/
Текст
МЛоманов
ТІПДЕРШІҢ
САПЫСТЫРМАЛЫ
ГРАММАТИКАСЫ
ТуиІеті$$оу Масіі
ітасіі1@дтаіі.сот
Алматы, «Қазақ университеті», 1992
ББК 81
Т 57
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ
МИНИСТРЛІГІ
Жауапты редакторы Наурызбай Ақбаев
Томанов М.
Т 57 Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.—
Алматы: «Қазақ университеті», 1992.— 192 бет.
І8ВІЧ 5—7090—0018—3
Білікті ғалым М. Томановтың бұл оқулығында түркітану ғылымының Орта
Азня аймағына баса назар аударылған. Онда туркі тілдерінің фонетнкалық,
морфологнялық құрылысы айрықша свз етіліп, грамматнкалық мәннің жасалу
тасілдері мен морфемалар туралы мағлұмат беріледі. Есім свз тұлгасының езге-
руіне, свз таптарына жеке-жеке тоқталады. Етістік тарауында тарихн-салыстыр-
малы тіл білімінің соңғы жаңалықтары пайдаланылған.*
Еңбек студенттер мен аспнранттарға, сондай-ақ туркітану ғылымымен шұғыл-
данатын оқырмандарға арналған.
Құраетырып, баспаға әзірлеген — аатордың қызы Н. Томанова. Арнаулы ре-
дакторы — филологня ғылымының кандндаты Б. Сағындықов.
4602020400—033
416(05)— 92
17—92
ББК 81
АЛҒЫ СӨЗ
50-жылдардыц орта тұсы мен 60-жылдардыц басында
цазац тіл білімінде үлкен бір топ жас таланттар мен
зерттеушілердіц есімдері ғылыми жұртшылыцтыц назарын
бірден аударған болатын. Қазіргі тацда олар тіл тарихы,
диалектология, синтаксис, салыстырмалы тіл білімі, сти-
листика т. б. салаларда танымал білімпаздар ретінде жацсы
таныс. Атаң, лауазым жағынан алып царағанда да, алды
Қазацстан Республикасы Ғылым акадёмиясыныц академи-
гі, корреспондент мүіиесі, жоғары оцу орындарында ка-
федра мецгерушісі, академиялыц институттыц бөлім мец-
герушісі, ғылым докторы деген сияцты дәрежеге жетті және
цызметтерді абыроймен атцарады.
Біздіц тұсінігімізше, цазац тілін зерттеушілерді ата
ұрпац (А. Байтұрсынов, М. Дулатов, К,. /Жұбанов), әке
ұрпаң (Ғ. Бегалиев, С. Жиенбаев, X. Басымов, 1. Кецес-
баев, С. Аманжолов, Ғ. Мұсабаев, М. Балацаев т. б.), одаң
кейінгі ізбасарларды аға ұрпац деп бөлетін болсаң, фило-
логия ғылымыныц докторы, профессор Мархабат Томанов
кейінгі толцынды осы аға ұрпацпен байланыстырушы-
лардыц цатарынан табылады.
Ғылым мен үстаздыц цызметке араласцан 35 жылдай
мерзім ішінде профессор М. Томанов саны да, сапасы да
ауыз толтырып айтарлыц ецбек етіп, цатарласцанныц
алдыцғы шебінен көрініп отырды. Оныц цаламынан 13 мо-
нография, оцулыцтар мен оцу ңұралдары, 200-дей ғылыми
және көпийлікке арналған мацала дүниеге келді.
Мархабаттыц өмірі де өз тұрғыластарыныц өмірімен
ұцсас. Ол 1932 жылдыц 5 цацтарында Кызылорда облысы-
ныц Қармақшы ауданындағы «Абыла» колхозында қара-
пайым шаруаныц отауында әмірге келді. Жосалы поселке-
сіндегі № 26 цазац орта мектебін тамамдаған ол 1949
жылы әл-Фараби атындағы К,азаң мемлекеттік универси-
тетіндегі филология факультетініц цазац тілі мен әдебиеті
бөліміне оцуға түсті. Университетті бітіргеннен кейін цазац
тілі кафедрасы бойынша аспирантураға цалдырылды. Одан
соц әр түрлі ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары
оқу орындарында қызмет істеді.
Студент кезінен алғырлығын таныта білген ол ғылыми
ізденіспен үзбей шұғылданды. Сөйтіп, 1960 жылы Қазақ-
стан Республикасы Ғылым академиясыныц корреспондент-
мүшесі, профессор М. Балацаевтыц ғылыми жетекийлігі-
мен «К,азақ тіліндегі мезгіл мәнді сөз тіркестері» деген
тацырыпта кандидаттыц, ал 1975 жылы «Қазац тілі тарихи
морфологиясыныц негізгі мәселелері» деген тацырыпта док-
торлыц диссертация қорғады.
М. Томановтыц ғылыми және үстаздыц цызметі өзін
тәрбиелеп, білім берген Қазац университетімен тығыз бай-
ланысты. 1964—1979 жылдары осы университеттіц цазац
тілі кафедрасында доцент, профессор болды да, 1979
жылдан бастап өмірініц ацырына дейін осы кафедраныц
мецгерушісі цызметін атцарды.
Кандидаттыц диссертациясыныц тацырыбынан көрініп
түрғанындай, профессор М. Томанов ғылымға келген ал-
ғашцы жылдарда синтаксис, стилистика мәселелерімен ай-
налысты да, одан кейін цазац тілі мен түркі тілдерініц
тарихымен беріле шүғылданды.
К,айтыс боларынан (1989 жылдыц 19 желтоқсаны)
санаулы күн ғана бүрын «Түркі тілдерініц салыстырмалы
грамматикасы» атты ецбегініц негізгі тарауларын аяқтап^
машинкаға беріп үлгерген-ді. К,олдарыцыздағы кітап — ав-
тордыц осы соцғы көлемді ецбегі.
Марқүмныц өз цолымен жазған жоспарына қарағанда,
бүл кітап бүдан да ауқымды зерттеу ретінде қарастырыл-
ғанға үқсайды. Автордыц жоспарын еш өзгеріссіз келтіре
кетелік: «Ецбек кіріспеден және төрт тараудан түрады.
Кіріспеде түркі. тілдері фонетикасын, лексикасы мен грам-
матикасын салыстырып зерттеудіц мақсаттары мен прин-
циптері* баяндалады. Түркі тілдерін ғылыми түрде салыс-
тырудыц қысқаша тарихы сөз болады. Бірінші тарауда
«Түркі тілдерін генеологиялық жағынан классификация-
лаудыц негізгі принциптері» әцгімеленеді. Тілдердіц қай
топқа жататындығын анықтайтын фонетикалық, лексико-
логиялық, грамматикалық ерекшеліктер туралы, Орта Азия,
Кавказ, Шығыс Европаны ^екендеген түркі халықтарыныц
тарихы туралы басты-басты мағлүматтар беріледі. Екінші
тарау «Түркі тілдерініц салыстырмалы фонетикасы» деп
аталады. Мүнда түркі тілдерініц әр түрлі топтарына тән
фонетикалық ерекшеліктері әцгімеленеді. Дыбыс сәйкесте-
рі, сингармонизм зацыныц тілдік көріністері, түркі тіл-
деріндегі буын қүрылымы мен оныц типтері жүйелі баян-
далады. Әсіресе, түркі тілдерініц Орта Азия аймағына
ерекше көціл бөлінеді. Үийний тарау «Түркі тілдеріне
ортац лексика және жекеленген этнолингвистикалыц ерек-
шеліктері» деп аталады. Түркі тілдерініц ортац сөздік
цұрамы туралы арнайы тоцталғаннан кейін, цыпшац, цар-
лұц, оғыз және бүлғар топтарыныц лексикалыц ерекше-
ліктері жеке-жеке сипатталады. Төртінші тарау «Түркі
тілдерініц салыстырмалы морфологиясы» деп аталады.
Мүнда тараудыц мазмүнын ашатын мынадай тацырыптар
цамтылады: 1. Сөздіц цүрамы: а) түбірдіц түрлері; ә) сөз
жасайтын жұрнацтар; б) сөз түрлендіретін жүрнацтар;
в) көптік категориясы; г) тәуелдік категориясы; ғ) жіктік
категориясы. 2. Сөз таптары: а) зат есім; ә) сын есім;
б) есімдік; в) сан есім; г) үстеу; ғ) етістік және оныц ка-
тегориялары.
Бүл жоСпармен салыстырғанда, кіріспеніц, бірінші тарау
мен үийний тараудыц жоц екенін байцайсыздар. Соған
царамастан, бүл ецбек университеттерде оцылатын «Түркі
тілдерініц салыстырмалы грамматикасы», педагогика ин-
ституттарында оцылатын «Түркологияға кіріспе» курстары
бойынша оцу цүралы міндетін өтей алады.
Оцу қүралы автордыц 1970—1978 жылдары Қазақ
мемлекеттік университетініц филология факультетіндегі
студенттерге оцыған лекцияларыныц негізінде жазылып,
соцғы ғылыми жацалыцтармен толыцтырылған. Кітаптағы
бірцатар материалдар Н. К. Дмитриев, Н. А. Баскаков,
А. Н. Кононов, Ф. Г. Исхаков, А. М. Щербак сияцты атацты
ғылымдардыц ецбектерінен, М. Б. Юнусалиев, Ә. Т. Қай-
даров, В. Г. Егоров, Л. Н. Харитонов сияцты үлт тілдері
мамандарыныц зерттеулерінен алынған.
Материалдарды баяндаудыц теориялыц бағыты — қа-
зіргі түркологияда кец таралған «Н. А. Баскаков класси-
фикациясы» деген атпен белгілі түркі тілдерін таптастыру
жүйесі. Салыстыруда тірек болған тіл — қазіргі қазақ тілі.
Басқа тілдер материалдары қазіргі қазақ графикасымен
берілген.
Оқу қүралында түркі тілдеріндегі дауысты және дауыс-
сыз дыбыстардыц сандық және сапалық айырмашылықта-
ры, үқсастықтары студенттердіц үғымына түсінікті тілде
баяндалған. «Сына» дауыссыздар, дауыссыздардыц түсіп
қалуы, дауыссыздардыц ассимиляциясы сияқты фонети-
калық қүбылыстарға қазіргі ғылым түрғысынан сипаттама
берілген. Сөз таптары, олардыц сан алуан категорйялары,
түбір мен цосымшалар туыстас тілдермен өзара салыс-
тырыла отырып, жан-жацты талданған. Олардыц граммати-
калыц семантикасы мен цызметіндегі басты-басты айыр-
машылыцтары жүйелі әцгімеленген. Әсіресе, «Етістік және
оныц морфологиялыц категориялары» деп аталатын та-
уша шабытпен жазылған.
*
Міне, бёлгілі ғалым, танымал ұстаз Мархабат Томанов-
тыц соцғы бір ецбегі жайында айтылар аз сөзіміз осы
тацілеттес. Оныц талай жылдар бойы жазылған көптеген
зерттеулері жайында ілгеріде өте цысца сөз болды. Шын-
туайтца келгенде, проф. М. Томановтыц цай ецбегі де
туған тілдіц цыр-сырын үйренуді мацсат еткен студент-
шәкірттердіц әлі де көп жыл сырласы бола беруге лайыц.
Сондыцтан олардыц да цайта басылым көріп, көптіц
игілігіне айнала бергені жөн.
Мырзатай СЕРҒАЛИЕВ,
филология ғылымыныц докторы,
профессор.
I тарау
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ
ФОНЕТИКАСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНІҢ НЕГІЗГІ ЖҮЙЕЛІҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Түркі тілдері, олардың жалпы сипаты немесе жеке
түркі тілінің өзіндік ерекшелігі жайлы айтпас бұрын олар-
дың бәріне тән ортақ заңдылықтар қандай дейтін мәселеге
тоқтау орынды. Өйткені жалпы түркі тілдеріне ортақ заң-
дылықтар тән, екінші жағынан, бұл оларды басқа тілдік
семьялардан ерекшелейтін белгілер болып табылады.
Түркологиялық зерттеулер бойынша, түркі тілдерінің
барлық топтарына тән, оларды өз алдына дербес семья
ретінде ерекшелейтін белгілер, мынадай болып келеді.
1. Фонетикалық жүйе бойынша: а) сөздің бірінші
буынында кездесетін дауыстылар мен сөздің келесі буын-
дарында ұшырайтын дауыстылар екі түрлі жұйе құрайды.
Бірінші буында ашық-қысаң, жуан-жіңішке, еріндік-езулік
болып жұптасатын 8 дауысты дыбыс жұмсалады. Кейбір
тілдерде бұл 8 дауысты дыбыс 16-ға дейін көбейеді. Өйт-
кені оларда дауысты дыбыстар әдеттегідей әрі созылыңқы
дыбысталады. Екінші және одан кейінгі буындарда көбіне
жуан-жіңішке, ашық-қысаң, еріндік-езулік болып бөлінетін
6 дауысты дыбыс жұмсалады. Сонымен, бірінші буын во-
кализмі мен екінші буын (сол сияқты одан кейінгі буындар)
вокализмі сандық жағынан да, сапалық жағынан да бірдей
емес, әр түрлі болып отырады: ә) біршама жүйелі болып
отыратын сингармонизм заңдылығы. СингармониЗм заң-
дылығы бірен-саран тілдерде (мыс., ұйғыр тілі) умлаутпен
күрделеніп отырады; б) сөз басында 7 дауыссыз фонема
айтылады (кейбір ауытқуларды еске алмағанда), оның
төртеуі — шұғыл дауыссыздар (б, т, қ, ч), біреуі —
мұрын жолды (м), екеуі — ызың (проточные)— с, й.
Сөздің ортасы мен соңында 17 дауыссыз айтылады, олар-
дың 7-і шұғыл (взрывные) — п, б, д, к, қ, г, ч, 4-і мұрын
жолды — м, р, ң, н, 4-і ызың (проточные) дауыссыздар —
й, с, з, ш, екеуі — діріл дыбыстары (плавные)— л, р, сөз
соңындағы шұғылдар екі вариантты, ғ, г ұяң дауыссыздары
сөз ішінде тұрақты болып келеді. Сөздің абсолют басында
бір ғана дауыссыз айтылады, яғни сөз басында дауыссыз-
дардың қабаттасып келуі түркі тілдерінде тән емес. Түркі
тілдерінің байырғы консонантизмі басқа жүйелі тілдермен
(герман, семит т. б. салыстырғанда, сапа, тұр жағынан
өзгеше болумен бірге, көп көріністі емес, бірөңкей болып
келеді. Сонымен бірге, түркі тілдері фонетикалық жүйесі-
нің үлкен бір ерекшелігі — сөз екпінінің сөздің соңғы
буынына түсетіндігі. Кейбір сөздер мен грамматикалық
формаларға байланысты аздаған ауытқуды ескермегенде,
бұл ерекшелік түркі тілдеріндегі тұрақты белгілердіЦ то-
бына жатады.
II. Морфологиялық құрылыс бойынша: а) морфоло-
гиялық құрылыстың негізі — аффиксация. Олай болатын
себебі — типологиялық жағынан жалғамалы Сагглютина-
циялы) топқа жатады. Мәні мен қызметі әр түрлі аффик-
стер бір-біріне қабаттасып, қосарланып жалғана береді.
Сөздің морфологиялық құрылымы үш элементтен: тү-
бір мен суффикстен және жалғаудан құралады. Осы бө-
ліктерден құралған сөздер негізінен 3 типке бөлінеді:
1. Тек қана түбірден құралған сөз; 2. Түбір мен бір не
бірнеше жұрнақтардан құралған сөз; 3. Түбір мен бір не
бірнеше жұрнақтан және бір не бірнеше жалғаудан құ-
ралған сөз. Түркі тілдерін зерттеушілер сөздің жоғарғы
көрсетілген үш типінен басқа төртінші, аралас типін де
көрсетеді. (Дени т. б.) Бұл тип жоғарғы көрсетілген тип-
тердің құрама элементтерінің кейбірінің орын ауыстыруы-
нан және қосымшалардың аралас түрлерінің қатысуынан
жасалады. Төртінші типтің құрамы мына тәріздес: түбір-
жұрнақ (бір не бірнеше)—жалғау — аралас қосымша —
жалғау. Мысалы: дау-лас-қан-дар-дікі-нен; ә) сөз таптары
түр жағынан басқа тілдердегі сондай типтерді негізінен
қайталағанмен, олардан өзге шылаулар (предлогтардың
орнына) тобының бар екенімен ерекшеленеді. Шылаулар
грамматикалық қызметі мен мәні жағынан индоевропа тіл-
деріндегі предлогтарға ұқсас болғанмен, қолданылу ыңғайы
жағынан олардан мүлде өзгеше. Жалпы, жалғамалы тіл-
дёрде сөздердің орналасу тәртібіне сәйкес шылаулар да
өздері қатысты сөздерден кейін келеді. Ал басқа тілдердегі
предлогтар болса, өздері қатысты сөздің алдында айтылады.
Сонымен бірге, роман-герман тілдерінде кең қолданыла-
тын артикльдер жүйесі түркі тілдерінде жоқ. Олардың
(артикльдердің) мәні көбіне сөз не грамматикалық форма
арқылы беріледі. Басқа тілдерден ерекшелейтін тағы бір
белгі — жіктеу есімдіктерімен сілтеу есімдіктерінің этимо-
логиялық байланысы: мен — бұл, сен — ол т. б. Басқа тіл-
дермен салыстырғанда, бұл түркі тілдерінде етістіктің функ-
циялық түрлерін жасайтын аффикстер әлдеқайда мол да көп
түрлі; б) грамматикалық категориялар жүйесінде мына
тәрізді ерекшеліктер бар: 1) индоевропа тілдерінде зат
есімдер жанды және жансыз құбылыстарды білдіруіне
қарай грамматикалық категорияларға жіктелсе, түркі
тілдерінде адамды және басқа заттар мен құбылыстарды
білдіруіне қарай жіктеледі. Грамматикалық род категория-
сы жоқ; 2) тәуелдік жалғаулар және тәуелдікті білдіретін
конс^руқциялар жүйесі бар. Грамматикалық категория-
лардың бұл түрлері басқа тілдердегі «быть» етістігімен
келетін конструкциялардың мәні мен қызметін атқарады;
3) абстракт көптік мәннің жекелік тұлға арқылы берілуі,
ал көптік жалғаудың бір шама нақты мәнді білдіруі; 4)
көптік, жекелік тұлғалардағы сөздерге жалғаулардың
өзгеріссіз, бірыңғай жалғануы; 5) тәуелдік септеудің бар
екені; 6) атау тұлғаның көп мәнділігі; 7) шығыс септікті
конструкциялардың салыстырмалы шырай мәнін беретін-
дігі.
III. Лексикалық қор бойынша: а) байырғы лексика
нақты ұғыммен байланысты болып келеді де, интеллек-
туалды лексика, абстракты және мәдени ұғымды білдіре-
тін сөздер көбіне басқа тілдерден көне, жаңа дәуірлерде
ауысқан болып отырады; ә) байырғы лексика көбінесе
бір буынды, кейде екі буынды болып келеді; б) мән-ма-
ғына тұрғысынан жіктелген сингармониялық параллельдер
бар; в) синкретизмнің (түбірлердің, негіздердің) іздері бар.
IV. Синтаксистік құрылыс бойынша: а) сөздер арасын-
дағы синтаксистік қатынас көбіне олардың орналасу тәр-
тібі арқылы беріледі. Синтетикалық тәсілдер арқылы син-
таксистік қатынастардың берілу аумағы орын тәртібіне
қарағанда әлдеқайда тар; ә) сөз тіркесі құрамында болсын
бағынышты мүшелер бірінші, алдыңғы орында тұрады:
анықтауыш анықталушының алдында, толықтауыш пен
пысықтауыш баяндауыштың алдында, сол сияқты бастауыш
баяндауыштың алдында келеді; б) сын есіммен, сан есімдер
анықтауыш қызметінде зат есім анықталушымен ешбір
қосымшасыз қабыса байланысады (алтын қасық, темір
күрек, ағаш үстел); г) сұрау мәнді сөйлемдер сұраулық
шылаулармен айтылады; ғ) толықтауышқа логикалық
екпін түсіру үдгін оны табыс септіктің ашық түрінде айтып,
сөйлемнің басқы шетіне шығарады; д) халық тілдерінде
түсіндірмелі (относительное) есімдіктер жоқ, сондықтан
олар арқылы қалыптасатын сабақтас я саласас түсіндірмелі
сөйлемдер де жоқ. Әдеби тілде (жазба тілде) ондай сөйлем-
дердің орнына сөйлемге ұқсас конструкциялар — сөз тір-
кестері қолданылады. Түркі тілдерінің сөздеріне ғана тән,
оларды басқа тілдерден ерекшелейтін өзгешеліктер, түр-
кологиялық зерттеу қорытындыларына қарағанда осылар.
1. Фонетикалық зерттеу объектісі — сөйлеу тілі. Сөйлеу
тілі деп дыбыстар жүйесі мен ырғақ — дыбысталу әуені-
нің (екпін, тон, пауза) бірлігі айтылады. Сөйтіп, фонетика
тілдің дыбыстар жүйесі мен ырғақ — дыбысталу сипатын
бірге қарастыратын болады. Ескертетін бір жағдай: дыбыс
пен ырғақ — дыбысталу әуені физикалық құбылыстар, яғни
физика ғылымы қарастыратын құбылыстар. Демек, дыбыс
пен ырғақ — дыбысталу жүйесінің физикалық қасиеттері
лингвистика ғылымының объектісі бола алмайды. Аталып
отырған құбылыстардың фунқциялық қызметі, яғни дыбыс-
тар жүйесі мен ырғақ — дыбысталу әуенінің дыбыс ком-
плекстерін мағыналық тұрғыдан бір-бірінен саралап, жіктеп,
ажыратып тұратын қызметі ғана лингвистика ғылымының
объектісі болады. Екінші сөзбен айтқанда, фонетика атал-
ған құбылыстарды осы тұрғыдан ғана қарастырады. Сон-
дықтан да тіл білімінде дыбыстық жүйені зерттеу таза
фонетикалық тұрғыдан жүргізілмейді, Фонетикалық зерт-
теулер фонологиялық мақсаттарға бағындырылады, оған
фонологиялық сипат беріледі.
Зерттеудің фонологиялық бағыты тілдегі фонемаларды,
фонемалар жүйесін анықтауды мақсат тұтады. Бұл үшін
зерттеудің әр түрлі әдістері қолданылады. Жиі қолданы-
латын әдіс — оппозиция әдісі. Бұл әдіс бойынша бір-
бірінен мағыналық айырмйшылығы бірен-саран дыбыс өз-
гешелігіне негізделген сөздер зерттеу объектісі ретінде
алынады. Зерттеудің екінші бір әдісі коммутация әдісі
деп аталады. Коммутация әдісі бойынша объекті ретінде
алынған сөз құрамындағы бір дыбыс басқа дыбыспен ауыс-
тырылады да, оңың сөз мағынасына әсері зерттеледі. Со-
нымен қатар, фонетикалық зерттеулерде дистрибуциялық
талдау әдісі де қолданылады. Алайда, соңғы кезеңдерде
фонологиялық зерттеулерде жеке бір ғана әдісті қолдану-
дың бір жақтылығы жайында көп айтылып жүр. Зерттеу-
шілердің көпшілігі аталған әдістерді қатар қолданудың
жемісті болатындығын дәлелдеп отыр.
Фонетикалық зерттеулердің мақсат-нәтижелері әр түрлі
болуы мүмкін. Фонетикалық зерттеу бір ғана тілдің фоно-
логиялық жүйесін айқындауды мақсат етуі, немесе бір-
біріне жақын бірнеше тілдің фонологиялық жүйелерін
зерттеп, оларға ортақ белгілерді айқындауы мүмкін. Ал
ортақ белгілер тілдердің өте көне дәуірінің көрінісі болуы
ықтимал. Кейде фонологиялық зерттеулер жеке дыбыстың
(фонеманың) даму жолдарын айқындауды мақсат етсе,
кейде фонологиялық жүйеде болған өзгерістерді белгі-
лейді. Соңғы зерттеулердің нәтижесінде диахрондық фо-
нология, яғни тілдің тарихи фонологиясы келіп шығады.
Салыстырмалы фонетикалық дыбыстық жүйені зерттеу-
дің жоғарыда көрсетілген екі түрлі мақсатын біріктіреді.
Оған себеп: туыс тілдердің фонетикалық жүйесін салы^-
тырған кезде олардың ұқсас, бір-біріне тең құбылыстарын
(бұлар, әрине, көп) анықтап қана қоймай, ненің салдарынан
пайда болған дейтін сұраққа да жауап береді.
2. Салыстырмалы грамматика, оның бір саласы салыс-
тырмалы фонетика салыстыру әдісін тілдердің ареалдық
шектелісімен толықтыруды қажет етеді. Салыстыру әдісін
қолдану зерттелетің тілдердің генетикалық туыстығығ
мойындаудан келіп туады. Белгілі бір тілдер тобының бір
ғана негізден немесе бір-біріне жақын негіздерден тара-
ғандығын дайындау арқылы оларды өзара салыстыра
зерттеудің объективтілігі келіп шығады. Бір-біріне жақын,
туыс дегі танылған тілдерді арелдық әдіспен зерттеу мұндай
тілдердің қалыптасу, даму барысында өзара әсері болатын-
дығын мойындаудан келіп шығады. Түркі тобына жататын
тілдердің бір-бірімен жақындық дәрежесі әр түрлі: бір тіл
мен екінші тілдің бір-біріне жақындығы, ұқсастығы үшін-
ші бір түркі тілімен салыстырғанда айқындалады. Өйткені,
алдыңғы екі тілдің бір-бірінен жіктелуі, үшінші тілмен
салыстырғанда кейін болған құбылыс. Айталық, қазақ тілі
мен қарақалпақ тілі өзбек тілімен салыстырғанда бір-
бірімен ұқсас, жақын. Өйткені, олар қыпшақтық негізден
тарағандар. Ареалдық әдіс жақын туыстықтың негізінде
қалыптасқан ұқсастықтарды емес, көрші орналасу нәти-
жесінде пайда болған ұқсастықтарды зерттейді. Мысалы,
Орта Азияда орналасқан түркі тілдерінің бір-біріне ық-
палын зерттеу — ареалдық әдістің міндеті. Орналасу ретіне
қарай ареалдық лингвистикаға бір-біріне өте жақын тіл-
дермен қатар, бір-бірінен біршама алыс тілдер де зерттеу
объектісі болады. Орта Азиядағы түркі тілдерінің бір-
біріне жақындық, ұқсастық дәрежесі әр түрлі: қазақ, қа-
рақалпақ тілдері бір-біріне өте жақын болса, өзбек, түрік-
мен тілдері біршама алыс. Бірақ замандар бойы шектес
территорияда өмір сүру жиі араласуды қажет етті. Сон-
дықтан аталған тілдердің қазақ тіліне ықпалы, айталық,
қыпшақ тобындағы башқұрт тіліне қарағанда көбірек болды.
Соның салдарынан олардың құрамында ұқсас белгілердің
қалыптасуына алып келді. Салыстырма зерттеуде ареал-
дық әдісті қолданудың қажеттігі осындай жайлармен
айқындалады.
3. Дыбыстар жиынтығы сөз құрайды, алайда, оның
дыбыстық құрамы берілетін ұғымның (зат, құбылыс, қимыл
атауы т. б.) ерекшелігімен тікелей байланысты емес. Екін-
ші сөзбең айтсақ, құм сөзінің осылай дыбысталуы құмның
құрылымдық ерекшелігімен байланысты емес. Сондықтан
ол әр тілде әр түрлі аталады. Ұғым, зат ерекшелігі оларды
белгілейтін сөздердің дыбыстық құрамымен байланысты
еместігінің тағы бір дәлелі — ұқсас дыбысты жиынтық-
тардан тұратын сөздер бір тілдің өзінде әр түрлі ұғымдарды
білдіреді. Мысалы, қазақ тілінде тай сөзі бір-біріне бай-
ланысы жоқ ұғымдарды білдіреді. Алайда, дыбыс жиын-
тығынан тұратын сөз бен оның мағынасының арасындағы
осы ерекшелікті ескерсек, бір-біріне ұқсас сөздер мен фор-
малардың бірнеше тілде кездесетіндігін және олардың тұ-
рақтылығын қалай түсіндіруге болар еді? Тілдің бір-біріне
ықпал етуі, араласып отырғаны белгілі. Сондай қатынас-
тардың нәтижесінде, бірі екіншісіне тең, дыбыстық құрамы
жағынан ғана емес, мағыналас болып келетін элементтер
пайда болып отырады. Мұндай құбылыс қай тілдің болсын
тарихында кездеседі. Дегенмен, бір тілден екінші тілге
сөз ауысудың да шегі болады. Халықтың өмір сүру, тір-
шілік ету ерекшелігімен тікелей байланысы жоқ сөздердің
бірнеше тілде ұқсас дыбысталып, ұқсас мағына білдіруі бір
тілден екінші тілге сөз ауысудың нәтижесі ретінде қарал-
майды. Айталық, есептік сан есімдердің бірдей (немесе
ұқсас) дыбысталуы, астрономиялық атаулардың, әлде* бар-
лық халықтардың өмір тіршілігінде кездесетін құбылыстар-
дың бірдей не ұқсас аталуы бір тілден екінші тілге сөз
ауысудың, тілдер араласуының нәтижесі бола алмайды.
Сондай ұқсастықтардың бірнеше тілде кейде тіпті терри-
ториялық шектестігі жоқ (мысалы, қазақ, әзірбайжан)
тілдерде ұшырасуы олардың ортақ негізден тарағандығын
дәлелдесе керек. Сондай ауысудың нәтижесі деп қарауға
келмейтін тілдік элементтердің қатарына септік жалғаула-
рын, фонологиялық жүйені жатқызуға болады.
4. Әлеуметтік-экономикалық т. б. тарихи тіршілік
ерекшеліктеріне байланысты қазіргі түркі халықтарының
қай-қайсысы да тарихи-этногенездік тұрғыдан әр түрлі
диалектілерде сөйлеген тайпалардан құралған. Әр түрлі
диалектілерде сөйлеген тайпа тілдері негізінде қалыптас-
қан тілдердің құрамында диалектілік айырмашылықтар
болады. Мұндай тілдер тарихи даму барысында бір-біріне
әсер етеді. Соңғы процестер тілдердің жеке топтарының
ішінде қалыптасқан нормадан ауытқушылықтардың (ано-
малия) шығуына алып келеді.
Түркі тілдерінің ішінде басқа тілдермен бірнеше қабат
араласудың нәтижесінде қалыптасқан тіл — чуваш тілі.
Чуваш тілінде басқа түркі тілдері арасында болатын дыбыс
сәйкестіктері жүйелі түрде кездеспейді. Чуваш тілінің сөз-
дік қорының бір-біріне мүлде ұқсамайтын көп қабатты-
лығы оның әр кезде әр түрлі тілдермен қарым-қатынасқа
түскендігін көрсетеді. Чуваш тілінің фонетикалық жүйесін
зерттеушілер оның вокализмінің құрамында Еділ бойында-
ғы түркі тілдеріне ортақ болып келетің ерекшеліктермен
қатар, ол тілдерден өзгеше таза чуваштық «ізді» де, сон-
дай-ақ әр қилы фонетикалық қоршаудың нәтижесінде
қалыптасқан өзгерістерді және кейінгі замандарда ауысқан
сөздер құрамындағы өзгерістерді ажыратады.
Чуваш тілінің Еділ бойындағы тілдермен ортақ болып
келетін ерекшеліктерінің қатарына а дыбысының еріндік
ыңғайдаайтылуы,о>у,о>*ұ (ү) ауысулары, адыбысыныңәб-
ден қысаңдап і-ге айналуы, редукцияланған, у, ұ, і (ы) і
дыбыс қатарларының қалыптасуы жатады. Ал, чуваш тілін
Еділ бойындағы басқа түркі тілдерінен ерекшелейтін «таза
чуваштық» белгілер қатарына сөздің басқа шеніндегі эти-
мологиялық дауыстылардың орнына дауыстылар мен
дауыссыздардың тіркесіп айтылуы жатады. Езулік дауыс-
тылардың орнына й-мен келетін тіркестері, еріндік дауыс-
тылардың орнына в (у)-мен келетін дыбыс тіркестері
(дифтонгтар) айтылады. Соңғы түрі (в-мен келген) байыр-
ғы сөздер құрамында барлық уақытта сақталады. Егер
бұл заңдылық сақталмаса, ондай сөз соңғы кездерде басқа
тілдерден ауысқан деп қаралады. Чуваш вокализмінің
үшінші бір ерекшелігі — айрықша комбинаторлық-пози-
циялық өзгерістердің нәтижесінде сөз ортасында дауыс-
тылардың «қысқарып» қысаңдауы: віл—«умирать» (сдл),
вёләр—«убивать»); (екінші) буынды қысаң дауысты әбден
қысқарып редукцияланады, піс —«вариться» (Спыш),
пез эр —«варить», шыв —«вода» (Ссуғ) шавар —
«орошать».
Чуваш вокализмінің енді бір ерекшеліктері соңғы заман-
дарда көбінесе татар тілінен ауысқан сөздердің құрамында
кездесуі. Олар: сөздің бас шеніндегі әдеттегі д (тіс аралық
қатаң дыбыс) орнына й айтылуы: ]луғав «ленивый»,
Іанаш «ошибка», ]амжак «мягкий» в протезасының айтыл-
мауы: 8ру «род, племя», уға «лук», уд8 «сено», урам «улица»,
утрав «остров», уга «позумент», ш дыбысының л-ға айнал-
май айтылуы: кёрёш «бороться», іраш «рожь», тёрёш «ста-
раться», хёмЗш «камыш», адаш «тезка», хуш «добавлять»,
адаш —«заблудиться», булаш «помогать», тужёк «перина»;
сөздің басында ч сақтауы, ал сөз соңындағы ч-ның ш-ға
айналуы: чуп «бежать^, че|ек «цветок», чЗм «нырять»,
аш «внутренность», айтылуы тиіс орындарында ротацизм-
нің айтылмауы: камйс «кумыс», тігес «ровный», к^с «глаз»,
тус «терпеть», пус «миткаль», тёгЗс «тесный», тузан «пыль»,
пас «портить», азав «клык», йзат «провожать».
Белгілі дәрежеде аралас тілдер қатарына татар, ұйғыр,
өзбек тілдері де жатады (мыс., сөз басындағы ] дыбыс-
тарының айтылуы). Бірақ бұлардың араластығы сыртқы
тілдердің (әсердің) нәтижесі емес, диалектілердің өзара
қатынасының нәтижесі. Түркі тілдерінде сөз басында қатаң,
ұяң дауыссыздардың алмасуы да диалектілік қарым-қа-
тынастың әсері болса керек.
Соңғы мың жарым жыл бойында түркі халықтары
басқа халықтармен жиі қарым-қатынасқа түсіп, өте көлемді
территорияға жайылды. Түркі тектес емес халықтармен
қатынастың барысында олардың сөйлеу тілі ассимиляция-
ланып, түркілік сыпат алды. Алайда, сонымен бірге түркі
тілдері «жеңілген» тілдердің ықпалынсыз қалған жоқ.
«Жеңілген» тілдердің жеке әсерлері диалектілік айырма-
шылықтар түрінде жайылып кетті. Кейде олар жалпы
түркілік сипаттың кейбір көріністері тәрізді ұғынылды.
5. Әр қилы жүйедегі тілдерді зерттеушілер үнді-европа
тілдеріне қарағанда түркі тілдері бір-бірінен соншалық
алшақ еместігін атап қөрсетеді. Олай болатыны — түркі
тілдерінің бір-бірімен қоян-қолтық жақын қоныстас болуы
біздің заманымыздан соншалық алшақ жатқан жоқ. Орта-
лық Азияның түркі тайпаларынЫң ортақ отаны болған
дәуір біздің заманымыздың алғашқы 7—8 ғасырларына
қатысты екені белгілі. ¥зақ уақыт қоян-қолтық қоныстас
болу олардың тілдерінің жақындасуына жағдай жасады.
Сөйтіп, территориялық жағынан бірыңғай орналасу жеке
тілдер құрамында тілдік ерекіпеліктердің бірыңғай қалып-
тасуына алып келеді. Тілдер құрамында бір негізден тарау
белгілермен қатар, қоныс бірыңғайлығынан туған ортақ
белгілер немесе ареалдық ерекшеліктер қалыптаса бастады.
Түркі тілдері ішінде территориялық белгілері жағынан
бірыңғай болып келетін Еділ бойы Ортаазиялық ареал-
дарды ажыратуға болар еді. Еділ бойындағы татар, баш-
құрт және чуваш тілдеріне ортақ белгілер деп чуваш тілінде
а-ның о(у)-ға ауысуын, а езулігінің татар, башқұрт тіл-
дерінде лабиалдыққа айналуын, үшеуінде де редукциялан-
ған дауыстылардың фонологиялық дәрежеге жетуін, қысаң
ерін дауыстыларының чуваш тілі мен татар тілі диалекті-
лерінде езулікке" айналуын атауға болады. Осылардың
әрқайсысы да көрші мари, пермь тілдерінде де байқалады.
Сол сияқты шығу тектері бірыңғай емес өзбек, қазақ,
ұйғыр, қырғыз, қарақалпақ, түрікмең тілдеріндегі ортақ
ерекшеліктер көбінесе қоныстас отырудың нәтижесі екен-
дігі дәлелденіп отыр.
ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАР ЖҮЙЕСІ
Түркі тілдерінде бір буынды сөздер құрамындағы
дауысты мен көп буынды сөздердің бірінші және келесі
буыңдарындағы дауыстыларды бір-бірінен ажыратып қа-
рау керек. Өйткені, бір буынды түбір құрамыидағы дауысты
әрі тұрақты, әрі сапалық жағынан басқа сөз құрамындағы
дыбысқа бағынышты емес. Көп буынды сөздер құрамында-
ғы дауыстыларда мұндай қасиет жоқ: олар көбіне айны-
малы болып келеді және сингармонизм, ұйғыр умлауты
тәрізді құбылыстар оларға қатты ықпал жасады. Оның
үстіне фонемалар жүйесін анықтау үшін комбинаторлық,
позициялық өзгерістер әсер етпейтін жағдайдағы дауыс-
тылар қарастырылуға тніс. Ал комбинаторлық, позициялық
өзгерістер әсер етпейтін жағдай тек бір буынды түбір
құрамында ғана болады.
В. В. Радлов төлеуіт тілінің вокализмін еске алып,
түркі ата тілінде 8 дауысты а, о, ө, у, і, а, у, ф (бұлар
қазіргі қарашай-балқар, қырғыз, құмық, түрік тілдерінде)
бар деп қараған еді. Кейін әзірбайжан тілінің ерекшелігін
ескеріп, олардың санын 9-ға жеткізеді (э). Кейінгі зерттеу-
лер көбіне Радлов ұсынған осы жүйеге сүйенеді. Кейін
Б. Я. Владимирцов пен Н. М. Поппе монғол вокализмінің
ерекшеліктеріне сүйеніп, түркі негіз тілінің (сондай-ақ.
түркі-монғол негіз тілінің) вокализм жүйесіне қосымша
мынадай фонемалар тән деп көрсетеді: іа/ чуваш тіліндегі
анлауттағы ]у, якутта а/, а немесе 8/ түркі а, чуваш, якут
і/, ё /е—мен салыстырғанда біршама жабық, чуваш
і/, 18/ чуваш у, басқа дауыссыздың өзгеруіне байланысты/1.
Дауыстылар сан жағынан қазіргі түркі тілдеріңде бір-
дей емес. Екінші сөзбен айтқанда, бір тілдегі дауысты
дыбыстар екінші бір түркі тіліндегі дауыстылармен сан
жағынан сәйкес келмейді. Мұндай әр қилылық, бір жағынан,
сол түркі тілінің негізін салған ру-тайпа тілдерімен ұш-
тасып жатса, екінші жағынан, олардың әрқайсысының та-
рихи дамуының да жемісі.
Түркі тілдерінің негізгі топтарында дауысты дыбыстар-
дың бөлінісі мына тәрізді болып келеді: әзірбайжан ті-
лінде—9, башқұрт—11, қарақалпақ—8, қырғыз—8, та-
тар —11, түрік —8, түрікмен —9, өзбек —6, ұйғыр —
8, чуваш —9, якут —8, алтай —8, ноғай — 11, тува —
8, шор — 8 т. б. Қазақ тіліндегі дауыстылардың саны әр
түрлі көрсетіліп отыр. Бірсыпыра оқулықтар мен зерттеу-
лерде 9 дауысты фонема бар дейтін тұжырым айтылады.
Қазақ тілінде 12 дауысты фонема бар деушілер дифтонгоид
дауыстылар немесе аса қысаң дауыстылар дейтін топты
көрсетеді де, оған бу, ки/ киім ки тәрізді сөздер құрамын-
дағы дыбыстар тіркестерін жатқызады. Дұрысында бұлар
жалаң дауысты дыбыстар емес, қысаң дауыстылар мен
дауыссыздардың қосындысы, тіркесі. Олай болса, қазақ ті-
лінде 9 дауысты дыбыс бар дейтін көзқарас шындыққа сай.
Дауысты дыбыстардың санын, сол сияқты сапасы мен
ерекшеліктерін анықтау үшін оларды фонетикада қалып-
тасқан принциптер бойынша топтарға жіктеу қажет. Сонда
ғана дыбыстардың жалпы түркілік ортақ қасиеттерімен
қатар түркі тілдерінің жеке түрлеріне ғана тән өзгешелік-
тері айқындалады.
Дауысты дыбыстар жасалу орындарына қарай, дыбыс-
талуына, еріннің қатысуына қарай және дыбысталу про-
цесінде тілдің көтерілу дәрежесіне қарай жіктеледі.
ЖУАН-ЖІҢІШКЕЛІК ДАУЫСТЫЛАР
Бірінші принцип бойынша дауыстылар жуан-жіңішқе
топтарға бөлінеді. «Жуан-жіңішке»— қазақ тіл білімінде
қолданылатын термин. Тіл жайлы әдебиеттерде жіңішке
дауыстыларды палаталь дауыстылары немесе тіл алды,
таңдай (передние, небные) дауыстылары деп атайды да,
жуан дауыстыларды — веляр немесе тіл арты дауыстылары
деп атайды. Жіңішке дауыстылар ауыз қуысының алдыңғы
16
бөлһгінде, жуан дауыстылар ауыз қуысының артқы бөлігінде
жаса^ады. Осыған сәйкес бүкіл түркі тілдеріне ортақ дауыс-
тылардың мынадай екі тобы жіктеліп шығады: жуан дауыс-
тылар — а, о, у, Т; жіңішке дауыстылар — а, б, з, у, і, ә.
Бұл жүйе тек өзбек тілінде ғана түгел емес: а, э, о, у, у, і.
Өзбек тілінде дауыстылардың жуан-жіңішкелік жүйесі сақ-
талмайды, яғни дауыстылар ондай топтарға жіктелмейді.
Өзбек тілінің бұл ерекщелігі иран тілдерінің әсерімен бай-
ланыстырылып жүр. Иран тілдерінің әсері өзбек тілінің
негізін салушы тайпа тілдеріндегі дауысты дыбыстардың
жуан-жіңішке жұптарын ажыратпайтын кейбір ауытқу-
лардың фонологиялық сипат алып орнығуына түрткі болса
керек2. Соның салдарынан қазіргі өзбек әдеби тілінің құ-
рамында басқа түркі тілдеріндегі ы — і, (-і), у — ү, о — ө
дауысты жұптарының орнына үш дауысты и, у, у ғана
айтылады. Яғни өзбек тілінде дауысты дыбыстардың саны
азайды да, олар өз ішінде, басқа түркі тілдеріндегідей,
жуан-жіңішке жұптарғажіктеле алмайтын дәрежеге жетті.
Алайда, өзбек сөйлеу тілі әдеби тілдің бұл ерекшелігін
сақтай бермейді. Өзбек тілінің қыпшақ тілі диалектісінде
дауыстылардың саны 8 және олар жуан-жіңішке болып 4
жұпқа жіктеледі. Дауыстылардың жуан-жіңішке топтарға
жіктелуі толық сақталмайтын тілдің бірі — ұйғыр тілі.
Дауыстылардың жуан-жіңішке түрлері барлық түркі
тілдерінде бірдей болып келмейді. I Дауыстысы қазақ,
татар, башқұрт, чуваш, ноғай, хакас тілдерінде ғана фоне-
малық мәнде қолданылады да, басқа тілдерде фонемалық
мәні жоқий (и) дыбысының (сирек сөзінің құрамындағы —
и-ге жақын) варианты есебінде ғана айтылады. Ә дауысты-
сы тек қана татар, башқұрт, әзірбайжан, түрікмен, ұйғыр,
қазақ тілдерінде, өзбек тілінің сингармониялық говорла-
рында айтылып, фонемалық мән береді. Дегенмен, осы
аталған тілдерде де бұл дауыстының айтылуы әр түрлі
болып келеді. Айталық, татар, башқұрт тілдерінде ә ауыз
қуысының ашылуымен дыбысталады да, сапалық жағынан
орыс тіліндегі а-ға жақындайды. Әзірбайжан, ұйғыр, татар,
башқұрт тілдерінДе ә түбір ішінде де, қосымшалар құра-
мында да айтылады, ал қазақ тіліңде тек қана бірінші
буында айтылады. Қолданылу жиілігі тұрғысынан әзірбай-
жан, ұйғыр тілдері алдыңғы орында, одан кейін татар,
башқұрт тілдері тұрады. Ең сирек айтатын тілдер — қа-
зақ, түрікмен тілдері.
Әзірбайжанда: әл (қол), әр (ер — мужчина), мән (мен),
сән (сен), кәс (кес); башқұртта: әтес (әтеш), сәғәт (сағат),
тәмәкә (темекі), кәрәк (нужно); татарда: әтәч (әтеш),
сәғәт (сағат), тәмәкә (темекі), тәгәрмәч (дөңгеілек);
ұйғырда: кәл (кел), кәт (кет), бәр (бер), кәң (кең),
тәрәп (тарап); түрікменде: кәтмен (кетпен), дәри(дәрі),
кәсе (кесе), дәне (дән).
Әзірбайжан, ұйғыр тілдеріндегі ә көбінесе көне түркі-
лік е (3) дыбысының орнына айтылады: көне түркі: мен,
сен, кес, кел, тер, әзірбайжан, ұйғыр: мән, сән, кәл, тәр т. б.
Сондай-ақ бұл тілдерде ә араб, парсы тілдерінен енген
сөздердің құрамында айтылады: мәктәп, шәһәр, дәрәх, кәм-
бағал — ұйғырша; мәктәб, шәрг (шарқ, шығыс), пәрәкәт
(қарекет, әрекет)— әзірбайжанда. Аффикстер құрамында ә
бұл тілдерде жуан — а-мен қатар айтылады: -лар, -ләр, -дан,
-дәл (ұйғырда — де-дын), -да, -де. Ұйғыр тілінде бұл
айтылғандардан басқа ә дыбысының қолданылуының
мына сияқты ерекшеліктері бар. Құрамында ә дыбысы
бар сөздерге кейбір аффикстер жалғанғанда, бір буынды
сөз құрамындағы о дыбысы е-ге айналады да, ал көп
буынды сөздің соңғы буынындағы ә дыбысы и-ре айналады,
бәл — бәлким, бел-иң, бел-и; қәләм — қәл-имим, қәл-им-иң.
Татар, башқұрт тілдеріндегі ә дауыстысы: 1. Басқа
тілдердегі а дыбысының орнына айтылады — бәйлә (бағла)
(байла), әйлән (айнал, айлан), әйт (айт), жәй (йәй, жай,
йай, жая) т. б. 2. Орыс тілінен енген және сол арқылы
келген байырғы сөздер құрамында а, о (айтылуы а) ды-
быстарының орңыңа— кәрзинке, шәл (шаль), кәрлә (кар-
лик), биварә (ведро) т. б. 3. Араб, парсы тілдерінен ауыс-
қан сөздер құрамында (әзірбайжан, ұйғыр тілдеріндегі
тәрізді) айтылады, сәлам, сәләм, қәләм, әгәр (егер), мәгәр
(бірақ, дёгенмен) т. б.
Дауыстылардың жуан-жіңішке болып жіктелуі, көне
ескерткіштер фактілеріне қарағанда, көне түркі тіліне
де жат болмаған. Алайда, ол тілде жуан-жіңішке нұсқа-
ларға жіктелу дәрежесі барлық дауысты фонемаларда бір
дәрежеде болмаса керек. Көне түркі ескерткішФерінің
фактілеріне жүгінсек, а/8, о/о, у/ұ (немесе ү) жіктелуі
фонологиялық жағынан тұрақты болып келеді де, і/і жік-
телуі қатаң сақтала бермеген. Тәуелдіктің III жағының
жалғауы мен тәуелдеулі табыс жалғауы сөз негізінің
сапасы қандай болса да жіңішке жалғанған. В. В. Радлов
осы ерекшелік жайлы айта келіп, мынадай мысалдар келті-
реді: қағані, қызі, сачі, субі, қағані, қызін, сачін, субін. Осы
сияқты ауытқулар басқа формалардың да жалғануынан
байқалады. Бұл фактілер сөздің соңғы буындарында і/і
жіктелуінің сақталғандығын дәлелдемейтіні айқын. Қазіргі
түркі тілдерінде дауыстылардың жуан-жіңішкелігіне негіз-
делген сөздер бар. Дауыстылардың жуан-жіңішкелігіне не-
гізделген вариантты сөздердің пайда болуы әсте жаңа дәуір-
лер жемісі болмаса керек. Ондай вариантты сөздер бір тіл-
дің құрамында да, сондай-ақ бірнеше тілдер құрамында да
кездесуі аталмыш құбылыстың түркі тілдерінің фонология-
лық тұрғыдан, әсіресе дауысты фонемалардың жуан-
жіңішке варианттарға жіктеліп тұрақталмаған кезінің кө-
рінісі болуы әбден ықтимал. Қазақ тіліндегі шай — шәй,
жай — жәй, Тыйын — тійін сөздері жуан-жіңішкелікке не-
гізделген варианттар. Алайда, бұл келтірілгендер көне
дәуірде қалыптасқандар емес, байырғы сөздерге ұқсастық
(аналогия) жасаудан келіп шыққандар, яғни жаңа кезең-
нің жемісі. Жуан-жіңішкелікке негізделген байырғы сөздер
тілдің құрамындағы элементтердің саралану процестерінде
жеке-жеке мәндерге ие болған: ақыраңдау — әкіреңдеу.
Жуан-жіңішкелікке негізделген вариантты сөздер бір-
неше тілдерді салыстыра қарағанда аса көп екендігі анық-
талады: тува — дыл, якут — тыл, қырғыз, ноғай, құмық,
өзбек — тил, қазақ — тіл, татар, башқұрт — тел; якут, ту-
ва — ыт, қазақ, қырғыз, ноғай, құмық, өзбек, түрік,
әзербайжан, түрікмен — ит; түрік —. йәшіл, басқа түркі тіл-
дерінде йашыл — (жашыл, жасыл); қазақ — жас, қырғыз —
йаш, башқұрт — иеш; қазақ — байланыс, башқұрт — бәй-
леніш; қЗзақ — жабыстыр, татар — йабыштыр, башқұрт —
йәбіштір; қазақ — өгүз, түрік — өкүз, якут — оғус; қазақ —
сегіз, якут — ағыс; қазақ — тыңда, татар, башқұрт —.
тыңла, түрік — дінле; қазақ, қарақалпақ — тық, түрік —
дік (қазақ тілінде бұл сөздің ұяң варианты — тік басқа
мағынада қалыптасқан), қазақ — байла, басқа тілдерде —
бағла, татар — бәйлә т. б. Дауыстылардың жуан-жіңішке
болып жіктелуіне негізделген вариантты сөздердің санын
бұдан да ұлғайта беруге болады. Мұндай сөздердің қалып-
тасуы түркі тілдерінің көңе дәуірінде дауысты дыбыстар-
дың осындай топтарының фонемалық мәнге ие болғанды-
ғын әсте дәлелдемейді. Фонемалық мәні жоқ, сөз мағынасын
ажыратуға бейтарап дыбыстар ғана сапалық жағынан
тұрақсыз болып келеді. Қазіргі түркі тілдеріндегі жуан-
жіңішкелікке негізделген вариантта сөздердің кепшілігі-
нің жеке тілдер құрамында дербес мағынаға ие болуы
соны дәлелдейді. Вариантты сөздердің дербес мән-мағы-
наға ие болуы көбінесе бір ғана тіл құрамына тән құбылыс.
Ал бірнеше тілдер арасында олар дыбыстық айырмашы-
лықтарға негізделген варианттар дәрежесінде қала береді.
Жеке тілдерде варианттардың дербес мәнге ие болуы бір-
ден болған жоқ, тілдің тарихи даму барысында оның құ-
рамындағы жіктелу (дифференциация) процесімен, әдеби
тіл аясында стильдік салалардың саралануы, жаңа ұғымдар-
ға атау беру процесімен байланысып жатады. Дербес
мәнге ие болу арқылы бір ғана фонеманың көріністері
болған дыбыстар фонемалық қызметке ие болып қалып-
тасады. Сондықтан қазіргі қазақ тіліндегі ырық, ірік, шаңқ,
шіңқ сөздерінің құрамындағы дауыстылардың қайсысын да
дербес фонема ретінде ұғынамыз.
Жуан-жіңішкелікке негізделген вариантты сөздердің
генезисі жайлы түркологияда әр түрлі көзқарастар айты-
лып келеді. Бір кезде В. В. Радлов вариантты сөздерде
жуан дауыстылардың жіңішке дауыстыларға ауысуы өте жиі
болатындығын көрсете келіп, оны неміс тіліндегі умлаут
құбылысымен еалыстырған еді. Оның ойынша, вариант
сөздер құрамындағы мұндай құбылыс (жуандардың жі-
ңішкеге ауысуы) соңғы буындағы жіңішке дауыстының
алдыңғы буынға әсерінен туса керек. Ұйғыр тілін зерттеу-
шілер вариант сөздер құрамындағы жуан дауыстылардың
жіңішке дауыстыларға ауысуын сөздің аңлаутында ] ды-
бысы айтылған жағдайда ғана мүмкін екендігін атап көр-
сетеді. ҰйғЫр тілінің фактілері бұл тұжырымды жоққа
шығармайтын тәрізді: йетиқ (жатқан), йерим (жарым),
йезиш (жазу, жазыс), йеңи (жаңа), йеқин (жақын).
Ұйғыр, өзбек тілдерінде, әсіресе, жуан ы(і) дыбысы құ-
рамында і дауыссызы бар сөздерде жүйелі түрде жіңішке
і дауыстысына айналады. Осындай құбылыс, жүйелі түрде
болмаса да, әзірбайжан тілінде кездеседі.
Вариантты сөздердің қалыптасуы жайлы түркологияда
басқа да пікірлер айтылды. М. А. Черкасский 1960 жылы
жарияланған «Тюркский вокализм и сингармонизм» дейтін
зерттеуінде вариантты сөздердің шығуы мен қалыптасуын
түркі тілдері құрылысының даму ерекшеліктерінен іздейді.
Оның ойынша, түркі тілдері де өз басынан полисинтети-
калық күйді откізген. Тілдің полисинтетикалық құрылымы
дауысты дыбыстардың сапалық тұрақсыздығын (себепсіз
ауысуын) жоққа шығармайды. Сөздер комплексті тұтас-
тықтарға бірігеді де, бүкіл комплекс сингармонизмге не-
гізделеді. Түркі тілдерінің немесе бүкіл алтай тілдерінің
тарихқа белгісіз өте көне дәуірінде жеке түбірлерден құ-
ралған комплекстің негізінде морфологиялық тұлғалардың
қалыптасуы әбден мүмкін. Бүгінгі түркі тілдері құрамын-
20
дағы бірсыпыра аффикстердің арғы негізі дербес сөздер
болғандығы талас туғызбайды. Жеке сөздердің аффикске
айналтаі комплекстер құрамында жүзеге асуы әбден мүмкін.
Алайда, дербес түбірлердің комплекске бірііуі сингармо-
низмге непзделді ме — мәселе сонда. Қазіргі тілдің фак-
тілері сөздердің комплекске бірігуі, сондай-ақ бүкіл ком-
плекстің тұтастық белгісі — дауыстылар үндестігі болды
дейтін тұжырымды дәлелдемейді. Бүкіл сөз құрамының
дауыстылар сапасы тұрғысынан бірдейлікке түсуі, екінші
сөзбен айтқанда, сингармонйзм жүйесіне бағынуы ком-
плекстің тұтастық ретінде ыдырап, оның компоненттері
дербестік дәрежеден айырылған кезеңде ғана мүмкін бо-
лады. Сондықтан түбірлердің комплекске бірігуі сингар-
монизмге негізделе алмайды.
АШЫҚ-ҚЫСАҢ ДАУЫСТЫЛАР
Барлық түркі тілдерінде дауыстылардың ашық, қысаң
топтары қолданылады. Дауыстылардың ашық және қысаң
сапалық топтарына жіктелуі ауыз қуысының ашылу дә-
режесіне нёмесе дыбысталу процесінде тілдің көтерілуі
дәрежесіне байланысты. Ашық дауыстылар ауыз қуысының
барынша ашылуы арқылы, қысаң дауыстылар сәл ғана
ашылуымен дыбысталады. Дегенмен, ауыз қуысының
ашылу дәрежесі барлық ашық дауыстылардың дыбыста-
луында бірдей дәрежеде бола бермейді. Фонетика маман-
дары ауыз қуысының барынша ашылуы арқылы пайда
болатын дауыстылар мен бір қалыпты ашылуынан пайда
болатын ашық дауыстыларды ажыратады. Түркі тілде-
ріндегі дауыстыларды бұл принцип бойынша топтастыр-
ғанда, бір жағынан, сапалық тұрғыдан олардың біркелкі
еместігін, екінші жағынан, сан жағынан әр түрлілігін кө-
руге болады. Жалпы, туыс тілдер арасында дыбыстардың
сапалық топтарының біркелкі болуы сирек кездесетін
құбылыс. Дауыстылардың ашық, қысаң сапалық топтары-
ның әр қилылығын түркі тілдерінің жеке топтарының әр
түрлі генезистің қалыптасып, дамуымен байланыстыруға
келе бермейді. Айталық, қыпшақ тобына жататын тілдер
құрамындағы дауыстылардың сапалық топтары бірдей емес.
Сондай-ақ әзірбайжан тілінде ашық дауыстылардың са-
ны — бесеу, қысаң дауыстылардың саны — төртеу болса,
хақас тілінде 4 ашық дауысты, 5 қысаң дауысты айтыла-
ды. Башқұрт пен татар тілдерінде — 2 (кейде 3 деп те
көрсетіледі) ашық дауысты, 8 түрлі жартылай қысаң, қысаң
дауыстылар айтылатын көрінеді. Бізбен көршілес. қырғыз
тілінде 4 ашық (және жартылай ашық) дауысты, 4 қысаң
(және жартылай қысаң) дауысты болса, өзбек тілінде
ашық дауыстының саны — 2, қысаң және жартылай қысаң
дауыстының.саны —4 болып келеді. Түркі тілдерінің қиыр
шығысында жатқан якут (саха) тілінде 4 ашық (және
жартылай ашық) дауысты, 4 қысаң дауысты бар. Ал онымен
шектес шор тілінде нағыз ашық дауысты—1, жартылай
ашық дауыстылар —3, қысаң дауыстылардың саны —4. Со-
нымен түркі тілдерінің арасында ашық-қысаң дауыстылар-
дың саны бірдей болып келетін тілдер аз. Қазақ тіліндегі
ашық, қысаң дауыстылардың саны -жоғарыда көрсетіл-
гендердің ішінде тек қана әзірбайжан тілінде қайталанады.
Жеке түркі тілдерінде ашық-қысаң дауыстылар сапалық
жағынан бірдей емес. Бір тілде айқын ашық айтылатын
дауысты екінші тілде сәл бәсең немесе керісінше болып
отырады. Барлық тілдерде сапалық жағынан ұқсас дыбыс-
талатын тіл арты жуан дауысты а. Ал басқа дауыстылар
туралы осындай тұжырым жасауға әсте болмайды. Мысалы,
о дауыстысы бір тілде айқын ашық дауысты болып ай-
тылса, екінші бір тілде айқын ашық естілмейді, сәл бәсең
айтылады т. б. Жеке тілдерге тән осындай ерекшеліктерді
ескере келгенде, түркі тілдерінің бір тобында дауыстылар
ашық және қысаң болып екі топқа бөлінсе, екінші бір
тобында үш түрлі сапалық топқа: ашық, жартылай ашық,
қысаң топтарға ажырайды. Кейбір түркі тілдерінде қысаң
дауыстылардың өзі сапалық, жағынан екі түрлі болып
келеді: жартылай қысаң (яғни қысаң мен ашық дауыс-
тылардың арасы) және айқын қысаң. Еділ бойы түркі
тілдеріндегі қысаң дауыстылардың мұндай түрі басқа
тілдерде қайталана қоймайды. Осы ерекшеліктердің бар-
лығын ескере келгенде түркі тілдерін дауыстылардың
сапалық түрлері ыңғайына қарай мынадай шағын топтар-
ға шартты түрде жіктеуге болады:
1) Дауыстылар 2 топқа: ашық және қысаң болып жік-
телетін тілдер: якут, алтай, тува, қырғыз, балқар тілдері.
Бұл тілдерде де, жоғарыда айтылғандай, дауыстылар
ашық, қысаң болып екі топқа жіктеледі: а, э (а), о, о—
ашық дауыстылар, ё, і, у, ү — қысаң дауыстылар. Бұл тіл-
дердегі дауысты фонемалардың саны —8.
2. Дауыстылар үш топқа: ашық, жартылай ашық және
қысаң немес ашЫқ, жартылай қысаң, қысаң болып жік-
телетін тілдер: әзірбайжан, қарақалпақ, башқұрт, татар,
чуваш, қазақ, хакас т. б. Бұл тілдердегі ашық-қысаң (ашық;
жартылай ашық, қысаң немесе ашық жартылай қысаң, қы-
саң) дауыстылардың саны 9, кейде 11 -ге дейін барады.
Бұл топқа жататын тілдердегі дауыстылардың сапалық
бөлінісін байқау үшін әзірбайжан тілі мен хақас тілдерін-
дегі дауыстыларының жіктелуі үлгісін келтіру орынды:
езулгктер еріндіктер
ашық — а а о о
әзірбайжан: жартылай
ашық э
қысаң Т і У У
ашық а э о о
хакас: жартылай
қысаң I
қысаң Т і У У
Қакас тілінде э дыбысы айқын ашық болып айтылса,
әзірбайжан тілінде жартылай ашық түрінде айтылады.
Оның есесіне хакас тілінде ашық £ (қазақ тіліндегі ә)
дыбысы жоқ. Сондай-ақ хакас тілінде әзірбайжан тіліндегі
қысаңнан гөрі ашыққа жақын айтылатын дауыстылар
қатары жоқ болса, әзірбайжан тілінде қысаңға жақын айты-.
латын дауыстылар қатары жоқ. Сонымен, бұл тілдерде
дауыстылардың жалпы саны бірдей болғанмен, олардың
сапалық түрлері бірдей емес.
Дауыстылардың ашық, қысаң топтарға жіктелуі түркі
тілдерінің генезистік ерекшеліктерінің қатарына жата ма,
әлде тілдердің тарихи даму барысында пайда болған ерек-
шелік пе? Бұл сұраққа жауап беру үшін қазіргі түркі тіл-
дерінде, соның бірі қазақ тілінде кездесетін мынадай екі
тұрлі құбылыстарды еске алу керек: біріншіден, қазіргі
түркі тілдерінің қайсысында дауысты фонемалардың ашық,
қысаң варианттары фонемалық қызмет атқарады. Бұл
ерекшелік дауыстылардың ашық не қысаң айтылуы сөз
мағынасына бейтарап еместігін көрсетумен бірге, оның жа-
ңа, кейінгі даму барысында қалыптасқан құбылыс екендігін
дәлелдейді. Екіншіден, қазіргі түркі тілдерінің қайсысында
да айырмашылығы ашық, қысаң дауыстыларға негізделген
вариант сөздердің тобы қолданылады. Оларды вариантты
сөздер деп атау басқа сөздерден ерекшелеу мақсатынан
туған. Мағыналық дербестік тұрғысынан оларды вариантты
деп қарауға келмейді. Қазақ тілінде бұл топқа мына сөз-
дерді жатқызуға болар еді: арсылда — ырсылда, сатыр —
сытыр, аңқылда — ыңқылда, маңқылда — міңкілде, жал-
тыл — жылтыл, тайа — тіре, шаңқыл — шіңкіл, тақыл —
тықыл, жалпыл — желпіл т. б. Бұл келтірілген сөздердің
қайсысы да бір-бірінен мағынасы жағынан жіктелгендер.
Ал, әдеби тіл мен диалектілер арасында осындай айыр-
машылыққа негізделген варианттар да кездеседі: ояу — ұяу,
сөндіру — сүндіру, өткел — үткел, көңіл — күңіл, тұман —
тыман, бұлақ — бцдақ, мұздау — мыздау, ұрлау — ырлау
т. б. Соңғы мысалдарды барлай қарағанда, тек ашық дауыс-
тылардың қысаңға айналуы ғана емес, сол сияқты дауыс-
тының жартылай ашық дауыстығы (ояу — ұяу) айналуын,
ал жартылай ашық дауыстының әбден қысқарып, шрлақ
қысаңға айналуын көруге болады: (бұлақ — былақ, сөн-
діру — сүндіру, көңіл — күңіл). Дауыстылардың осындай
ауысуы барқа түркі тілдерінде де кездеседі. Н. А. Баскаков
алтай тілінің Куманды диалектісінде о>у, ө>ү ауысулары-
ның жиі кездесетіндігін айтады3. Ал, көне түркі ашық дау-
ыстыларының қысаңдарға ауысуы башқұрт, татар тілдерінде
заңды қалыптасып кеткендігі белгілі4. Ол тілдерде ашық-
қысаң сәйкестігіне негізделген паралель сөздер де мол
кездеседі. Чуваш, якут тілдерінде басқа түркі тілдерінде
сөз басында айтылатын ашық дауысты а дыбысының
орнына қысаң ы дауыстысының айтылуы осы құбылыстың
бір көрінісі. Бұл фактілердің барлығы дауыстылардың
ашық-қысаң топтарға жіктелуі түрқі тілдерінің генезистік
заңдылықтарының қатарына жататындығын дәлелдейді.
Әрине, мерзім жағынан ашық-қысаң негізінде вариантты
сөздердің жасалуы алғашқы құбылыс та, ашық-қысаң фор-
масында қалыптасқан сөздердің дербес мәндерге ие болуы
екінші дәрежелі құбылыс.
Дауыстылардың жіктелуінің ашық және қысаң топтарға
жіктелуі байырғы да, аралық топтардың — жартылай ашық,
жартылай қысаң топтардың кейбір тілдерде қалыптасуы
жеке тілдердің тарихи дамуының барысында орныққан.
Тілдердің біразында, әсіресе оңтүстік-батыста орналасқан
оғыз тобында жартылай ашық айтылатын э дыбысы орнық-
қан. Бұл дыбыс,бір жағынан, ашық дауысты сәйкес те,
екінші жағынан, аса қысаң і дыбысына сәйкес келеді.
Әзірбайжан тіліндегі э түркі тілдерінің аса ежелгі дәуірле-
рінде бірінші буында айтылған созылыңқы дауыстының
қыскдрып, қалыпқа түскен түрі, ал а дауыстысы — сол ке-
зеңде қалыпты айтылған дауыстының қазіргі көрінісі. Оғыз
тілдерінің бірі — түрікмен тілінде э дыбысы көне дәуірлерде
қалыпты айтылған дауысты дыбыстың орнына қалыптасқан
да, созылыңқы дауыстының орнын созылыңқы а, Т ды-
быстары басқан. Сондықтан әзірбайжан ак, түрікм. эк
(ек), әзірб. ал. түрікм. эл (қол), әзірб. ала, түрікм. элэ
(еле), әзірб. бәш, түрікм. баш, якут біэс (бес]з — р,
якут сіэ (же), әзірб. до, түрікм ді» якут діэ,— дэ (де),
әзірб. гет, түрікм гіт (кет) т. б.
Татар, башқұрт, чуваш тілдерінде жоғарыда көрсетіл-
гендей жартылай қысаң дауыстылардың қатары қалыптас-
қан: 1, 1, о, б. Бұл құбылыс тек Еділ бойындағы тіл-
дерге тән. Ол тілдерде (башқұрт, татар) жуан, ашық а
дыбысынан басқа ашық дауыстылардың бәрі қысаңданып,
қысаң дауыстылар, керісінше бір шама айтылатын дәре-
жеге жеткен. Бұл бір ғана аймаққа тән, басқа тілдермен жиі
әрі ұзақ қатанастың негізінде қалыптасса керек..
Қазақ, қарақалпақ, ноғай тілдерінде жартылай ашық э
дауыстысымен қатар шығыс тілдерінен енген сөздер құ-
рамында 3 дыбысы қалыптасқан. Сөйтіп, түркі тілдерінің
көпшілігінде екі варианттар тұратын фонема үш вариантты
болып шыққан: а/ ъ/ э, Қазақ, қарақалпақ тілдерінде
дауыстылар мен дауыссыздар тіркесінен қысаң дифтонгоид
дауыстылар қалыптасқан: ит (ійт), жи (жый), ти (тый),
итер (ійтер) т. б. Алайда, бұларды дербес дауысты фоне-
малар деп санауға негіз жоқ. Өйткені, бұлар, жоғарыда
айтылғандай, дауыстылар мен дауыссыздар тіркесінің
айтылуда бірігуінің нәтижесі. Сонда дифтонгоид дыбыстың
алғашқы сыңары (қысаң дауысты дыбыс) буын сапасын
ғана айқындайды да, өзінен кейінгі дауыссыз сыңармен
бірлікте айтылғанда ғана фонемалық мәнге ие болады.
Түркі тілдерінің біразында ұшыраса қоймайтын бұл дыбыс-
тардың бар ерекшелігі осында. Дегенмен, кейбір түрколо-
гиялық әдебиеттерде бұларды дауыстылардың принциптік
төртінші тобы деп түсіндіру бар. Мұндай тұжырымның
негізсіз екендігі, ең алдымен, дифтонгоидтарды құрайтын
дауысты сыңарлардың өз алдына принциптік топ бола
алмайтындығында жатыр.
ЕЗУ, ЕРІН ДАУЫСТЫЛАРЫ
Дауыстыларды жіктеудің үшінші принципі — ерін қа-
тысына қарай жіктеу. Дауыстыларды жіктеудің бұл прин-
ципі түркі тілдерінің барлығына бірдей тән құбылыс. Алай-
да, дауыстылардың еріндік пен езулікке жіктеу дәрежесі
барлық түркі тілдерінде бірдей емес. Жалпы түркі тілдерін
шолғанда, олардың кейбіріне ортақ болатын жіктелу мына
құрамда келеді: езуліктер — а, а, і, і, еріндіктер — о,
б, У, Ү- Барлық түркі тілдерінде ортақ деп қаралатын бұл
жүйе бойынша әрбір езулік дауыстыға бір еріндік дауысты
сәйкес келеді. Алайда, түркі тілдерінде негіз болған осы
жүйеден ауытқушылық кездесіп отырады. Ондай ауытқу-
лардың негізгі түрлері мына тәріздес: өзбек, белгілі дәре-
жеде татар, башқұрт тілдерінде езулік жуан а дауыстысы
біршама айқын білінетін еріндік мәндермен айтылады. Өз-
бек тілінде еріндік мәндермен айтылудың күштілігі
сондай, ол тілде айқын езулік болып айтылмайтын а және
еріндік мәнермен айтылатын а сөз мағынасын ажыратады,
яғни олар фонемалық мән алған. Ал, чуваш тілінде езулік
жуан а дыбысының еріндік мәнермен айтылуы тілдің даму
барысында оның жеке диалектілік топтарында еріндік
о, у дыбыстарына айналуына жағдай жасаған. Мысалдар:
қора (сын есім), қара (етістік), қази (етістік), қозақ (зат
есім), таниш (таныс), тонмақ (тану, танбақ), танг (тар,
іші тар), тонг (таң атты), там (дәм), том (үйдің төбесі,
үй тап) топ етті (еліктеуіш), топмақ (табу, таппақ), қат
(қабат, қат-қат), қотмоқ (қату, қатаю) сал (сәл, сәл-пәл),
сол (сал, зат есім), солмақ (салу), санамақ (санау),
сон (сан^ дене мүшелері), сон (сан есім), алам (ауру,
науқас, азап), олам (әлем), асл (асылы, негіз), осилмақ
(асылу), аччақ (ашыған, ашып кеткен), очик (ашық) т. б.
Бұлар өзбек тілінің өз құрамында а дыбысының еріндік
мәнермен айтылуының фонемалық дәрежеге жеткендігін
дәлелдейді. Басқа көптеген түркі тілдерінде айтылатын
жуан езу дауысты өзбек тілінде жабық а немесе о түрінде
айтылуы, жоғарғы фактілерді еске алмағанда, мыналардан
көрінеді: қазақ, басқа тілдер ат, өзбек — от; қазақ, басқа
тілдер — ата; өзбек — ота; қазақ, басқа тілдер — бала;
өзбек — тош; қазақ, басқа тілдер — тамақ//тамғақ; өз-
бек — томақ; қазақ, басқа тілдер — қасық, қашық; өзбек —
қошақ; қазақ, басқа тілдер — балта; өзбек — болта; қазақ,
басқа тілдер — мал; өзбек — мол; қазақ, басқа тілдер —
бас//баш; өзбек — бош; қазақ, басқа тілдер — бар//пар
(етістік); өзбек — бор; қазақ, басқа тілдер — тарт//дәрт;
өзбек — торт; қазақ, басқа тілдер — айақ/ /адақ//атақ;
өзбек — сеқ (ойоқ) т. б. Алайда, түркі тілдерінің барлы-
ғына ортақ болып келетін бірсыпыра сөздер өзбек тілінде
де а езулігімен айтылады: қара, айрим, сариқ, мақта (етіс-
тік) т. б. Сонымен қатар, өзбек тіліне орыс тілі арқылы
енген сөздер құрамында а, о дыбыстары сол қалпында
айтылады. Ал, қазақ тілінің түбір құрамындағы о өзбек
тілінде у түрінде айтылады.
Басқа тілдермен, әсіресе қазақ тілімен салыстырғанда,
татар, башқұрт тілдерінде а жуанырақ қатаңдау естіледі.
Өйткені, ол тілдің артқы жағынан, көмейден шығады. Сон-
дықтан басқа буын құрамындағы а татар, башқұрт тіл-
дбрінде дифтонг тәріздес оа түрінде естіледі. Тек соңғы
буындар құрамында ғана таза а қазақ тіліндегідей естіледі.
Алайда, бұл тілдердегі а дыбңсының еріндік мәнермен
айтылуы фонемалық мән алмаған. Ал басқа түркі тілдеріңде
бірінші буында айтылатын о татар, башқұрт тілдерінде у
түрінде естіледі: ул (ол), ул (он), йуқ (жоқ), уқ (оқ)
т. б. Чуваш тілінде түркі сөздерінің құрамындағы а, у түрінде
айтылады: ула (ала), улма (алма), сула (сал), пур (бар),
утам (адым, қадам), хура (қара), сухал (сақал), туп (тап),
чун (жан), сут (сот) т. б. Сонымен бірге, чуваш тілінің
басқа диалектісінде о түрінде де айтылады, Чуваш тіліндегі
бірсыпыра сөздер құрамында тува, якут тілдеріндегі сияқты
жалпы түркілік а орнына қысаң ы айтылады: сыхла (сақта),
хыта (қатты), пыл (бал, пал).
Алайда а жуан дыбысының еріндік мәнер алуы, жоғарғы
фактілерден байқалатындай, жалпы түркілік құбылыс емес.
Сондықтан түркі негіз тілінде ондай ерекшелік болған
немесе а (о) у тәрізді еріндік дыбыстардың сәйкестігі
болған деп қарауға негіз жоқ. Зерттеушілердің біразы
бұл құбылысты субстрат теориясымен, яғни белгілі бір
тіл құрамындағы жеңілген тілдің қалдығы деп қарайды.
Ал енді бір топ зерттеушілер оны тілдің ішкі даму заңды-
лығының ерекшелігі деп қарайды. Қазіргі түркі тілдерінен
осы екі көзқарастың екеуін де дәлелдейтін фактілер табуға
болады. Өзбек тіліндегі а-ның о-ға айналуын, сол сияқты
чуваш тілінде а-ның у мен о еріндіктеріне айналу құбылысын
ішкі заңдылықтың ерекшелігі деп қарауға жеткілікті дәлел
жоқ. Бұл тілдердегі а езулігінің еріндік дыбыстарға
айналуын олардың құрамына енген тайпа тілдерінің немесе
тілдердің әсері деп қарауға негіз бар. Өзбек халқының
құрамына тек қана түркі тайпалары емес, иран тектес
халықтардың да орта ғасырларда сіңісіп кеткені тарихи
шындық. Көшпелі түркілер Орта Азияның егін жайы мен
қалаларын жаулап алумен қатар олардың тұрғындарын да
ассимиляцияға ұшыратты. Қандай тіл болмасын, қолдану-
дан шыққан уақытта да ол өз ізін қалдырады. Өзбек
тілі құрамындағы әңгіме болған құбылыста да солай деп
қарауға ңегіз бар сияқты. Чуваш тіліндегі құбылысты да
осыған ұқсас деп қарау қолайлы. Сонымен қатар езуліктің
еріндікке айналуы кейде фонетикалық қоршаудың нәтижесі,
екінші сөзбен айтқанда, комбинаторлық өзгерістің бір түрі.
Езулік дауыстымен көрші не бір тіркесте айтылатын дауыс-
сыздардың әсерінен алғашқының (езулік а дыбысының)
еріндікке айналуы әзірбайжан, татар, башқұрт, ұйғыр,
эңизодтық ыңғайда хакас, якут т. б. тілдерде кездеседі.
Мысалы, татар зерттеушісі Л. Заляй Қазан татарлары
қьора (қара) деп атайды, ал мишарлар (мишар диалек-
тісінің өкілдері) қара деп таза езулік а арқылы сөйлейді деп
жазады5. Сол сияқты, әзірбайжан диалектілерінде — бош,
боба, бормасдован, това, попағ, ұйғыр тілінде — бовай,
момай, хакас тілінде — обом, побом, якут тілінде — хотун,
хомус, ордух6. Бұларды қазақ тілінде (сондай-ақ көпшілік
түркі тілдерінде) бас, баба, бармақ, табан, таба,//тапа,
папақ, бабай, мама, аң (басқа тілдерде ав, ау (ағам, папам,
қатын, қамыс, артық) кейбір тілдерде артуқ) деп, езулік
айқын а дыбысымен айтылатыны белгілі. Дауысты дыбыс
еріндік немесе еріннің қатысуы арқылы жасалатын дауыс-
сыздармен немесе кішкене тіл қатысымен жасалатын қатаң
дауыссыздармен бір тіркесте келген. Сондай фонетикалық
қоршаудың комбинаторлық өзгеріске себеп болуы әбден
ықтимал. Оның үстіне түркі тілдерінің бірсыпырасында
көрші еріндік дауыссыздың әсері мен қысаң езуліктер
қысаң еріндіктерге айналу. құбылысы кездеседі: Қазақ:
мін, тува: мун, түрікмен: мүн, ұйғыр: мін //мүн, қазақ:
шірі, әзірбайжан: чүрү, түрікмен: чүйре, ұйғыр: чірік (чү-
рүк), қазақ: жіп, түрікмен: йүй, қазақ: жібек, түрікмен:
йүпәк т. б.
Түркі тілдерінің біразында жоғарыда айтылғанға кері
құбылыс (еріндіктердің езуліктерге айналуы) ұшырасады.
Чуваш тілінде бұл, басқа тілдермен салыстырғанда, әлде-
қайда жиі ұшырайды: мый (мойын), пелет (бұлт), петем
(бүгін), кемел (күміс, күміш), тиле (түлкі, түлкү), тегі
(.түп), тетем (бүтін, бүтүн), сер (жүз), кел (күл), телек
(түс көру), сет (сүт), қан тырла (күндіз), виссо (үш, үч)
т. б. Осындай құбылыс хакас, алтай, якут т. б. тілдерде
де ұшырасады: алтай — дымыртқа (жұмыртқа) мына (мү-
ны), аны (оны), тонақ (түмсық мүрын); хакас — пызо
(бүзау), якут — чылты (жүлдыз), былыт (бұлт), сымыт
(жұмыртқа) сырыт (жүру) т. б.
СОЗЫЛЫҢҚЫ ДАУЫСТЫЛАР
Дауысты дыбыстарды жіктеудің жоғарыда аталған
принциптері, бүдан бүрын аталғандай, түркі тілдерінің бар-
лығына дерлік тән құбылыстар. Сондықтан барлық тіл-
дерге тән құбылыстардың жеке тілдердегі ауытқулары
айырықша назар аударуды қажет етеді. Жеке тілдердегі
бинарлық топтар арасындағы сәйкестіктің сақталуы бірде
экстралингвистикалық себептерге байланысып жатса, бірде
субстраттық ерекшеліктермен немесе тілдің ішкі заңдылы-
ғымен ұштасып жатады. Сонымен бірге, дауыстылардың
барлық түркі тілдеріне емес, жеке тілдерге ғана тән болып
келетін сапалық топтары бар. Олар негізінен дыбыстардың
жасалу процесінде дауыстың мөлшеріне негізделген. Сон-
дықтан оларды дауысты дыбыстардың өлшемдік жіктелуі
деп те қарауға болар еді. Сондай топтардың бірі — созы-
лыңқы дауыстылар. Созылыңқы дауыстылардың жіктелуі
әдеттегідей (нормалы) дыбысталатын дауыстылармен са-
лыстыра қарағанда мүмкін екендігі белгілі. Соңғы топ
(әдеттегідей дыбысталатындар) түркі тілдерінің барлығын-
да бар. Ал, созылыңқы дауыстылар немесе дауысты дыбыс-
тардың созылыңқы айтылуы барлық тілдерде емес, алтай,
қырғыз, гагауз, түрікмен, тува, хакас, шор, якут тілдерінде
ғана бар. Осы аталған тілдерде дауыстылардың созылыңқы
немесе әдеттегідей дыбысталуы фонемалық дәрежеге
жеткен. Сондықтан ол тілдердің фонетикалық жүйесі жайлы
сөз болғанда, созылыңқы дауыстыларға тоқтамай кету мүм-
кін емес. Ең алдымен, түркі тілдерінің көне дәуірлеріне
түркі негіз тілінде дауыстылардың созылыңқы дыбысталуы
болған ба?— дейтін мәселеге тоқталу қажет. Түркологияда
бұл мәселе туралы әр түрлі көзқарас айтылды. Зерттеуші-
лердің бір тобы түркі негіз тілінде бар деп қараса, екіншіле-
рі созылыңқы дауыстылар жеке тілдердің даму процесінде
қалыптасқан деп есептейді. Алайда, Орхон-Енисей ескерт-
кіштерінде, одан кейінгі Махмуд Қашқаридің «Диуанында»
созылыңқы дауыстылардың айрықша белгілермен белгіле-
нуді, олардың кейін пайда болғанын дәлелдейді. Енисей
жазбаларында а дауыстысынын таңбасы әдетте жазылмай-
ды, бірақ созылыңқы а дыбысын білдіретін жағдайда түсі-
рілмей жазылып отырады. Сондай-ақ Қашқари қалыпты
дыбысталатын а-дан айрықша созылыңқы а дыбысын
(қос әріп арқылы) белгілеген. Түркологияда созылыңқы
дауыстылардың екі тобы жіктеліп айтылады: алғашқы не-
месе түркі негізі тілінен келе жатқан созылыңқылар, кейін
қалыптасқан созылыңқылар. Алғашқы созылыңқы дауыс-
тылар қатарына якут, түрікмен тілдеріндегі созылыңқылар
жатады да, басқа тілдердегі созылыңқылар кейін қалып-
тасқан екінші реттегілер деп қаралады. Түрікмен, якут
тілдеріндегі созылыңқыларды «алғашқылар» деп танудың
себебі мынадай: бұл тілдерде созылыңқы дауыстылармен
айтылатын жалпы түркілік сөздер басқаларда әдеттегідей
дыбысталатын дауыстылармен айтылады. Осы себептен
оларды түркі негіз тілі дәуірінен қалған жүйе деп қарайды.
Қосымша ескертетін бір жай — якут тілінде созылыңқы-
лармен қатар басқа түркі тілдеріндегі әдеттегідей дауыс-
тыларға, түрікмен тілінде созылыңқы дауыстыларға сай
айтылатын үдемелі дифтонгілер (восходящий дифтонг)
де бар.
Сонымен алғашқы созылыңқылар тек якут, түрікмен
тілдерінде сақталған да, басқа тілдерде дыбыстардың
позициялық өзгерістерінің нәтижесінде пайда болған екін-
ші реттегі созылыңқылар бар. Дегенмен, созылыңқыларды
алғашқы, екінші реттегілер деп бөлу тарихи тұрғыдан ғана.
Ал, тілдің бүгінгі жүйесі тұрғысынан былайша жіктеудің
пәлендей принциптік мәні жоқ.
Якут тілін зерттеушілердің байқауы бойынша, якут тілі
созылыңқы дауыстыларды жиі айту жағынан да, саны жа-
ғынан да басқа түркі тілдерінен (созылыңқы дауыстылар
бар) ерекше. Якут тіліндегі созылыңқы дауыстылардың
саны 8 (соншалық әдеттегідей дауыстылар бар), олар
сапалық жағынан да, қолданылуы жағынан да түрікмен
тіліндегі сондай дауыстыларға ұқсас. Якут тіліндегі созы-
лыңқы дауыстылардың түрікмен тіліндегі сияқты, шығуы
мен қалыптасуын белгілі бір позициялық өзгерістермен
түсіндіру мүмкін емес. Якут тіліндегі созылыңқылардың
жеке түрлері мен қолдану орындары мына сипатта болып
отырады: созылыңқы а таас (тас), зат (ат)-, баар, аас,
хаас (қас); созылыңқы у: уу (су), улуу (ұлы, үлкен),
УРУУ (РУ, тұқым), уол (ұл), туора (тура, түзу); созы-
лыңқы ы: қыыс (қыз, қыз бала), асыы (асуы), ыыт (ытыру,
жіберу, жөнелту); созылыңқы и: қиир (кір, үйге кір),
биил (бел), тиис (тіг), созылыңқы ү: түүн (түс, түс көру),
үүт (сүт), түүр (түру, орау), түүн (түн); уо, ұо дифтон-
гілері: (ат), үос (от), күөл (көл), туал (тол, туға тол),
түәс (төс), туора (тура), суол (жол), суох (жоқ), буол
(бол), суон (жуан); иэ үдемелі дифтонгі: биэс (бес),
биер (бер) т. б. Осымен байланысты якут тілінің үдемелі
дифтонгілерінің мына ерекшелігін де айтып кету керек.
30
Якут тіліндегі үдемелі дифтонг басқа түркі тілдеріндегі
(түрікмен т. б. тілдерінен басқа) дауысты — г (ғ) немесе
қ (х), кейде ғ (г), немесе қ (к) мен дауысты дыбыс
тіркестеріне, әлде үзілмелі дифтонгіге (исходящий диф-
тонг) сәйкес қолданылады. Қазақта ұл, басқа тілдерде —
оғыл, ұгыл, якут — уол, қазақта — үйрен, басқа тілдерге
өгрен, ойрен, якутта — үәрэн, қазақта — бауыр, басқа
тілдерде — бағыр, якутта — быар т. б. Сөйтіп қазақ тілін-
де аса қысаң дауыстылар орнына якут тілінде үдемелі
дифтонгілер айтылады. Ондай дифтонгілердің бірінші буын
құрамайтын сыңары қысаң дауысты, екінші буын құрайтын
сыңары ашық дауысты болып келеді: у-о, ү-е, ы-а т. б. Соны-
мен,.якут тіліндегі үдемелі дифтонгілерді ғ, г дауыссызда-
рының дауыстылармен тіркесінің өзгеру ерекшеліктерімен
байланыстыра қарауға мүмкін екендігін көруге болады.
Якут тіліндегі созылыңҚылар тек түбір сөздер құра-
мында ғана айтылып қоймайды, жеке морфологиялық
формалар құрамында да айтылады. Мына морфемалар
созылыңқы дауыстылармен дыбысталады: а) қимыл есім
қосымшасы— ыы//ии, -уу//үү: кәл//кәлии (келу), тур,
туру (тұру). Бұл қазақ тіліндегі — у формасының мәнін
береді; ә) кәсіп иесін білдіретін қосымша — ааччы//-ээччи,
-ооччу//-өөччу: суруй (жаз), суруйааччы (жазушы), бил
(біл), билээччии (білгіш); б) чаан/чеен, чоон/чеен. Бұл
тұлға қазақ тіліндегі кішірейту, еркелету мәнін беретін —
-қан, -қай тәрізді қосымшалардың мәнін береді. Бүөтүр
(Петр), Бүөтрчээн (Петенька); в) -лыын/ -тыын/-дыын/
-ныын — құралдық мән беретін (қазақ тіліндегі көмектес
септік) қосымша: хаас (қаз), хаастыын (қазбен); г)
(-лаағар), (-таағар), (-дағаар), (-наағар)—салыстырмалы
септік қосымшасы, яғни қазақ тіліндегі -дай/-дей қосым-
шасының қызметін атқарады: кустаағар (құстай, құстан
артық (кем)) эпеттәәғер (аюдай, аюға қарағанда); ғ)
-лаах//-таах//-даах//-наах. Кісілік иелікті білдіретін қо-
сымша, яғни қазақ тіліндегі -лы қосымшалы кісі есімде-
рінің, кісіні білдіретін сөздердің мәнінде айтылады:
ағалаах (әкелі), қыыстаах (қызды, қызы бар); д) -лаағы//
таағы/-даағы қазақ тіліндегі — дағы аффиксінің орнына
қолданылады: тыатаағы (тайгадағы) т. б.
Түрікмен тіліндегі созылыңқы дауыстылар да сан жа-
ғынан да, сапа жағынан да якут тіліндегі созылыңқылармен
орайласып жатады. Түрікмен тіліндегі созылыңқылар көп
ретте дауыссыз дыбыстар ыңғайында бірдей дыбысталатын
сөздерді мағыналық жағынан жіктеп тұратын айырым белгі
болып қолданылады. Олар Н. К. Дмитриевтің көрсетуінше,
мына төмендегідей реттерде сөз мағынасын ажыратады:
А-а: ақ (сын есім), ақ (етістік), аз (азу, азды, жолдан
азды), аз (аз, сын есім), арт (арты, арқа, ту сырты); арт
(етістік, жүк артты), ашық (ғашық), ашық (асық, зат
есім), бар (бар, модаль сөз), бар (етістік), дат (тас) —
даш (алыс, қашық, сырт), газ (қаз, зат есім), газ (етістік)
т. б. О-о: е (ои) қ (жоқ) ёк (йоқ) (жұғынды), тбз (тозаң),
тоз (тоз, етістік) т. б. Ө-ө: өлим (түйе сүтінің қаймағы),
өлим (өлім, зат есім), сөк (ұрыс), сөк (бір нәрсені сөк),
өт (зат есім, малдың өті), өт (өтістік, судан өт) т. б. И-и:
бил (бел, зат есім), бил (етістік), иш (іс, зат есім); йш
(етістік); Ы-ы: гыз (қыз, зат есім), ғыз (қыз, етістік),
сыр (етістік, сыдыр, сыйыр), сыр (зат есім, біреудің сыры),
сығыр (сықыр), сығыр (сиыр); У-у: уч (бір нәрсенің
ұшы), -уч (етістік); бут (бұт, аяқ), бут (идол, тұтқа
табыну), дул (кереге), дул (тұл қалау); ү (үй), ү: дүш
(түс, түс көру), душ (түс, етістік), түйір (жина), дүр
(Інжудүрді — кісі аты); Ә-ә: кәл (сай, шалшық), кел (оң-
баған), әт (адымда — етістік), таңдай (зат есім), ет (істе —
етістік, ет — зат есім), дәри (дәрі), дери (тері), чәк (шека-
ра), чек (тарт, сүйре), т. б. Бұл келтірілген сөздердің
барлығында дауыссыз дыбыстар бірдей де, айырмашылық
олар білдіретін мағыналарда ғана. Ал мағыналық айырма-
шылық дауыстылардың айтылу мөлшерінен ғана белгілен-
ген. Бұл жерде, сонымең дауыстылардың созылыңқы
айтылуы фонетикалық қызметке ие болған. Соңғы дауысты
дыбыс жайлы мынаны ескерту керек: түрікмен тіліндегі
э дауысты е дыбысынан дыбысталу мөлшері жағынан
ғана емес, сапасы мен жасалу жағынан да ерекше. Ә —
созылыңқы, тіл алды, жіңішке дауысты дыбыс. Басқа
созылыңқы дауыстылар сияқты мұнда әдеттегідей айтыла-
тын вариант дыбыс жоқ. Сондықтан жоғарыда келтірілген
ә-е параллельдерін сапасы, мағынасы жағынан да, жасалу
орны жағынан әр түрлі дыбыс сәйкестіктеріне негізделген
деп қарау керек.
Жоғарыда айтылғандай бәрі түрікмен тіліндегі созы-
лыңқы дауыстылардың сөз мағынасын айырудың критерийі
болатын орындары. Сонымен бірге, түрікмен тіліндегі
созылыңқы дауыстылар әдеттегідей дыбысталатын дауыс-
тылармен айтылатын сыңарлары жоқ түбірлер құрамында
да айтылады. Мұндай созылыңқы дауыстылар, әрине, сөз
мағынасын ажыратпайды: дағ, яйлағ (жайлау), дайы (на-
ғашы), яғ (тай), ғаш (қас), ара (ара, екі нәрсенің арасы),
32
баба (ата)? сМры (саты), дор (торы, торы ат), оба
(ауыш), долы (толы), бөрі (бөрі), гөк (көқ), әр (ер),
бүз (мүз), гүч (күш), қын (қиын), тыйыз, тыз (тез),
ис (иіс), нирә, нирәк (қайда), ир (ерте) т. б. Мұндай созы-
лыңқылармен айтылған сөздердің қазіргі түрікмен тіліндегі
қысқа дауыстымен айтылатыны жоқ. Сондықтан бұл сөздер
құрамындағы созылыңқы дауыстылар мағынасын айырады
деп қарауға дәлел жоқ. Түрікмен тіліндегі созылыңқы
дауыстылар араб, парсы тілдерінен енген сөздер құрамында
айтылады. Егер ол сөздер түпкі тілде созылыңқы дыбыс-
талған болса, түрікмен тілінде сол қалпында дыбысталады:
Ыхлас, халы (кілем), айна, миве (миуа, жемістер), хайван,
жогалкәр (жауапкер), ят (жау жадында қалды), диван
(сот), азап (азап, араб сөзі), хал (хал, хал-ақуал), хич
(еш: парсы сөзі, еш болмаса), ахыр (ақыры, араб сөзі),
ахыр (мадға шөп салатын жер, парсы сөзі), бағ (бақ, парсы
сөзі). Сонымен қатар, орыс тілінен енген сөздер құрамын-
дағы екпінді дауыстылар түрікмен тілінде созылыңқы
айтылатын болып қалыптасқан: аптамабыл, апрыл, тилпун,
чәйнек, завут, артыл (артель) т. б. Дегенмен, қазіргі түрік-
мен әдеби тілінде бұлайша дыбысталу бірте-бірте нормадан
шығып бара жатыр. Түрікмен тілінде созылыңқы дауыс-
тылар бірқатар морфологиялық формалардың жасалуына
қатысады. Алайда, бұл реттегі созылыңқылар омонимдес
формаларды бір-бірінен ажырататын белгі ретінде емес,
қосымшалардың түбірге жалғануы арқылы пайда болған
фонетикалық өзгерістердің қатарына жатады. Созылыңқы
дауыстылар айтылатын формалар мына төмендегілер: 1.
Сын есім жасайтын -қы/кі қосымшасы түбірге жалған-
ғанда, сөз негізінен соңғы дауысты дыбысты созылыңқыға *
айналады: мектепдәки. Бұл жерде созылыңқыға айналып
тұрған жатыс жалғауының құрамындағы дауысты дыбыс.
2. Өткен шақ көсемше қосымшасы -й дауысты дыбысқа
аяқталған түбірде жалғанғанда: башлаиып>*башлап, ишлег
ип>»ишлеп« 3. Өткен шақты білдіретін көсемшенің қосымша
сөзге жалғанғанда, оның құрамындағы дауысты созылың-
қыға айналады: алман (алма-ып), сермен (берме-ип). 4.
Көсемше жасайтын -қа//кә қосымшасы: барйарка (барған
бетте). 5. Бағыт мәнді үстеу жасайтын -к қосымшасы
жалғанғанда: оның алдындағы дауысты созылыңқыға айна-
лады: екарық (йокарық жоғары), илерик (алға), бәрик
(бері), гайрак (кері), аңрық (анда). 6. Дауыс.тыға аяқ-
талған ескі сөздерге тәуелдіктің I—II жақ қосымшалары
жалғанғанда, ол дауыстылар созылыңқыға айналады:
атам, атаңыз, атаң, кечәмиз, кечән. Алайда, күвделікті тіл .
тәжірибесінде жиі қолданылатын осывдай сөздердің едәуір
бөлігі әдеттегідей дауыстылармен айтылады: әнем, әнен,
әнеңиз, әжем, еңгем т. б. 7. Дауыстыға аяқталған сөздерге
ілік, табыс септіктері жалғанғавда, олар созылыңқыға
айналады: атанын, атаны. 8. Батыс жалғауы дауыстыға
біткен сөздерге жалғанғавда, сөз негізінің соңғы дыбысы
мен қосымша бір-біріне ұласып, созылыңқыға айналады,
ата>а/ата, горры-а, гарра-дери, -а>дера (теріге) -мақтұл-
ғалы қимыл есіміне барыс жалғауы жалғанғавда, қосымша
құрамывдағы дауысты созылыңқыға айналады. Бұл мына
жолмен жүреді: алмақ-а>алма (к) -а>алма-ға алмаға (ал-
маққа). Бұл жерде морфологиялық жылысу процесінің
ізі бар.
Бұл айтылғавдардан басқа, кейбір қосымшалар түбірге
жалғану ерекшелігіне байланыссыз, жеке тұрып та 'созы-
лыңқы дауыссыздарға айналатындығын көрсете кету
қажет. Олар көп емес. Осы шақ есімшені жасайтын қо-
сымшалар -ян (йан) -йән: алян (алатын), берейән (бере-
тін): а) салыстырмалы
н
ыраи жасаитын -рак, -рек, ки-
чирәк (кішірек), чаррах (кәрірек); ә) ашық райдың осы
шағын жасайтын -яр (йар), әйр: окаяр (оқып тұр), берйәр
(беріп тұр) т. б. Диахровдық тұрғыдан алдыңғы топты
тілдің даму барысында қалыптасқавдар, яғни екінші дәре-
желі құбылыс деп, ал соңғыларды алғашқы (первичные)
құбылыс деп қарауға әбден болады. Дауыстылардың
созылыңқы айтылуы, жоғарыда көрсетілгевдей, алтай, тува,
хакас, шор, қырғыз, гагауз тілдерівде де бар. Алайда,
бұл тілдердегі созылыңқы дауыстылар якут, түрікмен
тілдерівдегідей емес, әр тілдің даму барысывда олардың
ішкі заңдылықтарына сәйкес қалыптасқандар. Олай деп
қаралатын себебі — бұл тілдердегі созылыңқы дауысты-
лардың қайсыеы да дауысты мен дауыссыз дыбыстар-
дың әр түрлі тіркестік өзгерістерінің нәтижесівде немесе
екі дауысты дыбыстың ұласуы, әлде әлсіз дауыссыздың,
буын элизиясы нәтижесінде қалыптасқавдар. Бұл процестер
жеке тілдердің ішкі заңдылықтарына сәйкес әр түрлі
көрініс тапқан. Дегенмен, жоғарыда аталған тілдердің
бәрівде ерекшеліктерді ескеру қажет, ұқсас не бірдей
тілдік процестің әр тілдегі нәтижесі бірдей емес, екінші
сөзбен айтқанда, жоғарыда аталған тілдер құрамындағы
созылыңқы дауыстылар жүйесі бір сипатта, бір дәрежеде
қалыптаспаған. Бұл ретте жеке тілдерге тән ішкі ерекшелік-
тердің тілдік сипат алуын көруге болады. Айрықша бір
ескертетін жай — алтай, қырғыз, гагауз, тува, хакас, шор
тілдеріндегі созылыңқы дауыстылар басқа түркі тілдеріндегі
дифтонгілерге сәйкес қолданылады. Бұл ерекшелік ол
тілдердегі созылыңқы дауыстылардың екінші дәрежелі құ-
былыс екендігін тағы айқындай түседі.
Аталған тілдердің ішінде қырғыз тіліндегі созылыңқы
дауыстылар өз ерекшеліктерімен оқшауланады. Оның үс-
тіне, қырғыз тілі, егер созылыңқыларды есепке алмағанда,
қазақ тіліне құрылымдық ерекшеліктері жағынан $са жа-
қын тілдердің бірі екені белгілі. Сондықтан қырғыз тілінің
айрықша құбылысын салыстыру арқылы білу жеңілірек.
Қырғыз тіліндегі созылыңқы дауыстылардың жасалу ерек-
шелігін байқау үшін, созылыңқы дауыстыларға жеке-жеке
сипаттама беру қажет. А дыбысы а+ғ дыбыс тіркесінің
орнында қалыптасқан: саам (сауым, басқа тілдерде сағым),
жаа (жау, басқа тілдерде жағ), аарчы (тазала), аары
(ара), аала (шуылда) т. б. Алайда, қырғыз тіліндегі ерін
үндестігінің күштілігі соншалық, екінші буында (байырғы
түбір мен қосымшаның шегінде) айтылуға тиіс созылыңқы
а көбіне созылыңқы о-ға айналып кеткен. Жоғарыда
келтірілген байырғы қырғыз (жалпы түркілік) сөздерінен
басқа, созылыңқы а араб тілінен енген сөздер құрамында
айтылады: аадам (ғалым), аалым (ғалым). Бұл жерде
алдыңғы сөздер тәрізді, дауысты мен дауыссыздың тіркесі
орнына айтылғандығы анық. Е дыбысы е-г-е дыбыс тір-
к^сінің орнында қалыптасқандығы байқалады: эс, ее (ие,
еге), зер (басқа тілдерде эгер, эйер), зен (ен, дала, йен),
мее (мый), кееңкире (қаңғыр, бас қаңғырды), кечээ (кеше),
кебээр (кебу, қаңсу, құрғау, кеберсу, кезеру). Бұл да араб,
парсы тілдерінен ауысқан сөздер құрамында айтылады:
меер (мейір, мейірім), зеен (зейін), неет (ниет), ёстимал
(ықтимал) т. б. О дыбысы аҢ-ғ дыбыс тіркесінің орнына
айтылады. Әзірбайжан, түрік, түрікмен, өзбек, ұйғыр тіл-
дерінде осы сипатта кездеседі, ал көне жазбаларда жүйелі
түрде қолданылған. Қазақ, құмық, ноғай, татар, башқұрт
тілдерінде ау түрінде айтылады. Қырғыз тілінен мысалдар:
тоо (тау), басқа тілдерде таі^(дағ), боо (бау-ла, байла,
басқа тілдерде“бағ), соо (сау, сауық, басқа тілдерде сағ),
сору (ару, басқа тілдерде де ағру (ағры), оору (ауыру,
басқа тілдерде ағыр), боор (бауыр, басқа тілдерде бағыр),
жоо (жау, көне тілдерде йағ), жоогасын (жауқасын),
жоодур (жәудір, жәудір көз), жоон (жуан, басқа тілдерде
йоган), доо (дау), булоо (баулау), ооііі (ауыс), соогала
(сауға), соол (суал, суалып қалды), Соот (сауыт) т. б. Со-
нымен бірге о дыбысы араб, парсы сөздерінің құрамында
айтылады: сооп (сауап), доор (дәуір), соода (сауда) т. б.
Е дыбысы ег, ег, еү дыбыс тіркестерінің орнына айтылады:
жее (жеу), дөө (деу, айту), төө (түйе), көө (күйе),
күроөкө (кіреуке), моон (бүйем), өлчөө (өлшеу), т. б. Араб,
парсы тілдерінен енген сөздерде қолданылады: дое (дәу),
доолот (дәулет), у дыбысы ұқ, ұғ, үу дыбыс тіркестерінің
орнына айтылады: туу (ту), тұу (басқа тілдерде туғ),
буу (бұу, басқа тілдерде буу, бұғ), буудай (бидай, басқа
тілдерде буғдай), суук (суық), су (суу, басқа тілдерде
буғ), суур (суыр, қынаптан суыр), суут (суыт), туура
(тура, басқа тілдерде туғра), уурда (ұрла, басқа тілдерде
оғырла), уула (аула), уук (уық), жуук (жақын), уул
(ұл, басқа тілдерде оғыл). Оның жіңішке сыңары болатын
ү дыбысы ег, өг, еү, үг, үй, үу дыбыс тіркестерінің орнына
айтылады: үүр (үйір, басқа тілдерде үгір), күү (қүй, басқа
тілдерде күг) күүгүм (кетуім, күллө (күйле)* тирүү
(тірі, көне тілдерде тіріг), түрүү (түрік, түру), түзүү
(тізу, тізік), элүү (елу көне тілдерде еліг) т. б.
Қырғыз тіліндегі у/ү дыбыстары, зертеушілердің ба-
қылауына қарағанда, дыбысталу тұрғысынан дифтонгілерге
жақындаспайды, яғни олар дыбысталғанда, басқа кейбір
тілдердегідей, алдынан қосымша қысқа дауысты естілмей-
ді7. Бұл, сірә, тек қырғыз тіліне тән ерекшелік болеа
керек. Қырғыз тіліндегі созылыңқы дауыстылардың ұзын-
ырғасы осылар. Ол тілде ы, й созылыңқы дауыстылары
жоқ, яғни сол дауыстылардың созылыңқы айтылуы кез-
деспейді.
Қырғыз тіліндегі созылыңқы дауыстылар кез келген
морфологиялық тұлға құрамында айтыла бермейді. Қырғыз
тілінің белгілі зерттеушісі А. И. Батмановтың көрсетуін-
ше8, олар мына тұлғалар құрамыйда ғана айтылады: 1.
Шартты рай аффиксінің құрамында: -раак//-реек, -роок//
-реек: көп-рөөк. 2. -ып, -іп көсемшесінің құрамындағы
қысаң дауысты түбір құрамындағы ашық дауыстымен ұш-
тасып; созылыңқы дауыстыға айналады: таап, тап-ып,
тепп<теп-ип т. б. Бұл құбылыс — п дауыссызына аяқ-
талған түбір етістіктердің көсемше тұлғасында ғана мүмкін.
3. Жинақтау саны есімдерін жасайтын тұлға -оо//ее
түрінде дыбысіалады: үчөө (үшеу). Бұл тұлға көне түркі
тілдерінде, сондай-ақ қазіргі түркі тілдерінің бірсыпырасын-
да егу, ег, өг түрінде дыбысталатыны белгілі. 4. Тұйық
етістік тұлғасы -уу/-үү, -оо//-өө түрінде айтылады: бегүү
(беру), алуу (алу). Бұл тұлға көне түркілік -ығ, -іг
негізінде қалыптасқандығы айқын. 5. Сын есім жасайтын
қосымша -ллу/-лүү, -ДУУ/-ДҮҮ, -туу/-түү: басталауу,
(балталы), оромолдуу (орамалды). Бұл тұлға көне түркі
тілінде қазіргі кейбір тілдерде -лығ, -ліг түрінде дыбыс-
талатыны мәлім.
Ёкінші дәрежелі созылыңқы дауыстылар тува, гагауз
тілдерінде көп реттерде фонемалық қызмет атқарады, сөз
мағынасы ажыратудың критерийі болады. Фонетикалық
құрамы бірдей сөздер бұл тілдерде тек қана дауысты
дыбыстың дыбысталу дәрежесіне қарай лексикалық, кейде
грамматикалық мағыналар береді. Тува тілінен мысалдар:
ал (етістік), аал (ауыл), бар (бұйрық райдың II жағы),
баар (бару, тұйық рай), чыл (жыл), чыыл (жинал, жиыл),
ол (сілтеу есімдігі), оол (ұл, жігіт), боо (сілтеу есімдігі),
боо (мылтық), удур (қарсы, қарсы жақ), удуур (ұйықтау),
бер (маған бер), бээр (беру), төле (ақша төлеу), толээ
(өкіл), кір (үйге кір), киир (үйге кіргіз), көр (сен көр),
көөр (көру). Тува тілінде созылыңқы дауыстымен айты-
латын түбір кейде қосымшалы сөзге келеді: әрге (құқы,
право), әргээ (бармағы) тәуелдіктің III жағы), өң (оң,
түр, түс) өөң (үйі, оның үйі). Қосымшалы түбірлердің
түбір сезге сәйкес келуі түбір мен қосымшаның шегіндегі
дауысты дыбыстардың ұласып, созылыңқыға айналуынан
болса керек. Зерттеушілер тува тіліндегі созылыңқы дауыс-
тылардың мынадай қалыптасу орындарын көрсетеді: 1.
Әлсіз дауысты дыбыстардың вокализацияға ұшырап, алдың-
ғы дауыстымен ұласуы: өөрен (үйрен, кейбір тілдерде үг-
рен, өрген), баадым (бардым, ар аа). 2. і, г, ң, л, в, м
дауыссыздардың әр түрлі жағдайда түсіп қалуы арқылы:
а) сөз араеындағы дауыссыздың түсіп қалуы аас (ауыз,
басқа тілдерде ағыс), чаа (жаңа, басқа тілдерде жаңа,
даңы), ә) дауыстыдан басталатын қосымша жалғанғанда,
сөздің соңғы дауыссыз дыбысының түсіп қалуы арқылы:
уг (бағыт), уу (оның бағыты), б) қосымшаның басқы
дауыссыз дыбысы. түсіп қалады: кижи (кісі), кижээ (кісі-
ге, барыс септік).
Гагауз тіліндегі созылыңқы дауыстылардың фонемалық
қызыметіне мысалдар: дур (туу, басқа тілдерде доғур,
доғыр), дур (түру), гир (кекіру)Угир (кір, үйге кір),
юрт (айран, басқа тілдерде йоғұрт), юрт (үй, қора), дал
(жайлау, шашылу, басқа тілдерде дағыл), дал (сүңгу, бату
түрік тілінде дал), аз (ауыз), аз (аз), аз (аз, жолдам аз),
ала (жыла, басқа тілде ағла), ала (ала, ала-құла), ач
(ағаш), ач (аш, аш кісі), ач (аш, есікті аш), арт (арты,
артқы жақ), арт (арт, етістік), душ (түйіс, соғыс), дүш
(түс, түс көру), дүш (түсу, құлау), сан (жез леген) сан
(ойлау, байыптау), сат (сағат), сат (сат, бір нәрсе сат),
су (суу, басқа тілдерде соғу), су (су, басқа тілдерде буғ),
қар (қар), қар (сабан араластырылған лай). Н. К. Дмитриев
гагауз тіліндегі созылыңқы дауыстылардың мынадай жаса-
лу жолдарын көрсетеді: а—г—а а: а (аға), курба (құрбақа,
басқа тілдерде курбаға), а—ғ—ы>а: ар (ауыр, ағыр), бар
(бақыр, басқа тілдерде бағыр) буза (бұзау, басқа тілдерде
бузағы), чар (шақыр, басқа тілдерде чағыр), ы—ғ—ы>ы:
балы (балығы, оның балығы), сыр (сиыр, басқа тілдерде
сығыр), о//у—ғ//-у у: дүр (туу, басқа тілдерде доғур),
бұл (тұншығу, булығу, басқа тілдерде боғул), ө//у -г//
й-ү>ү: бүн (бүгін, бүгүн), бкү (биік, бүйүк), үт (үгіту,
майдалау), е//и-г//й-и>й: билези (білезігі, оның білезігі),
й (игі), гими (киімі, оның киімі), и//е—г—е е: жер (бауыр,
басқа тілдерде жийер, жигер); а—г а: (ау, басқа тілдерде
ағ), ары (ауру, басқа тілдерде ағры, азы (аузы, оның
аузы, басқа тілдерде ағызы), я (май, басқа тілдерде йағ),
ямур (жаңбыр, басқа тілдерде яғмур), са (сау, басқа тіл-
дерде сағ), ы—ғ>ы: сы (сыю, басқа тілдерде сығ, сык),
а—ғ>о: дору (тура, басқа тілдерде доғуру), бодай (бидай,
басқа тілдерде боғдай), у—ғ>у: ду (ту, бала ту, басда
тілдерде дуғ), и—к//г//й>й: чи (шық, басқа тілдерде чығ),
ди (ти, тиіп кетпе, көне тілдерде тег, басқа тілдерде диг,
дег, дей, ги (ки, киім ки, басқа тілдерде гей), е//ү—й ү: дүме
(түйе, түрікмен: дүгме), тү (қауырсын, бірақ бұл сөз
қазақ тіліндегі түк сөзімен түбірлес болса керек), үсүз
(үйсіз, түрік өксүз).
Сонымен, созылыңқы дауыстылар айтылатын тілдер
және олардың негізгі сипаты, қысқаша айтқанда, осындай.
Созылыңқы дауыстылар жүйесін сипаттаудан мынадай
қорытынды жасауға болар еді. Созылыңқы дауыстылар
қолданылатын тілдер географиялық ориаласу тұрғысынан
іргелес емес. Якуттар қиыр шығыста жатса, түрікмендер
оңтүстікте, ал гагауздар түркі халықтарының ең батысына
орналасқан. Бұл жағдай созылыңқы дауыстыларды ареал-
дық айырмашылықтар қатарына жатқызуға болмайтынды-
ғын көрсетеді. Олай болатыны: ареалдық айырмашылық
не ұқсастық территориялық жағынан ұласып жатқан
тілдер құрамында ғана қалыптаса алады. Алғашқы созы-
лыңқы дауыстылардың бір-бірімен шектеспейтін, тіпті
кейінгі замандарда бір-бірімен тікелей қарым-қатынасқа
түспеген тілдер құрамында сақталуы түркі негіз тіліщң
құрамында әдеттегідей дыбысталатын дауыстылармен қа-
тар созылыңқы дауыстылар жүйесі болған көзқарасқа
негіз болып жүр. Қазіргі түркологияда бұған қарсы айта-
тын басқа дәлел жоқ. Даму барысында түркі тілдерінің
көпшілігінде ондай жүйенің сақталмауын оқшау құбылыс
деп есептеуге болмайды. Дүниеде белгілі көне тілдердің
біразында дауыстылар әдеттегідей және созылыңқы айтыл-
ған. Тарихи даму барысында созылыңқы айтылған дауыс-
тылар қысқарып, қысаңданып кетсе, енді бір тілдерде
дифтонгілердің қалыптасуына негіз болған. Созылыңқы
дауыстылардың тарихи өзгерісінің бұл екі көрінісі қай
тілдің болмасын сөйлеу процесін тездетуге, дыбыстау
мүшелерінің қызметін жеңілдетуге ұмтылумен ұштасып
жатады.
Түркі тілдерінің даму тарихында алғашқы созылыңқы
дауыстылардың көп тілдерде сақталмауы түркі сөзінің
басқы буынының фонетикалық өзгерістерімен сабақтас.
Қатаң дауыссыз дыбыстан басталған бірінші буын екпінді
болады. Өйткені, сөздің негізгі мәні бірінші буын арқылы
берілетін еді, сондықтан ол басқа буындардан гөрі созы-
лыңқы айтылады.
Созылыңқы дауысты дыбыс, сонымен қатар фонетика-
лық құрамы бірдей, түбірлерді жіктеп түсіндірудің негізгі
белгілерінің бірі болады. Алайда, айтуда қиындық келті-
ретін қатаң дауыссызды ұяң айтуға ұмтылу тілдердің
даму барысында сөз басын жаппай ұяңдату тенденциясын
- туғызды. Қатаңнан басталатын сөздердің ұяң вариантта-
рының пайда болуы түбір сөздердің созылыңқы дауысты-
ларының белгілі^дәрежеде өзгеруіне алып келді. Әрине,
түркі тілдерінің ежелгі кезеңдерінде басталған бұл процесс
кейінгі даму барысында әр тілде әр дәрежеде көрінді.
Қазіргі түркі тілдеріндегі дауысты дыбыстарды жіктеу-
дің негізгі принциптері мен топтары осындай. Бұл шолу-
дан мынадай жағдай аңғарылады: қазіргі түркі тілдеріндегі
дауысты дыбыстардың жеке топтарға жіктелуі бірдей
болғанмен, олардың сапасы бірыңғай емес. Жеке тілдер
арасындағы негізгі айырмашылық дауыстылардың жеке
түрлерінің бір-бірінен ерекшеленуіне негізделеді. Ол айыр-
машылықтар дауыстыларды жеке-жеке сипаттағанда ғана
айқын байқалады.
ЖЕКЕ ДАУЫСТЫЛАРДЫҢ СИПАТЫ
,А дауысты фонемасы түркі тілдерінің басым көпшілі-
гінде айтылады. А дыбысын айтқанда тілдің кейін қарай
жиырылатыны белгілі. Бірақ тілдің кейін қарай жиырылу
дәрежесі тіл атаулының барлығында бірдей емес. Соған
орай, оның дыбысталуында айырмашылықтар болып отыра-
ды. Дыбысталу мен сапасы жағынан а фонемасы қазіргі
қазақ, алтай, әзірбайжан, балқар, қарайым, қырғыз, қара-
қалпақ, құмық, түрік, түрікмен, ұйғыр, хакас, шор тіл-
дерінде бірыңғай бір-біріне жақын дәрежеде. Айырмашылық
башқұрт, татар және өзбек тілдерінде кездеседі. Башқұрт
пен татар тілдеріндегі а фонемасы, басқа тілдермен саЛыс-
тырғанда, біршама «жасық» яғни о-ға жақын естіледі.
Мұндай мәнер татар тілінде айқынырақ та, башқұрт тілінде
ондай дәрежеде емес. Ж. Киекбаевтың айтуы бойынша,
а фонемасының о-ға ұқсас естілуі көбіне татарлармен
шектес, аралас территориядағы башқұрттар тілінде кез-
деседі. Онда да бірінші буыннан екпін түспейтін көп
буынды сөздерде ғана9. Егер башқұрт тілінің көрнекті
маманының осы тұжырымын ескерсек, бұны татар тілінің
ықпалы деп те қарауға болар еді. А дауыстысының еріндік
мәнер алуының нағыз жетілген түрі өзбек тілінде бар.
Өзбек тілінде, басқа тілдердегі а дыбысымен салыстыр-
ғанда, әлдеқайда ашық айтылатын а (айрам, қара, сайла)
дыбысымен қатар, басқа тілдерге а орнына айтылатын" о
дыбысы бар. Сондықтан жалпы түркілік (тіпті, көне түр-
кілік) а дыбысының өзбек тіліндегі үш түрлі баламасы:
ашық, езулік а (аздаған сөздер құрамындағы) дыбысы
мен тіл алды ә, жабық а немесе о дыбысы туралы айту
керек болады. Мысалы, қазақ таныс, өзбек: таниш — а а;
қазақ: мен, кел, өзбек: мән, кәл -а ә; қазақ бар, сал, өзбек:
бор, сол т. б. (Өзбек тілінің бұл ерекшелігі осыдан бұрынғы
тақырыпта толығырақ айтылды). Қазіргі тува, тофалар
тілдерінде а сонорлардан басқа дауыссыз дыбыстардың
алдында айтылғанда ғ, һ дыбыстарындағыдай қырылмен
айтылады. Түркологияда фарингализациялану (фарингали-
зация, форинкс — тамақтың тесігі) деп аталатын бұл
ерекшелік тек қана аталған тілдерде кездеседі. Тува, якут
тілдерінің қөп сөздерінде жалпы түркілік а орнына қысаң
ы дыбысы сәйкес айтылады: қазақ: жат, якут: сыт, тува: чыт,
қазақ: қарын, тува: хырын, қазақ: жарық, тува: чырық,
якут: сырдық, қазақ: ай, якут: ыл, қазақ: қалың, тува: қы-
лын, қазақ: ат, якут: ыт, қазақ: қамшы, якут: қымны, тува:
кымчы т. б. Ескерте кететін бір ерекшелік — кейде тува,
якут тілдеріндегі сөздер бірдей болып келе бермейді.
Өзара сай түсіп жатса да (бір сөз екі тілде де ы дыбысымен
айтылады), кейде екі тілде екі түрлі дыбысталады: якут
тіліңде ы дыбысымен айтылған сөз тува тілінде а-мен
айтылады, якут: ыл (ал), тува: ал.
Чуваш тілінде жалпы түркілік а дауыстысына ы, у, а
(редукцияланатын, қысаң а), а дыбыстары сәйкес айты-
лады: хыт (қат), пыр (бару), сыхла (сақта), хыта(қатты),
пыл (бал), тамар (тамыр), ылдаи (алтын), ыйт (айт),
пылджак (балшық), субах (шабақ), хуйға (қайғы), урба
(арпа), ура (аяқ), тура (тарақ), туп (тап), хуран (қайық),
хура (қара) а дЫбысы әдеттегі а дыбысынан гөрі шолақ,
жабық дыбысталады. Чуваш тілінің мамандары бұл ды-
бысты орыс тіліндегі екпінсіз буында айтылатын о (мыс.,
трактор) дыбысымен салыстырып, оның тұрақсыздығын,
түсіп қалуға бейімділігін атап көрсетеді, (қазақ тіліндегі
жапырақ-топырақ сөздерінің құрамындағы ы тәрізді10:
йанаш (жаңылыс, жаңылу), асла (асын), уйах (ай) аиар
(айғыр), анлан (аңда, ұқ), вахат (уақыт). Чуваш тілінде
әдеттегі (жалпы түркілік) а туыстықты білдіретін терминдер
мен басқа тілдерден (орыс, татар) енген сөзер құрамында
айтылады: аппа (апа), атта (ата), кажак (қасық) корнис
(корниз т. б.) Сонымен қатар, жалпы түркілік түбірлер
құрамындағы а дыбысына жіңішке ү, ә дыбыстары сәйкес
айтылуы да ұшырайды: сус (шаш, басқа тілдерде чач, сач)^
пурнә (бармақ) кейбір тілдерде пармақ, певэр (бауыр,
басқа тілдерде пағыр) т. б. Соңғы сәйкестік аса сирек
кездесетін құрылыстар қатарына жатады.
Түрікмен, якут, тува, хакас, шор, қырғыз, гагауыз,
алтай тілдерінде әдеттегідей дыбысталатын а фонемасы-
нан басқа созылыңқы айтылатын а дыбысы да бар. Түрік-
мен, якут тілдеріндегі а алғашқы, түрік тілдерінің ежелгі
кезеңінен қалған дыбыс та, басқа тілдердегі созылыңқы
а тілдердің даму процесінде, фонетикалық өзгерістердің
нәтижесінде қалыптасқан біршама жаңа құбылыс (бұлар
жайлы осыдан бұрын кең әңгіме болды).
Е фонемасы қазіргі түркі тілдерінде екі түрлі негізде
қалыптасҚан: таза түркілік е, орыс тілі арқылы енген
сөздер құрамындағы е. Таза түркілік деп қаралатын е
немесе түркі сөздерінің құрамында айтылатын 3 дауыстысы
көне түркілік 3 дауыстысының көрінісі. Алайда, көне түр-
кілік (Радлов транскрипциясы бойынша) дауыстысы қа-
зіргі түркі тілдерінде бірыңғай сипатта қалыптаспаса ке-
рек. Солай екендігін қазіргі түркі тілдерінің материалдарын
салыстырғанда айқын көруге болады. Түркі тілдерінің
барлығына ортақ байырғы сөздердің бірінші буынында
көне түркілік а фонемасының көріністерін мына сөздер
құрамынан көруге болады: әзірбайжан — кәл, кәс, тәр,
ұйғыр — кәл, кәс, тәр, алтай — кеЛ, кес, тер, қазақ — кел,
кес, тер, түрік — гел, кес, тер, якут, татар — кил, кис,
тир, хакас — кил, кис, тир, чуваш — кил, кас, тар. Бұл сөз-
дер құрамында көне түркілік а дыбысына мына дыбыстар
сәйкес қолданылған: ә (3), е (э), и. Чуваш тіліндегі кейбір
сөздер құрамындағы а диалектік ауытқу екені айқын.
Қазақ, қарақалпақ тілдеріндегі е дыбысы басқа түркі
тілдеріндегі сондай дыбыстан дифтонгіге ұқсастығымен
ерекшеленеді. Қазақ, қарақалпақ тілдерінде бұл ерекшелік,
әсіресе тұйық буында айқын көрінеді: сөздің абсолют ба-
сындағы е дыбысының алдынан і * қысаң дауысты айқын
байқалады: іле, іекі т. б. Сондықтан да қазақ тіліндегі
(қарақалпақ тілінде де) сөз басындағы е айтылуда дауыс-
сыз й-ге жақын дыбысталады: йәл, йәкі т. б. Осыған
ұқсас құбылЫс, зерттеушілердің байқауынша, ноғай, балқар,
гагауз тілдерінде бар көрінді.
Түркі тілдерінің ішінде көне түркілік а дыбысының
ерекше көрінісі татар, башқұрт, хакас тілдерінде кездеседі.
Бұл тілдерде, жоғары мысалдардан байқалатындай, э (е)
түрінде емес, и түрінде, яғни қысаңдап, қысқарған түрде
дыбысталады: кил, тир, кис. Алайда, а дыбысының әбден
қысаңдап, қысқаруы татар тілінде ғана қалыптасқан жүйеге
айналған, ал башқұрт тілінде бұл заңдылықтан ауытқу
жиі кездеседі. Ал, тува тілінде е фонемасының көмей
арқылы айтылатын варианты да бар (фарингализация).
Бұл құбылыс ол тілде фонемалық мән алған, сондықтан
эт—ет (ет), ет — зат, дүние, мүлік. Бірақ басқа түркі
тілдерінде мұндай айырмашылық жоқ. Е фонемасының әр
қилы ерекшелікпен дыбысталуы сөздің екінші буыны мен
соңында да байқалады. Мына мысалдарға көңіл аударайық:
қазақ — етек, әзірбайжан — әтәк, ұйғыр — этәк, өзбек —
этак, татар — итәк, башқұрт — итәк, хакас — идәк, ал-
тай — әлек, құмық — этек т. б. Бұл фактілерге қарағанда,
екінші буында мынадай сәйкестік бар: е-э / э-а. бірінші
буынмен салыстырғанда байқалатын бір ерекшелік — онда
қысаңдап, қысқару жоқ. Осыдан бұрын айтылғандай, бір-
сыпыра түркі тілдерінде созылыңқы айтылатын е дыбысы
да бар.
Түркі тілдеріндегі о дыбысы екі түрлі негізде қалыптас-
қан деп қарауға болады: түркілік о, орыс тілі арқылы
енген сөздер құрамындағы о. Түркілік о дыбысы — орыс
тіліндегі осындай дыбыспен салыстырғанда әлдеқайда жа-
бық айтылатын еріндыбысы. Өйткені, түркілік о дыбысын
айтқанда ерін кейін қарай көбірек жиырылады да, ауыз
қуысы өте тар ашылады. Түркілік о фонемасының осы
сипаты көпшілік тілдерде бар, оларда сақталады. Алайда,
жалпы түркілік о фонемасының жеке тілдердегі көрінісі
барлық уақытта бірдей болып келмейді. Бұл тек қана
басқа буындағы о дыбысына ғана емес, соңғы буындардағы
о дыбысына да қатысты. Сөздердің басқа буындарындағы
жалпы түркілік о дыбысының дыбысталу көріністері мына
төмендегі мысалдарды салыстырудан байқалады: қазақ —
қол, әзірбайжан — гол, қарақалпақ — қол, құмық — қол,
ноғай — қол, тува — хол, түрік — кол, хакас — хол, ал-
тай — кол, өзбек — кул, башқұрт — кул, татар — кул. Бұл
фактілер бойынша мынадай дыбыс сәйкестігі келіп шы-
ғады: о—ұ—у. Бұл сәйкестіктің екінші, ортаңғы элементі
өзбек тілінің ерекшелігі болып табылады. Өзбек әдеби ті-
лінде о типтес екі түрлі фонема бары белгілі: басқа түркі
тілдеріндегі а дыбысына сәйкес келетін, о-дан гөрі «ашық»
айтылатын о (от,-борат, бор) және басқа тілдердегі о
(кейде ө) дыбысына сәйкес келетін, бірақ одан қысаң ай-
тылатын о. Соңғы о фонемасы айтылуда у-ға жақын есті-
леді. Акустикалық жағынан өзбек тілінде о у-мен о-ның
арасынан естіледі. Оны дыбыстағанда ауыз қуысы у дыбы-
сын айтқандағыдай, бірақ ілгері қарай жүйткіген дӘрежеде
болады. Өзбек графикасында дыбыстың осы 'қасиетін
ескергендіктен болса керек, оны у түрінде -белгілеген
ужар — ожар, уймоқ — ою, уйламоқ — ойламақ, ойлау,
уйинчоқ — ойыншық, уйчи — ойлы, улчамок — өліпемек
т. б. Басқа түркі тілдерінде о, ө дыбыстарына, яғни жуан
дыбысқа ғана емес, жіңішке дыбысқа да сәйкес келуі өзбек
тілінде сингармонизм заңдылығының болмауында екендігі
белгілі. Татар, башқұрт тілінде таза о дыбысы жоқ, бұл
жағынан басқа түркі тілдерінен (чуваш тілінен басқа)
оқшау түрады. Татар, башқұрт тілдерінде о орнына қысаң
айтылатын у қалыптасқан: ул, уқ, құл, юқ, (йұқ), ол,
(йул) удзатЫн (ұзату), узон (ұзын). т. б. Осы ыңғайда
мынаны ескерту қажет. Татар, башқұрт тілдеріндегі бірінші
буында айтылатын қысаң у қазақ тілінде тек о дауыстысына
ғана емес, у дыбысына да сәйкес келеді т. б. Чуваш тілінде
жалпы түркілік о дыбысына бірінші буын құрамында бі-
рінші дыбыс не дыбыс тіркестері сәйкес келеді — у дыбысы
айтылады: хул (қол), сул (жол), редукцияланған й тахар
(тоғыз), май (мойын), ву дыбыс тіркесі айтылады: вунна
(он), вучак (ошақ), ва дыбыс тіркестігі: вал (ол), вы
дыбыс тіркестігі: выр (ор, орақ ор).
Түркі тілдеріндегі бірінші буында айтылатцн о дыбы-
сының негізгі ерекшеліктері осылай. Ал, екінші, одан соңғы
буындарда о дыбысының қолдану ерекшелігі түркі тілдерін-
дегі ерін үндестігі заңдылығымен тығыз байланысты. Түркі
тілдерінің көпшілігінде ергн үндестігі заңдылығы дамыма-
ған. Сол себептей оларды жалпы түркілік о көбіне сөздің
(түбірдің) бірінші буынында ғана айтылады да, екінші,
үшінші буындарда, аффикстер құрамында қолданылмайды.
Сондай тілдің бірі — қазақ тілі. Қазақ тілінде жалпы ерін
дауыстыларды о дыбысы тек қана бірінші буында айтылады
да, қалған буындарда кездеспейді. Жалпы түркі тілдеріиің
кейбіреуінде о дыбысының екінші буында қолданылуы аса
сирек ұшырасатын құбылыс. Ерін үндестігі заңдылығы тек
қысаң дауыстыларды қамтитын тілдерде о дыбысының
айтылуы екінші буыннан аспайды. Бұл топқа хакас тілін
жатқызуға болады. Мысалы: пызо (бұзау), хыро (қырау),
тырбос (тырма) т. б. Алайда, зерттеушілер арасында хакас
тіліндегі екінші, соңғы буында айтылатын о дыбысын кейін,
хакас тілінің даму барысында қалыптасқан құбылыс дейтін
пікір айтылып жұр.
Ерін үндестігі заңдылығы әбден дамыған тілдер қата-
рына қырғыз, алтай, якут тілдері жатады. Бұл тілдерде ерін
дыбыстарының үндесуі тек қысаңдарда ғана емес, ашық
дауыстыларды да қамтиды. Сол заңдылыққа лайық о дыбы-
сы буын орнын таңдамай, қосымшалар құрамында қол-
данылады: алтай тілі — оро (орау), такто (тұрақтау),
ойлоо (ойлау, түсіну), полот (болат) торко (торқа, жібек),
сокор (соқыр), дьоон (жуан), доско (доска, тақта), остол
(стол, үстел), қырғыз тілі — ортон (орта, жер ортасы),
орток (ортақ, жолдас), орой (орай, шаш орайы), оңол
(оңалу), олжоло (олжалау), озондо (азан салу, жылау),
ондо (анда, ана жақта), ойгоо (ояу), ортоктош (ортақтас,
істес), аторлот (атарла, мал отарла), ошондойлап (анадай-
лап, маңайлап) т. б. Қырғыз тілі ерін үндестігі заңдылығы
әбден дамыған тілдерге жатады. Сондықтан ол тілде о
дыбысы түбір негіз құрамында ғана емес және буын саны-
на қарамай айтылады. Қазақ тілінде, қырғыз тілінің екінші,
үшінші, кейінгі буындардағы о дыбысының орнына жуан
езулік дыбыстар айтылады.
О дыбысының жіңішке сыңары — ө. Бұл да жалпы
түркілік дауысты фонемалардың қатарына жатады. Дыбыс-
талу ерекшелігі жағынан ғана емес, қолданылу ерекшелігі
жағынан да о дыбысы өзінің жуан сыңарының іздерін қай-
талайды. Ө дыбысы татар, башқұрт тілдеріиде осы сапа-
сында жоқ, оның орнына жіңішке қысаң дауысты ү айты-
лады: күз, сүз, үт (от). Чуваш тілінде бұған ү, кейде у, а
жуан дауыстылары, ва, ви дыбыс тіркестері сәйкес қолданы-
лады: күле (көл), үс (өс), кус (көз), кур (көр), вилем
(өлім) т. б. Ө дыбысы нақ осы сипатында өзбек әдеби
тілінде бұл дыбысқа осыдан бұрын айтылған у дыбысының
жіңішке вариаиты сәйкес айтылады: улик (өлік), улим
(өлім), улмоқ (өлмек), улчам (өлшем), үзга (өзге),
укинч (өкініш) т. б. Дегенмен, өзбек диалектілерінде,
әсіресе қыпшақ негізді диалектілерінде ө дыбысы (фоне-
масы) айтылады. Қазақ, қарақалпақ, ноғай, құмық, қара-
шай-балқар тілдеріндегі ө дыбысының басқа тілдердегі
сондай дыбыстан ерекшелігі бар. Бұл тілдердегі ө моно-
фтонгіден гөрі дифтонгіге ұқсас келеді: алдымен жіңішке,
қысаң дауысты естіледі. Алайда, бұл ерекшелік сөздің аб-
солют басында айтылатын ө дыбысына ғана қатысты. Ал,
бітеу буын құрамындағы ө тек қана монофтонг екені айқын.
Ө дыбысының екінші буыннан бастап сөз соңында
қолданылуына ерін үндестігі заңдылығымен ұштасып жа-
тады. Ерін үндестігі дамыған тілдерде ө дыбысы екінші,
үшінші буындарда, қосымшалар құрамында айтыла бе-
реді. Ал, ерін үндестігі ондай дәрежеде дамымаған тіл-
дерде, мысалы, қазақ тілінде екінші буыннан кейін езулік
жіңішке дауыстылар айтылады.
Қазақ тіліндегі ұ дыбысына әзірбайжан, алтай, балқар,
гагауз, қарашай, қырғыз, құмық, тува, түрік, түрікмен,
хакас, ұйғыр, шор, якут тілдерінде у дыбысы сәйкес ай-
тылады. Қазақ тіліндегі ұ дыбысына ұқсас, жақын естілетін
дыбыс башқұрт, қарақалпақ, ноғай, татар тілдерінде бар.
Қазақ тіліндегі у-мен ы-ның арасында, ал басқа тілдерде,
мысалы, ноғай тілінде, о мен у-дың арасынан жасалатын
дыбыс. Қайсысында да ұ дыбысы у-мен салыстырғанда,
монофтонгіден гөрі дифтонгіге жақын дыбысталатын фо-
нема. Чуваш тілінде бұл дыбыстың орнына редукциялана-
тын а, ы кейде редукцияланатын е дыбыстарына сай келеді.
Осы ерекшеліктерді ескерсек, түркі тілдері арасындағы
У-у -а(ы) дыбыс сәйкестігін көруге болар еді. Мысалы, қа-
зақ — бұлт, қарақалпақ — бұлт, башқұрт — болот, татар —
болыт, әзірбайжан — булут, алтай — булут, қырғыз — бу-
лут, тува — булут, түрікмен — булут, хакас — пулут, ңу-
ваш — пелет т. б.
Көне түркі тілінде у дауысты дыбысы айтылатындығы
ескерткіш материалдары арқылы белгілі. Түркі тілдерінің
көпшілігінде сөздің бірінші буынында айтылатын у сол
көне түркілік дауысты фонеманың жалғасы екендігі
талас туғызбайды. Көне түркілік у фонемасының өзгерген
варианты — қазақ тілінде және басқа тілдерде айтылатын
у фонемасы. Әрине, қазақ т. б. қыпшақ тілдерінде айтылатын
бұл дыбысты барлық уақытта көне түркілік монофтонг
у-дың өзгерген түрі деп қарауға келе бермейді. Кейбір
қазақ сөздерінде (сөз басында айтылатын) ұ, оғ, ұғ тәрізді
дыбыс тіркестерінің өзгерген түрі болып келеді (көне
түркі оғыл, қазақ ұл).
Түркі тілдерінің көпшілігінде (созылщңқы дауыстылар
айтылатындардан басқа) сөз соңында, сөз ортасында у ды-
бысы айтылады: қазақ — жазу, су, қырғыз — суу, қазақ —
сату, башқұрт — һатыу, татар — сату, қазақ — азу, қыр-
ғыз — азуу, татар — азу, қазақ, татар — бу т. б. Келтіріл-
ген сөздер құрамындағы у түбір сөздің басында айтылатын
у дыбысымен (сол сияқты қазақ т. б. тілдердегі ұ) бірдей
емес. Соңғы түбір сөздің басындағы у ұ — дыбыс — көне
түркілік у фонемасының жалғасы, оның негізінде қалып-
тасқандар. Ал, жоғарыда келтірілген сөзДер құрамындағы
у дыбысы ағ, ығ, ғу, ғы тәрізді дыбыс тіркестерінің фо-
нетикалңқ өзгерістерге түсуі нәтижесінде келіп шыққан.
Ол дыбыс тіркестері түбір құрамының элементтері емес,
түбірге жалғанған қосымшалар. Жоғарыда келтірілген
сөздер қазіргі түркі тілдерінің бір қатарына мына түрде
дыбысталынады: йазғучы — ұйғыр, суғ — хакас, садығ —
хакас, азығ — хакас, бұғ — әзірбайжан, өзбек, бұғ — түрік-
мен т. б. Сонымен, сөздің мұндай шенінде айтылатын у қо-
сымшалар құрамындағы дыбыс тіркестері өзгерістерінің
нәтижесінде пайда болған. Ерін үндестігі қалыптасқан тіл-
дерде бірінші буында айтылған у не о дыбыстарының жаңғы-
рығы ретінде екінші, үшінші буындарда да у дыбысы айтыла-
ды. Бұл заңдылық айқын көрінетін тіл — қазіргі қырғыз тілі.
Қырғыз тіліндегі түбір құрамында екінші, үшінші бунда
айтылатын у бірінші буындағы еріндік дауыстының кө-
рінісі де, қосымша құрамындағы у жоғарыда көрсетілген
дыбыс тіркестерінің көрінісі болып табылады. Осы жерде
мынадай фактілерді ескеру керек: булут, жудуруқ тәрізді
бөліп-жаруға келмейтін көп буынды сөздердің екінші
буынындағы у дыбысы көне түркілік у дыбысы болуы
46*
керек. Өйткені, бұл сөздер осы сипатында V—VIII ғ.
ескерткіштерінде кездеседі. У фоңемасы қолданылатын
түркі тілдерінде бұл фонеманың жіңішке түрі кездеседі.
Бұд Хыбыстың өзінің жуан сыңарыиан акустикалық ерек-
шелігі — оның «жұмсақ» естілуінде. Басқа айырмашылық
жоқ. Алайда, у фонемасының жіңішке сыңары түркі тіл-
дерінің барлығында бірдей қолданылмайтындығын ескеру
керек. Айталық, қазақ тілінде у фонемасының жіңішке
естілуі («жұмсақ» варианты) тек екінші буынды ғана
мүмкін. Ондай жағдайда сөздің бірінші буынында жі-
ңішке дауысты айтылуға тиіс. Сөйтіп, бірінші буында
жіңішке дауыстының ықпалымен екінші буыңдағы у жіңіш-
керіп жұмсалады. Қазақ тіліндегі екінші буында айтылатын
жіңішке у дыбысының мына тәрізді ерекшеліктерін атау
керек: а) жіңішке у қазақ тілінде фонемалық қызмет
атқармайды, ол тек у фонемасының жұмсақ варианты
ретінде ғана айтылады, ә) жіңішке у қазақ тілінде байырғы
түбір құрамында емес, қосымша құрамында айтылады:
кел-у, кет-у т. б. б) қазақ тіліндегі у — дифтонгоид, оны
екі дыбыстың қосындЫсы, ұласуы деп қарау керек: кел-үу,
кет-үу. Бұл дифтонгоид бір кездегі (қазіргі бірсыпыра
тілдерде бар) түбір мен қосымша шегіндегі қысаң дауысты
мен г дыбысының тіркесі негізінде келіп шыққан: іг>у.
Сонымен қазақ тілінде жіңішке айтылатын у фонемасы,
бірақ белгілі позицияда айтылатын у фонемасының «жұм-
сақ» варианты ғана. Осындай вариант татар, башқұрт, но-
ғай тілдерінде бар. Бұл тілдердегі жо^арғыдай позицияда
айтылатын у фонема емес, сөз мағынасын ажыратпайды,
дифтонг тәрізді естіледі: қазақ — келуу, татар — келү, баш-
құрт — килеү, ноғай — килеу. Алайда, жоғарыда айтыл-
ғандай, түркі тілдерінің көпшілігінде жіңішке айтылатын
у фонемалық қызмет атқарады, дербес фонема болып
жұмсалады: әзірбайжан — бүтүн, алтай — бүдүн, қыр-
ғыз — бүтүн, тува — бүдүн, хакас — пүдүн т. б. Ал, татар,
башқұрт тілдеріндегі түбір құрамындағы жіңішке у (қазақ
тілінде ү) дыбысының орнына ө айтылады: татар —
бөтен, башқұрт — ботон. Сонымен, түркі тілдері арасында
у—ү—ө дыбыс сәйкестігі шығады.
Тіл арты, жуан айтылатын ы фонемасы түркі тілдері-
нің басым көпшілігінде бар. Тек өзбек пен ұйғыр тілдерінде
ғана осы сипатта айқын дыбысталатын фонема жоқ. Ол
тілдерде ы мен и дыбыстары бір-бірімен ұласып, бір ғана
и фонемасына айналып, әзірбайжан тіліндегі сөз басындағы
ыи дыбысымен ұласып кеткен. Чуваш тілінде бұл фонема,
басқа тілдермен салыстырғанда, біршама ашық дыбыс^а-
лады (а): тМнла, басқа тілдерде таңла, тыңла; тараш, басқа
тілдерде тырыш, тырыс. Көңіл аударар айырмашшлық
якут, тува тілдерінде кездеседі. Бұл тілдерде көп обздер
құрамында жоғарыда айтылған (осы тараудың бас Хағын-
да) а орнына ы айтылып қана қоймайды, о орйына а
ашық дауыстының қолданылуы кездеседі. Мысалы: якут
тілінде басқа түркі тілдерінде қысаң дыбысымен айты-
латын тәуелдік жалғауы ашық а дауыстысымен қолда-
нылады, ағата (әкесі), аат-а (аты, есімі), сол сияқты:
быар (бауыр), быа (бау), ыал (ауыл), бұл сөздер құрамын-
дағы ы а — дифтонг, қазақ тіліндегі у дифтонгісінің ор-
нында айтылған: тува тілінде — қылын (қалың), хырын
(қарын). Чуваш тілінде ы дыбысы басқа түркі тілдерінде
а орнына қолданылады: ылтан (алтын), тыра (тары),
тымар (тамыр), пыл (бал), хырам (қыран), ыр (ары,
шарша), йывар (ауыр), хысма (қыспақ), пыр (бар, бару),
сыхла (сақта), хыта (қатты), хыт (қай, қапта), ывас
(алақан), ыйт (айт, айту) тына (тана) т. б. Сонымен
бірге, чуваш тілінде басқа түркі тілдеріндегі сияқты ы
фоиемасы, кейде оның жіңішке варианты і фонемасында
да айтылады: пыіда (бит), іыда (ит), тыр (қыру, жону),
хір (қыру, қырып жіберу) т. б. Чуваш тіліндегі сөздер
құрамында айтылатын ы басқа түркі тілдеріндегі у (ү), о
дауысты фонемаларының орнына қолданылады: быт (тұт),
ывал (ұл), выр (ор), выран (орын), шыв (су), ыйха
(ұйқы) т. б. Сонымен басқа түркі тілдері мен якут, тува
тілдерінің арасындағы ы-а дыбыс сәйкестігі және басқа
түркі тілдері мен чуваш тілі арасындағы а ы і у о ұ дыбыс
сәйкестіктері келіп шығады. Бұл сәйкестіктер, әрине, сөздің
басқы түбір құрамында болатын құбылыстар екені бел-
гілі.
Түркі тілдерінің біразында, атап айтқанда, қазақ, қа-
рақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, чуваш тілдерінде акус-
тикалық жағынан ұқсас болып келетін і дыбысы айтылады.
Бұл дыбыс жоғарыда әңгімелеген ы дыбысының жіңішке
сыңары болып табылады: қазақ — тіл, кір, башқұрт —
тіл, кір т. б. Чуваш тіліндегі і дыбысы басқалармен салыс-
тырғанда біршама ашық еріндік мәнермен айтылады. Та-
тар, башқұрт, тілдеріндегі і қазақ тіліндегі баламасымен
салыстырғанда е дыбысына сәл жақындау айтылады. Алай-
да, аталған тілдер құрамындағы і өте қысқа дыбысталады.
Бұл дыбыс қолдануы жағынан көне түркі тіліндегі и (і)
дауысты фонемасына сәйкес. Қазақ, қарақалпақ, ноғай,.
татар, башқұрт, хакас, чуваш тілдеріндегі і басқа түркі
тілдеріндегі и дыбысына сәйкес айтылады. Жоғарғы мысал-
ды жалғастырсақ, әзірбайжан — дил, кир, қырғыз — тил,
кир, якут — тыл, киир т. б. болып шығады. Бұлардың құ-
рамындағы и жоғарыдаГы і дыбысыңа сәйкес қолданыл-
ған. Бұл ыңғайда түркі тілдерінің арасындағы і-и сәйкес-
тігін көруге болар еді. Түркі тілдерінің кепшілігінде айты-
латын и дауысты фонемасының өзіндік ерекшеліктері бар.
Қазақ, ноғай тілдеріндегі дауысты деп танылатын и, аны-
ғына келгенде, екі дыбыстың қосындысы немесе дифтон-
гоид: сійрек, әзірбайжан — сейрек, түрікмен, қырғыз —
кейрек т. б. Бұл келтірілген фактілер қазіргі түркі тілдері
арасындағы мынадай дыбыс сәйкестігін көрсетеді: и—і—іи.
Сонымен қаТар, қазіргі түркі тілдері құрамындағы и, і
дыбыстары шығу, қалыптасу тегі жағынан бірыңғай, сон-
дықтан қолданылуы жағынан да сәйкес. Бұл екі дыбыс ара-
сындағы басты айырмашылық — и дыбысы тіл ұшының
жоғары қарай көтерілуінен жасалады да, сөз ұзақтау
естіледі, ал і дыбысы барынша — қысаң, қысаң дыбыста-
лады.
ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР ЖҮЙЕСІ
Қазіргі түркі тілдерінде барлық тілдерге ортақ болып
келетін 23—25 дауыссыз фонема бар. Дауыссыздардың
қазіргі тілдердегі мұншалық үлкен топ құрауы тілдердің
ұзақ даму процесінің нәтижесі. Түркі тілдерінің көне ес-
керткіштері Орхон — Енисей жазбаларының тілдерінде ар-
наулы графикалық Таңбамен белгіленген дауыссыз фонема-
лар саны іб—17-ден аспайды. Сонда, шамамен 7—8 дауыс-
сыз фонеманың қалыптасуы — тілдердің даму барысында
болған құбылыс. Жаңа фонеманың пайда болуы, әдетте,
тілдің іштей өзгеріс дамуының немесе басқа тілдермен
қарым-қатынастың нәтижесі болуы мүмкін. Тілдің іштей
өзгерісінің нәтижесі дегенде тілдің дыбыстық жүйесінің
өзгерістері еске алынатыны белгілі. Түркі тілдерінде жаңа
дауыссыз фонеманың пайда болуын жоққа шығаруға,
әрине, негіз жоқ. Сол сияқты басқа тілдермен қарым-
қатынасқа түсудің салдарынан сөз ауысады. Жаңа атауды,
жаңа ұғымды білдіретін сөздің ауысуымен бірге кейде жаңа
фонема пайда болады. Тілдің кейінгі даму барысында ондай
фонемалардың көпшілігі тіл құрамында орнығып қолтума
фонемалармен оппозиция құрады немесе белгілі бір сөздер
құрамында ғана орнығып қалады. Әйтсе де, мынадай бір
ерекшелікті айту керек: бүкіл тілдердің барлығына ортақ
болып келетін заңдылықтар бар да, жеке бір ғана тілге/тән
заңдылықтар немесе белгілер бар. Дауыссыз дыбыстар
жүйесінің дамуында ондай ерекшеліктер де, байқалады.
Егер бүкіл консонантизм жүйесінің дамуы түркі тілдерінде
дауыссыз дыбыстардың көп түрлілігіне, екінші сөзбен
айтқанда, баюына алып келсе, бұл процесс жеке тілдер
тарихында бірыңғай, біртектес болған емес. Бірыңғай
болмау себебі: жеке халықтың этногенезі өзімен туыстас
екінші бір халықтың этногенезімін бірдей бола бермеуінде
ғана емес. Әлеуметтік, географиялық жағдайдың салдары-
нан жеке бір халықтың тарихи дамуы басқа туыстарынан
өзгеше болып отырады. Әлеуметтіқ, географиялық жағдай-
мен байланысты ол халық бір халықтармен әр түрлі қа-
тынасқа түседі. Осының бәрі оның тілінде өзінің іздерін
қалдырады. Тіл білімінде экстралингвистикалық фактор
деп аталатын жағдайлардың салдары тек тілдің лексикалық
қорына ғана әсер етіп қоймайды, фонетикалық жүйесінде
де белгілі дәрежеде ықпал жасайды. Жеке түркі тілдері
құрамында дауыссыздар жайында осы тұжырымды айтуға
болады.
Дауыссыз дыбыстардың жоғарыда келтірілген саны қа-
зіргі түркі тілдерінің барлығында дерлік кездеседі. Егер
жеке тілдер ыңғайында салыстыратын болсақ, дауыссыз
дыбыстар саны бірдей болып келетін тілдерді түркі
тілдерінің ішінен ұшырастыру қиын. Айталық, қазақ тілі
грамматикасының авторлары 25 дауыссыз дыбысты атаса,
оған ең жақын тілдің бірі — қарақалпақ тілінде 26 дауыссыз
дыбыс бар дейді. Қдзақстан ертеден шектес, аралас болған
өзбек тілі 28 дауыссызды, ұйғыр тілі 24 дауыссызды қол-
данады. Түрікмен тілінде 22 дауыссыз айтылады. Қазақ-
тармен әрі шектес, әрі этникалық жағынан жақын болып
саналатын башқұрт тийнде 28 дауыссыз дыбыс11 айтылса,
көршілес қырғыз тілінде 22 дауыссыз дыбыс қолданылады.
Ал, қиыр батыста орналасқан чуваш тілінде 24 дауыссыз
фонема айтылады12. Чуваштармен шектес, башқұрттармен
этногенез жағынан бірыңғай татарлардың әдеби. тілінде
24 дауыссыз фонема қолданылады . Кіші Азиядағы
түрікмендердің әдеби тілінде 24 дауыссыз фонемалар
қолданылатын көрінеді14 т. б. Осы қысқа шолудың өзінен
түркі тілдеріндегі дауыссыз фонемалардың сан жағынан
бір тілден екінші тілге ауысып отыратындығын көруге
болады. Алайда, бір нәрсені алдын ала ескерту керек:
дауыссыздардың саны бір тілде аз, екінші тілде көп дегенде,
50
жалпы түркілік дауыссыздардың кейбірі белгілі бір тілде
сақталмаған, ізі жоқ деген қорытынды щықпауға тиіс.
Түркі тілдері арасындағы дыбыс сәйкестіктерін ескерсек,
белгілі бір дыбыс кейде конвергенция құбылыстарына
ұшыраған. Соның салдарынан екінші бір тілдегі екі дауыс-
сыз бір ғана дыбысқа ұласқан.
Дауыссыздар санының ыңғайлас болуы тілдердің геог-
рафиялық орналасу жағынан көршілестігіне немесе этноге-
нездік бірілігіне негізделе бермесе керек. Айталық, ол
ерекшеліктерді еске алсақ, қазақ тілі мен қарақалпақ тілін-
де, сол сияқты башқұрт тілі мен татар тілінде дауыссыздар-
дың саны бірдей болса керек еді. Алайда, қазіргі қазақ
пен қарақалпақ, башқұрт пен татар әдеби тілдері құра-
мындағы дауыссыз фонемалардың саны әр түрлі. Бұл
айырмашылықтар, бір жағынан, әр тілдің өзіндік даму
ерекшеліктерінен туса, екінші жағынан, әр түрлі экстра-
лингвистикалық факторлардың жемісі. Қазақ тілі^егі си-
яқты басқа түркі тілдеріндегі дауыссыз дыбыстар дыбыстау
органдарын (ерін, дауыс шымылдығы, тіл, кішкене тіл,
мұрын, көмей) дауыстау процесіне қатысу дәрежесіне
қарай, дыбысталу ерекшелігіне қарай жіктеледі. Алайда,
осы аталған жіктеліс белгілері түркі тілінен кездеседі деп
қарауға болмайды. Бұл жерде жеке тілдің өзіндік даму
ерекшеліктерін т. б. еске алу керек. Айталық, түрік тілін
зерттеушілер ол тілдегі дауыссыздарды мұрын жолды деп
бөлудің фонетикалық негізі жоқ деп есецтейді. Өйткені,
мұрын жолды дауыссыздар, дауыссыздардың басқа топтары
сияқты, жұптап келетін жүйе құрай алмайды. Қазақ
тілін де осындай топқа. жатқызуға болар еді. Сондай-ақ
фарингалдық дауыссыз дыбыс (һ) қазіргі түркі тілдерінің
біразында қолданылғанмен, көмей арқыльг дыбысталатын
басқа дауыссыз дыбысты түркі тілдерінің басым көпші-
лігі білмейді. Ал, салар тілі мен сары ұйғыр тілінде дауыс-
сыздар бсындай принцип бойынша жіктеледі. Сол сияқты,
чуваш тілінде татар тілінің мишар диалектісінде кейбір
дауыссыздардың міндетті түрде не «жуан» (твердый), не
«жіңішкё» (мягкие) айтылуы басқа түркі тілдерінде кез-
деспейтін құбылыс. Мысалы: чуваш тілінде, зерттеушілердің
айтуынша, л, н, т, р дыбыстары міндетті түрде сөз құра-
мында әрі «жуан», әрі «жіңішке» айтылады. Сондықтан
ол тілде «жуан» л, р, т, н дыбыстары және «жіңішке»
р, л, н, т дыбыстарын ажыратады және олар жұптасып
келетін жүйе құрады. Сондай-ақ ол тілде кейбір дауыссыз-
дар тек «жуан» айтылады, ал екінші біреулері тек «жіңішке»
айтылады. Мысалы, с дыбысы тек жуан айтылатын дыбыс
та, ч, й дыбыстары тек қана «жіңішке» айтылады16. Ал,
қазақ тілінде бұл көрсетілген дыбыстар дауыстылардың
ыңғайымен «жуан» да, «жіңішке» де айтылуы мүмкін.
Сонымен, дауыссыздарды жіктеудің жоғарыда аталған
принциптері — түркі тілдерінің барлығына бірдей ортақ.
Олардан басқа, жеке тілдерге ғана тән ерекшеліктер бар.
Жасалу органдарының қатысына қарай топтағанда,
түркГ тілдеріндегі дауыссыздардың мынадай топтарын атау
керек: ерін дауыссыздар м, б, п, дыбысы көне, жаңа
түркі тілдерінің фактілеріне қарағанда, түркі негіз тілінде
болған фонемалардың қатарына жатады. Түркі ескерткіш-
тері тілінде кездесетін мына фактілер дәлелдейді: мұйын
(мойын, иоң мұң), мәңгі, мыйық, мін, мен, мең т. б. Сөз
басында м орнына б дыбысының қолданыла бастауы тіл-
дердің даму барысында болған процесс: бойын, пойын,
(мойын^, бәңгү, пәңгу (мәңгі) т. б. Бұл дауыссыздар түркі
тілдерінің барлығына ортақ, барлығында бар дыбыстардың
тобына жатады. Осы топқа әр түрлі құбылыстардың нә-
тижесі ретінде қалыптасқан еріндік арқылы жасалатын
в, ф дыбыстарын да жатқызу керек. Алғашқы үш дыбыс
түркі тілдерінің ежелгі фонологиялық жүйесінің көрінісі
болғандықтан, байырғы түркі сөздері құрамында, соңғылар
көбіне басқа тілдерден ауысқан сөздер құрамында айты-
лады: вагон, фабрика т. б. Дегенмен, кез келген сөз құ-
рамында айтылған в, ф дыбыстарын сыртқы әсердің нә-
тижесінде деп қарауға болмайды, олар кейде тіл құра-
мында немесе сөз құрамында болған фонетикалық өз-
герістің нәтижесі болып отырады. Мысалы: әзірбайжан —
вар (бар), түрік — варлық, әзірбайжан — варлығ (өмір
сүру, тұрмыс), әзірбайжан — говулмақ, түрік — қовумақ
(құрылу, жер аударылу), әзірбайжан — довшан, түрік —
тавшан (қоян), әзірбайжан — овлағ, түрік — авлағ (аң
аулайтын жер), гагауз — куфне (кухня), тафта (тақта),
фороз (қораз), түрікмен — арфа (арпа), ғафы (қақпа,
көне түркі қапығ). Ал, башқұрт пен татар әдеби тілдерінде
в, ф дыбыстары, қазақ тіліндегі сияқты, тек сырттан енген
сөздер құрамында айтылады. Бұл — түркі тілдерінің басым
көпшілігіне ортақ ерекшелік. Дегенмен, таза түркілік
сөздер құрамында в дыбысының айтылуы бар факты екені
әзірбайжан, түркі тілдерінің материалдарымен ғана емес,
түркі тілдерінің шығысына орналасқан салар, сары, ұйғыр
тілдерінен де көрінеді17. Ал, ф дыбысы — түркі тілдерінде
сыртқы әсердің нәтижесінде жаңа дәуірлерде қалыптасқаң
фонема. Шығысқа орналасқан түркі тілдерінде көне дәуірдің
өзінде иран тілдерінің әсерімен, кейінгі замандарда батыс
тілдерінің әсерімен ф дыбысымен айтылатын едәуір сөздер
тобы қалыптасты. Қазіргі түркі тілдерінің құрамында ай-
тылатын саф (саф алтын) сөзінің құрамындағы ф мен
фабрика сөзінің құрамындағы немесе Фазыл, Федор тәрізді
кісі аттарының құрамындағы ф дыбыстары —- әр түрлі
этимологиялық негізден тарағандар. Жоғарыда гагауз ті-
ліндегі ф дыбысымен айтылатын (басқа тілдерде өзгеше’
дыбысталатын) сөздер сондай құбылыстың нәтижесі. Ор-
наласу территориясына, мәдени ерекшелігіне байланысты
болатын мына жайды ескеру керек: қиыр батысқа орна-
ласқан түркі тілдеріндегі ф фонемасы =— тек батыс тілде-
рінің әсері. Ол тілдерден шығыс тілінде пайда болған ф
дыбысының ізін табу қиын. Шығыс тілдерінің әсерімен
қалыптасқан ф дыбысы Орта Азия түркі тілдерінде кез-
деседі, ал шығысқа орлаласқан түркі тілдерінен араб-
парсымен қатар қытай тілінің ықпалымен қалыптасқан ф
дыбысы кездеседі18. Сөйтіп, территориялық көршілік жеке
тілдерде ф дыбысының әр түрлі негізде қалыптасуына
алып келген.
Дыбысталуына, тілдің қатысына қарай дауыссыз ды-
быстар үш түрлі айтылады: тіл алды, тіл ортасы және
тіл арты дауыссыздары. Түркі тілдерінің барлығында кез-
десетін тіл алды дауыссыз дыбыстары деп мыңаларды атау
керек: с, з, д, т, р, н, ж, дж т. б. Бұлардың ішінен
ж типтес дыбыстар туралы ерекше айту жөн. Әзірбайжан,
түрік, қырғыз тәрізді тілдер құрамында жалаң ж фонема-
сынан басқа аффрикат дж фонемасы айтылады. Осыған
ұқсас аффрикат дыбыс чуваш тілінде де бар (чуваш орфо-
графиясы бойынша с). Бұл аталған тілдердің бәрінде де
дж аффрикат дауыссыз фонемалық қызмет атқарады.
Алайда, аффрикат дж дыбысының таралу шегін 2—3 тілмен
шектеуге келмейді. Қазақ, татар, ұйғыр, өзбек т. б. тілдер
құрамында бұл дыбыс диалектілік ерекшеліктердің бірі
ретінде ұшырасып отырады. Бұл жеке тілдің этникалық
негізімен немесе көрші тілдің әсерімен байланысты. Осы
топқа башқұрт, түрікмен тілдеріндегі д, б тіс аралық дыбыс-
тарын жатқызуға болады. Олардың арғы негізі с мен з
дыбыстарымен ұласатындығы, бірақ олар с, з дыбыстарымен
фонемалық қарама-қарсылық құрай алмайтыны жайлы түр-
кологияда бұрыннан айтылып келе жатқан. Башқұрт, тү-
рікмен тілдерінде басқа түркі тілдерінің сөз арасында
және сөз соңында айтылатын з дыбысының орнына тіс
аралық д (дз) дыбысы қолданылады: башқұрт — без, һез,
һұз, аз, каз, һаз; түрікмен — биз, сиз, кез, аэ; газ, саз;
қазақ — біз, сіз, сөз, көз, аз, қаз, саз т. б. Бұл дыбыстар
көне түркі тіліндегі д (т) дыбысына сәйкес айтылады.
Көне түркі тілінде: адақ (атақ), құдық (құдуқ), қадағ
(қатағ), итил, башқұрт тілінде: адзақ, қодзоқ, қаздақ,
идзел т. б.19 Бұндай сәйкестіктер башқұрт, сол сияқты
түрікмен тіліндегі д, б тіс аралық дауыссыздары көне
түркілік д (т) дыбыстары өзгерісінің нәтижесінде келіп
шыққан. Оған бірінші себегі, жоғарыда айтылғандай, баш-
құрт (сол сияқты түрікмен) тіліндегі тіс аралық д дыбысы
көне түркі тілдеріндегі сөз арасында, сөз соңында айтыл-
ған д дыбысына сәйкес келеді.
Ал, башқұрт тілінде, сонымен қатар, орыс тілінен енген
сөздердің орта шенінде айтылуға тиіс д дыбысы тіс аралық
дж дыбысына айналып кетеді: боразда — бураздза. Осы
жағдай парсы тілінен енген кейбір сөздер құрамынан бай-
қалады: базар — бадзар. Бұл құбылысТа керісінше сөз ба-
сындағы з өзгеріссіз қалады: залим, жаман, зиян, зар т. б.
Бұл құбылыс көне түркілік д дыбысының екі дауысты
аралығында (сөз ортасында) әлсіреп, спирантқа айналған
дейтін көзқарасты біршама дәлелдей түседі. Көне түркілік
қатаң т өзінен кейінгі және бұрынғы дауыстының ыңғайы-
мен (түбір мен қосымша негізінде) ұяңдап, д дыбысына
айналуы заңды құбылыс еді. Соңғы дыбыс сөйлеу процесін-
де соңғы дауыстының ықпалымен спирантқа айналуы
башқұрт тілінің (сол сияқты, түрікмен тілінің) фактіле-
рімен дәлелденеді. Сондықтан башқұрт тілінің көрнекті
зерттеушісі Ж. Киекбаевтың мына схемасы бұл дыбыстың
даму жолын біршама толық көрсетеді: т, д, д, дз20. Көне
түркі дәуірінің соңғы кезінде екі дауысты дыбыс аралы-
ғындағы д-ның з-ға айнала бастауы (мүмкін, белгілі бір
тайпа тілінің ықпалымен) Орхон-Енисей жазбалары ар-
қылы белгілі. Ортағасырлық түркі тілдерінде көне түркі-
лік д-ның з түрінде айтылуы нормаға айналады. Соңғы з
дыбысының негізінде башқұрттық тіс аралық дз аффрика-
тының қалыптасуын жаңа дәуірдің жемісі деп қарау керек.
Жоғарыда келтірілген дыбыс сәйкестігі схемасының
қай элементі де қазіргі түркі тілдері құрамынан ұшыра-
сатындығын айту керек: якут — атах, қазақ — адақ, (тау),
хакас — азах, башқұрт — азақ. Сонымен, жоғарғы схема
түркі тілдерінің тарихи даму барысында болған өзгерістерді
көрсетіп қоймайды, қазіргі түркі тілдерінің арасындағы
дыбыстардың сәйкес қолданылу жолын және жеке тілдер-
дің өзіндік фонетикалық ерекшеліктерін де байқатады.
Башқұрт, түрікмен тілдеріндегі тіс аралық з дыбысы жо-
ғарыда әңгімелеген д дыбысының қатаң варианты болып
табылады. Башқұрт тіліндегі дз тіс аралық дыбысы сөз
басында айтылмайды, сөз арасында, сөз соңында ғана
айтылады. 3 тіс аралық дыбысы көне түркі тілінде сөз
ортасында, сөз соңында айтылған с, түркі тілдерінің көп-
шілігінде сондай позицияда айтылатын с дыбысына сәйкес
келеді: көне түркі, қазіргі түркі тілдерінде — ыссығ, түс,
кесмек басу, бармас, башқұрт тілінде — эсзе, төсз, кисмәк,
басыу, бармас т. б. Сонымен қатар, башқұрт тілінде кейбір
сөздер құрамында айтылатын б орта түркілік сөз соңында
айтылған з дыбысына сәйкес түсіп жатады: алмаз, кёлмез,
севмез, тутмаз; башқұртша — алмас, кәлмәс, һоймәс, тот-
мас. Соңғы фактілер дыбыстардың мынадай ауысуы бол-
ғандығын көрсетеді: з — с — з: алмаз — алмас — алмаз.
Қазақ тіліндегі бұл позициядағы с дыбысы мына факті-
лерге қарағанда, з дыбысының спирант з(с) дыбысына
айналу жолындағы екінші звено болып табылады. Бұған
байланысты соңғы ескертетін жай — көне түркі тілінде,
қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде сөз басында айтыла-
тын с башқұрт тілінде һ көмей дыбысына айналып кеткен:
һары (сары), һин (сен), һез (сіз), һигез (сегіз), һейөнес
(сағыныш), һүз (сөз), һет (сүт), һейек (сүйек), һеңер
(сіңір) т. б. Сонымен башқұрт тілінде көне түркілік және
жалпы түркілік с дыбысы екі түрлі сипат алған: сөз басында
(кейде сөз ортасында) һ көмей дыбысына ауысса, сөз
ортасы мен соңында с(з) тіс аралық спирантына ауысып
кеткен. Қазіргі түркі тілдерінің едәуір тобында кездесетін
көмей дауыссызы һ жоғары фактілерде ескерсек, башқұрт
тіліндегі сондай көмейлік дыбыстан этимологиялық жа-
ғынан бүтіндей басқаша дыбыс екендігін байқауға болады.
Тіл ортасы дауыссыздарына түркі тілдері жайындағы
әдебиеттерде көбінесе мына дыбыстар жатқызылып жүр:
к, г, ч, й, т. б. ал й дауыссызы — сөз басында қазіргі түркі
тілдерінің көпшілігінде айтылатын дыбыстардың бірі. Алай-
да, й дауыссызының қолданысы, кейбір зерттеулерге қа-
рағанда, негіз тіл дәуірінен келе жатқан құбылыс болмаса
керек. А. М. Щербак сөз басындағы й белгісіз көне заманда
сол позицияда айтылған тіс аралық қатаң спирант дауыс-
сыздың кейінгі замандар бойында өзгерісінің нәтижесінде
қалыптасты деп есептейді21. Егер осы көзқарасты қабыл-
дасақ, онда чуваш тілінде сөз басында айтылатын с-мен
якут тілінде сол позицияда айтылатын с-й дауыссызына
негіз болған тіс аралық спиранттың кейбір ерекшеліктерін
сақтаған деп есептеу керек болады. Ал, қазақ т. б. қыпшақ
тілдеріндегі ж дыбысы да езінің архетипіне оғыз тілдерін-
дегі й-ге қарағанда әлдеқайда жақын болып шығады. Алай-
да, бұл көзқарасқа қарсы пікір айтылып жүр.22
Сібірдегі кейбір тілдерде (тофалар т. б.) дауыссыз
й-дің мұрын арқылы айтылатын варианты кездеседі. Сондай
дыбыс көне ескерткіштер тілінде ұшырасады (С. Е. Малов
транскрипциясы бойынша). V—IX ғ. ескерткіштерінде
а, і, ы, р (жаман, оңбаған), қа у (қандай), қо (қой),
чыга (кедей), уа (жай, жаз), қыма (қидан), ақ ақ (қаймақ),
түру айа (тырна) т. б. Бұл фактілер й дыбысының қолда-
нылуы жаңа дәуірде болған құбылыс екендігін дәлелде-
мейді. Шығысқа орналасқан тофалар тілінде, кейбір ыңғайда
якут тілінде қолданылатын й дыбысының дауыссыз й-ге эти-
мологиялық қатысын дәл айту қиын. Көне ескерткіштер
тіліндегі й мен і дыбыстарының өзара байланысы жайлы
айқын факті жоқтың қасы. Салыстырма фактілер ыңғайын-
да й дыбысын нй, нғ, нг, йн дыбыс тіркестерінің дамуының
нәтижесі деп қарауға негіз бар сияқты. Өйткені, жоғарыда
келтірілген сөздер кейінгі, орта ғасырлардағы ескерткіштер
тілінде анығ, қанйу, қон, чыған тәрізді түрде берілген.
Осыларды ескерсек, і дыбысы дауыссыз й-дің комбинатор-
лық өзгерістер нәтижесінде пайда болған аллафоны ,деп
қарауға негіз бар. Якут тіліндегі і басқа системалы тіл-
дерден енген сөздердің құрамында ғана айтылады: іар
(бет, -жүз) т. б. Тофалар тілінде і дыбысы бірен-саран сөз-
дердің басқы н, м позициясында айтылады және ондай
сөздер әдетте мұрын жолды дыбыстарына аяқталады:
арын (жауырын), іам (қоқыс). Сонымен қатар, ол якут,
тофалар тілдерінде сөз ортасында екі дауысты дыбыс ара-
лығында айтылады: мыіыс (мүйіз), мәіы (мын), аіах (ауыз,
тесік), туіах (туях), куіах (қабық), иіә (ана, шеше),
хаіох (қою) киіит (келін), кәіүр (күйе, затқа түсетін
күйе, күйе жеді), қуіас (күн, көне түркіше қуйаш), тыіыс
(тығыз, қатты).
Тіл алды ш дыбысына қарағанда, ч дыбысы түркі
тілдерінде сөздің басқы позициясында жиі айтылады. Алай-
да, қазіргі түркі тілдерінде қолданылатын ч дыбысын тек
қана түркілік құбылыс деп қарауға болмайды. Қазіргі
түркі тілдерінде айтылатын ч аффрикатының екі түрлі
негізін көрсетуге болады. Ол дыбысталу табиғаты жағынан
«жұмсақ» болып келетін қос дауыссыз тәрізді естілетін
ч: түрік — уч, біч (піш, киім пішу), татар — оч (үш) уң
56
(өш, өш алу), чық (шық), чын (шын, шындық), чия (шие),
әтәч (әтеш, қораз): орыс және батыс тілдерінен енген
сөздер құрамында: чемпион, чайник т. б. Соңғы сөздер
құрамындағы ч орыс тілдеріндегідей қатаң естіледі. Сон-
дықтан келтірілген сөздер құрамындағыдай ч әрпімен бел-
гіленген дыбыстарды сапалық жағынан бірдей деп есептеуге
әсте болмайды. Олардың өзара ұқсастығы — екеуінің де
аффрикат екендігінде, бірақ түркілік ч әлдеқайда ұяң,
«жұмсақ» естіледі.
Тіл арты дауыссыздарына қ, ғ,х дыбыстары жат-
қызылады. Түркі тілдерінің көпшілігінде тіл артынан жа-
салатын қатаң қ дыбысы айтылады. Ондай тілдерде қ
тіл ортасы дыбыстарының қатарына кіретін к дыбысымен
фонемалық қатынаста қолданылады. Қазақ тілі — сондай
тілдердің бірі. Әдетте, түркологияда бұларды (ғ, г дыбыста-
рын қоса) «к типтес фонемалар жүйесі» деп біріктіріп
атау олардың фонемалық қатысыиа негізделсе керек. Қ,
к дыбыстарының фонемалық қатынасы барлық түркі тіл-
дерінде бірдей көріне бермейді. Түркі тілдерінің кейбір
топтарында к дыбысының қай позицияда қолданылуына
қарай көрші айтылған дауыстының әсерімен «жуан» не
«жіңішке» естілуі бар. Ғ әрпімен әр текті дыбыстар бел-
гіленеді. Көне түркі жазбаларында сөз ортасында, сөз
соңында айтылған, жуан дауыстылармен бірге қолданыла-
тын ғ түркі тілдерінің көпішлігінде әр түрлі өзгерістерге
ұшыраған. Айталық, қазақ тілінде дифтонгілер мен қырғыз
т. б. тілдердегі созылыңқы дауыстылар белгілі дәрежеде
сондай процестің нәтижесі. Дегенмен, түркі тілдерінің кей-
бір тобында, мысалы, оғыз тілдерінде сол фонема өз қал-
пын сақтап қалған. Көне түркілік ғ фонемасы сақталмаған
тілдерде бұл әріп бір ыңғайда қатаң қ дыбысының ұяң
вариантын білдіреді. Қ дыбысының ұяң вариантын біл-
діретін ғ сөз ортасында келетіні белгілі. Бұл — түркі тіл-
дерінің көпшілігінде бар құбылыс. Сонымен қатар, оғыз
тілдерінде сөз басыңдағы қатаң қ ұяңдап кеткені мәлім.
Ал, түркі тілдерінің көпшілігінің құрамында шығыс тіл-
дерінен ауысқан, ғ дыбысынан басталатын сөздердің едәуір
тобы орныққаны белгілі. Сонымен, шығу тегі жағынан әр
түрлі дыбыстар тобы ғ әріпімен белгіленген. Бұлардың
барлығына ортақ қасиет — жуан дауыстылармен тіркесіщ
жуан айтылады. Ғ дыбысы тіл алды г дыбысымен. фоне-
малық қатынасқа түседі.
Түркі тілдерінде көмей арқылы жасалатын бір ғана
дауыссыз дыбыс бар: һ (кейбір тілдер алфавитінде х арқылы
белгіленген) һ дауыссызы көне түркі жазбалары тілінде
ұшыраспайды. Тек бірен-саран сөадердің басыңда протеза
ретінде қолданылған. Қазіргі түркі тілдерінде һ фонемасы
сөздердің едәуір тобының басында қолданылып қалыптас-
қан. һ фонемасының сөз басында айтылуын барлық уақыт-
та протезалық құбылыс деп қарауға болмайды. Ол көп
сөздердің құрамында органикалық элемент ретінде келеді:
әзірбайжан — һорох (орақ), өзбек хакки (қарға), харакат
(әрекет), қозғалыс, башқұрт — һары (сары), һұң (соң),
һау (сау), якут — быһах (пышақ), іцыһын (қысында,
қыста), кіһі (кісі), ұйғыр — һарақ (арақ), харам (арам),
хармақ (шаршау, арып-аршу), хаң-таң (аң-таң болу),
хава (ауа), хәре (ара), хәр (әр, әр кісі) т. б.
Көмейлік дыбыстың сөздің абсолют басында айтылуы кө-
біне өэбек, ұйғыр, әзірбайжан, түрікмен, гагауз тілдеріне
тән. Бұл познцияда һ көбіне протеза ретінде айтылатыны
байқалады. Сол тілдерден келтірілген сөздер қазақ тілінде
басқы көмей дыбысынсыз айтылады: орақ, әрекет, арақ,
арам, аң-таң т. б. Алайда, башқұрт, якут тілдерінің ма-
териалдары ол тілдер құрамындағы һ дыбысының басқа
тілдердегі с, ш дыбыстарымен сәйкес қолданылатындығын
байқатады: сары, саң, пышақ, қыс, кісі.
Дауыс қатысына қарай дауыссыз дыбыстар қатаң
және ұяң (үнді) болып жіктеледі. Қатаң дауыссыздар
мен ұяң дауыссыздардың арасындағы басты белгі — белгілі
бір дыбыстың жасалу процесіне дауыстың қатысуы. Қатаң-
дар мен ұяңдардың арасындағы айырмашылық — фоне-
малық па, әлде ондай дәрежеге жетпеген бе?— дейтін
сұраққа айқын жауап беру әзірге мүмкін емес. А. М. Щер-
баков көне, жаңа түркі тілдеріндегі қатаңдар мен ұяң-
дардың қолданылу ерекшелігін сипаттай келіп, түркі негіз
тілінде дауыссыздың мұндай жіктелуі фонемалық мәнге
ие болады дейтін өзінен бұрын айтылған пікірлерге қарсы
шығады. Оның айтуынша, түркі тілдерінде дауыссыздардың
белгілі бір позицияда қатаң естілуі, екінші жағынан, оның
күшпен айтылуына да байланысты, сондай-ақ кейбір ды-
быстардың ұяң естілуі олардың әлсіз айтылуының белгісі
болса керек. Сонымен Щербак пікірін қорытындыласақ,
түркі тілдеріндегі дауыссыздарды дауыс қатысына қарай
қатаң (күшті және ұяң), әлсіз деп жіктеу әлдеқайда орын-
ды болмақ23. Дауыссыздарды дауыс қатысына қарай жік-
теуді қай түрде алсақ та, қазіргі түркі тілдерінде қатаң,
ұяң дауыссыздардың сөздің қай позициясында болсын бір-
бірінен қатаң-ұяң тұрғысынан жіктеліп қолданылуы бар.
Мысалы: қазақ тілінде — тақ, дақ, тән, дән, таба, тапа,
аяқпен тапа, алға, алқа, сақа, саға, татар тілінде — тапа
(шай) таба, басқа, баға, әзірбайжанда — қол (бұта), (ғол),
(қол), тағ (кумбез), дағ (тау) т. б. Дегенмен, қатаңдар мен
ұяңдар арасындағы айырмашылық фонемалық дәрежеде
ме дейтін тұрғыдан келгенде, фактілер жеткілікті бола
бермейді. Мысалы, қазақ тілінде біраз сөздер қатаң дауыс-
сызбен де айтылады, бірақ олардың арасындағы мағыналық
айырмашылық сезілмейді: мысалы, диірмен және тиірмен.
Сонымен қатар, сөз басында қатаң я ұяң дауыссыздың
айтылуына қарай сөз мағынасының өзгеруі, жаңа сөз пайда
болуы тілдің даму барысында басқа тілдермен қатынасқа
түсудің нәтижесі болуы мүмкін. Айталық, қазақ тіліндегі
күл, гүл тәрізді сөздердің басқы дыбысы қатаң я ұяң
болуына қарай бір-бірінен мағыналық жағынан ажырауы
шартты нәрсе: гүл, сөзі парсы тілінён ауысып орныққан
да, екі сөз арасындағы фонемалық қатынас пайда болған.
Нақ осындай жағдай басқа тілдерде, әсіресе ортаазиялық
түркі тілдерінің көпшілігінде ұшырасады.
Қатаң дауыссыздар мен ұяң дауыссыздардың сөздің
қай шенінде қолданылуы, қазіргі түркі тілдерінде белгілі
бір жүйемен келеді. Сөз басында қатаң дауыссыздарды
қолданатындар — хакдс тілі мен чуваш тілі. Бұл тіл-
дерде сөз қатаң дауыссыздардан басталады да, көпшілік
түркі тілдерінде осы позицияда ұяңдап айтылады. Хакас,
чуваш тілдері мен түркі тілдері арсында кездесетін сөздің
абсолют басындағы қатаң дауыссыздар мен ұяң дауыссыз-
дардың сәйкестігі осылай келіп шығады.
Сөздің бас шетінде ұяң дауыссыздардың қолданылуы
түркі тілдерінің барлығына бірдей тең құбылыс емес. ¥яң
дыбыстарды сөз басында көп қолданылатын топ — оғыз
тобы (әзірбайжан, түрікмен, түрік тілДері). Оғыз тобын-
дағы тілдер сөз басындағы ұяң д, ғ, г дыбыстарын басқа
түркі тілдерінің қатысымен салыстырғанда көп қолданы-
лады: әзірбайжан — дағ, дайан, дамар, дамжы, дан, аз,
демір, дер, дәиц түрікмен — дағ, дайан, дамыр, дамжан,
даң, дәмір, тір, дәш; қыпшақ тілдерінде — тау, тайан,
темір, тамыр, таң, таз, темір, тер, тес; түрікменде — гел,
гит, герек, гир, гейим, гелин, геч, гермек, гиң; қазақ ті-
лінде — кел, кет, керек, кір, киім, келін, кем, көрмек, кең;
әзірбайжанда — газ, ғал, гар, гуч, ғыз, ғол, ғат, ғұл, гуш;
қазақта — қаз, қал, қар, күш, қыз, қол, қат. (Асқа қатық
қат — араластыр), құл, құс.
Дегенмен, оғыз тілдерінде сөздің абсолют басында
д, ғ, г дыбыстары, ал қыпшақ тілдерінде сол позицияда
т, қ, к дыбыстарының қолданылуы тән екендігін айтумен
бірге, мұның өзі мызғымайтын құбылыс емес екенін де
ескерту керек. Аиталық, жоғары ізбен көбелек, кендір,
кес сездері түрікмен тілінде г дыбысымен айтылады деп
тұжырымдауға болар еді. Алайда, ол тілде аталған сөздер
көбелек, кендір, кесмек түрінде дыбысталатын керінеді.
Сол сияқты, оғыз тілдерінің бірі түрік тілінде даш, емес,
таш, қаз, қал, қар, қат, қач, қойдың, қыз, қыл, қын, қыш
(қыс — мерзім маусымы) түрінде дыбысталып, әзірбайжан,
түрікмен тілдерінен ерекшеленіп келеді. Дегенмен, ол тілде
де гір (кір), гоз (көз), гок (көк), гер (көр) гүз (күз),
гұн (күн) гуч (күш) екінші сөзбен айтылады, басқа оғыз
тілдерімен бірдей дыбысталады. Әзірбайжан тілінің өзінде
де, зерттеушілердің айтуы бойынша, бір жағынан: тикан
(тікен), тикмак (тікпен, тігу) тох (тоқ), токулмәк (төгілу),
төккүнтү (төгінді), екінші жағынаң — доймағ (тоймақ
тойу) дарағ (тарақ), дузағ (тұзақ) т. б. Сонымен жоғарыда
көрсетілген жүйе абсолютті, одан ауытқу болмайды деп
қарау, әрине, бір жақты болмақ. Өйткені, тіл атаулының
бәрінде, оның ішіңде құрылысы мен сөздік қоры, фоне-
тикалық жүйесі жағынан бір-біріне ұқсастық генезистік,
бірліктің, ортақтастықтың нәтижесі болып келетін тілдерде
ешбір құбылыс басынан аяғына дейін түгел жіктелмейді.
Әңгіме болып отырған құбылыс ыңғайында осы ерекше-
лікті көруге болар еді. Оғыз тілдерінде сөздің абсолют
басында ұяң дыбыстар айтылып, ережеге қосымша ретінде
тағы да екі түрлі ерекшелікті ескерткен жөн. Әзірбайжан
тілін зерттеушілер ол тілде кейбір сөздің абсолют басын-
да айтылатын д таза т емес, тз тәрізді қатаңнан басталып,
ұяңға аяқталатын күрделі дыбыс екендігін айтады24.
Егер осы құбылысты еске алсақ, әзірбайжан тіліндегі сез
басында айтылатын д таза ұяң дыбыс еместігін, бұл
арқылы ол басқа оғыз тілдерінен едәуір ерекшелене-
тіндігін көруге болады. Әзірбайжан тілінің бұл ерекше-
лігі оғыз тілдерінде, сондай-ақ тува тілінде сөз басында-
ғы қатаң т әлсізденіп, ұяңдаған дейтін пікірді25, толы-
ғымен қуаттайтын тәрізді. Сонда оғыз тілдеріне тән жалпы
заңдылық — сөз басындағы қатаң т дыбысының ұяңдауы
да, ал ескі іздің қалдығы — кей сөздер құрамында сөз
басында т дыбысының айтылуы болып шығады. Әзірбай-
жан тілінде кей сөздердің басында тд тәрізді күрделі
дыбыстың естілуі — аралық буын болса керек. Екінші бір
ерекшелік — оғыз тілдерінің ішіндегі түркі тілінде сөз ба-
сында қатаң дауыссыздар да, ұяң дауыссыздар да айты-
лады. Түрік тілінің ерекшелігін дәлелдейтін материалдар
жоғарыда келтірілді. Басқа оғыз тілдерінде ұяң д дыбы-
сынан басталатын біраз сөздер түрік тілінде қатаң т ды-
бысынан басталып айтылады. Кейбір зерттеушілер осы
ерекшелікке қарай, қазіргі түрік тілі «жасы жағынан Орхон-
Енисей ескерткіштері тілінен де көне дейтін пікір айтады.
Алайда, мұндай пікір түркі тілдеріне негіз болған тіл-
дещауыссыздардың қатаң-ұяң болып жіктелген, сондықтан
түркі сөздерінің басында қатаң дауыссыз да, ұяң дауыс-
сыз да қолданылған дейтін тұжырымнан келіп шыққаны ай-
қын. Қазіргі тарихи түркологиялық зерттеулерде мұндай
тұжырымды бекіте түсетін фактілер кездеспейді. Олай
болса, түркі сөзінің басында көне дәуірде (немесе негіз
тілде) қатаң дауыссыздар ғана қолданылса керек, ал ұяң
дауыссыздардың қолданылғандығын (немесе олардың бол-
ғандығын) дәлелдейтіндей айқын факт жоқ, сөз басында
ұяңдардың қолданыла бастауы тілдің дамуы барысында
қалыптасқан құбылыс дейтін бұрыннан айтылып келе
жатқан, біршама орныққан көзқарас әлі өзінің күшін
жойған жоқ. Ал, түрік тілінде сөз басында қатаң дауыс-
сыздармен қатар ұяң дауыссыздардың айтылуы сол тіл-
дің өз ішіндегі диалектілердің әдеби тілді қалыптастыруға
қатысу дәрежесінде бағынышты болуы мүмкін немесе сол-
түстік-батыс тілдерінің көне дәуіріндегі ықпалының нәти-
жесі де болуы әбден ықтимал26.
Түркі тілдерінің қазіргі күйі сөз басында т немесе д
дыбысының айтылуы фонологиялық мән алатындығын әсте
дәлелдемейді. Қазақ тілінде (әдеби тілде болсын, говорлар
мен әдеби тіл арасында болсын) бір ғана сөздің әрі т,
әрі д дыбысымен айтылу фактісі бар, бірақ олардың арасын-
да мағыналық айырмашылық болып көрген емес. Сөз ба-
сында т, д дыбыстарынан құралған қатаң-ұяң жұптардың
қолданылуына байланысты кейбір басты ерекшелік осы
айтылғандай.
Түркі тілдерінде сөз басында п, б жұбының қолданылуы
жоғарғы айтылғандардан сәл өзгеше. Бұл екі дыбыстың
қолданылу ерекшелігі жағынан қазіргі түркі тілдері бі-
рыңғай еместігі өз алдына, кейбір тілдердің тек өздеріне
ғана тән ерекшеліктері бар. Сөз басында п қатаң дыбысын
айтатын тілдер тобына хакас, шор, тува, чуваш тілдері
жатады. Бұл дыбысты жүйелі емес, эпизодтық ыңғайда
басқа да түркі тілдері қолданады. Мысалы, қазақ тілінде
п дыбысынан басталатын біраз сөздер кездеседі. Бірақ
ондай сөздердің біразының дублеттері бар (яғни жарыса
қолданылуы), ал едәуір көпшілігі басқа тілдерден ауысып
келген сөздер. Қазақ тілінің осы ерекшелігі түркі тілде-
рінің көгппілігіне ортақ.
Сөз басында б ұяң дауыссызын айтатын тілдердің саны
әлдеқайда көп. Бұл топқа оғыз тобындағы тілмен бірге
қыпшақ тобындағы тілдерді де, Сібір мен Шығысқа ор-
наласқан тілдерді де, көне түркі, көне ұйғыр, көне қыпшақ
тілдерін де, сондай-ақ қарлұқ тобындағы тілдерді де жат-
қызуға болады. Көне мұралар тілінде сөз басында қатаң
п өзінің ұяң вариантына қарағанда өте жиі айтылғандығы
қазір әбден айқын. Бір кезде В. В. Радлов Сібірдегі шор,
хакас, тува тілдерінде (өйткені, олар замандар бойы өздері-
нің Азиядағы «туыстарынан» оқшауланып келген) жақын
болу керек, сондықтан «Құтадғу білію» тілі сөз басында
қатаң п дыбысын айтқан деген оймен дастанды солай
транскрипциялаған еді. Алайда, кейінгі зерттеулер, әсіресе
В. Томсеннің дастан тілін ырғақ, ұйқас жағынан зерттеуі
Радлов ойының қате екенін көрсетті/ С. Е. Маловтың бел-
гілі классификациясы бойынша көне құрылысты сақтап
қалған деп қараЛатын якут тілі де б дыбысынан бастап
айтылатын тілдер тобына жатады. Мысалы, хакас —
пір, піс, пол, пар, пулут, пурун, пас, палық, палты, якут —
биэр, биэс, було, быар, баар, былыт, мурун, бас, балмқ т. б.
Бұл фактілер көршілес орналасқан, этногенездік жағынан
бір-бірімен қабысып жататын екі тілде де аталған дыбыс-
тарды сөз басында қолдану тұрғысынан үлкен айырмашы-
лық бар екендігін көрсетеді. Түркологияда осыдан бұрын
баяндалғандай, түркі сөздерінің көне дәуірінде қатаң ды-
быстан басталып айтылғандығы жайлы байлам орнығып
келеді. Бірақ кейбір зерттеушілер сөз басында қатаң ды-
быстармен қатаң ұяң дауыссыздардан б дыбысы айтылса
керек дейтін де пікір айтып келеді. Оған дәлел — көне
мұралар тілінде, сондай-ақ бүгінгі көпшілік түркі тілдеріндс,
солардың ішінде якут тілінде, сөз басында б ұяң дауыс-
сызы басым қолданылатындығы. Ал, батыстағы башқұрт
тілінде басқа тілдерден (мысалы орыс тілінен) ауысқан,
п қатаң дауыссызымен айтылатын сөздердің өзі б дыбы-
сымен айтылады. Қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде сөз
басында ұяң б дыбысының қолданылуын тарихи тұрғыдан
мына құбылыспен ғана түсіндіруге болады. Тарихқа бел-
гісіз түркі сөздері қатаң дыбыстардан басталып, екпін бі-
рінші буынға түсті (сөздің өзі де бір буынды еді). Тілдің
даму барысында сөз құрамының күрделенуіне байланысты .
бірінші буынды бұрынғыдан гөрі күштірек айту қажеттігі
туды. Өйткені, негізгі ой мен негізгі хабар (информация)
бірінші буын арқылы беріледі. Сөз құрамының күрделенуіне
байланысты екпін сөз соңына (бірінші буыннан соң) қарай
жылжыды да, бірінші буын, екінші жағынан, кейінгі буын-
дардың сапасын айқындаушы міндетіне ие болды. Соңғы
жағдай басқы дыбыстың да, бірінші буыңның да естілуін
күшейту қажеттігін арттыра түсті. Мұндай міндетті атқа-
руға қатаң дауыссыздар қолайлы емес еді. Осындай тілдік
қажеттіліктен барып сөз басының ұяңдауы, яғни дауыс
қатысы бар дыбыстарды қолдану жүйесі қалыптасты. Тіл-
дегі өзгеріс атаулының қайсысы да тілдің құрамын немесе
бүкіл тобын түгелдей қамти бермейтіндігі беДгілі. Соидай
ерекшелікті (әдетте тіл білімінде «закон исключения» деп
аталатын заңдылықты) б, п дыбыстарының сөз басында
қолданылуынан көруге болады.
Қатаң, ұяң дауыссыздардың сөз ортасында қолданы*
луының өзіне тән жүйесі мен ерекшелігі бар. Қазіргі түркі
тілдерінде аталған дауыссыздардың осы позицияда қолда-
нылуын шолғанда, көзге түсетін ерекшелік — әрбір қатаң
дауыссыздың ұяңдауы барлық тілдерде бірдей емес. Сөз
ортасындағы дауыссыз дыбыстар ыңғайында екі түрлі күй
еске алынады: екі дауыссыз арасы (интервокальное поло-
жение) және дауыссыз дыбыстардың қосарлануы (стечение
согласных). Дауыссыздардың сапасын белгілеуде екі дауыс-
ты дыбыс арасы үлкен роль атқарады. Осы позицияда
жұмсалып қатаң дауыссыздар толығынан немесе біршама,
кейде бірен-сараны ұяңдап отырады. Қандай дәрежеде
болса да, ұяңдаудың басты себебі — дауысты дыбыстардың
екі жақты ықпалы екені айқын. Екі дауысты аралығында
айтылған қатаң дауыссыздар толығынан ұяңдап кететін
тілдер — Сібір мен Алтайдағы (якут пен қарағас тілдерінен
басқа) түркі тілдері мен чуваш тілі. Сондықтан чуваш
тілінде: эбир (біз), эзир (сіз), вуда (отын), уба (аю),
туда (тойған), чазах (тез)27, хакас тілінде: сазым (менің
шашым), ады (оның аты); тува тілінде: олар (отты жер,
жайылым), азып (іліп) т. б. Якут тілінде бұл позицияда т
дыбысы сол күйінде ұяңдамай айтылады. Ал қарағас тілінде
т, ш дыбыстары созылыңқы дауысты дыбыстан кейін келсе
ғана ұяңдап кетеді: будум (бұт, менің аяғым). Якут тілінде
екі дауысты аралыҒында с қатаң дауыссызы һ спирант
дыбысына айналып кетеді: бас (бас, адамның басы), баһы
(оның басы), түс (түс, құла), түһәбит (біз құламыз).
Ал, Сібірдегі түркі тілдерінде шартты рай тұлғалы дауысты
не сонор дыбыстардан кейін — за-зе түрінде айтылады:
с, з ал қатаң дыбыстар кейін өз сипатын сақтайды.
Қыпшақ, қарлұқ, озық тілдерінде түбір құрамында қа-
таңдар да, ұяңдар да айтыла береді. Түбір құрамында
қатаң дыбыстар екі дауысты аралығында келгенмен, ұяңдай
бермейді. Бұл жағынан олар чуваш тілі мен Сібір, Алтай
бойындағы түркі тілдерінен бүтіндей оқшауланып тұрады.
Дауссыздардың ұяңдауы (толық немесе ішінара) бұл
тілдерде негізінен түбір мен қосымша шегінде болып отыра-
ды. Дауыстыдан немесе ұяң (сонар) дауыссыздан бастал-
ған қосымша жалғанғанда, қыпшақ тілдерінде қатаң п, қ
дауыссыздары ұяңдайды да т, с, ш, ч дауыссыздары өз-
геріссіз айтылады. 4
Қазақ тілінде — тап-табы, дақ-дағы, оқ-оғы, татар ті-
лінде — бақ-бағы, ақ-ағым т. б. Қарлұқ тілдерінде екі
дауысты арасында айтылған қ, п қатаң дауыссыздары
көбінесе зат есімдер құрамында ұяң айтылады. Бірақ осы
ереже араб, парсы тілдерінен ауысқан сөздерге таралмайды:
балығым (өзбек), Совет Итофок (Совет Одағы). Оғыз
тілдерінде екі дауысты арасында айтылған п, т, қ, ч қатаң
дауыссыздары бір буынды сөздер құрамында, не үнді ды-
быстардан басталған қосымша жалғалғанда ұяңдап кетеді:
түркі тілдерінде — қап-қабы, діп-дібі, ат-ады (оның есімі),
от-оду (оның аты); түрікмен тілінде — от-оды. Ала$да, бір
буынды сөздердің барлығы бірдей осы ережеге бағына
бермейді. Мысалы: жоғарыда аталған тілдердің құрамында
мынадай фактілер кездеседі: түрік тілінде — от-оту, (оның
оты, шөбі), ат-ату (оның аты, көлігі); түрікмен тілінде —
ат-аты (оның көлігі), от-оты (оның шөбі).
Сырттай қарағанда, түбір мен қосымша шегіндегі қатаң
дауыссыздардың ұяңдауы немесе сол қалыпында қатаң
айтылуы омоним арасында мағыналық айырмашылықты
белгілеудің .тәсілі тәрізді.
Кейбір зерттеушілер бұл құбылысты осы тілдерде созы-
лыңқы дауыстылардың (этимологиялық созылыңқы) бар
екендігімен түсіндіреді: созылыңқы дауыстылардан кейін
айтылған қатаң дауыссыз ұяңдап кетеді, әдеттегі дауысты-
дан кейін келген қатаң сол қатаң қдлпында қалады28.
Түркі тілінде қатаң дауыссыздың ұяңдамауы етістік не-
гіздерге де жайылады. Э. В. Севортян мынадай мысалдар
келтіреді: атийор (ол атып жіберді), динлетийор (тыңдат-
қыз), отар (жаю, мал жаю), опұш (сүйісу), сапарақ (бұ-
рылып), бақийор (қарап тұр), ақийор (ағып жатыр).
Сонымен бірге, осы сөздерге ұйтқы болған кейбір түбірлерге
64
тікелей қосымша жалғанғанда, қатаң дауыссыз ұяңға
айналады: ет-едиор (істеп жатыр), жоқ-жоғал т. б.29.
Қатаң дауыссыздардың ұяңдау құбылысы түркі тілде-
рінің біразында бір екпінмен айтылатын екі сөздіЦ аралы-
ғында да кездесіп отырады. Алдыңғы сөздің соңғы буыны
мен соңғы сөздердің алдыңғы буынының құрамына бай-
ланысты екі дауысты аралығында қалған қатаң дауыссыз-
дың ұяңдауы қазақ тілінде әдеттегі құбылыс екені мәлім:
қара кер — қара гер, дәу қара — дәу ғара, барып айт —
барыб айт, келіп айт — келіб айт т. б. Нақ осындай құбылыс
башқұрт, қарақалпақ, құмық, тофалар (қарағас), чуваш,
якут тәрізді географиялық орналасуы бір-бірінен алшақ
жатқан тілдерде ұшырасады. Сондықтан бұл құбылысты
белгілі бір аймаққа немесе этникалық генезистік топқа тән
ерекшелік деп атауға ешбір негіз жоқ. Екі дауысты дыбыс-
тың аралығында кейбір дауыссыздардың үнді дыбыстарға
айналуы түркі тілдерінің біразында ұшырасады. Мысалы,
қазақ тіліндегі п дыбысының жартылай дауысты у-ға
айналуы: тап-ып — тауып, шап-ып — шауып т. б. Сөз со-
ңында қатаң я ұяң дауыссыздардың қолданылуы да түркі
тілдерінде бірыңғай болып келмейді. Шор, алтай, тува,
хакас, якут, чуваш тілдерінде сөз соңында тек қатаң дауыс-
сыздар айтылады. Түркі тілдерінің басқаларында қатаң
дауыссыздар жиі айтылғанмен, сол позицияда ұяңдарда
да қолданылып отырады. Сөз соңында көп ыңғайда ұяң
дауыстыларды қолданылатын тіл — әзірбайжан тілі. Әзір-
байжан тілінде сөз соңындағы жалпы түркілік п, т, қ, ч
дыбыстары ұяңдап, үнді дыбыстарға айналып кетеді: ғанад
(қанат), ігід (жігіт), атмағ (атпақ), ағадж (ағдш), айағ
(аяқ) т. б. Басқа тілдерден ауысқан соңында ұяң дыбыстар
түркі тілдерінің қайсысында болса да қатаңға айналып
айтылады.
ҚОСАР ДАУЫССЫЗДАР. Кейбір түркі тілдерінде дау-
ыссыздардың қосарлануы кездеседі. Бұл ыңғайда түрікмен
әдеби тілінде, сол тілдің есарий диалектісінде, құмық тілінде
мынадай фактілерді көрсетуге болады: түрікмен тілінде
аррық (арық), чаррық (кәрілік), ыссы (ыссы), аччы (ащы),
уллу (ұлы), гиччи (кіші), итті (жіті), қаққа (қойнау),
қоччақ (батыл). Нақ осы сияқты фактілер, бірақ ұяң
дыбыстардың қабаттасуы, әзірбайжан тілінде кездеседі:
аддым (адым), аддамач (аттамақ), саггыз (сағыз), әшшек
(есек), (бұл фактілер Н. К. Дмитриев еңбектерінен алын-
ды). Осыған ұқсас фактілер қазіргі қазақ тілінде де ұшы-
райды: ащ-щы, түщ-щы, тәті-ті, сәт-ті т. б. Олай болса,
негіздер құрамында кей дауыссыздардың қосарлануы, басқа
түркі тілдері сияқты,қазақ тіліне де жат емес.
Н. К. Дмитриевтің айтуынша, басқа түркі тілдерімен
салыстырғанда, әзірбайжан тілінде туынды етістіктер құра-
мында дауыссыздардың қосарлануы жиі ұшырайтын факті
және ондай етістіктердің арғы түбі — еліктеуіш сөздер бо-
лып келеді: заггыл — дамаг (қазақ тіліндегі зықы, зықысы
шықты — сөзімен байланысты болуы мүмкін), гаггылдамаг
(қақылдамақ), тапжылдамаг (тыпылдау). Түркі тілінде:
ешшек,қашшұқ (қасық),йүззүк (жүзідік),ашшағи (төмен,
төменгі жақ), аззық (азық-тулік), анне (ана), йассы
(жазық). Түркі тілдерінің көпшілігінде кездесетін құбы-
лыс — екі, жеті, сегіз, тоғыз, отыз, елу — сан есімдердің
қосар дауыссыздарымен айтылуы: өкки, икки, экки, йетти,
йедди, иетди, едци. Якут тілінде — сэтге, секкиз, сеггиз,
сәккиз; өзбек тілінде — тұққиз, тоққуз; түрікмен — доққуз;
әзірбайжан — доғғуз, орттуз, оттыс, еллиг, элли. Түркі
тілдерінің қайсысымен салыстырғанда да сөз құрамында
қосар дауыссыздарды жиі қолданатын тіл — чуваш тілі.
Чуваш тілінде суққыр (соқыр), анне (ана), атте (ата),
кукка (көке), каччы (күйеу), чече (шешек), шакка (есік
қағу, қағу) тәрізді сөздердің түбірінде дауыссыздардың
екі дауысты аралығында қосарланып келуі әдеттегі құбы-
лыс. Сол сияқты, бірден онға дейінгі сан есімдердің қо-
сарланған дауыссыздармен айтылуы да әдеттегі құбылыс:
перре, икке, виссе, таватта, пиллек, ултта, сичче, саккар
таххар, вунна. Алайда, чуваш тілінде қосарланған дауыс-
сыздардың жиі айтылатыны — түбір мен қосымша шегінде.
Оларды алдыңғы топтан бөліп, белгілі дәрежеде морфо-
логиялық мән алған құбылыс деп қарауға болар еді. Чу-
ваш тілінің мамандары дауыссыздардың қосарлануының
мына тәрізді түрлерін көрсетеді: 1. Екі буынды зат есімдер-
дің ілік, барыс септікте қосар дауыссызбен айтылуы: ваййан
(ойынның), сассен (пышақтың), куллен (көлдің), ваййа
(ойынға), сессе (пышаққа), күлле (көлге); 2. Сондай
сөздер тәуелдік жалғаумен (үш жағы да), көптік жалғаумен
келгенде: саввам (менің әнім), савву (сенің әнің), савви
(оның әні), саввамар (біздің әніміз); 3. Дауыссыз не қы-
саң дауыстыға аяқталған сын есімдер мен салыстырмалы
шырай — рах тұлғасымен келген сын есімдер тәуелдіктің
III жағы и қосымшасы жалғанғанда: пысак (үлкен), пысак-
хи (сол үлкен), лайахрах (жақсырақ)—лайахраххи (сол
жақсырақ, сол тәуірлеу); 4. Тәуелдіктің III жағы — и қо-
66
сылғавда мына тұлғалардың соңғы дыбысы қосарланады:
осы шақ есімшесі — акан (екен)—сыракан (жазушы) —
сыраканни; келер шақ есімшесі — ас (ес), оның болымсыз
түрі — мас (мес), пулас (болар болатын), пуласси, пулмас
(болмас, болмайтын), пулмасси. Өткен шақ есімшесінің бо-
лымсыз түрі — ман (мен)— варанмен (оянбас, оянбаитын),
варанманни; 5. Осы шақ, көцше III жақта барлық етістіктер
қосар с дауыссызымен айтылады. (Болымды түрде де,
болымсыз түрде де); пуранассе (тұрады, тіршілік етеді),
пуранмассе (тұрмайды), щухашлассе (ойлайды), шухаш-
ламассе (ойламайды), хепертемессе (қуанбайды); 6. Же-
кеше, көпше, II жақта өткен шақ етістіктері қосарланған
т дыбысымен айтылады: сапасаттам (соғысты); осы шақта
айтылған қалау рай етістіктері де т дыбысымен айтылады:
пуслаттам (мен бастар едім); 7. Малла (мелле) есімше
тұлғасы барлық уақытта қосарланған л дыбысымен айты-
лады; бағытты білдіретін бірсыпыра үстеулер де қосарлан-
ған л дыбысымен айтылады: келелле (үйге қарай), хулан-
алла (қалаға қарай), ялалла (деревняға қарай), лерелле
(солай қарай), вараралла (отызға қарай), ситмелелле (жет-
піске қарай), купталла (осылай қарай) т. б. Бұлардың
бәрі барыс Септігі негізінде қалыптасқан үстеулер; 8. Жи-
нақтық сан есімдерден жасалғаң үстеулер құрамында тү-
бірдегі дауыссыз қосарланады: печчен (жалғыздап), иккен
(екеулеп), виссен (үшеулеп), таваттак (төртеулеп), пилле-
кен (бесеулеп), улттан (алтаулап), сиччен. (жетеулеп),
саккаран (сегіздеп), таххаран (тоғыздап), вуннан (ондап).
Бұл айтылғандар чуваш тілінде түбір мен қосымша негі-
зінде немесе қосымшаның әсерімен түбірде болатын дауыс-
сыз дыбыстардың қосарлан^ының негізгі түрлері ғана.
Бұлардың бәрі белгілі бір фонемалық тұрғылармен бай-
ланысты болып, сол морфёманың дыбыстық айырмашылы-
ғы ретінде ұғынылады.
«СЫНА» ДАУЫССЫЗДАР. Түркі тілдерівде дауыссыз-
дардың екі дауысты арасывда «сына» ретівде қолданылуы
біршама кең тараған құбылыстардың қатарына жатады.
Әрине, кез келген дауыссыз мұвдай позицияда қолданыла
алмайды. А. М. Шербак «сына» ретівде қолданылатын
дауыссыздар деп мыналарды көрсетеді: р, ш, с, й30? И
сына дыбысының қолданылуы көне түркі тілінде кездеседі.
Ол тілде жіңішке дауыстыдан басталған сөздердің құ-
рамывда жіңішке дауыстыдан бұрын й сына дауыссызы
айтылған. Қазіргі тілдердің ішівде бұл жүйені одан гөрі
дамытқан тіл — қарашай тілі. Көне түркі тілінде й сына-
сының қолданылуын мына сөздерден көреміз: йумуртқа
(бірсыпыра алтай тілінде умуртқа, умуқта), йығач, йамрақ
(суйікті), йем (ем), йығла (жыла), йыра (қашу, ыра
қашу), йіг (ауыру), йідіз (биік), йіл (іл, ілу), йінічке (жің-
ішке). Қарашай тілінде: йешік (елік), йөгүз (егіз), йүч
(үш), йетгйөр (өткір), йүй (үй), йуренир (үйрену), йер
(әр). Қарашай тілінде й сынасының айтылатын орны тек
сөздің абсолют басы ғана емес, сөздің орта шенінде ерін
дауыстыларының алдында да айтылады: сйоз; гагауз ті-
лінде: йем (ем, емшек ем), йең (ең, ең алды), йүрк (үрк,
үрку). Қарақалпақ тілінде (қазақ тілінде де) сына й дыбысы
е, о, ө дыбыстарының алдынан естіледі. И сына дыбысы
басқа түркі тілдерінде кездеседі. Бұл ыңғайда оғыз тіл-
деріндегі сөз ішінде й дыбысының қолданылуын айту
керек. Мысалы, түркі тілінде йазмайыныз (жазбаңыз)—
йаз-ма-й — ының, бабайы (әкесі)—баба-й-ы т. б. Бұған
қоса, ол тілдерде осы шақ есімше тұлғасы — йор түрінде
й-мен айтылатындығын қосу керек. Осындай із ескі түркі
(орта ғасыр) тілінде болған: сайрайур (сайрайды) — сайра-
й-ур, сөзлейур (сөйлейді) — сөйлей-үр т. б. Р, ш дыбыста-
рының сына ретінде қолданылуы көбіне топтау сан есім-
дерінің құрамында, түбір мен қосымша шегіңде екі дауыс-
тының арасында (дауыстыға аяқталған түбір мен дауыс-
тыдан басталатын қосымша арасында) болады: орта түркі
тілінде — іккірер (екеуден), алтырар (алтаудан), татар ті-
лінде — ікішер (екеуден). Ұйғыр тілінде — р дыбысы
дауыстыға аяқталған сөзге тәуелдік жалғау жағынан ай-
тылады: тохо-р-ум (тауығым), дүниары (дүниесі). С ды-
бысының сына ретінде қолданылуы түбір мен жалғаудың
арасы. Бұл көбінесе, қазақ тіліндегі сияқты, тәуелдіктің
III жағынан кездеседі: бала-с-ы.
ДАУЫССЫЗДАРДЫҢ ТҮСІП ҚАЛУЫ. Түркі тілдері
сөз ортасындағы қ, ғ, к, г дауыссыздарын айту-айтпауына
қарай өзара жіктеледі. Көне дәуірде жазылып, бізге жеткен
ескерткіштёр тілінде көрсетілген дауыссыздарды сөз орта-
сында қолдану әдеттегі норма, қалыптасқан құбылыс екенін
көруге болады. Алайда, қазіргі түркі тілдерінің едәуірі ол
заңдылықты жоғалтқан. Бұл топқа оғыз, қарлұқ және қып-
шақ тілдерін жатқызуға болады. Мысалы: қазақ — керек,
өзбек — керак, татар — кирек, түрікмен — герек, көне түркі
тілі — кергек, қазақ — құлақ, көне түркі тілі — құлқақ т. б.
Алайда, мұндай құрамды сөздердің басым көпшілігін *
68
Сібір мен Алтай маңына орналасқан түркі халықтары сақ-
тап айтады. Оғыз тілдерінде аталған дыбыстардың ай-
тылуы түбір сөздерғе ғана емес, қосымшаларға да тарал-
ған. Оғыз, қыпшақ тілдеріне ортақ болып келетін өткен
шақ есімшесі оғыз тілдерінде қ-ғ дыбысы түсіріліп ан-ен
түрінде дыбысталады. Сол сияқты, қ-ғ дыбыстарының
сақталу, сақталмауына қарай түркі тілдерінде барыс сеп-
тіктің екі түрі қалыптасқан: «солтүстік варианты» деп
қаралатын қа-ке, ға-ге және «оңтустік варианты» деп қа-
ралатын а-е (ат-қа, ат-а) т. б. Осы өзгерістің нәтижесінде
көне түркілік қы-кі, ғы-гі қимыл есім тұлғасы солтүстік-
батыс тілдерінде у түрінде қалыптасқан, қимыл есімінің
(кейде тұйық рай) жаңа тұлғасын қалыптастырады:
ал-ғу, ал-у, бер-гу-бер-у т. б.
Сөз соңындағы қ, ғ, к, г дауыссыздары туркі тілдерінің
көпшілігінде түсіп қалған: элліг-элли — елу, атлығ-атлы-
атты, сарығ-сары т. б. Бұл позицияда түрікмен, әзірбайжан
тілдерінде ғ, г дыбыстары сақталып қалған. Сөз соңын-
дағы ғ, г дыбыстарының қазіргі түркі тілдерінде әр түрлі
көрініске ие болғандығы белгілі факт. Ондай өзгерістің
негізгі түрлері мына тәрізді болып келеді, Сөз соңында
көне түркілік ғ, г қазіргі қыпшақ тілдерінде у, кейде й-ге,
жеке сөздер құрамында қатаңдап қ-ға айналса, алтай ті-
лінде й және ұзағырақ дауыспен айтылатын й, (түрік,
түрікмен, өзбек, ұйғыр тілдерінде қатаңдау естілетін ғ
және, у, в тәрізді о, у дыбыстарынан соң), хакас тілінде
ғ (г) болып естіледі. Осы ізбен көне түркілік тағ, суғ
сөздері аталған тілдерде мына сыпатта дыбысталады:
алтай — тағ, қазақ — тау, қырғыз — тоо, түрікмен — дағ,
өзбек — тоғ, хакас — тағ, чуваш — ту, алтай — су, қазақ —
су, қырғыз — су, түрікмен — дув, өзбек — сув, хакас —
суғ, чуваш — шыв; сөйтіп сөз соңында ғ, қ, г, к дыбыстары
бірсыпыра тілдерде сақталмай, түсіп қалған, кейбір тілдерде
ғана сақталған. Сонымен қатар ғ, г дыбыстары әр түрлі
өзгеріске де ұшыраған.
Сөз құрамында тарихи тұрғыдан тұрақсыз болып, кө-
біне түсіп қалатын дауыссыздар р, л, н үнді дауыссыздары.
Қазіргі түркі тілдерінің ішінде қарашай, балқар тілдерінде
н дыбысының түсіп қалуы ол тілдердегі жіктелу жүйесінің
қалыптасқан заңдылығына айналған: мен чабаққыма (н),
сен чабаққыса (н), бірақ сұраулық шылау мы жалғанса,
мен чабаққы-ман-мы? (мен балықшымын ба?). Көне, жаңа
түркі тілдерінде белгілі шылау сөздің бірлен біле түрінде екі
вариантта айтылуы да, н дыбысының тұрақсыздығынан,
түсіп қалуға ыңғайланған екені айқын. Ал, Ш жақ тәуелдік
жалғаукөпшілік түркі тілдерінде септелген уақытта н ды-
бысымен айтылады: атасы-ата-сын-да. Түркологияда тарал-
ғаң болжам бойынша, жалғаудың алғашқы сипаты-ын, сын
түрінде болған, сөз соңындағы н түсіп қалуынан барып
в, сы варианттары қалыптасқан. Н дыбысы сөз ішінде,
келесі аффикстің алдында сақталса керек: ата-сын-да,
бірақ ата-сы. Л дыбысының түсіп қалу құбылысы қазіргі
түркі тілдерінен де, түркі тілдерінің даму тарихында да
кездеседі. Дегенмен, л дыбысының түсіріліп айтылуы, не-
гізінен қыпшақ тілдеріне тән құбылыс екенін айту қажет.
Башқұрт, татар тілдерінде китер (кил-тер), тутыр (тул-
тыр), утыр (ул-тыр). Бұл етістіктің л мен айтылатын
варианты жоқ: буһа (бул-һа), буғас (бул-һас болған соң),
қарақалпақ тілінде: боса (болса), қаса (қалса) т. б. Қазақ
тілінде бұл құбылыстың кең жайылғандығы соншалық,
кейбір сөздер қазіргі сөйлеушілер ұғымында л дыбысынсыз
қалыптасып кеткен: әкел (алып кел), апар (алып бар),
боса (болса), қап қойған (қалып қойған), әпер (алып бер)
т. б. Оғыз, қарлұғ тілдерінде де л дыбысының түсіп қалуы
кездеседі. Бірақ ол тілден бұл құбылыс, қыпшақ тілдерін-
дегідей кең жайылған емес. Р дыбысының түсіріліп ай-
тылуы көне дәуірінде-ақ қалыптаса бастаған құбылыс. Бірле
шылауы X—XI ғасырларда екі түрлі айтыла бастаған:
бірле біле, бірі р дыбысымен, бірі ондай дыбыссыз қолда-
нылған. Қазіргі қазақ тілінде, басқа да түркі тілдерінде
айтылатын келер шақ тұлғалы — ады р дыбысының түсіп
қалуының нәтижесінде барып қалыптасқан: ала-турду
(ала-дур — ала-ды) ал-ады. Қыпшақ тілдерінде қолданы-
латын е көмекшесі етістігі р дыбысының түсіп қалуынан
осы сипатта қалыптасып кеткен. Құмық тіліндегі көптік
жалғаулы (лар) зат есімде септелгенде ілік, табыс, барыс
септіктерде р дыбысы түсіп қалады: йоллар, йолла-ны,
йолла-ға. Қарашай, балқар тілдерінде көптік р дыбысын-
сыз қалыптасқан: ла-ле. Р дыбысының түсіп қалуы қазіргі
түркі тілдерінің көпшілігінде кездеседі. Алайда, түркі
тілдерінің бәрінде бұл жүйені заңдылық деп қарауға
келмейді. Бір тілде р дыбысымен айтылатын сөз, екінші
тілде дыбыссыз қолданылады: қазақ тілінде — арыстан,
оңтүстік-батыс тілдерінде — асла, қазақ тілдерінде —
орта, якут тілінде — отто, қазақ — құрдас, ұйғыр тілінде —
құдаш, көне түркі тілдерінде — құртғар, қыпшақ тілінде —
құтул, түрік тілінің диалектісінде — гөдум, басқа түркі
тілдерінде — көрдім, гөрдүм, сол тілде апа, көпшілік тіл-
дерде — арпа, башқұрт тілінде — тоған, қазақ тілінде —
тұрған т. б. Бұл фактілер р дыбысын түсіріп айту белгілі
бір аймақпен шектелмейтівдігін бұл түркі тілдеріне ортақ,
бірақ бірде-бір тілде жүйеге айналмаған құбылыс екенін
көрсетеді.
ДАУЫССЫЗДАРДЫҢ АССИМИЛЯЦИЯСЫ
Дауыссыз дыбыстардың ассимиляциясы мен диссими-
ляциясы туралы негізгі мәліметтер дауыссыздардың жеке
топтары мен түрлері жайында әңгіме болтанда айтылады.
Бұл жерде жеке түркі тілдерінде кездесетін кейбір ерекше
құбылыстар жөнінде қысқаша мағлұмат беру көзделеді.
Дауыссыздардың жоғарыда әңгіме болған топтарының
ішінде қатаң және ұяң болып жіктелетін түрі ассимиляция
мен диссимиляция құбылыстарына тығыз байналысты.
Өйткені, ассимиляция (немесе дауыссыздардың үндесу
заңдылығы дыбыстардың белгілі бір фонетикалық ерекше-
лік бойынша бір-бірімен не ілгері қарай (прогресшіл асси-
миляция), не кейін қарай (регресшіл ассимиляция) үйлесу
болып табылады. Нақ осындай үндесуге, үйлесуге түсетін-
дер, егер кейбір тілдерде кездесетін еріндік дыбыстардың
үндесуін еске алмасақ, жоғарыда айтылған қатаң дауыссыз-
дар мен ұяң дауыссыздар. Бұл құбылыстың дауыстылардың
үндесуінен басты ерекшелігі — дауыссыздардың үндесуі
қатаң айтылған екі дыбысқа ғана жайылады да, сөз құра-
мындағы басқа дауыссыздарға әсер ете алмайды. Дауыссыз-
дардың ассимилияциясы түркі тілдерінің көпшілігінде сөз-
дің шыққан тегіне қарамай, қатаң сақталып отырады. Бұл
жерде осы заңдылықтың дауыстылардың үндесу заңдылы-
ғынан тағы бір үлкен ерекшелігі көрінеді. Сырттан, басқа
тілдерден енген сөздер дауыссыздар ассимиляциясына түгел
ыңғайласа отырып, дауыстылар заңдылығына бағына бер-
мейді. Мысалы, түрік тіліндегі өспап, қазақ тіліндегі себеп
сөздерін осы процестің екі түрлі көрінісі деп қарауға бо-
лады; түрік тілівдегі вариант түгелдей ассимиляцияға
ұшыраған, бірақ дауыстылар үвдесуінің сақталғавдығы бай-
қалмайды, ал қазақ тілівдегі вариантывда дауыстылардың
үндесуі бар (о баста исбат), сонымен бірге сөздің соңы
қатаң болғавдықтан қосымшалар да қатаңнан басталатын
болады.
Дауыссыздардың ішівде сонор дауыссыздарды бөліп
алып қарау қажет. Р, л, м, н, й сонор дауыссыздарының
қатаң айтылатын (мысалы: п, б, т, д тәрізді) варианттары
жоқ. Сондықтан бұл дыбыстар қатаң дауыссыздармен де,
ұяң дауыссыздармен де бір тіркесте айтыла береді. Бұл
заңдылық қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде түбір құра-
мында қатаң сақталады. Мысалы: қазақ — арқа, малта,
шайқа, қорға; түрік — есіңе, текне (тегене), камчы (қам-
шы), домбай (өгізше), гелге (көлеңке). Ал, түбір мен
қосымша шегінде сонор дауыссыздар ыңғайында кейбір тіл-
дерде біраз ерекшеліктер ұшырасады. Евді совдай ерекше-
ліктер кездесетін тілдердің басты-бастыларына тоқталайық.
Оғыз тобындағы әзірбайжан, түрік, түрікмен тілдерівде
түркі тілдеріне тән заңдылықтың негізгі белгілері қатаң
сақталып айтылады. Дегенмен, оларды өзара салыстырып
қарағавда, бір-бірінен де, сондай-ақ басқа да (айталық
қазақ тілінен) ерекшеліктері барлығы байқалады. Түрік
тілівде дауыссыздардың не қатаң, не ұяң болып үвдесуі
сөз түбірівде сақталады және көбіне сөздің шыққан тегіне
қарамайды. Сөз түрік сөзі болмай, басқа тілдерден ауысқан
болса, осы завдылыққа ыңғайласады: ексік (кемшілік),
істе (тіле), езге (өзге), гөвде (дене, тән), ақсақ (ақсақ) т. б.
Әзірбайжан тілівде осы завдылық негізінен сақталып отыр-
са да, бұл жүйеден біраз ауытқулар ұшырайды. Әзірбайжан
тілівдегі овдай ауытқулар тек араб, парсы тілдерінен енген
сөздерде ғана байқалмайды, жалпы түркілік, не әзірбай-
жавдық сөздер құрамынан да кездеседі: араб, парсы сөз-
дері — рүтбә (атақ, дәреже), тәсбит (нығайту, жетілдіру)
исбат (дәлел), мүсбәт (оңқарау, мақұлдау) т. б. Әзірбайжан
сөздері — басғын (басқын), асғы (асқы, асылып қойған
нәрсе), асғырмақ (түшкіру) бычғы (егеу), ғұпғұру (құп-
құрғақ), бағчы (бағбан), тәвшүмәк (ентігу), лағчы (қал-
жыңбас), тутғач (үстағыш), яғсыз (майсыз) т. б. Осы
мысалдарды барлап қарағавда, қыпшақ тілівдегі қатаң
дауыссыз қ дыбысына сай қолданылатын ғ дыбысы қатаң
дауыссыздармен бір тектес айтылғаңдығын көруге болады.
Әзірбайжан тілівдегі бұл ауытқу түбір мен қосымша шегівде
байқалады: сөз түбірі негізі қатаң дауыссызға аяқталса,
қосымшаның басқа дыбысы көбіне ұяң болып отырады:
атдан (аттан), әтде (етте), ачды (ашты) т. б. Сонымен
қатар оңтүстік-батыс тілдерівде сонор дыбыстардан бас-
талатын қосымшалар қатаңға аяқталған түбірге жалғана
береді, яғни түбір мен қосымша шегівде қатаң-сонар
тіркесі пайда болады: іслік (ысқырық), өснемек (есінеу),
ічре (іште, іштен) т. б. Егер түбір сонар дыбысқа аяқталса,
қосымшаның басқа қатаң дыбысы ұявдап кетуге тиіс..
Бірақ осы соңғы ереже барлық уақытта сақтала бермейді.
Өйткені, бұл тілдерде қатаң дауыссыздардан басталатын,
бірақ ұяң варианты жоқ, біраз аффикстері бар. Олардың
негізгі түрлері мыналар: етістіктен ёсім жасайтын ынты
(ын-ты), сарсынты (сарсылу), кәзинти, гезинти (кезу
қыдыру), токүнтү, докүнтү (төгінді қалдық), соқүнтү (сө-
гінді) т. б. Осы аффикетің ты элементі арқылы еліктеу
етістіктерінен зат есімнің үлкен бір тобы жасалған гү-
рүлті (гүріл, гүрілдеу), вызылты (ызыл, ызылдау), фісідті,
фысылты (пысыл, пысылдау), улуту (уілдеу, уіл) т. б.
Кейбір 'зат есімдерден сын есім жасайтын ки: дүнәнки,
дүнкү, (кешегі), йарынкі (ертеңгі), бүгүнкү, бүкүнкү
(кешегі), бүгүнкү, бүкүнкү (бүгінгі) т. б. Есім жасайтын
чьс овчу (аңшы), әлчи (әлші), алверчи (саудагер),
үзүмчү (жүзімші, жүзім өсіруші) т. б. Түркі тілінде, әзір-
байжан тілімен салыстырғанда, қатаңдардың үндесуі
ұяңдардың үндесуінен гөрі әлдеқайда жүйелі болып оты-
рады, қатаң сақталады. Түркі тіліндегі ассимиляциялық
бір түрі — қахаң дауыссыздың өзінен бұрынғы ұяң дауыс-
сызға ықпалы басым болып келетіндігінде: течсім тешсім
(сіну), гіпта гібта (қызғаныш), ічтіма іштіма (жиналыс),
істірапі ізтіраб (қиналу, бейнет) т. б. Осындай құбылыс
әзірбайжан тілінде де бар.
Аталған тілдерде регрестік ассимиляция мынадай ың-
ғайларда байқалады: л дыбысы өзінен бұрын, не соң айтыл-
ған мұрын дыбысы н-ге ыңғайласады: оннар онлар (олар),
гелиннер гининлер (келіңдер), диннемек динилемек (тың-
дау, құлақ салу); дыбысы н өзінен соң айтылған еріндік
м, б дыбыстарымен ыңғайласады: чембер, чәмбер, ченбер,
ченбәр (шеңбер), мемба, мәмбә, менбә, мәнбә, (қайнар,
бастау); түркі тілінде р дыбысы өзінен соң айтылған л
дыбысына ыңғайласады: олуллар олурлар (олай бола бе-
реді), гелиллер, гелирлер (олар келеді); с дыбысының ал-
дында айтылған ш дыбысы с дыбысына айналады: язмыс-
сын, язмышсын (сен жазған екенсің), вермиссин, вермішсін
(сен берген екенсің ғой). Түркологияда әдетте ысылдау
диссимиляциясы (свистящая диссимиляция) деп аталатын
бұл құбылыс буын құрамында (не буын жасаушы) қысаң
дауысты болса, айқын көрінеді де, буын жасаушы ашық
дауысты болса, айқын естіле бермейді. Қазақ тілінде осы-
ған керісінше құбылыстың с дыбысының ш-ға ыңғайласуы
бар. ас-шы>аш-шы, қос-шы>қош-шы т. б. Түрік тілдерін-
дегі құбылыс с дыбысының өзінен бұрынғы дыбысқа ықпа-
лы басым екендігін көрсетсе, қазақ тілінде, керісінше, с
дыбысының ызың ш-ға ықпалы жоқ, қайта өзі соның
әсерінен ұшырайтындығын көрсетеді.
Түрік тіліндегі тағы бір көңіл аударарлық құбылыс
ч, дж аффрикаттарының бірсыпырасы дауыссыздар алдын-
да жалаң ш, ж дауыссыздарына айналып кетуі; кечмек>
кешмек (кешу),қачты (қашты, қашыпкетті);учкур>ұшқыр
(бау), еджат>еждат (жұрағат), еджнаоежнас (сорт, тұ-
қым) т. б. Бұл құбылыс түркі тілдерінің біразында, соның
бірі қазақ тілінде, кездесетін вариантты сөздердің пайда
болу жолын түсінуге мүмкіндік береді. Мысалы, осы құ-
былысты ескерсек, қазақ тіліндегі далан, жалаң, жүзу,
дүзу т. б. мағыналас, вариантты сөздердің пайда болуы
аффрикаттарының екі түрлі жазылуының нәтижесі екенін
байқатады.
Түркі тілдерінің батысында жатқан, бұлғар негізді
чуваш тіліндегі ассимиляцияның мына төмендегідей ерекше
түрлері кездеседі: 1. түркі тілдерінің біразында, солардың
бірі қазақ тілінде, өзгеріссіз айтылатын қатаң, ызың ды-
быстардың кейбірі мына жағдайда ұяңдап әлсізденеді:
а) екі дауысты аралығында: лаша>лажа, упа>уба (аю),
уса>уза (пайда), ә) сонор мен дауысты аралығында: ур-
па>урба (арпа), килтежилде (үйлер), чавса>ча
а (шын-
тақ). 2. Ш және дз (с ысылдақ аффрикат) дыбыстарына аяқ-
талған зат есімдерге сем көптік жалғауы жалғЗнғанда,
түбір мен қосымша шегінде екі ш не екі дз дыбыстары
пайда болады, яғни ш өзінен кейінгі с дыбысына ықпал
жасайды: чавашсем>чавашшем (чуваштар), пелешсем>пе-
лешем (таныстар), алсишсем>алсишшем (қолғаптар),
йывадзсем>йывадцззем (ағаштар), хутадзсемжутадзем
(қаптар), кадзсемЖадздзам (кештер) т. б. 3. Щ, дз ды-
быстарына аяқталған зат есімдерге сын есім жасайтын
сар, сер қосымшалары жалғанғанда жоғарыда айтылған
құбылыс пайда болады: чувашсер>чувашшер (чувашсыз),
пелешсер>пелешшер (таныссыз) т. б. Бұл құбылыс чуваш-
тың жазба әдеби тілінде ескерілмейді, өйткені жазуда
морфологиялық принцип қолданылады. 4. Көсемше тұл-
ғалары сан, сен, са, се, ш және дз дыбыстарына аяқталған
етістіктерге жалғанғанда, екі ш не екі дз дыбыстары пайда
болады: пулашсан>пулашшан (егер көмектессең), тараш-
сан>тарашшан (егер тырыссаң), тушсан>тушшан (егер
бұйырсаң-жүмсасаң, қыссаң) т. б. Чуваш тіліндегі бұл
ерекшелік оңтүстік-батыс оғыз тілдерінен өзгеше екені
көрініп тұр: оғыз тілдерінде өзіне көрші дыбысқа ықпал
жасайтын с дыбысы. Бірақ түсіндіру мүмкін болмаса да,
қазақ тіліне де ұқсас: қазақ тілінде ш дыбысы с дыбысына
ықпал жасап, өзіне ұқсатады: алыс-шы>алыш-шы. Айыр-
машылығы: чуваш тілінде алдыңғы дыбыстың соңғы әсері
де, қазақ тілінде соңғы дыбыстың алдыңғыға әсері түрінде
көрінеді. Бірақ екі тілде де ш дыбысы басым, ықпал етуші
дыбыс та, с дыбысы ықпалға ұшыраушы дыбыс.
Чуваш тілінде регрестік ассимиляцияның мына тәрізді
түрлері бар: 1. т дыбысына аяқталатын етістіктер осы
шақтың көпше 1 жағында соңғы т қосымшаның басқы
п дыбысының ықпалына ұшырап, екі* п түрінде естіледі:
вулатпар>вулаппар (оқып отырмыз), хағалатпаржава-
лаппар (қуып бара жатырмыз), тасататпар>тасатаппар
(тазалап отырмыз), юлатпар>юлаппар (қаламыз), пете-
ретпер>петереппер (бітіріп жатырмыз), кететпержетеп-
пер (күтіп отырмыз), ас ес келер шақ есімшесіне шан, шен
қосымшасы қосылғанда, с дыбысы ш-ға айналып, қосарлы ш
пайда болады: әпе дзырасшан>эпе узырашшан (жазайын
деп отырмын), эсе дзырасшан>эсе дзырашшан (жазайын
деп отырсың), вал катартасшан>вал катарташшан (ол көр-
сетейін деп отыр) т. б. Өткен шақтың III жағында (көпше де,
жекеше де) жұмсақ естілетін т дыбысы қосымшаның басқы
ч дыбысымен үйлеседі: пуранатче>пураначче пуранат-
чедз>пураначчедз (тұрды, олар тұрды), килетччеЖилеч-
че, килетчедзжилеччедз (келді, олар келді), каларатче>
каларачче, каларатчедзжаларачедз (шығады, олар шыға-
ды) т. б. Енді чуваштармен көрші, қоныстас орналасқан
қыпшақ тілдерінің бірі — башқұрт тілдеріндегі осындай
құбылыстардың негізгі түрлеріне тоқталайық. Башқұрт
тілінің басқа қыпшақ тілдерінен бір үлкен ерекшелігі —
түбір мен қосымша шегінде басқа түркі (қыпшақ) тіл-
дерінде кездесе қоймайтын ұяң дыбыст^дың айтылуы.
Башқұрт тілінің мамандары мұндай құбылысты екі дауысты
аралығында, дауысты дыбыс әсерінен болған комбинатор-
лық өзгеріс деп қарайды. Дегенмен, комбинаторлық өз-
герістің осындай түрін басқа қыпшақ тілдерінен ұшырата
қоймаймыз. Олар мына төмендегідей: 1. Жедел өткен шақ
қосымшасы дауысты дыбысқа аяқталған етістік негізге
ны түрінде, яғни н дыбысынан басталып жалғанады:
ашаны (асады), қараны (қарады), әшләмәнем (істемедім),
нақ осындай құбылыс дауысты дыбыстарға аяқталған зат
ееімдерге шығыс септік жалғауы жалғанғанда пайда бо-
лады: қала-дан>қаланан, бүре-дән>бүренән. Қыпшақ тіл-
дерінің басқасында бұл орында д дыбысы айтылады: қа-
ладан, қара-ды т. б. Сонымен бұл құбылысты жалпы
қыпшақтық д орнына н сонор дыбысының айтылуын көрші
дауыстының әсері деп, комбинаторлық өзгеріске жатқызу
түсінікті бола бермейді. Дауыегы дыбыс әсері бірде ұяң
(д), бірде сонор болып көрінуі оның таза комбинаторлық
еместігін байқатады. Башқұрт тілі диалектілерінің өзінде
бұл құбылыстың бірнеше көрінісі барлығы көрсетіліп
жүр. 2. дз, р, й, у дауыссыздарьіна аяқталған зат есімдер
мен етістіктерге д дыбысынан басталған: қосымшалар
(жатыс, шығыс септіктері, жедел өткен шақ) жалған-
ғанда, қосымшалардың басқы д жалаң дауыссызы аффри-
кат дз түрінде естілетін болады: қар-да>қардза (қарда),
тай-да>тайдза (тайда),тау-да>тау-за (тауда)*яр-да>яр-
дза (жағада, жарда), қаз-дан>қаздзан (қаздан), тай-дан>
тайдзан (тайдан), бар-ды>бар-дзы (барды). т. б. 3. Жатыс
септік қосымшасы дауысты дыбыстарға аяқталған сөздерге
ла, ле түрінде жалғанады: дала-ды>дала-ла, бүлмә-дә>
бүлмә-лә т. б. Бірақ көптік жалғаулар сонор дыбыстарға
аяқталған негіздерге жалғанғанда д дыбысынан басталады:
қорал-дар (құралдар), тил-дәл (тілдер), кадзан-дар (қа-
зандар) йіндәр (жеңдер); қатаң дыбыстарға аяқталған
негіздерге жалғанғанда т дыбысынан басталады: ат-тар,
іт-тәр (иттер), ұқ-тар (оқтар), т. б. Бұл ретте қазақ
тіліндегі осындай жүйеден еш айырмашылығы жоқ екендігі
көрініп тұр. 4. дз, р, й, у дыбыстарына аяқталған сөз-
дерге жалғанғанда, көптік жалғаулар дз аффрикатымен
айтылады: кадз-лар>кадз-дзар (қаздар) айыру-лар>айың-
дзар(айлар), тай-лар>тай-дзар (тайлар) т. б. 5. Башқұрт
тілінің жеке диалектілік топтарында м, н, ң дыбыстарына
аяқталған есімдерге көптік жалғау-нар түрінде, сөз жа-
саушы кейбір аффикстер нық, на (лық, ла емес) түрінде
жалғанады: урдан-лар>урманнар (ормандар), урам-лар>
урам-нар (көшелер), тың-ла>тың-на (тыңдаэ, утын-лық>
утын-нық (отындық) т. б. Дз, р, й, у дауыссыздарына
біткен сөздерге ілік, табыс жалғаулары жалғанып, дз аф-
фрикатынан басталып айтылатын болады: тау-ның>тау-
дзың (тау-дың), қар-ны>қар-дзы (қарды), тау-ны>тау-
дзы (тауды) т. б. Алайда, осы жалғаулар қатаң дыбыстарға
аяқталған сөздерге жалғанса, қазақ тіліндегідей қатаң
дыбыстан басталып айтылады: ат-ны>ат-ты, ат-ның>ат-
тың, аяқ-ты>аяқты, аяқ-ның>аяқ-тың т. б. Соңғы жағдайда
қазақ тілінен еш өзгешелігі жоқ екендігі айқын. Сонор ды-
быстарға аяқталған сөздерге жалғанғанда бұл жалғаулар қа-
зақ тіліндегідей сыпатта дыбысталады: қорал-ның>қорал-
дың (құралдың), қорал-ды>қорал-ды (құралды), ұрам-
ныңх>урам-дың (көшенің) т. б. Сонымен, башқұрт тіліндегі
ерекше ассимиляцияның кейбір түрлерінің қалыптасуын
башқұрт тілі консононтизмінің тарихи қалыптасуының та-
мырларынан іздеу керек. Кейбір қосымшалардың белгілі
бір дыбыстардан кейін дз аффрикатынан басталуы сондай
ерекшеліктердің қатарына жатады. Дз аффрикаты тек қана
қыпшақ тілдерінде емес, түркі тілдерінің басым көпші-
лігінде кездесе бермейтін. ерекше құбылыс. Башқұрт ті-
ліндегі регрестік ассимиляция көріністері қазақ тіліндегі
сондай құбылыстан оқшау емес. Зерттеушілер башқұрт
тілінде регрестік ассимиляцияның мына тәрізді түрлерін
көрсетеді. 1. Ғ, г, қ дыбыстарының алдында айтылған н
мұрын жолды ң дыбысына айналады: боронғо>бороңғо,
иртәнгеі>иртәңге, һузыңқы>*һузыңқы, тыртыңқы>*тартың-
қы, һалыңқы>һалыңқы (бұрынғы, ертеңгі, созылыңқы, да-
уысты, тартыңқы — дауыссыз, салыңқы) 2. Б, п, м ерін дау-
ыссыздарының алдында айтылған н, м дыбысына айналады
және бұл құбылыс күрделі сөз (сөз тіркесі) құрамында да,
түбір мен қосымша шегінде де кездеседі: ун бер — умбер
(он бір), ун биш — умбиш (он бес), конбағыш (күнбағыс),
Буранбай — Бурамбай, кәйенбике, кәйембике (қайынбике),
алғанбыз — алғамыз (алғанбыз), биргәнбез, биргәмбез
(бергенбіз), алғанмын — алғаммын, биргәнмен — биргәм-
мен, т. б. Башқұрттың жазба әдеби тілінде жазудың мор-
фологиялық принципі қолданылады. Сондықтан бұл көр-
сетілген құбылыстар жазба тіл ерекшелігі деп саналмайды,
сөйлеу тілінің өзгешелігі дәрежесінде ғана қалған. Баш-
құрт тілін зерттеушілер ол тілдегі регрестік ассимиляция-
ның мынадай бір өзгешелігін көрсетеді: түбір мен қосымша
шегіндегі регрестік ассимиляция қос'ымшаның басқы ды-
бысының түбірдің соңғы дыбысына әсері түрінде емес,
түбірге бірінші боп жалғанған қосымшаның соңғы дыбы-
сына, яғни негіздің соңғы дыбысына ең соңғы қосымшаның
басқа дыбысының әсері түрінде көрінеді31. Жоғарыда кел-
тірілген мысалдарды қайта көрейік: ал-ған-мын, ал-ғам-
мын. Соңғы қосымшаның басқы м дыбысы өзінің алдында
айтылған ған қосымшасының соңғы ды&ысына әсер еткені
айқын. Ассимиляцияның ерекше көріністері қазіргі құмық
тілінен кездеседі. Н. К. Дмитриев материалдары бойынша,
олар мына төмендегідей болып келеді: 1. Н сонор дыбысына
аяқталған зат есімдер мен етістіктер шығыс, жатыс
жалғаулары және өткен шақ қосымша н дыбысынан бастап
жалғанады: ұлан-да — улан-на (ұлад), ичин-де ичин-не
(ішінде), уыонде уьюн-не (үйінде), улан-дан (ұлдан),
ичин-ден>ичин-нен (ішінен), уьюн-ден уьюн-нен (үйінен)
т. б. Құмық тілщің осы ерекшелігімен байланысты екі
жайды көрсету орынды: біріншіден, аталған қосымшалар-
дың басқы д дыбысы н сонорына айналуы осыдан бұрын
әңгіме болған башқұрт тілінде бар, бірақ ол тілде бұндай
өзгеріс сөз дауысты дыбысқа аяқталғанда ғана мүмкін.
Екіншіден, түркі тілдерінің біразында жатыс, шығыс сеп-
тіктердің қосымшаларының н дыбысынан басталып айтылуы
тәуелдеулі сөздерден кейін ғана мүмкін құбылыс. Қазақ
тілінде сол із сақталған. Дегенмен, қазақ тілінде н дыбысына
аяқталған сөзге (түбірге негізге) шығыс септік жалғауы
н сонорынан басталып жалғанады: бала-сы-нан, Асан-нан,
Үсен-нен, алған-нан бірақ: бала-сы-н-да, Асан-да, Үсен-де,
алған-да. Сөйтіп, - қазақ тілі бұл ыңғайда әңгіме болып
отырған екі тілдің екеуіней де өзгеше сипатты (мүмкін,
аралас сипатты) танытады. 2. М дыбысына аяқталған
сөздерге де жатыс, шығыс септіктері нан, на түрінде жал-
ғанады: атым-да>атым-на (менің атымда), оюнум-да>
оюнум-на (менің ойымда), ким-де>кем-не (кімде) атым-
дан>атым-нан, оюнум-нан>оюнуш-нан, ким-ден>ким-
нен. Құмық тілінің бұл ерекшелігі, бір жағынан, қазақ тіліне
(шығыс септік бойынша), екінші жағынан, башқұрт тіліне
барып ұшырасатындығы көрініп тұр. 3. Жатыс, шығыс
жалғаулары мұрын жолды ң дыбысына аяқталған түбірлер
мен негіздерге нан, на түрінде жалғанады: түбір сөздерге
таң-да>таң-на, таң-дан-нан, атаң-на>атаң-на, атаң-нан>
атаңдан, гөзерин-не гөзгерин-не, гозлериңяден>гөзлериң-
нен т. б. Тағы да шығыс септігі ыңғайында қазақ тіліндегі
сипатпен бірдей.
Соңғы дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа әсері, яғни
регрестік ассимиляцияның төмендегідей көріністерін атау
қажет: 1. Аффикстің басқы дыбысы болған л сөздің
(түбірдің, негіздің) соңғы дыбысы болған н сонор дыбысына
әсер етіп, өзіне ұқсатады: душман-лар>душмал-лар, заман-
лар>замал-лар, құнан-лар>құналлар, қазан-лар>қазал-
лар, қазан-лы>қазал-лы, гелген-лер>гелгел-лер, орман-
лық>ормал-лық, бичен-лик>бичел-лік т. б. Қысқасы, н ды-
бысына аяқталған сөздерге ықпал жасайтын л дыбысынан
басталатын лар, лық, лы аффикстері екені жоғарғы мысал-
дардан байқалып тұр. Және мұндай ықпал —өзгеріске ұшы-
райтын таза құмық сөздері ғана емес, басқа тілдерден ауысып
орныққан сөздер де осы ықпалға түсіп айтылады. Бұл
құбылыс құмық тілінен басқа ноғай тілінде ұшырасады, ал
түркі тілдерінің басқа топтарынан кездеспейді. Сондықтан
бұл құбылысты кавказдық қыпшақ тілдерінің ерекшелігі
деп қарауға мүмкіндік бар тәрізді. 2. Бір екпінмен айтылған
екі сөздің біріншісі дауысты, не сонор дыбысқа аяқталған
болса, екінші сөздің басқы дыбысы болған қатаң қ ұяңдап
ғ түрінде естіледі: аты қайда>атығайда, қара қозу>қарағог
зу, қызыл қан>қызылған, барған қатын>барған ғатын, чал
қоян>чалғоян (сұр қоян). 3. Езулік жіңішке дауыстылар-
мен айтылатын сөздің басындағы ғ дауыстыға не сонарға
аяқталған создерден кейін спирант й дыбысына айналып ке-
теді: эки геме>эки йеме, гече гелме>гечейелме (кешке кел-
ме), сувға чир сув>ғайір, уллу йиши>уллуйиши. Құмық ті-
лінде кездесетін, түркі тілдерінің басқа топтарында ұшыраса
қоймайтын кейбір ассимиляциялық құбылыстар осындай.
Батыс түркі тілдеріндегі ассимиляциялық құбылыстарды
шолудан байқалатын мына жайды ескерту қажет. Батыс
түркі тілдерінің әрқайсысын басқалардан ерекшелейтін
құбылыстар болғанмен, олардың өзара байланысы сол құ-
былыстар арқылы көрінеді. Айналып келгенде, бұлардың
бәрі белгілі бір позицияда дыбыстардың тұрақты сәйкес-
тігі арқылы біртұтас проценттің әр түрлі көріністері сияқты
болып келеді.
11 тарау
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ
МОРФОЛОГИЯСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ
ЕРЕКШЕЛIКТЕРІ
Түркі тілдерінің морфологиялық құрылысының мына
тәрізді басты ерекшеліктері бар:
1. Морфемалардың бір-бірінен жігі айқын ашылып тұ-
ратындығы.
2. Түбір морфеманың семантикалық және грамматика-
лық жағынан біршама дербес қолданылатындығы.
3. Әрбір морфема көпшілік жағдайда сөз құрамында
мотивті болып келіп, белгілі бір семантиканың иесі бо-
лып отыратындығы.
ГРАММАТИКАЛЫҚ МӘННІҢ БЕРІЛУ ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ
МОРФЕМАЛАР
*
1. Түркі тілдеріндегі морфемалар басқа жүйелі тілдер-
дегі сондай элементтерден ерекше болып келеді. Ол ерекше-
лік түркі тілдері жүйелі жалғамалы (агглютинациялық)
болып келетіндігінде және агглютинацияға байланысты
сөз тұлғасы құрылысының ерекшелігі, грамматикалық ма-
ғыналардың берілуінің ерекшелігіне барып ұштасады.
Қазіргі тіл білімінде агглютинация құбылысын жан-
жақты қамтитын айқын ереже қалыптаса қойған жоқ.
Зерттеушілер бұл құбылысқа әр қилы анықтама берумен
келе жатыр. Алайда, тіл мамандарының көбісі агглю-
тинацияның негізі деп мына заңдылықты атайды: агглю-
тийативтік тілдерде берілетін грамматикалық мағына-
лардың санына сөз құрамындағы грамматикалық көр-
сеткіштердің саны біршама сай, көбіне екеуі тепе-тең болып
отырады. Сондықтан ол тілдерде сөз формасының күр-
деленуі (көрсеткіш қана емес, сөз беретін мағынаның да)
аффикстердің сөзге қабаттасып жалғануы арқылы іске
асады да, ондай құбылыс сөз формасының іштей өзгерісі
немесе ішкі флекция арқылы болмайды.
Осындай грамматикалық көрсеткіштер саны мен грам-
матикалық мағыналар санының сәйкестігін сақтауға құрыл-
ған сөз формасының қалыптасқан орны мен қызметі, мәні
айқындалып, синтаксистік тіркеске ұқсас болып келеді.
Агглютинативтік тілдердегі сөз формасының бұл ерекшелігі
кейбір зерттеушілердің (Штейнталь) ол тілдерде грамма-
тикалық мағыналар дербес сөздер арқылы берілген, грам-
матикалық форма атымен болмаған дейтін қорытынды жа-
сауына мүмкіндік берді. Диахрондық тұрғыдан алғанда,
агглютинативтік тілдердегі жеке морфемалардың (аффик-
стердің) арғы тегінің сөз болуы мүмкін. Алайда бүгінгі
тілдердегі кез келген морфеманы жеке сөзбен салыстыруға
ешбір негіз жоқ. Синхрондық тіл білімі сөз бен морфеманы
(аффиксті) грамматикалық жағынан да, семантикалық жа-
ғынан да принципті айырмасы бар элементтер деп есеп-
тейді.
2. Грамматикалық мән аффикстерден басқа синоним
сөздерде екпіннің орын ауысуы арқылы да беріледі; қазақ
тіліңде — алма (зат есім), алма, салма (етістік), салма
(зат есім), әзірбайжан — ахшам (кеш), ахшам (кешкілік),
тура (осы жер), тура (мында), һара (қандай орын),
һара (қайда), сабаһ (таңертең), сабаһ (өттеу).
3. Грамматикалық мағына берудің тағы бір жолы —
негіздердің қайталанып айтылуы. Бұған сын есімнің күшейт-
пелі түрі жатады. Бұл тәсілде қайталанған негіздердің
бірі (көбіне алдыңғысы) қысқарып, оған п, б, м дыбыста-
рының біреуі қосылады. Бұл тәсілдің екінші түрі алдыңғы
сыңардың сәл өзгертіліп айтылуы арқылы көрінеді:
ат-мат, әзірбайжан ет — мет, пул — мул, қарашай ахча —
махча т. б.
4. Түркі тілдеріндегі аналитикалық (немесе перифрасти-
калық) формалар, олардың грамматикалық мәндерін біл-
дірудегі ерекшелігі өз алдына тоқтауды қажет ететін мәселе.
Аналитикалық немесе перифрастикалық формалардың
грамматикалық мәнді білдіруі, басқа тәсілдермен салыс-
тырғанда, өзгеше болып келеді. Мұнда, біріншіден, абстрак-
ты мән көмескі болып келеді де, кобінесе деректі әрекетке
қосымша мән беру басым болып отырады, екіншіден,
грамматикалық тұрақтылық лексикалық тұрақтылықпен
ұштасып жатады да, екеуін бір-бірінен ажыратып қарау
мүмкін бола бермейді. Үшіншіден, мұндай тіркестер екі,
үш, кейде одан да көп сөздерден құрала береді: жүгіріп
бара жатыр едім. Қазақ тілінің осы үлгісі барлық түркі
тілдерінде ұшырайды. Төртіншіден, аналитикалық (периф-
растикалық) формалар құрамындағы көмекші қызметтегі
етістіктер тек сол контекст құрамында ғана көмекші мәнде
жұмсалады. Әйтпесе, олар оасқа ыңғайда дербес сөздер
ретінде қолданыла алады. Бесіншіден, аналитикалық
формалар, әдеттегі грамматикалық формадай, жан-жақты
емес, олардың көпшілігі етістіктердің белгілі бір семан-
тикалық топтардың айналасында ғана болып отырады. Мы-
салы, тура формасы қалып етістіктерінен ғана жасалса
(башқұрт тілінде осындай), п жүр формасы созылыңқы
қимыл етістіктерінен жасалады т. б. Аналитикалық тір-
кестердің грамматикализациялануы да біркелкі болып
келмейді. Мысалы, құрамында қал, сал, кел, бер, түс, шық,
жібер, таста, кет, жаз, қой етістіктері бар тіркесті толық
грамматикализациялануға ұшыраған деп айту қиын. Олар
сол процестің үстінде. Ал, құрамында — е (р) етістігі
бар — р — еді, йор — еді, -а — еді, -а тұрған — еді, -мақ-
та — еді, -ған — еді, ^мыш — еді, -п — еді, -ғай — еді*
-са — еді., формаларының грамматикализацияланғандығы
сонша, бұларды әдеттегі тұлғаларындай деп қарау керек.
Сонымен, аналитикалық формалар түркі тілдеріне ғана тән
сөз формаларының бірі деп қаралуға тиіс.
КУРДЕЛІ МОРФЕМАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Күрделі морфологиялық тұлғалар (единицалар) деп
бірнеше морфемадан құралып, тілдік материал мен тұлға-
ның мазмұнының бірлігін білдіретін сөз тұлғасын айтады.
Тілдік материал — дыбыс, тұлға — белгілі бір мәнді білдіру-
де дыбыстардың ерекше құрылымға бірігуі. Әр түрлі мәнді
білдіруде дыбыстық құрылымның айырықша болып отыруы
сөз тұлғаларын іштей ажыратуға, сол сияқты оларды (сөз
тұлғаларын) әр тұрлі грамматикалық кластарға жіктеуге
басты негіздің бірі болып саналады.
Сөз құрылымы түркі тілдерінде сөздің белгілі грамма-
тикалық мән білдіре алатын бөліктерінен тұрады. Сөз
негізгі екі бөлікке ажырайды: түбір (негіз) және аффикс
немесе аффикстер тобы. Кез келген түркі сөзі құрамындағы
морфемалардың орналасуы қалыптасқан жүйеге бағынады.
Әуелі түбір (негіз) морфема, содан кейін аффикстік (не-
месе суффикстік) морфема келеді. Функциялық процестер
түбір морфемамен аффикстік морфеманың түйіскен жерін-
де болады. Түбір морфема әр түрлі мән бере алады: бел-
гілі бір грамматикалық класқа тән мәндерді білдірумен
қатар атау септік тұлғасымен (есім болса) немесе бұйрық
райдың П жақ (етістік болса) тұлғасымен сәйкес келеді.
Аффикс көбіне бір ғана мәнді білдіре алады, сон-
дықтан мүндай жағдайда грамматикалық тәсілдердің санын
білдіретін грамматикалық мәндердің санымен сай келеді:
оқушыларымыздың — сөздің тұлға құрамында төрт түрлі
қосымша бар: шы — кәсіп иесін білдіретін сөз жасаушы
жұрнақ, лар — көптік жалғау, (ы) мыз — тәуелдік жалғау,
дың ілік септік. Егер сөз жасаушы қосымшаны жеке алма-
сақ, мұнда үш түрлі грамматикалық мән үш түрлі аффикс
арқылы берілген. Бұл жерде грамматикалық мән катего-
риялық мағына ыңғайында берілген. Мысалы, бір ғана —
ымыз деген тәуелдік жалғау тәуелдік мағынамен бірге
жақтық (Іжақ), көпше (орталық) мағынаны білдіріп тұр.
Сондықтан грамматикалық тәсілдердің формалардың саны
мен грамматикалық мәндердің саны сай келеді дегенді
шартты түрде түсіну керек (редактордың ескертпесі). Ал
негізгі түбірді іс істеуші субьектіге айналдыратын шы
аффиксін қоса есептегенде, төрт түрлі қосымша арқылы
берілген32. Аффикстік морфемалар атқаратын қызметіне,
туғызатын мәнінің ретіне қарай қатаң жүйемен айтылады.
Атамызға сөзінің құрамындағы тәуелдік жалғау мен барыс
жалғаудың орындарын ауыстыруға болмайды. Аффикстер-
дің орын ауыстырып айтылуы бір ғана ыңғайда — көптік
жалғау алдынан тәуелдік жалғауды айтуда кездеседі. Бұл
барлық тілдерде емес, Қырым татарлары, қарағас, чуваш
тілдерінде кейде ұшырасып қалады. Ахазылар (қарағас) —
ахазы-лар. Түркі тілдеріндегі ёсім сөз тұлғаның барлығына
бірдей болып келетін үлгісі мына тәрізді: т-а-с-тж-сж-т —
түбір, а — түбірдің сапалық, не басқа бір айырықша ерек-
шелігін білдіретін аффикс, С санды білдіретін қосымша,
тж — тәуелдік жалғау, сж — септік жалғау. Кейде есім
түбір орнына заттанған етістік туынды түбір айтылуы
мүмкін. Ондай жағдайда айрықша сапалық ерекшелікті
білдіретін қосымшадан басқасы (а) сол сөзге жалғана
алады. Әрине, мұндай сөз тұлғасы, таза есім тұлғаға қара-
ғанда, әлдеқайда күрделі болып келеді. Өйткені, етістік
түбірге әр түрлі тұлға жасайтын аффикстер жалғана
алады, солардың үстіне бүкіл құрамның есімге айналуына
мүмкіндік жасайтын қосымша қосьілады. Мұндай туынды
есім сөз тұлғаның жалпы моделі мына тәрізді: Т (е-ес-м-б-
ж) -а-с-тж-сж. Есім түбір ретінде қолданылатын негіздің
өзі күрделі: е — етістік түбір, ес-етістік, м — модальдық мән
беретін қосымша, б — болымсыздық, ж — етістік түбірді
есім ретінде қолдануға мүмкіндік жасайтын қимыл есім
қосымша.сы. Әрине, есім орңына қолданылатын кез келген
етістік негізден осы қосымшалардың бәрін іздеуге бола
бермейді. Бұл жалпы сипаты ғана, көптік, тәуелдік, септік
жалғаулар түбірге жалғана алады. Ал, түбірдің ерекше
сапасын аңғцратын аффикстер (жұрнақтар) жалғана бер-
мейді. Олардың әрқайсысына тән қолдану сферасы бар.
Айталық, — ма жұрнағы сөз тұлғалардың белгілі бір тобы-
на ғана жалғанса, -нақ жұрнағы сын есімдерге, олардың
барлығына емес, белгілі бір мағыналық тобына ғана жал-
ғана алады т. б.
Етістік сөз тұлғасының барлық тілдеріне ортақ жүйесі
мына тәрізді: Т ес-м-б-р-ж-т-түбір, ес — етіс қосымшасы,
м — модальдық қосымша, б — болымсыздық қосымшасы,
р — рай қосымшасы, ж — жақ, сан қосымшалары. Сонымен
қатар етістік түбір орнына есім түбірден жасалған сөз
тұлға қолданылады.
Етістік сөз тұлғасының келтірілген бұл жүйесі —
оның толық түрі. Түркі тілдерінде етістік сөз тұлғаның
осы аталған компоненттері түгел айтылмайтын, қысқарған
түрі бар. Ол — көеемше тұлғалары. Көсемше тұлғалары-
ның рай, жақ, сан қосымшаларын қолдамайтыны мәлім
(қабылдаған жағдайда көсемшелік дәрежеден шығып қа-
лады). Олардың орнына п — ғалы т. б. қосымшалар айты-
лады.
ЕСІМ СӨЗ ТҰЛҒАСЫНЫҢ ӨЗГЕРУ ТӘСІЛДЕРІ
Есім сөз тұлғасының өзгеру тәсілдері деген жалпы
атпен есімдерге тән жалғаулар жинақталып отыр. Бұлай
атаудың өзіндік себептері бар: салыстырмалы грамматика
пәні белгілі бір тілді синхрондық жүйемен түгелдей си-
паттауды мақсат етпейді. Олай болатыны — ондай сипаттау
бұл пәннің міндеті емес. Әрбір тілдің грамматикалық
құрылысы жайлы оқулықтар, ол мәселелер жан-жақты тал-
данған. Екінші жағынан, салыстырмалы грамматика жеке
сөз таптарының негізгі ерекшеліктері мен олардың әр-
қайсысына тән категорияларды түсіндіруді мақсат етпейді.
Тіл білімінің бұл негізгі мәселелерді теориялық тіл білімі
мен жеке тілдер грамматикаларында толық айтылып,
талданады. Салыстырмалы морфология теориялық тіл
білімі мен қазақ тілі грамматикалық құрылысын түгелдей
оқыған, олардың барынша хабары бар тыңдаушыларға
арналады. Сондықтан онда жеке сөз таптарының теориясы
жайлы арнайы түсінік беру қажет емес. Осылардың бар-
лығын ескергЪнде, бүкіл есімдерге тән жалғауларды осы
атпен біріктіріп, жүйелей айту қолайлы деп есептедік.
Септік жалғаулары. Атау септіктің арнайы тұлғасы
қазақ тілінде ғана емес, барлық түркі тілдерінде жоқ..
Атау деп қарауға мүмкін болатын арнайы тұлға қазіргі
түркі тілдерінде ғана емес, түркі тілдерінің бүкіл даму
тарихында болған емес. Бірақ соған қарамастан, өзіне тән
арнайы грамматикалық формасы болмаса да, атау септік-
тің өзіне ғана тән грамматикалық мағынасы (субстантық),
ол нольдік формада тұрған сөздің өзіне тән синтаксистік
қызметі (грамматикалық субьект) бар екенін ескеруіміз
керек33.
Ілік септік тұлғасының түркі тілдерінде қолданылатын
варианттарын шамамен мына тәрізді топтарға бөлуге бо-
лады: 1. -Ның (-нің) -ның— Қырым татарлары, татар,
өзбек, ұйғыр тілдері: II. -наң, -ның, -нуң, -ноң, -дың,
(-деын), -лун -дон (-дзон), -тың, -тоң, яғни басқа дыбыс
бірде н, бірде д, бірде т, бірде тіс арқылы дз түрінде айты-
луымен қатар, дауысты дыбыс та бірде езулік, бірде еріндік
болып өзгереді. Бірақ алдыңғы топ тәрізді соңғы дыбыс
мұрын жолды н түрінде айтылады. Варианттардың мұндай
көп түрлілігі бір ғана тілге тән емес. Бұл варианттар
қазақ, алтай, башқұрт, тува, хакас, шор тілдерінде кол-
данылады: алтай — тістің, (біздің) бідздзің т. б. III. -ның,
-нун, -дың, -дун, -тың, -тун. Бұл варианттардың басқа
ерекшелігі құрамында әрі өзулік, әрі еріндік дауыстылар
айтылуымен қатар, соңғы алдыңғылардай таза мұрын жол-
ды ң немесе н. Бұл ерін үндестігі әбден дамыған қңрғыз
тілінде айтылады. IV. -нын, -нун, таза мұрын жолда ң ды-
бысымен емес н дыбысына аяқталған. Алайда, алдыңғы-
лармен салыстырғанда, бұлар тек қана н дыбысынан бас-
талады. Бұлар түбір мен қосымша тегінде, дауыссыздардың
ықпалдасуы жоқ қарапайым тілінде айтылады: V. ың, -уң,
-ның, -нуң; бірде дауыстыдан, бірде н дауыссыздан бас-
талатын варианттар түрікмен тілінде бар: біздің, оқувчы-
ның. VI. -(й), -ын -(й) -ун, -нун — бұлардың негізгі ерек-
шелігі — дауысты дыбысқа біріккен сөздерге жалғанғанда
септік қосымшасының алдынаң «жалғастырушы» и айтыла-
ды. Бұлар әзірбайжан, гагауз, түрік тілдерінің ерекше-
лігі. VII. -ны, ну — әдеттегі соңғы дауыссыз жоқ. Бұлай
айтылу қарашай-балқар, құмық тілдеріне тән. VIII. -ны,
ды, -ты, -мі, -зі, -сі, -ші, -рі, -і, -хі, -чі, -лі, -пі, -ві, -джі
өзбек тілінің жеке говорларында кездесетін варианттар.
IX. -ы, -ан, -нан (іан),— чуваш тілінде айтылатын вариант-
тар: пуллан (болықтың), тірән (төрінің), лажанан (жыл-
қының), маңан (менің) пірен (біздің) т. б. Бұлардың
барлығын салыстырып қарағанда, ілік септіктің айрықша
болып келетін мына варианттарын атау керек: I. Қазақ
немесе жалпы қыпшақ тілдеріндегі түрі — бұлар ықпал
заңдылығының нәтижесінде дауыссыз дыбыстар ыңғайында
үш түрлі болып келеді; II. Өзбек, ұйғыр т. б. тілдердегі түр-
кі — тек қана н дыбысынан басталатын түрі, III. Құмық т. б.
тілдердегі түркі — соңғы дауыссыз жоқ түрі, IV. Өзбек го-
ворларындағы түрлер тобы. V. Чуваш тіліндегі варианттар.
Басқы дыбыстың ыңғайына қарай түркі тілдерінде
кездесетін ілік септік қосымшаларын екі топқа бөлуге
болар еді: дауыстыдан басталатын түрі (-ын) және дауыс-
сыздан басталатын түрі (-нын). Түркологияда осы екі ва-
рианттың қайсысы бұрын қалыптасқан деген сұраққа жауап
беруде әр қилы пікірлер айтылып келе жатыр. Бетлинг,
>Радлов т. б. зерттеушілер дауыстыдан басталған вариант
(-ын) қалыптасу мерзімі жағынан әлдеқайда бұрын бол-
ған, ал соңғы дауыссыздан басталатын вариант алдыңғы-
ның сөз құрамында морфологиялық ығысу құбылысына
ұшыраудың нәтижесі деп қарайды. Солардың нәтижесінде
қалыптасқан (-ның) кейін барлық есім сөздерге жалғана
алатын еркін қосымша болып кетсе керек. Алайда екінші
бір топ зерттеушілер дауыссыз дыбыстан басталатын
вариант (-ның) бұрын қалыптасқан, оның өзінен не сөзі-
нің энклитикалық қолданысының нәтижесін дауыстыдан
басталатын қосымша соның кейінгі варианты деп есеп-
м *34
теиді •
Түркі тілдерінің ішіндегі ілік септік жалғауы кездес-
пейтін — якут тілі: Якут тілінде — та қосымшасы арқылы
біздің тіліміздегі ілік ңен «жасырын» табыс септік мағы-
наларын береді. Бірақ айқын ілік септік мәні ол тілде атымен
жоқ. Якут тілінің бұл ерекшелігі монғол тілдерінің ықпалы
деп түсіндіріледі. Якут тілінің қалыптасу, даму тарихында
монғол тілдерінің ықпалының басым болғандығы белгілі.
Ондай ықпалдың нәтижесі бұл ыңғайда ғана емес, тілдің
басқа салаларында да байқалады. Сонымен, бұл жағынан
якут тілі — түркі тілдерінің ерекше түрі.
Түркі тілдеріндегі ілік септіктің өзіндік үлкен ерекше-
лігі — ол басқа септік жалғаулары сияқты, жеке қолданыл-
майды. Бір тіркесте айтылған екі есім сөздің өзара байла-
нысының бір тәсілі ретінде ғана көрінеді. Қысқасы, қазақ
тіліндегі Асанның үйі тәрізді конструкция басқа түркі
тілдерінде бар құбылыс. Мұндай конструкция құрамындағы
тәуелдік жалғау мен ілік жалғау бір ғана байланыстың
көрінуінің екі тәсілі екені айқын. Тәуелдік жалғау ілік
жалғауынсыз, ілік жалғау керісінше, тәуелдік жалғауынсыз
айтылмайды. Дегенмен, қазақ тілінде ілік жалғауы бір ғана
ыңғайда дербес грамматикалық тұлға ретінде айтылады.
Ол біздің бала, сіздің ауыл, өзіміздің жігіттер тәрізді мо-
даль құрамында кездеседі. Осындай қолданыс басқа түркі
тілдерінде бар: әзірбайжан — сізін күчә, алтай — менің
бала, өзбек.— бізнің ел, көне, орта түркі тілдерінде ілік
жалғаулы тұлға кейде септіктер жалғанатын негіз бол-
ғандығын көруге болады: бізіңе, сізіңе, меніңцің т. б. ілік
жалғау үстіне барыс, жатыс, шығыс жалғаулары жалғана
берген. Қазіргі тілдер ішінде осындай факт татар, баш-
құрт, чуваш т. б. тілдерінде 'көбірек ұшырайды. Чуваш —
пірінде (бізде — бізіңде), пірянден (бізден — бізіңден),
пірінбе (бізбен — бізінмен), башқұрт — мініңче (меніңше)
т. б., қазақ тілінде бұл сақталмаған. Тек бір ғана жағдайда
байқалады: біздіңше — бізше, сіздіңше — сізше. Мұнда да
ілік жалғаусыз тұлға көбірек қолданылатынын айту керек.
Ілік жалғаулы тұлғаның басқа септіктерге негіз болуын
ілік жалғаудың тек есімдерге қолданылуынан іздеу керек.
Басқа бірде-бір септік жалғау мұнДай шектеулі қолданыста
болмайды: олар не екі (әрі есім, әрі етістік) немесе тек
қана етістікке қатысты айтылады.
Барыс септік түркі тілдерінде әр түрлі сипатта көрінеді.
Қазіргі түркі тілдерінде қолданылатын барыс септік қо-
сымшаларын өзара салыстырып келгенде, олардың барлы-
ғына негіз болған вариант деп қа (-қе, -ға, -ге) вариантын
айту керек. Қазақ тіліндегі -қа түркі тілдерінің бірсыпы-
расында, әсіресе оңтүстік-шығыс тілдерінде -ға түрінде,
яғни басқы дыбысы ұяң болып айтылады. (Әрине қазақ
тілінде де осыдай вариант бар, бірақ негізгісі -қа, ал -ға со-
ның сингормониялық сыңары ретінде ғана ұғынылады).
Сібір мен Алтайдағы түркі тілдерінде бұл қосымша -ха/хо,
якут тілінде осылармен бірге — на түрінде айтылып қалып-
тасқан. Дегенмен, -қа түрінде қатаң дыбыстан басталу
негізін^н қыпшақ тілдерінің ерекшелігі де, -ға негізінен
өзбек, ұйғыр тобына жататын тілдер ерекшелігі. Оғыз
тілдерінде (оңтүстік-батыс) барыс септік қосымшасы
-а, -йа (кейде диалектілік ерекшелік ретінде ғана) түрінде
дыбысталады. Дегенмен, оғыз тілдеріндегі (немесе жалпы
оңтүстік-батыс тілдеріндегі) -а, -йа варианттарын алдың-
ғылардан оқшау қалыптасқан деп қарауға болмайды. Мұн-
дай варианттардың шығуы — түркі тілдеріндегі дыбыстар-
дың тарихи ауысуларының нәтижесі. Чуваш тілінде осы
варианттар қолданылады, сонымен қатар -на (якут тілін-
дегідей) варианты айтылады.
Барыс септік қосымшаларының алдыңғыларға көп ұқ-
самайтын түрлері алтай, тува және хакас, шор, кейде
түрікмен тілдерінде кездеседі. Бұл тілдерде созылыңқы
дауыстылар бар. Соған сай сөзге жалғанған барыс септік
қосымшасы өзгеріске түсіп, қосымша орнына сөз соңында
созылыңқы дауысты пайда болады, ал жіктеу есімдіктері
іштей өзгеріске түседі. Мысалы: шор — ма, -ма, -ға, -са,
-саға, алтай — ма -маға, о -оға т. б.
Барыс септіктің тағы бір ерекше тұлғалануы қазақ,
қарақалпақ тілдеріндегі -ған, маған, саған. Мұндай тұл-
ғалану басқа бірде-бір түркі тілінде жоқ және көне ескерт-
кіштерде кездеспейді. Зерттеушілер, әсіресе, академик
В. В. Радлов мұны көне түркі тіліндегі ғар аффиксінің өз-
герген, дамыған түрі деп қараса, Котвич метатеза құбы-
лысының нәтижесі деп есептейді (маған-менға). Қалай
болғанда да, бұл тұлғаның қалыптасу жолын дәл түсін-
дірген пікір әзір жоқ.
Сонымен, қазіргі. түркі тілдерінің сөз құрамындағы
барыс жалғауы мынадай сыпаттарда көрінеді: қазақ — ма-
ған, атқа, әзірбайжан: адам-а, мен-е, ғапы-йа (есікке),
алтай: ме (маған), айылға (үйге), йепашқа (жаппаға,
шалашқа), гагауз: қыр-а, (қырға, далаға), масайа (стол-
ға), бан-а (маған), қарачай: атаға (әкеге), ма-майа (ма-
ған), қырғыз: малға, маға (маған), тува: молға, мәмәне
(маған), түрікмен: йарма (жармаға), дурна (тырнаға),
хакас: хасқа (қазға), сана (шанаға), чуваш: хірә (қырға),
хулана (қалаға), мына (маған), шор: ма-маға т. б.
Түркі тілдерінің көпшілігінде тәуелдік жалғауды сөзге
жалғанатын барыс қосымшасы, қазақ тіліндегідей, -а тү-
рінде, ал тәуелдіктің III жағында тұрған сөзге -на түрінде
жалғанады.
Табыс септіктің түркі тілдерінде қолданылатын қосым-
шаларының барлығы -ны//-ні вариантының айналасына
топталады. Түбірдің (негіздің) соңғы дыбысының сапасына
қарай -ды, -ты түрінде түрленуі қазіргі түркі тілдерінің
көпшілігінде кездеседі. Сонымен қатар, ерін үндестігі да-
мыған тілдерде қосымша құрамындағы дауысты дыбыс
тек езулік емес, еріндік те болады (мыс, қырғыз, тува
т. б.). Табыс септіктің басқа тілдермен салыстырғанда
ерекше болып көрінетін қосымшасы чуваш тілінде бар.
Ол тілде бұл қосымша -а, -на түрінде, яғни ашық дауысты-
мен айтылады. Қазіргі түркі тілдерінің бірде-бірінде табыс
септік қосымшасының мұндай ашық дауыстылармен ай-
тылуы кездеспейді.
Табыс септік қосымшасы қазіргі гагауз, түрік тіл-
дерінде, әзірбайжан говорларында тек дауысты дыбыстар-
дан тұрады: -ы, -у бірақ дауысты дыбысқа аяқталған
негіздерге -йы, -йу түрінде жалғанады. Қатайым, қара-
шай-балқар, құмық тілдеріндегі табыс жалғауы тек қана н
дауыссызынан басталады: -ны, -ну. Басқы дауыссыз ды-
бысы көп тұрлі болып келуі қазіргі өзбек тілінің жеке
диалектілік топтарынан кездеседі. Сонымен, табыс жал-
ғауы қалған негізгі түркі тілдерінде мына тәрізді тұлғала-
нады: әзірбайжан: ана-ны, адам-ы, алтай: қапты (қапты),
үгу-ні (үкіні), башқұрт: йул-ды (жылды) т. б.
Түркі тілдерінің бәрінде қазақ тіліндегі сияқты тәуел
діктің III жағындағы сөзге табыс жалғауы -ын түрінде
жалғанады. Бұл жағынан якут тілі басқа тілдерден оқшау
тұр. Якут тілінде табые септіктің -ын түрінде жалғануы
тәуелдіктің үш жағының үшеуіне де қатысты: атыбын
(атымды), атығын (атыңды), атытын (атын), атыбытын
(атымызды), атығытын (аттарыңды), атларын (аттарын).
Жатыс септіктің қазіргі түркі тілдеріндегі негізгі тұл-
ғасы -да, сөздің соңғы дыбысының ықпалымен ол т қатаң
дауыссызынан басталады. Қысқасы, қазақ тіліндегі
-да, -та (жіңішке варианттарымен қоса) жалғаулары
қазіргі түркі тілдерінің көпшілігіне тән. Сонымен қатар,
башқұрт тілінде жатыс септігі -да (алдыңғы қосымшаның
варианты) және -та қосымшалары арқылы да беріледі,
-да вариантын да қосымшасының башқұрт тілінің ерекше-
лігіне ыңғайланған түрі деп қарауға болады (өйткені, ол
тілде аралық дауыссыздар бар), -та қосымшасын солай
деп қарауға дәлел жоқ. Башқұрт тілін зерттеушілер оны
тілдің ежелгі кезінен қалған рудимент деп қарайды3ә.
Чуваш тілінде жалпы түркі тілдеріне ортақ қосымша-
дан басқа, жатыс септік -ра, -че қосымшаларымен беріледі,
-ра қосымшасын көне түркі жазбаларында кездесетін осын-
дай қосымшамен салыстыруға болады. Көне түркі тіліндегі
ол қосымша көбіне жатыс септік мәнінде қолданылады.
Түрікмен тілінің диалектілерінде жатыс септіктің -да, -на
түрінде тұлғалануы ұшырасады.
Якут тіліндегі -та қосымшасы жатыс мәнінде емес
«белгісіз» табыс септік (қазақ тіліндегі кітап оқыдым
конструкциясы құрамындағы тәрізді) мәнінде қолданылады.
Жалпы, түркі тілінде ортақ жатыс үстеуге айналып кет-
кен есімдік тұлғаларының құрамында ғана ұшырайды.
Манна (мұнда), суманна (осында), ішінне (анда, ана
жақта), онно (анда, бұл жақта), сонно (сонда, сол жақта).
Якут тілінде жатыс септік қызметін барыс септік ат-
қарады. Екінші сөзбен айтқанда, басқа сөздерде жатыс
септік айтылатын орындарда барыс септік қолданылады
(мыс, остуолға төрт кинигә оунна биир карандаас бар)
столда бір кітап және қарандаш бар) мұның өзі қазақ
тіліндегі жатыс пен барыс септіктерінің алмасуын еске
түсіреді.
Қазақ тіліндегі үстеулердің құрамында жатыс жал-
ғауы жиі кездесетіні белгілі, -да және көне түркіліқ (қа-
зіргі чуваштық) -ра қосымшаларьіндағы сөздердің үстеуге
айналуы жалпы түркілік құбылыс екендігін айту керек.
Қазіргі түркі тілдерінде жатыс септік қосымшасының
жалпы сипаты мына тәрізді: алтай: туда (тауда), бісте
(бізде), башқұрт: йулда (жолда), далада (далада), қалала
(қалада), уларда (оларда), чуваш: холара (қалада),
варманда (орманда), кілде (үйде), маыра (менде) т.б.
Шығыс септік қосымшаларын шамамен үш түрге бөліп
қарауға бөлар еді. Бірінші түрі деп қазақ тіліндегі -дан,
яғни ашық дауыстымен келетін варианттар. Бұлар ұйғыр
тілінен басқа тілдердің бәрінде бар. Екінші түрі қысаң
дауыстымен келетін варианттар -дын (-дін, -тін, -тын).
Бұл тек қана ұйғыр тілінде кездеседі. Аффикстің соңғы
дыбысына қарай үшінші түрін көрсетуге болады. Түркі
тілдерінің барлығында шығыс қосымшасы -н дыбысына
аяқталады. Ал, алтай тілінде айқын мұрын жолдьь -ң дыбы-
сымен аяқталады. Сонымен, бұл тұрғыдан қарағанда, шығыс
қосымшаларының үш түрін көрсетуге болады: -дан, ашық
дауыстымен келген, түркі тілдершің басым көпшілігінде
қолданылады: -дын, қысаң дауыстымен келген ұйғыр ті-
лінде қолданылады, яғни ұйғырлық түр; -даң, мұрын жолды
дыбысқа аяқталатын алтайлық түр.
Алайда, шығыс қосымшаларының басты дыбысы әр
қилы болып отырады. Басқы дыбыс ыңғайымен қарағанда,
мынадай топтарды көреміз: 1) тек қана д дыбысынан
-дан, өзбек тілі, әзірбайжан тілі, түрікмен тілі, 2) д, т
дыбыстарынан басталатын ұйғыр, түрік тілдері. 3) д, т, н
дыбыстарынан басталатын қазақ, татар, қарақалпақ, хакас,
алтай тілдері. 4) д, т, н, з дыбыстарынан басталатын
башқұрт тілі. 5) тек қана т дыбысынан басталады: -тан,
-тән, -тон, -ттан, -төн, -ттен, -ттон, -ттөн, 6) р, т, ч, ды-
быстарынан басталады: -ран, -рен, -тан, -тен, -чен.
Сонымен, шығыс септігінің қазіргі түркі тілдеріндегі
көрінісі мына тәрізді: әзірбайжан: ердон, алтай: йерден,
башқұрт: ерузен, ұйғыр: иәрдин, якут: сиртен, чуваш: черт-
тен (жерден). пилекрен (белденэ, урамран (көшеден) т. б.
Қазақ тіліндегі көмектес септік мәнінің берілу жолдары
қазіргі түркі тілдерінде әр түрлі болып келеді. Олар мынадай
түрлерге бөлінеді: 1. -мен (-пен) т. б. -бен (-бенен),
-мен. 2. -ла, -ло. 3. -ба, -па, -ма. 4. -была, -пыла, -мыла.
5. -пала -палан. 6. -бан, ман, -нан. 7. -дан, -тан, -нан,
-бынаң, -мынаң. 8. -дан, -нан.
Бірлікті, құралдықты білдірудің тәсілі болып табылатын
бұл қосымшалар қазіргі өзбек тілінде, басқа тілдерде
айтылатын білә (білән, бірлән) шылау сөзінің әр түрлі
өзгерістері нәтижесінде қалыптасқан. Дегенмен, шылаудың
жалғауға айналу процесі бірыңғай болмаған. Сондықтан
ол әр тілде әр түрлі көрініске ие болған.
Келтіріліп отырған тізімнің бірінші тобы тек қазақ
тілінде, содан соң өзбек тілінің қыпшақ диалектісінде ғана
айтылады. Екінші топ алтай, түрік тілдерінде, хакас тілінің
қызыл, бөлтір диалектісінде, үшінші топ шор, қарайым,
чуваш тілдерінде қолданылады. Төртінші топ шор тілінде,
хакас тілінің қызыл, бөлтір, сағай диалектілерінде, бесінші
топ тек қана чуваш тілінде кездеседі. Алтыншы топ хакас
тілінің жоғарыда аталған қызыл, бөлтір, сағай диалекті-
лерінде, жетінші топ качан диалектісінде, сегізінші топ оғыз
тілдерінде айтылады. Сонымен, таралу аумағы жағынан
негізгілері (жеке халық тіліне тән болып келетіндері) деп
мыналарды бөліп айту керек: -мен, -ла, -ба, -пал, -лан.
Қалғандары бүтін халық тілі емес, оның жеке диалектілік
ерекшеліктері. Хакас тілінде көмектес мәнін беретін қо-
сымшалар көп және олардың әрқайсысы әр түрлі диалек-
тілік топтардың көрінісі, мұндай көп түрлілік халық тілі-
нің бірнеше диалектілік топтан құралуынын нәтижесі. Со-
Нымен, көмектес мәнін беретін қосымшалардың қазіргі
түркі тілдерінде сөз құрамында көріністері мына тәрізді:
алтай: малтала (балтала), атла (атпен), гагауз: авшамнан
(ақшамнан), (кешкілік), қарайым: атба (атпен), ілбе
(итпен), хакас: атнан (атпен) холынан (қолымен), азахнан
(аяқпен), хакас.— қызыл: ағачла (ағашпен), хакас-кошы:
атпынан, аттан (атпен), чуваш: пулаба (балықпен), манба
(менімен), санба (сенімен), пычақпыла (пышақпен),
лажабала (атпен) т. б.
Түркі тілдерінің көне дәуірінде қазіргі қазақ тіліндегі
көмектес септік мәні екі тәсіл арқылы берілген. Біргелік
мән бірле (оның өзі де құралдық мән) -ны аффиксі ар-
қылы берілген. Шылау сөздің өзгерістері нәтижесінде
бірсыпыра түркі тілдерінде қалыптасқан тұлғалар — осы
айтылғандар. Алайда, мына жайды ескерту мақұл: қазақ
тілі оқулықтарында ғана арнаулы жалғау туралы айтыла-
ды, түркі тілдерінің көпшілігінің оқулықтарында сондай
типте қолданылатын шылау туралы айтылады. -ын қосым-
шасы қазіргі түркі тілдерінің бірде-бірінде актив қолданы-
латын қосымшасы ретінде сақталмаған. Оның іздері, сөз
құрамына еніп, кірігіп кеткен іздері қазіргі түркі тілдерінде
қолданылатын үстеу сөздер құрамында жиі кездеседі. Қа-
зақ тіліндегі ертеңгісін, кешкісін, астын, үстін тәрізді сөздер
құрамындағы -ын, бір кездегі сондай қосымша. Зерттеуші-
лер -ын қосымшасының нағыз жалғау мәнінде сақталуы
деп чуваш тіліндегі қузан кур (көзіңмен көр) тәрізді бі-
рен-саран тіркес құрамындағы -ын қосымшасын еркін жал-
ғау деп қарауға болмайды.
Қазіргі якут тілінде біркелкі мәнде (қазақ тілінің кө-
мектес септігінің бір мәні) қолданылатын -лын, -дын, -тын,
-нын, -мун, -нун қосымшасы бар. Бір кезде академик Рад-
лов мұны сын есім жасайтын -лығ аффиксі мен көне түр-
кілік құралдың септік қосымшасының бірігіп кетуінен
жасалған деп қараған.
Қалай болғанд^ да, қазіргі басқа түркі тілдерінде бай-
қала бермейтін осщндай қосымша якут тілінде бар. Мысалы:
туруйа саһыллый (тырна мен түлкі), сірәйә кулғахтың
(оның беті мен құлағы), убайым оғотунун (мен ағам
баласымын) т. б.
Қарашай-балқар, құмық, башқұрт диалектілерінде
-лайын, -лайу/лай септік жалғауы қолданылады. Мағына-
сына қарай мұны қазақ фольклоры тілінде ұшырасып
қалатын -дайын/алыптайын, сұңқардайын қосымшасымен
бірдей деп қарау керек. Екеуі де ұқсаСтыру мән береді, зат
есімдерге ғана жалғанады. Осыдай аффикс (лайу, лайын)
көне түркі тілінде, сондай-ақ көне қыпшақ тілінде қолда-
нылғандығы бізге жеткен ескерткіштерден мәлім. Алайда,
кейінгі даму барысында барлық тілдерде бірдей орнығып
қалмаса керек. Мұндай қосымша көбіне поэзия тілінде,
көтеріңкі стильдің бір құралы есебінде ұшырасып қала-
тыны бар.
Қазақ тілінде жанама бағытты білдіру де, іс бағыт-
талған мекенді білдіру де бір ғана септік арқылы -барыс
септігі арқылы көрінеді. Көне түркі тілінде жанама бағыт
көбіне на аффиксі, іс бағытталған мекен -дару аффиксі
арқылы білдірілген. Қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде
бұл аффикс үстеу сөздердің құрамында ғана қалған; қазақ:
тысқары, сыртқары; алтай: тышқары, өңігері (кешкілік),
ічкері (ішкері), учқары (ұшқары), ұш жағына, құскәрі -
(күзге қарай); башқұрт: (қышқары). қысқа (қарай), һуң-
қары (кейінірек), кіскері (кешкілік), төшкәрі (түске қарай) ;
түркі: ілгері (ілгері), ічері (ішкері), дышары (тысқары),
қарайым: артхары (артқа қарай), қарашай-балқар: ічкері
(ішкері), тышқары (тысқары), оғары (жоғары), шор: мы-
нары (бері қарай, мына жаққа қарай), анары (ана жаққа
қарай).
Ескерткіштер тілінде қолданылған -кор, -ғар аффиксі
есімдіктерге жалғанған жоқ: анар (оған), мұңар (оған,
бұған), мынар (мына жаққа, мынаған). Бұл аффикс қазіргі
башқұрт, татар диалектілерінде, қарайым, құмық, ноғай,
тува, хакас, шор, якут тілдерінде бар; башқұрт: шо-
ңарғы (мынаған), анарға (анаған), тігіңерге (оған), қа-
райым: анар (анаған); құмық: буғар (бұған), шуғар (соған),
оғар (оған), қараноғай: мағар (маған), сағар (саған),
бұғар (бұған), соғар (соған), оғар (оған), татар: монор
(бұған), анар (анаған), шунар (соған), тотува: қайна
(қайда), соңғар (кері қарай), сонға (солға қарай), хакас:
чоғар (жоғары), тасхар (тысқары), часхар (көктемге қа-
рай), чайхар (жазға салым, жазға қарай), күскер (күзге
салым, күзге қарай), шор: мынартын (осы жақтан мын-
ар-тын), анартын (ан-ар-тын), (ана жақтан), якут: ағабы-
мығар (аға-бы-ты-ғар), (әкемізге), ағағытығар (аға-ғы-
ты-ғар), әкеңізге), ағаларығар (аға-лар-ы-ғар) олардың
әкесіне, -ға-ру-ғар аффиксі екі түрлі қосымшаның
(-ға, -ру) бірігуінің нәтижесі дейтін пікір түркологияда
көптен айтылып, дәлелденіп келеді.
Бағытты білдіретін септіктің ерекше қосымшасы тува
тілінде бар: -дыва, -тыва, -дува, -тува және -ғыды, -қыды,
-ҒУДУ» -ДУДУ, -ҚУДУ- Тува тілін зерттеушілер бұл қосымшалар
бағыт мәніндегі таба, тыба шылауларынан қалыптасқан
деп қарайды: дағдыва (тауға), дергіді (көкке).
Хакас тілінің диалектісінде бағытты білдіретін септік-
тің -сар, -зар, -са, -за, -са, -за тәрізді қосымшалары қол-
данылады: Абақанзар (Абақанға), атсар (атқа), хозанзар
(қоянға), тағзар (тауға), ібзер (үйге), туразар (үйге),
ағассар (ағашқа), көлзар (көлге), туразары (үйге), хайса
(қайқа), этсе (етсе) т. б.
Чуваш тілінде бағытты білдіретін септік қосымшасы
-алла: вар, маналла (тоғайға, орманға қарай), кілелле (үйге
қарай), отаралла (ара ұясына қарай).
Түрікмен тілінің жәулит (йомуд) диалектісінде бағытты
білдіретін септік қосымшасы -қ: дүйек (түйеге), дүрек
(үйірге). Түрікмен әдеби тілінде бұл қосымша мекен үстеу-
лерінің құрамында кездеседі: ілерік (ілгері), (оңтүстікке),
ічерік (ішкері), дашарық (тысқары), йоқ арық (жоғары),
шығысқа, ғайрақ (кері қарай, қайыра, солтүстікке) ашық
(төмен қарай, батысқа), берік (бері қарай), шойлек (анна
жаққа), нірек (қайда).
Түрікмен тіліндегі бұл қосымша -қа аффиксінің құ-
рандылығы жайлы пікірдің тууына себеп болды. З^рттеуші-
лердің бір тобы -қа функциялық жағынан бір-біріне ұқсас
екі аффикстің қосымшасы деп қарайды36. Түркі тілдері-
нің бірсыпырасында екі түрлі қызметте қолданылып, екі
түрлі мағына беретін -ча (-че) қосымшасы кездеседі.
Олардың бірі қазақ тілінде үстеу жасайды деп қаралатын
-ша қосымшасы. Қазақ тіліндегі -ша қосымшасы зат есім-
дерге жалғанып, сын-қимыл үстеулерін жасайды Да, (өз-
бекше: айуанша), есімше тұлғаларына қосылып мезгіл
мәнін туғызады (айтқанша, келгенше). Алайда -ша қо-
сымшасы кез келген сөзге (есімдерге) жалғанбайды, сөз-
дердің белгілі бір семантикалық топтарын қажет етеді.
Бұл — жалғыз қазақ тілінде ғана емес, түркі тілдерінің
барлығына тән ерекшелік. Алайда, -ша (ча) аффиксінің
беретін мағыналары түркі тілдерінде бірыңғай болып отыр-
майды. Бұл аффикстің қазақ тіліндегі мағыналары түркі
тілдерінде бірыңғай болып отырады. Бұл аффикстің қазақ
тіліндегі мағыналары түркі тілдерінің көпшіліғіне ортақ
деп қарауға болады. Сонымен қатар, жеке тілдерде бұл
аффикс басқа мағыналық мәндерді білдіре алады. Олардың
кейбір басты түрлері мынадай. Тува тілінде -ча бағытты
білдіреді: хемче (өзенге), ежікче (есікке), шор, хакас ті-
лінде салыстырмалы-шектеулі және бағыт мәнінде айтыла-
ды: адайча (иттей), ит сияқты, иттің үлкендігіндей), чолджа
(жолмен, жол бойымен), харджа (қармен, қар үстімен).
Сан есімдерге жалғанып, болжам, шамалау мәнінде қол-
данылады. Көне түркі: йүзче (жүз шамалы), орта түркі:
мінче (мың шамалы), бір айчас (бір айдай), түрік: бінлер-
че (йыл) мың жылдай), хакас: чібіргіче (жиырмадай, жи-
ырма шамалы), якут: уонча (он шамалы), сүрбечче (жиыр-
ма шамалы), сүсче (жүздей). Етістіктің қимыл есім тұл-
ғаларына жалғанып, көсемшелік (не соларға ұқсас) тұл-
ғалар жасайды: көне түркі: йемішінче (жеткенімше),
болдуғунча (болғанынша) т. б. Қазақ тілінде -ша, -ғанша,
-майынша түрінде келеді. Сонымен, -ша қосымшасы біздің
тіліміздегі белгілі мағыналарынан басқа, бірсыпыра тіл-
дерде -дай, көмектес септігі, «шамалы», «шақты» шылаула-
рының орнына қолданылады. Екінші бір -ша қосымшасы
өзбек тілінде, қырғыз тілінің диалектілерінде шектеу мә-
нінде қолданылады: түнгече (түнге шейін), ахшамғача
(ақшамға дейін), қышқача (қысқа дейін), бу курчача (бұл
күнге дейін), тоғғача (тауға дейін), қырғыз: отузунчу
йылғача (отызыншьГ жылға дейін). Дегенмен, бұлардың
бәрі жалғаулар дәрежесіне жетпеген аз ғана семантика-
лық топтар айналасында қолданылатын қосымшалар ғана.
Сонымен, түркі тілдерінде Қолданылатын септік жалғау-
ларының ұзын-ырғасы, олардың варианттары, негізінен
осылар. Бұл шолудан жалпң түркі тілдеріне тән негізгі
септік жалғауларын, жеке тілдердің бір-бірінен формаль-
дыҚ ерекшеліктерінен байқауға болады.
Енді септік жалғауларының түркі. тілдеріндегі мазмұны
мен қызметі қандай, бұл тұрғыдан жеке тілдер арасындағы
айырмашылықтары қандай сипатта дейтін басты мәселелер-
ге көщу қажет. Септік жалғауларының мазмұны әдетте екі
түрлі ерекшелікті ескерген уақытта ғана біршама толық
түрде көрінеді. Олар: синтаксистік қызмет және семантика.
Септік жалғаулары, ең алдымен, синтаксистік қызмет тұр-
ғысынан ажырайды. Өйткені, олардың кейбірінің мазмұны
тек синтаксистік қызметі арқылы көрінеді. Мысалы: табыс
септіктің негізгі мазмұны — сабақты етістіктермен байла-
нысқа түсіп, солардың жетегінде айтылып, есімнің етістік-
ке бағыныштылығын көрсететін белгі, яғни синтаксистік
байланыс. Сонымен қатар, септік жалғаулары белгілі бір
мәндердің берілу тәсілі бола алады. Осылардың барлығын
жинақтай келгенде, септік жалғауларының екі қызметі ке-
ліп шығады: біріншісі — синтаксистік қызмет те, екіншісі —
соның негізінде туатын мән, мағына, яғни семантикалық
қызмет. Алайда, септік жалғауларын осы тұрғыдан қа-
растырғанда, осы екі қызметтің көріну дәрежесі барлы-
ғында бірдей, бірыңғай еместігін байқатады. Осы екі
қызметтің қайсысының басым болып келуіне қарай, септік
жалғауларын әдетте грамматикалық септіктер және көлем-
дік септіктер деп жіктейді. Осылайша жіктеу түркологияда
дәстүрге айналып кетті. Грамматикалық септіктердің
бірінші мәні синтаксистік, екінші мәні семантикалық қыз-
мет болады. Грамматикалық септіктер адвербиалдық мән
бермейді. Көлемдік септіктер, ең алдымен, адвербиалдықмән
(пысықтауыштың) туғызады да, сол арқылы синтаксистік
қызметке ие болады. Екінші сөзбен айтқанда, мұндай
септіктердің бірінші мәні — пысықтауыштық қызмет, ал
екінші мәні синтаксистік байланыс, грамматикалық сеп-
тіктер мен көлемдік септіктердің арасында басты айырма-
шылық — олардың меңгеруші етістікпен ара қатынасынан
көрінеді. Грамматикалық сегітік. есім—^тістік жүйесінде
басым қызмет атқарады. Мысалы, табыс септікті тура
толықтауышты түсіріп айтуға болмайды, олай болған
күнде сөйлем мазмұнына нұқсан келеді. Көлемдік септік
есім — етістік жүйесінде ондай басым мәнге ие емес.
Мысалы, көлемдік септікте келген жанама толықтауыштың
айтылмай қалуынан сөйлем мазмұны бұзылмайды.
Түркі тілдерінде атау, ілік, табыс — грамматикалық
септіктер болып саналады да, барыс, жатыс, шығыс және
қазақ тіліндегі көмектес септік — көлемдік септіктер қа-
тарына жатады. Осыларды жеке алсақ, атау мен табыс
септіктерін теңестіру — синтаксистік, грамматикалық сеп-
тіктер мен көлемдік септіктерді теңдестіру — синтаксис-
тік — семантикалық болады. Ал, жатыс, шығыс септіктері-
нің қолданыста ауысуы таза семантикалық құбылыс болып
шығады. Өйткені, олардың ауысуы грамматикалық мәннің,
байланыстың ауысуына алып келмейді. Берілетін мағына
мәнерлерінің ауысуына ғана алып келеді. Атау септігі
түркі тілдерінде _әдетте бастауыштың тұлғасы, ілік септік
анықтауыштың бір тұлғасы болады. Ал, табыс септік тура
толықтауыштың тұлғасы, ол барлық уақытта сабақты етіс-
тікпен байланысады. Жатыс, шығыс, барыс және көмектес
септіктер әр түрлі адвербиалдық мәндердің берілу тәсіл-
дері есебінде пысықтауыш пен жанама объект мәнінде
жанама толықтауыштың тұлғалары болып келеді. Түркі
тілдеріндегі атау септігінің қызметі мен мәні кең. Атау
тұлғасы бастауыш, тура толықтауыш (кейде жанама то-
лықтауыш), анықтауыш қызметінде, сондай-ақ күрделі баян-
дауыш құрамында қолданылады. Атау тұлғадағы бастауыш
етістіктің барлық түрлерімен байланысады. Атау тұлғасы-
ның анықтауыш болуы түркі изафеті деп аталатын конструк-
циялардың I—II түрлері құрамында кездеседі: Арал теңізі,
алтын сағат. Мұндай қолданыстар түркі тілдерінің барлы-
ғында дерлік кездеседі. Атау түлғаның тура толықтауыш
қызметіне немесе қазақ тілі оқулықтарында қалыптасқан
термиңология бойынша «табыс септіктің жасырын қолда-
нылуы» қазіргі түркі тілдерінің барлығында кездесетін
құбылыстардың бірі.
Ілік септік қазіргі түркі тілдерінің бәрінде есімнен
жасалған, есімге қатысты анықтауыштың грамматикалық
тұлғасы болып қолданылады. Сондықтан, ілік септіктің жиі
қолданылатын конструкциясы — түркі изафетінің түрі.
Зерттеушілер изафеттің үшінші түрі мерзім жағынан ең •
96
кейінгісі, олай болса ең негізгісі дейтін қорытынды айтады.
Алайда, бұл ілік септік қосымшасының шығу, қалыптасу
мерзіміне қатысты болмаса керек. Осыдан бұрын айтыл-
ғандай, якут тілінде ілік септік жоқ. Бұл айтылғандар
якут тілінен басқа түркі тілдеріне қатысты.
Табыс септіктің негізгі қызметі — тура толықтауыштың
грамматикалық тұлғасы ретінде қолданылуы. Соған лайық
ол қазіргі түркі тілдерінің басым көпшілігінде сабақты
етістіктермен бір тіркесте жұмсалады. Барлық түркі тілде-
ріне ортақ осы ережеден ауытқу қазіргі өзбек әдеби
тілінде кездеседі. Өзбек тілінде табыс септік тұлғасы,
тура толықтауыш ырықсыз етіс тұлғалы етістіктермен
қолданылады: ашны (ейилди) ас желінді. Қазақ тілінде бұл
ыңғайда табыс тұлғасы атау тұлғасына ауысады да, тура
толықтауыш грамматикалық бастауыш болып ұғынылады.
Ал, түрік (осман) тілінде табыс тұлғасы тек сабақты етіс-
тіктермен емес, келу, кету, бару, (түрікше: гелмек, гітмёк,
вармақ) тәрізді қимыл мәнді етістіктермен тіркеседі. Мұн-
дай синтаксистік қоршауда табыс тұлғасы, әрине тура
толықтауыш емес, пысықтауыш болып ұғынылады. Мы-
салы: қапыты ессіздіжеге чечтік. Мердірёнлері чықтық.
Қазақ бұл сөйлемдерді «есіктен сыбыссыз өттік. Баспал-
даққа (баспалдақтан) шықтық»— деп шығыс, барыс (не
көмектес) септіктерін қолданар еді. Алайда, қазіргі түрік
әдеби тілінде бұл қалыпты құбылыс көрінеді.
Барыс септіктің негізгі қызметі мыналар: 1. 1с бағыттал-
ған жақты, нәрсені білдіреді. Қырғыз: ол орунға отурду,
түрікмен: ғоншуларға гиггти (көршілерге қарай), якут:
күөлге құстар түстүлер (көлге құётар келді). 2. Іс-әре-
кетке қатысты жақты, нәрсені білдіреді: түрік: бана баба де
(мені ата де), башқұрт: уға нізбулған (оған не болған), шор:
піске керек чоқ (бізге басқы керёгі жоқ) 3. Іс-әрекет
жеткен, не жететін мезгіл, мекен шегі: қазақ: сағат бесте
қайтады, башқұрт: сәғәт бишқа қайта, қырғыз: отузға шық-
тым, хакас: часқа кілезер (сағат беске келіңіздер); 4.
Мақсат, арнау. Қазақ: суға барады, алтай: суға барар, но-
ғай: қарт төзәккә кәтті, түрікмен: ақамаға гелді (оқуға
келді), хакас: ол ағасха парған (ол ағашқа, ағаш әкелуге
кетті); 5. Заттың бағасы, құны. Қазақ: ол жүз соота қой
сатып алды; қырғыз: ал джүз сомғо қой сатып алды:
түрікмен: бу алы йудз манада алды (бұл атты жүз сомға
алды); 6. Істің себебі: қазақ: (оның) күлгеніне кейіді,
алтай: қорқығанына ол орды берді (қорыққанынан ауырып
қалды). Соңғы алтай тілінен келтірілген мысалды қазақ
шығыс септігімен айтар еді. Алайда, бұл жазба тілдегі
стильдік ерекшелік болса керек. Жалпы барыс септік
тұлғасының себеп пысықтауыш қызметінде жұмсалуы —
көп тілге тән құбылыс.
Қазақ тілінде барыс септік пен жатыс септіктің сырт
көзге ұқсас қолданылуы бар: сағат 5-ке келдім, сағат 5-те
келдім. Алайда, қазіргі әдеби тіл бұлардың әрқайсысына
жеке-жеке мән жүктейді. Ал, өзбек тілі говорларына барыс
септіктің жатыс орнына қолданылуы жиі кездеседі: Акам
колхозға ішлейді, біз йатакқа тураміз т. б. Ондай құбылыс
тува тілінде де бар: барыс тұлғасы өткен шақ, келер шақ
етістіктерімен тіркесіп, жатыс мәнінде қолданылады. Қы-
зылға чурттап тұрғанмен — қызылға тұрғанмын. Қызылға
чурттар мен — қызолға турамын (тұратын боламын),
бірақ қызылда чурттап тур мын (осы шақ). Ал якут тілінде
барыс тұлғасы статикалық етістіктермен тіркесіп келсе,
жатыс мәнін береді: ат далға турар (ат қорада тұр).
Шығыс септіктің негізгі мағыналары мына тәрізді:
1. Іс-әрекеттің басталатын мекен орны, мезгілі: сөзден
сөз шығады, қырғыз: сөз сөздон түйт, алтай: борү малдан
бір байталды тутты (қасқыр жылқыдан бір байталды ұс-
тады).
2. Заттың, әрекеттің шыққан көзі, ортасы:— тастан сар-
ай салғызды, алтай: бу столду шівіден (бұл стрлды шыр-
шадан жасаған), шор: шорлар арбадан талқан іштепчалар
(шорлар арпадан талқан істейді);
3. Салыстырылатын затты білдіреді: темірден берік, шор:
қазыңнан қадығ (қайыңнан қатты), чуваш: пылдан да тутла
(балдан да тәтті), ұйғыр: аттін өгіз, іштін пәс (оттан берік,
аттан аласа);
4. Іс-әрекеттің себебі мен салдары: ауықтан тыну, тува:
соқтан донар (суықтан тоңады), қарайым: башлады улсу
сувсаптан да ачлыхтан (халықтың сусыздықтан және аш-
тықтан шыдамы кетте бастады».
5. Іс-әрекеттің құралын білдіреді: әйнектен көрді, алтай:
обәгән кәзнәктөң корді (шал әйнектен көрді), шор: элгіден
піліп алдым (елшіден біліп алдым), башқұрт: қулымдан
тотты (қолымнан ұстады), ноғай: ол тартпаға мойңынан
асылған.
6. Іс-әрекеттің бүкіл объектіге емес, бір ғана бөлігіне
жайылғандығы: шайдан іштім, тува: шайдан хайындар
(шайдан қайнат), өзбек: қызні бошыдан сіләді (қызды
басынан сипады). Сонымен қатар шығыс септік барлық
түркі тілдерінде реттік, есептік сан есімдер мен конкретті
зат есімдерге жалғанатын нешеден? қаншадан? дейтін
сұрақтарға жауап берігі, даралық мән туғызады: бес кітап-
тан сатып алдық, қырғыз: беш китаптан сатып алдық, та-
тар: бір кітәптән, хакас: пірәр қызыңдән (бір кісіден) т. б.
Жалпы түркілік қолданыстан ауытқу тува тілінде кез-
деседі. Тува тілінде шығыс тұлғасы істің объектісін біл-
діреді: чазақтан чарлық үмдұрған »(үкіметтен, үкімет жар-
лық шығарды). Тағы бір ерекшелік татар тілінде кез-
деседі — ол тілде шығыс тұлғасы істің болған мекенін
білдіреді: басқычлардын міній (басқыштармен көтеріліп).
Башқұрт тілінде өзгелік тіркескен объект шығыс тұлға-
сында айтылады: мін баланы хат йодздырам (мен балама
хат жаздырам). Қазақ мұндай ыңғайда, әрине, барыс сеп-
тігін қолданар еді.
- Түркі тілдерінің бәрінде өзгелік етіс тұлғасы баян-
дауышты сөйлемдерде логикалық субъект шығыс тұлғасы
болып келеді: башқұрт: һін йақшылардзын тілдәрінен мақ-
талдың (ең жақсылардың аузынан мақталдың), әзірбайжан:
мәғалә машһур журналист тәрәфіндән йазылмышдар (ма-
қала белгілі журналист тарапынан жазылған) т. б. Алайда,
қазақтың әдеби тілі бұл тәрізді конструкцияларды көп
қолдана бермейді.
Қазіргі қазақ тілінде щығыс тұлғасының барыс тұл-
ғасымен жарыса қолданысы бар: сізден өтінішім бар, сізге
өтінішім бар. Бұл қолданыстың таралған жері тек қазақ
тілі болмаса керек. Мысалы, башқұрт: алтын тайқандап
шорлана.
Түркі тілдеріндегі септік жалғаулардың тұлғалары мен
қолданылу ерекшеліктері, сондай-ақ олардың жеке тілдері
ыңғайында кездесетін кейбір ерекшеліктері осындай. Түркі
тілдеріндегі септік жалғауларының мағынасы мен қызметі
айқын, олар бір-бірінен синтаксистік қызметі жағынан да,
семантикалық жағынан да жіктелген, ерекшеленген. Сон-
дықтан кейде септік жалғауларының бірінің орнына екінші-
сінің қолданылуын олардың бір-бірінёй толық жіктелмеуінің
салдары деп түсінуге болмайды. Біріншіден, бұл сирек кез-
десетін құбылыс, екіншіден, бұл — жеке тілдің тарихи ерек-
шелігін- немесе басқа тілдермен қатынасқа түсуінің, кейбір
септік жалғауларының белгілі бір мәнді білдіруде өзара
айқын жіктелмеуінен де болуы мүмкін. Айталық, көне түркі
тілінде табыс септік тұлғасы мекендік мән берген: Қара
қулуғ олурур ертіміз (қара құмда отыр едік). Қазақ тілінде
мұндай ыңғайда бәрінде статикалық мекенді білдіретін
жатыс септік қолданылады. Ал, кейбір түркі тілдерінде бұл
орында барыс септік айтылады. Бұндай өзгерістер жеке
тілдердің тарихи даму ерекшелігінің нәтижесі. Ал осыдан
бұрын айтылған тува тіліндегі шыгңс тұлғасының логика-
лық субьект мәнінде қолданылуы басқа тілдермен қаты-
насқа түсудің нәтижесі болуы мүмкін. Қазіргі қазақ тілін-
дегі «сізге//сізден өтінішім бар тәрізді» конструкциялар
құрамында бірде шығыс, бірде барыс септіктерінің қол-
данылуы сол екі септік жалғауының осындай мәнді біл-
діруге айқын шектелмеуінің нәтижесі. Шығыс, барыс жал-
ғауларының бұндай қолданысы басқа түркі тілдерінде бар.
Башқұрт: алтын тайқандін тайқанына шатлана, түрік,
ұйғырларын бір қысымы (ұйғырлардың бір бөлігі), түрік-
мен: чағаларын чағалардан бір нечеджі (балалЯрдың бір-
нешеуі) т. б.
Тәуелдік жалғаулары. Әдетте тәуелдік категориясының
екі түрлі жайында айтылады: абстракт тәуелдік және
конкреттік тәуелдік. Тәуелдік категориясының соңғы түрі
арнаулы аффикстер арқылы жасалады.
Тәуелдік жалғауларының түркі тілдеріндегі жиі қолда-
нылатын түрлері мына тәрізді:
Жекеше:
I ж. -н/м,— I м, -ам, -ем
II ж. -п/н, -у/н, -ы/н, -у/н, -у, -ү
III ж. -с/м, -с/у, -з/н, -а/у, -е
Көпше:
I ж. -н/мыс, -у/муз, -н/сыз, -у/буз, -ы/бас, -у/бус, -ы/
выз, -у/вуз, -ы/выс, -у/вус, -быт, -мыт, амар, емер.
II ж. -ы/ныз, >у/нуз, -ы/ныз, -у/нуз, -ы/ғыс, -у/ғуз, -ы/
йыз, -у/йус, -у/вуз, -ғыт, -қыт, -ыт/ыкыт, -ар, -ер.
III ж. -с/ы, -с/у, -з/у, -лара, -нара, -дара, -тара.
(I, II жақтарда жақша ішіндегі дыбыстар дауыссыз
дыбыстарға аяқталған сөздерге, III жақта жақта ішіндегі-
лер дауыстыларға аяқталған сөздерге жалғанған).
Бұл келтірілген қосымшалардың жеке тілдерде қолда-
нылуын мына мысалдар байқатады:
Қазақ тілі:
ат-ым, ат-ымыз
ат-ың, ат-тарың
ат-ыңыз, ат-тарыңыз
ат-ы, аттары
татар тілі:
ат-ым,
ат-ың,
ат-ың,
ат-ыбыз
ат-ығыз
ат-ығыз
ат-ы, ат-ла-ры
(егер сөз мұрын да-
уыссызына аяқтал-
са — нары).
Башқұрт тілі:
ат-ым, ат-ыбыз
ат-ың, аты-ғыз
ат-ы, ат-тар-ы
Бұл келтірілген тұлғаларды негізінен түркі тектес тіл-
дерге тән деп қарауға болады. Үш тілден келтірілген мы-
салдар арасындағы айырмашылық — көпше II жақта ғана
байқалады: қазақ: -ыңдар, татар, башқұрт: -ығыз. Түркі
тілдер тарихында ғ/ң сәйкестігі болғандығы белгілі жай.
Қазақ тілінде -лар жалғауының айтылуы — жаңа құбылыс,
оның орнына з қосымшасын айту — жалпы түркілік із
болса керек. Қыпшақ тобындағы құмық тілінде де осы
варианттар (татар, башқұрт) қолданылады. Жалғыз ғана
айырмашылық — құмық тілі жекеше, көпше III жақта бір
қосымшаны (ы) қолданылады, көпшеде көптік жалғауы
айтылмайды.
Оғыз тілінде қолданылатын тәуелдік жалғауларының
сипатын түрік тілінен келтірілген мына мысалдардан бай-
қауға болады: ат-ым, ат-ымыз, қыпшақ тілдерінен айырма-
шылығы көпше ат-ын, ат-ымыз II жақта -ынзы (ыңыз,
-ының орнына), ат-ы ат-лар-ы көпше I жақта -ым, -ыз
(башқұрт, татар, құмық тілдеріндегі -ыбыз). Бұл жағынан
түрік тілі қазақ тілімен бірдей.
Тәуелдік жалғауларының үшінші ерекше тобы алтай,
хакас; шор, тува. тілдерінде қолданылады. Алтай тілі: дым-
ым (жол-ым), двол-ын, двол-ы, двол-ыбыс (жол-ымыз),
дволы-ғар (жол-дарың), двол-ы (жекеше тұлға қайтала-
нады).
Якут тіліндегі тәуелдік жалғаулар басқа тілдердегі ва-
рианттардан едәуір оқшауланады: ат-ым, от-ум, (піше-ім),
ат-ың, от-ун, баһ-а (бас-ы), от-о (пішен-і), Көпше: ап-пыт
(ат-ымыз), хотуммут (бәйбішеміз), балт-ыбыт (қарында-
сымыз), сөз түбірі: балыс (ак-кыт аттарың), ох-хут (оқ-
тарың), хотун-нут (бәйбішелерің), ат-тара (аттарың),
хотун-нара (бәйбішелері), қиыс-шара (қыздары). Якут ті-
лінде ерін үндестігі басым. Сондықтан жекеше II жақта
ерін дауыстылары айтылады.
Чуваш тілінде тәуелдік жалғауларының мына түрлері
қолданылады: ут-ам (ат-ым), ут-ем (денем), хут-у (қаға-
зың), фер-ү (қызың), ывал-е (ұлы), хер-е (қызы), көпше:
ұт-амар (атымыз), ут-ар
бірдей).
(аттарымыз), ут-а (жеке
II
емен
Тәуелдік жалғаулары түркі тілдерінде көптік жалғаула-
рынан кейін айтылады. Қазақ тілінде, басқа да түркі тіл-
дерінде (говарлық ерекшелік рётінде) кейде тәуелдік жал-
ғау көптік жалғаудан бұрын айтылады: ағамдар, ағаңдар
т. б. Мұндай қолданыс белгілі мақсатты көздейді.
Тарихи тұрғыдан тәуелдік жалғауларының шығуын жік-
теу есімдіктерінің қолданысымен байланыстыратын көзқа-
рас түркологияда орныққан. Тәуелдік жалғауларының арғы
негізі жіктік есімдіктері дейтін пікір жалпы алғанда дау
туғызбайды. Мәселе жіктік есімдіктерінің қандай тұлғасы
тәуелдік жалғауларына, қай тұлғасы жіктік жалғауларына
негіз болды дейтін сұраққа жауап беруде. Н. К. Дмитриев
осындай пікірді айта отырып, бұл жалғаулардың жіктік
есімдіктерінен қалыптасуы тікелей емес, басқа бір аралық
форма арқылы болса керек деп жазған еді. Ал, А. М. Щербак
соңғы кезде жарияланған еңбегінде тәуелдік жалғаулары
жіктік жалғауларына барып тіреледі, ал олардың өзі жіктеу-
сілтеу есімдіктерінен қалыптасқан деген тұжырым айтады.
А. М. Щербак тұжырымын қостамайтын мынадай фактілер
бар: көне түркі тіліндегі тәуелдік жалғаулар қазіргі
тілдерден ешбір өзгеше емес. Бірақ жіктік жалғаула-
ры әлі толық қалыптасып бітпеген, оған дәлел: баян-
дауыш қызыметіндегі сөзден кейін көбіне толық тұлғалы
жіктеу есімдіктері айтылады. Нақ осындай жағдай Махмут
Қашқаридың сөздерінде де кездеседі. Егер осы фактілер
ескерілсе, онда әуелі жіктік жалғаулары, солардан барып
тәуелдік жалғаулары қалыптасты дейтін тұжырымды түгел
қабылдау мүмкін бола бермейтіні айқын. Ал, Щербак кел^
тіретін татар тіліндегі барам тәрізді қысқарулар түркі тіл-
дерінің бүгінгі сипатының көрінісі. Осы тәрізді қысқартып
айту қазақ тілінде жиі ұшырайды. Сонымен, тәуелдік
жалғауларының жекеше I жағы -м қалай болғанда да,
«мен» жіктеу есімдігіне барып тіреледі де, П жағы -н «сен»
жіктеу есімдігіне басқы дыбысының түсіп қалуы арқылы
қалыптасқан. Ондай құбылыстың мүмкін екендігі якут
тіліндегі II жақ жіктеу есімдігінің ен түрінде айтылуымен
дәлелденеді.
Түркі тілдерінің біразында тәуелдік жалғауларының
III жағы қазақ тіліндегі сияқты, вокатив мәнінде қолданы-
ла алады: Ағасы, қашан келдіңіз? Мұндай қолданыс, әсіресе,
татар, өзбек тілдерінде жиі кездеседі: әтісі (әйелдің күйеуіне
қаратып айтуы), әнісі (күйеуінің әйеліне қарай айтуы) т. б.
Ал, хакас тілінде мұндай қызметте тәуелдіктің II жағы
айтылады: аған (атаң), аджаң (ағаң), чаджан (апаң),
тайын (нағашың, тағың), т. б. Ал, тәуелдіктің I жағы қа-
зақ, ұйғыр, өзбек тілінде сөйлеушінің эмоционалдық қа-
тынасын білдірудің құралы ретінде де қолданылатыны бел-
гілі. Чуваш тілінде тәуелдіктің III жағы кейде батыс тіл-
деріндегі артикульдің қызмет атқаратыны байқалады: кімеі
(қайық), кіммі (осыдан бұрын айтылған, белгілі қайық).
Сонымен қатар, түркі тілдерінің қайсысында тәуелді-
ліктің 111 жағы әр түрлі үстеу сөздер құрамында қолда-
нылып, сөз жасаушы аффикс қызметін атқарады. Қысы-
жазы, турасы, дұрысы ақыры тәрізді 111 тәуелділікте қалып-
тасқан үстеулер — тек қана қазақ тілінің ерекшелігі емес,
түркі тілдерінің барлығына тән сөз топтары. Сондай-ақ
111 жағы арқылы қалыптасқан қос сөздер де (күндіз-түні,
қысы-жазы), сондай топтың қатарына жатады37.
Тәуелдік катего^иясының бар мағынасы мен қызметі —
мен -кісімен, біз-кісі, -біз сипатты конструкцияның ұзақ-
қа созылған семантикалық дамуының нәтижесі. Мұндай
конструкция құрамында жіктеу есімдігінің қайталануы
әуелгі кезде предикативтік тіркестің сыңарларын байла-
ныстырудың тәсілі болды. Түркі тілдері дамуының әр түрлі
кезеңінде бұл конструкция кісінің, не заттың сапалық
ерекшелігін білдірумен қатар кісінің, не заттың екінші
бір кісіге, не затқа қатынасын білдіреді. Бірінші қызметте
(кісі не заттың сапалық ерекшелігі) мұндай конструкция
ер көмекші етістігімен ерекшеленеді: Біз кіші ерүр біз,
біз кіші ерді біз. Кейінгі даму барысында ер етістігінің
қолданылуы міндетті болмайды. Өйткені, конструкция он-
сыз да сол мәнде тұрақталып қалады. Соның нәтижесінде
біз -кіші -біз>біз кісіміз предикативтік конструкциясы
кеміп шығады. Мұндай предикативтік конструкция қалып-
тасқан кезден бастап екінші мәнді білдіретін омоним
конструкциясының қалыптасуы басталса керек. Бұл процесс
ілік жалғауының қалыптасуымен бітеді: мен— кісі —
мен — менің кісім, біз — кісі — біз,— біздің кісіміз38.
Қөптік жалғаулары. Қазіргі түркі тілдеріңде, сондай-ақ
көне жазбалар тілінде (көне тілдерде) бірдікті білдіретін
қосымша жоқ, болған да емес39. Арнаулы морфологиялық
тәсіл арқылы берілетін сандық ұғым — көптік. Көптік ұғым
чуваш тілінен басқа түркі тілдерінде -лар аффиксі арқылы
беріледі. Түркі тілдерінің көпшілігінде соңғы дыбысының
сапасына қарай -лар аффиксінің басқы дыбысы ассими-
ляцияланып, әр түрлі варианттар пайда болады. Бұл аф-
фикстің негізгі екі варианты -лар, -лер, (немесе -дар,
-дер). Бір.ғана -лар түрінде айтылу өзбек тілінің' сингар-
монизмді сақтамайтын диалектілеріне тән. Көптік жалғауын
өте көп вариантпен айтатын тіл — якут тілі. Якут тілінде
басқы (-л) дыбысының өзгерісінің нәтижесінде және
дауысты дыбыстардың еркіндік, езулік түрлеріне қарай 16
вариант қалыптасқан: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер, -лор,
-дор, -дер, -тор, -төр, -нар, -нер, -нор, -нер.
Ал, алтай тілінде 12 варианты қолданылады. Бұл тілде
тек н дауыссызынан басталатын варианттар жоқ.Қыпшақ
тілдерінің бір башқұрт тілінде 8 варианты айтылады: -лар,
ләр, -тар, тер, -дар, дер, -дзар, дзәр. Мұнда н дыбысынан
басталатын варианттар жоқ, бірақ башқұрт фонетикасының
үлкен ерекшеліктерінің бірі дз африкатынан басталатын
варианттар бар. Татар тілінде басқы дыбыстың ыңғайымен
екі вариантта, дауысты дыбысқа қарай екі вариантта, бар-
лығы 4 вариантта, айтылады: -лар, -ләр, -нәр. Н дыбысынан
басталатын варианттар мұрын жол дауыссызға біткен сөз-
дерге жалғанады. Ал, екі вариантты көптік жалғаулары
(-лар, -ләр), қолданылатын тілдер — түрік тілі мен әзір-
байжан тілі. Ескеретіи бір жай: көптік жалғауының ва-
рианттары әдеби тіл мен оның диалектілерінде бірдей емес.
Мысалы, әзірбайжан диалектілерінде осыдан бұрын айтыл-
ған екі варианттан басқа н, д, т, з дыбыстарынан бастала-
тын вариаиттар қолданылады.
-Лар жалғауының соңғы дыбыссыз (-ла) айтатын тілдер
де бар. Мұндай вариантты норма ретінде қалыптастырыл-
ған тіл — қарашай-балқар тілі: таң-ла, жер-ле, (таулар,
жерлер). Бірақ көптік жалғауының үстіне дауысты дыбыс-
тан басталатын басқа бір қосымша жалғанса, көптік жал-
ғау -лар, толық түрінде айтылады: таула, тау-лар-ы, жерле,
жер-лер-і. Ал, құмық тілінде көптік жалғаудың екі вариан-
ты да (-лар), (-ла) қолданылады. Бірақ бұлардың әрқай-
сысының қолданылатын орны бар. -Да варианты мынадай
орындарда айтылады: 1. Ілік, табыс, (бұл екеуінің тұлғалары
бұл тілде бірдей -йы жалғауларының алдынан: йол-ла-ны
(жолдардың), (жолдарды), соз-ле-ни (сөздердің, сөздері).
2. Барыс жалғауының алдына: йол-ла-ға (жолдарға), -ла
аффиксінің сөзге жалғану тәртібінде басқа тілдерде кез-
деспейтін ерекшелік якут тілінде бар. Якут тілінде зат
есімдерге көптік жалғау жалғанғанда, оның алдынан қосым-
ша -т пайда болады: кейде сөз негізі өзгеріп келеді. Уол
(ұл, ұлан), -уолаттар (ұлдар, ұландар), тойон (мырза),
-тойоттар, хотун (қатын, әйел), -хотуттар, қыыс (қыз),
-қырғаттар, ходоғой (құдағи), хозоғуттар т. б. Дегенмен,
мұндай өзгерістер барлық зат есімдерге тән емес. Оның
үстіне кейбір зат есімдер екі түрлі айтылады: бірден осын-
дай өзгешеліктермен, бірде әдеттегідей: құнан (өгізше),
-құңаннар (қунатар) т. б. Якут тіліндегі мұндай өзгеше-
ліктің тарихын түсіну үшін түркі тілдеріндегі -т көптік
қосымшасын еске түсіру керек. Ол тілде -т аздаған сөздерге
ғана қосылып, көптік мән берген және ондай сөздер жекеше
тұлғада -н дыбысына (якут тіліндегідей) аяқталған. Көне
түркі тілін зерттеушілер ол қосымша монғолдан келген
дейтін пікірді қуаттайды. Ал, бүгінгі якут тілі көп замандар
бойы монғол тілінің ықпалына ұшырағаны белгілі. Кейбір
сөздердің көптік жалғауы бойынша екі түрлі айтылуы да
оның сыртқы ықпал қалдығы екенін дәлелдесе керек. Осы-
дан бұрын айтылғандай, чуваш тілінде -лар жалғауы жоқ,
оның орнына -сем (сен) көптік жалғауы айтылады. Соны-
мен -лар көптік жалғауының жеке тілдерде қолданылуының
негізгі ерекшеліктері мыналар: 1. Түркі тілдерінің бәрінде
-лар аффиксінің сингормониялық варианттары бар. 2. Әзір-
байжан, құмық, ноғай, түркімен, түрік, ұйғыр тілдерінде
көптік жалғау -л дыбысынан басталады да, екі вариаңтты
болады. (-лар, -лер, -ләр). 3. Алтай, қырғыз, якут тілдерінде
көптік жалғаудың қатаң, ұяң дауыссыздардан басталатын
варианттармен қоса, жуан-жіңішке еріндік дауыстылармен
айтылатын варианттары бар; 4. Татар, тува, хакас, шор,
якут тілдерінде көптік жалғаудың н дыбысынан басталатын
варианттары қолданылады; т қатаңнан басталатын вариант-
тар қазақ, алтай, башқұрт, қырғыз, тува, хакас, шор, якурі
тілдерінде айтылады; д ұяң дауыссызынан басталатын
вариант алтай, башқұрт, қазақ, қырғыз, тува, якут тілде-
рінде бар. Ал, башқұрт тілінде бұл айтылғандардан басқа
африкаттан басталатын вариант қолданылады.
Қазіргі түркі тілдеріндегі көптік жалғаудың айтылу сипаты
мына мысалдардан көрінеді: қазақ: аттар, қояндар, айлар,
әзірбайжан: атлар, довшаилар, алтай: аттар, қойондор, баш-
құрт: аттар, куяндар, айдзар (айлар), қырғыз: аттар, коөн-
дор, құмық: атлар, қоянлар, татар: атлар, куяннар, тува:
ачттар, койаннар, түрік: атлар, таушанлар, өзбек: отлар,
куенлар, хакас: аттар, хозаннар, чуваш: үтсем (аттар),
куянсем (қояндар), шор: аттар, қозаннар, якут: аттар,
қуобахтар.
Ең соңғы ескертетін жай — кептік жалғаудың сөз құ-
рамындағы орны туралы. -лар көптік жалғауы есім негізге
тікелей жалғанады да, одан кейін тәуелдік жалғауы, содан
кейін ғана септік жалғау айтылады: аттарына, аттарыңды
т. б. Бұл -лар жалғауы қолданылатын барлық түркі тілдері
үшін мызғымайтын жүйе болып табылады. Алайда, чуваш
тіліндегі -сем көптік жалғауының айтылу орны мұндай
емес -сем жалғауы тәуелдік жалғауынан кейін айтылады
да, септік жалғаулары соның үстіне барып қосылады.
Сонда чуваш тілінде сөз құрамында морфемалардың тәр-
тібі мына тәрізді болып келеді: сөз негізі тәуелдік жалғау,
көптік жалғау, септік жалғау. Чуваш тіліндегі көптік жал-
ғаудың екінші бір ерекшелігі — ол сөз негізінде ешбір өз-
геріссіз жалғанады, сингармонизм заңдылығына бағын-
байды. Зерттеушілер чуваш тілі жалғауының мұндай ерек-
шелігін оның басқа жүйелі тілдер ықпалымен кейін қа-
лыптасқан деп түсіндіреді.
Сонымен қатар түркі тілдерінде жеке сөздер, кейде
формалар құрамында ажырайтын, тарихи тұрғыдан көптік
жалғау деп есептеуге мүмкін қосымшалар да бар. Сондай
қосымшаның бірі — есімдіктер құрамынан және жақтық
қосымшалар құрамынан ажыратуға болатын(-ы) з қосым-
шасы. Қазіргі қазақ тілінде екінші жақтың көпще түрінде
екі түрлі тұлғаланатын белгілі: бар-ың-дар, бар-ың-ыз-дар.
Бірінші түріндегі -ың жақтық жалғау да, -дар көптік жал-
ғауы екені айқын. Бірақ екінші түрдегі -ың жақтық жал-
ғауы екендігі анық болғанмен, -ыз қосымшасын да сондай
қарауға еш негіз жоқ. Өйткені, мұнда мән -лар аффиксі
арқылы беріліп тұр. Көне дәуір ескерткіштері тілінде -ым
I жақ жекелікті білдіреді де, -ыз II жақ, көпшілікті біл-
дірген. Бұл фактілерді еске алсақ, қазақ тіліндегі II жақтың
сыпайы түрі деп қаралатын форма тарихи тұрғыдан II жақ
көптік болғанын түсінуге болады. Сонымен қазақ тіліндегі
-ыңыздар тұлғасы жақтық жалғау мен екі түрлі көптік
жалғаудың қабаттасуы болып шығады. Көптік жйлғаудың
қабаттасуы -ыз қосымшасының қазақ тілінде өзінің дербес
мәнін жоғалтумен байланысты. -ыз қосымшасының көптік
мәнде қолданылуы — қазіргі түркі тілінде, басқа тілдерде
-ң, -ма түрінде келеді. Тарихи-салыстырмалы зерттеулерде
келтірілетін -ан, -т, -гүн тәрізді формалар (егер бір кезде
олар мән берген қосымшалар болған күннің өзінде де)
қазіргі түркі тілдерінің ешбірінде актив қолданылмайды.
Түркі тілдерінде арнаулы көптік жалғаудың тұлғасы
көбіне жіктелмейтін көптік немесе жинақтық көптік ма-
ғынасын береді. Сондықтан тас, құм, жылқы, мал, шай т. б.
сөздер, ең алдымен, солай деп аталатын заттардың жік-
телмейтін көптігін білдіреді. Мұндай тұлғалы сөздердің
осы мағынасы көне тү ркі тілдеріне де тән. Бұл тұлға
қазіргі тілдерде сонымен қатар, бірліктің, жекеліктің көр-
сеткіші ретінде ұғынылады. Көптік жалғаудың ең негізгі
мағыналарының бірі — жіктеуге келмейтін көптікті, жи-
нақтық көптікті білдіру болып табылады: столдар, малдар,
кісілер дегенде -лар жалғауы белгілі бір санды білдір-
мейді, жалпы көптік заттар тобын, мал тобын, кісілер
тобын ғана білдіре алады; ноғай; бу кімнің йылқылары,
түрік: бутун онулуғун кітаплар т. б. Сонымен қатар қазіргі
түркі тілдерінде көптік жалғау жекелікті, бірлікті және
II—III жаққа құрметті, кейде мысқыл-сықақты білдіру
үшін де қолданылады. Қазақ тілінде ағамдар, атамдар
тәрізді тұлғалар ағасы мен атасының көптігін білдіріп
тұрған жоқ. Сол сияқты өзбек тіліндегі атамлар, бувімнің
ерлері тәрізді қолданыстар да сондай. Бұлардың бәріндегі
-лар жалғауы көптікті білдіріп тұрған жоқ, бір ғана кісіні
білдірген. Бірақ сол жекелік мән екінші бір мәнермен —
сөйлеушінің әңгіме болған жоққа ізеттік қатынасың біл-
дірумен күрделенген. Түркі тілшілерінің біразынша (якут,
татар, башқұрт т. б.) -лар жалғауы сөйлеушінің сөз ар-
налған жаққа ерекше қатынасын — жақсы, өте жақсы
көретіндігін білдірудің тәсілі ретінде қолданылады: татар,
қояшқайларым (күнім, күндерім), башқұрт: йәнқайларым
(жаным, жандарым), якут: күннерім (күнім, күндерім),
аттарым (атым менің—аттарым менің) т. б.
Қазақ эпосының тілінде көбіне атақты батыр, оның атақ-
ты аты кейде көптік тұлғада айтылады. Бұл қолданыс жыр*
шының ерекше қатынасын білдірудің тәсілі. Дегенмен, қа-
зақтың халық тіліне мұндай қолданыс тән емес.
Қазақ фольклоры тілінде затты, құбылысты, күй-қа-
лыпты білдіретін сөздерге -лар жалғанып, ерекше эқспрес-
сивтік мән беріледі: I ...таулардан асып жөнеді т. б. Осы
тәсіл — түркі тілдерінің көпшілігіне тән қолданыс: баш-
құрт: ағідзілдер, аша ук аттым, гагауз: қаннарақый (қан-
дар ақты), татар: чөйләр ічтім, түріқ: қанларға бойамақ.
Қазақ тілінде есімдіктердің көптік тұлғаларда айтылуы
үш түрлі мақсатта болатыны белгілі: тура мәнінде, яғни
көптікті білдіреді, сыпайылықты, . құрметтеуді білдіреді,
қалжың, мысқылды білдіреді. Осындай қолданыс қазіргі
түркі тілдерінің көпшілігіне тән. Ал, жалқы есімдіктердің
көптік жалғауларымбн келуі жинақтылық, топтау мәнін
береді. Бұл да жалпы түркілік қолданыс.
Жіктік жалғаулары. Жіктік жалғаулары тек қана есім-
дерге тән қосымшалар еместігі белгілі. Синтаксистік йяз-
меті жағынан жіқтік жалғауларын баяндауыштық қосым-
шалар деп қарауға болар еді. Өйткені, белгілі бір сөздер
баяндауыш қызметінде жұмсалуының негізгі тәсілі — жік-
тік жалғаулары екені мәлім. Жіктік жалғаулар сол қыз-
метте арнайы жұмсалатын сөздер — етістіктерге жалғанып,
олардың айрықша үлкен трбын жасайтыны белгілі. Түркі
тілдерінің барлығына ортақ осы заңдылықты еске ұстай
отырып, жіктік жалғауларының екінші бір үлкен қолданы-
сын ұмытуға болмайды. Жіктік жалғаулары зат есімдермен
деқолданылады, олардың сөйлемде баяндауыш қызметінде
жұмсалуына дәнекер болады. Әрине, тарихи тұрғыдан зат
есімдердің баяндауыш қызметіне икемделуі — біршама жа-
ңа құбылыс. Жазба әдеби тілдердің қалыптасу дәуірінде
зат есімдер тікелей жіктелетін дәрежеге жеткені қазіргі
ғылымда талас туғызбаса керек. Түркі тілдерінің көне
дәуірінде сөйлемде баяндауыш қызметінде жұмсалған
есім мен көмекші етістік тіркесі әдеби тілдің қалыптасу
дәуірінде өзгеріске түседі; көмекші етістік баяндауыш
құрамынан түсіп қалады да, жіктік жалғауы тіркестің
лексикалық діңгегі — есімге жалғанатын болады. Зат есім-
дердің жіктелу тарихын айтқанда осылай түсіндіруге бо-
лар еді. Бұған қоса арнайы ескеретін жай баяндауыш
қызметіндегі (дара не күрделі болсын) сөзден кейін көне
дәуірлерде жіктеу есімдігі сөйлемнің (сөздің) қай жақта
айтылғанын білдіріп, грамматикалық қызмет атқарған.
Осылардың бәрін ескергенде, түркі тілдеріндегі баяндауыш,
сол сияқты етістіктердің жіктелуі — есім құрылысты дей-
тін тұжырымның мәнін айқын түсінуге болады.
Түркі тілдеріндегі жіктік жалғауларын сыртқы пішініне
қарай екі түрге бөліп қарау керек: жіктеу есімдік негізді
түр және тәуелдік жалғаулар негізді түр. Жіктік жал-
ғаулар түрлерін бұлайша атау, әрине, шартты. Өйткені,
бұлардың арғы негізі — жіктеу есімдіктері. Алайда сырт-
қы пішіні жағынан бұлардың бірі жіктеу есімдіктері тәрізді
күрделі болып келсе, екіншілері қазіргі тәуелдік жалғаула-
рына көбірек ұқсайды, солар тәрізді жалаң құрамды бо-
лып отырады. Бұлардың қазіргі түркі тілдеріндегі сипаты
төмендегідей:
I. Жіктеу есімдік негізді түрі
Жекеше: 1 ж. і/(-ман) -мын (бан-2) -бын (пын) якут, ха-
қас).
I ж. -сан/сын; III ж. қосымшасыз.
Көпше: I ж. -быз(-быс) -быт (якут) -мыз (выз) бұл
тұлғалар түрік, әзірбайжан, гагауз тілдерінде жоқ); II ж.
-сыз (түрік, әзірбайжан, гагауз тілдерінде жоқ); -сыңыз
(сыңын) оңтүстік-батыс тілдерінде); -сыздар (-силер)
(-смер) -сер -зер;
III ж. I. Қосымшасыз. 2. Көптік жалғау -лар айтылуы.
Жіктік жалғауларының бұл кестесі біршама тұтас күйінде
көбіне қыпшақ тобына жататын. тілдерде қолданылады.
(Әрине, кейбір тілге тән фонетикалық ауытқуларды есепке
алу керек. Ал II жақ қосымшалары (-сыңыз) оғыз тобын-
108
дағы тілдерде бар. Жіктеу есімдік негізділердің тёмен-
Дегідей түрі бар.
Жекеше. I ж. -й/ам, -й/эм, -й/ым. Мұның ашық дауыс-
тылы түрі тек қана әзірбайжан тілінде айтылады. II жақ.
-қын (-ғын) -нын. Бұл якут тілінде қолданылады. III ж.
-дыр (-тыр) түр етістігінің өзгеріп қосымшаға айналған
түрі әзірбайжан, түрік, гагауз тілдерінде айтылады. 2. -ды,
-т (алдыңғы етістіктің әбден қысқартып қосымшаға ай-
налған түрі)—өзбек, қазақ, қырғыз т. б. тілдерде қол-
данылады.
Көпше. I ж. 1). -й/ыз — осыдан бұрын әңгіме болған
көптік жалғауы. Түрік тілінде өткен шақ, нақ осы шақ, ке-
лер
еі
ақ тұлғалы етістіктерге қосылады: 2). -ғың — якут
тілінде бұйрық райдың осы шақ түріне жалғанады, III ж.
-дырлар (-тырлар)— әзірбайжан, түрік тілдерінде кейбір
етістік тұлғаларына ғана жалғанады.
ТӘУЕЛДІК ЖАЛҒАУДЫҢ НЕГІЗДІ ТҮРІ
Жекеше. I ж. -м, II ж. -нг, -ң, -н. Бұл екеуі де барлық
түркі тілдерінде қолданылады. Енисей жазбаларының ті-
лінде кездесетін II жақ қосымшасы (жедел өткен шЗқ фор-
масының құрамында) -ғ (сен барды -ғ) шығуы жағынан
-ң тұлғасымен ұялас деп қарауға әбден негіз бар. Якут
тіліндегі II ж. қосымшасы -ғыт, татар, құмық тілдеріндегі
сондай қосымша -ғыз — барлығы да осы негіздес еқені
айқын.
Көпше. I ж. 1(-мыз) -мыс ерінді дауыстылы вариант-
тары да бар, өткен шақ етістіктеріне жалғанады. Орхон-
Енисей жазбаларында шағатай, қарағас, ұйғыр тілдеріңде.
2 (-а) ңар — хақас тілінде ғана кездеседі: һараңар (ба-
райық) -қ/-н — шартты рай етістіктеріне жалғанады. Бұл
қосымша солтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс тілдерінде қол-
данылады.
II жақты білдіретін қосымшалар көп түрлі болып ке-
леді. Олардың бастылары мыналар: 1) -ң, -н — негізінен
бұйрық рай және шартты рай тұлғаларына жалғанады:
қазақ: ал-ың-дар, Өзбек: олинг, Әзірбайжан: алың, түрік:
алын. Әзірбайжан, түрік тілдерінде бұлардан басқа -й/ин, -й
ин тұлғалары қолданылады. 2) -ыңыз, -ңыз (еріндіктен
айтылатын нұсқалары да бар)—нақ осы шақ тұлғалары-
на, шартты рай, бұйрық рай тұлғаларына жалғанады: қа-
зақ: алдыңыздар, әзірбайжан: алды-ңыз, өзбек: алдин-гиз,
түрік: алды-ныз, қазақ: алсаң-дар, өзбек: олсангиз, түрік:
алсаныз т. б. әзірбайжан, түрік тілдерінде мұның йү-ыныз,
-й/иниз нұсқалары бар. 3). -ннглар, -ндар, -ңлар, -нар нақ
осы шақ тұлғаларына бұйрық рай етістіктеріне, қазақ
тілінде шартты рай тұлғаларына жалғанады: қазақ: алың-
дар,алдыңдар, өзбек: олинглар, хакас: алдыңьар. 4). Екілік
тұлға -аң/-ең. Бұл тұлға хақас т. б. шығыс тілдерінде
екілік жұптық мәнінде ғана қолданылады: хакас: һарань
(екеуміз барамыз); якут тілінде осы мәнде -ыах тұлғасы
айтылады: барыах (-мен, сен барамыз). Ш жақта қосым-
шасы болады немесе көптік жалғау -лар жалғанып айты-
лады. Бұл айтылғандардан басқа етістік тұлғаларына жал-
ғанып, жақ мәнін беретін, тәуелдік жалғау негізді деп есеп-
теуге боларлық мынадай қосымшалар кездеседі: бұйрық
рай тұлғаларына жалғанып, қолданылатын III жақ қосым-
шалары -сын/-зын, -сынлар, -сындар, -сынар (сынар) -зын-
нар) -зыңар: алсын. Орхон-Енисей жазбаларында, түрік
т. б. оңтүстік-батыс тілдерінде қалау рай тұлғаларына
жалғанатын көпше I жақ қосымшалары: -й/алылх, түрік:
алалым -алайық, башлыйалым -бастайық; Орхон-Енисей
жазбалары: сүлелім, -лақ, -лық, -йық өзбек: олайық; қа-
зақ: алалық, алайық; -аал, -аалы, -аалыңдар — тува, хакас
т. б. шығыстағы тілдерде айтылады: тува: бараал, бара-
алы — барайық.
Жіктік жалғаулардың келтірілген тұлғаларын өзара са-
лыстыру арқылы олардың күрделі варианттарын құрама
бөліктерге ажыртуға болар еді. -ңыз типтес тұлғаларды
-ңцар типтес тұлғалармен салыстырғанда -ң және ыз,
-дар құрама элементтері айқындалады. -ң жақтық қосымша
екені айқын, ал ыз немесе тёк қана -з, -ы «жалғастыру-
шы» дауысты — көне көптік жалғауы болса, -лар қазіргі
түркі тілдерінің басым көпшілігінде қолданылатын көптік
жалғауы. Көне көптік жалғауы -ыз қазіргі қазақ т. б. түркі
тілдерінде сыпайылықты білдіретін қосымша ретінде ор-
нығып қалды. Ал тува тіліндегі көпшё I жақ тұлғасын
(-аал, -аалы, -аалыңар, көне түркі тілінде, қазіргі түркі
тілінде қолдаңылатын -й) алып тұлғаларын, өзбек тілінде-
гі -лик, қазақ тіліндегі -лық, йық тұлғаларымен салыстыр-
ғанда -й/алы және -м, қ құрама элементтері келіп шы-
ғады. -М және қ элементтерін көпше, бірінші жақтық мән
беретін негізгі грамматикалық, тұлғалар деп тану керек.
Өйткені, -алы немесе -йалы тұлғалары -ғалы түрінде көне
түркі тілінде етістіктің мақсаттық мән беретін тұлғасы
ретінде қолданылған. Қазіргі қазақ тіліндегі -ғалы тұлғасы
кесемшенің (өйткені өзгермейді) мақсат түрі деп танылады.
Бұған қарағанда, қазіргі тілдердегі жекеше, I жақ қосымша-
сы деп қаралатын -м тұлғасы баста тек жекелік мән бер-
меген болса керек, бұл тұлға бір замандарда жекелікпен
қатар көптік мән берсе керек. Ал, қазіргі түркі т. б. тілде-
ріндегі -й алым тұлғасы қалау рай ретінде ұғынылатыны
белгілі.
Хакас тіліндегі I жақ, екілікті білдіретін -аң және якут
тіліндегі -ыаХ аффикстерін басқа түркі тілдеріндегі -ық
аффиксімен салыстыру бұлардың бір ғана негізден тарал-
ғандығын көрсетеді. Фонетикалық өзгерістердің ерекше-
ліктерін ескергенде, түпкі негіз деп хакастық -аң аффиксін
айту керек. Өйткені -ң мұрын жолды дыбысы түркі
тілдерінің көне дәуірінде -нг немесе -ңғ аффиксты болуы
әбден мүмкін. Сондай қосар дыбыстың таралуы екі түрлі
рефлекс береді. Соның бір рефлексінен (-ғ -дан) -қ пайда
болуы заңды. Осыларды еске алғанда, түркі тілдерінің көп-
шілігінде айтылатын ық хакастық тұлғадан таралуы әбден
ықтимал. Ондай якуттық тұлға аралық звено болып қалады.
Өйткені зерттеушілердің айтуынша, якут тіліндегі -ыах
мағына хакастық тұлғаға (екеуі де екілік тұлға), сыртқы
пішін жағынан жалпы түркілік ық (х-к) тұлғасына жақын.
Жіктік жалғауларының есімдік негізді, тәуелдік жал-
ғауы негізді түрлерін салыстыру мынадай құбылыстарды
байқатады: 1) айқын да жүйелі көрінетін тұлға — II жақ.
Мұның өзі бұл тұлғаның етістіктердің жіктелу жүйесінде,
сондай жіктік жалғаулар құрамында біршама кеш қалыптас-
қандығын көрсетеді. Өйткені көне тарихи дәуірлерде қа-
лыптасу, ұзақ мерзім бойында қолдану процесін өту оны
фонетикалық өзгерістерге алып келер еді: 2) I—II жақ
тұлғалары -м, (-ң) -н өздерінің алғашқы қалыптасу
дәуірінде коллективтік немесе екілік мән берген болу керек.
Хакас тіліндегі параң, тува тіліндегі бараалыңар және
оңтүстік-батыс тілдеріндегі алалым тұлғалары сондай
ерекшелікке меңзейді. 3) Оңтүстік-батыс тілдеріндегі I
жақ қосымшасы -ы/н тарихи тұрғыдан тікелей мен/бен
жіктеу есімдіктерімен емес, хакас т. б. тілдеріндегі екі-
лікті білдіретін -а/ң тұлғасымен байланысты болуы керек.
Түркі тілдерінде бір жүйемен келетін жіктік жалғаулары-
ның арғы негізгі қай тұлға қандай негізден тараған бұл
мәселені арнаулы баяндаған жөн. Қазіргі түркі тілдеріндегі
жекеше, I жақ қосымшасын үш түрлі топқа бөлуге болады.
I топ -маң/-мең/-мән, -ма/-ме және -мың, -мің, -мұң -мұн.
М дыбысынан басталатын варианттар көбіне қыпшақ то-
бындағы тілдерде кездеседі. Сондықтан оларды көбіне
«қыпшақтық түр» деп атайды да, б дыбысынан басталаг
тын варианттарды «оғыздық түр» деп атайды. Бұл атаулдр
түркологияда әбден қалыптасқан ұғымдар қатарына жа-
тады. М дыбысынан басталатын варианттар жеке тілдерде
п, кейбір тілдерде б, п дыбыстарымен ауысып қолданылады.
Бұл топтағы жіктік жалғауларының екінші бір ерекшелі-
гі — дауысты дыбыстардың ауысып келуі. Бұл тұрғыдан
ашық дауыстылармен айтылатын варианттар: -паң/-мән/
-мен және қысаң дауыстылармен айтылатын варианттар:
-мың (-мің) -мұң -мүн ажырайды. Соңғы н дыбысының
түсіп қалуы қарашай-балқар тілдерінде ғана ұшырасады.
Онда да соңғы н дыбысының айтылуы жіктік жалғаулы
сөздің абсолют соңында келгенде ғана мүмкін: Чабақ-
чы-ма (-балықшымын). Егер жіктік жалғаудан кейін басқа
бір қосымша айтылған болса, онда жіктік жалғау толық
түрінде айтылады.
Ашық дауыстымен айтылатын варианттар көне түркі
тілінде (Орхон-Енисей жазбалары) шағатай әдеби тілінде,
қыпшақ тілінде, қазіргі хакас, қарағас, өзбек, ұйғыр, нбғай,
құмық, тува, қарақалпақ, Қырым татарлары тілінің сол-
түстік диалектісінде айтылады. Жекеше I жақ жіктік
жалғауының бұл варианты тарихи тұрғыдан ең көне түрі
деп қаралады. Өйткені, бұлар өздерінің арғы негізі I жақ
жіктеу есімдігінен дыбыстық сипаты жағынан ешбіререк-
шеленбеген қалпында айтылады. Сонымен бұл варианттар
көне тілдермен қатар бірсыпыра қазіргі тілдерде айтыла-
ды. Бұл ерекшелік екінші жағынан аталып кеткен қазіргі
тілдердің құрамында тілдің көне дәуірлерінің куәсі іспетті
тұлғалардың сақталып қалғандығын көрсетедц
Қысаң дауыстылармен келген варианттар қазіргі Еділ
бойы татарлары тілінде, Сібір татарлары тілінде, башқұрт,
алтай, хакас, якут, қазақ, қырғыз тілдерінде айтылады.
Бұлардың ішінде якут, хакас, алтай, қырғыз тілдері тарихи
тұрғыдан әлдеқайда көне тілдер. Дегенмен, қысаң дауысты
варианттар өздерінің арғы негізі — I жақ жіктеу есімдігіне
ашық дауысты варианттан әлдеқайда алыс. Жіктік жал-
ғауының, сондай-ақ жіктеу есімдігінің ‘тарихи сипаты қан-
дай? Осыдан бұрын айтылғандай, «қыпшақтық түр» м ды-
бысынан басталады да, «оғыздық түр» б дыбысынан бас-
талады. Егер олардың арғы негізі — жіктеу есімдігі — м
дыбысынан басталса, онда «қыпшақтық түр» алғашқы деп
танылуға тиіс. Ең көне мұра Орхон-Енисей жазбаларында
1 жақ жіктеу ееімдігі көбіне -бен түрінде кездеседі. Алайда
Орхон-Енисей жазбаларында сол заманғы түркі тайпалары
тІддерінің бар ерекшелігі берілген деп айтуға болмайтын-
дьҚғы айқын. Ол заманғы түркі тілдерінің сан жағынан
моД болғандығын сол тілдегі диалектілік ауытқулар да
дәлелдейді. Сондықтан бұлардың арғы сипатын айқындау-
ға тек сол жазбалар тіліне сүйеніп қоюға болмайды. Талас-
сыз факт мынадай: сен есімдігі сіз есімдігіне тікелей қа-
тысты болса, біз есімдігі де жекеше мәнді білдіретін есім-
дікке тікелей қатысты болу керек. Логика осыны мақұлдай-
ды. Сонда II жақ есімдіктер с дыбысынан басталатын
сияқты, I жақ есімдіктері б дыбысынан басталуға тиіс.
Ал, біз есімдігінің м дыбысынан басталып айтылғандығын
көне тілдер де, қазіргі тітуіер де білмейді. Олай болса,
жекеше I жақ білдіретін есімдік о баста б дыбысынан
басталған, ал м дыбысынан басталатыН вариант кейін қа-
лыптасса керек. Ал I жақ жіктеу есімдігі негізінде қалып-
тасқан жіктік жалғау да алғашқыда б дыбысынан бастал-
ған, м дыбысынан басталған вариант кейін шыққан. Со-
нымен I жақ жіктеу есімдігінің бастапқы сипаты -бен,
-бән, жіктік жалғаудың да алғашқы сипаты осындай болса
керек.
I жақ жалғауларының II түрі деп әзірбайжан тілін-
дегі -әм/-ем түрік тіліндегі -ым/-ім варианттарын атау
керек. Бұл екеуінің арасындағы айырмашылық — дауысты-
ларының саласына байланысты — бірінде ашық дауысты,
екіншісінде қысаң дауыстылар қолданылады. Ашық дауыс-
тымен айтылатын әзірбайжандық түр екі вариантқа жік-
телсе, қысан дауыстымен айтылатын түріктік түр төрт
вариантқа ы/і у/ү жіктеледі. Бұл екеуі ашық дауыстымен
айтылатын әзірбайжандық түрді көне түр деп қарау жөн.
Өйткені, ол өзінің арғы негізіне әлдеқайда жақын тұр.
Аталған жалғаулардың 3-түрі түрікмен әдеби тілінде
-дырын/дірін сипатында айтылады. Бұл аффиксті зерттеу-
шілер (Н. К. Дмитриев) мынадай құрама бөлшектерге
ажыратады: -дыр/ын, дыр бөлігі түр (оғыз тілдерінде дүр
сипатында айтылады) етістікке барып ұласады да, -ын
бөлшегі I жақ жіктеу есімдігінің қысаң дауыстымен ай-
тылатын варианттарына барып тіреледі (бән, оғыз тілде-
рінде сөз басындағы б кейде түсіп айтылу заңдылығы
бар, мысалы, бол-ол).
Көпше I жақ жалғауларының бір түрі -біз/піс. Бұл
түр жекеше I жақ -бын түрінде айтылатын тілдерде қол-
данылады. Бұлардың ішінде негізгісі әрі көнесі деп біз ва-
риантын айту керек. Өйткені, I жақ көпше түрдің арғы
түбі біз жіктеу есімдігі десек, бұл вариант өзінің негізіне
дыбысталу жағынан өте жақын. П дыбысынан басталатын
вариант — түбір мен қосымша негізіндегі ассимиляция зің-
дылығының нәтижесі. Бұл түрдің көзге оқшау көрінетін ва-
рианты якут тілінде айтылады: -быт/ -пыт/-бут т. б. Түркі
тілдерінің көпшілігінде айтылатын з/с дыбысының орнына
қатаң т дыбысы айтылатыны белгілі. Мына жалғауда сол
ізбен -быт -пыт -быз не быс түрінде айтылады.
Орхон-Енисей жазбаларында ұйғыр, шағатай, қарағас
т. б. біршама көне тілдерде айтылатын -мыз/-нің, -муз/-мүз
яғни м дыбысынан басталатын варианттарды қалыптасу
жағынан екінші дәрежелі деп қарау керек. Өйткені, осыдан
бұрын айтылғандай, жіктеу есімдігінің м дыбысынан бас-
талатын варианттарының қалыптасуы — екінші дәрежелі
құбылыс.
Жекеше II жақ жіктік жалғаулары біршама бірыңғай
болып келеді. Сыртқы сипаты жағынан бұл жалғаулар
өздерінің арғы негізі — II жақ жіктеу есімдігінен көп
алшақтамаған. Бұл жалғаудың көне түркі, шағатай, қыпшақ,
ұйғыр тілдерінде, сондай-ақ тува, әзірбайжан тілдерінде
қолданылатын -сән/-сен варианты ашық дауыстылармен
аяқталады, сен есімдігінен сыртқы пішіні жағынан ерекше-
ленбейді.
Бұл жалғаудың екінші варианты алтай, татар, қазақ,
қырғыз, түрік т. б. тілдерінде айтылады: -сың/сын. Бұл
варианттың алдыңғыдан мынадай ерекшеліктері бар: 1.
Қысаң дауыстылармен айтылады; 2. Басқы дыбысы тек
қатаң -с емес, кейбір тілдерде ұяң -з -дан басталып та
айтылады; 3. Соңғы дауыссыз мұрын жолды -ң болып ке-
леді. Шығу, қалыптасу мерзімі жағынан алдыңғыдан кеш
қалыптасса керек.
Бұл варианттың дыбыстық өзгеше түрі башқұрт, якут
тілдерінде айтылады. Башқұрт тілінде -пың/ -пен/ -һоң/һон
түрінде дыбысталады. Өйткені, бұл тілде басқа түркі тіл-
деріндегі -с қатаң дауыссызы жүйелі түрде һ дыбысына
ауысқан. Якут тілінде -ғын/ -гин -гун -тун/-түн және
-қын/-кин -кун/-күн түрінде дыбысталады. Бұл якут тілі
фонетикасының ерекшелігінен туған құбылыс.
Көпше II жақ қосымшалары варианттарының ішінен
Орхон-Енисей жазбаларында, ұйғыр және ортағасырлық
шағатай әдеби тілінде, срл сияқты қыпшақ тобына жата-
тын тілдерде қолданылатын -сыз/ -сіз -суз/-сүз түрін
өзінің арғы -сіз жіктеу есімдігіне ең жақын түр деп қарау
керек. Бұл қосымшалардың кейбір өзгерістері Қиыршығыс
пен Сібірдегі түркі тілдерінде ұшырайды. Ол өзгерістер
м^іна тәрізді: 1. Басқы -с дауыссызы кейбір тілдерде -з
түрінде айтылады; 2. Соңғы -з немесе -с дыбысы кейбір
тілдерде -п дыбысына ауысады. Ал, якут тілінде бұл сипат-
та дыбысталады: -ғыт/ -гит/ -ғут/ -гүт/ -қит/ -кит/ -кут/
күт. Бір ескертпе: қазақ тіліндегі -сыз көбіне сыпайылық
мән беретіні белгілі. Сондықтан қазақ тілінде көпше II
жақ екі түрлі тұлғаланады: -сыңдар -сіңдер және сыздар
-сіздер. БұлардЫ екі жікке бөлуге болатыны айқын: жақтық
қосымшалар /-сың және (-сыз), көптік қосымша -лар.
Осы қосымшаның нұсқасы деп қарауға болатын тұлға
Сібірдегі түркі тілдерінде кездеседі: -сынар/-сынар Бұл ал-
дыңғы сияқты екі жікке ажырайды: -сы/-сы және -нар.
Ал қарақас тілінде бұл -силәр түрінде дыбысталады. Оң-
түстік-батыс тілдерінде (әсіресе, оғыз тобындағы тілдерде)
бұл қосымшаның -синиз/сиңиз түрі қолданылады. Ал баш-
құрт тілінде -һығыз түрінде дыбысталады. Бұларды да
-сын және -ыз құрамы бөліктеріне ажыратып түсінуГқажет.
Сібірдегі кейбір тілдерде айтылатын -сығар/-зығар вариан-
тын -сың/-сығ және -ар/ыз бөліктеріне ажыратып тал-
дауға керек.
ЗАТ ЕСІМДЕРДІҢ ЖАСАЛУЫ
Салыстырмалы грамматиканың басты міндеті — тілдер-
ге ортақ морфемаларды анықтау, сондай-ақ ерекше оқ-
шауланып тұратын морфемаларды ажырату. Осы тұрғыдан
қарасақ зат есімдердің жасалуын, оларды жасайтын тәсіл-
дерді жалпы түркі тілдеріне ортақ деп қорытындылауға
болады. Бірақ сол ортақ тәсілдердің жеке тілдерде та-
ралуы, қолданылуы бірдей емес. Сондықтан олардың әр-
қайсысына жеке тоқталу қажет.
Қазіргі қазақ тілінде зат есімдерден зат есім жасайтын
қосымшалар басқа да түркі тілдерінде қолданылады. -шы,
-ші қосымшасы қазіцгі түркі тілдерінде субъектінің кәсі-
бін, тіршілік, күнкөріс қызметін білдірудің тәсілі ретінде
қолданылады (түркі тілдерінің көпшілігінде -ч дыбысынан
басталады: -чы (аңшы) авчы, дідчі, балықшы, па-лықчы
(хақас) т. б. Кейбір тілдерде бұл аффикс жалғанған сөздер
субъектінің белгілі бір әдетке, іске икемділігін білдіре
алады: шор тілінде: урушча (ұрысқақ), терчи (тершең).
Бұл мағына қазақ тілінде -шыл (-шең) -қақ аффикстері
арқылы беріледі. -Шы аффиксті сөздер бірсыпыра тілдерде
субъектінің белгілі бір қоғамдық ағымға, тапқа қатысты
екендігін білдіреді: өзбек тілінде: республикачи, монархия-
чи; қазақ тілінде: стахановшы, мичуринші т. б. Дегенмен,
қазақ тілі өзбек т. б. тілдермен салыстырғанда ерекшелеу
болып келеді: республикашыл, монархияшыл т. б. Ал қа-
рашай-балқар, тува тілдерінде аффикс субъектіні тұрған,
туған жеріне қарай ажырататын тәсіл ретінде қолданыла-
ды: қарашай-балқар: нальчикчі (Нальчик қаласының тұр-
ғыны), қызылччы (Қызыл қаласының тұрғыны) т. б. Бұл
мән қазақ тілінде -лық аффиксі арқылы беріледі. Ал якут
тілінде -сыт, -сут аффиксі арқылы беріледі: балықсыт
балықшы, (суолджут жолшы), кусчут (құсшыл, құс аула-
ғыш), тімирджіт (темірші, темір ұстасы). -лық, лығ, -луқ,
-тық, -дық, -ңық аффикстері арқылы түркі тілдерінде кө-
бінесе абстракт мәнді зат есімдер жасалады: қалыптылық,
достық, шындық; өзбек: ақтық, (ақтық), келішлік (келіс,
келу); ұйғыр: балылық (балалық), чуваш: чурелых (құл-
дық); якут: ахлық (астық); әзірбайжан: гезеллік (сұлулық)
т. б. Бұл аффикспен келген сөздер заттың таралғанын,
ціыққан мекенін, кейде сол заттардың жинақты тобын
білдіре алады: жүзімдік, йузумлік, көмүрлүк, пішендік т. б;
тұрған, шыққан мекенін білдіреді: олмалиқ, тошкентлик
(өзбекше); кәсіби, тіршілік ерекшелігін білдіреді: түрік:
чабанлық, қойлулық (ауыл шаруашылығы маманы) т. б.
лас, -лес, (-дас, -даш, -таш, -тас) қимыл иесі субъектіні
білдіреді: ауылдас, алтай тілі: айылдаш (ауылдас), ілдеш
(елдес, ауылдас), башқұрт тілі: қырдзаш (құрдас), ұйғыр
тілі: сәһбетдаш (сухбаттас), пікірдеш (пікірлес), хакас
тілі: харындас (қарындас), чуваш тілінде: хурыңдаш (ту-
ысқан).
Зат есім жұрнақтарының ішіндегі ерекше топ —
кішірейткіш-экспрессив мәнді сөздер айтылатындары:
ық/-әк,/-оқ/-ек/: масақ; татар: башақ/ екеуінің де бастап-
қы түрі -бас/баш; жолақ, әзірбайжан: золох;
-қа/-ке: қырғыз: атеке, шешеке, ерке т. б.
-қы/-ки; түркімен: атақы, тува: авақым (ава-ана)
өзбек, қазақ, балақай, татар: қуйанқай (қуйан-қоян).
- ш/-ч: аташ, бабаш, ноғай тілі: абаса (ана).
- ач, әч. хакас тілі: хазынас (хаіың-қайың), шор тілі:
ертегегш (өртеч-үйрек).
- ша, -ше (-ча, че): кітапша, бұтақша, огізше, әзір-
байжан: бағча, (бағ-бақ), түрікмен: өкүзче, қырғыз: төкөче
(текешік).
- шақ, -шек (-чақ, чек): құлыншақ, түйіншек, хакас:
тураджақ, (үйшік), түрікмен: довүнчек (түйіншек).
- ай (-әй): татар: бабай, қазақ: атай, тува: авай (ава-ана)
-тай (-тәй): ағатай, әкетай, еркетай т. б.
Көне, жаңа түркі тілдерінде жиі қолданылатын аффикс
-дырық, -тұрық (-дірік, -тірік), -дурық, түрық; түмылды-
рық, өмілдірік, мойынтүрық, өзбек: сақалтурық (сахал
тарағы), түрікмен: ағыздырық, ұйғыр: еғиздириқ (ауыздық),
қазақ тілінде бұл сөз құрамынан -ры буыны түсіп қалса
керек. Якут: томдорук (ауыздық), хакас: ултурух (ұлта-
рақ).
Сонымен, бұл көрсетілгендер — есім түбірден зат есім-
дер жасайтын аффикстер. Бұлар түркі тілдерінің басым
көпшілігіне ортақ. (Әрине, кейбір фонетикалық айырма-
шылықтар болуы заңды).
Ал, етістіктерден зат есім жасайтын аффикстер тарихи
тұрғыдан есімшілік формалар болып табылады. Тіл да-
муының көне дәуіріндегі есімше формаларының заттану-
ынан етістік негізді зат есімдер қалыптасса, объективация-
лануынан етістік негізді сын есімдер келіп шықты, сөйтіп
генетикалық бірлік аталған сөз таптары құрамында іздерін
қалдырды. Кейде бір аффикс зат есім құрамынан да,
сын есім құрамынан да ұшырайды (ыс, -іс: соғыс, айтыс
-зат есім; кеміс, тегіс — сын есім т. б.).
СЫН ЕСІМ
Қазақ тіліндегі сын есімдер мағыналық жағынан зат
есімдермен ұштасса, мәні мен қызметі жағынан есімшелер-
дің, кейде үстеулердің кейбір топтарымен жалғасып жа-
тады. Зат есімдермен мағыналық байланысының себебі
осыдан бүрынғы тақырыпта айтылды. Ал, сын есімдердің
кейбір түрлерінің (көбіне етістік, негізгі сын есімдердің)
есімшелермен (немесе үстеулермен) байланысы бірыңғай
формалардың тілдің даму барысында әрі есімше, әрі сын
есім, кейде үстеу ретінде қалыптасады. Бір мысал: Көк -түс
аты, аспан — есімше тұлғасы, сын есім; -қы: шайқы — зат
есім; -қыіш тұтқыш — зат есім, тапқыш — сын есім. Түркі
тілдеріңдегі сын есімдердің бір ерекшелігі—(мүмкін, тек
қана түркі тілдерівдегі емес, жалпы алтай тілдеріндегі)
оларды басқа сөз таптардан ерекшелейтін, басы ашық тёк
қана «сын есімдерге тән» деп қарауға болатындай морфо-
логиялық тұлғалардың өте аздығы (немесе тіпті жоқтығы).
Айталық, қазақ тілівдегі сын есім жасайтын қосымша -лы
түп негізі жағынан -лық қосымшасының тарихи варианты.
Ал -лық көне түркі тілінің өзівде таза сын есім жасайтын
қосымша болмағаны мәлім, сын есімнің шырай түрлерін
жасайды дең есептелетін тұлғалардың қалыптасуы тіл
дамуының кейінгі дәуірлерінде болса керек. Бұлардың
бәрі сын есімдер деп аталатын грамматикалық топ
түркілердің негіз тілі құрамына қатысты деп тұжырым-
дауға дәлел болмайды. Сын есімдердің басқа топтарынан
(әсіресе, зат есімдерден) семантикалық және грамматика-
лық жағынан жіктелуі, өз алдына топ ретінде оқшаулануы
тілдің даму барысында орныққан құбылыс бблса керек.
Түркі тілдері құрамында сын есімдер екі түрлі жолмен
қалыптасқан: 1. Есімдердің (зат есімдер де, қимыл есімдері
де) контексте қолданылу барысында сын есімге айналуы
(трансформация); 2. Есімдердің басқа топтарынан оқшау-
лана морфологиялық жүйенің қалыптасуы.
Сын есімдердің қалыптасуы есім тұлғаларьіның әуелі
анықтауыштық қызметке ие болып, соның нәтижесінде сын-
дық мән алып, тұрақталуына негізделеді. Бұл жолмен
(трансформация) жасалғандарға қазіргі тіліміздегі негізгі
сын есімдердің көпшілігі жатады, яғни қазіргі түркі тіл-
дерінің барлығында кейбір фонетикалық өзгерістермен қол-
данылатын көк, қара, қызыл, жасыл, сары, жас, кәрі т. б.
сын есімдер осы жолмен қалыптасқан. Бұл сөздердің арғы
негізі әр түрлі есім де, етістік те болуы мүмкін. Айталық,
қара дәлел: қара сөзі зат есім мәнін де береді (қара
көрінді); ал етістік деп қарауға дәлел — бұл сңздің етістік
тұлғасы қарай, соңғы -й элементі көсемше тұл^асы. Ал,
көсемше тек етістік түбірден ғана жасалатыны белгілі,
сары сын есімінің арғы негізі — етістік, бұл сөздің көне
түркі ескерткіштері тіліндегі тұлғасы сарығ, соңғы-ығ
әдетте етістік түбірге жалғанатын қимыл-сын қосымшасы.
Сонымен, осы айтылғандардан шығатын қорытынды:
негізгі сын есімдер о баста әр түрлі есім тұлғалардың
қолданысы негізінде қалыптасқан. Жоғары фактілерден
байқалып отырғандай, трансформация жолымен түбір
сөздер ғана емес, туынды түбірлерде де сын есімге айнал-
ған. Негізгі түбірлер сапалық сын есімдерге ұйтқы болса,
туынды түбірлер көбінесе қатыстық сын есімдердің не-
гізін қалады. Туынды түбірлер негізінде қалыптасқан сын
есімдердің едәуір тобы қазіргі тілде шырай қосымшаларын
қабылдамайды. Мысалы: кеш — кешірек, кештеу, бірақ
кешкі сын есімі шырай қосымшаларын қабылдайды.
Ал, сын есімдер жасаудың екінші жолы — оларды
басқа сөздер тобынан ерекшелейтін морфологиялық жүйе-
нің қалыптасуы — туынды есім түбірлердің трансформация
жолымен сын есімге айналуына негізделсе керек. Туынды
118
түбірлердің текст құрамында қолданылу барысында сындық
мән алып, орнығуы олардың форманттарының сын есімдік
мән туғызу тәсілдері ретінде қайта ұғынылуына жағдай
жасады (аналогия). Осы жолмен есімдерден сын есім
жасайтын -лы және -лық (бір аффикстің екі варианты)
етістіктерден сын есім жасайтын -қын, -ар, -қыр т. б.
аффикстер құралған, сын есім жасаудЫң морфологиялық
жүйесі қалыптасты.
Қазіргі түркі тілдеріндегі сың есімдерді морфология-
лық тұрғыдан екі топқа бөліп қарастыру қалыптасты. Он-
дай топтар: негізгі есімдер және туынды сын есімдер. Не-
гізгі сын есімдер тобында әдетте бүгінгі тіл құрамында
бөліп қарауға келмейтін, түбір ретінде ұғынылатын сөздер
жатады да, туынды сын есімдерге қосымшалар арқылы
басқа сөз таптарынан (есімдер мен етістіктерден) жас-
алған сын есімдер жатады.
Негізгі сын есімдер: ақ, қара, көк, қызыл, сары, ала,
жақсы, жаман, зор, үлкен, кіші, тегіс, бай, кедей сияқты
сөздер барлық түркі тілдерінде айтылады, (әрине, әр тілдің
немесе тілдер тобының өздеріне тән фонетикалық ерекше-
ліктеріне сай). Негізгі сын есімдердің едәуір тобы, әсіресе
түр-түсті білдіретін сын есімдер бүгінгі түркі тілдерінде
кейбір фонетикалық ерекшеліктермен түгел қайталанып
отырады. Мысалы, қазақ: ала,ноғай: ала, ұйғыр: ала, алтай:
ала, түркімен, әзірбайжан: ала т. б. сол сияқты заттың
ерекшелігін білдіретін сөздер түркі тілдерінің барлығына
дерлік тән, мысалы, қазақ: жаңа, ноғай: йаңы, құмық:
йаны, ұйғыр: йени, түрік: йени, әзірбайжан: йёңи, чуваш:
джіні, қазақ, ұйғыр, қарақалпақ: көк, түрік: гөк, татар:
күк, якут: күрк, чуваш: кывак, түркімен: гөөк т. б. Сонымен
бірге негізгі сын есімдердің кейбір түрлері, әсіресе заттың
әр түрлі сапалық ерекшеліктерін білдіретін сын есімдер
жеке тілдердің қалыптасу, даму ерекшеліктеріне лайық
өзгеше болып отырады: бұл жерде, әсіресе чуваш тілін
еске алу кереқ. Мысалы, чуваш: ваты -қарт, кәрия, віті —
ұсақ, майда, хырақ, хырах — жалғыз, лутака — аласа,
домалақ. Бұл ұғымдар көпшілік түркі тілдерінде басқа
сөздер арқылы беріледі. Чуваштық эквиваленттер басқа
түркі тілдері мен чуваш тілі арасында белгілі дыбыс сәй-
кестіктеріне жатпайды, чуваш тілінің өзіндік дамуының
нәтижесі болып табылады .
Сонымен қатар сөздік қордың басқа саласы сияқты,
сын есімдер тобы да басқа тілдермен байланыс арқылы
толығып отырған. Чуваш тіліндегі -лытқы, -тыныш, -лутра
-аласа, жатаған, янкар — шірік, шулятра — үлкең, дәу т. б.
толып жатқан сын есімдер, өзбек тіліне араб, парсы тілінен
енген сын есімдер т. б. осы жол арқылы қалыптасқандар.
Туынды сын есім жасайтын аффикстердің бірі және
осы қызметте ең жиі қолданылатын -лық, -лік (бұлардың
фонетикалық варианттары -лығ, -ліг, -лы, -лі). Бұл аффикс-
ке қатыс/ы ескеретій бір жай — көне түркі, ескі түркі
(орта түркі) тілдерінде бұл аффикс көбіне -лығ (соңғы ды-
бысы ұяң -ғы) сипатында айтылған да, әрі зат есім, әрі
сын есім жасаған. Бұл аффикстің -лық варианттарының қа-
лыптасуы — фонетикалық өзгерістерінің нәтижесі41.
Мұндай аффикстердің ұяластығы бүгінгі тіл құрамында
қолданылу ерекіііеліктерінен байқалады. Мысалы, қазіргі
қазақ тілінде -лы орнына -лық немесе керісінше қолда-
нылу кездеседі (аудандық жер — ауданды жер).
Қазіргі түркі тілдерінде -лық және лы аффикстері ар-
қылы жаңа сөз тудыру қатыстық сын есімдер (яғни туынды
сын есімдер) жасалуының ең өнімді тәсілдері болып та-
былады. Тува: даштығ (тасты), дағлығ (таулы), суғлығ
(сулы), өзбек: куркинчли (қорқыныпггы), хакас: маллығ
(малды), тоннығ (тоңды, киімді), башқұрт: ішлі (етті).
Осы тұлғалас қатыстық сын есімдердің қазіргі түркі тіл-
деріндегі семантикасы мен қолданысы көбіне ыңғайлас
болады да, тілдер бұл жөнінде бір-бірінен пәлендей оқшау
құбылыс байқатпайды.
Дегенмен, қазіргі кейбір тілдерде бұл тұлғалы сын
есімдердің өзгеше қолданысы да (көне түркі тілімен са-
лыстырғанда) байқалады: -лы, -лық тұлғалы сын есімдер
кісінің ұлт, мекенге қатыстылық мәнін білдіреді. Мысалы,
қарашай: қытайлы (қытайлық), оруслу (Ресейлік), кара-
чайлы (қарашай, қарашайлық), түрік: истанбуллы (Стам-
булдық), түркімен: Морылы (Морайлық) өзбек: Самарқан-
дік (Самарқандық) т. б. Бұндай қолданыс -лы, -лық тұл-
ғалы сын есімдердің семантикалық дамуының нәтижесі.
Түркімен, ұйғыр тілдерінде осы мәнде -лық, -лек аффик-
сі де қолданылады: ітлек (етгі), музлақ (мұзды). Якут
тілінде осы мәнде -тах, -тәх аффикстері айтылады: аттах
(атты), оғолох (ұлды).
Қатыстық сын есім жасайтын аффикстердің бірі -шақ,
(-шек і-чан, -чен, -ча). Бұндай тұлғалы сөздер белгілі
бір іске, әрекетке, әдетке ыңғайлылықты, икемділікті біл-
діреді. Қазақ: бойшаң, алтай: соғушчан (төбелесшіл),
ұрысқақ, татар: талайчән (талайшыл), өзбек: сүзчан (сөз-
120
шең) т. б. Қазақ тілінде, тағы басқа тілдерде бұл мәнде
-қақ, -кек аффикстері айтылады (ұрысқақ). бұл айтыл-
ғандардан басқа есім түбірлерден сын есім жасайтын
аффикстер мыналар: -қы, -кі: қысқы, жазғы, әзірбайжан:
ахшамықа (ақшам уақытындағы, кешкі), түрік: сабаһқы
(ертеңгі), чуващ: сурки (көктемгі), тува: часқы (коктем-
гі) т. б. -дақы, -декі жоғарыдағы аффикс пен жатыс жал-
ғау қосымшасынан құралған: ауылдағы, үйдегі, түрік:
долаптақы (шкафтағы), якут: тыатағы (тайгадағы), хакас:
чирдеги (жердегі) т. б. Қазіргі түркі тілдері құрамында
сын есім жасайтын аффикстердің жалпы саны әдәуір.
Бірақ олардың көпшілігі (жоғарыда айтылғандардан бас-
қалары) өнімсіз, азын-аулақ сөздер құрамында ғана кез-
деседі. Мысалы: -ғай аффиксі қазақ тілінде қапсағай тәрізді
бірен-саран сөздер құрамында ғана ұшырайды. Ал, татар
тілінде айтылатын -лач, -леч аффикстері (итләч -етті,
йыплач -жүндес) қазақ тілінде атымен кездеспейді. Немесе
қарашай-балқар, түрік тілдеріндегі (ақылман, қараман),
алтай тіліндегі -сығ (дашсығ -тас сияқты, кіэзізіг-кісілік),
қазақ тіліндегі -гөй (ақылгөй) тәрізді аффикстер көбіне
аталған тілдерде және бірен-саран сөздер құрамында ай-
тылады. Сондай-ақ жеке аффикстердің белгілі бір тілдер
құрамында қолданылу дәрежесі де бірдей болып келмейді.
Мысалы: қазақ тілінде -ман аффиксі сын есім жасамайды,
ал қарашай-балқар, түрік тілдерінде сын есім жасайтын
аффикстер қатарына жатады. Сол сияқты -сақ аффиксі
қазақ тілінде кейбір есімдерге қосылып, субъектіні бас-
қалардан ерекшелейтін қылық, мінезге үйірлігін білдіретін
сын есімдер жасайды: сусақ, малсақ т. б. Бірақ шай, айыр,
балық т. б. есім сөздерге жалғанбайды, яғни сондай зат
есімдерден сын есім жасамайды. Екінпгі сезбен айтқанда,
мұндай қолданыс қазақ тілінде норма емес, ал алтай тілінде:
арақызақ (арақ құмар), ұй^ұзақ (ұйқышыл), тува тілінде:
айунзақ (ойынға құмар), чайымсақ (шайқұмар), балығым-
сах (балыққа құмар), якут тілінде: этімсех (етке құмар,
ет құмар) т. б. Қазақ тілі мұндай жағдайда -шыл, -қор,
-құмар тәрізді қосымшаларды қолданар еді. Қолданысқа
байланысты мұндай ерекшеліктер көбіне әдеби тілдің
даму ерекшеліктерімен ұштасып жатады.
СЫН ЕСІМДЕРДІҢ ШЫРАЙ ТҰЛҒАЛАРЫ
Сын есімдердің шырай категориясының сипаты мен
ерек
еліктері жайлы жеке тілдерге арналған қорытынды-
зерттеу еңбектерде толығынан айтылып келе жатыр. Сын
есімнің шырайлық мәндерінің берілу тәсілдері екі түрлі:
аналитикалық және синтетикалық. Аналитикалық тәсіл
арқылы шырай мәнін туғызу — қазіргі түркі тілдерінде кең
жайылған құбылыстың бірі. Бұл арнайы сөздің әдетте
«күшейткіш сөз» не «күшейткіш буын» деп аталатын сын
есіммен тіркес арқылы беріледі. Шырайлық мән берудің
қазіргі түркі тілдерінің барлығында дерлік кездесетін тә-
сілі -ең сөзінің сын есімдермен тіркесі: қазақ: ең жақсы,
түркімен: иң яғшы, шор: ен чакшы, ұйғыр: ең яхшы, тува:
эң эки, құмық: иң де яхшы, ноғай: эң яксы, т. б. Бң күшейт-
кіші қазіргі түркі тілдерінің барлығында дерлік қолданыла-
ды. Бұл күшейткіш тек қана якут, чуваш тілдерінде кез-
деспейді. Якут тілінде бұл мәнде саамай (орыстың самый
сөзі), ал чуваш тілінде чи күшейткіштері айтылады: Чуваш
лайых (өте жақсы), якут: саамай үлүгәй (өте жақсы).
Күшейткіш сөздер қазіргі түркі тілдерінің барлығында бір-
дей кездесе бермейді. Олардың бастылары мына төмен-
дегілер: әзірбайжан тілінде лай, чох күшейткіштері қол-
данылады: лап ях ты, лай чырмызы (қып-қызыл); лай
сөзі якут, тува, алтай тілдерінде де айтылады. Бірақ ол
тілдерде күшейткіш қызметінде емес, дербес сөз табы ре-
тінде қолданылады. Башқұрт тіліндегі күшейткіш қызметін-
де бик, үтә, бигрәк, ғәжәй тәріэді сөздер қолданылады:
бик яхшы, бигрәк йімлә (аса сүйкімді) т. б. Бұл сөздердің
кейбірі қазақ тілінде сол мәнде, сол қызметте аңтылады.
Мысалы: өте, сондай. Бірақ бигрәк, бик сөздері айтылмайды.
Ал' ғажап сөзі күшейткіш қызметінде қолданылады. Алтай
тілінде сүрекей, сүреек (екеуі де өте тым, аса мәндерінде),
тың (өте мықты, өте күшті тәрізді мәндерде айтылады)
сырақай (тіпті, өте) тәрізді күшейткіштер айтылады:
Бұл сөздер ортаазиялық түркі тілдерінде ұшыраса қой-
майды. Түркімен тілінде орән, жуда, аша сөздері, хакас
тілінде най (өте), тын (аса, тым), уғаа тәрізді күшейткіш
сөздер айтылады.
Бұл айтылғандардың барлығы күшейтпелі шырай (қазақ
тіл білімінде кейде «асырмалы шырай» деп аталатын шырай
түрі, яғни заттың сындық қасиетін шамадан тыс асыра
бағалаудың тәсілі болып табылады. Күшейтпе мән сонымен
қатар сын есімдердің интенсив формалары арқылы да
беріледі. Интенсив формалар әдетте редупликация (буын-
ның қайталануы) арқылы жасалады. Қайталанатын бірінші
буын, қайталанған буын п, б, м, кейде с, р дыбыстарына
аяқталады: қып-қызыл, әзірбайжан: ғыт-ғырмызы, гөм-гей
(көкпеңбек), тәртәміз (өте таза, тап-таза) Бус-бүтін (бүп-
бүтін), алтай: боп-боро (боп-боз), чоп-чоқор (ап-ала),
гагауз: қас-қата (өте қатты, қап-қатты), түрік: бом-бош
(боп-бос), қырғыз: оп-оор (ап-ауыр) т. б. Сонымен бірге
қазақ тілінде: (көкпеңбек) туппа-тура, қарашай-балқар ті-
лінде: таапа-толу, қаппа-қарауы, құмық тіліндегі: түппе-
түз (түп-түзу), түрік тілінде: йала-йалныз (жап-жалғыз).
Салыстыр: жападан-жалғыз, түркімен тіліндегі тапба-таза,
өзбек тіліндегі чіппа-чін тәрізді тіркестер редупликацияның
ерекше түрі болып табылады. Бұлар басқы буынға -ба,
-па буынның қосылуы арқылы жасалған. Интенсив фор-
малардың арғы негізі — сын есім түбірдің түгелдей қайта-
лануы, яғни түзу-тұзу, қара-қара тәрізді қолданыста ал-
дыңғы түбірдің фонетикалық өзгеріске түсуінің нәтижесі
дейтін пікір бар4 .
Түстің, сапаның, түрдің т. б. сындық қасиеттің бел-
сендігі түркі тілдерінде арнаулы қосымшалар арқылы бе-
ріледі. Ондай қосымшалар мына тәрізділер: -рақ, -рек
(-ырақ, -ірек), -ымтыл (умтыл, -мтыл), -шыл, -шіл, -ыл,
-ум, ылт, -ілт, (-улт), -ылтым, (-ултым -ылдым, ылтым,
-ылтырым, -ултурум, -улдурым, -ғыл, ғул, -ғұлт, -қылт,
-қылтым, т. б. Қазақ: сарырақ, сарғылт, ашқылтым, алтай:
қысқылтым (қызғылт) сарғылтым, қаралтым (қарарақ),
қазақ: ақшыл өзбек: ақчіл, қарашай-балқар: ақсыл, әзір-
байжан: бояумтыл (бозғылт), гәйүмтүл (көкшіл), ағымтыл
(ақшыл), ғырмызымтым (қызылырақ). Көрсетілген аф-
фикстердің кейбірінің таралу шегі шағын. Мысалы: -рақ
аффиксі якут, алтай, түрік, әзірбайжан, гагауз тілдерінде
қолданылады43. Ал әзірбайжан, түрік тілдерінде аитив
қолданылатын -ым/-тыл аффиксі. Қазақ тілінде тек диалек-
тикалық ыңғайда ғана ұшырасады. Онда да сол оғыз то-
бына жататын халықтармен араласып жататын террито-
рия тұрғындарының тілінде ұшырайды.
Сынның салыстырмалы артықтығын, не салыстырмалы
бәсеңдігін білдіретін шырай түрін жасайтын тәсіл -ырақ,
-ірек, -рақ, -рек аффиксі. Бұл — шырайдың осы түрін жа-
саудың түркі тілдерінің көпшілігінде қолданылатын тәсілі,
қазақ: қалыңырақ, қарашай-балқар: қалынырақ, қызылы-
рақ, қырғыз: ағурак, көгүрек, қаттурақ (қаттырақ), ноғай:
көгүрәк, түрік: інджәрәк (жіңішкерек), күчүрәк (кішірек),
түркімен: аджырақ (ашырақ), өзбек: қорарақ (қарарақ),
чуваш: ілэмлерех (әсемдірек), -рақ аффиксі кейбір зат
есімдерге, бар, жоқ сөздеріне, кейбір тілдерде көсемше
тұлғаларына, сондай-ақ үстеулерге жалғанып қолданылады:
сыртырақ, сыртқарақ тәрізді қолданыстар қазақ тідінде
кездессе, татар тілінде арқазарақ (кейінірек), қарайым
тілінде ағарақ қарьшдаш (аға), ігітрах қарындаш, (іні)
т. б. -рақ аффиксінің мұндай әр түрлі топқа жататыи
сөздерге жалғанып қолданылуы оны әдеттегі форма туғы-
зушы (шырай жасаушы) қосымшалар тобында қараудың
негізділігіне күмән туғызады. Әр түрлі грамматикалық,
семантикалық топтарға жататын, әр түрлі синтаксистік
қызметте қолданылатын сөздерге жалғана беруі оны (-рақ)
аффиксін шырай жасайтын тәсілдер қатарына жатқызып,
олардың бірі деп қарауға мүмкіндік бермейді. Егер ол сон-
дай тәсілдердің бірі ғана болса, тек негізгі сын есімдерге
жалғанар еді. Бұл ерекшелік түркологияда әр кез айтылып
жүрген -рақ аффиксін сөз тудырушы (есім тудырушы)
аффикстер қатарына жатқызу керек дейтін пікірдің негізі
бар екендігін көрсетеді44. Бұл аффикстің айқын салыстыр-
малы шырай жасайтын жері — шығыс септікті конструкция
құрамында ғана. Мысалы: Мұрат Мақсұттан гөрі жайырақ.
Ал якут тілінде осы мағынада салыстырмалы септік ай-
тылады: хаттың титэгэр күстех (қайын қарағайдйн күш-
тірек). Дегенмен, -рақ айтылмайтын тілдер де бар: якут,
алтай, гагауз тілдерінде салыстырмалы мән туғызатын мұн-
дай аффикс айтылмайды. Шырай тұлғасын жасайтын кей-
бір тәсілдер белгілі бір тілдерде ғана қолданылып, сөйлем-
дерді айрықшалайтын белгі ретінде қаралады. Солардың
бірі -сав (-сов) -су (-сыв) -сөй аффиксі. Бұл аффикс
көбіне әзірбайжан, құмық тілдерінде қолданылады: Әзір-
байжан: узунсов (ұзынша), делсов (ақымақтау), құмық:
назіксув (нәзікше), улуусов (үлкендеу), биіксув (биіктеу),
сазықсув (толықтау). Ал якут тілінде сондай мағынада
-тықы (-туну) -нуну -сызр (суар) аффикстері айтылады:
қыратыңы (майдалау), суоннуну (жуандау), ітітіңі (ыссы-
лау), барбахсыар (нашарлау), мелтохсуор (әлсіздеу).
Қазіргі қазақ тілі грамматикаларында (басқа түркі
тілдері оқулықтарында да) сын есімдердің етістік түбір-
лерден қосымша арқылы жасалуы немесе етістіктерден сын
есімдердің жасалуы жайлы айтылады. Дұрысында, жалпы
түркі тілдерін тарихи салыстыру тұрғысынан қарағанда,
етістіктерден сын есім жасалуы жайлы емес, етістік
тұлғаларының трансформация жолымен сын есімдер құ-
рамына ауысуы жайлы айту орынды. Трансформация ар-
қылы сын есімдер құрамына енетіндер тек қана түбірлер
емес, туынды түбірлер де. Трансформация арқылы енген
туывды түбірлер семантикалық жағынан да, қызметі жа-
ғыиан да өзгеріп, қалыптасады. Әрине, сөздің семанти-
калық, функциялық жаңа мәні оның бұрынғы, байырғы мәні
мен қызметіне негізделеді, соның негізінде пайда болып,
тұрақталады. Сын есімнің мәні мен қызметінде қалыптасқан
тұлғалар оның морфологиялық жүйесі ретінде ұғынылады.
Қазіргі түркі тілдеріндегі «етістіктен жасалған сын есімдер»
деп аталатын топтың қалыптасуын солай түсіну қажет.
Әуелі сондай етістік тұлғалары сын есімдер құрамына
ауысты да, солардың негізінде етістіктен сын есімнің мор-
фологиялық тұлғалар жүйесі қалыптасты. Қазіргі түркі
тілдерінде осы қызметте жиі қолданылатын тұлғалар деп
мыналарды көрсетуге болар еді: -қын, -ғын: қазақ: сүргін,
қырғын, солғын, өзбек: сөлгүн, әзірбайжан: кесгін (өткір),
түрік: қырғын, тува: шапқын (шапқан, жарысқан), чуваш:
сискэн (сезгіш) т. б., -ын, -ін, қазақ: бүтін, ұзын, түрік:
бутүн, т. б.; -ар, -ер -ыр/-ір, түркімен: ақар (ағатын, ағым),
әзірбайжан: йарар (жарамды), татар: қайнар (қайнаған),
чуваш: хаээр (тар, тығыз); -қыр, -кар, -ғыр, -гир; алғыр,
білгір, түркімен: алғыр, татар:безгир (сезгіш), қырғыз:
тайқыр (тайқыш), алтай:шбилгир (білгір), -қан, -ген, -кен,
-ған, ген түрік; довүшкен (төбелескіш), ырхан, (арық),
чуваш: хыткан (қатқан), жүдеу; аған/еген: қабаған, сүзеген,
тебеген, түркімен: өураған (бұрған), якут: умнуған (ұмыт-
шақ), көреген, әзірбайжан: йатаған (жатағын); -ық, -ик, ту-
ва: үзүк (үзік, үзілген), қырғыз: джабық (жабық), түрік:
ачық, (ашық), әзірбайжан: чүрүк (шірік); -ма, -ме: өрме,
бөсме, татар: кушма (қоспа).
ОСыған дейін баяндалған сын есім тұлғалары — бел-
гілі бір сапаның, сынның барлығын, тәндігін білдіретін
топтары. Сын есімдер, сонымен қатар, белгілі бір сынның,
қасиеттің жоқтығын білдіре алады. Түркі тілдерінде бұл
мән, -соң/-сіз аффиксі арқылы беріледі. Бұл аффикс чуваш
тілінде басқаша р-в сәйкестігінің негізінде -свер/сэр түрінде
дыбысталады: әзірбайжан: йағсыз (майсыз), сусуз (сусыз),
түрік: татсыз (дәмсіз), чуваш: утсыз (атсыз), тэпсэр (түн-
сіз). Бұл аффикс екі тілде — якут, шор тілдерінде жоқ.
Ол тілдер сын-сапаның жоқтығын, тән еместігін синтак-
систік конструкция арқылы білдіреді.
САН ЕСІМ
Түркі тілдері өздерімен көршілес халықтармен (тіл-
дермен) салыстырғанда, сан, санақ жайлы ұғымды ежелгі
кезеңде қалыптастырған. Ондай қорытынды жасауға дә-
лел — ондық атаулары мен мыңдық атауының түркі сөз-
дерінің негізінде қалыптасуы. Халықтар тарихы ондай атау-
лардың басқа тілдерден ауысуы арқылы қалыптасуын кө-
бірек біледі. Сонымен қатар түркі тілдерінің тарихи санау-
дың екі түрлі тәсілін білген . Даму барысында бүкіл
түркі тілдеріне ортақ бір ғана тәсіл — санақ жеткен он-
дыққа керек бірлікті санақ бара жатқан ондыққа тіркей
айту (еккі еліг — 42) бүтіндей қолданыстан шығып қала-
ды. Сондықтан бүгінгі түркі тілдерінде санақтық бір ғана
жүйесі айтылады. Бірлік атауларының жалпы түркҚтіл-
деріне ортақ сипаты мына тәрізді:
бир, пир беш, бел секиз
ики, екіи алты тоқыз
үч йети он
төрт
Бұл сандар түркі тілдерінің ерекшелігіне лайық әр
түрлі айтылуы мүмкін. Айталық, қазақ тілінде, басқа тіл-
дермен салыстырғанда, и дыбысы өте қысқа, қысаң естіліп
і түріне түседі. Ал, йети, секиз, екіи сөздерінің құрамында-
ғы е бірсыпыра тілдерде жартылай ашық, жіңішке ә түрінде
дыбысталады. Оның үстіне бұл сөздерде дауыстылардың
созылыңқы түрі түрік, чуваш, якут тілдерінің фактілері
негізінде ғана жорамалданған. Бүгінгі түркі тілдерінің басым
көпшілігінде бұл сөздердің ешқайсысы созылыңқы дауыс-
тымен айтылмайды. Сондай-ақ ш дыбысы бірсыпыра тіл-
дерде с түрінде й дыбысы эй түрінде айтылады. Ал, бел
(бес) сөзі тек чуваш тілінде ғана айтылады. Ол тілде соны-
мен қатар бес сөзі вис, алты сөзі удт, екі сөзі аккэ, үш
сөзі виссэ түрінде айтылады. Мұның барлығы — чуваш
тілінің тарихи ерекшеліктерінен туған айырмашылықтар.
Алайда чуваштық осы айырмашылықтардың бәрін түркі
тілдері тарихындағы дыбыстардың тарихи ауысуларымен
түсіндіру мүмкін емес. Ондық атауларының бүкіл түркі
тілдеріне ортақ жорамал сипаты төмендегідей:
йығырма йығырба ікон елліг, пешон пың, мың
отыз, ошне үчон алалтон
қырық, төртон йетміш, йетон
секісон
токусон
Мыңнан жоғары сандық ұғымды білдіретін сөздер басқа
тілдерден ауысқан: түмен (10000) монғол (кейбір зерттеу-
шілер индоевропа тілдерінен ауысқан деп есептейді) сөзі,
миллион, миллиард — орыс тілінен ауысқандар т. б. Түркі
тілдерінің көпшілігінде 20, 30, 40, 50 сандарын білдіретін
сөздер 2, 3, 4, 5 сан атауларымен ешқандай байланыс-
пайды, өзара ешбір ұқсастығы жоқ. Ал, 60, 70, 80, 90 санда-
рын білдіретін сөздер — 6, 7, 8, 9 сан атауларының не-
гізінде қалыптасқан. Дегенмен, қазіргі түркі тілдерінің
кейбірінде осы жүйелерден ауытқулар кездесіп отырады.
Шор тілінде 20, 30, 40, 50 сандарын білдіретін сөздер
2, 3, 4, 5 сан атауларының негізінде пайда болған: ійгоң,
(20), ужон (30), төртон (40), пежон (50), ал тува тілінде
осындай жүйе 30 бен 90 арасындағы сан атауларында
кездеседі: үжен (30), дөртон (40), бэжон (50), алдан (60),
чэдон (70), сэзон (80), тозон (90), алтай, якут тілдерінде
40 пен 90 арасында осындай; алтай: төртон, бэжон, алтан,
дэтэн, сэгізэн, тоғузон, якут: түөрт уон, біэс уон, алта уон,
сэттэ уон, ағыс уон, тоғус уон. Есімдік санды білдіретін
сөздер қай тілдің болмасын тұрақты қоры болып табылады.
Қай тіл болмасын, біртұтас құбылыс ретінде танылатын
бір белгі — есептік сан есімдеЬ* Бұл жүйенің басқа тілдер-
ден ауысу жолымен қалыптасуы — тілдер тарихында аса
сирек ұшырайтын құбылыс, екінші жағынан есептік сан-
дарды білдіретін сөздердің ұялас болып келуі тілдердің
өзара жақындығының, генетикалық ұя^астығының дәлелі
болып табылады.
Түркі тілдерінде реттік сандар бірнеше аффикстер ар-
қылы жасалады. Олардың ішінде ең жиі қолданылатын, көп
таралғаны ынчы-унчу/ -ыншы (ындышы) -ынсы/-оніо:
әзірбайжан: бірінджі, дөрдүңцжі, бенинджі, алтай: екінчі,
төртінчі, бежінчі, башқұрт: бірінсі, өсөнсе. Осы аффикстің
кейбір тілдер диалектілері құрамында -ымчы, -қанчы тә-
різді диалектілік варианттары ұшырасады. Мысалы, әзір-
байжан диалектілерінде бірімджі, өзбек диалектісінде
сәкізімчі, ушламчі (үшінші), түркімен диалектісінде т. б.
-мәш(э) аффиксі тек қана чуваш тілінде қолданылады:
пэрэмэш (бірінші), икемеш (екінші). Чуваш тілінде қол-
данылатын бұл аффикс сырт пішіні жағынан өзгешелік
болмаса, құрылымдық элементтері жағынан басқа тілдер-
дегі -ыншы аффиксімен ұқсас: -м және -н (алдыңғы жал-
ғастырушы дауыстыны алып есептегенде) элементтері жи-
нақтық сан жасағандар (айталық, үжем сөзіндегі- -м, со-
лардың үстіне барып -шы аффиксі қабаттасудан қалып-
тасқан.
Басқа тілдерде ұшыраспайтын аффикс тува, тофалар
тілдерінде кездеседі: -қы/-ки/-ғы/-ги: бирги (бірінші),
үшкү (үшінші), бешки (бесінші); тофалар тілінде осы
аффикс ш элементімен күрделенген: төрт-ишки (төртінші).
Тува тілінде ғана айтылатын, монғол тілінен ауысқан
дуғар форманты бар: бір дуғар' (бірінші), үш дуғар (үшін-
ші), алды дуғар (алтыншы) т. б.
Жинақтау сыңарын білдіретін сөздер түркі тілдерінде
мына төмендегі аффикстер арқылы жасалады: -ау/-ав/-еу/
-ев жинақтық сан жасаудың кең жайылған тәсілі, татар:
, икәв, үчәв, алтав, алтай тілінде бұл аффикс -у, -ү түрінде
дыбысталады: екү, үчу; қырғыз тілінде -ө түрінде дыбыс-
талады: екө, үчө; түркімен тілінде -ов, -ав, учев; якут ті-
лінде -ыа, -иэ, иккиэ, үһүе.
Бұл аффикс оғыз тілдерінде жүйелі қолданылмайды,
кейде шағын аймақтарда диалектілік айырмашылық ре-
тінде ғана ұшырайды: -авла, -хала, -ала, өзбек, алтай,
тува, шор тілдерінде қолданылады; өзбек: учевле, бешевле;
алтай: экіле, үчүле, төртүле; тува: дертэлэ, бөжэле т.б. Бұл
аффикс қазақ тіліндегі екеуле, үшеуле тәрізді сөздер құ-
рамында айтылатын аффикске ұқсас. Бірақ екеуі екі түрлі
мағына береді: қазақ тіліндегі -е/уле аффиксінің соңғы
элементі -ла етістігін жасайтын жұрнақ, сондықтан сөздер
туынды етістік болып ұғынылады.
Болжамды сандық ұғымды білдіру жолдары бірнешеу.
Солардың көп жайылған, көп кездесетін түрлері мыналар:
-ча, -джа, қырғыз: бешче, хакас: онджа, отысча, чүсче
(жүздей), пісче, хырыхча, алтонджа, якут: уонча, уончака
(ондай), отучча (отыздай), әзірбайжан: онларджа, отуэ-
ларджа, иузлердже, -ча аффиксі шақты, шамалы, чаклы
сөздерінің қысқаруының нәтижесі болуы мүмкін. Қолда-
нылу ерекшелігі соны дәлелдейді. -дай/-дей: бұл аффикс
қазақ, қырғыз, башқұрт тілдерінде қолданылады: башқұрт:
алтмыштай, мыңдай, қырғыз: отуздай.
ЕСІМДІКТЕР
Түркі тілдеріндегі сөз таптарының ішінде ерекше грам-
матикалық топ ретінде көзге түсетіндер — есімдіктер. Ол
ерекшеліктер мынадай: 1). Қай сөз табы болмасын, оның
өзіне тән (немесе жартылай тән) сөз жасау жүйесі бо-
лады. Айталық, зат есімдердің сондай жүйесі бар. Ал үстеу-
лердің (кейде, сын есімдердің) жартылай болса да (өйткені
басқа сөз табын жасауда да кездеседі) өзіне тән сөз жа-
сау жүйесі бар. Осындай жүйе есімдіктерде жоқ. Жалпы
бүгінгі тіл заңдылықтары тұрғысынан есімдіктер басқа сөз-
дерден жасалмайды. 2) Олар тек грамматикалық өзгеріс-
терге ғана ұшырайды. Ондай өзгерістердің түрі: септік, көп-
тік, тәуелдік жалғаулары арқылы өзгеру. 3) Өзіне тән
грамматикалық, категориялар жүйесі жоқ. Бұл ерекшелік-
тер тек бір тілдегі емес, жалпы түркі тілдеріндегі есімдіктер
деп аталатын сөздер тобына ортақ.
Есімдіктерді семантикалық жағынан біріктіретін белгі —
затты, нәрсені, кісіні білдіреді, ал грамматикалық мән
тұрғысынан біріктіретін белгі — контексте бастауыш, кейде
толықтауыш қызметінде жұмсалады. Осы екі белгі арқылы
есімдіктер өз алдына грамматикалық класс тобына біріге
алады. Жіктеу есімдіктері қазіргі көне түркі тілдерінің
барлығына ортақ. Олардың негізгі түрлері мына тәріздес
дыбысталады: әзірбайжан: мән, сән, о, біз, сіз, онлар, алтай:
мэн, сэн, ол, біс, елер (о-лер), (о-лор), алтай диалектісін-
де: снэр (сіздер, с-нэр), анар, онор (а) (о-нар) башқұрт:
-мін, пін, ул, бізде, һідэ, улар, өзбек: мән, сән, у (ул), ха-
кас: мін, сін, ол, піс, сірэр, олар, чуваш: әбі (эп), эзі (эс),
ЙЫЛ (»У, У» Ул) эбір (эб-ір, ібір), эзір, (эз-ір, і-бір) візәм
(узім), шор: мэн, сэн, ол, піс, сілэр, ылар. Айрықша тұл-
ғалар якут тілінде бар: мін, эн, кіні, біһігі, эһігі кінілер Якут-
тың бұл тұлғалары (I ж, мін сөзінен басқасы) басқа тіл-
дерде ұшыраспайды.
Жіктеу есімдіктерінің жекеше және көпше тұлғала-
рының ұқсастығы олардың
ығу тегі-туралы кейбір пікір-
лердің тууына негіз болады. О. Бетлинг осы фактіге сүйене
отырып, жіктеу есімдіктерінің көптік тұлғасын жекеше
тұлғаларының өзара кірігуінен қалыптасқан деп қарады
(-мін, -сін, -біз, сін, -сін, -сіз), ал Котвич, Мукачи, Банг,
Рамстедт — бұлардың көптік тұлғаларының құрамындағы
з екілікті (көптікті) білдірген қосымша, алдыңғы бөліктері
(мі, сі)—жекеше түрлері, яғни о бастағы сипаты деп
қарайды. Бұл авторлар жіктеу есімдіктерінің ең алғашқы
сипаты мына тәріздес болған деп түсіндіреді: 1. ме/н, бі/н,
мі/н, се/н, сі/н, е/н, і/н. II ба/н, ма/н, са/н, ан; III. біз, сіз
із. Бұл үш топтың әрқайсысы, авторлардың ойынша, бір-
бірінен тек қана морфологиялық жағынан ажыраған. Сон-
дықтан бүгінгі түркі тілдерінде әр түрлі қалыптасқан. Со-
вет түркологы А. М. Щербак жіктеу есімдіктері жүйесінің
алғашқы сипаты мына тәріздес болған деп қарайды: пән, сән,
ын, ан, пи, с, си, с, анлар.
Жіктеу есімдігінің I жағы п дыбысынан басталған деп
қарайтын жорамал түркі тілдерінің негіз тіліндегі сөздер
қатаң дыбыстан ғана басталған дейтін тезистен туған.
Кейін қатаң дыбыс фразалық екпін нәтижесінде ұяңға
өзгеріп, м дыбысына сәйкестігі келіп шығады: (пән) -бән
(мән) -мен. Чуваш тіліндегі тұлғасы еске алынса, соңғы
н дыбысы алғашқы құрамда болмаса керек. Оның пайда бо-
лу кезі жайлы мәселе әзір шешім тапқан жоқ. I жақ тұлға-
сының ә дыбысымен айтылатын варианты байырғы да,
ө (мен) -і (-и І-мін) дыбыстарымен айтылатындары кейін
қалыптасса керек.
III жақ тұлғасының арғы сипаты жайлы А. М. Щербак
пікірі мен түркі тілдері материалдарын ескерсек, III жақ
қызметін сілтеу есімдігі ол атқарған деп қарауға дәлел
көп. Көпше І—II жақ тұлғаларының о бастағы, алғашқы
сипаты жайлы айтқанда, х ескерер факт мынадай: кейбір
түркі тілдерінде сіз есімдігінен жасалатын көптік тұлға
сілер, яғни з элементісіз айтылады. Бұл сөздердің қазіргі
түркі тілдерінде 2 түрлі қалыптасуы о баста бұлар соңғы
элементсіз айтылған, соңғы з кейін түбірімен бірігіп кеткен
екілік (не көптік) тұлғасы дейтін пікір дәлелді болуы
әбден ықтимал.
Назар аударатын бір ерекшелік — жіктеу есімдіктерінің
септелуінде байқалады. Әрине, есімдіктерге жалғанатын
септік жалғаулар зат есімдерге де, басқа сөздерге де жал-
ғана береді және мұның өзі барлық түркі тілдерінде бі-
рыңғай болып отырады. Дегенмен; есімдіктердің жекё тұл-
ғаларына жалғанғанда жалғау да, кейде есімдіктің өзі де
өзгеріп отырады. Тарихи түркологияда әр кез айтылып
жүрген пікір: түркі тілдерінің көне дәуірінде септелудің үш
түрі болған деген пікір бүгінгі тілдердегі есімдіктің бойында
кездесетін сондай ерекшеліктерге негізделсе керек. Сол .
үш түрдің бірі (зат есімдердің септелуі немесе жай септеу,
тәуелді септеу және есімдіктердің септелуі)— есімдіктердің,
анықтап айтқанда, жіктеу және септеу есімдіктерінің
септелуі. Жіктеу есімдіктерінің септелуі түркі тілдерінде бір
сипатта емес. Түркі тілдерінің әр тобында (кейде жеке
тілдерде де) әр қилы көрінеді. Солардың негізгі үлгілері
мына тәріздес:
әзірбайжан тілі:
Атау мән сән о биз сіз онлар
Ілік мәним сәним онун базим сизин онларын
барыс мәнә сәнә она базә сизә онлара
Табыс мәни сәни ону бизи сизи онлары
Шығыс мәндән сәндән ондан бизден сиздән онлардан
Жатыс мәндә сәндә онда биздә сиздә онларда
Айрықшалық: I жақ жіктеу есімдіктеріне ілік жалғауы
-ым түрінде, басқаларына -ан түрінде жалғанған. ІП жақ
жіктеу есімдіктері .о түрінде айтылады. Оғыз тобындағы
басқа тілдерден байқалатын айырмашылықтар мыналар:
түрік тілінде оған орай барыс септікте бана, сана түрінде,
ілік септікте бенім, сенім түрінде айтылады. Түркімен
тілінде ілік септік -аң түрінде, ал барыс септік -ңа (маңа),
(сана) түрінде жалғанады. Барыс жалғауы құрамында -ң
дыбысының айтылуы н (ман және ғ -ғар) дыбыстарының
тоғысуының нәтижесі деп қаралады.
Есімдіктер жіктелуінің бұдан өзгеше -лар түрі чуваш
тілінде бар:
Атау эпі эсі
Ілік манын санын
Барыс мана сана
Табыс мана сана
Шығыс манран санран
Жатыс манра санра
лыл эпир эсир
унын пирін сирін
ына пире сире
ына пире сире
унран пиртен сиртен
унра пирінтен сирінтен
вісем
ввікенін
вісене
вісене
вісенчен
вісенче
пирте сирте
пирінте сирінте
Чуваш тілінің фонетикалық ерекшелігінен туатын өз-
гешеліктерді ескермесек, бұл жүйе құрамынан мына жай
байқалады: жіктеу есімдіктерінің жекеше түрлері атау тұл-
гасында бір бөлек те, басқа септіктерде (іліктен бастап)
екінші түрлі. Соңғы түрі жалпы түркілік сипатқа әлдеқайда
ұқсас. Барыс септікте чуваштық тұлға түрік тіліндегі сондай
тұлғаларға сәйкес түсіп жатады. Есімдіктердің септелуінің
тағы бір ерекше түрі құмық, ноғай, татар, башқұрт тіл-
дерінде қалыптасқан.
а
Ноғай тілі
Құмық тілінде:
мен сен
менім сеним
маға саға
мәни сени
меннен сеннен
менде менде т. б.
мен
мени
маға
мени
сен
сени
саға
сени
биз
бизин
бизге
бизин
сиз
сизин
сизге
сизин
менден сенден биздин сиздин
менде сенде бизди сизде
Осыған дейін айтылған тілдерден (оғыз тобындағы,
чуваш тілдерінен) айырмашылығы барыс септікте. Ілік сеп-
тікте қосымшасы I жақ жіктеу есімдігіне -ым түрінде,
II жақ жіктеу есімдігіне -ин түрінде жалғанады.
Өзгешелік: ілік септігі жекеше тұлғаларына -и түрінде
жалғанады, іліқ пен табыс жалғаулары бірдей, сиздин
өзгешелік байқалмайды. Сөйлем ішінде ол тұлғалар өздері
қатысты айтылатын сөздері арқылы ғана ажыратылады:
есімдерге қатысты айтылған болса — ілік септікте, етістік-
терге қарсы қатысты айтылған болса — табыс септікте
ұғынылады.
Басқа түркі тілдерінде ұшырамайтын өзгешелік ба-
рыс септіктің ерекше дыбысталуы алтай тілінде бар: ме-ге,
се-ге. Барыс септіктің мынадай тұлғасы қолданылғанда
сөз негізінің жіңішке дыбысталуы басқа бірде-бір түркі
тілінде жоқ.
Дыбысталуы жағынан басқа тілдердегі тұлғалардан
ерекше септелу үлгісі чуваш, шор тілдерінде бар.
Шор тілі:
А. мен
I. меен
Б. маға
Т. маа
сен
сеен
саға
саа
ол пис
аан пистин
аға писке
аа
силер ылар
силердин ылардын
силерге ыларға
Т. мени сени аны
Ш. менен сенен анаң
Ж. менде сенде анда
писти силерди ыларды
пистен силерден ылардан
писте силерде ыларда
А. мен сен
I мәәң сәәң
Б мәңээ сәңээ
Т. мәә сәә
Т. мени сени
Ш. менденсенден
Ж. менде сенде
Тува тілінде:
ол бис
соң бистиң
аңаа биске
аа
оңу бисти
оон бистен
ында бисте
силер
силерниң
силерге
силерни
силерден
силерде
олар
оларның
оларға
оларни
олардан
оларда
Түркі тілдерінің барлығында қолданылатын сұрау есім-
діктері кім? не? Кім? сұрау есімдігінің түркі тілдеріндегі
айтылу сипаты мына тәрізді болып келеді: 1) чуваш ті-
лінде кам, яғни ашық дауыстымен айтылады, мүмкін сипат
тек осы тілде ғана; 2) алтай, хакас, шор тілдерінде көм
түрінде; 3) ким — бүгінгі түркі тілдерінің көпшілігінде
(әзірбайжан, түрік, түркімен, ұйғыр, қарашай-балқар, қа-
райым т. б.) айтылатын вариант кім — қазақ, ноғай тіл-
дерінде айтылатын вариант. Бұл тізімнен шығатын қорыт-
ынды кім сөзінің барлық түркі тілдерінде бірыңғай болып
келетіні, мұның өзі — тілдердің туыстығын дәлелдейтін
басты фактілердің бірі екендігі. Бүгінгі түркі тілдерінде
не есімдігін білдіретін сөздер мына тәрізді түбірлерден
тарағандығы байқалады:
1. Орхон-Енисей жазбаларында қолданылған не сөзінен; .
2. Чуваш тілдерінде не мәнінде айтылатын мін сөзінен;
3. Тува елінде айтылатын чүү (ле мәнінде) сөзінен.
Алғашқы түбірден тараған варианттар бүгінгі тілдерде
мына сипатта айтылады: әзірбайжан тілінде нэ, алтай,
қазақ, қарақалпақ, құмық, ноғай, түрік тілдерінде не, баш-
құрт, татар тілдерінде ни, шор, хакас тілдерінде ноо.
Қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде нимә, мемә, неме,
нима, ниме есімдіктері айтылады. Зерттеушілер бұлардың
қайсысы екі сөзден, не және ме сөздерінен жасалған
деп қарайды. Алдыңғы нё сұрау есімдігі де, ме чуваш
тілдеріндегі-мон сөзінің (не мәніндегі) қысқарған варианты
болу керек деп есептейді46.
Ал қырғыз тіліндегі эмнә э (не сөзінен қалған элемент)
-м, (не негізінен қалған элемент) не бөліктеріне ажырай-
тын болуы керек. Татар тіліндегі нәрсе (қазақ тілінде не
нәрсе, бір нәрсе тіркестері құрамында айтылады) көне
түркілік не ерсе тіркестен қалыптасса керек.
Көпшілік түркі тілдерінде қолданылатын сұрау есімдігі
қай түбірінен тарағандар. Дегенмен, нақ осы сипатында
дербес айтылатын сұрау есімдігі қазақ, татар, башқұрт,
алтай тілдерінде ғана бар. Әзірбайжан тілінде н дыбысына
аяқталған варианттан жасалған сөз -қансы (қайсы). Ал
түркімен, тува т. б. тілдерде й дыбысына аяқталған (қай)
варианттан жасалған сөздер айтылады: хайсы? Алтай ті-
лінде бұл сөздің қажы, чуваш тілінде хаше варианты ай-
тылады. Бұл негіздің қан, қай варианттарынан жасалған
сөздер түркі тілдерінде мына сипаттас болып келеді: ұйғыр:
қандағ, қазақ, қарақалпақ, қырғыз, өзбек: қандай, хакас:
хайдағ, ноғай: • қандай, тува: қандығ, алтай: қандый, якут:
ханнық, шор: қайдығ.
Қалай мәнінде айтылатын есімдіктер не және қай/қан
түбірлерінен жасалғандар: құмық: нечик, татар: нйчек, баш-
құрт: нисек, түрікмен: ничик, қазақ, башқұрт, ноғай: қалай,
хакас: хайди, якут: хайдах, шор: қайдө, қайды, алтай:
қанайып. Қалай есімдігі көсемше тұлгасынан қалыптасса
керек (қа-ла-й, -ла — етістік жасайтын қосымша); алтай
тіліндегі вариант та солай; бірақ шор, якут, хакас тілдерін-
дегі варианттар есім тұлғалары (қай-дих-дай, қай-
да).
Қанша мәнінде жұмсалатын есімдіктер мына сипаттас
болып келеді: түрік: қач, тува: қаш, якут: хас. 2. Әзірбайжан:
нәгәдәр, татар: ни кадәр, йи чаклы, чуваш: мін чухлі. 3. ¥й-
ғыр: нәччә, әзірбайжан: нәчә, башқұрт: нисә, қазақ: неше,
хакас: нинже, алтай, қырғыз,. өзбек, ұйғыр, шор; қанча,
хакас: ханджа, қазақ: қанша. алғашқы топ бөліп-жаруға
келмейтін түбір сөздер (фонетикалық өзгерістер нәти-
жесінде бір орынды дәрежесіне жетуі мүмкін.) -Көңіл
аударарлық ерекшелік — бір-біріне өте ұқсас (түрік қаш,
якут -хас). Екінші топтағылар не есімдігінің негізінде
қалыптасқан тіркестер, ал үшінші топтағылар қан тү-
бірінің негізінде жасалғандар, осыдан бұрынғы қандай
мәнді есімдіктерімен ұялас.
Қашан, қайда, қайдан мәнінде айтылатын есімдіктер
мына сипаттас болып келеді: әзірбайжан: не заман, һарада,
һара, һарадан; башқұрт: қасан, қайдзан; құмық: қайчан,
қайда, не өрге, қайдан; тува: қажан, қайда, қайнаар, қаяа,
қайыже, қайынын, қайыртан, якут: хаһан, хайна, хантын;
шор: качан, қайда, қаяа, қайдан; чуваш: хысан, хыссан,
ыста, ыст ан (бұл жерде негізгі топтарының бір-бірінен
сәл ерекшелігі бар түрлері ғана келтірілді). Бұл шолудан
түркі тілдерінде осы мәнде қолданылатын сөздердің ұялас-
тығын — бір түбірден тарағандығын көруге болады. Ортақ
түбір -қай, осы түбір мен шақ сөзінің көне құралдық септік
тұлғасының тіркесінен барып қашан (қайшан) қалыптас-
қан деп қарауға әбден негіз бар: (қай-чағын -қай-ча(ғы)н
-қайшан-қашан. Әзірбайжан тіліндегі һара сөзі тіркес негі-
зінде қалыптасқан (һай) -қайрра (-һара), тува тіліндегі
варианттарды да осы түбір мен септік жалғаулары мен
кірігуінен қалыптасқан деуге толық негіз бар. Сұрау есім-
діктерінің септік жалғаулары тұлғасынан қалыптасқан
негіздердің тағы бір тобы -неге, не себепті, неліктен мәнді
есімдіктерден тарағандар: нигә, неге, неліктен, неден т. б.
Өздік есімдігі түркі тілдерінің басым көпшілігінде ң
түбірінен жасалған: қазақ: өзім, өзі, әзірбайжан: өзүм,
татар: үзәм, бараба: үсим, алшор, хакас, тува, алтай, то-
фалар тілдерінде: боз (дене мәнінде) түбірінен жасалған.
Шор: позым, хакас: позыле, тува: бояум, алтай: бойым,
тофалар: бодум, якут тілінде монғолдан ауысқан бөйә
сөзі қолданылады: бәйэм, бәйән (өзін). Түрік, гагауз тіл-
дерінде бұл мағынада кәнди сөзі айтылады: кәндилі (өзім),
кәндиң (өзің). Қарашай-балқар тілінде көс (көсим, өзім),
чуваш тілінде хам сөзі айтылады.
Қазақ тілінде айтылатын сілтеу есімдіктерін мағына-
лық жағынан үш топқа (әрине, шартты) жіктеуге болар
еді: сөйлеушінің өз айналасы -мынау, осы, бұл, міне, сөй-
леушіден сәл алыс білдіру — осынау, анау, сөйлеушіге кө-
рінбейтін жерге орналасқан зат — ол, сол. Осындай жүйе
түркі тілдерінің барлығына дерлік тән. Әрине, қолданылу
процесінде бұл топтардың бір-біріне ауысуы, бірінің ор-
134
нына екіншісінің қолданылуы болып отырады. Бұл да
барлық түркі тілдерінде ұшырасатын құбылыс. Сілтеу есім-
діктерінің түркі тілдеріндегі дыбысталу сипаты мына тө-
мендегідей: көне түркі тілі: бу, ол, ортағасырлық тілдер:
ошбу, ошол, башқұрт: ошо, шул был, ул, қырғыз: ушу,
ушул, ошо, ошол, ноғай: шу, шо, түрікмен: үшбу, щу,
якут: субу, сіті, бу т. б. Кейбір өзгерістерге ұшыраған-
дар —1 конкретті сілтеу мәнінде айтылатын, бул ол (немесе
бу, о) сөздері көп өзгеріссіз қайталанып келеді. Соңғы
сөздер мынадай өзгерістерге ұшырайды: бірде ашық, бір-
де қысаң, еріндік дауыстылар айтылады және бірде л дыбы-
сы айтылады да, бірде айтылмайды.
Сілтеу есімдіктерінің септелу жүйесі біркелкі емес. Бұл
орайда кейбір айырмашылықтарды төмендегі кестелерден'
көруге болады; бұл есімдігінің үш тілдегі септеу үлгісі
мына тәрізді:
Қазақ: А. Бұл Түрік: бу
I. бұның,.мұның бундун
Б. бұған буна
Т. бұны, мұны буну
Ж. бұнда, мұнда бунда
Ш. мұнан, бұнан бундан
К. бұнымен, мұнымен
Қазақ тіліндегі септелу үлгісг.ноғай, алтай тілдерінде
(алтай тілінде барыс тұлғасы -бо, ноғай тілінде буға),
түрікмен т. б. тілдерде қайталанып отырады. Ал, түрік
тіліндегі жүйе әзірбайжан, өзбек, қарайым тілдерінде
қайталанады. Септелу жүйесіндегі бұндай ерекшеліктер
түркі тілдерінің бір-бірінен алшақтаған, оқшаулДнған ке-
зінде қалыптасса керек. Ондай қорытындыға себеп, ай-
ырмашылықтар бір этногендік топқа жататыи (мысалы:
түрік, түрікмен) тілдер арасында кездеседі. Ал ұқсастық
этногендік жағынан алшақ топ тілдер арасынан байқалады.
Жалпылауыш есімдіктерінің негізгі түрлері түркі тіл-
дерінің барлығына дерлік ортақ болып келеді. Қазақ: бар-
лық, барша, бәрі, (бір түбірден), күллі, бүкіл, түгел, бүтін;
көне түркі: бары, барча, бүтүн, түгел әзірбайжан: вар,
вары, бүтүн; қарайым: бар, бүтүн, түгел; қырғыз: бары,
бардық, бүткүл, бүтун, түрікмен: бары, бүтін, түкел, бітін,
бари, барча, бүтүн; ұйғыр: бәрі, бәрчә, пүтүн, пүткүл;
шор: парча; якут: бары, барыта.
Дегенмен, кейбір тілдерде сол тілдің өзінде ғана айты-
латын жекелеген сөздер кездеседі: көне түркі: қамуғ, төгме,
әзірбайжан: ғаму, йаму, башқұрт: тотыс, түркімен: тутуш.
Жалпылауыш есімдіктерінің ішінде ең байырғылары про-
номинализацияға ұшыраған бұл сөзінен жасалғандығы.
Ал, бүтін, күллі, түгел, тәрізді сөздер (солардың әр түрлі
тұлғалары да) басқа сөз таптарынан ауысып, есімдік мәніне
(әрине, контекстік қелданылудың нәтижесінде) ие болған.
Саралау мәнді есімдіктер араб, парсы тілдерінен ауысқан
әр (һәр), бағзы сөздері арқылы жасалғандар, қазақ: әр
нәрсе, бағзы бір кісі, әзірбайжан: һәр кім, һәр кімсә, қа-
райым: ғар, қарашай-балқар: хор кім, хор бір, хор не, хор
қайсы, қырғыз: ар кім, ар бір, ар қайсы, ар қандай, татар:
һәр, һәрбір, һарсім, өзбек: бағэн, һар бір, һар кім, шор: ар.
Бұл сөздерді түркі тілдері грамматикаларында әр түрлі
түсіндіру бар: бірде бұларды жалпылауыш есімдіктері,
бірде анықтауыш (определительные) есімдіктері деп тү-
сіндіреді. Дұрысында, һар сөзімен келген тіркестерден қа-
лыптасқандар саралау, бір-бірінен даралап, ажырату мә-
нінде қолданылады. Егер бұлардың осы ерекшелігін ескер-
сек, жалпылауыш есімдіктерінен бұларды бөліп алып қа-
рауымыз керек.
Қолданыс мәні жағынан бұл тоцқа жақыны — болым-
сыздық есімдіктері. Болымсыздық есімдіктері қазіргі түркі
тілдерінде мына сипатта айтылады: қазақ: ешкім, еш нәрсе,
әзірбайжан: һәчкім, һәм кімсе, һәм кэс, һәч ңе, һеч һансі
(ешқандай), алтай: эшнемә, башқұрт: һіс кім, һіс нөме,
һіс ні, гагауз: һіч бішәй (ещ нәрсе), татар: һічкім, һічні,
һічнәрсе, түрік: һіч кімсә, һічбір. Бұл сөздер (тіркестер)
парсы тілінен ауысқан һіч, эч аффикстерінің негізінде
қалыптасқан.
Бірсыпыра тілдерде контекс ыңғайымен болымсыздық
мәнінде белгісіздік есімдіктері қолданылады. Мысалы, ал-
тай: кімде (ешкім), шде (еш нәрсе), башқұрт: бІркімде
(ешкім), бір немеле (еш нәрсе), татар: біркім (ешкім),
ніде, бірмы (еш нәрсе) т. б.
Белгісіздік есімдіктерінің ең байырғы түрі бір сөзімен
айтылатын түрлері болу керек: қазақ: шр кісі, біреу, бірдеме,
бір иәрсе, алтай: (Яр кіжі, бір нәмә, кажі оір (кейбір),
құмық: бір қат, иоғай: бір кім, бір зат, тува: Яр кіжі.
Түркі тілдерінде, сонымен қатар, белгісіздік есімдікте-
рін жасайтын морфологиялық тұлғалар кездеседі. Олар
мыналар: -дыр -дүр (кейде соңғы р дыбысының айтылуы):
башкұрт: кімдір (әлдекімдер), нэмэлір (элденемелер),
қырғыз: кімдер бірге эмнэдір (әлденелер), қандайдыр бір
(қандай болмасын), ноғай: кімді борэв (әлдекімдер), қан-
дай ды (қандай бір), салар: кэмэр, наңжыр, татар: кімдір,
нідір, нэрсәдір, түрікмен: кімдер, нэмэдір т. б. Белгісіздік
есімдіктерді жасайтын аффикстердің бірі — шартты рай
тұлғасы -са/-се: әзірбайжан: кімсе (әлдекімдер), нэсэ (әл-
денелер), гагауз: кімсэ, кімсэй, нэсэ, қарайым: кімсе, нэс
т. б. Түркі тілдерінің тарихын зерттеушілер кімсэ тұлғасы-
ның шығуын кім есімдігі мен шартты рай тұлғалары көмекші
етістік тіркесінің фонетикалық өзгерісінің нәтижесі деп
қарайды. Бірсыпыра түркі тілдерінде белгісіздік есімдіктері
әлде (алла) алда (алдм) алқа сөзінің тіркесі арқылы
жасалады. Қазақ: әлдекім, әлдене, башқұрт: әллекім, әлде-
неме, қырғыз: алда кім, алда эмнэ, алда қандай, татар:
әлле кім, әллені, әлле нәрсә, әлле қайсы, өзбек: аллакім, ал-
ланімә, алланарса. Ал, шор, алтай тілдерінде бұл аталған тә-
сілдерден басқа сөзді қайталап қолдану арқылы белгісіздік
есімдіктері жасалады: кәм-кәм, не-не, чуг-гүч (әлдене) т. б.
Орта Азия мен Кавказды мекендейтін түркі халық-
тарының тілдерінде парсы тілінен ауысқан фалан (філәи).
пәлен сөзі белгісіздік есімдік мәнінде қолданылады:
әзірбайжан: філан, қазақ: пәлән, пәленше, құмық: палан-
ча, түрікмен: пылан, пыланы, өзбек: фалән т. б.
ЕТІСТІК ПЕН ОНЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ
КАТЕГОРИЯЛАРЫ
Етістік деп қимыл-әрекетті, қалып пен күйді білдіретін,
етіс, рай, шақ, жақ, сан, болымсыздық категорияларын
арнайы морфологиялық тұлғалар жүйесі арқылы білдіре
алатын сөз табы аталады. Етістік деп аталатыи сөз
табына тікелей жақ, шақ қосымшаларын қабылдай алатын
сөздер жатады. Мұндай ерекшелік олардың синтаксистік
қызметі арқылы айқындалады. Сол сияқты синтаксистік
қызметі бойынша түркі тілдеріндегі етістіктер жіктелетін
формалар жүйесіне және жіктелмейтін, жақ, шақ бойынша
өзгермейтін формалар жүйесіне бөлінеді.
Етістіктің есімдерден морфологиялық тұлғалар арқылы
бөлектенуі түркі тілдерінде бір сипатта өтеді. Оның себе-
бі: етістіктердің есімдерден негізгі жіктелісі ата тіл, -негіз
тіл дәуірінде басталған процесс. Дегенмен, бұл процестің
(яғни етістіктердің есімдерден жіктелуінің) әлі де түгелдей
аяқталып болмаған. Айталық, қазіргі түркі тілдерінде
есімдер мен етістіктерге жақ, шақ жалғаулары бір сипатта
жалғанады. Мысалы, ноғай тілінде: аламан, тува тілінде:
алыр мәл, алыр сән. Ал қазақ тілінде: инженермін, аламын,
инженерің, аласың т. б. Көне түркі тілінде: мен Датыр мен
т. б. Бұл фактілер жаңагы аталған формаларда етістіктер
мен есімдердің айқын жіктелгендігін көрсетпейді. Сондай-
ақ, кейбір тілдерде ды тұлғалы жедел өткен щақ ер
көмекші етістігімен тіркесіп қолданылады. Түрік тілінде:
гелдійді ( ер етістігінің продукцияланған түрі). Бұл -ды тұл-
ғасының о баста таза етістік болғандығын дәлелдейді.
Етістіктердің есімдерден бөлектеу процесі негізінен етіс-
тік мәнін, қызметін жасайтыи аффикстерді қолдану арқылы
жүреді. Бұл — күрделі процесс. Бұл процестің күрделілігі-
нің екі түрлі жағдайы бар: біріншіден, етістіктің құры-
лымдық дамуы, етістіктің грамматикалық мәнінің дамуымен
бірге оның категориялық жаңа белгілері дамиды, жаңа
грамматикалық белгілері келіп шығады. Екіншіден, преди-
катив қызметінде тұрақты қолданылу арқасында қимыл
есімдері етістіктің мәні мен қызметіне ие болып отырса
да, есім мәні мен қызметінен бірден ажырап қалмайды.
Қазіргі түркі тілдеріндегі есімше формалары деп қарала-
тын морфологиялық топ есімдерше түрленіп, септік, тәуел-
дік, көптік жалғауларын қабылдайтыны белгілі. Екінші
жағынан, сол формалар етістіктердің қасиеттерінен ажырап
қалмаған: олар есімдерді меңгереді, баяндауыш қызметінде
тұрақты қолданылады. Осыдан барып түркі тілдеріндегі
есімше формалары әр түрлі синтаксистік қызмет атқа-
рады: баяндауыш болады, анықтауыш мүше қызметінде
тұрақты қолданылады, септеліп толықтауыш қызметін де
атқарады. Қысқасы, синтаксистік жағынан есімшелер есім
мен етістіктерге тән қызметтердің барлығында жұмса-
лады.
Түркі тілдерінің тарихы басқаша құбылысты береді:
-ды қимыл есімі орта ғасырдың кейбір жазба тілінде
көмекші етістікпен келіп те, жеке келіп те баяндауыш
қызметінде жұмсалып, анықтауыш қызметінде қолданыла-
ды. Ал қазіргі түркі тілдерінде -ды тек баяндауыш қыз-
метінде жұмсалады. Бұл ыңғайда қимыл есімі түгелдей
етістік формасына ауысады.
Етістіктердің ежелгі сипаты туралы мәселе. П. М. Ме-
лиоранский өзінің Күлтегін ескерткішін мұқият зерттеуге
арналған белгілі еңбегінде «...көне дәуірлердегі түркі тіл-
дерінде түбірлердің етістіктер мен есімдерге жіктелуі
қазіргідей қатаң жүйе болмаса керек» деп жазғаны бел-
гілі. Белгілі ғалымның бұл ескертпесі түркі тілдері тари-
хының аса бір үлкен проблемасын аңғартады. Шынында,
есімдер мен етістіктер мәндерінің бір сипатты түбірлер
мен негіздер арқылы немесе омонимдер арқылы берілуін
қалай деп түсінуге болады, есім де, етістік те болып
ұғынылатын түбірлер мен негіздер тілдің ежелгі сипаты
болған ба,- әлде кейін қалыптасқан құбылыс па? дейтін
сұрақтарға жауап беру тілдің қазіргі жағдайын еркін тү-
сіндірумен қатар, оның тарихын да түсінудің басты шарт-
тарының бірі болып табылады. Жалпы етістіктердің шы-
ғуы, қалыптасуы жайлы мәселенің басқа тілдерге де қатысы
бар. Тіл дамуының ежелгі дәуірінде сөздер етістік, есім
болып жіктелмей, бір сөз әрі етістік, әрі есім болып ұғы-
нылған. Бұл тұжырым тіл білімінде үлкен бағдарға негіз
болмаса да, есімдер мен етістіктердің шығуы туралы та-
рихи морфологиялық түсініктердің пайда болуына түрткі
жасады.
Орыс оқымыстысы А. А. Потебня «орыс тілінде біздің
заманымызға қарай есімдер мен етістіктер арасындағы
қарама-қарсылық күшейе түседі»—деп жазды. Сондай-ағ
ол: «қазіргі орыс тілінде етістіктің сөйлемде айтылмауы
есімдік сөздерінің алғашқы екендігіне дәлел бола алмайды,
бұл жерде басқа да құбылыстың болуы әбден ықтимал»
деп қарады47. Сонымен, бұл айтылғандардан «етістіктео
алғашқы құбылыс па?» дейтін сұрақ туады.
Күлтегін ескерткішін зерттеу үстінде П. М. Мелиоран-
ский есімдер мен етістіктердің формалық жағынан бөлек-
тенбей келуін байқағаны белгілі. Кейінгі зерттеулер бұл
құбылыстың көне ескерткіштер құрамында ғана емес, яғни
көне түркі тілдерінде ғана емес, қазіргі түркі тілдерінде
де бір екендігін анықтады. Түркі тілдерінде тоң (тоң мұз,
тоң май), тоң (ол тоңцы), тат (тат басты, тістің таты),
тат (дәмін тат, астан тат), көш (үлкен көш, күзгі көш),
көш (бұл жерден көш), қат (қат-қат қылып жинады),
қат (жер қатты), сұқ (сұқ саусақ), сұқ (қолын сұқты)
сөздерінің түбір күйінде омонимдік қатар құрып немесе бір
ғана түбірдің етістік болып та, есім болып та ұғынылуы
бар. Мұның өзі бірен-саран тілдерде ғана кездесіп қоймай-
ды, түркі тілдерінің барлығында бар, барлығында орнық-
қан құбылыс. Кейбір түркі тілдерінде есім-етістік омони-
миясы бірте-бірте азая бастағаны байқалады. Кейбір тіл-
дерде омонимдік атаулардың бір сыңарына аффикс жал-
ғану арқылы ол етістікке, не есімге айналады да, синкре-
тикалық қатар түзеді, екеуі екі тұлғалы сөз ретінде ұғыны-
латын болған. Мысалы: қазақ тілінде: ақ (ақсын, қалу —
ойланбай қалу), аңда (айғыңды аңдай бас), бай (бай кісі),
байы (ол байыды), оң (оң жақ, оңба ісі оңбайды), оңда
(жөнде, қолда), тың (тың алды), тыныш (тыныштық),
тыншы (тыншыды), дем (дем алды), демік т. б. Есімдер мен
етістіктер омонимдердің мұндай жолмен бір-бірінен жік-
телуін кез келген тілден сан-салалы фактілер арқылы
көруге болады. Бұл жағдай тілдер арасынан байқалады:
бір тілде синкретикалық жұптың есім сыңары бар да,
екінші тілде сол түбір сипатында — етістік ретінде ғана
айтылады немесе керісінше қолданылады; қазақ тілінде
қарт, қария — есім түбірлер, түрік тілінде қары-қартаю, қа-
зақ тілінде түн — зат есім, мезгіл атауы, түрік тілінде
мезгіл атауы және «қараңғы түсу, көз байлау» т. б. Мұндай
синкретикалық параллельдер _ туыс тілдер арасында мол
кездесетіні мәлім. Қазіргі түркі тілдерін көне мұралар
фактілерімен салыстырып, тарихи тұрғыдан қарастыру мы-
наны көрсетеді: көне түркі тілдерінде есім-етістікті синкре-
тикалық жұптардың саны қазіргі түркі тілдерімен салыс-
тырғанда әлдеқайда көп. Біздің заманымызға жуықтаған
сайын ондай сөздердің саны азая бастады. Көне дәуір
мұраларымен салыстырғанда, орта ғасырдың соңғы кезең-
деріндегі мұралар тілінде едәуір азайғаны байқалады. Мұ-
ның өзі орыс лингвисі А. Потебняның пікірін растайды,
сөз жасаудың аффиксальді тәсілі салаланып, тілдің бүкіл
өн бойын қамтумен бірге есімдік-етістік синкретизмінің
аумағы тарыла береді.
Есім-етістік синкретумы әуелі етістіктер қалыптасты ма,
әлде есім қалыптасты ма дейтін түбегейлі мәселемен ты-
ғыз байланысты. Өйткені, бір ғана түбірдің әрі есім, әрі
етістік болып ұғынылуы, сол қызметте жұмсалуы олардың
қайсысы бұрын немесе қай мағына дейтін мәселені алға
тартады. Мұндай сұрақ түркі тілдерінде ғана емес, басқа
тілдерде де көп замандар бойы қойылып келеді. Үнді-
европа, семит тілдерін зерттеушілер бұл сұраққа етістіктің
жіктелетін тұлғаларының арғы негізі — есімдер деп жауап
бергені мәлім?0
Түркі тілдерін зерттеушілер де замандар бойы есімдердің
өзгеру процестерін мойындап, тіл дамуының барысында
етістіктерді морфологиялық жағынан жіктеледі деп есепте-
ді. Бұл қорытынды мынадай тарихи зерттеулерде дәлел-
денген негіздерге сүйенеді: әрі есім, әрі етістік болып
ұғынылған түбірден әуелі қимыл есімі жасалып, қимыл
есім тұлғасы арқылы процесс пен күйдің қатысы, сондай-
ақ сөйлеушінің қимылы мен оның орындаушыға көзқара-
сы білдірілген. Қысқасы, қазіргі тілдердегі шақ, жақ, мо-
даль жайлы ұғым тудыратын грамматикалық формалар
140
жүйесінің алғаш шыққан жері — қимыл есім тұлғасы. Сои-
дықтан жіктелетін (яғни жақ, шақ, модаль ұғымдарын
тудыратын) етістік категорияларының шығып, қалыптасу-
ында қимыл есімдер жүйесінің ролі зор. Түркі тілдерінде
қолданылатын қимыл есімдерін мағынасы мен қолданылу
ерекшеліктеріне қарай еқі топқа бөліп қарау керек. Олар:
субстантивтік қимыл есімдері және объективтік қимыл есім-
дері. Субстантивтік қимыл есімдері зат есімдердің қыз-
меті мен мағынасында қолданылады. Ал объективтік қимыл
есімдері атрибуттық және предикативтік қызметтерде қол-
данылады. Дегенмен, қазіргі тілдерде айқың Аөрінетін бұл
жіктеліс көне дәуір мұраларының тілінде айқын байқала
бермейді. Дұрысын айтқанда, ол тілдерде субстантив пен
объектив арасындағы айырмашылықты не функциялық
өзгерістен, не қолданыстан байқау қиын, тіпті байқал-
майды да.
Түркі тілдері тарихында қолданылған, қазір де қол-
данылатын қимыл есімдері шамамен 40 шақты. Олардың
ішінде көп тілдерде қолданылатындары мыналар: -мақ, -ма,
-ыс, -ыш, -ынч, -ғы, ық, -ығ, -ы, ЫТ, -ын, -мыш, -қын, -ған,
-дық, -ыр, -ар, -қыр т. б.
Бұл көрсетілген тұлғалардың ерін дауыстыларымен (мы-
салы, -уш, -ғу) келген, ұяң дауыстылармен айтылатын
(-ғын, -ғыр) варианттары бар. Кейбір тілдердің фонетика-
лық ерекшеліктері бойынша езу дауыстыларынан гөрі ерін
дауыстыларының айтылуы басым болса, (мысалы, қырғыз
тілі) кейбір тілдерде қатаң дауыссыздардан гөрі ұяң дауыс-
сыздардың айтылуы басым келеді (айталық, оғыз тілдері).
Сондықтан жоғарыда көрсетілген тұлғалардың варианттары
жалпы түркілік аяда алғанда көп салалы болып отырады.
Бұл көрсетілген тұлғалар әр түрлі тілдерге немесе
жеке топтағы әр түрлі тілдер тобына тән болып, сол тілдің
ерекшелігін немесе сол тілдердің айырылым белгілерін
көрсетеді. Мысалы, -ған. тұлғасы көбінесе қыпшақ тіл-
деріне тән, ал -мыш тұлғасы оғыз тіліне, сондай-ақ
Сібір мен Қиыр Шығысты мекендеген кейбір тілдерге
ортақ. Жеке тілдердің, сондай тілдер топтарының осындай
айырмашылықтары бар әрі олар заңды құбылыс. Өйткені,
«түркі тілдері» деген жалпы атпен біріктірілетін тілдер
өз ішінде әр түрлі этникалық және лингвистикалық
топтарға жіктеледі. Қай топ қандай тайпа тілдері негізіңде
қалыптасса немесе қай тіл қай тайпалық тілдер одағына
қатысты болса, сол тайпа тілінің немесе тайпалар тілде-
рінің жүйелік белгісін сақтайды, солар бойынша жүйелеиіп,
салаланады. Сондықган көроетілген тұлғалардың түгелдей
бір тіл құрамынан немесе тілдер тобы құрамынан кез-
деспеуі немесе бір тұлғалардың жиі қолданылып, екінші
бір тұлғалардың аса сирек, анда-санда ғана кездесуі де
заңды құбылыс. Айталық, жоғарыда аталган — мыш қазақ
тілінде, басқа да қыпшақ тілдерінде жекелеген сөздер
құрамынан ғана ұшырайды, еркін қолданылмайды. Өйткені,
қазақ тіліне, жалпы қыпшақ тілдеріне негіз болған тілдер
құрамында ондай тұлға қолданылмаған. Ал, -мыш тұлғасы
кездесетін сөздер тілдердің кейінгі байланысының (ареал-
дық байланыс) нәтижесі болуы әбден мүмкін. О оғыз
тілдерінде -ған тұлғасының ұшырасуын да солай түсіну
керек.
Тілдердің даму барысында қимыл есімдері фонетикалық,
грамматикалық және семантикалық өзгерістерге ұшырады.
Тіл құрамындағы функциялық жіктеліс қимыл есімдеріне
әсер етпей қоймады. Сондай ішкі даму ерекшеліктеріне
байланысты қимыл есімдері пішіндік өзгерістермен қатар
грамматикалық өзгерістерге ұшырады. Нәтижеде кейбір тіл-
дер құрамында жеке қимыл есімдердің белгілі бір грамма-
тикалық семантикада, қолданысында орнығуын айту керек.
Ондай тұлғалардың жалпы түркілік құбылыс екендігі тек
салыстыру арқылы ғана айқындалады. Мысалы, түркі
тілдерінің көпшілігінде -ма тұлғасы зат есімдер құрамында
орныққан. Қазақ тілінде, Сібір мен Алтайға орналасқан
тілдерде де сондай. Ал -ынш тұлғасы қазіргі түркі тілдері-
нің ешқайсысында қңмыл есім қызметінде қолданылмайды.
Ондай тұлғалы сөздер көпшілік тілдерде зат есім ретінде
ұғынылады. Көне мұралар тілінде -унч қимыл есім тұлға-
сының қолданылуы кең жайылған құбылыс емес. Бұл
тұлғада реттік сан есімдер құрамы сақталып қалған:
үшінші, бесінші, жетінші тәрізді реттік сан есімдер жа-
сайтын -ыншы тұлғасы бір кездегі қимыл есімі екені айқын.
Кейін қосылған элемент -ы болса керек. Бұл, сірә, сөз
соңын тиянақты аяқтауға ұмтылудың нәтижесі де, оның
ш дыбысынан соң қысаң дауысты і айтылған.
Сан есімдер құрамында орнығып, сан есім жасаушы
морфологиялық тәсіл ретінде ұғынылып кеткен қимыл есім
тұлғасы бұл ғана емес: біреу, екеу тәрізді сандар жасайтын
-у, алты, жеті сөздерінің құрамындағы -ты, бірер сөзінің
құрамындағы ер тұлғасы көне замандарда еркін қолданыл-
ған қимыл есім формалары. Алдыңғы -у тұлғасының байыр-
ғы сипаты -гү, -ғу, ғ дыбысы әсерінің нәтижесінде -у -ға
айналған; алты, жеті сөздерінің құрамындағы -ты қазіргі
142
тілдерде көбінесе -ды болып айтылады, яғни жедел өткен
шақ жаоайтын тұлғаның ескі сипаты сөздер құрамында
тұрақтап қалған. Ал -ер қосымшасын есімше тұлғасы
деп қарауға керек.
Түркі тілдерінің тарихында жоғарыда көрсетілген ал-
ғашқы қимыл есім тұлғалары негізінде қимыл есімдерінің
екінші қатары — күрделенген тұлғалары қимыл есімдерінің
алғашқы жалаң тұлғаларының өзара немесе басқа бір тұл-
ғаларымен тіркесіп, жымдасуынан пайда болған. Олардың
көне, жаңа тілдерде кең таралған басты түрлері мыналар:
-мачы, -дачы (-тачы), -ығсақ, -ышсақ, -сақчы, -ығчы, -ғучы,
-ығма, -ығлы, -ғалы, -ғанлы, -мақлы, -ығлық, -ғулық, -ажақ,
-асы т. б. Бұл тұлғаларды сырттай шолып қарағанда олар-
дың алғашқыг бірінші бөлігі міндетті түрДе қимыл есім
тұлғасы болып келеді де, екінші бөлігі қимыл есім тұл-
ғасымен субъектіге телитін тұлғасының қосындысы (-ығ4~
Ң-сақ, -ығ4-чы, -ғу4~чы т. б.) немесе есім жасайтын аффикс
(-ға4-лы, ғу4~луқ) болып келеді. Қалайда мұндай аффик-
стердің екінші компоненті есім жасауға, яғни субъектіге
тікелей қатысты есім жасауға бейім тұрады.
Қимыл есім формаларының бұл тобы етістіктің жік-
телетін категорияларын жасауға тікелей қатысты. Жоғары-
да айтылған қимыл есімдерінің іщінде етістіктің жіктеле-
тін категорияларының *арғы негізін салғандар немесе етіс-
тік категорияларына айналғандар ең алдымен атрибут
қызметінде қолданылатындары немесе сол қызметке бейім-
дері. Атрибут — қызметіне бейімдері өзіне қатысты есім
еөздермен семантикалық субъект-атрибут қатынасына тү-
седі. Сол семантикалық қатынастың кейінгі дамуы субъект
пен предикат қызметіне айналады, соған орай олардың
арасындағы қатынас қайта ұғынылады. Предикат қызме-
тіне ие болу үшін қимыл есімінің сөйлем не сөз тіркесі
құрамындағы мәні қайта немесе басқаша ұғынылуға тиіс,
соның салдарынан субъектіні білдіретін сөзбен арадағы
қатынас қайта ұғынылады. Бұл жерде субъект пен предикат
мәніндегі тұлғалардың мезгіл мен жақ тұрғысынан ың-
ғайласып келуі предикативтік қатынастың негізінде еске
алынады. Шақ жағынан ыңғайласу, сондай мәннің қалып-
тасуы жак? туралы ұғымның негізін беретін тәсілдердің
қажеттігін туғызады. Әрине, жақ жайлы ұғым немесе сон-
дай ұғымдардың жиь!нтығы қимыл есімнің негізгі мағы-
насының — қимыл атаулының дамуы, соның жіктелу нә-
тижесі екені белгілі.
Предикатив қызметінде қимыл есімдерінің қолданылуы
сөздің белгілі бір мәнде «мамандануын» туғызады. Яғни
әрбір қимыл есім формасы белгілі бір мәнде қолданылып
қалыптасты да, басқа мәндерден ажырап қалды немесе
олар бұл тұлғаның тікелей қолданылатын аясы болудан
қалды. Әрине, мұндай процесс әрі ұзақ мерзімді қамтиды,
әрі өте күрделі болады, оның үстіне жеке тілдердің өздеріне
тән ерекшеліктері, даму айырмашылықтары бар. Мұны
қазіргі түркі тілдеріндегі ашық рай мазмұнының бірыңғай
болмауынан көруге болады. Айталық, қазақ тілінде -а тұл-
ғасы көбінесе осы шақты (немесе грамматикаларда айтып
жүргендей ауыспалы осы шақты) білдіреді, яғни бұл тұлға-
ның осы шақты білдіруі келер шақты білдіруден гөрі әл-
деқайда басым. Ал — р тұлғасы қазақ тілінде келер шақты
білдіреді, ал гагауз, әзірбайжан, түрік тілдерінде — а
тұлғасы негізінен қалау рай жасаушы форма, -р тұлғасы
ауыспалы осы шақты білдіреді.
Қимыл есім тұлғалары іс пен қимылды білдірсе, морфо-
логиялық ешбір тұлғасы жоқ түбір етістік бұйрық райдың
екінші жағы болып қалыптасқан. Бұл ешбір қосымшасыз
тұлғаны — есімдердің атау септік тұлғасының, етістіктер-
дің бұйрық райлы II жағындағы морфологиялық қосым-
шасыз тұлғасы мен есім-етістік жүйесінің қалыптасуына
алып келеді. Ал етістіктердің өз ішінде бұйрық рай мен
ашық райдың семаитикалық қарама-қарсылығы орнықты.
Сөйтіп, тілдік жүйенің кейінгі дамуының өзегі болып та-
былатын қарама-қарсылықтар келіп шықты. Тілдің кейінгі
барысында бұйрық рай тұлғасы сол сипат, сол қалпында
қалды да, ашық райлық тұлғалар жүйесі күрделі өз-
герістерге (фонетикалық, морфологиялық және семан-
тикалық) ұшырайды.
Шығу тегі мен қалыптасу ерекшелігі жағынан бұйрық
райдың II жағындағы етістіктің түбір тұлғасын есімдердің
вокатне тұлғасымен салыстырудың логикалық негізі бар.
И. А. Богородицкий есімдердің вокатне тұлғасын етістік
түбірдің субъектісі деп қарайды. Етістік түбір қимыл-
әрекет атауы, ал қимылдау субъектісі — вокатне .
Қимыл есім тұлғаларының ашық рай тұлғалары тіркес
құрамының соңында айтылады. Әуелі кез келген сөздер
тіркесі (есімдер) біркелкі болады. Тіркес құрамындағы
компоненттердің қызметі мен мәні^олардың арасындағы
грамматикаһық қатынас арқылы айқындалады. Граммати-
калық қатынас олардың орнына, яғни араласуына негіз-
деледі. Қимыл есімдердің тіркес құрамында соңғы орын-
ға — басыңқы компонент ретінде орналасуы олардың пре-
дикат қызметі мән мәніне байланысты. Қимыл есімдерін
предйқат қызметінде орнығуын тиянақты аяқтаған про-
цесс — оларға жіктеу есімдіктерінің тіркесіп айтылуы бол-
ды. Жіктеу есімдіктері қимыл-әрекеттің орындаушы субъек-
тімен байланысын көрсететін бірден-бір тәсіл — предикат-
тық мәннің басты тәсілі. Жіктеу есімдіктерінің тіркееіп
қолданылуы: істі тікелей жүзеге асырушы жақ, сандық
мәнмен бірге жаңа грамматикалық категория ұғымы келіп
шығады.
Түркі тілдеріңің құрылымдық ерекшеліктері жайлы сөз
болғаңда, әр кез пассивтік қатынас пен предикативтік
қатынасты білдіретін тәсілдердің тарихи бірлігі жайлы ай-
тылады. Мұндай тұжырым қазіргі түркі тілдерінің құ-
рамында предикат қызметіндегі сөздер тәуелдік қатынас-
тағы сөздердің тұлғаларына ұқсап жіктеледі: барса -м,
бала-м, келді-м т. б. Мұндай ұқсастықтар кездейсоқ емес.
Түркі тілдерінің көне дәуірінде қазіргідей екі түрлі жік-
телудің орнына бір ғана жіктелу жүйесі болған. Жоғарыда
көрсетілген шартты рай тұлғасы көне жазбаларда барсар-
мен түрінде жіктелген, яғни бұл тұлғада жіктеу есімдік-
тері толық жалғанған. ‘
Сондай жалғану жедел өткен шақ тұлғасында да бар. ~
Бірақ қимыл есім тұлғаларының басқа түрінен гөрі
етістік мәнге ерте ие болған, сол мәнде актив қолданыл-
ған тұлғалар жедел өткен шақта -ды, шақты рай тұлғасында
-са болса керек. Өйткені, қазіргі тілдерде бұл екі тұлға
таза етістік, яғни ашық райлық мәнінен басқа түрде қол-
данылмайды. Басқа қимыл есім тұлғалары көбінесе екі
жақты болып келеді. Бір тілде ашық рай мәнінде қолда-
нылса, екінщі тілде қимыл есімін жасайды немесе әрі
ашық рай, әрі есімше (қимыл есімі) қызметін атқарады.
Соңғы ыңғайда бір қызметте актив, екінші қызметте пассив
болатыны бар. -ды, -са тұлғаларының предикаттық қыз-
меттегі көрінісі оларға жалғанған қосымшаның өзгерістерге
түсуіне себеп болды: фонетикалық өзгерістер (элизия мен
редзикция: -м, -мын) нәтижесінде олардың кейбір тұлға-
лары пассив тұлғаларымен бірдей болып шықты. Сонымен,
қимыл есімдері негізінде шақ тұлғаларының немесе ашық
рай тұлғаларының қалыптасып, жүйе есебінде дамуы ша-
мамен осылай түсіндіріледі, мұны тарихи түркологиялық
зерттеулер дәлелдеп отыр.
Есімдер мен етістіктердің байырғы диффуздығы, олар-
дың бір-бірінен семантикалық айырмашылығы, синтаксистік
функцияға негізделуі түркі тілдерінің орын тәртібін немесе
сөздердің орналасу тәртібін қатаң сақтайтын синтакси^тік
құрылысының қалыптасуына негіз болды. Мұндай сңгітак-
систік құрылыс тілдік жүйеділіктің басты құбылысы —
ашық рай формаларының немесе түркі тілдеріндегі преди-
кативтік қатынас пен предикаттық категория ретінде
қалыптасуына мүмкіндік жасады. Сонымен, түркі тілдерін-
дегі синкретизм — тілдің ежелгі дәуіріндегі қалып-күйі,
аффиксальды тәсіл арқылы есім, етістік жасау жолда-
рының даму, соның салдары ретінде өзгеріске түсу нәти-
жесі. Аффиксальды тәсілдің қалыптасуы арқылы қимыл
есімдері келіп шыққан. Қимыл есімДерінің қозғалысқа, тіл-
дік стихияға түс^інің нәтижесінде ашық рай тұлғалары,
предикаттық тұлға қалыптасты. Ашық рай тұлғаларының
генезиЬін айқындау, оның тарихи құрамын талдау, екінші
жағынан, синтаксистік құрылыстың тарихи құрамын анық-
тау баяндауыш пен баяндауыштық қатынастың есімдер
негізінде пайда болғанын көрсетеді. Сондықтан түркі
тілдеріндегі сөйлемдер есім негізінде жасалады.
Етістіктің жақтық қосымшалары. Етістіктерге қосылып
жақ мәнін туғызатын қосымшалардың шығу тегі бір бол-
ғаньгмен, сыртқы пішіні әр түрлі болып келеді. Олар екі
топқа жіктеледі. Бірінші топқа бұрынғы өткен шақ пен
осы шақ, келер шақ тұлғаларына жалғанатын қосымша-
лар жатады. Осы топқа қалау рай тұлғалары мен бұйрық
рай тұлғаларына жалғанатын қосымшалары да енеді.
Жекеше I жақ қосымшалары кейбір тілдерде мына си-
патта кездеседі: -мын, -бын (қазақ); чулым татарлары,
якут, қырғыз, хакас тілдері: -мин.
- мин,-мән: татар, башқұрт тілдері;
- мән: ұйғыр тілінде;
- м: татар, башқұрт, қазақ тілдерінде кездеседі, алам;
-ым, -им: алтай, шор, гагауз, түрік тілдерінде;
- ын, -ин: теқ түрікмен тілінде ғана қолданылады; аларын
алардын;
- әм, -эм: әзірбайжан тілінде қолданылады.
- п(-ып): тек чуваш тілінде қолданылатын вариант.
Жекеше П жақ қосымшалары:
- сың, -сиң: қырғыз, қарайым тілдерінде айтылады;
- сын, -син: түрік, гагауз тілдері;
- сың, -сің: қазақ, башқұрт, татар, қарақалпақ, ноғай
тілдерінде айтылады.
- сең: тува тілінде айтылады. Жіңішке дауыстының
сыңары жоқ;
- саң, -сең: озбек тілінде айтылады;
, -сан, -сән: әзірбайжан тілінде ғана айтылады;
іса, -се: соңғы ң дыбысының түсуі арқылы қалыптас-
қан бұл вариант қарашай-балқар тілінде ғана қолданылады;
- сең: ұйғыр тілінде ғана айтылады;
- дисың, -дисиң: түрікмен тілінде ғана айтылады;
- һың, -һің: башқұрт тілінде* ғана бар;
- ғын, -гин: тек якут тілінде бар.
Жекеше III жақ қосымшалары — түркі тілдерінде кейін
қалыптасқан. III жақ қосымшасына негіз болған сөз —
тур етістігі. Бұл сөз бірсыпыра түркі тілдерінде қысқарып,
өзгеріп кеткен: ноғай, қазақ, қарақалпақ тілдерінде -ды: ала-
ды, қырғыз тілінде — алат, чуваш тілінде — сырат, қара-
шай-балқар тілінде — алады, алат, өзбек тілінде — олади,
түркімен тілінде — алыпдыр, ұйғыр тілінде — әліпту. Тур
етістігінің турур есімше тұлғасы предикативтілікті берудің
факультативтік тәсілі ретінде қолданылған. Көне жазба-
ларда жоғары тұлғаның 3 жақта қолданылған фактісі
бар: күледүрмен, аладырсыз. Осыған ұқсас тұлғалану қа-
зіргі әзірбайжан, түрікмен тілдері диалектілерінде кезде-
седі: бармаздырсың, бармаздырсыңыз т. б. Кейінгі дәуір-
лерде I—II жақтарда турур етістігін қолданудың қажет-
тігі жоғалды. Осымен бірге баяндауыш құрамынан ол тұлға
түсіп қалады.
Көпше (жақ қосымшалары) кейбір тілдерде мына сипат-
та қолданылады;
- биз, -быз: қарашай-балқар, қырғыз, құмық, қарайым
тілдері;
- быз, -бэз: татар тілі;
- быз, -бэзд: башКұрт тілі;
- быс, -бис: алтай, хакас, шор, тува, чулым татарлары
тілдері;
- быт, -бит: якут тілі;
-мыз, -миз: қырым татарлары, өзбек, ұйғыр тілдері;
-мыз, -міз: қазақ, қарақалпақ, ноғай тілдері. Бұлардың
өзбек, ұйғыр тілдерінен айырмашылығы: қысаң жіңішке
і дыбысы айтылады және қосымшаның басқы дыбысы
түбірдің (негіздің) соңғы дыбысының аяқталуымен б, п
дыбыстарына ауысып айтылады, ұйғыр тілінде тек қана —
лиң варианты айтылады, бұл тек сол тілдің ерекшелігі.
-ыз, -из: гагауз, түрік тілдерінде бұл қосымшалар көне
дәуірлердегі екілік (көптік) қосымшасы негізінде қалып-
тасқан. Шамамен, бұл қосымшасының I жақ көптік мәнді
туғызуын осы мәнде -ң қосымшасын қолданумен бірдей деу
керек. Осы қосымшаның қатаңдаған варианты түрікмен
4
тілінде айтылады: -ыс, -ис, осымен байланысты, бір негізден
тарағаи вариаит әзірбайжан тілінде айтылады: -ых, -их.
Бұл жедел өткен шақ тұлғасына жалғанатын -ық(-қ)
қосымшасымен байланысты болуы мүмкін.
-Пыр, -пэр чуваш тілінде ғана айтылатын варианттар.
Сыртқы пішіні басқа тілдерден бүтіндей өзгеше болғанмен,
оларды тарихи тұрғыдан түсіндіруге болады: б мен п ды-
быстарының бір-бірімен ыңғайластығы, бір-біріне ауысып
отыратыны белгілі құбылыс, ал р мен з дыбыстарының
тарихи ауысулары түркі-монғол бірлестігінің іштей жік-
телуінің бір белгісі, сонда б>п және р>з ауысуларының
нәтижесінде -быз қосымшасы (немесе жіктеу есімдігі)
-пэр сипатында қалған. Яғни чуваш тілінде өте көне ва-
риант сақталған. Көпше II жақ қосымшаларының жеке
тілдерде қолданылуы: -сыз, -сиз; құмық, қарайым, ұйғыр,
өзбек тілдерінде айтылады. Бұл қосымшалар өздерінің
арғы архетипінен алыс кетпеген. -сыз, -сіз қазақ, ноғай,
қарақалпақ тілдерінде айтылады, -сыңыз, -сиңиз түрікмен
тілінде айтылады. Қазіргі тіл тұрғысынан бұл қосымшалар
екіге жіктеледі: сың — жіңішке қосымша да, -ыз көпше
қосымшасы, яғни екінші жақты білдіретін қосымша мен
көптік қосымшасының қосындысынан II жақ көпше қосым-
шасы қалыптасқан. -сыныз, -синиз. әзірбайжан, гагауз
тілдерінде айтылады. Бұлардың құрамын жоғарыда айтыл-
ғаи ретпен түсінуге болады:
-һығыз, -һэгэз тек башқұрт тілінде ғана айтылатын
вариант. Тарихи тұрғыдан -сығыз вариантынан шыққан.
Бұл -сыңыз тұлғасының бір варианты; көне түркі тілінде
екінші жақ қосымшаларының бірі -ығ, -іг түрінде айтыл-
ғаны белгілі. Сонда -сығ екінші жақты білдіретін қосымша
да, -ыз көптік қосымшасы. Екеуінің қосындысынан II жақ
көптік қосымшасы шыққан. -сыңдар, -сіңдер, -сыздар,
-сіздер қосымшалары жақтық және сандық қосымшалар-
дың қосындысы. Бұл қосымшалар қазақ тілінде еана айты-
лады. Бір ескеретін жэй: алдыңғы екі вариант <иайы, соң-
ғылары сыпайы вариДиттар деп қаралады. Осындай жік-
теліс ортаазиялық түркі әдеби тілі қазақтар арасында қол-
данылған дәуірде гтійда болып, қалыптасқан. -Сыңнар,
-сиңыерь Бұл қосыышдлардың да құранды екені сыртқы
піцпнінен көрінш тда жа<тық қосымшаға -лар аффиксіищ
бір варианты -нзр қжыдған. Хакас, чулым тэтарлары тіл-
дерінде айтылады.
-зыңар, -зиңер — алтай тіліңде айтылады.
с№ар, -сигер, -зығар, -зигер — алтай тілінде кездеседі.
*
Осы қосымшалармен бірыңғайлас қосымшалар деп хакас,
шор тілдерінде қолданылатын -зар, -зер аффикстері бар.
Бұлардың арғы негізі П жақтың көне қосымшасы -сиғ, -сығ,
осы қосымшаның бірде басқы дыбысының ұяңдауына орай
интервакциялық позициядағы ғ түсіп қалған (-зар) кезінде
ғ дыбысы түркі тілдері тарихында жиі кездесетін өзге-
ріске түсіп, мұрын жолды ң-ға айналып кеткен(сыңдар).
Ал соңғы элемент -ар -лар -дың варианты немесе -ар
жинақтау-топтау қосымшасы (бірер сан есімі құрамындағы
сияқты) деп есептеледі. Якут тілінде басқа тілдерде кез-
деспейтін қосымшалар қосындылары: -ғыт, -гит, -қыт,
-кит, -хыт, -хит, -ңыт, -ңит. Бұл қосымшалардың арғы
тарихи негізі -ғыз(-ғыоғыт). Қосымшаның алдыңғы бө-
лігі -ғ екінші жақты білдірген де, екінші бөлігі (-ыз>з) көп-
тік мән берген. Екеуінің қосындысынан барып екінші жақ
көптікті білдіретін күрделі қосымша қалыптасқан. Тува,
татар, ұйғыр тілдерінде -силер, -силәр қосымшалары ай-
тылады. Бұлардың өзгешелігі э дыбысы түсіп қалып, қа-
лыптасқан. Көпше ІП жақ қосымшалары түркі тілдерінің
көне дәуірлерінде болмаған. Тілдердің даму барысында
жеке тілдерде III жақты -лар қосымшасы қалыптасқан.
Чуваш тілінде III жақ мәнінде -сэ қосымшасы айтылады:
килетсэ — олар келеді т. б. Мұндай қосымша басқа тіл-
дерде кездеспейді. Сондықтан мұны чек чуваштық құ-
былыс деп қараған мақұл. Етістіктерге жалғанатын жақ-
тық қосымшалардың екінші тобы -ды тұлғалы жедел өткен
шақ, шартты рай тұлғаларымен қолданылады. I жақ жеке-
ше қосымшасы барлық тілдерде -м түрінде айтылады.
Мұның басқа варианты жоқ. II жақ көпшілік тілдерде -ң
түрінде айтылады. Әзірбайжан, гагауз, чуваш, түрік т. б.
аздаған тілдерде мұрын жолды дыбыс н-ға айналған: алдын,
илдэн. Көне түркі тілінде қолданылған I жақ қосымшасы
-ғ, -г қазіргі бгрде-бір түркі тілінде сақталмаған. III жақ
көне түркі тілінде де, қазіргі түркі тілдерінде де арнайы
қосымша арқылы берілмейді. Көпше I жақ көптеген тіл-
дерде жедел өткен шақ, шартты рай тұлғаларына -қ (кейде
-к) түрінде жалғанады. Бұл жүйені сақтамай, бірінші топ-
тағы қосымшаны қолданатын тілдер хакас, алтай, шор,
тува тілдері. Чуваш тілі -мэр, -мыр (-быз) қосымшаларын
қолданады. Көпше II жақ қосымшалары — түркі тілдерін-
де көп вариантты. Бірақ олардың бәрі фонетикалық өз-
герістердің нәтижесі:
- ғыз, -гиз — қарашай-балқар, құмық тілдерінде;
- ғыз, -гэз — татар, башқұрт тілдерінде;
- ңыз, -ңиз — түрікмен, Қырым татары, өзбек, қазақ
(сыпайы тұлға) тілдерінде айтылады;
- ныз, -низ — әзірбайжан, түрік, гагау^, қарайым тіл-
дерінде;
ңлар, — ұйғыр тілінде, -ңдер, -ңдар — қазақ тілінде;
-ңар, -ңер — тува, хакас, қырғыз тілінде айтылады;
-ғар, -гер — алтай тілінде ғана айтылады. Чуваш ті-
лінде II жақ қосымшасы -ыр, эр түрінде айтылады. Чуваш
тілінің фонетикалық ерекшелігін ескере отырып, бұл қо-
сымшаны -ыз қосымшасының варианты деп қарауға бо-
лады. Якут тілінде бұл қосымша -ғыт түрінде дыбысталады.
Тарихи тұрғыдан бұл -ғыз (ғыс>ғыт) қосымшасының
якуттық варианты.
III жақ қосымшасы түркі тілдерінде жоқ. Бірақ көп-
шілік тілдерде -лар көптік^жалғауын қолданады.
Етістіктерге жалғанатын жақ қосымшаларын жалпы
шолып қарағанда, бүкіл түркі тілдерінде мынадай тенден-
циялар байқаладьһ Бүкіл жекеше жақ тұлғаларынан жік-
теу есімдерін барынша қысқартып айту аңғарылады. Сондай
ұмтылыстың нәтижесінде I және II жақтар мынадай про-
цестерге ұшыраған: -мен, -бен, -пен; -м бұл жерде сөздің
соңғы элементтері (-м) жоғалған. Бұл процесс түркі тіл-
дерінің көпшілігіне тән. Кейбір етістік формаларына (айта-
лық, қалау райға) жалғанатын жақ қосымшаларынан сөз-
дің (жіктеу есімдігінің) басқы элёменттерінің жоғалып,
соңғы элементтерінің жақ жалғауы шегінде тұрақталуын
көруге болады: -пен, -бен, -мен, -п, хакас тілінде парын
«барайын», брта ғасыр жазбаларында пәгелің «жүрейік
те», ұйғыр тілінде: баралын '«барайық та» т. б. Кейбір тіл-
дерде -пен, -бен-мен, -п, чуваш тілінде: ілэдеп «алам»
т. б.
Екінші жақта да осындай процесс жүрген: -сен, -сен>ң,
-н. Кейбір тілдерде сөздің соңғы элементтері жоғалып,
басқы элемент жақ қосымшасы ретінде қалыптасқан:
-сен, -сең, -с, хакас тілінде: алыс «ал, аяңдар», адыре
-«отырыңдар» т. б. Ал III жақта турур етістігінің қысқарған
түрі қырғыз тілінде кездеседі: келет. «келеді». Бұл ретте
мына процесс көрінеді: турур>тур// дур//ту//ду ты//ды,
ал қырғыз тілінде мұның үстіне -т.
Көпше I және II жақтарда жіктеу есімдіктерінің қыс-
қарып, бір фонемалы тұлғаға айналуы жеке тілдерде
диалектілік құбылыс ретінде ғана кездеседі: түркімен ті-
лінде бериоз «береміз», бариоз «барамыз», алас «аламыз»,
гелес «келемі», өзбек тілінде күрдүз «көрдіңіз» т. б.
-Кейбір жақ қосымшаларының қолданылу тарихын еске
алу керек. Мәселе мынада: түркі тілдерінің ең көне ескерт-
кіштері — Орхон-Енисей жазбалары тілінде I жақ көптік
тұлға тек қана -мыз, -быз. Яғни, қазіргі қазақ тіліндегі
етістік тұлғаларының әр түрлі жақ тұлғалары бойынша
өзгерісі бұл ескерткіштердің тілінде жоқ. Осы жақта
қ аффиксінің айтылуы XI ғасырдан, Махмуд Қашқаридың
«Диуанынан» басталады. Бірақ «Диуан» тілінде де -мыз,
-бен, -қ тұлғаларының жарыса қолданылған, ал олардың
жеке тұлғаларға телініп жіктелуі әлі байқалған жоқ. Мы-
салы, «Диуанда» жедел өткен шақ тұлғаск -мың аффиксі-
мен де, -қ аффиксімен де қолданылады: бастымыз, келтүк
т. б., -қ аффиксінің еркін және қазіргі тілдегідей жүйемен
қолданысы орта ғасырдан кейінгі кезеңдерде тұрақталған
құбылыс. Қолдану фактісі тұрғысынан -мыз аффиксін көне
әрі байырғы деп қарауға негіз бар. Дегенмен, мына жайды
ескеру керек: тас жазбаларда тек -мыз тұлғасын қолда-
натын тілдер көрінісі болмасына кепіл болу мүмкін емес.
Өйткені, қазіргі тува, хакас, чуваш, шор, якут тілдерінде
етістік тұлғаларында көпше I жақты білдіретін қосымша
-мыз аффиксі ғана. Түркілердің көне отанынан батысқа
қарай қоныс аударып орныққан халықтар тілдерінде бұл
жақты білдіретін қосымшалар екі түрлі: -мыз және қ.
Бұл тілдерде, қазақ тілдеріндегідей, бұлардың әрқайсысы-
ның қолданылу жүйесі бар. Ал алтай тілінде осы қосым-
шалардың екеуі де қолданылады, алайда ол қолданыстан
белгілі бір жүйе байқалмайды; мысалы, -ды тұлғасы
-быс(>>-мыз) қосымшасымен де, -қ қосымшасымен де: ал-
дық түрінде айтыла береді. Егер осы фактілерді ескерсек,
түркі тілдерінде бұл қосымшаларды қолданудың алғашқы
сипатын тува, хакас, шор тілдері деп, одан кейінгі дәуірдегі
алтай тілі, ең соңғы түрін басқа түркі тілдері деп қарау
керек.
II жақ қосымшалары -сыңлар^ -сыңыз тұлғаларының
алдыңғысы екі топқа жіктеледі: -сың және -лар. Алдыңғы
элемент -сың жекеше, оның архетипі екінші жақты біл-
діретін жіктеу есімдігі, ал -лар — көптік жалғауы. Осындай
ойды екінші тұлға туралы да айтуға болады: -сың — жақ
қосымшасы, -ыз — көптік қосымшасы. Бір кезде Радлов
қолдап, Бетлинг ұсынған бұл пікір ұзақ замандар бойы
түркологияда көп қайталанды. Бірақ бұл мерзім ішінде
түркі негіз тілінде -ыз не -з дейтін көптік (не екілік) жал-
ғауы болғандығын дәлелдейтін бірде-бір факт табылған
жоқ. Сондықтан бұл пікір оңды айтылған, өтімді болжам
болып қала береді. Дұрысында, көпшенің II жағында сол
міәнді жіктеу есімдігінің өзгеріссіз қолдану мүмкін құ-
былыс тәрізді. Ал -сыңыз тұлғасының пайда болуын же-
кеше II жаққа аналогия жасаудың салдары деп қарау ық-
тимал.
Рай категориясы. Рай категориясы рай тұлғаларынан
тұрады. Қазақ тілі оқулықтары рай категориясын әдетге
былай деп анықтайды: сөйлеуші лебізінің я сөйлеуші пі-
кірінің ақиқат шындыққа қатысын білдіретін тілдегі тиісті
фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тәсілдер ар-
қылы берілетін модальдік (рай) категориясы. ...«Модаль-
дік категориясының етістік формалары арқылы берілетін
амал-тәсілдерінің жүйесі етістіктің райы деп аталады».
(А. Ысқақов, «Қазіргі қазақ тілі», 1974, 322-6.) Осы анық-
тама рай категориясының негізі — модальдық екендігін,
модальдық мән мен мағына туғызатын етістік тұлғала-
рының жүйесі рай категориясын құрайтынын дұрыс айт-
қан. Бір ғана дәлдік қажет — рай категориясының не-
гізін жасайтын модальдықтың көрінісі — қимыл-әрекеттің
шындыққа қатысын сөйлеушінің (я айтушының) бағалауы
болып табылады. Етістіктің модальдық категориясының
мазмұнын «қимыл мен субъектінің бір-біріне байланыс
ерекшелігінің сөйлеуші тұрғысынан бағалануы, сондай
байланыстың іске асуына, не аспауына сөйлеушінің қа-
тысы» деп бағалау керек.
Рай формалары модальдық мәнді мезгіл шақ жайлы
ұғыммен ұштастыра білдіреді. Модальдық мән субъективтік
(яғни айтушының іске қатынасын білдіруі), объективтік
(жай хабарлау) жағдайлар өткендегі сөз болған кезеңдер-
ді болашақтағы істі растау, қостау немесе жоққа шыға-
рады. Модальдық және шақтық формалардың рай кате-
гориясы.нда бірлесіп келуі істі білдіруде объективтік және
субъективтік мәнерлеудің ұласып жатуына негізделеді.
Объективтік мәнердің басым болуы субъективтік мәннің
бәсең болуына байланысты, ал рай тұлғасында субъектив-
тік мәннің басым болуы объективтік мәндердің әлсізде-
нуіне ұштастырып жатады.
Модальдық мәндерді, мән жүйелерін білдіру дәрежесі
тұрғысынан рай түрлері бірыңғай, бір сипатты емес. Мо-
дальдық мәндерді білдіру дәрежесі тұрғысынан ашық рай
райдың басқа түрлерінен ерекшеленеді: модальдық мәндер
жүйесін білдіру дәрежесі жағынан ашық рай нольдік тұлға
деп қаралады. Ашық рай тұлғасы модальдық мәндерді
білдіретін аффикстер тобы бірінен кейін бірі қабаттасып
келеді. Осындай ерекшеліктеріне байланысты ашық рай
бір топ етістікте, ал қалған рай түрлері екінші Ъопта
көрінеді. Басқа рай түрлерінің ішінен бұйрық рай ерек-
шеленіп тұрады: ол қимылдың өзін білдірмейді, оны орын-
дауға қозғаушы болады. Ол әрекет өтініш, бұйрық, тың-
даушының еркінен тыс көтермелеу болып келуі мүмкін.
Рай категориясының мазмұны мынадай бөліктерден
тұрады: 1) іс жайлы хабар (фактіні коңстатация жасау) —
бұл мән ең алдымен ашық рай формалары арқылы бері-
леді, 2) істің істелу мүмкіндігін, оның орындалу дәре-
жесін білдіру — бұл мәндер қалау, шартты райлар фор-
малары арқылы беріледі, 3) істің орындалу не орындалмауы
жайлы тілек, өтініш, ұйғарым, бұйрық мәндерін білдіру
бұл мәндер бұйрық, қалау, кейде ашық рай тұлғалары ар-
қылы беріледі.
Түркі тілдері грамматикаларында рай түрлері әр түрлі
болып келеді. Олардың саны 4-тен 12-ге дейін жетеді.
Мысалы, қарайым тілінде 4 түрлі рай көрсетіледі — ашық,
бұйрық, қалау, шартты райлар,49 қазақ тілінде негізінен
осындай рай түрлері аталып жүр. Ал гагауз тілінде бұ-
лардан басқа мақсат (міндет — долженствовательное на-
клонение) райы бар деп көрсетіледі?0 Якут тілінде 10
түрлі рай аталады 51 ашық рай, бұйрықты рай, шартты
рай, мүмкіндік райы, бекіту (қостау) райы, мақсат райы,
болмаған, не істелмеген істі білдіру райы, әдеттегі болған
істі білдіру райы, үндеу райы, болжау райы т. б.), әзірбайжан
тілінің мамандарының бір тобы бұл тілде 4 түрлі, екінші
бір тобы 12 түрлі рай түрлерін көрсетеді.52 Алайда бір
ғана жүйелік, құрылымдық топқа жататын, материалдық
негіздері бірдей тілдерде немесе бір тілде бір ғана катего-
рияның әр түрлі топтасуы сол құбылыс жайындағы түсі-
ніктің әр түрлі болуына байланысты. Айталық, қазақ ті-
лінің мамандары -ғалы аффиксін мақсат рай (немесе
міндет рай) деп танымайды, көсемше категориясының (оны
әдетте етістіктің функциялық салаларына жатқызады) бір
көрінісі деп қарайды. Ал түркі тілдерінің кейбір зерттеуші-
лері осы тұлғаны дербес райға жатқызады. Немесе бару
керек, бармақ керек тәрізді күрделі етістік тұлғалары
қазақ тілі мамандары өз алдына рай жасай алмайды дейді.
Ал қара
н
ай-балқар тілі мамандары, кейбір түркі тілдерін
зерттеушілер мұны бекіту-қостау (утвердительное) райы
деп түсіндіреді. Ал кейбір тілдер грамматикаларында көр-
сетілетін райдың 10—12, кейде 14 түрін бұкіл түркі тіл-
деріне ортақ, тән болып келетін 4 түрлі райға топтауға,
сондай-ақ кейбір жеке тілдерде белгілі бір рай тұлғалар-
дың тілдің кейінгі даму барысында орныққанын (яғни
функционалдық тұлғалардың қалыптасуы) көруге болады.
Түркі тілдеріне ортақ ондай рай түрлері: ашық рай, бұйрық
рай, қалау рай, шартты рай, сонымен бірге кейбір тілдерде
кейбір тұлғалардың рай мәнінде тұрақталуы кездеседі.
Бұйрық рай. Түркі тілдерінде бұйрық рай тұлғалары
жоқ деп қаралады. Ондай деуге себеп — түркі тілдерінде
бұйрық райдың негізгі түрі ретінде II жақ айтылады, ал
бұл жақта етістіктер көбінесе қосымшасыз бұйрық мәнін
білдіруге бейім тұрады. Егер осы қағиданы ұстансақ, онда
«түркі тілдеріндегі бұйрық рай тұлғалары» дейтін пайымдау
артық. Бірақ түркі тілдерінің көпшілігінде осы тұлға, яғни
II жақ тұлғасы арнаулы аффикстер арқылы беріледі. Он-
дай арнаулы аффикстер арқылы бұйрық мәнін беру көне
түркі тілдерінде бар. Осы ерекшелік: түркі тілдерінде бұйрық
мәнін аффикс арқылы беру байырғы ма, әлде түбір тұлғасы
арқылы беру байырғы ма? дейтін сұрақ қойылып келе
жатыр. Байырғы тәсіл — арнаулы аффикс арқылы бұйрық
мәнін беру тұрақталып, бұйрық мәні аффикстен түбірге
ауысқан кезде немесе тұрақты қолданыс нәтижесінде бұй-
рық мәні түбірге ауысқан кезде аффикс түсіп қалып, қа-
лыптасқа^і.
II жақ түбір тұлғалы бұйрық райға қосылып жұмса-
латын қосымшалар мына төмендегідей:
-қыл, -ғыл. Көне жазбалар тілінде бұл аффикстен келген
бұйрық рай қатал да айқын бұйрықты білдірген: созлегіл,
бергіл, ешідгіл, бошатқыл, болғұл, әзірбайжан тілі: гелгіл,
гөргіл, бағыш лағыл. -қын, -ғын, -қун, -ғун. Бұл аффикс те
жоғарыдағы мән мен функцияда қолданылады. Өзбек тілі
диалектісінде: келгін т. б. Қазақ тілі диалектілерінде де
қолданылады.
-қыр, -ғыр, -қур, -ғур. Алдыңғы аффикстерден айырма-
шылығы — эмоционалдық мәндері бар. Башқұрт тілі диа-
лектісінде: қап-талғыр «құрып қалғыр». Нақ осындай аф-
фикс, осы мән-мәнерде қазақ тілінде де қолданылады:
құрғыр, құрып қалғыр т. б. Бұл аффикс р есімшесінің осы
шақта қолданылған нұсқасы, қазіргі түркі тілдерінде
объективацияға үшырап, анықтауыштық қатынастағы тұ-
рақты тіркестер құрамында кездеседі, сол құрамда ғана
қолданылады.
-чы, -чу, -шы, -ші; көне жазбалар тілінде: кэлчү, бармачу,
қазақ тілінде: баршы, көрші, башқұрт тілінде: ал-сы, татар
тілінде: -алчы, өзбек тілінде: алчы, қарашай-балқар тілінде:
келсінчі.
-сан(а), -сын(а): әзірбайжан тілінде: алсана, ноғай, татар
тілдерінде: алсана, алсанан, түрікмен тілінде: алджана «ал-
сайшы, алсаңдаршы», қазақ эпосында: бар сана, кел сана,
хакас тілінде: пірзана «берсейші».
-ғыла, -ғла; алтай тілінде: барғыла «барыңдаршы», қыр-
ғыз тілінде кілгіле: «келіңдерші, келе беріңдерші», хакас
тілінде: атпағыла «атпаңдаршы», шор тілінде: аңыағыла
«аң аулаңдаршы», нанғыла «қайтыңдар».
Бұйрық немесе айқын бұйрық сөйлеушінің атынан екін-
ші жақта ғана беріледі. Сондықтан бірінші жақта және
үшінші жақта берілген бұйрық туралы ойлану керек. I
жақтағы бұйрық сөйлеушінің өзіне арналғандықтан, бұй-
рықтан гөрі үндеу, үгітке көбірек ұқсайды. Екінші жағы-
нан, I жақтағы бұйрық сөйлеушінің өз ісі, әрекеті, қылығы
жайлы шешімі болуы мүмкін. Соңғы реттегі қолданыстағы
бұйрық райдың I жағы деп қараудың негізі сонда. Бұйрық
райдың I жағын жасайтын қосымша қазіргі тілдерде мына
сипатта кездеседі: әзірбайжан тілі: алайым, алтай тілі:
алайын, қазақ тілі: алайын т. б. Бірақ кейбір тілдерде I
жақ болып ұғынылғанмен, жақ қосымшасы түсіп қалып,
ноль тұлғасы қалыптасқан. Дегенмен, тұлғалардың қайсы-
сында қалау, тілек мәнінде де ұғынуға болады.
Бұйрық райдың III жағы деп қаралатын тұлғаларды да
осылай ұғыну керек. Бұл тұлғалар бүгінгі тілдерде мына
сипатта айтылады: әзірбайжан тілі: алсын, алтай тілі: ал-
зин, башқұрт тілі: алһын, чуваш тілі: ілдір, якут тілі: ыллын;
Сонымен айқын, ашық, бұйрық тек II жақта ғана айты-
лады да, анық бұйрық мағынасын кейде күшейтіп, кейде
бәсеңдету үшін, кейде оған қосымша модальдық мән үстеу
үшін, кейде сол тұлғаға арнайы қосымшалар қосылып
қолданылады.
Қалау рай (оптатив) түркі тілдерінде қалау рай мәнін
туғызатын тұлғалар деп мыналар аталады: -ғай, -ай, -асы, -а,
-са, -сар.
Қалау рай мағыналарының берілу тәсілдері бірдей емес.
Сібір мен Алтайдағы түркі тілдерінде қалау рай мәндері
жекеше, көпше I жақта, кейде I, II жақтарда көрінеді.
Ал I, II, III жақтарда бірдей қалау рай мәні өте сирек
ұшырайды.
Түркі тілдерінде көп таралған қалау рай тұлғалары
-ғай, -ай, -ғай көне түркі тілінде келер шақ мәнін туғызып,
жиі қолданылған. Қазіргі түркі тілдерінде де бұлар кең қол-
данылады: -ғай тұлғасы етістік түбірге жалғанады да, одан
кейін -мын, -сың, -быз, -сыз, -сыңдар, кей тілдерде III
жақта -лар көптік жалғауы жалғанады. -ғаи тұлғасының
түркі тілдеріндегі жіктелу үлгісі қазақ тіліндегі үлгіден
алшақ емес: алғаймын алғаймыз
алғайсың алғайсыздар,
алғайсыңдар
алғай алғай
Бұл тұлғаның нақ осындай жіктелу жүйесі ортағасырлық
жазба тілдерінде қолданылған. Салар тілінде бұл тұлға
-ғыйы түрінде айтылады: алғыйы, якут тілінің грамматика-
ларында «возможное наклонение» дейтін рай түрі аталады.
Бұл жалпы түркілік қалау рай тұлғасы -ғайдың өзгерген
айа (-эйе, -ойо, -ойэ) вариантымен жасалатын рай түрі:
мин бара: йабын, ен бара: йағын, бұйрық рай, «мен бар-
ғаймын, сен барғайсың, ол барғай». Осы аффикстің фоне-
тикалық варианты -ай, -ый түркі тілдерінің көпшілігінде
қолданылады: әзірбайжан: алым, қазақ: алайық, татар:
алыйым, чуваш: пулам (болайын), якут: ылым (алайын).
Көне тілдерде де қолданылған: көне түркі тілі: йатайын,
олдрайын, алай, білай, орта ғасыр жазбалары: өлдүрейім,
варайым, йашурайын, алай, көрейім, йэгелім, берейік т. б.
Бұл аффикс -алы түрінде де айтылады. Бір тілдің өзінде
-ай, -ғай, -алы түрінде жарыса қолданылуы бар: қазақ ті-
лінде: барғаймыз, барайық, баралық. Осындай қолданыс
түркі тілдерінің біразында кездеседі. Дегенмен, варианттар-
дың әрқайсысының өзіне тән қолдану шегі бар: егер -ғай
барлық үш жақта айтылып, қолданылатын болса, -ай, -алы
варианттары I жақта ғана айтылады: қазақ тілінде: ба-
райын, баралық, барайық, қырғыз: жазалық, башқұрт тілі:
қарайым (қараймын), һәйләшейік (сөйлесейік).
Қалау рай тұлғаларының жақ жалғауларын қабылдау
тәртібі бірыңғай емес: -ғай тұлғасы осы шақ, келер шақ
тұлғаларының ізімен жіктеліп, соларға жалғанатын жақ
жалғауларын қабылдаса (барғай -мын, барғайсың, бар-
ғай -мыз), -ай тұлғасы мен -алы тұлғасы жедел өткен
шақ тұлғасы -ды-ның ізімен жіктеліп, соған тән қосымша-
ларды қабылдайды: барайық, баралық. Бірақ -ай тұлғасы
жекеше I жақта шығу тегі белгісіз -ын тұлғасын қабыл-
дайды. Бұл тұлғаның арғы негізі қандай тұлға екені жайлы
айқын пікір жоқ. Мүмкін, бұл да -ым тұлғасының бір
варианты, соңғы элементонология жасаудың нәтижесі бо-
лар. Түркологияда бұл туралы осындай пікір айтылады.
Екінші жағынан, осы тұлғаны барғаймын тұлғасының
өзгеріске түсуінің нәтижесі деп қарауға болмас па еді:
бар+ғай-|-мын>бар+(ғ) ай-һмын>бар+ай(м) ын
156
бар+ай+ын. Ғ дыбысының көп буынды сөздер құрамында
әлсіз, тұрақсыз екендігі белгілі жай. Дәлелдеуді қажет ете-
тін ерекшелік -м дыбысының жоғалып кетуі. Мұны ұқсас
тұлғаларды бір-бірінен жіктей айтуға ұмтылудың нәтиже-
сі деп қарауға болады. Грамматикалық мәні өзгеше бодса
да, келер шақ тұлғалары осыған ұқсас жолмен өзгереді.
Қалау райлы мәнді жақ мағынасынан жіктеп, ерекшелеп
айтуға ұмтылудан осындай тұлғалық өзгеріс пайда болады.
Түрік, әзірбайжан, гагауз тілдерінде келер шақ мәнінде
қолданылатын -асы тұлғасы сол тілдердің ортағасырлық
күйінде қалау рай жасаған.
ал — асы — бын ал — асы — быз
ал — асы — сән
ал — асы — сыз
ал — асы ал — асы
Бұл тұлға кейінгі даму барысында түгелдей келер шақ
мәнін алып, орнығып қалған. Дегенмен, оның шақ тұлғасы
ретінде орнығуы ерте кезде болған құбылыс. Махмут
Қашқарида йа қурасы оғур — жақ тартатын уақыт тәрізді
фактілер көптеп берілген. Ал мұндай қолданыстар жаңағы
тұлғаның шақ тұлғасы ретінде орнығуына дәлел болады.
Якут тіліндегі -ыыһы тұлғасы осы — асы тұлғасының фо-
нетикалық варианты (ы, а, һ, с). Бұл тұлға якут тілінде
мақұлдау райын (утвердительное наклонение) жасап, мәні
мен қызметі тұрғысынан қалау райдан онша оқшаулан-
байды:
бар — ыыһы — бын «баруым керек»,
бар — ыыһы — ғын—«сірә, барайын»
бар — ыыһы
Әзірбайжан, түрік, гагауз тілдерінде қалау рай мәңін бере-
тін -а формасы айтылады: ал — а — м;ал — а — г;
ал — а — сан; ал — асы —*ныз;
ал — а; ал — а — лар
Жалғанатын жақ қосымшаларына қарағанда, бұл тұлға
қазақ тіліндегі аламын (алам) тұлғасымен бірдей. Тек
айырмашылық — көпше I жақта: бұл жақта қазақ тілі —
мыз қосымшасын қолданса, әзірбайжан тілі, әдетте, -ды
жедел өткен шақтұлғасына жалғанатын -қ (>ғ) қосымша-
сын қолданады. Екінші бір айырмашылық: көпше II жақта
бар (әзірбайжан тіліндегідей -сыңыз) тұлғасы қазақ тілінде
қалау рай мән бермейді, тек келер шақ мәнін, яғни ашық
рай мәнін береді. Бұл жерде бірыңғай, бір сипатты тұлға-
ларды әр тілде әр түрлі мәнге ие болады. Қалай болғанда
да, әзірбайжан т. б. оғыз тілдерінде қолданылатын қалау
райдың бұл түрі қазақ тілІндегі келер шақ тұлғасы аламын
(алам) тұлғасымен генезистік байланыста болады. Келер
шақ мәні мен қалау рай мәні бір грамматикалық мағынаның
екі түрлі көрінісі екені талас тудырмайды. Ал тілдердің
даму, тіл құрамындағы элементтердің функциялық жағы-
нан жіктелу дәуірінде жазба тілдің әсері арқылы мәндес,
қызметтес тұлғалар өзара жіктеліп, бір-бірінен ажырап
отырған. Мұндай жіктеліс, әсіресе, екі тіл ыңғайында жүр-7
ген заңды құбылыс. Әзірбайжан тілі мен қазақ тілі арасын-
дағы айырмашылықты осылай түсіндіруге болады.
Шартты рай. Шартты рай түркі тілдерінде үш түрлі
тұлға арқылы жасалады: -сар, -са, -сан. Бұлардың ішіндегі
ең көиесі, байырғысы -сар тұлғасы. Бұл тұлға ең көне
мұра Орхон-Енисей жазбалары тілінде көрініс тапқан:
олурсар, ерсер, паңылсар т. б. Орхон-Енисей жазбалары
тіліндегі -сар жақ қосымшаларын қабылдамайды, яғни
жіктелмейді: ол йергеру барсар түрік бодун өлтечісен — ол
жерге барсаң, түрік жұрты өлесің. Бұл сөйлем құрамын- .
дағы -сар ешбір жақ қосымшасын қабылдамаған. Әрине,
қазіргі тіліміздің нормасы тұрғысынан барса етістігін
жіктемей айту (II жақта) мүмкін болмас еді. Зерттеушілер
-сар тұлғасын құранды деп қарайды: -са және -р, -са
бөлігін «санау, есептеу, солай болса деп ойлау» етістігімен
бірдей деп қарайды да, -р есімше тұлғасы, яғни алғашқы
етістіктен есімше жасаған тұлға деп қарайды. Дұрысында
-сар сол жазбалар тілінде есімше қызметінде қолданыл-
ған: көзүңүз йүзүмге тутсар болса —«көзіңіз жүзіме тоқ-
талар болса». Ал Махмут Қашқари ічсе, урса, алса, қа-
чырса, сатса, келічсе, көрсе, барығса тәрізді етістіктер
құрамындағы -са қосымшасын са етістігімен бірыңғай деп
қарайды. XI ғасырдың атақты ғалымының бұл пікірі көп
жағдайды аңғартады. Аталған қосымша мен көне түркілік
са (қазіргі тілде «сана») етістігі бір негізді, яғни қосымша
дербес етістіктің өзгеше функциялық қолданысынан қалып-
тасқан. Шартты райдың -сан тұлғасы тек чуваш тілінде
ғана қолданылады. Ашық рай, қалау рай, бұйрық және
шартты райлар, оларды жасайтын тәсілдер түркі тілдері-
нің барлығына ортақ және бұлар жайлы түркі тілдері
мамандарының көзқарастары бірыңғай. Түркі тілдерінде
бұлардан басқа түрлі райлық мәндер туғызатын формалар
және рай деп есептеліп (зерттеушілердің көзқарасы тұр-
ғысынан), әрқилы аталып жүрген рай түрлері бар. Соңғы
топқа қатысты көзқарастарды бірден тұжырымдаған дұрыс.
Жеке халық тілдерінің қалыптасу, сондай-ақ жазба тіл
құралдарының функциялық жіктелісі дәуірлерінде кейбір
тұлғалар жайлы түркілік мән-мағынадан басқа қосымша мо-
дальдық мән-мәнердерге ие болып қалыптаса бастаған.
Айталық, -ғай тұлғасы кейбір тілдерде (мысалы, қазақ
тілінде) қалау, тілек мәнін білдіретін тұлға есебінде сақ-
талғанмен, кейбір тілдерде атымен жоқ, сақталмаған. Ал
тува, хакас тілдерінде келісім мәнінде (согласительное
наклонение) сақталған көрінеді. Сол тілдер мамандары
бұл тұлғаны солай деп түсіндіреді. Тува тілінде келгіжемче
тұлғасы жіктелген рай (предельное наклонение) жасайды
деп қаралады. Ал жалпы түркілік тілде бұл тұлға -ғанша,
-генше тұлғасымен негіздес және мағыналас. Соңғы тұлға,
мысалы қазақ тілінде, көсемшелік тұлға деп танылады.
Якут тіліндегі тұжырымдылық (утвердительное наклоне-
ние), хакас тіліндегі үндеулік (сослагательное наклонение)
райлары жалпы түркілік мәндерді білдіреді. Түркі тілдері
грамматикаларында әр түрлі аталып жүрген осындай тұл-
ғалардың арғы негізгі — қимыл есімдері, солардың белгілі
бір септік жалғаулы тұлғалары, тәуелдік тұлғалары т. б.
Ал бұл тұлғаларға тіл мамандарының көзқарастары, түсі-
ніктері әр түрлі. Сондай тұлғалардын бір тіл емес, бірнеще
тілдерде кездесетін басты түрлері мына төмендегілер:
І. Міндет мәнді рай жасайтын тұлға -малы оғыз
тілдерінде қолданылады: әзірбайжан: йазмалыйам (жазуым.
керек), йазмалы ідім (жазуым керек еді), йазмалыдыр
(оның жазуы керек еді); бұл тұлға башқұрт, татар тілдері
диалектілерінде кездеседі, ал чуваш тілінде ол -малла си-
патында айтылады: ісмеллі (ішуге арналған). Якут тілінде
міндет мәнді рай жасайтын бірнеше тұлға қолданылады:
-ардаах: баррдаахпын (баруым керек); -ыахтах: барыах-
таахтар (олардың баруы керек).
2. Ниет мәнді рай -мақшы, -ғандай -ғандек тұлғалары
арқылы жасалады: башқұрт тілі: кілмексі булдым, бармақ
була, барғандай, барырузай, барғылай (оның бару ниеті
бар). Әзірбайжан тілінде бұл мән -асы тұлғасы арқылы
беріледі: гедесійем (кетуім керек). Якут тілінде бұл мән
-ыыһы тұлғасы арқылы беріледі: барыыһыбын (сірә, ба-
ратын шығармын).
3. Хакас, тува тілдерінде -ғай тұлғасы арқылы келісім
мәні беріледі: барғай мен (жарайды, барайын), барғай
біс (жарайды, барайық). Якут тілінде осындай мән -аайа,
-аарай (III жақ) тұлғалары арқылы беріледі: бараайабын
(сірә, барармын), бараарай (сірә, барар).
4. ¥йғыр, шор, Тува, хакас т. б. тілдерде -ғудағ, ғыдек
тұлғалары арқылы (-ғу+-дағ) болжау мәнді етістіктер жа-
салады: алғыдекмен (мүмкін, алармын).
Ашық рай. Ашық рай деп әдетте орындаушының іске
тікелей қатысты екендігін білдіретін етістік тұлғасы айты-
лады. Іс істеуші мен іс орындаушының іске қатысы, әрине,
белгілі бір мезгіл, шақ көлемінде ғана көрініс бере алады.
Осыдан барып, іс істеушінің іске қатысы белгілі бір мез-
гілде, мерзімде ұғынылады. Ал мезгіл, шақты айқывдаудың
шегі сөз айтылып тұрған кезде болады. Осы тұрғыдан
өткен шақ, яғни өткен уақыт, өткен мезгіл, сондай-ақ
келер шақ, алдағы уақыт, алдағы мезгіл ажыратылады.
Осыған сәйкес ашық рай тұлғалары үш топқа жіктеледі:
өткен шақ, осы шақ және келер шақ.
Түркі тілдерінде қолданылатын шақ тұлғалары мыналар:
-ды, -ған, -мыш, -а (ыы негізді осы шақ тұлғалары),
-ар (осы негізді келер шақ тұлғалары). Бұл тұлғалар дара
күйінде немесе етістіктермен, басқа да сөздер тобымен
күрделеніп, әр түрлі құрам мен сипатта түркі тілдерінің
барлығында жиі қолданылады.
Өткен шақ. Істің болғандығын айқын, анық білдіретін
тұлға -ды, оның түркі тілдерінде кездесетін варианттары
-ты, -ду, -ту және -ра. Бұл тұлғаның семантикалық
ерекшелігі — өткен шақ мәні модальдық мәнмен күрделен-
бейді және басқа қимыл-әрекетке база ретінде ұғыныл-
майды, яғни ондай мағына туғызбайды. Бұл тұлға өткенде
болған және болғанына сөйлеуші сенімді, өзі көзімен
көрген, өзі куә болған істі білдіреді. Сондықтан бұл тұлға
арқылы жасалатын өткен шақты түркологиялық әдебиет-
терде кейде айғақты, сенімді (прошедшее определенное,
прошедшее очевидное) өткен шақ деп атайды. -ды тұл-
ғалы өткен шақ (немесе қазақ тілінде жедел өткен шақ)
аса тұрақты қолданылатын тұлғалардың қатарына жатады.
Бұл тұлғаның тұрақты болып келуіне оның модальдық
мәндерге бейтарап болумен қатар, семантикалық көп са-
лалығы себеп болса керек. Бұл тұлға жедел өткен шақ
(немесе тура мағынасындағы өткен шақ) мәнінен басқа
бұрынғы өткен шақ, қалыпты өткен шақ, белгісіз өткен
шақ мағыналарында қолданылады. Мысалы, қазақ тілінде:
біз көшеге шықтық, башқұртша: Ғайнетдин менән икәү
урамға сықтық (Ғайнетдинмен екеуміз көшеге шықтық),
түркіше: Иүрүді. Мердивенлері гечті. Сола сапты. Ве ДУ-
рақлады — Жүрді. Баспалдақтан өтті. Солға бұрылды. Жә-
не тоқтады. Өзбекше: Мен чой ичдим — мен чай іштім.
Якутше: Якутскайдан почта кэллэ — Якутскіден почта кел-
ді. -ды тұлғасының жақ бойынша жіктелуі мына тәріздес:
Қазақ тілі:
мен бар-дьі-м
сен бар-ды-ң
Ол барды
Түрік тілі:
йаз-ды-м
йаз-ды-н
йаз-ды-
Өзбек тілі:
кел-ди-м
кел-ди-ң
біз барды-қ
сендер бар-
ды-ң-дар
олар барды
башқұрт тілі:
ал-ды-м
ал-ды-ң
алды
ал-ды-қ
ал-ды-ғыз
алдылар
йаз-ды-қ
йаз-ды-ныз
йаз-ды-лар
кел-ди-к
кел-ди-ңиз
кел-ди-лар
быс-т-ым
тім)
быс-т-ың
быс-т-а
бар-д-ым
бар-д-ың
бар-ды
(кес- быс-т-ыбыт
быс-т-ығыт
быс-т-ылар
бар-д-ыбыт
бар-д-ығыт
бар-д-ылар
н
-ды тұлғасының арғы тегі, оның шақтық қызметте тұ-
рақталуы туралы түркологияда толып жатқан пікірлер
айтылады. Сол пікірлерді қорыта келгенде, барлық зерт-
теушілер келісетін қорытынды: мынау -ды тұлғасы өзінің
алғашқы қалыптасу дәуірінде қимыл есімдік тұлға, яғни
шақ, модаль шектеріне бейтарап, біраз есімдерше түрлене
алатын, қимыл процесс атауы болған. Бұл тұлғаның о баста
қимыл есім мәнінде қолданылғандығын дәлелдейтін факт —
бұл тұлға тәуелдік жалғаулары бойынша жіктеледі, яғни
жақтық мән тәуелдік жалғаулары жалғану арқылы бе-
ріледі, онан кейін, орта ғасырдың ескерткіштері ретінде
бұл тұлға ер көмекпгі етістігімен бір тіркесте жұмсалған:
келді ерді, бердіміз ерді, берді ерді. Ал көмекші етістікті
баяндауыштық қызметке икемі жоқ сөздерге (яғни есім-
дерге) тіркесіп, сол дәуір жазбаларында бұл тұлғаның
анықтауыш қызметінде айтылған: сасыды нең, йумшады
нең; бұл фактілер сол заманғы түркі тілдерінің білгірі
Махмуд Қашқари «Диуанында» кездеседі.
Бұл тұлғаның арғы сипаты қандай болды дейтін
сұраққа келсек, бірсыпыра ғалымдар бұл тұлғаның ежелгі
түрі-дық деп қарайды. Ал енді бір топ зерттеушілер оның
алғашқы сипаты -ыт, Мелиоранский осы күнгідей -ды
болған деп қарайды, дегенмен, алғашқы сипаты -дық деп
есептеушілер тілдік фактілердің тарихи өзгерістеріне сүйе-
неді. Бірақ ондай өзгеріс тұлғаның соңғы дыбысы қатаң
болғанын дәлелдей алмайды. Өйткені, түркі тілдері тари-
хында сөз соңында қатаң қ дауыссызы өзгеріске түсуі
жүйелі құбылыс болған емес. Кейбір формалар мен сөз
құрамынан қатаң қ дауыссызы түсіп қалуы сөз соңында
емес, интервокал жағдайда ғана мүмкін. Ал өткен шақтың
бұл тұлғасы туралы мұны айтуға келмейді. Сондықтан
тілдер дамуының көне дәуірлерінде қатаңға және ұяңға
аяқталған бір тұлғаны екі вариантты болған деп қарау
дәлелді. Ұяңға (ғ) аяқталған варианттың фонетикалық
өзгерістер нәтижесінде -ды сипатында келуі түркі тілдерін-
дегі жүйелік өзгерістердің ерекшелігі. Ғ, Г дыбыстары
түркі тілдерінде кейде түсіп қалып отырған. Ондай өз-
герістер жеке сөздермен қатар, формалар құрамында
болып, нәтижеде әр сипатты варианттарға жіктелген. Сон-
дай өзгерістер нәтижесін -ды тұлғасынан көруге болады.
Бұған негіз болған -дық (немесе Орхон жазбаларындағы
-дуқ) екі түрлі айтылған, оның бірі -дығ (-дуғ) болуы
әбден мүмкін. Осы варианттың қазіргі көрінісі -ды, ал
қатаңға аяқталған вариант қазір де түркі тілдерінде қол- .
данылады (қазақ тілінде қылдық, тасаттық тәрізді сөздер
құрамында). Бір ғана тарихи фактіні алайық: Орхон-Енисей
жазбаларында -дуқ тұлғасы (яғни қатаңға аяқталған
вариант) баяндауыш қызметінде жіктелмеген. Ондай баян-
дауышты сөйлемдер құрамында жақтық мән бастауыш
қызметіндегі жіктеу есімдігі арқылы берілген. Олай болса,
-ды тұлғасының тәуелдік жалғаулары арқылы өзгеруі оның
қимыл есімі болғанын көрс^теді. Түркі тілдерінің бірқа-
тарында өткен шақтың ерекше түрі — қалыпты өткен шақ
(длительное время) бар. Ондай тілдер өзбек, қарайым, Қы-
рым татары, якут, қарашай-балқар, түрік, түрікмен, гагауз,
әзірбайжан тілдері. Өткен шақтың бұл түрі -ар, -ыр есімше-
лерінің жедел өткен шақ тұлғасы -ер (е) көмекші етісті
гінің тіркесінен жасалады.
өзбекше: барар едим
барар едиң
барар еди
якутша: аһар этим
барар едик
барар едиңиз
барар едилар
аһар этибәт
(ашар едім)
аһар этиң аһар этигит
аһар этә аһар этилар
қарайымша:
Қырым татары:
алыр
алыр
алыр
алыр
алыр
алыр
алыр едик
алыр едийиз
алыр едилар
алыр едик
алыр едиңиз
алыр едилар
Қазіргі ұйғыр тілінде алыр едим тіркесі құрамындағы
сөздер тоғысып, фонетикалық өзгерістер нәтижесінде алат-
тым түріне түскен: алаттым, аллаттиң, алаттук, алаттиңлар,
алатти; оғыз тобына жататыи түрік, әзірбайжан, гагауз,
түрікмен тілдерінде тіркес құрамындағы көмекші етістік
өзінен бұрынғы есімше тұлғалы негізгі етістік құрамына
ығысып, қосымша дәрежесінде орныққан:
иазардым
йазардық
йазарды
алардым
алардын
аларды
түрікше
йазардық
йазардыңыз
йазардылар
гагауз
алардық
алардыңыз
алардылар
түрікменше
алардым алардық
алардың алардыңиз
аларды алардылар
әзірбайжан
алардым алардық
алардын алардыныз
аларды алардылар
Өткен шақ білдіру ерекшеліктері жағынан бір-біріне
жақын тұлғалар: -ған, -мын, -ған тұлғасы өткен ідақ мәнінде
қыпшақ, қарлұқ-ұйғыр тектес тілдерде, сондаи-ақ Сібір
мен Алтайды мекен еткен түркі халықтары тілдерінде
(якут' тілінен басқа) қолданылады. Қазақ тілінде -ған
есімшесі сөйлеу кезінде әлдеқайда бұрын өтіп кеткен істі,
сөйлеушінің анық көзі жететін істі білдіреді. Бұл тұлға-
ның қолданысы осы тұлға айтылатын түркі тілдерінің бар-
лығына тән. -ған тұлғасының қызметі мен мағыналары
чуваш тілінде -не есімше тұлғасымен беріледі. -ған тұл-
ғасының жақ бойынша түрленуі:
қазақ тілі:
барғанмын барғанбыз
барғансыз барғансыңдар
барған барған
өзбек тілі:
башқұрт тілі
алғанмын алғанбыз
алғанһың алғанһығыз
алған алғанддр
келганман келганмиз
келгансиң келгансиз
келган келганлар
Дегенмен, -ған тұлғасының жақтық мәнде қолданы-
луының кейбір ерекшеліктері барын ескеру керек. Айта-
лық, қазақ тілінде -ған тұлғасы негізінён өткен уақытта,
мезгілде болған істі білдіреді. Мен барғанмын, сен бар-
ғансың тәрізді қолданыстарда -ған тұлғасы сөйлеу кезінен
әлдеқайда бұрынғы уақытта болған істі білдіреді. Мерзімді
білдіру тұрғысынан осы ерекшелік ескеріліп, қазақ тілі
грамматикаларында бұл тұлға көбіне «бұрынғы өткен шақ»
деп (жедел өткен шаққа қарама-қарсы) аталады. Ал баш-
құрт тілінде бұл тұлғаның қолданысында кейбір ерекшелік-
6*
тер бар. -ған есімшесінің ерекше варианты түрікмен тілінде
кездеседі: -ан. Бұл тұлға ғ дыбысының түсіп қалуынан
жасалған. Бірақ -ан тұлғасы түрікмен тілінде жіктеліп,
жалғаусыз айтылады: ол йазан (ол жазған), олар йазанлар.
Ал чуваш тілінде бұған сәйкес қолданылатын тұлға -ны,
бұл да жіктелмейді.
Осындай тұлға айтылатын түркі тілдерінің біразында
-ған есімшесі сөйлеушінің өзі куә болмаған, яғни өзі
көрмеген істі хабарлаудың құралы ретінде қолданылатын
көрінеді. Әсіресе, мұндай мәндер 2—3 жақтарда айқын
байқалады. Башқұрт тілінің зерттеушілері осындай қоры-
тынды айтады.53 Қазақ тілінде бұл тұлғаның қолданысы-
нан мұндай мәнді байқау қиын. Қайда сен барғансың,
ол барған ғ тәрізді қолданыстардан істің болғандығына
сөйлеушінің күмән келтіруі былай тұрсын, солай болған-
дығын растайды. Қазақ тілінде -ған тұлғасының үш жақта
айтылуынан істің істелгендігін, орындалған-орындалмаға-
ңына куә болмағандық жайлы қосымша мәнер синтак-
систік қоршауға байланысты тууы мүмкін. Мысалы: Ес-
туімше, ол сол үйге барған. Бірақ бұл тұлғаның қолда-
нысынан, оның жалаң өзінен туындамайды.
қырғызша: барған елем барған елек алған идем
барған елең барған елеңдер алған идәк
барған еле барған еле алған идэң
алған идэгәз
алған иде/алған
идәлар
Башқұрт тілінде басқа қыпшақ тілдеріндегі е қөмекші
етістігінің орына бол етістігінің есімше тұлғасы айтылады.
Нақ осындай ерекшелік хакас, шор тілдерінде ғана бар:
тек қазақ тілінде II жақта -ың, -дар тұлғаларының қа-
баттасуы бар. Басқа тілдерде бұндай қабаттас жоқ.Қазақ
тіліндегі қабаттасу -ыз тұлғасының көптік мәнді жоғалтып,
сыпайыландыру көрсеткіші ретінде орныққан. Басқа
тілдер -з қосымшасының көптік мәнін қабылдап алған.
-ған тұлғасы Орхон-Енисей жазбаларында кездеседі.
Бұл мәнде, яғни өткен шақ мәнінде жазбалар тілінде -мыш
тұлғасы қолданылған. -ған тұлғасы тек ортағасырлық ес-
керткіштер тілінде -мыш тұлғасында қатар қолданылған.
Бұл тұлғаның өткен шақ мәнінде -мыш тұлғасымен аяқ-
талуы Карахан жазба ескерткіштерінде, одан кейіндегі
көне қыпшақ жазбаларында бар. Ал шағатай тілі ескерт-
кіштерінде өткен шақ мәні көбінесе -ған тұлғасы арқылы
берілген. Махмуд Қашқаридың «Диуанында» -ған тұлға-
сы істің дүркінділігін білдіретін тұлға ретінде түсіндіріледі.
Сонда -ған тұлғасының бұл қызметін қазіргі қазақ тіліндегі
-оған тұлғасының қолдаңылуымен салыстыруға болады. Бұл
> факт -ған тұлғасының бұл мағынадан ажырауы -аған
(а-|-ған) тұлғасы қалыптасуынан кейін болуы ықтимал.
-ған есімше тұлғасының негізгі және бастапқы мағы-
насы: өткенде болып кеткен істі қазіргі кезде айтылып
тұрған мезгілдің фактісі ретінде хабарлау: Мен барған-
мын — барған уақыт әлдеқашан өтіп кеткен, бірақ енді
ғана хабарланып отыр. Хабарлау фактісінің мезгілмен
астасуына қарай өткен шақтың бұл түрі нақ осы шақпен
байланысып жатады. Кейбір тілдерде бұл тұлғаның бел-
гісіз өткен шақ (неопределенное прошедшее время)
ретінде ұғынылуы да осы ерекшелікке байланысты. Шы-
нында, алғанмын, көргенмін тәрізді тұлғаларда істің істелу
фактісін хабарлау бар да, қашан, қай мезетте болғанды-
ғына мән берілмеген. Қазақ тілінде, әрине, бұл ерекшелік
белгілі бір модальдық қосымшалармен астаса бермейді.
Сондықтан ол қазақ ұғымында белгісіз өткен шақ мәнін
білдіретін тұлға ретінде емес, етістіктің болған фактісін
хабарлаудың тәсілі ретінде түсініледі.
Якут тілінде өткен шақ мағынасы -быт, -пыт, -мыт фор-
малы есімшелердің жіктелуі арқылы беріледі:
бар-бып-пын бар-бып-пыт
бар-бых-қын бар-бых-қыт
бар-быт бар-быт-тар
Якут тіліндегі бар етістігі қазақ тіліндегі кет етістігінің
қызметін атқарады. Біздің тіліміздегі бар етістігі кейде
кері мағынада қолданылады. Мысалы: Сен бар, үйге бара
бер тәрізді қолданыстағы «бар, кет» етістігі орнына айт-
лып тұр. Якут тілінде бар етістігі біздің тіліміздегі
осындай сөзбен мағыналас.
Оғыз тобындағы тілдерде: әзірбайжан, түрік, гагауз
тілдерінде -ған тұлғасының орнына -мыш тұлғасы жұм-
салады. Көне дәуірден қалған мұралар тілінде өткен
шақ мәнінде қолданылған -мыш, -ған формалары кейінгі
дәуірлердегі (орта ғасырлардағы) жазбалар тілінде ұшы-
расады. Бұдан -мыш бұрын қалыптасқан дейтін ұшқары
қорытынды шықпаса керек. Тек осындай тілде (-мыш тұл-
ғасын айтатын) сөйлейтін тайпа тілдері әр түрлі қоғамдық-
әлеуметтік жағдайларға байланысты жазуға бұрын түсуі
мүмкін. Белгілі бір тайпа тілдері өткен шақ мәнінде әуелі
-мыш, кейін -ған тұлғасын қолданды деп қарауға ғылыми
дәлел жоқ. Жеке тілдерде бұл тұлғаның аттары мына
төмендегідей: .г _
түрік тілі:
йаз-мыш-ым
йаз-Мыш-сын
йаз-мыш
иаз-мыш-ыз
йаз-мыш-сыңыз
йаз-мыш-лар
әзірбайжан тілі:
йаз-мыш-ым йаз-мыш-ых
йаз-мыш-сыңыз йаз-мыш-сын
йаз-мыш-дыр йазмышлар
гагауз тілі:
ал-мыш-әм ал-мыш-ык
ал-мыш-ын ал-мыш-ыңыз
ал-мыш ал-мыш-лар
Жіктелуі жағынан әзірбайжан, гагауз тілдері бірың-
ғай да, түрік тілі өз алдына: алдыңғы екеуінде жақтық
қосымша ашық дауыстымен келеді, көпше I жақта қыпшақ
тілдерінің -қ қосымшасы айтылады. Түрік тілінде жекеше
I жақ қысаң дауыстымен (яғни қыпшақ тілдеріндей)
айтылады, бірақ көпше I жақ -қ қосымйіасымен емес, -ыз
қосымшасымен беріледі. Сонымен бір топқа жатқанмен
олардың арасында осындай форма айырмашылықтары бар.
-Мыш тұлғасы өткен уақытта болған істі білдіреді, бірақ
қай кезде болғандығы анықталмайды (белгісіз өткен шақ);
өткен уақытта болған, бірақ сөйлеуші, хабарлаушы куә
болмаған істі білдіреді, кейде өткен уақытта болғандығы
жайында басқа біреулерден естіген істі білдіреді т. б.
-Мыш тұлғасы мен көмекші етістігінің жедел өткен
шақ тұлғасы (-ды) бұрынғы өткен шақ мағынасында қол-
данылады.
түрік тілі:
йазмыштым
йазмыштың
йазмышты
гагауз тілі:
алмыштым
әзірбайжан тілі:
иазмыштық иазмышдым
йазмыштыңыз йазмышдың
йазмышларды йазмышды
алмыштық
йазмышдық
йаздышдыңыз
йазмышдылар
алмыштын алмыштыңыз
алмышты алмыштылар
Бұл жерде екі түрлі шақтық тұлғалардың (-мыш жә-
не -ды) қабаттасып келгенін көреміз. Мұндай жағдай
жалпы тілдерде (олардың ішінде, түркі тілдерінде) көп
ұшыраспайды.
Якут тілінде -быт есімшесінің ет(е) етістігімен тіркесі
арқылы осындай шақтық мән беріледі:
барбыт етим (кеткен едім) барбыт етибит
барбыт етиң барбыт етигит
барбыт ете барбыт етилер
Бұл тұлғалар өздерінің негізгі мағынасынан басқа
қосымша модальдық мәндерді білдіреді. Дегенмен, түрік
тіліндегі «-мыш+жіктік жалғау+дыр (-тыр)> тіркесі өткен
шақта айқын модальдық мән туғызатын форма ретінде
көрінеді:
йаз -мыш-ым-дыр
жазып қойғанбыз
йаз-мыш-сын-дыр
йаз-мыш-тыр
иаз-мыш-ыз - дыр
йаз-мыш-сын-ыз-дыр
йаз-мыш-лар-дыр
Этимологиялық жағынан -мыш якут тіліндегі -быт
тұлғасымен байланысты. Тарихи зерттеулер б-м және ш-с-т
ауысуы болғанын дәлелдейді. Сондықтан якут тіліндегі
-быт қосымшасының басқы дыбысы басқа бір тілде м тү-
рінде айтылуы мүмкін де, якут тіліндегі соңғы т жалпы
түркілік с/ш дыбыстық өзгерісі болуы ықтимал.
-Мыш тұлғасы беретін бұл мағыналар чуваш тілінде
-са өткен шақ есімше тұлғасы ер жедел өткен шақ тұлға-
сының өзгеріске түскен тіркесі арқылы беріледі:
сырзатым (жазғаным) сырзатымыр
сырзатын сырзатыр
сырзаччэ сырзачэс
Бұлардың соңғы қосымшалары -тым қосымшасы е етіс-
тігінің I жаққа жіктелген түрі (етим, -тын) II жақтағы
етин, ччэ ети тұлғаларынан қысқарып, өзгерген.
Түрікмен тілінде мұндай мәндер -ан есімше тұлғасы
мен ер етістігінің жәдел өткен шақ тұлғасының тіркесі
арқылы беріледі:
аландым (алғанмын) аландық
аландың аландыңыз
алаңды аланды
Өткен шақтың осы түрлерімен мәндес болып келетіндер
-ып қөсемшелерінен жасалады. Қазақ тіліндегі -ып көсем-
шесінің жіктелген түрі баяндауыш қызметінде өзі куә бол-
маған немесе оған айқын сенім жоқ өткен шақ жасайды.
Қазақ тілінде мен барыппын, сен барыһсың, ол барыпты
тәрізді сөз қолданыстары сөйлеушінің өткен іске куә бол-
ғандығын білдірмейді. Болған, я болмаған оқиғаны, басқа
біреудің сөзі арқылы естігенді білдіреді. Өткен шақтың
мұндай түрі қазақ тілінен басқа ноғай, қырғыз, өзбек,
ұйғыр тілдерінде қолданылады.
ноғай тілі:
алыппан алыппыз
алыпсаң алыпсың
алыпты алыптылар
қырғыз тілі:
алыпмын алыппыз
алыпсың алыпсынар
алыпты алышыптыр
өзбек тілі:
келибман
келибсан
келибди
келибмиз
келибсиз
келибди-
лар
ұйғыр тілі:
аптимен
(алыппын)
әпсән
әпту
аптимиз
әпсилар
апту
Ал осы көсемше тұлғасы е көмекші етістігінің жіктел-
ген тұлғасымен тіркесіп келіп, айқын болған істі сөйлеу
кезінен едәуір бұрын болған, бірақ енді ғана еске алынған
істі білдіреді, яғни бұл тұлғаның мағынасын бұрынғы
өткен шақ тобына жатқызып, соның сөйлеу кезеңімен
ұштастырылған түрі деп қарауға болады.
қазақ тілі:
жазып едім жазып едік
жазып едің жазып едіңдер
жазып еді жазып еді
Қазақ, өзбек тілдерінде
өзбек тілі:
йозыб едим йозыб едик
йозыб едиң йозыб единиз
йозыб еди йозыб едилар
қолданылатын бұл тұлғаның
мағынасын: жазып едім, әлі бірақ хабар жоқ; жазып едім,
енді ғана хабар алдым деп түсінуге болар еді. Бұл формада
істің орындалғанына сөйлеушінің куә болғаны мен сөйлеу
мезгілі байланыстырылған. Екінші сөзбен айтқанда, бұрын-
ғы өткен шақ нақ осы шақпен астастырылған, байланыс-
тырылған. Бұрыңғы өткен шақтың басқа түрлерінен мұның
ерекшелігінің өзі осы.
Өткен шақтың енді бір түрі көбінесе дүркін-дүркін
болып тұратын, әдетке айналГан істі білдіреді. Мағынасына
қарай мұны қалыпты өткен шақ деп атайды. Бұдан бұрын
айтылған өткен шақ түрінен айырмасы — бұрын болған
іс осы шақпен астастырылмайды.
баратынмын
баратынсың
баратын
Қазақ тілі:
баратынбыз
баратынсыңдар
баратын
Татар тілінде бұл тұлғаның аналитикалық түрі қолда-
нылады:
бара тырған едим
бара тырған идең
бара тырған идэ
бара тырған идэк
бара тырған идэгэз
бара тырған идэлар
Ноғай тілінде тіркес арқылы жасалған тұлға айтылады:
баратаған әдім
баратаған әдән
баратаған әдә
Қазақ тіліндегі -атын тұлғасы — аналитикалық тір-
кестің әбден қысқарып, өзгеріп, морфологиялық қосым-
шаға айналған түрі. Аналитикалық тіркестің толық түрі
168
-а-|-турған-|-мын(-сын), оның келесі буыны -а-|-туғын-|-
мын, одан кейінгісі, ең соңғысы -а-|-тын-|-мын, Аналитика-
лық тіркестің татар тіліндегі түрі: а-|-тырған-|-едим. Татар
тіліндегі бұл вариант осы сипатта ғана қолданылады. Бұл ва-
рианттың өзгерген түрі — ноғай тіліндегі түрі: -атаған-|-
едим. Қазақ тіліндегі бұл варианты өзгеріске түскен: атын-(-
едім. баратын едім, баратын едің, баратын еді, баратын едік,
баратын едіңдер, баратын еді. Мұның да негізі -атын қо-
сымшасы.
Өткен шақтың осындай мағынасының түрі -ушы-|-е тұл-
ғасы арқылы беріледі:
Қазақ тілі:
барушы едім
барушы едің
барушы еді
барушы едік
барушы едіңдер
барушы еді
қарашай-балқар тілі:
барывчу едим барывчу едик
барывчу едиң барывчу едигиз
барывчу еди барывчу едиле
Бұл тұлға құрамындағы өткен шақтық мәнді туғызатын е
көмекші етістігі — жедел өткен шақ тұлғасы, -ушы қосым-
шасының алғашқы бөлігі -у қимыл есім тұлғасы, яғни
шақтық мәнге бейтарап тұлға, -шы — іс істеушіні білдіретін
(осы-шақта) субъективтік форма. Осы үш түрлі тұлғаның
қатар келуі арқылы жедел өткен шақ жасалып тұр. Қырғыз
тілінде бұл мән -чы қосымшасының (субъектіні білдіретін
қосымшаның) етістік түбіріне тікелей жалғануы арқылы
беріледі:
джазчумун джазчубуз
джазчусун джазчусуңар
джазчу джазышчу
Ал шор тілінде бұл -чаң есімшесінің жіктелуі арқылы
беріледі.
Хакас тілінде осындай есімше тұлғасы арқылы беріледі:
ырлачаңмын (әндететін едім) ырлачаңмыс
ырлачаңзың ырлачайзар
ырлачаң ырлачаңнар
Іс істеуші субъектіні білдіретін -шы осы жақты білді-
ретін есімше ретінде ұғынылады. Соңғы мағына етістік тү-
бірге байланысты: іс қимыл мен іс иесін білдіруші грамма-
тикалық тұлғалардың ұласуы нәтижесінде сондай мән пайда
болады. Іс істеушіні, іс иесін білдіретін қосымша кейбір
тілдерде басқаша тұлғаланады: қырғыз тілінде -чу, яғни
соңғы дыбысы еріндік дауысты дыбыс, шор, хакас тілде-
рінде -чаң, басқа тілдердегі осындай қосымшамен ұқсас
элемент алдыңғы дыбыс ч, бұлардың бәрі бір тұлғаның әр
түрлі варианттары, мұны олардың бір ғана мағынада қол-
данылатынан көреміз.
Өткен шақтың тағы бір түрі, арнаулы әдебиеттерде
(грамматикалық зерттеулерде) «белгілі өткен шақ» (про-
шедшее определение) деп аталып жүрген түрі осы шақ
көсемшелері мен отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктерінің
қатысуы арқылы жасалады.
қазақ тілі:
бара жатыр едім бара жатыр едік
бара жатыр едің бара жатыр едіңдер
бара жатыр еді бара жатыр еді
өзбек тілі:
йазайотқан едим
йозайотқан едик
(жазып жатыр едім)
йозайотқан едиң йазойатқан едиңиз
йозайотқан еди йозайотқан едилар
Алтай тілінде бұл мән -ып көсемшесі мен жат, тұр
етістіктері тіркесі арқылы беріледі:
бара даттым (бара жаттым)
барып даттың
барып датты
үреніп тұрдым (оқып жаттым)
үреніп турдың
барып даттық.
барып даттығар
барып даттылар
үреніп турдық
үреніп турдығар
үреніп турды
үреніп турдылар
Алтай тілінде бұл қызметте отыр, жүр етістіктері қол-
данылады.* Татар тілінде мұндай мән -а тұлғалы көсемше
мен ер етістігінің тіркесі арқылы беріледі:
бара идем бара идек
бара идең бара идегез
бара иде бара иде
Ноғай, құмық, Қырым татарлары тілдерінде осы модаль
тұтасымен қайталанады:
ноғай тілі:
бара едим бара едик
бара едиң бара едиңиз
бара еди бара едилер
Қырым татарлары тілі:
ала едим
ала едиң
ала еди
ала едик
ала едиңиз
ала едилер
Өткен шақтың -й көсемшесінің негізінде жасалған осы
түрі түрікмен, түрік тілдерінде қолданылады:
түрік тілі:
йазы ордум
йазыпордун
йазыпорду
түрікмен тілі:
йазыпардым
йазыпардың
йазыпарду
йазыпордуқ — (жазып жатқанбыз, жаз-
ғанбыз)
йазыпордунуз
йазыпордулар
йазыпардық — жазып жатқанбыз
йазыпардыңыз (жазғанбыз)
йазыпардылар
Осы шақ. Айқын осы шақ немесе қазақ тілі грамматикала-
рында айтылып жүргендей, нақ осы шақ түркі тілдерінің
бардығында бірдей айқын көрінбейді. Әрине, сондай мән-
мәнерлер жүйесін айқындап айтуға ұмтылу барлық тіл
атаулыға тән болса да> оны грамматикалық тәсілдермен
жүйелеп, бекіту барлық түркі тілдеріне тән тілдік құбылыс
емес, осы шақтың мұндай түрі қазақ, түрікмен, қарақал-
пақ, қырғыз, өзбек, ноғай тілдеріндё және Сібірдегі алтай.
тува, хакас, шор тілдерінде кездеседі.
Қазақ тілінде нақ осы шақ отыр, тұр, жатыр, жүр етіс-
тіктерінің дербес жіктелуі арқылы жасалады. Өйткені, нақ
осы шақ мағынасын арнайы тәсілдер арқылы білдіру кейбір
тілдерде кездеспейді. Қазақ тілі аталған төрт етістікті жақ
бойынша өзгертіп, нақ осы шақтың жалаң түрін жасайды:
отырмын
отырсың
отыр -
отырмыз
отырсыңдар
отыр
Қырғыз тілінде осындай жүйе қолданылады: жүрүмүн, жү-
рүсүн, жүрү, жүрүмүз, жүрүңсүз, жүрү, отурмун, отурсун,
отуру т.б.
Түркі тілдерінің көпшілігінде мұндай мән көсемше тұл-
ғалары мен жатыр, тұр, отыр, жүр етістіктерінің тіркесі
арқылы беріледі:
қазақ тілі:
жазып отырмын
жазып отырсың
жазып отыр
қырғыз тілі:
джазып джатамын
джазып джатасын
джазып джатар
қарақалпақ тілі:
алып жатырмын
жазып отырмыз
жазып отырсыңдар
жазып отыр
джазып джатабыз
джазып джатасыңдар
джазып джатар
алып жатырмыз
алып жатырсың
алып жатыр
өзбек тіліз
йоза йотирман
йоза йатирсиң
йоза йотир
алып жатырсыңдар
алып жатыр
йоза йотирмиз
йоза йотирсиз
йоза йотир
ноғай тілі:
бара йатырмын
бара йатырсың
бара йатыр
бара йатырмыз
бара йатырсыз
бара йатырлар
Осы тіркестің фонетикалық өзгеріске ұшырап кіріккен
түрі ұйғыр тілінде қолданылады: окуватимән, оКуватимиз,
окуватисәң, окуватисиз, окуватиду. Ал алтай тілінде ол
тілдің ерекшелігіне лайық жат етістігі д дыбыстан баста-
лады және соңғы -ыр қосымшасынсыз қолданылады:
алып дадыбыс
алып дадым
алып дадың алып дадығар
алып дат алып дат
Тува, хакас, шор тілдерінде сол тілдердің фонетикалық
сипатына лайық жат етістігі чат түрінде дыбысталады:
ойнап чам—(ойнап жатырмын) ойнап чабыс
ойнап чазың ойнап чазар
ойнап ча ойнап чалар
Қазақ тілі грамматикасында ауыспалы осы шақ кейде
«неғайбыл осы шақ» деп аталып, әдетке, дағдыға айналған
істі, кейде келешекте орындалатын істі, келешекте созы-
латын істі, т. б. мән-мәнерлерді білдіреді. Мұндай мән-
мәнерлер түркі тілдерінің көпшілігінде бір сипатты тәсіл-
дер арқылы беріледі. Ондай тәсілдердің бастылары мына
төмендегідей: көсемшенің -а, -й тұлғаларының жіктелуі ар-
қылы:
татар тілі:
алам, аласың, ала
алабыз, аласыз, ала
башқұрт тілі:
алам, алаһың, ала
алабыз, алаһығыз, ала
Дауысты дыбысқа аяқталатын етістіі^терге бұл қосым-
ша -й — дифтонг түрінде жалғанады. Бұл әсіресе құмық,
қазақ т. б. тілдерде айқын көрінеді: ашаймын, ашайсан,
ашай, ашайбыз, ашайсыз, ашайлар. Бұл келтірілген тіл-
дерде үшінші жақта нольдік тұлға сақталады немесе -а
қосымшасының үстіне басқа қосымша қабаттаспайды. Ал
мына мысалдарда келтірілген тілдердегі III жақта ерекше-
лік бар — жақты білдіретін қосымша пайда болады:
казақ тілі: ноғай тілі:
аламын аламыз аламан аламыз
аласың аласыңдар аласаң аласыз
алады алады алады аладылар
өзбек тілі:
йозаман йозамыз
йозасың йоз асыз
йозади йозадилар
сәл өзге\үрі қырғыз тілінде айтылады:
жазам жазабыз
жазасың жазасыз
жазат жазышар
III жақта шақты білдіретін қосымшадан кейін айты-
латын -ды -тұр етістігінің — осы шақ көрсеткіштерінің
бірі болып табылатын етістіктің фонетикалық өзгерістерге
түсій, қысқарған, қосымшаға айналған түрі. Мұндай қол-
даныстағы сөздің қосымшаға айналуы заңды құбылыс,
өйткені грамматикалық қосымша қызметте қолданылған
компонентке әрқашан екпін түспейді, ол өзінен бұрын
айтылған негізгі сөздің шылауында болады. Ал екпін түспе-
ген сөз алдыңғы сөздің ықпалына ұшырап, фонетикалық
пішінін өзгертеді. Мұндада тұр етістігі — нақ осы шақ
немесе айқын осы шақ жасайтын төрт етістіктің бірі. Осы
шақ тұлғасының етістікке оның қосарланып айтылуын шақ-
тық мәнді айқындай түсуге ұмтылудың салдары деп тү-
сіну керек. Бірақ мән-мағына жағынан тепегтең элемент-
тердің қабаттасуы олардың біреуінің өз мәнін жоғалтып,
басқа мәнге ие болуға-(егер элизияға ұшырамаса) алып
келеді. Алдыңғы 2-жақ тұлғаларына аналогия жасаудың
нәтижесінде -ды жақтық мән алған. III жақтың қосымша
қызметіндегі тұр етістігі қысқарған. Бір ғана дыбыстан
тұратын морфемаға айналған түрі қырғыз тілінде бар:
-т: жаз-ыш-а-т, жаз-а-т. Бұл жерде сөздің соңын қатаң
айтуға ұмтылу нәтижесін көруге болар еді.
III жақ қосымшасы қызметіндегі тұр етістігінің біршама,
құрамдық тұтастығын сақтаған түрі қарайым тілінде, та-
тар диалектілерінде кездеседі:
аламын алабыз
аласың аласыз
аладыр аладырлар
Алтай, хакас тілдерінде -тыр(-дыр) морфемасы үш
жаққа бірдей қосылып айтылады:
хакас тілі:
таб-а-дыр-бын (тауып аламын) таб-а-дыр-быз
таб-а-дыр-зың таб-а-дыр-зар
таб-а-дыр таб-а-дыр-лар
алтай тілі:
бар-а-дыр-ым (бара жатырмын) бар-а-дыр-ыбыс
бар-а-дыр-ың бар-а-дыр-ығыр
бар-а-дыр-ы бар-а-дыр-ы
Кейбір түркі тілдерінде бұл қосымшаның -ды І,/ІІ жақта
жалғанып қолданылады: алтай тілі — барадым» барадың,
барат, барадыбыс, барадығар, барадылар. Осыңдай құры-
лымдық түр Сібірдегі татарлардың тілдерінйе кездеседі.
Сонымен қатар Қиыр Батысқа орналасқаң йуваш тілінде
осыған ұқсас құрылымдық түрді кездестіремдз: сырадып —
жазып отырмын, сырадын, сұрат, сыратпыр жазып отыр-
мыз, сырадыр, срассэ. Чуваш тіліндегі сёз басындағы с
дыбысын мынадай дыбыс сәйкестігі бойынша түсіну керек:
й, ш, ш, с. Қысқасы, чуваш тіліндегі сөз басындағы с басқа
түркі тілдерінде осы позицияда айтылатын ұяң дыбыстың
көрінісі болып табылады. -ды, -дыр қосымшаларының
қабаттасып қолданылуы етістіктің семантикасына ешқандай
өзгеріс енгізбейді. Олар қай жақта айтылса да, шақтық я
жақтық мән-мәнерлерге мағына үстемейді.
Осы шақтың бір үлкен түрі -ар(-әр, -ыр) -ір есімшеле-
рінің жіктелген тұлғаларынан жасалады:
әзірбайжан тілі:
алырам
аларсан
алар
аларых
аларсыныз
алырлар
түрік тілі:
алырым алырмыз
аларсын аларсыниз
алыр алырлар
өзбек тілі:
оларман олармиз
оларсан оларсаниз
олар оларлар
Бұл үш тілде де жалпы түркілік сақталған. Айырмашылық:
қысаң дауысты вариант әзірбайжан, түрік тілдерінде айты-
лады да (екеуі де оғыз тобына жатады), өзбек тілінде
ашық дауысты вариант айтылады. Қысаң дауысты ва-
риант бұлардан басқа Қырым татарлары тілінде, тува,
қарашай-балқар, салар, сары ұйғыр тілдерінде кездеседі.
Қысқасы, қысаң және ашық дауысты варианттардың
қолданылуын белгілі бір аймақпен шектеу мүмкін емес.
Сондай-ақ -ар және -ыр варйанттары арасындағы функция-
лық айырмашылықты бүгінгі түркі тілдері материалдары
бойынша дәлелдей алмайсың. Тек әзірбайжан тілінде -ар
келер шақ мәнінде, ал -ыр осы шақ мәнінде қолдану ба-
сым болып отырады.
Түрік, түрікмен тілдерінде осы шақтың ерекше құры-
лыМдық түрі қолданылады: етістік түбір +ы(й) +йор+жақ
қосымшалары: -йаз+йор+ум; йаз -ы йор+сун, йоз-ы-йар;
түрікмен тілінде де осыған ұқсас құралымдық түр қол-
данылады:
йазыпорум — жазып отырмын, жазамын йазыпоруз
йазыпорсун йазыпорсунуз
йазыпор йазыпорлар
түрікмен тіліг
алйарын алйарыс
алйарсын алһарсыңыз
-йарч-йор аффикстерінің қысқарған, редукцияланған түрін
гагауз тілінен кездестіреміз: алерым, алерсын, алер. Түрко-
логияда ең көп пікір айтылған мәселе —йар, -йор аффик-
стерінің арғы төркіні, олардың қалыптасу ерекшелігі жайлы
А. Н. Кононов, Н. К. Дмитриев: «-йор аффиксін гели-
йүрүр тәрізді тіркестер құрамындағы йүр етістігінің өзге-
рісі, соның варианты» деп қарайды. Ф. Е. Корш йатур
(йат етістігінің есімше түрі) тұлғасының қысқарып, сығы-
лысуынан (ортадағы т дыбысының түсіп қалуы) -йор
тұлғасы шыққан дейді. Ал А. П. Поцелуевский -йар фор-
манты йазыбйор тіркесінің өзгерісінен қалыптасқан дегенге
саяды. Мұның алдыңғы пікірлерден айырмасы: йаз+ыб
(көсемше тұлғасы) +йор, яғни йор етістігі өзінен бұрынғы
етістіктің нольдік тұлғасына емес, көсемше тұлғасына
тіркескен. Түрік тіліндегі ы (ый-ор) сол көсемше қосым-
шасының қалдығы. Түрікмен тілінде бұл элемент кейін
жоғалып кеткен. Сонымен бірге, түрікмен тілінде ерін
үндестігі жоғалумен бірге, йор етістігі құрамындағы еріндік
дауысты езулікке айналған. Осы шақтың қалыптасу та-
рихы бойынша пішіні жағынан ерекше түрі якут тілінде
қолданылады: бар-а-бын, бар-а-быт, бар-а-ғын, бар-а-ғыт,
бар-ар, бар-ал-лар. Якут тілін зерттеушілер бұл тұлғаның
I—II жақтары -а тұлғалы көне есімшеден, ал III жағы -ар
есімшесінен жасалған деп қарайды.55 Қысқасы, якут тілі-
нің бұл тәсілінің құрамынан түркі тіліндегі -а және -ар
тұлғаларының семантикасымен салыстырып көруге болады.
Келер шақ түркі тілдерінің көпшілігінде кездесетін -ар,
-ыр, -р тұлғалы есімшелерден жасалады. Бұдан бұрын осы
шақ түрлерінің бірі ретінде аталған морфологиялық тұЛға
осы шақ мәнінде де, келер шақ мәнінде де қолданыла
алады және бұл бір ғана ұлт тілінің ерекшелігі емес,
жалпы түркі тілдеріне тән заңдылық ретінде көрінеді.
Түркологияда «аорист» деп аталатын көзқарас -р тұлға-
сының мағыңалық және
алады.
функциялық ерекшелігін еске
өзбек тілі:
йозарман
йозарсың
йозар
алтай тілі:
келерим
келерин
келер
түрікмен тілі
аларын
аларжың
алар
йозармиз
йозарсиз
йозарлар
қарашай-балқар тіһі:
санарма (есёптеймін )
санарса сзнарсыз
санарбыз
санар с:анарла
келерибис
келеригер
келер
аларыж
аларжыңыз
аларлар
татар тілі:
алырмын
алырсың
алыр
алырбыз
алырсыз
алырлар
Тұлғалануы жағынан мынадай ерекшеліктерді көрсету ке-
рек: жіктік жалғауларының толық түрі (-мын, -мыз, -быз)
қолданылатын тілдер: өзбек, татар тілдері, ал түрікмен
тілінде I жақта ерекше тұлғалар -ын, -ыж (соңғы тұлға
көптік тұлға ретінде көпшілік тілдёрде қолданылатыны
белгілі) айтылады, -ын тұлғасы көпшілік тілдерде көсемше
тұлғаларына жалғасатыны белгілі, бірақ -р тұлғасына жал-
ғанбайды. Түрікмен тілі бұл жағынан көптеген тілдерге
ұқсамайды. Ал алтай тілінде -р тұлғасына жіктік жал-
ғауының қысқа түрі, басқа түркі тілдерінде (мысалы, қа-
зақ тілінде) -ды өткен шақ тұлғасының түрі жалғанған.
Әрине, -р тұлғасының білдіретін мән-мағынасына қарап,
мұны айтарлықтай өзгешелік ретінде қарамауға болар еді.
Бірақ бірсыпыра түркі тілдерінде -р тұлғасы жіктік жал-
ғаудың мұндай варианты шақты білдіріп, баяндауыш қара-
кетінде жұмсалу мүмкіндігінен айырылып қалады. Қазақ
тіліндегі берерім жоқ, келуіңді айтқан жоқсың тәрізді
қолданыстар шақтық мәнін бермейтіні былай тұрсын, баян-
дауыш қызметінде де айтылмаған. Мұндай қолданыс -р
тұлғасының қимыл есімдік мәнін танытады. Ал қимыл есім-
дері шақтық мәнге бейтарап, сондықтан олар есімдер тә-
різді түрленіп, солардың қызметі мен мән-мағынасын ат-
қарады. Алтай тіліндегі өзгеше түрленуді осылай түсін-
діруге болады.
Келер шақтың бір түрі -ашақ/-ежек тұлғасы ар-
қылы беріледі. Татар тілі: алашақман, алашақбыз, алашақ-
сын, алашақсыз, алашақ, алашақлар.
өзбек тілі:
түрік тілі:
йазаЧ^қман
йазачд^сан
йазачак
қ^мық
барачақмац
барачақсан
барачақ
йазачақмиз
йазачақсыз
йазачақ
тілі:
барачақбыз
барачақсыз
барачақлар
иазаджағым
йазаджақсын
йазаджақ
иазаджағыз
йазаджақсыныз
йазаджақлар
татар
алашақмын
алашақсың
алашақ
тілі:
алашақбыз
алашақсыз
алашақлар
Қазақ тілінде бұл тұлға говорлық ерекшелік ретінде
ғана кездеседй Қазақстанның батыс облыстарының тұр-
ғындары тіліндб бұл тұлға татар тіліндегі жүйемен айты-
лады. Яғни: баражақпын, баражақйыз, баражақсың, бара-
жақсыңдар, баражақ.
Түрікмен тілінде бұл жақ бойынша жіктелмейді, яғни
жіктік жалғаулары жалғанбайды. Баяндауыштың қай жақ-
та айтылғаны бүкіл сөйлемнің мағынасы арқылы немесе
бастауыш қызметіндегі сөз арқылы айқындалады. -ажақ
тұлғасы тува, хакас, шор, алтай, якут тілдерінде қолданы-
лады. Кейбір тілдердің фонетикалық сипаТы мен стиліне
қарай -ажақ тұлғасы -ачақ, яғни ч аффрикатымен (өз-
бек, құмық тілдерінде), дж аффрцкатымен -аджақ түрінде
(түрік, әзірбайжан тілдерінде); ш дыбысымен -ашақ түріңде
(татар тілінде) айтылады. Ал ноғай тілінде -айақ түрінде
айтылады: бар-айақ-пан, бар-айақ-пыз, бар-айақ-аң, бар-
айақ, бар-айаң-лар. Ноғай тіліндегі форманы түсіндіру үшін
түркі тілдері арасында кездесетін й>ж2>ш дыбыс ауысуы
мүмкіндігін және дж-ч-ш-ж дыбыс сәйкестігі кездесетін-
дігін еске алу керек. Егер осы тәрізді түркі консонантивті
құрамында болғандығын факт деп қарасақ, ноғай тіліңдегі
-айақ жалпы түркілік -ажақ тұлғасының тарихи варианты
болып шығады. Бұл тұлғаның енді бір тарихи варианты
якут тілінде қолданылады. Якут тіліндегі -ыах есімшесі
келер шақ" мәнін береді де, оның жіктелген тұлғалары
келер шақ жасап, сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады:
бар-ыағ-ым бар-ыағ-пыт
бар-ыағ-мын бар-ыах-хыт
бар-ыағ-ың бар-ыах-тара
бар-ыағ-а
Бұл есімше якут тілінде қимыл есімдерінше түрленеді,
бірінші жақта -ым (бар-ды-м дегендегі жақ қосымшасын
салыстыр), ал үшінші жақта тәуелдік жалғаудың III жағы
-а (якут тілінде ашық дауысты а басқа түркі тілдеріндегі
қысаң ы дыбыстық қызметін атқарады). Якут тіліндегі -ыах
тұлғасының оғыз тілдеріндегі -ажақ (-аджақ) тұлғасымен
фонетикалық сәйкестігін былай деп түсіндіруге болар ёді:
1) басқы ы және а дыбыстарының сәйкестігі жайлы флар-
дан бұрын айтылады. Мұндай сәйкестік якут жән^ басқа
түркі тілдёрі арасында ғана емес, чуваш және бас^а түркі
тілдерінің арасында да байқалады; 2) -аджак (-ажақ)
тұлғасының құрамындағы ызың (әлсіз) дыбыстңң түсіп қа-
луы, ал соңғы дыбыстың фарингалдануы (х) ^әтижесінде
якут тіліндегі -ыах оғыз тілдеріндегі -аджақ тұлғасының
функциялық әрі семантикалық баламасы ретінде қолда-
нылады.
Якут тіліндегі бұл тұлға шақтық тәсілдерге негіз болып,
өзге жақ тәсілін жасайды: -таах аффиксімен күрделеніп,
қазақ тіліндегі -лық қосымшасының варианты мақсаттық
мәндегі келер шақты білдіреді: барыах-таах-пын — менің
баруым керек, барыах-таах-тын — сенің баруың керек т. б.
Оғыз тілдерінде келер шақ мәнінде қолданылатын тағы
бір тұлға -асы есімшесі: аласымын, аласысың, аласы. Бұл
тұлға түрікмен, әзірбайжан тілдерінің тарихына қатысты.
XIII—XV ғасырларда қолданылған жазба әдеби тілде қол-
данылған. Қазіргі тілдерде диалектілік ерекшелік көнедәуір-
дің қалдығы ретінде ғана ұшырасады. Қазақ тілінде -асы
тұлғасында қалыптасқан едәуір сөздер бар, олардың бәрі
қимыл есім болып келеді: аласы, бересі, келесі — алты
аласы, бес бересі т. б. Әрине, бұл тұлға қазақ тілінде
жақ мағынасында қолданылмайды, мұндай тұлғалы сөз-
дер сан жағынан аз. Бұл тұлғалы сөздер көрші тілдерден
ауысқан, яғни ареалдық өзгерістердің нәтижесі.
Келер шақтың бір түрі — мақсатты, ниетті келер шақ.
Келер шақтың бұл түрі түркі тілдерінің бір қатарында
арнаулы тәсілдер арқылы жасалады. Қазақ тілінде бұл
мынадай тәсілдер арқылы жасалады: -мақ тұлғасы есім-
шелердің жіктелген тұлғасы арқылы: бармақпын, бармақ-
сың, бармақ, бармақпыз, бармақсыңцар, бармақ; -мақ тұл-
ғасына -шы қосымшасының қабаттасып келіп жіктелуі
арқылы: айтпақшымын, айтпақшысың, айтпақшы. Алдыңғы
тәсілден мұның айырмашылығы сол, бұл тұлға істі істеуші
мен іс иесі субъектіні айқын білдіреді. -Ғалы көсемшесі
мен отыр етістігінің тіркесі арқылы: айтқалы отырмын,
айтқалы отырсың, айтқалы отыр т. б.; тіркес құрамын-
дағы -ғалы көсемшесі мақсат мәнін береді де, оның отыр
етістігімен тіркесуі нәтижесінде келер шақ мәні пайда
болады. Өзбек тілінде мақсатты келер шақ мәні -мақ -чи
тұлғасы арқылы беріледі: айтмокчиман, айтмоқчисан, айт-
мақчи, айтмоқчимиз, айтмақчисиз т. б.; түрік тілінде мақ-
са^ы келер шақ -малы тұлғалы қимыл есімінің жіктелуі
арқылы жасалады:
йаз-малы-й-ым — (жазуым керек) йаз-малы-йыз
йаз-мал^-сын йаз-малы-сыныз
йаз-малы йаз-малы-лар
Башқұрт тілінде мақсатты келер шақ -мақсы тұлғасының
жіктелген түрімен және -мақсы+бұл тіркесімен беріледі:
бармаксымын, бармаксыһын, бармаксы, бармаксыбыз, бар-
максыһығыз, бармаксылар.
бармаксы булам
бармаксы булаһсыз
бармаксы була
бармаксы булкбыз
бармаксы булаһығыз
бармаксы булар.
Башқұрт тіліндегі бұл тәсіл жалпы қыпшақ тілдерінде
қайталанады. Ерекше тұлға түрік тілінде ғана кездеседі.
Түрік тіліндегі -малы тұлғасы -мақшы (башқұрт тіліндегі
-мақсы) тұлғасымен бірдей емес. Бұл тұлғаны -ма -лы деи
ажыратып, алдыңғысын қимыл есім тұлғасы, қимылдың^
атауын білдіретін тұлға, ал -лы сөз жасайтын жұрнақ
деп түсіну ұтымды. Ал -мақсы тұлғасы осыдан бұрын
айтылғандай -мақ және -шы элементтеріне ажырайды:
-мақ қимылдың орындалуы субъектімен байланысты екенін,
-шы іс істеуші мен. орындаушы субъектіні білдіреді. Бұлар
құрама элементтер ретінде бір-бірінен бүтіндей өзгеше
тұлғалар. Түркһ тіліндегі ұқсас тұлғалар қарашай-балқар,
чулым татарлары тілдерінде кездеседі. Етістік түбіріне -лық
тұлғасы жалғанып, жіктелу арқылы ниетті келер шақ
түрі жасалады: барлықма, барлықса, барлықца, барлықбыз,
барлықсыз, барлықдыла. Чулым татарлары тілінде: келлү-
кем, келлүксин, келлүк, келлүкбис, келлүксингар, келлүк.
Соңғы екі тілдегі келер шақ тұлғасының ерекшелігі сол
(басқа түркі тілдерінде кездеспейтін ерекшелік)— етістік
түбірге -лық қосымшасының, есімге жалғанатын қосым-
шалардың тікелей жалғануы түркі тілдеріне жат құбылыс.
Мына жерде де етістік түбірге -лық аффиксінің тікелей
жалғануын емес, сөз құрамынан кейбір элементтердің тү-
сіп қалуын немесе элизия нәтижесін көруге болады. Ол
процесс мына жолмен жүреді: бар-ыр-лық бар+(ыр)+лық
барлықынызым), р дыбысының әр кез элизияға ұшыра-
майтынын түркі тілдерінің тарихы дәлелдеді. Бұл арада да
құрамында сол дыбыс бар буынның түсіп қалуы нәтиже-
сінде есімге айналған қимыл есім тұлғаларына жалғана-
тын -лық етістік түбірге тікелей қосылған. Қысқасы, бұл
фонетикалық өзгерістің нәтижесі. Қазақ тілінде келер щақ-
тың тағы бір түрі —. болжалды келер шақ ғай(-гей),
-қай(кей) тұлғасы арқылы беріледі: барғаймын, барғайсың,
барғай. Келер шақтың бұл түрі тілек, қалау мәнінде айтыла-
ды. Сондықтан грамматика оқулықтарында бұл тұлғаны қа-
лау рай деп түсіндіру басым. Егер әрбір модадьдық мән
объективтік мағынаның заңды қосымшасы екенін мойында-
сақ, әуелі шақтық мағына, яғни объективтік мағына, соған
қосымша, содан туындайтын модальдық мән — қалау мәні
бар. Қысқасы, бұл тұлғаның шақтық мағынасы — алғашқы
негіз де, қалау мәні — соңғы қосымша мән. Бұл тұлға
осындай мән-мағыналарда түрік тілінде т. б. тілдерде ай-
тылады.
Болымсыздық мәннің берілу жолдары. Түркі тілдерінде
болымсыздық мәннің берілуі есімдерге де, етістіктерге де
арнайы қосымшаның, не сөздің жалғануы, тіркесуі арқылы
жүреді (олай болатыны: барлық грамматикалық мән бел-
гілі бір қосымшаның қосылуы арқылы туындайды). Есім
құрылымды синтаксистік конструкцияларда болымсыздық
мән жоқ, түгіл сөздері арқылы беріледі, ал түгіл сөзі
сөйлем құрамында болымсыздық мән тудыратын граммати-
калық тәсіл ретінде қазіргі түркі тілдерінің барлығында
дерлік қолданылады, сондай-ақ көне тілдерде де қолданыл-
ған: көне қышпақ, көне оғыз: тәгүл, дегүл, дәгүл, қазақ:
түгіл, башқұрт, татар: түгілг әзірбайжан: дэйіл, қарашай-
балқар: түйүл, түл, ноғай: түвіл, түрікмен: дәәл. Бұл
сөздерде жиі қолданылатын тағы бір сөз: емес, қарақалпақ:
емес, тува: эвэс, ұйғыр: әмәс. Бұл сөздің арғы сипаты,
орта ғасыр мұраларындағыдай, ермес (ер-ме-с) көмекші
етістігі болымсыз түрінің есімше тұлғасы. Дегенмен,
түркі тілдерінің барлығында қолданылатын етістіктің
болымсыздық қосымшасы -ма. Қазіргі түркі тілдеріндегі
етістік тұлғаларының болымсыздық түрі тек осы қосымша
арқылы жасалады және осы қосымша арқылы басқа да
болымсыздық қосымшалары жасалатын топтарға ажырай-
ды. Екінші сөзбен айтқанда, болымсыздық мән тек -ма қо-
сылуы арқылы жасалатын тұлғаларға және -ма қосымша-
сымен бірге болымсыздық мән беретін тіркестер жасала-
тын тұлғаларға ажырайды.
Бірінші топқа, яғни -ма қосымшасы арқылы болым-
сыздық мән туғызатын тұлғаларға: бұйрық рай, қалау рай
және шартты рай тұлғалары, сондай-ақ ашық райдың же-
дел өткен шақ, болжалды келер шақ тұлғалары жатады:
қазақ: барма, бармағайсын, бармасаң, алтай: келбейін (кел-
меймін), башқұрт: алмам, құмық: алмайман, тува: келбейін,
өзбек: күрмәй, күрмәйін, якуті сыппаппын, гагауз: ал-
марымт. б.
Екінші топқа, яғни -ма қосымшасымен қатар басқа
сөздермен тіркесіп болымсыздық мән беретін тұлғаларға
бұрынғы өткен шақ, әсіресе айқын келер шақ тұлғалары
жатады: қазақ: бармаған, барған емес, ноғай: бармайақ,
барайақ түйіл, татар: бармайажақ, баражақ, түгіл, түрік:
йазмайажақ, йазажақ дейіл, өзбек: бормаган, барған емәс,
ұйғыр: алмаған, алған әмәс.
Екінші топтың қатарында аталған тұлғалар санын мұ-
нан да ұзартуға болады. Бірақ екі түрлі тәсіл арқылы
үнемі өзгеріп отыратын осылар.
Кейбір етістік тұлғалары болымсыздық мән туғызбайды
немесе болымсыздық мән туғызатын тәсілдер бойынша
өзгермейді. Айталық, қазақ тіліндегі қимыл есім тұлға
-мақ арнаулы болымсыздық қосымшасын қабылдамайды,
оның болымсыз түрі ашық рай түрінде айтылады: ол
оқуға бармақ, ол оқуға бармайды. Әрине, бұл тұлғаның
болымсыз түрін бармақ емес деп те' қолдану бар. Аліайда
соңғы тәсіл бүгінгі тілде еркін қолданылатын грамматика-
лық тәсілден гөрі белгілі бір сөйлеу тәсілі ретінде түсі-
ніледі. Әзірбайжан, құмық тілдерінде бұл тұлға осылай
айтылады, -ма аффиксі кейбір түркі тілдерінде мына түрде
келеді: қазақ: -ма, -ба, -па, әзірбайжан: -ма, алтай: -па,
по, -ба, -бо, тува: -па, ба, -ва, -ма, якут: -па, ба, -ма,
чуваш: -ма, -ма. Қазіргі кейбір түркі тілдерінде (-п, -б)
алдыңғы дыбыстың сапалық әсерінен (ілгерінді ықпал)
өзгереді. Айталық, қазақ тіліндегі үш вариант (м, б, п ды-
быстарынан басталуы) сондай заңдылықтың көрінісі, якут,
алтай, тува тілдеріндегі варианттарды да солай түсіну
керек. Татар тілінде, башқұрт диалектілерінде, хакас тілінде
аффикстің құрамындағы дауыстының қысаңдауы бар.
Мысалы, татар: алми (алмай), башқұрт: бармима (бармай
ма?), хакас: турбин (тұрмай) т. б.
Етістіктің болымсыздық тұлғаларының жалпы сипаты
осындай. Олардың бәріндегі басқа дыбыстық ерекшелікте-
рін ескермесек, бұл тұлға бірыңғай, бір сипатта келеді.
Тек біз бұл тұлғаның екі түрлі ерекшелігіне тоқталамыз.
Бірінші ерекшелік — келер шақ тұлғаларының -ма тұлға-
сында қолданылуы:
I. бар-мас-пын
П. бар-мас-сың
ПІ. бар-мас
Ал осы шақ тұлғалары мына тәріздес:
I. бар-май-мын
II. бар-ма-й-сың
III. бар-ма-й-ды.
Енді осы шақтың мынадай тұлғаларын салыстырып
қарайық: етістік түбір — болымсыздық тұлғасы+келер
шақ көсемше+ жақ қосымшасы. Шақ мәні көсемше
арқылы берілген. Ал келер шақ: етістік тұбір + болымсыз-
дық тұлға -с (келер щақ есімше)+жақ тұлғасы арқылы
жасалған. Мұнда басқа шақ тұлғаларында қолданылмайтын
келер шақ есімше қолданылған. Бұл болымсыз тұлғадағы
етістіктерге тән ерекшелік. Сондықтан бұл тұлға (-с) тек
болымсыздық тұлғаның шақ түрі деп қаралады. Екінші
ерекшелік түрікмен тілінде кездеседі. Түрікмен тілінде
жоғарыдағы жіктеу мына түрде келеді: йаз-мар-ын
йаз-мар-сың
йаз-маз
Егер осы фактілерді өзара салыстырсақ, түрікмен тілін-
дегі I, II жақта айтылатын -р III жақтағы -з тұлғасына
сәйкес келеді. Оның үстіне, түркі тілдерінің көпшілігінде
-з қосымшасы қатаңдап кетеді. Сөйтіп, түркі тілдерінің
даму барысындағы р-з-с ауысуы келіп шығады. Ал -с оғыз
тілдерінде айтылатын осы келер шақ есімше тұлғасында
тағы кездеседі. Сонымен түрікмен тілінде болымсыздық
етістік тұлғасында айтылатын -р өзге түркі тілдерінде
келер шақтың болымсыз түрГндегі -с келер шақ есімшесі-
нің тұлғасы болып шығады.
ЕСІМШЕ
Түркі тілдеріндегі есімшелер етістіктің бір түрі — мо-
дификациялық түрі болғанмен, олардың басқа сөз тап-
тарымен (есімдермен) тарихи байланысты. Сондықтан көне
түркі тілдерінде, тіпті қазіргі түркі тілдерінде қолданыла-
тын кейбір есімше тұлғалары зат есімдер мен сын есімдер,
үстеулер құрамынан ұшырасады. Бұл тілдің даму барысын-
да есімше тұлғаларының кейбір топтары аталған сөз
топтары құрамына трансформацияланғанын дәлелдесе ке-
рек. Түркі тілдеріндегі есімше тұлғалары аталған сөз
топтарының ғана құрамында - трансформацияланбайды.
Қазіргі түркі тілдеріндегі, сондай-ақ көне түркі тілдерін-
дегі (жазба ескерткіштер тіліндегі) есімше тұлғалары түп
негізгі жағынан қимыл есімдері, яғни шақ мәнінде бей-
тарап қимыл атаулары болады. Сол қимыл атаулары кон-
текст ыңғайында зат есім қызметінде де, сын есім қызме-
тінде қолданыла келе бірсыпырасы қимыл атаулары мәнін-
де, бірсыпырасы қимылдың нәтижесі мәнінде тұрақталған.
Ал олардың едәуір тобы сөйлем құрамында жақтық мән
алып, етістіктердің есімдерге жақын, бірақ шақтық мән
туғызатын тобына айналады. Соңғы ерекшелік сөйлем құ-
рамында қалыптаса алатын предикативтік қатынастың өз
ішінде жіктеліп, оның құрамына енген компоненттердің
дара-дара грамматикалық мән беретін тәсілдерге айна-
луымен байланысты. Жоғарыда есіміпе тұлғаларының есім
сөз топтары құрамында ұшырасатыны туралы айтылады.
Енді сондай тұлғалардың негізгілерін көрсете кетелік.
-ма, -ба тұлғасы: қазақ: кеспе, түрікмен: сынма (сының),
татар: бүлмә (бөлме), әзірбайжан: беркитмә (бекіту) т. б.
Бұлардың кейбірі зат есімдер (кеспе, бөлме), кейбірі сын
есімдер (сынма т. б.) -ық, -ик тұлғасы: қазақ тілінде
бұл тұлғалас сөздер көбінесе сын есім мәнінде орныққан:
батық, жатық, сұлық т. б.; түрік: ратық, (батып кеткен,
батқан), қырық (қираған), дүтүк (түсік, түсіп кеткен,
қазақ тіліндегі «түсік» басқа мәнде — мерзімінен ерте ай
туған бала), өзбек: боғлик (байлаулы), бузуқ (бұзылған),
сөнүк (сөнген), чуваш: пызык (бұзылған), хакас: полек
(бөлек, бөлінген), якут: кэйиик (сүзеген) т. б.
-қа, -ға тұлғасы қабырға, қақпа, қапқа тәрізді бірен-саран
сөздер құрамында қалған. Қазіргі түркі тілдері құрамында
қимыл есім жасайтын мұндай қосымша кездеспейді. Ал
арқа тәрізді сөздер құрамындағы -қа барыс септік қо-
сымшасы. -қан, -ған тұлғасы қорған, түрікше чалшқан
тәрізді сөздер құрамында кездеседі. Бұл тұлғаны қазіргі
солтүстік-батыс түркі тілдерінде қолданылатын -ған есім-
ше тұлгасының көне сипаты. Бұл -ған есімшесінің әлі
мезгілдік мән алып, есімше дәрежесіне жетпеген күйін
танытады. Кейін ол тілдердің даму барысында мезгілдік
мән алып (баяндауыш қызметінде жұмсалу барысында)
етістіктің жақтық тұлғалары қатарына өтеді. Алғашқы
сипатында етістік жеке сөздер құрамында негізгі сын
есім мәнінде орнығып қалатын. Қазіргі якут тіліндегі
етістік негізгі сын есімдердің үлкен тобын құрайды: ыары-
тычкн (ауру), ырычан (жүдеу), умнучан (ұмытшақ) т. б.
Түрік тілінде бұл тұлғалас сөздер істің нәтижесін білдіретін
сын есім ретінде қолданылады. Башқұрт тілінің зерттеуші-
лёрі -ған тұлғалы сын есімдерді адъективация процесінің
нәтижесі деп қарайды.56
-қын, -ғын тұлғасы генезистік жағынан -ған тұлғасының,
ал мағынасы жағынан сол тұлғаның варианты. Қазіргі
түркі тілдерінде көбіңде сан есімдер, сонымен қатар зат
есімдер құрамында кездеседі: қазақ: қашқын, түрік: қач-
қын, чуваш: чупқын, түрікмен: зақын, қазақ: ұшқын, әзір-
байжан: дурғун, қазақ: бұрғын т. б. Аффикстің қысаң
дауыстымен айтылуы соның көнелігінің белгісі. Қазіргі
түркі тілдерінде осы қосымшаның есімше мәнінде қол-
данылу фактісі кездеспейді. -л(-ал) тұлғасы біраз тілдерде
зат есімдер құрамында ұшырайды: қазақ: құрал, түрікмен:
гурал, татар: қырал. -ым тұлғасы бірен-саран зат есімдер
құрамында ұшырайды: қазақ: кесім, әзірбайжан: кәсим,
қазақ: бөлім, әзірбайжан: болум т. б. -мыш тұлғасы зат
есімдер құрамында кездеседі: қазақ: тұрмыс, татар: тырмыш,
қазақ: жазмыш, татар: йазмыш, өзбек: утмиш (өткен) т. б.
Алғашқы, бастапқы мәні — істің нәтижесі, бұл мәнде ол
етіс және мезгіл мәнін білдіруге бейтарап болса керек.
-ын тұлғасы сын есімдер мен зат есімдер құрамында кез-
деседі. Қазақ: келін, әзірбайжан: кәлин, қазақ: жиын, әзір-
байжан йығын, түрік: бүтұн, қазақ: бүтін, қазақ: ағын,
башқұрт: ағын, қазақ: бүтін, башқұрт: ботон, қазақ: жа-
сырын, башқұрт: йәшерен, қазақ: сауын (сиыр), башқұрт:
һауын, якут: амырын (қорқынышты, қатал), ңамын (жұм-
сақ) т. б.
-ан, -ән сирек кездесетін уұлға: өткен (өт етістігінен),
башқұрт: қысан (қысылған), сабан (шабан ат) -ар, -әр,
-ыр, -ір біраз тілдерде сын есім мен зат есімдер құрамында
айтылады: чуваш: хэзэр (тығу), әзірбайжан: ахар (ағатын
су), йашар (жасайтын, жасалған), башқұрт: исәр, қазақ:
есер, башқұрт: ужар, қазақ: ожар (кісі) т. б. Мәні жағынан
келер шақ есімшесі -ар тұлғасына жақын, орайлас мән
береді. -ты, -ті, -ыт, -іт, -т тұлға бөгет, жарасты тәрізді
сөздер құрамында ғана кездеседі. Бірсыпыра сөздер құ-
рамында күрделенген -нты түрі айтылады: тастанды. Бұл
жердегі н, сірә, етіс қосымшасы болса керек. -тық, -дық
тұлғасы қазақ тіліндегі қалдық, татар тіліндегі қалдық,
башқұрт тіліндегі табылдық (табылған зат), түрік тіліндегі
білдік (таныс) тәрізді бірен-саран сөздер құрамында
қалған. -дық аффиксімен келген сөздер негізінен зат есімдер
құрамында кездеседі. Олар істің, әрекеттің нәтижесі ретінде
танылып, сол нәтиженің атауы ретінде орныққан. -ыш,
-ыс, -іш. Бұл тұлға қазақ тіліндегі батыс, шығыс, жатыс
тәрізді сөздер құрамында, башқұрт тіліндегі белеш (біліс),
борош (бұталған), салыш (қисық), таныш (таныс), йуаш
(жуас), ығыш (ығысқан, жайласқан) тәрізді сөздер, қыр-
ғыз тілінде батыш (батқам), әзірбайжан тілінде бүкүж
(бүкір, бүкірейген) сөздер құрамында сақталып қалған.
Түркі тілдері тарихын зерттеушілер бұл аффиксті гене-
зистік жағынан оғыз тілдердегі өткен шақ есімшесі -мыш
тұлғасымен байланыстырылады.
Бұл көрсетілген тұлғалардың барлығы есім сөз тап-
тарының құрамына (зат есімдер мен сын есімдер) ауысып,
солардың арасында тұрақталып қалғандар. Мезгіл, шақ
мәніне бейтарап қалған мұндай тұлғаларды түркологйяда
есімшелерден ерекшелеп, қимыл есімдері деп атайды. Жо-
ғарыда көрсетілген тұлғалар солардың қатарына жатады.
Көне дәуірлерде, түркі тілдерінің қалыптасу кезең-
дерінде қимыл есім тұлғаларының біразы таза есімшелер
мәніне ауысқан (не сондай грамматикалық мәндерге ие
болған). Ондай процестің бірден-бір көрінісі сол, олар шақ-
тық мән алып, оған қимыл мәнін қосып алған. Енді сондай
тұлғалардың басты-бастыларына тоқталайық. Осы шақ,
келер шақ мәнін беретін есімшелер -ар, -ыр қазіргі түркі
тілдерінің барлығында дерлік қолданылады. Қазақ тілінде
-ыр тұлғасы үнемі болып тұратын істі, яғни осы шақты
білдірсе, башқұрт тілін зерттеушілер гбұл тұлғаны келер
шақ деп айқындайды57.
-Ар тұлғасы қазақ тілінде келер шақ немесе ауыспалы
осы шақ мәнін береді. Әзірбайжан тілінде -ар көбінесе
келер шақты білдірсе, -ыр осы шақты білдіреді. -ыр қазақ
тілінде осы шақты білдірудің еркін қолданылатын тәсілі
емес, тек отыр, түр, жатыр, жүр етістіктерінің құрамында
ғана нақ осы шақ мәнін жасайды. Якут тілінде -ар, -ыыр
тұлғалары семантикалық тұрғыдан мәндес, бір-бірінен
ажырамайды. Айырмашылық: -ар қосымшасы дауыссыз
дыбысқа біткен түбірлерге, -ыыр қосымшасы дауысты ды-
бысқа біткен түбірлерге жалғанады. Бірақ бұлар якут ті-
лінде осы шақ, келер шақ және аяқталмаған өткен шақ
есімдерін тудырады. -ан, -ән тұлғасы түрік, әзірбайжан,
гагауз, түрікмен тілдерінде жиі қолданылады: әзірбайжан:
йазан (жазатын, түрікмен: оқайан/оқитын), түрік: алан
(алатын), гагауз: учан (ұшатын) т. б. Зерттеушілер бұл
тұлғаны құрамды деп қарайды: -н бөлігі етістіктен қимыл
есімін жасаған қосымша, ол шақ мәнін беретін -а(-е)
қосымшасына күрделенген. Түркі тіліндегі осы шақ мәнін
беретін -ан қосымшасы осылай қалыптасқан. Генезистік
жағынан бұл тұлға -ын(-ін) қосымшасымен ұялас: жиын-
терін т. б. Соңғы қосымша етістік түбірден қимыл есімін
жасаған. Бар айырма: -ан құрамында шақ мәнін туғьі-
затын қосымша бар, ал екіншісінің құрамында ондай
элемент жоқ. -ый қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде зат
есімдер мен сын есімдер құрамында сақталып қалған қа-
зақ: жиын, ағый, бүтін, қырғыз: озон (ұзын) т. б.
-аджақ/-еджек оғыз тілдерінде қолданылатын, келер шақ
мәнін беретін тұлға. Түрікмен, түрік, әзірбайжан т. б.
тілдері бұл тұлғаны жиі қолданады. Якут тілінде бұған
сәйкес тұлға -ыах: барыах (баратын), ыытыах (жібе-
ретін, жөнелетін) т. б.
ӨТКЕН ШАҚ ЕСІМШЕЛЕРІ
-ған, -қан, -ген, -кен есімше тұлғасы қазақ, ноғай, қара-
қалпақ, башқұрт, татар тілдерінде, сондай-ақ алтай, тува,
шор, тофалар, хакас,' өзбек, қырғыз тілдерінде бұрынғы
өткен шақ мәнінде қолданады: қазақ: жазған, қырғыз:
джазған, өзбек: йажған, татар: йазған, алтай: барған, шор:
парған, ноғай: барған, хакас: чатхан т. б. Оғыз тілдерінде
мұндай есімше тұлғасы айтылмайды. Орхон-Енисей жазба-
лары тілінде де мұндай қолданылмаған. Бұл жазбаларды
оғыз тілдерінің ескерткіші дейтін пікірді дәлелдейтін бел-
гінің бірі осы айырмашылық болса керек.
-мыш, -міш, (-мыс, -міс) есімшелері оғыз тілдерінде бұ-
^рынғы өткен шақ мәнін береді, қыпшақ т. б. тілдерде
қолданылатын -қан тұлғасының эквиваленті. Орхон-Енисей
жазбаларында да өткен шақ мәнінде осы тұлға қолданыл-
ған. Қыпшақ тілдерінде мұндай тұлға қолданылған ба?
дейтін сұраққа айқын жауап беру қиын. Алайда, осыдан
бұрын айтылғандай, қыпшақ тілдерінде осы тұлғада қалып-
тасып кеткен зат есімдер мен сын есімдер баршылық.
Дегенмен, ондай сөздер құрамындағы -мыш тұлғасы есім-
шеден гөрі қимыл есімге жақын. Өйткені, ондай сөздер
құрамындағы -мыш шақ мәнін беруде бейтарап тұлға
ретінде көрінеді.
Якут тілінде бұл тұлғаға -быт есімше тұлғасы айтылады,
ол да осыған ұқсас грамматикалық мән туғызады. Алайда,
якут тіліндегі -быт бұрынғы өткен шақ мәнінде де, айғақты
өткен шақ мәнінде де қолданылады.
Сонымен қатар, тү^кі тілдерінде жаңа дәуірлерде қа-
лыптасып,'орныққан есімше тұлғалары бар. Ондай тұлғалар
барлық түркі тілдерінде бірдей ортақ емес, кейдечтілдер-
дің шағын тобына, кёйде көрші орналасқан 2—3 тілге
ортақ болса, кейде бір ғана тіл ерекшелігі байқалады.
Сондай тұлғалардың бірі -атын. Бұл тұлға қазақ, қара-
қалпақ, алтай, өзбек, татар т. б. тілдерде ауыспалы шақ
мәнінде қолданылады. Оның арғы түбі -а(ыы жақ көсем-
ше)—тұрған (бар етістігінің өткен шақ есімше тұлғасы).
Осы -а — тұрған тіркесінің фрнетикалық өзгерісі қазақ
тілінде -атын, қарақалпақ тілінде -атыған, татар тілінде
-атырған, алтай тілінде -атан, өзбек тілінде -адиган тұлға-
ларын туғызады. Ал құмық, чуваш, хакас тілдерінде осы
мәнде -аған тұлғасы қалыптасқан. Оңың арғы негізі -а
(көсемше) -ған (есімше): құмық: алаған (алушы, алатын),
хакас: парпған (баратын, барушы), чуваш: пареған (жү-
ретін, жүруші).
КӨСЕМШЕЛЕР
Көсемшелер — етістіктің тікелей жіктелмейтін тұлғала-
ры. Олардың екінші бір ерекшелігі — көсемшелер белгілі
бір шақты білдірмейді, екіншісі сөзбен айтқанда, олардың
семантикасы шақты білдіру емес, бірақ олар белгілі бір
шақтық мәнмен астасып, ыңғайласып отыратын қнмылды
білдіреді, өзінен бұрынғы, өзімен мезгілдес, өзінен кейінгі
іспен астасып, айтылу арқылы сол қимылдың мезгілін
айқындайды.
Түркі тілдерінің тарихын зерттеушілердің ойынша, түр-
кі негіз тілінде көсемшелер бүгінгі тілдердегідей көп түрлі
болмаған. Олай болса, бүгінгі түркі тілдерінде айтылатын
көсемше тұлғаларының барлығы бірдей байырғы тұлғалар
емес, олардың біразы тілдердің даму барысында әр түрлі
тілдік өзгерістердің нәтижесінде қалыптасқан.
-а, -е тұлғалары көсемшелер етістік баяндауыш білдіретін
қимылмен бір мезгілде, бір мезетте болатын қимылды
білдіреді де, сөйлем құрамында соның (етістік баяндауыш-
тың) анықтаушысы болады. Бұл тұлға кейбір тілдерде
-йа, -йу, -йы, -йо, -й түрінде көрінеді. Көне түркі: йете,
тутуну, башқұрт: һорай (сұрай-сұрай),-қарайым: сөзлей
(сөйлей-сөйлей), қарашай-балқар: қарай, татар: башный;
(бастай, бастай берді); көне түркі: өлү, орта түрік: сақ-
лайу (сақтай) т. б. -йа, -йу, -йы варианттары көне түркі
тілінде еркін қолданылғанмен, тілдердің жаңа кезеңдерінде
олар қолданыстан ығыса бастағаны байқалады. Түркі
тілдерінің жаңа дәуірінде -а мен -й тұлғалары бірігіп,
біртұтастыққа айналған. Сөйлей-сөйлей тәрізді етістіктер
(немесе үстеулер) құрамынан сол біртұтастықты көреміз.
Қазіргі түркі тілдерінің ешқайсысында да -й дербес қол-
данылатын қосымша есебінде көрінбейді. Көне түркі тілін-
де бұл қосымша тій (ін) тәрізді бірен-саран сөздер құра-
мында айтылады. Көне түркі тіліндегі -а, -ы, -й, -у (йу)
тұлғаларын дербес тұлғалар деп тану қиын. Жазба тілін
зерттеушілер бұл мәселе туралы әр түрлі пікірде. П. М. Ме-
лиоранскийдің бұларды өзара жақын, мәндес тұлғалар бол-
ғанмен, бір тұлғаның варианттары емес деп қарағаны бел-
гілі. В. Т. Кондратьев бұлардың барлығын бір тұлғаның
варианттары деп есептейді. Қалай дегенмен, бұлардың
ішінен тұрақталып қалғанд&ры тек -а тұлғасы, оның ва-
рианты -е ғана. Сондықтан тұлға біреу де, қалғандары со-
ның варианттары дейтін пікір орынды. Тіл құрамында
«өліге» айналатын элементтер не лексикалық, не граммати-
калық дербестігі жоқ тәсілдер екені белгілі. Қазіргі түркі
тілдерінде бұл тұлға актив қол^анылмайтын тілдік тәсіл-
дердің қатарына жатады. Өйткені, ол әрі сирек кездеседі,
әрі кез келген етістікке жалғана бермейді. Етістіктердің
белгілі бір тобының құрамында ғана кездеседі. Якут /гі-
лінде бұл тұлға -а/-ыы түрінде айтылады да, етістік баян-
дауыш білдіретін негізгі қимылға қосарлас, бір мезгілде
болған іс-әрекетті білдіріп, сапалық анықтауыш қызметін
атқарады. Яғни, қызметі жағынан жалпы түркі тілдеріндегі
сипаттан ауытқымайды.
-П тұлғасы — көне тілдерде де, жаңа тілдерде де қол-
данылатын актив тұлға. Негізгі мәні — етістік баяндауыш-
тың қимылға дейінгі немесе бір мезгілде болған әрекетін
білдіреді. Көне түркі тілінде бұл тұлға -пан, -пен (ыбар)
-ыбен) түрінде қолданылған. Қазіргі түркі тілдерінде не-
гізінен -п/-ып, -іп сипатында қолданылады. Дегенмен, кей-
бір тілдерде бұл тұлғаның өзгеше варианттары ұшырасады.
Олар мына төмендегідей:- әзірбайжан тілінің жеке говор-
ларында -ыф, -уф түрінде айтылса, түрікмен диалекті-
лерінде -ыв, -ов, -ув варианттары кездеседі. Сары ұйғыр
тілінде -у, -в түрінде, яғни соңғы дауыссыз дыбыс айтыл-
майды. Құмық, салар тілдерінде, яғни өзбек тілінің жеке
говорларында соңғы дауыссыз дыбыс қолданылмайды.
Якут тілінде де мұндай тұлға жоқ, басқа түркі тілдерінде
-п тұлғасы атқаратын қызмет пен мән -ан тұлғасымен
беріледі. Көне түркі тілдерінде -п көсемшесінің ілік, жатыс,
шығыс септік тұлғаларымен және көптік жалғауымен ай-
тылу фактісі бар. Ескі түркі тілінде: болубдан (болып,
болғандықтан) -шығыс септік, бақубаның (бағып, қарап)
-ілік септік т. б. Мұндай өзгерістер қазіргі түркі тілдерінде
де ұшырасады, әзірбайжан тілі диалектілерінде верібен
(беріп), алыбан (алып), ғызарыфдан (қызарып, қызар-
ғандықтан), қарайым: коруплер (көріп), әшітіпілер (есі-
тіп) т. б. -ғалы, -қалы, -ғалы -қанлы тұлғасы якут, чуваш
тілдерінен басқа барлық түркі тілдерінде қолданылады.
Осындай көсемше тұлғасы көне түркі тілдерінде де қолда- '
ныс тапқан. Көне түркі: кечкелі, көргелі, қазақ, қарақал-
пақ: келгелі, алтай, хакас: келгелі; түрік, түрікмен: гелгелі;
қарашай-балқар: келгенлі, қырғыз: келгені, келгелі, құмық:
гелгенлі, гелгеллі, ноғай: келгенлі т. б. Тува тілінде -қала,
-ғала, -ала түрінде ашық дауыстымен айтылады: кіргеле
(кіргелі). -ғалы тұлғасының қалыптасу жолы былай түсін-
діріліп жүр: келгенліктен бері, келгеніліден бері, келгенлі
бері. Щылаудың тікелей қолданылуы кейде міндетті болмай
қалады. Сондықтан қазақ тілінде келгелі, көрген жоқ тә-
різді қолданыс норма ретінде тұрақтап қалған. Сонымен
түркі тілдерінің көпшілігінде мәндес қолданылатын -ғалы,
-қалы көсемшесінің жалпы сипаты осындай. Қазақ тілінде
-ғалы мақсат мәнінде қолданылады. Осындай қолданыс көне
түркі тіліне тән: сүсі ебіг барқығ йулғалы барды —
әскері үйді, дүниені талағалы барды. Бұл тұлғаның мұн-
дай қолданысы қазіргі түркі тілдерінің барлығына ортақ.
Үйғыр: алғылы келдім — алғалы келдім, қырғыз; алғаны
келдім, өзбек: олғани келдим, якут тілінде бұл тұлға -аары
түрінде айтылады: бараары (барғалы) көрөөрү (көргелі).
Алтай тілінде бұл мәнді (мақсат мәніне) -арға (-ар, -ға)
тұлғасы қолданылады. -ғалы -құранды, -ға қимыл есім,
-лы сын есім жасайтын аффикс. -Ғач, -ғас, -ғаш, -аат
бірсыпыра қыпшақ (татар, башқұрт), ұйғыр, якут, тува,
алтай т. б. тілдерде қолданылады. Ол тілдерде бұл тұлға
негізгі қимылдан сәл ертерек болған қимылды білдіреді.
Татар: байығаш қиыш байығаш (күн батқан соң, күн бат-
қанда), өзбек: кетгәч, тоң оқирғач кушлар сайрай башлайды
(түн кетіп, таң атқан соң құстар сайрай бастайды), баш-
құрт: алғас (алған соң, алысымен), якут: бараат (бары-
сымен, барған соң) т. б.
Оғыз тілдерінде, кейбір қыпшақ тілдерінде -арақ, -әрек,
әк тұлғасы қолданылады: татар: кирәрәк (кетіп, кете бер),
әзірбайжан: охуйараг (оқыт), түрік: дуйарақ (сезіп) т. б.
Өзбек тілінде бұл тұлға етістікке жалғанып, қарқынның
бәсеңдеуін, қимыл-әрекеттің пәстігін білдіреді.
Кейбір зерттеушілер көсемшелер тобына жоғарыда ай-
тылғандардан басқа, -ғанша, -ғанча (булардың варианты
-ғынча, ғинчә), әзірбайжан тіліндегі -дыкча, -дикче тұлға-
ларын жатқызады. Алайда, қазақ тіліндегі -ғанша көсем-
шеден гөрі үстеуге жақын, ол үстеу қызметіне қолданылып,
соған тән мән-мағыналарды туғызады, -ғанда тұлғасы да
жатыс септік тұлғасында қалыптасқан үстеу. Сонымен
-а, -е, -һ тұлғаларын түркі тілдерінің көне, жаңа дәуір-
лерінің бәрінде қолданылған және қолданылатын ортақ
байырғы көсемше тұлғалары деп қарау керек.
СІЛТЕМЕ ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
I. 5. Я. Владимерцев и Н. Н. Поппе. Из области вокализма мон-
гольско и турецкого праязыка. ДАН-В, 1924.
2. Е. Д. Поливанов. Узбекская диалектология и узбекский лите-
ратурный язык. Ташкент, 1933, стр. 17.
3. Н. А. Баскаков. Диалект кумандинцев. М., 1922.
4. 9, 19, 20, 31, 32. Ж. Киекбаеа. Башқұрт тілінің фонетикасы.
Уфа. 1958.
5. Л. 3. Заляй. Развитие татарской диалектологии в советский
период —«Материалы по диалектологии». Казань, 1955.
6. 21, 23, 25, 28, 30. А. М. Щербак. Сравнительная фонетика тюрк-
ских языков. Л., 1970.
7. 8. И. А. Батманов. Фонетическая система современного кризсно-
го языка. М., 1946, стр. 45, 50.
10. 12, 18, 27, 40. В. Г. Егоров. Современный чувашский язык,
1971, стр. 130—131.
11. Башкирско-русский словарь. М., 1958, стр. 747.
13. Ф. Г. Исхахов. О некоторых фонемах татарского языка.—
Ст. «Исследования по сравнительной фонетике тюркских языков»
М., 1955.
14. А. Н. Кононов. Грамматнка современного турецкого литератур-
ного языка. М., 1956, стр. 25.
15. 17, 18. Э. Р. Тениіиев. Строй саларского языка. М., 1976, стр.
46—60.
22. 36. Б. А. Серебренников. О некоторых спорных вопросах срав-
нительно-исторической фонетики тюркских языков.—«Вопросы языко-
знания», 1960, № 4.
24. 46. Исследования по сравнительной фонетике тюрских языков.,
М„ 1955, стр. 270.
26. 29. Э. В. Севортян. Фонетика турецкого литературного языка.
М„ 1951, стр. 65.
33. С. Йсаев. Еще раз об именительном падеже (атау септік).—
«Известия АН КазССР. Серия филологии и нскусствоведения»,
1979. стр. 4.
34. 48. 5. А. Богородицкий. Введение в татарское языкознание в
связи с другими тюркскими языками. Казань, 1953.
35. Д. Киекбаев. Программа курса «Историческая грамматика баш-
кирского н татарского языков». Казань, 1967.
37. С. Исаев. Қазақ әдеби тілінің совет дәуірінде дамуы. А„ 1973
122-138-6.
38. 39. Б. А. Серебренников. О некоторых приемах восстановлення
арханических черт грамматического строя языка. М„ 1965, стр. 4.
41. Ғ. Айдаров, Ә. Құрманжанов, М. Томанов. Көне түркі жазба
ескерткіштерінің тілі. А„ 1971.
42. Н. К. Дмитриев. Грамматика башкнрского языка. М„ 1957,
стр. 85.
43. 44. Б. А. Серебренников, Н. 3. Гаджиева. Сравнительно-исто-
рическая грамматика. М., 1960.
45. Ә. Құрыіижанов, М. Томанов. Орхон-Еннсей ескерткіштерінің
зерттеу тарихы мен грамматикалық очерктер. А„ 1966.
47. А. А. Тосебня. Закон по русской грамматике М„ 1958, стр. 84.
49. К. М. Мусаев. Грамматика каранмского языка М„ 1964. стр. 265.
50. Л. А. Покровская. Грамматика гагаузского языка. М„ 1970,
стр. 177.
51. Е. Ж. Корина. Наклонение глагола в якутском языке. М„ 1970,
стр. 28.
52. М. Ш. Раеимов. История формирования накЛонений глагола в
азербайджанском языке. А„ 1971, стр. 6.
53. 56, 57. Грамматика современного башкирского литературного
языка. М„ 1981, стр. 274.
54. -А. П. Поцелуевский. Избранные труды. Ашхабад, 1975.
55. Грамматика современного якутского языка. М„ 1982, стр. 306.
58. А. А. Кононов. Грамматика современного узбекского литера-
турного языка. М„ 1960; Л. Н. Харитоноа. Залоговые формы глагола
в якутском языке А„ 1963; А. К. Калыбаева. Категория залога в сов-
ременном казахском языке. АКД, 1949.
59. И. В. Кармуишн. Категория глагола в алтайских языках. АДК.
А„ 1968.
60. Д. М. Насилов. К истории вспомогательных глаголов в тюр-
кских языках.—«Тюркологическне нсследования» М„ 1976.
61. Тюркологнческие исследования. М„ 1976, стр. 161.
МАЗМҰНЫ
Алғы сөз «................................................ $
I тарау. Түркі тілдерінің салыстырмалы фонетикасы. Түркі тілдері-
нің негізгі жүйелік ерекшеліктері.......................... 7
II тарау. Тұркі тілдерінің салыстырмалы морфологиясы. Тұркі тілде-
рінің морфологиялық құрылысының ерекшеліктері ... 80
Сілтеме әдебиеттер тізімі.................................190
Мархабат ТОМАНОВ
СРАВНИТЕЛЬНАЯ ГРАММАТИКА ТЮРКСКИХ
языков
Учебное пособие
(На казахском языке)
Редакторы Ж. Махмұтова
Көркемдеущі редакторы Ө. Тілеулиев
Техникалық редакторы Ф. Овчинникова
ИБ № 4
Теруге 30.12.91. жіберілді. Басуға 25.09.92. кол қойылды. Пішімі
84X108'/з2> Жоғары офсет. Газеттік қағаз. Шартты баспа табағы
11,16. Есептік баспа табағы 11,2. Таралымы 3630 дана. Тапсырыс
3732. Бағасы 18 с.
Қазақстан Республмкасы Білім беру министрлігінің «Қазақ
уннверснтеті» баспасы. 480012, Алматы қаласы, Космонаа-
тар көшесі, 65 «а»-үй.
Қазақстан Республикасы Баспасоз және бүқаралық ақпарат мн-
ннстрлігінің «КІТАП» полиграфнялық кәсіпорындары өндірістік
бірлестігінің Кітап фабрикасы, 480124, Алматы қаласы, Гагарин,
даңғылы, 93-үй.