ISBN: 978-601-04-4326-6

Текст
                    ҚР БІЛІМ ЖӘНЕҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ
Р.Б. СҮЛЕЙМЕНОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫСТАНУ ИНСТИТУТЫ
Әбсаттар қажы Дербісэлі
ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ -
ҮЛЫ ДАЛАНЫҢ ДАРА ТҮЛҒАСЫ
Алматы
Қазақ университеті
2020


ӘОЖООІ КБЖ72 Ә19 Жалпы редакциясын басқарған ҚР ¥ Ғ А академигі, философия ғылымдарының докторы , профессор Әбдімәлік Нысанбаев Пікір жазған философия ғылымдарының докторы, профессор Жацыпбек Алтаев Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына - 1150 жыл Әбсаттар қажы Дербісәлі Ә 19 Әбу Насыр эл-Фараби - ¥лы даланың дара тұлғасы. - Алматы: Қазак университеті, 2020. - 4 20 б., сур. ISBN 978-601-04-4326-6 Әбсаттар қажы Дербісәлі біраз жылдардан бері Ұлы даланың дара түлгасы Әбу Насыр әл-Фараби жэне дагіамыздың өзге де ойпаздарының жазба мұрасын іздеп тауып, зерттеп , гылыми айналымга енгізумен айналысып келеді. Ол Түркия , Испания жэне т.б . елдердің кітапхана қорында сақтаулы Әбу Насырдың араб, түрік , ағылшын, француз тілдеріндегі жүзден астам еңбегін саралап, бірқатар трактаттарын ой елегінен өткізіп талдады . Ортагасырлық араб тарихшы-шежірешілері: Джамал ад-дин эл -Қифти , Ибн Әби Усайбига , Ибн Халликанның Әбу Насыр жайлы жазба деректерін араб тілінен казак тілінс аударды. Жинаққа шығыстанушы-галымның даланың дара перзенті жайлы \дак жылгы іздс- ністен туган қазақ жэне орыс тілдерінде эр жылдары жазган мақалалары мсн ой-толга - ныстары, сондай -ақ өзге ортағасырлық отыздан астам Отырар ойшылдарының өмір жолы мен еңбектерін зерделеген толғамдары енгізілген. Кітап көпшілік оқырманга арналган. ӘОЖ 001 КБЖ 72 ISBN 978-601 -04 -4326-6 О О. Дербіслиі, 2020 >1Р.1>. сү лсймснов аткт щгы Шып.к ганч ннетнп п.і. 2020 © Ол-Фарабн агындагы КачҮУ. 2020
Қадірлі оңырман! Орта Азияға (Мауараннаһрге) Ислам діні мен өркениеті VIII ғасырда келді. Ол түркі жұртына тек дін ғана емес, үлкен мәдениет те әкелді. Бұрынғы Бұхара мен Самарканд, Шаш (Ташкент) пен Отырар, Тараз б е н Баласағұн секілді шаһар- лар өркендеді. Ол жерлердегі медреселерде оқыған шэкірттер енді білімін терең- дету үшін Таяу жэне Орта Шығыс елдеріне сапар шекті. Солардың арасынан ежелгі Сейхундария (Сырдария) бойындағы Отырардан шыққан энциклопедист- ғалым Әбу Насыр эл-Фараби (870-950) есімі ерекше аталады. Белгілі шығыстанушы-ғалым, профессор Әбсаттар қажы Дербісэлі үзақ жылдан бері қазақ жерінің байырғы білім ошақтары: Отырар мен Сайрам, Тараз бен Баласағүн, Қүлан ж эне Сыр бойындағы Сауран мен Сығнақ, Аркөк пен Қыпшақ, Ж енд секілді қалалардың тек тарихына ғана емес, сондай-ақ олардан шыққан дала данышпандарының өмір жолдары мен мүраларына қатысты жазба деректерді іздестірумен келеді. Ол талабы нәтижесіз емес. Мауараннаһр өлкесінде ислам туын желбіреткен арабтар Отырар қаласының атын Фараб деп өзгертті. Одан шыққан ғалымдардың көпшілігі енді бірте-бірте эл-Фараби деп аталатын болды. Әбсаттар қажы Дербісәлі бұрындары бізге белгісіз боп келген қазақ жерінің осындай 200-ден астам ғалымын анықтады. Ол тек Отырардың ғалым перзенттерінің өзі қазір 30-дан асты дей отырып, олардың әрқайсысының аты-жөні, еңбектерін де атап, зиялы бабалардың құнды мүраларымен бүгінгі үрпақты қауыштыруда. Отырар Әбу Насыр эл-Фараби дүниеге келген ғасырда-ақ белгілі қала еді. Маңында бірқатар қыстақтар мен қамалдар, бекіністер де болды. Моңғол шапқыншылары 1218-1219 жылдары оларды да жермен-жексен етіп аяусыз қиратты. Бір кездері білім мен ғылым, руханият ошақтары болған тарихи мекендер қирандыға айналып, уақыт өте аттарын да жоғалтты. Сөйткен қалалар қазақ халқы үшін үлкен трагедия - Отырар апатымен есте қалды. Отырар кітапханасы да, өкінішке орай, жойылып кетті. Бір кездері гүлденген шаһарлар бүгінде ана төбе, мына төбе деген атауға ие болды. Отырар кейін Ақсақ Темір (1336-1405) иелігіне қосып алынды да, оның бір уэлаятына айналды. Араб, парсы, Еуропаның жиһанкез, саяхатшыларының деректерінде ол аңыз-әпсаналар ретінде ғана аталатын болды. Дей тұрғанмен Отырар топырағында дүниеге келген Ә бу Насыр эл-Фараби жэне өзге де Отырардың ойшыл перзенттері үмытылған жоқ, ол - ұлтымыз жэне түркі жүрты үшін ғана емес, ислам мәдениеті, тіпті, әлем өркениетінің де мақтанышы. Сол себепті де ЮНЕСКО даламыздың осы бір біртуар ұлының 1150 жылдығын кең көлемде, халықаралық деңгейде атап өтуге үлкен мэн беруде. Ұлы даладан шыққан, әлемдік өркениет пен мәдениетке өзіндік үлес қосқан кемеңгер Әбу Насыр эл-Фараби 870 жылы осы Отырарда туды.
«М еніңш е, Әбу Насыр - ғалымның күниясы (лақап есімі), өзінің жэне әкесінің де аты - Мухаммед», - деп жазады Әбсаттар Дербісәлі «Әбу Насыр эл- Фараби - үлы даланың дара тұлғасы » атты қолыңыздағы зерттеуінде . Автор кемеңгер түлғаның орта ғасырларда ғылым ошақтары болтан Рей (Теһран), Исфаһан, Хамадан, Дамаск, Багдад, Халаб , Харран секілді шаһарларға зиярат жасап, білім нәрінен сусындағанына көңіл аударған. Қазақ шығыстанушысы туған елінің ғазиз топырағында дүниеге келген Әбу Насыр эл-Фарабидің ататегі, туған жері, білім іздеп барған шаһарлары, үстаздарын зерделегенде, тек жазба деректерге ғана сүйеніп , нактылы дә - лелдермен сөйлейді. Әбу Насыр эл -Фарабидің есімін ол өткен ғасырдың 70-жылдары М әскеуде аспирантурада оқып жүргенде КСРО Ғылым акаде- миясы Шығыстану институтының директоры, көрнекті мемлекет жэне ғы - лым қайраткері, академик Бабаджан Ғафуровтан (19 08 -1 9 7 7) естіген. Со - дан бері Отырар перзентінің өмір жолы мен шығармаларын іздестіруді, зерттеуді тоқтатқан емес. Марокко корольдігіндегі Рабат жэне Тунис Араб Республикасының аз-Зайтуна университетінде білімін арттырып жүргенде де Отырар ойшылының еңбектері мен ол жайлы естелік қалдырған Джамал ад-дин әл -Қифти (1172-1248), Ибн Әби Усайбиға (1203-1270), Ибн Халликан (1211 -1 2 8 2) секілді ортағасырлық араб тарихшы-шежірешілерінің бағалы жазба деректерін қазақ тіліне аударып, жариялауды үмытқан емес . 1975 жылы Алматыда өткен Отырар ойшылының 1100 жылдық мүшелтой салтанатына қатысып, әл -Фарабиді зерттеп жүрген белгілі қазақ ғалымдары: Акжан Машанов (1906—1997), Ауданбек Көбесов (1932-2008) жэне көрнекті философ- ғалым Ағын Қасымжановпен (1931-2000) танысқан. Олармен Әбу Насыр әл - Фараби жайлы сұхбаттасқан. Сондай пікіралысулар оны тек Отырар перзенті ғана емес, сонымен қатар қазақ жерінің өзге де ғалым, дана түлғаларын іздеп , оларды ғылыми айналымға енгізуге ынталандырып отырды. Автор өз еңбегінде 1975 жылы Алматыда Ә бу Насыр әл-Фарабидің туға - нына 1100 жыл толуына байланысты өткізілген іс-шаралар жайлы да бағалы деректер келтірген. Әбсаттар Дербісәлі бүрынғы С.М . Киров, қазіргі эл-Фараби атындағы Қазақғылым-білімінің қара шаңырағында 1977 жылы түңғыш р етө зі іргетасын қалаған араб бөлімі негізінде 1989 жылы елімізге өте керек шығыстану факультетін ашып, көптеген шығыстанушы: парсы, түрік , урду , һинди , қытай, жапон, кәрістанушы мамандарды даярлады . Оның шэкіртгері арасынан көптеген ғалымдар, дипломаттар , мемлекет жэне қоғам қайраткерлері шыкты. 1997-2000 жылдары өзі де Сауд Арабиясы корольдігінің астанасы Риядта жаңадан ашылған Қазақстан елшілігінде дипломатиялық қызмегте, одан соң 13 жыл бойы (2000-2013) Қазақстанның Бас мүфтиі, Казахстан мүсылмандары діни басқармасының төрағасы болды. Еліміз оте зору дін қайраткерлерімен қатар Алматыдағы Нүр-Мүбарак Египет ислам мәденисгі университеті мен Ислам институтын, сондай -ақ республикамыздың түрлі Әбсаттар кджы Д е р б ісәл і__________________________________________________________________________________________ _______________________________________________ 4
облыс орталықтарынан 9 медресе ашты. Олардың бәрі де бүгінде ел игілігі үшін қызмет етуде. Дарынды шығыстанушы-ғалым қандай қызметте, қандай жерлерде бол - масын, сол елдердің кітапханалары жэне олардың қорларымен танысуды үмытқан емес. Ол Багдад, Дамаск, Халаб , Каир, Теһран, Исламабад, Дели , Каш­ мир, Триполи , Сараево , Тунис, Аден мен Сана жэне Рабат секілді мұсылман елдері ғана емес, сондай-ақ Еуропа мен Азияның Мадрид, Гранада, Париж, Эскуриал, Берлин, Сингапур, Сеул, Үрімші, Токио, Афины , Мэскеу , Санкт- Петербург, Хельсинки, АҚШ -тың Вашингтон , Нью-Йорк, Лос -Анджелес се - кілді қалаларында болған кезде де сол жұрттардың рухани жазба мұраларына зер сала жүруді ұмытқан жоқ. Ол жерлерден Э бу Насыр мен баска да бірқатар дала даналарының жазба мүраларын тауып, елге алып қайтты. Түркияның Стамбулдағы Баязит, Нури Османия , Сүлеймания секілді кі- тапханаларынан Отырар перзентінің жүзден астам трактатының көшірмесін Отанымызға жеткізсе, Испанияның Эскуриал жэне Мадрид кітапханаларынан да тек Әбу Насыр эл-Фараби ғана емес, сондай-ақ талай Исфиджаби -Сайрами, Тарази, Женди , Сығнақи секілді ойпаздардың мүраларын тапты . Осы айтыл - ғанның бэрі Отырар перзенті жайлы жазылған қолыңыздағы кітапга көрініс тапқан. Шығыстанушы-ғалым қазақ жерінің дара түлғаларының шығармаларын өзі ғана зерттеп қоймай, ғылым жолында ізденісте жүрген шәкірттеріне де жеке тақырып етіп беріп, диссертациялар қорғатып жүргендігі көңіл көншітерлік жайт дер едік. Әбсаттар қажы Дербісәлінің жыл сайын Алматыдағы эл-Фараби атындағы ұлттық университетте дәстүрге айналған «Әл -Фараби оқуларына» қатысып, баяндама жасап түруы әдетке айналды. Онда Отырар перзентінің қаламынан туған дүниелерге мүқият қарап, ол жайлы жазған мақалалары, зерттеулерімен оқырмандарын үнемі таныстырып келеді. Әбу Насырдың өмірі мен шығармашылығын зерттеуге қосқан ерен еңбегі үшін 2017 жылы Ә бу Насыр әл-Фарабидің алтын медалімен марапатталды . Ол - сондай -ақ ұлы ғалым атындағы университеттің профессоры . Сондықтан ол келешекте кемеңгер түлғаның өмірі мен шығармашылығына арналған зерттеулерді жетілдіре береді деп ойлаймыз. Осы күнге дейін әлем ғалымдары Ә бу Насыр эл-Фараби қаламынан нақты қанша шығарматуғанын атай алмайды . Бүл ретте Әбсаттар қажы Джамал ад-дин әл -Қифтиге сүйеніп Ә бу Насырдың 72, Ибн Әби Усайбиғаға сүйеніп 112, Сүлеймания кітапханасынан 100-ден астам трактатының атын атап қана қоймай, олармен қазақ оқырмаНдарын да таныстырды. Әбсаттар қажы Дербісәлінің қолыңыздағы еңбегі осынысымен де қызық, тың эрі сүбелі. Белгілі арабтанушы өз еңбегінде Ә бу Насыр әл-Фарабидің ғибратты өмір жолы мен болған жерлері, кездескен, дэріс алған үстаздары мен ғалымдар, сүлтандар жэне түрлі билеушілер жайлы ғана емес, Отырар ойшылының ___________________________________________________________________д б у Насыр әл -Фараби — Үлы даланыц дара тцлгасы 5
қүтты қаламынан туған көптеген еңбекті зерделеген. Әсіресе , Ә бу Насырдың «Қайырымды қала түргындарының көзқарасы», «Өлең өнерінің кағидалары» жэне поэтикаға байланысты бірқатар қүнды еңбегіне арнайы токталуымен қатар, олардың аудармаларымен де қалың оқырманды кезінде таныстырып отырды. Әбсаттар қажы Дербісәлінің Ә бу Насыр эл-Фараби жайлы кітабы құн - ды деректерге кұрылган. Автор онда бір топ ғалымды бастап 2006 жылы Сирияға, яғни Дамаскіге барып, баба зиратына Отырар топырағын салып қүрмет көрсеткенін, ал қайтқанда кемеңгер зиратының топырағын Отырарға жеткізгендері жайлы да баяндаған. Ал 2007 жылы Елбасы Н.Ә . Назарбаев делегациясы қүрамында Дамаскіге екінші рет сапар шегіп, Ә бу Насыр эл-Фараби жэне ондағы султан Захир ад-дин Бейбарыс (121 7 -1 2 7 7 ) пен оның үлы Сайд Насыр ад-дин Берке хан (1277-1279) жэне көрнекті эскери қолбасшы Салах ад-дин эл -Аййуби (11 38 -1 19 3 ) рухына арнап дута жасады. Кітаптан Елбасының бірнеше миллион АҚШ долларын бөлу арқылы ¥лы даланың дара тулғасына мәдени орталык (кесене) салу жайлы Сирия үкіметімен келісімге келгені туралы да кызыкты деректер оқисыз. Автордың 1983 жылы Бағдадта - Ә бу Насыр эл -Фараби тұмыр кешкен қалада болып, улы ғалымға арнап лекция оқығанын да еске ала кеткен жөн . Кітапта сондай-ақ эр жылдары Каирде болғанында Ә бу Насыр жүрген жерлерге барып, талым бабага татзым етіп отыртаны хақында да айта кетуді ұмытпатан. Еуропа журты әлі ұйықтап жатқанда Отырар перзентінің музыканың теориясы жайлы ерекше еңбек жазганы да гажап. Осытан байланысты автор өз еңбегінде қызықты деректер келтірген. Қазақ шытыстанушысы Ибн Халликанның Ә бу Насырдың 70 тілді білгені ж әне музыканың да керемет шебері болганын, султан Сайф ад -Даула (9 1 5 -9 6 7 ) сарайында музыканың білгірі екенін дәлелдей алтаны, арабтың ортатасырлық классик акыны Ахмед әл-Мүтанабимен (9 1 5 -9 8 5 ) бірге өткізген біраз жылы жайлы келтірген деректері де ерекше мэн берерлік жайт. Елбасы айтқандай, Отырар - қазақ өркениетінің алтын діңгегі . Отырар өңірі тарихқа тұнып тур. Оның элі ашылматан сыры , табылматан , тарих па- рақтарының арасында қалып қойтан, умытылтан кемеңгер уландары көп. Отырардың жумбақ қүпиялары, жаңалықтары элі алда деп ойлаймыз. Сол себепті автор - Әбсаттар қажы Дербісэлі қаламынан элі күтеріміз көп. Бас редактор, академик Ғалммңайыр Му танов
I ТАРАУ ҰЛЫ ДАЛА КЕМЕҢГЕРЛЕРІ
Әбсаттар к,ажы Дербісәлі ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ - ОТЫРАРДЫҢ ЖАРҚЫН ЖҮЛДЫЗЫ Отырар (Фараб) ойшылдарының ең атақтысы әрі мәшһүрі, топ жарғаны - Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» («Әл- Муғаллим ас-сани»), «Шығыстың Аристотелі» атанған ұлы ғұ- лама Әбу Насыр эл-Фараби (870-950). Оның толық аты -жөні - Әбу Насыр Мухаммед бин Мухаммед бин Тархан бин Узлағ эл- Фараби. Әл -Фарабидің өз аты - Әбу Насыр Мухаммед, әкесінің ныспысы да - Мухаммед , бабасының есімі - Тархан, арғы атасы - Узлағ. Түрік оқымыстылары Әбу Насыр ныспысының соңына кейде «ат-түрки» деген сөзді қосып, оның түркі текті екенін меңзейді. Араб, парсы шежірелерінің деректеріне қарағанда , әл -Фа - раби 870 жылы Фараб (Отырар) қаласында, қайсыбір деректер- де оның тікелей ықпалында болған іргелесі, Сырдарияның арғы бетіндегі Уасиджде (Оқсыз) отырарлық эскербасының отбасын- да дүниеге келген. Сол себепті де ол туған жерінің атауымен «Әл-Фараби», яғни «фарабтық» деген атқа ие болған. Әл-Фараби алғашқы білімді Отырар медреселерінің бірін - де алған. Өйткені «көне дэуірден қалған бір деректерге Кара­ ганда, Мауараннаһрде балаларды қолөнер түрлері мен ғылым - ға үйрету, баулу, оқыту олардың бес жасар кезінен басталатын болған» [1J. Ол кезде мусылман дүниесінің ғылыми-мәдени орталығы Месопотамия болғандықтан, жас Әбу Насырды ата-анасы Таяу жэне Орта Шығыс елдеріне сапарға дайындайды. Бірақ Әбу На­ сыр Бағдадқа бармас бүрын жолай Шаш пен Самарканд, Бухара шаһарларына соғып, білімін толықтырған . Әйтсе де Әбудің мұнда қанша уақыт болғаны жайлы араб шежірелері ештеңе айтпайды. Кейін ол Иран еліндегі Нишапур, Рей, Исфаһан , Ха- мадан қалаларына келеді. Иран халқының мәдениетімен таны - сады. Содан соң эрі қарай Бағдадқа аттанады . 8
Әбу Насырдың Бағдадқа баруының өзіндік себептері бар- тын. Шығыстанушы-ғалым В .В . Бартольд (1869-1930): «ІХ -Х ға- сырларда ғылыми жұмыстар негізінен Тигр мен Евфрат алқа- бындағы ескі мәдени орталықтар болған Басра мен Харранға шоғырланды. Антиохиядан грек ғылымы да осында қоныс аударды. Багдад бүкіл мұсылман әлемінен, әсіресе , Иран мен Орта Азиядан шыққан әдебиетшілер мен ғалымдарды өзіне тартты» [2], - д еп жазған . Ал «эл-Фараби өмір сүрген кез - де ұзаққа созылған соғыстан кейін Орта Азия арабтардың қол астына бағынып, халифат құрамына енгізілген болатын . Араб халифатының үлкен мәдени орталығы Багдад еді. Басып алынған жерлердің қазынасы да осында әкелінген. Тигр мен Евфрат алқабындағы Багдад, әсіресе , Басра мен Харран жаңадан пайда болган араб тілді мәдениеттің, жаратылыстану жэне қоғамдық-фэлсафалық ғылымның орталығы болғандықтан, ғылыммен әуестенгендер халифаттың түкпір-түкпірінен осын­ да агылып жатқан. Білімін ұштау үшін эл -Фараби де Бағдадқа аттанған» [3]. Әбу Насыр Бағдадқа келген кезде мұнда зерделі зерттеу- лерімен атагы шыққан Йуханна бин Хайлан, Әбу Бишр Матта, Әбу Бэкір бин Сираж сияқты белгілі ғалымдар ғұмыр кешіп жатқан-ды . Әл -Фараби медицина ғылымы мен логиканы осы Йуханна бин Хайланнан, жаратылыстану гылымдары мен грек тілін Әбу Бишр Маттадан үйренді. Ал Әбу Бэкір бин Сиражға өзі логиканы үйретіп, одан астрономияны үйренген. Оны Ибн Халликан (1211-1282) да растайды. Әйгілі тарихшының дерек - теріне сүйенсек, «эл-Фараби Бағдадқа келген кезде мұнда мэш- һүр фәлсафашы Әбу Бишр бин Иунус түратын. Ол қарт еді, жамағатқа логикадан дэріс оқитын, өзі де осы пэн бойынша көптеген еңбектің авторы болатын. Ол Аристотель ілімінің (оны түсіндіру жөнінен), әсіресе , логика саласының маманы еді» [4]. Ибн Халликан әл -Фарабидің Бағдадта көп бөгелмегендігін ескертеді. Расында да, Әбу Насыр көп ұзамай Харран шаһарына ___________________________________________________________________д б у Насыр әл-Фараби — Үлы даланын, дара тцлгасы 9
аттанып, сонда бірер жыл дәріс алады да, білімін толықтырып , Бағдадқа қайтып оралады. Бар ынта -жігерін фәлсафаны зерттеу - ге арнайды. Әл-Фараби логика , әуез (музыка), астрономия жэне баска ғылымдар бойынша көптеген еңбек жазған. Ибн Халликан өз еңбегінің тағы бір жерінде жерлесіміз жайлы: «Ол - аса ірі мұ - сылман фәлсафашыларының бірі. Олардың ешқайсысы да оның деңгейіне жеткен жоқ. Әбу Эли ибн Сина да (980-1037) өзінің шығармаларын жазу үстінде оның еңбектерін пайдаланғанын, сол арқылы мэшһүрлікке қолы жеткенін еске алады» [5], - деген . Әл-Фараби жиһанкездікті ұнатқан . Араға біраз жыл салып Бағдадтан Шамға келеді, бірақ мұнда үзақ аялдамастан Мысырға сапар шегеді. Әбу Насырдың Мысырға келуі онда 935-946 жылдар ара- лығында патшалық қүрған Мүхаммед ибн Түғұж әл-Ихшидтің кезімен түспа-тұс болады . Мухаммед ибн Түғұж әл -Ихшид әл-Фараби сияқты түркілердің әскери отбасынан шыққан . 935 жылы ол Мысыр басқағы (әміршісі) боп тағайындалған. Ха­ лифа ар-Радидан (934-940 ж. патшалық қүрған) ихшид атағын алады. Араб шежірелерінде бұл атақтың мэні айқындалмаған, бірақ Мухаммед ибн Түғүждың ата-бабасы мекендеген Орта Азияда ол қүрметті лауазым болған. Мысырда патшалық қүрған кезде ол әл-Фарабиді жерлесі ретінде қонаққа шақырса керек, бірақ бабамыздың Мысырда қанша уақыт болтаны жайлы араб деректері ештеңе айтпайды. Әл-Фараби - өздігінен оқып жетілген ғалым. Ол ең алды - мен грек гылымын, оның фәлсафасын , әсіресе, Аристотельдің еңбектерін қызығып оқыган. Ибн Халликанның айтуына кара- ганда, Әбу Насыр Аристотельдің «Метафизикасын» қырық, «Жан туралы» еңбегін жүз, ал «Риторикасын» екі жүз рет оқып шыққан. Осындай ыждағаттылығының арқасында ғана ол Аристотельдің ғылыми мүрасын игерген. Атақты тарихшы оның қарапайым, аса қанагатшыл, жүпыны гана киінігі, той-думан, сауық -сайраннан бойын барынша аулақ дбсат т ар к^ажыД е р б ісәл і _______________________________________________________________________________________________________________ __________________________ 10
ұстагандығын жазған. Күндіз ол көбінесе қаладағы бақта күзет - шілік қызмет атқарып, тапқан ақысына сатып алған шырақ жарығымен түні бойы кітап оқумен шүғылданған [6]. Әл-Фарабидің бастапқыда фәлсафашы ретінде танылғанын айттық. Оның фәлсафалық еңбектерінің басым көпшілігі грек ғалымдарының, әсіресе, Аристотельдің «Категория», «Бірінші жэне екінші Аналитика» сияқты шығармаларына түсіндірмелер жазуға арналган. Сонымен қатар өзі де «Кемеңгерлік меруерті», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары», «М эселелердің түп маз- мұны», «Ғылымдардың шығуы», «Бақытқа жету» сияқты т.б. көптеген трактат жазган. Бүл еңбектерінде ол дүние, қоғам, мем- лекет жэне адамдардың өзара қарым-қатынасы туралы өз зама - ны үшін соны ой-пікірлер айтқан . Орта ғасырлардың өзінде -ақ Әбу Насыр қанаусыз, зорлықсыз бақытты қоғам орнату жөнінде батыл болжам жасаған. Мұндай қоғамның тууын ол мемлекет басшысының ақылы, білімі, адамгершілігімен байланыстырған . Әбу Насыр әл-Фараби ғылымның фәлсафа, логика сияқты салаларының іргетасын қайта қалаган, әр ғылым саласын же- ке пэн ретінде игеру жағын көтере отырып, олардың мәнін ай- қындап, мазмұнын ажыратуға тырысқан. Әуез жайлы да күрделі зерттеулер жүргізген, математика саласында үлкен жаңалық- тар ашқан, астрономия жайлы кесек-кесек еңбектер қалдырган , физика ғылымын да тың ойлармен байытқан. Жаратылыстану ғылымының медицина, химия, минералогия секілді аса маңыз- ды салалары бойынша күні бүгінге дейін мәнін жоғалтпаған еңбектер жазган. Коне грек оқымыстыларының пікіріндегі озық қағидаларды талдаған. Көрнекті шығыстанушы-ғалым , академик Б. Ғафуров (1908-1977) әл-Фарабидің ғылымга деген қүштарлығы таңга - ларлықтай сан салалы болғанына тоқталады. «Біз, - д ейд і ол, - үлы гүлама жазған еңбектер ішінен математикаға, медицинаға, әуез теориясына, алхимия мен магияға арналган дүниелерді көреміз. ¥ л ы ғұлама фэлсафаның, логиканың, таным -наным ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ _д б у Насыр әл-Фараби — ¥лы даланыцдара тцліасы 11
теориясының, психологияның, этиканың (эдеп), саясат пен со- циологияның сан қырлары жөнінде пікір айтып, келелі еңбектер жазған. Әл-Фараби атын бүкіл әлемге танытып, оны дүниежүзі мэдениетін жасаушылардың алдыңғы легіне қосқан да - оның осы салалардағы еңбектері» [7]. Әл-Фараби педагогика, психология, эстетика мен акустика, астрономия мәселелерін де терец зерттеп, мэдениет пен гы- лымға жемісті үлес қосқан. Сондай-ақ ол - парасаттылык пен ағартушылықты жақтаған үлкен гуманист. Әбу Насыр - халык- тарды бейбіт өмір сүруге, достыққа шақыра отырып, адам бала- сының білім пен парасатты ойын терең багалаған кемеңгер. Иэ, сөйтіп Әбу Насыр метафизика, тіл білімі, логика, жағрафия, этика т.б. гылым салаларын қамтитын жүз елуге тарта трактат жазған. Әл-Фараби өмірінің соңғы жылдарын Шамның Халаб қа- ласында өткізген. Осы жердің әміршісі Сайф ад-Дауланың (915-967) сарайында күн кешкен. Бірақ үзақ тұрмаған. Ибн Халликан шежіресінде Әбу Насырдың Халабқа алғаш келген кездегі Сайф ад-Дауламен танысуы жайлы қызықты деректер келтірілген. Мысырдан қайтып оралған бетінде әл- Фараби Сайф ад-Дауланың нөкерлерімен мэжіліс қүрып отырған үстіне кіріп келгенде, Сайф ад-Даула оған: «Отыр!» - деп эмір етеді. Әл-Фараби: «Қай жерге отырайын, сіз отырган жерге ме, жоқ элде өзім түрған жерге ме?» - дейді. Сонда Сайф ад-Даула: «Өзіңе қай жер лайық деп тапсаң, сонда отыр», - дейді. Әл- Фараби Сайф ад-Дауланың жанына келіп, оны ығыстырыңкы- рап қасына жайғасады. Әміршінің өзі және бірнеше нөкері гана білетін қүпия сарай тілімен оларга: «Мен мына кісіге қазір бірер сүрақ қоямын, егер ол лайықты жауап бере алмаса, жазалаңдар». дейді. Сонда эл-Фараби іле-шала Сайф ад-Дауланың өзі жаңа ғана сөйлеген қүпия тілмен: «О, эміршім, сәл сабыр ет. Әр істің артын баққан жөн болар!»-деген кезде, ол қайран калып: «Апыр- ай, сіз бүл тілді қайдан білесіз?» - дейді. Сонда әл-Фараби: «Иә, мен жетпіске жуық тіл білемін» [8], - деген екен. Бүдан кейін Ә бса т т а р к^ажы Д е р б і с ә л і __________________________________________________________________________________________________________________________________________ 12
эл-Фараби Сайф ад -Дауламен жэне оның сарайындағы энші, ақын, ғалымдармен өнер жөнінде сұхбаттасады. Сайф ад-Даула: «Сарайға әуезшілер келсін», - деп бұйырады. Олар аспаптарында ойнаған кезде эл-Фараби әуезшілерді тоқ - татып, ескерту, түзетулер жасап отырады. Сонда Сайф ад-Даула: «Сіз бүл өнерді жақсы білетін бе едіңіз?» - деп сұрайды. Ол: «Иә», - д е п жауап береді . Сөйтеді де, беліндегі (сахтиан) кісесін шығарып, ішін ашады, одан жіңішке аспапты алып, құлақ күйін келтіріп, ойнауға кіріседі. Жан рақат саз шығып, отырғандар жа- дырай бастайды. Әл -Фараби енді аспаптың қүлақ күйін басқаша келтіріп, тағы да ойнауға кіріседі. Аса мұңды саз құйылып , отыр- ғандар егіліп жылай бастайды. Ақырында ол аспаптың құлақ күйін тағы да басқаша келтіріп, ойнауға кіріседі. Сонда бар- шасы, тіпті, эмірдің нөкерлеріне дейін мүлгіп үйықтап кетіпті. Оларды сол ұйықтаған қалпында қалдырып, ол сарайдан шығып кетеді» [9]. Иә, Сайф ад -Даула өз сарайына сол замандағы аса дарын - дыларды жинай білген. Мұнда Әбу Насыр сияқты арабтық ақиық ақын Ахмед эл-Мүтанабби (915-965) де айрықша ыстық ілтипатқа бөленіп, өзінің біраз жылын өткізген. Араб әдебиетінің классигі, жауынгер ақын әл-Мүтанабби - дің шығыс жэне әлем әдебиетіндегі орны ерекше. Көрнекті араб әдебиетшісі, профессор Абд эл-Уаһһаб Аззам зерттеулерінде: «Ахмед әл-Мүтанабби ұрыс тақырыбындағы қасидаларымен өзге ақындар немесе қара сөз зергерлері шыға алмаған шыңға көтерілді. Бүл араб ақыны өлеңдерінің қуаттылығы сонша - оған теңесетіндер жоқ. Тіпті «Иллиада», «Шаһнаме», Римнің «Энейдасы» немесе үндінің «Махабхаратасы» мен «Рамаянасы» әл-Мүтанаббимен үзеңгі қағыса алмайды» [10], - дейді. Сол эл-Мүтанабби Әбу Насыр әл -Фарабимен атақты Сайф ад-Дауланың сарайында өмірінің бірер жылын бірге өткізген . Біздің әл-Фарабиді зерттеуші ғалымдарымыз элі күнге дейін оның өмірбаянын жазғанда Әбу Насырдың Сайф ад-Дауланың сарайында тұрғанынан басқа ештеңе айта алмайды. Сондықтан _ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ Әбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланыц дара ттщлгасы 13
да араб тарихшыларының жазбаларына сүйене отырып, осы екі дүлдүлдің бізге беймағлұм өткізген жылдарына үңіліп, белгісіз жайттардың аз да болса бетін ашып көрейік. Әл-Мүтанабби тек шайыр ғана емес , жауынгер ретінде де танылған. Ақын талай рет түрлі жорықтарға қатысып, ерлік көрсеткен. 946 жылдары майданда бірге болған досы Бадр біш Амшардың шақыруымен Шамдағы Антакия қаласына келеді. 948 жылы осы кішкене қалаға Византия жорығынан қайтып ке- ле жатқан Сайф ад-Даула тоқтайды . Оған ер мінезді әл -Мүтанаб - би ұнап қалады. Әмірші оны өз сарайына шақырады . Ол кезде Сайф ад-Даула сарайында эл -Фараби де тұрып жатқан -ды . Әбу Насырдың 73-ке, әл-Мүтанаббидің 33 жасқа шыққан кезі. Сарай - дағы ақындар мен фәлсафашылардың ұстазы эрі атақтысы да эл- Фараби болғандықтан, эл-Мүтанабби оны өзіне ұстаз тұтады . Көп уақыт өтпей-ақ олардың атағы алысқа тарайды . Соны - мен қатар бақталастары да көбейе түседі. Әл-Мүтанабби қызықты бір кеште: «Бізді осындагылардың бәрі біледі. Өйткені біз әмірші сарайындагы екіжүзді, жоргалст жү- ретіндерден емеспіз. Менің достарым - цас түлпар, цою түн, кең дала, агмас ңы- лыш, өткір найза, цалам, цагаз» [11], - деп сарайдың күншіл ақынсымақтарын жерге соғады. Бақталастар одан сайын көбейе түседі. Оның үстіне өсекшілерге иланған Сайф ад -Даула бірте - бірте оған қырын қабақ таныта бастайды. «Бірде эмірші алдында парсы текті әдебиетші Ибн Халауайх (980 ж.қ .б .) әл-Мүтанаббиге сын -ескертпе жасағанда, ақынның арқасы қозып: «Иә, сен араб емессің , парсысың, сатан араб тілін білу қайда?!» - деп қалады . Жарыла жаздаған Ибн Халауайх ауыр кілтпен әл-Мүтанаббидің басынан үрады, ал жанжалдың басы-қасында болтан Сайф ад -Даула лэм деп ауыз ашпайды». Әл-Фараби бүған қатты қапаланады. Әл -Мүтанаббиге жа - салған қиянат оны торықтырады. Ақыры эмірші сарайын тас - тап, Халабтан эл-Мүтанабби секілді ол да кетіп қалады [12]. Әбсатт ар к,ажы Д ер б ісә л і _____________________________________________________________________________________________ ____________________________________________ 14
Әбу Насыр эл-Фараби 950 жылы қайтыс болған. «Фараби қазасы туралы екі дерек бар, - д ейді М. Хайруллаев, - бірін - шісінде ғалымдар оны Шамда қайтыс болған десе, екіншісінде Әбу Насыр қасына бірнеше адам ертіп Асқалан қаласына бара жатқанда, жол торыған қарақшылардың қолынан қаза тапқан . Сайф ад-Даула қарақшыларды тауып, дарға асқан» [13]. Бір таңғаларлығы, арада он бес жыл өткеннен кейін эл-Мүтанабби де дэл осындай қайғылы қазаға ұшыраған. «Ә л-Мүтанабби қасына баласын ертіп, Уасыттан Бағдадқа келе жатады. Күн ыстық болса керек. Рахте қаласынан өте бере Фатих бин Джаһл әл-Асади бастаған қарақшылар әл -Мүтанаббиге тосқауыл қояды. Айдалада тоқтатады . Әл -Мүтанабби кейінгі жылдары жазған өлеңдерінің жазбаларын қарап келе жатса керек. Ай - тылмыш қарақшы әл-Мүтанаббидің басын қылышпен шауып түсіреді. Шайырдың қолындағы өлеңдері құмда шашылып қалады» [14]. 1944 жылы Каирде әдебиетші-ғалым Аббас Махмуд әл- Аккадтың (1889-1964) «әл-Фарабйани» [15] атты зерттеуі жарық көрді. Автор онда жерлесіміздің фәлсафалық толғаулары тура­ лы айта келіп, ұлағатты ұстаздың поэзиямен де айналысқаны- на баса назар аударады. «Сайф ад-Дауланың сарайына жиналған даңқойлар мен ақындар аптаның эр күні әдемі, әуезді, бұлбұлды баққа барып, мүшэйраға түсетін. Әбу Насыр эл -Фараби де оған қатысатын. Ол өзгелердей емес , Сайф ад-Дауланың өзімен келіп, эмірдің жанына отыратын. Білімпаз эмірші әл -Фарабидің фәлсафалық тұжырымдарын да, өлеңдерін де ұнататын , тың- дайтын. Мұндай санаткерлік сынға араб -парсы ақындарының сайыпқырандары ғана қатысатын», - де йді . Бара-бара оны салтанатты сарайдың сәулеті де, дәулеті де қызықтыра алмайды. Кетуге бел байлайды . Бір жағынан, жоға- рыда айтылғандай, әмірші айналасындағылардың бақталас- тығы, сыздаған жанына сызат түсіргені бұл байламына қамшы болады. Ақыры эмірші сарайынан кетіп қалған Әбу Насыр қай жерде болсын аса қанағатшыл болыпты. Оның артынан Сайф ___ ___ ___ __ ____ ___ ___ __ ____ ___ ___ __ ____ ___ ___ __ ____ ___ ___ __ ____ ___ Әбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланын, дара тцлгасы 15
ад-Даула жіберіп тұрған төрт дирһемді ең зэру қажетіне жара - тып, қалғанын жарлы-жақыбайларға үлестіріп отырған. Әбу Насырдың бірнеше жолдан тұратын өлеңдерін шығыс- танушы-ғалым , профессор Е.Э . Бертельс (1890-1957) те атап кеткен: Әбсатт ар к,ажы Д е р б ісәл і _________________________________________________________________________________________________________________________________________ С двумя стеклянными сосудами коротаю я жизнь, На них построил я все дела свои. Один сосуд наполнен чернилами, Другой наполнен вином. С помощью одного составляю я свод мудрости моей, С помощью другого разгоняю тоску сердца [16]. *** Қайтейін мен көкжиек көңілімді, Келер күнге үмітпен жол ашамын. Қос шөлмекпен өткіздім өмірімді, Сенім артып түр соған болашағым. Бір шөлмекте көк сия толып түрса, Екіншіде шарап бар жайы мәлім. Даналықты сиямен молықтырсам, Ш араппенен шерімнен айығамын. (Ж ыр жолдарына өлеңдік өрнек берген ақын Аян Нысаналин) Бұдан тіршіліктің телегей теңізін тебірене кешіп, болашаққа үлкен үміт артқан жерлесіміздің тағдыры көз алдымызға келеді. Иә, сөйтіп ол тек ғүлама ғалымдығымен ғана емес, жыр пы- рағын ерттеп мінген ақындығымен де дараланған. Оның әде- биет пен тілдің өзекті мәселелеріне байланысты айтқан түжы- рымдары топ жарған талайларды тамсандырған. 16
Әбу Насырдың «Өлең туралы трактат» жазғаны белгілі. Көр- некті неміс шығыстанушысы Морис Штейншнейдер (1816—1907) де бұл жайлы өз еңбегінде атап көрсеткен. Ағылшын арабисі Д.С . Марголиус те (1858-1940) «Екінші ұстаздың» аталмыш трактатты жазғанын айта келіп, оның жоғалып кеткеніне қатты қынжылған. 1970 жылы Мәскеудегі Ленин атындағы кітап- хананың Азия жэне Африка бөлімінде Италияның «Ориэнто модерно» («Қазіргі Шығыс») атты журналын қарап отырып, одан арабист Артур Дж. Арберридің (1905-1969) 1936 жылы Үндістанға барған сапарында осы елдің ұлттық кітапханасынан («Индия оффис лейбрари») әл-Фарабидің «Өлең туралы трак­ таты» табылғанын хабарлағанын оқыған едім. Ол кісі трактат көшірмесінің XVII ғасырға жататынын, оның элі күнге дейін Үнді ұлттық кітапханасында сақтаулы екендігін айтқан [17]. Ояну дәуіріндегі Шығыс ойшылдарының проблемасымен айналысқан профессор Марголиус белгілі араб философы әл- Кинди Йақұб Ибн Исхақтың да (800-874) осындай тақырыппен трактат жазғанын, бірақ оның ізі жоғын айтады. Әзірге бізге мэлім ренессансқа жататын еңбектер ішінен Аристотель іліміне негізделіп, өзіндік қолтаңбасымен ерекше- леніп тұрған да осы әл-Фарабидің поэзия туралы тұжырымдары екеніне ғалым даусыз мойынсынады. Өзіне дейінгі өлең өнеріне байланысты көптеген зерттеуді жинақтап, өз табиғатымен жік- теген Отырар перзентінің парасатты пайымдаулары соншама уақыт өтсе де, әлі құнын жойған жоқ. Шынында да, ол Аристотель поэтикасына сілтей отырып, жарыса тың қорытынды жасайды, талғамды түйін түйеді. Поэ- зияның қастерлі өнер екеніне дау туғызбайтын дэлелдер келті- реді. Ол осынысымен де қызық. Ғұлама ғалымның бізге беймэлім жаңа қырын ашатын жа- рияланып отырған еңбегіне фарабитанушылар арнайы оралатын шығар. Біз жоғарыда аталған журналда басылған әл-Фарабидің бұл трактатын араб тіліндегі нұсқасынан аударып, қалың көп- шілікке таныстыруды ғанибет көрдік. _ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ дбу Насыр әл-Фараби —Үлы даланыцдара тцлгасы 12
Әл-Фарабидің сөз болғалы отырған трактатты жазудағы мақсаты - араб жұртын гректің өлең өнері негіздерімен таныс - тыру. Трактат шағын. Енді оған назар салайық . Әбу Насыр әл-Фараби «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат» («Рисала фи қауанин сина ’ ат аш -ши ’р») Аса қамқор, мейірімді Алланың атымен [бастаймын]. Бұл зерттеудегі біздің мақсатымыз - тұнық ой маржанын сүзіп , онымен танысқандарға философтың (Аристотель) поэзия тура­ лы айтқандарын түсінуге қол ұшын беру еді. Алайда біз атал - мыш өнерге байланысты белгілі жайларды шиырлап, тәптіш - теп жатпаймыз. Өйткені философтың өзі де софистика өнері, әсіресе, поэзия өнері хақындағы тұжырымдарын аяқтаған жоқ. Мұның бір ғана себебі бар, оның өзі софистика өнері туралы толғамдарының соңында айтқандай, өзінен бұрынғылардан не- гізге алып, қағидаға айналдырып, жүйемен эсіре бағалайтын еш нәрсе таппаған. Сондықтан да соншама таудай таланты мен дарқан дарыны бола тұрып, философтың өзі де ширатып, пісір- меген нэрсені тамамдау талабы ақталар ма?.. Біз тек осы өнерді зерттегенде септігі тиер-ау деген қағида, сана салиқалығын танытатын сөздерді атап өтудің дэл қазір мүмкіндігі туды деп есептейміз. Жалпы айтқанда, сөздің мағыналы, яки мағынасыз болмағы шарт. Алғашқысының ішінде кейбірі қарапайым , басқалары күрделі келмекші. Күрделі сөз жай айтылуы да, тұспалмен жеткізілуі де мүмкін, эуелгісінің кейбірі көкейден шығады да, кейбірі олай емес. Ой көрігінен сомдалып шыққан сөздің шы- найысы да, жалғаны да болады. Жалған айтылғанның ішіндегі кейбірі сөз барысында тыңдаушының зердесінде бейнеленіп, сонымен тікелей түспалданса, басқалары бейнеленетін затқа байланысты ойда еліктеу туғызады, соңғысы жай поэтикалық Әбсатт ар к,ажы Дербісәлі _____ ___________________________________________________________________ _________________________________________ ____ __________________ 18
қуаттың әсері. Еліктеудің кейбірі жетілген, кейбірі түбегейлі жетілген. Еке - уінің жігін ажыратып зерттеу - ақындар мен поэзия білімпаз - дарының міндеті, көптеген тіл мен диалектіде бұл хақында әр- түрлі шығармалар жазылған. Бұдан эрі ешкім «софистика» мен «еліктеуді» төркіндес са- намауға тиіс. Керісінше , олар кейбір арақатынаста ерекшеле- неді. Ең алдымен, олардың мүддесі эртүрлі: софист тыңдаушы санасында болмыстан тыс, оған қайшы қайдағы бір иллюзия туғызады; сондықтан ол бар нәрсе жоқ, жоқ нәрсе бар деп ойлай- ды. Ал оған қарама -қарсы еліктеуші тыңдаушысына үйлесімге орай ой түюге жетелейді. Оған сезім шарапатын тигізеді. Мамыражай қалыптағы адам кейде қиялға шомып, сер- уендеп жүргендей, жағадағы жапырлаған тынығушыларға қарағандай немесе жерде тұрып, көктегі бұлттардың жөңкілген көшін, қарабарқын аспандағы ай мен жүлдыздарды көргендей бір түрлі күй кешеді. Сезімді сиқырлайтын болмыс сондай . Егер адам айнаға, яки соған ұқсас жалтыр затқа қараса, онда жағдай сол затқа ұқсас нәрсені көріп түрғандай эсер етеді. Тұжырымды да басқаша, келесідей бөлген ғанибет. Ол да қүптарлықтай, яғни керісінше болуы мүмкін. Егер пайымдау діттеген жерден шығып жатса, үйлесімді не оған кері болады. Егер ол үйлесімді болса, онда болмыстағыдай қисынды болмақ. Егер қисынды болса, ол не қорытынды, не еліктеу. Еліктеу дағ - дыдағыдай поэзия өнерінде қолданылады. Сондықтан поэти - калық пайымдау дегеніміз - еліктеудің өзі. Үйлестікті де басқа топшылау тэрізді өз бетінше белуге бо­ лады. Пайымдау не толық шынайы, не толық жалған , не шына- йылау, бірақ ішінара жалған , не керісінше шынайы мен жалған барабар келеді. Егер көбісі шынайы болса , пайымдау басым да, шынайылық пен жалғандық тепе-тең болса даулы болады, көбісі жалған болса көпірме, толық жалған поэтикалық софистика бо- лып шығады. Бұл талдау поэтикалық пайымдау не басым, не дәлелдемелі, не көпірме желбуаз, не софистикалық болмай - ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ _ д б у Насыр әл-Фараби — Үлы даланын, дара тцлгасы 19
тынын көрсетеді. Сөйтсе де, ол силлогизмнің немесе пост - силлогизмнің түрі деп есептелінеді. «Пост-силлогизм» дегенде мен түйінділік, бейнелілік , түйсік, үйлестік, т.б. секілді эсер күші бар нэрсені айтамын (Әбу Насырдыц өзі жазган түсініктеме сияцты- Ә.Д .). Біздің жазбамыздың осы жеріне жеткенде, ақындық түйін - деудің эр алуан түрін белгілеу лазым. Ақындық түйіндеуді өл- шеміне, яки мазмұнына қарай топтау мүмкін . Өлшеміне қарай топтау әуенділікке немесе екпінге, тұжырымдау қай тілде екені- не байланысты, сонымен қатар музыканың деңгейіне де қатысты. Мазмұнына қарай ғылыми тұжырымдау, шама -шарқынша тап басып болжау поэзия талдаушысының, поэтикалық мэнді зерт- теушінің, эртүрлі халық поэзиясы мен оның эрбір мектебін біле- тіндердің қарекетіне кіреді. Ондай араб жэне парсы поэзиясын бүге-шігесіне дейін білетін білімдарлар біздің кезімізде де өмір сүріп отыр. Кітап жазып та жүр . Олар поэзияны сатира, поэти­ ка, айтыс , ғазал, жұмбақ жэне басқаларға бөледі. Сөйтіп әлгілер өз кітаптарында эртүрлі топты келтіреді, оған көз жеткізу онша қиын емес, демек , біз мүлдем кең көсіліп , негізгі нысанадан ауа жайылмаймыз. Басқа мысал келтіреміз. Біз білетін қазіргі жэне ежелгі ха- лықтардың көптеген ақыны фабула мен өлшем арасын шекте- мейді, сонымен қатар ақындық тақырыпқа ерекше өлшем қоймайды. Бұдан тек ежелгі гректер ғана тыс тұр . Олар эрбір ақындық тақырыпқа ерекше өлшем қолданған. Оларда пэонның өлшемі сатира өлшемінен, ал ол комедия өлшемінен тіптен өзгеше. Соған қарамастан басқа халықтар мен тайпалар пэон үшін де сатираға т.б. қолданылатын өлшем түрін қолданады; сөйтіп өлшемнің көпшілігі жалпы болып есептеледі; оған қоса олар топты ежелгі гректер сияқты сала-салаға бөлмейді. Енді біз грек поэзиясының түрлеріне тоқталамыз. Фило - софтардың поэзия өнеріне байланысты түжырымдарындағы топтауына сәйкес оны өз ретімен келтіре кеткен жөн. Грек поэ­ зиясы мен сипаттағандай мынадай топтарға бөлінеді: трагедия, дбсат т ар к,ажы Д е р б ісәл і _____________________________________________________________________________________________________________________________ ______ 20
дифирамб, комедия, ямб, драма, айнос, диаграмма, сатира, поэ­ ма, эпос, риторика , амфигенезис (космогония), акустика. Трагедия дегеніміз - арнайы өлшемі бар, бәріне: тыңдаушыға һэм айтушыға да лэззат беретін поэзия түрі. Онда еліктеуге тұ- рарлық, үлгі алар орайлы оқиға бар, онда билеушілер мен шаһар манаптары марапатталады. Орындаушылар эдетте оны патша - задалар алдында келістіріп айтып береді. Патша дүниеден өтсе , олар трагедияға марқұмды жоқтайтын кейбір эуен қосады. Дифирамб - трагедиядан екі есе артық өлшемі бар поэзия түрі. Онда да жалпы бекзаттар жайлы, марапаттарлық мінез, адамзатқа тэн ізгі жайлар айтылады. Дифирамбіде де көбіне қайсыбір патшаларды мақтауға талпынады, бірақ негізінен жал­ пы ізгі істер тілге тиек етіледі. Комедия болса ерекше өзіндік өлшемі бар поэзия түрі. Оған кейіпсіз, келеңсіз жайлар арқау болып, жеке адам мінез- құлқының көлеңкелі көріністері шенеледі. Кейде адам мен хай- уанға тэн қылықтың, сонымен қатар сыртқы ұсқынсыз тұрпат- тың нышандары келемежделеді. Ямб - ерекше өлшемі бар жыр түрі . Онда жалпыға мэлім жағымды-жағымсыз жайлар айтылады, ең бастысы, ол көпшілік- ке кеңінен аян болуы тиіс: мэселен, мақалдар. Жырдың бұл түрі егес-бәсеке мен соғыста , ашу -ыза үстінде қолданылады . Драма да алдыңғы түр сияқты, тек оған жеке есімдерге қатысты мақалдар мен қанатты сөздер кіреді. Айнос - мейлінше көркем немесе эдеттен тыс эмоциялық күшімен лэззат беретін поэзия түрі. Диаграмма - заң шығарушылар қолданатын поэзия түрі. Он­ да адамдар жанын күтіп тұрған бақи бақытсыздық бейнеленеді (егер олар бейәдеп һэм шектен шыққан болса). Эпика мен риторика - ежелгі басқару мен заң формаларын жырлайтын поэзия түрі. Мұнда патшалардың парасаты мен ерлігі, жорықтар мен бастан кешкен қызықты жайттары жыр- ланады. Сатира дегеніміз - музыканттар ойлап тапқан поэзия түрі. Әбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланын, дара ттщлгасы 21
Осы өлшемді олар әндеріне пайдаланып, сол арқылы жабайы хай- уандарға әдеттегісінен ұқсамайтын сан алуан қимыл жасайды. Поэма - эдемілік пен тұрпайылықты, жүйелілік пен бейбе- рекеттілікті жырлайтын поэзия түрі. Осы орайда эр поэзияның түрі өзі жырлайтын затқа - сұлулық пен әдемілікке, ғажайып пен ұсқынсыздыққа сәйкес келеді. Амфигенезис - жаратылыс ғылымдарын баяндайтын окы- мыстылар ойлап тапқан поэзия түрі. Поэзияның барлық түрінен өлең өнеріне дэл келетін ең сэттісі осы. Акустика - шэкіртті музыка өнеріне үйрететін поэзия түрі: оның пайдалылығы осымен шектеледі, өзгеге онша қажеті жок. Поэзия білгірлерінен асып, Темистияға бағышталған фило­ соф Аристотельдің тұжырымдарынан оқығанымызды, сонымен қатар бүрынғы жазушылар мен олардың еңбегін түсіндіретін- дерден түйгенімізді топшылағанда грек поэзиясының кейбір түрлері мен маңызы осындай. Оған қоса бүл түрлердің тізіміне қатысты түжырымдарымызға қосымша пайымдауларымыз да айтылады. Енді біз оны жөн санағандықтан сол күйінде маз - мүндап береміз. Ақындарды үш топқа бөлген абзал. Біріншісінің табиғи дарыны өлеңді жазып, келісті оқуға қабілеті бар: олар поэзияның көптеген не қайсыбір жеке түрінде бейнелілікке, тамаша теңеу- лер құруға керемет бейім тұрады. Бұл ақындар кандай болғанда да өлең өнерінің сын-сипатымен онша таныс емес, тек алғыр- лығы мен бейімділігі арқасында жырлары үшқыр, жүрекке жы- лы тиіп жатады. Бүл ақындардың туындылары мүлде кемеліне келмегендіктен һэм өнерден берік қоныс теппегендіктен, шын мәніндегі екі ой қорытындысынан үшінші қорытынды туында- татындар катарына жатпайды: тек олардың жалпы поэзиямен айналысатынына қарап, екі ой қорытындысынан үшінші қоры- тынды туындататындарға қосқанның жөн-жосығы келсді. Екінші топтағы ақындар өлең өнерімен толық таныс: қай тэсілді таңдасын, олар қағиданың да, бейнелеу қүралының да қайсысына болсын жетік. Мүндайларды екі қорытындыдан Әбсаттар к,ажы Д ер б ісә л і __________________________________________________________________________________________________________________________________________ 22
үшінші қорытынды жасайтын ақындар тобына толық жатқызуға болады. Үшіншілердің қатарына ақындар мен алғашқы екі топта- ғының шығармаларына еліктейтіндер жатады. Олар әлгілердің бейнелеу мен теңеудегі ізденістерін дамытып отырса да, поэзия мен оның қағидаларына аса қанық емес. Осындай ақындарда қателіктер мен мүлт кетулер жиі болып тұрады. Үш топқа жататын ақындар шығармасы табиғи дарынымен немесе арнайы жаттығу жағдайында туындауы лазым. Жоқтау жазуға икемделіп, төселген адамды кейде жағдай сатира немесе басқа поэзия түрлерін де жазуға мэжбүр етеді. Сондай -ақ өнерді зерттеп, белгілі поэзия түрін меңгеріп , басқаларға немқүрайлы қарамайтын жанды ерекше себептерге байланысты өзі білмейтін түрде жазуға сыртқы не ішкі жағдай итермелейді. Дегенмен ға - жап поэзия еркіндікте тумақ. Одан эрі ақындар өлең жазуға кемелденгендігімен не балаң- дығымен айрықшаланады: бұл құбылыс шайыр ойының әсе- рімен, не сюжетпен , не өлең тақырыбына байланысты пайда болады. Ал алғашқылармен салыстырғанда ақын идеясы өте - мөте пайдалы, кейде залалды болуы мүмкін , өйткені қажетті психологиялық шарт кейде басым, кейде тіпті жоқ болмақ: де­ генмен аталмыш түжырымда бүған қатысты ұсақ-түйекке ір- кілмегеніміз дүрыс. Қалай болғанда да бүл этика мен физиоло - гиялық жай-күй , оның жеке салдары туралы кітаптарда айқын келтірілген. Зады , өлең тақырыбына аялдаганда, кейде ұқсас заттарды өзара теңдегенде ұзақ сонарга түсіп кетеміз, ал басқа жайда өзінен-өзі көрініп тұр ғой . Мұндай сәтте ақын кемелділігі мен балаңдыгының критерийі - заттардың ұқсастығының түр - түсіне қатысы бар. Кейде қайдағы бір дүмбілез нағыз шебердің туындысына бергісіз керемет өлең шығаруы таңғаларлық емес. Бірақ оның себебі тек сәйкестік пен кездейсоқтықтан деп білген дұрыс, он- дайды екі қорытындыдан үшінші қорытынды жасайтындардың сапына жатқызуға әсте болмайды. ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ _ Әбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланың, дара гтщлгасы 23
Теңеу де өз көркемдік дәрежесімен ерекшеленеді. Бул зат- тың - тақырыптың өзінен туындайды, теңеу дэл келе ме, жок ауытқи ма немесе бір-бірінен тым алшақ екі затты қосымша ке- йіптеу арқылы суреткерге тэн тәсілмен уқсастыру эрбір ақын- ның шеберлігіне байланысты болуы мүмкін. Мәселен, ақын А мен В, В мен С -ны айқын көріп тұрғандай салыстырады, өйткені А мен В арасындағы уқсастық белгілер сәйкестігі В мен С-ға да барабар . Сонымен А мен С бір -бірінен соншама алые бола турса да, тьщдаушы мен айтушыға оның ұқсастық идеясын жеткізіп беретіндей етіп баяндайды. Дэл мундай әсерді тек өнер кемелдігі шақыра алатыны кэміл. Буған уқсас мысалды қазіргі ақындар тэжірибесінен көп кездестіреміз. Олар жыр жолының соңына уйқас сөз қоярда тіркес алды- на соның мэнін ашатын сөз таңдайды. Онысы шынында да шуғылалы сезімге бөлейді. Енді осы өлең біліктілері мен суретші арасында кейбір сәйкестік бар екенін еске сала кетеміз. Олардың қолданған бей- нелеу қуралдары басқа-басқа болғанымен, түр, қызметі жағы- нан үқсас: өлец өнері - сөзбен, ал живопись (жанды жазу) өнері бояумен цүлпырады, олар осынысымен ғана бөлек , ал іс жүзінде екеуі де ұқсас, екеуі де адам сезімі мен ойына еліктеудің көмегімен эсер етеді. Сонымен өлең ілімінің жетістігін зерттеу үшін осындай жал- пы қағидалардың пайдасы бар. Бүлардың көбісін жеріне жеткізе талдауга да болар еді, тек ондай қарекет аталмыш өнерде басқа өнердің есесінен бір түрмен біржақты мамандануға үрындырады; сол себепті ол бүл түжырымның үлесіне жатпайды». Осымен Әбу Насыр Мухаммед бин Мухаммед бин Тарханның «Өлең өнерінің қағидалары туралы» трактаты тамам. Әбу Насырдың поэзияға қатысты тағы бір шығармасы бар. Ол «Поэзия [өнері] туралы» деп аталады. Әбсаттар к,ажы Д е р б ісәл і __________________________________________________________________________________________________________________________________________ 24
дбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланьщдара тцлгасы Поэзия [өнері] туралы [А] Трактат Қазақстанда тұңғыш рет 1975 жылы Әбу Насырдың «Логикалық трактаттар» жинағында орыс тілінде жарық көрді [Аль-Фараби . Логические трактаты . - Алма-Ата: Наука, 1975. — 445—555 б.]. Екінші рет 1992 жылы басылды [Аль-Фараби . Трактаты о му­ зыке и поэзии. Перевод с арабского языка. - Алма-Ата: Fылым, 1992. - 367-372 б.]. Үшінші рет қазақ тілінде жарық көрді [Әбу Насыр әл-Фараби. Таңдамалы трактаттар. - Алматы: Арыс, 2009. - 175-179 6.J. Отырарлық ғалымның аталмыш дүниесі оқырмандарға осы ба- сылым бойынша ұсынылып отыр. Трактаттың тақырыбына қарап әдебиет жайы сөз болады деп болжанғанымен, ол негізінен автордың философиялық ой- тұжырымы, толғаныстары мен талдауларына құрылған. «Аса қамқор, мейірімді Алланың атымен «Поэзия [өнері] ту­ ралы» кітапты [бастаймын] [2]. Ә. Бәйттер белгілі немесе өзіндік соны, яки дәстүрлі сөз тір- кестеріне аяқталуы керек [Бізге поэзиялық шығармалары та- ныс көптеген халықтан арабтардың айырмашылығы сол - олар бәйттердің аяқталуына ерекше көңіл бөлген, сондықтан да олар- дың бэйттері әдемі жэне жетілген туынды еді]. Б. [Бәйттердегі] ауызша айтылымдардың мағынасы зат бо- луы тиіс, яғни (сөз болып отырған) еліктеуші [4] зат болуы ке­ рек. В. Ауызша айтылымдар ритмикалық тұрғыда құрылуы тиіс . Г. Ауызша айтылымдар бөліктерге бөлінуі тиіс . F. [Ауызша айтылым] бөліктерінің саны ырғақ, стоп, сабаб [5] жэне уатадтар [6] тұрғысынан алғанда анық болуы керек. Д. Бөліктердің эрбір өлең өлшемінде орналасу реті анық бо­ луы керек. 25
Е. [Құраушы элементтердің] бір бөлікте орналасуы басқа бөлікте орналасқан сияқты болуы керек [айтылу уақыты бойын- ша бөліктердің теңдігіне осылайша қол жеткізіледі]. Ж. Әрбір өлшемде ауызша айтылымдар белгілі бір ретпен орналасуы керек. 3. Бөліктер анық аяқталуы тиіс, өйткені олар бір ғана дыбыс - тардан немесе айтылу уақыты бойынша бірдей дыбыстардан [құрастырылған]. И. Ауызша айтылған бөліктердің мағынасы да дэл солай [эңгіме болып отырған] еліктеуші затқа ұқсайтын болуы керек. К. Ауызша айтылым үйлестірілген болуы керек . [Соңғысы жөнінде] өлең жолдарын үйлестіретін бір ха- лықтың әуендері оның кейбір дыбыстары сияқты өлеңнің құ- рамдас бөліктері болып табылады деп [айтуға болады]. [Егер олардың өлеңдерінде эуенсіз айтылым орын алса, онда дэл сол қандай да бір дыбыстың болмаған жағдайындағы сияқты әдетте өлеңнің жазылу көлемі бұзылады]. Ал басқа халықтарда [өлеңді құрастырған кезде] дыбыс деңгейіндегі секілді мұнда да әуен қолданылмайды, эуелі, керісінше , өлеңдер, мысалы, араб поэзиясындағы сияқты тек дыбыстарды ғана қолдану арқылы құрастырылады. Мүнда егер өлеңдер үйлестірілетін болса, онда әуен ырғағы өлеңнің өзінің ырғағын бұзатын болады. ал соның салдарынан өлең ырғағы жоғалып кетеді. Сондықтан әуенді өлеңде қолданған адам дәл оның дыбыстары сияқты өлең өлшемі бұл жағдайда бұзылуы мүмкін дегеннен қауіптенуі ке­ рек. Халықта және көптеген ақындар арасында [қарапайым] айтылған сөздер өлең жолдарының өлшеміне сыйдырылган кезде жэне теңдей уақыт аралығында айтылатын бөліктерге бөлінгенде ғана өлең болады дейтін пікір қалыптасқан. Алайда олар мүнда өлең затқа еліктейтіннен қүрала ма, элде жоқ па деген жағдайды ескермейді. Сондай -ақ олар ауызша айтылған өлеңнің өз тілі аясындагы жағдайы қандай дегенге көңіл бөлмейді: олардың көркемдігі, әуелі жалпыға мәлімдігі әрі жалпының қолы жететін ауызша айтылымдарға басымдылық беретіні жеткілікті. Әбсаттар к,ажы Д е р б ісәл і __________________________________________________________________________________________________________________________________________ 26
Олардың көпшілігі [алдыңғы] айтылғандармен қатар [өлеңнің] соңғы бөліктерінің тендігі ережесін сақтауды талап етеді, ол [бөліктердің] осы соңғы жақтарының бірдей дыбыстарға немесе бірдей уақыт аралығында айтылатын дыбыстарға аяқталуында болып табылады. Сонымен бірге (грек ақыны) Го­ мер [7] өлеңдерін қарастырған кезде оның өлең соңдары теңдігін сақтамағандығы көрініп тұр. Егер айтылым зат бейнелейтіннен тұрып, өлең өлшеміне сыйғызылмаған эрі ырғагы болмайтын болса, онда ол өлең емес, керісінше, поэтикалық айтылым болып есептеледі. Ал егер айтылым мұнымен қатар тағы өлең өлшеміне сыйғызылып, бөліктерге бөлінген болса, онда бұл жағдайда өлең болады. Көне [ақындар] өлеңдерінің құрылымы жэне оның мэні [екі] түрлі ережені сақтауға тоғыстырылды: 1. Өлең зат еліктейтіннен тұратын айтылым болуы керек. 2. Өлең бірдей уақыт аралығында айтылатын бөліктерге бөлінуі тиіс. Ал өлең құрастырудың қалған ережелерін сақтау міндетті емес болып есептелінді, бұл ережелерді сақтау деген мэселе поэзиялық шығармаларды жетілген жэне айбынды етіп отырды, өйткені өлең құрастырудың бұл ережелері тек [затқа] еліктей білуді гана емес, сонымен қатар сол арқылы еліктеу эрекеті жасалынатын затты білуді де талап етті. Олардың ішіндегі біршама томен дәрежедегі [маңыздысы] өлең жасау өлшемін сақтау ережесі болды. Еліктеу риторика саласында да жеңіл қол- данылуы мүмкін, дэлірек айтқанда: өте жақын, түсінікті жэне барлығына белгілі заттарға қатысты жағдайда болуы мүмкін. Бэлкім, көптеген шешен табиғатынан поэзиялық жолдармен айту қабілетіне ие бола тұра, риториканың талап еткенінен де жиі еліктеуді қолдана отырып, қателіктер жіберген болар. Бұл шешендердің айтқандары сенім ретінде қабылданбады жэне көп адам оны риторикалық эсіресілтеушілік ретінде қабылдады. Ал шын мәнісінде бұл айтылымдар поэзиялық құбылыс жэне осы шешендердің риторика саласынан поэзия саласына ауытқуын білдірді. ___________________________________________________________________Ә бу Насыр әл-Фараби — Үлы даланын, дара тцліасы 27
Көптеген ақын сондай-ақ адамның көзін жеткізе айту табиғи дарынына ие болды. Олар өлеңді құрастырды жэне өлең өлшеміне сыйғыза білді, соның салдарынан ол айтылымдарды көп адам өлең ретінде қабылдады. Шын мәнісінде олар ол кезде риторикалық айтылымдар жэне сол ақындардың [поэзия сала- сынан] риторика саласына ауытқуын білдірді. Көптеген шешен өздерінің ділмар сөздерінде осы екі мәселені үйлестіріп отыра- ды. Көптеген ақындағы да жағдай осындай . Бұған мысал ретінде поэзиялық шығармалардың жэне поэтикалық айтылымдардың көпшілігі дэл сондай болатынын, яғни олар [эңгіме болып отырған] заттарға еліктеуші заттардан құралатын жағдайды келтіруге болады. Затқа еліктеу іс-эрекет жэне айтылымдар арқылы болуы мүмкін. Іс -әрекет арқылы болатын еліктеу екі түрге бөлінеді: 1. Адам өз қолымен қандай да бір нәрсеге ұқсас нәрсені жасайды. Мысалы, адам адамға жэне т.б. дәлме -дәл ұқсайтын қандай да бір мүсіндік шығарманы жасайды. 2. Адам қандай да бір адамға жэне т.б. ұқсастырып әрекет жасайды. Сөз сөйлеуге еліктеу сөз құрастыру болады, онда [эңгіме бо­ лып отырған] еліктенуші зат осы [еліктенетін] затқа еліктеуші [басқа] затты корсету арқылы қамтылады немесе айтылады. Затқа ұқсайтындардан құралатын [мұндай] айтылымдар арқылы сол заттарды не заттың өз ішінде, не басқа заттың ішінде ойша көз алдыға елестетуге қол жеткізіледі. Сонымен сөз сөйлеу арқылы еліктеу де сол сияқты екі түрге бөлінеді: 1. Затты заттың өз қүрамында көз алдыға елестету. 2. Затты басқа зат қүрамында көз алдыға елестету. Мысалы, ол ғылыми зерттеулерде осылайша болып отырады. Бүл түрлердің ішіндегі біріншісі заттың өз ішіндегі зат туралы білім береді. Мысалы , анықтама . Екіншісі басқа заттың ішінде қарастырылып отырған заттың саны туралы білім береді. Мы­ салы, дәлелдеу. Осыған негізделе отырып, [затты] көз алдыга Әбсаттар к,ажы Д е р б ісәл і __________________________________________________________________________________________________________________________________________ 28
елестету поэзияда да маңызды [деп айтуға болады]. Мысалы , білім - дәлелдеуде, пікір - топикте жэне көз жеткізу риторика - да маңызды. Көп жағдайда адам әрекеті оның елестетулеріне байланысты болады. Сонымен ол қандай да бір затты басқа зат ішінде елестете алады жэне соның негізінде осы заттың саны басқа зат құрамында болатыны сезім немесе дәлелдеу арқылы анықталғанындай дэрежеде эрекет жасай алады. Ол бұл әрекетті егер оның [затты] елестетуі шын мәнісінде дұрыс болмаса да жасай алады. Сөйтіп, мысалы, адам өзі теріс сезімге бөленетініне ұқсас қандай да бір затты көрген кезде осындай бо­ лады. Мұндай жағдайда оның елесінде сол сэтте оған сол затқа деген жеккөрушілікті орнықтырған зат пайда болады жэне ол одан қаша бастайды эрі әуелі егер сол зат шын мәнісінде оның түсінігіндегідей болмаса да, ол одан шеттей береді. Еліктеу қолданылған сөзді естіген адаммен де сондай болады. Бұл жағдайда ол затта қандай да бір басқа зат образын елестетеді. Ол егер адам [бұрын] сол басқа затты өз көзімен көрген болса жэне оның ойында сол зат образы қалыптасқан жағдайда болуы мүмкін. Егер осыдан соң оған затты сөз арқылы сипаттайтын болса, онда ол туралы айтылымдарда оған бұрын оның ойында пайда болған сол басқа зат образы елестетіледі. Қарастырылып отырған заттағы жақсылық, зұлымдық, әділетсіздік, жамандық пен игі іс туралы бейнелі түсінікті туғызатын сөз [айтылым] солай әрекет етеді. Сонымен , адамның іс -эрекеті оның оймен елестетуіне жиі байланысты болады. Ол сондай -ақ оның пікірі немесе біліміне де жиі тәуелді болады. Бірақ оның пікірі мен білімі ол ойша елестеткен затпен жиі қайшылыққа түсіп отыра- ды. Мұндай жағдайда ол өз әрекетін пікір мен білімнің негізінде емес, керісінше , ол өзі елестеткен зат негізінде жасайды. Ойша көз алдыға елестететін затты қолдану арқылы айтылатын сөз тыңдаушының қандай да бір іс-әрекетті жасау сезімін оятуға бағытталған деп [атап айтуға болады], ол сезім қарастырылып отырған зат бейнесі арқылы шақырылады. Бұл оның бейнелі елесі дұрыс па, әлде бұрыс па, шын мэнісінде ол солай ма, элде _ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ д б у Насыр әл-Фараби —Үлы даланьщ дара ттщлгасы 29
солай емес пе дегенге тәуелсіз [тыңдаушыда] пайда болатын көз алдына келтірілген затқа қол жеткізуге деген немесе одан аулақ болу, оны жою, жек көру немесе жақсылық не зұлымдық әкелетін басқа іс-әрекет жасау сияқты қалауы арқылы көрініс табады . Адам қандай да бір затты бір нәрсемен ұқсастырған кезде де сондай болады. Ол заттың өзіне ұқсас жасай алуы мүмкін жэне сонымен бірге ұқсас затқа ұқсас жасай алуы мүмкін. Сөйтіп, ол Зейд мүсінін мүсіндей алады жэне онымен бір мезгілде Зейд мүсіні бейнелеп көрсетілетін айнаны жасай алады. Біз Зейдпен таныс болмауымыз, бірақ оның мүсінін көріп, онымен таныс бо- луымыз мүмкін. Біз оның образын өзіміз көруіміз арқылы емес , керісінше, оның еліктеген нәрсесінің арқасында танысамыз . Біз оның мүсінінің өзін көрмеуіміз мүмкін, бірақ оның мүсінінің айнадағы бейнесін көруіміз мүмкін. Онда біз онымен таныса­ мыз, өйткені оған ұқсайтын соның өзі тэрізді. Бұл жағдайда біз шын мәнісіндегі [Зейдтен] екі сатыға алыстаймыз. Дэл осы да еліктеу сипатына не болатын айтылымның салдары. Бүл айты - лымдар зат өзіне үқсайтын заттардан жэне заттың өзіне ұқсас заттарға ұқсайтын заттардан эрі осы заттарға ұқсас заттардан құралуы мүмкін. Сонымен еліктеу кезінде көптеген сатыға заттан алшақтау болып отырады. Сол бір айтылымдар арқылы жасалынатын зат­ ты ойша көз алдыға елестету, міне, осындай болады. Затты ойша көз алдыға елестетудің салдары дэл сондай одан көптеген сатыға алшақтау болады. Елестетуде зат не нәрсеге тікелей еліктеуінің арқасында жэне айтылған сөзге, [қарастырылып отырған] затқа еліктеудің маңызына байланысты бір немесе екі заттың ықпал етуі жағдайында көз алдыға келуі мүмкін. Көп адам жақындағы заттарға қарағанда алыстағы заттарға еліктеу толығырақ жүзеге асырылады жэне ол жетілген болып келеді деп есептейді эрі сөзді ойлап табушы, дэл осылай істейтіндер сөз өнеріне көбірек жақын келеді жэне еліктеуге эрі оларды өз шығармашылыгында қолдануға біршама түрарлықтай дәрежеде деп есептейді. Кітап аяқталды. Аллаға мадақ». Әбсатт ар к,ажы Д е р б ісәл і ________________________________________________________________________________________________________ __________________________________ 30
Әбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланың, дара тцлгасы Түсініктемелер A. Трактат аудармасы әл -Фарабидің «Кутуб аль-Фараби фи ал-Мантик» (MS - 231, ТЕ 41. Братислава, 274а-276а-б .) деп аталатын логикалық трактаттарының братиславтық араб қолжазбасының тікелей фотокөшірмесі бойынша орындалды. Ә. Хаддадтың (Islamic Quarterly, 1969. - No 4. Ғ. Haddad A lfa ra bi’s views on Logic and its relation to grammar, p. 193) «әл-Фарабидің (Al-Farabi Al-Mantik, MS-812 o f the Hamidiyaah library. Istanbul) логикалық трактаттарының стамбулдық араб қолжазбасында осы атаумен айтылатын трактат бар» деп хабарлағанынан белек, ғылыми эдебиеттерде аталмыш трактат туралы басқа мэлімет жоқ... Б. Трактатта оның аты «Китаб аш-ши ’р» деп аталады, ол сөзбе-сөз «Поэзия кітабы» деп аударылады. «Аш ш и ’р » (поэ­ зия) сөзі араб тілінде әрі ауызша көркем шығармашылық тура­ лы ғылымды, эрі әдеби шығармашылықтың (поэзияның) өзін білдіреді. Трактаттың мазмұнына, сондай-ақ автор жасаған «қадам жасаушы өз өнеріне (поэзиясына) дэл осы тұрғыдан келеді» дейтін оның қорытындысына негізделе отырып, трак­ тат атында аш-ши ’р поэзия (өнері) туралы сөзінің бірінші мағынасын біз ерекшелеп көрсеттік. Бұл трактат - эл -Фарабидің ерекше туындысы. B. Байт - екі жолдан тұратын тармақ (строфа). Бәйттерден ғазелдер, қасидалар , рубаилер жэне басқа шығыс поэзиясының формалары құрастырылады. Г. Араб тіліндегі «хака» етістігі жэне етістік арқылы одан жасалған «мухака» зат есімі еліктеу, көшіру, имитация жа- сау дегенді білдіреді. Әл -Фараби бұл трактатта поэтикалық шығармашылықты еліктеуге еліктеу ретінде қарастырады, яғни Платон көзқарасын бөліседі, өйткені Платонның пікірі бойын­ ша, заттар идеяға еліктейді, ал өнер еліктеуге еліктеу болып табылады. Бұл қорытынды осы трактаттың мазмұнына талдау 31
жасаудан келіп шығады. «Ха ка» сөзін эл-Фараби қатаң түрде термин ретінде қолданған. F. Саба - екі дауыссыз дыбыстан құралатын буын. Белгілі болғанындай, араб жазуы тек дауыссыздарды жэне ұзақ да- уысты дыбыстарды ғана белгілейді. Қысқа дауысты дыбыстар жазуда таңбаланбайды, ал оқылу үдерісінде дыбысталады . Бұл ерекшелік буынға бөлуде көрініс табады. Д. Уатад - үш дауыссыз әріптен тұратын буын. Е. Гомер өлеңдерінің көрсетілуі тектен -тек емес . Араб метри - касы сол грек метрикасы сияқты ұзын жэне қысқа буындардың кезектесуіне қүрылған. Сонымен бірге бұл - эл-Фарабиге Гомердің «Илиадасы» мен «Одиссеясы» белгілі болды дейтіннің куәсі. Әбсатт ар к,ажы Д е р б ісә л і __________________________________________________________________________________________________________________________________________ Поэтика жэне поэтика жайлы тұжырымдар ...О на н соң тіл біліміне ұқсастығына орай поэтика келеді. Ол үш бөліктен тұрады: біріншісі - жай немесе күрделі болып келетін қолданыстағы өлең өлшемдерін тізбектеу. Онан кейін арабтарда сабаб жэне уатад, ал гректерде буын жэне бунақ2деп аталуымен белгілі, әрбір өлшем түрінің эрқайсысынан пайда бо- латын эліпби эріптеріне сэйкес сөйлеу дыбыстарының қүрылуы тізбектеледі. Сосын өлеңдер мен жарты шумақ өлеңдердің әр өлшемдегі эрбір өлеңнің қанша сөйлеу дыбысы мен буыннан құралатын- дығын зерделеу Онан соң толық мөлшердің жартылай мөл- шерден өзгешелігі жэне қай мөлшер жақсырақ, эдемірек дыбыс - талып, қүлаққа жағымдылығы түрғысынан қарастырылады . Екінші бөлігінде эрбір өлшемдегі өлеңнің аяқталуы қарас- тырылады: олардың қайсысы тек бір, ал қайсысы бірнеше пі- шінге ие; олардың қайсысы толық, қайсысы асыра толық немесе жеткіліксіз; бүкіл өлеңді бойлай сақталған қай жалғау тек бір дыбыстан қүралады, ал қайсылары дастанда қайталанатын сөз дыбысының біреуінен артығына ие; максималды дыбыс саны 32
қанша екендігін зерделейді. Сосын тілдегі дыбыстардың көп дыбысталатындары, дыбыстау уақыты жағынан бірдей дыбы- старды басқасымен алмастыруға бола ма жэне олардың қайсысы осындай дыбыстармен алмастырылатыны зерделенеді. Үшінші бөлігі прозада қай сөздерді қолдануға болмайтынын, поэзияда пайдалануға болатындығын зерделейді. Тіл туралы ғылымның эр бөлігінде сақталатын құбылыс міне осы... Ақындық пайымдаулар3- элдебір талқыланатын мэселедегі қандай да бір жай-күйді, немесе небір барынша лайықты не теріс ниетті, жақсы немесе сиықсыз, ұлы немесе болмашы тэрізділерді шамалауға тэн дүниелерден құралатын пайымдаулар. Ақындық пайымдауларды тыңдап, бір нәрсеге қарап отыр- ғанымызда, бір нәрсеге жиіркеніш сезінуге ұқсайтындай елес- тетудің моделі қалыптасады. Шындығында , біз оны елестеткен- дей жиіркенішті еместігіне сенімді болсақ та, өзіміз жек көріп, қашқақтайтын сол нәрсеге жиіркенішті елестетеміз. Ақындық пайымдауларда бізге елестетілуде олай еместігін білсек те, осы пайымдауларда барлығы да бізге елестетілген деп иланғандық- тан, біз де солай жасаймыз: адам өз долбары мен білімінен гөрі өз елестетуін жиі басшылыққа алады, өйткені оның долбары мен білімі оның пікіріне қайшы келеді жэне әңгімемен немесе іс тәріздес дүниелерді елестету туралы сөз қозғалса, ол өз долбары мен біліміне сәйкес болмайтын, өз елестетуіне сэйкес болатын белгілі нәрселерге [қатысты] эрекет жасайды. Ақындық пайымдаулар оны [осы әрекетке] тарту үшін адамды әлдебір эрекетке түрткі болуына арналған сұхбатта қолданылады; ол тартылған адамның басшылыққа алатын ойлау қабілеті бол- маса, оның ойлау орнын басатын елестетудің қалаулы әрекетіне ниеттенеді, болмаса, егер адамның қалаулы пайымдау қабілеті болып, онан бас тартпауына күмэні болса жэне оның елестетуі оның пайымдауын белгілейтін ақындық пайымдауларға жүгінуге асықса, осы әрекетімен асығыстық танытады. Осы асығыстықтың салдарынан ол осы әрекеттің нэтижесін өз пайымдауымен түзетудің алдында, бұл әрекет орын алады. ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ _ д б у Насыр әл-Фараби — Үлы даланын, дара тцліасы 33
Ол одан тіптен бас тартып немесе оны зейін қойып зерделейді жэне оған асығудың қажеті жоқ деген пікірге сайып, оны басқа уақытқа қалдырады. Сондықтан басқалары емес, тек ақындық пайымдаулар ғана логика қарастыратын дүниелердің көмегімен әсерлендіріледі, өрнектеледі, айрықша баса айтылады, асқан әдемілікпен көмкеріліп, ерекше эсірелейді... Қажеттілігіне қарай логиканың сегіз бөлімі бар, өйткені олардың әрқайсысы - жеке-жеке кітап4. Сегізіншісінде - поэзияны тексеретін заңдар, таралған ақын- дық пайымдаулардың түрі, сонымен қатар өнер саласының әр- қайсысында қолданылатындары қамтылған; ол ақындық өнер- дің барлық қағидасын егжей-тегжейлі тізбектеп шыккан; өлең түрлері мен ақындық пайымдаулардың қанша түрі бар екендігін көрсетеді, осы түрлердің әрқайсысындағы өнері неден жаса- лып, қалайша қүрылады жэне қалайша жақсырақ, ең сәулетті, жалтыраған жэне талғампаз бола алады, қай жағдайларда ма- ңыздылығы артып, аса лайықты болатындығын көрсетеді. Бүл кітапты грекше «Поэтика», басқаша айтқанда, «Өлең кітабы» деп атаған. .. . А қиқат пен шынайы білімдерді іздеу жолында адам диа- лектикалық нәрселерді пайдалана алмайды, өйткені олардың диалектикалық екендігін сезбейді жэне осылардың салдары- нан шүбэсіз білімдерден ауытқып, күшті долбарға (ауыса- ды) немесе өзі білмей түрып шынайы қағидаларды қолданып, оның арқасында пікірге тоқталады; өзі білместен софистикаға үрынады; немесе бір дүрыс емес нэрсе туралы оны дүрыс деп тауып, оған көзі жетеді; немесе абыржып қалады; немесе олардың поэтикалық екендігін білмей, поэтикалық нэрселерді қолданады жэне сонда елестеріне негізделген өз пікірін сомдап, көңілінде осы қағидаларында ақиқат жолымен жүріп, тілегеніне қолы жетті деп ойлайды, ал шындыгында, сол мүратына жете алмаған. .. .Егер адам көрнекті диалектик болғысы келсе, он да ол нені, қанша білу керектігін біледі; осы пайымдауларда д б с а т т а р к,ажы Д е р б і с ә л і ____________________________________________________________________________________________________________ _____________________________ 34
диалектикалық жолмен келе ме, жоқ па екендігіне өзін де , өзге- лерді де қалай тексеру керектігін біледі; егер адам көрнекті шешен болғысы келсе, онда ол нені, қанша білу керектігін біледі, өзінің пайымдауларында риторикалық өнер немесе басқа жолға түсіп кеткендігін білуі үшін өзін де, өзгені де қа- лай тексеретінін біледі. Егер ол керемет ақын болғысы келсе, онда ол қанша дүниені зерделеу керектігін біледі; пайымдаула­ рында поэзия жолымен келе ме немесе онан ауытқып, басқа жолмен шатастырып алды ма, оны өзінен де , басқадан да қалай білу керектігін біледі. Егер ол өзі алданбай , басқаларды жаңылыстыру қабілетіне ие болғысы келсе, оған қол жеткізудің жолын біледі, эрбір пайым мен эрбір пікірді қалай тексеруін біледі, бір нәрседе өзі басқаны алдады ма, я өзі алданды ма жэне оның қалай болғандығын біледі. Ғылым жүйесіндегі поэтиканың орны Біз айтқан [ғылымдардың] бүкіл жиынтығын өз ойын қалай айту керек, қалай оқыту немесе қалай үйрену керек, қалай айту, сұрау жэне жауап беруден бұра тартып, оймен тану жолы арқылы таптық; осы тұрғыдан заттарға атау берген, басқаша айтқанда, субстанция мен акциденция болатын тіл туралы ғылым - ең алғашқы ғылым болып табылады. Екінші ғылым - бұл грамматика; ол заттарға берілген атау- ларды реттеуді, оның субстанциялары , акциденцияларының орналасуын білдіретін сөйлеу мен нақыл сөздерді қүрастыру керектігін үйретеді жэне оның нәтижелерін көрсетеді. Үшінші ғылым - бұл логика; олардан ойша тұжырым алу мақсатында, логикалық фигураларға сәйкес хабарлы сөйлем - дердің қалайша орналастырылуын үйретеді, олардың арқасында танылмағанды танып, ненің ақиқат, қайсының жалған екендігі туралы пікір айтамыз. Төртінші ғылым - поэтика; ол күндылығы мен тиянақты- лығына сәйкес сөздерді қалайша, басқаша айтқанда , олардың ___________________________________________________________________д б у Насыр әл-Фараби — Үлы даланын, дара тцлгасы 35
пропорциясы мен стопалардың саны: төрттен, алтыдан неме- се сегізден орналастыру керектігін үйретеді. Бұл сандар - қо- рытындылаушы жэне осы мақсатқа мейлінше бейімделгендері. Бұрында оның алдында болып, кейіннен оның артынан ілесетін арифметика ғылымының алдындағы ғылымдар тәртібі осындай. Сондықтан жаның даналықтың тәттілігін татып, бойынды ақиқатқа деген сүйіспеншілік билеуге түрткі болсын десең - мүқият бақылап, ойлан, сонда егер Алла қаласа, жасырын әлденені, өзіңе игілікті болатын дүниелерді түсінерсің. Поэтикалық шығармалардың түрлері Поэтикалық туындылардың барлығы да бір нәрсені ойың- да жақсы елестету үшін жазылған. Олардың алты түрі бар: оның үшеуі мақтауға түрарлық болса, ал қалған үшеуі даттала- ды. Мақталатын үш [түрдің] бірі арқылы парасатты күштерді жақсартып, олардың әрекет пен ойларын бақытқа бағыттауға, ойында таңғажайып жэне игі дүниелерді елестетуіне, онда адамгершілікті керемет етіп көрсетуге, олардың сүлулығын көр- сетуге және мейірімсіз эрекеттер мен көргенсіздіктің қияпат- сыздығы һэм опасыздығын эшкерелеуге талпынады. Екінші [түрдің] көмегімен жігерден қалған көңіл толқуын әлсіретіп, жақсартуға талпынады. Оларды қалыпты болуына жеткізіп, шамадан тыс болудан арылғанша өзгерте береді. Он- дай толқулар санатына ыза, тәкаппарлық , қатыгездік, арсыздық , атаққүмарлық, билікқүмарлық, ашкөздік және басқалары жата- ды. Осы [қасиет] иелерін [осы поэзия түрі] жаман істерге емес, игі мақсатта қолдануына бағыттайды. Үшінші [түрдің] көмегімен әлсіздік пен мінез жұмсақтығы- нан шығатын: қүштарлық, арсыз рақаттылық, бүлтару, ынжық- тық, жаны ашу, қорқыныш , үрей, уайым , үялу, еркелік , көнгіштік жэне осы тэрізді көңіл аффектілерін жақсартып, оны азайтуға, оларды жаман емес, игі істерде қолдануы үшін, шектен тыс Әбсаттар к,ажы Д ер б ісәл і __________________________________________________________________________________________________________________________________________ 36
болудан қалып, қалыпты болуы үшін, олардың еңсесін түсіріп, бетін қайтаруға талпынады. Датталатын [поэзияның] үш [түрі] мақтауға лайық үш [түріне] қарама-қайшы: алғашқылары талқандаған нәрселерді соңғылары түзетеді, қалыптыдан шектен тыс болатын жағдайға келтіреді. Әуендер мен әндердің [әрқилы] түрлері поэтикалық туындының [эрқилы] түрлеріне сәйкес болады; соңғыларының разрядтары алғашқыларының разрядтарындай болады. Поэтика объектісінің категориялары Категориялар - өнер, диалектика мен сопылық, риторика өне- рі жэне поэтика өнерін [зерттеудің] мэні. Жоғарыда көрсетілген , салыстырылған барлық категория - практикалық ғылымдар - дың2мэні. Олардың кейбірі - қандай да бір санды, кейбірі - са - паны, кейбірі - әлдеқайда , кейбірі - әлдебір жагдайды, кейбірі - әлдебір арақатынасты, кейбірі - [бірдеңені] бүркейтін бетті, кейбірі - әрекеттегіні, кейбірі - әрекетті сынайтынды, кейбірі - екіжақтылықты, кейбірі - үшжақтылықты, кейбірі онан да көбін зерттейді. Егер практикалық ғылымдардың мэні туралы жете ойласаң, онда жоғарыда көрсетілген категорияларға ұқсайтын әлдебір нэрсені тауып аласың. Дегенмен өнер өкілі көңілінде елес - теткен сол [зат] - тек оның түрі ғана жэне ол әрекет жасаған жағдайда жоғарыда көрсетілген тәсілмен эрекет етеді, соған сәйкес осы түр ол туралы «әлдене» деп айтады. Өйткені осы мэннің мәнісін ашып, оның ішінде әрекет ететін, адам [елес- тетуіндегі] көңіліндегі [бар] өнермэндердің түрлері мен зат- тардың түрқынан құрастырылады, ал егер олар эрекет жасаса , онда жоғарыда көрсетілгендей, ақылымен үғынатын түр ретінде болады. Олардың санатына сопылық, диалектика мен филосо- фиядан өзгешелігі - сипаттама берілетін риторика мен поэтика жатады. Өйткені олардың эрқайсысы да жогарыда көрсетілген категориялардың салыстырылатыны туралы айтып, уағыздайды ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ _ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ д б у Насыр әл-Фараби — Үлы даланың, дара тцлгасы 37
жэне категорияларда бар заттар туралы білім береді. Ал ри- торикаға келсек, ол категориялардағы кейбір нэрселердің бар екендігіне сендіруге тырысып бағады. Поэтика туралы айтсақ, ол категориялардағы кейбір нәр- селердің бар екендігін елестетуге талпынады. Басқаша айт- қанда, шешен мен ақынның көңілінде [елестетуінде] олардың эрқайсысынан да [риторика мен поэтикадан] үлес бар, олар зат- та қандай түрдің бар екендігін олардың көмегімен нандыру мак- сатында шешен іздеген заттар түрінің түрі жэне түрдің түрінен түратын түрден, ал ақын оның көмегімен зат ішіндегіні елестету үшін қүрастырады. Риторика түрден сендіретінді және немен сендіретінді, ал поэтика түрден нені елестететінді жэне немен елестететінді таңдайды. Философия, диалектика жэне сопылық түрлерді жокка шы- ғармайды, [оларды] жоғарыдағыдай кемсітпейді. Силлогизмдер жэне поэзия1 Өнер түрлері силлогистік жэне бейсиллогистік болып бөлінеді. Олардың бөліктері біріктіріліп, тамамдалғаннан соң өз әрекетінде силлогизм қолданылса, ол - силлогистік өнер. Олардың бөліктері біріктіріліп, тамамдалғаннан соң ерекше жүмысты орындау болып табылатын, кейбір жүмыстар мен әрекеттер жасауға арналған: медицина, егіншілік, агаш ұсталық. қүрылыс жэне басқа да өнерді өз әрекеті мен мақсаты етіп қоятын өнер бейсиллогистік болып есептеледі. Силлогистік онер бесеу: философия, диалектика, софистика (сопылық), риторика жэне поэзия өнері. Қайбір бөліктерін ор- нату кезінде, қайсыбір практикалық өнерде силлогизм пайдала- нылуы мүмкін: ал [өнердің] осы бөліктері табылып, эрқайсысы орнатылып, барлығы [олардың бөліктері] біріктірілгеннен ке- йін, олардың [осы өнерлердің] әрекеті қандай да бір жүмысты атқаруга саяды. Оган медицина, егіншілік пен навигация мы- сал бола алады. Олар кейбір бөліктерінің орнатылуы кезіндс Ә б са т т а р к,ажы Д е р б іс ә л і __________________________________________________________________________________________________________________________________________ 38
силлогизм қажет болғанына қарамастан, силлогистік бола алмай- ды. Алайда өнердің қалыптасқаннан кейінгі әрекеті силлогизмді қолдануда болса, онда ол шынында да силлогистік болып са- налады. Силлогизм бір -бірімен ой жүгірту кезінде, я болмаса біреудің ойындағысын барлап білу кезінде пайдаланылады: 1. Осы екі жағдайда да силлогизмнің қолданылуы филосо - фиялық сипатта, философиялық пайымдау дәлелді [дәлел кел- тіретін] деп аталады жэне мәнісі шүбэсіз білім беретін затта- рында ашылатын ақиқатты зерделеуге бағытталған. 2. Сұхбаттаспен диалектикалық пікірсайыс арқылы кеңінен белгілі заттарды талқылау саласында жеңіске жетеді. 3. Софистикалық айтыстарда белгілі болып саналатын, бі- рақ олай болмайтын нәрселер саласында сұхбаттасын жалған жеңгендей мақсат көзделеді. Осылар арқылы сұхбаттас пен тындаушыларды адастыру мақсаты көзделеді, іс жүзіндегінің орнына өзін даналық пен білім иесі деген оймен сұхбаттасын иландыру, осы жердегі мақсат - алдау жэне алдампаздық . Сон - дықтан осы ғылымның аталуы шындығында жоқ даналық - «жалған даналықтан» келіп шыққан... 4. Риторикалық үндеу деректіліктің түбіне бойламай -ақ, тыңдаушы көңілін жұбату жолымен қанағаттандыруға бағыт- талған. 5. Поэтикалық сұхбаттасу арқылы заттарға еліктеу жэне [кейбір] дене қимылдары арқылы жануарлардың [әрқилы] тур- лер! мен басқа денелерге еліктейтін мүсіндеу өнері тэрізді [оны] сөйлеу арқылы жеткізу. Поэзия өнерінің басқа силлогистік өнерлерге қатынасы - мүсіндеу өнерінің басқа да практикалық өнерлерге ұқсас, шах­ мат ойынының [шындығындағы] эскерді ертуі қатысына ұқсас, ал шындығында, денесімен , ағзалары жэне дауысымен көптеген нэрсеге еліктеп, оларды қайталайтын ұқсатқыштар іспеттес. Ақынның заттарды сөзбен білдіруі - сісульптордың адамдар- ды мүсіндеуіне ұқсас, ұқсатқыштың өзі еліктейтін жануар- ларды көрсетуіне ұқсас, сондай -ақ шахмат ойыншысы эскери ___________________________________________________________________Ә бу Насыр әл-Фараби — Үлы даланын, дара тцлгасы 39
қимылдар [саласын] көрсетуіне ұқсас [Аль-Фараби. Трактаты о музыке и поэзии. Перевод с арабского . - Алма-Ата: Тылым, 1992. - 343-382, 435^148 б.] . Әл-Фараби шығармаларының басым көпшілігі элі де араб тілінен аударылып, зерттелмей жатыр. Астрономия , логика, эуез жайлы еңбектері де күні бүгінге дейін терең зерттеле қойған жоқ. Ал кездейсоқ қолға алған зерттеушілер болса, оларды тек шет- пұшпақтан ғана қарап жүр. Әбу Насырдың көптеген туындысы дүниежүзі кітапханаларында сақтаулы, бізге беймағлұм күйде . Демек, оларды іздестіру, жарыққа шығару, сөйтіп халықтың игілігіне айналдыру - зор міндет. Дүниежүзінің көптеген ғалымы Әбу Насырдың өмірі мен шығармаларын орта ғасырларда-ақ зерттей бастаған . Міне , ол бүгінге дейін жалғастырылып келеді. Осы ретте араб жэне пар­ сы тілдерінде жазған Ан-Надим (X), әл-Байһақи (X), Джамал ад-дин әл -Қифти (XIII), Хаджи Халифа (1657 ж.қ .б .) жэне тағы басқалардың еңбектерін ерекше атап өткен жөн. XIX ғасырдың орта тұсынан бастап әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы көптеген Еуропа ғалымының назарын ерекше аудара бастады. Әл -Фараби ілімімен жақсы таныс болған, одан көп үйренген Маймонид (1135-1204), Роджер Бэкон (1214-1294), Леонардо да Винчи (1452-1519), Спиноза (1632-1677) тагы басқа Батые Еуропаның көптеген ғалымы Отырар перзентінің өмірі мен еңбектерін арнайы зерттеген. Мэселен, өткен гасырда неміс ғалымдары: И.Г.Л. Козегар - тен (1792-1860) мен Г. Зутер (1848-1922) эл-Фараби жөнінде арнайы еңбектер жазған. Немістің екінші бір көрнекті ғалымы Фридрих Диетерици (1821-1903) 1888-1904 жылдардың өзінде- ақ «Әл-Фарабидің философиялық трактаттары» деп аталатын жинақты жарыққа шығарған. Оған әл -Фарабидің бірсыпыра философиялық шығармасының арабша текстері мен олардың неміс тіліне аударылған нүсқалары енген. Үшінші бір неміс ғалымы Карл Брокельман (1868-1956) 1886-1937 жылдар арасында «Араб әдебиетінің тарихы» деп Әбсаттар к,ажы Д гр б іс ә л і __________________________________________________________________________________________________________________________________________ 40
аталатын бірнеше томдық биобиблиографиялық еңбегінде Әбу Насыр шығармашылығына да орын берген [18]. Сондай-ақ Америка ғалымы Дж. Сартон (1884-1950), түрік ғалымдары: А. Сайылы мен X. Үлкен (1950) фарабитану ғылымымен шұ- ғылданған. 1950 жылы Түркия жұртшылығы Әбу Насыр әл- Фарабидің қайтыс болғанына 1000 жыл толуын үлкен салтанат- пен атап өтті. Түрік ғалымдары эл-Фараби мұрасының едәуір бөлігінің арабша мәтіндерін түрікше, ағылшынша аудармасы- мен қоса жариялаған. Америкадағы Питтсбург университетінің профессоры Ни­ колас Решер де эл-Фараби жэне оның шәкірттерінің ғылыми мұрасын зерттеумен айналысқан. Н. Решер ұзақ ізденіс нәти- жесінде 1962 жылы ағылшын тілінде «Фараби. Аннотациялан- ған библиография» деп аталатын аса құнды еңбегін жариялаған [19]. Мұнда мың жыл бойында әл-Фараби жөнінде кім не жаз- ды, эл-Фараби шығармалары қай тілдерге аударылды деген мәселелерге баса назар аударылған. Француз ғалымы Рудольф Эрланже 1930-1935 жылдары әл- Фарабидің аса үлкен әрі терең мағыналы «Музыканың үлкен кітабы» атты трактатын француз [20], неміс [21], ағылшын [22-23] тілдеріне аударған. Мүның өзі эл-Фараби мұрасын іздестіру, аудару, бастыру, зерттеуде шетел ғалымдарының да айтарлықтай еңбек сіңіріп отырғанының айғағы болса керек. Солай бола тұрса да, батысеуропалық немесе америкалық ғалым Мұзафар Хайруллаев (1931-2004) атап көрсеткендей, жаз- ба жәдігерліктердің аздығынан кейбір өмірбаяндық деректерді жүйелегені болмаса, эл-Фарабидің ғылыми өмір жолын түзе алмады. Соңғы жылдары жиған-тергенін Египетте (Мысырда), Сирияда, Иранда жариялаған жекелеген авторлар әл-Фарабидің ғылыми өмірбаянын жазуға қанша тырысқанымен, ерте кез- дегі мұсылман шежірелерінде айтылған белгілі жайттармен шектелді. Әбу Насыр эл-Фараби сияқты ірі түлғаның өмірі жайында жаңадан табылған жазба деректер де жоқтың қасы. Мұны осы Әбу Насыр әл-Фараби —Үлы даланын, дара тцлгасы 41
күнгі араб, парсы, түрік ғалымдары Әбу Насырдың ешкіммен араласпай, өмір бақи жападан-жалғыз өмір сүргенімен байла - ныстырады. Сондықтан да біз үшін үлы ғұламаның тұстасы болмағанымен, одан екі-үш ғасыр кейін ғұмыр кешкен Захир ад - дин Әбу-л Хасан әл -Байһақи (1099-1170), Шамс ад-дин Әбу -л Аббас Ахмед Ибн Халликан (1211-1282), Ибн Әби Усайбиға (1203-1270) секілді т.б. бас -аяғы үш -төрт шежірешінің үлы ғұлама жөнінде жазып қалдырғандары таптырмас қазына. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін эл-Фараби мүрасын жан-жақты зерттеу бізде де етек алды. Мәселен, Мәскеу мен Алматының һәм Ташкенттің ғалымдары эл-Фараби еңбектерін орыс, қазақ, өзбек тілдеріне аудару жүмыстарын колға алды. Әл-Фарабидің фэлсафалық, математикалық, саяси-элеуметтік, логикалық жэне поэзиялық еңбектері орыс, қазақ, өзбек тілдерінде жарық көрді [24]. Әл -Фараби мүрасын зерттеу ісіне В.В. Бартольд , Е.Э. Бертельс, Б. Ғафуров , С.Н. Григорьян, В.П. Зубов, П. Иванов, А. Сағадаев, Ю.Н. Завадовский қатысты . Өткен ғасырдың 60-жылдарының соңынан бастап Қазақ - станда Әбу Насыр эл-Фараби мұрасын жинау, аудару мен басты- ру, зерттеу жұмыстары жүйелі жүргізіле бастады. Ә. Марғүлан , А. Машанов, О. Жәутіков, А. Қасымжанов, А. Көбесов, Қ. Жа - рықбаев және тағы басқалардың бастамасымен 1968 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясы жанынан Фарабитану тобы қү- рылды. Оны кезінде А. Қасымжанов, Ә. Нысанбаев, М. Бура- баевтар басқарды. Олардың жетекшілігімен Әбу Насырдың ғылыми мүрасын табу, тэржімалау, жарыққа шығару, зерттеу секілді біраз игілікті іс атқарылды. Докторлық, кандидаттык диссертациялар қорғалды. Ғылыми конференциялар өткізілді . А. Көбесовтің «Әл-Фараби» (Алматы, 1971) жэне «Матема­ тическое наследие аль-Фараби» (Алма-Ата , 1974), А. Қасым - жановтың «Аль-Фараби» (Алма-Ата, 1974), сондай -ак «Эл- Фараби. Әлеуметтік -этикалық трактаттар» (жинақ, Алматы, 1975. - 418 б.), С.К. Сатыбекованың «Гуманизм аль-Фараби» (Алматы, 1975), «Аль-Фараби о разуме и науке» (жинак. Әбсаттар к,ажы Д е р б ісә л і ______________________________________________ __________________________________________________________________________________________ 42
Алма-Ата, 1975), А.Л . Казибердовтың «Сочинения Абу Насра ал-Фараби в рукописях Института востоковедения АН УзССР» (Ташкент, 1975), «Возвращение учителя. О жизни и творчестве Фараби» (жинақ, Алма-Ата, 1975) іспетті кітаптары оқырманмен қауышты. Мәскеуде «Ал-Фараби. Научное творчество. Сборник ста­ тей» (Москва, 1975. - 191 б.), Ташкентте М. Хайруллаевтьщ «Фараби. Эпоха и учение» атты монографиясы (1 9 7 5 . - 351 б.) жұртшылықты қуанышқа бөледі. 1975 жылы Алматыда «Рауан» баспасынан біздің «Қазақ даласының жұлдыздары (тарихи-филологиялық зерттеу)» атты еңбегіміз жарық көрді. Онда қазақ даласының ғылым қуған да­ на перзенттері, соның ішінде Отырардан шыққан 11 (қазір 32) Фарабидің өмірі мен шығармашылығын ғылыми айналымға енгіздік. А.С . Ивановтың «Учение аль-Фараби о познавательных способностях» (Алма-Ата, 1977), жазушы Әнуар Әлімжановтың Мэскеуде «Возвращение учителя или повесть о скитаниях Абу Насра Мухаммеда ибн Мухаммеда ибн Тархана ибн Узлаг аль- Фараби ат-Турки (Москва: Советский писатель, 1979. - 239 б.), Ә. Дербісәлиевтің «Әл-Фарабидің эстетикасы» (Алматы, 1980) жэне «Фарабитану арнайы курсы» (Алматы, 1980), А. Қасым- жановтың «Абу Наср аль-Фараби» (Алма-Ата, 1982), «О логи­ ческом учении аль-Фараби» (жинақ, Алма-Ата, 1982), Е. Жәні- бековтің «Әл-Фарабидің физикалық көзқарасы» (Алматы, 1983) еңбектеріне оқырман қауым көзайым болды. Әл-Фарабидің философиялық, математикалық, саяси-элеу- меттік, тарихи-философиялық, музыка мен поэзиялық жэне т.б. трактаттары орыс, қазақ тілдеріне аударылды жэне «Социаль­ ные, этические и эстетические взгляды аль-Фараби» (Алма-Ата, 1984) секілді жекеленген еңбектер де халыққа жетті. 1991 жылы Кеңес Одағы күйреді. Еліміз тәуелсіздік алды. Республикамыздың жоғары оқу орындарының көшбасшысы Қазақ ұлттық университетімізге эл-Фараби аты берілді. Көп ұзамай онда әл-Фарабидің өмірі мен мұрасын зерттейтін __________________________________________________________________ Әбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланын, дара тцлгасы 43
ғылыми-зерттеу орталығы ашылды. Оны кезінде А. Қасымжа- нов және Ә. Дербісәлиев, А. Қасымжановалар баскарды. Қазір оған профессор Ж. Әлтаев жетекшілік етуде [25]. ¥лттық университет 1994 жылы үлы ғалым мұрасын зерде- леуге арналған «Әл-Фарабидің Шығыс халықтарының ғылымы мен мәдениеті тарихындағы орны» атты халықаралық ғылыми- теориялық конференция өткізді. Баяндамалар «Әл-Фараби жэне рухани мұра» деген атпен сол жылы жарияланды (Жалпы редак- циясын басқарғандар: Ә. Дербісәлиев, А. Қасымжанов). Уни­ верситет алдына ұлы ғалымның ескерткіші қойылды. Осы жылдары сондай-ақ М.С. Бурабаевтың «Обществен­ ная мысль Казахстана в 1917-1940 гг.» (Алма-Ата, 1991), «Аль- Фараби. Избранные трактаты» (Алма-Ата, 1994) атты еңбектері сүйіншіленді. 2000 жылы Алматыда академик Ә.Н. Нысан- баев бастаған галымдардың ұйымдастыруымен «Наследие аль- Фараби и мировая культура» атты халықаралық конгресс өтті. Баяндамалар мен мақалалар сол жылы «Наследие аль-Фараби и мировая культура: материалы международного конгресса» (Ал­ маты, 2001. - 475 б.) деген атпен жұрт қолына тиді. Әл-Фараби мұрасын зерттеу ісі осымен тоқтаған жоқ. ¥л ы ойшылдың туғанына 1130 жыл толуына арналған ха- лықаралық ғылыми-теориялық конференция оның туған жері Отырарда да ұйымдастырылды. «Ғұлама. Ойшыл. ¥стаз . Әл- Фарабидің туғанына ИЗО жыл толуына арналган халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары (Алматы, 2001. - 2 1 5 б.)» деген атпен кітап боп шықты. 2004 жылы түрік галымы, профессор, доктор Йашар Айдын- ұлының Анкарада шыққан «Farabi» атты еңбегі (190 б.) [26] Қазақстанга жетсе, 2005 жылы «Әлемдік философиялық мұра» сериясымен «Әл-Фараби мен Ибн Сина философия- сы» атты (Алматы, 2005. - 556 б.) ұжымдық жинақ жариялан­ ды (Құрастыргандар: Т. Ғабитов, Ғ. Құрмангалиев, сарапшы С. Нұрмұратов). К.Х. Тэжікованың «Абу Наср аль-Фараби. Кни­ га букв» (Алматы, 2005) атты дүниесі де өз багасын алды. Ә б са т т а р к,ажы Д е р б і с ә л і _____________________________________________________________________________ __________________________________________________ _ _ _ 44
Оңтүстік Қазақстан экімдігі 2007 жылы Әбу Насыр әл- Фарабидің шығармашылық мұрасы мен ғылыми еңбектерін насихаттау жэне жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге арналған «Әлем таныған Отырар азаматы» атты халықаралық ғылыми конференция өткізді. 2008 жылы Ә. Нысанбаевтың ұйымдастыруымен Әбу На­ сыр әл-Фарабидің «Музыканың үлкен кітабы» атты трактаты тұңғыш рет қазақ тіліне аударылып, жарыққа шықты (Әбу На­ сыр әл-Фараби . Музыка туралы үлкен кітап . - Алматы, 2008. - 751 б.). 2009 жылы Алматыда ¥лттық университетіміздің ұйым- дастыруымен өткен «Әл-Фараби: Философия. Мэдениет . Дін» эл-Фараби атындағы Қазақ үлттық университетінің 75 жылды- ғына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары (Алматы, 18 наурыз 2009. - 462 б.) жұрт назарын аударды. Отырар ауданының экімдігі 2010 жылы күзде (қыркүйек) ұлы ғалым мұрасына арналған тағы бір халықаралық конферен­ ция өткізді. Сөйтіп, елімізде жэне өзге де мемлекеттерде эл-Фараби мұ- расына деген қызығушылық бәсеңсіген емес. 2006 жылы еліміздің бір топ ғалымы менің жетекшілігіммен эл-Фараби ғұмыр кешкен Сирияға сапар шегіп, ортағасырлық тарихшы Ибн Халликан жазғандай, Дамаскідегі «Баб ас-сағир» қабірстанындағы Отырардың ұлы ғалымының зиратында бо- лып, оған туған жер топырағын салды [27]. Көрнекті мемлекет қайраткері, ғалым Мұхтар Қүл-Мүхам - мед те Сирияға зиярат жасап, ұлы ғалым зиратында дүға жаса- ды, ұлы ойшылға тағзым етті. Сол сапары жайлы қазақ, орыс тілдерінде көлемді, танымдық дүние жазды. 2019 жылы ЮНЕСКО Қазақстанның ұсынысын қолдап, дала кемеңгерінің 1150 жылдығын ресми түрде атап өтуге шешім шығарды. Елімізде ҚР Мемлекеттік хатшысы Қ .Е . Көшербаев басқарған арнайы комиссия қүрылды. Әбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланъщ дара гтщлгасы 45
Әбсаттар к,ажы Дербісәлі Әл-Фараби мен Бейбарыс зиратына топырақ салынды (Дамаскідегі Әбу Насыр әл-Фараби мен Сүлтан аз-Заһир Бейбарыс зиратына туган жер топырагы салынды) Осыдан бірнеше жыл бұрын Елбасы ұсынысымен басталған «Мәдени мұра» бағдарламасы халқымыздың шет жерлерге түрлі ғасырларда шашырап кеткен жәдігерлерін жинауға үлкен серпін берді. Тиісті мамандардан құралған арнаулы экспедициялар Мұ- сылман шығысы ғана емес, сондай-ақ Еуропа мен Азияның да біраз елінде болып, сол жұрт кітапханалары мен қолжазба қор- ларынан тарихымыз, мәдениетіміз һэм әдебиетімізге қатысты аса құнды мұраларды елге экеліп, Отан игілігіне айналдыруда. 2006 жылдың 7-12 наурызында осы бағдарлама аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сол кездегі төр- ағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлінің ұйымдастыруы жэне басқаруымен қүрамында әл-Фараби атындагы Қазац үлттыц университетінің ректоры, профессор Төлеген Қожам- цүлов, Оңтүстік Қазацстан облысы Отырар ауданының әкі- м і Әлімжан Қүртаев, республикалыц «Білім» баспасының директоры Жарылцасын Нүсцабайүлы, Отырардагы Д7- Фараби мүражайының меңгерушісі Абдолла Жүмаиіев бар топ Дамаскіде өмір сүріп, сонда дүниеден өткен Ислам әлемінің үлкен мақтанышы, энциклопедист-ғалым, Аристотельден ке- йінгі «екінші ұстаз» атанған Әбу Насыр эл-Фараби (870-950) зиратына Отырар топырағын салу жэне сондағы Мысырды 17 жыл билеген қазақ жерінің тағы бір перзенті сүлтан аз-Заһир Бейбарыс (1217-1277) кесенесінің де мэн-жайын біліп қайтуы үшін Сирия Араб Республикасында болып қаитты. Сапар барысында ғалымдарымыз Дамаскідегі «Баб ас- сагир» («Кіші қақпа») қабірстанында жерленген Әбу Насыр әл- Фарабиге қүран оқып, тағзым етіп, туған жер гопырағын салды. Делегация сондай-ақ осы шаһардағы сүлтан аз-Заһнр Бейбарыс 46
пен оның ұлы Саид Заһирұлының кесенесінде болып, оларға дүға жасап, топырақ салып, кесенені жэне оған жапсарлас са- лынған медресе мен кітапхананы көріп, мән -жайымен таныс - ты. Медреседе отырарлық өзге де гұламалардың дэріс бергенін анықтады. Сондай -ақ олар осы кесене жанындағы эл -Адилиа (XIII) медресесінен әл-Фарабидің ескерткішін тауып, суретке, бейнетаспаға түсіріп алды. Қонақтар Дамаскідегі ежелгі Омеййадтар мешіті мен осы елді 1171-1193 жылдары басқарған Египет султаны Салах ад- дин әл-Аййубидің (1138-1193) кесенесін көрді. Делегация Дамаскіде шейх Ахмед Кафтар атындағы қорға зиярат жасады. Қонақтарды күтіп алған мекеме директоры док­ тор Салах Ахмед Кафтар қоры жэне оның жүмысы мен қор институтының оқу процесі жайлы әңгімеледі. Қонақтар онда білім алып жатқан қазақстандық жастармен кездесті. Сонан соң делегация Сирияның солтүстігіндегі ірі мәдени, ғылыми орталық Халаб шаһарына сапар шекті. Қазақстандық ғалымдар жолай Хомс қаласындағы Заһир ад-дин Бейбарыс салдырған Халид бин Уалид атындағы мешіт пен оның жанын- дагы мұражай экспонаттарымен танысып, естелік дәптерге Си­ рия халқына деген ризашылығын жазып қалдырды. Халаб қаласында делегация әмір Сайф ад-Даула әл -Хамда - нидің эл-Фараби тұрған сарайын жэне осы шаһардағы бірқатар діни, мәдени, ғылыми орындарын аралады. Делегацияның Сирияда болу барысында оларды осы елдің уақыф министрі Зияд ад-дин әл -Аййуби, жоғары білім министрі Гийяс Баракат пен Дамаск университетінің ректоры Уаил Му- алла мырзалар қабылдады. Тараптар ғылыми, мәдени, рухани байланыс мэселелерін талқылады. Сапар барысында Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі Халабтағы «ар-Рауда» жэне «Зайд бин Усама» мешіттерінде уағыз айтты. Онда ол қазақ -араб елдерінің діни, рухани, мәдени, ғылыми байланысының өткені мен бүгіні, болашағы туралы әңгімеледі. ___________________________________________________________________д б у Насыр әл-Фараби — Үлы даланың, дара тцлгасы 47
Сапар қорытындысы бойынша Сирия Араб Республикасы- ның Бас мүфтиі, шейх, доктор Ахмед Бадр ад -дин Хассун мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти, профессор Әбсаттар қажы Дербісәлі өзара ынтымақ- тастық туралы келісімшартқа қол қойды. Сапар барысы жайлы Сирияның бұқаралық ақпарат құрал- дары кеңінен жазып, халқымен таныстырып отырды. Делегация эл-Фараби зиратының топырағын туған жері Отырарға жеткізу үшін ала келді [28]. *** Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі арнайы іссапармен (16 наурыз 2006) Шымкент қаласына келді. Әуежай басында оны облыс экімі Болат Жылқышиев бастаған қоғам, мәдениет жэне дін қызметкерлері, жазушылар мен ғалымдар қарсы алды. Сол жер- де үйымдастырылған митингіні Б. Жылқышиев ашып, Әбсаттар қажы Дербісәлі бастаған делегацияның Сирияның Дамаск ша- һарындағы Әбу Насыр эл-Фараби зиратына туған жері - Отырар топырағын салып, зират топырағын алып келгені туралы айта келіп, сөзді Бас мүфтиге берді. Ол өз кезегінде дана баба зиратына Отан топырағы салынып, перзенттік парыз орындалғанын, енді, міне, Отырарға Дамаскідегі Әбу Насыр эл-Фараби зиратынан топырақ әкеле жатқанын, осы істің бэрі Қазақстанның егемендігі арқасында болып жатқанын тілге тиек етті. Сонан соң Бас мүфти және облыс экімі бастаған керу- ен Отырар ауданының орталығы Шэуілдір селосына келді. Мыңдаған жүрттың қатысуымен салтанатты митинг өтті. Облыс экімі Б. Жылқышиев митингіні ашып, атқарылған іс -шараның мемлекеттік маңызы бар үлкен оқиға екеніне тоқталды. Сонан соң сөз кезегін Әбсаттар қажы Дербісәліге берді. Ол Сирияға жасалган зияраттың түпкі мақсаты, орындалуы, Қазақстан де- легациясының Шам елінде атқарған істері, Сирия халқының бүл іссапарға берген бағасы, Дамаск , Хомс, Халабта болганда көргендер мен көңілге түйгендер туралы айтты. Митингіде Әбсатт ар к,ажы Д ер б ісә л і __________________________________________________________________________________________________________________________________________ 48
өзге де қайраткерлер сөз тиегін ағытты. Сонан соң бүкіл халық Арыстан баб кесенесі маңына барып, Әбу Насыр эл-Фараби мен султан аз-Заһир Бейбарыстың рамзи кесенелері салынатын жайға Шам елінен экелінген топырақты салды. Түсте облыс экімі ата-бабалар аруағына арнап ас берді . Сол ретте Б. Жылқышиев Қазақстанның Бас мүфтиі Әбсаттар қажы Дербісәлі мен ақын Мұхтар Шахановқа облыс мәслихатының 2005 жылғы шешіміне сай берілген «Облыстың қүрметті азама- ты» атағы белгісін табыс етіп, ат мінгізді. Түс қайта аудандық мәдениет сарайында «Үстаздың Отанына оралуы» атты халықаралық конференция болды. Онда Әбсаттар қажы Дербісәлінің «Отырар жэне отырарлық ұлы ғалымдар» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды. Осы оқиғалар жайлы республиканың бұқаралық ақпарат құралдары кеңінен жазып, жұртшылықпен таныстырды. Атап айтқанда: 1. Бақтияр Тайжан. Бабалар рухына бағышталды . Әл -Фараби мен Бейбарыс Сүлтан қабірінен алынған топырақ Отырар жерінде үлы бабамызға арналып салынатын болашақ кесенелер орнында жер қойнауына берілді // Егемен Қазақстан. - 2006. - No60. - 17 наурыз. 2. Оңғар Өмірбек. Әл -Фараби мен Бейбарыс зиратына то - пырақ салды // Қазақ әдебиеті. - 2006. - No11. - 17 наурыз. 3. Оңғар Өмірбек . Туған жердің топырағы // Егемен Қазақстан. - 2006. - No60. - 17 наурыз. 4. Мұхтар Наушабай, Қайыржан Төрежанов. Әл -Фараби мен Сұлтан Бейбарыс 1000 жылдан кейін елге оралды // Айқын. - 2006. - No49. - 18 наурыз. 5. Шулембаева Р. Любовь . Доброта . Соединяя времена и зем­ ли // Казахстанская правда. - 2006. - No 61-62. - 18 марта. 6. Нұрғали Асанов . Ұлылық ұлықталған күн // Жас қазақ. - 2006. - No11. - 24 наурыз [29]. ___________________________________________________________________Ә бу Насыр әл-Фараби — Үлы даланын, дара тцлгасы 49
дбсаттар к,ажы Дербісәлі 4-7 қарашада (2007) ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Си­ рия Араб Республикасына жасаған сапары кезінде Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі ресми делегация құрамында осы елге барып қайтты. Әуелі Н.Ә. Назарбаевты Сирия Президенті Башар әл-Асад патша сарайында ресми қарсы алып, екі Елбасының шағын құрамдағы кездесуі, одан соң бір сағатқа созылған кеңейтілген құрамдағы келіссөздер өтіп, бірқатар құжатқа қол қойылып, бұқаралық ақпарат құралдарына қазақ және араб тілдерінде сұхбат берілді. Сапар мақсатының тағы бір негізгі бөлігі Дамаскідегі «Баб ас-сағир» («Кіші қақпа») қабірстанындағы Әбу Насыр әл- Фараби зиратына зиярат еді. Елбасы Н.Ә. Назарбаев пен Ба­ шар әл-Асад және Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі осы жерде болды. Қазақстанның рухани жетекшісі баба рухына дүға бағыштады. Екі Президент ғалым бабаға арналған ке- сене орнына қүты (капсула) көмді. Сонан соң екі Президент баспасөз өкілдеріне арнап сүхбат берді. Елбасы Әбу Насыр әл-Фарабидің әлемдік мәдениетке, ислам өркениетіне қосқан үлесіне, оның Қазақстан мен Сирия халқын жақындастырудағы рөліне тоқталды. Осыдан кейін Президент бастаған Қазақстан делегация- сы сүлтан аз-Заһир Бейбарыс кесене-медресе-кітапханасына жол тартты. Онда Бейбарыстың өмірі мен қызметі баяндалған экспозициямен танысты. Бейбарыс - осында ержетіп, үлкен әскери қолбасшы, мемлекет басшысы болған қазақ жерінің үлы перзенті. Ол мүсылмандарды, Сирияны, араб елдерін крест тағушы жат жерліктерден ғана емес, сондай-ақ моңғол шап- қыншылығынан қорғаған. Ол билік еткен кезде Ислам діні мен өркениеті, ғылым-білім өркен жайған. Бейбарыс мешіттер мен медреселер, көпірлер салдырған. Қазақстан Республика- сы батырдың кесенесін қайта жаңғырту жүмысына қатысады. Қазақ елі осы екі перзентінің кесенелсрін салу, жөндеү үшін 4,5 миллион АҚШ долларын бөлді. 50
Бейбарыс кесенесінде баһадүр қолбасшы, көреген мемле- кет басшысына арнап Әбсаттар қажы Дербісәлі құран оқыды. Рэсімге Қазақстан жэне Сирия Президенттері қатысты. Қазақстан Президенті сондай-ақ VIII ғасырда халифа Уалид- тің эмірімен 10 жыл бойы салынған умаййалықтар мешітіне де ат басын бұрды. Мешіттің ел өміріндегі рөлі мен мән -маңызымен танысты. Бұл ретте де Н.Ә. Назарбаевтың жанында Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі болды. Ол Елбасына араб мэдениеті, ондағы Әбу Насыр эл-Фараби мен Сұлтан Бейбарыстың алар орны жайлы әңгімеледі. Президент жэне Дінбасымыз көрген тағы бір тарихи орын - осы елді де билеген, XII ғасырда өмір сүрген, крест тағушы басқыншылардан мұсылмандардың қасиетті үшінші мешіті бар Қүдысты азат еткен, жаужүрек батыр Салах ад -дин эл -Аййуби (1138-1193) кесенесі еді. Кесене XII ғасырда салынған. Дінбасы Әбсаттар қажы Президент Н.Ә. Назарбаевқа Египет сүлтаны Салах ад-дин эл -Аййуби туралы деректер айтып, кесене тарихы, ондағы жазулар жайлы әңгімелеп берді. Президент Н.Ә . Назарбаевтың Сирияға сапары тек Шам елі ғана емес, сондай-ақ өзге де араб жұртының баспасөз құралдарының назарын аударды. Үш -төрт күн бойы Сирия газеттері мен телеарналары Қазақстан жэне қазақ халқы, оның тарихы, әдебиеті мен мәдениеті, рухани-діни өмірі, мешіттері туралы айтып, жазып, барынша насихаттады [30]. Әлемге эйгілі Аристотельден кейінгі үлкен ұстаз, энцикло- педист-ғалым Әбу Насыр эл -Фараби бабамыздың ғылыми шы- ғармаларын кейінгі ұрпаққа паш етуді көздеген «Әлем таныған Отырар азаматы» атты халықаралық ғылыми-теориялық кон­ ференция 2007 жылы 22 қарашада Шымкенттегі Ж. Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрында өтті. Оған елімізге белгілі ғалым, фарабитанушы, шығыстанушы , дін жэне қоғам қайраткері, ҚМДБ -ның төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы ___________________________________________________________________ д б у Насыр әл-Фараби — Үлы даланын, дара ттщліасы 51
Дербісәлі хазірет және сол кездегі облыс экімі Н. Әшімов, коғам қайраткері, ақын М. Шаханов, Тараз мемлекеттік университеті- нің кафедра меңгерушісі, профессор М. Мырзахметов, Сирия Араб Республикасынан арнайы келген ғалым: Фарфур Шиһаб ад-дин Ахмед, Қазақ үлттық университеті эл-Фараби орталы- ғының директоры Әнел Қасымжанова бабамыздың өмірі мен өнегелі еңбектері жайлы баяндама жасады. Аталмыш конферен- цияға қатысушылар Ш. Құсайыновтың «Әл-Фараби» спектаклін тамашалады. Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісэлі ғүлама бабамыз жайлы ой толғап, Отырардан шыққан басқа да Фарабилер мен олардың ғылыми еңбектеріне жан-жақты тоқталды. Дінбасы Әбу Насыр әл-Фарабиге байланысты бірқатар құнды кітабын Отырар ауда- нының экімі Әлімжан Құртаевқа табыс етті. Конференцияның құрметті қонағы сириялық фарабитану- шы-ғалым, доктор Шейх Шиһаб ад-дин Фарфур бабамыздың музыка саласындағы еңбегіне тоқталып, бір әнін шыркап берді. Осылайша баба әні қазақ жерінде тұңғыш рет араб тілінде шырқалды. Сириялық ғалым әл-Фарабидің элемнің көптеген тілін меңгергенін де баян етті [31]. Енді ұлы ұстаз жайлы ортағасырлық арабтың тарихшы, шежірешілерінің еңбектеріне көз жүгіртейік. Араб шежірешілері және эл-Фараби Әл-Фарабиден кейін ғүмыр кешкен араб жылнамашы-тарих- шыларының Отырар перзенті жайлы естеліктері - зерттеушілер үшін аса бағалы қазына. Араб тілінде жазылған бүл дүниелердің алғашқы авторлары X ғасырда күн кешсе, яғни Әбу Насыр- мен түстас болса, басқалары XII—XIII ғасырларда өмір сүрген. Солардың бірі - Захир ад-дин Әбу-л Хасан әл-Байһақи (1099- 1170). Оның «Татиммай сувану-л хикма» («Даналық сөздерге толықтырма») деген еңбегінің көшірмелері қолжазба күйінде Теһран, Ташкент, Бомбей, Хайдарабад, Лондон кітапханаларында Ә б са т т а р к,ажы Д е р б і с ә л і __________________________________________________________________________________________________________________________________________ 52
сақталып келеді. Оның кейбір үзінділері ағылшын тіліне аудары- лып, 60-жылдар басында Үндістанда жарық көрді. Әл-Байһақи өз еңбегінде Мұсылман шығысынан шыққан озық ойлы фәлсафашылар, дэрігерлер, астрономдар, олардың өмірбаяны мен еңбектері туралы эңгімелейді, қызықты де- ректер келтіреді. Әл -Байһақи кітабында эл -Фараби жайлы да тарау бар. Онда Әбу Насыр өмірінің түрлі кезеңдерін сурет - теумен бірге, ғалымның шығармашылығына да тоқталады . Әл- Байһақи шығыс тарихшылары ішінде әл-Фарабиден екі ғасыр ғана кейін ғұмыр кешкендіктен, оның жазбаларын зерттеушілер құнды шығармалар қатарына жатқызады. Бірақ , өкінішке орай, әл-Байһақидің аталған шығармасы элі күнге дейін қолымызға түспей келеді. XIII ғасырдың ортасында өмір сүрген келесі бір араб тарих- шысы Джамал ад-дин әл -Қифти (1172-1248) эл-Фараби өміріне байланысты тың деректер келтіре отырып, Әбу Насырдың ғылыми еңбектеріне ерекше баға беріп, ғылымға қосқан үлесін айқындаған. ¥ л ы ойшылдың тұстастары мен шәкірттері жайлы бұрын ұшыраспаған тарихи әңгімелерді келтіреді. Сондай -ақ эл-Фарабидің 72 трактатын атайды [32]. Тарихшы Ибн Халликан (1211-1282) «Уафайат эл-ағйан уа анба абна аз-заман» («Үлы адамдардың қазасы жэне заманының ұлдары жайлы мағлұматтар») атты еңбегінде исламға дейін және кейін өмір сүрген әдебиетшілер, ақындар, тарихшылар, халифалар, әкімдердің өмірі жайлы қызықты деректер айта - ды. Ол әл -Фарабидің Фараб (Отырар) шаһарында туғанын, түркі текті екенін айта келіп, жерлесіміздің өмірі туралы құнды мағлұматтар береді. Бұл еңбек осынысымен де қызық, осыны- сымен де қымбат. Бірақ эл-Фараби жайлы күллі араб тарихшыларының іші- нен ғалым, мэшһүр дәрігер Ибн Әби Усайбиғаның (1203-1270) «Уйуну-л анба фи -т табақату -л атибба» («Дәрігер топтары жайлы жаңалықтардың қайнар көзі») [33] атты дәрігерлер хақында баяндайтын библиографиялық еңбегі үлкен орын ала- ___________________________________________________________________Ә бу Насыр әл-Фараби — Үлы даланың, дара тцлгасы 33
ды. Бұл жылнама бірнеше мэрте Каирде , Бейрутте жарық көрді (біз 1881 жылы Каирде шыққан басылымын пайдаландық). Осы кітаптың «Шамнан шыққан мэшһүр дәрігерлер тобы» деп аталатын 15-тарауы Әбу Насыр әл -Фарабимен басталған . Мұнгтя ол өзгелер айтпаған жерлесіміздің дәрігерлік қырына тоқталған, сондай -ақ оның Сайф ад -Дауланың сарайында өт- кізген біраз жылы, Мысырға сапары жайлы қызғылықты мағлұматтар келтірген, грек фәлсафасының ерте замандағы жай-күйі жайында қүнды деректер берген, эл -Фараби Аристо­ тель мен Платонның фәлсафалық еңбектерін қалай меңгерге- нін де егжей-тегжейлі баяндаған . Тіпті Отырар перзентінің 22 жолдан тұратын бәйттерін де келтірген. Ал оның 12 жолы бізге бұрын-соңды кездеспеген . Ибн Әби Усайбиға еңбегінің тағы бір құндылығы - ол өз жыл - намасында ұлы ұстаздың бір жүз бес трактатының атын атай- ды. Осы күнге дейін ғалымдар «Шығыс Аристотелінің» қанша еңбек жазғанын, олардың нақты аттарын дэл басып айта алмай- тынын ескерсек, Ибн Әби Усайбиға естелігінің жаңалығын да. құндылығын да осыдан-ақ біле беруге болар . Оның бұл еңбегі көпке дейін қолымызға түспей келді. Санкт-Петербург, Мәскеу. Алматы кітапханаларынан сарсыла іздеп таппағанбыз. Тек 1975-1976 оқу жылдары Марокко араб мемлекетінің астанасы Рабат шаһарындағы V Мухаммед атындағы университетте оқып жүріп, кітапханадан көшірмесін алдық. Отырар перзентінің өмірбаянына байланысты жоғарыда аталған араб тарихшыларының жазбаларын қазақ тіліне тәржі- малауымыздың себебі кезінде, әсіресе, Батыс Еуропа елдерінде эл-Фараби туралы зерттеулердің көпшілігі осы Захир ад -дин Әбу-л Хасан әл -Байһақи, Джамал ад -дин әл -Қифти, Ибн Хал- ликан, Ибн Әби Усайбиға жазбаларына көп сүйенген . Олардың эл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығын зерттеушілерге ти- гізер пайдасы зор. Сондықтан да Джамал ад -дин әл -Қифтидің «Фарабтан шыққан фәлсафашы», Ибн Әби Усайбиганың «Шам­ нан шыққан мэшһүр дәрігерлер», Ибн Халликанның «Философ Әбсаттар к,ажы Д ер б ісә л і __________________________________________________________________________________________________________________________________________ 34
әл-Фараби» атты естеліктерін тарихи құжат ретінде оқырманға ықшамдап таныстырайын. Джамал ад-дин әл -Қифти (1172-1248) Араб гылымыныц тарихиіысы ФАРАБТАН ШЫҚҚАН ФӘЛСАФАШЫ Мухаммед бин Тархан Әбу Насыр эл-Фараби - Фараб ша- һарынан шыққан фәлсафашы. Бұл қала өзеннің арғы шетінен басталатын түркілер елінде жатыр. Мұсылман жамағатында эл - Фараби көтерілген биікке шыға алған фәлсафашы болған жоқ. Ол әуелі Иракқа келген соң, Бағдадта түпкілікті тұрып қалды. Халифа әл-Мұқтадырдың патшалық құрып тұрған кезінде (908- 932), тыныштық қаласында ғұмыр кешкен Йуханна бин Джилад- тан фәлсафа ілімінен дэріс алды. Ол (Иуханна) ілімдер жайлы айтқан титтей де болса пайдасы зор мәселелерді санасына тоқи берді. Кейінірек эл -Фараби де ұстазына ұқсап өзінің ойын өте ұқыпты эрі жеңіл түсіндіретін дәрежеге жетті. Әл -Фараби көбіне логикаға түсініктеме жасады, оның құпия , жұртқа беймағлұм жақтарына қатты зер салып, жамағатқа ұғынықты етті. Логика - ны көпшілік түсінетіндей етіп түсіндірме жазды. Әл-Фараби өз ойларын өзгелерге өте қарапайым тілмен жет- кізуші еді, тіпті кезінде әл -Кинди аяқтай алмаған мәселелерді де шешті. Ол кезде қазіргідей (әл-Қифти X III гасырды айтып отыр - Ә. Д .) ғылымды талдап, жіктеп түсіндіру әдісі жоқ еді, ал эл- Фараби болса мұны бірінші болып жазды. Логикаға түсініктеме жасады. Сондай -ақ бұл әдісті басқа да пәндерге қолдана білді. Ақыры ол өз еңбектерінде ойлаған мақсатына жетті. ¥лағатты ғалым болып, зор қадір-қүрметке бөленді . Арада біраз уақыт өткен соң, ол тағы да өзінің «Ихса эл-улум уа-т тағриф би -аградаһа», яғни «Ғылымды жіктеу жэне мақсатты айқындау» атты белгілі еңбегін жазды. Бұл салада да (ғылымды жіктеуде) эл-Фараби бірінші еді, өйткені оған дейін ғылымның ___________________________________________________________________Ә бу Насыр әл-Фараби —Үлы даланъщ дара ттщлгасы 55
мұндай саласымен айналысқан ешкім болған жоқ. Сондықтан да ғылым, біліммен әуестенгендер оның кітабын жетекшілік ет- пей, яки еңбектеріне соқпай өте алмайтын . Кейінірек барлығы да оның (әл-Фарабидің) ізімен кетті. Әл-Фараби «Платон мен Аристотельдің мақсаты» атты кітабында олардың фәлсафа, құқық пен інжу-ой маржандарын сүзген сөз өнері хақындағы еңбектерінің түпкі ой-мақсатын жіті аңғарды, оларға өз тарапынан зор баға берді. Өз кітаптарында ғылымның белгісіз болып келген пайдасы жэне олардың арақатынасы жайлы салиқалы ой айтты. Сонан соң Платонның фәлсафасын зерттей бастады, оның еңбектеріне лайықты атаулар берді. Аристотельдің философия - сын да солай етті. Ол Аристотельдің фәлсафалық еңбегіне алғы сөз жазды. Аристотель фэлсафасын бақайшағына дейін зерттеп, (жүртқа) үғынықты етті. Сонан кейін барып Аристотельдің ло- гикасы мен жаратылыстану ілімі жайлы кітаптар жазды. Мен фәлсафаны соншалықты жеріне жеткізе талдап, әркез өте ұғынықты етіп түсіндірген әл-Фарабидің кітабынан өзге еңбекті білмеймін. Ол сан алуан ғылым жайлы жалпы ойларын айта келе, ғылымның әр түріне жете тоқталады. Әл -Фараби бол- маса, Аристотельдің «Категориясының» мэн-мағынасын , ойын түсіну қиын болар еді, тек эл-Фараби арқылы ғана Аристотель еңбектерінің мэнін бажайладық. Мүндай жағдай ғылым тари - хында болған бірінші қүбылыс еді. Кейіннен ол тэңірлік (улум әл-иләһи) пен азаматтық ілім (илм әл-мадани) хақында еңбектер жазды. Екеуі де баға жетпес кітаптар. Біріншісі «Қайырымды азаматтық жайлы» делінсе, ал екіншісі «Қайырымдылықтың белгілі қүпиясы» деп аталады. Бүл еңбектерде ол Аристотель іліміндегі «Метафизиканың» аса зор маңызын, сондай -ақ оның алты рухани принципін сөз етеді, дене материясы, олардың жүйесі жайлы эңгімелейді (Метафизиканың арақатынасын са- намен екшелейді). Әл -Фараби ондай кітаптарында адамның (адамдық) қасиетін, мінез -қүлқының ерекшеліктерін сипаттай - ды. Жан мен фәлсафаның арақатынасын ашады . Қайырымды дбсат т ар к,ажы Д е р б ісә л і __________________________________________________________________________________________________________________________________________ 56
жэне қайырымсыз қала түрлерін жіктей отырып, осы шаһардың мұқтажы, оның экімі жайлы әңгімелейді. Әбу Насыр эл-Фараби Әбу Бишр Матта бин Йунистің тұс- тасы еді. Әбу Насыр одан жас жағынан кіші болғанымен, білімі жағынан үлкен еді. Әбу Бишр Матта бин Йунис - логика ту- расында кітап жазған адам. Багдад оқымыстылары, сондай- ақ осы шаһарға таяу жатқан басқа да мұсылман шығысының ғұламалары оның іліміне арқа сүйейтін. Сондықтан да оның түсіндірушілері көп болды. Әбу Бишр халифа ар-Ради билік құрған тұста (934-940) Бағ- дадта қайтыс болды. Әбу Насыр әл-Фараби Халаб қаласының әміршісі Сайф ад-Дауланың сарайында біраз тұрғанымен, кейін одан кетіп қалды да, тікелей сопылық өмір жолынатүсті. Сайф ад- Даула оны қатты түсінген. Кейінірек эл-Фараби Шам шаһарына қоныс аударып, [һижраның] 339 жылы сонда көз жүмды [34]. Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбектері: 1. Китаб эл-бурһан (Дәлелдеме (жайлы) кітап). 2. Китаб әл-қийас ас-сағир (Силлогизм (жайлы) қысқаша кітап). 3. Әл-китаб әл-аусат (Орта [термин] (жайлы) кітап). 4. Китаб эл-джадал (Диалектика (жайлы) кітап). 5. Китаб әл-мұхтасар ас-сағир (Силлогизмді қысқаша мазмұндау жайлы кітап). 6. Китаб әл-мұхтасар әл-кабир(Үлкен [терминді] қысқаша мазмүндау жайлы кітап). 7. Китаб шараит эл-бурһан (Дәлелдеме шарттары (туралы) кітап). 8. Китаб ан-нуджум тағлиқ (Жұлдыздар (жайлы) [трактатқа] түсін- дірме кітап). 9. Китаб фи л-қууа (Қабілеттілік (жайлы) кітап). 10. Китаб әл-уахид уа-л уахда (Бір жэне бірлік (жайлы) кітап). 11. Китаб ара аһл ал-мадинату-л фадила (Қайырымды қала тұрғын- дарының көзқарастары (жайлы) кітап). 12. Китаб ма йанбағи ан йатақаддам әл-фалсафа (Философияны үй- ренуден бүрын нені білу керектігі (туралы) кітап). 13. Китаб әл-мустағлақ мин каламиһи фи «Қатигурийас» (Аристотель- дің «Категориясындағы» түсініксіз сөздер (жайлы) түсіндірме кітап). _ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ дбу Насыр әл-Фараби —Үлы даланыцдара тцлгасы 57
14.Китабфи ағрадАристуталис (Аристотельдің(«Метафизикадағы») көздеген мақсаттары (жайлы) кітап). 15. Китабиһи фи л-джуз (Оның бөлшек (жайлы) кітабы). 16. Китаб лаһу фи-л -ақл (Оның интеллект сөзінің мағынасы (тура- лы) кітабы). 17. Китаб әл-мауадиғ эл-мунтазаға мин джадал (Диалектикадағы пән- дерді шығару (табу жайлы) кітап). 18. Китаб шарх әл-мустағлақ фи-л мусадира эл-ула уа-с санийа (Аристотельдің) «Бірінші» жэне «Екінші Аналитикасындағы» түсініксіз (тұстарды) түсіндіретін кітап). 19. Китаб тағлиқ Йсағуджи ала Фурфуриус (Неоплатоншы) Порфи- рийдің «Философияға кіріспесіне» түсіндірме кітап). 20. Китаб ихса әл-улум (Ғылымдардың жіктелуі (туралы) кітап). 21. Китаб әл-кинайа (Метонимия (жайлы) кітап). 22. Китаб ар-рад ала ан-Нахуи [Иоан] (Тілші [Иоанға] жауап кітап). 23. Китаб ар-рад ала Джалинус (Геленге жауап (жайлы) кітап). 24. Китаб фи л-адаб әл-джадал (Диалектикалық эдебиет (жайлы) кітап). 25. Китаб ар-рад ала ар-Рауанди (Ар-Рауандиге жауап (жайлы) кітап). 26. Китаб фи-саъада әл-мауджуда (Болмыстық бақыт (жайлы) кітап). 27. Китаб ат-таутийа фи-л мантық (Логика бойынша кіріспе кітап). 28. Китаб әл-мақаис мухтасар (Силлогизмді қысқаша мазмұндау (жайлы) кітап). 29. Китаб ан-назр (Сақтандыру (жайлы) кітап). 30. Шарх китаб әл-Маджисти (Птоломейдің) «Алмагесіне» түсіндір- ме кітап). 31. Китаб шарх эл-Бурһан ли-Аристутал ис (Аристотельдің «Дәлелде- месіне» түсіндірме кітап). 32. Китаб шарх эл-хатаба лаһу (Оның [Аристотельдің] «Риторика- сына» түсіндірме кітап). 33. Китаб шарх эл-муғалата лаһу (Оның [Аристотельдің] «Софисти- касына» түсіндірме кітап). 34. Китаб шарх әл-кийас лаһу уа һуа ал-кабир (Оның [Аристотельдің] («Силлогизміне») түсіндірме кітап жэне ол көлемді). 35. Китаб шарх эл-мақулат тағлиқ (Ариетотельдің) «Кагеіт>рияеына» түсіндірме кітап). 36. Китаб шарх Барирминийас садр ли-китаб эл-хатаба (Аристотель- дің) «Герменевтикасына» түсіндірме. Риториканың («Шешемцік опер- дің») кіріспесі). Ә б са т т а р к,ажы Д е р б і с ә л і __________________________________________________________________________________________________________________________________________ 58
37. Китаб шарх «Ас-Самаа » (Аристотельдің) «Аспан туралы » (шы- ғармасына) түсіндірме кітап). 38. Китаб әл -муқаддимат мин мауджуд уа дарурий («Мән » мен «қа- жеттілік» (туралы) кіріспе бөлімдер жайлы кітап). 39. Китаб шарх мақала әл -Искандар фи -н нафс (Александр (Афро- дизийскийдің) «Жан туралы » мақаласына түсіндірме кітап). 40. Китаб шарх «Ас-Сама ’а уа-л алам» (Аристотельдің) «Аспан жэне Элем (туралы») кітабына түсіндірме). 41. Китаб әл -ахлақ (Этика) мінез-қүлық (жайлы) кітап). 42. Китаб шарх әл -асар әл -алауийа тағлиқ («Мәртебелі денелер » трактатына түсіндірме). 43. Китаб эл -хуруф (Әріптер (жайлы) кітап). 44. Китаб эл -мабади әл -инсанийа (Адам [ағзалары] (жайлы) кітап). 45. Китаб ар -рад ала ар -Рази (Ар-Разиге жауап кітап). 46. Китаб фи л -муқаддимат (Алғы сөздер (жайлы) кітап). 47. Китаб фи -л илми әл -илаһи («Метафизика» (жайлы) кітап). 48. Китаб фи исм әл -фалсафа (Философия атының жөн-жосығы (жайлы) кітап). 49. Китаб эл -фахс (Зерттеу жайлы кітап). 50. Китаб фи иттифақ ара Аристуталис уа Афлатун (Екі философ - Платон мен Аристотель көзқарастарының ортақтығы туралы). 51. Китаб фи -л джинн уа хал уджудуһум (Жындар, олардың тұрмыс жағдайы мен өмір болмысы (жайлы) кітап). 52. Китаб фи л -джауһар (Субстанция (жайлы) кітап). 53. Китаб фи фалсафа уа сабаб зухуруһа (Философия жэне оның пайда болу себептері (жайлы) кітап). 54. Китаб таасират эл -алауийа («Аспан құбылыстарының эсерлері» (жайлы) кітап). 55. Китаб әл -хййал (Қиял (жайлы) кітап). 56. Китаб ан -науамис («Зацдар» (жайлы) кітап). 57. Китаб лаһу «нисбаһу ила синаат-у мантық» (Оның логика өнеріне қатысты кітабы). 58. Китаб ас -сийасату -л маданийа («Азаматтық саясат» жайлы кітап). 59. Китаб фи анна харакату -л фалак сармадийа (Жүлдыздар әлемінің мәңгілік қозғалысы (жайлы) кітап). 60. Китаб фи риуаййа (Эпос (жайлы) кітап). 61. Китаб ихса әл -қадаийа (Ой-тұжырымның жіктелуі (туралы) кітап). ___________________________________________________________________Ә бу Насыр әл-Фараби — Үлы даланьщдара тцлгасы 59
62. Китаб фи қийасат аллати тустағмал (Қолданыстағы Силлогизм- дер (жайлы) кітап). 63. Китаб әл -мусиқа (Музыка кітабы). 64. Китаб фалсафа Афлатун уа Аристуталис (Платон мен Аристо- тельдің философиясы (жайлы) кітап). 65. Китаб шарх әл -ибара Аристуталис ала джиһати ат -тағлиқ (Арис- тотельдің түсінік (туралы) [трактатына] түсіндірме кітап). 66. Китаб әл -иқағат (Ырғақ (жайлы) кітап). 67. Китаб маратиб эл -улум (Ғылымдар тізбегі (жайлы) кітап). 68. Китаб эл -хатаба (Риторика (жайлы) кітап). 69. Китаб эл -муғалатайн (Софистика (жайлы) кітап). 70. Уа лаһу джауамиғ ли -кутуб эл -мантық (Оның Логика (жайлы) кітаптар жинағы). 71. Лаһу рисала саммаһа наййл ас-сағадат (Оның «Бақытка жету (жайлы)» трактаты). 72. Уа лаһу әл -фусул эл -мунтазаға мин эл -ахбар (Оның Шежірелер хроникасынан (таңдап) алынған бөлімдер). Ибн Әби Усайбига (1203-1270) Ортагасырлъщ араб дәрігері және дәрігерлердің өмірбаяндъщ сөздігінің авторы ШАМНАН ШЫҚҚАН ДӘРІГЕР Әбу Насыр Мухаммед бин Мухаммед бин Узлағ бин Тархан Фараб (Отырар) шаһарынан шыққан. Бул қала Хорасан жерінде , түркілер елінде. Оның әкесі түркі текті әскер қолбасшысы бо - латын. Әбу Насыр біраз уақыт Бағдадта тұрғанымен , кейінірек Шамға (Сирияға) қоныс аударды, сонда ғумыр кешіп, кейін сол жерде шаһид болды. Ал Алла тағаланың рақымы түскір кемеліне келген фәлсафашы (файласуфан камилаң), мейірімді имам (имаман фадилан), мусылман қуқығының нағыз білгірі ретінде танылды. Математика саласында (әл-улум ар -риадиа) да білгір ретінде көрінді. Өзі ақкөңіл, салиқалы , ойлы, жер үетінің уақ-түйек күйбеңін күйттемейтін, азға қанағат, барға тәубе қылған дана-тын . Ол медицина (синагату-т тыбб) саласында. Әбсаттар к,ажы Д е р б ісәл і __________________________________________________________________________________________________ ______________________________________ _ 60
әсіресе, бүйрек ауруының нағыз білгірі еді... Сайф ад -дин Әбу-л Хасан Әли бин Әбу Әли эл-Амади бірде маған: «Әл-Фараби бірінші рет Димашық (Дамаск) бағының күзетшісі болған. Ол сонда отырып фәлсафамен (улум әл-фәлсафа) айналысты. Таң- ертеңнен кешке дейін соған қарап шұқшиып отыратын. Осы пән мағынасының түсінуге қиын жерлерін ашты. Тіпті ол науқастанып жатып та, түн кездері болса да кітап оқитын, көңіл күйін кітап оқумен аулаушы еді. Ал киндил (шам) таңға дейін жанып, оған түнгі сақшыдай қызмет ететін. Осылай күндер өте берді. Күндердің күнінде ол ұлы ғалым болды. Тамаша шы- ғармаларымен жүрт назарын өзіне аударды. Оның жанында жү- ретін көптеген шэкірті болды», - деп еді. Шынында да, ол өз дэуірін жеке жарып шыққан адам-ды. Мүның өзі оның дэуірі үшін таңғажайып ғаламат жайт еді. Аса қатты қадірлегендіктен, әмір Сайф ад-Даула оны қастерлеп, сарайынан орын беріп, өзіне жақын тартты. Әбу Насыр оның сарайындағылардың ішіндегі үлылардың үлысы еді. Әмір Сайф ад -Даула (сондықтан да) Әбу Насырдың ықпалында болды. Кейбір шайхылар: «Әбу Насыр 338/949 жылы Мысырға сапар шегіп, соңыра Димашыққа орал- ды да, 339/950 жылдың раджаб айында Сайф ад-Даула Әли бин Хамданның қолында қайтыс болды», - дейді . «Сайф ад-Даула өзіне жақын, арнайы он бес нөкерімен оның жаназасына келеді. Әл-Фараби Сайф ад -Дауланың сарайын талақ етіп тастап кетіп қалғанда, эмірші оны «қажетіне жаратсын деп қазынадан бөлген 4 күміс дирһемнен тұратын садақаны алмап еді» деп еске алушы еді. Оның үйі де, мекенжайына түсіп түрған кірісі де жоқ-тын . (Сондықтан да) ол ештемені күйттемейтін, райхан иісі бар шарап ішіп, қозының жүрегін қорек ететін. (Кейбіреулер) «Әбу Насыр алғаш қади (цазы) болып еді, оның билігінің әділдігі сонша - кесіміне мойынсынбайтын кісі болған емес. Ол нені айтса да анық, дэл білетін қырынан көрінеді» деуші еді. Сондай -ақ (халық) «ол әр кеш сайын жатағынан шығып, баққа күзетші ретінде барып, сонау таңға дейін кітап оқумен шұғылданатын» дейтін-ді. Ол әуезтануды жақсы ___________________________________________________________________д б у Насыр әл-Фараби — Үлы даланьщ дара тцлгасы 61
білетін. Оның (музыка жайлы) еңбегінің тиянақты, тыңғылықты жазылғандығы сондай - оған қосып -алар ештеме жоқ -ты . Ол керемет әуездік аспап жасап шығарды. Соның иінді жерінен шығатын әуенді тыңдағанда немесе өзі сол аспапта ойнағанда керемет тебіренуші еді. Оның фэлсафаны оқуына мына бір жағдай себеп болды деседі. Бір кісі Аристотель еңбектерінің ішінен бірнеше кітапты сақтай тұруды өтініп әл-Фарабиге қалдырып кетеді . Ол алып қалады да, әуелі бірсыпыра қарап шыққан соң, кейін құнығып оқи бастайды. Содан ол кітаптардың мағынасын түгел түсініп (кейінірекке дейін), нағыз фәлсафашы болғанша оқи берген көрінеді. Әл -Фарабидің «Фәлсафа» деген сөздің мағынасы қандай?» деген сауалға берген жауабын келтірейік. Ол былай деген: «Философия - грек сөзі, арабтар оны өзге тілден (грек тілінен) қабыл алған, бұл сөз арабтарда (әуелі) «файласуфан» деп аталып кетті. Осы сөздің «даналықты сүйемін» деген мағынасы бар. Бүл грек тілінде «фил жэне суф» деген екі сөзден тұрады. Фил - сүю (махаббат), суфиан - даналық . Ал «файласуф» деген сөздің өзі (жоғарыда айтқанымыздай) «фалсафа» деген сөзден шыққан. Аталған сөз грек тілінде «файласуфус» болып айтыла- ды. Бұл сөздің этимологиялық жағынан алғанда мағынасы көп, «эсер еткіш» деген мағынасы осы фәлсафаға жақын жатыр... Әбу Насыр эл-Фараби өзінің «Фәлсафаның пайда болуы» де­ ген еңбегінде «былай депті деген сөздер бар» дейді (жұрт). Біз осы еңбектің біраз жерінен (үзінді) келтіре кетуді жөн көрдік. Ол былай деген: «Фәлсафаиіылардыц фәлсафашысы (Аристо­ тель) грек патшалары (мулук әл-йунанин) тұсында мэшһүр бо­ лып еді. Аристотель қайтыс болғанымен, әл -Искандария (Алек­ сандрия) қаласында оның даңқы жайыла берді. Оның ілімі өз қалпынан өзгермей, он үшінші падишаның билік қүрып тұрған кезіне дейін жетті. Сол дэуірде 12 дана бар еді. Соның бірі атақты Бандриникус атты кемеңгер болатын. Патша тагына әйсл келіп отырған түста, ол әйелді римдік Агустус жеңіп , мсрт етті де, Астахуз эмірші болды. Ол таққа отырып жарлыгын жүргізе Әбсатт ар к,ажы Д е р б ісәл і __________________________________________________________________________________________________________________________________________ 62
бастаған соң, кітап қоймаларына да назар аудара бастаған . Кітап шығару ісіне қызығып жүріп Аристотель кітаптарының бір нұсқасын тауып алған. Бұл табылған кітап (Аристотельдің) көзі тірі кезіндегі нұсқасы еді. (Астхауз) Аристотель жазбаларының түсініксіз жерінің сыры мен қырын ашып отырған оқытушылар (әл-мүгаллимин) жэне фәлсафашылармен (әл-фаласифа) де үшырасады. Аристотельдің өзі мен шәкірттерінің көзі тірісінде жарық көрген (яғни өзі тауып алған) кітаптың көшірмесін түсіруді бұйырады. Міне, осылай (Аристотельдің) ілімі оның табылған осы кітабынан басталады. Ал өзге көптеген кітабын ол жоқ қылуға бүйырады. Аристотельдің табылған кітабын Андриникус тэртіпке келтірген соң, римдіктердің патшасы осы нұсқаны өздерімен бірге Римге алып кетіп, көшірмесін әл- Искандарияда қалдыруға бұйырады. Сондай -ақ ол Андрини - куске «өз орныңа басқа бір оқымыстыны қалдыр да, менімен бірге Римге жүресің» деп әмір етеді. Аристотель ілімі мұнда (әл-Искандария) ұзақ уақыт христиандар келгенше өзгермей қала берді. Христиандар римдіістердің ілімін әл -Искандариядан аластады. Христиандардың патшасы (сол кездегі) ғүламаларды жинаған соң, Аристотельдің ілімін бұрынғы күйінен өзгертпей, бағзы қалпында сақтауға, яғни жалғастыра беруге эмір етті. Себебі христиандар Аристотельдің логикалық (ал-мантъщ) жэ­ не басқа да «болмыстың түрлерінен» (ал-ашкал ал -уджудуийа) (тұратын) еңбектерімен таныса келе, олардың ешкімге келтіретін зияны жоқ екенін түсінді. Аристотель ілімі, міне, осылай байыр- ғы күйінше өзгермей Ислам (дэуірі) келгенше күн кешіп жатты. (Исламнан соң) Аристотель ілімі әл-Искандария шаһарынан Ан - такия (Сирия) қаласына көшірілді де, бүрынғысынша өмір сүре берді. Сол кезде онда бір үлкен ғұлама бар еді. Одан тағылым алғандардың ішінде Харраннан [35], Марыдан [36] шыққандар да бар еді. Олар Харраннан Исраил әл -Асқари мен Қауири, Ма­ рыдан Ибраһим эл-Марузи мен Йуханна бин Хилан еді. Ибра - һим дін оқуымен айналысты да, Қауири өзгелерге тағылым берді. Ал Йуханна бин Хайлан да дін мәселелерімен айналысты . _ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ________ Әбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланьщдара ттщлгасы 63
Ибраһим эл-Марузи Бағдадқа көшіп келіп, сонда тұрып қалды . Әл-Марузиден сол уақытта болмысты үйреніп жүрген Матта бин Йунис дэріс алды». Әбу Насыр эл-Фараби өзі жайлы айта келе, Аристотельдің «Дәлел жайлы кітабын» («Китаб ал-бурһан») Иуханна бин Хай- ланнан және басқалардан оқығанын айтады. Бүрын білмей жэне араб тілінде оқымай тұрып-ақ ол «болмыстың кейбір түрле- рін көрегендікпен ашқан. Кейін мүсылман мұғаліммен (оқы- мыстысымен) ақылдаса отырып, «болмыстың» кейбір түрлері жайлы оқып беруді сүраған еді. Солай бола түрса да, бірте- бірте оның өзі де «болмыстың кейбір түрлері» туралы жаза бастаған. Әбу Насыр сондай -ақ өзге «Дәлел жайлы кітапты» да оқығандығын айтқан. Алла тағаланың рақымы түскір Амми Рашид ад-дин Әбу -л Хасан Эли бин Халифа маған былай деп еді: «Эл-Фараби 339 жылы раджаб айында Сайф ад-Даула бин Хамданның қолында қайтыс болды. Ілім -білімді халифа эл -Мүқтадырдың билік кұрып тұрған түсында күн кешкен Иуханна бин Хайланнан Багдадта үйренген... Сол кездегі ғұламалардың бірі - Әбу-л Мубашир Мат­ та бин Йунис Әбу Насырдан жас жағынан үлкен-тін . Әбу Насыр негізінен оның сөйлеу жэне ойлау тәсілдерін қабыл алған. Әбу -л Мубашир Матта Ибраһим әл-Марузиден оқыған да, халифа ар- Радидің түсында 323/934, яки 329/940 жылдары көз жүмған... Әбу Насырды мэшһүр еткен алғашқы еңбектерінің бірі - «Ихса ал-улум уа -т тағриф биаградаһа» («Ғылымды жіктеү жэне мақсатты айқындау») деген туындысы. Өйткені оған дейін осындай тақырыпта кітап жазған ешкім болмаған. Ғылыммен әуестенгендер осы кітапты басшылыққа алмай, бүл кітапқа соқпай кете алмаушы еді. Олардың ой -өрісін дамыту - да аталған еңбектің рөлі үлан-ғайыр . Оның (Әбу Насырдың) зерттеу объектісі болған (тағы бір) «Платон мен Аристотель сынды фәлсафашылардың мақсаты жайлы» атты кітабы бар. Бүл еңбегімен ол өзінің фәлсафа ілімін қаншалықты жетік меңгергендігін дәлелдеп берді. Осылай ол ғылым қүмпяларын Әбсаттар цажы Д е р б ісәл і__________________________________________________________________________________________________________________________________________ 64
аша берді, ғылымның (адамға) пайдасын түсіндірді. Әл-Фараби әуелі Платонның фәлсафасын зерттеді, мақсатын айқындады. Сонан соң бірте-бірте Аристотельдің фәлсафасын игере баста - ды, оған таңғаларлық алғы сөз жазды. Сол арқылы өзі де бірте - бірте (Аристотельдің жэне оның фэлсафасын біле бастады), фәлсафаны бақайшағына дейін талдап, жіктеді. Аристотельдің мақсатын айқындай отырып, оның физикалық, логикалық еңбектері хақында түсіндірмесі бар бірнеше кітап жазды. Арис- тотельдің бізге бірінші рет жеткен «ал-илму -л лаһи» («Мета­ физика» - Ә. Д .) деп аталатын кітабының түсініксіз жерлерін ашты. Өзінің осындай түсіндірмелерден тұратын кітаптарының жалғасын (Аристотельдің) «әл-илм ат -табиги» («Жаратылыс- тану ғылымы») атты еңбегіне түсіндірме жазумен аяқтады. Мен фәлсафадан дэріс алуда осыдан артық пайда келтірген өзге дүниені білмеймін, себебі тек эл-Фараби ғана бүкіл ғылымның мағынасын, ерекшелігін жақсы білгендіктен , осындай туынды- ларды қалдырды. Аристотельдің «Категориясын» түсіндірудің бұрын тәсілі жоқ еді, ал эл-Фараби болса бұған да түсініктеме жасай оты­ рып, ғылымды қалай зерттеу (үйрену) керек екенін түсіндіріп, өзгелерге өнеге болды. Сондай -ақ Әбу Насырдың «Метафизи- касынан» басқа «ал-илму -л мадани» («Азаматтық ғылым») атты кітабы да бар. Бұлармен теңдесер өзге ештеңе жоқ. Алғашқысы («Метафизика») қайырымдылықты сөз етсе, екіншісі азамат- тық саясатты әңгімелейді. Бірінші кітабында ол Аристотельдің «М етафизикасының» бетін ашты. Аристотельдің моральдық алты принципке қүрылған теориясын, сондай -ақ дене материя - сының құрылысын, оның дәрігерлікпен арақатынасын айқын- дайды. Ол Аристотель еңбектері арқылы адам категорияларын танып білді, адамның психологиялық күші жэне «сендіру» мен фэлсафаның арақатынасын ашты. Қадірлі жэне қадірсіз ша - һарларды суреттеді, сол қалалардың күнделікті қажетінен бас- тап, патшалардың тарихы мен пайғамбарлардың қағидаларына дейін баяндады. ___________________________________________________________________ Ә бу Насыр әл-Фараби — Үлы даланьщдара ттщлгасы 65
Ел арасында мынадай бір сөз бар: Әбу Насыр Бэкір ибн Си- раджбен 316 жылы (928) кездесіп, одан логиканы оқыса керек... Әл-Фараби өлең де жазған: Бэйтім менің кәдеңе сенің жараса, Нұр сәуле одан тапқаның. ¥ға алмасаң ғақлия, Қараңғыда мэңгілік. Көзіңді жұмып жатқаның. Қысыр сөз бізге не керек. Әбден мезі етсе де. Нәсіп болған дәмімді Әлі де татып келемін... [37] Әл-Фарабидің осы бір шумағы оның өз өлеңдерін сопылык поэзияның ықпалымен жазғандығын аңғартатын сияқты. Әбу Насыр әл-Фарабидің трактаттары : 1. Шарх китаб әл -Маджисти ли -Батлимус (Птоломейдің «Алма - гест» (атты) кітабына түсіндірме). 2. Шарх китаб эл -Бурһан ли -Аристуталис (Аристотельдің «Дәлел - деме» (атты) кітабына түсіндірме). 3. Шарх китаб әл -Хатаба ли -Аристуталис (Аристотельдің «Ритори­ ка» (атты) кітабына түсіндірме). 4. Шарх эл -мақала ас -санийа уа -с самина мин китаб әл -Джадал ли-Аристуталис (Аристотельдің «Диалектикасындағы » екінші және сегізінші мақалаларға түсіндірме). 5. Шарх китаб эл -муғалата ли - Аристуталис (Аристотельдің «Со­ фистика» (атты) кітабына түсіндірме). 6. Шарх китаб әл -кийас ли -Аристуталис уа һууа аш -шарх ол -кабир (Аристотельдің «Силлогизм » (атты) кітабына түсіп нрме. Ол үлкен түсіндірме). 7. Шарх китаб Барирминийас ли -Аристуталис ала джиһат ат -таглик (Аристотельдің «Герменевтика » кітабына түсіндірмелі еекерту(лер]). дбсат т ар кджы Дербісәлі __________________________________________________________________________________________________________________________________________ 66
8. Шарх китаб эл-мақулат ли-Аристуталис ала джиһати-т тағлиқ (Аристотельдің «Категория» кітабына түсіндірмелі ескертулер). 9. Китаб әл-мухтасар эл-кабир фи-л мантық (Логика (жайлы) үлкен мұхтасар кітап). 10. Китаб әл-мухтасар ас-сағир фи-л мантық ала тариқат әл-мутакал- лимиин (Мүтакаллим ғалымдардың тәсілімен (жасалған) логика жайлы шағын мұхтасар кітап). 11. Китаб әл-мухтасар әл-аусат фи-л қийас («Силлогизм» жайлы орта мұхтасар кітап). 12. Китаб ат-таутиа фи-л мантық (Логикаға кіріспе кітап). 13. Шарх китаб «Эйсағуджи» ли-Фарфуриус (Неоплатоншы) Порфи- рийдің «Философияға кіріспе» кітабына түсіндірме). 14. Амла фи мағани «Эйсағуджи» (Неоплатоншы) Порфирийдің «Философияға кіріспесінің» мағынасы жайлы). 15. Китаб әл-қийас ас-сағир уа уаджд китабуһу һаза мутарджиман би-хаттиһи («Кіші Силлогизм» (жайлы) шағын және оның болмыс шта­ бы. Ол оның қолымен жазылған аударма). 16. Ихса эл-қадайа уа-л қийасат аллати тустағмал ала-л умум фи джамиғ ас-санаъиғ әл-қийасййа (Мәселелерді жіктеу жэне «Силло­ гизм»). 17. Китаб шурут әл-қийас («Силлогизм» шарттары (жайлы) кітап). 18. Китаб эл-бурһан («Дәлелдеме» (жайлы) кітап). 19. Китаб эл-джадал («Диалектика» (жайлы) кітап). 20. Китаб әл-мауадиғ әл-мунтазаға фи-л мақала ас-самина фи-л джа- дал («Диалектикадағы» сегізінші мақаладағы пэн (жайлы) бәсеке хақын- дағы кітап). 21. Китаб әл-мауадиғ эл-муғлата («Софистиканың» пэндері (тура- лы) кітап). 22. Китаб иктасаб әл-мақадимат уа һийа әл-мусамма би-л мауадиғ уа һийа ат-тахлил («Кіріспелерге» байланысты кітап. Бүл сөзі «Пэндер» деп аталады және ол талдау кітап). 23. Калам фи-л муқаддимат мухталата мин уджуди уа дарурий (Аристотельдің) «Метафизикасына» түсіндірмелерден түратын жэне қажетті сөздер). 24. Калам фи-л хала садр ли-китаб эл-хатаба («Вакум» (жайлы) сөз [трактат], «Риторика» (жайлы) кітаптың кіріспесі). 25. Шарх китаб ас-Самаа ат-табиғий ли-Аристуталис ала джиһати ат-тағлиқ (Аристотельдің «Физика» кітабына түсіндірмелі ескертулер). ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ _д б у Насыр әл-Фараби —Үлы даланьщдара тцлгасы 67
26. Шарх китаб ас-Самаа уа-л Алам ли-Аристуталис ала джиһати ат-тағлиқ (Аристотельдің «Аспан жэне Әлем» кітабына жазылған түсін- дірмелі кітап). 27. Шарх китаб әл-асар әл-алауийа ли-Аристуталис ала джиһати ат- тағлиқ (Аристотельдің «Мэртебелі денелер» кітабына түсіндірмелі кітап). 28. Шарх мақала әл-Искандар Афрудиси фи нафс ала джиһати ат-тағлиқ (Александр Афродизийскийдің «Жан» (туралы) мақаласына түсіндірме). 29. Шарх садр китаб эл-ахлақ ли-Аристуталис (Аристотельдің «Эти­ ка» («Ахлақ») кітабының бас жағындағы [кіріспесіне] түсіндірме). 30. Китаб фи-н науамис («Заңдар» (жайлы) кітап). 31. Китаб ихса эл-улум уа тартибуһа (Ғылымдардың жіктелуі жэне оның жүйелері (атты) кітап). 32. Китаб әл-фалсафатайн ли фалатин уа Аристуталис махрум әл- ахар (Екі философ: Аристотель мен Платон жайлы кітап). 33. Китаб эл-мадина эл-фадила уа-л мадина эл-джаһила уа-л мали­ на әл-фасиқа уа-л мадина эл-мабдала уа-л мадина ад-дала, ибтидаъа би- таалиф һаза эл-китаб би-Бағдад, уа хамлаһу ила аш-Шам фи ахар сана саласин уа саласам иъа уа татимаһу би-Димашқ фи сана ихда уа сала- сиин уа саласамиъа уа харраһу сумма назара фи нусха бағда ат-тахрир фа-асбат фиһа эл-абуаб. Сумма саъалаһу бағду ан-нас ан йаджғал лаһу фусулан тадуллу ала қисма мағаниһа фа амала эл-фусул би Миср фи сана сабға уа саласин уа һийа сана фусул (Қараңғы, жартылай, надан. қайырымды, идеалды шаһарлар туралы кітап (Бұл кітабын (Әбу Насыр эл-Фараби) Бағдадта бастап, [һижраның] 330 жылы Дамаск қаласына келіп жайғасқаннан кейін тамамдап, жұрт қолына тигізген. Осы кітаптың бір нұсқасы дайын болған кезде оны қайта қарап, тарау-тарауға бөлген. Кейбіреулер Әбу Насырдан осы кітапты бөлімдерге (фусул) бөлу (жай­ лы) өтінгенде, ол [һижраның] 337 жылы Мысырда орындағанын айткан. Ол алты бөліктен тұрады). 34. Китаб мабади ара [аһл] эл-мадинату-л фадила (Қайырымды қала (тұрғындарының) көзқарастары (жайлы) кітаптың негізі). 35. Китаб эл-алфаз уа-л хуруф (Сөздер мен әріптер (жайлы) кітап). 36. Китаб әл-мусиқа әл-кабир, аллафаһу ли-уазир Әби Джағфар М \- хаммад бин эл-Қасим эл-Кархий («Музыканың үлкен кітабы». Ол оны уәзір Әби-л Джағфар Мухаммед бин әл-Қасым әл-Қархи үшін курастырган). 37. Китаб фи ихса ол-иқаг (Ырғақтарды жіктеу жайлы кігап). 38. Калам лаһу фи-н нақла мудафан ила-л мқағ (Оньщ ыртакка ко- сымша сөзі). д б с а т т а р к,ажы Д е р б і с ә л і ______________________________________________________________________________________________ ____________________________________________ 68
39. Калам фи -л мусиқа (Музыка жайлы сөз). 40. Мухтасар фусул фалсафийа мунтазаға мин кутуб әл -фаласифа (Философияның бөлімдері «Философия жайлы кітап» атты еңбектен). 41. Китаб эл -мабади әл -инсанийа (Адамзат негізі (жайлы) кітап). 42. Китаб ар -радд ала ар -Рази фи -л илм әл -илаһи (Ар-Разидің «Ме- тафизикасына» жауап кітап (тексте екі рет қайталанған). 43. Китаб ар -радд ала Джалинус фима таулаһу мин калам Аристута - лис ала ғаир мағнаһа (Басқа мағынада, бірақ Аристотельдің сөздерінен тұратын «Геленге » жауаптан құралған кітап). 44. Китаб ар -радд ала ибн ар -Рауанди фи адаб эл -джадал (Ибн ар- Рауандидің «Диалектика » әдебиетіне жауап кітап). 45. Китаб ар -радд ала Иахйа ан -нахуи фима радд биһи ала Аристута - лис (Тілші Иахйаға жауап кітап. (Тілші Иахйаның) Аристотельді жоққа шығаратындығын жоққа шығару). 46. Китаб ар -радд ала ар -Рази фи -л илм әл -илаһи - (Ар-Разидің) «Метафизикасына»жауапкітап. 47. Китаб эл -уахид уа -л уахда (Бір және бірлік (жайлы) кітап. Бұл кітап сөздерінің ауқымы үлкен). 48. Калам лаһу фи -л хаййз уа -л миқдар (Оның кеңістік (сфера, орта, айнала, сала, өріс жэне мөлшер (шама, өлшем , колем) жайлы сөзі [трак­ таты]). 49. Китаб фи -л ақл сатир (Ақыл [интеллект] (жайлы) шағын кітап). 50. Китаб фи -л ақл кабир (Ақыл (жайлы) үлкен кітап). 51. Калам лаһу фи мағна исм эл -фалсафа (Философия сөзінің ма- ғынасы туралы оның айтқаны). 52. Китаб эл -мауджудат эл -мутатаийра эл -мауджуд би -л калам ат - табиғи (Заттың өзгермелілігі (жайлы) кітап). 53. Китаб шараит әл -бурһан («Дэлелдемелердің » шарттары (жайлы) кітап). 54. Калам лаһу шарх әл -мустағлақ мин масадира әл -мақала эл -ула уа-л хамиса мин (Иқлидис Евклидтің бірінші және екінші мақалаларына түсіндірмелерден түратын қорытынды сөз). 55. Калам фи иттифақ ара абқрат уа Афлатун (Гиппократ пен Пла- тонның көзқарастарын жақындастыратын қорытынды сөз). 56. Рисала фи -т танбиһ ала асбаб ас -саъадаһу (Бақытқа жету жолда- рын (меңзейтін) ескертулерден түратын трактат). 57. Калам фи -л джуз уа мала йатажазза (Бөлшектер мен бөлшектерге бөлінбейтіндер (жайлы) сөз). ___________________________________________________________________ д б у Насыр әл-Фараби — Үлы даланыи, дара тцлгасы 69
58. Калам фи исм әл -фалсафауасабаб зуһуруһауа асма әл -мабразиин фиһа уа ала мин қараа минһум (Философия сөзінің атауы мен оның пай- да болу себептері (жайлы) сөз). 59. Калам фи -л джин (Жындар (жайлы) сөз). 60. Калам фи -л джауһар (Субстанция (жайлы) сөз). 61. Китаб фи -л фахс эл -мадани (Азаматтықты зерттеу (туралы) кітап). 62. Китаб ас -сийасат эл -маданийа уа йағраф би -мабади әл -мауджудат (Азаматтык саясат жайлы жэне өмірде бар заттарды танудың принцип- терінің қажеттілігі туралы кітап). 63. Калам фи -л милла уа -л фиқһ әл -мадани , калам джамғиһи мин ақауил ан-наби (с.ғ .с .) йушир фиһи ила синаату-л мантык (Дін жайлы сөз және мұсылман кұқығының өркениеті туралы. Мұндағы логика жа - йына ишарат хақында). 64. Китаб фи -л хатаба кабир, ишруна муджалладан («Риторика» (ше- шендік өнер) жайлы үлкен кітап). (Бүл өзі) жиырма том. 65. Рисала фи қуад әл -джуйуш (Әскердегі басшылық (жайлы) трактат). 66. Калам фи -л мағаииш уа -л хуруб (Тыныш) өмір мен сотые (жай­ лы) сөз). 67. Китаб фи -т таасират әл -алауийа («Мэртебелі денелер әсері» (жайлы) кітап). 68. Макала фи -л джиһати аллати йасух илайһа әл -қаул би -ахкам ан - нуджум (Философтардың жұлдыздар жайлы айткан ойлары (сөздерінің) бағыттары жайлы макала). 69. Китаб фи -л фусул эл -мунтазата ли -иджтиматат (Жиналу (кезде- су жайлы) бэсекелерді (камтитын) бөлімдері бар кітап). 70. Китаб фи -л хайл уа -н науамис («Куш » пен «заңдар» (жайлы) кітап). 71. Калам лаһу фи -р руъайа (Оның эпос жайлы сөзі [трактаты]). 72. Китаб фи синаа эл -китаба (Жазу өнері (жайлы) кітап). 73. Шарх китаб әл -Бурһан ли -Аристуталис ала тарик ат -татлик . амлаһу ала Ибраһим бин Адий тилмиз лаһу би-Халаб - Аристотельдің («Дэлелдеме » (жайлы) кітабына гүсіндірме. Әл -Фарабидің бүл еңбегін) Халабтағы оның шәкірті Ибраһим бин Әди қарап шыққан. 74. Калам лаһу фи -л илм әл -илаһи («Метафизика » туралы сөз). 75. Шарх әл -мауадиғ эл -мустағлақа мин китаб Қатигурийас лн -Арис - туталис уа йағраф би-тағликат эл -хауаши (Аристотельдің «Катетрия » атты кітабының түсініксіз жерлеріне түсіндірме (мұнда (зл-Фараби) тү- сіндірме әдісіп аса білімділікпсн пайдаланған). 76. Калам фи ағда әл -хайауан (Хайуанаттардың атэалары г\ра іы соз). д бсат т ар к,ажы Д е р б ісәл і __________________________________________________________________________________________________________________________________________ 70
77. Китаб мухтасар джамиғ эл -кутуб әл -мантықийа (Логика жайлы кітаптардың жиынтығы туралы мұхтасар кітап). 78. Китаб эл -мадхал ила -л мантық (Логикаға (кіріспе) кітап). 79. Китаб ат -тауассат байна Аристуталис уа Джалинус (Аристотель мен Геленнің арақатынасы (жайлы) кітап). 80. Китаб арад әл -мақулат («Категорияның » мақсаты (туралы кітап). 81. Калам лаһу фи -ш шиғр уа -л қауафи (Оның поэзия мен үйқас (жайлы) сөздері [трактаты]). 82. Ш арх китаб әл -ибара ли -Аристуталис ала джиһати -т тағлиқ (Арис- тотельдің «Түсіндірме жасау » атты еңбегіне түсіндірме). 83. Тағлиқ ала китаб әл -қийас («Силлогизм » (атты) кітапқа ескерту). 84. Китаб фи -л қууа әл -мутанаһийа уа ғайр әл -мутанаһийа («Күштің » шектілігі мен шексіздігі (туралы) кітап). 85. Тағлиқ лаһу фи -н нуджум (Оның жүлдыздар жайлы түсіндір- месі). 86. Китаб фи -л ашийа аллати йухтадж ан тағаллам қабла әл -фалса - фа (Философияны үйренуден бүрын нені білу керектігі туралы. Мүнда (әл-Фараби) жазған алғы сөз бар). 87. Фусул лаһу мимма джамғаһу мин калам эл -қудама (Ежелгілердің сөздеріне әл-Фарабидің өзі тоқтаған бірнеше тараулар бөлігі). 88. Китаб фи ағрад Аристуталис фи кулл уахид мин кутубиһи (Аристотельдің эрбір, яки барлық кітабындағы мақсаты (жайлы) кітап). 89. Китаб әл -мақаийс (Силлогизм жайлы кітап). 90. Мухтасар китаб эл -һади (Тыныштық жайлы қысқа кітап). 91. Китаб фи -л луғат (Тілдер (жайлы) кітап). 92. Китаб фи -л иджтимағат әл -маданийа (Мәдениеттер жиынтығы (жайлы) кітап). 93. Калам фи ан харака эл -фалак даъима (Аслан әлеміндегі дэйім қозғалыстар (жайлы) сөз [трактаты]). 94. Калам фима йаслах ан йазам әл -муаддиб (Ұстаздың діндарлыққа қарсы шыққандығы (жайлы) сөз). 95. Калам фи -л мағалиқ уа -л джун уа ғайр залик («Ішек-қарын» (ауруы) жэне басқа (жайлы) сөз). 96. Калам фи лауазим әл -фалсафа (Философияның лауазымдары (жайлы) сөз). 97. Мақала фи уджуб синаа әл -кимийа уа ар -радд ала әл -мабталиһа (Химия ілімінің қажеттілігі жэне ол (жайлы) сүрағандарға (мүқтаж бол- ғандарға) керекті мақала). ____________________________ ______________________________________ Әбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланыцдара тцліасы 71
98. Мақала фи ағрад Аристуталис фи кулл мақала мин китабиһи әл - маусум би-л хуруф уа һууа тахқиқ ардаһу фи китаб ма баъд ат -табийа (Аристотельдің мақсаты (жайлы) мақала. Оның кітабындағы эрбір ма - қаласы әріптермен белгіленген. Ол өзінің мақсатын «Гармониядан » соң орындады). 99. Китаб фи -д дағауи әл -мансуба ила Аристуталис фи -л фалсафа муджаррада ан байанатиһа уа Хаджжажуһа (Философия саласындағы Аристотельге таңылған «Хұқық » жайлы кітап). 100. Тағалиқ фи -л хикма («Шешендік сөздерге » түсініктеме). 101. Калам амлаһу ала саъил саъалаһу ан маъна зат уа мағна джауһар уа мағна Табиға (Өтпелі қоғам (жайлы) сөз. Одан «мэн», «категория» және «гармонияның » мағыналары (жайлы) сұраса керек). 102. Китаб джауамиғ ас -сийасат мухтасар (Саясат жайлы кұрасты- рылған қысқаша кітап). 103. Китаб Барирминийас ли -Аристуталис (Аристотельдің («Герме­ невтика» (атты) кітабы). 104. Китаб әл -мадхал ила -л һиндаса әл -уаһмийа , мухтасаран («Кеңіс - тік геометриясына» бастайтын (кірістіретін) қысқаша кітап). 105. Китаб уйун әл -масаил ала рай Аристуталис уа һийа майъа устун масъала. Джауабат ли -масаил саъил анһа уа һийа саласа уа ишру на масъ - ала (Аристотель көзқарастарының қайнар көзіне (бастайтын) кітап. Бүл өзі 160 сауал. Жауаптары жиырма үш пэнді қамтиды). 106. Китаб иснаф әл -ашийа әл -басита аллати танқасим илайһа әл - қадайа фи джамиғ ас-санаиғ эл -қийасиа (Жай заттардың категориялары (жайлы) кітап. Мүны қүрастырушы «Силлогизм » іліміне байланысты түрлі проблемаларға жіктейді). 107. Джауамиғ китаб ан -науамис ли -Афлатун (Платонның «Заңдар » жайлы жиынтық кітабы). 108. Калам мин амлаиһи уа қад суила амма қала Аристуталис фи -л харр (Ұйқастың дауыссыз дыбыстары (жайлы) сөз). 109. Тағлиқат Аналутиқа эл -ула ли -Аристуталис (Аристотельдің «Бірінші Аналитикасына» түсіндірме). ПО. Китаб шараит әл -йақин (Мәңгі бақилықтың шарттары (жайлы) кітап). 111. Рисала фи маһийа ан -нафс (Жан түрлері (жайлы) трактат). 112. Китаб ас -самаа ат -табиыі («Метафизика » (жайлы) кігап). дбсат т ар к,ажы Д е р б ісәл і __________________________________________________________________________________________________________________________________________ 72
дбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланың, дара тцлгасы Ахмед Ибн Халликан (1211-1282) Арабтың өмірбаяндъщ тарихшысы ФИЛОСОФ ӘЛ-ФАРАБИ Әбу Насыр Мухаммед бин Тархан бин Узлағ эл-Фараби - логика, әуезтану жэне басқа да ғылымдар бойынша көптеген еңбектің авторы. Ол - аса ірі мұсылман фэлсафашыларының (ак- бар фаласифа) бірі. Солардың (яғни мұсылман ғалымдарының) ешқайсысы да оның өресіне жеткен жоқ. Әбу Әли ибн Сина шығармаларын жазу үстінде оның еңбектерін пайдаланғанын, сол арқылы мэшһүрлікке қолы жеткенін еске алады. Әл -Фараби түркі еді, өз елінде дүниеге келді, сонда өсті, оның туып-өскен шаһары хақында Алла мұрсат берсе, мақала соңында айтамыз . Әл-Фараби өз елінен тысқары шығып, Бағдадқа жеткенше сая- хат шегеді. Бұл кезде ол түркі тілін білуші еді, араб тілін кейін үйренді де, осы тілдің нағыз білгірі болды. Бағдадқа келген соң, арада біраз уақыт өткеннен кейін ол фәлсафамен (әл-улум әл - хикма) шұғылданды. Әл-Фараби Бағдадқа келген кезде мұнда мэшһүр фило- соф Әбу Бишр Матта бин Иунис [38] тұратын. Ол қарт еді, жамағатқа логикадан дэріс оқитын, өзі осы пэн бойынша көп- теген еңбектің авторы болатын. Ол Аристотель ілімінің (оны түсіндіру жөнінен), әсіресе , логика саласының маманы еді. Күн сайын оның дәрісіне логиканы үйреніп жүрген адамдар жина- латын. Ол Аристотельдің логикасын оқу үстінде шәкірттеріне түсініктеме беріп отыратын. Әбу Бишр Матта бин Иунистің айтуы бойынша, ол 70 томдық түсіндірме жазған. Ол кезде ло­ гика (пэні) өнері бойынша Әбу Бишр Маттаға теңдесер ешкім жоқ еді. Осы ұстаз өз шығармаларында жазу ерекшеліктері жэне түсіндірмесінің ұғынықтылығымен, сондай-ақ күрделі нәрсені қарапайымдатумен атағы шыққан. Сондықтан да бір ғалым маған мынаны айтып еді: «Егер Әбу Насыр жоғарыда 73
аталған Әбу Бишрдан тағылым алмағанда, абстрактілі идея - ларды түсіндіруде, ұғуда жеңіл терминдерді қолдана алмас еді. Әбу Насыр оның сабақтарынан әсте қалған емес. Қашанда оның шәкірттерінің арасында жүрді». Әл-Фараби Бағдадта көп тұрган жоқ. Арада біраз уақыт өт- кеннен кейін Харран шаһарына кетті. Ол кезде мұнда христиан дінді, жан-жақты оқымысты, логика маманы Иуханна бин Хай- лан [39] тұратын. Әбу Насыр одан логиканы пайдаланудың ерек - ше тәсілі жайынан тағылым алды. Сөйтті де, қайтадан Багдадка қайтып оралды. Осында зор қүштарлыкпен фәлсафаны (улум әл-фәлсафа) зерттеді. Аристотельдің барлық еңбегімен таныс - ты. Оның идеяларын тез түсінетін қабілетке жетті. Естуімше, Әбу Насыр эл-Фараби өз қолымен: «Мен бүл кітапты жүз рет оқып шықтым», - деп Аристотельдің «Жан туралы» кітабына жазыпты. Сол сияқты Аристотельдің «Физика» кітабына: «Мен бұл кітапты қырық рет оқып шықтым, сонда да кайта оралуға мэжбүрмін», - деп жазған көрінеді. Бірде қайсыбір зиялы адам - дар Әбу Насырдан: «Сіз көп білесіз бе, жоқ элде Аристотель көп біле ме?» - деп сұраған . Сонда ол былай деп жауап беріпті: «Егер мен оның заманында өмір сүрген болсам, шүбәсіз , ең ұқыпты шәкірттерінің бірі болар едім». Әбу-л Қасым Сағид бин Ахмед бин Абд ар -Рахман бин Саид эл-Куртуби [40] өзінің: «Ғылымдар топтары» («Табацату-л хука- ма») атты еңбегінде былай дейді: «Әл-Фараби - нағыз мүсылман фәлсафашысы, ол әмірші эл-Мүқтадыр (908-932) билік еткен дәуірде Бағдадта Иуханна бин Хайланнан (бүл кісі тыныштык шаһарында [41] дүниеден қайтты)» логиканы үйренді. Ол (эл- Фараби) бүл пэн бойынша күллі мүсылман фәлсафашыларын қуып жетті, сөйтіп логиканы кемеліне келтіріп баршага түсінік- ті, үғынықты етті. Оның жүртқа қүпия, беймағлүм жақтарының сырын ашты. Сондықтан да ол әл -Кинди [42] және басқалар шешімін таба алмаған «талдау» (тахлил) мәселесінде аса дарын- дылығымен көрінді. Өз кітаптарында ол қарапайым терминдерді пайдалана отырып, логиканың бес тәсілін (махуад лі-мантық) Әбсатт ар цаж ы Д ер бісәлі_______________________________________________________________________________ ________________________________________________________ _ 74
түсіндірді. Осы бес тәсілді пайдалана білудің пайдалы жақтарын меңзейді. Сондықтан да оның еңбектері осы пән бойынша аса қана- ғаттанарлық, оның бойында ерекше қасиеттер бар. Кейінірек ол эрбір пэнді көрсете отырып, ғылымды жіктейтін туынды- сын жазып бітірді. Бұрын дэл осылай етіп ешкім еш нәрсе жаза алмаған еді, сол себепті де оның бұл шығармасы - ғылыммен әуестенгендер үшін таптырмас құрал». Осымен Ибн Саид айт- қандарын тамамдайды. Ол жоғарыда жазғандарынан бөлек Әбу Насырдың кейбір еңбектерінің атын атай отырып, тақырыбын да айқындаған, Бағдадта Әбу Насыр ғылымның осы саласын толығынан игеріп, жоғары мәртебеге ие болғанша айналыса берген. Көптеген кітап жазған. Кейін Шамға барғанымен, онда да көп аялдамастан Мысырға тартқан. Ол өзінің «Ас-Сийаса әл- маданийа» («Азаматтық саясат») деген кітабын Бағдадта бас- тап, Мысырда аяқтаған. Кейінірек Шамға қайта оралып, сонда тұрып қалған... Шамға келген соң, ол бау ішіндегі бұлақ басында күн кешіп, шығармаларын жаза берген. Ол дәптерге өте аз жазып, өз ойла- рын көбінесе жеке парақтарға түсіретін болған. Оның көптеген шығармасының жоғалып кеткені осы бір жайтпен байланысты. Оның өз үйі болмаған, ол ешқашан да өз қамын ойламаған өте қарапайым жан еді. Сайф ад-Даула оған қазынадан күн сайын 4 дирһем беріп тұруды бұйырған, өйткені эл-Фараби осы мөл- шерді қанағат еткен. Өле-өлгенше осылай күн кешкен ол һиж- раның 339 жылының раджаб айында Шамда дүниеден қайтқан. Оған Аллатағаланың рақымы түссін. Сайф ад-Даула серіктерімен бірге оны жерлеуге келген. Осы кезде эл-Фараби 80 жаста еді. Оны Шам шаһарының сыртындағы «Баб ас-сағирде» [43] («Кіші қақпада») жерлеген. Алла тағалам оған иман байлығын берсін». Ибн Саид эл-Куртуби өзінің «Дәрігер топтары» («Табацат әл-аттибба») деген еңбегінде: «Матта бин Иунис халифа ар- Ради Бағдадта билік қүрып түрған кезінде дүниеден қайтты», - дейді. _ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ Әбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланыцдара тцлгасы 73
Тағы бір автор әл-Фарабидің өлеңдері еді деп соған таңылған бәйттерді келтіреді. Бірақ оның шын яки жалған екендігіне ке- пілдік беру қиын. Бауырым менің, кикілжіңнен аулақ бол , Әділетті, шындығы бар жерге қаш. Өмір саған мэңгі бақи пана емес, Жазмыштан тыс қалар пенде жоқ, Жұмыр басты қоқырсықты қызғанып, Күндес болар жақынымен тілдесіп. Біз бір ұрық тамшысы, басқа кімбіз? Басынан бақилық, сәтсіздік кетпеген . Аспан орнында, жаратылған түрінде , Жер ортаға түскендей әбігерге жол болсын?! Мен бұл жолдарды «әл-Харидадан» оқыдым. Бүл дүние Багдад түрғыны Шейх Мухаммед бин Абд әл-Мәлік әл -Фарикиге арналған. «Әл-Хариданың» авторы Имад [44] онымен 561 жыл- дың раджаб айында жұма күні (21 мамыр 1166 жылы) кездес- кенін, кейінірек оның қайтыс болғанын хабарлайды. Ол (әл- Фараби) өзінің қолжазбасында «Тархан» деген сөздің «Турхан» деп емес, «Тархан» деп оқылатындығын айтады. Бұл - түркі есімдері. Ал эл-Фараби ныспысы Фараб шаһарына байланысты алынған, қазір Атрар деп аталады (Отырар бо.іуы керек, арабтар «Атрар» деп жазып, оциды, өйткені оларда «о» әрпі жоқ -Ә .Д .) . Бүл қала Шаш [45] шаһарының арғы жағында, Баласағұнға тая\ жерде. Тұрғындарының барлығы имам аш -Шафиғи мэзһабын ұстанады. Алла тағала оған риза болсын. Буп өзі - түркілердің астана қалаларының бірі. Парсы жерінің шекарасына таяу жатқан тағы бір сыртқы Фараб [46] қаласынан айыру үшін бүл шаһарды олар (түркілер) «ішкі Фараб» деп атаған. Сейхүн [47] өзенінің арғы жағында Қашғар қаласына жақын, яғни түркілердің шека- Әбсатт ар к,ажы Д е р б ісә л і __________________________________________________________________________________________________________________________________________ 76
расына тақау Баласағұн шаһары бар. Ал Қашғар - Син (Қытай) елімен шекаралық аралықта жатқан үлкен қалалардың бірі, әрине, құдіретті Алла тағалам мұны бізден артық білсе керек. *** 950 жылы үлы ғұлама Әбу Насыр эл-Фарабидің үлкен жүрегі соғуын тоқтатты. Бүл бір орталыққа бағынған араб халифаты- ның ыдырауы негізінен аяқталып, тақ үшін қырықпышақ болған алабүлік, аламан-тасыр басталған кез-ді. Аббас халифатының қираған жүртына ие болған буәйһтер, хамдан, саман, қарахан тұ- қымдары билік еткен бірлестіктер қүрылды. Бірақ Аббас хали- фатының ыдырауы мұсылман шығысындағы мәдени өмірдің тоқырауға ұшырауы деген сөз емес. Қайта араб империясының көбесінің сөгіліп, тауының шағылуы оған бағынған елдер үшін оңтайлы болды. Fылым, білім, өнер дами берді. Закавказьеден Бах- манияр, Гизами Ганджауи (1140-1202), түркі, Иран халықтарынан Фахр ад-дин ар-Рази (т.ж .б .- 1210), Омар Хайам (1048-1122), Джа- лал ад-дин ар-Руми (1207-1273), Орта Азиядан Әбу Әли ибн Сина (980-1037), Әбу Райхан әл-Бируни (973-1048), Махмуд Қашғари (XI), Жүсіп Баласағұн (XI) сынды замана дүлдүлдері шықты. Ал қазақ сахарасындағы рухани орталық Отырар ше? «Отырар тек Аббас Жауһари мен Әбу Насыр әл-Фарабиді ғана берді ме? Фарабтан басқа ғалымдар шыққан жоқ па?» деген сауалдарды жиі естиміз. Шынында да, ол заңды сұрақ. Отырар Аббас Жауһари (XI) мен Әбу Насырдан басқа талай ғалымды дүниеге келтірген. Тек әл -Фарабиден басқасы зерттел - мей келеді. Күні кешеге дейін бізге өз еңбектерін араб тілі мен әдебиеті мәселелеріне арнаған Әбу Ибраһим Исхақ бин Ибра- һим әл-Фараби мен Әбу Насыр Исмаил бин Хаммад эл -Жауһари секілді отырарлық филолог-ғалымдардың аты ғана белгілі еді. Өйткені араб әдебиеті тарихын зерттеген шығыстанушылардың еңбектерінде де олардың шығармашылығына терең талдау жа- сала қойған жоқ-ты . Десек те екеуі де сан ғасырлар парағын судырлатқанымен, мән -маңызын жоғалта қоймаған , араб тілінің өзекті мэселелерін сөз ететін өлмес, өшпес еңбектер қалдырған . __________________________________________________________________ д б у Насыр әл-Фараби — Үлы даланыц дара тцлгасы 77
Әдебиеттер мен түсініктемелер: 1. Хайруллаев М . Фараби . Эпоха и учение . - Ташкент: Узбекистан, 1975.- 155-6 . 2. Сонда, 156-6 . 3. Хайруллаев М . Фараби . Эпоха и учение . - Ташкент: Узбекистан, 1975.- 155-6. 4. Ибн Халликан . Уафайат әл -ағайан уа анба абна аз -заман . - Бейрут [жылы көрсетілмеген], 8 том; 5-том . - 153-6 . 5. Сонда . 6. Ибн Халликан . Уафайат эл -атайан уа анба абна аз -заман . - Бейрут [жылы көрсетілмеген], 8 том; 5-том . - 154-6 . 7. Әл -Фараби . Әлеуметтік -этикалық трактаттар . - Алматы, 1975. 8. Ибн Халликан . Китаб уафайат... 8 том; 5-том . - 155-6 . 9. Сонда . Француз зерттеушісі М . Канардын айтуына Караганда, әңгіме күрд тілі жөнінде болып отыр. Өйткені Сайф ад -Дауланың әкесі араб болғанымен, шешесі күрд еді. Оның үстіне эмір нөкерлерінің ішінде күрдтер да болған (Morius Canard. Sayf al-Daula. Recueil de textes relatifs a emir Sayf al-Daula le Hamdanide. - Aljer-Paris, 1934). 10. Ханна эл -Фахури . История арабской литературы . - М . 1961. 2-том . - 110-6 . 11. Әл -Мүтанабби . Диуан . - Бейрут, 1975. - 185-6 . 12. Фильштинский И .М . Арабская классическая литература . - М., 1965.- 175-6 . 13. Хайруллаев М . Фараби . Эпоха и учение .. . - 162-6 . 14. Ханна эл -Фахури . История арабской литературы ... 2 -том . - 96-6 . 15. Аббас Махмуд эл -Аккад. Эл -Фарабиани . - Каир, 1944. - 75-6 . 16. Бертельс Е .Э . История персидско -таджикской литературы . - М . , 1960.-113-6. 17. Oriento modem. - Rome, 1937. *Rivista degli Studi Orientali. Vol. 17/1938, pp. 266-278 [Risalah li qawanin sina’ah al-shir]. 18. Brockelmann Carl. G eschichte der Arabischen Litteratur. 1. Band I, Berlin, 1937, pp .375-378. 19. Rescher Nicholas. Al-Farabi An Annotated Bibliography, pp.232 236; Pittsburgh 1962. University of Pittsburgh Press. 11+54 S.8° 20. R. de Erlanger: La Musique arabe. 1. Al-Farabi, al-musiki al-kabir. 2 . C. Paris 1930 laul Geuthner. 8° 21. E.A .Beichert. Die Wissenschaftder Musikbeial-Farabi. Freiburg,1932. Әбсатт ар к,ажы Д е р б іс әл і __________________________________________________________________________________________________________________________________________ 78
22. Henry George Farmer. A history of Arabian music to the Thirteenth Century. London, 1929 23. Al-Farabis Arabic-Latin Writings on music: The Texts, Edited with Translations and Commentaries. Henry George Farmez. Glasgow, 1934 . 4° “Collection of Oriental Writers on Musik. II”. 24. Аль -Фараби . Философские трактаты . - Алматы: Наука, 1973; Он же. Математические трактаты . 1972; Он же. Социально -этические трактаты. 1973; Он же. Логические трактаты . 1975; Он же. Комментарий к Алмагесту Птоломея. 1975; Он же. Историко -философские трактаты . 1985; Он же. Трактаты о музыке и поэзии . 1992. 25. Алтаев Ж ., Фролов А. Исламская философия . Новый взгляд. - Алматы, 2010. 26. Ya§ar Aydinli. Farabi. - Istanbul, 2008. - 190 б. 27. Ибн Халликан . Уафаят әл -ағйан уа анба абна аз -заман . - Бейрут [жылы көрсетілмеген], 8 том; 5-том . - 153-157 б. 28. Әбсаттар қажы Дербісәлі . Ғалым . Мүфти . Қайраткер. - Алматы: Атамұра, 2007. - 269-270 б. 29. Әбсаттар қажы Дербісәлі . Ғалым . Мүфти . Қайраткер. - Алматы: Атамұра, 2007. - 271-272 б. 30. Қазақстан мүсылмандары діни басқармасының төрағасы , Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлінің 2007 жылы атқарған басты іс- шаралары шежіресі. - Алматы, 2008. - 74-75 б. (Осы сапардаменДа- маскінің кітап дүкендерінің бірінен Әбу Н асыр әл-Фарабидің көптен цол жеткізе алмай ж үрген музыка жайлы еңбегін тауып, елге алып қайттым. Қараңыз: Философ Әбу Насыр Мухаммед бин Мухаммед бин Тарһан әл-Фараби . Кигпаб әл -мусиқ әл -кабир . - Каир [жылы көр- сетілмеген], 1208 б. - Ә. Д). 31. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы , Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлінің 2007 жылы атқарган басты іс-шаралар шежіресі . - Алматы, 2008. - 77-78 б. 32. Джамал ад -дин әл -Қифти . Ахбару -л улама би -ахбару -л хукама . - Каир, 1908.- 277-280 б. 33. Ибн Әби Усайбиға . Уйун -л анба фи -ттабақату -л атибба . - Бейрут [шыққан жылы көрсетілмеген]. - 792-6 . 34. Джамал ад -дин әл -Қифти . Ахбару -л улама би -ахбару -л хукама . - Лейпциг, 1906 (Каир, 1908). - 279-6 . 35. Харран аса ірі ғылыми орталықтардың бірі болған . Араб , парсы текті астроном ғалымдарының бірқатары осы қалада білім алган. __ __ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ Әбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланыц дара пгщліасы 79
36. Мару - қазіргі Түрікменстанда бұрын болған ортағасырлык Мары шаһары. 37. Ибн Саид Усайбиға. Уйун эл-анба фи табақат әл-атибба. - Бейрут [шыққан жері мен жылы көрсетілмеген]. - 603-609 б. 38. Әбу Бишр Матта бин Иунис - Багдад шаһарындағы Аристотель жэне басқа да коне грек фәлсафашыларының мол мұрасын зерттеуші христиан текті көптеген ғалым ашқан мектептің Йуханна бин Хайланнан кейінгі ұстаздарының бірі. Ол көбінесе Аристотель еңбектерін аударып қана қоймай, оған түсіндірмелер де жазған. Әбу Насырдың фәлсафалык туындыларында осы ғылым ордасы үстаздарының әсері байкалады. Ал Отырар перзентінің ықпалын оның бірінші шәкірті Иахия бин Адиден (972 ж.қ .б .) жэне Ибн Сина трактаттарынан аңғарамыз. 39. Фәлсафа пэні бойынша әл-Фарабиге үстаздық еткендердің бірі Иуханна бин Хайлан еді. Кейбір деректерде оның аты Джилад, Хилан немесе Хайлан болып келеді. Ол халифа әл-Мүқтадыр тұсында Бағдадта шаһит болган. Мысырлық әдебиетші Абд ар-Рахман әл-Бадауи өзінің кисынды жо- рамалдарында: «Әл-Фараби әуелі Әбу Бишр Маттаның үстазы болған Иуханна бин Хайланнан тағылым алды да, кейінірек Әбу Бишрдің ғылымдағы бақталасы болды», - дейді. Бүл пікірдің жаны бар екендігіне Әбу Насырдың өмірі мен шығармашылығы жайлы көптеген еңбекті оқығанда көз жеткізуге болады. 40. Әбу-л Қасым Сағид бин Ахмед бин Абд ар-Рахман бин Саид эл-К\р- туби - испаниялық (андалусиялық) араб ғалымы. 1029 -1070 ж. өмір сурген. 41. «Тыныштық шаһары». Багдад қаласы. 42. Эл-Кинди Эбу Йусуф (800-870) - белгілі араб философы. 43. «Баб ас-сагир» немесе «Кіші қақпа» орта ғасырлардан күні бу- гінге дейін сақталған. Сирия Араб Республикасының астанасы - Шам шаһарының оңтүстік жағына таяу жерде ертеден келе жатқан зират бар. Араб тарихшысы Ибн Асакирдің айтуынша, аталған зиратқа Мухаммед пайғамбардың (с.ғ .с .) кейбір ізбасарлары мен белгілі халифа әл-М \та\ йа жерленген. Осындай белгілі жерге әл-Фараби де жерленген. 44. Имад ад-дин Мухаммед бин Мухаммед әл-Катиб лл-Исфаһани (1125-1201) - [парсы текті әдебиетші]. Харида эл-қаср уа джарида аһл эл-аср. - Багдад, 1972. 20 том; 45. Шаш - қазіргі Ташкент қаласы. 46. Әмудария бойында және Хорасанда Фараб (Фарйаб) атты қыстақтар бар. Соның бірін айтыгі отырған сііяқгы. 47. Сейхун - Сырдария өзені жайында айтылыи отыр. Ә б са т т а р к,ажы Д е р б і с ә л і __________________________________________________________________________________________________________________________________________ 80
Әбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланын, дара тцлгасы ¥ЛЫҒА ТАҒЗЫМ ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жылы қаңтарда жариялаған «Абай жэне XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Қазіргі өркениетті мемлекет- тердің барлығы дерлік шоқтығы биік тарихи тұлғаларымен мақтана алады. Олардың қатарында саясаткерлер, мемлекет жэне қоғам қайраткерлері, қолбасшылар, ақын-жазушылар, өнер жэне мәдениет, [ғылым] майталмандары бар. Қазақ жұрты да біртуар перзенттерден кенде емес», - дейді. Бұл ретте халқымыз солардың бірегейлері ретінде эдетте Әбу Насыр әл-Фарабиді (870-950) атайды. Ислам қала мәдениеті еді. Сондықтан мешіт, медреселер, оның жанындағы кітапханалар жайлауларға емес, қалалар мен кенттерге салынды. Ал ондай үлкенді-кішілі қалалар мен кенттер қазақ даласының әсіресе оңтүстігінде жетерлік-ті. Олар Исфиджаб-эл -Байда-Сайрам, Отырар, Сүткент, Манкент, Түркістан, Баладж, Созақ, Өзгент, Сығанақ, Женд; Тараз бен оның маңындағы Жікіл, Шелжі, Меркі, Қүлан, Баласағүн жэне т.б. Ол қалалар мен ондағы медреселер де кітапханасыз болған жоқ. Кейде бағзы біреулер Отырар кітапханасы Александрия кі- тапханасынан кейінгі екінші орында ма еді деп жатады. Мен әде- биеттерден Отырар кітапханасы Александрия кітапханасынан кейінгі орында еді дегенді кездестірген емеспін. Бірақ ол он­ дай еңбектер жоқ дегенді білдірмесе керек. Мүмкін, мұндай жолдардың ұшыраспауы жазба деректердің біздің қолымызға тимей жүргендігінен де болар. Өткен ғасырдың 70-80 жылдарындағы менің ізденістерім Отырардан 11 әл-Фарабидің шыққанын көрсетсе, ал арада 40 жылдай өткен соң, жаңадан табылған деректер Отырардың ойшыл ғүлама перзенттерінің саны 30-дан асқанын көрсетті. Бэлкім, одан да көп шығар. Кеңестік кезеңде ортағасырлық 81
бабалар жайлы араб, парсы тілдерінде жазылған жазба дерек- терге қол жете бермейтін. Мен Мысырдағы Александрия қаласында бірнеше рет болдым. Ежелгі тарихи кітапхананың орнын да көрдім . Ол - шағын ғана жер, себебі кітапхана шағындау болатын. Сандаған ғасырлар бұрын Александрия да шағын кент еді. Осыдан біраз уакыт бұрын қалпына келтірілген казіргі кітапхана да шағын. Иә, Александрия халкы ерте замандарда бүгінгідей мил­ лион да емес-тін . Ол кездегі дүниелер коне грек тілінде жазыл - ды. Онда римдік және грекиялык және т.б. ғалымдар жүмыс істеді. Кейінірек отырарлық Әбу Насыр әл -Фараби эллин дэуірі ғалымдарының еңбектерін араб тіліне аударып, түсіндірмелер жазды, зерттеді. Әбу Насыр әл-Фараби араб елдеріне білім іздеп жас кезінде емес, әуелгі білімді елінде алып, оң-солын таныған , ғылым - білімге деген ынтықтығы мен кызығушылығы оянған кезде барған. Әл -Фараби өмір сүрген тұста Бағдадта белгілі медре - селер (сол кездегі жоғары оку орны) болды. Оған ешкім де дайындықсыз барып түсе алмайтын. Әл-Фараби отанындағы медреселерден білім алмаса, Багдад пен Дамаскінің (Шамның) жоғары оқу орындарында (медре- селерде) білімін жетілдірмесе, атақты ғалым дәрежесіне қалай жете алған?! Отырар Орта Азияның Ахсикент, Шаш, Марғилан , Насаф . Ниса, Мары іспетті шаһарларына Караганда көлемділеу -ді. Отырардағыдай Орта Азияның аталмыш қалалары мен кентте- рінен талай Ахсикенти, Насафи , Марғилани, Маруази, Шаши. Ферғани, Насаи секілді ойшылдар шықты. Бүл - ақикат. Біздің ұзак жылдардағы ізденістеріміз бен зергтеулеріміз X-XVI ғасырларда казак жерінің түрлі шаһарларынан шығар- маларын Қүран тілінде немесе парсы, кейінірек шағатай тілінде де жазған 250-ден астам ғалым шыкканын көрсетіп отыр. Ал бір ғана Отырардың өзінен 30-дан астам ғалым шыққан дедік. Оты - рарда бір емес, тіпті, бірнеше кітапхана да болуы бск мүмкін. Әбсаттар к,ажы Д ер б іс әл і __________________________________________________________________________________________________________________________________________ 82
Бірақ жаугершілік кездері мешіттер мен медреселердің өртке ұшырағаны сияқты олар да қирады. Александрия кітапханасы демекші, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ол кітапханадан отырарлық ойшыл, тілші-ғалым Исхақ әл-Фарабидің (X) «Диуан әл-адаб» атты шығармасының қолжазбасы табылды. Ол өткен ғасырдың 70-80 жылдары бір- неше том боп жарияланды. Оны іске асырғандар - Кувейт уни - верситетінің профессоры, доктор Ахмед Мұхтар Умар (Омар) мен каирлік доктор Ибраһим Анис. Бүгінде, өкінішке орай, бұқаралық ақпарат қүралдарынан «біз көшпелі болдық» дегенді жиі естиміз. Көшпелі болдық де- генді жұрт «түгі жоқ, мәдениеттен жүрдай» деп түсінеді. Олай болса, Тараздың 2000, Түркістанның 1500 жылдығын қалай тойладық?! Қазақ жерінен табылып жатқан жәдігерліктер, руха- ни, мэдени жазба мүраларды көршілес кейбір жұрттар өздеріні- кі санап, ие болып жатқандары содан емес пе?! Әбу Насыр әл- Фараби де күні бүгінге дейін түрлі елдердің ғалымы саналып жүрді. Бүйтіп өзіміздікінен күмэнданып, күдіктене берсек, ба- рымыздан айырылып қалмаймыз ба?! Біз исламды қабылдап қана қойған жоқпыз, Ислам өркение- тіне үлес қосқан халықпыз. Сол себепті Отырардан Әбу Насыр әл-Фараби сияқты талай ғұламаның шығуы да заңды. 2020 жылы даланың осы бір дана да дара түлғасының ту- ғанына 1150 жыл толды. Отырар өркениетінің дәуірлеу кезінде өмірге келген Әбу Насыр әл-Фарабидің туған Отаны Қазақстанда үлы ойшылдың мұраларын жинастыру, зерттеу жүмыстары (Э. Кольманның «Большевик Казахстана» журналының 1942 жылғы No 24 са- нында жарияланған «Великое наследие» атты зерттеу еңбегін айтпағанда) негізінен ғалым А.Ж . Машанов пен Қазақ КСР Ғылым академиясы Орталық ғылыми кітапханасының дирек­ торы Н.Б . Ахмедованың 1960 жылғы 15 қарашада Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті Қ.И . Сәтбаевқа Әбу На­ сыр эл-Фараби мұраларын ғылыми іздестіру, жинастыру, ______ ____________________________________________________________ Әбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланыцдара ттщлгасы 83
көшірмелеу, аудару, зерттеу жұмыстарына байланысты көмек сұрап жазған хатынан басталса керек. Қ.И. Сәтбаев «Согласен реализовать. 15.XI .1960» деп бұрыштама қол қойған сол хаттың мэтіні мынау: «Президенту Академии наук Казахской ССР академику К. И. Сатпаеву» Как вам известно, величайший ученый алъ -Фараби явля­ ется уроженцем Казахстана: родился он в Отраре, который по-арабски назывался Фараб (откуда и фамилия ученого), в тюркской семье. Алъ -Фараби является энциклопедистом ран­ него Средневековья (870-950), знаменитым комментатором Аристотеля, Платона и других ученых («первых учитечей») античного мира, поэтому ему было присвоено почетное имя «Второго учителя». Такие знаменитые ученые, как алъ-Бируни, Авиценна и другие его (алъ-Фараби) считают своим учитечем- наставником. Трудов аль -Фараби насчитывается свыше 100 названий по различным отраслям науки и искусства: по мате­ матике, астрономии, химии, географии, геологии, философии, медицине, музыке и т. д. Однако, к сожалению, мы не могли найти в СССР ни одной его подлинной работы. После длительных поисков на днях нам удаю сь получить по межбиблиотечному абонементу три книги из Лейдена (Голлан­ дия). Д ве из них - собственные труды аіъ -Фараби на арабском языке: 1) «Рисала Фусус аль-хикам» («Жемчужина науки»); 2) «Рисала... аль -Мадина. .. алъ -Фадила» («Образец города»). Обе эти книги еопровождены предисловиями проф. Диете - реци на немецком языке; общий объем двух книг около 250 стра­ ниц (1890-1985). Третья книга проф. Брунею на немецком языке; «Государ­ ственное управление по аль-Фараби», около 200 страниц (1904). дбсат т ар к,ажы Д е р б ісә л і __________________________________________________________________________________________________________________________________________ 84
Все эти книги имеют исключительно большую научную цен­ ность. Поэтому мы их фотографируем и снимаем микрофиль­ мы. Необходимо перевести их на казахский и русский языки. Просим Вас дать указание о финансировании данной работы через библиотеку. Член-корр . А Н КазССР (Машанов А.Ж .) Директор ЦНБ А Н КазССР (Ахмедова Н.Б .) 15/ХІ. 1960 Эбу Насыр әл-Фарабидің мұрасын зерттеу ісіне көп еңбек сіңірген фарабитанушы-ғалымдардың бірі эрі бірегейі ҚР ¥ҒА- ның корреспондент-мүшесі, философия ғылымдарының док- торы, профессор Ағын Қасымжанов еді. Оның Әбу Насыр әл- Фараби философиясының сипаты мен мағынасын, ондағы па- расат тұжырымдамасының орнын анықтап жіктеген «Оймен ұғынылған дәуір», «Әл-Фараби дүниетанымындағы парасат мәселесі» атты еңбектері - фарабитануға қосылған үлкен үлес . Ол кісі «Қазақ Совет энциклопедиясының» авторларының бірі ретінде «Араб философиясы», «Әл-Фараби», «Голланд философиясы», «Ғылым», т.б. ғылыми түсініктемелер іспетті қүнды дүниелер жазды. Көрнекті философ -ғалым Анзор Ива - новпен бірге XX ғасырдың 70-жылдары Чехославакияда Әбу Насыр әл-Фарабидің логикалық трактаттарын Қазақстанға алып келіп, үлы ғүлама туралы рухани қүндылығымызды байытты. Ә. Марғұлан, А. Машанов, О. Жэутіков, А. Қасымжанов, А. Көбесов, Қ. Жарықбаев және тағы басқалардың бастамасы - мен 1968 жылы Қазақ КСР Fылым академиясы жанынан Фара- битану тобы қүрылды. Оны кезінде А. Қасымжанов, Ә. Нысан - баев, М. Бурабаевтар басқарды. Олардың жетекшілігімен Әбу Насырдың ғылыми мүрасын табу, тэржімалау, жарыққа шығару, микрофильмдерді тауып түсіріп, фотокөшірмелер жасап, зерт­ теу секілді біраз игілікті іс атқарылды. Докторлық, кандидаттық диссертациялар қорғалды. Ғылыми конференциялар өткізілді . _ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ Әбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланыцдара пщлгасы 85
Әбсаттар к,ажы Дербісәлі Әбу Насыр әл-Фарабидің Қазақстанда шыққан еңбектері Ағын Қасымжанов оларға («Философиялық трактат», «Әлеуметтік-этикалық трактаттар», «Логикалық трактаттар». т.б.) алғы сөздер мен түсініктемелер жазды. Фарабитанушы-ғалымның тағы бір елеулі еңбегі Қазақ ұлт - тық мемлекеттік университетінде 1993 жылы ашылған «Әл- Фараби жэне қазақ халқының рухани мәдениеті» ғылыми- зерттеу жэне оқу-эдістемелік орталығын басқаруы еді. Ағын қайтыс болғаннан кейін бұл орталықты қызы Анель Әзімхан басқарды. Анель де эке жолын қуып, фарабитанушы философ -ғалым болды. Мәселен, оның «Әл-Фарабидің философиялык тарт\ ы» деген еңбегі - отандық жэне шетелдік шыгыстанушылардың пікірінше, ғылыми-философиялық ойдыц алыбы Әбу Насыр әл- Фарабидің дүниетанымын түтастай талдауға арналған күнды ғылыми дүние. Ал «эртүрлі өркемиеттер тоғысы жүзеге асып жатқан жердің рухымен азықтанған (Анель Әзімхан)» Әбу На­ сыр әл-Фарабидің ғылыми -философиялық дүниетанымын зер - делеуге кез келген ғалым-философтың қарым -қабілеті, ой даста - ны жете бермесі анық. 86
Әбу Насыр әл-Фарабидің мұрасын жан -жақты, жоспар- лы түрде іздестіру, жинастыру, зерттеу жэне оны ғылыми айналымға енгізу жүмыстары кеңестік заманда Қазақ КСР Ғылым академиясының Философия және құқық институты қызметкерлерінің күшімен, академик Ш.Е. Есеновтің жетек - шілігімен жүргізілді. Ол кезде Қазақстанның Ғылым академия - сы КСРО Ғылым академиясының құрамдас бөлігі болғандықтан, оның ғылыми-ұйымдастырушылық, ғылыми-зерттеу, үйлестіру, халықаралық ғылыми форумдар мен конференцияларды өткізу, ғылыми мамандарды даярлау, т.б. жұмыстары Одақтың Ғылым академиясымен тығыз байланыста жүргізілген. Әрине, мұндай ғылыми үйлесімді байланыстың Қазақстан ғылымы үшін пай- дасы зор болды. Осы Одақтық үйлестірушілік байланыста Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми мұраларын ғылыми -іздестіру, ғылыми-жинастыру, ғылыми-зерттеу, ғылыми-тәржімалау мақ- сатында ұйымдастырылған шығармашыл ғылыми ұжымның тарихи ғаламат еңбектерінің арқасында үлы данышпанның есімі алғаш рет өзінің туған Отаны Қазақстанға, Одақтас рес- публикаларға кеңінен танымал бола бастады. ___________________________________________________________________д б у Насыр әл-Фараби —Үлы даланын, дара гтщлгасы Ә бу Насыр әл-Фарабидің Қазақстанда шыққан еңбектері 87
Әбсаттар к,ажы Дербісәлі ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н .Ә . Назарбаев Сирия Араб Республикасының астанасы Дамаскідегі ежелгі мешітте. Қараша 2007 ж. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә . Назарбаев жане ҚР Бае м \ф тиі, академик Әбсаттар қажы Дербісэлі Дамаскідегі Ә б\ Насыр ол-Фараби зиратында. Қараша 2 007 ж. 88
Әбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланьщдара гтщлгасы Қазақстан Республикасы ның Президента Нурсултан Назарбаев пен Сирия Президенті Башар эл-Асад Дамаскідегі Бейбарыс султан кесенесінде. Сирия, қараша 2007 ж. Қазақстан Республикасының Президенті Нурсултан Назарбаев пен Сирия Президенті Башар эл-Асад Дамаскідегі Эбу Насыр эл-Фараби зиратындағы митингіде. Қараша 20 0 7 ж. 89
Әбсаттар к,ажы Дербісәлі Әбсаттар қажы Дербісәлі Әбу Насыр әл-Фараби зиратында. Дамаск, наурыз 2006 ж. ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә . Назарбаев пен Обсаггар қажы Дербіеоді эл-Фараби зиратындағы митингіде. Дамаск, қараша 2007 ж. 90
Әбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланыцдара тцліасы Әл-Фараби ескерткішіне гүл қою сәті. Қыркүйек 2017 ж. Елбасы Н.Ә . Назарбаев естелік кітапқа пікірін жазуда . Сирия, Дамаск, қараша 2007 ж. 91
Әбу Насыр эл-Фараби еңбектерінің бірқатарын мен де әлем- дік кітапхана, архивтерден, музейлердің жекеленген мүрағатта- рынан алып, ғылыми айналымға енгіздім. Мәселен, «Шыңырау бұлақтар» (1982), «Қазақ даласының жүлдыздары» (1995), «Ис- ламның жауһарлары мен жәдігерліктері» (2008) атты тарихи- филологиялық зерттеу еңбектерімізде Отырардан шыққан Әбу Насыр эл-Фараби, Әбу Ибраһим Исхақ эл-Фараби, Исмаил әл- Жауһари эл-Фараби, Алам ад-дин эл-Жауһари әл-Фараби, Бурһан ад-дин Ахмед әл-Фараби, Әбу-л Қасым эл-Фараби / әл- Фарйаби, Махмуд әл-Фараби, Қауам ад-дин әл-Иткани эл- Фараби ат-Түркістани, Маула Мухаммед әл-Фараби, Исмаил эл-Хусайни әл-Фараби, Әмір Катиб бин Амир Ғази эл-Итқани (Иқани) эл-Фараби, Әбу Мухаммед әл-Мұқаддаси әл-Фараби, Иахия бин Ахмед Әбу Закария әл-Фараби, Әбу-л Фадл Сид- дик әл-Фараби, Саъд эл-Мүлік әл-Уасиджи (эл-Фараби), Абд ас-Самад эл-Фараби, Әбу Эли Хасан әл-Фараби, Хусам ад-дин Отырари секілді 30-дан астам ойшылды және басқа да шауғар- йасылық ғалымдарды, жендтік дарабоздарды, исфиджабтық - байдалық - сайрамдық дара тулғаларды, усбаникастык (казіргі Темірлан селосы маңында болған қамал) ғүламаларды, тараздық тарландарды, шелжілік парасат иелерін, Жікіл перзенттерін, Баласағун ғуламаларын 200-ден астам елге таныттым. Қазақстандық фарабитанудың қалыптасуы мен дамуына эр кезеңде үлкен үлес қосқан Ә. Марғулан, А. Машанов, О. Жәуті- ков, Ж. Әбділдин, А. Қасымжанов, М. Бурабаев, Ә. Дербісәлі. Ә. Нысанбаев, А. Көбесов, Қ. Жарықбаев, С. Сатыбекова, А. Ке- несарин, Г. Қоянбаева, F. Қүрманғалиева, А. Тәукелов. Ғ. Сапар- ғалиев, А. Уразбекова, Н. Сейтахметова, А. Нысаналин, А. Қа- сымжанова, А. Иванов жэне т.б. есімдерді атап өту парыз. Сондай-ақ Қазақстанда фарабитану жумысына басшылық етіп, жетекшілік жасаған академиктер: Қ. Сәтбаев пен Ш. Есе- новтің есімдерін ерекше атау керек. Ал Әбу Насыр әл-Фарабидің кіндік қаны тамган Отырар- да Асантай Әлімовтің уйымдастыруымен Отырар мсмлексі гік Ә б са т т а р цажы Д е р б і с ә л і _____________________________________________________________________________________________ __________________________________________ _ 92
археологиялық қорық-музейі ашылып , Әбу Насыр әл-Фарабидің туған қаласы Оксус-(Уасидж)-Зернук жэне Отырар алқабындағы басқа да ортағасырлық қала жұрттары археологиялық ескерткіш ретінде қорыққа алынып, археологиялық қазба, қайта жаңғырту, ғылыми-зерттеу, мәдени -ағартушылық жұмыстары жүргізілуде . Бүл үшін біз мемлекет жэне қоғам қайраткері болған этнограф- ғалым Өзбекэлі Жәнібековке, атақты археолог-ғалымдар: К. Ақышев , Л. Ерзакович, К. Байпақов , М. Қожаға, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің бұрынғы дирек­ торы Әуелхан Есжановқа зор алғыс айтуға тиіспіз. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Пре­ зидент! - Елбасы Н.Ә . Назарбаевтың тікелей пэрменімен қа- былданған «Мэдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясын- да Абдулла Жұмашев негізін қалап, негіздеп , қалыптастырып ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан облысы экімінің 2011 жылғы 3 наурыздағы No 43 қаулысы, облыстық мәдениет бас- қармасының бұйрығымен 18 наурызда тұңғыш рет «Руханият - Әбу Насыр эл-Фараби мұражайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ашылды. Мұражайдың құрылуы - мэде­ ни мұрамызға, элемде теңдесі жоқ ұлы ойшыл ғұлама, зама- нымыздың Аристотелі, жерлесіміз Әбу Насыр эл-Фараби құн- дылықтарына деген құрмет. ___________________________________________________________________д б у Насыр әл-Фараби — Үлы даланын, дара ттщлгасы 1975 жылы Алматыда Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1100 жыл атап өтілсе, міне, арада біраз жыл өткен соң, 2020 жы­ лы ұлы ғалымның дүниеге келгеніне 1150 жыл да есік қақты. Бұл айтулы мерзімді Қазақстанның ұсынысымен ЮНЕСКО құптап, халықаралық дэрежеде атап өтуге шешім шығарды. 2019 жылы Республикамыздың Мемлекеттік хатшысы Қ.Е . Көшербаев бастаған мемлекеттік комиссия құрылды . Ол бірқатар күрделі де келелі мэселелерді қолға алып, игілікті істер атқарып үлгерді. 2020 жылы қаңтардың 29-ында эл -Фа - раби атындағы Қазақ ұлттық университетінде эл-Фарабидің 93
өмірі мен қызметіне арналған іс-шаралардың ресми тұсауы кесілді. «Қайырымды қаладан - қайырымды қоғамға» «Алматыда әл-Фарабидің 1150 жылдығы салтанатты түрде ашылды. Алматыда «Әлемнің екінші ұстазы» атанған Әбу Насыр әл- Фараби бабамыздың 1150 жылдығы салтанатты түрде бастау алды. Биыл ЮНЕСКО-ның қолдауымен халықаралық ауқымда аталып өтетін ғалымның мерейтойы әлемнің эр қиырынан кел- ген мәртебелі қонақтардың басын қосты. Айтулы шараға дүниежүзінде әл-Фарабидің атын иеленіп отырған жалғыз университет - эл -Фараби атындағы Қазақ ұлт- тық университеті ұйытқы болды. Сонымен қатар Қазақ ұлттық университетінде эл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойының басталуына орай эл-Фараби орталық кітапханасы ашылды. Сал­ танатты жиында Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көиіербаев ғұлама ғалым кезінде жауап беруге тырысқан қайырымды ко­ там, бақыт, адамның жетілуі туралы мәселелер қазіргі заман үшін де аса өзекті екенін тарата отырып, биыл (2020) Үкіметтің, ЮНЕСКО, ТҮРКСОЙ жэне ИСЕСКО халықаралық үйымда- рының қолдауымен түрлі елдердің ғалымдары Нүр-Сүлтан қа- ласында, әл-Фарабидің отаны - Түркістан облысында және Парижде өтетін ірі халықаралық конференцияларда бас қосып, үлы ойшылдың мүрасы жөнінде ой бөлісетінін айтты. «Ғылыми- сараптамалық іс-шаралар сондай-ақ Түркия, Иордания, Италия. Қытай, Мысыр, Болгария жэне басқа да елдерде өтеді. Бүгінде әлемнің жетекші университеттерінде 12 орталық, ал Стамбул мен Делиде эл-Фараби атындагы Қазақ үлттық университет! ашқан мұражай-үйлер бар. Келешекте Конфуций институттары немесе Гете институттарының ғаламдық жслілері секілді эл- Фараби орталықтары да кеңейе бермек. Жақында «Әл-Фараби ізімен» атты гылыми экспедиция жүмысын бастайды. Барлық Ә б са т т а р цажы Д е р б і с ә л і __________________________________________________________________________________________________________________________________________ 94
іс-шара ғылымға және білімнің дамуына лайықты ықпал етеді деп сенеміз», - деді Мемлекеттік хатшы. Мемлекеттік хатшы мэлімдегендей, эл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде элемдік талаптарға сай эл-Фараби ғылыми-технологиялық алқабы құрылмақ. Ислам Ынтымақтас - тығы ¥йымының қолдауымен жүзеге асатын бұл жоба озық тех- нологиялар мен инновацияларды дамыту орталығына айналады деп жоспарланып отыр. Қырымбек Көшербаев әл -Фарабидің қайырымды қоғам туралы идеяларына негізделген тағы бір жа- ңа жобаны атай келе, бүл бастамалар жастардың рухани-адам - гершілік қасиетін қалыптастыруға бағытталатынына тоқталды. «Әл-Фарабидің отаны Отырар - Қазақстанның ғана емес, бү- кіл Орталық Азияның киелі мекені. Бүгінде облыс орталығы мәртебесіне ие болған Түркістан аймағы күллі түркі әлемінің мэдени-рухани орталығы ретінде дамып келеді. 1150 жылдықты мерекелеу аясында Түркістан облысында эл-Фараби мұрасын қайта жаңғырту жэне Отырар қаласын туристік кластер ретінде қайта қалпына келтіруге арналған іс-шаралар жүзеге асатын болады. Дамаск қаласындағы әл -Фараби мәдени -тарихи орта - лығы мен музей-үйін жетілдіру мәселесі қолға алынады . Сол орталықтың негізінде әл-Фараби атындағы Қазақ үлттық уни - верситетінің филиалы күрылады. Филиалдың қызметі әлемдік қауымдастықта ел мүддесін алға қойып, беделін арттыруға септігін тигізеді. Мерейтой аясында дана ойшылдың еңбектерін аудару, әл -Фараби энциклопедиясын шығару, ғұлама ғалым ту­ ралы деректі фильм жэне өмірбаяндық сериал түсіру, театрлар- да Ш. Құсайыновтың «Әл-Фараби» тарихи драмасын қою, тағы басқа шаралар қарастырылған», - деді Қырымбек Елеуұлы. Мемлекеттік хатшы эл-Фарабидің 1150 жылдығын мереке­ леу барысында төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру керек- тігін санамалай келе: « ¥лы ойшылдың идеялары мен қағидат- тарының теориялық негіздерін жаңа заманға сай пайдалану, ғұлама ғалымның мүрасын өзекті ғылыми зерттеулерде жэне инновациялық білім беру үдерістерінде кеңінен қолдану, _______________ ___________________________________________________ д в у Насыр эл-Фарабы — ¥лы даланыцдара тцлгасы 95
эл-Фараби идеяларының негізінде жаңа үлгідегі мемлекеттік ұс - танымдарды зерделеген жөн», - деді . Осыдан кейін сөз кезегін Алматы қаласының экімі Бақытжан Сағынтаев алды. - Биылғы 2020 жыл еліміздің тарихы үшін маңызды атау- лы күндерге бай. Төрткүл дүниеге танымал ғұлама Әбу Насыр эл-Фараби бабамыздың 1150 жылдық мерейтойы - солардың ішіндегі ең елеулілерінің бірі. Ойшылдың арнайы заңмен бекітілген мерекелік шараларының Алматыда басталуының да өзіндік сыры бар. Себебі еліміздегі ең басты оку ордасы - эл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен эл-Фараби мұраларын жүйелі зерттейтін іргелі ғылыми орталық - Үлттық академия да Алматы қаласында қоныс тепкен. Оған эл -Фараби кітапханасы мен эл-Фараби орталығын қосыңыз . Ғүламаның «Даналық жауһарлары», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары», «Бақытқа жету», «Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері» сияқты еңбектері мыңдаған жыл өтсе де өз мәнін жойған жоқ. Солардың ішінен мен бүтінгі таңдағы қала өмірі үшін ойшылдың «Қайырымды қала» туралы идеялары аса өзекті деп санаймын, - деді. Шаһар басшысы эл-Фараби айтып кеткен ізгі армандар - ды жүзеге асыруды 7 стратегиялық бағытта жүргізуді көздеп отырғанын, сол үстанып отырған мақсаттар эл-Фараби мүрат еткен «қайырымды қала» түрғызу қадамдарымен үштасып жат- қанын жеткізді. - Ең алдымен, эл-Фараби мұрасын зерттеу әлі де күн тәр - тібінен түскен жоқ, зерттелетін қырлары жетерлік. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі эл -Фараби еңбектерін, шет тілдердегі а\дар- маларын туған жеріне қайтарып, эл -Фараби орталығының жеке қорын жасау керек. 1975 жылы ойшылдың 1100 жылдық ме- рейтойынан бастау алған аударма ісін қайта жандандыру керек. Екіншіден, Алматы - жастар қаласы . Жастар - ел болашагы. Шығыс әмірлерінің бірі әл-Фарабиден: «Уа, үстаз , менің мем - лекетімнің болашағы қандай күйде болмақ?» - деп сүраганд а, Әбсатт ар к,ажы Д е р б ісәл і __________________________________________________________________________________________________________________________________________ 96
әл-Фараби: «Еліңнің болашағын білгің келсе, маған жастарыңды көрсет, сонан соң айтып берейін», - деген екен. Осы ретте әл- Фарабидің адамгершілік құндылықтар арқылы тәрбиелеу ісі қоғамды ізгілендіруге септігін тигізері анық. Бүгінде студент жастар арасында арнайы әл-Фараби шығармашылығы бойынша ашық байқау жариялау, Алматы қаласы әкімінің шәкіртақысын тағайындау ұсынылып отыр. Үшіншіден, Алматы қаласында 2009 жылдан бері Білім жэне ғылым министрлігінің қолдауы- мен өтетін «Әл-Фараби олимпиадасы» бүгінде кеңінен таны- мал. Осы сайысты «Жэутіков олимпиадасы» секілді жаңа бір сапалық деңгейге, халықаралық деңгейге көтерген жөн деп са- наймын. Төртіншіден , эл -Фарабидің жүріп өткен жолын саралау арқылы туристерге тартымды болу үшін жарнамалық бағытта «Әл-Фараби ізімен» интерактивті картасын дайындап, соның негізінде интерактивті тур маршрутын жасау орынды болар еді. Бесіншіден, ғүлама ойшылдың ғылыми нысанына аспан дене- лерін зерттеу ілімі де енген болатын. Жас жеткіншектерге әл- Фараби мұрасының жан-жақтылығын дәріптеу мақсатында Ал­ маты қаласындағы обсерватория ішінен әл-Фараби бұрышын ашуды ұсынамын, - деді Бақытжан Сағынтаев. - Тұлғаның адамдық қасиетін жетілдіру - эл -Фараби мүра- сының өзегі. Ол тэрбиесіз берілген білімнің зиян екенін айт- ты, яғни тек материалдық байлық адамға бақыт әкелмейтінін ескертті. Қазіргі кәсіпкерлерге осы бағыттағы тақырыптық тре - нингтер аса қажет, - дейді шаһар басшысы. Осыдан кейін Қазақстан, Қырғызстан , Тәжікстан жэне Өзбекстан бойынша Алматыдағы ЮНЕСКО-ның Кластерлік бюросының директоры Криста Пиккат әл-Фарабидің жаңа орта - лығын құру жэне оның жүмысы Б ¥ ¥ мен ЮНЕСКО үшін үлкен маңызға ие екенін тілге тиек етті. - Әл-Фарабидің дүниетанымы мен мүрасы Тұрақты даму саласындағы жаңа күн тәртібімен, сондай -ақ ЮНЕСКО бағ - дарламалары жэне мақсаттарымен үндес. Сондықтан да Орта - лық Қазақстанда ғана емес, Орталық Азияда да мэдениетаралық ___________________________________________________________________ Әбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланьщдара гтщлгасы 97
диалогті дамытатын ЮНЕСКО-ның белсенді серіктесіне ай- налуы мүмкін. Орталықтың қызметі ЮНЕСКО-ның жастар арасында ғылымды ілгерілетуге, тұрақты дамуды жетілдіруге қажет білім мен дағдыларды ынталандыруға, сондай-ақ әлем мәдениетін дамытуда жэне зорлық-зомбылыққа қарсы іс-әрекет етуде, мэдени эртүрлілік құндылықтарын тануда көмек бере алады, - деді Криста Пиккат. Салтанатты шарада Ислам Ынтымақтастығы ¥йымы бас хатшысының құттықтауын Ислам ынтымақтастығы ¥йымы бас хатшысының Бейбітшілік, қауіпсіздік жэне шиеленісті шешу жөніндегі бөлім басшысы Асқар Мусинов оқыды. - Бүгінгі мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстанның не- гізін қалаушы Президенті Нурсултан Назарбаевтың мәдени орталықтар қүру туралы бастамалары мен Дамаскіде 2012 жылы Қазақстан үкіметі салған эл-Фараби атындағы мәдени орталықты қалпына келтіру туралы шешімін жоғары бағалағым келеді, - деді Асқар Мусинов. Сөз кезегі Сауд Арабиясының Білім жэне ғылым министрі Нассер Мухаммед әл-Акили мырзаға жеткен кезде, ол екі елдің университеттеріне пайда экелетін ғылыми салаларда зерттеулер мен ғылыми ынтымақтастықты одан эрі дамытуға үлкен үміт артатынын жеткізді. Каподистрия атындағы Афины улттық университетінің про- фессоры Георгиос Стейрис: «Мен философияның отаны болып саналатын қалада дүниеге келдім. Сократ, Платон жэне Аристо­ тель Афиныда философияның негізін қалады. Олардан соң фи­ лософия Шығыста тарала бастады, онда философиялық ойдың барлық аспектісін екінші ғалым дамытты. Әбу Насыр әл-Фараби платондық жэне аристотельдік ойларды Шығыс дәстүрлерімен байланыстыруға умтылды жэне ¥лы Еуразия даласына фило- софияны алып келген. Оның үстіне «¥лы музыка кітабы» - аса маңызды ортағасырлық музыкалық трактат. Әл-Фарабидің фи­ лософия тарихындағы орны негіздеуші екені назар аударарлық. Өйткені оның шығармашылыгы мен қызметі Қазақстан, Ирак, д б с а т т а р к,ажы Д е р б і с ә л і __________________________________________________________________________________________________________________________________________ 98
Сирия жэне Мысырдың тарихи жерлерін, Жерорта теңізінен Қытай шекарасына дейінгі барлық ұлы өркениетті біріктірді. Нэтижесінде ол Аристотельден кейінгі ұлы философиялық бе- делге ие болды. Ол - жаһандану идеясын алға тартқан бірінші адам . Ол ежелгі гректердің мейірімді қала идеясын сақтауға ұмтылады, сондай-ақ мейірімді қауым мөлшерін арттырады. Оның па- йымдауы маңызды жэне ықпалды болып қала береді, өйткені эл-Фарабидің жаһандық мемлекеті ақыл -ой мен шыдамдылық арқылы басқарылады. Ешбір діни немесе этностық дэстүр екіншісін жоққа шығармайды», - деді. Мәртебелі меймандардың бірі - Дамаск университетінің президенті Мухаммед Маһир Кауакиби байырғы Шам тари- хын безбендей келе: «Мұнда ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидің кесенесі орналасқан. Ол - ең көрнекті тұлғалардың бірі. һижри жыл санауы бойынша 329 жылы Дамаскіде қайтыс болып, сол жерде жерленген. Ескі Дамаскіде оның кесенесінің жанынан «Әл-Фараби мәдени орталығы» құрылған. Ол философия, ло­ гика, физика, музыка, медицина жэне этика гылымдарын терец меңгергеннен кейін «екінші ұстаз» деген атқа ие болған. Бұл орталық - Қазақ елінің Сирияға тартуы», - деді. Түркия Республикасы ¥лы үлттық мәжілісінің депутаты Метин Гүндоғду биылғы Фараби жылында Түркия Республи- касының ресми өкілдері эл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен тізе қоса отырып, Стамбул мен Анкарада түрлі іс-шара өткізетіндігін жеткізді . Салтанатты жиынның ресми бөлігін эл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің рек­ торы, академик Fалым Мүтанов қорытындылады. Арада он бір ғасыр өтсе де, эл-Фараби ілімінің дэл қазіргі алмағайып заманда өте өзекті эрі қажетті екеніне көзіміз жетіп отыр. Осы орайда университет басшысы Біріккен Үлттар ¥йы - мының іүрақты даму жөніндегі жаһандық хабы ретінде Қаз¥У гүламаның қайырымды қоғам туралы ілімінің негізінде «Уни­ верситет - 4 .0» жаңа моделін дайындап, өткен жылы Біріккен __________________________________________________________________ д бу Насыр әл-Фараби — Үлы даланын, дара тцлгасы 99
¥лттар ¥йымының Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде, ал биыл Жиддада, Ислам Ынтымақтастығы ¥йымында таныстырды. Жаңа жоба халықаралық ауқымда жан-жақты қолдау таба баста- ды, - деді. Қазіргі уақытта осы модель аясында Қ аз¥У Біріккен ¥лттар Ұйымының Өркениеттер альянсымен бірге «Қайырымды қоғам азаматтарын қалыптастыру. Қазіргі университеттер миссиясы» деп аталатын халықаралық жобаны жүзеге асырып отыр. Бұл жоба Қазақ ұлттық университетінің әлемнің 12 мемлекетінде ашылған эл-Фараби орталықтарында іске қосылған. Сондай-ақ жуырда әл-Фарабидің жатқан жері - Дамаскідегі кесенесінде осындай орталық ашылмақ. Осы арада эл-Фараби есімін жэне ілімін мәшһүрлеу мақсатында ¥ лтты қ университетте түңғыш қазақстандық «әл-Фараби-1» жэне «әл-Фараби-2» наноспутник- тері ғарышқа ұшырылғанын айту лазым. Сондай-ақ «эл-Фараби ғылыми-технологиялық алқабы» атты жаңа жоба іске қосылады. ¥л ы ойшылдың мерейтойы қарсаңында университет сту- денттері эл-Фарабидің қайырымды қоғам туралы ілімін еліміз- де жэне әлемде тарату ниетімен «QAIYRYMDY QOGAM» деп аталатын заманауи челленджді бастап кетті. Фараби мерейтойы ашылу салтанатының соңы театрландырылған сахналық көрініс пен үлкен концертке үласты». Ә б са т т а р кджы Д е р б і с ә л і __________________________________________________________________________________________________________________________________________ 2020 жылдыц 29 цаңтарында Алматыда Әбу Насыр әл- Фарабидің туганына 1150 жыл толу мерейтойына цатысқан мемлекет, қогам және гылым мен мэдениет цайраткерлерінің сөйлеген сөздерін республикалъщ «Егемен Қазақстан» газсті (2020. - No 22. - 3 0 қаңтар) ңысқарта, ықшамдап жарияласа, 2020 жылдың 3 ацпанында сол басылым республикалық жлне шетжүрттъщ зиялылардыц да сөзін толыгырақ стіп тагы да жариялады. Мәселеніц маңыздылыгы, т арихилы ш , түрлі ой-пікірісрді ескере және келеиіекте Әбу Насыр әл-Фарабидің омірі мен 100
шыгармашылыгы қызьщтыратындар мен зерттеушілер үшін пайдалы боЛар деген ниетпен оларды оцырманга тагы да үсынганды жөн көрдім. ¥лы даланың үлағатты түлғасы Ғұлама галым Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдыгын атап өту шаралары 29 цацтарда Алматы цаласында өткен салтанатты жиында ресми түрде бастау алганы белгілі. Біз осы айтулы шара аясында өткен халыцаралъщ конференцияга цатысушылардыц әлемге танылган «екінші үстаз» туралы пікірлерін назарларыңызга толыгырац үсынып отырмыз. Қырымбек КӨШЕРБАЕВ, Қазацстан Республикасыньің Мемлекеттік хатшысы Таяуда (2020 ж. 29 қаңтарда) Алматыда биылғы жылдың үлесіндегі тағылымды эрі тарихи белестердің бірі - өркениеттің ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерей- тойы зиялы қауымның, отыздан астам шетелдік делегацияның қатысуымен салтанатты жағдайда басталды. Бұл - ¥лы дала- дан шыққан ұлағатты тұлғаның құрметіне жыл бойы жасалатын ізгілікті істер мен игілікті рухани шаралардың бастауы ғана. Түнғьтттт Президентіміз - Елбасы Нурсултан Назарбаев «¥лы даланың жеті қыры» атты мақаласында әйгілі ғұлама ғалымның тұлғасы мен мұрасына лайықты баға бергенін жақсы білесіздер. Иә, эл-Фараби - қазақ халқының ғана емес, бүкіләлемдік өркениеттің рухани игілігі, ислам жэне әлем философиясының жарық жүлдызы. Ол әлемді тануға жэне бүкіл адамзаттың руха­ ни дамуына теңдессіз үлес қосты. Сондықтан осы айтулы ме - рейтой биыл ЮНЕСКО-ның атаулы күндер күнтізбесі аясында халықаралық ауқымда аталып өтеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей қол- дауымен жүзеге асқан ЮНЕСКО-ның бұл шешімі «ғаламның ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ _ д б у Насыр әл-Фараби — Үлы даланьщдара тцліасы 101
Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған» кемеңгер тұлга- ның тэуелсіз Қазақстанның, қазақ халқының ерекше үлесінде болуын орнықтыра түсетін тарихи сәт екенін оқырмандар жақ- сы түсінеді деп ойлаймын. Мерейтойды мерекелеудің басты мақсаты - эл -Фараби мұ- расын зерделеуге жаңа серпін беру, элем тарихындағы оның рөлін айқындап, есімін ұлттық бренд ретінде ұлықтау. Әл-Фарабидің ғылыми мұрасы - бүкіләлемдік ғылым да- муының тарихи іргетасы жэне бастау көзі. Үлы ойшылдың 160- тан астам трактатта көрініс тапқан шығармашылығы ғылымның негізгі бағыттарын дамытуға ықпал етті. Ол математика, фило­ логия, химия, биология, астрономия, философия, медицина, ло ­ гика, элеуметтану, саясаттану, құқықтану, этика жэне баска да салаларга өлшеусіз үлес қосты. Әл-Фарабидің шығармашылық болмысы Шығыс пен Ба­ тые өркениетін байланыстыратын рухани алтын көпірге айнал- ды. Көрнекті ойшыл-гуманист ретінде ол өз шығармашылығы арқылы антика жэне ислам әлемін біріктіре алды. Оның трактат- тары Реннесанс (Қайта өрлеу) дэуірінде Еуропадагы ғылымның дамуына жэне дүниетанымның қалыптасуына тікелей эсер етті. Ғұлама ғалым кезінде жауап беруге тырысқан бақыт, адамның жетілуі туралы сұрақтар қазіргі заманғы адам мен қоғам үшін де аса өзекті. Оның дүниетанымы, адамзат өркениетіне көзқарасы жер бетіндегі барлық адамға бірдей түсінікті эрі тартымды. Өзінің «Қайырымды қала түрғындарының көзқарастары жайындағы трактатында» ол мейірімді адамдар тұратын шаһар- дың моделін жасады. Әл-Мадина эл-Фадила - эрбір түрғыны бақытқа қол жеткізуге үмтылган ізгі жандардың кемелденген қоғамы. Оның пікірінше, білім мен ізгілік ажырамас бірлікте болуы керек. Кемеңгер үстаз: «...тек халықтардың бірігуі және өзара көмегі арқылы ғана бақытқа жетуге болады...» - дейді. Әл-Фарабидің «қайырымды қогам» туралы ілімі бүкіл адам­ зат үшін маңызды. Ол үсынған өркениеттер арасындағы диалог пен әріптестік қагидалары негізінде түсіністікке келуге болады. д б с а т т а р к,ажы Д е р б і с ә л і __________________________________________________________________________________________________________________________________________ 102
Үкіметтің ЮНЕСКО, ТҮРКСОЙ және ИСЕСКО халықара- лық ұйымдарының қолдауымен түрлі елдер ғалымдары биыл 2020 жылы Нүр-Сұлтан қаласында, әл-Фарабидің Отаны - Түр- кістан облысында жэне Парижде өтетін ірі халықаралық кон- ференцияларда бас қосып, үлы ойшылдың мүрасы жөнінде ой бөліседі. Сондай-ақ ғылыми -сараптамалық іс -шаралар Түркия, Иор­ дания, Италия, Қытай, Мысыр, Болгария және басқа да елдерде өтеді. Бүгінде әлемнің жетекші университеттерінде 12 орталық, ал Стамбул мен Делиде эл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни­ верситет! ашқан мұражай-үйлер бар. Келешекте Конфуций институттары немесе Гете институт- тарының ғаламдық желілері секілді эл-Фараби орталықтары да кеңейе бермек. Жақын арада «Әл-Фараби ізімен» атты ғылыми экспедиция жұмысын бастайды. Барлық іс -шара ғылымға жэне білімнің да - муына лайықты ықпал етеді деп сенеміз. Әл-Фарабидің қызметі әлемдік ғылымның дамуындағы та- рихи іргетас болып саналады. Сондықтан эл -Фараби жылын - да ғылым мен жоғары технологиялар жүйесіне ерекше мэн беріледі. Тек қана конференциялар мен ғылыми дөңгелек үстел - дер өткізумен шектелмей, жаңа инновациялық жобаларды жү- зеге асыруға басымдық беріледі. Атап айтқанда, эл-Фараби атындағы Қазақ үлттық универ - ситетінде әлемдік талаптарға сай эл-Фараби ғылыми -техноло - гиялық алқабы құрылады. Ислам Ынтымақтастығы ¥йымы- ның қолдауымен жүзеге асатын бұл жоба озық технологиялар мен инновацияларды дамыту орталығына айналады деп жос- парланып отыр. Бұйырса, әл-Фарабидің қайырымды қоғам туралы идеяла - рына негізделген жаңа жоба жүзеге асатын болады. Бұл бас - тама, әсіресе , жастардың рухани-адамгершілік қасиетін қалып - тастыруға бағытталған. __________________________________________________________________ Әбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланыцдара тулгасы 103
Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы - Қазақстанның тарихы мен бай мәдениетінің аса маңызды жэне ажырамас бөлігі. Оның мұрасы арқылы біз түркі халықтарының руха- ни тамырластығы мен жақындығын, тарихы мен мәдениетінің ортақтығын, мәдени мұраның әлеуетін терең түсінеміз. Түркі тілінде жазылған Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Ясауи, эл-Қашғари, Сүлеймен Бақырғани, Ахмет Йүгінеки ең- бектерінде ұлы Отырар ойшылының гуманистік идеяларының белгілері байқалады. Оның идеялары қазақ даласының ұлы ұс- таздары - Абай мен Шәкәрімнің үстанымын қалыптастырды. Әл-Фарабидің туған өлкесі - Отырар Қазақстанның ғана емес. бүкіл Орталық Азияның киелі мекені. Бүгінде облыс орталығы мэртебесіне ие болған Түркістан аймағы күллі түркі әлемінің мә- дени-рухани орталығы ретінде дамып келеді. 1150 жылдықты ме- рекелеу аясында Түркістан облысында эл-Фараби мүрасын қайта жаңғырту және Отырар қаласын туристік кластер ретінде қайта қалпына келтіруге арналған іс-шаралар жүзеге асатын болады. Сирияның Дамаск қаласындағы эл-Фараби мәдени-тарихи орталығы мен музей-үйін жетілдіру мәселесі қолға алынады. Сол орталықтың негізінде тәуелсіз Қазақстанның Бас консулдығы мен эл-Фараби атындағы Қазақ үлттық университетінің фи­ лиалы құрылатын болады. Филиалдың қызметі - әлемдік қа- уымдастықта еліміздің мүддесін алға қойып, беделін арттыруға көмек көрсету. Сонау XII—XIII ғасырларда эл-Фараби шығармалары латын- ға - ғылым тіліне аударылды. Бүгінде әл-Фарабидің өлмес мүра- сы қалың көпшілікке кеңінен қолжетімді болып, өскелең ұрпақ- тың рухани-адамгершілік жэне патриоттық тәрбиесіне ықпал етуі өте маңызды деп есептейміз. Мерейтой аясында дана ойшылдың еңбектерін аудару, эл- Фараби энциклопедиясын шығару, ғұлама ғалым туралы дерек- ті фильм жэне өмірбаяндық сериал түсіру, театрларда Ш. Қүса- йыновтың «Әл-Фараби» тарихи драмасын қою, тағы да баска шаралар қарастырылған. д б с а т т а р к,ажы Д г р б і с ә л і _________________________________________________________________________________ ________________________________________________________ 104
Әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеу барысында мына- дай міндеттерді жүзеге асыру керек деп санаймыз: Біріншіден, үлы ойшылдың идеялары мен қағидаттарының теориялық негіздерін жаңа заманға сай пайдалану керек. Екіншіден, ғұлама ғалымның мұрасын өзекті ғылыми-зерт - теулерде жэне инновациялық білім беру үдерістерінде кеңінен қолдану керек. Үшіншіден, әл-Фараби идеаларының негізінде жаңа үлгідегі мемлекеттік ұстанымдарды зерделеген жөн. Төртіншіден, эл-Фарабидің мерейтойы заманауи білім жү- йесінің, ғылым мен инновацияның дамуына жэне халықаралық ынтымақтастыққа қуатты серпін береді деп сенеміз! __________________________________________________________________ д б у Насыр әл-Фараби —Үлы даланын, дара тцлгасы Криста ПИККАТ (Ms. Krista РІККАТ), ЮНЕСКО-ның Қазацстан, Қыргызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша кластерлік бюросьтың директоры ¥стаздың даналығы әлі де өзекті 1150 жылдық мерейтойдың ЮНЕСКО-ның жаһандық атау- лы күндер тізіміне енгізілуі 2020 жылға сәйкес келу оқиғасына дүниежүзі зор мэн береді. Мерекені ұйымдастыру ұйымның популиризациясы арқы- лы халықтарды жақындастыру, әлемдік мэдениет, ғылым жэне білімді дамыту міндетіне сәйкес келеді. ¥л ы үстаздың даналығы бүгінгі таңда да өзекті және үлкен мэнге ие болып отыр. Ғалымның трактаттарын түсіну белгілі бір деңгейді, ішкі дайындық пен сананы қажет етеді. Әл -Фарабидің жаңа орталығын қүру жэне оның жүмысы Б ¥ ¥ мен ЮНЕСКО үшін үлкен маңызға ие. Әл-Фарабидің дүниетанымы мен мүрасы Тұрақты Даму сала- сындағы жаңа күн тэртібімен, сондай-ақ ЮНЕСКО -ның бағдар- ламалары жэне мақсаттарымен үндес. Сондықтан да Орталық 105
Қазақстанда ғана емес, Орталық Азияда да мәдениаралық диалогті дамытатын ЮНЕСКО-ның белсенді серіктесіне айналуы мүмкін. Орталықтың қызметі ЮНЕСКО-ның жастар арасында ғы- лымды ілгерілетуге, тұрақты дамуды жетілдіруге қажет білім мен дағдыларды ынталандыруға, сондай-ак әлем мэдениетін да- мытуда жэне зорлық-зомбылыққа қарсы іс-әрекет етуде, мэдени эртүрлілік құндылықтарын тануда көмек бере алады. Ә б са т т а р к,ажы Д е р б і с ә л і __________________________________________________________________________________________________________________________________________ Йусуф бин Ахмед ӘЛ-УСАЙМИН, Ислам Ынтымацтастыгы Үйымының (ИЫ¥) Бас хатшысы Өркениет дамуына өз үлесін қосты Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нурсултан Назарбаев мырзаның мәдени орталықтар қуру туралы бастамалары мен Дамаскіде 2012 жылы Қазақстан салған эл-Фараби атындағы мәдени орталықты қалпына келтіру туралы шешімін жоғары бағалаймын. Көрнекті ғалым-философ Әбу Насыр әл-Фарабидің бүкіл- элемдік ғылым, медицина, физика, метафизика, логика, саясат, музыка салаларын дамытуға қосқан орасан зор үлесін, оның мурасының бүкіл әлем өркениетіне қосқан үлесін еске түсіретін болсақ, оның шығармаларына қатысты біз элі де ортағасырлық каталогтерде аталған заттардың жартысынан азын ғана тапқа- нымызды атап өткен жөн. Тарих бойында мүсылман ғалымдар мен зерттеушілер, со- ның ішінде эл-Фараби эртүрлі ғылыми пәндерге арналган онда- ған, тіпті, жүздеген мың қолжазба, сондай-ақ сансыз ашылған жаңалықтар, өнертабыстар мен инновациялар арқылы адамзат өркениетінің дамуына өз үлесін қосты. Біз ИЫ ¥-да әл-Фарабидің бай гылыми жэне энциклопедия- лык мүрасыы тек жастар арасында ғана емес, сонымен кагар 106
әлемнің басқа елдерінде кеңінен таратудың маңыздылығын жо- ғары бағалаймыз жэне мойындаймыз. __________________________________________________________________ Әбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланын, дара тцлгасы Метин ГҮНДОҒДУу Түркия Республикасы ¥лы үлттъщ мәжілісініц депутаты Ортақ қүндылықтарымыздың қайнары 870 жылы қазіргі Қазақстанның аумағындағы Отырар қа- ласында «Адамзаттың екінші ұстазы» жэне «Шығыстың Арис- тотелі» деген атпен белгілі Әбу Насыр Мухаммед бин Тархан бин Узлағ эл-Фараби ат-түрки деген үлы ғалым, энциклопедист, Ислам пәлсапасының алдыңғы қатардағы қайраткері туған. ¥л ы талым - Батые пен Шығыс арасында ғылыми эрі ру- хани бір көпір. Ол - бір ұлы мәдениеттің пәлсапашысы. Біз мемлекеттер арасында туындап жатқан проблемаларды шешуде әл-Фарабидің көзқарасы мен ойларына мұқтажбыз. Әл-Фараби - Түркі әлемі үшін өте маңызды білім қайраткері болуымен қатар, біздің ортақ қүндылықтарымыздың ішіндегі де қадірі ерек- ше бір есім. Өмір сүрген аймақтарына қарайтын болсақ, ұлы ғалымның әлем картасындағы маңызы ерекше жағрафияда аса беделді болғанын байқауға болады. Әл-Фарабидің Стамбулда мүражай-үйінің жэне Стамбул университетінің құрамында эл-Фараби зерттеулері орталығы- ның ашылуы екі елдің интеграциясы үшін ерекше маңызды. Сол себепті де 2020 - Фараби жылында біз Түркия Республикасы- ның ресми өкілдері ретінде эл-Фараби атындағы Қазақ үлттық университетімен тізе қоса отырып, Стамбул мен Анкарада түрлі іс-шараларды жасауды жоспарлаудамыз. 107
Нассер Мухаммед ӘЛ-АҚИЛИ, Сауд Арабиясы Білім және гылым министрінің гылым және инновация бойынша орынбасары Данышпан мерейтойын өткізу - құрмет Біз, Сауд Арабия мемлекеті, өз университеттеріміз бен әл- Фараби университеті арасындағы қарым-қатынастың маңыз - дылығы туралы білеміз жэне бұл байланыстың маңызды екен- дігіне сенеміз. Қазақстан Республикасы - ең ірі теңізге шықпайтын мемле - кет жэне аумағы бойынша 9-орында тұр, оған қоса экономикасы жағынан Орталық Азия мемлекеттері арасындағы ең куаттысы. Бізде тарихи қатынастардың тереңдігі мен тәуелділіктер жэ­ не мұнай-газ саласындағы артықшылықтарымызға қатысты сөз қозғағанда ортақ дүние көп. Біз сіздермен эл-Фарабидің 1150 жылдығын атап өту құр- метіне ие болып, екі елдің университеттеріне пайда әкелетін ғылыми салаларда, зерттеулер мен ғылыми ынтымақтастықты одан эрі дамытуға үміттенеміз. Әбсатт ар к,ажы Д е р б ісә л і __________________________________________________________________________________________________________________________________________ Мухаммед Маһир ҚАУАКИБИ, Дамаск университетінің ректоры Әл-Фараби - екінші ұстаз Ескі Дамаск - астананың ежелгі тарихи бөлігі жэне көпте - ген ерекшелігімен өзгешеленеді, оның ең маңыздысы - көне Дамаск қаласының қабырғалары. Мұнда гұлама Әбу Насыр әл - Фарабидің кесенесі орналасқан. Ол - ең көрнекті түлғалардың бірі. һижри жыл санауы бойынша 329 жылы Дамаскіде қайтыс болып, сол жерде жерленген. Ескі Дамаскіде оның кесенесінің жанынан «эл-Фараби мәдени орталығы» құрылған. Ол 108
философия, логика , физика, музыка, медицина жэне этика гы- лымдарын терец меңгергеннен кейін «екінші ұстаз» деген лақап атқа ие болған. Бұл орталық - Қазақ елінің Сирияға тартуы . __________________________________________________________________ д б у Насыр әл-Фараби — Үлы даланыц дара тцлгасы Джордж СТЕЙЭРС, Орта гасыр және цайта өрлеу философиясының доценті, Каподистри атындагы Афины үлттъщ университеті Философия кафедрасы (Грекия) Батые пен Шығыстың көпірі Әбу Насыр эл-Фараби платондық жэне аристотельдік ой- ларды Шығыс дәстүрлерімен байланыстыруға ұмтылды жэне ¥ л ы Еуразия даласына философияны алып келген. Оның үстіне оның « ¥лы музыка кітабы» аса маңызды ортағасырлық музыкалық трактат болып саналады. Философия тарихындағы маңыздылығынан бөлек, эл-Фараби идеялары элі де өзекті. Оның философиясы Платон мен Аристотельден біраз шабыт алғанымен, ол басқа әлемді бейнелеудің маңызды жэне қызық- ты тэсілдерін өз көзқарасымен көрсетеді. Монотілді жэне мо- ноэтностық қаланың орнына эл-Фараби ілімі - кең ауқымды мультимәдени, көптілді жэне көпконфессиялы жаһандық мем- лекет. Ол - жаһандануды ойлаған жэне сол идеяны алға тартқан бірінші адам. Ол ежелгі гректердің мейірімді қала идеясын сақ - тауға үмтылады, сондай -ақ мейірімді қауым мөлшерін артты - рады. Оның пайымдауы маңызды және ықпалды болып қала береді, өйткені әл -Фараби жаһандық мемлекеті ақыл -ой мен шы- дамдылық арқылы басқарылады. Ешбір діни немесе этностық дэстүр екіншісін жоққа шығармайды. Әл-Фараби - Ислам жэне классикалық грек философиясы- ның қиылысында көтерілген мэселелерді алғаш рет зерттеген ерекше философ. Ол екі жақты да дамытатын философиялық және діни бейімделудің үлгісін көрсете алды. 109
Қазақстан - қуатты жэне керемет ұлттардан тұратын мемле- кет, оның көшбасшылары басқалардан көреген, себебі олар әл- Фараби жэне Абай секілді алпауыттардың иығында тұр. д б с а т т а р к,ажы Д е р б і с ә л і __________________________________________________________________________________________________________________________________________ Әбсаттар қажы ДЕРБІСӘЛІ, Р.Б. Сүлейменов атындагы Шыгыстану институтының директоры, Жогары мектеп ҒА-ның академигі, филология гылымдарыныц докторы, профессор ¥лы ға тағзым Әл-Фараби - өздігінен оқып жетілген ғалым. Ол ең алды- мен грек ғылымын, оның пәлсапасын, әсіресе Аристотельдің еңбектерін қызығып оқыған. Ибн Халликанның айтуына кара- ганда, Әбу Насыр Аристотельдің «Метафизикасын» қырық, «Жан туралы» еңбегін жүз, ал «Риторикасын» екі жүз рет оқып шыққан сияқты. Осындай ыждағаттылығының арқасында ғана ол Аристотельдің ғылыми мұрасын еркін игерген. Атақты тарихшы оның қарапайым, аса қанағатшыл, жүпыны ғана киініп, той-думан, сауық-сайраннан бойын барынша ау- лақ ұстаған адам болганын жазған. Күндіз ол көбінесе қаладағы бақта күзетшілік қызмет атқарып, тапқан ақысына сатып алған шырақ жарығымен түні бойы кітап оқумен шүғылданған [Ибн Халликан. Уафайат эл-ағайан уа анба абна аз-заман... 5-том. - 154-6.]. Орта ғасырлардың өзінде-ақ Әбу Насыр қанаусыз, зорлық- сыз бақытты қоғам орнату жөнінде батыл болжам жасаған. Мүндай қоғамның тууын ол мемлекет басшысының ақылы, бі- лімі, адамгершілігімен байланыстырған. Әбу Насыр әл-Фараби ғылымның пәлсапа, логика сияқты салаларының іргетасын қайта қалаған, эр ғылым саласын жеке пэн ретінде игеру жагын көтере отырып, олардың мәнін айқындап, мазмүнын ажыратуга 110
тырысқан. Әуез жайлы да күрделі зерттеулер жүргізген, мате­ матика саласында үлкен жаңалықтар ашқан, астрономия жайлы кесек-кесек еңбектер қалдырған, физика ғылымын да тың ой- лармен байытқан. Жаратылыстану ғылымының медицина, хи ­ мия, минералогия секілді аса маңызды салалары бойынша күні бүгінге дейін мэнін жоғалтпаған еңбектер жазған. Коне грек оқымыстыларының пікірлеріндегі озық қағидаларды талдаған. Редакциядан: Осы тақырыпца ораіі әл-Фарабыді алгаш зерттеп, еліміздегі фарабитанудың негізін қалаган галым, марңұм Ақжан М АШ АНИДІҢ де пікірін ұсынуды жөн көрдік: Егер де бізге осы XX ғасырда әл-Фарабиге ең жақын, руха- ни сабақтас адам бар ма десе, алдымен ол Абай дер едік. Әл- Фараби мен Абай арасын жақындастыру, оларды үндестіру - біз- дің халқымыздың мыңжылдық мәдени-рухани дүниесін тірілту деген сөз. Демек, бүл зор мақсатты халықтық іс деп білу керек. Әл- Фараби ғылым мен өнердің барлық саласында өшпес із қалдыр- ган. Әл-Фарабидің қайырлы жаңбырынан нэр алмаған бау-бақша жоқ. Қалың орман да, кең дала да, тау-тас та, аспандағы жүлдыз да, жердегі қүндыз да нэр алған. Солардың бэрі эл-Фараби му- зыкасына қосылып, ғаламның гармония мақамын жырлайды. «Егемен Қазацстан». - 2020. -No22.-3 ақпан. ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ _Әбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланын, дара тцлгасы 111
ФАРАБИТАНУДЫҢ ҚАЙНАР БАСТАУЛАРЫ Әбсатт ар к,ажы Д е р б ісәл і ________________________________________________________________________________________________________________________ _ Жұрт адам баласының үрпагы болган- дьщтан, өзара тату ңатынаста болуы тиіс. Әбу Насыр әл-Фараби Әбу Насыр Мухаммед бин Мухаммед бин Тархан бин Узлағ эл-Фараби ат -түрки, яғни [870 - Отырар (Фараб), 950 - Дамаск (Сирия)] улы ойшыл, әмбебап энциклопедист -ғалым , «екінші Аристотель» атанған Отырар перзентін кейбір зерттеушілер Отырар маңындағы Кедерде туған десе, бағзы біреулері Сыр- дарияның арғы бетіндегі Оқсызда (Уасиджде) дүниеге келген деп жазады. Ортағасырлық араб тарихшылары Фараб (Отырар) Арыс өзенінің Сырдарияға қуяр сағасында екенін айтады. Ол шын- дығында да солай. В.В. Бартольд (1868-1930): «Ғылыми жумыстар ІХ -Х ғасыр - ларда негізінен ескі мәдени орталықтар: Басра мен Харранға шоғырланды. Осы жерге жэне Бағдадқа Антиохиа мен Харран - нан ежелгі грек ғылымы қоныс аударылды. Багдад мусылман әлемінің сан түрлі аймактарының әде- биетшілері мен ғалымдарын, негізінен Парсы елі мен Орта Азиядан шыққандарды қызықтырып, ынтықтырды. 762 жылы іргетасы қаланган Багдад орталық өкіметтің, сауда жолының жэне байлықтың ғана емес, сондай -ақ бүкіл халифаттың мәдени өмірі мен ғылыми ой-пікірінің да орталыгы болды» [6, 156]. Ал Харранға келсек, оның 5000 жылдық тарихы бар. Өркс - ниет тарихы тургысынан қарасақ, көне шаһардың маңызы зор 112
Харран тарихи Месопотамияны Жерорта теңізімен жалғасты- рып, түріктің Шанлыурфа округінен 44 шақырым жерде, Түркия- ның оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Археологиялық қазба кезінде табылған сына жазулы тақ- тайшалар Харран қаласының аты 4 мың жыл бойы өзгермеген- дігін куэландырады. Шумер жэне аккад тілдерінде «Харран» «саяхат» немесе «жол торабы» дегенді білдіреді. Шынын - да да, ол өзекті сауда жолдарының қиылысында орналасқан. Бұл тарихи қалада көптеген мәдени құндылық шоғырланған, ал Анатолия мен Месопотамия арасындағы сауда қатынастары осы қала арқылы жүзеге асқан. Харранда ғылым, философия және өнер ұдайы жанданып тұрды. Дүниежүзіне танылған философиялық ағымдардың бірі «харрандық» деп аталады. Әлемге аты шыққан көптеген ғалым - Харран университетінің түлектері. Солардың кейбірін атап өтелік: Сэбит ибн Курра - 800 жыл- дары өмір сүріп, грек философтарының шығармаларын араб тіліне аударған математик, дәрігер, астроном , механик; Әл- Баттани - Жерден Айга дейінгі арақашықтықты дұрыс есептеп шыққан ортағасырлық астроном жэне математик; Джабир ибн Хайян: «Заттың өте ұсақ бөлшегі одан да ұсағына бөлінгенде, қалаларды қүртып жіберетіндей орасан зор энергия бөлінеді», - деп көне гректер тұжырымдарына қайшы келген. Араб дін - танушысы Ибн Таймия да Харран университетін тамамдаған. Бүлар Харранда оқыган элемге эйгілі ғалымдардың бірен-сараны гана» [Интернет дерегі]. Харран бүгінгі күнге дейін жетті . «Бағдадта ғылыми еңбектерімен аты шыққан әл-Хорезми, эл-Фарғани, ат-Түрки , эл-Баттани, ас-Суфи, Әбу Башар , ан- Наззам, ар-Раванди, Хунайн ибн Исхак жэне көптеген тарихшы , географ, филологтер мен ақындар қызмет етті. Халиф һарун ар-Рашид, әсіресе , эл-Мамунның тұсында ғылым мен жасампаз ойдың дамуына аса оңтайлы жағдай ту- ғызылды. Осы салыстырмалы сөз еркіндігі кезінде, билік ба- сындагы адамдар әрқилы дін ілімдеріне қызығушылық таны- тып, сарайда барлық дін өкілімен пікірсайыстар өткізілген... ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ _д б у Насыр әл-Фараби —Үлы даланыц дара тцлгасы 113
Әл-Фараби Бағдадқа келісімен ортағасырлық ғылым мен тілдің эртүрлі салаларын зерделей бастайды. Ол діни сенімі жэне философиялық көзқарасы эртүрлі адамдармен араласады... Әл- Фараби философия тарихына арнап жазған бір шағын тракта- тында Иуханна ибн Хайлан мен Әбу Башар Маттаны коне грек философиясының білгірлері деп атап өткен. Әл -Фараби Иуханна ибн Хайланнан Аристотельдің «Екінші аналитикасын» зерделе- ген («Әл-Мажму» атты жинақтағы әл-Фарабидің өмірбаянында «сол кезеңде осындай философиялық мэселелерді зерделеуге тыйым салынып еді» делінген), ал Әбу Башар Матта (мэтінде Матта ибн Иунус деп аталған) тек болмыс формаларын ғана оқытқан... Негізінен, эл -Фараби теориялық ғылымдармен шұғылдан - ған. Математика, логика, теориялық медицина, музыка теориясы жэне тағы басқалары, сонымен қатар жаратьшыстану, филоло­ гия, поэзияны ойдағыдай игерді... араб тілі мен грамматикасын Бағдадта зерделеді. Басқа мәліметтерге сэйкес парсы, грек , коне Сирия жэне басқа да көптеген тілді меңгерді. Ал кейбір дерек - терде әл-Фарабидің 70-тен астам тіл білгендігі туралы деректер келтірілген. Оның білімге қалайша иек артқандығы туралы: «Бірде жа- қындарының бірі арасында Аристотельдің трактаты бар кі- таптарды әл-Фарабидің сақтауына қалдырған . Әл -Фараби қолы босағанда сол кітаптарды оқып, әуестенгені соншалық - өзі ат- қарып жүрген қазылық қызметін тастап кеткен. Осы оқиға оның ұлы ғалым болу жолында өте маңызды рөл атқарған», - дейді . Шынында да, ол гылымдарды зерделеу барысында грек да- налығымен, атап айтқанда, көненің ұлы ойшылы Аристотелъ- дің еңбектерімен айналысты. Сол кезеңде негізінен көне сирия тілінен Аристотель еңбектерінің аудармалары көп (оның еңбек- тері көне сирия тіліне бұрын да, сонау VI—VII н . аударылган) болатын. Грек ойшылының еңбектерін эл -Фарабидің ыждағат - тылық танытып, шыдамдылықпен зерделегендігі туралы мәлі- меттер бар. Әбсаттар к,ажы Д ер б ісәл і __________________________________________________________________________________________________________________________________________ 114
Біршама мұсылман дереккөздерінде «әл-Фараби һижраның 830 (941) жылы Дамаскіге жетті жэне ғылыми жүмыспен шұ- ғылданып, қалған өмірін сол жерде өткізді. Дамаскіде эл -Фараби қала шетіндегі бақ күзетшісі болуға мэжбүр болған, ал түнде алған жалақысына балауыз шырақ сатып алып, соның жары- ғымен ғылыми жұмыспен айналысқан деген хикая бар» делінген. Ибн Халликан (1211-1282): «Әбу Насыр жұрттан жырақта, көгі мен суы мол табиғат аясын мекендеп, басқаларды оқытқан , трактаттар мен көне грек оқымыстыларының еңбектеріне тү- сіндірмелер жазған. Әбу Насыр ізгілікті адам болғандықтан, қа- жеттіліктерін күйттемей, қарапайым өмір сүрген» [6, 156-163-6 .J деп жазды. Ол Сайф ад-Даула эл -Хамдани (915-967) сұлтан билеген, Дамаскіден солтүстіктегі Халаб (Алеппо) қаласына барды. Оның сарайында әдебиетшілер, ғалымдар, ақындар мен та- рихшылар тэрізді көптеген ғылым саласының өкілдері түрған. Ортагасырлық араб әдебиетінің классигі Ахмед эл-Мүтанабби (915-965) де соның сарайында біраз уақыт тұрған. «Сайф ад-Даула әл -Фарабиге үлкен күрмет көрсетіп, қазы- насынан оған қажетінің бәрін беруді бұйырады. Бірақ әл -Фара - би одан бас тартып, күн сайын алатын 4 дирһемін қанағат тұтты. Бірде «екінші ұстаз» (әл-Фараби) Дамаск базарына барғанда, былғарыны тісімен созып отырған сымбатты да сүлу етікші жі- гітті көріп қалады. Екінші ұстаз одан: «Аса жігермен атқарып жатқан жұмысыңа қанша төлейді?» - деп сұрапты . Жігіт: «Екі дирһем», - деп жауап беріпті. Екінші ұстаз оған жаны ашып, билеушісі беретін төрт дирһемін күн сайын сол жігітке ұстатады екен. Сол жігіт оқытушының сұхбаттасы болыпты. Сондай әңгімелерде әл-Фарабидің бойы ортадан томен , түр- кілердің өте бір қарапайым киімін киіп жүретіні айтылады. Бірде әл-Фарабиден: «Көп білетін сіз бе, Аристотель ме?» - деп сұрапты. Оған: «Егер мен сол заманда өмір сүріп, оны кездестіріп, ол мені оқытса, мен оның маңдайалды шэкірті бо- лар едім», - деп жауап берген. _ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ д б у Насыр әл-Фараби — Үлы даланъщ дара тцлгасы 115
Әбу Насыр эл-Фараби Египет астанасы Каирде де болған делінеді. Онда ол өзінің атақты «Китаб ара аһл әл-мадинату -л фадила» («Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары») атты шығармасын тарауларға бөліп, толықтырған . Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі жайлы хатқа түскен жазба деректер көп емес. Оның себебі ұлы ойшылдың түрлі патша- лар мен билеушілер сарайынан өзін аулақ ұстап, жеке -дара саяқ өмір сүруінде, сондықтан да ол жайлы мәліметтерде ақиқаттан гөрі аңыз басымдау деуге болады. 1975 жылы Алматыда тұңғыш рет Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1100 жыл толуы ЮНЕСКО-ның айтулы мерзімдер күнтізбесіне еніп, үлкен салтанатпен аталып өтті. Оның алдын - да 60-жылдар соңында Қазақ КСР Ғылым академиясы Фило­ софия жэне құқық институты жанынан ашылған эл-Фараби ғылыми-зерттеу орталығы Отырар ойшылының араб , ағылшын , неміс, француз, чех жэне т.б. тілдердегі бірқатар шығармасын дүниежүзінің түкпір-түкпірінен жинап, Алматыда қазақ, орыс тілдеріне аударып, жариялады. Иә, 1975 жылғы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1100 жылдығына арналған халықаралық конференция еліміз үшін үлкен оқиға болды. Оған Қазақстаннан А. Нүсіпбеков, Б. Көмеков (Соци­ ально-этнические и культурные процессы в Южном Казахста­ не (VI-X вв.), Ж.М . Абдилъдин (Логика и теория познания аль- Фараби), Б.А. Амантаев, А. Уразбеков (Социально-этические воззрения аль-Фараби), А. Акишев, К. Байпаков (Материальная культура средневекового Отрара), А.Х. Касымжанов (Роль и ме­ сто аль-Фараби в истории философии), Е.Д. Доренко (Влияние Аристотеля на формирование онтологических принципов аль- Фараби), О.А. Жаутыков (Аль-Фараби - выдающийся предста­ витель точного естествознания в Средневековье), А Ж. Машанов (Астрономические наследие аль-Фараби), А. К. Кубесов (Учение аль-Фараби о тригонометрических линиях), Д.К . Кишибсков, Г. Исмагулова (О взаимоотношениях философии и естествозна­ ния в мировоззрении аль-Фараби), Ф Д Крамар, К. А. Нурсултанов Әбсатт ар к,ажы Д е р б ісәл і __________________________________________________________________________________________________________________________________________ 116
(Вопросы педагогики математики аль-Фараби), А.И. Нысанбаев (Методологические проблемы математики в трудах аль-Фараби), С. Б. Балмуханов (Аль-Фараби и развитие медицины на Востоке), Н.Н. Караев («Диалектика» аль-Фараби), С.К. Кенесбаев, С.С. Ке - несбаева (О логико-лингвистических суждениях аль -Фараби), К.А. Аханов (Аль-Фараби как лингвист), А. С. Иванов (Вопросы психологии в творчестве аль-Фараби), Б.Я. Ошерович (Логи­ ческая терминология аль-Фараби), М. Ахметова (Аль-Фараби и музыкальное искусство), Е. Турсунов (Фольклор в эпоху аль- Фараби), К Б . Жарикбаев (Естественно-научные основы психоло­ гии аль-Фараби); Өзбекстаннан М.М. Хайруллаев (Ташкент) (Аль-Фараби и развитие свободомыслия), Г.П. Матвиевская (Ташкент) (Антич­ ная математика и аль-Фараби), А.Д . Шарипов (Ташкент) (Идей­ ные связи Беруни и Фараби), А. Ф. Файзуллаев (Ташкент) (Аль- Фараби о проблеме противоречия), Л.А. Исмаилова (Ташкент) (Эстетические идеи в произведениях аль-Фараби), А. Казибер - дов (Рукописи аль-Фараби в фондах Института востоковедения АН УзбССР), А. Абдурасулов (Ташкент) (Афоризмы государ­ ственного деятеля аль-Фараби), Р.И. Ибадов (Самарканд) (О си­ нусе одного градуса аль-Фараби и школы Улугбека); Әзірбайжаннан З.Д. Мамедов (Баку) (К вопросу о систе­ ме и методе восточного перипатетизма), З.А. Кулидзе (Баку) (Социальные утопии Востока и «добродетельный город» Аль- Фараби), А.М . Агахи, А.А . Амин -Заде (Баку) (Изучение насле­ дия аль-Фараби в Иране), С Д Рзакулидзе (Баку) (Роль и зна­ чение аль-Фараби в развитии средневекового свободомыслия), Ш.Ю . И смайлов (Баку) (Отношение к перипатетизму в Азер­ байджане), А.М . Баширов (Баку) (Отношение Аль-Фараби к су­ физму в освещении англо-американских востоковедов); Ресейден Г.Б. Шаймухамбетова (Москва) (Платон и аль- Фараби: проблема рецепции), М.М. Рожанская, В. С. Кирсанов (Москва) (Механика в системе классификации наук аль-Фараби), А.И. Володарский (Москва) (Индийская математика и аль-Фараби), ____ ___ ___ __ ___ ____ ___ ___ __ ____ ___ ___ __ ____ ___ ___ __ ____ ___ ___ __ ___ д б у Насыр әл-Фараби —Үлы даланъщдара ттщлгасы 117
Э.Я. Ошерович (Москва) (Литература по аль-Фараби на арабском языке в фондах государственной библиотеки СССР им. В .И . Ле­ нина), В.И. Аристова (Москва) (Произведения аль-Фараби и литература о нем на турецком языке в фондах государственной библиотеки СССР им. В.И. Ленина); Тәжікстаннан А. Мухамедходжаев (Душанбе) (Аль-Фараби и суфизм); Түрікменстаннан Г О. Чаррыев (Ашхабад) (Аль-Фараби и ренессанс); Қырғызстаннан О. Караев (Фрунзе) (Центральный Тянь- Шань в эпоху Абу Насра аль-Фараби); Украинадан А.Н . Боголюбов (Киев) (Происхождение и пер­ воначальное развитие машин в странах Востока) қатысты. Сөйтіп алые та жақын шетелдерден, атап айтсақ, Қазақстан - нан 8, Өзбекстаннан 8, Әзірбайжаннан 6, Ресейден 6, Иран, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Украинадан бір-бірден ғалымдар қатысып, баяндама жасады. Сөз болған тақырыптар жоғарыда байқағанымыздай, негізінен Отырар ойшылының «әлеуметтік-этикалық», «мәдениет мәселесі», «әл-Фарабидің еркінойшылдықтың дамуы туралы», «әл-Фарабидің логика , таным теориясы туралы», «әл-Фарабидің ренессанс туралы», «әл-Фарабидің әлеуметтік ойлары», «Шығыс перипатетизм тәсілі мәселесі», «әл-Фарабидің қайырымды қала жұртының көзқарасы», «Орта ғасырлардағы Отырардың материалдық мә- дениеті», «әл-Фарабидің философия тарихындағы орны мен рөлі», «Ирандағы эл-Фараби мұрасының зерттелуі», «Арис- тотельдің эл-Фарабиге әсері», сондай -ақ бірқатар зерттеу Әбу Насырдың дін мәселесіне (суфизм), «эл-Фараби және коне грек ғалымы Платон», «әл-Фарабидің астрономияға қатысты му- расы», «эл-Фараби және коне замандардагы математика», «эл- Фараби жэне тригонометрия», «Әбу Насыр жэ не әл-Бирүни», «эл-Фараби жэне математика мен механика, медицина», «эл- Фараби жэне тіл білімі мәселесі», «эл-Фараби жэнс эдебиет мәселелері», «эл-Фараби жэне психология» еекілді т.б. сол кез дбсаттар к,ажыДербісәлі _________________________________________________________________________________________________________________________________________ 118
үшін өзекті саналған ғылым салаларын зерделеуге арналғанын айтқан жөн [Аль-Фараби и развитие науки и культуры стран Востока. Тезисы докладов . - Алма-Ата , 1973. - 1 1 1 6.]. Осындай зерттеулер кейінірек те өз жалғасын тапты деуге болады. Содан бері сынаптай сырғып арада елу жыл да жақындап келе жатты. 2019 жылы Әбу Насырдың туғанына 1150 жыл толуына байла- нысты оны жоғары деңгейде өткізу туралы эл-Фараби атындағы ҚазҮУ ғалымдары ресми мекемелеріне ұсыныс жасады. Соған байланысты ҚР Үкіметі Сыртқы істер министрлігі Мәдениет жэне спорт министрлігіне хат жолдап, әуелі Әбу Насырдың дэл туған жылын, туған жерін жэне ататегін анықтау мәселесін тап- сырды. Мәдениет мекемесіндегілер оларды анықтауды Білім жэне ғылым министрлігіне тапсырды. Ол ұлы ғалым атын алып отырған жоғары оқу орнына жэне Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мен Ш. Уәлиханов атындағы Тарих жэне этнология, Философия, саясаттану жэне дінтану институттары- на жүктелді. Сонымен Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты - ның атынан мен де осы мәселені зерделеуге кірістім. Әбу Насыр Мұхаммед әл-Фарабидің өмірі мен шыгарма - шылығын зерттеуді жаһан ғалымдары (АҚШ, Еуропа , Азия, Африка) күні бүгінге дейін жалғастырып келеді. Әуелі мен Әбу Насыр өз шығармаларын жазған араб тіліндегі дереккөздерге үңілдім. Әбу Насыр әл-Фарабидің тегі ж аты араб тілді дереккөздер. Ортағасырлық шежіреші, тарихшы ғалымдардан: кл - Джамал ад-дин Әбу-л Хасан Әли бин Иусуф әл -Қифти (1172-1248) «Мухаммед бин Мухаммед бин Тархан Әбу Насыр әл-Фараби»; - Ибн Әби Усайбиға (1203-1270) «Әбу Насыр Мухаммед бин Мухаммед Узлағ (Узлақ, ¥ з а қ - түркі есімі, араб қаламгерлері жэне Еуропа ғалымдары да оны бұрмалап жазуы мүмкін - Ә .Д .) бин Тархан»; _ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ д б у Насыр әл-Фараби — Үлы даланъщ дара тцлгасы 119
- Ибн Халликан (1211-1282) «Мухаммед бин Мухаммед бин Тархан бин Аузалаг» (Узлағ, яки ¥ з а қ болуы мүмкін)» деп көрсетсе, - Әбу Насыр әл-Фарабидің «Музыканың үлкен кітабы» атты 1500 беттен түратын еңбегінде ғалымның аты-жөні: «Әбу Насыр Мухаммед бин Мухаммед бин Тархан бин Узлағ эл-Фараби» деп жазылған. Ал замандасымыз, осы күнгі араб жұртының ғалымы Фаруқ Саъд Әбу Насырдың өмірі мен шығармашылығына арналған монографиясында оны «Әбу Насыр Мухаммед бин Мухаммед бин Тархан бин Узлағ эл-Фараби ат-турки» деп корсеткен. Ал озге ел оқымыстылары ше? Иран. Ирандық ғалымдар «ат-түркы - түркілік» деген сөзді эдетте жазбайды. Өйткені олар Әбу Насыр әл-Фарабиді парсы текті санайды. Дін қызметінде жүргенде (2000-2013) бірде Теһранда өткен халықаралық конференцияға бардым. Арасында әдеттегідей Иранның ұлттық кітапханасында болдым. Кітапхана директо­ ры Иран президентінің мәдениет жөніндегі кеңесшісі де екен. Әңгіме кезінде Әбу Насыр әл-Фарабиді қазақ жерінің перзенті деп қалып едім, ол: - Әл-Фараби - Иран ғалымы, - деді. Кітапхананың үлкен залдарының бірі де Әбу Насыр эл-Фараби атымен аталады екен. Мен Әбу Насырдың қазақ жерінің перзенті екенін дәлелдеуге тырысып едім, ол бастырмалатып көнбеді. - Отырар перзентін Иран ғалымы дейтіндей сіздің қандай уэжіңіз бар? - дедім. - Әбу Насыр Орта Азияны саманилер билеген кезде өмір сүрген, саманилер парсылар еді, - деді ол. - Қазақ жерінің оңтүстігі саманидтердің билігінде бар-жоғы жүзден астам жыл ғана болды. Оның өзінде олар тек билік ба- сында ғана турды. Ал жергілікті халық түркі тектілер еді. - дедім мен өз уэжімді айтыи. - Ортағасырлық араб галымдары да Әбу Насыр әл-Фарабиді Арыс өзенінің Сырдария өзеніне Ә бса т т а р к^ажы Д е р б і с ә л і ________________________________________________________________________________________________________________________________________ _ 120
күяр сағасындағы Отырар шаһарында туған деген. Отырар ке- йіннен «Фараб» аталды. Әбу Насырдың өмірбаяны жайлы ортағасырлық шежіреші Ибн Халликан (1211-1282) біраз дерек қалдырған. Оның еңбегі сіздердің кітапханаларыңызда болса ке- рек. Директор-кеңесші мырза кітапханадан Ибн Халликанның «Китаб уафийат эл-ағйан уа анба абна аз-заман» («¥лы адам- дардың қазасы жайлы кітап») атты еңбегін алдыртты. Қосылып оқыдық. Онда Әбу Насыр Иранда туған деген сөз жоқ еді. Ибн Халликан: «Әбу Насыр Мухаммед бин Мухаммед бин Тархан бин Узлағ [¥зақ] «әл-Фараби, түрік [текті], көрнекті ойшыл (ал- хаким)...» десе, тағы бір жерінде: «Әбу Насыр түркі [текті] еді, ол «оз елінде туып, өз елінде өсті... Ол түркі тілін жэне өзге де тілдерді білді, бірақ араб тілін емес. Араб тілін оқуды бастаған ол оны кемеліне жеткенше игерді, сонан соң ғана ойшылдық ғылымдар (улумал-хикма) жайымен, яғни (философ иямен-Ә .Д .) айналысты» [1, 153-157-6 .J, - деп жазылған. Сөзден ұтылған директор-кеңесші үнсіз қалды. АҚШ . Әбу Насыр әл-Фарабидің библиографиясына арнаған еңбегінде АҚШ ғалымы Nicholas Rescher (Николас Решер) оның тегін «Әбу Насыр Мухаммед бин Мухаммед бин Тархан бин Узлағ эл-Фараби» деп корсеткен; Германия. Атақты неміс шығыстанушысы Карл Брокель- ман (1868-1956) Отырар ғалымының аты-жөнін «Эбу Насыр Мухаммед бин Мухаммед бин Тархан бин Узалаг эл-Фараби»; Түркия. Түрік ғалымдары Ismet Binark (Немет Бинарк), Nejat Sefergioglu (Неджат Сеферджиоглу) Отырар ғалымын «Эбу На­ сыр Мухаммед бин Мухаммед бин Тархан бин Узлик эл-Фараби ат-турки»; Тағы бір түрік ғалымы Yasar Aydinli (Яшар Айдынлы) «Эбу Насыр Мухаммед бин Тархан бин Узлат эл-Фараби»; Түркияның «Ислам энциклопедиясында»: «Эбу Насыр Мухаммед бин Мухаммед бин Тархан бин Узлат эл-Фараби ат- турки, 258/871-872 жылы туган деп саналады», - деп жазылган. ___ ___ ___ __ ____ ___ ___ __ ____ ___ ___ __ ___ ____ ___ __ ___ ____ ___ __ ___ ____ Әбу Насыр әл-Фараби —Үлы даланьщдара тцлгасы 121
Сонымен Отырар ғалымының тегін көпшілік деректерге жүгіне келе «Әбу Насыр Мухаммед бин Мухаммед бин Тархан бин Узлағ эл-Фараби ат-түрки» деп көрсеткенді жөн санадық. Әбу Насыр эл-Фарабидің туган жылы. Өзбекстан. Әбу Насыр әл-Фарабидің туған жылы туралы мусылман шығысы жэне Еуропа ғалымдары арасында шынында да бірізділік жоқ. Олардың зерттеулеріндегі көрсетілген мерзімде 2-3 жылдық айырым бар. Әбу Насыр әл-Фарабиді арнайы зерттеген өзбек ға- лымы, академик Мұзафар Хайруллаев (1931-2004): «Год рожде­ ния Фараби в различных исследованиях указывается по-разному, в советской литературе чаще всего 870 [6, 152-6 .]», - дейді. Араб тілді дереккөздер. Сирия Араб Республикасыньщ аста- насы Дамаск шаһарының «Баб ас-сағир» қабірстанындағы Эбу Насыр зиратында: «Эбу Насыр эл-Фараби атымен көбірек белгілі Мухаммед бин Мухаммед бин Тархан бин Узлағ [һижраның] 260 жылы [біздің жыл санауымыз бойынша 873 жылы Фараб шаһарында туган, һижраның 339/950 жылы Дамаскіде қайтыс болған» деп жазылыпты. Жоғарыда аталған Фаруқ Саъд Эбу Насырдың туган жы- лын һижраның 259 жылы, ягни 870 жыл; Nicholas Rescher (Ни­ колас Решер, АҚШ) де Эбу Насырдың туган жылын 870 жыл; түрік галымдары (Туркия) Ismet Binark (Исмет Бинарк) пен Nejat Sefergioglu (Неджат Сеферджиоглу) Эбу Насырдьщ ту ган жылын 870 жыл, Эбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен шыгар- машылығын ұзақ жыл зерттеген қазақ ғалымы, атақты философ, профессор А.Х. Қасымжанов (1931-2000) Мәскеуде шыққан «әл-Фараби» атты еңбегінде Эбу Насырдың туган жылын 870 жыл деп көрсеткен. Будан шыгатын цорытынды. Энцикюпедист-гаіымның тегін: «Эбу Насыр Мухаммед бин Мухаммед бин Тархан бин Узлаг эл-Фараби ат-турки», ал туган жылын Иижранын 258, ягни 870 жыл деп көрсеткен жөн. Эбу Насырдьщ туган жылын анықтау мәселесі өткен га- сырдың 70-жылдары да көтерілген. Онда галымдар мен өкімет Ә б са т т а р к,ажы Д е р б і с ә л і __________________________________________________________________________________________________________________________________________ 122
орындары ақылдаса келіп, Отырар ойшылының туған жылын 870 деп көрсетуге келіскен. Сөйтіп оның туғанына 1100 жыл болдыға санап, 1975 жылы 1100 жылдығы тойланды. Араб елдері де (Ирак Араб Республикасы жэне т.б.) осыған келісті. Өткен ғасырдың 60-жылдарының соңында, жоғарыда айтыл- ғандай, Алматыда эл-Фараби зерттеу орталығы қүрылып, Әбу Насыр әл-Фараби еңбектері Еуропа және араб тілдерінен орыс, қазақ тілдеріне аударылып, зерттеулер жүргізілгенде, Мэскеу жэне Қазақстан ғалымдары да Отырар ойшылын «Әбу Насыр Мухаммед бин Мухаммед бин Тархан бин Узлағ әл-Фараби ат- түрки» жэне туған мерзімін 870 жыл деп көрсетіп отырды. Әбу Насырдың туган жері. Ортағасырлық араб тілді дерек- терде Фараб атты (қыстақтың) Өзбекстанда да бар екені айты- лады. Ол Бухара қаласының батыс жағында, Әмударияға жақын жерде жэне Самарканд маңында орын тепкен. Ал деректердің басым көпшілігінде, жоғарыда айтылғандай, Әбу Насыр туған Фараб Арыс өзенінің Сырдарияға (Сейхун) куяр сағасында екені айтылады. Ғалымдар да осыны мойындайды. Ал Ауғанстанда да Фараб деген қыстақ бар дегенге келеек, оның аты - Фараб емес, Фарйаб. Ол Хорасан өлкесінде. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін шыққан еңбектерде тэжіктер Әбу Насырды Тәжікстанда, өзбектер Өзбекстанда туған деп келді. Өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап қана Әбу Насыр әл-Фараби қазақ жеріндегі Отырарда (Фарабта) туған, түркі тайпасынан шыққан ғалым деп жазыла бастады. Бул ретте Мәскеудегі КСРО Еылым академиясы Ш ығыстану институтының директоры, КСРО ҒА академигі, тарихшы, ғалым Б. Ғафуров (1908—1977): «Әл-Фарабиді цазац етіп көр- сетуге тырысу да жасанды әрекет болады. Ол заманда үлт болып бірігу процесі аяцталудан элі тіпті алыс еді. Сол сияцты оны өзбек деп кесіп айту да әділеттілік бола цояр м а екен?.. Фактілер негізіне сүйене отырып, әл-Фараби кейін цазац халқының цүрамына цосылган түркі тайпасынан шыцқан... дей аламыз. ___ ___ ___ __ ____ ___ ___ __ ____ ___ ___ __ ____ ___ ___ __ ____ ___ ___ __ ____ ___ д б у Насыр әл-Фараби —Үлы даланыцдара тцлгасы 123
Тәжік, өзбек, цазац, түрікмен, цыргыз, үйгырлардъщ мәде - ниеті, дәстүрі және тұрмысы өте ерте заманнан бері ортац болуына байланысты олар ерекше бірыңгай мәдени регионга жатцан. Атап айтцанда, көьипелі малшаруашылыгын көп жаг - дайда отырыцшылыц-егіншілік жагдайда толъщтырып отыр - ган, оның үстіне иіаруашылъщты жүргізудің бүл екі түрі тіпті «таза» күйінде бола бермеген. Оцтүстік Қазацстандагы цала- лар көшпелі және отыръщшы халъщтарды байланыстырушы буындар болып келген. Оңтүстік Қазацстан мен Жетісудыц ортагасырлыц ца- лаларының және мекенді жерлерініц цалдыцтарын архео- логиялыц жагынан зерттеулер ортагасырлыцтың алгашцы дәуірінен бастап (VI—VII) Оцтүстік Қазацстанның цалалары мен Орта Азия цалаларыныц экономикалыц және мәдени жагынан біріне-бірі өзара эсер етіп отыргандыгын көрсете - ді. Бүган әсіресе сауда цатынасы қолайлы жагдай жасаган . Батые пен Шыгысты жалгастырган ¥лы Жібек жолын, Мере, Самарканд, Бүхара мен Шашты Таразбен, Исфиджаб , Қүлан және Отырармен байланыстырган керуен жолдар мен жалгыз аяқ жолдарды атап көрсетуге болады. Жазбаша деректер гана емес, сондай -ац аса бай археологиялык мате­ риал да экономикалъщ байланыстардыц сипатын бейнелей- ді. Мүны архитектуралыц өнердің , цүрылыс техникасыныц , цолөнер мен көркемөнер бүйымдарының ұқсас белгілерінен де аңгаруга болады. Бүл кездерде архитектурада . кол -өнер - де бәріне ортац канондар цалыптасады, бірақ олардың бір- бірімен үцсастыгына қарамастан, әрбір аймақта өзіне гана тән ерекше мәдени дәстүрлері қалынтасңан. Бүзан дллел - ді айгацтың бірі - Айиіа бүбі (Айша бибі) мазары. Дала слі мен отыръщшы халықтың, ееіншілік иен кошпелі шаруашы - лъщтыц үштасцан жеріне, сол замандагы аса маңызды сахда жолдарыныц тогысцан жеріне орналасцан ежелгі Отырар- дың өзінің мәдени ортасынан әл-Фараби сынды кссск түлганы шыгаруы тегін емес. Әбсатт ар к,ажы Д е р б ісәл і __________________________________________________________________________________________________________________________________________ 124
Әрине, эл -Фараби туган цаласыныц дәстүрлерінен әлде - цайда кең көлемді дәстүрлерді бойына сіңірді. Әйтпесе оның аты дүниежүзілік мәдениеті пантеонына жазылмас еді. Оның цызметі өзінің сыртқы бейнесі жагынан араби тілдес деп аталатын мэдениеттің аймагы шеңберінде кең өріс алды. Халифат айтарлъщтай түрақты саяси және экономикалъщ бірлікті жасай алмаганына және ол әрцашан түрліиіе тайпалардың жай жиынтыгы болып цала бергеніне қарамастан, мәдениет саласында байланыстар мен цаты- настардың болуы едәуір рухани прогрестің шарты болды. Жалпыга бірдей ортац тіл идеялар алмасуга жагдай жаса- ды» [3, XVII-XIX 6.J, - деп жазды. Бұған ешкімнің де осы күнге дейін алып-қосары болған емес . Алматыдағы Қазақ ұлттық университеті біраз жылдан бері Әбу Насырдың бірқатар шығармасын шығарумен қатар, жыл сайын эл-Фараби оқуларын өткізуді дәстүрге айналдырды . 2006 жылы наурыз айының бірінші онкүндігінде жоғарыда айтылғандай менің жетекшілігіммен, құрамында Қаз¥У-дың сол жылдардағы ректоры, академик Төлеген Қожамқұлов, Оты- рар ауданының әкімі Әлімжан Құртаев, «Білім» баспасының директоры, жазушы-журналист Ж. Нұсқабаев , Шәуілдірдегі эл- Фараби музейінің меңгерушісі Абдулла Жүмашев Сирия Араб Республикасына аттандық. Дамаскінің оңтүстік жағындағы «Баб ас-сағир» қабірста- нындағы Әбу Насыр әл-Фарабидің , сондай -ақ Дамаскінің ескі махалласынан ондағы қазақ жерінің тағы бір перзенті Сүлтан Захир ад-дин Бейбарыстың (1217-1277) кесенесін көрдік. Сонымен қатар ол жердей кезінде крест тағушы еуропалық басқыншыларды талқандаған Салах ад-дин әл -Аййубидің (1138-1193) зиратында да болдық. Әбу Насыр эл -Фараби зиратындағы жалпақ тастан араб тілінде жазылған төмендегі жазуларды оқыдым: «әл-Фатиха . Бисмиллаһи -р рахмани -р ра - хим! Бүл кесене (дарих) Әбу Насыр эл-Фараб (есімімен) та- нымал ислам галымы, философ , (адиб), музыкант Мухаммед _________________________________________________________________ _ д б у Насыр әл-Фараби —Үлы даланыцдара ггщлгасы 123
бин Мүхаммед бин Тархан бин Узлагтікі. [Ол] һижраның 260 жылы Фарабта туып, Дамаскіде 339 жылы цайтыс болган». Елге оралған соң, сапар жайлы Елбасы Н.Ә. Назарбаевқа баяндап бердім. Келесі 2007 жылы 4-7 наурыз аралығында Елбасының Сирияға ресми сапары болды. Онда мен де бірге бол- дым. Сол жолы Н .Ә . Назарбаев эл -Фараби зиратын ретке келтіру, онда мәдени орталық салу туралы Сирия үкіметімен келісе келе, ол үшін қаражат та бөлдірді. Ол нысанның аяқталғаны туралы мен Сирияның бас мүфтиі, доктор Бадр ад -Дин Хассуннан 2012 жылы Уфада Ресей мүсылмандарының қүрылтайында бірге бо- лып сұхбаттасқанда естіген едім. Сирияда сотые тоқтаса , оның ресми түрде ашылатыны сөзсіз. Өбсат тар к,ажы Д ер б ісәл і __________________________________________________________________________________________________________________________________________ «Баб ас-сағир» қабірстанындағы Әбу Насыр әл-Фарабиге д\га . Дамаск. Қараша 2 007 ж. 126
Әбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланьщдара тцліасы Сирияның діни істер министрі әл-Аййубимен сұхбат. Дамаск, Наурыз 2006 ж. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нурсултан Назарбаев жэне Сирияның діни істер министрі эл-Аййубимен . Дамаск . Қараша 2007 ж. 127
Әбсаттар к,ажы Дербісәлі ҚР Президенті Н.Ә . Назарбаев, Сирия Араб Республикасының Президента Башар эл-Асад жэне Сирияның өзге де мемлекет кайраткерлерімен бірге. Дамаск, Қараша 2007 ж. Ежелгі Халабтың бніктен карағандагы көрініеі. Халаб (Алеппо). Наурыз 2006 ж. 128
д б у Насыр әл-Фараби — Үлы даланың, дара гтщлгасы Халабтағы Сұлтан Сайф ад-Даула эл -Хамдани сарайының үстінен қарағанда. Халаб (Алеппо). Наурыз 2006 ж. 129
дбсаттар к,ажыДербісәлі Дамаск университетінің ректорына әл-Фарабидің кілемшесі тарту етілді. Дамаск . Наурыз 2006 ж. Сирияның бұкаралық ақпарат куралдары ҚР Нас мүфтпі Әбсаттар қажыдан сұхбат алүда. Дамаск .. IІаурьп 2006 ж. 130
Сириядағы Әбу Насыр зиратына біз Отырардан арнайы топырақ ала барып, баба зиратына қойдық. Қайтарда ұлы ғалым зиратынан туған жеріне де топырақ ала келдік. Отырарға жиналған жұрт алдында Оңтүстік Қазақстан облысының сол кездегі экімі Болат Жылқышиев Отырарда Әбу Насыр әл- Фарабиге рәмзи кесене салынатынын айтты. Бірақ ол басқа қызметке ауысқан соң, орындалмай қалды. 2018 жылдың желтоқсан айының соңында Әбу Насырдың туған жылы, туған жері мәселесін талқылап, бір шешімге келу үшін эл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ректор, академик F алымқайыр Мұтановтың төрағалығымен Түркия және Қаз¥У, сондай-ақ Қазақстанның Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих жэне эт­ нология, Философия, саясаттану және дінтану институттарының белгілі ғалымдары бас қосты. Оған Мәдениет жэне спорт вице­ министр! (қазір министр - Ә. Д .) Ақтоты Райымқұлова да қатысты. Онда ғалымдар Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығына байланысты ойларымен бөлісті. Ғалымдар ЮНЕСКО-ға Қазақстан атынан хат жазып, 2020 жылы Алматы- да Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толуын кеңінен атап өту жайлы ұсынысты қолдады. Мен сол мәжілісте Отырар­ дан өзге де 30-ға жуық ғалым мен ойшыл шыққаны туралы жэне Әбу Насырға байланысты мәселелерді зерделеп, бас баяндама жасадым. Онда жиналған ғалымның бәрі зерттеулеріме қолдау білдірді. Иә, сөйтіп, өткен ғасырдың 60-жылдарының соңында Әбу Насыр әл-Фарабидің «Философиялық трактаттары» атты аса құнды еңбегі әуелі орыс, сонан соң 1973 жылы қазақ тіліне аударылып жарық көрді [3]. «Екінші Аристотель» атанған Ислам өркениетінің жарық жұлдызының бүл еңбегіне оның философиялық көзқарастары, «Философияны үйренуден бұрын нені білу керектігі туралы», «Екінші үстаз әл-Фарабидің ин­ теллект (сөзінің) мағынасы жайындағы пайымдамасы» жэне «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты атақты __________________________________________________________________ дбу Насыр әл-Фараби —Үлы даланыц дара тцліасы 131
шығармалары енгізілді [3]. Жаһан философтары Әбу Насырдың (870-950) әсіресе соңғы еңбегіне ерекше көңіл аударып келеді. Бұл еңбек Алматы жарияланымынан біраз бұрын 1960 жылы Мәскеуде философ С.Н. Григорянның «Из истории философии Средней Азии и Ирана VII—XII вв. С приложением избран­ ных произведений Фараби, Газали и Маймонида» деген атпен басылган-ды [4]. Жинаққа Әбу Насырдың «Порфирийдің «Кіріспесіне түсін- дірме», «Сөз-ғылымдардың классификациясы» және жоғарыда аталған «Қайырымды қала тұргындарының көзкарастары» атты трактаты араб тілінен аударылып берілген. «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастарын» орыс тіліне А.В. Сагадеев тэржі- малап, Кеңес Одағы халқына таныстырғаны есте [4, 133-195 б.]. Әбу Насыр атақты бұл трактатын Отырардан Бағдадқа келген кезден бастап жазған жэне оны 942 жылы Дамаскіде аяқтаған. Ол туралы атақты араб ғалымы Ибн Әби Усайбиға (1203-1270) «Уйун эл-анба фи табақат әл -атиббасында» [5, 203-209 6.J айтып кеткен. Жоғарыда Әбу Насыр әл-Фараби Таяу жэне Орта Шығыс елдеріне барған соң, араб және ежелгі грек тілін ынта -ықыласпен оқып, осы тілдерді жақсы эрі жетік меңгеріп алуға тырысты дедік. Әсіресе ол коне грек оқымыстылары: Пифагор, Аристотель, Ев­ клид, Архимед , Платон шыгармашылыгына қызығушылық та- нытты. Ежелгі грек галымдары еңбектерінің түпкі мәнін түсініп алуға қол жеткізді. Сондықтан да ол өз дәуірі үшін маңызды саналган этика, саясат, психология, философия , математика, му­ зыка, физика секілді т.б. гылым салаларын меңгеруге ыждагат қойды. Әсіресе ол философия мен логиканы терең білуге қүштар болды. Оның осы гылым салалары жайлы жазган туындылары Аристотель философиясын зерделеуге, өзгелерге түсінікті етуге арналган. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін ол Аристотель трак - таттарына үғынықты етіп түсіндірмелер жазды. Айта кететін жайт - жаңа христиан діні тарих сахнасына біздің заманымыздың I ғасырында көтерілгсн соң, антикалық. дбсат т ар цажы Д е р б ісәл і__________________________________________________________________________________________________________________________________________ 132
эллинистік мәдениетті құртуға тырысты. Ол эрекеттері нәтижесіз де болған жоқ. Көне грек кітаптары өртелді, жо- йылды. Өйткені ежелгі гректер көп Қүдайға табынатын . Ал Иса пайғамбардың жаңа діні бір Қудайға құлшылық етті. Ис­ лам да дэл солай монотоистік дін еді. Бірақ ислам көне грек ғылымымен жауласқан жоқ, рухани жазба дүниелерін, жәді- герліктерін қуртқан да жоқ. Керісінше, ол жасаған ғылымды ел ислам игілігіне пайдалануға тырысты. Сол себепті Әбу На­ сыр эл-Фараби көне грек ғылымдарының шығармаларын ауда- рып, зерттеді. Дей турғанмен Әбу Насыр эл -Фараби ежелгі грек мэдениеті мен гылымын насихаттады, тірілтті деп кінэлағандар да болды. Бірақ олай ойлау қате -тін. Ислам әлеміндегі ғылыми жаңғыру осылай басталды деуге болады. Көне грек ғалымдарының шығармалары Әбу Насыр әл- Фарабидің ғалым ретінде қалыптасуына эсер етті. Әбу Насырдың «Қайырымды қала турғындарының көзқарастары» атты еңбегіне әсіресе Платонның мемлекет жайлы еңбегінің едэуір ықпалы болған. ___ ___ ___ __ ____ ___ ___ __ ____ ___ ___ __ ___ ____ ___ __ ___ ____ ___ __ ___ ____ дб у Насыр әл-Фараби — Үлы даланыц дара тцлгасы Ғылымдарды жіктеу Ғылымдарды жіктеумен ертеректе көне грек ойшылы Арис­ тотель айналысты. Ал ислам дүниесінде әл -Фарабиге дейін әл- Кинди (т.ж .б -879), ортаазиялық Мухаммед Муса әл-Хорезми (IX), кейінірек Әбу Әли ибн Сина (980-1037) бұл мәселеге мойын бурды. Ал Еуропа журтында Сен -Симон (т.ж .б -1309), Ф. Бэкон (1561-1626), Г Гегель (1770-1831), Ф. Энгельс (1820-1895) жэне т.б. нгүғылданды. Отырар перзентінің ғылымды жіктеу әдісі Шығыс жэне Ба­ тые елдеріне де тарады. «Ихса эл-улум» ( «Ғылымдардың жіктелуі»). Ихса «санақ», «шолу» жэне «жіктеу» дегенге келеді. Әл -Фараби сол кездегі ғылымдардың тізбегін жасауға, олардың әрқайсысына сипатта- ма беруге талаптанған. Алайда оның ғылымдарды рет -ретімен 133
келтіргені сондай - мұның нәтижесінде оның ғылыми жэне философиялық жүйесіне сэйкес бұл тізбек ғылымды жіктеу бо- лып шыққан» [3, 427-6 .] . Әбу Насырдың ғылымды жүйелеуінде кездейсоқтық жоқ. Себебі Отырар оқымыстысы көне грек тілін жақсы білгендік- тен де, Аристотель , Платон, Гелен, Птоломей , Порфирий секілді данышпандардың туындыларын түпнұсқада оқыды, араб тіліне аударып, түсіндірме жазды. Грек ғалымдары мен ойшылдары шығармаларының тереңіне бойлап, мэнін аша алды жэне олар- дан үйренді. Ал ислам ғалымдары ғылымды жаппай жүйелеген жоқ. Өйткені орта ғасырларда кез келген оқымысты ғылыммен ай- налысса, ғылымның барлық саласына қалам тартатын. Ал Оты­ рар кемеңгері аталмыш трактатында: «Біз бұл кітапта белгілі ғылымдарды тізіп, бүл ғылымдардың қайсысын тұтас күйінде, сондай-ақ эрбір ғылымның бөлімдері жэне эрбір бөлімнің мазмұны қандай екенін түгелдей түсіндіруге тырыстық; оларды біз бес тарауға бөлдік» деп алдына қойған мақсатын айқындап алады да, «бірінші тарау - тіл жэне оның бөлімшелері туралы ғылым; екінші тарау - логика жэне оның бөлімшелері» дейді. Сөйтеді де, «логикадан соң математика, одан соң арифмети­ ка, одан кейін геометрия, сонан соң оптика, жүлдыздар туралы ғылым, музыка туралы ғылым, салмақтар туралы ғылым, шебер тәсілдер туралы ғылым» деп жіліктеп, тізбектей таратып кетеді. Төртінші тарауды ол «Табиғат ғылымдары жэне тәңірлік ғылымдар туралы» деген, эрі қарай оны «физика», «метафизика» немесе «тэңірлік ғылым», ал бесінші тарауды «азаматтық гылым жэне оның бөлімшелері, юриспруденция жэне догматикалық дін ілімі туралы» деп саралаған. Әбу Насыр: «Бүл кітаптағының бэрі де пайдалы, өйткені егер адам осы ғылымдардың бірін қарастырып, зерттегісі кол­ ее, онда ол неден бастаудың, атап айтқанда , нені зерттеу керек екенін, зерттеу үшін ненің жарамды, ненің жарамсыз екенін жэне өзінің оған қай дәрежеде қолы жете алатындыгын білетін дбсат т ар к,ажы Дербісәлі _____________________________________________________________________________ ___________________________________________________________ 134
болады. Сөйтіп , оның ғылымға баратын жолы қараңғылық пен надандыққа емес, білім мен парасатқа негізделетін болады» [3, 115-116-6.],-дейді. ___________________ _______________________________________________ Әбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланын, дара тцліасы ЦэІ4srljl U»U1I fvUll jxtr\I (^Ш )A'tw (JfcJUOMJ 4*utJ J A « [Китаб] ара аһл эл-мадинату -л фадила » («Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары » . К аир , 20 02 ) Әбу Насыр ғылымдарды жіктегенде жоғарыда айтылғандай, оны тіл туралы ғылымнан бастаған. «Әрбір халықтың тіл тура- лы ғылымында қосымша жеті тарау болады» дейді [3, 119-6.]. Олар: 1. Жай жэне сөз тіркестері туралы ғылым; 2. Сөз тіркестері туралы ғылым (бұған шешендік өнер жэне стилистика да кірген); 3. Сөз тіркестерінің заңдары туралы ғылым; 4. Сөз тіркестерінің ережесі туралы ғылым; 5. Жазу заңдары (жазу ережесі) туралы ғылым; 6. Дұрыс оқу заңдары туралы ғылым; 7. Өлең өнері жайлы ғылым . 135
Кемеңгер тіл туралы ғылымды екіге бөлген. «Біріншісі: қайсыбір халықтың тіліндегі сөздерді есте сактау және оның әрқайсысының мағынасын білу. Екіншісі: сол сөздерді (билеуші) заңдарды білу» дейді де, әуелгісіне оралады. Бұл ретте ол нағыз тіл маманы ретінде көрінген. «Біз әрбір хал ықтың тіліндегі сөздер өзінің мағынасы жағынан жай сөздер жэне күрделі сөздер болып екі түрге бөлінеді дейміз. Жай сөздер бүлар, мысалы , ак, кара, адам, хайуанат. Күрделі сөздер деген , мысалы: «Біздің бүл адам - хайуан», « А м р-ақ» дейтін сөйлемдеріміз» деп нактылы мысал- дармен түсіндіріп кетеді. Одан соң есімдер және етістіктер, сөз тіркестері, сөз тіркестерінің заңдарына тоқталады. Ол сондай -ак аффикстерге де назар аударған. «Сөздің соңына косылатын аф- фикстер болады. Бұлар - жүрнақтар және септік жалғаулар деп аталатындар» [3, 119-122 6.J, - д ейді . «Есімдерге және етістіктерге родтық түрлер тән - ерлік род пен әйелдік род жэне сандар - дара сан, екілік сан, көпше сандарға бөлінеді. Етістіктерге шақ тән: өткен шак, осы шақ, келер шак... Бір кызығы, мүнда араб грамматикасы грек грам- матикасының моделі бойынша түсіндіріледі. Семит тілдерінде грек тіліндегідей жэне басқа үнді-еуропалык тілдердегідей ма- ғынада уақыттар үғымы жоқ» [3, 119-, 122-, 428-6 .J. Әбу Насыр тіл дегенде араб тілін мысалға алады. «Араб ті- лінде есімдердің жалғаулары дегеніміз - бүлар үш тануин, ал етістіктер үшін - үш харакат (огласовка) жэне сукун, араб тілінде қосымша (аффикс) ретінде колданылатын тагы басқалары» деп жалғастырып кетеді. «Тануин - тұйык райдағы сөздердің нунға бітетін жалғауын белгілеу үшін араб грамматикасында колданылатын термин. Су­ кун - «тыныстык» деген сөз, ал дыбыстандыру сөздің «козға- лысы» деп түсініледі; демек, бұл - дауысты дыбыстың жокгығы . яғни дауысты дыбыс жалғанбайтын дауыссыз дыбыс» [3. 122 - 123,428-429 6.]. Автор септеулік, демеулік шылауларга датокталған . Тіл білімі мэселелерінен кейін ол: «...Тіл біліміне жакындык дэрежееіне Әбсаттар к,ажы Д е р б ісәл і __________________________________________________________________________________________________________________________________________ 136
қарай поэтика келеді. Ақындық үш бөлімнен тұрады: бірінші - жай болсын, күрделі болсын ақындықта қолданылатын өлең мөлшері айтылады. Сонан соң әліппенің эріптеріне сай келетін арабтарда белгілі сабаб және уатад (араб өлеңі қайырмасының бөлшектері; біріншісі екі дауыссыз, екіншісі үш дауыссыз ды- быстан қүралады), гректерде буын және стопа деп аталатын түрлер мен мөлшерлерден туатын сөз дыбыстарының орналасу тэртібі аталады», - д ейді де, осы мәселені өлеңдердің мөлшері, үйқастар... поэзияда қандай сөздерді пайдалануға болатынын, ал қандайын пайдалануға болмайтынын» зерттейді. «Тіл тура- лы ғылымның әрбір бөлімінің мазмүны, міне, осылар» [3, 125-, 127-6.], - д еп «Тіл туралы ғылымды» қорытындылайды. 5-тараудың соңына «Қайырымды қала түрғындарының көз- қарастары» жайындағы трактаты берілген. «Философиялық трактаттар» осымен аяқталған. X ғасырда ғылымды жүйелеудің жағдайы осындай еді. Поэтика, ақындық демекші, 1970 жылдары Мэскеуде Шы- ғыстану институтының аспирантурасында оқып жүргенде Италияның «Ориенте Модерно» («Қазіргі Шығыс») атты жур- налынан Отырар перзентінің «Өлең өнері жайлы трактатын» көрген едім. Әбу Насыр әл-Фарабидің «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат» жазғаны ғылыми ортада біраздан бері белгілі болатын. Көрнекті неміс шығыстанушысы М. Штейншнейдер (1816— 1907) бұл жайлы «Әл-Фарабидің шығармалары мен өмірі» атты еңбегінің 60-бетінде атап өтеді, алайда ол да, ағылшын арабисі, профессор Д.С . Марголиус (1858-1940) та «Екінші үстаз» қол- жазбасының, соның ішінде аталмыш трактаттың жоғалып кеткеніне қатты қынжылыс білдірген. 1972 жылы КСРО Ле­ нин атындағы мемлекеттік кітапхананың Азия жэне Африка халықтары әдебиеті каталогіндегі Италияның Шығыстану жур- налының қорын қарап отырып, 1937 жылғы Италияның шығыс- танулық журналы «Ориенте Модернода» арабист Артур Дж. Ар- берри (1905-1967) Үндістанға барған сапарында Үндінің үлттық ___________________________________________________________ _______ Әбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланьщдара тцлгасы 137
кітапханасынан («Индия оффисе лэйбрари») әл-Фарабидің «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактатының» табылғанын қуана хабарлағаны көзге түсті. Ол қолжазбаның XVII ғасырда көшірілгенін айта отырып, оның элі күнге дейін Үнді үлттық кітапханасындаNo 3832 белгімен (42в-45а б.) сақтаулы екенін де ескерткен. Ояну дэуіріндегі Шығыс ойшылдарының проблемасымен айналысқан профессор Марголиус белгілі араб философы әл- Кинди Йақуб ибн Исхақтың да (800-874) осындай тақырыппен трактат жазғанын, бірақ оның ізі жоғын айтады. Әзірге бізге мэлім ренессансқа жататын еңбектер ішінен Аристотель іліміне негізделіп, өзіндік қолтаңбасымен дара ерекшеленіп түрған да осы әл-Фарабидің поэзия туралы тұжы- рымдары екеніне ғалым даусыз мойынсынады. Өзіне дейінгі өлең өнеріне байланысты көптеген зерттеуді жинақтап, өз та- биғатымен жіктеген Отырар перзентінің парасатты пайымдау- лары қанша уақыт өтсе де қүнын жойған жоқ. Шынында да, ол Аристотель поэтикасына сілтей отырып, жарыса тың қорытынды жасайды, талғамды түйін түйеді. Поэзияның қастерлі өнер екеніне дау туғызбайтын дәлелдер келтіреді. «Қайырымды қала түрғындарының көзқарастары» «Қайырымды қала түрғындары көзқарастарының» басылым- дарын мен эр жылдары Сирия, Египет жэне Ливаннан, ал қолжаз- баларын Түркияның Сүлеймания жэне осы елдің өзге де кітап- ханаларынан көрдім. Олардың кейбірі менің жеке мүрағатымда да бар. Трактаттың Түркия мүрағаттарындағы кейбір нүскала- ры түрлі атаулармен берілген. Көлемі де әртүрлі. Шығарманың толық, орташа жэне қысқартылған нұсқалары да үшырасады. Ал еңбектің Еуропа жұрттарындағы басылымдары ше? «Трактатты алғаш рет Лейденде Берлин уииверситетінің иро- фессоры, немістің белгілі шығыстанушысы. арабтанушы Фри- Ә бса т т а р к,ажы Д е р б і с ә л і _________________________________________________________________________________________________________________________________________ 138
дрих Дитерици (1821-1903) Британия музейінің No 425,3 (жаңа каталог бойынша No 7518) қолжазбасы жэне Бодлян атындағы кітапхананың (Оксфорд, No 120,3) қолжазбасы негізінде бас- тырып шығарған» [3, 435-6.]. Әбу Насыр әл-Фарабиге дейін де ислам өркениетінің талай ойпаздары таза қоғам, қайырымды қала жайына ой жіберген. Әл- Фараби солардың ізін қуып, мінсіз адамзат қоғамын армандаған, сол жайлы аталмыш еңбегінде ойларын ортаға салған. Әбу Насыр «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарас- тары» трактатының «Адамның бірлестік пен өзара көмекке зә- рулігі туралы» тарауында «жаратылысында әрбір адамга өз тіртілігі және ең жогары кемелділік дәрежесіне жету үшін көп нәрсе керек, ал мұны ол жалгыз жүріп таба алмайды және бүган жету үшін қандай да бір адам қауымын қажет етеді» [3, 322-6 .] деп жазған. Сол себепті де ұлы ғалым эрбір адам екіншісіне қол ұшын беріп, көмектесіп отыруы қажеттігіне жэне адам баласы қауымдастық һәм махалла мен қыстақтар құрып бірлесе өмір сүргенде ғана биік белеске жетпек екендігіне көңіл аударған. Әбу Насырдың айтып отырғаны касиетті Қүран аяттарына да сай. «Хужурат» сүресінің 12-аятында Жаратушы Иеміз: «Уа, адамдар! Шүбәсіз, сендерді бір ер мен бір әйелден жараттъщ. Сондай-ац сендерді бір-біріцмен танысып, табысуларың (һэм біріце-біріц цамцоршы дос болып, өзара жәрдемдесіп, тату- тәтті өмір сүрулерің әрі жер бетін көркейтулерің) үгиін сан алуан ұлыстар мен руларга бөлдік. Біле білсецдер, Алла- ныц алдындагы ец ардацтыларың - ең тацуаларың (ягни Аллага тагзым етуде, иман келтіруде әрі мойынсынуда ец алда болгандарың!). Шүбәсіз, Алла - Алим (барлъщ нәрсені, соның ішінде сендердің жай-күйлеріцді һәм не істеп, не қойып жүргендеріңді толъщ білуші), Хабир (бәрінен толъщ хабардар болушы)». «Асқан игілік пен ең биік кемелділік дәрежесіне ең алдымен қала жетпек», - деп жазады отырарлық үлы ғалым. Сондай-ақ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ______ Әбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланьщдара гтщлгасы 139
ол: «Қайырымды цала кемелденген, сырқатсыз денеге ұцсайды, ол оның барлъщ мүшесі тірі жанның өмірін сақтау және оны барынша цызгылъщты ету үшін бір-біріне көмектесіп отыра - ды» [3, 323-324 б.] жэне «цалада белгілі адам —басшы адам бар және өздерініц дәрежелері жагынан басшыга жацын түрган басқа адамдар бар, бүлардың әрцайсысы өз жагдайына және цабілетіне царап басшының көздеген мақсатына сәйкес әрекет етіп отырады» [3, 325-6 .J, - д ейд і. Бұл ретте де Әбу Насыр қала жұртының эр сатыдан тұратын басшыларының өзара бірлесіп қимыл ету қажеттігіне көңіл бөледі. «Бір-біріне көмектесіп, қол ұшын беріп отыратын кала ғана қайырымды қала», - деп есептейді Отырар перзенті. Адамдар да бақытты болу үшін бір-біріне жәрдемдесіп отыруы лазым . Сон - да ғана олар бақытты болмақ. Әбу Насырдың ойынша, махалла, қала, мемлекеттің бақытты болуы оларды басқарған кісіге байланысты. Өйткені ол іскер, ақылды, жігерлі, ғылым , білімді жақсы көретін адам болуы тиіс. Ол үнемі халқының пікіріне қүлақ қойып, көңіл күйіне назар ау- дарып отыруы қажет. Әбу Насырдың ойынша, «қайырымды қаланы» кез кел- ген адам билей бермекші емес. Өйткені ел билеу екі нәрсеге: біріншіден, адамның өз жаратылысында ел билеуге қаншалыкты эзір екендігіне; екіншіден, адамның еріктен қуат алып отыратын жағдайы мен қабілетіне байланысты. «Жаратылысында ел билеуге кіи бейім болеа, билік соның үлесіне тимек. Өнер атаулының бэрі еі билеу қүралы бола бермейді; Керісіниле, өнердің копиіілігі - қаладагы кызметтің тетігі; сондай-ақ табиги қабііеттердің котиілігі -қызмет ету- ге арналган қабілеттер... Сондай -ақ грбір, кез келген өнер жгнс әрбір, кез келген қабілет қаиырымды каланы билеу онері бола бермейді» [3, 330-331 б.]. Содан кейін үлы галым кайырымды қала басшысының қасиетгеріне тоқталады. Бүл ретте Әбу Насыр қала басшысын «имам» деп атағам. Оны эрі бірінші басшы дсп есептейді. Ондай кісінің бойында туабітксн он екі (12) қасиет Әбсатт ар к,ажы Д гр б ісә л і _______________________________________________________________________________________________________________________________________ __ 140
болуы керек эрі ол қасиеттерді өзара ұштастыра білуі қажет деп есептейді: - біріншіден, бүл адамның мүшелері мүлде мінсіз болуы тиіс... - жаратылысынан өзіне айтылғанның бэрін жете түсінетін, айтылған сөзді сөйлеушінің ойындағысына жэне істің жайы- на қарай сэйкес ұғып алатын болуы керек; өзі түсінген, көрген, естіген жэне аңғарған нәрсенің бэрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардан еш нәрсені үмытпайтын болуы лазым; әйтеуір бір зат- тың кішкене ғана белгісін байқаған заматта сол белгінің ишаратын іліп әкететіндей алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі болуы шарт; - өткір сөз иесі жэне ойына түйгеннің бэрін айдан анық ай- тып бере алатын ділмар болуы шарт; - өнер-білімге құштар болу, оқып-үйренуден шаршап -шал - дықпай, осыған жұмсалатын еңбектен қиналып азаптанбай, бу­ тан оңай жететін болуы керек; - тағамға, ішімдік ішуге, сыр-сұхбат құруға келгенде қанағат- шыл болуы қажет, жаратылысынан сауыққұмарлықтан аулақ бо- лып, бұдан алатын лэззатқа жирене қарауы шарт; - шындық пен шыншыл адамдарды сүйіп, өтірік-жалған мен суайттарды жек көруі тиіс; - жаны асқақ жэне ар-намысын ардақтайтын болуы шарт; оның жаны жаратылысынан пасық істің бәрінен жоғары болып, игі істерге ынтызар болуы керек; - дирһем, динар атаулыға, жалған дүниенің басқа да атрибут- тарына жирене қарауы қажет; - жаратылысынан әділеттілік пен әділеттілерді сүйіп, әді- летсіздік пен озбырлықты жэне олардың иелерін жек көруі тиіс; - жақындарына да, жат адамдарға да эділ болып, жүртты әділеттілікке баулып, әділетсіздіктен зардап шеккендердің за - лалын өтеп, жұрттың бэріне өз білігінше жақсылық пен ізгілік көрсетіп отыруы қажет; - эділ болуы керек, бірақ қыңыр болмауы тиіс , әділеттілік алдында нойыс мінез көрсетіп қасарыспауы керек, бірақ _ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ д б у Насыр әл-Фараби — Үлы даланын,дара тцлгасы 141
әділетсіздік пен пасықтық атаулыға мүлдем рақымсыз болуы шарт; - өзі қажет деп тапқан істі жүзеге асырғанда шешімпаздық көрсетіп, бүл ретте қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы лазым» [3, 335-336 б.], - деп жазады Әбу Насыр әл-Фараби . Сөйтіп бірінші басшыға қажет Әбу Насыр эл-Фараби қой - ған он екі қасиетті жинақтар болсақ, ол қолы да, ісі де, ары да таза, халықтың талап -тілегін дұрыс пайымдай алатын, жады жақсы, ақылды , сөзге шешен , оқығанын тоқи да алатын , ең- бекқор, бірақ сауыққой емес , одан өзін аулақ ұстайтын , өтірікке жаны қас, ар -намысты жоғары қоятын, дүниеқоңыз емес , әділеттілікті жаны сүйетін, жүртты алаламай , бірдей қарайтын ізгілік иесі, пасықтыққа жаны қас, алдына қойған мақсатына жету жолында батыл болу. Сонда ғана ол ел қалаған азаматқа лайық болады. Мұны осы күндері де өзекжарды емес деп кім айта алады?! ¥лы талым да оны мойындайды. «Осының бәрінің бір адам бойында болуы циын нәрсе, сондьщтан да жаратылысынан осындай цасиет дарыган адамдар өте сирек кездеседі, мұндай - лар аз» [3,337-6 .J, - дей отырып, ол: «Сондьщтан егер қайырым- ды цаладан осындай адам табылса және өзі өсіп-жетілген кезде жогарыда аталган иіарттардыц алгаищы алтауы немеее бесеуі оның бойына біткен болса... онда ол осы цаланың айтулы басшысы болмац» [3, 337-6.], - дейді ұлы философ. Әбу Насыр эл-Фараби жоғарыда атап өткен он екі қасиеттен басқа қала басшысы болуды мұрат еткен адам бойында тө- мендегідей тағы да алты шарттың болғанын жөн көреді. Сонда ол «біріншісінің орнын басатын екінші басшы сол болады» дей отырып, сол төмендегі алты шартты тізбектеп шыққан . - Біріниіі шарт - дана болу. - Екінші шарт - қалаға арнап бірінші имамдар бслгілегсн заңдарды, ережелер мен әдет-ғұрыптарды жадында сақтап , жетік білу, өзінің барлық іс -әрекетін осыларға еәйкес жүргізу. Әбсатт ар к,ажы Д е р б ісә л і __________________________________________________________________________________________________________________________________________ 142
- Үшінші шаргп - бұрынғылардан тиісті заң сақталмаған жағдайда бірінші имамдардың үлгісімен әрекет ете отырып, бүл жөнінде тақуалық көрсету. - Төртінші шарт - бірінші имамдар андай алмаған нәр - селерді, бұрыннан қалыптасып қалған жағдайды да, болашақ оқиғаларды қалаған кезінде танып, біліп отырарлықтай тапқыр да білгір болу; өзінің осындай іс-әрекетінде ол халықтың әл- ауқатын жақсартуды мақсат етуі тиіс. - Бесінші шарт - бірінші имамдардың заңдарын жэне со- лардан кейін, солардың үлгісі бойынша өзі белгілеген заңдарды орындауға жұртты сөзімен жігерлендіре білу. - Алтыншы шарт - әскери істерді жүргізу үшін қажетті дәрежеде қайратты болу; оның бер жағында әскери өнерді қыз- мет бабындағы өнер ретінде жэне билеуші өнер ретінде біліп алу дей отырып, әрі қарай ол «егер осы қасиеттердің бэрін өз бойына жинақтаған адам табылмайтын болса, бірақ екі адам табылып, оның бірі - дана , екіншісі басқа шарттарға сай келер болса, онда осы екеуі де қала басшысы болар еді. Егер осы қасиеттер бір топ адамның басына бөлек-бөлек біткен болса, сөйтіп бірінде даналық, екіншісінде тағы бір қасиет болса , үшіншісінде тағы бір, төртіншісінде тағы бір, бесіншісінде тағы бір, алтыншы- сында тағы бір қасиет болса, онда осы адамдар өзара келіскен жағдайда, бэрі де қайырымды басшылар болмақ. Егер әйтеуір бір кезде басшыларда даналық болмай қалса, онда бұлар басқа шарттардың бэріне сай келе тұрса да, қайырымды қала ағзамсыз қалмақ, сөйтіп қаланы билеуші басшы бұл ретте ағзам бола ал- майды, ал қаланың өзі құрып кету қаупіне ұшырайды.. . Ал егер осы басшыға ақылшы етіп қоярлық бір дана табылмаса, қала біраз уақыттан кейін сөзсіз құритын болады» [3, 338 -339 б.], — деп есептейді. Бұған қарағанда, эл-Фараби үшін білікті, білімді, адал, мін - сіз болу аз, сонымен қатар бірінші басшы өз елінің заңдарын да жақсы білуі лазым жэне сол заңдарды жұртына орындата да алуы қажет. _ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ Әбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланын, дара ттщлгасы 143
Отырар ойшылының аталмыш трактаттарында айтылған жайттар, басшы болғысы келетін жанға қойылар талаптар мен шарттар Қазақстан мемлекеті сияқты тәуелсіздігін енді алып, жаңа, демократиялық қоғам құрып жатқан ел мен оның түрлі деңгейдегі басшылары (министрлер мен әкімдер, Парламент де- путаттары) үшін айтылғандай көрінеді маған. Әбу Насыр эл-Фараби мінсіз, кемшіліксіз қауым, махалла, қала, мемлекет құру арқылы адам баласы бақытқа жете алады дей отырып, осындай игі мақсатты мұрат еткендерді аяқтан шалатын надан, пасық басшы, ел, қала, мемлекеттің де болуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды жэне ол туралы сөз ететін беттерге «Қайырымды қалаға қарама-қарсы қалалар туралы» деген тақырып берген. Қайырымды қала надан қалаға, өнегесіз қалаға, алыс -беріс қала мен адасқан қалаға қарама -қарсы . Сондай-ақ «мұндай қалаға жеке адамдар - осы қалалардың өкілдері де қарсы болмақ» деп есептейді ол. Надан қалаға Әбу Насыр эл-Фараби ешқашан да бақытты көріп білмеген, оған талпыну ешқашан ойына кіріп шықпаған тұрғындар қаласын жатқызады. «Олар мұны ешкашан бастан кешіп көрген емес, бұған ешқашан сенген де емес», —д ейд і ол. Сөйтеді де, «олар болмашы, арзанқол нәрселерге , бүгін жет- кен жетістіктерді ғана қанағат түтып, алданады» дей отырып, оларды үлы философ «надан қала түрғындары» деп атаған, яғни Әбу Насыр ілім-білімге үмтылмаған, ізденістерге тырыспаған жүртты надан қала халқына жатқызған. Надан қаланы да Отырар перзенті бірнеше бөлікке бөлген. «Ділгір қала... түрғындары тек ділгір заттармен ғана, яғни тэннің тіршілік етуіне керекті нәрселермен - тагаммен , сусын- мен, киіммен , түрғын үймен, сұхбаттасумен және осыган жету үшін бір-біріне көмектесумен ғана шектелуге тырысады . Алыс-беріс қаласы дегеніміз . . . түргындары дәулет пен байлыққа жету үшін бір-біріне көмектссуге тырысатын , бірак бүл - басқа бір нэрсеге жетудің қүралы емсс , күл.іі өмірінің мақсаты. Әбсаттар к,ажы Д ер б ісәл і __________________________________________________________________________________________________________________________________________ 144
Пасықтық пен бақытсыздық қаласы дегеніміз... тұрғындары тағам, ішімдік, сұхбаттасудан лэззат алуға тырысады, қысқасы - олар сезім мен қиялға эсер ететін лэззатқа қүштар келеді, қандай түрде болса да сауық құрып, сайран салуға құмар. Даңғой қала дегеніміз... оны мекендеушілер жұрттың сый- құрметіне бөленіп, мақтау алу үшін, өздері жайында басқа ха- лықтар біліп, айта жүруі үшін, сөзбен де, іспен де мадақтап , дәріптеуі үшін, өздерін не жат көзіне, не бір-біріне сән -салта - натымен жарқырата көрсету үшін бір-біріне көмектесуге тыры­ сады - мұның бәрін олар бүған қаншалықты ынтызарлығына қарай немесе осы қаншалық қолынан келуіне қарай істейді. Мансапшылық қала дегеніміз... оның тұрғындары өзгелерді өздеріне бағындыруға, ал өздері ешкімге де бағынбауға тырыса­ ды; олардың күш-жігері өздеріне жеңіс әперетін қуанышқа же- туге ғана жүмсалады. Күштар қала дегеніміз... тұрғындары эркім өз қүнггарлығын еш- бір тежеусіз, өз қалауынша еркін істеу деп біліп, осыған ұмтылады. Надан қалалардың әміршілері де осы қалалардың өздеріне үқсас болады. Олардың әрқайсысы өздері билейтін қаланың ісін жүргізгенде жеке бастарының құштарлығы мен ниеттерін қанағаттандыруды көздейді. Өнегесіз қала дегеніміз... оның көзқарастары ізгі көзқарас - тар санатына қосылады және ол бақытты, пейілі кең, құдіреті күшті Алла тағаланы, екінші жаратындыларды, әрекетшіл парасатты, тегінде қайырымды қала тұрғындары білетін жэне солар сенетін нәрселердің бәрін хақ деп біледі; бірақ бұл қала тұрғындарының іс-әрекеті қүдды надан қала тұрғындарының іс-әрекеті сияқты . Қүбылмалы қала дегеніміз... оның көзқарастары мен іс -эре - кеті бүрын қайырымды қаланың көзқарастары мен іс-эрекеті сияқты болса да, кейін ол өзгеріп кеткен: санасына өзгеше идея- лар үялап, іс -әрекеті мүлде басқаша болған. Адасқан қала дегеніміз... оның ойынша, бақыт бұл дүниедегі өмірден кейін келмек. Бірақ түсінігі өзгеріп кеткен, сондықтан __________________________________________________________________ д б у Насыр әл-Фараби — Үлы даяаньщдара тцлгасы 145
пейілі кең, қүдіреті күшті Алла тағала туралы, екінші жаратын- дылар туралы жэне әрекетшіл, парасат туралы түсініктерінің терістігі соншалық - бұлардың инабаттылыққа негіз болуы да, барлық зат біткеннің кейіпкері мен образдары ретінде қабылдауы да мүмкін емес. Бұл қаланың бірінші басшысы іс жүзінде солай болмаса да, өзін Тэңірі көктен жіберген адам етіп көрсетушілер сана- тына жатады жэне осы мақсатпен қиянат жасап, өтірік айтып, менмендік көрсетеді» [3, 340-343 6.J. Әбу Насыр қиялдаған мінсіз, толыққанды қоғам, қайырымды қала жайлы одан кейінірек Әбу Әли ибн Сина (980-1037), Ибн Рушд (1126-1198), Абд ар-Рахман ибн Халдун (1332-1406), түркі дүниесінде Жүсіп Баласағұни (1020-қ .б .ж .б .) сөз еткен. Қорытынды: Әбу Насыр - тек түркі халқы, оның ішінде қазақ жұрты ғана емес, бүкіл ислам өркениетінің, тіпті бүкіл дүниежүзінің мақтанышы, бүкіл адамзатқа ортақ ірі тұлға. Ал енді кемеңгердің қазақ жерінде туғандығы біз үшін үлкен мақтаныш, сол үшін де біз өзімізді ұлы ғалымның ұрпақтарымыз деп мақтануымыз заңды деп ойлаймын. Отырар тек Әбу Насырдай жалғыз данышпанды ғана берген жоқ, сонымен қатар X -XV ғасырларда одан басқа да 29 парасат иесін дүниеге әкелді. Оларды да зерттеп, ұрпақтарына танысты- рып, елге қайтару керек. Отырар перзенті жоғарыда айтылғандай 339/950 жылы Дамаскіде дүние салған соң, қаланың оңтүстігіндегі «Баб ас- сағир» («Кіші қақпа») зиратына қойылды. Ол қазір де бар. 2006 жылы мен бастаған бір топ ғылым, қоғам қайраткерле- рі Дамаскіде болып, баба зиратына зиярат жасадық. 2007 жылы мен Түңғыш Президент - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың осы елге жасаған ресми сапары кезінде онымен бірге болдым, «Баб ас- сағирде» ойшыл бабаға дүға жасадық. Президент Қазақстан аты- нан арнайы қаражат бөлдіріп, Әбу Насырға кесене (эрі мәдениет үйін) салу туралы Башар Асадпен келісімге қол жеткізді. Ол аяқталды. Сирияда соғыс тоқтаса, ашылады. Ә б са т т а р кджы Д е р б і с ә л і __________________________________________________________________________________________________________________________________________ 146
Әбу Насыр әл-Фарабиді халқы ұмытпай, оның өмірі мен шығармашылығы зерттеліп, бірнеше магистрлік, кандидаттық диссертация қорғалды. Көптеген монография, ғылыми жинақтар жарыққа шықты. Бірқатар шығармасы араб тілінен аударылып, жарияланды. Алматыда Әбу Насыр әл-Фарабидің аты бас университеті- мізге, үлкен даңғылға берілген. Ол туралы деректі фильм түсі- рілді. Туған жері - Түркістан облысының Отырар ауданындағы Шэуілдір селосында музейі ашылған. Шымкент қаласының бір ауданы ұлы баба атымен аталады. Әл-Фараби атындағы еліміздің бас ғылым-білімінің қара шаңырағы алдына үлкен ескерткіші қойылды. ҚР-ның Ғылым жэне техника бойынша Мемлекеттік сый- лығы әл-Фараби атымен аталады. Әдебиеттер: 1. Әбу-л Аббас Шаме ад-дин Ахмед бин Мухаммед бин Әбу Бәкір бин Халликан. Китаб Уафайат эл-ағйан уа абна аз-заман. - Бейрут [жылы көрсетілмеген], 5 том, «Әл-Фараби әл-файласуф» («эл-Фараби философ»). 2. Ғафуров Б. Әл-Фарабидің әлеуметтік-этикалық көзқарастары ту­ ралы // Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. - Алматы: F ылым, 1995. 3. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. - Алматы: Ғылым, 1973. 4. Григорян С.Н. Из истории философии Средней Азии и Ирана. VII—XII вв. С приложением избранных философских произведений Фа­ раби, Газали и Маймонида. - М.: Изд-во АНСССР, 1960. 5. Ибн Эби Усайбига. Уйун эл-анба фи табақат эл-аттиба. - Бейрут [ж. көрсетілмеген]. 6. Хайруллаев М. Фараби. Эпоха и учение. - Ташкент: Узбекистан, 1975. 7. Эбу Наср эл-Фараби. Китаб ара аһл эл-мадинату-л фадила. Эл- Муаллим ас-сани. - Каир, 2002 . 8. Әбсаттар Дербісәлі. Қазақ даласының жүлдыздары. - Алматы: Рауан, 1995. ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ __ ____ ___ ___ __ ____ ___ ___ __ ____ ___ ___ __ ____ ___ д б у Насыр әл-Фараби — Үлы даланыц дара тцлгасы 147
9. Brocelmann С. Geschichte der Arabischen Letteratur. Erster band. Leiden E.J. Brill 1943, стр. 232 -236 . 10. Brocelmann C. Geschichte der Arabischen Letteratur. Erster Supplementband. Leiden E.J. Brill 1937, стр. 375 -378 . Ә бса т т а р к,ажы Д с р б і с ә л і __________________________________________________________________________________________________________________________ _______________
д бу Насыр әл-Фараби — Үлы даланың, дара тцлгасы ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИДІҢ БАҚЫТ ЖӘНЕ БАҚЫТҚА ЖЕТКІЗЕТІН ЖОЛ ЖАЙЛЫ ОЙ-ТОЛҒАМДАРЫ Ортағасырлық көрнекті ойшылдар, әсіресе , гуманитарлық ғылым саласының өкілдері өз шығармаларында адам баласының игілікке, ізгілікке қалай қол жеткізе алатыны туралы көп ойла - нып, толғанған. Олардың ішінде Отырар перзенті Әбу Насыр әл- Фарабидің жөні бөлек. Оның осы мэселеге қатысты, яғни бақыт туралы пайымдаулардан тұратын екі еңбегі бар. Алғашқысы «Китаб ат-танбиһ ала сабили ас -сағада» («Бақыт жолын сілтеу жайлы кітап») деп аталса, екіншісі «Китаб тахсил ас-сағада» («Бақытқа жету жайлы кітап») деген атауымен эйгілі. Әбу Насырдың осы екі дүниесі де отырарлық кемеңгердің туғанына 1100 жыл толуына орай Алматыда қазақ, орыс тіл- дерінде 1975 жылы жарыққа шықты [Әл-Фараби . Әлеуметтік - этикалық трактаттар. - Алматы: F ылым, 1975. - 418 6.J. Аса жа- уапты бұл істі жүзеге асырғандар: КСРО Fылым академиясының академигі, КСРО FA Шығыстану институтының директоры, көрнекті мемлекет жэне ғылым қайраткері Б.Ғ. Ғафуров (1908-1977), қазақтың талантты философ -ғалымы, профессор А.Х. Қасымжанов (1931-2000) жэне Алматыдағы эл-Фараби орталығының ғалымдары: Е.Д . Харенко мен Б .Я . Ошерович . Олар ұлы ойшыл шығармаларын орыс тіліне аударып, алғы сөзін жазып, зерттеген эрі Еуропа халықтарының тілдерінде шыққан нұсқаларымен салыстырып, ескерту, түсініктерін де жазған еді. Бұл шаруа оңай атқарылатын мэселе емес -ті . Мұны айтып отырған себебіміз, аталмыш ғалымдардың барлығы дүние- ден өтіп кетті. Қазір арамызда жоқ . Бірақ олар Әбу Насыр әл- Фарабидің жоғалдыға саналған жазба мұраларын іздеп тауып, аударып, зерттеуде орасан зор қызмет атқарды. Олар әл-Фарабидің бақыт жайлы алғашқы шығармасы араб тілінде 1927 жылы Үндістанның Хайдарабад шаһарында, 149
екінші рет те сонда, үшінші рет осы жұрттың Бомбей қаласында 1937 жылы басылым көргенін айтқан. А.Х . Қасымжанов пен Е.Д . Харенко Отырар ойшылының аталмыш трактаттарының латын, түрік, испан тілдеріне де тәр- жімаланғанына назар аудара отырып, олардың араб тіліндегі нұсқаларының қай елдерде сақтаулы екенін де анықтай алған. Әрине, одан кейін де Әбу Насырдың көптеген еңбегі әлемнің бірқатар елінде жарық көрді. Ол жайлы АҚШ библиографы Николас Решер арнайы зерттеу жазған. Дін қызметінде жүрген жылдары бірде Иранның астанасы Теһранда өткен халықаралық ғылыми-теориялық конференция - ға қатыстым. Әдеттегідей уақыт тауып, осы елдің кіндік қала- сының кітап дүкендерін аралау үстінде эл-Фарабидің «Китаб ат- танбиһ сабил-и ас -сағадасына» кез болдым. Онда бақыт жай­ лы аталмыш трактатқа қоса Әбу Насырдың «Ат-Тағликат» («Афористік жазбалар») жэне «Рисалатани фалсафиатани» («Философиялық екі трактат») атты дүниелері де беріліп, зерт- телген екен. Араб тіліндегі бүл кітапты құрастырып , зерделеген - доктор Жағфар Иасин. Еңбек 354 беттен тұрады. Отырар кемеңгері «Китаб ат-танбиһінде . . .» Платон мен Аристотель ойларын аша отырып, ғылымын жалғастырған, же- тілдіріп тереңдеткен. Әбу Насыр эл-Фараби «Адамды бақытқа не нәрсе жеткі- зеді?» деген сауалға жауап іздеген. Оның ойынша, адам бала- сы бақытқа жету үшін талпынатын мақсат көп. Әуелі ол білімді, сонан соң қанағат, ақыл -парасат, жақсы мінез -қүлық, кі- шіпейілділік (жаман сөз айтпау, зорлық -зомбылық жасамау, от- басына жақсы қарау, сауапты іс жасау) секілді этика ғылымына қатысты жайттарды сөз еткен. Сондай -ақ үстамдылық, сөзге тапқырлық, ысырапшылдық, жомарттық, рақат сезім , абзал істер, адам мақсатының түрлері, білім мен өнер, олардың түр- лері, философия жэне оиың түрлері, философ деген кім , оган қойылатын талаптар қандай, логика өнері, грамматика өнері секілді т.б . өзекті мәселелерді қарастырган . Әбсатт ар к,ажы Д е р б ісәл і _____________________________________________________________________________________________________ ____________________________________ 150
Енді осылардың кейбірі туралы таратыңқырап айтайық. Бақыт және бақыт жолына көңіл аударғанда Әбу Насырдың бүл мәселеге ғалым, үлкен парасат иесі ретінде қарап, оларды ғылыми тұрғыдан қарастырғандығын байқаймыз. Өз ойларын ежелгі грек кемеңгерлерінің тұжырымдары мен айтқандарына зер сала, ғалым ретінде терең ой жібере отырып зерделеуге тырысқан. Әбу Насыр адам бақыт биігіне жету үшін соган жеткісі ке- летін кісіден сол жолды игерудің әдісі мен амалын табуды талап ететінін ескертеді де, «алдымен ескертіп алайық, адам өмірінде кездесетін жағдайлар мыналарға бөлінеді: артынан мадақтауға жэне жазғыруға болмайтын жағдайлар жэне мадақтауға немесе жазғыруға болатын жағдайлар» дейді. Сөйтеді де, «артынан [не] мадақтауға немесе жазғыруға болатын жағдайларда адам бақытқа жете алмайды. Нәтижесінде эрі мадақтауға, эрі жазғыруға бо­ латын жағдайлардың жиынтығы қосыла келгенде ол бақытқа жетеді» деп ой түйіп, осы екі жағдайға тізбелеп анықтама береді. «Әл-Фараби этикасының ең жоғары категориясы - бақыт, өйткені басқа бірдеңе үшін емес, тек өзі үшін қажет болатын игілік жэне ең жоғары игілік осы бақыттың басына шоғырлан- ған. Атап айтқанда , космология мен этика, жалпы философиялық конструкция (күрылым) және оның практикалық мағынасы осы шеңберде үштасады. Өйткені философия болмайынша, дүниенің жалпы үйлесімін, оның құрылысының сұлулығын ұқпайынша шын бақытқа жетуге болмайды. Бүл дүниеде рақат деп білетініміз басқа дүниеде азапқа айналуы мүмкін... Әділеттіліктің үстем болуының шарты ретінде басқа дүниеге жүгіну, осыған керісін- ше - шын дүниедегі тежеусіз жалмауыздықтың үстемдігі, ождан мен намысты баса-көктеу үшін өтелетін ақы сияқты нэрсе , ақы дегенде, теориялық ойы әлденеше рет қайта оралған жэне кейін Кант (1724-1804) өте күшті түрде айтып берген ақыл секілді нәрсе... «Жеке бас тұрғысынан қарағанда, бақыт дегеніміз адамның адамгершілігіне негізделеді», - дейд і эл -Фараби . Осы ұгымға , __________________________________________________________________ д б у Насыр әл-Фараби — Үлы даланыцдара тцлгасы 151
философиялық зеректік пен терең ақылдылық үстіне жақсы мінез-қүлық та кіреді.. . «Ақыл-ой , адамгершілік - этикалық адамгершіліктен айыр - ғысыз нэрсе: ақылды, демек , ол адамгершілігі мол, қайырымды адам. Жетілу үшін өзіңе -өзің барынша адал болуың қажет. Мұның әсіресе өз бойыңда бар абзал қасиетті тани білуге, со- ларға ие болуға және соны дамытуға қатысы бар... Ақыл-парасат пен ағарту ісінің күрескері, соғыстар мен зор- лық-зомбылыққа ашына қарсы шыққан эл -Фараби ізгі тілекті адамдардың бэріне жақын эрі қымбат», - д е п ж аз ғ а н Б. Ғафуров пен А. Қасымжанов . Әбу Насыр бақыт дегеніміз игілік дейді де, игіліктер ішіндегі ең қадірлісі, ең үлкені жэне ең жетілгені деп санайды , солай тұжырым жасайды. Оның ойынша, эрбір адам бақытты өз түсінігінше біледі. Кейбіреулер бақытты байлық деп ой- лайды. «Адам баласы жалпы жасанды жолмен жасаған ақыл- парасат арқылы бақытқа жете алмайды. Нені жэне қалай ажыратылатынын ол өзінің бүкіл өмір бойында біліп отыратын ақыл-парасаттың арқасында ғана бақытқа жетеді», - д е йд і. Отырарлық кемеңгер әдепсіз, тәрбиесіз, біліксіз адам бақыт- ты бола алмайды деп санайтын сияқгы. Адам бақытты болу үшін жақсы іс істеуі керек, жақсыға, жақсылық жасауға, абзал әрекетке тырысуы лазым. Кісі жақсы мінез -құлқымен ғана бақытқа ие бола - ды. Сондай -ақ ол үстамдылық, сабырлылықты да жақсы қүлық деп есептейді. Ол жомарттықты да ізгі іске қосады. Ал сараңдықты жаман қасиетке жатқызады. Әбу Насыр тойымсыздық, қомағай- лық, ашкөздік секілді қылықтардан аулақ болуға шақырады. «Ал егер өз бойында жоқ бола түрып, адам өзін ізгі қасиетті адамға, жүріс -тұрысы жөнді адамға жатқызса, онда ол адамда өзі жайлы жалған пікір туғандығы. Егер адам өз ойында жоқ нәрселерді өзіне жатқыза беретін болса, онда ол адамда көлгірсушілік пайда болады». «Адамның өз ожданы алдында абзал, шыншыл болуы өзіне- өзі ізгі қасиетті болуынан, жүріс-тұрысы ізгі болуынан гана дбсат т ар к,ажы Д е р б ісәл і ____________________________________________________________________________________________________________________________ _____________ 152
туады», - деген ой түйеді ұлы даланың дана тұлғасы. Көлгірсуді атай отырып, оны жаман қасиет деп есептейді. «Жаман мінез-құлық (дөрекілік, сабырсыздық, ашушаңдық, төзімсіздік, жарамсоқтық, тэкаппарлық) - рухани кесел. Оны жою үшін тән кеселін емде қолданатын дэрігердің тәжірибесіне еліктеуің керек», - дейді қазақ жерінің парасатты ұлы. Ал енді адамдар арасындағы достық туралы Әбу Насыр қан- дай ой айтқан деген мәселеге келейік. Әл -Фараби «доскерлік - адамшылықтағы жақсы қасиет, бұл өзі адамның басқа адам- дармен тиісті шамада қарым-қатынас жасауынан туады, осы- ның арқасында ол өзінің жүріс-тұрысынан, сол адамдармен эңгімесінен жақсы лэззат алады. Бұл жөнінде артық кету жарам - сақтыққа соғады, ал достыққа кемтар болу тэкаппарлыққа итереді. Ал енді осы ретте ол басқаны ренжітетін іс жасаса, онда бұл дүрдараздыққа апарып соқтыратынына» көңіл аударған. Адам баласы бақытты болуы үшін өзін-өзі барлық жағынан жетілдіріп отыруы қажет. Ол үшін үнемі ізденісте болмақ керек. Бұл айтылғанның бэрін ол этикаға жатқызған жэне бақытты, жоғарыда айтқанымыздай, этика ғылымымен байланыстырған . «Ең алдымен біліп алатын нәрсе: адам тамаша әрекеттерді кездейсоқ жэне өзінің ықтиярынсыз жасауы мүмкін. Осындай жағдайларда жасалған ондай тамаша әрекеттер бақытқа жет- кізбейді. Егер осы эрекеттер оның өз ықтиярына жэне [өз еркімен] таңдауына негізделген болса, [сол жағдайда] ол бақыт- қа жетеді. Егер ол осы әрекеттерді тек кейбір нэрселер жөнінде ғана жэне оқта-текте жасайтын болса , мұндай кезде де ол ба- қытқа жете алмайды. [Адам] өзінің барлық әрекетінде тамаша әрекетті қаласа жэне өмір бойында осылай ететін болса, сонда ғана ол бақытқа жетеді. Дәл осы шарттарға жанның да тамаша аффектілері сәйкес келетіндей болуға тиіс» деп санайды Әбу Насыр әл-Фараби . «Ә леум еттік-этикалық көзқарастарды әдеттегенде отырар - лық данышпан ежелгі грек ойшылдары - Аристотель мен Пла - тонның ықпалында болды. Әлеуметтік көзқарастар саласында __________ ________________________________________________________ Әбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланъщдара тцлгасы 153
Платонның, этикалық көзқарастар саласында Аристотельдің ық- палы басым болды», - дейді А.Х. Қасымжанов пен Е.Д . Харенко. Иә, Әбу Насыр бақытқа жетуге бастайтын жолға да айрықша назар аударған. Екінші трактатта эл-Фараби өлгеннен кейінгі баянсыз бақыт туралы емес, тірі адамның бақыты туралы айтады. Оған жету үшін адам өзін-өзі жетілдіре отырып, қиын жолдан өтуі керек. Бақыт проблемасын сөз қылғанда эл-Фараби үнемі мына әдісті қолданады: оң құбылыс пен теріс құбылысты қарама-қарсы қояды, оларды біресе біріктіре, біресе бөлек қарастырады, өйткені бақытқа жету шарттары оң құбылыс- тарды да, теріс құбылыстарды да қамтуға, мақтауды да, сөгісті де ала жүруге тиіс. Бұл факторлар адам қылықтарының - со- рақы жэне жақсы қылықтарының негізі болатын қара күш, мінез-күлық, ақыл-парасат қабілеттерінің белсенді түрде өзара эрекеттесуі арқылы көрінеді. Жақсы әрекеттерді орындау адам- ның игі ниетті еркімен жэне өз қалауымен үйлеседі һэм өмір бойына осылайша болып отырады. Жақсы эрекетгерде зорлау, кездейсоқтық, түрақсыздық бақытқа жеткізбейді... «Адамның жетілуі мінез-қүлықтың жетілуімен үндес келеді, осыдан келіп бақытқа жету мен мінез-қүлықтың жетілуі арасын- да байланыс туады», - дейді. Сөйтіп ол «Бақыт жолын сілтеу» трактатында жэне басқаларында Аристотельдің эрекеттері мен қайырымды істердегі орта шама туралы пікірін дамытады. «Екінші трактатта Әбу Насыр эл-Фараби адамның мақсатын немесе міндетін баяндап, оған жету жолы мен құралдарын көрсетеді, сөйтіп, мақсатқа адамның жетілуі арқылы жетуге болады, ал адам ақиқатты тану арқылы жетіледі деген қорытын- дыға келеді», - деп санайды отандас ғалымдарымыз. «Әл-Фарабидің «Китаб тахсил ас-сағада» («Бақытқа жету жайлы кітап») трактаты бірінші трактатына жақын деу керек. Трактаттардың екеуінде де пайымдаудың байланысы сондай - мүның біріншісін екіншісіне кіріспе етіп алуга болар еді. Бірін- ші трактаттың пайымдаулары этика саласына жатады, мүнда бақытқа жетудің мақсаты мен қүралдары анықталады. Екіниіі Ә б са т т а р к,ажы Д е р б і с ә л і ______________________________________________________________________________________________________________________________________ ___ 154
трактатта гносеологиялық (дүниетанудың нысандары мен әдіс- терін зерттейтін сала, таным теориясы) жэне онтологиялық (болмыс туралы метафизикалық ілім) мәселелерге көбірек көңіл бөлген. Оны оқу үстінде ғалым шығармасынан Аристотельдің «Екінші Аналитикасының» ықпалын сезесің, ол әсіресе «баста- малардың бастамасын» іздеу туралы сөз болғанда байқалады. «Анық» жэне «жорамал» ақиқат туралы пікірлер Аристотельдің «Софистикалық бекерге шығаруларын» еске салады» [Әл- Фараби. Әлеуметтік -этикалық трактаттар . - Алматы: Ғылым, 1975. - 374-387 6.J. «Бақытқа жету жайлы кітап» 1961 жылы Бейрутте жа- рияланған. Сонан соң 1962 жылы АҚШ-та , яғни Нью -Иоркте ағылшын тілінде шыққан. Сондай -ақ оның түрік тілінде де басылымы бар екендігін айтқан жөн. Бұл дүниенің нұсқалары Британ музейінде, Үндістанның Рампур университетінде, Ташкенттегі Әбу Райхан әл-Бируни атындағы Шығыстану, Санкт-Петербургтегі Шығыстану институттарының қолжазба - лар қорында жэне т.б . жерлерде де сақтаулы . «Китаб тахсил ас-сағада» Әбу Насыр эл-Фараби шығарма - шылығының соңғы кезеңінде жазылған болуы керек. Бұл - бұдан бұрынғы үш еңбекпен салыстырғанда («Бақыт жолын сілтеу», «Азаматтық саясат», «Мемлекеттік қайраткердің на- қыл сөздері») ең маңызды да өрелі еңбек, сондықтан эл-Фара - бидің басқа трактаттарына қарағанда «саяси» деген ат бұған лайықтырақ. Сонымен қатар бұл туынды ойшылдың саяси трактаттарының ішінде айрықша орын алады. Мұнда басқа еңбектерде баяндалмаған мэселелер қарастырылады, көп- теген философиялық ұғымға анықтама беріледі. Бұл туын - дыға Платонның «Мемлекет» жэне «Политик» деген шығар- маларының эсер еткені байқалады, тіпті, текстерінің дәлме-дәл келетін жерлері де кездесіп отырады» [Сонда]. Әбу Насыр «Китаб тахсил ас-сағада» кітабын «Адам бо- йында дарыған, халықтар мен қала тұрғындарына тэн жэне бұл дүниеде тиесілі бақытқа жетуіне, о дүниеде асқан рақатқа ___________________________________________________________________Ә бу Насыр әл-Фараби — Үлы даланың, дара тцлгасы 155
кенелуіне де септігін тигізетін төрт түрлі нәрсе бар, бұлар: теориялық ізгіліктер, ойшылдық ізгіліктер, этикалық ізгіліктер жэне практикалық ізгіліктер» деп жіктеуден бастайды. Әрі ка­ рай осылардың әрқайсысына түсінік береді. Келесі бір беттерде эл-Фараби болмыс жайын сөз етеді де, оның төрт бастамасы барлығын айтады. Зат «не», «неліктен» жэне «қалай» өмір сүреді - осының бэрінің мағынасы білу ғана - оның «неліктен» жэне «не үшін» өмір сүретіндігі деп бір тұжырымдап алады да, осы жайттарға жауап іздейді. «Өмірдегі нәрселер жайында жұрт алуға талпынатын бі- лімдердің кез келгені тек ақыл-оймен ғана пайымдалады», - дейді Әбу Насыр әл-Фараби. Содан соң [таным] мақсаттың, ең алдымен, [сол] текке жататын нәрсе біткеннің барлығының болмысын анық білу. Бүдан [зерттеуші] болмыстың бастама- ларын танып білуге көшеді. Демек, ол оқып үйрену баста- маларынан бастап, оның түрлерін танып білсем дейді, одан соң осы бастамаларды бойына дарытқан нәрсе біткеннің бар- лығының болмыс бастамаларын анық біліп алуға [көшеді], сөйтіп осы тектің өміріне бар бастамаларын түгел атап шығуға дейін жетеді... Сондай-ақ көптеген бастаманың бір бастамадан келіп шығатынын» айтып, бастамалардың сан түріне тоқталады. Сонан соң ол: «Өмірдегі заттардың зерттелетін, адамды ақыл- ой ауытқуы мен абыржуынан оп-оңай қүтқаратын бірінші тегі - сан мен шама. Сан мен шаманы қамтитын ғылым - математика», - деп, осы мәселені тереңірек сөз етеді. Оптика жайын да қарас- тырады. Оның салаларын жіктеп шығады. Сондай-ақ адам ба- ласының ойлау қабілетінің объектісі болатын заттар олардың тек түпкі мақсатына жету жолында келтірер пайдасына қарап анықталады дей отырып, ойлау қабілетінің ерекшеліктері ту- ралы сөз қозғайды. Ол ойлау қабілетінің бірнеше бөлікке 6ө- лінетініне тоқталып: «Ойшылдық ізгілік дегеніміз - әлденедей бір ізгі мақсатқабарынша көп пайда келтіретін нәрсені аныктауға жүмсалатын ізгілік» деген қорытындыға келеді. Одан соң «ойшылдық ізгілік» деген үғымға түсіндірме жасайды. Барлык Ә б са т т а р к,ажы Д е р б і с ә л і __________________________________________________________________________________________________________________________________________ 156
халыққа, жеке халыққа немесе қалаға ортақ ең әдемі нәрсені ға- на анықтайтын, анықталатын [нәрсе] жөнінде әдетте [жұрттың] зердесінде ұзақ сақталатын немесе қысқа мерзімді уақыт ішін- де ауысып отыратын ойшылдық ізгілік азаматтық ойшылдық ізгілік болады. Егер мұның өзі эрқашан барлық халыққа , жеке халыққа немесе қалаға ортақ нәрсені, ғасырлар бойы немесе басқа бір ұзақ мерзімді уақыт ішінде өзгеріп отыратын нәрсені ғана анықтайтын болса, онда мұндай [ізгілік] заң шығаруға бә- рінен де қабілеттілеу келеді» деген ой қорытады. Одан эрі ол өнер мәселесін сөз етеді: «Бірде-бір басқа өнер - ді алдына салмайтын жетекші өнер деп іс-әрекетін барлық өнердің эрекеттерін пайдалану арқылы аяқтай алатын өнерді айтады. Бүл - өз мақсатына толық жету үшін барлық басқа өнер атаулыны керек ететін өнер. Мұндай өнер - жетекші жэне күші жағынан ең мықты өнер, ал тиісті этикалық ізгілік күші жағынан ең мықты этикалық ізгілік болады. Бүл өнерден кейін басқа өнерлер келеді. Өнер дәл сол текті өнерлердің эрекетін пайдалана отырып, өзінің мақсатына толық жеткен күнде ғана өз тегіндегі ең кемелді жэне күші жағынан ең мықты өнер толып шығады. Мәселен, ең басты жеке -дара өнерлер ішінде эскер бастығының өнері - нақ осындай өнер, ал мұның өзі жеке-дара өнерлер әрекетін пайдаланған күнде ғана мақсатына жетеді. Дэл сол сияқты қалада ақша мәселелерімен айналысатын өнер қаражат іздеп табуға жеке-дара өнерлерді пайдаланған күнде ғана ақша жөніндегі өз мақсатына жетеді. Қала [тіршілігінің] эрбір басқа ірі саласы жөнінде де дэл осыны айтуға болады». Әбу Насыр эл-Фараби үйрету , тәрбиелеу, теориялық білім мәселесі жайлы да айта кетуді үмытпаған. «Теориялық білімді не имамдар мен әкімдер, не теориялық білімді меңгеруге қабі- летті адамдар [үйрене алады]. Осы екі [топ] жоғарыда айтыл- ғандай көптеген эдіспен тэлім алады. Алғашқыда олар теория - лық білімдерінің эрбір тегіндегі бастапқы алғышарттар мен алғашқы білімдер туралы, онан соң алғышарттардың түрлері ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ _ дбу Насыр әл-Фараби —Үлы даланың, дара тцлгасы 157
мен тәртібі жайында мағлұмат алады, бұл ретте , жоғарыда айт- қанымыздай, осы нәрселер жөнінде білім алып, тәрбиеленіп шыққаннан кейін адамзат жаратылысына тэн табиғи дәрежесі- не сәйкес жасөспірімдердің жан дүниесін дағдыландыру керек. Олар барлық теориялық білімде логикалық эдістерді қолдануға дағдыланады, тәрбиенің басқа да қырларымен қатар Платон баяндаған тэртіп бойынша жастайынан оқып үйрене бастайды, сөйтіп ең биік мақсатқа жетуді көздейді; бұдан кейін экім бо- луға жаралғандары жеке-дара басқару түрлерінің бірін жүзеге асыра отырып, жеті-сегіз жасынан бастап жеке -дара басқару басқыштарымен асқан билік дәрежесіне жеткенше бірте-бірте көтеріле береді. Олардың оқып үйрену әдісі, міне, осындай. Олар - өздерінің теориялық танымдарында жалпы жүрт қоста - ған пікірмен шектеліп қала алмайтын таңдаулы жандар» дейді. Әл-Фараби өз трактаттарында практикалық ізгіліктер мен практикалық өнерлерді де қозғаған. Ал тәрбиені сөз еткенде экімдердің (билік басындағылардың) халықты тәрбиелеу үшін жэне «экім халықты, белгілі бір адамдар қауымын, белгілі бір адамды бақытқа жеткізетін белгілі бір білім сатысын анықтап, тек сол халықты ненің көмегімен тәрбиелеу керек екенін есте сақтауға, сонымен қатар сол халықты иландыру әдісімен тэр- биелеу үшін қолданылатын нәрселерді білуі тиіс» дейді. Әбу Насыр эрі қарай: «Әдетте эрбір халықты тәрбиелеуге өкілдік алған кісінің [қарамағында] осы халықты ерікті т^рде немесе күштеу эдісімен тэрбиелеуге пайдаланатын адамдар болады, бұл ретте олар екі топқа немесе осы екі [түрлі тәрбиеге қатысты] болмыстың мэніне ие болып отырған бір топқа бірі- геді. Өз тарапынан бүл топ немесе осы екі топ екі бөлімге немесе осы [бөлімдер] ішіндегі бөлшектерге бөлінеді, сөйтіп ең кішкене бөлшектерге немесе [бөлшектердегі] ең шағын тәрбие күшіне дейін осылай кете береді. Бұл [топтардағы] басқыштар [олардың өкілдерінің] әрқай- сысының ойшылдық ізгілігіне сәйкес орналаеады. Белгілі бір бөлшектерді пайдалануға септігін тигізетін белгілі бір дбсат т ар к,ажы Д е р б ісәл і __________________________________________________________________________________________________________________________________________ 158
ойшылдық ізгілікті алатын болсақ, мұның өзі біреулерде екін- ші біреулердегіден көп болады, сондықтан бүлардың мэні ой- шылдың ізгілік күшіне сәйкес келген. Ал егер осындай екі топ эрбір халық пен қалада болса, онда бұлардан төмендете басқа бөлімдер құрылады. Адамдар мен қалаларды адамға тэн төрт түрлі нэрсеге кенелтетін, ең жоғары бақытқа жеткізетін амалдар мен әдістер, міне, осындай» деп тұжырымдайды. Әбу Насыр: «Адамдар ішіндегі ең таңдаулы жан бірінші басшы болуға тиіс, ол тегінде баршаға мэлім пікір қажет деп санайтын біліммен әсте шектеліп қалмайды. Бірінші басшы мен ең тандаулы жанға лайықты қасиет һэм білгірлік бойына дарыған болуы қажет. Қолында азаматтық билігі бар әрбір адам осы билік арқылы бірінші басшының мақсатын іске асы- руга көмектесуге талпынады, тексерілген көзқарастан ақыры- на дейін айнымайды... Сондықтан бірінші басшы жэне анық дәлелдемелер келтіре отырып ақылмен пайымдалатын нәрсе біткеннің барлығын қамтитын білімі бар адам таңдаулы жан болып, қалғандары қарапайым халық, қалың жұртшылық бо­ лады», - дейді. Әбу Насырдың айтуынша, жалпы жұрт қолында билігі бар, парасатты, білімі кемелді кісіні қолдауы керек, соған мойынсы- нуы лазым. Басшы жұртты сөзімен де, ісімен де иландыра білуі тиіс. Ол үшін ақыл -парасатқа қоса, әрине , білім де қажет екені түсінікті. «Мұндай білім - жетекшілік тұрғысынан алғанда бұрын келетін жэне ең кемелді білім. Ал басқа басты білімнің бэрі элгі білім жетегінде болады: менің басқа басты білім деп шығарғаным - екінші білім жэне [біріншісі мен екіншісінен] келіп шығатын үшінші білім, бұл білімдер [бірінші] білімнің соңынан келеді де, адам қолынан келерлік ең жоғарғы бақыт пен ақтық кәмелеттікке жету мақсатын орындап шығу үшін қолданылады. Ерте заманда бұл білім нақты Иракты мекендеген халдейлерде болған, онан соң мысырлықтарда пайда болған, бүдан кейін гректерде, олардан сириялықтарға, содан барып арабтарға ауысқан деседі. Бүл ғылымның бар мазмұны грек __________________________________________________________________ Әбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланьщ дара тцлгасы 159
тілінде баяндалған, онан соң сирия тіліне, бүдан кейін араб тіліне [аударылған]. Осы білімді меңгерген гректер мұны «абсолют даналық» жэне «ұлы даналық» деп атаған, ал оны меңгерушілікті «ғылым» деп атаған». Әл -Фараби философия ғылымын осыдан шығарған. Мүның қасиетін философия деп білген , ол фило­ софия деп ұлы даналықты ерекше қадірлеп, соны жақсы көруді түсінген, ал осы ғылымды меңгерген адамды философ деп білген, яғни ұлы даналықты жақсы көріп, қадірлейтін адамды осылай деп түсінген. Олар [философия] мүмкіндігі жағынан барлық ізгілік атаулыны қамтиды деп есептеген. [Сондықтан] оны ғылымдардың ғылымы, ғылымдар анасы, даналык атаулы- ның даналығы, өнер атаулының өнері деп білген. Бүлай де- генде барлық өнер біткенді қамтитын өнерді, барлык ізгілік біткенді қамтитын ізгілікті, барлық даналық [түрлерін] бойына жинаған даналықты айтқан. Өйткені жүрт даналықты оң үлкен өнер деп біледі. Өнердің қай саласында болса да, осы өнерді қолданушылар көпшілігінің қолы жетпейтін төтенше өнер кө- рінісі адамзат даналығы деп аталады, ал қайсыбір өнерге өте- мөте жетік (адамды) өнердің осы [түрінде] дана деп атайды, ал беделді де үшқыр ойлы адамды ой толғау жағынан беделдігін көрсете білген салада дана деп атайды. Алайда шынайы ма- ғынасы жағынан алғанда, даналық деп осы ғылымда жэне оны меңгерушілікті айтады» дей отырып, ол теориялық ғылымдарды басқа ғылымдармен пайдалана алмайтын, оған қабілетсіз , да- рынсыз болса, онда мүндайлардың кемелсіз (толымсыз) бол­ таны» деп есептейді. Өйткені, Әбу Насырдың ойынша , «кемел- ді философ эрі теориялық ғылымдарды меңгеріп алады, эрі бүларды өз мүмкіндігіне орай басқа [ғылымдарда] қолдануға қабілетті келеді... Оның үстіне өз бойында осындай қабілет неғүрлым көп болса, онда соғүрлым кемелді философ болтаны. Ал натыз, шын магынасында кемелді [философ] деп әуелі теориялық ізгіліктерге жеткен, бүдан кейін халықтар мен қа- лаларта эрқайсысының шама-шарқына қарай және соларта қолайлы әдіспен осы екі [ізгілік түрін де] дарытута қабілепі Әбсатт ар кджы Д е р б ісәл і_________________________________________________________________________________________________________________________________________ 160
адамды айтамыз. Ол - теориялық жэне практикалық ізгіліктерді бойына дарытуға, тек анық дәлелдемелерді ғана, тек иландыру әдісі арқылы ғана қолдануға, ой -пікірге қабілетті болғандықтан философ, нағыз шынайы мағынасында [әрі] бірінші басшы». Әл-Фарабидің бұл түжырымына қарасақ , бірінші басшы, мейлі ол қандай басшы болсын, бэрібір теориялық жэне прак- тикалық ілімді меңгерген кісі болуы шарт. Сондай адам ғана дана кісі. Дана кісі нағыз философ деп есептейді ол. Трактатта отырарлық ойшыл діни ілім мәселесін де көтер- ген. Діни ілім қандай ілім? «Егер жүрт өмірде бар нәрселерді танып білерде немесе зерттегенде бүлардың маңызын тікелей пайымдап, анық дәлелдемелер арқылы бұлар жөнінде пікір қорытатын болса, онда осы танымдарды қамтитын ғылым фи­ лософия болмақ. Ал бұлар өздері сияқты, өздеріне ұқсас нәр- селерге ой жүгірту арқылы пайымдалып, ой толғауының илан­ дыру жолымен бұдан қандай түсінік алынғаны жөнінде пікір қорытылатын болса, осы деңгейдегі білімді ерте замандағылар «ақиқат пікір» деп атаған. Егер осындай танылатын заттарды сол қалпында алып қарап, иландыру арқылы пайымдайтын болсақ, онда мұны «діни ілім» деп атаған жөн. Ерте замандағылардың түсінігінше, діни ілім дегеніміз - философияға еліктеушілік; бүлардың [философия мен діни ілімнің] екеуі де белгілі бір заттарды қамтиды, екеуі де түпкі принциптерді, өмірдегі заттар- дың бастамаларын ұсынады... Философия уақыт жағынан діни ілімнен бұрын жүреді. Әбу Насыр «практикалық философия зерттейтін, ерікке байланысты ақылмен пайымдалатын мәндер түпкілікті өмір сүрсін дейтін болсақ, онда олардың түпкілікті өмір сүруін мүмкін етерліктей жағдай жасау керек» деп есептейді. «Егер осындай жағдай жа- салған болса, онда бұларды заңдарға біріктіру керек . Өзінің ой толғауының артықшылығы арқасында жағдайды анықтауға қабілетті адам ғана заң шығарушы бола алады, ал мүндай жағдай тұсындағы заңдар ең жоғары бақытқа жетуге мүмкіндік бере- тін, түбегейлі өмір сүруші заңдарға айналады». Бұған қарағанда _ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ Әбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланыц дара тцлгасы 161
эл-Фараби эділ заң ғана бақытты өмір сүруге мүмкіндік жасайды деп есептейді. Өйткені ол ең жоғары бақытқа жеткізетін жағ - дайды анықтай алады немесе ең жоғары бақытты ақылмен пайымдай біледі, бүл заттарды ақылмен пайымдалатын нәрсе- лерге айналдыра алады, осылардың арқасында заң шығару мэні алдын ала философияны меңгергеннен кейін ғана ең басты нәрсе болмақ». Демек, Әбу Насырдың ойынша , эділ заң шығаратын адам дана, яғни философ болуы керек . Ал «философтың бойында ойшылдық, ізгілік болмайынша, ол ерікке байланысты ақылмен пайымдалатын мәндер түпкілікті етерлік хал-жағдайды ашық корсете алмақшы емес». Осыны айта келе Отырардың перзенті «имам», «философ», «заң шығарушы» деген ұғымдардың мағы- насы бір деп тұжырымдайды. Одан кейін эл-Фараби «экім» деген атауға көңіл аударған. Оның ойынша, «бүл есім билік пен қуаттылықты көрсетеді». Одан эрі ол осы айтылғандарға төмендегідей түсінік береді. «Толық қуаттылық дегеніміздің мәнісі - күші жағынан асқан қуаттылық деген сөз, ал ол күш -қуаты өзінен тысқары нәрсе жө- нінде ғана көрініп қоймайды, егер өнері, жаратылысы мен ізгілігі мейлінше жоғары дәрежеге жеткен болса, асқан қабілеттілігі арқасында мұндай күш-қуат оның бойында болуы да мүмкін. Танымдық һэм ойшылдық қабілеті мол, ізгілігі мен өнері аса күшті болған күнде ғана осылай болмақ. Әйтпесе оның бойына шынайы күш-қуат бітпейді, қолында билік болмайды». Әбу Насырдың бүл айтқандары дүрыс. Бойында ізгілігі, парасатты- лығы, ақыл-қайраты жоқ адам билік тағына қалай ие бола алады?! Билікке ие болғанымен, оны қалай үстап түра алады?! Әл-Фарабидің бұл реттегі айтпағы да осы сияқты. Ойы таяз адамның қабілет-қарымы кемел болмақ емес . «Міне, сондықтан да нагыз экім эрі философ, эрі заң шыгарушы болмақ». Әрі қарай Әбу Насыр енді «имам» үғымына тоқталады. Ол «араб тілінде имам деп эрі қолбасшы, эрі жетекші ретінде бой көрсететін адамды айтады, бұл ретте ол не өзінен -өзі, нс көздейтін мақсаты жағынан жетекші болып көрінеді. Ал сгер д бсат т а р к,ажы Д ер б ісәл і _______________________________________________________________________________ __________________________________________________________ 162
оның бойында ондай қабілет-қарым болмаса , жұрт оны жетек- ші деп қабылдамайды, оның айтқанына мойынсынбайтын бол- са, ол шын мәніндегі имам, яғни жетекші бола алмайды». Соны айта келе әл-Фараби: «Әлбетте, «философ», «бірінші басшы», «экім», «заң шығарушы» жэне «имам» деген ұғымдар бір ұғым болады», - деген ой қорытады. Оның бұл ойлары ақиқат. Осындай ұғымдарды саралай келе Отырар ойшылы «Дүмбілез жэне өріссіз философтың философиясын алатын болсақ, тиісті даярлығы жоқ болса да ғылымды зерттей бастайтын адамның сиқы сондай болады. Кімде -кім ғылым жолына түскісі келсе, теориялық білімдерге жаратылысынан бейім болғаны абзал» деп санайды да, «бүл шарттарды Платон өзінің «Мемлекет» деген кітабында баяндаған. Нәрсе біткеннің парқын түсініп , ұғынуға келгенде адам мейлінше зерек болуы тиіс...» дейді, яғни ғылым жолын таңдаған адамның шыдамды да табанды болуы лазым. «Жаратылысы бойынша ақиқат пен оның күрескерлерін, әділеттілік пен оның жақтастарын сүйетін болуы керек, өзінің талап-тілегінде дөкірлік пен өзімшілдік мінез көрсетпеуі, асқа, ішімдікке келгенде ашқарақ болмауы, дирһем мен динарды, тағы сол сияқтының бэрін жаратылысынан жек көретін болуы қажет» деп санайды отырарлық дана. Әбу Насыр адам байлыққа, ақшаға, дүниеге қызықпауы керек дейді. «Жүрттың теріс деп білетін нәрселері жөнінде ол әдеп сақтап, инабатты болуға тиіс, жақсылық пен әділеттілікке оңай бағынып, жамандық пен әділетсіздікке көне бермеуі керек, мұнда мейлінше естиярлы болғаны жөн» деп те ескертіп өтеді. Осы талап -міндеттерді ол дін саласына да жатқызады. «Адам өзінің табиғи бейімділігіне сәйкес келетін заңдар мен эдеп-ғұрып негізінде тәрбиеленген болуы шарт. Өзін аялап, дін жолындағы көзқарастарына кэміл сенімді болуы, өзінің діні [парыз] еткен ізгі эрекеттерден ай- нымауы, бұларды түгелдей де, там -тұмдап та бұзбауы қажет, бұл ретте баршаға мэлім [пікір] бойынша дүрыс деп танылған ізгіліктерді берік сақтауы жэне баршаға мәлім [пікір] оңды деп танылған әрекеттерге қарсы шықпауы керек. Егер осы қасиеттер ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ _ Әбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланыцдара ттщлгасы 163
жас үлан бойына дарыған болса, оның үстіне [философияны] зерттеуге кіріссе, оны меңгерген болса, онда ол жалған дүмбілез, өресіз философ болмауы мүмкін». Әл-Фарабидің бұл айтқандары қазір де өміршең . Білімсіз , жі- герсіз, білім жолында қиындыққа шыдай алмайтын, табанының бүрі жоқ адам имам да, экім де , билеуші де, заң шығарушы да, философ та болып жарытпақ емес. Туабітті зейінсіз , білімге ле­ генде құштарлығы, қызығушылығы жоқ, теориялық ғылымды игеруге қабілетсіз адам философ болып та жарытпақ емес деген ойға берік тұрақтайды Отырар кемеңгері. «Теориялық ғылымдар жағынан кемелдене тұрса да, жалған жэне дүмбілез философтар, сайып келгенде, ғылымнан бірте -бірте алшақтай береді, ал ізгілік арқылы кемелденерлік жасқа жеткенде ондай адамдардын білімі толық сөніп бітеді» деп, ол Платонның осылай деп ескерткенін алға тартады. Сондай -ақ ол философия көздейтін максатты сезінбейтін адамды өресіз философқа балайды. Осының бәрін айта келе: «Осындай сипаттағы философия бізге гректерден: Платон мен Аристотельден келген. Олардың эрқайсысы бізге философияны беріп қана қойған жоқ, сонымен қатар оған апа- ратын жолды да, оның қүлдырап , ғайып болған кезін де, оны жасау жолын да көрсетіп берді. Біз ең алдымен Платонның философиясын жэне мұның сатыларын баяндаудан бастаймыз. Біз Платон философиясының бірінші бөліміне кірісеміз, онан соң рет-ретімен жүріп отырып , оның философиясының соңгы бөліміне жетеміз. Аристотель ұсынған философия жөнінде де осылай жасаймыз. Бүдан көрініп отырған нәрсе - олардың бізге берген тәліміндегі мақсаттың бірыңғай екендігі. Осылардың екеуі де бэз-баяғы бір философияны - Платон философиясы мен оның бөлімдерін, бөлімдерінің сатыларын бастан -аяқ баяндап беруге тырысқан», - д ейд і [Әл-Фараби . Әле> меттік-этикалык трактаттар... XXIX, XXX; 5-, 7-, 19-21 ,274-286, 303-, 308-, 329- 331, 336-337, 343-344, 352-372, 413-6.] Әбу Насыр эл-Фараби «Бақыт жолын сілтеу» мен «Бақытқа жету жайлы» трактаттарын жазуда өзі жоғарыда айтып өткендеи Әбсатт ар кджы Д е р б ісә л і___________________________________________________________________________________ ______________________________________________________ 164
гректің аталмыш ойшылдарының еңбектерін жақсы зерделеген. Платон мен Аристотельдің философиялық атауларын жақсы түсіну, оларды игеру, оларға толыққанды түсіндірме жасау үшін ежелгі грек тілін өте жақсы білу керек еді. Әл -Фарабидің сөз болып отырған трактаттарын оқи отырып, оның грек тілін және өзге де тілдерді жақсы білгендігіне көз жетеді. Ибн Халликан өз шежіресінде Әбу Насырдың жетпіс тілді білгендігін бостан- босқа айтпағаны түсінікті болса керек. _ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ Әбу Насыр әл-Фараби —Үлы даланыцдара тцліасы
Әбсаттар кджы Дербісәлі ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ОТЫРАРЛЫҚ ҒАЛЫМДАР Ислам - адамзат тарихына айрықша үлес қосқан үлкен өркениет. Оның туы желбіреген жерлерде эрдайым білім мен ғылым гүлденіп, адамзат адамгершілік пен парасат шыңына көтерілген. Шөліркеген даладай қуаңсып , суалған көлдей қүла - зыған мекендер исламның келуімен көгалды шалғын, көк май- салы жерге айналды. Ислам Орта Азияға, оның ішінде қазақ еліне біздің дәуі- ріміздің VIII ғасырында ене бастады. 751 жылы Талас бойын- да қарақытайлықтар мен мұсылмандар арасындағы шешуші шайқаста бауырларымыздың жеңісі бүкіл ортаазиялық аймаққа ислам дінін ғана емес, сондай-ақ оның мәдениетінің де еркін таралуына жол ашты. Қасиетті Қүран Кәріммен бірге қазақ да- ласына үлкен ислам өркениеті келді. Ғылым , білім жанданды. Көптеген қала салынды. Онда медреселер мен ғылыми ошақтар жұмыс істеді. Жергілікті халық арасынан Әбу Насыр әл -Фараби, Қожа Ахмет Ясауи, Мұхаммед Хайдар Дулати , Қадырғали Жа- лаири секілді өз шығармаларында гуманизмді уағыздаған терең ойлы ғұламалар шықты. Олар тек қазақ елі немесе Орта Азия ғана емес, бүкіл мүсылман шығысы мәдениетінің мақтанышына айналды. Олардың есімімен қазір көшелер мен даңғылдар, уни- верситеттер мен институттар аталады. Біз олармен мақтанамыз . Олар қалдырған игі мүраларды үлгі етеміз. Бабалар мүрасы бізді қашанда рухтандырып отырады. Біз өзіндік ділі, тамыры терең құндылықтары, сүненер, қуат алар бай рухани мүрасы бар халықпыз. Солай бола түрса да, соңғы кездерге дейін қазақтар көшпелі болды, жазу-сызу да - мымады, олардың арасында мұсылмандық жақсы тарамаған деген жаңсақ пікір үстем боп келді. Соның салдарынан үлы далада туып-өсіп, әлемдік өркениетке үлес қосқан көгттеген ғалым бабаларымыздың есімдері ғасыр парақтары арасын­ да қалып қойды. Жаратқан Иеміз бізге тәуелсіздік сыйлауының 166
арқасында елімізге тэн рухани, діни, мәдени жәдігерлерімізді қайта жаңғыртуға қол жеткізіп, олардың біразын анықтап , маңдайымыз жарқырап жатқаны да бар. Иә, ілгеріде өткен бабаларымыз бізге рухани мол мұра қал- дырып кетті. Оларды игеріп қана қоймай, зерделеп, қастерлеуі- міз керек. Өйткені Ислам - қазақ халқының мәдениеті мен эде - биеті, өнері мен салт-санасының мызғымас бөлігі, тірегі. Тіпті Ислам дәстүрлерінсіз қазақ мәдениетін елестете де алмаймыз. Сол себепті эркезде де Ислам біздің рухани дамуымыздың не- гізгі ұйытқысы боп келді жэне солай бола бермек. Патшалық Ресей кезінде «бұратана халықтардың өткені, яғни ежелгі мэдениеті жоқ» делінсе, Кеңес дэуірінде «олардың көзін Қазан төңкерісі ашты» деген жалған идеология үстемдік етті. Сол себепті де біз халқымыздың көптеген жақсы қасиеті- нен, рухани мұрасының біразынан айырылып қалдық. Әйтсе де біздің әдебиетіміз бен мэдениетіміздің тарихы тым тереңде жатыр. Әдебиетіміз бен мәдениетіміз ғана емес, сон- дай-ақ әдет -гұрпымыз бен мінезіміз де Қазан төңкерісі экелген жасанды арзан құндылықтарға емес, Ислам мэдениеті негізін- де қалыптасқан. Олай болса , Ислам - біз үшін тек дін ғана емес, рухани мұрамыздың қайнар көзі, тіпті елдігіміз , бүгінгі тәуелсіздігіміз де. Қазақ жерінде Отырар, Сүткент, Түркістан, Сауран, Сығанақ, Баршынкент, Женд, Исфиджаб - Сайрам , Тараз, Баласағұн се- кілді үлкенді-кішілі талай -талай мәдени , ғылыми, рухани орта - лықтар болды. Соның ішінде тек бір ғана Отырарды алсақ, ол әлем мәдениетіне өзіндік үлес қосқан Әбу Насыр эл-Фараби жэне басқа да дарынды парасат иелерін берді. Жұрттың көпшілігі күні бүгінге дейін тек Әбу Насыр әл- Фарабиді ғана біледі. Шынында да, Отырар тек Әбу Насырды ғана берді ме? Біздің зерттеулеріміз Отырардан 30 майталман- ның шыққанын көрсетіп отыр. Олар - эртүрлі ғылым, білім, мәдениет пен дін салаларының өкілдері. Бірқатарының өмірі жайлы мағлүматтар мен еңбектері біздің заманымызға жетсе, ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ _ Әбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланьщдара тцлгасы 167
бағзылары туралы деректер бірер жолдардан аспайды. Әйтсе де олар біз үшін аса қымбат. Енді солардың өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасап көрелік. д б с а т т а р к,ажы Д е р б і с ә л і __________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ 1. Аббас әл-Жауһари Фараб ғұламаларының көш басында мерзімдік жағынан қарасақ Аббас эл-Жауһари тұр. Ол туралы деректерді Аудан- бек Көбесовтің «Әл-Фараби» атты еңбегінен ұпіыраттық. Ол Аббас әл-Жауһариді «IX ғасырда құрылған Багдад мектебінің өкілі, жерлестері Хорезми, Ферғани, Мервазимен бірігіп Багдад расытханасы мен «Даналық» үйінің негізін қалаушылардың бірі. Аббас әл-Жауһаридің Отырар қаласынан шыққандығын көрсететін мағлұматтар бар. Отырар алқабындағы бір қала- шықтың орнындағы төбе күні бүгінге дейін «Жауһарана» не- месе «Гауһарана» деп аталады. Ол жоғарыда атап көрсетілген жерлестерімен бірге 829-830 жылдары Бағдадта жэне 832-833 жылдары Дамаскіде жүргізілген астрономиялық бақылауларга қатысады. Бүл бақылаулар негізінде «Мамунның астрономиялық таблицалары» деп аталатын еңбек жазылады. Бүл еңбекке Әбу Насыр эл-Фараби үлкен мэн берген. Аббас эл-Жауһари математикамен де шұғылданган. Мәселен, ол «Евклидтің «Негіздерін» кемелдендіру» деп аталатын трактат жазған. Бұл трактат бізге эзірше беймәлім. Тек Насыр ад-дин ат- Туси (1210-1274) өзінің параллель түзулері жайлы еңбегінде әл- Жауһариден үлкен үзінді келтіреді. Бүл үзінді бойынша Шыгыс математиктері ішінен ең бірінші болып Евклидтің параллель түзулер теориясын сынга алушы осы Аббас эл-Жауһари екендігі көрінеді. Ол өзінше бесінші постулатты дәлелдеуге эрекегте- неді. Бүл үшін эл-Жауһари мынадай жоруды қабылдаиды: егер екі түзу үшінші бір түзумен қиылысып, тең параллель айқыш бұрыштар жасайтын болса, онда кез келген түзумен киылысқанда да, осы қатыс орынды болады. Дәлелдеу барысында әл-Жауһари 168
үшбұрыштың орта сызығы туралы теореманы жэне бұрыш ішін- дегі кез келген нүктеден бұрыштың екі қабырғасын да қиып өте- тін түзу жүргізуге болатынын көрсететін теореманы дәлелдейді. Бұл теореманы 1800 жылы Евклидтің бесінші постулатын дәлелдеу үшін француз геометрі Лежандр пайдаланған. Аббас әл- Жауһаридің параллель түзулер туралы идеясын кейін әзірбайжан математигі Насыр ад-дин ат-Туси дамытады» [1, 36-37 б.] десе, ал ортағасырлық талым Джамал ад-дин әл-Қифти (1172-1248) «Ихбар әл-улама би-ахбар эл-хукама» («Ғалымдарды даналар жайлы мағлұматтармен таныстыру (Каир, 2008)») атты тракта- тында Отырар ғалымын «Ибн Саид эл-Жауһари - астроном, аспан денелерінің қозғалысы мен арақашықтығы және орбиталарды есептеу саласының білгір маманы. Аспан денелерін бақылауға арналған құралдарды жетік меңгерген. Ол халифа Мамунге жақын адамдардың бірі болтан. Халифа оны Багдад қаласындағы Шамасия деген жерде аспан кеңістігін бакылайтын арнайы топқа қосқан. Сондай -ақ жұмысының барысында кейбір планеталардың жэне Күн мен Айдың орындарын анықтаған. Соның негізінде астрономия мамандары арасында танымал «Зидж» жазған. Ибн Саид эл-Жауһари және оның әріптестері: Саид ибн Эли, Халид ибн Абд эл-Малик әл -Маруарузи, Иахия ибн Әбу Мансур - ис­ лам әлеміндегі ең алгашқы аспан денелерін зерттеген тұлғалар. Кейінгілердің бэрі солардың ізін жалғастырушылар. Соңғылар туралы жоғарыда аты аталған тұлғалардың біріне жеке тоқталған кезде толығырақ хабар беріледі. Ибн Саидтың «Зидж кітабы», «Евклидтің кітабына түсініктеме», «Евклид кітабының бірінші бөліміне түсіндірме», «Ашкал кітабы» іспетті еңбектері бар» [20, 219-6.J, - деп жазған. Енді Аббас әл-Жауһаридің бізге белгілі кейбір трактатта - рын атай кетейік: «Евклидтің негіздері» атты бесінші кітабына (мақаласына) қосымша (Зийадат фи-л мақала ал -хамиса мин - китаб Уклидис) Принстон (Иегуда, 358), Стамбул (Миллет кі- тапханасы, Файзулла қоры, 1359/4), Теһран (Адад университеті), Тунис (Ахмад), Хайдарабадта (Усманийа) сақтаулы. ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ Ә бу Насыр әл-Фараби — Үлы даланын, дара тцлгасы 169
Неміс арабтанушысы Макс Краузе (1909-1944) Стамбул қолжазбасына сипаттама, ал барлық қолжазбаға түрік ғалымы Фуад Сезгин сипаттама жасаған. «Евклидтің алгоритмінің» қос қатынасына барлық толық емес бөлшектерінің теңдігі ретіндегі қолдану кезіндегі қатынас- тар теңдігін анықтау негізінде пропорция теориясын қүру тәуе- келі болып табылады. Мүны ақын, математик, философ , астро­ ном Омар Хайамның (1048-1122) Евклидке түсіндірме жасау әрекеттеріне жақын талпыныс деуге болады. Хаджи Халифа (1609-1657) оның [Евклидтің] «Негіздері» кітабын «кемелдендіру» трактаты барын еске алады. Трактатта метематик, астроном, философ , эдебиетші, энци- клопедист-ғалым Насыр ад -дин ат -Тусидің (1201-1274) парал­ лель сызықтарды салыстыруға күмэн келтіретін Евклидтің бе- сінші постулатын дәлелдейтіні жайлы тарау бар. Ат -Тусиді орыс тіліне аударған Б.А . Розенфельд, зерттегендер: Б.А. Розенфельд пен А.П . Юшкевич . Ибн ан-Надим (әл-Жауһаридің) төмендегі математикалық трактаттарын еске алады: Евклидтің кітабына («Китаб тафсир китаб Уклидис») жа- салған тэпсірлер. Евклидтің («Китаб эл-ашкал ал -мати задаха фи -л мақала ал ула мин Уклидис») «Негіздерінің» бірінші кітабына қосқан ұсыныстар кітабы. Жер ортасынан Күнге дейінгі қашықтықты анықтау жайлы трактат («Рисала фи мағрифат буд аш-шамс ан марказ ал-ард»). Бейрут. Джамал ад-дин әл -Қифти және Хаджи Халифа «Зидж» (аз- Зидж). Сондай-ақ эл -Жауһари - «Мамун зиджін» тексерген автор- лардың бірі. Аббас эл-Жауһари туралы неміс шығыстанушысы К. Бро- кельман (1868-1956), Генрих Зутер (1848 1922), ортағасырлық мүсылман ғалымдары Джамал ад-дин әл -Қифти , Ибн ан-11адим, Әбсат тар цажы Д ер б іс әл і_________________________________________________________________________________________________________________________________________ 170
Хаджи Халифа, Тукан Кадри Хафиз, Құрбани , осы заманғы зерттеушілер: Фуад Сезгин, Кеңес Одағындағы А.П. Юшкевич тежазды[27а,46^7 6.J. Аббас әл-Жауһари еңбектерінің кейбір көшірмелері біздің заманымызға жетті. Олар Принстон (АҚШ), Миллей (Стамбул), Теһран университеттері мен Тунис, Испанияда сақтаулы. 2. Әбу Насыр әл-Фараби Отырар ойшылдарының ең атақтысы эрі мэшһүрі, топ жар- таны - Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» («Әл-Мұгаллим ас-сани»), «Шығыстың Аристотелі» атанған ұлы гүлама Әбу Насыр әл-Фараби еді. Араб, парсы шежірелері деректеріне қарағанда , эл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындагы Фараб (Оты­ рар) қаласында, қайсыбір деректерде оның тікелей ықпалында болтан іргелесі Уасиджде (Оқсыз) эскербасының отбасын- да дүниеге келген. Ол да мұсылман шыгысы дәстүрімен туган жерінің атауымен «Әл-Фараби», ягни «Фарабтық» деп аталган. Ол кезде мұсылман дүниесінің гылыми, рухани орталықта- ры араб жұртының Багдад, Басра, Дамаск, Каир шаһарлары болгандықтан, жас Әбу Насырды ата-анасы Таяу жэне Орта Шыгыс елдеріне сапарга дайындайды. Әбу Насыр Багдадқа бармас бүрын жолай Шаш (Ташкент) пен Самарқанд, Бұхара шаһарларына сотып, білімін жетілдірген деуге болады. Әйтсе де Әбу Насырдың мүнда қанша болтаны жайлы араб шежірелері ештеңе айтпайды. Кейін ол жолай Иран еліндегі Рей, Исфаһан қалаларына келеді. Иран халқының мәдениетімен танысады . Одан эрі Багдадқа аттанады. Әбу Насыр логика, әуез (музыка), астрономия жэне басқа гылымдар бойынша еңбектер жазган. Ортагасырлық тарихшы, әдебиетші, шежіреші Ибн Халликан (1211-1282) жерлесіміз жайлы: «Ол - аса ірі мүсылман фэлсафашыларының бірі (акбар фаласифа). Олардың ешқайсысы да оның деңгейіне жеткен жоқ. ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ __ ____ ___ ___ __ ____ ___ ___ __ ____ ___ ___ __ ____ ___ Әбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланъщдара тцлгасы 171
Әбу Эли ибн Сина да (980-1037) өзінің шығармаларын жазу үстінде оның еңбектерін пайдаланған, сол арқылы мэшһүрлікке қолы жеткен», - деп еске алады. Әбу Насыр - өздігінен оқып жетілген ғалым . Ол ең алдымен грек ғылымы, фәлсафасы, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне қызыққан, оның «Метафизикасын» қырық, «Жан туралы» ең- бегін жүз, ал «Риторикасын» екі жүз рет оқып шыққан. Осындай ыждағаттылығының арқасында ғана ол Аристотельдің ғылыми мұрасын игерген. Ортағасырлық тарихшылар оның қарапайым, аса қанағат- шыл, жүпыны киініп, той-думан, сауық-сайраннан бойын ба - рынша аулақ ұстаған адам болғанын жазған. Ол күндіз көбіне - се қаладағы бақта күзетшілік қызмет атқарып, тапқан ақысына сатып алған шырақ жарығымен түні бойы кітап оқумен шұ- ғылданған. Сол бақтардың кейбірін мен Сирияның кіндік қаласы Да­ маск пен ежелгі шаһары Халаб жэне Ирак астанасы Бағдадтан көрдім. Әбу Насыр эл-Фараби ғылымның фәлсафа , логика сияқты салаларының іргетасын қайта қалаған. Әр ғылым саласын жеке пэн ретінде игеру жағын көтере отырып, олардың мэнін айқын- дап, мазмұнын ажыратуга тырысқан. Әуез жайлы да күрделі зерттеулер жүргізген, математика саласында жаңалықтар ашқан , астрономия жайлы еңбектер қалдырған, физика ғылымын да тың ойлармен байытқан. Жаратылыстану ғылымының медици­ на, химия, минералогия секілді аса маңызды салалары бойынша күні бүгінге дейін мэнін жоғалтпаған шыгармалар жазған. Көне грек оқымыстылары пікірлеріндегі озық қагидаларды талдаған. Әбу Насыр педагогика, психология , эстетика мен акусти­ ка, астрономия мәселелерін де терец зерттеп , мэдениет пен ғылымға жемісті үлес қосқан. Сондай -ақ ол - парасаттылык пен ағартушылықты жақтаган үлкен гуманист. Әбу Насыр халықтарды бейбіт өмір сүруге, достыққа шақыра отырып, адам баласыныңбілімі мен парасатты ойын терең багалаган кемеңгер. Әбсат тар к,ажы Д ер б іс әл і __________________________________________________________________________________________________________________________________________ 172
Сөйтіп ол метафизика, тіл білімі, логика, жағрафия , этика т.б. ғылым салаларын қамтитын жүзден астам трактат жазған. Әбу Насыр шығармаларының басым көпшілігі қазірге дейін араб тілінен аударылмай жатыр. Астрономия , логика, музыка жайлы еңбектері де терең зерттеле қойған жоқ. Әбу Насырдың көптеген туындысы дүниежүзі кітапханаларында сақтаулы, бізге беймағлүм күйде. Демек, оларды іздестіру, жарыққа шығару, сөйтіп халықтың игілігіне айналдыру - болашақтың зор міндет- терінің бірі. Қолда бар мәліметтерге қарағанда, Әбу Насырдың алпысқа жуық туындысы сақталып, бізге жеткен. XX ғасырдың 70-90 жылдары солардың кейбіреулері кейде толық, кейде үзінді тү- рінде ағылшын, француз, түрік, парсы, орыс , қазақ жэне т.б. тіл- дерге аударылып, жарық көрді. XX ғасырдың 60-80 жылдары Қазақстанда эл-Фараби мура - сын жинау, бастыру, зерттеу жүмыстары қолға алынып, жүйелі жүргізілді. Ә. Марғүлан, А. Машанов, О. Жәутіков, А. Қасым- жанов, Ә. Нысанбаев , А. Көбесов, Қ. Жарықбаев, М. Бурабаев, А. Бижанов , К. Тэжікова, Н. Сейтахметова, Г. Құрманғалиева, Ж. Алтаев жэне басқалар эл-Фараби мұрасын біраз зерделеді. Қазақ үлттық университетіне Әбу Насыр эл-Фараби есімі беріліп, онда үлы ғалымның мүражайы ұйымдастырылды. 1994 жэне 2009 жылдары осы оқу орнының басшылығымен Әбу Насыр эл- Фараби шығармашылығына арналған халықаралық ғылыми-тео- риялық конференциялар өтті. ҚазМУ аллеясында әл-Фарабиге ескерткіш орнатылды. Әйтсе де Әбу Насырдың мұрасын жинау, аудару жэне жарыққа шығаруды одан әрі жалғастыра беру қажет. 3. Әбу Ибраһим Исхак әл-Фараби Әбу Ибраһим Исхақ бин Ибраһим әл-Фарабидің туындысы «Диуан фи-л -адаб» («Әдеп жинағы») деп аталады. Бірақ ол қай жерде, қашан шықты деген сауал да жауапсыз қалып келген-ді. Атақты неміс ориенталисі Карл Брокельманның (1868-1956) ___ ___ ___ __ ____ ___ ___ __ ____ ___ ___ __ ____ ___ ___ __ ____ ___ ___ __ ____ ___ . д б у Насыр әл-Фараби — Үлы даланыц дара тцлгасы 173
«Араб әдебиетінің тарихы» атты еңбегінде осы ғалым жайлы бес жолдан тұратын мағлұмат бар. Аталған еңбегінде ол Отырар перзенті жайлы былай деді: «Әбу Ибраһим Исхақ бин Ибраһим эл-Фараби Түркістан өлкесіндегі Фараб (Отырар - Ә. Д .) қаласында туған. Біраз уақыт Забидте тұрған . Сонда жүріп ол біздің заманымызға жеткен өзінің негізгі еңбегін жазған. Кейінірек туған қаласында ұстаздық етіп, 961 жылы осында дүниеден өткен». К. Брокельман өз мәліметінің соңында ғалым еңбегі алты кітаптан тұратынын айтады. Олар мыналар: 1. Ac -Салим («Бүтін») (түбірлі сөздер). 2. Әл -Мудаъаф («Қосарланган») (түбірлі сөздер). 3. Әл -Мисал («Бүтін») (түбірлі сөздер) сияцтылар» (біріииіі түбірі - «уау» немесе «йа» әріптерінен болган сөздер). 4. Зауат ас-ссиіаса («Үшеу иесі») (екінші түбірі «уау» немесе «йа» әріптерінен болган сөздер). 5. Зауат эл -арабъа («Төртеу иесі») (үіиінші түбірі «уау» не­ месе «йа» әріптерінен болган сөздер). 6. һ а м з («һамзамен тацбалау»). Неміс шығыстанушысы әрбір кітаптың екі бөлімнен тұра- тынын, мұндағы есімдер мен етістіктер бөлек, жеке қарасты- рылатынын ескертеді. К. Брокельман өз зерттеуін толықтырып , 1937 жылы Лей- денде қайта бастырған. Соңғы басылымның Әбу Ибраһим Исхаққа арналған 195-196 беттерінде ол бұрынғы деректерге он беске жуық библиографиялық жаңа материал қосқан. Әбу Ибраһим туындыларының қолжазбалары дүниежүзінің қандай кітапханаларында сақтаулы екенін айта отырып, белгілі шы- ғыстанушы ол жайлы азын-аулақ мағлүмат болса да көрсеткен . Ондай қалалар ішінен Париж, Лондон, Фес , Каир шаһарлары аталады. Отырар ұланының толық аты-жөні Әбу Ибраһим Исхақ бин Ибраһим екенін көрдік. Ғалым ныспысының алдыңғы екеуі кунйа (лақап есім), өз есімі - Исхақ (Ысқақ - Ә. Д J , әкссініц дб сат т ар к,ажы Д е р б ісәл і __________________________________________________________________________________________________________ ________________________________ 174
аты - Ибраһим . Араб елдерінде құрметті кісіні эдетте үлкен үлының (қызының) атына қарап «Әбу Насыр» (Насырдың әкесі), «Әбу Халил» (Халилдің әкесі), «Умм Зайнаб» (Зейнептің шешесі), «Умм Халида» (Халиданың шешесі) деп атай береді. Одан кейін ғана оның өз есімі, сосын экесінің аты, соңынан туған жерінің атауы (тайпасы, руы) беріледі. Соған қарағанда тілші ғалымның өз есімі - Исхақ, экесінің аты - Ибраһим . К. Брокельман Әбу Ибраһимді «біраз уақыт Забидте тұрған» дейді. Забид - ерте кезден бастап -ақ оқу -білім , ғылым орталы- ғы болуымен аты шыққан Йемендегі қала. Сондай жерге Әбу Ибраһим Исхақтың барып тағылым алуы да бек мүмкін. Шығыстанушы-ғалым жерлесіміздің туған жылын көрсет - пеген. Кез келген мәлімет, дерекке ыждағатпен қарайтын неміс шығыстанушысының Әбу Ибраһим Исхақтың туған жылын көрсетпеуінің себебін ондай деректердің араб, парсы жазба ескерткіштерінде үшыраспауынан болар деп шамалауға болады. Ал қайтыс болған жылы ретінде хижраның 350 жылы немесе біздің жыл санауымыз бойынша 961 жыл көрсетілген. Соған қарағанда, Әбу Ибраһим Исхақ жерлесі Әбу Насыр әл -Фарабидің замандасы секілді. Әбу Насырдың 870 жылы Отырарда туып, 950 жылы Сирия астанасы Дамаск маңындағы «Кіші қақпа» маңында қайтыс болғаны белгілі. Әбу Ибраһим де Әбу Насыр сияқты араб елдерінде білім алған. Бірақ ол өз Отанына қайтып оралып, ұстаздық етіп, туған шаһарында көз жұмыпты. Мұның өзі де көңіл аударарлық қызық дерек. Әбу Ибраһим жайлы жазба деректер аз. Сол себепті К. Бро- кельманның өзі де оның Отырарда туып, кейін сонда қайтыс болғанын, ғалым еңбектері сақталған кітапханалар тізімін көр- сетуден аса алмаған. Өйткені К. Брокельман өз еңбегіне мате - риалдарды XIX ғасырдың соңында жинастыра бастаған. Ол кезде араб әдебиетін зерттеу араб елдерінің өзінде де жолға қойылып үлгермеген-ді . Соған қарамастан атақты неміс ориенталисі араб эдебиетіне арналған ғылымда теңдесі жоқ тамаша библио- графиялық еңбек қалдырды [48, 195-196-6 .] . ___________________________________________________________________Ә бу Насыр әл-Фараби —Үлы даланьщдара тцлгасы 175
Отырар перзентінің аталған шығармасын біз 1986 жылы Тунис Араб Республикасының Аз-Зайтуна университетінде оқып жүргенде, астанадағы Араб әдебиеті институтының кітап- ханасынан кездестірдік. Оны египеттік ғалым Ибраһим Анис Александрия кітапханаларының бірінен Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары кездейсоқ тауыпты. «Бүдан отыз жыл бұрын (1944 жыл болуы керек - Ә. Д .) мен Александрия университеті- нің қарапайым оқытушысы едім», - дейді өз алғы сөзінде. Бірде ол кітапхананың қолжазба қорынан бұрын кездесе қоймаған, өзіне белгісіз еңбекті ұшыратады. Таныса келе оның тіл біліміне қатысты шығарма екенін пайымдайды. «Бұл қолжазбаны әуелде атақты Әбу Насыр әл-Фарабидің туындысы екен деп қалдым», - дейді ол. Кейін еңбекті оқи келе Ибраһим Анис оның авторы Әбу Ибраһим Исхақ эл-Фараби екеніне көзі жетеді. Алғы сөздегі тағы бір төрт беттік мақала авторы - доктор Ахмед Мухтар Умар (Омар). Бүл еңбектің беттері цифрмен емес, араб әріптерімен көрсетілген. Одан кейінгі шағын зерттеуде Әбу Ибраһимнің есімі мен шығу тегі («исмуһууа нисбуһу), туған (маулидуһу) жэне қайтыс болған жері, жасаған саяхат-сапарлары (рихлатуһу) ту- ралы да айта келіп, туындысына қысқаша бағдар жасаған. Оты­ рар перзенті шығармасының араб филологиясы үшін теңдесі жоқ дүние екенін қадала айтады ол. Мысыр ғалымының Екінші дүниежүзілік соғыс біткен соң, елуінші жэне алпысыншы жылдары да бул еңбекті зерттеуге мүмкіндігі бола қоймаған сияқты. Тек жетпісінші жылдардың басында ғана ол Әбу Ибраһим еңбегіне қайта оралып, түбегейлі зерттеп, жариялауға дайындайды . Отырар ғалымының аталған «Жинағын» Каирде торт том етіп (1-том . 1974. - 481 б.; 2-том. 1975. - 501 б.; 3-том . 1976. - 470 б.; 4-том . 1978. - 256 б.) бас- тырып шығарады. Соңғы кітапқа қосымша ретінде 1979 жылы 705 беттен туратын тағы бір том жарияланган. Сөйтіп «Диуан- ды» баспаға әзірлеген - профессор, доктор Ахмед Мухтар Умар (Омар). Көрсеткіштерді дайындаған - Араб тілі академиясының мүшесі, доктор Ибраһим Анис. Әбсат тар кджы Д е р б ісәл і_________________________________________________________________________________________________________________________________________ 176
Әбу Ибраһим әл-Фарабидің еңбегі «Диуан фи-л -адаб» («Әдеп жинағы») деп аталатынын айттық. Бұған қарап оқырман қауым жинақ әдеп жайлы болса, неге онда тіл мәселелері сөз болады деуі де мүмкін. Шынында да, күні бүгінде кез келген жинаққа «әдеп жайлы» деген атау берілсе, онда ол, әрине, атына сай болар еді. Бірақ Әбу Ибраһим өмір сүрген орта ғасырларда оның өзіндік ерекшелігі болған. Қазір эдеп, эдебиет деген ұғымга ғана тэн «адаб» сөзінің умаййалық халифалар тұсында (VII-VIII) эдебиеттен гөрі эсте- тикалық мазмұны тереңірек-ті. Сөйтіп ол кішіпейілділік, нәзік- тік, қарапайымдылық, әдептілік, мэдениеттілік , адамгершілік, қайырымдылық секілді биік моральдық қасиеттерді көбірек сөз еткен. Араб (Ливан) әдебиетшісі Ханна эл-Фахури (1914-2011) осы сөздің мағынасы эуелде эртүрлі болғанын айтады. Исламға дейінгі кезде ол ас-су, тойга шақыруды ғана білдірген. Соны- мен қатар сол тұста жэне кейінірек «адаб» ізгілікті деп есептел- ген адамның мінез-қүлқының жиынтыгы мен оның жеке һэм қоғамдық өмірдегі көрінісін білдірген. Сондықтан да олар бірте - бірте «адаб» деп адам бойындағы ізгі қасиеттерді тэрбиелеу, са- лауатты білім беру, поэзияның озық үлгілерімен таныстыруды ұққан. IX һэм одан кейінгі ғасырларда адаб философия, мате­ матика, астрономия, химия, медицина, тарих, поэтика секілді ғылым мен онер салаларының жиынтығына қатысты болған. Арабтар аталған ғылым саласының бэрі қосыла келе адам ақыл- ойын байытып, қоғамдық қарым -қатынасқа да эсер етеді деп түсінген. Ханна эл -Фахури сондай -ақ адаб XII ғасырдан бері ғана поэзия мен прозаны түсініп жэне оны білуге көмектесетін грам­ матика, филология, өлең өлшемі, риторика жэне эстетикалық нормаларды орнықтыруды мақсат ететін әдеби сынды білдірген дейді. Бұл ретте ливандық ғалымның «XII ғасырдан бері» деген пікіріне келіспеуге болады. Ханна эл -Фахури айтқандай , адаб XII ғасырдан бастап қана тек эдебиет жэне тіл біліміне қатысты салаларды қамтыған болса, онда X ғасырда өмір сүрген Әбу ___________________________________________________________________ д б у Насыр әл-Фараби — Үлы даланын, дара тцлгасы 177
Ибраһим Исхақ еңбегі ғылымның бүкіл саласын қалай қамтымай қалды?! Біздіңше, «адаб» сөзінің мәні X ғасырда-ақ тарылып , ол сол кезде-ақ тек әдебиет пен тілге қатысты шығармаларды қамтыған. Бұған дэлел ретінде Әбу Ибраһим Исхақтың «Диуан фи-л -адаб» («Әдеп жинағы») атты еңбегін алуға болады. Тағы бір айта кетер жайт, мұсылман шығысы әлемінде ғылымды жіктеу немесе классификациялау тұңғыш рет Әбу Насыр әл- Фарабиден басталған сияқты. ¥ л ы бабамыз эрбір ғылым мен ғылыми еңбектерді саралап, жүйелеп берген. Оның «Ихса эл- улум» («Ғылымдарды жіктеу») атты еңбегін қарасаңыз, көзіңіз жетеді. Әбу Ибраһим Исхақ «Жинағы» «Кіріспемен» басталған. Онда ол сол кездегі өзге де авторлар секілді эуелі Жараіушы мен оның елшісі Мұхаммедке мадақ арнайды. Сосын «Ди- уанын» жазудағы мақсатына тоқтала келе: «Алла тағаланың мейірімі түскір бұрынғы қаламгерлер осы тілдік сөздер жинау- да бір-бірінен асып түспек боп көп кітап құрастырды . Олар көлемі шағын, үлкен, орташа боп келетін еңбектеріне тірнектеп тергенінің бэрін кіргізді. Дей тұрғанмен тауыса алған жоқ. Кейбіреулер өз міндетін мінсіз атқарып, көп пайда келтірсе, ал енді біреулер парасатты пайымдауларымен биік шыңға көтеріл- ді. Үшінші топ өкілдері өз ісін олақ атқарғандықтан, осындай кітап авторлары қатарында ғана аталады... «Мен қүдіреті күшті Раббымның арқасында Тәңірім көсегесін көгерткір Әбу-л Хасан Ахмад ибн Мансур шайхы мен оның Жаратушы ғүмырын үзақ еткір балаларына жэне эмбе мүсылмандарға арнап осы кітапты жаздым. Жазу үстінде өз ісіне мейірленіп , іңкэр болған кісінің күйін кештім. Маган дейін ешкім де мүндай түзген емес -ті . Жүйе-жүйеге бөліп реттеу тәсілін де түңғыш рет өзім таптым . Оған әдебиетші мэшһүр ғүламалар еңбектерінде айтылатын ғибрат, өнегелі һэм осы тілде қолданып жүрген сөздің бәрін де кіргіздім», - дейді. ¥ лы отандасымыздың кішіпейілділігі сонша - ол араб тіл бі- лімі бойынша бүрын жазылған еңбек авторларына да қүрметпен Әбсат тар к,ажы Д е р б ісәл і ___________________________________________________________________________________________________________ ______________________________ 178
қол созып, пікір білдіре кеткен. Өзіне дейін де осы салаға қа- тысты өзге жинақтар болғанын, олардың сәтті шыққандары мен қайталаулардан аса алмағандарын да жасырмаған. Отырар перзенті өз еңбегін аса бір шабытпен жазған сияқты. Материал- дарды жүйелеуде де ол бұрынғы таптаурын ізбен кетпей, өзінше жол табуға тырысқан. Араб тілі мен әдебиетіне байланысты тео- риялық еңбектерді де назардан тыс қалдырмағанын аңғартқан. Ғалымның поэзия мен проза, мақал мен нақыл сөздерге бер- ген анықтамасы да көңіл аударарлық. «Поэзия, - дейді ол, - (ауыздан шыққан) сөз секілді жақсы да, жаман да болуы мүмкін. Бірақ әдетте осы өнердің білгірлері тек жақсы өлеңді ғана (ұрпақтан-ұрпаққа) жеткізген. Себебі оңды жыр қаншама көп болғанымен, олар оны бэрібір ақыл таразы- сына салып, ой елегінен өткізеді. Сөйтіп тек сэтті шыққандары мен шебер де дэл тауып айтылған кемелдісін ғана таңдайды. Өлеңнің сапасы жағынан мақалдармен үзеңгілес тұратыны да сондықтан. Сонымен олардың айырмашылығы - бірінің өлең, екіншісінің қара сөз формасында болуында ғана. Раджаз поэзияға қарағанда өзге өлең түзіліміне түсірілген. Сөйтіп екеуі өлең өлшеміне байланысты ғана өзгешеленеді. Нақыл сөз деп болмыстағы белгісіз бір жүмбақ нәрсенің сыры ашылып, сөз қауашағына тұрақтауын айтамыз. Ырғақты қара сөз (шешендік сөз - Ә. Д .) дегеніміз - бір-бі- ріне үндесе айтылатын сөзге өрілген даналық. Оның поэзиядан айырмашылығы - өлең өлшеміне қүрылмағандығында. Мақал өзінің формасы мен мазмұны жағынан ақсүйектер мен қарапайым бұқараның қажетін бірдей атқарады. Сол себепті де ол халық арасына кең тараған. Қуаныш пен қайғылы сәт- терде де ол ауызға ілігеді. Сол арқылы сараңды жомарттыққа итермелейді. Соның көмегімен (халық) мақсатына жетіп, меңдеген қайғы- мұңнан құтылады. Бұл өзі бір өтімді де ұтымды, нағыз даналық десе болғандай. Өйткені жұрт кемеліне келген, кемшілік, мінсіз әдемі нәрсені ғана қабыл алуы мүмкін. _ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ _ _ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ Әбу Насыр әл-Фараби —Үлы даланын, дара тцлгасы 179
Нақыл —мақал секілді белгілі бір мақсатқа ғана қызмет ететін даналық сөз. Бірақ ол халық арасына тарай қоймаған. Оны тек таңдаулы деген қоғам ғана сақтайды. Нақыл мен мақалдың айырмашылығы - ел арасына тарай білуінде...» Сөйтіп ежелгі араб ақындары өлеңдерінің өлмей, өшпей, біздің заманымызға жетуі өміршеңдігі мен кемелділігінде, жасық, қауқарсыз жырлар рухани азық емес, халық жадында жат- талмайды. Себебі телегей-теңіз өлең, жыр ішінен араб рауилері жұртының жүрегіне жақындарын ғана келер ұрпаққа жеткізген деген Отырар данышпанының пікірі қазір де маңызды. Ауыз әдебиетінің «нақыл», «шешендік сөздер», «мақал» секілді түрлері жайлы жерлесіміздің осыдан мың жыл бұрын айтқан ойлары бүгін де мэнді. Исхақ эл-Фараби осы «Кіріспесінде» қасиетті Қүран, Сун­ на (хазіреті Мүхаммедтің (с.ғ .с.) сөзі мен ісі жайлы әңгімелер жинағы), Хадис (хазіреті Мұхаммедтің (с.ғ.с .) істеген ісі мен айтқандары жайлы әңгімелер) туралы да анықтама берген. Со- нан кейін ғана ол тілге байланысты материалдарының орналас- тыру принципіне түсінік береді. «Алдыңғы жэне соңғы сөзге қарай отырып, эрбір сөзді рет-ретімен, өзіне лайық орнына ор- наластырдым. Оны түйе іздеп желе жортып шаршамай-ақ дэл өз орны мен өзіне тиіс жайдан, шарбақ ішінен табатындай еттім», - дейді. Fалым одан эрі жоғарыда көрсетілгендей, өз еңбегінің алты кітаптан тұратынын айта отырып, олардың атын атайды. «Мен, - дейді ол, - эрбір кітапты есімдер мен етістіктер деп екіге бөл- дім. Есімдердің түрлі формалары мен типтерін етістіктен бүрын бердім. Содан соң етістіктерді түр-түрімен тарау-тарауға бөліп орналастырдым. Түсіндіруді қажет ететін тұстарды ең қажет эрі оңтайлы деген қағида жэне түсіндірмелермен жабдықтадым. Өйткені (араб тілінің) түрлі мәселелеріне байланысты ғалымдардың пікірі де сан алуан. Сөз болып отырған нақты мәселені жакеы білетін ғалым пікіріне сілтеме жасай отырып, нағыз (табиғи та- Ә б са т т а р к,ажы Д е р б і с ә л і __________________________________________________________________________________________________________________________________________ 180
лант) өлеңдерін келтірдім. Ғүламалардың өз кітаптарында еске алғандары мен тілге тиек еткенінің бәрін мен де ескердім. Өйткені ол дүниелерден игі іс нышанын байқадым. Сөйтіп, солардың ізімен жүрдім. Олар таңдағанның бэрін де қанағат еттім. Олар айтқан ақиқаттың бэріне иек арттым. Себебі олардың ақыл -ойға жүгініп, мыңның бірін ғана қабылдағанын білдім. Мен жаңа еш нәрсе де ойлап тапқан жоқпын, өзіме дейін жасалғанның ізімен жүрдім...» -дейді [7, 8-6.]. Отырар перзентінің «Әдеб жинағында» сөйлем мүшелері мен олардың родтық категорияларға бөлінуі, есімдер мен етіс- тіктердің құрылысына қарай ерекшеленуі, жалғау жалғануы, мысал ретінде берілген сөздердің жүйесі, эріптердің орын тәр- тібі, сын есім жэне масдар іспетті араб тілінің басқа да түрлі мәселелері сөз болған. Сөйтіп, Әбу Ибраһим Исхақ әл-Фарабидің бүл дүниесі, жоғарыда айтылғандай, терең де жан-жақты зерт- теле қойған жоқ. F алым шығармаларының барлық томын терең зерттеп шықса, туған жеріміздің тағы бір ғалымының ғасырлар шаңы басқан еңбегі мен аты жарқырап, жүртына жетер еді. 4. Исмаил эл-Жауһари әл-Фараби Әл-Жауһари жайлы да жазба деректер көп емес . Ханна әл- Фахури оны араб тілі лексикография саласының білгірі ретінде атаса, ортағасырлық оқымысты Әбу Мансур ас-Саъалиби (961— 1038) «Йатимат ад-даһр фи махасин аһл әл -аср» («Ғасыр жұр- тының ізгі адамдары хақындағы заманасының інжу-маржаны») атты төрт томдық еңбегінің соңғы кітабында (Каир, 1958) оны «ақын еді» (408-бет) деп, бірнеше өлеңін келтірген. Ғұламаның толық аты-жөні - Әбу Насыр Исмаил бин Хам- мад әл-Жауһари. Әбу Насыр - күнйа (лақап аты), өз есімі - Ис­ маил, әкесінің ныспысы - Хаммад , одан кейін туған жерінің ата- уы берілген. Сөйтіп Әбу Насыр Исмаилдың туған жері Жауһар екен. Шы- нында да, Отырар маңында сол түста жергілікті халық Кедер, ___________________________________________________________________ д б у Насыр әл-Фараби — Үлы даланъщдара гтщлшсы 181
Оксыз, Гауһарана немесе Жауһарана деп аталған үлкенді-кішілі шаһарлар мен елді мекендер һэм шағын қорғандар болған. Үлы ғалым фамилия етіп осылардың ішіндегі өзі туған Жауһарды алған. Бір қызығы, Отырар перзентінің туған мекенін білдіретін «Әл-Жауһари» деген атау алдына базбір ғалымдар «Әл-Фараби» деген сөзді де қосып жазады. Мысалы, белгілі шығыстанушы А.Б . Халидов (1929-2001) жерлесіміздің толық аты-жөнін «Әбу Насыр Исмаил ибн Хаммад эл-Фараби әл -Жауһари» деп көрсетеді де, өз пікірін «бүрын өміргеүлы фшософты келтірген Сырдария бойындагы өңірден» деп шегелей түседі. Әл-Жауһаридің Отырарда туғандығы жайлы ас -Саъалиби: «Түркі шаһарларының бірі Фарабтан шыққан Әбу Насыр тамаша да ғажайып адам-ды, араб тілінің нағыз білімпазы еді...» - деп жа­ зады. Сөйтіп , болашақ ақын , талантты ғалым алғашқы дәрісті Отырарда Әбу Ибраһим Исхақтан алған секілді. Бұл Әбу Ибраһим - нің Таяу жэне Орта Шығыс елдерінен Отанына біржола оралып, Отырарда еңбек етіп жатқан кезі болса керек. Әл-Жауһари соңы- нан сол кездегі өзге де оқымыстылар сияқты білімін тереңдету үшін араб елдеріне аттанады. Жолай ол Бұхара, Мерв, Нишапур, Рей, Хамадан секілді ортаазиялық, парсы елінің мәдени, білім ордаларына соғып, одан соң Бағдадқа келеді. Жол-жөнекей арып- ашып, өмір тауқыметін тартып, қиыншылықпен сан рет жүздесе- ді. Ыстық-суықты басынан өткізеді. Сондықтан да ас -Саъалиби: «Ғаріптікті ол міскіннен де жақсы білетін... Тэңірім оған күш-қуат. мейірімді жүрек, әдемі мінез берген-ді», - деп тек айтпаған. Әл-Жауһари Иракқа келгеннен кейін басралық филологтер: Әбу Зайд ас-Сирафи (т.ж .б . - 979) жэне Әбу Әли әл-Фарисиден (900-987) араб тілі мен әдебиетінен дэріс алады. Әл-Жауһаридің Басраға баруы кездейсоқ емес . Ислам діні бүкіл Шығыс елдеріне тарап, бірте-бірте араб тіліне өзге жүрт лүғатынан да сөздер ауыса бастағанын байқаған галымдар қа- сиетті Қүран тілінің тазалығын ойлап, таджуид (фонетика), тас- риф (морфология), наху (синтаксис) деп аталған тіл ғылымын зерттейтін ілім негізін қалайды. Әбсат тар кджы Д е р б ісәл і______________________________________________ __________________________________________________________________________________________ 182
Әлімсақтан бері араб жазуында тек дауыссыздар ғана жатқа түсіп, дауыстылар жазылмайтыны белгілі, мұның өзі аталған тілден дайындығы аздарға араб тіліндегі хат-хабарды оқудың өзі едәуір қиындық келтіретін. Сол себепті ғалымдар сөзді түрлендіріп, оған өң беретін харакаттар (қысқа дауыстылар) жазу тәсілін ойлап табады. Сөйтіп, бірте-бірте араб тілінің эртүрлі дыбыстарының айтылу ерекшелігін түсіндіріп, жол сілтейтін еңбектер мен сөздіктер дүниеге келе бастайды. Мүндай игілікті іске басралық ғалымдар мектебі қосқан үлес зор. «Басра қаласының іргетасы, - деп жазады арабист В.М. Бел­ кин, - ислам тарай бастаған алғашқы жылдарда-ақ(636)қаланған болатын. Оның Шатт эл -араб өзенінің Парсы шығанағына құяр жағасында орналасуы экономикалық жэне мәдениет жағынан да тез өсіп-өркендеуіне себепші болды. Басра Үндістан һэм Қытаймен сауда қатынасын жасауда да жетекші рөл атқарады. Халқы құрамы жағынан шығыс пен батыстың көне мәдениет ошақтарында пайда болған түрлі идея, мәдени дәстүр иегерлері еді. Сондықтан да араб тілін зерттеу талабының дэл осында пай­ да болуы таңғаларлық емес-ті . Басралық тілшілер концепциясы кейін араб халқына кең тарады, беделге ие болды». Міне, осындай тіл білімі ордасының туы тігілген жерден эл-Жауһари де тағылым алған . Басралық ғалымдар араб тілінің ұңғыл-шұңғылын зерттеу үшін жиі -жиі бәдәуилер арасына ба- рып, біліктілік арттырып қайтатын. Осы дәстүрді эл -Жауһари де бұзбай, Араб түбегінің солтүстігін мекендеген арабтың Ра- бийа мен Мудар тайпалары арасында болады. Олардың тілдік ерекшеліктеріне көңіл аударып, байқағанының бэрін жазып, зердесіне тоқи берген. Білімін молайтып, араб тілін еркін мең- гергеніне көзі жеткен соң, бір жылдары жерлесі атақты Әбу На­ сыр эл-Фараби ғұмыр кешкен Сирияға келеді . Шам елінің де сандаған шаһары мен қыстағын аралап, ақындары мен қалам- герлері, ғалымдарымен танысып , сұхбаттасады. Сөйтіп , білім көкжиегін кеңейтіп, ізденуден Отырар перзенті ешқашан жалық- паған. Түрлі қолжазбаларды көшіріп , үлгілі жазудың да тәсілін ___ ___ ___ ___ __ ____ ___ ___ ___ __ ____ ___ __ ____ __ ____ ___ __ ____ __ ___ Әбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланын, дара тцлгасы 183
үйренген. Ас-Саъалиби: «Әл-Жауһари жазуының әдемілігі сон- ша - жүрт оның қолынан шыққан дүниелерді Ибн Мүюта эл- Мұхалхил, эл-Иазиди жазуымен қатар қойып, хас шеберлігі жайлы мақалдар да шығарып еді», - дейді. Мүнла бір белгілі шындық бар сияқгы. Әл-Жауһариді Бағдадта салтанат құрған әл-Мұқтадир (908-932), эл-Қаһир (932-934), Ар-Ради (935-940) секілді аббастық халифалардың уэзірі эрі хатшы-каллиграфы болған Ибн Мұқла (882-940), Исламға дейін өмір сүрген атақты бәдәуи ақыны әл-Мухалхил Әдий ибн Рабийа (531 ж.қ.б .), белгілі тілші, әдебиетші, ақын Әбу Абд Аллаһ Мухаммед ибн Аббас ибн Мухаммед эл-Иазиди ан-Нахуимен (922 ж.қ .б .) салыстыруына қарағанда, жерлесіміз шынында да зерделі зерттеуші, атақты ғалым дәрежесіне көте- рілсе керек. Өйткені ас-Саъалиби оны жоғарыда аталған араб дүниесінің дүлдүлдерімен тектен-текке салыстырып, үлкен ізет, сый-қүрметпен атап отырған жоқ. ¥л ы ғалым өнер қуудағы мақсаты орындалған соң, өмірі- нің шаңқай түсінде еліне қайтып, білімін ұрпақтары мен ізба- сарларына беруді ойласа керек. Тигр мен Евфрат бойындагы зиялы қауым, білім ордаларын талақ етіп, ол енді туған мекеніне бет алады. Жол-жөнекей парсы жұртының өзіне таныс білім һәм мәдениет, өнер ордаларын аралап, Хорасан арқылы Дамғанга келеді. Ол Иранның Каспий теңізіне жақын жатқан, ақындар мен өнер адамдары жиі жиналып, бас қосатын шаһарларының бірі болатын, әл-Жауһариді сол жердің абзал адамдарының бірі, қаламгер Әбу Әли әл-Хасан ибн Әли сыйлы қонақ ретінде қарсы алады. Қүрметтеп, сый-сияпат көрсетеді. Сөйтіп жүріп ол әл- Жауһаридің көркем жазу тәсілін үйренген. Кейін ол жерлесімізді Нишапурға дейін шыгарып салады. Нишапурга келген соң да эл-Жауһари медреселерде араб тілінен дэріс берген. Атына бурыннан қанық зиялы қ а у ы м Оты- рар перзентіне мунда да зор қурмет көрсеткен. Ас-Саъалиби оның тілге қатысты «Ас-С и\ах» атты кітабы бар екеніне, оның сол кездегі осындай еңбектер ішіндегі сң Ә б са т т а р к,ажы Д е р б і с ә л і __________________________________________________________________________________________________________________________________________ 184
озығы болғанына тоқталады. «Тіл жайынан мағлұмат беретін кітаптар ішінен ол дүние кемеліне келтірілген әрі тіл мәселесіне байланысты жетістіктерді қамтуы жағынан да ең қолайлысы бо- латын», - дейді. Ас-Саъалибидің әл -Жауһариді тек тілші -ғалым ғана емес, сонымен қатар ақын дегені жайлы да айтқанбыз. Шынын - да да ол өзінің ең алғашқы ғылыми еңбегі «Китаб әл-арудта» («Өлең өлшемі жайлы кітап») араб поэзиясының өлең өлшемін терең талдап, өзіндік теория жасауға тырысқан . Мысалы, эн- циклопедист-ғалым , географиялық һэм биографиялық талай сөздіктің авторы Йакут эл-Хамауи (1179-1229) «Муъджам әл-удаба әл-мағруф би -иршад эл-ариб ила мағрифат әл-адиб» («Белгілі эдебиетшілер (жайлы) түсіндірме сөздікті пайда- лануда әдебиетші үшін қажет шебер құрал») атты 1923-1930 жылдары Лондон, Каирде шыққан еңбегінің екінші томының 26 6- 272 беттерінде, сондай-ақ араб тілінің философиялық жағы мен оның өзге де семит тілдері тобымен байланыс мәселелерін зерттеген полигистр-ғалым, тілші, әдебиетші Джалал ад-дин Абд ар-Рахман ас -Суйутидің (1455-1505) 1908 жылы Каирде басылған «Китаб би-ғаййа эл -уағат» («Есте сақтаудың мақсаты жайлы кітап») атты туындысының 195-бетінде һэм Әбу Фалах Абд әл-Хай бин Имад әл -Ханбали «Шазарат аз-заһаб фи -л -ахбар мин заһаб» («Алтын хабарлар ішіндегі алтын қиыршықтары») атты Каирде 1933-1934 жылдары шыққан кітабының үшінші томының 142-143 беттерінде, сонымен қатар Умар (Омар) Рида Каххала өзінің 1957-1961 жылдары Дамаскіде нашриатталған он томдық «Муъджам әл-муаллифийн тараджим мусаннаф әл- кутуб әл-арабийа» («Ғүмырнамалық араб кітаптары авторының түсіндірме сөздігі») атты шығармасының екінші томының 267- 268 беттерінде әл-Жауһаридің бұл дүниесінің өзі тұстас ға- лымдардың осы тақырыптағы туындыларынан мазмұндылығы жағынан асып түспесе, кем соқпайтынын айтады. Араб тілі мен әдебиеті, тарихы мен жағрафиясының жоға- рыда аталған білгірлері өз туындыларында Отырар үланының __________________________________________________________________ Әбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланъщдара тцліасы 185
бәдәуилер арасынан қайтып оралған соң, аталған тілдің кейбір проблемаларын сөз ететін «Китаб әл-муқаддима фи -н -наһу» («Грамматикаға кіріспе кітап») деп аталатын сүбелі еңбек жазғанын еске алады. Бірақ әл -Жауһаридің араб поэзиясы мен тіліне арналған осы екі трактаты біздің заманымызға жетті ме, яки ғасырлар белесінің қалтарысында қалып қойды ма, ол жағы бізге белгісіз. Әл-Жауһари өмір сүрген түс - араб тіл білімі саласында көп- теген еңбек жазылып, аталған тілдің сан қырының белгісіз жақ- тары ашыла бастаған кез. Сондықтан да Отырар перзенті араб тілінің лексикография саласын зерттеумен тереңдей айналыса- ды. Кейінірек ол, жоғарыда айтылғандай, «Тадж ә л -лугауа сихах әл-арабийа» («Тіл тэжі жэне араб (тілінің) ақиқат луғаты») атты, бірақ ғалымдар арасында қысқартылып «Ас-Сихах» («Ақикат», «Дұрыс», «Заңды») деп аталып кеткен атақты еңбегін жазған. Бүл дүниені жазуды ол бәдәуи тайпалары арасында тұрған кезде бастаған сияқты. Өйткені оған өзі жинаған қырық мыңға жуық сөзді кіргізген. Әл-Жауһаридің аталған туындысы кейбір Ресей шығыстану - шыларының араб тіл біліміне арналған зерттеулерінде шолу сипатында жалпылама аталатыны болмаса, арнайы зерттелген жоқ. Мысалы, Б.Г. Ахвледиани «Ас-Сихах» туралы: «X ғасыр соңында араб лексикография ілімінде «ұйқас тәсіл» атты жаңа бағыт пайда болды. Оны үстанған лексикографтар сол кездегі поэзия талабына сәйкес сөздік сөздерінің соңғы дауыссызына мэн беріп, оларды алфавиттік тәртіппен орналастыратын . (Араб тіл білімі) дәстүрі «ұйқас тәсіл» негізін эл-Жауһари қалаган десе де, бірақ ондай сөздіктердің еврей жэне араб тілінде оған дейін де болғаны факт», - дейді. Ас-Саъалиби оны Отырар ғалымының өзі де айтқанын сске алады. «Әбу Мухаммед Исмаил ибн Мухаммед ан-Найсабури (ортагасырлыц оқымыстылардың бірі - Ә. Д .) күзырындагы кітапханасында: «Ас-Сихах» - адаб жайлы өзіне деиін жазылган дүниелердің мырзасы. Ол адабтың барлық түрін қамтып, Әбсат тар к,ажы Д е р б ісәл і __________________________________________________________________________________________________________________________________________ 186
басқа кітаптарға шашырап кеткеннің бэрін бір жерге жинап, топтастырған», - деп әл -Жауһаридің өз қолымен жазылған кітабы барын ескерткен. Соған қарағанда әл -Жауһари өз дүниесін жазу үстінде шынында да өзіне дейін жазылған еңбектердің бэрін қарап, араб тілі сөздіктерін жасау жүмыстарының тәжірибесін ғылыми тұрғыдан қорытындылап, ешкімді қайталамай , ештеңе- ні де ұмыт қалдырмауға тырысқан сияқты. Мүның өзі оның аса ыждағаттылығы мен мұқияттылығын, өзгенің еңбегіне де аса ілтипатпен қарайтын ізгі ниетті ғалым екенін білдірсе керек. Араб сөздері сөздікте қазақ, орыс тілдеріндегідей бастапқы эрпіне емес, сөз түбірінің алғашқы эрпіне байланысты орналас- тырылады. Сол себепті сөз түбірін білмей, сөздіктен оны табу қиын. Мысалы, жалпыға таныс «Мадраса» деген сөзді алайық. Араб тілінен бейхабар кісі сөздіктен оны әдетте «м» эрпінен іздегенімен, таба алмас еді. Ол үшін түбірін білу керек. Аталған сөздің түбірі - «дараса» етістігі. Ол «оқу», «зерттеу» деген ма- ғынаны береді. Осы етістіктен енді «дарс» - сабақ, «мударрис» - оқытушы, «Мадраса» - мектеп іспетті бірнеше зат есім туындай- ды. Сөйтіп, соңғы төрт сөздің түбірі айналып келгенде «дараса». Сондықтан да сөздіктен әуелі осы етістікті табу қажет. Оны айтып жатуымыздың себебі әл-Жауһари сөздігіндегі сөздер де түбіріне қарай алфавиттік ретпен орналастырылған. Дей тұрғанмен ұлы ғалым сол түбір сөздің соңғы дауыссызының да белгілі бір әріп- термен аяқталу қағидасын сақтаған. Жоғарыда В.Г. Ахвледиани айтқан «үйцас тәсіл» дегеніміз осы. Ол әсіресе ақындар үшін өте қолайлы-ақ . Әуре -сарсаңға түспей -ақ олар ұйқаса орналасқан ке­ рек сөздерін сөздіктен оңай теріп ала қояды. Әл-Жауһари сөздігінің қүнды жақтары туралы айта келіп, В.М. Белкин: «Сөздік сөз мағынасына қысқаша түсіндірме жа- сауы һэм классикалық ақындар поэзиясынан мысал ретінде алынған дәйектемелерінің шағындығымен көзге түседі. Сөздікті құрастырушы морфология мен синтаксис ерекшеліктеріне де көңіл бөлген. Кірме, сондай -ақ мағынасы жағынан қарама -қарсы сөздерді бөліп көрсеткен. Араб элеміндегі ең белгілі сөздіктердің ___ ___ ___ __ ___ __ ____ __ ____ __ ___ ____ __ ____ __ ____ __ ___ ____ __ ____ __ __ д б у Насыр әл-Фараби — Үлы даланыцдара тцліасы 187
біріне айналған «Сихах» араб лексикография тарихындағы жаңа бетбұрыс кезең болды», - дейд і. Әл-Жауһари қандай еңбек жазбасын, жерлесі Әбу Насыр әл- Фараби сияқты өз ойын ұғынықты, дэл де айқын , анық жеткізе білуімен ерекшеленген. Сол себепті әл -Жауһаридің осы еңбегіне арабист В.А. Звягинцев: «Мақсатқа жетуге деген талпынысы мен жазуының айқын да ұғынықтылығы, жинаган материалдарыныц толықтығы жагынан келеек, кейінірек жасалған сөздіктің бэрі де «Сихахпен» салыстырғанда оның небэрі кеңейтіліп, түсіндірме жасалған басылымы сияқты ғана», - деген баға берген. Жерлес ғалымымыздың бүл кітабы жайлы кезінде пікірталас та болған. Бір топ оны асыра мақтап , сапасы жағынан озықты- ғын айтса, екінші топ кемшілігін іздеп, кемсітуге тырысқан. Сол кезде де бақастық пен іштарлық, бақай есеп талай зиялының жігерін құм қылған сияқты. Бірақ қалай дегенмен де эл -Жауһари сөздігі араб тілін байытып, сан ғасырлар алга асырған еңбек екенін айту лазым. Әл-Жауһаридің тамаша талант иесі, ал аталған шығармасы- ның теңдесі жоқ туынды екендігі жайлы озық ойлы замандастары немесе одан бір-екі ғасыр кейін өмір сүрген дэуір данышпанда - ры да айтып кеткен. Мысалы , Әбу Райхан әл-Бируни (973-1048) өзінің «Китаб ас-сайдана фи -т -тибб» («Медицинадағы фармо- кология жайлы кітап») атты еңбегін жазу үстінде оның аталган шығармасынан мысал алғаны жайлы айтқан екен. Мұның өзі де аз құрмет болмаса керек. Ал тіпті Абу-л Фадл Рази ад -Дин ас- Сағани (1181-1252) деген оқымысты «Ас-Сихахқа» қосымша тарау жазып та атын шығаруға тырысса керек. Отырар перзентінің түсіндірме сөздігі соңғы рет 1956-1958 жылдары алты том боп Каирде шықты. Қазір ол оқушылар мен студенттер, магистранттар мен ой қуушылар, галымдар мен сөз өнері өкілдерінің қолынан түспейтін ғылыми, мәдени, руханн мүраның біріне айналды. Ас-Саъалибидің эл -Жауһариді «ақын еді» дегені жаи- лы айтқанбыз. Ортағасырлық қаламгер Отырар перзентінің Әбсат тар к,ажы Д е р б ісәл і _________________________________________________________________________________________________________________________________________ 188
поэзиясын кэдуілгі ақындар поэзиясына емес, ғалым ақындар поэзиясына жатқызады. «Оның өлеңдерінің нүр шашып тұр- ғандарын жазып алғанмын. Оны маған Әбу Саъд ибн Дуст пен Исмаил ибн Мухаммад айтып беріп еді», - деп, ол төмендегі жолдарды келтірген: «Егер м енің адамдардан цашьщ жүруге (мүмкіндігім) бол- ганда, оларды (жалгастырган достыц) жібін пүшаймандъщпен үзіп тастар едім. Бірац сыймен жалгыз өмір сүруде адамдар үшін адамдар цажет екен». Өлеңдерді оқи отырып эл-Жауһари де бір кездері жерлесі Әбу Насыр эл-Фараби сияқты сауық -сайран, жиын-тойдан бо- йын аулақ үстап, бақтың іші, өзеннің жағасында жүріп шығар- маларын жазғанындай күн кешкісі келді ме екен деген ойға қаламыз. Бірақ ол қайткенмен де адамның күні адаммен екеніне мойынсынған. Отырар перзентінің кейбір жырлары араб поэзиясының қы- таьа формасында жазылған. Шығыстанушы И.М. Филыитин - ский (1918-2013): «Қытаьа - бір тақырыпты ғана сөз ететін, қүрылысы қарапайым 10-12 жолдық шағын өлең. Ол жеке шы- ғарма ретінде өз алдына да өмір сүре береді, яки үлкен поэма бөлігінің де қызметін атқара алады. Қытаъа әуелде араб поэ - зиясының байырғы жанрларының бірі һиджа (сатира - Ә. Д .) түрінде қолданылған», - дейді. Шынында да әл-Жауһаридің ас -Саъалиби кітабында берілген цытаъасы бар-жоғы 10 жолдан ғана тұрып, мазмұны жағынан осы формата - И.М. Фильштинский берген анықтамаға сай келеді. Келесі цытаъасында ақын: Міне, мен Нишапурда бүлт зұлматы , хут қарнындағы Иинуспін , Күнім зұлмат, жүрегім зүгтмат жэне қара күнім де зүпмат, - дейді. Бүл бэйттің алғашқы жолы қасиетті Құранның оныншы сүресіндегі діни аңызды еске түсіреді. Ақынның келесі тар - ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ _ Әбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланьщдара тцлгасы 189
мақтағы «күнім, жүрегім, қара күнім де зұлмат» дейтіні түсі- ніксіз. Мүмкін, ол біреуді ұшпаққа шығарып, ал біреуді жер- ге ұрған теңсіздік заманына айтқан өкпесі ме екен... Тағы бір қытаьасында ол: Сары, көк (көз), ақылы кем, ойсыз жігітті көп көрдім. Ақымақтығы билеген олар, Иазид ибн һиндуді дайымы Ибн әл-Батулдан жоғары қойып жүреді, - деп шийалықтар тобының жақтасы екендігін білдіргісі келетін сияқты. Ақынның Иазид ибн һинду деп отырғаны - 680-683 жыл- дары билік қүрған Йазид ибн Муғауийа. Ал Ибн Батул - Әли ибн Талиб ұлы Хұсейн. Жыр жолдары түсінікті болу үшін сол кездегі тарихи оқиғаларға көз жіберейік. Муғауийа - төртінші халифа Әли ибн Әби Талиб (600-661) өлтірілгеннен кейін таққа отырған меккелік умаййа әулетінің өкілі. Ағылшын зерттеушісі К.Э. Босворт «Мұсылмандар әулеті» атты кітабында Муғауийаның әуелі жиырма жыл бойы Сирия - ны билеп, елдің солтүстігіндегі византиялық христиандармен қиян-кескі соғыс жүргізген жауынгер болғанына, кейін Әли қайтыс болған соң, таққа таласып, ақыры мақсатына жеткеніне тоқталады. Муғауийаға Иракты мекендеген араб тайпалары мен ме- динелік діндарлар қарсы көтерілген. Олардың көпшілігі таққа Әли ұрпақтары, яғни шийалық имамдар отыру керектігін айтқан. чг 680 жылы Муғауийа қайтыс болып, халифа тағы баласы Иа­ зид ибн һиндуге тиген кезде Әлидің үлы Хұсейн (Ибн Батул - Батырұлы - Ә. Д .) ту көтеріп умаййалықтармен согысқа аттана- ды. Бірақ қос өзен елінің оңтүстігіндегі Кербала шөлінде болған шайқаста мерт болады. Шийалықтар Хұсейн қаза тапқан мухар- рам айын күні бүгінге дейін аза түтып атап өтеді. Әл-Жауһари тақ үшін болған соғыс дүбірі басылғалы бірнеше жүз жыл өтсе де, Әлиұлы Хұсейнге тіл тигізген адамды сын садағына алып. Ә б са т т а р к,ажы Д е р б і с ә л і _________________________________________________________________________________________________________________________________________ 190
Хүсейннің ісі эділ де оң еді, бекер ол жазым болды, қапыда кетті демек сияқты. Ал соңғы қытаьасында ақын: Ей, шақырушы, көп уайымдама, бэріміз Курзға қарағанда тақуамыз. Су (біз үшін) теңіз суы терең жердегі амбра қабы сияқты, (амбра) амандығы үшін абай болу керек. Тегін сумей (аузымызды) сүрте сал, сонда сен нан (туралы) ойлаудан қүтыласың, - деп қонаққа шақырған сараң адамды әжуалағысы келетін сияқты. Амбра - хош иісті, қоңыр түсті зат. Ақы-пұл шығармай- ақ теп-тегін судан бере сал, сонда сен шығындандым деп уа- йымдамайсың дейтін секілді ол. Әл-Жауһари өлеңдері де оның ғылыми еңбектері сияқты өз алдына сөз етуді, терең үңіліп, зер сала қарауды, жоғарыда айтылғандай философиялық мэніне ой жіберуді талап етеді. Біз тек бір оқығаннан алған әсерді ғана баяндадық. Әл-Жауһари Отырарға қайтып оралып, Отанында көз жүм- ған деп жазатындар да бар. Оның қайтыс болған жылы деп Йакут 398/1008 немесе 400/1010 жылды атаса, Әл-Ханбали 396/1005 немесе 393/1003 жылды көрсеткен. Сөйтіп, ол дүниеден шама- мен 1008 жылы өткен. Талантты ғалым шығармасының жұқаналары қазір Тебриз, Каир, Бүлақ, Калькутта, Лейден, Эскуриал, Париж, Берлин кітап- ханаларында сақтаулы. Оларды тауып, зерттеп, кэдеге жарату қазақ ғалымдарының да абыройлы борышы екенін айтқан жөн. Отырарлық шоқжұлдыздың екеуі - Әбу Ибраһим Исхақ Ибраһимұлы эл-Фараби мен Әбу Насыр Исмаил Хаммадұлы әл- __ ________________________________________________________________ Әбу Насыр әл -Фараби —Үлы даланъщдара тцлгасы 191
Жауһари еңбектерінің халқымыздың әдеби, мәдени, рухани ой мұрасын байытып, ұрпақтар тәрбиелеудегі, кешегі жүріп өткен жолымызды танудағы рөлі орасан зор. Қазір тарихқа көзқарас қайта қаралып, кешегі ұмыт болып, көзден бұл-бұл үшқан есімдер еліне оралып жатқан кезде даламыздың ерте кезде өмір сүрген, ғасыр парақтарының арасында қалып қойған пер- зенттерінің шығармаларын да анықтап, зерттеп, аз-көп демей , қабылдап, ел игілігіне жаратуымыз керек. Әлі де эдебиетіміз бен мәдениетіміздің тарихында қаралуға тиіс. Сығнақи, Түркістани, Қыпшақи, Тарази іспетті дэуір даналары жоқ емес, оларды біз тек енжарлығымыз бен немқүрайлылығымыздан ғана тани ал- май келеміз. Кешегіні білмей , бүгінгінің қадіріне жету қиын дей отырып, ұмытылып бара жатқан өткенді тезірек игеру керек. Бұл ретте орыс әдебиеті мен мәдениеті үлкен де өнегелі іс атқарып келеді. Иэ, ұлы мұраға ілтипатпен қарап , көз қарашығындай сақтай білуде элі де үйренер, тэлім -тағылым алар тұстарымыз аз емес. 5. Алам ад-дин ибн Исмаил эл -Жауһари (әл-Фараби) Отырарлық ғалымдар деп жатырмыз, олардың өздері секілді ғалым ұрпақтары бар ма? Неге болмасын?! Бар. Мысалы , Алам ад-дин ибн Исмаил эл -Жауһари (әл-Фараби). Ол - жоғарыда сөз болған әл-Жауһаридің баласы . Оны ғалымның Исмаилұлы, яғни Эли ибн Исмаил эл-Жауһари деген ныспысы да айғақтап түр. Біз эзірше қазақ жерінен шыққан Әбу Насыр эл -Фараби сияқты үлы ғұламалардың үрпақтары жайлы біле бермейміз. Қолымызда ондай жазба деректер де жоқ. Ал Алам ад -дин соның алғашқысы. Жерлесіміз баласының «Алам ад-дин әл -Бағдади» (бағдад- тық) деген тағы бір ныспысына қарап, оны Бағдадта туган , сон- дықтан да бағдадтық деген қосымша ат алған деп ойлаймыз. Әбу-л Хасан Әли (Алам ад-диннің) Багдадта дүннеге келуі де ғажап емес. Өйткені ол түста жерлесіміз Исмамл әл -Жауһари Әбсат тар к,ажы Д е р б ісәл і __________________________________________________________________________________________________________________________________________ 192
Бағдадта тұрып жатқан-ды. Бірақ Алам ад-дин Исмаил әл- Жауһаридің жалғыз үлы ма, әлде бірнеше перзентінің бірі ме, жазба деректердің жоқтығынан ол жағын айта алмаймыз. Алам ад-диннің есімі кейбір ғалымдар еңбектерінде де кез- деседі. Мысалы, Алам ад-дин Әбу-л Хасан Эли ибн Исмаил эл-Жауһари (Х-ХІ) Бағдадта «ар-раккаб салар» (атты әскер қолбасшысы) деген атпен де белгілі. Бэлкім, ол эйгілі матема­ тик Әбу Насыр Исмаил ибн Хаммад әл-Жауһаридің (1008 ж.қ.б.) ұлы болар?! Ол қазіргі Түркістан облысы Фараб маңындағы Жауһардан шыққан, математик, астрономиялық аспаптардың шебері деген пікірді орыс, шығыс зерттеушілері де айтады. Алам ад-дин жайындағы деректерді неміс ғалымы Генрих Зутердің (1848-1922) еңбегінен де кездестіреміз. «Араб мате- матиктері мен астрономдары» деген кітабында ол отырарлық ғалым жөнінде бірнеше жолдық мағлұмат келтірген. Г. Зутер де Әбу-л Хасан Әлиді «Математика саласындағы аса күрделі еңбектерімен, астрономиялық аспаптар жасауда жэне пайдалануда асқан шеберлігімен танымал ғалым, оның тамаша шығармалары кең таралған» деп жоғары бағалаған. Ал оның Исмаил әл-Жауһариге қатысы жайлы «әл-Жауһари деген ат ғалымның грамматик жэне лексиколог Әбу Насыр Исмаил бин Хаммад әл-Жауһаридің ұлы екендігін растай түседі» деп бөле- жара айтқан. Алам ад-дин жайлы деректі жоғарыда аталған XIII ғасырдың орта кезінде өмір сүрген Джамал ад-дин әл-Қифти еңбегінен ғана ұшыраттық. «Ибн Исмаил Әбу-л Хасан әл-Жауһари әл-мангүт Алам ад-дин әл-Багдади деген ныспысымен белгілі» дейді. Әл-Қифти Алам ад-дин «белгілі әскербасы» («ар-раккаб са­ лар»), ғалым («алим фи-л илм»), Бағдадтың даналары мен та ­ маша ойшылдары арасында геометрия («илм ал-һандаса») мен математика («ар-рийадат») саласында алғыр ақыл («аз-зака») иесі, өте зерек еді» деп жоғары бағалаған. Бір қызығы, ғалымдар арасында атақты әскербасы, ал әскербасылар арасында атақты ғалым болғандар аз. Дей тұрганмен Джамал ад-дин әл-Қифти _ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ дбу Насыр әл-Фараби —Үлы даланың,дара тцліасы 193
жерлесіміздің осындай ерекшелігін атап кеткен. Түпнусқадағы «раккаб салардыц» алғашқы сыңары араб тілінде «салт атты» деген ұғымды білдірсе, екіншісі - парсы сөзі. Оның «қауым бастығы», «көсем», «басшы», «бастық» деген мағыналары бар. Сөйтіп, отырарлық тілшінің баласы тек ғалым ғана емес , со- нымен қатар әскербасылығымен аты шыққанын байқаймыз. Бірақ Джамал ад-дин әл -Қифти Алам ад -диннің қандай майдан , қандай ұрыстарға басшылық еткендігін айтпайды. Алам ад-дин негізінен астрономия , геометрия , математи­ ка, филология секілді ғылым салаларына қатысты еңбектер жазған. Оған таңдануга да болмайды . Өйткені V III-X I ға- сырларда тек әдебиет пен мэдениет, мұсылман заңы (фиқһ) мен тарих, философия жэне логика ғана емес , сонымен қатар жаратылыстану гылымы да барынша дамып, аударма өнері де жолға қойылған-ды . 6. Әбу Мухаммед әл -Мұқаддаси әл -Фараби Ортағасырлық араб тарихшысы Иақұт эл-Хамауи ар -Руми (1179-1229) «Муьжам әл-бұлдан» («Елдер жайлы анықтама жинағы») деген еңбегінде Әбу Мухаммед туралы бірнеше жол- дық дерек келтірген, ол жайлы Әбу Дуджана деген кісінің екі ұлы: Әбу Бэкір мен Әбу Зура һэм Әбу Бәкір бин әл-Муқридің әңгімелегенін айтады. Сондай -ақ Әбу Мухаммедті мақтап, ри- зашылық білдіріп еді деп әл-Хасан бин Мунир, әл-Хасан бин Рашиқ, Әбу Хатм , Мухаммед бин Хиббан әл -Бусти, Әбу Саид Ахмед бин Мухаммед бин Румайх ан-Насауиді атайды . Сөйтіп, өкінішке орай, Йақут ар-Руми бул дананың туған жэне қаза болған жылы, өмірі мен шығармашылыгы жайлы ештеңе айтпаган. Сол себепті де Теһран, Стамбул, Багдад , Да­ маск, Каир қолжазба қорларынан Әбу Мухаммед әл-Фараби туралы сөз еткен Әбу Дуджананың ұлдары: Әбу Бәкір мен Әбу Зура, сондай -ақ Әбу Бэкір бин әл -Мұқри , Хасан бин Мунир, әл-Хасан бин Рашиқ, Әбу Хатм , Мухаммед бин Хиббан әл- Әбсат тар цажы Д е р б іс әл і__________________________________________________________________________________________________________________________________________ 194
Бусти, Әбу Саид Ахмед бин Мухаммед бин Румайх ан-Насауи еңбектерін тауып, зерделеу керек. Әйтсе де біз оны Х-ХІ ғасырларда күн кешкен деп шамалай - мыз. ___________________________________________________________________Ә бу Насыр әл-Фараби — Үлы даланыцдара тцлгасы 7. Әбу Фадл Сиддиқ әл -Фараби Ол - хадисші. Фарабта туған . Бірақ ныспысы соңында ас- Сунахи деп те жазылған. Ол «сунақтық» дегенді білдіреді. Бірақ бүл ғалымды ортаазиялық Әбу Саъд ас-Самани (1113-1167) тек Сунахи ғана емес, сондай -ақ әл -Фараби деп те көрсеткен . «Ас- Сунахи - Мауараннаһрдегі Сейхунның (Сырдария өзенінің) арғы жағындағы Фараб атты қала (балда) маңындағы елді ме- кенге қатысты нисба. Осындай нисбамен (Сунахи деген ат- пен) көптеген адам белгілі болған. Солардың бірі - Сунах елді мекенінен шыққан Әбу-л Фадл Сиддиқ ибн Саид ас -Сунахи эл- Фараби», - дейд і де, артынша: «Сунах - Исфиджаб (Сайрам) өлкесі шаһарларының бірі. Әбу Саъд әл -Идриси осылай дейді» деп өз дерегін толықтырып қояды [27б, 68]. Әбу Саъд Абд ар-Рахман ибн Мухаммед әл -Астрабади әл- Идриси (т.ж .б -1015) - Самарқандта кун кешкен ортаазиялық белгілі ғалым. Оның «Тарих-и Астрабад» («Астрабад тарихы»), «Тарих-и Насаф» («Насаф тарихы») атты еңбектері бар. Ол жүз мың хадис білген деседі [27б, 78]. Хамдаллаһ ибн Әбу Бэкір ибн Ахмед ибн Насыр әс-Мұстауфи әл-Қазуини (1280-1350) «Нузһат әл-кулуб» («Жүрек серуені») атты еңбегінде Сунақты (Сығанақты) Мауараннаһр өлкесіндегі Отырар, Шаш, Исфиджаб, Тараз секілді қалалар қатарына жат- қызады, яғни ол Сунақты бөлек қала ретінде көрсеткен. Иэ, Сунақ (Сунах, Сығанақ) - Сырдария бойындағы шаһар. Әбу-л Фадл осы Сунақта туғанымен, өмірі мен қызметінің көп- шілік бөлігін Фарабта - Отырарда өткізгендіктен, Әбу Саъд ас- Самани оның есім тізбегіне «Әл-Фараби» деген сөзді де қосып жазды ма екен деп ойлаймыз. 195
Сонымен Әбу Саъд ас-Самани Әбу -л Фадл Сиддиқтың Самарқандқа барып марылық имам, белгілі хадисші Мухаммед ибн Насыр эл-Маруази (X) еңбектерін зерделегенін айтады. Сунақ-Фарабтық жерлесіміз сонан соң Бұхараға қоныс аударып, сонда бұхаралық өз заманының көзі ашық, көкірегі ояу азаматта- ры: Саһл ибн Шазууайх әл-Бухари , Хамид ибн Саһл әл-Бұхари, Әбу Эли Салих ибн Мухаммед эл-Бағдади әл -Хафиз, Насыр ибн Ахмед эл-Хафиз жэне басқалардан хадистер жазып алған [27б, 68]. Содан Фарабқа - Отырарға қайтып оралып , һижраның 350/961 жылы қайтыс болады. Бұхарада Отырар перзентіне хадис айтқандар ішінде бағ- дадтық ғалымдардың да болуына қарағанда, Мауараннаһр хал- қының Таяу және Орта Шығыс жұртымен байланысы тұрақты болса керек. Ал Әбу Абдалла Мухаммед ибн Насыр эл-Маруази - X ға- сырда өмір сүрген марылық дін ислам қайраткері, хадистанушы , өмірінің бірқатар жылын Самарқандта өткізіп, бірнеше кітап жазған, 10-нан астам шэкірті болған ойпаз [27б, 82]. Әбу-л Фадл Сиддиқ ас -Сунахи (Сунақи) эл-Фараби - оты- рарлық ғалымдар: Исмаил эл-Жауһари мен Исхақ әл -Фарабидің замандасы, тұстасы. Олар бірін -бірі білген болуы да мүмкін . 8. Саъд әл -Мүлік әл -Уасиджи (әл-Фараби) Энциклопедист улы ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы жайлы жазған ортағасырлық тарихшы- лардың көпшілігі жэне орыс оқымыстысы В.В. Бартольд (1869- 1930) та оны әдетте Отырар маңындағы Уасиджде (Оқсыз) туган деп көрсетеді. Отырарға серік қалалардың бірі - Уасидж (Оқсыз) біздің заманымызға жетпеген. Әйтсе де Отырар ауданының халқы Сырдарияның арғы беті - Отырар төбенің батыс тусындағы қазіргі Маяқүмды осы Оқсыз деп жорамалдайды. В.В. Бартольд Уасиджді «күмбезді мешіті, күшті билеушісі бар Кедерден екі фарсах төмендеу жатқан Әбсат тар к,ажы Д е р б ісәл і _________________________________________ ________________________________________________________________________________________________ 196
шағын бекіністі елді мекен» дей отырып, оның XII ғасырға дейін дін аман болғанын айтады. Әбу Саъд ас-Самани осы Уасиджден шыққан деп «Уасиджи» деген атпен белгілі болған Саъд эл-Мүлікті атайды [27б, 68]. Уасиджді Әбу Саъд «түркілер еліндегі мекен» деп көрсетеді де, «осы жерде Әбу М ухаммед Абд ас-Саййд ибн Мухаммед ибн Ата ибн Ибраһим эл-Афрани ан -Насафи, сонан соң Саъд әл-Мү- лік деп аталған әл-Уасиджи де түтқынға алынып еді», - деп жа- зады. Орта Азияның Насаф (Нахшаб - цазіргі Қаршы) уэлаятына қарасты Афуран, яки Афран кентінен шыққан хадистанушы Әбу Мухаммед ан-Насафидің (Саъд эл-Мүлік Уасидждің) қандай кінәсі үшін қамалғаны белгісіз, бірақ оның өз заманының бі- лімдар адамы болғаны күмәнсіз. Уасидж-Оқсыздық жерлесіміз Самарқандта Әбу Әли әл- Хұсайн ибн Эли ибн Ахмед ибн Абд ар-Рабин ас -Саканиден тағылым алыпты. Әбу Хафс Умар (Омар) ибн Мухаммед ибн Ахмед ан-Насафи эл -Хафиз ас -Саканиге сүйеніп хадис риуаят еткен. Эбу Саъд ас -Самани: «Осы Эбу Хафс Саъд әл-Мүлікті Түркістан қалалары біріндегі Уасидж қамалында һижраның 414/1023 жылы қайтыс болды дейді» [27б, 68], - деп еске алады. Ибн әл-Асир деген атпен белгілі Әбу -л Хасан Әли ибн Әби -л Карам Асир ад-дин Мухаммед аш -Шайбани эл -Джазари (1160— 1233) «әл-Камил фи-т тарих» («Толық тарих») деген еңбегінде осы ғулама туралы: «Ол Саъд эл-Мүлік (патшалық бақыты) деген лауазыммен аталған. Оған ғұламаларды сыйлаған Хакан Мухаммед ибн Сүлеймен қүрметпен қараған. Ол раис Әбу Әли әл-Хасан ибн Эли ибн Ахмед ибн ар -раис ас -Санкабасиден ха­ дис тыңдаған. Ал Саъд әл -Мүліктен Эбу Хафс Умар (Омар) ибн Мухаммед ибн Ахмед ан-Насафи хадистер айтқан» [18, 72-6.] деп жазады. Екі автордың деректері бір -біріне ұқсас сияқты. Сондықтан да оларды үшінші бір бұлақ көздеріне сүйеніп зерт- теу керек деп ойлаймыз. Оқсыз перзенті жайлы қолымызда бұдан басқа деректер жоқ. __________________________________________________________________ д б у Насыр әл-Фараби — Үлы даланың, дара лщлгасы 197
Әбсаттар к,ажы Дербісәлі 9. Йахия бин Ахмед Әбу Закария әл-Фараби Ол жайлы деректі де Иақұт эл-Хамауи ар-Румидің «Мұъд- жам әл-бұлданның» («Елдер жайлы анықтама») бірінші томьшан таптық. Онда ол «Бараб» деген тақырып-сөз берген де: «Бұл - үл- кен жэне аумақты аймақгьщ (нахия) аты. Бұл жерді «Фараб» деп те айтады. Одан екі тілші - «Ас-Сихах фи-л луганың» («Тіл жайлы нағыз ақиқат») авторы Әбу Наср Исмаил бин Хаммад эл-Жауһари жэне оның нағашысы «Диуан әл-адаб» («Әдеп жинағының») авто­ ры Исхақ бин Ибраһим (әл-Фараби) һәм тіл (білімі) имамдарының бірі Әбу Закария Иахия бин Ахмед әл-Адиб әл-Бараби шыққан», - W дейді. Сөйтіп ол Әбу Закария Иахия эл-Фарабиді «әл-Бараби» деп көрсеткен. Дегенмен соңында «Әбу Саъд осылай дейді, бірақ мен (анық-қанығын) білмедім», - деп үстеп қояды. Иақүт эл-Хамауи ар-Руми Жейхун деп атаған Әмударияның оң жақ жағалауында осылай аталатын қыстақ қазір де бар. Ол Бұхараның батысында. Бірақ Исмаил эл-Жауһари эл-Фараби мен Исхақ бин Ибраһим эл-Фараби Әмудария бойындағы Фарабтан емес, Сейхун (Сырдария) жағасындағы Фараб шаһарынан шық- қан. Иақүттың өз айтқанына өзі күмэнданып: «Әбу Саъд осылай дейді, бірақ мен (анық-қанығын) білмедім», - деуі де сондықтан болса керек. Жерлестері Исмаил эл-Жауһари эл-Фараби мен Әбу Ибраһим Исхақ эл-Фарабидің ізін ала шығып, ілімін жалғастырған тілші бабамыз жайлы деректі Исмаил паша әл-Бағдади (әл-Бабани) атты қаламгердің «һадийату-л -арифиин» («Білгірлер сыйы») атты еңбегінен де кездестірдік. Ол да Отырар үланының аты- жөнін «Әбу Закария Иахия бин Ахмед бин Эбу Закария эл- Бараби» деп көрсетеді де: «Бараб - Жейхунның жағасындағы үлкен аймақтың аты. Ол «Фараб» деп те айтылады. (Эбу Зака­ рия) көрнекті тілші, эдебиетші еді. һижраның 425 (1033) жыл шамасында қайтыс болды. Ол «Китаб лл-масадир фи-л лу#а» («Тіл негізі жайлы кітаптың» авторы»), - денді. 198
Әбу Насыр әл-Фараби —Үлы даланьщ дара тцлгасы 10. Ахмед әл-Фараби Ол туралы мағлұматты кезінде Ауданбек Көбесовтің «Әл- Фараби» атты еңбегінен кездестіргенбіз. «Қазақстандық тарих- шы-ғалым Қажи Нурсултанов 1968 жылғы «Білім жэне еңбек» журналының сегізінші санында жарияланған «Тағы бір Фара­ би» деген мақаласында ХІ-ХІІ ғасырларда Отырар бойынан шыққан, бұрын бізге белгісіз болып келген жаңа бір Фарабимен таныстырды. Оның есімі - Ахмед Фараби . Ахмед өз дәуіріндегі белгілі математиктердің бірі болған сияқты. Қазір бізге оның «Китаб тадбир эл-хауз фи тадбир эл -ахуаз» («Хауызды дөңгелек хауызға айналдыру жайлы кітап») атты еңбегі белгілі. «Бұл шығарма дөңгелекті квадратуралау мәселесіне арналған», - д еп жазған А. Көбесов . 11. Әбу Эли Хасан әл-Фараби Өз аты - Әбу-л Хасан Әли . Әкесі - Абд әл-Азиз . Бабасы - Әбу Иахйа. Арғы атасы - Әбу Әли әл -Фараби. Ол жайлы Наджм ад-дин Әбу Хафс Умар (Омар) ибн Му­ хаммед ан-Насафидің (1068-1142) «Китаб әл-цанд фи магри - фатиулама Самарканд» атты аталмыш еңбегінен оқыдық. Аш - Шейх Әбу-л Хасан Әли ибн Абд әл -Әзиз ибн Әби Йахйа ибн Әби Әли әл-Бараби бізге, Самарқандқа [һижраның] 521 жылы (1127-1128) келген. Ол бізден біраз нәрсені үйреніп, бізге де біраз (жайтты) жеткізген еді. Ол: «Бізге аш-шейх әл -адиб әл- Хұсайын ибн Хабл ас-Сабрани имам Әли ибн Исхақтан, имам Йусуф ибн Асимнан, Әбу Абдалла Мухаммед ибн эл-Фадл әр- Раууас әл-Балхидың қасиетті Қуранға жазған «Жами әл-Улум» атты түсініктемелерін берді», - д ейді . Оның есімі фациһ (мұсылман қуқығының маманы), Шафиғи мэзһабының ғұламасы Әбу Исхақ Ибраһим бин Мухаммед аш- Ширазиге (т.ж .б -1083) байланысты аталады. Отырар перзенті 199
Әбу Исхақтың «Муһаззаб фи-л фуруг» («Түзетілген бөлімдер жайлы») атты еңбегіне түсіндірме жазыпты. Соған қарағанда ол да моңғол шапқыншылығынан кейін өмір сүрген сияқты. Осы ретте мэзһаб (діни-құқықтық мектеп) туралы да айта ке­ ту керек секілді. Өйткені X ғасырда Мауараннаһр жүрты қазір- гідей түгел Әбу Ханифа мәзһабында ғана емес, сондай-ақ имам Шафиғи (Әбу Абдалла Мұхаммед бин Идрис, 767-820) мәз- һабында да болған тэрізді. Осы соңғы діни-праволық мектепті Орта Азияға таратқандардың бірі «Қүффал әл-кабир» деген ат- пен белгілі болған шаштық (ташкенттік) Әбу Бэкір Мұхаммед ибн Әли аш-Шаши (1038-1114) еді. 12. Шейх Мүхаммед Әбу Насыр Аднан әл-Фараби (т.ж.б.-1153) Отырардың ғалым перзенттерінің Әбу Насыр Мұхаммед әл-Фарабиден басқалары ғылымның белгілі бір салаларының өкілі, әсіресе, руханият қайраткерлері болғандығын айтқан жөн. Ал моңғол шапқыншылығына дейінгі жылдары өмір сүрген, төменде сөз болғалы отырған шейх Мухаммед Әбу Насыр Ад­ нан әл-Фараби - медицина саласының өкілі. Сол бойынша оның бірқатар еңбегі қалдырылған. 2020 жылы «Мүнара» атты республикалық рухани-таным- дық газеттің қаңтар айындағы No 2 санында «Медицина майтал- маны» атты мақала жарияланды. Авторы - дінтанушы Жалғас Асхатүлы. Ол даламыздың ортағасырлық дәрігер перзенті жайлы аталмыш мақаласында: «Шейх Мухаммед Әбу Насыр Аднан эл-Фараби (т.ж .б -1153) XII ғасырда ғумыр кешкен. Атының өзі қазақ жерінің тумасы екенінен хабар беріп түр. Ол тарихта Ибн Халкан есімімен танымал. Өз заманында тарих. медицина, астрономия ғылымдарын меңгерген. Сонымен қатар шариғатты бойлап білген жэне дүние, мал-мүлікке қызықпаған, дініне берік болған көрінеді. Ол Аббасидтер халифаттығында ғумыр кешіп, Багдад, Мысыр жерлеріне сапар шегіп, білімін Ә б са т т а р кджы Д е р б і с ә л і __________________________________________________________________________________________________________________________________________ 200
шыңдаған («Дирасат ат-тахлилия фи масадир». - 468 б.)», - дейді. Әл-Фараби жайында «Мұъжам иламу тиб» кітабында былай делінеді: «Ол - түріктер жерінен шыққан дана дәрігер. Бағдадта медицина, астрономия саласы бойынша қызмет етіп, кейін Мы- сыр еліне қоныс аударып, онда Зафир Исмаил (1133-1154) эмірге қызмет еткен» («Мұъжам иламу тиб», 193 б.) . Бүгінде қолымызда аталған ғалымның «Нассан тиббиян әл-Кәфи фи сана ат -тиб» атты еңбегі бар. Ол Мысырда хиж- ра жылы бойынша 510 жылы жазылған жэне қазіргі уақытта түпнұсқасы Катар ұлттық кітапханасында No 5931 нөмірімен сақтаулы. Аталған кітапхананың дерегі бойынша, бұл кітап ис­ лам күнтізбесіне сәйкес Рамазан айында жарыққа шыққан. Сондай-ақ бұл еңбекті бүгінге дейін сақтап жеткізген Па­ трик Расил (1726—1805) деген шотланд дэрігер екен. Ол Алеп­ по жерінде орналасқан «Леванте» дәрі-дәрмек шығару фарма- цевтикасында дэрігер ретінде қызмет етіп жүрген уақытында медицинаға қатысы бар ескі қолжазбаларды жинаумен айналыс- қан. Бүған қоса ол Алеппода білім алған жэне 1722-1760 жылдар аралығында жұқпалы оба ауруына қатысты зерттеулер жүргізген. Кітапханада көрсетілген тарихи деректерге сәйкес Патрик Расил эл-Фараби бұл қолжазбасын 1722 жылы Ибн Хахам Муса деген кісіден алған. Қолжазбаның соңғы, яғни 383-бетінде мэтіннің аяқталғаны аталып, «қыпти (ежелгі Мысыр еліндегі қалыптасқан христиан дін өкілдері) жыл санағы бойынша һатур (9 қараша мен 11 желток- сан арасы) айының 28 жулдызы, 1087 жыл» деп көрсетілген. Бул өз кезегінде қолжазба нақты осы жыл шамасында басылып шық- қанын көрсетсе керек. Сонымен қатар ғалымның бұдан бөлек «Ри- салат фи тагази ужуд ат-табиб», «Мужаррабат фи тиб» деген еңбектері де болтан екен. Алайда олар туралы нақгы деректер жоқ. Жалпы, 394 беттен тұратын бұл қолжазба - медицина сала - сында немесе денсаулығын күтуді мақсат еткен кез келген адам үшін аса маңызды еңбек. __________________________________________________________________ д б у Насыр әл-Фараби — Үлы даланьщдара тцліасы 201
Оның мазмұнында адамның күнделікті өмірде табиғатпен қалай қарым-қатынас жасау керектігі туралы сөз қозғалады. Сонымен қатар бас, көз, тері жэне т.б. 900-ден астам аурудың түрі мен емі ұсынылған. Баса айта кететін нәрсе: ұсынылған емнің барлығына дерлік табиғи дәрі-дәрмектерді қолдану керек- тігі ескерілген. Бұған қоса тамақ ішу әдебі мен шарттары да баяндалған. Ғалымның айтуынша, адам денсаулығын күту үшін алды- мен табиғатпен тығыз байланыста болуы міндет. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегендей, автор да өз еңбегінде кез келген аурудың алдын алу жолдарын 195 тармаққа бөліп, тізіп көрсеткен. Содан кейін эрбір аурудың түріне араб әліпбиінің реттік саны негізінде түсініктеме берген», - деп жа- зыпты мақала авторы [Мұнара, 2020. - No2. - 21 қаңтар. - 6-6 .J. Шейх Мұхаммед Әбу Насыр Аднан әл-Фарабидің Катар кітапханасындағы еңбегінің қолжазбасын алдырып, аударып, медицина саласы өкілдерімен бірлесіп зерттеу қажет деп ойлай- мыз. Ә б са т т а р к^ажы Д е р б і с ә л і ____________________________________________ ______________________________________________________________________________________________ 13. Бурһан ад-дин Ахмед әл-Фараби Ол XI ғасыр басында туған мекені Отырар өлкесінде Қарахан әулеті құрған феодалдық мемлекеттің түрлі соғыстар мен шапқыншылықтар, алауыздықтар эсерінен ыдырап, тарих сахнасынан ауытқып кету қаупі басталған кезде дүниеге кел­ ген. Бірақ, өкінішке орай, қолымызда жерлесіміздің өмірбаяны немесе шығармашылығынан толығырақ дерек беретін жаз- ба мағлүматтар жоқ. Ол жайлы неміс шығыстанушысы Карл Брокельманның «Араб әдебиетінің тарихы» атты еңбегінен бір- неше жолдан түратын дерек қана таптық. Бурһан ад-диннің алғашқы білімді Отырарда алғанында дау *» жоқ. Ол кезде Иасы (Түркістан), Исфиджаб (Сайрам), Тараз, Шаш, Сауран, Сыганақ қалаларына араб, парсы журтынан дін- дарлар, сондай-ақ түрлі ғалымдар келіп дэріс берген. Сол се- 202
бептен Бурһан ад-дин де өзінен бұрын өмір сүрген отырарлық жерлестері немесе Орта Азия, Хорезм өлкесінен шыққан оқы- мыстылар секілді араб, парсы тілдерін жақсы білген. Бірақ Бурһан ад-динді біз Әбу Насыр эл -Фараби секілді Багдад пен Шамда болып, сонда білімін жетілдірген деп айта алмаймыз. Не­ месе өзі тұстас кейбір әкімдер сарайында тұрып, шығармасын солардың біріне арнады ма, жоқ па, ол жайлы да мағлұмат жоқ. К. Брокельман оның «Заллат әл-цари» ([Намазда] Құран оқушының қателесуі») деген еңбегін ғана айтады. Бурһан ад- дин жайлы эзірге бұдан басқа деректер бізге беймәлім. Араб эдебиеті мен мәдениеті, тарихына үңілсек, «Заллат әр-цари» секілді дүниені Самарқанд қаласының тарихы, ғалымдары мен даналары, сөз зергерлері мен ойшылдары туралы ортаазиялық Наджм ад-дин Әбу Хафс Умар (Омар) бин Мухаммед ан-Насафи (1068-1142) атты ғалым да жазған. Бұл тақырыпқа өзге де ға - лымдардың қалам тартуы мүмкін. Өйткені қасиетті Құранды дұрыс оқу тэсілі күні бүгінге дейін түрлі пікірлер тудырып келе- ді. Әртүрлі мектеп өкілдері өз пікірінің дұрыстығын дэлелдегі - сі келеді. Соған қарағанда Құран Кэрімді дұрыс оқуға үйрету Бурһан ад-дин өмір сүрген тұста да күн тәртібінен түспесе ке- рек. Жалпы қасиетті Құран оқудың канонға айналған жеті түрі бар. Зерттеушілердің пікірінше, Құран оқу кезіндегі қате әдетте кейбір эріптерді дұрыс айта алмау, кідірісті дұрыс жасай алмау секілді тағы да басқа мэселелер төңірегінде болады. Бурһан ад - диннің «[Намазда] Құран оқушының қателесуі» атты еңбегі де, міне, осы мэселелерге арналған . Соған қарағанда, ол араб тілі мен әдебиеті, дін тарихы, Құран мен суннаны жақсы білген. Түркияның Сүлеймания кітапханасынан мен оның тағы бір «Манзума фи-л муаннасати -с самаийа» атты қолжазбасын кездестірдім. Бурһан ад-динді К. Брокельман 1174 жылы қайтыс болған дейді. Ол өзінің туған мекені Отырарда коз жұмды ма, яки өмірі алыстагы араб елдерінің бірінде Әбу Насыр эл-Фараби секілді шаңыт жолға сарыла қарап, сағынышпен өтті ме, ол жағы _ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ Әбу Насыр әл-Фараби —Үлы даланыцдара тцлгасы 203
белгісіз. Жерлес ғалымымыздың Бұхарадан табылған «Заллат әл-цариінің» қолжазбасы қазір Санкт-Петербургте сақтаулы . Зерттеліп, кэдеге асырылса, игі іс болар еді. 14. Әбу-л Қасым әл -Фараби / әл-Фарйаби Моңғол шапқыншылығына дейін өмір сүрген, аты да, шы- ғармашылығы да оқырмандарымызға белгісіздеу болып келген отырарлық ойшылдың тағы бірі - Имад ад -дин Әбу -л Қасым әл-Фараби . Аталған ғалымның отырарлық екенін дәлелдейтін бірнеше дерек бар. 1854-1855 жылдары Қазан университетінің құрылғанына елу жыл толу мерекесіне орай университет үстаздарының бірі шығыстанушы, профессор И.Ф . Готвальд (1813-1897) осы оқу орнының араб тіліндегі қолжазба қорымен таныстыратын ар- наулы еңбек жазған (Готвальд И.Ф . Описание арабских руко­ писей, принадлежащих библиотеке императорского Казанского университета. - Казань, 1985). Онда ол әуелі қолжазбалардың жиналу тарихына тоқталған, сонан соң оларга сипаттама берген. И.Ф . Готвальд оз еңбегінде Эли бин Махмуд бин Мухаммед ар-Раид эл -Бадахшани (XV) мазмундап берген Имад ад-дин Ахмед Әбу-л Қасым эл -Фараби атты ғалымның «Халисату-л хацайц» атты еңбегін келтіреді де, шығарманың 1851 жылы Қазанда басылып шыққанын ескертеді (Готвальд И.Ф. Описа­ ние арабских рукописей... - 259-6 .) . Имад ад-дин әл -Фарабидің осы туындысын Қазан универ - ситетінің кітапханасынан көргендігін Қазақ кітаптарының қыс- қашатарихын жазған А. Жиреншин де растайды (Жиренчин А.М. Из истории казахской книги. - Алматы, 1987). Осы ретте айта кетер жайт - Қазан университетінде шығыс тілдер факультетінің іргетасы қалана салысымен-ақ араб, парсы, шагатай, түркі және басқа да тілдердегі қолжазбалар жинала бастаган. Сөитіп , уни­ верситет кітапханасының қорына эр жылдары шыгыс елдерінің дбсат т ар к,ажы Д е р б іс әл і _________________________________________________________________________________________________________________________________________ 204
тарихы, жағрафиясы мен әдебиетіне қатысты түрлі қолжазбалар түскен. Оның біразы ел арасынан жиналса, яки сатып алынса, ал енді бірқатарын белгілі дипломаттар мен қоғам қайраткерлері, ел басшылары сыйға тартқан, 1900 жылы И.Ф. Готвальдтың қайтыс болғанына үш жыл толу қарсаңында осы бір еңбекқор да парасатты шығыстанушыға арналған жеке жинақ шыққан. Сол жинақтың 1-2 беттерінде И.Ф . Готвальдтың өмірі мен қызметін баяндайтын түркітанушы Н.Ф. Катановтың (1862-1922) мака- ласы берілген. «Қазан университетінің профессоры болып жү- ріп, - деп жазған ол, - Готвальд 1851 жылы «Китаб халисату-л хуласа» деген Эли бин Махмуд бин ар-Раид әл -Бадахшанидің арабша шығармасын басып шығарды. Оны әл-Бадахшани 1210 ж. қайтыс болтан отырарлық талым Әбу-л Қасым әл -Фарабидің «Халисату-л хацаиц лима фиһи мин асалиб ад -дацащ » (Импера­ торского Казанского университета почетный член, профессор и библиотекарь И.Ф . Готвальд (1813-1897). Казань, 1900. - 1-2 б.) деген кітабынан алған еді» (Готвальд И.Ф. Описание. .. 259-6 .) . Сонымен Қазан университетінің баспаханасында И.Ф. Гот­ вальд шығарған кітап авторы жогарыда аталган Имад ад-дин Әбу-л Қасым эл -Фараби екендігі мәлім болды. Қазандық шы- ғыстанушы жерлесіміздің аталган дүниесін баспага дайындау- да ортағасырлық галым, Эли бин Махмуд бин ар-Раид эл-Ба - дахшанидің еңбегіне сүйенген. Отырар данышпанының толық аты-жөні - Имад ад-дин Әбу-л Қасым әл -Фараби . Өз есімі - Имад ад -дин. Әбу -л Қасым (Қасымның әкесі) — лақап аты. Бірақ К. Брокельман «Араб әдебиетінің тарихы» атты еңбегінің «Қосымшасында» жерле- сіміздің толық аты-жөнін «Имад ад-дин Әбу -л Қасым Махмуд бин Ахмед бин Эбу-л Хасан эл -Фараби» деп жазады. Сондай -ақ ол эл-Фараби деген туған жерін білдіретін сөзден кейін жақша ішінде «Фарйаби» деген атауды да қоса көрсеткен. Оның бұлай - ша «Әл-Фараби» немесе «Фарйаби» деп екі түрлі атау көрсетуіне парсы әдебиеті тарихын жазған ағылшын ғалымы Ч.А . Стори (1888-1967) еңбегі себеп болған секілді (Стори Ч.А . Персидская ___ ___ ___ __ ____ ___ ___ __ ____ ___ ___ __ ____ ___ ___ __ ____ ___ ___ __ ____ ___ д б у Насыр әл-Фараби — Үлы даланъщдара тцлгасы 205
литература. Библиографический обзор. - М . , 1972. 1-том. - 515-6.). Осы аталған автор өз зерттеуінде Имад ад-дин Әбу-л Қасым Махмуд бин Ахмед әл-Фарабидің де атын айтады. Отырар ғалымының парсы әдебиетінің де тарихына кіріп кетуінің себебі Ч.А . Сторидің оны «Фарйаби» деп те жазуынан болса керек. Бірақ Имад ад-дин Ч.А. Стори жазғандай, Хорасандағы Фарйаб емес, И.Ф . Готвальд, К. Брокельман көрсеткен Фараб - Отырар- да секілді. Мұндай селкеуліктер жерлесіміздің тек туған жерін білдіретін сөзге ғана қатысты. Әйтпесе Имад ад-дин Хасан әл- Фараби мен Ч.А. Стори еңбегіндегі Имад ад-дин әл-Фарйаби де бір кісі болуы мүмкін. Сонымен, оның аты-жөнін толық саралайтын болсақ, «Имад ад-дин Әбу-л Қасым Махмуд бин Ахмед бин Әбу-л Хасан әл- Фараби» болып шығады. Өз аты - Имад ад-дин. Әбу-л Қасым - жоғарыда айтылғандай лақап есімі. Әкесінің аты - Махмуд Ахмедұлы. Ал бабасының ныспысы - Әбу-л Хасанұлы. Шығыстанушылардың ешқайсысы да Имад ад-диннің туған жылын көрсетпеген. Соған қарағанда, ортағасырлық араб, пар­ сы шежірешілерінің еңбектерінде ондай дерек жоқ болса керек. Дегенмен Имад ад-динді Отырарда 1130 жылдары дүниеге кел- ген деп шамалауға болады. Алғашқы білімді Отырар медреселе- рінің бірінде алған ол сол кездегі өз тустастары секілді фәлсафа, этика, логика, тарих, жағрафия, астрономия іспетті тағы басқа ілім салаларынан сусындаған. Олай деуге оның қаламынан ту- ған терең ой, сындарлы еңбегі дәлел болғандай. Имад ад-дин білімді тек Отырарда ғана алып, сонда қалып қойды деуге болмас. Біздіңше, ол Иасы мен Шаш, Самарканд пен Бухарада да дэріс алған секілді. Мысалы, Имад ад-диннен бірнеше ондаған жылдар бурын гана өмір сүрген Қожа Ахмет Ясауи де алғашқы білімді ежелгі Исфиджаб пен Түркістанда алғанымен, соңынан Орта Азияның сол кездегі рухани орталық- тары: Самарканд пен Бухараға барып Иусуф әл-Хамаданиден (т.ж .б . - 1 140) тағылым алған. Олай болса, отырарлық Имад ад- дин де аталған шаһарларда оқыған, білімін толықтырған деп Ә б са т т а р к,ажы Д е р б і с ә л і _________________________________________________________________________________________________________________________________________ 206
шамалауға болады. Кейбір замандастары секілді Имад ад -дин атағы жайылып, қадір-құрметке бөленген кезде аталған өлкеде билік жүргізген эмірші сарайында тұрған сияқты. Бұхара мен Самарқандтан басқа Имад ад-дин де атақты жерлестері: Әбу Насыр әл-Фараби, Исхақ эл-Фараби, Исмаил эл-Жауһари секілді орта ғасырлардағы өнер мен білім, ғылым ошақтары: Багдад пен Басра, Куфа мен Мосул, Шам мен Мы- сыр секілді қалаларға барып, білімін жетілдірді ме немесе Оты- рар мен Иасыдан, Самарканд пен Бұхарадан шығандап алысқа ұзаған жоқ па, ол жағы белгісіз. Тек ол жайлы қалам тербеген шыгыстанушылар Имад ад-динді 1210 жылы қайтыс болды деп қана жазады. Имад ад-дин еңбегінің толық аты - «Халисашу-л хацайиц лима фиһимин эл-асалиб (фи ануа әл-улум) ад-дацаиц» («Ғылым түрлері») бойынша нәзік тэсілмен (стильмен) жазылған таза шындық»). (Имад ад-дин эл -Фараби . Китаб халисату -л хуласа. - Қазан, 1851). Ч.А . Стори жерлесіміздің бұл туындысының 1200 немесе 1201 жылдары жазылганын айтады. Соган қарағанда Имад ад- дин оз дүниесін Шыңғыс хан Отырарды қиратардан бар-жоғы 17-18-ақ жыл бұрын бітірген деуге болады. Бірақ бұл шығарма күні бүгінге дейін жеке кітап боп толық баспа бетін көрген жоқ. Қазан басылымын есептемегенде , жерлесіміздің аталған шығармасы қазір Үндістан, Нидерланды, Түркия , Египет, Вати­ кан кітапханаларында, сондай -ақ Санкт -Петербург Шығыстану институтының қолжазба қорында сақтаулы. Шығыстанушы - лардың жазуларына қарағанда, Имад ад -диннің аталған шығар - масының Шығыстану институтындағы нұсқасы 1700 жылдары көшірілген сияқты. Көлемі - 117 бет (Имад ад-дин Әбу -л Қасым әл-Фараби . Халисату -л хақаиқ лима фиһи мин әл -асалиб ад - дақаиқ (Ресей Ғылым академиясы Шығыстану институтының қолжазба қоры). «Таза шындық» XIX ғасырда бірқатар батыс шығыстану- шыларының назарына іліккен. Шығарманың И .Ф . Готвальд _ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ Әбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланыц дара ттщлгасы 207
жариялаған нұсқасына 1852 жылы белгілі неміс арабисі Густав Флюгель (1802-1870) рецензия жазған (Fltigel G. Zeitschrift der Deutschen morgenlandischen Gesellschaft. Leipzig. VI, 436/38.) . Әбу-л Қасымның әл-Бадахшани мазмұндаған шыгармасы- ның көлемі шағын. Бар-жоғы 62 бет қана. И .Ф. Готвальд оған қосымша ретінде төрт беттен тұратын «Есімдер көрсеткішін» қосқан (Имад ад-дин әл-Фараби. Китаб халисату-л хуласа. - Ка­ зан, 1851). Сөйтіп «Хсиіисату-л хуласаныц» тараушалары ықшам- дылығымен ерекшеленеді: бір-екі бет қана. Соған Караганда, әл-Бадахшани Имад ад-дин кітабының оқырман үшін ең керекті жерлерін ғана алып, «Таза шындықты» мазмұндауда шеберлік танытып, алдына қойған мақсатын ойдағыдай орындаған. Иә, эл-Бадахшани «Таза шындықты» мазмұндауда уағыздар мен өсиет-нақылдардың мейлінше қысқа, мейлінше қарапайым, оны оқыған, яки тыңдаған адамға түсінікті, жаттап алуға оңай болу жағын ойластырған. Оның бүл талабы табыссыз да емес. Әсіресе шығарманың қүрылысы қарапайым. Сөйлемдері қысқа, шұбалаңқылықтан ада. Әуелі ол терең ой, ғибратқа толы, жат­ тап алуға немесе жадымызда сақтауға оңай нақылмен баста- лады. Оны да мұсылман шығысында өзіне дейін өмір сүрген ғақли ғибратты, ойға толы даналық сөз иелерінің нақылдарына құрған. Сосын ол пайғамбарымыз (с.ғ .с.) айтты делінетін тэр- биелік, тағылымдық мэні бар хадистерді келтіреді. Айтпақ. жеткізбек ой тұжырымын ол осылай шегелей түседі. Кейде оған пайғамбарлар немесе бағзы замандарда өмір сүрген кемеңгер- лер өмірінен нақтылы мысалдар да келтіреді. Сөйтіп Отырар перзентінің «Таза шындығында» такуа мү- сылманға психология, мораль және дін гылымы бонынша әрі қысқа, эрі нүсқа маглүмат берілген. Шыгарма ар-Раид эл- Бадахшани жазган алгы сөзбен басталган. «...Кейбір бауырларым менен «X'аписа кітабын» мән-ма- ғынасын қысқаша мазмүндап, жаттап алуга ыцгайлы болу үшін аз-кем қысқартып, бас-аягын жинақтауды өтініп еді», - деп жа- зады бадахшандық оқымысты. - Олардың тілегі мен үеынысын Ә б са т т а р к,ажы Д е р б і с ә л і __________________________________________________________________________________________________________ _______________________________ 208
қабыл алдым. Орындалған жұмысты «Хуласату-л халиса» деп атадым... Бұл кітап елу тараудан тұрады. Бірінші тарау «Ақыл жайлы». Білім иелері (Аһл әл-илм) айт- қан: «Ақыл - жарқыраған жақұт. Оны құдіреті күшті ұлы Алла мимен бірге дөңгелек етіп жаратқан. Жүрек арқылы ол жасы- рын (нәрсе) мен сезім бақылауымен танылатынды аңғартады. Ол былай деп әңгімелеген: «Қүдіреті күшті ¥лы Алла тэңірі жарылқағыр Жебірейіл періштеге ақыл, иман, үятты беріп, ты- ныштыққа бөленгір адамға жүмсайды да: «Осылардың біреуін қалауыңша таңда», - дейді. Адам ақылды таңдайды . Сонда тыныштыққа бөленгір Жебірейіл: «Иман мен үят, сен екеуің ке- тіңдер. Өйткені адам екеуіңнен ақылды артық көрді», - дейді. Сонда иман үятқа: «Сен кет. Құдіреті күшті Алла маған ақылмен бірге болуды бұйырған», - де йді. Сонда үят: «Қүдіреті күшті Алла маған иманмен бірге болуға эмір еткен», - дейді . Соңынан үшеуі бірігіп адам бойына тұрақтап қалды». «Жан өмірі - рухта, рух өмірі - есте , ес өмірі - жүректе, жүрек өмірі - ақылда, ақыл өмірі - ғылымда» деп базбір ойпаздың (аһл әл-мағрифа) айтқаны жайлы әңгімеленеді. Екінші тарау «Ғылым жайлы». Ғүлама адам (Алим әл-илм) былай деген: «Ғылым - үғынықты да ақылға қонымды бүкіл ақиқаттың күзетшісі. Тыныштық пен батаға бөленгір пайғамбар: «Бүл дүние мен о дүниенің (ацыреттің - Ә. Д .) жамандығы - надандықта», - деп еді. Алла тағала риза болғыр Әли (Ибн Әби Талиб - Ә . Д .) жайлы әңгімеленеді. Ол былай деген: «Ғылым - өзен, даналық - теңіз . Ғалымдар өзен жағалап жүрсе, даналар теңіз ортасында (емін- еркін - Ә. Д .) сүңгіп жүр, кемедегі кемеңгерлері апаттан қүтылу жолын күнілгері айтады». Тағы былай делінген: «Ақиқаттан қорқатын ғылым сөзі жаратылған жандының өмірін қияды...» (Имад ад-дин әл -Фараби . Китаб халисату -л хуласа. — Қазан, 1851). Сөйтіп, Имад ад -дин дүниедегі күллі нәрседен ақыл мен ғылым, имандылықты жоғары қойған. Оның әңгімені тек осы _ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ Әбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланын, дара тцлгасы 209
тақырыптан бастауы кездейсоқ емес. Білімділік пен иманды - лық қана адамды тәрбиелей алады. Адамның надандығы білім - сіздігінен дегенді ол ашық айтқан. Отырар ғалымының ақыл мен ғылымға берген фэлсафалық тұжырымдары парасаттылыққа арналған шын мәніндегі ода секілді. «Таза шындық» осылай ғибратты тараулармен эрі қарай жалғаса береді. Сөйтіп, «Таза шындық» мораль жэне этика мәселелерін кө- бірек сөз ететін, заманы тудырған, өзі өмір сүрген қоғамы мен сол қоғам мүшелерін рухани тазалыққа үндеген игілікті дүние - дидактикалық шығарма. Иэ, бұл дүниенің тазалық пен бірлік секілді жайттарды да қамти отырып, халықты адалдық пен имандылыққа шақырғандықтан да оның прогрессивті жағы болғандығын айттық. Ол белгілі бір дәрежеде Жүсіп Баласа - ғұнидың (XI) «Құтадғу білігімен» де үндесіп жатыр. К. Брокельман Имад ад -диннің «Мацсұд әл-аулийа фи ма - хасин әл-анбийа» («Пайғамбарлардың қасиеттері туралы әу- лиелердің мақсаты») атты тағы бір трактатын атай отырып, Ч.А . Сториге сілтеме жасайды . Бірақ Стори Имад ад -диннің бұл шығармасы атауының бірінші сөзін К. Брокельман секідді «М ақсұд» (мақсат) деп емес, «мақасид» (мақсаттар) деп көпше түрде көрсеткен (Стори Ч.А . Персидская литература . Библио­ графический обзор. I том. - 515-6 .) . Ол туындының пайғамбар - лар өмірбаянын баяндаумен қатар, арабтың алғашқы торт халифасы жайлы да қысқаша әңгімелейтінін әрі оның Әбу-л Му- заффар Ибраһим бин Джалал ад-дин атты эміршіге арналганын айтады. Ағылшын шығыстанушысы К.Э. Босворт деректеріне сү- йенсек, аталған экім 1173-1203 жылдары түркі халқының Батыс қағанатына қараған Мауараннаһр жерлерін (Бүхара, Самарканд , Фергана уэлаятының батыс аймағы) билегенін көреміз. Соган Караганда, Имад ад -дин шынында да, жоғарыда айтылгандай, шамамен ИЗО жылдары дүниеге келген сияқты. Әбу -л Музаф - фар сарайына ол кемеліне келіп, атағы елгс мэлім болған кезде Әбсат тар к,ажы Д е р б ісәл і ___________________________________ ______________________________________________________________________________________________________ 210
келген. Ондай кезді біз 40 пен 50-дің арасы десек, туған жылы деп көрсетілген жоғарыдағы мерзім өмір шындығына жақын келеді деуге болады. Иә, Имад ад -диннің «Пайғамбарлардың қасиеттері туралы әулиелердің мақсатынан» (Имад ад-дин әл -Фараби. Мацасид әл - әулийа фи махасин әл-анбийа . Ташкент қолжазба институтының қоры) басқа да « Унуан эл-мауагиз» («Уағыз тақырыптары») атты еңбегі бар (Имад ад-дин әл -Фараби. Унуан әл-мауағиз . Ташкент қолжазба институтының қоры). Олар да біздің заманымызға жеткен. P.S . ¥зац жылгы зерттеулер нәтижесінде Әбу-л Қасымныц отырарлъщ емес, Хорасандагы Фарийабта туып, Бүхарада өмір сүргені анъщталды. Осы мәселені шэкіртім Нүрлан Анарбаев табылган жаңа деректерді пайдаланып, зерттеп, PhD гылыми дәрежесін алу үшін диссертация цоргады. 15. Абд ас -Самад әл-Фараби Отырарды 1219 жылдың күзінде моңғол шапқыншылары қоршап, ақырында қиратқаны белгілі. Бірақ осы бір үлкен руха - ни, мәдени, ғылыми орда араға жылдар салып қайта көтерілген . Сондай шапқыншылықтан кейін дүниеге келіп, Отырарда өмір сүрген тағы бір ғалым - Абд ас -Самад әл-Фараби. Кейбір жазбаларда ғалым Заһир ад-дин эл -Фараби деп те көрсетіледі. Отырардың бұл перзенті туралы аз мағлұматты Осман тарихшысы Хаджи Халифаның (1609-1658) «Кашф аз- зунунынан» ұшыраттық. Ол Отырар ұланының парсы текті әл-Байдауидің «Тауалиг ал-Анзар» («Тағдырға көзқарас») жэне «Минһадж әл-усул» («(Фиқһ) Негізіне жол») деген еңбектеріне түсіндірме жазғанын айта келіп, оның һижраның 707/1307 жылы дүниеден өткеніне ғана тоқталған. Басқа дерек келтірмеген. (Шираз маңынан) шыққан имам Насыр ад-дин Әбу -л Ха - йыр Абдалла бин Умар (Омар) Мухаммед ибн Әли (т.ж .б . - 1 290), ______________________________________________________ ____________ Әбу Насыр әл-Ф арабы — Үлы даланың, дара тцлгасы 211
әдетте «әл-Байдауи аш -Шафиғи» деген ныспысымен белгілі болған өз заманының озық ойлы ғалымы еді. Ол - Құран Кәрім - нің жекелеген сүрелеріне тәпсірлер жазған, фиқһ ғылымына бай- ланысты да бірқатар еңбектің авторы. Сөйтіп Абд ас -Самад эл- Фараби осы Насыр ад-дин Әбу -л Хайыр Абдалла әл -Байдауидің аталмыш екі дүниесіне түсіндірме жазыпты. Соған қарағанда фарабтық ойшыл қасиетті Құран, хадис шэріп , фиқһ ғылымын, эрине, араб тілін де жетік білген. Моңғол шапқыншылығынан кейін де Отырардан Абд ас- Самад секілді ғалымдар шыққанына қарағанда, Фараб шынын- да да қайта көтеріліп, бұрынгысынша мәдени, ғылыми, діни- руханият орталығы ретінде тіршілік ете берген. 16. Махмуд әл-Фараби 1218-1219 жылдары басталған моңғол шапқыншылығы Қазақстанның Жетісу мен Сыр бойындағы қалаларын жермен- жексен етті. Н.Н. Туманович академик В.В . Бартольдтың (1869-1930) жарияланбаған, тезистері ғана түзілген еңбектері жайлы жазған сипаттамасында атақты ғалымның «Программа по истории государственности в Туркестане» деп аталатын жазбаларын келтірген. Осы шығарманың «Чингизхан» (Темучин) и влия­ ние монголов на развитие государственной власти» деген сілтемедегі тармагынан «Махмуд Фараби қозғалысы жэне оның элеуметтік тамырлары» деген жолдарды оқимыз. Бул сонда қай Фараби? Жогарыда айтылган Имад ад-дин эл -Фараби ме? Жоқ, элде ол елін, жерін сүйген Отырар перзенттерінің тағы бірі ме? Имад ад-дин эл -Фараби 1210 жылы қайтыс болды дедік. Ал В.В. Бартольд жазбаларындагы Махмуд әл -Фараби болса , Оты- рарды моңғол шапқыншылары басып алганнан кейін жат жер- ліктерге қарсы қозгалысұйымдастырды дей аламыз. Мундай ойга бізді В.В. Бартольдтың «Махмуд Фараби қозгалысы және оның әлеуметтік тамырлары» деген жолдары жетелейді. В .В. Бартольд Әбсатт ар к,ажы Д е р б ісәл і _____________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ 212
еңбегінде Махмуд жайлы басқа деректер жоқ. Өкінішке орай, Отырар түрғынының аты-жөні де толық көрсетілмеген . Бірақ көрнекті шығыстанушының даламыздың осы бір отансүйгіш перзенті жайлы зерттеуге дайындалғаны күмәнсіз. Махмуд эл-Фараби де Отырар қорғанысын ұйымдастырған Қайыр хан сияқты Отаны үшін қасық қаны қалғанша күресіп, сел топандай қаптаған басқыншыларға төтеп бере алмай қапыда көз жұмды ма, ол жағы беймәлім . Осы ретте айта кетер жайт - Захир ад -дин Мухаммед Ба- быр (1483-1530) атақты «Бабыр-наме» атты шығармасында Солтүстік Үндістанды жаулап алатын тустағы бір жорықта (1528-1529) өздеріне Маулана Махмуд Фараби атты кісінің имамдық еткенін айтады. Бірақ ол Махмуд жайлы өзге ешқандай дерек келтірмеген. Оның аты басқа беттерде де қайтып аталмай - ды. Сонда бұл қай Фараби? Бабырдың Үнді жорығына қатысқанына қарағанда, ол - XVI ғасырдың перзенті. Ал Бартольд еңбегіндегі Фараби XIII ғасыр- да ғұмыр кешкен. Дегенмен бұл екі Махмудтың да тарихшы мен тілші, әдебиетші мен қаламгерлер есінде жүретін ардақты есім екені даусыз. 17. Қауам ад-дин әл -Фараби әл-Итқани Назарымызды аударған оның Итқани, Атқани (Иқани) де­ ген аты-жөні еді. Өйткені Түркістанның шығыс кіреберісі мен Отырардың солтүстік өкпе тұсында, яғни одан шамамен 40—50 шақырым жерде Ескі Иқан деп аталатын кент бар. «Қазақ С о­ вет энциклопедиясында» ол туралы: «Иқан - орта ғасырларда салынған елді мекен; Түркістан қаласының оңтүстік-шығы - сындағы қазіргі Ескі Иқан бұрын солай аталған. Иқан қаласының негізі қашан қаланғаны жөнінде нақты дерек жоқ. Хафиз -и Та- ныш (1549-1605) «Абдулла-наме» атты еңбегінде Бухара ханы Абдулланың 1582 жылы Ташкент билеушісі Баба сұлтанға қарсы жорық жасаған кезде Иқанға тоқтап өткенін жазады. ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ _ ___ ___ __ ____ д б у Насыр әл-Фараби — Үлы даланъщ дара тцлгасы 213
XVIII ғасырда өмір сүрген белгілі тарихшы П.И. Рычков: «Орынбор губерниясының топографиясы» деген еңбегінде Иқанда 300-ге жуық үй болғанын жэне оның тұрғындары егін шаруашылығымен айналысқанын сөз еткен. Орта ғасырларда Иқан Түркістан өлкесінің қалалары қатарында едәуір рөл ат- қарған», - деп жазған . Бірақ отандық зерттеушілер еңбектерінде ол Иқан деп жазыл- са, ал арабтілді бүлақ көздерінде Итқан, Атқан деп көрсетілген. Міне, осы Иқаннан (Атқан, Итқан) шыққан да парасат иелері бар. Соның бірі - Әмір Катиб бин Әмір Умар (Омар) эл-Итқани . Оның өмірі һэм шығармашылығымен біз «Қазақ даласының жүлдыздары» атты еңбегімізде (1995) түңғыш рет қыскаша таныстырғанбыз. Онда ғалымның алғашқы білімді өз Отанында алып, одан кейін Иқан медреселерінің бірінде үстаздық еткенін, содан соң ортаазиялық ойпаз Бурһан ад-дин әл -Марғинанидің (1123-1197)«Әл -һидая» («Басшылық») атты еңбегінетүсіндірме жазғаны һэм ғалым бабаның ол дүниелерін Ташкент пен Ресей кітапханалары қолжазба қорларынан үшыратқанымыз туралы айтқанбыз. Арабтілді жазба деректерде Қауам ад-диннің Түркістан мен Фараб төңірегіндегі Итқан (Иқан) кентінде һижраның 685 (1286) жылы шаууал айының 19-ы, сенбі күні түнде дүниеге келгені айтылады. Әуелгі білімді ол өз Отанында алған . Бірақ дэл қай жерде - Отырар немесе Иқан, яки Түркістан , Арысба- никет (Усбаникет) немесе Исфиджаб - Сайрамда оқыды ма, өкінішке орай, ол туралы деректер жоқ. Араб тарихшылары оның медресені тамамдаған соң, Әбу Ханифа мәзһабын мүқият зерделегеніне тоқталды. Бүл ретте болашақ кемеңгердің қолына әуелі ортаазиялық ғүламалардың еңбектері іліккен. Әсіресе ол Наманганның солтүстік-батысындағы, Сырдария жағасында болған шаһардан шыққан Ахсикенти және Марғинани атты ғалымдардың шариғат жайлы туындыларына көбірек ^ңілген. Иқандық ғалым Дамаскіде біраз түрған соң, көи үзамай Мысырға аттанады. Әйтсе де ол онда да тұрақтамай, Багдадқа Әбсатт ар к,ажы Д ер б іс әл і _________________________________________________________________________________________________________________________________________ 214
кетіп, осы шаһар қазыларының бірінің қызметін 25 жыл атқарған. Әбу Ханифа (699-767) кесенесі жанындағы медресе- лердің бірінде сабақ берген. Қауам ад-дин 1345 жылы Шам астанасына оралады. Әйтсе де онда бар-жоғы бір -ақ жыл тұрып, 1346 жылы Мысырға кетеді. Каирдегі Саргатмашия (Сұрғатмашия) медресесінде ұстаздық етіп, 1356 жылы 73 жасында қайтыс болады. Ол медресе қазір де бар. Дін аман тұр. Мен Каирге барған сайын бабамыздың ізі қалған осы оқу орнын көріп, жерлесімізге дұға жасап отырамын. Біздің заманымызға Иқан перзентінің 10-нан астам еңбегі жеткен. Олар қазір Египет, Түркия, Нидерланды, Өзбекстан, Ресейдің кітапханалары мен қолжазба қорларында сақтаулы. Біразының көшірмесі менің де жеке мұрағатымда бар. Екі трактаты Кувейт пен Түркияда жарық көрген. 2013 жылы оның өмірі жэне ғылыми мұрасын зерделеуге арналған зерттеуім (Қауам ад-дин әл -Итқани (эл-Иқани) әл- Фараби ат-Түркістани [1286-1357]. Өмірі мен мұрасы . - Алма­ ты, 2013) жарияланды жэне профессор Ш. Керімнің «Сығнақ саңлағы» (Алматы, 2012. - 238 б.), «Қауам ад-дин әл -Итқани әл- Фараби - ғұлама ғалым, ақын» (Алматы, 2017. - 230 б.) атты монографиялары оқырманның көзайымы болды. Иқан жұртымен кездесіп, ол туралы әңгімеледім. Риза болған иқандықтар оған арнап мешіт салды. 2008 жылы 27 желтоқсанда мешітті барып ашып, «Қауам ад-дин» атын бергіздім. 18. Хұсам ад-дин Отырари Ол туралы деректі арабтың атақты саяхатшысы Әбу Абдал­ ла Мұхаммед ибн Баттутаның (1304—1377) «Тухфат ан-нуззар фи гараиб әл-амсар уа аджаиб әл -асфар» («Қалалар мен саяхат таңғажайыптарын пайымдаушыларға сый») атты еңбегінен тап- тым. Ибн Баттута Орта Азияға Шыңғыс хан ұрпақтары бұл өлкені бөліп алып билеп түрған кезде келген. Ол әуелі жолай Жайық ___________________________________________________________________ Ә бу Насыр әл-Фараби — Үлы даланың, дара тцлгасы 215
бойындағы Сарайшық қаласына тоқгаған. «Бұл қалада түркі текті қарияның забия (мешіті) бар. Қартты олар «ата» деп атайды. Ол «әке» дегенді білдіреді. Онда бізге ол дэм таттырып, бата берді. Бізді онда қаланың қазысы да қабылдады. Бірақ оның аты есімде қалмапты», - деп жазады. Сонан соң Ибн Бапута Үргеніпгге, кейін Бухара, Самарқандта болып, Насаф - Нахшабқа (қазіргі Қаршы маңындағы ежелгі шаһар) ат басын тірейді. Қала шетіндегі қоста ол фарабтық тақуа фақиһ, шейх, Маулана Хусам ад-дин эл- Иағимен кездеседі. «Оның есімі (Иағи). Түркі тілінде ол «кекшіл» дегенді білдіреді. Ол - отырарлық», - деп еске алады жиһанкез. Ибн Баттута отырарлық дін қайраткері туралы өзге дерек келтірмеген. Отырардың бұл перзенті Умрик деген лақап есіммен де бел- гілі. Ол «Бадр әл-аимма» («Имамдар айы») деп аталған қазақ даласының Кердеріден шыққан тағы бір ғұлама уланы әл- Кердери Қаһарзаденің шэкірті, сонымен қатар итқандык атал- мыш Қауам ад-дин әл -Итқани эл -Фараби ат -Түркістани ұстаз - дарының бірі болтан [23а, 42]. Бұл парасат иесі де зерттеуге мұқтаж. 19. Мухаммед бин әл -Хусейн Мадж ад -дин әл -Усрушани, Мухаммед бин Хусейн эл-Фараби (т.ж.б.-1234) Ол Әбу Насыр әл-Фарабидің «Фусус әл-хикам» («Кемеңгерлік меруерті») атты еңбегіне шарх (түсіндірме) жазған. Ол Түркия - ның Мэрмара, Баязит, Сүлеймания университеттері кітапха- насында сақтаулы. Барлық универеитеттегі нусқалары 116 бет жэне оларда 1291 жыл деген мерзім көрсетілген. Тек Баязит университетіндегі нұсқасы - 78-ақ бет, Сүлейманиядағыеы - 106 бет. Соңғыда 1013 жыл деген мерзім көрсетілген. Осман тарихшысы Хаджи Халифа да «Кашф аз-зунун ан- ассши дл-кутуб уа -л фунун» еңбегінде Әмір Исмаил әл-Хүсайни әл-Фарабиді атай отырып, оныңӘбу Насыр әл-Фарабидің «Кемең- Әбсат тар к,ажы Д е р б ісәл і __________________________________________________________________________________________________________________________ _______________ 216
герлік меруерті» атты еңбегіне түсіндірме жазған деп көрсеткен және оны [һижраның] 494 жылы қайтыс болды деп жазады. Ол біздің жыл санауымыз бойынша 1100 жылға сәйкес келеді. Соған қарағанда, Сүлейманияда көрсетілген мерзім дүрыс сияқты. Түркия «Куприли» кітапханасындағы қолжазбаларға сипат- тама жасаған түрік оқымыстылары доктор Рамазан шешен мен Джауад Ізгі Джамил Ақпинар Әбу Насыр әл-Фарабидің «Фусус әл-хикам» («Кемеңгерлік меруерті») атты фэлсафалық шығармасына шарх (түсіндірме) жазған Исмаил эл-Хұсайни эл-Фараби атты білімпаздың атын атаған да, оны 1489 жылы дүниеден өткен деп көрсеткен. Ол қолжазба каталогте No 886 реттік санмен берілген. Қолжазба ортасында Әбу Мұзаффар Сұлтан Иағқұб Баһадурхан деген кісінің аты аталады. Өкінішке орай, әзірге Исмаил әл-Хұсайни эл -Фараби жайлы қолымызда басқа деректер жоқ. Хаджи Халифа мен Джауад Ізгі Ақпинар айтқан әл-Фараби - лер бір кісі емес пе екен?.. 20. Маула Мухаммед әл -Фараби Отырарлық бұл оқымысты да Қауам ад-дин секілді XIV ға- сырда өмір сүрген. Ғалым ныспысында «әл-Хорезми» деген де атау бар. Соған қарағанда, жерлесіміздің экесі хорезмдік сияқты. Ал Отырарда туған Маула Мухаммед өзін Хорезми деп емес, отырарлық екенін білдіру мақсатымен «Әл-Фараби» деп жазған. Маула да алғашқы білімді Отырар медреселерінің бірінде алған. Содан кейін Шаш, Бұхара, Самарқанд секілді қалаларда тағылым алып, білімін ұштапты. Сол шаһарларда оқи жүріп, жергілікті оқымыстылармен достық қатынаста болған. Оның себебі Отырар үланының шаштық (қазіргі ташкенттік) Низам ад-дин бин Мухаммед Азиз аш -Шаши (т.ж.6 . - 954) еңбегіне түсіндірме жазуында деп ойлаймыз. Шаштық ғалым «Усул» («Негіз») деген трактат жазған. Ол әдетте «Усул «аш-Шаши» («Аш-Шаши «Негіздері») деп аталады. «Усул» (бүл жерде) Ис- _ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ д б у Насыр әл-Фараби —Үлы даланыцдара тцліасы 217
лам үкімдерін шығаруда қолданылатын ереже-қағидаларға ай - тылады. Низам ад-дин аш -Шаши де өз еңбегінде осы мәселелер жай - лы ойын ортаға салып, мұсылман заңы туралы мэні терең тұ- жырымдар жасаған. Ал Отырар перзенті аш -Шашидің осы туындысына түсіндірме жазыпты эрі оны Египетте һэм қазіргі Түркияда жүрген кезде, 1379 жылы аяқтапты. Ғалымның туған жылы да беймәлім. Бірақ сол кездегі тарихи жағдайларға ой жүгіртсек, болашақ ғалым Отырарда шамамен 1320 жылдары дүниеге келген сияқты, яғни ол - Әмір Темірдің тұстасы. Ол кез аламан -тасыр, сүреңсіз соғыстар мен толас- сыз тартыстар үзілмеген кез-ді . Маула Мұхаммед , әрине , ондай оқиғалардың куәсі де болуы мүмкін. Бірақ эзір қолымызда он­ дай деректер жоқ. Оның қай жылы қай жерде қайтыс болғанын да білмейміз. Бүған жауапты ұзақ ізденістер мен терең зерттеу- лер ғана береді. Тек көңіл көншітер нэрсе - Отырар перзентінің аталған түсіндірмесінің ғасырлар парағының арасында ұмыт қалмай, бізге жеткені. 21. Аға Хасан эл-Фараби Оның біздің заманымызға Түркия кітапханаларында сақтау- лы «һидая тәржімасы» атты еңбегі жеткен. Ол - ортаазиялық Бурһан ад-дин әл -Марғинанидің (т.ж .б . - 1 197) «әл -һидая » атты Әбу Ханифа мэзһабында жазылған еңбегінің аудармасы. Ал ав­ тор жайлы мағлүмат жоқ. 22. Әбу Фадл Таһир бин Мухаммед әл-Фараби Заһир Өз аты - Әбу-л Фадл Таһир. Әкесі - Мухаммед. Оның шы- ғармасы «Диуан» («Жинақ») деп аталады. Қолжазба Түркияның Баязит мемлекеттік кітапханасында сақтаулы. Өмірі жайлы де­ ректер жоқ. Әбсат тар кджы Д е р б ісәл і__________________________________________________________________________________________________________________________________________ 218
Әбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланъщдара гтщлгасы 23. Абд әл-Латиф ибн Ахмед әл-Фараби Өз аты-Абд әл-Латиф. Ә кесі -Ахмед. Каир кітапханаларының бірінен мен оның «әл-Харакату -л фикрийа уа -л -эдабийа фи-л алами-л араби әл -хадис Дар әл -Байда» (1983) атты кітабын үшы- раттым. Ол Мароккода шыққан еңбек. Сондай-ақ Бейрутте де 1995 жылы басылыпты. Туынды Түркияның Жумһурият универ- ситетінің илаһийат факультеті кітапханасында да тұр. Осы Абд әл-Латиф ибн Ахмед эл -Фараби атымен байланыстырылады. 24. Абдуллаһ бин Мухаммед бин Йусуф (Жүсіп) Насыр әл-Фараби әл-Әзди Өз аты - Абдулла. Әкесі - Мухаммед. Бабасы - Иусуф (Жүсіп) Насыр эл-Фараби әл -Әзди . Отырардың бүл перзенті тарихшы сияқты. Оның «Тариху-л улама әл -Андалус» («Ан­ далусия ғұламаларының тарихы») атты еңбегін Мысырдан жэне Түркияның Ататүрік университеті, илаһийат факультеті кітапханасынан кездестірдім. Отырарлық бұл ойшыл жайлы да эзір қолымызда деректер жоқ. Шығарманың тарих мәселесіне арналғанына қарағанда, ол тарихшы сияқты. 25. Бадр ад -дин бин Нүр ад -дин бин Аййуб бин Ибраһим әл-Фараби Өзінің аты - Бадр ад -дин. Әкесі - Нүр ад -дин . Бабасы - Ай­ йуб. Арғы атасы - Ибраһим. Бүл ғалымның өмірі мен шығар - машылығы зерттелу үстінде. Қолжазбасы Санкт -Петербургтің қолжазба қорында тұр. Ибн эл-Фуати деген атпен білгілі Камал ад -дин Абд ар -Раззақ ибн Ахмед әл-Бағдади аш -Шайбани эл -Ханбали (1244-1323) 219
ныспылы хадисші, тарихшы ғалымның «Маджма ал-адаб фи мугджам ал-алцаб» атты бес томдық еңбегінде тек Отырар ғана емес, қазақ жерінің Қайалық , Имил (Еміл), Түркістан, Женд, Сауран, Исфиджаб , Қараспан , Сығанақ , Иқан (Итқан), Жікілдік (Тараз маңындағы шаһар) парасат иелері туралы мағлұматтар бар. Ол Фарабтан шыққан үш ғұламаны Отырари - отырарлық деп көрсеткен. Осындай ғалым бабаларымыздың арасында ақындар бар ма? Бар. Солардың бірнешеуін атап кетейік. 26. Умдат ад-дин Әбу Талиб Мухаммед ибн Абд әл -Азиз ибн Ахмед ибн Абд ар-Рашид әл -Утрари әл -Мукри Өз аты - Умдат ад -дин Әбу Талиб Мухаммед . Әкесі - Абд әл- Азиз. Бабасы - Ахмед. Арғы атасы - Абд ар -Рашид . Бұл парасат иесі қасиетті Қүранды өте жақсы оқыған. Оның мән-мағынасы жайлы талас -пікірлерге де барған . Өмірі хақында өзге мағлұмат жоқ. Ибн эл-Фуати трактатында Умдат ад -диннің төмеңдегі елец - дер! келтірілген: Ол туралы бэрі айтылып қойғанда талас неге қажет, Талас жайттар оның шектен шығуларында. Сабыр ет, сабыр оны жоққа шығаруда, Шектен шығулар туралы ой-пікір алдында оны еселе! Бүдан басқа дерек жоқ. 27. Ала ад-дин Әбу -л Харис Арслан ибн Дауд ибн Эли әл-Отрари әл -Муаддиб әл -Фақиһ (т.ж .б . - 1303) Өз аты - Ала ад -дин Обу -л Харис Арыслан . Әкесінің ныспы- сы - Дауыт. Бабасы - Эли. Отырари - отырарлық екенін. wv- дбсат т ар к,ажы Д е р б ісәл і __________________________________________________________________________________________________________________________________________ 220
аддиб - устаз, тәрбиеші, фақиһ - дін заңгері дегенді білдіреді . Бағдадта турған. Фыңһ, адаб ғалымы. Араб тілінен сабақ бер- ген, кітапханашы болған. Ибн әл-Фуати: «Мен оның өлеңдерін жазып алдым, қызметінде болдым. Ол 702 (1302-1303) жылы дүниеден өтті», - деп жазады. Өзге дерек жоқ. 28. Мадж ад -дин Әбу Әли Фадлаллаһ ибн Мухаммед ибн Ахмед әл-Отрари әл -Мунаджжим Жулдызшы ғалым. Өзінің аты - Мадж ад -дин Әбу Әли Фад - лалла. Әкесінің есімі - Ахмед. Ибн әл -Фуати: «Мен оның өз қолымен жазылған төмендегі өлеңін оқыдым: Өзіңді бақытты жэне рақаттамын деуді, Мына жеті жулдыз: Max, Михр, Кайван һэм Катиба Әл-Муштари , Анахид жэне Бахрам Э сер етуін жалғастыра бергенше коймайсың. Бұлар - айналып туратын жеті жулдыздың парсыша атауы , - ___ ___ ___ __ ____ ___ ___ __ ____ ___ ___ __ ____ ___ ___ __ ____ ___ ___ __ ____ ___ д б у Насыр әл-Фараби — Үлы даланың, дара пщліасы дейді. Сөйтіп Ала ад-диннен басқа Отырар перзенттерінің туған жэне қайтыс болған жылдары да мәлімсіз [42-, 75-76, 84-85 б.]. 29. Саййд Джалал ад -дин әл -Итқани әл -Отрари Ол да аталмыш Қауам ад-дин әл -Итқани (Иқани) эл-Фараби ат-Түркістани (1286-1356) сияқты Иқаннан шыққан. Ол да ныс - пысына тек Иқанды ғана емес, сонымен катар Отырарды да қосқан. Саййд Джалал ад-дин әл -Итқани эл -Отырари Әмір Мүхаммед ибн Умар (Омар) ибн Атиқ ибн Әбу Бэкір ибн Мухаммед XII ғасырдың екінші, XIII ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген. Отырар перзенті [һижраның] 722 (1322) жылы 8 рама- занда Еділ бойындағы сарай шаһарында Махмуд ибн Мухаммед 221
ибн Дауыт эл-Луълуи әл-Бұхари әл-Афшанджидің (т.ж .б . - 1 2 7 2) «эл-Хацаиң фи шарх әл-Мансума фи хилафийат ли-н Насафи» (екінші қысқаша аты «Хусул әл-м а ’м ух) атты еңбегін көшіріп бітіріпті. Ол қазір Түркияда Сүлеймания кітапханасының «Хазреті Хамед» қорында (No 85) сақтаулы. Көлемі - 263 бет. Соған қарағанда ол хаттат болған сияқты. 30. Қиуам ад-дин Әбу Эли Ахмед ибн Абд ар-Рашид әл-Отрари әл-Фақиһ Өз есімі - Қиуам ад-дин Әбу Әли. Әкесі - Эли Ахмед. Баба- сы - Абд ар-Рашид. Ибн әл-Фуати оны адаб саласының білгірі еді дей отырып, төмендегі: Адам баласының өмірде қулығы көп, Алаяқтың қулығын өлім үзеді. Егер жүзіңді сүраушы кейпінде көрсетер болсаң, Ал ол: «Мен ол жомартты жомартыраққа кұрбан етем!» Уақыттың (заманның) өзгеруін күтіңдер, сөйтіп Жаманшылық қүрсауынан құтылғандай көрінеді, - деген өлең жолдары соның қаламынан туған» дейді де, No 4 ескертуінде оны жоғарыда аталған Умдад ад-дин Әбу Талиб әл- Отыраридің немере інісі деп көрсетеді. 31. Камал ад-дин Әбу Насыр Йусуф (Жүсіп) ибн Әбу-л Қасым ибн Исмаил әл-Итқани Өз аты - Камал ад-дин Әбу Насыр Иусуф (Жүсіп). Әкесінің есімі - Әбу-л Қасым. Бабасының ныспысы - Исмаил. Ол лек­ сикография мен адабтың білгірі, факиһ болған. Ақын көктемді төмендегі өлеңдермен жырлаған: Ә б са т т а р к,ажы Д е р б і с ә л і ______________________________________________ ___________________________________________________________________________________________ 222
Көктемге қажет компанияға қосыл, онымен бірге бол , Қонақ бол, сонда шамшырақтар сұхбаттас болады . Күтімділер аясында боп-боз болғандар , шымқай қызыл Таза түске Жаратушының өзі бояйды, - _______________________________________ Әбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланын, дара тцлгасы дейді. Отырар - Иқанның бұл перзентін де XII—XIII ғасырларда өмір сүрген деп шамалаймыз. Оның туған жері Отырар - Фараб деп жазылмаса да, Иқан Отырар маңында болғандықтан, ол ту- ралы мағлұматты да осында келтірдік. Умдат ад-дин, Ала ад -дин, Мадж ад-дин, Қиуам ад -дин, Ка- мал ад-дин Отырарилер туралы мағлұматтар тауып, өлеңдерін араб тілінен аударған - шығыстанушы, тарихшы, профессор Әшірбек Момынов [42-, 84-85 б.]. 32. Мухаммед Абдалла әл -Фараби Туған жэне қайтыс болған жылдары эзір белгісіз. Кейбір деректерге қарағанда философия, логика саласының мама- ны болған сияқты. Мухаммед әл -Фарабидің логика мәселесіне арналған «Шарх әл-гурра әл -мантыц» атты «Логикаға ең үздік түсіндірмелер» трактатының көшірмесі АҚШ-тың Принстон университетінің қолжазба қорынан табылды. Ол жайлы зерттеу - лер алдағы күндер еншісінде. Сонымен күні бүгінге дейін бізге 32 отырарлық ғалым белгілі болып отыр. Іздей берсек , өзге де Фарабилер табылуы мүмкін. 223
Әбсаттар к,ажы Дербісәлі Отырари (әл-Утрари). Фақиһ (мүсылман заңгері) Ортағасырлық араб тарихшысы Әбу Абдалла Мухаммед бин Ахмед бин Усман бин Қаймаз аз-Заһаби (1274-1348) екі томдық «әл-Муштабаһ фи риджал асмаиһим уа ансабиһим » (Каир, 1963) атты еңбегінің 1-томында «Әл-Утрари (Отыра­ ри). Фациһ (мүсылман заңгері) 700/1302 жылдан соң Мысырда болды. [Отырар] - түркілер елі[ндегі] Сейхун (Сырдария) өзені жағасындағы үлкен қала» [6-6.J, - деп жазады . Өкінішке орай, мүсылман заңгері болған Отырардың бүл перзентін ол «Әл- Утрари» деп жазғанымен, толық аты-жөнін, туған жылын жэне оның қаламынан шыққан еңбектерді атамаған. Өз шығармаларын «Отырари» деген атпен жазған ортаға- сырлық ғалымның бірнешеуін әріптесіміз - тарих ғылымдары - ның докторы, профессор Әшірбек Момынов «Араб дереккөз- деріндегі Қазақстан тарихы. III том» - «История Казахстана в арабских источниках. III том. - Алматы, 2006» атты еңбегінде көрсеткен. Олар: Амир (Әмір) Катиб бин Амир (Әмір) Амир (Эмip) Мухаммед бин Умар (Омар) Арслан ибн Дауд Ахмад ибн Абд ар-Рашид Мухаммед ибн Абд эл-Азиз Фадлаллаһ ибн Мухаммед Тізімдегі Қауам ад-дин Амир (Әмір) Катиб бин Амир (Әмір) Умар (Омар) бин Амир Ғази әл-Фараби әл -Итқани (Иқани) әл- Ханафидің (1286-1357) Түркістан қаласынан 30 шақырымдай жердегі Иқан (Итқанның) тумасы екенін алдыңғы беттерден байқадық. Иқан (Итқан) перзентінің өмір сүрген жылдары аз- Заһаби көрсеткен «Отырари. Фақиһі ің» өмір сүрген жылдары- нан алшақ. Ал енді Ала ад-дин Әбу -л Харис Арслан ибн Дауд ибн Эли эл-Отырари әл -Муаддиб әл -Фақиһ пен Қиуам ад -дин Эбу Эли 224
Ахмед бин Абд ар-Рашид эл-Отырари әл-Фақиһтің өмір сүрген жылдары аз-Заһаби көрсеткен Отыраридің өмір сүрген жылда- рына жақындау. Соған қарап Фақиһ Отырари мен Фақиһ Қиуам ад-дин (1302/1303) бір кісі емес пе екен деген ойдамыз. Әрине, бұл мәселе болашақта элі де тереңірек зерттеліп, анықталатын болады. _________________________________________ _________________________ Әбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланың, дара тцлгасы Әдебиеттер: 1. Көбесов А. Әл-Фараби. - Алматы, 1973. 2. Қазақ Совет энциклопедиясы. - Алматы, 1973. 2 том. 3. Абд әл-Латиф ибн Ахмед әл-Фараби. Әл-Харакату-л фикрийа уа-л адабийа фи-л алами-л араби әл-хадис. - Касабланка, 1983. 4. Абдалла бин Мухаммед бин Йусуф Насыр эл-Фараби эл-Эзди. Тарих улама эл-Андалус. Түркияның Ататүрік университеті кітапха- насының қолжазба қоры. 5. Аға Хасан әл-Фараби. Тарджама әл-һидая. Түркияның Сүлей- мания кітапханасының қолжазба қоры. 6. Әбу Абдалла Мухаммед ибн Баттута. Тухфат ан-нуззар фи гараиб эл-амсар уа аджаиб эл-асфар (Рихла ибн Баттута). - Бейрут, 2003. 7. Әбу Ибраһим Исхақ эл-Фараби. Диуан эл-адаб. - Каир, 1974 .4 том. 8. Әбу Ибраһим эл-Фараби. Диуан эл-адаб. Муғжам луғауи тураси. - Бейрут, һижраның 1423 ж. 9. Эбу Мансур ас-Сағалиби. Иатимат ад-даһр фи махасин аһл эл- аср. - Каир [ж. көрсетілмеген]. 10.Әбу Ибраһим әл-Жауһари эл-Фараби. Тадж эл-луға уа сихах эл- арабийа. - Бейрут, 1984. 6 том. 11.Эбу Саъд ас-Самъани. Эл-Ансаб. - Бейрут, 1998. 6 том. 12.Эбу Саъд Абд ар-Рахман ибн Мухаммед эл-Астрабади эл-Идриси. Тарих-и Астрабад. - Бейрут, 2001. 13. Әбу-л Қасым эл-Фараби. Китаб халисату-л хуласа. - Қазан, 1851. 14. Әбу-л Фадл Таһир бин Мухаммед эл-Фараби аз-Заһир. Диуан. Түркияның Баязит кітапханасының қоры. 15. Бабыр Заһир ад-дин. Бабыр-наме. - Ташкент, 1957. 16. Бурһан ад-дин Ахмед эл-Фараби. Манзума фи-л муаннасати са- маййа. Түркияның Сүлеймания кітапханасының қолжазба қоры. 17. Джалал ад-дин Абд ар-Рахман ас-Суйути. Китаб би-ғаййат эл- уағат. - Каир, 1979. 2 том. 225
18. Ибн әл-Асир Әбу -л Хасан Әли ибн Әби -л Карам Асир ад -дин Мухаммед аш-Шайбани әл -Джазари . Әл -Камил фи -т тарих . 13 т о м - Бейрут, 2005. 19. Ибн Халликан (Әбу-л Аббас Шаме ад -дин Ахмед бин Әбу Бэкір бин Халликан). Уафаят эл -ағйан уа анба абна аз -заман . - Бейрут [ж. көрсетілметен], 8 том; 5 том, 153-157 б. 20. Джамал ад -дин әл -Қифти . Тарих эл -хуқама уа Ьуа мухтасар аз - Заузани эл-мусамма әл -мунтахабат әл -мултақатат мин Китаб Ихбар эл - улама би-ахбар эл -хукама . - Каир, 2008. 21. Ибн эл -Фуати (Камал ад-дин Абд ар -Раззақ ибн Ахмед әл -Бағдади аш-Шайбани әл -Ханбали). Маджмағ эл -адаб фи муғжам әл -алқаб . - Теһран, һижраның 1416 ж. 6 том. 22. Ибн Усайбиға . Уйун әл -анба табақат эл -атибба . - Бейрут [ж. көрсетілметен]. 22 а. Ибрагимов А . Ибн Баттута и его путешествия по средней Азии . - М, 1983, с. 83 [Рихла Ибн Баттута аль-мусамма . Тухфату -н наззар фи гараиб аль-асфар . - Бейрут 2011. - С. 381,384] 23. Имад ад-дин эл -Исбаһани эл -Катиб . Харидату -л қаср уа джаридату-л аср . - Багдад, 1955. 20 том. 24. Исмаил паша әл -Бағдади . һадийату -л арифиин асма эл - муаллафиин уа асар эл-мусаннафиин . - Бейрут, 1992. 25. Иақүт эл -Хамауи ар -Руми . Муъжам эл -удаба эл -магруф би -иршад эл-ариб ила магрифат эл -адиб . - Лондон-Каир, 1923-1930. 20 том. 26. Иақүт эл-Хамауи ар -Руми . Муъжам эл -булдан . - Бейрут, 1995. 7 том. 27. Қауам ад -дин Амир Катиб бин Амир Умар бин Амир Ғази эл - Фараби әл-Итқани эл -Ханафи . Ат -Табиин . - Кувейт, 1999. 2 том. 27. аМатвиевская Г.П., Розенфельд Б.А . Математики и астрономы мусульманского Средневековья и их труды (VIII—XVII вв.) . - М.. 1983. том3;том2.С.46—47. 28. Материалы по этнической истории тюркских народов Централь­ ной Азии. - Ташкент, 2003. 29. Мухаммед бин Мухаммед бин эл -Хусейн Мадж ад -дин эл - Усрушани, Мухаммед бин Хусейн эл -Фараби . Шарх ли фусус , эл-хикам ли-эл -Фараби . Түркияның Мэрмара , Баязит, Сулеймания университет - тері кітапханаларының қолжазба қоры. 30. Мухаммед Абд эл -Хайй әл -Лакнауи әл -һинди . Эл -Фауаид эл - баһийа фи тараджим эл-ханафийа . Бейрут, 1998. Әбсат тар цажы Д е р б ісәл і__________________________________________________________________________________________________________________________________________ 226
31. Наджм ад-дин Умар бин Мухаммед бин Ахмед ан-Насафи. Әл- Қанд фи зикри улама Самарканд. - Теһран, 1999. 32. Низам ад-дин бин Мухаммед Азиз аш-Шаши. Усул аш-Шаши. 33. Умар Рида Каххала. Муғжам әл-муаллифиин тараджим мусанна әл-арабийа [ж. көрсетілмеген]. 15 том. 34. Хамдаллаһ бин Әбу Бәкір ибн Ахмед ибн Насыр әл-Мустауфи әл-Қазуини. Нузһат эл-Кулуб. - Лондон, 1919 (ағылшын тілінде). 35. Шиһаб ад-дин Әбу Фалах Абд әл-Хаий бин Имад әл-Ханбали. Шазарат аз-заһаб би-л ахбар мин заһаб. - Бейрут, 1998. 9 том. 36. Ahmet Ozel. Hanefi fikih alimleri. - Ankara, 2006. 37. Ахвледиани В.Г. Арабское языкознание средних веков // История лингвистических учений. Средневековый Восток. - Л., 1981. С. 53 -95 . 38. Бартольд В.В . Сочинения. - М., 1963, 1 том. 39. Бурһан ад-дин ал-Маргинани. Хидоя комментарии мусульманско­ го права. В двух частях, четырех томах. - М., 2008.Переводс анг. яз.4 том. 40. Готвальд И.Ф . Описание арабских рукописей, принадлежащих библиотеке императорского Казанского университета. - Казань, 1985. 41. Жиреншин А.М . Из истории казахской книги. - А., 1987. 42. Зутер Генрих. Арабские математики и астрономы. - Лейпциг, 1900. 43. История Казахстана в арабских источниках III том. Извлечения из сочинений XII-XVI веков. -Алматы: Дайк-Пресс, 2006 (Составление, перевод с арабского языка, введение и комментарии А.К . Муминова). 44. Калиева Ш.С . Творчество Исмаила ал-Джаухари и его место в арабской филологии. - Алматы: Қазақ университеті, 2006 . 45. Рычков П.И . Топография Оренбургской губернии. СПб., 1762, часть I, часть II. 46. Стори Ч.А . Персидская литература. Библиографический обзор. - М., 1972. 3 том. 47. Умняков А.И . Аннотированная библиография трудов В.В . Бар­ тольда. Н .Н . Туманович. Описание архива В.В . Бартольда. - М., 1976. 48. Халидов А.Б . Словари Искаха ал-Фараби и Махмуда ал-Кашгари (Из истории лексикографии в Средней Азии Х-ХІ вв.) // Письменные памятники и проблемы истории культуры народов Востока. - М., 1987. 49. Brockelmann С. Geschichte der arabischen Litteratur, Erster band. Leiden E.J. Brill 1942, стр.84 . Brocelmann C. Geschichte der Arabischen Letteratur. Erster Supplementband. Leiden E.J. Brill 1937. Стр. 195 -196 . 50. Rescher Nicholas. Al-Farabi an annotated bibliography. University of Pittsburgh press 1962. - 54 6. _ __ ____ __ __ - ___ ___ ___ ____ __ ___ ___ ____ __ ___ ___ ____ __ ___ ___ ____ __ ___ Әбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланьщдара тцлгасы 227
Әбсаттар к,ажы Дербісәлі ТҮРКИЯДАҒЫ ЖАЗБА МҮРАЛАРЫМЫЗ Түркияның көптеген жоғары оқу орны, бірқатар мемлекет- тік жэне жеке кітапханалар мен қолжазба қорларында еліміздің ортағасырлық шаһарлары һэм кенттерінен шыққан арыстары- ның элі күнге дейін жарық көрмеген жэне арагідік басылған еңбектері бар. Солардың ішінде Отырар, Исфиджаб - Сайрам , Тараз, Ба- ласағұн, Түркістан , Сығанақ , Женд ғұламаларының түрлі тақырыпты қамтитын жазба дүниелері көптігімен таңғал- дырады. Мысалы , Әбу Насыр әл -Фараби , Мұхаммед бин Ах­ мед бин Йусуф (Жүсіп) әл-Исфиджаби , Абд әл -Уахид бин Мұхаммед ас-Сайрами , Ала ад -дин Түркістани , һибатулла ат- Түркістани ат-Тарази, Хұсам ад -дин Хұсейн бин Әли Хажжаж эл-Ханафи ас -Сығнақи , Мұхаммед Абд ас -Саттар эл -Кердери, Мұхий ад-дин Женди шығармалары жэне Қожа Ахмет Ясауи «Диуанының» көшірмелері кездеседі. Түріктер ондай асыл дүниелерді ұзақ ғасырлар бойы Таяу жэне Орта Шығыстың мәдени, ғылыми, рухани орталықтары Багдад пен Басра, Дамаск пен Халаб , Мекке мен Медине, Каир мен Тунистен жинаған. Өйткені 1517 жылдан бастап араб дү- ниесі мен олардың аталмыш шаһарлары түріктер қүзырында болды. Сол себепті де үлан -ғайырға көсілген дэулет астана - сы Стамбулға жэне Түркияның өзге де қалаларына тек жазба жәдігерлер ғана емес, сондай -ақ түрік патшаларының Стамбул- дағы Топкапы сарайына Ибраһим (ғ.с .) , Исмаил (ғ.с .) , Мухаммед (с.ғ .с .) пайғамбарларымыздың жеке заттары, қасиетті Қағбаның кілттері, халифалар мен әскери қолбасшылардың қылыштары да әкелінді. Олардың арасында Алла тағаланың соңғы елшісінің (с.ғ .с .) хаттары да бар. Аса қүнды ол заттар қазірге дейін көздің қарашығындай сақталуда. Иә, Түркия - исламдық жәдігерлер мен мүраларды жи - нап, сақтауға , зерттеуге ерекше көңіл бөліп келе жатқан 228
өркениетті ел, оның кітапхана қорлары араб , парсы , шағатай һэм осман-түрік тілдеріндегі қолжазбаларға байлығымен та - нымал. Елдің кітапханаларындағы ислам өркениетіне қатысты он- дай дүниелер жайлы мәліметтерді Стамбулдағы төмендегідей кітапханалар мен қолжазба қорларынан табуға болады. ISAM - түрікшеден аударғанда «Ислами зерттеулер орта- лығы» дегенді білдіретін қысқартылған сөз. Ол Түркия уа- қыфтарының бас кеңесіне бағынады. Мекеме Стамбулдың Азия бөлігіне арнайы салынған әдемі ғимаратқа жайғасқан. Кітапхана қорына тек Түркиядағы ғана емес, әлем елдерінде басылып жатқан исламға қатысты зерттеу кітаптары да ал- дырылып отырады, ондағы қолжазбалар каталогі компью- терге түсірілген, керек жазбалардың көшірмелерін дайындап бере алады. Жалпы Түркияның ислам саласындағы зерттеуді жеңілдету, ынталандыру жолында техника мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануы өзгелерге үлгі деуге болады. Соның бір дәлелі - кітапханаларында сақталған бағалы кітаптар мен қолжазбалардың электронды көшірмесін тез жасатып алу мүмкіндігі. ISAM-да орындалып жатқан игілікті жұмыстардың біреге - йі - көптомды Ислам энциклопедиясының қазірдің өзінде 45 томының шығып үлгеруі. Түркияның түрлі кітапханалары мен қолжазба қорларында 2001-2010 жылдары, ал Стамбулға арнайы барған соңғы, яғни 2013-2014 жылдардағы сапарымда осы ежелгі шаһардағы ISAM мен төмендегі бірнеше кітапхана және қолжазба қорларында жұмыс істедім. Сүлеймания кітапханасы - Стамбулдағы XVIII ғасырдан бері қызмет етіп келе жатқан ежелгі, үлкен кітапханалардың бірі. Ол атақты Сүлейман патша мешітінің жанында, мешіт ке- шенінің құрамдас бір бөлігі. Құрылысы 1557 жылы аяқталған. Әуелде ғибадатхананың арнайы жеке кітапханасы болмаған. Сол себепті ол медресенің хүжыраларына бөліне жайғасқан. __________________________________________________________________ д б у Насыр әл-Фараби — Үлы даланыцдара тцлгасы 229
Кітапхана рухани жазба дүниелерге бай. Оның қорында XVIII-XIX ғасырларға жататын 73 мың қолжазба мен 50 мың кітап, 94 мың уақып заттары бар. Баязит кітапханасы - Стамбулдағы үлкен кітапханалардың бірі. Оның қоры бір миллионнан астам еңбекті қамтиды, олар: кітаптар мен мерзімді басылымдар, газеттер, сирек ушырасатын шығармалар, карталар мен плакаттар жэне мұрағаттағы теңгелерді де қамтиды. Кітапхана оқу залдары, арнаулы аспап- тармен жабдықталған кабинеттер, мүгедектерге арналған бөлмелер, музыка және бейне нөмірлер, салтанатты мэжіліс өткізетін залдардан тұрады. Нури Османия кітапханасы да Стамбулда. Қурылысы I Махмуд патша кезінде 1749 жылы басталып, 1755 жылы III Ос­ ман патшаның тұсында аяқталған. Сәулетшісі - Синан Калфа. Кітапхананың басты ерекшелігі - ғимараттың барокко стилінде жасалуы. Кітапхана мешіттің шығыс жағында, екіқабатты жеке ғимаратта. Үстіңгі қабаты - оқу залы мен қойма. Ғимараттың барокко стилінің ең басты ерекшелігі саналатын 30 гипстік сылақты терезелері, екі есігі бар. Бірінің үстіңгі жағына араб тілінде «Білімді тал бесіктен жер бесікке дейін ізде» деген ха- дис өрнектелген. Кітапхана коллекциясында осман, араб, пар­ сы тілдеріндегі қолжазбалар, I Махмуд пен III Осман патшалар жэне Байрам пашаның 79 қолжазбасы бар. Орта Азия мен Қазақстан тарихын зерттеушілердің бірі - Ресей тарихшысы А.Ю . Якубовский (1886-1953) XX ғасырдың 20-жылдары Сығанақ жайлы мағлумат жинап жүргенде акаде­ мик В.В. Бартольд (1869-1930) оған Стамбулға барган сапа- рында осы Нури Османия кітапханасында сақтаулы ^Миһман наме-ий Бухара» («Бухара мейманыньщ жазбалары») атты қолжазбадан (Фазл Аллаһ ибн Рузбихан Исфаһани) Сығанақтың бір ақынының: Бүрын бул қамсыз ел еді, «Ниһаямы» [I]қураетырган, Ә б са т т а р к,ажы Д е р б і с ә л і _________________________________________________________________________________________________________________________________________ 230
«һидаяны» [2] зерлеген Ғүламалар мекені. Тағдыр жазса тағы да, Сығнақтық болар ек ... Сәби өмір бой көтерсе кезеңі, - деген өлең жолдарын жазып әкеліп береді. А .Ю. Якубовский оны кейінірек (1929) «Сығанақ қаласының жүқаналары» атты еңбегіне айдарша етіп алған. Миллет кітапханасын 1700-1701 жылдары Шейху-л Ис­ лам Сейд Фейзуллах Эфенди салдырған. XIX ғасыр басын- да кітапхананы бұзу ұйғарылған, себебі кітапхананың орнына көлік тұрағын салу қажет деп саналған. Солай болса да, Стамбул әуесқойлар ассоциациясы Назири Аукаф пен Шейху-л Ислам Хайри Эфендидің қолдауы жэне күш-қайратының арқасында кітапхана жойылудан аман қалған. Кітапхананы қалпына кел- тірумен қатар, Фейзуллах Эфенди оған 2189 қолжазба, ал Әли Эфенди 1600 кітапты сый еткен. Стамбулда Рашид Эфенди, Жаруллах Эфенди, Хакимоглы, Әли Паша жэне басқалар салдырған кітапханалар да болған. Бірақ 1942 жылдан соң олардың кейбірі жарамсыз күйге түскен. Сол себепті ондағы дүниелердің бірқатары Фейзуллах Эфенди кітаптарының қорына жиналады. Мурат Молла, Әділ Султан, Юсуф Паша Хакимоглы, Эли Паша көпшілік кітапханалары жэне Әбу Бәкір Паша, Явуз Селим, Эли Эфенди балалар кітапханасы ретінде қызмет ат- қарды. Мурат Молла кітапханаларындағы қолжазбалар 2000 жылы Сүлеймания кітапханасына берілген жэне қоры көпшілік үшін ашық болған. Стамбул кітапханасы - шаһардағы ең үлкен кітапхана. Оның курамына Йылдыз кітапханасындағы (султан Абдул Ха­ мид ІІ-нің шамамен 30 мың жеке коллекциясы) жэне өзге де ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ . дбу Насыр әл-Фараби —Үлы даланыцдара тцлгасы 231
жеке коллекциялар кіреді. Университеттің эр факультетінің жеке кітапханалары да бар. Стамбул университетінің кітапханасы 1933 жылдан бастап Стамбул университетінің орталық кітапханасы деп атала бас- тайды. Топкапы сарайының кітапханасы 1928 жылы құрылған. Топкапы сарайы мұражайының жанында. Ол - Стамбулдағы екінші көне кітапханалардың бірі. Мұнда османдық хұснихат өнерінің үлгілері, сонымен қатар қамыс қарындаш пен бояу жаққыш қарындаштар салынған жэшік, қайшылар, пышақтар, қасиетті Құран салынған қаптама, кітап қоюға арналған сүймен, мөрлер мен карталар сақталған. Кітапхана көшірме жэне баспа қызметтері, микрофильмдер мен суреттер қызметін көрсетеді. Көпрүлү кітапханасын елші Мехмет Көпрүлү 1661 жылы салдырған. Ол - Стамбулдағы тәуелсіз әрлемнің ең алғашқы үлгісі. Кітапхана шағын бау ішінде, Чемберлітас алаңының оңтүстік жағында, үш жағы көшелер. Кітапхана кірпіш пен тас- тан қаланып, күмбезбен көмкерілген. Стамбулда сондай-ақ: Атиф Эфенди кітапханасы; Рагиб паша кітапханасы; Хаджи Салим аға кітапханасы; Фатих Файзулла Эфенди кітапханасы бар. Ал Анкара кітапханасы, ягни ¥лттық кітапхана 1946 жы­ лы Халықаралық кітапханалар үйі негізінде қаланған. Ол - Түркиядағы үлкен рухани жазба дүниелер үйінің бірі. Ондағы кітаптар қоры 5 салаға бөлінген: 1. Ежелгі шығыс жэне түрік тілдеріндегі қолжазбалар; 2. Түрік кітап басып шығару ісінің бастапқы кезіне дейін басылған, қатталуы қолжазбаға үқсас кітаптар. Олар: 1729-1928 жылдары араб шрифтімен терілген түрік басылымдары; 3. 1928 жылдан бастап шыға бастаған барлық түрік басылы- мы; 4. Түркия туралы басқа тілдердегі кітаптар; Әбсат тар к,ажы Д е р б ісәл і _________________________________________________________________________________________________________________________________________ 232
5. Барлық білім саласы бойынша құнды шетел баспалары жатады. Сонымен Түркиядағы түрлі қорларда сақтаулы қазақ дала- сы перзенттерінің жазба дүниелерін мерзіміне қарай сөз етер болсақ, әуелі, әрине, Отырар ұландары бірінші орында түрады. Фарабтықтардың түрлі тақырыптарды сөз ететін араб, түрік , парсы, ағылшын тілдеріндегі еңбектері өз алдына бір төбе. Солардың ішінде энциклопедист-ғалым Әбу Насыр әл -Фараби бастаған отырарлық ойпаздардың орны бөлек. ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ __ __ ___ ___ Әбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланын, дара тцлгасы Фарабтық ойшылдар 1. Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) Араб тілінде: 1. «Рисала фи-л ақл» («Ақыл (парасат) жайлы трактат»). Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы, Рагиб паша қоры. 2. «Китабу-л мантиқ» («Логика жайлы кітап»), Қолжазба. Топкапы сарайы кітапханасы, Аманат қоры. 3. «Диуан» («Жинақ»). Қолжазба . Баязит кітапханасы . 4. Рисала танбиһ ала сабил -с сағада («Бақыт жолын сілтеу жайлы трактат»). Қолжазба . Селжұқ , Анкара университеттері илаһийат факультеттері. 5. «Рисала фи-л илми илаһи» («Тәңірлік ілім [Метафизика] жайлы трактат»). Қолжазба . Сүлеймания кітапханасы. 6. «Рисала фи-л ахлақ» («Мінез-қүлық [этика] жайлы трак­ тат»). Қолжазба . Сүлеймания кітапханасы . 7. «Ат-Тағлиқат» («Түсіндірмелер»). Қолжазба . Рагиб паша, Анкара университетінің кітапханасы. 8. «Китаб әл-Ибара» («Түсіндірме жайлы кітап»). Қолжазба . Түрік тарихы ұйымы жэне Көпрүлү, Қара теңіз техникалық университетінің кітапханалары. 9. «Китабу-т тахлил» («Талдау (анализ) туралы кітап»). Қол - жазба. Қара теңіз техникалық университетінің кітапханасы . 233
10. «Фалсафату-лАристуталис»(«Аристотельдіңфилософия- сы»). Қолжазба. Стамбул университетінің кітапханасы. 11. «Китаб ара аһл әл-мадинату-л фадила» («Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы кітап»). Бейрут: Насри Надир баспасы. Түрік тарихы ұйымының кітапханасы, Сүлеймания кітапханасы. 12. «Рисала фи фадилати-л улум уа-с санаат» («Ғылым мен өнердің қасиеті жайлы трактат»). Қолжазба. Стамбул университетінің кітапханасы. 13. «Ағмалу-л фалсафия» («Философиялық еңбектер»). Қол- жазба. Қара теңіз техникалық университетінің кітапханасы. 14. «Китаб ихса әл-улум» («Ғылымдарды жіктеу жайлы кітап»). Қолжазба. Көпрүлү кітапханасы. 15. «Уйуну-л масаил» («Мэселелер қайнары»). Қолжазба. Көпрүлү кітапханасы, Рашид Эфенди қоры. 16. «Китабу-л қийас» («Силлогизм туралы кітап»). Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы. 17- «Шарх Әбу Насыр эл-Фараби ли-китаб Аристуталис фи-л қийасат» («Аристотельдің «Силлогизм» кітабына Әбу Насыр әл-Фарабидің түсіндірмесі»). Қолжазба. Топкапы сарайының кі- тапханасы. Ә б са т т а р к,ажы Д е р б і с ә л і _________________________________________________________________________________________________________________________________________ Әбу Насыр әл-Фарабидің Қачақстамда шыккап ецбскгері 234
Әбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланың, дара гтщлгасы Әбу Насыр Исмаил эл-Жауһари әл -Фарабидің «Тадж эл-луға уа ас-Сихах әл -арабийа» трактаты Әбу Насыр әл-Фарабидің араб елдерінде шыққан еңбектері 18. «Әл-Әлфаз Афлатунийа уа -т тақуим ас -сийасату -л мулу- кийа» («Платонның терминдері [сөздері] жэне патша саясаты- ның түзетілуі»). Қолжазба . Топкапы сарайының кітапханасы, Сүлеймания кітапханасы. 19. «Китаб мусик эл-кабир» («Музыка жайлы үлкен кітап»). Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы. 20. «Китабу-л аурад» («Дұға [бата] жайлы кітап»). Қолжазба . Сүлеймания кітапханасы. 21. «Рисала фи-л хикамийа» («Даналық жайлы трактат»). Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы . 22. «Китабу-с сийасату -л маданийа» («Азаматтық саясат жайлы кітап»). Хайдарабад: Мажлис баспасы. Анкара универси - тетінің илаһийат факультеті кітапханасы. 235
23. «Рисала фима йанбағи ан йуқаддим қабла тағлими фалса- фа» («Философияны үйренуден бұрын нені білу керектігі жайлы трактат»). Қолжазба . Сүлеймания кітапханасы. 24. «К ита бу-лжадал» («Диалектикажайлы кітап»). Қолжазба . Қара теңіз техникалық университетінің кітапханасы. 25. «Китабу-л мадхал ала синаату -л мусика» («Музыка өне- ріне кіріспе жайлы кітап»). Қолжазба . Рагиб паша қоры. 26. «Фусулу-л мадани» («Мемлекет қайраткерінің нақыл сөздері»). Қолжазба . Түрік тарихы үйымының кітапханасы, 19 май университетінің кітапханасы. 27. «Китаб мусик эл-кабир» («Музыка жайлы үлкен кітап»). Париж, 1930. Түрік тарихы үйымының кітапханасы . 28. «Әл-Мадинату -л фадила» («Қайырымды кала»). Стам­ бул, 1956. Түрік тарихы үйымының кітапханасы . 29. «Талхис науамис Афлатун» («Платон «Заңдарының» мәні»). Варвург институты, 1952. 30. «Рисала ужуһ уа имкан» («¥лы Жаратушы жэне элем жай­ лы трактат»). Қолжазба . Түрік тарихы үйымының кітапханасы . 31. «Ихса эл-улум» («Ғылымдардың жіктелуі»). Стамбул, 1990. Эрзурум университетінің илаһийат факультеті кітапханасы . 32. «Китабу-л жам байна райайни -л хакимайн» («Екі даныш- пан (философ) үйлесімділігі жайлы кітап»). Бейрут, 1986. 33. «Китаб эл-хуруф» («Әріптер кітабы»). Бейрут, 1920,1970, 1986, 1990. 34. «Мабади ала аһл мадинатил фадила» («Қайырымды қала түрғындарының негізі (бастамасы)»). Оксфорд, 1985. 35. «Таалики Ибн Бажжа ала мантики-л фадаил» («Ибн Баж- жаның логика қасиетіне түсіндірмесі»). Бейрут, 1994. 36. «Китаб ал-Алфазу -л мустаъмала фи -л мантик» («Логика бойынша қисын ілімінде қолданылатын сөздер жайлы кітап»). Қолжазба. Ғази университетінің кітагіханасы. 37. «М антиқ инда әл-Фараби» («Әл-Фарабидің логикасы»). Бейрут, 1985. 38. «Китаб әл-имкинати -л муғлага» («Софизмнің мүмкіндігі дбсат т ар к,ажы Д е р б ісәл і ________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ 236
жайлы кітап»). Қолжазба . Қаратеңізтехникалықуниверситетінің кітапханасы. 39. «Ихса әл-иқаат» («Ырғақтың жіктелуі»). Қолжазба . Ма - ниса кітапханасы. 40. «Рисалатани фалсафиатани» («Философиялық екі трак­ тат»). Қолжазба . Қара теңіз техникалық университетінің кітап - ханасы. 41. «Рисала фи-л масаили мутафаррика» («Әртүрлі мәселелер жайлы трактат»). Қолжазба . Анкара университетінің илаһийат факультетінің кітапханасы. 42. «Ар-Рисалату Зийнунийа» («Зенонтрактаты»). Қолжазба . Баязит кітапханасы. 43. «Әл-Мабади» («Негіздер [Бастау]»). Қолжазба . Миллет кітапханасы. 44. «Китабу-л бурһан» («Дәлелдеме жайлы кітап») Қолжазба. Миллет кітапханасы. 45. «Рисала шарх рисалати-з Зийнуни -л кабири -л йунаний» («Грек үлкен Зенон трактатына түсіндірме»). Қолжазба . Анкара университетінің илаһийат факультетінің кітапханасы. 46. «Рисала ад-дуаи -л қалбийа» («[Аристотель философия- сының] Принципиалды қағидалары жайлы трактат»). Хайдара­ бад: Мажлис баспасы. Анкара университеті илаһийат факуль- тетінің кітапханасы. 47. «Фусул мунтазйа» («Бэсеке [трактатыньщ] тарауы») [Бөлімі]. Қолжазба . Түрік тарихы үйымының кітапханасы. 48. «Рисала фи ма йасиху уа ма йасиху мин ахками-н нужум» («Жұлдыздар үкімдеріндегі ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігі туралы трактат»). Қолжазба . Мэрмара университеті илаһийат факультетінің кітапханасы. 49. «Китабу Аристуталис фи-л ибара» («Аристотельдің «Түсіндірме жайлы» кітабы»). Қолжазба . Түрік тарихы ұйымы - ның кітапханасы. 50. «Шарх фусусу-л хикам» («Кемеңгерлік меруерті [трактаты­ на] түсіндірме»). Қолжазба. Анкара университетінің кітапханасы. ____________________________________________________ ______________ Әбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланыцдара гтщлгасы 237
51. «Фадилату-л улум уа -с синааға» («Ғылым мен өнердің қасиеті»). Қолжазба . Анкара университеті илаһийат факульте - тінің кітапханасы. 52. «Китабу-л фусус» («Афоризмдер жайлы кітап»). Қолжаз - ба. Анкара университеті илаһийат факультетінің кітапханасы . 53. «Рисала макалати фи ағрад ма бада-т табиғат» (Аристо- тельдің «Метафизика» кітабының мақсаты жайлы [кітап]). Қол- жазба. Анкара университеті илаһийат факультетінің кітапханасы. 54. «Рисалату фи исбати-л муфарриқат» («Абстрактілі зат- тардың дэлелі жайлы трактат»). Қолжазба . Анкара университе - тінің илаһийат факультеті, Сүлеймания кітапханасы . 55. «Китабу-л милла уа нусусу ухра» («¥лт жайлы трактат жэне басқа да деректер»). Қолжазба . Түрік тарихы ұйымының кітапханасы. 56. «Ас-Сиясату -л маданийа ау мабаду -л маужудат» («Аза- маттық саясат немесе болмыс элемінің ережелері»). Қолжазба . 19 қыркүйек университетінің илаһийат факультеті кітапханасы. 57. «Әл-Жамиғ байна райи -л хакимайн Афлатун әл -илаһи уа Аристуталис» («Екі кемеңгердің: Аристотель мен қасиетті Пла­ тон ойларының үндестігі»). Қолжазба . Анкара университетінің илаһийат факультеті жэне Сүлеймания кітапханалары. 58. «М абадиу-л фалсафати -л қадима» («Ежелгі философия негізі»). Қолжазба . Анкара университетінің илаһийат факультеті кітапханасы. 59. «Рисала ли-л муаллими -с сани фи жауаби масаил су- ила анһу» («Екінші мүғалімнен [әл-Фарабиден] сұралған мәселелердің жауаптарын қамтыған трактат»). Қолжазба. Мэрмара университетінің илаһийат факультеті кітапханасы. 60. «Фусус» («Афоризмдер»). Қолжазба . Сүлеймания кітап - ханасы. 61. «Фусус кабир» («Үлкен афоризмдер»). Қолжазба . Мил- лет кітапханасы. 62. «Фусус сағир» («Кіші афоризмдер»). Қолжазба . Миллет кітапханасы. Әбсат тар к,ажы Д ер б іс әл і _________________________________________ ________________________________________________________________________________________________ 238
63. «Мақала фи мабади-т табиға» («Метафизика негізі жай- лы мақала»). Қолжазба. Қожа Рагиб паша қоры. 64. «Зийну-л кабири-л йунани» («Грек үлкен Зенон»). Қол- жазба. Анкара университетінің илаһийат факультеті. 65. «Әл-Мажмуғ» («Жинақ»). Қолжазба. Түрік тарихы ұйы- мының кітапханасы. Қолжазба. 66. «Әл-Мадхал ила синағати-л мусиқа» («Музыка өнеріне кіріспеге алғы сөз»). Қолжазба. Көпрүлү кітапханасы. 67. «Тақуиму-с сиясату-л мулкийа уа-л ахлақи-л ихтийарийа» («Патшалық саясатты жэне ерікті мінезді түзету [дүрыстау]»). Қолжазба. Көпрүлү кітапханасы. 68. «Ажайбу-н нусус фи тахзиби-л фусус» («Афоризмдер тәр- биесі жайлы ғажайып мәтін»). Қолжазба. Анкара университеті илаһийат факультетінің кітапханасы. 69. «Фасл мин китаби-с сиясати-л маданийа» («Азаматгық саясат кітабыньщ бір бөлігі [тарауы]»). Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы. 70. «Рисала фи мабади-л -лати биһа эсжам уа-л ағрад» («Де- нелер мен акциденциялардың бастапқы өмір сүруі жайлы трак­ тат»). Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы. 71. «Рисала фи-л уахид уа-л уахда» («Бір мен бірлік жайлы трактат»). Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы. 72. «Рисала фи тафсири китаби-л мадхал фи синағати-л мантық» («Логика өнеріне кіріспе кітабына тәпсір жайлы трак­ тат»). Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы. 73. «Әл-Мантиқу-с саманийа» («Сегіз логика»). Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы. 74. «Әл-Ибара ‘ан аради Аристуталис фи китаби ма бағда-т табиға» («Аристотельдің «Метафизика» кітабының мақсатына түсіндірме»). Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы. 75. «Әл-Масаилу-л фалсафийа уа-л ажуиуа ‘анһа» («Фалса- фа мэселелері жэне оларға жауаптар»). Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы. 76. «Әл-Адғийа» («Дұғалар»). Қолжазба. Сүлеймания кітап- ханасы. _ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ Әбу Насыр әл-Ф арабы —Үлы даланыцдара тцлгасы 239
77. «Әл-Жуғрафия инда -л муслимин» («Мұсылмандардың жағрафия [ілімі]»). Қолжазба . Харран университетінің илаһийат факультеті кітапханасы. Сөйтіп біршама трактат Әбу Насырдың көне грек ойшыл- дарының шығармаларына жазылған түсіндірмелерден тұраты- нын аңғардық. Түркия кітапханаларында Әбу Насыр әл-Фарабидің негізінен философия, логика, психология , филология, музыка, география жэне т.б. гылым салаларына қатысты еңбектерінің қолжазбасы сақталған. Түрік ғалымдарының XX ғасырдың 50-жылдарынан бері Отырар перзенті еңбектерін жиірек зерделеп, түрік тіліне де аударғаны байқалады.Солардың ішінде Әбу Насырдың «Китабу-л хуруф» («Әріптер жайлы кітап»), «Китабу-т тахлил» («Тал- дау кітабы») «Китабу-л ибда» («Жаратылған [жайлы] кітап»), «Китабу-л қийас» («Силлогизм кітабы»), «Рисала танбиһ ала сабил-с сағада» («Бақыт жолын сілтеу жайлы трактат»), «Мантиқ инда әл-Фараби» («Әл-Фарабидің логикалық [еңбектері]»), «Ри­ сала фи-л ақл» («Ақыл жайлы трактат»), «Фусулу-л мадани» («Мемлекет қайраткерінің нақыл сөздері»), «Китаб ара аһл әл- мадинату-л фадила» («Қайырымды қала тұрғындарының көз- қарастары жайлы кітап») атты еңбектері жиірек үшырасады. Сондай-ақ оның «Ихса эл-улум» («Ғылымдардың жіктелуі»), «Ас-Сийасату -л маданийа» («Азаматтық саясат») секілді шыгар- маларын да кездестіреміз. Түркияда Әбу Насырдың Бейрутте, Каирде , Теһранда, Хайдарабадта, Оксфордта араб , ағылшын , неміс тілдерінде басылған еңбектері де бар. Француз, ағылшын , неміс, парсы оқымыстыларын түрік ғалымдары сияқты Отырар ғалымының философиялық, логикалық, музыкалық шыгармалары көбірек қызықтырған. Түркияның қолжазбалар қорында Әбу Насыр Әл-Фараби - дің Иранның түрлі кітапханалары мен қолжазба қорларында кездесетін біраз дүниесі де бар. Олардың бірнешеуін өткен ғасырдың 90-жылдары , сол кездегі Ирандагы елшіміз Мырзатай Әбсат тар кджы Д ер б ісә л і_________________________________________________________________________________________________________________________________________ 240
Жолдасбеков эл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне сыйлағаны есімізде. Енді Әбу Насыр әл-Фарабидің тек арабша ғана емес, түрік тіліндегі де шығармаларын атайық. Түрік тілінде: 1. «Құран ве Сүннеттен делиллерле иртидат ве мүртедин хүкмү» («Құран және Сүннеттен дэлелдерімен діннен шығу (ир­ тидат) жэне діннен шыққан адамның (мүртад) үкімі»). Қол- жазба. Харран университеті илаһийат факультетінің кітапханасы. 2. «Домуз ети» («Доңыз еті»). Қолжазба. Харран университеті илаһийат факультетінің кітапханасы. 3. «Афлатон куралларынын өзеги» («Платон заңдарының мазмұны»), 1985. 4. «Аристо фалсафаси» («Аристотель философиясы»). Анка­ ра, 1974. Түрік тарихы ұйымының кітапханасы. 5. «Мутлулугу қазанма» («Бақытқа жету»). Анкара, 1974. Түрік тарихы үйымының кітапханасы. 6. «Идеал Девлет» («Идеал мемлекет»), «Ал-Мадинату-л Фадила» («Қайырымды қала»). Анкара, 1997. Эрзурум универ- ситетінің кітапханасы. 7. «Фараби тадкиклери» («Фарабидің зерттеулері»). Стамбул, 1950. 19 май университеті илаһийат факультетінің кітапханасы. 8. «Әбу Насыр әл-Фарабийн хал уздине макаласи». Анкара, 1956. Ұлыдағ университетінің кітапханасы. 9. «Ас-Сийасату-л маданийа» («Азаматтық саясат»). Стам­ бул, 1980. Ұлыдағ университеті. 10. «Тарих бойунжа яһуди меселеси» («Тарих бойынша яһуди мәселесі»). Қолжазба. Харран университеті. 11. «Илимлерин сайымы» («Білімдердің жіктелуі»). Стамбул: Маариф баспасы. Мэрмара университеті илаһийат факультетінің кітапханасы. 12. «Узлук Оғлу Фарабинин есерлеринден сечме парчалар» («Узттүкүлы Фарабидің шығармаларынан таңдамалы бөлім- ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ _ Әбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланыцдара тцлгасы 241
дер»). Қолжазба . Стамбул университеті шығыстану институты - ның кітапханасы. 13. «Фарабинин уч есери» («Фарабидің үш шығармасы»). Қолжазба. Профессор Др . Етхем Рухи Пығлалы кітапханасы. 14. «Техник геомери» («Техникалық геометрия»). Қолжазба . Анкара университеті илаһийат факультетінің кітапханасы. 15. «Фелсефенин темел меселелери» («Философияның не- гізгі мэселелері»). Қолжазба . Стамбул университеті эдебиет фа- культетінің кітапханасы. 16. «Ефлатун иле Аристоталисин гөрушлеринин узлашты- рылмасы» («Платон мен Аристотель көзқарастарының ұпггас- тырылуы»). Қолжазба . Стамбул университеті эдебиет факуль - тетінің кітапханасы. 17. «Фалсафа өгрениминден өнже билинмеси герекен ко- нулар» («Философияны үйренуден бұрын білу міндетті такы- рыптар»). Қолжазба . Стамбул университеті эдебиет факульте - тінің кітапханасы. 18. «Фарабинин базы мантык есерлери» («Фарабидің кейбір логикаға байланысты шығармалары»). Қолжазба . Ататүрік мә- дени орталығы. Ғази университеті илаһийат факультетінің кі- тапханасы. Агылшын, (француз тілдерінде: 1. Al-Farabis Commentary o f Aristotles Kitabi Aristotalis fi al- Farabi. Beyrut. 1971. 2. Deux Ouvrages inedits fur la Rethozique / Al-Farabi. Beyrut. 1971. 3. Book of letters “Kitabul Huruf 7 Abu Nasr al-Farfbi. Beyrut. 1970. 4. Al-Farabis Abhadlung der Musterstaat Aus LOndener und Oxfor. Leiden-Bril, 1895. 5. Philosofy o f Aristotle. Beyrut, 1961 (түрік тарихы үйымы кітапханасы) 6. Le Texte Latin Madival du Intellectu o f al-Farabi. 7. Farfbis Article on Vacuum. Ankara, 1951. дбсат т ар к,ажы Д е р б іс әл і __________________________________________________________________________________________________________________________________________ 242
Түркия қолжазба қорларында Әбу Насыр әл-Фарабидің бізге бұрын-соңды белгісіз боп келген «Тарих бойынша йаһуди мәселелері» атты шығармасы да үшырасты. «Ақыл (парасат) жайлы» атты 1971 жылы Бейрутте шыққан трактаты Түрік тарихы ұйымының кітапханасында, сондай-ақ оның «Риторика» жайлы еңбектері туралы француз тілінде жа- зылған зерттеу (1971) жэне «Китабу-л хуруф» («Әріптер жайлы кітап») атты еңбегі туралы Маһди Михсанның Бейрутте 1970 жылы шыққан монографиясын осы қордан көрдік. Отырар үланының Оксфордта 1895 жылы шыққан 85 беттік тағы бір еңбегі жэне «Фарабидің үш еңбегі» атты түрік тіліндегі шығармасы, « Фусулу-л мадани» («Мемлекет қайраткерінің на- қыл сөздері жайлы»), «Китаб м усик ал-кабир» («Музыка жай­ лы үлкен кітап»), 1961 жылы Бейрутте басылған «Фалсафа ал-Фараби» («Әл-Фарабидің философиясы») атты ағылшын, «Китабмусикал-кабир» («Әл-Фарабидің музыкасы») атты фран­ цуз тілінде 1930 жылы Парижде шыққан трактаты, «Мадинату-л фадыла» («Қайырымды қала») Стамбулда 1956 жылы түрік тілінде шыққан кітаптары да осы қорда. ¥л ы бабаның «Мадинату-л фадыла» («Қайырымды қала») атты трактаты да түрік тіліне аударылыпты. Оның Анкара уни - верситетінде бірталай көшірмесі тұр. Бұған қарап Әбу Насыр әл- Фараби мұрасын жинау мен зерттеуде түрік бауырларымыздың бізден біраз ілгері кеткенін байқамау мүмкін емес. Сонымен біз Түркия кітапханалары мен қолжазба қорларына сүйеніп, Әбу Насыр әл-Фарабидің 100-ден астам еңбегін атадық. Ал үлы ғүлама қанша еңбек жазды? Қанша шығармасы біздің заманымызға жеткен деген мәселеге келеек, орта ғасырларда эн­ циклопедист Отырар перзентінің өмірі мен шығармашылығын жинап, зерделегендер: Ибн ан-Надим (X) Ибн Саид эл-Қуртуби (XI), әл-Байһақи (1170), Йақүт эл-Хамауи ар -Руми (1229), Джа­ мал ад-дин әл -Қифти (1248), Ибн Әби Усайбиға (1270), Ибн Халликан (1282), әл-Қазуини (1283), Әбу-л Фида (1331), Аз- Заһаби (1348), Әл -Йафиғи (1367), Ас-Сафади (1383), Хаджи ___________________________________________________________________Ә бу Насыр әл-Фараби — Үлы даланыцдара ттщлгасы 243
Халифа (1609-1657), Ибн әл-Имад (1657), әл -Акари (1678), соның ішінде Джамал ад-дин әл -Қифти оның жетпістен астам трактаты барын айтумен қатар, аттарын да атаса, Ибн Әби Усайбиға 105 шығармасының тізімін бергенін жоғарыда көрдік. Олармен біз оқырмандарымызды өткен ғасырдың 70-жылдары араб тілінен ана тілімізге аударып, таныстырғанбыз . Әбу Насыр Әл-Фарабидің дүниежүзіне шашырап кеткен туындылары қазір де ғалымдар назарынан тыс қалған емес. Бұл ретте түрік ғалымы Ахмет Әтештің еңбегі ересен. Ол Әбу Насыр шығармаларының библиографиясын жасап, Стамбулда 1951 жылы жарияласа [4], ал 1973 жылы Исмет Бинарк пен Не- джат Сеферджиоглу Анкарада «Фараби библиографиясының» [5] біршама толық басылымымен таныстырды. АҚШ-тың Питтсбург университетінің профессоры Николас Решер де бұл іске өз үлесін қосқан. Оның 1962 жылы жарық көрген «Әл-Фарабидің аннотацияланған библиографиясында» Отырар перзентінің 100-ден астам еңбегі, аудармалары аталады [6] . Осы ретте қазақстандық белгілі психолог -ғалым, педагоги­ ка ғылымдарының докторы, эл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Құбығұл Жарықбаевтың да еңбегін атап кетуге тиіспіз [7]. Ол да Әбу Насыр шығармаларының биб­ лиографиясын көз майын тауысып жасағаны есімізде. Бірақ Әбу Насырдың өмірі мен шығармаларына арналған әлемдік деңгейдегі бірізді, біртұтас , толыққанды библиография элі еш жерде, ешқандай елде жасалған емес . Біздің соңғы жылдардағы ізденістеріміз бен зерттеулеріміз Отырардан шыққан дара тұлғалардың көп екенін көрсетіп отыр. Осы күнге дейін олардың 30-га жуығы табылды . Солардың Түркиядан табылғандарын мерзімдік тәртіппен қарасақ. атакты Әбу Насыр әл-Фарабиден кейінгі екіншісі: 2. Әбу Ибраһим Исхақ бин Ибраһим әл-Фараби (т.ж.б -961) Отырарлық бүл ғалымның да өмірі мен шығармашылыгы туралы өткен ғасырдың 80-жылдары жазганмын [8]. Ол Әбу Әбсат тар к,ажы Д е р б ісәл і __________________________________________________________________________________________________________________________________________ 244
Насыр Әл-Фарабимен замандас секілді. Алғашқы білімді туған елінде алған соң, арман қуып Дамаск пен Бағдадқа аттанған. Әбу Ибраһим Исхақ араб тіл білімі мәселелерімен айналысып, еңбек жазған. Оның XX ғасырдың 70-жылдары Каирде шыққан шығармасы «Диуан әл-әдаб фи-л луга» («Тіл жайлы адаб жи- нағы») деп аталады. «Диуан» - араб тілінің қыр-сырын баяндайтын өте күрделі де құнды шығарма. Осы дүниені өзіне үлгі ете отырып, Махмуд эл-Қашғари «Диуан лүғат ат-түркті» жазған деген болжам бар [9]. «Диуанды» Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары египеттік доктор Ахмед Мұхтар Умар (Омар) мен Ибраһим Анис атты ғалымдар Александрия (Египет) кітапханасының қолжазба қорынан кездейсоқ тауып, зерттеп, кейінірек 4 том етіп (1974— 1979, 1984) шығарған [10], оған Сауд Арабиясының королі мар- құм Фаһд бин Абд әл-Азиз алғы сөз жазған. Түркияның Стамбул университеті, Сүлеймания кітапхана- ларында «Диуанның» жарияланбаған қолжазбалары да бар. Сондай-ақ бүл ел кітапханаларында «Диуанның» аталмыш ба- сылымдары да кездесті. Әбу Ибраһимнің біздің заманымызға аталмыш жалғыз-ақ еңбегі жеткен деп есептейтінбіз. Сөйтсек, оның күні бүгінге дейін бізге белгісіз болып келген «Ар-Рихлату-л Хиджазийа» («Хиджаз сапары») атты шығармасы да бар екен. Ол қолжазба күйінде сақталған, көлемі - 395 бет. Харран университетінің илаһийат факультетінде түр. Бүл дүние ғалымның Мекке, Меди- неге барған сапарының жай-жапсарын баяндаса керек. Сондай- ақ үлы данышпанның төмендегідей еңбектері бар: - «Рисалату-л зайтунийа» («Зайтунйа трактаты»). Қолжаз- ба. Баязит кітапханасы. - «Диуан әл-адаб» («Адаб жинағы»). Қолжазба. Баязит, Сүлеймания кітапханалары. ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ _ Әбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланьщдара гтщлгасы 245
Әбсаттар к,ажы Дербісәлі Әбу Ибраһим Исхақ әл-Фарабидің «Диуан эл -адаб » трактаты 3. Әбу Насыр Исмаил бин Хаммад әл-Жауһари әл-Фараби (т.ж .6,-1002) Араб тілінің көрнекті өкілі саналатын бұл жерлесіміз де Оты- рарда X ғасырдың шамамен екінші жартысында туған. Алғашкы білімді де Отанында алған. Сосын нағашысы Әбу Ибраһим Исхақтың шақыруымен Багдад пен Дамаскіге аттанған. Оның да еңбектері араб тілі мәселелеріне арналған. Әбу Насырдың негізгі еңбегі «Тадж әл-луга ха сихах әл -арабийа» («Тіл тэжі жэне дұрыс (нағыз, шынайы , ақиқат) араб тілі») деп аталады. Отырарлық бүл ғалымның да негізінен араб тілінің лексикографиясын зерттеумен аты шыққан. Еңбектің Түркия кітапханалары мен қолжазба қорларындағы нұсқалары түрліше аталады. 1. «Сихах фи-л луга» («Ас-Сихах фи -л луга») («Шынайы (ақиқат) тіл»). Қолжазба . Баязит жэне Сүлеймания кітапхана - лары. 2. «Сихах эл-мугд». Қолжазба . Баязит кітапханасы . 3. «Ас-Сихах фи -л луга» («Шынайы (ақиқат) тіл»). Қолжазба . Баязит кітапханасы. 4. «Аруду-л уарақа» («Өлең өлшемі»). Дар әл -Байда (Каса­ бланка), 1984. 5. «Китаб лл-қауафи» («Үйқас жайлы кітап»). Эрзурум. Ататүрік университетінің эдебиег факулысті, 1995. 246
6 . «Лугати Банкули» [ 10] таржама-и сихаһ -и Жауһари» («Жауһаридің Сихахының аудармасы Ванкули сөздігі»). Қол- жазба. Селжұқ университеті . 7. «Ас-Сихах әл -Джауһари» (Китаб луғати-л Ванкули) («Әл- Жауһаридің Сихахы. Ванкули сөздігінің кітабы»). Қолжазба . Баязит кітапханасы. 8. «Таржама-и «Сихах-и» Жауһари» («Жауһари «Сихахының тәржімасы»). Қолжазба . Жумһурият университеті илаһийат фа- культетінің қоры. 7. «Ванкули лугат ы » («Ванкули сөздігі»). Қолжазба . Бая­ зит, Ғази университетінің кітапханалары және Түркия діни бас- қармасы мен Мәрмара университетінің кітапханасы. 9. «Ас-Сихах тадж әл -лугауа сихах-и әл -арабийа» («Тіл тэжі және ақиқат араб тілі»). Бейрут, 1990. 13 том. 10. «Ас-Сихах» («Ақиқат») («Шынайы»). Қолжазба, Миллет, Діни басқарма, Сүлеймания кітапханалары. 11. «Тадж ә л-лугау а сихах әл -арабийа» («Тіл тэжі және ақи- қат араб тілі»). Қолжазбалар . Мәрмара университеті, Сүлейма- ния кітапханалары. Швейцария шығыстанушысы Адам Мец (1869-1917) Оты- рардың бүл перзенті туралы: «Лексикограф эл-Жауһаридің (300/1000 қ.б .) еңбегі [«Ас-Сихахы»] басын айналдырды. Сөзді- гінің «дад» әрпіне жеткен кезде ол Нишапурдағы [Ирандагы] ескі мешітке барды да, төбесіне шығып: «Ей, адамдар! Мен өз өмірімде бірде-бір адам жасай алмаган істі атқардым . Енді о дүниеде де бірде-бір кісі жасай алмайтын істі істегім келеді», - деді де, қолын жіппен және жіпті есіктің жацтауына байла- ды. Сөйтті де, мешіттің ең биік жеріне көтерілді. Ол ұшқысы келді. Бірац жерге құлап, жан тапсырды» [12], - деп жаз ад ы. Бүл мәліметті ол Йақұт әл-Хамауи ар -Румидің (1179-1229) «Иршад ынан» [Йақүт әл-Хамауи ар -Руми. Мүғжам әл-удаба. Бейрут (жылы көрсетілмеген). 20 том; 6-том, 157-бет] алған. Түркияның Баязит, Сүлеймания, Мэрмара, Селжүқ, Эрзу­ рум университеттері мен Түркия Діни істері басқармасының ___ ___ ___ __ ____ ___ ___ __ ____ ___ ___ __ ___ ____ ___ __ ___ ___ _ _ _ Әбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланың, дара тулгасы 247
кітапханасында «Тіл тэжінің» бірнеше басылымымен катар қолжазбалары да бар. Сондай -ақ Түркияда оның: - «К ит аб apydy-л уараца» («Өлең өлшемі»). Эрзурум, 1994 (Дайындап бастырған доктор М. Сади Шөгенлі) [13]; - «Китабу-л цауафи» ( «¥йқас жайлы кітап») (Қолжазба. Атиф Эфенди кітапханасы) секілді өлең өлшемдерінің теория- сына арналған шығармалары да бар. Ғалымның Түркия кітапханаларындағы басты еңбегі, жоғары- да айтылғандай, бірде «Сихах фи-л луга», «Сихах», кейбір нұска- лары «ас-Сихах тадж эл луға уа ас-сихах әл -арабийа» деп атала- тынын байқаймыз. Бұл еңбекті XIV ғасырда жетісулык кемеңгер ойшыл Әбу-л Фазл ибн Мұхаммед Жамал Қарши (1230-1315) парсы тіліне аударған. Оны мен өткен ғасырдың 80-жылдары Дағыстан кітапханаларындағы қолжазбалар корынан көрдім. 2000 жылы оның 700 беттік нұсқасын Каирдегі «Дар әл- кутуб әл-Мысриийадан» таптым. Қазір ол менің жеке қорымда. «Сихах» 1729 жылы араб тілінен түрік тіліне де тәржімала- ныпты. Оның бір нұсқасы Түркияның Республика университе - тінің илаһийат факультетінде сақтаулы. Әл-Фараби атындағы Қазақ үлттық университетінің доценті. менің талантты шэкіртім Шынар Қалиева Әбу Насыр Исмаил әл-Жауһаридің өмірі мен шығармашылығына арналған канди- даттық диссертация жазып, Ташкентте 2002 жылы қорғады, ке- йін ол кітап болып шықты [14]. 4. Мухаммед бин Мухаммед бин әл -Хусейн Мадж ад -дин әл-Усрушани, Мухаммед бин Хусейн әл-Фараби (т.ж .б . - 1 234) Отырарлық бүл талым да маған мэлім. Ол туралы мен бір кітабымдажазғанмын [15]. Мухаммед - XIII ғасырда өміреүрген парасат иесі. Әбу Насыр әл -Фарабидің философиялык еңбегіне түсіндірме жазыпты, бірақ ол еңбегі жарияланбаған. Бізгс жет- кен еңбектері: - « Әл-Фусус» («Афоризмдер»). Қолжазба . Мэрмара , Баязит, Сүлеймания кітапханасы. Әбсатт ар к,ажы Д ер б ісәл і __________________________________________________________________________________________________________________________________________ 248
- «Шарх «Фусус әл-хикам» («Кемеңгерлік меруертіне» тү- сіндірме»). Қолжазба . Мэрмара, Баязит, Сүлеймания универси- теттері кітапханасындағы оның барлық нұсқасында 116 бет жэне 1291 жыл деген мерзім көрсетілген. Тек Баязит кітапханасын - дағы нұсқасы - 78 бет, Сүлейманиядағысы - 106 бет. Соңғыда 1013 жыл деген мерзім тұр. 5. Абдуллаһ бин Мұхаммед бин Йусуф (Жүсіп) Насыр әл-Фараби әл -Әзди Оның «Тариху-л уламаи -л Андалус» («Андалусия ғұламала- рының тарихы») атты еңбегінің қолжазбасын Ататүрік универ­ ситет! илаһийат факультетінің кітапханасынан көрдім. Шы- ғарманың тарих мәселесіне арналғанына қарағанда, авторы тарихшы сияқты. Отырарлық бүл ойшыл жайлы эзір қолымызда мағлұматтар жоқ. 6. Абд әл-Латиф ибн Ахмед әл-Фараби Бұл да - біз білмейтін жаңа әл -Фараби . Оның есімі Ма - роккода шыққан «әл-Харакату -л фикрийа уа әл -әдабийа фи -л алами-л араби ал -хадис» («Жаңа араб әлеміндегі ой-пікір жэне әдеби қозғалыс») (Дар әл-Байда (Касабланка), 1983) атты ең- бекке байланысты аталады. Ол Ливанда да жарық көріпті (Бей­ рут, 1995). Бүл кітап Жумһурият университеті илаһийат факультетінің кітапханасында бар. Өкінішке орай, Абд әл-Латифтің өмірі мен шығармашылығы туралы дерек кездестіре алмаудамыз. 7. Әбу-л Фадл Таһир бин Мухаммед әл -Фараби Заһирдің еңбегінің аты - «Диуан» («Жинақ»). Қолжазба . Ол Баязит кітап - ханасында. Өмірі жайлы мәлімет жоқ. 8. Аға Хасан әл-Фарабидің еңбегінің қолжазбасы «Һидая тэржімасы» деп аталады. Ол Бурһан ад -дин әл -Марғинанидің (т.ж .б -1197) «эл-һидая » атты Әбу Ханифа мэзһабы бойынша ___ ___ ___ __ ____ ___ ___ __ ___ ____ ___ __ ___ ____ ___ __ ___ ____ ___ __ ___ ____ дбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланың, дара ттщлгасы 249
жазылған еңбегінің тәржімасы секілді. Қолжазба . Автор жайлы мағлұмат жоқ. 9. Бурһан ад-дин Ахмед бин Әбу Хафс бин Йусуф (Жүсіп) әл-Фараби (т.ж .б.- 1174) «Манзума фи-л муаннасати -с самаийа» («Тіл ережелеріне бағынбайтын әйел тегіне (женский род) қолданылатын қалып- тар»). Қолжазба . Нури Османия кітапханасы . Араб тілі мәсе - лелеріне арналған. Тағы бір еңбегі «Заллат әл-қари» («[Намазда] Құран оқу- шының қателесуі») деп аталады. Қолжазба . 121 -214 беттер. Сүлеймания кітапханасы. Еңбектің бір нұсқасы Санкт-Петербургтегі Шығыстану инс - титутының қолжазба қорында тұр. Шығарма қасиетті Құранды дүрыс оқу жайлы сөз етеді. Отырарлық бұл ғалым XII ғасырда өмір сүрген. 10. Әбу-л Қасым Махмуд бин Ахмед әл -Фараби [эл-Фарйаби] (1130-1210) Әбу-л Қасым Махмуд бин Ахмед эл -Фараби (Фарйаби) - энциклопедист Әбу Насыр жэне тілші екі эл-Фарабиден кейін Түркия кітапханаларында еңбектері жиірек үшырасатын та­ лым. Оның шығармалары көбінесе дін мәселелеріне арналған . Әбу-л Қасым эл -Фараби / Әл-Фарйаби туралы «Қазақ дала- сының жұлдыздары» (1995) атты кітабымда бұрынырақ жаз- ғанмын [15]. Енді оның Түркияның кітапханалары мен қорларындағы жазба дүниелерін атап кетейік. - «Халисату-л хацаиц» («Таза шындық»). Қолжазба . Хусейн паша қоры. - «Халисату-л хақаиқ ли -ма фиһи мин асалиб ад -даңаиқ» («Ғылым түрлері жайлы нэзік тәсілмен (стильмен) жазылган «Таза шындық»). Қолжазба . Анталия . Текелиоглу қоры . Сулеи - мания кітапханасы. Әбсат тар к,ажы Д е р б ісәл і ____________________________________________ ______________________________________________________________________________________________ 250
- «Әл-Муджаллад әл-аууал мин штаб хашйату-л хақаіщ ли-т тасаууф» («Суфизм туралы «Шындықтың» жол шетіне жазылған түсіндірмелер. Бірінші том»). Қолжазба. Ая-София қолжазба қоры. - «Халисату-л хацащ фи-л фиқһ» («Фиқһ туралы «Таза шындық»). Қолжазба . Қажы Махмуд Эфенди қоры. - «Халисату-л хацащ ала иътицади аһлис -сунна уа -л джамагат» («Аһлу-с сунна уа -л джамаға» [сеніміне] сүйеніп жазылған таза шындық»). Қолжазба . Нафис паша қоры. - «Халисату-л хацащ уа минһаджу -л абидын» («Таза шын- дық» жэне мәңгілік жол»). Қолжазба . Рашид Эфенди қоры. Әбу-л Қасым еңбектері ішінде Түркия кітапханаларында жиі үшырасатыны - жоғарыда айтылғандай, «Халисату-л хацащ » («Таза шындық»). Қолжазба . Ол бүрын -соңды еш жерде жа- рияланбаған. Оның бір -бір нүсқалары Атиф Эфенди, Анталия Текелі облысының халық кітапханасы, Бурса аймақтық жазба кітапханасында сақтаулы. Қысқартылған 60 беттік нұсқасын Санкт-Петербургтегі Шығыстану институтының қорынан тап- тым. Қазанда XIX ғасырда басылған. Ал Сүлеймания кітапханасындағысы «Халисату-л хацащ лима фиһимин асалиб ал-д -дацаиц» («Ғылым түрлері жайлы нәзік стильмен жазылған таза шындық») деп толығырақ көрсетіліпті. Бүл да қолжазба. Сүлеймания кітапханасындағы нұсқасы 524 беттен түрады. Сүлейманиядағы нұсқасында сондай -ақ һижри 997 жыл көрсетілген. Сүлейманиядағы қолжазбада оның аты-жөні эл -Фараби Имад ад-дин Махмуд бин Ахмед эл -Фараби деп жазылса , еңбек- тің осы кітапханадағы тағы бір нұсқасында Имад ад-дин Әбу-л Қасым Махмуд бин Ахмед эл-Фараби делініпті . Түркия кітапха - наларындағы қолжазбалар нусқаларының бет саны эртүрлі. Түркия кітапханаларында Имад ад-диннің тағы басқа да трактаттары бар. Олар: - «Мүнтахабат м ина-л асилати -л ламма уа -л ажуиуата -л жамиа» («Таңдамалы терең сурақтар мен тушымды жауаптар»). Қолжазба. 63-70 бет. Сүлеймания кітапханасы . _________________________________________________________________ _ Әбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланыцдара тцлгасы 251
- «Мүнтахаб мин халисату-л хақаиқ» («Таза шындықтан таңдамалы»). Қолжазба . Сүлеймания кітапханасы . Әбсат тар к,ажы Д е р б ісәл і __________________________________________________________________________________________________________________________________________ Әбу-л Қасым эл -Фараби / әл-Фарйаби. «Халисату-л хуласа». Қолжазба. Миллет кітапханасы, Түркия 11. Қауам ад-дин әл -Итқани (Иқани) эл-Фараби ат -Түр - кістани (1286-1356) Қауам ад-дин Түркістанның шығысындағы 30 шакырымдай жердегі, орта ғасырларда Итқан (Атқан), қазір Иқан деп атала- тын кентте 1286 жылы туған. 31 жасына дейін Отырарда имам болған. Сонан соң білім іздеп әуелі Самарканд пен Бүхараға, сонан соң Дамаскіге сапар шеккен. Бағдадта 25 жыл қазы бо- лып істеген. Сонда үйленіп , ұлды, қызды болған. Кепін Каир - ге қоныс аударып, сонда біржола тұрақтап калған. Египеттің 252
ортағасырлық Ибн Тагриберди [17], әл-Макризи [18], Ибн Ка- сир [19], ас-Суйути [20] жэне т.б. қаламгерлері ол жайлы қалам тербеген. Өз дүниелерінде олар Қауам ад -динді: «Каирге кала әкімі Саргатмиш (Сыргатмиш) шақырған. Онда Қауам ад -дин медреседе ұстаздық еткен», - дейді. Каирге барған бір сапарым- да мен сол медресені таптым. Қазірге дейін ол дін аман тұр. Иқан перзенті 73 жыл жасап, 1356 жылы дүниеден өткен. Оның Египет, Сирия , Кувейт, Түркия , Нидерланды, Өзбекстан, Ресей кітапханалары мен қолжазба қорларында оннан астам трактаты бар [21]. Біразы менің де жеке мүрағатымда сақтаулы. Ол туралы «Егемен Қазақстан» газетінде үлкен мақала жария- лағанмын [22]. Иқан жүрты сол дүниені оқып, риза болып, отан- дас ғалымына арнап Иқанда мешіт салдырды. Оны 2007 жылдың 27 желтоқсанында арнайы барып ашып, алыста қалған отандас бабаға арнап дүға бағыштадым. _ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ Әбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланыц дара тулгасы Каир, Қауам ад -дин эл -Итқани (Noкд\\к) эл-Фараби ат -Түркістани қызмет еткен Ас-Сұрғатмишия медресесі 253
Әбсаттар к,ажы Дербісәлі Қауам ад-диннің Түркияда төмендегідей еңбектері сақтаулы. - «Кауакибу-d дуррийа фи байани набзамина-т тарицати-л бис» («Қайталанған тариқаттағы сипатталған жарық жұлдыз- дар»). Қолжазба. Баязит кітапханасы. Трактат сопылық мэсе- лесіне арналған деп ойлаймыз. - «Әл-Мугжизату-н наджибииа ьиарху-р рисалату ала- ийа» («Белгілі трактатқа жазылған түсіндірмедегі ғажайып құ- былыс»). Қолжазба. Топкапы сарайының кітапхана қоры. - «Рисала фи рафиу-л йадайн фи-с салат у а адана жауазиһи индаи-л» («Намаз кезінде қолды көтеруге болмайтындығы тура- лы трактат»). Қолжазба. Баязит кітапханасы. - «Ғайату-л байан надирату-л заман ахирул-ауан» («Соңғы кездегі түсіндірменің кемелі эрі заманның сирегі»). Қолжазба. Баязит, Сүлеймания кітапханасы. Аталған еңбектің Түркияның басқа да кітапханаларында көптеген қолжазба нұскасы бар. - «Ат-Табиин» («Айқындау»). Қолжазба. Баязит кітапханасы. - «Аш-Шамил фи шархи-л усули-л Баздауи» («әл-Баздауидің «Усуліне» толық түсіндірме»). Қолжазба. Сүлеймания кітапха- насы. Бір нүсқасы - 278 бет, екіншісі - 188, үшіншісі - 3 3 4 бет. - «Ат-Табиин фи шархи-л мунтахаб фи усули-л мэзһаб» («Таңдамалы мэзһаб негіздеріне «ат-Табиин» («Айқындау») ат- ты түсіндірме»). Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы. - «Муқаддима фи таркирафи-л йадаин фи-с салат» («Намаз кезінде қолды көтеруге болмайтындығына кіріспе»). Қолжазба. Сүлеймания кітапханасы. - «Қасидату-с сафа қард аш-шир» («Сафа қард өлең ка- сыдасы...»). Қолжазба. Сүлеймания, Нури Османия, Миллет кі- тапханалары. - «Уардату-л аруах фи-л асмамаруя-л муаннаса ас-самаийа» («Әйел тегіндегі жазуда көрінбейтін, (бірақ) ауызша орныккан есімдер рухтардың раушан гүлдері»). Қо.іжазба. Сүлеймания, Миллет кітапхамалары. - «Ад-Дурар» («Гауһарлар»). Қолжазба. Сүлеймания кітап- ханасы.
- «Ал-Мубат фи илми -л хисаб» («Есеп ілімі»). Қолжазба . Сүлеймания кітапханасы. - «Манзума дурар ли-л Фараби әл -Итцани» («Әл-Фараби әл- Итқанидің гауһар манзумасы (өлеңдері)»). - «Ғайату-л байан уа надирату -л акран фи шархи-л һидая» («Заманының сирегі эрі ең кемел баяндау - «һид аяның түсіндірмесі»). Қолжазба . Сүлеймания кітапханасы . 7 том. «Қасидату-с сафа» («Тұнық (таза) жыр (қасыда)»). Қолжаз - ба. Нур Османия кітапханасы . - «Әл-Лубаб фи илми-л хисаб» («Математикадағы (есеп ғы- лымындағы) ақыл-ой»). Қолжазба . Сүлеймания кітапханасы . - «Мигражу-д дирайа ила шархи-л һидая» («Әл-һидая түсін- дірмесіндегі білім баспалдағы»). Қолжазба. Едирне кітапханасы. - «К итаб ат-Табиин фи шарх әл -мунтахаб фи усул әл- мазһаб ли-л Ахсикаси» («Ахсикасидің «Усул эл-мазһаб» атты кі- табына тандаулы түсіндірмеден тұратын «Табйин кітабы») [23]. Қолжазба. Едирне Селимия кітапханасы. 12. Әмір Исмаил әл-Хусайни әл -Фараби «Шарх әл-фусус фи -л хикма » («Кемеңгерлік меруертіне тү- сіндірме»). Қолжазба . Сүлеймания кітапханасы . Әбу Насыр әл-Фарабидің белгілі трактатынатүсіндірме сияқты. Әдебиеттер: 1. «Ниһаяның» авторы - Сығанақ перзенті Хүсам ад -дин Хұсейн (Хасан) бин Әли бин Хажжаж ас-Сығнақи (т.ж .б . - І З 11/1317). 2. «һидаяның» авторы - ортаазиялықкөрнектіғалымӘбу -л Хасан Бурһан ад-дин Әли бин Әбу Бэкір бин Абд әл -Жалил эл -Фарғани әл - Марғинани ар-Риштани (т.ж .б . - 1 197). 3. Якубовский А .Ю . Развалины Сыгнака (Сугнака) // Государствен­ ная Академия истории материальной культуры. Том II. - Ленинград, 1929.- С . 123-159. 4. Ahmet Ates. Farabi bibliografyasi. Ulken (1950). Pp. 111 -126. This bibliography also appeared in «Turk Tarih Kurumu Belleten (Ankara)». Vol.15 (1951), pp. 175-192. 5. Ismet Binark, Nejat Sefercioglu. Farabi bibliyografyasi. - Ankara, 1973.-115-6. _ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ __. Әбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланьщ дара тцлгасы 255
6. Al-Farabi an Annotated bibliography. Nicholas Rescher. University of Pitsburgh press. - 55 6. 7. Әбу Насыр эл -Фараби (870-950). Библиографиялық көрсеткіш . Жалпы редакциясын басқарған профессор Қ.Б . Жарықбаев . - Алматы: Қазақ университеті, 2012. - 473 б. 8. Дербісәлиев Ә . [Әбу Насыр] әл-Фарабидің замандастары // Сөнбес жүлдыздар (¥лы ғалымдар өмірінен - VIII-XIV ғасырлар). - А л ­ маты: Қазақстан, 1989. - 103-122 б. 9. Халидов А .Б . Словари Исхака ал -Фараби и Махмуда ал -Кашгари (из истории лексикографии в Средней Азии Х-ХІ вв .). - М., 1987. - С. 67. 10. Әбу Ибраһим Исхақ ибн Ибраһим эл -Фараби . Диуан ал -адаб . 4 том. - Каир, 1974. 1 -том . - 481 б.; 2-том . - 501 б.; 3-том . - 469 б.; 4-том - 705 б. 11.Мухаммед бин Мустафа эл -Гурани эл -Вани , Ванкули (т.ж .б -1592). Түріктің көрнекті ханафитғалымы . 12. Адам Мец . Мусульманский ренессанс . - М., 1966. - 158 б. 13. ЕЬи Nasr Ismail b. Hammad el-Cevheri. Kitabu Arudil Varaka. - Erzurum, 1994. - 70 6. 14. Калиева Ш.С . Творчество Исмаила ал -Джаухари и его место в арабской филологии. - Алматы, 2006. - 140 б. 15. Дербісәлиев Ә . Қазақ даласының жүлдыздары . - Алматы: Рауан, 1995.-6 9б. 16. Сонда, 54-63 б. 17. Ибн Тагриберди . Эл -Манхал ас -сафи уа -л муссауфи ба ’д ал-уафи . 3-том . - Каир, 1986. - 101-103 б. 18. Әл-Мақризи . Әл -Мауағиз уа -л игтибар фи зикри ал -хутат уа -л асар.4-том. - Каир, 2000. - 264-6 . 19. ИбнКасир.Ал-Бидайауа-нниһайа.4-том. - Каир, һижри 1301. - 267-6 . 20. Джалал ад-дин ас -Суйути . Лубб эл -лубаб фи тахрир эл -ансаб . - Бейрут, 1991.36 -6 . 21. Қауам ад-диннің өмірі мен шығармашылығы туралы: Әбсаттар қажы Дербісэлі. Қауам ад -дин әл -Итқани (Иқани) әл-Фараби ат - Түркістани (1286-1357). Өмірі мен мүрасы . - Алматы, 2013. - 243 б; Керім Ш. Сығнақ саңлағы . - Алматы, 2012. - 238 б; Керім Ш. Қауам ад- дин әл-Итқани эл -Фараби - ғүгтама ғалым, ақын. - Алматы, 2017. - 230 б. 22. Дербісәлі Ә. Каир медреселерін басқарған Отырар имамы /7 Еге- мен Қазақстан. - 2006. - No 20-23. - 25 қаңтар. 23. «А т-Табиин» Кувейтте 2 том бои шықты. Қауам ад -дин Әмір Катиб бин Умар бин Әмір Ғази эл-Фараби әл -Итқани эл -Ханафи . Ат - Табиин. Тахқиқ уа дирасат доктор Сабр Наср Мүстафа Усман . Усман . - Кувейт, 1999. 1том. 730 б; 2 том. 640 б. Әбсат тар к,ажы Д е р б ісәл і ____________________________________________________________________________________________________________ _____________________________ 256
ОТЫРАР МЕН САЙРАМНЫҢ САҢЛАҚТАРЫ ҚР Мемлекеттік хатшысы 2013 жылы Елбасының тапсыр- масымен «Халық - тарих толқынында» атты бағдарламаны қолға алды. Арнайы комиссия құрды. Астанаға еліміздің бір- қатар тарихшы-ғалымдарын жинап, жиналыстар өткізді. Ақыл - дасты. Осы іске Ш. Уәлиханов атындағы Тарих жэне этноло­ гия институты арқылы біраз қаржы бөлінді. Біздің Шығыстану институтының ғалымдары да одан тыс қалған жоқ. Содан шы- ғыстанушыларымыздың бірқатары Монголия, Қытай, Үндістан, Иран, Түркия, Араб елдерімен қатар, Еуропа жүртына да жі- берілді. 2013 жылдың жазында мен де Түркияның Стамбулын- да болып, атақты Сүлеймания, Баязит, Миллет, Нури Османия жэне тағы басқа да кітапханалардан бірнеше мың беттей ма­ териал алып қайттым. Осы іс 2014 жылы тағы да жалғасты. Бүл жолы Марокко мен Испанияны таңдадым. Өйткені өткен ғасырдың 1975-1976 жылдары Рабаттағы V Мухаммед атында- ғы университетте біліктілік арттырудан өткенмін. Дін қызме- тінде жүргенде бірнеше рет Испанияда да болғанмын. Осы жүрттардың кітапханалары мен қолжазба қорларында біздің орта ғасырлардағы тарихымызға қатысты біраз құнды дүние бар екендігін білгендіктен тағы да сол елдерге барғанды жөн көрдім. Сонымен 2014 жылдың 12-21 қыркүйегінде Испания ко- рольдігіне аттандым. Сол елдегі атақты Эскуриал қаласына зия - рат еттім. Ол Мадридтің батыс жағында 60 шақырым жердегі Сьерра-де -Гвадаррама тауының етегінде екен . Шаһардың негізі 1557 жылы қаланған деседі. Ондағы XVI ғасырдан бері дін жэне білім ордасы һэм кітапхана қызметін атқарып келе жатқан даңқты кітапхананың бай қорымен таныстым. Ол Ватикан кі- тапханасынан кейінгі екінші орында көрінді. Мұнда әлемдегі ең көп араб қолжазбалары сақтаулы. Папа XIII Григорий: «Эску­ риал кітапханасынан кітап үрлаған жан діннен шығады», —д е ­ ген. Сол себепті ондағы дүниелер жақсы сақталуда. ______________________________________________________________ ____ д б у Насыр әл-Фараби — Үлы даланын, дара тцлгасы 257
Директоры: «Қазақстан елшілігініц хатын алганбыз. Кө- мектесеміз. Бізде ескі қолжазба өте көп. Бірақ Орта Азияга байланыстылары аздау-ау деймін. Испанияның Андалусия өлкесін 711 жылдан - 1492 жылга дейін арабтар биледі. Олар гылым мен мәдениет бойынша үлкен із қалдырды. Испан елінде Кордова халифаты болган. Кордовада 830 жылдары салынган зәулім мешіт цазір де түр. Севилъядан да қамал, мешіт пен олардыц биік мүнараларын көресіз. Гранада ше? Ол туралы үзац әцгімелеу керек. Осындай цалалардан көптеген Гарнати - Гранадалыц, Ишбили-Севилиялъщ, Қуртуби-Кордовалык, Тулай- тили-Толедолық секілді т.б. галымдар иіыццан. Олар калдырган сандаган жазба мүраны әлем галымдары әлі зерттеуде. Біздің қолжазба цорында ортаазиялъщ гүламалардан гөрі магрибтық (Тунис, Алжир, Марокко) және андалусиялъщ галымдардың дүниесі көп. Мен араб тілі мен әдебиеті және исламтанудың маманы емеспін. Ол жайлы қазақстандық конак менен жаксы білетін болар. Іске сәт. Бізден еш кедергі болмайды», - деді . Өбсат тар к,ажы Д е р б ісәл і ___________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ Эскурпал кітапхамасы 258
Эскуриалдан әуелі ислам мәдениеті мен біліміне қатысты қолжазбалар каталогін парақтап шықтым. Нәтижесінде орта ғасырлардағы Қазақстан мен Орта Азияның кемеңгерлері: Әбу Насыр эл-Фараби (870-950), Әбу Йакуб Сирадж ад -дин Йусуф (Жүсіп) бин Әбу Бэкір бин Мухаммед бин Әли әл-Хорезми ас- Саккаки (1160-1299), Сағад ад-дин Масуд бин Умар (Омар) ат- Тафтазани (1322-1390), Әбу-л Қасым Махмуд бин Умар (Омар) бин Ахмед аз-Замахшари эл-Хорезми (1075-1144) секілді т.б. ойшылдардың еңбектерін көрдім. Мені қуантқан Әбу Насыр эл- Фараби бабамыздың теріге жазылған 10 трактатының табылуы еді. Әбу Насырдың жинағы 612 санмен беріліпті. Қолжазбаның бастапқы беттері ескіріп, сарғайған . Жыртылған тұстары да бар. Санмен басталған беттегі шығарма атауынан кейін 16 жол тіпті көрінбеуге айналыпты. Оқылуы қиын болды. Одан кейінгі бет- тердегі жазулар айқынырақ деуге болады. 5-беттен әрі қарай көптеген сөздің асты қызыл-қоңыр сиямен сызылып отырған . Оны трактаттарды көшірген хаттат сызды ма, жоқ па, білмедім. 5-бет басмаламен басталған . Одан соң пайғамбарымыз Му- хаммедке (с.ғ .с .) салауат айтылған. Одан кейін «Тағлиқ ли-Әби Бәкір Мухаммед бин Иахия бин ас-Саииғ рахимаһу Алла ала китабиһи Әби Наср бин Мухаммед эл-Фараби радиа Аллаһу анһу фи Исагуджи» деген жолдарды оқыдым. Қолжазба - 126 бет. Сондай-ақ Эскуриал кітапханасынан Шымкент қаласының шығысындағы 12 шақырым жердегі ежелгі Исфиджаб - әл- Байда - Сайрам қаласында орта ғасырларда туған ағайынды екі ғалымның [Ала ад-дин ас -Сайрами, XIV] мен [Сайф ад-дин ас- Сайрами әл-Масри әл -Ханафи] трактаттарының табылуын да үлкен оқиғаға балауға болады. Ала ад-дин ас -Сайрами (Эли ибн Ахмед ибн Мухаммед ас- Сайрами эл-Ханафи (т.ж .б . - 1388) ортаазиялық ортағасырлық ас-Саккакидің «Мифтах әл-улум» атты трактатының бір бөлігі- не 1342 жылы түсіндірме жазыпты. Көлемі - 139 бет. Эр бет ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ _ Әбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланыц дара тцліасы 259
жолы 23 қатардан турады. Ал [Низам ад-дин] Йахия бин Йусуф (Жүсіп) ас-Сайрамидің (т.ж .б -1429/1430) дүниесі «Китаб Ха- шия эл-Мутаууал ли -шейх . . . Иахия бин Сайф ас -Сайрами» деп аталған. Сөйтіп , оның еңбегінің ортаазиялық кемеңгер Сағад ад- дин ат-Тафтазаниге қатысы бар. [Низам ад-дин] Иахия бин Иусуф (Жүсіп) - жоғарыда ай- тылған Сайф ад-диннің баласы. Кейбір деректерде оның аты-жөні Абд ар -Рахман ибн [Низам V-# W ад-дин] Иахия ибн Иусуф (Жүсіп) ибн Мухаммед ибн Иса шейх аш-шуйух Адуд ад -дин ибн шейх аш -шуйух эл -аллама Сайф ад- дин ас-Сайрами эл -Ханафи деген үлы да болғандығы айтылады . Сондай-ақ оның есімі Эбу -л Аббас Таки ад -дин Ахмед бин Мухаммед бин Мухаммед бин Хасан Эли бин Иахия эл- Қустантини аш-Шумунни эл -Мисриге (1398-1468) байланысты да аталады. Деректерде аш -Шумунни дәріс алған ғуламалар ішін- де [Низам ад-дин] Иахия бин Иусуф (Жүсіп) ас-Сайрами де бар. Әбу Насыр эл-Фараби элемге әйгілі болса, ал казак жерінің ежелгі шаһарларының бірі Сайрамнан шыққан парасат иелерін журт түгілі ғалымдар да әдетте біле бермейді. Сол себепті осы ретте орайы келіп турған соң еңбектері Испанияның Эскуриал кітапханасынан табылған, XIV-XV ғасырларда өмір сүрген ағайынды Сайрамилер мен олардың ойпаз, қайраткер урпақтары туралы да араб тіліндегі булақ көздеріне сүйеніп сөз ете кетейін. 1. Ала ад-дин Эли ибн Ахмед ибн Мухаммед ас -Сайрами Бадр ад-дин эл -Айни (1361-1451) «Иқд эл-джуман» атты еңбегінде Ала ад-дин (Эли ибн Ахмед ибн Мухаммед) ас- Сайрами жайлы: «[һижраның] 788 жылының 3 раджабында - 1386 жылдың 31 шілдесінде ас-Султан эл -Малик аз -Захир Барқуқ [Каирдегі] екі сарай арасындағы ғимарат қурылысын бітірді. Султан оған сол жылдың 12 раджабында бейсенбіде зия- рат етті. Онда оған қант пен лимон шырыны толтырылган үлкен шыныаяқ берілді. Ол элгі ғимаратқа (торг) мәзһаб үшін мүдаррис (оқытушы) мен шейх аш-шуйух лауазымына лайық әл -имам әл -алим ал- дб сат т ар к,ажы Д е р б ісәл і _________________________________________________________________________________________________________________________________________ 260
аллама Ала ад-дин Әли Сайрамиді тағайындау үшін де келді . Сондай-ақ Ала ад -дин Ханафи мұдаррисі лауазымын да алды. Сол күні шейх хүтба оқыды, ол онда өлеңмен султан аз-Захир Әбу Саид Барқуқты (1382-1398) Қураннан көп дәйектеме келтіре отырып мадақтады, бата берді. Бул жиында әмірлер, қазылар, ғуламалар арасында маңызды кісілер де болды. Шейхқа сол күні султан тарапынан оған дейін ешкім лайық болмаған көңіл аударылды. Султан оның жайнама- зын өзі тазалады, оған киімдер мен қашыр сыйлады. Мунда шейх аш-шуйух және Ханафи шейхы ретінде бірінші болып Ала ад-дин ас -Сайрами жэне әл -хадис шейхы болған Маулана зада ас-Сайрами қызмет етті. Сонан соң аталмыш шейх Ала ад-дин медресе біткенше эл -Қудыс аш -шарифке [Ие- русалимге] барып келуге султаннан рұқсат сурады. Султан оған руқсат берді. Ол әл-Қудысқа жеткенде, мен де қажылық жасау үшін сонда бардым. Мен [Умар] Шукри, ол шейх туралы естігенмін, бірақ оны көрмеген едім. [Сол себепті] мен онымен кездесуге ынтық болдым. Ұшырасудан соң оның ғылымды жақсы білетін, таңдаулы кісі екеніне көзім жетті. Кездесу кезінде ол маған өзімен бірге Мысырға барып, оның қызметінде болу жайлы ұсыныс жаса- ды. Бірақ олай ету менің жоспарымда жоқ болатын . Қажылық жасаған соң, Отаныма қайтқым келді. Бірақ ол: «Бұлай ету [үл- кен кісілер] үшін керек», - деді. Кейінірек мен Отанымды жэне жақындарымды да қалдыруға шешім қабылдадым. Сөйтіп оны­ мен Египетке аттандым. Біз Қудыста 10 күн болған соң, уза - май Египетке келдік. Ол элгі медресені тауып алды да, сонда жайғасты. Мен басқа жерге орналастым . [һижраның] 788 жылының 1 рамаданында - 1386 жылдың 29 қыркүйегінде ол маған хадим эл-худдам (қызметшілікті) усынды. «Ол жумыс маған лайық емес», —дедім. Ол: «Бул қыз- мет (оған) лайықты кісілер үшін [қажет]», - деді . (Ал) ол қыз- мет жеке мен үшін (лазым). «[Өйткені] Сен менің орынбасарым ___ ___ ___ __ ____ ___ ___ __ ____ ___ ___ __ ____ ___ ___ __ ____ ___ ___ __ ____ ___ д б у Насыр әл-Фараби — Үлы даланъщ дара тцлгасы 261
(наибымсың), медреседе менің атымнан хадиске қатысты бар- лық пэн бойынша сабақ бересің», - деген соң, осы шартқа келістім. Өйткені онымен қызметтестіктен көп пайда көрдім. Шейх қайтыс болғанға дейін міндетімді атқардым. Сонан соң кетейін деп едім, бірақ шеркес әл-Халили уақытша бұрынғы қызметімде қалдырды», - дейді. Бадр ад-дин эл-Айни «Иқд эл-джуманын» [һижраның] 784— 801 жылдар оқиғасымен баяндауды эрі қарай жалғастырған. Иман Умар (Омар) Шукри «790/1388 жылы қайтыс болғандар» деген тарауында: «Біздің шейхымыз әл-Мадраса аз-Захирийа әл-Барқуқияның шейх аш-шуйухы [Из-ад-дин ас-Сайрами] Ала ад-дин Әбу-л Ала Ахмед ибн Мухаммед ас-Сайрами эл-Ханафи қайтыс болды. Ол әл-фиқһ жэне әл-усул бойынша илм эл-мағани уа-л баянның ерекше білгірі болатын. Ол үлы шейхтарды тікелей та- нитын. Герат, Хорезм, Сарай, Қырым, Тебриз, Мысыр қалала- рында пэтуа шығарып, сабақ берді», - дейді. Умар (Омар) Шукри эрі қарай Ала ад-дин ас-Сайрамидің шығыс уәлаяттарынан (Сайрам жақтан) келгенін айта оты- рып, оның біраз уақыт Мардинде тұрғанын, сонан кейін Шамға (Дамаскіге) қоныс аударғанын, одан Халабқа орныққанын, Ха- лабтан оны Султан әл-Малик аз-Захир Әбу Саид Барқуқтың Египетке, сарайлар арасына салынған медресеге шақырып. шейх аш-шуйух қызметіне тағайындағанын, содан ол дүниеден өткенше қызмет еткен деп еске алады. Сондай-ақ Умар (Омар) Шукри оның Каирде [һижраның] 790 жылы жумада эл-аууал айының 3-інде - 1388 жылдың 10 мамырында 70-тен өте қайтыс болғанына тоқталған. Оған жа- наза намазы Каирдегі ан-Наср қақпасының сыртында оқылыпты. Намазды сұлтанның наибы Судун аш-Шайхуни оқыған. Ала ад- дин ас-Сайрами сонымен Қубба ан-Наср жолындағы Йунус ад- Дауадар зиратында жерленген», - деп еске алады. Ол дүниеден өткен соң, оның лауазымын ініеі аш -ш ей\ Сайф ад-дин ас-Сайрами (т.ж.б -қ .б .ж .б .) атқарады. Ол будан Ө б са т т а р к,ажы Д е р б іс ә л і _________________________________________________________________________________________________________________________________ ________ 262
біраз уақыт бұрын Тебризде тұрса керек. (Тебризді) Ақсақ Темір қиратқан соң, ол қаланы талақ тастап, отбасымен Халабқа (Сирияға) келген. «Мен одан «әл-һидайаның» үлкен бөлігін, «эл-Кашшафтың» бас жағын, Сағад ат-Тафтазанидың «Шарх ат-танкихын» «Баб әл-қийас» бөліміне дейін, сондай-ақ оның «Шарх ат-талхисын» тыңдадым. Медреседе мен онымен алғашқы күннен қайтыс болғанға дейін бірге болдым. Бұл хрониканы көшірген - Египетке бауы- ры шейх Бадр ад-дин Махмұдқа келген (катиб) Ахмед ибн Ах­ мед ибн Мұса әл-Айнтаби . Оның орнына бүл лауазымға шейх Сайф ад-дин ас -Сайрами ие болды. Ол оған дейін біраз уақыт Тебризде тұрған еді. Ақсақ Темір (Тимур Ланг) шаһарды қүлатқан соң, ол қаланы тастап , отбасымен Халабқа келді. Енді Махмүд ибн Сүлеймен әл-Кафауидің Сайрамилер жай - лы жазбасына назар аударайық: - Әл-Маула әл -Фадил эл -аллама уа -л ұстаз әл -камил әл- фаһһама шейх әл-ислам Ала ад-дин Әли ас -Сайрами. Иә, ол жайлы деректі Қырымдағы Кафа (Кепе - цазіргі Феодо­ сия) қаласының тумасы Махмүд ибн Сүлеймен әл-Кафауидің (т.ж .б . - 1582/1583) «Катаиб аълам эл-ахйар мин фукаха мэзһаб ан-Нуғман эл -мұхтар» еңбегінен көрдік. Ол Ала ад -дин білім алған деп бірқатар Орта Азияның көрнекті ғалымдарын атаған. Солардың ішінде әуелі ас -Саййд Джалал ад -дин әл- Гурланиді ауызға алады. Гурлани шейх әл -имам Хүсам ад -дин ас-Сығнақиден, ол шейх әл-имам Ала ад -дин Абд әл -Азиз әл- Бұхариден, ол «Кашшафтың» авторынан [Әбу-л Қасым За - махшариден], ал ол шейх әл-кабир Хафиз ад -дин эл -Кабир әл- Бұхари Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Насрдан, ол шейх имам Шамс әл-аимма Мұхаммед ибн Абд ас -Саттар әл -Кердериден, ал «Әл-һидаяның» авторы шейху-л Ислам Бурһан ад -дин (ибн) Әбу Бэкір әл-Фарғаниден дэріс алған . Оның «әл-һидаясынан» имам, ұстаз Ибн эл-Каттани оқыған. Ол туралы ибн эл -һумам «Фатх __________________________________________________________________ д б у Насыр әл-Фараби — Үлы даланын, дара тцлгасы 263
әл-қадир шарх әл-һидаяда» былай деген: «Мен «әл-һидаяны» әл- һидаяның қариы деген атпен белгілі мырзам, шейх әл-имам Си- радж ад-дин Умар (Омар) әл-Каттаниден, ол ұлық шейхтардьщ бірі Ала ад-дин ас-Сайрамиден, ол өзінің шейхы, осы кітаптың түсіндірушісі Саййд ас-Сайрами, сондай-ақ эл-аллама Уаджиһ ад-дин ад-Дили жэне эл-аллама аз-захид эл-кабир Шаме ад- дин әл-Хатиб ад-Дилиден оқыдым. Алла оған рақым етсін, ол [һижраның] 790/1388 жылы қайтыс болды», - дейді. Ал Тақи ад-дин Абд әл-Қадир ат-Тамими ад-Дари эл-Газзи әл-Мисри (т.ж .б . - 1546/1547) Ахмед ибн Мухаммед Ала ад-дин ас-Сайрами туралы: «Ол Отанында [Сайрамда] білім алды, сон- да фиқһ, методология, эл-мағани, эл-байан бойынша бір топ ғалымнан кемеліне келгенше тағылым алды. Ол бірнеше қалада дэріс берді: Мардинге келіп, сонда біраз күн кешті. Сонан соң Халабқа барып, сонда түрды. Аз-Захир Баркүқ [екі] сарай арасы- на медресесін салған кезде, оны өзіне шақырды. Ол [һижраның] 788/1386-1387 жылы [Каирге] келді де, сонда софы шейхы, Ханафи мұдаррисі болып тағайындалды. Бүл [һижраның] сол жылы раджаб айының 12-сінде - 1386 жылдың 9 тамызында болған еді. Сонда ол өзінің Жаратушысының: «Айт, О Алла патшалық иесі» деген сөзін айтты. Сонан соң «әл-һидайа» жэне өзге де кітаптар бойынша фиқһ пен методологиядан сабақ берді. Ибн Хаджар (әл-Асқалани, 1372-1449): «Біздің шейхымыз Изз ад-дин ибн Джамал оны суреттеу бойынша түсініктілігі мен кемелділігі үшін көтермелеп, жоғары бағалады. Ол одан өзге кітаптардан таба алмаған жайттарды тапқанын айтты», - деген. «Ол эрқашан діндар, Қүдайдан қорқатын, көпшіл, кішіпейіл, өзіне-өзі риза емес, Жаратушының алдында өзін пақыр сана- ғаны сонша - тіпті астмамен ауырып қалды. Сол аурудан ол [һижраның] 745 жылы жүмада, эл-ула айының 3-інде - 1393 жылдың 17 наурызында дүние салды. Алла оган рақым етсін», - деп жазған. - Ала ад-дин (Ахмед ибн Мухаммед) ас-Сайрами әл- Ханафи туралы «Зайл әл-жауаһир эл-мудийасында» ибн Тулун Ә б са т т а р к,ажы Д е р б іс ә л і __________________________________________________________________________________________________________________________________________ 264
_____ - _ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ __ Әбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланъщдара тцлгасы (т.ж .б -1546) да жазған. Ол: «Ахмад ибн Мухаммед ас-Сайрами әл-Ханафи , Ала ад -дин Сарай, Қырым, Хорезм, Герат, Тебриз, Каирде жэне басқа да қалаларда пэтуа шығарды. Ол жэне інісі Сайф ад-дин ас -Сайрами Сайрам қаласында туған», - дейді. Ахмед ибн Мухаммед ас-Сайрами (т./қ.б .ж .б .) I Ала ад-дин (Эли ибн Ахмед ибн Мухаммед ас-Сайрами әл Ханафи (т.ж .б .- 1388/1393) _____________ і ___________ *Низам ад-дин Иахия ибн аш-Шейх Сайф ад -дин (Йусуф (Жүсіп) ибн Мухаммед ибн Иса) ас-Сайрами (т.ж .б .- 1 430) ^ I Адуд ад-дин Абд ар -Рахман ибн Иахия ибн Сайф ад-дин ас-Сайрами (1314-1475/1476) Сайф ад-дин ас -Сайрами (т./қ.б .ж .б .) *Ортағасырлық тарихшылар Низам ад-динді бірде Ала ад -диннің, енді бірде оның інісі Сайф ад-диннің баласы деп көрсеткен - Ә.Д . 2. Низам [ад-дин] ас-Сайрами (т.ж .б -1430) жайлы деректі ортағасырлық оқымысты Зайн ад-дин Әбу-л Фадл әл -Қасым ибн Қүтлүбұға ас-Судуни эл -Джамали әл -Мисри әл -Ханафидің (1399-1474) атақты «Тадж ат-тараджим» атты еңбегінен 265
кездестірдік. Фиқһ бойынша дәріс алған ұстаздарының бірі ре- тінде ол Низам [ад-дин] ас-Сайрамиді атаған. Низам [ад-дин] ас- Сайрамиден ибн Құтлұбұга ортағасырлық үлкен ғалым Бурһан ад-дин әл-Марғинанидің (т.ж .б .- 1 197) «Китаб эл-һидайа» атты еңбегінің бір бөлігін жэне ат-Тафтазанидің (т.ж .б . - 1390) «эл- Мутаууал» атты шығармасын тындапты. - Бадр ад-дин эл-Айни «Иқд эл-джуманда» «Низам [ад- дин] Йахия ибн аш-шейх Сайф ад-дин (Йусуф (Жүсіп) ибн Мухаммед ибн Иса) ас-Сайрами Каирдегі әл-Мадраса әл-Барқуқияның шейхы болған. Ол жүмада ас-сани айының 17-сінде (1430 жылдың 13 наурызында) қайтыс болды. Оның жаназа намазы [Каирдегі] ан-Наср қақпасы маңында оқылды. Ол Каирге әкесімен бірге келген еді. Ал оны әкесі Ала ад-дин ас-Сайрамимен бірге султан Барқуқ шақырған. Ол кезде жас бо- латын. [һижраның] 810 жылының раби эл-аууал айында (1407 жылдың тамыз-қыркүйегінде) әкесі қайтыс болтан соң, оның орнына медресеге [басшы] болып тағайындалды. Ол дүниеден өткен соң, біліміне қарап емес, аш-шауқа (кейбір кісілердің қалауы) бойынша, орнына баласы Адуд ад-дин Абд ар-Рахман тағайындалды», - деп жазған. - Абд ар-Раззақ Қармұт былай дейді: «Медресе әл-Барқу- қияның шейхы Низам ад-дин Йахия ибн аш-шейх Сайф ад- дин (Йусуф (Жүсіп) ибн Мухаммед ибн Иса) ас-Сайрами [һижраның] 833-1429/1430 жылы қайтыс болды. Жумада ас-сани айының 17-сінде сейсенбіде - 1430 жылдың 13 наурызында ол дүниеден өткеннен кейін [Каир] сыртындағы ан-Наср қақпасы маңында жаназа намазы оқылды. Каирге ол әкесі Ала ад-дин ас- Сайрамимен бірге келген. Әкесін Султан Барқуқ өз медресесіне шақырған болатын. Ол онда жас еді. [һижраның] 810 жылының раби эл-аууалында - 1407 жылдың тамыз-қыркүйегінде әкесі қайтыс болды. Әкесінің орнына ол тағайындалды. Низам ад-дин қайтыс болтан соң, оның орнына баласы Адуд ад-дин Абд ар- Рахман ие болды. Бүл оның білімінің емес, соны қалаушылар арқасында болтан еді. Ә б са т т а р к,ажы Д е р б і с ә л і __________________________________________________________________________________________________ ________________________________ ______ 266
д б у Насыр әл-Фараби — Үлы даланыцдара тцліасы 3. Абд ар -Рахман ибн Йахия ибн [Низам ад-дин] Йусуф (Жүсіп) ибн Мухаммед ибн Иса шейх аш-шуйух Адуд ад-дин ибн шейх аш-шуйух әл -аллама Сайф ад-дин ас -Сайрами әл- Ханафи (1314-1475/1476). Ол жайлы деректі Таки ад-дин эл-Газзи ат-Тамимидің «Ат- Табақат ас-санийа фи тараджим әл -ханафийа» атты еңбегінен оқимыз. Ол Абд ар -Рахман жайлы деректе әуелі оның қайтыс болған мерзімі деп һижраның 880/1475-1476 жылын көрсеткен. Бұл мерзімді ол Джалал ад-дин ас -Суйутидің (1445-1505) «Ағйан эл-аъйан» деген шығармасынан кездестірген. Сондай-ақ Абд ар -Рахман туралы мағлұмат Ибн Тулунның (т.ж .б -1546) «эл-Гураф эл -алайа фи тараджим мута ’аххири әл-ханафийасында» да бар. Ибн Тулун Абд ар -Рахманды «һижраның 713 жылы шаууал айынын, басында, 1314 жылдьщ қаңтарында туған» дейді де, фиқһ бойынша экесі эл-аллама Эбу-л Аббас Таки ад -дин Ахмед аш -Шумунниден (1399-1468) дәріс алды. Қасиетті Құранды жаттап алды. Тылыммен айна - лысып, әкесі дүние салған соң, жоғарыда аталған шейхтардан оқыды. Медреседе жүріп сабақтарға деген құштарлыгы оянды, фиқһ, методология, араб тіліндегі пәндер, эл-мағани, эл-байан бойынша кемелділікке жетті. Зеректігі, таланттылығы, керемет жады, ептілігі, ақылы, көңілділігінің арқасында ол көптеген ғылым іздеушіге (студенттерге) пайда келтірді. Ол діншіл де тақуа, Құдайдан қорқатын, өте керек кезде болмаса , билік ба- сындағылармен сирек кездесті. Ол ханафит ғылымдар арасында атақтылардың бірі еді. Жылдар бойы пэтуа берді, одан көптеген ұлы ғұлама дэріс алды. Жоғарыда көрсетілген мерзімде кенет - тен қайтыс болды», - деп жазады. 267
дбсаттар к,ажыДербісәлі iV** ^Ц/ЦV±p\ *by*}j ІУ-Ъ Jwaiij -У У*-3 -f,'-irtr'->'j-*^^-*^Зг?J**9£"--*®L»->7' LfjjS1,Ді<u l/^g^lliUJUiO'0У l^Ju*U iVjji^^ric-Jxypy^s»‘«31 * V'^vl>VrJ4?£г*' ®**3^~ггУ - П‘У^У‘'- i^-K OfA^bJiJj-Л £^5b^eiJS&?& 8j* *rj •**ir-*?gbK3u&$',)»VfЧі^ |Ч"->^*'|^5 ^*'w^kMjr%W sJ^pw* ;<»“_ f;^^'j^-1£/"Д,^ V^-*-4гJ 6іл-уі JIm^ut^'^*JJ*кi>Ь^'^3-‘ - *>‘^г-з!г'^— J‘Jе^;-г Аг^’А5*Цл>'fjy>bgyir-]j *^'4'*-f - j^> j^d!0^4s>Uie^>4*и-л’^ц-^'bjy^y-jУ .>>jiiX ‘'*5i*6 СоЗ’>Ji«-tr-}'+tj£jiyA*») '-> уUi^'oUliM'24 ''— l^JjJ '52^' ^l^','v4^oV*4^^4i-*'1j J-r'j-6*c*'^ *bS *A> tr y j5*»Wji^fJ/isj> njjj-ьуі';jiii>j«i! i>'*^ ■Оі ^ ' Ai- s* e<t^ •i^iilr^oj ii't Ц; ■-i;ui*J-»^r■»ifQ>5W* vr wiifer-Vr-’ - ^>-r^^Jl^u £$"di'^4J&$! ’ ^У-ХУ -’ -V>0'.Jji^lj,*^ ^rv1'*''*Ь ->л !о' tiS^,' ііі^ЪгД'\&r*S~tLi-i'M Vbtf& bjfJ'J tjfyj?Jj* - '£»»r:- <£ S*ui*ijJ*M>+JS>-* ~ i * f_r.\ 'yt-»'^ »'->j^J ofj <{.-»'*>jrUo-'^ i-V '-'— — -,*"- - rv'fV. _ ^-л^у'ш ^У-jy -^>j £А>\іУу*<>>**rjzH?* :. £ -^ -- . _ _1' ><^r/-,-'*''<i''"; 1 ~"У’^ :> JLilу*>J*У^Уу 'У '*^'І^.- Г'/^ j J0t-*i^ •_ r •rjr' .' ,мМГ'~. ^ur ' A^s&^ji^^vor-p * •; ..• .,. bbKHCFZlHfivIfc1A'* W^y-*>’>'тО 'і ‘^ ? w Эскуриал (Испания) кітапханасындағы Йахия бин Йусуф (Жүсіп) ас-Сайрамидің трактаты . Ол туралы: Абсаттар Дербисали. Низам ад -дин ас-Сайрами и его творчество // Простор (Литературно-художественный ежемесячный журнал). - Алматы, 2017. - No 8. - Стр. 112 -156. 4. Маулана зада ас-Сайрами жайлы деректер жоқтың касы. Ол туралы Бадр ад-дин әл -Айнидің «Иқд эл-джуманында» ғана бірер жол бар. Онда Бадр ад -дин эл -Айни Маулана зада ас-Сайрамиді (XIV) тек атап қана кеткен. Кейбір деректерге қарағанда, ол хадис саласының білгірі болған. Сайрамилер жай­ лы деректерді шығыстанушы, тарихшы, профессор Әшірбек Момынов еңбектерінен көруге болады [История Казахстана в арабских источниках. III том. - Алматы, 2006. - 126-132, 145. 165-168, 179-187 6.] . Ала ад-дин ас -Сайрами, [Низам ад-дин] Йахия ибн Йусуф (Жүсіп) ас-Сайрами жэне Адуд ад -дин ас -Сайрами де ислами эдебиеттерде аталады. Мысалы, Ала ад -дин Садуд ад -дин Ма - суд бин Умар (Омар) бин Абдулла эл-Хапафи ат -Тафтазанидіц 268
(1322-1390) шәкірттерінің бірі болса, [Низам ад-дин] Йа- хия бин Йусуфтан (Жүсіптен) Әбу-л Аббас Таки ад -дин Ах- мед бин Мухаммед бин Мухаммед Хасан бин Эли бин Иахия әл-Құстантини аш -Шумуни эл -Қаһири эл -Мисри (1399-1468) ілім алган, Адуд ад -дин ас -Сайрами Эбу -л Йуср Бадр ад -дин Мухаммед бин Мухаммед бин Мухаммед бин Халил (эл-Гарс) әл-Қаһири эл -Мисриден (1429-1489) тағылым уйренген. Бадр ад-дин эл -Айни, Тақи ад -дин Абд эл -Қадыр эл -Мысри, Ибн Тулун, Ибн Қутлұбуға, Махмуд ибн Сулеймен эл-Кафауи секілді араб пен түріктердің білгір де білікті, көрнекті тарихшы, шежірешілері қазақ елінің ежелгі қаласы Сайрамнан шыққан Сайрамилер мен олардың улдарын да жоғары бағалап, ерекше сипаттап еске алуы тектен-тек емес . Бадр ад-дин Ала ад -дин Сайрамиді Мысыр султаны Бар- қуқтың өзі салған медресесінің шайхылар шайхы, мударрис ету- ге басқа емес, тек соларды таңдауы, оларды фиқһ пен усул жэне пэтуа һэм өзге де ғылым түрлері бойынша үздік деп тануы көп жайдан хабар береді. Тіпті Ала ад -дин қайтыс болғанда оның жаназасын султан орынбасарының оқуы ше? Ала ад-дин қайтыс болған соң, оның орнына інісі Сайф ад-диннің тағайындалуы да жайдан-жай емес, яғни Ала ад -диннің інісі де ілім -білімі жағынан ағасынан кем болмаған. Сайф ад -дин атақты Әбу -л Қасым аз- Замахшари, Сағад ат -Тафтазани секілді ұлағатты ілімгерлердің шығармаларын басқалардан гөрі жақсы білген. Араб қаламгерлері ортаазиялық тарихшы, ірі ғалымдар: Джалал ад-дин Гурлани, Сыр бойының шынары Хусам ад- дин Сығнақи, бұхаралық Хафиз ад-дин әл -Бұхари , «имамдар шамшырағы» деп танылған Мухаммед Абд ас-Саттар әл- Кердери жэне т.б. атай отырып , осы тізімнің бас жағына Ала ад-дин ас -Сайрамиді бостан -босқа қоймаған . Сайрами бабаларымыздың ізбасарлары: Низам ад-дин ас - Сайрами мен оның баласы Абд ар-Рахман (Адуд ад-дин) ас- Сайрамилер де ата, әкелеріне тартып, білімді, парасатты аза- маттар болған. ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ _ Әбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланьщдара тцлгасы 269
Ала ад-дин ас -Сайрами жайлы айтқанда, арабтың аталмыш тарихшылары оған әл-алим (ғалым), әл-аллама (даңқты ғалым), мүдаррис әл-ханафийа (ханафи мәзһабының ұстазы), шейх әл- хадис (хадистің шейхы [білгірі], эл-байан (сипаттау), әл-фикһ (мұсылман заңы), эл-усул (ғылым негізі) деген эпитеттер беріп, құрметпен атауы олардың сондай құрметке лайық болуынан деп ойлаймыз. Осыған қарап қазақ жері қалаларының моңғол шапкыншы- лығынан соң XIV-XV ғасырларда да өз маңызын жоғалтпаған деуге болады. Осындай бабалармен бүгінгі тәуелсіз Казах­ стан ның үландары мақтануы керек. Сайрамилер демекші, орта ғасырларда мэмлүктер және ислам білім, ғылымы, мәдениетінің орталығы болтан Каир- ге 2000-2013 жылдары халықаралық діни конференцияларға барған сайын жиын арасында атақты эл-Азһар университеті маңындағы ескі махаллаларды аралап, кезінде Бейбарыс баба- мыз (1217-1277) салдырған мешіт пен медресені, ханакаларды көріп, бабалар ізімен талай жүрдім. 20 млн-дай халқы бар Каирдің бір ауданы қазір сүлтан ағзам аз-Заһир Бейбарыс атамыздың атымен аталады. Бейбарыс медресесін XIII-XIV ғасырларда тараздық үлкен талым һибатулла ат-Тарази (1272-1233) басқартаны белгілі. Сөйтсек Тарази, Түркістани, Иқани , әл -Фарабилерден басқа, мүнда Сайрами атты бабаларымыз да түртан екен және олардың бэрі де халық пен биліктің үлкен қүрметіне бөленген. Каирге Әбу Насыр эл-Фараби де ат ізін салган деген дерек - тер бар. Сайрамилердің жаназа намаздарының Наср қақпасы маңын- да оқылгандытын айттым. Наср қақпасы қазір де бар. Ол кез- дері қақпа Каирдің солтүстік шеті болса керек. Қазір қақпаның ту сыртынан даңгыл жол өтуде. Оның арты беті үлкен зират. һибатулла бабаның сол зиратта жерленгенін білген соң, оны сол жақтан іздегенмін. Сөйтсек, онда Сайрами бабалар да жерлен- ген екен. Әбсат тар к,ажы Д гр б іс ә л і ______________________________________________________ __________________________________________________ ________________________________ 270
Жалпы, орта ғасырларда Египет пен Шам жұртында өмір сүріп, онда ізгілікті із қалдырған қазақ жерінің перзенттері аз емес. Бейбарыс баба мешітінен онша қашық емес эл-Худайри кө- шесіндегі ас-Сұрғатмишия медресесіне бір кездері Түркістан маңындағы Иқан селосының тумасы Қауам ад-дин әл -Итқани (Иқани) эл-Фараби ат -Түркістани (1286-1357) де басшылық ет- кен. Сөйтіп, Египет пен Шам елі жэне Багдад пен Басра шаһар- ларын да ежелгі мэдениет ошақтары десек, ол мэдениетте біздің Сайрами, Тарази (1272-1333), эл-Фараби (870-950), Түркістани, Сығнақи (1240-1317), Женди бабаларымыздың да қосқан мол үлесі бар. Сонымен Испаниядан табылған бабалар мұрасымен таныс- тыру үшін Мадридтегі елшілігіміздің бірінші хатшысын ша- қырдым. Ол аталған шығармаларды көзімен көріп, қолымен ұстады. Кітапхана директорынан маған олардың көшірмесін жасап беруді өтінді. Ал Эскуриал жэне Мадридтің үлттық кітапханасында да Әбу Насыр әл-Фарабидің «Музыканың үлкен кітабы» атты бел- гілі еңбегі жэне отырарлық тағы бір оқымысты эл-Жауһари әл- Фарабидің (Әбу Насыр Исмаил бин Хаммад, т .ж .б -1003) «Ас- Сихах» («Тадж эл-луға уа сихах эл -арабийа») атты араб тілінің мәселесіне арналған еңбегінің қолжазбаларын көрдім. Бүл екеуінің аталмыш дүниелерін 2013 жылы Стамбулдағы Сүлеймания кітапханасынан алып келіп, олардың менде кітаби нұсқасы болғандықтан, көшірмесін жасатуды қажет етпедім. Есесіне Мадридтегі ұлттық кітапханадан Нидерланды аста- насы Амстердамда 1966 жылы жарияланған неміс шығыс- танушысы-арабист, библиограф Морис Штейншнейдердің (1816-1907) «Әл-Фараби» атты монографиясының көшірмесін түсіртіп алдым (Moritz Steinschneider, Al-Farabi '(Alpharabius) des Arabischen Philosophen Leben und Schriften. - Amsterdam, 1966). ___ ___ ___ __ ____ ___ ___ __ ____ ___ ___ __ ___ ____ ___ __ ___ ____ ___ __ ___ ____ Әбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланьщ дара ттщлгасы 271
М. Штейншнейдер ортағасырлық Джамал ад-дин әл-Қифти мен Ибн Әби Усайбиғаға сүйене отырып, Әбу Насырдың 103 трактатының атын атаған. Сондықтан да ол құнды. Шынында да, Испанияның Андалусия өлкесінде ислам өрке- ниетінің үлкен ізі қалған. Ол жерде ислам мәдениетіне қызы- ғушылық пен құштарлық биік деңгейде еді. Ол жайлы акаде­ мик И.Ю . Крачковский (1883-1950): «Арабтардың Испанияны жаулап алуының нәтижесінде араб тілі осы елдің дәулеттілер ортасының әдеби тіліне айналды. Бұл ретте айта кетер жайт - Испанияны арабтар алғанға дейін дүнияуи әдебиет онда болған жоқ. Қолданыстағы латын тіліндегі кітаптар тек діни сарында ғана еді. Сауаттылық діни ортаға ғана тиесілі-тін. Сол себепті де арабтардың жаулап алуынан кейін 100 жыл өткенде, IX ғасырда Кордова қаласының епископы былай деп жазды: «Менің дін- дестерімнің көпшілігі арабтардың өлеңдері мен ертегілерін оларды жоққа шығару үшін емес, керісінше, осы тілде дүрыс та шебер сөйлеу үшін зерделейді. Латын тілінде оқып, қасиетті жазбаларға түсіндірме жасай алатын бірер адамды табудың өзі қиын болып барады. Олардың арасында «Інжілді», елшілер мен сахабаларды оқитындар бар ма? Өкінішке орай, христиан жастарының ішінде таланттылығымен көрінгендер тек араб- тардың тілі мен әдебиетін ғана біледі, араб тіліндегі кітаптарға қызыға қарап зерделегені, өз тілдерін үмытқаны сонша - латын тілінде аз-мүздап досына хат жаза алатындардың жүзден біреуі табылар ма екен?! Керісінше араб тілінде жоғары деңгейде сөйлей алатындар мен осы тілде әдемі өлең жаза алатын- дар арабтардың өздерінен де көп», - деп күйіне айтқанын келтіреді. Арабтар Испанияға үлкен өркениет, мәдениет әкелген, ке- зінде испандықтар ислам мэдениетіне қатты қызыққан. Араб­ тар Андалусияға қалалар, қамалдар, ғажайып ғимараттар са- лып, елді көркейтті, сонымен қатар көптеген жазба дүние қалдырды. Өкінішке орай, испандықтар Андалусияны (Гранада- ны) арабтардан тартып алған соң (1492), араб тіліндегі 20 мың Ә б са т т а р к,ажы Д е р б і с ә л і _________________________________________________________________________________________________________________________________________ 272
қолжазбаны өртеді деген де жазба дерек бар. Оны испандық оқымыстылардың өздері де жасырмайды. Эскуриал кітапханасынан «Ислам энциклопедиясының» соңғы басылымын да көрдім. Оның толықтырылған жаңа нұс- қасын шығару 1977 жылы басталып, 2007 жылы аяқталыпты. Барлығы - 12 том. Кейбір томдар 1000 беттен асады. «Ислам энциклопедиясы» Нидерландының Лейден - Бриль қаласында эрбір 30 жыл сайын ағылшын, неміс, француз тілдерінде шығып тұрады. Ескірді деп есептелген мақалалар жаңа зерттеулермен толықтырылады. Оған автор ретінде белгілі ғалымдар ғана тар- тылады және басуға ұсынылар дүниелер тың материалдарға сүйеніп жазылуы талап етіледі. Тексеріс, сүзгіден өтпеген ма- қалалар кітапқа кіргізілмейді. Энциклопедияның бүрынғы ба- сылымдарында Қазақстанға жеке мақала берілмейтін. Бүл жолы тэуелсіз жүртымызға жеке мақала арналыпты. Авторы - жапон тарихшысы Уяма Томокихо. «Ислам энциклопедиясындағы» бізді қызықтырғаны Фараб және Отырардан шыққан ғалымдарға арналған материалдар еді. Энциклопедияда Отырарға (авторы W. Bazthold [В. Spaler]) жэне одан шыққан Эбу Насыр Мухаммед эл-Фарабиге (R. Walzer), Әбу Насыр Исмаил бин Хаммад эл-Фарабиге (L. Kopf), Әбу Ибраһим Исхақ бин Ибраһим эл-Фарабиге (Н. Fleisgh) жэне жетісулық Жамал Қаршиге (Р. Jaokson), қалалардан Тараз (G.E. Bosworth), Женд (G.E. Bosworth) секілді шаһарларға да жеке-жеке құнды әрі тың материалдар пайдаланылып жазылган мақалалар беріліпті. Айта кетер жайт, «Ислам энциклопедиясы» кез келген ел кітапханасында бола бермейді. Оны алу үшін қомақты шетел валютасы қажет. Испаниядан Әбу Насыр әл-Фарабидің төмендегі 10 трак­ таты, екі Сайрамидің шығармалары мен аталмыш М. Штейн- шнейдердің (1816-1907) де неміс тіліндегі «Әл-Фараби» атты зерттеуін елге жеткіздім: 1. Китаб тағлиқ Исагуджи ала фурфуриус. 2. Ард Әби Наср фи китаб Барирминийас. ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ __ ____ ___ ___ __ ____ ___ ___ __ ____ ___ ___ __ ____ ___ дбу Насыр әл-Фараби —Үлы даланыцдара тцлгасы 273
3. Китаб эл -ибда. 4. Китаб Әби Наср фи -л қийас. 5. Калам ала аууал китаб әл -бурһан ли Әби Бэкір бин Иахиа . 6. Қаул Әби Бэкір Мухаммед бин Йахия Китаб әл -Бурһан . 7. Шарх Садр эл -мақала эл -аууал бин китаб Иқлидис ли -Әбу Наср Мухаммед бин Мухаммед әл-Фараби . 8. Шарх әл -мақалла әл -халлис минһу ли -Әби Наср айдан . 9. Китаб эл-мақулат. 10. [Низам ад-дин] Иахия бин Иусуф [Сайф ад-дин әл -Мисри эл-Ханафи] ас-Сайрами . Китаб Хашия әл -Мутаууал ли -шейх . 11. Ала ад -дин ас -Сайрами . Ас -Саккакидің «Мифтах эл- улумына түсіндірме». 12. M oritz Steinschneidez. Al-Farabi (Alpharabius) des Arabischen Philosophen Leben und Schriftin. - Amsterdam, 1996. - 268p. Әбсат тар к,ажы Д е р б іс әл і _________________________________________ ________________________________________________________________________________________________ Әбу Насыр эл-Фараби трактаттарының бір беті. Испания, Лскуриал кігапханасы 274
Ал Испанияның үлттық кітапханасындағы 627 қолжазба атақты Әбу Әли ибн Сина (980-1037) (поэзиясына) қатысты боп шықты. Сол жылдардағы іссапардың нәтижелі болуына көрсеткен көмегі үшін Қазақстанның Мароккодағы төтенше жэне өкілетті елшісі Берік Сақбайүлы Арынов пен еліміздің Испаниядағы төтенше жэне өкілетті елшісі Бақыт Амангелдіұлы Дүйсенбаев мырзаларға ризашылық білдіремін. Қазақ жері рухани, мәдени жазба және материалдық мұра- ларға бай болған. Орта ғасырларда еліміздің әсіресе оңтүстігін- де Баласағүн, Тараз, Шелжі, Жікіл, Исфиджаб - әл -Байда - Сай­ рам, Манкент, Отырар , Сүткент, Түркістан, Баладж, Сауран, Сығнақ, Қыпшақ, Аркөк, Асанас, Женд секілді үлкенді-кішілі шаһарлары, қорғандар мен қамалдары болды. Олар барын- ша мэдени, ғылыми орталық қызметін де атқарды. Онда та - лай ойшылдар, кемеңгерлер, даналар, ғалымдар түрып, қүнды шығармалар жазды. Өкінішке орай, түрлі жылдар мен ғасырлар, кезеңдерде ол дүниелер жан-жаққа шашырап кетті немесе жоғалды. Мен тауып әкелген, көрсеткен жазба дүниелер - солардың қа- ламынан туған, солардан қалған немесе солар жайлы жазылған еңбектер. Олар орыс, қазақ тілдеріне аударылып, зерттелсе , үлтымыз- дың шынайы тарихын байытуға байланысты жазылар, зертте- лер жобаларға көмегі тиері сөзсіз. Сол үшін оларды ғылыми ай- налымға кіргізе беру қажет. Сондай -ақ мүндай дүниелер: - Қазақстанның ортағасырлық кезеңдеріндегі тарихын жаңа материалдармен байытады. - Жоғары жэне арнаулы орта білім оқушыларына арналған оқулықтар мен оку қүралдарына Қазақстанның осындай орта- ғасырлық ғүламалары мен олардың еңбектерін кіргізе беру ла- зым. - Даланың ортағасырлық ғүламалары мен ойшылдарының шығармаларынан антология қүрастыру керек. _______________________________________________________ _ _ д б у Насыр әл-Фараби — Үлы даланын, дара тцлгасы 275
- Олардың шығармаларын насихаттау және зерттеу- ге арналған халықаралық ғылыми-теориялык жэне ғылыми- практикалық конференциялар өткізу кажет. - Магистрлер мен PhD докторларына үміткерлер жазатын ғылыми жұмыстар мен диссертацияларға олардың өмірі мен шығармашылығына арналған такырыптар ұсыну керек. Ә б са т т а р к,ажы Д е р б і с ә л і ______________________________________________________________________________________________________________ ___________________________ Эскуриал кітапханасының директоры Хосе Луис мырзамен. Испания, Эскуриал 276
ОТЫРАР ӨЛКЕСІНІҢ ОЙШЫЛЫ Әр жылдары жарық көрген «Қазақ тарихына» қарасақ, баяғы жартас - бір жартас . Онда Махмұд Қашғари, Жүсіп Баласағұни, Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауиден басқа ешкім де аталмайды. Олар жайлы мағлұматтардың өзі қысқаша ғана . Соңғы 20-30 жыл беделінде мен қазақ даласынан шыққан 200- ден астам ғалымдар мен руханият қайраткерлері, даналар мен ойшылдарды таптым. Даланың дана перзенттерінің аты-жөні қала, қыстақ, түрлі мекен атауына байланыстырылып әдетте түркістанилер (шау- ғарилер, йасауилер), исфиджаби -байдауи -сайрамилер, сығнақи- лер, иқанилер, аркөкилер, сауранилер, жендилер , таразилер, мерки, қүланилер, баласағұнилер деп аталса, ал ру-тайпаға қатыстылар дулатилер, қыпшақилер, найманилер, кердерилер, қоңыратлилер, адайи болып келеді. X -X V I ғасырларда ғұмыр кешкен Тараздан шыққан 60-тан астам таразилерді де ғылыми айналымға енгіздім. Олар жай­ лы бұрын сөз етілмеген, жазылмаған, пайдаланылмаған , түрлі қолжазбалардағы тың деректерді пайдаланып, 360 беттік мо­ нография жазып біттім. Бұл - жаңа да тың дүние. Оны 2019 жылы Жамбыл облысының 80 жылдығына арнап едім. Ол жай­ лы облыс басшыларына да айтқанмын. Бірақ қызығушылық болмады. Бұл күндері мен тапқан отырарлық ғалымдардың саны отыз- ға жетті. Бұрын жұрт тек Әбу Насыр әл -Фарабиді (870-950) ғана білетін. Түрлі кездесу, сүхбаттарда халық менен Әбу На- сырдай данышпанды дүниеге әкелген Отырардан басқа ешкім шықпаған ба деп сүрап жатады. Әл -Фараби атындағы Қазақ үлттық университетінде, одан кейінгі жылдары дипломатиялық жэне діни қызметтерде болғанда мұсылман шығысы ғана емес, сондай-ақ талай Еуропа жүрттарында да болдым . Кітапханала - рын араладым. Олардың қорларымен танысудың сәті түсті . _ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ д б у Насыр әл-Фараби —Үлы даланыц дара тцлгасы 277
Тарихымыз, мәдениетімізге тікелей қатысы бар ондай асыл дүниелердің кейбірінің көшірмелерін елге алып та келдім. Отырар маңында бірнеше қамал мен бекініс болған. Со- лардың бірі - Сырдария бойындағы Зернүк (қамалы). Арабтар оны «Зарнудж» (Зернудж) деп жазған. Енді содан шыккан бір ойшыл туралы жаңа да тың деректерге оқырман назарын ауда- райын. Зернүк [Зарнудж, Зернудж], Зернуджи . «Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамада» (Алматы, 2010) Сыр бойындағы Зарнудж қаласы (камалы) жайлы: «Зернүк (Зарнудж, Зернудж), Оксус, Уасидж - Қазақстанда I—I V гасырлар аралыгында дол­ ган қала немесе қамал, яки қорган. Онда ұлы галым Әбу На- сыр әл-Фараби (870-950) дүниеге келген. Оның қираган орны - Түркістан облысы Қызылқүм ауданындагы Маякүм ауылынан солтүстікке қарай 5 ишқырым жерде. Қала ерте гасырларда алгашцыда «Уасыдж» деп аталган. Ал гылыми әдебиеттерде Оксус ретінде белгілі. X III гасырдан бастап «Зернүк» де­ ген атқа ие болды. Қаланың атауы алгаш рет армян патша - сы Гетумның XIII гасыр ортасында Қарақорымдагы Мөңке хан сарайына келген елшілігі туралы цолжазбаларында хатка түскен. Әбу Абдаллаһ Мухаммед бин Ахмед бин Йусуф (Жүсіп) әл-Хорезмы (т.ж .6 . - 9 97) жазбаларына қараганда. «Зернүк» - сол замангы су көтеретін шыгырлардың бір атауы. Қала ор- нында жүргізілген зерттеулер мүнда дамыган шыгырлы егін- шілік жүнесінің, бірнеше шыгыр шүңқырдың болганын анық- тады. Осыган қараганда Мухаммед бин Ахмед бин Йусуф (Жүсіп) әл-Хорезми пікірі талас тудырмайды . Қала мен оның айналасындагы кіиіігірім қоныстар суды 7 шакырым жердегі Ақарық арнасынан алган. Қазір қала орны бес бүрышты төбс түрінде сақталган. Қала орнын 1900 жылы Н.В. Руднев. 1947 жылы А.Н. Бернштам зерттеген, 1975 жылы Оцтүстік Қазақстан археологиялық эксиедициясы (жетекшілері: К. Ақы - шев пен К. Байпақов) қазба жұмыеын жалгастырды» [303 б.] . деп жазылған. Әбсат тар к^ажыДербісәлі ____________________________________________________________________________________________________________ _____________________________ 278
Әйтсе де Ақсақ Темір (1336-1405) туралы жазбаларда Зер- нук, Зернудждің Сырдарияның (Сейхунның) батысы емес, шы- ғыс жағалауында екендігі айтылады. Онда «Ацсац Темір Сейхун өзенінен, мұз үстімен өткеннен кейін Зернүкте аялдады, сонан соң (қала әкімі) Бердібектің үйіне келді». Сондай -ақ «Зернүк - Сырдарияның төменгі агысының солтүстік жагалауындагы қамал» деген де мәліметтер берілген [Амир Темир в мировой истории. - Ташкент, 200-, 228-, 251-6.] . Сырдария мен Отырар арасындағы бірнеше төбенің бірін жергілікті жұрт «Алтынтөбе» деп атайды. Тарихшы, археолог- ғалымдар сол Алтынтөбені Зернүк (Зернудж) деп санайды. Осы Зернүк, Зернудж ғалымдардың да Отаны болған. Одан шыққан Зернуджи ныспылы ойшыл бар. Оның аты-жөні - Нүғман ибн Ибраһим ибн Халил Тадж ад-дин аз -Зернуджи . Базбір дерек- терде оның ныспысы Бурһан әл-Ислам Бурһан ад -дин (Бурһан әл-Ислам атымен көбірек мәлім - Ә. Д .) делінген. Тағы бір жаз­ баларда Имам ан-Нүғман бин Ибраһим бин Халил (Тадж ад- дин) аз-Зернуджидің XII ғасырда дүниеге келіп, 1196/97 неме- се 1206 жылы бақилық болтаны айтылады. Алғашқы білімді ол Отырарда алған. Кейінірек «әл-һидаяның » авторы ортаазиялық көрнекті талым Әбу-л Хасан Бурһан ад -дин Әли бин Әбу Бэкір бин Абд әл-Жалил эл -Фаргани әл -Маргинани ар -Риштаниден (1123-1197) тагылым алып, кейін өзі де «Таглим әл-мутагаллим ли-таталлум тариқ әл -илм» атты шыгарма жазган. «Бүл кітап жеңіл тілді, өте пайдалы, көлемі жагынан шагын, түсінуге оңай. Алла тагаланың арцасында оны біз паіідаландъщ, одан әртүрлі мәселелерге байланысты дәйектемелер келтірдік», - деп жазады ортатасырлық оқымысты Махмуд ибн Сүлеймен эл-Кафауи (т.ж .6 . - 1583). Дәл осы жолдарды үнді талымы Абд эл-Хайй әл -Лакнауидің (1848-1886) «әл-Фауаһид әл -баһийа фи тараджим әл-ханафийа» атты кітабынан (Бейрут, 1998. - 93 б.) да оқыдым. «Толық аты-жөні мен өмірі туралы мәліметтер өте аз. Ол негізінен Бурһан ад-дин немесе Бурһан әл -Ислам деген лақап ___ ___ ___ __ ____ ___ ___ __ ___ ____ ___ __ ___ ____ ___ __ ___ ____ ___ __ ___ ____ Әбу Насыр әл-Фараби — Үлы даланъщдара тцлгасы 279
аттарымен белгілі. «Исмаил паша әл-Бағдадидің (т.ж .б .- 1920) «haduamy-л арифинінде» (I том, 13-6.) ол Ибраһим аз-Зернуджи деп аталса да, бүл ақпараттың шынайылығы күмән тудыра- ды», - деп жазады түрік ғалымы Мехмет Фарук Байрактар. Одан эрі ол «Туған жері Зернудж (Зернук / Зурнүк) шама- мен I -XV ғасырларда болған, қазіргі Қазақстанның оңтүстігі Қызылқұм ауданындағы Маяқұм ауылынан солтүстікке қарай 5 шақырым жерде. Зернуджидің үлты туралы да әртүрлі пікірлер бар. «Ислам энциклопедиясындағы» мақаласында М. Плеснер оны араб философы ретінде таныстырғанымен (IV том, 1287— 1288 б.), бүл мәліметтің нендей дерекке негізделгені айтылмаған. Сол дүниенің екінші басылымында (Ислам энциклопедиясы. XI том. 501 б.) да Зернуджи дереккөзі көрсетілместен, шығыс Ираннан шыққан дей салынған. Батыс зерттеушілерінің кейбірі өз еңбектерін араб тілінде жазған мүсылман ғалымдарының барлығын «араб» дейтіні бар. Дегенмен мұндай пікірді абайлап айту керек. Ол кезде ис­ лам елдерінде білім тілі араб тілі болтаны рас. Ал Зернуджидің бұл тілді жақсы біліп, шығармаларын жазуы оның араб екенін білдірмейді. Ол өмір сүрген аймақта түркі халқының үстемдік еткенін ескерсек, оны түркі халқынан шыққан ғүлама деген деректің шынайы болу мүмкіндігі арта түседі [Ислам энцикло­ педиясы. - Анкара, 2013. 44 том. 294-295 б.] . Сонымен зернуктік, зернудждік парасат иесінің есімін Ан- Нүғман деуге болады. Лақабы - Бурһан әл-1 Іслам немесе Бурһан ад-дин. Ол: «Бұхарада һижраның 640/1242 жылы жүма. ашу- ра күні (10 мүхаррам) дүниедеи өткен. Сол шаһардагы Дарб Хаджиинде жерленген. Зарнудж - түркілер қалаларының бірі. Ол фицһты шейх Заки ад-дин әл-Карахидсн (Кархидсн) оқыды. «Мақамага» түсіндірме жасады және оны «лл-Мудаддах» (тү- сіндірілген) деп атады», - деп жазады «әл-Жауаһир әл-мудийа фи табақат әл-ханафийа» атты еңбегінде Әбу Мухаммед Мухий ад- дин Абд эл-Қадыр ибн Мухаммед бин Мухаммед бин Насруллаһ бин Салим эл-Қүраши (1297-1373) эл-Жамалп әл-Мисри Ә б са т т а р к,ажы Д е р б і с ә л і _____________________________________________ ____________________________________________________________________________________________ 280
әл-Ханафидің (1399-1474) жэне дэл осыған ұқсас жолдар- ды Зайн ад-дин Әбу -л Қасым Ибн Құтлұбұға ас -Судунидің (1399-1474) «Тадж ат-тараджимінен» де кездестірдік. Меніңше, бұл жерде ан -Нұғман аз -Зернуджи өзінен шамамен жүз жылдай бұрын өмір сүрген атақты әдебиетші Әбу Мұхаммед әл-Қасым ибн Әли әл -Харириді (1054-1122) жэне оның түрлі әңгімелерден қүралған атақты шығармасы «Мақамаларын» ай- тып отырған сияқты. Соған қарағанда, зернудждік ойшыл араб әдебиетіне де жақын болған. Түрік ғалымы Йусуф (Жүсіп) Зия Кавакши «Х -ХІІ ғасыр - лардағы қарахандықтар дэуірі. Мауараннаһрдегі Ислам заңгер - лері» атты зерттеуінің (Анкара, 1976) 262-бетінің «аз-Зернуджи Бурһан ад-дин» атты қысқа тарауында Отырар өлкесінің ой- шылын «Бурһан ад-дин Зернуджи әл -Фарғани» деп көрсетеді де, үнді ғалымы Абд эл-Хайй әл -Лакнауидің «эл-Фауаһид әл- баһийа фи тараджим әл-ханафийа» атты еңбегінде (93-6 .) оны «фақиһ (мұсылман заңгері) еді» деп еске алғанын айтады. Иу- суф (Жүсіп) Зия Кавакши эрі қарай оның «аз-Зернуджи деген ныспысы Мауараннаһрдегі бір цаланыц атымен байланысты» (262-6 .) дей отырып, Омар Рида Каххала (1905-1987) мен Лак- науиге сілтеме жасайды. «Аз-Зернуджидің қайтыс болған жылын О.Р. Каххала 593/1196, ал К. Брокельман 600/1203 жыл деп көрсеткен, яғни олар эртүрлі мерзімді атаған. Жазба деректерде де Зернуджидің қайтыс болған мерзімі ту- ралы мэліметтер сан түрлі. Саркис оны VI ғасырда (XII), К. Бро­ кельман 600/1203, О.Р. Каххала 593/1197 жылдары тірі болған десе, Исмаил паша әл-Бағдади 610/1213 жылы қайтыс болған дейді. Ахмед Фуад әл -Ихуани оның қайтыс болған мерзімін 591 жыл (1195) деп көрсеткен. Ортағасырлық ғалым Кафауи Зернуджиді Ханафи ғалымдарының жиырма бірінші ұрпағы қатарына жатқызған (144-6 .) . Осыған сүйене отырып Вильгельм Альвард (Wilgelm Ahlward) Зернуджиді 620 жылдары (1223) тірі болуы мүмкін десе, М. Плеснер мен Дж .П . Баркаидың __________________________________________________________________ Әбу Насыр әл-Фараби — Үлы даяаньщ дара тцлгасы 281
пікірінше, оның өмір сүрген кезеңі сәл ертерек болуы керек» (Ислам энциклопедиясы. 2 -басылым . XI том. 501 б.) . [Ислам эн- циклопедиясы... - 294-295 6.J. Зернуджидің «Тағлим эл-мутағаллимінде» оның Фахр ад-дин Хасан бин Мансур бин Махмуд эл-Узганди эл -Фарғани Кадихан (т.ж.б -1196), Бурһан ад -дин әл -Марғинани (1123-1197) сияқты ұстаздарының жэне онымен араласқан өзге де ғұламалардың қайтыс болған жылдарын ескерсек, Зернүк ойшылы VI ғасыр соңында (XII) немесе VII ғасырдың басында дүниеден өткен деп шамалауға болады. Иусуф (Жүсіп) Зия Кавакши Зернуджиді Қарахандар кезеңіне (XI жэне XII ғасырлар. - 262-6 .) жататын ислам заңгерлерінің бірі санайды. Алайда Зернуджи қайтыс болғаннан кейін заңгерлігімен емес, ғалымдығымен танылды. Ан-Нүғман жайлы Қураши , Кафауи, осман тарихшысы, библиограф Молла Катиб Челеби деген атпен танымал, Хад­ жи Халифа ныспысымен мэлім Маула Мүстафа бин Абдаллаһ әл-Құстантини ар -Руми эл -Ханафи (1608-1657), Омар Рида Каххала, Абд эл -Хайй әл -Лакнауиден басқа көрнекті неміс шығыстанушысы Карл Брокельман (1868-1956), исламтанушы , тарихшы, профессор Әшірбек Момынов та қалам тербеген . «Зернуджи туралы мәлімет өте аз болса да, бүгінге жеткен жалғыз еңбегі - «Тағлим әл-мутағаллим» («Ғылым үйренуші- лерге тағылым») оның білімді жэне жан-жақты кісі болғандығын байқатады. Хазіреті Эли , Абдулла бин Аббас , Жафар ас-Садық, Имам эл-Бүхари сияқты мэзһабтар шыққанға дейін өмір сүрген ғүламалардан басқалары ханафи заңгерлері еді. Олардың ара- сында Имамзаде есімімен белгілі Рукн әл-ислам Мұхаммед бин Әбу Бэкір, Шараф ад -дин Умар (Омар) бин Мухаммед Акили, Хаммад бин Ибраһим, Әбу Бэкір әл-Касани, Кадихан, Бурһан ад- v> дин эл-Марғинани , Мухаммед бин Иусуф (Жүсіп) әл-Фарғани , Раддий ад-дин ан -Нишапури , Муйад ад -дин бин Мухаммед бин Әли ат-Туси, Садид ад-дин аш -Ширази секілді устаздары да бар. Зернуджидің есімі «Тағлим эл-мутағаллим тариқ эл-улумнан» басқа шығармаларда кездеспейді жэне де ол осы еңбегінің Әбсат тар к,ажы Д ер б ісә л і ______________________________________ __________________________________________________________________________________________________ 282
арқасында ғана танымал болды. Сүлеймания кітапханасындағы қолжазбалар ішінде Зернуджимен бір кезде жазылған «Каси- дежи-заде» (Сүлеймен Сирри, 434/081) «Минһаджу-л тағлум фи унмузадж эл-улум» жэне басқа да жазбалардан ол туралы мәлімет кездеспеді. Зернуджидің өз шығармасында ұстазы Бурһан ад-дин әл- Марғинаниді рахимуллаһ (марқүм) деуі (57, 95, 109) оның ең- бегі әл-Марғинани қайтыс болған 593 (1197) жылдан кейін жазылғанын байқатады. Теодора М. Абель жэне Густав фон Гру- юнебаум бұл оқиға 599 (1203) жылы болған деп санайды. Аз-Зернуджидің аталмыш дүниесі білім кеңістігіндегі кем- шілікті толтырып, көлемі шағын жэне еркін стильде жазылуы- ның арқасында қолдан-қолға өтіп, танымал болды. Еңбектің бірнеше рет басылуы мен түсіндірмелерінің көлемділігі шығар- маның білім беру саласында үнемі қолданыста болғанын бай- қатады. «Тағлим эл-мутағаллим» туралы шығарма әсіресе сту- денттер арасында көп қызығушылық тудырған. Түркияда ол Конституциялық монархия жарияланғаннан кейін, Османдық медреселерде оқулық ретінде пайдаланылды» [Ислам энцикло- педиясы... 44 том. 294—295 6.J. Ан-Нұғман аз -Зернуджидің аталмыш еңбегі соңғы рет 2009 жылы Дамаскіде жарық көрді. Ол менде бар. Көлемі - 256 бет. Шығармаға (шарх) түсіндірме жазған - эл -Аллама Ибраһим бин Исмаил (X/XVI). Еңбекті дайындап бастырған - Абд әл -Жалил Ато. Бурһан ад-диннің еңбегі бұрындары Қазанда төрт рет, Еги- петте, Сирияда бір реттен, Түркияда бес рет басылған . Тіпті ол татар (1902, 1903) жэне парсы тілдеріне де (1830) аударылған. Ташкентте 1907 жылы шыққан. Ташкент демекші, Өзбекстан астанасының ғылым ордаларында оның ондаған нұсқасы сақ- таулы екенін көрдік. Он үш бөлімнен тұратын «Тағлим әл-мутағаллимнің» барлық бөлімінің тақырыптарын қысқаша тәпсірлесек, оның бірінші бөлімінде автор ғылымның табиғаты мен артықшылығына ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ _ д бу Насыр әл-Фараби — Үлы даланыцдара тцлгасы 283
назар аударады. Әрбір мұсылман оның орналасқан жеріне қатысты қажетті мәліметтерді алуы мүмкін екендігі көрсетілген. Ғылымның ниетпен байланысы түсіндірілетін екінші бөлімінде оқушы Алланың келісімімен оқуы және тэлім беру ниетімен дәрісті бастауы керектігі айтылған. Үшінші тарауда дәріс, ұстаз жэне дос таңдаумен қатар, ғылым жолында табандылық көрсету қажеттілігі жайлы айтылған. Оқушы қалаған саланы таңдаудағы еркіндігі жэне таңдау кезінде назарға алынатын шаралар туралы да айтылған. Төртінші тарауда мұғалім , білім және кітапқа де­ ген құрмет сөз болған. Бесінші тарауда сабақты жалғастырудың маңыздылығы жэне оқудағы үздіксіздік принципі атап көрсе- тілген, оқытудың тиімді тәсілдеріне баса назар аударылған. Алтыншы жэне жетінші бөлімдерде дәрістердің басталатын уақыты, көлемі , ұйымдастырудың әдістері мен жетістіктері айқындалған. Сегізінші тарауда өмір бойы білім алу принципі жэне оқудағы тиімді уақыт қарастырылған. Тоғызыншы тарау­ да мұғалімнің оқушыға деген махаббаты мен бауырмалдығы, оныншы тарауда оқушының мұғаліммен жүмыс істеу тэсілдері, он бірінші тарауда оқушының жетістігіне теріс эсер ететін жа- ман эдеттер мен мінездер сөз болған. Он екінші тарауда есте сақтау қабілетін күшейтетін немесе ұмытшақтыққа әкелетін жағдайлар жайы жэне осыған байланысты пайдалы кеңестер ұсынылған. Соңғы бөлімде оқушылар мен ересектерге өмірдің, денсаулықтың жақсару немесе нашарлау жағдайларын білуі қажет екендігі айтылған. Аз-Зернуджи өз еңбегінде жүйелі білім беру әдістері т\ра- лы, сонымен қатар сұрақтар мен жауаптар, әңгімелер, проблема- лар сияқты кейбір дидактикалық эдістерді мысал еткен. Дэрісті оқытушылардан жеке тыңдаудың жэне оқудың маңыздылығын атап көрсеткен. Оқушы өз оқытушыларынан алынған акпарат- ты қайталауды қажет деп есептейтініне қарамастан, ол жат- тау әдісін сынға алған, сүрақ-жауап жэне талқылау әдістерінің артықшылықтарына назар аударған. «Тағлим әл-мутағаллим» оқырман үшін пайдалануға оңаи әдіспен жәнс жеңіл стильде Әбсат тар к,ажы Д е р б ісәл і _________________________________________________________________________________________________________________________________________ 284
жазылған. Сол себепті ғасырлар бойы танымал эрі қолданыста болды. Қысқасы, еңбекте мүмкіндігінше аят, хадис, сонымен қатар атақты ғалымдар, әдебиеттанушылардың даналық сөз- дері, хикаялары мен өлеңдерінің пайдаланылуы оның құн- дылығын арттырып, танымал етті. «Тағлим әл-мутағаллим» осындай ерекшеліктерімен Ибн Саһнунның (т.ж .б . - 870) «Адаб әл-муғаллимин» және Кабисидың (т.ж .б . - 1012) «ар-Рисалат эл- муфассила ли-ахуалил мутағаллимин уа ахками-л муғаллимин уа мутағаллимин» атты шығармаларымен қатар толығымен білім беру тақырыптарын қамтитын, сондай-ақ ислам білім та - рихы алаңында із қалдырған шығармалардың бірі саналады. Тіпті Хиттидің айтуынша, ең танымал шығармалар қатарында. Сондай-ақ шығармада ілімдерге байланысты кейбір мәліметтер сынға алынады. Алайда осы кезеңдегі халық мәдениетінде нық орын алғаны үшін мүндай деректер маңызды болуы мүмкін» [Ислам энциклопедиясы... 44 том. 294-295 б.]. Ан-Нүғман аз -Зернуджи «Тағлим ал-мутағаллимнің . . .» «Кі- ріспесінде» кітабын жазудағы мақсатын төмендегідей жолдар- мен түсіндірген: «Адам (г.с.) үрпагын білім және әрекеттері- мен өзінің жаратңандарының бәрінен, жогары көтерген Аллага мадақ, араб және араб еместердің де мырзасы Мүхаммедке (с.г.с.), білім мен даналъщтың қайнары болган жанүясы мен са- хабаларына Алланың жарылқауы мен сэлемі болсын! Қазіргі кезде білімге ұмтылгандар мен оган жете алмаган талибтерді (білім іздеушілерді) көріп жүрмін. (Олар ілім алса да, оның пайдасы (ол үлкен немесе кіші болса да) мен жемісінен мацрүм. Өйткені олар білім алу жолынан (тәсілінен) цателесті және соган байланысты шартты орындай алмады. Жол таңдай алмаганның әрбірі адасады һәм мацсатына жете алмайды. Сол себепті мен (діни білім алгысы келетіннің бәріне) өзім тапқан кітаптардан жэне білімді дана тәлімгерлерімнен есті- гендеріме сүйеніп жетістігімнің арқасьшда циямет-цайым күні қүтылу үіиін оны (ілім,білімді) шын ыцыласпен зерделе- гісі келетіндердің өтінішіне орай түсіндіруді жөн санадым. Өз ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ ___ _ д б у Насыр әл-Фараби — Үлы даланын, дара тцлгасы 285
еңбегімді «Таглим әл-мутагаллим» («Білім алудың тәсілі») дел атай отырыл, оны төмендегідей тарауларга бөлдім: 1. Діни гылымдардыц негізі. Фицһ (мүсылман заңы) гылымы. Білімнің құндылыгы; Әбсат тар к,ажы Д е р б ісәл і ________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ Ан-Нұгмап ач -Зернуджи . Шарх таглим ол -му гағаллим тарик аг -пналлум . Дамаск, 2009. 256 о. 286
2. Ғылымды зерделеудегі ниет; 3. Ғылым , үстаз, жолдас таңдау мен ондагы түрақтылъщ; 4. Ғылым мен галымдарды цүрметтеу; 5. Ыждагат, табандыльщ және тырысу; 6. Ғылымды зерделеудің басы мен кезеңділігі. 7. Бір Аллага тәуекел ету. 8. Ғылым үйрену уацытының сәті. 9. Қиналу (цасірет шегу) мен тілектестік. 10. Білім алудыц әдебі. 11. Оқу кезіндегі цүдайшылдъщ. 12. Жадтыц нашарлауының себебі мен оны жацсартудың тәсілі. 13. Ризъщты не нәрсе көбейтеді және азайтады . Өмірді не үзартады және цысцартады», - депті. Мұнда белгілі бір ғылыми жүйелілік байқалады. Шынында да, ғалым еңбегінің әрбір тарауы шағын тараушаларға бөлінген. Автор өз ойын діни тұжырыммен аяқтап, қасиетті Құранның мүбарак аяттары, хазіреті Мухаммед пайғамбарымыздың (с.ғ .с .) хадистері, белгілі дін қайраткерлерінің даналық сөздері жэне пайдалы да ғибратты ойларымен қорытып отырған. Бірінші тараудың бірінші тараушасына да көз жүгіртейік: «Алланыц елшісі (с.г.с.): «Білім алуга талап цылу - әрбір мүсылман ер мен әйелдің міндеті», - деген. Білімніц дәрежесі: 1. Өмір -тіршіліктіц барлық жагдайында білім алу - кез кел- ген адамга цажет ас сияцты. 2. Білім әрбір адамга белгілі бір жагдайда керек. Өйткені ол ауру кезде цажет болар дәрі іспетті. 3. Ал енді болаишцты болжау (астрология) ауруга үқсас. Болашацты болжауды үйрену (зерделеуге) тыйым салынган, өйткені ол жайлы білім тек цана зарарын (зиянын) тигізеді. Одан пайда жоц. Себебі тагдырдан және Алланың кадарынан (жазмышынан) цүтылу мүмкін емес», - дейд і ол. ___ ___ ___ __ ____ ___ ___ __ ___ ____ ___ __ ___ ____ ___ __ ___ ____ ___ __ ___ ____ д б у Насыр әл-Фараби — Үлы даланьщдара тцлгасы 287
Ан-Нұғман аз -Зернуджидің еңбегі осы күнгі білім іздеушілер үшін де пайдалы, өзектілігін жоғалтпағандығын айтқан жөн. «Ғылымды зерделеудің басы, кезеңі» атты алтыншы тараудың «Пікірталаста сақ болу» тараушасында ойшыл: «Пікірталас кезінде ашушацдъщ пен ашуланудан абай болган жөн. Өйткені пікірталас пен талцылау - ақылдасу ал ацылдасудагы мацсат - шындъщты аиіу. Ал оган ой жіберу ойланусыз, тыныш жаг- дайсыз, бір-біріне деген эділдіксіз цол жеткізуге болмайды, ягни айцай және ашумен мацсатца жету мүмкін емес», —деген. Ан-Нүғман аз -Зернуджи, жоғарыда айтылғандай , өз зама- нының бірқатар көрнекті ғалымдарынан тағылым алды. Олар: «әл -һидаяның» авторы Әли ибн Әбу Бэкір ар-Рипггани әл- Марғинани (1123 -1197), Әбу-л Махамид Қауам ад -дин Хаммад бин Ибраһим ас-Саффар (XII), Әбу-л Махасин Фахр ад -дин Ха­ сан бин Мансур бин Махмуд эл-Узганди эл -Фарғани Кадихан (т.ж .б -1196), Әбу-л Махасин Садид ад -дин, Имамзаде (1098— 1177) деген атгіен белгілі «Ширату-л Ислам ила дарис ас -салам» шығармасының авторы Рукн әл-Ислам Мухаммед бин Әбу Бэкір Ибраһим эл-Бухари аш -Шарғи жэне Садид ад -дин аш -Ширази . Ас-Саффардан кезінде Ифтихар ад -дин Таһир бин Ахмед бин Абд ар-Рашид эл -Бухари (1090-1147) дэріс алған. Соған қарағанда, ан -Нуғман шынында да XII—XIII ғасырларда өмір сүрген. Ол туралы «әл-Жауаһир әл -мудийа фи табақат әл- ханафийа» атты еңбегінде ортағасырлық қаламгер эл-Құраши да бірер жолдық мағлұмат қалдырған [әл-Құраши . Жауаһир әл- мудийа фи табақат әл-ханафийа . - Рияд, 2005]. «Ә л-һидаяның» авторы Әбу-л Хасан Бурһан ад -дин бин Әли бин Әбу Бэкір бин Абд әл-Жалил эл -Фарғани ар -Риштани әл- Марғинани (1123-1197) еді дегеннен шығады, Ан -Нуғман аз- Зернуджи сол устазының отаны - қазіргі Марғулан мен Фер - ғанада да болған. «Әл-һидаяны» Орта Азия жүрты жазылған уақыты - орта ғасырлардам бастап , 1924 жылга дейін сот жүие- сінде пайдаланып келді. Кеңес үкіметі күшіне мінген соң, оны қолданыстан шығарып тастады. Әбсаттар к,ажыДербісәлі_____________________________________________ 288
Енді «Тағлим әл-мутағаллимнің . . .» тағы бір тараушасына на- зар аударайық. «Дананың өсиеті» атты тараушада автор: «Дана шәкіртіне: «Бүхарага аттанган кезде үстаз тацдауда асъщпа, барлыгын ойлан, сабыр сацтап күт. Ғалымга барып, одан дәріс ала бастаганда, сабацтары үнамай, сеноданкетіп, өзгеүстазга баратын жагдай да болады, ондайда сабагыңда береке болмай- ды. Сол себепті кейінірек одан бас тартып жүрмес үшін және дәрістерің игілікті һәм сабацтар пайдалы болуы үшін лайыцты тәлімгер тацдау алдында ойлан. Сонда гана сен оның жанында қаласың», - д е п ж азған . Мұны қалайша әдемі ой, келісті пікір, орнықты ұсыныс демеске. Айта кетерлік бір жайт - Ан -Нұғман аз -Зернуджи аталмыш еңбегінде Әбу Ханафи мэзһабын Орталық Азия ғана емес, сондай-ақ әлемнің біраз мұсылманы ұстанып келе жатқан Ха­ нафи мектебіне үлкен құрметпен қарайтынын аңғартады. Ол Әбу Ханифаны (699—767) ұстазым дей отырып, оның жэне ор- таазиялық бірқатар ойшылдың аттарын атаумен қатар, еңбек- терінен де дәйектемелер келтіріп отырады. Ан-Нұғман аз-Зернуджидің «Ұстаздың балаларына құрметі» атгы тараушасы да - ғибратгы дүние. Онда ол былай дейді: «Үстазга, оның балаларына жэне онымен байланысты кісілерге де (оның өзге де туган-туыстарына) цүрмет көрсету керек. Біздің тәлімгеріміз ислам шейхы «әл-һидаяның» авторы (әл-Маргинани) «Дін дәлелінде»: «Бүхараның үлы имамдарыныц бірі сабац ке- зінде кейде орнынан түратын. Оныц себебін сүраганда: «Менің тәлімгерім үлы жолда балалармен ойнап жүр. Кейде мешіт есі- гіне жацындайды. Мен оны көргенде орнымнан түрамын. Сол ар- цылы үстазыма цүрмет көрсетемін», —деп жауап береді. Сөйтіп автордың «Кіріспесінде» көрсетілген тарау аттары- мен жоғарыда таныстырдық және оның кейбір тараушыларына тэржіма жасасақ та, шығарманың жалпы мақсаты түсініктірек болуы үшін тағы бір тараудағы тарауша атауларымен кетейік: 1. Ғылым таңдау. 2. Пікірталастың зияны . ___________________ _ _ Әбу Насыр әл-Фараби —Үлы даланъщдара тцлгасы 289
3. Тэлімгер таңдау. 4. Кеңес берудің маңыздылығы. 5. Адамдардың дәрежелері. 6. Данагөйдің өсиеті. 7. Бірінші кезектегі негіз. 8. Сабыр. 9. Оқуда жолдас таңдау. 10. Достықтың әсері. Ан-Нұғман аз-Зернуджи аталмыш дүниесінің барлық 13 та- рауында қасиетті Құран мен хазіреті Мүхаммедтің (с.ғ .с.) ха- дистерінен басқа Мухаммед ибн Хасан, Наср ад-дин Әбу-л Қасым, Имам аш-Шафиғи, Хаммад ибн Ибраһим, Исмаил ас- Саффар эл-Ансари, Әбу Ханифа, Әбу Абдаллаһ Мухаммед бин Әбу Бэкір әл-Йусуф (әл-Жүсіп) ибн Халид ас-Фарғани Самти, Әли ибн Бэкір, Жағфая ас-Садық, Суфиян ас-Саури, Әбу Заид ад- Дабуси, Имам Фахр ад-дин әл-Арсабанди, эл-Халуани, Әбу Бэкір аз-Заранджари, ас-Сарахси, Кадихан, Мадж ад-дин ас-Сурхақти, Мухаммед ибн Исмаил әл-Бұхари, Әбу ат-Таийб, Ради ад-дин ан- Найсабури, Әбу Насыр ас-Саффар әл-Ансари, Әбу Талиб, Хасан ибн Эли, Йусуф (Жүсіп) эл-Хамдани, Халифа һарун ар-Рашид, Шараф ад-дин эл-Укайли, Эбу Саид Халил ибн Ахмед Саджзи, Фахр ад-дин эл-Кашани, Ибн Аббас, Эбу Хафс, Мухаммед Фахр ибн Хасан, Шейх эл-Ислам Эли бин Мухаммед эл-Исфиджаби Самарқанди, Абдаллаһ ибн эл-Харис Зубайди, Мансур эл- Халладж, Муса пайғамбар (ғ.с.), Хусам ад-дин, Тадж ад-дин, Эбу Фатх эл-Бусти, һилал ибн Иасар, Ac-Садр аш-шаһид Хусам ад- дин, Шаме ад-дин, Исам ибнэ Йусуф, Йахиа ибн Муаз ар-Рази. Мухаммед ибн Фазл, Заһид хадж Наджм ад-дин Умар (Омар) ибн Мухаммед ан-Насафи, Шаддад ибн Хаким, Имам Наср ибн Ха­ сан әл-Марғинани, Эбу Аббас әл-Мүстағфири іспетті кісілердің де аттары аталады. Олардың ғибратты ой-пікірлерін, ізетке, сый-қурметке лайық іс-әрекеттерін сипаттап, эңгімелейді. Бір қызығы, 6-тараудың «Гылымдағы табандылық» атты тарауша- дб сат т ар к,ажы Д е р б ісәл і ____________ ________________________________ 290
сында қазақ жерінің Исфиджаб - әл -Байда - Сайрам қаласынан шыққан шейху-л ислам Эли бин Мухаммед әл-Исфиджаби ас- Самарқанди (1062-1141) туралы да эңгіме келтірілген: «Шейху-л Ислам Исфиджабидіц мемлекеттік төңкеріске байланысты сабагын 12 жылдай үзуіне тура келді. Сол себепті ол жолдасы екеуі оқуларын жалгастыруга мүмкіндігі бар жерге аттанды. Олар 12 жыл бірге гылымды зерделеді де, жолдасы Шафиги мәзһабы бойынша шейху-л Ислам деңгейіне жетті [Әли бин Мухаммед эл-Исфиджаби] шафигит, ал жолдасы ханнафит болатын. Бүл екі мэзһаб расында өзара аса көп айырмашылъщ жоқ екенін білдіреді]. Нур-Мүбарак университетінде шейху-л ислам Әли ибн Мухаммед әл-Исфиджабидің өмірі мен шығармашылығына арналған профессор Әшірбек Момыновтың жетекшілігімен Багдад Манабаев 2017 жылы философия ғылымдарының док- торы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. Ан-Нуғман аз-Зернуджи шығармасында жоғарыда аталған- дардан, әсіресе, Муса пайғамбар (ғ.с.), төртінші халифа Әли ибн Әбу Талиб жэне оның улы Хасан ибн Эли, халифа һарун ар-Рашид, сондай-ақ сүнниттердің 4 діни мектебінің бірінің негізін қалаушы имам аш-Шафиғи (767-820) һәм Орта Азиядан шыққан көрнекті дін және ғылым қайраткерлері: Әбу Зайд ад-Дабуси (т.ж .б -1039), Әбу Бэкір аз-Заранджари (1036-1118), Мухаммед бин Ахмед ас- Сарахси (1009-1090), Әбу-л Махасин Фахр ад-дин Хасан бин Ман­ сур бин Махмуд Кадихан эл-Узганди эл-Фаргани (т.ж .б -1196), Мухаммед ибн Исмаил эл-Бухари (810-870), Заһид хадж Наджм ад-дин Умар (Омар) ибн Мухаммед ан-Насафи (1068-1142), имам Наср ибн Хасан эл-Маргинани, Джагфар ибн Мухаммед эл- Мустағфири (т.ж .б -1040) секілді дәуір даналарына көңіл бөлінген. Жерлесіміз Исфиджабидің толық аты-жөні - Эли бин Мухам­ мед бин Исмаил бин Эли бин Ахмед эл-Исфиджаби ас-Самарқан- ди. Ол оз кезінде Мауараннаһрдегі Орта Азия мен Қазақстанға белгілі ханафит ғалым еді. Марғулани мен ас-Самғани устазы болатын. 1141 жылы Самарқандта дүниеден өтті. Исфиджабтық _______________________ Әбу Насыр әл-Фараби —Үлы даланын, дара ттщлгасы 291
дана жайлы осы күнгі түрік ғалымдары, профессор Ахмет Өзел (Hanefi Fikih alimleri. - Ankara, 2013. - 64-6.), Йусуф (Жүсіп) Зия Кавакши (ХІ-ХІІ . Asirlarda Karahanlilar devrinde Mavara al-Nahz Islam hukukcilari. - Ankara, 1976. - 82-85 б.), ортағасырлық талым Қүраши («Жауаһир әл-мудийа фи табақат эл-ханафийа . - Рияд, 1993. III том. 360-6.), Ибн Құтлүбуга (Тадж ат-тараджим. - Дамаск, 1992. 410-6 .) , әл-Маула Мустафа бин Абдаллаһ әл-Қустантини ар-Руми эл-Ханафи (Катиб Челеби), яғни Хаджи Халифа (Кашф аз-зунүн ан асами эл-кутуб уа -л фунун . - Бейрут, 1992. I том. - 702 6.), көрнекті неміс ғалымы Карл Брокельман (Geschichte der arabischen Litteratur, Erster supplemendband. - Leiden-Brill, 1937. I том. 837-6 .), Хайр ад -дин аз -Зирикли (Әл-Ағлам . - Бейрут, 2005. IX том. 319-6.), Омар Рида Каххала (Мугждам эл-муаллафиин . - Бейрут [ж. көрсетілмеген]. Ill том. 319-6 .); Ташкубризаде деген атпен белгілі Ахмед бин Мустафа (Мифтах ас-сатада уа мисбах ас-сиада фи маудутат эл-улум . - Бейрут, 2002. 3 том), Абд эл-Хайй әл-Лакнауи (Әл-Фауаһид эл -баһийа фи тараджим эл -ханафийа. - Бейрут, 1998) (Ислам энциклопедиясы. - Стамбул, 1998. 18 том. - 180-182 б.) біраз зерттеу жазтан. Исфиджабтық талым туралы мусылман елдері тана емес, сондай-ақ Еуропа галымдары да қалам тербегеніне Караганда, қазақ жерінің Сайрам қаласынан шыққан Әли әл-Исфиджаби шынында да көрнекті талым болтан. Бірақ ан-Нұгман аз -Зернуджи жерлесі Эли бин Мухаммед әл-Исфиджаби, ятни Сайрам перзентін білетін не білмейтіндігі жайлы ештеңе айтпатан. Осы ретте шейху-л Ислам Эли бин Мухаммед бин Исмаил бин Эли бин Ахмед әл-Исфиджаби ас -Самарқанди (1062-1140) туралы қолда бар деректерді де келтіре кетейік. Олар негізінен араб және түрік тілдерінде: -Әбу Мухаммед Мухий ад-дин Абд эл -Қадыр бин Мухаммед бин Насруллаһ бин Самам эл-Кураши әл -Мисри . Әл -Жауаһир эл-мудийа фи табақат эл -ханафийа . II том. - Рияд, 1993. - 591-592 6. дбсаттар к,ажыДербісәлі______________________________________________ 292
- Әбу-л Адл Зайн ад-дин Қасым бин Қүтлұбүға бин Абдаллаһ ас-Судуни эл-Джамали әл-Мисри (1399-1474). Тадж ат-тарад- жим фи табақат әл-ханафийа. - Дамаск, 1992. - 212-213 б. - Ахмед бин Мұстафа, аш-шаһир би-Ташкубризаде (1495— 1561). Мифтах ас-сағада уа мисбах ас-сиада фи маудуғат әл- улум. - Бейрут, 2002. - 250-6 . - Ахмет Өзел. Ханафи фикиқ алимлери. - Анкара, 2013. - 64-6. - Әл-Маула Мустафа бин Абдаллаһ әл-Қустантини ар-Руми әл-Ханафи аш-шаһир би-мулла Катиб эл-Чалаби уа мағруф би- Хаджи Халифа (1608-1657). Кашф аз-Зунун ан асами эл-кутуб уа-л фунун. II том. - Бейрут, 1992. - 1627-1628 б. - Әбу-л Хасанат Мухаммед Абд әл-Хаий бин Мухаммед Абд әл-Халим бин Мухаммед Аминаллаһ әл-Ансари ас-Сихалауи эл-Лакнауи әл-һинди (1848-1886). Әл-Фауаһид әл-баһийа фи тараджим әл-ханафийа. - Бейрут, 1998. - 209 б. - Хайр ад-дин аз-Зирикли (1893-1976). Әл-Ағлам. Қамус тараджим ли-ашһар ар-риджал уа-н ниса мин араб уа-л мус- тағрибиин уа-л мусташириқин. - Бейрут, 2005. - 149-6. Араб, түрік, ағылшын тілдерінде аз-Зернуджи жайлы шыққан жарияланымдарға да көңіл аударайық: Араб тілінде: 1. Аз-Зарнуджи. Тағлим әл-мутағаллим. - Каир, 1986 (Алғы сөз, 5 -23 б.). 2. Йақұт ал-Хамауи ар-Руми. Муъджам ал-булдан. 2 том. - Каир, 1324. - 387 б. 3. Махмуд Сулеймен эл-Кафауи. Аълам эл-ахйар мин фуқаһа мазһаб ан-Нуғман әл-мухтар (Сүлеймания кітапханасы). 4. Әл-Маула Мустафа бин Абдулла әл-Қустантини ар-Руми әл-Ханафи аш-шаһир би-мулла Катиб эл-Чалаби уа мағруф би- Хаджи Халифа Кашф аз-Зунун ан асами эл-кутуб уа-л фунун. Iтом. - Бейрут, 1992. - 425-бет; II том. - 113 б. 5. Ибраһим бин Исмаил. Шарх тағлим әл-мутағаллим. - Стамбул, 1301. _________________ _____ дбуНасырәл-Фараби—Үлыдаланын,даратцліасы 293
6. Саркис. Муъджам аль-матбуат аль-арабийа. I том. - 1 1 ,964-6 . 7. Исмаил паша аль -Бағдади . һадийат әл -арифиин асма әл- мауаллифиин уа асар әл-мусаннафиин . I том. - Бейрут, 1992- 13-14 6. 8. Ахмед Фуад эл -Ихуани. Ат -Тарбиа фи -л Ислам уа ат- тағлим фи рауи-л Кабиси . - Каир, 1955. - 221-239 б. 9. Каххала . Муъджам аль -муаллафиин . Ill том. - 43 б. 10. Абд эл -Джаббар ар -Рифаъи . Маусуати мусадирин низами-л ислам и. Ат -Тарбиа ве тағлим фи-л ислам . - Кум, 1375/1414. V. 239 6. 11. Саид Ахмед Усман. Аз -Зарнуджи . Бурһану -л ислам Ми. АИ,XI.- 142-145 б. 12. Исмаил бин Усман Бакир Османпазари . Тафһим эл -му- тафаһим ала тағлим әл-мутағаллим . - Стамбул, 1320. 13. Иса Эли . Заруджи (Бурһан эл-Ислам) // эл-Маусуату-л арабийа. X том. - Дамаск, 2004. - 349-350 б. Түрік тілінде: 14. Османли муалифлери . III том. - 136-137 б. 15. Мехмет Дат, Хифзирахман Рашид Уимен. Ислам егитим тарихи. - Анкара, 1974. - 53 б. 16. Иусуф Зия Кавакши . XI век XII асрларда Караханалилар давринде Мауараннахр ислам хукукшилари. - Анкара, 1976. - 262 б. 17. Осман [Нури] Ергин. Туркийе Маариф тарихи . I том. - Стамбул, 1977. - 121 б. 18. Хитти . Ислам тарихи . II том. - 629-630 б. 19. Islam ansiklopedisi. Turkiye diyanet vakfi. - Istanbul, 2013. 20. Мехмет Тутунджи . Турк ислам егитимшиси Зернуджи . Измир, 1991. - 3 3 -100 б. 21. Хаяти Тетик . Зернуджи ве «Тағлиму-л мутағаллимде» егитим огретим, 1991. 22. Социал билимлер институсу. 1 -9 б. Әбсаттар к,ажыДербісәлі______________________________________________ 294
Еуропа тілдерінде: 23. Brockelmann С. Geschichte der Arabischen Litteratur (GAL), Leiden-Brill, 1937. I том. - 462-6; Brockelmann C. GAL, Erster Supplemenband. Leiden E.J. Brill, 1937.1 том. - 837-6. 24. Pllener M. Al-Zamudji // Encyclopedia of Islam. V том. - 1287-1288 6. 25. Al-Zamudji. Encyclopedia of Islam. XI том. - 201 6. [Ислам энциклопедиясы. 44 том. - 294—295 6.J. Исфиджаби (Сайрамдық) шейху-л Ислам Эли ибн Мухаммед эл-Исфиджаби мен Зернүктік Бурһан эл-ислам ан-Нұғман аз- Зернуджи жайлы түрлі тілдердегі мағлұматтарды мұнда қоса беріп отырғанымыз - олардың ғибратты өмірі мен ізгі мұрасы қызықтыратындар болса, бағдар қызметін атқарсын деген ойдан туған игі тілек. Сөйтіп тек Сайрам мен Отырар қалалары ғана емес, Оты- рар маңындағы Зернук (Зернудж) секілді қамал (қасаба), қорған жэне түрлі елді мекендерден де ан-Нұғман аз-Зернуджи іспетті тамаша ғалым, ойпаз ұстаздар шыққан. Олар бүгінгі қазақ халқының ғана емес, бүкіл мұсылман, тіпті күллі ислам өркениеті мен мэдениетінің де мақтанышы екендігін айтқан жөн. Отырар өлкесінің бұл кемеңгерін де Қазақстан тарихы- на жэне түрлі оқу құралдары, сонымен қатар тағылымдық эдебиеттерге кіргізе берген жөн. Ғасыр парақтарының арасын- да қалып қойған мұндай арыстарымызды бүгінгі ұрпаққа таны- ту, насихаттау Қазақстанымыздың, еліміздің ежелден өркениет, мэдениет, ғылым мен білім елі болғандығын таныту, насихаттау, беделін көтеру деп ойлаймыз. Өкінішке орай, орта ғасырларда қазақ жерінде болған түрлі шаһарлар, мэдениет ошақтары сандаған соғыс, жаулаушылық салдарынан қирап, есімдері ұмытылып, бірте-бірте ана төбе, мына төбеге айналып кетті. ______________________ д б у Насыр әл-Фараби —Үлы даланың,дара ттщлгасы 295
ГЛАВА II УЧЕНЫЕ И МЫСЛИТЕЛИ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ
дбсаттар к,ажыДербісәлі АБУ НАСРАЛЬ-ФАРАБИ -ГЕНИЙ ВЕЛИКОЙ СТЕПИ Людям, поскольку они принадлежат к род у человеческому, надлежит поддерж и­ вать между собой мир. Лбу Н аср аль-Фараби Биография Абу Наср Мухаммед бин Мухаммед бин Тархан бин Узлаг аль-Фараби ат-турки [Отрар (Фараб) 870 г. Дамаск (Сирия) 950 г.], великий мыслитель, ученый -энциклопедист , родился в Кедере близ Отрара, а другие полагают, что в Оксыз (Уасидж), что рас­ положен на западном берегу Сырдарии (Сейхуна). Большинство средневековых арабских историков указы­ вали, что Фараб (Отрар) расположен в устье реки Арысь при ее впадении в Сейхун (Сырдарию). И это соответствует дей­ ствительности. Начальное образование Абу Наср получил на своей родине, в Отраре. По пути за знаниями в страны Средней Азии, Ближне­ го и Среднего Востока останавливался в Шаше (Ташкент). Са­ марканде и Бухаре. В иранских городах Рей (Тегеран). I Ісфахан, Хамадан стремился постичь науку, после чего посетил Дамаск и поселился в Багдаде. Абу Наср не знал в то время арабского языка, который освоил впоследствии во время своего прожива­ ния в Багдаде, крупном мусульманском научном, культурном и духовном центре мусульманского Востока. В Багдаде он стремился получить знания в области разных наук. Обучался у самых прогрессивных ученых своего времени . 298
Греческий язык преподавал ему христианин Абу Башар Матта, медицину - Иуханна ибн Хайлан . Изучал философию , логику. Уделял внимание сочинениям Аристотеля. Особый интерес вы­ зывали такие отрасли науки, как математика, логика, медицина, музыка, астрономия и др. Наряду с различными отраслями фило­ логии осваивал несколько языков. Кроме арабского, углубленно изучал персидский, греческий, древнесирийский языки, парал­ лельно читая сочинения древнегреческих ученых. По некоторым сведениям, аль-Фараби прочел «О душе» Аристотеля сто раз, «Гармонию природы» - сорок, а «Риторику» - двести раз. «В период жизни и д еятельности аль-Фараби Средняя Азия после длительных завоевательных войн была подчинена араба­ ми и вошла в состав халифата. Крупным культурным центром арабского халифата стал Багдад, куда стекались материальные богатства из захваченных стран. Багдад и другие города бас­ сейна Тигра и Евфрата стали центром зарождения новой, арабо­ язычной культуры, естественно-научной мысли и общественно­ философских учений. Туда со всех концов халифата стремились люди, жаждущие знаний. Приехал в Багдад и аль-Фараби, чтобы продолжать свое образование...» [Хайруллаев М. Фараби. Эпоха и учение. Ташкент, 1975. С. 156]. «Когда аль-Фараби отправился в путешествие и прибыл в Багдад, - неизвестно . В отдельных источниках упоминается только, что он поселился в Багдаде, когда там был халифом аль- Муктадир» (908-932). «В.В . Бартольд (1868-1930) указывает, что в ІХ -Х вв. научная работа сосредоточивалась преимущественно в старом культурном центре Басре и Харране, куда была перенесена греческая наука из Антиохии, и в столице халифата —Багдаде. Багдад привлекал к себе литераторов и ученых из самых разнообразных областей мусульманского мира, но преимущественно из Персии и Средней Азии. Багдад, основанный в 762 г., был средоточием не только центральной власти, торговых путей и богатства, но и центром культурной жизни и научной мысли всего халифата...» [там же]. ______________________ Әбу Н