалдау...
Сол досты сая таппай іздейді жан. Жаужабылса, бүзылмас жан көрмедім (А б а й). Жауымнан айырған жан алсын дейін, Әлібек жаны болса іле қусын, (М. Әуезов). 2>/ржанына сыйып түр бар дүниенің лделжаны, Талай жан өткен екен шамшырақтай Айтыста ақылымен жан шыдатпай (О. X а й я м). Бір сөзді осылайша қайталап қолданудың нәтижесінде оның стильдік қызметі, мағыналық аясы кейде сәл өзгере түседі. Сөйтіп, стильдік қолданылу ерекшелігіне қарай көп мағыналылығы барынша айқын көрінеді. Мүны ілгерідегі үзіндіден байқауға болады: Сүйкімді гіріжанға неткенжан- сың... Бүл жолдағы жан сөзінің бірінші колданыстағы үғымы ел дегенге бейімірек. Ол тірі есімімен мағыналық байланысқа түсіп, елдің бәріне (бар елге) дегенді білдіріп түр. Ал бұған жарыстыра қолданылған жан есімі кәдімгі адам мәнінде алынған. Демек, автордың айтайын дегені: елдің бәріне сүйкімді не еткен адамсың деу. Бірақ ақын бүл ойын осылай созалаңға салмайды, шүбалтпайды. Қайта көп мағыналы бір сөздің өзін әр түрлі мәнде қатар- ластыра алып жүмсайды. Солай еткендіктен өлең жо- лындағы әрбір сөз стильдік жағынан өз ара үтымды орайласқан, ондағы ой да анық. Жан сөзінің көп мағы- налылығымен байланысты сөз қолданыстағы осындай стильдік үтымдылық прозалық шығармалардан да кез- деседі. Жанды жеген азаппен қиналып шыққан Қарагөзді білген жан жоқ (М. Әуезов). Қостадым, жаным, жаныңмен үріккен зарыңды (сонда). Соңғы мысалда да жан есімі екі түрлі мәнде қолданылған, алдың- ғысында айналайын. карғам тәріздес мағынада алынған да, кейінгіде өзінің тура үғымында жүмсалып түр. Демек әр түрлі стильдік ыңғайда қүбылтып қолданудың нәтижесін- де жан сөзінің көп мағыналылығы бүл сөйлемде өзінің тағы бір қырын аша түскен.
Тілімізде сондай-ақ кеп. мал сөздері де көп мағыналы болып кездеседі. Мүныңда қолданылудағы стильдік аясы әр жақты. Жеке бір сөздің әр түрлі мағыналары әдеби тілдегі стильдердің бәрін де және сөйлеу стилінде де (рас бірінде аз, екіншісінде одан көбірек) қатар келтіріледі. Бірақ солардың ішінде көп мағыналы создің қолданылуындағы осы бір стильдік ерекшелік көбінесе жеке ақын, жазушы- лардың тілінде белгілі бір көркемдік мақсатқа байланысты барынша ерекшелене түседі. Мысалы: Абүйыр, атак солжанда Кімді көп жүрт мактаса. Ол мактаудан не панда Көп мактауын таппаса, Кептің бәрі көп деме, коп те бөлек Кеп итжеңіп кек итті күнде жемек... Кептің аузын күзетсен күн көрмейсің.. Мал күмар көңлі - бексокыр, Акыл таппак, мал таппак, адал жүрмек... Арын саткан мал үшін антүрғанның (А б а й). Жоғарыдағы жолдардағы көп есімі де, мал сөзі де ғылы- ми стильдё, кеңсе, ресми, іс қағазы стильдерінде дәл мүндай дәрежеде қолданылмайды. Жалпы коп мағыналы сөзді сан алуан қүбылтып, көбінесе көркем әдебиетте, сондай-ақ пуб- лицистикалық стиль мен ара-түра сөйлеу тілінде, қоғам- дық ғылым саласындағы зерттеулерде пайдалануға бола- ды. Өйткені ауыс мағынада, ауыс мағынадан келіп шыға- тын көп мағыналық та әуелі соларда жиірек қалыптаса- ды. Көркем әдебиет стиліндегіге қарағанда көп мағыналы сөзді әсіресе қатар алып қолдану жағы публицистикалық стильде сирек үшырасады. “Моральдык басымдыкты" канткен күнде де колдай отырып, күн сайын шамалы болса да табыстарға жетіп оты- ру керек (В. И. Ленин. Жастар туралы, 219-бет). Сондык- тан жүртшылык, жүмысының болашағы бүлыңғыр, күні күңгірт ед/(“Ғани Мұратбаев”, 1972). Көп мағыналы сөз кейде ғылыми стильде де қолданы-
лады. Мысалы сагат сөзі бір сөйлемде өзінің екі түрлі ма- ғынасында да ара-тұра колданылады. Егер сағат әр сағат саиын соғып отыратын болса, ол бір тәулік ішінде неше рет согады (Алгебра). § 26. Омоннм Омонимдер (сырт формасы, дыбыстық қүрамы бірдей, бірақ білдіретін мағынасы әр түрлі сөздер) жеке тұрған қалпында стиль түрлерінің жалпы қайсысында да қолда- ныла береді. Омонимдерді қатар алып, қабаттастыра қол- дануға келгенде, стиль түрлерінің бәрінен мұндай ерекшелік байқалмайды. Олардың бір контексте не бір сөйлемнің өзінде дәл осылай өз ара жарыстыра пайдалану, көбінесе публицистикалық стиль мен сөйлеу, көркем әдебиет стиль- дерінен айқын көрінеді. Омонимдердің әдеби шығарма стиліндегі көркемдік қызметі әр түрлі. Бүл - әрбір жазушының, шеберл[гімен байланысты қүбылыс. Бірақ көркем әдебиет стиліндегі омо- нимдер мен сөйлеу стиліндегі омонимдерді бір-бірінен ажы- ратуда біраз қиындық бар. Себебі, көркем әдебиет стилін- де қолданылатын омонимдердің көпшілігі - күнделікті сөйлеу стилінде әбден қалыптасып, жалпы халықтық си- пат алып кеткен сөздер. Ал бүлардан басқа, көркем әдеби- ет стиліне бейім түратын омонимдердің қашан да контекстік сипаты басым болып келеді. Сырттұлғасы бірдей, екі сөздің өз ара омонимдік қатынасы белгілі бір контекс ішінде ғана байқалады. Мысалы: Қара туддеқара баспаса, Ертістіарлы- берлі кезген қайықшыны қашан көрдің (М. Әуезов). Мы- салдағы түс мәніндегі кара сын есімі әдебиеттегі албасты мағынасындағы қара сөзімен омонимдік сипат алып түр. Бірақ қара сөзі осы контексте ғана омоним бола алады.— Қара қасқа кедей болсам да, қара ниет болмаспын деуші ең. Жамандык сенің жатың еді. Қасиетің сол еді. Сен қар- тайған шағыңда бізді қара басайын деді ме (М. Әуезов). Мүндай, контекстік (стильдік) омонимдер ақын, жазушы- ларда біркелкі бола бермейді. Өйткені жоғарыдағыдай кон- текстік омонимдердің көркем әдебиет стиліндегі қолданы- луы автордың сөз қолдану шеберлігімен байланысты.
Аяғыңды аңдап бас, ей Жаксылык! бЬбасыңда жының бар бір баксылык... Қарсак, жортпас кара адыр, Қарамай неге шабасың... Бір атка жүз күбылған, жүзі күйгір' (Абай) Қызған жанға жану деген сөз емес (Сағди) Туғандай еді әдейі арнап шешесі Жандырсын деп, жігітикэмүа\\ өртесін (сонда). Суы молдығына және ак, от, қара отына карап коныс етеді (М. Әуезов). Кәрлі көздерін бір түйреп калып, кат- кабатгап өрген темір сымдай шор саусактарын, тоса бер- ген кәрін үстасса-ак айрылмастай екен (Ғ. Мүсірепов). Тас кара мінезін үнатпай калган үябасар... Күншығыска карай тартып берді (сонда). Тас карапын карасы өшкен соң үябасар ойынға өзі түсіп кетп'(сонда). Соңғы екі сөйлемге көңіл аударайық. Акырғы сөйлем- дегі екі рет қайталанған кара сөзі - көп мағыналы сөз. Ал ең соңғы мысалдың алдындағы сойлемде екі рет қолданы- лған кара есімі - өз ара омонимдік катынаста жұмсалған, яғни олар омонимдер. 1 Осы жолдағы алдынғы жүз-сан ссім, ксііінгі жүз-ар, үят магына- сында колданылып түрган зат ссім. Дсмск бүлар омонимдер. Қазақ тілінде дыбыстык күрамы, яғни сырт түлгасы осылармсн бірдей, бірак мағына- сы басқа және бір сөз бар. Ол-кіші жүз, орта жүз, үлы жүз дегендердегі жүз. Мүның мағынасы жөніндс айтылып жүргсн пікір әр түрлі. Ал. бүл сөз жайлы біздің ойымыз ол пікірлерден озгсрск. Мысалы, А. Габэннің неміс тілінде жазылғаи Көне түркі грамматнкасында (Леипциг, 1950, 357 бет) жүз дегеи жеке-жеке үш омоним қатар келтіріледі. Бүл үше- уіиің соңғысы звено (цспи), колсно, поколснпс (“Глисд") мәніндсгі сөз екеи. Көне түркі тіліндегі осы соз тува, хакас тілдсріндс казір дыбыстық күрамы жагыиаи сәл баскашарак болып, ягни чүс түріндс “сустав” ма- ғыиасыида айтылады, ал алтай тіліндсгі “йүстүк” “кольцо” мәніндс кол- данылады. (В.И. Рассадии. Фонстика и лскспка тофаларского языка. Улан- Уде, 1971, 199) Міие, осы дсрсктсргс сүйснс отырып, казак тіліндсп алгі кіші жүз, орта жүз, үлы жүз дсгсндсрдсгі жүз созі үрпақ, буын дегеи магыиа білдіреді демскпіз. Екіншідсп, казак тіліндсгі бүл буын, үрпак мағыиасыидағы жүз созі- сонау, конс түркі заманынан келс жатк- ан күбылыс.
§ 27. Снноннмдер Синонимдер қай стильде болса да бәрінде бірдей дәре- жеде қолданылмайды. Ресми-кеңсе, ғылми стильде сино- нимдердің жеке бір сыңарлары кейде ретіне қарай колда- нылады. Ал екі, не үш синоним бірдей қатар жүмсалмай- ды. Бүлай тек публицистикалық және сөйлеу стилінде, көбінесе көркем әдебиет стилінде жүмсалады. Мысалы, ағайын және карындас сөздерінің өз ара синонимдік сипа- ты бар. Бірақ, соңғы сөз көбінесе көркем әдебиет стилінде ғана қолданылады, сөйлеу тілі стилінде өте сирек айтыла- ды. Жалпы туыс, ағайын мағынасындағы қарындас негізінен көркем әдебиет стилінде, шешендік стильде, ара-түра сөйлеу тілінде қолданылады. Серт, уәде, ант сөздері бір- бірімен мағыналас. Жеке күйінде стиль түрлерінің қай-қай- сысында да қолданыла береді. Екеуі, не үшеуі қатар көбіне- се көркем әдебиет стилінде, сондай-ақ публицистикалық стильде кездеседі. Ара ағайынның сөзін айттың, карындастың көз жа- сын айттың, шырағым Абай, қарындасқа кайырымы бар баладеп естуші ел/(М. Әуезов). Қысылған халқың, каума- лаған карындасын - бауырыңнан пана табар байтерек бо- лыңдар. Жем үшін осындайда карындастын қанын ішкен- діктен кабан атанған. Ана Көбекеңнің басына карай тарт! Кеңгірбайдың зиратына барып түрып, серт уәдені сонда шешеміз. Бүнысы бір ант, серттей... Дәрмен өз ііиінен Абай кабырына карап, үздіксіз бір ант-серт айтып отырғандай болды (сонда). Жазушы да, ғалым да, басқалар да синонимді әдетге бір сөзді қайталай бермеу үшін қолданады. Синонимдер әсіресе көркем әдебиет стилінде жиі жүмсалады. Көркем әдебиет стилінде синоним белгілі бір ойды толықтыра түсу, нақтылап, дәлді айту ыңғайында қолданылады. Бүның ар жағыңдағы ішкі тайталас, тартыстың біре- уін де Әзімбай айткан жок... Абаймен араз, қырбай бол- са... Әр үйдің жас әйелі, ересек естняр баласы болса, тіпті кішкене інішектерін, карындастарын ертіп, ап...; Қалың карындас арасында жырлап көріскен шешен ділмәр да аз емес. Дәмежан бүл орысқа Абай көрсеткен ықылас, бейілді өзінің жүйрік зейінімен жаксы аңдаған еді. Сол Сармолла
айтып жүрген сөзді бүл өз тарапынан да жүртка жеткізу борыш-карыз тәрізді. Денесі де жуан, ісі де жуан қырыс қыңыр бір болыс- осы. М. Әуезовтің “Абай жолы” эпопеясында осылар тәрізді контекстік (стильдік) синонимдер жиі үшырайды. Мыса- лы, далел-далбай, жайылыс-өріс, әлек-алкын, кейіс-кияс, кек-кыжал, әмір-бүйрык, жыныс-үлыс, жаза-кесік, бүла-бол- паш, тыным-тыйым, шабуыл-шандуыл сияқты үстеме ма- гыналы синоним қосарлары неше алуан. Мұндай синоним- дер публицистикалык стильде, сондай-ақ сөйлеу тілі стилінің өзінде де сирек ұшырасады. Бүлар негізінен көркем әдебиет стиліне тән. Жалпы сөйлеу тілі стиліне тән сино- нимдер бар да, публицистикалық, көркем әдебиет стилінде қалыптасқан синонимдер өз алдына бір бөлек. Бүл екі топ синонимнің әдеби тіл аясындағы қолданылуы бірдей емес. Көркем шығармада автордың озіндік стиль ерекшелігіне байланысты қолданылатын синонимдердің кейбіреуі ғана жалпы халықтык сипат ала алады. Ал, копшілігі белгілі бір публицистикалық стильдегі, әсірссс корксм әдебиет стилі- ндегі синонимдердің біразы контекстік сипоним. Ресми-кең- се, ғылыми стильдерде мүндай коптекстік сипаттағы сино- нимдер қолданылмайды. Оларда тск коркем әдебиеттегі, публицистикалық стильдегі және сөйлеу тіліндегі жалпы халықтық сипат алған синонимдср жүмсалады. Онда да екеуі, не үшеуі қатарымен емес, бір ғапа сынары алынады. Ал көркем әдебиет, публицистикалық, сойлеу тілі стильде- рінде әсіресе контекстік синонимдср керісінше қос-қосы- мен, қабат жүмсала береді. Мысалы: Бар бүтактан, гүл жапырактан, дән нәрден айрылып- ты, ажырапты... Мен өлсйіи, бірак сол сан жылдарда сенің желдерің куып әкеткен гүлдерім, дондерімнен үрпак, нәсіл калар ма? Енді бір кезекте, Оразбай озінің қыцыр, қияс, қаскөй мінезі бойыиша орайын тауып... (сонда). Осы түрпат-сияктарын көріп аңдаған соң Абай (сонда). Ішінде кейбір егес-қияс жауап түрса да карсы сөйлесе алмады (сонда). Мүңды кыз Керейдің ішіндегі Шакантайдан өзінік тең түсыи, күштарын табады (сонда). Синонимдер сияқты дублет создер де осылай әр түрлі стильдік қызмет атқарады. Мысалы, мына тәрізді бірнеше дублетті алып көрейік: кала-шаһар (шәр)-кент, мырза-
жомарт, даркан-шүлен, халык-калайык, жамағат-уалаят, тырбану-тырманут. б. Бұл дублеттерді кез келген стильде қолдана беруге болмайды. Әрқайсысы әр түрлі стильге лай- ықты. Халык, мырза (кейде жомарт та), кала сөздері стиль түрлерінің қай-қайсысында да жұмсала береді. Ал шүлен, даркан, халайық, жамағат, уалаят, кент, шаһар сөздері тек көркем әдебиетте, публицистикалық-шешендік стиль- де, кейде сөйлеу тілінде қолданылады. Ғылыми, ресми-кеңсе стильдерінде бұлар кездеспейді. Кент. даркан. шаһар. шүлен сөздері әдеби шығармада белгілі бір көркемдік қызмет үшін қолданылады. Әр үйдің терезелерінен жылтырап шам сәулесі көрініп, ак орамалды кент әйелдері терезе жабуға шыкты (Б. Май- лин). Пауеске жакындаған сайын ат-сайманның кенттікі екені байкалып... (Ғ. Мүсірепов). Д/еддея шүлен боптуған сергегім. (М. Әуезов). Абай окн отырып, сонау алыс мүнар ішіндегі шаһар уалаяттарға беттеп, “осы сапарға өзім жүрер ме едім”деп, кызығып та кояды(сонда). Бар үлгілері баска салдар, өзге халык арасында, бейне бір бетен уәла- ят, бөгде халык тобындай (сонда). Жамағат жиналмасын. мүсылманшылык карызын ада кылмасын дейсіз бе (сон- да). Синонимдер сондай-ақ публицистикалық стильде де жиі жүмсалады. Олар мұнда да сол белгілі бір ойды жан-жақ- ты түсіндіру, толықтыра түсу мақсатында пайдаланыла- ды. Синонимдер саяси әдебиеттердің өзінде де осындай қызмет атқарады. Бұлардың көркем әдебиет пен публици- стикалық стильдегі қолданылу жиілігі автордың жазу сти- лімен тікелей байланысты. Демек, синонимдерді кейбір ав- тор өзінің шығармасында жиі де және өте шебер жүмсай- ды. Публицистикалық стильде кейде дублет сөз де қол- данылады. Бул кісінің өшпес ерлігі мен батырлығы, ежеттілігі мен табандылығы туралы аңызға айналған әңгімелер рес- публикамыздың түкпір-түкпіріне жетіп жататын (газеттен). Баукең бүл шакыруды ризашылыкпен кабылдап, бізге карай жакындады. Сөйтіп арасанның ең күрметті деген біраз азаматтары халкымыздың аяулы батыры, үлы қорғаушы- сы өздерінің туған жерінде, касиетті дастархан басында кездесті (газеттен).
Туралык пен аділдіктін ак жолынан таймады (газет- тен). Ол коғамдык мәдени өмірдің кайнаған ортасында, әсіре- се тілге катысты мәселенің бәрінде оз үпін, ез пікірін ашық та, анык айтып жүр (газеттен). Синонимдер кейде ғылыми стильден де кездеседі. Мүнда сол көркем әдебиет, публицистикалық стильдерде- гідей жарыстырыла, қатарымен колданылады. Сонымен тілді күрастырушы элементтер және тілдің бүтіндей күрылымы уакыт азған санын дамып, жетіліп отырады (оқулықтан). Тілдің әр түрлі жактарындағы өзгеріс оның жүйесінің бүлінуіне де, жайылып кетуінеде соктырмайды (сонда). Тілді синхрониялык түрғыдан карастыру каншалыкты касиетті және мацызды болса, оны днохрониялык түрғы- дан карастырып зерттеуде соншалыкты кажетті жәнема- цызды (сонда). § 28. Аптонимдер Антонимнің де әрбір стиль түріндегі қолданылу дәре- жссі әр басқа. Рас. көп мағыналы соз, омоним, синоним тәрізді, антоним де жеке түрған күйінде стильдердің жал- пы қай-қайсысында да қолдапыла береді. Мысалы кара мен ак, іші мен сырты, аз бен коп дегендер өз ара анто- нимдік қатынастағы, яғни қарама-қарсы мағыналы сөздер. Бүлардың бәрі де жеке-жеке түрінде кез келген стильде жүмсала береді. Бірақ қарсы мәнді мүндай сөздерді қатар алып, қабаттастыра қолдану кейбір, стильде (публицисти- калық-шешендік, сөйлеу тілі, көркем әдебиет стилінде) ғана мүмкін болады. Ғылыми, ресми-кеңсе стильдерінде анто- ним сөздер сирек үшырайды. Корксм одебиет стилінде ан- тонимдердің қызметі де айрықша байқалады. Бүл ерекшелік олардың мағыналық табиғатымен байланысты. Өйткені, тіліміздегі осы қарсы мәнді создсрді ақып, жазушылар өз ара қатар алып, шығарма тілінің коркемдігінс жүмсайды. Ак денесі ашылып, кара шашы тогіле жанылып жатыр (М. Әуезов). Бүлардың тобынан жырылып калған сүлу кыз ак көйлек, кара кемзелімен ауылдың түсін ашып. Жаңа
қара шапанын ак білегіне арта салып... (сонда). Алка-котан тігілген қара ала үйлердің калың ортасында бір-бір ақ үй жарык айдың қара су ішіндегі суретіндей жаркырай түседі (сонда). Сені қара түнде, ақ боранда, катер үстінде ажал- данайырғаңда... (сонда). Олайболса, Қүнанбайдыңда сыр- ты бүлардың ішін білмеген, елемеген кісі тәрізді болатын (сонда). Асанбай үйіне кіріп келгендедудырап кеткен үзын қара шаштарын аппақ шаң басып, кыскы аязда үзак жол- да кездесер ақбас қара бура сиякты еді (Ғ. Мүсірепов). Қыран баласына дүнне әрі кең, әрітар. Достарыда аз емес, жаулары одан да кеп. Азияның аязына, Африканың ыс- тығына шыдар үрпак керек (сонда). Антонимдер сондай-ақ публицистикалық стильде де қолданылады. Онда да сол белгілі бір ойды әсерлі етіп жеткізу мақсатында қосарлана жүмсалады. Жиналыста азшылығы кепшілігінің пікірімен сана- сып, бірауыздан дауыс берілді (газеттен). ФРАЗЕОЛОГИЯ § 29. Фразеология туралы түсінік “Фразеология” терминінің мағынасы өте кең. I. “Фразеология” термині кең магынада алғанда, белгілі бір тілдегі түрақты сөз тіркестерінің барлық түрлерінің жи- ынтығы деген үғымды білдіреді. Тілімізде қолданылатын жеке сөздермен бірге көптеген ерекше қалыптасқан сөз тіркестері және сөйлемшелер бар. Ол сөз тіркестерінің екі не одан да көп компоненттері бо- лады, бірақ сөз тіркестері семантикалық бірлікте болып, тұтас бір ұғымды білдіреді. Мысалы: көз бояу, жүрегінің түгі бар; ку бастан куырдактык еталғант.Ъ. Мұндай тұрақ- ты сөз тіркестерінің мағынасы ғасырлар бойы қалыптасып, ел аузында көп айтылып жалпы халыққа түсінікті болып кеткен. Мағынасы жалпыға белгілі, грамматикалық байланысы жағынан бір бүтін единица болып, қолданылуы дәстүрге айналған тұрақты сөз тіркестерін тіл білімінде фразеология- лык орам немесе фразеологизмдер деп атайды.
Фразеологизмдерге идиом, фраза, мақал-мәтелдер жа- тады. Сонымен бірге қалыптасқан тиянақты фразеология- лық топқа жататын сөздердің бір саласы - кос сөздер. Қазақ тіліндегі қос сөздер форма жағынан да, семантика жағы- нан да түрлі-түрлі болып келеді. Қос сөздер әдетге екі сөзді болады. Қүрамында үш сөз бар қос сөздер сирек кезде- седі. Қос сөздердің сыртқы белгілері: а) дефис арқылы жазылады: “тәлім-тәрбие” “бала-шаға, “үйме-жүйме ”т.б. ә) үтір: **үзын аркау, кең түсау”, “ару, ардагер”, “тебін- гіден тер жауып, кабырғадан кан жауып”т. б. б) қос сөздер қатарына даусыз енгізілуге тиісті “үлде мен бүлде” сияқты тізбектер “мен” жалғаулығы тұрған- дықтан сызықшаны да, үтірді де керек етпейді. Үтірмен бөлініп жазылған қос создерді “күрделі қос сөздер” деп атауға болады1. Қос создердің фразеологизм- дерге үқсастық белгілері көп. Ол үқсастықтар жоғарыда аталған еңбекте толық көрсетілгеп. Фразеологизмдердің озіне тон негізгі қасиеттері: 1. Дайын тілдік единица ретінде жүмсалады; 2. Жалпыға бірдей танылған қолдану заңы болады; 3. Мағына бірлігі сақталады; 4. Екі сөзден кем болмайды; Фразеологизмдердің қай-қайсысы болмасын (идиом, фраза, мақал-мәтелдер) бәрі де ең алғаш халықтың сөйлеу тілі негізінде қалыптасқан. Сондықтан олар омірдің бар- лық саласын қамтып, ішкі мазмүны жағынан өте бай ке- леді. Фразеологизмдер алдымен адамдардың ой-созімін, ара қатынасын, өмір тануын білдірсді. Қазақ тілі фразеологизмдерінің біразы өткір сықаққа қүрылған. Ол қасиет әсіресе жағымсыз бейнелерді сипат- тайтын идиом, мақал-мәтелдердс баса сезіледі. Мысалы: **түйе үстінен сирақ үйту”; “әу бастан куырдактык ет алу”; “жүмырткадан жүн кырыккан”; “пт екеш нтке де бір сүйек карыздар”т6. II. Фразеология - түрақты соз тірксстсріпің жүйссін зер- ттейтін тіл туралы ғылымның бір саласы. 1 /. Кеңесбаев, Ғ. Мүсабасв. Қазіргі казак тілі (лсксика, фонстика). Алматы, 1962,220—221 -бсттср.
Фразеология - соңғы жылдары дамып, қалыптаса бас- таған жаңа лингвистикалық пән. Фразеология өз алдына бөлек лингвистикалық пән рет- інде тіліміздегі фразеологизмдерді қүрылысына, мағына- лық ерекшелігіне қарай жіктеп топтастырады және түрақ- ты сөз тіркестерінің қүрамын анықтап, оның жасалу жол- дарын, даму зандылықтарын зертгейді. Түрақты сөз тіркестерінің мәселелері қазіргі таңда тіл ғылымында актуалды проблемалардың бірі есебінде зерт- теліп жүр. Өйткені фразеология - тіл мәдениетін артты- рып, шеберлікке үйрететін сөз өнерінің асылы. Сонымен бірге ол бір тілден екінші бір тілге аудару техникасын жет- ілдіреді, социалистік дәуірде жаңа фразеологизмдердің қалыптасуы мен баю жолын аңғартады. Лингвистикалық пәндер сөйлемді дүрыс қүрып, қалай жазуды, тыныс белгілерін қоюды оқытып үйретеді. Ал тілдік тәсілдерді өткір, нақтылы, дәл және мәнерлі қолда- ну, жалпы тіл мәдениетін арттыру сияқты мәселелер сти- листиканың үлесіне тиеді. Стилистика үшін фразеологизм- дердің мәнерлеу тәсілі ретінде маңызы зор. Сондықтан сти- листика түрақты сөз тіркестерінің тілімізде атқаратын қыз- метіне, оның қолдану зандылықтарына баса көңіл беледі. § 30. Фразеологизмдердің стилистикалық қызметі Тұрақты сөз тіркестері тілімізде екі түрлі қызмет атқа- рады. Бірінші, фразеологиялық бірліктердің негізгі қызметі - затгың не құбылыстың атын білдіретін (қызыл алаң, қүрмет тактасы, қырғи қабақ соғыс т.б.) және сөйлем түрінде келіп, пікір алысу құралы болатын тілдің элементі (Көзім ашылды. Белім бүгіліп еді. Аузын ашып қалыпты. Жақсы- дан жаман туған). Екінші, фразеологиялық единицалар тілімізге образды, бейнелі және мәнерлі рең беруде, тіліміздің эмоционалды-экспрессивті бояуын арттыруда зор мәні бар. Тұрақты сөз тіркестерінің осы қызметінің стили- стика үшін мәні ерекше зор. Сондықтан бұл мәселеге ай- рықша тоқталу қажет. Фразеологиялық единицалар тілімізді көркем, бейнелі
етіп, оған айрықша өц береді. Ол сөйлеу және жазу тілімізде ауыс мағыналы метафоралы сөз тіркестерін және басқа да бейнелі сөз орамдарының орынын тауып, нақгылы дәл қолданумен байланысты. Образдылық - түрақты сөз тіркестеріне тән қасиет. Мысалы: алдану- такырга отырып калу; момын- кой аузы- нан шөп алмас; алыс - нт аркасы княн; жас - белінен бесік табыкетпегент. б. Бұл түрақты сөз тіркестерінің, қүрамын- дағы компоненттерінің бәрі де ауыс мағыналы сөздер. Мүн- дай сөздер - айтылатын ойды бейнелі және әсерлі жеткізу үшін таптырмайтын тілдік қүрал. Бірақ фразеологизмдер ылғи осындай метафоралы болып келе бермейді: аңдыскан ауыл болмас; сактыкта корлык жок; сүлу - сүлу емес, сүйген - сүлу; мыңның түсін танығанша, бірдің атын біл; кыс азы- ғын жаз жина; игіліктің ерте-кеші жок т.б. Бүлар - алуан түрлі үғым, зат және табиғат, қүбылыс жайындағы кішігірім көркем шығарма тәрізді. Ондай соз орамдары, ақыл-кеңес ретінде жүмсалады. Мүндай қасиет көбінесе мақал-мәтел- дерге, нақыл сөздерге және шешендік сөздерге тән бола- ды. Ал ауыс мағыналы метафоралы соз тіркестерінің өзі де ылғи образды болып келмейді. Мысалы, үйдін кабырғасы және кабырғаңмен кеңес деген соз тіркестерін алайық. Бірінші, үйдің кабырғасы деген мағынада алынған метафо- ралы тіркес, бірақ образдылық қасиеті жоқ. Екінші, кабыр- ғанмен кеңес сөз тіркесін алатын болсақ, бұл тек ауыс ма- ғынадағы метафоралы сөз тіркесі ғана емес, сонымен бірге образды ойға қүрылған және оның жеке сөз түрінде жүмса- латын эквиваленті-сыңары бар (мысалы, “қабырғаңмен ке- ңес” - сөз тіркесі ақылдас дсген создің мағынасын білдіреді). Фразеологизмдер өздерінің бейнелік қүрылысы жағы- нан да әр алуан болып келеді. Онда түрақты эпитет, түрақ- ты теңеу, түрақты әсірелеу сияқты поэтикалық тіл үлгілерінің бәрі де бар: Тұракты эпитет: кыпша бел, бүраң бел, ай кабак, сүмбіл шаш, ак сүңкар, алма мойын, ит жанды, жылкы мінезді, айыр тілдіт.б. Тұракты теңеу: аткан октай, иненің жасуындай, коздің ңарашығындай, шөккен нардай, кордың кызындай, есектің миыидай, инемен күдык казғандай, көзге біткен сүйелдей, тонныңішкі бауындай, сөзі түйеден түскендейт.Ъ.
Түракты әсірелеу: көл-көсір, телегей-теңіз, көп түкірсе көл болады, әлемде теңі жок, ай десе аузы, күн десе көзі, көзі шарасынан шығу, жаны мүрнының үшына келу, көзді ашып-жүмғанша, кірпік какканша, кара кылды как жарған, кырык жамау, кырык күн ойын, отыз күн тойын, тебінгі- ден тер жауып, кабырғадан кар жауып т.б. Түракты литота. Әсірелеуде белгілі бір зат не құбы- лыс шамадан тыс үлкейтіліп айтылса, литотада, керісінше, өте кішірейтіліп сипатталады. Мысалы: тізе бүкпеу, бел жазбау, кірпік какпау, көз ілінбеу, тірі жан жок, бір мнну- тка, немесе дүниені бір уыс кылу, бір тарының кауызына сыйғызу, иненің жасуындай, темір етік теңгедей, темір таяк тебендей, түйе сойған ешкі сойғаннан куырдактык етдәме- теді, тіс шүкитын шөп таба алмаут.б. Фразеологизмдерге образдылық, мәнер беретін синтак- сис, фонетика және ырғақ сияқты көптеген тәсілдер бар. Бүл тәсілдер тұрақты сөз тіркестерін поэтикаға жақында- тады. Мәселен, фразеологизмдердің көпшілігі шендестіру, дамыту, параллелизм, анафора сияқты поэтикалыкгсин- таксиске қүрылған. Шендестіру (антитеза) жолымен құрылған тұрақты сөз тіркестері: мыңасуға бір тосу, бірде бие, бірде түйе, түздегі май ішсе, үйдегі зәр ішеді, атадан алтау тусаңда, бір жал- ғыздык т.б. Антонимге құрылған мақал-мәтелдер: көп тың- да, аз сөйле, бетегеден биік, жусаннан аласа, еріншек егін- шіден елгезек масакшы озады, сенің атың түра түрсын, менің атым жүре түрсын т.б. Фразеологизмнің ішінде ма- ғынасы бір-біріне қарама-қарсы қүрылған антонимдік құбы- лыстарда фразеологиялық антонимдер байқалады: жүрек жүткан, су жүрек, көк ми, маңдайы кере қарыс, ат ізін салмау, күн күрғатпау, көзі ашык, әліпті таяк деп білмеу, жердіңжеті түбі, осы түрғанжерт. т. Оксюморон - мағынасы қарама-Карсы, антоним сөздер өз ара тіркесіп, бір ұғымды білдіреді: тірі ат/Аг(тірі аруақ), тірі жетім, жаман жаксы көру, уәдеден шығу (уәдесінде тұрды деген мағынасында айтылады), жіпсіз байлану, пы- шаксыз бауыздау, сондай-ақ, қайырсыз пайдадан кайырлы залал, тікеннен гүл, заһардан бал, қарға баласын аппағым дер, кірпі баласын жүмсағым дер, мен - тумаған балаға кіндік шеше, кашпаған кашар сиырдың уызына, өгіз бүзау-
лағанда, ешкінің күйрығы көкке, түііенің күйрығы жерге жеткенде дегендердің әзіл-ойын аралас келетін сөйлеу тілі фразеологизмдерінің оксюморонға үқсастығы байқалады. Дамыту: оқу - білім, бүлағы, білім - омір шырағы, тай күнанға жеткізер, күнан атка жеткізер, ат мүратка жеткізер т. б. Параллелизм: киім кірі жуса кетер, көңіл кірі айтса кетер, гүл өссе жердің көркі, кыз өссе елдің көркі, сүңгінің жарасы бітер, тіл жарасы бітпес т. б. Бүл қүбылыс мақал мен афоризмдерде жиі кездеседі. Анафора деп сөзді не сойлемшені сөйлемнің басында бірыңғай қайталауды айтады: кол-колды табады, бояушы- бояушы дегенге сакалын бояйды, көре-көре көсем болады, сөйлей-сөйлей шешеи боладыт. б. Эпифорада қайталанатын соз керісінше сөйлемнің аяғында келеді. Мысалы, жаз шанаңды сайла, кыс арбаңды сайла, аласаны атка санама, жакыныңды жатка санама, аш- тык ас талғатпанды, ашыктык жас талғатпайды, жаксыда кекжок, кектіде текжокт. б. Қайталаудың бүл түрлері каламбурдың жасалуына негіз болады. Дүниекор - дүнненің күлы, кашпаған кашар - си- ырдың уызы, бояушы-бояушы дегенге сакалын бояйды, жаксыда кекжок, кектіде тек жок дегсн мысалдар түбірлес сөздердің әр түрлі мағынада қолданылуы аркылы жасалғ- ан каламбурлар. Фразеологизмдерге бейнслік, мәнсрлік сипат беретін дыбыс үйлесімі - ырғақ жәнс үйқас болады. Фразеологизмдердің бірқатары олсң сияқты үйлесімін сақтап, ырғаққа, үйқасқа қүрылған. Мысалы: сабыр түбі - сары алтын, сабырлы жетер мүратка, сабырсыз калар үятка, кысыла-кысыла кыз болдым, айтпа, айтканыңнан кайтпа, аманат, аманатка кылма княнатт. б. Фразеологизмдердің өлец тәрізді осындай ырғаққа, үйқасқа қүрылуының өзі кездейсоқ емес. Түрақты сөз тірке- стерінің үмытылмай үзақ жылдар “омір сүру” сырының өзі осы ырғақ пен үйқасқа қүрылуында болу керек. Өйтксні ырғақ, үйқасқа қүрылған мақал-мәтелдер мен шсшендік на- қыл сөздер белгілі бір қалыпта айтылып көңілге қонымды, жаттауға оңай келеді. Бүл жалпы фразеологияның табиға- тына тән қасиет.
Жоғарыда келтірілген фразеологиялық бейнелік мәнер- легіш тәсілдердің барлығы да дайын тілдік единица ретін- де жұмсалады. § 31. Фразеологиялық синонимдер Тұрақты сөз тіркестері мен сөйлемшелердің бір-бірімен мағына үқсастығын әдетте фразеологиялық синоним дейді. Мысалы, жүмған аузын ашпау “үндемеу”деген сөзге экви- валент болса, екінші жағынан, тісжармау, ләм демеудеген сөз тіркестеріне синонимдес эквивалент болады. Фразеологиялық синонимдер екі, үш, төрт, одан да көп болып келе беретіні байқалады. Мысалы: Телегей-теңіз, көл-көсір(квп). Итжанды, жылкымінезді (төзімді). Маңдайы ашылған, қыдыр дарыған, бак қонған (бақытты). Сағы сыну, тауы шағылу, жүрегі шайылу (беті қайту). Тайға таңба басңандай, атқан таңдай, соқырға таяк үстаткандай (айқын). Сакалын сипап калу, түзға отырып калу, такырға отырып калу, аузыкүю (алдану). Көздіашып жүмғанша, кірпік какканша, иек көтергенше, кас пен көздің арасында, көз ілеспеу, ауыз жиғанша, тіл катканша, ә де- генше, әне-міне дегенше, әп-сәтте (жылдам, лезде). Кейбір фразеологиялық синонимдер бірінен соң бірі са- тылап дамып, сөз тіркестерінің мағынасы кеңейе түскен. Бүған уақыт пен қашықтықты білдіретін фразеологизмдерді мысалға келтіруге болады: шай кайнатым, сүт пісірім, ет асым, бие сауым; таяк тастам, аркан бойы, козы көш жер, көшжер, ат шаптырымт. б. Фразеологизмдердің бір ерекше сипаты - мақал-мэтел- дердің өз ара синонимдес келуі. Мысалы: 1. Алдыңғы арба қалай.жүрсе, Соңғы арба солай жүреді. 2. Сиыр су ішсе, Бүзау мүз жалайды. 1. Тау мен тасты су бұзар, Адамзатты сөз бүзар. 2. Қотыр қолдан жұғады, . Пәле тілден жүғады.
1. Өзінің түйедейін көрмей, Біреудің түймедейіп көрген. 2. Жығылып жатып, Сүрінгенге күлген. 1. Ақ жүрген адам-азбас... Аққа қүдай жақ. 2. Текжүрсең, Тоқ жүрерсің т. б. Сөйтіп, фразеологиялық синоним дегеніміз - әр түрлі образға қүрылған, бірақ мағынасы бір-біріне жақын, түрақ- ты сөз тіркестері. Фразеологиялық синонимдерге плеоназмдар мен периф- разалар1 да жатады. Плеоназмдарға мысалдар: жарым-жарты, самал жел, ұлан-байтак, коңыр салкын, жарык сәулс, сәске түс, акыр аяғыт. б. Перифразаларға жататыидар: кыз бала - такия тігер, кырык жеті(архаизм); ер бала - ат үстар, еркек кіндік; ақшам аз - калтам таяз; арақ - акаң, акмағамбет, көк мойын, ащы су, зәм-зәм суы т. б. Перифразаның ерекшс бір түрі — эвфемизм. Периф- разаның бүл түріне бірнешс мысал келтірейік. Өтірікші - аузынын желі бар; түсіиеді - төбесі тесік; үры - колының жымкырмасы бар; үрлық қылманды - біреудің ала жібін аттамайды; үрлапу - колды болу; олді - келмеске аттану, пейішке аттану, жан тәсілім кылу, о дүииеге аттану, мәңгі үйкыға кету, жаны жаһаннамға кетті, өсек-сыбыс - сым- сыз телефон, үзын күлак Эвфемизмдср осылайша әр түрлі себептермен астарланып айтылады. Яғпи жағымсыз қылық- тарды сыпайылап, жүмсартып айтуды коздейді. Егер діни үғымға байланысты эвфемизмдерді айтпасақ, жалпы тілдік эвфемизмдердің негізінсн анайы, түрпайы сойлеуден сақ- тандырып, сыпайы болуға баулитыны байқалады. Бүдап ха- лықтыңтілді жоғары эстетикалық талғаммеп пайдалануын көреміз. 1 Псрифраза (грекшс рсгі — айнала,— рһгаяіі—айтамын)—бслгілі бір үғымды әдсттсгідси баскаша соз орамы нсмссс соз тіркссі аркылы түсіндіру.
Фразеологиялық синонимдер бір-бірінен семантикалық реңіне, стильдік бояуына және қолдану аясына қарай ерек- шеленеді. Мысалы, тайға таңба баскандай, аткан таңдай, сокырга таяк ұстаткандай синонимдері ашық, айқын деген үғымды білдіретін мағынасы жақын сөздердің тіркестері болғанымен, олардың экспрессивті қасиеті мен қолдану аясы бірдей емес. Мүндай өзгешелікті алдыңғы арба калай жүрсе, соңғы арба солай жүрсді мен сныр су ішсе, бүзау мүз жалайды сияқты мақал-мәтелдерден де байқаймыз. Ал кейбір фразеологиялық синонимдер бірыңғай болып келеді: беті кайту, сағы сыну, тауы шағылу, жүрегі шайылут. б. § 32. Фразеологиялық единицалардың эмоциональды-экспрессивтік бояуы Жеке сөздерге тән эмоциональдық-экспрессивті бояу түрақты сөз тіркестерінде де болады. Яғни бүрыннан қдлып- тасып түрақталған айрықша экспрессивті бояулы сөз тірке- стері болады. Экспрессивті тұрақты сөз тіркесін сол дайын күйінде пайдаланып, сөйлеуші зат не қүбылыс туралы өзінің көзқарасын және оны қалай бағалайтынын білдіреді. Эксп- рессивті түрақты сөз тіркесі сөзімге айрықша әсер етеді. Мысалы: үріп ауызға салғандай, жүрек жүткан деп жағым- ды образ туралы айтылса, коян жүрек, тас бауыр, жүмырт- кадан жүн кырыккан дегендер жағымсыз образ жайында айтылады. Бүл мысалдардағы экспрессивті түрақты сөз тіркестері адамның бойында болатын жағымды және жа- ғымсыз қылықтарды әсерлі бейнелейді. Экспрессивті түрақты сөз тіркестері әр түрлі көңіл күйі- не байланысты жүмсалады. Мысалы: Көзімнің карашығы! Іске сәт! Неткен, сүмдык! Қара баскыр! тәрізді экспрессивті сөз тіркестер тілімізде әр түрлі жағдайда қолданылады. Эмоциональдық-экспрессивті сөздердің тіркесін мына төмендегідей бірнеше топқа бөліп көрсетуге болады. Бірінші топқа үріп ауызға салғандай, іші-бауыры елжіре- ген, емешесі күрыған, жүрек жұткан, коян жүрек, тас бау- ыр, ку табан, сор маңдай, жұмырткадан жүн кырыккан, ку бастан куырдактың ет алған, ит екеш иттен де бір сүйек карыздар сияқты жағымды және жағымсыз образды сипат- 114
тайтын эмоциональды-экспрессивті тұрақты тіркестерін жатқызуға болады. Екінші топқа адамның әр түрлі коңіл күйін білдіретін түрақты тіркестер жатады. Бүл топқа жақсы көру, еркеле- тумен байланысты қолданылатын тіркестер: көзімнің кара- шығы, жан калкам т. б. жатқызуға болады. Тілек мәні бар тіркестері: іске сәт, күтты болсын, оң сапар, кайырлы сапар, аның тусын оңыңнан, жүлдызың ту- сын солыңнан, бакытты бол, мүратка жет, үбірлі-шүбірлі болт. б. Және каргыс мәнді тіркестер: тумасаң туа шөк, кырык жілік болғыр, сеспен кат, ката кал, желкең кныл- сын, тілің кыркылсын, жолың болмағыр, көк соккан, жер жастанғыр, көзіңе көк шыбын үнмелесін, кара бет (жүзі қара), мойның үзілсінт. б. Көптеген сөз тіркестері интонация, ырғақпен айтыла- ды. Бүған саяси-әлеуметгік үрандар, сөйлеу тілінде жүмсалатын сүраулы және лепті сойлемдерді жатқызуға болады. Мысалы: Тәуелсіздігіміз баянды болсын! Халыктардос- тығы жасасын! Бейбітшілік үшін.Ч Тәуелсіздік жасасын! Мереке күтты болсын! Кім білсін? Не істенін! Қара өзін! Өкінішті-ак! Әй, білмеймін! Неткен сүмдык!т. б. Кейбір сөз тіркестері (әсіресе еліктеуішті қос сөздер) бейнелеу, көріктік сипат беру қызметін атқарады. Мәсе- лен, маң-маң баскан тіркесі әдемі, маңғаз жүрісті күз ал- дыңа елестетсе, бүрсең-бүрсең қос созі суықтан қалтырап немесе кәріліктен еңкейіп, бүрсеңдеп бара жатқан адам- нын кейпін көрсетеді. Қопаң-копаң, сылаң-сылаң, маймаң- маймаң сияқты еліктеуіш создердің де бейнелік сипаты күшті. Көптеген фразеологизмдердің (әсіресе мақал-мәтел- дердің) эмоциональды-экспрессивтік бояуы контексте анық сөзіледі. § 33. Фразеологизмдердін экспрессивті стильдік касиетіне карай топтастырылуы Жоғарыда айтылғандай түрақты соз тіркестері қүрамы жағынан бірыңғай, біркелкі болып кслмсйді. Фразеологиз-
мдер де жеке сөздер тәрізді адамдардың бір-бірімен жа- сайтын қатынасының түріне қарай жүмсалып, олардың қол- дану аясы не кеңейіп, не тарылып отырады. Мүның себебі түрақты сөз тіркестерінің белгілі бір қатынас түрінде, (стильдік ыңғайда) көбірек қолданылып, сол стильге тән болуынан. Өйткені тілдің өзі бірнеше стильдердің жиын- тығы болып келеді де, ол стильдердің әрқайсысының өзіне тән тілдік тәсілдері болады. Фразеологизмдердің осылай- ша белгілі бір стильге телінуі оның экспрессивті қасиетін түрлендіріп отырады. Сонымен бірге фразеологизмдердің қолданылу ерекшелігін де байқатады. Оған фразеология- лық синонимдер жақсы мысал бола алады. Жоғарыда кел- тірілген тайға таңба басқандай, атқан таңдай, соқырға таяқ үстатқандай сөз орамдарын алатын болсақ, олардың қолда- нылу аясы бірдей емес. Бүлардың алдыңғы екеуі (тайға таңба басқандай, атқан таңдай) көркем сөз бен публицис- тикаға бейім болса, соқырға таяқ үстатқандай тек қарапай- ым сөйлеуде ғана қолданылады. Алдыңғы арба қайда жүрсе, соңғы арба сонда жүреді мен сныр су ішсе, бүзау мүз жа- лайды сөз тіркестері де осындай екі түрлі (бірі бейтарап, екіншісі - сөйлеу тілінде) жүмсалады. Жалпы сөйлеу тілі фразеологиясының көпшілігі жағымды және жағымсыз эмоцияны білдіруге негізделген. Сондықтан, олардың бей- нелегіштік қасиеті айрықша сезіледі: үріп ауызға салған- дай, жүрек жүтқан, жүмыртқадан жүн қырыққан, қу бас- тан куырдақтық ет алған т. б. Түрақты сөз тіркестерінің ішінде сөйлеу тілі ыңғайын- да көбірек пайдаланылатындары - идиомдар. Ал, мақал- мәтелдердің қолданылу аясы идиомдарға қарағанда кеңі- рек, өйткені мақал-мәтелдер бейтарап қолдануға бейім ке- леді. Сонымен қатар фразеологизмдердің ішінде кітаби-жаз- ба стильдерде жүмсалып танылғандары аз емес. Оларға жаз- ба тіл негізінде қалыптаскан, кітаби сипаттағы сөз тіркес- терін жатқызуға болады: Бостандық аралы - Куба, Үлкен химия, косымша күн, дала падишасы, үндестік заңы, сүрақ белгісіт. б. Міне, тіліміздегі әр алуан фразеологизмдерді бір текті, бірыңғай қолдануға болмайды. Сондықтан фразеологизм- дерді экспрессивті-стильдік бояуына қарай бөліп топтас- тыру ыңғайлы.
Қазіргі казак тілі фразеологиясы осындай белгісіне қарай мынадай үш топқа бөлінеді: 1. Бейтарап колданыла- тын фразеологизмдер. 2. Сөйлеу тілі фразеологиясы. 3. Кіта- би сипаттағы фразеология. § 34. Бейтарап қолданылатын фразеологизмдер Бейтарап сөзі жалпылама деген мағынаны білдіреді. Бей- тарап фразеологизмдер дегеніміз - сөйлеу стилінде болсын, кітаби - жазба стильдерінде болсын жалпылама колданы- латын тұрақты сөз тіркестері. Өйткені, бұл топтағы сөз тіркестерінің, стильдік сипаты болмайды (сөзінде түру, сенімді актау, карсы алу, дауыс беру, шын жүректент. б). Сондай-ақ бейтарап қолданылатын фразеологизмдердің эмоционалды-экспрессивті бояуы да болмайды, зат пен құбылысты тек атап қана қояды. Мысалы, ит арба, ит аяк, ит көйлек сияқты сөз тіркестерін алатын болсақ, бүлар тек заттың аты болғандықтан, олардың экспрессивті бояуы да, бейнелегіштік қасиеті де жоқ. Осы тұрғыдан алып қарағанда, бейтарап фразеологизм- дер тобына тұрақты ұғым болып қалыптасқан жер-су атга- ры және кейбір терминдік сипаттағы сөз тіркестері де енеді. (Қара теңіз, Ақ теңіз, көз әйнек, ауыр өндіріс, ак өлең т. б.) Стильаралық сипаттағы тұрақты сөз тіркестерінің жалпы саны, бейтарап лексикамен салыстырғанда өте аз. Олай болатын себебі, қазақ тіліндегі фразеологизм- дердің көпшілігі образды қызмет атқарып не жағымды, не жағымсыз ыңғайда жүмсалады. Газеттерде, кейде бей- тарап фразеологизмдердің бұл қасиеті сақтала да бер- мейді. Мысалы, қол ұшын беру сөз тіркесінің қолданы- луы төмендегідей: Сондағы азаматтар ауыл халкына біраз жәйітті тү- сіндірсек, көмектесіп қол үшын берсек, фермерлер жері- нен айырылып калмаса екендейді (газеттен). Жолдастары қол үшын беріп көптен көздеген макса- тына жетті (газеттен). Өзінің туып өскен жеріне әркашан қол ұшын беруге дайын (газетген).
§ 35. Сөйлеу тілінің фразеологиясы Фразеологизмдер ең алғаш сөйлеу тілінде не жазба тілде қолданылып жалпыға танылады. Қазақ тілінің фразеоло- гизмдерінің дені жазба тіл дамымай түрып, сөйлеу тілінің негізінде қалыптасқан. Бұл топқа қазақ тіліндегі идиом, мақал-мәтелдер және нақыл сөздер жатады. Сөйлеу тілінде жұмсалатын түрақты сөз тіркестерінің қүрамында қарапайым, түрпайы сөздер және кәсіби фразеологизмдерді жатқызуға болады. Кәсіби сипаттағы фразеологияға шопанның әке таяғын үстауы, студенттердің қүлап қалу, оқытушылардың ашық сабақ сияқты тіркестерді атауға болады. Ескі қоғамға тән фразеологияға жаугершілік, барымта, саудагерлік, пайдак- үнемдікпен байланысты туған тіркестер жатады: барым- таға қарымта, сауда сақал сипағанша, саудада достық жоқ, қүрғақ қасық ауыз жыртады, алтын көріп періште жолдан тайыпты, есепсіз дүние жоқ т. б. Қарапайым, түрпайы фра- зеологизмдердің қолданылу аясы тар: соқырға таяқ үстат- қандай, итжоқта шошқа үредіт. б. Сөйлеу тілінің фразеологизмдері тек бір стильде ғана қолданылғандықтан, оның экспрессивті бояуы басым ке- леді. (Қоздыру - жел беру, шаршау - ит сілесі қату, ақымақ - көк ми.) Сонымен бірге бүл оның стильаралық фразеоло- гизмдерге қарағанда қолданылу аясының тарлығын көрсе- теді. Бірақ сөйлеу тілі фразеологизмдерінің экспрессивті стильдік бояуы қүбылмалы болып келеді. Мысалы: 1. Әуелгі байлық - денсаулық Екінші байлық - он саулық Үшінші байлық - ақ жаулық. 2. Бір шүйке басқа жету үшін мен не істемеді дейсің! Киноға артық билет алып, жалғыз-жарым жүрген қыздар- ды қасыма отырғызып та көрдім, бүзықтарға тап болған бикештерді арашалап та көрдім. Мүндағы ақ жаулық пен шүйке бас “әйел” деген мағынаны береді, ал экспрессивті бояуы жағынан бүлар бірдей емес. Әсіресе соңғысы (шүйке бас) әр түрлі оттенкті білдіреді. Осы жерде шүйке бас - “Әркім сүйгенін шұнағым” тәрізді еркелету мағынасында қолданылған. Сөйлеу тілінің фразеологиясы осындай об- раздылығымен бірге қарапайым да болып келеді. Жел беру,
көзге түрткі болу, ит корлык, басты катыру, күлағының етін жеу, күлағын сасыту, сымсыз телефон, кызыл ауыз, жез өкше, жел өкпе, көк езу, көк айыл т. б. Сөйлеу тілі фразеологиясының жеке сөздері, яғни эк- виваленті (кыздыру — жел беру, тоғаю - жыланы кайту) өз ара мағыналас келеді де, бір-біріне синоним болады (маза- лау- күлағының етін жеу, мпын ашыту; жылдам кетіп калу, тайып отыру, тайып түрды, табанын жалтыратты, жонын бір-ак көрсетгі, шаңына ілестірмеді). Сөйлеу тілінің фразеологиясы басқа стильдерге қара- ғанда варианттар мен сииоиимдсргс оте бай келетіні бай- қалады. Сөйлеу тіліндсгі фразеологиялық синонимдер об- раздылығы және экспрессивті бояуы жағынан сан қырлы, қүбылмалы келеді. Бүл күбылыс сойлеу тіліне айрықша бір эмоционалды рең береді. § 36. Кітаби сипаттағы фразеологизмдер Қай стиль болмасын оның озінің срекшелігі болады. Ол ерекшелік стильдерді бір-бірімен салыстыруда байқа- лады. Сөйлеу тілінің фразеологиясы күнделікті түрмыста ауызекі сөйлеуде қолданылып, оныц экспрессивті стильдік бояуы еркелету, әзіл-сықақ, түрпайы, қарапайымдылық мәнде болса, кітаби тіл фразеологизмдері көбіне жазба тілге тән. Көркем шығармада поэтикалық сипат, публицистика- лық шығармада салтанаттылық басым болса, ғылыми шы- ғармалар логикалық дәлдікті тілейді т. б. Ал жазба тіл фразеологиясы поэтикалық, публици- стикалық және терминдік сипатта болып келеді. Бұл топ- тағы фразеологизмдерге жазба тілінің негізінде қалыптасқ- ан түрақты сөз тіркестері түгел енеді. Жазба тілдің негізінде қалыптасқан фразеологизмдер қүрамы жағынан әр алуан. Бүл топта канатты сөзге айна- лып кеткен саяси кайраткерлер мен жазушылардың әр кез- де айтқан сөздері мен күрделі терминдер, саяси үрандар бар. Қанатты сөздерге жататын тіркестер: "Азда болса, жак- сы болсын, куып жету және басып озу. “Өлі жандар” (Үо- голь). “Дворян үясы”(И. С. Тургенев). “Қүндактағы адам” (А. П. Чехов). “Адам деген - ардақты ат, Егер жау берілмесе.
оны күртар болар” (М. Горький). “Өмір де жаксы, омір сүру де жаксы” (В. Маяковский). “Адамдар, мен сіздерді сүйген едім. Қырағы болыңдар!” (Юлиус Фучик) т. б. Бүл сөз орамдары орыс тілінен публицистикалық және көркем шығармалар арқылы еніп, қазақ тілі фразеология- сын байыта түсті. Сондай-ақ қазақ ақын-жазушыларының қаламына тән қанатты сөздер аз емес. Мысалы, “әкесінің баласы адамның дүшпаны, адамның баласы бауырың. Адам баласына адам баласының бәрі дос. Адамның адамшылығы істі бастағанынан білінеді” (Абай). “Өнер-білім бәрі де окуменен табылған” (Ыбырай), “Ереуіл атка ер салмай” (Махамбет). “Аянбаған жауды аядр”(Жамбыл). “Ар жаза- сы — бар жазадан ауыр жаза. Жалған намыс касиет емес, ар сактаған касиет(ІАүхд&р). “Жасык болуданжігер артык Адамға өткендәуір бәрі сабак, ” (Сәбит). Жазба тілінің негізінде қалыптасқан фразеологизмдердің бір түрі — терминдер. Терминдердің фразеологизмдерге үқсас болатын жерлері бар. Алдымен күрделі терминдер сөз тіркесі күйінде жүмсалып, зат және қүбылыстың атын білдіреді. (Теміржол, үндестік заңы, квадрат теңеу, өзіндік күн, сюжеттік линия, тап жауы, абсолютті ақикат т. б.) Заттың, күбылыстың аты — түрақты категория. Солай бо- лғандықтан күрделі терминдер де түрақты сөз тіркестері ретінде - қолданылады. Кейбір күрделі терминдер бейнелі сөз тіркестерінің үлгісінде келеді (су караңғы, сокыр ішек, асказан, көз әйнек, сегіз көз, ак олимпиада, Жегікаракшы, көгілдір тың, көгілдір отынт. б.) Күрделі терминдердің бүл белгілері оны түрақты сөз тіркестері ретінде қарауға болатындығын көрсетеді. Күрделі терминдер заттың және қүбылыстың аты бол- ғандықтан өмірдің әр түрлі салаларын қамтиды (ғылым, техника, спорт, шаруашылық т. б.). Ғылыми терминдердің өзі дәл ғылымдық, техникалық терминдер (айнымалы айналыс, шексіз бөлшек, квадрат, теңдеу, сокыр ішек, фрезерлі станокт. б.) және гуманитар- лық ғылымдар мен саяси-әлеуметтік терминдер (сюжеггік линия, жағымды бейне, ак өлең, музыкалык әуен, сахна шеберлігі, кыл калам, өзіндік күн, жеке адамға табыну, т. б.) болып бөлінеді. Әкімшілік және шаруашылық терминдерге өндірісгік
күш, өндіргіш күш, Халык каһарманы, мемлекеттік сый- лык, жастар үжымы, ауыр өндіріс, үлкен химия, жауап- кершілігі шектеулі серіктестігі т. б. тіркестер енсе, спорт терминдерінің қатарына футбол алаңы, жасыл алаң, еркін стиль, жеңіл атлетика, ауыр салмакты, ак олимпиада т. б. осылар сияқты тіркестер жатады. Саяси үрандар: Бейбітшілік жасасын! Халыктар достығы жасасын! Тәуелсіздіктің туы желбірей берсін! т. б. шығар- малардың негізінде қалыптасқан фразеологизмдердің қүра- мында қарастырған жөн. § 37. Көнерген тұрақты сез тіркестері Тілімізде тек қана көнерген создср ғана смсс, сонымен қатар көнерген сөз тіркестері де бар. Фразеологизмдердің құрамында архаизмдер де, историзмдер де кездеседі. Сон- дықтан оларды фразеологиялық архаизмдер мен фразеоло- гиялық историзмдер деп екі түрлі атау орынды сияқты. Фразеологиялық архаизмдерге тілдің даму процесіндс жалпылама қолданудан шығып қалған кейбір түрақты сөз тіркестері жатады. Бұл топтағы фразеологизмдер көбінесе діни ұғыммен және салт, әдет-ғұрыппен байланысты сөз тіркестерін қамтиды. Діни ұғыммен байланысты келетін соз тіркестеріне бесін намаз, сегіз жүмак, жеті тамык, кыл көпір, акыр заман, топан су, күрбан айт, күрбан шалу, күрмалдык айту, көк кошкарың болайын, жерге түскен жеті әліп, ғайып ерен кырык шілтен, әулпеге ат айтып, корасанға кой айтып т. б. жатады. Салт, әдет-ғұрыппен байланысты сөз тіркес- теріне жататындар: кырык жеті, отыз жеті, үрын бару, ірге көру, отка май күю, шашу шашу, кол үстатар, бет ашар, шаш сипатар, бауыздау күда, өлі-тірісін беру, кос катын алу, токал алу, төсек жаңғырту, сүйек жаңғырту немесе ат- шапан айып, үйірімен үш тоғыз, заманың калай болса, бөркіңді солайки, аузы кисык болсада бай баласы сөйлесін, күм жиылып тас болмас, күл жнылып бас болмас, ойелдің шашы үзын, акылы кыска, байтал шауып бәйге алмас, шын- жыр балак шүбар төс, алтын басты әйелден бака басты ер артыкт. б.
Фразеологиялық историзмдерге тарихи бір кезеңде зат не құбылыс туралы үғымды білдіріп, қазір онша көп қол- данылмайтын тұрақты сөз тіркестерін жатқызуға болады. Историзмдерге жататын тұрақты сөз тіркестері: бай ба- ласы, жарлы баласы, ата баласы, қара шаруа, қара шекпен, басы байлылық, кедей теңдігі, әйел теңдігі, өз ара салык, тапжауы, халыкжауы, кедейлер комитеті, жераудару, төре аға, жүз басы, кос өкімет, кызыл отаут. б. Фразеологизмдер ертеден халықпен бірге жасасып келе жатқан бейнелі сөйлеу үлгілері болғандықган, онда көнер- ген грамматикалық формалар да кездеседі. Мысалы: “ат жаксысы картады, негізіне тартады”немесе “жаксы сылау- мен жариды, жаман сылаумен кәриді” дегендегі “кәриді”, “қартады” формалары - көне формалар. Бүлар осы күнгі қазақ тілінің грамматикалық формасы бойынша “картая- ды”, ”кәртейеді”тір\ндц айтылуы керек еді1. Түрақты сөз тіркестерінің ішінде өзінің көнелігі жағы- нан идиомдар ерекше орын алады. Бүл ретте академик I. Кеңесбаев былай дейді: “Идиомдар әрбір тілдің өзіне тән категориясы болумен қатар, бұл категория - басқа сөз тізбектеріне қарағанда анағұрлым көнеленген категория. Ба- сқаша айтқанда, бірнеше сөздің тобы идиом болу үшін көп замандар болу керек, өйткені идиомның шеңберіне енген сөздер дерексізденіп (абстрактанып) өзінің тікелей мағына- сынан айрылу үшін белгілі бір мерзімдік шарт керек. Әр тілдің өзіне лайық идиомды сөздері болу үшін, сол тілге бұл шарт- тан басқа халықгың салт-сана, әдет-ғүрып, тұрмыс-күй, мәде- ни дәрежесі, ортақгылығы керек екендігі белгілі нәрсе”1 2. Көнерген фразеологизмдер көркем әдебиетте бейнелілік, мәнерлегіштік қызмет атқарады. Көнерген тұрақты сөз тіркестері сез болып отырған кезеңге дәуірлік сипат беру мақсатымен эсіресе тарихи шығармаларда көбірек қолда- нылады. Мысалы: “Ел салтына, әдет-ғүрыптың бәріне әрі ойша мойындап, әрі соны бір үлкен романтикалы күндей ыстык көріп, Сыздык бүл жолы ұрын баратын болған. 1 /. Кеңесбаев, Ғ. Мүсабаев. Қазіргі қазақ тілі (лексика, фонетика). Алматы, 1962, 219-бет. 2 /. Кеңесбаев, Ғ. Мүсабаев. Қазіргі қазақ тілі (лексика, фонетика). Алматы, 1962, 219-бет.
Немесе: Өзі палендей батыр, онерлі, әрлі жігіт болмаса да, ата баласы гой деп атасының аруағын сыйлап, ел осыны. болыс койған: аузы қисық болса да байдың ұлы сойлесіннің керіболған”(ЪА. Әуезов). Еңбекші қара халыктың үстем тап окілдерінің зүлым- дығын өлтіре әшкерелейтін мақал-мәтелдер де көп: хан каракшы, халык сарапшы, сопы сүмнан шығады, шала мол- да шарык айтар, төреге ерген ер-токымын аркалар т. б. Осы келтірілген сөздердің тұрақты тіркестерінің әлеу- меттік бояуы айрықша байқалады. Сондықтан бүл топтағы түрақты сөз тіркестерін “әлеуметтік мәнді фразеологизм- дер” десе де болады. Көнерген түрақты сөз тіркестері жәпе әлеуметтік мәнді фразеологизмдерді М. Әуезовтің “Абай жолы”, С. Мұқа- новтың “Сұлушаш”, “Ботакоз”, Ғ. Мүсіреповтің “Оянған өлке” және басқа шығармаларынап коп кездестіреміз. § 38. Фразеологизмдерді қолданудың стилистикалық тәсілдері Фразеологизмдер созді жандапдырып, тілімізге өткірлік сипат, үлттық ажар беретін стильдік мәні айрықша құрал болып саналады. Тұрақты сөз тіркестері (қанатты соз, мақал-мәтелдер, идиомдар) аз сөзбен көп мағынаны білдіреді; тілдің стильдік сапасьн арттырады. Мақал-мәтел — астарлап, кестелеп айтатын ойдың бей- нелі көрінісі. Мақал көбінесе тияпақталғап қорытынды ой рстінде, сөйлем түрінде келеді (мысалы: Коп сөз - көмір, аз сөз алтын. Жаксыдан үйрен, жаманнан жнрен. Аңдамай сөйле- ген ауырмай өледіт. б.). Мәтел формасы жағынан бейнслсп сойлеудің элементі сияқты. Онда ой аяқталмай келте қайырылады. (үзынаркау, кең түсау. Ауырдың үстімен, жеңілдің астымсн т. б.). Сөз өнерінің асылы мақал-мотслдер ақын-жазушылар- дың стилінің қалыптасуына ықпал жасайды. Бүл жайында М. Горький “Менің жазуды қалай үйренгенім жөнінде” де- ген мақаласында былай деп жазады: “Асылында, мақал-
мәтелдер еңбекші халықтың түрмысындағы басынан кеші- ргенін, көргенін, саяси-өлеуметгік тәжірибесін қдлыпқа ше- бер күяды, сол себепті жазушының бүл материалмен таны- суы өте қажет, өйткені бүл материал бес саусақты жүмып, жүдырығыңды түйгендей сөзді сығымдауға үйретеді, өзге- лердің солай сығымдап айтқан сөздеріндегі астарын аша біліп, дәуіріміздің міндетгеріне зиянды, алі пікірлерді әшке- релеуге үйретеді. Өз басым мақалдан көп нәрсе үйрендім, басқаша айтқанда, ойларымды нақыл сөзбен жүп-жүмыр етіп бере білуді үйрендім”1. Фраэеологизмдер — сейлеу тілінде де, жазба тілде де көп қолданылады. Ал оның бейнелегіштік-мәнерлегіштік сипаты әсіресе көркем және публицистикалық шығарма- ларда айқын көрінеді. Көркем шығармада: “Осындай аумалы сағатгарда кала- ның халі кыл үстінде түргандай еді”(С. Сейфуллин). Немесе: Сай-сүйегі сырқырап, Төбе шашы тік түрды Естігенде Ленада Жүмыскерді кырғанын. (С. М ү қ а н о в). Публистикада: Ондай жасырын сүрактарды көбінесе жатыпатар, бір тырнағын ішіне бүккен адамдар коятын. (газетген). Кімбіледі, осындай аумалы-төкпелі заманда Кир- ревком сыра зауытының әкімшілік гимаратында коныс те- буі де мүмкін-ау(гъзегтьн). Ғылыми шығармалар, мен ресми қүжатгарда фразеоло- гизмдер мүндай мәнерлілік қызмет атқармайды. Өйткені, (жоғарыда айтылған) олар көбінесе, терминдік сипатта бо- лып келеді де белгілі бір заттың не үғымның аты ретінде ғана жүмсалады. Бірақ бүл стильдерде фразеолбгизмдердің қолданылу тәсілі бірдей емес. Стильдің бір түрінде түрақты сөз тірке- стері жалпы халықтық формада пайдаланылса, ал екінші бір түрінде олар кейбір өзгеріспен жаңа экспрессивті стильдік сипатта қолданылады. Мәселен, сөйлеу тілінде көбінесе жалпы халықтық форма өзгертілмей сақталады. 1 “Қдзак тілі мен адебнеті” журнал, 1959, № 5, 76—77-бетгері).
Көркем шығарма мен публицистикадан фразеологизмдерді қолданудың екі тәсілін де кездестіруге болады. Сонымен қорыта айтқанда, фразеологизмдерді қолда- нудың екі тәсілі бар. 1. Фразеологизмдердің жалпы халықтық формада қол- данылуы. 2. Фразеологизмдердің озгертіліп, авторлық оңдеумен қолданылуы. § 39. Фразеологнзмдердін жалпы халыктық формада қолдапылуы Фразеологизмдерді жалпы халықтық формада колдану - жалпыға танылған белгілі тәсіл. Мүпда айтылып не жа- зылып жеткізілетін ойға коркемдік сипат беру мақсаты көзделеді. Автор тілінде: “Қарагоз 32-ақ жаста. Қаралы жаулық салынып, қызулы базар есігін жапканына алты жыл бол- ды... Одан бүрын Қарагөз тіршілік базарыпда еркінжүзіп жүрген еркеміндейтін”(М. Әуезов). Немесе, ”Бүл озі (жорга Нүрым) жеті атасынан бері уызы арылмаған, бағы тайма- ған, колынан үры кетпеген, бір жаксылык етпеген, басы сәждеге тимеген, жамандыктан басканы сүймеген, бірді- бірге атастырып, елді кан жылатумен шынжыр балақ, шүбар тос, қанды ауыз атанған бір жауыз ед/”(Торайғы- ров). Кейіпкер тілінде: Тап осы бір ойланып үлгірмес, көз ілеспес, қас каккандай бір сәтте сездім - жарық дүниеде коштасарым да көп екен. Қоштасуға ешқайсыңды кия ал- мадым. Ешкайсыңды деймін-ау! Қарағандының үздіксіз ағылып жататын көмір таснтын поездарының түтінін де қия алмадым коштасуға (Ғ. Мүсірепов). Бүл келтірілген мысалдарда қаралы жаулық, тіршілік базары, жеті ата, уызы арылмағап, бағы таймаған, шын- жыр балақ, шүбар тос сияқты фразеологизмдер қолданы- лған. Оларда жалпы халықтық форма сакталып, автор тілі мен кейіпкер тілінде бейнелегіш мәнерлі қүрал ретінде пай- даланылған. Осындай монсрлілік қасиет әсіресе фразеоло- гиялық синонимдерді қолданудан баса сезіледі. Мысалы:
Дереу пышағымды кайык кылып, күрығымды ескек кылып түсе калғанымда, кірпік қаққанша зыр етіп, теңізден өте шыктым! Жирен күлынға міне салып кайтадан теңізге түсе калғанымда шым батып барамын. Дереу инемді қайық етіп, қүлынды өңгеріп түсе қалғанымда - кезді ашып- жұмғанша, теңіздің бетімен де емес, түбімен де емес, ор- тасыменде емес зыр етіп өте шыктым (“Қырық өтірік”). Бердібай баксы арқасы қозып, мүлде көтеріліп-көте- ріліп кояды (Б. Майлин). Жакып Бегайдар аруағын шакы- рғанда, баскалар түгіл, ауылнай Байбоддыңда делебесі қозып түрды (Ғ. Мұстафин). “Қайда болды?”дей бастап, ол менің иттерімді басыма кептеп, боғауызын араластыра, біраз үры- сты (С. Мүқанов). Ашуы келгенде жерден алып, жерге са- латын еді (Б. Майлин). Қатынымның екі көзі бүлаудай, түні бойы үйыктай алған жокпын, зәрем зәр түбінде (Ғ. Мұста- фин). Бекеннің жүрегі су ете қалгандай болып абыржып козғала түсті (Б. Майлин). Жаңа жылап отырғаныңды көріп жүрегім тас төбеме шыкты (М. Әуезов). Жаны мүрны- ның үшыпа келіп, екеуі кыбыр етпестен жатканда, Қаза- нкап өте беріп, түра калды (Ғ. Мұстафин). Осындағы арқасы козу мен делебесі қозу - вариант- тар. Қалғандары - фразеологиялық синонимдер (Жылдам, тез - кірпік какканша, көзді ашып-жүмғанша; үрсу, бала- ғаттау - жерден алып, жерге салу, ит терісін басына кап- тау; сескену - зәрем зәр түбіне кетті, жүрегім су етті, жүрегім тас төбеме шыкты, жаны мүрнының үшына келді). Бұл фразеологиялық синонимдер арқылы мазмұны жағы- нан біртектес ой әр түрлі сөйлем-үлгісінде түрленіп беріл- ген. Бірақ фразеологизмдердің негізгі мағынасы сақталып, жалпы халықтық формада қолданылған. Ал мағынасы күңгірт, түсініксіз кейбір тұрақты сөз тіркестеріне авторлар түсінік бере кететін жайлар да бай- қалады. Мәселен, “өкіл күйеу” дегеннің мағынасын қазір кез келген адам біле бермейді. Сондықтан бұл сөз үғынық- ты болу үшін М. Әуезов оны былай түсіндіреді: “Өкіл күйеу тамырлык күрбылас кісінің арасында болады. Ал жасы үлкен кісімен жас жігіт тамырласам десе, кейде осы- лайша өкіл күйеу боп аталады” (I том, 152-бет). С. Сейфуллин шахтерлердің тілінде қолданылатын ауыз” деген кәсіби сипатгағы сөз тіркесін шығарманың кей-
іпкеріне былай баяндатады. "Әлсіз жігіттер үшбырмен көк тастан тереңдігі екі сүйемдей оя алмаса, "ак ауыз” болып шығады. Білмегенжүрт "ак ауыз” дегенге түсінбеуімүмкін! Өлшеуіне ілікпей саяз ойылган тесіктіц аузына ак бормен крест тартып кетеді. Соны "ак ауыз” денді. Ал "ак ауыз” дегені- ол күнгі бейнегің акысыз-пүлсыз далаға, теккекетгі дегенсөз... (С. Сейфуллин. Әңгімелері мен повестері). Фразеологизмдер құрамы жағынан бір текті емес. Иди- ом, мақал-мәтел және қанатты сөздердің бәрі де түрақты сөз тіркестері болып саналатыны жоғарыда айтылды. Бірақ, олардың қолданулары әр түрлі, мысалы, идиомдарды ала- тын болсақ, олар жеке создсрдің орпына жүмсала береді. Өйткені, идиомдар жеке сөздермен синонимдес келеді. (Тез - каспен көздің арасында). Ал мақалдар өз ара синоним болады (Тау мен тасты су бүзар, адамзатты сөз бүзар мен котыр колдан жүғады, пәле гілдеп жүғады синонимдес) мақалдардың тағы бір ерекшелігі, идиом сияқты жеке сөздердің орнына жүмсалмайды. Макалда тиянақты қоры- тынды ой болғандықтан кобінесе сойлем түрінде келеді. Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі. Шебердің колы ортак, шешенніңсөзіортакт. б. Сондықтан мақалдар тырнақшаға алынып, көркем цитат ретінде пайдаланылады. Мысалы: Қали касыма келіп отырған соң, Шығанак мәтелдей жөнелді. “Қаз органына семіреді. Қара күс тойғанына се- міреді”. Біз кара күс емеспіз. “Асқапды айтпа, сасқанды айт”, “Епті айтпа, ниетті айт” деген. Бәріде болады. Енді орныңнан козғалма (Ғ. Мұстафин). “Макалдардағы ойды баска оймен жанастыру үшін, ма- қал мен басқа сөздердің арасына кобіне “де” (“деп”, “де- ген”) етістігін қойып айтамыз... “де” етістігі арқылы екі негізгі ойды қүрап, сөйлем мен сойлемді жалғастыру - ма- қал тәрізді тізбектердің “қаймағын бұзбау”, стандартты қал- пын өзгертпеу керек екендігін корсстсді. Ал идиомдық сөздердің морфологиялық тиянактылығынан гөрі синтак- систік тиянақтылығы басым. Идиомның ішіндегі сөздердің орны тиянақты болғанмсн, онып ішіндегі кейбір жеке сөздердің тұлғасын өзгертіп бір жалғаудын орнына екінші жалғауды қоюға болады1, - дсйді академик 1. Кеңесбаев. 1 /. Кснссбасв, Ғ. Мүсабасв Қазіргі казактілі, Алматы, 1962,209-бст.
§ 40. Фразеологизмдердіц озгертіліп, авторлык өцдеумен қолданылуы Фразеологизмдер тек жалпы халықгық формада ғана қолданылмайды. Сонымен қатар өзгертіліп, өңделіп те жүмсалады, бүл тәсіл - көбінесе акын-жазушыларға тән. Жалпы халықтық қордағы, тұрақты сөз тіркестерін көркемдік мақсатта өңдеп пайдаланудың мына төмендегі- дей жолдары бар: 1. Фразеологизмдердіқ мағынасы кеңейіп, экспрессивті бояуы айқындала түседі. Бар жазам - күштілермен жарысканым. Жыртканым сорлы жүрттың намыстарын (С. С е й ф у л л и н). Арын сатып алтынға Капиталдың жыртысын Алданып енді жыртпасын (С. Мұқанов). Немесе: Сол күресте сендағы Тобыңмен сойыл соғасың Ойыңа алған жеріңе Жалыкпай ертең жетесі? (С. М ұ қ а н о в). болып бүрыннан белгілі “жыртысын жырту”, “сойылын соғу” сияқты қарапайым тұрақты сөз тіркестерінің мағыналары кеңінен әлеуметгік мәнде қолданылған. 2. Жалпы халықтық формадағы түрақгы сөз тіркесін өзгертіп қолдану арқылы жаңа мағына беріледі. Мысалы, “берекелі болса ел, жағасы жайлау ол бір көл” деген ма- қалдың желісі былай пайдаланылған. Абайда: Кең жайлау- жалғыз бесік жас балаға Алла асыраған пендесі аш бола ма? Ер жеткен соң сыймайсың кеңдүниеге, Тыныштык пен зар боларсың баспанаға.
М. Әуезовта: Көлбай жаткан бел ме, бүл күтіп түрған жагасы жай- лау жаксы дүние ме? Әйтеуір алдында енді максат ететін өріс бардай. Бұл мысалдарда әр автор өзінің суреттеп отырған қүбы- лысына, беретін бағасына қарай “жағасы жайлау”сөз тірке- сіне әр түрлі рең беріп, түрлендіре ажарландырады, мағы- налылығын арттырады. 3. Тұрақты сөз тіркесінің қүрылысы өзгертіліп қолда- нылады. Мысалы: Абай ”Бір асқанға бір тоскан” деген мәтелге сүйеніп, өлеңді былай қүрған; Бір ғылымнан басканың Кеселі көп асканға. Одан үміт кім кылар, Жол табар деп сасқапда. Сөйтіп аскап жолығар Кешікпеп-ак тоскапға... Немесе: Жас жүрек жанып саусағын Талпынған шығар айға алыс (Абай) С. Мүқанов “Есектің күші - адал, еті - арам”деген ха- лық мақалын былай пайдаланады. 1. Күшің адал болсада, Түрмысыңда кем болды?. 2. Өзіц адам түрмысыпда мал едің, Күшің адал, сүтіц арам жан еді?. 3. Адал күшіц арам боп Байларға иттей талаттың. Мүнда фразеологизмдердіц эмоционалды бояуын арт- тырып, суреттелетін затты, құбылысты әсерлі түрде бейне- лейтіні айқын сезіледі. 4. Жалпы халықтық түрақты сөз орамы шешендік сөз үлгісінде құрылып, оныц бұрынғы мағынасы толықтыры- лып дамытылады. Бұл тәсіл кобінесе М. Әуезовтің стиліне тән. Оған мынадай мысалдар дәлел:
1. “Арыстан айға шауып мерт болғанмен, артынан жорт- кан баласы арыстандык етпей қоймас. Ак сүңкар ауға шыр- малғанмен, үясынан үшкан балапан сүнкарлык етпей кой- мас”. 2. Сүлу кыз бен келіншек - елдің сәні, Сүлу кеткен елдіңде болмас мәні. Сүлу кыз тоғайлы өзен бүлбүлындай, Бүлбүл кетсе, тоғайдың жоғалды әні. (“Гүл өссе - жердің көркі, кыз өссе - елдің көркі”деген мақалдың қүрылысы пайдаланылған). 5. Тұрақты сөз тіркесінің бір компоненті өзгертіліп, жаңа мазмүнда қолданылады: Дүнне кірін жуынып Көрініп ойға сөз салар (А б а й). Немесе, Айкай шыкты бір күні Таң атып, күн шыкпастан. Тез түрыңдар, жолдастар, Ашылды квн\л тот баскан (С. М үқанов). Абайдың өлеңінде, “дүние кірі” жаңа дүниені, жаңа өмірді аңсау мағынасын білдірсе, С. Мұқановта “көңіл тоть/”әлеуметтік теңсіздіктің зардабын бейнелейді. Бұл екі түрлі сөз қолданыста “көңіл кірі” (кайғы, мүң деген мағы- нада, тар шеңберде жүмсалған) сөз тіркесінің моделімен жасалған. “Көңіл кірі” сөз тіркесінің халықтық қолданылу үлгісі төмендегідей: Көңілде жзтдэякіріңді. Оттай ыстык сөз жояр (мақал). Бүгін өлсем де арман жок Шығарып көңіл кірімді (Қазақ эпосы). Аспанда ай болмаса адасады Көңілді көтермесе, кір басады (Халық өлеңі).
Бұрын осындай тар шеңберде қолданылып келген “көңіл кірімсез тіркесін С. Мұқанов озінше өзгертіп, оны терең саяси мағынада пайдаланады. Еңбекші әйел тобы көрген күндік “Ленинді, депшулайды, бізде білдік”, Көрсеткен көзіне әкеп теңдік таңын Үстарма өліп кетсежолын кір ғып. 6. Фразеологизмдер көбінесе ауыс мағынада жұмсалып, тілімізде бейнелегіш мәнерлілік қызмет атқаратыны белгілі. Бірақ стилистикалық тәсіл ретінде тұрақты сөз тіркестері тура магынада да қолданылады. С. Мұқанов “жай түскеидей”деп теңеу ретінде жұмса- латын тұрақты сөз тіркесін: Кулін кокке ушырды, Төбеден жай түсірді,— деп қолданады. Осындагы “төбеден жай түсірді” тура ма- ғынаны білдіреді. Сондай-ақ ақын ертеректе жазылған бір өлеңінде (“Құрылыс жыры”) бұрынғы “қүм жиылып тас болмас, қүл жиылып бас болмас” деген мақалдың әлеу- меттік теңсіздікті білдіретін жагымсыз магынасын мүлде жоққа шығарады: Қүм жиылып тас болып, Қүл жиылып бас болып Социалистік өмір болып Көшті... Мүнда да тұрақты соз орамы тура мағынада жүмсалып, жағымды эмоцияны білдіріп түр. Ал тарихи романдарда әлеуметтік бояулы мүндай мақалдар дәуірлік сипат беру үшін, сол өз мағыналарында қолданылады. Мәселен, М. Әуезовтің “Абай жолы” романында үстем тап өкілдерінің бірі - Оразбай былай дейді: “Шикылдаған арбасына мәстегін жеккен өңшең егінші, масакшы, күрек-шоттан корегін іздеген ку кедей! А талы ел болып, іргелі жүрт боп белдессе бірсәрі, кырык рудан күры- лып, кырык жамау болган басымен “Көкен еліміз деп көкиді” дейді. Осы “үстасканда кімісімен үстасамын десең
де, көзге түсер күйкалы жері жок. Өңшең “құм жяылып тас болмас, құл жиылып бас болмас” дейтін сайда саны, күмда ізіжоктар... Фразеологизмдерді тура мағынада қолданып, оның мәнерлілігін арттыру “Қырық өтірік” тіліндегі бір ерек- шелік тәрізді. Мысалы: “Екі аяғын бір етікке ть/7у”тіркесінің жанал- кымнан алу. састыру деген мағынада жүмсалатыны белгілі. Ал “Қырық өтірікте” “...екі аяғымды бір етікке тығып алып, ізіне түсе қуа бердім”. Немесе: Дүниенің ауыры - үргенкуық, Жалғыз өзім көтеріп аузын буып... (“Үрген куыктаймен” салыстыр). Бит терісінен биялай, калта еткенін... (“Бит терісін биялайжасаған” деп қолданылады.) Фразеологизмдерді мағыналық жағынан және сырт қүрылысын өзгертіп қолдану - стильдік мақсатган туған тәсіл. Бүл тәсіл белгілі бір шығармада, контексте таныла- тын әр жазушының халықтық тіл байлығын пайдаланудағы өзіндік ерекшелігі болып саналады. 7. Ақын-жазушылардың стиліне тән тағы бір ерекшелік ол - бүрыннан белгілі тұрақты сөз тіркесінің үлгісімен жаңа сөз орамдарын қалыптастыру. Мысалы “сырты жылтырау- ыктың іші калтырауык” - деген мәтелдің үлгісімен төмен- дегідей сөз орамдары жасалған. 1. ... Ойлы адамға кызык жок бүл жалғанда, Көбінің сырты бүтін, іші түтін. 2. Ішім өлген сыртым сау Көрінгенге деймін-ау Бүгінгі дос - ертең жау Мен не кылдым, япырмау?! 3. Ішім толған у мен өрт, сыртым дүрдей, (А б а й) Молда имамдар жөнінде: 4. Сыртын қанша жуса, ішіоңбаған Сырты жұмақ болғанмен, ішідозак, Түтінсіз жанғандар көп нан сөзіме (С. Т о р а й ғ ы р о в).
Қызылорда, еңбекші сенің ордаң Мынаужер сенің жерің тауып койған. “Сырты сұлу, іші улар” түз жаласын Тағы биік үшайык канат кағып С. Мұқанов. Сырты сопы молдадан іші таза қара қазақ артық. Ғ. Мүсірепов. Ақын, жазушылардың қаламына тән осындай соз орам- дарының бірқатары халық арасына кең тарап, қанатты сөзге айналған. 1. Жасымда ғылым бар деп ескермедім. 2. Тіл өнері дертпен тең. 3. Досыңадостык карыз іс. т. б. (Абай). 1. Өнер-білім бәрі де Окуменен табылған. 2. Аурудан- аяған күштірек. (Ы б ы р а й). 1. Ар үялар іс кылмас акыл зерек 2. Жалған намыс касиет емес, ар сактаған касиет. 3. Өмір озады, ажар тозады (М. Ә у е з о в). 1. Адамның ішкі сезімінің айнасы - коз. 2. Адамға өткендәуір бәрі сабак. 3. Жасык болудан жігер артык (С. М ұ қ а н о в). 1. Жер үстінде адам баласы болудан касиетті не бар. 2. Әр жазушының өз козі болу керек, 3. Өлікке ок атпас болар, (Ғ. М ү с і р е п о в). 1. Жаксы сөз кірді тазартады. 2. Бетің былғанса су тазартады, Арың былғанса не тазартады (Ғ. М ү с т а ф и н).
1. Бұл аяқпен Берлинге де жеткенбіз. 2. Отан үшін жан пида (Қ. А м а н ж о л о в). Мұндай сөз үлгілері көркем шығармада көп кездеседі, бірақ олардың бәрін қамту мүмкін емес. Оны оқулықтың көлемі көтермейді де. Сондықтан жоғарыда келтірілген мы- салдар ғана алынды. Сөйтіп, фразеологизмдер әр түрлі жолмен жүмсалады. Кейде жалпы халықтық форма авторлық өңдеумен өзгеріп те қолданылады. Фразеологизмдерді қолданудағы бұл тәсілдер әр түрлі стильдік мақсатты көздейді. Сонымен қатар әр ақын-жазушы тұрақты сөз тіркесінің жаңа үлгісін жасап, фразеологиялық қорды байытуда өздерінің үлесін қосады. Түрақты сөз тіркесінің құрылысы жағынан өзгеріске үшырауы - әсіресе өлеңді сөзге тән құбылыс. Әр халықтың өзінің дәстүрлі тіл өнері болады. Жалпы халықтық тіл қолдану мен жазушылардың тілді қолдану тәсілі бір-бірімен тығыз байланысты. Көркем шығарма тілі жалпы халықтық тіл өнерінің жалғасы ретінде дамып жеті- леді. Жалпы халықтық тіл өнері - қалам қайраткерлерінің қажымай-талмай үйренетін мектебі. Сонымен бірге бұл мек- теп әр жазушының өзіндік стилінің қалыптасуына негіз бо- лады. Оны фразеологизмдерді қолдану тәсілінен айқын көреміз. Бүрыннан белгілі көптеген түрақты сөз тіркес- терінің түрлі өзгеріске ұшырап, стильдік сапасының артқа- нын сипаттайтын мысалдар жоғарыда келтірілді. § 41. Орьк тілі аркылы енген фразеологизмдердің колданылуы Фразеологизмдер - тарихи категория: бұл оған дәуірлік сипат береді. Түрақты сөз тіркестері жеке сөздер сияқты тілдік единица ретінде жұмсалады да, үнемі дамуда бола- ды. Бірақ бүл қүбылыс лексикаға қарағанда, фразеологиз- мдерде өте баяу. Оны әр кезде қалыптасқан тұрақты сөз тіркесінен айқын көреміз.
Фразеологизмдердің дамуының негізгі екі түрі бар: Бірінші, тұрақты сөз тіркестері, ең алдымен, сол тілдің иесі болып табылатын халықтың үлттық ерекшелігіне қарай жа- салып, қалыптасады. Бүл әр тілдің озінің ішкі даму проце- сімен байланысты болады. Екіншісі - түракты сөз тіркес- тері дамуының сыртқы процесі. Халықтар арасындағы қарым-қатынас бір тілден екінші бір тілге фразеологизм- дердің ауысып отыруына мүмкіпдік туғызады. Фразеоло- гизмдер бір тілден екінші тілге сойлеу тілі және жазба нүсқалар (публицистика, көркем әдебиет т. б.) арқылы ауысады. Мәселен: көк базар, көз бояу, өмір сабағы, әрбір істің басталуы киын, ештен кеш жаксы, жылтырағанның бәріалтын емес, бейбітшілік когершініт. б. тіркестер біздің тілімізде орыс тілінің ықпалымеп қалыптасып, фразеоло- гиялық қорымызды байыта түсуде. Сондай-ақ, Келдім, кордім, жеңдім (Юлий Цезарь). Уакыт біздің пайдамызға кызмет етеді (Гладстон). Бәрі де ағады, бэр/деөзгереді (Гсраклит). Стиль - ол адам (Бюф- фон) т. б. сол сияқты әр түрлі халықтық афоризмдері де бізге орыс тілі арқылы енгені белгілі. Сөйтіп, қай тілдің болмасын фразеологиясы халықтар- дың өз ара қарым-қатынаста болуының пәтижесінде бірін- бірі толықтырып отырады. Ал бүл мәселе, бір жағынан, фразеологизмдердің сәтті аударылуыиа да байланысты. Яғни бір тілдегі фразеологизмдердің скінші бір тілге ауда- рылғанда олардың жымдасып, жатық болып жүмсалуында. Оған мынандай мысалдар кслтіруге болады: Жаксы аяктал- ған істің бәрі жаксы. (все хорошо, что хорошо кончается); Әрбір жемістің өз уакыты бар (всякому овощу свое вре- мя); Жаксы даудан жаман бітім артык (худой мир луч- ше доброй ссоры); Ештен кеш жаксы (лучше поздно, чем никогда); Әрбір істің басталуы киын (всякое нача- ло трудно); Жылтырағаиның бәрі алтын емес (не все то золото, что блестит). Мүида фразсологизмдердің жігі білінбей жымдасып, коцілгс қонымды болып, соншалық- ты жатық аударылған. Бүлардыц “кірме” скені бізге ешбір сезілмейді. Бірақ кейде аудармашылар оріп қуалаймыз деп гүрақты сөз тіркесінің оңіп айиалдырып, түсініксіз етіп жібереді. В. И. Ленин шығармаларында ксйбір фразеологизм-
дердің қазақша аудармасы қазақ оқушыларымызға түсініксіз болып шыққан': 1. Орыстың ескі сөз колдануы бойынша, бүл жердегі коғамделіп отырғаны— өздерін жердің түзымыз деп са- найтын, өздерін тәкаппарлықпен “интеллигенциямыз”деп атайтын “көпшілік пікір” тудыратын т. б. және көксейтін либералдык чиновниктердің, буржуазиялық интеллигент- тердің, еріккен рантелердің және өр көкірек өзіне мәз колы бос жүрттың бір тобы болып табылады (12-том, 473-бет). 2. Өзін жердің кіндігі деп есептеуге дағдыланған ескі буржуазиялык және империалистік Европа бірінші импе- риалистік кырғында сасық бітеу жарадай, шіріп барып жарылды (33-том, 346-бет). 3. Иттің көмілген жері осы. Бүлтарыстардың, софизм- дердің, ала аяктык бүрмалаулардың барлығы. Каутскийге күш жүмсау революциясынан жалтару үшін, өзінің одан безуін, вз/я/я либералдық жүмысшы саясаты жағына, яғни буржуазия жағына шығуын бүркеу үшін керек болып отыр. Иттің көмілген жері осы (28-том, 235—236-беттер). 4. Петроград көтерілісін болдырмауға Каменев пен Зи- новьевтің істеген әрекеттері жөнінде көтермекші болған “дауыл” стақандағы судың бүрқылы болып шыкты (26-том, 297-бет). Бүл мысалдардағы түрақты тіркестерді түсіну қиын. Мүнда дәлме-дәл аударылып, әріп қуалаушылықтың салдарынан түп нүсқадағы түрақты тіркестердің мағы- насы түсініксіз болып шыққан, образдылық сипаты сақтал- маған. Фразеологизмдерді бір тілден екінші бір тілге аударуда әр халықтың өзінің тілді қолдану дәстүрін мүқият ескеру қажет. Сонымен бірге ол фразеологизмдердің ең алғаш қай тілге тән екенін және оның қалай қалыптасқанын 1 В. И. Ленин шығармаларын аудару принциптері жөиінде М. Жанғ- алин өзінін “Об основных принципах перевода с русского на казахской язык” деген такырыпта жасаган баяндамасында токталған (Доклады от Казахстана на междуреспубликанском совещании по вопросам перевода литературы с русского на языки народов Средней Азии, Казахстана и Азербайжана. Алма-Ата, 1958 г.)
білу керек. Мысалы, жоғарыда келтірілген “Вот где за- рыта собака (иттің көмілген жері осы) мен “Буря в стакане вдда/”(стакандағы судың бүркылы) деген сөйлем- шелер — орыс тілінде баска тілдердің әсерінен туған аудар- малар. “Иттің көмілген жері - осы” деген сөйлемше ең алғаш неміс тілінде колданылып калыптасады. Мүның калыптасу тарихы былай болған: XVI ғасырда омір сүрген бір неміс жауынгерінің иті болады. Ол ит бір кезде иесін өлімнен алып калса керек. Итгің бүл жаксылығын бағалаған иесі оған өлгеннен кейін айрыкша көз тартарлык әсем ескерткіш орнатады. Ескерткішті көруге жер-жерден адамдар келетін болған. Олар келген бетте жергілікті түрғындардан: “Әйгілі ит кайда комілген” (Где зарыта знаменитая собака?) деп сүрайды екен. Осылайша айтыла-айтыла, ол акыры қанат- ты сөзге айналып кеткен. “Буря в стакане воды”- стакандағы судың бүркылысөз тіркесінің де осындай қалыптасу тарихы бар. Сөйлемде ауыс мағынада, елеусіз көңіл бөлуге түрмайтын нәрсеге бола жанжал шығару, босқа қынжылу дегенді білдіреді. Мүны түңғыш қолданған француз философы Монтескье (1755— 1889). Бірак Монтескьеге дейін де оның ”буря в горшке” “буря в разливательноіі ложке” дегеп сиякты баламалары болған екен: Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын түсінбей аударуды көркем шығармадан және газет беттеріиен де кездестіруге болады. Чехов шығармаларының аудармасында: мүмкін бүл адам суға кетіп өзі өлген шығар немесе Мүның төркінінен Сибирьдің нісі аңқып түруға да мүмкін (Чехов. Әңгіме- лер жинағы 9-бет). Мүның орысшасы: Может этот утоп- лый покойный сам утоп, а может тут дело сибирью пах- нет. Немесе, Ванда удивленно оглядела мальчиков и подви- нулась на край скамейки. Облака перестали ее занимать, она занялась более прозаическнм пейзажем привлекатель- ной плошади. Қазакшасы: Ванда балаларға таңыркап карадыда, орын- дыктың шетіне карай жылжып отырды. Мүның назарын бүлт енді өзіне аудара алмады. Ол вокзал алаңының не-
ғұрлым прозалық суреттеріне әуестенумен шұғылданды* (осы мысалдарда асты сызылған сөз тіркестерінің аудары- луына көңіл бөліңіз). Орыс тілінің фразеологизмдерінің қазақша тексте қол- данылуына мысалдар: 1. - Қарағым-ау, жаңа келіп тұрсың ба? Шай кояйын ба?. Түу, күлыным-ай, киналып жүрсің-ау... Шыда... Шыда... Оракта аякталар... - Жок, апа, мен ұйыктайын... Ол шамды да жакпады. Сипалап келіп, төргі бөлмеге енді. Бибігүл көзін ашып алды. - Сенбісің, Сакан! Кешіктің ғой... - Иә, кешіктім. Мені ертерек оятарсың. Жұмыстан кеш калып жүрмейін, - деді. - Сакан-ау, сакал-мүртың өсіп кетіпті ғой,- деді Бибігүл. Анау үнсіз. Төсекке басы тиісімен кор ете түсті. Бал айы осылайша мазасыз... Осындағы “бал айы” - орыс тіліндегі (медовой месяц) деген бейнелі сөз тіркесінің аудармасы, бірақ мұнда, ол дүрыс аударылмаған. 2. Жұрт айткандай кейбіреулерініңтү гін қарсы қайыра сипауға туракелер. 3. Қала жастарының қаймақтары бүлар. 4. Колхозшылар кешкі мектеп кабырғасынан аттес- тат алып шыкты. Соңғы келтірілген сөйлемдерде де орыс тілінің сөз орамдары қазақ үғымына сай пайдаланылмағаны бірден аңғарылады. Мүндай сөйлемдер газеттерде аз кездес- пейді. Аударма фразеологизмдерді бүлай қолдану тіл мәдени- етін төмендетеді. Сондықтан фразеологизмдердің дүрыс аударылып, дүрыс қолданылуы мүқият ескерілгені жөн. Ол үшін ең алдымен фразеологизмдердің аударылу заңдылы- ғын жақсы білу қажет. Жалпы фразеологизмдерді аударудың үш түрлі тәсілі бар: 1 В. И. Ленин шығармаларында бүл “ләззат айы” және “алғашқы ай” (5-том, 385-бет, 25-том, 406-бет болып аударылған).
1. Фразеологизмдерді аударуда оның жалпы мағынасы беріледі. Мысалы: Вариться в собственному соку— Өзімен-өзі болу. Козел отпущения— кінәлі ету. Лезть вон из кожи— тыраштану. Подложить свинью— кастык істеу. Принимать за чистую монету— шынға балау. Яблоко раздора — егестің басы. Водить за нос— әуреге салу. Бүл тәсіл фразеологизмдерді еркін сөз тіркесіне жақын- датады. 2. Фразеологизмдерді аударуда олардың өз ара мәндес келетіндігі ескеріледі. Мысалы: Беречь как зеницу ока—көздің карашыгындай сактау. В пух и в прах — күлін кокке үшыру. В прятки играть— жасырынбак оіінау. Он пятки показал — ол күтылып кетті, ол қашып кетті. Зубы точить — тісін каіірау. Хоть глаза выколи— козге түртсе көргісіз. Волосы встали дыбом— төбе шашы тік түру. Как в воду канул — жер жүткандаіі. За тридевять земель — Өте алыста. На седьмом небе— төбесі көкке жету. т. б. Тіл-тілдегі фразеологизмдердің бүлайша өз ара мәндес келуі аударма тілінің жатық, түсінікті болуына септігін тигізіп, жалпы аудару жұмысын жеңілдстеді. 3. Көптеген түрақты сөз тіркестері бір тілден екінші бір тілге, сөзбе-сөз аударылады. Бұған идиомнан гөрі әсіресе мақал-мәтел меи қанатты создер бсйім келеді. Мы- салы: Ни рыба, ни мясо— ет тс емес, балык та емес. Какдве капли воды — екі тамшы судаіі. Рыбак рыбака виднт нздалека — балыкшы балықшы- ны алыстан көреді. Лучше поздно, чем никогда — ештен кеш жаксы. Правда - хорошо, а счастье - лучшс — шыпдык жаксы, ал бакыт оданда жаксыт. б. Фразеологизмдерді орыс тілінеи аударған кезде ерекше көңіл бөлетін тағы бір мәсслс - ол түрақты соз тіркестерінің арғы шыққан тегі. Мысалы, қазіргі орыс тілінде қолда-
нылып жүрген фразеологизмдердің ішінде басқа тілдер- ден енгендері бар. Олар: “лучше поздно, чем никогда” “убить дрелйг” (француз тілінен); “холодная война” “же- лезный уровень” (ағылшын тілінен); “невзирая на лица”, “Вот где собака зарыта”' (неміс тілінен). Сонымен қатар орыс тілінде көне грек мифологиясына байланысты сөз об- раздары да көп кездеседі: “танталовы муки” “авгиевы ко- нюшни” “троянский конь” “яблоко раздора” “Ахилесова пята” “Дамоклов меч”т. б. Осылар сияқты сөз орамдарының ең алғаш қай тілде, қандай мағынада қолданылып, қалыптасқанын жақсы білмейінше, оларды бірден аудара салуға болмайды. Қазақ- шаға мүндай сөз образдарын аударғанда сілтемеде олар- дың мағыналары ашылып, түсініктеме беріліп отырса дүрыс болады3. 2. ГРАММАТИКАЛЫҚ СТИЛИСТИКА § 42. Грамматикалык стилистика туралы жалпы түсінік Стилистиканың басты мақсаты, бүдан бүрын айтылған- дай, жеке сөздер мен грамматикалық түлғалардың, ондай- ақ синтаксистік конструкциялардың қолданылу заңдылық- тары мен экспрессивтік сапасын айқындау. Олай болса, грамматикалық стилистиканың басты міндеті - граммати- калық категориялар мен синтаксистік конструкциялардың мәні мен мағынасын айқындау, сол мән-мағынаның туу, пайда болу тәсілдерін көрсету және жеке тұлғалар мен шу- мактардың қолданылу жүйесі мен сферасын белгілеу. Осы міндеттер түрғысынан келгенде, стилистиканың грамма- тикалық саласының маңызы аса ден қоярлық. Өйткені оған мына тәріздес себептер бар: грамматикалық тұлғалар мен синтаксистік конструкциялардың жеке сөздер тәріздес 1 М. Шанский. Фразеология современного русского языка. Моск- ва. 1973, 93-бет. 2 Ондай түсініктемелер орыс тілінін фразеологиялык сөздіктерінде беріледі.
стильдік салаларға жіктеліп, қалыптасуы кең таралған қүбы- лыс емес. Белгілі бір түлғалар мен шумақтардың қолданы- лу заңдылығы олардың мән-мағынасы мен грамматикалық табиғатына тәуелді болады. Аракідік жазуда, не ауызекі сөйлеуде жеке грамматикалық түлғаларды оғаш қолдану олардың сыр-сыйпаты мен табиғатын жете білмеуге байла- нысты болып отырады. Газет беттерінен кездескен мына- дай бір фактілерді талдап корейік: Сауданың мұндай бас- шылары өз тұтынушылары нені қажет етіп отыр, нені тал- ғайды - бүл жағын зерттеуге селқос қарайды (газеттен). Осы сөйлем бір оқығанда сындарлы көрінгенмен, грамма- тикалық қателерден қүр емсс. Алғашқы сөйлем қүрамын- дағы сауданың мүндай басшыларыиіумағын карастырайық. Әдетте ауылдың басшысы, мекеменің басшысы деп ілік жалғау қолданылғанмен, жалпылық мәнде, әсіресе абст- ракт үғым туғызатын тіркестер қүрамында ілік жалғау түсіріліп мемлекет басшысы, ел ағасы, сауда мәдениеті деп айтылып, жазылады. Бүл нормаға айналды. Олай бол- са, жоғарғы шумақты да мүндай сауда басшылары дцп құру әлдеқайда жатық, түсінікті, қүлаққа да жағымды. Сол си- яқты, екінші сөйлемдегі тығыз шаруа жөнінен сөйлескісі келеді шумағының қүрамындағы жөн созінің шығыс жал- ғауында қолданылуы да аса жарасымды емес. Шығыс жал- ғаулы сөз әдетте іс-қимылдың шығар козін, таралу мекен- орнын білдіреді, Ал мына сияқты реттерде жатыс жалғау- ын қолдану икемді (ікөнінде). Баяндауыш қызметіндегі сөйлескісі келеді күрделі істігі де сол жалғауды (жатыс жалғауын) қажет етеді. Жазуда, сөйлеуде грамматикалық тұлғалар мен шумақ- тардың орнын айқын біліп, айырмау кейде қате түсінікке соқтырады. Мынадай бір мысал келтірейік: Сауда жүмы- сын жаксарту көп жағдайда сауда кызметкерлерінің өзде- ріне, олардың тапсырылған іске жан ашырлыкпен карау- ына, инициативашылдығы меп іскерлігіне, түтынушыла- рға жайдары, жүмсак мінезбен сапалы кызмет көрсете білуі- не байланысты (газеттен). Осы сойлсмді бір оқығанда ал- ғашқы “Сауда жүмысын жақсарту коп жағдайда сауда қыз- меткерлерінің өздеріне” дейтін болігіп бүкіл сөйлем мағы- насымен үштастыра түсіну қиын-ақ. Өйткені бүл шумақ дүрысында, бүкіл сөйлем бойында айтылған мағынаны жал-
пылай корытындылап түр. Автордың айтайын дегені: сау- да жүмысының жақсаруы сауда қызметкерлерінің іскерлі- гіне, инициативашылдығына, тұтынушыларға жақсы қаты- нас жасауына, қысқасы, олардың өздеріне байланысты деу ғой. Сол себептен жалпылауыш мәнді шумақты сөйлемнің соңғы жағына көшіру орынды, түсінікті болатын еді. Әдет- те халық тілі мүндай ретгерде: “алма, жүзім, жидек, өрік - бәрі жеміс” деп жалпылауыш сөзді ең сонында айтады. Ұзақ текстерде бірінен соң бірі айтылатын синтаксистік шумақтардың формалық жағынан да, мағыналық жағынан да бір-бірімен қабысып, үйлесіп келуі сөздің әуезділігін арттырады. Сондықтан әр шумақты тиянақтап, даралап түратын грамматикалық түлғалардың өз орнында, өз иінін- де қолданылуы қажетгі шарт. Осы орайда мынадай бір мы- салға назар салайық: Әрбір сатушы тұтынушыларға биязы, кіші пейілдіқ мінез көрсете, мінсіз қызмет етіп қана коймай, сонымен бірге сауданың осы заманғы' жаңа прогрестік түрлері мен тәсілдерін кеңінен колдану жолын- да табанды күрес жүргізуге міндетті (газеттен). Осы сөйлемнің басқы әрбір сатушы түтынушыларға биязы, кіші пейілдік мінез көрсете дейтін бөлімі келесі шумақпен (“мінсіз қызмет етіп”) мағыналық жағынан да, формалық жағынан да қабыспайды. Өйткені шумақтың соңында -е түлғалы көсемше айтылған. Ал бүндай түлғалы сөздердің бір ерекшелігі - өзінен кейін басқа бір тиянақты мән бе- ретін сөздің айтылуын қажет етеді. Сондықтан бүл жерде -п түлғасын (көрсетіп) қолдану қолайлы. Сонда бір-бірімен жалғасып, үндесіп жатқан екі шумақ форма жағынан да, мәні жағынан да қабысып түрар еді. Ұзақ текст қүрамындагы дербес сөйлемдер жігінде де түлғалардың мағыналық жағынан қабыса, үйлесе айтылуы қажетті шарт екені мәлім. Мағыналары бір-бірімен үласып жатқан дербес сөйлемдердің баяндауыштары мәні жағы- нан бір-бірімен қабыспай түрса, логикалық ойдың жүйесі бүзылып, сөздің ырғағы кемиді. Мынадай бір үзінді келті- рейік. Міне, партия мен үкіметіміз осы товарларды алдағы жылы жеткілікті мөлшерде шыгарудың шүғыл шараларын қолдануда. Сонымен қатар, халықтың мал ша- руашылығы өнімдеріне деген қажеттілігін тез арада толык өтеудің мүмкіндіктері де қарастырыла бастады. Жергілікті
партия, совет үйымдары мен сауда мекемелері өздеріндегі қорларды шебер пайдаланып, халықты түтыну товарлары- мен үзбей жабдықтауды қамтамасыз етіп отыруға тиіс. Әйтседе республикамыздағы сауда ісінде елеулі олкылыкгар орын алып келеді (газетген). Үшінші сөйлемнің мәні оған дейін не одан кейін түрған сойлемдердің мәнімен үласпайды. Өйткені баяндауыш формасы өзгеше. Ойдың логикалық жүйесі әуелі істеліп жатқан шараларды баяндап, содан соң болып отырған кемшіліктерді айтып, осыдан кейін ғана міндетгерді көрсетуді қажет етеді. Бірақ автор грамматика- лық форманың (отыруға тиіс) мәнін түсінбеуден ой желісін үзіп алған. Бүдан шығатын қорытынды: грамматикалық түлғалар- дың қалыптасқан қолданылу жүйесін айқындап көрсету қажет. Ал бүл - грамматикалық стилистиканың міндеті. Грамматикалық стилистика жеке түлғалар мен шумақтар- дың қолданылу жүйесін айкындап, дәлдеуде нормативтік грамматиканың деректеріне сүйснеді. Алайда, бүдан нор- мативтік грамматика мен стилистика бірдей деген коры- тынды шыкпайды. Нормативтік грамматика сөздердің қүры- лысы мен өзгерісіне көп коңіл бөлсе, стилистика грамма- тикалық түлғаларды мағынасы мен колданылуы түрғысы- нан ғана қарастырады Стилистика сонымен қатар сөзгс қосымша жалғаудың тілімізде қалыптасқан нормаларын айқындау мәселе- лерін де қарастырады. Сөз мағынасы қажет етпейтін жағ- дайда, қандай қосымшаның болсын жалғанып, қолданы- луы тілдің қалыптасқан нормасын, сипатын бүзады. Қазіргі уақытта күнделікті баспасөз тілінде әрдайым жиі үшырай- тын кіші пейілділік мінез, балалар дәрігерлері, өндірістік технологиялық процесс тәрізді түлғалануды мағыналық; қажеттіктен туған деуге болмайды. Қазақтың халық тілінде болсын, әдеби тілінде болсын, зат есімнің аныктауышы қызметінде жүмсалған сын есімге тағы басқа бір қосымша жалғамайды. Өйткені мағыналык түрғыдан ешбір қажеті жоқ. Сондықтан кіші пейілділік мінез емес, кіші пеніл мінез болуға тиіс. Сөз түлғасын орынсыз күрделендірудің қажеті жоқ. Осы қосымшаның (-лық, -дық) қолданылуын- да кейде басқа да ыңғай байқалады. Мысалы: Жеңіл өнеркәсіп орындарында осындан орескел кемшіліктердің
әлі де болса орын алуының басты себебі өндірістік техно- логиялык процестер тәртібінің бүзылуында болып отыр (газеттен). Сөйлем күрамындағы “өндірістік технологиялық процесс” шумағында -лык қосымшасының катарынан екі рет колданылуы, әрине, орынсыз. Алғашқы сөзге (өндіріс) -лык қосымшасының қажеті жоқ -лық - сөз бен сөзді байланыстырушы емес, сөзге жаңа мән береді, сын есімге қосылып, зат есім туғызады, зат есімге .жалғанып, сын есім жасайды. Бүл жерде -лык емес, ілік септіктін қолданылуы кажет еді (өндірістің технологиялық процесі). Қолдануда үқыптылықты қажет ететін қосымшалардың бірі -лар көптік жалғауы. Әдетте қазақ тілінің нормасы бой- ынша екі зат есім тіркесіп жүмсалғанда көптік жалғау тек соңғысына ғана жалғанады да, алдыңғысына жалғанбай- ды. Сондықтан ғылым академиясы (ғылымдар академиясы емес), оку орындары (оқулар орындары емес) деп жазып жүрміз. Ал балалар дерігерлеріт&рлзлх қолданыстар қүлаққа тосаң естіледі. Сол сияқты қазак тіліндегі кейбір сөздер көптік жалғауды қажет етпейді. Ондай сөздер халық тілінде бір түтас үғым ретінде қалыптасып кеткен. Мына мысал- дарға назар салайық: Сондыктан менің еңбектес күрбыла- рымның Қазак ССР Жоғарғы Советінің бүгінгі сессиясы- нан үлкен жаксылыктар күтуі де заңды... Менімен бірге жүмыс істейтіндердің барлығы осыңдай игіліктерге жетіп отыр (газеттен). Қазақ үғымында игіліктің де, жақсылық- тың да аумағы өлшеніп, оның мөлшері белгіленбейді. Он- дай сөздер бір түтас үғым атаулары есебінде сол күйінде үғынылады. Сол себептен ондай сөздерге септік жалғауын қосудың ешбір қажеті де жоқ. Кейде әдеби тілде қалыптасқан формалардың орнына диалектілік ерекшеліктерді қолдану да үшырасады. Мыса- лы: Әсіресе республикадағы жеңіл және тамак, өнеркәсі- бінің кейбір түрлері, суармалы жерлердің кейбір болегі осында шоғырланулы (газеттен). Сірә, макала авторы ба- тыс облыстардың бірінен болса керек, сол аймаққа тән ерек- шелікті колданған. Әдеби тілде бүл ретте -ған (шоғырланғ- ан) түлғасы айтылады. Мүндай түлғалардың әдеби нор- маға жатпайтыны әдетте нормативтік грамматикада баян- далады. Сол себептен мүндай ауытқулар стилистиканың объектісі бола алмайды.
Стилистиканың айрықша көңіл аударатын мәселелерінің бірі - грамматикалық түлғалар мсн синтаксистік шумақ- тардың белгілі бір мағына берудс синонимдес қолданы- луы. Мүндай синонимдік топтар - соз қайталамаудың, жи- нақы да жатық болудың аса таптырмас қүралы, тіліміздің икемділігінің дәлелі. Қазақ тілінің морфологиялық катего- рияларының ішінде де, сирек болса да, бір-бірімен сино- нимдес мәнде қолданылу фактілері кездеседі. Мысалы, сын есімнің шырай түрлерін жасайтын -рак және -лау аффик- стерін алайық. Сөйлем ішінде күштірек, күштілеу тәрізді сын есімдік түлғалар бір-бірінс балама есебінде қолданыла береді. Кейде олар мағынасы жағынан синонимдес болған- мен, әр түрлі мәнде қолданылуға икем келеді. Немесе осы шырайлық түлғалардың горі созімсн келген синтаксистік шумақтарға синонимдес қолданылуып айтуға болар еді (Асаннан гері Мүрат икемді. Асаииаи Мүрат икемдірек). Кейде сын есім сөздері басқа да синтаксистік шумақтар- дың синонимі бола алады. Мысалы: әңгімешіл кісі - әң- гімені жаксы айтатын кісіт. б. Қазақтың әдеби тілінде де, халық тілінде де септік жалғаулары мен көмекші есімді тіркестер сан-салалы синонимдік қатар құрады. Бүлардың қолданылатын мағыналық салалары да аса көп. Сондықтан бұндай синонимдік қатарлардың колдапылу өрісі де аумақ- ты, кең болып отырады. Мысалы, мезгіл - уақыт мәнінде сағат 5-ке келу - сағат беске дейіи келу, сол уақытқа үлге- ру- солуақытқа дейін үлгеру, мекен-кеңістік мәнінде үйде отыру - үйдің ішінде отыру т. б. сннтаксистік шумақтар қолданылады. Қазіргі қазақ әдеби тілінде үйірлі мүшелер мен жай сөйлемдердің (кейде қүрмалас сойлсм) синонимдігі - кең таралған қүбылыс. Әрине, қазіргі тіліміздегі үйірлі мүше- лердің көп салалы тобы - одсбн тіліміздің кейінгі дамуы- ның жемісі. Олар көбінесе созді жинақы айтудың тәсілі есебінде пайда болды да, жай сойлсмдердің синонимі бо- лып қалыптасты. Мен сиякты жолдан оралып, бірак уакиға маңайына менен бүрын жетксн Николай ағашты тасаланып, күбірлеп, балағат айтып түр екен (Ғ. Мүсіре- пов). Осы сөйлемдегі қарамен тсрілгеп шумақты (үйірлі анықтауыш мүшені) оз алдына боліп алып, жеке сөйлем түрінде Николай мен сияқты жолдаи оралсада, бірақуақиға
маңайына менен бұрын жетті деп айтуға болар еді. Бірақ авторлық акцентуация Николайдың бүрын жетуін хабар- лау емес, қазіргі күйге дейін болған уақиғаны жай ғана ескерту есебінде айтылып отыр. Ол үшін дербес сөйлемдік қүрылыстан гөрі үйірлі мүшелік қүрылыс әлдеқайда тиімді, жинақы, айқын. Сол сияқты мына сөйлемнің қүрамындағы үйірлі мүшенің қолданысын байқайық. Ж ы л а у ы да ертеден кешке дейін бір-ақ үнмен шығатын жетім бала- ның бей-жай, үмітсіз жылауына ұқсайды (Ғ. Мүсірепов). Осы үйірлі мүшені дербес сөйлемге айналдырып айтуға болар еді. Бірақ онда автор көздеген экспрессия бәсеңдеп, әсері азаяр еді. Осылар тәріздес синонимдік қатарларды айқындап, олардың мән-мағынасын баяндау тіл үстартудың аса қажет тәсілдерінің бірі. Бұдан бүрын айтылғандай, жеке грамматикалық тұлға- лар мен синтаксистік шумақтардың белгілі бір сөйлеумжазу стилі қүрамында қолданылуға икемдігі байқалып отырады. Бүл, әрине, лексика саласындағыдай кең тарапған қүбы- лыс емес, бірақ арагідік кездесіп отырады. Мысалға мор- фологиялық түлғалардың ішінен -паз, -қор, -қой жүрнақ- тарымен келген сөздерді алайық. Әсемпаз, жасампаз, дүние- кор, намыскор, әзілкой, сауыккой, даңкой тәрізді сөздерді стильдік жағынан бейтарап сөздер деп қарауға болмайты- ны белгілі. Бүлардың әрқайсысы белгілі бір сөйлеу, жазу жүйесінде қолданылуға бейім. Кез келген күйінде айтыла бермейді. Егер әсемпаз, әзілкой сөздері жеңіл әзіл, зілсіз сықақ ыңғайында қолданылуға икемді болса, дүниеқор, даңқой сөздері өткір мысқыл, шенеу мәніне лайық. Мүндай қабілет, әрине, сөз қүрамындағы қосымшалардан туса ке- рек. Немесе бармак керек, баруға тиіс, баруы лажеттәрізді күрделі түлғалар, сол сияқты -уда түлғасы (мал шаруашы- лығының табыстары күннен-күнге артуда) көбінесе жазба тілге, оның ішінде публицистика тіліне тән. Әрине, бүлар ауызекі сөйлеуде де кездеседі. Бірақ сөйлеу тіліне тән эле- мент ретінде емес, жазба тілден ауысқан элемент ретінде ғана айтылады. Сөйтіп, морфологиялық қүрылыстың да кейбір категориялары жеке стиль салаларында жиі қолда- нылатын элементтер ретінде көзге түседі. Тілдің синтаксистік қүрылысы, морфологиялық катего-
рияларға қарағанда, стильдік қолданылуға біршама бейім- дірек болады. Сөйлем ішінде сөздердің орын тәртібінің өзге- руінен туатын вариациялардың, әр түрлі қалыптасқан шу- мақтардың т. б. бір ғана стиль жүйесінде, соның сөз саптау тәсілі есебінде қолданылуын жиі кездестіруге болатыны мәлім. Іс қағаздарындағы стандартқа айналған синтаксистік шумақтардың қолданылуын, публицистикалық стиль қүра- мында жиі кездесетін сүраулы сөйлемдер мен лепті сөйлем түрлерін алуға болар еді. Олардың сол салаларда қолданы- лу иіні мен сипаты әдеби тілдің басқа ыңғайында кездесе бермейді, сол стиль топтарын басқалардан ерекшелейтін сипат есебінде көзге түседі. Сонымен, стилистика грамматикамен тығыз байла- нысты, онымен тығыз үштасып жатады. Бірақ стилистика сөз бен оның формаларын синтаксистік тәсілдерді белгілі бір мән-мағына мен экспрессиялық мәнер туғызудың тәсілдері есебінде ғана қарастырады. Стилистика мен грам- матиканың арасындағы түбірлі айырмашылық осында жа- тыр. Сол себептен де сөйлем мен сөзді стильдік жағынан талдау мен грамматикалық талдау әсте бірдей емес. Стильдік талдауда сөйлемнің қолданылу мақсаты, сөздердің мағыналық, экспрессиялық жағынан сәйкестігі ғана еске алынады. МОРФОЛОГИЯ $ 43. Морфологиялык күрылыстың негізгі стильдік белгілері Морфологиялық қүрылыс стильдік қолданыс тұрғысы- нан сөздік қормен салыстырғанда біршама бейтарап екені айқын. Өйткені морфологиялық күрылыс стильдік топ- тардың қай саласына да бірдей, барлығына да тән. Сон- дықтан сөз таптарының немссе соз тудырушы, аффикстер мен сөз өзгерту тәсілдерінің бір-бірінен оқшау қолданылу сырлары анық байқала бсрмейді. Солай бола түрса да тілдің морфологиялық түлғаларының стильдік қолданылу
жүйесі мен заңдылықтары бар. Оны мына өзгешеліктерден де байқауға болады. Алдымен стилистика тілдегі сино- нимдік құбылыстармен үштасып жатады. Ал біздің тіліміздің морфологиялық қүрылысында да мүндай сино- нимдік қатарлар кездеседі. Әрине, сөз өзгертуші, сөз жасаушы қосымшалардың си- нонимдік қатарларын айқындау, жіктеу тілдің лексикалық қорымен салыстырғанда әлдеқайда қиын жүмыс. Тіпті сөз қолдану тәжірибесінде белгілі бір аффикстің қай аффикс- пен синонимдігі барлығын ажырату мүмкін де бола бер- мейді. Оған себеп: біріншіден, қандай бір аффикс болма- сын өзі жалғанған (немесе, біріккен) түбірге қосылып, оның өз мәні айқын жіктеліп түрмайды. Екіншіден, тілдің грам- матикалық қүрылысында кез келген аффикс абстрактану процесіне үшырайды. Соның салдарынан, оның өзіне ғана тән мән-мәнер бірте-бірте көмескіленіп, өшуге айнала- ды. Қазіргі тіліміздегі бүршік^. талшық, келіншек^т. б. сөздерді осы сипатында; осы күйінше түтас үғынамыз, оны түбір мен қосымшаға жіктеу былай түрсын, -шік. -шык. - шек аффикстерінің біркезгі кішірейту мәнерін де байқа- маймыз. Бірақ түйіншек, інішек, төбешік сөздерінің құра- мында бүлардың кішірейту мәнері айқын сезіледі. Соңғы сөздер қүрамындары (түбіршік, інішек, төбешік) -шық, - шақ үзынша, сүрша сөздері қүрамындағы -ша аффиксімен мәндес болғанмен, алдыңғы сөздер (бүршік, талшық келін- шек) қүрамындағы сондай аффикстермен мәндес деп есеп- телмейді. Осылар тәріздес, жеке сөздер ыңғайында, бір- бірінен мәнерлік айырмасы бар, бірақ орайлас мағыналы сөздер жасайтын қосымшалар қатарына сын есім жасай- тын -ғыш - пен -шақ, -кыр мен ғыш. -ныл мен -кай. -шыл және. -паз. -кор қосымшаларын жатқызуға болар еді. Осы- лар арқылы жасалған сөзшең мен сөйлегіш, тапкыр мен тапкыш, сауыкшыл мен сауыккой, шайшыл, шайкор, ой- ынпаз, ойыншыл тәрізді сөздер орайлас мағыналы, бірақ бір мәнерлі емес. Осы ыңғайда аталған аффикстердің си- нонимдік қатар қүрай алатындығын көруге болады. Бірақ аффикстер арқылы жаңа сөз жасауда кездесіп отыратын грамматикалық шектелу процесі де ескерілуі қажет. Мәсе- ле мынада: сөзшең, сөйлегіш сөздерінің синоним болуы олардың қүрамындағы -шең, -гіш аффикстеріне байланыс-
ты болғанмен, -шаң аффиксі жалғаса алатын түбірлердің бәріне бірдей -гіш аффиксі қосылып айтыла бермейді. Мы- салы, ашушаң, бойшаң, тершең деп айта береміз, бүлардың қайсысы да кісінің белгілі бір ерекшелікке бейімділігін білдіреді. Дегенмен осы түбірлерге -гіш аффиксін тікелей қосып айтуға болмайды. Есім түбір туынды етістікке айна- лғанда ғана (ашулангыш, терлегіш) жалғанады. Бірақ сол түбірге -шыл аффиксі тікелей қосылып, -шең аффиксімен синонимдік қатар құрады: ашушыл, тершіл. Сондай-ақ, та- пкыр, тапкыш сөздерінің синоним болуы -кар, қыш, -қыр аффикстеріне байланысты. Бірақ сенгіш, болжагыш, сөйлегіш, байкагыш, аягыш сөздеріне -қыр аффиксін жал- ғап айтуға келмейді. Сонымен, сөз жасаушы аффикстердің синонимдік қатар қүруы кез келген сөз қүрамынан байқала бермейді. Аф- фикстердің синонимдігі жайында айтқанда, түбірге қандай аффикс жалғана алатындығы ескерілу керек болады. Сөз өзгертуші қосымшалар ішінде де контекстік қол- даныста бір-біріне синонимдес қолданылатындары бар. Мысал үшін М. Әуезовтің “Абай жолы” романында кезде- сетін мына сөйлемдерге назар аударайық: Ауыл шаппак, жылкыга тимек, түрысатын жерін айтысып бөліспек... Шырағым, Абай мүны істемек болса, ол күпияның ісі емес, әшкеренің ісі гой... Абай асыкпай киініп боп, енді үйге кайтпакка артына бүрылып еді. Осы сөйлем- дер күрамындағы -мак түлғасымен келген сөздерді (етістік түлғаларын), егер авторлық қолданысты ескермесек, өз- гертіп айтуға да болар еді. Ауыл шауып, жылкыга тиіп, түрысатын жерін айтысып бөліспек... — Шырагым, Абай мүны істейтін болса, ол күпияныц ісі емес, әшкеренің ісі гой... Абай асыкпай киініп боп, енді үйге кайтуга артына бүрылып еді. Сөйтіп, бүл жерде -мак қосымшасының -а, - й, -у түлғаларының орнына қолданылгандыгын көруге бо- лады. Сол сияқты, Абай өлеңдерінде де мынадай қолданы- стар кездеседі: Мал жияды мактаныи білдірмекке, көзге шүкып малменен күйдірмекке... Жүректе кайрат болмаса, үйыктаган ойды кім түртпек? Мүнда да -ма? қосымшасы- ның басқа түлғалар орнына қолданылғандығы байқалады. Жеке сез таптарының өздеріне ғана тән категорияла- рының ішінде сөз қолданыстың бслгілі бір заңдылыгы
қалыптасқан. Осы ретте көптік жалғауларының қолданылу заңдылығын еске алу қажет болады. Көптік жалғаулары ең алдымен көптік ұғым туғызу үшін қолданылатыны белгілі. Өз табиғатында жекелік үғымға негізделген сөздер көптік жалғаулар арқылы көптік мән алады (тас - тастар, кітап - кітаптар т. б.). Қазақ тіліндегі кей сөздер сол күйінде, қосымшасыз-ақ көптік мағына бере алады. Бүлар көбіне топталған, жинақталған заттардын атауы болады. Мысалы, шаш, кас, сақал, жүн, бидай, тары, сүлы, жүгері, шөп, өсімдік, т. б. Бұл сөздерге мағыналық түрғыдан көптік жалғаудың ешбір қажеті жоқ. Бірақ кейде жазушы не басқа автор өз ойын түспалдап жеткізу үшін жинақты зат атауларына көптік жалғау жалғап та қолдана- ды. Бұндай реттерде зат атаулары өзінің тура мәнінде емес, ауыспалы мәнде айтылады, көп ыңғайда жансыз зат жан- дыға айналады. Көптік жалғау осындай мәнді туғызудың тәсілі болады. Мысалы: Күн көзінің алтын кірпіктері ала- са үйлерден асып, бнік үйлердің терезелерін шам жаққан- дайжарқырата бастады(Ғ. Мүсірепов). Жазушы кірпікс&з,\н көптік жалғауынсыз да қолдана алар еді, бірақ онда зат- тық мән айқын болмас еді. Көп бастар шүлгысып, көп сакалдар шошаңдасып қалды. Бүл жүрістің түбі бір жан- жалга согатынын сезінген қу тақымдар шыбындап нгілік тобына өздері косылып, елден-елге шыгарып салып қайтыс- ты (Ғ. Мүсірепов). Жинақтық мәнді зат есімдерге көптік жалғауларын қосып қолдану кеңсе стилінде немесе ғылыми әдебиеттер стилінде кездесе бермейді. Мүндай сөз қолданыстары, әри- не, тек көркем әдебиет пен публицистикалық шығармалар тіліне ғана тән. Кейде көптік жалғау заттың көптігін білдіру үшін қол- данылмай, оның көп кісіге ортақтығын, теңдігін, қатысты- лығын білдіруі үшін де айтылады. Ондай зат атауы көбіне сөйлемнің толықтауышы, яғни істің объектісі қызметінде түрады. Мысалы: Сонан кейін шетінен ұрысыңдар, қожа- ларыңды сыйламайсыңдар деп барлыгына да жагалай үры- сып, аяңдап өзінің бөлмесіне қарай тартты (Гоголь). Сөйлем құрамындағы ұрысыңдар, қожаларыңды сөздері көптік жалғаулы болғанмен, мағынасы жағынан бірдей емес. Алдыңғы үрысыңдар сөзі көп кісіні білдіреді де, соңғы
кожаларыңды сөзі кожаның көптігін білдірмей, оның (қо- жаның) біреу болғанмен, коп кісіге ортақтығын, көп кісіге қатыстылығын білдіреді. Соз колданыстын бұл түрі тек көптік жалғауларға ғана тән емес. Тіліміздегі басқа да көптік түлғаларға тән жәйт. Мысалы: “Былшык баскан көзіміз, тарлан тартқан кезіміз” дегендей, бұлтағы көп бүлыңгыр заманыңды шала алмай каламыз... (Ғ. Мүсіре- пов). Бүл сөйлемдегі кезіміз, кезіміз сөздері де сондай мәнде айтылған. Егер сөйлем ішінде бірыңғайлас зат атаулары қатары- нан, бірінен соң бірі айтылатын болса, сөз жинақы, түсінікті болу үшін көптік жалғауы олардың ең соңғысына ғана жа- лғанады. Мысалы: Пүшарбай, Садырбай, Мүңсызбайлар боп Майбасарға мыктап дүре сокты(М. Әуезов). Алайда, аталған заттардың әркайсысын мағыналык жа- ғынан даралап, әрқайсысының коптігін баса көрсету қажет болғанда, көптік жалғауы жскс-жеке жалғанады. Мысалы: Жолдастар, жауынгерлер мен командпрлер! (А. Бек.) Қазақ сөйлемінде қалыптасқан норманыц бірі - көптік жалғау бір- бірімен синтаксистік катынаска түсксн, бірі екіншісіне тіке- лей катысты екі есім создін соңғы айтылған қосарына жал- ғанады. Мысалы: Қазіргі жастар шетінен білімді. Деген- мен стиль айқындығы үшін, әркайсысының жеке-жеке қатыстылығын баса көрссту керек болғанда, жоғарғы сөйлем қүрамындағы шетіиен сөзіне коптік жалғау жалға- нады. Мысалы: Қазіргі жастар шеттеріпен білімді. Соңғы сөзге көптік жалғауының жалғануы созге логикалык екпін түсіріп, әрқайсысын даралай айтуға мүмкіндік береді. Мына сөйлемдер қүрамындағы коптік жалғаумен келген сөздер де сондай мақсатпен қолданылған: Кенесарыға ерген жүрттың Шу мен Сарысу боныпда жаткан жылкыларын айдап бүрылды... Кейбір үйлерде күрмет корсетіп өзінен жоғары отырғызса, кейде сол жоғарыға озі отырып алып, кәрі биді төменірек сырытып жіберсді(Ғ. Мүсірепов). Көз, күлак, аякбет, кабактар\зҚ\ зат атауларының көптік жалғауында қолданылуы айрықша стильдік мән алады. Бүларды көптік жалғауынсыз қолдану - қазақ тілінің за- мандар бойы қалыптасқан заңдылығы. Қазак күлак деген- де бір ғана құлақты емес, екеуін де, сондай-ақ /гоздегенде көздін біреуін ғана емес, екеуін де сске алады. Сол себеп-
тен көзі көк(адам), көзін көкшитіп деп сөйлейді де, көздері көк адам, көздерін көкшитіп тәрізді сөз колданыстарын оғаш көреді. Алайда қазіргі әдеби тілімізде мұндай сөздерді көптік жалғауында қолдану мағына айқындығы, ой сара- лығы үшін қажет тәсіл есебінде қалыптасып бара жатыр. Мына сөйлемдер кұрамындағы көптік жалғаулы сөздер сон- дай процестің нәтижесі: Рульді көптен бері үстамағандықтан әбден тосырқап қалған қолдар оны баппен үстап олай-бүлай бүран баста- ды... Мынау колддр Сталинградта трактор жасаған қолдар (Ғ. Мүсірепов). Ресми қағаздар тілінде де осы тәріздес сөз қолданыстың жиі кездесуі сол мақсаттан туса керек. Көптік жалғауының тағы да мынадай екі түрлі қызметін атаған жөн. Егер көптік жалғауы сан есімдер мен үстеу- лерге (мезгіл үстеулеріне) жалғанса, ол көптік мағына бер- мей, долбарлы, шамамен алғандағы мөлшерді, мерзімді білдіреді. Мысалы: Әкелері Түяқбай ерте елген, шешрлері Ұлберген шаруадан қалмаған, жасы қырық бестердегі кісі (С. Мүқанов). Мүрат ертеңдері келіп қалар. Мүндай сөз қолданыс әрине, ресми қаулы-қарарлар, анықтамалармен ақпарлар, куәліктер тіліне тән емес. Көптік жалғаулары- ның бүл қызметі көркем әдебиет тілінің ерекшелігі. Әде- би шығарма өмір қүбылысының образды көрінісі ғана. Сол себептен оған статистикалық мәліметтерді дәл де тура келтіру қажет те болмайды. Көптік жалғау жалғанған Оспандар, Омарлар, Марат- тар сияқты жалқы есімдер есім иесінің көптігін білдірмей, сол және соның айиаласындағылар, қасындағылар дейтін үғымды білдіреді. Мүндай сөз қолданыстың басты мақса- ты - оның жинақы болуын және аты аталған кісіні оның айналасындағылардан, қасындағылардан бөлектеп, даралап айту. Сөз жүйесінде септік жалғаулары да айрықша көңіл аударуды қажет етеді. Өйткені олар тек сөз бен сёзді бай- ланыстырып коймайды, жалғанған сөзіне қосымша мән де үстемелейді. Айрықша көңіл аударатын септік жалғауларының бірі - ілік септігі Оның жалғаулары бірде айтылады да, бірде айтылмай түсіп қалады. Бүл тек ірамматикалық қүбылыс қана емес, сөз қолданыспен үштасатын ерекшелік ілік
септігінің жалғаулары мынадай реттерде түсіріліп айты- луы мүмкін: 1) Ілік септіктегі сөз конкретті меншікті, тәнділікті білдірмей, абстрактылы немесе коллективтік қатынасты білдірген жағдайда: колхоз малы, тауар айналымы, сауда айналымы, мемлекет қаржысы, т. б. Бүл әсіресе жазба тілде қалыптасып келе жатқан салт. Дегепмен, логикалық екпін түскенде немесе тәуелдік жалғаулы создің білдіретін ма- ғынасының нендей қүбылысқа, затқа, кісіге қатыстылығын білдіру ниеті көзделгенде, ілік жалғауы түсірілмей айтыла- ды. Мысалы: Дүние жүзінің халыктары бейбітшілік пен бағыт жолындағы козғалысты колдаіі алады... (газеттен). Бүл сөйлемде дүние жүзінің халықтары, яғни ілік жалғауы- мен келген. Бүл жердегі ілік жалғаулы конструкция нақты- лы мақсатпен айтылған. 2) Кейде жалпының жалқыға, бүтінпің болшекке қаты- сын білдіретін реттерде де ілік “жалғауы түсіріліп айты- луға бейім болады. Мысалы: гүл пісі (гүлдің емес), тауык сорпасы, кой еті деп қолдану әрі жинақы, әрі қалыптасып қалған норма тәрізді болып көрінеді. Жазба тілде солай қолданылады да. Дегенмен кейде ілік жалғауын түсірмей қолдану да қажет болады. Мына сойлемге назар аударайық: Сондыктан маған тауықтың еті мен сорпасы жүғын да болған жок (С. Мүқанов). Жігіттіц түсін айтпа, ісін айт (мәтел). Онымен бірге баска иіс емес әдемі әтірдің иісі ере келгендей болды (газеттен). Осы сөйлемдер қүрамын- дағы ілік жалғаулы создердің жалғауын түсіріп айтса, сөй- лем қиыспайды. Өйткені оңгіме жалпы сорпа мен ет жай- ында емес, тауықтың сорпасы мен сті жайында болып отыр. 3) Мән-мағынасы жағынан айқын анықтауды керек ет- пейтін жағдайда ілік жалғаулы соз беп комекші есімдер- ден құралған тіркестердің қүрамындағы ілік жалғауы түсіріліп айтылады. Мысалы: бірде кітап стол үстінде жа- тыр, бірде кітап столдың үстіпде жатыр деп айтуға әбден болады. Бірақ екі сөйлемпің айтылу мақсаты бірдей емес. Алдынғысында кітаптың бар скендігі ғана хабарланып түр, сондықтан стол сөзі жалғаусыз айтылған. Әдетте іс-қимыл- дын болған, болатын, болып жатқан мекені айрықша ата- лып көрсетілуі керек болғанда, мүпдай тіркестердің қүра- мындағы ілік жалғауы түсірілмсй қолданылады.
4) Күрделі атаулардың құрамында ілік жалғауы бірне- ше рет қайталануға тиіс болса, солардың тек біреуі, кейде екеуі ғана түсірілмей толық айтылады да, басқалары түсіріліп айтылады. Мысалы: Қазақ (тың) мемлекеттік С М. киров (тың) атындағы университеті, Шымкент (тің) об- лысы (ның) Сарысу ауданы (ның) “Победа” колхозының тұрғыны. Мұндай күрделі атаулар құрамындағы ілік жал- ғауының түсіріліп айтылуы қазіргі тілімізде нормаға айна- лып кетті. Бұлардың ізімен тіпті екі сөзден қүралатын ата- улар қүрамындағы ілік жалғауы да түсіріліп айтылады. Мы- салы: балалар (дың) бақшасы, пәтер (дің) ақысы, кафедра (ның) меңгерушісі т. б. Бүндай тіркестер ауызекі сөйлеу тілінде ешбір жалғаусыз, қабыса байланысқан тіркес түрінде де айтылады: бала бақша, пәтер ақыт. б. Қазіргі жазба тілде ілік жалғаулы конструкцияға -лык аффиксімен келген тіркестер мәндес болып келеді: қоғам- дык мал, ауылдық совет, мемлекеттік орган, бесжылдық жоспар, т. б. қазіргі тілімізде қалыптасып, тұрақталып кет- кен тіркестер абстрактілі тәндікті, қатынасты білдіретіні белгілі. Мүндай сөз қолданыс - әдеби тілдің кейінгі даму- ының жемісі. Жазба әдеби тілдің жаңа қалыптасу дәуірін- де бүл сияқты тіркестер ілік жалғаулы конструкция түрінде айтылған. Бірақ қазіргі әдеби тіл мүндай қалыптасқан тер- миндік тіркестерді ілік жалғауымен қолданбайды. Барыс жалғауы іс бағытталған, арналған жанама объект мәнінде, кейде жатыс жалғауымен синонимдік қатар құра- ды, Мысалы: Терезе алдындағы алма ағашы бөлмеге күн сәулесін түсірмейді. Терезе алдындағы алма ағашыЪълме- де күн сәулесін түсірмейді (газеттен). Ол от-дәріні қай жерге сақтайды, қайтеді-ол жағынан хабарсыз болады. Ол от-дәріні қай жерде сактайды - ол жағынан хабарсыз бола- ды(Есенберлин). Осы сөйлемдер қүрамындағы болме. жер сөздері бірде барыс жалғаулы, бірде жатыс жалғаулы бо- лып қолданылған. Барыс түлғасының жатыс тұлғалы сөзбен жарыса қолданылуы статикалық күйді, қалыпты білдіретін етістіктермен тіркесіп келгенде де байқалады. Қазақ тілінде қону (далада қону, далаға қону), қамау (үйге қамау, үйде қамау), бату (суға бату, суда бату), отыру (орындыққа оты- ру, орындықта отыру), қалу (жүмыста қалу, жүмысқа қалу) тәрізді етістіктер екі түрлі септік жалғауын қажет етеді.
Қай түлғада (барыс, не жатыс тұлғасы) қолданса да сөз мақсатымен, контекс ерекшелігімеп байланысты болады. Барыс жалғауы (осы мөнде) кейде көмектес жалғауы- мен жарыспалы қолданылуы да кездеседі. Мысалы: Төрт түлікке толды аймақ, осынау аулым колхозда (Жамбыл). Осы сөйлемнің алдыңғы бөлігіндегі түлікке сөзін өзгертіп көмектес септікте қолданып, торт түлікпен толды ай- мақ осынау аулым колхозда деп айтуға да болар еді. Бүдан грамматикалық түрғыдан ешбір нүсқан келмес еді. Бірақ бұл жерде мынадай бір ерекшелікті ескеру керек. Барыс жалғауда қолданғанда сөз мағынасы үдемелі мәнде үғыны- лады, яғни жоғарыдағы сойлем ыңғайында айтқанда “қазір көп болғанмен, әлі де көбеііе береді" дейтін үғым туады. Өйткені барыс септік әдеттс қозғалыспен, қимылмен бай- ланыстың қолданылуға бейім. Ал тул/л'созін көмектес сеп- тікте айтсақ, онда бүкіл аймақ сопымен толы болды, ешбір бос жер қалмады дейтін үғым туар сді. Іс-қимылдың бола- тын мезгіл-уақытын, мезгіл молшсрін білдіруде барыс сеп- тікке жатыс септік синоним болады, Мысалы: студенттердің ғылыми конференциясы жылына бір рет өткізіледі. Сту- денттердің ғылыми конференциясы жылында бір рет өткізіледі. Дегенмен бірде өдеби норма түрғысынан, бірде мағыналық мәнер түрғысынан мүндай сөз қолданысты бірдей деп қарауға болмайды. Әдсби тіл тұрғысынан жы- лына түлғасы норма болып саналады да, жылында сөйлеу тілінің элементі дәрежесіндс қалады. Сонымен қатар, сөйлем ішіндс іргелес орналасқан сөз- дердің бәрі бірдей жатыс жалгауында айтылуы әуезділік тұрғысынан да, айқындылық түрғысынан да пайдасыз бо- лар еді. Мынадай бір мысал кслтірейік: Айткан уақытта дәл келу, айтқан жерде дәл болу - біздер үшін катаң заң. Осы мысалда қатар түрған скі создің дс жатыс түлғалы болуы ойландырарлық жай. Сірө, дұрысы алдыңғы сөзді барыс түлғасында қолданып, “Айткаи уақытка дәл телу, айтқан жерде дәл болу - біздер үшін қатал заң” деп анту орынды болмақ. Өйткені, сойлемнің алдыңгы бөлігіндегі келу етістігі қимылды білдіреді, олай болса, барыс септік айтылу орынды, ал соңғы боліктсгі болу - статикалық қа- лыпты білдіреді, сондықтан бағыныңқы создің жатыс түлға- лы болуы дүрыс.
Қазақ тілінде бірде сөз табыс жалғауымен келеді де, бірде табыс септік мәнді болса да, жалғаусыз айтыла бе- реді. Мысалы: кітапты окыды, кітап оқыды. Бірақ барлық ыңғайда да табыс жалғауын қоспай айтуға бола бермейтіні айқын. Мына реттерде жалғаусыз айтуға болмайды: а) Кісі атгары: Әйгерім Абайды кінәламаса да, актамакшы емес (М. Әуезов). Жіктік және сілтеу есімдіктер: Шеген біржо- ла мені тартып әкетгі (Ғ. Мүсірепов). ә) Сын есімдер мен сан есімдер, есімше етістіктері іс-әрекеттің объектісі мәнінде айтылса, табыс жалғауы түсірілмейді: Жаксыны көрмек үшін (мақал). Сағат сегізді сокты... Шын тапкан деп жаксылык тапканды айтат та (М. Әуезов). Егер осы сөйлемдер қүрамындағы сөздердің табыс жалғауын түсіріп айтатын болсақ, онда сөз мағынасы өзгерер еді немесе сөйлемдегі сөздер өз ара дүрыс байланыспай жүйесіз бо- лып шығар еді. Екінші жағынан, табыс жалғауын әр уақытта қосып ай- туға бола бермейді. Бүл, ең алдымен, бір ғана ырғақпен айтылып, қалып-тасып кеткен сөйлемдер қүрамында жиі кездеседі. Мысалы: Оракшының жаманы орак таңдаңды (мәтел). Ғылым таппай мактанба, орын таппай, баптанба (Абай). Осы сөйлемдер ішіндегі орак. ғылым. орын сөздер- іне табыс жалғауын жалғап айтсақ, ырғаққа сыймас еді. Табыс жалғауының айтылмауы кейде сөзге логикалық екпіннің түспеуімен де байланысты. Мысалы: Абай мен Ербол Семей каласының өз ішінен пэтер алды(ЪА. Әуезов) деген сөйлемдегі пәтер сөзіне табыс жалғауын қосудың қажеті жоқ. Сөйлемнің мақсаты - Абай мен Ерболдың қала- ның ішіне орналасқанын хабарлау ғана. Егер ой мақсаты пәтер алуын хабарлау болса, табыс жалғауын қосу керек болар еді. Бала кітап окыды. Бала кітапты окыды деген сөйлемдер құрамындағы кітап сөзінің табыс жалғаулы және жалғаусыз жүмсалуы да осындай. Ькдякітап одзддодегенде бала бос отырмады, бір нәрсе- мен айналысып отырды деген біршама жалпы мән болса, бала кітапты окыды дегенде басқаны емес, тек кітапты оқығандығын хабарлау мақсаты бар. Қазақ тілінде табыс септік жалғауының кейде барыс түлғасымен жарыспалы қолданылуы кездеседі. <9лес/'Ма- ратты үрысты, әкесі Маратка үрысты тәрізді бір ғана
сөзді екі түрлі айтып, жазу салты бары белгілі. Әдеби нормаға жақын түрі, әрине, барыс жалғаулы түрі болса ке- рек. Ұрысу етістігі өз табиғатында барыс жалғауын кажет етеді. Сондықтан жоғарғыдай создердің табыс жалғаулы түрін әдеби нормадан ауытқушылық деп қана қарау қажет. Табыс жалғауы кейде шығыс жалғауымен жарыса қол- данылады. Бірақ ондай қолданыстың кейбір мағыналық ерекшелігі бар. Мысалы: судан аттады - суды аттады, бүрыштан айналды - бүрышты - айиалды, асудан асты — асуды асты, өзеннен өтті — өзенді отті тәрізді бірде шы- ғыс, бірде табыс септік жалғауы айтылады. Мүндай ыңғай- да шығыс септіктің қолданылуы жалпы мән берумен бай- ланысып жатады. Екінші созбеп, шығыс жалғаулы соз белгілі бір нақты объектіні коздемейді, істің орындалу ба- рысындағы өтілуге тиіс объектінің бірі ретінде үғыныла- ды. Ал, табыс септігінің қолданылуы нақты объектіні еске алуымен байланысып жатады. Іс-қимылдың мекен-орнын білдіруде жатыс түлғасы шығыс жалғауымен жарыспалы қолданылуы мүмкін. Мысалы: Алматы каласында № 12 мектепте окыдым. Алматы каласында № 12 мектептен окыдым. Мүндай баламалардыц жатыс жалғаулы түрі қазіргі тілімізде жиі қолданылып жүр. Жатыс септікте тек мезгіл мәнді (кез, шақ, уақыт, т. б.) сөздер ғана емес, лексикалық түрғыдан оған жатпайтын сөздер де мезгілдік мән ала алады. Сондықтан мүндай қол- даныс публицистика мен коркем әдебиетте ғана жиі кезде- седі. Ресми стиль (кеңсе стилі жәнс ғылыми әдебиеттер стилі) мүндай реттерде айқындыққа, долдікке үмтылады. Шығыс жалғауы мынадай мағыналық мәнерлерде қолданылады: 1) Заттың неден істелгендігіп білдіреді: тастан үіі сал- ды. 2) Нәрсенің шығар козін білдіреді: білімдікітаптанала- ды. 3) Іс-әрекеттің шығатын, таралатын мекенін білдіреді: Қарағандыдан көмір шығады. 4) Іс-қимылдың пайда болу, таралу мезгілін, уақытын білдіреді: жастайынан суретке әуес. Дегенмен халық тілінін практикасында тастан үй салды, ағаштан ыдыс жасады тәрізді тіркестерді шығыс септігінсіз-ақ “тас үй салды, ағаш ыдыс жасады” деп айту да бар. Әдеби тілде екеуі де жарыса қолданылады. Бүл екі тәсілдің арасындағы айырмашылық: шығыс септік жалғауы
заттың неден істелгендігін білдіріп, сөзге логикалық екпін береді. Егер мұндай даралап, нақтылау қажет болмаса, олар шығыс жалғауынсыз, түбір күйінде айтыла береді. Мыса- лы: Өнер~білім бар жүрттар, тастан сарай салғызды (Ыбы- рай). Осы сөйлемдегі ақынның айтайын деген ойының өзі белгілі дәрежеде шығыс септік тұлғасына байланысты. Сол сияқты, агаштан ыдыс жасады — агаш ыдыс жасады тәрізді параллельдер мағыналық мәнер тұрғысынан бірдей емес. Алдыңғысында заттың тегін көрсету басым да, соңғысын- да заттың жасалу фактісі ғана хабарланған. Кейде табыс септік пен шығыс септіктің тұлғалары мәндес қолданылады. Ауызекі сөйлеуде, “калтаңдағы ақ- шаңнан жүмса”, “ақшаңды жүмса ”деп мәндес қолдану жиі кездеседі. Дегенмен жазба тілде (сөйлеуде де) мынаны ес- керген дүрыс. Егер айтылып отырған іс-әрекетке сол зат түгел қатысты болса ғана табыс түлғасын қолдану орынды, ал ішінара қатысты болса шығыс тұлғасын қолдану дәл. Шығыс септік тұлғасының мезгілдік мәнде жүмсалуы қарапайым сөйлеуде, эпистолярлық қағаздарда, сондай-ақ көркем әдебиет шығармаларында жиі кездеседі. Шығыс түлғасы мезгіл-уақытты дәл көрсетіп, белгілі мөлшерді білдірмейді, тұтас бір кезеңді, мол уақыт мөлшерін көрсе- теді. Әрқашан дәлдікті, басы ашық айқындықты мақсат ететін стильдер жүйесіне бүл ыңғайлы тәсіл болмайтын- дығы да сондықтан. Көмектес септік. негізінен, іс-қимылдың не, кім арқы- лы жасалғандығын, іс-әрекеттің болу ерекшелігін, себебін, орын-мекенін, мезгілін білдіретіні мәлім. Көмектес жа- лғауы мекендік мәнде жатыс септік орнына жүмсалады. Мысалы: Рахмет бір күні Нева даңғылымен келе жатты. (Ерубаев). Жоғарғы сөйлемді Рахмет бір күні Невадаңғы- лында келе жатты деп те айтуға болар еді. Дегенмен бұл жердегі бір ерекшелік көмектес жалғауы істің мекенін сол мекен-орынның үзына бойына созылған қимылмен байла- нысты білдіреді. Жатыс септік тұлғасынан мүндай жіктел- ген мән байқалмайды. Сол сияқты мезгілдік мәнде қолда- нылғанда көмектес септік түтас мерзімді білдіреді: Күнімен күтті, түнімен жүрді. Аөмектес жалғауы бүл мәнде тек бойы көмекші есімді тіркестермен ғана синоним бола алады: Қүні бойы күтті - күнімен күтгі.
Сонымен, зат есімнің септік жалғаулары, олардың кейбір қолдану ерекшеліктері осы торізді. Септік жалғау- ларын дұрыс қолдану ең алдымен олардың грамматикалық ерекшеліктерін, мағыналарын білу деген соз. Қолданылу сипаты түрғысынан назар аударатын грам- матикалық категорияның бірі - сын есімдердің заттануы, сөйтіп зат есім мәнінде қолданылуы. Сойлеуде болсын, жаз- ба тілде болсын сын есімдердің зат есім мәнінде қолданы- луы - сөздің жинақы, ойдың образды болуы үшін ұтымды тәсіл. Мына төмендегі үзінділердс сын есімдер сондай мәнде қолданылған. Сонан беріракымсыз коп жыл өтті, Орак келді, орылар мезгіл жетті. Жылы л/е//е//суыктың бәрін көріп, Қайран көңіл каныспан кайрат етті (А б а й). ... Өзен токтап, коп мақпал қара ағып бара жаткандай сезіледЦҒ. Мүсірепов). Дегенмен, сын есім атаулының бәрі бірдей заттанып, зат есім мәнін алуға бсйім бола бермейді. Сапалық сын есімдердің копшілігі-ақ сондай мәнде жүмса- луға бейім болса, кейбір қатыстық сын ссімдердің мүндай қасиеті жоқ. Ауызекі тілде әр кез кездесстін “әлгі күлык- сыз келді", “күнтсызбен жолдас болл/<?” тәрізді конструк- циялар жазба тілде кездесе қоймайды. Жазба тіл мүндай реттерде сын есімді зат есімдермен тіркестіріп колдануға (қүнтсыз адам, қүлықсыз бала) үтылады. Ауызекі сөйлеуде де, жазба тілде де адам мағынасында заттануға бейім қатыстық сын есімдср мыналар -ғыр (-гірк -ғыш (-гіш). аффикстері арқылы жасалған создер: білгір, білгіш, айткыш, сөйлегіш. Сондай-ақ, екі зат есімнің, не зат есім мен сын есімнің бірігуінен жасалған сын есімдер де көбіне бейнелі ойдьщ корінісі ретінде ауызекі сойлеуде де, жазба тілде де жиі кездеседі: тас бауыр, су жүрек, өр көкірек, есалаң, ашкарак, кап күйлы, жансебіл, көкжал т. б. Қатыстық сын есімдердің мағынасы оздерінін арғы төркіндерінің мәніне орайлас келіп жатады. Мысалы: мак- таншак, (мақтануды сүйетін адам), ашушаң (Үез ашулана- тын адам), білгіш (коп білетін кісі нсмесе коп білемін деп
ойлайтын кісі) т. б. Бұл ерекшелік кейбір қатыстық сын есімдерді реті келген жерінде мәндес конструкциялармен ауыстырып қолдануға мүмкіндік береді: Бала жаңа туған кезінде үйкышыл болады. Бала жаңа туған кезінде көп үйыктайтын болады. Екі сөйлемде де айтылатын ой - бі- реу. Бірақ сол мәнді беру тәсілі өзгеше: бірінде сын есім, бірінде синтаксистік конструкция колданылған. Дегенмен, бүлардың әрқайсысы әр түрлі стильдік жүйеде колданы- луға бейім. Егер публицист не жазушы өз шығармасында қатыстық сын есімді қолданса, ғылыми еңбектің авторы оның орнына есімшелі сөз тіркесін лайық көрер еді. Сәбит Мүқановтың “Өмір мектебінде” мынадай сөйлем- дер бар. Сені жәднттің молдасын жалдап әкелді деп еді, рас па?~ деп сүрайды. - Рас, - денді Нүртаза. - Оддаядін бүзғыштарды кайдан жолатып жүрсің?- дейді хазірет. - Дінді бүзған молданы көрген жокпын, - денді Нүрта- за. Бүл үзіндіде бір ғана мән екі түрлі тәсілмен - сын есім және синтаксистік конструкция арқылы берілген. Бүлай қол- даныс - әрі сөз қайталамаудың, әрі ойды мәнерлі де айқын айтудың тәсілі. Тектік (род) мән туғызудың ірамматикалық тәсілдері де сөз жүйесінде назар аударуды қажет ететін мәселе- лердің бірі. Ана тілімізде тек категориясының жоғы мәлім. Дегенмен кейбір сөздер қүрамында түбірмен бірігіп кеткен бірен-саран қосымшалар кездеседі. Мысалы, жалқы есім- дерге жалғанатын -ша, -ше қосымшасы осындай. Соны- мен бірге Шығыс тілдерінің ықпалымен қалыптасқан мүға- лима, Батыс тілдерінің ықпалымен пайда болған секретарь- ша, официантка, лаборантка, комсомолка тәріздес сөздер де бар. Әрине, ана тіліміз бүлардьің бірқатарын өз заңды- лығына лайықтап, тектік қосымшаларды түсіріп айтады. Мысалы, орыс тілінен енген газета сөзі біздің тілімізде га- зет түрінде қалыптасты. Куәліктерде, қаулы-қарарларда, аныктамалар мен ақпарларда, жолдамаларда т. б. ресми қағаздар тілінде комсомол (мүшесі), официант, секретарь деп жазылып жүр. Бүл нормаға айналды. Сөз мәдениеті түрғысынан лауазым иесінің ер я әйел екендігін аныктап
жаэу тәсілінің де айрықша мәні бар. Мысалы, Штейнберг, Диких, Трахтенбергт&рлзві басқа халықтарға тән фамили- ялардан сол кісінің әйел не ер кісі екендігін білу қиын. Оның үстіне қазақ тілінде орыс тіліндегідей қимыл иесінің әйел я ер кісі екендігі сойлемнің баяндауышынан да көрінбейді. Мүндай жағдайда лауазымды білдіретін зат ес- імнен кейін, сол лауазым иесі кісінің оз атын айту қажет болады. Мысалы: Лаборант Юрнн Трахтенберг, тракто- ристЛюдмила Дикихт. б. Тектік үғым беретін создер мен түлғаларды қолдану көркем әдебиет тілінде, ресми тілдегідей емес, ерекше мән алады. Кейбір тектік қосымшаларды қолдану оқушы ойын- да жеңіл ирония туғызу мақсатымен немесе жазушының субъективтік айрықша тәсілімен үштасып жатуы мүмкін. Мысалы: “Сөйткенше төрде отырган біреудіц катты тамсанған әнін есітті. Қараса, Сары апац екен. Ол ашулы түспен түйіліп, кара шапанды басына жамыла беріп, жүрелей оты- рып ап айгайлай жөнелді. Созінін басы. Бөжейді мактау мен сол жаксыны жоктау еді. Соныц аягын шүбыртып кеп: Мынада карлар псденді. Жақсыдан жаман кобейді. Ескінің асыл козі еді ¥рлап та көмдіц Боженді,— деп, қатты айғайлап қалт тоқтады (М. Әуезов). Шебер де жетік жазушы әйелдің атын Сары апац қоймай, басқаша қоюына да болар еді. Бірақ Сары созіне апаң сөзін қосып айтып, әрі тектік үғым туғызса, әрі есім иесінің сол ортада (Қүнанбай ортасында) атқарар міндстін де айрықша нәзік тәсілмен байқатып отыр. Сондай-ақ кар сөзі де тектік ай- ырмашылықпен байланысты айтылатын қарғыс сөзі. Әйтсе де осы сөз де белгілі бір мақсатпен орайлас айтылған. Жал- пы карғыс, балағат мәнінде бір нәрсс айтқысы келетін бол- са, оның орнына басқа сөз қолдануға да болар еді. Деген- мен жоқтау айтушы қыздардың жас шамасы мсн мінез си- паты оқушыға бір сөз арқылы айнымай, дәл жетіп түр. Немесе мына бір мысалға коңіл аударайық. “Дегенмен күлактандыруда болснден кызық еш нәрсе де жок еді: Коцебу мырзаның драмасы койылып жатыр
екен, онда Ролланы - Поплевнн, Кораны, - Зяблева бикеш ойнайды депті” (Г оголь). Зяблева дейтін фамилияның өзі оның әйел екенін білдіріп түр. Бірақ бикеш сөзі қосылмаса, айтылып отыр- ған оқиғаға автордың қатынасы айқын байқалмаған болар еді. Жазушы стилінің мүндай сөздерді қолданудағы ерек- шелігін байқау үшін Ғ. Мүсіреповтің мына сөйлеміне де назар аударған дүрыс: Ерінің бір ескерткенін ендігәрі қайталатпауға дағдылан- ғаи сылаң тоқал Айғанша қысыр жыландай жүйіткіп жүр. Мүсірепов стилінің ерекше бір қырын танытатын бүл сөйлемде тектік мән беретін сөзден гөрі тектік мән беріл- ген теңеудің (қысыр жыландай) қолданысы айрықша назар аударады. § 44. Морфологиялык түлғалардың жеке стиль түрлеріне қатысы Тіліміздегі сөздердің кейбір топтары белгілі бір стильдік салаға (мейлі ол жазба стиль болсын, әлде сөйлеу стилі формасы болсын) тән болып, қалыптасқан жүйеде ғана қол- данылатыны тәрізді, кейбір морфологиялық түлғалардың да бір жүйеде ғана, бір ыңғайда ғана қолдануға бейім- ділігі көзге түседі. Әрине, морфологиялық тұлғаның бір ғана стиль қүрамында жиі жүмсалуы оның әдеби тілдің басқа бір саласында кездеспейтіндігін дәлелдемейді. Ол тұл- ға басқадан гөрі сол стильде жиі қолданылады, сол мән- мағынада біршама қалыптасқан деп қана түсінілгені мақүл. Сондықтан да әдеби тілдің тек бір ғана саласында морфо- логиялық тұлғалардың қолданылып, басқа ыңғайда кездес- пейтін түрлері аса сирек. Өйткені морфологиялық катего- риялар, жеке сөздердей емес, сөйлемнің субъективтік мәне- ріне тікелей қатысты бола бермейді. Көбіне ойдың, хабар- дың объективтік мазмүнымен тікелей байланысты болып келеді. Сонымен, әдеби тілдің белгілі бір стильдік саласында жиі қолданылуға бейім морфологиялық тұлғалар бар. Қазақ әдеби тілінің кұрамындағы стильдік салалар мор- фологиялық құрамы жағынан бір-бірінен соншама алшақ- 162
тап кетпейді. Қүрамында жиі жүмсалатын морфологиялық түлғалардың сипатына қарай, жазба стильдерді негізінен екі топқа бөлуге болады. Морфологиялық қүрамы тұрғы- сынан кеңсе стилі мен ғылыми стиль бір-біріне жақын, бір- бірімен орайлас. Сол сияқты публицистикалық стиль мен көркем әдебиет стилі бір-бірімен үндесіп жатады. Соған орай публицистикалық стильде жиі кездесетін морфологи- ялық түлғалар көркем әдебиет тілінде де біршама жиі қол- данылады. Кеңсе және ғылыми әдебиеттер тілінің басты бір ерек- шелігі олардың қүрамында автордың субъективтік көзқа- расы, қатынасы көрінбейді. Соған орай кеңсе қағаздары- ның (куәліктер, ақпарлар, қаулы-қарарлар, қатынас қағаз- дар т. б.) тілінде, сондай-ақ ғылыми әдебиеттер тілінде кішірейткіш мәнді аффикстер көп қолданылмайды. Бүл жер- де әсіресе колданылмайтындар - сын есімнің кішірейткіш мәнді жұрнақтары: -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу (ұзын- дау, сұңгактау, үлкендеу, кисыктаут. б.) -ғыл, -гылтым, - ғыш, -ілдір (кызғылт, сарғыш, кызғылтым, көкшіл, көгілдір т. б.). Бүлардан белгілі бір мағыналық топқа жататын сөздер ғана жасалады. Соған орай бұл аффикстер арқылы жасал- ған сөздердің қолданылу орісі де аса кең емес, -аң, -ең, - қай (босаң, алаң көз, сидаң жігітт. б), -ша, -ше (шокша сакал, биікше) т. б. аффиксті сын есімдер де сирек үшы- райды. Зат есімге косылып, кішірейткіш мәнге үстеме эксп- рессивтік мәнер туғызатын аффикстер де мұндай стильдік салаларда жиі кездесе қоймайды. Олар мына тәрізділер: - тай, -ке, -ш, -жан, -сы-мак (атеке, ағеке, ағатай, жеңгетай, Дінмұхамет — Димаш, атсымак, адамсымак), -ша, -ше, - шак, -шек, -шық,- шік, -қан, (бұзаукан, үстелше, бақыр- шык). Мысалы, кісінің жеке портретін айтып, түстеме жа- салатын кеңсе қағазына “бойы үзынша, оңіак кұбаша"деп жазудың ешбір қажеті жок. Немесе қатынастар мен ақпар қағаздарында, мал шаруашылығы жайлы статистикалық мәліметтерде “әрбір 100 сиырдаи ЮО бұзаукан алды” деп жазуға болмайды. Дегенмен, бүл ыцгайда мынадай жай- ларды да ескеру кажет. Әдетге соз жасаудың қалыптасқан тәсілдері сөз колданудың тарихи — дәстүрлік ерекшелік- терімен астасып, сонымен ұштасып жатады. Әдеби тіл да-
муының бір кезеңдерінде әр түрлі тарихи жағдайлардың ықпалымен жеке туынды сөздер өздерінің семантикалық және экспрессивтік ерекшеліктеріне қарамай, басқа бір мәнде, қолданыста қалыптасып отырады. Мысалы, кіші- рейткіш мәнді аффикстер арқылы жасалған сөздердің кей- бірі кеңсе стилінде, әсіресе ғылыми әдебиеттер тілінде жиі қолданылады. Мысалы: кітапша, бұтакша, жаңка, боз- ша (торғай), жарғакша, караша тәрізді сөздер кеңсе қағаз- дары тілінде де, ғылыми әдебиет тілінде де жиі қолданы- латын сөздердің қатарына жатады. Себебі бүларбелгілі бір салаға қатысты термин сөздер болып қалыптасқан. Со- ның салдарынан сөз қүрамындағы аффикстерге тән эксп- реесия жоғалып, тура мәнінде ғана үғынылады. Егер бота- ника ғылымы саласында жазылған ғылыми еңбектің тілінде бұтақша сөзі кездессе, оқушы сөз қүрамындағы -ша аф- фиксінен туар экспрессияны байқамас еді. Ал психология жөнінде жазылған еңбекте л/ял/ь/лтерминінің қолданылуы әбден орынды, егер ол айтылмай басқа бір сөз қолданылса, оқушы үғымында қалыптасқан түсінік шатасар еді. Әриие, бүдан басқа ыңғайда айтылатын мишык, сөзі жағымды ма- ғына бермейді. Сондай-ақ караша сөзі астрономиялық мәнде жүмсалғанда қара да емес, қызыл да емес, қоспа түс дейтін мән туғызбаса керек. Әр жыл сайын белгілі бір мезгілде қайталанып отыратын табиғи қүбылысты ғана білдіреді. Ғылыми стиль мен кеңсе стилінде аса сирек, кейде тіпті кездеспейтін морфологиялық түлғалардың бірі сын есімнің салыстырмалы, күшейтпелі шырай түрлері. Әдетте авто- рдың іске, ойға, қимылға субъективтік қатынасын білдіретін грамматикалық тәсілдер болып саналатын бұл тұлғалар мынадай: а) сын есімнің салыстырма түрлерін жасайтын аффикстер: -рақ, -рек (ұлкенірек, кызылырак, сарырак); ә) -қып-қызыл, сап-сары түрінде, яғни толық мәнді сөздің алғашқы буыны қайталану арқылы, сондай-ақ, өте. аса. тым. тіпті, шым сөздерінің негізгі сын есімдерге тіркесіп келуі арқылы (өте кызыл, өте жақсы, тым жаксы, шым кызыл т. б.) жасалатын күшейтпелі шырай түрлері. Іс қағаздарында, ғылыми әдебиеттер тілінде -рақ, -рек тұлғалы сын есім- дердің орнына заттың, әлде сапаның бір-бірінен процентгік айырмашылығын көбірек айтады. Сондықтан “Заводтың бірінші цехкы айлык жоспарды 12 пайызға артык, орында-
ды” дейтін сөйлемді “Заводтың бірінші цехы айлык жос- парды артығырак орындады” деп жазу кеңсе стиліне тән емес. Өйткені кеңсе стилінің негізгі ерекшелігі - іс-әре- кетті болған күйінде, қалпында, аумақ-шеңберінде дәл де айқын жеткізу. Бүл іспеттес сөз қолданыс публицистика- лық әдебиеттер тіліне тән. Сын есімнің күшейтпелі, асыр- малы түрлері кісі ойының әсерлілігін, эмоциясын білдірудің қүралы. Өз ойын әсерлі де әдемі жеткізуді ойласа, сөйле- уші жап-жаксы, тап-тамаша, кып-кызыл, шымкай аппак тәрізді әсіре мәнді сын есімдерді жиі де үстемелей қолда- нады. Ал кеңсе қағаздары мен ғылыми әдебиеттерде олар- дың орнына заттың, әлде сапаның бір-бірінен айрықша ар- тықшылығы сан мөлшерімен ғана айтылады, не синтак- систік конструкциялар арқылы беріледі. Кеңсе және ғылыми әдебиет стиліне ортақ морфологи- ялық түлғалар деп мына томендегілерді көрсетуге болар еді: Зат есімдік және сын есімдік түбірден зат есім тудыра- тын -лық, -лік (-дык, -дік, -тық, -тік) жүрнағы. Бүл арқы- лы әр түрлі мағыналық топтарға жататын сөздер жасала- ды. Ондай сөздердің бірсыпырасы азаматтык, дұшпандык, үстемдік тәрізді абстракт үғымдарды білдірсе, бірсыпыра- сы тереңдік, жуандык, калыңдык, жылдамдык, ауырлык тәрізді зат пен қүбылыстың әр түрлі қалыбы мен күйін, жағдайын білдіреді. Бүлардың басым көпшілігі терминдік мән алып, нормаға айналған қалыптасқан атаулар болып етті. Мысалы, бейтараптык, серпімділік, окулык, сөздік, жылылык, дымкылдыкт. б. Бүлар - бүгінгі тілімізде ғылым мен шаруашылықтын, әр саласында қолданылатын қалып- тасқан атаулар. -лык аффиксі арқылы нақтылы зат атауы да жасалады. Мысалы: белдік, ауыздык, егіндік. Халық тіліндегі осы сөзбен қазіргі әдеби тілімізде орталык сөздік, өсімдік, окулык тәрізді жаңа сөздер пайда болды. Жеке ғылым са- лалары мен шаруашылықтың, техниканың түрлеріне қаты- сты осындай жаңа сөздер жасау процесі тоқтап қалмай ары қарай өрістей бермек. -шылык, -шілік аффиксі арқылы жасалған сөздер көбіне кәсіптің, шаруашылық түрлерінің немесе әлдебір абстракт күй қалыптың атауы болып отырады. Мысалы:
мактаншылык, диканшылык, окытушылык, ойланушы- лык, т. б. -шылдык, -шілдік аффиксі арқылы жасалатын төре- шілдік, кенсешілдік, гегельшілдік, кантшылдык тәрізді сөздер көбіяесе саяси әдебиеттер тілінде қолданылады. Абстракт ұғым атауларын немесе зат пен құбылыстың қандай да бір болсын айрықша белгісінің атауын жасай- тын -лылык (-лілік, -дылык, -ділік, -тылық, -тілік) аф- фиксі арқылы жасалған сөздер де ғылыми әдебиет тілінде, ішінара кеңсе стилінде де кездесіп отырады. Мысалы: му- зыкалык, куаттылык, зейінділік, екпінділік, айнымалылык, серіппелілікт. б. Халық тілінде белгілі бір зат атауын жасауда ерте- ден қалыптасқан тәсілдің бірі - етістік сөздерден -кыш (-кіш, -ғыш, -гіш) аффиксі арқылы жаңа сөздер жасау. Сыпырғыш, жапкыш тәрізді сөздер осы жолмен пайда болған. Кейінгі дәуірлерде бұл ғылым мен техника сала- ларында жаңа атау жасаудың өнімді тәсілдерінің біріне айналды. Кейінгі кезеңде қалыптасқан жылыткыш, сеп- кіш, мүздаткыш тәрізді атаулар да осы жолмен пайда бол- ды. Әдетте етістік сөздерден есім жасайтын -ма, -ме, (-ба, - бе, -па, -пе) қосымшылары да әр түрлі документгер атау- ларын, сондай-ақ жікгелген зат атауларын жасаудың өнімді тәсілі. Кеңсе қағаздарында қалыптасып кеткен аныктама, жолдама, мінездеме, сипаттама, хабарлама, ескертпе, сілте- ме жарнама т. б. атауларды немесе тұнба, коспа, шыгарма, түндырма тәрізді ғылымның әр түрлі салаларына қатысты сөздер осы аффикс арқылы жасалып қалыптасты. Кеңсе қағаздары мен қоғамдық ғылымдар жайындағы әдебиетгерде көп қолданыс табатын аффикстердің бірі - сын есім жасайтын -лык (-лік, -дық, -дік, -тык, -тік). 20- 30-жылдардағы әдеби тілімізде -лык аффиксі мен оның қысқарған түрі -лы аффиксінің қолданылуында белгілі бір шек болмағандығы мәлім. Әдеби тіліміздің кейінгі даму барысы -лық аффиксін көбіне ресми атаулар мен термин сөздер қүрамына теліді де, -лы аффиксі затқа, қүбылысқа тән ерекшелікті білдіретін қарапайым сын есімдер жасай- тын тәсіл болып қалды. Бүл аффиксті қолдануда сөз мағы- насының мәнері де есте болу керек. Егер айтылатын ой,
білдірілуге тиіс мағына бірыңғай үғымдарды ажыратуға не- гізделсе, онда -лы аффиксін қолдану әлдеқайда үтымды. Мысал үшін калалы жер тіркесін алайық. Осы тіркестің алғашқы компонентіне -лық аффиксін қосып қалалық жер деп айту сырт көзге бірдей болғанмен, мағыналық жағы- нан дәл емес. Мүндай реттердің бәрінде тек қана -лы аф- фиксі қолданылады. Осының ізімен тілімізде колхоздық ауыл, минералдық су делінбей, колхозды ауыл, минералды судеп қана айтылады. Дегенмен, -лық, -лы аффикстерінің қайсысының қолданылуы соз мағынасының өзгеруімен үштасыл жататын кездері болады. Айталық, физикада кол- данылатын космостық сәулелертерминін космосты сәуле- лер деп, математикадағы эвклидтік кеңістік терминін эвк- лидті кеңістікдеп айтуға немесе жазуға болмас еді. Өйткені тіркестің алдыңғы компоненттері соңғылардың тәндік белгісін білдірмей, қайта олардың (екінші компоненті білдіретін қүбылыстардың) шығу тегін айқындап тұр. Сон- дықтан мүндай реттерде -лық аффиксінің орнына -лы ны қолдану сөз мағынасын бүрмалау болады. Дегенмен -лык аффиксін терминдік сөз тірксстерінің қүрамында қолдану- да да сөз қолданыстың қалыптасқан жүйесін және тер- миндік тіркестің мәнін еске алу керек болады. Мысалы, физикада және техника салаларында жні айтылатын авто- генмен пісірутіркесін автогендік пісіру деп жазу - сол тер- миннің мәнін түсінбеушіліктін салдары. Өйткені автоген - дерексіз қүбылыс емес, қолға үстап, козбен коруге бола- тын зат. Халық тілінде мүндай реттерде комектес жалғау- ын қолданады да, балтамен шапты, пышакпен кесті деп айтады. Жаңағы қисында да автогендік пісіру емес, авто- генмен пісіру деп айту әрі сол қүбылыстың мәнін түсінгендік, әрі халық тілінің қалыптасқан ізін сақтау бо- лады. Сондай-ақ математикада қолданылатын теңбе-тең ауыстыру (тождественная подстановка) тсрминін орысша нүсқасына қарап теңбе-теңдік ауыстыру деп озгерту осы тіркестің айтылуын, түсініктілігін ауырлатудан басқа пай- да бермейді. -лы аффиксіпің қолданылуына байланысты тағы бір ерекшелік -у түлғалы қимыл ссімге жалғанған - лы -ған (есімше түлғасы) қосымшасына синоним болуы бар. Сөйлеу, жазу тілінде үшырасатың күзеуліжылғы, жию- лыжүк, түрулі есік(киіз үйдің) тәрізді тіркестер қүрамын-
дағы -лы аффиксті сөздерді күзелген, жиылған, түрілген деп те өзгертіп айтуға болар еді. Әрине, әрқайсысының өзіне тән қолданыс мәнері бар, бірақ мағыналық алшақтық жоқ. Ал, -лық аффиксті сөздер мұндай синонимдік қатар құрай алмайды. Кеңсе стилі мен қоғамдық ғылымдар саласындағы әде- биеттер тілінде халыкаралык, көзкарас, еңбеккүн, жалакы тәрізді біріккен сөздер жиі қолданылады. Іс қағаздарында еңбеккүн орнына еңбек еткен күні деп жазу тән емес, онда әрқашан бір ұғымда қалыптасқан, жинақы біріккен сөздер көбірек қолданылады. Бұл ойдың айқындығын, сөз жина- қылығын, ұғым тұрақтылығын сақтау мақсатынан туады. Дегенмен, әдеби тілімізде табиғи бірікпеген сөздерді әр кез біріктіріп қолдануға әуестік көбінесе осы кеңсе қағаз- дарында кездеседі. Әрине тіл зандылығымен сыйыспайтын ондай сөз қолданыстар ұзақ баяндамай, тұрақтамай кайта- дан бұрынғыша өз қалпында айтылатын болады. Әдеби тілімізде ескі кітаби тілден қалған -мыш аф- фиксі арқылы жасалған сөздер аса көп емес. Бірақ сол ба- рының өзі көпшілігінде ғылыми әдебиет тіліне қатысты болып келеді. Болмыс, түрмыс тәрізді сөздер философия мен тарихқа қатысты әдебиеттер тілінде аса жиі кездеседі. Публицистикалық стиль мен көркем әдебиет стиліне ғана тән айрықша морфологиялық тұлғаларды көрсету қиын. Бұл - олардың өзіндік ерекшеліктерімен ұштасып жатады. Публицистикада да, көркем әдебиетге де әдеби тілге тән морфологиялық түлғалардың барлығы бірдей қол- данылады. Кейде тіпті әдеби нормаға жатпайтын, халық тілінің жергілікті ерекшеліктері деп танылатын грамматика- лық тұлғалар да ретіне қарай жұмсалып отырылады. Әсіресе кеңсе стилі мен ғылыми әдебиетгер тілінде ұшыраса қой- майтын экспрессивті-эмоциялық мән туғызатын граммати- калық тұлғалар жиі кездеседі және олар белгілі дәрежеде авторлық өңдеуден өтіп, қосымша сыр-сипат алады. Морфологиялық түлғалардың қолданылу ерекшелікте- ріне қарай жазба тіл мен ауызекі сөйлеу тілін айырып қарау қажет. Сөйлеу формасының бүл екі түрінің айырмашылығы бірінің дауыс интонациясына, ал екіншісінің жазуға негізде- луінде ғана емес. Ауызекі сөйлеу тілінде жеке сөздердің қолданылуының бір ізге түсе бермеуі тәрізді, морфология-
лық түлғалардың қолданылу жүйесі де қатаң сақтала бер- мейді. Сөйлеудің ол формасында, ең алдымен, күрделі еті- стіктерді (негізгі етістік пен көмекші етістіктің тіркесі) ба- рынша қысқартып, бір соз есебінде айту басым. Мысалы: бара жатырмын, келе жатырмын, антып жатырмын тәрізді осы шақ мәнді күрделі етістіктер айтылуда көбінесе бара- тырмын, келатырмын, айтыпатырмын болып қысқарып ке- теді. Сондай-ақ, жүйеге түсіп қалыптасқан жазба тілде үшы- рай бермейтін басқа да күбылыстар ауызекі сойлеуде кез- десе береді. Мысалы, ауызекі сойлеу тілінде сын есімнің шырайлық түрлерінің үстіне -лау, -тау аффикстерін қосар- лай айту да бар: үлкеніректеу, молырактау, жуанырактау, жіңішкеректеу т. б. Жазба әдеби тілге бүлайша қосарлап айту тән емес. Оның себебі мынада: -рақ аффиксі де, сол сияқты -лау, -леу аффиксі де екі заттың бір-бірінен салыс- тырма артықшылығын не кемдігін ғана білдіреді. Ал жазба әдеби тіл грамматикалық түлғаларды жіктеп, саралап қол- дануға қүрамында келген соң шылауының кысқартылып, жалғау дәрежесінде айтылуы. Сойлеуші мен мектепке бар- ғансоң... тәрізді бағыныңқы сойлем баяндауышының күра- мындағы негізгі сөз бен шылау созді нақтап боліп жатпай, шылауды жалғауға айналдырып, мен мектепке барғасын түрінде айтуы да мүмкін. Ауызекі сойлеу тілін ерекше- лейтін кейбір морфологиялық бслгілер осындай. Жазба тіл о баста ауызекі сойлеу тілінің негізінде қалып- тасса да байи, дами келе, нормалары қалыптаса келе, ауызекі сойлеу тіліне қарағанда жүйелснген, күрамындағы грамматикалық түлғалары қызметі мен мәні жағынан сара- ланған тіл болды. Жазба тілдің осы ерскшелігі оның бола- шақта ауызекі сөйлеу тіліне ықпал жасауына мүмкіндік бе- реді. Сондай ықпалдың ііәтижесіпде соз бен түлғаның жаз- ба тіл қүрамында қалыптасқан соз қолдану ерекшелігі ауызекі сөйлеу тіліне де ауысып орнығады. Алайда ауызекі сөйлеу тілі айтылар ойды қосымша эмоциямен, экспрес- сивтілікпен толыктырып жеткізуде жазба тілде жоқ ерек- ше тәсілдерді пайдаланады. Айтушы оз ойын айтқанмен, сөзбен жеткізе алмайтын немссе айткысы келмейтін жер- лерін көз бен беттің құбылысы арқылы, не қол қимылы, әлде дауыс интонациясы арқылы аңғартады. Кей реттерде сөздің қай мән, қай мақсатта айтылып түрғаны сөйлеушінің
дауыс ырғағынан байқалады. Бүлардың барлығын жазу ар- қылы белгілеу мүмкін емес. Мүндай реттерде жазба тіл грамматикалық тұлғалардың қызметін, мән-мәнерін сара- лап, жіктеп қолданады да, сол арқылы қосымша мән- мәнерді беруге үмтылады. Жазба тілдің кейбір морфологиялық ерекшеліктері тө- мендегідей: -мақ түлғалы етістіктердің жіктеліп те, басқа бір көмекші сөзбен тіркесіп келіп те мақсатты келер шақ мәнінде жүмсалуы... бармакпын, бармак едім тәрізді баян- дауыштық қызметге жұмсалатын морфологиялық тұлғалар көбіне-көп жазба тілге тән. Ауызекі сөйлеу тілі мұндай ыңғайда көбінесе... барамын деп едім... тәрізді тұлғаларды айтуға бейім. -и жүрнақты сын есімдердің жиі қолданылуы: мәде- ни, әдеби, ғылыми, т. б. Ауызекі сөйлеуде осы тұлғалы сын есімдер жазба тілдің әсерімен орнықса керек. -с, -ыс, -іс тұлғалы қимыл есімдер жазба тілде түбір күйінде де, септеліп, әлде басқа бір көмекші сөздермен тіркесіп келіп те сан қилы мағына туғыза алады әрі жиі қолданылады. Ауызекі сөйлеу тілінде ондай мағыналарда көбінесе -ған тұлғалы есімшелер жұмсалады. Жазба тілде, мысалы, іс-қимылдың күй-қалыпқа байланысты мезгіл- уақыты жатыс жалғаулы -с дамыл есімі не оның көмекші есіммен тіркесі арқылы (кысылыста, кысылыс үстінде) бе- рілсе, ауызекі сөйлеу тілінде -ған есімшелерінің жатыс түлғасы жұмсалады. Сонымен қатар, жазба тілде керек, тиіс, мәлім, кажет тәрізді модаль сөздер, сондай-ақ болуы мүмкін, болуға міндетті, бармак керек, баруға тиіс тәрізді модальдық конструкциялар жиі кездеседі. § 45. Экспресеивті-эмоциональдық лексика жасайтын кейбір морфологиялық тұлғалар Кейбір жекелеген морфологиялық тұлғалар өз мәніне орай белгілі бір сөз қолданыс ыңғайында қалыптасады да, белгілі бір сөйлеу стиліне сіңісіп кетеді. Ондай морфоло- гиялық тұлғалар көп емес. Қазақ әдеби тілінде ерте кезден қалыптасып кеткен сөйлеу стилінің бірі - шенеу. мыскыл. Тілдік фактілерге
қарағанда мұндай экспрессия кобіне жеке сөздер мен син- таксистік шумақтар арқылы беріледі. Дегенмен, ондай сөз саптауда аса жиі қолданылып, қалыптасқан кейбір морфо- логиялық тұлғалар да бар. Солардың кейбірі мыналар: -сымақ есімдер құрамында қолданылады. Кемсіну, жақ- тырмау, кекету мәнерін туғызады. Мысалы: адамсымақ, ар- сымақ, мырзасымақ, қызсымақ, сулусымақт. б. -сып аффиксі арқылы жасалғап етістіктер де кекету, кемсіту мағынасында жұмсалады. -сып косемше, яғни тия- нақсыз тұлға, бұл тұлға озіпен кейін сөз айтылуын қажет етеді. Ал -сымақ тиянақты тұлға, сондықтан соңынан сөз еруін қажет етпейді. Дегснмен, бүл екі аффикстің арасын- да кейбір тұлғалық айырмашылық та бар. Ол айырмашы- лық мынада: -сымак аффиксімен айтыла алатын түбір- лердің барлығына бірдсй -сып аффиксін қосып қолдануға болмайды. Айталық, адам, кісі, үлкен, кіші тәрізді сөздер- ге екеуін де қосып, адамсып, адамсымақ. т. б. деп қолда- нуға болса (одан, әрине, соз мәнері озгсрмейді), сары, кы- зыл, ой, көңіл, т. б. сөздергс -сып аффиксін жалғап айтуға келмейді. Бұл, әрине, стильден горі грамматикалық шек- теліс екені белгілі. Бірақ сол грамматикалық шектелістен барып сөз қолданыс заңдылығы қалыптасатыны айқын жай. Осылармен орайлас мән туғызатын қосымшалардың то- бына -калақ (-келек, -галақ, -гелек), -алақ (-елек), - анақ, -мсақ (-мсек, -ымсақ, -імсек) аффикстерін де жатқ- ызуға болады: үшқалақ, бүлталак, сүғапақ, тілемсек, сүрам- сақт. б. Бүлар арқылы жасалған туыпды сын есімдер юмор- лық портрет жасауда, қатты мысқыл айтуда, қысқасы су- реттелетін объектінің басқадан оқшау ерекшелігін бір сөзбен жеткізуде қолданылатып дәл де откір тәсіл бола алады. Етістіктердің құрамында келіп бейнслі (образды) мән туғызатын бірсыпыра аффикстер дс осы топқа жатады: - ти: бүлти, батги, қылти; - би, -ми, -пи: ілми, қылми, арбп, сымпи, үрпи, бажби, барбит. б. - ырай, -ірей: тікірей, бүкірсіі, бақырай, шақырай, аңырай, күжірей, күдірей, одырай, қодырайт. б. - ши, -жи: бақши, ақшн, мықши, кегжи, - си: ақси, тырси, бырси, сыңси, борси.
-қи, -ки: ӨҢКИ, ДӨҢКИ, МИКИ, сыки, ТЫҢКИ. -ыс, -іс: кырыс, тырыс, бүріс. Мәніне орай мүндай бейнелі сөздер әжуа. кулкі. мыс- кыл. юморға бай келеді де, көбіне көркем әдебиет, оның ішінде фельетон, сықақ әңгімелерде көп кездеседі. Қолда- нылу ыңғайына қарай осы түлғалас сөздер кейде өз ара синоним де болады. Мысалы, -ырай аффиксі жасаған ба- кырай сөзі кей ыңғайда бажби сөзімен синонимдік қатар күрады. Мүндай синонимдік қатарлар әдетте лексикалық ыңғайда қарастырылады. Бір-біріне сырластық, достық, әлде туыстық қатынас мәні, үлкеннің кішіге қатынас мәні де қазақ тілінде кейде арнаулы қосымшалар аркылы беріледі. Олар: үлкен- кішілік қатынасты білдіретін қа (-ке) аффиксі, еркелету, жақын көру мәнді -жан, -ши аффикстері. Қазақтың өзінен үлкен кісінің атын толық атамай, қысқартып Сәбит деудің орнына Сәке, Мұктар деудің орнына Мүка' деу'\ осы заңдылыкка негізделген. Қатар не жасы кіші кісіге ер- келету, не жақын тарту ыңғайында Мәрия демей Мәрияш деу де осы стильдің бір көрінісі. Бүл аталған морфология- лык түлғалар сондай сөйлеу ыңғайында жиі қолданыла- тындары ғана, әйтпссе әдеби тілдің морфолопиялық құры- лысы оның барлық стильдік салаларына ортақ болып ке- летіні айқын. Тілімізде биік-биік, үлкен-үлкен, кисык-кисык, жуан- жуан тәрізді бір сөздің қайталануы арқылы жасалған күрделі сын есімдер эмоциялы екпін туғызудың өнімді тәсілдерінің бірі. Сөйлем ішінде мүндай сөздерге әдетге логикалык екпін түседі. Мысалы: Жуан-жуан тукүйрык- тан жасап жапсырғандай едірейген кара мүртты сол бір жылдары бүйідей түксиіп, кәр төгіп кетіп еді (Ғ. Мүсіре- пов). Егер жазушы қос сөз түрінде қолданбай, жалаң түбір түлғасын айтса, сөйлсмнен туар эмоция бәсеңдеп қалар еді. Ал күрделі сын есімдсрдің қарсы мағыналы сөздерден жасалған үлкен-кіші, жаксы-жаман, артык-кем, аш-ток тәрізді түрлері бірөңкей заттар мен кұбылыстарды жинақ- тап, жалпылап айтудың құралы болады. Мысалы: “Қызыл- бүрыштың”бастығы Әжіғали мүндайжүмыска таптырмай- тын адам. Осы өңірдің ескілі-жаңалы қүда түсерінің бәрі соның колында (Ғ. Мүсірепов).
Қос сөз түлғалас сын есімдер - көркем әдебиет тілінің басты суретгеу қүралдарының бірі екені мәлім. Зат сынының әр түрлі дәрежесі шырай түлғалары арқ- ылы беріледі. Шырай түлғалары, мүнымен қатар, экспрес- сиялық мән туғызудың да өнімді тәсілі. Заттың салыстырмалы сыны бірнеше арнаулы аффик- стер арқылы беріледі. Олардың әрқайсысының өзіндік қол- данылу ерекшеліктері бар. -рак, -рек (-ырак, -ірек) аффикстсрі арқылы білінетін артықшылық, не кемдік заттың абсолют сапасы бола ал- майды. Салыстырылып отырған заттың біріне қарағанда екіншісінің не артықтығын, не ксмдігін ғана көрсете ала- ды. Мысалы: Дағдылы ерлер мінетін ер-токымнан гөрі әйел- дер мінетін кокан ерлер молырақ (М. Әуезов). -рак аффиксті сын есімдер сөйлем қүрамында көбіне- се, баяндауыш қызметінде жүмсалады да, сөйлемнің со- ңында айтылады. Кейде ауызекі сойлеу тілінде сын есім- дердің бүл түрі анықтауыш қызметінде де жүмсалады. Бірақ ол жазба тілдің нормасы емес. Мысалы, жаксырак адам, үзынырак ағашдеп айту сөйлеу үстінде байқалмағанмен, жазба тілге үйлесімсіз. Алайда -рақ аффиксін кез келген сын есімге жалғап айтуға бола бермейді. Сондықтан оның қолданылу заңдылығына қысқаша шолу бсрейік. -лы түлғалы сын есімдердің бірсыпырасына -рақ жүрнағы жалғанып, зат сынының салыстырмалы дәрежесін білдіреді. Мысалы: Өзен жағалары даланкы жерлерден гөрі шөптірек. Контекстік сипаты мсн сойлеудің мақсатына қарай, мүндай морфологиялық түлғалар орынды, үйлесімді. Дегенмен соның ізімен “биылғы кыс карлырак, күз жаң- бырлырақ баадь/”деп сөз саптау ауызекі тілде кездесе бе- руі мүмкін. Ал жазба тіл мұпдай ретгерде синтаксистік кон- струкцияларды қолдануға икем келеді (Биылғы кыста кар мол болды, күзде жаңбыр жиі жауды). Ал киімді, тонды, үйлі, жерлі тәріздес туынды сын ссімдерге -рақ аффиксін жалғап айтуға келмейді. Осындай жайды -дақ, -дек,. -тақ, -тек, -шыл, -шіл тұлғалы сын есімдер жөнінде де айтуға болады. Ол үйкышылырак, жалтағырак адам деп сөйлеу қазақ үғымында оғаш қүбылыс. Заттың салыстырмалы сыны кейде септік жалғаулы кон- струкциялар арқылы да беріледі. Мысалы: Байлауы жок
шешеннен үндемейтін есті артык, бәйге алмайтын жүй- ріктен белі жуан бесті артык. Сын-сапаның қандай бір мәнде болсын сәлдігі, бәсеңдігі -лау, -леу, -дау, -тау, -теу түлғалы сын есімдермен бері- леді. Мысалы: Қазір ол сұнғактау, талдырмаш бойлы, қызыл шырайлы... жіңішкелеу қыр мүрынды сүлу кыз бо- лыпты (С. Мүканов). Ол қырбыктау ғана мүрты бар, ша- һарша киінген, басында дөңгелек кара баркыт тақиясы бар, көк көздеу, шашы мен мүрты, сарғылт, ак күба өңді татар- дың жас жігіті (С. Мұқанов). -лау тулғалы сын есім сөздер кейде затганып, зат пен кісіні білдіретін сөздердің орнына жүмсала алады. Мыса- лы: - Әлгі бір жерде сізден болды.., — деп, жастауы акта- лып келеді (Ғ. Мүсірепов). Алайда осы құбылыс әдеби тілдің бар саласына бірдей тән емес. Бұл көбінесе көркем әдебиет пен қарапайым сөйлеу стилінде жиі кездеседі. -лау аффиксті сын есімдер кейде “сәл, артық”сөідері- мен келген синтаксистік конструкцияларға мәндес болып отырады. Мысалы: Аешеыстыктау еді, күн бүгін самалды қоңыржай екен (С. Мұқанов). Осы сөйлемдегі ыстыктау сөзін синтаксистік конструкциямен ауыстырып: Кеше сәл ыстык күн бүгін самалды коңыржай екен деп айтуға не жазуға болар еді. Дегенмен, осылардың арасында әрқайсы- сын бөлектейтін мағыналық мәнер бар, -лау түлғалы сын есімдерде экспрессивтілік басым да, оның синонимі бола- тын синтаксистік топта дәлділік бар, ал экспрессия аса көп байқала бермейді. Сөздің экспрессивтілігін күшейтудің, сын-сапаның ар- тық я кемдік дәрежесін білдірудің үтымды бір тәсілі - сын есімдердің күшейтпелі түрлері. Буын қосарлануы сөз ма- ғынасын нақтылап, тәптіштеп жеткізудің ғана тәсілі емес, сонымен қатар одан туар экспрессияны күшейтудің, сөйтіп, тыңдаушы не оқушы тарапынан қажетті ассоциацияның тууына жағдай жасаудың да тәсілі. Көзбен көрген заттың сапасы туралы тек қана “жақсы” деп айту мен “жап-жак- сьГреп айту мәні жағынан бірдей емес. Қарапайым сөйлеу стилінде мысалы “жаАгсь/”деп қана айтылатын болса, зат- тың сапасы бірқыдыру жақсы, бірақ әлі де жақсарта түсуге болар еді деген ұғым туады. Ал зат сапасы жайында “жап- жаксьГ деп айтса, бар қадарынша жақсы жасалған, ешбір
кемдігі жоқ дейтін үғым шығады. Бүл түлға қарапайым сөйлеу стилінің басты элементтеріпің бірі және поэзиялық шығармаларда аса жиі колданылады. Қарапайым сөзде “әп- әдемі киінген бір бала келді" деген сойлемнің құрамын- дағы “әп-әдемГ сөзін қолданбай, синтаксистік тәсілмен сөздерді тіркестіріп, шамамен былайша сипаттап айтуға болар еді: үстінде жақсы тігілген жаңа костюмі бар, аяқ- басы таза бір бала келді. Әрине, сонғы тәсіл дәл, айқын. Бірақ екі нәрсе жетпей түрған сияқты, ол - сөздің жинақы- лығы мен әсерлілігі. Ал, мына үзіпдідегі күшейтпелі шы- рай түлғасын басқа сөзбен ауыстырып айтуға тіпті де бол- мас еді: Аппак ет, қып-қызыл бет, жап-жалаңаш, бейне бір үқсатамын туған айға (Абай). Бүл тұлғаға (күшейтпелі шы- рай түлғасына) мағыналық жағынап болсын, қолданылуы жағынан болсын жақын тұлға аса, тым, тіпті, шымқай, өте, ең, орасан, керемет тәрізді сөздердің сын есімдермен тіркесіп айтылуы. Грамматика оқулықтарында сын есім- дердің бүл тобын асырмалы шырай деп атап жүр. Солай аталғанмен, колданылу тәжірибесіндс осы екі түрлі шырай деп танылып жүрген топтардың бір-бірінен алшақтап жат- қан айырмашылығы аса көп байқала бермейді. Айырма- шылык тек қана олардың түлғасында болса керек. Қазак тілінде жап-жақсы деп айтудың орнына оте жақсы, тым жақсыдеп те айтуға әбдеи болады. Немесе қып-қызыл де- мей, тым кызыл, жап-жасыл дсмей, тым жасыл, сап-сары демей, тымсарыдеп айтып, жазудын сшбір оғаштығы жоқ. Айырмашылық - осы екі тәсілдің создің екі түрлі жанрын- да қолданылуында. Ресми создс жап-жақсылемей, өтежақ- сы деп айту, жазу басым. Сөйтіп, сонғы асырмалы шырай тұлғасы көбінесе жазба ресми тілгс ғапа тән тәрізді. Бүндай конструкциялардың қалыптасуы да жазба ресми тілмен бай- ланысты болса керек. Күшсйтпслі шырай түлғасын кез кел- ген сын есімнен жасауға болмайды. Мысалы: сап-сары, қып- қызыл, жап-жақсы, қоп-қою деп айтуға болғанмен, қып- қиын, сып-сылбыр, жап-жай(баяу дсгсп мағынада) деп ай- туға көнбейді. Мысалы: Осы жпыпға кслетін ең қадірлі, ең сыйлы деген елдің конағын берсін дспті (М. Әуезов). Осындағы қарамен берілген асырмалы шырай түлғасын тура мәнінде күшейтпелі шырайға айналдырса, тілдің қалыпты сөйлеу, жазу нормасы бүзылар сді.
Экспрессивтілік мән күрделі етістік түлғалары арқылы да беріледі. Етістіктердің басым көпшілігі жалаң бір ғана түбір болса (оқы, жаз, айт, сөйле, т. б.), бір сыпырасы осы жалаң түбірлерге тағы бір түбір сөздің тіркесуі арқылы жасалады: айта бер, сөйлей бер, соға кет, коя түр, түра түр, т. б. Сөйтіп, екі кейде үш түбір бірігіп бір ғана мағына беретін күрделі етістіктер пайда болады. Сонымен бірге күрделі етістіктер қүрамындағы сөздер жеке де қол- даныла алады. Бірақ лексикалық қүрамы жағынан бір-біріне ұқсас жалаң түбірлі етістіктер мен күрделі етістіктердің контекстегі мәні бірдей емес. Мысалы: Машина үйдің жа- нына токтады. Машина үйдің жанына токтай калды. Сөйлем баяндауыштарының лексикалық құрамдары үқсас, бірақ мәндері бірдей емес. Жалаң етістік (тоқтады) іс- қимылды жай ғана атап айтса, күрделі етістік іс-қимылдың қосымша экспрессиясын аңғартады. Сөйтіп күрделі етісті- ктер іс-әрекеттің қосымша ерекшелігін, мәнерін біршама толық айқындайды. Күрделі етістіктер қүрамындағы сы- ңарлардың мән-мағынасы мен қызметі де бірдей емес. Тіркестің бірінші сыңары негізгі лексикалық мәнді білдіреді де, екінші сыңары іс-әрекеттің қосымша мәнерін, ерек- шелігін көрсетеді. Құрамындағы сөздердің лексикалық үніне лайық мүндай күрделі етістіктер іс-әрекеттің, про- цестің әр қилы сипатын, мінездемесін береді. Сол мән- мәнерлерді білдіруде олар өз ара не басқа бір сөздермен синонимдік қатар қүрады. Бірсыпыра күрделі етістіктер іс-кимылдың, әрекеттің шапшаң, оқыс орындалғанын білдіреді. Мүндай күрделі ет- істіктердің бірінші (негізгі) сыңары көсемшенің -а (-е) түлғасы болады да, екінші сыңар қызметінде кой. кет. кел көмекші етістіктері жүмсалады. <қойды қойды қойды кетті тани^-кетті отыра^-кетгі қалды қалды қалды Келтірілген сөз қатарлары істің шапшаңдығын, оқыс- тығын білдіруде бір-біріне синонимдік мәнде айтылады. Дегенмен, бүл сөз қатарларының өздеріне тән қолданылу аясы да бар. Күрделі етістіктер мағыналық мәнеріне, кон-
текстің сипатына лайық таңдалып алынады. Мысалы: Тек кисайта киген пилотка ғана кызыл шырайлы жас өңіне ой- на*ы еркелік беріп жараса калыпты (Т. Ахтанов). Бүл мысалдағы жараса калыпты күрдслі етістігін мағынасы үқсас басқа бір сөзбен ауыстыруға көпбейді. Қүрамында сал көмекші етістігі бар күрделі етістіктер іске мән бермеу, немқүрайлы қарау мәнерін туғызады. Мы- салы: Көше бойлай ойланып келе жатып, Асан кездескен киоскіден аты-жөнін карамай бір кітапты сатып ала салды (газеттен). -а, -е, -й тұлғалы косемшелер мен кел. кет. шык. бар. жүр көмекші етістіктерінен қүралған) алған күрделі етістіктер арнайы емес, жол-жонекей істелген істі білдіреді. Бүлар осы мәнде синтаксистік шумақтардың синонимі рет- інде жүмсалады. Мысалы: Асан карыидасын Алматыға ала кетгі (газеттен), Осы балапы біз ала кетсек кайтеді? — деді Мәшік Нүртазаға (С. Мүқанов). Алдыңғы сөйлемде Асанның негізгі мақсаты - озі тікелей бару, сонымен қатар жол-жөнекей қарындасын да ала ксту. Бүл сөйлемді шарт- ты түрде былай құруға болар еді: Алматыға өзі баратын болған соң, Асан карындасын да алып кетті. Соңғы вари- антта күрделі етістік түлғалық жағынан озгеріп қолданыл- ған. Өйткені енді ала кетті түлғасында қолданудың қажеті жоқ, бұл тұлға беретін мән синтаксистік шумақ арқылы беріліп тұр. Ал екінші сойлсмді былай қайта құруға болар еді: Біз кетіп барамыз ғой, керегі болар, осы баланы ала кетейік, — деді Мәшік, Нүртазаға. Мұнда да ала кетейік күрделі стістігі синтаксистік шумақтың синонимі екені байқапады. -а, -е, -й көсемшесі мен кор көмекші етістігінен құрал- ған күрделі етістіктер істің істелуі жайындағы етінуді, сүра- уды, жалынуды білдіреді. Мысалы: Жакыныңды жауға та- стай көрме! Досыңның бір кателігін кешірс көр! Күрделі етістіктердің бұл түріне осы мағынада -шы (-ші) аффиксті жалаң түбір етістіктер синоним болады. Жоғарғы сөйлем- дерді былайша қайта қүруға болар сді: Жакыиыңды жауға тастамашы! Досыңның бір кателігіп кешіршИЬүл екі түлға- ның арасындағы айырмашылық - күрделі етістік экспрес- сивті мәнді көтеріңкі әуснмсн барыпша айқын жеткізсе, - шы, -ші тұлғалы жалаң түбір етістіктерде бәсең. Іс-әре- кеттің созылыңқылығы, жалғаса түсуі -а, -е, -й көсемшелс-
ріне түс. бер көмекші етістіктері тіркесу арқылы жасалған күрделі етістіктермен беріледі. Мысалы: Академик Сәтба- евтың еңбектері отандык ғылым табыстарын одан әрі те- реңдете түсті (газеттен). Соңынан куған сіріңкі кара адам- дар жете алар емес, шокайлары тайғанап кейіндей берді (Ғ. Мүсірепов). Бүлар ғылыми жазбалар тілінде, прозалық баяндауларда аса жиі қолданылады. Осы көсемшелердің түр көмекші етістігімен тіркесі іс-әрекеттің созылыңқылығы тек уақытша қүбылыс екендігін аңғартатындай мәнерде жүмсалады. Мысалы: Мына журналды қарай түр. Бүл ма- ғыналық мәнер әсіресе бер көмекші етістігімен салыстыр- ғанда айқын көрінеді. Мына кітапты қарай бер. Екеуіндегі мән-мағына екі түрлі мәнермен үғынылады, алдыңғысын- да аз уақытқа, сәлге дейтін мән бар да, соңғысында уакыт жағынан ондай шектеушілік байқалмайды. -а, -е, -й + түр күрамды күрделі етістіктер көбінесе әзірге, казірше, сәл уакыт тәрізді сөздермен келген тіркестерге синоним брла- ды. Әзірше осы кітапты окы, осы кітапты оки түр, немесе әзірше осы кітапты оки түр деп нақтылап айтуға да бола- ды. Бірақ бүл ыңғайда мынаны ескеру қажет сияқты. Күрделі етістік ойдың, іс-әрекеттің динамикасын күшей- теді. Сондықтан ұзақ баяндауларда, мәтіндерде, бірінен соң бірі айтылатын сөйлемдер жігінде күрделі етістіктерді кол- дану әлдекайда үтымды. Күрделі етістіктердің енді бір тобы әдейі жасалған істі, әрекетті білдіреді. Мұндай күрделі етістіктер -қан, -ған есімшелеріне бол көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жа- салады. Мысалы: Райша үйыктап жатқан болып, шешесі мен Қожаштың әңгімесін түгел естіді (С. Көбеев). Мүндай күрделі етістіктерге -сып түлғалы есімшелер (жатқансып) синоним болады. Мысалы, жоғарғы сөйлемді былайша қай- та кұруға болар еді: Райша үйыктап жаткансып, шешесі мен Қожаштың әңгімесін түгел естіді. § 46. Есімдіктердің қолданылуы Есімдіктердің колданылу аясы кең. Бүл ерекшелік ең алдымен олардың лексика-грамматикалық табиғатына бай- ланысты. Өйткені олар басқа сөздердің, әсіресе зат пен оның 178
сынын білдіретін сөздердің орнына айтылып, солардын “орынбасарлары” есебінде жұмсалады. Сондықтан есімді- ктер жеке айтылғанда нақты мағына бере алмайды. Есімдікті өзі колданылып отырған текстеп бөліп алып, жеке қарастырсақ, затты, не оның сынын, немесе сөйлеушіні білдіретінін айыру қиын. Олардың нақты мағынасы кон- тексті тұтас алып салыстырғанда ғана айқын көрінеді. Ал контекстегі есімдіктердің мәні бір ғана сөйлем құрамын- дағы сөздердің өз ара қатысынан айқындалса, кейде екі, не үш сөйлем жігінен, кейде түтас абзац бойынан бір-ақ ай- қындалады. Есімдіктің мәні бір ғана сөйлемнің шегінде, соның құрамындағы сөздердің логикалық және грамматикалық қатынасынан айқындалып, мән-мағынасы дәл түсініле- ді: - Карл Карлович, Рязанов мырза жалғыз бізбен ғана ортактас емес екенін Сіз жаксы білмейтін бе едіңіз? Бірақ бір ғана жай сөйлем қүрамында бір-біріне мәндес екі есімдікті қолдану создің мәнсрлілігін әлсірететіні белгілі. Есімдіктер іргелес айтылғап скі жай сөйлемді бір- бірімен мағыналық үластырушы сссбінде жүмсалады. Мы- салы: Тәкежан бүл күнде Мүсакүлды кыстайтын. Ол Абай- дан бүрын үйленіп, сол жылы енші алып, бөлініп шыккан (М. Әуезов). Бүл соғыстан ешкімге де ракым болмайды, одан ешкім де окшауланып кала алмайды (газетген). Егер есімдіктер қолданылмай, сол сөздің озін қайталайтын бол- са (Тәкежан бүл күнде Мүсакүлды кыстайтын. Тәкежан Абайдан бүрын үйленіп, сол жылы енші алып, бөлініп шық- кан), олардың арасындағы логикалық байланыс әлсірер еді. Сөйтіп, мүндай реттерде есімдіктердің қолданылуы ойдың логакалық түтастылығының, байлапыстылығының қажетгі шарты болады. Қолданылу процесінде ссімдіктер тек атау түлғалы сөздерге қатысты болып, солардың баламасы ғана болмайды. Септеулі сөздерге де қатысты болып, солардың келесі сөйлемдегі “орынбасары” есебінде қолданылады. Мысалы: Бірак, бүрынғы салдыр-салак калып кеңсе қыз- меткерлерінін көбінен жойыла бастаған заман ғой. Олар пәтер мәселесіне де сак карайды (Б. Майлин). Соңғы сейлемдегі олар есімдігі алдыңғы сойлемдегі (кеңсе) кыз-
меткерлерінің сөзімен логикалық байланысқа түсіп, соның “орынбасары” есебінде жүмсалған. Алайда, кейде бір-біріне іргелес айтылган, біртүтас ло- гикалық желіге бағынған жай сөйлемдер тізбегінде жіктеу есімдіктерін сөйлем сайын қайталай беруге бол- майды. Мысалы; Жаңа жыл карсаңында Ащысай кенінің бір топ жүмысшылары косымша тағы бір мамандыкты игерді. Олар бүрын бірі слесарь, екіншілері кен копа- рушы, скреперші, электровоз машинисі деген сиякты мамандыктың иелері болса, енді “ПМЛ-5” тиеу маши- насының да маманы атанып отыр. Олар бүл өнерді жүмыста жүріп-ак меңгерді (газеттен). Соңғы сөйлем- дегі олар есімдігін алып тастап, үзіндіні қайта бір оқып шықсаңыз, сөйлем ықшамдалып, үғымға жеңіл болар еді. Диалогты сөйлемдерде есімдік кейде қаратпа сөзбен тікелей мағыналық байланысқа түседі. Мысалы: - Қатын! Баскага жаман шыгарсың, бірак өзіме жаксысың, өзіме кымбатсың! Өсектеген жүрт өсектей жатар, ойнап-күліп ба- рып кайтайык... Жалғыз сен емес баска жерлерден де әйел- дер барады дейді ғой, ретсіз жеріне өзіңде бармассың, - деді Бәкен көңілденіп, (Б. Майлин). - Сен, катын, енді тыныш жат, жаңылдырма, - деді әйе- ліне (Ғ. Мүсірепов). Сөйтіп, есімдіктердің мән-мағынасы көбіне тек контекст ішінде айқыңдалады. Олардың контекспен мағыналық бай- ланысы да әр қилы болып отырады. Демек сөйлеуде, әсіресе жазба жүмыстарда, сөйлем ішінде қолданылып отырған есімдік сөздердің мәнін, оның, өзінен бүрын не соң айтылатын қандай сөздермен тікелей мағыналық байланыста екенін анықтау керек болады. Оны- сыз сөйлем мәніне нүқсан келуі мүмкін. Есімдіктердің ішінде колданылуы, мән-мағынасының кеңдігі жағынан айрықша бөлектенетіндері - жіктеу есімд- іктеоі. Жіктеу есімдіктері мағыналық жағынан жалпы бо- лумен қатар, кейде даралық мәнді де білдіре алады, ал кей- де біреңкей, бірыңғай заттар мен қүбылыстардың жиын- тығы, солардын шоғырланған, корытындыланған бір түтас мәні есебінде де үғынылады. Екінші бір ерекшелігі - жіктеу есімдіктері көбінесе тура, номинальды мәнінен басқа, ав- 180
тордың, сөйлеушінің айтып, хабарлап отырған іс-қүбылы- сқа субъективтік қатынасын көрсетеді. Бірінші жақты білдіретін мен есімдігін қолданудағы кейбір ерекшеліктер төмендегідей. Қатар, іргелес айтылған сөйлемдер қүрамында мен есімдігінің қайталануы екі түрлі мәнерде үғынылуы мүмкін. Біріншіден, автор қайталау арқылы сол сөзге логикалық екпін береді. Мысалы: Мен сендерді баскадан бүрын көрем, Мен колымды сендерге бүрын берем. Сендермен тек алысар жау табылса, Мен бәріңнен колында бүрын өлем (С. М ү қ а н о в) Екіншіден, сөйлеушінің, өзі жайында әдеттен тыс сы- пайылық сақтамауын байқататын тәсіл есебінде де қолда- нылады. Б. Майлиннің “Бір адам” әңгімесінде мынадай жол- дар бар. - Мен - мырза. Менде мал көп... Әкем шал, өледі. Малдың бәрі менікі... - Сен мырзасың... Какой черт сен мырза... Вот, мен мырза болсам... Солай ма, Иван? ... Мен мырза болсам, бүкіл карашүнакты бір уыска сыйдырар едім... Солай ма, Иван?... Мен Ивандікіне конакка барар едім... Иван! Мен конакка барсам, сен калаш бересің? ... Мен саған арак берем... Егер автор әр сөйлем сайын меп есімдігін қайталап қол- данбаса, мүндай экспрессия да тумас еді. Әдетте сөйлем мәні мүндай экспрессивті өң алмас үшін, монологтарда мен есімдігі үсті-үстіне қайталана бермейді. Кейде бүкіл абзац, бүкіл текст бойында, әңгіме бірінші жақ атынан баяндалса да, мен айтылмай қалып отырады. Қазақ тілінің қүрылысы есімдіктерден болған логикалық бастау- ыштар айтылмай-ақ сөздің қай жақтың атынан айтылып отырғанын түсінуге мүмкіндік береді. Мына бір үзіндіге кеңіл аударайық: ...Бүл ойым өрлей-орлей барып, киын бір камалга барып тіреледі: бір күні Акбота сөйтіп жиырма- дагы кыз болып түра калса, кайтем ? Онда аузымның аппак болғаны емес пе?.. Қайдағы жаман ой кайдан келіп калып
сді деп күні бойы кынжылам, Акботаның ойына түсе көрме деп тілеймін (Ғ. Мүсірепов). Бүл үзіндідегі сөйлемдерге мен есімдігін қосып айту авторға қиянат жасау болар еді. Алайда мен есімдігінің түсірілмей немесе түсіріліп ай- тылуы барлық уақытта осындай экспрессиялық мәнмен үштасып келе бермейді. Кеңсе қағаздарында уақиға бірінші жақтың атынан баяндалса, сол бірінші жақтың, атап айт- қанда, кім екендігін қалайда жазу қажет болады. Қол хат- тарда, хатгамаларда, сенім қағаздарда т. б. “Мен, Дүйсен- баев Сейсенбай, осы сенім квғазды Сабалаков Жарты- байға... ”деп, л/еяесімдігін әдейі түсірмей жазып отырады. Мүның өзі - іс қағаздарынын стандартгылығынан, қалып- тасқан жазу стилінен туатын заңдылық. Біз есімдігі көптік мән беретін болғандықтан, әдетге көптік жалғаусыз айтылады. Дегенмен, сөз ыңғайына, сөйлеушінің арнайы мақсатына қарай кейде көптік жалғау- ын қабылдайды. Әр кез үранды сөйлемдер, салтанатты сөйлеу ыңғайында: Біздер, мектеп окушылары... тәрізді сөз саптаулары осындай арнайы мақсаттан туған. Біз есімдігі- не көптік жалғауын жалғау арқылы бірөңкей кісілерді топ- тастыру, сөйтіп оларды бір ғана ағым не топ етіп көрсету мақсаты көзделеді. Біз есімдігі барлық уақытта да көптік мән туғызбайды. Кейде ол сөйлеушінің, автордың мақсатына лайық жекелік мәнде де қолданылады. Осы орайда жиналыста шығып сөйлейтін шешен тіліндегі біз есімдігінің қолданылу ерек- шелігін еске алу қажет. Сыпайы шешен “менің ойымша”, ”мен осылай ойлаймын” ”мен былай істедім” деп үлкен аудиторияның алдында қайталай бермейді. “Мен, мен” деп айта беру шешеннің даңғойлығын, шамадан тыс өзім- шілдігін ғана дәлелдер еді. Сондықтан ол “біздің ойымыз- ша”, ”біз осылай ойлаймыз” деп, өз ойын, өз байымдауын сыпайы ғана баяндайды. Екінші, тыидаушы жакты білдіретін жіктеу есімдіктерін қолданудағы кейбір ерекшеліктер мыналар: Қазақ тілінің қалыптасқан заңдылығы бойынша сен есімдігі арнайы сөйлеу ыңғайын танытады да, сіз есімдігі сыпайы сөйлеу ыңғайын танытады. Сонымен қатар, сен және сіз есімдіктері қолданылу процесіиде әр қилы эксп- рессиялық мәнер де туғызады.
Сен есімдігі өзінің тура мәнінен басқа сөйлеушінің тың- даушы жаққа қатынасын да білдіреді. Жасы үлкен және бейтаныс кісіге сіз деудің орнына сен деп сөйлеу сөз иесінің олақтығын, немесе әдейі дорекі қатынасын көрсетеді. Сен есімдігі кейде адам арасындағы сырластық қатынастың көрінісі есебінде де қолданылады. Мысалы: Осыдан ксйін мен оны Катя деп кеттім де, ол мені Костя деп кетті. Кез- дескелі бүзылмай келген "сіз-біз" калды да “сен-менге" кәшіп кетгі(Ғ. Мүсірепов). Жадырап жаз келгенде, сені ойлаймын, Қүс шулап келсе бізге, сені ойлаймын. Қайтканда күстар күзде, сені ойлаймын, Ак үлпа жамылганда таудын гүлі, Өзгені ойлар дәрмен жок, сені ойлаймын (Р. Га м затов). Ол есімдігі, үшінші бөгдс жақты білдіреді. Бүл сөз қол- данылғанда, әңгіме болып отырған заттың не кісінің атауы сөйлемде көбіне айтылмайды. Бүл жағдай әсіресе ауызекі сөйлеу тілінде жиі кездеседі. Ол есімдігі бір ғана ыңғайда озі білдіретін зат не кісі атауымен немесе басқа бір есім созбен қатар қолданылады. Бүл жағдайда ол есімдігі бастауыш қызметінде, зат не кісі атауы баяндауыш кызметіндс жүмсалады. Мысалы: Ол - инженер. Ол - Атымтай Дүйсенбасв т. б. Ол есімдігі сілтеулік мәндс де айтылады. Мүндай рет- терде ол есімдігі зат, кісі, орын-мскен атауын қайталамау- дың төсілі есебінде қолданылады. Өз есімдігінің екі түрлі қызметі бар: біріншіден, өз есімдігі есім сөздермен тіркесіп келіп, есімдер арқылы бел- гіленіп отырған заттың біреуге тәндігін, тәуелділігін білдіреді. Мысалы: Өз үйім - олең төсегім; өз балам; өз жүмысым т. б. Екіншіден, оз есімдігі жіктік, кейде сілтеу есімдіктерімен тіркесіп келіп немесе жеке қолданылып та белгілі бір кісі, зат жайындағы үғымды айқындап, пәлдеу мәнінде жүмсалады. Олозі келді; л/еяөзім бардым; мүның өзі, сыпайылап айтканда, одепсіздік (газеттен) тәрізді сөйлем қүрамындағы өз ссімдігінің қолданылуы осындай. Өз есімдігі алгашқы екі сойлсмде қимыл иесінің кім
екендігін айқындап, дәлдеп көрсетсе, соңғы сөйлемде болған қүбылыс жайындағы үғымды (мүның өзі) нақты- лап, конкреттеп түр. Өз есімдігі сондай-ақ біріне-бірі ұла- сып айтылған сөйлемдер қүрамында бастауыш қызметін- дегі сөзді қайталай бермеудің тәсілі есебінде де жүмсала- ды. Мысалы: Бүрынырак бір кезде Абайға сырттан томырылып ызалы боп жүрген Әділбек те квзір ол мінезін үмыткан сиякты. Өзі жүріп есік ашып, Абайдың камшысы мен тымағын кереге басына өз колынан ілді (М. Әуезов). Өз есімдігін қолдануда әр кез стильдік жаңсақтық кез- деседі. Мысалы: Министрлік мекеме басшысына өзіне ма- шина алуға рүксат берді (машина мекеме басшысына арна- лып алына ма, әлде министрліктің өзіне алына ма - айқын емес). Председатель көмекшінің өзіне барсын деп бүйыр- ды. (Председательдің бүйрығы кімге арналған: көмекшіге ме, әлде басқа біреудің көмекшіге жолығуы жайындаииа?) Бірінші сөйлемде өз есімдігінің ешбір қажеттігі жоқ. Сон- да сөйлемнің мәні айқын болады. Екінші сөйлемді екі түрлі қүруға болады: егер әңгіме басқа біреудің көмекшіге жо- лығуы жайлы болса, сол кісінің атын атау қажет. Ал көмекшінің өзі басқа бір жаққа баруы туралы болса, сол баратын жердің аты аталғаны дүрыс. Сөйтіп, бір ғана сөйлем ішіндегі екі түрлі логикалық субъект болған жағ- дайда да, өз есімдігін қолдануға барынша мүқият қарау керек. Мән-мағынасы мен қолданылуы жағынан белгісіздік есімдіктерін бірнеше синонимдік топтарға бөлуге болады: кай, кайсыбір кейбір (еу), біреу-міреу, әлдекім сөздері сөйлеушіге белгісіз, немесе әдейі атағысы келмейтін кісі аттарының орнында қолданылады. Мысалы: Әлдекім есікті какты. Мүнда әлдекім есімдігі естушіге белгісіз кісіні біл- діріп тұр. Отырғандар, әсіресе кеңбір ерсілеу сүрау бер- гендер, үялып беттері кызарып, төмен кврай берді (А. Тоқмағамбетов). Біркатар, бірсыпыра, біраз, бірнеше есі- мдіктері сан-мөлшерлік мән беріп, бір-біріне синоним бола алады. Дегенмен белгісіздік есімдіктерінің жүмсалу, қолданы- лу аясы бірдей емес. Бір ғана синонимдік топқа жататын сөздердің әрқайсысының өзіне тән қолданылу шеңбері бар.
Қайсыбір, кейбір есімдіктері ресми тілде қолданылуға бейім. Ал олармен мәндес біреу-міреу көбінесе тек ауызекі тіл элементі іспетті. Әлдекім, яеяесімдіктері көбіне көркем әдебиет тілінде, сондай-ақ ауызекі сөйлеу тілінде жиі кез- деседі. Сол сияқты, біокатар. біосыпыоа. біоаз. бірнеше сөздерінің қолданылуы да бірдей емес. Біркатар. бірсыпы- ра. бірнеше сөздері сөйлеу тілінде болсын, жазба тілде бол- сын жиі қолданылғанмен, біраз сөзі көбінесе тек қана сөйлеу тіліне тән.Сілтеу есімдіктерін шартты түрде мына- дай синонимдік топтарға бөлуге болады: бұл, мына, осы есімдіктері әдетге сөйлеушінің көзі көріп түрған немесе қасында, жақын жерде түрған зат не кісіні білдіргенде қол- данылады да, анау, сонау есімдіктері көп ойға батып кетті?- ау! Жүдеп кеткеніңді байкамапсың!.. - деді (М. Әуезов). Бүл сөйлемде осы есімдігі нақ сол кезеңді яғни сөз болып отырған кезеңге байланысты қолданылған. Сондықтан оны басқа сөзбен ауыстырып айтуға болмайды. Ол ырғала түсіп, катты демікті де: - Қой, шырак, кой, мырза сол бәледен абырой тапқаны аз еді ғой атамай-ак койсаңшы! - деді. Дәл осы кезде касында екі жігіті бар Пүшарбай кеп кірдҢМ. Әуезов). Бүл үзіпдідегі сол, осы есімдіктерін де алмастырып қолдануға келмейді. Әне, әнеки есімдіктері анау, сонау есімдіктерімен таза лексикалык түрғыдан бір- біріне орайлас дедік. Алайда бүлардың контекстегі мәні өне бойы орайлас бола бермейді. Әнекн, әне есімдіктері заттың орналасу қашыктығына орайлас айтылғанмен тұтқи- ыл болған көрініске, ойда жоқта тап болған күбылысқа, қимылға сілтейді. Мысалы: Келіп калды әне мына мүндар! (“Қазақ солдаты”). Осы сөйлемдегі әне есімдігінің орнына сонау, анау есімдіктерін айтуға болмайдьі. Өйткені сөйлемнің бар мәнері бүзылады. Анау, сонау сілтеу есімді- ктері тура сілтеу мәнінде карапайым сөйлеу ыңғайында бірінің орнына екіншісі қолданыла береді. Мысалы: Мүрат- тың үйі анау түрған. Мүраттың үні сонау түрған. Бірақ мынадай бір үзіндіні салыстырып корсйік: Шапкан жаксы болса, тартып алған жол болса, көзі көрсін! Шауып, тиіп алып келіңдер анау кетіп бара жаткан Жігітек кошін! - деді (М. Әуезов). Осы сөйлемдегі анау есімдігінің орнына сонау сөзін қоюға болмайтын торізді. Нақты істі, затты
нүсқағандд, анау есімдігін қоддану ыңғайлы. Сонау сілтеу есімдігі көбінесе дерексіз ой, қүбылысты нүскау ыңғайын- да колдануға бейім. Бәрі, барлық, бүкіл, күллі, барша есімдіктері “бір бүтін, гүгелдей” дейтін мағынада айтылады. Алайда сез ішінде бүлардың әр-қдйсысына тән колданылу ерекшелік- тері бар. Мынадай бір мысал алайык: Жылтырағанныңбэрі асыл еллэс (мәтел). Осындағы бәрі жалпылауыш есімдагінін, орнына куллі. бүкіл. барлык. барша сөздерін қолдднуға бол- майды. Егер барлык сөзін қолданып, жылтырағанның бар- лығы асыл емес дейтін болсак, онда сейлемнің калыптасқ- ан ритмі бүзылып, құлаққа бір түрлі тосындау естіледі. Ал барша сөзін қолданып, жылтырағанның баршасы асыл емес, барша сөзі басқалармен үндеспей, оқшау тұрады. Күллі, барша сөздері көбіне шешендік сөйлеу ынғай- ында, көркем әдебиеттерде, публицистикалык шығармалар- да жиі кездеседі. Қазіргі әдеби тілімізде бүл сөздер осы сез қолдану аясында әбден қалыптасып кеткен. Сондықтан іс қағаздарында, корреспонденцияларда немесе баяндамада күллі Отанымыз, барша еліміз осы міндетті орындауға жүмылуда деп айтып, жазу үтымды тәсіл емес. Мұндай ресми сөздерде бүкіл барлык сөздері көп қолданылады. Сондықтан өзімізге белгілі атақты үранды өзгергіп, Барша елдердің пролетарлары, бірігіңдер деп айту құлаққд оғаш естілер еді. Сөйгіп, жеке күйінде бір-біріне мәндес болып отыра- тын жалпылауыш есімдіктер қолдануда әр түрлі мәнермен ерекшеленіп, бір-бірінен оқшауланады. § 47. Етістік түлғаларының колданылуы Айтылып, хабарланып отырған іс-әрекеттің иесі етісгікгің жақтық қосымшалары арқылы көрінетіні мәлім. Кенде текстің, сөздің ерекшелігіне, алдына қояр максаты- на лайык бірінші жактың орнына екінші жақтык, өлде III жақтык қосымша қолданылуы мүмкін. Грамматикалық түрғыдан мүндай қолданыстың ешбір өзгешелігі болмаған- мен, мағыналык жағынан, сөз стилі түрғысынан аса бір ден қоярлық күбылыс.
Әдетте сөйлеушіні бірінші жақтық қосымша арқылы танимыз. Енді мына бір үзіндіге коңіл аударайық. Кейде сенгісі де келмейді. “Өзім де кызбамын гой. Ашу үстінде аңғармай теріс үққан шығармын. Қызғаншақ, көңіласы- ра ойлаған шығар", - дейді. Бірақ Раушанның шырылдап Уәлиге ара түскенін ойлап, “жок, жығылғаныңды біл, өзіңді етірік жүбатпа”, - дейді(Т. Ахтанов). Үзіндіде кейіпкер бірде бірінші жақта сөйлесе (“Өзім де қызбамын ғой. Ашу үстінде аңғармай теріс үккан шы- гармын"), бірде сөз өзіне арналған кезде, екінші жақтың атынан айтады. СЖоқ, жығылғапынды біл, өзіңді өтірік жүбатпа".) Сөйтіп, бүл жерде бірінші жақтық қосымша мен екінші жақтық қосымша бір ғана мәнде, бір ғана кісіні білдіру үшін қолданылған. Кейде бірінші жақтық мәнде үшінші жақ қолданылады. "Ержан талай мықты коман- дирлерді көрді. Бір адамы калғанша шегінбей, жаудың ба- тальонын кырған, танктерін кнраткан взвод командир- лерінің атын естіді... Солдаттар сол қаһарлы командирлер үшін жанын беруге бар, оған еріп от пен суға көздерін жүмбай түседі. Сол командпрлер жалғыз кызмет дәрежесі- мен емес, кайратымен, жігерімен қарауындағыларын үйіріп алған жоқ па? Ондай командирге солдат шын ықыласымен беріле бағынады. Команднрі күшті болса, солдат та өзін күшті сезінеді. Ал Ержан ше? Ол взводтың жүрегі, үйыт- қысы, әкесі емес, өгіздің мүйізіне қонған шыбын сияқты. Бір кездегі дивизия командиріне дейін көтерілмек болған қиялы есіне түсіп, ащы ызамен мырс етті”(Т. Ахтанов). Алайда бүл арада үшінші жақтыц қолданылуында ай- рықша уәж бар. Өзі жайында айқын да ашық айту үшін қалайда басқа бір бейтарап жақтың атынан сойлеу қолай- лы. Жақтық қосымшалардың бүл қолданысы оз негізін о баста ауызекі сөйлеу тілінен алса ксрек. Ауызекі сөйлеу тілінде сөйлеуші өзі жайында мақтанышпен сөйлегенде, оны жасайтын мына дөдең! - деп, үшінші жақта айрықша экспрессиямен айтады. Жазба тілде қалыптасқан жоғарғы- дай тәсілдің алғашқы шығар козі - осы. Жазба тіл, оның ішінде көркем әдебиет тілі ауызекі сойлеу тілінде кезде- сетін бар нәрді өз бойына жиып отырады. Жоғарғы тәсіл жақтық қосымшалардың колданылу заңдылықтары көркем әдебиет стилінде айрықша жиі кездеседі.
Кейде екінші жақтың орнына бірінші жақтың көпше түрі колданылатыны да болады. Мүндай қолдану сөйле- уші жақтың тыңдаушы жаққа айрықша қатынасын таны- тады. Мысалы, ауырып жатқан кісіге халін сүрауға келген жақын кісі: § **Қалай, жаксарып келеміз бе, көңіл күйіміз калай? - деп, бірінші жақта сөйлейді. Бүл айрықша ин- тимді экспрессиялық мән туғызады. Немесе класта отырғ- ан оқушыларға қарап мұғалім тақтаға жазып, жаттығыңыз- дар деудің орнына тактаға жазып жаттығайык, тынышоты- рыңдар деудің орнына тыныш отырайык деп сөйлейді. Бүлай сөйлеу оқытушы мен оқушының арасындағы қаты- настың айрықша бір көрінісі іспетгі болады. Іс қағаздарында жақтық мән туғызудың айрықша бір тәсілі бар. Акт қағаздарында, қол хаттарда, сенім қағазда- рында бірінші және үшінші жақ білдіретін сөздер қосары- нан қолданылады. Мысалы: Біздер, төменде кол коюшы- лар, “Алғабас” колхозының председателі Дүйімбаев, екінші бригаданың бригадирі Сүйінбаев... ” деп басталатын акт қағаздары **Мен, “Саумалкөл” орта мектебінің шаруашы- лык баскарушысы Танабаев... ” деп басталатын қол хатгарда баяндауыш қызметіндегі етістік бірінші жақта тұрғанмен, үшіні жақгағы сөз - кісінің аты-жөні қоса жазылып отырады. Бүл - тек іс-қағаздарына ғана тән ерекшелік, соларда ғана кездесетін айрықша тәсіл. Бүл тәсілдің тағы бір қолданыла- тын жері - үранды сөйлемдер. Біздер, Қазакстан жастары, жаңа коғам күруга ат салысамыз деп келетін үранды сөйлем- де де бір ғана стандарт жүйеде қалыптасқан. § 48. Етістіктің шактык тұлғалары Әдетте шақтық тұлғалардың жұмсалу тәсіліне қарай сөйлем мағынасы әр түрлі ұғынылады. Сол себептен де шақгық тұлғаларды дұрыс қолдану сөз сындарлығының ба- сты бір белгісі болып отырады. Нақ осы шақ және ауыспа- лы осы шақ деп аталатын түлғалар мән-мәнері түрысынан да бір-бірінен ерекше. Нақ осы шақ сөйлеуші сөйлеп түрған сәттегі іс-әрекетті, қимылды білдіреді. Сөйлеп тұрған сәттегі іс-әрекет отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктері арқы- лы беріледі: Максүт кітап окып отыр. Қазакстан үкіметіел
экономикасын жандаңдыруға бар күшін салып отыр. Егер сөйлеуші енді ғана басталып отырған не енді анық баста- латын іс-әрекет жайында хабарлағысы келсе, жоғарғы тұлғаның орнына -а, -е, -й тұлғалы көсемшелердің жіктел- ген түрін, ауыспалы осы нак түлғасын қолданады. Мыса- лы: Әуелі ол жанжалдыц алдындағы өз жайым мен жер астының кейбір жайларын антанын (С. Сейфуллин). Ауыс- палы осы шақ тұлғасы сонымен бірге үнемі болып түра- тын, әдетке айналып, сіңісіп кеткен іс-әрекетті де білдіреді. Мысалы: Қазакта түйе дейтін мал болады, - деді Қоныс- баев Қупциановка сүйкімсіз кисык көзін кадап,- калай адас- тырсаңда өз жүртын табады. - Түйені неменеге кыстырып отырсың, - деді Қупциа- нов жактырмай. - Жаксы адам жоғалмайды дегенім гой (Т. Ахтанов). Осы мәнде нақ осы шак түлғасын колдануға болмайтыны айқын. Халық тілінде осы түлғада қалыптасып кеткен күс үшады, бүлбүл сайрайды, су агады, от жанады, адам сөйлейдітәрізді тіркестер де мол. Бұл түлғаның мезгілден гөрі сипаттау мәні басым. Ауыспалы осы шак түлғасы осы мәнде әсіресе ғылыми жазбаларда жиі колданылады. Мы- салы: *Жер бетінің және жаткан кеннің орындары экранда екі дөңес ирек болып көрінеді. Міне, осы екі дөңестің ара кашыктығьіна карап, табылған кеннің кандай тереңдікте жатканын есептеп шығаруға болады (“Білім және еңбек” жорналынан). Сонымен бірге, бүл тұлға көркем әдебиетте кісінің портретін беруде немесе зат пен күбылысты жүйелі баяндауда да колданылады. “Бұзаубактың көрмегені жок Жүмыс кылғанда шаршау- ды білмейді. Қимылы өте шапшац. Мінезі кимылынан да артык шапшаң. Айтайын деген сөзін бетің бар, жүзің бар демейді, айтып салады. Тез ашуланады. Шаңкылдаған дау- сы ащы, күзеннің айғырындай. Тілі де ащы. Қандай өзінен влді, күшті, бай, үлык кісі болса да, корлағанын көтере алмайды. Бірак білімі жок Білімім жок деп ойламайды. Диуаналау, бүғып калмайды”(С. Сейфуллин). Үнемі болып отыратын іс-әрскетті білдіру мәнінде -атын, -етін тұлғалы есімшелер де жұмсалады. ”... Өздері киімді тәуір киетін. Ылғи карадан-карап бос жүретін бол- ғансоң, заводтың кыз-келіншектерін айналдыратын. Дом-
быра, сырнай үйренбек болы/гбарылдататын, насыбайатъ- тын, шА/т/А/лгтартатын” (С. Сейфуллин). Бұл - өткен кезеңде болып кеткен іс-әрекеттер туралы хабарлаудың ұтымды тәсілдерінің бірі. Өмірбаян туралы жазбаларда, тарихи тақырыпта жазылған еңбектерде бұл түлғаның өткен шақ мәнінде қолданылуы аса жиі кезде- седі. Бұл баяндау тәсіліне сергектік, уыттылық мотивін ен- гізеді. Осы шақ мәнде бұл түлға есімшенің -ған формасы- мен орайлас келеді. Алайда есімшелік форма көбінде бір кезеңде ғана болып тоқыраған іс-әрекетті білдіреді де, сөз мағынасы динамикалық қалыпта үғынылмайды. Ұзақ ба- яндауларда мүндай тәсілді қолдану сөйлемдердің өз ара жымдасуына нұқсан келтіреді. Ал, -атын түлғасы іс-әре- кет, процестің ұзақ уақытқа созылғандығын білдіре алады. Сөйтіп, бұл екі тұлғаның мәндестігі жалпы еткен шакты, уақытты білдіруінде ғана. Сөйлеушінің істің өткен уақыт- та болу, болмау фактісіне шүбәмен болжай айтуы нөмесе болған іске тікелей араласпауы -п түлғалы көсемшенің жіктеулі формасы арқылы беріледі: Ол туралы Дәркембай кыска айтты. Базаралы тағы екі күн болыпты. А тшабарлар кетіп, жатак тыныш түрған екен. Содан Базаралы аттанып, жорыкка кетіпті. Ал, болыстар ертеңінде старшин, елубасыларын бастык етіп, отыз кісі боп келіпті де, жатактың мынау казір жалаңаш калған, баспанасыз калған үйлерінің бәрін де бір-ак сәтте тік көтеріп, көтеріп әкетіпті (М. Әуезов). Алайда бұл түлға (-п көсемшелерінің жіктеулі түрі) кей- де хабарланып отырған іске сөйлеушінің айрықша қатына- сын білдірудің де тәсілі болады. Егер кісі өзінің істемеген, жасамаған әрекеті жайлы басқа біреуден естісе, екінші жаққа (тыңдаушы жаққа) мен арыз жазыппын, оны Оспан біліпті деп айтар еді. Әрине айтылу үстіндегі дауыс инто- нациясының ерекшелігіне қарай -мүндай сөз не мысқыл мәнінде, не ашу ыза мәнінде үғынылады. Мүндай мән- мәнерді беруде кейде -мыс, -міс аффиксімен қосарланып қолданылады. Бүл жағдайда экспрессиялық мән бүрынғы- сынан да айқындалып, даралана түседі. Салыстырыңыз: Мен арыз жазыппын. Мен арыз жазыппын-мыс. Дегенмен, осы мән-мәнерді беруде бүрынғы өткен шақ тұлғасының бірінші жағы мен екінші, үшінші жақгарының арасында
кейбір ерекшелік байкалады. Мысалы: Мен арыз жазып- пын. Сен арыз жазыпсың. Ол арыз жазыпты. Бірінші жақта айқын байқалатын экспрессиялық мән екінші, үшінші жақ- та онша айқын емес. Сол себептен болса керек, екінші жақ- тың сол мәнін айқындай түсетін синтаксистік топ айтылуы қажет. Ал, үшінші жақта мүндай мән туғызу үшін -мыс аффиксі қосарлы қолданылады. Өткен уақытта болып, тоқталып қалған іс-әрекет -ған есімшелерінің жіктеулі түлғасы немесе осы есімшелердің еді көмекші етістігімен тіркесі арқылы және -п көсемше- лері мен еді көмекші етістігінің тіркесі арқылы беріледі. Бүл арада мына жайды ескеру қажет. Бүл түлғалар білдіретін іс-әрекеттер дағдыда өне бойы болып тұрған емес, бір кезде болып, тоқталған, біткен істі еске түсіру, солай болғандығын басқа бір жағдаймен байланысты тағы да қайталап отырғандығын білдіру ссебінде үғынылады. Өзеннің және кара сулардың жаға-жнектеріндегі селді- реген камыстардың шашактары үлбіреп. жел сокса акырын ғана желбіреп, сары үк/де/і болып саргайган. Қамыстар- дың акырын судыраіі, әдемі сыбдырлаған жапырактары да сары ала болган (С. Сейфуллин). Анык біле алмадык. Бізді тоскауылға тастап еді, немістер арамызды үзіп кетті (Т. Ахтанов). Мен сен үшін катты қорқып едім. Сондыктан да тура осьілай карай жүгірдім (М. Ибрагимов). Есенкүл сол бір күні-ак әскерге жүріп кеткен сді. Оралмады (“Қазақ әдебиеті”). Бұл тұлғалардын қайсысы да іс-әре- кетті көзімен көргендей етіп білдірсді. Дегенмен, жалаң тұлғаға (-ған) қарағанда, күрделі түлғалардың (-п еді, -ған еді) ездеріне ғана тән ерекшелігі бар: мүндай тұлғалы еті- стіктерге аяқталған сойлем логикалық жағынан тиянақты болып тұрмайды, озіне жалғас басқа бір сөйлемнің айты- луын қажет етеді. Жоғарыда келтірілген мысалдар да осын- дай: Есенкүл сол бір күні-ак әскерге жүріп кеткен еді... Оралмады. еді көмекші етістігімен кслген отксп шақтық тұлғалар- дың кейбірі мағыналық мәнср жағынан -атын тұлғасына мәндес, сонымен синоним іспстті қолданылады. Бұндай рет- терде еді көмекші етістігі -шы (-ші) аффиксті қимыл есім- дерімен бір тіркесте жұмсалады. Мысалы: Сенбеген ада- мға шынынды айтпа деуші сді Жанкабыл, - деді акырын
ғана (Т. Ахтанов). Мен оған аңыздағы касиетті адам- дардай кызығып қараушы едім. Сол сезімімді кезінде өлең етіп те жаздым. Бірак, ол алғашкы сүйсіну, ал- ғашкы кызыктаудың үстірт әсері ғана болатын (“Қазақ әдебиеті”). Осы мысалдардың алғашқысының құрамындағы деуші ед/ тіркесін синонимдік екінші бір тұлғамен ауыс- тырып, дейтін деп айтудан сөйлемге келер зиян жоқ. Ал соңғы үзіндіде -шы еді күрделі етістігі, бірде -атын тұлға- сы қолданылған. Дегенмен, бұл екі тұлғаның бір-бірінен мынадай айырмашылығы бар: -ушы еді күрделі етістігінен кейін логикалық ойдың желісі басқа бір сөз немесе сөйлемнің айтылуын қажет етеді. Сол себептен болса ке- рек, -ушы еді күрделі етістігі көбіне сөз арасында, екі сөй- лемнің жігінде кездеседі. Ал -атын түлғалы етістіктен кейін басқа бір сөз, сөйлемнің айтылуы қажет бола бер- мейді. Іс-әрекеттің болып өткендігін және ол істің болуы- на іс иесінің тікелей қатысқандығын айқын да дәл білдіретін форма - жедел өткен шақ тұлғасы. Бұл түлға - бір-бірімен ұласып жатқан, бір-бірімен тығыз байланысты ұзақ уақи- ғалар, әрекеттер, құбылыстар тізбегін баяндауда аса ыңғай- лы тәсілдердің бірі. Мына үзіндідегі жалаң жедел өткен шақ тұлғасының мәні мен қызметіне көңіл аудару мақұл. Қартбай енді уюлі шөпті жағалап сол бүрышка барды. Пішен кабырғаға такап үйілмегеи, екі арада жарты метр- дей куыс бар. Осы кезде немістердің дабырлаған дауыста- ры анык, естілді. Олар үйдің касына келіп азғана сөйлесті, сартылдап есік ашылып-жабылды, содан кейін дабыл си- реп, дауыстар алыстай берді. Қартбай есікке карай жалт бүрылып аркасын пішенге тіреп, икемсіз ауыр кол пуле- метінің аузын көтеріп алып аз түрды да, мысыкша еппен аңдап басып Көжектің касына барды (Т. Ахтанов). Істің болашақта болу, болмауы кесіп айтылмай, шама- лау мәні -ар түлғалы есімшелермен беріледі. Мысалы: Өтер кайғылы кара түні! Міне, рауаңдаған таң белгісі! Ашылар бакыты?! Зүлмат кзра түнді куып жаркырап таң атар (С. Сейфуллин). Жазба тілде комтекстің ыңғайына қарай, ауызекі сөйлеу тілінде айтылу интонациясының құбылуы- на қарай -ар тұлғасы келер шақтық мәнімен қоса әр түрлі экспрессиялық мәнер алып отырады. Қазақтың халық тілінде -ар түлғалы есімшелер әр қилы
мағынада, неше түрлі кисында жүмсалады. Соның бір көрінісі - мақал-мәтел қүрамында және ауыз әдебиеті тілінде қолданылу ерекшеліктері. Коркем әдебиет туынды- ларында халық тілінің осы нәріне сүйеніп көп тарала кой- маған сөз колданыстарға бой үру жиі байқалады. Мысалы: Кейінгі жолда бұлар мінетін көлік неше алуан боп ауыса берер, біракд&л Семейден Қаркаралыға шейін арбамен жай- лырак боп жүріп баруды Тінібек әсіресе катты маслихат еткен (М. Әуезов). Бүл сойлем құрамындағы -ар есім- шесінің қолданылуы ауыз әдебиеті үлгілеріндегі, әсіресе ертегілердегі сөз қолданысқа кобірек ойысады. Әдеби тіліміздің қалыптасқан басқа салаларында мүндай мәнде еді түлғасы жиі айтылар еді. Әлі басталмаған, бірақ мақсат стілген іс -мақ, -бақ, - мақшы, -мекші есімшелерінің жіктеулі түлғасы арқылы немесе осы есімшелердің еді комекші етістігімен тіркесі арқылы беріледі. Мысалы: Қүнанбай осы жолы сол сөз кай- та шыкса, келісіп аттанбақ. -мақ түлғасының мақсаттық мәні еді көмекші етістігі- мен бір тірікесте жүмсалғанда айрықша айқын көрінеді. Мен бармакпын дегеннен гөрі Мен бармак едім дегенде мақсаттық ман айқын екені белгілі. Бірақ соңғы түлға (-мақ едім) өзінен кейін тағы басқа бір сөздің, сөйлемнің айтылуын қажет етеді. Егер -мақ түлғасын -шы (-ші) аффиксімен қосарлап колданса, ондай түлға мақсаттан горі міндеттілік мәнге көбірек ойысады. Уақыт мерзімі әзір белгісіз болса да, бо- лашақта қалай да болуға, бітуге тиісті істі білдіріп, соған мезгейді. Ол инженер болмакшы, мсн кітап жазбакшымын деп айтуда істің болашақта болуымен қатар міндеттенушілік те бар. Логикалық жағынан мақсатты келср шақ тұлғасына бір табан жақын түлға - қалау рай. Қалау рай мен мақсатты келер шақ арасындағы негізгі айырмашылық - мезгілдік мән -мақ түлғасында мезгілдік мәп басым да, барғым ке- лед/түлғасында солай болса дейтін тілек мәні басым. Қазақ тілінде қалау, тілек, арман, күдік мағыналары етістіктің арнаулы түлғалары арқылы беріледі. Қалау рай түлғаларын бүгінгі әдеби тіліміздің қүрамында қолданылу дәрежесі түрғысынан екі топқа боліп қарау керек. Қалау
рай жасайтын -ғай еді, -са игі еді тәрізді тұлғалар бүгінгі әдеби тілімізде тек сирек кездесіп қана қоймай, қолданылу сферасы да тарылып келеді. Бүлар көбінесе, сөйлеу тілінде, көркем әдебиетте кездеседі. Ал тыңдағым келеді түлғасы қазіргі әдеби тіліміздің көп жанрында жиі жүмсалады. -ғай түлғасы таза тілек, арман мәнін туғызады. Олакыл- ды адам болғай. Сен жазылып кеткейсін тәрізді сөз орам- дарын сөйлеуші солай болатынына көзі жетпей, өзінің анық, таза тілегін, арман-ойын білдіруде ғана қолданады. Осы мағынада бүл түлға ауыз әдебиеті шығармаларында жиі кездеседі. Қазіргі тіліміздеде бұл көбінесе күйзелгенде, әлдебір сенімсіздік пайда болған мезгілде ерекше дауыс интонациясымен айтылатын сөз жанрларында жұмсалады. Әйтпесе, жалпылама әдеби тілдің бар сферасында бірдей ұшырай бермейді. Ағайын арасына дау түскелі отыр. Дәл осы жерде үғыспасак, Қүнанбан ортасы бүлінгені. Аныр- ған Еркежан мен Абандеп білемін. Арткы күн не болады - кінәны өздерінен іздесін. Тек көрісерге күн жаксы болғай- ак та! - деп барын антгы^Л. Әуезов). -ғай тұлғасының еді “көмекші етістігімен тіркесі ар- ман, тілектің орындалуына күдіктену мәнін береді. Оны мына екі мысалды салыстырудан да байқауға болады: Сен жазылып кеткенсің. Сен жазылып кеткей едің. Қалау, тілек мәнді -са игі еді күрделі тұлғасы біршама кітаби тілге жақын, жазба тілде жиі кездеседі. Мысалы: Әр кез бейбітшілік күні нүрланып тұрса игі еді деп тілейді адамзат (газеттен). Кейде күрделі тұлға қүрамындағы игі сөзі түсіп қалып е көмекші етістігі екен түрінде айтылады. Мысалы: ... айтушы сіз дегенде күмәнымыз жок. Соны тек бір кайырып айтсаңыз екен! - деді. Қазіргі әдеби тілімізде қалау, тілек мәнінде жиі қолда- нылатын тұлға -ғы (-гі, -қы, -кі) етістіктері мен кел көмекші етістігінің тіркесі. Бұл тұлға өзінің алдында түрған есім сөздің әр уақытта ілік септік жалғаулы болып отыру- ын қажет етеді. Менің инженер болғым келеді. Бұл тұлға- ның мағына-мәнер жағынан басты ерекшелігі: мұнда қалау, тілек мәні айқын көрінеді. Қалау, тілек мәнді алдыңғы- тұлғаларда көбінесе күмән-күдік мәні араласа жүреді. Етістіктің басқа топтарынан оқшау түрған бір тобы -у тұлғалы тұйық рай. Мұндай сөздер өздерінің мағынасы мен 194
қызметі түрғысынан әрі етістік мәнінде, әрі есім мәнінде келіп, екі жақты қолданылады. Алу, беру, жүру, сөйлеу, оқу, жазут. б. сөздер, бір жағынан, қимыл-әрекеттің өзін білдірсе, екінші жағынан оның аты, есімі де болады. -у тұлғалы түйық рай етістіктері (немесе қимыл есім- дері) іс қағаздарында, ғылыми әдебиетгер тілі де белгілі бір әрекет-қимылдың, қүбылыстың атауы ретінде аса жиі колданылады. Мысалы: Жазалау - тәрбиенің бір тәсілі. Олар, сонымен бірге, сөйлем баяндауышы қызметінде ке- рек, тиіс, кажет, макүл тәрізді субьективті қатынасты білдіретін сөздермен бір тіркесте жүмсалып, істің болу міндеттілігін, қажеттілігін білдіреді. Мысалы: Егер әңгіме мал шаруашылығы туралы болып отырса, жердің жүз гек- тарына есептегенде ет пен сүтті көбірек өндіру керек (га- зеттен). Мүндай тіркестер философиялық толғанысқа қүры- лған сөйлемдерде жиі қолданылуымен бірге, қазіргі әдеби тілімізде ресми сөздің, сөйлеудің дс тәсілі есебінде тұрақ- талып бара жатыр. -у түлғалы қимыл есімдері қазіргі әдеби тілімізде жа- тыс септік түлғасында жиі қолданылатын болды. Егер түбір күйінде бұл қимыл есімдері құбылыс пен әрекетті, қимыл- ды атап қана білдіретін болса, -да тұлғасында динамика- лық екпін, леп алады. Мысалы: Ал жергілікті жерлерден алуан түрлі деректер сүраудың өзі де кеңсешілдіктің бір түрі, оліске үлкен нүксан келтіруце (газеттен). -уда түлға- сының негізгі мәні - іс-әрекеттің, қимылдың созылыңқы- лығын білдіреді. Бүлайша қолдану шамамен алғанда, Ок- тябрьден кейінгі дәуірде орыс тілінен аударма жасау ыңғай- ында пайда болып, келе-келе баспасоз бен ресми қағаздар (қаулы-қарарлар, ресми сөз т. б.) тіліпің айқын, басы ашық бір белгісі болып кеткен. Бүл қолданыстың, әрине, тіліміздің икемділігін, оралымдылығын артгырғаннан басқа залалы жоқ. Дегенмен солай екен деп, орыиды-орынсыз жердің бәрінде де осы тұлғаны айта беруге болмайды. Әсіресе күнделікті баспасөз бетінде коптеп жарияланатын коррес- понденцияларда кездесетін: Маяланған шөптер мал кыс- тагына тасылуда. Бүл істс Әзірбаев бастаған комсомол- жастар бригадасы еселеген еңбек үлгісін көрсетуде тәрізді қолданыстарды тіл мәденистінін жоғарылығы деп қарауға әсте болмайды.
СИНТАКСИС § 49. Синтаксистіц стилистикалық қызметі Синтаксис - сөз тіркесінің, сөйлемнің қүрылысын зерт- тейтін грамматиканың бір бөлімі. Бүл бөлімде сөздердің тіркесу қабілетгілігі, байланысы, сөз тіркестері мен сөйлем- дердің түр-түрі, қүрамы қарастырылады. Сонымен қоса тілдің синтаксистік ережелері мен синтаксистік заңдылық- тарын айқындау мақсаты, көзделеді, тілдің синтаксистік түлғалары мен синтаксистік қүбылыстарын айқындау мен олардың мағыналық ерекшеліктері де сөз болады. Тілде мағынасыз, мағына білдіруге қатыспайтын нәрсе жоқ. Әсіресе синтаксистік категория мен синтаксистік түлғалар - адам ойын жинақты, тиянақты түрде білдірудің үйымдастырушы бөлшектері де, сөйлем - ойды білдірудің негізгі формасы болып есептеледі. Сондықтан синтаксисті оқыған кісі оның мағыналық жақтарына мән беруге тиіс, ал тіл ғылымында синтаксистің жеке мәселелері өздеріне тән мағыналарымен бірлікте карастырылуға тиіс. Олай болса, стилистика ғылымының синтаксисті зерт- теуінің мақсаты не болмақ? Стилистика сөздер қалай тіркеседі, сөйлемдер қалай қүралады, олардың тілдегі қалыптасқан жүйелері қалай бо- лады, дегендерге жауап іздемейді және олардың әрқайсы- сы қандай мағынада айтылады? деп те жатпайды, - кісінің мақсатты ойын қалайша дұрыс айтуға болады? Ол, міне, осы сүраққа жауап іздеу мақсатымен синтаксис мәселе- лерін қарастырады. Сонда стилистика синтаксистік түлға- лардың жүмсалу аясын, мағыналық қүбылыстарын, кісіге етер әсерін, экспрессивтік мағыналарын тіл жүмсау ше- берлігі түрғысынан қарастырады. Сайып келгенде, стилистиканың мақсаты - дүрыс сөйлеуге, дүрыс жазуға үйрету. Шебер суретшінің суреті, композитордың музыкасы, зергердің өнері - бәрі де нәзіктілікті керек етеді. Оны- сыз ешбір өнерде шеберлік қасиет болмақ емес. Сөз шеберлерінің де жазғандарында қыбын тауып қиюласты- рып айтылған нәзік үн, әсерлі леп, терең мағына болуға тиіс.
Тілдің ой өрнегін салу қасиетін ұлы Абай сондықтан да былай суретгейді: Өгкірдің жүзі, Кестенің бізі, Өрнегін сендей сала алмас. Білгенге маржан, Білмеске арзан, Надандар бәһра ала алмас... Толғауы тоқсан, қызыл тіл, Сөйлеймін десең озің біл! Сгилистика ғылымы, соның бір саласы синтаксистік сти- листика, осындай “толғауы тоқсан” тілдің ой өрнегін дұрыс салу мүмкіншілігін қарастырады, сөз маржанын тани білуді, сөйлемді дүрыс қүрай білуді үйретеді. Әрине, айтылғанның, жазылғанның бәрі бірдей “мар- жан” емес. Олардың да жақсысы бар, жасығы бар. Стилис- тика жақсыдан үйренуге, қате-кемшіліктен аулақ болуға шақырады. Әрбір стильдің синтаксисінде өзіне тән ерекшеліктері болады. Мысалы, нақышы мол көркем тіл үлгілерін көркем әдебиет стилінен, синтаксистік амалдарды күрделі дәлме- дәл пайдаланып, сөйлемдерді қатаң құрау үлгілерін ғылы- ми әдебиет стилінен байқаймыз. Әсіресе ғылыми стильде жазған адам ойының дәлме-дәл айтылуын көздейді. Ол ло- гикалық байланыстағы ойды бұлтартпай әрі дұрыс білдіре- тіндей тіл мүмкіншіліктерін пайдаланып, тура мағынала- рында жұмсауға тырысады. Сондықтан ғылыми стиль син- таксисінде күрделі құрам, құрмалас сойлемдер жиі қолда- нылады. Әдеби тілдің қай тілінде болмасын - оның бәріне тән нәрсе - ой айқындылығы, ол үшін сөйлем дұрыс қүралу керек. Осы талап тұрғысынан әдеби тілдің сөйлем- дері әбден қиюластырылып, создері рет-ретімен орна- ластырылып, синтаксистік басқа да тәсілдер белгілі қалы- пқа түсіріліп жазылады. Әдеби тілде жазып отырған не сейлеп түрған кісі сөйлем құраудың бұл талаптарын да, оған керекті синтаксистік мүмкіншіліктерін де жақсы білу- гетиіс.
Әдеби тілдің синтаксисін дүрыс бағдарлау үшін оны сөйлеу тілінің синтаксисімен салыстыруға болады. Сөйлеу тілінің синтаксисі әрдайым жүйелі бола бер- мейді. Өйткені адамдар өз ара қарым-қатынас жасауда біріне-бірі әр алуан өмір әрекетінің жайын сөз қылады. Ондайда олар айтпақ пікірін алдын ала ойланып жазып алмай да сөйлей береді. Тіпті ойын ойланып, толғанып сөйлегенмен, оның сөйлем қүрауында тілдік нормалар сақ- тала бермеуі мүмкін. Әдетте сөйлеу тілінің синтаксисі қара- пайым, сөйлемдері қысқа-қысқа, көбінесе толымсыз бола- ды. Әдеби тіл халық тілінің ең жоғарғы формасы болатын- дықтан, студенттер стилистика пәнін әдеби тіл материал- дары негізінде игеруге тиіс. Әдеби тіл синтаксисінің стилистикаға да негізгі объекті болатын бір бүтін бөлшегі - сөйлем. Сөйлемдер әр алуан сөзден, сөз тіркестерінен қүралып, түрлі-түрлі мағынада, экспрессивтік қызметте жүмсалады, олардың түрі көп, стильдік сыр-сипаты, кедір-бүдыр қыры көп. Сонымен қатар ол кісі ойының ғажайып жеміс бақшасы тәрізді. Сол бақ- шаның жемісінен “дәм татам” деген кісі сөйлемдердің стильдік қызметіне қанық болып, өзі оларды дүрыс жүмсай алатын болады. Біздің басқаға хабарлайтын ойымыз жеке сөйлемдер- мен шектелмей, үласа айтылған көптеген сөйлемдер қата- рымен тиянақталып түрады. Сондықтан сөйлем тізбектері бір-бірімен өз ара дүрыс байланыста болуға тиіс. Бүл - сти- листика ғылымының басты талабының бірі. Мына мысал- ды сол талапқа сай қүралған сөйлемдер тізбегі деуге бола- ды. Күн батып бара жаткан кезде, күйеулер отырған үйден үш-төрт жігіт шығып, кыз-келіншек отырған үйге карай жүрді. Төрт жігіттің біреуі батсайымен тыстаған ак елтірі тымағын көзіне таман киіп, насыбай аткан ернін томпитып шырт түкіріп койып, колындағы кішке- не ак домбырасын сыңкылдатып шертіп келе жатты (С. Сейфуллин). Осындай, өз ара ішкі логикалық әрі синтаксистік бай- ланыстағы сөйлемдерде ой дәлдігі, сөзбен салынған сурет болса, оның эстетикалық әсерін бірден түсініп, тез се- 198
земіз. Ал байланыстары айқын емес сөйлемдер қатары ай- тайын деген ойдың түсінігін ауырлатады, не мүлде түсініксіз етеді. Оның үстіне сойлемдер қатары дүрыс тізіліп әрі мағыналық, әрі синтаксистік сымбаттылығын сақтама- са, айтылған ойда көрік болмайды, кейде бүлдыр, түсініксіз болады: 1. Оның әйелге тән тартымды рең басына маңғаз келбеті жарасып-ак, тұр. Бірак оған карамастан Ольга Все- володина ағынан жарылып аңкылдап, біздің сүрақтарымы- зға барынша зейін койып, зердемізге толык, жеткізгенше түсіндіруге тырысып бәйек болып-ак отыр (“Адам және химия”, 72-6.). Бүл мысалда өйелдің әсем келбетіне сүңғақ денесі жарасып түр деу үшін толып жатқан артық сөз қол- данылған. “Оған карамастан”ек\ сойлемді үластырушы жа- лғаулық қызметіндегі создер. Бүл арада олардың екі сөйлемді байланыстыру қызметінде жүмсалуының реті жоқ. Әйел тартымды, әдемі еді, соғап қарамастан бізбен жақсы сөйлесті дегенде, қандай логика бар? Әйел ауру еді, соған карамастан бізбен жақсы сойлесті дссе, оның жөні бір ба- сқа. Онда оның - “дені сау”, оз ара дүрыс байланысқан салалас қүрмалас сөйлем болғандағысы. 2. Біз жоғарыда Орхон ескерткіштеріне жататын Тонькөкке арналған ескерткіштің тіліне біркелкі шолу жасадык. Осыған байланысты Тонькок ескерткішін тек казак тілі материалы түрғысынан карауға болмайды. Мүндай ескерткіштер бүкіл түркі тілдеріне ортак мұра. Бұл салада істелетін жұмыстар алда сан алуан (Қазақ тілінің тарихы мен диалектологиясының мәселелері, 5-шығуы, 107-6.). Осында төрт сөйлем бар. Оның біріншісі мен екіншісі арасында, үшінші мен төртінші сойлсм арасында ешқан- дай мағыналық байланыс жоқ, тортсуі төрт жаққа қарап түр. Олардың басы зорлықпсн бір жіппсн байланып, қосақ- тала салынған сияқты. Оның үстінс тскстегі жеке сөздер дүрыс қолданылмаған. Сондықтан автордың ойы дүрыс шықпаған. Оның айтайып дегсні мыпау: Біз жоғарыда Ор- хон ескерткішінің бірі Тонькок сскерткіші тіліне біраз шолу жасадык. Соған карағапда, ол ескерткіш тілінің материал- дары текказак тіліне емес, бүкіл тұркі тілдеріне ортак мүра екендігі аңғарылады...
Ойы анық, қаламының ебі бар адамның сөзінен сөз туып, сөйлеміне сөйлем ілесіп, ондағы сөздер қатары дүрыс тізіліп, олар әрі мағыналық, әрі синтаксистік байланыста айтылады. Бұл - жазу, сөйлеу өнерінің басты шарты. Сол өнерге баулитын да - стилистика ғылымы. Сонымен қатар стилистика ғылымының ерекше көңіл бөлетін мәселесінің бірі - синтаксистік синонимдердің қолданылуы. § 50. Синтаксистік кұрылыс және стильдер жүйесі Мақсатты ойды дәлме-дәл айтуға жарамды тілдік тәсілдер жүйесі стильдер тобын құрайды. Әдеби тілдің он- дай жүйелік қасиеті оның қоғамдық қызметі арту нәтижес- інде, халық тілінің байлықтарын сұрыптап, талғап пайда- лану нәтижесінде қалыптасады. Әдеби тіл қарым-қатынас қызмет бабына лайық түрлі стильдердің дамуына ұйтқы болса, керісінше, стильдер салаларының жетіліп кемелде- не түсуі әдеби тілдің дамуына зор үлес қосады. Өйткені әр алуан әдебиет, мысалы, көркем әдебиет, ғылыми еңбектер әдебиеті, публицистика өсіп өркендеген сайын әрбір стильге тән тіл байлықтары сол топқа ойысады да, олар әдеби тілдің байлығына айналады. Тілдік тәсілдердің жеке стильдерге тиімділік орайында саралану барысында әрбір стиль тілде бұрын бардың негізінде және өзге тілдің игілікті ықпалы- мен кемелденеді, әдеби тіл жаңа сөз, жаңа орамдар тудыр- ды, грамматикалық түлғалар мен синтаксистік қүрылыс- тардың тілдегі бұрынғы қызметтерін жандандырып, молай- тып, оларға ерекше мағына үстейді. Тіл байлықтарының жеке стильге бейімделе саралану дәрежесі әрбір стильдің қоғамдық қызметімен, сол құрам- да жұмсалу тарихымен байланысты. Жазба әдебиет стиль- дерінде бәрінен де сөздік қордың жеке стильдерге тиімді болып оқшаулануы айқын болады да, морфологиялық түлға- лардың, оларға қарағанда, стильдік мүмкіншілігі солғын болады, ал синтаксистік формалар мен синтаксистік тәсілдердің соңғылардан гөрі стильдік орайда жұмсалу мүмкіншілігі мол. Соның өзінде тілдің синтаксистік қүры- лысы, біріншіден, барлық стильге ортақтық қасиетінің күштілігінен оның бір-бір қазыққа арқандалған, басы бай-
лы белшектері аз болады, екіншіден, дамыған стильдер жүйелерінің қарым-қатынасы күшейген сайын, бірінен-бірі нәр алып, ауыс-түйіс орайда дамиды. Синтаксистің стильдік қызметі, стильдік тәсілдері мол болатындықтан, әсіресе көркем әдебиет тілі түрғысынан оның мүмкіншілігі өте жоғары бағаланады. Сондықтан бо- лар, А. И. Ефимов “Стиль дегеніміз - құрылымдық-синтак- систік категория” - деп есептейді. Өйткені синтаксистік тәсілдердің көріктеу мүмкіншілігі әр алуан болатындық- тан, жазушының синтаксисінен оның шығармаларының стильдік ерекшеліктері айқын көрінеді. Мысалы, шебер жазушы-стилистердің қаламынан шыққан көркем сөз үлгілерінде авторлық пафос та, баяндаудағы экспрессивті- эмоциялы бояулар да, авторлар мен персонаждардың дүни- еге көзқарастары да, олардың ішкі сезімдері де көбінесе көркем туындылардың синтаксистік қүрылыстары арқылы беріледі. Баска тілдік стильдер салалары үшін де тілдің синтак- систік күрылыстарын, олардың мол мүмкіншіліктерін дүрыс пайдаланудың мәні зор. Әдеби тіл стильдерінің барлық түрлері үшін, барлық синтаксистік категориялар мен синтаксистік қүрамдардың стильдік топтарға тәндік белгілері тайға таңба басқандай бадырайып көрініп тұрмайды, опдай нәзік құбылыстың ысылған, көреген көзге бірдсн байқалатындары да бар. Оларды былай қойып, кез кслген синтаксистік бірліктерді белгілі стильдер аясында жалпы синтаксистік заңдылықта- рын сақтай отырып, шебер, орынды, ретін тауып дүрыс қолданса, олардың бөрінің стильдік оңі, стильдік қызметі болады. Мысалы, Мен оны көрдім. Екі бала дедектеп жүгіріп келеді тәрізді қарапайым жай сөйлемдер жатық, дүрыс күрылса, жалпы стильдік кескіндері де дүрыс деп танылады. Ал сондай сөйлемдердегі сөздердің біріне ой екпінін түсіріп, әуенін өзгертіп айтсақ, әрине олардың стильдік өңі бүрынғыдан озгсше болады. Немесе Қолыңды тарт пен Тарт колынды! деген сойлсмдердегі сөздердің саны бірдей болғанымен, құрылысы, стильдік қызметі екі түрлі: алдыңғыда біреуге бірсудің жай солғын бүйрығы айтылса, соңғыда долданып, октсмдікпен, ақыра, кейіп бүйырғандық аңғарылады.
Жақсы стилистер, осылайша, ана тілінің жалпы синтак- систік нормалары мен басқа да мүмкіншіліктерін пайдала- на отырып, сөз тіркестерін, сөйлемдерді өздерінше ерекше нақыш, әуен, екпінмен айтуға лайықгап та қүрастырады. Көркем сөз шеберлері “ой толқынын, сезім ырғағын, пси- хологиялық тартыс пен тай-таласты тың тілмен, өзінше бір ораммен орайлап айтқысы келеді”,- дейді М. О. Әуезов.1 Сол үшін сөз зергерлері тілде жоқты емес, әдеби тілде, халық тілінде барды “қиыннан қиыстырған” “тың тілмен” ой өрнегін қүрастырады. Сондайдан әр сөз шеберінің өзіндік стиль ерекшеліктері жасалады. Әдеби тілдің барлық стильдеріне қойылатын синтак- систік стиль талаптары түрғысынан қарағанда, сөз тіркес- тері мен сөйлемдер қүраудың нысанасы - ой айқындылы- ры екенін жоғарыда айтгық. Сол үшін сөйлемдегі сөздер сымға тізілген маржандай таңдамалы, талғаулы, сөздердің, сөйлемдердің мағыналық және синтаксистік байланыста- ры мүлтіксіз болуға тиіс. Синтаксистік қүрылыстың осын- дай сымбатгылық қасиеті ана тілінің ғасырлар бойында қалыптасқан заңды жүйелеріне негізделеді. Солай бола түра әр стильдің қызмет бабы ыңғайына қарай синтаксистік қүрылыстың жеке түрлерінің жеке стильге тән екендігі байкалады. Мысалы, әдеби тілде жиі жүмсалатын прогресшіл адамзат, каркынды еңбек, жүзе- ге асыру, колдау табу, кызу күттыкдау, салтанатпен ме- рекелеу, бейбітшілік күштер, сүтгі бастама, еңбек өнімі, зор ынта, табыстармен жауап беру тәрізді сөз тіркес- тері публицистика стиліне тән болса, асау терек, асау жүрек, канды кек, алтын күн, салкын самал, тулаган толкын, ынталы жүрек, жанымның жарык жүлдызы, жүректің кең дариясы, суык акыл (Абай), ой астары, бейбітшілік бакшасы, Отанымның жүрегі, жүрек сыры сияқты ауыспалы метафоралық сөЗ тіркестері көркем әде- биет стиліне тән, ал дауыска кою, баяндама жасау, басшылык ету, каулыны орындау, кол кою, мөр басу... сияқтылар кеңсе тілі стиліне тән. Сондай-ақ диалогты сөйлемдер сөйлеу тілі стиліне тән болса, Мидай дала. Жа- 1 М. Әуезов. Қазақтын өдеби тілі туралы, “Жүлдыз” журналы, 1951, №4.
рык аи. Есік адды ығы-жығы тәрізді атаулы сөйлемдер көркем әдебиет тілі стиліне тән. Сөйлеу тілі стилінде түсінігі ауыр күрделі орамдар, шү- батылған аралас қүрмалас сөйлемдер көп айтылмайды. Он- дай күрделі синтаксистік құрылыстарды ауыз екі тілде бірден дүрыс қүрастыра салу да, оларды сазына келтіріп айтып шығу да, таңдау да қиын болатындықтан, шешендер әдетте сөйлемдерді тап-түйнақтай етіп ықшамдап, логика- лық, синтаксистік байланыстарын берік ете баяндауға ты- рысады. Ғылыми әдебиеттер стиліне де сондай талаптар қойы- лады, бірақ оқып түсінуге, ксйде тыцдап ұғынуға арналған ғылыми еңбек, баяндамалардың текстерінде күрделенген орамдар, қүрмалас сөйлемдер, сірестіріп қүрастырған жай- ылма сөйлемдер жиі үшырайды. Коркем әдебиетте де, мы- салы Л. Н. Толстойдың “Соғыс және бейбітшілік”, М. Әуе- зовтің “Абай жолы”, Ғ. Мүсіреповтің “Оянған өлке” ро- мандарында күрделенген синтаксистік қүрылыстар көп-ақ. Бүлардың жүмсалу мақсаты ғылыми әдебиеттегіден басқа. В. Г. Белинский айтқандай, ғалым дәлелдейді, ал жазушы суреттейді: “Философ силлогизмдер арқылы сөйлейді, ақын образдар, картиналар арқылы сөйлейді, бірақ екеуінің де айтатыны бір нәрсе”1. Бір “нәрсені”, бір ой, бір пікірді түрліше айтуға бола- тыны әдеби тілдің стильдік мүмкіншілігінің молдығын көрсетеді. Оларды белгілі стильдерге тән етіп, екшеп, “шо- ғырлау әдеби тілдің қоғамдық қызмстінің кеңеюі барысын- да пайда болады. Стильдердің оқшауланып калыптасу дәре- жесі әдеби тілдің тарихымен, әр стильге тән әдебиет кадр- ларының молайып, марқайып дербсстік сапасының артуы- мен байланысты. Бір стильге тән құбылыс басқа стильдерге мүлде жат, оларда қолдануға болмайды деген ұғым тумау керек. Мы- салы, терминдік тіркестер кобінссе публицистік және ғылы- ми стильге бейім, солай бола тұра олардың біразы көркем әдебиетте де кездесуі мүмкін. Мысалы, шахтерлер өмірінен жазылған “Қарағанды” романында кәсіби терминдер тір- 1 В. Г Бслннскин. Шығармаларынын толык жинағы, III т. 1948, 798-бет.
кестері көп, немесе айналаны суретгеу мақсатында жұмса- латын атаулы сөйлемдер көркем өдебиетке тән бола түра, публицистикалық әдебиеттерде де кездесе береді. Көркем өдебиетке тән көріктеу тәсілдерінің кейбір үлгілері жоғарғыдай газет-журнал тілінде жүмсалуы, не- месе көркем әдебиетгегідей газет беттерінде акалтын (мақ- та), кара алтын (көмір), Сыр маржаны (күріш), табыс кілті, сияқты ауыспалы мағыналы тіркестердің жүмсалуы әдеби тіл стильдерінің жігі білінбейтін біртүтас екенін көрсетпейді, стиль мен стильдін қарым-қатынасының, бай- ланысының мол екенін көрсетеді. Стильдер тармақтары са- раланып кемелденген сайын олардың жоғарғыдай ауыс- түйіс байланыстары күшейе береді. Синтаксистік категориялардың бірі ол стильге, бірі бүл стильге ойысады деуге болмайды. Солардың әрқайсысы- ның ішінара жеке түрлерінің, тәсілдерінің белгілі стнль аумағында көбірек қызмет атқаруы мүмкін (ондайды кейінгі талдаулардан көруге болады). Синтаксистік қүрылыстың стильдік қызметін, стильдік бояуын айқын білдіруге себепкер болатын амалдың бірі - интонация. Әдеби тілде жазылғанның бөрі оқу үшін жазылады. Жақсы стилист әрбір сөйлемді қүрастырғанда, оның айты- луы мен мазмүны, стильдік қызметі арасында тығыз байланыс бар екенін сезеді. Сайып келгенде ол байла- ныс жазушы мен окушы арасындағы байланыс болып шы- ғады. Әрбір сөйлемнін, түтас сөйлеудің мазмүнына, стильдік қызметіне лайық айтылу сазы болады. Оларды өздеріне лай- ықты үнмен, тиісті екпінмен, өз өуенімен дүрыс оқып, дүрыс айтқанда, текст пен оның жеке сөйлемдеріне жан біткендей болады. Солар арқылы сиңтаксистік орамдар мен синтаксистік түлғалардың әсіресе стильдік қызметгері өз орнында дүрыс танылады. Сондыктан хатқа жазылмағанды ғана емес, жазылған- дарды да дүрыс оқу, дүрыс айтудың стильдік қызметі ерек- ше болады. Ойға лайық қүралған синтаксистік қүрылысты нақышына келтіріп, табиғи сазымен, тиісті әуен-ырғағы- мен, тиісті қарқынымен айтылмаған сөйлемдер, басқа да синтаксистік түлғалар нысанаға дәл тимеген оқ сияқты. Со-
нымен қатар, мысалы, ол жаксы жігіт екен. Сені кім ша- кырды? Айтканым - айткан, айтканымнан кайтпан! сияқты сөйлемдердің белгілі стильдік орайда жүмсалуы олардың қүрам, қүрылыстарымен дс, айтылу ерекшеліктерімен де өлшенеді. Сөйлемдердің айтылу қарқыны, дауыс ырғағы, айтылу екпіні, әуені - айтылу сазы (интонациясы) қүбыл- малы болуы, сөйлеушінің, айтушының еркіндігі субъективті қүбылыс емес, ойдың айтылу мақсаты, ойды білдірудің син- таксистік қүрылысы өмірдің әр алуан жайттарын білдіруге негізделген қүбылыс. Сондықтан әр сөйлемнің интонация- сы оның өзіне тән табиғатына лайық болуға тиіс. § 51. Синтаксистік синонимдер Жақсы стилист болу - сөз зергері болу деген сөз. Сөз зергері мақсатты ойдың тек түсінікті болуын ғана емес, көркем, әсерлі болуын да көздейді. Ол үшін сөз орамын түрлендіріп, нақыштап, барынша жатық етіп қүруға тыры- сады. Мысалы, жазушы М. Әуезов “Абай жолы” романын- да алыс жолдан келе жатқан Әбішті қарсы алып, алдынан шыққандар туралы былай дейді: Омырауларын тер баскан, демігіп танаураткан сәй- гүліктерді зорға токтаткан ауыл кісілері күймеге соктыга жаздап, дабырлап сәлем берісті. Қуаныштың айгай-шуын, шат күлкісін Әбіштің алдына ала шыкты. Осы мысалдағы соңғы сойлемді сурет зергері емес, жай қарапайым қазақ, “Ауыл кісілері Әбіштің алдынан шықты, оны қуанып қар- сы алды” дер ме еді? Не десе де, соз нақышын М. Әуезов- тей келтіріп айтпаған болар еді. Немесе: Жанымның жарык жүлдызы, Жамандык күнде жарымсың, — дегенді Абай ғана айта білді. Тілде бар сөздерді, сөйлем қүрылысын осылайша ше- берлік биігінде түрып жұмсаушы ойшылдар санаулы-ақ бо- лар. “Көңіл жүйрік пе, көк дөнеп жүйрік пе?” дегендей, адам ойының үшы-қиыры жоқ. Сондай-ақ, тіл байлығы да үшан- теңіз. Сол теңіз дүниесіне сүңгіп, ой өрнегіне керекті тілдік
материалдарды, трамматикалық тәсілдерді дүрыс пайдала- на білу үлкен шеберлікті керек етеді. Тілге бай, сөзі жатық кісілер ана тілінін мүмкіншілігін молынан пайдаланады. Соның бірі - синонимдер. Мәндес сөздер, мәндес грамматикалык түлғалар мен синтаксистік тәсілдер өз орнында дүрыс қолданылса, тілге ерекше өң береді. Қазақ тілі синтаксисінің сондай мүмкіншілігін байқау үшін бірнеше мысал келтірейік: I. Істің мақсатын білдіру үшін, егер: Мен Алмятыға окуға келдім. десек, осыны тағы қалай айтуға болады? де- ген сүрақ туады. Осы сөйлемнің пысыкгауышы “оқуға” де- геннің синонимдерін тауып, сол сөйлемді былай өзгертіп айтуға болады: 1. Мен Алматыға оку максатымен келдім. 2. Мен Алматыға оку үшін келдім. 3. Мен Алматыға окығалы келдім. 4. Мен Алматыға окиын деп келдім. 5. Мен Алматыға окысам деп келдім. 6. Мен Алматыға окиыншы деп келдім. 7. Мен Алматыда окысам каитер екен деп келдім... Осылардағы мақсат пысықтауыштардың түлғалары әр түрлі болғанмен, сөйлемдердің негізгі мағыналары (мақ- саттық) бірдей сияқты, бірақ стильдік өңі бірдей емес. Сти- листика үшін осындай бірдей еместердін үлкен мәні бар. Егер бүл пысықтауыштың сөйлемдерде білдіретін мағына- лары барлық жерде біріне-бірі тепе-тең болса, онда олар- дын бәрі жапа-тармағай жиі қолданылмаған болар еді. Дүрысында, олардың ептеп болса да айырмашылықтары бар. Мысалы, “оқуға келдім”, “оқу үшін келдім” - бір емес. Соңғыда мақсат баса айтылады. Сондықган оларды қалай болса солай, бірінің орнына бірін қолдана салмаймыз. Абай- дың Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін дегенін басқаша айтуға болмайды. Сол сияқгы Келмеп пе едің жол тосып, жолығуға аулакка (Абай) дегендердегі мақсат пысықтау- ышты басқа синониммен ауыстыра салуға болмайды. Оның себебі екі түрлі: біріншіден, бүл синтаксистік си- нонимдердің мағыналарында стильдік елеулі айырмашы- лык бар, екінші, мүндай синонимдердің бөрі бірдей кез келген етістікпен тіркесе бермейді. Мысалы, Бізді аудан әкімшілігі осы үжым жүмысына көмектессін деп жіберді
дегенді кемектескелі жіберді дей алмаймыз. Өйткені “көмектескелі” сөзі III жақтық жібер етістігімен емес, келдім, бардым, шакырдым торізді стістіктермен тіркеседі. Сондай-ақ “окиын деп келдім” мен “окысын деп жібердінін” пысықтауыштарын алмастыруға болмайды. Стилі жатық жазушылар сол синопимдерді жақсы біліп, көбінесе мағына дәлдігі үшін, кейде жазу стилін түрленді- ру үшін де қолданады. 2. Қазақ тіліндегі сабақтастардың бағыныңқы сыңарла- ры түрлі-түрлі түлғада жүмсалады. Солардың бірі - мезгіл бағыныңқы. Мезгіл бағыныңқы сойлемнің бірнеше сино- нимі бар: I. Бригадир келгенде, Жакып тосегінен түрып жатыр сді. 2. Бригадир келген кезде, Жакып тосегінен түрып жа- тыр еді. 3. Бригадир келсе, Жакып төсегіпде жатыр екен. 4. Бригадир келісімеп, Жакып тосегінен түрды. 5. Бригадир келе сала, Жакыпты төсегінен түргызды. Осындай мезгілдік мағынада сабақтас сөйлемдерді тағы да салалас етіп айтуға болады: 1. Бригадир келіп еді, Жакып төсегінде жатыр екен. 2. Бригадирдің келуі мүң екен, Жакып төсегінен карғ- ып түрды. 3. Бригадир келсе болғаны, Жакып төсегінен карғып түрады. Бүлар мезгілді білдіру жағынан мәндес болмағанмен, әрқайсысының стильдік өні, экспрессивтік мағынасы әр ба- сқа: Бригадир келгенде (келген кезде), Жакып төсегінен түрып жатыр еді - бағыныңқы басыңқыдағы істің өткен шақта болғанын білдірумен қатар, басыңқының баяндауы- шы да өткен шақтық түлғада түруып керек стеді. Сондық- тан ол сөйлем соңғы еді - созінсіз айтылмай-ды. Ал Брига- дир келсе... деген бағыныңқы да отксн шақта, басыңқының баяндауышы да өткен шақта, бірақ, комекші етістігі еді емес,- екен. Ұсынысында үлкен мон бар: Бригаднр келсе, Жакып төсегінде жатыр екен дегенде, бағыныңқы басың- қымен тек мезгілдес болып қана үғынылмайды, басыңқы- дағы іске бағыныңқынын бастауышы айғақ (көрген, козі жеткен) болғаны аңғарылады. Сондықтан шартты райды
есімшемен алмастыра салу - сөйлемнің елеусіз болса да, мағыналык нәзік айырмашылығын білдіруге қиянат жасау болады. 3. Сөйлем мүшелерін синонимдік ыңғайына қарап түрлендіруде үлкен мән бар. Алдымен мына мысалдарды салыстырыңыз: Дуандағы начальник тіл- маш бол деп өтінген екен, болмай елге келді (Б. Май- лин). Базаралы өз наукасының бар жайын айтып шыкты (М. Әуезов). Бүлардың бәрі бірдей неге бөріккенін Өгеп... тегіс мәлімдеп берген(М. Әуезов). Әбдірахманға писарь бол деп жабысты, оған да болмады(Ь. Майлин). Ол үйде болған сөздің барлығын Мағаш баяндап бердЦЪА. Әуезов). Кейін... Павловқа түгел жеткізіп күлкілі түрде әңгімелеп берді (М. Әуе- зов). Бүл мысалдардағы мәндес мүшелер: тілмаш бол деп өтінген екен - писарь бол деп жабысты, айтып шыкты - баяндап берді, мәлімдеп берген, - әңгімелеп берді. Бүлар бірін-бірі қайталамай, тек сәндік үшін түрленіп тұрған жоқ, мағыналық жүгі болғандықтан да белгілі стильдік қызмет атқарады. Бір мүше қайталанбай басқаша айтылған: тілмаш болдеп өтінген екен - жаятілек те, писарь болдепжабыс- ты - экспрессивті тілек, айтып шыкты - түгел хабарлады, баяндап берді - түгін қалдырмай, тайсалмай хабарлады де- ген мағынада. Сөз шеберлері синоним сөздерді бірыңғай мүше қызметінде де көп жүмсайды. Ондайда бірыңғай мәндес мүшелер бірін-бірі толықтыра, сурет бояуы айқындала түседі. Ісіндің, кебіндің Сонда да не пайда (Абай). Әлі де айтары көп адамдай қысылмай, жасқанбай, именбей күледіф. Мүсірепов). Мүндайда көмекші сөз бен сөз тіркесінің сыңары біры- ңғай синонимдерге ортақ болып бір рет айтылады, мыса-
лы: Ғылым окып білгенше, тыпым, тыпыштық таппаған (Абай). Сөйлемді солай құрауға әуес шебер жазушының бірі М. Әуезов болатын: Ең аяғында Абай өзі біртүспал, болжал жасады. Абай мен Ербол екеуі де катты жүріске шыдамды, берік бола- тын. Іштей екеуінің шыдамдылыкка байласкан серті, бәсе- кесі бардай. Үлбіреген... жастыктың аса катты қысылған, қымсынған белгісі білінеді. Кей жайларды анық, айқын етіп хатка жазып келді (М. Әуезов). Сол мақсатпен синонимді бірыңғай мүшенің бірі жеке сөз, бірі түрақты тіркес болып та жүмсалады. Ондай болса, мен де ойланып, қабырғаммеп кеңе- сейін (С. Бақбергенов). Козіме жас бер, жылайын, шыдам бер, сабыр қылайын (Абай). Үғыпбайды, үғынғысы кел- мейді. Тығылмай, ашу шақырмай үткыр сөйлейтін кісі сияктанды(Ү. Мүсірепов). Жоғарғыдай мәндес создердің арасыпа да та жалғау- лығын қойып бірыңғай мүшс қызмстінде жүмсауға жазу- шы Ғ. Мүсірепов әуес. Бүл әуестіктс дс ерекше стильдік мән бар: Бәрідебір үяда туып, оскендейтопас тякеще. Білетін- дері болымсыз да мардымсыз болғанмен, әрнеге әзір түрғандарын үнатып калды. Байжап іркілмей де бөгелмей бармағын басты (Ғ. Мүсірепов). Мүндайдың айтылу әуспінде срскшс ырғақ болады да, мәндес бірыңғайлардың мағыналары біріне-бірі еселеніп үстелетіндей экспрессивті мағыпа сезіледі. Сондықтан бо- лар, бірыңғайларды осылай қүрауға жас жазушылар көбірек еліктейтін болды. Бірақ опда оғаштық та бар. “Ұтымды да үтықты”, “қүда да қүдағай”, “түсінікті де үғымды” т. б. Мүндайда пәлендей мән жоқ, тск жслпіну бар. Өйткені бүлай қосақталатын екі соз бірінс-бірі синоним болғанмен, дербес мәні болу керск. Бір созді бүзып екі рет айтқаннан ондай мән шықпайды. Сөйтіп, стилистика мәндес синтаксистік күрылыстар- дың тиімділерін пайдалапа білуді дс үйрстеді скен, ондай синтаксистік синоним қазақ тіліпдс мол. Әдетге жазуы жатық, тілі бай стилистср тілде бардың бәрін жай қарапайым қалпыпда түсііібсйді, оның оте нәзік мәнін, озгелерге слспбсйтіп ипснің жасуыидай қылаң ст-
кен стильдік қызметін шеберлерше түсінеді. Сөйтеді де тіл байлықтарын, әсіресе тілдің грамматикалық мүмкінші- ліктерін, жақсы біліп, керегіне жаратып отырады. Мыса- лы, тілге деген талабы, сезімі, білімі мол жазушы еш уақыт- та Ак ат мінген кыз койларды жамыратты. Ол белін аркан- ға фда/демейді. Себебі: аттың түсі ақ болса да, қазақ “ақ ат” демейді, боз ат кай жерде дейді, әдетте қой жамыра- майды, қозы жамырайды, белін арқанға бумайды, белін ар- қанмен буады. Не болмаса, қазіргі қазақ тілінде бірыңғай бірнеше сөйлем мүшелерін “және”, “мен” жалғаулықтары- мен байланыстырып айтқысы келген стилі жатық журна- лист еш уақытта “және” ні бүрын, мен (бен, пен) жалғау- лығын соң жазбайды. § 52. Экспрессивтікті білдірудің синтаксистік тәсілдері Ойды жай хабар ретінде де, кісіге әсер ететіндей мәнерлі түрде де айтуға болады. Мысалы, Енді оны көрмеймін де- генді күшейтіп: Ендігәрі оны көрсем, көзім шыксын! деуге болады. Немесе: Оның кылмысын жасырмаймын деген ойды күшейтіп; Оның кылмысын жасыра алмаймын деуге болады. Осындай, ойдың күшейтіліп, мәнерлі түрде айтылуын сейлемнің экспрессивтілігі дейміз. Экспрессивтілікті білдірудің синтаксистік тәсілдері әр түрлі болады, олардың бастылары мыналар: 1. Сөйлеу тілінде және жазғанды оқығанда, дауыс ыр- ғағын қүбылту арқылы сөйлемге экспрессивтік мағына ен- гізуге болады, мысалы: “Абай жолы” романында кітапха- наға кірген Абайды түйеге теңеп бір чиновниктің мысқыл- дап күлгенін естіп Абай: Чиновник мырза, түйе кірсе несі бар, мүнда ол түгіл есек те отырыпты, гой! — дейді. Бұл сөйлемдегі есек те отырыптыеой\ сөздерін күмілжіп ақырын айтсаң, Абай мы- сқылының мәні онша айқын болмай шығар еді, ал сол сөздерді сөйлемдегі басқа сөздерден гөрі көтеріңкі, ойнақы дауыспен айтсақ, онда сөйлемнің экспрессивті мағынасы тайға таңба басқандай болады.
Сол сияқты, Білмеймін дейсің бе, әй! Көріңде өкіргір! Ак дегені - алғыс, кара дегені - қарғыс сөйлемдерін өрше- лене көтеріңкі, мәнерлі дауыспен айтса, олардың экспрес- сивті бояуы айқын сөйлемдер болып үғынылады. 2. Бір ойды білдіретін болымды сөйлемнің орнына болымсыз сөйлемді жүмсау арқылы оған экспрессивті ма- ғына қосуға болады. Мысалға мына сөйлемдерді салысты- рыңыздар: Мен шындықты, айтамын — Мен шындықты айтпай түра алмаймын. Мен университетті бітіремін — Мен университетті бітірмей қоймаймын. Әрбір жүмысшы күнделікті жоспа- рын орындайды — әрбір жүмысшы күнделікті жоспарын орындамаса, көңілі көншімейді. 3. Баяндауыштың I жақтық жіктік жалғауын -мен, - бен, -пен түрінде жүмсау арқылы сойлемнің мағынасын экспрессивті етуге болады. Ондай болымсыз сөйлемдер қайсарлықпен үзілді-кесілді айтылған ойды білдіреді, мы- салы: Алдыңа келіп түрмын деп, Ар-намысымды қашырман! Бұлтка жетпей ддертсынбан, Айта келген сөзім бар, Не кылсаң да жасырман! (М а х а м б е т). Өлеңім - оқ, ол алдымда Менде жаудан шегінбеп! (Ж а м б ы л). Тәуекелге келгенде, алдымда тау түрса да, тайынбан! (Ғ. Мүстафин). 4. Сөйлемнің баяндауышын, ксйдс сойлемнің түрін мәндес басқа сөздермен пе басқа сойлем түрімен ауысты- рып айту арқылы да оған экспрессивті мағына үстеуге бо- лады. Мына сөйлемдерді салыстырыңыздар: Мен бармаймын — Мен бармасам болмайды. Мен мүныңа көнбеймін— Мен мүныңа көне алмаймын. Техни- каның тетігін білген жақсы — Техниканың тетігін білгенге нежетсін!
Мұндай экспрессивті мәні бар сейлемдерге әдебиетген мысалдар келтірейік: Жакып сөйлей жөнелді (Ғ. Мұстафин). Мұны * Жакып сөйледі дегенмен салыстырыңыздар. Жарқыраған май күні тамылжып түр (М. Әуезов). Оны - Жаркыраған май күні ыстық дегенмен салыстырыңыздар. Жаксылық күлімдей түсті (Ғ. Сланов). - Жаксылық күлді дегенмен салыстыры- ңыздар. Күн көптен бері жылынбай қойды (М. Әуезов). Күн көптен бері жылынбады дегенмен салыстырыңыз- дар. 5. Сөйлемнің етістік баяндауышын қдйталап екі рет айту да немесе есім, етістік баяндауыштардың алды-артына олар- дың мағыналарын күшейтетін сөз қою да экспрессивтікті білдірудің синтаксистік амалы болады. Мысалы: Жапан далада жан-жағына алактап жалғыз әйел жор- тып барады, жортып барады. Кең далада жалғыз адам жүзіп келеді, жүзіп келеді. Өзгеше бір күй кең даланы күңірене шайкай береді, шайқай береді (Ғ. Мұстафин). Зытып келем, зытып келем (Ғ. Мүсірепов). Кейінгі кезде сирек, жоғалып бара жатқан қазақ қолөнерінің ең жақсы үлгілері осы үйде калыпты. Кдй заманда жасалды екен? Сонау адалбақанның төрдегі кебеже, жүк аякгың бетгеріне ойып салған өрнектер, қондырған сүйектер сонша нәзік, сонша әдемі, қолдан жасады дегенге нану қиын (Ғ. Мұста- фин). Япырмай, мына жерге ауыл орнап, дүкен қүрылғаны жақсы болды-ау! (С. Мүқанов). Жоғарыда айтылғандардан, келтірілген мысалдардан экспрессивтікті білдірудің синтаксистік тәсілдері қалай бо- латынын байқауға болар. Экспрессивтіктің басқа да толып жатқан синтаксистік тәсілдері бар. Олардың бірқатары бүдан былайғы талдауларымызда айтылады. § 53. Хабарлы, сүраулы, бүйрыкты, лепті сойлемдер Кісінің басқаға айтатын ойы әр уақытта мақсаты бола- ды: кейде бір істің, бірдеңенің жайын хабарлауды мақсат етсек, кейде басқадан бірдеңені сүрап білуді мақсат етеміз. Немесе біреуге бірдеңе істетуді көздесек, кейде айтылған
ойға айтушының көңіл күйін білдіруді көздеп сөйлейміз. Сол мақсаттарға лайық сөйлемдер түрі, құрылысы, не- гізінде, төрт түрлі болатыны белгілі: хабарлы, сүрау лы, бұйрықты, лепті. Сөйлемнің осы түрлері жүмсалуы мен мағыналық жа- қындығы не алшақтығы жағынан ерекше стильдік қызмет атқарады. Хабарлы сейлем - адамның ойын, көрген-білгенін ба- сқаға айтудың формасы. Хабарлы сөйлем арқылы шындық өмірдегі әр түрлі қүбылыстардың жайын бар (болған) не болмаған қалпында баяндаймыз. Хабарлы сөйлемдердің мазмүны әр алуан болатынын ескеріп, алдымен олардың б о л ы м д ы және болымсыз түрлерін стилистика талғамдары түрғысынан екі бөліп қараймыз. Б о л ы м д ы сөйлем арқылы өмір қүбылыстары шындық байланыс күйінде, бар қалпында, оған сөйле- ушінің субъективті көзқарасы қоса баяндалады. Мыса- лы: Күн кызыл арай шатырынан жаңа ғана шыккан (Ғ. Мұстафин). Ораз терезеден басын сүғып түр екен (3. Шашкин). Бүл сөйлемдердегі хабарға айтушының көзі жетіп баяндағаны аңғарылады. Баяғыда бір хан болған екен. Оның екі үлы болыпты деген хабарлар айтушы- ның өзі кермеген, жақсы білмеген, бірақ есіткен оқиға түрінде баяндалған. Осындай сөйлемде айтылған ойға айтушының субъек- тивті көз-қарасын да білдіруін сөйлемнін модальдігі дейміз. Болымды сөйлемнің модальді мағынасы көбінесе баян- дауыштар қүрамын түрлендіру арқылы қүбылып отырады. Мысалы: 1. Жолаушылар таң ата жүріп кетті. 2. Жолаушылар таң ата жүріп кетіпті. 3. Жолаушылар таң ата жүріп кететін шығар. Бірінші сөйлемде іс сөйлеушінің коз алдында болса, екінші сөйлем олай емес, (... жүріп кететін шығар) хабар- ланған істің орындалуына, жолаушылардың қашан жүреті- ніне сөйлеушінің көзі жетпей, болжап айтқаны аңғарыла- ды. Қазақ тілінде болымды сөйлемді осылардай күмәнды, болжамды етіп айтудың бірнеше тәсілдері бар:
К-ҮМ-3 н Д Ы 1. Жолаушылар жүріп кетіпті. 2. Жолаушылар жүріп кеткен көрінеді. 3. Жолаушылар жүріп кетсе керек. 4. Жолаушылар жүріп кеткен сиякты. 5. Жолаушылар жүріп кеткенге үксайды. болжаллы 1. Жолаушылар жүріп кеткен шыгар. 2. Жолаушылар жүріп кеткен болар. 3. Жолаушылар жүріп кеткен білем. 4. Жолаушылар жүріп кеткен болса керек. 5. Жолаушылар жүріп кеткен ғойдеймін. Бір модальділік мағынаның осыншама көп синоним- дерінің болуы қазақ тілі сөйлемдерінің стильдік мүмкін- шілігінің молдығын, болымды сөйлемдердің стильдік боя- уларының әр алуан екенін көрсетеді. Бүларды таңдап, тал- ғап өз орнында жүмсай білу керек. Күмәнды білдіретін хабарлы сөйлемдер қатарына ен- бей түрған тағы бір түрі бар. Ол -мыс шылауы арқылы жасалады. Мүны бөліп шығарған себебіміз оның ерекше экспрессивтік те мағынасы бар. -мыс шылауы арқылы жасалатын күмәнды сөйлем айтушының айғақ пікіріне бас- қа біреудің жөнсіз күмәнданғандығын білдіреді, мысалы: Қарымсактың көзінен бүршіктеген жас шығыпты-мыс (Б. Майлин). Аш-жалаңаш болмайсың, өзің би, өзің төре боласың, - деп Абдол оны қызықтырыпты-мыс (Б. Май- лин). Болымды сөйлемді болымсыз тұлғалы сөйлемдермен ал- мастыру да кездеседі. Ондайда хабарланатын ойдың ерек- ше экспрессивті мәні болады. Мысалы: Мен ол үйге бара- мын - Мен ол үйге бармай түра алмаймын. Мен ол үйге бармасам болмайды. Жаз жайлауга көшу керек - Жаз жай- лауға көшпейінше болмайды. Жаз жайлауға көшпей түра алмайсың. Б о л ы м с ы з сөйлем үғым арасында байланыстың жоқтығын көрсетеді. Қазақ тілінде болымсыз сөйлем жаса- удың бірнеше амалы болатындықтан, оларды талғап жүмсай алудың стильдік мәні бар. Мысалы: Ол бүгін келмеді - Ол бүгін келген жок. Таудың кары әлі ерімеді - Таудың кары әлі еріген жок Аспан ашылмас - Аспан ашылатын емес -
Аспанның ашылатын түрі жок. Бүлар өз ара мәндес бол- ғанмен, стильдік қызметтері бірдей емес: Ол келмеді - жай хабар. Осындағы /гет/л/ед/созінің болымсыздық мағынасын күшейту үшін, оны келген жоқ деп айтамыз. Сондай-ақ, Аспан ашылмас - әшейін болымсыздық болжал ғана, ал оның орнына - Аспан ашылатын емес, Аспанның ашыла- тын түрі жок десек, болымсыздық хабарда айтылған ой күшейтіліп жүмсалған болады. Төмендегі сөйлемдердің де сондай мағыналық айырма- шылығы бар. Оларды салыстырып, қайсысының болым- сыздық мағынасы босаң не қатаң екенін айырыңыз: Содан бері ол біздің үйге кірген жок еді (Ғ. Сланов). Содан бері ол біздің үйге кірген емес. Жок, әкем өртенген- мен, мен өртенбеспін (С. Мүқанов). Жок, әкем өртенген- мен, мен өртене коймаспын. ... Мені ол топырактан жүла алмас! Туған жеріме деген мөлдір махаббатымды енді ешкім де сөндіре алмас! (С. Мүқанов). Мені ол топырактан жүлып тастай алмайды! Туган жеріме деген молдір махаббатым- ды енді ешкімде сөндіре алмак емес! Болымсыз түлғалы сөйлсмдерді болымды етіп айтудың стильдік қызметі ерекше. Бүгін барамын. Бүгін барма- сам болмайды. Мен енді айтамын. Мен енді айтпай түра алмаймын. Ол кайда болса, сонда жүре береді - Оның жүрмейтін жері жок. Бүл мысалдардың екінші түрлерінің әрқайсысы екі-екіден болымсыздық түлғада жүмсалған. Математикада минус псн минус плюс болаты- нындай, болымсыз бен болымсыз түлға жарыса айтылып, болымды мағына пайда болады. Болымды сөйлемді осы- лай болымсыз түлғалардан қүрастырудың стильдік қызметі ерекше. Солар арқылы айтылған болымды хабар әдетте өткір тілділіктің, эмоциялы созімнің нысанасы болып үғынылады. Сол сияқты кейбір сүраулы сойлемді де хабарлы етіп айтуға болады: - Бүл не ғыпжүр? Әлде күзеуінің оты тозды ма екен? - Е, тәйір, күзектің шобі бітуші ме еді? Түнып түр. Қүлкын сәріден кыстауға барып, кыстыгүні несін жейді? (М. Әуезов). - Біздің ауылға барасың ғой, кызым? - Бармағанда кайтем? (Ғ. Сланов).
Осындай сұраққа сүрақ түрінде берілген жауаптың ма- ғыналары жай хабар болып қалмайды, кісінің ішкі сезімін, лажының жоктығын, өтінішін т. б. модальді мағынаны қоса хабарлайды. Кейбір сүраулы сөйлемдер кісінің күмәнін, таң- дануын, кейігенін, сенімсіздігін қоса білдіреді де, бірқата- ры болымсыз сөйлемнің орнына жүмсалады. Дәмеш өз жүрегінің “соғуын өзі түсіне ме екен?- Түсінбеңді. - Бір калған көңіл жібн ме?(3. Шашкин) - Жібімейді. - Арык адамның көзі өткір болады екен-ау?! Мені білмеңдідеймісің?! (Ғ. Мүсірепов). - Білемін. Кейде хабарлауға тиісті ой тікелей сүраулы сөйлем түрінде баяндалады. Оны риторикалық (шешендік) сүрак дейміз: Күнде жаксы бола ма, Бір кылыгы жакканга? Оқалы тон тола ма, Ар-үятын сатканға? (А б а й). Жылағанда көзіме Қанды жасым тола ма? Тауға біткен бәйшешек Қураса, бір күн сола ма? (“А л п а м ы с ”). Сүраққа жауап алу мақсатымен емес, кісінің сезімін қоса хабарлау үшін жүмсалатын сүраулы сөйлемдерді жүмсай білу керек. Олар - кісінің ойын мәнерлі түрде әсерлі етіп айтудың өте үтымды амалы. Мысалы: Сізде келеді екенсіз- ау? деген сүраулық интонациямен айтылады. Оны айтқан кісі басқадан жауап күтпейді, тек біреудің келгеніне әрі қуанышын, әрі таңданғанын білдіреді. Өз балаңа сенбеген- де, енді кімге сенесің? деген де жауап күтпейтін сұраулы сөйлем, мүны есіткен (не оқыған) адам сөйлеуші балаға сену керек деген ойды күшейтіп, бір түрлі кейіспен айтқа- нын аңғартады. Көркем әдебиетте жиі үшырайтын шешендік күрделі орамдар үстемеленген сүраулы сөйлемдер турінде де жұмса- лады. Ол сүраулы сөйлем тізбектері басқа бір елеулі іс-
әрекеттің, болмыстың себептері орайында жүмсалады. Мы- салы, “Абай” романының бірінші кітабында жас Абайдың ақын-жыраулардан есіткен-білгеннен алған әсерін М. Әуе- эов былай суреттейді: Тілі үғымды, өмірі таныс болғаннан ба, немесе Барлас пен Байкөкшенің кезектеп аііткан жырларының кейде шыркаған, кейде калкып баяулаған, кейде лекітіп соктырып, ескектете желген әнінен бе, бебеу каккан коңыр, майда, баяу домбырадан ба, калайда болса Абай бүл күнге шейін өмірде дәл осы Барлас, Банкөкше баян еткендастан, жырларға барабар ешнәрсе есітпеген сиякты болды. Бүйрыкты сөйлемдердің де мазмүны біркелкі бола бер- мейді. Олардың әр түрлі болу себебі бүйрық қалай, қандай жағдайда, қандай мақсатпен айтылғанымен байланысты. Со- нысына қарап бүйрықты сөйлемдердің интонациясы, баян- дауыштарының қүрамы, сөйлемде орналасу тәртібі әр түрлі болады. Мысалы: /. Шыныңды ант! 2. Шыныңды айтшы. 3. Шыныңды айта ғой! 4. Шыныңды антуың ғой. 5. Шы- ныңды айтсаң болмас па еді. Бүл сөйлемдердін, мағынала- ры біріне-бірі жақын, негізгі баяндауыш қызметіндегі сөзі (айт) бәріне ортақ болғанмен, олардың мазмүны бірдей емес: бірінші сөйлем - қатаң бүйрыкты, екінші - тілекті, үшінші - Жалынышты, төртінші - өкінішті білдірсе, бесінші сөйлем оның үстіне наразылықты білдіреді. Ол сөйлем- дердің осындай эмоциялық мағыналары баяндауыштардың қүрамын түрлендіруден болып түр. Көзіме көрінбей жо- ғал! дегенді Жоғал көзіме көрінбен! деуге болады. Екеуі де - бүйрықты сөйлем. Бірақ екеуінің мазмүны бірдей емес: бірінші сөйлем жай кейіспен айтылған ойды білдірсе, екіншісі қатты ашумен кіжіне айтылған қатаң бүйрықты аңғартады. Сонысына лайық ол екі сойлем екі түрлі әуен- мен айтуға тиіс. Көзіме көрінбеіі жоғал! - бәсец дауыспен, Жоғал көзіме көрінбей! - қатаң, котсріңкі дауыспен айты- лады. Бүйрықты сөйлемдер сөйлеу тілі стиліне тән, олар диа- лог түрінде ықшам, кейде қаратпа созді болады. Осындай ерекшеліктсріне қарай, бүйрықты сойлемдер бірнеше мағыналық топқа болінеді: 1. Қ а т а л бүйрықты: - Өшір үніңді!(&. Сәрсенбаев).
Жоғал көзіме көрінбей! (С. Ерубаев). - Көрсетпе көз жа- сыңды! (М. Әуезов). 2. С о л ғ ы н бұйрық: - Қарындасым, ондан өтірікті айтушы болма! (Ә. Әбішев). - Кәне, жігіттер, аттарыңды камаңдар! (С. Мұқанов). 3. Тілек, өтініш мәнді бұйрық: - Балам, жөніңді айт- шы! (М. Әуезов). - Келші, калқам, менің касыма отыршы! Бір ауыз ғана сөз айтайын, катар отырып тыңдаңыздар- шы! (Ә. Әбішев). 4. Сес көрсету, қорқыту мәнді бұйрық: - Қәне, тіл алмай көрші. - Кәне, осы баланың бәйгесін бермей көрші! (Ғ. Сланов). - Менсіз сол үйге барып көрші! 5. Өсиет, үндеу мәнді бұйрық: - Темірді кызған кезде сок. Жаманнан без, жаксыдан үлгі ал. Жолдастар, егіннен мол өнім алатын болыңдар! Сыр сандыкты ашып кара, Ашып кара, сырласым! Сым пернені басып кара, Басып кара, жырласын! (С. С е й ф у л л и н) Осылардың бәрі - бүйрықты сөйлемдердің түрлі стиль- дік қызметте жұмсалуының мысалдары. Олардың сондай айырмашылықтарын дұрыс танып, әр түрін өз орнында пай- далана білу керек. Л е п т і сөйлемдер кісінің таңырқау, таңдану, қайғыру, аяу, арман ету сияқты көңіл күйін, сезімін білдіру үшін көбінесе көркем әдебиетте жұмсалады. Лепті сөйлемдер құрамында әдетте одағайлар болады және олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемдердің негізгі мағына- лық топтары мыналар: 1. Т а ң ы р қ а у: - Қандай тамаша! Қандай акылды адам! Тіпті, ғажап каркын? (Ғ. Мұстафин). Айналаңа карашы! Дүние кандай сәндіҢҒ. Сланов). Жеріміз біздің неткен бай!.. (X. Ерғали- ев). 2. Т а ң д а н у: - Пай-пай, мына атты? жүрісін-ай! - Ой, кандай сүйкімді үн!
- Мынау не деген тамаша көріністер! (С. Шаймерде- нов). - Апыран, желісінің каттысын-ай!(Ғ. Мүсірепов). 3. Қ а й г ы р у, қ о р қ у: - Апыр-ай, аман болғай-ак та! (Ғ. Мүсірепов). - Құлады-ау! Құлайды-ау? (Ғ. Мүстафин). 4. А я у, ж а н ы а ш у: - Ой, байғүс бала-ай! Қарадай баламды тағы шырыл- датты-ау, кан ішер Майбасар! (М. Әуезов). - Апыран, аман болғай-ак та!(Ү. Мүсірепов). - Әй, мынаны-ай! Кетеді-ау! (Т. Нүртазин). 5. Арман ету, көксеу: - Әттең, осылардың бәрі де біздің ауылда өсетін болса! (С. Шаймерденов). Мына көгалға бауырыңды төсеп жат- саң! - Па, шіркін, мына атка мінер ме еді! 6. Ө к і н у: - Қап, астыкты кеше жннап алмаған екенбізде! &гте- геи-ай, кеше есте болмапты-ау! - Қап, мен де барсамшы! - Жиналысты кеше шакыру керек еді ғой - Қолыңыздан келмейтін балса, айтуыңыз керек еді ғой! (М. Иманжанов). 7. Қо.р қ у, с е с к е н у: - Ойбай-ай, ана бала кұланды-ау! (Т. Нүртазин). Осы мысалдардан лепті сойлемдердің мазмүны кісінің әр алуан сезімін, көңіл күйін білдіретінін аңғаруға болады. Стилистика ғылымы түрғысынан сойлемдердің мүндай эмо- цнялық мағыналарын түсініп жүмсай білудің үлкен мәні бар. Мүндайда сөйлемді лепті етугс себспкер болатын ода- ғай сөздердің мағыналарын айырып, басқа сөздермен ма- ғыналық байланыста жүмсай білу керек. Оның үстіне лепті сөйлемде айтылатын ойдың қандай эмоциялы сезімде бері- лгенін білген жөн. § 54. Сойлем мүшелері Ауылдың алдыңғы жағындағы ойпаңда Есіл өзені бар дегенді С. Сейфуллин Ауылдың алдыңғы жағында ойпаң тартып, көлденең Есіл өзені жатыр деп жазған. Бүл екеуі
бір емес: алдыңғы сөйлем жай хабар болса, екінші сейлем, оның үстіне, әсерлі көркем сурет. Бұл суреттің нақыштары көлденең, жатыр сөздерін қолдану арқылы салынған. Сөзім - шекер тілім-балф. Мустафин). Өлеңім- балға, әнкашау (Жамбыл) деген төрт сөйлемнің әрқайсысы екі-екі зат есі- мнен қүралған. Олар аз сөзді, қысқа-қысқа сөйлем болған- мен, мағыналары кең әрі әсерлі. Солай болудың сыры - сөздерді бірін-біріне теңеп, белгілі мүшелік қатынаста жүмсауда: сөзім, тілім, өлеңім, ән - бастауыштар да, олар- дан кейінгі зат есімдер шекер, бал, балға, кашау- баяндау- ыштар. Сөйлемдегі сөздер саны аз болса да, көп болса да сөз тіркесінің өз ара мағыналық синтаксистік байланыста болу арқылы белгілі мүшелік қатынаста жүмсалады. Жоғарғы “сөзім - шекер... "дегендердің алдыңғылары бастауыш, со- ңғыларының баяндауыш болу себебі содан. Олай болса, сөйлемді дүрыс қүрау үшін сөйлемдегі сөздерді дүрыс байланыстырып, тиісті мүшелік қарым-қаты- наста жүмсай білу керек. Мысалы, капитализм техника жетістіктерін әлеумет прогресс мүдделері үшін пайда- лануға бөгет болып отыр сөйлемін қалай оқысақ та, бірдеңелер жетпей жатқан сияқты болады да түрады. Сол жетіспей жатқан бірдеңелер мыналар: жетістіктер сөзіне -ін жалғауы, әлеумет сөзіне -тік жүрнағы жалғанба- ған. Соларды жалғап Капитализм техника жетістіктерін әлеуметтік прогресс мүдделері үшін пайдалануға богет болып отыр десек, сөйлем түсінікті болады. Әлгідей бүл сөйлемдегі сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша- ны алып тастасақ, не ол сөйлемнің бір сөзін қалдырып оқысақ, ондағы басқа сөздердің қиюы қашып, сөйлемнің мағынасы солғын тартып, қиыспайды. Өйткені әлгідей өзгеріс енгізу арқылы сөйлемдегі сөздердің мүшелік қаты- насы бүзылып, айтайын деген ойымыз түсніксіз болып шы- ғады. Ондай стильдік қате жібермеу үшін, сөйлем қүрағанда, сөздердің байланысын, мүшелік қатынасын анық, айқын етіп құру керек болады. Сөйлем қүрауға негіз болатын бас мүшелер, әсіресе ба- яндауыш, ойды дүрыс құрастыруға арқау болады. Бас мүше- лер болмаса, басқа мүшелердің болуы да мүмкін емес. 220
Өйткені анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыштар, алды- мен сол екі бас мүшенің маңына топтанады, қала берді бірін-бірі анықтап, толықтырып, сойлемнін қүрамына ене алады. Рас, диалогты сөйлемде түрлаусыз мүшелер не олар- дың бірі бір сөйлем орнына жүруі мүмкін. Мысалы: - Я, кім бар екен үнде ? - Саша Мухин бар екен... - Е,олне кылып отыр екен? - Настяға үйленетін түрі бар. - Настяға ма? - Я, Настяға. (Ғ. Мүсірепов). Осы мысалдағы Настяға ма, Настяға деген екі сөз екі сөйлемнің орнына жүмсалған. Олар - барыс жалғауындағы толықтауыштар, бастауыш, баяндауыштары алдыңғы сөйлемдерде айтылған. Солар Настяға ма?- Настяға деген- дерге де ортақтасады. Әрбір сөйлем мүшесі ойды дәл, керегінде әсерлі, эксп- рессивті түрде хабарлаудың басты шарты - сөйлем мүше- лерінін қызметін бірден-бір дүрыс табылып қолданған сөздерге жүктей білуде. Сонымен катар ойды аз сөзбен сы- ғымдап айту, көршілес сойлемдерде бір созді қайталай бер- меу талаптары қойылады. Ол үшін сөйлемде басы артық сөз қолданбау керек, бір созді қайталай бермей, бірде оның синонимін, бірде оның орнын басатын есімдікті пайдала- нып, кейде бір сөзді екі-үш сөйлемге ортақ етіп айту керек болады. Бір сөйлем мүшесін мәндес нс басқа сөздермен алмас- тыруға көркем әдебиет стилінің мүмкіндігі мол. Оны мына мысалдардан байқауға болады: Сенін әкеңнен әкем кем болып корген жок, атаңнан атам кем түскенжок. (X. Есенжанов). Біздің болім әр кезде соғыстың бір тынысы тар, кыспак жсріиде жүреді. Қай жа- рынан кауіп-катер катар келе калса, бізді сол маңнан таба- сыз (Ғ. Мүсірепов). Мүнда бір ой екінші сөйлемде басқа сездермен қайта айтылған. Мына сойлсмдер де солай. Екеуміз ғана бір көпірдің айналасына бір күннің ішінде төгілген корғасын мен мысты бір айда әзірлеп бере алу
үшін аса үлкен зауыт керек болар еді. Ал Дон арқылы са- лынған үлкен көпірдің айналасына шашылып жатқан сна- ряд пен бомбаларда есеп жок (Ғ. Мүсірепов). Мұнда “төгілген” сөзін қайталамау үшін автор “шашы- лып жатқан” сөздерін пайдаланған. Сөйлемнің бастауыш, толықтауыштарын қайталамай, олардың орнына есімдіктерді жұмсауға мысалдар: Мен талай рет бақытпен кездестім. Ол менің қолымда болды. Мен онымен Нева проспектісінде серу- ендедім. Қарағанды каласында да колтыктасып бірге жүрдім (Е. Ерубаөв). Мына үзіндіде бір мүше (жауымды) іргелесе, ұласа ай- тылған кейінгі сөйлемдерде қайталанбай өзінен-өзі түсінікті болып түр: Мені көтеріп алып жөнеле бергенде, өзімдг атып калған жауымды тағы бір көргім келіп, тағы бір кадалып қарадым. Түмсығы енді қарға түгел көміліп барады екен. Мүрнынан аққан қара күрең қан усақ-усақ отау тігіп, алдындағы қарды едәуір шүбатып бояп тастап- ты. Атылған ит осылай өлетін еді деп, ішімнен бір жәбір теңеулер іздегендеймін... Шолақ киімдері жоғары сыры- лып кетіпті де, ашылып қалған жалаңаш арқасына айдама жел түйір-түйір қиыршық қарды тығып жатыр... (Ғ. Мүсірепов). Сөйлемді ықшамды етіп құрастыру үшін қолданыла- тын амалдың бірі - сын есім, сан есім, есімшелерді бастау- ыш, толықтауыш, ілік жалғауында анықтауыш қызметінде жұмсау. Ондайда бұл есімдер әдетте өздері катысты бола- тын заттардын орнына жұмсалып, әрі зат, әрі оның сапа- сын білдіреді. Мысалы, кілең сүлулар бір өңкей отыр де- сек, сұлулар - сұлу қыз-келіншектер дегендей мағынаны білдіреді. Қорыққанға қос көрінер десек, қорыққанға - қорыққан адамға деген екі сөздің орнына жұмсалады. Ал- тау ала болса, ауыздағы кетер дегенде, алтау сөзі бастау- ыш қызметінде — “алты адам” дегендей мағынаны білдіреді. Осылардай сын, сан есімдер мен есімшелердің субстан- тивтеніп бастауыш, толықтауыш, анықтауыш қызметінде жұмсалуы - мақал мен мәтел синтаксисінің ерекшелігі, олар аз сөзбен көп мағына білдіруді, сөйлем қүрылысы барын-
ша ықшам болуды керек етеді. Халық данышпандығының елегінен өткен ол түракты тіркестердің көбі сондай сы- ғымдалған сөздерден күралады. Субстантивтенген бастауышы, толыктауышы, анықтау- ыштары бар мақал-мәтелді сойлемдерге мысалдар: Көп коркытады, терен батырады. Сыпайы сырын жа- сырмайды. Ата корген окжонады, апа көрген тон пішеді. Білек сүріндіре алмағанды білім сүріндіреді. Қоркакты куа берсең, батыр болар. Еріпшектіц ертеңі бітпес, Адас- қанныц алдыжөн, артысокпак. Мүндай мысалдарды олеңді сойлсмдерден де көп та- буға болады: Білгенге маржап, Білмеске арзан, Надандар баһра ала алмас (А б а й). Жылы менен ыстыктыц бәрін көріп, Қайран көніл кайыспан кайрат етті (А б а й). Сөйлемнің мазмүнына срекшс стильдік өң кіргізіп, түрлендіріп түратын мүше - баяндауыш. Ғылыми және пуб- лицистикалық әдсбиеттердсгі әшейін хабар ретінде күра- латын сөйлемдердің баяндауыштары коркем әдебиетте эк- спрессивті мағынада көбірек жүмсалады: Темекі ораған сайын сол кнык... козіме түспей қоймайды. Әрдайым туған жердің жеңіске косып жаткан еңбек үлесін ескертіп түрады. Козіме түскен сайын мен де бірнеше жолын тағы бір окымай қоя алмаймын. Кейісім болса тарап, окысам - жылыпып сала беремін. Туған ел, өскен жердің осындай әрбір хабарын сағы- нышпен күтіп, куанышпен карсы алу әр солдатгын ба- сында бар (Ғ. Мүсірепов). Бірқатар сөйлем мүшелерін кейде жалғаулы, кейде жа- лғаусыз етіп жүмсауға болады. Солай студің стильдік мәні зор. Мысалы, Аудандык партня комптетінің бірінші секре- тарының баяндамасының жалғасы... дегендегі 7 сөздің үшеуі ілік жалғауында айтылған. Осындай, бір сөйлемде
бірнеше сөздің қатарынан бір жалғауда айтылуы сейлем стилін ауырлатады. Сондықтан оларды “үнемдеп”, бір жа- лғауды бірнеше сөзге ортақ етуге болады: Аудандык паргия комитеті бірінші секретары баяндамасының жалғасы. Уни- верситеттің филология факультетінің деканының орынба- сары. Университеттің филология факультеті деканының орынбасары. Қазакстан Республикасының Ғылым академи- ясының Тіл білімі институтының ғылыми кеңесінің каулы- сы, - Қазакстан Республикасы Ғылым академиясының Тіл білімі институты ғылыми кеңесінің каулысы. Ілік септеуіндегі анықтауыш бір сөйлемде біреу бол- ғанда да, оны жалғаулы не жалғаусыз етіп жүмсаудын стильдік, мағыналық ерекшеліктері болады. Мысалы, аудан- ның орталығы- аудан орталығы, колхоздың малы- колхоз малы, койдың терісінен - кой терісінен дегендер* бірінің орынына бірі жүмсалады. Бірақ екеуінің мағынасы бірдей емес. Жалғаулы болғанда, сөз тіркесінің мағыналық қарым- қатынасы меншіктілік болады да, жалғаусыз айтылғанда, сөз тіркесінің ол мағынасы күңгіртгеніп, ілік септігіндегі сөздер заттың заттық сыны есебінде жүмсалады. Соны түсініп, орысша дүрыс аударамыз десек, колхоздың ферма- сы - ферма колхоза, колхоз фермасы - колхозная ферма дер едік. Сондай-ақ: Абайдың мектебі - Абайдың өзінің мектебі, Абай мек- тебі- Абай атындағы мектеп,. Изафеттік тіркестің мүндай мағыналық айырмашы- лығын жақсы түсінетін кісілер оларды талғап қолдана- ды. Ал кейбір есімді тіркестер ілік жалғауынсыз айты- лады, жалғау жалғауға болмайды, мысалы: канткызылша- сы, кен байлығы, мал шаруашылығы, Арал теңізі, Абай көшесі. Табыс септеуіндегі толықтауыштар да бірде жалғаулы, бірде жалғаусыз жүмсалады. Оның (ілік септеуінің де жал- ғаулы, жалғаусыз болу) себебін тюркологтардың көбі зат- тың белгілі, белгісіз болуынан деп түсіндіреді. Дүрысында оның себебі тура толықтауыш болған сөз бен оны керек ететін сабақты етістіктің мағыналық байланысының берік, берік еместігінде, сол сөзге ой екпініні түсу, түспеуіиде болу керек. Мысалы, т/дд/етістігімен - кауын тілді, карбыз тілді деп айту табиғи, ал Пароход теңіз тіліп келеді деу
табиғи емес. Сондықтан пароход тенізді тіліп келеді деу керек. Жеді етістігімен - май жеді, нан жеді, ет жеді, күрт жеді ... деп, әйтеуір жеуге болатын затгарды жалғаусыз тіркестіре беруге болады. Сонда олар мағыналық байланы- сы берік сөздер тіркескендігі аңғарылады. Ал енді сөйлем- де осылай етістікпен қатар түрған тура толықтауышқа ой екпінін түсіріп айтқымыз келсе, не сол созді көтеріңкі дау- ыспен айтамыз, не табыс жалғауын жалғап айтамыз: нан жесең, аш болмайсың - мына напды жесең аш болмайсың. Ол маған карай тас лактырды - ол маған карай бір тасты лактырып кеп жіберді. Мәндес сөздердін тиімділерін талғап анықтауыш, пысықтауыш қызметтерінде жүмсаудың да стильдік мәні зор. § 55. Сейлем мүшелерінің орып тәртібі Сөйлем қүрылысын жіптіктей стіп айтудың бір амалы - сөйлем мүшелерін дүрыс орпаластыру. Өз орнында тұрма- ған сөз оқушыға оғаш көрініп түрады немесе сөйлем мағы- насы өзгеріліп кетеді. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібінің қалай болуы жа- зушының, сөйлеушінің ықтиярындағы порсе емес. Ол жай- ында әрбір тілдің өзіне тән ішкі заңы, ережелері болады. Сөйлем қүрағанда, соларды ескеріп, ор сөзді орнына қой- ып айтуда үлкен мән бар. Дүрыс қүралған сойлемнің түсінігі де дүрыс, кісіге етер әсері дс өзгеше болады. Әдеби тілде қалыптасқан сөйлем қүрылысып бүзып, оның басын аяғына келтіріп жазу, әрине, шеберлікке жатпайды - дөрекілік. Кей- біреулер солай екенін ссзбей мс, әлдс сойлемнің аяғын ас- паннан келтіріп айтуды қызық корс ме, ойтеуір қалай бол- са, солай жаза береді. Мысалы: Шіркін, тың жер ... Біз тосіне кслгелі отті, міне, он жыл да ... “Ашушаң, долы апрельдіц мінезі емес, бірак, бұл. Қателескен үлының жазасы алған анадан (Ә. Қалмыр- заев). Кейде сөйлемдегі сөздерді оз орнына қойып айтпаған- дықтан, өрескел қателер кетіп жатады. Мысалы: ¥зын мүйізді немістің кызыл сныры жайылып жүр. Мүнда үзын
мүйізді деген анықтауыш өз орнында тұрмай сейлемнің басына шығып кеткендіктен, “үзын мүйізді неміс” болып тұр. Дұрысы - немістің үзын мүйізді кызыл сиыры жайы- лыпжүр. Сол сияқты мына сөйлемдерде де анықтауыштар өз орындарында тұрмағандықтан, басқа сөздерді анықтап теріс ұғым тудырып тұр: Көп тараған казактың халык музыкасынан концерт бе- реміз (Радио, 28.1.1961). Дұрысы - Қазактың жүртка көп тараған халык музыкасынан концерт береміз. Орындаған- да үлкен шеберлікті керек ететін Рахманиновтың фортепь- янолык пьесалары... (Радио, 14.ХІ.1961). Дұрысы - Рахма- ниновтың орындағанда үлкен шеберлікті керек ететін фор- тепьянолык пьесалары... Л. Н. Толстой айтқандай, сөз суреткерлерінің шеберлігі “бірден-бір керекті сөзді тауып қолданып, оны дүрыс ор- наластыра білуде”. Сөйлем құрауда сөзді дұрыс орналас- тыруды шеберлік деп, тану үшін де, сөздердің орын тәртібін дұрыс сақгап жазу үшін де бұл жайында қазақ әдеби тілінің ережелерін білу керек. Қазақ тілінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі, жал- пы алғанда, тұрақты, орыс тіліндегідей еркін емес, жалпы ереже бойынша - баяндауыш сөйлемнің ең соңында, баста- уыш одан бұрын, анықтауыш, пысықгауыш, толықгауыш өздері қатысты сөздерден бұрын тұрады. Ауызекі сөзде, көркем әдебиетге сөйлем мүшелерінің бұл орын тәртібі, әрдайым жоғарыда айтқандай болып келе бермейді, инвер- сия жасалып (орын ауысып) та орналаса береді. Бірақ осы- лай етудің стильдік мәні болады. Мысалы, грамматикалар- да “анықгауыш анықтайтын сөзінен соң тұрмайды” десе, Ғ. Мүсірепов “Қазақ солдатында”: “Осындайда табан бола ма екен қырық тесік” деп анықгауыцггы (қырық тесік) анық- тайтын сөзінен (табан) кейін қойған. Дәл осы арада авто- рдың бұлай етуі өте орынды. Ол солай ету арқылы Бораш- тың тілім-тілім жаралы аяғын көріп Шегеннің таңданға- нын, сол айтқан сөздерінің интонациялық өңі қалай екенін білдірген. Сол сияқты, Қолыңды тарт дегенді, айтушының ашулана, көтеріңкі дауыспен айтқанын білдіру үшін М. Әу- езов Тарт колыңды! деп жазған. Бұл да - өте дұрыс жасал- ған инверсия.
Сөздердің айтылу әуенін, ой екпінінің қай сөзге түсетінін білдіру үшін, жазушы Ғ. Мүстафин де (басқалар да) өз шығармаларында сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін өзгертіп қолданады. Әсіресе “Қарағанды” романында он- дай инверсиялар көп. Бірақ олардың азын-аулағы болмаса, кепшілігі-ақ жоғарғыдай белгілі мақсатқа лайық басқа сездермен орын ауыспай, қалай болса, солай жазыла сал- ған сияқты. Мысал келтірейік. ... Сергей Петрович ойымен осылайша болып келе жат- ты да, отыра калды бір таска. Талдырмаш, ак кұба жігіт алып-ұшкан жұрегінің әуенімен асыгыс шықтыуйлеп. Алы- сқа жіберді көзін, Мейрам... атынан түсіп жаяу келді бүла- рға... Ганеев экспедициясы келіпті бұл араға. Атырапқа жіберді кезін. Бүл тәрізділер диалог ретінде айтылған сөйлемдер болса, бір сәрі ғой, - автордың атынан айтылған сөйлемдер. Автор әдейі сөйлемнің ортасында, аяқ шенінде тұруға тиісті сөздерді оның аяқ жағына қоя берген. Тіпті орын ауыстыруға болмайтын түрақты фразалық тіркес- тердің де (мысалы, көзін алысқа жіберді) орын тәртібін өзгертіп жазған. Бірақ солай ету қазақ тілінің синтаксистік заңын бүзбай ма, сөйлемді солай қүрауда не көркемдік, не стильдік өң бола ма? Сөйлеу тілінде, ел аузында айтылғанның бәрі әдеби нор- ма бола бермейді. Онда (ауызекі сөйлеу тілінде) сөйлем мүшелері ауысып айтыла береді. Ал әдебиетте тілдік биік нысана болу керек қой. Сол нысанамыз әдеби норма болса, оны жөні жоқ бүза бермесек керек. Сөйлем мүшелерін қалай болса солай орналастыру жа- зушының өз еркіндегі нәрсе емес. Сойлемнің бастауышын қай жерге қойып айту кісіпің субъсктивті көзқарасымен емес, тілдің белгілі бір нормасымен, заңдылығымен байла- нысты. Сондықтан сол заңды жете білмесе де, тілдің таби- ғатынан тыс, қүлаққа жат естілетін үнін сезетін кісілер сөйлем мүшелерін дүрыс орналастырады. Бастауыштың жайылма сойлемдегі қалыпты орны үш түрлі болады: 1. Жайылма сөйлемдегі түрлаусыз мүшелер баяндауы- шқа қатысты болса, бастауыш сойлемнің басында түрады. Мысалы, Жігіттер білектерін сыбанып жұмыска кірісті. Осындағы бастауыш - жігітгер, баяндауыш - кірісті. Сол
екеуінің ортасындағы сөздер - түрлаусыз мүшелер. Олар баяндауышқа қатысты: баяндауышты пысықтайды (білек- терін сыбанып), баяндауышты толықтайды (жұмыска). Ал осы қалыпты орнын өзгертіп, сөйлем мүшелерінің орында- рын ауыстырып айтуға да болады. Мысалы, Білектерін сы- банып жігіттер жұмыска кірісті, білектерін сыбаныпжұмы- ска жігіттер кірісті. Бүлар қай уақытта осылай айтылуы мүмкін? Бастауышқа ой екпіні түсіп, оны басқа сөзден гөрі басым мағынада айту үшін осылай болуы мүмкін. Бүл - бір. 2. Сөйлемде бастауыштың да, баяндауыштың да ма- ңында түрлаусыз мүшелер болса, бастауыштың қалыпты орны сөйлемнің ортасы болады. Мысалы, Университетте окып жүрген жігіттер білектерін сыбанып жұмыска кірісті. Бүл сөйлемдегі сөздердің орнын ауыстырып айтуғй бола ма? - Болады, бірақ онша жатық болмайды. Дегенмен, бы- лай десек: Білектерін сыбанып университетте окып жүрген жігіттер жұмыска кірісті. Мүнда білектерін сыбанып - оқып жүргенге қатысты болады, сөйлемнің мағынасы өзгері- леді. 3. Түрлаусыз мүше (мүшелер) тек бастауыштың маңын- да болып, баяндауышқа қатыспайтын болса, онда бастау- ыш баяндауыштың дәл алдында түрады. Мысалы, Уни- верситетте окып жүрген жігіттер көмектесті десек, сөйлем мүшелерінің орнын ауыстырып айтуға көнбейді (өлеңді сөйлемнің жөні бір басқа). Осылардан нені аңғарамыз? 1) Бір мүшенің сөйлемдегі орны басқа мүшелердің сөйлемдегі орнына қарап белгіле- неді. 2) Сөйлем мүшелерінің қалыпты орнын өзгертіп ай- туға болатын болса, солай еткенде, қалай да сөйлемнің бүрынғы мағынасына өзгеріс енеді. Сөйлем мағынасын осылай түрлендіріп, ондағы жеке мүшеге ерекше стильдік қызмет арту үшін, оны басқа сөзбен орын ауыстырып айтуды инверсия дейміз. Инверсия мақсатты болу керек. Олай етпей, сөйлеу тілінде кездеседі екен деп немесе сөйлем қүрылысы әр алуан болсын деп, сөйлемді шәлкес, теріс құруға болмай- ды. Бұл жөнінде де тілдің нәзіктігін ескеріңіз: анықтауыш, жалпы ереже бойынша, анықтайтын сөзінің дәл алдында
түрады. Егер бір заттың бірнешс, әр алуан анықтауышы болса, оның қайсысы бүрын, қайсысы соң түру керек? Мүнда да тиянақты ереже бар: заттың түпкілікті, ең негізгі сапасын білдіретін анықтауыш сол заттың дәл касында түрады да, өзгелері одан бүрын орналасады. Мысалы, торы, ядеэдгдеген сындарды бяесозінің анықтауыштары етіп ай- тқымыз келсе, аксак торы бне дейміз, керісінше, торыаксак бяедемейміз. Себебі биенің торылығы жусаң да кетпейтін түпкілікті, негізгі сапасы, ал ақсақтығы қосымша, көлде- нең міні. Осындайды тіл айырады. Сондықтан үш терезелі биік үи дегенді “биік үш терезелі үй” деуге, тәртіпті жуас бала демей, “жуас тәртіпті бала” деудің жоні жоқ. Сонда да осындайды сезбеген кісі дүрыс-терісін талғамай жаза бе- реді. Сөйлем қүрау шеберлігінің бір үшы инверсия жасай білуде жатқандықтан, әрбір сойлем мүшесінің бұл жайын- да қандай мүмкіншілігі бар скснін айтайық. Бастауыштың сөйлемдегі қалыпты орын тәртібі қалай болуға тиісті екені жоғарыда айтылды. Сол айтқанымыз- дай болмай, бастауыш кейде сөйлемнің ең соңында түра- тын да орайы болады: 1. Диалогты сөйлемге автордың берген түсінігінде бас- тауыш сөйлемнің соңында да, диалогтың алдында да тұра береді, мысалы: - Жастардың саяси тәрбиесіне партия алдында комсо- молжауапты, - деді Әбдікәрім. - Самолет үшуға әзір! - деді звено технигі Таися Вах- рамиевна (X. Досп.). Аман ішіп отырған асын тастаіі сала: - Мынау әншіні көріп каланыкшы, - деп түра жүгірді (Ғ. Мүстафин). Асан. - Әкем көп жылдан бері колхоздыц жылкысын бакты, - деді(С. Бақбергенов). Төл сөз бен автор сөзінің осылай орналасып, бастау- ыштың сөйлемнің соңыпда не басыпда тұруы - оның үйреншікті қалыпты орны. Мұндайға ипверсия жасау үшін төл сөздің арасына автор сөзі қыстырылады: - Токта! - деді ол, - Үшкүмбезден кетерде, - мен недеп
едім, есіңде ме? - Мен, - деді Асқар,- сені жаксы көремін. (С. Мұқанов). 2. Қынжыла, күйіне айтылған лепті, сұраулы сөйлем- дердің бастауыштарын соңына шығарып айтуға болады: Келмей койды бүгін ол! Айтып едім ғой саған мен! (Айт- пап па едім саған мен?!) Үміттен айрылса, не болар еді адам? (С. Мұқанов). Хабарлы сөйлемдерде, осы тәрізді, бастауыштарға екпін түсіре, оларға ерекше мән бере айту үшін олардың орнын басқа мүшелермен ауыстырамыз. Бастауыш калыпты орнында Қарымсақ Зылнханы іздеуге шыкпакшы болды. Қарымсак інісінің үніне каран жүгірді. Келіні пештің мүржа- сын ашып жүр екен. (Б. Майлин). Абай Айкүдыктағы аулына салкын түсе жетті. Баяндауышка инвер- сия жасалған Зылнханы іздеуге Қа- рымсак шыкпакшы бол- ды. Інісінің үйіне карай Қарымсак жүгірді. Пештің мүржасын ке- ліні ашып жүр екен. Айкүдыктағы аулына Абай салкын түсежетгі. Сөйтіп, бастауыштың керегінде орнын өзгертіп айту- дын үлкен мәні бар екен. Ол қалыпты орнын өзгертіп, ба- яндауыштың жетегіндегі сөздің орнында тұрғанда, оған ло- гикалық екпін түседі де, бастауыштың бұрынғы орнына қойылған сөздер де бұрынғысына қарағанда, басым мағы- нада айтылады. Ал өз орнында тұрған сөздердің ешқайсы- сы, әдейілеп дауысты құбылтып, көтеріңкі дауыспен айтқ- анда болмаса, оларға ой екпіні түсіп, сөйлемдегі басқа сөздер шумағынан бөлектенбейді.. Олардың құрылысын өзгертіп бастауышты баяндауыштың жетегіндегі түрлаусыз мүшелердің орнына қойғанда, орын ауысқан сөздердің ай- тылу ырғағы да, логикалық екпіні де өзгертіледі. Сонда баяндауыштың қасында түрған бастауыш ерекше басым әуенмен айтылады. Баяндауыштың үйреншікті орны - сөйлемнің соңы. Сол орнын, өлеңді сөйлемдерде болмаса, - көп өзгертпейді. Де- генмен, оған да инверсия жасауға болады:
Баяндауышқа ой екпінін түсіре, басқа сөздерден басым мағынада айту үшін, кейбір үранды, лепті сөйлемдерде оны бірінші орынға қойып айтуға болады. Жойылсын ждуд/здзр/Жасасын сүнікті ОтанымызОУІо- ғалсын өлім! Жасасын өмір! (3. Шашкнн). - Тарт қолыңды! - Отыр орныца! - Кене алмаймын оның зорлығына! (М. Әуезов). - Тарт тіліңді! Жоғал көзіме корінбей! - деп Ыскақ кимелеп кетті (С. Ерубаев). - Өшір үніңді, оңбағанның баласы! (Ә. Сәрсенбаев). - Қой әрі балалыкты! (Ғ. Мүстафин). - Қайтейін бүрын кім болғанын?(С. Мүқанов). Толықтауыштардың сойлемдегі қалыпты орны - баян- дауыштың алды. Бүлардың да ол орпып басқа мүшелермен ауыстыруға болады. Толықтауыштар бүйрықты, лспті, сүраулы сөйлемдер- де болмаса, хабарлы сойлемде баяндауыштармен орын ауысып, баяндауыштың соңында ксле бермейді. Келе жа- тыр ол үйден. Ол отыра кетті орындыққа. Қатты сағындым карындасымды дегендей сойлсмдер әдебиетте кездеседі, бірақ оларда пәлендей стильдік қызмет жоқ. Бүйрықты, лепті, сұраулы сойлемдерде баяндауышты күшті екпінмен, көтеріңкі дауыспсн айту үшін, сөйлемнің басына, ал толықтауыш, пысықтауыштарды одан кейін қоямыз. Ондайда баяндауышпен орын ауысқан толыктау- ыштар да бұрынғы мағынасында қалмайды: - Бар, осынымды айт дегсндегі толықтауышты баянда- уышпен орнын ауыстырып: Бар, апт осынымды! деуге бо- лады. Алдыңғы сөйлем жай хабар рстінде айтылса, соңғы сөйлем ерекше ырғақты оуенмен күйінс сөйлсген кісінің сөзі болып үғынылады. Ол айырмашылық толықтауыш пен баяндауыштың орын ауысуынан болып отыр. Ондайда то- лықтауыштардың да ерскшс скпіпмсн басым мағынада ай- тылатынын мына мысалдардан коругс болады: - Не ақысы бар менде? Дүшпап созіне еріп дүшпан боламысың? Нұржанға? Бердім атты! (С. Мұқанов). Көрсетпекез жасыңды! (М. Әуезов). Толықтауыштарға көбірск ипвсрсия жасалатын сойлем - диалогты сөйлем. Диалогты сұраулы сойлемнің мазмұны-
на лайық оғаш берілетін жауап толықтауыштан басталса, онда оған инверсия жасалып, басқа сөздерден гөрі басым мағынада айтылғандағысы. - Кімді күтіп отырсың? - Амантайды күтіп отырмын. - Бүл акшаны кімге берейін? - Рабиғаға бере ғой. Анықтауыш, пысықтауыштар көбінесе басқа сездермен қатар тұру арқылы байланысатындықтан, оларды әрі-бері жылжытуға болмайды, болса да, ондай мысал көп кездес- пейді. Ал ілік жалғауы жалғанған анықтауыштар мен ба- рыс, шығыс, жатыс, көмектес жалғауларындағы пысықтау- ыштарға толықтауыштардай инверсия жасауға болады. Сон- дай-ақ инверсия жасай беруге көнгіш пысықтауыш - мезгіл үстеулері мен көсемшелерден жасалған пысықтауыштар: 1. Үлкен кісісің ғой, апа, кепті керген (С. Мүқанов). Осындайда табан бола ма екен қырық тесік! (Ғ. Мү- сірепов). Сакижан, ягңртезірек! (Ғ. Сланов). Бүгін, міне, карасам, бір көш кетіп барады (Жам- был). Тәңірі сүлулыктың, акын Сара, үйрекгің сүнка- рындай тудың дара (X. Жұмалиев). Ақырындап ат козғалды (Б. Майлин). Кетерде Боржабай маған амандас- кан жок, мен оған амандасканым жок (С. Мұқанов). Дұрысы — ... менімен амандаскан жок, мен онымен аман- дасканым жок. Заттың түрін, түсін білдіретін бірыңғай анықтауыштар- дың орындарын өзгертіп айтуда мән болмайды. Сондық- тан қайсысын бұрын қойсам екен? деп қиналмайсың. Мы- салы: сары, көк, жасыл түс (жасыл, көк сары түс), күшті, карулы, епті жігіт (карулы, епті, күшті жігіт), түлкі тымак- ты, баркыт камзолды, ак сакалды кісі (ак сакалды, түлкі тымакты, баркыт камзолды кісі). Егер бірыңғай анықтауыш біркелкі болмай, түрлі-түрлі сапа болса, және бір затгың маңында әр түрлі бірнеше анық- тауышы болса, олардың ішіндегі затгың ең негізгі сыны болатыны басқа анықтауыштардан кейін, анықталатын сөздің қасында тұрады: Дередеяүлкен жұп-жұмыр ақ тай— кысырдың тайы. Сары кыз әдемі сары келіншек болыпты. Жасында ат жак- тылау, кыр мүрындылау сиякты еді, казір денгелек кезді, 232
маи мүрындылау, ет-жецді, толык әйел болуға бет алып- тыф. Мүстафин). Оң жақ бұрышта ешбір сәнсіз, ретсіз үйіле салған үлкен пеш түр ... Үстінде ыждаһатты, қолмен жнылған сүрғылт түсті, көнетоздау екі-үш көрпе, жастық, (М. Әуезов). Сөзді дүрыс орналастырудың стильдік қызметі ерекше болатындыктан, соның жайын кобірек айттық. Бүдан сөйлем мүшелерінің сойлемде орналасу, орып ауысу тәртібі қалай болатынын аңғаруға болар. Одан сойлемді тек осылай қүр деген үғым тумау керек. Тілдің бүл жайында да мүмкін- шілігі мол. Соларды таңдай, талғай білу - үлкен өнер. Сөздің қит етсе, қисық кететін, доп түссе, жымдаса кететін сырын сезгіш, білгіш болу керек. §56. Қайталама сөздер меп бірыцғай мүшелердің стильдік кызметі Сөйлемдердің стильдік ксскіпіп соз еткспде, олардың қүрамындағы мүшелердің тек сапына қарамаймыз, - сапа- сына қараймыз. Әдетте сойлсмдердің создері барынша сы- ғымдалған, аз сөзбен коп мағыпа бсрстіпдей болмай, шүба- лаңқы болса, не бір созді бір жәнс іргелес сөйлемдерде қайта-қайта айтыла берсе, ондайды стильдік қате, тіл жар- лылығы деп білеміз. Жазушы Ғ. Мүсірепов “Әдебиет тілі жайында” деген бір мақаласында мыпа бір сөйлемдерде сондай басы артық орынсыз қайталауы бар екенін сынға алған болатын: “Сонымен Сүлтанмахмүттыц лирикасы поэма сияқты рдоболып, поэмасы лирикалык болып, лирикасы мен поэмасыиың арасы жақын жатады. Яғіш, Сүлтанмахмүт- тың өлеңдері әлеуметтік лирика болып, сондықтан да көлемді, үзақ болып келсе, поэмалары сюжетсіз болып; бірақ, лирикалы болып, әлеуметтік лирика болып ке- леді". Осы бір іргелесіп, қатар айтылғап екі сойлемде лирика, поэма, әсіресе бо/м/лсөздері жоп-жосығы жоқ бірнеше рет қайталанып айтылған. (Меп сол сойлсмдерді оқығанда, есік алдында қүрт езіп отырған бір әйсл есіме түсті). Мүндай- ды өрескел стильдік қатс дсп білсміз. Әдетте қаламының
ебі бар кісі бір сөзді қайта-қайта жазып оқушыны ығыр қылмайды, бір сөзді мүмкін болғанынша екі рет айтпай, синонимдерді кең түрде пайдалануға тырысады, мысалы: Ежелден табан аңдыскан Ата дүшпан сенедін, А та жауың мен едім (М а х а м б е т). Жел жіберіп, бір желпіп, Ауык-ауык күшактап, Әлсін-әлсін нүр сеуіп Есейген аскар Гималай (I. Ж а н с ү г і р о в). Сөйлемдегі бір сөзді, кейде сөз тіркесін сол сөйлемде не көрші сөйлемде қайталаудың ерекше стильдік қызмет атқаратын да орны бар. Мысалы, Б. Майлин ... бала көп, бағып жатыр, жайнап жатыр - бірі кіріп, бірі шығып жатыр, мәз-мейрам болып ойнап жатыр - өздерінше куанышты, шаттык тойын тойлап жатыр деп әдейі күрделі-етістік баяндауыштар құрамында жатыр кө- мекшісін бес рет қайталаған. Сол арқылы жазушы мәз- мәйрам көп баланың жалынды жастық күйін өте әсерлі суретгеген. Бір сәтте, біріне-бірі ұласа көзден өтіп жатқан ауыл көрінісін әсерлі етіп, жандандыра суреттеу үшін жат- қан есімшесіне біткен күрделі анықтауыштар көршілес сөйлем сайын әдейі қайталап отырған мына үзіндіге назар аударайық Қабакка келіп карасан, көз ұшындағы жердін бәрі көрінеді: еріп жаткан кар, ... колкіп жаткан су, кардан- карды сагалап итініп бара жаткан жүргінші, андайлап жай- ылып жаткан мал, асыр салып асык ойнап жаткан жас балалар, суат басына алка-котан түра калып әңгіме соғып жаткан кыз-келіншек... (Б. Майлин). Бұл атаулы сөйлем- дерді үндестіріп дала көрінісін осылай суретгеген жазу- шының сөздік бояуынан бір мезгілде өз ара ұласқан қимыл, күй, экспрессивті әрекет, дала, ауыл өмірінің динамикасын көз алдыңа елестетеді. Сөйлемге эмоциялық әр берудің көп тәсілінің бірі - бір сөзді әдейілеп бірнеше рет айту болса, кейде бір сөйлем
мүшесін түрлі-түрлі создермен бірыңғай етіп жүмсай білу. Мысалы: Қазір менің ойым Акбота мен Нннаны бір маши- наға мінгізіп, осы үлкен жолменосы үлкен көпірге карай агызып алып келе жатыр (Ғ. Мүсірепов). Бұл сөйлем - әрі экспрессивті, әрі эмоциялы. Біріншіге негіз болып тұрған - ағызып алып келе жатыр деген баяндауыш та, екіншіге негіз болған — осы үлкен деген аныктауыш. Ол бір сөйлемде, екі рет айтылып, екі заттың анықтауышы болған. Солай ету арқылы жазушы кісі арманының ойнақы, көтеріңкі қиял екенін анғартады. “Ақ Жайық” романында Мәмбст казармаға кіріп келіп, қарауыл жасақшыға: Әжіғали мен Жапалакты оят!.. Тез! - деп зекіп асықтырады. Жасақшы оның әмірін екі қылмай: - Қазір Мәмбет аға. Қазір оятам... - дейді. Осындағы қазір сөзінің екі рет айтылуында үлкен мән бар. Жазушы сол арқылы жасақшы сөзінің екпінді, озінің тіл алғыш екенін сездіреді. Мына сөйлемде солсозі үш рет қайталанады: Сол ақ жібек шымылдык, сол биік сүйек төсек, сол жасау тегіс орнында. (М. Әуезов). Бүл мысалда сол сөзін қайта-қайта айту арқылы бір сөйлемдегі әрбір бірыңғай мүшеге срекше назар аударыл- ған. “Қазақ солдатында” бір жауынгердің туып-өскен қала- сын көруге ынтықтығын сездіру үшін жазушы: Туып өскен каланың таныс заводтары мен таиыс үйлері, таныс адам- дары көз алдыңа келер еді, - дейді. Мүнда таныс сөзі үш рет айтылған. Сол арқылы анықтауыш қызметіндегі таныс сөзіне ерекше ой екпіні түсірілгсн, сөйлем әсерлі болып шыққан. Сондай-ақ Бүл да әлітыъх жүка, тым нәзік, тым калтырауык (С. Мүқанов) деген сойлемде де соз қайталау аркылы айтылған ой тайға танға баскандай айқын да әсерлі шыққан. Сөйлемнің бір мүшесін қайталау осіресе шешендік онердің көркем әдебиеттің оте үтымды, орі әсерлі тәсілінің бірі болады. Оларда қайталаулар скі түрлі орайда эмоция- лы-экспрессивті қызмет атқарады: 1. Анафора (басталуы бірдсй). Мүнда қатар айтыл- ған бірнеше сөйлем, ксйде олсң шумағының бірнеше жолы бір сөзден басталады. Созді солай қат-қабаттап
жүмсау арқылы ойды күшейтуге, әсерлі етуге болады. Анафора қазақ тілінде өлеңді сөйлемдерде көбірек кездеседі: Мен - мен едім, мен едім, Мен Нарында жүргенде, Еңіреп жүрген ер едім (М а х а м б е т). Жау, жау, жаңбыріЖау, жаңбыр! Жау! Егіннің көгі өссін! Сүлудай бүраң күракты Айдын шалкар көгі өссін! (Б. М а й л и н). Әлде жеке кетсін бе? Әлде жаппай сепсін бе? Болмас па екен кнынды?. (I. Ж а н с ү г і р о в). Соқ, ж/г/т/Соқ, соқ, жігіт! Күйіңді тарт! Лапылдат! Жандыр! Күйдір! Қүмарт! Қүмарт! (I. Жансүгіров). 2. Эпифора (аяқталуы бірдей). Мүнда қатар айтылған сөйлемдердің өлең жолдарының аяқталуы бірдей болады. Қазақ тілінде сөйлемнің соңында көбінесе баяндауыш түратындықтан, іргелес сөйлемдердің баяндауыштары қайталанады. Сол арқылы кісінің ойы ерекше тәптіштеліп айтылған болады: Шыныңды айт, неге бөгелдің, Жүрекке жара салған кім? Махаббат, талап, жіберді? Тамырын кнып алган кім? (I. Ж а н с ү г і р о в). Ер қайда? Аруак қайда ? Намыс қайда? Жау шапты аулыңды Алатауда (I. Ж а н с ү г і р о в).
Мүнарда мүнар, мүнар күн Бүлттан шыққан шүбар күи... (М а х а м б е т). Сөздерді осылай, белгілі мақсатпен лайық қайталау бар да, мақсатсыз қайталау бар. Мақсатсыз айтылған басы ар- тық сөз көзге шыққан сүйелдей жазу стилін ауырлатып тұрады. Ондайдан безу үшін соз бен созді, жалғау мен сөзді, жалғау мен жалғауды топтастырып, ықшамдау керек. Сон- да сөзге ооын тар болсын. айткан ойын кен болсын деген мақсат қойылады. Сөйтіп, бір сөзді бір сөйлем ішінде бірнеше рет қайта- лаудың да ерекше стильдік қызмсті болады екен. Сол си- яқты стильдік қызмет бірыңғай мүшелерге де жүктеледі. Бірыңғай мүшелердің ол қызметін түсіну үшін бір-екі сөйлемге талдау жасайық: 1. Қорықпаймын енді мен, Аңыздан, желден, боранііаіі (Т. Ж а р о к о в). Бүл сөйлемде шығыс жалғаулы үш жанама толықтау- ыш бар. Олар біріне-бірі бағынбай, әрқайсысы өз бетімен, бірақ өз ара байланысты тізбек ретінде бір сөзге бағынған: аңыздан қорықпаимын, желден қорықпаймын, бораннан қорықпаймын. Осылай бөлшектеп айтсақ, ойымыз ықшам- далмаған болар еді. Мүндай сөйлемді жинақты етіп қүрау үшін біріне-бірі қарайлас, синтаксистік қызметі бірдей біры- ңғай мүшелерді бір сөзге бағындырып, бір сөйлем қүра- мында айтамыз. Осылай ету, бір жағынан, бірнешс сөйлемді бір сөйлем ішіне сыйыстыру амалы болса, екінші жағынан, көп сөздерді бір сөйлем ішіне тізбектеу арқылы оның іргесін ке- ңейтіп, жайылма ету амалы болады. Мүндайда бірнеше бірыңғай бастауыштың бір баяндауышы, бірнеше бірыңғай баяндауыштың бір бастауышы, бір толықтауыштың бірнеше анықтауышы т. б. болуы мүмкін. Сойтіп, бірыңғай мүшелі сөйлемдердің мағыналары кеніп, ой айқындала, саралана түседі. 2. Айшаның майысыңқыраған сымбатты үзын бойы,
ашықжүзі, қоп-қою, қап-қара қасы, мүңайған кер көзі оның қалың ойда, ауыр қайғыда екенін білдіретін еді. (С. Сей- фуллин). Бұл - жайылма сөйлем. Оның бірнеше бастауыштары бар: бойы, жүзі, қасы, көзі. Бұлардың тұлғасы бірдей, ба- яндауыштары бәріне ортақ - білдіретін еді. Әрбір бастау- ыштың анықтауыштары бар. Соның ішінде бойы - майы- сыңқыраған бойы, сымбатты бойы, үзын бойы. Бұл анықтауыштардың тұлғалары да, мағыналары да төрт түрлі: Айшаның - ілік жалғауындағы зат есімнен бо- лған анықтауыш, майысыңқыраған - есімшеден, сымбат- ты - туынды сын есімнен, үзын - сапалық сын есімнен болған анықтауыштар. Мұндай түрлі тұлғадағы әр қилы анықтауыштар бірың- ғай болмай, әрқайсысы айырым әуенмен айтылмай; бәрі біріне-бірі ұласа айтылады. Соларды қоп-қою, қап-қара қасы дегенмен салыстырайық; мұнда екі анықтауыш бар: қоп-қою (қасы), қап-қара (қасы). Бұлар - біріне-бірі ұқсас, бірыңғай анықтауыштар, олардың айтылуы да басқаша: ол екеуін екі айырып, әрқайсысын ұластырушы интонация- мен айтамыз. Бірыңғай мүше болған сөздердің мағыналары әдетте біртектес, тұлғалары біркелкі. 3. Қыран көзді, қаһарлы қара мүртгы, атақты қолбас- шыны бірден таныдыміу. Мүсірепов). Осында төрт бірың- ғай анықтауыш бар: қыран көзді, қаһарлы, қара мүртгы, атақгы. Бәрі де - зат есімдерге -лы, -ді, -ты жұрнағы жал- ғану арқылы жасалған туынды сын есімдер. Бірыңғай мүше- лерді осылай, мағыналық, тұлғалық сыбайластығына қарап сөйлем құрай білуге де белгілі дағды керек. Сонымен қатар, тұлғалас бірыңғай мүшелерді әрқай- сысына бөлек-бөлек жалғау, жұрнақгы жалғай бермей, олар- ға қатысты шылау сөздерді көп қоспай ықшамдап, ортақ- тастырып та жұмсауға болады. Мысалы: Туған жер, өскен ел, жақын жандарды сағынғанда, әр кезде жақсы жағ- дайда көргің келеді (Ғ. Мүсірепов). Бұл сөйлемдегі бірыңғай толықтауыштар: туған жер, өскен ел, жақын жан- дарды - бөрі де табыс септігінде, бірақ табыс жалғауы тек ең соңғы тура толықтауышқа жалғанған да, ол басқаларына да ортақ болған. Әбілда... ауылға атпен бір келіп, бір кетіп
жүр (С. Сейфуллин). Мүнда көмекші жүрді етістігі бірың- ғаи екі баяндауышка ортақ - бір келіп жүрді, бір кетіп жүрді. Осылай айтылса, сөйлем ықшамдалмаған, шүбалаңқы, жа- зушының стилі нашар болар еді. Ондай стильдік қателер жібермеу үшін мынадай мүмкіншілікті пайдалана білу ке- рек: 1. Бірыңғай мүшелердің, мысалы, толыктауыштардың, ең соңғысы жинактаушы болады да, тиісті септік жалғау тек соған жалғанады. Құнанбай... Тоғалак, Әнет, Бекенді де шакыртты. Олар үлкен-үлкен теңдерді шешіп, кымбат кілем, әсем түс киіз, алаша, көрпелерді алды (М. Әусзов). Әркім күрек, сүймен, зембілдерін ала барады (Ғ. Сланов). 2. Бірыңғай күрделі мүшелсрге қатысты көмекші етістікті не бір көмекші есімді барлығына ортақ етіп, ең соңғысынан кейін бір-ақ рет айтуға болады: Жайкалып келіп, жағаға тірелген кок майсалы майда жел ақырын ғана тербетіп, теңселтіп кояды. (Ғ. Мүсіре- пов). Жүрт кешкі шаруаларын жайғап, малдарын котандап жүр. Бай балалары ... кызыл кілем баркыт көрпелердің үстінде жатады. (С. Сейфуллин/ Кок жүзінің шарбы бүлты әлдекайда тарап, сіңіп, жок, болып жатты (Б. Майлин). Айшаның... мүңайған кер козіоның калың онда, ауыр кай- ғыда екенін білдіретін (С. Сенфуллнн). Бәкен куанған да, ренжігендежок. (Б. Майлин). Бірыңғай мүшелерді саралап, әрқайсысына ерекше мән бере, екпін түсіре айту үшін мынадай амалдар колданылады: 1. Бірыңғай мүшелердің әрқайсысыпан кейін де жалғау- лығы қойылады: Сарғайып кураған шөптер де, бұталар да, бүталардың жапырактары да жаңбыр суын жүтып, жасарынкыраған сн- якты(С. Сейфуллин). Жақсылықта, Баршагүл де, Қайыр- бек те, Мүхит та куаң кағып, шапшаң бүрылып, төңірекке көздерін жіті жүгіртеді (Ғ. Сланов). Сот та, милиция да - бәрі де комитет” (С. Сейфуллин). - Көпей жүртка өзінің ажарымен де, естілігімен де, тазалығымен де ұнайтын еді" (Ғ. Мүстафин). 2. Бірыңғай мүшелер мен, пеп, бен (менен) жалғау- лығы аркылы екеу-екеуден косақталады:
Олардың бүтактарынан алма мен алмүртгың, өрік пен инжірдің, шие мен шабдалының неше сорттарын кездесті- ресің (С. Мүқанов). Ак пен кара, кызыл мен көк, күрең мен кына сары біріне-бірі еппен тоғысып, бәрі жымдасып түр”(р. Мүсірепов). З. Бірыңғай мүшелердің алдына бір, я, әрі, не, кейін сөздерін қою арқылы да оларды тәптіштеп таңдап-талғап жүмсаймыз: Оның көзі бір ашылып, бір жүмылады (М. Әуезов). Әбілдә ... ауылға ... бір келіп, бір кетіп жүрді (С. Сей- фуллин). Қара жігіт саған бір, Айшаға бір карады (С. Сейфуллин). Олар әрі кызғаншак, әрі жорымтал, аңды- ғыш (М. Әуезов). Ол сеніңя нағашың, я жиенің... (Абай). Оның сазарған түрінен не көнгендігі, не карсылығы байкалмайды (Ғ. Мүсірепов). Кейде оңға бүрып, кейде солға бүрьпгтемір жолдар кетіп жатыр (Ғ. Мүсірепов). 4. Бірыңғай мүшелер (көбінесе бастауыштар) тізбектеліп айтылады да, олардың ең соңғысына “көптік жалғауы жал- ғанады, кейде одан кейін да жалғаулығы да қойылады. Мүндайда көптік жалғаудағы соңғы сөз бірыңғай мүше- лерді жинақтаушы да болады: Ербол, Көкпай, скрипкашы, әнші Мүка, Баймағамбет- те бір топ болып кірді. Үраңкайда Көкпай, Ерболдар да шайын ішіп болыпты. Мол жастык, калың көрпелі жер төсек пен айнала түткан калың текемет, түс киіз, кілемдер бар (М. Әуезов). 5. Қатарынан айтылған бірнеше бірыңғай мүшелерді са- ралап көтеріңкі мағынада, әрі бәріне де ой екпінін түсіре айту үшін олардан кейін жинақтаушы-жалпылаушы сөз қойылады: Плуг, тырма, трактор, комбайн- бәрі де жөндеуден өтіп сакадай сай түр (газеттен). Жігітек, Бөкенші, Борсак, Көтібак - баршасы да Қүнанбай үстінен шағым айта бас- тады. (М. Әуезов). Баланың да, жігіт-желеңнің де, егде- москал үлкеннің де - барлығының аузында бір жаңалык, бірхабар (М. Әуезов). Мүндай сөйлемдер көбінесе көркем әдебиет тілі стилі- нде жиі қолданылады да, ғылыми және іс қағаздар стилін- де жалпылауыш сөздер бірыңғай мүшелердің алдынан қой- 240
ылады. Мысалы: Тауда өсетін ағаштар: кайык, карағай, те- рек, емен. Өлеңді сөйлемдерде ойды қүйқылжытып, әсерлі етіп айту үшін дыбысталу ырғағы ерекше сөздерді бірыңғай мүше қызметінде үйіп-төгіп жүмсауға да болады. Мүндайға -ып түлғалы көсемшелерден болған пысықтауыштары бар мына үзінділерді мысал етуге болады: салсак, Әсеттен сал әсемдетіп, Қоздырып делебені, әсерлетіп, Шыркатып, шығындатып, шалыктатып, Шапшытып, шүмектетіп, нөсерлетіп, Талдырып, орағытып баса өрлетіп. Самғатып, санкылдатып, сар желгізіп, Үрынтып, өршелентіп, бәсеңдетіп. Серпілтіп, сумаңдатып, сексен ырғап. Қырык карпып, токсан толғап, бес өрлетіп (I. Ж а н с ү г і р о в). Бірыңғай мүшелер жалғаулықтар арқылы байланыс- қанда, қай жалғаулықты қандай соз арасында пайдалануды білу керек. Мысалы, мағыналық жақындығы күшті сөздер арасына мен жалғаулығы, әрқайсысының дербестігі бар бірыңғай мүшелер арасына және жалғаулығы қойылады. Мысалы: кемпір мен шал, каз беп үпрек, тау мен тас, тіл және әдебнет, хнмня және бпология, жолдас және бауыр. Мен, және жалғаулықтарын бір сойлемдегі бірыңғай мүшелердің арасында пайдалануда мынаны ескеру керек: және жалғаулығы бірыңғайлардың түйықталып біткенін де көрсетеді. Сондықтан мен сойлемнің бас жағындағы біры- ңғайлар арасында, және ең соңғысыпап бүрын қойылады. Мысалы, Базаралы меп Дәркепбай бірі үлкен, бірі жас бо- лғанмен, екеуі бірдей өр және коңілі жүйрік адамдар (М. Әуезов). Райком секретары да Байжанға ауданның казіргі және болашактағы шаруасын жаксы білетін адам болып көрінді (С. Мүқанов). Жалғаулықтардың бәрі бірдсй ксз келген бірыңғай мүшелерді байланыстыра бсрмсйді. Мысалы Жүмысшы со- вхоз директорына немесс бас инжснсрге келді. Мүнда не-
месе жалғаулығы мағыналық байланысы жоқ сөздерді бай- ланыстырып түр. Жұмысшы совхоз директорына иемесе басинженерге барады болса, бір жөн. Өгкен шақта, “келді” болып айтылған етістікпен немесе жалғаулығының әуен- дестігі жоқ. Оның орнына және жалғаулығын қойса, не “келді”-нің орнына “бармақшы” деп айтса, сөйлемдегі сөздер жымдаса қалады. Сөйлем мүшелерін бірыңғай етіп күрудың да қиындығы бар. Оларды қосып сөйлем қүрауда қателеспеу үшін мына- ларды ескеру керек. 1. Бірыңғай мүшелердің қатары бір тегіс болуға тиіс. Кейде олай болмай, бүтін мен бөлшекті, түр мен түрпатты араластырып айту кездеседі. Мысалы: Киоскілер мен ла- ректерде өндіріс товарлары, ет, сүт, ыдыс-аяк, киім-кешек, сыра сатылады. Ыдыс-аяк, киім-кешек үғымдары “өндіріс товарлары” деген үғымға енеді. Жауынды күні колым, аяғым, саусактарым сыркырайды (саусактарым - “қолым, аяғым” деген үғымға кіретіндіктен, бүл сөзді де айтпау ке- рек еді). Заводтар мен фабрикалар және ауданымыздың өндіріс орындары үстіміздегі жылы ірі табыстарға жетті. Заводтар мен фабрикалар ендіріс орындары деген үғымға енеді. Сондықтан “және ауданымыздың өндіріс орында- ры” деген сөйлем артық айтылып түр. 2. Бірінен-бірінің мағынасы алшақ сөздерді бірыңғай мүше қызметінде жүмсауға болмайды. Мысалы, каз бен үйрек, кемпір мен шал, тау мен тас - мағына жағынан сыбайлас қосақтар. Олардың орнына каз бен ағаш, кемпір мен көмір, тау мен өнер десек, мүлде алшақ мағыналы сөздер қосақтары екені бірден сезіледі. Сондай- ақ, үстазда кіші пенілділік, актерлік, дикторлык өнерден баска, суретшілік, әншілік касиеттер болуға тиіс дегенде, “кіші пейілділік” - өнер емес, сондықтан “актерлік, дик- торлық” дегендермен ыңғайлас мүшё бола алмайды. Ана- дайда апыл-ғүпыл кимыл, жан-жактан тынбай шығып жат- кан дыбыстар, ат айдаушының айкайы естіледі. Мүнда кимыл, дыбыстар, айкай сөздері бірыңғай болып естіледі деген сөзбен тіркескен. Дыбыстар, айкай естіледі деуге болар, ал солардың қатарында “қимыл естіледі” деуге бол- майды. 3. Басыңқы сөзбен тіркесу қабілеті жоқ сөзді бірыңғай
мүшелер қатарына енгізуге болмайды. Мысалы, сәлем айт- ты, сәлем жолдады деген создер тіркесін өзгертіп, Почта- льон шопанға ферма бастыгының сәлемін және сәлемде- месін тапсырды деуге болмайды. Көппен біргетаза, мөлдір ауаны еркін жүтып Акмолда келеді (таза ауа, мөлдір су, мөлдір аспан деуге болады, мөлдір ауа демей-міз). А. С. Пушкиннің біліміне, талабына, талантына бас иеміз (біліміне, талантына бас июге болар, “талабына бас ию” болып тіркеспесе керек). 4. Мағынасы бірдей екі сөзді ептеген тұлғалық айырмашылығына қарап бірыцғай етіп айтуға болмайды. Мысалы: Акмолданың жүмыс күнінің әр сағатынан әр сағаты кызыкты да кызғылыкты. “Лениншіл жас” газе- тінен алынған бүл мысалда скі қате бар: “жұмыс күнінің әр сағатынан әр сағаты” қазақша смес, дүрысы - бір сағатынан бір сағаты ... екіншісі - “қызықты да қызғы- лықты”. Бүлай айтудың есітер қүлаққа жайлы тиетіні бар, бірақ ондай мағынасы бірдей екі сөзді тек сырт әуен- дестігіне қарап, бірыңғай сөйлем қүрамында жүмсаудың қажеті жоқ. §57. Қаратпа, қыстырма сөзді сөйлемдер Сөйлем стилін түрлендіруде қаратпа, қыстырма сөздердің де қызметі ерекше. Олар сойлемдегі басқа сөздер- мен синтаксистік байланыста айтылмағанымен, мағыналық байланыста жүмсалып, ойды тартымды, әсерлі, дәл түсіндіруге үлкен қызмет атқарады. Қаратпа сөз әсіресе шешендік сөзде, үндеуде, диа- лопы сөйлемде, кім үшін, кімге қарап, неге арналғанын және сөйлеушінің ішкі сезімін анғарту үшін жүмсалады. Мысалы, Шырағым, сен агаңның тілін ал - деген сейлемді кім айтса да, жылы шыраймен айтылып отырға- ны бірден аңғарылады, оның орнына Сен, онбаған, ағаңның тілін ал! - десек, біреудің екінші біреуді жек көріп айтқаны аңғарылады. Бүл мағыналық, эмоциялық айырма- шылықтың болуы, бір жағынан, сойлемнің айтылу әуені- мен байланысты болса, екінші жағынан, ен бастысы сөйлем- де қолданылған қаратпа создердіц мағынасымсн байланыс-
ты. Қаратпа сөздердің түрлері де, сөйлемдерге енгізетін мағыналық өзгерістері де аса елеулі, олардың негізгілері мыналар: 1. Әй, ей - қаратпа сөздері бар сөйлемдер дөрекілікті білдіреді. Әй, Олжабек бері кел (Ғ. Мұстафин). Бала, әй бала, кайдасың? - деді аттылы адам(С. Ерубаев). 2. Бірқатар қаратпа сөздер біреуге жылы шыраймен жасы кішіні жакын көріп сөйлегенде қолданылады. Олар - калкам, шырағым, күнім, сәулем, бауырым сияқгы біреуді басқа затқа балап айтқан сөздер. Мысалы: Қарағым, берменкел, Бізге де көңіл бөл! (А б а й). - Қүстың жемін әкелші, қалқам, - деді Амантай'Бота- көзге (С. Мүқанов). Шырағым, сен абыржыма, Жылама- шы, күнім. (Ғ. Мүсірепов). Балалар, аманбысың, шы- рақтарым? (Жамбыл), Не сөздің, айтшы, күнім, айым (М. Әуезов). Әбіш, қалқам, сенбісің? (ЪА. Әуезов). Мүндағы сөйлемдердің эмоциялық мағыналарын әлі де болса қүбылта түсу үшін қаратпа сөздердің кұрамына мо- дальді шылау сөздер (ай, ау) қосылған. - Қарағым-ай, сен бе едің? (Ғ. Мүсірепов). - Қарағым-ай, түршы тезірек...Күнім-ау не істегелі жүр едің? (С. Мүқанов). 3. Біреуді жақын көріп, үлық санап не еркелеп сөйле- генде, кісі атын қысқартып Ақа, Сәке, Жәке деп немесе інішек, карындас, апа, апеке, ағатай, жеңеше деп, пәленше аға, пәленше ападеп, немесе орысшаның ізімен кісінің аты мен әкесінің атын қоса айтады. - Ақа, козың бүгін түгел ме? - Түгел, қарағым! (Ғ. Сланов). . - Ибрагим Қүнанбаевич! Әрнне, белгілі, сіз басы ал- тын адамсыз (М. Әуезов). Апа-ау, алты ата екені рас емес пе? Әдетте қаратпа сөздер адамды нысанаға алып айтыла- тын сөз болса, көркем әдебиетте сөйлемге ерекше эмоция- лы әр енгізу үшін жансыз затты жанды, адам тәрізді қарат- па етіп те жүмсайды.
Саирада зарла, қызыл тіл, Қара көңілім оянсын! (А б а й). Тыңда, дала, Жамбылды, Тыңда, Қастек, Қаскелец, Сөйлесін кәрі бауырың (Ж а м б ы л). Ей, Аққу, сәлем деші жолыкканға ... Еркіңдікукайғыға берме, көцілім. Күйленіп бүрынғыдай серме, көцілім. (С. С е й ф у л л и н). - Е, қызыл гүл, таң атарда шешек атып сыланасың... (С. Е р у б а е в). - Уылжыган ақша бет, куарсайшы! Жылап-жылап, мөлдір көз, суалсайшы... Мал орнына кор болып кеткеніңше... Өліп кана, кыз сорлы, уансайшы! (С. С е й ф у л л и н). 5. Қаратпа сөздер - жүртқа шешендік бет бүрудың, үран-үндеудің ерекше бір тәсілі ретінде де жұмсалады. Мысалы, Мырзалар! Қымбатты достар! Азаматтар! сияқ- ты сөздер мүндайда жиі қолданылады. 6. Қаратпа сездердің мағыналарын күшейту үшін олар бірыңғай қатар түрып, кейде екі жарылып не одағай сөздер- мен қабатгасып айтылуы да мүмкін. - Сақтаған, Нүрбек, сендер өз үйлеріңе баратын шы- ғарсыңдар? (С. Мүқанов). Арылма, өлец, арылма, домбы- рам, күйден жаңылма! - Күнім, қарагым, сен бе едің?(Ғ. Мүсірепов). Балалар, аманбысың, шырактарым, майысып көлге біткен күрактарым? (Жамбыл). Ойбай, Балжан-ау, менің ойымда... ештеңем жок... Көңіліңе ауыр алма, кара- ғым! (С. Сейфуллин). Ойбай-ау, не дегенің, қарагым!? (С. Сейфуллин).
Қыстырма с ө з - сөйлемге модальді мағына үстейді. Модальділік - айтылған ойға айтушының көзқара- сын қоса білдіру. Әрбір сөйлемге сондай модальділік тән. Мысалы, сөйлеуші, жазушы бірдеңенің жайына көзі жетіп не болжап, не күмәнданып сөйлем құрауы мүмкін: Қайыр- жан келді. Қайыржан келетін шығар. Қайыржан келер ме елгея? Сөйлемнің осындай мағыналық айырмашылықтарын түрлендіре түсу үшін оның ішіне оқшау сөз қосып айтуға да болады. Мысалы, Мен білсем, Қайыржан, бүгін келеді. Қайыржан, шамасы, бүгін келетін болар. Қайыржан, кім біледі, келе ме екен? Қыстырма сөздердің бірқатары ойдың айтылу тәсілін, өз ара қатынасын, тағы басқа мағыналарды білдіреді. Қысқа сөйлемдегі ойға, оның айтылу тәсіліне айтушының көзқа- расын да білдіру мақсатымен қыстырма сөздер сөйлем, қүра- мына еніп отырады. Қыстырма сөздер осындай стильдік қызмет атқаруда сөйлемге ерекше эмоциялы-экспрессивті де мағына енгі- зеді. Бүл жағынан әсіресе кісінің көңіл күйін, сезімін білдіретін қыстырма сөздердің орны ерекше. Мына атының сымбаты, шіркін, өзгеше екен! Шіркін, жер-ак екен! (Ғ. Мүсірепов). Шынын айту керек, менмүны бүрын білмеуші едім. Не істер дейсің, тәйір? - деп, Қай- ракбай әкеме кайрат берейін деді (С. Мүқанов). Е, бәсе, солай болу керек еді! (С. Мұқанов). Амал канша, сендүрыс айтып түрган жоксың (Ә. Әбішев). Биыл, несін айтасың, егіннің шығымы өте жаксы! § 58. Толымды және толымсыз сөйлемдер Айқын ойлы кісінің әрбір сөйлемі дұрыс қүралып, ой- пікірі жетер жеріне жеткізіле айтылады. Ол үшін тілде бар әр алуан сөйлем түрлерін дұрыс ойдың формасы ретінде пайдаланады. Мысалы, жазушының кітабына көз жіберсек, не баяндамашының сөзіне қүлақ койсақ, олардың сөзінде сөйлемнің әр түрі болатынын аңғарамыз. Соларға синтак- систік талдау жасау арқылы дәл айқындауға болады. Ал жазушы мен баяндамашы ойын хабарлауда мына жерде сөйлемнің мына түрін пайдаланайыншы, мына түрін қоя
түрайыншы деп жатпайды. Тілді жақсы білген кісі оның байлығына қанык болады да, тілдік жалпы дәстүр, үйрен- шікті дағды, тілдік сөзім бойынша ойын дәл беретін сөз- дерді, сөз тіркестерін, сөйлем түрлерін пайдалана береді. Ол білгенін саналы сезім, стильдік түрғы талаптарымен үш- тастыра білсе, құпа-құп. Тіл байлығына қанық болудың екі жолы бар: біріншісі - ата-ана (отбасы), халық “мектебі” қазанында қайнап пісу, екіншісі - халық тілін, әдеби тілдің заңдылықтарын дербес пән ретінде бастауыш, орта, жоға- ры дәрежелі оқу орнында оқып үйрену. Бүл екі жолды үшта- стырса тілдік тәлім-тәрбиеге, ғылыми тірекке арқа сүйеген кісінің сөйлеген сөзінде, жазған жазуында стильдік қате көп болмайды. Стилистика ғылымының талаптары бойынша - ойын анык, дәл айтылсын, бірде-бір шашау шыққан басы артық не жетіспей жатқан сөз, дұрыс құралмаған сойлем болма- сын дейміз. Сол талаптар нсгізінде біршама аяқталған ойды т о л ы м д ы сөйлеммен де, т о л ы м с ы з сөйлеммен де беруге болады, бірақ сонын ексуі де белгілі стильдік талапқа сәйкес қүралуға тиіс. Әдетте ойды толық, дәл, ба- рынша түсінікті етіп айту үшін құрастырған сөйлемдер то- лымды болсын деп үйретеміз. Әсіресе мектеп оқушылары- на, студенттерге тілден сабақ бергенде, сүрақтарға жауап қайырғанда, олардын қүрастырған сойлемдері толық, ойы “семіз” болса екен дейміз. Екінші жағынан, аз сөзбен көп мағына білдіруді көздейміз. Осы екі талап түрғысынан сөйлемдерді толымды етіп те, толымсыз етіп те күрай бе- руге болады. Т о л ы м д ы сөйлемнің сипаттамасы - белгілі ойға керекті сөздердің сөйлем ішінде түп-түгел айтылатындығы. Ол үшін сөздің санының көп болуы шарт емес. Мысалы, Раушан үнсіз отыр деген толымды сойлем үш сөзден күралған. Раушан біреуден жәрдем сүраудын жайын карастырып отыр еді (Б. Майлин) деген де толымды, сегіз сөзден құралған. Бұл екі сойлемніц екеуінде де айты- лған ойды көмескі етіп түрған не олі де дәлелдеңкірей түсер сөз мынау дей алмаймыз. Ал Жасымда ғылым бардеп ес- кермедім (Абай) деген - толымсыз. Мүнда “Мен” деген бастауыш айтылмаған. Оны ерекше айтудың да керегі жоқ. Өйткені “ескермедім” деген созгс жалғанған жіктік жалға-
уынан (-дім) бастауыштың “мен” екені түсінікті. Мен көрдім үзын кайың күлағанын (Абай) деген сөйлем толым- ды, оның бастауышы (мен) баяндауышқа жалғанған жіктік жалғаудан да белгілі болып түрғанмен, оны түсіріп, сөйлемді толымсыз етіп айтуға болмайды. Өйткені Абай өлеңінің сол сөйлемінде “мен” деген бастауышқа ой екпіні түсіп, сол сөз сөйлемде басқа сөзден басым мағынада ай- тылған. Сөйтіп, ойды кейде толымды сөйлем арқылы айту жөн болса, кейде толымсыз сөйлем арқылы айтқан жөн. Бүл сөйлем түрлерінің қайсысын қолданған дүрыс екенін белгілі контексте ғана стилистика талаптарына сүйеніп топшылауға болады. Сөйлемнің толымсыз болуы - шүбалаңқылықты ықшамдылық арқылы жеңудің тәсілі, бірақ толымдының бәрі шүбалаңқылықгың белгісі емес, - ой дәлдігін сақтаудың амалы. Сондықтан, мысалы,' Ке- менің алдыңғы түмсығында ... мен түрмын дегендегідей екпін түскен бастауыштарды түсіріп айту елеулі стильдік қате болар еді. Толымды сөйлемдер ғылыми әдебиет стилінде жиі қол- данылады да, толымсыз сөйлемдер ауызекі сөйлеу тілінде, көркем әдебиетте жиі қолданылады. Сөйлеу тілінің бір ерекшелігі - онда әдетте екі не одан көп адам өз ара беттесіп сөйлеседі. Олай сөйлескен кісілердің пікірлесу тілдік қарым-қатынасы тығыз болатын- дықтан, олардын сөйлемдері қысқа-қысқа, түжырымды, бірімен-бірі үласқан, ортақ сөзді болып та келеді. Ондайды көркем әдебиетте жазушы көбінесе диалог түрінде береді. Мына сөйлемдерге назар аударайық: - Осы жиналысты баскаратын адамдар керек, соған ара- ларыңыздан бір-екі әйелді сайлауларыңыз керек, - деп әлгі әйел бір түсіндіріп өтті. Ермек әлденеге күлімсірей түстіде: - Мына келін жарайды ғой, осы кісіні сайлау керек, - деп Раушанды үсынды... - Атыңызкім? - Раушан. - Жиылысты басқарушылардың біріне Раушанды сай- лауға карсылыктарыңыз жок па? - Жок.
Осы сөйлемдер өз ара іштей логикалық байланыста бо- лғандықтан, толымды мен толымсыз кезектесіп, бірімен- бірі сабақтасып айтылған. - Мына келін жарайды ғой. Осы кісіні сайлау керек дегенде, мына келін неге жарайды, неге сайлау керегі айтылмаған. Сонда да сөйлем түсінікті. Олар алдыңғы сөйлемде айтылған. Сондай-ақ “Раушан”, “Жоқ” деген жеке сөздер көп мүшелі жайылма сөйлемдердің ор- нына жүмсалған. Оларды толымды етіп айтқанда: - Менің атым - Раушан. - Жнналысты баскарушылардың біріне Раушандысай- лауға карсылығымыз жок, - деу керек болады. Жоғарғы орында бүл сойлемдерді олай шүбалаңқы қүра- удың керегі жоқ. Ол арада сол бір-бір соз бірнеше сөздің орнына жүріп түр. Әлгідей толымсыз сөйлемдер пьесалардың тілінде де көп кездеседі: Т ә к е ж а н. Лбай, токташы, сен кайда барасың осы? - А б а й. Немене, жиынға барам. - Тәкежан. Барма, тілімді алсаң, барма бұл жиынға. А б а й. Оны кайдан шығардың? Барамын. (М. Әуе- зов). Осы мысалдардағы толымсыздықтың негізі - қатар ай- тылған сөйлемдер байланысы. Ондай ара қатынас авторлар баяндауында да болады. Автор сөзіндегі бір не бірнеше сөйлем мүшесі алда айтылған сөйлемнен де түсінікті бола- тындықтан, кейінгі сөйлемдер толымсыз бола береді. Шұлығынан аяғы шығып, алба-жұлба болып, бұрсең- деп бір әйел келеді. Оң жак көзі когеріп, ісіп кеткен. Пеш- ке аркасын сұйеп отырып ауыр кұрсінді (Б. Майлин). Осы үш сейлемнің алдыңғысы - толымды да, соңғы екеуі - то- лымсыз. Толымсыз сөйлемдер де әцгіме “бір әйел” туралы екені алдыңғы толымды сөйлемнен түсінікті. Сондықтан әйелдің оң жак көзі көгеріп, ісіп кеткен әйел пешке арка- сын сұйеп отырып, ауыр кұрсінді десек, қатар айтылған үш сейлемде бір сөзді орынсыз қайталаған болар едік. Олай ету - стильдік қате. Жазушы Б. Майлин соны сезіп, жоға- рыда келтірілген мысалдағы екінші, үшінші сөйлемдерді толымсыз етіп жазған. Сөйтіп, сөйлемнің толымсыз болуы оның жүмсалу жағ- дайымен, маңындағы басқа сөйлемдерге қатысымен байла-
нысты екен. Мүндағы принцип - қатар айтылған бірнеше сөйлемнің бір сөзге ортақтасуы. Жайык бетінде... өз жүрегінің соғуымен өзі дірілдеп, “Қазакстан” деген кеме түр. Келіп міндім де, ең жоғарғы үшінші кабаты- на көтерілдім - дегендегі ортақ сөз - кеме (кемеге, ке- менің). Сөздерді, кейде грамматикалық түлғаларды, ортақтас- тыру - сөйлемдерді тұжырымды, ықшамды етіп қүрудың тәсілі. Бүл тәсілді дүрыс түсініп, керегінде өз жазуында пайдалана білу үшін оның мынадай орындарға ортақ бола алатынын білу керек: 1. Екі іргелес сөйлемді бір баяндауышқа ортақтасты- рып айтуға болады: Рабига біресе есікке карайды, біресе маған карайды. Осы сөйлемді Б. Майлин: Рабнға ... біресе есікке, біресе маған карайды деп жазған. Мүндайды син- таксисте “сыйыса қүрмаласу” дейміз. Қайсысы дұрыс? Екеуі де өз орнында - дұрыс: егер жазушы “қарайды” сөзіне ерек- ше мән беріп, сөйлемді ерекше экспрессивті етіп айтқысы келсе, “қарайды” сөзін іргелес екі сөйлемде де қайталауы мүмкін. Олай етпей, сөйлемді ықшамдап, Рабиғаның тек қарау тәсіліне ерекше мән беру үшін сөйлемді экспрес- сивті еткісі келгенде, оны Бейімбетше, Рабиға біресе есік- ке, біресе маған карайды деу керек болады. Қазақта “Қоян- ды қамыс өлтірер, ерді намыс олтірер” деген мақал бар. Осыны Қояндыкамыс, ердінамыс өлтірер деп екі сөйлемді бір сөйлемге сыйыстыруға болады. Бірақ екеуі бір емес: алдыңғыда экспрессивті мағына бар да, соңғыда ол жоқ, солғын. Сол сияқты Жүнді су көтереді, жүйрікті ду көте- реді, кайғыны ер көтереді дегенде, көтереді үш рет қай- таланған. Соны ықшамдап: жүнді су, жүйріктіду, кайғыны ер көтередідеуге болады. Бүл арада да сөйлемді ықшамдау стиль түрғысынан, үтымды болмайды. “Бір жерде күш көрсетіледі, бір жерде өнер көрсетіледі, бір жерде мінез көрсетіледі”дегенде, баяндауыш (көрсетіледі) үш рет қай- таланған. Бүлай айтуда да қайталанған сөздің пәлендей стильдік қосымша қызмет атқарып түрғаны аңғарылмай- ды. Сондықтан М. Әуезов сол үш сөйлемді сыйыстырып былай жазған: Бір жерде күш, бір жерде өнер, бір жерде мінез көрсетіледі. Бүл әрі ықшам, әрі әсерлі. Сөйтіп, қатар түрған сөйлемдерде бір сөзді қайта-қайта
айтудың дұрыс болатын да, дүрыс болмай, оларды ықшам- дап, ортақ етіп айтудың дүрыс болатыи да жері бар. 2. Қатар айтылған сөйлемдердің алдыңғыларында ата- лған мүшелерді соңғы сөйлемдерге ортақ етіп толымсыз сөйлем қүрауға болады: Үзындығы көшедей, үш қабат когілдір кеме. Жайық- тың ортасын толтыра, езуін көпірте, еркін есіп, жайқап ке- леді. Орал - кәдуілгі үлкен қала, оның үстіне көркем де қала. (Ғ. Мүсірепов). Мүндағы “кеме”, “Орал” создерін көрші сөйлемдерде қайталап жазу сөйлеу стилін ауырлатқан орашолақтық бо- лар еді. Кейде сөйлем арасындағы создердің желісін үзбей, ма- ғыналық байланысын күшсйту үшін бір мүшені қайтала- май оның баламасын, орнын басатын создер жүмсалады. - Мына тиеліп келе жатқанды кордіц бе? ... Толып жатқан машина, саймап ... Ал, бүл неткен машина, не істенді?, оны екеуміз де білмейміз. Мүмкін, бір-біреуі жүз кісінің істегенін істейтін шыгар! Опы екеуміз білеміз бе? Жоқ. Біз, баяғы, мал бағуды ғана білеміз! (Ғ. Мүсіре- пов). 3. Сөз мағынасы ортақ толымсыз сойлемдер сойлеу тілі стиліне тән болатындықтан, коркем әдебиетте персонаж- дардың өз ара беттесіп сөйлесу орайындағы диалогтарда өте жиі кездеседі; Қол алыстың аяғы қоржын шешуге әкелді. Екеуіде мал- дасын қүрып алып, қоржындарын шешіп, қапшыққа сап аузын байлап айран қымыздарын шайқай бастады: - Іш, іш, бауырым түрікпен! - Же, же, қазақ, туысқаным! (Ғ. Мүсірепов). 4. Толымсыз сөйлемнің ішіндс айтылмаған, мүшелерді жоқгатпайтын белгінің бірі - жақтық қосымшалар. Жіктік жалғаулары сөйлемдегі бастауыштың, тәуслдік жалғаула- ры ілік жалғаулы анықтауыштардын, қай жақтық екснінің айғағы болатындықтан, ол мүшслерді екінің бірінде (ой екпіні түспегенде) түсіріп, сөйлемді толымсыз етіп жүмсау көп стильге тән. Мен ырзамын - Ырзамын. Менің айтатын сөзім коп - Айтатын сөзім көп. Біз қорықпаймыз - Қорықпаймыз. Біздін Отанымыз малга бай - Отанымыз малға бай.
Әдебиеттен мысалдар (жақшаларда түсірілген сөздер жазылған). - Өлеңдіқойып жүрем (едім - мен)... - Биекем біліп айтыпты, шаршаған екемін (екенмін - мен). (Менің) Даусым шығар емес, - деп домбырасын (өзінің) қасына кылжнта салды(Ғ. Мүсірепов). - (Менің) Өнегем ... болса ... (өзімнің) тірлігімде көрсе- те алдым ба (мен), жмгп<а?(Менің) Өсиетім болса... (Менің) күлағым, (менің) тілім барында айтып болдым ба (мен), жок па?, Не дәме етесің (сен) екеуің?.. Не күтіп маған (сен) телміресің? - деді (М. Әуезов).
МАЗМҮНЫ Алғысөз.............................................3 Бірінші бөліы Стилистиканыц жалпы мәсслслері § 1. Стилистика курсының міндеті мен мақсаты.......4 § 2. Жалпы халыктық тіл және оның формалары.......10 § 3. Әдеби тіл және оның нормасы..................12 § 4. Стилистика және оның жалпы халыктык тілге катысы.14 § 5. Әдеби тілдің стильдері.......................17 § 6. Сөйлеу стилі.................................20 § 7. Кітаби-жазба стильдер.........................26 § 8. 1с қағаздары стилі мен ресми стиль...........30 § 9. Публицистикалық стиль........................34 § 10. Ғылыми стиль.....................................42 §11. Көркем әдебиет стилі.............................44 Екінші болім Тілдік кұралдардың стилистикалык сипаттамасы ЛЕКСИКА § 12. Қазак тілі лексикасы туралы жалпы түсінік....50 § 13. Бейтарап (стильаралық) лексика...............53 § 14. Сөйлеу тілінің лексикасы.....................56 § 15. Қарапайым сөздер............................56 § 16. Диалектизмдер. Кәсіби создер.................61 § 17. Кітаби лексика..............................66 § 18. Көнерген сөздер мен неологизмдсрдің колданылуы..70 § 19. Неологизмдер.................................74 § 20. Сөздіи экспрессивтік жопе эмоциональдық бояуы...75 §21. Сөз және оның мағынасы.......................81 § 22. Метафора....................................82 § 23. Метонимия...................................90 § 24. Синеқдоха...................................91
§ 25. Сөздің көп мағыналылығы және омоним..........94 § 26. Омонимдер...................................100 § 27. Синонимдер..................................102 § 28. Антонимдер..................................105 ФРАЗЕОЛОГИЯ § 29. Фразеология туралы түсінік..................106 § 30. Фразеологизмдердің стилистикалык кызметі....108 §31. Фразеологиялык синонимдер...................112 § 32. Фразеологиялык единицалардың эмоциональды-экспрессивті бояуы.............................................114 § 33. Фразеологизмдердің экспрессивті стильдік касиетіне карай топтастырылуы.....................................115 § 34. Бейтарап колданылатын фразеологизмдер........ 117 § 35. Сөйлеу тілінің фразеологиясы................118 § 36. Кітаби сипаттағы фразеологизмдер............119 § 37. Көнерген түракты сөз тіркестері.............121 §38. Фразеологизмдерді колданудың стилистикалық тәсілдері.........................................123 § 39. Фразеологизмдердің жалпы халықтық формада колданылуы........................................125 § 40. Фразеологизмдердің өзгертіліп, авторлық өңдеумен колданылуы........................................128 §41. Орыс тілі аркылы енген фразеологизмдердің колданылуы........................................134 Грамматикалык стилистика § 42. Грамматикалык стилистика туралы жалпы түсінік.140 МОРФОЛОГИЯ § 43. Морфологиялык қүрылыстың негізгі стилъдік белгілері.........................................147 § 44. Морфологиялық түлғалардың жеке стиль түрлеріне қатысы............................................162 § 45. Экспрессивті-эмоциональдык лексика жасайтын кейбір морфологиялык түлғалар............................170
§ 46. Есімдіктердің қолданылуы......................178 § 47. Етістік түлғапарының қолданылуы...............186 § 48. Етістіктің шақтық түлғалары...................188 СИНТАКСИС § 49. Синтаксистің стилистикалық қызметі............196 § 50. Синтаксистік құрылыс және стильдер жүйесі.....200 §51. Сиктаксистік синонимдер.......................205 § 52. Экспрессивтілікті білдірудің синтаксистік тәсілдері.210 § 53. Хабарлы, сүраулы, бүйрыкты, лепті сойлемдер...212 § 54. Сөйлем мүшелері...............................219 § 55. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі...............225 § 56. Қайталама сөздер мен бірыңғай мүшелердің стильдік қызметі..............................................233 § 57. Қаратпа, қыстырма сөзді сойлемдер.............243 § 58. Толымды және толымсыз сөйлемдер...............246