/
Автор: Болғанбайұлы Ə. Калиұлы Ғ.
Теги: лингвистика фразеология лексика қазақ тілі оқулық
ISBN: 5-7090-0205-4
Год: 1997
Текст
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНЩ ЛЕКСИКОЛОГИЯСЫ МЕН ФРАЗЕОЛОГИЯСЫ
Жогары оқу орыңдары филология факультеттерінін студенперіне арналғаи оқу құралы
АЛМАТЫ ЛАНАТ. 1997
ББК81.2Қаз я73 Б73
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАСПАСӨЗ ЖӨНЕ БҮҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТІСТЕРІЖӨНІНДЕГІҮЛТГЫҚ АГЕНТТІП
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ МИНИСТРЛІГІ
Болғанбайұлы Ә., ҚалиұлыҒ.
Б 73 Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеоло-гиясы. Оқу құралы. — Алматы, «Санат», 1997 — 256 бет.
КВИ 5 —/090 — 0205 — 4
Оқу құралында казақ 'гілінің сөздік құрамы мен фразеологиясы туралы лексика-семантикалық, функционаады-стилистикалықтұрғыда теория-лық мөліметтер берілген. Сонымен бірге кітапта қазақ тілінің даму кезеңдері мен зертгелу тарихы інолу тұріңде баяңдалады.
Кітап жоғары оқу орындары филология факультетгерінің студентгері мен аспиранттарына, оқытушыларына арналады
Б 4602020400-0112 — 416(05) -96
І8ВИ 5 - 7090 - 0205 -4
ББК 81.2 Қаз я73
© Болғанбайұлы Әсет, Қалиұлы Ғабдолла, 1997
АЛҒЫ СӨЗ
Бұл оқу құралы жоғары оқу орындарында оқылатын «Қазіргі қазақ тілі» курсының лексикология бөлімі туралы бағдарламасына сәйкес жазылған, ол үш бөлімнен тұрады: кіріспе, лексика және фразеология.
«Қазіргі қазақ тілі» курсының бұрын-сонды бағдарлама-ларының «Кіріспе» бөліміңде курстың мақсат-міңдетгерімен қатар, қазақ тілінің тарихы және оның зерттелуі жөнінде мә-ліметтер берілуі талап етілетін және қалыптасқан дөстүр бойын-ша ол лексикология бөлімінің алдында оқьпылуы тиіс бола-тын. Бірақ бұрын шыққан оқу құралдарында студенттерге аса қажет бұл мәселелер туралы еш нәрсе айтылмайтын. Бұп кітапта авторлар осы олқылықтың орнын толтыруға назар аударды.
Қазақ тілінің тарихына байланысты теориялық материал-дарға түркітану мен қазақ тілі біліміңдегі зерттеулер негізіңде шолу жасалды. Оңда қамтылған мәселелердің бір тобы қазақ тілінің шығу тегі мен типологиялық белгілері, басқа түркі тіл-дерінен ерекшеліктері жайынан, еңді бір тобы қазақтың халык тілі мен ұлт тілінің пайда болуы, әдеби тілі, оның нормалық белгілері, ауызекі сөйлеу тілі мен жергілікті диалектілерге (говорларға) қатынасы, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі сияқты мәселелерден мәлімет береді. Бұл айтылғандардың бірқатары арнайы курстарда өтілетіні ескеріліп, мұңда тек шолу түріңце қарастырылды. «Кіріспенің» соңыңда қазақтіл білімінін зерттелуі, ондағы негізгі кезендер соз болады.
Оқу құралы негізінен «Қазіргі қазақ тілі» курсының басты саласының бірі — лексикология мәселелерін талдауға арналған, ол «Лексика» және «Фразеология» деп аталатын екі бөлімнен тұрады.
«Лексика» бөлімі үш тарауға бөлініп берідді. Бірінші тарау қазақ тілінің қазіргі лексикалық жүйесінің семасиологиялық сипатына арналған, оңда сөз және ұғым, мағына, оның түрлері, сөз мағынасының даму жолдары, сөздің мағыналық өзгерістері сипатталады. Екінші тарауда қазақ тілінің лексика-семантика-
3
лық жүйесінің қалыптасуыңдағы негізгі тарихи арналары, жал-пы түркілік лексика мен қазакдың төл лексикасы, сөздік құрам-ның толығу жолдары, онда кірме создердің алатын орны мен мәні баяңдалады. Үшінші тарауда сөздердің тілде қолданылу сипатынан туатын ерекшеліктері, стильдік түрлері, экспрес-сивті-стилистикалық сипаты, сөздердің жиі қолданылатын (ак-тив) немесе қолданысқа көп түспейтін (пассив) топтары тура-лы айтылады.
«Фразеология» бөліміңде фразеологизмдердің озіңдік си-паты, сөзбен, еркін тіркеспен байланысы, олардың шығу тегі, түрлері және құрылымдық, семантика-грамматикалық, стилис-тикалық сипаты қарастырылады. Сонымен бірге фразеоло-гизмдік мағынаның сөз мағынасынан ерекшелігіне түсінік беріледі.
Қазақ тілінің лексика-фразеологиялық жүйесі туралы тео-риялық мөліметгер халык тілінен, әдеби тілден алынған мы-саддар негізіңде нақты талданады.
Кітапта казақ тілінің лексикографиясы, негізгі тіддік сөздіктер жөнінде де мәліметтер бар. Кітаптың соңыңда көрнекті сөз шеберлері мен ғалымдардың ана тілі, оның қасиеті туралы айтқан пікірлері, қазақ жазба әдеби тілінің негізін қалаған Абай жайыңда айтқаңдары үзіңді түріңде ұсынылып отыр.
КІРІСПЕ
§ 1. «Қазіргі қазак тілі» курсының салалары және мақсаты мен міңдетгері
«Қазіргі қазақ тілі» курсы — жоғары оқу орындарының қазақ тілі мен әдебиетінен маман даярлайтын факультетгерінде оқылатын ғылыми-теориялық пән. Бұл пән қазақ тілінің піығу тегі, атқаратын қызметі, зерттелу дәрежесі жайывда кіріспе бөлімнен басқа оның сөздік құрамы мен фразеологиясын зерт-тейтін лексика, дыбыс жүйесін зерттейтін фонетика, граммати-калық құрылысын зерттейтін морфология мен сингаксис бөлім-дерінен құралады.
«Қазіргі қазақ тілі» курсынын ең негізгі мақсаты —* қазақ тіл білімінің осы күнгі қол жеткен табыстары негізівде тың-даушыларға жоғарыда айтылған бөлімдер бойынша жүйелі те-ориялық білім беру, алған біліңдерін практикалық және лабора-ториялық дәрежеде пысықтап, толықтырып бекітіп отыру. Бұл мақсаттың жүзеге асырылуыңда «Қазіргі қазақ тілі» курсынан бұрын өтілген «Тіл біліміне кіріспе», «Қазақ тілінің норматив курсы» пәңдері бірқатар жеңілдік келтіреді. Біріншісі тың-даушыларды тіл білімінің жалпы теориялық мәселелерімен алғаш рет таныстырып, тілдің әзіндік белгілері мен қасиетгері жайында мәлімет берсе, екіншісі тындаушылардын қазақ тілінеН орта мектеп бағдарламасына сай алған білімдерін ес-теріне түсіріп, пысықтап, жетілдіріп отырады. Сөйтіп, бұл екі пән студенгтерді ғылыми-теориялық «Қазіргі қазақ тілі» кур-сын тыңдауға аддын ала даярлайды.
«Қазіргі қазақ тілі» жоғары оқу орывдарывда қазақ тілінен маман даярлаудағы негізгі курс болғаңдықтан, оның оқы-тылуыңда лекгор әрқашаңда ескеріп отыратын жәйттер бар.
Біріншіден, курс «Қазіргі қазақтілі» деп аталғанымен, овда жалпы қазақ тілінің, яғни оның барлық тармақтарынын құры-лысы өтілуге тиіс емес. Бұл курс қазақ тіліңдегі говорлар мен диалектілердің, болмаса ауызекі сөйлеу тілінің құрылысы негізіңде емес, жалпыхалықтық, біртұтас ұлттық сипаты бар
5
казіргі қазақ әдеби тілінің құрылысы негізіңде окытылуы тиіс. Демек, бұл курсты жалпы қазак тілінің емес, қазақтың осы күнгі ұлтгық әдеби тілінің құрылысын зерттеп үйрететін курс деп тануға тура келеді.
Мәселен, қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, морфологиясы мен синтаксисі дегеніміз шын мәнісіңде осы күнгі әдеби тілі-міздің фонетикасы, морфологиясы мен синтаксисі болып табы-лады1.
Бұл арада тек «Қазіргі қазақ тілі» курсының бір саласы лексикологияның жайы басқашарақ. Оның негізгі қарастыраты-ны осы күнгі әдеби тіл лексикасы болғанымен, өзгеріске не-ғұрлым бейім тұратын сала болғаңдықтан, жалпы халық тілі құрамыңдағы басқа лексикалық топтарды да белгілі дәрежеде қамтып отырады. Бұл айтылғаңдар тек қазақ тіліңдегі жағдай емес, басқа тіл білімдерінің де көбіңде осылай.
Қазақ әдеби тілінің дыбыстық құрылысы, сөздік құрамы, грамматикасы «Қазіргі қазақ тілі» курсыңда толық баяңдал-ғаңдықтан, бұл мәселелер «Қазақ әдеби тілінің тарихы» кур-сыңда қайталанбайды, оңда тек жалпыхалықтық тілдің әдеби тіл дәрежесіне көтерілу, оның тілдік, стильдік нормаларының қалыптасу тарихы, оңдағы елеулі кезеңдер тұрғысынан сөз бо-лады. Тіддік фактілер жаппай емес, соған лайық сұрыпталып талданады.
Екіншіден, қазіргі қазақ тілінің мәселелері баяңдалғаңда, олардың тек қазіргі жайы сөз болып қоймай, қажетгі жеріңде тарихи даму сипаты жайыңда мәлімет беріліп отырғаны жөн. Мұңдай мәліметгер әрқашан тіліміздің өзінен табыла бермеуі мүмкін, соңдықтан оларды басқа туыс түркі тілдерінен, тарихи жазба мұралардан іздестіруге тура келеді.
Үшіншіден, «Қазіргі қазақ тілі» курсының қалыптасуында XIX ғасырдың екінші жартысыңдағы орыс түркпанушыларынан кейін қазақ тіл мамаңдарының бірнеше буыны еңбек етті. Де-мек, бұл курсты тұтас алғанда үлкен ұжымдық зерттеу жұмы-сының, ұзақ уақыг бойы бір-бірімен жалғасып отырған тіл ту-ралы шығармашылық ой-пікірдің нәтижесі деп қарауға бола-ды. Тіл категориялары туралы курста берілген ілім, теориялык тұжырымдар нақты зерттеулердің негізіңде туғанын еске алсақ, олардың зерттелу жайы сөз болғаңда, зертгеген ғалымдар, олар-дын еңбектері нақіы көрсетіліп отырғаны жән. Тілдік катего-
1 Кейбір тілдердің осыңдай ғылыми курстарынын өдеби тілге негізделгені олардыңаталуынан-ақбайқалады. ср. А. Н. Кононов. Грамматика современного узбекского лигературного языка. М. -Л., 1960.
6
риялардың зерттелу дәрежесі біркелкі бола бермейді. Сондыктан белгілі бір категориялардын зерттелуіндегі әлі толық ашылмаған, теориялық пысықтауы пісіп жетілмеген жәйттерге тындаушылардың назарын аударып отыру қажет. Сәйтіп, курс тындаушыларға қазіргі қазақ тілі туралы ғылы-ми-теориялық білім беруді мақсат ете отырып, оның болашақта зерттелу ге тиісті проблемаларына байланысты тыңдаушыларды ғылыми ізденіске баулып, олардың шығармашылық ой-пікірін жетілдіріп отыруды өзінің міңдеті деп санайды.
§ 2. Қазақ тілінің шыққая тегі меи даму кезеңдеріне, типологиялық белгілеріне қыскаша шолу
Қазақ тілі шығу тегі және құрылымы жағынан түркі тіддері семьясына жатады, ол тілдерде сөйлейтін халықтар Дунайға дейінгі Еуразия далаларын, Орталық, Орта Азия, Сібір, Кав-каз, Кіші Азия жерлерін мекен еткен. Басқа тілдер семьясы-мен салыстырғаңда түркі тілдері грамматикалық құрылысы мен сөздік құрамы жағынан бір-біріне өте жакын. Тілдеріңде ортақ белгілер көп кездесетіңдіктен, бірқатар түркі халықтарының окілдері (қазақ, озбек, татар, башқұрт, ноғай, қарақалпақ, қырғыз, ұйғыр, азербайжан т. б.) бір-бірімен түсінісе алады.
Түркі тілдерінің ішіңде озінің лексикалық, дыбыстық, грам-матикалық ерекшеліктерімен неғұрлым окшау тұратындары чу-ваш пен саха (якут) тілдері.
Түркі тілдерінің жақыңдығын оларға тән мынадай жалпы типологиялық белгілерден көруге болады:
— фонетика саласыңда: тілдің және еріннің қатысына қарай дауысты дыбыстарға езу үндестігі және ерін үңдестігі, ал дау-ыссыз дыбыстарға олардың өзара үйлесіп отыруына байланыс-ты ықпал үңдестігі тән екеңцігі;
— морфология саласыңда: сөзжасам мен сөз түрлендіру тұлғалары сөздің түбірі мен негізіне қосымшалардың жалғануы арқылы жасалатыны, сол себеітгі түркі тілдері жалғамалы тілдер деп аталатыны, грамматикалық род категориясының болмай-тыны, тәуелдеу категориясының арнайы грамматикалық тұп-ғалар арқылы жасалатыны, предлогтардың қызметін септеулік шылаулар атқаратыны т. б;
— синтаксис саласыңда: сөз тіркесі мен сөйлемде создердің өзіңдік орын тәртібі қалыптасқаны, ол тәртіп бойынша анық-тауыш анықгайтын сөзінін, толықтауыш толықтайтын сөзінің алдыңда орналасатыны, анықтауыш пен анықталушы сөздердің тұлға жағынан өзара қиыспайтыны; сабақтас құрмалас сөйлем-
7
дердің бағынышты сыңарларының негізінен есімшелік, көсем-шелік оралымдармен беріліп отыратыны т. б.
Жоғарыда айтылған типологиялық белгілер түркі тіддері кіретін Алтай семьясындағы тілдердін (монғол, тұнғыс-маньч-жур) бәріне тән.
Жалпы типологиялық белгілермен бірге Алтай семьясын-дағы тіддердің жакындығы өсіресе түркі, монғол тіддерінің лек-сикасыңдағы көптеген есімдер мен етістік сөздердін олардың бәріне ортактығынан, сөзжасам жүйесіңдегі үксастықтан көрі-неді.
Қазақ тілінің түркі тілдері ішіңде алатын орнын, өзіне тән ерекшеліктерін аныктау мәселесіне түркітанушылық еңбек-терде қашаңда көңіл бөлініп отырған. Түркітанушылык жік-теулердің (классификациялар) құрылу принципіне байланыс-ты қазақ тілі түркі тілдерінің өр түрлі тобыңда карастырылып отырған. Мәселен, дыбыстық белгілерге негізделген В. В. Рад-ловтың жіктеуіңде түркі тіддерінің батыс тобына, дыбыстық-морфологиялық белгілері бойынша жасалған Ф. Е. Корштың жіктеуінде солтүстік түркі тіддері тобына, осы екі жіктеуді негізге ала отырып, оған тарихи сипат берген А. Н. Самой-ловичтің жіктеуіңде қыпшақ, яғни солтүстік-батыс тобына, түркі халықтарының қоныстану жайына негізделген В. А. Бо-городицкийдің жіктеуіңде ортаазиялық түркі тілдері тобына, көне тіддік белгілердің сақталу-сақталмауына қарай жасалған С. Е. Маловтың жіктеуіңде ең жаңа түркі тідцері тобына жат-қызылады. Осы сияқты түркітанушылық жіктеулердің қай-қа-сысыңда болсын қазақ тілінің негізгі белгілері, қаңдай тілдерге жақыңдығы, түркі тіддері ішіңде алатын орны көрсетіліп отыр-ған.
Қазақ тілінің шығу тегі мен даму кезендерін жалпы түркі тектес тілдердіңдаму дәуірлерімен бірлікте алып қарастырғаңда ғана толық түсінуге болады. Қазақ тілінің түпкі шығу тегі түркі тіддері дамуыңдағы ең көне Алтай дөуірінен (хронологиялық шегі әлі анықталмаған), Хун дәуірінен (біздің заманымыздан бұрынғы IV — III ғасырлар мен біздің заманымыздың V ғасы-ры аралығы) және одан бергі көне түркі дәуірінен (біздің за-манымыздың V — X ғасырлар аралығы) бастау алады1.
Алтай дәуіріңде негізі бір ата тідден шыққан түркі және
1 Түркі тіддерінің шықкан тегі, даму дәуірлері туралы түркологияда кеңінен танылған пікір Н- А. Баскаковтікі. Соңдықган казақ тілінің даму кезеңдерін туркі тіддерінің дамудәуірлерімен байланыстырып қарастыруда бұдан ары Н. А. Баскаковқа сүйенеміз. Қ.: И. А. Баскаков. Введение в изучение тюркских язы-ков. М., 1962, стр. 106 — 175.
8
монғол, тұнғыс-маньчжур тілдері бір-бірінен ажырай бастаған. Алтай дәуіршдегі тіл құрылысын тек салыстырмалы тарихи өдіс негізіңде ғана қалпына келтіріп (реконструкпия) аныктауға болады.
Ал Хун дәуіріңде монғол, тұнғыс-маньчжур тіддерінен тү-гелдей ажырап болған түркі тіддері өз ішінен шығыс түркі және батыс түркі тілдері, яғни шығыс хун және батыс хун тіддері болып, екі үлкен салаға бөліне бастаған. Қазақ тари-хыңдағы алғашқы тайпалық одақтар (үйсін, қанлы, алан т. б. б. з. шейінгі Ш ғасыр) осы Хун дәуірінен белгілі. Олардын ко-ғамдық құрылысы, мәдениеті, тілі жайыңда кейбір деректер: ру-тайпа, ұлыс атаулары, жер-су, кісі атгары т. б. көне грек, қьггай, парсы нұсқаларыңда сақталған.
Қазақ тілі батыс түркі тілдерінің қыпшак тобына енеді. Батыс түркі тіддеріне одан басқа бүлғар, оғыз, қарлық тобын-дағы тілдер жатады. Қьпппак тобыңдағы тіддердің басқа топ-тардан негізгі тіддік ерекшеліктері тәмеңдегідей:
— дыбыстық ерекшеліктері: а) сегіз не тоғЫз дауысты ды-быстың болуы, ә) қосымшаларда қысаң дауыстылардың ерін-дікке айналмауы (ср. оғыз, қарлық тілдеріңде йаруқ, ал қазақ тіліңде жарық), б) дауыстыларда ерін үңдестігінің өлсіз бо-луы, в) созылыңкы дауыстылардың болмауы, г) дауысты және дауыссыз дыбыстардың көне тіркестеріне жаңа тіркестердің сәйкес келуі: аг>ав(ау), ег>ий, өг>үй, мысалы, таг>тау, тег>тий, өгрен>үйрен, д) сөз басыңда қатан т, к, қ дыбыстары-ның қодданылуы (ср. тіл, кел, ал оғыз тілдеріңде дил, гэл), сөйте тұра сөз басыңда ұяң б дыбысының айтылуы (балта), е) сөз басыңдағы й~ж~дж дыбыстарының тұрақсыздығы (йақшы -жақсы -джақсы), ж) дауысты дыбыстар арасыңда гі>б, қ>г, іс>г болып ұяңдап кетуі (қақ>қагу, кекжегеру, тагі>табу) т. б.
— морфологиялық ерекшеліктері: а) ілік (~ның/-нің), табыс (-ны/-ні), барыс (-қа/-ке, -га/-ге) септік тұлғаларының қысқартылмай қолданылуы (ср. оғыз тілдеріңде ілік -ын/-ін, -ын/ің, табыс -и, барыс -а (мысалы, адама), ә) қалау райдың -қы/-к/-гь/-гі тұлғалар аркылы жасалуы, мысалы, келгі(сі), оғыз тіддеріңде -ась/-еси, мысалы, келеси, б) есімшенің -га>/-ген тұлғасы аркылы жасалуы, ср. оғыз тідцеріңде -мыи/-міш; в) жинақтау сан есімнің -ау/-еу тұлғалары арқылы жасалуы, мысалы, екеу, ср. қарлық тілдеріңде -агу/-егу, мысалы, икэгу т.б.;
— лексика саласыңда; а) негізі сөздік қордағы бірқатар сөздің оғьв тіддерімен салыстырғанда баскаша айтылуы. Мы-салы, қыпшақ тілдеріңде маңдай /маңлай, бөрі, ит, қол, оғыз
9
тілдеріңде алын, қурт, кепэк, зл, ә) қарлык тілдерімен салыстырғаңда араб-иран элементтерінін азырақ кездесуі т. б*.
Көне түркі дәуіріңде болашак қазақ халқының негізін құ-раған тайпалар, тайпалық одақтар айқыңдала бастаған. VII— IX ғасырларда қазақтың ірі тайпалық одақтарынын (жүздердің) негізі салыңды деген пікір бар1 2. Жүздер тек ру-тайпалардың жалаң туыстық бірлестігі емес, олардың территориялық, қоғамдык-экономикалық жағынан бірлестігінің де нәтижесі болып табылады. «Жүз» деп әдетте қазақ халқына қарасты жөне тарихи дәстүр арқылы белгіленген жалпы қазақ террито-риясының бір бөлігін мекеңдеген тайпалардың ірі бірлестіктерін (немесе одақтарын) атау қабылданған3.
Тіл жағынан алғаңда қазак жеріндегі тайпалардың бәрі де түркі негіздес диалектілерде сөйлеген, сонымен бірге бұл дәуірде тайпалық одактар тілі көне түркілік негіз-тідден бөліне бастаған еді. VII ғасырдан бастап ірі тайпалық одақтардын құрылуына байланысты олардың құрамына енген ру-тайпа тіддері жаңа сапаға ие бола бастаған. Бұрынғы ру-тайпалық сипаты бар диалектілердің орнына еңді әрі тайпалық, әрі жергілікті сипаты бар диалектілер қалыптасады. Осылайша халық тілінің негізгі құрамды бөліктері болып табылатын жергілікті диалектілердің негізі салынды.
Ү-Х ғасырлардағы көне түркі тіддері жайыңдағы мөлімет-тер Орхон, Енисей, Селенге, Іле, Талас әзеңдері бойларынан табылған ^-^11 ғасырлардың жазба ескерткііитерінде, ІХ-Х ғасырлардағы көне ұйғыр жазбаларында сақталған. Бұл ескерт-кіштер қазіргі түркі тілдерінің көбіне ортақ болуымен бірге қазақ тайпаларының көне замаңдағы тілі құрылымынан да мағ-лұмат береді.
Қазақ жеріңдегі тайпалық тіддердін бұдан кейінгі дамуы түркі тіддерінің ортағасырлық дәуіріне (Х-ХҮ ғасырлар ара-лығы) сәйкес келеді. Бұл дәуір негізінен қыпшақ қауымы мен монғол үстемдігінің заманы болғаны белгілі. Түркі тіддерінің ортағасырлық дәуіріңде қазақ жеріңдегі тайпалық тіддер (диа-лектілер) жергілікгі сипат алып, онан ары дамыды. Сонымен бірге олардың бәріне ортак тіддік белгілер дежегіле түсті. Мұньн өзі болашақбірыңғай халықтілімңжасалуына бетбұрыс еді.
1 Баскаков НА. Введение в изучение тюркских языков, М., 1962, стр 203 229,257.
2 Аманжыов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка, Алма Ата, І959.С.И2.
3 Қазак ССР тарихы, 2-том, Алматы, 1983,258-бет.
10
Қыпшак тілдерінің, оның ішіңде қазақ тілінің құрылымы туралы мәліметгер түркі тілдерінің ортағасырлық дәуірінен қалған тарихи шығармаларда сақталған. Мәселен, XI ғ. Қара-ханңдтер мемлекеті кезіңцегі Орта Азия елдерінің сөйлеу тілі мен кейбір тайпалық одақ тілдерінің сипатын біддіретін Мах-муд Қашқаридың «Дивани луғат ат-түрк» атгы еңбегіңде (1073-74 жылдар) қыпшак тобына, оның ішіңде қыпшақ-ноғай тіл-деріне тән белгілер аз емес. Бұдан басқа көне түркі әдеби тілінің дәстүріңде жазылған шығармалар да бар: Юсуф Баласағұнның «Құтадғу білігі» (1067—70 жыддар), Ахмед Иассауидың «Дива-ни хикметі» (XII ғ.), т. б. Тайпалық одақтар тілінің Алтын Орда кезіндегі кейбір көріністерін Джамал әд-дин Ибн Мұханнаның сөздігі (XIII ғ.), Құгбтын «Хусрау уа Шіріні» (XIV ғ.), «Кодекс Куманикус» (1303 ж.), «Оғыз наме» (XIV ғ.), «Мұхаббат наме» (1353 ж.), Абу Хайианның сөздігі (1313 ж.), хаңдар жарлығы т. б. нұсқалардан байқауға болады. Әрине, аталған ескерткіштер қазақ тілінің сол кездегі қалпын толық көрсете алмайды. Бұл ескерткіштер тіліңде сол замаңдағы жазба әдебиетінің дәстүрі бойынша шағатай, көне түркі кітаби элементтері де кездеседі. Соңдықтан олар түркі тіддерінің ортағасырлық дәуіріңдегі жаз-ба әдеби тілінің үлгісі ретіңде танылуға тиіс.
Түркі тілдері дамуының жаңа дәуіріңде (XV—XIX ғасыр-лар аралығы) қазақтың тайпалық одақтары қыпшақ қауымы-нан, ноғай ордасынан бөлініп шығып, өз алдына халық болып қалыптасу үстіңде еді. Бұған қыпшақ қауымының ыдырап, монғол үстемдігінен қалған ордалар (Ақ Орда, Көк Орда) мен хаңдықтардың бірде бірігіп, бірде бөлініп отыруы, қалмақ хандықтарының жаугершілік саясаты себеп болды. Қазақ жеріңде монғол басқыншылығынан кейін патриархтық-феодал-дық қатынас қайтадан күшейіп, XV ғасырда алғашқы қазақ хаңдықтары пайда болды. Алтын Ордадан және бұрынғы мемлекетгік бірлестіктерден бұл хаңдықтардың айырмасы — олардың жаугершілік негізде емес, жергілікті экономикалық, этникалық жақындық негізіңде пайда болғаңдығы еді. Мұның әзі бұдан бұрынғы дәуірде қалыптасқан тайпалық одақтардың еңді халық болып бірігуіне мүмкіңдік ту ғызды. Сөйтіп, XV ға-сырдың аяқ кезі мен XVI ғасырдың басыңда қазақ тайпалары халык болып бірікті.
Тайпалық одақтар гіліңде олардың бәріне ортак халықтық тіл белгілерінің басым болуы бірыңғай халық тілінің дамуына мүмкіңдік берді. Мұнын әзіңде қазақ тілі қыпшақ гіддеріне, оның ішіңде қыішіақ-ноғай тобыңдағы гіддерге тән белгілерді сақтай отырып, өзінің ішкі даму заңымен жегіліп отырды. Бұл процесс, яғни қазақтың халық тілінің қалыптасуы, XV—XVI
н
ғасырлардан басталып, XIX ғасырдың 2-жартысына дейін со-зыдды.
Қыпшақ тідцері әз ішінен үш топқа бөлінеді: кыпшақ-бұлғартобы, кыпшақ-половец тобы, қыпшақ-ноғай тобы. Қазақ тілі қыпшақ-ноғай тобына кіреді. Оған қазақ тілінен басқа но-ғай, қарақалпақ тілдері және өзбек тілінің қыпшақ диалектілері енеді. Бұл топтағы тілдердің қыпшак-бұлғар, қыпшақ-половец тілдерінен негізгі айырмашылығы мынадай:
а) ч дыбысының болмауы, оның орнына іи айтылуы, ш дыбысының орнына с дыбысы қолданылуы, мысалы, қаіи ~ қач, қыс -қыш;
ә) көрші дауыссыз дыбыстардың әсерімен м/б/п дыбыста-рының алмасып отыруы: адаммен, өгізбен, атпен;
б) дауыссыздардың әсерімен ң/д/т дыбыстарының алма-сып отыруы: жаздың, баланың, аттың.
Қыпшақ-ноғай тілдері ноғай, қарақалпақ және қазақ тілдері болып өз ішінен екіге бөлінеді. Қазақтілінің ноғай, қарақалпақ тілдерінен негізгі айырмашылығы:
а) өзінің аддындағы дауыссыздардын әсерімен л/д/т ды-быстарының алмасып отыруы, мысалы, тастар, қаздар, үйлер, ал ноғай, қарақалпақ тілдерінде оңдай алмасу жоқ: таслар, қазлар, үйлер;
ө) ноғай, қаракалпақ тіддеріңде келер шак есімшенің -ад-жақ/-еджек тұлғасы арқылы жасалуы, қазақ тіліңде мұндай тұлғаның болмауы*.
Бұдан басқа қазақ тілінің өзіне тән мынадай белгілерін көрсетуге болады:
Фонетикада — 9 дауысты дыбыстың болуы; тілдің қатысы-на қарай таңдай гармониясы болуы; дауысты дыбыстардың тұ-ракты түрде жуан-жіңішке болып бөлінуі; ерін үндестігінің сөздің екінші буынынан ары қарай аспауы.
Морфологидда — есімшенің және шақгық тұлғаның ~атың/ -етін қосымшасы аркылы жасалуы.
Синтаксис саласында — есімше және көсемше тұлғалары арқылы жасалған құрылымдардың кең қолданылатыны; жай жөне құрмалас сөйлем құрамыңда жалғаулық арқылы байла-ныстың шектеулі екендігі.
Лексикада — сөздердің жалпыгүркілік негізгі қабаты сақ-талғаңдығы, араб-парсы кірме сөздерінің аздығы1 2.
XV—XIX ғасырлардың арасыңдағы қазақ тілінің құрылы-
1 Баскаков Ц. А. Введение в изучение тюрКских языков, стр. 250
2Лингвистический эициклопедическийсловарь, М., 1990, стр- 210.
12
сы жайывдағы мөліметгер өр түрлі сипатгағы әдеби мұраларда беріліп отырған. Мәселен, XV—XVII ғасырларда қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрін бастап дамыгқан, тарихи поэзияның өкіл-дері Шобан, Жиембет, Марқасқа жырлары; елдік ұғым мен халықтық сананын әрістеуінен туған көптеген тарихи эпостар (Алпамыс, Қамбар, Қобыланды, Ер Тарғын, Ер Қосай, Ер Көк-ше, Орақ т. б.); қазақ және ортаазиялық түркі әдеби тілі үл-гісівде жазылған Қадырғали Жалаиридің ««Шежірелер жинағы» (XVII ғ.), Абылғазының «Шежіре-и-түрки» (XVII ғ.) шығарма-лары туды.
XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың 1-жартысывда кітаби тіл элементгерін сақтаған қисса-даставдар, Жоңғар басқыншы-ларына қарсы күрескен Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек, Баян т. б. батырлар жайывда жырлар; ауыз әдеби тілінің негізгі дәстүрін сақтай отырып жазба поэзияға тән кейбір үлгілерді қолданған ақын-жыраулар Бұхар, Шал, Тәтіқара, Ақтамберді, Жанақ, Шөже, Орынбай, Махамбет, Шортанбай, Дулат т. б. шығармалары пайда бодды.
XIX ғасырдың 2-жартысынан бері қарай түркі тіддес ұлтгар пайда болды. Бұл түркі халықтары дамуывдағы ең жаңа дәуір болып табылады. Қазақ тілінің ұлт тілі болып қалыптаса бас-тауы осы дәуірге сәйкес келеді. Мұның өзі қазақ халқының ұлт бола бастау процесімен байланысты еді. XIX ғасырдың 2-жартысывда қазақ жері түгелдей Орыс мемлекетінің құрамы-на кіріп, овда капиталистік қатынастың кейбір элементтері орныға бастады. Мысалы, кейбір өңдіріс орыңдарының ашы-луы, тауар айналымының қажетімен туған жәрмеңкелер, ақ-шаның шығуы т. б, соған байланысты әкімшілік-басқару жүйе-сівдегі жаңалықтар осының айғағы. Дегенмен, Қазақстаңда капиталистік қоғам орнаған жоқ. Ол кезде Қазақстан өлі де феодаддық бьггыранқылық, отаршылдық жағдайда болды. Бур-жуазиялық сипатгағы ішкі рыноктың нашар дамуы, халықтың өз ішіндегі саяси, экономикалық байланыстың өлсіздігі казақ халқының ұлт болу процесінің дамуына қолайлы болмады.
Қазақ халқының ұлт, оның халық тілінің ұлт тілі болып қалыптасуы XX ғасырда, негізінен Кеңес өкіметі жыддарымен деңгейлес келеді. Бұл кезде ұлт болу үшін қажетті шарттардың бұрын негізі салынған: жер бірлігі, тіл бірлігі, мәдениет бірлігі сияқты түрлеріне қоса экономикалық бірлік нығая бастады. Кеңес дәуірівде тоталитарлық тәртіп орнауына байланысты Қазақставда заңдылық бұзылып, жаппай жазалаушылық орын алғаны белгілі. Бірақ соған қарамастан республиканын қоғам-дық-саяси, экономикалық, мәдени-щаруашылық әмірівде ха-лық зор ынталылық, белсевділік көрсетгі. Бұл жыддарда ірі
в
өңдіріс орыңцары молайып, шоғырланған экономика жүйесі біршама жетідці; ұлпық баспасөз, ұлтгық оқу-ағарту жүйесі, ғылым, енер, мәдениет әріс алып, қанат жайды, ұлтгык интел-лигенция калыптасты.
Сөйтіп, XIX ғасырдың 2-жартысыңда басталған қазақтың ұлт болу, тілінің ұлт тілі болу процесі XX ғасырда онан ары дамып жетідді. Үлтгық тілмен бірге ұлтгық әдеби тіл қатар дамыды. 1991 жылы 16 желтоқсаңда Қазақстан Республикасы-ның мемлекетгік егемеңдігі туралы қабылданған декларация қазак халқы тарихыңдағы жаңа бетбұрыс кезең болып табыла-ды. Бұл кезенде тіл туралы Заң қабыдданып, Қазақстан Рес-публикасының жаңа Конституциясыңда қазақ тілі мемлекеттік тіл болып бекітідді. Осылайша ұлттық тіддің нығайып әріс алу-ына, қоғамдық-әлеуметтік өмірдің әр саласында оның қызметінің кеңеюіне зор мүмкіншілік туды.
Сөйгіп, жоғарыдағы шолудан көрінгеңдей, қазақтың халык гілі, одан кейін ұлт гілі болып қалыптасу кезеңдері өзіне тән ерекшеліктері бола тұра, түркі тілдері дамуыңдағы негізгі дәуірлердің шеңберінен шығып кетпеген, түркі тіддері арасын-дағы бір-бірімен іліктесгік, туыстық сатылай байланыс қашан-да сақталып отырған.
ҚАЗАҚ ТІЛІ - ¥ЛТ ТІЛІ, ҮЛТГЫҚ ӘДЕБИ ТІЛ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТПК ТІЛ
§ 3. Казактың ұлгтық тілінің сипатгамасы
Қазақтың ұлтгық тілінің қалыптасуы жалпы қазақ гілі та-рихындағы аса елеулі кезең болып табылады. Тіл тарихы тұр-ғысынан қарағанда ұлттық гіл сол тілде сөйлейгін халықтың ұлт болуымен бірге пайда болатын тіл даму ының жаңа сападағы кәрінісі ретіңде танылады. «Үлт тілі — ауызекі және жазба түрде ұлтгық қарым-қатынас құралы қызметін атқарушы тідді біддіретін өлеуметтік-тарихи категория. ¥лт гілі ұлтгың тууы-мен бірге қалыптасады да, әрі оның пайда болуымен әмір сү-руінің алғы шарты, әрі әзі де сол процесгің нәтижесі болып табылады»1.
Қазақтың ұлт гілі қазақтың ұлт болуымен байланысты XX
1 ЛингвистическиЙ энциклопедический словарь. М., 1990, стр. 325.
14
ғасырда қалыптаскан (ол жайында толығырақ өткен тақырыпта айтылған). Әрбір ұлт тілі өзіне тән дербес жолмен туып, қалып-тасатыны белгілі. Тіл білімінде ұлтгық тілдердін үш түрлі негіз-ден туатыны көрсетілген: 1) тіддік белгілері бірынғай, құры-лымыңда айырмашылық жоқ бір диалект негізіңде, 2) бірнеше диалектінің шоғырланып бірігуі негізіңде, 3) диалектілердің ауыса отырып, әзара шоғырлануы негізіңде. Қазақтың ұлт тілінің халықтық тегіңде осы айтылғаңдардың екінші түрі, яғни қазақ жеріңдегі өзара туыс бірнеше диалектінің шоғырланып бірігуі жатқан сиякты. Шоғырланған диалектілердің бірнеше ғасыр бойы дамуы нәтижесіңде қазақтың халық тілі қалып-тасқан. Осы күнгі қазақ тілінің сөздік құрамы мен дыбыстық, грамматикалық құрылысының қалыптасуы, тұрақганып жалпы-халықгық сипагга дамуы осы кездің жемісі. Ал қазақтың ұлт тіліне келсек, ол халық тілінің тарйхи жаңа дәуірдегі дамыған түрі болып табылады. Сол себепті ұлт тілінің құрылымдык негізі оның халык тілі болып дамыған дәуіріңде салынған деп есеп-теледі. ¥лт тіліне дейінгі кезеңдерде бұлай болмаған. Мысалы, қазақтың халык тілі бір тайпаның иә бір тайпалық одақтың тілінен емес, бір тектес үш тайпалық одақ тідцерінің бірігуінен жасалған. Сол сияқты әрбір тайпа тілі бірнеше рулықтілдердің негізінде туып отырған.
Қазактың ұлт тілі әзінің ішкі құрылымы жағынан қазақтың халық тілінің мұрагері болып табылады. Уақыт талабына сай өзгеріске түсе отырып, тіддің өр түрлі деңгейіңде (лексика, фонетика, грамматика саласында) кейбір элементгерін жо-ғалтып немесе кейбір жаңа элементгерге ие болып отырғанымен, ұлт тілі халық тілінің бұрынғы қалпыңдағы тұрақгылығын белгілі дәрежеде сақгап отырады, ұрпақтан ұрпаққа мәдени-тарихи және баска дәстүрлерді жеткізудегі өзінің негізгі мәнін жоғалтпайды. Қазақтың ұлт тілі халық тілінің мұрагері бола отырып, оның дәрежесіңде қалған жоқ. Тіддің тарихи даму тұрғысынан қарағаңда ұлт тілі тіддің бұрынғы тигггік түрлерінен (ру, тайпа, халық тілдерінен) өзгеше жаңа сападағы тіл болып табылады.
Қазақтың ұлттық тілі деген өте кең ұғым, ол өзінің құрамы жағынан бірыңғай емес: оған бүкіл ұлтқа қызмет ететін баспасөз тілі — әдеби тіл де, ауызекі сөйлеу тілі де, ұлтгық сипаты жоқ, тек жеке аймақтарға, аудаңдарға тән жергілікті диалектілер мен говорлар да, жеке кәсіби-мамаңдыкка тән сөздер де, жекеле-ген өлеуметтік топтар қолданатын ерекше жаргоңдық сөздер де жатады.
Бұлардың қоғамца алатын орны, маңызы, тілдік сипаты бірдей емес. Сол себепгі оларды ұлтгық тіддің жоғарғы жөне
15
төменгі формалары деп бөліп қарастыруға болады. Жоғарғы формасына — баспасөз аркылы дәстүрлі тіл мәдениеті негізінде жетілген әдеби тіл, ал төменгі формасына одан басқалары жа-тады.
Жоғарьщағы формалардың қоғамдық қызметінде, қолданы-лу аясында елеулі айырмашылықтар бар екеніне қарамастан, қазақтың ұлт тілі бүкіл қазақ ұлтына ортақ, біртұтас қарым-қатынас құралы болып табылзды. Қарым-қатынас құралы ретіңдегі мұңдай біртұтастықтың негізі қазақтың халық болып қалыптасқан дәуіріңде салынған. Тілдегі біртұтастық сөздік құ-рам мен дыбьктық, грамматикалық құрылыстың негізі жалпы-халыктық, казак тілінде сөйлеушілерге ортақ екеніне байла-нысты.
Бірақ тіддін біртұтастығы деген ұғымнан қашаңда оның барлық элементтері сол тідде сөйлейтін жердің бәріңде бірдей болады деген түсінік шықпайды. Тіддегі зандылықтардың бәрі бірдей емес, олардың ішіңде тілдің бірлігі үшін маңыздылары, негізгілері бар да, соңцай-ақ тіл тұтастығы үшін соншалық маңызды еместері де бар. Мәселен, аса қажетті заттық, сапа-лық, сыңдық, қимылдық т. б. ұғымдарды білдіретін сөздер, негізгі грамматикалык зандылықтар, сөздердіңөзгеру тәсіддері, сөз тіркесі мен сөйлем жүйесі, дыбыстық құрыдыстың негізгі зандары қазақтілі тараған жердің бәріне тән, бұл сияқты негізгі заңдылыктар бүкіл халықтық әдеби тідде де, барлық жергілікті диалектілерде де бірыңғай сипатта. Сол себепті оларды бүкіл ұлт тілі құрылымындағы жалпыға бірдей ортак белгілер, я зандылықтар деп атауға болдды.
Ал тек диалектілерде, болмаса говорларда кездесетін жергілікті ерекшеліктер ұлттык тіддің неғұрлым маңызы кем элеменгтері болып табылады жөне олар түтас ұлтгық сипат алмаған, шағын аймақтарда, жекелеген аудаңдарда ғана қолда-нылады. Сол себепті оларды ұлт тілі құрылымындағы жалпыға ортақ емес, жеке тіл элементгері деп атауға болады. ¥лт тілі құрылымыңда жалпыға бірдей, ортак белгілер мен заңдылықтар әлдеқайда басым болғаңдыктан, олар тІлдің негізін қалайды, олардан ті.тдің біртұтастығы көрінеді. Ал жалпыға ортақ емес жеке тіл элементтері алғашқымен салыстырғаңда аз болған-дықтан, тілдің біртұтастығына нұқсан келтіре алмайды.
Мәселен, етістік негізге жалғанып, қодданылу ыңғайына қарай бірде өткен шақ, бірде келер шақ мәнін білдіретін көсемшенің -галы (оның вариантгары) жұрнағы қазіргі әдеби тідде нормалық сипаты бар тұлға болып табылады. Бұл тұлға жоғарыдағыдай мәнде ауызекі сөйлеу тілі мен жергілікті говорларға да тән. Демек, -галы жұрнағының жаллыға бірдей
іб
ортақ, тұрақты сипаты бар. Ал Қазақстанның кейбір шығыс аудандарыңда жергілікті халықтілівде кездесетін осы тұлғаның -гайы (варианттарымен) түрівде овдай жалпыхалықтық сипат жоқ. Ол белгілі бір жерде әдеби -галы тұлғасымен қатар қол-данылатын, жеке элемент тұрівде сақталған. Бұл сияқты мысал-дар аз емес.
Ұлтгық тілде жалпыға бірдей ортақ белгілер басым және оның негізіне жататывдықтан, керісінше, ортақ емес, жеке тілдік белгілер одан аз және тіддің негізіне қатыссыз болатын-дықтан, өр аймақтың тұрғындары бір-бірімен еркін түсініседі. Мәселен, бір-бірінен қашық жатқан Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарынын тұрғывдары әрқайсысы әз говоры-мен сөйлесе де, бір-бірімен оңай түсінісе алады. Мұның әзі, екінші жағынан, қаншама дыбыстық, грамматикалық ерек-шеліктер барлығына, әсіресе лексикалық ерекшеліктердің молдығына қарамастан, қазақ тілівдегі диалектілер мен говор-лардың әзара жақын екевдігін байқатады.
Тіддің ұлтгық тіл дәрежесіне ие болуымен тіл құрылы-мындағы барлық элементтер жаңадан жасалмайды. Айтылуы, стильдік қолданылу аясы жалпыхалықгық сипатга тұрақталған сөздер, дыбыстық және грамматикалық тұлғалар, құрылымдар дайын қалпында ұлггық тілге ауысып отырады. Үлттық тілдің халықтық негізі деген осыдан қәрінеді. Күнделікті омірде сөйлеген сайын сөзді, болмаса грамматикалық тұлғаны қалай қолданамыз деп ойланып жатпаймыз, оның бәрі өзінен-өзі тілге оралатын сияқты. Мысалы, мен деп басталатын сойлемнің одан ары 1 жак тұлғасындағы сөзбен қиысып отыруы, болмаса ілік жалғаулы сөздің (біздің ауыл сияқты бірен-саран тіркесте бол-маса) міңдетгі түрде тәуелді жалғаулы сөзбен тіркесу заң-дылықтары келе-келе сөйлеу дағдысына айналған. Тілімізде өртүліктіңтүр-түсіне байланысты ежелден қалыптасқан арнау-лы сөздері бар. Жылқы малыныңтүсіне қарай айтылатын сөздер сиыр малына, оған айтылатын сөздер басқа түлікке айтылмай-ды, қазақ тілін білетін адам оны шатастырмайды. Жуас, мо-мын мағынасыңдағы «қой аузынан шөп алмас» тұрақты тіркесін басқаша озгертіп айту мүмкін емес, ол солай қалыптасқан, со-лай айтылуы мівдетгі. Сөзге, грамматикалық тұлғаларға қатыс-ты бұл сияқты мындаған заңдылықтар нормаландыру мақсатыңда әдейі жасалмаған, тіддің ғасырлар бойы ішкі даму заңына сай табиғи туындаған. Оларды нормаландыру процесівде кейін жасалған сая жол, белшек сауда, төлгф, жанкуйер, мамандандырылган шаруашылық, балмуздақ сияқты сөздермен бір деңгейде қарастыруға болмайды. Тіддің табиғи дамуы нәтижесівде туған сөздер мен тұлғалардың, тұракты соз
17
тіркестерінің ішіңде халықтын үнемі қолдану даідысына айнал-ғаңдары аз емес. Оларды ғылымда узус деп атайды. Оған бір қолданар тосын (окказионал) сөздер жатпайды. Мысалы, I. Жансүгіровтегі — музақтау — муздау, муз қату («Мұзақтап самолеті сауыс болып»); ушқыр — ушқыш («Үшқырлар кезек-кезек ұшқанда анық»); С. Сейфуллиңдегі: совстан, советстан т. б. немесе жеке адамдар ғана колданьгп, көпшілікке тарамаған сөздер: әфсана — аңыз-ертегі, асқарпаз — адыіинист, қау — мәшиненіқ қорабы (кузовы), кеніш — кен орны, рудник т. б. тосын сөздер деп қарауға болады. Узус — әдеби тідцегідей норма емес, бір тілде сөйлейтін адамдар түгелдей қабылдаған сөйлеу үлгісі, соз қолданудағы әдет-дағды. Ол — көне замаңдардан тілдің әзімен бірге жасасып келе жатқан құбылыс. Әдеби нор-малар өр дәуір талабына сай тенденциялық бағытта әзгеріске түсіп отыруы мүмкін, ал узус тұракты және оны бүкіл халық үнемі қолданады. Т. Қордабаев әдеби тіл нормасымен шатас-тырмау үшін оны тіддік дәстүр деп қарауды ұсынады*.
Бірақ ұлттыктіл халық тіліңде айтылуы, қолданылуы әбден тұракдалған сөздер мен тұлғаларды дайын қалпыңда қабылдау дәрежесіңде қалмайды. Үлтгық дәуір талабына сай жаңа дең-гейде, яғни ұлггық тіл деңгейіңде, тіл онан әрі дамып жетіліп отырады.
§ 4. Ұлгтық тіддіц тармактары
Қазақ тілі — түркі тілдері тобындағы біршама жас тіл екеніне қарамастан, дамудың күрделі процестерінен өткен, құрылымы өр түрлі тіл. Қазақ тілінің фактілері оның осы күнгі үлтгық дамуыңда үш негізгі тармақ бар екенін көрсетеді. Олар: 1) өр түрлі стильдік салада қолданылатын жазба жөне ауызша түрлері бар әдеби тіл, 2) жергілікті немесе өлеуметгік сипаты бар тіл ерекшеліктерінен тұратын диалектілер мен говорлар, 3) жалпыхалықтық сипаттағы ауызекі сөйлеу тілі.
Осы күнгі ұлт тілінің жоғарыда айтылған үш тармағын тек кейінгі замаңда пайда болған деп қарауға болмайды. Оның негізі халық тілі қалыптасқан кезде салынған. XV—XVI ғасырлар мен XIX ғасырдын бірінші жартысы аралығыңдағы казактын халык тілі де үш тармақтан: 1) ауызша әдеби тілден, 2) жергілікті диалектілер мен говорлардан, 3) ауызекі сөйлеу тілінен тұра-тынын көреміз.
1К,срдабаев Т Қазактілі білімінін калыптасу, даму жоддары, Алматы, 1987, 114— 115-бетгер.
18
Бірақ халықтық және ұлтгық тіл лережесі тұрғысынан қа-рағаңда бұл тармақтарынын мәні, сапасы, кәлемі мен қызметі бірдей емес.
Біріншіден, халық тілі қалыптасқан дәуірдегі қазақтың ауызша әдеби тілі халықтың ауыз өдебиеті мен ақын-жырау-лар поэзиясына негізделгеңдіктен, оның стильдік жағынан са-ралануы мен нормалық белгілерінің сипаты сол өз негізіңдегі деңгейден аса алмаған. Бірақ соған қарамастан ауызша өдеби тіл жазба тіл үшін негізгі арна болып қала береді. Жазба әдеби тіл ауызша өдеби тідцегі көркем тіл улгілерінен, көркемдеу тәсіддерінен нәр алып отырады* 1. Қазақтың қазіргі коркем әдеб-иеті ауыз әдебиетінен, қазіргі жазба әдеби тіл ауызша әдеби тілден біржола қол үзіп кеткен жоқ.
Ал ұлтгық жазба әдеби тілге келсек, оның жағдайы бас-қаша. Қазақтың қазіргі ұлтгық әдеби тілі баспасозге, жазба әдебиет нұсқаларын ғылыми тұрғыда зерттеуге негізделген. Осы күнгі әдеби ті.тдің нормалық белгілері мен өр түрлі стильдік салалары бірден қальптгаспаған, олар ұлтгық жазба әдеби тіддің негізі салына бастаған Абай, Ыбырай заманынан бергі қоғам-дық-өлеуметтік, ғылыми-техникалық, мәдениет, әнер сала-сыңдағы әдебиеттердің тіл құрылымын, қолданылу ерекше-ліктерін, стилін зертгеу нәтижесіңде бірте-бірте пайда болған.
Екіншіден, қазақтың халық тілі мен ұлт тіліңдегі жергілікті диалектілер мен говорлардың сипаты еш уақытга бірыңғай болған емес. Мәселен, диалектілер мен говорлардың шын мәніңде жергілікті сипатга дамыған уақыты қазақтың хальіқ тілі қалыггтаскан кезге сай келеді. Сол себепті Н. Т. Сауранба-ев осы күнгі қазақ тіліңдегі говорлардың пайда болу кезін XV—XVIII ғасырлар аралығына жатқызады2. Ал ұлтгық тідде, керісінше, жазба әдеби тілдің әсері күшеюіне байланысты диалектілік ерекшеліктер азайып отырады. Қазіргі қазақ тіліңдегі диалектілік ерекшеліктер негізінен халық тілі кезінен сақталған қалдық ретіңде танылады.
Бірақ ұлт тілі құрамыңдағы диалектілер мен говорларда да-мудың кейбір элементтері жоқ емес. Мысалы, Кеңес өкіметі жылдарындағы қоғамдық-өлеуметгік жаңалықтарға байланыс-ты неологизмдердін бірсыпырасы әдеби тілде де, говорларда да қатар туып отырғаны байқалады. Әдеби тіддегі нусқау сөзі кейбір говорларда керсете, демалыс — жатыскун, тікелей бас-шылык, — аяқтай басшылық, қабырга газеті — жар газеті, дуал
1 СыздыкрваР. Қазақедебитілініңтарихы. Алматы, 1993.15—16-беттер.
1 Сауранбаев //. Т. Диалекты в совремеином казахском языке, Вопросы язы-
кознания, 1955, №5, стр. 50.
19
газеті, шара қалдану — шара көру, мәжіліс— шақырыспа, тексе-ру (ревизия) — барлау т. 6. түріңде айтылған1. Осылайша өдеби сөздердің жергілікті нұсқалары пайда болып отырған. Бірақ мұндай сөздер әдеби тілдің әсерімен говорларда тұрақты түрде қолданыла бермейді.
Үлттық тіддегі диалектілерге қатысты тағы бір ескеретін жайт—бірқатар зерггеушілердін пікірінше, ұлтгық әдеби тілдің негізі салынған кезде оған белгілі бір диалект аркау болып жетекші қызмет дтқарған. Мысалы, С. Аманжоловтың пікірін-ше, оңдай диалект — қазақ тілінің солтүстік-шығыс диалекті2. Кейбір ғалымдар ұлтгық өдеби тіл ушін тірек диалект орта-лық-солтүстік диалект деп қарайды3 Бірақ бұл мәселе әлі де жете зерттеуді қажет етеді.
Үшіншіден, жоғарыда айтылған ауызекі сөйлеу тілі халық-тық ауыэша әдеби тідцің де, ұлпық жазба әдеби тілдің де негізгі қайнар көздерінің бірі болып табылады. Әдеби тіл өзіне керек-тіні қашаңда сөйлеу тілінің қорынан алып отырады. «Әдеби тіл сөйлеу тілінің негізінде туған, соның лексикалық, грамма-гикалық негізін пайдаланып коймай, көркемдеу мүмкіндігіне де сүйенеді»4.
Зерттеушілердің пікірінше, қазақтың ауызекі сөйлеу тілінің төркіні арыда жатыр, ол қыпшақ қауымы заманындағы ауызекі сөйлеу тілінен бастау алады. Сол заманға тән XI—XIV ғасыр-лардан қалған Махмуд Қашқари сөздігі, «Кодекс Куманикус», «Түркіше-арабша тәржіма», Абу-Хайианның сөздігі т. б. тари-хи жазба ескерткіштердің тілі қазақ әдеби тілінің негізгі арна-ларының бірі болған, қыпшақ заманыңдағы ауызекі сөйлеу ті-лінің сипатын білдіреді5.
Э. Р. Тенишевтің пікірінше, түркі тайпаларында диалектілер аясынан жоғары тұрған сөйлеу тілінің ортак үлгісі руникалық жазуға дейін де болған. Онымен ауызекі поэзия үлгілерін жа-сауда, көпшілік алдында сөйлеуде, әдет-ғұрып парыздарын өтеу кезіңде пайдаланатын болған. Ал «VII—VIII ғасырларда руни-калык жазулар тілімен бірыңғай әдеби үлгі ретіңде оғыз, ұйғыр,
1 Калиев Ғ. Қазақ говорларывдағы диалекгілік сез тудыру. Алматы, 1985,34-бет.
2 Аманжолов С Қазақтың өдеби тілі. Алматы, 1949. 9—13-беттер. Вопросы диалектологии и истории казахского языка, Алма-Ата, 1959, 169, 181 — 182-бетгер.
’ Қазақ едеби тілінің қалыпгасу тарихы мен даму жоадары. Жинақ. Алма-ты. 88-бет. (Қ. Ә. Нүрмағамбетовтің макдласы).
4 Амцров Р. Особенности синтаксиса казахской разговорной речи, А.. 1972, стрЗ.
5 Сыздықова Р. Қазақ одеби тілінің тарихы, 28—32-беттер.
20
қырғыз, қыпшақ және басқа да әр түрлі түркі тайпалары мен тайпалық одақтар пайдаланып отырды. Дегенмен, күңделікті қарым-қатынас үшін өр тайпа өзінің халықтық сөйлеу тілін қолданатын болған: бұл — оғыздар мен қыпшақтардағы / тілі (ціад, дд=), ұйғырлардағы — г/ тілі (агіад, до(1=), қырғыздар-дағы — г тілі (а&д дог=) еді», — дейді1. Бұл пікір қыпшақ және басқа тіл бірлестіктері заманыңдағы ауызекі сөйлеу тілінің негізі одан бұрынғы дәуірлермен сабақтасып жатқанын меңзейді.
Ауызекі сөйлеу тілінің халықтық сипаты, онда неғұрлым әсерлі, бейнелі мөнерде сөйлеу мүмкіншілігінің молдығы, пікір алысудың тікелей ауызекі, диалогтық түрінің басымдылығы, қарапайым, тұрпайы сөз қолданыстары т. б. қасиетгері бұрынғы ауызша әдеби тіл кезіңде де, қазіргі жазба әдеби тіл кезіңде де сақталып отырған.
Бірақ сөйте тұра ауызекі сөйлеу тілі тарихи дамып отыра-тын құбылыс. Мәселен, ауызша әдеби тіл кезіңде ауызекі сөйлеу тілі оған неғұрлым жақын болған. Бұл — халықтың сөз өнерінің негізі ауызша дамумен байланыстылығын көрсетеді. Сонымен бірге қазіргі кезде ауызекі сөйлеу тілі өз ішінен са-раланып келеді. Ондағы қарапайым, дөрекі, тұрпайы сөз қол-даныстары өдеби тіл нормасына жатпайды. Ғ. Мұсабаевтың «Сөйлеу тілі мен қазақтың өдеби тілі қазіргі кезде бір-бірінен ажырай қалыпгасу үстіңде» деген пікірін осы мағынада түсінген жөн сияқты2.
Біртұтас халық тілінің құрамындағы жоғарыдағыдай функ-ционадды-стильдік, болмаса функционалды-көлемдік тармақ-тары тарихи бір-бірімен байланысты болып, бір-біріне ықпал етіп отырған.
Мөселен, көгггеген зерттеушілер ауызша өдеби тіддің негізі болып табылатын ауыз әдебиет тілі мен жергілікті диалек-тілердің табиғи байланыстылығын атап көрсетеді. Тарихи поэ-тиканың негізін қалаушы А. Н. Веселовский: ертегі белгілі бір диадектіде айтылады деген3. Орыс ауыз әдебиетін көп зертте-ген И. А. Оссовецкий: «Фольклор тілін оның нетізгі тірегі болып табылатын халықтық говорлардан бөліп алуға болмай-ды, бірақ солай бола тұра олардың бір-бірінен айырмашылығын да кәрмеуге болмайды», — дей отырып, фольклор тілінің
1 Тенишев Э. Р. О каддиалектном характере языка тторкских рунических па-мятников // ТНЯООЬООІбА. К семңдесятилетию академика А. Н. Кононова. Л.,1976,сір. 164-165
1 Кеңесбаев Г, Мусабаев Ғ. Қазіргі кдзак тілі. Лексика, фонетика. Алматы,
1975,115-бет.
’ ВесеяовскийА. Н. Историческая поэтака. Л., 1940. сір. 358.
21
жүйелік сипаты барлық стильдерімен қоса алғаңда, нақгы го-вор аясынан әлдеқайда тыс жатыр деп қарайды1. Қазақ эпоста-рының тілін зерттеген Е. Жұбанов эпостың бастапқы арнасы бір диалектіге негізделгенімен, жалпыхалықтық мұраға айна-лар шақта, ол әлденеше диалектіні қамти отырады. Сөйтіп, оның сөз құрамы диалектаралық сипатқа көшетіндігін атап көрсетеді2 3.
Қазақ ауыз әдебиетінің нұсқалары Қазақстанның қай өл-кесіңде пайда болса немесе кай жеріңде сақталып қалса, сол жердегі говорлар мен ауызекі сөйлеу тілінің әсеріне ұшырап отырғаны белгілі. Мысалы, Н. И. Ильминский Орынбор маңы-нан жинап бастырған ауыз әдебиет нұсқаларыңда Қазақстанның батыс облыстарына тән тіл ерекшелікгері сақталып қалған. ♦Қыз Жібек» жырындағы: Бір гашықтың зарпынан. Ат байлаган ақырды. Пул жібердім қалага. Қартайса да ілгері ілкі қыздан мушесі. Бір көрмекке ынтық боп, Төлеген мырза шонықты дегеңцегі зарпынан «салдарынан, зардабынан», ақыр «малға шөп салатын орын, оттық», шонықты «құмар болды», пул «ақша, қаражат», ілкі «әуелгі, алғашқы» оңтүстік-батыс го-ворларда қазір де айтылады. Мұндай жәйтті басқа түркіта-нушылар жинап бастырған ауыз әдебиет нұсқаларынан да, ер өлкедегі ауыз өдебиет өкіддерінің төл шығармаларынан да кө-реміз.
Осы күннің өзіңде қазақ ауыз әдебиеті нұсқаларының жал-пыхалықтық түрлерімен бірге тек жергілікгі жерде кездесе-тіңдері аз емес. Оған жеке аймақтарда айтьілатын ертегі-әңгімелер, тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жергілікті ауыз әдебиет өкілдерінің шығармалары жатады. (Олардың біркатары «Ел аузынан» айдарымен баспа бетіңде жарияланып жүр). Ауыз өдебиетіңдегі бұл сияқгы нұсқалар әлі бүкіл халық-тық дәрежеге көтерілген жоқ, тек аймақтық, болмаса одан да шағын көлемде орын алып отыр. Әдетге мұндай нұсқалардын тілінде диалектілік ерекшеліктер жиі кездеседі. Соңдықтан бұларды ауыз әдебиетінің жергілікті түрлері деп атауға бола-ды. Мысалы, мына сияқты мақал-мәтеддердің қолданылу өрісі жалпыхалықтық мақал-мәтелдерге қарағаңда шағын екенін көреміз: Қорыкқанның көзі кәттә, ақымақтың сөзі кәттә. Қорыққан бурын муш көтерер. Әуеде булт болса, жерде
1 Оссовецкий И. А. О языке русского тралинионного фольклора // Вопросы
языкознания, 1975, № 5, стр. 70.
3 ЖубамовЕ Эпостілінің өрнекгері. Алматы, 1978,94-бет.
22
шфім етік уртын тампайтады. Біреудің тесін жесең, өзіңнің ушаңды сайла. Сыйда сықтамақ жоқ. Шалжима, шалжимасыз мал жима. Ас жақсысы — қазанжаппай, сөз жақсысы — ләппай. Тентекке жол берме, екі қалына бел берме т. б. Бұлардың құрамындағы кәттә «үлкен», муш «жұдырық», шерім етік «көн етік», уша «екі жамбас үстіңдегі қалбағай омыртқа», қырғызда— «арка, бел омыртқа», сықтамақ «қыстамак, зорламақ», шалжи-ма «қақпан», қазанжаппай «қазанға жауып пісірілген нан, қарма», ләппай «мақұл, құп болады», бел «күрек, темір күрек» оңтүстік, оңтүстік-батыс аудандардың бірқатарында жергілікті ерекшеліктер ретіңде қазір де айтылады.
Бірақ бұған қарап ауыз әдебиеті нұсқаларының тілі әр-қашан диалектілік сипатта болады екен деп түсінбеу керек. Ауыз әдебиет тіліңде қазіргі говорларға төн ерекіпеліктермен бірге белгілі бір жерге төн деуге болмайтын сөз қолданыстар, көне тілдік белгілер де аз емес. Бұл — ауыз әдебиетінің жергілікті говорлар дәрежесівде қалмай, жалпыхалықтық си-пат алуына байланысты. Мысалы, эпостық жырлардагы Кушік-тейін шыңгыртып. Жібек сынды жеңгемнен. Айтамын айт дегенде арма Жібек. Карга жунді қаттасым, Үйрек жунді оттасым. К.ыдыра жалды қыл қуйрық. Кейін, балам, қайт сана, Анаңа сырың айт сана. Атой беріп жургенде. Басыр-басыр, басыр-ды, Аққа қулпы жасыл-ды т. б. жолдардағы көне тұлғалар, вдиомалық тіркестер бір кезде жергілікті си-патга болуы мүмкін, бірақ кейін одан айрылып, жалпыхалықтық ауыз әдебиетінің нормалық қолданысына айналған.
Ал ауызекі сөйлеу тіліне келсек, ол да құрамы жағынан бірыңғай емес. Оның кейбір түрі халықтың күңделікті қолда-нылуывда әдеби тілдің ауызша түрімен ұштасып жатса, кейбір түрі жергілікті ерекшеліктермен байланысып жатыр. Мысалы, бірқатар сөзде т орнына д айтылуы ауызекі тілде де, говор-ларда да кездеседі, ср. ауызекі тідде: дуз «тұз», дізгін «тізгін», дузу «жүзу», батыс говорларда: дым «тым», дермен «тиірмен», дурбат «тұрпат». Сөз ішіңде г, г дыбыстарының сақталып қалуы, ср. ауызекі тідде: сугірет «сурет», жігірма «жиырма», қумган «құман», ал кейбір оңтүстік-батыс говорларда: егер «ер» (атқа салатын), бігіз «біз», еге «ие», шақгарақ «шаңырақ» т. б. Батыс, шығыс, жатыс сегггіктерінің бір-бірімен ауысып айіы-луы (мугалімге оқыды — мұғалімнен оқыды, осы айга қар жауды — осы айда қар жауды) әрі говорларда, өрі ауызекі тілде кездесіп отырады. Осы тұста орыс диалектологиясын зерттеуге көп еңбек сіңірген акад. Ф. П. Филиннің облыстық (говорлық деген мағындда) және ауызекі қарапайым сөздердің шекарасы жыл-жымалы, уакьгг өткен сайын өзгеріп отырады; тіпті қазіргі тіл
23
нормаларының тұрғысынан қарағаңда облыстық немесе ауызекі қарапайым сөзді толық көз жеткізіп анықтау әрқашан мүмкін бола бермейді деген пікірі ойға оралады1. Қазак тіліңдегі бірқатар диалектілік сөздің оны зерттемеген адамдарға ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктері болып көрінуі осыдан болса ке-рек.
Ауызекі сөйлеу тілі осыңцай ерекшеліктерге ие бола оты-рып, ауыз өдебиет тіліне әсерін тигізіп отырған. Мысалы. Қашан елең адыра қалган менен, Білмейтін қандай жансың менің жайым. Курметім мундай мінекей, Бар дамбалым басыңа. Ау, жеңеше-ау, жеңеше-ау, Тус тулкінің боеы дер, Әр неме деп келмеші-ау! («Қыз Жібек») сияқты жолдарда ауызекі тілге төн қара-пайым я тұрпайы сөздер аралас жүр. Ауыз өдебиетінін өзіне тән тілдік ерекшелігі ондағы не түрлі айшықты сөз үлгілерінен ғана емес, қарапайым, дөрекі сөздердің араласып отыратыны-нан да айкын байқалады. Ауызша шығарылып, ауызша тараған, нормалануы баспа жүзіңде емес, табиғи талғам түріңде болып отырған ауыз әдебиетіңде ауызекі сөйлеу тілінің элементтері кездесіп отыруы заңды қүбылыс. Сөйтіп, бүл айтылғаңдардың халык тілінің тармақтары болып табылатын ауызша өдеби тіл, ауызекі сөйлеу тілі, жергілікті диалектілер өздерінің шығу тегіңде де, одан кейінгі даму тарихыңда да бір-бірімен үнемі байланыста болғанын және бұл байланыстың халық тілі дамыған дәуірде неғұрлым айкын болғаңдығын ко-реміз.
¥лт тіліңдегі жоғарыда айтылған тармақтар шығу тегі жа-ғынан халық тіліңдегі тармақтармен бір негіздес, олардыңөза-ра сабақтастығы еш уақьпта үзілмеген. Мөселен, осы күнгі әдеби тіддің негізгі саласы көркем әдебиет тілінің бастау көзі ауыз әдебиет тіліңде жатқаны белгілі. Сол сияқты қазіргі тіддегі диалекгілік сөздер мен ауызекі сөйлеу тілі де бүтіндей жаңадан пайда болған құбылыстар емес, бұрынғының сілемі ретіңде әде-би тілмен қатар өмір сүріп отыр,
Ал ұлтгық тіл тармақтарының өзара қарым-қатынасына кел-сек, оның халық тілінің тармақтарына қарағаңда басқашарак қатынаста екенін байқаймыз. Нормалық белгілері баспа бетінде сұрыптауға негізделген ұлттық өдеби тіл диалектілік сөздер мен сөйлеу тіліне тон сөздерді қалай болса солай қабылдай бермейді. Әдеби тілдің нормалық принциптері тұрғысынан алғаңда, диалектизмдер әдеби гілге енуге тиіс емес, себебі олар-
1 Филин Ф. П. Об обласгном словаре русского языка // Лексикогрвфичес-кий сборник. Вып. II, М., 1957, сір. 5.
24
дың әдеби тідце жалпыға бірдей түсінікті баламалары бар (жа-рын — келер жыл, ашық-машық — есіктің топсасы, жуалдыз — тебен ине, шану — сену, ату — мәсі, сиықты — сияқты т. б.). Дегенмен, диалектизмдердің өдеби тідде қолданылаіын кездері де болады. Бұл — екі жағдайда іске асады. Біріншіден, белгілі бір ұғымдарды біддіретін сөздер өдеби тідде болмаса, соңдай жағдайда оларды говорлардан алып тұрақтандыруға болады. Мысалы, қазіргі қазақ әдеби тіліңде мал (көбінесе қой-ешкі) екі төл туса, егіз дейміз, ал үш-төрт төл туса, оларды әдеби тідде нақгы жеке сөздермен біддіре алмаймыз. Ал Ақтөбе т. б. кейбір облыстарда оларды үшен//үшем, төртен деп атайды. Бұл сөэдер қазір мал шаруашылығына байланысты әдебиет-терде орнығып келеді. Әдеби тіддегі зембіл, арасан, жейде, атыз, жүйек, жылым (аудың бір түрі), ресми тідде жиі қолда-нылатын бойынша (аудан бойынша, облыс бойынша), егемен, үжым сияқты сөздердің жайы да осыңдай. Әдеби тілде жоқ ұғымды білдіретін, лексиканы байытатын кәсіби-диалектілік сөздер қазак тіліңде мол кездеседі. Екіншіден, ақын-жазушы-лар кейде кейіпкерлерін өзіне тән ерекшеліктерімен толық көрсету мақсатыңда диалектизмдерді өдейі қолданады. Мұнын өзі шығарманың тілдік бояуын (колоритін) күшейтудегі тиімді тәсіддердің бірі ретіңде қабыдданып жүр.
Тіл мәдениеті статусына ие болған әдеби тілге ауызекі тілге тән қарапайым, тұрпайы сөздер де кіруге тиіс емес. Дегенмен, көркем шығармаларда кейіпкер тіліңде олар да аз қолданыл-майды.
Қорьпа айтқанда, қазақтың халық тілі мен ауызша өдеби тілінің, ұлт тілі мен ұлттық өдеби тілінің негізі де, даму сипаты да әуел бастан-ақ демократиялық бағьпта болды. Түркі (қазақ) тіддерінің орта ғасырлардағы жазба нұсқаларыңда араб-парсы үлгілері үстемдік еткенімен, қазақтың ауызша өдеби тілі мен ұлтгық жазба әдеби тілінің халықтық қасиетін езгертіп жі-беретіңдей, зорлықпен таңылған басқа әдеби тіл үлгісі бізде болған жоқ. Үлттық тіл дамуыңдағы демократиялық бағьп осы күңце де оның өлеуметгік негізінің кеңеюіне мүмкіңцік туды-рыпотыр.
§5. Ұлггық әдеби тіддің сипатгамасы
Үлтгық өдеби тіл жоғарыда көрсетілгендей осы күнгі ұлттық тілдің жоғарғы формасы болып табылады. Оның себебі, бірін-шіден, ұлтгық әдеби тіл жазба әдебиетгін негізіңце қалыптас-қан, соңдықтан ол қазақтың ұлтгық жазба өдеби тілі деп ата-лады. Бұл әдеби тілдің негізі XIX ғасырдын 2-жартысыңда
25
баспасөз, жазба әдебиет дами бастаған кезде салынған. Ал оған дейінгі қазақ әдеби тілі жыраулар поэзиясы, халықтық ауыз әдебиеті мен ауызекі сөйлеу тілінің негізіңце ауызша дамы-ғаңдықтан, қазақтың ауызша өдеби тілі деп аталады.
Әдеби тіддің дамып қалыптасуы халық тарихындағы, қоғам өміріңцегі өзгерістермен тікелей байланысты. Мөселен, қазақ әдеби тілінің дамуына өте-мөте әсер еткен тарихи факторлар регіңде қазақтың ұлт болуы, ұлт тілінің қалыптасуы, мем-лекетгік жүйе мен экономиканың, оқу-ағарту, ғылым-өнер, бас-пасөздің дамуы, соның нәтижесінде жалпы халық мәдениетінің, ұлттық сананың көтерілуі т. б. көрсетуге болады.
Әдеби тіл дегеніміз белгілі мөлшерде сұрыпталып, гіддік нор.малық бағыты анықталған, қолданылу қызметі әр алуан, стилъ жағынан саралануға бейім, тілдің диалектілер мен қара-пайым сөйлеу тілінен жоғарытұрған түрі1.
Әдеби тілдің негізіңце сөз шеберлерінің жөңцеуінен, елегінен өткен, солар шығармаіпылық жолмен дамытқан жалпыхалықтық тіл жатыр. Әдеби тілді жалпыхалықтык тілге бұгіңдей карама-қарсы қоюға болмайды. Әдеби тіл халық тілінің негізіңде жасалады. Ол халықгың сөйлеу мәдениетінің зор та-бысы ретіңде қаралады. «Әдеби тіл» мен «Көркем өдебиет гілі» деген ұғымдар бір емес. Әдеби тіл тек көркем әдебиет тілін емес, ғылым, өнер, публицистика, мемлекеттік басқару орын-дары саласыңдағы өдебиетгердің жазбаша жөне ауызша түр-лерін түгелдей қамтңцы. Сол себепті сөз шеберлері деп тек көркём сөз шеберлері — ақын, жазушыларды ғана түсінбеу керек, оған ғылы.м, өнер, саяси, қоғам, баспасөз қайраткерлері де жатады. Сөз шеберлерінің басты міңдеті халык тілін әде-билеңціру процесін басқарып, бағыг беріп отыратыңдығыңда. Осы тұрғыдан қарағанда көркем сөз шеберлерінің (жазушы-лар, ақындар) баскаларға қарағанда көрнекті орын алатыны белгілі.
Өзінен бұрынғы тіл қазынасын сол қалпында пайдаланып коймай, сұрыптап, таңдап, талғап қолдану әсіресе Абай шығар-маларында айқын байқалады. Абай сөз қолданудың сөз мағынасын жаңғыртудың, жаңа сөз тіркестерін жасаудың та-маша үлгілерін берді. Сөйтіп, Абай ұлтгық жазба әдеби тідді нормалаңдырудың негізін салды. Абай үлгілері одан кейін, әсі-ресе кеңес өкіметі жыддарыңда, тек көркем әдебиетге емес, қоғамдық өмірдің әр саласына қатысты қазақ баспасезінде әрістеп, қанат жайып отырды. Бұл процесс әлі жүріп жатыр,
1 Лингвистаческий энциклопедический словарь. М., 1990, стр. 270.
26
ешуақытга тоқтәған емес. Қазақ әдеби тілі тарихыңда Абай-дың алатын орны ерекше бағаланатыны осьщан.
Сөз шеберлерінің халық тілін жөңцеп сұрыптауы негізінен екі бағытга жүргізіледі.
1. Тілдің ғасырлар бойы табиғи даму процесіңде оның ішкі даму заңдылықтары арқылы қалыптасқан жүйелілігіне сүйену. Сөйтіп, жалпыхалықтық сипат алған, өмірге аса қажетгі, не-ғұрлым айқын сөз үлгілерін сұрыптап алу. Оған, мысалы, ай-тылуы, қодданылуы әбден тұрақгы қалыпка түскен сөздер, фра-зеологизмдер, жалғаулар мен сөзжасам жүйесі, сөздердің тір-кесі, сөйлем құрау жүйесі, үндестік заңы, ықпал заңдары сия-қты тұрактанған жүздеген тіл құбылыстарын жатқызуға бола-ды.
2. Халықтық тіл дәстүрлерін бекіте отырып, сұрыпталып алынған сөз үлгілерін ары қарай жетілдіру, сөйлеудегі, сөз қолданыстәғы шашыраңқьыықты, ретсіздікті жою. Бұл—тілдің өр түрлі деңгейінде жүзеге асырылып отырады.
Мөселен, бірқатар сөз ежелден белгілі халықгық мағы-наларында ғана айтылып қоймай, үстеме мағыналарға ие бо-лып, жаңарып, жаңғырып отырады. Осы күнгі ғылымда, қоғам-дық-әлеуметгік өмірде жиі қолданылатын өдеби түбір, шама, қүн, шылау, талқылау, мүше, төңкеріс, айдар (рубрика — баспа термині), жанкүйер (спорт термині), одагай т. б. сөздерінің мағыналары олардың халық тіліңде бұрыннан белгілі мағыналарынын негізіңде туған, біркатар сөздің мағынасы халық тіліңде нақты шектелмей, жалпылама қолданылып кел-се, қазіргі әдеби тілде кейбір дыбыстарын өзгерту арқылы олардың мағыналары дөл бір ұғымға сай нақтыланған: өкімет — үкімет, ресми — рәсім, гылым — білім — ілім т.б.
Сөзжасамның халық тіліңде белгілі үлгілері (модельдері) негізіңде ұлттық өдеби тіл біркатар жаңа сөз, сөз тіркесімен толықгырылды: тглімгер, иегер, дәмхана, есімнама, саяжай, кокөніс, жергіліктендіру, мүздатқыш, жолшы, баяндауыш т.б. Бұл сияқты сөздердің құрамын жасап тұрған түбір я негіз, қосымшаларды жеке алып қарасак, халық тіліңде бұрыннан белгілі, олар арқылы жасалған туынды сөздер аз емес, бірақ жоғарьщағыдай сөздер дәл осы кұрамда халық тіліңде бұрын не өте сирек кездескен, болмаса тіпгі қолданылмаған. Мыса-лы, дәм сөзі бұрыннан белгілі, басқа да сөздердіңтууына негіз болған: рамді, дамсіз, дәмдену, дамтүз, дам атқыр т. 6. бірақ = хана қосымшасы арқылы одан туған дәмхана сөзі қолданыл-маған.
Қазіргі қазақ өдеби тіліңдегі немқүрайдылық, квзбояушылық, өзін-өзі басқару, өкілетті елші, мамандандырылган шаруашылық,
27
ештен де кеш жақсы, балықшы бапықшыны алыстан көреді сияқты аударма тұрақты тіркестер мен мақалдар да халықтық сөзжасам үлгілері негізіңце жасалған.
Әбден көнеріп, халық тіліңде өте сирек айтылатын кейбір сөздер: гарыш, қалтаурын (қалтырауын) (қрокодил), кібісежыл) высокосный год), мушайра, жәдігф (жәдігерлік) (ергеден қалған мұра, ескерткііп) т.б., болмаса жергілікті жерде қолданылып келген егемен, кеден, кешен, мөлтек, ужым, шит, қозат.Ъ. сөздер қайтадан жаңғыртылып, ұлттық әдеби тіл лексикасына еніп отырады.
Сойтіп, ұлтгық әдеби тіддің қалыптасу процесіңде қалай болса солай айтылып, ретсіз қолданылып жүрген сөздердің ай-тылу нормалары бір қалыпқа түсіріледі. Әдеби тілдің лексика-лық нормасына жатпайтын сөзтобы анықталдды. Олардың қата-рыңда ауызекі сөйлеу тіліңдегі қарапайым, тұрпайы, дерекі сөз-дерді, әдеби баламалары белгілі диалектілік сөздерді, жаргон-дық элементтерді, тек белгілі кәсіп-мамаңдықтарға байланыс-ты тар көлемде қолданылатын жергілікті кәсіби сөздерді көр-сетуге болады. Бірақ мұңцай сөздердің көркем әдебиетге, әсіре-се кейіпкер бейнесін суретгеуде қолданылуы мүмкін. Көркем әдебиет үшін ол суреттеу тәсілдерінің бір түрі болып табыла-ды. Бірақ оған қарап ондай сөздерді әдеби тіл нормасына жа-тады деп ойламау керек. Ал диалектизмдер мен кәсіби сөздерге келсек, оларды, бұдан бұрын айтылғаңдай, белгілі бір ұғымның атауы едеби тілде болмаған жағдайда пайдалануға болады.
Дыбыстық, грамматикалық тұлғалар да тұрақтандырып оты-руды, бірізділікті талап етеді. Мысалы, дыбыстық құрамыңца ерекшелік бар унжырга — онжырга, қудаги — қудагай, бәйге — бәйгі, егер — әгәр, ерегес— ерегіс, жудырық — жумырық, сурет — сугірет, жиырма — жігірма, айқара — айқыра, доп — топ т.б. жарыспа сөздердің алғашқы сыңарлары өдеби норма ретінде қабылдаңды. Әдеби тіл грамматикасыңда, мысалы, кез келген етістік өздік етіс тұлғасыңца қолданыла бермейді: киіну, суйіну, салыну, тарану т.б. деуге болады, бірақ кейбір говорлардағыдай оқыну, болыну, шыгыну, келіну деп айтылмайды. Көмектес септігінің ж&ршікп-мынақ/-бынаң/-пынан, оның қыскарған түрі -ман/-бан/-пан тұлғалары, ертеректегі жазба нұсқаларда қолданылған бірлон, бірло, билә тұлғалары, ауызекі сөйлеу тіліңдегі -менеқ/-бенең/-пенен тұлғалары орнына қазіргі әдеби тілде норма болып -мең/-беқ/-пен тұлғалары орныкқан. Әдеби варианттары анықгалған бұл сияқты тұлғалар қазақ тіліңде аз емес.
Қазақтың ұлттық тілі мен ұлттық өдеби тілінің қалыптасу кезеңі мезгіддес болғандыктан, ұлт тілінің дамып жетілуі, сай-
28
ып келгеңце, ұлтгық әдеби тідді, оның нормалық белгілерін, стильдерін жетілдіріп саралау болып табылады. Бұл процесс тілдің үлкеңді-кішілі категорияларынын бәріне де қатысты. Сөзжасам арқылы сөздік құрамды жаңа сөздермен үнемі толықгырып отыру, термиңдерді қалыптастыру, кірме сөздердің қолданылуын реттеу, жазу мен сөйлеу мәдениетін көтеру, өр түрлі айтылып жүрген сөздер мен сөз тіркестерін бір қалыпка келтіру — бәрі де әдеби тіл нормаларын жетілдіруде маңызды мәселелер болып табылады.
Сөйтіп, тіл нормасы деп тіл элементтерінің қоғамдық жұрт-шылық тарапынан қолдау тауып, саналы түрде реттелуі нәти-жесіңде бірізді, тұрақты сипатқа не болатын, қолдануға ықшам ережелерінің жиынтығын айтамыз.
Сөздің айтылу, жазылу, қолданылу жағынан нормалануы әдеби тілдің жеке деңгейлеріңде, соларға қатысты тіл заң-дылықтарының зерттелуі мен ретгелуінің нәтижесі болып та-былдцы. Мысалы, ойымызды қағаз бетіне түсіруце сөзді дұрыс жазудың нормалық белгілері қазақ тілінің емле ережелеріңде керсетілген; сөзді дұрыс, орнымен қолданудын нормалық көрсеткіштері белгілі дәрежеде — түсіңцірме, орфоэпиялық, фразеологиялық, аударма, терминология, синонимдік т.б. сөз-діктерде берілген; сөз тұлғаларының, сөз тіркестері мен сөйлем жүйесінің нақты нормалық үлгілерін нормативтік грамматика-ның морфология, синтаксис бөлімдерінен кәруге болады. Мы-салы, қазақ тілініңтүсіңдірме сөздіктеріңде өр сөздің тура және ауыс мағыналары, тұрақты сөз тіркестерін жасаудағы қьізметі ашып көрсетілген және ол жазба нұсқалардан алынған мысал-дармен дәлелденіп отырған. Сөздін осылайша жан-жақты тал-дануын тек оған берілген түсінік деп қарамай, өрі сөздің қол-данылу нормасы ретіңце тану қажет. Тағы бір мысал. Қазақ тілі грамматикаларыңда көсемше және оны жасайтын жұрнак-тардын үш түрлі (-а, -е-й, -ып-іп-п, -галы-гел\) екені жайыңда айтылғаңцарға тек грамматикалық категорияға берілген ереже я түсінік тұрғысыңда қарамай, әрі осы категорияның қазіргі әдеби тілдегі нормалық қалпын таныгатын көрсеткіштер ретіңце карау керек. Өйткені, тіл тарихыңда көсе.мшені жасайгын басқа да тұлғалар болған /~у/-у/-ы, -паң/-пен, -ыбаң/-ібен, -мадың/ -мазың/-майын, -гайң/-гейі т. б.), бірақбұлар қазіргі қазак өдеби тіліне, оның нормалық қолданысына төн емес. Сөйтіп, ірілі-уақты категориялар жайында осы күнгі грамматикаларда берілген түсініктер, ережелер өрі солардың қазіргі қолданудағы нормалық қалпын білдіреді.
Қазіргі әдеби тілдің қоғамдық қызметінің артып, қолданы-лу аясының кеңеюіне байланысты көркем әдебиет стилі, ғылы-
29
ми стиль, публицистикалық стиль, ресми-іс қағаздарының стилі қалыптасты. Техникалық өдебиетгер стилі туып келе жа-тыр.
’ Сөйтіп, әдеби тілдің нормалану процесі, оның дыбыс жүйе-сімен, лексикасыңцағы, стилистикасы мен грамматикасыңдағы категориялар мен құрылымдардың қалыптасуындағы тұрақ-тылыклен, бірізділікпен байланысты, яғни нормалық белгілер дыбыстық құрылыстан бастап күрделі сөйлемдік құрылымға дейін қамтиды. Әдеби тілдің нормалану процесін толық аяқталды деуге болмайды, ол өлі толығу, жетілу үстіңде. Әдеби тіддің қалыптасқан нормаларының болуы оның халықтық ауызекі сөйлеу тілінен, диалектілерден айырмасын көрсетеді. Бұған қарап халықтың қарапайым тіліңде, диалектілерде еш-қандай қалыптаскан сөз үлгілері болмайды екен деп ұқпау ке-рек. Тіл қаңдай дәрежеде, қандай күйде болса да, белгілі нор-маға, тілдік дәстүрге, зандылыкқа ие болатыны белгілі. Бірінші айырмасы — бұл нормалар мен тілдік үлгілердің қалай қалыптасатыңдығында. Әдеби тіл нормалары болса, сөзді, грам-матикалық тұлғаларды сөз шеберлерінің саналы түрде сұрып-тауының, өз елегінен өткізіп жөндеуінің нөтижесіңце қалып-тасады. Сол себепті едеби тілдің дамуындағы елеулі кезендер, бетбұрыстар көркем сөз шеберлерінің есімімен, белгілі дәуірде баспасөздің дамуымен байланыстырылады. Ал халықтың қара-пайым тіліңцегі, диалектілердегі сөз үлгілерін алсак, ол — са-налы түрде сүрыпгаудың, жөңдеудің негізіңце емес, тілдің ішкі заңынын ғасырлар бойы өз дамуы нәтижесіңде қалыптасқан. Әрине, бұған карап, әдеби тіл нормалары тілдің ішкі даму заңына байланыссыз, одан тыс құбылыс деп ойлауға болмай-ды. Әдеби тілдін негізін салушылар, сондай-ақ оны дамьггушы сөз шеберлері — жазушылар, ғылым, өнер, қоғам қайраткерлері — өдеби тілді қалыптастырғанда тілдің ішкі даму заңын, дәс-түрін негізге алады, оның жалпыхалықтық болуын көздейді.
Әдеби тіл нормаларының ауызекі сөйлеу тілі мен диа-лектілік сөз үлгілерінен екінші айырмасы — әдеби тіл норма-ларының тұрақтылығына байланысты, ол — нормалық тіл эле-менттерінің айтуда, жазуда қатаң сақталуын талап етеді. Ал сөйлеу тіліңцегі, диалектілердегі сөз үлгілері берік сақталын-байды, оларда дыбыстық, лексикалық, грамматикалық ауыт-қулар кездесе береді. Мысалы, әдеби тілдегі және, балалар, жуз деген сөздер ауызекі сөйлеуде — жана, жәненші, жәки, балдар, баллар, баладар, дүз болып айтылады.
Әдеби тілдегі шылапшын//леген сөздерінің казақ тілі говорларындағы айтылуында тұракгылық жоқ, әр жерде өр түр-лі айтылдцы: жам, кірлен, ләгөн, шылаушын, шіләужін, чылау-
зо
жын, чіләужін, шылауыш, дас, дагара. Ср. әдеби иінагаш — го-ворларда суагаш, мойынагаш, әпкіш, күйенте, қүрамыс т.б.
Әдеби тіл нормалары қатып қалған, өзгермейтін, дамымай-тын құбылыс емес. Ол үнемі дамып, жетіліп отырады. Бұған мысал ретіңце қазақтың қазіргі әдеби тіліне дейін өзіңдік нор-малары бар ауызша өдеби тілі, жазба әдеби тілдің ертеректегі нұсқалары (кітаби тіл) болғанын айтса да жеткілікті. Тіпті қазіргі қазақ өдеби тілі нормаларының қалыптасуына көз жіберейік. Көркем әдебиет негізгі арқауы болған қазіргі қазақ әдеби тілінің нормалары Абай заманынан бері қарай қдншама жетіліп сұрыпталудан, екшелеуден өтті. Мысалы, үшін деген шылау сөзбен тіркесетін сөздердің Абай заманыңдағы қолда-нылуы қазіргімен бірдей емес: «Жауып түрсын үшін қабақ беріпті... қага берсін балсын үшін кірпік беріпті». «Ықыласпен оқып үгып алыңыздар, оның үшін махаббатың талады» деген сөйлемдердегі қарайтылып берілген тіркестер Абай заманын-дағы баспасөз үшін нормалық белгі болғанымен, қазіргі кезде әдеби гіл нормасына жатпайды.
Әдеби тідді дамыгудағы, жетіддірудегі жаңалықтар ең ал-дымен тіл дамуының ішкі заңына сай болуы керек, соңда ғана олар жалпыхалықтық бола алады. Мысалы, әдеби, мәдени, саяси сөздерінің үлгісімен туған аспани (өлем), сыни (еңбек), адами (ақ жүрек) сөздері өдеби тілде қалыптаса алмады. Берер-мен, аларман үлгісімен туған сөздерден көрермен, оқырман әдеби гілге қабылдаңды да, сынарман, жазарман, жүрермен т.б. кіріге алмады.
Әдеби гіл нормаларының қалыптасу жолын, тарихын бі-лудің мектеп мұғалімдері үшін практикалық маңызы бар. Оқу-шылардыңтіл мәдениетін артгыру — мектептің оқу-тәрбие ісін-дегі мәні зор игілікгі істердің бірі. Ал тіл мәдениетін арттыру дегеніміз әдеби гіл нормаларын сақтаумен, яғни сөйлеу, жазу үстінде сөздерді, грамматикалық тұлғаларды, сөйлемдерді жалпыхалықгық үлгіде дұрыс қолдана білумен байланысты. Бұл іске — тек тіл, әдебиет мұғалімдері емес, бүкіл мектеп ұжымы болып, ат салысуы қажет.
§ 6. Казак тілі — мемлекетгік гіл
Қазақ тілі Қазан төңкерісіне дейін тек халықтың ауыз әдебиетіңде, тұрмыс және от басыңда ауызекі гіл дөрежесіңде кең қолданылғаны болмаса, оның мемлекеттік тұрғыдан алғандағы қызметі жоқтың қасы бодцы, баспасөз бетіңдегі өрісі де өте тар болғаны белгілі. XIX ғ. 2-жартысы мен XX ғ. басыңдағы кәркем әдебиет өкілдерінің аздаған шығармалары
31
болмаса, патшалық Ресейдің отаршылдық заманыңда мем-лекетгік заң, құжаттар қазақ тіліңде жазылмайтын. Ол кезде мемлекеттік мәні бар мәселелер ортаазиялық түркі жазба дәстүріңдегі қазақтың ескі жазба әдеби тіліңде (татар тілінің ықпалы тиген шағатай тілі, жазба тіл болғаңдықтан зерттеу-шілердің бірқатары оны «кітаби тіл» деп те атайды) жазыла-тын. Бірак оның қолданылу аясы кең болмады, тек жеңіл-желпі іс қағаздарыңда, ел билеушілердің өзара .немесе патша әкім-дерімен жазысқан хатгарыңда, оларға жазған арыз-хабарлама-ларыңда, өткен ғасырдын 2-жартысы мен үстіміздегі ғасырдың басыңдағы баспасөзде, кейбір көркем әдебиет өкілдерінің («кітаби ақындар») шығармаларывда қолданыдды.
Қазақтіліне мемлекеттік дәреже беру туралы мәселе Кеңес өкіметі жыддарыңда бірнеше рет көтерілгені белгілі. Бірақ бұл мәселе жайыңда өр кезеңде әр түрлі көзқарас болды. 1920 ж. Қазақ АССР-і кеңестерінің бірінші құрылтай съезінде рес-публикадағы әр ұлт барлық мекемелер мен мектептерде ана тілін қолдануда тең құқылы деген шешім қабыддаңды. Оның қазақ тіліне де қатысы бар еді. 1924 ж. Қазакстанның бірінші Констатуциясыңда қазақ және орыс тілдері республикада мем-лекеттік тіл болып танылды. 1938 және 1978 жылдарда қабыл-данған Қазақстан Констатуцияларыңда мемлекеттік тіл жайын-да ашып еш нәрсе айтылмаған. Тек 1989 ж. қабылданған Қазақ ССР-інің Тіл туралы Заңыңда, одан кейін Қазақстан Респуб-ликасының 1993 жөне 1995 жыддарда қабылданған жаңа Кон-ституциясыңда қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекетгік тілі болып бекітілді. Сонымен бірге Тіл заңыңца қазақ тілі мемлекетгік қамқорлыққа алынатыны атап көрсетілді.
Қазақтілінің мемлекетгік статусқа ие болуының және оның іс жүзіне асуының ең басты кепілі — Қазақстан Республика-сының тәуелсіз мемлекет регінде өзіңдік тіл саясатын жүр-гізуіне мүмкіңцік алуы болып табылдды. Тіліміздің мемлекеттік дәрежеге ие болуы — тәуелсіздігіміздің басты нәтижесі, оны қоғамның рухани жаңаруына, өлеуметгік әділетгілікгі қалпы-на келгіру талабына сай өмірдің өзі туғызды. Бұл туралы 1990 жылғы мемлекеттік бағдарламада былай делінген: «ССРО-дағы баска да көптеген ұлт тілдері сияқты қазақ тілі соңғы оңдаған жылдар ішіңде қазақ халқының тарихи Отаны болып табыла-тын республика территориясыңда іс жүзіңде толық праволы тіл болудан қалды. Оның азып-тозуының жөне бірте-бірте жой-ылуының, сонымен бірге халықтың ұлтгық мәдениегінін жой-ылуыныңнақты қатері туды.
Жеткіншек ұрпақ, интеллигенция арасыңда қазақтың ана тілін елемеу кеңінен таралды, оны өмірдің әр түрлі салаларын-
32
да пайдалану жөніндегі қажетгілік төмеңцеді, мұның бәрі тілдік ортаның жойылуына, халықтың ңдамгершілік дәстүрлерінің бұ-зылуына, ана тілін білмейтін, рухани қазыналардан шеттетіл-ген жаңа ұрпақтардың пайда болуына, қазақ жастарынын бір бөлігінің өзін кемшін сезінуіне апарып сокгырды»*.
Шыныңда қазақ тілінің мемлекетгік дәрежеге не болуы рес-публикада оны білудің қажеттілігінен туатын объективті жағдайларға барып тіреледі. Әлеуметтік тіл білімінің белгілі зерттеушісі Б. Хасановтың пікірінше, оңдай қажетгілікті туғы-зып отырған себептер мынадай: 1) қазақтардың республикада үлес салмағының басым болуы және оның соңғы жылдарда үздіксіз әсіп отыруы. Мысалы, 1959 ж. қазақ халқы республи-ка тұрғындарының 30 проценті болса, 1992 ж. 42 процентін құрап отыр; 2) республиканың барлық жеріңде азды-көпті қазақ тілді ортаның қалыптасуы; 3) көп ұлтты ауыл-село тұр-ғындарының тең жартысынан астамы қазақтар болғаңдықтан, қазақ тілінін ұлтаралық қатынаста жұмсалуы; 4) қазақтардың ТМД республикаларыңда көп екені, оңдағы жүзден астам ұлт пен ұлыс ішіңде бесінші орын алатыны (қазақ тілі кіретін түркі тілдері ТМД республикаларында славян тілдерінен кейінгі екінші орыңда); 5) қазақ тілі ғылыми тұрғыда зерттелген, сөйлеушісі көп тіддердің бірі екеңдігі. Қазір дүние жүзінде 5651 тіл болса, казақ тілі соның ішіңце сөйлеушісінің саны жағынан алғашқы 70 тілдің санатыңда екені1 2; 6) қазак тілін білу қазақтар саны жағынан басым көп ұлтгы аймақтарда өзге ұлт өкілдері үшін аса кджет екеңдігі; 7) қазак тілінің қоғамдық қызметінің ауқымы уақыт талабына сай кеңейіп бара жатқандығы. Сонымен бірге қазақ тілін білу қажетгілігінің себептерін әлі де нақгылау керектігі ескертіледі3.
Қазақ тілін Қазакстан Республикасының мемлекетгік тілі деп конституциялық дәрежеде тану оның мемлекетгік орын-дарда, қоғамдық орындарда, ғылым, білім, мәдениет, денсау-лық сақтау және халыққа қызмет көрсету салаларыңда, радио, теледидар, мерзімді баспасөз сияқты бұқаралық құралдарда кеңінен қолданылуын талап етеді.
Қазіргі кезде қазақ тілі азды-көпті колданылатын мынадай
1 Қазақ тілі және Қазақ ССР-іңдегі басқа да үлт гілдерін дамьпудаң 2000 жылға дейінгі кезенге арналған мемлекетгік бағдарламасы. //Ана гілі, 1990, шідденің 5-і, № 16.
2 Демограф-ғалым Мақаш Төтімовтың мөліметі бойынша 1994 жыддың аягында Қазақстан Республикасыңда мекеңдеген қазақтың саны 7.777.774 адам болмақ. Ал әлеңдегі барша қазақіыңсаны 1994 жыддың ортасыңда 11,5 миллионға толмакщы. — «Ана гілі» газегі, 1994,5-мамыр, № 18.
3 Хасанов Б. Ана гілі — ата мұра. Алматы, 1992.203—204-бетгер.
2-3312
33
салаларды көрсетуге болады: қоғамдык саяси өмір (мемлекетгік басқару жүйесі, заң орыңдары т. б.)> кәсіподақ, халық ағаргу (бала бақша, мектеп, жоғары оқу орындарының кейбір факуль-тетгері мен бөлімдері т. б.), ғылым (қоғамдық ғылымдар), көр-кем әдебиет, мәдениет (театр, кино, саз, көркем өнер ұжымда-ры т. б.), бұқаралық қатынастар (радио, теледңдар т. б.), мерзімді баспасөз, ақпарат (жарнама, хабарлаңдыру т. б.), ауыл шаруа-шылығы, енеркәсіп, ендіріс орындары, құрылыс, байланыс, транспорттың жекелеген салалары, тұтынуга байланысты қыз-мет ету, дін, тұрмыс және отбасы.
Ал қазақ тілі мына сияқты салаларда қодданыс таппай келеді: сыртқы қатынас, табиғи және техникалық ғылымдар, өнеркәсіп, өңдіріс орындарының көпгеген салалары, қарулы күштер, ғарышкерлік, медицина, фармацевтика т. б. Қазіргі кезде осы салалардын бірқатарыңда оның қолданылу мүмкіңдігі бар екені байқалып отыр. Мысалы, табиғи, техникалық, медипи-налық ғылымдарда аударма өдебиеттермен бірге төл туыңды-лар пайда бола бастады.
Бірақ қазақ тілінің қоғамдық қызметінін көлемі толық анықталған жок. Қазақстан үкіметінің 1990 жылы қабылдаған бағдарламалық құжатыңда: «Қазіргі кезде кез келген тілдің қальшты қолданылуы үшін қажетті 50 өлеуметтік функциядан қазақ тілі іс жүзіңде тек 10-ға жуық функцияны ғана іске асы-руда», — деп көрсетілген1. Б. Хасанов қазақ тілі Қазақстаңда қоғамдық-өлеуметгік өмірдің 15 негізгі саласыңда жөне 57 қосалқы саласыңда небәрі 72 салада қолданылатынын, бірақ өр саладағы қолданылу дөрежесі әр түрлі екенін айтады2.
Қазақстанның жаңа Конституциясының 7-бабыңда мем-лекетгік мекемелер мен өзін-өзі басқаратын жергілікті ұйым-дарда орыс тілі қазақ тілімен бірдей қолданылатыны, сонымен бірге Қазақстан халықтары тілдерін үйрену және оларды дамьпу үшін жағдай жасауға мемлекет қамқорлық етегіні ашып айтыл-ған\
Тіл туралы Заңның, өсіресе қазақ тілінін мемлекетгік дәре-жесінің іс жүзіңде көтерілуіне кедергі келгірегін қиыңдықтар аз емес. Сол себепгі Тіл туралы Заңды күшіне келгіру туралы Қазақстан үкіметінің Мемлекетгік бағдарламасы толық орын-далмай келеді. Тіл Заңын жүзеге асыру үшін 1989 жылы *Қазақ тілі» қоғамы, 1993 жылы Қазақстан ұкімегі жанынан Тіл коми-теті құрыдды.
1 Қ.: Мемлекетгікбагаарлама//Ана гілі, 1990, шідденің 5-і, № 16.
2 Хасамов Б. Ана гіпі — ата мура, 177-бет.
1 Кдзақсіан Республикасының Констиіуциясы. Алматы, 1995.
34
§ 7. Қазақ тіл білімінін зертгелу тарихына шолу1 2
Қазақ тілінің зерттелу тарихы жалпы түркі тілдерінің зертгелуімен байланысты. Түркі тіддерінің зерттелуі нәтижесін-де түркітану ғылымы пайда болды. Қазақ тіл білімі түркітану ғылымының бір саласы болып табылады. Түркітану түркі тіл-деріңде сөйлейтін халықтардыңтілін,тарихын, мәдениетін, әде-биетін, этнографиясын зерттейтін гуманитарлык ғылымдардың жиынтығы болып табылады7. Түркі тілдеріңде сөйлейтін халық-тардың басым көпшілігі бір кездегі Ресей империясына қара-ғаңдықтан, түркітанудың алғаш пайда болған жері, Отаны Ре-сей болып табылады. Ал жеке ғылым саласы ретінде қалып-тасқан кезі XIX ғасырдың 2-жартысы. Қазіргі кезде түркітану негізінен түркі тілдері мен әдебиетін зерттейтін филологиялык ғылым ретіңде саралаңды.
Түркі тіддерінің тарихын зертгеудің аса маңызды көздері — Орхон-Енисей, көне үйғыр жазба ескерткіштері, орта-ғасырлық араб, парсы, түркі ғалымдарының еңбектері және XVIII ғасырдан бергі Батыс Еуропа мен орыс ғалымдарының зерттеулері болып табылады. XIX ғ. дейінгі еңбектерде түркі тіддері даралана зертгелуден гөрі жалпы түркі тіддерімен не-месе оның жеке топтарымен (оғыз, қыппіақ, қарлық т. б.) прак-тикалық түрде танысу негізіңде оларға тән зандылықтарды аньіқтау, салыстырмалы сөздіктер жасау, шағын грамматика-лық очерктер жазу дөрежесіңде болды. Сөйтіп, XVIII ғ. 2-жар-тысында Ресейде түркітану ғылымынын негізі салыңды. Бұл кезде Мәскеу, Петербург, Қазан қалаларында оның ірі орта-лықтары қалыптасып, А. Казамбек, О. Бётлинг, И. Н. Березин, Л. 3. Будагов, Н. И. Ильминский сияқты түркітанушылар түркі тіддерін теориялық тұрғыда зерттеуге ден қойды.
XIX ғ. 60-жылдарынан бастап түркі тілдерінің қай-қайсы-сы болсын зерттеу объектісіне айналумен бірге, бір-бірімен жүйелі түрде салыстырылып отырды. Көне жөне орта түркі жазба ескерткіштерінің түркі тілдеріне генетикалық, құрылым-дық қатьюы анықталып, түркі тіддерін жіктеуге зор мән берілді.
1 Бул такырыпқа шолу А. Н. Кононовтың ♦История изучения тюркских языков в России». Дооктябрьский период. Изд. второе, дополнеиное н исправ-ленное. Ленинград, «Наука», 1982; Н. А. Баскаковтың «Введсние в изучение тюркских языков», М-, 1962; «Қазақсоветтілбілімініңдамуы». Алматы, «Рылым», 1981; Т. Қордабаевтың «Түркология ғылымының даму тарихына оқу кұралы», Қарағавды, 1985; сонікі. «Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму жоддары», Алма-ты, «Мектеп», 1987; Ш. Ш. Сарыбаевтын «Қазақтіл білімі өдебиетінің библиог-рафиялық көрсеткіші», Алматы, «Гылым», 1—6 белікщер деп аталатын еңбектерівдегі материалдар негізівде жазылды.
2 Лингвистический энциклопедическийсловарь, М. 1990, стр. 525.
Сөйтіп, XIX ғ. 60-жылдарынан бастап түркітану жеке ғылым саласы ретінде қалыптасты. Оған сол кездегі Петербург мекте-бінің көрнекті өкілдері В. В. Радлов, П. М. Мелиоранский т. б., XX ғ. басыңдағы Мәскеу, Қазан мектегггерінің көрнекті өкілдері В. А. Гордлевский, А. Н. Самойлович, С. Е. Малов, Н. Ф. Катанов, Н. И. Ашмарин, В. А. Богородицкий т. б. зор үлес қосты. Олар біркатар жалпьггүркілік сөздіктер мен күрделі зерттеулер қалдырды.
XVIII—XIX ғғ. Орал-Алтай тіл білімінің дамуына байла-нысты түркітанушылык проблемалар Батыс Еуропа ғалымда-ры Т. Страленберг, В. Шотт, И. А. Кастрен, Г. И. Рамстедт, В. Томсен т. б. еңбектеріңде зерттелді.
XX ғасырда бұрынғы КСРО-дағы түркі тідді республика-лар мен облыстарда шығыстану ғылымының озық дәстүрлерін сактай отырып, түркітануды дамьггкан ғылыми орталыктар пай-да болды. Олардың шетелдік түркітанушылармен халыкаралық байланысы күшейді. Кеңес дәуіріңде КСРО-дағы түркі халыктары тілдерінің алғашқы ғылыми грамматикалары, әр түрлі сөздіктері шықты. Барлық түркі тілдерінің диалектілері мен говорлары зерттеліп, олардың тілдік ерекшеліктері сипат-талды.
Түркі тілдерінің зертгелуіне байланысты жоғарыдағы шо-луда айтылғаңдардың қазақ тілінің зерттелу тарихына тікелей •қатысы бар. Сол себепті қазақ тілінің зерггелуі төмендегідей үш салада қаралады;
1. Орта ғасырлардағы араб ғалымдарының зерттеулері
2. Ресей және Батыс Еуропа түркітанушыларының зерт-теулері.
3. Қазақ тіл білімінің Кеңес дәуіріңде зертгелуі.
§ 8. Орта ғасырлардағы араб ғалымдарының зертгеулеріне шолу
VII—VIII ғғ. бастап арабтар Орта Азия мен Қазакстанның оңтүстік аудаңдарын жаулал алғаны тарихтан белгілі. Арабтар өздері жаулап алған түркі хадықгәры арасына X ғ. ислам дінін таратып, олардың тарихын, тілін зерттей бастаған. Зерттеуші-лердің ішіңде араб ғалымдарынан баска Аравияда білім алған түркі нәсідді атақты ғалымдар да аз болмаған. Араб ғалымда-рынын түркі тілдері жайындағы енбектері XI—XV ғғ. арасын-да шыққан.
Ол еңбектер непзінен түркі тіддерінің салыстырмалы сөз-діктері, шағын грамматикалық очерктер түріңде жарық көрген. Олардың біркатары қазак тілі кіретін қыпшақ тобыңдағы тіддер жайыңда болдьь
36
Орта ғасырлардағы түркі халықтары жөне олардың тілдері жайыңда аса бағалы мағлұматтар Қашқарда туған, түркі нәсіл-дес Махмуд Қашқаридың «Диуани луғат ат-түрк» (Түркі тіл-дерініңсөздігі) деп аталатын еңбегіңде (1073-74) берілген. Сөз-дікте сол кездегі көптеген түркі халықтары мен тайпаларының тарихы, әдебиеті, әдет-ғұрпы, тілі, қоныстануы жайында құңды мөліметгер берілген. Сөздікте түркі тілдерінің 31 бұтағынан (диалектілерінен) он мыңға жуық сөз, сөз тіркестері арабшаға аударылып, жан-жақты талданған, 300-ге жуық ауыз өдебиет үлгілері, өлең-жырлар, мақал-мәтеддерберілген.
Автор түркі тектес тілдердің туыстығын анықтап, оларды сальклырмалы әдіс негізіңде генеологиялық тұрғыда жікгеудің алғашқы үлгісін жасаған. Қыпшақ, оғыз т. б. тіддердің дыбыс-тық құрамын салыстыра отырып, негізгі ерекшеліктерін, сәйкестіктерін, алмасу заңдылықтарын ашқан. Мысалы, оғыз және қыпшақ тілдеріңде сөз басыңда й~дж, м~б, т~д, басқа орыңдарда к~х алмасып келетінін, қыпшақ тілдеріңде ч орны-на осы күнгі қазак, қарақалпак, ноғай тідцеріңдегідей ш айты-латынын көрсеткен1. Орта Азия, Қазақстан жеріндегі түркі тілдерінің тарихи диалектологиясы, сөйлеу тілі туралы құнды материал қалдырған. Сөзжасам, сөз түрлеңдіруші қосымша-ларға байланысты қыпшақ тілінікі деп келтірілген морфологи-ялық тұлғалар қазақ тіліне де төн.
М. Қашқари сөздігінің үш томы — 1915—1917, 1939—1943 жылдары түрік тіліне, 1960—1963 жыддары өзбек тіліне, 1980 жыддардын басында ҚХР-да ұйғыр тіліне аударылып қайта басылған.
Қыпшақ-оғыз тіддеріне қатысты салыстырмалы сөздіктер-дің бірі — «Китаб тарджуман фарсы уа түрки уа моғоли» (Пар-сыша, түркіше және монғолша үйрену ге жетекші құрал). Оның авторы (Стамбұл ғалымы Эдхем Халиль-бейдін анықтауынша). Ибн аль-Муханна. Орыс түркітанушысы П. М. Мелиоранский бұл еңбекті алғаш зерттеп, ол туралы «Араб филолог о турец-ком языке» (СПб, 1910) деген еңбек жазған. Ибн Муханна сөз-дігінің жазылған жері, у ақыты туралы нақты дерек жоқ. Автор-дың айгуынша, оның еңбегіңде үш диалектінің — түркістан, түрікмен және «өз еліңдегі түрік диалектісінің» ерекшеліктері қамтылған. П. Мелиоранскийдің пайымдауынша, оның «өз еліңдегі түрік диалектісі» деп отырғаны — көне азербайжан тілі. Ал Түркістан диалектісі деп Түркістан өлкесіңде тұратын түркілердің тілін айтуы мүмкін. А. Кононов Ибн Муханнанын
1 БаскаковН. А. Введение в изучение -поркских языков, М., 1962, стр. 132.
37
сөздігін XIV ғ. қыпшақ-оғыз әдеби тілінің аралас түрін білдіреді деп есептейді1.
Араб тілінің белгілі маманы Абу Хайианның 1312 ж. Каир-да шыққан «Китаб-ал-идрак-ли-лисан ал-атрак» (Түркі тілдерінің түсіндірме кітабы) еңбегінің түркі тілдерін зерттеу-де алатын орны ерекше. Автор араб тілінің үлгісіне сай түркі тілдерінің лексикасын, морфологиясы мен сингаксисін жан-жақты қарастырған. Ол үшін түрікмен тілі мен қыпшақ тілдерінің материалдарын салыстырып отырған. Еңбектін сөздік бөліміңде 3000-нан аса қыппіақсөзі берілген. Абу Хайиан жаз-басын зерттеген М. Мәженованың пікірінше, ол сөздердің ба-сым көгппілігі дыбыстық құрамы жағынан да, мағынасы жағынан да қазақ тілі сөздеріне өте жақын. Фонетика сала-сында түркі тілдеріңдегі дауысты, дауыссыз дыбыстарға, олар-дың қолданылу зандылықтарына тоқгаған. Еңбектің морфоло-гия бөліміңде есімдер мен етістіктер, сөз мағынасының жасалу жоддары, түбір мен қосымшалар, олардың түрлері, қызметі жай-ында түсінік беріледі. Т. Қордабаев Абу Хайиан зерттеуін «өз заманыңдағы түркітанушылық еңбектердің қай-қайсысынан болса да көп ілгері кеткен, араб үлгісіне сүйене отырып, түркі тілдерінің біртұтас грамматикалық жүйесін жасауға талпынған елеулі еңбек», — деп бағалайды2.
Қыпшақ тілдерінің (оның ішіңде қазақ тілінің) тарихына қатысты ескерткіштер ретіңде көне Орта Азия түріктерінің тіліңде жазылған Қожа Ахмет Иассаувдің «Диуани Хикмет» (Даналык нақылдар жинағы — XII ғ), «Мухаддимат ал-адаб» (Әдебиетке кіріспе — XII ғ.), Ибн Муханнаның жоғарыда айтылған еңбегі т. б. шығармаларды, Алтын Орда дәуіріңде жазылған «Хусрау уа Шірін» (XIV ғ.), «Неһжул-ферадис» (ХГУғ.), «Гүлістан» (XIV ғ.), «Мухаббатнама» (Махаббат жыры — XIV ғ.) т. б. шығармаларды айтуға болады.
Бұл ескерткіштер оғыз, қыпшақ аралас тіддерде жазылған. Олар пайда болған жеріне қарай бірде оғыз тілінің, бірде қыпшақ тілінін негізіңде жазылатын болған. Мәселен, оғыз-қыпшақ аралас тілде жазылған деп саналатын «Хусрау уа Шірін» поэмасын А. Ибатов морфологиялық жағынан зерттей келе, оңда қыпшақтық тіл негізі басым екенін көрсетеді3.
1 Кононов А Н. История изучения тюркских языков в России. Ленинград, 1982, стр. 217.
1 Кфдабаев Т. Қазақ тіл білімінің қалыттгасу, даму тарихы. Алматы, 1987, 15-бет.
1 ИбатовА. Қуібтың «Хусрау уа Шірін» поэмасының сөздігі (XIV ғ.). Алма-
ты, 1974,17—18-беттер.
38
Сөйтіп, бұл шолудан орта ғасырлардағы араб дәстүріңде жазылған түркітанушылык ескерткіштерде қыппіақ тілдері ту-ралы құнды дерек сақталғанын, олардын қазақ тілінің тарихы-на тіліне тікелей қатысы бар екенін байқаймыз.
§ 9. Ресей және Батыс Еуропа түркітанушыларының зертгеулеріне шолу
Қазақ тілі кіретін қыпшақ тобыңдағы түркі тілдері жайын-да материалдар, мөліметгер орыс тарихыңда көне замаңцардан-ақ белгілһ А. Н. Кононов ескі қолжазбаларда көп кездесетін кірме сөздерге орысша түсініктер беріліп отырғанына қарап, сөздік жасау тәжірибесі орыста XI ғасырдан бұрын болған де-ген пікірді қостайды. Осыңдай лексикографиялық төжірибенің алғашқы үлгілері ретінде «Се татарский язык» және «Толкова-ние языка половецкого» деп аталатын екі сөздікше болғанын көрсетеді1.
Шығыс славяндардын қыпшақтармен қарым-қатынасы XIII—XV ғасырларда монғол үстемдігі және Алтын Орда зама-ныңда бұрынғыдан да күшейе бастады. Бұған орыс патшасы мен Алтын Орда хаңдарының өзара жазысқан хатгары, дипло-матиялық қатынастарда аудармашы-тілмәштері болғаны дәлел бола алады.
Бірінші Петр заманында Сібірді, оңдағы түркі халықтары-ның тілдерін зертгеу жолға қойыла бастады. 1725 ж. Петер-бург Ғылым академиясы құрылған сон, бұл бастама жүйелі сипат алды, Еділ, Каспий бойындағы, Орал, Сібір, Орта Азивдағы түркі халықтарының тарихын, қоныс, тұрмыс жай-ын, тілі мен әдебиетін зерттейтін арнайы экспедициялар ұйым-дастырылды. 1787 ж. академик П. С. Палластың (1711—1811) басқаруымен «Барлық тілдер мен наречиелердің салыстырма сөздігі» деп аталатын 4 томдық еңбек (1790—91) шыққан. Оңца 19 түркі тілі мен наречиесінен лексикалық материал қамгылған. А. Н. Кононов осы сөздікте қазақ сөздері берілгеніне қарап, басқа көптеген түркі тілдері сияқты қазақ тілінің зерттеу объектісіне айналуы XVIII ғ. ІІ-жартысьшан басталады деп есептейді2.
Палластың сөздігіне кірген қазақтілінің сөздері одан бұрын жиналған материалдардан алынған. Олар 1774 ж. жасалған «Орысіпа-қырғызша (қазақша — Ғ. Қ.) сөздік», 84 бетгік қол-
1 Кононов А. Н. История изучеішя тюркских языков в России. Ленинград, 1982. сгр 22-27
2. Бұл да соңда, стр. 270.
39
жазба; 1780 ж. Омскіде Лютер жазған «Орысша-қырғызша (қазақша — Ғ. Қ.) сөздік»; 1780—1781 ж. М. Бекчурин құрастырған «Орысша-арабіпа-парсыша-мишерше-қырғызіпа (қазақша — Ғ. Қ.)-хиуа-бұқарша глоссарий»т. б.1 А. Н. Коно-нов қазақіілі туралы XVIII ғ. соңғы кезіңде жиналған бірқатар қолжазба материал Ф. П. Аделунпың (1768—1843, белгілі неміс ғалымы И. X. Аделунгтың жиені) архивінде сақталғанын көрсетеді2.
Көне қыпшақ (половец) тілін зертгеудегі көрнекті ескерт-кіш «Кодекс куманикус» (Құмаңдардың кітабы) болып табы-лады. Оны 1294—1295 жылдары Италиадан Қырымға қоныс аударған келімсектер жасаған. Сөздікті итальяңдық көпестер мен католик миссионерлер өз мақсатгары үшін пайдаланған. Сөздік 1303 ж. Еділдің төменгі бойыңдағы Сарай қаласындағы католиктер монастрінде қайта көшіріліп жарық көрген, екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімі — латынша-парсыша-құман-ша сөздіктен,екінші бөлімі — діни уағыздамалардан, інжіл үзін-ділерінен тұрады.
«Кодекс куманикустың» тілі жайыңда әр түрлі пікір бол-ды. Кейбір ғалымдар оны Қырым мен Солтүстік Кавказдағы жана қыпшақ тілдерінің (Қырым татарлары, қараим, құмық, қарашай-балқар) тегіне жатқан тілді білдіреді деп қараса, біреулер оны Еділ бойындағы татар тілінің диалектілерімен бай-ланыстырады. Бірқатар зерпеушілер, оның ішіңде қазақтілінің тарихын зерттеушілер, қазақ, қарақалпақ, ноғай тілдерінің орта ғасырдағы табиғи қалпын көрсететін ескерткіш деп қарайды. Бұл көзкарас негізсіз емес, «Кодекс куманикусте» қазақ тілінің өзіңдік ерекшелігін танытатын дыбыстық, грамматикалық құ-былыстар баршылық. Мысалы, бірқатар сөз әрі оғыз, әрі қып-шақ тұлғаларыңда беріліп отырғанымен (та^/тау, богуң//буун), ескі түркі тілдеріндегі г орнына у айтылуы (қадаг-қадау), сөз ортасыңда г-ның түсіп қалуы (йыгын-йыйн), й орнына ж (йеміш-жеміс, йыл-жыл) қолданылуы басым екені; ілік жалғауы өзі жалғанатын түбір сөздің соңғы дыбьюының әуеніне бағынбай -нын/ нің түрінде ғана келуі (сөзнің, атның) немесе осы жалғаудың оғыз тілдеріне тән -ын/ -ін/ -ун/ вариантының сирек қолданылатыны т. б.
Қазақ тілі лексикасын алғаш салыстырып зертгеген ғалым-дардың бірі — көрнекті неміс ғалымы Г. Ю. Клапрот (1783—1835). Оның 1825 ж. жазылған еңбегіңде алдымен қазақ
1 Баскаков Н. А. Введение в изучение тюркских языков. 1962, сгр. 21—22.
2 КононовА. Н. История изучения тюркских языков в России, 1982, сгр. 270.
40
халқы туралы қысқаша тарихи анықтама, одан соң түрік, қазан татары, тобыл татары және монғол тілдерінің сөздерімен салыс-тыра отырып жасаған французша-қазақша сөздікше берілген.
Қазақ тілінің материалы 1806—1817 ж. Берлинде И. X. Аде-лунг (1732—1806) шығарған «Митрвдат» деп аталатын 4 томдық салыстырмалы грамматикада берілген.
XIX ғ. 20-30 ж. аралығыңда Орынбор шекаралық комисси-ясыңда қызмет еткен А. И. Левшин (1799—1879) «Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей» (СПб, 1832) деп аталатын, қазақ тарихы мен этнографиясын зертгеу-де елеулі із қалдырған еңбегіңде қазақ тіліне, әсіресе оның фонетикасы мен лексикасына, едәуір кеңіл бөлген. Мысалы, басқа түркі тілдеріңцегі ш орнына қазақ тіліңце с, и орнына ж айтылатынын көрсеткен. (Бұл кітап 1996 ж. «Санат» баспасы-нан қайта басылып шықты.)
Орыс түркітанушылары мен миссионер-ғалымдарының қазақ тілін практикалық мақсатга жүйелі түрде даралай зерт-теулері XIX ғ. орта шенінен басталады. Ол еңбектердің бір-қатарыңда тек практикалық емес, ғылыми талдаулар да жаса-лып отырды. Солардың ен алғашқысы — белгілі шығыс зерт-теушісі, ғалым-миссионер, профессор Н. И. Ильминскийдің (1822—1891) 1860-1861 ж. Қазанда шыққан «Материалы к изу-чению киргизского наречия» деп аталатын белгілі еңбегі.
Шын мәнісіңце, бұл — мисионерлік мақсатган туған еңбек еді, сойте тұра ол қазак тілінің грамматикалық жүйесін зерттге-уге арналған алғашқы еңбек болып табылады. Кезіңде бұл еңбек қазақ тілін үйренушілер үшін аса бағалы құрал болған. Оның қазақ тілі үшін тарихи мөні осыңда.
Н. И. Ильминскийдін «Материалдары...» үш бөлімнен (кі-ріспе, дыбыс бөлімі, грамматика бөлімі және сөздіктен) тұрады. Кіріспесіңце қырғыз наречиесінің (қазак тілінін — Ғ. Қ.) түркі тектес тілдердің солтүстік диалектілері тобына жататыны, оңда шағатай нұсқаларына төн көне грамматикалық тұлғалардың, көне түркі, монғол сөздерінің көп кездесетіні; сөйлеу тілі мен ауыз әдебиеті көркем, менерлі екені, сонымен бірге оның жаз-ба нұскаларында татар тілінің әсері күшті екені атап көрсетіледі. Бүкіл қазақ арасыңда таза қазақ тіліңде жазылған бірде-бір қағаз, болмаса хат кездестіру қиын дейді.
Еңбекте қазақ тілінің дыбыс жүйесі, грамматикалық құры-лысы жайыңда бірқатар мәлімет берілген. Әсіресе автордың қазақ тіліңцегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды жіктеуі, олар-дың жасалу жоддарын талдауы, буын үндестігі, екпін туралы айтқаңдары осы күнгі түсінікке жақын. Автор қазақ тілінің татар тілінен ең басты айырмасы фонетикасыңда деп есептейді,
41
араб графикасы қазак дыбыстары, әсіресе дауыстыларды, дәл білдіре алмайды деді. Грамматика бөліміңде кейбір сөз тапта-ры, біраз сөзжасам жұрнақтары, күрделі және қос сөздер талданған. Сөздік бөліміңде қазақ сөздері орыс тіліне аудары-лып, сөз мағыналарын кең түсіңціруге мөн берген. П. М. Ме-лиоранский сөздіктің шағыңдығына қарамастан, оны өте жо-ғары бағалаған. Бұл сөздікті қазақша-орысша алғашқы сөздік-тердің бірі деп қарауға болады.
Н. И. Ильминскийдін бұл еңбегі туралы айтылғанда мына-дай жайтгар есте болуы керек. Біріншіден, автор қазақ тілін жеке тіл ретінде емес, наречие деп зертгеген. Мұнын себебі түркі тіддерінің шықкан тегі жағынан бір-біріне жақыңдығына қарап, ол кезде олардың бәрі түркі тілінің наречиелері (диа-лектілері) деген көзқарас орын алған. В. В. Радлов, Л. 3. Буда-гов т. б. түркологгар да осыңдай пікірде болған.
Екіншіден, Н. И. Ильминский өзінің енбегін қырғыз наре-чиесін (қазақ тілін) зерггеу материалдары деп атағанымен, олар-ды, өзі атап көрсеткендей, «жартылай Орынбордан, жартылай Орал даласының батыс жағынан және жетірулыктар мен бай-ұлылықтар қоныстанған жерлерден жинадым», — деуі тегін емес1. Бұл материалдардың жалпы қазак тіліне тәңдігінен гөрі белгілі аймақтык сипаты басым екені байқалады. Сол себепті Н. И. ИльминскиЙ жинап бастырған материаддарды С. Аманжо-лов қазақ тілінің батыс диалектісін зерттеу үшін құңды еңбек деп бағалайды2 3.
Н. И. Ильминский 1869 ж. Қазаңда шықкан атақты «Алтай тілі грамматикасы» авторларының бірі. А. Н. Кононов — бұл еңбектің көпке дейін түркі тіддері грамматикасын жазуда үлгі болғанын атап көрсетедР.
Шыққан мерзімі жағынан еңдігі аталатын — М. А. Теренть-евтің (1837—1909) «Грамматика турецкая, персидская, киргизс-кая и узбекская» (СПб, 1875), «Хрестоматия туреикая, персид-ская, киргизская и узбекская» (СПб, 1876) деген еңбектері. М. Терентьев еңбегінің алғы сөзіңде өзі Түркістан қазақтары-ның сөйлеу мәнерін құптайтынын жене грамматикасының қазак тіліне қатысты бөлімін Н. И. Ильминскийдін «Матери-алдарына...» сүйеніп жазғанын, кейін оны сұлтан Жөңгір Бөкеев
1 Илышнский Н И Материалы к изученкю киргизского наречия. Казань. 1861, стр. 6.
2 Аманжмов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. А-Ата, 1959, сір. 130.
3 Қононов А. Н. История изучения тюркских языков в России. Ленинград, 1982, стр. 291-292.
42
пен Г. Ибрагимовтың қарап шыққанын ескертеді1. Еңбек не-гізіңде қазақ тілінің морфологиясына арналған, онда зат есім, сын есім, есімдік, жалгаулық, септеулік, демеулік, үстеу, одағай, етістік, көсемше, есімше, жікгеу, сөзжасам, күрделі сөздер жай-ыңда бірқатар талдау жасалгән.
П. М. Мелиоранскийдің пікірінше, бұл грамматика — жүйе-сіз жазылған, сонымен бірге кітаби тіл мен сөйлеу тіліне төн тұлғаларды бір-бірімен шатастырып жіберген2. Мысалы, зат есімнің көпше түрінің септелуі: аталар, аталарның, аталарга, аталарны; етістіктің өздік етіс тұлгәсы — жазынмақ, ортақ етіс тұлғасы — жазышмақ, болымсыз егістік тұлгасы — жазбамақ, жазмамақ сияқты мысалдар түріңде талданған.
Келтірілген тұлгалардың кейбірі түрік тіліне жақын (мы-салы, ультрырмын — влтіремін), кейбіреулері татар тіліне жа-қын (көрселер екен — көрсе екен, буйдакның аклы — икы куз — бойдақтың ақылы екі көзінде). Қазақ тіліне тән емес мұңдай тұлгалар еңбекте аз емес.
Трі шығыс зерггеушісі И. Н Березин (1818—1896) түркі ди-алектологиясын, Алтын Орда хандарының жарлықтарын («Тоқтамыс ханның Ягайлоға жарлығы». 1. Қазан, 1850, т.б.) зерттеуде көп еңбек сіңірді. Оның «Турецкая хрестоматия» (Ка-зань, 1876, СПб, 1890) деп аталатын еңбегінің III томыңда қазақтың кітаби тіл үлгілері берілген.
Қазақ тілінің зерттеу тарихыңда түркітанудың негізін қала-ушылардың бірі академик В. В. Радлов (1837—1918) еңбектері ерекше орын алады. Өзінің алпыс жыддық ғылыми қызметіңде ол түркітанудың барлық саласыңда дерлік еңбек етгі. Атап айтқаңда, түркі тілдерінің лексикографиясы мен лексикологи-ясы, салыстырмалы және тарихи фонетикасы мен грамматика-сы, текстологиясы мен көне түркі, көне ұйғыр және араб жазуындағы ескерткіштер, түркі ауыз өдебиеті мен этнографи-ясы, тарихы мен археологиясыңда өте мол материал. түбегейлі зертгеулер қалдырды.
В. Радлов зертгеулері қазақ тіліне тікелей меншіктеліп аталмағанымен, оларда түркітанудың жоғарыда айтылган сала-лары бойынша қазақ тіліне кдтысты жөне оны зерттеуге зор ықпалын тигізген материалдар мен теориялық тұжырымдар аз емес.
1 Тфентьев М. А. Грамматика турецкая, псрсцдская, киргизская и узбекс-кая.СПб, 1875, сір. 119.
2 Мелисранский II- М. Краткая грамматика казак-киргизского языка. Ч. 1. СПб, 1894, стр. 5.
43
қосымшаның басқы дыбысының әсерімен сөз соңыңдағы дау-ыссыздың ауысуы (жаз-иіы — жашшы) сияқты заңдылыкгары білгірлікпен баяңдалған.
П. М. Мелиоранский — қазақ тіліңдегі дыбыстар жайыңда Н. Ильминский мен В. Радловтан соң жан-жақты зерттеп, пікір айтқан ғалымдардың бірі. Бірақ кейінгі зерттеулер тұрғысынан қарағанда оңда қате түсіңцірілген жәйттер жоқ емес. Мысалы, автордың қазақ тілівдегі қосарлы дауыстылар бар деген пікірін қазіргі зертгеушілер қолдамайды. Сол сияқты ә фонемасын а мен е-нің аралығыңдағы дыбыс деуі, сонор л дыбысын бірде жуан, бірде жіңішке айтылатын екі түрлі фонема деп қарауы, дж (ж-ның аффрикат түрі) айрықша дыбыс деп түсінуі, диалектілік сөздерде ш орнына айтылатын ч дыбысын жалпы қазақ тіліне төн деп қарауы, ң дыбысын мұрын арқылы шыға-тын н дептүсінуі т.б. қате екеңдігі кеңес дәуірівдегі фонетикаға байланысты еңбектерде көрсетілген1.
П. Мелиоранский қазақ тілінің морфологиялық құрылы-сын таддай келе, оңда есім, есімдік, етістік, сан есім, үстеу, жалғаулық, сегггеулік, демеулік сияқты 8 сөз табы бар деп есептейді. Олардың ішівде толығырақ талданғаны есім мен етістік. Зат есімнің негізгі, туыңды түрлері, туыңцы зат есім жасайтын басты жұрнақтар, затесімнің жекеше, көпше түрлері, 7 септік жалғауы бар екені, бөлек сөз табы ретівде қарал-мағанымен, сын есім жасайтын біраз жұрнақтар, оның шырай-лары көрсетілген. Етістікке байланысты оның негізгі, туывды түрлері, оны жасайтын жұрнақтар, етіс жұрнақтары, етістіктің жіктелу жүйесі, рай түрлері, егістік негізді есімдер талданған. Көсемше, есімше категорияларының шақтық түрлерін таддау-ыңда ерекшелік бар. мысалы, косемшені совершенное (барып), несовершенное (бара), достигательное (баргалы) деп үшке, есімшені — қазіргі өткен шақтық, келер шақтық деп екі түрге бөлген. Автордың сын есівдерді жеке сөз табы деп бөлмей, зат есіммен бірге қарауын, -даі^-дей жұрнағын салыстырмалы септік жалғауы деп түсіндіруін, жалғаулық, септеулік, демеулікті жеке-жеке сөз таптары ретіңце қарауын қазіргі кез-де қабыддауға болмайды.
П. Мелиоранскийдің екінші кітабы — қазақ тілінің син-таксисіне арналған. Кіріспе бөліміңде бұл еңбекті жазуда оған «Алтай тілінің грамматикасы» (1869) үлгі болғанын, қажетті мысалдарды көбінесе В. Радловтың түркі тайпаларының халық-тық әдебиеп үлгілеріне арналғанеңбегінің Ш томьшан, біразын
* Кеңесбаев I, Мусабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. Алматы. 1975,229-230,241-242,246-бетгер.
46
Н. Ильминскийдің еңбегінен алғанын айтады. Автор түркі тіл-дерінің синтаксистік құрылысы олардың барлығында бірдей деп түсіңдіреді.
Еңбектің «Жай сөйлем» тарауыңда сөйлемнің бастауыш пен баяндауыштан құралатыны, өзара жақтық, сан-мөлшерлік жақтан қиыса байланысатыны, анықтауышты сипаттай келе, оның қаңдай сөз таптарынан болатыны айтылады. Бұдан ары I бөлімде негізінен көптеген синтаксистік категориялардың жа-салу жоддары, қолданылу жайы сөз болған. Мысалы, зат есім-нің көпше түрі, септік жалғаулары, етістік тұлғалар, жалғау-лықтар мен демеуліктер қолданылуы тұрғысынан талданған. Қазіргі тұрғыдан қарағаңда мұның бәрі морфологияның қарай-тыны болмақ.
П. Мелиоранский бұл еңбегіңде сөздердің орын тәртібіне көңіл бөлген. Сөздердің орын тәртібін белгілі бір ережеге сай, дәл сақтау мүмкін бола бермейтінін, оның тұрақсыздығын ес-керте отырып, «орыс тілімен салыстырғаңда, бірқатар жағдайда қазак сөздерінің орын тәртібі неғұрлым айқын және сонымен бірге өзіңдік ерекшелігі мол екенін көреміз», — дейді1. П. Ме-лиоранскийдің бұл еңбегін Т. Қордабаев: «Қазақ тілі синтак-сисіне арналған тұңғыш еңбек деуге болады, өйткені бұдан бұрынғы еңбектердің еіпқайсысьщда синтаксис мәселелері сөз болған жоқ», — дейді2.
Сөйтіп, П. М. Мелиоранскийді қазақ тілінің грамматика-лык құрылымын ғылыми негізде тұңғыш рет жүйелі түрде зертгеген ғалым деуге болады.
П. М. Мелиоранский түркі тілдерінің салыстырмалы-тари-хи грамматикасын жасауға көңіл бөлді. Ол тарихи-этнографи-ялық, лингвистикалық түсінік бере отырып, оннан астам ескер-ткіштерді зертгеп жариялады. Оның «Памятник в честь Кюль-тегина* (1899), «Араб филолог о турецком языке» (1900), Раб-ғузидің «Кысас ал-анбиясы» туралы зертгеулері — түрко-логияның негізгі қорына енген еңбектер.
Қазақ тілі жайыңда зерттеулерімен белгілі түркологтардың бірі — көп уақыт бойы Орынбор округіңце татар, башқұрт, қазақ мектептері жөніңдегі округтік инспектор болып істеген В. В. Катаринский (1846—1902). Оның «Грамматика киргиз-ского языка. Фонетика, этимология и синтаксис» (Оренбург, 1897) деп аталатын еңбегіңде бірқатар мөселе бұрынғы зертге-
1 Меикранский П М. Краткая грамматика казак-киргизского языка. 4.11, 1897, стр.67.
1 ХфЛзбовв Т Түркітану ғылымыныңдаму тарихыиаоку құралы. Кдрағавды,
1985,25-бет.
47
улерге қарағанда толықгырылып, баскаша қаралған. Жалпы бұл еңбекте қазақ тілінін заңдылықтары дұрыс көрсетілген. Фоне-тика бөліміңде дыбыстардың өзара үңдесу, алмасулары, түсіп қалуы толығырақ баяндалған. Этимология (морфология) бөліміңде сын есім, одағай жеке сөз таптары ретіңде қаралған, демеулік жеке сөз табы ретінде берілмеген. Зат есімнің жеті септік жалғауы бар екені, сын есім сапалық, қатыстық болып бөлінетіні, оның үш шырайы (жай, салыстырмалы, күшейтпелі) болатыны осы күнгідей тадданып көрсетілген. Етістік саласын қарастыруда біраз өзгешелік бар. Мысалы, көсемшені осы шақ-тық (бф«), өткен шақтық (барыгі), тіркес көсемше (последова-тельное — есекеле), бөлуші (разделительное — біле тура); шек-ті келер шақтық (предел в будущем — барганша), шекті өткен шақтық (предел в прошедшем — баргашЛ болжалды келер шақтық (предварительное — сатып алган соң) көсемшелер деп жіктейді. Көсемшенің қазіргі жіктелуі басқаша екені белгілі.
Еңбектің синтаксис бөліміңдегі еңбасты өзгешелігі — бірін-ші рет құрмалас сөйлемді жеке алып қарауыңда. Бұдан бұрынғы еңбектерде құрмалас сөйлем жайыңда ешнәрсе айтылмайтын. Бірақ автор қазақ тілі кұрмалас сөйлемінің түрлерін, жасалу жолдарын жете талдай алмаған. Автордын түсіңдіруінше, құрмалас сөйлем — алдыңғысы көсемше тұлғасында келетін екі не бірнеше етістіктің тіркесіп келуі. Оған: Ол — әкесінің соңынан тура жүгірді сияқты мысалдар келтірген.
В. Катаринский қазақша-орысша сөздік жасаумен де шұғылданған. Ол жасаған «Киргизско-русский словарь» (Орен-бург, 1897) сол кездегі көлемді сөздіктің бірі бодды, оңда 10.000-ға жуық сөз қамтылған. Қазақ ауыз әдебиеті нұсқаларын жи-нап бастыруда елеулі еңбек етгі. В. Катаринский қазақтарға орыс тілін үйрету мақсатыңда «Букварь для киргиз» (1892), «Первоначальный учебник русского языка для киргиз» (1909) т.б. оқу құралдарын жазды.
Бұл айтылғаңдардан басқа қазак тіл білімі тарихына қатыс-ты орыс түркологтарының бірқатар грамматикалық, лексико-графиялық, хрестоматиялық еңбектері жарық көрді.
Грамматикалық еңбектер: И. Лаптевтің «Краткий граммати-ческий очерк казак-киргизского языка» деген еңбегі 1900 ж. «Труды по востоковедению» атты жинақта жарияланған. Оңда шағын грамматикалык очерк, қазақша-орысша сөздік, ауыз өде-биетінің үлгілері берілген. Н. Созонтовтың «Записки по грам-матике киргизского языка» (Ташкент, 1912) деген шағын еңбегі т. б.
Лексикографиялық еңбектер: И.Букиннің «Русско-киргиз-ский и киргизско-русский словарь» (Ташкент, 1883), И. Лап-
48
тевтің «Киргизско-русский словарь» (1900) сөздіктері т. б. Жал-пы Қазан революциясына дейін 20 шақты қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік жарық көрген.
Хрестоматиялық еңбектері: И.Н.Березин «Турецкая хрес-томатия» (Казань, 1876; СПб, 1890), оның III томында қазақ тілінің арабіпа жазылған кітаби үлгілері берілген. Я. Лютш «Киргизская хрестоматия» (Ташкент, 1883), оңда орыс графи-касымен тек текстік материал берілген. А. Алекторов «Кир-гизкая хрестоматия» (Оренбург, 1898). А. А.Диваев (1855-1933) «Памятники киргизского творчества. Киргизская былина о Бекет Батыре». Казань, 1897; «Этнографические материалы, сказки, басни, загадки, приметы н былины туземного населе-ния Сыр-Дарьинской области». Ташкент, 1895. Н. Н. Пантусов «Материалы к изучению казак-киргизского наречия». Казань, 7 выпусков 1899-1904. И. В. Аничков. «Памятники киргизско-го народного творчества. КиргизскаябылинаогерояхИрназа-ре и Бикете». Казань, 1896. А. В. Васильев. «Образцы кир-гизской народной словесности». Вып. I, Оренбург, 1900 т. б.
Ауыз әдебиет үлгілерін жинап бастыруда, тарихи нұсқа-ларды зерттеуде қазақ арасынан шықкан ағартушы-галымдар-дың еңбегі зор. Ы.Алтынсариннің (1841-1889) «Киргизская хрестоматиясыңда» (Оренбург, 1879) өзі шығарған өлеңдер, әңгімелер, ауыз өдебиет нұсқалары берілген. Оның «Началь-ное руководство к обучению киргизов русскому языку» (Орен-бург, 1879) оқу құралы орыс әліппесі негізіңде жасаған жаңа әліппемен қазақ тіліңде басылған. Мұнда біркатар қазақ сөзін орыс тіліне аудара отырып, сөз таптарына жіктеп талдаған, олардың грамматикалық сипатына тоқтаған.
ШУөлиханов (1835-1865) түркі тіддерінің (қазақ тілінің) орта ғасырдағы құңды ескерткіштерінің бірі Қадырғали Жалаи-рдің «Жәми-ат-тауарих» («Шежірелер жинағы» — XVI ғ. аяғы мен XVII ғ. басы) атгы шығармасын зерттеп, оның өзіне тән тілдік ерекшелігін алғаш рет көрсеткен. Қазақ ауыз әдебиетін-дегі тарихи жырлардың шығу тегін зерттеп, ноғайлы заманы-ның туындылары (Едіге, Тоқтамыс т.б. жырлар) ХІУ-ХУІ ға-сырларға жататынын анықтаған.
XX ғасырдың басыңдағы патшалық Ресей заманыңда қазақ тіл білімінің дамуы қазақ хал қының абзал ұлдарының бірі Ах-мет Байтұрсыновтың (1873-1937) есімімен тығыз байланысты1. А.Байтұрсыновтың қазак тілін зерттеу ісімен шұғылдануы оның
1 А Байтурсынов жене оның еңбектері туралы толық мағұлмат Р. Сыздықованың «Ахмет Байтұрсынов» (Алматы, 1990) атгы кітапшасында берілген.
49
туған халқына оқу-білім таратудағы ағартушылық қызметімен ұштасып жатыр.
1895-1909 жылдарда өзі мектепте бала оқытқан кезде қазақ балаларының сауатын ашуға қажетті жазу таңбасының, ана тілінен жүйелі білім беруге арналған оқу құралдарының жоқтығын көрген ағартушы-ғалым еңді осыларды өзі жасауға тікелей белсене кіріседі. Сөйтіп, ол 1910 жыдцардан бастап қазақтың жазу таңбасын ретке келтірумен шұғылданады. Бұрынғы араб жазуын сол қалпыңда қолданудың қолайсыз-дығын ескеріп, еңді оны қазақ тіліне икемдеп жөңдей бастай-ды. Қазақ дыбыстарының табиғатын терең зерттей отырып, оларды білдірмейтін араб таңбаларын алмау, ы, е, и, о, у, у дыбыстарының әрқайсысына таңба белгілеу, тұтас сөздің жіңішкелігін біддіру үшін (к, г дыбыстарынан басқа дыбыстар арқылы жасалған сөздерде) сөздің алдынан дәйекше қою қажеттігін дөлелдейді. Араб жазуын қазақ тілінің дыбыс заңдылықтарына сай осылайша реформалау нәтижесінде «Жаңа емле» деп аталатын қазақтың әліпбиі (алфавит) пайда бодцы. Әліпби мен оған лайықталған жазу жүйесі 1924 ж. Орынбор қаласыңда өткен қазақ оқығавдарының тұңғыш съезіңде қабыл-данды. Бұл әліппені қазақ халқы 1929 ж. латын әліппесіне көшкенге дейін пайдаланды. «А.Байтұрсынов реформалаған араб жазуы өз кезіңде қазақ халқының мәдени дүниесіңде үлкен роль атқарған, қалың көпшілікті жаппай сауаттандыру ісіне, жазба дүниелердің дамуына, баспа жұмысының жаңцануына игілікті қызмет еткен, прогрессивтік құбылыс болды1.
Қазақ балаларының ана тіліңде сауат ашуына үлкен мән беріп, көп күш жұмсаған А.Байтұрсынов 1912 ж. «Оқу құралы» деген атпен қазақша тұңғыш өліппе шығарады. Оңда барлык әріптерді үйретіп сауат ашумен бірге балаларға дүние таным-дық мәні бар материалдар (ай, күн, жыл атгары, туыстық атау-лар, шағын мақал-мәтелдер, ұсақ әңгімелер т.б.) қоса берілген.
А. Байтұрсынов бұдан кейін бастауыш мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрету мақсатыңда «Тіл —құрал» деп аталатын қазақ тілінің тұңғыш оқулығын жазған. Оқулық үш бөлі.мнен тұрады: қазақ тілінің морфологиясына арналған бөлімі — 1914 ж., фонетикаға арналған бөлімі — 1915 ж. синтаксиске арналған бөлімі — 1916 жылы жарық көріп, кейін бірнеше рет қайта басылған. Автор бұл еңбегіңде қазақ тілінің дыбыстық құра-мын, сөз тапгары мен сөз тұлғаларын, сөйлем жүйелерін үйре-туді мақсат стіп қойған.
1 СыздықоваР. АхметБайгұрсынов. Алматы, 1990.26-бет.
50
А. Байтұрсынов 1920 ж. қазақ тілін оқыту әдістемесіне ар-нап, «Баяншы» дейтін еңбегін, 1928 ж. тілді дұрыс жұмсай білу тәртібіне арнап, «Тіл жұмсар» атты еңбегін жазды.
Бұлардың қай-қайсысы болсын осы аталған салаларға бай-ланысты ана тіліңде жазылған алғашқы окулық, оқу құралда-ры болумен бірге, «қазақ тілінің фонетикалық және грамма-тикалық (морфологиялық-синтаксистік) құрылысын талдап, жұйелеп, танытып берген, қазақ тіліңдегі тұңғыш ғылыми жұ-мыстың басы»1. А. Байтұрсынов бұдан басқа қазақ тілін окьггу әдістемесіне, жазу, емле, терминология мәселелеріне арнап, «Айқап» журналы мен «Қазақ» және басқа газеттерде мақалалар жариялады. Ғалым өз зерттеулеріңце қазақ тілінің типология-лық ерекшелігін үнемі ескеріп отырған. Мәселен, араб жазу-ын реформалап қазақша дұрыс жазу емлесін жасауда фонети-калық принципке, дыбьк үндестігі зандылықтарына сүйенген. Қазақ тілінің дыбыстық құрамы, сөз таптары, сөйлем түрлері тіліміздін типологиялык ерекшелігі тұрғысынан талданып жік-теледі.
А. Байтұрсынов қазақ тілінің құрылысына тән категория-ларды зертгеу үстіңде оларға қазақша термиңдер ұсынып отырған. Қазіргі қазақ тіліңде күні бүгінге дейін қолданылып жүрген: буын, дыбыс, түбір, сөз, туыңды сөз, қос сөз, жұрнақ, зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, шылау сөздер, одағай, сөйлем, сөйлеу, бастауыш, баяңдауыш, анықтауыш, бо-лымды, болымсыз сөйлем, жалаң, жайылма сөйлем, құрмалас сөйлем т.б. көптеген терминдерді жасап, кіріктіріп кеткен А. Байтұрсынов.
Қазақ тілінің дыбыстык, грамматикалық құрылысын тал-дауда болсын, өліппе, емле ережелерін түзіп, термин жасауда болсын А. Байтұрсынов өзінен бұрынғы зерттеушілердін ізімен кетпей, жаңаша бағыт ұстанған. Ол — қазақ тіл білімін ана тіліңде дамыту бағыты. Оның ана тілінде жазған зерггеу еңбектері, оқулықтары, ана тіліңде ұсынған термиңдері — бұл айтылғанның нақты айғағы болып табылады.
А. Байтұрсыновқа дейінгі қазақ тілінің құрылысы туралы орыс түркітанушыларының еңбектеріңде қазақ тілі ғылыми негізде алғаш зертгелгенімен, бірақ олар орыс тіліңце жазы-лып, түркі тіддерін зертгеушілерге арналған. Оларды мектеп-ке, қалын көпшілікке арналған оқулықдеуге болмайды, олар-да қазақша тіл термиңдері жасалған жоқ. Сол себепті А. Бай-тұрсынов XX ғ. басыңда ана тіліңде ұлттық тіл білімініңнегізін қалаған қазақгың тұңғыш ғалымы ретіңде танылдды.
1 СыздықоваР. АхметБайтұрсынов. 32-33-бетгер,
51
А. Байтұрсынов—әдебиетгану саласында да айрыкша еңбек еткен адам. Телжан Шонановпен бірге мектепке арнап көркем әдебиет текстерінен хрестоматия шығарды. Оның «Әдебиет танытқыш» (1926 ж.) деп аталатын кәлемді еңбегі өдебиеттану ғылымы мен қазақ өдебиеті тарихына арналған тұңғыш зертгеу болып табылады. Оңда автор әдебиет теориясының мәселелерін таддаумен бірге, оның термиңдерін жасаған.
§10. Қазак тіл білімінің Кеңес дәуірінде зерттелуіне шолу
Кеңес дәуіріңде Қазақстан тоталитарлык тәртіп жағдайын-да өмір сүргенімеи, оңда ұлт мөдениетін, ғылым мен өнерді дамытуға, оқу-ағарту, баспасөз жүйелерін кеңейтуге, ұлтгық жазбаны жүйеге келтіріп, өдеби тілді қалыптастыруға объе-ктивті мүмкіншіліктер туды. Қазақ тіл білімінің жан-жакты зертгеліп, дербес ғылым саласына айналуы осы Кеңес дәуірімен денгейлес келеді.
Бірак Кеңес өкіметі жылдарындағы қазак тіл білімінің зертгелу дәрежесі іштей біркелкі емес. Сол себепті оны бірнеше кезеңге бөліп қарастыру қажетгігі туады.
1920 жылдардағы қазақ тіл білімі. Қазан революциясына дейін мектептерде қазақтілі окытылмағаны белгілі. Халық ара-сында сауатсыздық басым болды. Осыңдай жағдайда ашылған мектеп, техникум және басқа оқу орындары үшін оқулық, оқу құралдарын жасау, жазу жүйесін ретке келтіру, терминдерді қалыптастыру мақсатыңдағы алғашқы шараларды жүзеге асы-ру — 1920 жылдардағы қазақ тіл білімінің ең басты міндеті болды. Бұл міндетгі жүзеге асыруда қазактың ұлтгық тіл білімі-нің негізін қалаушы А. Байтұрсыновтың сіңірген еңбегі ұшан-теңіз екені бұдан бұрын айтылды. Ол ерте заманнан бері қол-данылып келе жатқан араб жазуын қазақ тілінің дыбыс заңына икемдеп, оның емлесін жасады. Мектепке арнап жазған оқу-лықтары мен оқу құралдарыңда қазақ тілі мен өдебиеттану ғылымдарының терминін жасады.
Жаппай сауат ашуға қажетгі әліппе, шағын анықгама, грам-матикалық, әдістемелік құралдар, сөздіктер жасауға, тіл мәселелерін зертгеуге Халел Досмұхамедов, Телжан Шонанов, Жүсіпбек Аймауьпов, Қошке Кемеңгеров, Әбдірахман Бай-дилдин, Нәзір Төреқұлов Т;б. қазак зиялылары ат салысып отыр-ды.
1926 ж. Бакуде латын жазуына көшу туралы шешім қабыл-даған Бүкілодақтық түркологиялық 1 съезд өткізідді. Осыған байланысты республикада латын графикасына негізделген жазуға көшу мәселесі көтерілді. Латын жазуына көшудің ең
52
басты дөлелі ретіңде араб жазуының дыбыс жүйесіне сөйкес келмейтіңдігі, Еуропа мөдениетіне жақыңдасу мақсатыңда түркі халықтарының бүкіл одақ көлеміңде латынға көшу талабы өрістеп отырғаны көрсетілді. Ал А. Байтұрсыновтың араб жа-зуын қазақ тіліне икемдеп реформалауы — заман талабына сай келмейтін жазуды жамап-жасқау, прогреске қарсы керітартпа әрекет деп бағаланып, оның ақыры ңдеологиялық қарама-қар-сылық тартысына айналып кетті.
Латынға көшу туралы шешім 1924 жылы қабылданғанымен, Қазақ өкіметінің «Қазақ жаңа емлесі туралы декреті» тек 1929 жылы ғана жариялаңды. Бұл жазуды халық 1940 жылы орыс графикасына көшкенге дейін пайдалаңды.
Сөйтіп, 20-жыддар, академик I. Кеңесбаевтың сөзімен айт-қаңда, «қазақ тіл білімі дамуының болашағын дайыңдаған, со-нымен бірге ана тіліңдегі ағаргу ісін шын мәніңде дүниеге әкел-ген жыддар. Олай болатыны — халықтың сауатсыздығын жою, ұлттықтерминологияны жасау, оқулықтар шығару, мемлекеттік ісгі ана тіліңде жүргізу сияқты шараларды жүзеге асырудағы алғашқы адым осы жылдарда бастадды»1.
1930 жылдардағы тіл білімінің дамуына 1933 ж. кұрылған Қазақтың ұлт мәдениетін зерттеу институты, 1936 ж. кұрылған КСРО Ғылым академиясынын Қазақстаңдық филиалы, 1928 ж. ашылған Абай атыңдағы Қазақ мемлекеттік педагогика инс-тигуы (қазір Абай атыңдағы Алматы мемлекеттік университеті) сияқгы мекемелер мен жоғары оқу орындарының зор мәні бол-ды.
1930 жылдарда қазақ тілінің ғылыми тұрғьща зерттеле бас-тауы қазақ тіл білімінің көрнекті өкілі профессор Құдайбер-ген Қуанұлы Жұбановтың (1899-1938) есімімен байланысты. Оның қаламынан туған «Қазақ сөйлеміндегі сөздердің орын тәртібі тарихынан», «Көмекші етістіктер», «Абай — қазақ әдебиетінің классигі», сонымен бірге қазақ тілі фонетикасы-ныңтарихы, буын, шылау, қос сөз, біріккен сөз т.б. жайыңдағы еңбектер күні бүгінге дейін өзінің құңдылығын жойған жоқ. Ғалым кезіңде қазақтың латынға негізделген ұлттық жазуын, емлесін жөне терминологиясын жетілдіру ісіне, ана тілінің оқулығын жасауға белсене қатысқан. 1936 жылы ол жазған «Қазақ тілінің грамматикасыңда» (1 бөлім, жалпы морфоло-гия, 5 класқа арналған) сөздердін кұрылымына, қазақ тіліңдегі фонетикалық құбылыстарға байланысты негізгі мөселелер жүйелі баяңдалған.
1 Кеңеебаев І.Члы Октябрь жөие кдзақ тіл білімі/ /Қазақстан коммунисі, 1%7, №5,73-бет.
53
1930 жылдарда мектепке арналған қазак тілі оқулықтарын жазуда Сәрсен Аманжолов (1903-1958) нәтижелі еңбек етгі. Ол 1932 ж. IV класқа арналған «Қазақ тілі грамматикасын», 1933-34 ж. VI-VII кластарға арналған қазақ гілінің бағдарламасы мен оқулығын, 1938 жылы «Қазақ тілі грамматикасының» 1 бөлімін (фонетика, морфология), 1939 ж. осы оқулықтың II бөлімі — синтаксисгі жазды. Соңғы оқулық күні бүгінге дейін Ү-ІХ кластардың оқулығы регінде үздіксіз пайдаланылып келе-ДІ-
Мектеп үшін қазақ тілі оқулықтарын жазуда 1. Кеңесбаев, Н. Сауранбаев, М. Балакаев, ана гілін оқыту әдістемесін жасау-да X. Басымов, Ғ. Бегалиев, С. Жиенбаев, Ш. X. Сарыбаев зор еңбек сіңірді. 1930 жылдардың аяғыңда латыннан орыс жазуы-на көшуге дайындық басталды.
Сөйтіп, 1930 жылдарда бастауыш, орга мектептер ана гілі оқулығымен қамтамасыз егілді. Жоғары оқу орыңдарыңда қазак гілі мамандарын даярлауға мүмкіңдік туды. Дегенмен гіліміздің дыбыстық, грамматикалық қүрылысы мектеп оқулықтары мен мақалалар кәлеміңде зерттелгені болмаса, олар жайында көлемді зертгеулер жокка төн еді.
Кеңес дәуірінің үшінші он жылдығы — 40 жылдардың ішіңде қазак тіл білімі онан ары даму үстінде болды. Бұл кездің басты жаңалығының бірі — орыс графикасына негізделген қазак жазуын қдбылдауға байланысты еді. Жаңа қазақ әліппесі :4Т әріігіен- тұрады, оның 32-і орыс гілінікі, 9-ы қазақ тілінің ёрекшелігін біддіретін таңбалар. Орыс жазуына көшу вдеясы латын жазуын қолданудағы қолайсыздықтан арылу (мәселен, халықаралық сөздерді жазудағы), қазақ халқын орыс мөдение-гіне жақындастыру мақсатынан туған еді.
40-жылдардың екінші жаңалығы — қазақ тіл білімінің тео-риялык мәселелеріне көңіл бөлінгендігіңде. Бұл жыддары фо-нетика саласыңда — I. Кеңесбаевтың қазақ тілівдегі дауысты, дауыссыз дыбыстар, екпін туралы ғылыми макалалары; грам-матика саласыңда Н. Сауранбаевтың қазақ тілівдегі құрмалас сөйлемдер жүйесін (бұл тақырыпқа ол 1943 ж. докторлықдис-сертация қорғады), көсемшенің семантикасы мен қызмегі, С. Аманжоловтың қазақ тілінің ғылыми синтаксисі, С. Жиен-баевтын синтаксис мәселелері, А. Ыскақовтың үстеу, Ғ. Мұ-сабаевтың сын есім, Ы. Мамановтың етістік, М. Балақаевтың жайсөйлем синтаксисі т. б. туралы зерггеулері жарық көрді.
Тіліміздің бұрын зерттелмей, ғылыми пөн ретінде оқытылмай келген саласы лексика жайывда алғашқы зерггеу еңбектер пайда болды. I. Кеңесбаев қазақ тілінің тұрақты сөз тіркесі (бұл тақырыпқа ол 1944 ж. докторлық диссертация
54
қорғады), С. Аманжолов, Ғ. Мұсабаев, Қ. Шәріпов, Ә. Ерме-ков т.б. лексикология мәселелері жайында мақалалар жария-лады. Осы кезеңде сөздік жасау ісі едәуір ілгеріледі. 40-жыл-дардың басыңда орысша-қазақпіа өскери сөздік (құрастыр-ғаңцар Ғ. Мұсабаев, Ю. Цунвазо, Қ. Адайханов, редакциясын басқарған С Аманжолов), қазақша-орысша сөздік (құрастырған Ғ. Бегалиев), 1946 ж. екі томдық орысша-қазақша сөздік (редакциясын басқарған М. Балақаев, С. Жиенбаев, I. Кеңес-баев, Н. Сауранбаев), 1948, 1950 жыддары терминология сөздігі (1, II кітаптар, жауагпы редакторы Н. Сауранбаев) т. б. сөздіктер жасалды.
Бұл кезеңде көңіл бөлінген мәселенің бірі — қазақ тілінін тарихы мен диалектологиясы. С. Аманжолов тіл тарихымен байланысты қазақ диалектологиясының проблемаларын (бұл тақырыпқа ол 1948 ж. докторлық диссертация қорғады), Ж. Досқараев оңтүстік диалектісінің мәселелерін (бұл оның каңдидаттық диссертациясы) зертгеді. С. Малов пен Н. Сауран-баевтың қазақ тілінің тарихы туралы мақалалары осы кезенде пайда бодды. Зерттеу жұмысының кеңеюіне 1940 ж. құрылған Тіл және әдебиет институтының маңызды ықпалы тңді. ¥лт-тык кадрларды даярлау ісіңде бұл кезде И.И. Мещанинов, С. Е. Малов, Н. К. Дмитриев сияқты көрнекті орыс тіл білім-паздары мен түркологгарынын зор еңбек еткенін атап айіу қажет.
Сөйтіп, 40-жыддары бірсыпыра өзекті мәселелерде кұрделі зерттеулер жүргізідді, бірақ олардың мән-манызы, нәтижесі ол кезде толық кәріне қойған жоқ. Жоғары оқу орыңдары ұшін жасалған қазақ тілі пәңдерінің арнаулы оқулықтары болмады.
Қазак тіл білімінің буыны қатып, бұғанасы бекіген, ірі та-быстарға жеткен шағы 1950 жылдардан басталады. Бұл кезеңде бұрынғы зерттеу ісіңдегі жетістіктер мен төжірибелер жинақ-талып, толықтырылып, қомақты еңбектер жарық көрді. Со-лардың алғашқысы 1954 ж. шыққан қазак тілінің тұңғыш ғыльь ми курсы — «Қазіргі қазак тілі» (лексика, фонетика, траммати-ка салаларынан тұрады, авторлары: М. Балақаев, Н. Сауранба-ев, I. Кеңесбаев, А. Ысқақов, Ғ. Мұсабаев). «Өз кезіңде мерзімді баспасөз бетіңде көрсетілген біраз кемшіліктеріне қарамастан, бұл еңбек қазақ тіл білімінің елеулі табысы, қазақ тіл мамаңдарының ұзак жылдар бойы фонетика, лексиколо-гия, грамматика салаларынан жүргізген зерттеулері аркасыңда қол жеткен ғылыми табысы, солардың жиынтығы. Соңдыктан да бұл еңбекті қазақ тіл білімінің 1954 жылға дейінгі ғылыми жұмыстарының корытындысы деп түсінген мақұл»1.
1 Қсрдабаев Т Қазақтіл білімінің қалыгггасу, даму жолдары, Алматы, 1987, 63-бет.
55
Бұл кезенде қазақ тіл білімінің жеке салаларына байла-нысты арнайы зерттеулер молайды. Мәселен, фонетика мөсе-лелерін зерттеуге арналған I. Кеңесбаев, Ж. Аралбаев, С. Та-тубаев, Ә. Жүнісбеков, А. Қошқаров т. б. ғалымдардың ең-бектері жарық көрді. 1962 ж. I. Кеңесбаев жоғары оқу орыңда-ры үшін фонетика курсының оқулығың жазды. Ол енбектерде қазақ тілі дыбыстарының акустикалық, артикуляциялық, фо-нологиялық ерекшеліктері мен қасиетгері анықталды.
Дегенмен, фонетика мамаңдарының алдыңда осы айтылған мәселелерді тереңдете түсумен бірге, тіліміздің экспериментгік, тарихи, салыстырма фонетика салаларын қалыптастыру про-блемалары тур.
Қазак тіл білімінің кенжелеп қалған лексикология саласы 1950 жыддан бері жан-жақты зерггеле бастады. Қазақ лекси-касының құрамын, тарихын, сөз мағынасының түрлерін, сти-листикалық қызметін анықтап зертгеген қаншама ғылыми еңбек пайда болды. Бұл кезеңде лексикологияның жалпы мәселеле-ріне арналған Н. Сауранбаев, С. Аманжолов, Ғ. Бегалиев, Ғ. Мұсабаев еңбектерінен басқа омонимдер туралы К. Аханов-тың, синонимдер жайыңца Ә. Болғанбаевтың, сөз мағынасының өзге түрлері жайында Р. Барлыбаев, Б. Хасанов, Р. Садықовтың т.б. зертгеулері; лексикалық құрам саласыңда неологизмдер жайыңда Ш. Бәйтікова, көнерген сөздер жайыңда А. Махмұтов еңбектері; кірме сөздер жайыңда Н. Оңдасынов, В. Исенғалиева, Л. Рүстемов, Е. Бекмұхамедов зертгеулері; термиңдер жөніңде Ө. Айтбаев, А. Әбдірахманов т. б. еңбектері, ономастикаға бай-ланысты А. Әбдірахманов, Ғ. Қоңқашбаев, Т. Жанұзаков т. б. еңбектері; кәсіби-диалектілік лексикаға байланысты Т. Айда-ров, Қ. Айтазин, А. Шамшатова, А. Айғабылов, С. Қасиманов зерггеулері; жеке лексикалық тоггтар жайыңда К. Құсайынов, Б. Қалиев еңбектері; фразеология саласыңда I. Кеңесбаев, Р. Сәрсенбаев, Н. Төреқұлов, А. Байтелиев, X. Қожахметова т. б. зерттеулері; лексиканың стилистикалық қызметіне арналған Р. Сыздықова, Ф. Мұсабекова, Т. Қоңыров, Б. Манасбаев т. б. еңбектері жарықкөрді.
Қазақ тіл білімі 1950 жыддан бері лексикография саласын-да елеулі табыстарға жетгі. Қазақ тіл біліміңде болуға тиісті негізгі сөздіктердің біркатары осы кезеңде шықты. Олардың ішіңде екі тілді аударма сөздіктер де, бір тілді сөздіктер де бар. Екі тілді сөздіктердің негізгілері: 50.000 сөз қамтыған «Орыс-ша-қазақша сөздік» Мәскеуде 1954 ж. шықты (жалпы редак-циясын басқарған Н. Т. Сауранбаев). Бұл сөздік кейін 2 том болып, 1978, 1981 жылдары қайта басылды. X. Махмұдов, Ғ. Мұсабаев. Қазақша-орысша сөздік, 1954,1987; Н. Оңдасынов.
56
Арабша-қазакша түсіңдірме сөздік, 1969, 1984. Н. Оңдасынов. Парсыша-қазакша түсіңдірме сөздік. 1974. Бұлардан басқа әр түрлі ғылым саласына байланысты орысша-қазақша термино-логиялық сөздіктер және ағылшынша-қазақша, немісше-қазақша, моңғолша-қазақша (және керісінше) бірнеше аудар-ма сөздік басылып шықты.
Бір тілді сөздіктердің негізгілері: Қазақ тілінің түсіңцірме сөздігі. 1 т., 1959, I I т., 1961 (жалпы редакциясын басқарған I. Кеңесбаев); Қдзак тілінің түсіңдірме сөздігі. 1—10 т., 1974—1986 (жалпы редакциясын басқарған А. Ысқақов); Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі, 1969 ж. (құрастырған автор-лар ұжымы); I. Кеңесбаев. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі, 1977; Абай тілінің сөздігі, 1968 (жалпы редакциясын басқарған А. Ысқаков); Ә. Болғанбаев. Қазақ тілінің синоним-дер сөздігі; 1962, 1975. Ж. Мусин. Қазақ тілінің антонимдер сөздігі, 1984; Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі, 1966 (құрастырған авторлар ұжымы); тарихи лексикаға байла-нысты: А. Құрышжанов, А. Жұбанов, А. Белботаев. Құманша-қазақша жиілік сөздігі, 1978; А. Ибатов. Құтбтың «Хусрау уа Шірін» поэмасының сөздігі, 1974 т. б. шықгы.
1950—90 жыддар арасыңда қазақ тіл білімінің морфология саласыңца бірқатар құнды еңбек пайда болды. Олардың бастылары: А. Ысқақовтың сөздердің морфологиялық құры-лымы мен қазақ тіліңдегі есім сез таптары туралы зерттеуі, етістік категорияларын зертгеуге арналған ЬІ. Маманов, Т. Қор-дабаев, А. Қалыбаева, Н. Оралбаева, Т. Ерғалиев, И. Үйықбаев, М. Оразов т. б. еңбектері, сын есім жайыңда Ғ. Мұсабаев, Ж. Шөкенов, Ә. Төлеуов, сан есім жайында Ә. Хасенов, одағай, еліктеуіш сөздер жайыңда Ш. Сарыбаев, Б. Катенбаева, есімцікгер жайыңда Ә. Ибатов, шылауларды зерттеген Р. Әміров т. б. еңбектері.
Монографиялық зерттеулердің негізінде Тіл білімі институ-ты 1967 ж. «Қазақ тілінің грамматикасы. 1. Морфология» (ав-торлар ұжымы), 1989 ж. «Кдзіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» (авторлар ұжымы) деп аталатын академиялық еҢбектер шығар-ды.
Қазақ тілінің синтаксистік құрылысы Қазан революция-сына дейін Мелиоранский мен Катаринский грамматикаларын-да ғана сөз болғаны, 40-жылдардан бастап С. Аманжолов, С. Жиенбаев, Н. Сауранбаев, М. Балақаев еңбектеріңде зерт-телгені бұдан бұрын айтылды. 1950 жыддан бері сөйлем құры-лысын жан-жақты, терендете зертгеген бірқатар еңбек шықты. Жай сөйлем синтаксисін зерттеуге арналған М. Балақаев, Р. Әміров, О. Төлегенов, Ғ. Мадина, А. Әбілкаев т. б. еңбектері,
57
құрмалас сөйлем жүйесін зертгеуге арналған Т. Кордабаев, Қ. Есенов еңбектері жарық көрді. М. Балақаев, Ә. Аблақов, А. Ахманов, К. Бейсенбаева т. б. еңбектері арқылы сез тір-кестері синтаксистің негізгі бір объектісі ретіңде қалыптас-ты.
Осыңдай зерттеулердің негізівде Тіл білімі институты 1967 жылы «Қазақ тілінің грамматикасы. II. Синтаксис» (авторлар ұжымы) деп аталатын академиялық еңбек іпығарды. Бұл кезеңде жеке жанрлық салалар мен лексикалық категориялар-дың сингаксисін зерггеуде бірқатар жұмыс істелді. Бұл ретге Р. Сыздықованың «Абай әлеңдерінің синтаксистік құрылысы», М. Серғалиевтің «Синтаксистік синонимдер», С. Исаевтың мер-зімді баспасөз тілінің синтаксисі т. б. атауға болады.
«Қазіргі қазақ тілі» курсы бойынша жоғары оқу орында-рына арналған оқулықтар мен оқу құралдары жазылды. Оның фонетика бөлімін — I. Кеңесбаев (1962) лексикология бөлімін — Ғ. Мұсабаев (1962), Ә. Болғанбаев (1979), морфологиябөлімін — А. Ысқақов (1964), синтаксис бөлімін — М. Балақаев, Т. Қордабаев (1961), практикалық курстарын — Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев (1964), Ғ. Қалиев, Н. Оралбаева, О. Төлегенов (1972), Ш. Бектұров, М. Серғалиев (1979) жазды. К. Аханов «Грамматика теориясының негіздері» (1972) оқу құралын шығарды. Бұлардан басқа жоғары оқу орыңдарының әр түрлі бөлімдеріңде қазақ тілін оқып үйренуге байланысты және мектептер мен училишелерге т. б. арналған оқулықтар, сөздіктер жарық көрді.
Дегенмен, қазақ тіліңдегі жанрлық салалар мен лексика-лық категориялардың синтаксистік құрытысыңдағы ерекшелік-тер толық зерттелді деуге болмайды. Сол сияқты қазак сөйле-мінің құрылымдық түрлерін анықтауда өлі әр түрлі айтылып жүрген пікірлер баршылық.
Жалпы грамматика саласыңдағы зерттеулердің кемшілігі туралы Т. Қордабаевтың мынадай пікірімен келіспеуге бол-майды: «Кеңейте, терендете зертгеуді қажет ететін мәселелер әлі де жеткілікті. Жалпы сөз болғанымен тіліміздің граммати-калық жүйесінің кенес дәуіріңде даму сипаты, оның қандай салаларының функциялық жағынан кеңейіп, қавдайларының көнере бастағанын, овдай құбылыстардың себептерін ашу қолға алына қойған жоқ. Грамматикалық құрылысымыздың барлық салаларывда да синхроңдық зерггеулерге қарағаңда диахрон-дық зерттеу аргта қалып келеді»1.
1 Қд)дабаев Т. Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму жоддары, 1987, 81—82-бетгер.
58
1950 жылдан бергі кезенде қазақ тілінің тарихын, қазақ әдеби тілінің тарихын зертгеуге көп көңіл бөліңді. Қазақ тілінің тарихына байланысты көлеңді зерттеу С. Аманжоловтың 1959 ж. жарияланған «Вопросы диалектологии и истории ка~ захского языка» деген еңбегі. Автор бұл еңбегіңде қазақ тілінің шығу тегі көне замаңдағы белгілі бір жеке тайпаның тілі негізіңде емес, қазақ халқының құрамына енген барлық тайпа-лық одақтар тілінің шоғырланып бірііу і нәтижесіңде қалыптас-қанынайтгы.
Бұл кезде қазақ тілінің тарихын жете түсіну үшін бұрыннан қалған ескерткіштерді зертгеуге көбірек мән берілді. Бұл жұмыс екі бағытга жүргізідді. Бірінші — қазак тілінің тарихын көне түркі ескерткіштерімен байланыстыра, салыстыра зертгеу ба-ғьггы. Бұған С. Е. Маловтың 1951 ж. шыққан «Памятники древ-нетюркской письменности» деген еңбегі жетекші болды. Қазақ тіл біліміңде Орхон-Енисей ескерткіштерінің тілін, көне түркі жазуын зертгеген еңбектер пайда бодды. VII ғасырдагы Орхон ескерткіштерінің тілі жайында Ғ. Айдаровтың, көне түркі жазбаларының шығу тарихы туралы А. Аманжоловтың, Қазақ-стан жеріңдегі эпиграфикалық мұралар жайында Ғ. Мұсабаев пен А. Махмұтовтың, көне түркі жазба ескерткіштеріңдегі қо-сымшалар туралы А. Есенғұловтын т. б. енбектері жарык көрді.
Екінші бағьгг — қазақ тілінің тарихын ортағасырлық жазба түркі ескерткіштерімен байланыстыра зерттеу. Олардың көпшілігі қазақ тіліне тікелей қатысы болмағанымен, тіліміздің тарихи лексикологиясын, фонетикасын, грамматикасын жазу-да тигізер пайдасы мол еді. Бұл ретге көне қыпшақ тілінің ескерткіші «Кодекс куманикустің» тілін зерттеген Ә. Құрышжа-новтың, XIV ғ. түркі ескерткіштерінің тілін зертгеген Ә. Нә-жіп, А. Ибатов, М. Мәженова, Б. Сағыңдықовтың т. б., XVI ғ. соңы мен XVII ғ. басына төн Қ. Жалаирдің «Жәми ат-тауа-рих» шығармасының тілін зерттеген Р. Сыздықованың еңбек-терін және басқа бірқатар мақала жарияланғанын айтуға бола-ды
Көне түркі және орта түркі жазба ескерткіштерінің тілі туралы түркітанушылар мен қазак ғалымдарының зерттеулері негізіңде Ғ. Айдаров, Ә. Құрышжанов, М. Томановтың «Көне түркі жазба ескергкіштерінің тілі» (1971), Т. Қордабаевтың «Та-рихи синтаксис мәселелері» (XV-—XVIII ғасырлар материалда-ры бойынша, 1964), М. Томановтың «Қазақ тілінің тарихи грам-матикасы». Фонетика, морфология (1981) сияқты студентгерге арналған оқулық, оқу құралдары жарық көрді.
Бірқатар еңбектерде қазақ тілінің тарихына қатысты мәсе-
59
лелер түркітанушылык деңгейде зерттелді. Олар: Ә. Қайдаров-тың «Структура односложных корней и основ в казахском язы-ке» (1986), К. Мұсаевтың «Лексикология тюркских языков (1984), А. Аманжоловтың «Материалы и исследования по ис-тории древнетюркской письменности» (автореф. дис. докт. фи-лол. наук. — 1975), В. А. Исенғалиеваның «Тюркские глаголы с основами, заимствованными из русского языка» (1966), А. Нұрмаханованың «Типы предіожений по модальности и ин-тонации в тюркских языках» (автореф. дис. докт. филол. наук — 1966), Е. Қажыбековтың «Семантика тюркского слова» (ав-тореф. дис. докт. филол. наук — 1988) т. б. зертгеулер.
Қазақ тіл білімінін 1950 жылдан кейін туып калыптаскан салаларының бірі — казақ әдеби тілінің тарихы. Оның оқу орыңдарында арнайы пөн ретіңде оқьггыла бастауы да осы кез. Әдеби тіл тарихының бұл кезде зерттеу объектісі болған мәселелерінің бір тобы: өдеби тіл деген не, оның статусы, өзіңдік белгілері қандай, халықтық ауызекі тідден, ауыз өдебиеті тілінен қаңдай айырмасы бар дегенге саяды. Осы айтылған-дардың анықталуына байланысты туатын мәселелердің екінші тобы: қазақ әдеби тілінің қай мезгідде қалыптаса бастағаны, оның даму тарихы қаңдай кезеңдерге бөлінетіні, әдеби тіддің нормалық белгілері, стильдік салалары, бұларды анықтау критерийлері қаңдай деген сауалдардың айналасында. Аталған мәселелердің ғылыми дәрежеде қойылып, жан-жақты талда-нып танылуында М. Әуезов, С. Мұканов, Ғ. Мүсірепов, Н. Сауранбаев, С. Аманжолов, I. Кеңесбаев, Қ. Жұмалиев, А. Ысқақов, М. Балақаев, Т. Қордабаев, Р. Сыздыкова, Ә. Қай-даров, Ә. Құрышжанов, Қ. Өмірәлиев, Ш. Сарыбаев, С. Иса-ев, Е. Жанпейісов, М. Томанов, Б. Әбілқасымов, Е. Жұбанов т. б. ғалымдар елеулі үлес қосты.
Сөйтіп, қазақ өдеби тілі тарихы жайыңдағы зерттеу еңбектерге шолу жасасақ оның қазіргі кезде неғұрлым айкын-далған мәселелері деп мыналарды айтуға болатын сияқты.
1. Қазак әдеби тілінің даму, қалыптасу процесін қдзақ халқының өлеуметгік тарихымен бірлікте алып қарау қажеттігі. Осы тұрғыдан алғаңда казак әдеби тілінің тарихына қазақтың халықтық дәуірінің де, ұлттықдәуірінің де тікелей қатысы бар екені дау тудырмаса керек. Бұдан өдеби тіл тарихын екі дәуірге бөліп қарау қажетгігі туады.
Бірінші, ХҮІ-дан XIX ғ-дың 2 жартысына дейінгі халықтық дәуірдегі, қазақ халқының ұлт болып қалыптаса бастағанына дейінгі әдеби тілі. Оның негізіне жатқан — сол кездегі ақын-жыраулар шығармаларының тілі. Бұл әдеби тілді өзінің сипа-ты жағынан Р. Сыздықова «ауызша өдеби тіл» деп тануды ұсы-
60
нады1. Ауызша өдеби тідден басқа бұл кезде түркі, шағатай едеби тіліне негізделген казақтың ескі жазба өдеби тілі де бол-ды. Бірақ қазақтың ұлтгық өдеби тіліне дейінгі әдеби тілінің негізгі сипатын ауызша әдеби тіл танытады.
Екінпгі, XIX ғ. 2 жартысынан қазіргі кезге дейінгі, яғни қазақ халқының ұлт болып қалыптасқан дәуіріңдегі өдеби тілі. Бұл өдеби тілді ұлтгық жаңа жазба өдеби тіл деп тануға (Н. Сауранбаев, С. Аманжолов т. б.) болады.
2. Жоғарьща айтылған дәуірлерде қазақ өдеби тілінің да-муы біркелкі болмағаңдықган, әр дөуір өзіне төн негізгі сипа-тын (ауызша не жазба түрде дамығанын) сақтай отырып, бірнеше кезеңге бөлінетіні. Мысалы, ұлттық дәуірге дейінгі әдеби тілді шартты түрде екі кезеңге, ұлтгық әдеби тілді екі-үш кезеңге бөліп қарауға болатыны.
3. Қалыптасу тарихы жағынан қазақ әдеби тілін ауызша әдеби тіл және жазба өдеби тіл деп бөлуге байланысты «Әдеби тілдің» статусын, оның шартгы белгілерін қайта қарастыру ту-ралы көзқарастың әріс алып отырғандығы2. Әдеби тілге тән шартты белгілер оның барлық кезеңдеріңде бірдей болуы мүм-кін еместігі белгілі. Мысалы, оның ең басты белгісі — өңделіп, сұрыпталып бір жүйеге түскен тіл болуы — ауызша өдеби тілге де, жазба әдеби тілге де тән қасиет болса, ал бүкіл этнос мүпіелерінің бөріне бірдей ортақ қызмет етуі, қоғамдық қызме-тінің кеңейіп, стильдік тармақтарынын сарадануы, міңдетті түр-де жазуға негізделуі — ұлттық әдебн тілге төн белгілер болып табылады.
4. Қазақ әдеби тілі тарихына қатысы жағынан өр түрлі бағаланып келген: ауыз өдебиетінің тілі, Орхон-Енисей ескер-ткіштерінің тілі, ортағасырлық түркі ескерткіштерінің тілі — казақ өдеби тілінің тарихи арналары ретіңде танылуы қажеттігі.
5. Қазіргі қазақ өдеби тіліңде жалпы тілдік нормаға негіз-делген әдеби норма қалыптасқандығы, ол тіл құрылымының барлық деңгейінен (дыбыстық құрылымынан бастап күрделі сөйлем құрылысына дейін) кәрінетіңдігі.
6. Қазіргі қазақ өдеби тілінің қоғамдык қызметінің аясы кеңуіне байланысты 4—5 стильдік тармағы сараланып айқын-далғаны.
Қазақ әдеби тілі туралы 1950 жыддан бергі зертгеулер негі-зіңде жоғары оқу орыңдарына арналған М. Балақаев, Р. Сыз-дықова, Е. Жанпейісовтардың «Қазақ өдеби тілінің тарихы»
1 Сыздықова Р. Қазақ одеби тілінің тарихы (XV — XIX ғасырлар). Алматы, 1993,14-бет
2 Бүл да соңда, 5—17-бетгер.
61
(1968), Р. Сыздықованың «Қазақ әдеби тілінің тарихы» (XV—XIX ғғ., 1993), С. Исаевтың «Қазақ әдеби тілінің тарихы» (1989), М. Балақаев, Е. Жанпейісов, М. Томанов, Б. Манасба-евтың «Қазақ тілінің стилистикасы» (1974) оқулықтары жарық көрді. Бұдан басқа көрнекті жазушылардың не белгілі бір көркем туындылардың тілін талдауға арналған зерттеулер (X. Кәрімов т. б.) пайда болды.
Бұл саланың зерттелуіңдегі негізгі кемістік — оның әр кез-еңіндегі нормалық белгілерінің қалыптасу, стиль жағынан са-ралану дәрежесі, сайып келгеңде, өр кезеңнің әдеби тіл та-рихында алатын орны жете зертгеліп анықталмай отырған-дығыңда.
1950 жыддан бергі уақьпта қазақ диалектологиясы қазақ тіл білімінің бір саласы ретіңце қалыптасты. Бұл кезде тіл ерекшеліктерін жинап зерттеу жұмысының көлемі елдеқайда артгы. Қазіргі кезде республиканың оңтүстік, батыс, шығыс аудандарындағы негізгі тіл ерекшеліктері анықталып зертгелді деуге болады. Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Монғолия, Ресейдің бірсыпыра аудаңдарыңдағы қазақгардың тілін зерттеу-ге де көңіл бөліңді. Сөйтіп, қазіргі кезде диалектілік ерек-шеліктер мен кәсіби сөздердің мол қоры жиналды. Мұның өзі 1950 жылға дейін зерттелу дәрежесі мақалалар аясынан шыға алмай келген қазақ диалектологиясыңда көлемді монография-лар, сөздіктер, жинақтар шығаруға мүмкіндік берді.
Қазак диалектологиясы кең көлемде С. Аманжоловтың «Во-просы диалектологии и истории казахского языка» (1959) мо-нографиясында зерттелді. Автор бұл еңбегінде диалектология мәселелерін тіл тарихымен байланыста қарап, қазақ тілінің диалектілік құрамы, олардың негізгі белгілері, әдеби тілге қаты-насы жайыңда соны пікірлер айтты. Қазақ тілінің диалектілік құрамы мен тарихы жайыңда Н. Сауранбаев, Ж. Досқараев, Ғ. Мұсабаев, Ш. Сарыбаев мақалалары осы кезде жарық көрді.
1950 жылдардан бастап тіл ерекшеліктерін диалектілік тұрғыда ғана емес, одан неғұрлым шағын говорлар дәрежесінде зерттеу қолға алыңды. Осыған орай қазақ тілінің шығыс го-ворлар тобы, батыс говорлар тобы, оңтүстік говорлар тобы және оларға кіретін жеке говорлары зерттелді. Қазақ диалектологи-ясының проблемалық мәселелері жайыңда Ш.Сарыбаев, Т. Айдаров, С.Омарбеков, О. Нақысбеков, Ә.Нұрмағамбетов, Н;Жүнісов, Ғ.Қалиевтың монографиялық еңбектері жариялан-ды. Диалектілік лексикография саласында Ж.Досқараев, С. Аманжолов және Тіл институты арқылы авторлар ұжымы шығарған диалектологиялық сөздіктер шықгы.
1950 жылдан бері казақ диалектологиясы мен тіл тарихына
62
арналған жеті-сегіз жинақ жарық көрді. 1967 ж. Ғ.Қалиев пен 111. Сарыбаев жоғары оқу орындарына арналған «Қазақ диа-лектологиясы» оқулығын жазды.
Диалектологияның зертгелуіндегі кемшілік: солтүстік, ор-талық аудаңдардағы және Қазакстаннан тыс жерлердегі қазақ-тардын тіл ерекшеліктері жете қамтылмауына, қазақ әдеби тіліне диалектілердің қатынасы анықталмауына және диалек-тілік ерекшеліктердің тарихи тұрғыда жеткіліксіз зерттелуіне байланысты.
1950 жыддан бергі кезенде жоғары оқу орыңдарыңда «Тіл біліміне кіріспе», «Жалпы тіл білімі» курстары оқытыла бас-тауына байланысты К. Ахановіың «Тіл біліміне кіріспе» (1962), «Тіл білімінің негіздері» (1973), Т.Қордабаевтың «Жалпы тіл білімі» (1975) сияқты оқулық, оқу құралдары жөне Ә. Хасенов, Л. Рүстемов, Ф.Мұсабекованың еңбектері жарық көрді.
Қорыта келгенде, 50-жыддардан бергі кезенде қазақ тіл білімі кемелденіп, өз алдына дербес ғылым дәрежесіне жетті. Бұл кезенде қазақ тіліне байланысты 50-дей ғылым докторы, 300-дей ғылым каңдидаты дайыңдалды.
Қазақстан төуелсіздік алып, қазақ тілі мемлекеггік дәрежеге көтерілген жағдайда қазақ тіл білімі онан әрі даму үстіңде бол-ды. Еңді оның алдында тұрған ең басты міңцет қазақ тілін Қазақстан мемлекетінің бүкіл күңделікті жөне ресми өміріңде, қоғамдық тіршілігінің барлық саласыңда қолданылатын құрал ретіңде өрісін кеңейтуге байланысты болып отыр. Қазір тіл мәселесінің осыңдай практикалық жағына қалың көпшіліктің назары аударылып отырған шақта тіліміздің қайта қарастыра-тын, өлі де жетілдіретін жақтары аз емес. Олар негізінен мына мәселелерге саятын сияқты:
— ғылым, өнер, техника, шаруашылық салаларына байла-нысты термин сөздерді әрі қарай жетілдіру, мүмкіңдігінше олар-дың орысша қолданылып келген түрлеріне қазакша балама табу;
— лексикалық жаңа қолданыстарды өрістету. Ол үшін жалпыхалықтык тілдің қорымен бірге жергілікті көсіби-диалектілік сөздерді пайдалану;
— кфме сөздердің, өсіресе орыс тілінен және ол арқылы басқа еуропалық тілдерден ауыскан сөздердің қолданылу прин-циптерін айқыңдау;
— сөзді айтуда, жазуда орын алып келе жатқан кемшілік-терді ретке келтіру, ол үшін емленің жетілдіретін тұстарына көңіл аударып, оны қолданудағы ала-құлалыққа жол бермеу;
— жер-су, қала, көше атауларының, адамдардың аты-жөнінің айтылу, жазылуын ретке келтіру;
63
— қазақ тілінің халық, ұлт тілі, әдеби тілі болып қалыптасу тарихын әрі қарай тереңдете зерттеу, ол үшін тарихи жазба, мұраларды кеңінен пайдалану;
— әдеби тілдің стильдік салаларын жетіддіріп отыру, оған өр салада қызмет ететін мамаңдарды тарту;
— барлық денгейде қазақ тіл білімінің зерттелу дәрежесін арттырьш отыру, сөйтіп, қазақ тілінің өз табиғатына жат, жүйесі бөлек тіддердің ықлалымен туып «зандастырылған» дыбыстық, лексикалық, грамматикалық түсініктерден, ережелерден тілді арылту.
Бұл айтылғаңдар қазактың ұлттық тіл білімінің ғылыми-теориялық, қоғамдық-әлеуметтік негізінің нығайып кеңеюін қамтамасыз ететін жайтгар болып табылады.
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЛЕКСИКОЛОГИЯСЫ
§ 11. Лексикологияныц мақсаты мен зертгеу объектісі
Бір тідде қанша сөз болса, солардың тұтас жиынтығын тіл ғылымыңда лексика (гр.іехікоз — сөздік) немесе сөздік құрам деп атайды. Сөздердің лексикалық жүйеде алатын орнын, шығу төркінін, қолданылу қабілеттілігін, күнделікті қарым-қатынастағы көрінісін, сан килы стильдік мәні мен сипатын тексеретін ғылымды лексикология (гректің Іехікоа — сөздік+1о£О8 —ілім сөздерінен) дейді. Қазақ тілінің лексико-логиясы — қазақ тілінің сөздік құрамын (лексикасын) тек-серетін ғылым. Бүгінгі қазақ тілі сөз байлығы жағынаи дамыған тілдердің қатарына жатады. Қазақ тілінің сөздік құрамы халқымыздың басынан кешірген бүкіл өмірінің, шаруашылығы мен көсібінің, материалдық байлығы мен рухани қазынасы-ның айнасы, куөсі іспеттес, замандар бойы біртіндеп қалыптаскан, ұзақ дамуының жемісі. Соңдықтан лексиканы зерттеу сөздік құрамды тұтас бір бүтін жүйе деп қарауды міңдеттейді. Яғни лексикология жекелеген сөздердің тобын емес, тіддің қалыптасқан лексикалық жүйесін қарастырады.
Шыңдық болмыстағы затгар мен құбылыстар жайындағы ұғымдар жеке сөздермен ғана емес, тұрақты сөз тіркестері түріңде қалыптасқан баламаларымен де түсіңдіріледі. Осыған орай лексикология ғылымы сөз ұғымымен үйлесіп, сәйкесіп отыратынтұрақты сөзтіркестерін зертгейтін фразеологи-яны да (гр.рһгакік — сөйлемше+1о£О5 — ілім) төл объекті ретіңде қарастырады.
64
Тілдің қаншапықты дамып жетілгеңдігі сөздік құрамдағы сөздердің санымен ғана емес, мәнімен (көп мағыналығымен) де өлшенеді. Бұл жағынан лексикология сөздердің мағыналық құрылымын зертгейтін семасиология (гр. кешаяіа — мән, мағына + Іо§08 — ілім сөздерінен) ғылымымен тікелей байланысты. Семасиологияның мөні әсіресе түсіндірме сөздіктерді жасағаңда айқын байқалады. Мұңда сөздің негізгі, туыңды жөне ауыс мағыналары даму тұрғысынан сараланып талданады.
Қазақ сөздері сан жағынан мол жөне көп салалы, бұлардың жасалуы мен шығу тегі, мағыналары мен қодданылуы, даму қарқыны белгілі бір зандылықтарға бағынады. Қазак лексико-логиясы қазіргі қазақ тіліңдегі сөздердің осы замаңдағы даму қалпын, мағыналық жөне құрамдық түрлерін, тарихи арналары мен қат-қабаттарын, баю жолдарын, сөздердің экспрессивті-стилистикалық мәнін, қолданылу аясын тексереді. Сөйтіп, қазақ лексикологиясының қазіргі жайы (синхрониялық күйі: гр.куп — бірге +сһгопо$ — уақыт) тарихи қалыптасу жайымен (диах-рониялық кұйімен: гр.Ша — аркылы+сһгопоа — уақыт) ұштас-тырылыл қарастырылады.
§12 . Тіл білімініц лексикологнямен шектес салалары
Лексикология мәселелерін жан-жакты, терең түсіну үшін, тіл білімінің оған шектес басқа салаларымен қаңдай байланы-сы бар екенін ашып қарастырудың зор мөні бар.
Ана тіліміздегі сөз байлығының басынан кешкен ұзақ та-рихы бар. Сөздердің қалыптасуына, өзгеруі мен дамуына қатыс-ты тарихи зандылықтарын таркхи лексикологня тексереді. Та-рихи лексикологияның бір саласы — этимология. Этимология (гр.еіушоп ШЫҢДЫҚ +ІО£О8 — ілім) сөздердің шығу төркінін, олардың ең алғашқы түр-тұрпаты мен мағынасын анықтайды. Сол арқылы қазақ халқының бұрынғы замаңдағы өмірінен мәлімет алуымызға, қандай халықтармен қарым-қатынаста болғаңцығын айқыңдауымызға болады. Ана тілі лексикасының даму, өзгеру заңдылықтарын туыстас тіддердің лексикасын та-рихи тұрғыдан тексеріп, салыстыра зерттегенде ғана дұрыс та-нып, білуімізге болады.
Тілдегі жалқы есімдерді зерттейтін ономасгика ғылымы-мен де лексикология тығыз байланысты. Ономастика (гр. опо-та$1іке — ат беру өнері) іштей антрононнмика және тононими-ка болып екі салаға жіктеледі. Антропонимика (гр. апіһгороз — адам + опуша — ат, атау) кісі атгарын (есімдерін) зерттеу объектісі етіп қараса, топонимика (гр. іороа — орын, мекен +
3-3312
65
опуша — ат, атау) географиялық (жер-су) атауларды жеке объекті етіп зерттейді.
Лексикология тіл білімінің грамматика саласымен де үнемі қарым-катынаста болады. Тілдегі сөздердін номинативтік (атау-ыштық) кызметімен қатар грамматикалық қызметі де бар. Тіддің тарихи дамуы барысыңда сөздердін бір-бірімен өрдайым грам-матикалық байланыс жасауы арқылы бір жағынан лексикалық единицалардың грамматикалану процесі жүріп жатса, екінші жағынан, сөз тіркестерінің бір бүтін лексикалық единицаға (сөзге) ауысу (лексикалану) процесі жүріп жататындыгы белгілі. Бүл құбылыс өте-мөте сөзжасам тәсілдерінде айқын байқалады. Мысалы: таңга, күніне, айына, бірде, жақында, ба-сында, аягында, ақырында, арқасында, бүрыннан, белшесінен, ал-шысынан, төтесінен, түтқиылдан, басынан, жасынан, шөкесінен, атымен, шынымен, түнімен т. б. сөздер — шығу төркіні жағынан о баста септік жалғаулары арқылы жасалған туыңды үстеулер. Бүгіңде соңғы буындағы қосымшалары әбден кірігіп, жымда-сып кеткен.
Соңдай-ақ, лексикология фонетикамен де үнемі байланыс-ты. Сөздер көбінесе бірнеше дыбыстың тарихи қалыптасқан тіркесімен айтылгаңда ғана белгілі бір мағынаны білдіреді. Тіддегі сөздердің дыбыстық құрамының өзгеруі олардың мағыналарының өзгеруіне әкеп соғады. Мөселен, а/і, ал, а/і, ел, іл, үл дегеңце дауысты дыбыстардың, аз, ақ, ал, аң, ас, ат, ау, аш дегеңде дауысыз дыбыстардың өзгеруінен әр түрлі мағына беретін сөздер жасалып тұр.
Тілде белгілі бір дыбыс өзгергенімен, сөздердің сыртқы тұлғасы да, мағынасы да оншалықты өзгеріске ұшырамай, үнемі ұксасып келетін жағдайлары болады. Мысалы: айгай-айқай, бау-бақ, сүрау-сүрақ, шүқыр-шүңқьр, ауа-әуе, бәйге-бәйгі, үлгіру-үлгеру, түгендеу-түгелдеу, жудырық-жүмырық, жаңқа-жоңқа т. б. Кез келген дыбыстардан әркім өз қалауынша сөз жасауына, болмаса грамматикалық тұлға жасауына болмайды. Лексикалық элемент те, грамматикалық элемент те дыбыстар-дың белгілі бір жүйелі тіркесі арқылы жасалады. Сол аркылы тідде жалпыға ортақ сөздер қалыптасады да, олар ұрпақтан-үрпаққа мұра болып, сақтала береді.
Сөйтіп, тіл ғылымының әрбір саласы өзінің дербестігі мен даралығын (өзіңдік қасиетін) сақтай отырып, өзара бір-бірімен байланысып отырады. Қазақ тілі фонетика, лексикология, мор-фология, сингаксис, стилистика, этимология т.б. болып бірнеше салаға бөлінгенімен, осылардың барлығының да тексеретіні — сөз. Тілдегі сөздерді бұлардын әркайсысы өр жақтан алып карастырады. Тілдің негізін жасайтын — оның грамматикалык
66
құрылысы мен негізгі сөздік қоры. Бұлардың екеуі де фонети-калық құбылыстармен тығыз ұштасып жатыр.
ЛЕКСИКА
I. ҚАЗІРП ҚАЗАКТІЛІ ЛЕКСИКАСЫНЫң СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
§13. Сөз — лексикалык единипа
Сөз тілдің, оның өзіндік құрамының заггар мен құбылыс-тарды, олардың қасиетгерін, шыңдық өмірдегі қатынастарды атап білдіретін негізгі единицасы, дербес бөлшегі болып табы-лады. Лексикалық жүйенің даралық қасиетке ие негізгі едини-цасы бола отырып, сөз жеке тұрып та, басқа сөздермен тіркесіп те тарихи қалыптасқан ұғымдарды білдіріп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырады. Сөздің осы қасиеті оның лексикалық едини-ца екеңдігін (даралық қасиетін) көрсетеді. Әр тіддегі сөздердің лексикалық единица болу сипаты, олардың құрылымдык ерек-шеліктері сол тіддің фонетикалық, семантикалық, граммати-калық белгілері арқылы анықталады.
Біріншіден, сөз біткеннің бәрі де тілдегі дыбыстардан жа-салады., дыбыссыз сөз жоқ. Сөз — дыбыстық құрылымның жиынтығы, сол арқылы жарыққа шығады. Сөзді жасайтын ды-быстар немесе олардың жиынтығы қалай болса солай емес, тілдің фонетикалық зандарына сәйкес қалыптасқан. Сөз кез келген дыбыстан емес, фонемалық дыбыстардың белгілі жүйеде келуі арқылы жасалады. Мысалы, адамның, жан-жануардың, көру мүшесін атап білдіретін көз деген сөз к, ө, з фонемалары-ның бізге белгілі жүйеде тіркесіп берілуі аркылы жасалып тұр. Сөйтіп, сөзді жасайтын дыбыстар оның материалдық жамылғысы, сыртқы кәрінісі болып табылады. Тілде құбылыс-ты, затты, іс-қимылды атап білдіретін сөздер дыбыстық құры-лыңдар түріңде қалыптасқан.
Екіншіден, сөз дыбыстық құрылымнан жасала отырып, зат, құбылыс, іс-қимыл жайыңда жалпыға түсінікті, қоғамдық дәрежеде қалыптасып, қауым таныған ұғымды (мағынаны) біддіреді. Мысалы, мал, қол, үй деген сөздер жеке тұрып-ақ нақты заттардың ұғымын бі.тдіріп тұр. Сөздің дыбысталуы оның материалдық сыртқы көрінісі болып табылса, ал ұғымды біл-
67
діріп мағынаға ие болуы оның ішкі мазмұнын білдіреді. Мағынасыз сөз жоқ. Сөздін дыбысталуы мен білдіретін ұғымы (мағынасы) оның лексикалық единица екевдігін танытатын екі жақты қасиеті болып табылады. Бұл екеуі қапіаңда бірлікте қаралады. Сөздер бір-бірінен осы қасиеттеріне қарап ажыраты-лады. Рас, қазіргі кезде жеке тұрғанда нақты ұғымы (мағынасы) белгісіз сөздер (омонимдер, көп мағыналы сөздер т.б.), кездеседі. Мысалы, аяқ, біз сөздерінің жеке тұрғанда қай мағынаны білдіретінін айту қиын, оны тек сөйлеу кезівде, басқа сөзбен байланысқаңда ғана анықтауға болады. Ас ішіп аяқ бо-сатар немесе етік тіге алмаган біз таңдайды десек, олардың қай мағынада айтылып тұрғаны күмән тудырмайды. Бірақ жал-пы сөздік құрам тұрғысынан алғавда, тіл дамуына байланысты кейін туған овдай сөздер белгілі мөлшерде ғана кездеседі.
Үшіншіден, сөз грамматикалықтұрғыдан қарағанда сөзтап-тарына тікелей қатысады, соларға телулі. Сөз таптарыңда біртұтас сөз тұлғаларын жасап, грамматикалық единица бола алады. Бұл — оның сөз тіркестерінен өзғешелігін көрсетеді. Сонымен бірге әрбір сөз не түбір морфемадан, не тұбір мен қосымша морфемалардан (морфема — тілдің ары қарай бөлшектеуге келмейтін негізгі мағыналық бөлшегі) тұрады, со-лардың жиынтығы болып табылады. Мысалы, қол десек, бір ғана түбір морфемадан, қолтық десек, түбір морфема мен қосымша морфемадан, қолтықша десек, бір түбір морфема, екі қосымша морфемадан жасалып тұр. Морфемалық кұрамнан тыс сөз жок.
Бұл айтылғавдар сөздін құрылымдық сипатын тілдің фо-нетикалық, семантикалық, грамматикалық заңдылықтарымен байланыстырып қарағавда ғана толық түсінуге болатынын аңғартады.
Сөз табиғатының күрделілігіне байланысты қазіргі тіл біліміңде оның баска да касиеттері көрсетіліп жүр.
1. Сөз құрылымының тұйықтығы. Дербес сөз болу үшін оның кұрылымына өзгеріс енғізуге, басқаша өзгертуге кел-мейтівдей болуы шарт, яғни сөздің құрылымдық тұйықтығы, тұтастығы сақталуы керек. Мәселен, базар, қазан. қүлақ сөздері білдіріп тұрған мағыналар аталған сөздердің осы құры-лымда айтылуы арқылы ғана беріледі. Олардын құрылымына баска бір дыбыс не қосымша еніп кетсе, овда бұл сөздердін құрыаымының тұтастығына нұқсан келіп, ұғымы сақталмайды. Сөз мағынасын өзгертпейінше, оның құрылымын басқаша құру мүмкін емес.
2- Сөздің о баста зат я құбьшысқа атау болып қальптгасуы-ның себебін көрсету мүмкін еместігі. Мысалы, жол деген
68
ұғымды білдіретін сөз баскаша аталмай, не себепті о баста осы-лайша аталғанын білу мүмкін емес. Ал бұрыннан беягілі атау-лардың негізіңде неғұрлым кейін туған атаулардың жөні бөлек, олардың қалай пайда болғанын білуге болады. Мысалы, жолақ, жолшы, жолдас ұғымын білдіріп тұрған сөздердің тууына себеп болған жол сөзі екені белгілі.
3. Сөздің сөйлеу үстіңде даяр калпында үнемі қайталанып (воспроизводимость) сггыратыңдьны. Сөз қайда және қашан қолданылса да даяр күйіңде қолданылады, ол сөйлеу үстіңде жасалмайды. Сөздің бұл қасиетін еркін сөз тіркесі мен сөйлемнің жасалуымен салыстырсак айкын көреміз, өйткені соңғы екеуі сөйлеу үстінде жасалатыны белгілі. Ал сөз керісінше тідде бұрыннан белгілі, даяр қалпыңда сөйлем я еркін сөз тіркесінің құрамына кіреді. Сөз даяр, тұтас единица ретіңде жұмсалу қасиеті жағынан фразеологизмдерге ұксас. Алайда, сөз бен фразеологизмдерді бірдей деп қарауға болмайды. Бұл екеуі құрылымы, қызметі жағынан бір-бірінен басқаша.
Сөздің өзіңдік белгілері жайыңда жоғарьща айтылғандар ол туралы жалпы мәлімет болып табылады. Қазақ сөзінің кұры-лымдық-семантикалық касиетгері мен кызметі жайыңда кейінге тарауларда толығырак сөз болады.
§ 14. ¥ғым және свз
Үғым — логикалық категория, ойлау процесінің нәтижесі, ал сөз — тілдік категория. Бұл екеуінің арасыңда тығыз бай-ланыс бар. Логикалық ұғымнын тіл жүйесіне қатысы сөз аркылы іске асады. ¥ғым дегеніміз — шыңдық өмірдегі зат, құбылыс, іс-әрекетке тән басты белгілердің адам санасыңда жинақталып, қорытылып берілген бейнесі. Адам санасыңда ең алдымен сезім мүшелері (есту, көру, дөм, иіс, сезу) арқылы қабылдауға болатын нақты, деректі заттар мен құбыльютардың бейнесі қалыптасқан. Кейін адамның ойлау кабілетінің даму-ына байланысты дерексіз затгар мен құбылыстар жайыңдағы түсініктерді қабылдауға мүмкіндік туған. Осылайша адамнын санасында сезім мүшелерімен білуге болмайтын, тек түйсік сезімі арқылы қабыдданатын, накты затгық дерегі жоқ құбы-лыстар да (қуаныш, қайгы, ренжу, адамшылық т.б.) бейнеленіп берілетін болған.
Заттар мен құбылыстар жайыңдағы біздің санамыздағы осы күнгі ұғымдар адамның сезім мүшелері мен түйсігі арқылы ұзақ уақыт бойы сыртқы дүниемен араласуының, оны танып білуінің нәтижесінде туған.
Адам санасыңда ұғымның қалыптасуыңда мынадай бір
69
ерекшелікті есте ұстау кажет. Адам заттар мен құбылыстарды танып білуде өзінің жадыңда олардың ең басты айрықша белгілерін сақтаған. Кейін затгардың негізгі белгілерін салыс-тыру арқылы бір-біріне ұксас, тектес заттардыңортак белгілері аныкталған Сол айрықша, ортақ белгілердің негізіңде зат, құбылыс жайыңда ұғым қалыптасқан. Демек, ұғымда белгілі бір зат, құбылысқа тән барлық белгі, қасиет бейнеленбейді, тек заттар мен кұбылыстардың бір-бірінен ерекшелігін білді-ретін, неғұрлым маңызды жалпы белгілері жинакталып бері-леді. Мысалы, құрылысына, салыну ерекшеліктеріне, түрлеріне т.б. карамастан, дүниедегі үй атаулыға тән ортақ белгі — олар-дын баспана болатындығы. Үй атаулының бәріне ортақ осы қасиеті үй туралы ұғымда жинақталып, топшыланып берілген.
Заттың, құбылыстың негізгі жалпы белгілері ұғым болып, тек сөз аркылы калыптаса алады. Үғым тіддегі сөздердің негізіңде туады, сол арқылы жарыққа шығады. Сол себепті сөз ұғымның материалдық көрсеткіші, шыңдык өмірдегі көрінісі болып табылады. Сөз бен ұғымның байланысы адамдардың қоғамдык өмірде бірлесіп өмір сүруі, әрекеттенуі негізіңде іске асады. Соңдықтан тарихи бір дәуірде туған сөздер бір тідде сөйлейтін қоғам мүшелерінің бәріне бірдей дерлік түсінікті болады. Бұдан сөз бен ол біддіретін шыңдық өмірдегі зат, кұ-былыстың арақатынасын зерттеуде тарихи леректерге сүйеніп отыру қажеттілігі туады.
Сөздің негізгі қызметі ~ атау, яғни зат, кұбылыс, әрекетті, олардың белгілерін атап білдіру. Бұл арада мынадай жайттар ескерілуі керек.
Біріншіден, ұғым сияқты сөзде де зат, құбылыстың жал-пы, айрықша белгілері жинақталып, топшыланып беріледі. Мысалы, жоғарыда айтылған үй ұғымына тән ортак, жалпы белгі, қасиет осы ұғымды біддіретін үй сөзіне де тән, оңда да үй атаулының бәріне ортақ белгісі — оның баспана болатыны жинақталып, жалпыланып берілген. Неғұрлым кейін пайда болған ұғым атаулары бұрыннан белгілі ұғымдарға ұксастық негізіңде жасалып отырады. Мысалы, биемшек, түйетабан, итмүрын, қосаяқ, күнбогар сияқты атаулар, сөз жок, осы сөздердің кұрамыңдағы бұрыннан белгілі атауларға (бие, ем-шек т.б.) ұқсатудан шыкқан.
Екіншіден, сөз жалқы бір затты ғана атап білдірмейді, жалпылап, жинактап бір тектес заттарды да біддіреді. Мыса-лы, ат деп тек мінетін бір атты емес, жалпы ат біткеңді атаймыз. Сол төрізді адам, халық, бала, қүм, озен, қала сияқты сөздердің де жалкылық, жалпылық қасиеті бар екенін анғару қиын емес. Мәселен, зат есімдер бүкіл сөз табынын
70
ішівдегі логикалык ұғымы жағынан ең айқын сөз табы десек, олардың да нактылығы өзара салыстырғаңда бірдей бола бермейді- Зат есімнің ішіңцегі ең нақтылысы жалқы есімдер десек, бұлардың өзіңде де белгілі дәрежеде жалпылык сипаты болады. Ахмет деген жеке адамға меншіктеп берілген ат (өзге-лерден даралап ажырату үшін қойылған белгі) деп қаралғанымен осы есімнің өзі өмірде біреу (жалкы) болмай, толып жатқан адамға оргақ ат болып қолданылады.
Соңда тілдегі кісі атгарының өзі шартты түрде ғана жалқы есім болып шығады. Қарагай деген сөз барлық қарағай біткен біртектес ағашқа төн ортақ атау болса, Ахмет деген кісі аты жүздеген адамға қойылған ортак есім. Айырмасы қарагай де-ген белгілі бір заттың ұғымын біддіріп тұрса, Ахмет деген заттың ұғымын емес, бір затты сол тектес басқа затгардан ай-ыру үшін қойылған бір белгі ретіңде қолданылып тұр. Жалқының да жалқысы бар. Мысалы, жер-су, қала атаулары (Азия, Ертіс, Үлытау, Париж, Қазакстан) негізіңде тек дара заттарды атап біддіретіндіктен, оларға шын мәнінде жалкылық қасиеттөн.
Етістікке тән сөздердің жалпылығына келсек, жалпы есім-дердің жалпылығынан да анағұрлым күрделірек, күштірек екеңдігін көреміз. Мәселен, адам баласының қоректік затын ас, тамақ деп, өзге жан-жануарлардын азығын жем, шеп, өлексе т.б. деп қаншама сөзбен ажыратып береміз. Ал етістікке келгеңде негізінен барлық жан-жануарлар мен адамзатқа бірдей қою тамаққа жеу, сұйық тамаққа ішу деген сөздер ғана қол-данылады. ОлаЙ болса, заттық ұғымдағы сөздерден етістік ұғымды біддіретін сөздердің жалпылық қасиеті анағұрлым күшті.
Үшіншіден, сөз бен сол сөз атап білдіріп тұрған зат, құбы-лыс я өрекетгің арасыңда ешбір табиғи байланыс болмайды. Тілдегі сөздер зат, кұбылыстарға шартты түрде атау болып кейін қалыптаскан. Сөз бен зат, құбылыстың арасындағы табиғи байланыс болмағаңдықтан, белгілі бір зат я құбылыс әр тідде әр түрлі аталады. (қазақша — адам, орысша — человек, немісше — тепхһ т.б.). Зат, құбылыс, іс-қимыл жайыңдағы ұғымдар-дың көпшілігі барлық халықта бірдей болғанымен, олардың өр халық гілівде аталуы басқаша болып келеді. Осыдан барып дүниеде көптілділік пайда болған.
Тертіншіден, тіддегі сөздердің бөрі бірдей қалыптасқан ло-гикалық ұғымды біддіре бермейді. Мысалы, қазақ тіліңдегі шы-лау, одағай, көмекші сөздер, модаль сөздер, белгілі дәрежеде есімдіктер ұғымды білдірмейді, себебі олар материалдық ақикат өмірдегі зат, құбылыс ұғымдарымен тікелей байланысты емес.
71
Бірак оңдай сөздердің қай-қайсысы болсын мағынаға ие. Мы-салы, -ма, -ме сұраулық шылауларында затты не құбылысты білдіретіңдей ұғым жоқ болғанымен, басқа сөзге тіркескен жағдайда сұраулық мағына тудырады (кітап бар ма?). Әй, әттеген-ай одағайларыңда да белгілі ұғым жоқ, бірак олар шақыру, өкіну мағыналарын білдіреді.
Сөздер ұғымды білдіру, біддірмеуіне карап екі топка бөлі-неді:
1) ұғыммен тікелей байланысты, ұғымдык сипаты бар толық (дербес) мағыналы сөздер. Оларды грамматикалық қызметіне қарап атауыпі сөздер деп атайды. Бұларға өздеріне тән лекси-калық, грамматикалык мағыналары бар, тілдік қарым-қатынас-тың негізі болатын зат есім, сын есім, сан есім, етістік, үстеу, еліктеу сөздер жатады, 2) зат, құбылыс ұғымымен тікелей бай-ланыссыз, ұғыцдық сипаты жоқ дербес мағынасыз сөздер. Оларға грамматикалық қызметіне қарап көмекші сөздер деп аталатын шылау, одағай, көмекші сөздер, модаль сөздер жата-ды. Мысалы, еді, деді, жаздады, үшін, және, бәлкім, әрине, бэсе т.б. Есімдіктер атауыш есім сөздердің орнына жұмсалып, есімдер тобына қосылғанымен, нақты ұғымды біддірмейді.
§ 15. Сөз және мағына
Сөздің ішкі семантикалық байланысы оның мағынасы мен ұғымының арақатынасынан кәрінеді. Сөз мағынасы зат, құбы-лыс, өрекет жайында түсінік, ұғым пайда болғаннан кейін қа-лыптасзды. Егер белгілі бір зат туралы ұғымымыз болмаса, оның мағынасын да білмейміз. Үғым бар жерде мағына бар. Демек, ұғымның болуы сөз мағынасының ең маңызды шарты болып табылады. Бірақ сөз мағынасының қалыптасуына ұғым-нан баска да себеп болатын жайттар бар. Сөз мағынасы зат-тық-логикалық ұғымнан баска айтушының ақиқат дүниеге көзқарасын, әр түрлі көңіл-күйін, сезімін және сөздің ірамма-тикалық сипатын да білдіре алады. Бұдан сөз мағынасының ұғымнан кең екенін көреміз. Мысалы: Тэй, тәй, тәй!... Қаз! Қаз! Қаз! Қарагым!... апыл-тапыл басқанга мәз (Б. Май-лин). Тату боп жүрсең нетті қагыңгыр~ау, Қоймайсың Боран-баймен төбелесті (Б. Майлин). Түу! Ойбай-ай! Қүдай-ай! Обал-ай (I. Жансүгіров). Осыңдағы тэй-тэй, қаз-қаз, қарагым, туу, қагыңгыр-ау, ойбай-ай, қудай-ай, обал-ай тәрізді сөздер қздыптаскан арнаулы мағыналарының үстіне здамның қуаньпп, сүйініш, күйініш, таңырқау, таң қалу сезімдерін білдіріп, эмо-циялық мән беріп тұр. Сөйтіп, сөз мағынасы ойды ғана білдірмейді, сонымен бірге сезім мен ерікті, көңіл күйін білдіру
72
үшін де жұмсалатыңдығын аңғарамыз. Мұндай қасиет ұғымда кездеспейтіні белгілі.
Сөз мағынасының екі турі бар: лексикалық мағына және грамматикалык мағына. Сөздің лексикалық мағынасы лекси-кологияда зертгеледі. В. В. Виноградовтың анықтамасы бой-ынша сөздін лексикалық мағынасы дегеніміз — «тіддің грам-матикалық заңдарына сай тұлғаланған, оның сөздігіне тән жал-пы семантикалык жүйесінің элементі болып табылатын сөздің затгық-материалдық мазмұны»1. Сөздің лексикалық мағынасы зат, құбылыс, іс-әрекеттің санада бейнеленіп тұрақталған ұғымның мазмұнын қамтиды. Сөздін лексикалық мағынасын жете түсіну үшін, ең алдымен, сөздің затгық-лоғикалық мәнін, екіншіден, сөздің лексикалық мағынасының оның басқа мағы-наларымен қаңдай қарым-қатынаста екенін, үшіншіден, сөздің лексикалық мағынасын соған ұқсас баска лексикалық мағы-налардан ерекшелеп көрсететін белгілерін анықтау қажет. Осы айтылған шартғы белгілер тұрғысынан қарасақ, мысалы, сиыр сөзінің анықтамасында мынддай затгық белгілер қамтылуға тиіс: 1) затгық мазмұны жағынан төрт түлік малдың бір түрі екеңдігі, 2) сырт кәрінісі жағынан ірі қара малға жататыны, 3) табиғаты жағынан: а) мүйізді ірі кара мал, ә) айыр тұяқты мал, б) күйіс қайыратын мал екеңдігі. Міне сиыр сөзінің осыңдай белгілері оныңбаска мал түрлерінен ерекшелігін біддіреді.
Лексикалық мағына — сөздерді бір-бірінен ажыратып танудағы ең негізгі мағына, ол арқылы сөз жеке даралық (еди-ница) қасиетіне ие болады. Лексикалық мағына зат, құбылыс, өрекет жайыңда бір тідде сөйлейтін қауым таныған, жалпыға түсінікті өр сөздін меншікті мағынасы болып табылдды. Ол — сөздің баска мағыналарының тууына негіз болады, сондыктан сөз мағыналарын саралағаңда ең алдымен оның лексикалық мағынасына көңіл аударылады.
Сөз мағынасынан өрбір тілдің өзіңдік ерекшелігі, өзіңдік бояуы айқын кәрінеді. Мысалы, сарай қазақ тіліңде әсем де салтанатты ғимарат, зәулім құрылыс, үй мағынасын біддірсе, ал түркі тілдерінен ауысқан сарай сөзі орыс тіліңде бұған керісінше әр түрлі шаруашылық заттарын сақтайтын қора не-месе жайсыз үлкен үй мағынасыңда айтылады. Ми деген сөз-дің қазақ тіліңдегі нақты лексикалық мағынасы — бас миын біддіруі, сол себеіггі ми дегенді қазақ тек осы мағынада түсінеді, ал орыс тіліңде мозг сөзі тек бас миын емес, жілік майын да
1 Виноирадов В. В. Основные типы лексических значений слова // Вопросы языкознания, 1953, №5. стр. 10.
73
білдіретіндіктен, оларды бір-бірінен айырып көрсету үшін, го-ловной мозг, костный мозг деп бөліп айтады.
Туыстас тілдердегі сөздер бір-бірімен айтылуы (дыбыста-луы) жағынан ұксастау болып келгенімен, мағына жағынан алшақ болуы ғажап емес. Мәселен, қазақ тіліңде жел деп, кейде қатгы, кейде баяу соғатын ауаның ағымын айтса, самал деп жанға жайлы коңыр салқын желді айтады, ал қырғыз тіліңде керісінше, оңда шамал деп желді, жел деп самалды айтады. Қазақ тіліңде малай деп біреудің есігіңде жалданып жүрген қызметші, жалшыны айтса, ал башқұрт пен татар тіддерінде малай деген бала мағынасыңда қолданылады. Қазақ тіліңде әжептэуір — төп-тәуір, өп-әдемі, жап-жақсы деген жағымды мағынада жұмсалса, қарақалпақ тіліңце әжептәуір оғаш, ерсі деген жағымсыз мағынада қолданылады.
Сөз мағынасы өрқашан бір қалыпта тұрмайды. Тіл жүйесінің ішкі заңдылықтары және одан тыс ақиқат өмірдегі мәдени-тарихи, санадағы психологиялық өзгерістер сөздің лек-сикалық мағынасының мазмұнына әсер етіп отырады. Лексика дамуыңдағы тарихи кезендерде сөз мағынасы кеңейіп, тарай-ып не жанарып, жаңғырып, болмаса қолданудан шығып қалып отырады. Мысалы, қыз-қырқын сөзінің құрамындағы қазір жеке қолданылмайтын қырқын сөзі көне түркі тайпалары тіліңде «күң қыз», «күңнен туған қыз» мағынасыңда қолданылған. Кейін ол өзінің дербестігінен айырылған соң, бұл мағынада қолданылмайгын болды да, қазір қыз сөзімен қосарланып, «қыз балалар» мағынасын береді. Адам немесе малдың дене мүшесінің атауын білдіретін кіндік сөзінің мағынасы кеңейіп, 1920 жылдар да «белгілі бір ел, мемлекет не ұйымға төн орта-лық» деген мағынада қолданылды: «Орынборда кіндік үкіметтің тілі «Еңбекші қазақ» газеті бар» (С. Сейфуллин). «Омбы — мәдениет кіндігі» (С. Мұканов). Бірак 1930 жыддардың орта шенінен бастап кіндік сөзі бұл ауыс мағынада қолданылмай-тынболды.
Сөздің лексикалық мағынасы дамуының жоғарыдағыдай тарихи сипаты белгілі дөрежеде түсіңцірме және этимология-лық сөздіктерде ашылып отырады. Сөз және оның лексика-лық мағынасы жайыңда жалпы ақпар осыңдай.
Ал сөздің грамматикалық мағынасы дегеніміз грамматика-лық амал-тәсілдер арқылы туатын, сөздің бірыңғай топтары мен сөз тұлғаларына, синтаксистік құрылымдарға тән, жинақ-талған дерексіз мағына. Грамматикалық мағына сөздің лекси-калық мағынасы негізіңде туады, бұл екеуінің арасыңда тығыз байланыс бар. Лексикалық мағынамен қатар жарыса қолданы-лып, оны айқындап, саралап отырады. Әдетге, сөздің бірнеше
74
грамматикалық мағынасы болады. Мысалы, балам деген сөз зат есім, оның ішінде жалпы есім, жекеше, оңаша төуелденудін 1 жағы сияқты бірнеше грамматикалық мағынаға ие болып тұр. Бірак бұл грамматикалык мағыналардың бәрі де балъ сөзінің лексикалық мағынасы негізіңде туып тұр. Сөздің грамматика-лық мағынасының пайда болу жолдары, түрлері грамматикада қарастырылады.
§ 16. Сөздің лексикалық мағынасының негізгі типтері
Сөздің лексикалық мағынасы тіл білімінде әр түрлі бағытта топтастырылып келеді- 1950 жылдары сөз мағынасын се.манти-калык тұрғыда топтастыруға бой үрушылық орын алды. Се-мантикалық топтастыру — ұғымы бірыңғай сөздердің мағына-лық типтерін аныктауга негізделген болатын. Мысалы, мәдени, шаруашылық, тұрмыстық, туыстық атаулар, адамға байланыс-ты сөздер т. б. Бұлайша топтастыру аркылы тілдегі барлык сөзді қамтуға болмайтыны, сөз мағынасын топтастыруда ко-лайсыздығына қарамастан, оның бірқатар түркологиялық еңбектерде орын алғаны «Қазіргі қазак тілі» оқулығында атап көрсетілген1. Шыныңда, бұлайша топтастыру сөздің лексика-лық мағынасының типтері мен онын лексика-семантикалық топтарын ажыратпаудан туған кемшілік еді.
1950 жылдардың орта тұсынан бастап кеңес тіл біліміңде сөз мағыналарын топтастырудың академик В. В. Виноградов ұсынған классификациясы кеңінен кодданылды. В. В. Виног-радов сөздің лексикалық мағыналарын үш типке бөліп көр-сетеді: 1) тура немесе номинативті мағына, 2) фразеологиялык байлаулы мағына, 3) синтаксистік шартты мағына2 *.
В. В. Виноградовтың сөз мағыналары және оларды топтас-гыру туралы пікірі қазақ тіл білімінде қолдау тауып отырды’.
К. Аханов тіл біліміңде сөз мағыналарын әр тұрғыда қарас-тыру, соған байланысты оларды түрліше топтастырып саралау тәжірибесі бар екенін ескере отырып, сөз мағыналарынын типтерін талдауда В. В. Виноградовтың классификациясына сүйенеді.4
1970 жылдардан бастап сөздің лексикалық мағынасының
1 Кеңесбаев I., Мусабаев Ғ. Қазіргі казак тілі. Лексика, фонетмка. 1975,34-35-беттер.
2 Винофадов В. В. Основные типы лексических значений слова// Вопросы языкознания, 1953, №5.
1 Кфдабаев. Т. Сөз жоне оның мағыналары //Қазақ 'гілі мен едебиеті. 1958, №1; Кенесбаев і. Мусабаев Г. Қазіргі қазақ гілі, 35-бет.
4 Ахаиов К. Тіл білімінің негіздері, Алматы. 1973,123-130бетгер
7*
В. В. Виноградов жасаған типологиясы онан өрі жетілдіріліп келеді. Соның нәтижесіңде сөз мағынасының типологиясын анықтауға кажетті белгілері толықтырытып нақтылана түсті. Мәселен, сөздің лексикалық мағыналарының типологиясын анықтауда өсіресе олардың (сөз мағыналарының) шындык бол-мыстағы затгар мен ұғымдарға қатыстылығы, олармен байла-нысы қаңдай дәрежеде екеніне ерекше мән беріледі. Ал сөз мағыналарының объектіге қатыстылығы бірыңғай еместігі бел-гілі. Міне осы соңғы айтылған жәйт сөздің лексикалык мағы-наларын ғылыми тұрғыда топтастыруға қажетгі негізгі белгі ретіңде танылады.
Сөздің лексикалық мағынасының типтерін аныктауда сөз мағыналарының ціыңдық болмыстағы затгар мен кұбылыстарға қатыстылығы дегеннен баска да белгілері бар екені зерттеу тәжірибесіңде көріиігі жүр. Мәселен, Н. М. Шанский сөздің лексикалық мағынасының калыптасуын оның ұғымды білдіру сипаты мен белгілі бір лексика-грамматикалық топтарға қатыстылығымен байланыстырып қарайды1. М. И. Фомина лек-сикалық мағыналардың типологиясын ұғымдық-заттық қаты-настан басқа сөздердің бір-бірімен байланыстылығы, мағыналардың мотивтілігі, қалыптасуының тарихи себептері және сөз мағыналарынын атқаратын кызмегі (номинативті және экспрессивті-семантикалық мағыналары) тұрғысынан қарасты-рады2.
Сөз мағыналарын топтастыруға қатысты бұл сияқты белгі-лер бір-бірімен өзара байланысты. Бірак ең негізгі белгі сөз мағыналарының шыңдық болмыстағы объектілерге қатысты-лығы болып табылады.
Бұл айтьпғаңдардан қазақ тіліңдегі сөздердің лексикалық мағыналарының типтерін талдауда оларды топтастыруға негіз болатын жоғарыдағы белгілерді ескеру қажеттігі туады.
Тіліміздегі сөздердің ең үлкен тобы затгар мен құбылыс-тарды, олардың негізгі қасиетін білдіретін толық мағыналы, дербес сөздер болып келеді. Лексикалык мағынаға ие болатын негізінен осы сөздер. Грамматикалық тұрғыдан алғанда оларға зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу сөздер жата-ды. Бұлардың (есімдіктің жайы басқаша, оған кейінірек тоқ-таламыз) ең маңызды қасиеті — затгар мен құбылыстарды, іс-әрекетті, олардын белгілерін атап білдіретіңдігіңде. Соңдық-
1 ШаискийН. М- Лексиколоғия современного русского языка. Москва. 1972. <лр23.
2 Фамина М. И. СовременныЙ русский язык. Лексикология. М, 1990, стр- 36-44.
76
тан бұлар лексикологивда карастырылады. Ал шылау, одағай, көмекші сөздер, модаль сөздер шындық болмыстағы зат, құбылыстарға тікелей қатысты болмағаңдыктан, олар әдетте лексикологияда емес, грамматикада зерттелетіңдігі жоғарыда ескертілді*.
Осыңдай әр түрлі лексика-грамматикалық сипатга көрінетін казак сөздерінің лексикалық мағыналары да өр қилы болып келеді. Олар шыңдық өмірдегі заттар мен құбылыстарды біл-діруі жағынан, тарихи пайда болуы жағынан және бір-бірімен өзара байланысы жағынан бірыңғай емес. Сөздердің лексика-лық мағыналарының төмеңде талданатын типтері осы белгіле-ріне карай аныкталады.
1. Сөздің атауыш (номинатив) мағынасы, ол тура мағына деп те аталдды. Лексикалық мағынаның бұл түрі сөздердін шын-дық болмыстағы заттар мен құбылыстарға, олардың белгілеріне қатыстылығымен байланысты пайда болған.
Сөздің затты я құбылысты атап біддіретін мағынасы атау-ыш (номинатив) мағына деп аталады. Атауыш мағына өр зат-тың өз алдына дербес мағынасы болып табылады, сол арқылы біз заттарды бір-бірінен айыра білеміз. Мысалы, тау, тас, өзен, көл, боран, жел деген заттық ұғымдар жеке-жеке ата-лып, бірден атауыштық мағыналарға ие болып тұр.
Сөздің атауыш мағынасы заттар мен құбылыстарға жанама түрде емес, тікелей бағьпталатыңдықтан, тура мағына деп ата-лады. Сөздің тура мағынасы деген ұғымға заттар мен құбылыс-тардың ауыс я басқадай туынды қосымша мағыналары кірмейді. Тура мағына затгар мен кұбылыстардың қазіргі кездегі тұракты негізгі мағынасы ретінде танылады. Мысалы, жоғарыда келтірілген атауыш мағынадағы сөздер өрі заттардың тура мағыналары болып саналады. Сонымен бірге әрбір атауыш сөздің жеке тұрып білдіретін мағынасыңда еркіңдік сипат бар, яғни оның мағынасы еркін мағына болып танылады. Сол себепті атауыш тура мағынадағы сөздер баска көптеген сөздермен емін-еркін қарым-қатынасқа түсіп отырады. Мыса-лы, жак,сы сөзінің атауыш мағынасы жақсы қасиет туралы қалыптаскан ұғымы бар сөздердің кай-қайсысымен де
• Сонымен бірге лексикалық мағына сөз біткеннің бөрІне де төн, айырма лексикалық мағыналардың қалай көрІнетіңлігі мен дербестік дөрежесіндс деген кезқарас бар. Мысалы, көмекші сөздердің лексикалык мағынасы дербес сөздермен тіркескеңде накды көрІнеді. Есімдіктің лексикалық мағынасы атәу-ыштық сөадердің орнына жүмсалып, оларды меңзеп түратыңдығымен, одагайлыц лексикалық мағынасы айналадағы шыңдық болмыс жайыңда адамның көңіл-күйін, сезімін өр түрлі ишаратгар аркылы білдіретіңдігімен сипатталады (Лин-гвистическнй энциклопедическийсловарь. М, 1990, стр, 262).
77
байланысқа түсе алады: жақсы адам, жақсы жер, жақсы қылық, жақсы қасиет т.б.
Сөздің атауыш (номинатив) немесе тура мағыналары толық мағыналы дербес сөздердің бәріне де қатысты. Тек есімдіктердің атауыштық (атау болу) қызметінің өзіңдік ерекшеліғі бар. Есімдіктер зат, құбылысты, олардыңбелгілерін, сыр-сипатын тікелей атап білдірмейді, тек толык мағыналы сөздердің орнына жұмсалып, оларды алмастырып, меңзеп білдіріп тұрады. Сол себепті есімдіктердің лексикалық мағынасын меңзеу магына деп атауға болады. Мысалы, біз, а/іар, кім, не, қалай, қайсы, ештеме деген есімдіктер нақты затты не оның белгілерін атап тұрған жоқ, тек оларды атап білдіретін сөздердің орынбасар көрсеткіші ретінде қолданы-лып тұр. Сол себепті есімдіктердің меңзеу мағынасы олардың негізгі сөздік мағынасы ретінде сөздіктерде беріліп отырады.
Сөздің атауыш я тура мағынасы негізгі сөздік мағына бо-лып табылатыңдыктан, сөздіктерде сөз мағыналарын таддау-дын алғы шарты болып табылады, сөз мағынасын таддау қашан-да негізгі мағынадан басталады. Мысалы, түсіндірме сөздікте қобалжу сөзінің мағыналарын талдау алдымен оның «коңілі бұзылу, қатты толқу» (Үсті-басы малмандай су балықшы агаіар есіме түсіп, қобалжып кеттім — Б. Тоғысбаев) деген негізгі мағынасынан басталады, сонан кейін оның «алаң болу, тыны-шы кету», «корқу, зәресі қалмау, үрейлену» сияқты ауыс мағыналары, соңыңда «жүрегі қобалжу», «көңілі қобалжу» сияқты тіркестік мағыналары талданады.
Сөз мағынасы — дамып, жетіліп отыратын кұбылыс, сондыктан сөздің негізгі мағынасы (лексикалық мағынасы) атауыш немесе тура мағынамен шектеліп қоймайды. Сөз әрқашан тек атауыш я тура мағынада айтыла бермейді. Сөздің атауыш тура мағынасының негізіңде туып ербіген, бір тілде сөйлейтін адамдарға түсінікті, қауым таныған ауыс, нақты, аб-стракты (дерексіз) мензеу мағыналары болады. Сайып келген-де, бұлардын бәрі (атауыш я тура мағынамен бірге) сөздің негізгі лексикалық мағыналарының түрлері болып табылады. Лекси-калық мағынаның бұл сияқты түрлерін В. В. Виноградов туын-ды номинатив мағына деп атаған1.
Тіліміздегі сөздердің бәрі бірдей бір атауыш лексикалық мағынаны біддіріп қоймайды. Олардың ішівде бірнеше атау-ыш мағынаға ие болатындары аз емес. Мысалы, кез деген сөздің адамның немесе жан-жануардың көру мушесін біддіретін
1 Винарадов В В Основные типы лексических значений слов // Вопросы языкознания, 1953, № 5, стр. 12.
75}
бастапқы мағынасы да, куннің квзін, терезенің көзін, булақтың көзін біддіретін ауыс мағыналары да лексикалық мағыналарға жатады. Бірақ квз сөзінің аталған лексикалық мағыналарының ара-қатынасы бірдей емес. Алғашқы көру мүшесін білдіретін мағынасы негізгі, бастапқы атауыш мағына да, соңғылары соның негізіңце жасалған кейінгі атауыш мағыналары болып табылады. Бет, қулақ, қабырга, арқа, аяқ, муше, дуние, кілт, қалың, ақ, ыстық, терең, өту, келу т.б. сөздердің де осы сияқты алғашқы және кейінгі лексикалық мағыналары бар. Бірнеше лексикалық мағынасы бар сөздердің алғашқы, бастапқы мағыналары тура мағыналары болса, кейінғі мағыналары тура емес, ауыс мағыналары болып табылады. Сөйтіп, ауыс мағына деген ұғым бұл арада кейінгі лексикалык атауыш мағынаны білдіріп тұр. Оны сөздің поэтикалық қолда-нысынан немесе сөйлеу үстіңде туатын ауыс мағынасымен піа-тастырмау қажет. Мысалы, асау сөзінің тура атауыш мағынасы — «жүген-құрық тимеген, үйретілмеген, бас білгі емес», ауыс атауыш мағыналары:
1. Ерке, тентек, бетімен бұла боп өскен (Біреудің ерке өскен, турмыстың ащы дәмін татпаган асау баласы гой, ақылы журе таіыгар — 3. Шашкин).
2. Тиымсыз, бетімен кеткен, еркінсіп кеткен (Арыны басылмаган, асау жігіттер өзімізден де жас екен — газет-тен). Ал, «Асау журек аягын шалыс басқан» (Абай) дегеңдегі асау сөзі поэтикалық ауыс мағынада қолданылып тұр.
Сездің ауыс мағынасы бір заттың негізгі атауыш (тура) мағынасын басқа бір затқа атау етіп ауыстырып қолданудан барыптуады. (Ср. адамның аягы—устелдің аягы, твсектің аягы; судан ету, емтиханнан вту, сынақтан өту т.б.). Оған өдетте бір затты, оның белгілерін басқа бір затпен салыстыру, ұксастыру себеп болады. Сөйтіп, сөздің ауыс мағынасынан жанама түрде қашаңда оның тура мағынасы сезіліп тұрады. Сөздің ауыс мағынада қолданылуы көп мағыналы сөздердің (полисемия) тууына себеп болады.
Ал нақты жөне абстракты мағыналардын бір-бірінен айырмашылығына келсек, ол сөздің затгы қандай дәрежеде біддіре алатыңдығына байланысты. Егер сөз затты, оның белгілері мен іс-әрекетін дәл қалпында айқын түрде білдірсе, оңда онын мағынасы нақты мағына болып табылады. Мысалы, қагаз, қалам, барды (уйге), әкелді (сут), ақ (мата), көк (швп). Егер сөз затты оның накты белгілерінен, қасиетгерінең ажыратып, ойша дерексіздеңдіріп білдірсе, оңда абстракты (дерексіз) мағына туады. Мысалы, адамгершілік дегеңде нақты адам туралы айтылып тұрған жоқ, адамның өр түрлі ізгі
79
қасиеттері жинақталып, дерексіздендіріп беріліп тұр. Адалдық, жақсылық, басқару, игеру, багыттау т.б. сөздер де дерексіз мағынаға ие болып тұр.
2. Сөздің шығу тегіне байланысты туған лексикалық маіыналары. Оларға сөздінтүпкі мағынасы (непроизводное зна-чение) және туыңды мағынасы ( производное значение), омонимдік, синонимдік, антонимдік мағыналары жатады.
Түпкі мағына деп тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан қарағаңда ары қарай бәлшектенбей түбір ретінде танылатын, дербес сөздердің мағынасын айтамыз. Түпкі мағына алғашқы немесе бастапқы мағына ретіңде қабыдданады. Түпкі мағыналардың пайда болу себебі (мотиві) көп жағдайда белгісіз болып келеді, өйткені түпкі мағынада туыңды мағынадағьщай басқа бір мағынаның әсері, қатысы сезілмейді, ол «өз бетінше» туған мағына ретінде танылады. Мысалы, от, су, кун, тун, таң, жылқы, жаңбыр, езен, бар, кел, теңіз, көк, қара сияқты сөздердің осы күнгі белгілі мағыналары тарихи қалай калыптасқанын қазір дәл басып айту қиын. Олардың шыққан; тегі туралы кейбір деректер ғылыми болжам түріңде этимоло-гиялық ізденістерде кездеседі. Мысалы, қырғыз тіл білімінің маманы Б. М. Юнусалиев уйқы сөзі осы мағынаны білдіретін уй етістік түбіріне -қы әлі жұрнағы қосылу арқылы шыққан: «белгілі бір міңдетті орындау» мәніндегі атқару сөзі ерте кезде қырғыз, қазақ, алтай т.б. халықтарда үлкен адамды неме-се сыйлы қонақты кетеріңде «атқа мінгізу» салтын білдіретін ат-қар сөзінен шыққан деп қарайды.*
«¥сақ ақша» мәніңдегі тиын сөзі — бұрын терісі ақша ор-нына жұмсалған тиін аңының атынан шыққан; еңеш сөзі — түтік, іші қуыс зат ұғымын білдіретін сездерге негіз болған өң түбір морфемасына кішірейткіш-еш жұрнағының қосылуынан шыққан деген пікірлер бар2.
Сол сияқты пышақ, пышқы, пішу, пішін, пішім, пішпе сөздерінің арғы тегінде бір кезде «кесу» мағынасын білдіретін быц/пыш етістігі жатқан деуге болады.
Туынды мағына түпкі мағынадай емес, баска бір мағынаның қатысымен туған, пайда болу себебін (мотивін) түсіңдіруге бо-латын, сөздің кейінгі (екінші) мағынасы болып табылады. Ту-ыңды мағына әдетге сөзжасам тәсілдерімен байланысты қарас-тырылады. Туынды мағына өзін тудырған сөздің мағынасымен байланысын үзбейді. Мысалы, түбір қон сөзінің лексикалық * 1
1 Юнисшиев Б.М. Кнргизская лексикология. Часть 1, Фрунзе, 1959, стр. 41. 109.
1 Қазақ тілініц қыскаша этимологиялық сөздігі. Алматы, 1966.
80
түпкі мағынасы қонақ, қоныс, қонақтау, қонагуар, қонага, қоналқа, қондыргы сөздерінің туыңды мағыналарыңда қашаңда сезіліп тұрады. Сөйтіп, тудырушы мағына мен одан шыққан туыңды мағыналарды бір-бірінен өрбіген сөздердің екі жақты байланысы деп қарауға болады.
Туыңды мағынаның қашаңда тікелей түпкі мағынадан туып отыруы шарт емес. Түбір сөздің түпкі мағынасынан өрбіғен туыңды мағыналардың өздерінен де туынды мағыналар жаса-лып отырады. Мысалы, жоғарыдағы қонақ, қоныс сөздсрі тікелей қон түбірінен жасалса, ал басқалары одан тікелей туып тұрған жоқ, одан туған туыңды сөздерден жасалып тұр. Мысалы, қонақтау сөзі қонақта-дан, ол қонақ сөзінен, қондыргы — қон-дыр-дан, ол қон сөзінен жасалған.
Туынды мағыналы сөздер қазақ тіліңде өте мол. Әсіресе сөзжасам жұрнактары арқылы туған сөздердің қазақ тілінің лексикасыңда алатын орны ерекше. Ы. Е. Мамановтың пікірінше, қазақ тіліңце сөз тудырушы қосымшалар арқылы жасалған туыңды түбірлердің сан мөлшері сөздік құрамның басым көпшілігі болып табылады1. Бұл — туыңды сөздердің сөздік құрамдағы ара салмағы туралы айтылған пікір. Әрбір туыңды сөзде туыңды мағына болатынын ескерсек, одан.жал-пы туынды мағыналардың қазақ тілінің семасиологиясыңда ала-тын орны қаңдай екенін байқау қиын емес.
Бұған қоса тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан алғанда, түбір, негіз деп жүрген сөздеріміздің ішіңде тарихи туынды сөздер (тарихи туыңцы мағыналар) аз емес екені белгілі. Мұны көне түркі жазбаларыңца, туыс түркі тілдеріңце сақталып қалған көне тұлғалардан айқын көреміз. Мысалы, Б.М. Юнусалиев етістік уй(р-мен зат есім ущр-дің тегі көне түркілік үй<ег тұлғасы деп қарайды, ср. көне ұйғыр тілінде ек — «жию» мәнінде, егүр — «үйір», «табын» мәніңде; қабырга сөзі — қа&р-етістігінен, қабыр-«ұстау, жармасу» мөніндегі «қсл» сөзінен шықкан деп түсіңдіреді* 2.
Әдеби тідцегі бірқатар сөздің тарихи туындылар екенін олардыңговорларда кездесетін түрлерінен айқын көреміз. Мы-салы, әдеби саңырау, даңқ, жарты, жүмылу, еңкей // еңшең, тыныш, ерекше, кілең, бүліңу, қүдық т.б. сөздер қазақ говор-ларыңда — саңыр, даң (Осы ас көпке даң болды (Н. Байғанин), жары, жүм, өң, тын, ерек, кйі, бүлу, қүй// қүйы түріңде айтыла-ды.
'Маманов Ы. Е Қазіргі қазақ тілі (лекциялардың текстері), Длматы, 1973, 14-бет.
2Юнусалиев Б. М. Киргизская лексикология. Ч. 1, Фрунзе, 1959, с. 58—60
81
Лексикалык құрамныңтолығып, сөздің ішкі мағынасының дамып отыруына байланысты туған синонимдік, омонимдік, антонимдік мағыналар да негізгі лексикалық мағыналардың түрлеріне жатады. Олардың лексикалық мағыналарының бас-ты ерекшелігі бірнеше сөз мағынасының бір-біріне бай-ланыстылығынан көрінеді. Мысалы, синонимдік мағына — екі не одан көп әр түрлі сөз мағыналарының бір-біріне жақын-дығына (ес — ақыл, жынды — нақүрыс, делқулы — есалан), омонимдік мағына іштей мағыналық байланысы жоқ бірнеше сөздің бір тұлғада көрінуіне бақыр (шелек) — бақыр (ұсақ мыс ақша), от (жалын) —от (жердің шөбі), антонимдік мағына — бір деңгеіідегі әр түрлі сөз мағыналарының бір-біріне кереғар қарама-қарсылығына (алыс — жақын, келу — кету, биік — ала-са, ауру — сау, қатты — жумсак) негізделген. (Бұлар жайыңда толығырақ мәлімет кейін беріледі).
3. Сөздердің тіркесу сипатыиа байланысты туған лексика-лық мағыналары. Оларға сөздердің еркін және байлаулы (еркін емес) мағыналары жатады.
Сөздін еркін мағынасы оның атауыш (тура) мағынасының негізіңде пайда болады. Сөз тек атауыш (тура) мағынада қол-даныла бермейді. Егер олай болса, сөз өзінің бастапкы атауыш мағынаны білдірумен ғана шектелер еді. Шын мәніңде, атау-ыш (тура) мағынадағы сөздер шыңдық өмірдегі затгар мен құбы-лыстарды біддіретін басқа көптеген сөздермен еркін қарым-қатынасқа түсіп, олармен тіркесіп отырады. Атауыш мағы-надағы сөздердің мұңдай қарым-қатынасы белгілі бір сөздермен ғана шектелмейді, өр түрлі сипаттағы сөздердің мол тобын қам-тып, олармен тіркесіңцілігін арттырып отырады. Осылайша сөздің атауыш мағынасының еркіңдік (еркін мағына екеңдігі) сипаты ашылып, қаншама еркін мағыналы тіркестер жасала-ды. Бұл тұрғыда еркін мағына байлаулы мағынаға қарама-қарсы қойылып қаралады.
Сөйтіп, атауыш (тура) мағынадағы сөздердің басқа сәздермен тіркесімділігі кең болған жағдайда туатын мағынасы еркін мағына деп аталады. Мысалы, жас сын есімі жас адам, жас мал, жас агаш, жас бала, жас иіс, жас ет т.б; улкен сөзі улкен үй, улкен адам, улкен бала, улкен кітап, улкен сөз, улкен қылмыс, улкен кінә т.б. тіркестерде еркін мағынада қолданылып тұр-
Бірақ сөздің тура мағынада басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу мүмкіңдігі мол болғанымен, сөз кез келген сөзбен байланысқа түсе бермейді. Мысалы, жас сөзі жоғарыдағыдай сөздермен тіркесіп айтылғанымен, бас, көз, қарындаш, үстел, хабар, газет т.б. сөздермен тіркесе алмайды.
82
Сол сиякты ш-етістігінің тікелей объектіні білдіретін тамақ, қалам, қал т.б. зат есімдермен тіркесу сипаты оның етістікке тіркесу сипатынан мүдде бөлек. Мұндай ерекшелік сөздердің өзара заттық-логикалық, лексика-семантикалық қатынастары-нан туады.
Сөздін, басқа сөздермен тіркесімділігі тек заттық-логика-лық қатынастармен шектеліп қоймайды. Сонымен бірге қазақ тілінің ішкі зандары арқылы да белгіленіп отырады. Міне осы-дан барып сөздің еркін емес, байлаулы мағыналары пайда бо-лады. Байлаулы мағынадағы сөздер шыңдык болмыстағы зат-тармен тікелей емес, жанама түрде байланысады. Байлаулы мағынаға әдетге фразеологизмдердің мағынасы жатқызылады, шын мәнінде синтаксистік шартты мағынада да белгілі дәрежеде байлаулы сипат бар.
Фразеологиялық байлаулы мағына — сөздің белгілі ғана сөздер.мен тіркесуі аркылы, яғни фразеологиялық тіркестерде берілетін лексикалык мағынасы. Сөз өзінің тура атауыштық мағынасыңда затгар мен кұбылыстарға тікелей бағытгалып, кыруар сөздермен тіркесіп айтылуға өте-мөте бейім келсе, фра-зеологиялық байлаулы мағынада кез келген сөзбен емес, сана-малы арнаулы сөздермен ғана тіркесіп қолданады. Мәселен, қысыр деген сөз төлдемейтін, бойдақ деген өзінің тура мағынасыңда қысыр бие, қысыр сиыр, қысыр мал деп біркыдыру сөзбен емін-еркін айтыла береді. Ал қысыр сез деген тұракты тіркестің құрамындағы қысыр деген сөз бос, мәнсіз деген мағынаны білдіріп, атауыш (еркін) мағынада емес, фразеоло-гиялық байлаулы мағынада колданылып тұр. Оның байлаулы мағынасы тек сөз деген сөзбен тіркескенде айқындалады. Қазақ тіліңде қулқын деген сөздің тура мағынасы ындын деген ұғымды біддіреді. Осыдан қулқыны қурыды, қулқынның қулы деген фразеологиялық тіркестер жасалған. Ал қулқын сәрі де-ген тұрақты сөз тіркесінің кұрамындағы қулқын сөзі тура мағынасынан біржола ажырап, өте, тым ерте деген фразеоло-гиялық байлаулы мағынада жұмсалынып отыр. Қулқын сөзі фразеологиялық байлаулы мағынаға тек сәрі деген сөзбен тіркескенде ғана ие болады. Қасқа жал, қасқа булақ деген тұракты сөз тіркесінің құрамыңдағы қасқа деген сәз түс мағынасына емес, анық, айқын, сонадан көрінетін деген фра-зеологиялық байлаулы мағынада жұмсалады. Бұл мағына өзге сөздермен тіркескеңце емес, тек жал, булақ сөздерімен тіркескеңде ғана көрінеді. Демек, фразеологиялық байлаулы мағына тіркесіп айтылған сөздерге тікелей бағынышты болып тұрады. Солардың лексика-грамматикалық тұрғыда өзара тығыз байланысуынан кәрінеді. Соңдықтан да бұлар тура
83
(еркін) мағынадан ажыратылып, сөздің фразеологиялык бай-лаулы мағынасы деп аталады. Фразеологиялық байлаулы мағынаға ие болған тұрақты сөз тіркестерінің көбінесе синонимдік баламалары болады. Мәселен, бала жігіт, бала бүркіт дегеңдегі бала сөзін жас дегенмен ауыстыруға келеді. Аталы сөз дегендегі аталы сөзін орынды, орнын тапкан жүйелі сөз деуге болады. Су жорга, судай жорга дегеңді су төгілмес жорга, тәрт аягын тең басқан жорга, шайқалган жорга деуге келеді. Ата к,оныс, ата дәулет дегендегі ата деген сөзді байыргы, ежелгі деген синонимдермен алмастыруға әбден болады. Алайда, бұлар басқадай сөзбен сол мағынаны айқындап тұсіңціріп бергенімен, фразеологиялык байлаулы мағынадағы көрінген сөз тіркесінің бейнелілігінен ұзідді-кесідді қол үзеді. Бұлай еткеңде өзгерген түрі тұракты тіркес болу қабілетін мүддем жояды. Тура мағынадағы сөздердің колдану шенбері соншалыкты кең, ал фразеологиялык байла-улы мағынадағы сөздердің қолдану өрісі соншалықты тар, шектеулідеп бір-біріне қарама-қарсы койып айту, лекси-калық мағыналардың өзара кереғарлығынан, алшақтығынан шыққан.
Синтакснсгік шарпы мағына. Сөздер сөйлеу үстіңде, сөйлем ішіңде, контексте қолданылу жүйесіне карай әдеттегіден тыс басқддай ерекше үстеме мағына жамап алуы ықтимал. Сөздің сөйлемде өзіне дағдылы емес кызмет атқаруынан туатын ауыс мағынасы синтаксистік шартты мағына деп аталады. Син-таксистік шартты мағына сөздің ауыс магынасының бір түрі, бірақ ол лексикалық ауыс мағынадай бір затгың тура мағынасын басқа бір затка атау етіп ауыстырудан туған мағына емес, сөздін сәйлемде белгілі бір синтаксистік құрылымда қолданылуынан туған мағынасы. Мысалы, Жәрмеңке жастық уақыт өтіп кетіп, Бүл күнде тоқталып түр сол базарым (Ақан сері). Айтып-айт-пай немене Исатайды өлтіріп, серкесінен айырылып, Сергелдең болган біздің ел (Махамбет). Осыңдағы жәрмеңке, базар деген сөздер өзінің тура мағынасыңда емес, белгілі контексте колда-нылып, қызық, думан мағынасында айтылып тұр. Серке тартылған еркек ешкі мағынасыңда емес, қолбасшы, жетекші деген мағынада жұмсалған. Сөйтіп олар әр түрлі экспрессивті-эмоциялық мән тудырып отыр. Бұл сияқты ауыспалы тиянақсыз мағыналар белгілі контексте сөйлем ішінде көрінетін болғаңдыктан, синтаксистік шартты мағына деп аталады.
Қазақ тіліңдегі сөздер бұл тәрізді ауыс мағынаға өте-мөте бай. Олар жағымды мағынада да, жағымсыз мағынада да екі жақты колданьша береді. Мөселен, сөйлеу тіліңде киім дегеннің орнына үстімде қабыгым жоқ, үстіңнен жабуың бір түспейді
84
деп, белгілі сөздерден әр түрлі жағымсыз мән тудырып айта береді. Ауызекі тідде амырау, көкірек, кеуде дегеңдер орынсыз өжеттікті, өзін жоғары санаушылықты білдірсе, қүлқын, өңеш дегендер озінің қара басының камынан басқаны білмейтін жемқор, паракорларды көрсетеді. Сөйлеу тіліңде артында қоңырауы бар дегеннен әрдайым өсек, әңгімеге ілігіп жүретін жағымсыз ддамды түсінеміз. Қүдық деген сөздің контекстегі шартты мағынасынан жалмауыз, мешкей дегеңді ұғынуға бо-лады. Шымылдык, дегеннен жасырын сыр, бүкпе дегеңді түсінеміз. Тіддегі кейбір сөздердің әрі тура мағынасы, әрі фра-зеологиялық байлаулы мағынасы, әрі синтаксистік шартты мағынасы да болуы мүмкін. Мәселен, ауыз деген сөздін тура мағынасы «жан-жануардың тамақганатын дене мүшесі» екеңдігі, контекстік шартты мағынасы кісі, адам деген үғымда (көп ауыз біріксе, бір ауыз жоқ болады) қодданылуы. Ал ауыз үй, ауыз омыртқа дегеңдегі ауыз алдыңғы, бірінші деген мағынаны, ауыз тіл деген ауызша сөйлеу деген мағынаны біддіріп, фразе-ологиялық байлаулы мағынада жұмсалып тұр. Сөздің ауыс мағынасы затқа тікелей бағытгалмайды, басқадай заттар аркылы соған салыстырма ретінде қолданылады. Бір адамның надаңдығын, бассыздығын айтқымыз келсе, айуан (хайуан) дейміз, пысықтығын айтқымыз келсе, қасқыр дейміз, оңбағаңдығын айткымыз келсе, ит дейміз: айлакерлігі мен кулығын айтқымыз келсе, түлкі дейміз, әзәзілдігін айтқымыз келсе, шайтан дейміз, суға жүзгіштігін айткымыз келсе, балық дейміз, мейірімсіздігін, қатыгездігін айтқымыз келсе, тас дейміз, қаһарлығын айтқымыз келсе, айдаһор не жылан дейміз, көлгірлігі мен кайарлығын айтқымыз келсе, маймыл дейміз, жеңілтектігін айтқымыз келсе, көбелек не ешкі дейміз, мықтылығын айтқымыз келсе, тарамыс дейміз, өншілігін айтқымыз келсе, брлбү/і дейміз, көрегеңдігін айтқымыз келсе, қыран дейміз. Осының бәрі сөйлеу үстіңде туған шартты мағыналар.
Адам баласы жан-жануарлардың әрқайсысының өзіне тән жағымды-жағымсыз қылыктарын бір-біріне ауыстырып айту арқылы сан қилы экспрессивті-эмоциялы мән тудырған. Бара-бара сол мағыналар әбден қалыптасып, сездін контекстік мағыналарына айналған. Сөздін лексикалық мағыналарЫның бәрі де сездіктен белгілі дәрежеде орын алдды. Әуелі сөздін тура (еркін) мағынасы, онан соң оның туынды (косымша) мағыналары келеді. Соңынан сөздің контекстік шартты мағынасы мен фразеологиялық байлаулы мағыналары орнала-сады.
Сөздік құрамыңдағы кез келген сөздін фразеологиялык бай-
85
лаулы немесе контекстік шартты мағынасы бола бермейді. Но-минатив (еркін) мағынаға ие болатын атауыш сөздердің кәбіне-көп жұмсалу қабілеті күшті болады. Әсіресе, зат есім, етістік, сын есімдер тура мағынада да, бұрма мағынада да тідде жан-жақты, белсеңді қызмет атқарады. Сол себепті осы топқа жа-татын сөздердің көпшілігі өздерінің тұрақты мағыналарының үстіне ерекше көркемдік реңк беретіи (бейнелі) контекстік шартгы мағыналар қосып алған. Мәселен, іиыжық деген сөз белгілі контексте михнат, бейнет ұғымыңда, соқыр — надан, топас мағынасында, шалку — асып-тасу, масатгану, масайрау мағынасыңда, сору — аяусыз қанау, жеу мағынасыңда, куыру-тықсырып қысу мағынасында, балку — ракатқа бату, кенелу мағынасыңда, тунеру — ренжу, кею мағынасында, шатынау — көзі шарасынан шығып ашулану мағынасыңда, шыңдау — ширату, шынықтыру мағынасыңда, шытынау — орынсыз кею, ренжу ұғымында бейнеленген түрде қодданыла береді. Бұл сөздердің бейнелі мағынасы белгілі контекстен ажыраса болғаны, олар кәркемдік сипатынан кол үзіп, өздерінің заттық тура мағыналарын білдіреді. Демек, сөздің контекстік шартты мағынасы тұрақсыз болады. Соңдықтан да олар шартты мағына деп аталынады.
4. Сөздің стилистикалық кызметіне байланысты туған лек-сикалык мағыналары. Оларға сөздердің бигарап және бейнелі мағыналары, термиңдік (кәсіби) мағыналары жатады. Бұл топқа кіретін лексикалық мағыналар сөздердің әр түрлі стилисти-калық қызметіне байланысты болғаңдықтан, олардын бұдан бұрын талданған лексикалык мағыналардан сипаты мүлде бөлек.
Битарап мағьша зат, құбылыстар мен сапалык белгілерді, өрекет-қимылды атап біддіретін жалпылама лексикаға тән. Мысалы, дала, орман, адам, мемлекет, қазына, қанат, жақсы, жаман, улкен, кіші. жату, туру, оқу, жузу, намыс, науқас, жеті, тогыз, бугін, ертең т. б. Зат, құбылыстарды жағымды-жағымсыз түрде бағалау, сезімнен туған бейнелі түсініктер би-тарап мағынаға жатпайды. Бірақ сөздің кейінгі қолданылу ба-рысыңда ондай қасиеттер пайда болуы мүмкін. Мысалы, қус қанатымен уиіады, ушақтың сол қанаты дегеңде қанат сөзі өзінің атауыштық битарап мағынасында қолданылып тұр. Ал ушарга қанатым жоқ негылайын, қанатты создер дегендегі қанат сөзінде бейнелі мағына бар.
Бейнелі мағына. Бұған адамның сезімі мен көңіл күйіне байланысты айтылатын эмоционалды сөздердін мағыналары жатады. Олар стилистикалық бояма мағына деп те аталады. Зат, құбылыстарды жағымды-жағымсыз түрде бағалау, сезім,
86
көніл күйінің әсері онда айқын байқалып тұрады. Ср. тамаша, шіркін, гажап, ссрлы, сумелек, зулмат, ойбай, қалш-қалш, зірк-зірк, бажылдау, жағымсыз мәңде айтылатын етістіктер шікірею, едірею, қылтию, тәлтию, тылтию, жалпию, шілтию, т. б. Мы-салы, Неткен мойын, неткен көз. Осыдан артық дейсің бе. Ертегі қылып айтқан сөэ (Абай) дегендеп неткен сөзіңде кекесін, өжуа, мазак қылу мағыналары бар.
Термнндік мағына ғылым, техника, өнер саласыңда қолда-нылатын арнаулы сөздердің лексикалық мағынасы. Мысалы, объект, предикат, диалект, екпін, устеу, қаратпа сөз, конституция, дирижер, спонсор, инвестиция, меридиан, хо-лестерин, волът, ампер сияқты сөздердің термиңдік мағыналары.
Термиңдік мағына ғылым, техника, өнер саласыңдағы «таза» ұғымдармен сөйкес келіп, соларды білдірумен іпектеледі. Оңда ауыс мағына, эмоционалды-экспрессивті реңк сияқты үстеме «мағыналық жүк», яғни күрделенген мағына болмайды. Сол себепті термиңдік мағына әр терминге тән дара және тұрақты мағына болып табылады. Рас, кейбір термиңдер (терапия, ас-симиляция, кушейткіш) көп мағыналы болуы мүмкін, бірақ олар-дың көп мағыналылығы қалайда бір-бірімен ©зара шектес ұғым-дардың аясынан аспайды. Ср. медициналық операция — согыс операциясы — банк операциясы.
Халықтық тілдегі кәсіби сөздер мен термиңдердің лекси-калық мағыналарында ұқсастық бар. Кәсіби сөздердің мағыналары да тұрақты жөне оларға бейнелілік тән емес. Мы-салы: шоқыр — теңізде жүретін ұзын тұмсықты үлкен балық. Собық — жүгерінің дәш алынған басы. Шыгыр — егістікке су жіберу үшін жасалған құрал. Жым — аңның ізі, жүретін жолы. Жап — егіңдікке су жіберетін кішкене арық.
Сөздердін стилистикалық қызметінен туатын мағыналарына көркем өдебиеттегі поэтикалық мағына ұштасып жатады. Халықтық тілде бір-бірімен қиыспайтын сөздерден жаңа тіркестер, соны сөз өрнегін жасау, сөздің үйреншікті мағынасын бейнелеп, поэтикалық көтеріңкі сипатга қолдану көркем өдебиетте жиі кездеседі. Содан барып поэтикалық мағына қалыптасады. Поэтикалық мағына —- троп, фигураның түрлері сияқты поэтикалық тәсіддерді қолдану арқылы сөздің айрыкша көркем, ерекше әсермен, мәнермен кетеріңкі айты-луынан туатын мағынасы. Мысалы, Абайдын «Талгауы тоқсан қызыл тіл», «Сөзімде жаз бар шыбынсыз», «Өзім де басқа шауып, тоске орледім», «Алты бақан, ала ауыз», «Азалы ақ көрпесін сілке тастап», *Жср кулімдер өңіне шырай кіріп», «Қызыл арай сары алтын шатырына Куннің кешке кіргенін көрді көзім», Н.
87
Байғаниннің «Жер көбесін төңкеріп, Келтірген сәнін даланың», «Сөз тиегін агытсам, Тәкаббар ескен желдеймін» т. б. өлең жол-дарында немесе «муртын балта кеспеу», *от ауызды, орақ тілді», «араларынан қыл өтпеу», «аспанды алақандай, жерді тебіңгідей қылу», «ине иіаншар жер болмау» т. б. халықтық тіркестерде поэтикалық мағына айқын байқалады.
Поэтикалық мағынаның бастау көзі хадықтың ауыз әдебиетівде жатыр. Онда поэтикалық мағыналардың не түрлі үздік үлгілері сақталған: «Буырқанып, бурсанып, муздай темір қурсанып», «Муз төсеніп, қар жастанып», «Темір етік теңгедей, темір таяқ тебендей болганда», «Кабагынан қар жауып, кірпігіне муз қатып».
Поэтикалық мағынаны сездің өдетгегі ауыс немесе бейнелі (бояма) мағынасымен шатастыруға болмайды. Мысалы, кітаптың беті дегеңдегі бет — адамның беті дегеннін атау-ыштық сипат алған ауыс мағынасы; тамаіиа, гажап — таңқалуды, тылтию, қылтию — жаратпауды, менсінбеуді білдіретінсөздердінбейнелі мағыналары болып табыладыда, сөздіктерде ауыс я бейнелі лексикалық мағыналар ретіңде беріліп отырады. Ал поэтикалық мағына сөздің лексикалық мағынасы емес, поэтикалаңдырылған, көтеріңкі стильдік мағынасы.
Сөйтіп, жоғарыдағы талдаудан қазак тіліңдегі сөздердін лек-сикалық мағыналарының типтік топтары төрт негізгі белгіге байланысты қалыптасқанын көреміз. Олар: 1) сөздердің шын-дық болмыстағы затгар мен құбылыстарға қатыстылығы, 2) сөздердін тарихи шығу тегі, 3) сөздердің өзара тіркесімділігі, 4) сөздердің стилистикалық қызметі. Сөз мағыналарының әрбір типтік тобы өз ішінен бірнеше түрге бөлінеді. Оны кесте түріңде былайша көрсетуге болады.
Л ЕКСИКАЛЫК М АҒЫНАЛ АРДЫҢ ТИПТЕРІ
Лсксикалык мағыиаларды жіктеуде сүйенген негізгі белгілер
1. Сөздердің шындық болмысқа қатыстылығы
2. Сөадердің шығу тегі
Агауыш (тура) мағына
Түпкі (первичное) магына
-----Ауыс мағына
-----Абстракты мағына
-----Меңзеу мағына
‘----Туыңды (вторичное ) мағына
-----Омонимдік мағына
-----Синонимдік магына
-----Антонимдік мағына
88
3. Сөздердіңііркесіаділігі
Еркін (атауыш) 1 мағына | Фразеологиялық (байлаулы) мағына
4. Сөэдердің стилистнкалық қызмегі Синтаксистік ілартгы мағына
Бигарап мағына Бейнелі (бояма) мағына Кәсіби-термиңдік мағына
§17. Соз мағынасыныц дамуы
Сөз мағынасынан әр тьтдің езіндік ерекшелігі мен өзіңдік бояуы, ұлттық сипаты болады. Сөздің мағыналық жағынан да-муына сыртқы себептер де, ішкі себептер де ықпал етеді. Әсіресе, сөздін мағынасынын өзгеруіне ішкі себептерден гөрі сыртқы себептер көбірек әсер ететіндігі байқалады. Сөз мағынасының ішкі (лингвистикалық) өзгерістерінің бір себебі, жаңа сез немесе жаңа мағына сөздік құрамға келіп қосылғаңда, бұрыннан тілде бар сөздердің мағыналарымен өзара қарым-қатынаска түсіп, солармен синонимдік байланыста жұмсалады. Мұңдай жағдайда байланыс екі жақты болуы мүмкін. Сөздік құрамға келіп қосылған жаңа сөз не жана мағына бұрыннан тілде өмір сүріп келе жатқан байырғы сөздер мен мағыналарға қаңдай әсері болса, байырғы сөздер мен байырғы мағыналардын жаңа сөздер мен жаңа мағыналарға да соңдай әсер етуі ықгимал.
Сөз мағынасының дамуы нәтажесіңде мағына не кеңейіп, не тарайып отыру заңдылықтары туады.
Сөз магынасынъщ кецеюі деп сөздің тұлғасын өзгертпей-ақ бұрыннан белгілі мағынасының үстіне жаңа қосымша мағыналарға ие болуын айтамыз. Ол негізіңде метафоралық, метонимиялық жөне синеқдохалық тәсілдер арқьыы іске аса-ды Осы күні жиі айтылатын талқылау, қарау, табыс, жарыс, муше, қуру, қурылыс, қатынас, байланыс, журнақ, жалгау, тасымал, айналым, қун т.б. — бәрі де халықтық бұрынғы мағынасының негізіңде жаңа мағынаға ие болған сөздер. Мы-салы, талқылау бұрын «теріні талқыға салып жұмсарту» мәнінде қолданылса, кейін оған қоса «мәселені жан-жақты тексеріп, пікір алысу» мөніңде айтылатын бодды. Байланыс — бұрынғы «қарым-қатынас, аралас» мәнінің үстіне кейін «хат-хабар, телефон, телеграф арқылы қатынас жасау орны, меке-ме» мөніне ие болды. Қун — бұрын «кісі өлтіргені үшін айыпкердің не оның руының мал басымен беретін төлемі»
89
мәніңде болса, қазір саяси экономиканың термин ретіңде қолданылады. Халық тіліңде ежелден белгілі айдар сөзінің («адамның төбесіне қойылатын бір шоқ шаш») мағынасы кеңейіп, қазір газет-журналдарда «бір тақырып төңірегіңде ұдайы берілетін материалдардың жалпы атауын» білдіретін бол-ды.
Сөз мағынасының тараюы тарихи, қоғамдық, өлеуметгік т.б. жағдайларға байланысты сөздің кейбір мағынасының қол-даныстан шығып қалуын білдіреді. Мысалы, көне түркі тіліңде тон, тары деген атаулар кең мағынасыңда қолданылған. Тон — тек «қой терісінен тігілген киімді» ғана емес, «жалпы киім» атаулыны, тары — тек «дәңді дақылдардын бір түрін» емес, «егін, астық» атаулыны бідцірген1. Қол — «адамның дене мүшесі» ұғымымен бірге, тарихи, «әскер, жасақ» ұгымында да қолданылған. Қирындас — көне түркі тіліңде, ежелгі қазақ тіліңде, қазіргі кейбір түркі тілдеріңде «туысқан, бір тектес адамдар» мәнін білдірсе, қазіргі қазақ тіліңде «бірге туған кіші қыздың ағасына туыстық қатынасын», болмаса «жасы үлкен ер адамның өйел балаға айтатын сөзін» білдіріп, мағынасы тарылған. Бірқатар сөздің кодданылу өрісі, мағынасы тарылғаны соншалық, олар тек бірен-саран фразеологиялық тіркестерде ғана сақталып қалған; міз баклау, тулен турту, қаніиырдай қату, мурны қолақпандай т.б.
Метафора. Сыртқы не ішкі белгілеріңдегі (тұлғасыңдағы, қимылыңдағы не атқаратын қызметіңдегі т.б.) ұқсастыққа қарап, бір зат атауының басқа бір затқа атау болуына байланысты сөз мағынасының ауысуы метафора (гр. теіарһога — ауысу) деп аталдды. Мағына ауысуының бұл тәсілінің негізіңде ұқсату заңы жатыр. Метафора қолдану сипатына қарай негізіңде екі түрге бөлінеді; а) тіддік (сөздік) метафора, ә) поэтикалық (сөйлеу кезіңде туатын контекстік) метафора.
Тілдік (сөздік) метафора сөзге жаңа мағына қосып, оның семантикалық шеңберін кеңейтіп, әрдайым үздіксіз дамьпып отырады. Тіддік метафора жалпыхалықтық сипатына қарап дәстүрлі метафора деп те айіылады. Дәстүрлі метафоралық тәсіл бойынша ұқсату заңына сүйеніп, қазақ тіліңде көп мағыналы сөздер шыққан. Мәселен, аяқ деген сөздің ең алғашқы заттық мағынасы деп адам мен жан-жануарлардың жүру -тұру қьізметін атқаратын мүшесі деп түсінеміз. Мұнан кейін үстел мен орын-дық тәрізді жансыз заттардың тіреуішін де аяқ деп ұқсатып айтқан. Бас пен аяқтың бірі жоғары, екіншісі төмен келуіне
'КеңесбаевІ. МусабаевҒ. Қазіргіқазақтілі. Лексика, фонетика, 1975,48-49-бетгер.
90
карай (ауылдың басынан кіріп, аягынан бір-ақ шықтым дегеңдегі) үшінші мағына пайда болған. Кейінгі кезде жаңа техниканың тұрмысқа кеңінен енуімен байланысты, екі аяқты велосипед, уш аяқты мотоцикл деп те ұксатып, аяқ сөзіне жаңа мағына косып айтатын болдык. Сөздің мағына жақтан қорланып да-муы осы тәрізді жаңа сапа элеменггерінің біртіндеп молаюы аркылы іске асады.
Сөзге метафоралық тәсіл арқылы ауыс мағына жамайтын сөз біткеннің бәрі емес, тідцегі затгар мен кұбылыстардын атын, іс-әрекетін, сапа мен белгілерін білдіретін сөздер. Бұлар сөзге нақгылы мағына косып, семантикалық аясын үнемі кеңейтумен болады. Муше деген сөздің ен алғашқы мағынасы анатомия-лық жеке атауларды біддіру болған: Дәулет қусын бауыздап, аспазшы қатынның қолына берді де, бір мушесін қалдырмай ас деді (И. Байзаков). Мұнан соң сый ретінде біреуге берілетін белгілі үлес, сыбаға мағынасын білдірғен: батырдан сауга, мер-геннен муше деген (мақал). Кейін белгілі ұйымға кірген адамды айтатын болдық. Мысалы: Абылхан ужымга муше балып кірді. Сонымен бірге қазак тілі білімінде сөйлем мушесі, уйірлі муше, турлаулы муше, турлаусыз муше деген толыпжатқан термиңдік мағыналар пайда болды.
Жугу деген сөздің лексикалық тура мағынасы бір заттың екінші затқа жабысуы деп (устіме куйе жуқты, киімге шаң жуқты, қалыма май жуқты), түсінсек, онан кейін аурудың біреуден біреуге тарауын, ауысуын (сынықтан басқаның б&рі жугады) біддірген. Мұнан соң біреудің жаксылы-жамаңды мінез-кұлқы, өнері, қылығы өзге бір адамнан табылуын айтқан: Туқымынан дуана коп шыгып еді, жуққан екен (Ғ. Мұстафин). Бір затқа, кұбылысқа, сапаға тән қанша қасиет, ерекше белгі болса, соларды ұқсастырып айтудан бір сөз арқылы бірнеше ұғымды танып білуге болады. Мәселен, қалың деген сапалық ұғымды білдіретін сын есімнен мынадай ерекше белгілер аңғарылады: қалың нөрсе жуан болады, оның үстіне ол тығыз, әрі жиі, көп бо.тып келеді- Бір сөздің бойына сыйған осынша-лық ерекшеліктердін әрқайсысы сөйлемде жеке-жеке дербес мағына тудырып бас-басына сараланып көрінеді. Мысалы, 1 .Калың деген сөздің жұқа емес, толық деген мағынаны білдіруі. Боржабай орта бойлы, жуантық денелі, қалың ерінді кісі (С. Мұқанов). 2. Қалың деген сөздін көп, мол деген мағынада жұмсалуы. Қалың журттың алдында сейлеп кәрген пенде емес едім (М. Иманжанов). 3. Қалың деген сөздін жиі, тығыз, бітік деген мағынада қолданылуы. Екеуі бір таса жерге, қалың шөптің арасына барып жатты (Ы. Алтынсарин).
Сөзге қосылған үстеме (туыңды) мағына затгын, құбылыс-
9і
тың бойыңда бар сан алуан ерекше белгілердің негізінде ауыс-тырып қолдану арқылы жасалады. Соңдыктан бір сөзден тараған қосымша мағыналар бір сөз табына да, кейде әр сөз табына да қатысты болып келеді. Мәселен, балапан деген зат есім (құстын баласы деген ұғымда), осы сөздің метафоралық ауыспалы мағынасы сыңдық мағынада жұмсалады. Тасада вскен балапан қарагайлар мен шогыр буталар да анық көрінеді (Т. Ахтанов).
Сол тәрізді сын есімге қатысты сөздердің метафоралық ауыс мағыналары да кейде заттық ұғым тудыра береді. Мәселен, суық, шала, сынык, тәрізді сын есімдер белгілі контексте заттык мағынада қолданылады. Мысалы: Курт езген я сүзбе қатқан ыстық сорпа кісіні суыққа тоңдырмайды (М. Ер.меков). Жанып таусылуга айналган шалалардың басы кулге көмілді (С. Мұқанов). Қайыр қисайган қазан, қираган кесе сынықпирын көрді (С. Адам-баев). Аталған сөздердің метафоралық ауыспалы мағыналары белгілі бір контексте бірде зат есім (балапан) сыңдық мағынада, бірде сын есім (суық, шала, сынық) затгық мағынада жұмсалып тұрғанымен, бұларды әр сөз табына жаткызып, омоним ретіңде қарауға болмайды. Бұл тәрізді сөздердің ең алғашқы лексика-лык тура мағынасы қай сөз табына қатысты болса, содан өрбіген туынды (қосымша) мағыналарды да сол сөз табына жатқызу жөн болады. Бұл — олардың (мағыналардын) шығу тегі бір, бір негізден (тура мағынадан) таралатындығын айқындап керсетіп тұрады. Метафораның негізіңде туған ауыс мағына сөздік мағынаға еніп, сөздің туынды мағыналарының қатарыңда қаралады. Мәселен, астор деп әдетте киімнің ішкі жұқа қабатын түсінеміз. Сонымен катар сөздің астары деп те айтамыз. Бұл тексте астар деген сөз басқаша мән, өзгеше сыр дегенді білдіреді. Сонғы мағына алғашқы тура мағынадан шықкан қосымша туынды мағына деп есепгеледі де, сөздікте астар сөзінің тұрақтанған, үйреншікті лексикалык мағына-ларының бірі ретінде көрсетіледі.
Сөйтіп, тілдік метафора мынадай ұксастыктар негізіңде тууы мүмкін:
а) тұлға ұксастығы. Мысалыі қанат — кұстын қанаты, ұшақтың қанаты, қулақ — адамның құлағы, қазанның құлағы, домбыраның құлагы, жон — малдың жоны, таудың жоны;
ә) қимыл ұқсастығы. Мысалы: тіл — адамның тілі, сағаттын тілі, жабу — есікті жабу, істі жабу;
б) заттардың кызметіңдегі ұксастық. Мысалы: аяқ — адам-ның аяғы, серік — адамның серігі (жрлдасы), жер серігі;
в) ұғымдардың бір-біріне қатыстылығынан туатын ұқсас-тық. Мысалы: жіңішке — жіңішке жіп, жіңішке бел, жіңішке 92
өзен, сулу — сұлу адам, сұлу табиғат, ащы — ащы тұз, ащы зар, ащы өмір, вткір — өткір пышақ, еткір ой, қулау — атган құлау, емтиханнан құлау, қану — шөлі қану, айызы қану, ұйқысы қану т.б.
Тіддік метафора уақыт өткен сайын күңгіртгеніп, атауыш мағынаға ие болып кетеді. Мысалы: адамның беті — кітаптың беті, адамның квзі — иненің квзі дегендегі бет, көз сөздері кай қолданыста болсын атауыш мағыналарға ие болып тұр.
Поэтикалық (контекстік) метафора ойды әсерлі әрі айқын етіп жеткізу ұшін қажет. Ойдың керкемдігі жалпы халықка таныс суретке құрылуымен тығыз байланысты. Метафораның бұл түрі көркем шығармаларда кездеседі. Мысалы: Баладай екі әркеші — шөл кемесі— Туйем дебасқамалдан кем түспейді («Ай-тыс»), Алтын дән аялаган кең алқапта, жер кемесі — комбайн гурілдейді («Айтыс»).
Акывдар айтыс өнерівде түйені — шөл кемеге, комбайңды — жер кемеге балау арқылы өз ойын тыңдаушыға соншама әсерлі етіп жеткізіп бере алған. Осыңдай бейнелі теңеу ауыз-дан-ауызға таралып, бірден-бірге жатталады. Ақырыңда жалпыхалыктық сипат алып, тілге әбден етене болып сіңісіп, халықтык мүлікке айналады. Сөйтіп, қолданыстың бір сала-сывда (поэзияда) сакталып қалады.
Бір кезде мақтаны ақ алтынға, көмірді қара алтынға, астықты сары алтынға балап жай қолданған болсак, бүгінгі тавда осы метафоралық теңеулер әдеби тілімізге әбден сіңісті болып, біржола орнығып адды. Жекелік қолданыстан гәрі, қазір жалпыхалықтық қолданысқа актив болып ауысты. Бірак мұн-дай метафоралар барлық жанрда жалпылама кездесе бермейді, көбінесе белгілі бір жанрға теліңді болады. Әсіресе поэзияда жиі кездеседі. Сондықтан метафораның бұл түрін поэтикалық метафора деп атаймыз. Мәселен, халық ақывдары қылыш, сем-сер дегеңдердің орнына поэзияда алмас, болат легендерді жиі пайдаланады. Мысалы:
Беріспейсің бермейсің,
Жауга алмас сермейеің.
Қызыл әскф балаларым (Н. Байғанин).
Астынамініп ақ атты,
Қолына алды болатты (Жамбыл).
Метафоранын соңғы айтылған түріне жеке Қодданыстан (индивидуалды) туатын метафораіар жақын келеді.
Жеке колданысгагы (ивдиввдуалды) метафора белгілі бір ақынның я жазушының туыңдысында өмір сүреді Бұлар сөздікте сөздік мақаланың мазмұнына ене алмайды. Белгілі кон-
93
тексте ғана ұшырасатын сөздін келтіріңді мағынасы кашаңда әр автордың өзіндік ерекшелігін көрсетеді. Сондықтан да келтіріңді мағына әрдайым құбылмалы болады. Мысалы;
Көңіі қүсы қүйқылжыр шартарапқа
Адам ойы түрленіп ауган шақта (Абай).
Бұл күйдің мүндай суретін
Ой қүрықтап, тіл тауып
Айгпу, тіпті, қиынырақ (I. Жансүгіров).
Сенменің сезімімділапылдаттың,
Лапылдатып жүректің отын жақтың.
Мен сонда келешектің нүр келбетін
Арманның дүрбісімен жақындаттым (Т. Медетбеков).
Осындағы көңіл қүсы, ой қүрықтап, тіл тауып, арманның дүрбісі деген метафоралық қолданыстар әр ақынның өзіңдік колтаңбасын танытады. Соңдыктан да бұл төрізді метафоралар жалпыхалыктық е.мес, жеке колданыстағы (иңдивидуалды) ме-тафора деп аталады.
Метонимия. Өзара іргелестігі, шектестігі нәтижесіңде бір зат атауынын баска бір затқа атау болуына байланысты туатын ауыс мағына метонимия (ір. теіопушіа — өзгертіп атау) деп аталады.
Метонимия мынадай іргелестік, шектестіктер негізінде тууы мүмкін.
а) қимыл, өрекет пен оның нәтижесінің шектестігі: Мыса-лы, бояу, егеу, сайлау, жайлау, жабу, ою сияқты сөздер әрі кимыл атаулары, әрі зат атаулары болып, екі жақты кызмет аткарады. Бұлар аддымен іс-әрекет атауы болып қолданылған да, кейін сонын нәтижесі ретіңде заттык сипат алған. Мысалы: Өз үйінде ою оюламаган адам кісі үйінде кесте тігеді (мақал) дегеңдегі ою сөзінің заттық ұғымы сол сөз білдіретін іс-әрекетгің нәтижесінде туғаны сөзсіз. Сол сиякты түйегеқыста жабу жабу керек дегендегі алғашқы жабу деген сөз соңғы етістіктен кейін жасалған;
ә) зат пен оның ішкі мазмұнының шектестігі. Мысалы: Казан піскенше бәрімашина кәругекетті (Ғ. Мұстафин) дегеңдегі қазан тамақ (ет) орнына жұмсалып жұр. Мектеп сөзі бастау-ыш, орталау, орта дәрежелі білім беретін оку орнын да, соны-мен бірге сол оқу орны орналасклн үйді де біддіреді. Мысалы, Штаб қыстақ шетіндегі бүзылган мектепке орналасқан еді. (Б. Момышұлы);
б) материал мен одан жасалған заттың шектестігі. Мыса-лы: алмас сөзі қатты асыл металл ұғымын да, содан жасалған ♦өткір кару — қылыш» дегеңді білдіреді. Күндыз деп өзен-көдде
‘М
тіршілік ететін кішкентай анды да, сонымен бірге осы аңнын бағалы терісін де айтамыз. Қулан қырда, қүндыз суда (мақал);
в) жалқы есімдердін оларға қатысты қимыл-өрекет атаула-рымен байланыстылығы. Қазақ тіліңде кейбір кісі аттары мен жер-су атаулары жалпы есімге айналып, белгілі сөздердің контекстік синонимі ретіңде жұмсалады. Мәселен, Қарабай, Шыгайбай, Карынбайлар сарандықтың бейнесіңде айтылады. Асан қайгы — сары уайымға салынушьыыкты біддіреді. Қозы көрпеіа пен Баян сулу, Қыз Жібек пен Төлегендер — шынайы сүйіспеншіліктің бейнесіңде қолданылады. Белгілі контексте Алдар косе— айлакер, ку дегеннің, Қожанасыр — аңқау, аңғырт дегеннің синонимі ретіңде жұмсалады. Соңдай-ак, Жер үйық, Жиделі Байсын, Мысыр шаһары тәрізді жер-су атаулары да белгілі контексте жайлы қоныс, құтты мекенұғымынбілдіреді;
г) сапалық сын есімдер мен олардың заттанған мағынала-рының байланыстылығы. Мұны түсті білдіретін қызыл, ақ, кок, қара сияқты сапалық сын есімдердің затганған мағына-ларымен шектестігін айқын көреміз. Мысалы: қара сын есімі-нің затганған мағыналары мынадай: «қарайып кәрінген нөрсе, зат» — Үргызбаган соң алыста көрінген бір қараны қайыра қуды (Ғ. Мұстафин); «тірек, сүйеу» мәніңце — Алды-артында қара жоқ. Бүл кедей бізден коп пе еді (Қамбар батыр); «арамдық, зұлымдық» мәніңде — Көңілінде қара жоқ, ақ ниетпен, Тым жақсы дос балуга ыңгайласты (Абай); «өлікті аза тұтуда киетін қара жамылғы» — Бүткіл ауыл боп жылап, қатындар басынан қарасын алмай, бір' жыл бойына жоқтайтыны қайда? (Ә. Нүрпейісов); «қалың бұқара» — Ерназар қалмақтың қара-сынан емес, хан түқымынан екен (С. Мұқанов); «ірі қара мал» — Кедей баласына айттырган қыздың қалыңмалы ең көп дегенде он-он бесқарадан артпайды (С. Омаров);
д) автор мен оның шығармасының, болмаса шығарма аты мен оның ішкі мазмұнының байланыстылығы. Мысалы: Абай-да жалпы суреттеме (оқушының көз алдына белгілі бір суретті елестету) тәсілі күшті берілген (Р. Сыздықова). Бүл сөзді (сой сөзі туралы) қазақ жерінің екінші қиыры Аягөзде туып-өскен, бар өмірін сол өлкеде өткізген Дулаттан да кездестіреміз (Р. Сыздықова) дегеңде, Абай, Дулат есімдері арқылы олардын шығармалары еске алынып тұр. Елді сралап жургенде Қаюм «Манасты» алпыс күн айтқанын естиді (Ә. Марғұлан). Қазақ ^Едігесінде» күрес пен тартыстың осын-дай қайшылықты сырлары елес береді (Р. Бердібаев) дегеңде эпос кейіпкерлерінің есімі олар жайыңдағы жырлардың орнына қол-данылыптұр;
ж) іргелес заттық ұғымдардың шектестігі. Мысалы: Бір Абай
95
емес, биылгы жылы отырган бар агайын, көп ауыл тегіс қаралы (М. Әуезов) деғеңде ауыл — ел орнына, Квпей жеңгемнің к,олын сагынып жүрмін (Ғ. Мүсірепов) дегеңце қол — дәм, ас орнына; Ән салды қосылысып қыздардагы, Биікке алтыбақан қүрысып ап (Б. Майлин) дегеңде алтыбақан — осы атгас халық ойынының аты орнына кодданылып тұр;
з) жалқы есімдердің бір-бірімен шектестігі. Мысалы: Түс ауа Семейден шыга, Абай қайдасың деп тартып кеттік (газет-тен дегеңде) Абай — ақын атыңдағы ауданның атын білдіріп тұр. Абылай хан мен Толе бидің қиылысқан жерінде «Балалар әлемі» орналасқан (газеттен) дегенде белгілі тарихи қайраткерлердің аты олардын есімімен аталатын көшелердің орнына колданылып тұр.
Сннекдоха. Сөздерді ауыстырып қолдану аркылы көп мағыналы сөздер тудырудың бір тәсілі — синеқдоха (гр. зупек-Йосһе — бірге жобалап түсіну). Зат пен құбылыстың іргелес, шектес келіп, бір атауға ортактасып ауысып қолданылуы жа-ғынан синеқдоха метонимияға бір табан жақын тұрады. Мұн-дағы басты белгі бүгіннің орнына бөлшек, көпшенің орнына жекеше, жалпының орнына жалкы немесе керісінше алмасып айтылады. Ауыспалы мағынада қолданылған сөздерде астарлы мән, тартымды образ жатады. Синекдоха тәсілі сөздердің мағыналық жағынан түрленіп өзгеруіне үлкен ықпал етеді. Мы-салы: Сырдың бойынан, қырдың қойнынан өре түрегелген еңшең жалбагай тымақтар түс-түстан қалың қалга қосылып кетті (I. Жансүгіров). Топта отыргандардың көбіқатқан тондар, жал-ба жеңдер, арық пішіндер (Б. Майлин). Әуелгі байлық — денсау-лық, екінші байлық — ақ жаулық (мақал). Орамал тартқандар гана қимылдап, бөрік кигендер үй күшік боп отырса, қүдай да сүймес оны («Жұлдыз»).
Осыңдағы тымақ, тон, жең дегеңдер ездерінің тура ма-ғыналарынан басқаша айтылып бүтіннің бөлшегі ретіңде адам деген ұғы.мды бейнелеп тұр. Тымақ арқылы жиналғаңдар то-быр, кедей-кепшіктер екеңдігін бірден танытады. Ақ жаулық, арамал тартқандар дегеннен өйел қауымын түсінеміз. Бврік кигендер деген тіркестен ер азаматгарды түсінеміз. Мұңда ақын-жазушылар адамдарды киген киімдері арқылы суретгеуді олар-дың сыртқы көріністерін образды бейнелеудің ұтымдьі құралы етіп пайдаланған. Астарлы сөз, бейнелі мағына адам баласы-ның жан сезіміне күшті өсер етеді де, оны тез баурап алады. Совдыктан синеқцоха тәсілімен сөз мағыналарын озгерту амал-дары көбіне-көп көркем шығарма стилінде кездеседі.
Бүтіннің бөлшегі ретіңде қолданылатын сөздер де бірнеше контексте жұмсала жүріп, ақырыңца полисемияға (көп мағы-
%
налықка) айналатыңдары болады. Мәселен: іпуяқ деген сөзден синекдоха тәсілімен ауысып қолдану аркылы мынадай мағына-лар пайда божан: 1. Үсақ мал, қой, ешкі деген мағына. Бір Мыр-заханның қалында Бекбосынның отыздан аса туягы бар көрінеді. (К. Оразалин). 2. Малдың жалпы есебі, саны. Қазынага салмагы керек болса, маган туягы да керек (Ғ. Мұстафин). 3. Жалпы мал, түлік. Сыртылдап өрген туяқ, қаққан шоттай, Өк дейтін кетіп жатыр адам жоқтай (А. Тоқмағанбетов). 4. Үрпақ, тұқым, бала. Асылымнан қалган жалгыз туяқ деп, Асылбек деп атыңды взім қойып ем (Б. Майлин).
Көз деген сөзден де бірнеше мағына туып қалыптаскан:
1. Туған, туысқан, ет жақын. Жыласуга көз жақсы, сыйласуга жат жақсы (мақал). 2. Тұкым, ұрпақ. Сенен қалган жалгыз көз мына жатқан. Бул да жігіт болды енді (Ғ. Сыланов). 3. Не нәрсенің нақ өзі, өз басы. Сонымен Қазыбек бул жолы да шапқыншылыққа тускен балалармен қоса малдың көзі барының көзін, квзі жогының талық твлеуін алып қайтады (Шешеңдік сөздер). 4. Жалпы көпшілік адамдар. Енді барлық квз Байжанга қадалды (Ғ. Мүсірепов). Үкі деген сөз ең әуелі жапалақ тектес құстың атауын біддірсе, кейіннен оның үлпіддек өдәмі жүнін (қауырсынын) үкі деп атап кеткен. Қулжа деген сөз де бірде арқардың қошқарын біддірсе, бірде оның асығының аты ретінде айтылып жүр.
Тіліміздегі тутін, туңлік, шаңырақ деген сөздердің от басы, үй деген мағынасы, қал сөзінің өскер, жасақ деген ұғымы басыңда бүтіннің бөлшегі ретіңде ауыс мағынада жұмсалса, кейіннен олар түрақты мағынаға ауыскаңдығы белгілі. Жазу-шылар өз туыңцысыңца жалпыға тым танымал, үйреншікті сөз-дерді жиі қоддана беруден мүддем безеді. Ол үшін сол ұғымды басқадай жаңа тәсілмен бейнелеп жеткізуді мақсат етіп қояды. Мәселен, бас, жан, жақ, таңдай, сақал, көмей, жемсау, ми, қол, қулақ, мурт, қабақ, ауыз, тус, бет, жуз, журек, аяқ, білек, қарын, пішін дегеңдер белгілі контексте бүтіннің бөлшегі түріңце келіп, адам, кісі деген жалпы ұғымды біддіре береді. Бұлар көркем шығармада тартымды сөз түріңде қолда-нылып, айшықты көріністер жасауға негіз болады, бейнелі экспрессивті-эмоциялық мән тудырады.
Сөз мағынасының ауысуыңдағы жоғарыда айтылған тип-тердің халық тіліңде алатын орны бірдей емес. Олардың бір-қатары — жиі қайталап отыратын, тұгас қауым қабыдцап, дағ-дылы сипат алған мағыналар. Сөз мағынасы ауысуының мұңдай түрлерін узуалды (лат. ш — әдетгегі, дағдылы) ауысу дейміз. Бұған тілдік метафоралық ауысудың, содан туған көп мағыналықтың сөздікке енетін түрлері жатады.
4-3312
97
Ал сөз мағынасы ауысуының сөйлеу үстіңде, көркем шы-ғармада, жеке авторлық сөз қолданыста туған метонимиялық, синеқдохалық түрлері әдетте тілдің сөздік жүйесіне енбейді. Олар үнемі қайталап отыратын дағдылы ауыс мағыналар болмағаңдықтан, окказионадды (лат. оссазіопаііз — тосын, кез-дейсоқ) мағыналар деп аталады.
§ 18. Сөздіц көп мағыналығы
Тілдің байлығы мен даму дәрежесі сөздік қүрамдағы сөздердің саны көп болуымен ғана өлшеніп, мөлшерленіп қой-майды, сонымен бірге ондағы сөздердің семантикалық байлығымен де белгіленіп отырады. Дәлірек айтқаңда, тілдің дамуы сөздік құрамдағы сөздердің санымен де, сапасымен де өлшенеді. Сөздің сапа жағынан дамығаңдығын көрсететін бірден-бір белгі — сөздің көп мағыналығы. Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналығы (полисе-мия) дейміз. Сөздің көп мағыналығы — негізіңде сөздік қордағы сөздерге тән қасиет. Неге десеңіз, бұлар — ұзақ жыддар бойы өмір сүріп, тілде жана сөз, тың мағыналар жасауға ұйтқы бо-лып келе жатқан байырғы тума сөздер. Соның нәтижесіңде сөздік қордағы сөздер сан жағынан да, сапа жағынан да қарыш-тап дамып тұрақтанып әбден қалыптасқан. Сондықтан да бұлар көп мағыналы болып кездеседі. Сөздік қордағы сөздер ең алғаіпқы пайда болған кезіңде аз мағыналы болғаңдығы байқалады. Кейін талай заман өткен сайын, олар бұрынғы меншікті бір мағынасының үстіне жаңадан бір я бірнеше қосымша туыңды мағыналарға ие болған. Мәселен, қанат алғашыңда құстар мен шыбын-шіркейлердің ұшып-қонатын дене мүшесін білдірген. Онан кейін балықтың жүзу мүшесін, киіз үйдің керегелерін (алты қанат ақ арда), арба-шананың үстін кеңейту үшін салынған ағашты (қанаты жоқ иіанага швп аз сияды), Кеңес өкіметі тұсыңда ұшақтың қанаты және белгілі бір нөрсенің орналасқан шебі, екі жағы (футбол алаңының оң жақ, сол жақ қанаттары т.б.) мағыналарын біддіріп, көп мағыналы сөзге айналды.
Сөзге қосылған жана мағына басқа жақтан келіп, өз-өзінен жамала қалмайды. Әрбір жаңа мағына әр сөздің білдіретін мағынасының айрықша қасиетінен, түрліше сыр-сипатынан келіп шығады. Сөз өзінің біддіретін затын, кұбылысын бар-лық қасиетімен толық бірден қамтьш, суреттеп бере алмайды. Егер сөз өзінің білдіретін ұғымын барлық ерекшеліктерімен түгел жинақтап, бірден көрсеткен болса, оңда сөз ауыспалы мағынада айтылмаған болар еді. Ал сөз ауыспалы мағынада
98
жұмсалмаған болса, оңца тідде көп мағыналы сөздердің кездеспеуі мүмкін. Адам өмір піыңдығын уакыт озған сайын біртіндеп тани берген. Заттың бойындағы барлық ерекше белгілерді біліп болғаннан кейін барып, ұғым дерексізденеді. Оларды білмей, меңгермей тұрып, белгілі сөздер ауыспалы мағынада қодцанылмайцы. Адам бір затты алғаіи кәргеңце, ең алды.мен, оның сыртқы қаснеттерімен танысады. Сол қасиет-тер кісінің сезім мүпіелеріне әсер етіп өзінің ізін қадцырады. Адамның санасыңдағы белгілі бір зат туралы түсінік басқа бір затпен де ұксасып, байланысып тұрады. Соның нәтижесіңде екі заттың не сапасыңда я болмаса атқаратын кызметіңде жал-пы ұксастық пайда болады. Сол ұқсастыктың негізіңце адам-дар ұксас келген екі я бірнеше затты бір атаумен атайтын болған.
Мәселен, судың асты мағынасыңдағы түп сөзінің қазіргі қазақ тіліңде мынадай мағыналары бар: 1. Бір заттың төменгі, ішкі қабаты (ыдыстың түбі). 2. Өсімдіктің жер астыңдағы бөлігі (томардың түбін қопардыкд- 3. Өсіп тұрған немесе қазып алынған өсімдік (бестүп отьргыздық). 4. Түкпірдегі, шеткі (түп бвлмеде отыр). 5. Адамның шыкқан тегі, арғы заты (Мен сал керей ішінде сіңген аз атаның баласы едім, түбім қызай) (М. Әуезов). 6. Бір нәрсенің жаны, қасы (Мэскеу түбінде фа-шистер талқан балды).
Сөздің негізгі мағынасы белгілі бір шыңдыкқа байланыс-ты жалпы тарихи практиканың негізінде жасалады. Сөздің ту-ыңды қосымша мағыналары тілдік фактілердің негізінде ойлау қабілетіне сүйеніп қолданудан кейін шығады. Өмірдегі танылған әрбір ұғым жаңа атаумен атауды керек етеді. Ең алғашқыда бір сөз бір ғана ұғымды я құбылысты біддіру үшін жұмсалған болса, кейіннен ол әдденеше ұғымды білдіру үшін қолданыла-ды. Бұған, біріншіден, адам баласының өмір зандылығын терең тануы, білуі, сезінуі әсер еткен болса, екіншіден, оның мағына жағынан қорланып дамуына, оның алғашқы тура мағынасы негіз болған. Мәселен, адамзат пен жан-жануарлардың көру мүшесін коз деп атаймыз. Сонымен қатар иненің көві, есіктің көзі, тперезенің көзі, күннің көзі, бүлақтың козі деп те қодданамыз. Түптеп келгеңде, осылардың семантикалық жағы-нан байып көбеюіне себеп болған сөздің ең алғашкы атауыш (еркін) мағынасы екеңдігі даусыз.
Сөздің семантикалық кұрылысы неғұрлым күрделі әрі бай болса, соғұрлым олардың (көп мағыналы сөздердің) тілдегі ат-қаратын кызметі де күшейе бермек. Әсіресе көп мағыналы сөз-дер сөздік құрамдағы синонимдердің көбеюіне үлкен ыкпал етіп отырады.
99
§ 19. Омонимдер
Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің сырткы формасы жағынан бір-біріне ұксастығы бар. Сөздердің дыбыстық құры-лымы жағынан бұлар нақ бірдей деуге болады. Омонимдер мен көп мағыналы сөадердің бір-бірінен өзгешелігі тұлғасыңда емес, мағынасыңда жатыр. Көп мағыналы сөздердің екі я одан да көп мағынасы болады. Бірақ бұлар әр сөз табына емес, бір ғана сөз габына қдтысты. Соңдықтан да көп мағыналы сөздердің бір негізден (тура мағынадан) шыққаңдығын мағыналардың өзара жақындығынан, ұксастығынан бірден танып білуге бола-ды. Мәселен, майда тас, майда швп дегеңцерден ұсақ, уак дегенді ұксақ, майда ун, майда свз дегеңдерден жұмсақ, биязы дегеңді түсінеміз. Ал мінезі майда дегеннен сыпайы, жайдары дегенді аңғарамыз. Бұл мағыналар бір ғана сөз табына қатысты болып, бір негізден тарағандығы ап-айқын білініп тұр. Бір сөздің әдденеше мағынасы тіліміздегі ауыспалы мағына туды-рудьін белгілі бір тәсілі (метафора) арқылы жасалғаңдығын бу іай танимыз.
«имдер біркелкі дыбысталып айтылатын, бірак ұғымы бас.ч. ^асқа сөздер тобын білдіреді. Бұлардыңбілдіретін ұғымы бір сөз табына да, әр сөз табына да қатысты болып дараланып, бөлініп-жарылып тұрады. Мағына жағынан әр ұғымнын өзара жақындығы, ұқсастығы мүддем сезілмейді. Қайта бір-біріне соншалықтыалшак, кереғар екеңдігі аңғарылады. Мысальи Ара 1. Ағаш кесетін жұқа темірден жасалған құрал. Ара II. Гүл шырынынан бал жинайтын қанатты жөңдік. Ара Ш. Екі орта, аралық (екі ауылдың ортасы). Ана I. Туған шеше. Ана II. Сілтеу есімдігі (ана жак,, ана жылы, ана бала). Айт I. Діни мейрам. Айт II. Сөзбен ой-пікірін біддіру, сөйлеу, деу. Айт III. Итгі айтақтап қосу үшін айтылатын одағай.
Соңда омоним дегеніміз түрлі себептермен, цыбысталуы бірдей, бірак мағыналары басқа-басқа сөздер болып шығады. Көп мағыналы сөздер омонимнің барлықтүрімен тығыз байла-нысты. Тіддің даму барысыңда сөздің мағынасыңда түрлі-түрлі өзгерістер болып жатады. Сөз семантикалық жақтан үздіксіз дами келе, мағыналық шеңберін соңшама кеңейтіп әр мағына бір-бірінен өзара алшақтай бастайды. Бара-бара ондай мағыналардыңбір негізден шыққаңдығы мүлде.м ұмтылып, тұл-ғасы бірдей, бірақ мағынасы ұйлеспейтін омоним сөздер сияк-ты дербес өмір сүре береді. Міне, осыңдай шығу тегі, жасалу тұрғысынан полисемия құбылысымен белгілі бір байланысы бар омонимдер ғана көп мағыналы сөадермен өзара ұштасып, бір-бірінен ажыратып бөлуге келгеңде қиындық тудырады.
100
Мәселен, малдың көктемде қырқылатын (не түсетін) жүнін қазақ жабагы дейді. Сонымен қатар алты айдан асып, қыска іліккен кұлывды да жабагы деп атаған. Осылардың шығу тегін іздесек, сөз жоқ, белгілі бір ұксастықты табуға болады. Алай-да, мұндай байланыс қазіргі кезде әбден қашықтап жоғалған, ұмыгылған. Бұлардын бір негізден таралғаңдығы жай көзге қазір байқалмайды да. Сондықтан мұңдай сөздерді көп мағыналы сөздер тобынан шығарып, омонимдер тобына қосу тілде төжірибеге айналған. Тіл біліміңде полисемантизмді омоним-дерден ажыратудын бірден-бір жолы мағыналык байланыс-тын сақталуы мен сақталмауын негізп тірек ету болып санала-ды. Егер мағыналардың арасында семантикалық байланыс тақа үзілмей, қалайда сезіліп тұрса, онда мұндай мағыналар бір сөздің өр түрлі мағынасы ретіңде қаралып, көп мағыналы сөз деп танылады. Ал егер мағыналардын арасыңдағы семантика-лық байланыс біржола үзіліп, әр мағына өзінше дараланып, бір-бірінен ажыраған болса, ондай сөздер омонимдес сөздер деп қаралады. Әдетге, бір адамның омоним деп таныған жеке бір сөзі екінші біреуге омоним болып көрінбейді де, іс жүзіне келгенде әр түрлі талас пікіряер туып жатады. Сөздің ма-ғынасына қарап, бірде омоним немесе бірде көп мағыналы сөз деп танудың өзі кейбір күрделі сөздің бірде бөлек, бірде бірге жазылғаны сияқты шартгы түрдегі ұғым. Қазак тілінің түрлі сөздіктеріңде, сонымен қатар кейбір зерттеу еңбектерде ай де-ген сөз бірде омоним, бірде көп мағыналы сөз ретінде қара-лып, екі түрлі түсівдіріліп келеді1. Демек, бұл сөздің мағына-лары өлі күнге тиянақталмағандығын байқатады.
Қазак тіліңдегі омонивдердің жасалуының әдденеше амал-тәсілдері бар, солардың ішіңдегі негізгі жолдары мыналар:
1. ТІлдегі көп мағыналы сөздердің есебінен сөздің семан-тикалық жақтан дамуы арқылы келіп шыққан омонивдер. Бұл тіліміздегі ең өнімді тәсіл. Мағыналарынын бір-бірінен алшақ-тап дамуы нәтижесіңде шыққандықтан, омонимнің мұңдай түрлерін лексикалық тәсіл арқылы жасалған омонимдер дейміз. Мыслы: Жал I. Жан-жануардын желкесіне шыққан қыл. Жал II. Үзыннан ұзақ созылып жатқан белес, қырқа. Кок I Көгерген түс. Көк II. Аспан, өуе. Көк III. Көгеріп шыққан әсімдік. Жылы I. Ыстык пен суықтың аралық қалпы, кан жылым. Жылы II. Жылы қалыпқа келу, жылыну. Ық I. Жауын-шашынның өтінен қаға беріс жер, ықтасын. Ық II. Жауын-шашынға қарсы бетте-
1 Қазақ тілінін тусіндірме сөздігі. I том. Алматы, І974; I. Кецесбаев, Ғ. Мусабаев. Қазіргі қазактілі. Лексика, фонетика. Алматы, 1975, 53-бет. К. Аха-нов. Тіл білімінің негіздері. 1973,143—143-беггер.
101
меу, соның ағынымен жүру. Кундақ 1. Жаңа туған жас балаға арналған төсек-жабдық. Кундақ II. Мылтықтың ұңғысын орна-татын іші қуысталған арнаулы ағаш. Көз көрмей квздегенмен не гып тисін? Болганмен қыран мылтық, тузу қундақ («Айтыс»). Сөздің осындай мағыналық жақтан дамуы арқылы омонимдердің келіп шығуы тілдегі сөз тудырудың бір тәсіліне жатады.
2. Сөздердің фонетикалық өзгерістерге ұшырап, дыбыстық құрамы жағынан бірдейлесуі арқылы жасалған омонимдер. Тіл-дегі сөздер мен оның грамматикалық құрылысының ертедегі қалпы мен қазіргі күйі нақ бірдей болған деуге келмейді- Дәл бүгінге дейін олар не қилы даму проиестерін бастан кешірген. Сан алуан фонетикалық өзгерістердің нәтижесіңде кейбір сөз-дер ең өуелгі дыбыстық тұлғасын жаңартып, баскадай сөздер-мен дыбысталуы жағынан үйлесіп келген де, омонимге айнал-ған.
Тілдің даму барысыңда осыңдай өзгерістерге ұшыраған әрбір омоним сыңарларын айқындай отырып, солардың өз-геруіңдегі зандылықтардын сырын ашу қажет.
Қазақ тіліңдегі атқа салатын ф сөзінін бастапқы дыбыста-лу қалпы егер болған, онан кейінгі тілдің даму барысында сөз ортасындағы г дыбысының сусып түсіп калу салдарынан, егер сөзі ер формасыңда ауысқан.1 Осылайша сөздік құрамда өмір сүріп келе жатқан еркек, батыл, күйеу ұғы.мыңда жұмсалатын ер деген сөзбен бірдей бо.тып айтылып, омоним жасалғаңдығы белгілі.2 Сол сияқты «бала табу» деген мағынадағы ту етістігінің көне тұлғасы тог, дог болған, матадан істелген «бай-рак, жалау» мағынасындағы ту зат есімінің көне тұлғасы туқ, туг екендігі, ал тумаған, төлдемеген, балаламаған деген ұғымдағы ту сын есімнің көне тұлғасы тун, тул — болғандығын зертгеушілер сөз етіп жүр. Сонда бір замандағы дыбысталуы үш түрлі сөз өзгере, дами келе кейінгі уақытта біркелкі ды-бысталып омонимге айналып кеткендігі байқалады. Мұнымен қабат туу деген одағайда ту болып қыскарған. Ту баста, ту сонадан дегендегі ту сөзі де омонимдік қатарға қосы-лып тұр.
Қазақ тіліндегі ас, қыс, бас, қус деген зат есім мағына-сыңдағы сөздер өзге туыстас түрік тілдерінің көпшілігіңде аіи, қыш, баш, қуш болып айтылады. Тарихи тұрғыдан қарағанда, түрік тіддеріңдегі тіл алды ш дыбысына аяқталған сөздердің
1 ф-дің егер турінде айтылуы қазақ тілінің кейбір оңтүсгік говорларыңда осы кунге шейін сакталып қалған, ср. егфлеу, ерттеу, егершік — (ршік.
2АханоеК. Кдзақтіліндегіомонимдер, 1958,50-бет.
102
вариангы бұрын шыққан да, тіс дауыссызы с дыбысына аяқтал-ған сөздердің варианты конвергенция құбылысының нәтиже-сіңце кейін пайда болған. Қазак тілінде ш дыбысының с дыбы-сына айналуы бірқыдыру жаңа омонимдік қатардың тууына негіз болғаңдығын көреміз. Мәселен, жоғарылағы ас, қыс, бас, қус деген затгық ұғымдағы сөздер өздеріне ұксас, дыбысталуы бірдей етістік сөздермен әрдайым омоним болып жұмсалады. Қазақ тіліңде екі адам бір есімге ортак болып келсе, екеуі адас болады. Адас деген сөз аттас деген сөздің конвергенциялық өзгеріске ұшырауынан пайда болғандығы сөзсіз. Бұл сөз «жалгыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас» (мақал) дегендегі адас деген ьтістікпен омонимдік топ құрып тұр. Де-мек, фонетикалық өзгерістің негізіңде жасалған омонимдер тілімізде аз емес екеңцігі аңғарылады.
3. Аффикстер жалғану арқылы жасалғаи туыңды омоним-дер. Түбір сөзғе әр түрлі қосымшалар қосылу нәтижесінде пай-да болған омонимдер туыңды омонимдер делінеді. Туыңды омо-нимдерге біздің тіліміз өте-мөте бай. Бұлар мына сияқты өнімді жұрнақтар аркылы келіп шыққан: а) Омонимдер-мд,-л/е,-на,-пе,-ба,-бе жұрнақтары арқылы жасалған. Мысалы: Айналма I Көшенің бұрылатын жері, бұрылыс. Жарқ етіп айналмадан шыга келді. Көңілі тасыгандай алып ушып (И. Байзақов). Айналма II. Мал ауруы, делбе. Айналмамен ауырган малдың басын итке тас-тамай, жагып жіберу керек (Ә. Әбішев). Баспа I. Газет, жур-нал, кітап басып шығаратын орын, мекеме. Республикада баспасөз бен баспа ісін жақсартуга багытталган едәуір жүмыс істелді («Соц. Қаз.»). Баспа II. Тамақ ауруы. Тамагы баспа болып ауырган адам суық тамақ ішпеу керек (ауызекі тіл).
ә) Омонимдер-ыс,-й:,-с жұрнакгары арқылы жасалған. А тыс I Ғрыс, соғыс. Би, болыс арыздасып, бездімөрден, Баспашы ата-ман да атыста елген (Д. Еркінбеков). Атыс II. Жанжал салып, төбелесу, қырқысу, соғысу. Он сан ногай бүлгенде, Орманбет хан өлгенде, қырық жылдай атысқан, Кызыл қанга батысқан (Жамбыл). Тігіс I Жіппен тігілген, жіп жүргізген жер. Етіктің тігісін сыртына қаратып, былгарыдан тікті (Қазақ ССР тари-хы). Тігіс II. Тігуге қатысу, араласу. Көрші ауылдың қыз-келіншектері келіп үй тігісті (ауызекі тіл).
б) Омонимдер-ыл;,-іқ-қ,-к жұрнактары арқылы жасалған. Қарық I. Мал жайылатын шөбі мол жер. Карыққа жайылган мал боранды аса елей қойган жоқ. (С. Бегалин). Корық II. Үрей-лену, зәресі ұшу. Су ішкелі бір өгіз борып еді бүлаққа, Бақалар қорқып тарбақтап, Кашып шықты әр жаққа (Абай). Ашық I. Аузы жабылмаған, төбесі жоқ. Кабылдау залының тобесі ашық (М. Әуеэов). Ашық П. Қарны ашу, тамақган тарығу. Алыңдар,
юз
куні бойы егісті аралап, ашыгып қалдыңдар гой! (С. Бақбергенов). Желік I. Көңіл көтерушілік, есірушілік. Коңілге желік кіргеннен кейін мен Ғаббасқа тіпті соқтыгымпаз болып кеттім (С. Мұқанов). Желік II. Денеге бөртіп шыққан ұсақ-ұсақ бөрткен. Денеме желік іиыгып, тунімен қышып уйықтатпады (ауызекі тіл).
4. Өзге тілдерден ауысқан сөздердің қазақтың төл сөздері-мен дыбысталуы бірдей болуының нәтижесіңде пайда болған омонимдер.
Қазақ тілінде араб-парсы және орыс тілдерінен ауысып кел-ген кыруар кірме сөздер бар. Солардың кейбіреулері өздерінің түп нұсқадағы дыбысталу қалпын өзгертіп, ана тіліміздегі бұрыннан келе жатқан қайсыбір сөздермен дыбысталу жағынан бірдейлесіп, омонимдер жасалған: а) Араб жөне қазақ сөздерінен жасалған омонимдер. Мысалы: арабтың күш, жігер мағынасыңдағы қайрат (гайрад) сөзі қазақ тіліңдегі қайрат (пышақты) етістігімен түр-тұлғасы бірдей келу нәтижесіңде омоним жасалған. Дырықтың бірі қыдыр (мақал) дегендегі қыдыр (хызыр) — араб сөзі. Бұл сөз қазақтың ел қыдыру дегеңдегі қыдыр етістігімен дыбысталуы бірдей келу садцары-нан омоним паЦда болған. Мекеге барып, пірге қол тапсырып келген адамдарды қажы дейміз. Кажы — арабтың хажи деген сөзінің өзгерген түрі. Бұл сөз «Кар тепкенге қажымас қай-ран жылқы» (Абай) дегеңдегі қажы етістігімен түр-тұрпаты бірдейлесіп, омонимге айналған.
ө) Парсы және қазақ сөздерінен жасалған омонимдер. Мы-салы: Біреуге деп кор қазба, озің тусесің (мақал) дегеңцегі кор парсының гөр деген сөэінін өзгерген түрі. Бұл сөз «Калқамның нусқасын, Көр козім, бір кенел» (Абай) дегеңдегі көр етістігімен дыбысталу жағынан үйлесіп, омоним жасалған. Сол сияқты парсының өуен, ырғақ мағынасыңдағы саз деген сөзі қазақ тіліне енген. Әнге кейде сазбен, кейде сөзбен қосылып отыр ел (Ә. Сорсенбаев). Бұл сөз қазақтың батпақ, лай, балшық мағынасыңцағы саз деген сөзбен тұлғалас келіп, омоним жасаған. Соңдай-ақ, мекен, орын мағынасыңдағы жай сөзі пар-сы тіліңдегі джай деген сөзден алынған. Үлықтар жататын жай уш уйден қуралган (М. Әуезов). Бұл сөз қонақтарга дастарқан жайды, қол жайды дегеңцегі жай етістігімен дыбыс-талу жағынан омонимге айналып кеткен.
б) Орыс және қазақ сөздерінен жасалған омонимдер. Мы-салы: өгіздің мойнына салатын мойынтұрық, мойынағаш де-ген мағынадағы жарма орыстың ярмо деген сөзінің өзгерген түрі. Шу-шумен жармадагы егіздфін Алдырды анда-санда өгіз демін (Д. Әбілев). Бұл сөз қазақтың жармалаган бидай, арпа дегеңцегі
104
жарма сөзімен дыбысталу жағынан бірдей келіп, омоним жасалған. Сол сияқты ат айдаушы, атшы деген мағынадағы квшір сөзі орыстың кучер деген сөзінен алынған. Сеңсең тонда-рына оранып, шана ііиінде қалгып отырган брен-саран кошірлер де байқалады <М. Әуезов). Бұл сөз Орыс шаруаларын Казақстан жеріне көшіре бастады (С. Көбеев) дегеңдегі кешір етістігімен тұлғалас келіп, омонимге айналып кеткен. Сондай-ақ, орыс-тың валостъ деген сөзі қазақ тіліңде болыс болып өзгерген. Мәз балады болысың, Арқага улық қаққанга, Шелтірейтіп арысың, Шенді шекпен жапқанга (Абай). Бұл сөз Ерден апасына болысып, уйдің керегесін жайысты (С. Бегалин) дегеңдегі балыс етістігімен дыбысталу жағынан үйлесіп, омоним жасалған. Су ағызатын жыраны орыстар арцк дейді. Бұл сөз қазак тілінде арық болып, к дыбысы қ дыбысына айналып өзгерген. Колхозшылар суды Шу өзенінен тартқан арықтан ішеді (С. Мұқанов). Сол өзгерістің нөтижесіңде Арық атқа қамшы жау (мақал) дегеңдегі арық деген сын есіммен бұл екеуі омонимдік топ құрған.
Тідде екі сыңары да кірме сөздер арқылы жасалған омо-нимдер де кездеседі. Мәселен, кемеңгер, данышпан мағына-сындағы дана сөзі мен орысша экземпляр деген ұғымдағы дана екеуі де парсы тілінен ауысқан. Бау-бақша әсіретін бақ пен бақыг ұғымындағы бақ деген сөздер араб тілінен келген. Орыс тілінен ауысқан салтанатты ойын-сауық ұғымындағы бал мен арабтан енген бал (бал ашу дегендегі) бір-біріне омоним бо-лыптұр.
Сөйтіп, қазак тіліндегі омонимдер сөздін мағыналық да-муы арқылы, дыбыстық өзгерістер арқылы, сөзге омонимдес аффикстер қосылу арқылы, сонымен қатар кірме сөздердің қазақтың төл сөздерімен үндесіп жақындасуы нәтижесінде жа-сала беретіндігін көрдік. Қазақ тіліндегі омонимдер мағыналары мен формаларына қарай: лексикалық омонимдер, лексика-грам-матикалық омонимдер және аралас омонимдер болып үшке жіктеледі. Лексикалық омонимдер тобыңдағы сөздер бір ғана сөз табына қатысты болады да, барлық жағдайда бірыңғай тұл-ғаға ие болып тұрады. Мысалы:
Кеден 1 Зат есім. Шет елге апара жаткан ңемесе шетелден әкеле жатқан тауарларды тексеретін орын.
Кеден П Зат есім. Үрыс-керіс, қақтығыс, қиындық. Ке-ден-кеден болды, кедергі неден болды (мақал).
Бауыр I. Зат есім. Адамзат, жан-жануардың ас қорыту, қан тарату қызметін атқаратын ішкі мүшесі.
Бауыр П Зат есім. Бірге туған қаңдас, ағайыңдас адамдар.
Лексика-грамматикалық омонимдер тобыңдағы сөздер әр сөз табына қатысты болғандықтан, түбір тұлғасыңда омоним
105
болады да, қалған уақытга әр сөз өзіне тән тұлғаларға түрленіп, өзгеребереді. Мысалы:
Бөле I. Зат есім. Бірге туған апалы-сіңілі адамдардан туған балалардың арасыңдағы туыстық қатынас атауы.
Бвле II. Етісгік. Жас баланы бесікке жатқызып құңдақтау.
ЗатыІ. Зат есім. Бір нәрсенің негізгі мөні, мазмұны. Сіздің затыңыз кім балады? Кай жердікісіз?—деді(С. Сейфуллин).
Заты II. Үстеу. Тегіңде, негізіңде, сірә. Заты крлга тускен біреудің к,ару-жарагы балса керек (С. Талжанов).
Аралас омонимдер жоғарыдағы екі топқа жататын омоним-дердің қасиетін бірдей қамтиды. Аралас омонимдер әдетге көп сыңарлы болып келеді. Мысалы:
Кур I Зат есім. Киіз үй жабдығы.
II. Зат есім. Таулы, ормаңды жерде тіршілік ететін жабайы құс.
Кур III. Үстеу. Бекер, бос, текке, жат, әшейін.
Кур IV. Етістік. Бір нәрсенің негізін салу, орнату.
Кур V. Одағай. Жылқыны шакырғаңда не токтатарда ай-тылатын ишарат сөз.
Түсіңдірме сөздіктерде қор сөзінің 3 түрлі, жаз сөзінің 6 түрлі т. б. аралас омонимдік мағыналары көрсетілген.
Лексикалық омонимдерге үқсас баска тілдік күбылыстар. Солардың бірі — омофондар (гр. һотоз — бірдей, рһопе — дыбыс, дауыс). Омофон дегеніміз айтылуы бірдей, бірақ жазылуы өр түрлі сөздер. Егер омоним-дер айтылуы да, жазылуы да бірдей, бірак мағыналары басқа сөздер болып келсе, ал омофоңдар тек айтылуы бірдей болған-мен, шын мәніңде омоним емес сөздер, соңдықтан олар жазу-да әр түрлі таңбаланады. Тіл біліміңде омофоңцардың шын мәніңде омонимдер еместігі ескеріліп, олар кейде жалған омо-нимдер, кейде сөздердің айтылуыңдағы ұқсастығына қарап фо-нетикалық омонимдер деп аталады. Мысалы: көнбе және камбе сөздерінің омофоңдық сипатына тоқталық. «Біреудің ыңғайы-на көшпеу» мәніңдегі болымсыз етістік көнбе сөзінің түбірін-дегі н дыбысы өзінен кейінгі б дыбысының ықпалымен м болып өзгеруі нәтижесіңде көнбе сөзі көмбе болып айтылады. Сөйтіп, ол «меже, мөре» мәніңдегі көмбе сөзіне айтылуы жағынан ұқсап, омофон болып тұр. Сол сияқты балады сөзі ауыз екі тілде балат болып, тузшы, асшы сөздері ащы, тущы болып айтылып, балат (қатгы асыл металл), дәмді білдіретін ащы, тущы сөздерімен омофон жасап тұр.
Омофоңдар тек жеке сөздердің айтылуындағы ұқсастықтан басқа/жеке сөздер мен сөз тіркестерінің айтылуыңдағы ұқсастықтан да туады.
106
Мысалы:
Ол үлкен театрда отыргандай, Үнінен найзағайдың оты ургандай (X. Ерғалиев). Жайлаған күйге жомарт, сараң жақты, Кім білмес «Адай», «Серпер», «Сарынжапты». Алты хат Арабстан ферузасын
Айқара осынау бір сарын жапты (сонікі) Науқас жан айпы мұны ентігіп-ақ, Ойда жоқ еңдігі сор, ендігі бак, (сонікі).
Омонимге ұксас кұбылыстардың еңді бір түрі — омограф-тар (гр. һотоз — бірдей, %гарһо — жазу). Омограф дегеніміз жазылуы бірдей болғанымен, айтылуы бірдей емес сөздер. Олар-дың айтылуындағы айырмашылық негізіңде екпінге байланыс-ты. Мысалы: зат есім алма мен болымсыз етістік аиш-ның жазылуы бірдей болғанмен, алғашкысын айтқанда екпін екінші буынға түсіп, олардың айтылуы бірдей болмай тұр. Ср. зат есімдер салма, көрме, керші сөздері мен етістіктер салма, корме, карші сөздерінің арақатынасы да осыңдай.
Омонимдер және оларға ұксас омофондар, омографтар белгілі бір контексте, әсіресе өлең сөздерде ой ойнақтылығын туғызады. Ақын-жазушылар оларды әзіл-қалжың, каламбур жасауға пайдаланады. Мысалы: текстердегі асты сызылған омонимдік қатарларды салыстырамыз:
Айналасын жер тұтқан, Айды батпас демеңіз. Айнала ішсе таусылмас Көл суалмас демеңіз (Бұхар жырау).
Менің атым к,ой,
Қойшынды таңдап к,ой, Қойшынды таңдап қоймасаң, Қой жинауынды қой (ауыз әдебиетінен).
Қалкам, жаным, қарагым,
Бетіңе келмес қарагым (С. Торайғыров) Дәмді аспен қарным тойса деген арман, Мұршам жоқ ой ойлауға онан арман (сонікі)
Бірақ Курымбай туқымынан балыстық кетпей, елге бостандық бала қояр ма екен. Соган қараганда, осылардың «хурияты» (араб-ша «азат», бостаңдық, еркіңдік») қур уят бола ма деп қорқам (С. Мұқанов).
107
§ 20. Сннонимдер
Сөздін. дыбысталуы мен мағынасы жағынан салыстырып қарағаңда, синонимдер омонимдерге карама-карсы тұрған лек-сика-семантикалық тілдік кұбылыстар. Омонимдер ұғымы баска, дыбысталуы бірдей бірнеше сөз тобын біддірсе, сино-нимдер, керісінше, ұғымы бір, әр түрлі дыбысталып айтыла-тын сөздертобын қамтиды. Синонимдер бір ұғымды біддіретін-діктен, олар тек бір ғана сөз табына қатысты болады. Сино-нимдер мен омонимдердің қатарына енген сөздердің сан мөлшері де ала-құла. Қазақ тіліңде омонимдік қатарға енген сөздін саны негізіңде 4 — 5 тен аспайды. Ал синони.мдік ка-тардағы создердің саны кейде қырықтан да асып жығы-лады.
Синонимдер мынадай белгілеріне карай топтастырылады. 1. Сөздін дыбысталуыңда аз да болса, тұлғалық өзгешелігі бо-луы кажет. 2. Сөздер бір ғана ұғымды біддіруі қажет. 3. Сөздер бір ғана сөз табына қатысты болуға тиіс. Бұл үш белгі — сөздерді синоним деп танудағы басты шарт. Сонымен қатар бір сөз табынан болған синонимдер бірыңғай грамматикалық тұлғада келіп, контексте бірін-бірі алмастырған жағдайда бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқаруы синонимдердің косым-ша белгісі болып табылады. Дыбысталуы әр баска болғанымен, мағынасы жақын сөздер синонимдер делінеді.
Синонимдер сөздердің жалпы мағыналық бірлестігіне карай топтастырылады. Яғни сөздер бір ғана ақиқат шыңдықты көр-сетіп, бір ғана ұғымды білдіретіңдіктен, олар синоним деп та-нылады. Синонимдік катардың мағыналық бірлігі сөздерді өзара жақындатып салыстыру үшін ғана емес, сонымен қатар олар-ды бір-біріне қарсы қойып ерекшелеуге де негіз болады. Си-нонимдер бір ғана ұғы.чды білдіреді дегеннен олардың мағы-насы нақ бірдей, әр уақыгта олардың мағынасы тепе-тең бо-лып тұрады деген сыңар жақ ұғым тумаса керек. Сөз бен сөздің мағыналық байланысы алыс та, жақын да, тікелей де, жанама түрде де бола береді. Алыстың да алысы бар, жақынның да жақыны болады. Сөз мағынасының жақындығы деген де тым кең ұғым. Мәселен, той — мейрам — мереке — думан — тама-ша дегеңдер адам баласының қуанышы, қызықты күндерін біддіреді. Бұларды іштей «жалпыхалықтық қуанышты күндер» (мейрам-мереке) және «жеке отбасының немесе бір ауылдың қуанышты күңдері» (думан-тамаша) деп екі топқа бөлуге бо-лады. Мұның ішіңдегі той деген сөз қуанышты күңдердің екі тобына да жалпылама айтылады. Өйткені бұл сөз кең мағынада да, тар ұғымда да жұмсала береді. Мысалы: Халық Абай тойын
108
қызу қарсы алуга әзір отыр немесе Әшімбек баласының уйлену тойына дамындық жасап жатыр леуімізге болады.
Сол сиякты семіру — іиелдену — майлану — тойыну — жуан-дау — толу — қоңдану дегеңдер жан-жануарлардын арық күйден семіз күйге айналғаңдығын білдіретіңдіктен, синоним деп та-нимыз. Бұларды да мағыналық жақындығына қарай екі жікке бөліп қарауға келеді:
а) адамға қатысты синонимдер (жуандау — толу); ә) басқа жан-жануарларға байланысты айтылатын синонимдер (іиелдену — майлану — тойыну — қоңдаңу). Ал семіру сөзі екі топқа да ортақ болып айтыла береді.
Соңдай-ақ, багалы— қунды — қымбат деген сыңдық ұғым-ды біддіретін синонимдердіңде әрқайсысына тән өзіңдік ерек-шелігі бар. Мәселен, багалы сыйлық, багалы киім дегендегі мағыналық реңк қунды, қымбат сөзінде жоқ. Кунды пікір деп айтылғанымен, қымбат пікір деп айтылмайды.
Сонымен синонимдер белгілі бір ұғымды білдіргенімен, олардын арасыңдағы мағына жағынан толық сәйкестік, тепе-тендік қасиет болмайды.
Синоним болып жұмсалатын мөндес сөздердің тобын синонимдік қатар немесе синонимдік уя деп атайды. Синонимдік қатарға енген сөздердің ішінен бір сөз баскаларын мағына жағынан ұйыстыруға ұйтқы болатын тірек сөз деп тандалынып алынады. Бұл тіл біліміңде доминант (тірек сөз) деп аталады. Доминант сөз мәндес сөздерді мағыналык жағынан ғана топ-тастырмайды, сонымен бірге синонимдік қатарларды әліппе жүйесіне келтіру үшін де мәңді қызмет атқарады. Доминант сөзді дұрыс анықтап, белгілеп алмай синонимдерді тәртіпке келтіру мүмкін емес. Соңдықтан синони.м сөздігін жасауда до-минант сөзді іріктеп, сұрьіптап алуға айрықша көңіл бөлінеді. Доминант сөзге синонимдік қатардағы сөздердің ішіндегі мағына жағынан ең айқын, стильдік мәні жағынан бейтарап, жалпы халыкқа соншалықты танымал дегендері ғана таң-далынып алынады. Синонимдік қатарға топтастырылатын сөз-дердің шегін олардың логикалық бірлігіне қарап қана ажы-ратуға болады. Әрбір синснимдік қатардағы сөздер негізінен екі кезеңнен өтеді. Алғашқы кезенде сөздер жалпы мағыналык бірлігіне қарай, ұқсастыру негізіңде синонимдік қатарға топ-тастырЫлады. Үқсастыру бір ұядан туатын жалпы ұғымға бағыңдырылады. Жеке сөздің қара басындағы өзгешелік бұл кезеңде есепке алынбайды. Мәселен, ас — тамақ — дәм — тагам — ауқат дегеңдер адам баласының жейтін қоректік за-тын білдіретіңдіктен, ең әуелі бір синонимдік қатарға топтас-тырылдды. Бұлардың бір-бірінен ажырататын өзгешеліктерін
109
саралау — екінші кезендегі істелетін жұмыс. Синоннмдік қатардағы сөздердің ұқсастығын табудан гөрі олардың бас-ба-сына тән өзгешелігі мен ерекшелігін табу әддеқайда қиын жұмыс. Синонимдер бір-бірінен мағыналык реңкі жағынан, ститьдік мәні және басқадай сөздермен өзара қарым-қатынасқа түсіп, қолданылуы жағынан үіи түрлі белгілері аркылы ажыра-тылады.
Синонимдердің мағыналарын ажыратқанда мынадай мәсе-лелерге көңіл аударылады: 1. Синонимдік қатарғаенген сөздер мағына жағынан бір-бірінен сәл жоғары не сөл төмен дәрежеде болуы мүмкін. Синонимдер градация жолымен (бірден бірге басқыштап) өзгеріп отырады. Мәселен, ияз сөзіне қарағаңда оның синонимдік сыңары үскірік сөзінің мағыналык салмағы күштірек екеңцігін сезуге болады. Сол сияқты атқыш — мер-ген, апат — қыргын, белсену—қулшыну дегендердің соңғы сыңар-лары алдынғыларынан пөрменді екеңдігін аңғарамыз. 2. Сино-нимдердің біреуінің мағынасы екіншісінен кеңірек болады. Мәселен, согыс деген сөздің мағынасы урыс деген сөзден кең, устаз дегеннің мағынасы мугалімнен кең. Жабу мен кідттеу де сол тәрізді. 3. Синонимдер бір-бірінен мағыналарынын аз-көбіне қарай ажыратылуы мүмкін. Мөселен, ат деген көп мағыналы да, ал оның сыңары ныспы деген сөз бір мағыналы. 4. Синонимдер мағыналарының деректі және дерексіз болып келуіне қарай ажыратылады. Мөселен, маңдай — пешене, іш — қурсақ, бала — перзент, тыгу — буқпантайлау дегендердің алдынғьыарынындеректілігі нақты. 5. Синонимдер бір-бірінен ауыспалы мағынада қолдану-қолданылмауына қарай ерекшеленеді. Мәселен, кемей мен көмекей дегендердің алғашқысы пештің көмейі, тоганның кемейі деп ауыстырылып айтуға келгенімен, соңғысы (качекей) адамға ғана арнайы жұмсалады да, өзге заттарға бұрып айтуға келмейді. 6. Сино-нимдер сөз туғызуға қабілетті я қабілетсіз болып келуіне қарай өзгешеленеді. Мәселен, сапар мен жол тәрізді синонимнін алғашқысынан бір сапар, узақ сапар, сапар шегу деген бірлі-жарым тіркесті сөздер ғана кездеседі. Ал оның жол деген сыңары тіліміздегі сөзжасамның барлық амалдары арқылы жаңа сөз жасауға соншалықты қабілетті екеңцігін байқатады. Мысалы: жолай, жолаушы, жолдама, жолдас, жолшыбай, жолақ, жолдау, жолбасшы, жолбике, жол-жоба, жол-женекей, жол соқты, сар жолды, темір жал, жол азық, жол ашар, жол аяқ, жол журу т. б.
Сол сиякты жарым мен жарты дегеңцердің алғашқысынан жарымжан, жарычес деген бірен-саран сөздер ғана жасалса, соңғысынан жартылай, жартылық, жартыкеш, ждртылау, ио
жарытымсыз тәрізді бірқатар сөз туындап өрбіген. Бұлардың бір қасиеті бірінен туған сөздерді екінші сыңары жасай алмай-тыңдығына байланысты.
Синонимдердің стильдік мәні неше алуан функционалдық сипатта қолданылуымен тығыз байланысты. Тіліміздегі сино-нимдердің мынадай стильдік ренктері байқалады: 1. Қадір тұ-тып сыйлағаңдыкты білдіретін ренктер. Мәселен, есім деген сөз ат сөзінен қадірлірек, отагасы — уй иесі сөзінен, дәм — ас сөзінен, перзент — ба/іа сөзінен, қаза — елім сөзінен жоғарылау. 2. Салтанат құру мәніндегі көтеріңкі реңктер. Жулде — бәйге сөзінен аскақ, мерекелеу — тойлау сөзінен көтеріңкі, азамат — жігіт сөзінен жоғары айтылады. 3. Поэтикалық реңктер. Асқар деген сөз биік деген сөзге қарағанда поэтикалық стилңде көбірек ұшырасады. Қол —- әскер сөзіне, мәртебе — атақ сөзіне, қаһарман — кейіпкер сөзіне, шапақ — арай сөзіне қарағаңда поэзиада жиі кездеседі. 4. Дөрекілік мөніндегі реңктер. Бір қатардағы синонимдердін біреуі битарап, екіншісі сыпайы, үшіншілері тұрпайы мәңді білдіріп, ала-құла реңк тудырып оты-рады. Мәселен, сықпыт деген сөздің стильдік мөні бет деген доминант сөзбен салыстырғанда дөрекілеу, шолжың — ерке де-ген сөзден, шойнақ — ақсақ деген сөзден, азынау — жылау де-геннен белгілі контексте дөрекілеу болып жұмсалады. 5. Ке-кесін, мысқыл мөңдегі ренктер. Кржаңдау орынсыз кісілік көрсеткеңде, туштаңдау орынсыз жеңілтектеніп оғаш қимыл көрсеткеңде кекесін мәңді білдіреді. 6. Менсінбеушілік, кеміту мөніңдегі реңктер. Бут артар — көлік орнына, еркек кіндік — ер азамат дегеннің орнына, шуйке бас — әйел дегеннің орнына, шикі екпе — бала орнына қолданылып кеміту мәніңде айтыла-ды. «Басы қараның бары игі» деген сөз «жоқтан бар жақсы» дегеңді білдіріп, көңіл жұбату ретіңде айтылады.
Қоддану орнын бұзып, керісінше айтылған сөздің бәрі кекесін мән тудырады. Мәселен, сараң адамды мол қол, мырза десек, ұшқалақ адамды сабырлы десек, қорқақ адамды батыр десек, қортық адамды бойшаң десек, жуан адамды талдырмаш, жіңішке десек, мазақтау немесе өзіддеу болып шығады. Әзіл, күлкі сөздің тура, дәл мағынасынан тумайды, сөзді астарлап, керісінше айтудан пайда болады. Қазактың «бұралқы сөз күлуге жақсы» деген мақалы әзіддесіп сөйлесуді соншалықты ұна-тып, сүйе білгеңдігін көрсетеді. Қазақтың ауыз қалжыңында сөзді бұрып, астарлап айгу амаддары соншама мол. Сол арқылы ұлтгықсөйлеу мәнерін тудырған. Синонимдердің стильдік мәні әр халықтың әзіндік сөйлеу ерекшелігінен туады.
Синонимдердің сөз қолданысыңдағы реңктері сөздердің бір-бірімен тіркесу қабілетінен шығдды. Мәндес сөздердің бірінің
ш
тіркесіп айтылатын сөзімен екінші сыңарлары онша көп тіркесе бермейтіңдігін жиі байқалады. Мәселен, ел мен халык, синоним сөз болғанымен, ішіне ел қонды деп айтылады да, ішіне халык, қонды деп айтылмайды. Аяк, пен борбай синоним, бірақ жер аягы кеңіді деп айтылалы да, жер борбайы кеңіді деп айтылмай-ды.
Синонимдер тұрақты тіркестерде ғана емес, еркін сөз тіркесіңде де бірдей қарым-қатынаста бола бермейді. Мәселен, биік пен бойшаң синонимдері арқылы биік тау деп айтылады да, бойшаң тау деп қолданылмайды. Ер жету мен бой жету дегеңдер бір ұғым білдіргенімен, ер жету көбінесе ұлға, бой жету қызға арнайы қолданылады. Мысалы: Кыз бой жеткен соң, жігіттер ер жеткен соң, к,ыран буркітше қиядагыны көзі шалып қырындайды. (С. Төлешев).
Жалпы алғаңда, синонимдерге төн мағыналық, стильдік қолданудағы үш түрлі белгі бір-бірінен онша алшақ жаткан бөлекше дүниелер емес, өзара тығыз бірлікте болатын ерекше белгілер ретіңде танылады. Сөз мағынасы белгілі тарихи кезендегі қалыптасқан лексикалық жүйенің мағыналық қыз-метінің кәрінісі. Тілдегі синонимдік қарым-қатынастар да өр-дайым үздіксіз өзгеруде, дамуда болады. Әсіресе сөздің ма-ғыналық жағынан болған өзгерістер синонимдердің арасынан айқын және тез байқалады. Қоғам өміріңдегі әрбір тарихи оқит ғалардан кейін бір жағынан кейбір синонимдік қарым-қатынас-тар бұзылып өзгеріп жатса, екінші жағынан бұрын-соңды тіл-де өмір-бақи болып көрмеген жаңа синониңдік құбылыстар тасқыңдап туып жататыңдығын аңғарамыз. Соңдықтан сино-нимдер тарихи өзгеріп отыратын семантикалық категория деп танылады. Олай болса, синонимдік қдрым-қатынастар негізінен тіддің қазіргі даму қалпынан (синхрония) қаралып, шешілу керек деген ұғым туады. Қазақ тілі — синонимге өте-мөте бай тіл. Синоним кездеспейтін бірде бір сөз табы жок. Барлық сөз табынан да синонимдер табылады. Алайда, сан мөлшері жағынан келгеңде әр сөз табының синонимге молшылығы әр қалай. Әрбір сөз табының синонимдік байлығы олардың жал-пы санымен ғана олшеніп қоймайды, бір қатарға топгасқан жеке сөздердің санымен де белгіленеді. Кейбір сөз табы синонимге өте бай (етістік, зат есім, сын есім), екінші бір сөз табының синонимі соншалықты кедей (сан есім) болмаса бір сөз табы-нан болған синонимдердің саны бір қатарда көп, екінші бір қатарда аз болып келу себебін өр сөз табыңдағы сөздердің мағыналық, ұғымдық сыр-сипатынан іздестірген жән. Демек, тіддегі синонимдер барлық сөз табыңда да кездескенімен, бұлар көбіне-көп атауыш сөз таптарында жиірек ұшырасатын мағы-
112
налық ұқсастықтар деп түсіну керек. Синонимдер әр сөз табы-ның өз ішінде де ала-құла. Мәселен, нақты зат есімдерге қарағанда, абстракт ұғымдағы зат есімдер синонимдерге әлде-қайда бай. Сапалық сын есімдерге қарағанда, қатыстық сын есімдердін синонимдері соншама көп. Үстеулік синониңцердің іішңдегі сан мөлшері жағынан ең молы — сын (бейне) үстеулері мен мезгілдік үстеулер. Ал етістік синонимдердің түр-түрінің көптігі соншалық — оларды мағыналық ерекшеліктеріне карай жіктеп бөлу қиын екеңдігін көреміз.
Тіддегі синонимдер әр түрлі жолдармен пайда болады. Қазақтіліндегі синониңцердің келіп шығуының мынадай жол-дары бар:
1. Синонимдер көп мағыналы сөздердің есебінен жасалғай. Мысалы: квз — жанар — суқ көз — әйнек; көз — жасу, кез — булақ — бастау — к,айнар; арту — асу — шу; арту — көбею — молаю; елді — кушті — мықты — қарулы — әулетті — әндемді; елді — ауқатты — д&улетті — қуатты — бай; тура — тік — тузу — тіке; тура — дурыс — жен; тура — д&л — шақ т. б.
2. Синонимдер сөзжасам тәсіддері аркылы пайда болған: а) аффикстер аркылы: ауыздық — сулық, жемтік — елімтік, басшы — жетекші, жемқор — парақор, енім — тусім, ақылды — есті, маңызды — мәнді, сутті — қунарлы, қанагатсыз — тойым-сыз, бфекесіз — қутсыз, — дайынсыз, ажарлау — өңдеу, усақтау —майдалау, жогарылау — ілгерілеу, азайту—кеміту, қоштау — мақулдау т. б.; ө) біріктіру арқылы: ақсақал ~ отагасы, еңбекақы — жалақы, қанішер — қанқуйлы — қаныпезер, догабас — айылбас т. б.; б) қосарлау арқылы: ат-турман — ер-тоқым; жоқ-жітік — кедей-кепшік — жарлы-жақыбай; алқын-толқын — аумолы-төкпелі; еліп-ещу — суйіп-қушу ~ айналып-толгану, жыгылып-суріну — сурініп-қабыну, зым-зия — ушты-куйді, іле-шала — әп-сәтте — жалма-жан т. б.; в) тіркесу арқылы: иіс су — иіс май, іш мерез — жылым қурт, көк ет — бауыр ет; г) омонимдер арқылы: тартпа — суырма, тартпа — төс айыл — алдыңгы айыл, табандау ~ ултандау, табандау ~ сіресу — қасарысу — қырсыгу — қыңыраю т. б.
3. Синонимдер кірме сөздер арқылы пайда болған:
а) араб сөздері арқылы: халайық (халаик) — халық, журт, көпшілік; ақиқат (хәқиқат) — шындық, растық; отан (уәтан) — ел, туган жер; ескер (гәск&р) ~ жасақ, қал, ш&у, қосын; уелаят — (уилаят) ~ елке, облыст. б.;
ө) парсы сөздері арқылы: батыр (баһадор) — батыл, ер; дихан (дәһқан) — егінші; шәкірт (шагирд) ~ оқушы; мейман (меһман) — қонақ; зор (зур) — улкен, д&у т. б.; б) монғол сөздері арқыльь* аймақ (аймаг) — еңір — атрап — теңірек — маңай;
из
жасақ (жасаг) — әскер, қол; дарқан (дархин) — жомарт, мырза, кең пейіл; удере (өдер) — жедел, тоқтаусыз, жаппай; шешен (сәцең) — ділмәр — сөзшең т. б.; в) орыс сөздері арқылы: ботелке (бутылка) — шыны, шөлмек; шен (чин) — атақ, дәреже, лауазым; бишік (бичик) — огіз қамшы; кір (гиря) — таразы; сома (сумма) — ақша, бага, қун; рет (ряд) —мәртебе т. б.
4. Синонимдер диалектизмдердің есебінен жасалған. Диа-лектілік синонимдер әдебитіддегі сөздермен мағыналас, мәндес келуіне қарай екі топқа бөлінеді: а) сырткы тұлғасы (дыбыста-луы) бөтен (әдеби тілде кездеспейтін), бірақ әдеби сөзбен мағынасы үйлес келетін сөздер. Мысалы: аданас — атолас, агайындас; атайман — ете, тым, аса; атымды — қунарлы, шыгымды; башалау — салалау, жіктеу, жекелеу; дәйіс — уятсыз, арсызт. б.;
ә) сыртқы тұлғасы таныс (адеби тідде кездесетін), бірак біддіретін ұғымы басқа сөздер. Мысалы: астана — табалды-рық; жар — қабырга; жедел — ерегес, жанжол; коң — қыстау; сым — шалбар; сулулату — піштіру, кестіру; талап — жумыс; тага — нагашы; тонау — сонау, анау; урпақ — кебек т. б.
5. Синонимдер фразалық тіркестердің себебінен көбейген. Мысалы: ат устар — ул, еркек бала; ауыз бастырық — пара; қара халық-буқара, еңбекші; қара мал — сиыр; о дуние — махшар; туган жер — отан; узын қулақ — сыбыс, өсек; шикі өкпе — бала, нәресте; қоян журек — қорқақ, журексіз; ала аяқ — қу, зәлім; еті тірі — пысық, ширақ; қолы ашық — береген, мырза; қырги қабақ — өш, араз; тас бауыр — мейірімсіз, қатал; ат усті — асыгыс, устіртін; аты шулы — атақты, әйгілі; аяқ астынан — гайыптан, кенеттен, тосыннан; бір төбе — ерекше, сртықша; не бары — барлыгы, куллісі; опық жеу — өкіну; насырга шабу — асқыну, қырылысу; көзін жогалту — қурту, жою; шыр біту — семіру, қоңдаңу т. б.
6. Синонимдер табу мен эвфемизмдердін есесінен молайған. Мысалы: оулие-шешек, ит қус—қасқыр; жасыл — жай, найзагай; қалды болу — урлану, жогалу; кун байыды — кун батты, кешкірді — көңіл жақын — әуей, тамыр; аягы ауыр — жукті, екі қабат; жасы улгаю — қартою; дуние салды — олді, қайтыс балды т. б.
Қазақ тілінің синонимикасы негізінен өзінің ішкі мүмкін-шіліктері арқылы байыған. Сонымен қатар өзіңде жоқты өзге тіддерден ауысып алу нәтижесіңде де кемеддене түскен.
Тіддегі синонимдер үш түрге бөлінеді: а) мағыналық сино-нимдер, ә) стильдік синонимдер, б) мағыналық-стильдік сино-нимдер.
Әрқайсысының өзіне тән мағыналык реңкі бар, стильдік
П4
жағынан шектелмейтін, ті.тдегі барлык салада талғаусыз, жал-пылама қолданыла беретін синонимдер мағыналык синоним-дер деп аталады Мысалы: абырой — бедел — қадір, азайту — алу — кеміту — шегеру, батыл — ожет — өткір т. б.
Стильдік синонимдер деп мағына жағынан ұксас (тең) бола отырып, бір-бірінен стильдік бояуы арқылы өзгешеленетін мән-дес сөздердін түрлерін айтамыз. Мысалы: ат — есім — ныспы, бәсеке — бақас, жазгыру — күстәналау, жылау — еңіреу, өкпелеу — буртию, бірсыпыра — біргауым, жуас — бүйыгы, таңертең — азанда, үлкен — дөкей т. б.
Тілдегі синонимдер бір-бірінен не мағыналык жағынан, не стильдік мәні жағынан өзгешеленіп, бірыңғай болып келе бермейді. Олар кейде өрі мағыналық, әрі стильдік белгілері арқылы ерекшеленеді. Синонимдердің осындай түрлері мағыналық-стильдік синонимдер деп аталадьь Мысалы: іздену — тімтіну, мақтаншақ — бөспе, тақия — төбетей — кепеш, сасу — иістену—мүңку — аңку т. б.
Синонимдер кез келген тіддің байлығы мен оралымдығын көрсететін сөздік құрамның құнарлы да мәңді бір саласы. Ана тілінің синонимдік молшылығын емін-еркін меңгеру аркылы ғана көңілдегі көрікті ойды нағыз өз мәніңде барлык реңкте-рімен түгел қамтып жеткізуге мүмкіндік аламыз. Сөз де қиюлас-тырып қалаған кірпіш сияқты қиюын тауып қалап, байлауын тауып ұстату керек.1
Синонимдер тілдін кемеліне келіп, қаншалықты жетілген-дігін, оның образдылығы мен дамығаңдығын көрсететін көрсет-кіш деп есептеледі. Адамның ойлаған ойын, көңіл күйі мен көзкарасын нақты әрі көркем түрде жеткізу үшін синонимдер айрықша қызмет аткарады. Олар белгілі бір ойды тоғыз саққа жүгіртіп, тілді соншама оралымға келтіреді. Синонимдерді қол-данудыңтілімізде мынадай негізгі тәсілдері бар:
1. Алдыңғы сөйлемде немесе қатар тұрған тексте бір рет пайдаланған сөзді қайталамас үшін қолданылады. Мысалы: Көл тартылар, дария сарқылар, бірақ Күнікейдің күші сарқылмас (Ғ. Мүсірепов). Елді бейбіт, жүртты тыныш етті (I. Жансүгіров). Қаладан қашық түратын ауылга бфі қат, бирі зәруі^. Нұрпейісов).
2. Белгілі бір ұғымды түрлі белгілерімен жан-жақты сипат-тап көрсету үшін синонимдер бір-біріне қарсы қойылып та, салыстырылып та, ыңғайластырылып та келе береді. Мысалы: Бет керсе, жүз үялады (мақал). Ақтамақ жымиса, ол ьржияды, Ақтамақ мырс етсе, ол тсрқылдап күледі (Ғ. Мұстафин). Зал-
1 Жу&іновҚ. Қазақтілі жөніндегі зертгеулер. 1966,135-бет.
115
дың срта тусында өңкей ажарлы қыздар, әрлі әйелдер отыр (3. Қабдолов). Жасыл шөбің, жумсақ көгің Жібек емей немене (С. Сейфуллин).
3. Белгілі бір ұғымды толық қамтып көрсету мақсатымен, бірнеше синоним катарма-қатар колданылады. Мысалы: Жы-латушы көп болса, уатушысы, жубатушысы да мол болган ел сорлы болама? (М. Әуезов). Дәл қасымызда уш бастау, қай-нар булақ бар, соларды пайдаланайық дейміз (Ә. Төжібаев). Жау әскірін тожірибелі, оккі генералдар басқарады (Т. Ахтанов). Жақып езіліп, еріп, балқып кеткен сияқты болды (Б. Майлин).
4. Синонимдерді жекелеп те, кезектестіріп те, жұптап та, топтап та колданғанымыз сиякты, оларды қосарлап та (қосақтап та) пайдаланамыз. Мысалы: куш-қуат, аман-сау, оніп-осу, ңр-уят, өткен-кеткен, даусыз-талассыз, қорқытып-уркіту т. б. Екі синоним сөз қосарланып қолданғанда бұлардың білдіретін ұғымының көлемі кеңейеді. Мәселен, улгі-онеге деген кос сөз барлык жақсы қасиетгі жинақтап тұрған болса, азып-тозу де-ген қос сөз барлық жетімсіздікті топтастырып тұр.
5. Тілімізде екі мөндес сөз қатар келіп, алдыңғысы соң-ғысын анықтап, мағынасын күшейтеді. Мұндай сөз қолданы-сын тіл білімінле плеоназм немесе плеонастикалық сөз тіркесі деп атайды.
Синонимдерді плеонастикалык тәсілмен жұптап қолдану жекелеп колданғаннан гөрі әлдеқайда мәнерлі. Мысалы: кең байтақ ел, айдын шалқар көл, қырмызы қызыл жібек, заңгар биік тау, зәулім биік уй, қызыл жоса қан, нән семіз жылқы, жайдары жарқын мінез, қур бекер журіс, қас душпан, жасаган ие, пәни жалган, қыршын жас т. б.
6. Синонимдер жеке сөздер ғана емес, фразалық тіркес-терден де жиі ұшырасады. Көңілдегі көрікті ойды сөзбен кес-телеп айтып, беруде фразалык тіркестер тіоде орасан зор қыз-мет атқарады. Мәселен: Кеңес Армиясы 1945 жылы неміс . басқыншыларын талқандады деген сөйлемдегі талқандады де-ген сөздің орнына жермен жексен етті, кулін кекке ушырды десек, сөзіміз тындаушыға өодеқайда кұпггі әсер етеді, әрі тар-тымды да мәнерлі болады.
Датсрлі қауіп тонген кундер де отті, Ит жыгыс бірде олай, бірде булай, Сынасқан жаумен әбден сыралгымыз, Атысып, шабысып та екіжылдай
(Қ. Айнабекұлы).
Ойдың да шикісі бар кулді-көмеш, Суйкімсіз арам астай адам жемес.
нб
Дүмбілез, дүбәрасы бар оның да, Әрі-сәрі, не ол емес, не бүл емес
(Ә. Оналбаев).
Осыңдағы ит жыгыс, бірде олай, бірде бүлай деген фраза «тең түсті, бірдей шықты» деген ұғымды, ал грі-сәрі, не ол емес, не бүл емес &ген фраза «дүмбілез, дүбәра, шикі, шала» деген мағынаның орнына жұмсалып, ойды соншалықты көркемдеп, бейнелеп тұр.
7. Синонимдер жеке сөз бен жеке сөз, қос сөз бен қос сөз, фраза мен фраза күйінде ғана емес, бір-бірімен араласқан күйде де жұмсалады. Мысалы: Гүлнаш апай ақтррылмады, шеші/ііп сыр шашпады (Т. Әлімқұлов). Жолыққан жанның бәрі де оган ат үсті, асыгыс жауап берді (Ж. Жұмақанов). Әй балалық-ай, соган да қайгырады, — деп жүмсақтап, жайып-шуып айлага кешті («Лен. жас»). Біреуді біреу баса-көктеп, кимелеп барады сатушыга (Ғ. Мұстафин).
8. Синонимдерді қолданудың тағы бір тәсілі — парафраза. Бұл сөздің мәнісі — жеке сөздің орнына оның түсінігін сипат-тап беру. Мәселен, Алматы дегеннің орнына, Казақстанның астанасы, М. Әуезов дегеннің орнына «Абай жолы» романының авторы, Күләш деудің орнына қазақтың бүлбүл әншісі деп қолдануға болады. Парафраза тәсілі бір заттың я құбылыстын белгілі бір қасиетін айрықша атап өткісі келгеңде немесе соған ерекше назар аудартып, ден қойдыру мақсатыңда колданыла-ды. Кейде бір сөзді қайталамай, ойды түрлеңдіру мақсатымен де жұмсалады. Мысалы: Күн жиылып ай болды, он екі ай — жыл, жыл жиылып, қартайып қалганы бүл (Абай). Аппақ көзі тым жіті, алыстан квретін қырагы болатын (Ғ. Сыланов).
Осындағы жыл — он екі ай, алыстан көретін қырагы деген-дер парафразалык тәсілмен қолданылып тұрған синонимдер екеңдігі даусыз. Парафраза кейде анықтауыштың анықтауышы ретіңде де кездеседі. Мысалы: Омар ондай емес, отпен кіріп, күлмен шыгатын епті жігіт (Ғ. Мүсірепов). Күздің қоңыр бір күні, май тоңгысыз жып-жылы (I. Жансүгіров). Ермекбай әбден зорықтьрып, көзге түртсе квргісіз қараңгы, жаңбырлы түнде суга, балшыққа малшына қайтты (Ғ. Мұстафин). Келтірілген мысалдардағы әрбір фразалық тіркестер өзінен соңғы тұрған жеке сөзден болған баламаларын анықтай түсіп, соның мән-мазмұнын кеңейтіп, экспрессивтік ажар беріп тұрғандығын байқаймыз.
Парафразаның бұл түрін плеоназмдардың фразамен қосыл-ғаңдағы ұлғайған түрі деп атауға болады.
М. Әуезов «Абай жолы» романыңда синонимдерді қолда-
117
нудың сан алуан үлгілерін көрсеткен еді. Соның бір нұсқасы мынадай: «Осылайша айналасы айықпаган сур туман, суық заман ішінде улы жан дуниеден көшті. Магаштың қырқын беріп болган куннің ертеңінде Абай қаза тапты. ¥лы кеуденің ыстық демі тоқталды. Шол даланы жарып аққан дариядай, игілік омір үзілді. Сонау бір шақта тасты тақыр, жалтыр биік басына жалгыз шыққан, зәулім өскен алып иіынар қулады. ӨмірденАбай кетті».
¥лы жазушы келтірілген үзіңдіде Абай деудің орнына улы жан, улы кеуде, игілік өмір, алып шынар тәрізді тың метафо-ра қолданып, парафраза тәсілімен кемеңгер ақынға тән ерек-ше касиеттерге ден қойғызып, көңіл аударткан. бЫЛдеген жағымсыз қатты сөзцің орнына дүниеден кошті, қаза тапты, демі тоқталды, үзілді, қулады, кетті деген жүмсақ эвфе-мизмдермен алмастырып отырған. Ана тіліміздін синонимге өте-мөте бай әрі соншалыкты оралымды да икемді екендігіне осы мысалдардың өзі-ақ толық айғак бола алады.
§ 21. Сөз вариантгары
Тілдегі синонимдер мағыналык жағынан болсын, тұлғалық жағынан да әрқайсысының өзіңдік дербестігі бар жеке-жеке сөздер деп танылады. Бұларды белгілі бір сөздің әр түрлі вари-антымен шатыстыруға болмайды.
Сөздін лексикалық бірлігінде ешқаңдай өзгешелігі жоқ, морфемдік құрамы ұқсас (үйлес) күрылымдарды сөз вариантга-ры дейміз. Мысалы: риза-разы-ырза, дәнеме-дәнеңе, ештеме-ештеңе, әжім-ажым, әжуа-ажуа, улгіру-үлгеру, суару-сугару, тугендеу-тугелдеу, жубану-жуану-уану, уқсау-усау, тырнақтау-тірнектеу, айқай-айгай, қария-кәрия, абдыра-әбдіре, жазгытуры-жазгытурым, бешпет-бешпент, әне-әні, мүлде-мүлдем, гәрі-корі, сонан-содан, осынан-осыдан, боле-пәле, бірдсме-бірдеңе, түңлік-түндік, ертек-ертегі, әшейін-эншейін, кәне-кәні, балуан-палуан, бекіре-мекіре, пияз-бияз, азар-әзер, әбжылан-абжылан, дайын-даяр, мунша-бунша, барабар-парапар, екіншілей-екіншідей, зыту-жыту, жылылай-жылыдай, золім-за-лым, қане-кәне, қазір-кәзір, сөйтіп-сүйтіп, бана-мана-багана, найзагай-нажагай, үйткені-ойткені, сайтан-шашпан, шөгір-шөңге, пенде-бенде, тыныш-тиыш, тынышталу-тиышталу, уждан-ож-дан, міне-мінеки-мінекей, рәсім-ресім, жирену-жиіркену>, мирас-мурас, қаніки-кәніки, естіген-есіткен, көнбіс-комбіс, балкім-бәлки, булгау-былгау, булгақтау-былгақтау, кәдімгі-кәдіуыгі-кәдуескі, кемзал-қамзол, таяу-тақау, бақай-башай-башпай, баган-багана, қадір-кәдір, доңгелек-доңгалақ, лазым-лнзім, жаю-жою т. б.
Осы тәріздес фонетикалық варианггар бір сөздің дыбыс-118
тық құрылымы жағынан түрленуі деп есептеледі. Бұл сияқты түрлену сөздің лексикалық мағынасын өзгертуге пөлеңдей се-беп бола алмайды. Соңдықган да бұлар өр басқа сөз емес, неше вариант болса да, бір сөз ретіңде танылады.
Сөз варианггары мынадай үш түрлі белгі арқылы ажыра-тылады; а) сөздің түбірлеріңде ортақ ұқсастық болуы қажет, ө) лексика-семантикалық жалпылығы (ұқсастығы) сақталу керек, б) дыбыстық өзгешелігі лексика-семантикалық өзгеріс тудырмау ға тиіс1.
Шетген кірген сөздердің кейбіреулері басқа тілге ауысып келгеңде, екі не одан да көп вариантга айтылады да, жүре-жүре сол вариантгардың өрқайсысы әр түрлі мағына алып, бір-бірінен сараланып бөлініп, өз алдына дербес сөз болып қалып-тасады. Бір кезде қазақ тіліне араб-парсы тіддерінен ауысқан көптеген сөздер бірнеше вариантга айтылып келген болса, қазір сол варианттар жеке-жеке сөз болып, дараланып бөліңді. Мысалы; әл-хол, қисап-есеп, қарекет-дрекет, гылым-ілім, гаділ-әділ, газиз-әзиз, сагат-сәт, қазір-эзір, оқига-уақига, абырой-әбуйір, қаржы-қаражат, қате-кәте, мақсат-мақсут, маглум-мәлім, нышан-нышана, қагида-кәде, укім-өкім, маг-лумат-мәлімет, халық-халайық, нәсіп-несібе, өкімет-укімет, кінә-кунә, ауа-гуе, пул-бул, хайуан-айуан, табигат-тәбет т. б.
Бір түбірден таралған, дыбысталуы бір-біріне өте ұқсас кел-ген сөздердің бәрін вариантты сөздер тобына жатқыза беруге мүддем болмайды. Түбірлес синонимдер мен сөз вариантгарын бір-бірінен дұрыс ажырата білу қажет. Мөселен, садақа-садага, кузеу-кузек, қыстау-қыстақ, жаңқа-жоңқа, шуңқыр-шуқыр, сурау-сурақ, қоңырсу-көңірсу, пысылдау-пышылдау дегеңдердің өрқайсысына тән өзіңдік сөл мағыналық ерекшеліктері бар сияқты. Сонымен бірге мынадай түбірлес синонимдердің нұс-қалары бар екеңдігін еске түсіре кетейік. Мысалы; егін-егіс, бау-бақ, кезкезең, жара-жарақат, сарылу-сарсылу, еліру-елеу-реу, көгеру-көктеу, аңқаю-аңыру, қызықты-қызгылықты, қарганшақ-қдргалақ, барлық-барша, қайта-қайыра, салақ-салгырт, маң-маңай, цртала-ортайт, ақта-агарт, қапылыста-қапыста — қапелімде-қапияда т. б. Кейде бір түбірге бірнеше қосымшалар қосып, түрлеңдіріп айта беруге болады. Мәселен, ага деген сөзден агатай, агеке, агашым деп айтсақ, қалқа деген сөзден қалқам, қалқаш, қалқатай, қалқажан, қолқабас деп
1 Винофадов В. В. О формах слова //Известия ОЛЯ. Т. 3, вып. 1,1944, стр. 40 —41; Рогожникова Р. Л. Варианты слов в русском языке, 1966, стр. 3 —14.
119
құбылтып, әр түрлі көңіл күй, көзкарасымызды, үлкен мен кішіге деген орасан зор ілтипатымызды білдіреміз. Бүл тәрізді құбылыстардың бәрін сөз варианттары деп қарауға болмай-ды.
Тілдегі сөз варианттары әдеби тілді қдлыптастыру бары-сыңда екшеліп, сұрыпталып, жүйеге келтіріледі. Әдеби норма тіддің дыбыстық, грамматикалық құрылысы мен сөздік жүйе-сінің ішіңдегі ең өміршең деген элементтерді таңдап алу не-гізіңде қалыптасады. Әрбір тіддің әдеби нормасы ұлт тілінің ең жоғары өңделген нормасы деп есептеледі. Бұлар тіл мамаңда-рының ғылыми еңбектеріңде, нормативті грамматикалар мен сөздіктерде көрінеді. Сөйтіп, баспасөз, радио, театр, теледи-дар, кино арқылы таралып, жалпыхалықгық сипат алып, мек-тептердегі сабақ жүйесінің негізін құрайды. Олай болса, қазіргі жарыса қолданылып жүрген жарыспа сөз варианттары өлі де талай өңдеуден өтіп, шыңдала беруге тиіс.
Сөз варианттарының дағдыры негізінен екі түрлі жолмен шешілуі мүмкін. Сөз вариантының біреулері екі түрлі мағына алып, бір-бірінен сараланып бөлінуі мүмкін. Мәселен, ащы мен аіиты, ысгпық пен ыссы тәрізді сөз вариантгары орыстың горъ-кий-саленый, горячий-жарко сөздерінің баламасы ретіңде екеуі екіге бөлініп кетуі ғажап емес. Сөз вариантының еңді біреулері әдеби тіл мен сөйлеу тілінің ыңғайына қарай әрқайсысы екі салаға теліңді болып қолданылагыңдығы сөзсіз. Мәселен, әне-әні, кәне-кәні, міне-мінеки, өйткені-уйткені, қария-кәрия, сөйтіп-суйтіп дегеңдердің алғашқы варианты қазірдің өзіңде әдеби тідде жиі қолданылады да, ал соңғы сыңарлары сөйлеу тілінен мықтап орын тепті. Демек, сөз вариантгары аддағы уақытга сараланып, екшеліп бір ізге түспек.
Қазақтілінде сөз варианггары өте көп. Бұлардың көпшілігі өлі күнге іштей сараланбаған. Соңдықтан да вариантгар жай-ыңда бізде дау да, талас та баршылық. Әсіресе вариант сөздерді сөздікте беруде кереғар пікірлер бар. Кейбіреулер варианттар-дың өдеби нұскасын сөздікке еңдірейік те, қалғаңдарын ескіртіп барып қолданыстан мүддем жояйық дегеңді айтады. Мұның дұрыс жағы да, бұрыс жағы да бар. Нормативті орфография-лық сөздікте вариант біткеннің бәрін қаптата бермей, оларды іштей саралап, ең қажетгі дегеңцерін ғана көрсету жөн сияқгы. Ал көп томдық түсіңдірме сөздікте вариант біткеңдерді барын-ша мол қамтып, оларды стильдік белгілер арқылы саралап көрсеткен жән. Мұның өзі, бір жағынан, тілдегі варианттар-дың есебін алу болып шығады. Көп тоаддык түсіңдірме сөздікке бүгінгі ұлт тілінде айгылып жүрген сөздер мүмкіңдігінше түгел-ге жуық қамтылуға тиіс.
120
§ 22. Антонимдер
Антонимдер дүниедегі затгардың, құбылыстардың сын-са-пасын, артық-кем қасиетін, мөлшер-көлемін салыстырып, бір-біріне қарама-қарсы қоюдан шығады. Мысалы: Кейі сараң, кейі мырза, Кейі қапа, кейі ырза. Барша журтты сынадың (С. Сейфуллин). Кейде қайгы, кейде шат, Кейде тунық, кейде ылат, Кейде қорқақ, кейде өжет, Кейде тірі, кейде елет (I. Жансүгіров). Болысекең кейде паң, кейде муләйім, кейде жумсақ, кейде қатты, кейде береген, кейде сараң (Ғ. Мұстафин). Муны әлділщ әділет деп қуанса, ысіздф қиянат деп қынжылады (Ә. Сөрсенбаев). Туймедей затқа өкпелесеңіз, туйедей керетініңіз қалмаган мырза! (К. Оразалин).
Осыңдағы сараң-мырза, қапа-ырза, қайгы-иіат, тунық-ылат, қарқақ-өжет, тірі-өлі, паң-муләйім, жумсақ-қатты, береген-сараң, әлді-алсіз, әділет-қиянат, туймедей-туйедей де-геңдер жағымсыздық пен ұнамдылықтың, жақсылық пен жаманшылықтың, үлкен мен кішінің кереғар ұғымдары бір-біріне қарама-қарсы қойылып айтылып тұр. Екі жағының сал-мақ-мөлшері бірі артық, бірі кем емес, тепе-тең. Соңда анто-ним дегеніміз мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер болып шығады. Антонимдер өзара алшақ қарама-қарсы ұғымды білдіретіңдіктен, бұлардың әр сөз табына қатысы нақ бірдей емес, ала-құла деген сөз. Бір сөз табы антонимге соншама бай да, еңді біреулері соншалықты кедей, не болмаса тіптен кездеспеуі де ғажап емес. Қазақ тіліңде антониңдер көбіне-көп сын есімдерден болады, онан соң етістіктер, зат есімдер, үстеулерден азды-көпті кездеседі. Ал қалған сөз таптарынан жасалған антонимдер тым тапшы, жоқтың қасыңда.
Сын есімге тән антонимдердің мынадай түрлері бар: а) түбір күйінде кездесетіңдер: ауыр-жеңіл, кең-тар, ыстық-суық, улкен-кіші, жас-кгрі, биік-аласа, узын-қысқа, артық-кем, аш-тоқ, жақсы-жаман, қалың-жуқа, терең-саяз, орық-семіз, оңай-қиын, араз-тату, ащы-тәтті, көп-аз, оң-теріс, тузу-қисық т. б.; ө) туыңдытүбір күйінде кездесетіңдері: ашық-жасырын, озімшіл-көпшіл, ашық-жабық, тілазар-елгезек, екпінді-жолқау, қатты-ақырын, арнықты-шалагай, олақ-іскер, оңқай-амақай, суйкімді-жексурын, бутін-жыртық, журдек-шабант. б.
Қазақ тіліңде сыңдық мағынадағы туыңды антонимдер көбінесе -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, ті жұрнақтары арқылы антонимнің жағымды сыңарларьш жасайды да, ал жағымсыз мағыналары сыңарларын -сыз, -сіз жұрнақтары жасайды. Мы-салы:
121
1. ф жігіт бірде малды, бірде малсыз, Аргымақ бірдежалды, бірдежалсыз.
2. Өнерлі жігіт өрде озар, Өнерсіз жігіт жер согар.
3. Ақылдыны алысым деме, Ақылсызды жақыным деме.
4. Куолі істі куә табар, Ку&сіз істі күмән табар.
5. Арлы арына қараса, Арсыз жеңдім дейді.
6. Қүтты қонақ қонса, қой егіз табар, Қутсыз қонақ қонса, қойга қасқыр іиабар.
7. Жандыда балық үлкен, Жансызда қамыс үлкен.
8. Қайырсыз мың сомнан
Қайырлы бір сом артық.
9. Базар ақшалыга—базар, Ақшасызга — назар.
Сол сияқты сын есімнің -гы, -гі, -қы, -кі жұрнақтары ар-қылы да туынды ангонимдер жасала береді. Мысалы: бастапқы-соңгы, бүрынгы-қазіргі, үйдегі-түздегі, сыртқы-ішкі, күндізгі-түнгі, қысқы-жазгы, жогаргы-твменгі, ертеңгі-кешкі, алдыңгы кейінгі, биылгы-былтьргы т.б.
Етістікке тән мынадай антонимдер бар: а) түбір күйіңде кездесетіңдері: озу-қалу, күту-келу, қону-үшу, шашу-жинау, бару-қайту, жату-туру, ашу-жабу, кіру-шыгу, үту-үтылу, жеңу-жеңілу, қуаңу-ренжу , мақтау-даттау, көшу- қону, кулу-жы-лау, сату-алу, ысу-суу, шабу-ілбу, даму-тоқырау, қату-жібу, ауыру-сауыгу т. б. ; ә) туыңды түбір күйінде кездесетіңдері: қартаю-жасару, жогс^рылау-твмендеу, татуластьру-араздасты-ру, ақтау-қсфалау, елдестіру-жауластыру, айырылу-қосылу, күшею-бәсеңдеу, баю-кедейлену, арықтау-семіру, жаңсфу-ескіру т. б.
Зат есімге тән антонимдер де негізгі және туынды түбір күйіңде кездеседі: а) түбір күйіңце кездесетіңдері: өтірік-шын, обал-сауап, алгыс-қаргыс, рақат-бейнет, бақ-сор, омір-өлім, өң-түс, алды-арты, шарапат-кесапат, асты-үсті, пайда-зиян, бай-кедей, жаз-қыс, күн- түнт.Ъ.;
ө) туыңды түбір күйіңде кездесетіңдері: аласы- бересі, бай-лық-жоқтық, кісілік-иттік, аштық- тоқтық, тарлық-кеңдік, жеңіс-жеңіліс, үтыс- үтылыс, азшылық-көпшілік, кіріс-шыгыс, алыс-беріс, сыпайыгфшілік-арсыздық т.б.
Үстеуге қатысты антонимдер: ерте-кеш, ақырын-шапшан.
122
ілгері-кейін, жогары-томен, алыс- жақын, әрі-бфі, жылдам-жай, сылбыр-тез т.б.
Есімдікке қатысты: анау-мынау, әне-міне, осы- сал тәрізді бірен-саран антонимдер ғана ұшырасдды Тілде карама-қарсы ұғыммен қатар кейде аралык ұғым да кездеседі. Мәселен, ескі мен жаңаның арасында көне (көнетоз), шикі мен пісінің ара-сында дүмбілез, суық пен ыстықтың арасында жылы, үтыс пен үтылыстың арасыңда тең, ерте мен кештің арасыңда дал, біткен мен бітпегеннің арасында шала, жеңу мен жеңілудің арасында итжыгыс деген аралык ұғымдар бар. Бұлар антоним біткеннің бәріне тән емес, кейбіреулеріңде ғана ұшырайды. Аралық ұғым — кереғар екі ұғымды тең ұстап тұрады.
Тілдегі антонимдер қарама-қарсы құбылыстарды біріне-бірін шеңцестіріп салыстыру арқылы күшті стильдік мән туды-рады. Сол себептен антонимдер өте-мөте макал-мәтеддерде жиі қолданылады. Антонимдерді колданудын негізінен үш жолы бар:
1. Антонимдер бір сөйлемнің өз ішіңде салыстырылып ай-тылады. Мысалы: Қорлық омірден ерлік олім артық. Ер бақыттың қонганын білмейді, үшқанын біледі. Еріншек егін-шіден, елгезек масақшы озады. Ақымақ бүзуга бар, түзеуге жоқ. Өлі арыстаннан тірі тышқан артық. Досыңның асын қа-сындай іш.
2. Антонимдер іргелес сөйлемде қарама-қарсы қойылып шендестіріледі. Мысалы: Ер бір рет оледі, қорқақ мың рет өледі. Тоқшылықта жеген тоқпан жілік Ашаршылықта козіңнен бір-бір үшар. Алтау ала болса ауыздагы кетеді, Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. Жаңаны күтіп жалаңаш үйден шықпай қалганнан, Ескіні жамап киіп, жаңаны іздеп тапқан артық. Көп ақымақтың агасы балганша, бір ақыл-дының інісі бал. Жауластырмақ жаушыдан, Елдестірмек елшіден.
3. Антонимдер ыңғайласып, кезектесіп қатар жұмсалады. Мысалы: Арымақ, семірмек көңілден. Лалуанга оң, терісі бірдей. Ылдисыз өр балмайды. Ит үрер жақсыга да, жаманга да, Қылмагы бірақ залал қүдайдан-ды (Ы. Алтынсарин). Ащы менен түіцыны татқан білер, Алыс пенен жақынды жорытқан білер. Бф суып, бір ысып, Барады іш пысып (Абай).
Қарсы қойылып айтылғанның бәрін антоним деп тануға болмайды. Кейде синоним сөздер де бір-біріне салыстырылып айтыла береді. Мысалы: Гүрілдеп келген жаудан, Күлімдеп келген қас жаман. Қауіп бар жсрдеқат^) бар. Қауіп қайдан балса, қатір содан. Өлім бар ж^рде қаза бар. Бет көрсе жүз үялады.
Жан-жақты дамып, кемелденген тілде белғілі бір ойды әр
12^
түрлі мақсат-мүддеге карай неше сакка жүгіртіп, сан алуан тәсілмен қоддануға болады. Қазақ тілі синонимге қаншалықты бай болса, антонимге соншалықты кедей емес екеңдігін бай-қаймыз.
§23. Табу жөне эвфемизмдер мен дисфемнзмдер
Мифтік ескі наным бойынша атын тура айтуға тыйым са-лынған сөздер тіл біліміңде табу деп аталынады. Өткен заман-дарда адамдар арасыңда өмірді жете танып білмеу салдарынан, зат пен оның атауынын арасында табиғи байланыс бар деп қате түсінушілік болған. Адамзаг өзі тудырған кейбір сөздерді күңделікті тұрмыста өз атымен атамай, басқаша атауға мәжбүр болған. Мұңдай тыйым салынған сөздер дүние жүзіндегі халық-тардың көпшілігіңде кездеседі. Бұл әдет әсіресе түркі халық-тарының, оның ішіңде қазақ халқының өміріңде де кең тараған. Осындай тарихи оқиғаның нақтылы бір айғағы ретінде «Аталар-дың аты» деп аталатын мынадай бір аңыз әңгімені келтіруге болады.
Баягыда Аюбай, Түлкібай, Итбай деген үш агайынды адам өмір сүріпті. Бүлардың отырган ауылы терең сайдың ішінде екен. Күндердің бір күнінде агайынды ақсақалдар үйде әңгіме дукен қүрып отырады. Бір кезде иттері жабыла үріп, шу-лап қая Гхреді. Тердегі ақсақалдардың бірі босага жақта күйбеңдеп жүрген келінге:
— Шырагым, иттер неге үріп кетті, байқап келші, — деп жүмсайды. Келін жүгіре басып далага шықса, ауылдың арт жагында үлкен бір аю түлкіні қуалап барады екен де, иттері соган үріпті. Үйге қайта енбек балган келін кенет: *Япыр-ау, мүның бәріаталардың аты гой, қалай айтсам екен?» — деп қысы-ла-қысыла ішке енеді.
— Иә, балам, иттер неге үріпті?—деп сүрайды ақсақалдардың бірі. Сасқалақтаган келін:
Ауыл сыртындагы аршалы бетте атекем тәкемді зыттыра қуып бара жатыр екен, осы ауылдагы ж&кемдердің бәрі соларга қарап үріп жүр, — депті («Қазақстан әйеддері», 1967, № 7, 27-бет).
Қазақтың ескі өдет-ғұрпы бойынша келін болып тұскен қыз күйеуінің туған-туыстарын өз атымен атамайтын болған. Солардың әрқайсысына лайықтап (жолына, жасының үлкен-кішісіне қарай) өз тұсынан басқадай ат қоюға мәжбүр болған. Мәселен, қызға — қара көз, бикеш, шырайлым, еркежан десе, ұлға — кекілдім, айдс^рлым, түлымдым, шырақ, тетелее, мырза жігіт, төрежігіт, мърза ага, би ага делінген. Егер аты дөрекілеу
124
болса, аттеріс деп те атаған. Сол тәрізді ата-ене, абысыя-ажын, кайын аға, қайын жұрт, нағашы, жиен-жиеншарларға дейін шетінен ат қойып шығатын болған. Келін ат қойғанда кездей-соқ түрде емес, ат қоятын адамдардың мінез-құлқын, түр-тұрпатын, өнер-талабын, жан-жақты тексеріп түрлі қасиетгеріне қарай сәйкестеңдіріп атаған. Мәселен, тете емес қайнысын те-телес деп атамаган, тұлым қоймаған қайнысын тулымдым де-меген. Жасы үлкен адамдардың аттары басқа зат атауларымен атгас болып келсе, оңда келін оларға да басқаша жаңа ат ойлап табатын болған. Мәселен, аты Жылқыбай болса міигіш деп, Қой-шыбай болса азбин деп, Бүркітбай болса Үлкен қус деп, Тышқанбай болса қаптесер деп, Қарабай болса баран деп, Ақберген болса шаңқан деп атайтын болған. Ауылды жерде әлі күнге дейін ескі салт-сананың сарқыншақтары жасы мосқал тартқан адамдардың арасынан там-тұмдап болса да кездесіп қалады. Бұлар қазір кездесе қалса ескі ырым, діни ұғым бой-ынша емес, халықтың этикалық қалыптасқан көне әдет-ғұрпы түрінде жұмсалады. ¥ят сақтап, сыпайыгершілік білдіру, иба тұту рәсімі ретіңде қолданылады. Демек, габудың бұл түрінің мән-мағынасы түбірімен өзгеріп, көнеріп, бір жола күнделікті қолданыстан шыққан деуге болады.
Қазақ тіліңдегі табудың ендігі бір түрлері табиғаттың дүлей күшімен, адамды опат қылатын ауру аттарымен, қаскүнем жырткыш аң-жәндіктермен тікелей байланысты шыққан. Мәселен, революцияға дейінгі қазақ ауылыңда жай түсті де-сек, «адамға қырсығы тиюі мүмкін» деген наным бойынша, оны жасыл деп атайтын болган. Шешек ауруының атын атасақ, «жұғады», «жабысады» деген сенімге байланысты оның атын тура атамай, әулие, қорасан, мейман, қонақ деп өзгеше атаған. Қасқырды қасқыр деп атасақ естіп қойып, «малымызға шаба-ды» деп қорқып, оны итқүс, қара қулақ, серек қулақ, улыма деп атайтын еді. Жыланды жылан десек, «келіп шағады» деп үрейленіп, оны түйме, ала жіп, узын қурт деп айгқызған. Үры алган, жогалган малды ұрлаңды десек, «мүлдем табылмай кетуі мүмкін» деген сеніммен қолды болды деп айт дейтін. Мал сауы-лып бітті дегеннің орнына мал байыды, күн батты дегеннің орнына кун байыды, жиналған адамдар кетейік, қайтайық деғеннің орнына көбейейік деп айтуды әдетке айналдырған еді. Соның нәтижесіңде осы ұғымдарға қатысты бірнеше синоним-дер пайда болған. Бұлар белгілі конгексте өр түрлі стильдік мән тудырады.
Бір затгы, құбылысіы өз атымен тура атамай, басқаша атау-мен атау тек табумен байланысты емес. Сөздің ұғымы дөре-кілеу, қолайсыздау, көңілге тиетіңдей болып келген жағдайда
125
да тілде бір сөз бір сөзбен алмастырыяа береді. Мұңдай жағ-дайда мағынасы турпайы сөздің орнына сол ұғымды жұмсартып, жеңілдетіп жеткізетін сыпайы, жұмсак сөздер айтылады. Мұн-дай құбылыс тіл біліміңде эвфемизм деп аталынады. Эвфемизм табу сияқты үрейленуден туған сенімге негізделмейді, сыпайы-гершілік пен әдептілікке негізделеді. Демек, казіргі кездегі кол-данылып жүрген эвфемизмдер бүгін таңдағы әскелен халқы-мыздың қалыптасқан этикалық және эстетикалық нормалары-ның күнделікті нақ кәріністері деп есептеледі. Соңдықтан табу мен эвфемизмдерді бір-бірімен шатастыруға болмайды. Екеуі екі түрлі мақсаттан шыққан.
Қазақ тіліңде эвфемизм тәсілімен сөз алмастырудын мы-надай жоддары бар: I. Ауру аттары алмастырылады. Наукас адамның көзінше аурудың нақ өзін атамай, оның жеңілірек түрін айту дәстүрі бар. Мәселен, туберкулез немесе қүрт ауру деудің орнына вкпе ауруы, рак немесе қылтамақ деудің орнына жаман ауру, гоноррея немесе соз деудің орнына жіңішке ауру, сифилис деудің орнына самал немесе мүрнына жел түскен деп мағынасы қатты тиетін сөздерді жұмсақ сөздермен алмасты-рып қолданады.
2. Адамның дене мушелеріңдегі кем-кетік атаулары басқа сөздермен алмастырылады. Мәселен, ауру, жарымжан, мүгедек адамды дімкәс деген сөзбен, саңырау, керең деген сөзді қүлагы-ның мүкісі бар, сараң еапиді, қүлагы тосаң деген сөздермен, аягы ақсақ дегеңді аягының ақауы бар деп алмастырып айта бе-руге болады.
3. Мағынасы айтушы мен тындаушыға бірдей соншама жа-ғымсыз, дөрекі сөздер алмастырылады. Мәселен, нәжіс, қи, несеп, үлкен дәрет, кіші дорет, дәрет сындыру, үлы жарақ дегеңдердін бәрі де белгілі конгекстесыгаЛ>пькмәнтуғдыра-ды.
4. Үйлену мен тұрмыс құруға байланысты сөздер алмасты-рылады. Мәселен, түрмыс қүру, түрмысқа шыгу, баласын қүтты орнына қондыру, баласын аяқтандьру, қолына қүс қонды-ру, үйлі-баранды болу, семъя қүру, отау тігу, бөпелі болу, аягы ауыр тәрізді сөздер үйленуге байланысты айтылады.
5. Қоғам өміріңдегі адамдардың бір-бірінің жағымсыз қа-рым-қатынастарына қатысты сөздер басқа сөздермен алмасты-рылады. Мәселен, аузы жеңіл, қолының жымысқысы бар, қосып айтады, ауыз бастырық, созге келу, бет жыртыспау, жасы үлгаю, қалтасы тесік, козіне шоп салды, жаяу почта, үзын қүлақ, аузының желі бар, ішінде бүкпесі бар, сымсыз телефон дегеңдер сыпайылык мәңде айтылады.
Эвфемизмдер — ойды бейнелеп, көркем түрде жеткізудің
126
негізгі бір тәсілі. Совдықтан алдага уақьггга да сан түрлі эвфе-мизмдер туып қалыптасатывдығына ешбір шек келтіруге бол-майды. Бұлар тілдегі синонимдерді молайтуға белгілі дәрежеде үлес қосып отырады.
Күвделікті қарым-қатынаста мағынасы жағымсыз тұрпайы сөздерді жағымды сыпайы сөздермен алмастырып қолдана-тывдығымыз сияқты тілде әдепті сөзді әдепсіз (дөрекі) сөздер-мен де ауыстырып айта беру әдеті болады. Мұвдай құбылысты тіл біліміне дисфемизм немесе какофемизм деп атайды. Дисфе-мизм — мағынасы жағынан эвфемівмге қарама-қарсы құбылыс. Белгілі контексте жөнімен дұрыс жұмсалған сөзді мағынасы неғұрлым дөрекілеу сөзбен алмастыру — сөзді ауыспалы мағынада (троп) қолданудын бір жолы. Мысалы: Бут артары мен шаңырак, саларларын жауга берді (К. Оразалин). Өздерің б'р-бір тулақтарына мініп-ақ шапқылап кетсеңдер (совда). Хазірет пен Әбунусіптің сол езбалдагының озіне мынау отырган қошаметшілердің кейбіреуі аузын аңқайта тыңдагансиды (Д. Әбілев). Жеңілетініңді білетін болсаң, сен бес қырт атанар ма едің? (М. Әуезов). Осывдағы бут артар деген мінгіш, көлік орнына, шаңырак, салар — куш-көлік (туйе) орнына, тулақ — мінетін ат орнына, езбалдақ — мылжың, сөзуар, сөз соқты дегевдердің орнына, қырт — тантық, көк мылжың дегеннің орнына жұмсалынып отыр. Сол арқылы сан қилы жағымсыз эмоциялық мән тудырған.
Дисфемизм кеміту, қорлау, іске жаратпау ұғымын тудыра-ды. Мысалы: боқ мурын бала, боқтан өзгені сөз қылды, богымен жасты баламен ойнады, боқ басында қалды, богын пышақтады, богын ақтарды, боққа әлі келмейді, қалынан боқ келмейді, боққа татымайды, боқтық естіді, богын боталы туйе қылды, боқ же-меде қалды, боқтан да оңай, болар бала богынан, богы ботқа, өз басының богын кермей, біреудің шогын квреді т.б. Қазақ тіліңдегі бір сөзге қатысты осыншама дисфемизмдер бар. Бұларды белгілі контексте жөнімен қолданылған сөздердің орнын алмастырып айтуға болады. Дисфемизмдер — өдеби тілдің үлгісіне жатпай-ды. Бұлар көбінесе көркем шығармада ауызекі тілдің сөйлеу үлгісі ретіңде кейіпкерлердің тілівде ұшырасады. Сол аркылы әр жазушы өзінің қаһарманының мінез-құлқын, іс-әрекетін, ой-өрісін бейнелеп, нақтылы шынайы бейнесін жасайды.
Адамның қоғамдық өмірінін қыр-сыры өте көп. Жылы сөз айтып, біреудің көңілін көтеруге болатындығы сияқты, қатгы сөз айтып, біреудің намысына тиіп, ренжітуге де болады. Осы-ның борі сөздердің құдіретгі күшін танытады. «Басқа пәле — тідден», «Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады» дегевде халық сөздің коғамдық мәнін, күшін, қадір-қасиетіне жете
127
түсіне отырып, айгса керек. Осы тұрғыдан алып қарағанда, дис-фемизмдер де адам баласының күнделікті қарым-қатысыңда осал қызмет атқармайтыңдығы байқалады. Әсіресе бұлар сөйлеу тіліңде жиі қолданылады.
II. ҚАЗІРП ҚАЗАК ТІЛІЛЕКСИКАСЫНЫҢ КҰРАМЫ ЖӘНЕ ШЫҒУ АРНАЛАРЫ
§24 . Казақ тілініц сөздік қүрамы
Тіддегі сөздердін тұтас жиынгығы сөздік құрам немесе лек-сика деп аталады. Сөздік құрам белгілі бір халықтың тұрмыс жағдайын, күнкеріс-тіршілігін, кәсібін түгел қамтып көрсетеді. Белгілі бір халықтың қоғамдық, шаруашылық, мәдени-тұрмысы неғұрлым күрделі болса, соғұрлым сол тілдін сөздік құрамы да бай болады деген сөз. Мәселен, 10 томдық «Қазақ тілінің түсіңцірме сездігіне» 100.000-ға жуық лексикалық тұлға (фра-зеологизмдермен қоса) енген екен. Бұған енбей қалған қанша-ма сәз бар десеңізші! Алайда, сөздікке енген сөздердің бәрі бірдей осы тілде сөйлейтіңдерге түп-түгел таныс болмауы мүм-кін. Кейбіреуі танымал болғанымен, еңді біреулері мүлдем бейтаныс болуы ғажап емес. Өйткені қазақ тілінің лексикалық құрамына ғасырлар бойы сақталып келе жаткдн байырғы сөздер де, кірме сөздер де, кейін пайда болған неологизмдер мен термин сөздер де, әдеби сөздер мен ауызекі тілге тән қарапайым сөздер де, диалектизмдер мен кәсіби сөздер де, қыскасы, тіліміздегі барлық сөздер кіреді. Мұның бәрін тұгеддей жеке аоамдардың білуі мүмкін емес. Осыншама мол сөздін қолданылу жиілігі, қалып-тасу тарихы, атқаратын қызметі де бірдей емес. Соған байла-нысты сөздік құрам өз ішінен бірнеше топқа бөлінеді.
Сөздік құрамдағы сөздер қолдану жиілігіне қарай актив сөздер және пассив сөздер деп, ең алдымен екі салаға бөлінеді.
Актив сөздерге осы тілде сөйлейтін адамдар тек түсініп қана коймай, өрі жиі қолданатын сөздер жатады. Актив сөздер тіл дамуының белгілі бір кеэеңіңде осы тілде сөйлейтін адамдар-дың бәріне ортак болып келеді. Бұған күңделікті өмірде өзіміз айтып, қолданып жүрген таныс сөздердің бәрін жатқызуға бо-лады.
Пассив сөздерге түсінуін түсінгенмен, бірақ онша қолдана бермейтін сөздер кіреді. Бұған өр ғылымның өзіне тән тар кө-лемдегі термиңдері, кәнерген сөздер, тарихи сөздер, диалекгизм-дер, кітаби сөздер жатады.
128
Сөздердің актив және пассив қабаттарға бөлінуіңде белгілі дәрежеде шарттылык бар. Бір заманда актив қолданған сөз-дердің бірқатары келесі бір замаңда пассив қабатқа ауысуы ықтимал. Мысалы: жаугершілік замаңда жиі қолданылған атой салу, қорамсақ, адырна, кіреуке, дулыга, сауыт, шерік, қал т. б. сөздер сол кездегі лексиканың актив қабатында болды. Әлеуметтік құрылысқа байланысты хан, ханзада, ақ суйек, төлецгіт, жатақ, қарашы, болыс, майыр, онбасы, елубасы, жузбасы, қарашыгын, шацырақ салыгы, барымта, шабарман, ма-лай т.б. сөздер XVIII—XIX ғасырлардағы лексикада жиі қолданылған сөздер. Бірак бұлардыңбәрі де қазіргі қазақ лек-сикасының пассив қабатыңдағы сөздер болып табылады. Бұл кезде халық тіліңде актив қолданылған ай, жыл аттарын (на-урыз, көкек, маусым, тышқан, қой, жылқы т.б.) кеңес өкіметі жылдарыңда (1930—40 жылдардан бастап) халықтың көпшілігі (әсіресе жастар жағы) қолданбайтын болды. Кейін респу-бликаның тәуелсіздік алуына байланысты бұл сияқты сөздер қайтадан лексиканың актив қабатынан орын ала бастады. Бұл мысалдардан лексиканың актив, пассив кабаттарыңдағы сөз-дердің құрамы үнемі бір калыпты болмайтынын, оның жыл-жымалы екенін көреміз.
Сөздік құрамдағы сөздер қолданылу сипатына қарай бірне-ше топқа бөлінеді; 1) сөздің әдеби жөне әдеби еместігіне қарай: әдеби лексика мен диалектілік лексика болып, 2) өдеби тілдегі сәздердің халыққа танью және онша таныс еместігіне қарай жалпыхалықгық лексика мен арнаулы лексика болып, 3) тілдегі сөздін жұмсалу аясы мен көркемдік мәніне қарай бейтарап сөздер мен экспрессивті сөздер болып бөлінеді. (Бұлар жай-ыңда кейінгі тарауда айтылады).
Қоғам өміріңдегі болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістер тілге әсер егіп отырады. Әсіресе оның лексикасы өзгеріске неғұрлым бейім, неғұрлым сезімтал келеді. Тіл адамның бар-лық жұмыс саласыңдағы іс-әрекетімен түгелдей байланысты болғаңдықтан, сөздік құрам қоғам өмірінце не бар соны дереу және тікелей көрсетіп отырады. Мәселен, Кеңес өкіметі жылда-рыңда казақ тілінін сөздік құрамыңда мынадай басты өзгерістер болды:
1. Қазақ тілінің лексикасы қаншама жаңа сөздермен толы-ғып байыды. Бұлар өңдіріс, ауыл шаруашылығы, техника мен ғылым салаларыңдағы жаңалықтармен байланысты еді. Соның нәтижесіңде қазақ лексикасыңда неологизмдер, терминология салалары пайда болды.
2. Ескі салт-сана, әдет-ғұрыпқа қатысты, көне құрылыс жүйесіне байланысты бірқыдыру сөздер күңделікті қодданыс-
5-3312
129
тан шығып қалды. Сөйтіп, сөздік құрамдағы пассив сөзге ай-налды.
3. Сөздік құрамдағы бірқьщыру сөздердің мағыналары түр-лі өзгеріске ұшырады: а) Көптеген сөздер бұрынғы мағы-насының үстіне жаңадан үстеме мағына қосып, көп мағыналы болып қалыптасты. Мәселен, тап деген сөз революциадан бұрын ел, ру, ата (тек) ұғымында ғана жұмсалатын еді. Қозгамбайдың табы Бәйнеке атанган. Бір жерде 12—13 үй к,ыс-тайтын (Қ. Тайшықов). Бұл сөздің бұрынғы тар мағынасы кеңейіп, орыстың класс деген термин сөзінің қазақша балама-сы болумен бірге, тіл біліміңдегі сөз табы деген термиңді жасауға негіз бодды. Сонымен тап деген сөз қысқа мерзімінің ішіңце актив көп мағыналы сөзге айналып кетті.
ә) Бұрынғы мағынасынан қол үзіп, басқадай мағынаға ие болған сөздер де кездеседі. Мәселен, бұрын үран деген сөз ел мен ел, ру мен ру жауласқаңда, ат жарыстырып, балуан күрес-тіргеңде ата-бабасының аруағын шақырып рухтаңдыруды біл-дірген сөз болса, кейін қоғамдық мәні бар үндеу, шақыру де-геңді білдіретін бодды. Сол сияқты жасак, бұрын әскер, қол мағынасыңда айгылса, қазір қоғамдық тәртіпті сақгайтын, ерікті жастар ұйымын білдіретін болды. Сөйтіп, бір дәуірдегі жаңа сөз кәнеге, көнесі жаңаға, аз мағыналы сөз көп мағыналыға, актив пассивке, пассив сөз активке, бейнелі сөз қарапайым сөзге, жай сөзге бейнеліге ауысып отыру заңдылығы тіддің сөздік құрамына төн нәрсе. Бұлар үздіксіз дамып, үнемі то-лығып әзгерумен болады. Мұңдай заңдылықтар өлі де бола бермек.
§25 . Қазақ тілінің негізгі сөздік қоры
Қазақ тіліңдегі барлық сөздердің жиынтығы сөздік құрам болса, негізгі сөздік қор оның негізгі ұйытқысы, кайнар бұлағы, шығу арналарының ең маңызды бөлігі болып табылады. Сөздік құрамға қарағанда негізгі сөздік қордың сан мөлшері, көлемі әлдеқайда шағын болады. Өйткені оған кез келген сөз кіре бермейді. Қоғам, адам өміріңдегі ең қажетті ұғымдарды білді-ретін жалпыхалықтық сөздер ғана кіреді.
Қазақ тілі негізгі сәздік қорының құрамы біркелкі емес. Оның негізінде түркі тілдеріне ортак байырғы сөздер жатыр. Бұлар көбінесе бір буынды көп мағыналы сөздер: /иду, к&і, ж&, тас, үй, күн, түн, ай, жыл, айт, бар, кел, жүр, сен, мен, ол, бір, екі, үш, төрт, кек, ақ т. б. Сонымен бірге негізгі сөздік қорға ғасырлар бойы қалыптасқан қазақтың байырғы төл сөздері кіреді. Мысалы: туыстық атаулар: ата, ана, қарын-
130
дас, нагаіиы, жиен, боле, қуда, қудаги, жеңге; мал атаулары: туйе, жылқы, сиыр, бота, қулын; хайуанат атаулары: қасқыр, тулкі, арыстан, қоян, қарсақ; агаш атаулары: қайың, қарагай, мойыл, емен, тобылгы, шырша; киіз үй атаулары: шаңырақ, туырлық, кереге, уық, бақан; жұмыс құраддарының атаулары: курек, бал-та, балга, уршық, қурық, пышақ, біз; сапалық, сыңдық атаула-ры: жақсы, жаман, жеңіл, ауыр, қатты, жумсақ, жылы, суық т. б. Ежедден сіңісіп жалпыхалықтық сипат алған кейбір кірме сөздер жатады. Мысалы: дастарқан, астар, жеке, жәрдем, жан-жал, жануар, сыпайы, қорек, қошемет, зиян, арамал, ораза, на-маз, нан, кітап, базар, мектеп, гылым, рет, самауыр, бөтелке, бәтіңкет. б.
Негізгі сөздік қордың мынадай басты белгілерін көрсетуге болдды. Бұл белгілер арқылы негізгі сөздік қордың сөздік құрамнан өзіңдік ерекшелігін көрсетумен бірге, оған қаңдай сөздер енетінін анықтауга болады.
1. Негізгі сөздік қоргә тән басты белгі — тұрақтылық. Огән бірнеше ғасыр бойы өмір сүріп, барша ұрпақ үнемі қолданып келе жатқан сөздер кіреді Осы күнгі қазақ тілінің негізгі сөздік қорыңдағы көптеген сөздерді бұдан бірнеше ғасыр бұрын жазылған ескерткіштерден кездестіруге болады. Мысалы, V ғасырдан қалған Талас ескерткішіңде: ат, ер, сіз, тул, отыз, углан, қалмыш т. б. ; VII—VIII ғғ. Орхон-Енисей жазуыңда сіз, ол, өзім, көк, боз, улыг, кішіг, оң, теріс, ат, кун, тун, қыз, бар, кел, оқы, біл, оң, алты, отыз т. б. ; XI ғ. М.Қашғарңдың сөз-дігіңде: мен, сен, ол, екі, уш, алты, тогыз, ат, егіз, қой, ай, кун, тун, теңіз, ақ, қызыл, қара, бар, кел, оқы, өкін т. б. создер сақталып қалған. Негізгі создік қордың тұрақтылығы жайын-да сөз болғаңда, мынадай жайт есте болуы керек. Негізгі сөздік қордың тұрақты сипаты бар дегенге қарап, ол тіпті де өзгермейтін құбылыс деп ұклау керек. Сөздік құрамныңдаму барысыңда негізгі сөздік қор баяу болса да өзгеріске ұшырай-ды. Қазіргі тілдің сөздік қоры — тарихи дамып отыратын ка-тегория, ол — бірнеше ғасырдың жемісі. Сондықтан негізгі сөздік қор тек бір буыңды сөздерден тұрады деп ойлауға бол-майды. Огән неғұрлым кейін пайда болып, жалпыхалықтық сипат алған, қазақтың байырғы сөздері, кейбір кірме сөздер де кіреді (жоғарьща келтірілген мысалдарды қараңыз).
2. Негізгі сөздік қорға тән екінші басты белгі — оның сөз тудыруға ұйткы болатыңдығы. Негізгі сөздік қор болмаса, сөз-дік құрам молайып байымас еді. Әсіресе негізгі сөздік қор-дағы бір буынды түбір сөздерден қаншама сөз жасалып отыр-ған. Мысалы, бір-біріне жақын екі мағынада қодданылатын кун сөзінен әр түрлі сөзжасам тәсілдері арқылы: кундіз, кунгей,
131
кунсу, кунім, кундік, кунелту, кундес, куншіл, кундеу, кунделік, кун узақ, кун ілгері, кун бурын, кун щуақ, куншыгыс, кунбатыс, кунбагыс, кун тәртібі, кун көру, кун ара т. б.; жер сөзінен: жершіл, жергілікті, жерлеу, жерлес, жерсіну, жерсіз, жермай, жертөле, жеркепе, жер шары, жер оиіақ, жер серігі, жер уй, жеруйық т. б. сөздер жасалған. Жоғарыдағы мысалдарға қарап, тек бір буынды түбір сөздер ғана сөз тудыруға қабілетгі екен деп ойлауға болмайды. Бірқатар туынды сөздер жаңа сәз жасауға негіз бола алады. Мысалы, ек сөзінен туған егін сөзінен егінші, егіншілік, егіндік; жи сөзінен жасалған жинақ сөзінен жинақты, жинақты/іық, жинақы сияқты сөздер туған. Негізгі сөздік қорға енетін сөздердің сөзжасам қабілеті де бірдей емес. Мысалы, өте кәне замаңдардан белгілі екеніне қарамастан, сан есімдерден туған сөздер өте аз. Ал зат есім мен етістік түбірлердің көпшілігі сөзжасамда аса өнімді қызмет атқарады.
3. Негізгі сөздік қордың үшінші басты белгісі — оның жалпыхалықтық сипатында. Негізгі сөздік қорға енетін сөздерді қазақ тіліңце сөйлейтін адамдардың барлығы тек түсініп қой-майды, оны күнделікті өміріңде үнемі қолданып отырады. Бүл арада адамдардың қызмет, білім дәрежесіне, кәсібіне, жас мелшеріне байланысты шек қойылмайды.
4. Негізгі сөздік қорға енетін сөздерге стильдік қабаттасу-лар тән емес. Оған кіретін сөздерді стильдік салалардың жеке түрлеріне телуге болмайды. Өйткені ол лексиканың ең негізгі саласы? жалпыхалықтық қолданыстағы сөздер.
§26 . Негізгі создік қор мен сөздік құрамнып арақатынасы
Негізгі сөздік қор мен сөздік құрамның бір-бірінен түбірлі айырмашылықтары бола тұрса да, олардың ара жігі сіресіп қатып қалған, өзгермейтін дүние емес, керісінше, бір-бірімен үздіксіз қарым-қатынаста болып отырады. Бұлардың өзара қарым-қатынасы мынадай жәйтгерден нақты көрінеді.
1. Нетізгі сөздік қор мен сөздік құрам бір-бірін толықтырып, жанартып отырады. Тіл дамуының бір кезеңіңдегі негізгі сөздік қорға енген сөздер, оның екінші бір кезеңінде сөздік құрамға ауысады. Мысалы: шидем, асадал, қорамсақ, кит кию, отқа салар, малай, дуре, амеңгер, сабан, тіс агаш, қун алу т. б. сөздер бір кезде халық өміріңде аса қажет ұғымдарды білдіріп, негізгі сөздік қорда болса, жаңа замаңда ол ұғымдар-дың ескіріп қолданылмауына байланысты сәздік құрамға ауысып, оның пассив қабатынан (тарихи сөздер) орын алады. Керісінше, сөздік құрамдағы электр, радио, телефон, кочта,
-132
ферма, бригада, арифметика, институт, пенсия, стипендия, ав-тобус, трактор, квмбайн, вокзал т. б. сөздер тілге кейін енгеніне қарамастан жалпыхалықтық сипат алып, негізгі сөзлік қорға ауысып отыр.
2. Негізгі сәздік қордың сөз тудыруға ұйтқы болатын қасиетінің арқасыңца сөздік құрам үнемі жетіліп, толығып оты-рдды. Негізгі сөздік қор сөзжасам тәсілдері арқылы тілдің бүкіл лексикалық жүйесінің даму бағьггын анықтап, әрдайым сабақтастырып, байланыстырып отырады. Сол себепті бұлардың арақатынасының жылжымалы, шартгы сипаты бар.
§27 . Түркі тілдеріне ортақ сөздер
Түркі тілдеріне ортақ сөздерге бір кездегі жалпытүркілік көне лексикадан сақталып қалған, осы күні түркі тілдерінің бәріңде кездесетін сөздер жатады. Соңдықтан олар жалпыгүр-кілік сөздер деп те аталады. Жалпытүркілік сөздерден түркі тілдерінің туыстығын, бір тектен шыққандығын көреміз. Түркі тілдерінің туыстығы сайьш келгеңде, сол тілдерде сөйлейтін халықтардың шыққан тегінің бір екеңдігіне байланысты. Түркі тектес тілдер бір кездегі көнетүркілік ата тілдің (негіз тілдін) диалектілерінен тараған.
Алайда, түркі тілдерінің өзара жақыңдығы бірдей емес. Әрқайсысының өзіне тән даму ерекшелігі болған. Мәселен, қазақ тілі бастапқы негіз тілден бірден шықпаған, онымен тікелей байланысты емес. Қазақ тілі негіз тілмен қыпшақ қауымына ортақ тіл арқылы ғана байланысады. Жалпыгүркілік сөздер әрбір түркі тілі лексикасының ең кәне қабатына жата-тыңдықтан, олардың негізгі сөздік қорының ұйтқысы болып табылады. Қазақ тілінің негізгі сөздік қорыңдағы бір буынды сөздер мен олардың негізіңде туған байырғы сәздердің шығу төркіні түркі тіддеріне ортақ осындай сәздерде жатыр. Жалпытүркілік сөздердің мән-мағынасы үйлес келгенімен, жеке түркі тілдеріңдегі айтылуы, түр-тұлғасы бірдей бола бермейді. Бұл — әрбір түркі тілінің дыбыс жүйесіңдегі ерекшелігіне байланысты. Мысалы: қаз. -тіс, өзб. -тиш, тат. -теш, ұйғ. -тиш, чеш, тувад диш; қаз. -ауыл, қырғ. -айыл, тат. -авыл, чув. -ял; қаз. -жыр, қырғ., алт. -ыр, тат. -йыр т.б. Сол сияқты түр-тұлғасы үйлес келгенімен, мағынасы бірдей бола бермейді. Мысалы, жуеын сөзінің түбірі жуқ қазақ тіліңде «ыдысқа жұққан тамақтың кдлдығы» мағынасында кездеспейді, ал қыр. -жук, алт. -йук, өзб. -йук, түрк. -йок, сол мағынада айтылады. Бауыздау сөзінің түбірі бауыз қазақ тіліңде жеке
133
айтылмайды, ал башқұртта богоз, өзбекте бугиз «гамақ, мойын» мағынасыңда жеке айтылады.
Түркі -гілдеріне ортақ сөздердің түрлері мынадай;
1. Адамның дене мүшелерінің атаулары: бас, қулақ, квз, қас, аяқ, тізе, буын, шаш, маңдай, кірпік, қол, ауыз, тіс, бел, арқа, жақ, ерін, тіс т. б.
2. Мал атаулары: ат, тай, бие, сійгыр, іңген, туйе, буқа, егіз, қой, сиыр, қысырақ, бузау, қозы, қулын, бота, жылқы, бурач. б.
3. Туыстық атаулар: ата, ана, іні, келін, қатын, куйеу, ул, қыз, ер, ага, қуда, жиен, нагашы, бажа, әке, шеше, балдыз, сіңлі, бвлез. б.
4. Жан-жануар, жәңдік атаулары: қоян, тулкі, тиін, арыс-тан, піл, доңыз, аю, шымшық, қаршыга, қыраі, қарақус, бөрі, қорга, буркіт, қаз, уйрек, ит, жылан. қурт, шыбын, бурге, қандала, маса, тышқан т. б.
5. Табиғат құбылыстарының атаулары: жел, су, озен, кнл, агаш, тас, ай, кун, жулдыз, уркер, қум, саз, тун, тус, жауын, буршақ, қар, жф, тау, теңіз, жаз, куз, таң т. б.
6. Түр-түсті, сапа-сыңды білдіретін атаулар: қызыл, жасыл, қара, сары, ақ, көк, қоңыр, сур, жирен, тары, қысқа, узын, қалың, жуқа, ауыр, биязы, жаңа, коне, ескі, ыстық, суық, тәтті, ащы, суйық, қою т. б.
7. Сан есімдер: бір, екі, уш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тогыз, он, жиырма, отыз, қырық, елу, алпыс, жуз, мың, жарты т. б.
8. ЕсІңдіктер: мен, сен, ол, біз, анау, мынау, сонау, кім, не, қайсы, қалай, қанша, неше, барша, тугел, өзі, ешкім, ештеңе, тугел т. б.
9. Қимыл атаулары: кел, кет, жур, кір, бар, қаш, когср, ал, бер, қой, өс, өт, ол, т. б.
10. Үстеулер: ерте, кеш, ілгері, жогары, төмен, қашық, алыс, шалгай, тез, жылдам, бурын, тунде, жазда, қыста, кузде, жай, бәсең т. б.
11. Шылау сөздер: немесе, мейлі, дейін, соң, тугіл, та-ман, ушін, мен, да, және, турмақ т. б.
§ 28. Қазақтъщ байырғы төл сөздері
БайырҒы төл сөздер сөздік құрамның сан жағынан ең мол, құрылымдық-стилистикалық және грамматикалық сипаты жағынан алуан түрлі қабатына жатады. Байырғы лексиканың негізіңде түркі тілдеріне ортақ сөздер жатыр. Оған қазақ гілінің негізгі сөздік қорына кірегін сөздер түгелдей дерлік кіреді.
134
Бірак байырғы лексика ол екеуінен ғана тұрмайды. Байырғы лексикаға олардан басқа сөзжасам тәсілдері арқылы жасалған мыңдаған тума сөздер, қазіргі кезде көнеріп кеткен сөздер мен тұрақты сөз тіркестері, әбден халықтык сипат алып кет-кен бірқатар кірме сөздер кіреді. Мысалы, араб-парсыдан ауысқан вуен, қорек, әрекет, орыстан ауысқан самауыр, рет, бәтіңке т. б. Сол себепті байырғы лексиканың кәлем-мөлшері жалпытүркілік лексикадан және негізгі сөздік қордан әдде-қайда кең, әрі көп салалы. Қазақтын жалпыхалықтық байырғы сөздеріне кейін пайда болған неологизмдер мен термивдерді, тек жергілікті сипаты бар диалектизмдер мен кәсіби сөздерді жатқызуға болмайды Неологизмдер мен терминдерде байырғылық сипат жоқ болса, ал соңғылары тарихи көне тіл құбылыстарымен ұштасып жатқанымен, жалпыхалықіык қол-даныста жоқ. Бірақ диалектизмдер мен кәсіби сөздерде белгілі бір жердің тұрғындары үшін байырғылық сипат болуы мүмкін.
Сойтіп, байырғы төл сөздер дегеніміз қазақ халқының емір тіршілігі мен шаруашылығына, тұрмысы мен мәдениетіне, дүние танымы мен түсінігіне байланысты жалпыхалықтық си-патта қалыптасқан, оныңөзіне тән сездері.
Байырғы төл сөздер, бір жағынан, бұрынғы, ескі, көнелік, екінші жағынан, тілдің өзіне тен, меншікті, етене қасиеттерімен сипатталады. Осыңдай сипатгағы қазақтың байырғы төл сөздері, негізінен қазақ тайпаларының қыпшақ қауымынан бөлініп шығып, XV—XVI мен XIX ғасырлар арасыңда өз алдына халық болып біріккен кезівде пайда болған.
Байырғы төл лексиканың құрамыңдағы жалпытүркілік сөздер мен негізгі сөздік қордан (олар туралы бұрын айіылған) тыс мол қабаты тіліміздегі тарихи тума сездермен байланыс-ты. Тарихи тума сөздер тіліміздің сөзжасам тәсілдері арқылы пайда болған. Олардың ішіңдегі ең өнімдісі — сөзжасам жұрнактары арқылы туған сөздер. Тума сөздер сөз тапгары-ның бәріңде де кездеседі. Әр сөз табының өзіне тән сөзжасам жұрнақтары бар. Олардын ішіңде көп сөз жасаған өнімділері де, аз сөз жасаған өнімсіздері де бар. Мәселен, зат есімдердің жасалуыңда тарихи өніңці жұрнақтардың қатарывда -шы-ші: малшы, жылқышы, әнші, қарашы, егінші, бүркітші, жүмысшы; -шылық-шілік: адамшылық, молшылық, жоқшылық, кеңшілік, қүргақшылық, кедешиілік;
- лық/ -лік: квпшілік, балалық, аналық, түндік, црқалық, до-стық, жақсылық, адалдық, ондық, жүздік;
- ма/ -ме: сәлемдеме, кездеме, аялдама, тартпа, көрме, тер-ме, сүзбе, көмбе, жаппа, бвлме;
135
- қь/ -кі: ашытқы, кулкі, басытқы, бургы, сыпыргы, қондыргы, уйытқы, шанышқы;
- қыш/ -кіш: басқыш, тутқыш, ескерткіш, сузгіш;
- ыс/ -іс. согыс, урыс, журіс, отырыс, курес, айтыс, талас, шайқас, даедарыс, туыс;
- қ/к күрек, төсек, орақ, қазық. сызық, пьаиақ, қаірақ, ускрік, тамызық;
- ым/ -ім: тыным, угым, кешірім, согым, киім, тізім, иірім, жайылым, кузем, бөдім;
- ыщ/ -іш: қуаныш, өкініш, жубаныш, суйініш, қызганыш, сагыныш, куйініш т. б.
Сын есімдердің жасалуында мынадай жұрнактар:
- лъ/ -лі: қуатты, қызықты, сыйлы, малды, сулы, өнімді, икемді, пайдалы, гулді, балалы, әдепті;
- қь/ ~кі: төргі, сыртқы, ішкі, соңгы, тускі, кундізгі, кешегі, жогаргы;
- сыз/ -сіз: бассыз, бақытсыз, иесіз, панасыз, қайрымсыз, қайгысыз, ақылсыз, білімсіз;
- шыл/ -шіл: өзімшід, уйымшыл, ж&шіл, шыншыл, уйқышыл, сауықшыл, шайшыл, ойшыл;
- дай/ -дей: жардай, дырдай, оқтаудай, оймақтай, жудырықтай, туйедей;
- шаң/ -шең: сөзшең, бойшаң, кіршең, көйлекшең;
- лас/ -лес: аралас, ыңгайлас, қурбылас, муңдас, сырласт. б.
Етістіктердіңжасалуында мынадай жұрнақтар:
- лс/ -ле: жетеле, сөйде, төбеле, тісте, алаңда, үшеуле, қапта, букте. тіміскіле,т&ікйіе, жалтақта, шулдірле, қытықта, иықта, уртта, уыста, арқанда, бадтала, жугенде, шегеле, көгенде, тер&зеле;
- даң/ -ден: мазасыздан, дегбірсізден, күдіктен, машықтан, мал-дан, рухтан, ашулан, рахаттан, иелен;
- лас/ -лес: бірлес. комектес, бәстес, сыбырлас, кезектес, есеп-тес, ақылдас;
- сын/ -сін: алыссын, куштісін, туйсін, жатсын, көпсін, пысықсын, батырсын, юімсін;
- ыңқырс/ -іңкіре: алыңқыра, журіңкіре, артыңқьра;
~ РЦ/ ~ре: сайра, туйре, куйре, зіркіре, куркіре, шурқыра, жарқыра;
- гар/ -гер: теңгер, сугсдз, аңгар, басқар, ескер, атқар;
- т: қумсдзт, кеміт, жасыт;
- ар/ -ер; жаңар, тазар, қысқар, ескер, жасс^, жалтар, "бултар, жасқар т. б.
Үстеулердіңжасалуында мынадай жұрнақтар:
- шц/ -ше: ауызша, жазбаша, қазақша, көзінше, жаңаша, өзінше, меніңше, бурынгыша;
136
- шалык/ -шама: осыншалық, осыншама, соншалық, соншама, мүншалық, мүншама;
- ың/ -сін: қысын, жазын, астыртын, үстіртін, ертеңгісін, кешкіан т. б. ©німді кызмет еткен.
Сөзжасамда жұрнақтардан басқа сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі арқылы да көп сөздер жасалған. Мәселен, сөздердаң бірігуі аркылы: айбалта, қаламсап, келісап, шекара, орынбасар, қосаяқ, бүгін, бәйтерек, әпер, сөйт, таңертең, сексен, тоқсан, белуар, түрегел, өйткені, қүсбегі, атбегі, қыстыгүні, отагасы, алагеуім, бірталай, біртога, тілазар, алацгасар т. б.
Сөздердін қосарлануы арқылы: қора-қора, көзбе-коз, ат-мат, қалт-қүлт, сап-сары, қып-қызыл, әрең-әрең, шай-пай, шаң-шуң, койлек-көншек, тфлеп-тепшіп, қауіп-қатер, хат-хабцр, абы-сын-ажын, егжей-тегжей, келім-кетім, кесе-к&лденең, алқам-салқам, киім-кешек т. б.
Сөздердің тіркесуі аркылы: дымы қүру, сүмбіл шаш, тауы шагылу, ала аяқ, бос белбеу, бас сауга, жалаң бас, жас үлан, бас тарту, бел байлау, бой түзеу, иек сүйеу, бой жеткен, жан қалта, бір шөкім, кнз ақы, қан сонар, жүк аяқ т. б. сөздер жасалған.
Бұлардан басқа лексика-семантикалық тәсіл аркылы жа-салған сөздер де аз емес. Бұл тәсіл бойынша сөздердің түр-тұрпаты өзгермей, тек олардың мағыналық жағыңда өзгеріс туып, жаңа сөз сипатына ие болады. Ол жайында сөз мағы-насының дамуы, сездердің көп мағыналығы туралы тақырып-тарда кеңінен айтылған. Мысалы: күн (күннің көзі) — күн (күн сайын), ай (ай толды) — ай (ай сайын), жабагы (жабагы емген) — жабагы (жабагы жүн) т. б.
Сөзжасам тәсілдері арқылы туған жоғарыдағы сияқты сөз-дердің қдй-қайсысы болсын қазақтын ежелден белгілі, байыр-ғы әрі төл сөздері болып табылады. Олардың ішіңде жалпы-түркілік, болмаса қыпшақ тобыңдағы тіддерге ортак сөздер де, сонымен бірге тек қазақтың өзінің өмір тіршілігі мен шаруа-шылығына, тұрмысы мен мәдениетіне, дүние танымы мен ру-хани түсінігіне қатысты сөздер де бар. Бірақ бұлардың ара жігі тіл біліміңде әлі толық анықталған жоқ.
Сөзжасам тәсілдері тек қазақтың халықтық тіл дәуіріңде байырғы лексиканы дамьпып қойған жоқ, олар осы кұнгі ұлт-тық лексиканы дамьпып жетіддіруде де үздаксіз кызмет атқарып келеді. Мысал ретіңде олардың тіліміздегі жаңа сөздер мен термиңдердің жасалуыңцагы қызметін айтса да жеткілікті. Сон-дықтан қазақ лексикасыңдағы тума сөздердің қатарын толық-тыруда сөзжасам тәсілдерінің қызметі үздіксіз жалғаса бермек.
137
§ 29. Қазак лексикасындағы кірме сөздер
Тілдің сөздік құрамының толығып кемедденуі бір ғана өзі-нің ішкі мүмкіншіліктері арқылы болып қоймайды. Сонымен қатар өзіңце жоқ сөзді өзге тілдерден ауысып алу арқылы да тіл өзінің сөздік құрамын байьпъш, жетілдіріп отырады. Қазақ халқының ертедегі даму тарихына көз жіберсек, көптеген ел-дермен үнемі тығыз байланыста болғандығын көреміз. Бұл жай-ыңда «Қазақ ССР тарихыңда» былай деп жазған: «Қазақстан жеріңдегі халықтардың Қытаймен, Орта Азиямен, Волга Бул-гариясымен және Киев Русімен сауда байланысы өрістеген. Қазақстанның, әсіресе батыс, солтүстік-батыс аудаңдарының халқы Русьпен өте-мөте берік байланыс жасап тұрган. Русь-пен, Шығыс Еуропаның басқа халықтарымен арадағы осы сау-да байланыстарыңда негізгі делдалдыкқа жүргеңдер булгарлар, хазарлар, онан кейін печенегтер мен половецтер болған. Ви-зантияның деректемелері Орта Азия халықтары мен Шығыс Еуропа халықтарынын арасыңда біздің заманымыздың VI ғасы-рынан бастап-ақ керуен саудасы болғанын айтдды. Осыңдай айырбас пен мәдени өзара байланыстар Қазақстан тайпалары мен халықгарының мәдениетінің дамуында үлкен роль атқар-ған»1.
Ел мен елдің арасыңдағы ежелгі достық қарым-қатынас-тың болғаңдығы ана тіліміздің сөз байлығының кұрамынан да айқын байқалады. Бір халық пен екінші халық ертеде тек мал-мүлік пен киім-кешек, ыдыс-аяқ сияқты жалаң заттарды ғана алмастырып қоймаған, соған қоса рухани байлық та бір-бірінен молынан ауысқан. Әсіресе бір тіаден екінші тілге көптеген сөздер кірген. Осымен байланысты тіліміздегі қыруар кірме сөздерді қоғам тарихымен, қазақ халқының басынан кешкен даму тарихымен тығыз байланыстырып зертгеген жөн.
Қазақ халқының басынан кешкен ұзақ даму тарихыңда бірсыпыра елдермен араласып, әр кезеңде түрлі қарым-қаты-настар жасағаңдығы мәлім. Ертеде тәжік, өзбек, татар халық-тары арқылы VIII—XI ғасырларда араб-парсы елдерімен, XII—XIII ғасырларда монғол халқымен күшті байланысты бол-са, XVIII ғасырдан, яғни Қазақстанның Ресей қарамағына ене бастаған кезеңінен (1731 ж.) бастап күні бүгінге дейін орыс халқымен тікелей үздіксіз қарым-қатынас жасап келеді. Осын-дай ұзақ ауыс-түйіс, мол байланыстан кейін қазақ тілінің сөздік құрамында кыруар шетел сөздері пайда болған.
1 ҚазақССРтарихы. 1-том, 1957, 86-бет.
138
Кірме сөздер (заимствование) дегеніміз тілдің өзіндік сөз-жасам тәсілімен емес, басқа тілдердің ықпалымен жасалған немесе олардан енген сөздер. Яғни сөздің дыбыстық тұлғасы да, мағынасы да өзге тілге қатысты сөздер кірме сөздер делінеді. Жер шарыңда өмір сүріп келе жатқан үлкеңді-кііпілі халық-тардың қай-қайсысыңда болсын өзге тілдерден ауысып келген кірме сөздер көптеп кездеседі. Мәдениеті кенжелеп дамыған үсақ халықтарды былай қойғаңда, мәдениегі гүлденіп оскен ең озат деген халықтардың сөздік құрамы да таза тума сөздерден құралмайтындығы дәлелденген. Зертгеушілер ағылшын тілінің сөздік құрамының не бары 30 проценттейі ғана өзінің төл сөздері, ал қалғаны өзге тілдерден ауысып келген дегеңді айта-ды. Түркі тілдері мен басқа тілдердің арасыңда да сөз ауысу тек бір жақты болмай, екі жақты болып отырған. Ғ. Мұ-сабаевтың пікірінше, аң атаулары, әсіресе, құс атауларының көпшілігі ирантіліне түркі тілдерінен ауысқан. Сонымен қатар араб-парсы тілдеріңцегі мынадай сөздер түркі тілдерінен ауыс-қанын атап айтады. Мысалы: ата, аталық, адырна, орда, ақша, елші, адас, улы, қурылтай, бүлдіршін, қылыш, қонақ, бугау, ту, темір, шабар, сорпа, тоқпақ, қаймақ, қул, улус, олжа, өлік, өлекшін, жылқы, қаз, қарга, қарақус, суңқар, қызыл, қылшық, қалпақ, қамшы, қосын, қарауыл, қдрақшы, қайық, аю, арыстан1.
Орыс тілінін сөздік құрамындағы айран, алтын, апара, аул, баябес, башка, баяван, ералаш, қабырга, қаймақ, караул, кишл-ак, кочеватъ/кумыс, кунак, очаг, сайга, серъга, сургуч, табун, тамга, тумақ, урман, тюбетейка, чекменъ, чий, чубарый, чулан, тютюн тәрізді сөздер ертеде түркі халықтарынан ауысқан. Н. К. Дмитриевтің пікірінше, түркі тілдерінің ықпалы славян тілдерінің тек лексикасына әсер етіп қоймаған, славян тілдерінің грамматикасы мен фонетикасына, бір сөзбен айтқанда, жалпы тілінің жүйесіне күшті ықпал еткен2. Бұған қарағаңда өзге тілдер түркі халықгарының тітдеріне қанша-лықты игілікті әсер еткен болса, түркі халықтарының тілдері де сол тілдерге кем ықпал етпегеңдігі байқалады. Алайда, бір тілден ауысқан создердің сан мөлшері әрдайым тең болады деген теріс ұғым тумауға тиіс.
Қазак тілінін сөздік құрамындағы кірме сөздер негізінен
1 Кеңесбаев I, Мусабаев Г. Қазіргі казак тілі. Лексика, фонетака, 1975, 97-бет.
2 ДмитриевК К. Отторкских элементах русскогословаря// Лексикографи-ческий сборник. Вып., III, 1958, стр 3—33.
139
төрт халықтың тілінен келіп енген: 1) араб тілі, 2) парсы тілі, 3) монғол тілі, 4) орыс тілі’.
§ 30. Араб-парсы тілдерінен евген сөздер
Түркі тілдеріне араб, парсы тіддерінен сөз ауысу процесі қазақтың біртұтас халық тілі қалыптасудан көп бұрын, орта ғасырлардың алғашқы кезінен басталады. Араб, парсы сөздері қазак тіліңдегі кірме сөздердің ең мол қорын жасайды. Олар тұлғасы жағынан да, семантикалық топтары жағынан да, қазақ тіліңде игерілуі жағынан да өр түрлі дәрежеде.
Араб-парсы тіддерінен ауысқан сөздердің барлығы бірдей қазақ тілінің сөздік қорына енбегенімен, оның ішіңде сөздік қордағы қазақтың тума сөзіңдей ұзақ өмір сүріп, жаңа сөздер жасауға ұйтқы болған жасамыс байырғы создер көптеп табы-лады. Мысалы: аса, абырой, ар, дуние, аспан, бақыт, шаруа, қызмет, зат, ақыл, қүдай, қуат, дау, хабар, пайда, әйел, қас, бага, өл, азамат, айуан, дас т. б. Бұл сөздер кірмелігіне қарамастан, ұзақ өмір сүріп, сөздік қордағы сөздерге тән бар-лық қасиетке ие болған. Мәселен, ас (аш) деген сөз парсы тілінен ауысқанымен, өте ерте заманнан бері тілімізде өмір сүріп келе жатқандығын дөлелдейтін мынадай толып жатқан мақал-мәтеддер бар: ас адамның арқауы; ас жүрген жерде дерт жуымайды; ас иесімен тәтті; таспен атқанды аспен ат; тас — тасты жібіткен ас; ерді қорласаң — састырар, асты қорласаң — қүстырар т. б. Ас сөзінің жаңа соз тудыруға қабілеггілігін лек-сика-синтаксистік сөз тудыру жолымен жасалған: ас буршақ, ас жаулық, ас қазан, ас болу, ас беру, ас ішу т. б. күрделі сөздер дөлелдейді. Бұл сөздің жалпыхалықтьк мәні мен түсініктілігі күңделікті қарым-қатынастағы қолданысынан, жиі айтылуы-нан айқын көрінеді.
Бақыт, бақ деген сөздер араб тіліңде бір ғана тұлғада (бәхт) айтылса, біздің тілімізге келіп, екі түрлі мәңдес сөз болып қалыптасқан. Бұл сөздің де қазақ тіліне ертеден кіріп
1 Бүлардың алғашқы екеуі өр түрлі жүйедегі тіадер тобына (араб гілі семиғ тобывдағы гіадерге, гіарсы 'гілі иран тобьздағы гіадерге) жататыныиа қарамастан, қазақтіл білімівде жіктелмей, бірге қаралып келеді. Оныңбасты бір себебі араб, парсы сөздерінің казактіліне ену жоадарына, қазакгіліне қабыадануывда ұқсас-тық болуына байланысты сиякгы. Кейінгі жылдарда араб, парсы тіадерінен қазақ тіліне енген сөздерді ажыраіып зерттеген Н. Д. Оңдасыновтың сездіктері бұл мәселені аныкдауда көп жеңілдік келгірері сөзсіз. Біраколардың орқайсысынан енген сездердің лексика-семантикалық тогтгарға бөліну жайы, ауысу себеітгерін-дегі ерекшеліктері елі де түбегейлі зерттеуді қажет етеді. Сол себеттгі оқулықга араб-парсы сөздері жайывда түсінік бүрынғы іэбен беріліп жүр.
140
сіңіскеңдігін көптеген мақал-мәтеддерден көруге болады. Мы-салы: мақал сөздің атасы, татулық табылмас бақыт; ер жігіт бақыттың қонганын білмейді, ушқанын бйіеді; бақыт кілті — еңбекте т. б. Бақыт деген сөз көп замаңдар бойына халыққа әбден танылып, ең қажетгі созге айналды. Соның нәтижесіңде бұл сөз мақал-мәтелдер жасауға тірек, таяныш болып қойған жоқ, бірсыпыра туыңды сөздер мен күрделі сөздер тудыруға да ұйытқы бодды. Мәселен, бақыт деген сөзден бақытты, бақытсыз, бақыттылық, бақытсыздық тәрізді жеке сөздермен қатар бақыт қоңу, бақыты жану, бақыт қүсы, бақыт кілті, бақ қүмар, бақ талас, басынан багы таю, бақ таластыру, багын байлау, багынан крру, багын сынау, бақпен асу сияқты күрделі сөздер мен фразалық тіркестерде туып қалыптасқан. Сөздік қорға енетін сөздерге тән тағы бір ерекшелік — көне дәуірді басынан өткізгендігінің белгісі сөздердін көп мағыналығы. Тілімізге енген араб-парсы сөздерінің ішіңде көп мағыналы сөздер жиі ұшырасады. Мөселен, араб тілінен енген дүние (дүнийа) деген сөздің бірнеше лексикалық мағынасы бар. Соның нөтижесіңде бұл сөз төрт түрлі синонимдік қатарда (дуние—зат,' дүние—әлем, дүние—жсіратылыс, дүние—өмір) қол-данылады. Көп мағыналы сөздер ауыспалы мағынаның негізіңде пайда болатыны белгілі. Араб-парсы тіддерінен кел-ген біркыдыру сөздер қазақ тіліне өбден орнығып, сінісіп алған соң, ауыспалы мағынада қолданыла жүріп, жаңадан бірнеше қосымша мағына үстеп алғаңдығы байқалады. Мөселен, араб тіліңце сәби (саби) деген сөз бала, бөбек дегеңді ғана білдірсе, қазақтіліңде осы мағынаны толық сақтай отырып, оның үстіне жас деген сыңдық мағынада қолданылатын болған. Шыны (чини) деген сөз парсы тілінен бір ғана мағынада ауысып кел-се, қазір терезенің әйнегін де, бөтелкеніре, кесені де шыны деп атай береміз. Балалы үй базар дегеңдегі базар сөзі парсы тіліңдегідей рынок мағынасыңда ғана емес, той-думан, қызық деген ұғымда ауыспалы мағынада айтылып жүр.
Демек, араб-парсы тілдерінен енген көптеген кірме создер қазіргі кезде ана тілінің төл тума сөздеріңдей болып, мәңді қызмет атқаратынын көреміз. МұндаЙ сөздер қазіргі кезде өзінің кірмелігін біржола жойып, негізгі сөздік қордан түпкілікті орын теуіп отыр.
Араб-парсы тіддерінен ауысқан сөздер атқаратын қызметі жағынан өзара бірдей деуге болмайды. Бұларды негізінен төрт топқа бөліп қарауға болады:
1. Тілге әбден сіңісіп, қазақтын байырғы төл сөзіңцей жым-дасып кеткен актив сөздер. Бұлар қазақ тілінің сөздік қорына басыбүтін еніп, әбден тұрақтанған. ҮзаҚ өмір сүріп, тілде жиі
141
қолданылғандықтан, жаңа сөз, тың мағына тудыруға ұйтқы болып келе жатқан, жұртгын бәріне өте-мөте танымал сөздер деп есептеледі. Мысалы: ас, бақыт, ар, дуние, шаруа, ол, дос, зат, қас, айна, дастарқан, астар, нан, шам, сабын, сынап т. б.
2. Жалпы халыққа таныс әрі түсінікті бола отырып, әлеу-меттік өмірдің, шаруашылық пен өңдірістің, түрлі маман-дықтың белгілі бір саласыңда басым жұмсалатын термиңдік сипаты бар арнаулы сөздер. Мысалы: нарык,, базар, байрақ, ар-зан, қарыз, бсрыш, хал-ақуал, зейнет, емтихан, укім, шарт, зейін, ақпар, м&лімет, қун, мата, сайыс, жәрдем, жарнама, жугері, керуен, мердікер, кукірт, қуэ, емле, сабақ, мугалім, галым, аспап, есеп, арыз, дәуір, табигат, мусылман, далел, маусым, дәрі, дурбі, ереже, мейрам, мөр, майдан, әділет, саясат, тауарық, кеден, ке-дей, ақиқат, өкімет, хуқық, әкім, сәбіз, судігер т. б.
3. Әр түрлі экспрессивті-эмоциялық мәні бар, ерекше стильдік реңк тудыратын сөздер. Мысалы: махаббат, нур, бісмілла, омір, сапар, мәртебе, гибрат, абзал, азамат, дария, мырза, қасиет, қайран, шіркін, астапыралла, еншалла, жомарт, дидар, ажар, перзент, сахара, алла, арай, шапақ, іңкәр, пәрмен, апат, дгрт, шәкірт, устаз, нәресте, гулама, мәшһур, галамат, пешене, жәннат, қасірет, сайран, халайық, тагдыр, тәубе, тоба, уатагала, зәнталақ, ақырзаман, ақырет т. б.
4. Әдеби тіддің шеңберінен біржола ығысқан немесе ығы-суға жағын жүрген сөздер. Мысалы: уалаят, мілләт, газал, уәзір, мукэммал, шайыр, сауал, дур, сагыр, доркер, баһадур, шаһар, қам (шикі), шырагдан, жарапазан, мала, мизам, зәлзала, уәзипа, інжір, ләскер, сабат, байырқату, хурият, хикмет, зоңгі, жыга, доркер т. б.
Бірқатар сөз жергілікті говорларда қолданылады:
мәнпагат (тұрмыс, жағдай), сада (тәрбиесіз), қайбарт (өсек), көдек (сәби, жас бала), муш (жұдырық), бәдірең (қияр), андуа (үй сылайтын қалақ), дәнден (тіс шұқығыш), жуалдыз (тебен ине), нам ('ат, есім), музаффат (облыс, өлке), бипая (ұятсыз), кадл& (бас, «ер көлләда бір қиял» (мәтел), абатшылық (теңдік, бостаңцық), пушайман (уайым, қайғы) т. б.
Араб-парсы сөздері тілімізге негізінен үш сала бойынша енген:
1. Ғылым мен мәдениетке, әлеуметтік өмірге байланысты: тарих, әдебиет, мәдениет, хакім, тәрбие, тәржіме, емтихан, емле, гылым, пән, сәлем, сапар, қазына, әдет, нлем, қабілет, қанагат, маглумат, назар, мәжіліс, мекеме, мектеп, мемлекет, мансап, парасат, пақыр, буқара, салтанат, медресе, дидар, би-шара, аброй, душпант. б.
142
2. Үй тұрмысы мен шаруашылыққа, саудаға байланысты: бәс, жиһаз, парақ, қаражат, кіре, шерік, ауқат, қасап, несие, шарап, багбан, халва, дам, дүкен, дарбаза, дихан, кеме, мақта, миуа, зембіл, сарай, қумыра т. б.
3. Дінге байланысты: қуран, имам, мешіт, мүфти, қудірет, қурбан, араза, дуга, азан, жоһоннам, жаннат, рамазан, жаназа, әулие, қажы, қазірет, қиямет, шаригат, айт, тамық, қутба, зікір, зекет, бейіш, намаз т. б.
Бұдан басқа адам атгарына байланысты сөздер енген: Гали, Сагадат, Фатима, Уәсила, Уэли, Ысқақ, Жақып, Айман, Нагима, Назым, Малік, Музафар, Махмут, Мухтар, Мурат, Нәсима, Әміре, Бижамал, Гәуһар, Дария, Дәрмен, Ділдә, Жәңгір, Ескендір, Хамит, Сермі, Раушан, Сәбит, Шарбан, Әлішф, Рустем т. б.
Қазақ тіліне бұл сияқты сөздер тікелей келіп енбеген, тәжік, өзбек және татар тідцері арқылы келіп сіңіскен. Соңдықтан болса керек, зертгеушілер өзге туркі халықтарымен салыстыр-ғаңда араб-парсы сөздерінің сан мөлшері қазақ тіліңде едәуір кем (аз) деп есептейді. Өзге түркі тіддерінен сан жағынан аз-дау болғанымен, араб-парсы сөздері қазақ тіліңде де біркыдыру баршылық. Бұл сөздер бізге сауда, дін арқылы, шығыс халқының классикалық әдеби мұралары арқылы тараған. Соны-мен қатар «кітаби тіддің» үлгісімен жазылған шығармалар да араб-парсы тіддерінен келген сөздердің ел арасыңда тез тарап, тез сіңісуіне жалпыхалықгық сипат алуына үлкен ықпал ет-кен. Абай негізін салған жаңа жазба әдебиет дәстүріне дейін қолына қалам ұстап, шығарма жазған қазақ ақындарының көп-шілігі «кітаби тіддің» сүрлеуінен онша ұзап кете алмаған. Бұған бой ұрмағаңдар кемде-кем деуге болады. Сол дөуірдегі жазыл-ған шығармалар қоғамның саяси және мәдени өміріне, дінге қатысты қыруар сөздер өкеліп, халық тілін өр түрлі салада байыгуға азды-көпті үлес қосқан. Соның нөтижесіңде бірқы-дыру араб-парсы сөздері жалпыхалықтық сипат алып, қазақ лексикасына етене болып сіңісіп кеткен. Араб пен парсы тідд-ерінен сөз алмасу өте ерте кезден басталған. Таяу және Орта Шығыс халықтарының мәдени өміріңде араб тілі халықаралық тілдің қызметін атқарады1. Қазан революциясы жеңіп, Қа-зақстаңда Кеңес өкіметі құрылғанға дейін бұл қарым-қатынас азды-көпті үзілмеген. Соңдықтан болса керек, тіліміздегі араб-парсыдан ауысқан сөздердің көпшілігі сыртқы түр-тұрпаты жағынан да, ішкі мән-мағынасы жағынан да өбден жымдасып,
1 Рустемов Л. 3. Казіргі қазақ тілівдегі араб-парсы кірме сөздері. Алматы, 1982,8-бет.
143
қазақтың өзінің тума төл сөздеріңдей етене болып кеткеңдігі байқалады. Тіпті кейбіреулерін тарихи деректерге сүйеніп, ғылыми зертгеу арқылы болмаса, басқа тілдерден ауыскаңдығын жай көзбен айқындау оңай емес. Күңделікті тұрмыста өте жиі қолданылатын мал, нан, ар, ас, ақыл, устаз, зат, адам, дау, адал, дос, арзан, ән, уақыт, әдет, кілт, кілем, дастарқан, астар, айна, қалжа сияқты сөздердін араб-парсыдан келгеңдігіне қара-пайым халықты сеңдіре алмауға да болады. Тіліміздегі араб-парсы елдерінен келген сөздер түр-тұрпаты мен мән-мағынасы жағынан бәрі бірдей емес, ала-құла. Кейбіреулері сыртқы тұлғасы мен мағынасын түп-түгел толық сақтап, ешбір өзгеріске ұшырамаған. Мәселен, араб тіліңдегі булбул, хал, мирас, сахара, устаз, алла, ниет сөздері мен парсы тіліңдегі арай, иіиан, дидар, шарт, дана, жай, саз, нан, надан, шер, базар, рай, шабандоз, жар, дарига сөздерінің мағынасы мен тұлғасы қазақ тіліңде толық сақталған. Ал көптеген сөздердің мағынасы толық сақталғанымен, сыртқы тұлғасы қазақ тілінің дыбыстық заңдылығына сай кейде түгелдей, кейде жарым-жартылай өзгеріп отырған. Сырт тұлғасы өзгерген сөздерге мыналар жа-тады: арба (а. гәр-әба), ынтымақ (а. иттифақ), кесе (а. каэс), опа (а. уәфа), мср (а. муһр), серік (а. шәрик), бекем (а. мәхкәм), бейіт (п. би-бәд), дәрігер (п. даругәр), дауа (п. дава), көпшік (п. кәфчәк), жендет, (п. джолад), шәкірт (п. иіагерд), марту (п. маред), мушкіл (п. моиікел), кумән (п. гоман) т. б.
Сырт тұлғасы жарым-жартылай өзгерген сөздерге мына-лар жатады: қиял (а. хиал), тагам (а. тәғам), пән (а. фән), садақа (а. сөдөқа), талап (а. талаб), қант (а. кәнд), әсср (а. әсер); ар (п. ғар), дерт (п. дөрд), бақ (п. бағ), қожа (п. худжө), дихан (д. деһқан), сабақ (п. сөбөқ), зейін (п. зеһн) т. б. Араб-парсы тілдерінен келген қайсыбір сөздер түр-тұлғасы ғана емес, мән-мағынасын да жаңартып өзгерген. Мәселен, парсының қан мағынасыңдағы қун/хун) сөзі қазақ тіліне енген соң, бұрынғы мағынасынан ажырап, өлген кісіге төленетін төлем ақы ұғымы-на ауысқан. Мысалы: Ердің қуны, нардың пулы емес (мақал). Ердің қунын екі ауыз сөзбен бітірді (мақал). Кейіннен бұл сөз аталған ұғымынан тағы да ажырап, қазір нарық, бага деген сөздердің синонимдік қатарында жұмсалатын болды. Соңғы ұғымға қатысты қазақ тіліңде қунды, қунсыз, қундау, қундану, езіндік қун сияқты жаңа сөздер туып қалыптасты. Кемпір (кәмпир) деген сөз парсы тіліңце қаусаған шал ұғымында ай-тылса1, қазақ тілінде жасы егде тартқан қартайған өйел
1 Оңдасынов Н Парсыша-қазақпіа түсівдірме сөздік. Алматы, 1974, 218 — 219-бетгер.
144
мағынасыңца қолданылады. Бейсауат (бисәуад), деген сөз пар-сы тілінде бос, құр бекер деген мағынада жұмсалады. Сол сияқты араб тіліңде ар (гар) масқара, қарабет, өлім деген жағымсыз ұғымда айтылған болса, қазақ тіліңде намыс, ұят, адамгершілік мағынасыңда қолданылады. Ашына (әшна) арабта білгір, білімді деген мағынада айтылады. Ал қазақ тіліңде бұл сөзғашықтық, құмарлық, көңілдес ұғымында жұмсалады.
Келтірілген тілдік материалдарға қарағаңда, араб-парсы тіддерінен ауысқан сөздердін бірқатары қазақ тіліңде әр түрлі өзгеріске ұшырағаңдығын көреміз. Олар әсіресе мағыналық өзгерістен гөрі сыртқы дыбысталуы жағынан көбірек өз-герістерге түскен. Соның салдарынан бір сөз бірнеше түрде айтылып, кейннен бір-бірінен алшақгап, дербес мағынаіы сөзге ай-налып кеткен. Мысалы: гылым—ілім, хал-ал, үкім—өкім, өкімет—үкімет, ауа—әуе, кінә—күнә, табигат—т&бет, сагат—с&т, қагида—кәде, қажет—әжет, қазір—әзір, рәсім—ресім, ресми, хакім—әкім, қарекет—әрекет, хақы-ақы, әулі—аула т. б.
Демек, араб-парсы тілдерінен енген сөздер қазақ тілінің сөадік құрамын сан жағынан ғана байьпып қоймаған, оның лексикасын тұр-тұрпаты, мән-мағына жағынан да кеңейтіп кемеддеңдірген.
Араб-парсы тілдерінен ауысқан кірме сөздер қазақтың төл сөздерімен синонимдік қарым-қатынаста жұмсала жүріп, стиль-дік мөні жағынан саралануына ықпал жасады. Әдеби тілде қай-сысы үстем қолданылуы керек дегён мәселеде төл (тума) сөз бен кірме сөздердің арасыңда сан қилы тартыс болған. Сол тартыстарда ана тілінің өз сөздері көп жағдайда үстемдік алып, жеңіп шығып отырған. Мәселен, ақын мен иіайыр, ақша мен пүл, жауынгер мен сарбаз, оқымысты мен гүлама, төреші мен қазы, үлгі мен гибрат, маңдай мен пешене сияқты сөздердің алғашқы сыңарлары әдеби тілде жалпыхалықтық сипаты жағы-нан үстемдік алды. Ал бұлардың шеттен келген екінші сыңар-лары пассив сөзге айнадды. Сөйтіп, олар стильдік синоним-дердің санатына барып қосылады. Сонымен қабат тілде кері процестерде болады. Мәселен, синонимдік қарым-қатынаста жұмсалу барысыңда ана тілінің кейбір сөздері сөйлеу тіліне қарай ығысты да, ал оның араб-парсы тілдерінен ауысқан сыңарлары өдеби тідде орнығып қадды. Мысалы, арабтың әйел (гәйал) деген сөзі қазақтың қатын деген ежелгі жасамыс сөзін әдеби тідден ығыстырып шығарды. Парсының қүдай (ходай) деген діни сөзі де қазақтың байырғы тәңір деген сөзінің орны-на жиі айтылатын болды. Соның нәтижесіңде қүдай деген діни сөзден бірнеше туынды және күрделі сөздер пайда бодды: қудай-
145
су, қудаиы, қуоаишыл, қудайсыз, қүдайсыздық, қудайшылық, қудай-шылдық, қудай ату, қудай ақына, қүдайдық қутты күні, қүдай-дың зарын қылу, қүдай атқан, қүдайдың қүдіреті, қүдайга жазу, қүдай берді, қүдай үрды т. б.
Сол сияқты араб-парсы тіддерінен келген бүлбүл деген сөз сандугашты, үста—теміршіні, шыны—шалмекті жалпыхалықтык қолданыстан шығарып, пассив сөзге айналдырды, ал бұлардың шетген келген сыңарлары едеби тідде жиі айтылатын актив сөз болып қалыптасты.
Әдеби тіддің аясыңда әлі де берік орныға алмай жарыса қолданылып жүрген қонақ пен мейман, қақпа мен дарбаза, қсраз бен әтеш сияқты азын-аулақ жарыспа сөздер бар. Бұл айтылғандарға қарағанда, араб-парсы тілдерінен енген кірме сөздер мен ана тілінің тума сөздерінің арасындағы саралану, орнығу жөніңдегі «ішкі тартыс» өлі де болса жүріп жатқан құбылыс екеңціТін көреміз.
§ 31. Қазақ тілінің монғол тілдерімен қарым-қатынасы
Қазақ тілінің монғол тілдерімен қарым-катынасы екі түрлі жағдайща қарастырылады. Бірінпіі, қазақ тіліңдегі монғол тідцерінен тікелей ауысып кірген сөздер жайыңда. Бұған ең алдымен екі халықтың ғасырлар бойы көршілес тұрып, бір-бірімен тікелей қарым-қатынас жасауы себеп болған. Соны-мен бірге XII ғасырда монғолдардың Қазақстан және Орта Азия жерін жаулап алып, ол жерлерде Шыңғыс өулеті билеген ұлыс-тар мен ордалардың XV ғасырға дейін үстемдік етуінің әсері тиген. Тіпгі қазақ хаңдықтары құрылған XV—XVIII ғасырлар-да да монғоддармен тегі бір Жоңғар қалмақтары (олар тарихи деректерде ойрат тайпаларынан тұратын батыс монғолдар деп аталады) қазақ жеріне үнемі шапқьпшіылық жорыктар (құба қалмақ заманы) жасап отырғаны тарихтан белгілі.
Қазақ тіліне монғол тідцерінен кірген сөздер негізінен әкімшілік, ел билеуге байланыстьг. үлыс, нөкер, жасақ, наян, қүрылтай, аймақ, жарлық т. б. Жер-су атауларына байланыс-ты сөздер көп кездеседі: Тарбагатай. (суырлы), Қандагатай (бұғылы), Толагай (бас), Катонқарагай (катон-қайың д. м.), Ба-янаул (Баин ола—Бай тау), Долаңқаръ (жеті тау), Зайсан (жақсы), Нүра (жыра), Мүқыр (шолақ, қысқа), Қоргалжын (хорһодджин—қорғасын), Қардай (қарлы), Алтай (алтын тау), Нор (көл), Нарынқол (жіңішке өзен) т. б.‘
1 Әбдірахманов А. Топонимика және этамология, Алматы, 1975.
146
Екінші, қазақ тіліне монғол тіадерінен ауысқан сөздерден басқа олардың бірінен біріне ауысты деуге келмейтін, екеуіне де ортак сөздер жайыңда. Қазақ лексикасына монғол тілівдегі сөздермен түр-тұрпаты, мағыналары ұқсас, үйлес сөздер, әсіресе зат есім, сын есім, етістіктер көп табылады. Мысалы, малға байланысты: қой (қон), қойшы (кончын), тел (төл), буқа (бух), бура (буур), баран (бараан), дөнежін (дөнежин), қунан (хунан), қунажын (гунжын), тусамыс (туша), тоқым (тохом) т. б.; аңға байланысты: бугы (буга), барс (барс), аң (ан), өлекшін (өлөгчин), қакпан (кавх), аулау (авлах), жым (жим) т. б. шаруашылыққа байланыстьг әбдіре (абдар), тебен (тэбю), алтын(алтаң), темір (твмөр), жез (зес), балта (балт), бауырсақ (боорцог), балшық (балчиг), жапсар (завсар), домбыра (домбор) т. б. Туыстық атау-лар: қудаги (худагы), ер (эр), абысын (авьсан), твркін (төргем) т. б.; сын есімдер: ала (алаг), қап-қара (хап-хар), кекпенкек (хов-көк), курең (хурэн), сары (шар), тентек (тэнэг) т. б. Бұл сияқты сөздер тек қазақ тіліне емес, түркі тіадерінің көбіне төн, олар түркі тіддеріне монғол тіадерінен ауысты ма, өаде керісінше, монғол тілдеріне түркі тіадерінен еңді ме — оны дөлелдейтін мәлімет тіл ғылымывда жоқ. Соңдықтан оңдай сөздерді түркі (қазак)-монғол тіадеріне ортак сөздер деп атауға болады. Түркі-монғол тілдеріне ортақ сөздер бар екенін III. Уәлиханов айтқан болатын1.
Түркі (қазақ)-монғол тілдерін салыстырмалы түрде зерттеп жүрген Б. Базылханның пікірінше, «Монғолша — қазақша сөздікке» енген 40.000 сөздің 24.000 сөзі 1500 түбірден тараған, яғни 60%-і екі халыкка ортак желілес туынды сөздер болып табылады2.
Монғол тіад ері мен түркі тіадерінің үйлестігі негізгі сөздік қордағы сөздермен қатар, олардың грамматикалық құрылысы-нан да айқын кәрінеді. Түркі тіадері сияқты монғол тілдері де жалғамалы тіадердің қатарына жатады.
Осывдай ұқсастықтарға қарап, кейбір ғалымдар (Б. Я. Вла-димирцов, Н. Ф. Катанов, Г. Д. Санжеев т. б.) бұл тіадерді түпгің түбівде негізі бір тіддердің катарына жаткызуды қолдай-ды. Тарихи тұрғыдан қарағаңда ол жақыңдықтың тегі біздің заманымыздан көп бұрын Алтай заманыңдағы түркі-монғол бірлестігівде жатыр3.
1 Валиханов Ч. 5 Сочинения, СПб, 1904, стр 179.
2 Базылхан Б. Монғол-қазақ тілінің салыстырмалы грамматикасы (кыскаша курс),Өлгий. 1973,4—7-бетгер.
3 Языки народов СССР. Том второй. Тюркские языкм. Москва, 1966, стр. 14.
147
§ 32. Орыс тілінен енген сөздер
1. Қазан революциясына дейін енген сөздер
Қазақ пен орыс халықтары қонысы мен әрісі ежелден ір-гелес, көрші елдер. Сол себептен бұл елдердің арасыңдағы са-уда-саттық, шаруашылық пен мәдеңи байланыстар өте ерте кез-ден дами бастағаңдығы белгілі. XVI—XVII ғасырларда қоныс араласуымен, сауда-сапықпен байланысты қарым-қатынастар күшейсе, XVIII ғасырдың 30 жылдарынан бастап, Қазақстанның Ресей империясына бағынуы бұл байланыстарды одан әрі нығайта түскен. Осыңдай ұзақ уақыт үздіксіз қарым-қатынаста болу нәтижесіңде орыс тілінен қазақ тіліне көптеген сөздер ауысқан. Бірақ біздің тілімізге енген орыс сөздерінің сыр-си-паты мен игерілу дәрежесі өрқашан да біркелкі болмаған. Сол себепті орыс тілінен ауысқан кірме сөздерді екі кезеңге бөліп қараймыз: а) 1917 ж. Қазан революциясына дейінгі кезең, ө) Қазан революциясынан кейінгі кезең
Революцияға дейіңгі кезенде ауысқан орыс сөздері баспасөз арқылы жазба түрде тарамаған, көбінесе ауызша сөйлеу тілі арқылы енген. Соңдықтан болса керек, бұл кезеңдегі кірме сөздер түгелдей дерлік қазақ тілінің дыбыстық заңдарына бағынып өзгерген. Қазіргі әдеби тілімізде революцияға дейін ауысқан орыс сөздері (бірлі-жарым термиңдік мәні бар сөздерді қоспағаңда) негізінен қазақ тілінің емлесіне сай, өзгерген қал-пывда жазылады. Бұл сөздерді мынадай топқа бөліп қарай-мыз:
а) Тұрмыс қажетіңе қатьюты сөздер. Мьюалы: жәшік (ящик), кереует (кровать), бөтелке (бутылка), бешке, мөшке (бочка), лампы (лампа), көшір (кучер), сиса (ситец), б&теңке (ботинки), калош (галоши), барқыт (бархат), әшмөшке, ошмөңке (восьмуш-ка), шайнек (чайник), сіріңке (серники), мәтке (матица), кілет (клеть), куршек (крючок), сөтке (сутки), ошірет, шрет (оче-редь), пар (пара), гармон (гармонь), аршын (аршин), порым (фор-ма), кумәжнек (бумажник), мөшек (мешок), турба (труба), рыскут (расход), божы (вожжи), кәмпит (конфеты), бедре (вед-ро), бишік (бичик), помыш(помошь), жарма (ярмо), қамыт (хо-мут), ізвес( известь), шөрке (чурка), шашнай (частный), пима (пимы), бокебай (пуховый), төрелке (тарелка), самауыр (само-вар), сөмке (сумка) т. б-
ө) Әкімшілік басқару ісіне байланысты сөздер.
Мысалы: ояз (уезд), шен (чин), мінәпас (манифест), болыс (волость), старшын (старишна), сот (суд),^турме (тюръма), уйез (уезд), губерне (губерния), атпекет (адвокат), ауылнай (ауыльный), жандарал (генерал), гюштабай (почтовой), майыр
148
(майор), кантор (контора), сияз (съезд), пртокол (прото-кол), іштрап (штраф), прговор (приговор), бүбірнай (выбсрный) т. б.
б) Ғылым мен мәдениётке, техникаға қатысты сөздер.
Мысалы: зауыт (завод), пабрік (фабрика), мәшине (маши-на), пароход, минөт (миңут), секент (секунд), газет (газета), жорнал (журнал), агронам, кемнаЗия (гимназия), класс, парта, ентірнат (интернат), малотелка, сеялка, банік, ләпке (лавка), сеченария, пәнер (фанера), училище, пансион, учет, алгебра, кар-та, кінеге (книга) т. б.
в) Қоныс аударуға қатысты сөздер.
Мысалы: учаске (участок), пылан (план), заимка, коло-ния, землемер, қотыр (хутор), -әренда (аренда), десетине (десятина), ысклад (склад), загон, сажен (сажень) т. б.
Революцияга дейінгі ауысып келген орыс сөздерінің кейбі-реулері тек түр-тұрпатын гана емес, ішкі мағынасын да өзгерт-кен. Мәселен, орыс тіліңде гиря деген сөз бір нәрсенің салмағын өлшегеңде таразыга салынатын тастарды білдірсе, қазақ тіліңде таразы сөзінің синонимі болып қабылданылады. Мысалы: са-нақтагы сиырлар кірге түсірілді ме? (Ж. Тілеков). Кір деген сөзден кірші, кірлеу, кірлету, кірлесу, кірге тарту, кірге түсу сияқты жаңа сөздертуыңдап, қазақ лексикасын байьпкан. Рет (ряд) деген сөздің білдіретін ұғымы қазақтың қатар деген сөзіне дәл келеді. Ал казақ тіліңде бұл сөз орыс тілівдегі мағынасын бүтіңдей өзгертіп, басқаша мән алған. Мөселен, Рр бір рет өледі, қорқақ мың рет оледі (мақал) дегеңдегі рет сөзі орыстың раз деген сөзінің орнына жүріп тұр. Кеше немістер бізге үш рет шабуыл жасады (Б. Момышұлы). Бұл сөйлемде рет сөзі мәртебе деген сөзбен синоним болып жұмсалған. Сөзін ретпен айтты дегеңдегі ретпен сөзі белгілі тәртіппен, жүйемен дегенге келеді. Егер ісім өнсін десең, ретін тап (Абай). Мұңда рет сөзі қисын, жөн, ыңгай мағынасыңда қодданған. Демек, орыстың ряд деген сөзі қазақ тіліне енген соң, түр-тұрпатын да, мән-мағынасын да өзгерткен. Сонымен қатар семантика-лық ұғымын кеңейте отырып, жаңадан бірнеше сөз тудыруға ұйытқы болган. Мысалы: ретті, реттік, реттілік, ретсіз, рет-те, реттегіш, реттеу, реттеуші, реттету, реттестіру, реттеңкіреу, реттелу, реті бср, реті жоқ, реті келмеу, ретін табу, рет саны, реттік сан, реттік сан есім т. б.
Қазан революциясына дейінгі қазақ тіліне енген орыс сөз-дерінің бірсыпырасы қазақтын төл сөздерімен синонимдік қарым-қатынаста жұмсала жүріп, көп жағдайда төл сөздерден басым түсіп, жалпыхалықгық сипат алып отырған. Мәселен, орыс тілінен ауыскан бөтелке, бөшке, гармон, божы, кәмпит,
149
бишік, кірпіш, сіріңке, көшір төрізді сөздер қазіргі әдеби тілден мықтап орын тепкен де, бұлардың ана тіліңцегі сыңарлары сөйлеу тіліне қарай ығысқан, сөйтіп пассив сөзге айналған. Қазір фй<қедеген сөз тұрғанда оның орнына оттык,, кукірт, шақпақ деген сөздерді қолдану әдеби нормаға жатпайды. Сол сияқты гармон деген сөз тұрғанда, сырнай, керней, ал кірпіш тұрғаңда қыш әдеби тідде қолданылмайды. Демек, бұл сияқты орыс сөздері сөздік қорға басыбүтін кіріп, өбден орнығып алған.
Еңді бір жағдайда қазақтың тума сөздері орыс тілінен ауысқан сыңарларын сөйлеу тіліне ығыстырып жіберген. Мә-селен, шыт, тәулік, кезек, қулақшын, шам, ілгек, ие, кесе деген сөздер әдеби тілдің шеңберіңде жалпылама қолданыла береді. Ал бұлардың орыс тілінен келген сыңарлары: сиса, сөтке, өиіірет, малақай, лампа, қожайын, куршек, пияла сияқты кірме сөздер көбінесе сөйлеу тіліңде, көркем шығармада кейіп-керлердің тіліңде кездеседі. Орыстың пара деген сөзі біздің тілімізғе яф болып ауыскдн. Пар деген сөзден парластыру, парласу, парлату, парлау төрізді туыңды сөздер жасалып, сөздік құрамды байьггуға ат салысқан Сол сияқты мәнерлі сөз, мәнерлеу төрізді жаңа ұғымның тууына орыстың манера деген сөзі се-бепкер болса, межелі жер, межелеу деген тың сөздердін жаса-луына да орыстьпциежс деген сөзі ұйьггқы болған.
Ертеде ауысып келген орыс сөздерінің ішіңде өр түрлі стильдік мән тудырып жүргеңдері де бар. Мәселен, шен (чин) деген сөз орыс тіліңде әскери атақ, дәреже дегеңді білдірсе, қазақ тіліңце мансапқұмар, атаққұмар адамға кекесін ретінде айтылады. Шен деген сөзден шен алу, шен-шекпен, шендес, шеншіл, шен қумар деген жағымсыз мөңдегі. сөздер туып қалыптасқан. Сонымен, революциядан бұрынғы кезеңде кірген орыс сөздерінің қалыптасуы мен тілге сіңісуі бір дәрежеде емес екеңцігі байқалады.
2. Қазан революциясынан кейін енген сөздер.
Бұл кезеңде қазақ тілі үздіксіз байып, кемелденіп, жетіліп отырды. Оған орыс тілінің тигізетін ықпалын атап өтпеске бол-майды. Орыс тілі бұл кезеңде бұрынғы Кеңес Одағыңдағы бар-лық ұлт тілдерінің фонетикасы мен фразеологиясына, морфо-логиясы мен синтаксисіне, стилистикасына, бір сөзбен айт-қанда, тілдердің барлық жағынан дамуына үлкен ықпал жасап келдІ1. Кеңес дөуіріңде орыс тілінің өзі жаңа қоғам мен өңді-
1 Исенгаіиева В. А. Тюркские глаголы с основами, заимстаованными из рус-скогоязыка. Алма-Ата, 1966, стр. 10.
150
рістің, жаңа мәдениет пен ғылым, техниканың дамуына байла-нысты кемеліне келіп байыды да, сол арқылы басқа тілдерге ықпал жасап отырды. Соның нәтижесіңде бұрын негізінен күн-делікті тіршілік пен карым-қатынастың ғана құралы болып кел-ген қазак тіліңде қоғамдык. саяси, ғылыми терминология қдлып-таса бастады. Біздің тілімізге енген интернационаддық термин-дер тек орыс тілі аркылы келіп сіңісті (ол туралы «Арнаулы сөздер» деген тақырыпта да айтылады). Соңдықтан олардың бәрін де орыс сөздері деп есептейміз. Өзге шет тілдерінен бұл дәуірде тікелей сөз ауысқан жоқ.
Қазақ тілі революциядан бергі кезенде өзіңде жоқ, жетіспе-ген сөздердің бәрін орыс тілінен (немесе осы тіл арқылы) адды. Бұрыңды-соңды тілімізде айтылып көрмеген қыруар термин сөздер ауысып кедді. Олар бір-бірлеп кірген жоқ, қаптап лек-легімен еңді. Бұлардың басым көпшілігін орыс тіліңдегі қал-пыңда, түр-тұлғасы мен мағынасын өзгертпей қабылдадық. Термиңдердің айтылуы мен жазылу принципі де сол келген тілге бүтіңдей бағыңдырылды. Біркыдыру термиңдік ұғымдағы сөздер калька жолымен қазақша сөзбе-сөз аударылып алыңды да, қазақтың байырғы төл сөзіңдей етене болып, мүдцем сіңісіп кетті.
Әрбір ұлт тілінің терминологиясын жасауда қаңдай да бір ғылыми принципке негізделеді. Қазақ тіліңдегі терминология-ны қалыптастыруда негізінен екі түрлі принцип бар. Бірінші, терминологияны қалыптастыруда қазак тілінің өз мүмкіншілігін пайдалану. Орыс тіліңдегі терминдердің қазақша баламасын жасау мынадай жоддармен іске асқан:
1. Орыс тіліңдегі термиңдерге қазақтың төл сөздері жөне олардан жасалған туыңды сөздер балама етіп қалыптастырыл-ған. Мысалы: ушқыш (летчик), қондырма (надстройка), ереуіл (забастовка), қолжаэба (рукопись), алгы сөз (предисловие), туйсік (ощущение), амал (действие), бөлінгйи (делимое), журнақ (суф-фикс), тербеліс (калебание), буын (слог), қышқыл (кислота), муше (член), мусін (скульптура), жарыс (соревнование), отар (кмо-ния), одак, (союз), айтыс (дискуссия), сыншы (критик), жіктеу (классификация), уяңдау (азвончение), одагай (междометие), етістік (глагал), есімше (причастие), жаттыгу (тренировка), арынбасар (заместитель), сурлеу (силосовать) т. б.
2. Орыс тіліңдегі сөздерге лайықты балама іздеп табу нәти-жесіңде кейбір дублет сөздерге дербес мағына теліп, олар бір-бірінен сараланып отырған. Мәселен, білім—гылым—ілім сияқты бұрынғы синонимдес сөздер қазір жеке-жеке мағынаға ие бо-лып, өзара сараланып отыр. Мысалы: білім—знание, гылым -на-ука, ілім—учение. Сол сияқты ту (знамя) мен жалау (флог),
151
қолгап (рукавица) пен биядай (пщчатка), темекі (табак) мен шылым (папироса), кінә (вина) мен кунә (грех) тәрізді жарыспа сөздердің жігі бір-бірінен ажырап, нақтылана түсті.
3. Орыс тіліңдегі термин сөздерді қазақша аударып алуда кейбір аз мағыналы сөздер активтеніп, олардың белсеңділігі арттырылған. Соның нәтижесіңде дара мағыналы сөздер көп мағыналы болып қалыптасты, яғни кейбір сөздердің семанти-калық шеңбері кеңіді. Мәселен, орыстың фонд, запас, резерв деген үш түрлі сөзі қазақтың қор деген бір ғана сөзімен ауда-рылып жүр. Сол сияқты орыс тіліңдегі строй, стройка, стро-ение, устройство, стройтелъство, постройка төрізді бірнеше терминге қазақша қурылыс деген жалғыз сөз балама болып алынған1. Каникулы, отпуск дегеңдер қазақша демалыс; вывод, заключение дегендердің мағынасы қарытынды деген бір сөзбен берілген.
4. Орыс тіліңдегі термиңдерге лайықты атаулық баламалар табу үстіңде қолданысқа түспей қалтарыста калып жүрген ана тіліндегі кейбір көнерген сөздер мен жергілікті сөздер активтеніп қайтадан іске қосылған. Мәселен, терминология-лық сөздікте стрелка деген сөз тіл, жебе болып екі түрлі сөзбен берілген. Здание—гимарат, үй; клеймо—табра, таңба; тиф—сүзек, кезік; пфепонка—жаргақ, желқабық; мочевой—несеп, тынжы болып аударылған.
Осыңдағы жебе, гимарат дегендер — архаизмдер, табра, кезік, желқабық, тынжы дегеңдер жергілікті сөздер. Қажетті жеріңде бұлар да әдеби тілдің кәдесіне жараған.
5. Орыс тіліңдегі терминдерді аударып алуда қазақтың кейбір төл сөздері бұрынғы негізгі мағынасының ұстіне тер-миңдік жаңа мағына қосып алған. Мәселен, сыбага деген сөз бұрынғы мағынасының үстіне орысша удел (сыбағалы салмақ) деген терминдік мағына; жеу, қурбан ету дегеңдер орысша жер-тва деген спорт терминінің орнына қолданылады. Мешел де-ген сөз медицинада рахит, ал темфеткі—экзема деген сөздердің орнына балама етіп алынған.
6. Орыс тіліңцегі термиңдерді қазакдіаға аудару барысыңда тіліміздегі көптеген жұрнақтар, әсіресе -у, -лық, -лік, -ыс, -іс, -ма, -ме сияқты жұрнақтардың сөзден сөз тудыру қабілеті мейлінше кеңейгендігі байқалады. Мысалы: созревание — пісу, жетілу; увольнение— босату, шыгару; отравление—улану, үшыну; поощрение—мадақтау, котермелеу, қружок— үйірме, надстрой-ка — қондырма, колебание — тербеліс, литье — қуйма, плавка — қррытыс, доказателъство — дәлелдеме, соединение — қосылыс,
1 Русско-казахский словарь. Под редакцией проф. Н. Т. Сауранбаева, 1954.
152
осыпь — қарым, жиналма; решение — шешім, донесение — хабар-лама т. б.
7. Көп мағыналы терминдердің лайықты балама табылған мағынасы аударылып қазакша берілсе, баламасы жоқ мағынасы орысша қалпыңда берілген. Мәселен, фаза сөзінің қоғамдық ғылымда қолданылатын мағынасын кезең десек, физика ғылы-мындағы мағынасы фаза деген қалпыңда алынған. Блок та сол төрізді бірде одақ, бірде блок болып қолданылып жүр.
8. Орыс тіліңдегі көп мағыналы термиңдер қазақ тіліне ауысқаңда, өрдайым бір мағынасыңда ғана ауысып кодданыла-ды. Мәселен, огирация, ассимиляция, база, варвар, балласт, вассал сөздері орыс тіліңде көп мағыналы болғанымен, қазақ тіліңде көбінесе дара мағынада жұмсалады.
9. Орысша туынды термиңдерді қазақ гіліне қабылдау қажет болған жагдайда, олардың түбірі сол қалпыңда алынып, орыс-ша қосымшасы қазақ гілінің қосымшасымен алмастырылады. Мәселен, нармировать, наградить, газификация, электрифи-кация, цементировать тәрізді термиңдер қазақша нормалау, на-градтау, газдандыру, электрлендіру, цементтеу болып аудары-лады.
Кейбір сөздер қазақша бір ғана емес, әдденеше сөзбен ауда-рылып жүр. Мәселен, тело — дене, кейде тән; способ — тәсіл жөне жал; смысл — мән, магына; изображение — кескін, сурет; картина — корініс, сурет; рукаятка — сап, тутқа; руководитель — басшы, жетекші; протокол — хаттама, мәжілісхат; позиция — устаным, айқындама; клоун — масқарапаз, меирампаз, мәздем; микрорайон — мытекаудан, ықшамаудан, шагынаудан т. б. болып өр түрлі аударылып жүр. Кейбір термин сөздердің орысшасы мен қазақшасы жарыса қолданылып жүр. Мысалы: метод—әдіс, форма—түр, тулга т. б.
Екінші принцип — термиңдерге қазақ гіліңде балама бол-маған жағдайда оларды орыс гілінен алып пайдалану. Бұларға негізінен интернационалдык термиңдер жатады.
Қазақ гіліңдегі термиңдік мәңдегі сөздерді саралап, жіктеп көрсек, оларды қолданудың аясы әрқалай екенін көреміз. Көптеген термиңдер белгілі бір тілдегі ғылым мен өңдірісгің немесе шаруашылық пен кәсіптің бір саласына ғана меншік-теліп тар көлемде өмір сүреді. Кейбір терминдер жалғыз бір гіддің аясыңда шектелмей, көптеген тілдерге ортақ кең шең-берде қолданылады.
Көптеген гілдерге ортақ, халықаралық сипаты бар сөздер инте рнационалдық те р м инд ер депаталады. Мысалы: биология, химия, атом, театр, графика, консти-
153
туция, революция, демократия, архитектор, циклон, роман, поэ-зия, пейзаж, континент, аптека, эксперимент, электр, экономи-ка, грамматика, виктория, базис, металл, алфавит, климат, маг-нит, планета, хср, арена, автар, экзамен, цирк, доктар, градус, депутат, цирк, фотография, хирургия, операция т. б.
Интернационаддық термиңдердің шығу тегін іздестіріп қарасақ, көбінесе грек пен латын тіддерінен тарағандығы байкалады. Мәселен, антология, кафедра, музей, драма, ста-дион, гармония, графика, автомобиль, телефон, телеграф, син-таксис, диалект, филология, зоология дегеңцер грек тілінен шықса, диктатура, эскпедиция, архив, цензура, формула, опера-ция, агрессия, материализм, тсррар, объект, конституция де-геңдер латын тілінен тараған. Сонымен бірге басқа тілдерден де көптеген интернационалдық сөздер шыққан. Мәселен, қазіргі қазак тіліңдегі танк, комбайн, трактор, блок, бойкот, бокс, футбал, баскетбол, хоккей, раунд, клоун, вокзал, рекорд, клуб, тарт, сквер, гол, тренер, финиш, матч, бюджет, лидер т. б. ағылшын сөздері; ансамблъ, буржуазия, бюро, люстра, пср-тфель, кампот, билет, гектар, пальто, мебель, шовинизм, раса, авангард, бюллетень, капитол, жаргон, салют, десант, атака, такси, машина, аванс, массаж, нарказ т. б.; француз сөздері: папка, шляпа, цех, кран, штраф, слесарь, танец, штаб, штурм, бухгалтер, курорт, вахтер, балетмейстр, парикмахер т. б.; неміс сөздері; опера, ария, балкон, лоджия, бас, дуэт, тенор, квартет, контата, соната, студия, касса, валюта т. б.; итальян сөздері: матрос, флот, яксрь, вымпел, компас, каюта, конвой, катср т. б. голлаңд сөздері: алгебра, бедуин, алкоголь, суфизм т. б. араб сөздері1 совет, спутник, колхоз, совхоз, болыиевик т. б. орыс сөздері дүние жүзіңдегі көптеген еддерге тараған.
Сөйтіп, революцияға дейін орыс сөздері қазақтіліне негізі-нен ауызекі түрде ауысса, революциядан бергі кезеңде кең көлемде баспасөз арқылы еніп отырды. Бірінпгі кезеңде енген сөздердің ішінде өкімшілік, ел билеуге, тұрмысқа қатысты сөз-дер көбірек болса, екінші кезеңде термиңдік сипаты бар сөздер басым болды. Қазақ тілі өзіңде жетіспеген жоқ сөздің бәрін Кеңес дәуіріңце орыс тілінен (немесе осы тіл арқылы) алды да, өзінің сөздік құрамын жетіддіріп, байьггып отырды.
1950—1960 жыддардан бері қарай қоғаңдық жұртшылык са-насыңда тілімізге кіріп кеткен орыс сөздерінің қолданылуын реттеу, мүмкіңдігінше бұлардың қазақша баламасын табу, егер баламасы болмаса, оны жасаңды түрде беру талабы көрініс
1 Словарь иностранныхслов. Москва, 1955.
154
бере бастады. Мәселе бұл арада тілімізге әбден кірігіп, ана тілінің өз сөзіңдей болып кеткен (самауыр, зауыт, бедре, бәтіңке т. б.), болмаса баламасын қазақша беру мүмкін емес орыс сөздері (пойыз, пароход, пароваз, бригада, молотилка т. б.) жай-ыңда емес. Жоғарыдағыдай жұртшылық талабы ол кезде негізінен ғылыми, техникалық терминдерге жатпайтын, қазақша атауға бола тұра орысша аталып келген күңделікті тіршілікке, тұрмыс-салтқа байланысты нақты зат, бұйым атауларына қатыс-ты болды. Соның нәтижесінде остановка — аялдама, холодиль-ник — суытқыш, мороженое — балмүздақ, дача — саяжай, про-стыня — ақжайма т. б. болып қазақша аталатын бодды.
Республика тәуелсіздікке ие болган 1991 жылдан бастап, күнделікті тіршілікке, тұрмыс-салтқа байланысты сөздермен бірге евді халықаралық мәні бар термивдік сөздерге балама табу талабы күшейе бастады. Ол үшін қазақ тілінің ішкі қорывдағы мүмкіңдіктер пайдаланып, қаншама термивдердін қазақша баламалары қалыптасты.
Бірінші, 1920—30 жыддарда жиі қолданылып, кейін қолда-нылудан шығып қалған біркатар сөз қайта жаңғыртыдды. Мы-салы: кеңес — совет, торага — председатель, хатшы— секретарь, жал — аренда, қуқық — право, сарапшы — эксперт т. б.
Екінші, орыс сөздерінің баламасы жасавды сөздер арқылы берілетін болды. Мысалы: ақпарат — информация, сураным, сүраныс — спрос, әнуран — гимн, елтаңба — герб, үшақ — само-лёт, көкөніс — овощ, багдарлама — программа, өркениет — циви-лизация, ресімдеу — оформление, демеуші — сһонсор, етем — ком-пенсация, отбасы — семья, жекешелендіру — приватизация, пікірсайыс — дискуссия, саяжол — аллея, қугын-сүргін — репрес-сия, копсайыс — многобсрье, мүражай — музей, жуктеме — на-грузка, әуежай — аэропорт, толқүжат — паспорт т. б.
Бұл сияқты баламалық жаңа сөздер көбінесе сөзге жұрнақ жалғау, сөздерді біріктіру, тіркестіру төсілдері аркылы туған.
Үшінші, бірқатар орыс сөздеріне балама ретінде жергілікті және байырғы, көне сөздер пайдаланылды. Мысалы: кеден — таможня, қалтырауын — крокодил, егемен — суверенитет, әмбе-бап — универсал, кешен — комплекс, жаргы — устав, төргілеу — конфисковать, асаба — тамада, нарық — рынок, бап — статья, әкім — администратср, гарыш — космос, гимарат — сосруже-ние, әділет — юстиция (Әдйет министрлігі — Министерство юстиции), мертебе — статус, март — наурыз, мамыр — май, қазан — октябрь, қараша — ноябрь, қаңтар — январь, сәрсенбі — среда, жүма — пятница, жексенбі — воскресенье, мәздем — кло-ун, улан — гвардия т. б.
155
Орыс сөздеріне қазакзда балама қалыптастырудың жоғары-дағыдай нөтижелі мүмкіншіліктері арқылы сөздік қазынамыэ-ды жетілдіру ісі бұдан былай да жалғаса бермек. Бұл арада ерқашан есте болатын жәйт, Р. Сыздықова айтқандай, «ана тіліміздің дұрыс, жақсы қодданылуы, табиғи заңдыл ықтарының бұзылмауы, ұлтгык колоригінен айырылмауы»1 болуға тиіс.
Сонымен бірге орыс тілі арқылы кірген сөздерге балама іздестіруде жөнсіз ауыгқу да жоқ емес. Мысалы, кейбіреулер ұсынғандай, планета сөзін — галамшар, чемпионды — дулдул, рецепті — ішірткі, конференцияны — алқа жиын, газетті — унқагаз, радионы — унжария, телефонды — унсандык,, магнитофонды — уналгы, министрді — уозір, стадионды — ойынжай, роботты — көктемір, награданы — мадак,нама т. б. деп атауды құптау қиын. Осыған байланысты Р. Сыздықо-ваның «Мұңдай ұғымдардың халықаралық тұлғаларының ор-нына жасаңды сөздерді ұсынып, төл-тұлғамен шектеліп қал-ғанымыз өлемдік білім-ғылымға араласуымызға салқынын тигіз-бей ме? Біз үшін ғылым мен техника саласыңда окшаулана түскеннен гөрі ортақ терминологиямен етене араласу қажеттігі тиімдірек болмас па? деген сияқты сан алуан сауал алдымыз-дан шығады. Сондыктан терминология проблемасының әрбір тұсын жеке-жеке айырьш, термиңдерді топ-топқа бөліп қарап, әр топтың жасалу принциптерін нақты түрде айқыңцап ұсыну керек* 2»—деген пікірінің орыңды екенін айтуға тиіспіз.
III. ҚАЗІРП ҚАЗАҚ ЛЕКСИКАСЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ СИПАТЫ
Қазақ тіліңдегі сөздер қолданылу өрісі (таралу шеңбері), стальдік қызметі жағынан әр түрлі болып келеді. Сөздердің қолданылу сипатына қарап жіктелетін түрлері үш салаға бөлініп қаралады: 1. Сөздердің колданылу әрісіне байланысты түрлері. 2. Сөздердің стильдік қызметіне байланысты түрлері. 3. Сөз-дердің актив жөне пассив қолданылатын түрлері. Төмеңде осыларға жеке-жеке токталынады.
§ 33. Сөзлердін қолданылу өрісіне байланысты түрлері
Қазақ тіліңдегі сөздердің бәрі бірдей жалпыхалықтық си-
’ «Егемен Қазақстан» газеті, №20,1 желтоқсан, 1994 жыл.
2Бұлдасовда
156
патга емес, кең таралган жалпыхал ыктық сөздерден басқа, қол-данылу өрісі тар сөздер де бар. Осыған байланысты сөздер қолданылу әрісі жағынан өз ішівде екі топқа бөлінеді: а) жал-пылача лексика, е) қолданылу әрісі тар лексика. Сөздердін қодданылу өрісіне байланысты түрлерін мъшадай кестемен көрсетуге бо.тады:
§ 34. Жалпылама лексика
Жалпылама лексика адам баласынын күвделікті күн көріс тіршілігіне ең қажетгі заттар мен қүбылыстарга қатысты жал-пы танымал сөздерді қамтиды. Бұлар бір тідде сөйлейтін адам-дардьи бәріне түсінікгі ортақ болгавдықтан, жалпылама лек-сика деп аталады. Мысалы: ауа, су, тамак,, үй, мал, нан, агаш, керу, істеу, ішу, жеу, куректену, суару, үлкен, кіші, жақын, ақ, кызыл, мен, сен, бес, он, жүз, мың, алга, кейін, твмен, жогары, озық, үшін, дейін, сияқты т. б.
Бұл сияқты сөздер малшьпа да егіншіте де, жұмысшыға да, аңшыта да, балықшыга да, акыйга да, ғалымга да, бір сөзбен айтқанда, қазақша тіл білетівдердін бәріне бірдей қызмет еТеді. Жалпылама сөздердін негізівде стильдік мәні жағынан бейта-рап лексика қалыпгасады. (Ол жайывда § 38 караныз). Оларга қолданылу жағынан ешкандай шек қойылмайды, барлық стильге бірдей, ортақ мәңді қызмет аткарады. Бұл топқа енетін сөздер дүниедегі зат, құбылыс атауларын, қимыл-қозғалыстарды, сан-сапа мөлшерін ешбір қосымшасыз нақ болган күйівде альш дөл керсетеді. Жалпылама лексикаға төн сөздер негізінен өзінің тура мағынасыңда жұмсалады. Мыса-
157
льг. М&скеуден ушқан ушақ Алматыга дәл уақытында келіп қонды. Мал биыл қыстан куйлі шықты. Бугін ауа райы ашық балды. Дәурен өткен жылы бесінші класты бітірді деген сөйлемдердегі өрбір сөз тек өзінің тура мағыналарыңда ғана қолданылып тұр. Сонымен қатар осында қанша сөз болса, соның бәрі де қазақ тіліңдегі жалпылама лексикаға жататын сөздер. Жал-пылама лексика бүкіл сөздік құрамдағы сөздердін сан жағынан ең көбі, тілдегі сөз байлығының негізін құрайды. Бұл сөздер жазба тілде болсын, сөйлеу тіліңде болсын жалпы халыққа өте-мөте түсініктілігімен, анық-айқыңцьыығымен, табиғи да қарапайымдылығымен бірден көзге түседі. Сол себепті жал-пылама лексика әдеби тіл сөздігінің негізгі қоры болып табы-лады.
Жалпылама лексикаға жататын сөздер өзінің тура мағына-сынан ауытқып, басқадай конгекске тускеңце ғана әр түрлі экспрессивті мәнге ие болды. Мәселен, Көйлектің кірі жуса кетеді, көңілдің кірі айтса кетеді дегеңде кір сөзі екі түрлі мағынаца жұмсалып тұр. Алғашқы сөйлемдег/ кір таза емес деген өзінің тура мағынасыңда қолданылса, соңғы сөйлемцегі кір метафоралық ауыспалы мағынада келіп, өкпе, реніш дегенді біддіріп тұр. Сол сияқты Су жерді көгертеді, еңбек ерді көгертеді деген мақалдағы квгертеді деген етістік те екі түрлі мағына тудырып тұр. Алғашқысыңда тура мағынасыңда жерге көк өсіп, көктейді дегеңці түсінсек, соңғысыңда адамның атақ-абыройға ие болуы, даңқка бөленуі бейнеленген. Демек, жалпылама лексикаға қатысты сөздер де өзгермейтін томаға-тұйық сөздер емес, бұлар да басқадай синтаксистік құрылым мен өзгедей грамматикалық тұлғаларға ие болғаңда, солардың ықпалына жүріп, ырқына көнеді де, түрліше экспрессивті мөн алып оты-рады. Жалпылама лексика тілдегі қолдану өрісі тар, өзіне тән белгілі стильдік мәні бар сөздерге қарама-қарсы қойылып қара-лады.
§ 35. Диалекгілік лексика және оның тілде алатын орны
Диалектілік (гр. діаіекіоз— сөйлеу ерекшелігі) лексикаға белгілі бір жердегі (аймақ, облыс я аудан) жергілікті тұрғыңдардың сөйлеу тіліңде қодданылатын сөздер жатады. Диалектілік сөздер бүкілұлттық лексиканың құрамына кіреді, бірақ олар жалпыхалықтық болып есептелмейді, өйткені олар-дың басым көпшілігінің жалпыхалыкгыктілде баршаға түсінікті баламалары бар.
Диалектілік сөздер тіддің өр түрлі деңгейіне қатысты бо-лып келеді.
158
Фонетикалық ерекшеліктер түріңце кездеседі: үгей — өгей, күміскі — көмескі, қүрытынды — қорыгывды, дүмалау — дома-лау, маңлай — мавдай, тыңла — тында, полат — болат, тогару — доғару, малчы — малшы, бүяқ — бұл жақ, шаңгырақ — шаңырақ, қүдагай—құдағи т. б.
Морфологиялық ерекшеліктер түрівде: маддсцниылық — мал шаруашылығы, кішірт — кішірейт, әшкерт — өшкереле, пойыз-бынан — пойызбен, атпан — атпен, барулы — барды, барған, келулі — келді, келген, алажақ — алашақ, бережақ — берешек, келелі — келейік, баралы — барайық, баргым бар — барғым келеді, айтқым жоқ — айтқым келмейді, барың — бар, келің — кел т. б.
Лексикалық ерекшеліктер: ақыр —отгық, бойлай — үнемі, жамбарласу — жарамсақтану, кедек — икемсіз, ебедейсіз, бейсәубет — бет алды, жар — қабырға, жарын — келер жыл, сой — тұқым, тек, шалт — жыдцам, рабайда — аңда-саңда, кейінжі — кенже, күн баю — күн бату, баз кеіиу — күдер үзу, жуалдыз — тебен ине, кеуірт — күкірт, тага — нағашы, етмал — ықтимал, бақуат — қуатты, ашық-машық — топса, отешкер — қысқаш, үскі біз — жуан біз, бігіз — біз, чербек — үлкен ара, жоян — үлкен, дөу, борми — бұршақ, жүгері, акрон — ақ шьгг, айыддап келу — ауылшылау т. б.
Диалектілік лексика өзінің құрамы жағынан өзара бірыңғай емес. Олар нағыз лексикалық, этнографиялық жөне лексика-семантикалық диалектизмдер түріңде 'кездеседі.
Нағыз лексикалық диалектнзмдер дегеніміз мағынасы жағынан өдеби сөздермен сәйкес келетін, бірақ дыбысталуы (айгылуы) одан басқа сөздер. Сол себепгі олар әдеби сөздермен синонимдік қатынаста болып келеді, яғни бір зат ұғымы Қазақстанның әр жеріңде әр түрлі аталады. Әдеби баламалары болғавдықтан, нағыз лексикалық диалектизмдер әдеби тілге енбейді. Мысалы: әдеби кебек сөзі — диалектілер мен говор-ларда үрпак,, буызы, күрпі; әд. сіріңке — диал. кеуірт, круірт, оттық, шырпы, шақпақ, спешке; әд. үлкен, зор — диал. дьрау, нән, нәнбай, длгал, әйдік, жоян, чоң/шоң т. б. түріңде айты-лады.
Лексика-семангикалық диалектизмдер — дыбысталуы әдеби сөздермен бірдей, бірақ мағынасыңде ерекшелік бар сөздер. Оңцай сөздер ездерінің әдеби түрлерімен омонимцік қатынас-та болып келеді. Мысалы: әдеби тәртіп сөзі — Оралда нүсқау, бүйрық; әд. шалбар — Алматы облысыңца сым; әд. далы (ашулы, ызақор) — Шымкенг облысыңда бүршақ аролас нөсф жауын; әд. қүлақ — Шымкентге мақтаның қауашагы, кішкене арық т. б.
159
мәніңде айтылады. Лексика-семантикалық диалектизмдер де әдеби тілге енбейді.
Этнографиялық диалектизмдерге белгілі бір жерге төн зат-тар мен құбылыстарды білдіретін сөздер жатады. Ондай сөздердің әдеби тілде баламалары болмағандықтан, мағыналары сөздіктерде тек түсіңдіріліп беріледі. Мысалы: жозы (Алматы облысы) — аласа дөңгелек үсгел; шырыш (Жам-былда) — үй төбесін жапканда арқалықтың үстіне салынатын жіңішке агаштар, Семей жакта оны салдау агаш деп те атай-ды. Қасқаріиа (Қызылорда) — мойны ұзын жезкұман, әттік (Каспийде) — қармакгың тілі, алақшын (Түрікмен қазақгарыңда) — пештің алдына шоқ жаю үшін жасаған орын, сыдыргай (Өзбекстан қазақтарыңда) — түгін бетіне шығармай тоқыған кілем т. б.
Диалектілік сөздер негізінен әдеби тіл лексикасына кірмейді. Сөйлеуде, жазу жұмыстарыңца оларды орынсыз қол-дану әдеби тіл нормасынан ауытку болып табылады. Тек белгілі бір ұғымды білдіретін сөздер әдеби тілде жоқ болса, соңцай жағдайда жергілікті сөздердің кейбірін баспасөз арқылы өдеби тілге енгізуге болады. Мысалы, әдеби тідде мал (көбінесе қой-ешкі) екі төл туса, егіз дейміз, ал үш-төрт төл туса, оларды әдеби тілде нақты сөздермен біддіре алмаймыз. Ал Ақтобе, Маңғыстау жеріңде оларды үшен (үшем, төртен) төртем деп атайды. Бұл сөздер қазір мал шаруашылығына байланысты әде-биеттерде орнығып келеді. Осы күнгі өдеби тілде айтыла-тын зембіл (жүк көтергііп құрал), арасан суы (минерал суы), жейде (ер адамның көйлегі), пәрменді (қаркыңды), мүдежат, немелтай (шөберенің балалары), үжым (ұйым), кеден (тамож-ня) т. б. жергілікті халық тілінен ауысып кірген сөздер. Бұлар негізіңде зтнографиялық диалектизмдерге жатады. Ал әдеби тідде жоқ үғымдарды білдіріп, лексиканы байыгатын кәсіби сөздердің көпшілігі кәсіби-диалектілік сипатта екенін ескер-сек, әдеби тіл лексикасын толықтыратын қордың бір көзі диалектілерде (говорларда) жатқанын аңғару қиын емес.
Диалектіл ік сөздердің көркем әдебиетге атқаратын стильдік қызметі кейіпкерлер тіліңде қолданылып, шығарманың тілдік бояуын (колоритін) күшейтумен байланысты. Кейбір жазушы-лар сипаттап отырған кейіпкері айтатын сөздерде диа-лектизмдерді әдейі қолданады- Бұл — жазушының кейіпкерін неғұрлым нанымды, жан-жақты сипаттауына мүмкіңцік береді. М. Әуезов, С. Мұқанов, I. Жансүгіров, Ә. Сөрсенбаев, Ғ. Ор-манов, Қ. Әбдікадыров, Ә. Нұрпейісов т. б. ақын-жазушылар диалектілік сөздерді бейнелеу тәсіддерінің бір түрі ретінде ше-бер пайдаланған. Мысалы: — Сен тагын, тагын бастадың ба?!
160
Қанша үрмет қысам да бармай-ақ қойдың гой, жүдә (М. Әуезов). — Келің, келің! — деп қал бүлгап турган сатушы. — Шытпүрыш, етпүрыш, галлапурыш, ләттәпүрыш, жіппурыш. Жан алып, жан беріп, өңешін кептіріп айқайды са/іып тур, әйтеуір алушы табу (Қ Әбдіқадыров). Екі-екіден қатар турган жігіттер ба/іық талы носилкаларды квтеріп әкеліп, шалаңдагы терең шаңдарга тогіп жүр (Ә. Сөрсенбаев). Дегенмен, жергілікті сөздерді көркем өдебиетге орынсыз қолдану, мәселен, автордың өз атынан ай-тылатын баявдауларда шамадан тыс тықпалай беру шығарманың көркемдік өріне нұқсан келтіреді.
Диалектілік лексика қазақтын жалпыұлттық лексикасының бір саласы болып табылады. Бірақ оның таралған, қолданыла-тын аумағы шектеулі, жалпыхалықгық сөздердей кеңтарамаған. Қазақ диалектілері мен говорларының басқа түркі тілдерінің диалектілері мен говорларынан басты бір ерекшелігі ең алды-мен лексикалық диалектизмдерден, олардың молдығынан кәрінеді. Диалектілік сөздерді әлеумет, табиғат, адам өмірінің барлық жағына байланысты кездестіруге болады. Диалектілік сөздер жайывда арнайы диалектологиялық сөздіктер жасалған. Ал түсіңдірме және басқа сөздіктерде берілген жағдайда диал. немесе жерг. деген ескерту белгілермен ажыратылып отырады.
§ 36. Арнаулы лексика жөне оның қызметі
Арнаулы лексика дегеніміз қоғамдағы өзара ыңғайлас әр түрлі өлеуметтік топтардың мамандығына, қызметіне, шұғылданатын кәсібіне байланысты қалыптасқан сөздері мен сөз кодданыстары (сөйлемше я сөз тіркестері). Арнаулы лек-сика жалпыұлттық лексиканын құрамына кіреді, бірақ оның да қолданылуы диалектизмдер сияқты шектеулі. Солай бола тұра оны диалектизмцермен шатастыруға болмайды. Диалек-тизмдердің шектелуіңде терригориялық сипат болса, арнаулы лексиканың шектелуінде өлеуметгік сипат бар.
Арнаулы лексика екі салаға бөлінеді:
а) кәсіби терминология, ө) кәсіби сөздер.
1. Көсіби термннология дегеніміз ғылым, техника, өңдіріс т. б. саласыңдағы арнаулы ұғымдар мен зат атауларын дәл білдіру үшін жасалған сөздер мен сөз тіркестерінің жиынтығы. Демек, термин сөздердің термин емес кез келген сөздерден ең басты айырмасы ғылым, техника т. б. саласывдағы арнаулы ұғымдарды дәл аныктап білдірегіңцігіңде.
Термиңдердің пайда болуы ғылым мен техниканың дамуы-мен тығыз байланысты. Термивдер негізінен бір дара ұғымды нақты біддіретіндіктен, көбінесе бір мағыналы болып келеді.
6-3312
ібі
Сонымен қатар өз мәніңде термиңдерде стильдік эмоциялык мән болмайды. Термиңцердің мағынасы жылжымалы, өзгермелі емес, өрқашан тұрақты болады да, ғылым мен техниканың бір саласына меншіктеліп, соған түпкілікті қызмет атқарады. Сондыкган термиңдер жалпылама оргақсөздерден ерекшеленіп, арнаулы сөздер тобына жаткызылады.
Қазақ тіліңдегі кәсіби терминология негізінен екі түрлі жол-мен жасалған (Ол жайыңда § 32-те кең айгылған, бұл жерде тақырыптың ретіне қарай тек жеке мысалдар келтірумен шектелеміз).
1) Қазақ сөздерінен әр түрлі тәсіл аркылы жасалған тер-миңдер: өркениет — цивилизация, гарыиі — космос, мәртебе — статус, елтаңба — герб, сынақ — зачет, твлдеме — окота, тербеліс — колебание, бөлшек сауда — розничная торговля, жолсапар — комаңдировка, жаңгырту — реставрация, жерсіндіру — акклиматизация, есімнама—персоналий, қондыргы — установка, таспа — лента, мушелтой — юбилей, сазкундыз — нутрия, сәулеткер — зодчий т. б.
2) Орыс тілінен қабылданған, қазакша баламалары жоқ ғылым, техника т. б. саласындағы интернационалдык арнаулы термиңдер. Мысалы: математика термиңдері: логарифм, квад-рат, куб, аксиома, трапеция, синус, косинус, радиус, котан-генс, биссектриса, тесрема, коэффицент т. б. Физика термиңдері: валът, ампер, амплитуда, генератор, моноклъ, квант, вектор, оптика, гидромеханика т. б. Химия термиңцері: катализ, инди-катор, аммиак, азон, бром, сульфат, коллоид, гидрат т. б. Геог-рафия термиңдері: материк, глобус, планета, циклон, меридиан, оазис, жватср, полюс, архипелаг, масштаб, климат, тайфун, мус-сон, карта т. б. Спорт термиңдері: боксер, атлетика, футбол, валейбвл, баскетбол, штанга, спартакиада, теннис, физкульту-ра, стадион, шахматист, хоккеист, акробат, акробатика т. б. Қоғамдық-саяси термиңдер: девалъвация, ремилитаризация, не-околониализм т. б. Әдебиет және өнер термиңдері: театр, поэ-зия, сатира, ошра, фама, камедия, роман, эпос, образ, филарліо-ния, консфватсрия, актср, либретто, дирижф, режиссер, пъеса т. б. Лингвистика термиңдері: орфография, фонема, морфема, фраза, идиома, эвфемизм, табу, синоним, антоним, акцент, ар-хаизм т. б. Медицина термиңдері: хцрургия, аптека, терапевт, амбулатория, диагноз, рентгеналог, фармацевт, процедура, пре-парат, кардиодзамма, массаж, поликлиника, рецепт, диабет т. б. Биология термиңдері: белок, протоплазма, аквариум, клет-ка, ткань, михроб, гибрид, яфо т. б.
Интернационалдық термиңдердің біркатары жиі қолданы-лу нәтижесіңде тек көсіби-термиңдік дәрежеде қалмай,
162
жалпыхалыктық деңгейге кетерілген. Мысалы, қоғамдык-сая-си термиңдер: ревалюция, демократия, конституция, республи-ка, социализм, партия; әдебиет пен енер терминдері: театр, поэзия, огера, драма, роман; лингвистика термиңдері: грамма-тика, лекаіка, фонетика, орфография, фраза, синоним; медици-на термиңдері: операция, хирургия, аптека, поликлиника; ғылым атаулары: ботаника, алгебра, геаметрия, химия, физика; әскери атаулар: командир, солдат, офицер, генерал, танк, бомба т. б. термиңдерді қалын көпшілік қолданады.
Бір тілдің шеңберінде қолданылатын терминдердің жиынтығы терминология деп аталады. Терминология өдеби тіл лексикасының бір саласы болып табылады. Қазақ терминоло-гиясы қазіргі танда жан-жақты қарастырылып, қауырт жина-лып терілуде. Термиңдердің отыздан аса сөздігі басылып, шықты. Дегенмен, қазақтерминологиясы әлі де байсадды түрде үңіле қарап, тереңірек зертгеуді қажет етеді.
2. Кәсіби сөздер. Арнаулы сөздердің бір түрі — кәсіби сөздерге жалпы халыққа бірдей түсінікті бола бермейтін, белгілі кәсіп я шаруашылық саласымен шұғылданатын адамдардын арасында ғана айтылып, соларға түсінікті сөздер мен сөз тіркестері жатады. Мысалы, балық шаруашылығына байланыс-ты қабадан ау (таддан иіп жасалған аудың бір түрі), ақаншы (қызыл балық аулаушы адам), инелік (ау тоқитын ағаш ине), азына (адам отыру үшін кайыққа салынған көлденең тақтай) т. б. сөздер осы кәсіппен айналыспаған басқа жердің адамдары-на түсініксіз. Бұл жағынан кәсіби сөздер термин сөздерге жақын. Термин сөздерді белгілі бір ғылым, техника саласыңдағы мамаңцар ғана болмаса, баска көпшілік қоддан-байды. Бірақ ол екеуінің жасалуында түбірлі айырмашылығы бар. Термин сөддер ғылым, техника салаларының дамуына бай-ланысты ғалымдар, мамаңдар жасап қалыптастырған сөздер. Ал кәсіби сөздер олай емес, белгілі көсіп түрлерімен шұғылдануға байланысты жергілікті халықтың өз арасыңда туған сөздер. Кесіби сөздерді белгілі бір территорияны мекеңдеуші тұрғындар қолданса, термиңдердін қолданылуын-да оңдай территориялық шек болмайды. Термин сөздер әдеби тіл лексикасының құрамына кіреді, ал кәсіби сөздердін бәрі бірдей оған кіре бермейді.
Қазақ тіліңде кәсіби сөз мол кездеседі. Оларды кәсіби-өңдірістік мөніне қарай, екі үлкен салаға бөлуге болады. Бір саласыөртүрлі шағын кәсіпке (балташылық,ұсталық, өрімшілік, токымашылық, зергерлік, ою-орнек т. б.) байланысты сөздер. Мысалы, темір ұстасының құрал атаулары: тарақ бал-та (жүзі кедір-бұдыр балта), керме ара (жүзінің ортасыңда
163
тірегіші бар ара), пышқы (араның бір түрі), шербек (үлкен ара), аталгы (ойық жүзді шот), ыңгуыр (ағаш оятын кұрал), үскі (ке-реге көгін тесуге арналған біз), тышуыр (бұрап тесетін құрал), пәрбі (шойын тескіш), сапсалгы (шатгауық), аттіс (темір қыса-тын аспап), кемпірауыз (балықауыз), атауыз (шеге суырғыш құрал) т. б.
Кәсіби сөздердің екінші саласы ірі кәсіпшілікке байла-нысты. Оған мал, астық, балық, аңшылық, бау-бақша, күріш, темекі, мақта, қызылша шаруашылықтарына байланысты ар-наулы сөздер жатады. Мысалы, мақтаға байланысты сөздер: қоэа (мақта өсімдігі), шиіт (мақтаның тұқымы), ақ шиіт (түгі алынбаған түбпті шиіт), терімші (мақта теруші), орам шақа (мақта бермейтін бұтақ), балдақ (мактаның сабағы), кесек (макта дәнінің қабығы), қүлақ (макта қауашағының бір бөлігі), пәрік (мақта жапырағы), өсім су (мақтаға берілетін екінші су), ызгар су (мақтаға берілетін бірінші су), шиіт майы (мақта майы) т. б.
Кәсіби сөздер таралу сипаты жағынан да біркелкі емес. Осыған орай кәсіби сездер екі топқа бөлінеді: жалпыхалықтық кәсіби сөздер, диалектілік (говорлық) кәсіби сөздер.
Жалпыхалықтық кәсіби сөздергебүкіл халық тілінде қолданылып, әдеби тіл лексикасына еніп кет-кен сөздер жатады. Бұларға ертеден белгілі жүгері, қарбыз, арпа, бидай, сүлы, мақта, шортан, табан, жайын т. б. сөздерді былай қойғаңда, неғұрлым кейін тараған дақыл, беде, танап, көшет, атыз, көмей, қияр т. б. сөздерді жаткызуға болдды.
Диалектілік (говорлық) кәсіби сөздерге белгілі бір аймақ (облыс, аудан) көлеміңцегі кәсіпке қатысты, негізінен, сол жердің тұрғындары ғана қолданатын сөздер жа-тады. Мұндай кәсіби сөздер белгілі бір жерде ғана айтылып, таралу аймағы шектеулі болғаңдықтан, диалектілік (говорлық) сөздерге ұқсайды. Әдетге оңдай сөздердің таралу шегі белгілі бір диалект я говор көлемімен деңгейлес келіп отырады. Диалектілік кәсіби сөздердің бірқатарының әдеби тілде жалпы-халықтық баламалары бар: аскелді — әдеби асқабақ; бәдірең — әд. кияр; көмбеқонақ, борми / порми — әд. жүгері т. б. Сол себепті мұңдай сөздер әдеби тілге енбейді. Ал диалектіл ік кәсіби сөздердін көбіңце әдеби балама жоқ, жалпыхалықтык қолда-ныста болмағандықтан, әлі әдеби тілге енбей келеді. Мысалы, жер сулаңцыруға байланысты үлкен арық атаулары: айгыр жап, әнер, желке арық, қазына арық, оман арық, өстен арық; кішкене арық атаулары: бал, бау арық, жап, жандарма, желі, жая, жүйек, қарық, қол арық, қол жап, қолшық, қүлақ арық т. б.;
Егінге берілетін су атаулары: жер суы, топырақ суы, сарын
164
суы, қайырма су, дән су, ызгар су, көгеріс суы, қайрақ суы; су өлшемінің атаулары: қулақ су, баспа қулақ су, шыбыш қулақ су, бір иін су, ишрек иін су, кудері су, қаргың су, қара су т. б.1 2
Бңдай атаулары: ақ тон, бақал, бойдақ бидай, ет бидай, жа-уша, көкзеңгер, көкнайза, қобаң бидай, қодыран / қодірең, сут бидай, бал бидай, ураш т. б.;
Тары атаулары: байдербіс, квгаласақал, бозмурт, алагарын тары, қамба зорат, поштабай, тары, шаршау тары, шая т. б.;
Балық атаулары: ақауыз, айнакөз, қарагөз, ақтуша, ақтыран, жалтай, көкбас, көкжон, көклақ, қултым балық, қуттыбалық, қылагай, қылышбалық, мөңке, муңгірт, огізай, тақаз, тауан, торман, сыла т. б;
Түйе атаулары: жөң, алаша, жампоз, балқоспақ, жарбай, кезөркеш, кгрдері, курт/ көрт, кісе қоспақ, мырза қоспақ, көпін / куйін, алмас өркеш, қара туқай/ қара туяқ, аңырайма т. б;
Бау-бақша атаулары: қожа асқабақ, палаукеді, шөмішқалақ, нас кеді, тасқабақ, оңгелек, жамбырша, жәмбілше, дәмбілше, жәмше, болбалды, басыбалды, жегелек, куләбі, кемпір қауын, куләсән, патсайы, торлама, әміре қауын, қызыл урық, тартар, шьртылдақ амірет. б.;
Қызылшаға байланысты атаулар: ос қызылша, еркек қызыл-ша, сірне, тубіртек, тоспа, туқым жарнагы, қагат, өркін, то-мьр жеміс т. б. Темекіге байланысты атаулар: булықтыру, буркеніш, жал, жиым, жіп, көңхана, қулақ жулу, маты, сагақ, тізбек, тікқулақ т. б?
Бұл сияқты сөздер кәсіп, мамаңдықтың басқа түрлеріне байланысты да көггтеп кездеседі. Қазақ тіл мамаңдарының ал-дывда сөз байльнының бір саласы көсіби сөздерді жинап-теріл, жұртшылықтың көдесіне асыру міңдеті тұр.
§ 37. Сөздердің стильдік қыэметіне байланысты түрлері
Сөйлеу я жазу үстіңде сөз қалай болса солай колданыл-майды. Адам қашаңда өзінің айтайын деген ойына, мақсатына лайық сөздерді халықтық лексикадан іріктсп, талғап-таңдап қолдануға тырысады. Мысалы, сөздердің күңделікті ауызекі сөйлеу тіліңде айп>ілуы мен жазба тідде қолданылуы бірдей емес. Жазба тідде ой әр стильдін өзіне тән, оған теліңді
1 Сарыбаев Ш., Бақысбеков О. Кдзақ тілінің аймақтық лексикасы. Алматы, 1989,73-75 беттер.
2 Бұл да соңда, 78—84,90-бетгер.
165
сөздерімен жүйеленіп, бір беткей баяңдалып отырса, сөйлеу тілівде тыңдаушыларға лайықталып, жазба тілдік үлгіден ауытқып отырады. Сол сияқгы қарапайым заттық-логикалық ұғымы бар сөздер мен адамның сезіміне әсер ететін бояулы-мәнерлі сөздердің стильдік қызметі де бір-бірінен ерекше. Осы-дан барып сөздердің функционалдык-стильдік қызметіне бай-ланысты түрлері пайда болады. Сөздердің қызметіне қарай жіктелуі функционалдық стильдердін түрлерімен үйлес келіп отырады. Стильдің өр саласыңда сөзді қодданудың қалыптаскан үйреншікті орны, үлгісі болады. Әр сөз өзінің дағдылы орнын-да тап басып қолдануды талап етеді.
Сөздердің стильдік қызметіне байланысты түрлерін мына-дай кестемен көрсетуге болады:
Тіддегі функционалдық стильдер іштей сараланып, әлде-нешеге бөлінгенімен, тігггі де бір-бірінен алшақ жатқан, кереғар дүние емес, олар өзара байланысты, ара жігі жылжымалы.
ібб
Стильдің бір түрінен басқа стильдерге тән сөз қодданыстарды кездестіруге болады. Функционаадық-стильдік салалардың негізінде жалпыхалықгық лексика жатыр. Мәселе сол жалпыхалықтық лексиканың қалай, қандай мақсатта қолданы-луына байланысты.
§ 38. Стильаралық бейтарал лексика
Стильаралық лексикаға функционалдық стильдердің ешқайсысына да жатқызуға болмайтын сөздер жатады. Мыса-лы, нақты затгар мен құбылыстарды біодіретін: еңбек, кункөріс, кемшілік, кепшілік, ауа райы, банк, базар, келісім, сауда-саттық, көше, кітап, жаратылыс, трамвай, машина, жәрдем, пенсия, қогам, гылым т. б.; белгі, сапа, қасиетті білдіретін; бай ыпты, икемді, пайдалы, зиянды, сулы, таулы,малды, даусыз, білімді, қогамдық, азаматтық, пікірлес, қызметтес, жатық, ширақ, ортақ, өнерпаз, мәдени, алгыр, білгір т. б.; қимыл-әрекетті біддіретін: көтеру, аудару, куресу, куану, ренжу, жарқырау, куркіреу, илану, ойлау, ілгерілеу, умтылу, жаңару, сауыгу, мойын-дау, жугендеу, есептеу т. б. Жалпыхалықтык сөздердін стиль-аралық сипаты бар. Бұл тәрізді сөздер функционалдық стильдердің бәрінде де қолданылады, олардың қодданылуына стиль жағынан шек қоюға болмайды. Керісінше, көптеген создер белгілі бір стильге телулі болады да, қолданылуы жағынан шектеліп отырады. Мысалы: тагайындалсын, міндеттелсін, осы анықтама берілді, қаулы етеді, жарлық етеді, түсініктеме — ресми іс қағаздар стиліңде; агымдагы істер, ақпарат хабарлар, ресми сапар, алдыңгы қатардагы, көпшілік қолды — публицистикалық стильде; гербарий, жылу энергиясы, сингармонизм, дифтонг, қатты дене, гамма-сәуле, молекула, ерітінді — ғылыми стильде қолданылатын сөздер болып табы-лады.
Бұл айтылғандардан стильаралық лексиканың жалпылық, ал функционалдық стильдердін шектеулі сипаты бар екенін көреміз. Стильаралық сөздер нақты бір стиль дәрежесіңле емес, стильдердің бәріне қатысты болғаңдықтан, бейгарап лексика деп те аталады. Стильаралық бейтарап лексика өзінің осыңдай қасиеттеріне байланысты функционалдық стильдерден ерекшеленіп отырады.
Стильаралық сөздер сөйлеу тіліңде болсын, жазба тідде бол-сын қолданылатын лексиканың негізін қалайды. Оларсыз ауыз-ша, болмаса жазбаша қарым-қатынас жасау мүмкін емес. Фун-кционалдық стильдердің қай-қайсысы болсын тек өздеріне тән, қоаданылуы шектеулі сөздерден тұрмайды, керісінше, олар-
167
дың сөздігі стильаралық лексикаға негізделеді. Ал кейбір фун-кционалдық стильдерде, мысалы, осы күнгі ауызекі сөйлеу стилі мен публицистикалық стильде, бейтарап лексика жиі қолда-нылады.
Стильаралық лексиканың басқа функционалдық стиль-дердің лексикасынан негізгі айырмашылығы зат, құбылыс, сапа, қасиет, іс-әрекет, атауларын қарапайым, нақгы қалпында біддіретіңдігінде. Негізінен алғаңда, зат, құбылыстарды, олар-дың қасиетгерін бейнелеп, мәнерлеп қолдану стильаралық стильге тән емес. Дегенмен, сөздің негізгі заттық-логикалық мағынасына байланысты оның кейбір экспрессивті сипатын білдіруі мүмкін. Мысалы, дәулет «байлық, қазына, дүние-мүлік» сияқты негізгі заттық мағынасынан басқа «бақ, ырыс» деген қосалқы мағынаға да ие. Дәуір сөзі «тарихи кезең» деген негізгі мағынасынан басқа «дегені болып, билігі жүріп тұрған кез» деген туынды мағынаға ие.
§ 39. Сөйлеу тілінің лексикасы
Сөйлеу тілі лексикасына функционалдық сөйлеу стиліне тән сөздер жатады. Сөйлеу лексикасының өзіңцік ерекшелігі бар. Оған қатысты сөздер: 1) адамның күнделікті тікелей қарым-қатынасы кезіңде, емін-еркін сұқбат әңгіме үстіңде қолда-нылады, 2) алдынала ойланылып сұрыпталмай, сөйлеу үстіңде әңгіменің желісіне қарай туып отырады, 3) тақырыптык аясы өте кең, яғни тақырып жағынан шек қойылмайды, қоғам, табиғат, адам өмірінің барлық жағын да қамтуы мүмкін.
Сөйлеу стилінің лексикасы лексика-семантикалық, экспрессивтік-стилистикалық сипаты жағынан өз ішінде бірыңғай емес. Соңдықтан іштей мынадай топгарға бөлінеді: 1) тұрмыстық-қарапайым лексика, 2) варваризмдер, 3) әдеби-сөйлеу лексикасы.
1. Тұрмыстық-қарапаиым лексика. Бұған күңделікті әмірде, тұрмыстық қарым-қатынаста қолданылатын жалпы халыққа белгілі, сөйлеу тілінің аясындағы сөздер жатады. Тұрмыстық-қарапайым сөздердің ішіңде бір нәрсенің бағасын кеміту, құнын төмеңдету мақсатыңца қолданылатын, стилистикалық бояуы бар сөздер, дөрекі, тұрпайы сөздер, қарғыс-алғыс мәңді сөздер көп кездеседі. Мысалы, оған кемсітіп, мұкатуды, жаратпауды біддіретін: қортық, мыртық, қатын, су мурын, салпаң қулақ, шуйкебас, қисық мойын, төмен етек, салиы етек, боз өкпе, сорайган сорлы, сумелек, таз, шойнақ, тажал, жаман неме, байқус, қылқию, шілтию, тәлтию, шалжию, жалпию, талтию т. б. сөздер; мысқыл-мазак мәніңдегі: шалжақай, ерке тотай, бос белбеу,
168
шикіл сары, қулқын сары, аттеріс, қайным, о қасқа, үрит соқ-соқ, домалақ арыз, тәйірі, кәкір-шүкір, бықсық, қитүрқы, рақатизм, селтеңбай, жыртақай, қазақбайски т. б.; тұрпайы, дөрекі мәңді: қақбас, ит неме, иттің күшігі, бетім-ай, қарабет, көкайыл, былшылдама, кет ары, мигүла, лагып кетті, қызыл та-нау балды, сазайын берді, қарны қабақтай, бүты таяқтай т. б.; қарғыс мәңді: адыра қалгыр, атың өшкір, бықпырт тигір, тіліңе шоқ түскір, квзің шықсын, қурдым кет, өз обалың өзіңе, атаңа нәлет, көріңде окргір, қүдай атсын, садагаң кетсін, пышаққа ілінгір, топалаң келгір, қасқыр жегір, шаңырагың ортаңа түссін т. б.; алғыс-тілек мәңці: жалың болгыр, көп жасагыр, тәңір жарылқасын, тілеуің берсін, жасың узақ болсын, көсегең когерсін, бала-шагаңның игілігін көр, қудай сақтасын, алла жар балсын, жагың түсіп, жамандық ксрме, о тоба, жарылқай көр т. б. сөздер мен тұрақты сөз тіркестері жатады.
Тұрмыстық сөздер мен қарапайым сөздер бір-біріне өте-мете ұқсас, бұлардың арасына шек қойып ажыратудың өзі кей-де тым қиынға соғады. Мысалы: Бензиннің литрі үш тиын балганда, квшеде сатылатын когәлжім судың стаканы үш тиын болатыннежөні бар (Ғ. Мүсірепов). Әйтеуір бала-шагага нәпақа іздеп жүрміз гой (Ғ. Мұстафин). ¥ры, жас жетім шпаналармен бірге оқып, балаларымыз үйіміздегі нанды урлайтын болды (С. Адамбеков). Жетісудан болсаң, тоңганның әкесін сонда көрер едің (I. Жансүгіров). Медетов жайлы осек сөз, домалақ арыз бес жылдан бері жазылып келеді («Лен. жас>). Еркек сары жаттан-ды сөздерін *үйіп-төгіп» айтып келеді де, «тоқ етерін» шорт кесті (С. Талжанов). Мен шақырады де, қазақтың ырым-жы-рым, үят-суятын қойсын (М. Әуезов). Осындағы курсивпен көрсетілген сөздердің бәрі сөйлеу тіліне жатады. Бұл төріздес сөздерді әдеби тілде қолдану қолайсыздау. Алайда, қайсысы тұрмыстық сөздер, қайсысы қарапайым сөздер екендігін ажы-рату онша оңай шаруа емес, сол себепгі бұлар бірге қаралып отыр. Сөйлеу тіліңде ер адамды кемсіткісі келгеңде — бүтында шалбары бар, бврік киген, әйелді кеміткеңде — басында жаулыгы бар дейді. Көлік дегеннің орнына бүт артар немесе аяқ артар, киімнің орнына қабық немесе жабу, өтпейтін пышақты — қыргыш, кір киімді — түтқыш, арақ дегеннің орнына ақмагамбет, тентек су, көк су, жынды су, қолынан ештеңе келмейтін адамды — қарақшы, бойы аласа адамды — мыртық, қортық, ергежейлі, өте арыган атты — тулақ, ыңыршагы шыққан, әбден жүдеген адамды — тірі аруақ, жас баланы — шикі өкпе, жас әйелді — шүйке бас, төмен етек, узын етек деудін. бәрі де қазақ тіліңдегі қарапайым сөздердің нұсқалары. Бұлардьщ бірде-біреуі әдеби тідде қолданылмайды. Қарапай-
169
ым сөздер мен тұрмыстық сөздердін. өдденепіе түрлері фраза-лық тіркесте де баршылық. Мысалы: ауыз шайымга келмейді, сіңбіруге қолы тимейді, тукке тургысыз, бетінің кірі бес елі, түк емес, бетінің арын бес төкті, соқырга таяқ устатқандай, бит терісінен биялай тоқиды, битін сыгып, қанын жалап отыр, ит мініп, ирек қамшылагандай болды, болар бала богынан, кісі өлген-дей балды, жау шауып кеткендей, жылан жалагандай т. б. Әдеби тілде бұлардың орнына неғұрлым жағымды да сыпайы, неғұрлым стильдік мәні жағынан бейтарап деген синонимдер жұмсалады.
2. Варваризмдер тілге етене болып сіңбеген соншалықты зәрулігі жоқ бәтен тілдің сөзі деген ұғымды білдіреді. Варваризмдерді қолданудың әр түрлі жолдары бар:
1) Кейде бір халықтың шынайы өмірін, тұрмыс салтын су-реттеп көрсетпек болғаңда, сол елдің ұлттық ерекшелігін бей-нелеу мақсатымен варваризмдер саналы түрде әдейі қолданы-лдды. Мәселен, неміс халқының өмірін суретгегеңде фрау, ку-хен, кайзер сияқты сөздерді, ағылшын өмірін суреттегеңде сэр, мистер төрізді сөздерді, франиуз өмірін суреттегеңде мадам, франк, мосъесияқты сөздерді, Орта Азия халықтарының өмірін суреттегенде чайхана, шашлық, пвранжа, қышлақ тәрізді сөздерді қолдану орыңцы деп есептеледі.
2) Тындаушыға ерекше әсер етіп, күлдіру үшін халық ақыңдары да варваризмдерді пайдаланады. Мысалы:
Қалқатай, кари глаз екі көзің, Никогда незабуду айтқан сөзің. Третий, второйлар толып жатыр, Ойласам какродился сенің өзің? (Ақан сері). Астыма мінген атым гнедушка,
Шабамын көңіл ашып немношка, Не стоить на свете жить етуге Азырақ ойнап-күлмей малодушка («Он алты қыз»).
3) Өзге тіддегі сөздерді сөзбе-сөз аударуға қиын тиген жағдайда, варваризмдер сол қалпында ешбір өзгертілмей алы-нады. Мәселен, Абай шығармаларыңца қазақ тіліне сіңбеген мынадай орыс сөздері кездеседі: визит, виноват, военный, обра-зование, уезный, начальник, военный губернатор, назначение, впе-чатлителъность сердца, закон, судъя, занимайся прямотой, уго-ловный, дознание, коренной, подвижный, элемент, посредник, про-шение, самородный, счет, такт т. б. Сол сияқты Абай шығармаларыңда араб-парсы тіддеріне тән сөз тіркестері де сол қалпыңца келтіріледі. Мысалы: агләмланган фиглы худа (ал-ланың салған ақ ісі), алла табарәкә уа тагала (жарылқаушы
170
жөне ұлы тәңірі), әддуния мәзрәгәтүл ақирот (бұл дүние ақиретгің — егіні, азығы), саллаллаһу гәләиһи уәссалом (алла-ның сәлемі мен рахметі болғыр), хайрун-нас мән янфәгүн-нас (адамшылықтың абзалы — адамға пайда келтірген) т. б.
4) Варваризмдер кейде қоғамдағы жағымсыз жексұрын типтерді халыққа мазақ етіп келемеждеу үшін де қолданыла-ды. Мысалы:
Барымта мен партия Бәрі мастық. жұрт құмар. Сыпыра елірме, сұрқия Көп пияншікнені ұғар (Абай). Нәпіл түгіл, намазы Бәрі желге кетеді.
«Еннатайына калкаусар »,
Пошол дереу күнәкар, Аяғын ойлап айтқаны, «Әні-шаны кулаптар »(Абай).
Абайдың алғашқы шумак өлеңіндегі пияншік деген орыс сөзі ел ішінде бұлік салып, қулық-сұмдықты кәсіп еткен сұрқияларды мысқылдап, жұртқа мазак етіп көрсету үшін пайдаланылған. Соңғы шумақтағы варваризмдердің қолдану арқылы ұлы ақын құранның ең оңай деген бір ауыз сүресін де жатгай алмай, бірді-бірге бытыстырып, өз-өзінен әлек болып жүрген надан байларды сықақ етпек болған. Мұңцағы енна-тайына калкаусар деген сөз — арабша инна агтайна кә алкәусәр (кәусар суын саған береміз) деген сөзінің әбден бұзылған түрі. Әні-шаны күлаптар дегені арабша иннә шаниәка һуал абтар (олай болмаса бәрінен сымпиып бос қаласың) сөзінің бұрмаланған түрі. Бұлардың арасында орыстың пошол сөзінің жүруі бірді айтып, бірге кетіп отырған қас наданның бейнесін көрсетуі еді. Абайдағы мәліш (мелочь) сөзі де осыңцай мақсатпен колданылған.
5. Ана тілін білуге мән бермей, оған жүрдім-бардым қарап, тіл шұбарлаушыларды келемеждеу үшін де жазушылар варваризмдерді жиі пайдаланады. Мысалы: Осы наметит ет-кен жұмыстардан реальный еш нәрсені жарыққа шығара алма-дық (I. Жансүгіров). Марфуға. Вечно сеңцер маған күлесіңдер. Попробуй қатын болып мұңдай күнде тамақ тасуға. Марфуға. Не хорошоі Заниматься етсем, орыс грамматикасын как нибудъ білуге болады. Ал қазақ тілімен мңды ашытқанды, просто не терпимо!... Марфуға. Әнуар псрестанешь или нет. Ну, хорошо, жүргісі келмейді, ажырасты, что в этом зазорного. Марфуға. Папам звонить етті. Мен оған сені Алматыға қалдыруға бір
171
шишкамен сөйлес десеп, оказывается сен өзің колхозға бара-мын деп настаиватъ етіпсің гой?! (Қ. Мұхамеджанов).
Ауызекі сөйлеу тіліңде қолданылып тіл шұбарлайтын вар-варизмдер де осылармен тектес: конечно, значит, что вы, давай, ңу-ка, әйда т. б.
3. Ауызша өдеби сөйлеу лексикасы. Сөйлеу тілінің лекси-касы тек тұрмыстық-қарапайым, дөрекі, тұрпайы сөздерден, болмаса соларға жақын варваризмдерден тұрмайды. Адамдар-дың күнделікті қарым-қатынасы қарапайым-тұрмыстық деңгейде ғана бола бермейщі, өмірдің әр түрлі жағын қамтиды. Осыған орай сөйлеу лексикасында тұрмыстық-қарапайым, дөрекі, тұрпайы сөздерден басқа әдеби (кітаби) сөздер де аз қолданылмайды. Олардың қодданылу дәрежесі сұкбаттасушы адамдардың ой-өрісінің кеңдігіне, инабатты, салиқалы, салауаттылығына байланысты. Мәдениеті жоғары, білімді, па-расатгы адамдар ауызекі сөйлегеңде әдеби тілдің нормалық белгілерін сақтап, тұрпайы, дөрекі, былапыт сөздерді аралас-тырмай, өз ойын мәдениетгі түрде жеткізіп отыруға дағды-ланады. Оңдай адамдардың ауызша сөйлеу мәдениеті салауаты тәмен, дөрекі адамдардың сөйлеуінен әддеқайда жоғары.
Ауызша әдеби сөйлеу адамдардың өр түрлі тақырьптга өзара сұқбаттасуынан басқа лекция оқыған кезде, интервыо берген-де, теледңдардан сөйлегеңде қолданылады. Бірак ауызша әдеби сөйлеу лексикасының қолданылу реті оның кітаби (жазба) түрімен тігпі де бірдей деуге болмайды. Біріншіден, қаншама мәдениетгі сөйлегеннің өзіңце ауызша тілге тән ерекшеліктер (адамның бет, қол қимылының араласып отыруы, екпін, инто-нацияның құбылып отыруы, үзіліс, кідіріс (пауза) жасалып оты-руы т. б.) қалайда қатысып отырады. Бұлар жазба нұсқаларда мүмкіндігінше тыныс белгілері арқылы көрсетіліп отырады. Екіншіден, ауызша әдеби сөйлеуде жазба әдеби тілде көп кездесетін абстракт сөздер мен арнаулы термиңдер аз қолда-нылады. Сөйлеуші өз ойын тыңдаушыға тым күрделеңдірмей, ұғымды, түсінікті жеткізуге тырысады. Дегенмен, оңда кейбір қарапайым-тұрлвжлық сөздер (мысалы: лагып кету, тәйірі, бәсе, бфекелді, быңсық, к^ітүркы т. б.) орын алуы мүмкін, бірақ дөрекі, тұрпайы сөздер қолданылмауға тиіс. Үшіншіден, ауызша сөйлегенде сөздердің орын төртібі жазба тіддегідей қатаң сақтала бермейді- Баяңдауышы бастауышынан бұрын, анық-тауышы анықтайтын сөзінен кейін т. б. келе беру мүмкін. Сөйлемнің толық айтылмай қысқарып, ықшамдалып, толым-сыз түрде айтылуы жиі кездеседі.
Ауызша сөйлеу тілінің бұл сияқты ерекшеліктерін мына-дай үзіңді мысалдардан байқауға болады.
172
1. — Сен бөлініп кетпегенде ақ марал қүтылмайтын еді! — дей салды.
— Е, ол маган да кездесті. Жан-жануар болып жаралганның сүлуы екен. Елу қадам жерден шілік арасынан атылып шыгып еді, қумадым.
Үлпан алгысты квзімен Мүсірептің жүзін бір сипап өтті.
—Мен иттерімді адая жан-жануарга ауыздандырмай жүрмін. Сонша сүлу жаралганда, итке талатып, қанга бояп согып алуды обалсынамын. Менің қүмарым қасқыр мен түлкі гой...
«Шының ба?Нагып?» — дегендей Үлпанның аз гана күлімдеген квздері ж<фқ етіп, Мүсірепке қарай тагы бір серпіліп қалды (Ғ. Мүсірепов).
2. — Бала деген қорқар болар еді. Ес бар ма өзіңде, пәруэрдігер, — деп Байтас бабын таба алмай басын шайқайды.
Жүмабай әбден болмаган соң:
— Қап, мынаның баласы!... *Мен борінің бвлтірігімін» деп келеді-ау. Қой, не де болса қалмайық енді. Байтас жүр! — деп шаба жөнелді (М. Әуезов).
Келтірілген текстер ауызекі сөйлеу тіліне тән диалог түрінде құрылған. Онда тұрмыстық-қарапайым сөз қодцаныстар (е, қап, ау сиякты одағай сөздер, шының ба, нагып, бала деген, поруврдігер, қойт. б ), ықшамдалған толымсыз сөйлемдер кездеседі.
§ 40. Кітаби лексика
Қазақ тіл біліміңде «кітаби лексика» деген ұғым тек өткен дөуірлердегі жазба әдеби тідде («кітаби тідце») қолданылған сөздер мәніңде түсіңдіріліп келеді". Бұл мағынада «кітаби лек-сика» термині қазіргі жазба әдеби тіл лексикасынан ерекше-леп, ертедегі жазба әдеби тіл дәстүріңдегі лексиканы білдіру мақсатыңда шартгы түрде қабылданған еді. Шын мәніңде, «кітаби лексика» термині жалпы жазба тідде (әдебиетте) қол-данылатын сөздерді біддіреді. Жазба тілсіз әдебиет, жазба әдеби тіл болмайтыны белгілі. Демек, жазба тілде қолданылатын сөздер әдеби лексикаға жатады. Кітаби лексика дегеніміз әдеби лексика. Әрине, әдеби тіл дамуының барлық дәуірлеріңде әдеби лексика бірдей болуы мүмкін емес, сол себепті ол өзінің даму, қалыптасу теңденциясына қарай іпітей жіктеліп отырады. Мөселен, қазақ тіліңдегі кітаби лексика тарихи және қазіргі тұрғыдан екі салаға бөлінеді: I) ескі дәуірдегі кітаби лексика, 2) қазіргі кітаби лексика.
'Кеңесбаев I., М^сабаев Ғ. Қазіргі қазак тілі. Лексика, фонетика, Алматы, 1975,160-бет.
173
Бірак қай дәуірдегі әдеби тіл болмасын, оңца сөз қолдану-да қалыптасқан нормалық белгілердің болуы, стиль жағынан саралануы піарт. Бұл шарттылықты ескі дәуірдегі кітаби тілден де, қазіргі кітаби тілден де айқын көруге болады. Мысалы, қазіргі әдеби тілдегі мен, және, деп, осы журт, жолдас, жақсы, тура, тас, қойды, улы, облыс, қурметті, себепті, муратқа, е/ідерді, сезеді, биімейді сияқгы сөздер ескі тілде илә, и/іән, уа, диу, ушбу, йурт, йулдаш, яхшы, тугры, таш, қойдылар, оглы, уалаят, хурмәтяу, сәбәблі, мурадга, илләрни, сезедур, білмейдур болып жа-зылуы нормаға айналған. Бұл сияқты сөздер ескі кітаби тілде міңдетті түрде жалпытүркілік сипатта осылайша айтылып жа-зылатын болған. Ескі кітаби лексика көне түркі тіліне негізделген.
Ал қазіргі әдеби (кітаби) тілдің лексикасына келсек, оның нормалық белгілері қазақтың жалпыхалықгық лексикасыиа негізделген. Қазіргі әдеби лексика халықтық лексиканың сұрыпталып екшелген, жан-жақты дамып жетілген, айтылуы мен жазылу принциптері негізінен айқындалған түрі болып табылады.
Ескі кігаби лексикада болсын, қазіргі жаңа кітаби лекси-када болсын, сөздер стильдік қызметі жағынан сұрыпталып, шектеліп отырады, осыдан барып кітаби лексиканың стильдік түрлері қалыптасады. Бірақ олар әр дәуірде бірдей болуы мүмкін емес. Мысалы, ескі кітаби тіл стиль жағынан 2—3 салаға бөлінсе, ал қазіргі әдеби (кітаби) тіл негізінен төрт-бес салаға бөлінеді: ресми іс қағаздары мен құжатгар, публицистикалық, гылыми, техникалық және көркем әдебиет стильдері. Кейбір стиль түрлері кітаби тілдің қай түріңце болсын кездесіп отыра-ды. Мысалы, ресми іс қағаздары стилі ескі кітаби тілде де, қазіргі кітаби тілде де бар. Тағы бір ескертетін жәйт, кітаби тіл қай дәуірде болсын көркем әдебиетпен байланысты дамыған. Мәселен, «Құтадғу білік» (XI ғ.), Қожа Ахмет Йассауидың «Хикметі» (XII ғ.), «Хосроу уа Ширин», «Мухаббатнама», «Гүлстан», «Жүсіп — Зылиха» (ХІП—XIV ғғ.), «Жами ат-тауа-рих (XVI ғ.) т. б. шығармалар ең алдымен өз заманыңцағы кітаби тілдің қалыптасуына әсер еткен көркем туыңцылар бо-лып табылады. Сол сияқты барлық жанрда кеңінен дамыған қазіргі көркем өдебиет осы күнгі кітаби (әдеби) тіддің қайнар көзі екені белгілі.
Сөйтіп, кітаби лексика деп белгілі дәрежеде әдеби нормаға түскен, стилистикалық қолданысы жағынан сараланған (шек-телген) жазбатілге тән сөздерді айтамыз.
1. Ескі дәуірдегі кітаби лексика. Бұрынғы дәуірлердегі жазба мұралардың тілі, соларға тән жазу дәстүрі ескі кітаби тіл деп,
174
ал сол нұсқаларда қолданылған туркі тіддеріне ортақ сөздер ескі дәуірдегі кітаби лексика деп аталады. Қазақ тілі түркі тілдерінің бірі болғаңдықтан, өткен дәуірлерден қалған түркі тілдері ескергкіштерінің қазақ тіліне тікелей қатысы бар. Ескі дәуір ескерткіштерінің тілі қаэіргі қазақ тілінен мүлдем алшақ жатқан, түсінбейгін, ұксаспайтын кереғар дүние деп карауға бол маДды. Қайта грамматикатық құрылымы жағынан болсын, сәздік қоры жағынан да бір-біріне ұқсас жалпы түркі халықтарына еншілес мұра екеңдігі аңғарылады. Түркі тіддерінің жазба ескергкіштері өте ерте кезден басталады. V—X ғасырлар аралығывда Көне түркі дәуіріне қатысты Орхон — Енисей ескергкіштері жазылған. Одан кейін Орта түркі дәуіріне қатысты жазба ескерткіштер, көне кыпшак тілівде жазылған ескерткіштер, шағатай тіліңде жазылған ескерткіштер т. б. сақталған. Бұлар XI—XVII ғасырлар арасын қамтвды.
Ескі кітаби тіл дәстүрі қазақ әдеби тілінің барлық кезеңдеріне де есерін тигізген. Оны азактың ауыз әдебиет үлгілерінен де, XV—XVII, XVIII—XIX ғасырлардағы әдеби тілден де, жаңа жазба өдеби тіддің негізін салған Абай, Ыбы-рай шығармаларынан да, тіпгі XX ғ. басыңдагы қазақ едеби тілінен де байқауға болады. XX ғ. басыңда кітаби тіл дәстүріңде жазуды ұстанган Ш Жәңгірұлы, М. Қалтайұлы сияқты шай-ырлар (ақыңдар) болганы белгілі. Демек, кенетүркілік негізде дамыған кітаби тіл дәстүрі қазақ әдеби тілінің барлық кезеңдерімен жанамалас сақталып отырған. Қазақтын ескі кітаби тілі діни араб-парсы, шағатай, татар әдебиетгеріңдегі тілдік нормаларды қамгып, таза қазақтіліңде жазылмаган.
Түркі халықтарынын жазба ескерткіштерінде кездесетін кітаби лексика мынадай формада ұшырасады. Мысалы: к,аган (хан), беглер (бектер), йок (жоқ), оглы (ұлы), учри (үшін), теңрі (тәңрі), будун (халық), йол (жол), йуз (жүз), йеті (жеті), й (ел), <«р (жер), токуз (тоғыз), таг (тау), йурт (жұрт), кіші (кісі), турук (тұрақ), сарыг (сары), улуг (ұлы, үлкен), еліг (елу), бары (бәрі), йугур (жүгір), йоқары (жогары), йеме (және), алқыс (алғыс), вдрым (жаріы), тамга (таңба), екін (егін), йыл (жыл), йчі (елші), улеш (үлес), йонт (жылқы), орду (орда), кер (көз), йашыл (жасыл), кумуш (күміс), йадаг (жаяу), башла (баста), апле (сөйле), йел (жел), букун (бүгін), йізне (жезде), оглак, (лак), ота чы (оташы), мугүз (мүйіз), хатун (ханша), олтур (отыр), квк (аспан), угу (үкі), інчке (жіңішке), ачыташ (ашудас), куи тогушы (күн шьвыс), бітік (жазу), тутгун (түікын), сусун (сусын), вркен (жіп, арқан), йц>атк,ан (жараткан), салагай (солақай), йырынчы (жырыңды), алтымыш (алпыс), бурун (бұрын) т. б.
Кітаби сөздің жазу стиліне тән басты және негізгі
175
ерекшелігі сездердін. көне тұлғаларын, түркі тілдеріне ортак формалары мен байырғы мағыналарын түгелдей сақтап жазу-ыңда еді. Кеңес дәуіріңде біздің елдегі түркі халықтары ескі кітаби тілдегі үлгілердің қажетгілерін өздеріне мұра егіп қал-дырды да, онша үйлеспейтіңдерін әр халық өз мүддесіне қарай жаңапіалап, жаңғыртып пайдаланады. Сөйтіп, өр ел өздерінің тума жаңа жазба әдеби тілін қалыптастырды. Мәселен, кітаби тіддегі раст, дост, дурыст деп жазылған сөздер жаңа жазба әдеби тілімізге соңғы т әрпіп түсіріліп, рас, дос, дурыс күйіңде қабылдаңцы. Араб-парсы тілдерінен ауыскан зат есімнен қатыс-тық сын есім тудыратын и қосымшалы сөздер ең өуелі түркі халықтарының жазба ескерткіштерінің тіліне еңді де, солар арқылы қазақтың қазіргі әдеби тіліңде орнығып кетгі. Мыса-лы: әдеби, мәдени, ресми, гылыми, рухани, діни, саяси, әскфи, кәсіби, кітаби, табиги, ілімит. б. Демек, осылардыңбарлығындакітаби тілдің қазіргі қазақ әдеби тіліне тигізетін игі әсері деп түсінуіміз керек.
2. Қазіргі кітаби (әдеби) лексика. Бұған сөйлеу тілінің тұрмыстық-қарапайым лексикасынан, диалектиз.мдерден басқа, әдеби нормалық белгілердің қатаң сақталуын талап ететін пуб-лицистикалық, ғылыми және ресми құжаттар стильдеріңде, көркем әдебиет тіліңде қолданылатын сөздер жатады1. Әрбір стильге тән сөздер олардың бәріне ортақ белгілерімен сипат-талады. Атап айтқаңда, ресми-іс қағаздары стиліңдегі сөздер өздерінің бірыцғай бір ізде қолданылуымен, мейлінше нақты, дәлдігімен, жанрлық тақырыптарының (ресми іс қағаздары, ақпараттық, дипломатиялық, юридикалық т. б.) тұрақ-тылығымен сипатгалады. Мысалы, дипломатиялық құжаттарда сенім грамотасы, консул, атташе, елшілік, миссия, төтенше және өкілетті елші, нота, вербалдык, нота, меморандум, ресми сапар, кезекті кездесу, сыртқы қатынастар, штаб-квар-тира, протоколдык, шаралар, келіссоз, келісім-иіарт, сенімді окіл, резиденция т. б. сөздер үнемі қодданылып отырады.
Ресми іс қағаздарыңда кейде бір заттың я ұғымның атауы қолданылу орнына қарай әр түрлі аталады. Мысалы, адам де-ген сөз ресми құжаттарда — азамат, жолдас, телефон станция-сыңда — абонент, ательеде — заказ беруші, шаштаразда — кли-ент, ауруханада — науқас, санаторцде — демалуіиы, тыныгушы, транспортта — жалаушы т. б. болып айтылады.
Публицистикалық стөльдегі сөздер өздерінің әсерлілігімен, тартымдылығымен, баяңдау қисындылығымен, ойға қоңдым-
'Әдеби гідцің стильдік салалары «Казақ тілінің сталистакасы» курсында кең баявдалатындықган, бұл жерде тек шолу түрінде тоқталынады.
176
дылығымен, ақпараттық мәліметтердің дәйектілігімен сипатта-лады. Қоғамдағы жаңалықтар, жаңа құбылыстар ең алдымен публицистикалық стильде көрініс табады. Мысалы, тек соңғы жыддардағы нарықтық реформа жағдайыңца: алуетті атқарушы өкімет, коррупцияны туншықтыру, қылмыстылықпен қажырлы курес жүргізу, экономикада қалыпты реформа жасау, журттың өмір тіршілігін жақсарту, интеллектуалдық потенциал, ресми тіл статусы, жекешелендіру, тобырлық мудде, фермерлф ассо-циациясы, тоталитарлық тгртіп,рыноктыққатынас, нарықэко-намикасыт. б. сөздер қолданыска еңді.
Ғылыми стильде қолданылатын сөздер айтылатын ой-пікірлердің дәлелді, объекті берілуіне сай келіп, дерексіз ұғым-дарды біддіруде кеңінен қолданылып, оларды қорытыңдылап жинақтау қасиетіне лайық болуға тиіс1. Мысалы, абстракция, активтендіру, қозгалыс, бірлестік, бірлік, бірізділік, кеңістік, ой тужырымы, оймен тану, теңестіру т. б. сөздер дерексіз ұғымдарды білдіреді.
Ал көркем әдебиет стиліңде жалпыхалықтық сөздердің қол-данылу көлемі әддекайда кең, оңда көркемдеу тәсілдері аркылы өмірде бар я болуға тиісті көріністер мен құбылыстарды адам-ның ішкі сезіміне әсер ететіңдей етіп су реттейтін сөздер, шын-дық өмір жайыңда автордың өз көзқарасын біддіретін сөздер мол қолданылады.
Қазіргі кітаби лексиканың негізіңде сөйлеу тіліне де, өдеби тілге де ортақ жалпылама сөздер жатыр. Жалпылама сөздер ешбір мамаңдык талғамайды, бір тілде сөйлейтін халықтың бәріне бірдей, сөйлегенде де, жазғанда да, ұйьггқы, тірек бола-ды. Бірақ жалпылама лексика кітаби (әдеби) тілде табиғи халықтық қалпыңда ғана қодданыла бермейді, көп жағдайда баспа бетіңде сөз шеберлерінің сұрыптап өңцеуінен өтіп, әдеби нормаға ие болып отырады. Бұл — әдеби лексиканың сөйлеу тіліңдегі лексикадан ең басты айырмасы болып табылады.
Әдеби тідде сөйлеп, әрі жаза білу үшін жалпылама лекси-камен қатар сол тілдің арнаулы сөздерін (терминологиясын), көнерген сөздер мен неологизмдерін, эмоционалды — экспрессивті сөздерін, біршама кәсіби сөздерін, бұрынғы кітаби сөздерін білу қажет (олар жайыңда бұдан бұрын айтылған). Осы аталған сөздердің барлығы да — өдеби тілдің аясыңда қол-данылатын, соған теліңді сөздер. Жан-жакты дамыған әдеби тілдің лексикасы тек осындай сөздерден құралады. Әр халықтың тұрмыс жағдайына, сол еддің өзіндік ұлттық ерекшелігін сипаттайтын экзотикалық сөздері де әдеби тіддің
ФаминаМ. И. Современный русский язык. Лекснкология, 1990, стр. 255.
177
лексикасына жатқызылады. Кейбір тіл мамаңдары экзотика-лық сөздерге варваризмдерді де жаткызады (§ 39 қараныз).
§ 41. Экспрессивтік-эмоционалды лексика
Сөздер зат, құбылысты, олардың белгі-қасиетін, болмаса іс-әрекетін ғана атап білдіріп қоймайды, сонымен бірге адам-ның сззіміне әсер ететіндей стильдік мәнге ие болады. Адам-ның сезіміне өсер ететін сөздер тобы экспрессивтік-эмоцио-наэды лексика деп аталады. Сөздің экспрессивтік сипаты оның бейнелі, мәнерлі айтылуынан, ал эмоционаддығы оған қоса адамнын бір затқа, құбылысқа өзіңцік көзқарасын, көңіл күйін, сезімін біддіруінен көрінеді. Сөздің бейнелі, мәнерлі айтылуы мен сезімге әсер ету қасиеті бір-бірімен тығыз байланысты. Эмоция бар жерде экспрессивтік болады. Ол эмоционалдық бояуы бар сөздер аркылы білдіріледі. Әсіресе сүйіспеншілік, масаттанушылық, мақтанушылық, есіркеушілік, еркелік, таңырқаушылық, жағымпаздық, қошаметшілік, өшпенділік, үрейлену, сес көрсету сияқгы адамның жағымды-жағымсыз қасиеттерін білдіруде жиі кездеседі. Экспрессивтік-эмоционал-ды сөздер барлық стильде бірдей қолданыла бермейді, олар негізінен сөйлеу тілі мен көркем әдебиетке тән.
Экспрессивтік-эмоционалды лексика өр түрлі жолмен пайда болған: 1. Бірқатар сөз ешбір қосымшасыз-ак жеке тұрып эмо-ционалдык бояуға ие болып тұрады. Мысалы: масқара, әттең, тамаша, шіркін, есіл, сабаз, марқүм, гажап, мыстан, сайқал, айналайын, жексүрын, сүмпайы, жайсаң, дарқан, ербию, тыр-тию, қылқию, шілтию, үрпию т. б.
Мысаддар: — Уа, кемпір, іиүйінші-шүйінші! Сатан келді, Сатан! — деп қозы тартқыш Үйрекбай айғайлады (I. Жансүгіров).
— Қайран азамат, керкеткеннің босагасында шіріп жүр гой (М. Әуезов).
— Ғажап\... Айтары жоқ! — деді Қабанбайға қарап. — Шүкір қазақ жеріңце әлі де тұлпардың тұқымы үзілмеген екен (Қ. Жұмаділов).
2. Кейбір сөздер белгілі бір текст ішіңде эмоционалдық бояуға ие болиды. Мысалы:
Қарағым, неткен сұлу ең!?
Деп таңырқап, тандаңды.
Неткенмойын, неткен көз’ Осыдан артық дейсіз бе Ертегі қылып айтқан сөз! (Абай).
178
Ел бүлігі тобықты
Көп пысык,к,а молықты (Абай) — дегеңдегі неткен, пысық — жеке тұрғаңда қарапайым халықтық сөздер. Ал Абайдың қолдануыңца неткен — кекесін, әжуа қылу мақсатында жалған мақтау, ал пысық өзінің жағымды мәніңде емес, едді алдаушы, іріткі салушы мағынасыңда эмошюнал-дық бояуға ие болып тұр.
3. Морфологиялық жолмен пайда болған эмоционалды сөздер. Мұңдай сөздер еркелету, менсінбеу, елемеу, кішірейту т. б. қосымшалары арқылы жасалады. Мысалы: қуіыншақ, ботақан, інішек, балақай, агеке, агатай, агажан, қылдырықтай, алпамсадайт.б.
Экспрессивтік-эмоционалды сөздер бүдан басқа фонети-калық жолмен (дауыс ырғағы, пауза арқылы) жасалады: — Ой-пыр-о-о-ой, не деген шабыс еді!... (С. Мұқанов). — А-а-йт-а-а-й-а-ай! — деп қоңырлатып бастап, шырқатып көтеріп, тәмеңдетіп түсіріп, қоңыр қайырыспен жайлап тоқтады (I. Жансүгіров).
Бейнелі сөздердің қайнар көзі еліктеуіш сөздерде жатыр. Мысалы, «Басасың аяғыңды ыргаң-ыргаң, Сыддырлап шаш-бауың мен алтын сырғаң» дегеңдегі бір ғана ыргаң-ыргаң сөзіңде қаншама бейнелі көрініс бар. Бұл сияқты бейнелі еліктеуіш сөздер қазақтіліңде өте мол. Былш-былш, қалш-қалш, маң-маң, сылқ-сылқ, жалп-жалп т. б. — бәрі де бейнелілігі мол сөздер.
Одағай сөздер де бейнелілікке өте бай: — Пай-пай! Осы ұлықтың осыңдай бір айбаты-ай! (М. Әуезов).
— Апырай, күн қатгы жауып кетсе, жер езіліп, таудағы жігітгерге бөгет болар ма екен?! — деп алаңдаушылық білдірді (Қ. Жұмаділов) т. б.
§ 42. Сөздердің актив жөне пассив қолданылатъш түрлері
Халықтың экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени өміріне, адамдардың өңдірістік қызметіне байланысты туған өзгерістердің бәрі ең алдымен сөздік құрамға өсерін тигізеді. Қоғамның тарихи дамуыңда болған барлық процесс лексикада өзінің ізін қалдырып отырады. Көпгеген затгар мен құбылыс-тар, ұғымдар мен түсініктер өте көне замаңдардан белгілі, ал оларды білдіретін сөздер күні бүгінге дейін үнемі қолданылып келеді. Керісінше, бірқатар затгар мен құбылыстардың, ұғым-дардың ескіріп, өмірден кетуіне байланысты оларды білдіретін сөздер көнеріп сирек қолданылады. Сонымен бірге сөздік құрам жаңа сөздердің есебінен де толығып отырады. Бірақ жаңа
179
туған сөздер бірден кең тарап, жаппай қолданысқа түсе бермеҢці.
Сөйііп, сөздік құрамдағы сөздер қолданылу жиілігіне қарап, екі үлкен салаға бөлінеді: бірінші, жаппай қолданылатын ак-тив қабатгағы сөздер, екінші, сирек қолданылатын пассив қабатгағы сөздер.
Актнв сөздер. Оған күңделікті өмірде, тұрмыста үнемі қол-данылатын, мағынасы қазақ тілінде сөйлейтіндердің бәріне түсінікті, дағдылы сөздер жатады. Көнерудің немесе жаңадан пайда болғаңдықтың нышаны оларда байқалмайщы. Актив сөздерге жалпыхалықтық сөздер жатады. Сонымен бірге жалпыхалықтық тұрғыдан алғаңда қолданылуы шектеулі, бірак белгілі бір салада жиі қолданылатын (термиңдер, кәсіби сөздер, кітаби сөздер, бейнелі сөздер) сөздер де кіреді.
Пасснв сөздер. Оған қазіргі кезде көнерген я көнере бастаған сөздер және көпшілікке өлі кен тарамаған жаңа сөздер — неологизмдер жатады.
§ 43. Көнерген сөздер
Сөздердің көнеру процесі кенет бірден бола қалатын құбылыс емес, әуеліқолданужиілігінбәсеңдетіп, пассивсөзге ауысады да, соңынан жаңа ұрпақтың біреуіне жеткенмен кейінгілерге емін-еркін жете алмай, түсініксіз болып ұмы-тыла бастайды. Бара-бара қолданудан біржола ығысып, кейбіреулері тідден жоғалып та кетуі мүмкін. Көнеру сипаты мен тілдегі қолдану ерекшеліктеріне карай көнерген сөздер архаизмдер мен историзмдер болып екі салаға бөлінеді.
Арханзмдер халықтың күн көріс тіршілігіне, салт-сана тұрмысына, әдет-ғұрпына, дүние танымына карай өр дәуірде өзгеріп, басқаша сөздермен ауысып отырған немесе ескіріп біржола қалып қойған сөздер жатады. Қазақ тілінде ар-хаизмдердің мынадай түрлері бар:
1. Мата-кездеме атауларымен байланысты архаизмдер: торқа, мақпал, шайы, пайы, мауыты, биқасап, борлат, ләстек, ақсаң, репес, манат, дүрия, патсайы, берен, түқаба т. б.
2. Салт-сана, әдет-ғұрыпқа қатысты архаизмдер: сауын айту, урын бару, кит кию, жылу жинау, тілеу азық, мертікас, жарысқазан, томыртқа, тоқымқагар, отқасалар, бесік қуда, бе-ташар, тасаттық, бастаңгы, қолкесер, барымта, қалыңмал, өлтірі, қырық жеті.
3. Киім-кешек, ыдыс-аяқ атауларына қатысты архаизм-дер: шидем, шекпен, күпі, кебіс, сәукеле, жаргақ, аба, кісе, қоқы,
180
жаглан, куләпәра, кебеже, саптыаяқ, қазанқап, конек, асадал, талыс, ш&ншік, керсен, астау, кебенет. б.
4. Діни ұғымға қатысты архаизмдер: қиямет-қайым, муңкір-нәңкір, бірәдар, муфти, підия, ахирет, қалпе, зекет, қушыр, жарапазан, әзірейіл, сәресі, ішірткі, кітап ашу, дем салу, ушкірту, аптау, пірге қол тапсыру, ақтық байлау, жын, пері т.б.
5. Үй тұрмысына, мал атауларына қатысты архаизмдер: лашық, шпарқа, жаппа, шошала, жалым уй, ергенек, иткірмес, дагара, қақыра, аран, шопан ата (қой), қамбар ата (жылқы), ойсыл қара (түйе), зеңгі баба (сиыр), шекшек ата (ешкі) т. б.
6. Әр түрлі ұғымға қатысты архаизмдер: аламан, алапа, албан, аластау, ақсарбас, дат, ақсақалдық, ақшом, ақшамшы, ақсуйек, ақтаяқ, ақыретшіл, жаушы, жаралгы, мср, бузаушық, тоганақ т. б.
7. Жалпы түркі тілдеріне тән архаизмдер: будун, улық, улыс, журт, тәңір, талагай, адақ, дархан, бек, мешін т. б.
Көнерген сөздердің көнеру дәрежесі үш түрлі болады;
1. Әбден ұмытылып, қолданыстан біржола шыққан көнерген сөздер. Бұл тәрізді архаизмдердің мән-мағынасы белгілі де-ректерге сүйеніп, сұрап білу аркылы болмаса, қазіргі кезде мүлдем түсініксіз болады, олар туыңды сөз жасауға қатыспай-ды. Мысалы: Керекейді атпа, қонжыгы жетім қалады (мақал). Асабасы жоқ, асқа жарымас (мақал). Бірдің кесірі мыңға, мыңның кесірі туменге (мақал). Осыңдағы керекей — аюдың ұрғашысы, қонжық — аюдын баласы, асаба — дастарқан басы, тамада, тумен — он мың деген ұғымды білдірсе керек. Бұл сөздердің мағыналары іздестіріліп, зерттеп білу аркылы ғана анықталып отыр.
2. Түбір калпыңда жеке айтылмайтын, бірақ белгілі бір ту-ыңды сөздердің түбірінде сақталған көнерген сөздер: булдіршіндей (булдіршін), баданадай (бадана), суйріктей (суйрік), алпамсадай (алпамса), еңгезердей (енрезер), бырдай (быр), дар-дай (дар), тыгыршықтай (тыгыршық), абажадай (абажа), добал-дай (добал), қсршадай (қарша), згредей (эгре), шырадай (шыра) т. б.
3. Жеке сөздер ретінде қолданыстан шығып қалғанымен, мақал-мәтел мен фразеологиялык тіркестердің құрамында олі де қодданыла беретін көнерген сөздер: торкр — жібек, жарақ — қару, кусу — жеру, қунау — сергу, қырым — алыс, сауга — араша, кент — қала, азср — өкпе, тулен түрту (бір пәлеге ұшырау) — Ешкіні тулен турткенде, шопанның таяғына сүйкенер (мақал). Архаизмдер жеке сөз түрінде де, сонымен бірге сөздің көнерген бір мағынасы ретінде де кездеседі.
181
Мәселен, Таныган жерде сой сыйлы, Танымаган жерде тон сый-лы (мақал) дегевдегі сой-тұқым, тек, тон — киім мағынасывда жұмсалып тұр. Сондай-ақ, кун бір жауса, терек екі жауады (мақал) дегеңдегі терек сезі қазіргі әдеби тідде ағаштың бір түрі ретінде емес (тополь), жалпы агаш деген ұғымды білдіріп тұр. Демек, терек деген сөздің де бастапқы мағынасы семанти-калық архаизмге айналып кеткеңцігін көреміз. Терек сөзінің алғашқы мағынасы (жалпы ағаш деген ұғымды біддіруі) мақал-мәтеддер мен жергілікті халықгың сөйлеу тіліңдегі ерекшелік ретінде кейбір облыстарда (Атырау) сақталған. Сайып келген-де, архаизмге жататын сөздердің көнеруі ескі сөздерді күңделікті қолдаиыстан ығыстырып, оның орнына неғұрлым ыңғайлы жаңа төлеу сөздердін колданылуымен тығыз байла-нысты.
Сонымен бірге кейбір көнерген сөздердің қайтадан жаңаратын кездері де болдды. Мәселен, Кеңес өкіметі кезівде қолданудан шығып қалған бірқатар көнерген сөздер Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері қайтадан жавданып, қолданысқа ене бастдды. Оған мысалы бұрынғы жыл атаула-рын (тышқан, сиыр, барыс, қаян, улу, жылан, жылқы т. б.), ай атауларын (наурыз, сәуір, көкек, шілде, тамыз, маусым,' қазан, қаңтар т. б.), діни атауларды (қажы, қазірет, имам, мешіт, ораза, айт, пітір, дугадық, жайнамаз, сәлде, әулие, әнбие, қуран шыгарту, жаназа, ас беру, бата оқу т. б.) жатқызуға болады. Бұл сияқгы сөздердін Қазан революциясына дейін халықтіліңде кең қолданылғаны белгілі.
Тарихн сөздер дәуірі өтіп, сол ескі заманның өзімен қоса жоғалған сөздер тарихи сөздер деп аталады. Тарихи сөздердің көнеруі тарихи атаулардың құрып бітуімен, біржола жо-ғалуымен байланысты болады. Тарихи сөздерді де бірнепіе топқа бөлуге болады: 1. Әкімшілік, ел басқарумен байланысты туған тарихи сөздер: а) хан, ханша, ханым, ханзада, тақ, таж, у&зір, бек, бекзада, датқа, патша, ага султан, ауылнай, болыс, старшын, би, қазы, атшабар, шабарман, нокер, қул, куң, арда, малай, бикеш, бәйбіше, тоқал, дуан, елубасы, урядник, пристав т. б.
2. Әскери атақ пен қару-жаракқа қатысты тарихи сөздер: садақ, жақ, жебе, қорамсақ, оқшантай, сауыт, қалқан, айбалта, найза, жасақ, қосын, шеру, дулыга, байрақ, адырнсі, қозы жауырын, ақберен, шарайна, наркескен, кіреуке, аламан, білтелі мылтық, шитімылтық, алдаспант. Ъ.
3. Кеңес тұсыңда пайда болған тарихи сөздер: нарком, губ-ком, совдеп, рабфак, жалком (жалшылар комитеті), отарба,тоз, кедейлер комшпеті, партия уясы, қызыл әскф, қызыл отау, НЭП,
182
нэпман, қосшы, өзара салық, БК(б)П, уя хатшы, саужой (сауатсыздыкты жою) т. б.
Республика тәуелсіздік алғаннан кейінгі реформа кезівде Кеңес өкіметі кезівде орын тепкен біркатар сөз тарихи сөзге айналып барады: райком, ауком, райисполком, ауатком, об-ком, облисполком, СССР, КПСС, Орталық Комитет, Казақ ССР Жогаргы Советі, Мемлекеттік жоспарлау комитеті, МТС т. б.
Көнерген сөздер, әсіресе, тарихи сездер ауыспалы мағынада қолданылып, әр түрлі экспрессивті мән тудырады. Мысалы: Бақа келінде патша, балык, суында патша, жігіт елінде патша (мақал). Ынтымақ — дқ втпес сауыт, татулық — та-маша сауық (мақал). Ер азамат белгісі тузде мырза, уйде қул (мақал). Караша уйден хйнша шыгар (мақал). Жалгыздың жагы жогалса да табылмас, коптің огы жогалса да табылар (мақал). Шықсаң узақ сапарга, арымас ат — отарба (мақал). Тарихи сөздердін кейбіреулерінің тура лексикалық магыналары көнергенмен, ауыспалы мағыналары сол күйінде тілде сақталады.
Көнерген сөздердің кейбіреулері жаңа мағына алып сөздік құрамдағы актив сездердің үйіріне қайтадан қосылуы мүмкін. Мөселен, жасақ деген архаизм қайтадан тіріліп, жасақшы де-ген жаңа сөз жасалды. Төре дегеннен төреші (арбитор) деген неологизм туып қалыптасты. Бұған қарағанда көнерген сөздер де тарихи өзгеріп отыратын лексика-семантикалық құбылыс екевдігін көреміз.
§ 44. Неологизмдер
Ғылым мен техниканың, өндіріс пен ауыл шаруа-шылығының, мәдениет пен тұрмыстың қанат жайып, кеңінен дамыған шағывда жаңа ұғымдарды білдіретін жаңа сездер тілге тоіггап енеді. Осыңдай жаңа сөздер есік ашып өмірге алғаш енген кезівде неологизмдер деп аталады. Неологизмдер тілге сіңісіп, жалпыхалықтық сипат ала қоймаған жаңа сөздер деген ұғымды біддіреді. Халыққа әбден танылып болмаған, белгілі бір салддағы тар көлемде қолданылып журген жаңа сөздердің бәрі де неологизмдердін тобына кіреді. Бір замавда діни оқуды қоғамнан шеттетіп, жаңа оқуды өмірге еңдірген кезівде осы күнгі мугалім, мектеп, класс, тақта, парта, оқушы, ксрта, глобус, компас деген танымал сөздердің өзі қазақ үшін неоло-гизмдер болып саналғавдығына ешбір күмән келтіруге бол-майды. Одан бергі кезеңдерде тілімізге қаптап енген калхоз,
18?
совхоз, электр, трактор, радио, артист, сахна сияқты сөздер де неологизмдер тобын кебейткен еді. Қазіргі таңда аталған сөздердің барлығы да жалпыхалықтық сипат алып, тілге әбден сіңісті де, неологизмдердің қатарынан шығып қалды. Осы кез-де қазақ тілінің лексикасы жыл санап емес, ай сайын да емес, күнбе-күн өсіп толығып отырды деуге болады. Бүгінгі неоло-гизм деп таныған сөзіміз 5—10 жыл өтісімен-ақ, нео-логизмдердің қатарынан шығып, ең актив сөздердің катарына барып қосылып жатады. Мысалы: телевизор, лунник, атомоход, атомник, спутник, космос, космодром, космонавт, космогония, космонавтика, космошлем, ракетодром, синтетика, нейлон, кап-рон, лавсан, нитрон, силон, пластикат, ракетчик, кибернетика, стиляга, абстракционизм, кулыпиватор т. б. Осы термиңцердің өзі соңғы кезде ғана пайда болғандығына қарамастан, кейбіреулері (телевизср, космос, спутник, космонавт) қазірдің өзіңде неологизмдер тобынан актив сөздердін қатарына қарай өтіп кетгі деуге болдды. Сонда неологизмдерге шек қойып ажы-ратудың өзі өте қиын екеңдігін аңғарамыз. Мұндағы ұстайтын негізгі принцип, жаңа сөздің жеке басы бір тідде сөйлеушілерге қаншалықгытүсініктілігімен ғана өліпенбек.
Неологизмдер лексикалық және семантикалық болып, екі түрде кездеседі. Лексикалық неологизмдерге жаңа ұғымдар-дың тууымен бірге шыққан жаңа термиңдер жатса, семантика-лық неологизмдерге калька тәсілімен сөзбе-сөз аудару арқылы төл сөзге қосылған жеке мағынаны айтуға болады. Мысалы: жуйе (система), қор (фоңд), талдау (анализ), шарт (договор), кесте (таблица), сурет (изображение), үзіліс (перемена), белдеу (зона), қоргау (охрана), сынау (проба), сыбага (удел), желі (жила), шөгінді (осадки) т. б. Неологизмдер орыс тіліңдегі термиңдерді сол қалпында еш өзгеріссіз алу арқылы немесе ана тілінің төл сөзімен беру жолымен жасалады. Неологизмдертөл сөздермен аударылғанда негізгі сөздік қордың негізіңде сөз тудырудың барлық тәсілдері аркылы жасалады. Мысалы: аялдама, балмуздақ, оқулық, өміршең, үйірме, баспасөз, жемшөп, еңбеккүн, кунделік, омарташы, шикізат, өзіндік кун, сыбагалы салмақ, аттас заряд, өнеркәсіп, тыңайтқыш, қалам ақы, шар-шы-уялы әдіс, агро-техникалық шаралар, қырги қабақ согыс т. б. Неологизмдер екі түрлі жолмен келіп шығады. Біріншісіңде жаңа сөздер бұрыңды-сонды тіцде өмір-бақи болып көрмеген, жаңа ұғымдардың пайда болуымен байланысты жасалады. Мы-салы: революция, колхоз, совхоз, кино, театр, телевизцр, спут-ник, ракетчик, бригада, фермер т. б. Екіншісіңде бұрыннан тілде бар атауларды жаңартып, ескіғгі жаңғыртып, жаңаша мән беріп, түрлеңдіріпқолдану негізінде пайда болады. Революция жеңіп,
184
Кеңес өкіметі орнағаннан кейін бүрынғы көптеген пассив сөздер активтеніп, революциялық жаңа сипат, ерекше мән алды. Қазақ елінің бостанцығы мен еркіңдігінің жаршылары Сәкен Сейфуллиннің, Ілияс Жансүгіровтің, Бейімбет Майлиннің шығармалары Кеңес дәуіріңде пайда болған неологизмдерге толы еді. Мысалы: әділдік, теңдік, билік, адамдық, халықтық, жалдас, үран, өзгфіс, мүше, өндіріс, үйым, тап, үлт, отан, жос-пц>, еңбекші, жазушы, бас билік, үлы өткел, үлы өзгеріс, тап дүшпаны, бақыт жолы, уран сал, қал үстас, тізе қос, алга бас, квзіңді аш, тез тізіл т. б.
Сөкен қызыл деген сөзғе айрықша мән беріп, түрлі сөздермен тіркестіріп қолдану арқылы бірнеше тіркесті жаңа сөздер жасаған. Мысалы: қызыл жүлдыз, қызыл олем, қызыл ерлер, қызыл сарай, қызыл батыр, қызыл мамон, қызыл қосын, қызыл сүңқар, қызыл күн, қызыл Октябръ, қызыл ат, қызыл отау, қызыл шашақ, қызыл гүл, қызыл сым т. б.
Жоғарыда аталған қазақ әдебиетінің классиктері тек жаңа термиңдік неологизмдерді жасап, оларды кещнен насихаттап, ана тілімізге сіңістіріп қойған жоқ, сонымен бірге сти л истикалы қ н е о л о г и з м д е р д і ң тамаша үлгілерін жасады. Ол үшін тіліміздің сөзжасам заңдарына сай ’ сөзді морфологиялық түлғалармен түрлеңдіру, жаңаша тіркестіру тәсіддерін мол пайдалаңды. Мысалы:
Жасты торып, жағынып, Жалгандайды, алдайды (I. Жансүгіров). Елесіне ішім елжіреп,
Жанымды улап дерттейсің (соңда).
¥рыға азу басып іздеді жұрт:
Қолға бер, Құлагердей қызылдаймыз (соңда).
Жайқап туды,
Лектеп нуды,
Жауды қуды (С. Сейфуллин).
Ен далаңды сәулеттеуге
Шын сертіңді бер, Мырқымбай (Б. Майлин).
дегеңдегі жалгандайды, дфттейсің, лектеп, сәулеттеуге -ла/ -ле қосымшасы арқылы; балалат, колбасалат, сал ауызға (I. Жансүгіров). Ал, ұрандат, алмалат (соңда) дегеңдегі колбаса-лат, алмалат -лат қосымшасы арқылы;
Ундес әйел, мұңдас әйел, Жаңа тілек негізі
¥лы іске қалдасәйел (I. Жансүгіров).
185
дегендегі үндес, қолдас -дас/ -дес қосымшасы арқылы; С. Сейфуллиңдегі Біздің стан, Советстан, Совстан, Социалс-тан -стан косымшасы арқылы; I. Жансүгіровтегі қалпақтандыру -тан қосымшасы арқылы жасалып, стилисти-калық неологизмдер тудырып тұр. Келтірілген мысалдардың қай-қайсысы болсын көркемдегіштік мәні, эмоционалдық бояуы күшті сөздер. Стилистикалық неологизмдер тіддік не-ологизмдер сияқгы сездікке енбейді. Бірақ арнаулы текстерде жаңалығын қашавда сақтап тұрады. Стилистикалық неологизм-дер көркем сөз .шеберінің өзіне тән сөз қолдану ерекшелігін, индивидуалдығын керсетеді, соңдьіқтан оларды индивидуалдык (жеке адамға тән) неологизмдер деп те агайды.
ҚАЗАҚТІЛІНІҢ ФРАЗЕОЛОГИЯСЫ
§ 45. Фразеология және оның өзіндік белгілері
Фразеология деген термин негізінен екі түрлі мағындда қол-данылады. Бірінші магынасы тілдегі турақты тіркестерді зерттейтін тіл білімінің саласы деген ұғымда қолданылдды. Екіншісі — бір тілдегі фразеологизмдердің тұгас жиынтығы дегеңді білдіреді. Фразеология жеріне жеткізе зерггеліп біткен ғылым деп айтуға болмайды. Мұның шешілмеген даулы мөселелері өте көп. Соңдыктан да соңғы жылдарға дейін мұны жеке пән ретіңде арнайы зерттеушілер тым аз бодды. Көбінесе лексикалық кор ретіңде сөз байлығы деген топқа жатқызып, лексиканың көлеміңде тексерумен шектеліп келгеңдігі мәлім. Соңғы 30—40 жыл көлеміңце түркі тіддеріңде фразеология проблемалары әжептәуір зертгеліп, бірқатар еңбектер жарык көрді’. Әсіресе, академик I. Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фра-зеологиялық сөздігі»2 атгы көлеңді еңбегін тек қазақ тіліңде ғана емес, бүкіл түркітануға қосылған елеулі үлес деп қарауға болады. Автор аталған сөздіктің «Қазақ тілінің * 5
'Рахматуллаев Ш. Некоторые вопросы узбекской фразеологии. Ташкент, 1966; БабаевК. Түркмендилиңце ңциомалар. Ашгабат, \()62,Ахатов Г. X. Фразе-ологические выражения в тәтарском языке. КД. Казань, 1954; Ахунжанов Г. X. Татар теленең идиомдары. Казань, 1972; Байрамов Г А. Устойчивые словосочета-ния в азерб. языке. «Изв. АН Азерб. ССР». Серия общественных наук 1959, №
5. Юсупова Р. Р. Устойчивые глагольные сочетәния в турецком языке. КД- М., 1961; УраксинЗГ Фразеология башкирского языка. Москва, 1975 идр.
^Хеңесбаев I Қазақтілінің фразеологиялықсөздігі. Алматы, 1977.
186
фразеологизмдері туралы бөлімінде қазақ тіліндегі фразеологизмдердіңтеориялықмәселелерін жан-жақты қарас-тырып, біраз ілгері дамытқан. Қазақ тілінің фразеологиясын зертгеушілердің қай-қайсысы да бұл еңбекке сокпай өте ал-майды.
Фразеологизмдердің өз алдына дербес лингвистика саласы екеңдігін танытатын негізінен үш түрлі басты белгісі бар. Олар: 1) даяр қалпыңда жұмсалу белгісі, 2) мағына тұтастығы, 3) тіркес тиянақтылығы.
Осы үш белгіні түсіну үшін әрқайсысын жеке-жеке алып қарайық. Фразеологиз.мдердін даяр қалпыңда жұмсалу белгісі еркін сөз тіркесімен салыстырғанда айқын байқалады. Мәселен, Даурен қрлага жүрейінреп отыр деген бір сөйлемді әркім неше саққа жүгіртіп өзгерте беруіне болдды. Мысалы: Дәурен қалага жүрмекші, Дәурен жақын арада қалага бармақшы, Дәурен қалага барам ба деген ойда, Дәуреннің қалага жүрем бе деген ойы бар т. б. Бүл сияқты еркін сөз тіркестері қатынас жасау процесіңде әркімнің өз қалауы бойынша жасалады. Белгілі бір ойды кім қалай етіп жеткізсе де өз еркі деген сөз. Ал тіддегі фразеоло-гизмдер бұлай етуге, құбылтуға көнбейді. Мәселен, тобесі көкке жетті дегеңді төбесі көкке жетейін деп түр, төбесі көкке жетпекші деп өзгертуге болмайды. Оның сыртқы құрылым-құрылысы еркін тіркеске ұқсағанымен сөйлем ішінде қолданғанда біртұтас даяр күйіңде жұмсалады. Ешкімнің ыркына көнбей, даяр тұрған құрылыс материалы ретіңде қыз-мет етеді де, сол қалпыңда сөйлемнің құрамына енеді. Еркін сөз тіркесінің әрбір сыңары мағыналық дербестігін сақтап, сөйлемде әр басқа мүше ретіңде жұмсалады. Синтаксистік сөз гіркесі белгілі бір үлгілер (модельдер), ережелер бойынша сөйлеу кезінде жасалады. Демек, фразеологизмдердің даяр қал-пын сактай отырып қодданылуы оның еркін сөз тіркестерінен ерекшелігін біддірегін белгілердің бірі екенін көреміз.
Еркін тіркес пен фразалық гіркесгі бір-бірінен ажырату-дыңтүрлі амаддары болады. Мьк.?слы:Бркемагазиннен40пышақ сатып алды. Кырық пышақпен қыржаңдап түрган түлкі, 0 да осал жау емес қыран паңга (Абай). Осы екі сөйлемдегі қырық пышақ деген гіркестің алғашқысы еркін тіркес те, соңғысы — фразалық тіркес. Алғашқы сөйлемде қырық деген сан есім өзінің төрт оннан құралған саңдық ұғымын тікелей білдіреді. Мұндағы қырық деген сөз пышақтың сан мөлшерін көрсетіп тұр. Соңғы сөйлемде бұл сөз (40) өзінің саңдык ұғымынан біржола қол үзіп, фразеологиялық байлаулы мағынаға ауыскан. Еркін гіркестегі сөздер арасына басқадай сөз салып, өзгергіп айтуға, я болмаса, түрліше сұрау қоюға көнеді. Мәселен,
187
алғашқы сөйлемдегі қырық пышақ деген тіркес қырық күміс пышақ деп өзгертуге, пышақтың санына қарап, қанша? деп сұрау коюға болады. Ал соңғы сөйлемдегі қырық пышақ деген тіркес мұндай өзгерістің ешқайсысына көнбейді. Оның есесіне фразалық тіркестің белгілі бір синонимдік баламасы болады. Мәселен, соңғы сөйлемдегі қырық пышақ деген тұрақіы тіркесті қырқысу, аңдысу дегеңдермен алмастыруға болса, алғашқы сөйлемдегі еркін тіркесте мұңдай балама атымен кездеспейді. Тура мағынадағы сөз шыңцық болмыспен тікелей байланысты болдды да, конгексте тұрса да, тұрмаса да өзінің заттық логи-калық қатынасымен белгіленеді. Ал фразалық байлаулы мағынадағы сөздер әрдайым белгілі бір контекске телінді, бағынышты болыптұрады.
Оң көз бен оң крл дегеңдерді түсіну үшін де пөлендей контекстін қажеті жоқ. Өйткені бұлар өзінің тура (заттық) мағынасыңда жұмсалып тұр. Ал Менің оң көзім де, оң қалым да бір өзіңсің десек, мұңдағы оң көз бен оң қол дегеңдер туынды мағынада қолданылып, фразеологизмге айналған. Бұларсенімді серік, адал да мықты жәрдемиіі дегеңдермен баламалық қарым-қатынасқа түседі. Соңдықтан фразалық байлаулы мағынадағы сөздер өзіне лайықты белгілі конгексті талап етіп тұрады.
Фразеологизмдердің бір бүтін единица ретінде қолданы-луы жағынан лексикалық единица — сөзге ұқсайды. Жалаң сөз де, күрделі сөз де сөйлеу кезіңде жасалмайды, даяр тұрған құрылыс материалы ретінде сөйлемнің құрамына енеді. Мәселен, бала, балалы, балалық, балалау, бала-шага, балажан, балажандық, балалы-шагалы тәрізді сөздер сөйлемнің құрамы-на енгеңде бұлар түбір морфемаға жіктелмейді, әркайсысы бір бүгін единица ретіңде жұмсалады. Фразеологизмдерді де дәл осы сияқты құбылыс деп тану керек. Бұлйр бірнеше сөздің тіркесінен құралғанымен, тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан дер-бес мағыналық бөлшектерге бөлінбейді, сөйлегеңде тұтас күйіңде қаз қалпын бұзбай қолданылады. Мысалы: жер аягы кеңіді, жерге қаратты, жфден алып, жерге салды, жер-жебіріне жетті, жерденжеті қоян тапқандай, жер-көкті басына көшірді, жер артасына келген адам, жер астынан жік шықты, екі қүлагы тік шықты, жер-көкке сыйгызбады т. б. Бұлар құрылым-құры-лысы жағынан қаншалықты күрделілігіне қарамастан, сөйлем ішіңде әрқайсысы жеке сөздермен бірдей болып теңесіп тұрады. Мәселен, қыздың жиган жүгіндей деген фраза әсем, көркем, көрікті деген синонимдердің біреуімен парапар, ит терісін басына қаптады деген ұрысты, балағаттады, сөкгі дегеңдердің орңын басып, сөйлемғгің бір мүшесінің қызметін атқарып тұрады.
188
Сөз бен фразеологизмдердін арасында да бірінен біріне ауысып жататын өтпелі қарым-қатынастық байланыстар бола-ды. Тұрақіы тіркестер мен күрделі сездер о баста сөз бен сөздің тіркесуі арқылы пайда болса, фразеологизмдердің кейбіреулері кей жағдайда қос сөз бен біріккен сөзге айналып кеткен. Мәселен, түйетабан, мысыққүйрық, атқүлақ, коріқыз, отагасы, ақсақад, жандайшап, атқамінер, атамекен, аткөпір, ауызекі, ауызба-ауыз, қырыпжою, аііп-өшу, күйіп-пісу, сүйіп-қүшу, ат-сайман, атарман, шабарман, жатпай-түрмай, олі-тіріліп сияқгы біріккен сөздер мен қос сөздер вдиомалану, лексикалану, грам-матикалану заңымен даму өзгеру процестерін басынан өткізген. Қазіргі кезде бұлар лексика-грамматикалық жағынан біртұтас, ритм ырғағы жағынан бірыңғай болып, фразеологизмдерден күрделі сөзге айналып кеткен.
Олай болса, күрделі сөздерді жалаң сөз бен тұрақты тіркестерді өзара байланыстырып тұратын дәнекер деп есепте-уге болады. Күрделі сөздер жалаң сөзбен де, фразеологизмдер-мен де екі жақты байланыста болады. Өйткені есім фразеоло-гизмдер мен күрделі сөздер бір үлгімен (модельмен) жасалдды. Мысалы: жел аяқ, жел бау, жел буаз, жел бүйда, жел к»з, жел қайық, жел қуық, жел қүйын, жел қүяң, жел екпе, жел сөз, жел диірмен т. б.
Осылардың бөрі де бір үлгімен жасалғанымен, мән-мағыналары бірдей емес. Бұлардың біреулері күрделі сөзге (жел бау, жел қайық, жел диірмен), еңці біреулері фразео-логизмдерге (жел аяқ, жел буаз, жел қүйын, жел сөз, жел өкпе) жатады. Ал қайсыбіреулерінің (жел бүйда, жел көз, жел қүяң т. б.) қайда жататыны күмәңці болып тұрады. Бұларды тур-тұрпатына қарап бөрін бір категорияға жатқызу ғылыми жағынан ағаттық болады. Демек, күрделі сөздер мен фразеологизмдерді өзара жіктеп бөлу үшін, бұлардын әрқайсысына тән өзіңдік белгілерін жете тани білу керек.
Фразеологизмдердің өзіңцік екінші белгісі — мағына тұгастығы. Фразеологизм біткеннің бөріңце де белгілі бір меншікті мағынасы болады. Ол мағына тұрақты тіркесті құрас-тырушы сыңарлардың мағыналарына сәйкеспейді, оларға тәуелсіз, өздігінен өмір сүреді. Мәселен, жерден жеті қаян тапқандай дегеннен қатты қуаңцы, шаттанды дегеңці түсінеміз. Бұл мағынада жер, жеті, қаян, табу деген төрт сөздің бір де біреуімен байланыспайды, бірак сол төрт сөздің қаз-қатар жұптасып қолдануы арқылы пайда болады. Фразеологизмдер бір бүтін единица ретінде қолданылып қана қоймайды, мағыналық жағынан да біртұтас единица регіңде кәрінеді. Мы-
189
салы: кір жуып, кіндік кескен жер (атамекен, туған жер), екі аягын бір етікке тықты (тықсырды, састырды), инемен қүдық қазгандай (бейнеті көп, өте ауыр), шаш етектен (көп, мол), аттың жалы, түйенің қомында (асығыста, қарбаласта) дегеңдердің бөрі де құрылым-құрылысы жағынан түрлі-түрлі болғанымен, әрқайсысы мағына тұтастығымен сипатталады. Фр-азеологизмдердің мағына тұтастығын жеке сөзбен нақ бірдей деп санауға болмайды. Сөз түбір мағынаны, яғни лексикалық мағынаны білдіреді. Ал фразеологизмдер әрқашанда туыңды мағынада жұмсалып, сөзбен баламалық қатыста емес, жанама-лық байланыста тұрады. Зерттеушілер қазіргі кезде сөз бен еркін тіркес мағынасын лексикалық мағына, ал жанамалық қатыста болатын тұрақтытіркестердің мағынасын фразеологи-ялық мағына деп жіктеп бөледі. Мәселен, біреулердің басы-ның көлеміне қарап, үлкен бас, кіші бас немесе басы үлкен, басы кіші деуге болады. Мұңдағы үлкен мен кіші дегеңде ешқандай эмоциялық бояу жоқ. Сөздіндәл ұғымын көрсетіптұрады. Осы ұғымдыфразеологизмдермен де білдіруге болады. Мәселен, бас-тың үлкенін — қауга бас, кішісін — шақша бас десек, оңда бастың соншалықты үлкен я кіші екеңдігін білдірумен қатар, оған күшті эмоциялық мән жамайды. Сол сияқты кісілердің аузына қарап біреуін — дорба ауыз, екіншісін — оймақ ауыз десек те, жағымды-жағымсыз көзқарас пайда болады. Олай бол-са, жеке сөздің лексикалық мағынасы мен тұрақты тіркестің фразеолоғиялық мағынасы бір-біріне теңбе-тең балама болмай-ды. Жеке сөз де кейде ауыс мағынада қолданылып, бейнелі мәнге ие болады. Мысалы: Жылқының жылқысы бар, қазанаты бір бөлек. Жігіттің Жігіті бар, азаматы бір бөлек (мақал). Осындағы азамат деген сөз қатардағы жәй жігіт емес, адамгершілігі мол, парасатты ерекше кісі дегеңді бейнелеп көрсетіп тұр. Жеке сөздердегі бұл сияқты бейнелілік мағына соқпа-сокпада елең етіп, бір көрініп қалатын сиреқ құбылыс деп танылады. Ал фразеологизм біткеннің бөріне тән басты белгі — туыңды мағынада жұмсалып, әрдайым бейнелі мән ту-дыруы. Фразеологизмдердің мағынасыңда жағымды немесе жағымсыз бір экспрессивті реңк болады. Сөз бен тұрақты тіркестердің айрықша көзге түсетін бір ерекшелігі осыңда.
Тіркес тиянақтылығы да фразеологизмдердің ең негізгі белгілерінің біріне жатады. Тияндқты сөз тізбегіңдегі сөздер әркімнің қалауынша емес, қалыптасқан белгілі жүйемен орналасқан. Өзара тығыз жымдасыпорналасқан сөздердің жігі ажыратылмай тұрады. Олар бір-бірімен иін тіресіп, өзге сөзбен алмастыруға я болмаса, тұрақты орын тәртібін өзгертуге келмейді- Мәселен, мүрнын көкке көтерді дегеннің орнына қалын
190
кекке кәтерді десек, мән-мағынасын бүгіңдей өзгертіп жібереді. Тұрақты тіркес еркін гіркеске айналып кетеді. Ал көк сөзін оның синонимі аспан сезімен ауыстырсак (мурнын аспанга кетерді), мағына тұтастығы онша бұзылмағанымен стильдік мәні солғыңдап, үйлесімі кемвді, құлаққа жағымды тимейді. Көтерді деген етісгікті көтермеді, квтеріп тур, котермекші деп түрлеңдіріп, өзгерте беруге көнбейді. Тек өзінің сіресіп қалыптасқан калпыңда қолдануды талап етеді. Сол сияқты бармагын тістеді деудің орнына саусагын тістеді десек, фразе-ологиялық мағынасынан ажырап, басқаша мән алады. Сондай-ақ, санын соқты деген тұрақты гіркестің құрамыңдағы сан де-ген сөздің орнына тізе немесе бас деген сөздер қолданылмай-ды. Қолданыла қалған күңде тұрақтыдан еркін тіркеске ауыса-ды.
Кейде тұрақты тіркесгің құрамындағы бір сөздің әр түрлі тұлғасынан әдденеше фразеологизмдер жасала беруі де мүмкін. Мысалы, жамбасы жерге тигенше (өле-өлгенше), жамбасы ж&-ге тиді (өдді, жер жастаңды), жамбасы жерге тимеген (ешкімнен жығылып көрмеген, күшгі). Кей ретге жалғыз дыбыстың бір өзі-ақ тұрақты тіркестің мән-мағынасын. бүтіндей өзгергіп жібереді. Мөселен, тіл тиді дегеннен суқ тиді, көз тидідетенду түсінсек, тілі тиді болса, біреуді біреу балағатгап сөкті, тіддеді болып мүддем басқаша мағынаға ауысады. Сол сияқгы іш тарт-ты, ішін тартты, ішіне тартты дегеңдердің сыртқы құры-лым-құрылысы бір-біріне соншалықты жақьін болғанымен, мән-мағынасыңда елеулі айырмасы бар. Ауызга ілікті мен ауызга ілінді, ауыз ашты, ауыз ашпады, аузын ашырмады дегеңдерцің бәрі де өз алдына жеке-жеке фразеологизмдер деп есегггеледі. Бұл жағынан қарағаңда фразеологизмдердің орын төртібінің тұрақтылығы сездің морфемалық құрамының тұрақтылық си-патымен бірдей деп есепгеуге болады. Жоғарыдағы аталған үш түрлі белгі (тұрақгылық, тұтастық, тиянақтылық) аркылы фра-зеологизмдер тіддің өзге категорияларынан окшауланып, өзіңдік бітім-бейнесімен дербес өмір сүреді.
§ 46. Фразеологизмдердін түрлері
Фразеологизмдерге тән үш түрлі ортақ белгі болғанымен, бұлар бір-бірінен әрдайым ашық ажыратыла бермейді. Бұл белгілер, өсіресе мағына тұтастығы, біреуінен ап-айқын көрінсе, екіншісінен көмескі, үшіншілерінен өте солғыңдау болып кездеседі. Соңдыкган фразеологизңцерді түр-түрге бөліп топ-тастыру тіл біліміңдегі ең күрделі де киын мәселелердің бірінен
191
саналады. Зерттеушілердің бір тобы тұракты тіркестін біртұтас мағынасы мен солардын кұрамындағы сыңарлардың ара-қатынасына қарай жіктеп бөлсе, екіншілері құрылым-құрылы-сы жағынан, үшіншілері атқаратын қызметі мен стильдік мәні жағынан топтастырады. Орыс тіл біліміңде академик В В. Ви-ноградовтың классификациясын негізге алып бөледі*. Қазақ тіл біліміңце де осы классификацияны бірден-бір аркау етіп келе жатырмыз.
Қазақ тіліндегі фразеологизмдер де фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік және фразеологиялықтізбек болып, негізінен үш топқа жіктеледі.
Фразеологиялық тұтастық. Бұл топқа фразеологизмнің құрамыңдағы сөздер бір-бірімен тұтасып, әбден жымдасып кет-кен, олардың мағыналық жігін ешқандай ажыратуға болмай-тын тұрақты тіркестер жатады. Мәселен, мурнынан шаншылып жур, мурнына су жетпеді дегеннен қолы тимеді, бурылуга муріиасы болмады дегенді түсінеміз. Бұл мағына осындағы үш сөздің тұтас жиынтығынан келіп шығады. Түйдек ішіңдегі же-келеген сөздерге таддау жасап, бірін екіншісінен бөліп алуға көнбейді. Туйені! тугімен жутты дегеннен ойсырата пара алып, едді канады деген мағына туады. Бұл мағынаның жасалуына туйе, тук, жуту сөздерінің тікелей қатысы жоқ, соларды бірінен соң бірін тіркеп, жұбын жазбай қолдану аркылы пайда болған. Жагына пышақ жаныгандай дегеннен тарамысына ілінген арық, жүдеу дегеңді түсінеміз. Бұл мағынаны жасауға жақ, пышақ, жану сөздерінің тікелей қатысы болмаған. Иегінен тагалы ат тайып жыгылгандай дегеннен сақал-мұрттан жұрдай, көсе дегенді ұғынамыз. Мұңда да мағынатұтастығының бірлігін айқын байқаймыз. Аттың жалы, туйенің қомында дегеннен қар-балас шақ, абыр-сабыр уақыт дегеңді тұсінеміз. Мұңда да тұрақіы тіркестегі жеке сөздер мен фразеологиялық магына арасыңда тікелей байланыстың болмағандығы байқалады. Бір уртымай, бір уртықан дегеннен екі жұзді, залым дегеңді ұғына-мыз. Бұл фразеологиялық мағына тұрақты тіркестердің құрамындағы бір, урт, май, қан деген сөздердің меншікті мағынасымен мүлдем сәйкеспейді. Фразеологиялық тұтастык жеке сөздердің тұтас жиынтығынан пайда болғанымен, олар іштей түрлі бөлшектерге бөлінбей, іс-әрекеггі, сапа мен белгіні, зат пен құбылысты бір бүтін атау ретіңде көрсетіп бере алады.
'Винофадов В. В. Основные понятия русской фразеологии как лингвисти-ческой дисциплины. Сб. «Труды юбилейной научной сессии ЛГУ». Л., 1964. Об основных типах фразеологических единиц в русском языке. Сб. «Академик А. А. ПІахматов». М., 1947; Русский язык (грамматаческое учение о слове), Изда-ние второе, М., 1972.
192
Фразеологиялық бірлік, Бұлар да фразеологиялық тұтастық тәрізді орын тәртібі жағынан өте тиянақты болып келеді. Алай-да, құрамыңдағы сөздердің мағынасының қаншалықты тасала-нуы я болмаса, тасаланбауы жағынан елеулі өзгешеліктері бо-лады. Бұлар ең алғашқы еркін тіркесті ауыс мағынада қолда-нудан келіп шығады. Мәселен, ескі жараның аузын ашты де-геннен өткеңді қайта қозғады, ұмытып кеткеңді еске садды дегеңді түсінеміз. Бұл фразеологиялық мағынаның жасалуына, сөз жоқ, ең алғашқы еркін тіркестегі тура мағынасы негіз болған. Сол мағынаға басқадай мән беріп, ауыстырып қолдану арқылы жасалғаңдығы бірден козге шалынады. Жатқан жы-ланның қуйрыгын басты деген фраза біреудің қытығына тиіп, жоқ жерде бір пөлеге тап болды дегеңді білдіреді. Бір қимыл-әрекетті басқа әрекетпен салыстырып қолдану арқылы фразе-ологизмдерге айналып кеткен. Ит байласа тургысыз дегеннен адам түгілі ит екеш ит те тұрып болмайды дегеңді түсінеміз. Соңғы фразеологиялық мағынаның жасалуына еркін тіркестегі бастапқы (лексикалық) мағына тірек болғандығы айқын байқалады. Көз көрмес, қулақ естімес жер дегеннен аяк жетпейтін алыс жер, қиыр шет деген фразалық мағына пайда болған. Соңғы мағына мен алғашқы мағынаның өзара байланыстылығы анық сезіліл тұрады. Ит көйлекті бурын тоздырган дегеннен сәл үлкеңдігі бар дегенді түсінеміз. Жеке сөздердің қосыңдысынан пайда болған жай ғана туынды мағына емес, бейнеленген туынды мағына екеңдігін көреміз. Фразео-логиялық тұтастық пен фразеологиялық бірліктің ара жігін ажырату кей жағдайда қиынға соғдды. Мәселен, ит басына іркіт төгілді (ағыл-тегіл молшылық) дегеңді екі жақты түсініп қалуға болады. Малмен көзі шыққан егде адамдар үшін бұл тіркес фразеологиялық бірлік болса, маддан сырт жүрген, әсіресе кейінгі жастар мұны фразеологиялық тұгастық деп та-нуы сөзсіз. Тұрақты тіркестің алғашқы заттық мағынасы неғұрлым көмескіленіп, тасалана, күңгірттене бастаса, соғұрлым оның мағына тұтастығы да күшейе түспек. Мәселен, қаргы бау деген тұрақты тіркестің үш түрлі мағынасы бар: 1) итгің мойнына тағатын бау, 2) қалыңмалдың алдын ала берілетін жоралғысы, 3) тамыр-таныстықпен қалап-сұрап алған зат үшін берілетін төлем ақы. Қаргы бау тәрізді тұрақты тіркестерді жасалу үлгісіне қарап (тамақ бау, балақ бау, аяқ бау, т. б.), күрделі сөздің тобына да жатқызуға болады. Алайда, мұның соңғы екі мағынасы тұракты тіркес екеңдігін, оның ішіңде фразеологиялық тұтастыққа жататыңдығын бірден та-ньпады. Сол сиякты мойнына мініп алды деген фразаның да екі мағынасы бар: 1) басыңды, иықтады, 2) біреудің арқасыңда
7-3312
193
күн көрді, масыл бодцы. Фразеологиялық соңғы мағына ал-ғашқы заттық мағынадан келіп шыққандығына қарамастан, фра-зеологиялық тіркестің қай түріне жатқызуға келгеңде кереғар пікірлер болуы мүмкін. Мұңдағы басты себеп — тұрақты тір-кестің мағыналарыныңтым көнеленіп, ескіре, күңгірттене бас-тауымен тығыз байланысты. Демек, тұрақты тіркестің мағына тұтастығы кейде кім қалай түсінуімен байланысты шепгіледі.
Фразеологиялық тізбек. Бұл да фразеологиялық бірлік сияқты еркін тіркесті ауыспалы мағынада қодданудан келіп іпығады. Яғни тұрақты тіркес сыңарларының бастапқы лекси-калык мағынасы бүтіндей жойылмаганымен, жойылуға жақыңдап, күнгірт тарта бастаған. Мұңда ерікті мағынасыңдағы сөз бен фразеологиялық қалпыңдағы сөздің тіркесуінен жаса-льш, сол тізбек күйіңце қолданылады. Мысалы, бота көз, қоян журек, асқар бел, тоң мойын, сойдақ тіс, қауга бас, оймақ ауыз, бауырсақ мурын, кем иек, ала қал, қара бет, жел аяқ, қарсақ жон, қолаң шаш, мысық мурт, алтын айдар, жуан жудырық, қозы жауырын, ақ саусақ, балды бармақ, кең қалтық, көк езу, салпы ерін, кер азу, қалам қас, ай қабақ, теке сақал, торсық шеке, жез таңдай, бір үрт, қызыл тіл, куміс кемей, қамысқулақ, шөп желке, қу жақ, қызыл кеңірдек, біз тумсық, бір төбе, зср кеуде, шер кекірек, аршын төс, қабырга агайын, көк жулын, жуйке тамыр, аш бүйір, еркек кіндік, салқын қанды т. б.
Фразеологиялық тізбектің құрамындағы ерікті (тура) мағынадағы сөз сан алуан сөздермен тіркесіп жұмсалу қабілеті болса, фразеологиялық туыңды мағынадағы сөз бірді-екілі сөзбен ғана шектеліп қолданады. Мәселен, кек бет, қысыр сөз, қасқа жол деген фразеологиялық тізбектердің құрамындағы бет (жалпақ бет, дөңгелек бет, сопақ бет), сөз (аз сез, кеп сөз, дурыс сөз, бурыс сөз), жол (үлкен жол, қара жол, соқпақ жал) деген кыруар сөздермен тіркесіп қолданыла бер-се, фразеологиялық мағынадағы кек сөзі бет сөзімен, свз — қысыр сөзімен, жал—қасқа сөзімен ғана тіркеседі.
Фразеологиялық тізбектің сыңарларының бастапқы мағынасы онша ашық та айқыи болмағанымен, солғын тартып сезіліп тұрады. Мысалы: көз ушында, көзжеткісіз, көзін тьрнап ақшалы, көзі тірісінде, кез шалым жер, кез барда, кезімдей көр, көзі жогалды, көзі ілінді, кезі жетті т. б. Фразеологиялық бай-лаулы мағынадағы сөздің қолдану шеңбері шектеулі болдды. Фразеологизңдер құрылым-құрылысы жағынан екі топқа бөлінеді: 1) Құрылым-құрылысы сөздердің белгілі бір тіркесі болып келетін фразеологизмдер. Мысалы: шақша бас, қарақат кез, ашық ауыз, ала қал, бүйрек бет, қамыт аяқ, қүба жон, қалқан қүлақ, мүрты шагылмаган, жауырын қүрлы көрмеді, саусақпен
194
санарлықтай, кең иықты, ат жақты, иыгы босады, алақанның аясындай, бармақ қазы, езуі жиылмады, тісін басты, қас қарай-ды, кірпік қаққанша, сақалды басымен, қу тілді, кеңірдектен келді, тумсыгы батпады, еңбегі қатпаган, төбесі тесік, өр көкірек, арқасы бар, бүйірі шықты, мүрынның қанындай т. б.
2) Құрылым-кұрылысы жағынан сөйлемге тең фразеоло-гизмдер.
Мысалы: бір қолын екі ете алмады, екі иыгынан дем алды, үш үйықтаса, ойда жоқ, ел бетін көрместей болды, табанын жерге тигізбеді, аузына ақ ит кіріп, қара ит шықты, ішкен асы бойына тарамады, козіне квк шыбын үймелетті, көрер таңды козімен атырды, ашса алақанында, жумса жумырыгында, ішкен асын жерге қойды, аяқ-қолын бауырына алды, басы ауырып, балтыры сызда-ды, бутын бут, қалын қол қылды, қасынан бір елі тастамады, жеңген иттің желкесінен алды, көңілі су сепкендей басылды, қашпаган қара қашардың уызына қарайтын, қой үстінде боз торгай жумыртқалады т. б.
§ 47. Фразеологизмдердін махал-мәтеддерге қатысы
Сөйлеу кезінде тыңнан жасалынбай, даяр қалпыңда қолда-ну жағынан мақал-мөтелдер фразеологизмдерге ұқсайды. Мақалдар негізінен екі бөлімді болып келеді де, алдыңғысыңда іс-әрекеттің шарты мен жағдайы айтылып, соңынан сол пікірді түйіңдеп қорьпыңдылайды. Я болмаса, екі нәрсені бір-біріне қарсы қойып салыстырады. Мысалы: Жақсымен жалдас балсаң, жетсрсің мүратқа, жаманмен жалдас балсаң, қаларсың уятқа. Сулу—сулу емес, сүйген сулу. Суық ширатады, жылы жасытады. Аягы жаман төрді булгайды. Балық аулай алмаган суды лайлай-ды. Атың барда жд) таны, шауып журіл, Асың барда ел таны б^)іп журіп т. б. Мақал тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтып, қорытыңды жасаудын тамаша үлгісі. Соңдықтан да бұрыннан келе жатқан даяр материал болғаңдығына қарамас-тан, жұрт мақалдарды айтуға да, сонымен қабат тыңдауға да сонпіалықты құмартып тұрады. Мақал-мәтелдердің адам баласының өміріңде қамтымайтын саласы жоқ. Соның бәрін аз сөзбен көп мағыналы етіп біддіреді. Халық: «Түз астың домін келтірсе, мақал сөздің сәнін келтіреді. Мақал — сөздің ата-сы. Создің көркі — мақал. Мақалсыз сөз — татымсыз аспен тең. Мақал сөздің туздыгы, — деп тұжырымдайды. Мақал-мәтелдердін фразеологизмдерге жуықтайтын жері тек тілдегі даяр тұрған материал болғаңдығыңда ғана емес, мақал-мәтеддердің көпшілігіңде кейде тұжырымды оймен қатар
195
бейнелі ишарат жатады. Мәселен, Кус қанатымен үшады, қурыгымен қонады дегевде біз құстың ұшып-қонуын ойламай-мыз, ең алдымен, адам туралы, күвделікті өмір-тіршілік тура-лы ойлаймыз. Құсты ұшырып-қондырып тұратын оның қана-ты мен құйрығы болса, сол сияқты адам да бірі мен бірі селбесіп, бір-бірінің тілін тауып, бірлесіп, қол ұстасып өмір сүрмесе болмайды деген ойға келеміз. Сол сияқты ит тойган жеріне, ер туган жеріне. Кісі елінде султан быганша, өз елінде үлтан бал дегевдегі ит пен ер, кісі елі мен өзі елі бір-біріне қарама-қарсы шевдестіріп қолдану арқылы тұжырымды ой-мен бірге астарлы мән-мағына пайда болады. Мақал-мәтеддер жайдан-жай айтылмайды, белгілі мақсатты ойды жүзеге асыру үшін, тывдаушының жан сезіміне ерекше әсер ету үшін қол-данылады. Фразеологизмдер сияқты мақал-мәтелдер де әбден қалыптасқан, орныкқан, орны бекем болады. Бұлардың ком-поненттерін де өзара алмастыруға немесе басқадай сөзбен өзгер-туге келмейді. Сонымен қатар сырткы түр-тұрпаты жағынан, яғни өздерінің семантикасы мен құрылым-құрылысы жағынан мақал-мәтелдердің фразеологизмдерден елеулі өзгешеліктері болады. Фразеологизмдердің мағыналары астарлы бейнелеу мәвде келеді. Ал мақал-мәтедцердің көпшілігі игі қасиетгерге үндеу, уағыздау сипатывда болады. Мақал-мәтелдер қан-шалықты ауыс мағынада айтылғанымен, құрамыңдағы сөздер өзінің байырғы лексикалық мағыналарынан қол үзіп, онша та-саланбайды. Сөз саны жағынан мақал-мәтелдерге қарағанла фразеологизмдер өте шектеулі болдды. Көпшілігівде екі, я үш-төрт сыңарлы болады. Мысалы: қол бала, қолы узын, қолы тар, крл артты, қол балды, қолы алдына сыймады, қолы жіпсіз бай-ланды, қол-аягы балгадай, қолдан-қолга тусірмеді, қолын қанга батырды, аспанга қолы жеткендей, екі қолын төбесіне қойды, екі окпесін қолына алып жугірді, қалын жылы суга малды, біреудің қолымен от көседі т. б. Мақал мен мәтелдер мән-мағынасымен қатар құрылым-құрылысы жағынан да сан түрлі болатындығы белгілі. Өзінің құрамы жағынан фразеологизмдерге мақалдан гөрі мәтелдер бір табан жақын келеді. Мақал белгілі бір ұғым-ды тікелей біддірсе, мөтел белгілі бір ұғымды жанамалап, мең-зеп, тұспалдап атайды. Мысалы: бврік кигеннің намысы бір; сау-сақ илікпей, ине ілікпейді; палуанга оң, терісі бірдей; ат аунаган жфде жүк қолады; қорыққан бүрын жудырықтар; кісідегінің кілті аспанда; алаган қалым береген; сулуынан жылуы; ксрмегенге көсеу таң; жыгылсаң нардан жыгыл; сүйгенін шунагьім дейді; көңіл жүй-рік пе; кек дөнен жүйрік пе, соқыр атқа қотыр ат үйір; бүралқы ит үргенімен жагар; ит үреді, керуен көшеді; есебін тапқан екі асайды т. б.
196
Мақал-матеддерде ұғымнан гөрі нақгылы ойды түйівдеп айгу басым болады. Соңдықтан бұларлын сыртқы құрылым-құрылысы сөйлемге ұқсайды. Ал фразеологизмдер керісінше, нақтылы бір ұғымды астарлап айтып, сыртқы тұлғасы жағынан жеке сөзге теңесіп тұрады. Мақал-мәтеддер мен фразеологиз-мдер талай замавдар бойына жасалып, ұрпақтан-ұрпақка беріліп отырады. Алайда, бұлардың жасалып, кдлыгпасу мерзімівде ұлкен кереғарлық бар. Мақал мен мәтел әр заманнын өзіне лайық туып көбейе береді. Кеңестік дәуірде пайда болған мақал-мвтеддердіңөзі қаншама.
Мысалы: табы бірдің — чры бір; еңбексв елге сыймас; есепсіз колхоз — есіксіз }'й; егін ексең тыңга ек, онан енер енім кеп; еңбегі жоқтың өнбегі жоқ; опасызда Отан жоқ; жолдас қадрін жорықта білд>сің, дос қадірін согыста білдкің; сынның еві ащы балганымен, жемісі тәтті, т. б. Фразеологизңдер мақал-метеддер тәрізді кұнбе-кұн көбейіп, тез дамып отырмайды. Тұрақты тіркес болу үшін, белгілі бір жағдай қажет. Әсіресе вдиомның шеңберіне енген сөз вдиомалану, лексикалану, грам-матикалану заңымен даму-өзгеру процестерін басынан өткізу үшін талай уакытты (замаңды) қажет етеді. Сол себептен болса керек, фразеологизмдер, әсіресе вдиомдар бір тідден екінші тілте сөзбе-сөз аударуға көне бермейді Ал мақал-метеддер тідден тілте сөзбе-сөз де, емін-еркін де аударыла береді.
§ 48. Фразеологизмдер жоне оларға үйыткы сөздер
Тұрақты сөз тіркестері мен күрделі сөздер сөздікте берілгеңде, бірінші сөздің әліппелік тәргібіне қарай орналас-тырылады. Фразеологизмдердің бірінші сөзі көп жағдайда ұйьтткы сез деп аталады. Әсіресе сын есімдерден (ақ, ала, кең, кек, қара, қоңьр, қызыл, сары), сан есімдерден (бір, екі, үш, тврт, бес, алты, жеті, сегіз, тогыз, он, он екі, қырық, мың), бірлі-жарым етістіктерден болган ұйытқы сөздер орқашан фразеологизңдердің бірінші сөзі больш жұмсалады. Мысалы: ақ айыл, ақ боран, ақ маржан, ақ жауын, ақ жем, көк айыл, квк далы, квк бақа, квк дауыл, квк жал, квк майса, квк мылжың, бір шуйке, бір узім, бір ілім, бір атар, бір үйір, бір қора, екі жузді, екі қабат, екі урық, екі удай, екі талай, екі ушты, қырық жамау, қьрық қүрау, қырық пышақ, өлгенде кврген, влер жд>і, влген тірілгенін бі/імеді, влгенше жақсы кврді, влдім-тал-дым дегенде, влдідей қорқады, влдзіне көрінді, влмегенге влі балық, елмегенге қара жд>, ішкен асын жд>ге қойды, ііикен-жегенін
197
мурнынан шыгарды, ішкені алдында, ішпегені артында, ішкені ірің, жегені желім, &еп сойды, жабулы қазан жабуымен, жатып ішер, жазбай таныды т. б.
Үйытқы сөз фразеологизмдердін бірінші сөзі болып келуі басты шарт болып табылмайды. Екі компонентгі зат есімнен болған фразеологизмде ұйытқы сөз бірінші болып та, соңынан екінші болып та тұра береді. Дегенмен, ұйытқы сөз фразеологизмдердің бірінші (басқы) компоненті болып қол-данылуы өте жиі ұшырасатыңдығын жоққа шығаруға болмай-ды. Мұны мына төмеңдегі фразеологизмдердің құрылым-құрылысынан айқын көруге болады. Мысалы: тіс сөзіне қатысты фразеологизмдер. Есім фразеологизмдер. а) сут тіс, курек тіс, қасқа тіс, маңдай тіс, ақыл тіс, уры тіс, азу тіс, қой тіс, жылқы тіс, сиыр тіс, бузау тіс, ит тіс, сойдақ тіс, сары тіс, ургаиіы тіс, еркек тіс (тараққа қатысты) т. б., ә) тіс қаққан, тіске басар, тіс тимеген, тісі шыққан, тісі қола-дай, тісі меруерттейч. б. Етістік фразеологизмдер: тіс жорды, тіс жсрмады, тісі батпады, тісін басты,тісін батырды, тісінен шыгармады, тісін қайрады, тісі шықты, тісі-тісіне тимеді, тісің барда ысқыр, тіске сыздық етті, тісінің сыздыгына сақтады т. б.
Бел сөзіне қатысты фразеологизмдер. Есім фразеологизм-дер: а) қумьрсқа бел, кузен бел, таспа бел, қақпан бел, кудері бел, қынай (қынама) бел, бураң бел, қыз бел, асқар бел, аш бел, т. б; ә) бел бала, бел қуда, бел орақ, белі жоқ, бел курек, белді ата, бел орта, бел ортасында т. б. Егістік фразеологизмдер: бел алды, бел байлады (буды), бел бермеді, бел (і) кетті, бел көрді, бел қайысты, бел қылды, бел шешпеді, бел букпеді, белі бугілді, белі квтсрілді, бел балды, бел жазды, бел суытты, белі ауырмайды, бел асты, белі шойырылды, белге кетерме болды, бел қызыгын көрді, бесіктен белі шықпай жатып т. б.
Тілдегі кез келген сез фразеологизмдерге ұйыткы сөз бола алмайды. Халықтың өзімен қоса жасасып келе жатқан байырғы сөздік қордағы сөздер ғана ұйыгқы сөз бола алады. Сөздің сапа жағынан қаншалықты дамығаңдығын көрсететін бірден-бір белгі—оның көп мағыналық сипат болып, туынды мағынада жұмсалып, әдденеше фразеологизмдерді тудыруға себеп болу-ыңда. Осы ретге қазақ тіліңдегі фразеологизмдерді жасаудағы анатомиялық атаулардың, дене мүшелерінің қызметі айрықша екеңцігін атай кеткен жөн. Әсіресе көз, қан, бет, ауыз, қол, бас, аяқ, журек, тіл, қулақ, қабақ, тобе, кеуде, квкірек төрізді адамның дене мүшелері сөзге арқау, ойға тірек-таяныш болып, тіліміздегі фразеологизмдердің бай қорын жасауда ерекше қыз-мет атқарады.
198
§ 49. Фразеологизмдердін, сөз табына қатысы
Белгілі бір ұғымды бір сөзбен де, екі немесе одан көп сөздердің жымдасып келіп, жанама мағынада айтылуы арқылы да білдіруге болады. Орыс тіліндегі фразеологизмдерді зерттеупгі Н. М. Шанский фразеологиялық оралым тілде жеке сөздің қызметін атқарады’ дейді. Тұрақты тіркестерге тән ортақ қасиет бұлардың құрамындағы сөздер дараланбай, мағынаның тұтастығы мен бірлігіне бағынышты, әрі тәуелді болады да, бір сөздің орнына жүреді. Мәселен, арага от жақты деген иди-омның мағынасы араздастыру, жауластыру деген ұғымды білдіреді. Бұл ұғым оңдағы жеке сөздерден туып тұрған жоқ, соңдағы үш сөздің жалпы жиынтығынан шығып тұр. Фразео-логизмдер мағына жағынан бір ұғымды білдіріп, бір сөздің ор-нына жүргеңдіктен, сөйлем ішіңде бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрады. Олай болса, әрбір тұрақты тіркес белгілі бір сөз табына бағынышты, теліңді болады деген сөз. Мәселен, күлі көкке үшты деген күйреді деген сөздің орнына жүреді. Бұл идиом лексика-грамматикалық мағынасы жағынан етістікке ұқсайды. Сол себептен бұл сөйлем ішіңде баяңцау-ыштың қызметін аткарады. Тайга таңба басқандай деген фразаның мағынасы айқын, анық деген сыңдық ұғымды білдіреді- Соңдықтан бұл сөйлемде анықтауыштың қызметін атқарады. Көзді ашып жүмганша дегеннен тез, жылдам деген мағынаны түсінеміз. Бұл мағына үстеуге қатысты болғаңдықган, сөйлемде пысықтауыштың кызметін атқарады. Сол сияқты дүниенің төрт бурышы деген бүкіл әлем, жер шары дегеңді білдіреді. Мағынасы жағынан зат есімге жатады. Сөйлем ішіңде, сөз жоқ, бастауыштың қызметіңде жұмсалады.
Тұрақты тіркестердің белгілі сөз табына қатыстылығын әрбір тіркестегі сөздердің грамматикалық сипатына қарап та-нып білуге болады. Алайда, тіркестегі негізгі сөздердің лекси-ка-грамматикалық мағынасы мен фразеологизмдердін тудыра-тын мағыналары үнемі сөйкес келе бермейді- Мәселен, арасы-нан к,ыл өтпейді деген идиомның сыргқы грамматикалық сипа-тына қарасак, етістікке жататын сияқты. Ал, мұның беретін ұғымы тату-төтті, дос деген сын есімге қатысты болып тұр. Сол сияқты жердің түбі дегеңді грамматикалык сипаты жағынан зат есім деуге болады. Ал мағынасы қашық, алыс дегеңді білдіріп, үстеулік қызметте жұмсалады. Соңдай-ақ, су аягы қүрдым деген де зат есімге жақын келгенімен, мағынасы
1 ШанскийН М. Лексикология современного русского языка. М., 1972, стр. 167.
199
аяксыз қалу, құру дегеңці біддіріп, етістікке қатысты болып тұр. Олай болса, фразеологизмдердің қай сөз табына қатыс-тылығын анықтау үшін, негізгі сөз бен жалпы тіркестен туа-тын фразеологиялық мағынаны салыстырып отыру қажет. Мәселеге бір жақты емес, жан-жақты қарау керек.
Қазақтіліңдегі фразеологизмдерді сөз табына қатыстылығы жағынан негізінен төрт топқа бөліп қарауға болады:
1. Етістік мағыналы фразеологизмдер.
2. Сыңдық мағыналы фразеологизмдер.
3. Заттық мағыналы фразеологизмдер.
4. Үстеу мағыналы фразеологизмдер.
Етістік мағыналы фразеологизмдер: көзінің еті есті — көкірек керді, менменсіді; қалды балды — ұрланды, жоғалды; басына іс тусті істі болды, шатылды; екі аягын бір етікке тықты — тықсырды, қуырды; көз жаздырды — адастырды, айырылып қалды; пысқырып та қарамады— менсінбеді, көзіне ілмеді; опық жеді— өкіңді, санын соқты; аягынан тік туреызды — түгелдей дүрліктірді, әбігер етгі; қалды-аяққа турмады — сабырсыздан-ды, шыдамы кеггі; көз байланды — қас карайды, кешкірді; іиыр бітті — семірді, қоң бітті; өкпесі өшті — шаршдды, титықтады, қаламы ушталды — жазуға қалыптасты, төседді; шаң берді — бой көрсетгі, кәріңді; насырга шапты ~ асқыңды, қырсықты; монтаң қақты — телмең қақты, жаутандады; жік-жаппар бал-ды— жалынды, жалбарыңды, өтініп сұранды; оқпаны толмады — азырқанды, місе тұтпады; аузының суы қурыды — таңдаңды, таңырқады; екі кезі терт балды — зарықты, сарьіла күтгі; ат қуйрыгын кесті—араздасты, қастасты; ат ізін салмады — қатыс-пады, кәріспеді; кезін жогалтты — құртты, жойды; қолқа сал-ды— сұрады, қалады; жіпке тізді— есепке алды, жинады т. б.
Сыңдық мағыналы фразеологизмдер: аспанмен тілдескен — биік, ұзын; қора қылды қақ жарган — әділ, турашыл; қаганагы қарқ, саганагы сарқ — мөре-сөре, мәз-мейрам; қаламы жуйрік — жазғыш, қаламы төселген; ит тумсыгы өтпейтін — қалың, бітік, ну; уріп ауызга салгандай — сүйкімді, өдемі; қой аузынан шөп алмас — момын, жуас; тонныц ішкі бауындай — ең жақын, өкей-үкей; он саусагынан енд) тамган — шебер, ісмер; тілінен бал тамган — шешен, тілмар; көві қырагы—көреген, жіті; көзден бір бір ушады — зәру, қат; қара бет — арсыз, бетсіз; екі жузді — опасыз, тұрақсыз; журек жутқан — батыл, өжет, ер; аяқ алып жургісіз — көп, қалың; аты шулы — атақты, өйгілі; аузын буган егіздей — үндемейтін, мылқау; қолы ашық — мырза; жо-март; еті тірі — пысық, ширақ; йж татыр — жарамды, іліп алар; кеспеге қарасы жоқ — семіз, майлы; тас бау!ыр — мейірімсіз т.б.
200
Запық мағыналы фразеологиз.мдер: кіндік кесіп, кір жуган жер — туған ел, отан; бір ауыздылық — ынтымақ, бірлік; аяқ алысы — бет-алысы, бағыты; суық қол — ұры-қара, жау-жала; бас араздық — өшпеңділік, қастық; ауыз бастырық — пара, ақы; бой куйездік — жалқаулық, енжарлық; ел агасы — басшы, басқарушы; узын етек — әйел, қатын; қан ішер — бас кесер, жевдет; қара квлеңке — апақ-сапақ, бейуакыт; қора халық — бұқара, көпшілік; қара мал — сиыр, ірі қара; қулақ естімес, көз көрмес — алыс жер, қиыр шет; қара шаңырақ — үлкен үй, шыққан ұя; қцра орман — жиған-терген, дүние-мүлік, бар дөулет; о дүние — ақырет, махшар, ат басы — үй іші, ошақ басы; узын қулақ — өсек, сыбыс; шикі өкпе — перзент, бала; шынжыр болақ, шубар /иөс—бай, манап, шонжар, т. б.
Үстеу мағыналы фразеологизмдер: сақадай сай ~ дайын, әзір; атқан оқтай — түп-түзу, тура; салган жерден — бірден, ә дегеннен; ат усті — үстіртін, жеңіл-желпі; щу дегенде — о баста, әуедде; ит елген жер — алыс, қашық; жулып алганша — тез, жылдам; ақ қар, кокмузда — кыс ішіңде, қыстыгүні; демнің арасында — айтқанша, лезде; коз ушында — алыста, қашықта; қулқын серіде^ ертемен, азаңда; о баста — басыңда, алғашқыда; айдың куні аманында — тыныштықта, жайшылықта; қараптан қарап журіп — бостан-босқа, тектен-текке; аттың жалы, туйенің қомында — асығыста, қарбаласта; табан аузында—жал-ма-жан, қапелімде; тиіп қашты — үстіртін, сокпа-соқпада; бр тобе—ерекше, айрықша; қаннен қап^сіз — жайбарақат, бейқам; квз алдында — бетпе-бет, жүзбе-жүз; аяқ астынан — кенеттен, жоқ жерде т. б.
Қазақ тіліңдегі фразеологизмдердің сөз табына қатыс-тылығы жағынан ең көбі — етістік фразеологизмдер. Онан кейінгілері — сыңдық және затгық мағынадағы фразеологизм-дер. Бұл үшеуінен азырағы үстеу мағынасывдағы фразеологиз-мдер. Жеке сөз бен тұрақты тіркес мағына жағынан бір ұғымды білдіріп, бірінің орнына бірі жүргенімен, бұлардың білдіретін мән-мағыналары бірдей, тепе-тең емес. Тұрақгы тіркестен туа-тын ұғым жеке сөзбен салыстырғанда анағұрлым күшті, әсіре мағынада айтылдды. Сонымен қатар жағымды-жағымсыз экспрессивтік мәні болады. Жеке сөз нақтылы дөл ұғымды көрсетсе, фразеологизмдер дара ұғымды күрделеңдіріп, оның үстіне бейнелеп суретгеп, көз алдыңа келтіреді. Мәселен, жа-рыстан озып келген атты жүйрік ат десек, бұл сөздер нақтылы шын нәрсені сол қалпывда дөл білдіріп тұрады. Ал сол жүйрік атты асырып мақтағымыз келсе, бәйге, жүйрік деген сөздер мүлдем жетімсіз болады да, оның орныно аузымен қус тістеген, алдына қара салмайды деген фразеологизмдерді қолданамыз.
201
Бұлар жүйріктің жүйрігі, асқан жүйрік деген өсіңкі ұғымды білдіреді. Олай болса, фразеологизмдер жеке сөздің орнына жұмсалса, оны дәл баламалық демей, жанамалық түрдегі қол-даныс деп қарау керек.
§ 50. Фразеологизмдердін көп мағыналығы
Омонимия мен көп мағыналық (полисемия) құбылыстары негізінен жеке сөздердің арасыңда жиі ұшырасады. Ал фразе-ологизмдерге бұл құбылыс онша тән емес. Дегенмен, бұлардың арасыңца да ара-тұра кездесіг. қалады. Әсіресе омонимия құбы-лысы фразеологизмдерден сирек байқалады: Мысалы: 1. Ат қойды — атой салып шаба жөнелді. 2. Ат қойды — балаға есім, ныспы берді. Жузі қайтты — кесу, шабу құралдарының өткір жағы жапырылып, майырылып қалуы. 2. Жузі қайтты — тауы шағылып, беттей алмады. 1. Аузы б&ік ораза ұстаған, аузы ораза. 2. Аузы берік — сыр сақтағыш, құпияға берік. Омонимия болу үшін сөздердің түп төркіні бөлек болуы қажет екені белгілі.
Тілдегі жеке сөздер төрізді тұрақты тіркестердің де кейбіреулері көп мағыналы болып кездеседі. Алайда, фразеологизмдердің бәрі бірдей емес, вдиомдық түрлері әрдай-ым дара мағыналы болады да, фразалық тіркестердің қайсыбіреулері көп мағыналы болатыңдығы байқалады. Мы-салы: бой бермеді: а) айтқанға көнбеді, жеңістік бермеді, ө) ырық бермеді, күші жетпеді. Көзі іиықты: а) соқыр болды, ө) көзі қанды, мамаңданды. Жылқы багумен көзі шықты. Дымы қурыды: а) діңкеледі, шаршады, ө) лажы қалмады, не істерін білмеді. Жайын ауыз: а) аузы үлкен, дорба ауыз, ә) обыр, қомағай. Квңілдес болды: а) тату-тәтгі, дос, ө) ашына-жай, көңілі жақын. Жігіт агасы: а) ер жетгі, есейді, ө) ақылшы, басшы. Дара су: а) ақпайтын көлшік су, ө) жай ғана (қайнаған) судың өзі. Өлі ет: а) бірер күн тұрып қалған ескі ет, ә) тірі денедегі тканьдары шіріген жансыз ет. Ат усті: а) жол-жөнекей, жолшыбай, ә) жеңіл-желпі, үстіртін. Сыңар езу: а) бір жағына бұра тартып жүретін жылқы, ат, ә) өз ырқы болмаса көнбейтін бір бет адам. Жузіктіқ квзінен өткендей: а) сұлу, әдемі, мүсіңді, ә) еті тірі пысық, жьілпос. Аузымен қус тістеген: а) жүйрік, ұшқыр, ө) сөзге шешен, ділмар адам. Аузы-мурнынан шыгып отыр: а) екіқабат өйелдің ай-күніне жетуі, ө) лық толы, отыруға орын жоқ. Тугырдан тайды (тусті): а) қартайған бүркітгің тұғырда отыра алмайтыңдай халге жетуі, ә) баладан қалған, тоқтаған әйел, б) бұрынғы дәуреннен қалды, қайраты қайтты т. б.
202
Фразеологизмдерден туатын көп мағыналық екі түрлі жол-мен жасалады. Оның бірі — жалгаса туады, екіншісі — жарыса туады. Мәселен, ат үсті деген тұрақты тіркестің ең алғашқы мағынасы, сөз жоқ, ат үстіңде жүрумен байланысты шыққан. Содан соң осы ұғымға жалғастырып қолдану арқылы үстірт, үстіртін мағынасы пайда болған. Сол сияқты қартайған бүркітгің тұғырда орнығып отыра алмауын адамға ауыстырып, бейнелеп қолдану арқылы соңғы мағыналары жарыса шыққандығын аңғару қиын емес. Жеке сөздің көп мағыналығы мен фразалық тіркестердің көп мағыналығының дамуыңда бірыңгәй жалпы ортақ заңдылықтар бар. Фразеологизмдердің де көп мағыналығы негізгі затгық мағынадан өрбиді Туыңды мағына да сол алгашқы лексикалық мағынаны ауыстырып қол-данудан келіп шығады. Мәселен, иі қанды (жетті) деген тұрақгы тіркестің ен алгашқы мағынасы илеген заттың (терінің) илеуін жеткізу, әбден жұмсарту, жұмсақ қалыпқа келтіру бол-са, одан соң бір нәрсені өбден жетілдіріп шыңдап кемеліне келтіру ұғымы келіп шықты. Соңғы фразеологиялық туыңды мағына, сөз жоқ, алғашқы мағынаның негізіңце жалгаса пайда болды. Кей жағдайда жалғаспалы мағына мен жарыспалы мағына бір-біріне ұласып, үсті-үстіне туынды мағына жамай беруі мүмкін. Мәселен, зәрі қайтты дегеннен: а) уы қайтты, тарады, ә) жыли бастдды, б) ашуы басылды деген үш түрлі мағына туыңдаған. Бойдағы удың таралуын табигәт құбылы-сына, одан кейін адамның мінез-құлқына бейнелеп қолдану арқылы туыңды мағыналар бір-біріне ұласып отырғаңдығы айтылған ойгә айқын дөлел бола алады.
§ 51. Фразеологиялық сннонимдер
Тұрақгы тіркестер жеке сөздің орнына жұмсалып қана қой-майды, сонымен қатар мән-мағынасы жағынан үйлес келіп, бірініңорнына бірі балама болып та қолданыла береді. Мұңдай құбылыс тіл біліміңде фразеологиялық синонимдер деп атала-ды. Қазақ тілі лексикалық синонимдерге қандай бай болса, фразеологиялық синонимдерге де соншалықты бай. Бірақ олар әздерінің стильдік, мағыналық ерекшеліктерін сақтап отыра-ды. Мәселен, аза бойы к,аза балды, аза бойы тік түрды, азар да безер балды, ат-тонын ала қашты дегенде мән-мағынасы жағынан бір-біріне жақын келгенімен, іштей өзіңдік сәл ерекшеліктері бар. Сол сиякты алганы ас балмады, алганы квзінен иіықты, жегені желім балды, жегені желкесінен шықты, ішкен жегені мүрнынан шықты дегеңдер де белгілі бір ұғымды сегіз
203
сакка жүгіртіп, жан-жақты сипатгап тұрғанымен, стильдік мәні жағынан бірдей деуге келмейді. Фраэеологиялық синонимдер де ұғымы жағынан бірінен-бірі сатылап өсіп, күшейе түсіп оты-рады. Мәселен, к&з (кірпік) ілмеді, к&з шырымын алмады, түн баласына кірпік қақпады, түн үйқысын төрт бмді, көрер таңды к&зімен атырды дегенде әрбір фразеологиялық синонимнің алдыңғысынан соңғылары қарқындай береді. Біреуден біреудің аріықшылығын айтқымыз келсе: пар келмейді, тең емес, ширегіне келмейді, астар балмайды, бақайынан келмейді дейміз. Біреудің бір нәрсеге қалай құмартқаңдығын айтқымыз келсе: айызы қанды, аузынан суы ақты, аузынан сілекейі шүбырды, аузының суы қүрыды, к&зін жүмып, аузын ашып қапты дейміз. Ал біреудің қалай қорыққандығын айтқанда: жүрегі (зәресі, үрейі) үшты, қүты қашты, иманы кетті, көзі шарасынан шықты, кезі алақандай балды, иманы қасым балды, иманы қалмады, жүрегі тас төбесінен шықты, зәресі зәр түбіне кетті дегеңдер қолда-нылады. Мұның барлығы етістік фразеологиялық синонимдердін соншалықты байлығын көрсетеді.
Фразеологиялық синонимдер сындық жөне үстеулік мағынада да кездеседі. Моселен, біреудің асқан сұлулығын бей-нелеп айтқымыз келсе: ай десе аузы бар, күн десек&зі бар, туган айдай, үріп ауызга салгандай, ай қабақ, алтын кірпік, қызыл ерін, еліктің баласындай, қыздың бапасындай, ай мен күндей дейміз. Біреудің әкесіне ұқсастығын айтқаңда: әкесінен айнымайды, айна қатесі жоқ, окесінің аузынан түскендей, әкесінің терісін сойып қаптап қойгандай дегеңдер қоаданылады. Біреудің байлығын сөз қылғаңца: төрт түлігі сай, төрт қүбылысы түгел, бес енесі бестен, не ішем, не жейім демейді, ішкені алдында, ішпегені сдз-тында, үріп ішіп, шайқап төгіп отыр дейміз. Ал біреудің бейқаңдығын, жайбарақатгығын бейнелесек: қаннен қаперсіз, үш үйықтаса ойда жоқ, үш үйықтаса түсіне енбеген дегеңдер қолданылады. Қатты ауырып жатқан адамды көргеңде: әл үстінде, өлім халінде, өлім аузында, олі мен тірінің арасында, бір аягы жерде, бір аягы көрде дегеңдер жұмсалады. Осылардың бәрі біздің ана тіліміздің шексіз байлығын таныгады. Бұл тіадің соншалықты орамдылығы мен икемділігін корсетеді. Фразео-логиялық синонимдер көркем образ жасауда жиі қолданыла-ды. Соңдықтан бұлар тіадегі кез келген стильде талғаусыз қол-даныла бермейді. Бұлардың өзДеріне лайықгы орын тепкен мекені — кәркем өдебиет. Көркем шығармдда белгілі оқиға жай баяңдалмайды. Жазушы болған оқиғаны өзінің ой елегінен өткізіп, оны түрлі-түсті бояумен өшекелейді. Соңдай бейнелі сөз қазынасы — тіадегі фразеологизмдер екеңдігі сөзсіз.
Тіадегі лексикалық синонимдер мен фразеологиялық си-
204
нонимдер екеуі екі түрлі аталғанымен, түптеп келгеңде, бір мақсатка қызмет етеді. Ол мақсат — ойлаған ойды жеткізе, жан-жақты баяңдау болып табылады. Соңдықтан бұл екеуі үнемі бірлікте өзара тығыз қарым-қатынаста, тұтас бір бүтін нәрсенің екі жағы деп қаралуға тиіс.
Фразеологиялық синонимдер төрізді тідцегі мақдл-мәтеддер де бір-біріне синоним болып жұмсалады. Бір ойды біддіру үшін мағыналас, мәңдес бірнеше мақал-мөтелдер қолданылады. Мы-салы: біреугемал қайгы, біреуге жан қайгы; қасапшыга мал қайгы, қара ешкіге жан қайгы; мысыққа ойын керек, тышқанга влім ке-рек т.б. Бұл мақалдар үш түрлі құрылымда келгенімен, айтай-ын деген негізгі ой біреу ғана. Ііи қазандай қайнайды, куресерге дәрмен жоқ; кокіректе сацрап тур, тілді қудай байлап тур де-гендер ерегескенмен қолдан келер ештеңе жоқ деген дәрменсіздікті білдіреді. Жер жерінде, жекен суында; қараган ез жерінде дурілдейдідетендер әр нәрсе өз жеріңде қадірлі дегеңді меңзейді. Аш пәле, аш паледен қаш пале; аш қулақтан тыныш қулақ дегеңдер мазаңды алдыра бергенше, құтылып тын дегеңді аңғартады. Қуда да тыныш, қудаги да тыныш; сен тимесең, мен тимен бадырақ көз дегеңцер адамға тыныштық керек, пәлесінен аулақ дегеңді білдіреді. Еңкейсем — кубіні сындырам, шалқайсам — айранды тегем; отырсам опақ, турсам сопақ дегендер біреуге қалайда жакпау, көңілден шықпау дегеңді білдіреді. Көптеген мақал-мәтелдер құрылым-құрылысы жағынан бір үлгімен (мо-дель) жасалып, бір-біріне өрдайым синоним болып жұмсала береді. Мысалы, ат туягын тай басады — нар ізін нарша баса-ды; тай тулап үйірінен кетпес — туйе тулап жуктен қутылмас; біреу қалың б^)іп қатын алады, — біреу қисайып жатып қол салады; туйені Түймебай багады; сутті Суйкенбай ішеді; қойшы көп болса, қойды қаскм) жейді — туйе көп балса, жук сыймайды т.б.
Мақал-мәтелдердің өзді-өзіне синоним болуы фразеологи-ялық синонимдерге ұқсас. Айырмасы тек мағынасыңда. Фра-зеологиялық синонимдер жеке сөздің орньша жүріп, соның біддіретін ұғымын бһтдірсе, мақал-мәтелдер тұтас сөйлемдік қызметте жұмсалып, әрқайсысы аяқталған түгесіңді ойды білдіреді. Мақал-мәтелдердің синонимдік қатынасы айтайын деген ой-пікірдің сарыңдас, үңцес келіп, бір жерден шығуында.
§ 52. Фразеологнялық ангонимдер
Фразеологизмдер мән-мағынасы жағыңан бір-біріне үйлес келіп, өзара бір-бірімен синоңим болып жұмсалатындығы
005
сияқты бұлар мөн-мағынасы жағынан қарама-қарсы болып қодданылады. Тұрақты тіркестердің арасыңдағы осыңдай кереғар құбылыстарды фразеологиялық антонимдер деп атауға болады. Қазақ тіліңдегі фразеологиялық антонимдер негізінен екі түрлі болып кездеседі. Мұның бірінші түрі тұрақты тіркестердің өз ішіңдегі компоненттерді баскддай сөздермен алмастыру арқылы жасалады. Мысалы: аты шықты — аты өшті, ат ізін салмады — ат ізін қургатпады, ашық мінез — туйық мінез, елі кірді — елі кетті, бақ қонды — багы тайды, беделі артты — беделі тусті, бетінен оты шықты — беті булк етпеді, бул дуние — о дуние, ер журек — қоян журек, есіне тусті—есінен шықты, журек жутқан—су журек, жолыңа гул бітсін—жалыңа жуа шықсын, май қап — тас қап, көзі тірі — көзі жоқ, щісыны келді — қисыны кетті, есік керген — бесік көрген, мінер жақ — қамшылар жақ, сертке жетті — серттен тайды, соққы жеді — соққы берді, сыр алдырды — сыр бермеді, уміт етті — умітін узді, іске алгысыз — іске татыр, оң бата — теріс бата, ақ журек — қара журек, аузы б&ік — аузы ашық, аузы жеңіл — аузы берік, жас ет — сур ет, куні туды — куні отті, еңбегі жанды — еңбегі еш кетті, козінің оты өшсін—кезіңнің оты жансын т.б.
Фразеологиялық антонимдердің екінші түрі құрылым-құрылысы жағынан мүлдем басқа сөздерден жасалады. Мысалы: соры сорпадай қайнады — көзі ашылды, шелі қанды — қаны кепті, өркенің өскр — желкең қиылгыр, сабыр етті — дегбірі қалмады, салт басты — уйлі-баранды, оң жақ (босага) — жат есік, еңкейген шал — еңбектеген бала, өлі суйек — еті тірі, аузыңамай — жагың қарыссын, айы оңынан туды—жаяы болма-ды, еңбегі қатпаган — тісі шыққан, өркенің ессін — журімің узілгір, ақ ниет — ой, араны ашылды — тәбеті тартпады, әу бас-та — ақыр соңында, жанын салды — бой тартты, коңіл болді — мән бермеді, мойны босады — қалы тимеді, отпен кріп, кулмен шықты — бута басын сындырмады, таң атты — кун батты, уйқысы қанды — к&з ілмеді, іш тартты — іргесін аулақ салды, қырги қабақ — арасынан қыл өтпеді, ауыз жаласты — ат кекілін кесісті, аузы аузына жуқпады — аузынан сөзі, қойнынан бозі тусті, бауыр басты — жат бауыр болды, өлі аруақ — тірі жан, қара қазан — қолы ашық, ала қал — қара қылды қақ жсрган т.б. Қазақ тілі фразеологиялық синонимдерге қаңдай бай болса, фра-зеологиялық антонимдерге де соншалықты кедей еместігі байқалдды. Мұның былай болуы тілдегі сан алуан стильдік сөз қолданыстарымен тығыз байланыстылығыңда деп түсінген жөн.
206
§ 53. Фразеологиялық вариаштар
Фразеологизмнің мағына бірлігіңде ешқандай өзгешелігі жоқ, құрылым-құрылысы жағынан ұқсас (үйлес) келген түрлері фразеологиялық вариантгар деп аталады. Фразеологиялық ва-риантгар екі түрлі болады: а) фонетикалық вариант, ө) лекси-калық вариант. Фонетикалық вариантқа тұрақты сөз тіркесінің құрамына енген кейбір сөздердің бірде жуан, бірде жіңішке, кейде толық, кейде қысқарып айтылуы жатады. Мәселен, ай дейтін ажа жоқ, крй дейтін қожа жоқ дегеңді әй дейтін әже жоқ, қой дейтін кржа жоқ деп те айта береді. Мұңдағы ай мен әй, ажа мен әже бір-біріне фонетикалық вариант болып есептеледі. Бұлардың екі түрлі болып өзгеріп отыруынан тұрақты тіркестің мағына бірлігіне тигізер ешбір зиян жоқ. Сол сияқты адыра (адырам) қал, әдіре (әдірем) қал деп те айты-ла береді. Мұнда бірде жуан, бірде жіңішке, кейде толық (ады-рам-әдіреч), кейде ықшамдалып, қысқарып (адьра-одре) айты-лып тұрғанымен, тұрақты тіркестің мағынасын өзгертуге ешқаңдай себеп бола алмайды. Стильдік жағынан да пәлендей тигізер ықпалы жоқ Соңдықтан да бұлар өр басқа фразеоло-гизм емес, бір тұракты тіркестің екі түрде түрленіп айтылуы деп есептеледі. Фонетикалық вариантгар бір сөздін өз ішіңде де түрлі-түрлі болып өзгеріп отыруы мүмкін. Мәселен, унжыргасы тусті деген фразеологизм унжорга, үнжорга, енжорга, өнжорга болып та ауызекі тідде айтыла береді. Бірақ бұдан тұрақгы тіркестің мағынасы ойсырамайды. Соңцай-ақ, пешенеден белгілі дегеңді бешенеден, бес енеден белгілі деп те айта береді. Осыңдай жарыспалы түрлердің мынасы дұрыс, анасы қате деп үзілді-кесідді тұжырым жасаудың өзі кейде қатеге ұрыңдырады. Қашаңца өте жиі айтылатын, халықтық тұлғасы дұрыс деп есепгеледі.
Лекснкалык вариантгар фразеологизмдердің арасынан өте жиі ұшырасады. Мысалы: агама жеңгем сай — апама жездем сай, ага олсе, іні мура — ага өлсе, жеңге мура, адыра қалды — қараң қалды, ажар білдірді — қабақ білдірді, азуы алты қарыс — азуы кере қарыс, ай дала — жапан дала, ай десе аузы бар, кун десе көзі бар — ай десе аузы жоқ, кун десе квзі жоқ, айтып-айтпай немене — айтып-айтпай не керек, айт-уйт жоқ — ай-шай жоқ — ай жоқ, шай жоқ, ақылы ауысты — есі ауысты, ала кеуім — ала көлеңке, алақанын жайды — қолын жайды, албасты басты— әбілет басты—қара басты, алдына қара салмады — алдына жан салмады, амал жоқ — амал нешік, ант атқан — ант урган, ар-тына тусті — соңына тусті, аспанмен таласқан — аспанмен тілдескен, аторга огы жоқ — атарга огы бслмады, ат кекілін
207
кесті — ат қүйрыгын үзді, аттың жалы, түйенің қомында — аттың жалы, атанның қомында, аузы-мүрнынан кеяді — аузы-мүрнынан шықты, аягынан тік қойды — аягынан тік түргызды, аяқ астынан — табан астынан, даңгыл жол — сара жал, егде тартты — мосқал тартты, екі үдай болды — екі жар болды — екі жоқ болды, жас өспірім — жас үлан — жас түлек т.б.
Кей жағдайда фразеологизмнің құрамындағы әрбір сезден әр түрлі вариантгар өрбвді. Мысалы: коңілге қуат (медет, медеу) қылды (түтты, етті), көңілден кір (дақ, дық, кірбің, қаяу, қылау) арылды (аиіылды, кетті), коңіл ауды (бвлінді, кетті, қүлады), кеңіл көншіді (жайланды, тынды, орнықты, демдеді), көңілінжыртты (жықты, қайтарды, қалдьрды), көңілі өсті (сдзгіді, тасыды, шалқыды), кірерге жер (тесік) таппады, қабагы салыңқы (жабыңқы, түйіліңкі, қатулы, қатыңқы), маңдайының соры бес батпан (бес елі, кере қарыс), мүртай (қалпақтай, жүлындац) түсті (үшты) т.б.
Лексикалық варианттардың бір-бірінен сөл болса да ерекшелігі байқалдды. Сондыктан бұларды фразеологизмдердің синонимдік тәсілімен түрленуі деп те атауға болдды. Вари-анттарда (фонетикалық, лексикалық) қалайда ең кемі бір сыңары ортақтаса қолданылса, синонимдес фразеологизмдер-де ешбір компонент қайталанбайды. Қайталанған күңде құры-лым-құрылысымен қатар мағынасын да сәл өзгертіп, стильдік мөн алады. Мәселен, аза бойы қаза балды — аза бойы тік түрды, ала ауыз — алты бақан ала ауыз дегеңдердің мән-мағыналары нак бірдей деуге болмайды. Соңғыларының айтарлықтай се-мантикалық алшақтығы болмағанымен, стильдік мәні алғашқыдан гөрі күштірек, салмақтылау сезіледі.
§ 54. Фразеологизмдердіц шығу арналары
Тілдегі фразеологизмдердің жасалуына сан түрлі құбылыс-тар, үғымдар, түсініктер себеп болған. Солардың бастылары:
1. Көпгеген фразеологизмдердің жасалуына адам ойында қорытылған қүбылыстардың нақтылы бейнесі негіз болған. Мысалы, жауьф балды (әбден мезі қылды, ығыры шықты) де-ген тұрақты тіркестің негізінде көп мінйііп арқасы жара болған аттың бейнесі елестейді. Басыңда атқа байланысты шыққанымен қазіргі кезде ол мағынасы ұмытылып, қайта жасалынып адамға байланысты айтылады. Арс етті (беттен адцы, қарсы келді) деген фразеологизмнің негізінде иттің қарсылық білдіріп, ай-бат шегуі жатыр. Кейіннен бұл мағына адамға қатысты айты-латын болған. От ала келген кісідей деп, асығыс-үсігіс, мүрнына су жетпей жүрген кісіге айтылады. Бұл тұрақты тіркестің о
208
бастағы от ала келу мағынасы ұмытылып, қазір адамның өзіне тікелей қолданылып кеткен. Сол сияқты агынан жорылды, ай-дап салды, астынан су шыққандай, асыгы аліиысынан түсті, ас ішіп, аяқ босатар, ата сақалы аузына біткен, ат басына күн туды, атқа мінер, ат-тонын ала қашты, ауыз жаласты, ауыздықпен алысты, жеп еті, ішіп сорпасы жоқ, жілігі таты-майды, аягынан келді, аягынан тік түрды, аягының үшынан бас-ты, аяқ-қалын жерге тигізбеді, бал ашты, беті бері қарады, дамін татты, ет жемесе де ссрпа ішкендей болды, еттен өтіп, сүйекке жетті, етігімен су кешті, жагасын устады, жайып салды, жан-бай жатып сөнді, аузынан ақмай агызды, жас иіс, жастыгын ала жатты, жатып ішер, жау жетті, ел көшті, жауырды жаба тоқыды, желі оңынан түрды, жең үшынан жалгасты, жерге түкірді, жер шуқыды, жол көрсетті, жібі бос, жібі түзу, жіпке тізді, иі жүмсақ, ш қанды, исі мүрнына кірмеді, көрі қойдың жа-сындай жасы қалды, қаймагы бузылмаган, қамшы салдырмайды, орнын сипап қалды, өңін айналдырды, өті жарылды, к&шсе к&ш басында, отырса от басында, санын сақты, сорпага іиыгар, су татиды деген фразеологизмдердіңжасалуына да, сөз жоқ, адам ойында қорытылған құбылыстардың нақтылы себеп болғавдығын танып білуге болады.
2. Бірқыдыру фразеологизмдер өлшемдік ұғымдардың негізіңде пайда болған. Мысалы: а) уақыт, мерзім өлшемдері: күн шыга, сәске түсте, тападай тал түсте, шаңқай түсте, түс ауа, кун бата, кун уясына кіргенде, ел орынга отыра, к&з байлана, қас қарая, ымырт жабыла, қызыл іңірде, ін)р қараң-гысында, ел жата, тун ортасында, таңга жақын, жылқы жусар кезде, тауық шақьрганда, таң ата, қулқын сәріде, таң аппақ атқанда, ала жаздай, қыс бойы, ақ қар көк музда, мал балалап жатқанда, ел қосқа шыққанда, көктің к&лінде, ел жайлауга кеимрде, кузем алып жатқанда, ел кузекте отырганда, согым со-йып жатқанда т. б.;
ә) көлем өлшемдері: бір топ (ошср) жан, бір тайпа ел, бір қара қой, бір уйір жылқы, бф қоспақ (келе) туйе, бр табын сиыр, бір коген қозы, бір желі қулын, бф айдам ж&, бір мая ш&п, бр урттам су, бір жагым от, бір тең жук, бір сабақ жіп, бір шуйке жүн, бір ки& киім, бір жалқы, бір түйір дән, бір түп коде, бф қанат ши, бір шумақ жіп, бір кесек киіз, бір жайым қурт, бір білем май, бір асым ет, бр шайлық сүт, бф тілім нан, бр қайна-тым шай, бір шагым қант, бір саба қымыз, бір атым насыбай, бір қарынмай, бір қап астық, б'р шана ш&п, бр шайнек шай, сыңсыган қалың орман, мыңгырган мал, жер қайысқан қол, жайқалган егін, шаш етектен, қыран күлкі, мидай дала т. б.
б) ұзыңдық, қалындық, тереңдік өлшемдері: бармақ қазы,
209
бір елі, уш елі, сала қулаш жіп, тутам емшек, қол созым жер, таяқ тастам ж&, бір табан жақын, ат шаптырым, айлық жол, кісі бойы, оқ бойы, ат кекілінен, бір кез, бір шақырым, иек асты, тустік жер, бір көш жер, көз көрім жер, арқан бойы, тула бойы, өн бойы, есік пен төрдей, аспан мен жердей, жырта (кере) қарыс, бір суйем, сынық суйем, бір қушақ т. б.
Қазақ халқы революцияға дейін көшіп-қоньш кәшпевділік дөуірді ұзақ уакыт басынан өтеізгеңдігі белгілі. Олар жаз жай-лауда, кыс қыстауда, күз күзекте бірден-бірге көшіп-қонып жүргеңде, уақьп мерзімін, ұзындық пен көлемді қалай өлшеп білген деген занды сұрау туады. Сол замаңда біздің халкы-мыздың уақытты сағатпен, көлем мен салмақты таразымен, ұзыңдық пен кеңістікгі метрмен өлшеуге әлі онша дағды-ланбаған, үйренбеген кезі еді. Бәлкім.сол кезеңге бұл өлшемдердің көшпевділік тұрмысқа соншалықты қажеті де болмаған шығар. Қалай дегенмен, сол заманның тұрмыс-тіршілігіне лайық өз өлшемдері болғандығын тілдегі өлшемдік ұғымды білдіретін қыруар сөздер мен тұрақты сөз тіркестері арқылы танып білуге болады. Өткен замаңда қазақтар уақьпты сағатпен нақтылап өлшемегенімен, секунд, минут, сағат деген уақыт өлшемдерін шамамен дәл болжай білген. Мәселен, се-кунд ұғымын қас қагым, кірпік (қабақ) қаққанша, к&зді ашып-жумганша, демнің арасында, табан аузында деген дене мүшелерінің қимыл-қозғалысы арқылы білдірген. Секунд деп айтпағанмен, секуңд ұғымын айнытпай дәл түсініскен. Минут пен сагатты бие сауым, сут пісірім, шай қайнатым, ет асым сияқты нақтылы мөлшерлі уақытпен біддірген. Осы фразеоло-гиялық тіркестер сағат болмағанымен, сағапың орнына жүрген. Тәулікпш жыл ішіңдегі мерзімдерді нақтылапдәл айыру үшін қазақтар Ай, Кун, Шолпан, Жеті қарақшы, Үркср, Темірқазық, Есекқырган тәрізді тольш жаткан аспан денелерін молынан пайдаланған. Олардың күнбе-күнгі (төулік бойыңдағы) айлық, жыддық қимыл-қозғалыстарын қадағалап бақылал отырған.
Уақыт-мезгіл өлшемдерінйеқдс, кірпік, қабақ, коз, ауыз, дем сияқты адамның дене мөлшерінің қимыл-қозғалысы пайдала-нылса, ұзыңдық пен қалындықты өлшеуге елі, суйем, қарыс, табан, адым, тутам, қушақ тәрізді атаулар қатысқан. Мәселен, жылқының қазысын өлшегеңде пышақ сырты, қыл елі, жарты елі, шынашақ, бір елі, бармақ елі, екі елі, уш елі, төрт елі, сынық суйем, табан сд)едеп таддайды. Бұл өлшемдер ел арасында өлі күнге сақталған. Тігінші, үйші, етікші, ұста, ағаш ұстасы дегеңдердің бәрі де метрлік өлшем тұрмыс тәжірибесіңде әлі ене қоймаған кезде, негізінен жоғарыда аталған өлшемдерді қолданған. Бірак әрқайсысы әр түрлі өлшемге пайдаланылған.
210
Мәселен, евдей матадан киім пішкеңде қүлаш, қарыс, сүйем, елі жұмсалған. Жіпке қфыс, түтам, қүлаш, сала қүлаш, ал іиаіпы-лып-төгілетін және жұмыр нөрсеге түтам мен қүшақ кодданылған.
3. Бірсыпыра фразеологизмдер діни ұғымдар мен ескі әдет-ғұрыптарға байланысты жасалған. Мысалы: ант су ішті, аруақ (қүдай, дом) атсын, бата қылды (оқыды), бір тарының қауызына сыйгызды, дін мүсылман агайын, діні қатты, жазмыштан озмыш жоқ, жан бфді (тапсырды), жан таласты, жетісін берді, қырқын берді, заман ақыр, қыл көпір, зәмзәм суы, зікір салды, йманды адам, иман жүзді, иманы жолдас балсын, кәусар суын ішті, кешу ай-тысты, пірге қал тапсырды, қүран сөзіндей, қүрбан іиалды, мах-шар күні, мацдайга жазды, мойнына бүршақ салып тіледі, намазы қаза болды, неке суын ішті, некесін қиды, талақ етті, пайгамбардың жасына келген, періштенің қүлагына шалынсын, пітір бфді, дем салды, атастырып қойды, бесік қүда т. б.
4. Кейбір тұрақты тіркестердің жасалуына аңыздар мен түрлі ұғымдар, өткен тарихи оқиғалар негіз болған. Мысалы: қайда бкзрса да Қорқыттың көрі, Есімханның ескі жолы, Қасым-ханның қасқа жолы, фдің қүны, нардың пүлы, есте жоқ ескі мезгілде, жазган қүлда шаршау жоқ, жар салды, сауын айтты, жыланы қайтты, ер кезегі үшке дейін, ф қаруы бес қару, күл төбенің басында күнде жиын, жеті атасынан қара көк, шынжыр балақ, шүбар төс, қара нар, қалы кілем, ат-шапан айып, ақ сүтін кокке сауды, теріс батасын берді, жерүйық, қой үстінде баз торгай жүмьртқалады, қой түяқ жамбы, қүба қалмақ заманы, кедейдің жеті қаңтаруы бар, кедейдің аузы асқа тисе, мүрны қанайды, мал қүлагы саңырау, қара жер хабар бермесін, сүт көп, кемір аз, отқамай қүйды, жыртысын жыртты, сойылын соқты, шашбау-ын көтерді, қол шоқпар балды, қол жаулық т. б.
Тіддегі фразеологизмдердің бәріңде о баста конкретті тура мағынасы болған. Профессор Ғ. Ғ. Мұсабаевтың пікірінше, осы күнгі жүрек жүтқан, қан ішер, қатарга қосылды, санатқа ілінді, ит гшрісін басына қаптады деген фразеологизмдердің бәрі о баста тура мағынада қолданылған. Бұлар талай заманның белгісін сақтап, кейіннен басқа мағынаға ауысып кеткеңдігін айтады1. Бет моншагы үзілді (түсті), бет шрдесін сыпырды (ашты, жүлды) деген тұрақты тіркестер де басыңда тура нақты маіынаны білдірген. Кейіннен қатгы ұялып, біреуге тіктеп қарай алмау, біреудің айыбын бетіне басып масқаралау мағынасыңда фразеологизмге айналып кеткен. Әр заманнан тілде белгі қала-
1МусабаевҒ. Қазақтілі мен грамматикасы тарихынан. Алматы, 1966, 13- 16 бетгер.
211
ды. Соған қарай отырып, тіл фактісі арқылы көненің сырын ашуға болады. Мәселен, қазіргі қазақ тіліңцегі ит ишна, ит арба деген тіркестерге қарап көне замаңда итті көлік ретіңде пайдаланған шығар деп жорамалдауға болады. Мұны ит елген ж&, ит арқасы қиян дегеңдер де дәледдей түседі. Фразеологи-ялық мағынаның түп-торкіні лексикалық мағынамен астасып, іштей өзектесіп жатады. Фразеологизмдердің пайда болу жол-дары, шығу арналары бұл айтылгаңдармен шектелмеуге тиіс. Олардың жасалуы мен түп-төркінін өлі де зерттеу келешектің ісі.
§ 55. Фразеологизмдердің сөздіктерде берілуі
Шындық болмыстағы заттар мен құбылыстар жеке сөздермен ғана емес, фразеологизмдермен де тұсіңдіріледі. Соңдықтан лексикология мен фразеологизмдер әрдайым өзара тығыз бірлікте қаралады. Фразеологизмдер сөздікте берілгеңде ұйыгқы сөздің ұясына топтастырылады. Әрбір ұядағы түракты тіркестер іштей өліппе тәртібімен орналастырылады. Олардын өрқайсысына тілдегі қолданылуының нақтылы дәлел ретінде бірлі-жарым мысал беріледі. Қазақ тілінің сөздіктерінде фразеологизмдерді беруде бір ізділік жоқ, ала-құла. Қазақ тілінің екі тілді аударма сөздіктеріңде фразеологизмдер бірінші сөздің ұясына ғана беріліп, негізгі ұйытқы көп жағдайда ескерілмей жұргеңдігі мәлім. Мәселен, бота квз, мол қал, шот маңдай, ай қабақ, қьвыл ерін, қызыл тіл төрізді фразеологизм-дер бірінші сөзге ғана алынып, негізгі ұйыткы сөздерді (каз, қол, маңдай, қабақ, тіл) екінші сыңарда болғаңдыктан, ұяға ілінбей, тектен-текке сырылып қалып отыр. Емле сәздікте сөздің тек қалай жазылуын ғана нысана етіп, күрделі сөздер мен тұрақты тіркестердің кұрылым-құрылысына, яғни ұя мен ұйытқы сөзге қойылатын жүйелі принциптің жоқ екеңдігі анықталып отыр. Көп томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіңде» фразеологизмдер біраз жөнге келтірілді. Мұнда тұрақты тіркестің құрамыңца қанша сөз болса, сонша рет қай-таланып алынады. Сөз тіркестерін қайталап алудағы негізгі мақсат — әрбір сөздін фразеологизңцерді жасаудағы өніңді-өнімсіз қызмегін айқындап, әрқайсысын өз ұясына жинап-теріп бір жерде көрсету болады. Бірінші сөздің ырқымен кете бер-сек, ұйытқы сөздің мәнді қызметі жан-жақты ашылмай, сыңар жақ болып қалатындығы ескеріледі. Мәселен, жумган аузын ашпады дегендегі ұйьггкы сөз — ауыз болғанымен, ол сөз бірінші емес, екінші тұрғандықтан, әз ұясынан (ауыз) қалып қоятыны
212
аңғарылады. Алайда, аталған тұсівдірме сөздіхте тілімізлегі фразеологизмдердің бәрі бірдей белгілі ұяға жиналып-терілген деуге мүддем болмаВДы Бірде бар, бірде жоқ болып отыратын жайттар жиі кездеседі. Мөлелен, каз ақы, қал ақы, табан ақы, ауыз ақы, сут ақы, жамбас ақы дегевдердін ақы деген сөзге алғашқы үшеуі алынған да, соңғы үшеуі этаусыз қалған. Аш деген сөзге ауыз ашарды алған да, тіл ашарды тастап кет-кен. Ауыр деген сөзге аузы ауыр, аягы ауыр, суйегі ауыр алынған да, қолы ауыр, еті ауыр дегеңдер калып қойған. Қолы ауыр. де-ген фраза «Фразеологиялык сөздікге» де к/ал деген сөздін ұясына ілінбей қалғандығы осы айтылғаңдарға айғак бола алады.
Фразеологизмдерді сәздіктерде сұрыптап беруде толып жатқан кем-кетік, кемшіліктер бар екеңдігі аныкгалып отыр. Мұның өзі бұл саланы жан-жақты зертгеп жүйеге келтіруде елі ескеретін жайттар бар екенін аңғаргады.
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЛЕКСИКОГРАФИЯСЫ
§ 56. Сездіктіңтүрлері
Тіддегі сездер мен фразеологизмдерді жинап-теріп, олар-дын сөздігін жасаумен жөне оның тесриясымен шұғылданатын тіл білімінің саласын — лексикография дейді’ Яғни сөздік жа-саудың едістемесі мен техникасын үйрететін ғылым деген сөз. Лексикография теориясы сан алуан сөздік жасаудын мол тәжірибелерін ғылыми тұрғыдан қорьггыңдылаудын негізіңде, лексикологиялык зерттеулер мен солардың жетістіктеріне сүйене отырып жасатады. Демек, лексикография мен лексико-логия бір-бірімен тытыз қарым-қатынаста болатын егіз ғылым салалары. Сөздіктердіңсапасы осы гылымдардың қаншалықты және қандай дәрежеде зертгелуіне байланысты. Зерттеу жұмыстары неғұрлым жоғары өрі жемісті болса, шығарылған сөздіктер де соғұрлым сапалы болмақ. Бүгінгі таңда сөздіктін практикалық мәнімен қоса, оның ғылыми сапасына да ерекше назар аударылады. Соңдықтан сөздік кез келген мекемеде емес, осы мамаңдықты жете меңгерген ғылыми маман кадрлардың шоғырланған жерівде жасалады.
Біздер орыс сөздікгерінен лексикографиялык еңбектердін тек өдістемесі мен құрылысын ғана үйреніп отырғанымыз жоқ. Қазан революциясы тудырған барлык жаңа ұғымдардьі осы тілден кейде сөзбе-сөз тікелей қабыддасак, кейде өз сөзімізбен
213
аударып алдық. Сол арқылы қазак тілінің сөз байлығы шексіз молайып, жан-жақты кемеддеңці. Қазіргі кезде өз ана тілімізде қандайлық мәдени-рухани тілектерді, пікірлерді біддіру керек болса, соның бәрін де нақтылы, әрі емін-еркін дөл жүзеге асыруға болатыңдай дәрежеге жетгік. Соның нәтижесінде тіліміздегі сөз байлығьш жиып-теріп, хатқа түсіріп, іштей саралап, алуан түрлі сөздіктер жасауға мүмкіңдік туды. Қазақ тіл біліміңдегі сөздіктердің құрылысы мен әдістемесі жылдан-жылға жақсарып келеді. Тіліміздегі сөздерді стильдік арақатынасына қарай іштей саралай оты-рып, оларды белгілі бір нормаға келгіру бірінші орынға қой-ыла бастады. Бірақ сөздік жасауда қиындык, одан туған олқылықтар аз болған жоқ. Ең алдымен сөздердің жазылуын-да бірізділік сақталмай келеді. Әсіресе біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің арақатынасы жөніңде бірыңғай көзқарас болма-ды. Лұғат (словник) жасалмай тұрып, сөздік құрастыруға болмайтыңдығын ескерсек, бір сөздің кейде бірге, кейде бөлек жазылуы сөздік жасауға үлкен қиыңдықтар келтіретіндігін түсіну қиын емес.
Көркем шығармаларда орын алған диалектизмдер мен жа-рыспа (вариант) сөздерді орыңды-орынсыз кез келген сөздікке еңціруге жол берідді. Әдеби тіддің сөздігіне алынатын грамма-тикалық тұлғалар да күні бүгінге дейін сараланып болды деуге келмейді. Сөз мағыналарының түр-түрін жіктеп бөліп, оларға дөл түсінік беру, сөздердің қолданылу жүйесін айқыңдап, стильдік белгі қою, фразалық тіркестерді жай тіркестерден ажыратып көрсету т. б. — сөздік жасау ісіңдегі жауапты мәселелер болып табылады.
Қазақ лексикографиясы қазақ тіл білімінің өзге салалары тәрізді негізінен соңғы елу-алпыс жыл ішіңде туъш қалыптас-ты. ¥лт мәдениетінің дамып, ғылым мен техниканың өркеңцеуі, әдеби тілдің қалыптасуы сеэдіктердің әр түрін шығаруға жағдай жасады. Революцияға дейін бізде не бары екі тілді шағын сөздіктер ғана болса, онан бергі кезеңде 10—15 түрлі сөздік түрлері пайда болды. Солардың ішіңде ең көп шыққан түрі — екі тілді аударма сөздіктер.
Лингвистикалық сөздіктердің түрлері өте-мөте көп. Олар әр алуан мақсат-мүддеге лайықтальш жасалады. Лингвистика-лық сөздіктер бір тіддік, екі тілдік және көп тілдік больш бөлінеді. Түсіңцірме сөздік бір тіддің өз сөзімен түсіңдіріледі. Ал екі немесе көп тілдік сөздіктер өзге тілдердің сөздерімен түсіңціріледі. Бір тілдік лингвистикалық сөздіктер академия-лық нормативті сөздік жөне анықтағыш сөздік болып іштей екі салаға жіктеледі.
214
§ 57. Аударма сездіктер
Қазақ халқының сөз байлығын ең алғаш жинап-теріп жеке сөздік етіп шығару тәжірибесі өткен ғасырдың екінші жарты-сынан бері ғана басталды. Орыстың атақты ғалымдары акаде-мик В. В. Радловтың «Түкі тілдерінің сөздігін жасаудағы тәжірибе» (1888—1911) атты тәрт томдық сөздігі мен профес-сор Н. И. Ильминскийдің «Қазақ тілін зерггеудегі материал-дар» (1861) деген арнаулы еңбегі ана тіліміздегі сөздерді жинақтап, сөздік етіп шығарудың үлгілерін көрсетті. Револю-циядан бұрын барлығы отызға жуық екітілдік (орысша-қазақша немесе қазақша-орысша) аударма шағын сөздіктер жарық көрді. Бұлардың азды-көпті төжірибелері революциядан кейінгі сөздіктердің бел алып дамуына белгілі дәрежеде себін тигізді. Қазақ лексикографиясының шын мәніңде ғылыми тұрғыдан тексеріліп, етек алып жан-жақты дамуы кеңестік дәуірде екі тідді аударма сөздіктерден басталады.
Орыс тілі — озық мәдениет пен ғылымның, прогрестің тілі. Бұрынғы Кеңес Одағындағы халықтар бір-бірімен орыс тілі арқылы пікірлесіп, өзара тіл табысты. Орыс тілі интернацио-налдық қарым-қатынастың құралына айналды. Кеңес Ода-ғыңдағы үлкеңді-кішілі барлық халық революциядан кейінгі жылдардын өзіңде-ақ орыс тілін үйрену, білу мақсатымен ең өуелі орысша ұлт тілдерінің сөздігін, соңынан ұлт тілдері мен орысша сөздіктерді жасауға жаппай жұмыдды. Қазақстанда да екі тілді сөздік жасау мәселесі кең жолга қойылды. 1945 жылға дейін бастауыш және орта мектептерге арналған екі тіддік шағын нормативті сөздіктер жасаумен ғана шектеліп келген болсақ, 1946 жылы екі том «Орысша-казақша сөздік», ал 1954 жылы бір томдық үлкен «Орысша-қазақша сөздік» (50.000 сөз қамтиды, редакциясын басқарған проф. Н. Т. Сауранбаев, бұл сөздік 1978, 1981 жылдары екі том болып қайта басылды, ре-дакциясын басқарған Ғ. Мұсабаев, Н. Сауранбаев), 1954 жылы X. Махмудов пен Ғ. Мұсабаевтың шағын «Қазақша-орысша сөздігі» басылып шықты, ал толық «Қазақша-орысша сөздік» таяу жыддарда жарық кәрмек. Аталған сөздіктер орыс және қазақ тілдерін үйрену үшін, олардағы сөз байлығы мен сөз шеберлігін меңгеріп алу үшін баға жетпес үлкен құрал болып табылдды. Әсіресе қазақ тілінің сөздік құрамын дамьпу үшін құңды материал, бай қазына болғаңдығы сөзсіз.
Қазақ тілінің сөз байлығы әзге тілдермен де салғастырылып аударылғаңдары болды. Мөселен, шагын тұрде болса да «Ағылшын-қазақ сөздігі» (1960), «Монғолша-қазақша сөздік» (1954, 1977), «Арабша-қазақша түсіңдірме сөздік» (1969, 1984),
215
«Парсыша-қазақша түсіндірме сөздік» (1974), «Қазақша-ағылшынша сөйлесу» (1966), «Қазақша-немісше сөйлесу» (1968) шықты. Қазақ тілінің басқадай сөздіктерін жасауғада екі тілді аударма сөздіктердің мол төжірибелері бірден-бір негіз болды. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болуына байланысты соңғьі жыддарда оны үйренушілерге арналып, бірқатар орыс-ша-қазақша (және керісінше) шағын сөйлесу сөздіктері жарық көрді.
§ 58. Терминологяялық сөздіктер
Белгілі бір тіддегі ғылым мен техника саласыңдағы арнау-лы атаулардын сөздігін терминологиялық сөздік деп атайды. Термиңдер топталып бір сөздік түріңде де, белгілі бір гылым саласына байланысты жеке-жеке кітап болып та шыға береді. Мәселен, 1931 жылы шыққан «Атаулар сөздігі», 1936 жылы шыққан «Қазақ тілінің термиңдері», 1948, 1950 жылы шыққан «Терминология сөздігі» ғылым мен техниканың жеке бір сала-сына ғана арналмаған сөздіктер еді. Бұларда революциядан бергі кезеңце тілімізге енген термин сөздерді барынша жинақгап, жұртшылыққа ұсыну мақсаты кезделді. Елуінші жылдардан бергі кезеңде экономика мен мәдениеггің, техника мен ғылым-ның дамуына байланысты әрбір ғылым, техника саласының терминдерін өз аддына жеке сөздік етіп басып шығару мәселесі күн тәртібіне қойыла бастады. Осыңдай мақсаттың жаршысы ретіңде С. Арзымбетовтың «Орысша-қазақша ауыл шаруашы-лық термиңдерінің сөздігі» (1952, 1955) жарық көрді. Сонан бергі кезеңде ғылымның өзге салаларының термиңдері де ке-зекпе-кезек басылып шыға бастады. Қазір отызға жуық осын-дай үлкеңді-кішілі терминологиялық сөздіктер жарық көріп отыр. Бұған лингвистика, өдебиеттану, музыка, металлургия өнеркәсібі, тау-кен ісі, физикалық география, математика, фи-зика, астрономия, геология, юриспруденция, педагогика, пси-хология, медицина, іс жүргізу, экономика, философия, спорт-физкультура, құрылыс және құрылыс материалдары, ботаника және топырақтану, темір жол қатынасы, биология, химия, ар-хеология, механика мен машиналар, мал дерігерлік, әлеумет-тік-экономикалық, анатомиялық, өсімдіктер физиологиясы мен биохимиясы, қоғамдық-саяси термиңдер т. б. енгізіл-ген.
Қазақ тілінің терминологиялықсөздіктерін жасауға өз ісіне жетік деген маман кадрлар қатыстырылды. Алайда, жарық көрген ірілі-ұсақты терминологиялық сөздіктерде ана тілінің өзіне тән сөзжасам тәсілдерін әрдайым сіфқа пайдаланып келе
216
жатыр деп үзідді-кесідді айтуга болмайды. Сөздік жасаушылар тіддің әрқайсысына тән зандылыктар мен ерекшеліктерді терең зерттеп, осыған дейін орын алып келген олқылықтар мен ала-құлалықтардан арылу жолын іздестіруде. Бұл салада істелетін іс аз емес.
§ 59. Орфографиялық сөздіктер
Емле (орфография) бір тілдегі сөздердің дұрыс жазу нор-маларын белгілейді. Ал дұрыс жазудағы негізгі мақсат — ойды жазба түрде айқын етіп, дәл жеткізу. Сол үшін емле ережелері де жалпыга бірдей әрі тұрақты, анық болуга тиіс. Соңдықган емле ережелерін тұрақтаңдыру — сауатіы жазудың бірден-бір кепілі деп танылады. Қазақ тілінің емле ережелері революция-дан бергі кезеңце туып қальптгасты. Олар дүркін-дүркін әзгеріп, жаңарып отырды. Соның негізінде әр кезде ірілі-уақты «Ор-фографиялық сәздіктер» жарық кәріп отырды. Алгашқы сөздіктер негізінен мектеп көлемінен аса алмады. Неғұрлым көлеңді «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі» 1963 жылы жарық көрді. Ең соңғы емле сөздігі 1988 жылы басылып шықты, оған 49.000 сөз кірген. Бұл сөздік қазақ тілі емлесінің негізгі ережелеріне 1983 жылы 25 тамызда Қазақ ССР Жоғарғы Совегінің Президиумы енгізген өзгерістер мен толыктырулар негізіңце жасалды. Оңда сөздердің жазылуы морфологиялық және фонетикалық принциптерге негізделген.. Сөздіктің алга қойған мақсаты — сөздерді қалай жазса дұрыс болатыңдығын көрсету. Соңғы сөздіктің де жарық көргеніне 8 жыл болды. Содан бергі әмір талабы да бұны місе тұпіай ескірте бастады. Күн тәртібіңде қазіргі кезде емле сөздігін қайта жасау міңдеті тұр.
1960 жылы Г. Жөркешеваның «Біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің орфографиялық сөздігі» басылып шықты. Бұл еңбектің «Кіріспе бөліміңде» бірге жазылатын сөздер мен бөлек жазылатын сөздердің емле ережелері берілген. Кейбір кіріккен сөздердің түп-төркіні ашылған. Мұнда 5000-ға жуық біріккен және күрделі сөздердің тізімі көрсетілген.
Р. Сыздықованың «Қазақ орфографиясы мен пунктуация-сы жайыңда анықтағыш» 1960 және 1974 жылдары екі рет ба-сылды. Бұл еңбектің баспа қызметкерлері мен мұғалімдер үшін елеулі мәні болды.
Демек, қазақ тіл білімі орфографиялық сөздіктер шығару-дан да кеңде емес екеңдігін аңгарамыз. Алайда, мәселе сөздікгің саныңда емес, сапасыңда деп білсек, бұл салада істелуге керекгі әлі де қыруар жұмыстар бар екеңдігін айта кеткіміз келеді.
217
§ 60. Түсівдірме сөздіктер
Түсіңдірме сөздіктің алға қоятын мақсаты — бір тіддің бел-гілі дәуірдегі жалпыхалықтық сипат алған сөзцеріне мағыналық, стильдік әрі грамматикалық жан-жақты сипаттамалар беріп, тілдің қазіргі даму тұрғысыңдағы сөздік құрамның сан мөл-шерін біршама анықтау. Сөздердің мағыналық нормаларын, стильдік түрлі қодданыстарын саралап көрсету. Сонымен қатар сөздердің жазылуы мен айтылуындағы нормалардың ең дұрыс деген қалпын айқыңдай отырып, соған нақтылы түсінік беруді қарастырады. Соңдықтан түсіңдірме сөздік кейде нормативті сөздік деп аталады. Нормативті түсіңдірме сөздік бір томдық және көп томдық болып жасалады. Көлемінің үлкеңдігіне қа-рай көп томдык түсіңдірме сөздікті кейде академиялық сөздік деп атайды. Орыс тіліңде үш түрлі (17 том үлкен сөздік, төрт том орташа сөздік, бір том кіші сөздік) түсіңдірме сөздік басы-лып шықгы. Академик В. В. Виноградов; «¥лт тілінің түсіңдірме сөздіктері сөйлеу мәдениетінің ең күшті құралы ғана емес, со-нымен бірге оның мәдениетінің жемісі», — деп бағалайды1. Де-мек, өрбір тіддің түсіндірме сөздігі өсіресе ғылым мен техни-каның кемедденіп жетілген кезіңде соншалықты қажет екен-дігін аңғарамыз. Бұл кезеңде бүкіл баспасөз, мектеп, радио, теледадар барлығы да жүйеленген нормативті сөздіктермен ғана жұмыс істеуді талап етеді.
«Қазақ тілінің түсіңдірме сөздігі» ең алғаш рет екі том бо-лып, 1959 және 1961 жыддары басылып шықты. Оның жалпы редакциясын проф. 1. Кеңесбаев басқарды. Бұл сөздік жұрт-шылықтың күнделікті көдесіне жарап, азды-көпті мәңді қыз-мет атқарды. Бұған жиырма мыңдай ең жиі қолданылатын сөздер енген еді. Содан бергі өмір талабы бұл сөздікті толық-тырып, жаңартып қайта жасауды талап етті. Қай еддің даму тарихын альш қарасақ та, әдеби тілдің нормативті сөздігі бір мәртебе емес, әдденеше рет жасалған. Олар бірден-бірге кемел-деніп толығады, сараланып өңделеді. Ешбір елде жүйелі толық сөздік бірден жасалмаған. Қазақстан Үлттық Ғылым академи-ясының Тіл білімі институты 1967 жылдан бастап «Қазақ тілінің түсіңдірме сөздігін» көп том (он том) етіп шығару жұмысына бел шешіп, кіріскен еді. «Сабақты ине сәтімен» дегеңдей, сөздік 1974—1986 жылдар арасында он том болып, жарык көрді. Оның жалпы редакциясын басқарған проф. А. Ысқаков. Сөздікке 67 мыңдай атау сөздер, 24,5 мыңдай фразеологиялык тіркестер,
'Винофадов В В Теория и практика русской лексикографии, //«Вопросы языкознаиия», № 6, 1956, стр. 80.
218
барлығы 91,5 мывдай лексикалық тұлға қамтылып, жалпы саны 103,5 мыңдай мағыналықанықтама берілген. Бұл сөздіктің алға қойған мақсаты — қазақ тілінің сөз қорындағы сөздерді мүмкін болғанынша түгел қамтып, хатқа түсіру, есебін алу. Тіліміздегі сөздердің мән-мағыналарын дөл анықтай отырып, олардың әдеби нормаларын белгілеу. Реестрге алынған сөздердің қай сөз табына қатысты екендігін кәрсететін грамматикалық белгілер қойылған. Сөздікте сөздердің қолдану аясы мен шегін, соңдай-ақ, эмоционалды-экспрессивтік реңін сипатгайтын белгілер де берілген. Стильдік белгілер негізінен төрт топқа жіктеледі: 1. Әдеби тіл шеңберінен тыс қолданылу шегін көрсететін белгілер: қарапайым сөз (кррап), тұрпайы сөз (турп), сөйлеу тіліне төн сөз (сөйл), диалектілік лексика (диал.) т. б. 2. Әдеби тілдің белгілі бір саласында ғана жұмсалатынын көрсететін стильдік белгілер: көсіби-лексика (кәсіб), кітаби лексика (кітап.), діни сөз (діни), мифология-лық сөз (миф.), көнерген сөз (көне), тарихи сөз (тар), жаңа сөз (жаңа), поэтикалық сөз (поэт.) т. б. 3. Ғылымның белгілі бір саласыңда ғана арнайы жұмсалатындығын кәрсететін белгілер: биология (бим.), химия (хим.), музыка (муз), меди-цина (мед), спорт (спсрт), авиация (авиац.) т. б. 4. Сөздердің өр түрлі стильдік бояуын көрсететін белгілер: экспрессивті сөз (экспр), эмоционалды сөз (эмоц), сыпайы сөз (сып.) т. б. Сонымен бірге сөздікте азын-аулақ болса да қай сөз қай тідден келгеңцігін көрсететін этимологиялық белгілер де қойылған. Мысалы: араб сөзі (ар), иран (парсы) сөзі (цр.)', монғол сөзі (монг), орыс сөзі (ар.) т. б.
Аталған неше алуан белгілер бұрынды-соңды шыққан түркі халықтарының сөздіктерінің бәрінен де көп екеңдігін ес-керсек, бұл сөздіктің бағасы мен құнын біршама артгыра түспек.
Әрбір сөздің мағыналарына қысқа түрде тұжырымды анық-тама берілген. Сөздің негізгі затгық мағынасы аддымен беріледі де, онан соң қосымша және ауыспалы мағыналары келтіріледі. Сөз мағыналарының бәрі де өдебиеттерден алынған мысаддар арқылы ашылып, мысалдардың қай шығармадан алынғаны, ав-торының аты-жөні көрсетіліп отырған.
Реестр сөздін анықтамасы, оған берілген грамматакалық белгі және шығу төркіні (қай тіддің сөзі екеңдігі) мен қай стальге жататыңдығы туралы белгілер, бұларға келтірілген түрлі мысалдар, бір сөзбен айтқаңда, сөздік мақала деп аталады. Әрбір сөздің мағынасы мен реңкін айқыңдауға берілген нактылы мы-саддар, келтірілген иллюстрациялық материалдар сөздің қол-дану аясын, стильдік мәнін мүмківдігінше толық және айқын етіп дәледдеуді көздейді. Сол себептен олар атау сөзге қойылған
219
грамматикалық, стильдік белгілерге сай, сөздің табиғатын, си-патын жан-жақты түсіндіріп, анық ашып беретінлей болуы және мазмұны жагынан ұстамды да тұжырымды болып келуі қада-ғаланады. Фразеологиялар сөздікте сөз мағыналары талданған соң, жаңа жоддан қойылған мынадай белгіден ♦ кейін келеді. Бұл белгі бір-ақ рет койылады. Сөздің әр мағынасын ашу ұшін 3—4 мысал, ал фразеологияға 2—3 мысал алу жеткілікті деп есепгеледі. Келтірілген цитаттар мүмкін болғанына әр автор-дан және әр дәуір мен түрлі жанрларды қамгитыңдай болу жағы көзделінеді. Цитат табылмаған кейбір сөздерге ойдан мы-сал алынып, соңынан жақшанын ішіне (ауьвекі тіл) деген белгі койылады. Мысалға осы сөздіктегі вке деген сөзді алыл қарайық.
1. Әке зат. 1. Балалы балган ер адам.
Абайдың өз әкеа — Құнанбай, атасы — Өскенбай, арғы атасы — Ырғызбай (М. Әуезов, Әр жыл ). Алманың шешесі Отан соғысынын аддыңда, жесі Отан соғысыңда майданда қайт-ты. (Ғ. Мұстафин, Миллионер). Ол кезде жем менің атпыс жаста. Байғұстың баласы жоқ менен басқа (К. Әзірбаев, Өлеңд).
2. Малдың т. б. жан-жануарлардың еркегі, аталык, мал. Қозы-лардың жесін, енесін тұқымдық қасиеті жағынан дұрыс сынау өте қиын болады (М. Ермеков, Қазакст. биязы). Құлагер жең тұлпар, шешең сұнкар, Соғып ең дөненіңде сегіз арқар (Ақан сері, Шығ.). 3. Ауыс. Бір нерсенің ең зоры, улкені. Орыс-ноғайдын бірі болсаң, ен болмаса қазак болсан да жүзі бөлек Жетісудан болсан — тоңғаннын әкесін соңда көрер едін (I. Жансұгіров, Шығ ). Қуырдактын жесін түйе сойғанда керерсін (мақал). Үрғанның өкесін көрсетермін, — дейді ол кіжініп («Қаз. әдеб».). 4. Сейл. Өзінен жасы кіші адамга айтылатын қарагым, шырагым деген магынадагы свз. Ау, мынасы несі, тагы арабша ма? — дел, Дәуғара сұстия түсті де, — латыншасы болмаса, арабшасына шорқақ ем, оқып бересің бе, жеи? (Б. Майлин, Таңд.). Әкем-ау! — деп Марийка таңырқай сыңқ етгі. — Сен өзің Костя емессін бе? (М. Бубеннов, Ақ қайың). ♦ Әкеңнің қуны бар ма? Не ақың бар, жұмысың не? Әгінек бай, қылжакгамай ақымды бер, Шашубайда жеңнің қуны бар ма? (Шашубай). Мені осын-ша кедей кылғаңдай не жеңнің қуны бар еді сенің, — деп Тай-ман шалкасынан жатқан Мыркалды көк қарынның тұсынан тартып-тартып жіберді (Ә. Әбішев, Замана перзент). Әкесі ба-зардан келгендей. Мгв-мейрам, мгре-сгре. Үддай да әкесі базардан келгендей арсалақтап қуаныпты (С. Талжанов, ¥ддай кегі). Әкесінің аузынан тускендей. Айнымай таргу, ұксау. Құмарды көргеңде марқұм Рысмағанбетті көргеңдей боламын, жесінің
220
аузынан түскендей (ауызекі тіл). Әкесі олгендей балды. Жаман қиналды, қатгы кейіді. Сәрсенбайдың қолындағы сағатын ой-нап тартып алып, екі күндей бермей қойып едім, әкесі өлгендей болып, қабағын түйіп жүрді (ауызекі тіл). Әкесін таныта істеді. Жамсата істеді, қирата істеді. Бар малым осының жолыңца. Дүние күйіп кетсе де әкесін таныта істеңдер! — деп кіжініп калған еді (I. Жансүгіров, ІПығ.). Әкесін танытты. Сазайын берді. Бұл қылықтары үшін олардың әкесін танытып, көкелерін көзіне көрсеггі (ауызекі тіл). Әкесі аігенді де естіртеді. Жағымсыз, ең ауыр хабарды естірту, айту. Арғы-бергіні қаз-бай-ақ қой! Әкесі елгенді де естіртеді. Не десең о де, көрпеңді жалғыз сиырыма тиеп аламын да, кетемін қазір (С. Омаров, Қайырлы жаз). Өкіл әке. Әке орнына қамқоршы болатын адам. Қызыма ат қойған өкіл әке болған адамның атын білмей қалдық (С. Бақбергенов, Қайран шешем). Өмірде әр түрлі адамдар бола береді. Өкіл әке басын алып қашады, жатырлас іні сүйеніш болуға жарамайды («Лен. жас.»).
§ 61. Диалектологиялық сөздіктер
Қазак халқының ауызекі сөйлеу тіліңде қыруар жергілікті ерекшеліктер бар. Бүлардың көпшілігі фонетика мен грамма-тикддан гөрі лексика саласыңда жшрек ұшырасады. Қазақ тілін-дегі сөз таптарының барлық түріңде жергілікті ерекшеліктер табылады. Әсіресе зат есім, етістік, сын есім диалектілік сөздерге өте-мөте бай. Ауызекі тіддегі сөз айырмашылықгарын жинап-теріп, жеке сөздік етіп шығару жалпы халықтілінің сөз байлығын жете білуге үлкен жердем етеді, тіл тарихын салыс-тырып зерттеуге себін тигізеді. Ара-тұра өдеби тілдің сөз қорын көбейтуге де белгілі мөлшерде қолғабыс жасайтыңдығы дау-сыз. Тіліміздегі диалектілік ерекшіліктер негізінен ескі кәне тайпа тілдерінің қалдықтары болса, екінші жағынан, басқа тілдерден ауысқан кірме элементгер екендігі дәледценген. 1937 жылдан бастап, қазақ тіліңдегі диалекгілік ерекшеліктерді жи-нау қолға алыңды. Сол экспедициялық материалдардың негізін-де Ж. Досқараевтың «Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері» атіы тұңғыш сөздігі 1955 жылы басылып шықты. Сөздіктің алға қойған мақсаты: ♦Жұртшылықты халық тіліңдегі лексика-лық ерекшеліктермен таныстыру, олардың әр алуан мағына-ларын түсіңдіру, ол ерекшеліктердің әдеби тілмен, кейбір басқа тідцермен қатынасын тіл фактілері бойынша салыстырып көр-сету» (3-бет) еді. Кітапқа 1521 қазақ гілінің жергілікті ерек-шеліктері еңцірілген.
Сөздікте әр сөздің мағыналары бірде өдеби тіддегі балама-
221
ларымен, бірде сипаттама түрде түсіңдіріліп, сол мағыналардың әркайсысына тиісті мысалдар келтірілген. Мүмкіңдігіне қарай әрбір жергілікті диалектизмнің өзге түркі тілдеріңдегі, атап айтқаңда: қырғыз, қарақалпақ, өзбек, ұйғыр, татар және монғол тілдерінін ескілі-жаңалы материалдарымен салыстырылып көрсетілуі еңбектің ғылыми құңдылығын едәуір арттыра түс-кен. Кітапқа жеке сөздермен қатар жергілікті халықтын ауызекі тіліңдегі бірқыдыру сөз тіркестері де қамтылып, оларға да тиісті түсініктер берілген. Мысалы: жамбар тарту, ауыздап жіберу, бала қушақтау, бір шек болу, еркектеп кету, марқау кету, арам балу, сурам беру, тоқ ету, қайырма беріс т. б. Сонымен бірге жалпы халыққа өте-мөте танымал белгілі сөздердің де орын-сыз еніп кеткеңцігі де байқалады. Мысалы: аламан, ауу (егін туралы), бейбас, дарбаза, даіы (қатты дауыл), жасауыл, желек, зыгыр, кездік, кесел, миластыру, сіміру т. б. Жеке сездердіңшығу төркінін (этимологиясын) өр түрлі жолмен анықтап, оларды құжаттауда бірізділік жөвді сақталмаған, біреуі толық, евді біреуі соншалықты қысқа түсіңдірілгевдері бар.
«Қазақ тілінің диалектологиялык сөздігін» екінші рет проф-ессор С. Аманжолов 1959 жылы шығарды. Бұған 4000-нан ас-там жергілікті тіл ерекшеліктері енген. Автор қазақ тіл маман-дарының өр жылдардағы жазып алған экспедициялық матери-алдарын молынан пайдаланған, сонымен қоса аудаңдық және облыстық газетгерді, халықгық ауыз әдебиеті мұралары мен көрнекті ақын-жазушылардың шығармаларынан бай матери-аддар жинаған.
Мұңда өрбір реестрге алынған сөзге екі тілде (қазақша-орысша) толық түсінік беріліп отырған. Мүмкіңдігіне қарай алынған диалектілік сөз Қазақстанның қай жерівде кездесетін-дігі және қаңдай әдебиеттен алынғаңдығы көрсетілген. С. Аман-жоловтың бұл еңбегін тұңғыш рет жазылған екі тідді (аудар-ма) диалектологиялық сөздік деп атауға болады.
Ж. Досқараев пен С. Аманжоловтың сөздіктерінің біреуівде кездескен сөз екіншісінен де табылып отырады. Алайда, қайта-лаған сөздерге берілген тусінік көп ретте бірін-бірі толықгырып отырғанымен, кей жағдайда өзара алалықтар да тудырып отыратыңдығы аңғарылады. Мөселен, албар деген сөз Дос-қараевтың сөздігіңде қара (ашық қора) деп түсіңдірілсе, Аманжоловтың сөздігінде ат қора (конюшня) делінген. Зерен Досқараевта — зерлі аяқ, Аманжоловта — көздей, тостағанның ең кішкенесі. Сарамдасу — танысу, білісу, жөн сұрасу (Д); шұрқырасу (А.). Сугіт — сөгіс, ұрыс, сөгу, ұрысу (Д).; өсек, ғайбат (А.) т. б. Бірлі-жарым ұсақ-түйек кемшіліктері болғанымен, түпгеп келгевде, бұл екі сөздік қазақ диалектоло-
222
гиясын дамьпгуға үлкен үлес қосты. Онан кейін де жылма-жыл диалектологиялық экспедициялар ұйымдастырылып, қыруар материалдар жиналды. 1969 жылы «Қазақ тіліңің диалектоло-гиялық сөздігі» жарық көрді’. Мұңда бұрынды-соңды жина-лып-тёрілген ауызекі сөйлеу тіліңдегі ерекшеліктерді іріктеп екшей отырып, 6000-ға жуық сөз қамтылған. Сөздікте С. Аман-жолов пен Ж. Досқараевтың сөздіктерінің материалдары да пайдаланылған. Сөздіктің жалпы құрылысы — реестрге алынған сөздерді түсіндіру принципі мен мысалдарды беру тәртібі жағынан «Қазақ тілінің түсіңдірме сөздігіне» жақын. Бұл сөздікте негізінен өз республикамыздағы тіл ерекшеліктерімен бірге Түрікмен, Орынбор, Қошағаш қазақтарының тіл ерекшеліктері де қамтылған.
Ал әзге еддерде тұратын қазақтардың тіл ерекшеліктері ол кезде жөңді зертгелінбегеңдіктен, аталған сөздіктен тиісті орын ала аламаған. Еңбекте ана тіліміздегі жергілікті сөз айыр-машылықтарының басын қосып, салыстырып зерттеу арқылы сөздерге талдау жасалған. Сонымен қатар кейбір олқыл ыктары да жоқ емес. Сөздікті жасаушылар сөздікке тек қана диалек-тизмдерге жататын сөздерді таңдап алудын, орнына кей ретте таза әдеби тілдің сөздерін талғаусыз еңдіре бергеңдігі байқалады. Мысалы: астау, әнтек, бапкер, баспа, баялыш, бия-лай, боздақ, буазу, булық, дембе-дем, елі, жадагай, жарысқазан, жасымық, жаужурек, коделеу, кергі, қазанат, қодыра, қоз, мар, морлау, нәл, самал, оттық, сақпаншы, маймақ, саяқ, саумалау, сулық, сарымсақ, қотару, қыдырмаіиы, қыршу, майқандау, айыр-ма, алмалау, туйетабан, үреген, туктеу, уық қап, урт т. б. Кей жағдайда сөздерге түсінік беріледі де, сол анықтаманы дәледдерлік мысал келтірілмейді. Мәселен, оған азандық, ай-ланпас, бейпіл тәрізді сөздерді жатқызуға болады. Сөз мағыналарын дәлдеп д ұрыс түсіңдіре алмаушылықта кездеседі. Мәселен, аржа деген сөзге жаңқа, жіңішке жұка жәшік деп тұсінік берген. Мұны жұқа тақтайша, фанера деп анықтау жөн еді. Кекіл (кекіл темір) Орын: Ад., Бөр. Есікке құлып салатын жер. Оны құльш салатын, құлып өткізетін ілгек темір деу жөн. Осыңдай азын-аулақ кемшіліктеріне қарамастан, бұл сөздік бүгінгі күңдегі қазақ диалектизмдері жөніңдегі бірден-бір толық анықтауыш болып есептеледі.
1 Қа:іақ тілініц диалектололіялық сөздігі. Алматы, 1969- Қүрастырушылар; Ж. Досқараев, Қ. Айтазин, Ш. Бекгұров, Ж. Болатов, Ғ. Қалиев, О. Нақысбеков, Ә. Нұрмағанбетов, С. Омарбеков, Ш. Сарыбаев.
223
§ 62. Синонимдік сөздіктер
Әр халықтың тіліңдегі мәңдес сөздерді жинақтап, жеке сөздік етіп шығару тәжірибесі озық мәдениетгі едцердің көбіңде бар. Мысалы, орыс тіліңде синонимдер сөздігін шығарумен екі ғасырдан астам уақыт дүркін-дүркін айналысып келе жатыр. Соның нәтижесіңде үлкеңді-кішілі өр алуан сөздіктер жарық көрді. Бұлардын әрқайсысының құрылысы да, көлемі де, жа-сау принципі де турліше, бір-бірінен өзгеше. «Қазақ тіліңдегі синонимдер сөздігі» тұңғыш рет 1962 жылы шықты. (авторы Ә. Болғанбаев). Бұған төрг мыңнан астам (1400 синонимдік қэтар) сөз кірді. Сөздіктің соңыңда жұртшылықтың пайдалануына жеңілдік келтіру мақсатымен, екі турлі көрсеткіш (әліппелік көрсеткіш пен синонимдік қатарлардың көрсеткіші) берілді.
Мөңдес сөздер белгілі бір синонимдік қатарға топтастыры-лады. Белгілі бір ұғымның шегін ажыратпас бұрын, ең адды-мен, тіддегі әрбір сөздің өзіне төн мөн-мағыналары анықталып, оларға әр турлі әдебиетгерден мысал келтіріліп отырады. Әрбір синонимдік топтағы сездердің қатары белгілі заңдылыққа негізделіп, қайсысы бұрын, қайсысы кейін тұруы керектігі анықталады. Синонимдік қатарға негіз болатын доминант (тірек) сөзді іріктеп шығару оп-оңай іс емес. Доминант (тірек) сөз мағына жағынан тиянақты, ашық-айқын, стильдік реңі жағынан бейтарап, сонымен бірге көп мағыналы емес, дара мағыналы сөз болуға тиіс. Бұлар синонимдік қатардың алдын-да тұрады, басқалары мағыналық жақындығына қарай, ілгерілі-кейіңді бірінен кейін бірі тізіліп тұра береді. Көп мағыналы сөздердің өр мағынасы әр түрлі синонимдік қатарда жұмсалса, оңда бір соз неше мәртебе қолданылса, сонша рет сөздікке алынады. Мәселен, аталған сөздікте дуниедеген сөзтөрг түрлі сөзбен (әлем, өмір, жаратылыс, зат) синонимдік катынасқа тускендіктен, төрт рет алынған.
Синонимдер сөздігін жасауға кіріспес бұрын оның мақсаты мен міңдетін белгілеп алу қажет. Осыған орай ендірілетін сөздердің түрлері анықталады. Синонимдер сөздігі негізінен әдеби тіддің шеңберіңдегі сөздерді қамтуға төіс. Сонымен бірге өткен дәуірдің елесі ретіңде архаизмдер кіреді, кәсіби сөздер мен кейбір диалектизмдер де алынады. Термиңдердің де сан алуан стильдік-мағыналық мөн беретін синонимге өте-мөте жақын жүргеңдері сөздікке еңдіріледі. Мәселен, право деген орыс сөзі қазақтың ерік, қақы, куқы сөздерінің синониңдік қата-рына кіріп, ғылыми стильде қолданылып келеді. Сол сияқты образ — бейне, тулга сөздерінің синонимдік қатарын, герой — кейіпкер, қаһарман сөздерінің синонимдік қатарын толықтырып,
224
ерекіпе стильдік мәңде қолданыльш жүргендіктен, бұлар да сөздікке енген. Әдетге, терминологияны жасаушылар *сино-ниадер терминологияның жауы» деп теріс түсініп, оның біреуіне ғана жармасып, қалғаңдарынан ертелі-кеш құтылуға әрекет жасайды. Мұның басты себебі кейбір термин жасаушы-лардың терминдердің өзге сөздермен мағыналас, үйлес келіп, белгілі бір ұғымды жан-жақты тусіңдіру қабілетін жете түсіне алмағаңдығынан туған еді. «Синонимдер сөздігіне» синонимдік қарым-қатынаста жұмсалатын фразеологизмдердің бәрі бірдей талғаусыз ене бермейді. Мәселен, айқын, анық деген ұғымда «бесенеден белгілі», «тайга таңба басқандай», «соқырга таяқ устатқандай» деген идиомдар айтылады. Куйреді деген ұғымда «тас-талқаны шықты», «кулі көкке ушты», «аягы ас-паннан келді», «жермен жексен балды», «тамырына балта ша-былды» деуге болады. АлаЙда, бұлардың бірде-біреуі сөздікке кірмеді. Тек екі сөзден құралып, бір сөздің орнына жүретін ыгыр балу, мезі балу, тісінқайрау, сөз таластыру, із-тузі білінбеу, ысырап балу тәрізді некен-саяқ фразеологиялык тіркестер ғана еңдірілді.
Орыс тілінің синонимдер создігінде синонимдік қатардың құрамыңцағы әрбір сөздің мағынасы талданып, қолдану аясы мен стильдік қызметі түсіңдірілген. «Қазақ тіліңдегі синоним-дер сөздігіңде» бұл міңдет түрлі заңды себептермен іс жүзіңде атқарылмады. Бұл мәселеніңтүбегейлі шешілуі өрбір ұлттілінің даму тарихымен тығыз байланысты. Әр халықтың жазба өдеби тілі неғұрлым ерте басталып, сол дәстүр үзілмей үнемі жалғаса берсе, сол тілдің әдеби тілі де соншалықты сараланып, жүйеге түспек. Ал кешеуілдеп кенже дамыған едеби тілдің олпы-сол-пы кемшшік жағы, жүйесіздігі қашаңда байқалып тұрады. Осы айтылғаңцардың алғашқысына орыс тілін, кейінгісіне қазақ тілін жатқызуымызға болады. Қазақ тіліңцегі синонимдерді стильдік салаға жіктеп бөлу жұмысының өте-мөте тапшы-лығынан, тіліміздегі сөздердің бәрі бірдей өлі күнге сараланып жетілмегеңдіктен, бұл міңцет кейінге қалдырылды. Сөздікте синоним қатарларының жүйеленген тізімі беріліп, солардың мағыналарын ашарлық мысал келтірумен ғана шектелген:
Аласа, тапал, қысқа, кішкене, тәпелтек, мықыр, қортық, тырбық, жатаган. Мысалдар: Ортасында аласа бойлы, ақырын сөйлейтін бір кісі бар (Әбдіқадыров). Менің астымда жортақылау, тапал тор ат (Майлин). Аралық қылшық тубіттен узын, көбінесе қылшықтан қысқа келеді (Ермеков). Кішкене қара жігіт, бул вагоншы Егентай (Ерубаев). Мойнымды қанша созып тырмысқанмен, мына тэпелтек бойым терезегеже-тер емес (Соқпақбаев). Бораштын, мықыр саусақтары қайланың
8-3312
225
сабын бойлап, перне басқан домбырашының қолындай билеуде (Мұстафин). Бибажарды айттырып отырган Дүйсенбайдың ба-ласы да Бибажарга тең емес, бір қортық көрінеді (Сейфуллин). Ботагөз қарган тастың текшеленген жіктеріне өскен тырбық қарагайлардың бірінен соң біріне жармасып төбесіне шықты (Мұқанов). Жатаган келген жарау аттар, суліктей созылып, керіле қулаштап барады (Мүсірепов).
1975 жылы «Қазақ тілінің синонимдер сөздігі» деген атпен бұл сөздік екінші рет басылды. Мұңда қолдағы материалдар-дың таңдаулылары іріктеліп, 5000-нан астам синоним берілді. Демек, бұл еңбек бұрынғы шыққан сөздіктің толығып кеңейген, өнделіп түзетілген, жақсарған жаңа варианты деп танылады. Мәселен, сөздіктің бірінші басылымыңда олу деген сөздің синонимдік қатарыңда бар болғаны бес-ақ сөз кірген болса, соңғы басылымыңда 27 сөз енгеңдігі бұған айқын дәлел бола алады:
Өлу, қайту, узілу, өту, дуние салу, коз жуму, қаза болу, қайтыс бслу, қазага ушырау, қаза табу, журіп кету, жан тап-сыру, дуниеден ету, дуниеден көшу, демі таусылу, демі біту, куні біту, уақыты жету, келмеске кету, жан бфу, жан тәсілім қылу, қайтпас сапар шегу, қайтпас сапарга кету, жер жастану, опат болу, м&т болу, дэм-тузы тугесілу.
Тіліміздегі синоним байлығы өлі күнге жиналып-теріліп біткен жоқ. Оның жиналғанынан жиналмағаны көп, зерттеліп жүйеленгенінен тексеріліп сараланбағаны басым. Мұңдай ізгі жұмыстар көгггің күшімен ғана жүзеге асыруға болатындығын сөздік жасау тәжірибесі айкын көрсетеді.
§ 63. Абай тілінің сөздігі
Белгілі бір акын-жазушының шығармаларының тіліне арналған сөздікті арнаулы сөздік деп атайды. Әрбір ұлы жазу-шы өз заманының куәсі, айнасы. Олар өздері өмір сүрғен доуірінің саяси-әлеуметгік және қоғамдық өміріне қалай бол-са солай, немқұрайды қарап отыра алмайды. Жақсысына сүйініп, жаманшылығы мен кемістігіне күйініп, өзінің өділ сын-бағасын айтып отырады. ¥лы ақын-жазушылар өр түрлі көркем бейнелер арқылы бүкіл бір заманның тарихи картинасын су-реттеп, кейінгі ұрпақтың өмір бақи есінен кетпейгіңдей етіп көз алдыңа елестетеді. Олардың қалдырып кеткен асыл мұралары ешқашан ескірмейді, тозбайды, мұқалмайды. Қайга жаңа заман ңдеясымен өрқашан жаңғырьпі, құңдылығы мен бағасы бұрынғыдан арта береді. Дәл осыңдай ізгі қасиет Пуш-кин мен Абай тәрізді ұлы жазушылардың шығармаларына төн
226
нәрсе. Орыстың ұлттық әдеби тілінің негізін салуда А. С. Пуш-кин қандай зор қызмет атқарған болса, қазақтың жаңа бағыгтағы жазба әдеби тілінің ірге тасын қалауда кемеңгер Абай да совдай ұлы еңбек сіңірді. Орыс халқы өзінің сүйікті перзенті, данышпан ақыны А. С. Пушкин шығармаларының төрттовдық сөздігін (1956-1961) жасап жарыққа шығарған бо-латын. Бұл сөздік орыстың ұлттық әдебиетінің тарихы жөнівде, әсіресе оның лексикасының өткен тарихы бойыңша өте манызды рухани құрал деп есепгеледі. Осывдай өнегелі іске сүйене отырыл, Тіл білімі институты 1968 жыльг Абай Құна-нбаев шығармаларының сөздігін (көлемі 80 баспа табақ) жа-сап, бастырып шығарды.
Жеке ақын-жазушылардың шығармаларының сөздігін жа-сау тәжірибесі бүкіл түркі тіддерінің бұрынды-соңды даму та-рихында болмаған. Мұның қиындығы мен өзінше жаңалығы осыңдажатыр.
Абай сөздігін жасаудың мақсаты мен маңызы неде? — деп жалпы сұрақ қоюға болады. ¥лы ақын қараңғылық пен зор-лық-зомбылық үстевдік еткен, рушылдық пен жікшілдікке негізделген феодалдық бытыраңқылық дөуірде тіршілік еткеніне қарамастан, ол өз ортасьгнан үздік шығып, халқына, кейінгі үрпаққа «өлмейтұғын өнегелі сөз қаддырды». Абай на-даңдық пен күрестің ең өткір құралы—тіл деп түсіңді. Соңдық-тан ол «Мақсатым тіл ұстартып, өнер шашпақ. Наданның көзін қойып, кеңілін ашпақ» деген болатын.
Үлы ақынның саяси-өлеуметтік көзқарасы, демократтық вдеялық мақсаты шығармасының бүтін өн бойынан, тіл ұстар-туынан айқын сезіліп тұрады. Кемеңгер ақын адамзат қоғамьгн-дағы тіддің атқаратын қызметі мен мәнін, оның халыққа тигіз-етін ықпалының өте күшті екеңдігін жақсы түсінген. Сондықтан да ол қазақ тіліңдегі мәнсіз, басы артық қосалқы сөадерден поэзияны тазарта отырып, «гілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетін» жағывды сөздердің неше алуан үлгісін тауып, өнегесін көрсетті.
Ол үшін ұлы ақьін қазақтың байырғы тума төл сөздерін өңдеп-түзеп, жаңа мазмұн беріп, өз кәдесіне жарата бідді. Мөселен, талаптың тулпары, көңіл қусы, тентек өмір, жабыраңқы сөз, тіл устарту т. б. теңеу сөздерді Абайдың қазақгыңтөл сөздерін жаңартып, жаңадан сөз жасағандығының айғағы деп қарау керек. Ақын қазақтың ауызекі сөйлеу тілін, ауыз өдебиеті тілі мен жазба әдебиет нұсқаларын пайдалана отырып, қазақтың болашақ ұлттық өдеби тіліне жөн-бағыт сіл-теп, сара жол садды. Қазақ тілінің барлық сөздік қорын, лек-сика-фразеологиялық байлығын, мақал-мәтеддерін мейлінше емін-еркін өрі шебер түрде пайдалана отырып, жетпегенін араб,
227
парсы және орыс тіддерінен алып толықтырды да кәдесіне жа-рата бідді. Абай шығармаларыңда кездескен сөз байлығының барлығы да түгелдей сөздікке еңцірідді. Мұнымен қоса ақыннын өзі қолданған жалқы есімдері — кісі атгары мен жер-су атау-лары, халық пен ру аггары да қоса қамтылдьі. Шығарманың текстіңде кездеспеген, тек белгілі бір өлеңнің тақырыбына алынған кісі аттары, мөселен, Әсет, Кожекбай, Баймаганбет, Күлембай сияқты есімдер сөздікке жеке реестр болып алынба-ды.
Абай шыгармасыңда қодданылған араб, парсы жөне орыс сөздері негізінен екі салаға бөлініп қаралады. Оның бірінші түрі қазақ тілінің лексикасына біржола еніп, ана тіліміздегі төл сөздердей етене болып кеткен жалпы халыққа таныс сөздер. Ал екіншісі — Абай шығармаларында ғана ұшырасатын, бірақ қазақ тілінің сөздік құрамынан белгілі орын таба алмаған бей-таныс, бөгде сөздер. Бұлардың тізімі өліппе тәртібімен қосым-ша ретіңде сөздікгің соңыңца көрсетіледі. Абай — халық тілінің бай да нәрлі құнарын тек шебер пайдалаңушы ғана емес әрі неше алуан жаңа сөздер, жаңа мағыналар тудырып отырған жаңашыл ақын. Ақынның шабытты, сәтті шақтарыңда өзінің ұпіқыр қаламынан туған мақал-мәтедцік сипат алған, толып жатқан қанатты ғақлия сөздері бар. Бұлар қазір халық сүйіп айтатын афоризмге айнальпі кетгі. Ақын өз шығармасыңда жай қарапайым сөзге жан бітіріп, неше қилы қозғалысқа түсірді. Сонымен қатар кемеңгер ақын тіддегі сан қилы тропалық тәсіддерді/аллегория мен шеңдестіруді, сарказм мен ирония-ны, эпитет пен тенеуді өр түрлі ойнақылықпен құбылтып отырған. Әсіресе метафораны кең түрде еркін пайдаланған. Мысалы: «Сөзімде жаз бар шыбынсыз» дегеңдегі жаз деген сөз, «Көңідцің жайлауынан ел кеткен бе?» дегеңдегі жайлау сөзі, «Қажыды көңілім көп шауып» дегеңце шабу сөзі, «Қаранғы, саңырау ойды қайғы жеңген» дегеңде саңырау деген сөз, «Үміттің аты елеріп» дегеңде ат сөзі Абайдың өзіңдік метафо-ралық сөз қолданыстарына жатады. Сөздікте мұңдай контексгік мағыналарға «ақын бұл жерде мынадай мағынада қолданып отыр» деп кең түсінік беріледі. Сөздің белгілі бір контекстегі бейнелі мағынасы сөздің эстетикалық мағынасы деп аталады. МұңдаЙ мағыналарды саралау міңдегін ақын-жазушы тіліне арналған арнайы сөздік қана атқара алмақ.
Абай сөздігін жасау мақсаты ұлы ақын өз шығармаларьш жазуда қазақ тілінің сөз байлығын қалай пайдаланды, қанша сөз және оларды қандай мағынада қолданғаңдығының бетін ашу екеңдігі даусыз. Сөздікте осы мақсат біршама нақтылы жүзеге асқаны байқалады. Абай шығармаларыңда аліы мыңға
228
жуық жеке-дара сөз қодданғаңдығы анықталды. Бұл еңбектін ұлы ақынның асыл мұрасыңдағы «іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын* терең білгісі, үйренгісі келген барлық қауымға пай-дасы тиері сөзсіз. Абай сөздігі қазақ тілінің өткені мен қазіргісін салысіыра отырып тексерген жеке зерттеу еңбек болмағанымен, сальютырып зертгеу үшін сұрыпталып тексерілген, бір дәуірдің белгілі жүйеге түскен дайын материалы деп есептеледі. Сөздік қазақ тілінің лексикасында Абай өмір сүрген замаңда қаңдай сөздер мен тұлғалар болғаңдығын жөне олар қаңдай мағынада қодданылғаңдығын, ол кездегі сөздердің айгылу нұсқаларын анықтау үшін аса маңызды құрал болып табылады.
Сонымен қатар сөздік кемеңгер акынның қаламынан туған шығармалар тіліне төн өзіңдік ерекшеліктерді Абайдан бұрыңды-соңды қазактың өзге ақын-жазушыларының тілімен салыстыра отырып, даралап бөліп көрсету үшін де өте бағалы еңбек деп танылады. «Абай тілі сөздігі» акын шығарма-ларындағы сөздердің анықгағышы болғаңдықтан, реестрге алынған сөзден кейін оның неше рет қолданылғандығы (саны) көрсетілген. Бір сөз қанша мағынада жұмсалса, оған сонша анықтама берідді. Аддымен ең негізгі (заттық) мағынасы, онан кейін қосымша және өзіндік сөз қолданысы көрсетілген. Соңынан белгі қойылып, тұрақты сөз тіркестері келтіріледі. Әрбір мағына мен сөз тіркестеріңде берілген анықтамадан кейін оның неше рет қайталанғандығы жақшаның ішінде көрсетілген.
Сөз Абайда қаңдай грамматикалық тұлғаларда қолданыл-ғандығын көрсету үшін, сөздік мақаланың ең соңынан Ө белгі қойылған да, содан кейін олар бірінен соң бірі тізіліп, әр грам-матикалық тұлға қай томда, кітаптың қай бетіңде кездесетіңдігі көрсетілген. Грамматикалық тұлғалар қазақ тіл біліміңдегі қалыптасқан жүйеге негізделіп құрылған. Мөселен, есту деген сөзді алып қарайық:
ЕСТУ(24). 1. Құлақ салу, тыңдау, сезіну (17). Сенбісің ақын булбул, жаңа көрдім, Атыңа журт мақтаган қумар едім. Бір сайрап берсең, қаяқам, өзім естіп. Рас па екен журттың свзі, сынар едім 11.127). Көзбен көріп, қулақпен естіп, қоямен устап, тілмен татып, мурынмен иіскеп, тыстагы дуниеден хабар алады (11,216). 2. Хабарлану, білу (6). Әрбір естиіік жеке өзі іскежара-майды. Сал естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жа-ман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе бала-ды (11,175). Бул сөзбен Халифага Масгут барды. Хабардан естіген соң хан да аңгарды. Айтқан кезі жақындап келген шақта, Ерте-рек таза судан қуйып алды (1,268). Ө Сөгіс есту — сөз есту, айыбы бетіне басылу (I). Ақыл айтар тугандар. Бул созімді
229
ойлаңддр. Кателечке к&бейді, Сөгіс естіп, тозды ажар (1,82). • Есту: II, 170; естуші-. 11,158; естімегі: 11,198; естіп: 1,82, 120, 268, II, 115,121,127,175,213,216, 217; естіген: 1,268, II, 216,221, естігеннің: II, 164; естігенде: II, 186; естігенім: II, 215, естігеніңді: II, 187.
§ 64. Этимологнялық сөздік
Этимологиялық сөздік белгілі бір тіддегі сөздердің шығу төркінін, олардың бастапқы дыбысталу түрі мен мағынасын анықтайды. Тілдің даму барысыңда сөздер түр-тұрпаты мен мән-мағынасы жағынан қандайлық өзгерістерге ұшырағандығы айқыңдалады. Яғни сөздің о бастағы түрі мен мәнін туыстас тіддердің материаддарымен салыстыра отырьш ашып, қазіргі қалпына дейін қаңдай даму процестерін өткеңдігі керсетіледі. «Қазак тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі» 1966 жылы жарық көрді. Мұңда 333 сөздің арғы түп-төркіні, алғашқы мағьмасы түсіңдірілген. Шығу тегі шет тіддік сөздердің қай тідден ауысқандығы, қаңцай тұлғада айтылғаңдығы көрсетілген. Мөселен, такелаж деген орыс сөзі өзгере келе каталажка, ал қазак тіліңде өуелі каталаіика, одан кейін кәтелешке болып кеткеңдігі түсіндірілген.
Сөздікте реестрге алынған сезден кейін әдеби шығарма-лардың түрлі нұсқаларынан мысалдар келтірілген. Сонымен қатар біраз сөздерге түсініктеме беріліп отырған. Сөздік мақалаларда әр автордың өзді-өзінің берген талдауларынан басқа, жеке сөздің этимологиясы жайыңда бұрыңды-сонды айтылған зерттеушілердің пікірлері қоса қамтылған. Сөздіктен бірнеше мақаланы келтірейік:
Артель. Содан кейін артель уйымдасты да, мен мушесінің біреуі болып кірдім (С. Мұқанов). Бұл сөз тілімізге орыс тілінен енгенімен, оның төркіні түркі тіддерімен байланысты. А. Г. Преображенский, Н. В. Горяевтардың талдауы бойынша, ар-тель сөзі татар тіліңдегі ортак, және ел деген дербес сөздерден құралып, «бірлестік, ортақтық» деген мағынаны білдіретін болған (Преображенский. Этим. сл. рус. яз., 8; Горяев. Ср. Этим. сл. рус. яз„ 6). Басқа пікірлерге қарағаңда, ортель сөзінің түбірі түркі тіддеріңдегі орта, орталай деген сөздермен байла-нысты (Будагов. Ср. сл. тур.-тат. нар., 123). Сөйгіп кезінде түркі тілдерінен орыс тіліне ауысқан артелъ сөзі қазір өзгерілген түріңде, жана мағынада түркі тіддеріне кері ауысып, қолданы-лып жүр (Н. Қ.).
Барымта. Мундай даудың арты әдетте барымтага согады (С. Мұқанов). Кейбір тілдердің фактілері бізді бұл сөздің эти-230
мологиясын ашуға жақыңдата түседі; туваша барымдаа — 1) негіз; 2) себеп. Монгалша — баримт: 1) негіз, себеп, аргумент; 2) факт, жағдай; 3) есеп. Тіліміздегі барымта зат есімінің шығу төркіні «себеп, негіз, дәлел, есеп» мағыналарына келіп ұштаса-ды, өйткені барымта себепсіз, негізсіз, дәлелсіз болмайды. Біздіңше, түркі тілдеріңдегі барымта сөзі монғолдың «негіз, себеп, дәлел» мағынасыңдағы баримт сөзінен шыққан болуы керек. Баримт түркі тілдерінің артикуляциялық базасына сай барымта болып өзгерген және оның мағынасыңда абстракты-лау пайда болған тәрізді. Барымта сезінен барымталау, барым-таласу сияқты туыңды етістіктер жасалған (Ж. Б.)_
Монша. Біз шақтыдан қас қсірая шыгып едік, моншага тусіп шыққанымызша тун болып кетіпті (Ә. Әбішев). Монша сөзі орыс тілінің мытъся деген сөзінен ауысып, татар тіліне мунча (Радлов. Опыт. сл. І-ІҰ) болып енген. Қазақ тілінің ды-быстық ерекшеліктеріне сай мунча сөзі монш& болып өзгерген. У дыбысы о-га, ч дыбысы ш-ға ауысқан. Сөйтіп, монша қазақ тіліне көршілес татар тілі арқылы орыс тілінен ауыскан сөз (Б-С.).
Этимологиялық сөздік — білім салаларының өзара ұшта-сып қабысуын талап ететін өте жауапты да қиын жұмыс. Туған халқының ежелгі тарихын емін-еркін білумен қатар тарихи фо-нетиканы, грамматиканы, лексиканы да жете білуді талап етеді. Аталған сөздік жайыңда оның алғы сөзінде «біздің ұсынып отырған бұл еңбегіміз белгілі бір қатаң тәртіппен күн ілгері алынған лұғат (реестр сөздер тізімі) бойыниіажасалған азды-көпті толық сөздіктен гөрі, әзірге сол сөздікті жасауга дайын-далган материаддар» (8-бет) деп көрсетілгеңдей, сөздіктің негізгі мақсаты сөзтөркінін іздеушілерге ой салып, бағыт-бағдар сілтеу екеңдігі даусыз.
Тіліміздегі түбір тұлгасы онша мәлім емес сөздердің эти-мологиясын жан-жақты анықтап, толық сөздік шыгару --болашақтың ісі.
§ 65. Фразеологиялық сөздік
Фразеологиялық сөздік тілдегі сан алуан тұрақты сөз тіркестерін қамтиды. Қазақ тілі неше қилы фразеологиялық сөз тіркестеріне өте бай. Бұлар аз сөзбен көп мағынаны жеткізуде айрыкша қызмет атқарады. Көркем образ жасауда тұрақты сөз тіркестерінің алатын орны ерекше. Мөдениеті ғарыштап дамыған елдердің көпшілігіңде фразеологиялық сөздіктер бар. Қазақ тілінің тұңғыш фразеологиялық сөздігі 1977 жылы проф. I. Кеңесбаевтың авторлығымен жарыққа
231
шықты. Сөздікте он мыңнан астам фразеологиялық тіркес қамтылған. Әрбір фразеологизмнің мағынасына түсініктеме беріліп, қолданылу орайы көрсетілген. Қазақ фразеологизм-дерінің синонимдері мен варианттары да, мүмкін болғанынша жинақталып берілген. Кей жағдайда жекелеген фразеологизм-дердің пайда болу жайы да сөз болып отырады.
Сөздікке негіз болған Тіл білімі институтының картотека қорыңцағы қыруар материалдар екені даусыз. Сонымен қатар автордың ұзақ жыддар бойы тірнектеп жиған материалдары молынан пайдаланылған. Сөздіктің кіріспесіңде оның құры-лысы мен жасалу принциптері жайыңда кең түсінік берілген. Сөздікте фразеологизмдермен қоса «Қазақ тілінің фразеол-огизмдері туралы» деген көлемді теориялық мақала берілген. Сонымен бірге «Ен-таңба туралы», «Ай санау дәстүрлері тура-лы», «Жыл қайыру жайлы» қосымша материалдар да бар. Сөздіктің соңыңда «Шартты қысқартулар» тізімі мен иңдекс ретінде «Сөз тізбе» берілген. «Сөз тізбеде» фразеологизмдердің тууына ұйытқы болған сөздердің тізімі және олардың қатысы-мен жасалған фразеологизмдердің сөздіктің қай беттеріңде екені нақты керсетілген.
Сөздіктің құрылымы мен құрылысын, жасалу принципін мынадай мысалдардан көруге болады.
Бас цді. 1. Ризалық біддірді, көрсетілген құрметке ілтипат білдірді. Әнші әнін аяқтап, залдагыларга бас иді (Қ. Ж.). 2. Мойынсұңды, көңді, алдына тізе бүкті, бағыңды. Бірлігі бар, арманы бар, ойы бар. Бул Корея бас иётін ел емес (Ж. С.). Өрісі қатты тарыдды. Ел қоргайтын елдердің, Аягына барып бас иіп, Алдияр деп жалынды (Жамбыл).
Бір сөзді. Екі айгпайтын, айтқанын бұлжытпай орыңдай-тын. Жайнақулы Баймагамбет елдің кісісі, кедей. Оншақты ауыз сөзді орысша білетін, оқымаган, қажырлы, бір созді, пысық адам (С. С.).
Қол тума. 1. Өз қолында өскен, асыраңды. Бул туйе— кол-хоздың осірген қол тумасы (АТ). 2. Өз қолымен орнатқан, жасаған. Куй атасының бул қол тумасы да тыцдаушыларын бір серпілтіп тастады (Қ. Қ).
Ортан қоддай. Мынау деген мықты, жарамды. Сонымен Қунанбай журіп кетті. Колігін, жылы шанасын, жал азыгын, қос аттарын шетінен ортан қолдай қып сайлап алды (М. Ә.). Ортанқолдай төрт улы болды — шетінен қасқыр (Б. М.).
Ақ түйенің қарны жарылды. Қарык боп қадды, ит басына іркіт төгідді. Сал күннен бастап Итбай аулында ақ туйенің қорны жарылды (С. М.). Тіпті көнбей жатса, «Шырагым-ау, Баймуқаным келіп, ақ туйенің қарны жарылып жатқанда, 232
дастарк,анымның бедфін көрмей кетесің бе?» — деп өкпе айтады (Л. Ж.).
§ 66. Орфоэпиялық сөздіктер
Сауатгылық сөздерді белгілі ережелерге сөйкес дұрыс жа-зумен ғана көрінбейді, оларды дұрыс айтып, дұрыс оқумен де бағаланады. Өйткені сөз біткеннің бөрі бірдей қалай жазылса, солай оқыла бермейді, көп ретте оларды қалыптасқан орфоэ-пиялык жүйеге келтіріп сөйлеуді талап етеді. Қазақ әдеби тілінің орфоэпиялық нормасының қалыптасуына негіз болған оның бай ауыз әдебиеті екевдігі сөзсіз. Бүгінгі өдеби тіддің айтылу нормасы сахна әнеріне, мектептерде, біреумен біреу ауызекі сөйлеген сөзде, күвделікті радио мен теледидар хабарларыңда, сонымен қатар көпшілікке окылатын лекция-ларда айқын байқалдды. Сөздің қалай жазылуы мен қалай ай-тылуы бір-біріне ықпал етіп отырады. Сөйлеу тілінің өзівдік ерекшелігі болады. Сөзді сөйлегеңде сөйлеу тілінің қалыптасқан жүйесіне салып айтпаса, тыңдаушыға онша есер етпейді, оны ешқавдай кызықтырмайды. Мәселен, өлім аузынан қалды дегевді өлүм аузынан галды деп, өгіз аяң дегевді өгүз аяң, өзен бойы дегеңді өзем бойу, өкіл куйеу дегевді өкул гуйеу, өкпесі өшу дегевді өкпесі өшуу, өкінбеу дегевді екумбеурехі айтпаса, сөйлеу тілініңқалып-ты нормасы бұзылар еді. Сол сияқты көз жуму, көз көрген, көз суйек, көз тию, көз шуку, ак, журек, ак, изен, ала көңіл төрізді тұрақты тіркестерді квжжумуу, көз гөрген, кас суйек, көз тійу, көз шукуу, аг журөк, агійзен, алагөңіл дегеңде ғана кұлақка жағымды тиеді.
Демек, сөздерді сауатіы жазумен қатар сауатты айга білу қажетгігі келіп туады. Қазақтіліңдегі сөздердің айтылу норма-ларын көрсететін практикалық құрал ретівде Қ. Ниеталиева-ның *Қазақ тілінің орфоэпиялык сөздігі» 1977 жылы жарық көрді. Сөздікке төжірибеде жиірек бұзылып айтылып жүрген 15 мыңға жуық сөздер мен сөз тіркестері енген. Автор емле ережесі бойынша жазылған сөздерді қалыпгасқан әдеби тіл орфоэпиясының нормасына сәйкес оқып, айтуды негізгі прин-цип етіп ұсынған. Қазақ тілівдегі сөздердің айтылу заңцы-лықтары үңдестік заңдылықтарына негізделетівдігі айтылған. Яғни сөйлеу процесіңде сөз бен сөздің, дыбыс пен дыбыстың, түбір мен қосымшаның, буын мен буынның аралығыңда бола-тын құбылыстар сөздікке арқау болған.
Сөздікке жазылуы мен айтылуының арасыңда айырмашы-лығы бар деген түбір мен туыңды сөздер, сөз тіркестері мен қосымша жалғағаңда өзгеріске ұшырайтын тұлғалар алынған.
233
Сөздер екі қатарға тізілген. Бірінші қатарда қазақ әдеби тілінің емле ережесі бойынша жазылуы, екіншісіңде әдеби нор-ма бойынша айтылуы көрсетілген. Мысалы:
азық-түлік азық-түлүк
ала-қүла ала-гүла
алма-кезек алма-гезек
дкетай-көкетай дкетай-кокотай
бозгылттану бозгүлттаңу
боленту болөнту
вагонга вагоңга
дүрбелең дүрболөң
дүрсе қоя берді дүрсе гоя берді
егіс жер егііи шер
жулысу жулүсу
қунсыз қүнсүз
1981 жылы М. Дүйсебаеваның «Қазақ тілінің қысқаша ор-фоэпиялық сөздігі» басылып шықты. Мұнда күңделікті өмірде ең жиі қолданылатын бес мыңға жуық сөз қамтылған.
Аталған сөздіктің бір ерекшелігі сөз басыңда келетін о, ө дыбыстарының алдынан у (уалжа, уернек), е дыбысының ал-дынан и (иегіз, иекі), р, л дыбыстарының алдынан ы, і (ырабай-сыз, ылаж, іләзат) дыбыстарының бірі қосылып айтылатыңдығы жақша ішіне алынып берілген. Мұның өзі алдыңғы шыккан сөздікті жаңартып толықтыра түсетіңдігін көрсетеді.
Автор бұл еңбегіңде сөйлеген кезде сөз ішіңдегі, сөз аралығыңдағы іргелес, шектес (көршілес) дыбыстардын бір-біріне ықпал жасал үндесу заңдылықтарын: қатан дыбыстар-дың ұяңдануын, езулік дыбыстардың еріндікке айналуын, жіктік жалғауының ықшамдалып айтылуын, қатар келген дау-ысты дыбыстардың сусьш түсіп қалуын, ортаңғы буындағы қысаң дыбыстардың (ы, І) айтылмай қалуын т. б. жүйелеп дәлелдей түскен. Айта кететін бір жәйт, қазақ тілінің орфоэ-пиясын зертгеушілер орыс тілі арқылы енген қыруар кірме сөздердің жазылуы мен айтылуын нақ орыс тіліңдегідей деп бір жақты пікір айтып жүр. Тереңірек үңіле қарасақ, бұлардың ішіңде де өзгеріп айтылатыңдары табылатындығы сөзсіз. Мәселен, көп томдык *Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» дгент, әдіріс, әдиял, әптек, бошке, нөмір, учаске, кәңки, кампеске, калөш, кәрәсін, крртішке, кінәз тәрізді қыруар орыс сөздерінің сөйлеу тіліндегі варианттары қоса қамтылып берілуі бұл айтылғандарға толық айғақ болады. Олай болса, кірме сөздердің орфоэпиясы әлі күнге ғылыми тұрғыдан терең зертгелді деуге болмайды.
Осы аталғаңдардан басқа Қазақстанның жер-су атаулары
234
мен кісі атгарының қысқаша сездіктері (алғашқысы орысша, соңғысы екі тілде) басылып шықты. Сол сияқты «Қазақ тілінің кері алфавиттік сөздігі» (1971), «Құманша-қазақша жиілік сөздік» (1978), М. Әуезовтің «Абай жолы» романының жиілік сөздігі» (1979), «Қазақ тексінің статистикасы» (1973) атгы сөздіктер жарық көрді. Өскелең өмір талабына сай әлі де сан қилы лингвистикалық сөздіктер жасала бермек.
§ 67. Қазак лексикографнясыньщ алдағы міндеттері
Қазақ лексикографиясы соңғы жарты ғасыр ішіңде тек сан жағынан ғана көбейіп әсіп қойған жоқ, сөздіктің түр-түрі де молайып, сапа жағынан да жақсарды. Қырқыншы жылдары шыққан сөздіктерге қарағаңда соңғы жыддары жарық көрген сөздіктер тек көлем жағынан ғана емес, сапасы жағынан да анағұрлым ілгеріледі. Өңделіп қайта шығып жатқан аударма, терминологиялық, орфографиялық, тусіңдірме, синоним сөз-діктерінің қай-қайсысы болса да, соңғы басылымдары алғаш-қыларынан көш ілгері екеңдігі ешқаңдай күмән келтірмесе ке-рек. Тіл мамандары лексикология мен лексикография теория-сын зерттеп, оны үнемі жетілдірумен келеді.
Сөздік жасаудағы қол жеткен табыстарымызбен қатар, алдағы уақытта шұғыл кірісіп, жүзеге асыруға болатын өр түрлі міңдетгер бар екеңдігін айта кеткен жөн. Біздегі шығып жатқан үлкенді-кішілі создіктер зейін қойып, арнайы зерттелін-бегеңдіктен, олардың жетістігі мен кемшілігі сараланбай, тиісті теориялық қорьпыңдылар жасалмай келеді. Осы кезге дейінгі істеліп келе жатқан лексикографиялық зерттеу жұмыстары жеке мақдлалар мен шағын рецензиялар көлемінен аспай келеді. Соның салдарынан сөздік жасауда неше алуан алалықтарға жол беріліп келеді. Сөздік жасаудың принциптері жүйеленіп, бір ізге салынбағаңдықтан, бір мәселені іс жүзіңде өркім өр түрлі жолмен шешіп жүргені байқалады. Әсіресе біріккен сөздер мен бөлек жазылатын күрделі сөздер жайыңда, сөз вариантгары жайыңда ала-кұлалық көп деп айтуға болады.
Қазақ лексикологиясы мен лексикографиясын жан-жақгы әрі тыңғылықты зертгемей тұрып, сапалы ғылыми сөздіктер шығару мүмкін емес. Қазіргі кезде лексикография әр халықтың күңделікті сөйлеу мәдениетін, оның қалыптаскан өдеби нор-маларын жылма-жыл жұртшылыққа насихаттап, білім берудің дағдылы бір түріне айналып отыр. Осымен байланысты жұрт-шылықтың сөздікке деген талғам-тілегі күннен-күнге арта түсуде.
Қазақ лексикографиясын бұдан әрі кемеддеңдіріп дамыту-
235
да тіл мамаңцарының алдыңда мынадай келелі міндеттер тұр:
1. Қазақ халқының сөз байлығының бәрі бірдей әлі күнге хатқа түсіп, жиналып біткен жоқ. Әсіресе түрлі кәсіп пен мамаңдыққа, әдет-ғұрып пен салтқа, тұрмысқа қатысты байыр-ғы халықтық сөздер сарқа жиналмай келеді. Тіл білімі инсти-тутының картотека қорыңда (қазір бес миллиондай) әлі де қам-тылмай қалған мағына, еленбей назардан тыс қалып отырған сөз қолданыстары мен фразеологиялық оралымдар бар екеңцігі сөзсіз. Бұларды күңцелікті баспасөзден жинап аламыз деп, қол қусырып отыруға болмайцы. Байырғы ата-бабамыз қолданған сөздерді кезін тауып, жинап алудың қамына бәріміз де жап-пай кірісуіміз керек. «Сөз байлығы едде, кен байлығы жерде» деген дана халқымыз. Тілді жеке адамдар емес, жалпы қауым болып жасаған. Соңдықтан қауым болып жасаған игілік, бай-лықты көпшілік болып жұмылып, жинасуға бір кісідей ат салысуымыз қажет. Әсіресе оқьпушьшар мен студенг жастар ел арасыңдағы ескі көз, көрі құлақ адамдармен көп сөйлесіл, сөз маржанын тергіштеп, сөздік жасаушыларға жеткізіп беруі керек. Ендігі лексикографиялық жұмыстардың даму каркыны жиналған материалдардың саны мен сапасына қатысты болмақ
2. Сауаттылық — тыңғылықты зерттеу жұмыстарының нетижесі, биік мөдениет көрсеткіпп. Жазуымызда бір ізділіктің сақталмай отыруы бұл салада зерттеу жұмысының жоқтығынан деуге болады. Емле ережелерін жетілдіріп, «Орфографиялық сөздіктің» өңделіп толықтырылған жаңа нұсқасын дүркін-д үркін шығарып тұруға тиістіміз.
3. Қазақша-орысша аударма сөздіктің толық турі әлі жа-салмай отыр. Қазақ тіл мамаңдары бұл салада өз дәрежесіне лайық еңбек ете алмай, өзге республикалардан қалып қойды. Бұл мәселе жайыңда республикалық баспасөз бетіңде талай рет орыңды сын айтылды. Біздіңше, бұл сөздіктің жасалуын жеделдетіп, оны жұртшылықтың қолына тез жеткізу жағын ойлау қажет.
4. Көп томдьк «Қазақ тілінің түсіңцірме сөздігі» жайыңда қьіруар жұмыстар істеліп, оның негізінен сэтті аяқталғаны белгілі. Еңці осы үлкен еңбектің негізіңде бір томдык «Қазақ әдеби тілінің түсіндірме сөздігін» шығаруды тездету керек.
5. Әр кезеңце жарық көрген салалық терминологиялық сөздіктерді жинақтап, сұрыптап, Терминкомның қабылдаған соңғы материалдарымен толықгырып, үлкен «Қазақ тілінің тер-минологиялық сөздігін» шығаруды ойластыру қажет.
6. Үлкен «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» мен «Си-нонимдер сөздігін» шығаруды да жедеддеткен мақұл.
236
7. Шығып жатқан үлкеңді-кішілі сөздіктерді жан-жақты зерттеп, олардан теориялық қорытындылар шығару ең кезек күтгірмейтін келелі мәселе деп есептелуі керек
Лексикографиялық жұмыс — практикалық та, теориялық та мәні зор, ауыр да абыройлы іс. Бұл салада істелуге тиісті жұмыстар әлі де ұшан-теңіз. Ең алдымен Республика тәуелсіз-дік алған жылдарда лексикада болған өзгерістер лексикогра-фиядан кәрініс табуға тиіс.
ӘДЕБИЕТГЕР
АйдцровҒ, Курышжанов Ә., ТамановМ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің гілі, Алмаіы, 1971.
Айтбаев Ө. Қазак терминологиясының дамуы мен қалыггтасуы, Алматы, 1988.
Аманжалов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка, Алма-Ата, 1959.
АхановК. Тіл біліміиіңнегіздері, Алматы, 1973.
Байтурсынов А. Тіл тағылымы (қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері), Алматы, 1992.
БалақаевМ. Қазақ тілінің мөдениеті, Алматы, 1971.
Балақаев М., Жанпейісов Е, Таманов М-, Манасбаев Б. Қазак тілінің сталис-тнкасы, Алматы, 1974.
Барлыбаев Р. Қазақ тілінде сөз магынасының кеңеюі мен тарылуы, Алма-ты, 1968; Қазіргі қазақтіліңдегі қоғамдық-саяси лексика, Ал.маты, 1978.
Баскаков Н. А. Введение и изучение тюркских языков, М., 1962.
Балганбаев Ә. Қазақ тіліңдегі синбниңдер, Алматы, 1970; Қазак тілінің лек-сикологиясы, Алматы, 1988.
Валиханов Ч. Ч. Собрание сочинений в пяти томах, Алма-Ата. Т. I 1984; Т2, 1985.
Жанпеисов Е. Эгнокультурная лексика казахского языка (на материалах произведений М. Ауэзова), Алма-Ата, 1989.
Жанузақов Т. Қазақесімдерініңтарихы, Алматы, 1971.
ЖубановХ. Исследования по казахскому языку, Алма-Ата, 1966.
ИдъминскийН И. Материалы к изучению киргизского наречия Казань, 1861 Исследования по сравнительной грамматоке тюркских языков, IV, лексика, М.. 1962.
Историческое развигие лексикитюркскихязыков, М., 1961.
Кай^ров А. Т. Структура односложных корней и основ в казахском языке, Алма-Ата, 1986.
Кажибеков Е. Семантика тюркского слова (Автореф. докт. дисс.), Алма-Ата, 1988.
Катдринский В. В. Грамматика киргизского языка, Фонетика, зтимология исинтаксис, Оренбург, 1897.
Кеңесбаев I., Мусабаев Ғ. Қазіргі қазактілі. Лексика, фонетика Алматы, 1975.
Кононов А. Н. История изучения тюркских языков в России, Дооктябрьский период. Изд. второе. М. 1982.
Қазіргі қазақтілі (лабораториялықжүмыстар), Алматы, 1992.
Қайдсров Ә., ОразовМ. Түркологияға кіріспе. Алматы, 1,1985.
КалиевБ. Қазактілівдегі өсіңці атаулары, Алматы, 1988.
КалиевҒ. Қазакговорларывдағыдиалекгіліксөзтудыру. Алматы, 1985.
КалиевҒ., ОралбаеваН.,КасымоваБ., Твлегенов О. ШалабаевБ. Қазіргі қдзақ тілінің жатгыгулар жинағы, Алматы, 1997.
237
Кожахметова X Фразеологизмдердін көркем өдебиетге қолданылуы, Ал-маты,1972.
Ксрдабаев Т. Қазақ тіл білімінің қалыіггасу, даму жоддары, Алматы, 1987.
Малов С. Е. К истории казахского языка (Известия АН, оіделение языка и литературы, 1941, №3; Памятники древнетюркской письмениости. М.—Л., 1951.
Мелисранский П. М. Краткая грамматмка казак-киргизского языка, Часть I, СПб, 1894; Часть 2, СПб, 1897.
МусаевК. М. Лексикология тюркских языков М., 1984.
Нурмагамбетов Ә. Жергілікті тіл ерекшеліктерінің төркіні. Алматы. 1985.
Проблемы этимологиитюркскихязыков, Алма-Ата, 1990.
Рустемов Л. 3. Қазақ тіліңдегі араб-иран кірме сөздерінің лексика-семан-тикалық ерекшеліктері, Алматы, 1962, Қазіргі қазақ тіліңдегі араб-парсы кірме сөздері. Алматы, 1982.
Сагындықулы Б. Қазак тілі лексикасы дамуынын этимологиялык негіздері, Алматы, 1994
Сарыбаев Ш, Нақысбеков О. Қазақ тілінің аймакдык лексикасы, Алматы, 1989.
СауранбаевН Т. Қазақтілбілімініңпроблемалары. Алматы, 1982.
СмагуловаГ. Фразеологизмдердің варианггылығы. Алматы, 1996.
Сыздықова Р. Абай шығармаларының тілі (лексикасы мен грамматакасы), Алматы, 1968; Сөздер сөйлейді, Алматы, 1980; Ахмет Байіүрсынов. Алматы, 1990; Қазақөдеби тілініңтарихы (XV-XIX ғасырлар), Алматы, 1993.
Хасанов Б. Қазақ тілівде сөздердің метафоралы қолданылуы, Алматы, 1966.
Юнусалиев Б. М. Киргизская лексикология, Часть I. (Развитие корневых слов), Фрунзе, 1959.
Языки народов СССР, Том второй, Тюркские языки, М., 1966.
СӨЗДІКТЕР
АбаЙтілі сездігі. Алматы, 1968.
Әбдірахманов А. Топонимика және этимология, Алматы, 1975.
Базылхан Б. Қазакща-монғолша сөздік. Үланбатыр, 1977.
Балеанбаев Ә. Қазақтіліңдегі синонимдер создігі, Алматы, 1962,1975.
Будаеов Л. 3. Сравнительный словарь турецко-татарских наречий, Т. I, П, СПб, 1869,1871.
Древнетюркский словарь Ленинград, 1969.
ИбатовА. Қуібтың *Хусроу уа Шірін» поэмасынын сөздігі (XIV ғ.). Алма-ты, 1974; Қазақтіліңдегітуындысөздерсөздігі, Алматы, 1988.
Кецесбаев Н Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі, Алматы, 1977
Қазақ лексикасыңдағы жаңа қодданыстар, Алматы, 1985-
Кдзақтілініңдиалектологиялықсөздігі, Алматы, 1969.
Қазақтілінің қысқаша этамологиялық сөздігі, Алматы, 1966.
Қазақтілінің тусіндірме сөздігі. Жалпы релакциясыи басқарған
I. Кеңесбаев. I том, 1959; II том, 1961.
Қазақтілінің түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған А. Ысқақов. 1 -10 том, 1974-1986.
Кожахметова X К, Жайсақова Р. Е, Кожахметова Ш. О. Қазақша-орысша фразеологиялық сөздік. Казахско-русский фразеологический словарь. Алматы, 1988.
Махмуд К,ашгарий. Туркий сузлар девони (Девонн лутотит турк). 1—Ш т„ Тошкент, 1960,1961,1963.
Махмудов Х.,МусабаевГ. Казахско-русскийсловарь. Алма-Ата, 1954,1987.
Монғолша-казақша сөздік. Үланбатыр, 1954. Қүрастырушылар: С. Хабшай, Ә.Мініс.
МусинЖ. Қазақ тілінің антонимдер сөздігі, Алматы, 1984.
Оңдасынов Н.Д. Арабпіа-қазақша сөздік. Алматы, 1969, 1984, 1989; Парсы-ша-қазақша түсіңдірме сөздік. Алматы, 1974.
238
Орысша-казакшасөздік. Русско-казахский словарь, Іт, Алмагы, 1978. Жал-пы редакциясын басқарған Ғ. Мұсабаев; II т., Алматы. Жалпы редакциясын басқарған Ғ Мусабаев, Н Т Саураибаев.
Ра&іов В. В. Опыт словаря тторкских наречий. Т. I—IV, СПб, 1888—1911, Изд. 2, фототип. М., 1963.
Русско-казахский словарь. Под общей редакцией Н Т Сауранбаева. М., 1954.
Русско-казахский фразеологический словарь (составигели Копыленко М.М. идр.), Изд. 2, Алма-Ата, 1989.
Руст&іов Л- 3 Араб—иран кірме сөздерінің кдзакша-орысіпа тусіндірме сөздігі. Казахско-русский толковыйсловарь арабо-иранских заимстаованных слов. Алматы, 1989.
Севфтян Э. В. Этимологический словарь тюркских языков. І-ІІІ т., М., 1974,1978,1980.
239
ҚОСЫМШАІ
АНА ТІЛІ - АНАМ ТІЛІ
Әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз халқын өзінің атамекенін қалай сүюімен, өз ана тілін қалай білуімен өлшенбек Ананың сүтіне уызынан жарыған адам қашаңда отан-шыл, ұлтжаңды болмақ. Әкімнің өз тіліне деген құрметі өз анасына, өз ұлтына, өз Отанына деген құрмет деп білу керек. Алаштың біртуар ақылман Абайы: «Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі есті болады» деп тегін айтпаған.
Қазақ тілінің таңғажайып қасиеттері жайыңда пікір айгу-шылар көптеп саналады. Олардын арасыңда өз ғалыадарымыз жөне ақын-жазушыларымызбен қатар өзге жұрт өкілдері де баршылық. Әсіресе, ірі түркітанушылар мен саяхатшылардың ана тілімізге үлкен құрметпен қарап, ауыздарының суы кұрып тамсана жазғаңдары мәлім. Мұңдай игілікті іске ат салысу — ұлтжаңды азаматгарымыздың ортақ парызы. Дуалы ауыздар-дан шыққан мұңдай сөздерді мектептерде, көпшілік орындар-да көрнекті құрал, плакат ретіңде пайдаланар болсақ та артық емес. Біз тәмеңде адаш азаматгарының және әлемге әйгілі өзге де жұрт өкілдерінің қазақ тілі жайлы айтқан кейбір пікірлерін жинақтап, оқырмаңдар назарына ұсынып отырмыз. Зерделеп окып, жаггап алыңыздар. Мінеки, естілерден қалған есті сөздер.
Ыбырай Алтынсарин: «Қазақтың тілі соншалық мрл. Ләкін қазақтың тіліменен қандай кітап болса да жазуға болады. Қазақ тілі мұншалық жатық әм анық болар еді, егерде біздің қазақтар аңғарып, бөтен тіл араластырмастан ілгері бастырып сөйлесе».
Халел Досмұхамедұлы; «Біздің төжірибемізде қазақ тілі — бай тіл. Тек сөздері ғылым жолына салынып реттелмеген тіл. Қазақ тілі ғылым жолына салынып реттелсе, ешбір жұрттын тілінен кем болатын емес, бұған илануымыз керек».
Міржақып Дулатов: «Қазақ тілі бай, таза, іргелі жұрт тілі деп бәріміз де айтамыз... Бірақ құр бай, таза дёумён ғана тіліміз өздігінен сақталып, өдебиетіміз өрбіп кете ала ма? Қай жұрпың тілі болса да түу басыңда біздікі секідді таза да, бай да болған. Бірақ олар көрші жұрттардың сөзі қосыла-қосыла, жүре бұзылған. Біздің қазақ тілі бұрын ылғалсыз таза болса да, бұл кезде басқа жұрттармен араласа бастадық, басқа жұртгардың оқуын оқыдық... Бір жағы Бұхар, бір жағы Мекке, Медине, Стамбұддарда оқып қайтқандарымыз да бар. Солардың бәрі елге ноғайшылап, арабшылап, сартшылап қайтып жүр. Бұлардың сөйлеген сөзіңде, жазған хатыңда шет жұрггардың тілі аңқып тұр... Қазақ тілін сақтаймыз, балаларымызды қазақша
240
болсын дегеңде бұлардың бәрінін негізі «Тіл құралы» екенін ұмытпасқа керек»
Ахмет Байтұрсын:
Кенің бай, келімің мол туған тілім, Дыбыстың теріп сөз ғып буған гүлін. Қайырған қайдағыны жүйрік ең сен. Мен қосып, құтыла алсам, кусам білім.
Мөшһүр Жүсіп Көпейүлы: «Қазақтілінен асьш, қазақ тілінен бай тіл жоқ. Сол ата-бабаның тілі болған қазақ тілін осы күнгі қазақтың жалғызы білмейді. Егер қазақтілін білсе, дін де осын-да, ғылым-білім де осыңда, өулиелік те осыңда. Солай болғаны үшін бұрынғы өткен ата-бабаларымыз бәрі жақсы болып, әулие болып өтгі», «Дүниедегі ең асыл тіл — араб тілі, одан кейін түрік тілі, түрік тілінің ішіңдегі гауһары — қазақ тілі».
Мағжая Жұмабаев: «Тіл — адам жанының тілмөші. Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт болып жасай алмақ емес, оңдай ұлт құрымақ. Ұлтының ұлт болуы үшін бірінші шарт—тілі болуы. Үлпың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Үлтқа тілінен қымбат нөрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың тіліңце сол ұлтгың жері, тарихы,тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тіліңде қазақтың сары сайран даласы біресе желсіз түңдей тымық, біресе құйыңдай екпіңді тарихы, сары далада үделе көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабыр-лы мінезі — бөрі көрініп тұр. Қазақгың сары даласы кең. Тілі де бай. ОсЫ күнгі түрік тіддерінің ішіңде қазақ тіпнен бай, оралымды, терең тіл жоқ. Түрік тілімен сөйлейміз деген түрік балалары күңцерде бір күн айналып қазақ тіліне келмекші, қазақ тілін қолданбақшы. Күңдерде бір күн түрік балалары-ныңтілі біріксе, ол біріккен тіддің негізгі қазақ тілі болса, сөз жоқ, түрік тілінің келешек тарихыңда қазақ ұлты қадірлі орын алмақшы. Келешекгің осылай болуына біздің иманымыз берік»
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың Жауыз тағдыр жойды бөрін не бардың. Алтын күннен бағасыз бір белгі боп, Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!
Қожаберген жырау: Асан қайғы, Жиренше, Сөйлеп өткен қазақ тіл. Әз Жәнібек, Қойлыбай, Сыйлап өткен ғажап тіл.
Ата-анамыз өддилеп, Уатқан бізді баба тіл.
241
Сол туған тіл атауы, Ежелгі біздің қазақтіл. Осы тілді жек көрген Дүниеден қалар құр. Бағаласаң, шынымен, Баба тілін асыл-дүр.
Мұхтар Әуезов: «Құдайға шүкір, сөздік қоры жағынан қазақ тілі ешкімнен кем де, кедей де емес, өдебиетіміздің қаулап өсуінің бір себебі осыңда жатқан сияқты».
Жүсіпбек Аймауьггов: «Ана тілі — халық болып жасал-ғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі».
«Бұл дәуірде өз гілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәңді ингеллигент емес деуге болады. Себебі, ол қан-дайлық мамаңдық білім болса да, рухани ой тәрбиесіңде сыңаржақ азамат болады».
Ғабит Мүсірепов: «Ана тілін құрметтемеу ештемені сыйла-мау деген сөз. Жастар мұны катгы ескеруі керек». Тілден биік асқар жоқ.
Собвгг Мұканов:
Әркімге туған тілі—туған шеше. Оған бала міндетгі сан мың есе.
Габиг Мұстафнн: «Ана тілін білмейтін адам бір жолы жоқ шолақ адам сияқты».
Сөрсен Аманжолов: «Ана гілін ананың баласыңдай сүй».
Бауыржан Момышұлы: «Осы күңде ана гілімізді білмейтін оқымыстыларымыз аз емес. Бұл біз үшін жетістік пе? Өз ба-сым жетістік деп айта алмаймын. Себебі анасын сыйла-мағаңдардан қаңдай мейірім күтуге болады?».
«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту — бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.
«Тіл байлығы — елдің елдігін, жұртшылығын, ғылыми өдебиетін, өнеркәсібін, мәдениетін, қоғамдык құрылысын, салт-санасын, жауынгерлік дөстүрінің қай дәрежеде екенін көрсететін сөзсіз дөлелді мөлшері*
В. В. Радлов орыс ғалымы: «Қазақтардың гілі жатық та шешен өрі өткір, көбіне іліп-қағып сұрақ пен жауап беруге келгеңде таң қалдырарлықтай оралымды сөйлейді. Кез келгені, тіпген, сауатсыздарының өзі ана гіліңде біздің Еуропада байқап жүргенімізден тек француздар мен орыстардың дөрежесіңде сөйлей біледі».
П. М. Мелноранскии орыс ғалымы; «Қазақ тілін зерттеу-
242
шілердің бәрі де бір ауыздан қазақ тілі түркі тілдерінің ішіңдегі ең таза әрі ең бай тіл деп куөлаңдырып отыр».
С. Е. Малов орыс ғалымы: «Қазақ тілі өзінің бейнелілігі, суретгілігі жағынан басқа түрік немесе түркі тілдерінен әрдай-ым бөлекшеленіп турады. Қазақ — өзінің ауызекі көркем тілімен, ашықты әсем фольклорымен бұрын да, қазір де даңқы шығып жүрген халық. Қазақ тілі бұрын да, кейбір реттерде бүгіңде де сомдалған және біртұтас тіл деп танылып келеді».
А. Жарри де Маиси француз ғалымы: «Қазақ тілі — түркі тіддері ішіңдегі ең таза тілдердің бірі».
А. Саади татар ғалымы: «Қазіргі ең таза, ең бай, ең табиғи және бұзылмай, бұрынғы қалпында сақталып қалған бір тіл болса, ол — қазақ тілі және қазақ әдебиеті, шын ғылым үшін біз мұны ашық айтуымыз керек».
Хасан Туфан татар ақыны: «Сырлы тіл, жырлы тіл, нұрлы тіл — қазақ тілін ғасырлар бойыңда қастерлеп сақтағаңдарыңыз үшін, қазақ бауырлар, сіздерге бек зор рақмет».
Дудек Гржебичек чех ғалымы: «Сіздердің (қазақтардың) тіліңіз синонимге өте бай ғой».
Герольд Бельгер неміс жазушысы: «Қазақтың қдзіргі әдеби тілі жолыңца тосқауыл, бөгет кездеспей, сары далада қанат жайып,сарқырап аққан алапат тасқын сияқтанады. Қазақ тілінің дәстүрі өрі бай, өрі ұлтгық топыракка тамыры терең бойлап кеткен».
Н. Ондасынов: «Қазақ тілі — аса бай тіл, икемді тіл. Ора-мын, бұрамын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш, текемет оюға бола-ды-ау. Бұл тідден май тамдды десе де сияр. Халықтың тіліне, жырына қүлақ салсаң небір алуан-шекер батдай татигын нөріне, өрінке әсте тоймайсың. Ғашықпын қазактіліне’ Осыңдай «май-са» сұлу тілді қалай өгейсітуге болады».
М. Әлімбаев: «Менің анам жақсы десем, бұдан өзгенің ана-сы жаман деген ұғым тумақ емес, бұл өзгенің шамына тимейтін сөз болса керек.
Қазіргі қазақ тілі — не бары керемет философиялық толғаныстарды да, күрделі терең ойларды да, қылдан нәзік, жібектен биязы, аяулы сезім-тебіреністерін де емін-еркін өсерлі жеткізетін көсілмелі, кең кұлашты көркем тіл, «толқынын жүрегіңнің хаттай танытар» ғажап тіддердің бірі. Бұған барша қазақ баласы мақтана алады».
М. Мақатаев:
Батар, кетер келмеске күнім менің, Қалар, бірақ, киелі тілім менің.
243
Қасіретгі шақтардан түңілгенде, Қасиетгі тілімнен түңілмедім.
С. Мөуленов:
Сол тіліммен дүниені атадым, Таптым бүкіл тіріпіліктің атауын. Жатгы овда аманаты ананың, Жатгы овда аманаты атаның.
Ә. Сәрсенбаев:
Сақтар болсаң халқыңды — тілді сақта, Баға жетпес мұра жоқ тілден басқа!
Тідден өзге жиһаздың бәрін түгел, Базарлайсын калтанда акшан жатса.
А. Тоқмағанбетов:
Дей алмас қайдан әкелді, Бар тідден үйрен біліңді. Үмытсан-дағы бөтевді. Үмытпа ана тіліңді.
Ж. Моддагали:
Білмесін-білсін түсімнен, Үқпасын-үқсын түрімнен, Танысындүние ісімнен, Танысынтуған тілімнен.
Д. Әбіл:
Туған тідде сыры терең жаным бар, Туған тідде әнім менен сәнім бар. Туған тілім тіл болудан қалса егер, Жүрегімді суырып-ақ алывдар.
Ә. Тәжібай:
Туған тілім — тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сөз ойдағы, Өссе тілім, мен де бірге өсемін, Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.
Қ. Жұмаділов: «Қазақ тілі — өзінін даласындай қең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Оған қысылып-қымтырылу, ерін ұшынан шүлдірлеп-былдырлау мүлде жат. Қазақ нені айтса да ауызды толтырып айгады. Қазақ сөзі қашаңда даланың қоңыр желіңдей еркін есіп тұрады.Қазак тілінің биязы мақамы—дом-быраның күмбір қаққан сазывдай. Асқақ өуеңділігі шырқап салар өнівдей. Шешендерден шыққан қара сөздің өзіңде өлеңге бергісіз келісім, іштей үйлескен ырғақ болады. Сөз бен сөз, дыбыс пен дыбыс өзара ұйқасып, жымдасып жатады. Тыңдаушысын бірден ұйытып әкететін осы үңдестік пен өсем ырғак құлақ түбіне хрустальдай сыңғырлап, қазақ тілін сұлу да сиқырлы егіп көрсетеді. Кейде қазақ болып туғаның үшін және 244
өлемдегі ең бай, ең сұлу тідде сөйлегенің үшін өзіңці бақытгы сезінесің».
Қ. Мырзалы:
Ақын көзі жұмылмас, Жырдың көзі жұмылмай. Елдің туы жығылмас, Тіддің туы жығылмай.
Ғ. Қаиырбек:
Анй тілім, күшім менің, қуатым, Жырым сеңдік журегімнен туатын. Тауысар ма ырысыңды, қорыңды, Тізерлесіп қатар жазса мың ақын.
Т. Әбдірахман:
О, адамдар, қадіріне жетіңдер, Ана тілің—анаң,сьійлап өтіндер. Туған тілін танымаған көрсоқыр, Болып өтер, ертең мәңгі өкінер.
Т. Моддағали:
Жігіт бірде кедейленер, байыр да, Ақ атымды, қанатымды қайырма, Айырылсам да қымбатымнан талай бір, О, тағдырым, тек тілімнен айырма’
ҚОСЫМШАІІ
Абайды кім қалай танып келді? XX ғасып Абайды тану, одан оқып үйрену ғасыры болды. Абай — туған елін, жерін, тілін, дінін жаныңдай жақсы көрген нағыз ұлтжаңды дана ақын.
Бүгінгі көз жеткен айқын мәселе — Абай қазақта қолына қалам алып, ғылым мен білімнің ауыр азабын арқалап, ез халқын өркениетгі еддердің кдтарына қосқан бірден-бір бірегей дана көш басшымыз болғаңдығы; Абайдың ой-пікірлері бір халықтың шеңберінен асып жығылатыңдығы. Абай шығар-малары жалпы адамзатқа ортақ құңдылықты дөріптегені мәлім болып отңр. Сондықтан Абай мұрасы үзілмес ұрпақтың сарқылмас қазынасы болып қала бермек. Біз Абайды ұлттық жазба өдебиетіміздің атасы деп танысақ, абайтануды жете білу көкірегіңде көзі бар қазақ біткеннің міңдеті екеңдігі даусыз. Әсіресе, филологгардың үлкен борышы болмақ. Сол себептен Абай есіміне арнап айгылған пікірлермен жұртты хабардар етуді де парыз деп білеміз. Біз солардың бірқьщыруын оқырмаңдарға ұсынып отырмыз. Кейінгі зертгеушілер соларды саралап, есесін толтырьш, ертелі-кеш жетілдіре беретіңдігіне сенімдіміз.
245
Әлихан Бөкейханов: «Өлеңдерінен көрініп тұрғандай Абай асқан поэтикалық қуаттың иесі, қазақ халқының мақтанышы болды. Абай сияқты халықтың рухани творчествосын осынша-ма жоғары көтерген қазак ақыны өлі кездескен жоқ. Оның жыддың төрт мезгіліне арнаған көктем, жаз, күз, қыс тамаша жырлары оны Еуропаның атақгы ақыңдарының қатарына қосар еді».
Ахмет Байтұрсынов: «Қазақтың бас ақыны — Абай, шын аты Ибраһим Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы-соңғы замаңда қазақ баласыңда біз білетін ақын болған жоқ. Сөз жазатын адам әрі жазушы, өрі сыншы боларға керек. Сөздің шырайлы, ажарлы болуына ойдың шеберлігі керек. Үнамды, орыңды, дәмді болуына сыншылық керек. Мағыналы, маңызды болуы-на білім керек. Абайда осы үшеуі де болған. Абай сөзі заманыңдағы ақыңдардың сөзінен оқшау, олардың сөзінен үздік артық. Абай сөздері дүниеде қалғаны — қазаққа зор бақ- Абай-ды қазақ баласы тегіс танып, тегіс білу керек».
Шәкерім Құдайбердіұлы: «Ибраһим мырзаның тұрағы қазақ іші болғаңдықтан, қадірі азырак біліңді. Олай болмағаңда да-нышпан, хакма, философ кісі еді. Қор елде тулы да корлыкпен өтгі».
Міржақып Дулатов: «Әдебнетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш Абай сөзі. Абай аты боларға керек. Абайға шейін қазақта қолға алып оқырлық, шын мағынасыңда қазақ әдебиеті дерлік бір нәрсе болған жоқ еді. Абайдың бізге қымбаттылығы да сол. Бәлки/мұнан кейін Абайдан үздік, артык ақындар , жазушылар шығар. Бірақ ең жоғары ардақты орын Абайдікі, қазак халқына сәуле беріп, алғашқы атқан жарық жұлдыз — Абай (Ибраһим) ғылымсыз қара халық арасында, сахара қазақтары ішінде жалғыз жұлдыздай болып шығып, тілі оқушыларын оятатын. Өлендері оны бүкіл тарапқа мәшһүр етгі. Адамшылық ой-қиялы өте таза, ұлтжаңды, елін-жерін сүйген кісі еді. Зәредей шүбә етпейміз. Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухына сонша жақыңдармыз. Үнемі бұл күйде тұрмас, халық ағарар, өнер-білімге қанар, сол күңдерде Абай құрмегі күннен-күнге артылар. «Бірінші ақынымыз» деп қабірін халқы жиі-жиі зират етер, халық пенен Абай арасы күшті ма-хаббатпен жалғасар. Ол күңдерді біз көрмеспіз, бірақ біздің рухымыз сезер, қуанар».
Нәзір Төреқұлов: «Еуропаға еліктеу, меніңше, онша қорқынышты емес. Өйткені Еуропа мәдениетінің бір асылы — дух критицизма—рух сыны; бұл бізді жүре алмайтын тұйыққа, шыға алмайтын шыңырауға алып кетпес. Еліктеуіміз өлшеу-ден шығып бара жатса, рух сыны бізді және көзімізді ашып,
246
катемізді көрсетер Абай әдебиетіміздің атасы, бұл жолдын коркынышсыз, біз үшін пайдалы екеңдігін сезіп, сол жолға бұрылды. Әйтпесе Абай үшін араб, ғалам жолы да ашық еді».
Халел Досмұхамбедүлы: «Шатақ тілден сақтаған: I) көшпелі салтымыз, 2) бай ауызша айтып жүрген ел әдебиеті, 3) Ыбырай Алтынсарыұлы әм Абай Құнанбайұлы сияқты шын тіл қдмқоры болған нағыз әдебиет тіліне жол салған жігіттеріміз. Қазақ тіліңцегі кейбір сөздер әр жерде өр түрлі мәнге алынады. Оның үстіне Семейде, Ақмолада я жалпы Арқада сөйленетін кейбір сөздер Түркістан қазақтарына жат. Түркістаңда сөйленетін сөздердің бірқатарын арқалықтар түсінбейді. Абай Семейде іуып, Семейде өскеңдіктен, өлеңіндегі кейбір сөздері өзге жактың қазақтарына түсініксіз».
Мұхтар Әуезов: «Қазақ әдебиетіне Абай кіргізген жаңалықтар көп. Абай — қазақтағы суретті, сұлу сөздің атасы; терең сырлы, кең мағыналы кестелі өлеңнің атасы. Қазақ өлеңіне үлгі, өрнек берген, түрін көбейтіп қалыбын молайтқан — Абай. Ол қазақтың ішінен оқушы тапқан. Әдебиетке, өлең-жырға бұрыннан орнаған теріс пікір, теріс ұғымның бәрін жоғалтып, жұрттың ойын тәрбиелеген. Жаргонды қолдануы (шағатайшылап өлең жазуды айтып отыр), әрине, табыс емес еді. Бірақ соның бала шақта болып келіп, ақыры оны Абайдың жеңіп, басқа сапаға ауысқаны, халықтық қорға өзінің ақындық тілін терең тамырымен байланыстырғаны — Абайды зертгеудің қызықты мәселесінің бірі».
Ілияс Жаисүгіров: «Тегінде Абай әлеңнің, жырдың ұйқасымына өте сақтык қылатын ақын. Өлең-жырлардың иықтарында қыл сыймайтын қию бар. Басқалардай пікір үйлесетін жанамалау сөзді әкеле салмайды. Өлеңмен Абай салған суретгер мінсіз, көрікті, тұрманы түгел келеді».
Смагұл Сәдуақасов: «Абайдың тілі ғажайып көркем. Бұл тұрғыдан оған қазақ жазушыларының арасында тең келетіні жоқ».
Жүсіпбек Аймауытов: «Ақылды дана, рақымды әділ, шынға сусаған, қынырды жөнге, қисықты жезге салмақ болған, бұзықпен алысып өткен Абай еді. Қазақтың әдебиетіне жөн берген, сөздің сыртын сылап, ішін түрлеген, өлеңмен өрнек шығарған ақыңдық сыншыддық бірдей дамыған Абай еді. Өнер тап, оқы харекет қыл, тәрбие ал, ынсапгы, адал бол деп қақсап өткен Абай еді. Халықтың қамын же, адам баласын бауыр тұт, адамшылыққа қызмет ет деген Абай болатын, өмір жолыңдағы Абайдың айтпағаны аз. Ақыл, білім, сезім, терең ойлылығына қарағаңда Абай қазақтан шыққан философ (данышпан)».
Құдайберген Жұбаяов: «Абайды көрші елдердегі замаңдас-
247
тары, бастастарымен салыстырғанда Мырза Фаталвден басқа ешкім шеңдесе алмай шығады. ¥лы тіліне, әдебиетіне сіңірген ақыңдық күшін алғаңда Абай бәрінен де озат шығады. Өйткені ол кезде таза халық тілімен жазып тұрып, ол жазылғанын клас-сик әдебиет үлгісімен шығарған ол елдерде адам болған жоқ... Абайдын осы алды жоққа жуықтығы, салған жолының сонылығы — еленбеген ерекшелігінің бірі. Абайдың ақын-дығын, басқа қасиеттерін былай қойып, тек әдеби тілімізді жасаудағы еңбегінің өзін ғана алсақ та, ақымыз кететін түгі жоқ».
Санд Амердни Үнді ақыны: «Абай — Тагор, Гетемен қатар тұрған ұлы ақын. Абай — акындардың ғұламасы».
Ғабит Мүсірепов: «Абай тек қана поэзия тілін түзеп берген жоқ, жалпы тіліміздің оралымдылығын, бейнелеу шеберлігін сөйлем құрылысыңдағы әр сөздің өз орнын, сөйлеңдегі ой салмағын қайда, қалай қалауын да үйретіп кетті. Абай — бізге ұлы мектеп».
Нұқ Рамазанов: «Басқа қазақ ақындарыңдай ұйқас үшін өлеңді жамау-жамау қосалкы сездермен былғау Абайда болмаған. Оның өлеңіңце бірде-бір басы артық сөз жоқ. Әрбір сөз өз орныңда тұрьш, терең мағына білдіреді».
Бернияз Күлеев: «Абай деген соң-ақ казактың азын-аулак өдебиетімен таныс кісі Абайдың әм қадірін білмей қалмайды. Әдебиеттен аулақ кісіге өкпе жоқ. Бірақ Абайды білген кісілер «Абайды» Абай деп тәныса да, көбі құмарын таркатып, Абай-дың барлық өлендерін әлі оқи алмай жүр».
Ғафу Қайырбеков: «Абай бір озі — бүкіл халықтың есіміне атау. Абайдың ұлылығы — халықтың ұлылығы. Абайда тіпті сан ұлылық бас қоскан десе де болады... Көп зертгеушілер Абайдың ақындық жаңалығын байырғы қазақ енгізген сыртқы түр-формадан іздейді. Ол жаңалық дегені көп мәселенін бір элементі ғана. Абайдың қазақ өлеңіне кіргізген жаңалығының басты көзі оның айтайын деген ойының жаңалығыңда. Сол ойға лайық әлеңдік материалды сұрыптау әдісінің жаңалығы — өлендік көркем бейнелі сөздің жаңалығы, одан соң өлеңнің алуан түрінің ырғақ, ұйқас, буынның, үңділіктің, саздын жаңалығы. Сайып келгенде, ең үлкен мәселе — тілдін, Абай тілінің жаңалығы. Ол деген сөз — тәза әдебиет тілі пайда бол-ды деген сөз. Осьщан келіп, Абай әдеби тілдің негізін салды деген белгілі қағвда туады. Абай — қазақ тілінің ұлы құдіретін танытқан кісі«.
Рәбиға Сыздықова: «Абай дайың тұрған әдеби тілді пайдаланған қатардағы қаламгер емес, ол осы тіддің ұзын-со-нар көшін жаңа бағьпқа салған, тіддің даму тәрихынын жаңа
248
сапалы кезеңін бастаған суреткер. Абай қазақтын байырғы әдеби тілін ұлпық жазба тілге айналдырып, соның іргетасын қалады, оның даму бағытгары мен принциптерін ұсынды. Абай қазақтың ауызша тараған көркем сөзін ұлттық жазба дүние дәрежесіне жеткізді, поэтикалық тіліне жаңа сапа енгізді. Бұл Абайды жаңашыл өрі классик қаламгер деп танытты».
Мағжан Жұмабаев:
Шын хакім, сөзің асыл — баға жетпес, Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес. Қаридин хакім болған сендей жанның, Әлемнің құлағынан сәні кетпес.
Сұлтанмахмұт Тораівыров:
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе’ «Ер—Тарғын», «Қобылаңдыны» оқып байқа. Абайды оқы, таңырқан, басың шайқа, Ақывдықтың қуаты есіңді алып, Бас алмастан оқырсың қайта-қайта.
Көкбаи Жанитаев:
Абайдан сабак алдым бала жастан, Адам жоқ ойға терең одан асқан.
Адды пейіш, артына ырыс болсын, Мен оның шөкірті едім ізін басқан.
Қасым Аманжолов:
Абайдесе Абайсың, Абайладын жан-жақты. Риза етгің, жарайсың, Қалын елің — қазақгы.
М ұқағалн Мақатаев:
Қуат алып Абайдың тіл күшінен, Жыр жазғанмын Абайдың үлгісімен. Абай болып табынсам бір кісіге, Абай болып түңілем бір кісіден.
«Жаздым үлгі жастарға бермек үшін» Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үпгін.
249
М. Әуезов
АБАЙ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ БИІК НЫСАНАСЫ
Жүрегіңнін түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбак адаммын оны да ойла.
Соктықпалы, соқпақсыз жерде өстім, Мынмен жалғыз алыстым, кінә койма!
Өсер ұрпак, келер дәурен, туар тарих қауымына ақын ар-нап кеткен мұнды, сырлы бір сәлем, наз сәлем осы еді. Шөл ғасырлардын қу медиен, құла түзінен болар заманға, жаркын заманға қарай жалғыз аяқ жол тартқан ақын болатын.
Сахараны басқан қара түн-түнекті қақ жарып, жалғыз қодда жалывды жалғыэ шырақ ұстал, халқына бет нұсқап: «Таңын белден атады, күнін сонау жактан шығады» деп кеткен ақьпғ еді.
Рас, қьпымыр заманы мен надан кауымга ол ақын жұмбақ бодды. Жұмбақ па біз ұшін сол ардақты ақын бұл күңде? Жоқ, жұмбақ емес. Ол уақьпта заман бұлты бетін бүркеп тұрғанмен, айдын агы ай еді. Біз казак әдебиетінің жұмбағы емес, айқын жүзді айдай игі бір нұры дейміз Абайды. Соқтыкпалы соқпаксыз дүлей мыңның карсылығына жалғыз алысқан Абай да емес бүгінгі күн.
Моласывдай бақсының,
Жалғыз қалдым тап шыным, —
деп күніреніп өтсе, бүгін халқы алып Отанын тапқавда, ақын асыл халқынтапты...
«Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма!». Кінә емес, кадір түтады біздін дәурен, біадін ұрпақ. Мыңдар, миллиоңдар жүрегі қадір тұтады. Айгағы оньщ дәл осы күвдер. Қазақ әдебиетінің ұлы бір мереке, мейрамы болып отырған осы күн.
Алпысқа шыгар жасыңда ұлы ақын қайтыс болды. Өлгеніне қырық жыл тодды. Бірақ біз үшін Абай өлген жан ба?
Өдді деуге сия ма ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артында сөз калдырган, —
демеп пе еді? Өлген жан емес. Ақын жолы халық жолымен, тарих жолымен қабыса табысқан шақта оның езіне өлім жоқ, сөзіне заман-дәурен шегі жоқ. Біздің дөуірімізге әрі бұрынғы, әрі бүгінгі Абай болып, келешек заман үшін де тарих 250
аспаныңдағы бір тұрақты нұры болып шырқау бармақ. Ол бо-лашақ күндерде де Абай өрі бұрынғы, әрі аржағыңдағы келешектің өлмес, өшпес тұрғыласы, күн іпуағы айықпас күнгей биігі болып тұрмақ.
Жай адамның өмір тірлігін біздің халық мүшелмен санай-тын. Оның мүшелі он екі жыл еді. Ақыңдықтың өбулхаят суын ішкен өлімді жеңген, мәңгі тірлік тапқан Абайдай дана даңғыл ақын тарихтағы өз мүшелін жүз жыддан қайырмақ. Алтайдан Алатауға атгап түсерлік ертегі тұлпарындай сайлардан, сахара-лардан ғана атгап өтпей, замаңцардың да талайынан аспаңцап өте бермек. Өзінің қадір білмес ғасырынан бізге жеткеңце Абай солай жетіп отырған жоқ па? Өміріңдегі қам-қайғысын халқының бағына бағыстаған барлық дана ақынның өзіне өзі жазған «Тағдыры» сол.
Осыңдай ақынның бір мүшел қайырған жүз жылына тұтас келген біздің мереке нені еске алады? Кеннен шыққан асыл-ды, алтыңды, қоспасынан айырып қорьггып алғаңдай, ақынды да заман ортасымен қоса алып, сол дәуірінен иығы асқан өмір арманын, еңбек қасиетін қорьггып алады.
Абайдың бар өмірін баян ету бір сөзге сыймайды. Үзақ өміріңде Абайдың азамат арманынан туған, талан-тартысынан туған ақыңцық, даналық қалып-қасиетінен туған бірнеше өрен-өрен белдер бар. Бар өмірін айту орнына біз сол өзгеше кезендерін бөліп атап көрмекпіз.
Бұл ерекше қалпыңда Абайдың ақыңцығы да, бас тірлігі де, өмірдегі жол тартысы да, тарихтьің елеулі үлгілі жемісі де түгел танылады. Абайдың Абайлық бітім кескінін, тарихтық тұлғасын таныгқан ерекшеліктері бар.
Осыңдай қасиеттері Абайдың жас жігіт шағынан өлер кезіне шейін өр алуан болып айқындалып шығып отырады. Жекелеп санасақ жас кезіңцегі өмірлік, азаматтық ең бірінші ерекшелігі: «Әкеңнің ұлы болмай, халықтың ұлы боламын» деген тарты-сыңда «Әкесінің баласы адамның дұшпаны, адам баласы—бау-ырың» деген ой Абайдың сөзі ғана емес, адамгершілік, гуманистік жолы да болатын. Арлан бөрінің соқпағына бөлтірік бөрі ақылы көптігінен түспейді, бөрілік табиғатынан деп білген Абай, жасында әкеден қол үзгенде ел үшін, ел көшіне, тарих көшіне соны қоныс, тың өріс табу үшін қол үзген, сол үшін кеткен. Ол кетуі — үстем тап әкімдерімен кетісуі еді. Бұл бірінші үлкен ерекшелігі еді. Осыны ісіңде де, еңбегіңде де арман етті.
Екінші ерекшелігі: жуан бел надан, содыр ру басылардан бөліне кеткен бетіңце бірден халықты, халықтың мұңын тапты. Сол халықтың жоғын берер жаңалықты іздеді. Жеке қазақ
251
тарихы мен топырағынан іздеген жок, үлгілі көрші елдер — өнерлі орыс халқынан іздедІ. ¥лы орыс халқының ғасырлық қазынасына өз халқының қолын, жолын жеткізуді мұрат еггі. Орыс халқының өткен тарихынан, өзі тұстас тірісінен өзіне де, жұртына да дос, кемек тапты. Сонымен бірінші ерекшелігіне екінші қасиет қосты. Абайды танудың, толықтырудың айны-мас айқын жолы осы еді.
Үшінші ерекшелігі: қос қанатты биікті меңзеген ақын-дығын, бұрынғы қазақ ақыңдарының ешқайсысы шығармаған өлеуметгік ұлы тартыс, тарихтық тартыс құралына айналдыр-ды.
Төртінші ерекшелігі: өз үшін, елі үшін іздеңді, іздеңді де тапты жөне бар тапқаны мен тудырғанын ұстаздыкқа садды. Ақын болып әсер ақынды тәрбиеледі. Қазақтың жаңа әдебиетінің, классик өдебиетінің іргесін өзі қалап тұрғызып, сол әдебиетке басшы, халыққа қамқор, қайраткер болды.
Санай берсек, Абай басынан, өмір, еңбек соқпағынан тағы талай ерекшеліктер аталар еді. Бірақ өмірбаянын тұрғы-тұрғы биігінен қарап, жинап түйемін дегенде, дөл осы аталған төрт күягей анық Абайдың төрт тірек діңгегі сияқты.
Өмірінің, еңбегініңдөл ізімен болжасақ, осы ерекшеліктері айқын-айқын танылады.
Құнанбайдың еркінен шығып, өз әмірін өз ақылы бойын-ша билегеңде Абай ең алдымен орыс тілі, орыс мәдениетіне ұмтылады. Абай Россиэдан айдалып келген орыс революцио-нерлеріне кездеседі. Олар орыс халқының революцияшыл ин-теллигенциясының ішінен шыққан қадірлі, асыл жаңдар еді. Абайдың айдалып келген революцияшыл достары айдау жыл-дарының өзін үлкен үгітшілік-ағартушылық жолына арнады.
Осы арада Абайға қатгы көмектесіп жүріп, Абайдың шығыс тарихына, халық қазынасына, жол-жорасына, әдет-салт, көсібіне қанықты, білгір адамның оздері де көп білім дерек нөрадды.
Абай болса осы кезеңнен соң ақындьгқтың кең өрісіне шыққан кезіңде:
Ескі бише отырман бос мақалдап, Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап. Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел, Келейін сеңдерге де еңді аяңдап, —
деп тың жол бастады. Ескіге сын, надаңдық түнегіне үкім ай-там деді. Орыс халқының ұлы шыншыл даналары Пушкиңдер, Салтыков-Щедриңдер қалай айтса, соларша қамынды жеп,
252
алдынды меңзеп айтамын деді.
Соңда ғана ақынның өз халқынан жөне жалпы адам бала-сының енер ой байлығынан алған үш үлкен салалы түп-төркіні барын байқаймыз.
Мұның біріншісі — қазақ халқының, есте жоқ ескі заман-нан жиып, өсіріп келген өз даналығы халықтың ауызша әдеби-ет қоры, ақын Абай осы қордан кеп нөр алып, сол арқылы өз өлеңін көп көркейтгі.
Екінші бір қол артқан қазынасы араб, парсы, түрік тіліңдегі шығыстың көркем классик поэзиясы.
Үшінші үлкен енер, мол азық алған зор саласы — орыс халқының мәдениеті жөне сол аркылы Европа мәдениеті. Осы соңғы өріске құлаш созған Абай өз заманы үшін, өрі жаңа тарих, жаңа дөуірдің басы, өрі кең майдан келешек еді.
Абайдың ақындық бітіміңдегі ең бір ірі жағы осы айтқан үш қазынаның қайсысына барса да құр ғана үйренуші, еліктеуші боп барған жоқ Қайдан алсын, нені алсын — барша-сын да өзінің үлкен ойлы, терең толғаулы ірі ақыңцық ерекшелігі арқылы үнемі өз елегінен еткізіп, өз әнерімен мықтап қорыгып, өзінін қайран жүрегінен шыққан бұйым-та-бысы етіп ала бідді.
(Әр жылдар ойлары. Атматы, 1959,206—209-беттер).
253
МАЗМҮНЫ
Ллғы ..........................................................3
Кіріспе........................................................5
§ 1. «Қазіргі қазактілі» курсының салалары жөне мақсаты мен міндетгері.....................................................~
§ 2. Қазақтілінің шыққан тегі мен даму кезеңдеріне, типо.іогиялықбелгілеріне кыскаша шолу .........................7
ҚазақгілІ — ұлттілі, ұлттықңлебигіл және мемлекетгік тіл.......14
§3. ҚазактыңүлтіықтілінІңсипатгамасы.........................-
§4. Үлтгықтіддіңтармактары...................................18
§ 5. Үлттықндеби гіддііісипаттамасы..-........................25
§6. Қазақті.іі -- мемлекеттіктіл.............................31
§ 7 Қазактіл білімінін зерттелу тарнхыиа шолу................35
§ 8. Орта ғасырлардағы араб ғалымдарының зерттеулеріне шолу...36
§ 9. Ресей жөне Батыс Еуропа гүркітанушыларының зертгеулеріне пюлу.............................................39
§ 10. Қазақ тіл білімінін Кеңес доуіріндс зерттелуіне шолу....52
Қазак. тілінің лексикологиясы..................................64
§11. Лексикологиялық мақсаты мен зертгеу объектісі...........
§ 12. Тіл білімінін лексикологиямен шектес салалары...........65
...............................................................67
I. Қазіргі кдзак тілі лексикасьшыя семасмологиялық сипаты......
§ 13. Сөз — лексикалықсдиниіи.................................—
§ 14. Үғым және ..............................................69
§ 15. Сөз жоне мағына.........................................'2
§ 16. Сөздін лексикадық мағынасынын негізгі тигтгері..........75
§17. Сөз мағынасыныңдамуы....................................89
§ 18. Сөздіи көп мағыналығы...................................98
§ 19. Омонимдер...............................................100
§ 20. Синонимлер..............................................ІОХ
§21. Сөз вариантгары.........................................118
§22. Антонимдер...........................7..................121
§23. Табу жоне эвфемизмдер мсн дисфемизмлер. ..*.............124
II. Қазіргі кдзак тііі лексикасыяыя күрамы жәяе шьиу арналары.128
§ 24. Қазакіілініңсөздік құрамы...............................-
§25. Қазақіілініңнегізгісөздікқоры...........................130
§ 26. Негізгі седдік қор мен сездік курамның аракатынасы......132
§ 27. Түркі тіддеріне ортаксоздер...........................133
§ 28. Қазактың байыргы төл сездері............................134
§ 29. Қазақ лексикасындағы кфме сездер........................138
§ 30. Лраб-парсы гілдерінен енген содлер......................140
§31. ҚазақтІлініңмонғолгі.здсрІмен қарым-қатынасы............146
§ 32. Орыс тілінен енген соддср...............................148
ІП. Қазіргі мзаклекснкясьаіыиколдавылусяоаты ................156
§ 33. Сөздердіңқолданылу өрісіне байланысты түрлері...........—
§ 34. Жалпылама лексика.......................................157
§ 35 Дмалектілік лексика жонеоның гідде алатын орны..........158
§ 36 Армаулы лексика жоне оның қызметі.......................161
§ 37. Сөздердің стильдік қызметіне байланысты түрлері.........165
§ 38. Стильаралықбейтарап лексика.............................167
§ 39. Сөйлеу тіліиің .........................................168
§40. Кітаби лексика..........................................173
§41. Экспрессивтік-эмоңионалды лексика.......................178
§ 42. Сөздердін актив жөне пассив қодданылатын турлері........179
§43. Көнеріен сөздер.........................................180
§44. Неологизмдер............................................183
Қазак тілініц фразео.іогиясы.................................186
§ 45. Фразеология жөне оның өзіндік белгілері..............186
§46. Фразеологизмдердіңтурлері............................191
§ 47. Фразеологизмдердің мақал-мөтеддерге катысы...........195
§ 48. Фразеологизмдер жене оларға ұйткы создер........... 197
§ 49. Фразсологизмдердін сөз табына қатысы.................199
§ 50. Фразсологизмдердін көп магыналығы ...................202
§51. Фразеологиялықсинонимдер.............................203
§52. Фразеологиялықантонимдер.............................205
§ 53. Фразеологиялык варианттар............................207
§ 54. Фразеологизмдердін шыіу арналары.................... 209
§ 55. Фразеологизмлердін со сііктерде берілуі............. 212
Қазақтіліяін лексикографнясы.................................213
§56.С ездікгінтурлері....................................._
§ 57. Аударма сөздіктер.....................................215
§58.Т ерминологиялықсөздіктер.............................216
§59. Орфографиялықсөддіктер.............................. 217
§60. Түсіңдірме сөздіктер.................................218
§61. Диалектолоғиялықсоздіктер............................221
§62. Синонимдік сөідіктер.................................224
§63. Абайтілініңсездігі.................................. 226
§64. Этимологиялықсвздік..................................230
§65. Фразеологиялықсөздік.................................231
§66. ОрфоэпиялықсоздІктер.................................233
§67. Қазақ лексикографиясының алдағы міңдеттері...........235
Әдебиетгер................................................. 237
Сөздіктер....................................................238
Қосымша I....................................................240
ҚосымшаІІ....................................................245
254
255
УЧЕБНОЕ ИЗДАНИЕ
БОЛҒАНБАЙҮЛЫ Асет,
ҚАЛИҮЛЫ Ғабдолла
ЛЕКСИКОЛОГИЯ И ФРАЗЕОЛОГИЯ
КАЗАХСКОГО ЯЗЫКА
На казахасам языке
Редахторы Майко Әсембайх&зы
Көркемдеуші редакторы А Твменов
Техникялық редакторы Ф. И. Овчимикова
Корректоры А Әмірбекова
ИБЮ274
Теруге 03.02.97 жіберідш. Басуға 27.06.97 қол қойылды- Піпіім! 84x108/32. Офсетгік басылыс. Офсетгік қагаз. Шартты баспа табағы 13,44. Есеітгік баспа табаіы 14,87. Таралымы 2000 дана. ТапсырысЛК» 3312. Бағасы кешсіңш.
«Санат» мемлекетгік баспасы, 480012, Алмаіы қаласы, А. Байгурсынұяы көшесі, 65 «А».
Қазақстан Республикасы Баспасвэ жөне бүқаралык акпарат істері жөніңдсгі ултгық агснтгігінің Республикалық «Доуір» газет-журнал баспасы. 480044, Ал-маты қаласы, Достықданғылы, 2/4.
256