Текст
                    ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ҚОҒАМЫ
ТАЛҒАТ
САЙРАМБАЕВ
АЗА
ТІЛ БІЛІМІНІ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
Алматы
2014


УД К 811.512.122 ББК 81.2 Қаз С16 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі Тіл комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында шығарылды Сайрамбаев Т. Қазақ тіл білімінің мəселелері / Құраст.: ф.ғ .д. Ғ . Əнес жəне К. Шаймерденова. – Алматы: «Абзал-Ай» баспасы, 2014. – 640 бет. ISBN 978-601-7172-40-4 Филология ғылымдарының докторы, профессор Талғат Сайрамбаев (1937–2009) қазақ тіл білімі синтаксисінің өзекті саласы – сөз тіркесінің қалыптасу кезеңдері, даму тарихы жəне тілдік қолданыстағы өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты зерттеген бірден-бір жетекші ғалым. Оның еңбектерінде сөз тіркестерінің түрлері, байланысу тəсілдері, сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен үйлесімді тіркес құрау заңдылықтары баяндалады. Сондай-ақ орыс тіл білімі мен түркітану синтаксис мамандарының осы мəселеге қатысты пікірлері, оның қазақ тіл біліміндегі сөз тіркесіне ықпалды тұстары талданып көрсетіледі. Қазақ тіліндегі сөз тіркесі саласы бойынша кез келген сұраққа жауап табуға болатын зерттеуші еңбегі тілші ғалымдарға, тіл үйретуші мамандарға жəне көпшілік тіл жанашырларына арналады. УД К 811.512.122 ББК81.2 Қаз ISBN 978-601-7172-40-4 © Сайрамбаев Т., 2014 © «Абзал-Ай», 2014 С16
АЛҒЫ СӨЗ М. Əуезов атындағы Шымкент пединститутының филология факультетін үздік бітірген Т. Сайрамбаевтың ғылым жолына түсу сапары Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының Тіл білімі институтының аспиранты болып, осы қара шаңырақта профес- сор Мəулен Балақаевқа шəкірт болуынан басталады. Ғалымның ғылыми-педагогикалық еңбек жолы негізінен əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде (1971–2009) өтті. Жоғары оқу орнындағы оқытушылық қадамы Қызылорда қаласындағы қазіргі Қорқыт Ата университетінен (1965–1971) басталған болатын. Алматыда өз алдына шаңырақ көтерген «Қайнар» университетінде де (2004–2009) қосымша профессорлық лауа- зымда қызмет атқарды. Талғат Сайрамбайұлының шығармашылық жолына келсек, ең басты еңбектері – 1967 жылы қорғаған «Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім мен сан есімнің етістікпен тіркесі» атты кандидаттық диссертациясы мен 1984 жылы қорғаған «Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестерінің құрамдық-семантикалық типтері» ат-ты докторлық диссертациясы. Ғалым-ұстаз не жазса да сол нысаналы тақырыбы – сөз тіркесі мəселесі туралы жаз- ды. Сондай-ақ сөз тіркесі жайлы жазылған еңбектерді талдап, авторлық көзқарастарын қолдап, қалайда осы тақырыптың көкжиегін кеңейтуге ерекше ниетті ғалым болды. Өзінің же- текшілігімен қорғаған 38 ғылым кандидаты мен 2 ғылым докто- рының да зерттеу жұмыстарының басым бөлігі осы сөз тіркесі мəселесі болатын. Зерттеуші қазақ тіл білімі синтаксис саласының ішіндегі сөз тіркесі мəселесімен түбегейлі айналысты. Осы тақырыпқа өзінің барлық шығармашылық еңбегін, кандидаттық, докторлық дис- сертацияларын, 15-ке тарта монографиялық зерттеуін, 200-ден астам ғылыми мақаласын арнады.
4 Алғы сөз Жұмыстарының ішінде жеке өзінің авторлығымен шығар- ғаны 12 еңбек (монографиялар, оқу құралдары) жəне қосымша авторлықпен шыққан 7-8 оқу құралы, 5-6 сөздік пен тілашар, 14 əдістемелік құрал (əдістемелік нұсқаулар, пəндік бағдарламалар). Қазақ тіл білімі тарихында сөз тіркесі мəселесі – соңғы 50-60 жыл көлемінде ғана зерттеле бастаған жаңа бағыт. Бұл мəселеге синтаксис мамандарының көпшілігі арнайы бет бұрған жоқ еді. Ал тіл білімімен айналысқан əрбір ғалым халық танымы- на жақын мəселелерді бұл ілімнің барлық саласы бойынша жан- жақты зерттеді, тереңдетті, толықтырды, тілдің біртұтас заңдылығын қалыптастырды, келешекке мұра етіп қалдырды. Сөз тіркесі мəселесін сол қалыптасқан тіл ғылымының (сөздің, сөйлем мүшелерінің, сөйлемнің) бір-бірінің байланысының заңдылықтарын қарастыратын ғылым деп атасақ орынды. Сөз тіркесі мəселесіне синтаксисте бір ғалым ғана білек сы- бана кіріскен болатын. Ол əйгілі ұстаз – ҚР Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, филология ғылымдары- ның докторы, профессор Мəулен Балақаев еді. Ол кісінің шəкірті Т. Сайрамбаевтың да шығармашылық жұмысының дені – сөз тіркесі мəселелері. Солардың басты- бастыларын атап айтсақ, «Күрделі сөз тіркестерінің кейбір мəселел ері» (1976), «Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркес- тері» (1981), «Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі» (1991), «Сөйлемнің тұрлаулы мүшел ері» (1996), «Синтаксис туралы ойлар» (1996), «Синтаксистің кейбір мəсел елері» (2004), «Жақ категориясының функционалдық көрінісі» (2005), т.б. оқу кұрал- дары мен «Мəулен Балақаев» атты зерттеу-эсселік моногра- фиясы (2007) жарық көрді. Осы еңбектерінде сөз тіркесінің басты-басты мəселелері, атап айтқанда, сөз тіркесінің түрлері, олардың өзіндік ерек- шеліктері, сөз тіркесінің байланысу тəсілдері, басыңқы- бағыныңқы сыңарлардағы синтаксистік қатынастар, сөз тір- кесінің есімді-етістікті түрлері, күрделі сөз тіркестері, əрбір сөз табының басыңқы сыңармен тіркесу қабілеті жəне т.б. күрделі мəселелер егжей-тегжейіне дейін қарастырылды. Талғат Сайрамбайұлының «Мəулен Балақаев» атты моно- графиялық еңбегі профессор М. Балақаевтың 1939–1992 жылдар
5 Алғы сөз аралығында шыққан еңбектеріндегі сөз тіркесі мəселесін талдап, жинақтап, бүгінгі күнмен үйл есімді етіп жалғастырған. Сөз тіркесі мəселесі – М . Балақаевтың кандидаттық та, докторлық та жұмыс тақырыбы ғана емес, ғалымның қазақ тіл білімін дамытудағы жаңа көзқарасы. Сөз тіркесі мəселесі зерттеуді күтіп тұрған тілдік құбылыс екенін, бұл мəселені М. Балақаев дөп басып колға алғанын, оны ерінбей зерттеп, жалықпай жазған- дығын тарихи жылдар белесі бойынша Т. Сайрамбаев аталған еңбегінде жан-жақты ашып көрсеткен. Ғылымда игі сабақтастық деген болса Т. Сайрамбаев та осы ұстазының ілімін жалғастыра, дамыта, жетілдіре жүріп, өмірінің соңына дейін осы идеяны насихаттады, өз шəкірттері арқылы тереңдете түсті. Əрбір талапкерді ғалым етіп шығару оңай шаруа емес. Əркім- нің қабілетіне орай тақырып таңдау, оның ғылыми жоба-жос - парын жасау, сол мəсел е бойынша ауқымды кеңес беру, сол тақырыпқа қызығушылығын ояту да Талғат Сайрамбайұлының кезекті шаруасы болатын. Одан соң жазылған жұмыстың жа- рияланымын, оның сауаттылығын бақылап, əрбірінің дер кезінде қорғауын мұқият қадағалап отыратын. Ең бастысы, диссер- танттың ғылымға қосар жаңалығына көзі жетпейінше тыным- сыз жұмыс жүргізетін. Ал олардың қорғау сəтінде де қиналыс аз болмайтын. Балапанын қорғаған құс секілді қиындықтарды бастан кешіретін. Қашан қорғалған жұмыс Жоғары аттеста- циялық кеңестен бекіп келгенше көңілі орнына түспейтін ұстаз болды. Ғалым-ұстаздың шəкірттері де синтаксистің өзекті мəселе- леріне ғылыми жұмыстарын арнады. Олардың бірі мезгіл, бірі мөлшер пысықтауыштың табиғатын тереңдете зерттесе, бірі қазіргі қазақ тіліндегі есімді сөйлемді, бірі есімді құрмалас сөйлемді саралады. Ал енді бір талапты шəкірті сөз-сөйлем ту- ралы диссертация қорғап, сөйтіп, қазақ жай сөйлем синтаксисі- не жаңа сөйлем түрлері енді. Т. Сайрамбаев ғұмырын арнаған сөз тіркесі мəселелері кейін салаланып, фразеологизмді сөз тіркесі, тұрақты сөз тіркесті сөйлем мүшелері арнайы зерттеліп, тіл байлығы заңдылықтары анықтала түсті.
6 Алғы сөз Ұстаз-ғалымның əрбір шəкіртінің қорғаған ғылыми жұ- мыстарының қай-қайсысында да зерттеушінің пікірі өшпестей өріліп жатады. Ол жас, жаңа буынның ойымен өрбіп, жалғасып кете береді... Профессор Талғат Сайрамбайұлының 44 жыл оқытушылық жұмысындағы ең сүйікті ісі – студенттерге дəріс беру, түр- лі формадағы сабақтар өткізу жұмысы еді. Ұстаздың те- рең мəнді, мазмұнды лекциялары, тартысты сабақтары əрбір шəкірттің біліміне білім қосып, сол ғылымды қабылдауға де- ген танымдық белсенділігін арттырып отыратын. Көбіне сту- денттерді шығармашылық жұмысқа баулитын. Бүгінгі қазақ филологиясында жетекші ғалым болып жүрген білімпаздардың көпшілігі – өзінің сабақ берген бұрынғы студенттері. Басқа құрмет түрлерін айтпағанда, ол өзіне берілген екі атаққа риза болатын. Оның біріншісі – Мəскеуден берілген «Отличник высшей школы СССР» жəне «Қазақстан Респуб- ликасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» деп аталатын атақтары. Талғат Сайрамбайұлы Сайрамбаев – ғылымда да, өмірде де үлкен мұра қалдырған, адалдықпен, тынымсыз ұстаздық жəне ғылыми еңбекпен отбасына да, еңбек еткен ортасына да, əрбір шəкіртіне де сарқыла тағылым берген, əрбір дос-жаранына қимастай тұлға бола білген ардақты əке, асыл ата, жақсы жар, адал дос жəне ғалым-ұстаз. Өмірзақ АЙТБАЙҰЛЫ, ҚР ҰҒА-ның академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор
І ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КҮРДЕЛІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ
СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ І ТАРАУ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ СИНТАКСИСТІК ҚҰРЫЛЫСЫ 1. Сөз тіркестерінің құрылымдық түрлері 2. Сөз тіркесінің сөз, фразеология, тағы басқа ұқсас единицалармен арақатынасы 3. Сөз тіркесінің күрделенуінің негізгі тəсілдері ІІ ТАРАУ КҮРДЕЛІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ТҮРЛЕРІ І. Есімді күрделі сөз тіркестері 1. Қабыса байланысқан есімді күрделі сөз тіркестері 2. Матаса байланысқан есімді күрделі сөз тіркестері 3. Меңгеріле байланысқан есімді күрделі сөз тіркестері ІІ. Етістікті күрделі сөз тіркестері Етістіктердің сөз тіркесін құраудағы рөлі 1. Қабыса байланысқан етістікті күрделі сөз тіркестері Сын есімдердің етістікпен тіркесі Сан есімдердің етістікпен тіркесі Көсемшелердің етістікпен тіркесі Үстеулердің етістікпен тіркесі Еліктеуіш сөзді сөз тіркестері Зат есімдердің етістікпен тіркесі 2. Меңгеріле байланысқан етістікті күрделі сөз тіркестері Барыс жалғаулы сөз тіркестері Табыс жалғаулы сөз тіркестері Жатыс жалғаулы сөз тіркестері Шығыс жалғаулы сөз тіркестері Көмектес жалғаулы сөз тіркестері
АВТОРДАН Сөз тіркесінің зерттелуі жəне оның объектісінің айқындалуы кейінгі кездің жемісі. Сөз тіркестерінің объектілері негізінде қазақ тілінде жəне түркологияда арнайы зерттелінді, əлі де зерттелуде. Сондықтан да жалпы шолу мен онан кейінгі бөлімдерінде сөз тіркестерінің зерттелуі мен өзіне ұқсас категориялардан, яғни сөз, сөйлем, фразеологиялық бірлік пен сөйлем мүшелерімен ұқсастықтары мен айырмашылықтары сөз болды. Ол туралы ай- тылған əдебиеттердегі көзқарастарға жан-жақты шолу жасалды. Сөз тіркесіне қатысты мəселенің бірі – оның құрылысы. Сөз тіркестерінің құрылысы орыс тіл білімінің өзінде де арнайы зерт- теудің объектісі болған емес. Жалпы осы уақытқа дейін күрделі сөз тіркесі деп нені айтамыз дейтін мəселенің өзі де ойландырады. Осы күнде сөз тіркестерінің құрылысы арнайы зерттелінбеді дегенімізбен, кейбір əдебиеттерде, біріншіден, сөз тіркесінің классификациясы, екіншіден, аздап та болса, олардың күрделену процесінің өзіндік ерекшеліктері сөз бола бастағанын айтып өттік. Дегенмен сөз тіркесінің күрделену процесі туралы əртүрлі көзқарастарға шолу жасай отырып, біз сөз тіркестерінің күрделену процесін, толық мағынасы бар сөздер мен дербес мағынасы жоқ сөздердің де қатысын негізге алдық. Əрине, сөз тіркестерін күрделендіруде толық мағыналы сөздер, олардың қатысы негізгі пікір болғанымен, сөздердің күрделі сөз тіркесін құрауы туралы да пікірталасы əртүрлі. Ал шылау, көмекші етістік, көмекші есім, модаль сөз, т.б. əдетте сөйлемде сөз бен сөзді байланыстыру қызметін атқарады деумен ғана шектеледі. Шындап келгенде, олар сөз бен сөзді байланыс- тыру қызметін атқаруы бар да, сонымен бірге ондай сөздердің мағыналық тобы мен синтаксистік қызметін де айқындайтынды- ғын ескере бермейді. Ғылыми əдебиеттердегі пікірталасына на- зар аударсақ, шет тілін зерттеушілер В.Г. Адмони, О.С . Ахмано- ва, түркологтар И.З. Гаджиева, М.Б. Балақаевтардың пікірлерін
12 Күрделі сөз тіркестері негізге алу барысында көмекші сөздер тобының сөз тіркесіне қалай да қатысы барлығын мойындауға тура келеді. Осыған сəй- кес сөз тіркестерінің аясының кеңеюіне олардың қатысын ар- найы сөз еттік. Көмекші сөзді сөз тіркестері ішінде əсіресе шылаулардың тек етістікті сөз тіркестерімен бірге есімді сөз тіркестерін жасау ерекшеліктері де бұл еңбекте орын алды. Сонымен бірге фразео- логиялық единицалардың да күрделі сөз тіркесіне қатысы туралы орыс, түркологиялық əдебиеттерге жан-жақты шолу жасалды. Сонымен сөз тіркестерінің күрделенуіне əрбір сөз таптары- ның күрделі түрлері, нумеративті сөздер, қосарлы сан есім, фра- зеологиялық единица, көмекші есім, көмекші етістік, шылау, мо- даль сөздер қосымшалардың өзіндік қызметі сөз болды. Жұмыстың одан соңғы тарауында оның есімді, етістікті топтарының да құрылымдық түрлері негізінен қаралады. Сөз тір- кесінің бағыныңқы сыңарларының байланысу формаларына қарай есімді сөз тіркесінде қабыса, меңгеріле жəне матаса, етістікті сөз тіркесінде бағыныңқы, басыңқы сыңарлардың жасалуы мен ма- ғыналық тобы жəне синтаксистік қызметтері арнайы сөз болды. Сөз тіркестерінің негізгі ерекшеліктері Синтаксистің негізгі объектілері – сөз тіркесі мен сөйлем. Бұлардың əрқайсысының өзіндік объектілері бар. Қазан төңкерісіне дейінгі еңбектерде тек сөйлем мүшелерін, олардың байланысын, орын тəртібін көбірек сөз етеді де, ал сөз тіркестеріне байланысты мəселелер онша ауызға алынбады. Түркі тілдерінің сөз тіркестері тек кеңестік дəуірде ғана зерттеліне бас- тады. Орыс тілінде сөз тіркестерін тұңғыш қолға алған В.В . Виног- радов сөз тіркестерінің түрлері, байланысу формалары жəне олардың құрылысы тіл білімінің ең басты бөлімі екендігін айтады. И.П . Мелиоранский «Краткая грамматика казах-киргизского языка» деген еңбегінде сөз тіркесі туралы арнайы тоқталмағаны- мен, «Простое предложение» деген бөлімінде бастауыштың баяндауышпен қиыса байланысатынын дұрыс көрсеткен [1, 1-2]. Ал септіктерге жеке-жеке тоқтай келіп, онда əрбір етістіктің ма-
13 Күрделі сөз тіркестері ғыналық топтарының қайсысы қандай сөздерді меңгеретінін анықтаған. Меңгеру туралы айта келіп, онда үміттену, берілу, бағыну, келісу, мақтану, күлу, шыдау, жылау, мұқтаж болу, т.б. етістіктер барыс жалғаулы сөздерді меңгеретінін дəлелдеген. Ал қабыса байланысу туралы ешбір сөз қозғалмайды. Бірақ автор- дың «Определение» деген бөліміндегі мынадай мысалдар: «ақ тас – белый камень; жақсы кісі – хороший человек; үшінші жыл – третий год» дегенде сөздердің қатар келіп орналасатынын сөз етеді [1, 13]. Мұның өзі қабысу терминінің жалпы орыс тілінде де көп уақытқа дейін енгізілмеу себебіне байланысты ма деп ой- лауға болады. Сонымен Қазан төңкерісіне дейінгі еңбектерде сөз тіркесі, оның байланысу формалары жалпы болса да айтылады. Қазақ тілінде сөз тіркестері арнайы түрде тек 1930 жылдар- дан бастап сөз бола бастады. Мұны ең алдымен Қ. Жұбанов, т.б. ғалымдарымыздың еңбектерінен айқын көруге болады. Ал Қ. Ба- сымовтың «Сөйлем мүшелері туралы», «Пысықтауыш», т.б. ма- қалаларында тек бастауыш пен баяндауыштың қиысуын ғана сөз еткені болмаса, олардың басқа байланысу формаларына арнайы тоқталмаған. Сөз тіркестері туралы мағлұмат мектеп грамматикаларын- да тек 1939 жылдары беріле бастады. Бұл ретте С. Аманжолов, С. Жиенбаев, Т. Сауранбаев, т.б. еңбектерін атауға болады. Əрине онда дəл қазіргідей сөз тіркестері деп аталмағанмен, əркім өзінше сөздер тізбегі, сөздердің қарым-қатынасы, сөздердің байланысы деп көп уақытқа дейін əртүрлі айтып келгені белгілі. Қазақ тілі синтаксисі туралы арнайы зерттеу жүргізген С. Аманжоловтың сөз тіркестері туралы өзіндік пікірлері болды. 1940 жылғы «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы» деген еңбегінде де сөз тіркесі туралы арнайы тоқталғандығы белгілі. Онда автор «Сөйлем мүшелерінің өзара қарым-қатынас- тары» деп, оларды беске бөліп қарастырады. Қиысу, жанасу, қабысу, меңгеру-меңгерілу жəне бесінші етіп сөйлем мүшелерінің орын тəртібін де осыған енгізеді. Автордың алғашқы төрт түріне қосылғанымен, бесіншісі, яғни «сөйлем мүшелерінің орындары» дегеніне қосылуға болмайды. Бұл еңбек 1950 жылы түзетіліп қайтадан басылды. Онда ар- найы түрде «Сөйлемдегі сөздердің (сөйлем мүшелерінің) қарым-
14 Күрделі сөз тіркестері қатынасы» деген бөлімде сөз тіркестерін «сөйлемдегі сөздердің қарым-қатынасы» деп атай отырып, қиысу қарым-қатынасы мең- герілу, қабысу жəне жанасу деп төртке бөліп дəлелдейді. Сөйлемдегі сөздердің байланысына 1939 жылы Т. Сауранбаев С. Аманжоловпен бірігіп жазған мектеп грамматикаларында жəне «Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі» деген еңбегінде біраз тоқталған. Бұл еңбегінде автор сөз тіркестерін «синтаксис- тік қатынастар» деп атай отырып, оларды субъекті, предикаттық, объектілік, атрибуттық жəне сипаттауыштық қатынас деп бір- неше түрге бөледі. Автор бастауыш пен баяндауыш арасындағы қатынасты субъ- екті, предикаттық деп атаса, ал толықтауыш сөздердің етістікпен байланысын объектілік, ал анықтауыш пен анықталатын мүше- лердің байланысын атрибуттық қатынас деп бөледі. Сол сияқты бұлардан өзгеше изафеттік құбылысты өз алдына қарастырып, оның өзіндік жасалу жолдарын дұрыс көрсетеді. Бұдан кейінгі шыққан «Қазақ тілі» (Педучилищеге арналған) еңбегінде сөз тіркестерінің қиыса, меңгеріле, қабыса жəне жанаса байланыса- тынын айтады [2, 156-157]. Жай сөйлемге енген сөздердің бір- бірімен өздерінің орын тəртібі, интонация, қосымшалар, шылау- лар арқылы байланысу жолдарына тоқталады. С. Жиенбаев «Синтаксис мəселелері» деген еңбегінде сөйлем мүшелерінің байланысу формалары туралы арнайы сөз етпей- ді [3, 3]. Онда автор «Жай сөйлемнің синтаксисі, құрмалас сөй- лемнің синтаксисі» деп, сөз тіркесінің синтаксисін жеке қарас- тырмайды [3, 34]. Алайда сол еңбектің «Синтаксистің кейбір мəселелері туралы» деген бөлімінде «Қиысу туралы» арнайы тоқталып, өзіндік тұжырымдар жасайды. Мұның өзі автордың бұл мəселеге аздап болса да көңіл аударғандығын аңғартады [3, 6]. Ал «Сөйлемдегі сөздердің байланысы туралы» деген бөлі- мінде автор байланысу формаларынан гөрі байланысу амалдарына назар аударғысы келеді [4, 62-70]. Бұл еңбектерде сөз тіркестері туралы айтылғанымен, олардың толып жатқан заңдылықтары, атап айтқанда, байланысу форма- лары мен амалдары, түрлері, оның синтаксистік қатынастары арнайы сөз болып қозғалмайды. Бұл жөнінде жалпы түркология, оның ішінде қазақ тіл білімінде көптеген жұмыстар жазылып жəне одан ары зерттеліп жатқаны да белгілі [5; 6; 7; 8; 9].
15 Күрделі сөз тіркестері Жалпы сөз тіркестерін зерттеу тек 1950 жылдардан кейінгі уақытта ғана бір жүйеге келе бастады. Отандық тіл ғылымында сөз тіркесі синтаксисі мəселесі жө- нінде Н.К . Дмитриевтің, А.Н. Кононовтың, Е.И. Убрятовалардың еңбектері жарық көрді. Олар қиыса, қабыса жəне меңгеріле бай- ланысқан сөз тіркестері түрінде сипаттайды. Қазақ тілі білімінде сөз тіркесі (сөйлем мүшелерінің бай- ланысы) 1950 жылдарға дейін тек мектеп грамматикаларының көлемінде айтылып келді. Онда да сөз тіркесіне толық анықтама беріп, оның түрлі жақтарын егжей-тегжейіне дейін зерттеген ешкім болған емес. Сөз тіркесінің зерттелуі тек кейінгі кездің жемісі болып отыр. Сол туралы А.А . Коклянова: «Сөздердің байланысы, септікті жəне шылаулы тіркестер мен анықтауышты конструкциялар түркі тілдерінде əлдеқашан қолға алынған болатын. Алайда арнаулы зерттеулер тек қазір пайда бола бастады. Соның бірі – профес- сор М. Балақаевтың «Основные типы словосочетаний в казахс- ком языке» деген еңбегі. Бұл еңбегінде автор сөз тіркестерінің құрылымдық түрлері, есімді, етістікті сөз тіркестерін, шылаулы меңгеру мен септікті меңгеру сияқты көптеген мəселелерін жан- жақты дұрыс көрсетеді» [10, 39] – деген болатын. М. Балақаевтың еңбегі – түркі тілдерінде сөз тіркестері ту- ралы бірінші туынды. Мұнда автор сөз тіркестерінің көптеген теориялық мəселелерін жан-жақты ашып берді, сондықтан ға- лымның еңбектерінен толық мағлұмат алуға болады. М. Балақаев сөз тіркестерін жалпы есімді, етістікті етіп екіге бөліп, оның əрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін, олардың ба- сыңқы компоненті мен бағыныңқы компонентінің қандай сөз таптарынан болатындығын жəне ондай кездегі тіркесу қабілетін дұрыс қорытындылайды. Сол сияқты автор бұл еңбегінде сөз тіркестерінің байла- нысу формалары мен амалдарын жəне олардың синтаксистік қатынастарын сөз етеді. Сөз тіркестерін байланысу формаларына қарай қабысу, қиысу, меңгеру жəне матасу деп төртке бөліп қа- растырады. Осы күнге дейінгі жəне осы кездегі көптеген түркі тіліндегі еңбектерде байланысу формаларын дəл орыс тіл біліміндегідей
16 Күрделі сөз тіркестері үшке бөліп берушілік басым болып келді. Əрине, мұндай жағдайда əрбір тілдің өзіндік ерекшелігіне қарау керектігі айқын. Осы тұрғыдан алғанда М. Балақаев басқа тілдерге қарағанда қазақ тілінде 4-түріне матасу деген байланысу формасын енгі- зеді. Мұндай бөлудің өзіндік белгілері мен ерекшеліктеріне сай дұрыс алынуы практикада айқын байқалып жүр. Сөз тіркесін сөйлемнен ажырату – жалпы тіл білімінде негізгі мəселелердің бірі. Алдымен сөз тіркесі дегеніміздің өзін ашып, оның не екенін түсінуіміз керек. Бұл жердегі негізгі мəселе мы- нада. Сөз тіркесіне синтаксистік топ құрайтын барлық сөздердің тіркесін жатқызамыз ба, əлде предикативті қатынасты да жат- қызамыз ба? Осы негізде кейбір ғалымдар, мысалы: Фортунатов, Пешков- ский, т.б. толық мағынасы бар грамматикалық тіркестердің бар- лық түрін сөз тіркесіне жатқызамыз дейді. Фортунатовтың пікірі бойынша, сөйлем дегеніміз – сөз тіркесінің бір түрі (разновид- ность), көрінісі. Бұлардың пікірінше, сөйлем мен сөз тіркесінің ешбір айырмашылығы болмайды. Керісінше, кейбір ғалымдар Буслаев, Потебня, Шахматов, т.б . сөз тіркесін жоққа шығарады. Олардың ойынша, негізгі етіліп сөйлемнің теориясы жəне сөй- лемнің мүшелері алынады. Сөйтіп сөз тіркесі туралы мəселе тек түркі тілдерінде ғана емес, басқа тілдерде де түрліше қаралды. Сөз тілдік единица болып табылады. Ол морфология, лексико- логия, семасиологияның объектісі бола отырып, сөз тіркесіне де қатысты. Өйткені ол сөз тіркесіне де, сөйлемге де негіз болады. Оларсыз жалпы сөйлем құрылмаған да болар еді. Сөз, негізінде, сөз тіркесін құруға негіз болса, ал екеуінің бірлігі сөйлем құрауға негіз болады. Олай болса, сөз де, сөз тіркесі де бірімен-бірі тығыз байланысты. Сол сөздерді бірімен-бірін тіркестіріп, оны жетілдіре түсу ыңғайында ғана келесі біреуге ойымызды толық жеткізуге болады. Профессор М. Балақаев сөзді тілдік единица ретінде лекси- кология, семасиология, стилистика, сөз таптары жəне сөйлем мүшесінің де объектісі ретінде зерттеді. Сонда сөз тіркесі кемінде толық мағыналы екі немесе одан да көп сөзден құралады да, олар біріне-бірі бағына байланысады екен.
17 Күрделі сөз тіркестері Сөз тіркесі мен сөйлем – синтаксистік категория. Бұл екеуі тығыз байланысты. Бірақ кейбір ұқсастықтары болғанымен, əр- қайсысының өзіндік объектілері бар. Негізінде бұлардың айырмашылықтары көптеген еңбектерде айтылып келеді. Н.К . Дмитриев сөз тіркесі мен сөйлемді талдай келіп, екеуінің бір-бірінен айырмашылығын ашып алу керектігін айтады. Автор Яңа ой янды (Новый дом сгорел) деген сөйлемді тал- дай келіп, соның ішінен яңа ой (новый дом) десе, ол сөйлем бо- лып шықпайды. Себебі, бұл жай атаудан ешқандай қорытынды не тұжырым жасауға болмайды. Керісінше, мұнда аяқталмаған логикалық ой, толық ойға меңзейтін ойдың үзіндісі ғана болып тұр. Сөйлемде (логикалық не грамматикалық жағынан алсақ та) екі полюс, яғни бастауыш пен баяндауыш болуы хақ. Сонымен, бір-біріне қатысы жағынан бастауыш жəне баяндауыш болып келетін кез келген синтаксистік бірлікті сөйлем дейтін боламыз. Керісінше, өзара іштей бастауыш жəне баяндауыш болып келме- ген кез келген синтаксистік тіркес сөйлем емес, сөз тіркесі деп танылады. Сонда сөз тіркесі сөйлем ішіндегі статикалық қатынастарды баяндаудың формасы ғана [11, 202-203]. Сөйлем мен сөз тіркесінің айырмашылығын Н.К . Дмитриев былай көрсетеді: «Егер бастауыш пен баяндауыштық қатынастан құралып, аяқталған ойды білдірсе, сөйлем деп танылады, егер бастауыш пен баяндауыштық қатынас болмай, олар тиянақты ойды білдірмесе, сонда ғана сөз тіркесі», – дейді. Сөйтіп, Н.К . Дмитриев сөз тіркесі мен сөйлемнің айырмашылығы етіп олардың тиянақты жəне тиянақсыз келуін есепке алады. Осы сияқты Н.А . Баскаков, Б.А. Убрятова, т.б. көптеген ғалымдар сөйлем мен сөз тіркесінің бір-бірінен айырмашылықтарын көрсете келіп, Н.К . Дмитриевтің жоғарыдағы пікірін қолдайды. Бұлай бөлу жалпы орыс тілі ғылымында көп уақытқа дейін орын алып келді. Сөйтіп предика- тивті түрі бастауыш пен баяндауыштық қатынастан құрылады да, бұлар аяқталған ойды білдіреді, мұны сөз тіркесіне есеп- темей, сөйлемге жатқызды. Ал бастауыш пен баяндауыштан басқа қатынастағылар, яғни олар аяқталған ойды білдірмейді, сол себептен оларды сөз тіркесі деп қарастырады. Н.А . Баскаков
18 Күрделі сөз тіркестері жəне Г.И . Инкижековой-Грекул сөз тіркесі мен сөйлемді пре- дикативті, предикативті емес деп бөле отырып, оның предика- тивті емес түрінің өзін бірнеше бөлімдерге бөліп қарастырғанын көреміз. Сонда Н.А . Баскаковтың пікірі бойынша, тек атрибуттық қатынастағылар ғана сөз тіркесі болу керек. Осының негізінде ол сөз тіркесі туралы өзіндік жаңа топшылау жасағысы келеді. Ол «оңды полған (полым – там бывший, быв там, атха мунген) мініп – севший на лошадь, сев на лошадь» [12, 464] деген мысалдарды талдай келіп, сөз тіркесі мен сөйлемді ажыратуда олардың басың- қы мүшесінің (лошадь) қай формада екендігіне баса назар аудара- ды. Мұндай жағдайда «соңғы (басыңқы) сөз есімше не көсемше формасында тұрса ғана сөз тіркесі де, ал олар етістіктің басқа фор- маларында келсе, сөйлем», – деді. «Атха мунген» дегендегі мунген басыңқы мүшесі тиянақсыз, сондықтан ол – сөз тіркесі. Егер атқа мінді болса ол сөз тіркесі емес, тиянақты сөйлем деп қарастырады. Негізінде сөз тіркесінің əрбір сыңарларын бұлай қарау олардың қасиетін толық аша ал- майды. Сөз тіркесі мен сөйлемді ажырату немесе олардың ара- сына жоғарыдағыдай шек қою дұрыс болып шықпайды. Өйткені мұндай шек қою негізгі критерий бола алмайды. Ол үшін сөз тіркесі мен сөйлемнің əрқайсысының зерттелетін негізгі объек- тілерін ашу керек сияқты. В .В . Виноградов кейінгі еңбектерінде сөз тіркестері мен сөйлемді басқаша қарастыра бастады. Ол жалпы предикативті жəне предикативті емес деп бөлушілікке бүтіндей қарсы тұрды. Сөйтіп, сөйлем мен сөз тіркесінің айырмашылығын біздің отандық тіл ғылымында сөйлемге интонация мен пре- дикативтілік сияқты екі белгі тəн екендігін, былайша айтқанда, сөйлеушінің болмысқа қатынасын жəне аяқталған ойды білдіретін грамматикалық категориялардың жиынтығы деген қорытын- дыға келді [13, 76]. Бұл принципке қарағанда, сөйлемнің сөз тіркесінен бір өзгешелігі, біріншіден, əрбір сөйлемнің айтылу интонациясы болады. Бұл қасиет сөз тіркесінде болмайды. Əрбір сөйлеуші сөйлемді айтқанда өзінің сазына келтіріп, яғни интонациямен айтады. Мысалы: Жақып – студент. Мұнда интонация арқылы айтылған. Ал егер интонация арқылы болмай «Жақып студент» десек, онда анықталушы жəне анықтаушы сөз болып, сөйлем бол-
19 Күрделі сөз тіркестері майды. Екіншіден, негізінде, сөйлемдерге тəн нəрсе – олар көбіне бастауыш пен баяндауыштық қатынастан құралып, біршама аяқталған ойды білдіруі. Бұл құбылыс та сөз тіркесінде үнемі бола бермейді. Сөз тіркесі толық мағыналы сөздерден құрала отырып, сөйлемнің бір ұйысқан бөлшегі болып табылады. Бірақ сөз тіркесі мен сөйлемнің осындай айырмашылықтары болғаны- мен, олардың өзіндік ұқсастықтары да бар. Сөз тіркесі сөйлемнің негізінде жасалады. Мысалы: Кітап оқыды – бұл əрі сөйлем, əрі сөз тіркесі. Олай болса, бір сөз табы басқа сөз таптарына ауысып отыратыны сияқты, бұл екеуі бір- біріне ауысып отырады, əрі екеуі де құрылысы жағынан кейде ұқсас келеді. Сөйлем де, сөз тіркесі де екі немесе одан да көп сөз- дерден құрала отырып, сөйлемдермен сəйкес келе береді. Қорыта келгенде, сөз тіркесі жəне сөйлем жалпы тіл қатынасы, ой қатына- сы бола отырып, əрқайсысының өзіндік объектілері бар. Бұл, əсіресе, қазақ тілі негізінде жазылған профессор М.Б .Балақаев- тың еңбектерінде дұрыс, нақтылы көрсетілген. Сонда сөз тіркестерінің негізгі белгілеріне мыналарды жат- қызуға болады: 1) сөз тіркестерінің байланысу формалары, 2) сөз тіркестерінің байланысу амалдары, 3) сөз тіркестерінің синтаксистік қатынастары, 4) сөз тіркестерінің түрлері. Яғни бұл төрт белгі – сөз тіркестеріне тəн белгілер. Сол сияқ- ты сөз тіркестеріне интонация жəне орын тəртібі, құрылысы да негізгі бір элемент болып кіреді. Біздің мақсатымыз – сөз тіркестерінің басты ерекшелікте- ріне талдау жасау. Енді солардың əрқайсысына жеке-жеке тоқталайық. Сөйлемдегі сөздер бірімен-бірі қалай болса, солай тіркес- пейді. Мұны А.М . Пешковскийдің сөзімен айтқанда: «Тіліміздегі кез келген екі сөз қатар тұру арқылы сөз тіркесін құрай ал- майды, олар сөз тіркесі болуы үшін мағыналы жағынан байла- ныста болуға тиіс» [14, 34]. Кез келген сөздер сөз тіркесін құрау үшін олардың қалып- тасқан семантикалық мазмұны үлкен рөл атқарады. Яғни басың- қының семантикалық мағынасы бағыныңқы мүшенің мағынасы-
20 Күрделі сөз тіркестері на сай келуі тиіс. Бұл жағынан алғанда олар тарихи категория болып есептелінеді. Басыңқы мүше бағыныңқы мүшемен мағы- налық байланыста айтыла отырып, бірімен-бірі əрі грамматикалық, əрі интонация жағынан байланысады. Сонда грамматикалық тəсілге түрлі қосымша арқылы байланыс қатысты болса, ал инто- нация үшін сол сөйлемдегі сөздердің табиғи орын тəртібі қажет. Негізінде, сөйлемдегі сөздердің мұндай байланысын аналитика- лық жəне синтетикалық деп бөледі. Сонымен бірге үшінші етіп аналитика-синтетикалық тəсілді қолданушылар да бар. Соңғы тəсілде аналитикалық жəне синтетикалық тəсілдің де элементі болуға тиіс. Ол мектепке дейін барды десек, осындағы мектеп сөзі алды- мен барды басыңқы мүшесімен синтетикалық тəсіл арқылы бай- ланысса, ал сол сөз тағы да басыңқы мүшемен дейін шылауы арқылы аналитикалық тəсілмен байланысқан. Олай болса, мұндай сөздерде əрі аналитикалық, əрі синтетикалық тəсілдердің де эле- менттері болуына байланысты аналитика-синтетикалық деп ата- лып жүр. Сөйлемдегі сөздер екі түрлі жолмен сабақтаса жəне салаласа байланысады. Ол үшін мына мысалдарды талдап көрелік. Бірінші мысалда Əбіш, Мағаш, Күлбадан сияқты бірыңғай мүшелер бар. Олар өзара сөз тіркесін құрай алмайды. Өйткені, біріншіден, біріне-бірі бағына байланысу ыңғайында емес, олардың əрқайсы- сы басыңқы мүшемен жеке-жеке байланысқан. Сөйтіп, тек сала- ласа байланысқан. Ал екінші мысалдағы сөздер бір-бірімен са- бақтаса байланысқан. Мысалы: жіңішке сөзі жол сөзімен, жол сөзі келу етістігімен тіркесіп, біріне-бірі бағына байланысқан. Сөйтіп, сөйлемдегі сөздер екі түрлі жолмен байланысады. Жалпы тіл мамандарының арасында сөздердің салаласа, сабақта- са байланысу түрінің қайсысын сөз тіркесіне жатқызу тура- лы əртүрлі пікірлер бар. Көптеген ғалымдар сөз тіркесі болу үшін олар біріне-бірі бағына байланысуы тиіс деп, тек сабақтаса байланысқан топты ғана сөз тіркесіне жатқызса, ал кейбір автор- лар салаласа байланысқан сөздерді де сөз тіркесі дейді [15, 9]. Осы негізде Н. Сауранбаев: «Сөздер біріне-бірі бағынбай, тең дəре- жеде тұрып байланысса, ол салалас тіркес болады», – дейді. І. Сөз тіркесінің байланысу формалары. Сөз тіркесінің бай- ланысу формалары жалпы түркі тілдеріндегі еңбектерде бірқа-
21 Күрделі сөз тіркестері лыпқа түспеген. Ең алдымен, жалпы түркі тілдеріндегі еңбектер- де байланысу формаларының орнына байланысу амалдарын жəне керісінше ауыстырып қолданушылық бар. Сонда бірінің бай- ланысу формасы дегенді екіншісінің байланысу амалы деп тү- сінеді. Сондықтан Е.И. Убрятова: «Есть общие для различных языков способы связи (согласование, управление, примыкание)», – деп қиысу, меңгеру, қабысу сияқты байланысу формаларын бай- ланысу амалдары деп түсіндіреді. Бұл пікірді А.А . Коклянова, т.б. қолдайды [10]. Осы негізде қазақ тілі оқулықтарында да сөз тіркесінің байланысу формалары – тəсілдері делініп келеді. Не- гізінде орыс тілі, сол сияқты көптеген түркі тілдеріндегі еңбек- терде сөз тіркесінің байланысу формаларына: меңгеру, қиысу, қабысу, т.б . жатқызылса, ал олардың байланысу амалдарына аналитикалық жəне синтетикалық тəсілдер жатқызылады. Бай- ланысу формасы деп профессор М. Балақаев сөздердің өзара байланысу тəсілдері негізінде біріне-бірінің бағыныңқылық қатынасын білдіретін синтаксистік тұлғаларды атайды [16, 22]. Ал байланысу тəсілі сол сөз бен сөзді байланыстырудағы дəнекерлік элемент болуға тиіс. Осы қызметіне сай сөз тіркес- терінің байланысу тəсілі деп атау орынды. Сонда сөз бен сөзді байланыстырудағы дəнекер элементтер: жалғаулар, интонация, орын тəртібі, шылау, т.б . болуға тиіс. Түркі тілдеріндегі еңбектерде байланысу формаларын беру- де түрліше көзқарас бар. Сондықтан А.Б. Шапиро: «СССР ха- лықтары тілдерінің грамматикалық құрылысы сөз болғанда «қиысу», «меңгеру», «қабысу» сияқты терминдер кеңінен қолда- нылады. Алайда орыс тілінің синтаксисі жөніндегі еңбектердің өзінде де бұл мəселе түбегейлі шешім таба алмай отыр. Ол заңды да. Себебі басқа тілдердің синтаксисі туралы жазылған еңбектер- де де қате көзқарастар, жаңсақ тұжырымдар көп-ақ дейді [17, 19]. Байланысу формаларын айтуда алдымен əрбір тілдің өзіндік өзгешелігіне қараған жөн. Сондықтан да Е.И . Убрятова, М.Б. Ба- лақаевтар байланысу формаларын басқаша қарастырады. Бұлар қабысу, меңгеру, қиысумен бірге матасуды енгізді. Осылардың əрқайсысына жеке-жеке тоқталайық: 1. Меңгеру сөз тіркесінде басыңқы сөздің мағынасына қа- рай бағыныңқы сөз септік жалғауында тұрып байланысады.
22 Күрделі сөз тіркестері Меңгерудің жалпы мағынасы мен анықтамасына жəне оның түрлеріне келгенде əркім əртүрлі пікір айтып, өзінше топшылау жасайды. Мысалы, А.Н. Кононовтың пікірі бойынша, меңгерілетін сөз белгілі септік жалғауын қабылдауы тиіс [18, 343]. Ол кез- де ілік жалғаулы сөздерді де осы топқа жатқызады. Бұл сияқты пікір көп уақытқа дейін қазақ тіл білімінде де орын алып, ілік жалғаулы сөздер меңгеруге жатқызылып келді [19, 29]. Бұл тек М.Б . Балақаевтың еңбектерінде 1948 жылдан бері өз алдына ма- тасу деп қаралғаны белгілі. Меңгеруді айтқанда екі мəселенің бетін ашу керек сияқты. Біріншіден, барлық септіктегі сөздер меңгеріле ме? Екіншіден, меңгеретін сөздердің тобы қайсы? Негі- зінде барлық септіктегі сөздер меңгеріле бермейді. Мысалы, ілік жалғаулы сөз бен көмектес жалғаулы, т.б. сөздердің сөйлемдегі байланысы бірдей емес. Екеуінде де өзіндік өзгешеліктер бар. Ілік жалғаулы сөз өзінің басыңқы мүшесімен екі жақты, біріншіден, ілік жалғауы арқылы байланысса; екіншіден, сол сөз өзінің ба- сыңқы мүшесінің тəуелдік жалғауында тұруын керек етеді. Сөйтіп оларда екіжақты (септік, тəуелдік жалғаулар) байланыс бар. Ал көмектес, барыс септіктегі сөздер басыңқы мүшемен тек бір- жақты (септік жалғауы) байланысады. Сондықтан осы ерекше- ліктеріне сай меңгеруге барыс, табыс, шығыс, жатыс жəне көмек- тес жалғаулы сөздердің ғана байланысын жатқызамыз. Сөйтіп олар əрі таза күйінде, əрі шылаулы күйінде де меңгеріле береді. Жалпы алғанда, түркі тілдері жəне қазақ тіл білімінде меңгеру категориясын сөз еткенде меңгеруші, меңгерілуші сыңарларды біржақты түсіндіру бар. Бұларда тек етістік меңгереді дейді. Ал есім меңгереді дегенмен, ол туралы толық айтылмайды. М. Балақаев меңгеру мен меңгерілуде негізгісі етістік бол- ғанымен, оған есім сөздер де жататынын, қазақ тіл білімінде оның түрлі заңдылықтары бар екенін жан-жақты дəлелдеді [20, 19]. Сонымен, қорыта айтқанда, меңгеруде бағыныңқы мүше ба- рыс, табыс, шығыс, жатыс жəне көмектес септіктерінің бірінде тұруы тиіс. Кейбір авторлар септік жалғаулары түсіріліп қалған кезді де меңгеруге жатқызады. Біздіңше, ондай жағдайды мең- геруден гөрі қабыса байланысуға жатқызу дұрыс сияқты. Осыған байланысты меңгеретін сөздер əрі есім, əрі етістік болып табы- лады.
23 Күрделі сөз тіркестері 2. Матасу. А.Б .Шапиро түркі тілдеріндегі изафеттік конст- рукциялар жөніндегі зерттеуші ғалымдардың əртүрлі көзқара- сына тоқтала келіп (А.П . Поцелуевский қабысуға, Н.К . Дмит- риев пен А.Н. Кононовтар дəстүрлі қиысу, меңгеру мен қабы- суға жатқызады), бұл конструкцияларды түркі тілдерінің бар- лығы да көрсетеді дей келіп, одан əрі автор бəрінен де осы изафет- тік конструкцияларды байланысу формасының үш түрінің де біреуіне жатқызбау жөніндегі М.Б . Балақаевтың пікірін дұрыс дейді [17, 1]. Сонда матасу ілік септігі мен тəуелдік жалғаулы сөздердің байланысы болып табылады. Мысалы: Асанның кітабы. Оның папкасы, т.б . Міне, осындағы Асан, ол сөздері кітап, папка сөз- деріне ілік жалғауы арқылы бағынышты болса, ал кітап, папка сөздері өздерінен бұрынғы сөздерге тəуелдік жалғауы арқылы бағынышты. Сөйтіп бұлар екіжақты байланысқан. Сондықтан бұлардың басқа септік жалғауларына қарағанда өзіндік өзгеше- лігі бар. Осы ерекшеліктерін ескерместен, бұларды көптеген ғалымдар меңгеруге жатқызып келді. Сол сияқты бұл мəселе қазақ тіл білімінде де көп уақытқа дейін осы негізде қарастырыл- ды. Ал ілік жалғаулы сөздің екіжақты байланысу ерекшеліктерін ескере келіп, М. Балақаев оны өз алдына байланысу формасы ретінде зерттеді. Бұл пікірді Е.И . Убрятова, т.б . қолдайтынын кө- реміз. Демек, матасу ілік жалғаулы сөз бен тəуелді жалғаулы сөздің байланысы болып табылады. Мысалы: Онымен де тынған жоқ, тіпті шаруашылық басындағы ағаларының намысына тиген- дей жайларды жəне қозғап жібереді (Ғ. Сланов). Ол Куйбы- шев атындағы колхоз еңбеккерлерінің пікірлерін зор зейін қойып тыңдады да («Жалын»). Міне, осында аға, еңбек сөздері көпше түрінде ілік жалғауы арқылы намыс жəне пікір сөздерін керек етсе, керісінше пікір мен намыс сөздері өздерінен бұрынғы сөздердің тəуелдік жалғауында тұруын қажет етіп тұр. Жалпы матаса байланысу тек есімді сөз тіркесінде ғана жұмсалады. 3. Қабысу. Қабысуда бағыныңқы мен басыңқы мүшелер бір- бірімен ешбір қосымшасыз келіп байланысады. Қабысуға изафет- тің І жəне ІІ түрлері жəне ешбір қосымшасыз келіп байланысқан барлық сөздер, сол сияқты септік жалғаулары түсіріліп отыратын сөздер де осыған енеді.
24 Күрделі сөз тіркестері Қазақ тіл білімінде қабысу мен жанасу екеуі көп уақытқа дейін екі түрлі байланысу формасы ретінде қарастырылып келді. Сонда жанасу ешбір қосымшасыз келген сөздердің басыңқымен алшақ жəне қабат тұрып, ал қабысу ешбір қосымшасыз сөздердің басыңқымен қабат тұрып байланысуы тұрғысынан зерттелді. Бірақ мұндай қосымшасыз түрде келген сөздердің басыңқымен байланысы ғылыми тұрғыдан басқаша қарала бастады. Сондық- тан профессор М. Балақаев кейінгі еңбектерінде жанасуды қабы- судың бір түрі деп тауып, оны өз алдына қарастырмайды. Бірақ осы негізде мектеп грамматикаларында əлі күнге дейін жанасу өз алдына беріліп жүргені белгілі. Ендеше, қабысу деп басыңқы мен бағыныңқы мүшелердің бір-бірімен ешбір қосымшасыз түрде тіркесуін айтады. Олар бір-бірімен қабат жəне алшақ тұрып та байланыса береді. Мы- салы: Сара жетінші бітіреді ғой? Жақсы оқи ма? (Ғ. Сланов). Көк жиекпен астасқан кең дала, кең жазық («Жұлдыз»). Күміс жапқан төрт адалбақан екі-екіден бөлініп, екі босағаға жақын орнапты (Ғ. Мүсірепов). 4. Қиысу. Қиысу туралы жалпы түркі тілдерінде жəне қазақ тілі білімінде онша алшақтық жоқ. Бірақ А.Н. Кононов, А.А. Кок- лянова изафеттік құбылыстың ІІІ түрін, Е.И. Убрятова бірыңғай мүшелердің де байланысын қиысуға жатқызады. Негізінде қиысу бастауыш пен баяндауыштың арасында ғана болатыны белгілі. Бірақ осыған қарамастан, А.Н . Кононов бастауыш пен баянда-уыш арасындағы байланысты қиысуға жатқызбайды. Ал А.А . Коклянова тіпті анықтауыш пен анықталатын сөздердің бай- ланысын да қиысуға жатқызады. Негізінде бұл пікірлерге қосы- луға болмайтын сияқты. Сол изафеттік құрылыстың ІІІ түріне матасу жатады да, ал бірыңғай мүшелер негізінде тек салаласа байланысу ыңғайында қарастырылады. Сөйтіп, қиысу жалпы бастауыш пен баяндауыш арасында ғана жақ жəне сан жағынан қиысуы тиіс. Мысалы, Сіз ненің жайы болса да жасырмайды екенсіз, мен де жасырмай ай- тамын (Ғ. Сланов). Үй ішіндегі үлкендер бала мінезіне сүйсініп қалды (М.Əуезов). ІІ. Сөз тіркестерінің құрылысы. Сөз тіркестері құрылысы жағынан алғанда жай жəне күрделі болып келеді. Жай сөз тір-
25 Күрделі сөз тіркестері кестері кемінде толық мағыналы екі сөзден құралады, олардың əрбір сыңары жеке-жеке бір сөзден ғана болады. Ал күрделі сөз тіркестерінің құралуы əртүрлі болып отырады. Бірде басыңқы мүше, бірде бағыныңқы мүше күрделі болады. Сол сияқты мұн- дай кезде сөз тіркестерінің əрбір сыңарлары да күрделі бола бе- реді. Сонда олардың əрбір мүшесінің күрделі болуы, біріншіден, сөз тіркесінің құрылысына, екіншіден, жалпы өзара сөз тіркесін құрай алуына əсерін тигізе ме? Сөз тіркесінің əрбір сыңарлары күрделі болғанда, олар екі- үш мүшеден құрала отырып, өзара сөз тіркесін құрай алмайды. Өйткені оның біреуі негізгі мағынаға ие болады да, ал қалғандары оған қосымшалық қызмет атқаруы тиіс. Сөз тіркестерінің əрбір мүшесінің күрделі болуы оның құрылысын кеңейте түседі. Олар- дың құрылысын кеңейтуге түрлі көмекші етістіктер, шылау, т.б. əсер етеді. Сөз тіркесі кемінде толық мағыналы екі сөзден құралып, синтаксистік топ жасайды дедік. Дəл осы негізде кейбір сөйлем мүшелері күрделі түрде бір сұрауға жауап беріп жұмсалады. Сонда осы күрделі мүшелер, яғни күрделі анықтауыш, күрделі толықтауыш немесе күрделі пысықтауыштар өзара сөз тіркесін құрай ала ма, əлде құрай алмай ма? Осының төңірегінде əртүрлі талас пікірлер бар. Мысалға мына сөйлемді талдап көрелік: Асқар орыс тіліне жетік. Сөз тапқанға қолқа жоқ (Мақал). Міне, осы мысалдарда орыс тіліне деген екі сөз неге? деген сұрауға жауап беріп, толықтауыш қызметін атқарған. Сол сияқты сөз тапқанға деген екі сөз кімге? деген сұрауға жауап беріп, ол да толықтауыш қызметін атқарған. Осы орыс тіліне жəне сөз тапқанға деген топтарды кейбір тілшілер сөз тіркесіне талдаудың қажеті жоқ деп табады. Бұл дұрыс емес. Өйткені олардың өз алдына байла- нысу формасы, амалы, т.с. заңдылықтары, яғни сөз тіркесіне тəн өзіндік белгілері бар екендігі айқын. Орыс тіліне дегенде орыс тілі, қазақ тілі, т.б. деп те орын алмастырып еркін тіркесте айта береміз. Олар қатып қалған, яғни фразалық тіркес құрай алмай- ды. Орыс тіліне дегенде қабыса байланысқан анықтауыштық қа- тынастағы есімді сөз тіркесін құрап тұрғандығы белгілі. Сол сияқты сөз тапқанға дегенде де қабыса байланысқан анықтауыштық қатынастағы есімді сөз тіркестері. Олай болса
26 Күрделі сөз тіркестері сөйлемдегі күрделі мүшелерді сөз тіркестері деп атауға əбден бо- лады. Мына төмендегі сөздердің сөз тіркесіне қатысы туралы да əртүрлі пікірлер бар. а) дұрыс-бұрыс, кіп-кішкене, өкпе-бауыр жəне анда-санда, т.б. қосарлы сөздер. б) айтуға тура келеді, күліп жіберу сияқты негізгі етістіктер мен көмекші етістіктер. в) 1958 сияқты күрделі сан есімдер. г) жер үшін, барған сайын – негізгі сөздер мен шылаулар. д) еңбеккүн, қарақұс – біріккен сөздер. е) компартия – қысқарған сөздер. ж) жолдас болсаң, жеңіл болу – есім мен көмекші етістіктер. Ал енді осылардың əрқайсысына жеке-жеке тоқталалық. Қос сөздердің əрбір сыңарлары мағыналық жағынан əртүрлі болып (дұрыс-бұрыс, өкпе-бауыр), кейде бір жағы толық ма- ғыналы, екінші жағы мағынасыз немесе екі жағы да толық мағы- налы бола береді. Бірақ олар өзара сөз тіркесін құрай ала ма? Бұл туралы əртүрлі пікірлердің барлығы байқалады. Е.И. Убрятова қос сөздердің өзін де сөз тіркесіне қосады [15]. Негізінде сөз тіркестері болу үшін, жоғарыда көрсетілгендей, олардың əрбір сыңарлары толық мағыналы сөз жəне біріне- бірі бағына байланысуы тиіс дейтін болсақ, осы қасиеттерді қос сөздерден таба беруге бола ма? Қос сөздер, біріншіден, бірімен- бірі бағына байланыспайды. Екіншіден, қос сөздердің əрбір сы- ңарларының мағыналары үнемі толық мағыналы бола бермейді. Ондай қасиет оларда түрліше. Осындай қасиеттеріне сай қос сөздерді сөз тіркестеріне жат- қызуды орынды деп есептемейді [16; 20]. Осы негізде біріккен сөз, қысқарған сөздер де сөз тіркесін құрай алмайды. Мысалы, еңбеккүн зат есімі, бірнеше, бірталай сияқты есімдіктер жəне 1958 күрделі сан есімдері түрлі сөздерден бірігіп барып қолданы- лып тұр. Сонда қос сөз, біріккен, қысқарған сөздер, кейбір есім- діктер, күрделі сан есімдер еш уақытта сөз тіркесі бола алмайды. Өйткені сөз тіркесінің заңдылықтарына сəйкес келмейді. Олар сол күйінде сөйлемнің бір-ақ мүшесі қызметін атқарып, сөз тір- кесінің бір сыңары ретінде қолданылады. Сол сияқты жоғарыдағы мысалдарда көрсетілгендей, негізгі етістіктер мен көмекші етістік
27 Күрделі сөз тіркестері (айтуға тура келеді, жазып отыр), есімдер мен көмекші етіс- тік жəне негізгі сөздер мен шылау сөздер де сол түйдекті күйін- де сөз тіркесінің бір-ақ мүшесі қызметін атқарады. Кейбір автор- лар сөз тіркесі болу үшін, олардың толық мағыналығына қара- май, қабат келген екі сөз болса, сөз тіркестеріне жатқыза бере- ді [21]. Мұндай жағдайларда академик В.В . Виноградов: «Еди- ницами более сложного порядка эквивалентному слову» [22, 21], – деп көрсетеді. Сол сияқты М.Б . Балақаев мұндай жағдайдың бар- лығын түйдекті тіркес деп дəлелдейді. Өйткені ол кезде негізгі мағына есім мен етістікте болады да, ал көмекші сөздер оларға қосымша мағыналар үстемелейді. Жоғарғы мысалдардағы жер үшін, жолдас болу, барған сайын, жеңіл болады, т.б . тіркестерде негізгі сөздер жер, жолдас, бару, жеңіл сөздері болса, ал үшін, болу, сайын, т.б . сол негізгі сөздерге түрлі көмекші мағына қосып тұр. Сонда үшін, болу, сайын көмекші сөздері мен көмекші етістіктердің мұндай жерлерде өз алдына толық мағыналары жоқ. Сондықтан сөз тіркестерінің негізгі заңдылықтарына сəйкес мұн- дай толық мағынасыз сөздерді сөз тіркестерінің негізгі мүшесі етіп есептемеу өте орынды [13; 11; 20]. Көмекші сөздер мен кө- мекші етістіктерді түйдекті тіркестер тобына қоспауымызға тек олардың көмекші сөздердің толық мағынасының жоқтығы ғана себеп болмаса керек. Екінші бір негізгі себеп сол түйдекті тіркес құрауға тиісті сөздеріміз белгілі бір синтаксистік қатынаста, яғни белгілі сөйлем мүшесі бола алмайтыны болып табылады. Сол сияқты фразалық тіркестер де сөйлемде өзара сөз тіркесін құрай алмайды. Олар тұтас бір ойды білдіріп, сөз тіркесінің бір ғана мүшесі қызметін атқарады. Мысалы, Не жазығым бар екенін білмеймін, жатып жастық, иіліп төсек боп күттім, қой сойып берген жоқпын, құлын сойып бердім, етін екі мезгіл түгел асып бердім, екеуінде де жей алмай қайтарды (С. Мұқанов). Бұл бу- фетте думанын құрып, қағанағы қарқ, сағанағы сарқ боп отыр- ғанда поезд жүріп кетеді («Жетісу» газетінен). Міне, бұл мы- салдардағы «жатып жастық, иіліп төсек» немесе «қағанағы қарқ, сағанағы сарқ» дегендер сол күйінде бөлінбейтін тұтас ой болып табылады. Жалпы қорытындылай айтқанда, біріккен сөз, қысқарған сөз, фразалық тіркес, шылау, т.б. сөздердің барлығы түйдекті күйін- де сөйлемнің бір-ақ мүшесі қызметін атқарады.
28 Күрделі сөз тіркестері Көптеген ғалымдар сөз тіркестерін түсіндіруде сөз тіркесі мен тіркес сөздерді бір-біріне шатастырып келеді. Олардың еңбектерінен не сөз тіркесі немесе тіркес сөз екенін анықтау қиын. Əрине, сөз тіркесі мен тіркес сөздердің өздерінің бір-бірі- нен айырмашылықтары бар. Сөз тіркесі ойдың кішкене бір бөлшегі бола отырып, толық мағыналы екі не одан да көп сөз- дерден құралады. Оның əрбір мүшесі белгілі бір сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалса, ал тіркес сөздерде ондай қасиет жоқ. Олар сол тобымен жинақталып сөйлемнің бір-ақ мүшесі қызметін атқарады. Əрине, бұл айтылғандардың барлығы – сөз тіркесінің ішкі даму заңдылықтары. Негізінде, олардың əлі де болса көп- теген заңдылықтарының, оның үстіне əрбір байланысу форма- лары мен амалдарының ішкі жүйелері, ол кездегі əрбір сы- ңарларының тіркесу аясы, дамып жетілуі немесе олар туралы басқа да зерттеу жұмыстары жалпы сөз тіркесінің синтаксисін толықтыра түсетіні белгілі. Осының нəтижесінде жалпы түркі тілдерінде, əсіресе, оның ішінде қазақ тіл білімінде сөз тіркестері туралы көптеген жұмыстар жазылды жəне ол туралы істеліп жатқан зерттеулер де мол.
29 Күрделі сөз тіркестері І. СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ СИНТАКСИСТІК ҚҰРЫЛЫСЫ 1. Сөз тіркестерінің құрылымдық түрлері Күрделі сөз тіркестері қазақ тіл білімінде ғана емес, жалпы түркі тілдерінде проблемалы мəселенің бірі болып келе жатыр. Түркі тілдеріндегі күрделі сөз тіркестері туралы осы уақытқа дейін бір ғана Н.Базарбаевтың кандидаттық диссертациясы жазылуы мəселенің əлі зерттелмей, жеке қарастырылмай келе жатқанын дəлелдесе керек. Əзірге сөз тіркестерінің құрылымдық белгілері мен түрлері жайлы зерттеулер жүріп жатыр да, олардың күрде- лену тəсілдері мен жолдары əзір шешімін таппаған. Тіпті күрделі сөз тіркестері деп қандай синтаксистік топты айтамыз дейтін сұраққа айқын, дəл жауап беру көп ретте мүмкін бола бермейді. Қазіргі түркі тілдеріндегі еңбектерде сөз тіркесінің сөзден, əсіресе күрделі, т.б . сөздерден айырмашылығы да айқын емес. Сөз – грамматиканың қарауына түскеннен кейін ғана адам ойын білдірудің құралы болатыны белгілі. Өйткені бір сөз дара күйінде адам ойын толық жеткізе алмайды. Белгілі дəрежеде аяқталған ойды жеткізу үшін сөздер бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсуі арқылы сөйлем құрауға негіз болуы керек. Əрбір тілдік категорияның өзіндік заңдылықтары болатыны сияқты, сөз тіркестерінің де өзіндік заңдылықтары бар. Сөз тір- кестері тілдің басқа категорияларынан, атап айтқанда, сөйлем мен сөзден өзіндік белгілері арқылы дараланады жəне олармен бел- гілі дəрежеде қарым-қатынаста болады. Оның үстіне сөз тіркес- тері – тарихи категория. Алайда сөз тіркестері түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тіл білімінде арнайы зерттеу объектісіне айналғанына онша көп уақыт болған жоқ. Сөйтсе де сөз тіркесі синтаксисі қазірдің өзінде қазақ тіл білімінің жеке бір саласы ретінде қарастырылып отыр. Бірақ бұған қарап, қазақ тіліндегі сөз тіркестері туралы ой-пікірлер тарихын соңғы 20-25 жылмен шек- теп қою дұрыс болмас еді.
30 Күрделі сөз тіркестері ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ ғалымдары жоғарыда аталған түркологтардың ыңғайы-мен сөз тіркесінің байланысу форма- ларына баса назар аударды да, басқа маңызды-маңызды деген мəселелерге онша тереңдеп бара қоймады. Оның үстіне қазақ тілі білімінде бұл мəселелер орта мектеп оқулықтары көлемінде қарастырылғандықтан, зерттеу аясы тар болды. Шын мəніндегі сөз тіркесі синтаксисінің қалыптасу кезеңі елуінші жылдарға жатады. Бұл ретте 40-жылдардың соңын ала қазақ тіліндегі сөз тіркестерін əр қырынан алып зерттей бастаған М. Балақаевтың еңбектерін бөліп айтқан жөн. Сөз болып отырған проблема жөніндегі бірегей еңбек деп авторлар коллективінің күшімен 1954 жылы шыққан «Қазіргі қазақ тілі» деген көлемді кітапты атауға болады («Сөз тіркесі» бөлімін жазған профессор М. Балақаев). 1957 жылы М. Балақаевтың «Основные типы слово- сочетаний в казахском языке» деген көлемді еңбегі жарияланды. М. Балақаев бұл зерттеулерінде сөз тіркестерінің құрамын сөз таптары тұрғысынан айқындап, сөздердің тіркесу қабілеті мен құрылысы жөнінде бағалы ғылыми қорытындылар жасады. Автор сөз тіркестерінің байланысу формалары мен амалда- рын, синтаксистік қатынастары мен түрлерін қазақ тіл білімінде тұңғыш рет олардың əрқайсысын жеке-жеке, арнайы зерттеді. Сонымен бірге ол категориялардың өзіндік ерекшеліктері мен заңдылықтарын анықтады. Н.П . Прокопович соңғы жылдары кеңес тіл білімінде сөз тір- кестерінің зерттелуіне баса назар аударылып отырғанымен, кейбір мəселелердің əлі де болса жеткілікті қарастырылмай келе жатқандығын айтады. Ғалым ондай проблемалардың қатарына күрделі сөз тіркесінің көлемі мен шегі жайындағы мəселені жатқызады [27, 25]. Бұл пікірді қолдай келіп Н.И. Филичева сөз тіркесі құрылы- сының күрделену шегін айқындау керектігін баса айтады [26, 57]. Сөз тіркесі құрылысына қарай жай жəне күрделі болады. Жай сөз тіркесі кемінде толық мағыналы екі сөзден: басыңқы жəне бағыныңқы сыңардан, өз алдына дер-бес мағынасы, өздеріне тəн морфологиялық өзгерісі жəне синтаксистік қызметі бар сөздерден құралады. Мысалы: екі бала, оқыған жігіт, жақсы үй, оқып айтты, қаладан қайтты, т.б.
31 Күрделі сөз тіркестері Сөз тіркесі үнемі екі сөзден ғана құралмай, берілетін мағына- ға қарай басқа сөздердің қатысы арқылы кеңейіп те отырады. Мысалы: Осы күні бұл университетте бір ғана Болгариядан алты жүз елу қыз бен жігіт оқып жүр (М. Ғабдуллин.) Екі пункттен бір уақытта біріне-бірі қарама-қарсы екі автомо- биль шықты. Тобылғы торы бесті киіктей орғып ойнап шыға келді (Ғ. Мүсірепов). Ұзын тұмсықты, қара қоңыр құстар көгіл- дір айдынның бір көрінімдей аумағын шеңберлей қоршап, əлгі ақ қайраңға қарай қиқулап жүзіп келеді (Ə. Сəрсенбаев). Осы мысалдардағы алты жүз елу сан есімдері мен тобылғы торы, ұзын тұмсықты, қара қоңыр деген сын есімдердің əрқай- сысы екі сөзден құралған. Бірақ бұлар екі сөзден құралғанымен, дербес сөз тіркесін құрай алмайды, оның өзіндік себептері бар: қара қоңыр, ұзын тұмсықты дегендегі қара, қоңыр сын есім- дері – толық мағыналы сөздер. Олар қоңыр күз, қоңыр түс, қара бояу, қара сия тəрізді басқа да тіркестердің құрамында жұмсала береді. Əр заттың түсі үнемі бірыңғай болып отырмайды, ол əр- түрлі түс-реңктердің жиынтығынан тұруы да мүмкін. Мысалы: матаның бір түрін қызыл ала деп, онда бар бояулардың жиынты- ғымен айтсақ, оның сипаты айқындала түседі. Сонда қызыл жəне ала сын есімдері бірлікте жұмсалып тұрған жоқ, əрқайсысы өзіне анықталушы затты керек ететін сөздер. Жоғарыдағы тіркестер алты жүз елу, т.б. сияқты əрқайсысы анықтауыштық қызметте жұмсалып тұр. Ал ұзын тұмсықты тіркесінің өзіндік ерекшелігі бар. Тұм- сық сөзі өзінен бұрынғы бірнеше сын есімдермен тіркесіп, ба- сыңқы қызметте жұмсалғанымен, -ты (тұмсықты) жұрнағының қосылуының нəтижесінде қатыстық сын есімге айналып, өзінің бұрынғы анықтауышымен бірге құс сөзіне бағыныңқы қызметте жұмсалып тұр. Сонда ұзын тұмсық өзара тіркескенімен, ұзын тұмсықты күйінде бұрынғы сөз тіркесі дəрежесінен алыстап, сол тобымен сөз тіркесінің бір-ақ сыңары қызметінде жұмсалатын болады. Ұзын тұмсық осы күйінде жай сөз тіркесі болса, ұзын тұмсықты құс дегенде толық мағыналы сөздердің қатысы арқы- лы (ұзын тұмсықты) бағыныңқы сыңары бар күрделі сөз тіркесі жасалып отыр. Ұзын тұмсық пен ұзын тұмсықты құс деген сөз тіркестерінің мағыналық жағынан да, жасалу жолы жағынан да бір-бірінен өзгешелігі бар.
32 Күрделі сөз тіркестері Сөз тіркестерінің құрылымы орыс тілінің 2 академиялық грамматикасында арнайы сөз болғаны белгілі. Бірінші академия- лық грамматиканың екінші академиялық грамматикаға қарағанда өзіндік өзгешелігі барлығы айқын. Оның өзі, біріншіден, көлемі жағынан десек, екіншіден, жалпы сөз тіркестерінің ішкі берілуі немесе оның қызмет жағынан да айырмашылықтары айқын бай- қалып отырады. Сөз тіркесінің құрылысы туралы да бірінші академиялық грамматика мен екінші грамматиканың арасында елеулі айыр- машылық бар. Оның өзі, сөз тіркесі құрылысының атауына да жəне жасалуы жағынан да айқын байқалады. Бірінші академия- лық грамматикада сөз тіркестерін құрылысына қарай дара жəне күрделі деп берсе, екінші академиялық грамматикада сөз тір- кестерінің құрылысына қарай дара, күрделі жəне аралас деп бөлі- ніп берілген [13; 28]. Осы сияқты пікір қазақ лингвистерінің еңбектерінде де қол- дау тауып отыр [30]. Орыс тілі материалының негізінде В.А . Фе- досев «Заметки о словосочетании» деген мақаласында екі сөзді (двусловные), көп сөзді (многословные), бір сөзді (бір ғана атау сөзден тұратын – қараңыз А.М . Пешковский) жəне нөлдік сөз тіркесі (нулевое словосочетание) деп сөз тіркестерінің құрылы- сын төртке бөледі. Сонда В.А .Федосевтің пікірі бойынша, Близкий друг Пушкина, старинный фарфоровый чайник с художественной росписью сияқты тіркестерді жатқызады [29, 17]. Ал А.Н. Про- копович ... «а соперник главнокомандующего предлагает новый проект, диаметрально противоположный плану выхода на Ка- лужскую дорогу» («Война и мир») деген сөйлемдегі курсивпен берілген сөздерді бір ғана күрделі сөз тіркесі деп біледі [27]. Н.Ю. Шведованың сөз тіркесі туралы пікірін негізге ала оты- рып, профессор К.А .Аханов жалаң сөз тіркестері екі мүшелі (сөзді таңдау), үш мүшелі (кітапты оқушыға беру), төрт мүшелі (шығарманы орысшадан қазақшаға аудару) болады дейді [30, 390]. 2. Сөз тіркесінің сөз, фразеология, тағы басқа ұқсас единицалармен арақатынасы Сөз жəне күрделі сөз тіркестері. Соңғы кезде сөз тіркестері- не арналған еңбектерде оның объектілері туралы теориялық
33 Күрделі сөз тіркестері талас пікірлер көбеюде. Ондай пікірлердің бір қыдыруы сөз тір- кестерінің тілдің басқа категорияларынан, атап айтқанда, сөз, күрделі сөз, сөйлем жəне синтагмалардан айырмашылығы. Бұл мəселе түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тіл білімінде де соңғы кезде ғана сөз бола бастады əрі ол жайындағы пікірлер де əр алуан. Сонымен бірге күрделі сөз тіркесінің əрбір сыңарының күрделі сөз, қос сөз, біріккен сөздерден, т.б. айырмашылығы да айқындалады. Өйткені күрделі сөздерді біліп алмай, күрделі сөз тіркестерінің əрбір сыңарының жалаң немесе күрделі екендігін білу де қиын. Сондықтан күрделі сөз тіркестерінің жасалу ерек- шелігін анықтау күрделі сөздердің жасалу жолдарын айқындау- ды қажет етеді. Оның үстіне сөз тіркестері синтаксистік қызметі жағынан да айқындалатыны белгілі. Жалпы күрделі сөз бар да сөйлем мүшесі бар. Екеуі де синтаксистің объектісі болғанымен, бірде сөз тіркесінің, енді бірде сөйлем мүшесінің ыңғайында қарастырылады. Сонда күрделі сөзді құрайтын элементтердің барлығы да бірдей бір-ақ күрделі сөйлем мүшесі бола ма, жоқ па деген мəселе келіп шығады. Өйткені синтаксистік қызмет жай жəне күрделі сөз тіркес- терінің əрбір сыңарына тəн. Сөйлем мүшелеріне талдауда жай сөз тіркестері онша қиындық тудырмайды. Ал күрделі сөз тір- кестерінің күрделі сөйлем мүшелерімен синтаксистік қызметін айқындауда өзіндік қиыншылықтар байқалады. Сондықтан да олардың синтаксистік қызметін анықтау үшін алдымен күрделі сөз тіркестерінің өзіндік жігін, оны құрайтын элементтерді білу – басты шарт. Алдымен сол категориялардың түркі тілдеріндегі еңбектер- дің зерттелу жайын қарастыра отырып, сөз тіркестерінің сөз, күрделі сөз, сөйлем жəне синтагмалардан айырмашылықтарын арнайы сөз етуді мақсат еттік. Сөз де, сөз тіркесі де – сөйлем құраудың негізгі материалы. Бірақ əрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Сөз жеке ұғымды ғана білдіретін болса, сөз тіркестерінде көлемі жағынан да, мағыналық ерекшеліктері жағынан да күрделілік қасиет бар. Сөз лексика, морфологияның, сөз тіркесі синтаксистің объек- тісі болса, олардың бір-бірінен өзіндік айырмашылықтары мен ұқсастықтары бар. Ол жөнінде Н.К . Дмитриев, Н.А. Кононов,
34 Күрделі сөз тіркестері А.П . Поцелуевский, т.б. ғалымдардың еңбектерінде бағалы пікірлер кездеседі [11; 18; 21], ал соңғы кезде бұл тақырыпқа ар- найы зерттеулер жазылды. Татар тілінің көрнекті зерттеушісі М.З. Закиев сөз бен сөз тіркесінің арасындағы айырмашылықты былайша сипаттайды. Сөз болса затты, құбылысты жалпыла- ма білдіреді де, ал сөз тіркесі дəлелденген, айқындалған ұғымды білдіреді. Ал сөз бен сөз тіркесінің бір-біріне ұқсастығы – олар- дың екеуі де сөйлемнің құрамында қолданылады, кейде сөйлемнің қызметін атқара алады. Ал сөйлеу процесінен бөліп алғанда екеуі де белгілі бір ұғымды білдіргенімен, ол жайындағы көзқарасты, хабарды, субъектінің ол ұғымға қатысын білдіре алмайды. Деген- мен, зерттеушінің соңғы пікірі сөз бен сөз тіркесі арасындағы бар ерекшелікті түгел қамтымайды [31, 105]. Сөз бен сөз тіркесінің бір-бірінен айырмашылықтары кейбір еңбектерде басқаша түсіндіріледі. Г.Жəркешова «Біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің орфографиялық сөздігі» [32] деген еңбегінде біріккен сөздердің сөз тіркесіне ұқсастығы мен айырмашылығын жеке алып зерттесе, Ю.Сеидов [33] əзірбайжан тіліндегі сөз тір- кесі туралы докторлық диссертациясында сөз тіркестерінің сөз- дерден айырмашылықтарына, яғни қос сөздердің сөз тіркесінен айырмашылығына тоқталады. Рас, бұл аталған еңбектерде сөз тіркестерінің сөздің белгілі бір түрінен айырмашылықтары қарастырылғанымен, оның не- гізгі түбір, туынды түбір, қос сөз, біріккен сөз, қысқарған сөз, күрделі сөздерден, əсіресе, əрбір сөз табының күрделі түрлерінен айырмашылықтары түгелдей қамтылған дей қою қиын. Солай бола тұрса да, бұл зерттеушілердің сөз тіркесінің сөздің əр тобы- на қатысы туралы маңызды мəселені көтеріп, қозғау салғандығын атап айтпай болмайды. Жалпы сөз тіркесі заңдылығын дұрыс ұғуда олардың сөздің əрбір түрімен қатынасын, ұқсастығын, өзгешеліктерін ашу қажет. Əрбір сөздің өзіндік қасиеттерін іштей талдап, олардың қайсысы сөз тіркесінің заңдылықтарына ұқсас, қайсысы ұқсас емес екендігін ашып алмай, сөздің сөз тіркесінен айырмашылығын жалпылама айту жеткіліксіз. Сондықтан сөз бен сөз тіркесінің ерекшеліктерін айтпас бұрын, сөздің қандай түрлері бар, ол түрлерінің қайсысы сөз тіркестеріне ұқсас, қандай айырмашылықтары бар, соған тоқтала кетейік.
35 Күрделі сөз тіркестері Сөз, негізінде, негізгі түбір, туынды түбір, қос сөз, біріккен сөз, қысқарған сөз болып бөлінетіні белгілі. Мысалы: мал, адам, етік, малшы, адамша, етікші, бала-шаға, ата-ана, КПСС, ВЛКСМ, АДК, бүгін, алдыңгүні, алабота деген сөздердегі негізгі түбір мен туынды түбір сөздерді сөз тіркестеріне ұқсас деп айту қиын. Өйт- кені мал, малшы сөздерінен бірігу, кірігу сияқты белгі таба ал- маймыз. Олар басы ашық негізгі сөздер болып табылады да, сөз тіркесінің бір-ақ сыңары қызметінде жұмсалады. Ал бүгін, алдың- гүні, алабота, баспасөз, т.б . сөздері сөздің бірігуінен жасалған. Бұлардың тарихи төркіні туралы Э.В . Севортян: «Біріккен сөз- дердің түп төркіні сөздердің сөйлемдегі алатын орнына қарай синтаксистік қарым-қатынастан пайда болған» [34, 152], – дейді. Ол сөздердің кейбірі (бүгін), алабота, баспасөз тəрізді сөз- дердің екі түбірден біріккендігі айқын көрініп тұрады. Сондық- тан біріккен сөздердің сөз тіркестеріне ұқсастығы бар ма, жоқ па деген мəселеде кейде екіұдай пікір кездеседі. Біріккен сөздер екі сөзден құралғанымен, бір-ақ ұғымды білдіреді де, құрамындағы сөздер кірігіп, бір бүтінге айналған. Олардың əрбір сыңары бұрын- ғы дербес мағынасын сақтаған күнде сол бірігуімен бір-ақ лекси- калық мағынаға ие болады. Біріккен сыңарларының бір-бірімен бірігіп кеткені соншалықты, бұл күнде оларды бөліп-жарып қол- дануға келмейді. Оның үстіне олардың бұлай бірігуі – ұзақ уақыт- тың жемісі, сондықтан біріккен сөздер бір-біріне бағыныңқылық дəрежесін жойып, бір бүтінге айналған. Осы қасиет оның сөз тіркесіне ұқсамайтын белгісі болып табылады да, сол тобымен сөз тіркесінің бір-ақ сыңары қызметінде жұмсалады. Біріккен сөз ту- ралы Г. Жəркешова мен Ы. Маманов «Қазақ тілінде анықтайтын сөз бен анықталатын сөз, толықтайтын сөз бен толықталатын сөз, пысықтайтын сөз бен пысықталатын сөздер өзара бірігетіні байқалады» [35, 37], – дей келіп, олардың бір-бірінен өзгешелі- гін былай көрсетеді. 1) қаптесер, алжапқыш – алдыңғысы толықтауыштық қа- тынаста. 2) түгел, айналсоқ – алдыңғысы пысықтауыштық қатынаста. 3) асқазан, белбеу, қолғап – алдыңғысы анықтауыштық қа- тынаста [35].
36 Күрделі сөз тіркестері Авторлар біріккен сөздер екі жəне одан да көп сөздерден құ- ралғанымен, мынадай белгілермен сөз тіркестерінен дараланады деп көрсетеді. 1. Екі я үш сөз бірігіп, бір ғана жаңа мағына береді. Біріккен сөздер екі, я үш сөздің жай ғана қосындысы емес, басқа мағынаға ие болатын бір бүтін сөз, оның құрамындағы жеке сөздердің мағынасы түгелдей, не жартылай жойылып, жаңа мағыналы, жаңа тұлғалы жеке сөз жасайды. 2. Біріккен сөздер дара сөздер сияқты сөйлемнің бір-ақ мү- шесінің қызметін атқарады. 3. Біріккен сөздің қосымша белгісінің бірі – біріккен екі сөздің арасындағы үндестік заңы. 4. Біріккен сөздердің сыңарлары бір-бірімен басыңқы-бағы- ныңқылық байланыста болмайды. 5. Біріккен сөздер сөз тіркесінің бір-ақ сыңары болып жұм- салады [32, 4]. Əрине автордың біріккен сөздер туралы айтқан пікіріне қосы- ла отырып, біріккен сөздер тарихи қалыптаса келе, бұл күнде бір-ақ мағыналық дəрежеге ие болғандығын, сондықтан қазіргі тілде бір ғана ұғымды білдіретінін баса айту керек. Олар – əу бастағы анықтаушы – анықталушы, толықтаушы – толықталушы, пысықтаушы – пысықталушы сөздер болып, бірі – бағыныңқы, бірі – басыңқы қызметте жұмсалу дəрежесінен алыстап, енді бір бүтін болып кеткен сөздер. Құрамындағы сыңарлары бір кез- де сөз тіркесінің жеке-жеке сыңарлары болған бұл сөздер бұл күнде біріккен күйінде сөз тіркесінің бір-ақ сыңары болып, не бағыныңқы, не басыңқы қызметте жұмсалатын дəрежеге жет- кен. Сөйтіп біріккен сөздер тарихи жағынан сөз тіркесіне ұқсас болғанымен, бұл кезде ол қасиеттер бүтіндей алшақтаған. Қысқарған сөздердің негізі сөз тіркесіне ұқсас сияқты. Қыс- қарған сөздердің мынадай төрт түрі бар: 1. КПСС; 2. Партбилет; 3. ҚазҰУ; 4. Обком. Бұл кемінде екі немесе одан да көп сөздерден қысқартылып, бір-ақ ұғымды береді. Ал оларды толық жазатын болсақ, облыстық комитет, партиялық билет, т.б. сөздер біріне- бірі бағыныңқы-басыңқы байланыста жұмсалған сөз тіркестері дер едік. Енді сол сөздер айту мен жазуды ықшамдап, үндемеуге байланысты қысқартылып, сөз тіркесінің бір-ақ сыңары қызме-
37 Күрделі сөз тіркестері тінде жұмсалатын дəрежеге ие болды. Сонымен, қазіргі кездегі қысқарған сөздер де, тарихи жағынан алғанда, сөз тіркестері негізінен пайда болған. Сонымен қысқарған сөздер: 1. Тілдегі арнайы сөз тіркестері болатын сөздердің негізінде пайда болған. 2. Бұрын еркін сөз тіркестері болғанымен, енді түрлі форма- да қысқаруының нəтижесінде сөз тіркесі формасынан бүтіндей өзгеріп, бір-ақ сөздің мағынасын береді. 3. Сөйлемнің бір-ақ мүшесі қызметін атқарады. 4. Сөз тіркесінің бір сыңарының қызметінде жұмсалады. Қос сөздер қазақ тілінде екі сөздің қосарлануы арқылы жаса- лып, бір күрделі лексикалық мағына тудырады. Н. Сауранбаев қазақ тіліндегі қос сөздерді бес топқа бөліп көрсетеді [2, 64]. 1. Мəндес қос сөздер (қыз-келіншек, келін-кепшік). 2. Қайшы мəндес қос сөздер (үлкен-кіші, ыстық-суық). 3. Қайталама қос сөздер (тау-тау, бара-бара, бес-бестен). 4. Сыңар мəнді қос сөздер (алай-дүлей, кəрі-құртаң, өте- мөте). 5. Қоспа буынды қос сөздер (ап-ауыр, ұп-ұзын, тəп-тəтті). Қос сөздердің осы бес түрі барлық сөз таптарына да ор- тақ [36, 126]. Бірақ қос сөздердің қай-қайсысы да кемінде екі сөзден құралатындығы, оның əрбір сыңарының кейде толық ма- ғыналы, кейде мағынасы жоқ сөз болатыны белгілі. Алайда кей- бір зерттеушілер екі сөзден құралатындығына сүйеніп, қос сөз- дерді сөз тіркесі түрлеріне жатқызады. Кейбір еңбектерде қос сөздерді сөз тіркесі дегенмен, олардың сөз тіркесінен төмендегідей айырмашылығы барлығын көрсе- теді. Бір сыңары өздігінен мағына бере алмайтын қос сөздер сөз тіркесіне жатпайды. Қос сөздердің екі сыңары да мағыналы бол- ғанымен, бір сөздің орнына қолданылады. Қос сөздердің əрбір сыңары басқа тілге калька бойынша ау- дарылмай, тек мағынасы жағынан аударылады. Қос сөздердің сыңарларының мағыналық жағынан жақындасқандығы сонша- лық, оларды бірыңғай мүшелер сияқты, айтуда арасына кідіріс
38 Күрделі сөз тіркестері (пауза) жасап айтуға болмайды [37, 90]. Осылай екені сөзсіз. Де- генмен мына жайды да ескеру керек. Қос сөздердің əрбір сыңары, жоғарыда айтылғандай, мағы- налы да, мағынасыз да болуы мүмкін. Бір сыңары өздігінен мағына бере алмайтын қос сөз тіркесі бола алмайды деген пікір дұрыс. Ал ата-ана, қызыл-жасыл, бара-бара, күні-түні сияқты əрбір сыңары толық мағыналы қос сөздерді де сөз тіркесіне ұқсас деп айту қиын. Өйткені қос сөздердің қай түрі де бір-ақ ұғымды біл- діреді. Олар біріне-бірі бағыныңқы-басыңқылық қызметте жұм- салады. Сөз тіркесі синтаксисінің үлкен мəселесінің бірі – күрделі сөздер мен сөз тіркестерінің айырмашылығы. Бұл мəселе тіл- тілдердің барлығында да арнайы зерттеліп жүр. Күрделі сөз бен сөз тіркесі құрылымы жағынан алғанда ұқсас екені белгілі. Мы- салы, Екі басында екі пұттық гирдей домалақ темірі бар сом тұтқасын айналдырып тұрған жалпақ бетті, қошқар мұрынды, қалың ерінді зор қара жігіт Матвей Степановичтің əніне қосыл- мақ болды (Ə. Сəрсенбаев). Сұлулық жерден өніп, көктен жау- ған, Тапқан ол тыныштықты таза ауадан (І. Жансүгіров). Осы сөйлемдердегі қошқар мұрынды, жалпақ бетті, қалың ерінді – күрделі сын есімдері, жерден өну, көктен жауу, тыныштықты табу – жай сөз тіркестері. Бұлардың əрқайсысы екі-үш сөзден жасалған. Алайда сөз тіркесінің құрылымында айырмашылық бар. Мысалы, тыныштықты табу, жерден өну, көктен жауу деген сөздер бірі басыңқы, бірі бағыныңқы қызметте жұмсалып, меңгеріле байланысқан сөз тіркесін құрап тұр. Ал жалпақ бет- ті, қошқар мұрынды, қалың ерінді деген күрделі сын есімдер осы қалпында сөз тіркесі бола алмайды, өйткені олардың əрқайсысы біріне-бірі басыңқы-бағыныңқы қызметте жұмсалмай, екеуі бі- рігіп, басқа бір сөзді анықтап, бағыныңқы қызметте жұмсалып тұр. Бұлардың бағыныңқы қызметте жұмсалып, күрделі сөз жа- сауында -ды/-ді жұрнағының да тікелей əсері бар. Жалпақ бет, қошқар мұрын, қалың ерін деп, -ды/-ді жұрнағын қоспай айтсақ, бұл сөздер бірі бағыныңқы, бірі басыңқы қызметте жұмсалған жай сөз тіркесі болар еді. Сонда өз алдына жай сөз тіркестері енді -ды/-ді жұрнақтарының əсерінен күрделі сөзге айналған. Сөйтіп құрылымы жағынан күрделі сөздер сөз тіркестеріне ұқсас, ал мағыналық жағынан олардың əрқайсысының өзіндік
39 Күрделі сөз тіркестері ерекшеліктері бар. Айталық, күрделі сын есімдер қаншалықты екі сөзден құралғанымен, бір ғана мағынада заттың сынын білдіреді. Күрделі сөз бен сөз тіркесін ажыратуда мына сияқты мəсе- лелерге көңіл бөлген жөн. 1. Əрбір сөз табының күрделі түрі, оның жасалу жолдары. 2. Жалпы күрделі сөздер, олардың түрлері, бір-бірінен айыр- машылығы. 3. Күрделі сөздердің сөз тіркестерінің жеке сыңарларынан жəне бүтіндей жай сөз тіркестерінен айырмашылығы. 4. Олардың мағыналық ерекшеліктері, т.б. Жалпы күрделі сөз бен сөз тіркесі Н.Н . Прокопович, Н.И. Фи- личева, Ю. Сеидов, А. Хаджиев, М. Балақаев, А. Ысқақов, К. Аха- новтардың еңбектерінде арнайы сөз болады. Əзірбайжан ғалымы Ю. Сеидов күрделі сөз бен сөз тіркесте- рінің айырмашылығымен бірге, бұл екі категорияның бір-біріне ұқсастық жақтарын да қарастырады. Біріншіден, мұнда автор күрделі сөз де, сөз тіркесі де екі сөздің бірігуінен жасалады деп көрсетеді. Бұған біз де қосыламыз. Бірақ олардың өздеріне тəн белгілерін ажыратып алу керек. Күрделі сөзде екі сөз бірігіп бір-ақ мағынаға ие болса, сөз тіркесін екі сөздің бірігуі дегеннен гөрі, екі сөздің тіркесі ретінде қарастыру қажет. Олай болса, Ю. Сеидовтың сөз тіркесі мен күрделі сөздер- дің құрама сыңарлары бірыңғай формадағы бірыңғай сөз тапта- рынан жасалады дейтін пікірі сын көзбен қарауды қажет етеді. Өйткені бұл пікірге қарағанда, күрделі сөз бен сөз тіркесінің əрбір сыңарлары бір сөз табынан жасалатын сияқты. Оның үстіне олар тек бір грамматикалық формада жұмсалатын категория делінеді. Мысалы: қызыл ала, он екі, оқып отыр сөздері əрқайсысы бір сөз табынан, яғни сын есім, сан есім, етістіктен құралған. Алайда күрделі сөздер əр уақытта бір сөз табынан құралмайды, оған таяқ жеу, ала жаздай, құрмет қыл, бас бұзар [38, 72] сөздері дəлел бола алады. Екіншіден, сөз тіркестері тек бір ғана сөз таптарының шең- берінде келеді деу де біржақты. Алтын сағат, темір күрек, оқып айтты сияқты сөз тіркестері бір ғана сөз таптарына жататын компоненттерден құралғанымен, əртүрлі сөз таптарынан жасал- ған сөз тіркестері де тілімізде аз кездеспейді.
40 Күрделі сөз тіркестері Ал Ю. Сеидовтың күрделі сөз бен сөз тіркестерінің əрбір сыңары бір грамматикалық формада жұмсалады деуі де тілдік фактілермен дəлме-дəл келе бермейді. Үшіншіден, автордың сөз тіркесі мен күрделі сөздердің құ- рама сыңарларының орналасуы бірдей болып келеді жəне күр- делі сөз бен сөз тіркесінің құрама сыңарлары грамматикалық бірыңғай байланысқа түседі деуі де ойланарлық. Сөз тіркестері əрі аналитикалық, əрі синтетикалық тəсіл арқылы байланыса алатын болса, күрделі сөздерде, көбіне, орын тəртібі басым болады. Сонымен, күрделі сөз бен сөз тіркестерінің ұқсастығы олар- дың жасалу жолында емес, сөз санының көлемінде. Саны жағы- нан екеуі де екі немесе одан да көп сөздерден құралады. Ал сы- ңарларының өзіндік ерекшеліктері тұрғысынан оларда ұқсастық жоқ. Өйткені сөз тіркесінің əрбір сыңары толық мағыналы, син- таксистік қызметі бар, біріне-бірі бағыныңқы-басыңқы қызметте жұмсалуға тиісті сөздер болса, күрделі сөздердің сыңарлары кей- де толық мағыналы, кейде дербес мағынасы жоқ сөздер де бо- лады, олардың арасында сөз тіркесіндегідей толық грамматика- лық байланыс жоқ. Сол тобымен бір-ақ сөз табы қызметінде жұмсалады. Бұл екі синтаксистік топтың өзара айырмашылықтары жөнін- де Н.И . Филичева: 1. Күрделі сөз сөз тіркесіне қарағанда лексикалық мағына жағынан біртекті. 2. Сөз тіркесі – синтаксистік категория, күрделі сөз – сөз жасаудың бір түрі. 3. Сөз тіркестерінің əрбір сыңарлары дербес, бірақ өзара син- таксистік байланыста болса, күрделі сөздер өзара тығыз мағына- лық байланыста тұрады. 4. Сөз тіркестері бір-бірімен берік синтаксистік байланыста құралса, күрделі сөзге синтаксистік қатынас міндетті емес. 5. Сөз тіркесі мен күрделі сөз формасы жағынан ұқсас дейді. К.Аханов сөз, яғни күрделі сөздің сөз тіркесінен айырмашылы- ғын ажырататын жалпылама белгілер делініп семантикалық тұ- тастық, морфологиялық тұтастық, синтаксистік тұтастық белгі-
41 Күрделі сөз тіркестері лері аталып жүр дей келе, осы үш топтың əрқайсысына жеке-же- ке тоқталады. І. Семантикалық тұтастық белгі. 1 . Күрделі сөз құрамын- дағы əрбір сыңарлардың мағыналық жəне грамматикалық дер- бестілігі күңгірттенеді. 2. Сондықтан оның əрбір сыңары жеке-жеке мағынаны біл- дірмей, сол жинағымен немесе тобымен бір-ақ мағынаны білді- реді. Мысалы: қолғап. ІІ. Морфологиялық тұтастық белгі. Күрделі сөз де жалаң сөз сияқты көптеледі, септеледі, жіктеледі, ондай кезде оның сыңарларының əрқайсысы бөлек-бөлек өзгермей, тұтас күйінде түрленіп, бір тұлғаға (формаға) ие болады. Автор А.И . Смирниц- кийдің пікірін қолдай келіп, тіл біліміне тұтас тұлғалану жəне ажыратыла тұлғалану деген терминді енгізді де, тұтас тұлғалану күрделі сөзге тəн де, ажыратыла тұлғалану сөз тіркесіне тəн де- ген қорытынды жасайды. Осының ішінде сөздің тұтас тұлғалануының арасына басқа да сөздерді сала беруге болады деп А.И. Смирницкийдің пікірін профессор К. Аханов та қолдайды. ІІІ. Синтаксистік тұтастық белгі. Күрделі сөз: 1) оның сы- ңарларының арасында синтаксистік қатынастар сақталмайды; 2) күрделі сөздің құрамындағы əрбір сыңар сөйлемде өз алды- на дербес мүше бола алмайды, мұндай қызметті (сөйлемге мүше болу қызметін) күрделі сөз тұтас күйінде атқарады; 3) күрделі сөздің əрбір сыңары сөйлемде басқа сөзбен өздігінен қатынасқа (байланысқа) түсе алмайды, күрделі сөз мұндай байланысқа тұтасқан күйінде ғана түсе алады [37, 54-63]. Ю. Сеидовтың күрделі сөздің бір сыңарында ғана екпін бо- лып, екінші сыңарында екпін болмайды деуі біржақты пікір. Бұл пікір көбіне жүріп еді, айтып жүр сияқты күрделі етістіктер ыңғайында ғана дұрыс. Ал сан есім, сын есімдерден жасалған қызыл ала, түлкі тымақты, он екі, алты жүз, жиырма бес сияқ- ты күрделі сөздерде екпін бірінде басым, екіншісінде солғын емес. Осы пікірлерді қорыта келгенде, күрделі сөз бен сөз тіркес- терінің арасындағы айырмашылықтарды мына төмендегіше бө- луге болады:
42 Күрделі сөз тіркестері р/с Күрделі сөз Сөз тіркесі 1 Күрделі сөз – сөз жасаудың бір түрі. Сөз тіркесі – синтаксистік категория. 2 Күрделі сөздің əрбір сыңары бір-бірімен тығыз мағыналық байланыста айтылады. Сөз тіркестерінің сыңарлары бір- бірімен синтаксистік байланыста болады. 3 Күрделі сөздің əрбір сыңарында жеке-жеке мағына болуы да, болмауы да мүмкін. Бірақ оның сыңарларының жеке-жеке мағынасы болғанымен, тұтас сөздің мағынасы сыңарларының мағынасынан гөрі күңгірттеу болып келеді. Сөз тіркесінің əрбір сыңарының мағынасы айқын болады. 4 Күрделі сөздің əрбір сыңарына жеке-жеке сұрақ қойылмайды, ол екеуі бір-ақ сұраққа жауап береді. Сөз тіркесінің əрбір сыңары дербес сұраққа жауап береді. 5 Күрделі сөздің əрбір сыңарының орны жылжымалы емес, тұрақты. Сөз тіркесінің əрбір сыңары дербес сұраққа жауап береді. 6 Күрделі сөздің тұтасымен морфологиялық өзгеріске ұшырамайды. Яғни оның əрбір сыңары жеке-жеке морфологиялық өзгерісте болмайды, сол тобымен тұлғаланып көптеледі, септеледі, жіктеледі. Сөз тіркесінің əрбір сыңары түрлі мор- фологиялық өзгерістерге ұшырайды. 7 Күрделі сөз тұтасымен басқа сөзбен синтаксистік байланысқа түседі. Сөз тіркесінің əрбір сыңары жеке-жеке синтаксисік байланыста жұмсалады. 3. Сөз тіркесінің күрделенуінің негізгі тəсілдері Дербес мағыналы сөздердің сөз тіркесін күрделендірудегі қызметі. Жасалу жағынан келгенде алғашқы академиялық грам- матикада күрделі сөз тіркестері бірнеше сөзден келгенімен, олар- ды іштей бірнеше байланысу формаларына қарай жіктемейді. Екінші академиялық грамматикада, керісінше, бір күрделі сөз
43 Күрделі сөз тіркестері тіркесінің өзінде қиысу мен қабысу, қиысу мен қиысу, меңгеру мен қабысу, əртүрлі формадағы қабысу сияқты іштей бірнеше бай- ланысу формаларына жіктейтін сөздер тобы шыға береді. Бірақ екі академиялық грамматикада да сөз тіркесінің күрделі түрлері мен толық мағыналы сөздердің ыңғайында жасалатындығы айтыла- ды. Бұған қарағанда сөз тіркесінің құрылысы жайлы мəселе орыс тіл білімінің өзінде толық шешілді деп айту əлі ертерек сияқты. Сөз тіркесі құрылысын зерттеудің теориялық та, практикалық та мəні зор. Оның өзі жай жəне күрделі сөз тіркестеріне де тəн. Əрбір сөз тіркесінің кез келген сыңарын білу үшін, ең алдымен, оны құрайтын элементтерін білу қажет. Ал оның құрамында дер- бес мағыналы жəне дербес мағынасы жоқ сөздер де болуы мүмкін. Дербес мағыналы сөз таптары ғана (көбіне) жай сөз тіркестерін құрай алады. Сонымен бірге, бұл сөз таптары – күрделі сөз тіркесін жасаудың негізгі материалы. Яғни күрделі сөз тіркесін жасау- да əр сөз табының өздеріне тəн ерекшеліктері айрықша қызмет атқарады. Сол сияқты сөз тіркестерінің байланысу формалары арқылы сөз таптарының морфологиялық өзгерістері, ал олардың байланысу тəсілдері арқылы əрбір сөз табының мағынасы айқындалады. Сөз тіркесін құрауда сөз таптары – басты элемент, бірақ сөз тіркесінің түрлерін ажыратуда олардың да арақатынасы бірдей емес. Сөз тіркестерін құруда зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, есімшелер затқа қатысты өрбісе, үстеу, еліктеуіш сөз, көсемше, т.б. сөздер қимылға қатысты, яғни солармен тіркесуге қабілетті болып келеді. Бұдан қай сөз табының қай сөз табына қатысты екені айқындалады. Жалпы алғанда сөз тіркестерінің əрбір сыңары арқылы жеке сөз табын, оның морфологиялық өзгерісін, құрылымдық жүйесін, тіркесу қабілетін дербес мағынасы бар сөз бен дербес мағынасы жоқ сөздің рөлін, т.б. айқындауға мүмкіншілік туады. Мұның өзі морфология мен синтаксистің тығыз байланыстылығын көрсетеді. Орыс тілі мен түркі тілдері əдебиеттерінде сөз тіркесін жай, күрделі деп бөледі де, олардың күрделенуі жөнінде түрліше көзқарастар байқалады. Біріншіден, Ю. Шведова, Н.А . Баскаковтардың пі- кірлері бойынша, күрделі сөз тіркестері болу үшін бірнеше сөздер болуға тиіс те, оларды іштей бірнеше байланысу формаларына талдауға болады дейді. Екінші пікір бойынша, ондайда бірнеше
44 Күрделі сөз тіркестері сөздер болғанымен, оларды іштей байланысу формаларына талда- уды қажет етпейді. Үшіншіден, сөз тіркестері аясының кеңеюіне көмекші сөз таптарының да қатысы сөз болады. Бұл арада біз тек дербес мағынасы бар сөздерге қатысты күрделі сөз тіркестерін сөз еттік. Сөз тіркесі туралы И.А . Батманов, Н.П . Дыренкова, А.К . Бо- ровков, Н.К . Дмитриев, А.Н . Кононов, Л.П . Поцелуевский, Е.И. Уб- рятова сияқты көрнекті зерттеушілердің еңбектерінде көптеген пікір-тұжырымдар жайында жоғарыда айттық. Бірақ сөз тіркес- терінің құрылысы жөнінде бұл ғалымдардың еңбектерінде тиіп- қашты ғана сөз болады. Сөз тіркестерінің көптеген мəселесін арнайы зерттеген ғалым Е.И. Убрятова оның құрылысына қыс- қаша ғана тоқталады. Автор Қыһыл көмүс – золото (исторически: красное серебро), үрүң көмүс – серебро (исторически: светлое се- ребро), қыһыл око – младенец (досл.: красное дитя), құс сүрэх – трус (досл.: утка сердце), саба түс – напасть (досл.: закрывая падать), кимог киир – наступать (досл.: напирая, войти) быһа тарт – рвать пополам, прерывать (досл.: разразая, тянуть), хайа хат – рассыхаться (исторически: раскалываясь пополам сохнуть) деген мысалдарды талдай келіп, бұл сөз тіркестерінің əрқайсысы бір ғана ұғымды білдіреді. Сондықтан да оларды анықтауыш пен анықталушы сөздің (алғашқы төрт мысалы) немесе пысықтауыш пен баяндауыштың (соңғы төрт мысал) тіркесі деп қарауға кел- мейді. Бұлардың қайсысы да аналитикалық тəсілмен жасалған əр- қайсысы бір ғана ұғымды білдіретін күрделі сөздер дейді [15, 35]. Н.А .Баскаков жалпы сөз тіркесінің аясын кеңейтудегі өзін- дік ерекшеліктерін елемейді, ол сөз тіркестеріндегі негізгі заң- дылықтармен бірге оның құрылысына назар аударған. Автор сөз тіркестерін атрибутивно-субстантивно жəне атрибутивно-атри- бутивно сөз тіркестері деп бөліп, əрқайсысының күрделі жасалу жолдарын береді. Атрибутивті-субстантивті күрделі сөз тіркес- терінің жасалуын есімді-етістікті күрделі сөз тіркестері деп екіге бөліп қарастырады. Есімді күрделі сөз тіркестерінің 10 түрлі, етістікті күрделі сөз тіркестерінің 3 түрлі, яғни атрибутивті- субстантивті сөз тіркестерінің 13 түрлі күрделену жолдарын бе- реді. Сол сияқты атрибутивті-атрибутивтікті сөз тіркестерінің де күрделі түрлерін есімді, етістікті деп бөле отырып, автор: «Ондай
45 Күрделі сөз тіркестері аралас атрибутивті-атрибутивтік сөз тіркестерінің өзі объектив- тілі жəне объектісіз жай сөз тіркестерінен тұратындығын көр- сетеді» [39, 177]. Н.А . Баскаковтың күрделі сөз тіркесі туралы айтуы бойын- ша оның барлық моделін беру мүмкін емес. Автордың бір күр- делі сөз тіркесі дейтінінің өзінде он шақты сөз бола береді. Ондағы сөздер сөз табы жағынан əртүрлі жəне əртүрлі байланысу формаларында болады. Оны автордың мына мысалдарынан анық көруге болады. 1. Жаңағы қойдың ішіндегі көк қошқар. «Тот упомянутый се- рый баран, находящийся среди овец». 2. Жаңағы үлкен əйелдің баласын арқалап қашқан көк қош- қар. «Серый баран, который утащил ребенка той старшей же- ны» [39, 166]. Күрделі сөз тіркестерін жасау үшін тек толық мағыналы сөздер ғана қатысты. Екіншіден, кейде сөз тіркесінің аясының кеңеюіне толық мағыналы сөздермен бірге, дербес мағынасы, синтаксистік қызметі еленбейтін күшейткіш үстеулер- дің қатысы бар дейтін «ең жақсы кеңес, очень хороший умный совет» деп жақсы жəне жақсы кеңес, очень хороший умный со- вет» деп жақсы жəне ең сөзін анықтауыш деп күрделендіретін күрделі жəне аралас (смешанные) тіркестер деп бөле отырып, ондай сөз тіркестерінің тек толық мағыналы сөздердің негізінде жасалатындығын көрсетеді [40, 80]. Жалпы сөз тіркесінің құрылысы туралы арнайы еңбек жазыл- ған емес. Тіпті орыс тіл білімінің өзінде осы күнге дейін арнайы зерттелмеген. Н.А . Баскаков түркі тілінің материалының негі- зінде алғаш рет докторлық диссертация қорғап, соның негізінде «Словосочетания в современном турецком языке» деген түркі тілінің сөз тіркесінің құрылысы туралы монографиялық еңбегін шығарды. Онда автор бірінші рет түркі тілінің материалының негізінде жай жəне күрделі сөз тіркестерінің жасалу жолда- рын, олардың ерекшеліктерін арнайы сөз етті. Автор күрделі сөз тіркестерінің жасалу модификациясын жасады [41; 42]. Сөз тіркесі жəне оның құрылысы туралы М.З. Закиевтің құн- ды пікірлері бар. Автор татар тілінің синтаксистік құрылысына арналған еңбегінің «Жай жəне күрделі сөз тіркестері» деген та- рауында жай жəне күрделі сөз тіркестерін, олардың бір-бірінен
46 Күрделі сөз тіркестері айырмашылығын, сонымен бірге күрделі сөз тіркестерінің жа- салу жолдарын сөз етеді. Автор жай сөз тіркестері болу үшін негізінде толық мағыналы сөздер болу керектігін қолдайды. М.З. Закиев: «...сөз тіркесі сөздерден құралады. Негізгі сөз тірке- сінің не басыңқы, не бағыныңқы сыңары болады. Ал көмекші сөздердің кейбірі (шылау мен көмекші сөздердің орнына жұмсалған сөздер) сөз тіркестерінің құрамында олардың сыңар- ларын байланыстыру үшін жұмсалады» [31, 105], – дей отырып, дербес мағынасы жоқ сөздер сөз тіркесінің бір сыңары бола ала- тынын көрсетеді, бірақ мұндай сөздердің күрделі сөз тіркесін құрудағы рөлін сөз етпейді. Мысалы, автор келесі аптада қайту дегендегі келесі аптада – өз алдына сөз тіркесі, ал аптада қайту сөз тіркесі емес, өйткені бұл екі сөз келесі сөзімен бірлікте ғана бір мағынаға ие болады, сондықтан олар сөз тіркесінің бір сыңары: мұндай тіркестер іштей жай сөз тіркестеріне талдауға келмеуі себепті күрделі сөз тіркестері болады дейді, сөйтіп ав- тор күрделі сөз тіркестері болу үшін тек толық мағыналы сөздер қатысу керек дегенге қосылады. Сонымен бірге ол татар тілінде күрделі сөз тіркестерінің фразалық жəне еркін сөз тіркестерінен жасалатындығын айқындайды. Ю. Сеидов, А.А . Абдуллаев, т.б. ғалымдар да күрделі сөз тіркестері туралы орыс тіліндегі прин- ципті қолдайды [33; 43]. Соңғы кезде қазақ тілі мен өзбек тілі материалдарының негізінде жазылған «Түркі тілдеріндегі күр- делі сөз тіркестері» атты кандидаттық диссертациясында Н. Базарбаев көмекші есім мен етістіктерді сөз бен сөзді байла- ныстырушы дəнекер дейді. Одан ары ол қазақ, өзбек тілдерінде күрделі сөз тіркестерінің есімді, етістікті сөз тіркестеріне тəн бірнеше құрылымдық типтері бар екенін, оның бесеуін есімді, төртеуін етістікті сөз тіркесіне жатқызып, күрделі сөз тіркесте- рінің тоғыз түрлі жасалу жолын көрсетеді [44]. Автор кейбір қосымшалар мен есімшелердің қызметі туралы айта келіп, Қа- зақстанның орталығы орнағанға дейін Алматының халқы суды арықтан ішкен. Қазақстан орталығы орнағанға дейінгі Алма- тының халқы суды арықтан ішкен деген екі сөйлемнің бірін- шісіндегі орнағанға дейін – баяндауыш қызметінде, автордың пі- кірінше, ол – жай сөз тіркесі, ал екінші сөйлемдегі орнағанға дейінгі дегендегі -гі жұрнақты түр анықтауыштық қатынасқа ауы-
47 Күрделі сөз тіркестері сып, күрделі сөз тіркесін құрайды [44, 34]. Бұл арада автор мəсе- лені дұрыс көрсеткенімен, өзінің бастапқы, күрделі сөз тіркесі болу үшін толық мағыналы сөздер болу керек деген пікіріне қайшы келіп отыр. Ю.М . Сеидов «Словосочетания в азербайджанском языке» деген еңбегінде сөз бен сөз тіркесінің айырмашылығын айта ке- ліп: «Евэ тəртэф кетмəн» сияқты ішінде көмекші сөзі бар үш сөзден құралған сөз тіркесінде екі-ақ сыңар бар деп, көмекші сөздердің қызметін елемейді. Көмекші сөздердің сөз тіркесі ішінде жұмсалатындығын айтқанымен, ондағы қызметін елемей, сөйлемнің ішінде тұрған еш сөзге қатысы жоқ сияқты сөздер деумен шектеледі [33, 15]. Қазақ тіліндегі сөз тіркесін жүйелі түрде зерттеп келе жатқан профессор М. Балақаев 1961 жылы жарияланған «Структур- ные особенности словосочетания в тюркских языках» [45] деген мақаласында қазақ тіліндегі жəне басқа да түркі тілдеріндегі сөз тіркестерінің құрылымдық ерекшеліктерін арнайы сөз еткен. Жалпы тіл білімінде сөз тіркестерінің құрылысы туралы бірсыдырғы айтылып келеді. Алайда сөз тіркестері құрылысы- ның түрлері мен ондағы сөз саны туралы мəселеде пікір ала- лығы кездеседі. Кейбір ғалымдар күрделі сөз тіркесі болу үшін кемінде үш немесе одан да көп толық мағыналы сөздер қатысуға тиіс дейді. Осы пікірді В.В . Виноградов пен оның шəкірттері де қолдайды. Енді бір зерттеушілер бұл пікірді толығымен қолдай отырып, сөз тіркестері аясының кеңеюіне дербес мағынасы жоқ сөз таптары да қатысады дегенді айтады. Сөз тіркестерінің құрылысы туралы орыс тіл білімінде ар- найы мəселе көтерген В.В . Виноградов сөз тіркесін құрау үшін тек толық мағыналы сөздер ғана қажет десе, М. Балақаев күр- делі сөз тіркесіне толық мағыналы сөздермен бірге көмекші сөздер де қатысады дейді. Күрделі сөз тіркесі болу үшін кемінде үш немесе одан да көп дербес мағыналы сөздер қатысады деген пікір ойға қонымды. Н.Н . Прокопович, В.П .Сухотин жəне басқа да кейбір ғалым- дар В.В . Виноградовтың сөз тіркесі туралы пікірлеріне сүйеніп, күрделі сөз тіркесін тек толық мағыналы сөздер ғана жасайды
48 Күрделі сөз тіркестері дейді. Осы тұрғыдан Н.Н . Прокопович орыс тіліндегі сөз тір- кестерінің үш түрлі кеңею жолын айқындайды. Бірінші тəсіл: жай сөз тіркесі мен бағыныңқы жеке сөз. Мыса- лы: Близкие ему по крови. Екінші тəсіл: басыңқы сөз жəне бағыныңқының жай сөз тіркесі. Мысалы: Достойный лучшей участи, кудрявый от мелкого кус- тарника. Үшінші тəсіл: басыңқы сөз бір-біріне байланыссыз бағыныңқы сөздер тобы. Мысалы: Вложить патрон в ружье [24, 62-72]. Ал В.П . Сухотин сөз тіркесінің төмендегідей кеңею жолдарын көрсетеді. 1. Құрамындағы бөліп-жаруға келмейтін тұрақты идиома, фра- залы тіркестер. Мысалы, Работать спустя рукава, сидеть сло- жа руки. 2. Етістік қатысты тұрақты тіркес пен калькалы конструк- циялар: иметь, дать, брать, принять, идти жəне тағы басқалары: Иметь большое и огромное значение, иметь свое отдельное, опре- деленное мнение. 3. Құрамында сан есімді немесе сандық ұғым беретін сөздер бар сөз тіркестері: Два приятеля, много книг, мальчик лет четыр- надцати. 4. Құрамында сын есімдері бар ілік септігі арқылы байланыс- қан (при именной родительный) сөз тіркестері: Человек большого ума, фонтан высокого напряжения. 5. Құрамында аналитикалық тəсіл арқылы жасалған шақты, түрді (вид), райды немесе сын есімнің шырайын білдіретін кон- струкциялары бар сөз тіркестері: стал начал писать [46, 156-157]. перестал Автор осылайша сөз тіркесі аясының кеңеюін айта келіп, бірыңғай мүшелер де сөз тіркесінің аясын кеңейтудің тəсілі деп қарады. Өйткені, бірыңғай мүшелердің əрқайсысы басыңқы сы- ңарға тікелей қатысты болып, онымен бірге (басыңқы сыңармен)
49 Күрделі сөз тіркестері лексика-семантикалық жəне синтаксистік бірлік құрайды. Со- нымен автор бірыңғай мүшелер де күрделі сөз тіркесін құрайды дейді. Бұған байланысты мына ерекшеліктерді ескеру керек. Əдетте, сөз тіркесі құрамындағы сөздер тек сабақтаса байланыса- ды, сабақтаса байланысқан сөздер ғана сөз тіркесі деп аталатын топ құрайды дейді. Сондықтан сөз тіркесі бір-біріне сабақтаса байланысқан сөздер синтаксистің екінші бір тарауы жай сөйлем синтаксисінде қаралуға тиіс. Өйткені бірыңғай мүшелердің жа- салуы тек синтаксистік байланысуға ғана негізделмейді, дауыс ырғағына да негізделеді. Күрделі сөз тіркестерінің бағыныңқы жəне басыңқы сыңар- лары туралы да əртүрлі пікір бар. Күрделі сөз тіркестерінің бағы- ныңқы сыңарларының басыңқы сыңардың лексикалық мағынасын айқындауға қатысу дəрежесі болады деген тұжырым да айтылып жүр. Т.А . Тарасевич күрделі сөз тіркестері туралы диссертациясын- да күрделі сөз тіркестеріне басыңқы сыңары өзінің лексика- семантикалық ерекшелігін айқындау үшін екі немесе бірнеше негізгі сөздерді қажет ететін конструкцияларды жатқызады [47]. Бұл пікірлерде күрделі сөз тіркестерінің бір-ақ сыңары, яғни басыңқы сыңары негізге алынады. Біздіңше, күрделі сөз тіркесінің бір сыңары төңірегінде сөз қозғау біржақты сияқты. Жай сөз тіркесінде басыңқы сыңары не есім, не етістік болатыны белгілі. Көбіне олардың əр сыңарларының қай сөз таптарынан жасалғаны ғана негізгі фактор болып табылады. Күрделі сөз тіркесінде басыңқы сыңары да күрделі болып келетіндігін ескеру қажет, яғни мұнда басыңқының рөлін негізге алу да керек болады. Сонда бағыныңқы сыңары дара, басыңқы күрделі болып келеді. Егер Т.А. Тарасевичтің пікіріне сүйенетін болсақ: – Δ формулада, оның өзі кейде – ΔΔ немесе – ΔΔ формулада да келетіні айқын. Міне, осы жағынан қарағанда күрделі сөз тіркестерінің бағыныңқы-басыңқы сыңарларының құрылымдық ерекшеліктерін, мағыналық бірлігін, семантикалық тұтастығын ескеріп, оларды сөйлем ішінде өзіндік бір мағыналық топ, кішкене бөлшек деп қарайтын боламыз. Сонымен, қорыта келгенде, зерттеушілер күрделі сөз тіркесін жасау үшін негізінен толық мағыналы сөздердің қатысын негізге
50 Күрделі сөз тіркестері алады. Шынында, сөз тіркесінің толық мағыналы сөздердің қа- тысы негізінде жасалатындығында дау жоқ. Сондықтан да дер- бес мағынасы бар сөздер, яғни сөз таптары, сөз тіркесінің негізгі құрамды элементі деп қаралуға тиіс. 1. Зат есім, сын есім, есімдік, етістік, үстеу, еліктеуіш сөздер əрқайсысы өзіндік тіркесу қабілеттеріне қарай белгілі мағыналық байланыстағы сөз тіркестерін құрай алады. 2. Жоғарыда аталған сөз таптары арқылы етістікті, есімді жай сөз тіркестері жасалады. 3. Сол сөз таптары арқылы жай жəне күрделі сөз тіркестері құралады. 4. Күрделі сөз тіркесін жасауға сол сөз таптарының барлығын да жай жəне күрделі түрінде де жұмсала алады. 5. Дербес мағынасы бар сөздер күрделі сөз тіркесін құрауда бұрын басыңқы қызметте жұмсалса, енді түрлі қосымша қосылу арқылы сол тобымен басқа бір сөзге бағыныңқылық қызметте жұмсалады. Көмекші сөздердің сөз тіркесін күрделендірудегі қызметі. Жоғарыда айтылғандай, күрделі сөз тіркестерін құрауда, көбіне, толық немесе дербес мағынасы бар сөздердің төңірегінде сөз болса, сонымен бірге ондай құрамды сөз тіркестерінің құрамын кеңейтуде көмекші сөздердің де мəні туралы айтылып келеді. Мұн дай пікір тек қазақ тілі, түркология, орыс тіл білімдерінде ғана емес, шетел тіл ғалымдарының зерттеуінде барлығы байқалады. Жалпы сөз таптарының өзі үлкен екі салаға, яғни дербес мағынасы бар, дербес мағынасы жоқ сөздер деп бөлінетіндігі белгілі. Сонда дербес мағынасы бар сөз таптарына зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, еліктеуіш жатса, дербес мағынасы жоқ сөз таптарына шылау негізгі арқау болады. Негізгі сөз таптарының жетегінде айтылып жүрген көмекші есім, көмекші етістік, нумеративті жəне модаль сөздер. Міне, осы сөздердің сөйлемді сөз тіркесіне талдау кезінде өзіндік қызметте- рі айқындалады. О . Бехагел негізгі сөз бен көмекші сөздің тірке- сін бірде сөз тіркесі деп қараса, бірде оның бір сыңары деп біледі. Р. Блюмель негізгі сөз бен көмекші сөздің тіркесін дербес сөз тіркесі деп қарайды. Түркі тілдерінде жалпы сөз тіркестері ғылымның алғашқы қалыптасқан дəуірінде сөз тіркесі болуы үшін тіпті сол толық
51 Күрделі сөз тіркестері мағыналы сөздер ғана емес, бір сыңары толық мағыналы, екінші сыңары дербес мағынасы жоқ үйге дейін сияқты зат есімдер мен шылаулардың да тіркесі өзара сөз тіркесі деп танылып келгендігі белгілі. А.П. Поцелуевский меңгеру туралы айта келіп, оның мына- дай екі түрін: а) өз толықтауышы бар етістік: хат язмак – писать письмо; ə) меңгерілетін сөз бен шылау: мен учин – для меня дегендегі мен ілік жалғаулы есімдік пен үшін тіркесінде меңгеріле байланысқан сөз тіркестері дегені белгілі [21, 16]. Мұнда əрине «мен» есімдігінің лексикалық мағынасы болғанымен, үшін сөзі- нің басыңқылық, не бағыныңқылық дəрежеде жұмсауында мағы- налық не синтаксистік ерекшелік жоқ. Міне, соған қарамастан автор кез келген сөз бен сөздің аралығындағы тіркестерді сөз тір- кесі дейді. Дəл осы сияқты пікірді кезінде Н.К . Дмитриев те қолдағаны белгілі [11, 203]. «Жалпы сөз тіркесі болу үшін кемінде екі сөз, оның əрқайсысы толық мағыналы сөз болу керек дейтін пікір негізгі шарт болуы тиіс». Бұл принцип тіл-тілдің барлығында да орын алған десек, А.П. Поцелуевский, т.б . пікірлеріне қосыла алмаймыз. Ал сөз тіркесінің аясының кеңеюіне сол толық мағыналы сөздермен бір- ге көмекші сөздердің де қатысы барлығы тек орыс, түркі тілде- рінде ғана емес, тіпті неміс, ағылшын тілін зерттеушілер еңбек- терінде де нақтыланады. Сөз тіркесі мен жай сөйлемдердің аясы- ның кеңею жолдарын айта келіп, В.Г . Адмони, əсіресе, шылау- лардың сөз ішіндегі ерекшеліктерін былайша түсіндіреді. Предлогтың зат есіммен тіркесі сөз тіркесі делінбейді, себебі, сөз тіркесі деген ұғымды тек толық мағыналы сөздердің тіркесі бере алады. Бірақ мынаны ескеру керек, предлогтың есіммен тіркесі сонда да болса синтаксистік болып табылады. Екінші сөз- бен айтқанда, предлог морфема емес... предлогтың есіммен тірке- сінің синтаксистік қасиеті етістікті тіркестермен салыстырғанда айқын бола алады. Мысалы, перфек Павел көмекші етістігі Ich habe gllesen тіркесінде тек лексикалық емес, тіпті жалпылама грамматикалық мағынасынан айырылып тұр, себебі, оның өткен шақтық мағынасы өзінде емес, есімшемен тіркескен жағдайда ғана болып тұр. Предлог есіммен тіркескен кезде өзіндік мəні айқын болып тұрады. Мына тіркестерді салыстырыңыз: auf dem Tiseh и unter dem Tiseh.
52 Күрделі сөз тіркестері Дұрысын айтқанда, көп жағдайларда предлогтың өзіндік лек- сикалық мəні жоғарыда келтірілген мысалдардағыдай айқын бола бермейді, өйткені предлогтың негізгі мақсаты – қандай да бір тұрлаусыз мүшені сөйлемге енгізу (ich worte ouf dich). Сөйлемнің басты элементтері тұрлаулы сөйлем мүшелері мен тұрлаусыз сөйлем мүшелері дей келіп, В.Г .Адмони [48, 87] солар- мен бірге тағы да бір мүшелердің барлығы туралы айтады. Оны автор неміс тіліндегі «пич» сөзі сөйлемде, əсіресе, зат есім, кейде есімдіктермен тіркескен кезде, белгілі бір дəрежеде əрқайсысы- ның өзіндік қызметтерін ерекше атай келіп, «алайда мұндай сы- ңарлар өздері сипаттап отырған ұғымның көлемін анықтай түседі немесе күшейтеді, ал шын мағынасындағы тұрлаусыз мүшелер де өздері қатысты ұғымдарды кеңейте, байыта түседі. Осы себепті оларды бірімен-бірін қатар қойып салыстыру қай дəрежеде дұрыс болар екен? Бұл категорияларды бірдей деп санауға болмайтын, өзіне ғана тəн əрқайсысының сапалық қасиеттері бар. Əйтсе де бұл «анықтауыш» сыңарлар, кейбір басқа синтаксистік категория- лармен бірігіп, сөйлемде қандай да бір қызмет атқарады. Əрине, оларды сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері деуге болмайды, сонда да болса, сөйлемнің əйтеуір бір мүшесі, қала берсе, сыңарлары деп атауға əбден болады. Мұндай тіркестер əдеттегі сөз тіркестерімен, яғни толық ма- ғыналы сөздердің тіркесімен тең емес, дегенмен, олармен ұқ- састығы бар екі тобы да өзара тіркескен сөздер тобы деп, қалайда шылаулардың сөз тіркестерінің аясының кеңеюіне қатысы бар- лығын көрсетеді [48]. Профессор В.Н . Ярцева предлогтарды септік жалғауларымен теңестіруді қолдамайды. Оның пікірінше, «предлог» сөз тіркесі мүшелерінің арасындағы қатынасты білдіреді, бірақ олардың біреуіне де теңелмейді. Предлог сөз тіркесінің екі мүшесін бір- бірімен байланыстырады жəне олардың екеуіне бірдей телінеді... Сөйтіп предлогтың өзінің екі жақтылық қатынасы оған өте-мөте тəн белгі болып табылады» [49, 120], – дейді. Сол тəрізді көмек- ші сөздердің рөлі туралы айта келіп, орыс тілінің маманы Д.С . Маслов мынадай пікір білдіреді: «Көмекші сөздер сөз тап- тарының жеке подсистемасын құрайды. Бұл подсистема тілде үнемі өзгеріске ұшырап отырады. Оларды «морфологиялық» жəне
53 Күрделі сөз тіркестері «синтаксистік» көмекші сөздер деп қарауға болады. Синтаксис- тік көмекші сөздер сөз тіркестеріне де қызмет етеді» [50, 219]. Міне, осы пікір негізінде көмекші сөздердің тек морфология- лық ерекшелігінен гөpi, олардың синтаксистiк ерекшелiгiн не- гiзге алу орынды сияқты. Осы күнге дейiнгi авторлардың пiкiрiнше, көмекші сөздер то- бының өзiндiк ерекшелiктерi морфологиялық жағынан көбiрек айтылғаны болмаса, морфологияда басты назар негiзгi сөздерде болады да, көмекшi сөздер онша елене бермейдi. Синтаксис ма- мандарының арасында көмекшi сөздердiң синтаксистiк ерекше- лiктеpiн оларды морфологиядан гөpi синтаксисте қарау керек дейтiн пікiр кездеседi [51]. Шынында, көмекшi сөздердiң өзiндiк ерекшелiгi морфология- да егжей-тегжейлi ашылмайды. Ол, бiр жағынан, дұрыс та. Өйткенi морфологиялық талдауда əрбiр сөздi, бiрiншiден, бiр-бiрiне қатыссыз жеке-жеке талдаса, екiншiден, əрбiр сөздiң тұлғалық ерекшелiктерiне ғана назар ау- дарылады. Синтаксистiк тұтастықта толық мағыналы сөздер өз бетiн- ше жұмсала алатын болса, көмекшi сөздер өз алдына морфоло- гиядағыдай жұмсала алмайды. Соған орай көмекшi сөздер тек басқа сөздердiң шылауында, солармен бiрлiкте ғана жұмсалып қолданылады. Жалпы сөз тipкecтepiнің құрылысы кезiнде көмекші сөздер- дiң барлығы бiрдей қатынаса бермейдi. Көмекші сөздердiң сөй- лемнiң соңында келуi оның мағыналық, синтаксистiк ерекше- лiктерiне əсер етпейдi. Сонымен сөз тiркестерiнiң байланысу фор- масы, тəсiлi, мағыналық тобы мен синтаксистiк қызметiне əсер ететiндерi сөйлем iшiнде қолданылған көмекшi eтicтік, көмекшi eciм, шылау, модаль, т.б . сөздер. Kөмeкшi сөздердi сөз тiркесiнiң бiр сыңары қызметiнде жұмсалады деп те, кейде сөз тipкeсiнің бiр сыңарының қосалқы мүшесi қызметiнде жұмсалады деп те түciндiредi. Бұдан дербес мағынасы жоқ сөздердiң сөз тipкeсiн құрауға қалайда қатысы бар дейтiн пiкiр шығады. А.З. Гаджиева есiмдi сөз тipкeстepi аясының кеңеюiне тоқта- лып: haxындa, барысында сияқты сөздердiң сөз тipкeсiнің аясын кеңейтудегi өзiндiк қызметiн көрсетедi [52, 13].
54 Күрделі сөз тіркестері Ал haxындa, барысында – жеке алғанда арнайы мағынасы жоқ сөздер. Соған қарамастан автор олардың сөз тіркесiнiң ая- сын кеңейтуге қатысы бар деп бiледi. Ал профессор М. Балақаев сыңарларының бipeyi eкi немесе одан да көп негізгі сөздер мен көмекші сөздерден құралса, күрделi сөз тipкeci деп аталады дейдi [53, 11]. Cонда автордың айтуынша, күрделі сөз тіркесін құрау үшін дербес мағыналы сөздермен бiрге, дербес мағынасы жоқ сөздер де қатысты болады екен. 30 -жылдарда Қ. Басымов сөйлем мүшелерi, оның iшiнде пысықтауыштың кешке дeйiн бардым, eкi есе болды, үйiнe шейiн апардым ... тəрiздi күрделі түрлерiн кешке дeйiн, eкi есе, үйiне шейiн демеулiк шылаулар қосарланған күрделi пысықтауыштар [54] деп атағаны белгiлi. Сонда Қ. Бaсымoв пен М. Балақаев бiрi сөз тiркесiнiң, екiншici сөйлем мүшелерiнiң құрылысын айтқанмен, олардың аясының кеңеюiне дербес мағыналы сөзбен бiрге, дербес мағынacы жоқ сөздердiң де қатысы болатынын мойындайды. Бұл пiкiрлерге қарағанда, көмекшi сөздердiң қалайда сөз тipкeсiнe қатысы бар. Алайда олардың сөз тіркесін құраудағы қызметі, көбіне, тек байланыстырушы, дəнекер ретінде қаралады да, сөз тіркесі аясын кеңейту ерекшеліктері еленбейді. Шылау, көмекші сөздердің сондай қызметін төмендегі мысалдарды талдау кезінде айқын байқауға болады: Тағы бір күндер Мамыр, Еңлiктей қыздардың қайғыларын да айтып бердi (М.Əуезов). Əкем үшiн төленетiн азын-аулақ пен- сияны азық қылып, өз бетiмізше оқшаулау күн кешкен жандар- мыз («Жалын»). Шығыс жаққа қараған терезенің алдында қос тiзерлеп, eкi шынтағын тiзесiнiң алдынa салып, иегiн қолдары- ның үcтiнe қойып Абай отыр (М. Əуезов). Аузын шымшып тiккeн қaп сияқты тырсиып тұр («Жалын»). Бұл сөйлемдерде айтып бердi, əкем үшiн, терезенiң алды, қолдарының үcтi, қaп сияқты деген түйдектi тipкecтер бар. Осы түйдектi тiркестердiң бiрiншi сыңарларының (айту, əке, жаз, те- резе, қол, қaп) дербес мағынасы бар, ал осы сөздермен тipкece жұмсалған: беру, үшiн, алды, үстi сияқты сөздерiнiң кейбiрiнiң контекске байланысты дербес мағынасы бар да, ендi бiрiнiң он- дай мағынасы жоқ. Осы сөйлемдердегi: қайғыларын айтып берді, əкем үшiн төленетiн, терезенің алдында тiзерлеn, қап сияқты
55 Күрделі сөз тіркестері тырсиыn сөз тipкecтepiнe морфологиялық талдау жасасақ, бы- лай болып шығады: қайғыларын, əкем, қап, терезенің, тiзерлеn, төленетiн – eтicтік, зат eciм, үшiн – шылау, үcтi, беру – көмекшi eтicтiк; көмекшi eciм, сияқты – модаль сөз. Сонымен қaйғы, əке, төлеу, тiзерлеу, терезе, т.б. сөздерiнiң арнайы синтаксистiк қызметi бар. Олар – сөз тіркeciн құрауда басты тiрек. Шылау, көмекшi eciм, көмекшi eтiстік, модаль сөз қатысты сөз тipкecтepiнің қайсысын күрделi сөз тipкeci, қайсы- сын жай сөз тipкeci деу керек eкeнi ойландырады. Жоғарыда келтiрiлген мысалдардағы терезенiң алдында, əкем үшiн, қan сuяқты, т.б . түйдектi тiркестердiң дара тұрып сөз тipкeci бола алмайтындығы белгiлi. Себебi: үшiн, сuяқты, алды сөздерiнің өзiндік мағыналары жоқ, сондықтан сөз тipкeciнің бір сыңары бола алмайды. Əкем, терезенің, қan, т.б. сөздердiң арнайы син- таксистiк қызметi бар. Бiрақ бұлар үшін, алды, сuяқты шылау, модаль, көмекшi eciм сөздерiмен түйдектелiп келгенде, бұрынғы синтаксистiк қызметi алшақтап, олардың синтаксистiк қызметiн жетегiндегі тipкeскен сөздер анықтайды. Көмекшi сөздердiң син- таксистiк қызметiнiң əcepiнeн олар бүтiндей басқа сөйлем мүше- лерiне ауысып кетедi. Сондықтан көмекшi сөздердiң синтаксис- тiк тipкec құрамындағы атқаратын рөлi зор. Олар толық мағы- налы сөздердi меңгерiп, синтаксис қызметiн айқындай түседi. Ендеше бұл жағдай сөз тipкесiнiң құралу заңдылықтарына да қатысты. Дербес мағынасы жоқ сөздердiң сөз тipкeciн құраудағы қыз- метiн мына сөйлемдерден байқауға болады. Мысалы: Абайды соған жақын тұрған ең шеткi орындыққа отырғызды (М. Əуезов). Онда да ойыншық машина сияқты алақандай-ақ бiрдеңенi бұраn- бұраn, ара тəрізді ызылдатып алады да, сонысымен сақал-мұр- тын үйкелей бередi, үйкелей бередi (М. Сүндетов). Осында ең шеткi дегендегi шеткi сын eciмінің синтаксистiк қызметi бар да, ең сөзi жеке тұрғанда немесе сын есiм, үстеулер- мен тipкecпей айтылғанда сөйлем мүшесi бола алмайды жəне сөйлем мүшесi болатын сөздерге синтаксистiк əсер ете алмайды. Ал тəрiздi сөзiнiң толық мaғынасы болмағанмен, толық мағы- насы бар сөздердiң синтаксистiк қызметiн айқындай түседi; кейде жаңа бiр қызметте жұмсалуға бейiмдейдi. Ондай тiркестер
56 Күрделі сөз тіркестері септiк жалғауларының жалғануы арқылы сол түйдегiмен басқа да сөйлем мүшелерiнiң қызметiн атқарады. Қорыта айтқанда, сөз тipкecтepiнің аясын кеңейтудегi көмек- шi сөздердiң қызметi олардың мынадай ерекшелiктepiнe байла- нысты: 1) белгiлi мағынасы жоқ, сондықтан əрдайым белгiлi сөз тап- тарына қатысты; 2) өзiндiк синтаксистiк қызметi жоқ, бiрақ басқа сөздермен тipкecкeн кезде ондай қызмет анық айқындалады; 3) морфологиялық өзгерic кейде болады, кейде болмайды; 4) бағыныңқы-басыңқы қызметте жұмсалмайды; 5) басқа сөздерге тipкecкeн кезде оны грамматикалық жағы- нан өзiне бағындырады; 6) толық мағыналы сөздердiң мағыналық мəнepiн айқын- дауда басты тұлғаға айналады. Сонымен, сөз тipкeciнің аясын кеңейтуде мынадай фактор- лар шешушi орын алады: 1) əрбiр сөз табының күрделi түpi; 2) көмекшi eтістік; 3) көмекшi eciм; 4) модаль сөздер; 5) шылау- лар; 6) нумеративті сөздер; 7) түрлi қосымшылар; 8) фразеоло- гиялық тiзбектер, т.б. Ендi солардың əрқайсысына жеке-жеке тоқталалық: 1. Көмекшi eciмді сөз тipкестepi туралы. Көмекшi есiмдер морфологиялық жағынан жалпы түpкi тiлдерiне жəне қазақ тіл бiлiмiнде мол зерттелгенi белгiлi [55; 56; 57; 58; 59]. Осы еңбектерде көмекшi eciмдep, көбiне, тек морфологиялық жағынан зерттелiндi де, оның синтаксистiк, яғни сөз тipкecтepiнің аясындағы өзiндiк ерекшелiктерi туралы сөз қозғалмайды. Про- фессор М. Балақаев көмекшi eciмдер өзi қатысты сөздерiмен түйдектi тipкecтe жұмсалып, күрделi сөз тiркесiн құраудың бiр материалы болатындығын ескертсе [16], профессор М. Томанов көмекшi есiмдер кейде тек мезгiлдiк қатынаста жұмсалатын- дығын айтады. Ол ондай кездегi олардың тipкecy қабiлетiн ар- найы сөз етушiнiң бiрi болып отыр [60]. Көмекшi есiмдерге мына сөздер: алд, аст, арт, арты, шет, бас, қас, маң, iш тағы осы сияқтылар жатады. Бұл сөздер лексикалық мағыналары жағынан зат eciм сөздеріне ұқсайды. Бiрақ зат eciм деп атауға келмейтiн мына сияқты бiрнеше белгiлерi бар, бiрiншiден, зат есiмдер
57 Күрделі сөз тіркестері сияқты өз алдына лексикалық мағынасы жоқ, екiншiден, сол себептi өз алдына жеке қолданыла бермейдi, үшiншiден, тек iлiк жалғаулы eciм сөздерiмен тiркесiп, тəуелдiк жалғауының үшiнші жағында ғана септелiп, көптелiп келедi. Жалпы ғылыми əдебиеттерде көмекшi есiмді сөз тіркecтepi көмекшi eciмнің барыс, жатыс, шығыс, т.б. септiктерiнде тұ- руына қарай тек меңгерiле байланысқан пысықтауыштық қа- тынастағы eтicтікті сөз тipкecтeрін құрайды деуi орынды да. Қазақ тiлiнде көмекшi eciм сан жағынан аз болғанымен, олар- дың қолданылу аясы кең. Оларды тiлiмiзде жиі қолданамыз. Егер барлап қарасақ, тiлімiздегi əрбiр көмекшi eciм болатын аст, үст, алд, арт сияқты сөздердің түп төpкінін, олардың бiрте-бiрте өзгеретiн сипатын танып ажырату қиын емес. Бұл топқа жата- тын сөздерге eciм сөздер сияқты, септiктiң барлық жалғауы жалғанады. Мысалы, Арал мен Мойнақтың арасы екi-үш шақырымдай (С. Мұқанов). Жуантаяқ, Топай, Ырғызбай iшiнің кіciлеpi (М.Əуезов). Қара қатқақ жердi дүсiрлетiп бастырып кеп, eсiк алдына тоқтады (Ə.Нұрпейісов). Aнay eкеyiнің қасындa қазақы сиыр бұзаудай-ақ көрiнедi (Ғ.Мүсірепов). Ендi топтың iшiн көрмек емес (М.Əуезов). Олар ауылдың cыpтымен жүрдi (F. Мүсірепов). Miнe, ocы мысалдардағыдай көмекші есiм сөз- дердi, көбiне, тек eciм сөздермен тipкeскeн түйдектi түрiнде ғана кездестіруге болады. Жалпы алғанда көмекшi есiмдер басқа сөздердiң жетегiнде жұмсалғанымен, олармен тipкecy қабiлетi түрлiше. Мысалы: маңы, алды, басы көмекшi eciмдерi. Уақыттың маңы, қуаныштың маңы, атақтың маңы, ауылы- ның маңы, көлемнiң маңы, достықтың мaңы, тəулiктiң маңы, ты- ғыздың маңы, дыбыс маңы, күлкі маңы, айқай маңы, бақыт маңы, еңбек маңы, қылмыс маңы. Қастың алды, судың алды, кiрпiктiң алды, түйменiң алды, шеңбер алды, орталық алды, еден алды, сағаттың басы, биiктiң басы, көздiң басы, кiрпiктiң басы, атақ басы, тайыз басы, жер басы деген сияқты тipкecтepде жұмсалмайды. Miнe, осыған қарағанда, көмекшi есiмдер кез кeлгeн есiмдермен тіркесе бер- мейді. Жиналған материалдардан байқағанымыздай, көмекші есiм- дер сөз таптарының бiразымен тiркесiп жұмсалады. Соның
58 Күрделі сөз тіркестері iшінде зат есiмдермен тiркесiп келуi басқа сөз таптарына қа- рағанда əлдеқайда көп-ақ: Ағаштың iшiнде еркiмiзше жүр- дiк (Ғ. Мүсірепов). Kəpi əже мен Ұлжанның ортасында жалғыз арба бар едi. Ол əңгiмелердің iшiнде талай-талай мəндер жа- тыр (М. Əуезов). Пештiң жанында бiрiне-бiрi тығылып, бүрiсiп отыр (М. Əуезов). Аяғының астында қатқан қар сықыр-сықыр етедi (М. Əуезов). Бөжей қасындa Байдалы, Түсiптер бар едi (М. Əуезов). Miнe, осы сөйлемдерде ағаш, əңгiме, пеш жалпы есiмдермен тiркесiп тұр. Əрине, бұл арада көмекшi есiмдер жалқы, жалпы есiмдермен де тipкeceдi. Дегенмен олар жапа- тармағай тiркесе бермей, белгiлi бiр тipкecy қабiлетi барлары- мен ғана тiркесе алады. Мысалы, Бөжейдiң түсiнде немесе ба- сында, т.б. тipкecтe жұмсалмай, тек Бөжей қacындa, маңында, жанында, т.б . осы сияқты мағыналы есiмдермен, сондай-ақ кітaп сөзiмен де тек iшi сияқты бiрен-саран көмекшi есiмдер ғана тіркеседі. Ал стол сөздерiмен асты, үстi, жаны, мaңы, т.б. көмекшi есiмдермен тipкeceтiндігін көремiз. Бұған қарағанда көмекшi есiмдер кез келген зат есiмдермен тipкece бермей, белгiлi мағынадағы сөздермен ғaнa тipкecтe жұмсалады. Сол сияқты көмекшi есiмдер зат есiмдердiң деректi, дерексiз түpiмен де тipкeci əртүрлi. Мысалы: Үлкен үйдің iшi-сыртындай жұпыны емес, жа- саулы, кiлемдi, алашалы екен (А. Құнанбаев). Өзеннің мaңы – көкорай шалғын (А. Құнанбаев). Стол маңы шашылған конфет- тер (А. Құнанбаев). Бұл мысалдардан көрiнiп тұрғандай, олар деректi зат есiмдермен көбiрек тipкесетiндiгiн көремiз. Ал абст- ракт зат есiмдермен көмекші есiмдер онша тipкece бермейдi. Мысалы: Ашу үстiнде бip лаңды iстеп салуы сөзсiз едi (Ə. Нұр- пейісов). Інici өз ойының үcтін басты (Ə. Нұрпейісов) – деген сөйлемдерде үcтi көмекшi есiмдерi ашу, ойын сияқты абстракт зат есiмдермен тipкeскeн. Бiрақ көмекшi абстракт зат есiмдермен тipкeci сирек. Өйткенi уaқыт мaңы, бақыт мaңы, қуаныш мaңы, aтaқ басы, күн басы деп айтылмайды. Яғни олар ондай зат есiмдермен мағыналық байланыста болмайды деген сөз. Ендi көмекшi есiмдердiң басқа да сөз таптарымен тipкeciн байқап көрелiк. Солардың iшiнде мен де бармын (М. Əуезов). Үшеуi де қазақ, үшеуiнiң iшiнде бipeyi opтадан отыра қалды, eкi жағына отырғандардан басы асып тұр, шамасы ұзын кiсі
59 Күрделі сөз тіркестері (С. Шəріпов). Бiр таңдaнapлығы, сол 20 жылдың iшiнде Еркең- нiң төрт-ақ күн науқастанғандығы туралы дəрiгерлiк бюллетенi бар екен («Жұлдыз»). Miнe, осы сөйлемдерден бұл, сол есiмдiк- тердi үшеу, жuырма жыл сияқты сан eciммен, мезгiл мəндi зат еciмдер мен көмекшi есiмдердiң тipкeciн көруге болады. Əрине, көмекшi есiмдердiң бұл сөз таптарымен тipкecі олардың зат есiмдермен тipкeciнe қарағанда өте аз. Əрине, ол сөз таптарының өзiмен де тipкecy дəрежесi бiрдей емес сияқты. Таза сын есiмдер мен көмекшi есiмдердiң тipкeci жалпы кездеспейдi. Дегенмен көмекшi есiмдердiң заттанған сын есiм- дермен тipкeci жиi болып тұрады. Мұндайда, əрине, бiз оны зат eciм төңiрегiнде қаpacтыpy жөн дeп бiлдiк. Мысалы: Көбici ауыр- дың үcтiмeн, жеңiлдiң acтымен жүредi (С. Жиренов). Көмекшi есiмдер оның iшi, бiздiң iшiмiзде, мынaның жанын- да, ананың жанында, соның iшiнде сияқты жiктеу, сiлтеу есiм- дiктерiмен ғана түйдектi тipкec құpaй алса, ал оның басқа топ- тарымен тipкeci кездеспейді деуге болады. Мысалы: Ол өз iшiнде жатқан ауыр күдіктің, қиын уайымның бiрi едi (М. Əуе- зов). Сен осы маңда жүре тұр (С. Жиренов). Мынау тұста бар ауаны бермей, қысыңқырап тастағансың (Ə. Сəрсенбаев). Көмекшi есiмдер сан есiмдердiң iшiнде, көбiне, есептiк, peттiк, кейде жинақтық түрлерiмен ғана тiркесiп келсе, оның басқа топтарымен тipкeci кездеспейдi. Қайта қой қоздай бас- тағалы соңғы бес-алты күн iшiнде қысыла түсті (М. Əуезов). Eкi жaғында – он шамалы үлкен туысқандар (М. Əуезов). Үш күн бойында бұлар Оспан үйiнде қонақ боп жатты (М. Əуезов). Үшеуiнің алдында табақ толы жас ет (С. Жиренов). Бұған қарағанда, көмекшi есiмдердi есiмдерге қатысты деге- нiмiзбен, олар көбiне тек зат есiмдермен түйдектi тipкec құрауға тиic деп бiлемiз. Сондықтан да əрбiр оқулықтағы көмекшi eciмдердiң зат есiмдерден кейiнгi орындарда тұруында осы қа- бiлеттiлiктiң негiзгi белгiciне сүйенген пiкiрдiң дұрыстығын байқаймыз. Бұл арада бiз көмекшi есiмдердiң қай сөз таптарымен түй- дектi тipкec құрайтындығын қысқаша сөз етсек, ендi сол кө- мекшi есiмдi түйдектi тiркестердiң басқа сөздермен тiркесiп, күрделi сөз тipкeciн құрауын əрбір септiктер бойынша көрсе-
60 Күрделі сөз тіркестері телiк. Көмекшi есiмдер сол түйдектi түрiнде кез келген сөздер- мен тipкece бермей, белгiлi топтағы сөздермен ғана тipкeстe жұмсалады. Сонда көмекшi есiмдер тек зат eciм, кейде басқа есiмдi сөз таптарымен тiркесетiн болса, ендi олар сол сөз тапта- рымен түйдектi түрiнде əpi eciм, əpi eтiстiктepмeн сөз тipкeciн құрайды. Мұның өзi көмекшi есiмдi сөздердiң барлық септiк- терде жұмсалуынан демекпiз. Жалпы көмекшi есiмдi сөздер iлiк жалғаулы сөзiнiң не жасырын, не ашық түpiмен тipкесетiндiгi белгiлi. Ондай кезде олар анықтауыштық қатынаста жұмсалатын сөздер болуы тиic. Асанның үйi бiзге алыстан көрiнедi (Га- зеттен) – деген сөйлемде үйi сөзi бастауыш та, Асанның анық- тауыш қызметiнде жұмсалады. Сонда матаса байланысқан сөз тiркестерiнде iлiк жалғаулы бағыныңқы сыңары анықтауыш қызметiнде жұмсалуға тиic. Аласа дөңгелек стол үстіндe дас- тарқан кең жайылып, торсық шеке бауырсақтар төгiлдi («Жа- лын»). Оның басынан артта қалған асулар, алда тұрған acқаpлар көрiнедi («Қазақ əдебиеті») – деген сөйлемдердегi стол жəне ол iлiк жалғаулы зат eciм мен есiмдiктердiң негiзгі синтак- систiк қызметi не анықтауыш, не бастауыш болуы керек, ендi олар көмекшi есiмдермен түйдектi түрде жұмсалған кезде, ол қызметiнен алшақтап, көмекшi eciм қандай тұлғада тұруына қарай сол формадағы синтаксистiк қызметiнe ие болады. Олай болса, көмекшi eciм мен түйдектi түрде жұмсалатын зат eciм не- месе басқа сөз таптары өзiнiң синтаксистiк қызметiнен алшақтап, бiрiншiден, сол көмекшi eciмнің тұлғасына қарай синтаксистiк қызметке ауысып, соның жетегiнде жұмсалса, екiншiден, сол зат eciм немесе басқа сөз таптарының ондай түйдектi кездегi мағы- насы сол көмекшi есiмдердiң мағыналық тобын айқындайды. Miнe, осы негiзде көмекшi есiмдi сөздер тобы өзара түйдектi тipкec құрай отырып, сол тобымен басқа сөздермен күрделi сөз тipкeстepiн құрайтынын байқаймыз. Сонда күрделi сөз тipкeсiн құрауда толық мағыналы сөздер- мен бiрге кейде өзi қатысты сөздердiң синтаксистік қызметі мен мағыналық тобын айқындайтын сөздердiң қатарына көмекшi есiмдердi жатқыза отырып, олар күрделi сөз тipкeсiн жасаудың бiр тəсiлi деп бiлемiз. Сөйтiп, көмекшi eсiм қатысты күрделi сөз тipкeстep басыңқы мүшесiмен матаса жəне меңгерiле байланысқан анықтауыштық,
61 Күрделі сөз тіркестері пысықтауыштық қатынаста əpi есiмдi, əpi eтicтікті сөз тipкe- сiндe де қолданылады. 2. Етicтiктердiң күрделi сөз тipкeсiн құраудағы рөлі. Осы уақытқа дейiн eтicтiк туралы жазылған еңбектер де жеткiлiк- ті [61; 62; 64; 65]. Бiрақ бұл еңбектердiң барлығында да eтicтік- тep таза морфологиялық тұрғыдан зерттелiнуде. Ол еңбектерде eтicтіктep синтаксистiк жағынан баяндауыш қызметiнде дара жəне күрделi түрде жұмсалатындығы, яғни дара eтіcтіктep бiр ғанa толық мағыналы eтicтіктepден жасалса, күрделi eтicтіктepдің бiрiншi сыңары дербес мағыналы да, eкіншi сыңары дербес мағынасы жоқ арнайы көмекші (е, де) етістіктep жəне ауыспа- лы көмекшi (отыр, тұр, жатыр, жүр) етістіктep мен, əдетте, толық мағыналы деп саналатын кез келген етістікті ретiне қарай бiрде негiзгі етicтiк, бiрде көмекшi етістік (оқып отыр, айтыn бердi, бiлin алды) қызметiнде жұмсалатындығы айтыла- ды. Бұл формадағы етiстiктердiң барлығы да сөйлемнiң соңында келіп, баяндауыш қызметiнде жұмсалады. Екiншiден, көсемше формалы етістіктep сөйлемде баяндауыштың алдында келiп, пысықтауыш қызметiнде жұмсалуы туралы сөз болады. Бұл пiкiрлерден шығатын негiзгi қорытынды етістіктep сөйлемде eкi түрлі жағдайда, яғни сөйлемнiң coңында жəне сөйлемнiң ішінде қолданылады. Етicтiктердiң сөйлемнiң соңында жұмсалуы – негiзгi мəселе. Сонымен бiрге ол етістіктep сөз тіркесі тұрғысы- нан басыңқылық қызмет атқарады. Ондай кезде дара жəне күр- делi түрде де жұмсалады. Сөйлемдік жағынан оны тиянақ- таушы мағыналы бөлiмi десек, сөз тіркeci жағынан басыңқы сыңары деймiз. Жалпы етістіктер сөз тіркeci тұрғысы жағынан алғанда əртүрлi формада жұмсалады. Етістіктepгe олардың сөз тiркесiнде басыңқылық қызмет атқаруы тəн. Əpi меңгерiле, əpi қабыса байланысқан сөз тiркестерiнде үнемi басыңқылық қыз- метте (жақсы oқыды, қалаға барды, eкi келдi, қаланы көpin eдi, кітan оқыды, қалада болыnты, бүгiн келмейдi, бұрқ-бұрқ қaй- нaды, қаладан кeтinтi, қаламен танысыn, оқыn түciндipдi) етіс- тіктi тобын құрайды. Сол сияқты етiстiктердiң (оқығaн бала, оқитын бала, ай- тар сөз, оқыn айтты, күле кipдi, бiлгелi келдi) есiмше, көсемше түрлерi сөйлем iшiнде қабыса байланысқан əpi есiмдi, əpi етіс-
62 Күрделі сөз тіркестері тіктi сөз тiркестерiнде, ал септiк жалғаулы есiмше мен қимыл есiмдерi меңгерiле байланысқан əpi eciмдi, əpi етістіктi сөз тiркестерiнде жұмсалатындығы белгiлi. Сонымен, етістіктep басыңқы сыңарда есiмше, көсемше, қи- мыл есiмiмен дара жəне күрделi түрлерде де жұмсалады екен. Етістіктi сөз тiркесiн зерттеушiлердiң барлығында да сол етic- тiктердiң басыңқы сыңары, яғни олардың құрылымдық, мағына- лық түрлерi жан-жақты талданады. Сондай-ақ етістіктep сөйлем iшiнде де жұмсалады. Ал олар- дың басыңқылық сыңардағы ерекшелiктерi осы күнгi ғылыми немесе практикалық əдебиеттерде жан-жақты сөз бола бермейдi. Оның өзі, бiрiншiден, құрылымдық жағынан, екiншiден, ондай кезде дербес нeмecе толық мағыналы етістіктермен бiрге кө- мекшi етістіктepдiң қатысы туралы мəселелер қаралуы тиic. Бiрiншiден, етістіктep сөйлем iшiнде есiмдi қабыса байла- нысқан кезде тeк дара түрде ғaнa жұмсалады. Ондай кезде есім- шелердің күрделі түрлері жалпы қолданылмайды десе де бо- лады. Оның өзi жалпы есiмшелердiң əрбір жұрнақты түрлерiнiң жеке-жеке қолданылатындығын дəлелдейдi. Көсемшелер дара да жəне күрделi түрде де жұмсала бередi. Əрине, көсемшелердiң күрделi -ып, -iп жұрнақты түрлерi жиi кездеседi. Мысалы: Абай жасқа толы көзiмен Жиреншенiң торы қасқа атының басы мұның үзеңгiлiк тұсынан келiп қалғанын көpдi де, тебiнiп қап шаба жөнелдi. Tүci суық, рақымсыз жауыз- дың ендi бетi жылынып, татулыққа айналғанын Абай «yh» деп күpciнe сүйсiнiп қабылдады (М. Əуезов). Eкnіндen кеn бeтімдi осып-осып кeтeдi (С. Жиренов) Төгiлiп, ағып жыр келедi, қа- лықтап ұшып əн келедi (А. Хангелдин). Осы сөйлемдерде тебiнiп қап шаба жөнелдi, күрсінe сүйсi- нiп қабылдады, eкniндen кеп осып-осып кeтeдi, қалықтап ұшып келдi тəрiздi сөз тipкecтepiнің бағыныңқының сыңарлары күр- делi көсемшелер. Көсемшелердің бұлайша бiр-бiрiмен өзара түйдектелiп немесе тiзбектелiп жұмсалуы тiлiмiзде жиi қолда- нылады. Олар сол тiзбегiмен келгенде, əрине, негiзгi мaғынa алдыңғы етістікте болады да, соңғы етістіктep көмекшiлiк қыз- мет атқарады. Сонда: тебiнiп кеп, күpciнe сүйciнin, eкniндen кеп, қалықтап ұшып дегендердегi негiзгi мағына тебiніп, eкniндen,
63 Күрделі сөз тіркестері қалықтап сөздерiнде болса, кеп, ұшып eтicтiктepi көмекшiлiк қызмет атқарады. Бiрақ негiзгi етістіктep мен көмекшi етіс- тіктердің өзара мағыналық жағынан бiрiнде басым, бiрiнде солғын болғанымен, олар бiрiнiң мағынасын бiрi толықтыра түсу сыңайында қалыптасқан. Өйткенi күpciнe, тебiнiп, қалықтап жəне кеп, ұшып етістіктepi басыңқы сыңарларымен жеке-жеке байланыса алмайды. Бiрақ ондай бағыныңқы мүшелерiнiң əрбiр сыңары негiзгi мағыналық сөздер деп бiлемiз. Сонда етicтiктiң бағыныңқы күрделi сыңарлары қалайда етістік арқылы жасалып, сөз тipкeciнің күрделi сыңарын құрайды. Академик Н. Сауран- баев: Атты қуалап Асан кеттi. Ас бере отыра жеңгелеpі бала- дан сұрады [61, 53-54], – деген сөйлемдердегi атты қуалап, ас бере отыра деген бiрiншi сыңары атты, ас табыс септiгiнiң ашық не жасырын түрiндегi зат есімдермен қуалап, бере отыра көсемшелерiнің өзара тipкeciн көсемшелердiң күрделенуi дейдi. Сол сияқты төмeндeгi мына сөйлемдердi талдап көрелiк: а) Өткeннің бiр ертегiсi боп қана баяндалған. Соған көңiл бөлетiн мезгiл мейлiнше жеткен екен! – деген сөздi кең жүзiне бiр толқу қызу қан ойнап, қатты үнмен салмақты қып бiр-ақ түйдi де, содан əpi сөйлеген жоқ (М. Əуезов). Бұлар сонау ит өлген жерден шаршап-шалдығып шөп тасып жүрсе, ол Мақсатпен мəз болып жетiciп тұр («Жұлдыз»). – Ойбай, аға, əн салмаңыз деген Қайсарға Еркебұлан aң-тaң болып жалт қарап едi, өзiнiң Бiржан əнін ыңылдатып келе жатқанын eстідi (Ғ. Мүсірепов). е) Ішпеймiз дегендерге қалағандарынша лимонад пен мине- рал суы берiлдi (Ə. Нұршайықов). Бұл оның табысқа деген жiге- рiн шыңдай түскендей болды («Социалистік Қазақстан»). Ал- шынбай сұраса бергеннен абзалы жоқ екен деген байлауға кеп едi (М. Əуезов). Осындағы курсивпен терiлген сөз тipкecтepiнің бағыныңқы сыңарлары əртүрлi сөз таптары мен көсемшеден, де, бол, қыл, е көмекшi етістіктepiнен жасалған. Бiрiншi топтағы бiр ертегiсi (ғaнa), салмақты, мəз, aң-тaң деген сөздердiң бiр ертегiсi (ғaнa) aң-тaң сөздерi етістіктермен тipкeceдi деп те айтуға болады. Бiрақ бiрiншiciнің синтаксистiк қызметi өзгерiп, бастауыш қызметiнде жұмсалса, екiншiciнiң сол қалпында сөйлемдiк контексте мағыналық жағы келе бермейдi.
64 Күрделі сөз тіркестері Сол сияқты екiншi топтағы iшпеймiз, табысқа, абзалы, жоқ екен деген сөздер мен сөздер тобы да сол дегендерге, деген кө- мекшi етiстіктерiнсiз басыңқы берiлу, жiгер, байлау сөздерiмен тipкecтe жұмсала алмаған болар eдi. Сонда бipiншi, екiншi топтағы бағыныңқының алғашқы сы- ңарлары қаншалықты толық мағыналы сөздер болғанымен, сол қалпында да басыңқыларымен тұлғалық байланыста бола ал- майды. Екiншiден, ондай кездегi мағыналық тобын, үшiншiден, синтаксистiк қызметiн, төpтiншiдeн, байланысу формаларын- сыз айқындайтын бол, қыл көмекшi етістіктepi өзi қатысты сөз- дердi пысықтауыш қызметіндe жұмсап, қабыса байланысқан етістіктi сөз тipкeciн құраған, екiншi топтары дегендерге сөзi арқылы меңгерiле байланысқан толықтауыштық қатынастағы етістіктi сөз тipкeciн, «-де»-нiң есiмше формасы арқылы табыс- қа, абзалы жоқ сөздерi қабыса байланысқан етістіктi сөз тip- кeстepiн құрап отыр. Тiл-тiлдерде етістіктep негiзгi жəне көмекшi түрлерге бөлi- ніп, олардың тipкecкeн тобы күрделi етістік жасалады деп көр- сетiлсе, ендi олардың, яғни көмекшi етістіктердің (немесе таза күрделi етістіктердің сөйлем iшiнде) басқа да сөз таптарымен тiркесiп («-де» көмекшi eтicтiгi) сөйлемнiң iшiнде сөз тipкeciнің күрделi сыңары бола алады екен. Жалпы күрделi eтicтік формалары сөйлемнiң соңында жəне ортасында келiп, күрделi сыңар құрауы талас тудырмаса керек. Ал көмекшi сөздер есiмше, көсемше немесе олардың септелген түрлерiнiң сөйлем iшiнде басқа сөздермен тiркесiп келiп, бiр-ақ бүтiн болып жұмсалуы етістік туралы арнайы зерттеген немесе оқулықтар жазған авторларда онша елене бермейді. Профессор А. Ысқақов есімше, көсемшелер туралы айта келіп, оның құрылымдық түріне назар аудармайды, екіншіден, көмекші етістіктер арқылы сөйлем ішінде жасалған топтар тіпті ескерілмейді де [65]. Көмекші етістіктер туралы арнайы еңбек жазған доцент И. Маманов та көмекші етістіктердің тек сөйлем соңында келуін сөз етеді де тек бір-ақ жерде Осы істің бəрін Исахметтің өзі істеген екендігі колхозшыларға түсінікті бол- ды, танитын екендігіңді білейін, оның аты-жөні кім? («Ал- дар Көсе») – деген сөйлемдердегі өзі істеген екендігі бастауыш,
65 Күрделі сөз тіркестері танитын екендігіңді дегенді толықтауыш деп қана көрсе- теді [64, 22]. Академик Н. Сауранбаев жоғарыда айтылғандай есімшелердің күрделенуін, оның яғни есімше, көсемше сөздің алдына келіп, толықтауыш қызметінде арнайы жұмсала алмай, сол бірлікте жұмсалуын ғана оның күрделенуі деп біледі. Бірақ автор таза көсемшелердің өзара күрделі жұмсалуын алғаш көр- сетуші деп білуіміз керек [61, 52]. Профессор М. Балақаев – көсемшелердің сөз тіркесін құрау- дағы ерекшеліктерін синтаксистік жағынан алғаш зерттеуші ға- лымымыз. Бірақ автор: «Батальон командирі бізге қайт деп əмір ет- ті» (Ғ. Мүсірепов), – деген сөйлемдегі қайт деп дегендегі қайт етістігі арқылы сөз тіркесінің күрделі бағыныңқы сыңарын құрайтындығын көрсетеді де, одан басқа көмекші етістіктер туралы сөз болмайды [53, 65]. Ə. Əбілқаевтың «Қазақ тіліндегі төл сөз бен төлеу сөз [66] жəне «де» етістігінің мағыналары мен қызметі» [67] атты ең- бегінде де етістігінің төл сөзден басқа да сөйлемдегі сөз тіркесіндегі қолданылуынан туған алуан түрлі мағыналары ту- ралы айтылған. Атап айтқанда, автор бұл еңбегінде де етіс- тігінің басқа етістіктерден басты-басты ерекшеліктерін, кейбір күрделі формаларының лексика-грамматикалық мағыналарын, де етістігіне байланысты тұрақты сөз тіркестерін айқындаған. Автор де етістігінің морфологиялық жағымен бірге, синтаксистік ерекшеліктерін, яғни сөз тіркестеріндегі өзіндік ерекшеліктерін айтумен шектелген. Автор де етістігінің есімше, көсемше формаларын əрі есім- мен де, етістікпен де тіркесте жұмсалуын көрсетеді. Бірақ де етістігінің есімдермен тіркесінің тек кейбір түрлеріне ғана жал- пылама шолу жасалып, оның мағыналық жағы ғана айтылады да, олардың ерекшеліктері сөз болмайды. Синтакасистік қыз- меті жағынан тек толықтауыш болуын ғана ескертеді. Автор де көмекші етістігінің басқа сөздермен өзара түйдекті топ құрау кезінде енді ол екеуінің басыңқы сыңарларының қай сөз табы болатынын, яғни сөз тіркесін құрауын ескермейді. Қорыта келгенде, көмекші етістіктер морфологиялық жағы- нан өте өзгерімпаз. Сондықтан да олар көптеген сөздермен тір-
66 Күрделі сөз тіркестері кесіп, ондай сөздердің синтаксистік қызметі мен байланысу формаларын өзіне бағындырып отырады. Бұл жағынан келгенде көмекші етістіктердің рөлі күшті. Олар өзі тіркескен сөздермен есімді, етістікті сөз тіркестерде күрделі бағыныңқы сыңар ре- тінде жұмсалады. 3. Шылаулы сөз тіркестері туралы. Сөз тіркесінің байла- нысу формасының бірі – меңгеру. Меңгеруде бағыныңқы сыңары барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес жалғауы арқылы келсе, екіншіден, ондай тұлғалы сөздер шылаулар арқылы да түйдекті тіркес күйінде етістікті сөз тіркесін құрайтындығы белгілі. Міне, сондықтан да меңгерудің есімді меңгеру, етістікті меңгеру, ортақ меңгеру жəне сол етістікті меңгерудің негізінде шылаулы меңгеру деп төртке бөлінеді. Бұл жерде солардың ішіндегі бір тобы шылауларға назар аударылады. Жалпы шылаулар морфологиялық жағынан сөз тір- кесі тұрғысынан да сөз болып жүр. Алайда шылаулар сөз тіркесі аясында қарастырылды деге- німізбен, олардың өзінше қызметі мен өзінше ерекшеліктері сөз болып қозғалған емес. Шылаулар қатысты сөз тіркесі сөз бол- ғанда мына септікті мына шылаулар меңгереді деген тəрізді мəселеден асып кете алған жоқ. Тілімізде шылаулар деп аталатын топқа мыналар жатады: дейін, шейін, қарай, əрі, бері, таман, шамалы, мен, гөpi, басқа, үшiн, туралы, арқылы, шақты, сайын, себептi, қаралы, да, неме- се, я болмаса, бiрақ, өйткенi, сондықтан, ал, əлде, мейлi, бiресе, кейде, ғана, ой, сол жайында, бекер, егер, онда, сияқты, бойы, ғұрлы, бетер, салым, тарта, жуық, таяу, я, яки, құй, -ау, -ай, -ақ, демек, -мыс, -мic, тұрсын, т.б. Бұлардың сөйлемде атқаратын қызметi бiрдей емес, сондық- тан сол қызметтерiне қарай үш топқа бөлiнедi: 1. Жалғаулықтар. 2. Демеулiктер. 3. Септеулiктер [65, 365]. Профессор М. Балақаев шылауларға көмекшi eciмдердi де жатқызады [16, 68]. Шылаулардың осы түрлерiнiң сөйлемде өзiндiк орны бар. Жоғарыда көрсетiлгендей демеулiктер, жалғау- лықтар сөйлемнiң iшiнде көп қолданылғанмен, олардың мүшелiк
67 Күрделі сөз тіркестері қызметiне немесе байланысу формасына ешқандай əсер етпейдi. Бipaқ сөйлемде мұндай қызметi болмағанымен де, өзiндiк стиль- дiк қызметтерiнiң барлығы айқын. Шылаулардың iшiнде сөз бен сөздi, яғни сөздердi бiр-бiрi- мен тіркестіруге немесе олардың синтаксистiк қызметінe өзiндiк əcepi болатын ерекше табы – септеулiк шылаулар. Жалпы септеулiк шылаулардың рөлi бiркелкi, яғни өзi қа- тысты сөздiң мағынасын толықтырушы деген пiкiр орынды. Mысалы, Бiздiң шахталардың жайын Алматыға дeйiн жазып жiберген кім? (Ə.Ə .) . Жалт қарасам, Шұға үйiнe қарай бара жатыр екен (Б.М.) деген сөйлемдердегi қарай, дейiн шылау- ларының қызметiн талдай келiп, профессор А. Ысқақов Aлма- тыға, үйінe сөздерiнен шылауларды түсiрiп айтуға болатын- дығын, бiрақ оны түсiрiп айтуда кейде ойды тиянақтандыра түсу жағы əлсiрейтiндiгiн дəлелдейдi [65, 375]. Бiздiң ойымыз- ша, ойдың тиянақтылығы емес, ойдың толық берiлуi əлсiрейдi. Мысалы, сол сөйлемдердiң «Бiздiң шахталардың жайын Алма- тыға жазып жiберген кiм? Жалт қарасам, Шұға үйiнe кeтin бара жатыр екен деп те айта беруге болады. Бұл сөйлемдердегi негiзгi қарастырып отырған Алматыға дeйiн жазып жiберген, үйінe қарай кeтin бара жатыр екен – меңгерiле байланысқан пысықтауыштық қатынастардағы сөз тipкecтepiн құраса, сол сияқты кейiнгi сөйлемдердегi Алматыға жазып жiберген, үйi- нe кeтin бара жатыр дегенде де меңгерiле байланысқан пысық- тауыштық қатынастар жасалады. Бұл жерде олардың не байла- нысу формасында, не синтаксистiк қызметiнде ешбiр өзгешелiк жоқ. Сонда бiрiншi сөйлемде шылаулар қатысуы арқылы, екiншi сөйлемде шылаусыз жасалған. Бұл арадағы айырмашылық тек олардың мағыналық реңктерiнде ғана демекпiз. Өйткeнi бiрiншi сөйлемдегi сөз тiркестерiнде екiншi сөйлемдегiлерге қарағанда мағыналық ерекшелiктер, яғни мекендiк жағы айқын. Жоғары- дағы мысалдарда шылаулар өзi қатысты сөздiң мағынасын толықтыра түceдi деген қағиданы дəлелдей түседi. Осы күнгi əдебиеттерде шылау қатысты не сөйлем мүшесi немесе сөз тipкeciнeн шылауды алып тастағаннан сөйлем мағы- насы онша өзгерicке ұшырамайды деген қағида басым. Сонда шылау өзi тiркескен сөздiң мағынасын тек толықтыра түсумен
68 Күрделі сөз тіркестері ғана шектелетiн сияқты. Дегенмен мына сөйлемдер құрамын- дағы шылаулардың қалай жұмсалатындығын талдап көрейiк. а) Күлбаршын жайына Сəмет арқылы қанықпын (С. Омаров). Eндi Ысқақ жайында мұндай əңгiмелер көп (Б. Соқпақбаев). ə) Оған дейiн Баршын мен Бөбек қолшанада буынып-түйiнiп жолға əзiр тұрған жүктi бұзып, ыдыс-аяқ, ас-суды кемеге қайта шығарды (Ə. Сəрсенбаев). Eкeyi түнгi сағат үшке дейiн сөй- лестi (Л. Толстой). б) Содан берi ақ жаңбыр толассыз сорғалап, малды да, жанды да мезi қыла бастаған едi (Ə. Əбішев). Осы сөйлемдерде шылау қатысты мынадай сөз тipкecтepi бар: 1. Сəмет арқылы қанықпын. 2. Ысқақ жайында көп. 3. Оған дейiн бұзып. 4. Сағат үшке дeйiн сөйлесейiк. 5. Содан берi сорғалап. Екiншi топтағы сөз тiркестерiндегi жағдай алдыңғы топқа қа-рағанда керiciнше. Қарастыра келгенде, шылаулардың өзi қа- тысты сөздiң мағынасын толықтыра, дəлелдей түсетiндiгi бай- қалады (екiншi топтағы шылаулы тiркестерден ендi шылау сөздердi алып тастап, шылаусыз етiп, төмендегiдей құрап кө- релiк). 1. Сəмет қанығу. 2. Ысқақ көn. 3. Оғaн бұзыn. 4. Сағат үшке сөйлесейiк. 5. Содан сорғалаn. Бұдан мыналарды байқауға болады: бiрiншiден, бағыныңқы сөз бен басыңқы сөздердiң арасында синтаксистік мағыналық байланыс жоқ, осы себептен де олардың арасындағы байла- нысуда синтаксистiк қатынаста жоғарыдағы формада толық тұрақтамаған бейберекет сөздер тобы шығады. Сөйтiп өзара түсiнуге қажеттi синтаксистік заңдылықтары сақталған айқын сөз тipкeстepiнeн арқылы, жөнiнде, дейiн, берi, бұрын (қайталап келген) шылауларының түсiп қалуынан мағыналық айқындығы жоқ топтардың келiп шыққанын көремiз. Бұған қарағанда, шылаулар өзi қатысты сөздердiң мағына- сын айқындаушы деген пiкiрмен бiрге ендi кейде ондай қасиет-
69 Күрделі сөз тіркестері терiне қоса шылаулар өзi қатысты сөздi синтаксистiк қызметi мен байланысу формасын айқындаудағы басты фактор дейтiн қосымша пiкiр айту керек. Шылау, шылаулы меңгеру туралы морфологиялық, синтаксис- тiк жағынан зерттеген А. Ысқақов, М. Балақаев, Т. Қордабаев, Ə. Ибатов, В.А. Исенғалиева еңбектеpiнің барлығында да тек етістіктi сөз тiркесiнде жұмсалатындығын сөз етумен шектелген. Шындап келгенде шылаулы етістіктi меңгеру сөз тipкесте- рiнің ішінде табыс септiкті шылаулар мен шылаулы есiмдi меңгерудiң əрқайсысының өзiндiк ерекшеліктері бар. 4. Модаль сөздi күрделi сөз тipкecтepi. Күрделi сөз тipкec- тepiн жасаудың бiр тəсiлi – модаль сөздер. Қазақ тiлiндегi мо- даль сөздер туралы А. Ысқақов: «Бұл сөздердiң шығу төpкiнi, өз алдына категория болып қалыптасу ерекшелiктерi мен жолдары, олардың қазiргi құpaмы мен құрылымы жəне басқа морфология- лық (үстеу, одағай, шылау сөздермен), синтаксистiк (қыстырма сөзбен, сөйлеммен, сөйлем мүшесiмен) категорияға қaрым-қа- тынасы мен арақатынасы, олардан бөлiнетiн ерекшелiгi деген сияқты соны жатқан мəселелердi арнайы тексерудi, тиістi шеші- мiн табуды қажет етедi» [65, 44], – дейдi. Модаль сөздер түркi тiлдерiнде ғана қарастырылып келеді. Е.И . Убрятова айтқандай, өз алдына жеке толық мағыналы сөз- дер де, көмекшi сөздер мен кейбiр шылаулар да, қыстырма сөздер де – бəрi де модаль сөздердiң құрамында үнeмi аралас жүредi. Жəне сөз таптарына тəн қасиет негiзгi белгiлер бұлардан (модаль сөздерден) байқалмайды. Мұның үстінe модальдiлiк категориясы, модаль сөздердiң саны, көлемi туралы пiкiрлер де əртүрлі [15, 281]. Қазақ тiліндегі модаль сөздер туралы Е. Жанпейiсов арнайы диссертация қорғап, оның өзіндiк ерекшелiктеріне тұжырымдар жасады. Қазақ тiлiнде де модаль сөздер, яғни сөйлем мазмұны жө- нiндегi сөйлеушi адамның пiкiрiн бiлдiретiн сөздер жеткiлiкті зерттелген емес [68; 2; 63]. Соған байланысты болар, сықылды, секiлдi, сuяқты, тəрiз- дi, т.б . сөздердi белгiлi сөз таптарына жатқызу жөнiнде бiрнеше пікiрлер бар. Мысалы, түсiндiрме сөздiктi құрастырушы ғалым-
70 Күрделі сөз тіркестері дар ол сөздердi шылау сөздер деп бiлсе [69], ендi бiр топ ғалым- дар ондай сөздердi бейтарап сөзге жатқызады [70, 66]. Шындап келгенде, мұндай сөздердi модаль сөздер деп берудi біз де жөн деп бiлемiз. Өйткенi шылауларға қарағанда олардың төмендегiше өзге- шелiктерi бар. Бiрiншiден, шылаулар морфологиялық өзгерicтерге ұшыра- майды, ал модаль сөздер морфологиялық өзгерiстерге ұшырайды. Екiншiден, шылау сөздер белгiлі септiк жалғаулы сөздер apқылы қимылға қатысты ғана жұмсалса, ал модаль сөздер əрi есiмдермен, əрi eтicтіктермен тipкeстe қабыса жəне меңгерiле байланысады. Сонымен, жоғары оқу орындарына арналған еңбектер мен жеке зерттеу жұмыстарда есiмдi (именные) жəне етістіктi мо- даль сөздер (глагольные) деп екіге бөлген. Осыған орай есiмдi модаль сөздер тобына сияқты, сықылды, секiлдi, тақылеттi, рəуiштi, шамасы, тəрiздi, зады, pac, мүмкін, бəлки, расында, шынында, керек, тuic, қaжет, əрине сөздерiн, ал етістіктi модаль сөздер тобына бiлем, көpiнeді, дейді, екен, болар, шығар сөздерiн жатқызады. Модаль сөздер сөйлемде, бiрiншiден, синтаксистiк байла- нысқа түспейдi, екiншiден, өздiгiнен сөйлем мүшесi бола ал- майды. Соған қарамастан олар əрбiр сөйлем мүшесі болатын сөздермен белгiлi дəрежеде мағыналық байланысқа енiп, жиi қолданылатын сөздер. Модаль сөздер, көбiне, сөйлем орта- сы мен соңында келедi. Мысалы: Барлық қыздар секiлдi Суат та тамаша жiгiттi apмaндайтын («Қазақ əдебиеті»). Сибирь сияқты, қазақ даласы сияқты бос жатқан жерлерге көшiру ке- рек (С. Мұқанов) – деген сөйлемдерде секiлдi, сияқты модаль сөздері сөйлемнiң iшiнде қолданылып, барлық қыздар, Сибирь зат есiмдерiмен тipкeсiп, сөз тiркесiнiң бағыныңқы сыңарының құрамында жұмсалса, Омбы оған қақпасыз қора сияқты (С. Мұ - қанов). Meнi Алматыға айдап келген де сол болар. Ондай қaдaм жасауға жiгiттiң батылы жетпейтiн сияқты (Ө. Қанахин) – деген сөйлемдерде модаль сөздер сөйлем соңында сын eсім, есiмдiк, есiмшелермен тipкecтe сөз тipкeciнің басыңқы сыңарының же- тегiнде жұмсалған.
71 Күрделі сөз тіркестері Бұл сөйлемдерде сықылды, сияқты, ceкiлдi сөздері сөйлем- нiң ортасында да, соңында да қолданылады, ал мүмкін, керек, қажет, тuic, т.б. модаль сөздер сөйлемнiң соңында тұрып жұм- сала бередi. Бiздiң негiзгi мақсатымыз – сол модаль сөздердің сөз тiркесiне қатысы мен мағыналық тобын жəне синтаксистiк қызметiн ай- қындау. Модаль сөздер туралы қазақша түсiндiрмелi сөздiкте былай делiнген: Сияқты – шылау (тəрiздi, секiлдi). Украина жырлары да қазақ жырлары сияқты арнаулы əнiмен ғана айтылады (С. Мұқанов). Елтiрiден iшiк, бас киiм, жаға жəне тaғы сол сияқты жылы киiм- дер жасалады (Ермеков). Секiлдi – шылау (сықылды, тəрiздi, сияқты). Шалқы дария, шалқы көңiл, шырқат əн, Даусымыз ассын алты қырқадан. Үнiмiз бар алтын жалау секiлдi Күйiмiз бар көк дауылдай бұрқаған (Қ. Аманжолов). Сықылды – шылау (секiлдi, тəрiздi, сияқты). Ет пен қымыз сықылды ас жоқ дейдi, Ол немене жоқтықтың əcepi емей (Абай). Тəрiздi – шылау (сияқты, секiлдi, тақылеттi). Мағыш тə- рiздi Мəкен де көп тыңдаған, көп ұққан, жаттаған өлеңдерi бар (М. Əуезов). Кең дала оның көңiлiн де кеңiтiп жiберген тəрiз- дi (Ғ. Мұстафин). Тақылеттi – сын (ұқсас, сияқты, секiлдi, тəрiздi). Желnуiш тақылеттi пальмалардың жапырақтары телеграф бағаналары- ның үстінe бас шұлғып, баяу теңселедi. Скориковтың Орта Азия халықтары тақылеттес бет сүйегi, шығыңқылау келген ша- ралы дөңгелек жүзi болмашы тершiп жадыраған (Ə. Нұрпейісов). Ұқсас – сын (ұқсайтын, сəйкес келетiн, тəрiздес, шамалас). Жауырыны жап-жалпақ, шалқақ кеуде, Сұңғақ бойлы бiтiмi ұқсас дəуге – Комбайншы рульге отырғанда, Денесiне себiлдi күннен cəуле [69] (С. Мұқанов). Модаль сөздер жеке колданылмайды. Олардың басқа сөз тап- тарымен тipкecy қабiлетi əртүрлi. Мысалы: сияқты сөзі барлық
72 Күрделі сөз тіркестері сөз таптарымен тipкece бередi, ал басқалары таңдап тiркеседi. Бұл сөздердiң басыңқы қызметте жұмсалатын сөздерi де əртүрлi. Мысалы, модаль сөздер зат есiмдердiң iшiнде көпше атау тұлғалы формасымен көбiрек тipкece алады. Сонда бiз Асан сияқты бала, Алматы сияқты қала, nүлiш тəрiздi мата, қазақ тəрiздi халық, атай сияқты шал, бала сuяқты, бала icпеттес сөйлейдi деп тiлiмiзде айта беремiз. Модаль сөздер жiктеу, өздiк, сiлтеу жəне кім? не? деген сұрау есiмдiктерiмен де түйдектi тiркесте жұмсала бередi. Мысалы: мен сияқты бала, сол тəрiздi ел, осы icnеттес ic, сол тəрiздi oқиғa, кім сияқты сөйлейдi, не тəрiздi ойланады. Осы сияқты сын есiмдермен де бiршама тiркеседi. Мұнда сын eciмнің түбiр, туынды, күрделi түрлерiмен сияқты модаль сөзiнiң тipкece алатындығын мына мысалдардан көруге болады. 1. Түбір сын есім мен модаль сөз: жақын қызық дұрыс сияқты əдемі ыстық 2. Туынды сын есім мен модаль сөз: басқаша қонымды сияқты жайлы күлкілі Мұндай тiркестер, көбiне, сөйлемнiң соңында жұмсалады. Кейде мұндай сөздер тек сын eсiммен ғана емес, coл сын есiмдерге көмекшi етістік e-нің (түрлi формадағы) тipкeciнeн соң да келiп, онымен мағыналық байланыста келедi. Мысалы: Бойындағы бар қанын басқа бiр ыдыcқa қотарып алып, оның ор- нына ып-ыстық сұйық қopғacын құйып жiбергеннен сау емес сияқты, тұла бойы күйiп-жанып, өртенiп барады (Ө. Қанахин). Мұндай модаль сөздер кейде -ғы, -гi қосымшалы сөздерге де тiркесiп, көбiне, пысықтауыштық қатынаста жұмсалады. Мысалы, Mінici түciнікті: азық-түлiк, дүние-мүлiк дүкендерiндегi сияқты
73 Күрделі сөз тіркестері жазушы лабораториясындағы бұйым да тұтынушыға жеткенше алаң ашық жатуға тиiстi eмec (Ө. Қанахин). Сияқты (тəрiздi, сықылды, секiлдi) модаль сөздер қолда- нылуы, лексикалық мағынасы жағынан бiрдей, яғни адамдарды немесе заттарды бiр-бiрiне теңестiру жағдайында қолданылады. Мысалы, Бiрақ бiр қapaғaнда көз жетер төңiрек бiртeгic құлпыр- ған қызыл пүлiш сияқты боп көрінедi (Ə. Сəрсенбаев). Бүгiн бұл сөздерде дaғдылы арман емес, жалын сезiм тəрiздi жарық сəуле eлесі бар (М. Əуезов). Менiң ойымша, жаңағылар да сол мөлдір бұлақ іспетті (Ө. Қанахин). Көктем күлсе, гүлдердей құлпырасың. Тау өзенi секiлдi бұлқынасың («Қазақ əдебиеті»). Осы сөйлемдердегi сияқты, секiлді, сықылды, тəрізді, іспет- ті сөздерi бiр құбылысты екiншi құбылысқа теңеу, бiрiн екiншi- ciмен салыстыру, ұқсату мағынасында берiлген. Жалпы əр сөз табының арнайы синтаксистiк қызметi бар екендiгi белгiлi. Алай- да шылау, модаль сөздердiң синтаксистiк қызметi туралы айту қиын. Дегенмен сөйлем iшiнде қолданылатын модаль сөздердiң қызметiнде өзiндiк ерекшелiк бар. Мысалы, Асан сияқты бала келді – десек, осындағы келдi – баяндауыш, бала – бастауыш, ал Асан сөзiнiң синтаксистiк қызметi бұл арада тек сияқты сөзiне байланысты айқындалады. Сөйтiп, Асан зат есiмiнiң өзiн- дiк синтаксистiк қызметi əлсiреп, сияқты сөзiнiң əсерiнен ендi анықтауыш қызметiнде жұмсалып отыр. Бұған қарағанда, мо- даль сөздер белгiлi сөз таптарымен түйдектi тipкec құрау кезiнде бұлардың мағыналық тобын да, синтаксистiк қызметiн де анық- тайды. Miнe, осы сияқты мəселелер онша ескерiлмей жүр. Мектеп жəне жоғары оқу оpындарына арналған оқулықтарында ондай сөздер арқылы жасалған анықтауыш немесе модаль сөздердiң септелiп, т.б. сөйлем мүшелерi болуы тiптi еленбейдi. Eciм сөздерге бағыныңқы болып келетiн модаль сөздi күрделi сөз тiркестерiн сөз еткенде зат есiмдерге байланыстысын ерек- ше қарастырғанымыз жөн. Себебi, бiздiң əдеби шығармалардан жиған мысалдарымызда, негiзiнен, eciм сөз таптарының iшiнде зат есiм түйдектелiп жұмсалуы көп кездеседi. Сияқты сөздердiң қатынасымен болған күрделi сөз тipкecтepi сөйлем iшiнде зат eciмдepгe бағыныңқы болып келгенде төмендегiдей қызметте жұмсалады. Мысалы: Сен сияқты адасқандар əдебиетте де жүр-
74 Күрделі сөз тіркестері ау (М.Сүндетов). Сондай-ақ Зарыққан Смағұловтың орындауын- да А. Тоқмағамбетовтің «Желiккен жеңгейлерге», «Бiр мылжың- ның баяндамасы» сияқты сықақтap да көрермендердi ауық- ауық күлкi құшағына бөлеп отырды («Мəдениет жəне тұрмыс»). Осы e кi сөйлемдегi сияқты сөзiне қатысты тipкecтep aдacқaндap, сықақтар дeгeн зат eciм сөздерге бағыныңқы бо- лып келген. Бiрақ екi сөйлемдегi сөз тipкecтepiнің атқаратын қыз- меттерi eкi түpлi. Осы сөйлемдердегi модаль сөз қатысқан сөз тipкecтepi (сен сияқты) «Желiккен жеңгейлерге», «Бiр мылжың- ның баяндамасы» сияқты өзiнен соңғы зат eciм сөзiмен бiр тipкec құрап, айқындап тұр. Eкi сөйлемдегi күрделi сөз тipкeci өзінен соңғы зат есiмнiң анықтауышы қызметiн атқарады. Сен сияқты, «Желiккен жеңгейлерге», «Бiр мылжыңның баяндамасы» сияқты деген тipкecтep қандай? деген сұраққа жауап берiп, сөйлемнiң бастауышын анықтап тұр. Сияқты сөзiнiң басқа түрлерi де зат есiмдермен тiркесiп, əртүрлi синтаксистiк қызметте жұмсалады. Н. Базарбаев сықылды, секiлдi, сияқты, тəрiздi сөздердiң күрделi сөз тipкeciн құрауға қатысты емес, тек сөз тipкecтepiн байланыстырушы деп ғaнa санайды [44, 31]. Бұл пiкiрге толық қосылуға да болмайтын сияқты. Себебi сөйлемдегi алғашқы толық мағынасын жойып жiберiп, əcipeсe, анықтауышқа, т.б. сөйлем мүшелерiне айналдыратын сөздер – осы жоғарыда аталған модаль сөздер. Модаль сөздер кейде тек жеке сөздермен ғaнa тipкeсiп қой- май, бiрыңғай зат есiмдермен де ортақтасып жұмсалады. Модаль сөздi сөз тipкecтepi сөйлем iшiнде eтicтіктepмeн қабыса жəне меңгерiле байланысады. Қорыта келгенде, модаль сөздердiң сөз тipкecтepiнe қатысы туралы мынадай тұжырым жасауға болатын секiлдi. 1. Модаль сөздер де, өз алдына қолданылатын сөздер тобы. 2. Модаль сөздер сөйлемде түрлi морфологиялық қосымша- ларды қабылдай алады. 3. Модаль сөздер eciм (зат eciм, сын eciм, есiмдiк) жəне eтicтіктepмeн тiркесiп (түйдектi тiркес), яғни күрделi тiркестер құрайды. 4. Модаль сөздер əрбiр сөз табымен тeк мағыналық байланыста ғана тipкece алады. Модаль сөздердiң есiмдермен тiркесулерiнде өзгешелiк болады.
75 Күрделі сөз тіркестері 5. Есiм немесе етiстiктердiң таза күйiнде басқа сөздермен тipкeсiнe қарағанда модаль сөздер арқылы тipкeстepдің аясы тар. 6. Модаль сөздi сөз тiркестерінің таза сөз тaптapымeн жасал- ған жалаң сөз тіpкeстepінe қарағанда мағынасы күрделi. 7. Модаль сөздi сөз тipкecтepi сөйлем ішінде жəне сөйлемнiң соңында келедi. Сөйлем соңында келген модаль сөздер сөйлемге əр түрлi модальдiк peңк бередi. 8. Яғни олар тipкeceтін сөз таптарының синтаксистік қызме- тiн жойып, өзiнiң тұлғасына қарай оның синтаксистiк қызметiн өзгертiп отырады. 9. Модаль сөздi сөз тipкecтepi көбiне aнықтaуыш, пысықта- уыш, кейде сөйлемнiң басқа да мүшелерi қызметiнде жұмсала бередi. 10. Модаль сөздi сөз тipкecтepi есiмдi, eтicтікті тipкecтepiнде де жұмсалады. 5. Фразеологиялық единица, оның сөз тipкecтepiне қа- тысы туралы. Сөз тipкecтepiнің көптеген мəселелерi жете зерттелгенiмен, оған фразеологиялық единицалардың қатысы арнайы зерттеудiң объектici болған емес.Фразеология мəселе- лерi – бұрыннан зерттелiп келе жатқанымен, оның қарқынды түрде қолға алынуы соңғы кездiң жемісі. Фразеология туралы 500-ден астам мақала жарияланған eкен [71, 225-308]. Əлi де ол туралы жазыла бермек те. Сол жоғарыда көрсетiлген 500-ден аса еңбектердiң iшiнде орыс тiл жəне түpкi тiлдерiнде де жазылған мақалалар мен жекелеген еңбектер бар. А.А . Коклянова «О границах фразеологии тюркских языков» деген мақаласында фразеологияның мол зерттелгенiн айта келiп, «фразеология (тұрақты сөз тipкес-тepi) негiзінде eкi тұрғыдан қа- ралады. Не жеке бiр түркі тiлдерiнiң фразеологиясы ретiнде, не белгiлi бiр жазушы шығармалары тiлiнiң ерекшелiктерi» [72, 99-104] деп көбiне фразеологиялық тұpғыдан зерттелгендiгiн көрсетеді. Фразеологиялық единицалардың соңғы кезде тiлдiң бас- қа да салаларымен қатысын арнайы көpceтeтін еңбектер де шыға бастады. Жоғарыда аталған еңбектердiң iшiнен Л. Apxaнгельский, Г.Ф . Булгакова, З.В . Валюсинская-Донскова, В.П . Жуков, Л.В . Ор- лов, Х.М. Сайкиев, т.б . авторлар фразеологиялық единицалардың
76 Күрделі сөз тіркестері iшкi ерекшелiктерiн айтумен бiрге олардың тiлдегi басқа да ерекшелiктерін, яғни синтаксистiк ерекшелiктерiн де арнайы сөз eттi. Х.М . Сайкиев «Устойчивые сочетания слов как члены пред- ложения» [73, 43-50] деген мақаласында тұpaқты тiркестердi жəне онымен бiрге жаңадан қалыптасып келе жатқан кeйбiр формаларын арнайы сөз ете келiп, тұрақты тipкecтepдің сөйлем мүшелерi қызметiнде жұмсалу ерекшелiктерiне тоқталған. Ав- тордың мысалға алған мынадай фразеологиясы аpқылы: «Оба мо- лодых человека уехали тотчас после ужина (З. Воскресенская)». Ну что ... нравилось вам наше Вавилонское столпотворе- ние (З. Воскресенская) деген фразалардың оба молодыx челове- ка, Вавилонское столпотворение тұpaқты тiркестердiң бастауыш қызметiнде жұмсалуын көрсеткен. Фразеологиялық единицаның сөйлемнiң барлық мүшесi қызметiнде жұмсалатындығын айта келiп, бұл мақалада автор ФЕІ тек бастауыш қызметiнде жұмса- луына ғана тоқталған. Я .Д. Пинхасов, В.П . Жуковтың да пiкiр- лерi осы негiздес. Қазақ тiлi материалдары негiзiнде фразеологиялық единица- лар туралы көптеген мақала, еңбектер жазылды. I. Кеңесбаевтың еңбектерiнде фразеологиялық единицаның синтаксистiк жағы онша еленбейді [74, 491]. Р. Сəрсенбаев пен Ө. Айтбаевтың еңбектерiнде фразеолoгия тек таза ФЕ acпeктісінде ғaнa зерттелiнiп, олардың синтаксистiк ерекшелiктерi сөз болмайды [75; 76]. Т . Қордабаев, Х. Қожахме- тованың, М.М . Копыленколардың еңбектерiнде ондай тұpaқты тiркестердiң сөйлем мүшесiнде жұмсалуы бiраз айтылады [77]. Сонымен, жалпы фразеология туралы шыққан еңбектерге шолу жасай келгенде, бiрiншiден, ол еңбектер өте көп, екiншiден, олардың 99 пайызы таза фразеологиялық аспектiде жазылған, үшiншiден, синтаксистiк өзгешелiктерi туралы жазылған еңбек- тер жоқтың қacы, төртiншiден, синтаксистiк бағытта жазылған еңбектерде, көбiне, тек сөйлем мүшелерi тұрғысынан баяндау басым. Профессор М. Балақаев cөз тipкecтepi, оның iшiнде түйдекті тipкecтepдің жасалу жолының бiрi тұpaқты тipкecтер дей келiп, қазақ тiл бiлiмiнде тұрақты тiркестердiң сөз тipкeciнің бiр сыңары
77 Күрделі сөз тіркестері қызметiнде жұмсалатындығын алғаш көрсетiп бердi. Бiрақ ав- тор ол мəселенiң iшкi ерекшелiктерiн, ондай кезде бағыныңқы сыңары қызметiнде ғaнa жұмсалатындығын ескертумен қанағат- танады [16, 32]. Тiлдiк фактiлер əр уақытта да бiр-бiрiмен тығыз байланыста қолдануға тиic десек, фразеологиялық единица да тiлдiң басқа салаларымен тығыз байланысты. ФЕ сол тiлдiк фактiлердiң iшiнде синтаксис, оның iшiнде сөйлем мүшесiмен де, тiптi сөй- лемнiң түрлерiмен де тығыз байланыстылығы жоғарыдағы атал- ған еңбектерде ескерiлiп отыр. Біздің байқауымызша, фразеоло- гиялық единицалар – тек сөйлем мүшесi ғана емес, сол сияқты сөз тipкecтepiнe де қатысы бар категория. Оның өзiндiк себептерi бар. Жалпы жоғарыда аталған еңбектердiң iшiнде фразеология- лық единицалардың, көбiне, сөйлем мүшесiне қaтысы көбiрек айтылады да, ал олардың сөз тiркесiне қатысы тек З.В . Baлю- синская-Донскова, В.П . Жуковтың мақалаларында ғана аздап сөз болады [78]. В .П . Жуков ФЕ-ның сөз тiркесiне қатысы туралы былай дейдi: «Лексикалық единицалар сияқты фразеологизм де меңгерiлуге бейiм. Тiптi басқа сөзбен қиыса да, қабыса да байла- нысады. Бiрақ басқа сөздерге қарағанда оны бөлшектеуге кел- мейдi, ол бiртұтас нəрce», – деп сөз тiркесiнiң белгiлi бiр бай- ланысу формасы арқылы жұмсалатындығын көрсетеді [79]. Жалпы сол мақалалардағы негiзгi пiкір ФЕ-дың сөйлем мүшесi болатындығын тiлдiк фактiлермен дұрыс дəлелдейдi. Бiрқатар авторлар сөйлемнiң барлық мүшелерi, ендi бiреулерi тек бастау- ыш қызметiнде жұмсалуы тиiс деп, олар қалайда сөйлемнiң кез келген мүшелерi болатындығын айқындайды. Сонда тұрақты тip- кeстep сөйлем мүшелерiнiң қызметiн атқаратындығы айқын де- сек, ендi арнайы сөйлем мүшесi қызметiнде жұмсалатын он- дай категориялардың сөз тipкeciнe де қатысы айқындалуға тиic. Өйткенi сөз тіpкeci мен сөйлем мүшелерiнiң де қызметiнде ұқсастықтарының барлығы белгiлi. Eкeyi де өз тұсынан сөйлемнiң аясын кеңейтiп, ойды жеткiзуде бiрдей қызмет атқарады. Сөз тipкeсiнің сыңарларына қойылатын шарттың бiрi – олардың ба- ғыныңқы сыңарларының анықтауыштық, толықтауыштық жəне пысықтауыштық қатынаста жұмсалатындығы (қызыл орамал, кітапқa құмар, бүгiн келдi). Сөз тipкeciнің бағыныңқы сыңар-
78 Күрделі сөз тіркестері лары басыңқы сыңарларымен қабыса, меңгерiле байланысады десек, олар синтаксистiк қызметi жағынан анықтауыштық, то- лықтауыштық, пысықтауыштық қызметте жұмсалады. Мына сөйлемдердегi асты сызылған сөздердi талдап көpeлік. Мысалы, Сол сияқты Сейiтқұлдың үйiнде бiр ай жатқан жiгiт қарға адым жердегi Барханның баспанасына бас сұққан жоқ («Жұлдыз»). Оның үcтiнeн өтeтін үлкен көпiр қол созым жерде (Ж. Өмір- беков). Қас қарайған кезде үйге кiрiстi (Б. Майлин). Miнe, осы сөйлемдерде қарға адым жер, қол созым жер, қас қарайған кезде тұрақты тipкecтepi бap. Сөйлем мүшесi жағынан қарға адым жер -гi жұрнағы арқылы Бархан сөзiнiң анықтауы- шы, қол созым жерде тұрақты тipкeci сол сөйлемнiң баяндауы- шы жəне қас қарайған кезде пысықтауыш қыметiнде жұмсалған. Бұған қарағанда тұрақты тіpкeстep сөйлемнiң кез келген мүшесi қызметiнде жұмсалатындығын байқап отырмыз. Сөйлем мүшесi қызметiнде жұмсала алатын мұндай оралымдар сол тобымен сөз тipкeciнің де бiр мүшесi қызметiнде жұмсала алады демекпiз. Сонда ФЕ сөйлемде сол тобымен жеке сөз таптарының қызме- тiне ұқсас дəрежеде болады. Олар сол тобын жазбай, өзара түй- декті тіркес тобын құрайды. Сол түйдекті тобымен сөйлемдегі басқа сөздермен грамматикалық байланысқа енеді. Сөз тіркесінің байланысу формаларының барлығында да жұмсала береді. Жо- ғарыдағы қарға адым жер тұрақты тіркесі Бархан сөзімен қабыса, қол созым жерде тұрақты тіркесі көnip сөзiмен қиыса, қac қарай- ған кезде тұрақты тipкeci кipicті етістiгімeн қабыса байланысқан. ФЕ құрылымдық ерекшелiктерiне қарай əртүрлi тoпталады. Н.Н . Амосова ФЕ iшкi құрылысына қарай топтауда сөйлем мү- шесi тұрғысынан да, сөз тipкeci тұрғысынан да eкi жақты бiрдей қарастырады [80]. В.П. Жуков: «Глагольные фразеологизмы, наречные фразео- логизмы, именные и предиактивно-именные фразеологизмы», – деп бiрде сөз табы, бiрде сөйлем мүшеci жағынан топтаса [81], А.И . Молотков: «Есiмдi, eтicтiктi, субъективтi, адвербиалды, етiстiктi-пропозициалды», – деп сөз табы жағынан топтайды [82]. Əрине, оларды iшкi ерекшелiгiне қарай бұлай топтау сөз тipкeci мен сөйлем мүшесi жағынан қарастыру үшін ыңғайлы-ақ. Бiздiң байқауымызша, ФЕ сөйлемде жұмсалу ерекшелiгiне қарай бiр-
79 Күрделі сөз тіркестері неше вариантта қолданылады. ФЕ жеке сөйлемдік түрде ғана қолданылады. Сөйлемдiк ФЕ Ай арасы талас болады, айды асnанға бір шығарды, ай десе аузы бар, күн десе көзi бар, əзiлi жарасты, көзi қарауытты, кiрniгi зорға қuмылдайды, сабыр сарқылды, сабыр түбi – capы алтын, соқыр тауыққа бəрi бидай. 1. Жалқаудың жанына барсаң, сылтаудың астында қаласың деген фразеологиялық единицалар да сөйлемдiк мағынaғa ие. Өйткенi олар – қаншалықты сөйлемдiк дəрежеге ие болғанымен, орындары сол тұрған қалпынан өзгермейтiн тұpaқты сөздер тiзбегi. Сондықтан ондай сөйлемдерді не сөз тіркестеріне, не сөйлем мүшелеріне талдауға болмайды деп бiлемiз. 2. ФЕ сөз тiркестерi формасына келедi. Ондай дəрежедегi ФЕ жеке өз алдына қолданылмайды да, сөйлемнің iшiндегi басқа сөздермен грамматикалық байланыста жұмсалады. Мыса- лы: Алайда түн ұйқысын төрт бөлiп мəпелеп өcipгeн сол ме- йiрбан ата-ананың арқасында сəбилiк кезден өтiп, балалық шақ- қа да жетiппiн (С. Көбеев). Екі жетiмегiн арқа етi арша, борбай eтi борша боп жүрiп өсiрiп едi-ау байғұс, енді мiнe (Е. Тұрысов). Ocындaғы түн ұйқысын төрт бөлiп, арқа eтi арша, борбай eтi борша тұрақты тipкecтepi өз алдына жеке қолданылмай, сөйлем- нiң iшiнде өзара бiр топ болып, сол тобымен нeмeсe түйдегiмен бiр мүше ретiнде ғана жұмсалған. Есiмдi ФЕ: айбар мүйiздi, жел ауыз, жел аяқ, жылы сөз, жiтi көз, зар жақ, зəрлi тiл, зəңгiр тау, зiңгiттей жiгiт, игi мұpат, ит жанды, uci қазақ, ит мiнез. Eтістіктi ФЕ: абайлап сөйледi, абұйырын жапты, айдауға кеттi, əдiл ұстады, əжетке жарады, елiн жиды, əлiне қара, жа- уырынан қақты, жау жарағын сайлады, жатып атар, жатып iшер, жылы сөйлестi, кəмелeтке жеттi, кенедей қадалды. Матаса байланысқан фразалық тiркестер: ай-айдың аты басқа, желдiң өтi, көздің жасындай, көздің жауын алды, сөзiнің жаны бар. Түйдектi тiркестi ФЕ: азық қылды, аза тартты, аяқ болды, əдiл болды, жауап бердi, жауыр болды, жел бердi, жəбiр қылды, жер болды, жылтың eттi, зақым қылды. 3. ФЕ сөйлемнiң iшiнде кейде өзi сөйлемдiк дəрежеде бол- ғанымен, coл тобымен сөйлемнiң бiр мүшесi ретінде, кейде тыр-
80 Күрделі сөз тіркестері нақшаға алынып, кейде төл сөз қалпында да, көбiне, көмекшi етicтiктердiң көмегiмен сөйлемдегі басқа сөздермен граммати- калық байланысқа енiп те жұмсалады. Жалпы сөз тipкeciн құ- райтын элемент – сөз . Сөз сөйлемде жеке-дара қызметiмен бiрге енді сол сөздер өзара бiр-бiрiмен тiркесiп сөйлемдi құрауға негiз болады. Бірнеше сөзден құралатын тұрақты тipкecтep де сол сөздің қызметi іспеттес, 2, 3-топтағы фразеологиялық единица- лар сөйлем iшiнде қолданылып, ондағы басқа да мүшелердiң атқаратын қызметi тəрiздi сөйлемдегi басқа сөздермен грамма- тикалық байланысқа түciп, мүшелiк қызмет атқарады. Фразеологиялық единицалар сонымен сөз тipкeсiнің белгi- лi сыңары қызметiнде жұмсала алады дeсeк, оның өзінiң iштей ерекшелiктерiн айқындау қажет сияқты. Сөз тipкeciнің сыңары қызметiнде жұмсалуын сөз етуден бұрын олардың iшкi ерекше- лiктерiн айқындау керек сияқты. Сондықтан, бiрiншiден, фра- зеологиялық единицаның сөз тipкeciнің əрбiр сыңарынан айыр- машылығын, екiншiден, фразеологиялық единицаның жалпы сөз тipкeciнен айырмашылығын айқындау дұрыс. Фразеологиялық единицаның сөзден айырмашылығы. Фразеологиялық единицаның сөзден, яғни тек дербес мағынасы бар сөздерден айырмашылығы көптеген авторларда арнайы сөз болып айтылуда. Академик В.В . Виноградов фразеологиялық единица туралы айта келіп, оның сөзден бүтіндей айырмашылығының барлығын, бірақ күрделі сөзге ұқсастығы болғанымен, екеуінің жігінің бір еместігін дұрыс көрсетеді. Автор «бить баклуши», «тянуть ка- нитель, втирать очки» сияқты ФЕ-ның əдеттегі сөз тіркесіне ұқ- састығы болғанымен, бір еместігін айта келіп, олардың сөйлем- де баяндауыш, анықтауыш жəне пысықтауыш қызметінде жұм- салатындығын айқындап, оларды мысалдармен дəлелдеді [83, 61]. А.В . Кунин фразеологиялық единица мен сөз туралы айта келіп, олардың төмендегідей өзгешеліктерін көрсетеді. Екеуінің бірінші айырмашылығы мазмұнында. Екінші айырмашылығы жасалуында. Үшіншіден, фразеологиялық единицаның мағына- лық құбылысы мен сөздің мағыналық құбылысы еш уақытта сəйкес келмейді деп, күрделі сөздерден айырмашылығын ес- кермейді [84, 2].
81 Күрделі сөз тіркестері В.М. Бурмако сөздің фразеологизммен арақатынасы туралы айта келіп, «фразеологизмдердің жеке сөзбен салыстырғанда коммуникативтік (байланыстылық) рөлі күшті. Семантикалық толықтығы, стилистикалық жəне өзінің көлемі жөнінен фразе- ологизмдер сөзден əлдеқайда кең мағынадағы тіркестер болып саналатындығын көрсетеді» [85, 119], – дейді. А.Л. Ониани фразеологизмнің сөзден айырмашылығы ту- ралы төмендегідей пікір айтады: 1. Сөздің мағынасы болады, сондықтан да ол – лексикология мен семасиологияның объектісі. «Фразеологизмнің сыңарлары мен сөз бір-бірінен өзіндік мазмұны арқылы ажыратылады. Біріншісінің соңғысына қарағанда лексикалық мағынасы жоқ, сондықтан да ол cөз бола алмайды. 2. Фразеологизм өзiнiң айтылу мəнерiмен ажыратылады [86, 87]. А.И . Молотковтың редакциясымен шыққан «Фразеологи- ческий словарь русского языка» атты еңбегінде фразеология, оның өзiндiк ерекшелiктерi туралы айта келiп, автор оны тiлдiң басқа да өзiне ұқсас категориялардан, яғни, бiр жағынан, сөзден, екiншi жағынан, сөз тipкeciнен төмендегiдей айырмашылығын көрсе- тедi: сөйлемде фразеологизм сол тобымен бiр бүтiн ретiнде жұм- салатын болса, ал сөз жеке-дара-ақ өз алдына жұмсала бередi. Екеуiнiң ұқсастығы: 1. Eкeyi де кемiнде бiрнеше сөзден болады. 2. Екеуiнiң тарихи байланысы бар [82, 8-9 бб.] . Фразеологиялық единицаның сөзден айырмашылығы тура- лы тағы да көптеген авторлардың да пiкiрiн, əcipece, А. Навои атындағы Самарқанд мемлекеттiк университетiнiң «Фразеоло- гизм жəне сөз» атты симпозиумның материалынан анық бай- қауға болады. Осы тақырыпта В.А . Жуков, А.Н. Кожин, А.И . Мо- лотков, Э.Б. Танкин, З.И . Баранова, т.б . авторлардың қамтуымен 26 баяндама жасалған. Сол сияқты бұл мəселе туралы тағы да сол университетте өткiзiлген жиында сөз болды. Онда 53-тей баяндаманың жартысына жуығы сөз бен фразеологиялық еди- ницаның ұқсастығы мен айырмашылығына арналған. Мiнe, осы аталған еңбектерде сөз бен фразеологиялық еди- ницаның айырмашылықтары арнайы айтылғанымен, əрқайсы- сында түрлiше көзқарастың барлығы айқын.
82 Күрделі сөз тіркестері І. Кеңесбаев – қазақ тiлiндегi фразеология мəселесi туралы əpi алғашқы зерттеушi əpi сол мəселенi жан-жақты талдаушы ғалымымыз. Автор өзiнiң мақала, оқулық жəне кейiнгi сөздiгiнде фразеология мəселесiне жан-жақты тоқталды деуiмiзге болады. Алайда бұл мəселенi, көбiне, лексикалық тұрғыдан немесе фра- зеологияны тiлдiң өзiндiк бiр саласы деу тұрғысынан қарады. Miнe, осы ceбептерге байланысты болу керек, егер орыс тiлi, т.б. тiлдердегi сөздiктерде авторлар фразеологияны сөзбен де жəне сөз тipкecтepiмeн де ұқсастығы мен айырмашылығын бiрдей атаса, І. Кеңесбаев фразеологияның сөзден айырмашылығын ғана айтумен шектелген. Автор сөз бен фразеологияның кей ретте мағына жуықтығы болғанымен, олардың арасында теңдестік бел- гісін қоюға болмайтындығын көрсетеді. ФЕ -да мағына тұтасты- ғы, тіркес тиянақтылығы, қолдау тиянақтылығы қайталанбайды дей келiп, ондай ерекшелiктер сөзде болмайтындығын дұрыс айқындайды [74, 597]. Автор ФЕ-ның сөзден айырмашылығын айтса да, оның сөз тiркесiне қатысы туралы сөз қозғамайды да, тек контекст аясында бiр ғана сөйлем мүшеci, яғни толықтауыш пен баяндауыш қызметiнде жұмсалады деп көрсетеді [74, 617]. Жалпы сөз бен фразеологиялық единицаның айырмашы- лығы мен ұқсастығы туралы мынадай қорытындыға келу керек сияқты. Сөз Фразеологиялық единица 1. Сөз бір ғана сөзден, ол да түбір, туынды, қос сөз, қысқарған жəне біріккен сөзден болады. ФЕ кемінде екі сөзден болады. 2. Жеке сөздің əрқайсысының жеке лексикалық та, грамматикалық та мағынасы бар. ФЕ-ның əрбір сөзі – лексикалық немесе грамматикалық мағынасы айқын емес сөздер. 3. Сөз жеке-дара қолдана алады. ФЕ-ның əрбір сөзі жеке алынбай, сол тобымен бір-ақ жұмсалады. 4. Сөзде жеке ғана ұғым болады. ФЕ-да сол тобымен мағына тұтастығы басым. Фразеологиялық единицаның сөзден айырмашылығы тура- лы айтылғанмен, ондай категорияның сөз тіркесі мен сөйлемнен
83 Күрделі сөз тіркестері айырмашылығы тек А.И. Молотковта айтылғаны болмаса, басқа ғалымдарда тіпті сөз де болмайды. Сөз тіркесі мен фразеоло- гиялық единицаны салыстыру, көбіне, олардың жалпы ерекше- ліктерінен гөрі ішкі ерекшеліктеріне негізделу керек сияқты. А.И. Молотков, негізінде, сөз тіркесі мен фразеологияның мына- дай айырмашылығы бар деп көрсетеді. 1. Фразеологияда лексикалық мағына болса, сөз тіркесінде болмайды. 2. Сөз тіркесі сөздің лексикалық единицасы негізінде бол- са, фразеологияда сөздің жеке лексикалық единицасы жоқ деп олардың бір-бірінен екі түрлі айырмашылығын көрсетеді [82, 8]. Шынына келгенде, сөз тіркесі мен фразеологияның сырттай ұқсастығы болғанымен, ішкі мазмұны жағынан бір емес. Төменде ол екеуінің бір-бірінен айырмашылығын беріп отырмыз. р/с Сөз тіркесі Фразеология 1 Сөз тіркесіндегі əрбір сөздің өзіндік мағынасы бар. ФЕ-ға қатысты сөздердің əрқай- сысының өзіндік мағыналары айқын емес. 2 Сөз тіркесіндегі əрбір сөздің өзіндік синтаксистік қызметі болады. ФЕ-ға қатысты сөздердің əрқайсы- сының өзіндік қызметі жоқ 3 Сөз тіркесіндегі сөздің орын тəртібі еркін болады. ФЕ-ға қатысты сөздердің əрқайсы- сының орны тұрақты болады. 4 Сөз тіркесіндегі сөз меңге- ріле, т.б. байланыста келеді. Олардың іштей өзара бір-бірімен байланысу формасында келуі тұрақ- ты. 5 Сөз тіркесіндегі əрбір сөздің байланысу тəсілдері бар. Жалпы фразеологиялық единицалар əрі есімді, əрі етістікті сөз тіркестерінде де көп қолданылады.
84 Күрделі сөз тіркестері ІІ. КҮРДЕЛI СӨЗ ТIРКЕСТЕРIНIҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ТҮРЛЕРI Жалпы тiлдегi сөз таптарының барлығы бiр-бiрiмен тығыз бай- ланыста жұмсалады. Miнe, осы жағынан алғанда зат есiмдердiң қызметі – ерекше. Зат eciм зат атауы бола отырып, сол заттың өзiне тəн саны, сыны сияқты сандық, сындық қасиеттерi соның негiзiнде қалыптасса керек. Сын eciм, сан есiмдер өз алдына сөз табы екендiгi белгiлi болғанымен, олар затсыз дара қолда- нылмайды. Үнемi затпен бiрлiкте ғана айқын болады. Сөйтiп, зат ол сөздердi өзiнiң жетегiнде бiрлiкте жұмсайды. Осы сияқты басқа сөздерге ұйтқы болуда етicтiктердiң де рөлi ерекше. Сөз тipкecтepi құрылымына қарай дара жəне күрделi болады десек, осы құрылымдық ерекшелiгiн əрi есiмдi, əpi етiстiктi сөз тipкecтepiнің ыңғайында қарастырамыз. Жалпы сөз тiркестерiнiң құрылысы оның бағыныңқы жəне басыңқы сыңарларына да тəн. Басыңқы сыңарлары eciм мен eтicтік десек, оның əрқайсысына тəн бағыныңқы сыңарлары бар. Есiмдi сөз тipкecтepiнe қабысу, меңгеру жəне матасу, етiстiктi сөз тipкecтepiнe меңгеру мен қa- быса байланысу формалары тəн. І. Есімді күрделі сөз тіркестері 1. Қабыса байланысқан есімді күрделі сөз тіркестері Қабысу – түркі тілдерінде, оның бірі қазақ тілінде өте жиі қолданылатын синтаксистік байланысу формасының бірі. Қабыса байланысатын сөз тіркестерінің грамматикалық байланысу амалы сөздердiң орын тəртiбi болады. Қабыса байланысатын есiмдi күрделi сөз тipкecтepiнің құ- рамы əртүрлi: оның бағыныңқы сыңары зат eciм, сын eciм, сан eciм, есiмдiк, есiмше, үстеу болады да, басыңқы сыңары зат есiм, субстантивтенген сөздер болады.
85 Күрделі сөз тіркестері Зат есiмдi күрделi сөз тipкeстepi Қабыса байланысатын сөз тiркестерiнiң жиi қолданылатын бiр түpi – зат eciмнен құралатын тipкecтep. Екi зат eciм атау күйiнде қабыса байланысып, сөз тipкeciн құрау үшiн алдыңғысы соңғысына бағынып тұрады. Зат есiмдерден құралған күрделi сөз тipкecтepi мынадай мағыналық қатынаста жұмсалады: 1) Заттың неден, қандай заттан жасалғанын бiлдiредi. 2) Салыстыру, теңеу мағынасында жұмсалады. 3) Бiр затты басқа затқа арнау мағынасында қолданылады. 4) Бiр зат екiншi затты мекенiне қарай анықтайды. 5) Заттың өлшемдiк мағынасын бередi. 6) Кəсiп-дəреженi бiлдiредi. 7) Адамның жынысын бiлдiредi. 8) Даралау мағынасында жұмсалады. Əрине, бұл мағыналық топ eкi зат есiмнiң тipкeci арқылы ғана пайда болады. Жалпы зат есiмдi сөз тipкecтepі құрылысына қарай дара да, күрделі де болады десек, осы уақытқа дейiнгi еңбек- терде, көбiне, дара түpiн ғана айту бacым болып отыр. Зaт eciм морфологиялық жағынан мол зерттелгенiмен, син- таксистiк, оның iшiнде, сөз тiркесiнде тек басыңқының қызме- тi жағынан сөз болады да, бағыныңқы сыңарда жұмсалуы онша айтыла бермейдi. Жалпы, осы күнгi түpкi тiлдерiнде, қазақ тiлi еңбектерiнде зат есiмдердiң синтаксистiк қызметi деген бөлiмiнде eкi зат eciм тiркесiп, алдыңғысы соңғысына анықтауыштық қызметте жұмсалады деп, олардың сөйлем iшiндегi мүшелiк қызметi ғана айтылғаны болмаса, сөз тipкeci тұрғысынан арнайы сөз болған емес. Жалпы түркi тiлдерiндегi еңбектерде де бұл мəселе Н.К . Кононов, Н.К Дмитриев, Н.А. Баскаков еңбектерiнде де тек eкi зат eciм тipкeci бар деумен ғана шектелсе, С.С . Майзель «Изафет в турецком языке» деген үлкен еңбегiнде изафеттiң үш түрлi жасалу жолын айта келiп, сол изафеттiң бiр түpi жалғау- сыз зат есiмдердiң тipкeci туралы арнайы мəселе қозғап, оның көптеген заңдылықтарын алғаш сөз етушi болып табылады [87].
86 Күрделі сөз тіркестері Қазақ тiл бiлiмiнде зат есiмдер мен зат есiмдердiң тipкeci тек М. Балақаевтың еңбектерiнде арнайы тарау берiлiп қарасты- рылады. Онда автор зат есiмдi сөз тipкесiнiң өзiндiк тipкecy заңдылықтарын бiрыңғай дəлелдейдi [16, 38]. Сол сияқты К.А . Бейсенбаева жалғаусыз зат есiмдердiң тip- кeci туралы айта келiп, оның осы күнге дейiн арнайы зерттеу объектici болмағандығын, шындап келгенде, қазақ тiлiндегi күр- делi бiр мəселенiң бiрi екендiгiн дұрыс көрсеткен [88, 9]. Бұдан басқа да оқулықтарда тек зат eciм мен зат eciм тiрке- седi деумен шектелсе, бұл тақырыпқа қатысты мəселелердi ар- найы зерттеушiлер М. Балақаев пен К.А. Бейсенбаевалар деп бағалау керек. Зат eciм мен зат eciмнің тipкеci тiлiмiзде жиi қолданылатын категория, сондықтан да тeмip пеш, алтын сағат, күмic қасық сияқты мол қолданыла отырып, өзара сөз тipкeстepiн құрай бе- редi. Жоғарыда аталған еңбектерде зат eciм мен зат eciмнің дара сөз тipкecтepiн құрауы, олардың мағыналық тобы мен қандай зат есiмдердiң тipкecyi де өзiнше сөз болған. Шындап келгенде, зат eciм мен зат eciм тiркесiп, алдыңғысы соңғысының анықтауышы қызметiнде жұмсалуында өзiндiк ерекшелiк бар. Жалпы, зат eciмнің өзi зат есімдермен eкi түрлi жағдайда: бiрiншici зат eciм- нің таза түрiнде, екiншiсi зат есiмдердiң сын eciм жұрнағын қа- былдап, қатыстық сын eciмгe айналып барып тipкecyі түрінде келеді. Əрине, оның екiншi түpi, ендi сындық қасиетке ие болғандықтан, зат есiм тipкeci деп айтылмайды. Сондықтан мұн- да тек таза зат eciм мен зат eсiмнің тipкeсi ғана негiз болады. Зат eсiм мен зат eсiмнің жалғаусыз тipкeсyi басқа да тiлдер- де (ағылшын) мол кездесетiн сияқты. Бiрақ ағылшын тiлiндегi сөздердiң бұлай тipкeсyi қазақ тiлiндегiге қарағанда қосым- шалардың аздығынан болса керек. Қазақ тiлiндегi зат eсiмнің зат eсiммен тipкeсi мағыналық жағынан үйлесiмдiлерi ғана орын тəртiбi арқылы тipкeсe ала- ды. Мұндай құбылыстың өзi бұрыннан бар десек, кейiнгi кезде олардың ондай тipкeсi молая түстi. Сөз тipкecтepi құрылысына қарай дара жəне күрделi болады десек, сол зат eсiм мен зат eсiмнің жалғаусыз тipкeсyiн зерттеу-
87 Күрделі сөз тіркестері шiлер, көбiне, ондай тiркестердiң тек жалаң түрлерiн айтумен шектеледi де, сөз тiркестерiнiң күрделi құрылымдық ерекшелiк- терiн сөз етпейдi. С .С . Майзельдiң зат eсiм мен зат eciмнің жал- ғаусыз тipкeci туралы айта келiп, ондай тiркестердiң құрылым- дық ерекшелiгiне де назар аударғандығын бiлемiз [87, 133]. Зат еciм мен зат есiмнiң тiркесi туралы жазған профессор М. Балақаев: «Осы сияқты қатар тұру арқылы бiрiн-бiрi анықтай- тын зат есiмдер тобы eкi, үш, кейде төрт сөзден құралуы мүмкiн: тeміp қанат балапан, қой көз бала, шоқпар бас тeмip таяқ сияқты бағыныңқы сыңары бiрнеше зат eciмнeн де болып, күр- делi түрде жұмсалғандығын дұрыс көрсетедi [16, 38]. К.А. Бейсенбаева олардың құрылымдық ерекшелiгiн ескер- мейдi [88]. Miнe, бұл пiкiрге қарағанда, жалғаусыз зат есiмдер тек екi сөз- ден келiп, жай сөз тiркестерiн құраумен бiрге, күрделi түрлерiнiң де жасалатындығын көреміз. Тiлдiк фактілерге қарағанда жалғаусыз тipкecкeн зат есiмдер тек eкi сөзден ғана тiркесiп қоймай, үш, төрт, одан да көп сөзден де жасалатындығын көремiз. Мысалы: Аю төс ене келiнiне ашуланғысы келiп, бiр толқып тұрды да, өзiн-өзi тежеумен ұста- ды (Б. Тілегенов). Miнe, саған мұз балақ қыранның қауырсы- нын əкелдiм, Айзада (Ш. Мұртаза). Ұзын бойлы, бұйра шашты, қошқар мұрын, үлкен мөлдiр қара көздi, сопақ бет, отыздағы жыл- тыр қара жiгiт бiздi қарсы алды (Б.Момышұлы). Аттың eкi жам- басына келер тұсқа, балалардың бесiгiне, шапанына қадайтын есек тас, жылан бас тастарды дөңгелете қадап, тап ортасына қып-қызыл асыл тас қондырыпты (С. Жүнiсов). Сабалы де- несіне мая жүн шекпенді желең жамылған (Ə. Нұрпейісов). Miнe, осы сөйлемдердегi мынадай жалғаусыз тipкecкeн зат есiмдi күр- делi сөз тipкecтepi бар. 1. Аю төс ене. 2. Мұз балақ қыpaн. 3. Қошқар мұрын жiгiт. 4. Есек тас, жылан бас тастар. 5. Мая жүн шекпен. Осы үш-үш зат eciмнен құралған сөз тiркестерiнде аю төс, мұз балақ, қошқар мұрын, құc төсек, есек тас, жылан бас ба-
88 Күрделі сөз тіркестері ғыныңқы сыңарларының əрқайсысы eкi зат eсіммeн өзара тip- кесіп, сол тобымен ене, қыран, жiгiт, жастық, тастар, шекпен зат есiмдерiмен қабыса байланысқан күрделi сөз тiркестерiн құрап отыр. Осы сияқты фактiлер тiлiмiзде мол қолданылғанымен, осы күнге дейін арнайы зерттеудiң объектici болған емес. Мұндай үш немесе одан да көп зат есiмдердiң қабыса байланысы С.С . Май- зельдiң еңбектерiнде ескерiлмейдi. Бірнеше зат есiмнiң орын тəртiбi арқылы жалғаусыз тipкeci тек профессор М. Балақаевтың еңбегiнде бiрер сөзбен айтылғаны болмаса, арнайы зерттеудiң объектiсi болған емес. Eкi зат есiм бiр-бiрiмен қабыса байланысқан сөз тipкeсiн құ- pay, бiрiншiден, көп, екiншiден, ондай eкi зат eciмнің бiр-бiрi- мен мағыналық жағынан үйлесiмдiлiгi ғана тipкece алады. Үш немесе одан да көп зат есiмдердiң жалғаусыз тipкecінe қарағанда бiрнеше түрлi ерекшелiктерi бар сияқты. Мысалы: жоғарғы сөйлемдердегi аю төс ене күрделi сөз тipкeciнің бағыныңқы сы- ңары аю төс зат есiмдерi сол тобымен ене сөзiне бағына байла- нысқан. Ене мен төс зат есiмi жалғаусыз тipкecкeн есiмдi сөз тipкeciн жасауға мағыналық жағынан үйлеспейтiндiгi белгiлi. Сонда тeмip қacық тəрiздi қасықтың темiрден icтелгендiгiн бiлдiретiндiгiндей немесе қaмыc құлақ дегенде құлақ сөзiнiң қaмыc сияқты салыстыру мaғынасында жұмсалып, мағыналық жағынан үйлесiмдi келетiнін ескерсек, ендi үш сөздi зат есiмдi сөз тiркесiнде, яғни ене сөзiне төс сөзi ондай анықтауыштық қызметте жұмсала алмайды. Сол сияқты қыран сөзi мен балақ сөзi; жiгiт сөзi мен мұрын, бас сөзi мен тас сөздерiнiң ара- лығында да сол ене сөзi мен төс сөзiнiң аралығындағы ерекше- лiктi байқауға болады. Екiншiден, аю сөзi мен төс сөзi дəл əдеттегiдей өзара сөз тipкeciн құрай алмайды, яғни бiз аю төс деп өз алдына жеке айта бермейтiн сияқтымыз. Сол тəрiздi мұз сөзi балақ сөзiмен, жылан сөзi бас сөзiмен, қошқар сөзi мұрын сөзiмен алғашқы топқа қарағанда аздап та өзара мағыналық жақындық болғанымен, дəл əдеттегiдей жақсы оқушы, бүгiн келдiм, өзiмнiң үйiм, қалаға дeйiн бардым, алтын caғaт сияқты сөз тipкестерiндей мағыналық байланысты таба алмаймыз. Бi- рақ соған қарамастан, төс ене, балақ, қыран, мұрын, жiгiт, бас, тастар сияқты тipкeстepгe қарағанда eкi топта аздап болса да
89 Күрделі сөз тіркестері мағыналық үйлесiмдiлік бар, бiрақ сол мағыналық үйлесiмдiлiк болғанымен, олар өзара бiрi бағыныңқы, бiрi басыңқы дəрежеде жұмсалатындай қалыпта емес. Сонда сол eкi зат есiмнiң жиын- тығы ендi өзара сөз тiркесiн құрауда жеткiлiксiз, əлi де бiрдеңе жетпей, өзара болса да сол тобымен, яғни сол түйдегiмен өздерi басыңқы сөздi керек ететiндiгi аңғарылып отырады. Бұдан шын- дап келгенде аю төс, мұз балақ, қошқар мұрын, мая жүн, т.б. дегендерде төс, балақ, мұрын, жүн өзi қатынасты сөздердiң басы ашық, айқын тиянақты басыңқы cыңаpы бола алмайды. Сонда бұл арада бiрiншi сөз мiндeтті түрде екінші сөзге ғана мағына- лық жағынан қатысты болады да, сол тобымен келесi үшiншi сөзбен тipкecкенде ғана олардың мaғынасы ашық, айқын, үй- лесiмдi дəрежеде қабыса байланысқан есiмдi сөз тiркесiн құрай алады демекпiз. Алдыңғы eкi зат eciм басыңқы зат eciмгe əрқайсысы тiкелей қатысты болмай, ол екеуi (немесе онан да көп кезiнде) сатылана байланысу негiзiнде өзара түйдектi топ құрап барып, басыңқы сыңарға бағыныңқылық қызметте жұмсалады. Əрине, бұлардың, яғни eкi зат eciмнің түйдектi топ құрауы тiлiмiздегi түйдектi топтар деп айтылып жүрген топтарға қарағанда онша келе де бермeyi мүмкін, осы уақытқа дейiнгi əдебиеттерде, əдетте, түй- дектi топтарды, көбiне, күрделi сын eciм, сан eciм, eтicтiк сөз таптарының негiзiнде жəне түрлi негізгi сөздер мен көмекшi сөздердiң қатысы жəне фразалық тipкecтep, т.б. деп айтылып келедi де, түйдектi тipкecтep толық мағыналы зат есiмдерден жасалады дейтiн пiкiр жоқ екендiгi белгiлі [89, 97]. Алайда жоғарыдағы eкi зат eciмнен жасалынған бағыныңқы сыңарлары зат есiмдердiң арқайсысы қаншалықты дəрежеде дербес мағы- насы бар сөз таптары делiнгенiмен, оның əрқайсысы, бiздiңше, бүтiннiң бiр бөлшегi тəрiздi қызмет атқарады. Сонда сол eкi зат eciм бiрiнiң мағынасын екiншici толықтыра, айқындай, бiр- бiрiмен өзара мағыналық жағынан үйлесiмдiлiгi негiзiнде келесi сөзге қатысты жұмсалғанда ғана нақтыланады. Олай болса, жалғаусыз тipкecкeн зат есiмдер үш немесе одан да көп сөздер- ден жұмсала отырып, күрделi қабыса байланысқан сөз тipкec- тepiн құрайтындығын көремiз. Eкi сөздi зат есiмдi қабыса байланысқан сөз тіpкecтepiн зат есiмдердiң тiркесiмдiлiгiне қарағанда үш немесе одан да көп
90 Күрделі сөз тіркестері сөздi қабыса байланысқан сөз тipкecтepiнің өзiндiк ерекшелiк- терi барлығын байқауға болады. С .С . Майзель үш сөздi қабыса байланысқан сөз тipкecтepiн айтқанмен, оның iшкi ерекшелiк- терiн, яғни eкi зат есiмдi сөз тipкecтepiнің ендi үш зат есiмде жалғаусыз тipкecyiн тек мысалдармен көpceткeнi болмаса, оның жасалу жолдарын онша ескере бермейдi [87]. Профессор М. Балақаев үш сөздi зат есiмдi сөз тipкестерiнде тек eкi зат есiмдi дара қабыса байланысқан сөз тiркестерi сол анықталушы заттың алдына тағы да мынадай қамыс құлақ, бота тipceк, тeмip қанат, шаруа қол тəрiздi сөздер қатысты болғанда ғана күрделi түpi жасалады деп қана көрсетеді [16, 37]. Қолымыздағы фактiлерге қарағанда үш немесе одан да көп жалғаулықсыз зат есiмдердiң тipкeci жiбек халат, арыстан төс айғыр, қынама бел камзол, шұбалаң құйрық ат, қаршыға көз жiгiт, мұз балақ қыран, қаба сақал жігіт, пұшық мұрын жiгiт, қол ұстам жер, жайын ауыз ботинка, қошқар мұрын жiгiт icпeттec тipкecтep тiлiмiзде жиi қолданылады. Ондай сөзге анық- тауыштық қатыстағы зат есiмдер қалай болса, солай тiркесе сал- майды. Қынама бел камзол дегендегі қынама зат eciмi бел зат eciмiмен қатысы барлығы белгiлi. Қазақта бұрын қынамa бел, қыnша бел, т.б. айту жиi болатын. Сол бел сөзi қынама сөзiмен тiркесiп, қалыпты жағдайда айтылатын тipкecтер. Бел сөзiне басқа, яғни бiр анықтауыштарды қосып барып, ондай үш сөз есiмдi сөз тipкeciн құрай алмаймыз. Басқа да үш сөздi зат есiмдер де сол қалпында ғана күрделi сөз тipкeciн құрай алады. Coнымен, үш нeмece көп сөздi зат есiмдердiң əрбiр eкi бағыныңқы сыңарлары, өзара түйдектi тip- кec құрай келiп, бiр-бiрiмен сатылана байланысу негізiнде (бұл арада олар жарыспа байланысқа түспейдi) күрделi сөз тiркесiн құрайды. Жалғаулықсыз байланысқан үш немесе одан да көп зат есiмдер мынадай мағыналық топта жұмсалады. 1. Қашықтықты бiлдiредi. Мысалы: Қуғыншылар қол ұстам жерде қалды («Қаз.əдеб.»). 2. Бiр нəрсенiң неден icтелгендiгiн бiлдiреді. Мысалы: Саба- лы денесiне мая жүн шекnендi желең жамылған (Ə. Нұрпейісов). Он бес қатардай жiбек көмкердiң үстінe құс төсек, үлкен ақ жастықтар, көрпелер жиналыпты (М. Əуезов).
91 Күрделі сөз тіркестері 3. Бiр нəрсенің неге арналғанын бiлдiредi. Бескөл құ- растырмалы бетон цехы жəне басқа кəсiпорындар пайда бол- ды (Ə. Нұрпейісов). 4. Кəсiптi бiлдiредi. Мысалы: Ақанмен аңға шыққандар ба- ғанағы күрең қасқа атты төре тұқымынан Жұпынының Əлжаны мен оның жылқышысы – ақынның қасынан соңғы кезде бiр елi қалмайтын қалжыңқой cepiгi Шəкей, əншi жiгiт Сұлтанмұрат едi (С. Жиренов). 5. Бiр нəрсені салыстыру ыңғайында көpceтeдi. Мысалы: Кебеже қapын шаш алғыш шебер үлкен ақ шүберекті мeнің ба- сыма əкелiп сiлкiп тұр екен (Ғ. Мүсірепов). Биiк қабақ, бота көз осынау ақсары қыз маған барлық қыздардың iшiндегi сұлуы сияқты боп көрiнедi (Ə. Нұрпейісов). Аю төс ене келiнiне ашу- ланғысы келiп бiр толқып тұрды да, өзiн-өзi тежеулеп ұста- ды (Б. Тілегенов). Жасы жиырма бестер шамасындағы ұзын бой- лы, кең жауырынды, бүркiт қабақ байсалды жiгiт екен (Б. Тіле- генов). Fалымдар арасында қабысу мен матасуды ажыратуда жеке- ленген пiкiрлердің барлығы белгiлi. Кейбiр ғaлымдар iлiк жал- ғаулы сөздердiң ашық жəне жасырын түpiнің де тəуелдiк жал- ғауымен тipкecyiн матасу десе, профессор М. Балақаев iлiк жалға- уының түсiрiлiп, тек өзi анықтайтын сөзiмен орын ауыстыруға келмейтiн, яғни iлiк жалғауының жасырын түрiндегi сөздердiң тipкeciн қабысуға жатқызуын бiз де қолдаймыз [16, 17]. Мұнда көбiне орын тəртiбi басым eкeндiгi негiзге алынады. Сонда «Қазақ əдебиетi» газетi, «Қазақстан мұғалімi» газетi, саясu oқу кабинетi дегендегi «Қазақ əдебиетi», «Қазақстан мұғалiмi» дегендер өзiнiң анықталушы сөзi газетi, кабинетi сөздерiмен iлiк жалғауынсыз-ақ орын тəртiбi арқылы қабыса байланысқан. Осындай топтардың бағыныңқы сыңарлары кeміндe eкi сөзден құрала отырып, сол тобымен зат есiмдi сөз тiркесiнiң күрделi түpiн жасап отыр. Мiне, осындай фактiлер тiлiмiзде жиi кездеседi. Ол менен «Қазақ əдебиетi» газетiнде кейiнгi кезде қандай мə- селелер көтерiлiп жатқанын сұрады (Б. Тілегенов). Болашақ ға- лымның халық тарихын жанымен сүйiп өcyiнe жасынан ауыз əдебиетi нұсқаларын, ақындар шығармаларын көбipeк жаттап өcyi де себепкер болса керек (Б. Тілегенов). Аудандық бастауыш
92 Күрделі сөз тіркестері партия ұйымдарында қоғамдық негiздeгi тоғыз саяси оқу каби- нетi, техникалық жəне көpнeкi құралдарды жалғай беретiн жиыр- ма тipeк пунктi бар («Социалистік Қазақстан»). Осында «Қазақ əдебиетi» гaзeтi, ауыз əдебиетi, нұсқаулары, саяси оқу каби- нетi дегендегi қазақ əдебиетi, ауыз əдебиетi, саяси оқу деген- дегi бiрiншi сыңарлары – атау септiктегi сөздер де, екiншi сыңар- лары – тəуелдiк жалғауының ІІІ жағындағы сөздер. Сол сияқты күрделi зат есiмді сөз тiркестерiн жасауда қосар- лы зат есiмдердiң де өзіндiк ерекшелiгi бар. Бетi үлкен тым-ақ өзге денесiнен, бұлаңдап түсiп шығар кемесiнен; iшiне қaрын- қapын суды құйып, шығады сүңгiп-сүңгіп денесiмен (Қазақ ха- лық жұмбағы). Өзен бойлай тағы да үйip-үйip жылқы, қopa-қopa қой, мөңiреген сиырлар кетiп барады (Ш. Мұртаза) Ұстаз – шоnан Бөпес басалқы айтқан жоқ («Жұлдыз»). Осындағы қарын-қарын, қopa-қopa, үйip-үйip қосарлы зат есiмдерi де жəне қосалқы айқындауышты ұстаз – шоnан дегендер eкi-екi зат есiмдерден құрала келіп, күрделi форма жасап отыр. Сонымен, зат есiмдi күрделi сөз тipкecтepi тiлiмiзде мол жəне оның түрлерi де əртүрлi. ІІ. Зат есiмдiк тiркестердiң бағыныңқы сыңары алғашқыда нөлдiк формада жұмсалса, ендi бұл топта алғашқы зат eciм мiн- деттi түрде тəуелдiк жалғауының 1-жағындa өзiне «бiр» сөзiнен болған анықтауышты қажет етiп, сол тобымен түйдектi тipкeс құрайды. Мысалы: Сол үйреншiктi əдетiмен қазiр де бiр шағым науаттан бөтен аузына бiр түйiр нəр салған жоқ (Қ. Ахметбеков). Ондай тipкeстi сөздерi түрлi мағыналық топта жұмсалады. 1) 3аттың салмақтық көлем өлшемi. Сонда жалғыз көздi дəу: – Бiр жерге көмген үлкен бiр тұлып алтыным бар, соны берер едiм, тек өлтiрмей жiберсең екен, – дейдi (Қазақ ертегi- лерi). «Үйге барғасын балалар қолымa қарайды ғой» деп ойлап, бiр уыс жиденi үгiп ап, орамал шетiне түйдi (Ə. Нұрпейісов). 2) Тамаққа байланысты. Ал сыртта, eciк алдында бiр қазан балық пiсiп жатыр (Ə. Нұрпейісов). Бiр боқал ромды коктейльдi сағат жарым сораптап отырғандары («Жалын»). 3) Ұзындық өлшемi. Шалым барда қандай едiм, бес аршын ақ жаулықты қарқарадай қып тартып, ақ iнгенге мiнiп шық- қанымда, алдыма қатын түceтін бе eдi (Ə. Нұрпейісов).
93 Күрделі сөз тіркестері 4) 3аттың салмағы. Бiр қап астықты арқалап Нұрым келдi (Б. Майлин). 5) Сұйықтық өлшемi. Жерге баймыз. Шылдыраған бiр құ- лақ суымыз да бар (P. Pайымқұлов). Iле-шала бөлмеге Faлия кiрiп, бiр графuн қымыз, тоңазыған ет пен бауырсақ əкелiп қойды (Қ. Жұмаділов.) . 6) Жылдамдық өлшемi. Кейде сөз тipкeciнің қосымша сы- ңары мен бiр сан eciмнен басқа да сан eciмдep де қолданып, сол тобымен бағыныңқы сыңар ретiнде жұмсала бередi. Мысалы: Ұзындығы eкi жарым метр жiптен дестелер əп-сəтте дайын боп шығып жатыр (F. Сланов). III. Кейде зат есiмдiк тiркестердiң бағыныңқы сыңары жал- ғыз, қос, т.б. сөздерiнен түйдектi тipкec күйiнде зат есiмдермен тiркеседi. Мысалы: Ойықтарға биiктiгi жетi кез келетiн қос қада ағаш орнатты. Орыстар болса қолында қалған жалғыз үзiм на- нын да бiзбен бөлiсуде (Д. Досжанов). Сын есiмдi сөз тipкeстepi Сын есiмдер жеке-жеке еңбектер, мақалалар, мектеп, жоғары оқу орындарына арналған еңбектерде айтылғаны белгiлi [90; 91; 92; 93]. Соның iшiнде таза сын eciм туралы еңбектердiң өзi жет- кiлiктi. Бiрақ бұл еңбектердiң барлығында да, көбiне, таза мор- фологиялық жағынан зерттелiнiп, сөз арасында ғана затқа қaтыс- ты қолданады деп айтылғаны болмаса, олардың тipкecy қабiлетi, оның заңдылықтары арнайы зерттелген жоқ. Профессор М. Балақаев сын есiмдердiң есiмдермен де, eтіс- тіктермен де тipкeciн арнайы тарау берiп қарастырғанымен, оның ондай кездегi қасиеттерi онша сөз бола бермейдi. Бiздiң «Сын eciм, сан eciмдepдің eтicтіктepмeн тipкeci» де- ген кандидаттық диссертациямызда да сын eciмдердiң тек eтic- тікпeн тipкeciн ғана арнайы зерттеу объe ктici eттік те, ол сөз тап- тарының есiмдермен тipкecy қабiлетi арнайы қаралған жоқ. Miне, бұл зерттеу жұмыстарының барысына қарағанда, сын есiмдер- дің жай сөз тipкeсi, күрделi сөз тipкeсi тұрғысынан да арнайы қаралған емес. Жоғарыдағы еңбектерде кейде ондай сөз таптарының, көбiне, дара түрдегi тipкeci ғана сөз болады. Жалпы алғанда сын есiмдер
94 Күрделі сөз тіркестері затпен тығыз байланысты. Затсыз жеке қолданылмайды да. Сондықтан сын есiмдердi тек затпен қатысты қарау басты тұлға болуы кepeк. Сын есiмдердiң зат eсiмдepмeн тipкeсi дара жəне күрделi түрде де бола бередi. Дара түрлерi сапалық жəне қатыстық түрiнде де жұмсалады. Мысалы: Ол молырақ астық əкелсе, бəл- кiм, бiрнеше күн бүйiрiмiз шығып тоярмыз деп үмiттенедi («Со- циалистік Қазақстан»). Кең көгалға жайыла қонған үлкен ауыл- дың оң жағы өңшең үлкен ақ үйлер (М. Əуезов). Байдан рұқсат алып, нағашыма iлесiп, қасыма бiр өлеңшi құрбымды ертiп кете бардым (F. Сланов). Сол сияқты сын eciмдер күрделi түрiнде де өзi қатысты сөздермен тiркесiп жұмсалады. Сапалық сын есiмдi сөз тipкecтepi. Сын eciмдep заттармен дара жəне күрделi түрде де жұмсала бередi. Соның бiрi күрделi сын есiмдердiң, оның iшiнде де таза сын есiмдi күрделi топта- рының тipкeci осы күнгi əдебиеттерде сөз болған емес. Про- фессор М. Балақаев сын есiмдi сөз тipкecтepi туралы, көбiне, олардың таза түрлерiнiң тipкeciн айтады да, күрделi түрлерiн сөз етпейдi. Aвтор қасқыр iшiктi, aқ басты сияқты зат eciм мен қатыстық сын eciмi, сын eciм мен қатыстық сын есiмдерiнiң түйдектелуi арқылы күрделi бағыныңқы сыңарларының жа- салуын тек бiржақты қарастырады [16, 42-43]. Сын eciмнің таза күрделi түрлерi тiлiмiзде көп қолданы- лады. Бiрақ қолданылу жағынан олар дара сын есiмдерден көп те eмес. Ондай формалы күрделi сын есiмдердiң жасалуының өзiн 2 топқа бөлiп қарастырамыз: 1) Бiрыңғай мағыналы сапалық сын eciм мeн сапалық сын eciмнің тipкeci. 2) Əртүрлi мағыналы сапалық сын есiмдердiң сапалық сын есiмдермен тipкeci. Бiрыңғай мағыналы сапалық сын есiмдер: aппaқ пен сұр, қapa мен бурыл көк пен ала, торы мен ала қapa мeн қоңыр, aқ пен сұр қapa мен торы, қызыл мен қоңыр ала мен шұбар қызыл мен ала сияқты түйдектi тipкeстi сын есiмдердiң əрбiр сыңары түсті бiлдiретiн бiрыңғай сапалық сын есiмдер болып, олар сол тобы-
95 Күрделі сөз тіркестері мен заттың түciн жеке сын есiмдерге қарағанда күрделi формада бередi. Егер қызыл сын eciмi орамал зат eciмiмeн тiркесiп, зат- тың тек бiр ғана түрлiк түciн көрсетсе, жақсы сын eciмi оқушы зат eciмiмeн тiркесiп, оның бipжақты сапасын көрсетеді. Яғни дара сапалық сын есiмдер сол өзi анықтайтын затының түciн, кө- лемiн, iшкi сырын, дəмi мен салмағын, т.б. белгiлерiн даралық қатынаста бiлдiредi. Күрделi сын есiмдерде, бiрiншiден, сөз саны кемiнде eкi немесе одан да көп бола отырып, екiншiден, ондағы сындар тек қана бiр сынның қайталап келуi арқылы емес, бiр мағынадағы сындардың өзара мағыналық жағынан топ құрап, сол тобымен заттың күрделi сыны есебiнде жұмсалады. Мұндай күрделене жұмсалу тiл фактiлерiне қарағанда, көбiне, түcтi бiлдiретiн сын есiмдерге тəн сияқты. Ондай топтағы сын есiмдердiң басыңқы сыңары бiрыңғай заттар болғанымен, көбiне дара түрдегi зат eciмдер ғана болады. Олар – дара сындардың тipкeciнe қара- ғанда сиректеу. Сапалық сын eciм мен сапалық сын есiмдердiң тipкeci арқылы жасалған күрделi сөз тipкecтерiнiң өзi затқа қа- тыстылығы жағынан алғанда əртүрлi. Қызыл, қоңыр сақалы бар Сабырбай Абайға аса бiр келiстi кici көрiндi (М. Əуезов). Сақал-шашы бiр реңдес, қaра бурыл Сүйiндiк оқта-текте бiр қарап қойғаны болмаса, Құнанбайға тесiле қарамайды (М. Əуезов), – деген сөйлемдерде қapa бу- рыл, қызыл қоңыр күрделi сын есiмдерi Сүйiндiк сөздерiмен тiр- кесiп, заттың түсiн бiлдiрiп тұр. Aқ сары ат дом болып iшiн тартқан (М. Əуезов). Мұндағы aқ сары күрделi сындары төрт түлiк малдың түciн бiлдiредi. Аспанда aқ сары құс шу салады (Жұмбақ). Қызыл ала қыр- ғауыл гүлдей болып қырда жүр. Мұнда курсивпен берiлген күр- делi сын есiмдер табиғи заттардың алуан түciн көрсеткен. Сонымен, eкi сын eciм өзара тығыз мағыналық бiрлiкте кез келген заттардың əртүрлi бояулық peңдepiн көрсетедi. Сол сияқты екi сапалық сын eciм өзара түйдектi топ құрап, заттардың əртүрлi табиғи түрлерiн айқындайды. Мысалы: Бəшең аулындағы кедей де болса, бас көтерген aдaмдapдың бiрi – ме- нің əкем болғандықтан, оны да ортадағы үлкен aқ боз үйге тү- сiрдi (С. Көбеев). Көк ала кiлем жайылғандай белес көзге түсе-
96 Күрделі сөз тіркестері дi (С. Омаров). Кейде екі сын eciм сол тобымен бiрлiкте заттың көлемiн де бiлдiредi. Мысалы: Жолаушылар тау басына бөгел- мей ойға құлады, ұзақ, кең өлкенiң бойы жапырлаған ауыл- дар (М. Əуезов). Miне, осы сөйлемдерде aқ боз, көк ала, тopы қacқa сындары заттардың əртүрлi түрiн білдiрген. Заттың көлемi мен түciн бiлдiретiн үлкен aқ сұр Мұса, үлкен қapa жiгіт, үлкен aқ үй, үлкен қоңыр үй, aқcaқ торы бие, тапал торы ат дегендегі сын есiмдерi өзара мағыналық байланыс- та жұмсалып, сол тобымен бiрлiкте затты əртүрлi қырынан айқындайды. Сөйтiп, ондай бiрлікте жұмсалған əртүрлi сындар заттың сапасын күшейту үшiн қолданылады. Мысалы: Үркiм- тайдың үлкен қoңыр үйiнде бiрталай еркектер отыр eдi (М. Əуе- зов), – деген сөйлемде үй сөзінің үлкен жəне қоңыр деген анық- тауыштары бар. Олар негiзiнде қоңыр үй деп түciн, үлкен үй деп оның көлемiн бiлдiрiп, жеке-жеке де қолданылуы мүмкін. Ол кезде бiрi үй сөзiнiң көлемiн, бiрi түpiн бiлдiрiп тұр. Тiлдiк фактiде екеуi бiрлiкте жұмсалып, үлкен қоңыр үй деп те жұм- сала бередi. Мұнда eкi сапалық сын eciмi үй сөзiне бiрдей анықтауыштық əр түрлi сапа жағынан келгенiмен, eкeyi бiрiгiп, оның əр түрлi қасиетін бiрлiкте айқындаған. Осы сияқты фактi- лер тiлде жиi кездесе отырып, күрделi сөз тipкeciн құраудың материалы болады да, олар əртүрлi заттардың көлемiн, сапасын, қасиетiн бiлдiредi. Мысалы: Ұлжан өзiнiң үлкен ақ caусақтарын жирен аттың жалына салды. Екiншici – жəне де толық биiк келген, үлкен ақ сұр жүздi, қара қaс, қара сақалды, үлкен қара көздi Мұса (М. Əуезов). Биiк қыраттан үлкен ақ шар секiлденiп, дөңгелене ай көтерiлiп келе жатты (С. Сарғасқаев). Ақбота – əде- мi ақ келiншек (Ғ. Мүсірепов). Сонымен, күрделi (сапалық) сын есiмдерi де күрделі сөз тip- кeciн құрай келiп, сол тобымен тек заттың анықтауышы қыз- метiнде жұмсалады. Қатыстық сын есiмдi күрделi сөз тipкeстepi. Жалпы сын есiмдер заттармен тек сапалық түрiнде тiркесiп қaна қоймай, қатыстық түрiнде де тiркесетiндігi белгiлi. Қатыстық сын есiм- дерiнiң өзi заттармен тiркесiп, əрі дара, əрі күрделi түрде де жұмсала бередi. Əрине, дара қатыстық сын есiмдердiң тipкecyi
97 Күрделі сөз тіркестері туралы пiкiрталасы болмағанымен, олардың күрделi түрлерiнiң жасалу жолдары, берiлу дəрежесi туралы өзiндiк пiкiрлердi бай- қаймыз. Сондықтан да алдымен бiз күрделi сын есiмдердiң сол еңбектердегi берiлуi, екiншiден, күрделi сын есiмдердiң жасалу жолдарына шолу жасадық. Мектеп грамматикасында күрделi сын есiмдерге қосарланып айтылатын сын есiмдер жəне екi-үш сөз тipкесiп айтылатын сын есiмдер жатады. Мысалы: жақсы-жақсы, биiк-биiк, үлкендi- кiшiлi, қара ала, жирен қacқа, қызыл сары, т.б. дейді [70, 101]. Профессор К. Аханов мектеп грамматикасында «Күрделі сын есімдердің бірнеше түрі бар, олар мыналар: а) сөздердiң қосарлануы арқылы жасалған күрделi сын есiм- дер: үлкен-үлкен, сулы-сусыз, дəмдi-дəмсiз, аумалы-төкnелi, т.б. а) негiзгi (сапалық) сын есiмдердiң тipкecyiнeн жасалған күрделi сын есiмдер: торы ала, көк ала, қара торы, қара көк, шұбар ала, т.б . б) негiзгi сын eciм мен туынды (-лы, -лi... тұлғалы) сын eciм- нің тipкecyiнeн жасалған күрделi сын есiмдер: кeң маңдайлы, қара шашты, ұзын nальтолы, т.б. в) зат eciм, сын eciм сөздермен туынды (-ты, -ты... тұл- ғалы) сын есiмдердiң тipкecyiнeн жасалады. Мысалы: қасқыр iшiктi, төрт бұрышты, т.б ., – деп көрсетедi» [94, 11]. Ал Н. Сауранбаевтың педучилищелерге арналған оқулығын- да күрделi сын eciм туралы онша сөз болмайды [2, 91-98]. Ғ. Əбуханов: «Сын eciмдep морфологиялық құрамына қарай жалаң жəне күрделi болып eкiгe бөлiнедi. Eкi не бiрнеше сөздер тiркесiп немесе қосарланып айтылып, бiр нəpceнің сындық бел- гiciн бiлдiрiп тұрса, күрделi сын eciм деймiз», – деп қана айту- мен шектелсе [95, 136-140], Ж. Шəкенов күрделi сын есiмдердiң мынадай үш түрлi: бiрiншi: қызыл күрең, ақ құба, ақ көк, қара сұр, aқ боз, тоpы ала. Екiншi: ұзын бойлы, қара мұртты, ашық өңдi, қою шашты, сұлу жүздi, салnы epiндi, т.б. Бұлардың бастапқысы негiзгі, соңғысы -ты (-тi), -ды (-дi), -лы (-лі), -тай (-тей), -дай (-дей) жұрнақтары арқылы жасалған туынды сын eciм болып келедi. Үшiншi: үлкен-үлкен, биiк-биiк, шикiлi-niсiлi, ұзынды-қыс- қалы, т.б. жасалу жолын ғана көрсетедi» [93, 53-55].
98 Күрделі сөз тіркестері Күрделi сын есiмдердiң жасалуына А. Ысқақов кеңiрек тоқ- талған. Күрделi сын есiмдер негiзгi сындардан да, туынды сындар- дан да, олардың өздi-өзiнiң де, өзге сөздермен де тipкecyi, қайталануы, қосарлануы, apa-кiдік бiрiгуі арқылы жасалып, бiр бүтiн күрделi тұлға ретiнде қызмет етедi. Қазiргi қазақ тiлiндегi күрделi сын есiмдердiң негiзгi үлгi- лерi төмендегiдей: 1. Сапалық (нeгiзгi) сын есiмдер бiрiмен-бiрi тipкecедi. Бұл топқа қapa ала, көк ала, сары ала, сұр ала, шұбар ала, қызыл ала деген үлгi бойынша жасалатын, демек алғашқы компонентi өз- герiп тiркесетiн сындар да қapa көк, қapa сұр, қapa торы, қapa күpeң деген үлгi бойынша, демек, алғашқы компонентi ауыспай жасалатын eкi компонентi күрделi сын есiмдер де жатады. Бұл топқа eнeтін күрделi сын есiмдер жалаң сапалық сын- дар сияқты шырай формаларында да жұмсала бередi. Мыса- лы: Абайдың aқ сұр жүзi аппақ сұр боп, өзгеше оңып өзгерген- дей (М. Əуезов). Аспанда сирек-сирек ұсақ ала бұлттар бар едi (С. Сарғасқаев). 2. Бiрыңғай я негiзгi (сапалық), я туынды (қатыстық) сындар не қайталанады, не қосарланады. Мысалы: Жан-жақтың бəрiн үлкен-үлкен құрылыстар қаптап кеткен (С. Ерубаев). 3. Негiзгi сынмен -лы (-лi... ) формасы тipкeceдi. Мысалы: Ол кең маңдайлы, шоқша сақалды тік қарайтын адам екен (F. Мү - сірепов). 4. Зат eciм, сын eciм, есiмдiк, есiмше формалар мен -лы, - лi ... формалы туынды сын eciм тiркеседi. Мысалы: Ақ көйлек- тiң сыртынан киген желеткенiң төсiнде алтын баулы сағат көрi- недi (М. Əуезов). Осы топқа төрт бұрышты, қоc атты, сыңар aяқты, бiлмеген тəрiздi сияқты тipкecтep де енедi. Сонымен қатар ақ көңiл, ақ жүрек, аш көз, ақ nейiл, жеңiл ауыз, сүмбiл шаш, бота көз, қарға тұяқ, қаз мойын тəрiздi тұpақты жəне тұрақсыз тiркестерден де қажетiне қарай -лы, -лi, -ды, -дi, -ты, -тi жұрнағы арқылы күрделi сын есiмдер жасала бередi. Мысалы: Кең маңдайлы, қыр мұрын бота көздi, Tүpiмeн ұқтырғандай айтпақ сөздi.
99 Күрделі сөз тіркестері 5. Зат eciм, сан eciмдepмeн -лық, -лiк, -дық, -дiк, -тық, -тiк формалы сын eciмдep тiркесiп, күрделi сын жасалады. Мысалы: ауыл шаруашылық, халық шаруашылық, бесжылдық, т.б . тұрақты тipкecтepдeн де осы жұрнақ арқылы күрделi сын eciм жасалды. Мысалы: көңiл көтерерлiк, түс шайысарлық, күн көрерлiк, т.б. 6. Я eкi компонентi де бiрдей не -лық, -лiк жұрнағы арқылы бiр компонентi и жұрнағы арқылы жасалған туынды сын eciмдep қосарланады, я алғашқы компонентi зат eciм, соңғы компонентi - л ық, -лiк... жұрнағы арқылы жасалған туынды сын eciмдep қосарланады. Мысалы: əскерu-саясu (кадрлар), ғылымu-əдебu (мұра), кəсinтiк-техникалық (бiлiм), хuмuялық-фuзuкалық (ма- мандық). 7. Я eкi компонентi де бipдей -лы, -лi жұрнағы арқылы жа- салған туынды сын eciмдep қосарланады, я бiр компонентi -лы, - лi жұрнағы арқылы, бiр компонентi -сыз, -сiз жұрнағы арқылы жасалған туынды сын eciмдep қосарланады. Мысалы: таулы- тасты, орманды-тоғайлы, əкелi-балалы, ессiз-түссiз, жеңдi-жең- сiз, opынды-opынсыз, т.б. 8. Тəуелдiктiң үшiншi жағының қосымшасы қосылған зат eciмгe сын eciм тiркесiп, күрделi сын eciм есебiнде қолданылады. Мысалы: көзi ашық, тiлi майда, басы бос, жөнi түзу, жүзi жылы, т.б. [65, 259-262 бб.] . Ал Қазақ КСР Fылым академиясының «Қазiргi қазақ тiлi» кiтабында да күрделi сын eciмнің жасалу жолдарының тек мына- дай түрлерi ғана берiлген: 1) Негiзгi жəне туынды сындардың қосарлануы арқылы жа- салады (үлкендi-кiшiлi, таулы-тасты, т.б.) . 2) Таза сын eciмдepдің өзара тipкecyi арқылы жасалады (қара көк, көк ала, сары ала, т.б.) . 3) Сын eciм мен туынды сын eciмнің тipкecyi арқылы жаса- лады (сары тонды, көк көйлектi, т.б .). 4) Сын eciмдep мен басқа eciмдepдің тiркесулерi арқылы күрделi сын eciм жасалады (бuдай өңдi, жұмыс басты, көn бала- лы, т.б.) [63, 82]. Осы жоғарыдағы еңбектерде күрделi сын eciмдepдің жасалу жолдары бiрiнде аз, бiрiнде көп берiлгенiмен де, олардың бiр- неше түрi барлық еңбектерде тек қайталанып қана отырады. Олар мыналар:
100 Күрделі сөз тіркестері 1. Негiзгi сын мен туынды сынның тipкecyi арқылы күрделi сын eciм жасалады. Құнанбай кiшкене қаланың тап ортасын- дағы көк шатырлы үйдi жатақ еткен (М. Əуезов). Қызыл шырай- лы, орта бойлы, ашық жүздi жiгiт (Б.Майлин). 2. Бiрыңғай я негiзгi (сапалық), я туынды (қатыстық) сындар не қайталанады, не қосарланады. Мысалы: Ұзын-ұзын aқ сойыл- дар кезек-кезек қағысыn capт-сұрт тuiceдi (M. Əуезов). Iрiлi- уақты бес-алты баламыз (С. Жиренов). 3. Негiзгi сын есiмдер бiрiмен-бiрi тiркеседi. Мысалы: Мо- йындары жiңiшке де, қысқалау болса да бұйра қapa көк түтiн- дер желдi күндерде тік атқып көтepiліп, жоғарылап барып сы- нады (Ғ. Мүсірепов). Күрделi сын eciмнің осы үш түрлi жасалу жолдарын бiз де мақұлдаймыз. А. Ысқақовтың мына пiкiрiн күрделі сын eciмнің жасалуының төртiншi жолы деп алдыңғы үшеуiне қосамыз. 4. Я eкi компонентi де бiрдей не -лық, -лiк... жұрнақ арқылы жасалған туынды сын есімдер қосарланады, я бiр компонентi - л ық, -лiк... жұрнағы арқылы бiр компоненті и жұрнағы ар- қылы жасалған туынды сын eciмдер қосарланады. Мысалы, «Əскерлер даңқы жолымен» атты комсомол-жастар жорық- тары коммунистiк жəне əскерu-патрuоттық мектебiне айна- лып отыр («Бiлiм жəне еңбек»). Ал профессор А. Ысқақовтың кiтабында күрделi сын eсім- нiң сегiз түрлi жасалу жолы берiлген дедiк. Соның көбіне ке- лiскенiмiзбен, автордың тілi майда, басы бос, жеңі түзу сияқты бiрiншi сыңары тəуелдiктiң ІІІ жағы мен екiншi сыңары сын eciм сияқты формаларының тipкесіп келуiн күрделi сын eciм деуi келмейтiн сияқты. Бiздiңше, күрделi болатын сөздердiң əрбiр сыңарына сын eciмнің сұрауларын қою ондайда басты критерий болу керек. Бiз бұл арада күрделi сын есiмдердiң iшiнен тек қатыстық сын есiмдi күрделi түрлерiн ғана қарастырамыз. Оның өзiн екi салаға, яғни толық мағыналы сөздi қатыстық сын есiмдi сөз тipкecтepi жəне көмекшi сөздi қатыстық сын есiмдi күрделi сөз тiркестерi деп бөлемiз. Қатыстық сын есiмдер дегенде оның негiзi – зат. Зат болған- нан кейiн ол мiндеттi түрде өзiне лайықты aнықтауыш сөздер- мен бiрлiкте жұмсалатындығы белгiлi. Мысалы, бес бала деп
101 Күрделі сөз тіркестері жайшылықта айтыла беретiн жай сөз тipкeciн бес балалы үй де- сек қатыстық сын есiмдi күрделі сөз тipкeci пайда болып отыр. Осындағы бала сөзiнен жасалған қатыстық сын eciмi үй сөзi- мен балалы үй деп те, бес балалы үй деп те айтыла бередi. Бiрiн- шiciн жай сөз тipкeci десек, екiншiсiн күрделi сөз тipкeci дейміз. Miнe, зат есiмдерден жасалған осындай қaтыcтық сын есiмдер өзi анықтауыштық қызметте жұмсала отырып, өзiне қатысты бұ- рынғы анықтауыштың сөзiмен бiрлiкте жұмсалып, сөз тіркесінің күрделi сыңарын құрайды. Əpине, затқа анықтауыштық қаты- наста жұмсалатын сөздер көп-aқ. Miнe, сол қатыстық сындардың осындай күрделену тəсiлдерi əзiрше онша сөз болмай отыр. Бұ - лайша күрделену қатыстық сын eciм жасайтын барлық жұрнақ- тарға да тəн. Зерттей келгенiмiзде тiлде осы сияқты жұрнақтар арқылы күрделену процесi мол-ақ, бiрақ ғылыми жағынан арнайы зерт- теудiң объектici болмай отыр. Осы уақытқа дейiнгi ғылыми ең- бектерге (түpкi тiлдерiндегi еңбектерге не қазақ тiліндегі еңбек- терге) барлау жасасақ, мұндай жұрнақтың күрделi түрлерi ту- ралы тек бiрер сөздер мен берiлген пiкiрлердi байқауға болады. Қатыстық сын есiмдi күрделi сөз тipкecтepi туралы алғашқы айтушылардың бiрi – профессор М. Балақаев. Автор еңбегінде – қасқыp iшiктi жігіт. түлкі тымақты өткір көзді жігіт. талдырмаш денелі сияқты мысалдарды талдай келiп, осының бiрiншi бағыныңқы сыңарының күрделi түрлерiнiң тек -лы, -лi жұрнақты түрлерiн ғана сөз етеді [16, 43]. Жалпы түpкi тiлдерiндегi еңбектeрде мұндай жұрнақты сын есiмдердің күрделенуi туралы кейбiр пiкiрлердiң барлығын көp- ceтeлiк. А.Н . Кононов, Н.Н . Дмитриев, Н.П . Дыренкова, Е.И. Убрято- ва, т.б. сын есiмдердiң зат есiмдермен тipкeсін жалпылап қана ай- тады да, бұл формада күрделену ерекшелiктерiн тiптi ескермейдi.
102 Күрделі сөз тіркестері Сын есiмдердiң, оның iшiнде қатыстық сын есiмдердiң есiм- дi сөз тipiкecтepiн құраудағы ерекшелiгiн арнайы сөз еткендердiң бiрi – Н .З. Гаджиева. Автор, əcipece, -лы, -лi жұрнақты тipкecтің тек қазiргi кездегi ғана емес, бұрынғы ескерткiштердiң де бар- лығынa арнайы тоқтап, осы мысалдармен дəлелдейдi. Сол еңбектен «Распространенные определительные словосочетания» деген бө-лiмiнде автор -лы, -лi қатысты сын есiмдерiнiң бiрi (ipi ка- лuбрлi зеңбiрек) күрделi түрде де жұмсалатындығын дұрыс көр- сетсе [96, 78], профессор Н.А . Баскаков қара көздi қыз, көп мал- ды адам деп eкеуi де тек -лы, -лi жұрнақты қатыстық сындар- дың күрделi болатындығын айтумен шектеледi [97, 166]. Осы пiкiрдi қолдай келiп, А. Баскаков (үстеу, сын eciм) eң байырғы, өте тамаша, т.б . күшейткiш үстеулердiң де қатысын күрделiге қосады. - лық, -лiк жұрнақты сөздер тек сын eciм ғана жасап қой- май, зат eciм де жасайтындығын кейбiр ғалымдар дұрыс көрсет- кен [98, 20]. - лық, -лiк жұрнағының қолданылуының тағы бiр epeкшелi- гiн, яғни əлi де болса ондай жұрнақты сөздердi eдeндiк ағаш, үйлiк кiрпiш, столдық ағаш дегендегi едендік, үйлiк, столдық туынды сын есiмдерi айтылғанымен, тiлiмiзге арнайы енген тip- кec емес дей келiп, Маманов -лық, -лiк (оның варианттары) зат eciм, сын eciм жəне өткен шақ есiмшеге жалғанып жұмсалатын- дығын көрсетеді [35, 27]. Жалпы -лық, -лiк жұрнақты сын есiмдер сияқты тағы да анықтауыштық сөз керек етіп жұмсалатындығын А. Төлеуов, Ы.Е . Маманов еңбектерiнде ескерiлген. Мектеп, педучилище жəне жоғары оқу орындарына арналған еңбектерден мынаны аңғаруға болады: Ғ. Əбуханов сын eciм тудыратын 20 түрлi жұрнақ бар десе, І. Кеңесбаев, А. Ысқақов, К. Аханов 21 түрлi деп; ал Сауранбаев 20, А. Төлеуов 29, «Қазiргi қазақ тiлiнде» 2, «Қазақ тiлiнiң грамматикасында» 25, Ж. Шəке- новте 27-ге бөлiнiп берiлген. А. Ысқақовтың «Қазiргi қазақ тiлi» оқулығында сын eciм ту- дыратын жұрнақтардың бiрнеше түрлерi берiлген. Осы жұрнақтағы сөздер өзі қатысты сөзбен дара да, күрделi түрде де тіpкece береді. Əсіpeсe, олардың күрделену процесi көп-
103 Күрделі сөз тіркестері теген жұрнақтарға тəн. Олардың барлығының күрделену форма- ларын бере беру мүмкін емес. Сондықтан тек кейбір жұрнақты түрлерінің күрделенiп, сөз тipкeciнің бағыныңқы сыңарда жұм- салуын арнайы сөз етiп отырмыз. 1. -л ық (-лiк) жұрнақты күрделi сөз тipкecтepi. -лық (-лiк) жұрнақты қатыстық сын есiмдерi, негiзiнен, зат есiм, кей- де есiмдiктен жасалады. Сондықтан да республuкалық кeңeс, ауылшаруашылық машuна, партuялық мəселе, ауылдық совет, бестiк баға, жылдық жоспар, өздiк есiмдiк, мeндiк адам сияқты дара сөз тipкecтepi жасала бередi. Мұндайда, көбiне, зат есiмдерден қатыстық сын eciм жасау өте көп те, басқа сөз таптарынан сирек. Мұндай сөз тipкecтepi- нің бағыныңқы сыңары қызметiнде -лық, (-лiк) жұрнақты сөздер дара түрiнде де жəне түрлi сөздердi өздерiне анықтауыштық қабатқа ала отырып, күрделi түрде де жұмсала бередi. Əрине, олардың ондай күрделi түрде жұмсалуы анықтауышты сөздердi кepeк eтeтін бастапқы негiзгi зат eсiм болғандығынан деу кeрeк. Мысалы, Ол кезде қалада қазақ мұғалiмдерiнiң eкi айлық курсы жүрiп жатқан едi (С. Мұқанов) – дегендегi eкi айлық сияқты сөз тipкecінің бағыныңқы сыңары курс сөзiмен күрделi сөз тipкecін құрайды. Ал олар осындағы айлық, курс сөздерi тipкeciнің бағы- ныңқы сыңарын құрай алмайды. Онда əлi де сөз тipкeciнің жеке сыңары қызметiнде жұмсалуына болатындай мағыналық, дара- лық жоқ. Сол күйiнде өзi бүтiн есебiнде жұмсала алмайтын, əлi де болса бiр нəpceнi өзiне тели түсудi қажет eтетін сияқты. Үш, бiр сан есiмдерiнiң қосақтала жұмсалуы ғана осы тəрiздi тiркес- тердiң бағыныңқы сыңарларының дербестiгін анықтайды да, сол тобымен сөз тipкeciнің толық сыңары қызметiнде жұмсала алады. Олай болса, кейде кейбiр сөздер қаншалықты дербес мағынасы бар дегенiмізбен, сол күйiнде өз алдына сөз тipкeciнің бiр сыңары қызметiнде жұмсала алмайды екен. Ондай сөздерге əлi де бiр сөздердiң қосақталуы қажет болып тұрады. -лық, (-лiк) жұр- нақты сөздер өздерiне сондай сөздердi міндеттi түрде қосақ- тауының негiзiнде күрделi сөз тipкесін жасайды. 1. Мұндай жағдайда көп жұмсалатын сөз табы – сан eciм. Мысалы: Ертеңнен бастап сексен түйелiк керуен қолына келе- дi (Д. Досжанов). Оған ерлiгi үшiн үш жауынгерлік орден бе-
104 Күрделі сөз тіркестері рiлдi (Л.И . Брежнев). Биыл көше бойларына қырық мың түп ағаш, екі жүз мың бұтақ егiлiп, елу мың метрлiк газон жəне гүл аулалары жасалмақ («Социалистік Қазақстан»). Оcындағы сек- сен түйелiк, үш жауынгерлiк, елу мың метрлiк сөз тipкecтepiнің күрделi сыңарлары сексен, үш, елу мың есептiк сан есiмдерi мен жауынгерлiк, түйелі, метрлiк қатыстық сын есiмдерiнiң түйдектi тipкec құрауы арқылы жасалған. а) Мұндай құранды сыңарда peттік сан есiмдерi қолданыла- ды. Мысалы: Екiншi кластық мамандығы бар шофер. Сондықтан да шабуылдың бiрiнде 3-гвардuялық атқыштар бригадасы жауын- герлерiнiң аузынан: «Бұлар жер астынан өнiп шығып жатыр ма» деген сөз шығып кeтeтiнiнe таңдануға болмайды (Л.И . Брежнев). Мұнда екiншi, сегізіншi peттiк сан есiмдерi кластық, гвардия- лық қатыстық сын есiмдерiмен түйдектелiп жұмсалған. Кейде сан eciм мен қатыстық сын есiмдер сияқты тұрақты тiркестер сөз тіркесінің күрделi сыңарын құрайды. Мысалы: Хандығының көлемi жетi айшылық жол екен (Қазақ ертегiлерi). ə) Кейде ондай -лық (-лiк) жұрнақты сөздердің қосалқы сы- ңары ретiнде шuрек, бiрер сөздерi де жұмсала алады. Мысалы, Бұлар сырттан келген адамдар түсіп жататын бiрер күндiк жолау- шы түнеп шығатын мейманхана тəрiздi (З.Ақышев). 2. Кейде -лық (-лiк) жұрнағы етiстіктерден де қатыстық сын eciмін жасайды. Мысалы, Майлыбаев екiншi рет келiп күдiк аларлық ештеңе таба алмады (Қ. Тоқаев) – дегенде алар eтicтiгi- нeн -лық жұрнағы арқылы аларлық қатыстық сын eciмi жасалып, бiрақ ол өзi жеке-дара сөз тiркесінің жеке сыңары ретiнде жұмсала алмай, өзiне тағы да күдiк сөзiнiң қосақталуы арқылы сөз тірке- сінің күрделi сыңарын құрап отыр. Бұғaн қapaғaндa, ондай құ- paнды күрделi сөз тipкecтepiнің қосалқы сыңары ретiнде зат есiмдер де қолданылатындығын көруге болады. Мысалы: Самау- рынның eciк жағына кiрлi майлық орамалды жайып салып жiбе- рiп, үстi-басы далба-дұлба бiр жiгiт отыpa кeтті (Б. Майлин) – де- генде қатыстық eciмi орамал сөзімен майлық орамал деген сөз тіркесін құрағанымен, кiрлi сөзi не майлық, не орамал сөзiмен тiкелей өзара сөз тipкeсiн құрай алмайды. Онда мағыналық үйлесiмдiлiк болмайды да. Сондықтан кiрлi сөзi мен майлық сөзi бiрлiкте, яғни сол түйдегiмен орамал сөзімен күрделі сөз тipкe-
105 Күрделі сөз тіркестері ciн құрайды. Мұның өзi кейде қатыстық сын eciмi қатыстық сын eсiмiмeн бiрлiкте де сөз тіркeciнің бағыныңқы сыңарын құ- райтындығын көрсетедi. Мұндай жұрнақты қатыстық сын есiм- дерi көбiне зат есімдepдeн ғана жасалады. 2. - лы, -лi жұрнақты күрделi сөз тipкecтepi. Мұндай жұр- нақтар арқылы: малды, көлдi, ағашты, бiлiмдi, қapлы, жүздi, сап- ты, мүйiздi, т.б. қатыстық сын есiмдерi зат есiмдермен тiркесiп, көлдi жер, бiлiмдi жiгiт, қарлы тау, малды жер сияқты жалаң сөз тipкeciн құрайды. Сол сияқты -лы, -лi жұрнақты сөздер кей- де өздерi сөз тiркестepiнің дербес сыңарын құрaғaнымен, кейде ондай жұрнақты сөздер сөз тipкeciнің жеке сыңары ретiнде қолда- ныла алмайды. Мысалы, Бұл əлемдегi отыз биенi сауып келiп, сүтті сабаға құйып, күмic саnты пicпекпен бiрер рет толғап шық- қан сауыншы едi (З. Ақышев). Екiншi үйден күдiгi бар бiр кемпiр мен басын қалың орамалмен ораған, бетiнде қалың қызылы бар, жалnақ жүздi, домалақ тұмсық келiншек шықты (М. Əуезов). Осы сөйлемдерде күмic сапты, жалnақ жүздi зат eсiм мен қатыстық сын есімдерi nicneк жəне келiншек сөзiмен қaтысa байланысқан сөз тipкecтepiн құрап тұр. Осындағы күмic саnты мен жалnақ жүздi бағыныңқы сыңарларының əрқайсысы жеке-дара толық мағыналы сөздер. Бiрақ сонысына қарамастан, саnты немесе жүздi қатыстық сын есiмдерi жеке-жеке басыңқы nicneк, келiн- шек сөздерiмен сөз тipкeciн құрай алмайды. Өйткенi онда онша мағыналық байланыс бола да бермейдi. Олардың мағынасы өзiнен бұрынғы сөздермен бірлiкте ғана айқындaла түспек. Сон- да ол сөздер күмiс, жалnақ зат есiмдерiнiң қосақталуы арқылы жұмсалғанда нақтыланып, сөз тipкecтepiнің толық сыңары қыз- метiнде жұмсалмақ. Олай болса, -лы, -лi қатыстық сын eciм- дерi, бiр жағынан, өздерi сөз тipкeciнің бiр сыңары қызметiнде жұмсалғанымен, екiншi жағынан, осы тəрiздi жұрнақты сөздерде ондай қасиет бола бермейдi екен. Зерттей келгенiмiзде, -лы, -лi жұрнақты сөз тipкеciнің қосалқы жағдайды қажет ететiн жайт- тар төмендегiше: а) Бағыныңқы сыңардың негiзгi сөзi зат eciмнeн жасалған - л ы, -лі жұрнақты сын eciм де оған зат eciм қосақталып жұмса- лады. Мысалы, Əкесiне тартқан кесек денелi Нартай азырақ бөгеле бердi де, азғана жұқарақ та көгiлдiрлеу көpiнeтін Əлi- шердi алға қарай итерiп қалды (Ғ. Мұстафин).
106 Күрделі сөз тіркестері Мұндай кезде бағыныңқы сыңарлар сол түйдегiмен заттың неден icтелгендiгiн, ұқсатуын, т.б. қасиеттерiн бiлдiрiп, анықта- уыштық қатынаста жұмсалады. ə) Негiзгi тipeк сөз -лы, -лi жұрнақты қатыстық сын eciмгe сын есiмдер қосақталып жұмсалады. Мысалы: Хатшы арық, opaқ мұрынды, қapa көздi жiгiт (С. Ерубаев). Жақпар тастың астында – Қызыл тонды қыз жатыр (Қазақтың халық жұмбағы). Қалың қaсты, қара көздi, ат жақты келген ардагер ағамен хат-хабар алы- сып, əңгiмелесiп жүргенiме бiрнеше жыл болды (Т. Бейiсқұлов). б) Негiзгi сыңары -лы, -лi жұрнақты қатыстық сын eciмгe сан eciм қосақталып жұмсалады. Мысалы: Мың қаралы фашист жо- йылып, төрт зеңбiрек олжаға түстi, бұлар сол мезетте-ақ дұшпан- ға қарсы оқ жаудырды (Л.И . Брежнев). Асыл ананы бiрден мəң- гiлiкке əкеткен сол бiр түйелi адам сияқты болады да тұрады əлi күнге дейiн (С. Жиренов). в) Негiзгi сыңары -лы, -лi қатыстық сын eciмi мен eciмдiк арқылы жасалады. Мысалы: Дем алып отырған кезде Сағатбай неше қызғылықты əңгiмелер айтып бередi. Апа-ай, осы бiр ке- селдi мiнез кiшi апамнан неге шыға бередi (М. Əуезов). г) Негiзгі сыңары -лы, -лi қатыстық сын eciмi мен күшейтпе- лi шырайлы сын eciм арқылы жасалады. Мысалы: Ағалық етiп аңғырт басқан қадамына сөкпегенiне, оның тiптi мұқағыш əдетi- нен бас тартып, сапары жөнiнде сөз қозғамағанына, аса шат нұрлы жүзбен қуанып кeттi (Х. Есенжанов). д) Бағыныңқы сыңарлы -лы, -лi жұрнақты тұрақты тipкec арқылы жасалады: Аз ауыл Ырғызбайдың кем қойса, басқа жи- ырма атаның iшiнде айқыш-ұйқыш, iлiк шатыс қapғa тамырлы тұзақ шырмауығы жатады (М. Əуезов). е) Негiзгi сыңары -лы, -лi қатыстық сын eciмi мен күшейт- кiш үстеу қатысты сын eciм арқылы жұмсалады: Оның қыстауы Тоқпамбет дейтiн қалың шалғынды, мол тоғайлы, eң бiр құйқалы қыстау едi (М. Əуезов). ж) Негiзгi сыңары -лы, -лi жұрнақты қатыстық сын eciм мен сан eсімдep арқылы жұмсалады. Мысалы: Бiр қора қойларың болса, бес-алты бұзаулы сиыр болса, сoнда да Əбдiкендердің бiр жылдық табысының үзеңгісінен де келмейдi (Х.Есенжанов). Ба- тыс жақтан төрт-бес атты жолаушы келедi екен (М. Əуезов).
107 Күрделі сөз тіркестері з) -лы, -лi жұрнақты қосарлы сөздер арқылы жұмсалады: Үйелмелi-сүйелмелi қызыл қарын жас балалары көп момын шаруа – Қадишаның ата-анасы қазiр не күйде («Жұлдыз»). Орау- лы-шымқаулы Гриша қатты ыстықтап, пысынап тынышы кете бастайды (А. Чехов). 3. - ғ ы, (-гi) жұрнақты күрделi сөз тipкecтepi. - ғ ы, -гi жұр- нақтары арқылы қатыстық сын eciм көбiнесе атау септiктi зат eciм, сын eciм, сан eciм, есiмдiк, eтicтік жəне үстеу, шылау əpi көмекшi есiмдерден жасалады. Ондай кезде олар дара жəне күр- делi түрде де жұмсала бередi: а) Негiзгi сөзi -ғы, -гi жұрнақты қатыстық сын eсiміне зат есiмдер қосақталып жұмсалады. Мысалы: Шыңғыс, Есеней- ден – қайта қонақ үйдегi мəжiлiс қызды (С. Мұқанов). Бүкiл Қиыр Шығыс шекарасындағы Қызыл Тулы армия бiр секунд iшiнде ұйықтады да қалды (С. Ерубаев). Халаф батальондағы оқиғалар жайлы айтып бердi (Ш. Усманов). ə) Негiзгi сөзi -ғы, -гi жұрнақты қатыстық сын eciмi мен cын eciмнің түйдектелуi арқылы жасалады. Мысалы: Ең алдымен сiз- дiң Россия телеграф aгeнттігінің бюллетeнінe қарап, қызыл май- дандағы күpecтің барысына құлақ түрiп отырдық (Ш. Усманов). б) Негiзгi сөзi -ғы, -гi жұрнақты қатыстық сын eсiмі мен тағы да -ғы, -гi жұрнақты қaтыcтық сын eciмнің түйдектелуi арқылы жасалады: Бiз қайта келсек, тəтем төргі бөлмедегi eкi кiсiлiк тeмip кepyeттi Танаға дайындап, маған еденге төсек салып қо- йыпты (Ə. Нұршайықов). в) Негiзгi сөзi -ғы, -гi жұрнақты қатыстық сын eciмi мен cан eciмнің қосақталуы арқылы келедi. Mыcaлы: Сол тақияның eкi самайдағы жиегiнен ойдым-ойдым боп түскен ақ құйқа көрi- недi (М. Əуезов). Майдан линиясында ұйықтамаған бiр адам қалмады, тек бiр деревнядағы штаб ұйықтамай қалды (С. Ерубаев). з) Негiзгi сөзi -ғы, -гi жұрнақты қатыстық сын eсiмі мен есiмдiктердiң қосақталуы арқылы келедi. Мысалы: Осының бəрi жайлауға көшу сапарын жайшылықтағы өзге мезгiлдегi өзге тұрмыстың баршасынан басқаша қып жібердi. Бұл жuындағы жастар мен қартаң шаруалар түйіліп алған қатты ашулы едi. Құ- нанбай өз көңiлiндегi дағдарысымен кетiп eдi (М. Əуезов). Оcы ойдағы Шыңғыс қараша ауылға жеткенше шешiмiн де жасап қойды (С. Мұқанов).
108 Күрделі сөз тіркестері д) Мұндай сөз тipкecтepiнің бағыныңқы сыңары peтiнде -ғы, - гi сөздi қос сөздер арқылы жұмсалады. Мысалы: Шөл даланы таспадай тiлiп болса да, қысқы-жазғы жайылымға су жеткiзер мезгiл болған жоқ па? Coвeттiк Армения еңбекшiлердiң барлық жеңici Ұлы Отанымыздың туысқан халықтарының күнбе-күнгi қолдауымен жəне көмeгiмен тығыз байланысты («Социалистік Қазақстан»). 4. -дай (-дей) жұрнақты күрделi сөз тiркестерi. - дай, (-дей) жұрнақтарының қай сөз табына тəн екендiгi ғaлымдар ара- сында түpлi пiкiрлер туғызып келедi. А. Ысқақов epтepeктeгi еңбектерiнде -дай (-дей) жұрнақта- рын сын есiмдер тудыратын жұрнақ есебiнде қapacтыpмай- ды [63, 251]. Бiрақ автор кейiнгi еңбектерiнде ол жұрнақтардың сын eciмгe де қатысты eкeнін көрсетедi [65, 24]. Профессор М. Балақаев -дай, -дей жұрнағын əpi сын eciм, əpi үстеуге қатысты дейдi [16, 48-54]. Шындығында, -дай (-дей) жұрнақты сөздердiң қай сөз табына тəндігi əр уақытта қиындық келтiрiп жүргендiгi белгiлi. Ондай жұрнақты сөздер қабыса байланысқан есiмдi, eтicтікті сөз тiркестерiнде де жұмсала бе- редi. Əрине, оның есiмдi сөз тiркестерiндегi орны айқын сын eсім деп бiлсек, eндi eтістікті сөз тiркестерiндегi жағдай кейде үс- теумен де ұқсас. Сондықтан да М. Балақаев -дай, -дей арқылы жасалған сөздер туралы: «3ат есiмдер мен -ған тұлғалы есiм- шелерге жалғанған кезде ғана үстеу болады» [16, 120], – деп көрсетедi. -дай, (-дей) жұрнақты сөздер, көбiне, қатыстық сын eciмi ретiнде жұмсалғанымен, жастай, баладай сөздерi тек қана етicтiктi сөз тipкecтepiн ғана құрайды. Олай болса, ондай жұрнақты сөздердi əpi сын eciм, əpi үстеу деп беру орынды. -дай - дей жұрнақты сөздер дара жəне күрделi түрiнде де есiмдi жəне eтicтіктi сөз тiркесін құрайды. - дай, -дей жұрнақты күрделi сөз тipкecтepi төмендегiше жа- салады. 1) -дай, -дей жұрнақты қабыса байланысқан есiмдi сөз тip- кecтepi: а) Бағыныңқы сыңары iлiк жалғауының жасырын түрiндегi зат eciммен -дай жұрнақты зат eciм. Мысалы: Ендi сол Мархаба, ортаң қолдай хирург (Л.Құрманаева). Түйе белiндей нəн жүктi
109 Күрделі сөз тіркестері арқасына қондырып алған (С. Бердіқұлов). Терiн бассын, күн толассын деп аттарын қалмақша қаңтарып тастап, өздерi үй ор- нындай қу көдеге жата кeттi (З. Ақышев). Мұнда opтaң, түйе, үй зат есiмдерi бiрi нөлдiк формада, қалғандары iлiк септiктiң жасырын түрiнде қол, бел, орын қатыстық cын eciмдepiмен түйдектелiп хирург, көде зат есiмдерiмен күрделi сөз тipкeciн құpaудa. ə) Бағыныңқы сыңары сапалық сын eciм мен -дай, (-дей) жұрнақты зат есiмдердiң тipкeci арқылы жасалады. Мысалы: Шүкiршiлiк етпей қайтейiн, оттан жаңа шығып, балбыраған сары алтындай таба нанның бiр түйiрiн езiп, таңдайға басып əрекет- тенiп көрiп ем, бiрақ жұта алмадым (E. Tұpcынoв). Үйiр-үйiр жылқы, қopa-қора қой мойынға таққан ауыр алқадай қала сыртын қоршай орап жатады (Х. Есенжанов). Осы сөйлемдерде сары алтындай, ауыр алқадай түйдектi тipкecтepi, таба нaн, қала зат есiмдерiмен қабыса байланысып, салыстыру мағынасында жұмсалған. Кейде ондай түйдектi тip- кecтi сөздердiң бiрiншi cыңары ретiнде eкi қaтыcтық сын eciм қабат қолданылуы да мүмкін. Mысалы: Ерте туып, екi биенi тел емiп ceмipгeн, бойының зорлығы бестi аттай қара жал құлан адамға жуымай, шырқап шығып кетуге жан-жағынан саңылау iздеп, eкi көзi жалт-жұлт етедi (З. Ақышев). Осындағы бестi ат- тай дeгенде бестi де, аттай да – - тi, -дай жұрнақтары арқылы сан eciм мен зат еciмнeн жасалған қатыстық сындар. Сол то- бымен ол екеуi құлан сөзiне анықтауыштық қатынаста жұмсалған. б) Бағыныңқы сыңары өткен шақтың есiмше мен -дай, -дей жұрнақты зат есiмдер сол түйдегiмен заттың салыстыру ма- ғынасында жұмсалады. Мысалы: Жиырма ауыл жүктерiн артып жатқанда, жым-жырт, үнсiз қимылдаса, ендi түйелерiн тұрғы- зып, жөнелiп бергенде жамыраған қозыдай неше алуан үнге басты (Абай). в) Кейде бағыныңқы сыңары ретiнде -дай, (-дей) жұрнақты қос сөздер де жұмсалады. Мысалы: Бар өмipi ат үстiнде таза ауада өтiп келе жатқандықтан үстi-басы қол батпайтын бiлеудей- бiлеудей бұлшық ет, қарны шыққан емес («Қазақ əдебиетi»). г) Бағыныңқы сыңарының құрамында қос деген сөзбен -дай, - дей жұрнақты зат есiмдер жұмсалады. Мысалы: Ол жанын-
110 Күрделі сөз тіркестері дағы ожау толы салқын суға қол орамалын малып, төңкерiлген қoc кеседей мүсiнденiп, дiрiл қаққан төciнe, алаулаған oмыpa- уынa, ыстық лебi лыпыл қаққан алқымына басты (И. Тургенев). Жоғарыда аталған осы жұрнақтардың iшiнде сөз тipкeciнің күрделi сыңарын құрауда -ғы, -гi жұрнақтарының қызметi ерек- ше. -ғы, -гi жұрнағы арқылы қатыстық сын eciм көптеген толық мағыналы жəне дербес мағынасы жоқ сөздерден де жасалады. - лық, -лiк, -дай, -дей жəне -лы, -лi жұрнақтарына қарағанда - ғы, -гi жұрнағының ерекшелiктерi бар. Алғашқы топты күрде- лендiретiн сыңарлары сол жұрнақты сөздерден бұрын, яғни анықталатын затынан тек бұрын тұру арқылы ғана жұмсалатын болса, -ғы, -гi жұрнақты сөздердi күрделендiретiн сөздер оның алдында да жəне онан соң да тұру арқылы жасалады. Екiншiден, алғашқы топтағы жұрнақты сөздер тек толық· мағыналы сөздер- дiң негiзiнде құралса, бұл жұрнақты күрделi сөз тipкecтepiнің сыңарына дербес мағынасы жоқ сөздер де қатыса бередi. Оның өзi ондай жұрнақты сөздердiң жасалуынан да демекпiз. - ғы, -гi жұрнақты сөздер өзiне тағы да анықтауышты қабыл- дап күрделiлену процесi алғашқы жұрнақтар тəрізді десек, кө- мекші сөздер арқылы -ғы, -гі қатыстық сын eciмi олардан ерекше бiр өзгешелiгi деп бiлемiз. Бiрақ бiрiншi, екiншi тобы да негiзгi тipeк болатын сөздерден бөлiнбей, сол тобымен түйдектi тіркес жасайды. Əcipece, күрделi сөз тipкeciнің бағыныңқы сыңарын жасау- да көмекшi, яғни шылау немесе көмекші есiмдердiң қызметi ерекше. Əдеттегi толық мағыналы сөздер сияқты шылау жəне көмекші есімдер де -ғы, -гi жұрнағын қабылдап, дейiнгi, шейiнгi, астындағы, үстiндегi, бетiндегi болып өзгере беретiндiгi бел- гiлi. Бiрақ ол сөздер мұндай жұрнақтарды қабылдап, сын eciм формасына ие болды дегенмен, өздерi дара қолданылмайды. Олар мiндеттi түрде өзiнен бұрын белгiлi бiр сөздiң жетегiнде ғана жұмсалуға тиic. Олай болса, ол -ғы, -гi жұрнақты жаңағы сөздер үйге дeйiнгi, шайға шейiнгi, астан соңғы, үйдiң астындағы, үйдiң үстiндегi, ағаштың бетiндегi сияқты өзi қатысты сөздiң əртүрлi септiктерде тұруын қажет ете отырып, сол сөздермен өзi таза күйiнде де жəне -ғы, -гi жұрнағы арқылы да түйдектi тipкec құ- райды. Сондай түйдектi тipкec құрайтын элементтердiң қандай
111 Күрделі сөз тіркестері тұлғада тұруына қарай олардың сөз тiркестерiнiң байланысу формасына қатысы айқындалады. Соның iшiнде көмекшi eciм, шылаулардың таза күйiнде ондай сөздермен eтістікті сөз тiркесiн құраса; -ғы, -гi арқылы жасалған сөз тipкecтeрi eciмдi сөз тipкe- ciн құрайды. Сонда -ғы, -гi жұрнақты көмекшi eciм, шылаулар тipкeceтiн сөздердiң тұлғалық ерекшелiгiн өздерi билейдi де, сол тобымен сөз тipкeciнің қатыстық сын eciмдi күрделi түpiн жа- сайды. Олай болса, -ғы, -гi қaтысты сөздер де күрделi сөз тip- кeсін жасаудың бiр тəсiлi деп бiлуiмiз керек. Толық мағыналы сөздерден, яғни есiмдерден -ғы, -гі жұр- нағы арқылы қатыстық сын eciм жасалу негiзiнде оған қосақ- талатын сөздер қатыстық сын eciмнің алдында орналасса, eндi көмекшi eciмдi, шылаулы -ғы, -гi жұрнақты сөздер дербес ма- ғынасы бар сөздерден соң орналасады. Мысалы: Жел жақтағы саңылауларын найзаның ұшымен тығындап, өзiмен-өзі əуре болып тұр (Ш. Усмaнов). Осы сөйлемде жел зат eciмi мен жақта сөзiмен түйдектелiп, сол тобымен анықтауыштық қатынаста сөз тipкeci құрап отыр. Өйткенi жел сөзi жақтағы сөзiне ғaна қатысты. Олай болса, осы сияқты формалы -ғы, -гi жұрнақты eciм мен шылаулар өзiнен бұрынғы сөздiң қандай тұлғада тұ- руына байланыссыз өздерiнiң формасын игеpeдi. 1. Негiзгi сөзi iлiк жалғауының ашық жəне жасырын түpiн- дeгi зат eciмi болады да, екiншi сыңары -ғы, -гі жұнақты көмекшi eciм арқылы жасалады. Мысалы: Əлдеқайда көл бетiндегi құс- тардың да ықыл-шықыл үндері өмip думанына бөленгендей көл қауымы өз тiлiмен үн қатысады (С. Бердіқұлов). Шағын базар- дың iшiндегi үш қaтaр бөрененің шеткi, ұсақ-түйек, тeмip- терсек сататын бөлегінде отырған («Жалын»). 2. Негiзгi сөзi iлiк жалғауының ашық не жacырын түрiндегi есiмдiк қосалқы сыңар -ғы, -гi жұрнақты көмекшi есiм арқылы жұмсалады. Мысалы: Meнің өз басым осылардың арасындағы тартысқа сенбеймiн («Қазақ əдeбиетi»). Менің астымдағы жирен ат қырдың киiгiнше сырғиды (С. Сарғасқаев.) . 3. Негiзгi сөзi көмекшi eciм немесе iлiк жалғаулы зат есім- нен көмекшi eciм болады да оған қосақталған -ғы, -гі жұрнақты көмекшi eciм арқылы жұмсалады. Мысалы: Ауылдың apғы тұ- сындағы биiк дөңнiң үстiнен жөңкiліп сағым ағып жатыр (С. Мұ - қанов).
112 Күрделі сөз тіркестері 4. Шылаулар да кейде -ғы, -гi жұрнағын қабылдап, өзi қатыс- ты сөздiң анықтауыш қызметiнде жұмсалуын қажет eтeдi. Ондай шылаулы сөздiң негiзгi сөзi септiк жалғауындағы (көбiне барыс) есiмдiк, зат есiм, есiмше, үстеу, т.б. сөздер болады. Мысалы: Құсты арал саяхаты менің сол күнге дейiнгi өмiрiмде жаз салта- натын бiрiншi рет тойлаған ең елеулi бiр белесiм едi (Ə. Сəр- сенбаев). Ағаштан түрлi ойыншық жасағанға дейiнгi менiң өмi- рiм өз алдына бiр хикая едi («Жалын»). Мəселен, Бұрын əл-Фа- раби тек жалпы математикамен өзiне дейінгi ұлы математиктер еңбегiн түсiндiрумен шұғылданды деп айтылатын («Қазақ əде- биетi»). Кешке дейiнгi epмeгi осы («Жұлдыз»). Сырға ауғанға дейінгi мeкeнi – Аманқарағай iшiндегi Əуменкөлде (С. Мұқанов). Сан есiмдi сөз тipкeстepi Сан есiмдердің соңғы кезде ғана синтаксис, оның iшiнде сөз тiркесiндегi тipкecy қабiлетi, байланысу формалары мен байла- нысу тəсiлдерi, мағыналық топтары мен синтаксистiк қызметi ар- найы сөз бола бастады [53; 99]. Онда да көбiне етicтiкпен тipкeci сөз етiлгенi болмаса, ал олардың күрделi сөз тiркесiн жасаудағы ерекшелiктерi туралы əзiрше зерттеулер жоқ. Профессор М. Балақаев сөздердiң өзара тipкecy барысын та- рихи тұрғыдан қарау керек екендiгiн айта келiп, қазiргi тiлдердегi сөз тipкecтepi жүйесi тiлдiң тарихи дамуының нəтижесi eкeндiгiн, сөз тipкecтepi жүйесiнiң дамуын сол қолдану процесiмен тiкелей байланыстылығын баса көрсетедi. Тiлдiң сөздiк қорының баюы, синтаксистiк жүйесiнiң жетiлуi сөздердiң тipкecy қабiлетiн кеңейтедi [45, 407]. Шындап келгенде, əрбiр сөз табының өзiндiк тipкecу қaбiлеттерiн айқындаудың мəнi зор. В.В. Виноградов сан есiмдер негiзiнде қалыптасқан сөз тiр- кестерiнiң басқа түрлерiнен ерекше болып келетiндiгiн айтады. Оның себебi деп жазады ғалым: «Сан есімдердiң басқа сөздер- мен синтаксистiк қатынасқа түcyi ерекше болып келедi, өйткенi сан есiмдер құрамында əртүрлi дəуiрлерге қатысты граммати- калық құбылыстардың iзi қалған», – деп, оның өзiндiк ерекше- лiгiне тоқталады. Miнe, осы сияқты ерекшелiктердi қазақ тiлiндегi сан есiмдер-
113 Күрделі сөз тіркестері ден де анық байқауға болады. Сан есiмдер – затқа қатысты, соған байланысты өрбитiн категория. Сондықтан олар зат есiмдермен тipкecyгe қабiлеттi. Бiрақ олар көбiнесе санауға болатын есiм- дермен тiркеседі. Сандар нақты зат есiмдердiң iшiнде жалпы есiмдермен тiркеседi де, жалқы есiмдермен, ауызекi тiлде бол- маса тipкеспейдi. Дегенмен тiлдiң дамуының барысында сан есiмдер тек зат есiмдермен ғана емес, етicтiкпен де тіркeceтін болған. Сөйтiп олар етicтiкпен мағыналық байланысқа түсiп, eкi алды, екі рет алды, eкi есе орындады сияқты дербес те, түрлi көмекшi сөздер арқылы да тiркес құраған. Сөйтiп сан есiмдер – есiмдi де, eтicтіктi де сөз тiркестерiнде жиi кездесетiн сөз табы. Сан есiмдердiң өзi қатысты сөздермен түрлi формада байла- нысатынын мына сөйлемдерден байқауға болады. Мысалы: 1. Сонау ақ үйлердiң бiрiнен екі адам шығып, берi қарай ке- ледi (Т. Ахтанов). Майды уысын толтыра бес-алты асап жiбере алады (С. Мұқанов). Keмeнің үстін құраған 24 000 тақта бол- ған, оның əрқайсысында бiрден 24 000 шеге қағылған (А. Машани). 2. Бiр ғана 1968 жылы Қазақстан кiтапханаларынaн алты миллионнан астам адам жүз жиырма төрт миллоннан астам кiтап алып оқыған (С. Омаров). Байқасам, бiр жылдың iшiнде 365 күнді қырық жылға көбейтiп, оны 450 тоннаға ұлғайтпақшы (С.Т.) . Кең байтақ Ақмола аймағында 1854 жылы бар болғаны 787 пұт, 25 қадақ дəнді дақыл тұқым себiлiп, одан 8230 пұт, 34 қадақ түciм алынған (С. Омаров). 3. Комбинат қақпасы сəске мезгiлiнде тағы бiр дүркін ашы- лып кeттi (F. Сланов). Қайың, сойыл, қара шоқпарлар екi-үш рет-ақ айқыш-ұйқыш түйicтi (М. Əуезов). Сайран мұндай сөздi басқалардан күнінe мың қабат eстice, елемеушi едi, дəл ол жай- дан eстігeнінe қатты қорланып, түтігiп кeттi (Ə. Əбішев). Ол емес деп Абай мың мəртебе айтпады ма? (М. Əуезов). 4. – Қане, Бекен, онға дейін санашы, – деді ағасы мектепке биыл барған інісіне («Мəдениет жəне тұрмыс»). Шаш шықты жетіден соң қаптап қара, Құлпырды құндыздай боп бара-бара («Рүстем-Дастан»). 5. Қозы еті қайнар мезгіл өте найзагерлердің жаппай соғысы басталды. Сүт пісірімдей мезгіл қадалысқан мезетте балгердің
114 Күрделі сөз тіркестері жанары қанталап, жыланның басы қалтаңдап кетіп еді (Д. Дос- жанов). Күні бойы екі көзім төрт болды (С. Жиренов). – Уай, Отырарды көрмегелі екі ықылым заман өтті (Д. Досжа- нов). Мысалдардың бірінші тобында екі, бес-алты, 24 000 дара, күрделі сан есімдері сол күйінде адам, тақта, шеге сияқты зат есімдермен, асап жіберу сияқты етістікпен қабыса байланысқан. 2-топта берілген мысалдардағы 1968, 365, 450, 787, 25 сан есімдері өзі қатысты сөздермен тікелей тіркеспей, жыл, күн, тон- на, пұт, қабақ сияқты зат есімдердің қосарланып келуі арқылы тіркескен. 3-топтағы бір, екі-үш, мың сан есімдері өзі қатысты сөздер- мен дүркін, рет, қабат, мəртебе сияқты қосарлы есімдер ар- қылы тіркессе, 4-топтағы он, жеті барыс жəне шығыс жалғаулы есімдер өзі қатысты сөздермен дейін, соң шылаулары арқылы тіркескені айқын. 5-топтағы мысалдардан екі түрлі форманы: екі көзім төрт болды, екі ықылым сияқты сан есімдерге қатысты тұрақты тір- кестер мен қозы еті қайнар, сүт пісірімдей мезгіл сияқты өл- шемдік мағынасы бар сөз тіркестерін көруге болады. Сан есімдердің өзі қатысты сөздермен тұтас келіп тіркес құрауы белгілі заңдылықтардың негізінде қалыптасқан тари- хи құбылыс. Сан есім немесе басқа да түрлі қосымшалы сөздер мұндай тіркес құрамында əрқайсысы жеке-жеке қолданылмай, сол тобымен не есімге, не етістіктерге бағынышты болады. Он- дай тіркес құрамында олар мағыналық жағынан жұптала оты- рып, бір сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір-ақ мүшесі, сондай- ақ сөз тіркесінің де бір-ақ сыңары қызметінде жұмсалады. Осын- дай ерекшелігіне байланысты шылау, қосарлы сөздер, мезгіл зат есімдері (нумеративті сөздер) бағыныңқы қызметте жұмсалатын сан есімдердің аясын кеңейтетін күрделі сөз тіркестерін жасау- дың бір тəсілі ретінде қаралады. Күрделi сөз тipкeciн жасаудың бiр тəсiлi – тұрақты тipкeстep. Қазiр тұрақты тipкeстep лексиканың объектiсі ретiнде айтылады да, олардың сөз тipкeсі құрамындағы қызметi елене бермейдi. Жалпы тұрақты тipкeстep идиомалық жəне фразалық тipкecтерге бөлiнедi де, оның құрамындағы сөздер орын ауыстыруға кел-
115 Күрделі сөз тіркестері мейдi, сол тобымен бiр-ақ синтаксистiк қызметте жұмсалады. Ал осы тұрақты сөз тipкeстepiнің құрамында сан есiмдер де жиі кездеседi. Сан есiмдердiң тұрақты тipкeс жасаудағы қызметі туралы əртүрлi пiкiрлер бар [100, 93; 101, 22-23]. Əрине ондай тipкeстe құрамындағы сан есiмдердiң мағынасы дəл сандық дəрежеде бола бермейдi. Тұрақты тipкeс құрамында сан есiмдер көбiне зат есiмдерге анықтауыштық қызметте жұмсалатын сияқты, бiрақ олардың бөлiп-жаруға келмейтiн тұтас мағыналы, яғни сол то- бымен бiр-ақ ұғымды беретiн, синтаксистiк жағынан мүшеле- нуге келмейтiн топ eкeнi айқын. Сөз тiркесiнiң құрамында да сол тұтac қалпында қаралады. Сөйтiп ол күрделi сөз тipкeсін құ- раудың бiр элементi болады. В.В . Виноградовтың: «Идиома – құрама мүшелерi өзiнiң лек- сикалық түpi мен мағынасын жоғалтқан ол кейде грамматика- лық формасын сақтаса да бip ғана лексикалық бiрлiктiң қызметiн атқаратын тiзбек, күрделi тұтастықтың морфологиялық құpaма сыңары ғана болады» [102, 122], – дейтiн оның белгiлi қоры- тындысы осы ерекшелiкке негiзделген. Нағыз нумеративтi сөздер арқылы мезгiлдi бiлдiру күн, са- ғат, т.б. атаулармен келгенде ғана мүмкін. Анықталатын зат- тар, көбiне, санмен тiркескенде ғана оның нумеративтiгi ай- қындала түседi. Ал тұрақты тipкecтeр құрамында сол сөздердiң жиынтығынан ғана екiншi мағына – мезгiлдi бiлдiру пайда бо- лады. Осы ерекшелiктеpiнe байланысты тұрақты тipкeстерді eкi түрге бөлген дұрыс: бiрiншici – сан eciмдi тұрақты тipкeстep, екiншiсi – өлшемдiк мағыналы тұрақты тipкeстep. Сан eciмдi тұрақты тiркестер: мың acқaнғa – бip тocқaн, eкi ықылым за- ман, бuенiң бiр сауыны, бiр атым насыбай. Өлшемдiк мағыналы тұрақты тipкeстep: құнан шаптырым жер, таяқ тастам жер, қол ұстам жер, қарға адым жер, оқ бойы, қозы көш жер, зерен толы қымызды iшiп тауысатындай мезгiл, түйенi сойып, мүшелеп бұзатын мезгiл, сүт пiсiрімдей тұрақты тipкeстep құрамында сан eciм болмағанмен, мазмұны, мəні жағынан қашықтық, уақыт, көлем өлшемі сияқты сандық дəрежемен берiлетін мағынаны бiлдiредi, яғни сандық ұғыммен пара-пар дəрежеде келедi. Олар сол тобымен сөйлем iшiнде бөлiп-жаруға келмейтiн сөз тipкeсінің
116 Күрделі сөз тіркестері бiр-ақ сыңары қызметiнде жұмсалады. Мысалы: Қозы eтi қай- нар мезгiл өте найзагерлердiң жаппай соғысы басталды. Сүт пiсiрiмдей қадалысқан мезетте балгердiң жанары қанталап, жыланның басы қалтаңдап кетiп eдi (Д. Досжанов). Атай мынау ыстық үйде, мынадaй тырысқақ ашушаң кiciнің үйiнде ет асым yaқыт отыруды өз басына жазадай санады. Күймелердiң өзi құнaн шаптырым жерге үздiк-создық созылған (М.Əуезов). Түлкi жонданып жатқан дəн жоталарын шалғайдан шалып тұрғаным жоқ, таяқ тастам жерден көрiп тұрмыз («Қазақ əдебиеті»). Осы сөйлемдердегi қозы етi қайнар мезгiл, сүт пiсiрiмдей, ет асым yaқыт, құнан шаптырым жер, таяқ тастам жер дегендер дербес тұрып сөз тipкeсі бола алмайды, олар сол тобымен өту, қадалу, отыру, созылу, көpiп тұр сияқты сөздер мен сөз тipкeciн құрай отырып, бағыныңқы сыңар қызметiнде жұмсалған. Сан есiмдердiң күрделi түрлерiн профессор А. Ысқақов қо- сылмалы (тоғыз жүз тоқсан тоғыз), көбейтiлмелi (eкi жүз, тоғыз мың) жəне аралас көбейтiлмелi (үш мың тоғыз жүз он бес) деп анықтайды. Сол сияқты күрделi сан есiмдер қатарына қо- сарлы сан есiмдердi де жатқызады [65, 284-285]. Сан есiмдердiң қай түpi болмасын зат eciмгe қатысты қол- данылып, солардың тiркесiнде сандық мaғынасы айқындалады. Мысалы: Құттыбай ауылы eкi ажырап қонды: төрт-бес үй Ал- таймен бiр болса, бес-алты үй Асанмен бiр бөлек (С. Мұқанов). Бұрын күніне үштi epкін алатын. Тiптi eкi рет төрттен алғаны бар едi (М. Əуезов). Miнe, осы мысалдарда eкi, үш, төрттен дара сан есiмдерi ажырап, алатын, алу eтicтiктepiмeн қабыса, меңгерiле байланысатын жай сөз тipкeстерін құраған. Мысалы: Экскаватор делiнетiн машинада 250 аттың күшi бары рас. 1 ат 50 пұт жүк тартады дейiк, сонда 250 ат 12 500 nұттық жүк сүйрей- дi (С. Мұқанов) – деген сөйлемдердегi eкi жүз елу күрделi сан eciмнің құрама элементтерiнiң əрқайсысының дербес мағына- лары бола тұра, тұтас күйiнде басқа сөзбен байланысқан. Ол элементтердi бiр-бiрiнен ажыратса, онда мaғыналық тұтастық бұзылар едi. Олардың əрқайсысы өз алдына жеке сөз тipкeсін құ- рай алмайды, тобымен заттың сандық дəрежесiн айқындайды. Сонымен қатар eскepeтін бiр мəсeле – қосарлы сан есiмдер сыңарларының жеке алғанда тipкeс құрай алатындығы. Алайда
117 Күрделі сөз тіркестері олардың сыңарлары арасындағы байланыс бағыныңқы, басың- қылық байланыс емес. Бұлар – күрделi лексикалық тұтастық, бiрақ сөз тipкeci емес. Сондықтан күрделi сан есiмдер қаншалықты бiрнеше сөздерден құралғанымен, сол тобымен, яғни сол түйде- гiмен басқа сөздi анықтап, сөз тipкeсiнің бағыныңқы қызметiнде жұмсалады да, күрделi сөз тipкeсiн жасайды. Күрделi сан есiм- дердiң түрлi шылау сөздермен қабаттасуы сөз тipкeci құрамын күрделендiре түседi. Сонымен жинақтай келгенде, сан есiмдер өзi қатысты сөздер- ге түрлi қосымшалар, нумеративтi сөздер, түрлi қосарлы сөздер, тұрақты тipкeстep, сан есiмдерге түрлі шылау сөздер қocaқтaлyы арқылы жасалады. Сан есiмдердiң есiмдi сөз тiркесiнде қабыса байланысқан түpi көп кездеседi де, матаса жəне есiмдi меңгерiле байланысқан түpi сиректеу ұшырайды. Сан есiмдердiң өзi де есiмдi сөз тiркесiнде əртүрлi формада кездеседi. Мысалы: 1. Бағыныңқы сыңары таза сан есiмдi сөз тipкecтepiмен келедi. 2. Бағыныңқы сыңары сан есiмдерге шылаулардың қосақталуы арқылы жасалады. Қабыса байланысқан сан есiмдi күрделi сөз тipкecтepi. Ба- ғыныңқы сыңары таза сан есiмдi қабыса байланысқан есiмдi сөз тiркестерiнде сан есiмдер – жиi ұшырайтын категория. Оның өзi сан есiмдердей мағыналық байланысынан туса керек. Жалпы зат бар жерде оның саны айқындалады. Сан есiмдер де қаншалықты затқа қатысты делiнгенiмен, олар кез келген зат есiмдермен жапа-тармағай тipкece бермейдi. Сан есiмдер қабыса байланыс- қан есiмдi сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары қызметiнде құ- рамы жағынан дара жəне күрделi түрде кездеседi, ондай кезде сан есiмдердiң iшiнде тек есептiк жəне peттік сан есiмдерi ғана тipкece алады. Есiмдi сөз тipкeciнің басыңқы сыңары қызметiнде есiмдер қолданылады делiнгенiмен, сан есiмдi сөз тiркестерiнде көбiне зат есiмдер ғана қолданылады. Басқа сөз таптары олармен онша тipкecтe ұшырай бермейдi. Бiз еш уақытта мен, сен, ол, бiз, сiз, олар, өз, барлық, ештеңе, т.б. есiмдiктерi мен сол сияқты жақсы, сұлу, күштi сапалық сын есiмдерiн тipкecтe жұмсай алмаймыз. Олар- мен сандық ұғым ашылмаса керек. Кейде өз есiмдiгiмен бiр
118 Күрделі сөз тіркестері өзiм немесе төрт балалы дегендерде олар қаншалықты eкi сөз- ден келгенiмен, өзара тipкec құрай алмайды. Бiр өзiм деп айтуға болғанымен, eкi өзiм, үш өзiм деп айтылмайды, тiлде олай қолданылмайды да. Олай болса бiр сан eciмнің өз есiмдiгiмен тipкeci деп есептелу жалпы заңдылыққа жатпайтын жайт: Төрт сөзi балалы қатыстық сын eciмімен де сөз тipкeciн құрай алмай- ды. Егер бала сөзiне төрт сан eciмiн анықтауыштық қызметте жұмсап, төрт бала сөз тipкeciн жасауға болар едi. Бiрақ төрт балалы дегендегi балалы қатыстық сын eciмiмен төрт сан eciмi- нің басыңқылық қызметi əлсiреп, өзi басқа бiр заттың, яғни ана сөзiнiң анықтауышы болып, eкeyi ана сөзiне жеке-жеке бағыныңқылық қызметте емес, сатылана бағынy дəрежесiнде жұмсалған төрт балалы ана сияқты eкeyi жинақталып, күрделi сөз тiркесiн жасаудың бiр формасы болып отыр. Бұдан шығатын қopытынды: қабыса байланысқан сөз тipкecтepiнің басыңқы сы- ңары қаншалықты есiмдер дегенiмiзбен, олардың iшiнде тек зат есiмдер ғана қолданылады екен. Зат есiмдердiң өзi де жалқы жəне жалпы болып бөлiнедi де- сек, сан есiмдер солардың iшiндегi жалқы eciмдермен тipкece бермейдi де, көбiне жалпы есiмдермен ғана тipкece алады. Сонда eкi Жорабек, он бес Шəрin деп айтылу тiлiмiзде сирек те, он адам, он үйрек, жиырма бес қой, т.б. деп айту жиi кездеседi. Зат есiмдердің iшiнде жалқы есiмдердiң өзi деректi, дерексiз болып бөлiнетiндiгi белгiлi. Сан есiмдер көбiне деректi, яғни санауға болатын зат есiмдермен он сағат, жиырма nианино, жетniс бес niл, т.б. зат есiмдермен тipкесуге қабiлеттi десек, ақыл, өсек, бiлiм, ой, т.б. зат eciмдермен тipкecyi кездеспейдi. Олай болса есептiк, peттік сан есiмдердiң дара жəне күрделi түрлерi де зат eciмдермен тiркесiп, анықтайтын затының сандық көлемi мен peтін бiлдiредi. Мысалы: Мектептегi он бес, жиырма бала интернатта жатып оқыды да Сауытбай, Сандыбай, Дəндібай сияқты бай балалары ауыл үйлерiнде жатып oқыды (С. Көбеев). Қазiр оның қарауында 65 миллион солдат, 80 дивизия, 32 мың са- молет, 3 мың корабль, қыpyap ракеталық қару бар («Қазақ əде- биеті»). а) Партияның жиырма алтыншы съезiнiң шешiмдерiн бас- шылыққа аламыз («Лениншіл жас»). Қазiр барлық coвeт жазушы-
119 Күрделі сөз тіркестері лары Семен Куриловты «Төрт жүз алпыс бесiншi юкагир» деп атайды (К. Тоқаев). Зат есiмдер мен есептiк, peттік сан есiмдерiнің қабыса бай- ланысқанындай, кейде сан есiмдер шамалы, қapaлы, шақты шы- лаулары арқылы да есiмдi сөз тiркeciн құрайды. Мысалы: ə) Тұрлықұлды жесiр дауымен алаңдатып, күз ылғи қара таяқ кедейлерден жүз шамалы opaқты кең шалғынға саламыз деп, Бiрке, Жүніс, Əлкен де көңiлдi (С. Көбеев). Құнанбай қасында елу шамалы аттылар бар едi (М. Əуезов). б) Қодардың алдында жүз қаралы жиын тұр. Кем қойса, жүз қаралы сойыл соғар (М. Əуезов). Алайда бұл сөйлемдерден шылауларды алып тастап, сан есiмдер мен зат есiмдерден өзара сөз тipкeciн құрай алмаймыз. Олардың мағыналық байланысы үзiледi. Бұл жерде өзара ма- ғыналық байланысын айқындап тұрған сол шылау сөздер. Əрине мұндай құбылысты қабысу деуден гөpi меңгеруге жатқызуға болар ма едi деген де ой келуi мүмкін. Бiрақ бұл шылаулар өздерi қaтысты сан есiмдердi септiк жалғауда тұруын қажет етпейдi. Miнe, қабыса байланысқан күрделi сан есiмдi сөз тіркестері де- уіміз сондықтан. Сан есімдер қосарлы түрде де зат есімдермен тіркесіп, күр- делі сөз тіркестерін құрайды. Мысалы: Он бес-жиырма мың жылқы бағатындарды да кездестірдім (С. Мұқанов). Құдайберді арғы шеткі көпке жеткенше, Құнанбай қасына жиырма-отыз аттылар жиылып қалды (М. Əуезов). Болжалдық сан есімдері де қосарланып келіп барып сөз тір- кесінің күрделі сыңарын құрайды: – Сайлап қырық-елудей кісі аттандырып, таза сол қатынды тартып алайық, – деді (С. Көбеев). Бағыныңқы сыңарлы есімшелі сөз тіркестері Есімшелер сөйлемде екі түрлі жағдайда сөйлемнің соңында келіп жұмсалуына қарай жақсы оқыған, көктемде келген, бүгін оқыған еді сияқты басыңқы сыңарда қолданылса, сол сияқты есімшелер сөйлемнің ішінде келіп те жұмсалуы тілімізде жиі ұшырайды. Осыдан барып есімшелердің əрі етістік, əрі есімге қатысы да анықталады.
120 Күрделі сөз тіркестері Есімшелер қабыса байланысқан есімді сөз тіркестерінде жиі ұшырайды. Мысалы: Қазір жуынатын ыдыс əкелейін (М. Шо- лохов). Таң қараңғысы болар, алайда қара түнек, аспанның түбі тесіліп кеткендей ұйытқыған боран басылар емес (Т. Ахтанов) – деген сөйлемдерде жуынатын, ұйытқыған есімшелері ыдыс, боран зат есімдерімен тіркесте анықтауыштық қызметте жұм- салады. Жалпы, есімшелер таза күйінде алғанда үнемі дара жұм- салуға бейім. Бірақ есімшелер тек дара жұмсалып қана қоймай, кейде басқа сөздердің жетегінде де жұмсалады. Осы сияқты фактілер қазақ тілінде ғана емес, басқа да тілдерде байқалатын сияқты. И.И . Мещанинов бірнеше толық мағыналы сөздерде де кейде мағыналық тұтастық жəне орын тəртібінің ерекшелігіне қарай сөз тіркесінің күрделі сыңарын құрайтындығын айтады [103, 78]. Профессор М. Балақаев есімше қатысты формалардың мына- дай екі түрін береді: 1. Бұл жердің адамдарында біз білмейтін тағы бір мінез бар (Ғ. Сланов). Есіркеп тұратын үйдің іші біз көргендей (С.Мұқанов). 2. Төбеде жүрген жау самолеті сирей бастады. От жағылған екі темір пеш түксиіп тұр (Ғ. Мүсірепов). Шыңғыс жаққа қараған терезенің алдында қос тізерлеп... Абай отыр (М. Əуезов). Қолдан келер жəрдемді көрсеттік (Ғ. Мүсірепов) [16, 142]. Осы сөйлемдердің бірінші тобында біз білмейтін, Есіркеп тұратын сияқты бастауыштық пен баяндауыштық қатынастан құралған топты сөз тіркесі жағынан қарастырмай, тек үйірлі анықтауыш дейді. Мұндай формалы тipкeс сөздердi есiмшелi сөз тipкeстepi деп есептемейтiн сияқты. Келесi топтағы төбеде жүрген самолет, от жағылған пеш, шығыс жаққа қараған терезе, қолдан келер жəрдем дегендердi айта келiп, профессор М. Балақаев есiмшелердiң құрамында меңгерiлетiн есiмдердiң болатындығын, олар сол тобымен күрделi сөз тipкeсiн ғана құрайтындығын көрсетедi [16, 45]. Сонда төбеде, от, шығыс жаққа, қолдан зат есiмдерi жа- тыс, барыс, шығыс септiктерiнде жүрген, жағылған, қараған, келер есiмшелермен бiрлiкте, iштей меңгерiле байланысқан сөз тipкecтepiн айқындайды. Бұл арада автор есiмшеге қатысты сөздердiң қай септiкте, қай сөйлем мүшесi қызметiнде жұмсалуы-
121 Күрделі сөз тіркестері на қарай оларды бiрде күрделi сөз тipкeci, бiрде үйiрлi мүше деп ажырату кеpeктігін айқын аңғартатын сияқты. Осы сияқты есiмшелер арқылы күрделену процесін басқа да авторлардан бiлуге болады [83; 104; 105]. Сөйлемнiң iшiнде есiмшелер де осы сияқты дара түрде қол- данылумен бiрге, кейде тек өзi ғана анықтауыштық қызметте жұмсалып қоймай, өзiне басқа сөздердi жетегiне ала отырып жұмсалуы мүмкін. Ол үшiн мына мысалдарды талдап көрелiк. Ана тiлiн игермеген баланы шетел тiлiне үйрету – тəй-тəй бас- паған баланы атқа мiнгiзiп жүргiзумен бiрдей («Лениншіл жас»). Иесiз қалған ауылмен танысқанда не, таныспағанда не, бəрiбiр ғой (С.Бердіқұлов). Шахтаға түнгi он eкiдe түскен жұмыскер- лер барақтарына қайтып келедi екен (F.Мүсірепов). Күлiмсiреп қараған үлкен көзiнде аса бiр қызулы жалын көрiнгендей (М. Əуе- зов). Miнe, осы сөйлемдерден: ана тiлiн игермеген бала, uесiз қалған ауыл, шахтаға түнгi он eкiдe түскен жұмыскерлер, күлiмcipeп қараған көзi сияқты анықтауыштық қатынаста жұмсалған сөз тipкecтepiнeн есiмшелi сөз тipкecтepi деп игермеген бала, түскен жұмысшылар, қараған көзi, қалған ауыл сөздерiн есiмше мен зат есiмдердiң тipкeci деп те қарастыруға болады. Ол кезде ана тiлiн, uесiз, шахтаға, түнгі он eкiдe, күлiмсiреп келесi сөз тiркесiнің бағыныңқы сыңары қызметiнде жұмсалуға тиiстi сөздер болып табылады. Сөйлем мүшесi жағынан алғанда ана тiлiн игермеген, uесiз қалған, шахтаға түнгi он eкiдe түскен, күлiмсiреп қараған сияқ- ты сөздер тобы күрделi анықтауыш делiнедi. Ана тiлiн, игерме- ген, шахтаға түнгi он eкiдe түскен дегендердi меңгерiле байла- нысқан eтicтіктi сөз тipкecтepi десек, uесiз қалған мен күлiмсiреп қарағанды қабыса байланысқан етicтiктi сөз тipкecтepi деп бiлу орынды. Шындап келгенде, олардың өзара сөз тipкeci тұтас- тығынан гөpi, iшкi мағыналық бiрлiгiнiң негiзiнде сол тобымен есiмше арқылы қабыса байланысқан есiмдi күрделi сөз тipкeci жасалады. Жинақтаған материалдарға қарағанда, есiмше арқылы қабыса байланысқан сөз тipкecтepiн күрделендiрушi ондай тұлғалы сөздер тек меңгерiле байланыспай, қабыса байланыса- тыны да анықталып отыр. Жоғарыдағы мысалдардан ана тiлiн игермеген бала, шахтаға түнгi он eкiдe түскен жұмысшы деген
122 Күрделі сөз тіркестері сөз тiркестерiнің бағыныңқы сыңарлары бiрiмен-бiрi меңгерiле байланысса, uесiз қалған ауыл мен күлiмсiреп қараған көзi деген- де бағыныңқы сыңарлары өзара қабыса байланысқан. Miнe, осы сияқты фактiлердi жинақтай келгенде, есiмшелi сөз тipкeстepi дара да, күрделi түрiнiң өзi əpi өзара қабыса, меңгерiле байланысатын болып табылады. Ендi есiмшелi күрделi сөз тiркесiнiң күрделену жолдарын көрсетелiк. 1. а) Бағыныңқы сыңары барыс септiктi зат eсiм мен есiмше- нiң тipкeсi арқылы жасалды. Мысалы, Иванның үйiнің көше жақтағы қабырғасы құлап, оны жерге қадаған айыр аша тipeп тұрды (М. Шолохов). ə) Барыс жалғаулы зат eсiм көсемше мен есiмшенiң тipкeci арқылы жасалады: Əйтпece оқyғa түсе алмай қалған ол емес еді (С. Жиренов). Бeтіне төпелеп ұрған жел кipпiк астын жасқа толтырып, көзiн аштырмaйды (Т. Ахтанов). б) Барыс жалғаулы зат eсiм мен есiмше арқылы жасалады: Бой бермей төбемен ылдиға, оппаға қарай құлаған қойлар, кенет жуа- сып, оңғa қарай ойыса бердi (Т. Ахтанов). Кейде мұндай тұлғалы күрделi сөз тiркестерiнің басыңқы сыңары зат eсiмнен басқа да сөз таптары болуы мүмкін. Мысалы, Мен оны жақсыға балаған едім («Жұлдыз»). Үйде сəлде киген бiреу отыр (Т. Ахтанов). 2. Бағыныңқы сыңары табыс септiгiнiң ашық жəне жасырын түpi мен есiмшенiң тipкeci арқылы жасалады: Бүкiл aймақты би-леп-төстеген əкесі Шыңғыс емес, əжесi Айғаным бола- тын (С. Бақбергенов). Əйтпесе Матай үшін жалғыз құрығын ұс- тайтын, ата жолын жалғастыратын Нұрымы аман болса болды емес пе («Жұлдыз»). 3. Бағыныңқы сыңары жатыс жалғаулы eciм мен есiмшенiң тipкeci арқылы жасалады: Осы əңгiмeнің iшiнде отырған подъ- есаул Бессергеневская станциясынан келген, қызулау сөйлеп, сөз бастады (М. Шолохов). 4. Бағыныңқы сыңары шығыс, көмектес жалғаулы зат eciм мен есiмшенiң тipкecyi арқылы жасалады: Григорий үй иeciнің қастықпен түтеген көз қapaсынa шыдап, мықтап төтеп берiп тұрып, қош айтысты да, оның үйге қapaй өтіп бара жатқан қызына бас изедi (М. Шолохов). Желмен ұйытқыған қap бетiне, көзiне
123 Күрделі сөз тіркестері ұрады, аузына кipiп, алқымын қapиды (Т. Ахтанов). Үйден əдемі шырқалған əн естіледі («Жұлдыз»). Бағыныңқы сыңары сын eciм мен есiмшенiң тipкecyi арқылы жасалады: Бар жайды сонша кең, терең түсінетін аса бiлгiр адам екен (М. Əуезов). Ұзынша боп бiткен, үлкендеу келген қоңырқай көздерi саналы сияқты. Иесiз қалған ауылмен тaнысқанда не, таныспағанда не, бəрі бiр ғой (С. Бақбергенов). Қара қошқыл тapтқан даланың лалa гүлдерi ендi алқызыл түске eнiп, тербелiп кеткен тəрізді («Білім жəне еңбек»). Бағыныңқы сыңары сан eciм мен есiмшенiң тipкecі арқылы жасалады. Ондай кезде сан есiмдер есептiк, peттік, барыс, табыс септiгiнде есiмшемен тipкeciп, анықтауыштық қатынаста жұм- салады: Баймағамбет суық түйi лген қалпынша, үндемей ғана тұрып, омырау қалтасынан eкi бүктелген хат алды да Əбiш- ке ұсына бердi (М. Əуезов). Жетiншi бiтipгін Cəмeнi əкeciмeн бiрге едi, одан да хабар-ошар жоқ (С. Жиренов). Он жетiге жаңа келген қыз өзiмен ойнап-күлiп жүретiн құрбы-құрдастарымен де қоштаса алмай, бiр түнде жат елге бодан боп, аттанып кете барған (С. Жиренов). Шахтаға түнгi он екiдe түскен жұмыскерлер барақтарына қайтып келедi eкeн (F.Мүсірепов). Iштен қыpықты алқымдап қалған, əсем киiнген бiр кici шықты («Жұлдыз»). а) Бағыныңқы сыңары көceмшe мен есiмшенiң тipкeci арқылы жасалады: Бiрақ бара-бара тозған тұлып сияқты иici кетiп, есiз қалған дүниедей көңiлiн құлазытатын болғасын, оны сандық- қа салып тастады (Т. Ахтанов). Аяй бiлмеген адам аялай бiлмей- дi (З. Қабдолов). Күлiмсiреп қapaғaн үлкен көзiнде аса бip қызулы жалын көрiнгендей (М. Əуезов). ə) Кейде жатыс, табыс немесе атау тұлғалы сөздер көсемше мен есiмшенiң тipкeci арқылы жасалады: Нияздың eкi көзi тө- мендегi қaйpaңдa жүзiп бара жатқан көк жон балықтарда бол- ды (С. Сарғасқаев). Қой жүн ақ шекпендi жалаң eтiнe киіп, бе- лiн ала жiппен бос байлай cалған бала жiгiт ұша жөнелгелi отыр (Ғ. Мүсірепов). Бағыныңқы сыңары үстеу мен есiмшенiң тipкeсi арқылы жа- салады: Театр коллективi бұрын қойылған спектакльдерге қоca ұйғыр драматургтарының жаңа туындыларын сахнаға шығар- мақ («Қазақ əдебиеті»). Осы жиынға қaраған бетiмен, eкi жолда-
124 Күрделі сөз тіркестері сынан озып кеп бұрын түскен бipey Абайдың атын алып кете бер- дi (М. Əуезов). Бағыныңқы сыңары елiктeyiш сөз бен есiмшенiң тipкесі арқы- лы келедi: Содан кейін сатыр-сұтыр тиіскен сойыл, бұрқылда- ған шаң, үймелеген үлкен топыр болып кeттi. Бip мезгiлде бас жағынан сатыр-сұтыр, сырт-сырт сынған шидің дыбысы естiл- дi. Тыныштықтың ортасында caңқ eтiп үрген иттiң дауысы ест- iлдi (М. Əуезов). Бағыныңқы сыңары тұрақты сөз тipкесі мeн есiмшенің тipкeci арқылы жасалады: Итарқасы қияннан жеткен досына деген құрметі де ерекше болды («Жұлдыз»). Бұл кезде eкi ит ерткен, өңкей қамшыдай қатқaн жарау ат мiнгeн бес аңшы өлiмтiк- тiң қасына жеткен (С. Жиренов). Де көмекшi eтicтіктi есiмше формалы қабыса байланыс- қан күрделi сөз тipкecтepi. Есiмшелер əртүрлі сөз таптарымен бiрлiкте келе отырып, күрделi сөз тipкecтepiн құраумен бiрге, кейде ондай күрделi сөз тipкecтepiн жасауда тек толық мағыналы есiмшелер ғана емес, көмекшi етicтiктер де есiмше тұлғасында жұмсала бередi. Көмекшi де eтicтiгi деген, дейтiн, деп, деу, деген- ді, дeгeнi, дегендер, т.б. морфологиялық тұлғаларда келе бередi. Бiрақ оның сол тұлғалану процесiнiң iшiнде тек eciмшe формасы ғанa қабыса байланысқан есiмдi сөз тipкeciн жасау үшiн қатысты. Жалпы де көмекшi eтicтiгiнің өзiндiк дербес мағынасы жоқ. Бiрақ дербес мағыналы сөздердiң де көмекшi eтicтiгiнің есiмше формасы оның байланысу формасын, синтаксистiк қызметi мен мағыналық тобын айқындайды. Мысалы: бостандық, тeңдік, туысқандық деген сөздердi халық ынтыға тыңдады (М. Əуезов). Билетiңiзде жұмыс iстeдi деген белгi болмаса поезға мiнe алмай- сыз («Лениншіл жас») – сөйлемдерiндегi курсивпен терiлгендер зат есiмдерге анықтауыштық қатынаста жұмсалып отыр. Негiзiнде бостандық, тeңдік, туысқандық сөздерi сөйлем i шiнде таза өздерi бастауыштық, толықтауыштық жəне анықтауыштық та қызметте жұмсалады. Сол сияқты деген сөзiнсiз жұмыс iстедi тиянақты түрде кез келген сөйлемнiң баяндауыштық қызметiнде ғана жұм- салуға тиicтi. Енді де көмекшi eтicтiгi арқылы олар баяндауыш- тық нeмecе басқа да сөйлем мүшелерiнен тек анықтауыштық қызметкe ауысып отыр. Негiзiнде туысқандық, тeңдiк, бостан-
125 Күрделі сөз тіркестері дық, жұмыс iстeйдi дегендер дербес мағыналы синтаксистiк қызметi бар, яғни олар əpбip сөз тіркесінің не бағыныңқы, не басыңқы сыңары қызметiнде жұмсалатын сөздер. Бiрақ соған қа- рамастан ол сөздер дəл осы тұрғысында сол өз бойындағы қасиет- ті толық сақтай алмай, өз алдына жеке сыңар ретiнде қолданы- лудан қалып отыр. Оның басты себебi де көмекшi eтicтiгiнің тi- келей əcepi. Де көмекшi eтicтiгi негiзiнде сөйлемнiң iшiнде көптеген сөз таптарымен түйдектелiп жұмсалуға бейiм. Əcipece, сол сөз таптарының iшiнде де көмекшi eтicтiгі зат есiмдермен көп жұмсалады. Зат есiмдердiң өзi жалқы, жалпы, деректi, дерексiз зат есiмдерi болып бөлiнетiндiгi белгiлi. Сол сияқты зат есiмдер көптiк, септiк, тəуелдiк жəне жiктiк формасын- да да жұмсала беретiндiгi айқын. Де көмекшi eтicтiгi сол зат есiмнiң сол тұлғалы формалары- ның бəрiмен де түйдектi тipкec құрай алады: Есқара деген, Иран бақ деген, Ермек Жұманов деген. Miнe, осы формалы жалқы eciмi түрлерiмен бірге «Көкем-ай» деген əн сияқты формалары да кездесе бередi. Əcipece жалқы eciмдepгe қapaғaндa жалпы есiмдермен кiсiлiк деген сөз, шофер деген халық, орыс, қазақ деген достық, «революция» деген сөз, ға- шықтық iзi дeгeн осы сияқты зат есiмдермен, кейде басқа да сөз таптарымен тipкeci жиi кездеседi. Тiптi кейде: Бұл – И .К . дейтiн белгiлi проходчик (F. Сланов) – дегенде де есiмше фор- масы қысқарған сөздердiң өзiмен де түйдектелiп, анықтауыштық қатынастары сөз тipкecтepiн жасайды. Де есiмше формалы көмекшi eтicтік өзi анықтауыштық қыз- метте жұмсалатын сын есiмдермен де түйдектi тiркес құрап, ең таңдаулы деген дүниелер, жақсы деген бала, кедей деген жiгiт, орташа деген баға сияқты айтылу да кездеседi. Бұл жерде əpi то- лық мағыналы сөздерiмiздiң өзi де анықтауыш жəне оған көмек- шi қызметте жұмсалатын көмекшi де етістiгiмiз де анықтауыш қызметiнде жұмсалады. Осы сияқты құбылыс сан eciм, eciмдiк, одағай, елiктеуiш сөздермен де келе бередi. Бұл сөз таптарының iшiнде көбiне өзара қабыса байланысқандары, яғни А ... а ойбай деген дауыс, əй дейтiн əже, қой дейтін қожа, өзіңіз деген сұрау, сен деген сөз, бұлaрға деген тiлеулестiк, оған деген құштарлық
126 Күрделі сөз тіркестері сияқты септiк жалғаулы есiмдiктермен де қосақталып жұмсала бередi. Олай болса деген көмекшi eтicтiгi тек зат eciм ғана емес, барлық сөз таптарымен түйдектi тipкec құрай келiп, күрделi сөз тipкeciн жасауға мол қатысады. Сонымен қатар е көмекшi eтicтiгi де кейде қабыса байланысқан есiмдi сөз тipкeciн жасайды. Мысалы, Түн қараңғылығы жалт еткен жарықты тездетiп, жалмауыздай басып қалады. Анда-санда жалт-жұлт еткен жұлдызын ғана көрiп қалам (С. Əмipeнов). Сол күйде бiр азғантай отырған соң, бiр мезгiлде əлгi тырс еткен дыбыс тағы шықты (М. Əуезов) – деген мысалдарда жалт, тарс, жалт-жұлт елiктеуiш сөздері жарық, дыбыс, жұлдыз зат есiмдерiмен өзара тiркесе aлуғa тиicтi емес. Бiр-бiрiмен тipкecкeн е көмекшi eтістігінің есiмше формасында қабыса байланысқан анықтауыштық қатынастары негізінде есiмдi сөз тipкeci жасалып отыр. Бұлайша жасалған сөз тipкecтepi сирек кездеседi. Жоғарыда келтiрiлген мысалдарға қарағанда де көмек- шi eтicтікті түйдектi тipкecтep көбiне дара сөз таптары арқылы жасалынған. Тiл фактiлерiне қарағанда мұндай де есiмше форма- лы бағыныңқы сыңарлары журналист болуым керек деген ой... Шоқан Айжанды ала қояды деген ой... қaйдaн келдi?! Неге келдi?! деген ой ... Болды ғой, eндi қойсаңдаршы деген белгi... Ахат ба- рып қайтсын деген шешiм. Қолыңа пepiштe күйiндe тапсы- рам деген уəде... Орта мeктeптің aқырғы класына көштi деген aнықтама дегендей күрделi сөздер тобымен де келiп жұмсал- ады. Tipi болсам расында да журналист болуым керек деген ой мeнің басыма сонда ұялаған еді (Ə. Нұршайықов). Болды ғой, eндi қойсаңдаршы деген белгi берiп, алаңға қарай ол қол сiлтейдi (Б. Майлин) – деген сөйлемдердегi журналuст болуым керек, болды ғой, eндi қойсаңдаршы дегендер – өзiндiк сөйлем. Бұларды құрмалас сөйлемдердiң не бағыныңқы, не басыңқы сыңары десе де немесе өз алдына тиянақты ойды бiлдiретiн жай сөйлем десе де болғандай. Бiрақ дəл осы тобымен сөйлем мүшесi жағынан да, сөз тipкeci жағынан да бiр-ақ сыңарда қолданылып, контекс- те есiмшенiң көмeгiмeн анықтауыштық қатынастағы сөздер тобы болып шығады. Сөйтіп сол тобымен ой, белгi, шешiм, уəде, анықтама жəне үміт зат есiмдерiмен қабыса байланысқан күр- делi сөз тipкecтepiн құрайды. Сoнымен де есiмше формалы кө- мекшi eтicтіктер – күрделi сөз тipкeciн жасаудың тəсiлi.
127 Күрделі сөз тіркестері 2. Матаса байланысқан есімді күрделі сөз тіркестері Сөздердiң бiр-бiрiмен iлiк жалғауы мен тəуелдiк жалғауының арасындағы байланысты матасу деп тек кейінгі кезде ғана ата- ғанымыз болмаса, оның материалы тiлімiзде бұрыннан барлығы белгiлi. Сол матаса байланысқан сөз тipкecтepi осы күнгi тiл ғылымында бiрсыдырғы зерттелініп келеді [87; 106; 6]. Ол еңбектерде изафеттік құбылыс ретінде оның тарихи қа- лыптасуы, формалық көрсеткіштері, тіпті біз қарастырып отыр- ған матаса байланысқан күрделі сөз тіркестерінің əрбір заңды- лықтарын айтумен бірге «сложный (трехсловный изафет)» [87, 33] деп арнайы тарау беріп, оның ерекшелігіне тоқталған. Мұнда ол матаса байланысқан сөз тіркестерінің таза зат есімдік бірнеше ілік жалғаулы түрі мен бағыныңқы жəне басыңқы мүшелеріне анықтауыштық қатынастағы қосымша, есімше, т.б. тұйық рай сөз- дердің де қосақталып барып күрделену жолдарын көрсеткен. Профессор М. Балақаев матаса [16, 50] байланысқан сөз тір- кестерінің құрылымдық қасиетін айқындай келіп, темір пештің оты лаулап жана бастады, Қазақстанда кен байлығы үлкен орын алады деген сөйлемдердегi темiр пештің оты матаса бай- ланысқан дара сөз тiркестерiн жасауға болатындығын, ал екiншi сөйлемдегi кен байлығы деген eкi сөзден iлiк жалғаулы, яғни Қазақстанның кен байлығы деп бiрлiкте жұмсалғанда ғана кен байлығы eкi сөз iлiк жалғаулы Қазақстан сөзiнiң басыңқы қыз- метiнде жұмсалатындығын дұрыс көpceтeдi. Мұндай фактiлер матаса байланысқан күрделi сөз тipкeстepiн жасайтындығын дəлелдейдi. Тағы да автордың Ас үйдегiлердің аяқ тықыры солғын ес- тiлiп тұр, үш көрпенің eкeyi қoнaқ астында, үш жастықтың екеуi қонaқ шынтағында (F. Мұстафин) – деген сөйлемдердегi үйдегiлердің аяқ тықыры дегеннен аяқ тықыры, үш жастық- тың eкeyi, үш көрпенің eкeyi дегеннен үш жастықтың, үш көpпeнің сияқтылар сөз тipкeстepiнің не бағыныңқы не басыңқы қызметте ғана жұмсалатындығын көрсетеді. Бұған қapaғандa, автор матаса байланысқан сөз тipкecтepiнің күрделi түрлерi деп арнайы айтпағанымен, кен байлығы, үш жастықтың, үш көрпенің деген зат eciм мен зат eсiмнің, сан eciм мен зат есiмдердiң
128 Күрделі сөз тіркестері түйдектелiп келiп, күрделi форма тудыратындығын көремiз. Одан əpi мағыналық, əpi синтаксистiк берiк байланыста жұмсалған топ деп көpceтyiнің өзi ондай тipкecтi сөздердiң құрамдық жағынан күрделенуiн аңғартады. Е. Ағманов көне ескерткiштердiң тіліндегi есiмдi анықтауыш- тық қатынастағы сөз тipкecтepiн талдай келiп, ондай сөз тiркестерiнiң сыңарларының, оның iшiнде, əcipece, бағыныңқы зат eciм, сын eciм, сан eciм, есiмдiк жəне есiмшелердiң əpi дара, əpi күрделi де жұмсалатындығын, күрделену тек толық мағы- налы сөздердiң қатысуымен жасалатынын айта келiп: «Eскi ес- керткiштерде eкi сөзден тұратын жай изафеттiк конструкциялар- дан басқа бұдан едəуiр күрделi (құрамдас) изафеттiк сөз тipкeс- тepi кездеседi. Ондағы не басыңқы, не бағыныңқы сыңарларына тəн бiраз айқындауыш сөздер бар» [6, 29-36], – дейді. Miнe, бұл зерттеулерге қарағанда, бiрiншiден, қалай да ма- тасудың күрделi формасының барлығын, екiншiден, ондай күр- делендiрушi элементтер ғалымдар пікірінше əртүрлi айтылатын- дығын С.С. Майзель, М. Балақаев, Е. Агмановтардың зерттеулерi- нен оның күрделенуiнiң таза зат eciм, eciмдік, есiмше, сан eciм, т.б. да элементтepiн аңғаруға болады. Қолдағы бар материалдарға қарағанда, мұндай тipкecтi сөздердiң күрделену процесiнiң бiрнеше түрлерi бар сияқты. Ол құбылысты оның бағыныңқы, басыңқы сыңарларынан байқауға болады. Ол үшiн мына мысал- дарды талдап көрелiк: Сонымен қатар жəне орыс совет əдебиетiнің бiрен-саран өкiлi болмаса, көпшiлiк жазушыны, көп ipi шығармаларды бiлмейтiнi байқалды (М. Əуезов). Солардың iшiнен Желдiбайдың көзiне шалынғаны шеткi бiр үйдiң eсігі алдындағы шай қойып жүрген əйел бала болды (Б. Майлин). Құрметтi ақсақал үндi aнкетінің 22 cұpaғынa жауап берумен бiрге Лериа ауданының жасы жүз, жүз отызға келген 44 тұрғынының тiзiмін жiберді («Социалистік Қазақстан»). Орта мектеnтiң оныншы класында оқитынмын (Қ. Асанов). «Барған сайын қымбат киiм кигiзе бере ме, пайда түспесе, о кiсiнің қылт eтyi тез ғой», – деп Күлзила iштей күрсi- нiп тынған (Қ. Мəшhүр-Жүсiпов). Корnустың соңғы eкi-үш жыл- дағы дəрiгерi, əке жағынан грек, шеше жағынан Қырым татары Илиада дейтiн кici едi (С. Мұқанов).
129 Күрделі сөз тіркестері Осы сөйлемдерде мынадай объектiге алынатын сөз тipкec- тepi бар: 1. орыс совет əдебиетiнің өкiлi 2. Желдiбайдың көзі 3. 44 тұрғынының тізімі 4. орта мектеnтің оныншы класы 5. о кiсiнің қылт eтyi 6. корnустың eкi-үш жылдағы дəрігері Осылардың iшiнен таза матаса байланысқандарын алсақ, тө- мендегiдей болып шығады. 1. əдeбиетiнiң өкiлi 2. Желдібайдың көзi 3. тұрғынының тiзiмi 4. мектеnтің класы 5. кісінің қылт етуі 6. корпустың дəрігері дегендер – былайша алсақ, жеке сөз тipкecтepi. Бipaқ дəл тұрған қалпында мағынасы жағынан да, синтаксистiк байланысы жағы- нан да сөз тipкeстepi дəрежесiне жете алмай тұрған сияқты. Солардың не басыңқы, не бағыныңқы сыңарларының əрқайсы- сында бөлiнбес бiр элемeнттepi жетicпейтiндiгi бiлiнiп-ақ тұрады. Сонда əдебиeтiнің, байдың, тұрғынының, мeктenтің, кіciнің iлiк жалғаулы зат есiмдерi мұндай сөз тiркестерiнiң анықтауышы қызметiнде жұмсалып тұpғaнымен, сол қалпында басыңқы сы- ңарларының тиянақты бағыныңқысы дəрежесiне көтерiле ал- майды. Oсы сияқты құбылыс тек матаса байланысқан сөз тiркесте- рiнде ғана емес, сөйлем мүшесi қызметiнде де айқын байқалады. Сондықтан да сөйлем мүшелерiнiң барлығын да құрылысына қарай дара жəне күрделi деп бөлгенде, олардың мағыналық бiр- лiгi негiзге алынатындығы сияқты, сөз тipкecтepiнің əрбiр сыңары да дара жəне күрделi болады. Соның бiрi матасудың қай сыңары болмасын сол дəрежеге ие. Miнe, осы мəселе əр авторда бiрен- сарандап қана айтылғаны болмаса, арнайы зерттеу объeктici болған емес. Матаса байланысқан сөз тiркестерiнiң əрбiр сыңарының жа- салуына қарай оларды бағыныңқы сыңардың күрделi түpi, басың-
130 Күрделі сөз тіркестері қы сыңардың күрделi, кейде екi сыңарының да күрделi түpi деп қарастыру керек сияқты. Бағыныңқы сыңарларының күрделену тəсілі. І. а) Бағыныңқы сыңары зат eciмдi матасу. Бағыныңқы сыңа- ры зат есiмдi матаса байланысқан сөз тiркестеpiнің өзiн бiр- неше iлiк жалғаулы зат есiмдi жəне аралас зат есiмдi деп бө- лiп қарастырамыз. Бiрнеше iлiк жалғаулы немесе сатылана ба- ғыныңқылы зат есiмдi сөз тiркестерiндегi iлiк жалғаулы сөздер кемiнде eкi немесе одан да көп болып, бiрiмен-бiрi сатылана байланысады: Абай жасқа толы көзiмен Жиреншенің торы қасқа атының басы мұның үзеңгілiк тұсына келiп қалғанын көрдi де, тебiнiп қап шаба жөнелдi (М. Əуезов). Серғазы деген не сөз, қыз бен жiгiттiң бозбалашылығының тeтiгi осында ма eдi? – деп Сəрсенбай да ереуiлдедi (С. Көбеев). Ерте заманның ғашықтарының көбi қocылa алмай құса боп, бiреулерi қайғыдан əлек боп, бiреулерi шиеленiскен бейнетпен əрең қосылысып жүредi ғой (С. Мұқанов). Оның бiр себебi ағасы Бекмағамбет xaнның 12 биiнiң 6ipi болуы да, екiншiсi, үздiк ақындық қабiлетiнiң болуы (Қ. Жұмаділов). Егер партиялық- мемлекеттiк бақылау комитeтінің өкiлдерi жеде-қабыл келiп қалмағанда, бұл да жылы бүркеле салатын едi, олар машиналардың бөлшектерiнiң тоналып, талапайға түcкeнін анықтады («Ара»). Əрине, Владимир Сергеевич СССР Министрлігiнің орынбаса- рының баласы, ал мeнiмeн есептеспеуге болады (В. Анишкина). ə) Аты мен фамилиясының бiрге келiп, iлiк жалғауында тұ- руы арқылы жасалады: Шəмшия Игiлiкованың өлең шығаратын қабiлетi де бар көрiнедi («Қазақстан əйелдері»). б) Адам aты мен iлiк жалғаулы сөздiң қабысуы арқылы жа- салады. Мысалы, Ербол aғайдың Абай өлеңiне түciнік жасауы бiздiң ешқайсымыздың ойымызға келмеген үлкен жұмыс (Ə. Нұр- шайықов). Бұл – Сардара өмipiнің сырлы шежiресi (Газеттен). в) Күрделi мекеме аттарының iлiк жалғауда келуi арқылы жа- салады. Мысалы: Отыз үшiншi жылдың аяғында Бейiмбет екеумiз Казиздаттан бiрге босандық: ол таза жазу жағына босанды да, мен əуелi Оқу Комиссариатының көркемөнер секретарына, кейiнiрек «Еңбекшi қазақ» газетiне ауыстым (Ғ. Мүсірепов). Моңғол Халық Республикасының Жазушылар одағында жыл сайын творчест- волық семинар өткiзiп отыру дəстүрге айналған.
131 Күрделі сөз тіркестері г) Iлiк жалғауы жасырын зат eciм мен iлiк жалғаулы зат eciм- нің қабаттасуы арқылы жасалады. Мысалы: Мұнай бұрғышыла- рының eкi кезегiн бiрге өткiзiп, үшiншi кезек басталғаннан кейiн қайтты (Ғ. Мүсірепов). д) Қысқарған сөз бен iлiк жалғаулы сөздiң келуi арқылы жаса- лады. Мысалы, Бұл жиылыс обком бюросының кең мəжiлici деп аталып шақырылған (М. Əуезов). е) Қосарланып келген зат есiмдердiң бағыныңқы қызметте жұмсалуы арқылы жасалады. Мысалы: Арттағы көштегi еркек- əйелдердiң бəрiнiң де наразылығын, қарғысын, ашу-намысын ала келген сияқты (М. Əуезов). Ата- анасын, дос-жаранын сағынып жүретiн жандар осындай бiр сөз естiгенде, сол ата-ана, дос- жаранының үнін eстiгендей болады (Ғ. Мүсірепов). 2. Бағыныңқы сыңары сын eciм мен iлiк жалғаулы зат есiмдер- дiң тipкeci арқылы жасалған матаса байланысқан сөз тipкecтepi: а) Сапалық сын eciм мен iлiк жалғаулы зат есiмдер арқылы жасалады. Мысалы, Араз-құразға ынтасы мен бейiлi жоқ жай шаруаның ауылдары едi. Абай астындағы күрең төбел ат – ұзақ жортуылдың аса сенiмдi аты (М. Əуезов). Бұл көп оқуы оның сыншылдық қабiлетiнiң артуына себепшi болды (Қ. Жұмаділов). ə) Қатыстық сын eciм мен iлiк жалғаулы зат есiмдер арқылы жасалады. Мысалы, Қазақстанда Совет өкiмeтi орнаған жылы Ауғанстан арқылы Батыс Европалық мемлекеттердiң бiреуiне қашып кетiптi (С. Мұқанов). 3. Бағыныңқы сыңары сан eciм мен iлiк жалғаулы зат eсiммен қоса қабаттасып жұмсалуы арқылы жасалады. Мысалы: Eкeyiң де бiр-бiр үйдiң жалғызы екенсіңдep. Соғысқа дейiн бiр қыз бетiме тiкe қараса, бəшірем кететiн мен байғұс аудиториядағы отыз қыздың алпыс көзi өзіме қадалғанда қалай шыдап тұрғанымды бiлмеймiн (Ə. Нұршайықов). 4. Бағыныңқы сыңары есiмдiк пен iлiк жалғаулы зат eciмнің тipкeci арқылы күрделi матасу жасалады. Мысалы: Абайдың кигенi сондай өз елiнiң тымағы (М. Əуезов). Содан өзiм тəспiнiң тасына салып есептеп шықтым, əр жанның жылдық су шығыны бiр динар үш дихремнен тұрады екен (Д. Досжанов). Бұл оқиғаның аяғы айға жуық созылды (К. Тоқаев). Матаса байланысқан сөз тipкecтepiнің бағыныңқы қызметiн- де зат eciмнeн басқа да, яғни сын eciм, сан eсiм, есiмдiк, есiмше,
132 Күрделі сөз тіркестері кейде үстеу мен көмекшi сөздер де жұмсалып қалады. Ондай кезде iлiк септiктегi сөз дара күйде де, өздерiнiң жетегiнде басқа сөздермен топ құрап, күрделi түрде де жұмсала бередi. Зат есiмдерге қарағанда бұл сөз таптары, бiрiншiден, аз, екiншiден, олармен қосақталып жұмсалатын сөз таптарының мағыналық байланыстары да дəл зат есiмдер қалпында емес. Оның үстіне бұл сөз таптарының өзiнiң iлiк жалғауында келiп жұмсалуында да көбiне есiмдiк, сын eciм, сан есiмдер жиiрек қолданылады да, басқалары сирек кездеседi. Ондай жалғаулы сөздердей қосалқы анықтауыш қызметiнде жұмсалатыны да сын eciм, сан eciм, есiм- ше мен есiмдiк. ІІ. Бағыныңқы сыңары iлiк жалғаулы сын eсiм мен қосалқы сыңары əртүрлi сөз таптарының бiреуiмен келедi. Мысалы, Салт аттының бəрi де желе жортып, бiр топталып, бiр шұбырып, iлесiп келедi. Бiр мықтының қызына ауыз сал. Райисполком ба, ауылшаруашылық басқармасы ма, райпотребсоюз ба, жипсырья ма, военкомат па, əйтеуiр орынбасарларынан кем түспе! (Ə. Нұр- шайықов). Құла бестiнiң төбелiн де жоқ қыпты, қарай гөр өзiн! – дедi (М. Əуезов). III. Бағыныңқы сыңары iлiк жалғаулы сан eciм мен басқа сөз таптарының бiреуiмен қосақтасып келедi: а) Ілiк жалғаулы сан eciм мен кісi аттарының бiреуi не бiр- нешеуiмен қосақтасып келедi. Мысалы, Оған осы биылдың өзiнде жасаған Тригубов, Матайбаева үшеуiмiздің бiр тəжiрибемiз əбден көзiмiздi жеткiздi! – дей отырып, ол соңғы бiр қызық сы- рын ашты (М. Əуезов). Үйдегi бар шаруа Əсем екеумiздiң мойы- нымызда (С. Жиренов). ə) Iлiк жалғаулы сан eciммeн есiмдiктiң бiрiгiп келуi арқылы жасалады. Мысалы, Бұл екеуiнің таласына Ербол даурыға күлiп келе жатқан (М. Əуезов). Өмiрiмiзге ешбiр пайдасы жоқ сол дiнде бiз екеумiздің не жұмысымыз бар (Ə. Сəрсенбаев). б) Ілiк жалғаулы сан eciм мен сын есiмдердiң түйдектелуi арқылы келедi. Мысалы, Еске қыpық үшiншi жылдың қытымыр қысы түседi («Жалын»). Курстас қыздардың төрт-бесеуi үздiк жақсы, жетi-сегiзi жақсы, он шақтысы орташа оқыса, алты-жетi қыздың үлгерiмi мүлде нашар екeн (Ə. Нұрпейісов). Жоспардағы 2645 тоннаның орнына 2785 тонна ет дайындалып, əрбiр сауын сиырдан 2046 килограмнан сүт алды («Социалистік Қазақстан»).
133 Күрделі сөз тіркестері IV. Бағыныңқы сыңары iлiк жалғаулы есiмше жəне қимыл eciмi, үстеу мен қосарлы түрде жұмсалған зат eciм, есiмдiк, көсем- ше, т.б . сөздердiң келуi арқылы жасалады. Мысалы, Күтпегенде, қапелiмде тап болғaн бұл кездесудің қуанышы да соғұрлым күштi болды (М. Шолохов). Бұл көpiнicкe қуанғаннан сол жер- де тұрғандардың бəрiнің көздерiнен жас шығып кeттi-ау дей- мiн (Ə. Нұршайықов). Ұpыстa саяси жұмысты ұйымдастыру- дың жай-күйi командир шешiмiнiң белгiлi бiр буынын жасап алудың жай-күйiнен бiр кем емес (Б. Майлин). Жайнақ Жұпар- дан көрген-бiлгенiнiң бiреуiн де жасырған жоқ (С. Мұқанов). V. Бағыныңқы сыңары iлiк жалғаулы тұрақты тipкec негiзгi сөздермен, модаль, көмекшi eтicтік, көмекшi eciм сөздердiң түй- дектелуi арқылы да көмекшi сөздер қатысты матаса байланысқан есiмдi сөз тiркестерi жасалады. Мысалы, Ал кісiлiк жағынан «бiр сырлы, сегiз қырлы» дейтiннiң нақ өзi (С. Мұқанов). Көрiп жүр- сiң ғой, осы ауылдағы өкімет болдым дeгeндepдiң басы екеу емес (Ғ. Мүсірепов). Ақлима ойы кешке дейiн осы бiр «жайыңа жүр!» дегеннің айналасынан ұзай алмай қойды. Барлық жоспар- дың iшiнде «артығымен орындау» дегеннің не eкeнін ойландырар бiр жоспар болса, ол осы коллективтендiру жоспары емес едi деп кім айта алар? (Ғ. Мүсірепов). VI. Бағыныңқы сыңардағы сөздер кейде қосарланып барып та iлiк жалғауында келе бередi. Ондай кезде көбiне зат есiмдер мол кездеседi. Мысалы: Саянды көрудiң сəті түскенге қуанған ал сов- хоз орталығындағы aғa-жеңгесiнің үйінe көп аялдамай брига- даға тартты («Жұлдыз»). VІІ. Кейде матаса байланысқан сөз тipкecтepiнің бағыныңқы сыңары ретiнде қысқарған сөздер де жұмсалады. Мысалы: Кəм- шат əpi ойланып, берi ойланып, ПМК-ның бастығына телефон соқты (Т. Əлімқұлов). Бағыныңқы сыңарларының күрделену тəсiлі. Əрбiр толық мағынасы бар сөздердiң тəуелденуi – сол матаса байланысқан сөз тiркестерiнiң басыңқы сыңары қызметiнде жұмсала алады деген сөз. Жалпы тiлiмiзде тəуелдене алатын сөздер зат eciм, eciмдік десек, заттану процесi арқылы сын eciм, сан eciм жəне есiмше, қимыл eciмi, кейде басқа сөздер де peтінe қарай тəуелдiк жалғауында тұруы мүмкін. Əрине, соңғылар сирек қолданылады.
134 Күрделі сөз тіркестері Тəуелдiк жалғаулы басыңқы қызметтегi сөздер қолданылуына қарай дара, күрделі түрде де жұмсала бередi. Əcipeсе, олардың күрделi формаларының iштей өзiндiк ерекшелiктерi де бар. Əдетте тəуелдiк жалғаулы толық мағыналы сөздер делiнгенмен, ондай сөздер де басқа сөздермен мағыналық бiрлiкте келiп, сол тобы- мен бiр-ақ сыңары қызметiнде жұмсала алатын дəрежеге ие бола- ды. Қолдағы бар материалдарға қарағанда, матаса байланысқан сөз тiркестерiнiң күрделену процесi тек зат есiмнен болған сыңарларында ғана кездесетiн сияқты. Мұның өзi анықтауыш қызметте жұмсалатын сөздердiң тек затқа қатыстығын көpceтсe керек. Сын eciм, сан eciм, кей есiмдiктер мен есiмшелер, түптеп келгенде, анықтауыш қызметiнде жұмсалатын сөздер. Сол сөз таптары заттану процесiнде ендi басқа сөз таптарымен түйдектi тiркесте жұмсалмайды. Басыңқы сыңаларының күрделенуiнiң төмендегiдей тəсiлдерi бар: а) Тəуелдiк жалғауының III жағындағы зат eciм мен зат eciм арқылы күрделенедi. Мысалы, Закuраның еңбек жолы да қы- зықты («Лениншіл жас»). Гүрсiлдеген машuналардың тeмip дөң- гелектерi сартылдап, жүгiрiп айналып зырылдайды (С. Сарғас- қаев). Қарағанды Мемлекеттiк университетiнiң фuлологuя фа- культетi жылдағы дəстүр бойынша биыл да өзiнiң кезектi «филология апталығын» өткiздi («Қазақстан əйелдері»). ə) Тəуелдiк жалғауының ІІІ жағындағы зат eсiм мен сын eciм- нің келуi арқылы жасалады. Мысалы, Шатқалдың түбiне күн сəулесi түспейдi, тек тал түсте ғана жартастардың жоғарғы кeмepi күн нұрына бөленiп, соның селбескен сəулесiнен аяқ aс- тындaғы жолды байқауға болады (С. Айни). Бұл мақалаларды республиканың творчестволық қaуымы, газеттiң барлық оқу- шылары дұрыс түсiнiп, жылы қабылдайды («Қазақ əдебиеті»). б) Тəуелдiк жалғауының ІІІ жағындағы зат eciм мен сан eciм, есiмдiктердiң тipкecyi арқылы жасалады. Мысалы, Жеңешем «тасташы сол құрғырды» деп қолымнан альбомның бiр томын жұлып алды (Ш. Мұртаза). Бұл кезде Бөжейдiң өз үйiнiң қapa сұр бəйбiшесi шаршысын шорт байлаған (М. Əуезов). Райкомның бiрiншi секретары КПСС-қa мүшелiкке алынатын кандидаттар- ды түгел шақырған екен (Ж. Тілеков).
135 Күрделі сөз тіркестері в) Тəуелдiк жалғауының ІІІ жағындағы зат eciм мен есiмшенiң тipкecyi арқылы жасалады: Ата-анасының берген жерiне разы болмай, кiмнiң қызы бетiмен сүйгенiне кетiп жатыр? (С. Көбеев). Тасқынның құлаш ұрған толқыны жағаны əлдеқайда серпiп тас- таған сияқты (М. Ғабдуллин). г) Тəуелдiк жалғауының ІІІ жағындағы қос сөздi зат есiмдер арқылы тiркеседi. Мысалы: Ауылдан жаңа ғана келген дос, та- ныс түгiл, қаланың ықпыл-жықпылын бiле бермейтiндердiң өзi қаншама. Мынадай үлкен аста аты озған елдің атақ-абыройы алысқа кeтepi сөзсiз, – дедi екiншi би («Жалын»). Кейде тəуелдiк жалғаулы сөздер зат есiмнен ғана келмей, күрделi етiстiктерден де басыңқы қызметте жұмсала бередi. Мысалы, Осылай керiciп тұрғанда адамның өлin те қалуы мүм- кін! – зығыры қайнаған Вера Павловнаның даусы ащылау шық- ты (З. Шүкіров). Аз үнсiздiктен кейiн Сұлтан: – Япыр-ай, Самұ- раттың да қолға түсnей тұрғанын қайтерсiң... – деп тықыршы- ды (Т. Ахтанов). Сонымен, матаса байланысқан сөз тipкeстepiнің бағыныңқы жəне басыңқы сыңарлары əртүрлi сөз таптарынан бола отырып, олардың құрамдары дара да, күрделi түрде де жұмсала бередi. Он- дай күрделендiруде əрбiр сөз табының өзiндiк қызметi барлығы байқалып отыр. Сонда матасудың бағыныңқы сыңарлары дара немесе күрделi түрде келiп, үнемі анықтауыштық қызметте ғана жұмсалады да, басыңқы сыңары peтінe қарай бастауыш, толық- тауыш, кейде анықтауыш қызметiнде де жұмсала бередi. 3. Меңгеріле байланысқан есімді күрделі сөз тіркестері Меңгеруде бағыныңқы сөздер барыс, табыс, жатыс, шығыс жəне көмектес жалғаулы сөздер десек, оның басыңқы сыңары ретiнде eтiстік, есiм мен көмекшi eтicтіктер жұмсалады. Меңгеру- де бағыныңқы сыңарлары таза септiктi сөздер жəне септiк жалғау- лы сөздер мен шылаулардың тipкeсi арқылы да келе бередi. Мең- герудiң өзiн басыңқы сыңарларының қай сөз табы болуына қарай есiмдi, етicтiктi етiп бөлсек, соның e тicтіктi мeңгepyi тiлiмiзде жан- жақты зерттелiнуде. Есiмдi меңгеру туралы алғашқы мағлұматты профессор М. Балақаевтың еңбектерiнен алуға болады. Автор бү-
136 Күрделі сөз тіркестері кiл түpкi тiлдерiнде бұл мəселені алғаш айтушылардың бiрi бо- лып отыр [63, 428]. Кейiннен есімді меңгеру А. Əбiлақовтың диссертациялық жұмысында арнайы жеке объектi болды [9]. Алайда бұл еңбектерде есімдi меңгеру туралы айтылғанмен, оның құрылымдық мəселесi арнайы қаралған емес. Ол еңбектерде кө- біне eciмді меңгерудiң дара түрлерi сөз болады да, күрделi түpлepi елене бермейдi. Бұл арада сол есiмдi меңгерудiң eкi түрінің күр- делену процесi арнайы сөз болады. Негiзiнде бағыныңқы сыңар барыс, табыс, жатыс, көмектec жалғаулы сөздер көбiне дара жұмсалады. Алайда сол дара жұм- салатын сөздер, яғни белгiлi сөз таптары сол септіктepдe: Айдос Бақбергеновке бердi, қызыл қacқаны алдыршы; жuырма бестi бөлiңiз; шaқыpып келуге жіберді тəрiзді бағыныңқы сыңарлары күрделi зат eсiм, сын eсім, сан eciм, eтicтік ретiнде келiп те күрделену процестерi болатыны тiлiмiзде өте көп. Бағыныңқы сыңарларының бұлайша күрделенуi онша қиындық кeлтipмесе ке- рек. Сол жалпы бағыныңқы сыңардағы сөздер зат eciм, сын eciм, сан eciм, есiмдік, қимыл eciмi мeн eciмшелер болатыны белгiлi. Осының iшiндегi зат eciм, eciмдiктер жəне заттанған сын eciм, сан eciм, есiмше немесе қимыл есiмдерi де əр уақытта анықтауыш сөздердi қажет eтeтінi сөзсiз. Сол бағыныңқы сыңардағы сөз- дердiң өзi eкi түрлi жағдайда: l) сол септiктегi сөздер дара, яғни өз алдына бағыныңқы сыңарда жеке-жеке қолданыла алатын дəрежеде болса; 2) кейде ондай септiктегi сөздер өз алдына жеке қолданғанда мағыналық тұтастары жетпей, өзiне мiндеттi түрде басқа бiр сөздердi жетегiне алғанда ғана жұмсалады. Жалпы сын eciм, сан eciм, кейбiр есiмдiк, есiмшелер затқа қатысты болып анықтауыштық қатынаста жұмсалады деп бiлемiз. Сондықтан да тiлде сын есiмдердiң зат eciммeн тipкeci, сан есiмдердiң зат есiмдермен тiркесi, есiмшелердiң зат есiмдермен тipкeci делiнетiн тараулар берiліп отырғаны белгiлi. Бұған қарағанда кез келген сын eciм, сан есiм, есiмдiк пен есiмше қалайда бағыныңқы сыңарда ғана жұмсалуға тиi стi. Дeгeнмен бұл қағидаға келе де бермейтiн жайттар бар. Сонда ол сөз таптары қаншалықты есiмдерге анық- тауыштық қатынаста жұмсалғанымен, контексте кейде сол өзi қа- тысты сөз таптарымен (зат eciм, кейде оның орнына жұмсалатын заттанған сөз таптары) мaғыналық бiрлiкте түйдектi топ құрайды да, күрделенушi элемент ретiнде жұмсалады.
137 Күрделі сөз тіркестері Оның өзiн бағыныңқы сыңарларының күрделенуi жəне басыңқы сыңарларының күрделенуi деп бөлiп қapacтырамыз. І. Бағыныңқы сыңарлары күрделi eciмдi сөз тіркестepi 1. Бағыныңқы сыңары барыс жалғаулы күрделi сөз тipкecтepi- нің төмендегiдей түрлерi бар: а) Бағыныңқы сыңары зат есiмдi сөз тipкecтepi. Септік жал- ғауының ашық жəне жасырын түрiндегi зат eciмдер мен зат eciм- нің тipкeci арқылы жасалады. Мысалы, Терiскейлiктердiң үрдiсiне Нұсқабаев бұрыннан қанық. Бұл аймақтың аумағы Бельгuяның көлемiне пара-пар (Т. Əлімқұлов). Орман ішi əскерu адамдарға толы. Тарих, пəлсапа, көркем əдебuетке жетiк (Ə. Нұршайықов). ə) Сын eciм мен барыс жалғаулы зат eciмнің тipкeci арқылы жасалады. Мысалы: Kүнінe бiр рет ботқа, баланың қалыпты өcyi- нe кepeктi витаминдерге бай қара нан жеген дұрыс («Қазақ əдебиеті»). Атаның жаман ұлы малға ортақ. б) Сан есiм мен зат eciмнің тipкeci арқылы жасалады: Яғни жүз алпыс Epтіскe тең. Америка Құрама Штаттарындағы су қорынан 2,5 есе көп («Жұлдыз»). в) Есiмдiк пен барыс жалғаулы зат eciмнің тipкeci арқылы жа- салады: Жаным қас мұндай қатындapғa (М. Шолохов). Шөп ол жерге өте зəру (Ə. Нұрпейісов). Өзен жиегi құба тал мен қызыл шiлiкке көсенiң сақалындай кемтар болғанымен, оның есесiне сая- сы салқын, тораңғысы мол (А. Хангелдин). Жүгерi сол малға азық, ұқтың ба? – дедi Иван Митрофанович (Т.Ахтанов). г) Қосарлы зат eciм мен зат eciм тiркесiп келедi: Оның өлең- дерi қимыл-қозғалысқа, өзгерiс-құбылысқа, сан сиқырлы құбыл- малы болуға толы («Қазақ əдебиеті»). Ағайын-жекжатыңа да араласымы мол (С. Шаймерденов). ғ) Бағыныңқы сыңары iлiк жалғаулы зат eciм мен есiмдi күр- делi cөз тipкecтepiнeн жасалады: «Өз үлесiн» алып қалуға дайын отырған көршiлестерiмiз болғаны жұрттың бəрiне тəн (Ə. Нұр- пейісов). д) Бағыныңқы сыңары барыс жалғаулы eтicтіктi күрделi сөз тipкecтepi арқылы жасалады. Етicтiктердiң iшiнде барыс жалғауында жұмсалатындары негiзiнде қимыл eciмi мен есiмше. Күрделену үшiн қосылатын оларға қосымша дəнекерлер көп, аз кездесетiн сын есiмдер, септiк жалғаулы сөздер, көсемше
138 Күрделі сөз тіркестері ондай eтicтіктepмeн бiрлiкте алынып, сол тобымен күрделi бағыныңқы сыңары жасалады: Художник неғұрлым көп бiлуге мiндеттi (М. Ғабдуллин). Үшеуiнiң боранда жүргенiне үш сағат (Ə. Нұрпейісов). Махамбеттiң жалғыз үй отырғанына үш айдың жүзi (Т. Əлімқұлов). Дəмен кештiң осылай басталғанына риза (З. Шүкіров). Ол... бүгiн ауылға жететiн күнi үлкендер- дi ерiксiз қатты жүргiзудiң айласын тaпқанына дəн риза (М. Əуезов). Мектеп өнерпаздары тұңғыш рет өз өнерлерiн колхозшы туысқандарына көpceтiп байқауға қызу əзiрлік үстiн- де (А. Байтанаев). 2. Бағыныңқы сыңары жатыс жалғаулы күрделi сөз тip- кeстepi а) Жатыс жалғаулы зат eciмгe сын есiмдердiң тipкeci арқылы жасалады: Олардың қауiп-қатерге толы əpi ауыр, əpi ұзақ сапа- рында қиындық дегенiң сұмдық көп («Жалын»). Қар жамылған кең жазықта қозғалыс бүгiн тым күштi (Ғ. Мүсірепов). ə) Жатыс жалғаулы зат eciм мен есiмдiктердiң тipкесі арқылы жасалады: Сөз ыңғайларына қарағанда, бұл үйдe қазiр екеу ғана (С. Сарғасқаев). Ол əзiрше əр фермада біреуден (Ə. Нұрпейісов). б) Iлiк жалғауының ашық жəне жасырын формасындағы зат есiмдер мен жатыс септiгiндегi көмекшi eciмдердiң тipкeciнeн пысықтауыштық қатынастағы есiмдi күрделi сөз тipкeci жасалады: Баянауыл басында балалы құр, Бiр сөз айтам, қалқатай, мойныңды бұр. Ауылыңның тұсынан аттанғанда, Ақбоз үйге сүйенiп қара да тұр. в) Бағыныңқы сыңары жатыс жалғаулы күрделі сан есiмдер арқылы жасалады: Eкi үзiктiң етегiнде он бестен отыз дедеге (А. Құнанбаев). Ер бала он бесте отау иесi (Қазақ мақал-мəтелдерi). г) Iлiк жалғаулы сан eciм мен жатыс жалғаулы көмекшi есiмнiң тipкeci арқылы жасалады: Eкeyiнің үстінде де қара тон (Ə. Нұрпейісов). 3. Бағыныңқы сыңары шығыс жалғаулы күрделi сөз тip- кecтepi а) Күрделi зат есiмдердiң бағыныңқы қызметте жұмсалуы ар- қылы тiркесiп келедi: – Төлеген Момбековтен, Генерал Aсқapов- тaн, Ергентай Борсабаевтан бөлек (Т. Əлімқұлов).
139 Күрделі сөз тіркестері ə) Iлiк септiгiнiң ашық жəне жасырын түрiндегi зат есiмдер мен зат есiмдердiң тipкeci арқылы келедi: Ол ер емес, Борсақ аруағынан садаға... тiптi Тобықты аруағынан садаға (М. Əуезов). Ақ шанаш боп кеуiп қалған дала қаракет белгiсiнен ада (С. Жи- ренов). б) Бағыныңқы сыңары сын eciм мен шығыс септiктi зат есiмдер арқылы тiркеседi: Участоктағы механикаландырылған комплекстердiң жұмыс өнiмдiлiгi – бассейндегi орташа көрсет- кiштен бiр жарым есе артық («Лениншіл жас»). Бұл көп нəрседен хабардар адам (М. Ғабдуллин). в) Бағыныңқы сыңары күрделi сан есiмдi шығыс жалғаулы сөздер арқылы тiркеседi: Оларға құймалас айнала шеңбердей са- лынған кiшкене бөлме құжыралар, олардың жалпы саны eкi қанатында он eкiдeн жиырма төрт (А. Құнанбаев). г) Бағыныңқы сыңары барыс жалғаулы есiмше мен зат eciм, есiмдiктердiң тipкeci арқылы жасалады: Осының нəтижесiнде Əбiлқайыр жасағы ханның өз ойлағанынан екi-үш есе кем (І. Есен- берлин). Қолдан тоқылған он кiлем, фабрuкада тоқылғаннан да он, қызыл жəне күлгiн түстi он бес шаршы орамал, т.б . зулатпады ма? («Жалын»). д) Бағыныңқы сыңары ара, жағы т.с. сөздер шығыс септiгiн- де есiмдiк, сан есiмдермен түйдектi тipкec құрау арқылы жасала- ды: Бiр жағынан əйел адамға бұл да дұрыс. Қызылтау бұл арадан қашықтау (С. Сарғасқаев). 4. Бағыныңқы сыңары көмектес жалғаулы күрделi сөз тipкecтep Бұл Абылай ханмен тұстас, oнымен бiрге талай жорықта бо- лып, «батыр» атағын алған Нашанның тipi кезi екен (С. Мұқанов). Колхозды өз қолымен ұйымдастырғандардың бiрi (Ə. Нұрпейі- сов). Сiз Сахарада менiң де əңгiмелесетiн, жалғыз бiр мəжiлiс- тесiм есебiнде қажетсiз, қадiрiмсiз (М. Əуезов). ІІ. Басыңқы сыңары күрделi есiмдi сөз тipкeстepi төмен- дегiдей: а) Басыңқы сыңары зат есiмдердің, яғни изафеттiк құбылыс- тың І, ІІ, ІІІ түрі арқылы жасалады: Басында Қамажайдың бiр тал үкi, Айырылып Қамажайдан болдым күлкi.
140 Күрделі сөз тіркестері Қолында Қамажайдың алтын жүзiк, Қамажай отыр ма екен көзін сүзiп. Қыз, келiншек қырманда, қолында күмic күpeгi («Қазақ əде- биеті»). ə) Басыңқы сыңары сын eciм мен зат есiмнiң тipкeci арқылы келедi: Eкeyiнің үстiнде де қара тон (Ə. Нұрпейісов). Қазақ қыз- дарының қолында ұзын сапты əйнек (Ə. Сəрсенбаев). б) Басыңқы сыңары зат eciм мен сын eciм қызметiндегi көмек- шi сөздер арқылы жасалады: Қоржынбай Зылиқаға бөле есеп- тi (Б. Майлин). Абай мен Оспан арасы бес-алты жас. Сондықтан оған Абай аға ecenтi (М. Əуезов). в) Басыңқы сыңары сын есiмдер арқылы тipкec жасайды: Тек осы бiр желi түскip осы елге о бастан ерекше үйip (Ə. Нұрпейісов). Eртic Обьтан анағұрлым ұзын («Жалын»). г) Таза күрделi сан есiмдер есептелiп келiп, басыңқы қызмет- те жұмсалады: Е, бəрекелде, үйiрiмен үш тоғыз! Бұл бiр үлкен қызық қой! (Ғ. Мүсірепов). Жиырма үштегi жiгiт майданда да жuырма үште (Ғ. Мүсірепов). Қойлардың шөп жемей, су iшпе- генiне бiр жетi (Ə. Нұрпейісов). – Есептейiк, мeнiкi бес жүзге ай- налып барады. Ceнiкi қанша? – Қайдам? Əзiрге eкi жүз елу (F. Мұс- тафин). д) Сан eciм мен түрлi нумеративтi жəне қосарлы сөздердiң түйдектелуi арқылы жұмсалады: – Қазанғап тұра ұмтылды, – ол сенен мың есе артық ... кici өлтiрген жоқ... өлтiрген қожайын (Ə. Сəрсенбаев). Көсегенiң көп жонының тұтқынына түскендер- дің өмip үшiн жанталасқанына бүгiн үш тəулiк. Айбековтердiң Көсегенiң көп жонының тұтқынына түскеніне бiр аnта. Ол Ақыртөбеге қырық шақырымдай (С. Алдабергенов). Сырт жағы- мыздағы қалың орман бiзден eкi жүз метрдей жерде (А. Бек). Орысқа күнінe жетnic тиын, қазаққа елу тиын, қатын мен бала болса қырық тuын төлейтiн («Жалын»). е) Есiмше мен зат еciм тiркесiп, басыңқы қызметте жұмсала- ды: Оқушылардың өндірістік бригадасы – жас ұландарды еңбекке, коллектившiлдiкке баулитын орта (А. Хангелдин). Ертең – об- лысқа жөнелтiлетiн күн (Т. Əлімқұлов). Қосарлы сөздер де басыңқылық қызметте жұмсалады: Ыңырана керiлiп, созылып көзiмді уқалай үйден шықтым. Kөгepшін де Бақытжанға aң-таң (Д. Досжанов).
141 Күрделі сөз тіркестері Шылаулар қатысты есiмдi мeңгepy Меңгерудiң шылаулы түрлерi тeк етicтік сөз тipкeciне ғана телiнiп келдi, əлi де солай. Алайда тiл фактiлерiнің негiзiне қа- рағанда, шылаулы меңгеру тек e тicтіктi меңгеруде ғана емес, есiмдi меңгеруде де кездесетiндiгi айқын болып oтыp. Шылаулы eciмдi меңгеру тiлiмiзде бұрыннан бар құбылыс. Алайда есімді шылау- лы меңгеру практикалық жəне теориялық жағынан да ескерусiз қалып жүр. Бұл жерде eciмдi шылаулы меңгерудiң баңыныңқы сыңарлары, бiрiншiден, қай септiкте, екiншiден, олар қай сөз тап- тарынан болғаны, үшiншiден, шылаулардың түpi, төртiншiден, түйдектi сөз тіркестерінің басыңқы сыңарлары мен ондай кездегi сөз тiркестерiнiң синтаксистiк қызметi арнайы сөз болады. Кейде шылау қатысты сөздiң тек e тiстіктepмeн ғана емес, eciмдi сөздермен де тipкеcтe жұмсалатындығын анықтауға болатын сияқты. Ол үшiн мына мысалдарды талдап көрейiк: Дивизиямыз жаудың жиырма бес зеңбipeгiн, бес минометiн, отыз бес тaнкiciн жойып, мыңға тарта нeмic солдаттары мен офицерлерiн құрт- ты (Ə. Нұршайықов). Eкi жүзге таяу адам күндік жерге дейiн желе жортып пəуескенiң соңынaн ерiп отырды да, бiртiндеп қала бердi (З. Ақышев). Биылғы жетicтiгiмiздiң ең зоры – Отан қой- масына бiр миллиард nұттан астам алтын дəн құйғанымыз («Қазақстан əйeлдері»). Өзiме денсаулық, табыс, семьяда бақыт тi- ледi. Маған одан артық не керек, – дeді Қасым тағы да қарқылдай күлiп (Ə. Нұршайықов). Cаты p-күтiр бiрдеңелер бiздiң жанымыз- ға таяу жерде-ақ қарға сүңгiп жатты (Ə. Нұршайықов). Келтiрілген мысалдарда төмендегiдей сөз тipкecтepi бар: мың- ға тарта нeмic солдаттары, екi жүзге таяу адам, бiр миллиард nұттан астам алтын дəн; одан артық не, жанымызға таяу жерде. Осы топтағы сөз тipкecтepiнің басыңқы сыңарлары eciм мен шылау арқылы жасалған да, басыңқы сыңарлары eciм болып ке- ледi. Сонда бағыныңқы сыңарлары мiндеттi түрде шылаулардың қатысуы арқылы жасалып отыр. Мұндай топтағы сөздердi меңге- ру, оның iшiнде шылаулы, eciмдi меңгеру деп айтуды жөн көpдік. Ондай eciмдi меңгеруде негiзгi жұмсалатын шылаулар – жуық, астам, таяу, аса, артық, тарта, тақау. Бұл сияқты шылаулар
142 Күрделі сөз тіркестері көбiне барыс жəне шығыс жалғаулы сан eciмдepдi меңгередi. Сонымен бiрге кейде eciмдік, т.б . сөз таптары да ондай шылау- лармен түйдектi тipкec құрап, ол тобымен сөз тipкeciнің ба- ғыныңқы сыңарын құрайды. Сонда мұндай шылаулар арқылы келген түрлеpiн ecімдi сөз тiркестерiн құраудың тəсiлi деп бiлемiз. Өйткенi, бұл шылаулар өзi қатысты eciмдepмeн байла- ныстыруда басты тұлға. Ə. Ибатов сан eciм, оның iшiнде бол- жалдық caн eciмдep: астам, жуық, қаралы, тарта, таяу, шақты сөздері арқылы жасалып, оның алдындағы сандар барыс, шығыс септiктерiнде келеді десе, А. Ұйықбаев: шамалы, таяу, жақын, жуық, шақты сөздерi барыс жалғаулы сан есiмдермен [107], профессор А.Ысқақов: шақты, шамасында, қаралы, жуық, астам, арқылы [65, 216], профессор К. Аханов: шақты, тарта, қаралы, таман, таяу, жуық сөздерi арқылы [108, 199], Ғ. Əбуха- нов та есептiк сан eciм сөздерiнен кейiн шақты, шамалы, қаралы, тарта, таман, жақын, жуық сияқты шылаулардың тiркеciп айтылуы арқылы да болжалдық сан есiм жасалады [95, 121] деу- мен шектеледi. Сонда бұл авторлар бұл сан eciмдepдің қай септiк- терде келетінiн ескермейдi. Сан eciм туралы арнайы еңбек жазған Ə. Хасенов болжалдық- шамалық сан есiмдердi айта келiп, оның өзiн шығыс жəне барыс септiктерiндегi сан есiмдерден соң артық, аса, астам, жуық, жақын, тарта, тaқay сияқты сөздердiң қатысы арқылы жаса- латындығын, ондай кезде олар бiр күрделi мүше ретiнде сан есiмдi меңгере жұмсалатындығын дұрыс көрсетедi. Ал басқа авторлар- да бұл жағы, яғни меңгерiле байланысатындығы еленбейдi. Екiншiден, сол еңбектерде ондай тipкecтi сөздердiң синтак- систiк қызметi де еленбейдi, тек сан eciм туралы еңбек жазған Ə. Хасенов ондай тiркестi сөздердiң синтаксистiк қызметiн анық- тауыш деп көрсетеді [109, 83-86]. Жуық шылауы негiзiнде сан есiмдердiң тек барыс септiгiнде ғана тұруын қажет етедi. Ондай кезде сан ecімдер дара, күрделi, қосарлы түрде жұмсалады да оған жуық шылауы түйдектелiп, есiмдi шылаулы меңгеру жасалады. Мысалы: Қазiр алnысқа жуық жiгiттер мен қыздар «Комсомолдық кепiлдеме» жарысының же- ңiмпазы атанып жүр («Лениншіл жас»). Қазiр мұнда осы заманның eкi мыңға жуық мəдениет үйлерi мен клубтары, үш мыңға жуық
143 Күрделі сөз тіркестері кiтапхана бар («Социалистік Қазақстан»). Жұмысшы Ə. Əлтаев, совхоз бухгалтерi С. Керiмбаев, бас агроном Т. Сүлейменов, бас бухгалтер Ж. Досанов 6О-70-ке жуық кiтanтaн алып оқиды («Қазақстан əйелдері»). Сол сияқты жуық шылауы таза сан есiмдермен бiрге барыс септiктi сан есiмдерге түрлi нумеративтi сөздердiң тіркecyi ар- қылы да түйдектi тipкec құрайды. Мысалы: Елiмiзге жыл сайын 110 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берi- ледi. 11 миллион азамат жаңа пəтер алады («Жетicу»). Жуық шылауы есiмдi сөз тiркестерде анықтауыштық қа- тынаста жұмсалып, заттың сандық мөлшерiн бiлдiредi. Ондай тipкecтi сөздердiң басыңқы сыңары көбiне зат eciмдepдeн, кейде сын есiмдерден болады. Мысалы: 1,5 мuллионға жуық əйел «Ана даңқы» ордендерiмен жəне «Ана медалi» медальдарымен наград- талды («Жетicy»). Айнала аппақ қар, аяз алnыс градусқа жуық суық (Ə. Нұршайықов). Астам шылауы негiзiнде шығыс септiктегi есiмдермен тiр- кеседi. Ондай кезде сан есiмдер дара жане күрделi болып келедi. Мысалы: Совхозымызда жетniстен астам механизатор Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерiмен, медальдармен наградталған («Қазақстан мұғалiмi»). Февраль мен мартта дивизия екі жүз елу- ден астам ел мекенін жаудан тазартып, дұшпанның бес мыңнан астам солдаты мен офицерлерiн, 20 тaнкiciн, мыңдай автома- шинасын, жүздеген зеңбiректерi мен пулеметтерiн жойды (Ə. Нұр- шайықов). Сонымен бiрге астам шылауы сан есiмдерге нумеративтi сөздердiң тipкecyi арқылы да түйдектi тipкec құрайды. Мысалы: Биылғы жетiстiгiмiздiң ең зоры – Отан қоймасына бiр миллиард nұттан астам алтын дəн құйғанымыз («Қазақстан əйелдері»). Хоми бағытына шабуыл жасай отырып, дивизия жаумен жаға- ласқан ұрыс үстiнде eкi жүз километрден астам жол жүрдi (Ə. Нұршайықов). Еш дамылсыз, қос аттарын ауыстырып мiнiп жортқан бойда түн ортасына дейiн жүз шақырымнaн астам жол жүрiп, жан-жағын шоңғал төбелер көмкерген жалпақ жазықтан кеп шықты (Ə. Нұршайықов). Астам шылауы есiмдi түйдектi тiркестердiң бағыныңқы сы- ңарлары тек шығыс жалғаулы caн eciм болады да, олар анық-
144 Күрделі сөз тіркестері тауыштық қaтынaста жұмсалып, заттың сандық мөлшерiн бiл- дiредi. Бұл тiркестегi сөздердiң басыңқы сыңары көбiне зат eciм, кейде үстеу сөздерi болады. Кейде ондай шылаулы сөздерге көмекшi етiстiктердің тобы тiркесу арқылы тобымен толықтауыш қызметiнде eтicтіктi сөз тipкеciн құрайды. Мысалы: Мұның iрiлiгiн түciну үшiн тек қaнa дəндi дақылдар егic көлемiнiң 25 миллион гектардан астам eкe- нін еске алудың өзi жеткiлiктi («Лениншіл жас»). Таяу шылауы барыс жалғаулы дара жəне күрделi сан есiмдер- мен тiркеседi. Мысалы: Eкi жүзге таяу адам күндiк жерге дейiн желе жортып пəуескенiң соңынан ерiп отырады да, бiртiндеп қала бердi (З. Ақышев). Таяу шылауының басқа шылауларға қарағанда бiр өзгешелiгi – бұл сөз тек сан eciммeн ғана емес, зат eciм, есімдiктермен де тіркесiп, анықтауыш қызметiнде жұм- салады. Ондай кезде зат есiмдер дара жəне күрделi болып та кeлeдi. Мысалы: Кенже eкi жүз жiгiтiмен тар тордың iшiмен атын жетектеп кеп, зеңбiректерге таяу жерде отырған. Кенже батыр қала шетiнде қоpғaнғa таяу жердегi сарбаздарға қарай жүрдi. Ақсақ бақташы Орақбай қapтқa таяу орынға келген (Ə. Əбі- шев). Жiгiттердi лаулаған оттардың бiрiне таяу жерге əкел- ген (Ə. Əбішев). Сонда таяу шылаулы сан есiмдер де басқа топтағылары сияқты анықтауыш қызметiнде жұмсалады: Ал келесi бiр жерден жаудың бес жүзге таяу қолының дəл қарсы алдынан, «Мені көрдiң бе» деп қыр көрсеткендей болып, орын тептi (Ə. Əбішев). Сонымен, таяу шылаулы есiмдi түйдектi тiркестердiң бағы- ныңқы сыңары тек барыс жалғаулы зат eciм, сан eciм, есiмдiктен жасалады да, басыңқы сыңары зат eciм болады. Аса шылауы негiзiнде сан есiмдердiң тек шығыс септiгiндe тұруын ғана қажет етедi. Ол кезде сан есiмдер дара жəне күрделi түрде жұмсалады: Сыймаған адамдар eciктi ашып қойып, сырт- тан тыңдап тұрды. Өйткенi жүзден аса адам шағын колхоздың кiшкентай ғана кеңсесiне қайдан сыйсын (Ə. Нұршайықов). Қазiр бiр мың eкi жүзден аса көжек пен үш жүзден аса ipi қоянды ба- ғып-күту жұмысы ойдағыдай жүргiзiлуде («Социалистік Қазақ- стан»). Аса шылауы таза сан есiмдермен бiрге шығыс септiктi сан есiмгe нумеративтi сөздердiң тipкecyi арқылы да тipкec құрайды.
145 Күрделі сөз тіркестері Мысалы: Армияның қорғаныс шебi Холмнан Великие Лукиге дейiн бiр жүз жиырма километрден аса жерге созылып жатты (Ə. Нұршайықов). Өткен шешушi жылда совхоз диқандары Отан қоймасына жүз мың центнерден аса астық құйып, жылдық халық шаруашылығы жоспарын бiр жарым есе орындады («Социалистік Қазақстан»). Аса шылаулы есiмдi сөз тiркесiнiң басыңқы сыңары көбiне зат eciм болады. Артық шылауы шығыс жалғаулы зат eciм жəне eciмдiктердi меңгередi, кейде жатыс ceптіктeгi есiмдiктерге де тiркеседi. Ба- ғыныңқы сыңарлары дара да, күрделi де, қосарлы да болып келедi. Мысалы: Жұртшылықты еңбекке жұмылдыруда, оларға идеялық- эстетикалық тəpбие беруде əдебиетшi-педагогтан артық қандай мамандық бар (Қ. Жұмадiлов). Tүciнгeнгe бұдан артық таба, бұдан apтық қасiрет бар ма? («Жалын»). Сол сияқты артық шылауы сан есiмдермен тiркеседi. Артық шылауы арқылы жасалған тiркестердiң басыңқы сыңары зат eciм, кейде есiмдiк болады. Мысалы: Өзiме денсаулық, табыс, семья- ма бақыт тiледi. Маған одан артық не керек деп Қaсым тағы да қарқылдай күлiп, күректей eкi алақанын жайған (Ə. Нұршайықов). Менен артық қандай нағашы керек саған? (З. Ақышев). Тарта шылауы негiзiнде сан есiмдердiң тек барыс септiгiнде тұруын қажет етедi. Ондай кезде сан есiмдер дара жəне күрделi түрде де барыс септiгiнде болады да, оған тарта шылауы түй- дектелiп, есiмдi шылаулы меңгеру жасалады. Мысалы: Диви- зиямыз жаудың жиырма бес зеңбiрегiн, бес минометiн, отыз бес тaнкiсiн жойып, мыңғa тарта нeмic солдаттары мен офицерле- рiн құртты (Ə. Нұршайықов). Ол жаққа екi-үш жүзге тарта жiгiт кетiп едi (Абай). Қызылағаш елiндегi бес жүзге тарта жыл- қысы, мың жарымға тарта қойы бар «Сегiз таспа Сартпай» де- ген осы (З. Ақышев). Cонымен, тарта шылаулы тiркестiң бағыныңқы сыңары тек барыс септiгiндегi сан eciм болады да, басыңқы сыңары үнемi зат eciм болып келедi. Тарта шылаулы тipкес анықтауыштық қатынаста жұмсалады. Тақау шылауы барыс жалғауында тұрған зат eciм, сан eciм, мекен үстеуге тiркеседi. Ондай жағдайда тipкecтiң бағыныңқы
146 Күрделі сөз тіркестері сыңары дара да, күрделi де, басыңқы сыңарлары үнeмi зат eciмнeн болып келедi. Мысалы, Жетi-сегiз қызметкер орналасқан аядай ғана бөлмеде отырып, қалғып-мүлгiгеннен гөpi, eкi жүзге тaқay адам жиналған жəне тұс-тұсынан дабырласып сөйлесiп жатқан жерде көз шырымын алу ыңғайлы-ақ («Жалын»). Сатыр-сұтыр бiрдеңелер бiздің жанымызға тaқay жерде ақ қарға сүңгiп жатты (Ə. Нұршайықов). Жол жиегiне тақау жерде бомбаның жарық- шағы шарпи қоймай қaлғaн аласа қарағаш алыстан көзге түсе- дi (З. Жəкенов). Ондай шылаулы есiмдi тiркестердiң басыңқы сыңары зат eciм, сын eciм, үстеуден болады. Ол кезде сөз таптары дара да, күpдeлi де жұмсала бередi. Жалпы алғанда, оңға жуық бала, жүзден астам адам, үш жүзге таяу мал дегендегi бағыныңқы oңғa жуық, жүзден аса, үш жүзге таяу түйдектi тipкecтepi бала, адам, мал сөздерiмен меңгерiле байланысқан. Əдетте, меңгерiле байланысқан үйге дeйiн барды, орманғa ше- йiн жеттiк, кiтaпқa құмap дегендегi бағыныңқы сыңарлары əpi толықтауыштық, əpi пысықтауыштық қызметте жұмсалатын. Сондықтан да осы уақытқа дейiнгi еңбектерде ондай тұлғалы тiркестердi не толықтауыш, не пысықтауыш деп қана танитын болсақ, жоғарыдағы есiмдi шылаулы меңгерудiң синтаксистiк қызметiне келгенде, ол принцип келе бермейдi. Осы уақытқа дейінгi еңбектерде ондай тipкeстi сөздердiң синтаксистiк қызметi сөз етiлмейдi. Тұлғасы жағынан келмегенмен, шынында, он- дай түйдектi тipкeстi сөздерге меңгерiле байланысқан тұлғадағы сұрақтapды, яғни қайда? неде? кiмдe? сұрауларын қоя алмай- мыз. Олар қаншалықты шылаулы меңгерiле байланысқан сөз тipкeстеpiн құрағанымен, қанша? деген сұрауға жауап береді. Тек осы ерекшелiгiне қарай, ондай шылаулы меңгерудi анықтауыш- тық қатынастағы есiмдi шылаулы меңгеру деген дұрыс. ІІ. Етістікті күрделі сөз тіркестері. Етiстiктердiң сөз тiркесiн құрудағы pөлi Қазiргi кезеңде сөз тipкeci синтаксисiнiң негiзгi салалары деп мыналарды көрсетуге болады: 1. Сөз тiркесiнiң байланысу формалары.
147 Күрделі сөз тіркестері 2. Сөз тiркестерiнiң байланысу тəсiлдерi. 3. Сөз тiркесi сыңарларының синтаксистiк қатынастары. 4. Сөз тiркесiнiң түрлерi. Сөз тipкeсi синтаксисiнiң осы негiзгi мəселелерiнiң қайсысы да өз алдына жеке-жеке зерттеле бастады. Сөз тіpкeciнің байла- нысу формалары бірнеше еңбектерде зерттеу объектici болды. Сол дəрежеде болмағанмен, байланысу тəсiлдерi мен синтаксис- тiк қызметтерi де бiрсыдырғы сөз болуда. Алайда сөз тipкeсiнің түрлерiмен оны топтастыру мəселелерi осы уақытқа шейiн зерт- теушiлердiң назарын өзiне аударған емес. Орыс тiлi бiлiмiнде сөз тipкeciнің синтаксисi үш бағыттa ай- тылып келе жатыр. Бiр топ ғалымдар сөз тiркестерiн сөйлем мүшелерiнiң iшiнде қарастырады, eндi бiр топ ғалымдар, керiciнше, сөз тiркестерiнiң синтаксисiн сөйлем мүшелерi тұрғысынан зерттейдi. Бұл ғалым- дардың пiкiрiнше, сөз тipкeсi сыңарлары сөйлем мүшелерiнен айрықша емес. Үшiншi бiр топ зерттеушiлер синтаксистiң басты саласының негiзi етiп əpi сөз тipкeсiн, əpi сөйлем мүшелерiн де жеке-жеке қарастырып, əрқайсысының өзiндiк объектiлерi бар жеке-жеке категориялар деп бiледi. Орыс тiл бiлiмi тарихында сөз тipкeсiнің зерттелуi жайлы айта келiп, академик В.В . Виноградов: «Орыс синтаксисiнiң та- рихында А.А . Потебня мен А.А. Шахматовтардың зерттеулерiнiң орны бөлек. Олар сөз тipкeстepiн сөйлем мүшелерiнiң (кем де- генде екеуiнiң) жиынтығы, сөйлемнiң аяқталмаған бөлiгi деп қа- рады. Себебi, сөйлемнiң ядросы (басты тұлғасы) болып оның тұр- лаулы мүшелерi саналды да, сөз тipкeciнің формалары мен тип- терiн талдауды «Сөйлемнiң тұрлаусыз мүшелерiн» зерттеген- де ғaнa қолға алды. Сондықтан да А.А. Шахматовтың сөйлем туралы iлiмi – сөз тipкeстepi туралы iлiм, бұл сөз тipкeсiн зерт- теу сөйлем құрамына кipгeн барлық элементтердi зерттеу деген сөз» [110, 220 б.] . Сөз тipкecтepiн топтастырудағы бұл сияқты пiкiрлер тек бұрынғы уақытта айтылып қана қоймай, кейiнгi кездегi ғалымдар арасында да орын алғандығын байқауға болады. В.Н . Ярцева: «Лингвистикалық материалдарды зерттеу мынадай қорытынды шығаруға мүмкiндiк бередi, – дей келiп, – сөйлем мүшелерi мен сөз тipкecтepiнің кейбiр бөлiктерiнiң арақатынасы
148 Күрделі сөз тіркестері арқылы анықтайтынымыз сөз тipкeстepi eкi сөйлем мүшесiнiң бiрiккен түpi. Мысалы, анықтауыш пен анықталатын сөз, баянда- уыш пен толықтауыш, баяндауыш пен пысықтауыш болуы мүм- кін. Ендi бiр жағдай сөз тipкeсi сөйлемнiң бiр мүшесi қызметінде жұмсала алады» [111, 450 б.], – дейдi. А .А. Потебня мен А.А . Шах- матов жəне оның шəкiрттерiнiң сөз тipкeстepiн тұрлаусыз сөй- лем мүшелерi ыңғайында топтастыруы сөйлем мүшесi мен сөз тipкecтepiнің араласып, бiрiгiп кeтyiнe себеп болды. Орыс тiл бiлiмiнде сөз тipкeстepiн сөйлем мүшесiнiң ыңғайын- да талдаумен бiрге, оны сөйлемнен бөлiп, өз алдына қарастыру да ұсынылды. Бұл пiкiр бойынша, сөз тipкесiн сөйлемнен ажыратып алу керек болады да, оларды eкi үлкен топқа (законченное, неза- конченное) дəйектеу керек... Кейде оларды предикативные, непре- дикативные деп те атайды. Сонда законченное деп аталатын топ бастауыш пен баянда- уышқа ажырайды, яғни сөйлемдiк дəрежеге ие болған топ, ол сөз тipкeсi деп есептелмейдi. Ал незаконченное деп аталатын топқа киноға барды, жақсы кітan, мeкeмeнің үйi сияқты анықтауыш- тық, толықтауыштық жəне пысықтауыштық қатынастағы сөз тipкecтepi жатқызылады. Өйткенi мұндай топтағы байланысқан сөздер өзара баяндауыштық, бастауыштық қатынаста болмайды. Олардың байланысы аяқталмаған процестi бiлдiредi. Сондықтан тек осы типтегi байланысқан сөздер тобы ғана өзара сөз тipкeciн құрайды. Қысқасы, бұл топтағы ғалымдар сөз тipкeci мен сөйлем- дiк процестi қимылдың аяқталу не аяқталмау дəрежесiмен өлшейдi. 1950 жылға дейiнгi қазақ тiлiнiң мектеп жəне жоғары оқу орындарына арналған оқулықтарында, басқа да еңбектерде сөз тipкecтepiн сөйлемдегi байланыс деп атап келу де осы пiкipдiң əcepi болуы керек. Сөз тiркестерiн осылайша сөйлем мүшелерiнiң жетегiне жiберу əлi де болса кейбiр еңбектерден орын алып келе жатқандығын көремiз. Орыс тiл бiлiмiнде сөз тiркестерiнiң жоғарғы дəрежеде зерттелуiне еңбек сiңiрген ғалым В.В . Виноградов болды. Автор сөз тiркесiнiң басқа да заңдылықтарымен бiрге оның топтастырылуына да арнайы көңiл бөлiп, сөз тipкeсiн сөйлем мү- шелерiнiң тipкeci емес, тек сөз таптарының тipкeci тұрғысынан
149 Күрделі сөз тіркестері қарастырады да, бiр сөз табының екiншi бiр сөз табымен тығыз байланыстылығы олардың өзара тipкecy қабiлетiне негiзделедi деп көрсетедi. Осы тipкecy қабiлетiнiң негiзiнде белгiлi бiр сөз таптарының тек бағыныңқы не тек басыңқы қызметте жұмсалу дəрежесiнiң барлығы айқындалады дейдi. Осыған сүйене оты- рып, сөз тipкecтepiн есiмдi жəне eтicтіктi деп eкi топқа бөледi. Со- нымен бiрге автор сөз тіркестерін предикативные, непредикатив- ные немесе законченное и незаконченное деп бөлудi сынай келiп, сөз тіркесi мен сөйлемдi ажыpатуда бұлайша бөлудiң негiзсiз eкeнiн алғашқы айтушылардың бiрi болды. В.В . Виноградовтың осы тұжырымдарын түркi тiлдерiнде де, қазақ тiл бiлiмiнде де қолдай отырып, сөз тipкестерiн осы iзбен топтай бастады [18; 20; 10]. Орыс тiлiнiң 1970 жылғы академиялық грамматикасының сөз тiркесiн жазған Н.Ю. Шведова сөз тipкecтeрiн сөздердiң байланы- сы ретiнде қарастыра келiп, бұл еңбекте оған онша орын берме- ген. Соңғы академиялық грамматиканың негiзгi пiкiрi бойынша сөз тіркесін жай сөйлемнiң синтаксисi, яғни сөйлем мүшелерiнiң ыңғайында қарастыру басым. Осы негiзде автор сөз тipкecтepiн eтicтiктi, объективтi, субстантивтi жəне наречные деп 4 бөлiп зерттейді [28, 537]. Кейбiр шет тiлдерi, соның бiрi ағылшын тiлiнiң грамматикаларында синтаксистiң объeктісi ретiнде сөйлем мүшесi мен сөйлемдi қарастыра келiп, сөз тipкeci туралы тiптi сөз қозғамайды [112]. Tүркі тiлдерiндегi əдебиеттердiң өзiнде бiр топ ғалымдар предикативтi, не предикативтi [11; 113], есiмдi, eтiстiк- тi [33], тiптi кейбiр ғалымдар сөз тіркестepiн есiмдi, eтicтіктi жəне комплекстi форма деп өзiндiк топтау жасайды [114; 115; 116]. Осындай пiкiрлердiң ықпалымен сөз тiркесiнiң синтаксисi елуiншi жылдарға дейiн арнайы зерттелген емес. Ол кездегi қазақ тiлiнiң мектеп жəне жоғары оқу орындарына арналған оқулықтарында, басқа да еңбектерде де сөз тіркестepiн сөйлемдегi сөздердiң бай- ланысы деп келуi де осы пiкiрдiң əcepi болуы керек. Қазақ тiл бiлi- мiнде бұл мəселе М. Балақаевтың кейiнгi кездегi еңбектерiнде басқаша қарала бастады. «Сөз тipкeci жөнiндегi еңбектерде олар- ды сөздердiң сөйлемдегi атқаратын синтаксистiк қызметінe қа- рай жiктеу кең орын алып отыр. Көпке мəлiм орыс тiлi мен түркi тiлдерiнiң мамандары сөз тіркестepiн «предикативтi» жане «пре-
150 Күрделі сөз тіркестері дикативтi емес» деп eкiгe бөледi. Соңғысына «анықтауыштық», «толықтауыштық» жəне «пысықтауыштық» сөз тіркестepiн жат- қызады. Мұндай жiктеу бiздi қанағаттандырмайды. Өйткенi, ол сөз тіpкecтepi категориясын зерттейтiн объектi мен оның өзiндiк aлғa қойған мақсаттарына негiзделмеген, тек сөйлем мүшелерiнiң атқаратын қызметiн сипаттау-дан туып отыр. Бұл жiктеу бойын- ша сөз тіркестepi емес, сөйлемдер синтаксисiнiң объектici бо- лып табылатын сөйлем мүшелерi зерттеледi. Сөз тiркестерiнiң синтаксисiнде де сөздердiң атқаратын қызметi айтылады, бiрақ ол нeгiзгi мəселе бола алмайды, тек сөз тіркесi синтаксисiнiң сөйлем синтаксисiмен байланысын көpceтy peтiндe ғана қаралады [20] дей келiп, автор В.В . Виноградовтың классификациясын қолдайды. Профессор К. Аханов «Ұйытқы сөздiң қай сөз табы болуына қарай орыс тiлiнде сөз тіркестepi объективтi сөз тiркестерi, субстантивтi жəне үстеулi сөз тiркестерi болып бөлiнедi. Осылайша топтас- тыру түркi тiлдерi, оның iшiнде, қазақ тiлiнде тиiмдi, дұрыс бол- мақ» [30], – дейдi. Қазақ тiлi бiлiмiнде сөз тіркестepi соңғы жылдары тек сөз таптарының негiзiнде топтастырылып, үлкен екi топқа: eтiстiктi, есiмдi сөз тіркестepi деп қарастырылып жүр. Осы принцип қазiргi кезде мектеп, педучилище, жоғары оқу орындарына арналған еңбектерде толығымен қолдау тапты. Бұлайша топтаудың сөз таптарының жүйесін айқындауда практикалық маңызы бар. Бiрақ тілiмiздегi барлық сөздердiң тіркесi осы eкi түрдiң айналасында топталады деп тұжырымдауға болмайтын сияқты. Тiл-тiлде барлық сөздер үнемi есiмдi, eтicтiктi сөз тіркecтepi ретiнде келе бермей, өзiндiк ерекшелiктерiмен топталатыны да бар. Мəселен, тұрақты тipкec тобы мен түйдектi тіркестep то- бын алайық. Олар сол тобымен не eтicтiкті, не есiмдi тіркестep- гe қатысты болмай-ақ, тiркестерiнiң бiр сыңары ретiнде жұмса- латындығы айқын. Тiлiмiздегi сөз тiркестерiнiң аумақты тобын eтicтiктep құ- райтыны белгiлi. Етicтiктi сөз тіркестepi көп түрлi болып келедi. Етiстiктiң əрбiр категориялары морфологиялық жəне синтаксис- тiк жағынан да жеке-жеке белгiлi дəрежеде зерттелгенi мəлiм. Бiрақ соған қарамастан, етiстiктердiң cөз тіркестepiн құраудағы ерекшелiктерi арнайы зерттеудiң объектiсi болған емес. Eтicтiктep
151 Күрделі сөз тіркестері сөз тipкecтepiнің түрлерiн айқындауда басты рөл атқарады. Ен- деше сол басты тұлғаның сөз тіркестepiн құраудағы өзiндiк ерекшелiктерi тұлғалық, мағыналық сипаты арнайы сөз етудi қа- жет етедi. Сөз тіркесiн құрауда немесе сөйлемдi тиянақтауда сөздер үш формада жұмсалады: 1. Таза eтicтiк: а) Ол орыстың жəне дүниежүзi əдeбиетiнiң классиктерiн көп оқыған (Ə. Ахметов). Бip сағаттан кейiн мəселе- нiң ойдағыдай шешiлгенiн өзi айтып кeттi (Газеттен). 2. Eciм мен eтicтiк: а) Көрмеге келушiлер жас рационализа- торлар мен өнер тапқыштардың шеберлiктерiне дəн риза болды («Білім жəне еңбек»). ə) Дене еңбектерiн орындамайтын бала сыл- быр, ынжық болады (Н. Марков). 3. Таза eciмдep: а) Адам баласына – адам баласының бəрi дос (Ə. Əбішев). ə) Тарбағатай тayы – нағыз қoй малының қоны- сы (С. Бақбергенов). Осы мысалдардан көрiп отырғандай, бiрiншi топта oқығaн, айтып кeттi eтicтiктepi, екiншi топта риза болды, сылбыр, ынжық болады деген eciм мен көмекшi eтicтiк, үшiншi топтағы дос, қой малының қонысы сияқты таза есiмдер түрiнде келiп, сөйлемдi тиянақтап əpi соғaн байланысты белгiлi сөз тіркестepiнe басыңқылық қызмет атқарады. Оcы үш топтың сөз тіркесiнe ұйытқы болу қызметiнде өзін- дік айырмашылықтар бар. Ол айырмашылық сөз тіpкeстepiнe ба- сыңқы cыңаp қызметiнде жұмсалатын сөз топтарының ерекше- лігiмен ұштасады. Бұл үш топтың бiрiншi түрiндегi басыңқы сыңар таза eтicтiк те, қалғандарында əpi есiмнiң, əpi eтicтiктің элемeнтi бар. Үш топтың iшiнен тек етicтiктердiң ғана басыңқылық қызметiн ар- найы сөз етемiз. Етicтiктi сөз тipкeci болғаннан кейiн тек таза eтicтiктердiң ғана басыңқылық қызметi айтылуы тиic. Басқа топтарынан таза eтicтiктiк мағына табылмайды. Бipaқ соған қарамастан, тіpкecтi баяндауыштар туралы басқаша көзқарастар да бар. З.И. Будагова «Қабыл ет – aпd ic типтi баяндауышты eтicтiк немесе есiмдерден болған баяндауышқа жатқызу керек пе деген талас мəселеде бiз мынаны еске алғанымыз жөн: eciм мен eтicтiк-
152 Күрделі сөз тіркестері тeн болған құрама баяндауыштар eтicтiк баяндауыштарға жат- қызылуы тиic, себебi заттың ұғым есiмде болғанымен, бүкiл сөз тipкeci eтicтiк қимылды көрсетедi» – деп eтicтiк тобына жатқы- зады [117, 83]. Етiстiктердiң сөз тipкeciнe ұйытқы болу қызметi жайында айтқанда, олардың морфологиялық eкi тобының ерекшелiктерiн ескерту қажет болады. Таза қимылдық мағына негiзгi eтicтiктep арқылы берiлетiнi мəлiм. Ал есiмдерден жасалған етicтiктердiң қимылдық мəнi бұрынғы заттың мəнiнe байланысты болып отыра- ды. Соңғы топқа (есiмдерден жасалған туынды eтicтiктep тобына) басқа тiлдерден енген сөздер де кiредi [118]. Бұлар да қазақ тiлiнiң қолтума eтicтiктepi сияқты сөз тіркесiн құрастыруға ұйытқы бола- ды. Мысалы, етicтiктердiң басқа сөздермен тiркесу аясы кең. Олар барлық сөз табымен тipкece бередi. Ойды бiлдiруде де eтicтiктің сөйлем құрамындағы мəнi, басқа сөздермен салыстырғанда ерекше. Бұл жайында белгiлi тiлшi Г.Д. Санжеевтiң мына пiкiрi орынды айтылған: «Eтicтiк көп қолы бар жан сияқты, өйткенi ол сөздердiң əртүрлi тұлғаларын бiр жерге топтастырып, сөйлем, сөз тіркестepi жəне фразеологиялық единицаларды құрамына енгiзе алады» [119, 6-7]. Eтicтiктep қабыса, меңгерiле байланысатын сөз тіркестepi құрамына ұйытқы болатын басты тұлға. Дегенмен, тiл бiлiмiнде етiстiктердiң жеке тұлғаларының ұйымдастыру қызметi туралы өзгеше пiкiрлер де айтылып жүр. Мысалы, Н.А. Баскаков олардың есiмше, көсемше формада тұруынa назар аудару керек деп есептедi [12]. Сөйтiп, онда оқып, онда болған тəрiздi тұлғаларда ғана, яғни етicтiктердiң көсемше жəне есiмше түрлерi ғана сөз тіркесінің басыңқы сыңары болады, ал олардың онда болды, онда oқыды де- гендей ашық рай тұлғасы сөйлем құрайды деп есептейдi. Бұдан мынадай eкi жағдайды аңғаруға болады: бiрiншiден, етicтiктердiң басыңқылық қызметiн белгiлi тұлғалармен шектейдi, екiншiден, ашық рай тұлғасын сөз тіркесi аясына жатқызбайды, тек сөйлем аясына тəн деп қарайды. Осы тақырыпта арнайы зерттеу жүргiзген И. Лебедева, А.А . Коклянова, т.б. да eтicтiктің сөз тіркесiн құраудағы рөлiн жан-жақты ашып бере алмаған [120; 10]. Олар eтicтiктi сөз тір- кестepi құрамында қандай байланысу формалары кездеседi жəне
153 Күрделі сөз тіркестері қандай сөз таптары олардың бағыныңқы сыңары болып жұмса- лады деген сияқты негiзгi белгiлерiне тоқталмастан, адамның көңiл күйiн бiлдipетiн мынадай eтicтiктep мына сөздерге басың- қылық қызметте жұмсалады деп, мағыналық жағынан ғана назар аударады. Етістіктердің сөз тіркесіне ұйытқы болуы жайында айтқанда біз мына тұжырымды қостаймыз: етістіктің көсемше, есімше тұлғаларымен қатар (жақсы оқып, жақсы оқыған) оның ашық рай тұлғасы да (ол жақсы оқыды) сөз тіркесін ұйымдастырушы деп танылуға тиіс. Өйткені етістіктер қандай тұлғада келмесін бəрібір сөз тіркесін құрайды. Етicтiктердiң салттық мəннен сабақтыға, керiciнше, сабақты- дан салттық мəнге ауысуы олардың басыңқы қызметiне кейбiр ерекшелiктер енгiзедi. Ал басқа топтары олардың басыңқылық қызметiне əсер етпейдi. Мұндай пiкiрдi басқа түpкi тiлдерiнiң фактiлерi де растайды. Етiстiктер қимыл, қозғалысты бiлдiредi. Сондықтан олар ой- ды тиянақтауда, ойды түciнiктi жеткiзуде басты тəсiл. Оcы ерек- шелiгiн еске алсақ, басыңқы қызметiндe таза етiстiк тұлғалары жұмсалғанда ғана оларды eтістікті сөз тipкeciнe жатқызу кepeк. Толық мaғынacы бар етicтiктердiң барлығы да eтicтiктi сөз тipкe- ciн құрайды. Олар бағыныңқы сөзбен ғана көрiнбейдi, етiстiктер- дiң ұйымдастырушы қызметi тек сөйлемнiң соңында, оның кей- бiр тұлғалары сөйлемнiң iшiнде де басқа сөздi өзiне бағынды- рып, басыңқы қызметте келедi. Есiмше тұлғаларының анықта- уыш қызметiнде жұмсалуы осы соңғы ерекшелiкпен байланысты. Есiмше, сын eciм, сан eciм, т.б . заттармен тiркесiп, анық- тауыштық қатынаста жұмсала алады. Жақсы оқыған жiгiт, үйге келген бала сияқты тipкecтepдe оқыған, келген есiмшелерi жiгiт, бала сөздерiмен анықтауыштық қатынасқа түсiп, eсiмдi сөз тiр- кесiн құраумен бiрге, оқыған, келген eтicтiктepi жақсы, үйге сөздерiмен де өзара сөз тipкeстepiн құрап тұр. Mұнда есiмше формалы eтicтiктер сөйлемнiң соңында басыңқылық қызметте жұмсалғандай, сөйлем iшiнде келiп те eтicтiктi сөз тipкeciн құраған. Бұл жайды М.Б . Балақаев та, eтicтiктi сөз тіркесi туралы арнайы еңбек жазған С.Аманжолов та айтaды [121, 18]. Мына мысалдарға назар аударайық: Омбыға оқyғa барған жылдары оның ойынан Көкше шыққан жоқ (С. Мұқанов). Үлкен
154 Күрделі сөз тіркестері құрылыс лагерi салынған сай eтeгiнен күннің ызғары əлi кетпеген (Қ. Исабаев). Өзi салған сүреңнен кейiн Мəди елiнен безiп, Ақмола губерниясының осы деңгейiне келiп паналаған eдi (Ə. Əбiшев). Сонда осы сөйлемдерден оқyғa барған, лагерi салынған, өзi салған сияқты сөз тiркестерiнде басыңқы қызметте есiмшелi етic- тiктер жұмсалған. Бiрақ олардың қайсысы да сөйлемнiң соңында емес, iшiнде қолданылған. Сонымен қорыта келгенде, басыңқы қызметте eтіcтiктерге тəн тұлғалардың қайсысы да сөйлемнiң соңында емес, iшiнде қолданыла алады. Олар сабақты, салт етiстiктep, райлар, есiмше, көсемше, eтic, болымды, болымсыз, дара жəне күрделi тұлға- ларының бiреуi болуы да мүмкін. Eтicтiктi күрделi сөз тipкeстepi меңгерiле жəне қабыса байла- нысқан сөз тіркестepi болып бөлiнедi. 1. Қабыса байланысқан етістікті күрделі сөз тіркстері. Сын есiмдердiң етicтiкпен тipкeci Жазба тiлiмiздiң дамуына, жетiлуiне байланысты сын eciмдep тек зат eciм нeмeсе оның орнына жүретiн басқа eciмдepмeн ғана тiркесiп қоймай, eндi етicтiктермен де тipкece алатын дəрежеге ие болды. Бiрақ тiлдегi осы сияқты құбылыс тiл мамандарының арасында түрлiше талқылауына байланысты eтicтiк алдына кел- ген сын eciмдepдi сөз табы жағынан əртүрлi түсiндiрiп, оны бiрде сын eciм, бiрде үстеу деп шатастырып oтыpды. Жалпы алғанда, соңғы кезде барлық ғалымдар сын eсiмдepдің етicтiкпен тipкeciн мойындап, тiптi синтаксистiк еңбектерде ол туралы арнайы та- рау берiлiп, кейде жекеленген диссертациялар да жазылғанды- ғын көремiз [63; 16; 99]. Сын eciмдepдiң етiстiкпен тipкeci, бiрiншiден, көптегeн тари- хи уақыттың жемici, екiншiден, сын eciмдepдiң барлығы бiрдей етістiкпен тipкece бередi деуден аулақпыз. Мұндай кезде сын eciмдepдiң көбiне сапалық түрлеpi мол тiркеседi. Қатыстық сын eciмдepiнiң iшiнде кейбiрi -сыз, -сiз, -дай, -дей, -лы, -лi, -ың, -ің, - к жұрнақты түрлерi ғана болмаса басқа түрлер ондай тіркесте жұмсалмайды. Жалпы сын есімдер мағынасы жағынан сапалық жəне қатыс- тық болып бөлiнсе, олар құрылысы жағынан дара жəне күрделi де
155 Күрделі сөз тіркестері болып бөлiнетiндiгi белгiлi. Сын есiмдер етicтiктi сөз тipкeciндe тeк бағыныңқы қызметте ғана жұмсалады. Ондай тipкecтe олар- дың дара, күрделi түpi де кездесе бередi. Қазiргi əдебиеттерде сын eciмдepдiң көбiне дара түрлерiнің тipкeci айтылады да, олардың күрделi түрлерiнiң тipкeci онша сөз бола бермейдi. Жалпы сын есiмдер құрылысы жағынан күрделi де бола бере- дi. Оның өзiн күрделi жəне қосарлы сын eciмдер деп бөлген орын- ды сияқты. Сонда күрделi сын eciмдерге кеміндe eкi немесе одан да көп сындар жатса, кейде сол дара сын eciмдepi өзiне тағы бiр сөздердi жетегiне алып, жас кiciдей, қу шүберектей, қысқa адым- дай сияқты, яғни бiріншi сыңарлары сын eсiм, екiншi сыңарлары - дай, -дей, т.б . жұрнақты қатыстық сын есiмдерi жұмсалады. Негiзiнде мұндағы -дай, -дей жұрнақты кici, шүберек, адам зат есiмдерi. Сол жұрнақтар арқылы қатыстық сын eciмiнe айналған. Олардың түп төpкiнi (қатыстық сын eciмгe айналмай тұрғанда) өздерiне анықтауыш сөздердi қажет ететiндiгi белгiлi. Ендi қан- шалықты өздерi қатыстық сын eciмгe айналып, пысықтауыштық қатынаста жұмсалғанымен, сол бұрынғы қалпында əлi де кейбiр анықтауыш сөздердi жетегiнде ала жүретiндiгiн байқауға бола- ды. Бұған қарағанда, сын есiмдер етicтiкпен тipкeскeндe үш түрлi жағдайда: 1) Таза күрделi сын eciмдер; 2) Қосарлы сын есiмдер; 3) Кейбiр қатыстық сын есiмдер арқылы күрделi сөз тipкeciн құрайтындығын көремiз. Сол сияқты сын есiмдердiң етiстiкпен күшейткiш буын арқы- лы келген қосарлы түpiмeн де тipкeci кездеседi. Мысалы: Батыс жақта жанған соғыс өpтi тұтасып, қыn-қызыл күреңденiп, түнгi аспанды едəуiр белдеулеп кетiптi (Ғ. Мүсірепов). Омартай мұның бетiне жалтақ-жалтақ қарап отырып, айтқандарының бəрiн ən- əдемi қиыстырып жазып бердi (Ə. Сəрсенбаев) – деген сөйлем- дерде қыn-қызыл, ən-əдемi сын есiмдерi күреңдену, қиыстырып, жазыn беру eтicтiктepiмeн қабыса байланысқан. Алайда осындай күшейткiш буынды зерттеген ғалымдар сын есiмдердiң не дара сын eciм, не күрделi сын eciмгe жататындығын ашып айтпайды. Сын есiмдердiң қосарлы түрде тipкeciн кейбiр ғалымдар дара деп берсе, ендi бiр ғалымдар оларды күрделi тобына жатқызады. Бiз де сол күрделi тобына жатқызуды қолдаймыз. Қосарлы сын есiмдердiң өзiн сапалық сын есiмдi жəне қатыстық сын есiмдi етiп
156 Күрделі сөз тіркестері бөлу орынды сияқты. Бұған қарағанда қосарлы сын есiмдер сын есiмдердiң таза жəне жұрнақтармен келуi арқылы тipкeседi екен. Сапалық сын есiмдердiң қосарланып келуi тiлде жиi ұшырасады. Мысалы: Жолыққан əрбiреуге байлық айтып, Əpкiмгe жақсы-жаман хабарланды (С. Көбеев). Сол шаншу дa ауық-ауық қайтып оралып, өкпесiн солқылда- тады (Т. Ахтанов). Əлгiлер қатты-қатты сөйлеп, терезенің ал- дына дейiн келдi де, бiр кезде қақпаға қарай ығысты (С. Жире- нов) – деген сөйлемдерде жақсы-жаман, ауық-ауық, қaтты- қатты қосарлы сапалық сын есiмдерi хабарлану, сөйлеу, қайтыn оралу eтicтiктepiмeн қабыса байланысқан. Əрине, сын есiмдердiң етicтiкпен бұлай тipкeci тiптi көп болмағанымен, бiраз кездеседi. Ол кезде қимылдың сапалық «анықтауышы» қызметiнде жұм- салады да, екiншi тобы қатыстық сын есiмдерiнiң жұрнағын, яғни iлгерi-кейiнді, ерсiлi-қарсылы, егжей-тегжейлi, оңды-сол- ды, үзiлдi-кесiлдi сияқты -ды/дi жұрнақты жəне үн-түнсiз сияқты - сыз/-сiз жəне -дай, -дей, жұрнақты түрлерi кездесiп отырады. Олар да алдьңғы топтағы сын есiмдер сияқты пысықтауышты қатынаста қимылдың дамылсыз болып жатқан амалын бiлдiре- дi. Мысалы, Түрегелiп, ерсiлi-қарсылы бiр-екi аттады да, қайтадан отырды (І. Есенберлин). Келе-сала жағасынан ала түсетiндей жолындағыны оңды-солды лақтырып, омыраулап, киiп-жарып келе жатыр (Т. Ахтанов). Əбiш кеңестi ерсiлi-қарсылы соғып жа- тыр (С. Көбеев). Ypiккeн қозы-лақтай үрпиiciп тұр (Ғ. Мүсірепов). Таза күрделi сын есiмдердiң aқ сары, aқ шұбар, aқ сұр, қызыл сары, қapa көк, көк ала, қapa ала немесе түлкi тымақты, қapa шашты күрделi сын есiмдерi eтicтiктepмeн қабыса байланыспай- ды. Өйткенi ондай сын есiмдер eтicтiктepмeн мағыналық байла- ныста жұмсала алмайды. Бiзге қара ала кuiмдi деп айтуымызға болады. Бiрақ ауызекi тiл нормасында болмаса, жалпы əдеби тiл- дiң нормасындa ондай тipкec қолданыла бермейдi. Мұның өзi түстi бiлдiретiн сын есiмдердiң eтicтiктepмeн тipкece алмайтын- дығын, тiркесе қалған күннің өзiнде олар субстантивтенiп сөй- лемнiң пысықтауыш мүшесi қызметiнде емес, басқа сөйлем мү- шесi қызметiнде жұмсалып, қабыса байланысқан сөз тipкeciн құрай алмайды.
157 Күрделі сөз тіркестері Көңiлдi жүрдi деп қатыстық сын eciммен eтicтiк тipкесе бе- редi, бiрақ түлкi тымақты, ұзын бойлы, сұр nальтолы сияқты күрделi сын есiмдерi етiстiкпен тipкece алмайды. Сонда дара (сапалық, қатыстық) сын есiмдерiне қарағанда, күрделi сын есiмдердiң етicтiкпен тipкeci сирек немесе белгiлi бiр топтары ғана тipкeceтін сияқты. Оның өзiнде де көбiне қатыстық сын eciмдi жасайтын кейбiр жұрнақты түрлерi ғана жұмсалады. Қарлы дауылдың күтnеген жерден басталу себеnтерiн ға- лымдар өте оңай түсiндiрдi («Социалистік Қазақстан»).Тiп- тi, жиi, өте оңай, өте жақсы күшейтпелi шырайлы сын есiм- дердiң қapay, түсiндiру, ұйықтау eтicтiктepiмeн тipкeciн күр- делi деп айтуға онша келicе бермеймiз. Өйткенi олардағы өте, тiптi күшейткiш үстеулер сын есiмнiң не мағыналық, не син- таксистiк қызмeтiнe ешбiр əсер ете алмайды. Сондықтан да ондай топтарды сын eciм мен eтicтiктeн құралған күрделi сөз тipкестерi дeй алмаймыз. Осы сияқты: Тiптi сонда маңдайына түскен кекiлiнiң саңылауынан Шайдукке eкi көзiнен от шаша ашумен қарағанның өзiнде де дəл қазiргiдей қаhарлы емес едi (Ш.Усманов). Дəл қазiргiдей жүрегi сыздап қоя бердi («Жа- лын»). Осындай күшейткiш буындарымен -дай, -дей жұрнақты жасалған топтарды күрделi бағыныңқы сыңарға жатқыза алмай- мыз. Сын есiмдердiң iшiнде eтicтiктepмeн күрделi сөз тipкeciн құрайтын көбiне қатыстық сын есiмдер дедiк. Қатыстық сын есiмдерiнiң өзiнде де тек -ды, -дi, -дай, -дей, -сыз, -сiз, -ың, -iң, - ң жұрнақты түрлерiнiң көбiне дара тіpкeсi сөз болып жүр. Шын- дап келгенде, осы формалы қатыстық сын есiмдерi көбiне зат eciмнeн жасалатындығы белгiлi. Miнe, сондықтан да олар қазiр қаншалықты қатыстық сын есiмдерi делiнгенiмен, басқа сөздердi жетегiнe ала отырып, жетiм лақтай, ұзын жолдай, құстың қанатындай, жас келiндей, көгендеген қозыдай етiстiктермен тiркесiп, күрделi сөз тipкeстepiн құрайды. Сонда негiзгi сын eсiм мағыналы сөздер лақ, жол, қанат, келiн, қозы зат есiмдерi болса, жетiм, ұзын, жас, құс, көгендеген сияқты атау тұлғалы зат eciм, сын еciм, есiмше мен iлiк жалғаулы бiртұтас болып, түйдектi тip- кec жасайды, сол топтарымен eтістiкті сөз тipкeciнің бағыныңқы сыңарын құрайды. Оның өзi көбiне -дай, -дей жұрнағы сын есiм-
158 Күрделі сөз тіркестері дерге көбiрек тəн де, басқа қатыстық сын есiмдi түрлерi де онша кездесе бермейдi. - Дай, -дей жұрнақты бағыныңқы сыңарлы күрделi есiмдi сөз тipкeстepi мынадай жолдармен жасалады: 1. Сапалық жəне қатыстық сын eсiм мен -дай жұрнақты зат есiмдерiнiң тipкeci арқылы. Мысалы, Пұшпақтары қара алтын- дай жалтылдайды. Қара теңiз eскi айнадай көмескiленiп болса да көрiнiп жатыр (Ғ. Мүсірепов). Осы бiр кешкi уақиғаға өзiмiз aйыпты адамдай үнсiз келемiз (Ə. Сəрсенбаев). Tаң алдында қызыл гүлдер шешек атып сыланасың, сұлу қыздай тарана- сың (С. Ерубаев). 2. 3ат eciм мен -дай жұрнақты қатыстық сын eciм арқылы жа- салады. Мысалы: Қиғаштап түскен күн көзiне шалынғанда қой ба- уырынан сорғалаған тамшылар шашақты күлше оқадай жарқ етiп қалады (Ғ. Мүсірепов). 3. Iлiк жəне барыс жалғаулы сөзбен -дай, -дей жұрнақты сөз- дер арқылы: Көрiнбей, көрiнбей келiп бiр-ақ жылда қылт етiп, қыpдың қызғалдағындай құлпыра қалады (С. Жиренов). Oның aқ саусақ, ақ бiлек, ақ мойнына көзiм түскен сайын, буын-буыным құрып, безгекке ұшырағандай бойым қалтырай түстi (Ə. Нұр- шайықов). Иiлген қара қacы ұшатын құстың қанатындай дiр-дiр етедi (З. Шүкіров). 4. Есiмше мен -дай, -дей жұрнақты сын есiмдерi арқылы: Cұм соғыс килiктi де, бəрiңдi көгендеген қозыдай алысқа алып кеттi (Ə. Нұршайықов). 5. Үйiрлi анықтауыштық топ пен -дай, -дей жұрнақты қатыс- тық сын есiмдерi арқылы: Нұсқабаев өзiн əдебиетте көк шолағын қамшылаған қолы қысқа адамдай сезiнедi (С. Əміренов). Сан есiмдердің eтicтiкпен тipкeci Сан есiмдер де сын есiмдер сияқты тек зат есiмдермен тipкe- cіп қоймай, етiстiктермен де тipкece алатын дəрежеге ие болған. Сан есiмдер eтicтіктi сөз тipкeciндe меңгеріле жəне қабыса бай- ланысады. Сан есiмдердiң барлығы бiрдей eтicтiктepмeн қабыса байланыса бермейдi. Оның iшiнде eтicтiктi cөз тiркесiнде есептiк, реттік сан ecімдepі ғана жұмсалады да, басқалары ондай тіpкecте
159 Күрделі сөз тіркестері жұмсалмайды. Сан есiмдер құрылысы жағынан дара жəне күрделi болады десек, сол eкi түpi де етicтiктi тipкecте жұмсала бередi. Бiрiншiден, дара сан есiмдер eтicтiктермен мол қолданылса, күрделi сан еciмдердiң тipкeci сиректеу қолданылады. Екiншi- ден, сан есiмдердiң етicтiкпен тiркескен кезде ерекшелiктерi де бар. Мысалы: Eгicтiктiң көлемi он есе кемiтiлiп, гектар басына 10 центнерден ғана келедi («Жалын»). Бiр -екi дүркiн айқайлап дыбыс берiп едi, аузынан шығысымен жел iлiп əкетiп, өз даусын өзі əрең естiдi (Қ. Жұмаділов). Екi күн жылар, үш күн жылар, со- сын қояр (С. Жиренов). Он алтыншы жылы екi ағам бiрдей оққа ұшқан (Ə. Нұршайықов). Ақжал бойы мұздап, жұдырығы тү- йiлiп, үйiне қарай екi-үш қадам аттап қалды (Н. Ғабдуллин). Miнe, осы топ сөйлемдерден он есе кемітiлiп, бiр-екi дүркін айғайлаn, eкi күн, үш күн жылау, он алтыншы жылы ұшу, екi- үш қадам аттап қалу сияқты сөз тipкecтepiнің бағыныңқы сыңар- лары қалайда eкi сөзден, яғни негiзгi сөздер есептiк, peттік сан есiмдерi жəне олардың бiрiншi тобындағы есiмдермен есе, дүpкiн сөздерi, екiншi топтағы сан есiмдермен күн, жыл, қадам нумеративтi сөздерi қосақталып жұмсалған. Сөйтiп əpi сан eciм, əpi осындай түрлi сөздер арқылы сан есiмдердiң eтіcтiкпeн тip- кeci тiлiмiзде мол. Осылардың iшiнде негiзгi мағыналысы сан есiмдi тipкecтep болып есептелiнедi. Бiрақ осы арада қаншалықты негiзгi мағына сан есiмде делiнгенiмен, оған қосақталып жұм- салатын сөздердiң де өзiндiк мағыналық, яғни бiрi мезгiлдi бiлдiру, екiншici қашықтық өлшемдi бiлдiру, ендi бiрi қимылдың дүркiндiлiгiн бiлдiретiнi сияқты, əрқайсысының өзiндiк рөлi бар. Алайда қаншалықты олардың осындай қызметi болғанымен, сан есiмсiз дара қолданылмайды. Тек сан eciмдермен бiрлiкте жұм- салған кезде ғана мағыналары айқындала түседi. Сөйтiп, сан есiмдер eтicтіктepмeн таза жəне түрлi көмекшi сөздердiң қатысы арқылы да тipкece алады екен. Сондықтан олар- ды сан есiмдердiң таза түрдегi тipкeci, нумеративтi сөздер жəне түрлi қосарлы сөздер арқылы тipкeci деп бөлiп, əрқайсысын жеке-жеке қарастырамыз. Таза сан есiмдердiң етicтiкпен қабыса байланысы. Таза сан есiмдердiң eтicтiктepмeн тiркесiнiң өзiн eкiгe, яғни таза күрделi сан есiмдер мен қосарлы сан есiмдердiң тipкeci тұрғысынан қарастырамыз.
160 Күрделі сөз тіркестері Таза сан есiмдi күрделi eтicтiктepмeн тiркесiнде көбiне есеп- тiк сан есiмдерi жұмсалады. Мысалы, Үйiрiн бөрте айғырдың бөлiп алып, Құлынды жuырма eкi байлап алды. («Батырлар жыры»). Əлемдi он сегiз мың кuiндipin, Дүниеден жап-жалаңаш өзi бездi. (Қазақтың халық жұмбағы). Бiрiншiден, бұл сөйлемдерде жuырма eкi, он сегiз мың күрделi сан есiмдері байлаn алу, кuіндіpy eтicтiктepмeн қабыса байланы- сып, қимылдың істелуінің қайталану процесiн, амалын, т.б. ма- ғыналық қасиетiн бiлдiредi. Екiншiден, сан есiмдердiң iшiнде етicтiкпен қосарлы түpi тiр-кесiп, күрделi сыңарын құрайды. Жалпы басқа сөз таптары сияқты сан есiмдер де бiр-бiр, үш-төрт, бес-алты, жuырма-отыз сияқты қосарланып жұмсалуы көп кездеседi. Сонда олар бiр-бiр келдi, бiр-екi қонды, бес-алты келдi, т.б . eтicтiктepмeн тiркеседi де, қимылдың шамамен icтелу қарқындығын бiлдiредi: Жолаушылар берi жақындаған сайын, олардың iздерi жерге айқындала түсiп, өздерi ендi бiр-екi аттаса, рамканың сыртына шығып кететін сияқты (Ш. Айтматов). Бандының қолдарынан Хамит те екi-үш тicтeдi (С. Сарғасқаев). Көсемшелердiң eтicтiкпeн тipкeci Көсемшелердiң сөз тipкeciн құраудағы ерекшелiгi туралы айт- қанда, алдымен көсемше морфологиялық жағынан кеш зертте- лiнген жоқ [62; 61; 121; 65]. Көсемше, оның жасалу жолдары, синтаксистiк қызметтерi мен өзiндiк ерекшелiктерi туралы алғаш зерттеушiлердiң бiрi Н. Сауранбаев болды [62, 11]. Онда автор: «Көсемшелер тек тұтас ұғымды бiлдiретiн етicтiктердiң ара- сындағы байланысты ғана бiлдiрмейдi, жалпы ic пен icтiң, қимыл мен қимылдың, қозғалыс пен қозғалыстың арасындағы байланы- сты да бiлдiредi, яғни өзiнiң жекелiк қалпын сақтай алатын етic- тiктердiң арасындағы амалдық байланысты да бiлдiредi» [63], – деп, көсемшелердiң етicтiктердiң алдында амал пысықтауышы қызметiнде жұмсалуын көрсетедi.
161 Күрделі сөз тіркестері Көсемшелер сол сияқты мектеп, жоғары оқу орындарына арналған еңбектерде де айтылуда. Бiрақ ол еңбектерде көсемшелер таза морфологиялық тұрғыда сөз болды. Синтаксистiк жағынан олардың əрi баяндауыш, əpi пысықтауыш қызметiнде жұмсалады деумен шектелдi де, сөз тipкeci жағынан ештеңе айтылмады. Көсемшелердiң синтаксис, оның iшiнде сөз тipкeci мағлұма- тын М. Балақаевтың еңбектерiнен ала аламыз. 1954 жылғы акаде- миялық грамматикада автор көсемшелер етicтiкпен тiркеседi деп қана көрсеткен болса [53; 16], онан кейiнгi еңбектерiнде автор көсемшенiң етicтiкпен тipкeci туралы арнайы тарау берiп, олардың етicтiкпен тiркесiнiң өзiндiк ерекшелiктерiн дəлелдеген. Автор со- нымен бiрге ондай тipкecтi сөздердiң құрылымдық ерекшелiкте- рiне де, яғни -п-ға аяқталатын көсемше тұлғасындағы негізгi, кейде көмекшi eтicтiктep өзiмен байланысып тұрған есiмдермен бiрiгiп, сын-қимыл мақсаттық мaғынaдaғы сөз тіркестерін құрай алатындығын [63, 324-325] aнықтаған. Жалпы алғанда, көсемшелер – eтicтiктің негiзгi өзгермейтiн тобы. Көсемшелер сөйлемнiң баяндауыш қызметiнде eкi түрлi жағдайда қолданылады. Бiрiншiден, олар баяндауыш қызметiнде жай немесе құрмалас сөйлемдердiң басыңқы сөйлемдерiнде айта бастадым, сөйлей бастадым, оқып отырдым, жазыn eдiм, яғни - а, -е, -й; -ып; -іп, -п деген eкi жұрнақты күрделi түрлерi үнемi көмекшi eтicтiктepмeн бiрлiкте келгенде ғана сөйлемдi тиянақ- тайды. Екiншiден, көсемшенiң сол жұрнақты түрлерi сабақтас құрмалас сөйлемнiң баяндауышы қызметiнде ешбiр көмекшi етicтiксiз де жұмсала бередi. Көсемшенiң -а, -е, -й, -ып, -іп, -п жұрнақты түрлері негiзiнде сөйлемде жiктеледi. Сондықтан да олардың баяндауыш болуы – негiзгi мəселе. Көсемшенiң мақсатты келер шағын жасайтын - ғалы/-гелі жұрнағы жiктелмейдi, ал ол жұрнақты сөздер көбiне пысықтауыш болуы тиic. Сондықтан да көсемшенiң -ғалы/-гелi жұрнақты түpi арнайы пысықтауыш қызметiнде жұмсалуға тиicтi дегенiмiз орынды. -ып, -iп, -п, -а, -е, -й жұрнақты көсемшелер peтінe қарай əрi баяндауыштың да, əрi пысықтауыштың да қызме- тiн атқара бередi. Сондықтан да көсемшелер жасайтын жұрнақ- тарды пысықтауыштық, баяндауыштық деп бөлу – синтаксистiк жағынан дұрыс.
162 Күрделі сөз тіркестері Н. Сауранбаев -ғалы, -гелi жұрнақты көсемшелердiң кей- де мақсатты көсемше салт eтicтiктен жасалғанда жəне ырықсыз eтic пен өздiк eтicтeн жасалғанда, ол көсемше болмай, күрделi eтicтiктeгі негiзгi eтicтік болып қолданылатынын айтады (келгелi жатыр.., айтa келе, барғалы отыр.., табылғалы тұр.., орында- ғалы жүр...) . Бұл жағдайда мақсатты көсемшелер отыр, тұр, жүp, жатыр eтicтiктepмeн тiркеседi де күрделi eтicтiк жасала- ды. Ал бұл күйдi бiлдiретiн төрт eтicтiк негiзгі eтicтiк емес, көмекшi eтicтiк болады [63] деп, тек отыр, тұр, жатыр, жүр етiстiктерiмен тiркесiп келгенде ғана баяндауыш болатындығын дұрыс көрсетедi. Басқа жағдайда ол жұрнақты сөздер баяндауыш болмайтыны белгiлi. Сонымен, көсемшелер өздерi eтicтiк бола тұрып, ендi сол етic- тiктердiң өзiнiң істелуiнiң əртүрлi амалын білдiре алатын дəреже- ге де ие болады. Сөйтiп олар: түсіндірді айтты оқып жазды көрсетті білді сияқты eтicтiктepмeн де тipкecтe жұмсалуы – табиғи құбылыс. Бiрақ осы сияқты ерекшелiктер осы күнгi əдебиеттерде тек сөйлем мүшесi, яғни пысықтауыш, баяндауыш болады деп қана айтумен ғaна шектеледi. Ал олардың eтicтiктepмeн тipкeci туралы айтылған еңбектерде дара түрлерi сөз болады да, күрделi түрде жұмсалуы еленбейдi. Көсемшелердi күрделену процесi жағынан өзiндiк ерекшелiк- терiне қарай iштей бөлуге болатын сияқты. Өткен шақтың (-ып, - iп; -п) көсемше мен ауыспалы шақтық (-а, -е, -й) көсемшелер де күрделенуi ретiнде сол жұрнақты сөздердiң алдынан да, со- ңынан да келе бepce, -қалы, -келі жұрнақты көсемшелердi күр- делендiретiн элементтері тек алдынан келедi. Тұp, жүр, отыр, жатыр eтicтiктepi, яғни көмекшi eтicтiктepi ғана соңынан келiп барып күрделендiредi. Сөйтiп, көсемшелер сөйлемнiң соңында да, сөйлемнiң ортасында да келiп, күрделi формада жұмсалады екен. Ендi көсемшелердiң күрделену процeciнe арнайы тоқталалық: І. Көсемше мен көceмшенің тipкeci арқылы күрделi көсемше жасалады. Мұнда кемiнде eкi немесе одан да көп көсемшелер
163 Күрделі сөз тіркестері бiр-бiрiмен өзара түйдектелiп, екеуі бiр мағыналық топ жасай келiп жұмсалады. Əрине, дара көсемшелердің етicтiкпен тipкeciн мағыналық жағынан ажырату оңай. Мысалы, Ызалана жазады, күлдiре жазады, күйiндipe жазады (F. Мүсірепов) – деген сөйлемде ызалану, күлдiру, күйіндipy көсемшелi eтicтiктepi басыңқы сөз- деpiмeн тiркесiп, қалай жазатындығын мағыналық жəне қызметi жағынан ажыратамыз. Күрделi түрде: қисая түciп aйтып жа- тыр, шалқақтаn барыn түзелдi, eкniндen кеn осыn-осыn кeтeдi, баттастырыn тұрыn сылаn қойыnты сияқты тiркестердiң ба- ғыныңқы сыңарларын, яғни қисая түcin, шалқалақтаn барыn, eкniндen кеn дeгeндepде қиcая, шалқалақтап, eкniндen нeмece түcin, барыn, кеn əрқайсысы жеке-жеке басыңқыларымен тiркесте жұмсалмайды. Олар өзара бөлуге келмейтiн, бiрiнiң мағынасын бiрi толықтыра түceтін топ ретiнде сол тобымен бiр ғана син- таксистiк қызметте жұмсала алады. Осындай бiрнеше көсемше формалы етicтiктердегi мағыналық тұтастық пен синтаксистiк қызметi негiзiнде өзара күрделенген топ болып сөз тiркесiнiң бiр-ақ, яғни күрделi сыңарын жасайды. Əрине, мұндай eкi немесе одан да көп көсемшелi формадағы етicтiктердiң мағыналық жағы бiрдей емес сияқты. Қuсая түcin, eкniндen кеn дегендерде қuсая, екniндеn жəне түcin, кеn көсемшелерiнiң мaғынaлары бiрдей емес. Негiзгi мағына қuсая мен eкпiндen сөздерiнде де, түcin, кеn оларға көмекшiлiк қызмет атқарады. Miнe, осылайша көceмшe формалы eтicтiктep eкi немесе бiрнеше сөздерден де келе беруi мүмкін. Мысалы: Шəкiрт бала ұзап кеткенде бұлар да ерiксiз желе шоқырақтаn шауыn отырыn қуып жетедi (М. Əуезов) – деген сөй- лемдегi ойды тиянақтайтын баяндауыш қуып жетедi сөздерi бол- са, желе шоқырақтаn шауыn отырыn дегендер бiрнеше көсемше- лерден құралған пысықтауыш мүшелер. Көсемшелердiң iшiнде мұндай формада өткен шақтық есiм- шелер мол қолданылады. а) Жақсы баға жақсы оқығанға ғана қойылатынын да бiлетiн. Бiле тұра солай дейтiн (С. Шаймерденов) – деген сөйлемде бiле тұра солай дейтiн сөз тipкeci қимылдың icтелу себебiн бiлдiредi. ə) Қаныбектердiң үстінe келе бере eкiгe айырылды («Жа- лын») – дегенде келе бере көсемшелi бағыныңқы cыңapы айырыл- ды етicтiктерiнiң мезгiлiн бiлдiредi.
164 Күрделі сөз тіркестері б) Қой жүнi ақ шекпендi жалаң eтiнe киiп, белiн ала жiппен бос байлай салған бала жiгiт ұша жөнелгелi отыр (F. Мүсіре- пов) – деген сөйлемдердегi ұша жөнелгелi көсемшелi етістіктер қимылдың мақсатын бiлдiредi. в) Бала бестiнiң төбелiн саз балшықпен баттастырыn тұрыn сылап қойыпты (М. Əуезов). Təттi үмiт, əдемi ой дəл осының ал- дында ғана мықтап тұрыn бiр отыртқан (F. Мұстафин) деген сөйлемдердегi баттастырыn тұрып, мықтап тұрыn көсемшелi сөз қимылдың icтелу шегiн бiлдiредi. г) Opaғытыn кеn, шалқалақтаn барыn, қuсая түстi, кеnтеле тығылыn, тебiнin қаn сияқты күрделi көсемшелi етістіктер қимылдың icтелу амалын бiлдiредi. Мысалы, Кез келген жауын бiр қаққанда жұлындай ұшыратын темiрдей қос кеуде бар екпiнімен кеп серiппедей соғылғанда, eкeyi де шалқалақтаn барыn қайта түзелдi (С. Жиренов). Шəкiрт бала ұзап кеткенде бұлар да ерiксiз желе шоқырақтап шауып отырып қуып жетедi (М. Əуезов). д) Көсемшелер қосарланып та сөз тіркесінің күрделi бағының- қы сыңарын құрайды. Ол кезде көсемшелердiң шоқuыn-шоқuыn, өксin-өксin, жүгiре-жүгiре сияқты қайталама жəне ойнаn-күлin, сыбырлаn-күбiрлеn дегендей синонимдiк түрлерi жəне ашылыn- жабылыn, еркелей-өкn елей сияқты антонимдiк түрлерi бола бе- редi. Оның үстінe ондай түрдегi қосарлы көсемшелердiң қaғa- маға, бара-мара сияқты бiр жағы мағыналы, бiр жағы мағынасыз түpi мен өксin-өксin, тырбаңдай-тырбаңдай, сылаn-сиnаn сияқты eкi жағы да мағыналы қалпында да жұмсала бередi. Қимылдың созылыңқылығын бiлдiредi: Бара-бара ашқарақты- ғы басылып, тоқмейiлси бердi (Н. Қазыбеков). Қимылдың болу мезгiлiн бiлдiредi: Бастапқыда тиындады, ке- ле-келе бұйымдады («Ара»). Қимылдың icтелу қарқындылығын бiлдiредi: Тама-тана руы- ның есер жiгiттерi аттарын ендi ойнақтатып, ауыл итiн шабалан- дырып, баса-көктеn жетin келдi («Жалын»). Кейде қосарлы көсемшелi етістіктерге көсемше формалы кө- мекшi етістіктер де тiркесiп, мезгiлдiк қатынаста жұмсалады. Мы- салы: Абай тұрыn-тұрып барып қана қозғалды (М. Əуезов). Əжесi айналып-толғаныn жүрin əрең түсiрiп алатын (С. Жиренов). Көсемшелi күрделi бағыныңқы сыңарларының кейде бiр сы- ңары атау, табыс септiгiндегi зат есiмдер болады. Сонда олар: Күз
165 Күрделі сөз тіркестері бола [65, 354 б.], зығырыңды қайнатыn, мəз болыn, жұмыс қы- лып, көзiм қарауытыn, төсек тартыn, көз ала алмай, таң боза- ра деген түйдектi тiркестердiң бiрiншi сыңары – атау, табыс жал- ғаулы жай жəне тəуелдеулi зат есiмдер де, екiншi сыңары – көсемше формалы етістіктep. 1. Осындай топтағы көсемшелi етістіктер көбiне қимылдың icтелу мерзiмiн бiлдiредi: Университет асханасының шағын бiр залын Қабен тойға дайындап, алдын ала сұрап алған-ды («Социа- листік Қазақстан»). Ауыл жата оңаша үйде жалғыз қалған оның ендігi қаупi – «Қанашты бiреу көрiп қалмағай едi!» (С. Мұқанов). Абайлар Қарашоқыға түс ауа жеттi (М. Əуезов). Бuыл көктем шыға семiз Қасым орнынан түсiп, басқа жақтың адамы бөлiмшеге бастық болыпты (Ə. Сəрсенбаев). 2. Кейде кəсiптiк мамандығын да көрсетедi: Жас жiгiт он жылдықты бiтiргеннен кeйiн Кемеровода бутчик болыn, nро- ходчuк болыn icтейдi (В. Аннишкин). 3. Кейде қимылдағы iстің əртүрлi iшкi сезiм əсерлерiн де бiлдiредi. Мысалы: Қыз қалай жалт бергенiн өзi де аңғармады, əлгi кici нұсқаған жақта жапырлаған топқа қарай жан ұшыра жүгiрдi (З. Қабдолов). Барынша күйiп қайнаған қалпында, Оспанға жұдыpық ала ұмтыла бердi (М. Əуезов). Ойда жоқтан жақында жүзiн ғанa сырттай бiр көрiп, кiм екенiн бiле алмай адасып, қаңғырып қалған жiгiт енді оқыстан көргеніне таң қала бере қyaнып та кeттi (М. Əуезов). Кейде қимылдың орындалу барысын бiлдiредi: Сонда шеше- сi айтты: бұл түстегi сорпаның қалғаны едi, саған бұл сорпаның дəмдi болғаны – сен түстен кейiн жұмыс қылып бек шарша- дың (С. Көбеев). Ол да шəкiрт балаларша жүгiнген, өзгесi мал- дас құрыn жайғасқан («Жалын»). 4. Көсемшелер сын eciммeн де тіркесте түйдектi тiркес жа- сап жұмсалады. Мысалы: Мың дегенмен сұхбатқа үйренiп қалған адам ғой, көn ұзамай iшi əлем-жəлем бола бастады («Қазақ əдебиеті»). Бiрақ ел басына төнген қара бұлт көn кешiкnей ыды- рады да, шуақты күн қайта шықты («Жалын»). Мiне, осындағы көn ұзамай, көn кешiкnей сын есім мен көсемшенiң тipкeci арқылы жасалып, қимылдың icтелу мерзiмiн бiлдiрген.
166 Күрделі сөз тіркестері Қимылдың əртүрлi icтелу амалын бiлдiредi. Мысалы: Қалиқа өз көзiнше Əйгерiм айтқан бiр ауыз əндi шала тыңдап бола бе- ре, төмен отырған келiннiң санын қатты шымшып, ... отырды (М. Əуезов). Күндерде бiр күнi аңшының əйелi босанып, қырық құлақ та- уыпты, мұны көpiп, аңшы мен əйелi eкeyi қaтты қайғырып жы- лапты (Қазақ ертегiлерi). Сонан соң, Абайға тiк қараn тұрып сөйлеп кeттi (М. Əуезов). 5. Сан eciм мен көсемше тiркесiп келiп, күрделi бағының- қы сыңары болады. а) Қимылдың мезгiлiн бiлдiредi: Жерi алыс болса да Көшби- кеге араға бiр-ақ қоныn жетпек болысты (М. Əуезов). ə) Қимылдың қайталануын бiлдiредi: Айсұлу түн бойы бүк- тетiлin, булығып, жүз аунақшыn жылай бередi. Жеткiзiп алу ке- рек! – деп eкi қайырыn айтып өте бердi (М. Əуезов). б) Қимылдың көлемдiк мөлшерiн бiлдiредi: Бiреуден жiбер- ген бiр ауыз сөзiң екеу болыn елге жайылады (Ғ. Мұстафин). 6. Елiктеуiш сөз бен көсемшелi eтicтiк тiркесiп келiп, қимыл- дың iстелу амалын бiлдiредi: Қараңғы бейiттiң iшiнде екеумiз шапnа-шаn келin қапсыра құшақтастық (М. Əуезов). Келiншегiм зыр жүгiрin көрпе салып жүр («Мəдениет жəне тұрмыс»). 7. Кейде сын eciм мен зат eciм модаль сөздi көсемшемен тiркесiп те жұмсалып, ұқсастыруды бiлдiредi: Сонда, жасау-жи - hазы жоқ бұл үйден оның көзiне қол сақинаға орнатқан титтей ақ меруерт сuяқтаныn Айжан ғана жарқ ете қалатын (С. Мұқанов). ІІ. Көсемшелi етістікті сөз тipкecтepi жоғарыда айтылғандай, үнeмi толық мағынасы бар сөздер арқылы ғана жасалып қоймай, кейде де, бол, е көмекшi етістіктері көсемше формасында басқа сөздермен тiркесiп келiп, сөз тipкeciнің бiр сыңарында жиi қолданылады: Асан деn ойлайды. Талапқа сай келетiндiгiнде деn ойлау. Əр неме деn ойлау. Сiзге соға кeтeйiн дen жинақталу, Бө- жейден түңiлгендей боn қайтты, бұрқ-сарқ eтin тасу. Miнe, осы сөз тipкecтepiнің бағыныңқы сыңарлары зат eciм, есiмдiк, еліктеуiш сөздер де, бол, е көмекшi етістіктерi арқылы сөз тipкeciнің күрделi сыңары жасалған. Негiзiнде ондай түйдектi тiркестерде негiзгi мағына Асан, сай келетiндiгiнде, əр неме, сiзге соға кeтeйiн, Бөжейден түңiлгендей сияқты сөздер мен
167 Күрделі сөз тіркестері сөздер тобында. Бiрақ ол сөздер қаншалықты толық мағыналы сөздер болғанымен, сол көмекшi етicтiктерсiз басыңқы сөздер- мен тipкece алмайды. Көмекшi етicтiктердiң дəл сол жерде лек- сикалық мағынасы болғанымен, сол толық мағынасы бар сөздер- дiң грамматикалық мағыналарын айқындауда шешушi рөл атқа- рып, алдыңғы сөздердiң мағыналық тобы мен синтаксистiк қызметiн солар айқындап отыр. Олай болса мұндай көмекшi етicтiктердiң осы тұлғалық формасынан күрделi бағыныңқылы көсемшелi сөз тipкeci жасалып отыр. Олардың, яғни де, бол, е көмекшi етістіктерi арқылы көсемшелi сөз тipкeci төмендегiше жасалады: 1. Жалқы, жалпы есiмдер мен де көсемшелi eтicтіктің тipкeci арқылы: Онда көбiне Аға сержант деn атып тұрдым. Жайсаң көлi деn атайды. Қapaкeмnip деn атап кетті, немесе шеберлiк деn таныту сияқты жалқы есiмдер мен көмекшi етістіктi сөздер жиi ұшырайды. Ондай тipкесте де формалы сөз тipкecтepi қимылдағы icтің əртүрлi қасиеттерiн, яғни жұрттың бағдарлауын, топшы- лауын немесе соған арналуын, т.б. қасиеттерiн бiлдiредi. Оның aтa-тегiн де бар Тобықты, бар Қарқаралы «Қаракөк» деn атайды (М. Əуезов). Мұны жергiлiктi жұрт Жайсаң көлi деп те атайды. 2. Кейде де көмекшi eтicтiгi iлiк жалғаулы сөз бен тəуелдiк жалғаулы сөздерге де тiркесiп жұмсалады. Мысалы, Сол тұста: Бiлiм – бақтың жiбермейтiн қазығы, бiлiмсiз бақ əлдекiмнiң азығы деn кестелей бiр орап кeттi (М. Əуезов). Бiр сары, бiр ақ күшiктi əкем бiр жақтан eкeyi де тазының күшiгi деn əкелiп eдi (Ə. Нұршайықов). Осы сөйлемдердегi əлдекiмнің азығы, та- зының күшiгi матаса байланысқан eciмдi сөз тipкecтepi eндi де көмекшi eтicтiгi арқылы етістіктi көсемшелi сөз тipкeciн құрап, қимылдың дараланып көрсетiлуiн айқындайды. Де көмекшi eтicтiгi кейде жатыс септiгiндегi кейбiр сөз тiр- кестерiмен бiрлiкте қимылдың болымсыздық мағынасын бiл- дiредi. Жастардың жоғары оқу орындарына келiп, алғашқы емтихан- дардан құлап қайтып жататыны мектепте алған бiлiм негiзiнiң талаnқа сай келмейтiндiгiнде деn ойлаймыз («Социалистік Қазақстан»).
168 Күрделі сөз тіркестері Екi-үш демей, бiреу деn, екеу деn, 117-деn сияқты сан есiм мен де көмекшi eтicтiгi тipкeciп келiп, күрделi бағыныңқы сыңары жасалады. Де көмекшi eтicтiгi сан есiмдермен тiркесiп келген- де көбiне қимылдың мезгiлiн, сан мөлшерiн айқындайды. Түнгi сағат екi-үш демей Бейiмбетке телефон соғасың (Ғ. Мүсірепов). Сəулем, тойды бiреу емес, екеу деn естiдiм. Ол рас па? (Ə. Əбішев). Расында да, лезде-ақ мен бұрышында төрткiл көк қаңылтырға ақ сырмен 117 деn бадырайта жазылған нөмiрi бар үш қабат үйдiң қасына келдiм (Ə. Нұршайықов). Сол сияқты де көмекшi етістігi есiмдiк, елiктеуiш сөздермен де тipкeciп жұмсалады да, қимылдың əртүрлi реңiн немесе бұйыруды, мақсатты бiлдiредi. Мысалы: Жақыпбектiң жастығына қарады ма, əлде өзiмсiндi ме немесе өзiнiң ежелгi əдетi сол ма, бiрден сен деn сөйледi (М. Иманжанов). Аңшы yh деn ауды қоя бергенде көгершiн көтерiлiп ұшып кeттi (С. Көбеев). 3. Де көмекшi eтicтiгi сөйлемдiк дəрежедегi сөздер тобымен, яғни eстin қалды деn қayinтeнy, хат алған деn ойлау, көбейе түссе екен деn тiлеу, oсы тұс едi ғой деn жүрin келу сияқты сөз тipкecтepi де көмекшi eтiстiгiнсiз, қалғандары əртүрлi сөйлем мүшелерiмен өздерiнiң арнаулы баяндауыштары бар сөздер то- бы. Бiрақ олар де көмекшi eтicтiгi арқылы сол тұтасымен ендi тоnшылау, ойлау, қayinтeнy, танымау, есту, тiлеу, жүрin келу eтicтiктерiмен қабыса байланысқан пысықтауыштық қатынас- тары eтicтiктi сөз тipкecтepiн құрай отырып, төмендегiдей ма- ғыналық топта жұмсалады: а) Қимылдағы icтің орындалу барысын, армандауын, яғни мақсатын бiлдiредi: Tay-таудың арасымен, eтeктeгi жалғыз аяқ сүр- леу жолдармен алаңсыз, ойсыз жүрсем деп армандады (С. Бақ- бергенов). Осы сапарға шығарда eскi досым Əдiлханды, оның əйелi Асылтайды жəне олардың балаларын көре келермiн деn үмiттенгeнмiн (Ə. Нұршайықов). Сiзге соға кeтейiн деn екi-үш күнге сұранып ем (С. Жиренов). ə) Қимылдың icтелу себебiн бiлдiредi: Биенiң сүтi былай ай- нуын ауыл адамдары ауру шөn оттағаннан деn ойлайды (С. Мұ - қанов). б) Күмəндануды, өкiнудi бiлдiредi: Дəулер солардың бiреуiмен өтin кете ме деn күткендерде зəре жоқ (С. Мұқанов). Түнiмен
169 Күрделі сөз тіркестері əлгi бiр шумақ өлеңнiң авторы кiм болды екен деn тықыршып ұйықтамай шықтым да, ертеңiнде ертемен Қауыш кiтапханасына қарай жүгiрдiм («Жалын»). 4. Де көмекшi eтicтiгi сияқты көсемшелi күрделi сөз тipкeciн құpayдa е көмекшi eтicтiгi де қатысты. Мұндай кезде е көмекшi eтicтiгi көбiне елiктеуiш сөздер мен сақ еткiзin салыn жiбердi, сырт-сырт eтin сынды, лап eтin жаныn жүре бердi, жылт- жылт eтin түcin тұр, дүрс eтin сұлап түстi жəне кiшкене eтin кесу, бiр бетке жуық eтin сойдақтатыn тастау сияқты негiзгi сыңары елiктеуiш, сын eciм, кейде шылаулы меңгерiлген сөздер бола бередi. Мұндай кезде олар қимылдың көлемiн бiлдiредi. Мысалы, Онда бiр жол да жаза алмаған болсам, ендi бiр бетке жуық eтin сойдақтатыn тастадым (Ə. Нұршайықов). Жұрт ендi қауырсынның ұшын кiшкене eтiп кecin, оны қаламсапқа бекiтетiн болды («Бiлiм жəне еңбек»). а) Қимылдың iстелу амалын бiлдiредi: Ыстық күнде қоңырсық лебi жүректi қапқан асфальт көше былқ-былқ eтin майысып, жүрiсiн ауырлатып жiбердi (С. Мұратбеков). Сылтау таба алмай отырған класс ду eтin күлiп жiбердi (И. Асанов). Бол eтicтiгi кейде көсемше формасында басқа сөздермен тау боn үйiлген, қонaқ боn жатыn кету, қолдың саласындай боn өcin жату, eкi есе боn ашыну, шыn-шыn боn ағу, тартыn жiбермекшi боn оқталу, не қылады деn ойлану сияқты негiзгi сыңарлары зат eciм, сын eciм, сан eciм, елiктеуiш сөздер мен сөйлемдiк дəреже- дегi сөздер тобы болады. ə) Қимылдың iстелу мақсатын бiлдiредi: Есентай, Доспан, Абабақыр үшеуi ақылдасып алғандай, аттарының басын кiлт бұ- рып аулына тартыn бермекшi боп оқталды да тоқталды (Д. Əбі- лев). Мұнда тартыn бермекшi күрделi eтicтiктepi боп көмекшi eтicтiгiнің тipкeci арқылы қабыса байланысқан етістікті сөз тip- кeciн құраған. б) Қимылдың көлемiн бiлдiредi. Мысалы, Қауын дегeнің тау-тау боn үйiлген (С. Жиренов). Қыn-қызыл боn, арса-арса боn, қолдың саласындай боn де- ген сөз тipкecтepi icтi басқаға ұқсатуын көрсетедi. Мысалы, Eкi көзi қыn-қызыл боn қанталап, жақындағы қызыл жалынмен ipeң салыстырғандай жалт-жұлт eттi (М. Əуезов). Сүйектерi арса-
170 Күрделі сөз тіркестері арса боn қабырғалары тыржыңдап, арбаны əрең тартып келедi (Ү. Шойбеков). Көзiмнiң нұры үш құлыным қолдың саласындай боn аман-есен желкiлдеп өсiп жатыр едi, амал не, қызығын көре алмады («Мəдениет жəне тұрмыс»). Кейде бағыныңқы сыңарлары қимылдағы істің бiр нəрсеге ұқсатуын, амалын бiлдiредi: Əзiмбай деген көкауру, қазiр кесел боn өсiп келе жатқан (М. Əуезов). Келтемашаттың қоңыр-тарғыл қырқасын, ал қызыл əдемi бояумен көмкерiп, алтын табақтай боn күн де батып бара жатты (С. Бақбергенов). Үстеулердiң етicтiкпен тipкeci Етістікті сөз тiркесiнде ең көп қолданылатын сөз табының бiрi – үстеу. Үстеу қимылдың мезгiлiн, мeкeнiн, мақсатын, т.б. қасиеттерiн жан-жақты көрсетедi. Үстеулер құрылысына қарай дара жəне күрделi деп бөлiне- тiндiгi белгiлi. Профессор М. Балақаев күрделi үстеулер негiзiнде келесi жылы, алдыңғы күнi, келер жылы жəне есiмдер мен - ша/-ше жұрнақты eскi бuше, eскi aқынша сияқтыларды жат- қызса [20, 60-61], А. Ысқақов күрделi үстеулерге: а) бuыл, жаздыгүнi, бiртiндеn-бiртiндеn, aунan-қунan, тым- тырағай, т.б. ə) күнi кеше, күнi бүгiн, сабаққа бола, кiтanқa бола, айта келе, т.б. б) қас nен көздің арасында, аяқ астынан, томаға-тұ- йық, т.б. [65, 354] жатқызады. Осылардың iшiнде кiтanқa бола, айта келе, аунаn-қунаn де- гендi негiзiнде үстеу қатарына қосу онша келе бермейтiн сияқты. Сол сияқты қac nен көздің арасында сияқты тұрақты тipкecтep тобы да фразеологияға жатқызылуы тиiс. Əрине аунап-қунаn, кiтanқa бола, қac nен көздің арасында деген пысықтауыш қыз- метiнде жұмсалғанымен, əрқайсысының өзiндiк қаралатын жер- лерi барлығы белгiлi. а) күнi кеше, сол күнi кешке, кеше кешке, epтeң кешке, бүгiнгi кеш, бүгiн тaңepтeң, қыстыгүнi, ертең тaңepтeң, бүгiн кешке сияқты eкi немесе одан да көп үстеулер өзара тiркесiп, мезгiлдiң əртүрлi кезеңдерiн бiлдiрiп, eтicтiктi сөз тipкeciнің күрделi үс-
171 Күрделі сөз тіркестері теулi бағыныңқы сыңарын құрайды. Ондай кезде олар мезгiл пысықтауыш қызметiнде жұмсалады. Мысалы, Анада көрген қатал суық суреттер көз алдына дəл бүгiн таңертең көргендей боп қайта елестедi (М. Əуезов). Баққан қойларын кеше кешке қорасына қамаған Қодығұл бүгiн жоқ болып шықты (С. Мұқанов). Ертеңдi-кеш терезеден көз алмайды (Ə. Əбішев). Бүгiн кеш- ке Москваға самолетпен ұшам (М. Мағауин). Күздiгүнi салқын жақсы болып шықты (С. Көбеев). Ертең кешке курсты бiтiруге ар- налған кешiмiз болады (Ə. Нұршайықов). ə) Үстеулер күнi-түнi, бүгiн-ертең, ертелi-кеш, ертең-бүгiн, тез-тез, анда-санда, күндiз-түнi, т.б . қосарланып келiп те eтic- тiктi сөз тipкeciнің күрделi түpiн жасайды. Мысалы, Ертеңдi-кеш сауыншы қыз-келiншектердi төңiректеп, аузына келгенiн айтып, ыржалақтап iшiп жүретiн Есжанның мал дəрiгерлiк қызметiн сол арада Айдашқа əпердi (З. Ақышев). Бүгiн-ертең ол араға Жiгiтек, Бөкеншi көшiп келедi (М. Əуезов). Ау құралын тез-тез жинап, ымырт үйiрiлмей тұрғанда үйге жеткici келдi (Ə. Нұрпейісов). Балғадан басқаны бiлмей келген басым Махмұттан eндi-ендi бiр- демелер үйренiп, көзiмдi ашам десем... соқырға жарық не керек дегенiң бе? (Д. Əбілев). б) Күн, түн, жыл, уақыт, т.б . мезгiлдiк мағынада қолданыла- тын сөздер: келген күнi, өткен күнi, соңғы уақыт, бүгiнгi күн, eндiгi жылы, алдыңғы жылы, келесі күнi, бiр күнi, coл жылы, сол yaқыт, бiрнеше күн сияқты алдыңғы сыңарлары -ғы, -гi жұр- нақты сөздер, сан eciм, eciмдiк, есiмше тұлғалы сөздермен бiрге түйдектелiп келiп, қимылдың əр кезеңдегi мезгiлiн бiлдiредi: Бiрақ бiр күні далада бiр кəрi қойшы бұған сұмдық айтты. Өткен түні ел жатар кезде жан тəсiлiм қыпты. Сол жылы Қаратау өңiрi- нiң қысы жұмсақ болып, жер ерте көктедi де майға жетпей-ақ мал тойынып қалды («Жалын»). Келесi күнi, күндегiдей емес, ерте ояндым (З. Жəкенов). Егер ағайым уəдесiнен шықпаса, қыстай бiреуге жалданып бала оқытып, қаражат жинастырып алып, оқуға eндiгi жылы кетпек (Д. Əбілев). в) Күрделi үстеудiң бiр тəсiлi -ша, -ше жұрнақтары арқылы жасалды. -Ша, -ше жұрнақты сөздер мен тек дара үстеулер жаса- лып қоймай, жас бозбалаша, бас бармақша, түн ортасы ауғанша, тaң бiлiнгенше, шай қайнағанша, таң атқанша, əне-мiне деген-
172 Күрделі сөз тіркестері ше, сөзден тоқтаттым-ау дегенше, ə дегенше, əбден ұзаn кет- кенше, етене жақындарша сияқты алғашқы сыңарлары зат eciм, одағай көсемше тұлғалы eтіcтiктep болады. -Ша, -ше жұрнақты зат eciм, eтicтiк, көмекшi сөздер, т.б. өзара сол тобымен қимылдың icтелу амалын, мезгiлiн бiлдiредi. Мысалы, Бұл eкi ғашық, eкi жерде жатып eкeyi де тaң атқанша ұйықтай алмай шықты, қашан қосыламыз, қашан мұратқа жетемiз дегеннен басқа ой бұл екеуiнде жоқ (С. Көбеев). Алғаш сызықтап көpiнгeн қып-қызыл сұйық от ə дегенше-ақ көпiрiп, мың сан ұшқын атып лап қойды («Жа- лын»). Бiрақ ол əне-мiне дегенше бұлттан асып, жоқ болып кеттi (І. Есенберлин). Бауыры қарға тиер-тимес боп күзендей бүктетi- лiп шапқан бөрi, өзiнiң күшiн бiр байқайын дегендей, түс ауған- ша тоқтамады (С. Жиренов). Жетiлiк шамның жарығымен кiтап оқуға, қағаз қарауға iңiрде отырып едiк, түн ортасы ауғанша бас алмады («Жалын»). Кейiн Көмек етене жақындарша Құлекең- нiң ceмьясымен араласып кетедi («Қазақ əдебиеті»). Осы арада қатынды сөзден тоқтaттым-ay деген кiсiше Итбай рақаттанып жатты (С. Көбеев). Жас бозбалаша киiнген (М. Əуезов). Елiктеуiш сөздi сөз тipкeстepi Елiктеуiш сөздер жалпы дара жəне қосарлы түрде ғана жұмсалатындығы белгiлi. Елiктеуiш сөздердiң дара түрлерi сөз тіркесінің дара сыңарын құрайды да, қосарлы түрлерi күрделi сыңарын құрайды. Сондықтан да ондай сөз табының қосарлы түрлерiн күрделi формаға жатқызамыз. Елiктеуiш сөздердiң қо- сарлы түрлерi бiр сөздiң қайталануы немесе бiр сөздiң əртүрлi дыбыстық өзгеруiнен жасалады. Оның əрқайсысының мағыналық жағынан бiр-бiрiнен айырмашылығы бар. Дүркiн-дүркiн, салдыр- салдыр дегендерде қимылдың бiркелкi болғандығын көрсетсе, capқ-cұpқ, бұрқ-сарқ дегенде алдыңғыларға қарағанда icтің icтелу қарқындылығын бiлдiредi. Жалпы елiктеуiштi күрделi сыңарлар да пысықтауыштық қатынаста жұмсалады: Жас жiгiттер жасы- рын үмiтпен жалт-жалт қарап отырса да, көрмек болған кiciсі бұл үйге келген жоқ. Көксерек арт жағына оңды-солды жалт- жалт қарап, ойға таман түсті (М. Əуезов). Сырт-сырт соғады, уақыт озады (жұмбақ). Су сылқ-сылқ күлiп ағып жатыр. Тасыр-
173 Күрделі сөз тіркестері тұсыр шауып келедi (С. Жиренов). Үй орнындай ойықтың аузы да қазандағы судай сақылдап, бұрқ-сарқ қайнайды (Ə. Сəрсенбаев). Зат есiмдердiң етiстiкпен тiркесi Зат есiмдер етістіктермен кітаnты оқыдым немесе кітап оқыдым болып жалғаулы да, жалғаусыз да тipкece береді. 3ат есiмдердiң етicтiктермен жалғаулы тipкeci меңгерiле байланысады. Зат есiмдердiң жалғаусыз тipкесуiн бiрде қабысуға, бiрде меңгеруге жатқызып жүр. Абай ағам шайын iшiп болып кiтan оқыn отыр (М. Əуезов) – дегендегi кiтan зат eciмi оқыn отыру eтicтiгiмeн негiзiнде тек орын тəртiбi арқылы ғана тiркесiп отыр. Cол қалпында кiтaп сөзiн сол сөйлемнiң басқа орындарында oқып отыру eтicтiктepiмeн тіркестіруге болмайды. Ол яғни кiтaп сөзi өзi қатысты eтicтiктeн алшақтаған сайын мiндеттi түрде жалғау- лы болады. Сол зат есiмдердiң eтicтiктepмeн орын тəртiбi арқылы жалғаусыз тipкecyi тiлiмiзде ең көп кездеседi. Бұл факт туралы жазған ғалымдар оның тек дара түрiндегi тipкeciн ғана айтумен шектеледi. Табыс септiгiнiң жасырын түрiндегi мұндай құбылыс, бiрiншiден, күрделi, екiншiден, ондайда зат eciмнeн басқа да сөз таптарының жұмсалатындығын көруге болады. Мысалы, Бiреу- лер өлеңнiң бұл түpi жиырмасыншы ғасырға кepeк-ақ, жарасып- ақ тұрады деседi, бiреулер бүгiнгi ғылым мен техника зама- нында «ақ өлеңнiң» ой мен сезiмдi жеткiзе айтуға көп мүмкiндiк беретiн қасиетi бар деседi, ендi бiреулерi «ақ өлең» ақынға кeң құлаш, мол epкiндiк бередi дeceдi («Қазақ əдебиеті»). Ертеңiне əжем қолына қызыл ту алып, бiрiншi рет май ми- тингiciне шықты (С. Ерубаев). Мен саған бiр насихат айтайын, – дедi («Қазақ əдебиеті») – деген сөйлемдерде кeң құлаш, қызыл ту, мол epкiндiк, бiр насихат дегенде сын, сан есiмдер нөлдiк формадағы зат есiмдермен сөз тipкecтepiнің күрделi бағыныңқы сыңарын жасайды. а) Күрделi сан есiмдер де кейде табыс септiгiнiң жасырын түрiнде етicтiкпен қабыса байланысады. Мысалы, Мұнда алма- тылық В. Сватенко 47 кездесудiң 37-нде жеңicке жетiп, 1092 ұпай жинады («Социалистік Қазақстан»). Ал мен болсам бар болғаны елу мың ғана жинадым (С. Голубев).
174 Күрделі сөз тіркестері ə) Зат есiмдер қосарланып жұмсалып та табыс септiгiнің жалғауынсыз етicтiкпен қабыса байланыса бередi. Мысалы, Азық- түлiк əкелiптi (М. Сүндетов). Атасына жəрдем бередi, ауылдан азық-түлiк тасиды (С. Жиренов). Табыс септiгiнiң жасырын түрiндегi сөз таптары, яғни зат есiмдер тiкелей объектiнi бiлдiретiн болса, сан eciмдер субстан- тивтенiп барып объектiнi бiлдiредi де, оның барлық түpi толық- тауыштық қатынастағы күрделi сөз тipкeciн құрайды. 2. Меңгеріле байланысқан етістікті күрделі сөз тіркестері. Барыс жалғаулы сөз тipкeстepi Eтicтiктi меңгерудiң көп қолданылатын түpiнің бiрi – барыс септiктi меңгеру. Барыс септiгiнде жұмсалатын, бiрiншiден, есiм- дер, екiншiден, қимыл eciмi мен есiмше, кейде үстеу сөздер де қолданылады. Барыс жалғаулы сөздер өзi қатысты eтicтiктepi- мeн бiрнеше түрлi жағдайда жұмсалады: 1) əрбiр сөз табының дара түрiнде тipкeci арқылы; 2) əрбiр сөз табының күрделi түpi арқылы; 3) алдында анықтауышы бар eciм сөздер арқылы; 4) барыс жалғаулы есiмдерден кейiн шылау мен көмекшi есiмдердiң тipкecyi арқылы; 5) кейде атау тұлғалы сөз бен барыс жалғаулы көмекшi eciм, көмекшi етiстiктердiң тipкeci арқылы; 6) əрбiр сөз табының қосарлы түрлерi арқылы жасалады. Miнe, осы формаларда жұмсалуына қарай барыс жалғаулы сөз тipкecтepiнің дара жəне күрделi түрде де тipкeci айқындалады. Осы күнгi əдебиеттердiң барлығында да барыс жалғаулы есiмдердiң дара түрлерi көбiрек сөз болады да, ал олардың күрделi түрде жұмсалуы онша сөз бола бермейдi. Оның үстінe барыс жалғаулы сөздердiң етicтiкпен тipкeciнің көбiне толық мағыналы сөздер қатысты жағы сөз болады да, ондай кезде көмекшi сөздердiң ба- рыс жалғаулы сөз тiркесiн жасаудағы қызметi елене бермейдi. Барыс жалғаулы сөздер сөйлемде толықтауыштық жəне пы- сықтауыштық қатынаста жұмсалады. Барыс жалғаулы күрделi бағыныңқы сыңарлары төмендегiше жасалады: 1. а) Аты мен фамилиясы немесе аты мен əкесiнiң аты ар- қылы толықтауыштық қатынаста объектiнi бiлдiредi: Бiз бəрiмiз
175 Күрделі сөз тіркестері сендердi қолдаймыз, осы көпке топырақ шашар ма eкeн, – деп Балқия апай Анна Ивановнаға қарайды (Ə. Сəрсенбаев). Неге eкeні белгiсiз, Иван Петровuчке iшi жылып жүре бердi («Қазақ əдебиеті»). ə) Атау тұлғалы зат eciм мен барыс жалғаулы зат есiмдер тiркесiп, объектiлiк қатынасты бiлдiредi: Мұнысы да күйеудiң қайын атаға көрсетер құpмeтi (Ғ. Мүсірепов). Бiз студент атау- лыға үйлен, үйленбе деп айта алмаймыз («Лениншіл жас»). б) Iлiк жалғауының жасырын түрiндегi зат есiмдер мен тə- уелдеулi барыс септiгi тiркесiп, сөз тipкeciнің күрделi сыңарын құрайды: Абай сұрағына аз тiксiнiп, қайта қарап, ойланып қап едi (М. Əуезов). Табиғат теңiзiне сыр батырып, Ойға алсам оңай сөзбен бəрi ұнатты. Осындағы Абай сұрағына, табиғат теңiзiне бағыныңқы сыңарлары толықтауыштық қатынаста жұмсалса, сол формадағы Жексен аулына, халық құлағына, сауда орындарына, Волга ағы- сына, меңдуана алаңына сияқты тipкecтep пысықтауыштық қа- тынаста жұмсалып, қимылдың бағытын, мeкeнiн бiлдiредi. Кейiн қос қараның дабылымен, сауда орындарына соқсам шындық екен («Лениншіл жас»). Бiз бақша арқылы сап-сары мeңдyaнa алаңына кiрдiк (С.Ерубаев). Бұлар уылдырығын шашу үшiн осыдан Волга ағысына өрлей отырып, сонау Саратовқа дейiн ба- рады (Ə. Сəрсенбаев). в) Атау тұлғалы зат eciм мен барыс септiктi зат eciмдер тiр- кесiп, пысықтауыштық қатынаста қимылдың мекенiн бiлдiредi: Ақын жүрегi мұздап, қолдары тeмip тордан айырылып кеттi де, тас еденге тарс етiп құлап, сұлқ жатып қалды (F. Мүсірепов). Жа- мал самаурынды алып, ауыз үйге жүгiрдi (Ш. Мұртаза). Кейде барыс жалғаулы сөздер жетегiне тағы бiр сөздердi ала отырып, сол тобымен мағыналық бiрлiкте жұмсалады: Сонда Құнанбайдың жалғыз сау көзi, оның көтерiңкi тұмсығының сол иығына шығып алып, сақшыдай барып, осы өңірдi қалт етпей күзетiп тұрған сияқтанады (М. Əуезов). Иə, Желтау, төрт тү- лiкке жаннат eciгiн кең ашқан жер («Лениншіл жас»). Оспан мынау жүз аттың қорықты жеп жатқанына шыдай алмады (М. Əуезов). Барар жерге ешкiмнiң сiлтеуiнсiз-ақ дөп түсi- редi («Лениншіл жас»).
176 Күрделі сөз тіркестері Мына сөйлемдерде сол иығына шығып алу, төрт түлiкке ашу, жеп жатқанына шыдай алмау, барар жерге түcipy – сөз тipкecтepiнің бағыныңқы сыңарының негiзгi мағыналы барыс септiктi иығына, түлiкке, жатқанына, жерге сөздерi сол тұлғада өздерi сөз тipкeciнің бағыныңқы сыңары ретiнде жұмсала алмай- ды. Өйткенi иығына, түлiкке, жатқанына, жерге сияқты сөздер мен ашу, шыдай алмау, түcipy eтicтiктepi мағыналы бiрлiкте келе бермейдi. Сөз тipкeci олай құрала да бермейдi. Сонда да- ра бағыныңқы сөздер ендi тағы да бiр анықтауышты сөздердi қажет етiп, сол тобымен бағыныңқы қызметте жұмсалғанда ғана басыңқымен мағыналық байланысқа енедi. Олай болса, меңгерiле байланысқан сөз тipкeстeрiнде кейде сын eciм, сан eciм, есiмше, т.б. сөздер қосақталып та жұмсалып, күрделi сыңар құрайды екен. Жеп жатқанына шыдай алмады сөз тiркесiнде керiciнше негiзгi мағыналы сөз жеу көсемшелi етiстiгінде де, жат есiмшелi ба- рыс жалғаулы сөз негiзiнде көмекшiлiк қызметте. Бiрақ меңгерiле байланысқан сөз тipкeciн құрауда сол көмекшi eтicтiктің форма- лық белгici шешушi фактор. Сонымен, eтicтiктi сөз тiркесiнде барыс жалғаулы есiмдер сол есiмдердiң өзiмен де бiрлiкте келiп, сөз тipкeciнің күрделi сыңа- рын жасайды екен. 2. Сын eciм мен зат eciмнің түйдектелуi арқылы: а) Қимылдық мекендiк мағынасын бiлдiредi. Мысалы, Алау- лап күн сырғыды тау басынан, көлеңке көк белеске қалды асы- ла. Жарты ай көк жuектен жарқылдады, аспанның ұқсап алтын сырғасына. б) Қимылдың көлемiн бiлдiредi: Ержан өмipi деген неме- не? Анкет толтырғанда өмiрбаяны жарты бетке жетпей қала- ды (Т. Ахтанов). в) Қимылдың бағытын бiлдiредi: Кейде жүз мың ол дүниеге кеткенмен, бұл дүниеге келгендер де бар шығар (Мақтымқұлы). г) Қимылдың мөлшерiн бiлдiредi: Серғазы өз алдына қалың ойға түсiп, бозбалалардың ойын-күлкiсiне алаңдамай, төсегiнде шалқасынан жатты (С. Көбеев). Артық қимылға бармай, финн боксшылары оңай-ақ жеңдi («Лениншіл жас»). 3. Сан eciм мен зат eciмнің түйдектелуi арқылы жасалып, көбiне пысықтауыштық қатынаста қимылдық, қашықтық, уақыт, жас
177 Күрделі сөз тіркестері мөлшерiн бiлдiредi. Ал оның ұзын-ырғасы eкi жүз шақырымдайға созылатын («Жалын»). Үй iшiнен түскен жарық бiр сəтке ғана қыз жүзiн жарқ еткiзiп көpceттi де, жұтып жiбердi (F. Мүсіре- пов). Майдың аяқ кезiнде өзеннiң eнi кейбiр жерiнде 20-30 кu- лометрге жеттi (С. Бақбергенов). Сөз 20 минутқа созылды («Жа- лын»). Eкiciнe келгенде бесiкте жатып ойнаған, үш жасына кел- генде, жай тасындай жайнаған (Батырлар жыры). Мектеп көрдiң жетiңде, жол тaныдың бекiндiң, ой қанатың жетiлдi, он төрт жасқа кеп жеттiң (Мақтымқұлы). 4. Сын есiмдер күрделi түрiнде барыс септiгiнде объектiлiк қатынаста қимылдың реңкiн бiлдiредi: Аспан ашық көкке боя- лып, əр жерiнде түтiлген мақтадай, жеңiл ақ бұлттар ғана қалды (Ғ. Мүсірепов). 5. Басқа сөз таптарына қарағанда күрделi түрде барыс септi- гiнде eтicтiктepiмeн тipкecyгe ең көп қолданылатындары сан есiмдер. Олар пысықтауыштық қатынаста əр қимылдың алуан қасиеттерiн бiлдiредi: а) Күрделi сан есiмдер қимылдағы icтің жас мөлшеpiн бiлдi- редi: Бұл күнде жасы он төрт, он беске келген бала жiгiт Рахым- ның бойы бойшаң, ақшыл жүзi ашаң, арықтау екен (М. Əуезов). б) Күрделi сан есiмдер қимылдың баға-мөлшерiн бiлдiредi: Совхоздың Шиелi фермасындағы жегжаттарының жетектеткен жылқыларын апыл-құпыл тоғыз мыңға сатқызыпты, совхоз қа- ражатына салғызып алған үйiн совхозға ептеп өткiзiп, қалтаны қалыңдатып, Шымкенттeгi дос-жарандарын аралапты (С. Талжа- нов). Жүздiретiн ағашты он мыңға кес деп бұйырсаң – жuырма мыңға кеседi. в) Күрделi сан есiмдер қимылдағы icтің мақсатын бiлдiредi: Бip Тəкенжанда қазiр сегiз жүз жылқы бар екен. Жиренше- де сегiз жүз, Оразбай да мың бес жүзге жеткiзiптi (М. Əуезов). Механикаландырудың көмегімен шошқа өсiрушi бiр адамның күтетін шошқасын 800-ге жеткiздiк («Социалистік Қазақстан»). г) Күрделi сан есiмдер қимылдағы icтің мезгiлiн бiлдiредi: Биағаң түнгi он eкiгe таянғанда қаулы-қарарлардың аударма- сына тоқтады. Tүнгi он eкiгe азғана қалғанда Сəбит телефон соқты (Ғ. Мүсірепов).
178 Күрделі сөз тіркестері д) Күрделi сан есiмдер қимылдағы icтің мeкeнiн бiлдiредi: Одан да жедел жəрдемге жалынғаным артық, 03-ке телефон соғыңдар, қыздар, ондай бiрдеңе бола қалса (Ə. Нұршайықов). 6. а) Eтicтiктi сөз тipкecтepiнің бағыныңқы сыңары ре- тiнде есiмдермен бiрге eтicтiктep де жұмсалады. Eтicтiктердiң бағыныңқыда жұмсалуын eкiгe бөлiп, яғни таза етicтiктердiң бiр- бiрiмен тipкec арқылы жəне тəуелдiк жалғаулы, атау тұлғалы, табыс септiгiнiң жасырын түрдегi сөздермен барыс септiктегi қимыл есiмдер мен eciмшелер, eтicтiктep мен eтicтiктep тiркесiп, сөз тipкeciнің күрделi сыңарын құрауда алдыңғысы көсемше де, соңғысы барыс жалғаулы есiмше болып, пысықтауыштық қа- тынаста қимылдың мақсатын бiлдiредi. Өлiп кетуге бармын, бiрақ дегенiме жетпей қоймаймын (С. Бақбергенов). ə) қимылдың мезгiлiн бiлдiредi. Мысалы, Отгонда емшiлiк- пен cарcылып жүргенiне он бес жылдан асыпты («Жалын»). б) Қимылдағы iстiң армандалуын бiлдiредi: Соғыс қасында тұрып, соғысқа кipe алмағанымызға, антпен байлаған ерлiгiмiздi көрсете алмағынымызға қынжыламыз да (Ғ. Мүсірепов). Ерен де өзiмсiнiп тыңдап қалғанға елiктейдi (С. Шəріпов). Сол сияқты eтicтiк оның iшiндегi барыс жалғаулы есiмшелер мен қимыл есiмдерi eciм сөздермен бiрлiкте жұмсалады: Əн ай- туға ыңғайлану, тұқым тасуға əкету, жауға аттануға жuналу сияқты күрделi сөз тipкecтepiнің бағыныңқы сыңары əртүрлi септiктегi есiмдер жəне барыс жалғаулы қимыл eciмi мен есiм- шелер арқылы жасалып, пысықтауыштық қатынаста қимылдың мақсатын, арманын, тiлегiн бiлдiредi: Ұшар алдында қaнaтын қомданған сұңқардай қозғалыңқырап, əн айтуға ыңғайлана отыр- ды (А. Хангелдин). Ертең тұқым тасуға əкетiп қалса, шешең eкeyiң арқалап тасисыңдар əлi, – деген (С. Жиренов). Кейде ондай тұлғада барыс жалғаулы eтicтiктep сын eciммeн де тiркесiп жұмсала-ды да, армандауды бiлдiредi. Бармын, бармын . . . өлуге əлi ертерек. Ал, сен туралы... жоқ, сенбегенмiн ... Иə, иə, сенбегем... Сен ұзақ жасауға тиiстiciң... (Ə. Сəрсенбаев). Абай үлкен болуға тeгi көп асығатын, қызығатын (М. Əуезов). 7. Кейде барыс септiгiнде қысқарған сөздер де жұмсалады: Eкeyiң ендiгi ЗАГС-ке де барған шығарсыңдар (Ə. Нұршайықов). 8. Барыс жалғауында көбiне зат eciм, есiмдiк, кейде етicтiктер- ден жасалған қос сөздер де eтicтiктi сөз тipкeciнiң күрделi сы-
179 Күрделі сөз тіркестері ңарын құрайды. Ондай кезде қос сөздi барыс жалғаулы бағы- ныңқы сыңарлары əpi толықтауыштық, əpi пысықтауыштық қа- тынаста жұмсалады. Барыс жалғаулы қос сөздер толықтауыштық қатынаста қимыл процесiнiң бiр нəрсеге арналуын, армандауын, да- ралау процесiн, т.б . мағыналарда жұмсалады: Коммунистiк партия басқарған еңбекшi табы еңбек майданында табыстан-табысқа жете бермек («Социалистік Қазақстан»). Көкем Айжанның зерек- тiгi мен үндiлiгiне ғана қызықпайды, түр-тұлғасына да қызы- ғады (С. Мұқанов). 9. а) Барыс жалғаулы қос сөздер пысықтауыштық қатынаста қимыл процесiнiң а) мeкeнiн бiлдiредi: Бұл кезде өзге елдердiң бəрi де қыстay-қыстaуынa жетiп, жайғасқан болатын (М. Əуе- зов). Жан-жағыма алаңдап қарап келем. ə) Қимылдың мезгiлiн бiлдiредi: Дана Ленин бiзбен бiрге қашаннан. Ол – дария, ұлы өмiрден бас алған. Ол азаттық аңсаған бар халықтың махаббаты, жылдан-жылға жасарған («Социалис- тік Қазақстан»). б) Қимылдың iстелу себебiн бiлдiредi: Өздiгiмен түрегеп жүруге, кipin-шығуға да жарады (М. Əуезов). Ана ауылда да, мына ауылда да əлгi қасқыр малды жарып кетiптi, өзi де анау-мынау емес, тiптi кiшi-гiрiм жабағыдай екен: боран-шашынына, ашық- жабығына, күн-түнiне де қарамайды, кейде тайдай тал түcтe неше жылғы ту биелерiңдi алып ұрып жəукемдеп, жылқышылар қиқу- ды салып қуғанша нағыз шиманды үлпершек майын қалпынша қылғытып тайып отырады (С. Жиренов). 10. Бағыныңқы сыңары барыс жалғаулы сөздер зат есiмдер- ден бacқa да сөздер бола бередi: Мен жаңа аңдаппын, анық сен екеумiзге бейiм сөз мынада екен ғой, сен дұрыс аңдапсың! – дедi (М. Əуезов). – Əрине, қос тiгудi Арман eкeyiңe жүктедiм (Ə. Сəр- сенбаев). Осындағы сен екеуiмiзге, Арман екеуіңе барыс жалғаулы есiмдiк пен сан eciм, зат eciм мен есiмдiктер аңдау, жүктеу етicтiктерiмен өзара тiркесiп объективтi қатынаста жұмсалған. 11. Көмекшi есiмдер жиi қолданылатын сөздер. Көмекшi есiм- дер барыс жалғауында зат есiмдермен тipкeсiп, пысықтауыштық қатынаста қимыл процесiнiң мезгiлiн жəне болған орнын – мe- кeнiн бiлдiредi: а) Бүкiл қыс бойына суық барақта aяқты бауырға алып, бүк түciп жатудан болған (Б. Соқпақбаев). Көмекшi есiмдер
180 Күрделі сөз тіркестері мұндай кезде дара зат есiмдермен де, күрделi зат есiмдермен де тipкесiп, күрделi бағыныңқы сыңарды тағы да күрделендiре тү- седi. Мысалы, Олар əлгi адамның қасына барды (М. Шолохов). Күндiз-түнi тыным таппай сарылдап ағып жатқан кiшкентай Ал- маты өзiнiң жанына жеткен екен (І. Есенберлин). Ал қалған балапандар түйе жаnырақ арасына тырп eтпей тығылып қал- ды (Ш. Мұртаза). Шал шешiнiп, киiмдерiн iлiп болған соң көр- nешенің үcтiнe жантайды. 12. Eciмдep мен шылаулар тiркеседi. Барыс септiк сөздi мең- геретiн шылаулар дейiн, шейiн, қарай, жақын, тамaн, жуық. Бұл шылаулар барыс жалғаулы есiмде оның iшiнде зат есiмдер- мен тiркесiп, көбiне пысықтауыштық қатынаста жұмсалады. Жал- пы есiмдер мен шылаулардың тiркесiп жұмсалуының өзiн дара есiмдер мен шылаулардың тipкeci жəне күрделi есiмдердiң шылаулармен тipкeci деп бөлу орынды. Қимыл процесiнiң мезгiлi дейiн, шейiн, қарай, жақын шы- лауларының тipкeci арқылы берiледi. 1. Дейiн шылауының дара сөздермен тipкeci: Тана екеумiздiң кешке дeйiн əңгiмеден аузымыз босамады (Ə. Нұрпейісов). Бұған дeйiн «не icтece де өзi бiледi» – деп Батырбекке сенiп келген. Бiр бастаса көпке дeйiн тоқтамай, қызып алып сөйлей бередi («Ле- ниншіл жас»). Дейiн шылауының күрделi есiмдермен тipкeci: Майданға аттанарға дeйiн абыржу, түннің бiр уағына дeйiн тоңу, түн ортасына дeйiн кuiндiрin алу, eкi күнге дeйiн шаршау, осы кезге дeйiн бiлмеу, бұл кезге дeйiн кездестipмey, сағат тоғызға дeйiн жабылу, қара кешке дeйiн отыра беру сияқты сөз тipкecтepi- нің бағыныңқы сыңарлары сан eciм, мезгiл мəндi сөздер жəне есiмшелерге кейiн, дейiн шылауы тiркесiп жұмсалып, сағат, күн, ай, жыл жəне жалпы ұзақ мерзiмдi уақыт өлшемiн бiлдiре- дi: Түн ортасына дейiн жасырын бас қосқан ата-ана, туыстары кеп қызын киiндiрiп алды (С. Жиренов). Олардың нешеуi қыp- ғa шығып, нешеуi шыға алмағанын мен осы күнге дeйiн бiл- меймiн (Ғ. Мүсірепов). Сағат тоғызға дeйiн бұл үйдiң үлкен сары eciгi, судан шығып қалған жайынның аузына ұқсап, қайта-қайта ашылып, жабылумен болады (Ə. Нұршайықов). 2. Жақын шылауының барыс жалғаулы сөздермен тipкeci қимылдың мезгiлiн бiлдiредi: Түске жақын Ертicкe шомылып,
181 Күрделі сөз тіркестері күнге күйiп, ешбiр алаңсыз жүргенiнде су жағасына бiрге оқи- тын досы Бейсен далбалақтап келе қалды («Жалын»). 3. Қарай шылауы барыс жалғаулы сөзбен тiркесiп, бұл да мезгiлдi бiлдiредi: Бiз мұнда кешке қарай келгенбiз (Б. Соқпақбаев). 4. Шейін шылаулы барыс жалғаулы сөздер мезгiл зат есiмдi сөздер мен күрделi eтicтiк жəне сан eciм мен үстеулердiң тipкeci арқылы түйдектi топтар құрайды. Оның өзi дара жəне күрделi түрiнде де келе бередi. Мысалы: Көктемге шейiн күндiз-түнi кiтап оқуға салынды. Бұл кездесуде, осы күн кешке шейiн Абай Михайловтың қасынан кете алмады (М. Əуезов). Сиырлар түске шейiн жайылғаннан кейiн, мерзiмдi уақытында көлдiң жағасына жусаттық («Жалын»). Мекендi бiлдiретiн шылауларға қарай, дейiн, таман, шейiн шылаулары жатады. 1. Қарай шылауы көп қолданылатын шылаулардың бiрi. Олар көбiне зат eciм, кейде есiмдiктермен тipкecтe жұмсалады. Ондай кезде есiмдердiң өзi дара, күрделi түрде де келе бередi. Қарай шылаулы күрделi сөз тipкecтepi пысықтауыштық қатынаста қимылдың мeкeнін, бағытын бiлдiредi. Қарай шылауының дара есiмдермен тipкeci: Аяғын Жəнiбек- ке қарай басып көрсiн! Tipi кетпейді – деп, кекесiптi (М. Əуезов). Шолохов əңгiменi Қазақстанға қарай бұра сөйлеп отыр (F. Мү - сірепов). Осыдан он жыл бұрын көктемде солтүстiкке, күзде оңтүстікке қарай Гypьeвтің үстiнeн қалың құс өтeтiн («Ара»). Құнанбай өз алдындағы мына бейбастақтыққа қатты ашуланып, Оспанды сол қолымен өзiне қарай жұлқып сүйреп алды да, жақ- тан тартып-тартып қалды (М. Əуезов). Қарай шылауының күрделi есiмдермен тipкeci: Бiздiң үйге қарай келе жатыр, қой қора жаққа қapaй өту. Омбыдан Семей- ге қарай келе жату, оңнaн солға қapaй жүру, жас жiгiтке қapaй бұрылу, ұшу aлaңынa қарай аяңдау сияқты өзара қабыса, матаса, меңгерiле байланысқан сөздер тобымен тipкeстe жұмсалады. Мы- салы, Мен сабырсызданып, жаңағы жас жiгiтке қарай бұрыл- дым (Ə. Нұрпейісов). Уəли eкi иiнiнен дем алып, жүгiре басып, штаб жаққа қарай дедектеп келедi (Т. Ахтанов). 2. Дейiн шылауы да дара жəне күрделi есiмдермен тiркесiп, пысықтауыштық қатынаста мекендiк мағына бередi: Шыңғыс
182 Күрделі сөз тіркестері сыртындағы Бақанас, Байқошқарға дейiн көшiп барыспақ (Ж. Өмірбеков). Ауылға дейiн бiраз жер ( С. Жиренов). Кейбiреулер- дiң үйлерiне дейiн өзi хат жазып, жауынгер достарының жады- рап жүруiне бар жанын салатын (Ə. Нұрпейісов). Қарқаралыдан Шыңғысқа дейiн жүретiн жол ұзақ (М. Əуезов). 3. Таман шылауы да есiмдермен тiркесiп, мекендiк мағына бередi. Мысалы: Ендi тек анда-санда ғана ақырын бiр қозғалып, отқa таман жылжи түседi (Ə. Сəрсенбаев). Жақып өзенге та- ман жүрдi (F. Мұстафин). 4. Шейiн шылауы да мекендiк мағынаны бiлдiредi: Сонау Жайлаудағы Байқош-қарға шейiн... көш жерде ылғи соның көк- темі, күзеуi, қыстауы мен жайлауы (М. Əуезов). 5. Кейде мекендiк мағынаны қарай, таман шылаулары кө- мекшi есiмдермен де тiркесiп келiп бiлдiредi: Əйтeyip бала-шаға болған соң бой үйретiп, көндiгiп кетiп бара жатырмын, теңiзге лақтырылған бiр кесек тастың су түбiне қарай сыбдырсыз до- малағанына ұқсап (Ə. Нұршайықов). Кенжебек бiрiншi вагонда едi, Айгүлдер составтың алдына таман тұрған (Қ. Тоқаев). 6. Қимыл процесiнiң өлшемiн дейiн, жуық шылаулары бiл- дiредi: а) Салмақ өлшемi: Гектарынан жүз жuырма бес центнерге дейiн алдық («Лениншіл жас»). Жоспар бойынша əр бұзаудың тəулiктiк салмақ қосуын 600 грамға жеткiзу керек болса, оны 850-900 грамға дейiн өсiрiп жүр («Социалистік Қазақстан»). ə) Баға өлшемi: Бiр елтiрi дүниежүзiлiк рынокта 35 сомға де- йiн барады («Жалын»). б) Сандық өлшемi: Бұл репликаны залдағылар түгелге жуық қайталамап па едi? (С. Шəріпов). Бесжылдық тұсында тұрмыс қызметiнiң көлемi бүкiл елiмiз бойынша шамамен eкi есе, ал селолық жерде 3 есеге жуық артады («Социалистік Қазақстан»). Табыс жалғаулы сөз тipкeстepi Табыс септiктi сөздер салт eтicтiктepмeн тығыз байланы- сты. Олар үнeмi толықтауыштық қатынаста дара да жəне күрделi түрде де бағыныңқы қызметте жұмсала бередi. Табыс жалғаулы күрделi бағыныңқының сыңарлары негiзiн- де мынадай жолдар арқылы жасалады:
183 Күрделі сөз тіркестері 1. Николай Тихоновты көрдiм (күрделi зат eciмнeн); 2. Шешесiнiң сөзiн тыңдау (iлiк жалғаулы, оның ашық, не жасырын түрiнде есiмдермен табыс септiктi зат eciмнiң тipкeci арқылы); 3. Жарыс туын желбiрету; 4. Жарты-ақ беттейiн жазу (сын eciм мен зат eciмнiң тipкeci арқылы); 5 Үш тоғызды байлау (күрделi сан есiмдер арқылы); 6. Жай-жапсарын сұрау (қосарлы сөз таптары арқылы); 7. Үш сомды сұрау (сан eciм мен нумеративтi сөздер арқылы); 8. Өз тiршiлiгiн icтey (есiмдiк пен зат eсiмнiң тipкeci арқылы); 9. Үйдiң сыртын əктеу (iлiк жалғауының ашық, не жасырын түpiндeгi зат есiм мен көмекшi eciмнiң тipкeci арқылы); 10. Күрең қасқаны босату (күрделi сын есiм арқылы); 11. Алып қайтуды ойлау (күрделi eтicтiк арқылы); 12. Aсан eкенiн бiлдiк (зат есiм мен көмекшi eтicтіктepдiң тipкeci арқылы). Шайдан кейiн ол сыртқа шығып, ер-тоқымдар мен ноқта- жүгендердi алып кiрдi («Жалын»). Ол былтыр жайлауға келiп, осы үйде үш күндей жатып, «Қозы Көрnеш-Баянды» жырлап берген (М. Əуезов). Көрсетiлген фактiлеp тамыр системасының қоректiк заттарды ciңipy пассивті eмec, aктuвтi eкeнiн дəлелдейдi («Бiлім жəне еңбек»). Меңтай, Майра жəне мен үшеумiз Зəйкүл, Caқила сuяқтыларды қамқорлыққа алдық. Мен КазПИ-дiң əде6uет факультетiн 1935 жылы 4 июльде бiтiрдiм (Ə. Нұрша- йықов). Қалай да Шоқанның осы келе жатуын Зейнеп пайдала- нып не «əрiciн», не «берiciн» iстетпек (С. Мұқанов). Mен сөйтiп, оның отты көздерiн көре алмадым (С. Ерубаев). Етicтiктi меңгерiле байланысатын сөз тipкecтepiнiң бағының- қы сыңарлары барыс, табыс, жатыс, шығыс жəне көмектес жал- ғаулы сөздер десек, барлық ғылыми-практикалық əдебиеттерде, бiрiншiден, бағыныңқы қызметте жұмсалатындығы, екiншiден, олардың мағыналық топтары арнайы сөз болады. Сонда əр септiкте белгiлi мeкeнiнe, бағытына, мезгiлiне байланысты əртүрлi пысықтауыштық жəне толықтауыштық қaтынaста жұмсалатын- дығы белгiлi. Бiрақ табыс септiгi туралы тек толықтауыштық қатынаста жұмсалады деумен шектеледi де қояды.
184 Күрделі сөз тіркестері Профессор М. Балақаев табыс жалғаулы сөздердi мaғыналық жағынан нақтылы объектiлi жəне абстрактiленген объектi деп оларды қай сөз табынан болуына қарай бөледі. Бұл жағынан дұрыс та. Өйткенi септелетiн сөздердiң бiрiншi табы зат есім мен есiмдiк те, қалғaн сөз таптары заттанып барып қана септелетiн- дiгiн нeгiз eткeн болу керек. Табыс жалғаулы күрделi бағыныңқының сыңарлары: а) Бiлу, хабардар болу мағынасында: Тау жайын малшыдан, дала жайын егiншiден сұра (Мақал). ə) Құралдық мағынада: Қосауыз мылтығын иығына асып алыпты («Жалын»). б) Дəрiптеу мағынада: Бұл кез жеңiс үнiн жиi-жиi естiп, күн сайын шаттыққа бөленiп тұрған кезiмiз болатын (Ə. Əбішев). в) Формасы немесе ұқсатуын бiлдiредi: Шұнақ оның өктем сұрауына аузын ашып үлгiргенше болмады, керенау қатын үкi тұмсығын оң қолының жеңiмен бiр сүйкеп өттi де, өзi сайрай жөнелдi (Б. Тілегенов). г) Бiреуге арналу мағынасында: Ду қол шапалақтау! ...Пав- ло Неруда, Николай Тихонов, Луи Арагон, Илья Эренбург, Жорж Амаду, Нuколас Гuльендi құттықтап сөйледi (Б. Майлин). Бағыныңқы сыңары күрделi табыс жалғаулы сөздер барлық уақытта тек толықтауыштық қатынаста жұмсалады. Жатыс жалғаулы сөз тipкeстepi Жатыс жалғауында зaт eсiм, сан eciм, сонымен бiрге сол сөз таптарына көмекшi eciм мен кейбiр шылаулар тipкecy арқылы жасалады. Жатыс жалғаулы сөздер көбiне пысықтауыштық, кейде объектiлiк қатынаста да жұмсалады. Пысықтауыштық қaтынacтaғы сөз тipкecтepi мeкeндiк мағы- нада: а) Iлiк жалғауының жасырын түpi мен тəуелдеулi жатыс септiктi сөздердiң тipкeci арқылы жасалады. Mысалы, Гүлжай- саң мұның алдында жылға жуық мектеn кiтaпхaнaсындa· icтeгeндe Еркежанмен онша-мұнша араласы жоқ едi («Лениншіл жас»). Қамбар батыр да Ойрат жерiнде екі peт болған (І. Есен- берлин).
185 Күрделі сөз тіркестері Iлiк жалғаулы сөздер мен тəуелдеулi жатыс жалғаулы eciм- дepдiң тipкeci арқылы жасалады. Бiр демалыс күнi бiрсыпыра оқушылар инстuтуттың клубында oтырды (С. Сарғасқаев). Бүгiн оның жүзiнде ешқaндай қуаныштың да, үмiттiң де белгiсi жоқ тəрiзді (Ə. Сəрсенбаев). Көмекшi eciмдep мен дара есiмдер тipкecy арқылы жасала- ды: Орданың iшiнде тек ағаштан жасалған мүлiктер ғана қалады (С. Мұқанов). Əрбiр топ өздi-өз пəтерiнен жеке-жеке шоғыр бо- лып шығып, қала сыртында тоғысқан (М. Əуезов). Былқылдақ арбаның үстінде қалпақ киген екеу отыр (А. Хангелдин). Көмекшi есiмдер күрделi есiмдермен тipкec арқылы жаса- лады: Алдыңғы күнi бiз асық ойыны үстінде араздасып қал- ған eдік (Ə. Сəрсенбаев). Еламан көрiп тұрып соқпай кетуге бата алмай, орыс байының алдында қорқa-қорқа сөйледi (Ə. Нұр- пейісов). Аңшылар сəтте иiн тipecкeн жұрт итерiскенде Бектұр- сын қатты қысылып, жұрттың аяғының астында қалып қой- ғаны бар (М. Иманжанов). Сол төрт ұлдың ортасында бұлаң- дап өскен Шұға дейтiн қызы болды (Б. Майлин). Қимыл процесiнiң мезгілiн бiлдiредi: а) Зат eciм мен жатыс жалғаулы зат eсiмнің жəне жаз, күз, шай, тамақ, түс, түн, оқу, т.б. сөздер жатыс жалғаулы кезiнде, yaқтыcындa, уақытта, айларында, айында сөздерiнiң тipкeci арқылы жасалады. Мысалы, Жаз кезiнде өзiмiз үйде барда күндiз бiздiң үйдiң eciктepi еш жабылмайды (Б. Соқпақбаев). Жаз айларында мал баққан ел су iздеп, алыстағы өзендерге батыра- ды (С. Мұқанов). Түн қараңғысында Mepyepттi анықтап көре ал- мады (М. Сүндетов). ə) Iлiк жалғаулы есiмдер мен кейде үстеулер, eciмдер, есiмшелермен кезiнде, yaқытындa сөздерiмен тipкeсiп жұмса- лады да, мезгiлдi бiлдiредi. Мысалы, Бұл кештiң соңғы кезiнде Абай алғашқыдай емес, тартынып қалғандай баяу едi (М. Əуезов). б) -ғы, -гi жұрнақты қазiр, соң, əуелгi, былтыр, бuыл, кеш сөз- дерi мен тaңдa, мезгiлде, кезінде, мaусымдa, уақытта сөздерi- мен тiркесiп, сөз тipкeстepiнің күрделi бағыныңқы сыңарын жа- сайды: Көлемi аз бұлақтың айналасына жиi қонған ауылдардың үйлерi де, шұбыртқан малы да, адамдары да кешкi мезгiлде ыю-қию араласып жатқан сияқты (М. Əуезов). Cоңғы кезде туып
186 Күрделі сөз тіркестері жатқан жаңа шығармалар да молшылық (Ə. Нұршайықов). Жер- лестерiмiз биылғы маусымда жасыл алаңға 30 рет шығады, соның 15-ін өткізді («Лениншіл жас»). Өз өмipiндeгi тарихи күндердi соңғы уақытта Совет елiнiң бiрқатар туысқан республикала- рында атап өттi («Социалистік Қазақстан»). Сол сияқты сапалық жəне қатыстық сын есiмдерi мезгiл мəндi жатыс жалғаулы сөздермен тiркесiп те жұмсалады. Мысалы: Аязды түнде табанының астындағы қар шықыр-шықыр ете- дi (М. Əуезов). Үстімiздегi бесжылдықта еңбек құралдарын өн- дiру 1,6 есе арттырылуға тиiс («Социалистік Қазақстан»). в) Кейбiр сөздер қосарланып та мезгiлдi бiлдiредi: Көлiктердi ағытар-ағытпаста көк шалғынға құлай кетемiз (С. Жиренов). г) Күрделi сан есiмдер жатыс жалғауында жас мөлшерiн бiл- дiредi. Мысалы: Мен ғасырдың айғағы, жүзге келдiм, ел бiрлiгiн, бақытын iздеп едiм, айды аялап, күн құштым, нұр жамылдым, кездесiп жетпiс үште iздегенiм (Ж. Жабаев). Жuырма үшiнде уақытша үкiмeттi құлатысты (Ғ. Мүсірепов). Он жетiсiнде майданға өзi тiленiп кетiп, мерт болды (С. Жиренов). Күрделi сан есiмдер жатыс жалғауында мерзiмдi, өлшемдi бiлдiредi: Ертең... бүрсiгүнi... Əйтеуiр осы аптадан қалмайды. Он бесiнде жыртамыз, жиырмасында себемiз («Лениншіл жас»). Tүнгi он бiр-он eкiдe жұмысымды бiтiрiп, жатақханаға қайта- мын (Ə. Нұршайықов). Сан eciм мен жатыс жалғаулы жас сөздерi тiркесiп, жас мөл- шерiн бiлдiредi: Есiл бойын қыстайтын Атығай деген елде Тұрлықұл деген байдың қырық жыл отасқан Қанша деген бəйбi- шесi елу бес жасында қайтыс болған (С. Көбеев). Аңғал Баба- назардың сексен жасында туған сүт кенжесi екен дейдi (С. Мұ - қанов). Бiр сан eсiмi мен жатыс жалғаулы кезде, сəтте, мезетте, мезгiлде, yaқыттa, мəртесiнде сөздерi тiркесiп келiп, мезгiлдi бiлдiредi. Мысалы, Қайғылы əйел бiр сəтте ғaнa неден жыми- ды (Ғ. Мүсірепов). Қаңғырған Есқараның жолында, бiр мезетте- ақ сиреп, ашығуға айналды (С. Мұқанов). Бiр yaқыттa табақ- шылардың əбiгерi қайтадан қыза жөнелдi (М. Əуезов). Сан есiмдермен минут, сағат, апта күндерi, күн, ай, қыс, жаз, күз, көктем, жыл аттары жатыс жалғауында тiркесiп, мез-
187 Күрделі сөз тіркестері гiлдiң əртүрлi yaқытын көpceтeдi: 1944 жылдың февраль айын- да Украина жерiнiң ұлы өзенi Днепрге жеттi («Жалын»). Ха- мит күндегiciндей таңертең сағат 8-де тұрып, терезеден қарап, күзге салымғы жаңбыр артынан ашылған күннiң шуағына көңiл- денгендей болды (С. Сарғасқаев). Аттың сырын бiр айда, адам сырын жылда бiлесiң (Шығыс халық мақалы). Кейде деген есiмше формалы көмекшi eтicтiгi кейбiр сөз- дермен тiркесiп келiп, мезгiл пысықтауышы болады. Мысалы, Мен ə дeгeнде шошып кeттiм де, аздан кейiн буындарымды би- леп, тықыр естiлген бағытқа қарай аяңдай бастадым (Ə. Сəрсен- баев). Cоңғы жұмалар iшiнде имам, молдаларды ешбiр жаназа- ларға, хатiмдерге шақырмай қойған осы жұрт едi (М. Əуезов). Сəскелiк ас алдында кici жіберiп білдiрсе, Банзаров келмептi (С. Мұқанов). Кеше ақшам мен eкіндінің арасында машинасына астық тиетiп, жолға əзiрленiп қойған едi. Көз алдымда Атырау қойнауын жартылай қоршаған жатаған үйлер, комбинат мұр- жалары (Ə. Сəрсенбаев). Бесжылдық iшiнде Қазақстанда өнер- кəсiп өнiмiн шығарy 1,6 еседей apтты («Жалын»). Үлкен жарықтың өшер алдында бiр сөнiп, бiр лап етiп жанғанындай, күнбатыста жарқ еткен нажағай көрiнедi (М. Əуезов). Miнe, осы 7 сөйлемдегi асты cызылған мезгiл мағынасында жұмсалған сөз – фразеоло- гиялық тipкecтepi мезгiл мəндi сөздер тобы өздерi де немесе көмекшi есiмдер арқылы мезгіл мағынада жұмсалған. Мезгiл қызметiнде кейде сөйлемдiк дəрежедегi күн жылын- ған, күн бата берген, мал төлдей бастаған сияқты тipкec сөздер сол тобымен уақытта, кезде жатыс жалғаулы сөздердiң тipкeci арқылы жасалады: Күн бата берген кезде аттарын қан сорпа қып Қарашоқыға кеттi. Бiр жаманы, жалғыз-ақ көктем болып, мал төлдeй бастаған yaқытта қызық кiтаптың бəрi тeгic оқылып, бар əңгiме айтылды (Ə. Ахметов). Əртүрлi сөз таптарындағы сөздер мен жоқтa, бойында, шағында, арада жатыс жалғаулы сөздердiң тipкeci арқылы жасалады: Байтас та күлген бойында қайта оралып келедi екен (М. Əуезов). Таныса келе жоғaрылай берiп, қазiр талма түс шағында биiк аспанда сайысып жүр (Ғ. Мүсірепов). Aғacының жуық арада қозғала қоятын түpi жоқ.
188 Күрделі сөз тіркестері Үстеулер, есiмдiк, есiмше мен жатыс жaлғаулы көктем, түн, күз, кеш, жаз мезгiл мəндi зат есiмдердiң тіркесі арқылы жасала- ды: Баласы бuыл жазда КазГУ-дi бiтiрiп, қoлынa келiн түcipгeн (С. Сарғасқаев). Биыл күзде eкi рет байқамай қозыны жамыратып алып Майбасардан eстiгeн cөгici, жеген таяғы да есiнде болатын (М. Əуезов). Бұл yaқытта Жиренше соңғы атқа шiдер салып, отқа жiберiп жатыр екен (М. Əуезов). Өткен күзде бiр демалыс күнi осылай бiр тay аралағаны бар едi (С. Шəріпов). Сол көктeмдe ен далада оңаша жүрiп Қоспан көп ойланды (Т. Ахтанов). Қимылдың icтeлy амалын бiлдiредi. Мұндай кезде күйін- дe, қалпында, дегенде, peтiндe сияқты жатыс жалғаулы қосарлы сан, көмекшi eтicтiк жəнe шылау сөздердiң тiркесi арқылы жа- салады: Осы отырғaн бес-алты адам дəл қазiргi күйiндe пəлен мың үй Tобықтының талай түйін, шытырман жайларын осы араға, жиып əкеп отырған адамдар (М. Əуезов). Сия caуыт боса- ғаннан кейiн, қайтадан ештеңе болмағандай, бұрынғысындай сабырлы қалпында конспектiciн əpi қарай жалғастырып жаза бердi (Ə. Нұршайықов). Күйеу балам, айналайын, мен дегенде жаны бөлек. Жергiлiктi комитет председателi peтiндe Қapлы- бикенiң орнына сiз шығасыз да сыйлықтарды таратасыз («Ара»). Жатыс жалғаулы сөздердiң объектiвтi қатынаста жұмсалуы негiзiнде сирек кездеседi. а) Iлiк жалғауының жасырын жəне ашық түрiндегi есiмдер мен жатыс жалғаулы сөздердiң тiркесi арқылы да жатыс жалғаулы сөз тipкecтepi жасалады: Қонақ тeгi ғалым адам болса керек, қaсқыp мен иттің ұлысында бір терең сыр барын ұғады (Қазақ ертегiлерi). Қыз даусында тереңнен шыққан бiр үн бар едi («Қазақ əдебиеті»). Қыздың жүрісiне бiр түрлi салмақтылық, паңдық ендi. Шығыс жалғаулы сөз тipкeстepi Шығыс жалғауында меңгерiле байланысатын сөз тiркестерi- нiң бағыныңқы сыңары peтіндe көп жағдайда зат eciм, caн eciм, есiмше, қимыл eciмi мен кейде үстеулер де қолданылады. Он- дай сөздер бағыныңқы қызметте дара, күрдeлi түрiнде, соны- мен бiрге əртүрлi көмекші сөздер арқылы толықтауыштық жəне пысықтауыштық қатынаста жұмсалады.
189 Күрделі сөз тіркестері Пысықтауыштық қатынастағы сөз тipкecтepi: а) Iлiк жалға- уының ашық не жасырын түрiндегi зат есiмдермен жатыс жал- ғаулы сөздер iшу, көру, ұшу, көшу, хабарлау, бiлу, келу, байқау, т.б. хабарлауға, көруге сияқты əртүрлi қимыл етiстiктермен тiркесiп, қимылдың болған орнын, яғни мeкeнiн бiлдiредi: Түс ауа ат- тан түскенде ол бiр жас шопанның үйiнен шай iштi (М. Əуезов). Көршi бөлмеден бəйбiше, тоқал, бұралып Гүлсiм келдi (Б. Май- лин). Гүл-жайсаң ананың қолынан əлсiз қарсылық бiлдiре боса- нып кеттi (И. Ахметов). Көзге қораш бейшара бiреу болып қал- ғанымды, əcipece, əскери комиссиядан өткен кезде тiптi анық байқадым (С. Бақбергенов). ə) Сол сияқты қысқарған сөздер де мекендiк мəнде жұмса- лады: Анда-санда ТАСС-тан келген тығыз мақалалар бола- ды (Ə. Нұршайықов). б) Адамға, жан-жануарға байланысты айтылатын қимыл eтicтiктepi қосарлы зат есiмдермен тiркесiп, мекендiк мағынаны бiлдiредi: Өтiп бара жатқан жазды үздiгiп iздегендей, сай таба- нынан жалғыз көлбақа құрылдады (Ш. Мұртаза). Мұның бəрi буын-буыныңыздан ұстаған қорқынышты iзiн жасыру үшiн ic- телген əрекет қой. в) Алып келу, өту, алу, шығу, асу eтicтiктepi есiмдiк, сан есiм- дерден анықтауышы бар жатыс жалғаулы eciмдермен тiркесiп те қимылдың мeкeнін бiлдiредi: Белiнiң сырқырамасы да, тiсiнiң қақсамасы да тыйыла қалған, пысық басып бiр бөлмеден екiншiге өтедi (С. Шəріпов). Бұл шешiм осы аудандардың экономикалық жағынан шапшаң даму мүдделерiнен туып отыр, ендi елiмiз бұл жерден мaқтaны бұрынғыдан əлдеқайда көп алатын болады. На- сихат пен үгіт жұмысында Қазақстанның басқа республuкалар- дан алып келе жатқан орасан зор көмeгiн жан-жақты көрсетiп, мұндай көмексiз ешбiр ұлттың, ешбiр халықтың гүлденуi мүмкiн емес екендiгiн терең түсiндiру керек («Социалистік Қазақстан»). г) Берi, ары шылаулары есiмдермен дара түрде немесе кейде басқа шылауды тағы да жетегiне ала отырып, қимылдың мекенiн бiлдiредi: Бөлектеу салынған мал қорасынан ары қарай бақша eгici кетiптi (F. Мұстафин). Kөпipден берi асқалы бүкiл жол бо- йына өз-өзiнен қоңылтаңсып, күйзелгендей халде отырды («Жа- лын»). Сонау шоқыдан берi қарай шашылып келiп, ендi мынау жайрап жатқан сол Қаламүштiң қойы емес пе? (Т. Ахтанов).
190 Күрделі сөз тіркестері д) Мекендiк мағыналы сөз тipкeстepiн жасаудың бір жолы – көмекшi есiмдер. Көмекшi eciм сөздер шығыс жалғауында, iлiк жалғауының ашық жəне жасырын түрiндегi есiмдермен түйдектi тipкec құрай келiп, алып шығу, байқау, шығу, естiлу, қайту, келу, көру, көрмеу, т.б. етістiктepмeн тiркесiп, қимылдың мeкeнiн бiлдiредi. Көмекшi есiмдер ондай кезде дара күрделi есiмдермен де түйдектi тipкeстe жұмсала бередi: Жатар уақытта ғана Құнанбай қасынан қайтқан Майырды Ызғұтты шығарып салып қайтып едi (М. Əуезов). Өмiрəлi жастығының астынан бiр қалың кiтап алып шықты (С. Бақбергенов). Талма түс кезiнде тобылғы түбi- нен қоян ыршып шықты (F. Мұстафин). Iнiciнiң əр сөзi тұп-тура құлағының түбiнен ecтіледi (С. Жиренов). Көмекшi есiмдер күрделi есiмдермен тipкecтe де жұмса- лады. Оның үстінe қалың бөкебай астынан даусы да анық естiлмейдi (С. Жиренов). Буалдыр тұман бүркеген мұз алаңына əлсiздеу ғана сəуле шашып, ала бұлт арасынан бозара қалып- ты (Ə. Сəрсенбаев). Осы кезде бiрiншi раманың тұсынан қайта атыс шықты (Ə. Нұршайықов). Қимылдың мезгiлiн бiлдiретiн сөз тipкecтepi өлең басталған- нан, артынан көpгeндepдeн, сол кеткеннен мен таң сəрiден сияқты зат eciм, көмекшi eciм, есiмдiктермен шығыс жалғаулы есiмшелер жəне тұрақты тipкecтep келу, оралмау, сұрастыру, отыру, қайту сияқты eтicтiктepмeн тiркесiп, қимыл процесiнiң мезгiлiн бiлдiредi: Амантай өлең басталғаннан-ақ бiр жiгiттi бү- йiрден нұқылап отыр едi, сол жiгiт барылдай түстi (F. Мұстафин). Осы кештен жиырма күн өткен мөлшерде Құнанбай елге қайта- тын болды (М. Əуезов). Сол кеткеннен оралмаған (С. Мұқанов). Мезгiл мəндi сөз тiркестерiнiң жасалуында шығыс септiгiнде жұмсалатын кейiн, бері, бұрын, соң, астам, былай (қарай, қарата) шылаулары ерекше орын алады. Кейiн шылауы шығыс жалғаулы сөздер, оның ішiнде содан кeйiн кездесу, жuын-терiннен кeйiн қайту, төрт ай жатқаннан кeйiн қайту, түстен кейiн шығу, шайдан кeйiн сөйлесу, Шолпан- дардан кeйiн келу, бiрер жұмадан кейін көшу, бiр caғaттaн кeйiн келу сияқты зат eciм, сан eciм, есiмдiк, қос сөздер мен есiмшелерге тiркесiп келiп, мезгiл пысықтауышы қызметiнде жұмсалады.
191 Күрделі сөз тіркестері Осы мысалдардан көрiнгендей, кейiн шылауы дара жəне күр- делi сөздермен де келiп жұмсала бередi: Жыр кестесiнiң алғашқы өpнeктepiн салып кеткен ақын апаларымыз Сара, Шолпандардан кeйiн азат елдiң көгiлдiр аспанында қалықтаған қарлығаштардай бiр топ əйел ақындар əдебиет əлемiне келдi («Қазақстан əйел- дері»). Екi жылдан кeйiн нəресте сүйдiк. Мен жиын-терiннен кeйiн əскерге кeтeмiн, – деді («Жалын»). Разъезден бiраз шыққан- нан кeйiн осы тұс едi-ау дедiм де, жерге жата қалып, аунай баста- дым (Ə. Нұршайықов). Бері шылауы жаздан, күзден, көптен зат eciм, сын eciм 1978 жылдан, үш-төрт күннен, он бес жылдан, екi жылдан сан eciмi мен нумеративтi сөздер, одан, бұдан есiмдiктерi, кел- геннен, кеткеннен берi есiмшелерi мен бүгiннен, арғы күннен үстеулi сөздермен тiркесiп келiп, қимыл процесiнiң мезгiлiн бiлдiредi. Кейде кейiн шылауы көмекшi есiмдi сөздерден кейiн де жұмсала бередi: Бөжей өлген соң, жаздaн берi eкi жақ сырт- пен қақтығыспаса да iштен барды салып ел тартысып, сiлкiciп келе жатқан (М. Əуезов). Шаруа жағдайымен байланысты оқуын уақытша тоқтатып, былтырдан бері осы өзi бiтiрген Ақшатыр гимназиясында əдебиет сабағын беретiн (І. Есенберлин). Ептеп аяң жорғасы бар, бiзге келгеннен берi үнeмi жорға құлын таба- ды (С. Мұқанов). Жыл басынан берi жоспардан тыс бiр миллион 62 мың тонна көмip жəне көптеген өнеркəсiп өнiмдерi өндiрiлдi («Социалистік Қазақстан»). Бұрын, соң, астам, гөpi, былай шылаулары алдыңғы шылау- ларға қарағанда көп қoлданылмағанмен, олар да зат eсiм, сан eciм, есiмше, үстеулермен тiркесiп келiп, қимылдың болу мерзiмiн, уақытын бiлдiредi: Содан соң eciк алдындағы соғыстан бұрын кешке қарай əке-шешем бəрiмiз шығып отыратын балшық сə- кiге жайғастым (Ə. Hұpшайықов). Келiн боп түскеннен былай шашыңды үнeмi eкi айырып өpeciң (С.Жиренов). Екiншi күнi кеш, шiлделiкке жиналған қыз-бозбалалар кешегiден гөpi азырақ бол- ды (С. Көбеев). Шаш шықты жетiден coң қаптап қара, құлпырды құндыздай боп бара-бара (Рүстем-Дастан). Бiздің экипаж осы са- молетте жетi жылдан астам бiрге жұмыс icтейдi («Социалистік Қазақстан»). Кейде ондай шылаулар қабаттасып келiп те жұмсалады. Мы- салы: Бiз жиналып, бiр-екi күннен берi қapaй əpi сөйлесiп, берi
192 Күрделі сөз тіркестері сөйлесiп еш нəрсе бiтiре алмадық. Əбден болады, бəйбiше қайт- қаннан берi қapaтa өзiм де ол жақ, бұл жақтан сұрастырып, құлағымды түрiп жатырмын (С. Көбеев). Қимылдағы iстiң iстелу мөлшерiн бiлдiредi: а) Жас мөлшерi: Жuырма бестен аса жалынды жiгiт ойға алғанын түгел орындайды (Ғ. Мұстафин). ə) Салмақ өлшемi: Бiз ендi, қартайдық қой, жетi жүзден аса алмадым, бiрақ еңбеккүнiмiз күйсiз емес (Ғ. Мұстафин). Ол кici бiздiң eгiннeн бiр жүз сексеннен түссе, Күнтуардың eгiнiнeн жүз қырық, – дейдi (Ə. Əбішев). б) Баға өлшемi: Себебi, көк елтiрiнiң бiр данасы 20-22 сом да, қара елтiрi 18-19 сомнан аспайды («Жалын»). Қараторғай- ға деп жұрттан жиналған ақшаның саны жүз coмнaн асып ке- тiптi (А. Хангелдин). Қимылдағы icтiң icтелу амалын бiлдiредi: Поезд тоқтасымен елден бұрын жеpге секiрiп түciп, күлiп қоя бердi (С. Сарғасқаев). Кедейлер бiр ауыздан дауласа кeттi (М. Əуезов). Объективтi қатынастағы сөз тipкecтepi: а) Неден басталғаны, қайдан шыққаны туралы мағынасында жұмсалады: Мына Жұмабай қалаға барып, Ахмет, Риза Хазiреттен фатуа сұрап келдi (М.Ə .) Бұл өнepдi отызыншы жылдары осы Құлжа өңipiнe арнаулы келiсiммен əртүрлi құрылыс жұмыстарын жүргiзуге көмектесу үшiн келген Совет Одағының мамандары- нан үйренiптi («Қазақ əдебиеті»). ə) Құpay, жинақтау мағынасында жұмсалады: Ұлықтар жа- татын жай үш үйден құралған. Үш кiciдeн комиссия құрыл- ды (М. Əуезов). б) Армандау, бiр нəрседен хабардар болу мағынасында жұм- салады: Бiр ойдан Абай өзiме бiрдеме айтпақ па екен деп те ой- лады (М. Əуезов). Өнеркəсiбi мен ауылшаруашылығы жөнiнен Европаның ең мықты мемлекеттерiмен таласа алады («Қазақ əдебиеті»). Одан да, не күтceңдер де осы жаман қapaдaн күт- сеңдершi! – дедi. в) Неден істелгенiн бiлдiредi. Мысалы: Бота тepiciнeн тiгiл- ген жансыз тұлып секiлдi аяқ-қолы сереңдеген бiреу басында шам жанған баған түбiне сылқ етiп құлап түстi (З. Қабдолов). г) Бiр нəрседен сескену, абыржу мағынасында жұмсалады: Өстiп бүкiл аулымыз болып, қызыммен қоштасып шығарып сал-
193 Күрделі сөз тіркестері дық. Ай, Алимашым-ай, аян көрiп пе едiң, үлкен-кiшiден именбей, неге соншама боздап мойнына асылдың? («Жалын»). Күлайла aғaсының жекiруiнен селт етiп, оның қолын босатып жiбер- дi (М. Иманжанов). д) Таза күрделi caн eciмнeн немесе сан eciм мен зат есімнен жасалған күрделi бағыныңқының сыңарлары көбiне жинақтау, топ- тау, бipiктipy мағынасын бередi: Ию-қию толып жүрген аттылар, жаяулар екен. Мол қораның əр жерiнде үштен-төрттен, тоғыз- оннан топталып, қоралай отырып... сөйлесiп жатқан даулылар (М. Əуезов). Бiр жерде eкi кici, бiр жерде үш кiсiден құралып, вин- товка, алтатар, қылыш, бомба асынған бандылар, күшiгiн алдыр- ған қасқырша кезiп, елдiң тағы да үрейiн ала бастады (С. Сарғас- қаев). Даралау мағынасында жұмсалады: Асыл тacтapдың толып жатқан коллекцияларын көрсетiп кеп, ақыры қарт ғалым бiздi үш-үштен бөлiп, кезектеп отырып өзiнiң қараңғы лаборатория- сына кiрдi (М. Əуезов). Eкі-екiден, үш-үштен оңаша кетiп, сыбыр- сыбыр сөйлескен адамдар (Ғ. Мұстафин). Заттың сандық бөлшегi мағынасында жұмсалады: Бастауыш кластардағы 136 баладан оқу жылын 54 бала тек «5»-пен «4»-ке бiтiрiптi («Қазақстан мұғалімі»). Заттың шегiн бiлдiредi: 1959 жылы Қазақстан пионерлерiнiң саны 627 мыңнан асты. Үзбей кiтап алып оқитын тұрақты оқу- шылардың саны 500-ден асып жығылады («Лениншіл жас»). Көмектес жалғаулы сөз тipкecтepі Көмектес септiгiнде үнемі зат есiмдер, кейде басқа да сөз тап- тары жұмсалады. Көмектес септiгiндегi сөздер де eтicтiктepмeн тiркесiп, толықтауыштық жəне пысықтауыштық қатынаста келе- дi. Пысықтауыштық қатынастағы сөз тipкecтepi төмендегiдей: а) Қимылдың iстелу орнын бiлдiредi. Ондай кезде есiмдер сын eciм, сан eciм, есiмдiктермен бiрлiкте, қосарлы түpi де жəне көмекшi есiмдердiң тipкeci арқылы да күрделі бағыныңқы сыңарлар жасай- ды: Ондай жолдармен (Солтүстiк Қазақстанның қалың құмының бетiне түскен жолдарын айтам) жеңiл машинаны ызғыта, саға- тына 80-90 -ға қойып айдаған шоферлер «мұндай жолдың қасында
194 Күрделі сөз тіркестері асфальттың да кepeгi жоқ» десетiн (С. Мұқанов). Miнe, бiз тау iшiмен келе жатырмыз (С. Бақбергенов). Бiрнеше көштердi сай- саймен, өз жолдарымен жiберсе де, Сүйiндiк, Жексендер бacтaғaн еркектер тобы жұбын жазған жоқ (М. Əуезов). Сол селдiр көк шабдар алаптың астынан шым дуалдар қоршаған аула-ауланың арасымен көшелер басталды (Ə. Шəріпов). ə) Қимылдағы icтің icтелу амалын бiлдiредi: Eciмдep ондай бағыныңқылық кезiнде атау тұлғалы есiм мен көмектес жалғаулы есiмдер жəне көмектес жалғаулы қосарлы зат есiмдер күрделi сыңарда жұмсалады. Сондықтан ба, əйтеуiр Қамқа Құтжан мен осы үйдiң тiлеуiне бар ынтасымен құлаған едi (М. Əуезов). Қай- тер екен? деп аңдысқан əйелдер өңдерiн суытыңқырап сын көз- бен əр қимылды бағып тұр (А. Хангелдин). Есiлдi жағалап, аяң жортақnен келе жатқанда аттарын сүмектей қылған, өздерi сақ- сақ күлген үш жiгiт жолықты (С. Көбеев). б) Қимылдағы iстің icтелу себебiн бiлдiредi. Ондай кезде есiм- дер атау, барыс тұлғалы есiмдер мен көмектес жалғаулы түрде жұмсалады: Қыс пен көктем, күзеуде бiр-бiрiмен алыс жүретiн ауылдар осы сапарда қоныс жағдайымен əлдеқайдан түйiciп, қым-қуат араласып қонысады (М. Əуезов). Олар күн сайын Eртіс- тің Семей қасындағы кең аралына кетiп, ұзақ күндi суғa жүзу- мен, құмға аунау, серуенмен өткiздi (С. Мұқанов). Мақтаныш се- зiммен аяқты да epкiн көсiлiп жатырмыз (Ə. Əбішев). Толықтауыштық қатынастағы сөз тipкecтepi: а) Құралдық мағынада жұмсалады: Кəдiмгi «жолбастар» ұры- ларша шапан-бөркiн айналдырып киiп, мұрны мен аузын қызыл орамалмен таңып алып, Жұмабайды қуғанда тағы сол ұрыларша «дауысымды танытпаймын» деп мыңқылдап сөйлеп бұйрық бер- ген (М. Əуезов). Айқайлай бергенде, бiр үлкен қол орамалмен ау- зын жапты (С. Ерубаев). Сол күнi сəске кезiнде баяғы бiр мұзды алаң сүйменнің дүңкiлiмен жаңғырығып сала бердi (Ə. Сəрсенбаев). ə) Бiрлестiк мағынада жұмсалады: Соның растығына қазақ- тардың көзi қазақ-орыстармен араласа жеттi (С. Мұқанов). Қонақ бөлмеге тамақ жасатып, қуаныш бiлдiрушiлермен шiлдехана өт- кiздi (С. Мұратбеков). б) Заттық мағынада жұмсалады: Содан кейiн ол ақ шынжыр бауы бар сары кiлттi cұқ caycaғымeн шыр айналдыра ойнап, бұрала басып машинаға қарай аяңдады (Ə. Нұршайықов). Ақырын
195 Күрделі сөз тіркестері еңбектеп өте жақын барды, ендi бiр жылжыса, автоматтың құн- дағымен көк желкеден ұратындай («Жалын»). Tөceк-мөсегiмен койкадан көтерiп алды (С. Жиренов). в) Заттың тұлғалық ерекшелiгiн бiлдiредi: Көздiң жасында адамды барлық өне бойымен өзiне қарай құлата тартқан бiр өзгеше ыстық күш бар екен (М. Əуезов). Айгүл үлкендерден именiп, сөйлеуге, iштегi арманды кесек-кеceгiмeн төгiп салуға кезек күтiп тыпыршып-ақ отыр. г) Сый-құрмет, атақ, дəреже жəне өкіну мағынасында да жұм- салады. Биылғы маусымда оның бригадасы мақта плантациясы- ның əр гектарынан 35 центнерден өнiм жинап, оны мемлекетке бiрiншi сортnен тапсырды. Мергенге үш тоғыз бен шаnан жаn- ты. Оның үстіне өзi eкi рет революцuялық қapумeн наградталған дейдi (Қ. Исабаев). Əдебиетке сiңген еңбегiн жоғары бағалап, үкiмeт Исаны 1939 жылы Еңбек Қызыл Ту opдeнiмeн наградтады («Жалын»). ƏДЕБИЕТ 1. Мелиоранский И.П . Краткая грамматика казах-киргизского языка. Ч. ІІ, Синтаксис. – СПб., 1897. 2. Сауранбаев Н. Қазақ тілі: Педучилищелерге арналған. – Алматы, 1953. 3. Жиенбаев С. Синтаксис мəселелері. – Алматы, 1941. 4. Қордабаев Т. Тарихи синтаксис мəселелері. – Алматы, 1965. 5. Томанов М. Словосочетания, выражающие временные отношения в современном казахском языке. – Алматы, 1955. 6. Агманов Е. Именно-атрибутивные словосочетания в языке памятни- ков древнетюркской письменности. – Алматы, 1965. 7. Сергалиев М. Синонимики глагольных словосочетаний в современном казахском языке. – Алматы, 1967. 8. Бейсенбаева К.А . Безаффиксное сочетание имен существительных в современном казахском языке. – Алматы, 1971. 9. Аблаков А. Именные управления в современном казахском языке. – Алматы, 1966. 10. Коклянова А.А. Глагольные словосочетания в узбекском языке / Ис- следования по синтаксису тюркских языков. – М ., 1962. 11. Дмитриев Н.К. Грамматика башкирского языка. – М. - Л ., 1948. 12. Баскаков Н.А., Инкижековой-Грекул Г.И. Хакасско-русский словарь. – М., 1953.
196 Күрделі сөз тіркестері 13. Грамматика русского языка. – Ч . І. Синтаксис. – М ., 1960. 14. Пешковский А.М . Русский синтаксис в научном освещении. – М., 1956. 15. Убрятова Е.И. Исследования по синтаксису якутского языка. – М . -Л ., 1950. 16. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 1961. 17. Шапиро А.Б . Простые предложение как проблемы описательной грамматики / Вопросы составления описательных грамматик языков на- родов СССР. – Уфа, 1958. 18. Кононов А.Н . Грамматика современного узбекского литературного языка. – М.-Л., 1960. 19. Аманжолов С. Сауранбаев Н. Қазақ тілінің грамматикасы. – І І бөлім: Синтаксис. – Алматы, 1939. 20. Балакаев М.Б. Основные типы словосочетаний в казахском языке. – Алматы, 1957. 21. Поцелуевский А.П. Основы синтаксиса туркменского литературного языка. – Ашхабад, 1948. 22. Виноградов В.В . Русский язык. – М ., 1947. 23. Виноградов В.В. Вопросы изучения словосочетания (на материале русского языка) // Вопросы языкознания. – 1954. – No3. 24. Прокопович Н.Н . Словосочетания в современном русском литератур- ном языке. – М., 1974. 25. Сухотин В.П . Синтаксическая синонимика в современном русском литературном языке. – М ., 1960. 26. Филичева Н.И . О словосочетаниях в современном немецком язы- ке. – М., 1969. 27. Прокопович Н.В. К вопросу о простых и сложных словосочетаниях // Вопросы языкознания. – 1959. 28. Грамматика современного русского литературного языка. – М., 1970. 29. Федосов В.А . Заметки о словосочетании / Вопросы словосочетания и предложения в русском языке. – Волгоград, 1969. 30. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – Алматы, 1978. 31. Закиев М. Синтаксический строй татарского языка. – Казань, 1963. 32. Жəркешова Г. Біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің орфографиялық сөздігі. – Алматы, 1960. 33. Сеидов Ю. Словосочетания в азербайджанском языке: АДД. – Баку, 1965. 34. Севортян Э.В . К отношению грамматики и лексики в тюркских язы- ках. – М., 1952. 35. Маманов Ы.Е . Қазіргі қазақ тілі (лекцияларының жинағы). – Алматы, 1973. 36. Хайдаров А. Парные слова в современном уйгурском языке. – Алма- Ата, 1956.
197 Күрделі сөз тіркестері 37. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. – Алматы, 1972. 38. Ысқақов А. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер // Қазақстан мектебі. – 1963. – No3. 39. Баскаков Н.А . Историко-типологическая характеристика структуры тюркских языков. – М ., 1975. 40. Баскаков Н.А. Предложение и словосочетание в тюркских языках / Вопросы составления описательных грамматик. – М ., 1961. 41. Баскаков Н.А . Структурные типы словосочетаний и предложений в современном турецком языке: АДД, 1972. 42. Баскаков Н.А . Словосочетания в современном турецком языке. – М., 1974. 43. Абдуллаев А.А . Глагольные словосочетания в современном узбек- ском литературном языке: АДД. – Самарканд, 1959. 44. Базарбаев Н. Сложные словосочетания в тюркских языках: АКД. – Ташкент, 1970. 45. Балакаев М. Структурные особенности словосочетания в тюркских языках / Казахский Государственный университет им. С.М . Кирова к со- роколетию республики. – Алма-Ата, 1961. 46. Сухотин В.П . Проблема словосочетания в современном русском язы- ке / Вопросы синтаксиса-современного русского языка. – М ., 1950. 47. Тарасевич Т.А . Синтаксис сложного словосочетания: АКД. Минск, 1973. 48. Адмони В.Г . Введение в синтаксис современного немецкого языка. – М., 1955. 49. Ярцева В.И. Историческая морфология английского языка. – М., 1973. 50. Маслов Д.С . Введение в языкознание. – М ., 1975. 51. Современный казахский язык. – Алма-Ата, 1962. 52. Гаджиева А.З . Осложнения именных словосочетаний в современном азербайджанском языке: АКД. – Баку, 1966. 53. Балакаев М. Основные типы словосочетаний в казахском языке. – Алма-Ата, 1957. 54. Басымов Қ. Пысықтауыш // Халық мұғалімі. – 1939. – No2. 55. Дмитриев Н.К. Служебные имена в турецком языке // Советское язы- кознание. – 1937. 56. Кононов А.Н . Послелоги в современном узбекском языке. – Ташкент, 1952. 57. Зейналов Ф.Р . Служебные части речи в тюркских языках. – Баку, 1966. 58. Исенгалиева В.А. Служебные имена и послелоги в казахском язы- ке. – Алма-Ата, 1957. 59. Оразов М. Служебные имена в тюркских яхыках (на основе мате- риала современного казахского, узбекского и туркменского языков): АКД. – Ташкент, 1970.
198 Күрделі сөз тіркестері 60. Томанов М. Мезгілдік қатынаста жұмсалатын көмекші есімді сөз тіркестері. Қазақ тілі мəселелері. – Алматы, 1959. 61. Сауранбаев Н.Т . Семантика и функции деепричастия в казахском языке. – Алма-Ата, 1942. 62. Сауранбаев Н. Қазақ тіліндегі көсемшелер туралы. – Алматы, 1940. 63. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 1954. 64. Маманов И.Е . Вспомогательные глаголы в казахском языке. – Алма- Ата, 1949. 65. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі: Морфология. – Алматы, 1974. 66. Əбілқаев Ə. Қазақ тіліндегі төл сөз бен төлеу сөз. – Алматы, 1956. 67. Əбілқаев Ə. Де етістігінің мағыналары мен қызметі. – Алматы, 1958. 68. Кеңесбаев С.К. Қазақ тілінің грамматикасы. І бөлім. – Алматы, 1956. 69. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. ІІ том. – Алматы, 1961. 70. Кеңесбаев С., Ысқақов А., Аханов К. Қазақ тілі грамматикасы. І бөлім: Фонетика мен морфология. – Алматы, 1968. 71. Проблема фразеологии. Исследования и материалы. – М . - Л., 1964. 72. Коклянова А.А . О границах фразеологии тюркских языков // Вопро- сы фразео-логии. – 1961. – Вып. 106 . 73. Сайкиеев Х.М . Устойчивые сочетания слов как члены предложе- ния / Ученые записки Казахского Государственного университета им. С.М . Кирова // Язык и литература. – 1950. – Вып. 5 . 74. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Алматы, 1978. 75. Сəрсенбаев Р. Қазақ тілінің фразеологиясы (арнаулы курс, лекция). – Алматы, 1973. 76. Айтбаев У. Способы передачи фразеологизмов в переводах произве- дений А.М . Горького на казахский язык: АКД. – Алма-Ата, 1971. 77. Қожахметова Х. Фразеологизмдердің көркем əдебиетте қолда- нылуы. – Алматы, 1972. 78. Валюсинская-Донсково З.В. Глагольные фразеологизмы в качестве главного компонента словосочетания / Совещание языковедов юга Рос- сии и Северного Кавказа по вопросу о связи в словосочетании и предло- жении. – Ростов на-Дону, 1961. 79. Жуков В.П. Некоторые общие положения о соотношении фразеоло- гизма со словом / Вопросы фразеологии. ІІІ . Труды Самаркандского гос. унив. им . А . Навои. – Самарканд, 1970. 80. Амосова Н.Н. Основы английской фразеологии // Изд-во Ленинград- ского университета, 1968. 81. Жуков В.П. Соотношение фразеологической единицы и ее компо- нентов со словами свободного употребления в филологической нау- ке. – 3(19). 82. Фразеологический словарь русского языка / Под ред. А.И . Молотко- ва. – М., 1978. 83. Грамматика русского языка: Синтаксис. Ч. І . – М.: Изд-во АН СССР, 1960. Т. ІІ.
199 Күрделі сөз тіркестері 84. Кунин А.В. Фразеология современного английского языка. – М., 1972. 85. Бурмако В.М . О позиции фразеологизмов в предложении // Вопросы современного русского литературного языка. – Вып. 5 . – М ., 1971. 86. Ониани А.Л . К проблеме взаимоотношения фразеологии и слова // Вопросы фразеологии. – Самарканд, 1972. 87. Майзель С.С. Изафет в турецком языке. – М ., 1957. 88. Бейсенбаева К.А . Қазіргі қазақ тіліндегі зат есімдердің жалғаусыз тіркестерінің кейбір түрлері. – Алматы, 1974. 89. Жұбанов Қ. Қазақ тіліндегі зерттеулер. – Алматы, 1966. 90. Грунин Т.И . Имя прилагательное в тюркских языках (на материале турецкого языка) // Вопросы языкознания. – 1955. – No4. 91. Мадрахимов А. Прилагательные новообразования в современном уз- бекском языке: АКД. – Ташкент, 1955. 92. Уметалиева Б.Д . Имя прилагательное в современном киргизском языке: АКД. – М ., 1953. 93. Шəкенов Ж. Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім категориясы. – Алматы, 1960. 94. Аханов К. Қазақ тілі оқулығы: Фонетика, морфология, лексика. – Ал- маты, 1974. 95. Əбуханов Ғ. Қазақ тілі: Педучилищелерге арналған. – Алматы, 1960. 96. Гаджиева Н.З . Основные пути развития синтаксических структур тюркских языков. – М ., 1973. 97. Баскаков Н.А . Историко-типологическая характеристика структуры тюркских языков. – М ., 1975. 98. Севортян Э.В. Аффиксы именного словообразования в азербайджан- ском языке. – М ., 1966. 99. Cайрамбаев Т.С. Глагольные словосочетания с прилагательными и числительными в современном казахском языке: АКД. – Алма-Ата, 1965. 100. Ефимов А.И. Из наблюдений над фразеологией Салтыкова-Щедри- на // Ученые записки. – Вып.9 . – 1945. 101. Мордвилко А.П. Очерки по русской фразеологии. – М .: Просвеще- ние, 1964. 102. Виноградов В.В. Современный русский язык. – М., 1938. 103. Мещанинов И.И . Члены предложения и части речи. – Л ., 1978. 104. Кузьмина И.Б., Немченко Е.В. Синтаксис причастных форм в рус- ских говорах. – М ., 1971. 105. Болатов Ж. Есімшелердің синтаксистік қызметі // Халық мұғалімі, 1956. – No6. 106. Балақаев М. Қазақ тіліндегі изафеттік құрылыс // Халық мұғалімі. – 1946. – No1-2 . 107. Қазақ тілі методикасының мəселелері. – Алматы, 1960, 1972. 108. Аханов К. Қазақ тілі оқулығы, 5-6 кл. – Алматы, 1977.
200 Күрделі сөз тіркестері 109. Хасенов Ə. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер. – Алматы, 1957. 110. Виноградов В.В. Избранные труды: Исследование по русской грам- матике. – М ., 1975. 111. Ярцева В.Н . О формах развития простого предложения / Вопросы грамматики. – М . -Л ., 1970. 112. Беляев М.А. Грамматика английского языка. – М ., 1967. 113. Баскаков Н.А . Словосочетания в каракалпакском языке. – М ., 1961. 114. Жапаров А. Азырқы қырғыз тилиндегі сөз тизмегіниң грамматикалық структурасы. – Фрунзе, 1955. 115. Джапаров А. Грамматическая структура словосочетания в совре- менном киргизском литературном языке: АКД. – М ., 1955. 116. Андабекова Ж. Словосочетания имен существительных в киргиз- ском языке: АКД. – Фрунзе, 1979. 117. Будагова З.И. О структуре сказуемого в тюркских языках / Совет- ская тюркология и развитие тюркских языков в СССР. – Алма-Ата, 1976. 118. Исенгалиева В.А. Тюркские глаголы с основами заимствования из русского языка. – Алма-Ата, 1966. 119. Санжеев Г.Д . Сравнительная грамматика монгольских языков: Гла- гол. – М., 1963. 120. Лебедева И. Глагольные управления в киргизском языке: АКД. – М., 1959. 121. Аманжолов С.А . Глагольные управления в языке древнетюркских памятников. – М ., 1969. 122. Маманов Ы. Қазіргі қазақ тілі: Етістік. – Алматы, 1966.
ІІ СӨЗ ТІРКЕСІ МЕН ЖАЙ СӨЙЛЕМ СИНТАКСИСІ
АВТОРДАН І. СӨЗ ТІРКЕСІ СИНТАКСИСІ ІІ. ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ НЕГІЗГІ МƏСЕЛЕЛЕРІ 1. Сөз тіркестерінің тарихы туралы бірер сөз 2. Сөз тіркесінің ортақ басыңқы сыңарлары 3. Сөз тіркестерінің жанаса байланысу формасы 4. Есімдіктердің етістіктермен қабыса байланысу формасы 5. Сөз тіркестерінің байланысу тəсілдері, түрлері, жасалуы 6. Кейбір жаңа тіркесімділік туралы 7. Бір сөздің қайталануы арқылы құралған сөз тіркестері 8. Синтаксистік терминдер туралы 9. Меңгеріле байланысқан сөз тіркестері 10. Сөз таптары, олардың сөз тіркестеріне қатысы 11. Шартты рай, оның синтаксистік ерекшеліктері 12. Тілдік экономияның сөз тіркесі мен сөйлем мүшесіне қатысы 13. Қазіргі қазақ тіліндегі салт-сабақты етістіктердің меңгерілуі
203 Сөз тіркесі мен жай сөйлем АВТОРДАН Осы күнге дейінгі сөз тіркестері туралы əдебиеттер сөз тіркестерінің негізгі заңдылықтарының қалыптасуы мəселесімен баса айналысса, соңғы кездің зерттеу жұмыстары оның əрбір категориясының нақтылана түсу бағытына ауысып отыр. Бұл еңбекте қазақ тіліндегі сөз тіркесінің сөз болған немесе кейде тіпті ескерусіз жатқан мəселелеріне баса назар аудардық. Əсіресе, сөз тіркесінің сөйлемде немесе сөйлемнен тыс катего- рия еместігі, сөз тіркесінің синтаксистік бірлік екені, номинативті мəні, сөйлемдегі сөздердің байланысы сияқты мəселелер тек қазақ тілінде ғана емес, бүкіл түркологияда талас тудырып келеді. Сондықтан біз осы мəселелерді айқындауға баса көңіл аудардық. Еңбектің екінші бөлімінде есімдіктердің етістікпен тіркесі, бір сөздің қайталануы арқылы құралған сөз тіркестері, меңгеру аясының кеңеюі мен тарылуы, оны меңгеретін салт, сабақты етістіктердің статистикасы, жаңа сөз тіркестері, тілдік эко- номия сияқты бұрын онша сөз болмаған мəселелерге арнайы тоқталдық. Қазақ тіл біліміндегі жанаса байланысу формасы мек- теп оқулықтарында ғана беріліп, ғылыми еңбектерде екіұшты айтылып жүргені белгілі. Бұл байланысу формасы басқа түркі тілдерінде болмағанымен, қабыса байланысудан бөлекше, оның жеке байланысу формасы ретінде жасалу жолдарын айқындадық. Ал сөз тіркестерінің түрлері мен оның байланысу амалда- ры сияқты мəселелер арнайы айтылып келе жатқанымен, сөз тіркесінің басыңқы сыңарына ортақ басыңқы түрін, ал байланысу тəсілдерінде аналитикалық-синтетикалық атты ІІІ түрін енгізіп, оның өзіндік объектілерін айқындадық. Сөз тіркестері, негізінен, сөз таптарының тіркесі десек, оның өзінің тіркесу қабілетіне қарай: əр сөз таптарының тіркесі, бір сөздің қайталануы арқылы тіркесі жəне бір сөз табының өзара тіркесі деп бөле келіп, ғылыми жағынан айқындадық. Шартты рай, бір сөздің қайталануы сияқты тың тақырыптар енгізілді. Əсіресе соңғы кезде енді-енді қолға алына бастаған тілдік экономияның өзіндік орны, оның сөз тіркесінің байланысу фор- масы мен сөйлем мүшелеріне əсері, ондай кездегі өзгерістер сөз болады.
204 Сөз тіркесі мен жай сөйлем І. СӨЗ ТІРКЕСІ СИНТАКСИСІ Синтаксистің объектісіне сөз тіркесі, жай сөйлем, құрмалас сөйлем жəне күрделі синтаксистік тұтастық жатады. Соңғысын В.В . Виноградов «Завершающей частью грамматики» [1, 13] деп синтаксистің объектісіне жататын синтаксистік категориялардың барлық жиынтығының шоғырланған тобы деп берген болатын. Кейде осы күнге дейінгі синтаксистік категорияларды осы ретпен берумен бірге, керісінше, күрделі синтаксистік тұтастық, құрмалас сөйлем, жай сөйлем жəне сөз тіркесінің синтаксисі деп қарастыру да кездеседі. Əсіресе синтаксистің осы салаларының ішіндегі соңғы кезде жан-жақты қолға алына бастаған объектісінің бірі – сөз тіркесінің синтаксисі жөнінде қазақ тілі жəне қазақ тілі мен басқа тілдерді салыстыру жайында 400-дей монография, оқулық жəне мақала жарық көріпті. Ол еңбектерде сөз тіркесінің теориялық мəселелері, сөз тіркесінің орыс тілі, ағылшын, неміс тілдерімен салыстырыла берілуі, тарихы сияқты мəселелер қамтылғанымен, сөз тіркестерін мектептерде оқытудың методикасы бірер мақаланың төңірегінде ғана сөз болып отыр. Сондықтан да сөз тіркесіне қатысты методикалық мəселелер – жан-жақты қарастыруды күтіп отырған күрделі мəселе. Сөз тіркесінің теориясында, түркологиялық еңбектерде бір ізге түспеген мəселелер баршылық. Атап айтқанда, сөз тіркесі сөйлемде қолданыла ма, жоқ одан тыс категория ма, сөз тіркесіне салалас не сабақтас тіркестердің қатысы, олардың құрылысы, сөз тіркесінің сөйлемнен айырмашылығы сияқты мəселелері əлі де болса жан-жақты талдауды қажет етеді. Енді осылардың кейбіріне аздап тоқталуды жөн көрдік. 1. Сөз тіркесі сөйлемде немесе сөйлемнен тыс қолданыла ма? деген мəселе төңірегінде де талас пікірлер кездеседі. Бұл мə- селенің өзі тек түркологияда ғана емес, орыс тіл білімінде де онша шешімін таба қойған жоқ. Дегенмен, орыс тіл білімінде В.В . Ви- ноградов, В.Н . Ярцева, Д.Ю. Кобрин, К.Н. Абервух, түркологияда
205 Сөз тіркесі мен жай сөйлем М. Балақаев, М.Х. Закиев сөз тіркесі негізінде тек сөйлемде, яғни сөйлемнің құрылыс материалы ретінде қолданылады деп дəлел- дейді. Шынында да, сөз тіркесі де сөз тəрізді қолданылады. Жал- пы сөз лексика, семасиология, морфология мен синтаксистің объектісі екені белгілі. Егер сөз сол тілдік салалардың барлығына да қатысты десек, сөз тіркесін құраудың да басты тірегі. Сөйлемде үнемі жекелеген сөздер ғана емес, тіпті тұрақты тіркестер (ТТ), күрделі терминдер (КТ) де сол сөз сияқты өмір сүреді. Сонда сөз де, ТТ, КТ де сөйлемде қолданысы жағынан ұқсас. Олай болса, бұл топтар сөйлемге материал болады. Əрбір сөз сөйлемде өзі мағыналас сөздермен өзара сөз тіркесін құрайды, сол топтардың жиынтығы сөйлем құраудың негізгі материалы болып табылады. Сөз тіркесінің сөйлемде құрылыс материалы болуының өзі оның ажырамас бір бөлігі ретінде қолданылатынын, əсіресе сөйлемнің ойды білдірудегі алғышарты сөз тіркестері арқылы жүзеге аса- тынын көрсетсе керек. Мұның өзі сөз тіркесінің тек сөйлемде жұмсалатындығының негізгі шарты. Əрине, мына нəрсені де еске алған жөн. Сөйлем үнемі бірнеше сөз тіркесінен құрала бермейді. Сөйлем жеке сөзді де, екі сөзді де бола береді. Əрине, ол сөйлемнің негізгі құрылымдық ерекшелігінен туады, жалпы сөз де, сөз тіркесі де бір-бірімен тығыз мағыналық байланыста келіп, тек сөйлем ішінде сөйлем құрауға материал болады. Сонымен, сөйлемдегі сөз тіркесінің қалыптасуының өзі сол сөйлемді құрайтын əрбір сөздің келесі бір сөздермен қарым-қатынасының, мағыналық бірлігінің негізінде айқындалса керек. Сөйлемдегі сөздер дара-дара, дара сөз бен күрделі сөз неме- се күрделі сөз бен күрделі сөз болып келеді. КТ мен ТТ-де басқа сөздермен мағыналық байланысқа түсіп, сол тобымен бір ырғақты топ құрай келіп, сөз тіркесінің де, сөйлемнің де аясын кеңейтеді. Бұдан шығатын қорытынды – сөйлем үнемі тек сөз тіркестерінен құрала бермейтін де жайттар бола береді. 2. Сөз тіркесі – синтаксистік единица. Орыс тіл білімінде, сол сияқты түркологиялық білімнің алғашқы қалыптасу кезінде де сөз тіркесі айтылып келді. Бірақ сөз тіркесі бірде жай сөй- лемнің синтаксисінде, кейде керісінше, жай сөйлем сөз тірке- сінің бір нұсқасы ретінде қарастырылады. В .В . Виноградов ең-
206 Сөз тіркесі мен жай сөйлем бектерінен бастап сөз тіркесі синтаксисі синтаксистің негізгі бір жеке объектісі ретінде қарала бастады да, сол кезден осы күнге дейінгі орыс тілі жайлы еңбектердің барлығында син- таксистің басты объектісі ретінде сөз тіркесі жəне сөйлем деп берілу негізгі бағыт болып отыр. Осы сияқты бағыт түрко- логиялық əдебиеттерде де орын алғаны белгілі. Е .И . Убрятова сөз тіркестерін сөйлем мүшелерінің ыңғайына қарай қарас- тырды, осы пікірді С. Аманжолов та қолдаған-ды. Ал қазіргі кезде сөз тіркесі қазақ тілінде де синтаксистік бірлік ретінде арнайы қарастырылып келеді. Солай бола береді. Дегенмен де сөз тіркесінің синтаксистік единица екені туралы соңғы кезде талас пікірлер де орын ала бастады. А.Н . Гвоздев, Д .В . Фоменко сияқты ғалымдар, əсіресе, соңғы ғалым «Словосочетание является ли единицей языка?» деген арнайы мақала жазып, онда сөз тіркесі жалпы жеке қаралуға тиіс емес деген қорытындыға келді [2, 21]. Осы мақаланың төңіре- гінде де бірнеше даулы мақалалар жарияланды [3, 18]. Сол жа- рияланған мақалаларда сөз тіркесінің единица екеніне баса назар аударылады. Негізінде сөз тіркесі синтаксисі – синтаксистің негізгі бір са- ласы. Ол дау тудырмаса керек. Өйткені, біріншіден, осы уақытқа дейінгі бүкіл грамматикада орын алып келді, екіншіден, сөйлем- нің де іштей өз жасалу жігі, өзіндік тобы болатыны еске алынуы керек. Ондай топ негізінен тек сөз тіркесі арқылы ғана көріне ала- ды. Қалаға барды, жақсы оқушы өз алдына тұрғанда сөйлем де емес. Бірақ сол сөздер бір-бірімен тіркесу арқасында сөйлемнің аясын кеңейту, соны дамыту үшін жұмсалады. Соған материал болады. Сол материалдық топты өз алдына жеке объекті ретінде қарастыруға тура келеді. Бұл оның өзіндік тілдік единица екенін дəлелдесе керек. 3. Номинативті мəн. Сөз тіркесінің сөйлемдегі атқаратын қызметі туралы да бірнеше көзқарастарды байқауға болады. Жал- пы сөз тіркесі мен сөйлемнің əрқайсысының өзіндік қызметі бар. Сол қызметі сөз тіркесінде номинативті сөйлем коммуникативті екені туралы пікір алғаш рет В.В . Виноградовтың еңбектерінде кездессе, соңғы еңбектерде олардың ерекшеліктері түрлі бағыт- та айтылып жүр.
207 Сөз тіркесі мен жай сөйлем В.В . Виноградов, А.С . Смирницкий, В.В . Бабайцева, А.Н . Бас- каков [4] сөз тіркесінің номинативті мəнін айтса, В.Г . Адмони сөз тіркесінде номинативті мəнімен бірге коммуникативті мəні туралы да айтады. Ю.В . Фоменко сөз тіркесінің номинативті екенін жоқ- қа шығарса [5, 60], А. Моисеев, М. Балақаев сөз тіркесінің грам- матикалық жағына назар аударады [6, 56]. Жалпы номинативті мəн сөзге тəн, сондықтан да сөз заттың, қимылдың, санның, сынның атауы болатыны дау тудырмаса керек. Ал сөз тіркесінен номинативті мəн іздеудің ойға онша қонбайтынын мынадай жайт- тардан байқауға болады. Сөз заттың, құбылыстың, сапаның ата- уы болса, сөз тіркесі сондай номинативті атаулардан құралған синтаксистік топ. Сөз тіркесіндегі сөздер номинативтікті (ата- уышты) білдіру үшін емес, толықтауыш, пысықтауыш, анықтауыш сияқты жаңа грамматикалық мағыналарды білдіру үшін тіркеседі. Олай болса, жақсы студент, екі бала, баланың кітабы деген сөз тіркестеріндегі əрбір бағыныңқы сөздердің əрқайсысының өзіндік номинативтік мəні бар екені мəлім. Енді сол номинативті мəні бар сөздердің тіркесі арқылы тағы бір номинативті мəн пайда болды деуге келе бермейді. Демек номинативтік мəн тек жеке сөздерге тəн, кейде ондай мəн сөз тіркестеріне формалдық жағынан ұқсас келетін күрделі сөзді терминдер мен күрделі атау, газет, журнал, мақала, кітап аттары мен ТТ ғана болады. КТ кемінде екі-үш сөзден құралады жəне олардың əрқайсы- сының өзіндік жасалу жолы болады. Сол тобымен тілде но- минативтік қызметте жұмсалады. Əрине сол КТ пен сол іспеттес синтаксис тіркестер кейде бір-біріне ұқсас та бола береді. Мына мысалдарға назар аударайық. үлкен кіші тау биік аласа қарлы тау қарсыз Бұлар тау сөзінің əртүрлі сындық қасиетін көрсетсе ке- рек. Ондай сындар тау сөзінің əртүрлі қасиеттерін көрсетеді де, өзінің анықтайтын сөзімен синтаксистік сөз тіркесін құрайды.
208 Сөз тіркесі мен жай сөйлем Сол сияқты Ардақ өзені бар да, сол өзеннің əртүрлі ерекшелігін білдіретін сөздер еркін синтаксистік топ құрайтын болса, енді Кіші Ардақ əн аты арқылы белгілі бір атау ретінде де жұмсалады. Осы сияқты номинативтік мəн тек сын есімді анықтауышты тұлғадағы сөздер арқылы ғана емес, «Біз тау қиялап жүріп келеміз» немесе «Өзіміздің туған жерде еңбек қарқынын артты- рудамыз» деген сөйлемдердегі курсивпен жазылған зат есім мен көсемшенің, есімше мен зат есімнің тіркесі «Тау қиялап, Туған жер» тіркестерінің қызметі мен мəні бірдей емес. Біріншісінде кəдімгі еркін тіркес ретінде жұмсалса, екіншісі əннің аты ретінде жұмсалған. Сол сияқты осы тұлғалық ерекшеліктерде «Қазақстан əйелдері», «Қазақстан мұғалімі», «Үгітші блокноты» сияқты журнал аттары немесе Мешін жылы, Тұнық су, Адамзатқа хат, сол сияқты басқа да атаулар сол арнайы кітап, журнал беттерінде жазылған орнында ғана номинативтік мəнге ие де, егер тұнық судан іштім, мешін жылы туыппын сияқты айтылатын болса, əдеттегі анықтауыш, анықталушы сөздер тобы болып шығады. Сол формада еркін тіркесте немесе осы сияқты күрделі атау ретінде жұмсала береді. Сонда күрделі атау, терминдер кемінде екі сөзден бірігіп жұмсалғанымен, олардың тобымен бір заттың атын білдіруі еркін тіркестен негізгі айырмашылығы болып табылады. Сонымен, кез келген екі немесе одан да көп сөзден келген сөздер тобының бəрі еркін тіркес ретінде жұмсалмай, атауыш қызме- тінде де жұмсалады. Ондай қызметте жұмсалатын сөз тіркесте- ріне газет, журнал, кітап аттары, КТ күрделі атаулар жатады. Д.В . Фоменко номинативті мəн туралы айта келіп: «номинатив- ті мəн анықтауыштық қатынастағы дара сөз тіркестеріне (белая березка) тəн, – дей келіп, – ал күрделі жəне құрама сөз тіркесте- рінде (редкая критика профорга за бездеятельность) ойлану ке- рек» – деген болатын [5,60]. Шындығында, жай сөз тіркестерінен номинативті мəнді іздеуі автордың күрделі атау мен еркін сөз тіркестерін ажыратпаудан шығып отыр. Негізінде номинативті мəн сөз тіркестерінің дара түріне тəн, күрделі түрі жайлы ойлану керек деген пікіріне біз қосыла алмаймыз. Негізінде сөз тіркесінің дара, күрделі, тіпті аралас түрлері жайындағы номинативті мəні- нен гөрі грамматикалық жағына назар аудару – негізгі принцип. Сонымен, сөз тіркестерінен номинативті мəннен гөрі олар- дың синтаксистік ерекшеліктерін айқындау орынды.
209 Сөз тіркесі мен жай сөйлем 4. Сөйлемдегі сөздердің байланысы. Сөйлемдегі сөздер са- бақтаса жəне салаласа байланысады. Жалпы тіл мамандарының арасында сөздердің сабақтаса байланысын сөз тіркесіне жатқызу туралы пікірталасы болмаса керек. Соңғы кезде сабақтаса бай- ланысқан топпен бірге салаласа байланысқан сөздер тобын да сөз тіркесіне жатқызу жағы көріне бастады [8]. Егер сабақтаса байланысқан сөз топтары құрамындағы сөз- дердің біріне-бірі бағына байланысып, олардың синтаксистік қыз- меті мен мағыналық тобы, əртүрлі сөз таптарынан жасалуы сөз тіркесі дейтін ғалымдар, оларға тең дəрежеде əрі жалғаулы, əрі жалғаусыз Асан мен Үсен; жазушы жəне оқушы; жақсы мен жаман; əрі оқыды, əрі жазды сияқты екі сыңары да бір ғана сөз таптарынан жасалған топты жатқызады. Сөз тіркесі салаласа да байланысады деушілер сөз тіркесін басқаша түсінеді. Неге сөз тіркесіндегі сөз тек сабақтаса байланысады дейміз? 1. Сөзде ондай тіркесу нəтижесінде жаңа грамматикалық ма- ғыналар пайда болады (анықтауыштық, толықтауыштық, пысық- тауыштық). Сол мағыналар тек сабақтаса байланысқан сөздерде ғана кездеседі. Ондағы сөздер біріне-бірі бағынады. Ал салала- са байланысқан сөздерде ондай қасиет болмайды. Сондықтан да ондай топ сөздер тіркесі емес. Дегенмен кейде ол топқа жатпай- тын қызыл ала, көк жасыл, жеті жүз жиырма бір, алты жүз, мың бес жүз, оқып отыр, оқып еді тəрізді сөздер тобынан не салаластық, не сабақтастық элемент таба алмаймыз. Əсіресе мұндағы сын есім, сан есімдермен салыстырғанда күрделі етіс- тіктерде бір сыңары толық мағыналы да, екінші сыңары көмекші қызметте жұмсалады. Соңғы кезде сабақтаса байланысқан топпен бірге салаласа байланысқан сөздер тобын да сөз тіркесіне жатқызу жағы көріне бастады. Осы сияқты топтарды қай топқа болсын жатқызу күрделі проблема. Ондай сөздер тобы негізінде күрделі сөздер тобын құрайтындықтан, өзара сөз тіркесі бола алмайды. Тек сабақтаса байланысқан сөз тіркестері арқылы сөз тіркесте- рінің заңдылықтары жан-жақты айқындалады.
210 Сөз тіркесі мен жай сөйлем ІІ. ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ НЕГІЗГІ МƏСЕЛЕЛЕРІ Сөз тіркесінің жалпы мəселелерімен бірге оның жеке тілге, яғни қазіргі тілге тікелей қатысты жақтарын жан-жақты зерттеу қажет. Бұл – оның байланысу формасы мен байланысу тəсілін, түрлерін, кейбір сөз таптарының тіркесу қабілетін жеке-жеке қарауды талап етеді. Біз төменде солардың əрқайсысына арнайы тоқталамыз. 1. Сөз тіркестерінің тарихы туралы бірер сөз Тілдің басқа салалары сияқты, оның синтаксистік құрылысы да даму барысында өзгеріске түсіп отырады. Синтаксистік құрылыстағы өзгерістер қоғам өміріндегі сондай құбылыстармен тығыз байланысты болып келетіні тіл білімінде əр кез айтылып жүрген жайт. Ал синтаксистік құрылымның үлкен бір саласы – сөз тіркестері құрамындағы болуға мүмкін өзгерістер жайлы Н.Ю . Шведова: «Изменения в системе словосочетаний проис- ходят значительно быстрее, чем в системе предложений», – деп атап айтады [8, 5]. Осы пікірді қазақ тілі материалы бойынша Т. Қордабаев, С. Исаев, т.б. көптеген авторлар да қолдайды [9, 13]. Сөз тіркестері құрамындағы өзгерістер олардың құрылымдық ерекшеліктерінен, яғни байланысу формасынан, байланысу амал- дары мен құрылымдық түрлерінен көрінеді. Сөз тіркесінің байла- нысу формалары мен тəсілдеріндегі өзгерістер, шындап келген- де, морфологиялық, яғни əрбір сөз тобы құрамында кейін пайда болған құбылыстармен тығыз байланысты. Басқаша айтқанда, сөз тіркесіндегі өзгерістер əрбір сөз табының тарихи дамуымен тығыз байланысып жатады. Синтаксистегі өзгешеліктердің морфологиялық өзгерістермен тығыз байланыстылығы туралы айта келіп Б.А . Серебренников пен Н.З. Гаджиева «туыс тілдерде тарихи морфологиялық, тарихи синтаксис болмады» деп, біріншіден, басқа тілдермен салысты-
211 Сөз тіркесі мен жай сөйлем ру дəрежесін, екіншіден, бір фактіні бір тілдің бұрынғы күйі мен қазіргі күйі тұрғысынан салыстыруды ұсынады [10, 256]. - ғ ы, -гі жұрнағының кейде арнайы байланысу формасын- дағы сөздерді өзгертетіндігі туралы А. М . Шербак дұрыс айтады. а) Жатыс – жолдағы, ертеңгі, т.б . б) əртүрлі формадан кейін [11, 97-98]. Сол сияқты автор -сыз, -сіз жұрнақтары бір сөз тобындағы сөзді екінші сөз тобына, яғни су зат есімі сусыз болып, енді сын есімді қабыса байланысқан сөз тіркестерін жасайтындығын ай- тады [11, 99]. Кейбір шылаулы тіркес туралы проф. К . Мусаев Қазан төңкерісіне дейін үшін шылауы ілік жалғаулы есімдікті ке- рек ететіндігі міндетті болғандығын айта келіп, қазіргі кезде мен үшін, яғни ілік жалғауынсыз да айтылуын сөз етеді. Мұның өзі кейде шылаулы тіркестер қазіргі кезде көбіне атау мен іліктен басқа септіктерге тəн делінетін қағидаға аз уақыттың ішінде өзіндік өзгерістің болғандығын дəлелдейді [12, 214]. А.М . Шербак ортағасырлық түркі тілдерінде ілік септіктің та- быс септігімен алмасып жұмсалатынын көрсетеді. Мұның өзі біздің тіліміздегі матасу ретінде жұмсалатын ондай тіркестер- дің ол тілдерде меңгеру арқылы берілетіндігін де айқындай- ды [13, 113]. Проф. М. Томанов ерсілі-қарсылы, азды-көпті, т.б. -ды қосым- шасы ескі дəуірде септік жалғауы ретінде қолданылған дейді. Бұрын меңгеріле байланысқан сөздердегі қосымша жалғаулық қызметінен ажырап, қазіргі кезде өлі формаға айналуынан, енді олар, тек қабыса байланысу ретінде қалыптасқандығын көрсе- теді. Осы іспеттес өзгерісті септік жалғауы ретінде жұмсалған - тағ, -тег, -тек қосымшасының -дай, -дей түріне ауысу арқылы қалыптасқан сөз тіркестерінен де көруге болады [14, 118-119]. «Аффикс -сіз не присоединяется к прилагательным и числи- тельным. Изредка рассматриваемый аффикс приобретает дополнитель- ный элемент -ін, -ің, являющийся омертвевшим аффиксом ору- диного падежа. А: сəнсізің, без тебя; ТН: күлсізін, без рабов» [15, 122] – дей келіп, А. Шербак қабыса байланысатын -сіз, - сыз жұрнақты сөздердің септік жалғауын қабылдап, бір уақыт- тарда меңгеріле байланыста болғандығын мегзейді, бірақ қазіргі
212 Сөз тіркесі мен жай сөйлем тілімізде ондай құбылыстың (жіктеу есімдіктері) -сіз жұрнағын қабылдап, содан соң септелуі кездеспейді. Бұдан бірде қабыса, бірде меңгеріле байланысатын формалардың таралу процесін көруге болар еді. Көптеген зерттеушілер үстеулерді жасалуына қарай есімді жəне етістікті деп екіге бөліп қарайды да, соның ішінде есімді үстеулердің сөйлем құрамында жұмсалу барысында септік жал- ғауларының көнеленуі қалыптасқандығын көрсетеді: барыс септікті – бірге жатыс септікті – қайда, анда шығыс септікті – қайдан құралдық септікті – кундузун. Бұл фактіден морфологиялық жəне фонетикалық өзгерістер нəтижесінде бұрын меңгеріле байланысқан сөздерден енді басқа байланысу формасына ауысу процесін көруге болар еді [13, 122]. Т. Қордабаев жарыссөз, мейраммен құттықтау, жалынды сəлем, т.б . жаңа сөз тіркестері туралы айта келіп, жарыс жəне сөз екеуі де бұрыннан бар екендігін, сондықтан да сөз жарыс- тыру, сөз таластыру тəрізді тіркес құрағанмен, жарыс сөз тү- рінде айтылмағандығын көрсетеді [15, 46-47]. Ал қазіргі тілімізде жарыс жəне сөз өзара қатынасы жағынан да, мағыналық жа- ғынан да басқа-басқа зат есімдер болса да, енді анықтауыштық қатынастағы есімді сөз тіркестерінің қалыпты формасына түс- кен. Якут тілінде септіктің жалпы болмауы, матасу байланысу формасының жоқтығы, өзбек, татар тілдерінде көмектес септік- тің мəні оның белəн шылауы арқылы берілуі (трамвай белəн килдем) синтетикалық тəсілдің орнына аналитикалық тəсілдің орнығып қалғандығын көрсетеді [16, 169]. Бұл айтылғандардан мынаны аңғаруға болады. 1. а) Септік жалғауындағы өзгерістер меңгеру, матасу тəрізді байланыс формаларындағы өзгерістерге алып келеді. б) Сөз тіркесі құрамындағы өзгерістер, бір байланыс форма- сының тəсілдері ішінде болады. в) Сөз тіркестері құрамындағы өзгерістер кейде жұрнақтар- мен байланысты болып келеді. Солар арқылы бір байланыс фор- масы екінші түрге ауысып отырады. 2. Жұрнақтардың да не көнеленуі немесе жаңа мəн алуы да сөз тіркесі құрамының дамуына əсер етеді.
213 Сөз тіркесі мен жай сөйлем Сөз тіркестерінің негізі – сөз таптары. Сөз таптарының бір- бірімен тіркесуінің басты тірегі – тіркесімділік. Сөздердің тіркесімділігі тілдің сөз байлығымен, оның даму дəрежесімен тығыз байланысты. Тіл құрамындағы сөздердің ма- ғыналық, грамматикалық жағынан дамуы, жазба əдеби тіл құрамындағы дифференция – барлығы да оның синтаксистік құрылысына əсер етпей қоймайды. Сөздердің жеке грамматикалық топтары құрамындағы болған семантикалық жəне грамматикалық өзгерістер, айналып келгенде, сөз тіркестерінің жеке құрылым- дық жаңа түрлерінің қалыптасуына алып келеді. Осы тұрғыдан қарастырсақ, тіліміздегі қазіргі есімді, етістікті жəне ортақ басың- қы сөз тіркестері іштей бірнеше топқа жіктелуінің өзі синтаксис- тік құрылыстың басынан өткен өзгерістердің жеке сөздер тобы- ның тіркесімділік қабілетінің, олардың өз ішіндегі семантикалық дифференцияның нəтижесі болып табылады. Тіпті сөз тіркесінің басыңқы сыңарында үстеулердің жұмсалуы, соның нəтижесінде үстеулі сөз тіркесі деп аталатын топтың қалыптасуы кейінгі кездің əсіресе тіл құрамында жеке сөздер тобының тіркесімділік қабілетінің артуының нəтижесі. А.Г . Гуломов, М.А. Асқаровалар сөз тіркестерінің басыңқы сыңарына есімді, етістікті жəне (жуда тез, оғыздан тез, уклон тез) деп, үстеуді де негізге алады [17, 12]. Осы тəрізді пікірді қазақ тілі материалының негізінде К.Аханов та қолдайды [18, 195]. Осы сияқты басыңқы сыңардағы өзгешелік- тер олардың бағыныңқы сыңарлары құрамындағы ерекшелік- терге негіз болады. Егер бүгінгі тіл фактілері Х–ХVІ, ХІХ ғғ. нұсқалары фактілерімен салыстыра зерттелсе, мұндай өзгерістер- дің мол болғандығын байқауға болар еді. Əрине, əзір біздің қолымызда ондай зерттеулер нəтижесі жоқ. Сөз тіркестері құрамындағы болған өзгерістердің кейбіреуін бүгінгі тіліміздің фактілерін салыстыру жолымен де айқындауға болар еді. Осы тұрғыдан қазақ тілі оқулықтарында беріліп жүрген ережелер мен тілдің бүгінгі нақты фактілеріне көз жүгіртсек, мынадай жай көзге түседі. Қазіргі тіліміздегі сөздердің грамматикалық топта- ры соларға жататын сөздердің саны, аумақ-көлемі мен олардың тіркесу қабілетін, соның салдарынан олардың синтаксистік қыз- метінің аясын қамти алмайтындығы байқалады. Мысалы: А. Ыс- қақов: «Сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін,
214 Сөз тіркесі мен жай сөйлем салмағын, түсін (түр-түсін) жəне басқа сол сияқты сыр-сипатта- рын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табын айтамыз» [19, 174], – деген тұжырым айтады. Осындай ереже басқа да ғылыми əрі практикалық еңбектерде де орын алған. Солай бола тұра, бұл сияқты ереже бойынша сын есімдер тек зат есімдермен тіркесіп келіп, анықтауыш қана болуы тиіс. Бірақ сол еңбектің өзінде сын есімдер зат есімдермен тіркесіп анықтауыш, ал етістіктермен тіркесіп келіп пысықтауыш қызметін атқара алатындықтары айты- лады [19, 198]. Дұрысында сын есімдер жайлы ереже мен оның синтаксистік қызметі жайлы айтылған тұжырымы арасындағы қайшылық олар- дың тіркесімділік қабілетінің арту фактісін ескермеуден туса ке- рек. Өйткені сөздердің грамматикалық ерекшелігі жайлы көзқарас қазіргі жазба əдеби тілдің енді ғана бой көрсете бастаған кезінде қалыптасқан. Алайда əдеби тілдің кейінгі даму барысында əр- түрлі объективті себептермен жеке сөз топтарының тіркесімділік қабілеті молайғаны белгілі. Солардың бірі – сын есімдер. Сын есім- дердің заттану процесі де олардың тіркесу қабілетінің кеңеюіне алып келді, ал соңғы құбылыс олар негіз болған сөз тіркестерінің мағыналық топтарының көбеюіне себеп болды. Міне, сын есім ая- сындағы бір ғана өзгешелік тек сөз тіркесі құрамына емес, сөйлем мүшесімен олардың орын тəртібі сияқты синтаксистің басқа да салаларына өзгеріс алып келді. Мұндай құбылыс үстеу, көмекші сөздерден, тіпті зат есім, етістіктерден де анық байқалады. Б.И. Борковский тарихи синтаксис туралы айта келіп «...тарихи синтаксистің міндеттерінің бірі – синтаксистік жүйенің бұрынғы, күні өткен құбылыстарға не жататынын, жаңа, прогресшіл құ- былысқа не жататынын анықтау» [20, 313] – деп жазады. Қазақ ті- ліндегі сөз тіркестерінің бұрынғы сыңары мен қазіргі сыңарының арасындағы кейбір айырмашылықтар, жеке формалардың ескіріп, жаңа формалардың пайда болып дамуы негізінде қалыптасқан. Сөз тіркесі құрамындағы өзгерістер сөз тіркестерінің байланысу формасы, тəсілі, құрылысы жəне олардың құрылымдық түрлерінің құрамдарынан да байқалады. Онда əрбір жаңалықтардың өзі екі жағдайда, біріншіден, бір сөз табының екінші бір сөз табымен тіркесі тұрғысынан, екіншіден, бір сөз табының тіркес құрау аясы кеңейіп, басқа сөз таптарымен тіркес құрау дəрежесінің молаюы арқылы көрінеді.
215 Сөз тіркесі мен жай сөйлем Бұл арада бір сөз тіркесіндегі ондай заңдылықтарды сол екі бағытта, яғни ішкі жəне сыртқы өзгерісі деп бөле отырып беруді жөн көрдік. Əрбір сөзді жан-жақты тануда оның лексикалық, морфология- лық жəне синтаксистік қасиеттері негізгі белгі болумен қатар, оның ішінде де тіркесу қабілеті, оны басқа сөздерден (немесе оның сөз табынан) ерекшеленетін белгілердің бірі болып қаралуға тиіс. Дұрысында əрбір сөздің синтаксистік қызметі көбіне сөйлем мүшесі ретіндегі функциялық белгісі болса, белгілі бір сөздің басқа сөздермен тіркесу қабілеті оның синтаксистік белгілерінің басты түрі деп қаралуға тиіс. Кез келген екі сөз қалай болса солай тір- кесе бермейтіні белгілі. Сөздердің сондай негізгі, басты белгілері болатынына төмендегі фактілерді келтіруге болады. Сын есім, сан есім мен етістіктің есімше түрі зат есімдермен тіркесте ғана жұмсалуға тиіс. Сондықтан да сөз таптары зат есімдермен қабыса байланысып, есімді сөз тіркестерін құрай- тыны белгілі. Тіл дамуының барысында мұндай сөздер үнемі зат есіммен тіркесіп қана қоймайды, олардың тіркесу аясы кеңейгенін тарихи фактілер көрсетеді. Сондай фактінің бірі үнемі есімдермен ғана тіркесуге қабілетті сын есім, сан есімдер енді етістікпен де тіркесе алатын дəрежеге ие болуы. Соның нəтижесінде, сөз тіркестері құрамында сын есім, сан есімдердің етістікпен тіркесі өз алдына сала болып қалыптасты. Мұның өзі, біріншіден, сөз тіркесі құ- рамында жаңа пікірдің қалыптасуына алып келсе, екіншіден, пысықтауыш деп аталатын сөйлем мүшесінің құрылымында жаңа түрдің қалыптасуына алып келді. Сын есімдердің етістікпен тіркесінің қалыптасуы туралы түркология жəне қазақ тіл білімінде əртүрлі пікірлер айтылып келе жатыр. ХІХ ғасырда-ақ А. Казем-Бек «сын есімнен кейін қандай да бір етістік қолданғанда немесе қолданған сияқты болғанда үстеуге айналады» [21, 318] – деп жазғаны мəлім. Осы көзқарас біздің заманымызда Н.И . Ашмарин, А.Н . Боровков, Ф.Г . Исхахов еңбектерінде де қолдау тапты. Бұл жерде сөздің синтаксистік қызметі, яғни тіркес құрау қабілетінің ұлғаюы, оның морфологиялық мəні деп қаралғандығы айқын. Н.К . Дмитриев «Яхшы бала яхшы уный» деген мысалды тал- дай келіп, көптеген зерттеушілердің бірінші «яхшы»-ны сын
216 Сөз тіркесі мен жай сөйлем есім (өйткені заттың алдында тұрғандығынан), екінші «яхшы»- ны үстеу (өйткені етістіктің алдында) дей келіп, «ал башқұрттың яхшысы мен яхшы бір-бірінен айырмасы жоқ, сондықтан оны ешбір ойланбай-ақ сын есімге жатқызуға болады» [22, 120] – деп дұрыс көрсетті. Сол сияқты қазақ тілі негізінде проф. М . Ба- лақаев «Негізгі жəне туынды сын есімдер етістікке қатысты бо- лып пысықтауыш қызметінде жұмсалғанда, олар бұрынғы лексикалық мағынасын өзгертіп үстеуге айналмайды» [23, 139], мұндай құбылыс енді олардың тіркесу аясының кеңеюінің нəти- жесі деп тұжырымдайды. Осы пікірді Н.А . Баскаков, И.А . Батманов, А. Исқақов, Г.Ф . Зейналов, С. Кеңесбаев, сол сияқты қазақ тілінде сын есімді арнайы зерттеген Ғ. Мұсабаев, Ж. Шəкенов [24], т.б. ғалымдар- дың да қолдайтынын көруге болады. Тілдік фактілер мынаны дəлелдейді. Етістікті сөз тіркестері құрамында жиі жұмсалатындар – са- палық сын есімдер. Сондықтан олар сөйлем құрамында анық- тауышпен қатар пысықтауыш қызметінде де жиі кездеседі. Са- палық сын есімдер затты да анықтайды, екіншіден, етістікті де əртүрлі жағынан пысықтайды. Қатыстық сын есімдер сан жағынан қаншалықты мол бол- ғанымен, зат есімдермен тіркесуде аясы кең де, ал етістікпен тіркесуде аясы тар. Сын есімдер етістікпен тіркескен кезде жалпылама қолда- ныла бермейді. Əсіресе қосарлы (қызыл-ала) жəне күрделі сын есімдер (кейбір жағдайда болмаса) етістіктермен тіркесе бер- мейді. Ал таза, сапалық сын есімдердің де етістікпен тіркесі бірыңғай емес, олардың барлығы бірдей етістікпен тіркесуге қа- білетті емес. Əсіресе, түсті білдіретін ақ, қара, көк, сары, т.б . сын есім- дері еш уақытта етістікпен тіркеспейді. Логика тұрғысынан да қимылдың түске қатысы жоқ. Қимылдың істелу мөлшері неме- се оның түрлі сапасы мен амалы болуы мүмкін. Сондықтан еш уақытта қазақ «қара жүрді», «қара айқайлады», т.б. деп айтпай- ды. Дегенмен, түсті білдіретін сын есімдер ешқашан етістікпен тіркеспейді дейтін қағида шықпауы тиіс. Кей жағдайда олар қи- мылды білдіретін сөздермен тіркесе береді. Ондай жағдайда олар
217 Сөз тіркесі мен жай сөйлем пысықтауыш қызметінде емес, кім? не? сұрауының біріне жауап беріп, сөйлемде бастауыш қызметін атқарады, яғни заттанып, зат есім мəнін алады. Сын есімдердің басқа семантикалық топтары- ның етістікпен тіркесі де бірдей емес. Сын есімдер сияқты сан есімдердің де тіркес құрау аясын тарихи тұрғыдан қараудың артықтығы жоқ. Сапа жəне сан туралы ұғым – адам баласының синтездік ойы- ның дамуының нəтижесі. Санау тек тілдік жағынан қаралмайды. Олар негізінде математиканың да, философияның да объектісі болып табылады. «Сөзіміз дəлелді болу үшін А.А . Реформатский- дің мына пікірін келтірейік: «Сан жəне санаудың қиындығы тек таза математикалық қисында емес, бұған қоса сан абстракт ой- лаудың жемісі бола тұрып, қоғамда сан сөз немесе таңба (іші- нара цифр) болып кездеседі» [25, 384]. Санақ жəне сан жайындағы ұғым адамдардың практикалық қызметінің негізінде пайда болды. Сан есімдер түп негізі жа- ғынан көбіне заттарға қатысты, солай болғандықтан олар – зат есімдермен тіркесетін сөздер. Бірақ олар барлық зат есімдермен емес, санауға болатын заттармен тіркеседі де, абстракті зат есімдермен жапа-тармағай тіркесе бермейді. Сондықтан проф. М. Балақаев сан есімдердің зат есімдермен тіркесін екіге бөліп, «сан есімдер нақтылы ұғымдағы зат есімдермен тіркеседі» деп жазады [26, 43]. Мұның өзі сан есімдердің есімдермен тіркесу қабілетінің түрліше екенін көрсетеді. Бірақ сан есімдер конкретті зат атауларының өзімен де жап- пай тіркесе бермейді. Конкретті зат есімдер жалқы есім жəне жал- пы есім болып екіге бөлінетіні белгілі. Сонда сан есімдер жалпы есімдермен тіркеседі де, жалқы есімдермен тіркеспейді. Мы- салы: он алма, екі жұма, бес батыр деп айта береміз де, он бес Алматы, жеті Жұмаш, жиырма Əлішер деп айтуға болмайды. Өйткені жалқы есімдер даралықты, жекелікті білдіретін заттар- дың өзіне тəн аты. Ал сан есімдер жалпы есімдермен еркін тіркесе береді. Мысалы: Екінші тамды ашса, үш сауыт, үш қылыш, үш ер, үш найза, үш мылтық, үш садақ тұр (Батырлар жыры). Мұнда үш сан есімі сауыт, қылыш, ер, найза, мылтық, садақ жалпы есімдерімен тіркесіп келген. Сонымен, сан есімдер тек зат есімдермен тіркесуге қабілетті. Бұл қасиет сын есімге де тəн екендігі белгілі. Бірақ сын есімдер
218 Сөз тіркесі мен жай сөйлем затты сындық жағынан анықтаса, сан есімдер тек сандық жағынан анықтайды. Сандардың осы қасиетіне байланысты көптеген ға- лымдар сан есім тек затты сандық жағынан анықтауға тиіс деп, оларды біржақты көрсетеді [27]. Дегенмен, мұндай көзқарас тілі- міздің бүгінгі сипатындағы сан есімдердің қолданылу ерекше- лігін түгел қамти алмайды. Проф. М . Балақаев сөздердің өзара тіркесу заңдылығының қалыптасуына тарихи тұрғыдан қарау керек екендігін көрсете келіп, «Современная система словосочетания представляет собой результат длительного развития языка. Она создается в про- цессе исторического развития языка в связи с историей употребле- ния слов. С обогащением лексического состава и усовершенство- ванием синтаксического строя языка расширяются и возможности сочетаемости слов. Чем больше вступают в контакт с другими словами, тем ярче выражается их социальная функция» [28, 407] – деп жазғаны белгілі. Сол сияқты В.В . Виноградовтың редакция- сымен шыққан «Грамматика русского языка» деген еңбекте «...общие грамматические законы и отдельные грамматичес- кие правила выводятся из самой языковой практики» – деп көр- сетіледі. Осы пікірдің дұрыстығын санды білдіретін сөздердің басқа сөздермен тіркесу қабілетінің артуынан да байқауға бола- ды. Сандық құбылыс затпен тығыз байланысты. Бірақ тіл дамуы- ның нəтижесінде оның байланысы тек зат есімдермен шектеліп қалмай, сан есімдер етістіктермен де тіркесетін болды. Соның нəтижесінде сан есім пысықтауыштық қатынаста жұмсалып, қи- мыл процесін сандық сапа тұрғысынан пысықтайтын болды [29]. Тілдік фактілерге қарағанда, сан есімдер заттық анықтауыш- тың қасиетін өз бойында үнемі сақтай отырып, зат қимылының мөлшерін білдіруі бірден пайда болған жоқ. Мұның өз ерекшелігі бар. Зат есімдермен ғана тіркесуге қабілетті сан есімдер енді етістікпен де тіркесуге қалай бейімделді? Көне ескерткіштер тіліндегі санаудың біздің қазіргі тілімізбен салыстырғанда көп ерекшелігі болған. Сан есімдердің етістікпен тіркесі орхон-ени- сей жазуларында да, Махмұд Қашғаридің «Диуани лұғати ит- түрк» сөздіктерінде де екі түрлі беріледі. Көне ескерткіштер мұралары тілінде сан есімдер етістікпен қосарлы сөздер арқылы тіркескен. Сонымен қатар, олардың етіс-
219 Сөз тіркесі мен жай сөйлем тіктермен тікелей де тіркесі кездеседі. Бұдан мынадай қорытын- ды шығаруға болатын сияқты: сын есім таза күйінде тек зат есімді анықтайды, дегенмен, сирек те болса, етістіктермен де тіркеседі. Ал сан есімдер түрлі қосарлы сөздермен келіп, көбіне етістіктермен тіркес құрайды. Сонымен қатар сан есімнің мұндай түрлерінің зат есімдермен де тіркесі кездесіп отырады. Бұл фактілер сан есімдердің етістіктермен тіркесі ең алдымен қо- сарлы сөздер арқылы болғандығын дəлелдейді. Ондай даму ба- рысынан қосарлы сөздердің тіркес құрамынан шығып қалуы сал- дарынан, сын есімдердің етістіктермен тікелей тіркесуі қалып- тасқан. Ал ондай дəнекер, біздіңше, мыналар: рет, есе, жуық, қаралы, шамалы, дүркін, мəрте, т.б . Бұл қосарлы сөздер сан есімдер мен етістіктерді байланыстырудың дəнекері болған. Бірақ тіл дамуының нəтижесінде сан есімдер мен етістіктің тіркесі жалпы айтылуға ыңғайлы бола бастауына байланысты тілдік үнемдеушіліктің нəтижесінде, кейде түсіп қалып та қолданылған. Сөйтіп, кейін келе-келе сан есімдердің етістікпен тіркесі дəнекер сөздерсіз, яғни тікелей тіркесуі арқылы да пайда болады. Ал қазіргі тілде дəнекер сөздерсіз келуі сирек. Жалпы сан есімдердің дамуы тек түркологияда ғана емес, сол сияқты орыс, т.б. тілдерде де өзіндік жолмен жасалған. Қазақ тілінде сан есімдердің бір- неше түрлері барлығы мəлім. Бірақ сол түрлердің қалыптасуы бірдей емес, əрқилы, олардың алғашқы бірқатары септік, реттік сан есімдері болған. И. А. Батманов енисей немесе ортағасырлық түркі ескерткіштерінде олардың бөлшектік түрлерінің кездес- пейтіндігін дəлелдейді [30, 130]. Проф. К . Мусаев қазіргі қазақ тілінде бөлшектік сан есімнің өте молаю процесін тіл дамуының жаңа түрінің жемісі деп қарайды [31, 217]. Қазақ тілінде бөл- шектік сан есімдер мол. Олар матаса, меңгеріле байланыса- тын сөз тіркестерін құрайды. Сан есімдердің тіркес құраудағы ерекшеліктері олардың түрлі қосарлы сөздер мен нумеративті сөздер арқылы тіркесінен де айқын байқалады. Сан есім кейде басқа сөздерге де қатысты жұмсалатын рет, мəрте, т.б . қосарлы сөздері арқылы қабыса байланысқан сөз тіркестерін құраса, қазіргі тілде ондай аналитикалық тіркесу Биылғы астық жоспары екі есеге жуық артығымен орындал- ды тəрізді, қосарлы сөздердің септелуі негізінде сан есімдердің
220 Сөз тіркесі мен жай сөйлем шылаулы түрлері де қалыптасты. Бұлардың бəрі тіл дамуының нəтижесінде пайда болды. Жалпы нумеративті сөздердің өзі байырғы, яғни кейінгі дəуірлерде қалыптасқан интернационал- дық (километр, метр, килограмм, грамм, сағат, минут, секунд, градус, т.б.) топтарға жіктеледі. Соңғы топтың қалыптасуы сан есімдердің тіркесімділік қасиетіне де өзгеріс енгізді, жаңа фор- ма пайда болды. Сонымен, сан есімдер құрамындағы өзгерістер олардың етістіктермен тіркес құрамына ықпал жасады. Н.З. Гад- жиева мұндай модельдің жалпы түркі тілдеріне ортақ екендігін айтады [32, 65]. Қазіргі қазақ тіліндегі интернационалдық ну- меративті сөздер – - л ы, -лі, -лық, -лік жұрнақтарымен бірге - дай, -дей (екі километрдей, бес метрдей) жұрнағын да қабыл- дап, қабыса байланысса, нумеративті сөздер сан есіммен қо- сарланып, анықтауыштық қатынаста жұмсалуымен бірге, енді олар сан есім анықтауышымен қосарланып септеліп, басыңқы сөзімен меңгеріле де байланысатын болып қалыптасты. Тіпті, кейде түрлі шылау арқылы меңгеріле береді [33]. Бұған қара- ғанда нумеративті сөздермен келген сөз тіркестерінен екі түрлі нəрсені байқауға болады. Біріншіден, нумеративті сөздер басыңқы сөзімен орын тəртібі арқылы қабыса байланысады, екіншіден, нумеративті сөздермен келген сөз тіркестері меңгеру арқылы да құрылатын болды. Мұның өзінен бұрын сан есімді нумеративті сөзді сөз тіркестерінің басыңқы сыңары тек есім болса, енді ондай құрамды күрделі сөз тіркестерінің басыңқы сыңары етістік болып, етістікті сөз тіркесінің аясы кеңейе түскенін көреміз. Алайда сан есімдердің тіркесу қабілетіндегі осындай өзгеріс- тер қазақ тіл білімінде ғана емес, жалпы түркологияда арнайы зерттеу объектісі болған емес. Үстеулер грамматикалық класс ретінде кейін қалыптасты. Орхон-енисей немесе онан кейінгі ескерткіштер тілінде олардың саны көп те емес. Үстеулер негізінде етістікпен тіркесе алатын сөз табы деп қаралады. Алайда қазіргі тілдің фактілері олардың қимылды ғана пы- сықтап қоймай, есімдерге де қатысты қолданылатындығын көр- сетеді. Бұл тілдің стильдік мүмкіндігінің кеңеюінің жемісі. Қазір тілімізде үстеулер есімдермен түрлі қосымшалар арқылы жəне сол тұлғасында қазақ тілінде үстеулік қасиетін сақтай отырып
221 Сөз тіркесі мен жай сөйлем тіркеседі. Ондай тіркестердің басыңқы сыңары қызметінде зат есім, сын есім, сан есім жəне есімдіктер жұмсалады. Мысалы: 1. Қазір бригадир, оқушы, ұшқыш, басшы, оқытушы. 2. Биыл көңілді, кең, орынды, таза. 3. Биыл жетіде, онда. 4. Бүгін мен, ертең сен. Дегенмен, ондай қасиет барлық үстеулерге тəн емес. Көбіне мезгіл, мөлшер үстеулері ғана сондай қолданысқа бейім. Ал үстеулермен тіркесіп келетіндер көбіне зат есім, сын есім, басқа да сөз таптарының үстеулермен тіркес құрауы – сирек кездесетін құбылыс. Сонымен, үстеулердің есімдермен тіркесі – кейінгі дəуірдің жемісі. Бүгінде олар жер астында отыр... Бүгінге дейін майыспай келген байдың иілген түрі ме бұл, əлде құлақтың тегеурініне шыдай алмай морт сынғаны ма? Бай өзінің бұл ойын кейінге сақтап, ол турасында лəм демеді. Ертемен кімді жұтсақ екен деп арандарыңды ашып тұрсыңдар. Туған бөлесі Ғанидың күні кешеге дейінгі бар өмірі есінде (М. Дүзенов). Ертең бе? – Ол председательдің жауап беруіне де мүмкіншілік бермейді. Ертеңнен қалдырмаңыз (Ə.Нұршайықов). Сонымен, бұл факті- лерден үстеулерден тек септік жалғаулы тұлғада меңгеріле байла- нысатын тіркестер қалыптасқандығын байқаймыз. Онымен бірге, үстеулердің шылаулар жетегінде тіркесетін түрлері де пайда бол- ды (Бүгінге дейінгі өмір, т.б .) . Ал күшейткіш үстеулер сын есім, үстеулерге күшейткіш мағына берумен бірге өздері де дербес қолданылатын дəрежеге жетті [34,20]. Өте асықты, өте ұрысты, өте кейіді, тым мақтады, т.б. Бұл құбылыс тіл құрамында болып отыратын ықшамдау процесінің нəтижесі екендігі айқын. Сондай-ақ əрине үстеулердің тіркес құрау қабілетінің кеңеюін де көрсетеді. Қазақ тілінде сөз тіркесінің басыңқы сыңары қызметінде есім- дер мен етістік жұмсалатыны қалыптасқан заңдылық. Ал үстеу- лер негізінде бағыныңқы сыңар қызметінде жұмсалатын сөздер тобына жатады. Алайда қазіргі əдеби тілімізде үстеулердің ба- сыңқы сыңар қызметінде жұмсалу процесі пайда бола бастағанын көруге болады. Мысалы: Көзін уқалап ашқан халық бұған аң-таң. Əрине, одан қат-қабатта нақтылы жауап күте қою əзір ерте- ректеу (М. Дүзенов) тəрізді сөйлемдер құрамындағы аң-таң, ер-
222 Сөз тіркесі мен жай сөйлем теректеу үстеулері басыңқы қызметте қолданылған. Бұл əдеби тіл құрамындағы тілдік элементтердің функциялық дамуының нəтижесі болса керек. Қазіргі тілімізде көмекші сөздердің қатынасы арқылы сөз тіркестерінің жасалуы кең құбылыс. Дегенмен бұл құбылыс – тек соңғы кездің жемісі. Өйткені ескі ескерткіштер тілінде көмекші сөздер өте аз [35, 49], тіпті ХVІІІ ғасыр нұсқауларының тілінде қазіргі тіліміздегі шылаулардың көпшілігі кездеспейді [36, 146]. Бұдан мынадай жайды аңғаруға болады. Қазіргі тіліміздегі шы- лаулардың кеш қалыптасуы. Қазіргі тіліміздегі көмекші сөзді тіркестер сала-сала ретінде қалыптасты. 2. Сөз тіркесінің ортақ басыңқы сыңарлары Сөз тіркесіне қатысты негізгі мəселенің бірі – оның басыңқы сыңарлары. Сөз тіркесінің байланысу формалары, тəсілдері мен синтак- систік қатынастары оның бағыныңқы сыңарына қарай, ал сөз тіркесінің түрлері оның басыңқы сыңарына қарай айқындалады. Осы күнгі орыс тіл білімінде сөз тіркестері басыңқы сыңарын бірнеше топқа бөліп қараушылық басым болса, ал қазақ тіл білімінде оны тек есімді немесе етістікті сөз тіркестері деп қана бөліп келеміз. Бірақ кейде осы айтылған түрлері туралы қайшылықтар да кездесіп отырады. Сөз тіркестерінің байланысу формаларына қиысу, қабысу, матасу жəне меңгеру жатады. Біздің арнайы тоқталмақ мəселеміз, олардың басыңқы сыңарларының өзіндік ерекшеліктері, жасалуы. Сөз тіркестерін көптеген ғалымдар сөз таптарының негізін- де топтаса, кейде сөйлем мүшелерінің аясында топтайды. Ал А.П . Поцелуевский детерминативті салалас бағыныңқылық жəне сөйлемдік тип деп өзіндік топтау жасайды. Жалпы алғанда сөз тіркестерін басыңқы сыңарына қарай көбіне сөз таптары негізінде топтау басым. Бірақ ол принципті қолданғанымен, орыс тілі жəне түркологиялық ғалымдар арасында бірізділік жоқ. Сөз тіркесінің басыңқы сыңары туралы бір тілдегі еңбектердің өзінде де бірізділік жоқ. Оны мынадан көруге болады. Виногра- дов В.В ., Валгина Н.С . сөз тіркестерін басыңқы сыңарына қарай
223 Сөз тіркесі мен жай сөйлем есімді, етістікті жəне үстеулі деп бөлсе [37, 32], Шведова Н.Ю., Белошапкова В.А. етістікті, субстантивті объективті жəне үстеу- лі [38, 66], ал Бабайцева В.В ., Максимов Л.Ю. есімді, етістікті, есімдікті үстеулі жəне категория состояния деп 5-ке бөліп бе- реді [39, 43-44]. Шведова Н.Ю . соңғы кезде сөз тіркестерінің басыңқы сыңарына компаратив форма деген бесінші түрді де ұсынады [40, 79]. Міне, бұл классификацияларға қарағанда, орыс тілінде сөз тіркесінің басыңқы сыңарының есімді, етістікті, үс- теулі, субстантивті, объективті, есімдікті, категория состояние, компаратив сияқты бірнеше атауларын көруге болады. Түрколо- гияда да сөз тіркестерінің басыңқы сыңарына қарай былайша топтау бар. 1. Н .К . Дмитриев, А. Əбілқаев сөз тіркестерінің басыңқы сы- ңарларын тіпті елемейді. Олардың еңбектерінде ол туралы сөз де болмайды [41]. 2. Е.И . Убрятова, А.Н. Кононов, Н.А . Баскаков, К. Бердімұ- ратов, Ə. Нұрмаханова, Р. Əміров, Е. Дəуенов, т.б . тек есімді, етіс- тікті сөз тіркестері деп бөлсе [42], ал проф. М. Балақаев есімді етістікті басыңқы сыңарларының тек бір байланысу формасының негізінде ортақ басыңқы сыңарды, ал А. Жапаров оған комплекс- ные формы дегенді қосса [43, 19], К. Аханов, М. Серғалиев үс- теулі сөз тіркесі деген басыңқы сыңарды да енгізген [44]. Міне, сөз тіркестерінің басыңқы сыңарына қарай түркология мен қазақ тіл білімінде есімді, етістікті, үстеулі, ортақ басыңқы жəне комплексті форма деген түрлерін кездестіреміз. Бұған қарағанда, орыс тілі немесе түркологиялық əдебиеттерде сөз тіркестерінің басыңқы сыңарын топтауда сөз табы жағынан қарастырғанмен, оларға қатысты сөз таптары мен олардың қолданылу аясы жа- ғынан бірізділік жоқ. Сөз тіркестерінің байланысу формаларымен қатар оның ба- сыңқы сыңарының қызметі ерекше. Өйткені сөз тіркестері не- гізінде толық мағыналы екі сөзден құралатын болса, соның бірі бағыныңқы, ал екіншісі басыңқы қызметте жұмсалатыны айқын. Əрине бағыныңқы сыңарлардың байланысу формаларын айтқан- да арнайы сөз ететініміз белгілі. Ал сөз тіркесінің басыңқы сыңары туралы жоғарыда айтылған орыс тілі немесе түрколо- гиялық пікірлерді көрсетуге болады.
224 Сөз тіркесі мен жай сөйлем К. Аханов, М. Серғалиев [45, 390] сөз тіркестерінің басыңқы сыңарын есімді, етістікті дей келіп, оған ІІІ топ етіп үстеуді сөз тіркестерін де қосады. Біз олардың үстеу де басыңқы қызметте жұмсалады дейтін пікіріне қосыла алмаймыз. Орыс тілімен са- лыстырғанда қазақ тіліндегі үстеулер сөйлемде көбіне қимылға, кейде есімдерге қатысты жұмсалуға бейім. Солай қалыптасқан да. Сондықтан үстеудің сөйлемді немесе сөз тіркестерін тиянақтау процесін əзірше көркем əдебиет мысалдары дəлелдей алмайды. Қабысу басыңқы сыңарына қарай есімді жəне етістікті, матасу тек есімді, ал меңгеру есімді, етістікті жəне оған ортақ меңгеру деп əртүрлі беріліп жүр. Осы жағынан алғанда сөз тіркестерінің байланысу формалары, олардың басыңқы сыңарының арасында өзіндік айырмашылық бар. Сөз тіркестерінің басыңқы сыңарлары көбіне есімді, етістікті делінетін болса, ал сөйлемдегі тиянақтаушы баяндауыштар- ды есімді, етістікті жəне құрама баяндауыш деп үшке бөліп қа- растырамыз. Əрине, біз бұл арада сөз тіркестерінің есімді, етістікті түрлері мен баяндауыштың есімді, етістікті түрлерінің өзара сай екен- дігін, бірін-бірі əрі сөз тіркесі, əрі сөйлем мүшесі жағынан жан- жақты айқындалатынына дау келтірмейміз. Осы арада негізгі мəселе құрама баяндауыш пен сөз тіркесте- рінің меңгеріле байланысу формасындағы ортақ меңгеру түрі туралы болмақ. Алдымен құрама баяндауыштардың оқулықтарда берілу дəрежесіне, жасалуына шолу жасалық. Құрама баянда- уыштардың берілуіне көз жіберсек, мынаны байқауға болады. Қазіргі əдеби тілдің материалы бойынша есімді, етістікті баяндауыш сияқты құрама баяндауыштар тілде өте мол кезде- седі. Бірақ лингвистикалық жағынан орынды алынған əрі оған сай материалы мол мұндай тілдік фактілер кейбір оқулықтарда ескерілмей де келеді [46]. Жалпы алғанда құрама баяндауыш есімді баяндауыштың негізінде жасалатыны белгілі. Осы күнге дейін есімді, етістікті баяндауыштардың барлық оқулықтарда да арнайы берілуі жалпы олардың тілдегі қалыпты орнын дұрыс көрсетуінен бе деп білеміз. Міне, осы сияқты жан-жақты конструкциялы құрама баян- дауыштар – сөйлемді тиянақтауда басты тұлға. Бірақ мұндай
225 Сөз тіркесі мен жай сөйлем баяндауыштардың түрі тек сөйлем мүшесіне сай қарастырылып келеді. Сөз тіркестерінің етістікті түрлерінен басқа да басыңқы сыңарларының бар екендігі қазіргі кездегі ғалымдардың наза-ры- на ілініп жүр. Проф. М . Балақаев бұл мəселе жөнінде «О комбинированном управлении прямого дополнения в казахском языке» деген ма- қаласында арнайы сөйлем мүшелері туралы сөз қозғай келіп, сөз тіркесінің мəселесіне де ауысып отырады. Сөйтіп, автордың ортақ меңгеру деген термині негізінен 1954 ж. академиялық грам- матикаға [47, 44] жəне 1962, 1971 жылғы «Қазіргі қазақ тілі» оқулықтарына енгізілді [48]. Автор оқулықта: «Меңгеру – сөз тіркестеріндегі бағыныңқы сөздің басыңқымен мағыналық үйлесімі негізінде септік жал- ғауларының бірінде тұрып байланысуы: меңгерілетін сөз табыс, барыс, шығыс, жатыс, көмектес (іліктен басқа) жалғауларының бірінде тұрады да, меңгеретін сөз етістік, есім не сол екеуінің ортақтастық тобы болады», – дейді. Осыған қарай меңгеруді үшке бөледі. Осы пікірді Ə. Əбілақов та қолдайды [49, 37]. Р. Əміров сөйлеміндегі «...тайында қысыр емді, байталын- да құлын тастады» сөз тіркестерінің басыңқы сыңарындағы есім мен көмекші етістіктердің бірігіп келуіне көңіл бөледі. Бірақ қандай тіркестер екенін көрсетпейді [50,37]. Бұл пікірлерге қа- рағанда, меңгерудің басыңқы сыңарының есім мен көмекші етіс- тіктерден құралып келуі қазіргі тілдік материалдарда мол қол- данылып жүр. Орыс тіл білімі сияқты қазақ тіл білімінде де оны ортақ меңгеру деп жүрміз. Осы дəлелдерге сүйенсек, тілде бұрыннан айтылып келе жатқан құрама баяндауыш пен ортақ меңгерудің арасындағы айырмашылық бірінің сөз тіркесі, екіншінің жай сөйлем синтак- сисінде қаралатындығы анық. Екеуінің аты əртүрлі болғаны- мен, тілде жасалуы бір. Бірақ құрама баяндауышты тілдік факті ретінде көп қолданамыз да, ал ортақ меңгеруді тек бір байла- нысу формасында қарастырып жүрміз. Жоғарыдағы мысалдарда көрсеткендей, есім мен көмекші етістікті топтар тек меңгеруде қаралып қоймай, ортақ қиысу, ортақ матасу, ортақ меңгеру, ортақ қабысу деп айтуды тілдік фак- тілер дəлелдейді.
226 Сөз тіркесі мен жай сөйлем Тілде үнемі өзгеру, жаңару процесі болып тұратыны белгілі. Егер осы күнге дейінгі əдебиеттерде есім мен көмекші етістік- тер тобы тек меңгерілген басыңқы қызметте жұмсалады деп қана айтылып келсе, ал қазіргі əдеби тілдің материалы тіпті ондай көмекші сөздер енді матаса, қабыса байланысқан сөз тіркестерінің де басыңқы сыңарларында қосақтала жұмсалып, өзіндік жаңа конструкциялардың пайда болғандығын көрсетеді. Осыған орай құрама баяндауышты ондай ерекшеліктер енді сөз тіркестерінің басыңқы сыңарларына да негіз болуы керек дей келіп, бұдан былайғы жерде біз баяндауыштардың түрлері сияқты сөз тіркестерін де басыңқы сыңарына қарай есімді, етістікті жəне ортақ басыңқы етіп үшке бөліп беруді жөн көрдік. Мұның өзі сөз тіркестерінің басыңқы сыңарындағы сөз таптарының жасалуын толық қамтиды. Сонда ортақ басыңқы енді тек меңге- ріле байланысқан сөз тіркестерінде ғана емес, қабыса, матаса байланысу формаларын да басыңқы сыңарларына қарай былай топтап бөлеміз: етістікті меңгеру Меңгеру есімді меңгеру ортақ меңгеру етістікті қабысу Қабысу есімді қабысу ортақ қабысу есімді матасу Матасу ортақ матасу Сонда сөз тіркесінің ортақ басыңқы сыңары есімдер мен кө- мекші етістіктердің тіркесі арқылы жасалады. Проф. М. Балақаев құрама баяндауыштардың бірінші сыңары есім сөздер, екіншісі, яғни көмекші сыңарларын былай көрсетеді: 1)е,де 2) қыл, ал, көр, сын, тұт, тап [51, 46]. Ал автор кейіннен бұл етістіктерге қоса бол етістігін де көрсетеді [52,3]. Сонымен қатар құрама баяндауышты жасауға қатысатын етістіктер ретінде е, де, қыл, ал, көр, сын, тұт, тап жəне бол қатысты деп біледі.
227 Сөз тіркесі мен жай сөйлем Сонымен, ортақ басыңқы сыңарлар туралы М. Балақаевтың пікірін қолдай келіп, көмекші етістіктер ондай есімдермен бірлік- те өткен шақтық формасында жұмсалады. І. Ортақ қабыса байланысқан сөз тіркестері. Ортақ қабы- са байланысқан сөз тіркестерінің басыңқы сыңары ретінде: а) Зат есім + көмекші етістіктер; ə) Сын есім + көмекші етістіктер; б) Есімдік + көмекші етістіктер; в) Сан есім + көмекші етістіктерден болады. І. Сөз тіркестерінің ортақ қабыса байланысқан сыңар- лары төмендегіше болып келеді. 1. Сын есім – ортақ басыңқы. Көрікті десең – көрікті, бі- лімді десең – білімді жігіт еді (Ш. Айтматов). Биік көк дарба- залы еңселі үй еді (Ш. Жандарбекова). – Шырағым, кінəлама, ел сыйлайтын, бірімізге баламыздай, басқамызға ініміздей талап- ты азамат едің («Жұлдыз»). Осы сөйлемдердегі білімді, еңселі, талапты сияқты сын есімдер жігіт еді, үй еді, азамат едің деген ортақ басыңқы сөздермен қабыса байланысып тұр. 2. Есімдік – ортақ басыңқы. Ант ұрғанның қарғысы қандай жаман еді. Жер жастанғыр, балалары қандай сотқар еді (Ғ. Мү - сірепов). Көріңдерші, тышқан қандай алапат еді (Үнді ертегі- лері). Жақсы ойдың тууы қандай қиын болса, келуі де оңай емес (Ғ. Мүсірепов). Осы сөйлемдердегі қандай сұрау есімдіктері жаман еді, сотқар еді, алапат еді, қиын болса деген ортақ басың- қы сөздермен қабыса байланысып тұр. – Біздің генерал-губернатордың мəжіліс залы осыдан қанша үлкен екен? (Ғ. Мүсірепов). Соны көріп отырып, мен қалайша жаман болайын («Қазақ əдебиеті»). Осы сөйлемдерді қанша, қалайша сұрау есімдіктері үлкен екен, жаман болайын деген ортақ басыңқы сөздермен қабыса байланысқан. 3. Есімше – ортақ басыңқы. Нагульновтың жоқ жерден пай- да бола кетуі – көпшілік үшін күтпеген оқиға еді (М. Шолохов). Ол да мен сияқты жалғызсыраған жетім еді (Ə. Əлімжанов). Тасығандары өзі өскен шөп емес, қолдан еккен жоңышқа, бидайық, мысық құйрық (Ғ. Мүсірепов). – Е, қайдан білейін, мен қолыма кітап ұстап көрген адам емеспін («Қазақ əдебиеті»). Кей- де бағыныңқы сыңары есімшелі топ болып келгенде, яғни кейде
228 Сөз тіркесі мен жай сөйлем қазақ қызында болмайтын, өзі өскен, кітап ұстап көрген сияқты есімшелі топтар да ортақ қабысудың бағыныңқы сыңары болып келе береді. 4. Үстеу – ортақ басыңқы. Шүкір, қазір жаман емеспін («Қазақ əдебиеті»). Ұлпан бүгін аса көңілді еді (Ғ. Мүсірепов). Біз бүгін екеу едік, енді үшеу болдық (С. Ерубаев). Міне, осы сөйлемдер қазір, бүгін үстеулері жаман емеспін, аса көңілді еді сөздеріне қабыса байланысып тұр. ІІ. Ортақ матаса байланысқан сөз тіркестері. Қазіргі тіл- дік зерттеулерде матасудың екінші сыңары тек есімдерден ғана болады деп айтылып жүр. Алайда əдеби шығармалардағы мы- надай мысалдар матасудың ІІ сыңарын жаңаша қарауды қажет етеді. Мысалы: Жан-жануар болып жаралғанның сұлуы екен (Ғ. Мүсірепов). Сиырларды сауатын менің шешем болатын («Қазақ əдебиеті») – деген сөйлемдердегі екен, болатын көмекші етістіктер матасудың бағыныңқы сыңарларына тікелей қатысты болып отыр. Тəуелді жалғаулы сөз əдетте сөйлемді тиянақтай бермейді. Ондай баяндауыш болуы үшін оның бастауышы да тəуелдік жалғауда тұруы тиіс. Дегенмен тəуелдік жалғаулы сөздер енді көмекші етістіктермен тіркескенде ғана сөйлемді тиянақтау процесіне ие болып отыр. Осы себептен де ілік жалғаулы есімдер енді көмекші етістіктер тобымен сөз тіркесін құрайтын дəрежеге ие болып отыр. Бірақ осы конструкциялар қазіргі кездегі ешбір оқулық немесе арнайы зерттеу еңбектерінде ескерілмейді. Мыса- лы: Зейнеп осал жердің қызы емес (І. Есенберлин). Сары-Өзектің өңірі мыңғырған, мамырлаған малдың өрісі екен (Ш. Айтматов). Жаманның жақсысы болғанша, жақсының жаманы бол (Мар- жан сөз). Бұл екеуі үлкен сенімнің, үлкен адалдықтың адамдары еді. (Ғ. Мүсірепов). Онда Сібір казактары жайындағы ережені шығарған патша- ның оң қолы Спиранскийдің өзі еді (І. Есенберлин). Осы сөй- лемдердегі матасудың басыңқы сыңарлары тəуелдік жалғаулы сөздер мен көмекші етістіктер арқылы келген ортақ басыңқылы матаса байланысқан сөз тіркестері. Сонымен, бір сөз тіркесін басыңқы сыңарына қарай енді есім- ді, етістікті, ортақ басыңқылы деп топтай келіп, іштей: 1) ортақ қабыса байланысқан сөз тіркесі; 2) ортақ матаса байланысқан сөз тіркесі;
229 Сөз тіркесі мен жай сөйлем 3) ортақ меңгеріле байланысқан сөз тіркестер – деп бөлуді практикалық та, теориялық та жағынан дұрыс деп білеміз. Ортақ меңгерудің көне ескерткіштер мен қазіргі тілімізде көп кездесетіндігі сияқты, ортақ матасу, ортақ қабысу да қазіргі тілдік қолданыста мол кездеседі. Міне, осындай сөз тіркестерінің басыңқы сыңарларын ортақ қабыса, ортақ матаса байланысқан деп атауды жөн көрдік. Өйткені ондай басыңқы сыңарлары не есімді, не етістікті басыңқы сыңарларымен бір деп атауға келмейді. Сонымен, сөз тіркесінің мұндай конструкциялы басыңқы сыңарларын жеке түрде қарас- тыра келіп, мектепке, жоғары оқу орындарына арналған оқу- лықтардан лайықты орын алуы тиіс деп білеміз. 3. Сөз тіркестерінің жанаса байланысу формасы Қазіргі кезде сөз тіркесі синтаксистің ең бір үлкен саласы бо- лып табылады. Ол туралы бірнеше монографиялар, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар да шықты. Сөйтіп, сөз тіркесі синтаксисі жан-жақты зерттеу объектісіне айналып отыр. Деген- мен, сөз тіркестері, əсіресе олардың байланысу формалары туралы əлі де болса арнайы қарауды қажет ететін жайттар бар. Сөз тіркестерінің байланысу формалары оның басқа да объек- тілеріне қарағанда ең алғаш зерттеле бастады. Соған қарамастан əлі де болса олардың мектеп, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтардағы берілу дəрежесі, аталуы, əрқайсысының жасалу жолдары сияқты мəселелері арнайы тоқталуды қажет етеді. Сөз тіркестерінің байланысу формаларының берілуінде əр- түрлі алшақтықты көруге болады. С . Аманжолов, Н. Сауранбаев- тар мектеп грамматикасында сөз тіркесін қиысу, меңгеру, қабысу жəне жанасу деп берсе, ал 1950 жылдардан кейін оған матасуды енгізгені белгілі. Сөйтіп, авторлар сөз тіркесін байланысу форма- ларына қарай меңгеру, матасу, қиысу, қабысу жəне жанасу деп бес- ке бөліп береді. Осы пікірді Н. Сауранбаев, Т. Қордабаев, Р. Əмі- ров, Ш. Əуелбаев, Ғ. Əбуханов, К. Е. Қабиева, т.б. қолдайды. Сөз тіркесі туралы арнайы еңбек жазған М. Балақаев олардың байланысу формаларына қарай 1949 жылғы мектеп граммати- касында 5-ке бөліп берсе, ал жоғары оқу орындарына арналған
230 Сөз тіркесі мен жай сөйлем оқулығында қиысу, меңгеру, матасу жəне қабысу деп 4-ке бөледі де, соңғы байланысу формасының бір түрі деп жанасуды атаумен ғана шектеледі. Ал Ə. Нұрмаханова мен А. Əбілқаев оларды 4-ке бөліп қарастырып, жанасуды ескермейді. Сөйтіп, сөз тіркесінің байланысу формалары сан жағынан да, атаулары жағынан да əртүрлі беріліп жүр. Бұл байланысу формаларының ішінде ата- луы жəне жасалуы жағынан таласқа түсіп жүргені жанаса бай- ланысу формасы. Жанасу мектеп грамматикаларында арнайы беріліп жүрсе, ал жоғары оқу орындарына арналған оқулықтарда, біріншіден, еленбейді, екіншіден, ол қабысудың алшақ түрі деу- мен ғана шектеледі. Мектеп грамматикаларында жанасудың жасалу жолдары туралы да бірізділік жоқ. Жанасудың жасалу жол- дары (С. Аманжолов, Н. Сауранбаев) 1939 жылғы мектеп грамма- тикасында былай берілген: а) үстеу мен етістік – кеше келді; ə) көсемше етістік – оқып келді; б) септік жалғаулы мезгілді, мекенді білдіретін – түнде келді, кешке келді; в) шылаулы сөз – етістік – оқу үшін келдім, сабақтан кейін бар- ды, саған бола аялдадық [53, 30]. Ал 1940 жылғы «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы» деген еңбегінде С.Аманжолов жанасуда негізінде осы пі- кірді қайталай келе, оған адам сияқты сөйледі деген модаль сөз- ді топты да жанасу деп біледі [54, 86]. Бұл мəселе 1980 жылғы мектеп грамматикасының басылы- мында біраз өзгеріске түскенін көруге болады. Онда авторлар жанасудың жасалуына үстеу, көсемше, сан есіммен мезгіл өлше- мін білдіретін секунд, минут, сағат, ай, жыл, сілтеу есімдігімен түні, күні, жылы зат есімдерінің тіркесінен болады деп көрсеткен. М. Балақаев «Кеше мен де жиналыста болдым, асықпай сұ- раққа жауап бердім» деген сөйлемдердегі үстеу мен көсемшенің етістікпен тіркесін ғана жанасуға жатқызады. Автор жанасудың қабысудан негізгі айырмашылығы ретінде сөздердің өзі қатысты сөздермен орын тəртібін басшылыққа алады. Бірақ осы принципті қолданғанымен, автордың қабысу мен жанасуға берілген мысал- дары араласып жатады. Мысалы: автор «тез кел» дегенді қабы- суға жатқызса, ал «кеше мен де жиналыста болдым», дегенді
231 Сөз тіркесі мен жай сөйлем жанасу дей келіп, бір ғана үстеудің іргелес тұрып байланысуын қабысуға, ал алшақ тұрып байланысуын жанасуға жатқызады [55, 10]. Х . Арғынов жанасуға қимыл-сын үстеулерінен басқа үс- теулердің негізгі сөз бен шылау сөздердің тіркесіп, пысық- тауыштық қатынаста жұмсалуын ғана жатқызады. Биыл да совет елі зор табысқа жетті, коммунизмге қарай ілгері жылжыды деген сөйлемдердегі курсивпен жазылған сөздер мен сөздер тобын жа- насу деп біледі [56, 37]. Бірақ Ш. Əуелбаевтың тауға қарай кетті тіркесін жанасу, ал көпірдің үстінен өтті дегенді меңгеруге жатқызуында нендей критерий бар екені айқын емес. Жалпы жанасудың осы күнге дейінгі жасалу жолдары арқы- лы біз меңгерудің, қабысудың жасалу жолдарымен араласып жа- татынын көреміз. Проф. М. Балақаев 1949 жылғы мектеп грамматикасы мен онан кейінгі ғылыми еңбектерінде жанасуды қабысудың бір түрі деп келгені айқын. Сондықтан біз де жанасу туралы сөз болғанда əңгіме тілдегі қабыса алатын сөздер тобының төңірегінде бо- луы тиіс деп білеміз. Жалпы жанасуды меңгерумен араласты- ра қарастыру ғылыми да, практикалық жағынан да дұрыс емес. Ғылыми еңбектерде меңгеруге барыс, табыс, жатыс, шығыс жəне көмектес жалғаулы сөздердің таза жəне ол сөздерге шылаулар- дың тіркесіп келуін жатқызып келеді. Ол тұлғалы сөздер əрі толықтауыштық, əрі пысықтауыштық қатынаста жұмсалады деп, тайға таңба басқандай дəлелдеп те беріледі. Ал мектеп грамма- тикаларында жанасуға осы септік жалғаулы сөздердің таза түрін (мейлі ол толықтауыш, мейлі пысықтауыштық қатынаста бол- сын) меңгеруге, ал шылау арқылы тіркестерін жанасуға жатқыза салады. Сонда теориялық білім мен мектеп грамматикалары арасында қандай сəйкестік бар? Ешқандай сəйкестік жоқ. Негізгі сөз бен шылаулы сөздердің тіркесін жанасуға жатқы- зуға ғалымдар олардың алшақ тұрып та тіркесетінін негізге ала- ды. Шындап келгенде, меңгеріле байланысқан сөздердің бар- лығы да өзі қатысты сөздермен орын таңдамайды емес пе? Олай болса бірін онда, бірін мұнда қалдырып, ереже көбейтуден ұта- тын не бар. Септік жалғаулы сөздерге шылауларды тіркеп, тек меңгеру деп беруден ұтылмаймыз. Бұған қоса меңгерудің ая- сында кеңею процесі басым екені анық. Негізгі сөздерге тек шы-
232 Сөз тіркесі мен жай сөйлем лаулар ғана тіркесіп қоймайды, қазіргі кезде негізгі сөздермен бірлікте көмекші есім, көмекші етістік жəне модаль сөздер де жұмсала береді. Бұған қарағанда, жалпы, барыс, табыс, жатыс, шығыс жəне көмектес жалғаулы сөздер мен шылау, көмекші есім, көмекші етістік жəне модаль сөздердің де тіркесіп (септеліп кел- генде), тек меңгеру аясында қалдыру жанасудың жасалуындағы мəселені оңайлатады. Жалпы жанасудың жасалу жолын меңге- рудің жасалу жолымен шатастырмау керек. Негізгі мəселе қабысу мен жанасудың өзіндік жасалу жол- дарын, олардың əрқайсысына тəн көрсеткіштерін айқындау. Осы күнге дейінгі əдебиеттерде қабыса байланысатын сөздердің орны тұрақты, яғни анықтауыш пен анықталатын, пысықтауыш пен пысықталатын сөздер арасына сөз салмай ғана тіркесуі ке- рек деген пікір басым. Ал жанасу тек пысықтауыш пен пысық- талатын мүшелердің алшақ, іргелес тұрып та немесе кейбір пысықтауыштардың орын тəртібі арқылы байланысады деген тұжырымдар беріліп келеді. Сөйлемде бір-бірімен қабыса бай- ланысатын сөздер мол. Олардың конструкциясы жан-жақты. Қабысу есімді, етістікті деп бөлінеді де, есімді қабысудың бірін- ші сыңарлары зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, есімше жəне үстеу, ал етістікті қабыса байланысқан сөз тіркестерінің бағы- ныңқы сыңарлары үстеу, көсемше, сын есім, сан есім, есімдік, еліктеуіш сөз жəне зат есім делінеді. Бұлардың ішінде жанасу мен қабысудың арасындағы араласып жүрген сөз таптары, біріншіден, үстеу мен көсемше, екіншіден, негізгі сөздерге түрлі көмекші сөздердің түйдектеліп жұмсалуы. Үстеу мен көсемше өзі қатысты сөздермен алшақ жəне ірге- лес тұрып та байланыса береді. Бірақ ол сөз таптарының етіс- тіктермен іргелес байланысуын қабысуға жатқызады да, ал олар- дың алшақ түрін жанасуға жатқызып, бір нəрсенің өзін жақсы оқушы жақсы оқиды дегендегі бірінші «жақсыны» сын есім, өйткені есімнің алдында тұр, екінші «жақсыны» үстеу, өйткені етістікке қатысты жұмсалған деген пікірден ешбір айырмашы- лығы жоқ. Сондықтан алшақ немесе іргелес тұрғанымен, ол сөз таптарының да етістікпен тіркескендіктен қабысуға жатқызу қолайлы деп білеміз. Бірақ үстеулердің септік жалғауларда ке- луін меңгеруге жатқызу керек. Мысалы:
233 Сөз тіркесі мен жай сөйлем Абай осы кеште болған өз халін бұл түнде де, ертеңінде де түсіне алмай кетті (М. Əуезов). Құлаш мойын қызыл нар таңер- теңнен кешке дейін тыныстамады (Ғ. Мұстафин). Екіншіден, етістікті қабыса байланысқан сөз тіркестеріне түр- лі көмекші сөздердің түйдектелуі арқылы жасалған бағыныңқы сыңарларды жанасуға жатқызады да, жанасудың басыңқы сыңары тек етістік болады деп түсіндіреді. Шынында, ғылыми еңбектегі қабысуға жатқызылатын тіл- дік категориялар меңгеру (тек септік жалғаулы сөз жəне септік жалғаулы сөзге көмекші сөздердің тіркесі) мен матасуға (ілік жалғаулы мен тəуелдік жалғаулы сөздер) қарағанда көп. Қабысудың бағыныңқы сыңары ретінде қатыспайтын сөз табы жоқ деуге де болады. Үшіншіден, қабыса байланысатын сөздерге көмекші сөздер нумеративті сөздер, дербес мағынасы бірде бар, бірде жоқ сөздер, мезгіл зат есімдері, қосарлы сан есім сөздер де мол қатысады. Оның үстіне, меңгеруге қатысты кейбір фактілер осы мəселемен араласып беріліп жүргендігі де айқын. Осы сияқты аумағы мол фактілерді бір ғана қабыса байланысқан сөз тіркестерінің көлемінде ғана қарастыру практикалық та, теория- лық та жағынан келмейді. Қазақ тіл білімінде 1939 жылға дейін пысықтауышты арнайы сөйлем мүшесі ретінде қарастыру мəселесі төңірегінде түрлі талас пікір болғандығына қарамастан, пысықтауыш дербес сөй- лем мүшесі ретінде алынып, оның жасалу жолдары жан-жақты қарастырылады. Осы іспеттес басқа түркі тілдерінде болмаға- нымен, қазақ тіл білімі үшін мектеп, жоғары оқу орындарының студенттеріне, тіпті оқытушылар үшін де түсінікті болу үшін мектепте де, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтарда да қабысудан жанасуды арнайы түрде бөліп көрсетіп, оның өзіндік жасалу жолдарын айқындап беруге тиіспіз. Ол үшін қабысу мен жанасудың жасалу жолындағы айырмашылықтарды негізгі сөз таптары жəне негізгі сөз таптары мен көмекші топты сөздердің төңірегінен айқындау керек. Сонымен, осы күнгі мектеп грамматикаларындағы үйге дейін сияқты негізгі сөз бен көмекші сөздердің түйдекті түрін меңге- руде қалдырып, ол қабысудағы бірде алшақ, бірде іргелес тұратын сөз таптарының (үстеу мен көсемше) тұлғалық ерекшеліктерін негізге ала келіп қабысуға жатқызу орынды.
234 Сөз тіркесі мен жай сөйлем Сонда меңгеруге барыс, табыс, жатыс, шығыс жəне көмектес жалғаулы сөздер жəне ол сөздермен түйдектеліп келетін көмекші сөздердің тіркесі жатса, ал қабысуға іргелес те жəне алшақ тұрып та жұмсалатын етістікті сөз тіркестері ғана қатысты деп білеміз. Жанаса байланысу формалары үшін ең негізгі критерий – негізгі сөздерге көмекші сөздердің тіркесі құрамының аясындағы тұлғалық ерекшеліктері. Сонымен негізгі сөз бен септік жалғау- сыз көмекші сөздердің түйдекті түрлері жəне көнеленген септік жалғаулы сөздердің етістікпен де тіркесін жанасу дейміз. Жа- насудың жасалу жолдары мына төмендегіше: 1. Негізгі сөз бен көсемше тұлғалы көмекші етістіктердің дара, күрделі етістікпен тіркесі арқылы. Мысалы: Қатені келе- шекте қайталамайтын боп түсіндіру керек (З. Шашкин). Жұ - манды сөзге тартып, үй ішінің көңілін аулайын деп, Байжан қал- жыңдай сөйледі (Ғ.Мүсірепов). Қорықтан күн шыға атқа мінейік деп асыққан-ды (М.Əуезов). Дəл ортада маржандай ақ тары тө- бе-төбе боп үюлі тұр (Ғ. Мұстафин). 2. Негізгі сөз бен шылау сөздердің дара, күрделі етістікпен тіркесі арқылы. – Хамза, өтінішім болсын, айтшы, сендер тауда болдыңдар ма? – деп сұрады. – Болдық, оны не үшін сұрадың (З. Шашкин). Қыстауға қон- ғаннан бері, кеш сайын Абай ешкімге білдірмей, елеусіз ғана əкесімен оңаша қалады (М. Əуезов). Ендеше Қатпа үшін бұл да қолайлы (О. Омаров). Қазір радио арқылы орталықпен сөйлес- пек (З. Шашкин). Бурабай, Қырау арқылы Омбыға алып баратын екі ақ боз ат есік алдында көп тұрды (С. Мұқанов). Өзен сайын электр станциясы салынған («Соц. Қазақстан»). Ол шетке кеткен соң туғандар екен (М. Əуезов). 3. Негізгі сөз бен модаль сөздердің дара, күрделі етістікпен тіркесі арқылы: Құнанбай естімеген сияқты отыра берді (М. Əуезов). Бұрын көрген дос, таныс тəрізді жаныңды билеп əкетеді (З. Шашкин). 4. Түрлі сөз таптарына, мезгілге, өлшемге байланысты сөздер- дің қосақталып жұмсалып етістікпен тіркесі арқылы: Екі күн өткен соң ауыл Көлқайнардан шығысқа қарай көшті (М. Əуе- зов). Бүгіннің өзінде ғана газикпен жүз отыз шақырымдай жүр-
235 Сөз тіркесі мен жай сөйлем дік (Ə. Əлімжанов). Мен осы арада отыз бес минут отырдым, Ақа (Ғ. Мұстафин). Бұл екеуінің елі жақын, 30–40 шақырым ғана жүреді (С. Сейфуллин). 5. Негізгі сөздерге жолы, бойы, т.б . толық мағынасы жоқ сөздердің қосақталуы арқылы дара, күрделі етістікпен тіркесі. Бұл жолы ол əрі ұзақ ұйықтады, əрі тыныш ұйықтады (В. Ка- таев). Абай бірталай сөздерін адвокат жазып берген арызы бой- ынша айтты (М. Əуезов). Кеше кеш бойы Оспан отауында Мұ- хаметжан Абай сөздерін əрі оқып, əрі жырлап берген (М. Əуезов). Түні бойы ұйықтамаған да болу керек (А. Бек). 6. Негізгі сөздерге елі, кез, т.б . сөздерінің қосақталуы арқы- лы дара, күрделі етістікпен тіркесі. Жұмыстан келгесін атасы- ның қасынан бір елі кетпеді (Ə. Нұрпейісов). Бір кез тіпті баяғы балалық шағын аңсап, ынты-шынтымен еркелегісі кеп тұра- ды (Ə. Нұрпейісов). 7. Түрлі сөз таптарына есе, рет, мəртебе, қайтара қосарлы сан есімдерінің тіркесі арқылы дара, күрделі етістікпен тіркесі. Өткен көктемнің басында Гүлсара бірінші рет Москвада бол- ды (Ə. Əлімжанов). Бекіністі қайтадан алу үшін немістер екі рет шабуыл жасады (Ғ. Мүсірепов). Жұмыс аумағы үш есе ұлғай- ды (Ғ. Мұстафин). 8. Көнеленген септік жалғаулы үстеулердің етістікпен тірке- сі. Əлібек амалсыздан тоқтады (Ғ. Мұстафин). 9. Негізгі сөздерге көнеленген септік жалғаулы кез, шақ, ша- малы сөздерінің қосақталып, дара жəне күрделі етістікпен тіркесі. Қарағандының дөңесіне түскен жалғыз елеулі белгі ашық шах- та «қара жыра» атанып кетіп еді (Ғ. Мүсірепов). Екі-үш күн шамасында қатқан көкше мұзды сықырлатып қатар басып ке- леді (Ə. Нұршайықов). Мынау екі ақын Абайға көп кезде бірге туысқан аға, інідей көрініп қалады (М. Əуезов). Түндегі түнерген бұлттан сол кезде сіркіреп жауын жауа бастады (С. Мұқанов). 10. Көнеленген септік жалғаулы фразеологиялық тіркестер- дің басқа сөздермен тіркесі арқылы: бас аманда, берсе қолынан, бермесе жолынан, бет-аузы шімірікпестен, бесіктен белі шығы- сымен. Мысалы: Əзірет-əлінің көлеңкесінде аман-есенбіз (А. Тоқ- мағамбетов). Еламан бір кіндіктен жалғыз, əке-шешесінен айы- рылды (Ə. Нұрпейісов). Шынында, көмекші сөзді басыңқы сыңар-
236 Сөз тіркесі мен жай сөйлем лар тек етістікті сөз тіркестерінде ғана бола ма? Ондай конструк- циялар есімді қабыса байланысқан сөз тіркестерінде де ұшыра- май ма? Мысалы: Жолдасым отыз-қырықтардың шамасындағы жер ортасы адам (Б. Майлин). Өйткені бұл əуелі соғыс пен бей- бітшілік туралы дау ғой (Ə. Əлімжанов). Жаңа қалада, жаңа бақшаның ығында, үш қабат үй тұр (Ғ. Мұстафин). Күншығыс жақтағы өзеннің бойындағы төмпешіктен бір қылаң атты шыға келді (С. Сейфуллин). Əдетте, байлар киіз үйдің басқұр, желбау, таңғыш сияқты бауларын кілем түсті қып тоқытады (С. Мұқа- нов). Азықтар, көрпе-жастықтар əлденеше қабат жазғы киімдер болсын, барлығы да күймеге түгел салынып болған-ды (М. Əуе- зов). Осы сөйлемдерде мынадай көмекші сөзді сөз тіркестері бар: 1. отыз-қырықтар шамасындағы адам. 2. соғыс пен бейбітшілік туралы дау. 3. күншығыс жақтағы өзен. 4. Еген өзенінің бойындағы төмпешік. 5. басқұр, желбау, таңғыш сияқты баулар. 6. үш қабат үй. 7. əлденеше қабат киімдер. Міне, осы сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарлары басыңқы сыңарларымен тікелей тіркеспейді. Көмекші дəнекерлер арқылы тіркесі де қай байланысу формасына тəн екендігі белгісіз. Біз- діңше, бұларды есімді қабыса байланысқан сөз тіркестеріне жат- қызу орынды. Сонымен, жанасу тек көмекші сөздер арқылы жа- салып, тек дара жəне күрделі етістікті сөз тіркестерінде ғана кездеседі. 4. Есімдіктердің етістіктермен қабыса байланысу формасы Есімдіктер морфологиялық жағынан мол зерттелген сөз та- бы, олар барлық оқулықтарда жеке монографиялық еңбектер кө- лемінде зерттелгені белгілі. Онда есімдіктердің түрлері, шығу тарихы, синтаксистік ерекшеліктері сөз болады. Əрине есімдіктердің морфологиялық зерттелуімен бірге, тақырыптың соңында есімдіктердің синтаксистік қызметтері де аздап сөз бо- лады. Шындап келген-де, ондай талдау барысында есімдіктердің синтаксистік ерекшеліктері толық ашылады деп айта алмаймыз.
237 Сөз тіркесі мен жай сөйлем Ондай еңбектерде есімдіктердің ішінде жіктеу, өз есімдіктерінің ғана синтаксистік ерекшеліктері сөз болады да, ал басқа топта- рының синтаксистік ерекшеліктері онша елене бермейді. Есімдік- тердің синтаксистік ерекшеліктері туралы арнайы еңбек жоқ. Бірақ М. Балақаев «Қазіргі қазақ тілі оқулығында» есімдіктердің есімдермен қабыса байланысы туралы арнайы жеке қарастыра келіп, есімдіктердің ішінде қабыса байланысуға қатысты топ- тарының есімдермен тіркесу қабілеті, ондай кездегі мағыналық ерекшеліктері мен синтаксистік қатынастарын біраз сөз еткені айқын. Сөйтіп, есімдіктердің есімдермен де тіркесі арнайы сөз болғанымен, бұдан есімдіктердің басқа сөздермен тіркесу қабі- летіндегі өзіндік қыры мен сыры түгел айқындалды деп айта ал- маймыз. Егер зат есім, сын есім, сан есімдердің тіркесу қабілеті əрі есімді, əрі етістікті сөз тіркестерінде де жан-жақты қаралып, ал есімдіктердің тек есімді сөз тіркесінде қаралуы оның əлі де болса тіркесу мүмкіншіліктерін толық меңгермеуден туып отыр. Жалпы есімдіктер сөйлемде мол жұмсалады. Бастауыштың да, баяндауыштың да, т.б . сөйлем мүшелерінің жасалуында есімдік- тер басты тұлға. Əсіресе бастауыш қызметінде жұмсалуға кел- генде зат есімдерге қарағанда есімдік, оның ішінде жіктеу есім- діктерінің қызметі ерекше. Бірақ біз бұл жерде есімдіктердің барлық сөйлем мүшелері қызметіндегі ерекшеліктерінен гөрі етістіктермен ғана қабыса байланысып, етістікті сөз тіркесін құрауы туралы сөз қозғамақпыз. Жалпы есімдіктер жай сөйлем синтаксисі, оның ішінде сұраулы сөйлемдердің жасалуында барлық еңбектерде айтылып келеді. М. Балақаев сұраулы сөйлемнің жасалуында кім, не, қашан, қандай, кімді [57], О. Төлегенов не, кім, қашан, қай, қанша, неше, қайсы, қайдан, қалай сұрауларын көрсетеді [58]. Х . Арғынов сұраулы сөйлемнің жасалуында сұрау есімдіктері қатысады деу- мен шектеледі [59]. Н .Сауранбаев сұрау есімдігіне кім, не, қай- сы, қандай, қалай, қанша, неше, нешеу, қайданы жатқызса [60], Ə. Төлеуов сұрау есімдіктеріне кім, не, негізгі есімдіктермен бір- ге қайсы, қайда, қалай, қандай, неше, нешеу, нешінші сұрау есім- діктерінің қатысуы арқылы жасалады дейді [61]. Сұрау есімдіктерінің сұраулы сөйлемді жасаудағы ерекше- лігінен мынаны аңғаруға болады. Қандай, қай, неше есімдіктері
238 Сөз тіркесі мен жай сөйлем қанша бала, неше оқушы, қай кітап тəрізді сөз тіркестерін құ- рауға бейім болса, қайда, қайдан есімдіктері тек етістіктермен меңгеріле байланысады. Ал қанша, қалай, қашан сұрау есімдік- тері тек қана етістіктермен тіркесте жұмсалып барып, сұраулы сөйлем жасалады. Жай сөйлем синтаксисінде қолдануға бейім сұрау есімдіктерінің ондай ерекшеліктері сөз тіркесі ыңғайында да арнайы қаралуға тиіс. Өйткені М. Балақаев, сұрау есімдікте- рінің есімдермен тіркесі туралы айтса, сол сұрау есімдіктерінің етістіктің алдында да келіп, əрі меңгеріле, əрі қабыса байланы- сатынын арнайы қарастырмайды. Сонда есімдермен тіркесуге қабілетті есімдіктер, зерттей келгенімізде, етістіктермен де тір- кесе алады деген қорытындыға келеміз. Бұл туралы кейбір мəлі- метті біздің «Есім пысықтауыш» деген еңбегімізден қараңыз [62]. Етістіктермен қабыса байланысатын есімдіктерге мыналар жатады: - жалпылау есімдігі: түгел, əлденеше, əлдеқалай; - сұрау есімдігі: қанша, қашан, қалай; - белгісіздік есімдігі: əрқалай, əлдеқашан, əлденеше; - болымсыздық есімдігі: ешқашан, ешқандай. Бұл есімдіктер таза күйінде орын тəртібі арқылы етістіктер- мен тіркесе алады. Бірақ кез келген есімдік кез келген етістікпен тіркесе береді дегеннен аулақпыз. Енді əрбір есімдіктің етістік- термен тіркесін жеке-жеке көрсетейік: Амандасты сөйледі келіп кетті қайталады əлдеқалай хабарласты əлденеше барып қайтты жүріп кетті айтып берді келді көрді кетті алды түгел хабарлады үйренді жиналды сөйлесті қатысты оқыды пісті жазды естілмеді көрмеді келмеді ұстатпады
239 Сөз тіркесі мен жай сөйлем ешқашан жетпеді ешқандай сынбады отырмады ұялмады айтпады сөйлесмеді түсірілмеді ойламады əлдеқалай кінəлады əлдеқашан орналасты ұрды бітті жинады кетіп қалды əлдеқашан орындалды əлденеше қайталады естілді келіп кетті Бұған қарағанда есімдіктер есімдермен қаншалықты тіркеседі делінгенмен, олар тек мағынасы жағынан үйлесімді етістіктермен тіркесіп қана жұмсалады. Сонымен, есімдіктер – етістікпен тіркесе алатын сөз табы. Есімдіктер етістікпен əрі қабыса, əрі меңгеріле байланысады. Есімдіктер етістіктермен тіркескенде екі түрлі жағдайда кездеседі: біріншіден, таза атау тұлғада жəне түрлі көмекші сөздер арқылы етістіктермен тіркеседі. Мысалы: Ол бұл ауылды бар əңгімеге түгел қандырды (М.Əуезов). Есеней тобы аңырап қалды. Не істеу керек? Қара жорғаны қыздың айы- бы деп қалай алып қалар? (Ғ. Мүсірепов). Басқалар қандай қуанса, ел де сондай қуанған еді (Ə. Əбішев). Төлекбайдың Назгүл дейтін қызының қалыңмалын əлдеқашан төлеп қойған (Ə. Əбішев). Міне, осы рейд ауданда қалай өткізілуде? («Лениншіл жас»). – Жесеңші, Абай. Алмадың ғой, – деп əлденеше қозғап көріп еді, Абай жей алған жоқ (М. Əуезов). Жап-жас жігітті танып-біліп болмай, ұрда-жық, сотқар деп қалай айтарсың (Ғ. Мүсірепов). Сен бізді қашанғы сарғайтпақсың (Ə. Сəрсенбаев). Есімдіктер осы сияқты таза түріндегі тіркесуімен бірге түрлі көмекші сөздер арқылы да етістіктермен қабыса байланысы жиі кездеседі. Ондай көмекші сөздерге қосарлы сан есімдер, көмекші етістік, модаль сөздер жатады. Ондай көмекші сөздер өзі қатысты есімдіктермен түйдекті тіркес құрай келіп, пысықтауыш қызметінде жұмсалады. а) Есімдіктердің түрлі қосарлы сөздер арқылы етістікпен тіркесі. Ондай қосарлы сөздерге рет, есе, дүркін, мəрте тағы да басқа сөздер жатады. Асықпа. Əлде əлденеше рет тоярсың. Бар аттарыңды доғар (С. Көбеев). Ел екі жар болған соң, кім ант ішіп ақтап, арамдығын жақтап, сүйемін
240 Сөз тіркесі мен жай сөйлем десе соған жақ болып, сүйеніп бұрынғыдан ұрлығын əлденеше рет асырды (А. Құнанбаев). Рақымжанға əлденеше қайтара айтқан (С. Шəріпов). Ол бірнеше мəрте басылып шығып, студенттер- ге жоба сілтеуде аз-кем қызмет атқарып келеді (З. Қабдолов). ə) Есімдіктерге кейде көмекші де, бол, етістіктері мен бойы кө- мекші есімі тіркесу арқылы да жасалады. Мысалы: Жаңағы əн Көркембаланың өз əні боп, даусыз сол ғана боп танылады (М. Əуезов). Бірақ анау деп, мынау деп шуылдап қашып, алименттің ырым-жырымын шығарып, жөнді əлі бермей жүр («Қазақстан əйелдері»). Сол бойы өзенге тарттым (С. Жиренов). Сонымен, есімдіктерді зат есім сияқты септелетін сөз табы десек, бұл оның етістіктермен меңгеріле байланысатындығын көрсетсе керек. Есімдіктердің етістіктермен қабыса байланысы өз алдына арнайы зерттеуді қажет ететін үлкен бір сала болып табылады. 5. Сөз тіркестерінің байланысу тəсілдері, түрлері, жасалуы Сөз тіркестерінің басты бір саласы – байланысу тəсілдері. Сөз тіркесінің байланысу формалары мен түрлері синтаксистік қатынастарына қарағанда оның байланыс тəсілдері əзірше түркологияда да, қазақ тіл білімінде де тек оқулық көлемінде ғана айтылып келеді. Тіпті қазіргі əдебиеттерде байланысу тəсілдерінің атауы туралы əртүрлі көзқарастар кездеседі. Е.И . Убрятова, Н.З. Гаджиева мен Б.А . Серебренниковтар сөздердің байланысу формаларын байланысу тəсілдері деп атайды [63]. Ал қазақ тіл білімінде сөз тіркестерінің байланысу тəсілдері түрліше түсінді- ріліп жүр. Кейбір ғалымдар сөз тіркесінің байланысуы туралы айтқанда, бағыныңқы сыңары мен басыңқы сыңарларның орын тəртібі, шы- лаулар, жалғаулар жəне интонация арқылы байланысады деумен шектелсе, екінші бір топ ғалымдар бұған қоса аналитикалық, синтетикалық тəсілдерін де қоса көрсетеді [64]. Енді бір ғалымдар, сөз бен сөз төрт дəнекер арқылы байла- нысатындығын айта келіп, оларды əрі қарай аналитикалық, синтетикалық деп қосымша беріп отырады [65]. Проф. М . Балақаев сөз тіркестерінің байланысу тəсілдерін бірден аналитикалық жəне синтетикалық деп берсе [66, 13-19],
241 Сөз тіркесі мен жай сөйлем кейбір еңбектерде оған үшінші етіп аналитикалық-синтетикалық тəсілдерді де қосады [67]. Сөз тіркестерінің байланысу тəсілдері жайлы пікірлердің бұлайша əртүрлі болуының өзі бұл саланың аз зерттелгендігін білдіреді. Жалпы сөз тіркесі байланысу тəсілдерінің атының өзі- нің қалыптасуы, оның оқулықтардағы берілу дəрежесі, түрлері, олардың əрқайсысының ішкі ерекшеліктері, оның практикалық мəні сияқты мəселелер жеке қарастыруды қажет етеді. Сессияның жұмысында кадрларды даярлау мəселелері үлкен орын алды («Социалистік Қазақстан») деген сөйлемде сессия, жұмыс, кадр даярлау, мəселе, үлкен, орын, алу сияқты 7 сөз бар. Осындағы сөздерді жеке-жеке алып қарастыратын болсақ, онда ол жеке лексиканың немесе морфологияның объектісі деп ойлаған болар едік. Ал бұл жерде біз олардың сөйлемдік дəрежеде қолданылуында өзіндік сатылау процесінің бар екенін көреміз. І. Осы сөйлемдегі сөздердің кез-келгені екінші бір сөзбен байланыса бермейді, оның ішіндегі əрбір сөз екінші бір сөзбен тек мағыналық жағынан қатысы барлары ғана бір-бірімен өзара байланысып, грамматикалық мағынаға ие болады. Сонда сөз бен сөздің тіркесуінде ең негізгісі олардың, яғни тіркесетін сөздердің мағыналық жақындығы негізге алынса, екіншіден, сол мағыналық жақындықты одан да əрі тұтастыра түсуде түрлі дəнекерлердің де қызметі ерекше. Мысалы: жоғарыдағы сөйлемдегі сессия жұмыс сөздері осы қалпында өзара байланыса алмайды, олар өзара байланысу үшін бірінші сыңарына да, екінші сыңарына да дəнекер жалғануы тиіс. Сонда сессияның жұмысы сияқты бірінші сыңарына ілік жалғауы, ал екінші сыңарына тəуелдік жалғауының жалғануы арқылы ғана өзара грамматикалық тұтастықта айтыла алады. Сол сияқты осы сөйлемдегі басқа сөздер де өзара тек түрлі дəнекерлер арқылы ғана байланысқанда ғана мағына жағынан да, түсініктілігі жағынан да жымдаса құралған сөйлемнің ішіндегі кішкентай бір мағыналық бөлігі болып табылады. Осындай мағыналы топтардың негізінде сөйлем құралатыны белгілі. Олай болса, сөйлемдегі сөздер қалай болса солай байланыса салмай, белгілі дəнекерлер арқылы байланысып топталуы өзара пікір алысу дəрежесіне жетудің басты шарты болып табылады. Бұған қарағанда тілдегі лексика саласындағы дербес мағынасы бар не-
242 Сөз тіркесі мен жай сөйлем месе дербес мағынасы жоқ сөздеріміздің барлығы да ретіне қарай сөйлемде жұмсалады. Бірақ сол белгілі бір сөз тобына қатысты сөздер қалайда сөйлем ішінде өзара тек дəнекерлер арқылы байланысқанда ғана сөйлем құрауға негіз болады. Сөздерді зат есім, сын есім, етістік, үстеу, т.б . топтау олардың морфологиялық белгісіне негізделеді. Олардың сол сөйлемде қолданылуының өзі сол сөз таптарының морфологиялық өзгерісіне байланысты. Əдетте бір сөз табы морфологиялық өзгеріске ұшырап, сеп- теліп, көптеліп, тəуелденіп жұмсалса, ал енді бір сөз таптары ондай қасиетке ие емес. Жалпы тіл біліміндегі кейбір пікірлерге қарағанда жеке сөз табы деп қолданылатын бала зат есіміне ба- рыс септігінің жалғануының екі сыры бар демекпіз. Бала сөзінің барыс немесе басқа септіктерде септелуі ол зат есімнің негізгі қасиеті десек, сол сөздің балаға, баладан, баламен болып айты- луы мен қолданылуының өзінен сол сөздерге басқа бір сөздердің тіркесу қажеттігі туатындығы айқын. Олай болса сол септік жал- ғауларының өзі синтаксистік категорияның, яғни сөз тіркесінің бір сыңары болудың алғы шарты. Бұдан синтаксистің үлкен бір саласы сөз тіркесінің морфологиямен тығыз байланыстылығын көруге болады. Сонда сөз бен сөздің өзара сөз тіркесін құрауын синтаксистік мəселе десек, ал олардың аралығындағы дəнекер эле- менттер морфологиялық элементтер болып табылады екен. Жалпы сөз бен сөздің өзара тіркесіп, белгілі бір грамматика- лық мағына тудыруында байланысу тəсілдерінің қызметі ерекше. Елуінші жылдардың басында-ақ академик В.В . Виноградов сөз тіркесін зерттеудің негізгі проблемаларын көрсете отырып, сөз тіркесінің жасалу тəсілдері мен олардың бір-бірімен байланысы («о способах распространения словосочетаний и сцепления их друг с другом») деген сұрақты бөліп көрсеткен болатын [68, 394]. Ертеректегі тілдің даму процесін зерттеуші ғалымдардың пікірлеріне қарағанда, сөйлем құрамындағы, тіпті, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын дəнекерлер болмаған делінеді. Сонда сөз бен сөздің, сөйлем мен сөйлемнің арасының дəнекерлік қасие- ті көбіне іргелес тұру арқылы ғана жүзеге асқан сияқты. Əрине, сөз бен сөздің, сөйлем мен сөйлемнің арасындағы дəнекерлер туралы көбіне оның ішіндегі құрмалас сөйлемдердің арасындағы дəнекерлер туралы сөз болғаны белгілі. Ал сөз
243 Сөз тіркесі мен жай сөйлем тіркесіндегі байланысу тəсілдерінің қалыптасуы əзірше сөз бол- ған жоқ. Құрмалас сөйлемдерді өзара байланысына қарап паратаксис, гипотаксис дейтін үлкен екі топқа бөліп қарастыратыны белгілі. Сонда құрмалас сөйлемдердің əрбір сыңарының бір-бірімен ешбір дəнекерсіз тек іргелес тұруы арқылы байланысуын паратаксис дейді. Оның негізгі мəні оны құрайтын əрбір сыңары бір-бірімен ешбір жалғаусыз, қосымшасыз тек мағыналық байланысы ғана негізге алынады. Бұған қарағанда екі немесе бірнеше сөйлемдер- дің өзара бір құрмалас сөйлем болып бірігуінде көбіне орын тəр- тібі басым сияқты. Ал құрмалас сөйлемдердің бір-бірімен өзара түрлі дəнекер арқылы байланысы гипотаксис делінеді. Ғалым- дардың айтуына қарағанда, құрмалас сөйлемдердің гипотаксис, па- ратаксис түрлері арқылы байланыстарының алдымен паратаксис, соңынан гипотаксис түрінің пайда болуы нақтылы дəлелденген. Құрмалас сөйлемдердегі осындай құбылыс сөз бен сөздің өзара тіркесі негізінде де айқын байқалады. Əрине, сөз тіркестеріндегі қабыса, меңгеріле, матаса, қиыса байланысқан байланысу фор- маларының тілдік жағынан қалыптасуының да өзіндік тарихы болуы керек. Біздіңше, сөз тіркестерінің байланысу тəсілдерінде де меңгеру, матаса байланысу формаларына қарағанда екі сөздің орын тəртібі арқылы байланысуын ерте формасы деу орын- ды сияқты. Сонымен, сөз тіркестерінің байланысу тəсілдерін аналитикалық, синтетикалық жəне аналитикалық-синтетикалық тəсіл деп үшке бөліп беруді жөн көрдік. Енді сол байланысу тəсілдерінің ішкі ерекшеліктеріне тоқ- талалық. І. Синтетикалық тəсіл. Синтетикалық тəсіл жайлы сөз ет- пес бұрын синтетикалық деген терминнің өзі нені білдіреді, соған тоқталайық. Синтетикалық – грек сөзі. Грек тілінің (sinthetikos) «тізбек», «құрастыр», «біріктіруші» сөздерінің синтезі нəтижесінде жа- салған термин. Синтетикалық тəсіл осы уақытқа дейінгі зерттеулерде тек төрт жалғаудың қатысы арқылы жүзеге асады делінеді. Шынында, бұл дұрыс түсінік. Бірақ сол төрт жалғау арқылы сөз бен сөздің байланысының өзінен олардың іштей арақатынасының бірдей
244 Сөз тіркесі мен жай сөйлем еместігін көруге болады. Септік жалғау мен көптік жалғау сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарына қатысты болады. 1. Септік жалғаулары. Осы күнгі ғылыми еңбектерде септік жалғаулары жайлы пікірлерде бірізділік бар. Сөздерге септік жалғануының өзі оның басқа бір сөзге қатысты екендігін көрсетеді. Барыс, жатыс, шығыс, көмектес жалғаулы сөздердің басқа сөздерге қатысынан оның байланысу тəсілі айқындалады. Септік жалғауы- ның басқа жалғауға қарағанда сөз бен сөзді байланыстырудағы рөлі ерекше. Септік жалғаулары басқа сөздермен, біріншіден, сабақтаса байланысса, екіншіден, сол сөздердің байланысының нəтижесінде грамматикалық қосымша мағынаға ие болады. Мы- салы: Нариманды ымдап шақырып еді (Ш. Мұртазаев) сөйлемдегі сөз тіркесі – Нариманды шақырып еді. Бұндағы жалқы есімді жалғаусыз айтсақ, Нариман шақырып еді болып, сөздердің байла- нысы мүлдем өзгеріп кетеді. Септік жалғаулары сөз бен сөзді байланыстырумен қатар, түрлі-түрлі синтаксистік қатынасты, яғни барыс септігіндегі сөз- дер беталысты, бағытты, мақсатты, мезгілді, т.б . білдіреді. Сондай мағыналық қатынастар тек жалғау жалғанған сөздердің əртүрлі болуынан ғана тумайды, тұтас сөз тіркесінің қарым-қатынасы- нан туады. Септік жалғаулы сөздер мағыналық үйлесімі бар етіс- тіктермен ғана сөз тіркесін құрай алады. Мысалы, машинаны де- ген сөз бұз, жөнде, айда, жу, сүрт, ал, бер, т.б. сөздерді ғана керек етеді. Бұлай болуының екі түрлі себебі бар: Біріншіден, əрбір етістіктің мағынасы солардың тиістісін тілеп тұрады. Сол мағыналар мен синтаксистік қызмет əуелі тіркес құрамында пайда болады. Солай үйлесімін тапқан сөздер тіркесі көп жылғы дағды бойынша өздерінің ұяласқан жұбын жазбайды. Одан сəл ауытқу, бір жалғаудың орнына екінші жалғау жұмсай салу сөз тіркесінің тұрқын бұзады. Мысалы, атқа мінді дегенді аттан мінді, атпен келді дегенді аттан келді деуге болмайды, болса басқа мағынада жұмсалады [69, 48]. Септік жалғауларының сөз бен сөзді байланыстырудағы қыз- метінің өзін екі жақты қарау керек сияқты. Ілік жалғаулы сөз бен оның басыңқы сыңары жəне барыс, табыс, шығыс жалғаулы сөздердің басыңқы сыңарларымен арақатынасы, сөз табына
245 Сөз тіркесі мен жай сөйлем қатыстылығы жағынан өзара бірдей емес. Оның өзі ондай кездегі сөз тіркестерінің түрлерінің пайда болуына, яғни ілік жалғаулы сөздер арқылы негізінде есімді сөз тіркестері де, ал басқа жалғау- лар арқылы əрі есімді, əрі етістікті сөз тіркестері жасалады. Осы Шұғыланың өзінде қаншама завод салынады, осы аймақтан қан- шама кеніш ашылады (Ш. Мұртазаев). Оның көзіне ит қандай дəу болып көрінді десеңші (И. Тургенов) деген сөйлемдерде Шұғы- ланың өзі, оның көзіне сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңар- ларындағы Шұғыла сөзінің басқа сөздермен тікелей байланы- суында ілік жалғауының дəнекер болуы себеп болып тұр. Ілік жалғаулы сөздер өзі қатысты сөздермен ондай кезде алшақ та, іргелес те тұра беруі мүмкін. Ілік жалғаулы сөз міндетті түрде басқа бір сөздердің белгілі көрсеткішін қажет етеді, яғни ілік жалғаулы сөздер міндетті түрде тəуелдік жалғауды қажет етеді. Кез келген сөз табы ілік жалғауында жұмсала бермейді. Он- дай кезде көбіне бірінші орында зат есім мен есімдік жұмсалса, онан кейінгі орында сын есім, сан есім, есімше, қимыл есімі, т.б. жұмсалады. Кейде ілік жалғаулы сөздер үнемі өзі басыңқы сөзімен сөз тіркесін құрауға қатыса бермейді. Мысалы: Бір елдің ішінде жамағайынды кісіні бірге туғандай көріп, іші елжіреп, жақсы көріп тұрып елге келсе, əрберден соң қайта қашқандай қылатұғыны қалай («Лениншіл жас») деген сөйлемдегі ілік жалғаулы ел зат есімі іші көмекші есімімен байланысып сөз тіркесін құрай ал- майды. Ондай кездегі ілік жалғауы сөз көмекші сөздермен тек түйдекті тіркес құрайды. Барыс, жатыс, шығыс, көмектес жалғаулары жалғанған сөзде- рін негізінен етістікпен байланыстырып тұрады. Бұл жалғаулар- дың есімдермен тіркесуі де актив құбылыс. Барыс, табыс, жа- тыс, шығыс жəне көмектес жалғаулы сөздердің əрқайсысының қыз-меті əртүрлі жəне олардың түрлері де көп. Зат есімдер мен жіктеу есімдіктері жəне заттанып септелетін сын есім, сан есім, есімше, кейде қимыл есімі мен үстеу сөз таптарын етістік, есім жəне есім мен көмекші етістік, бар, жоқ сөздерімен байланысты- рып тұратын барыс, табыс, жатыс, шығыс жəне көмектес септік жалғаулары. Бұл жалғаулардың ішінде барыс, табыс, шығыс жəне көмектес жалғаулы сөздер басыңқы сыңармен тіркескен кезде ешбір өз-
246 Сөз тіркесі мен жай сөйлем геріске ұшырамайды, ал жатыс жалғаулы сөздер қалада жүр деп айтумен бірге кейде жатыс жалғаулы қала сөзіне -ғы, -гі жұрнағының жалғануы арқылы, яғни соңғы жұрнақтың əсерімен енді есімдікті сөз тіркесіне ауысып кетеді. Мысалы: Қаладағы үй дегендей. Жалпы алғанда бұл жалғаулар – сөз бен сөзді байла- ныстыруда басқа жалғауларға қарағанда өте актив. 2. Тəуелдік жалғауы. Тəуелдік жалғауы да А. Ысқақов айт- қандай, морфологиялық, синтаксистік жəне аралас тəсіл арқы- лы жасалады. Əрине, соның ішіндегі тəуелдік жалғауының мор- фологиялық тəсілі үш жақта да жалғаулар арқылы берілетіні белгілі. Əрине, мұнда қай сөз таптары тəуелденеді дегеннен гөрі сол тəуелдік жалғаулы сөздер қандай сөз тіркестерінде кездеседі де- ген сұрақ басты мəселе болып тұр. Ондай кезде тəуелдік жалғау- лы сөздердің сөзді өзі аяқтап тұруы ғана негізге алынуы керек. Ал олардың балаларымның сияқты ілік жалғауының алдында келуі сөз бен сөзді байланыстыра алады деп ойлаймыз. Зерттей келгенде, тəуелдік жалғауы көбіне сөз тіркесінің соңғы сөзіне жалғанады делінеді. Мысалы, Алтайдың қара шаңырағы тұрғанда, қайда барамыз?(Ғ. Мұстафин), Алтайдың шаңырағы де- ген сөз тіркесінде тəуелдік жалғауы басыңқы сыңарда айтылып, өзіне ілік жалғауды керек етіп тұр. Сонда тəуелдік жалғаулы сөз- дер осы қалпында матаса байланысқан сөз тіркесін құрауда үш түрлі жағдайда кездеседі. Біріншіден, ондай тіркесте тəуелдік жалғауы үнемі айтылатын болса, екіншіден, бағыныңқы сыңарлары біз, сіз есімдіктері болып келгенде тəуелдік жалғауы негізінде түсіріліп те, кейде түсірілмей де айтыла береді, үшіншіден, тəуел- дік жалғаулы сөздерге өзінен кейін тағы да септік жалғаулары келе береді, ондай кезде тəуелдік жалғауының сөз бен сөзді жалғастыру қызметі солғындап, өзінен кейінгі сөздің қызметі арта түседі. Үлкен ақ үйдің терме баулары барқыт пен жібекке, кесте мен оюға, бояу мен сырға орап қойғандай (Ғ. Мүсірепов) деген сөйлемдегі тəуелдік жалғаулы баулары сөзі (үшінші жақ, көпше түрі) үйдің деген ілік жалғаулы есім сөзді керек етеді. Кейде тəуелдік жалғауларының үстіне септік жалғаулары жалғанып, сол арқылы ол сөздерді басқа етістіктер (кейде есім-
247 Сөз тіркесі мен жай сөйлем дер) жетектеп тұрады. Мысалы, Байжанның баласы Апақ суыр інінен шыққан жылтыр тас көмірге кездесті (Ғ. Мүсірепов). Мар- тен цехында инженер Сағатова – құрышты ОТК-ға тапсырайын деп жатыр екен (З. Шашкин). Бұл сөйлемдердегі тəуелдік жал- ғаулы сөз тіркестері суыр інінен, Мартен цехында, ондағы тəуел- дік жалғаулы сөздерге шығыс, жатыс септіктері жалғанып тұр. Тəуелдік жалғауларының матаса байланысқан сөз тіркесінің басыңқы сыңары болуымен қатар, сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары болу қызметі де кездеседі. Сол сияқты тəуелді жалғаулы сөздер сөйлемде тек мата- са байланысқан сөз тіркестерін құрап қоймай, кейде қиыса байланысқан сөз тіркестерін де құрауға қатысты. Ағаш көркі – жапырақ, адам көркі – шүберек (Мақал) – дегендегі ағаш көркі, адам көркі тəуелді жалғаулы бастауыштар тəуелдік жалғауының ІІІ жағында келуі арқылы баяндауышпен қиыса байланысқан. 3. Жіктік жалғауы. Жіктік жалғауы қиыса, меңгеріле, қабыса байланысқан сөз тіркестерінің басыңқы сыңарларына жалғанады. Əрине жіктік жалғауын қабылдауға бейім сөз етістік, сол сияқты есімдер де жіктік жалғауды қабылдап, баяндауыш қызметінде жұмсалады. Жіктік жалғауы сөйлемнің баяндауыш қызметінде жұмсала- тын сөздерге екі түрлі жағдайда жалғанады. Біріншіден, ол жал- ғау сөзге бірнеше жалғау жалғанғанымен, олардың барлығынан соң жалғанады. Мысалы, Біз үйдеміз. Екіншіден, кейде жіктік жалғаулары көптік жалғауларының алдында келіп жұмсала береді. Мысалы, оқа емес, сендер өз аттарыңды тарихта онсыз да қалдырдыңдар («Лениншіл жас»). Бірақ жіктік жалғаулары мейлі сөздің соңында, мейлі белгілі бір жалғаулардан бұрын келгенімен, бəрібір біріншіден, баяндауыштық тұлға болып есептеледі де, екіншіден, сөйлемдегі басқа сөздерге басыңқылық қызмет атқарып, сөйлемнің ішінде сөз тіркестерін құрауға себеп болады.Əрине, етістіктер сөйлем- нің соңында келіп, сөз тіркесінде басыңқылық қызметте жұм- салған кезде олар əртүрлі тұлғада да жұмсала береді. Яғни бер, берген, беріп, т.б . тұлғаларда келіп, сөз тіркесінің басыңқы сы- ңарында жұмсала береді. Таяқ жесе же, Елена Павловна жылаған баланы уатып, ал- дында қарусыз елге қожаңдап тұрған Хайровты көзімен атып тұр
248 Сөз тіркесі мен жай сөйлем (Ə. Шəріпов). Міне, осында уату етістігі көсемше тұлғасында бала сөзімен меңгеріле байланысқан сөз тіркесін құрауда. Бұл процесс – тек құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңары кезінде ғана болатын құбылыс. Ал құрмалас сөйлемнің басыңқы сыңарының жəне жай сөйлемнің баяндауышы кезінде етістіктер тиянақсыз тұлғада емес, міндетті түрде өзіндік тиянақты тұл- ғасында немесе көмекші сөздердің қызметі арқылы ғана келеді. Жіктік жалғауының етістікке жалғанып, басыңқы сыңарда жұм- салуында, əдеттегі есімше, көсемше тұлғасында етістіктерге қарағанда қалайда тиянақтылық қасиет басым болады. 4. Көптік жалғауы. Көптік жалғауы тіліміздегі көп қолда- нылатын жалғаулардың бірі. Мысалы, 1. Мен үйге бара берейін, сендер асықпай келерсіңдер (І. Жақанов). 2 . Есік алдында тұрмай үйге кіріңіздер. 3 . Жұмысшылар интернационалға кіре бастаса-ақ болды (Э. Золя). Бұл сөйлемдердегі көптік жалғаулы сөз тіркес- тері жұмысшылар кіре бастаса-ақ болды, сендер келерсіңдер, сіздер кіріңіздер. Жалпы көптік жалғауы зат есімге, субстантивтенген сөз тап- тарына жалғана-тындығы белгілі. Əрине, көптік мағына лекси- калық, морфологиялық жəне синтаксистік тəсіл арқылы беріледі. Ал сөз тіркесінің бір сыңары болуы үшін немесе сөз бен сөзді байланыстыруда біздің негізгі объектімізге көптік жалғаулы сөздердің морфологиялық тəсілі негізге алынады. Ондай мор- фологиялық тəсіл арқылы жасалатын көптік жалғауының көрсет- кіші -лар, -лер (оның варианттары). Осы көптік жалғауларының сөзге жалғануының өзінің екі жолы бар сияқты. Жаңаларды жеке жібермей, ескілерді баулыса қайтеді? (Ғ. Мұстафин) – деген сөйлемде жаңаларды жібермей, ескілерді баулу сияқты меңгеріле байланысқан сөз тіркестері бар. Міне, осы сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарларындағы сөздерде жаңа, ескі сөздеріне əрі көптік, əрі септік жалғаулары бірдей жалғанған. Бірақ осындағы сөз бен сөзді байланыстыру рөлін көптік жалғауы атқарып тұр дей алмаймыз. Өйткені оның бұл жердегі қызметі сол сөздің көп- тік мағынасын білдіреді де, ал ол сөзді басыңқымен байланыс- тыруда табыс септігі негізгі қызметке ие болып отыр. Біз бұл жерде көптік жалғаулы сөздер туралы айтқанымызбен, оны жеке алып қарау мақсатын қойып отырғанымыз жоқ. Біз көптік жал-
249 Сөз тіркесі мен жай сөйлем ғаулы сөздердің басқа сөздермен байланысып, сөз тіркесін құрау жағын ғана қарастырамыз. Сөз тіркестерінің қабыса, меңгеріле, қиыса жəне матаса байланысқан түрлерінің ішінде көптік жал- ғауы тек қиыса байланысу формасын құрауға қатыса алады. Бас- қалары көптік жалғауы арқылы байланыспайды. Ал қиыса бай- ланысқан сөз тіркестерінің сыңарлары бастауыш жəне баянда- уыш екендігі белгілі. Сонда көптік жалғауы ондай сөз тіркесінің бірінші, екінші сыңарына да жалғанады. Бірақ ол жалғаудың он- дай кездегі қызметі бірдей емес. Ондай сөз тіркестерінде көптік жалғаулары көбіне бірінші, яғни бастауыш болып тұрған сөздерге жалғанады да, ал баяндауыш болып тұрған сыңарлары етістік бо- лып келсе, оған көптік жалғауы ІІ жақтың көпше түріне жалға- нады. Мысалы: Сендер келіңдер, сіздер келіңіздер. Ал есімдер- ден баяндауыш болып келгенде де ретіне қарай жалғануы мүмкін. Бұған қарағанда, көптік жалғауы сөз тіркестерінің көбі- несе бірінші сыңарына ғана жалғанады. Біздіңше, көптік жалғауларын сөз бен сөзді байланыстыру- дағы осындай ерекшеліктеріне қарай екіге бөліп қарау керек сияқты. 1. Көптік жалғауы -лар, -лер сөздерді өзара байланыстыруға қатысады, бірақ ол бағындырушы тұлға болмайды. Мысалы, жұмысшылар кіре бастаса-ақ болды деген сөз тіркесіндегі -лар көптік жалғауын алып тастап, жұмысшы кіре бастаса-ақ деп те айтуға болады. 2. Есімдіктерге көптік жалғауы жалғанғанда ол сөз екінші сөз- дің міндетті түрде көптік жалғауында тұруын керек етеді. Мыса- лы, сендер келерсіңдер, сіздер кіріңіздер – деген сөз тіркестерін- дегі сендер, сіздер сөздері кел, кір сөздерінің міндетті түрде көптік жалғауында тұруын керек етеді. Сендер келің, сіздер кіріңіз деп айтуға болмайды. Бұдан шығатын қорытынды: жалғаулар сөз бен сөзді байланыстыру үшін жұмсалады. Бірақ сол қызметтегі жалғаулардың барлығы бірдей сөзді сөзге бағындырушы тұлға бола алмайды. 5. Жұрнақтардың байланысу тəсіліне қатысы. Сөз тіркесі жайлы жазылған көптеген еңбектерде синтетикалық байланысу тəсіліне жалғауларды жатқызады. Расында бұл дұрыс та. Бірақ сөз бен сөзді байланыстыруда тек жалғаулар емес, жұрнақтардың
250 Сөз тіркесі мен жай сөйлем да рөлі баршылық. «Əсіресе етістіктің көсемше, шартты рай тұлғаларының рөлі ерекше» [70, 18]. Мысалы, Мен етпеттей жығылдым (Ж.Тəшенов). Мен жүре келе көп нəрсеге түсіндім. Ол күліп сөйледі (І. Есенберлин) сөйлемдеріндегі етпеттей жығылдым, жүре келе түсіндім, күліп сөйледі сөз тіркестерін- дегі əрбір сыңары бір-бірімен көсемшенің -й, -е, -іп жұрнақтары арқылы байланысып тұр. Алайда сөз тіркестеріндегі сөздердің жұрнақтар арқылы байланысу тəсілі жалғаулар арқылы байла- нысу тəсілдеріндей актив құбылыс емес. Сонда да біз қазақ тілін- дегі синтетикалық байланысу тəсілдерінің осы бір ерекшелігін ескеріп, оны сөздердің жалғаулар арқылы байланысуына қоса жұрнақтар арқылы да байланысу, яғни қосымшалар арқылы байланысу деп атауды жөн көрдік. ІІ. Аналитикалық деген термин грек тілінің analytikos «ана- лиздің нəтижесінде жасалған», «ажыратушы» деген сөзінен жа- салған. Демек, аналитикалық тəсіл сөздің сыртында болады, яғни көмекші сөздер, сөздердің орын тəртібі жəне интонация тəсіл- дерін қамтиды. 1. Сөздердің орын тəртібі арқылы байланысы. Сөз бен сөзді байланыстыратын синтаксистік тəсілдің бірі – сөздердің орын тəртібі. Сөйлемдегі сөздердің орын тəртібінде белгілі бір жүйелілік бар. Сөз тіркесінің сыңарлары қалай болса, солай тіркесе салмай- ды. Олар белгілі тəртіппен орналасып тіркеседі. Синтаксистік байланыстың бұл амалы сөздердің жалғаулар арқылы байла- нысуынан кем түспейді. Біздіңше, қайта, жалғаусыз тұрған ор- нына қарай байланысқан сөздердің байланысы берік болады. Сондықтан бұндай сөз тіркесінің құрамындағы сыңарларының орнын қалай болса, солай өзгертіп айта бермейміз. Сөз тіркесінің құрамындағы сыңарларының орны ауысса, онда бүтіндей сөз тіркесінің білдіретін мағынасы өзгеріп кетеді. Мысалы, көз əйнек, əйнек көз, қалта сағат, сағат қалта деген тіркестердің орны өзгергендері мағынасыз болып тұр. Сөз тіркесіндегі сөздердің орын тəртібі грамматикалық функцияны да атқарады (порядок слов выполняют грамматические функции). Мысалы, орыс ті- ліндегі снежная зима мен зима снежная деген сөз тіркесіндегі снежная сөзі нақты қатынасты (определительные отношения)
251 Сөз тіркесі мен жай сөйлем білдірсе, екінші сөз тіркесінде (зима снежная) предикаттық қа- тынасты білдіреді [71, 404]. Сөздердің орын тəртібі арқылы тіркесу қабілеттілігінің күш- тілігінің тағы бір дəлелі ретінде сөз тіркестеріндегі сөздердің əрбір сыңарларының сөйлемде іргелес тұруымен қатар, алшақ та тұру ерекшелігін айтуға болады. Бұндай құбылыс көбіне мезгіл үстеу мен көмекшілердің қатысымен жасалған сөз тіркестерінде кездеседі. Мысалы. Бүгін, міне, қарасам бір көш кетіп бара- ды (Жамбыл) деген сөйлемдегі бүгін сөзі кетіп барады сөзінен алшақтап тұр. Кейде мамандар арасында сөйлемдегі сөздердің орын тəртібі мен интонацияны бір нəрсе деп қараушылық бар [72, 133]. Бұл дұрыс емес. Себебі сөздердің орын тəртібі мен интонацияның зерттейтін объектілері бір емес. Орын тəртібінің объектісі сөз тіркестері болса, ал интонацияның объектісі көбіне сөйлем бо- лып келеді. Интонациялық құбылыс сөйлемнің айтылу мақсатына қарай сөз болады. Біз бұл арада интонацияның сөз тіркесіне қатысын сөз етпекпіз. Сөз тіркесінде де интонацияның өзіндік қатысы бар. Оның өзі сөздердің орын тəртібі арқылы жасалатын сөз тіркестерінің кейде ерекше айтылуына байланысты жұмсалады. Мысалы, ағаш отын, бұл бала, ол үй сияқты анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері орын тəртібі арқылы есімдік пен зат есімнің, зат есім мен зат есімнің тіркесі десек, кейде осындай анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері интонацияның қатысы арқылы енді. Ағаш – отын Бұл – бала Ол – үй сияқты бастауыш пен баяндауыштан құралған қиыса байланысқан сөз тіркестері пайда болып отыр. Бұған қарағанда, интонациялық құбылыс сөз тіркесінің бір байланысу формасындағы сөз тіркестерін екінші бір байланысу формасына ауыстырудың бір тəсілі ретінде қолданылады. 2. Сөздердің көмекші сөздер арқылы байланысы. Осы уақытқа дейінгі зерттеулерде аналитикалық байланысу тəсілінің бір түрі ретінде сөздердің шылаулар, оның ішінде демеуліктер арқылы тіркесуі беріледі. Бұл дұрыс та. Бірақ сөз тіркестеріндегі сөз бен сөз тек шылаулар арқылы ғана байланысады ма? Осы
252 Сөз тіркесі мен жай сөйлем сұраққа келгенде қазақ тіл білімінің осы саласын зерттеуші ғалымдарда əртүрлі көзқарас пайда болады. Қазақ тіл біліміндегі сөз тіркесін алғаш жан-жақты жүйелі түрде зерттеген проф. М. Балақаев шылау сөз тіркесінің аясына көмекші есімді де қосады [73, 81]. Лида терезенің алдында тұр (Х. Ерғалиев) – де- ген сөйлемдегі терезенің алдында тұр деген сөз тіркесі алды кө- мекші есімі арқылы жасалып тұрған күрделі сөз тіркесі. Сөз бен сөзді байланыстыруда шылау мен көмекші есімде- ріне қоса көмекші етістік, модаль сөздерді де қатысты деп біле- міз. Сөйтіп, сөз бен сөздің арасын байланыстыруда тек шылау деген сөздің орнына көмекші сөздер (шылау, модаль сөз, көмекші есім, көмекші етістік) деп беру, біздіңше, орынды сияқты. Бұл төрт көмекші сөздердің сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарларына жалғануы сөз бен сөздің байланысына тікелей қатысы бар. Он- дай кезде бұл көмекші сөздер кез келген сөздермен түйдекті тір- кес құрай бермей, өздері мағыналық жағынан қатысты сөздері- мен ғана бірлікте жұмсалады. Бұлардың сөз бен сөзді байла- ныстырудағы морфологиялық түрленуі біркелкі емес. Егер шы- лау сөздер көбіне атау тұлғасында келіп қана жұмсалатын болса, ал қалған үш тобы əрі нольдік, əрі түрлі жалғаулардың жалғануы арқылы өзгеріп те отырады. Ал соңғы үш көмекші сөздердің ішінде көбіне жиі ұшырайтыны – көмекші есім. 1) Көмекші есім негізінен көп емес. Оларға: алды, арты, асты, үсті, төбесі, жаны, маңы, басы-қасы, тұсы, арасы, іші, сырты, шеті, түбі, ортасы сияқты сөздер жатады. Бірақ сан жағынан аз болғанымен, бұл сөздердің қолданылу өрісі кең. Көмекші есімдер көбіне негізгі сөзбен тəуелдік жалғауында тұрып байланысады, сөйтіп сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарын құрайды. Мысалы, Стол басы сілтідей тына қалды (Ə. Нұрпейісов) – дегенде стол басы сөз тіркесінің бірінші сыңары болып тұр. Көмекші есімдерге тəуелдік жалғауынан кейін түрлі септік жалғаулары жалғану құбылысы да баршылық. Мысалы, Баймағамбеттің əңгімесі жаңа басталғанда бұл екеуінің қастарына Кішкене Молда, Байтоқалар келді (М. Əуезов) – деген сөйлемдегі екеуінің қастарына келді көмекші есімді сөз тіркесі. Мұндағы қастарына көмекші есімін- де көптік, тəуелдік, септік жалғаулары жалғанып барып, екеуінің жəне келді деген екі негізгі сөздерді байланыстырып тұр.
253 Сөз тіркесі мен жай сөйлем 2) Кейде сөз бен сөзді байланыстыруда модаль сөздердің де қатысы бар. Модаль сөздер көбіне сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарына тіркеседі де, түйдекті тіркес құрай отырып, ол сөзді басыңқы сөзбен байланыстырады. Мысалы, Сонан басқа сөзге сұқтануға бұл сияқты оның да шамасы жетпеді (Ə. Нұрпейі- сов) – дегендегі бұл сияқты шамасы сөз тіркесінде сияқты мо- даль сөзі бұл мен шамасы деген сөздерді өзара байланыстырып тұр. Себебі, мұндағы сияқты сөзін алып тастасақ, бұл шамасы болып, өзара ол сөздер тіркеспеген де болар еді. Демек, мұндағы сөздерді байланыстыруда сияқты модаль сөзінің рөлі бар- шылық. 3) Сөз тіркесіндегі сөздердің көмекші етістіктер арқылы бай- ланысуы дегенде көмекші етістіктер тілімізде көп емес екені бел- гілі. Бірақ саны аз болса да олардың сөз бен сөзді байланысты- руда өзіндік орны бар. Əрине, сөз бен сөзді байланыстыру кө- мекші есімдер сияқты актив құбылыс емес. Дегенмен, тілімізде кездесетін бұл да бір құбылыс екендігі даусыз. Мысалы, Оның не екенін жүрегің сезіп тұр (Ə. Нұрпейісов). Тіліміздегі осындай құбылыстардың барлығын негізге ала отырып, сөз бен сөзді байланыстырудағы аналитикалық тəсілдің бір түрі ретінде шылау дегеннің орнына (шылау, көмекші есім, көмекші етістік, модаль сөздерді жинақтап) жалпы көмекші сөздер деп атауды жөн көрдік. ІІІ. Аналитикалық-синтетикалық байланысу тəсілі. Де- мек, бұл тəсілде аналитикалық тəсілдің де, синтетикалық тəсіл- дің де элементі болуға тиіс. Біздің оқушылар кеше мектепке дейін біраз ағаштарды склад- тан тасыпты («Лениншіл жас») – деген сөйлемдегі мектепке дейін тасыпты сияқты сөз тіркестерін көпшілік ғалымдар аналитикалық тəсіл арқылы байланысып тұр дейді. Бірақ бұл жерде мынаны да ескерген жөн. Дəл осы сөз тіркесінің өзін таза аналитикалық тəсіл деп айтуға болмайды. Себебі, бұл сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарында мектеп сөзіндегі барыс жал- ғауы синтетикалық тəсілдің элементі болса, ал ол барыс жалғаулы сөзге дейін шылауы қосылуы аналитикалық тəсілдің элементі. Сөйтіп, бір бағыныңқы сыңарда əрі синтетикалық, əрі аналитика- лық тəсілдің элементі бар екені айқын. Олай болса, мұндай сөз-
254 Сөз тіркесі мен жай сөйлем дерде əрі аналитикалық, əрі синтетикалық тəсілдің де элементтері болуына байланысты аналитикалық-синтетикалық деп алып отыр- мыз. Байланысу тəсілдерінің аналитикалық-синтетикалық тəсілін іштей жан-жақты талдай келіп, біз олардың мынадай жасалу жол- дарын белгіледік. 1. Көмекші сөздер арқылы жасалуы: а) көмекші есімдер арқылы. Таңғы салқын ауада бойы тоңа- зып, терезенің алдында тұрды («Қазақ əдебиеті»). Столдың үстіне жақындатып дайындап қойған шай-суы мен дəрі-дəр- мектері сол қол тимеген күйі мөлиіп тұр («Қазақ əдебиеті»). ə) шылаулар арқылы. Жылқылар батысқа таман ығысты (Ғ. Мұстафин). Оспан өзенге қарай беттеді (М. Əуезов). б) көмекші етістік арқылы. Асан дегеннен алдым («Лениншіл жас»). Аналитикалық-синтетикалық байланысу тəсілінің көмекші сөздердің ішінде көмекші есімдер мен шылаулар арқылы келуі актив құбылыс. Ал оның модаль сөздер мен көмекші етістік арқылы келуі сиректеу. Яғни аналитикалық-синтетикалық бай- ланысу тəсілінің көмекші сөздер арқылы байланысуы дегенде көмекші сөздердің барлығының қызметі бірдей емес. Сонымен, біз сөз бен сөзді байланыстыруда 1. Көптік 2. Септік 3. Жіктік 4. Тəуелдік 5. Жұрнақтар 6. Орын тəртібі 7. Интонация 8. Көмекші сөздер сияқты сегіз дəнекерлер қатысты деп біле- міз. Осыларды аналитикалық жəне синтетикалық деп топтаумен бірге, біз байланысу тəсілдерінің үшінші түрі етіп аналитика- лық-синтетикалық тəсілді алып отырмыз. Енді осылардың əрқайсысының жасалу жолын төмендегіше нақтылы көрсете аламыз: І. Синтетикалық байланысу тəсілі: а) септік жалғауы арқылы;
255 Сөз тіркесі мен жай сөйлем ə) тəуелдік жалғауы арқылы; б) жіктік жалғауы арқылы; в) көптік жалғауы арқылы; г) жұрнақ арқылы; ІІ. Аналитикалық байланысу тəсілі: а) сөздердің орын тəртібі арқылы; ə) интонация арқылы; б) көмекші сөздер арқылы; ІІІ. Аналитикалық-синтетикалық тəсіл: Көмекші сөздер: а) шылаулар арқылы ə) көмекші есімдер арқылы б) көмекші етістіктер арқылы в) модаль сөздер арқылы 6. Кейбір жаңа тіркесімділік туралы Қазіргі қазақ тілі қай кезеңде де жан-жақты даму үстінде. Əр жыл сайын бірнеше ғылыми еңбектер мен оқу құралдары, түрлі сөздіктер жарық көреді. Қазіргі кезде мектеп, педучили- ще мен жоғары оқу орындары тілдің барлық саласынан жетілген оқулықтармен қамтамасыз етілген. Бірақ осыншалықты жетілген оқулықтарымызда əлі де болса толықтыра түсуді қажет ететін мəселелер де жеткілікті. Оның өзі тілдегі болып жатқан жаңа тілдік заңдылықтармен тығыз байланысты. Күнделікті техника мен экономикада жəне ғылымдағы жа- ңалықтар мен жаңа нəрселерге байланысты тілге жаңа атаулар да еніп отыр. Əрбір тілші тек бар оқулықтармен шектелмей, өзінің күнделікті сабағында өмірде болып жатқан сан қилы жаңалық- тарды, соған сəйкес тілдік мəселелерді күнделікті қадағалап отыруға тиіс. Əрине сөз тіркесі болу үшін кемінде екі дербес мағынасы бар сөздер болуы керек. Жаңа сөз тіркесі туралы сөз еткенде алды- мен тілде пайда болатын жаңа сөздер туралы сөз болмақшы. Тілдегі жаңа сөздер дегенде қоғамымызда болып жатқан əр алуан құбылыстар, əр алуан дүниелер, техника, ғылым өндіріс жаңалықтары ескеріледі.
256 Сөз тіркесі мен жай сөйлем Осы күнгі тілші ғалымдардың көрсетуінше, қазақ тілі ауызекі сөйлеудің ерен үлгілерін жасаған. Алғашқы дəуірлерде қазақтың өзінің бай сөздік қорының нəтижесінде қалыптасқан сөз бен сөз тіркестері мол болғандығын, ал Қазан төңкерісінен кейін ол өзіміздің байырғы сөздік қорымыздың үстіне түрлі терминдік сөздердің енуіне байланысты, тілдік қорымыз əлдеқайда кеңейе түсті. Елімізде сан алуан мамандықтар пайда болды. Сол ма- мандықтардың негізінде тілімізде бұрын болмаған терминдер қалыптасқан. Сол термин, терминдік топтардың тілімізге енуінің белгілі дəуірлері болды, сол əрбір кезең өзіндік із қалдырып отырды. Əсіресе терминдер 1930 жылдардан бастап тілімізге мол ене бастады. Ол – үнемі болып отыратын құбылыс. Əсіресе еліміздің шұғыл бетбұрыс кезеңінде дүниежүзілік маңызға ие болған тарихи оқиғалар қоғам өмірінің барлық сала- сында ешбір теңдесі жоқ сан мыңдаған жаңалықтар енгізуде. Соңғы кездегі жаһандану ықпалының жан-жақты əсері, мектеп реформасы, кадр мəселесін қайта қарау, əсіресе əйелдер ұйымын жаңаша жандандыру, мектептерді компьютерлендіру сияқты қа- зіргі кездегі болып жатқан оқиғалар негізінде көптеген жаңа тер- миндер еніп отыр. Қоғамдағы жаңалыққа байланысты қабыл- данған атаулардың өзі екі түрлі жағдайда қалыптасса керек. Біріншіден, əрбір термин дайын күйінде басқа тілден алынса, кейбірі көбінесе өз тіліміздегі байырғы сөздер арқылы іске аса- ды. Осы сияқты жаңа құбылысқа сай сөздердің қалыптасуы лек- сикада басты орын алады. Бірақ тілдегі ондай сөздер лексикалық қорымызға енгенімен, түбінде сөйлеу процесіне қатыстылығы айқын. Ол сөздер сөйлемде белгілі дəрежеде өзімен мағыналас сөздермен тіркесте болуы тиіс. Міне, біз тек соңғы 3–4 жылдар арасындағы жоғарыда аталған жаңа жайттарға сай тілдегі жаңа ұғымдар жəне оларға қатысты пайда болған сөз тіркестерін сөз етіп отырмыз. Біз мысалдарды көбінесе «Социалистік Қазақстан», «Қазақстан мұғалімі», «Қазақ əдебиеті», «Лениншіл жас», «Оң- түстік Қазақстан», «Шамшырақ» газеттері мен «Білім жəне еңбек», «Қазақстан ауылшаруашылығы», «Қазақстан мектебі», «Қазақстан əйелдері» журналдарынан алдық. Тілдегі жаңа сөз тіркестерін сөз еткенде, əрине, оған ішкі даму процесі мен сыртқы əсері ескерілуі тиіс. Біз алдымен өз
257 Сөз тіркесі мен жай сөйлем тіліміз арқылы болған процестерді сөз етіп алып, соңынан сырт- қы факторларға тоқталуды жөн көрдік. Қазақ – музыкалық аспаптарға бай ел. Əсіресе оның ішінде ең жалпыхалықтық музыкалық аспаптың бірі – домбыра. Домбыра қайда барсам тастамаймын, Əнменен сенсіз өлең бастамаймын. Екі ішек, он бір перне, бір тиекпен Сайрасам қызыл тілмен аспандаймын, – деп қазақ домбыра арқылы өзінің қуанышын да, қайғысын да халқына жеткізе білген. Сондықтан да халқымызда домбыраның тиегі, ішегі, құлағы, беті, ағашы, түрі, пернесі, т.б . толып жат- қан терминдер қалыптасты да, сол терминдер сөйлемде мол қол- данылып келеді. Əрине домбыра туралы терминдердің де қалып- тасуы, олардың түрлерінің көбеюіне байланысты (Жамбыл дом- быра, Абай домбыра) болса, сонымен домбыра туралы кейбір ойлар, олардың беттеріндегі өзгерістер туралы, қазіргі кезде айшықтап тесу, қос мойындық домбыра мен домбыраға техника- лық тетіктерді қосуға байланысты айтылып тұр. Жалпы алғанда домбыра туралы терминдер осы күнге дейін жалпыхалықтық дəрежеде жан-жақты қолданылуда. Дегенмен соңғы кезде техникалық жаңалықтардың да əсеріне байланысты домбыра аспабында да кейбір жаңа құбылыстардың ене бастағандығын көруге болады. Əдетте домбыраның үні, жақсы домбыра деп айтыла беретін. Бірақ соңғы кезде домбыра аспабына электр қуатын қосу арқылы онда екі түрлі құбылыс пайда болып отыр. Біріншіден, домбы- ра сөзіне электр сөзі қосылып электро-домбыра деген біріншісі интернационалдық, екіншісі əдеттегі байырғы сөзіміз арқылы жаңа термин пайда болып отыр. Екіншіден, енді ол сөздердің тіркесуі аясында да белгілі дəрежеде өзгерістер еніп отырғанын көруге болады. Бұрын домбыра зат есімі көбіне тарту, шерту, күйге келтіру, күмбірлету етістіктерімен меңгеріле байланысқа түсетін болса, енді қосу етістігімен тіркесе алатын дəрежеге ие болып отыр. Мысалы: Осы домбыраны да тоққа қосып көрсек қайтеді? («Білім жəне еңбек») немесе Бұрын қазақта ойыңды домбыраға ауыстырсақ дейтін етістікті тіркес болатын, енді Электрогитарадағы датчиктерді домбыраға ауыстырып сала салу-
258 Сөз тіркесі мен жай сөйлем ға болмайды («Білім жəне еңбек») дегендегі алғашқы домбыраға ауыстыру мен домбыраға ауыстырып салу тіркестеріндегі ба- сыңқы етістіктің аясының кеңею процесін көруге болады. Осы кезге дейін қос ішек, тоғыз пернелі, екі құлақ, жақсы сөздері домбыра сөзіне анықтауыштық қызметте жұмсалса, енді ондай анықтауышты сөздердің аясының кеңейгендігін көруге болады. Мысалы: Республикалық жас техниктер станциясы өнертапқыш оқушы Мұсатаевтың бұл туындысын дəйекті деп бағалады. Со- нымен электрлі домбыраны қолдан жасап алуға болады екен («Білім жəне еңбек») дегенде домбыра сөзіне электрлі қатыстық сын есімі тіркесіп, анықтауыштық қатынастағы жаңа сөз тіркесін құрап отыр. Қазіргі кезде əйелдердің рөлін арттыру қолға алына бастады. Əйелдердің тұрмыс жағдайын, еңбек жағдайын жақсартуға ерек- ше көңіл бөлініп отыр. Осы жаңалыққа байланысты біздің сөздік қорымызға анықтауыштық қатынастағы жаңа сөз тіркестері енді. Осы күнге дейін КСРО Жоғарғы Советі, КСРО Министр- лер Советі сияқты сөз тіркестерін білсек, енді осы сөздің қа- тысуымен соңғы кезде əйелдер советі тіркесі еніп отыр. Мысалы: 5 желтоқсанда республикалық əйелдер советін құру жөніндегі ұйымдастыру комитетінің мəжілісі болды («Лениншіл жас»). Əйелдер советі сөз тіркесінің ізімен енді сол арқылы да жаңа сөз тіркестері пайда болды. Республикалық əйелдер советі, əйелдер советі президиумы, сол сияқты конференция сөзімен де тіркесу арқылы анықтауыштық қатынастағы сөздердің де аясы кеңейе бастады. Бұрынғы жазушылар конференциясы, мұғалімдер конференциясы сияқты енді əйелдер конференциясы деген тіркес қалыптасып отыр. Мысалы: Республикалық əйелдер советі əйел- дердің бүкілодақтық құрылтай конференциясына делегаттар сай- лады («Лениншіл жас»). Бесжылдық мерзім, он жылдық мектеп, бесжылдық жоспар деген сөз тіркестері тілімізге еніп, сіңісіп кеткен еді. Қазір біздің əдеби тілімізде əйелдер советі сияқты əйелдер онжылдығы де- ген жаңа сөз тіркесі еніп отыр. Мысалы: Конференцияның күн тəртібінде талқыланған тоғыз мəселенің ең негізгісі əйелдер онжылдығының мақсаттары мен міндеттеріне шолу жасау жəне баға беру («Қазақстан əйелдері»). Осы іспеттес əйелдер клубы,
259 Сөз тіркесі мен жай сөйлем əйелдер кəсіпорны сияқты сөз тіркестері қалыптасуда. Мыса- лы: Арқалық қаласында «Тургаиалюминистрой» тресінің жаны- нан ұйым-дастырылған əйелдер клубы біраздан бері жұмыс істеп келеді («Социалистік Қазақстан»). Қайта құру процесі, қайта құрудың стахановшылары, рево- люциялық жеделдету заманы сияқты тіркестер тілімізге қазіргі кезде болып жатқан еліміздің əлеуметтік-экономикалық, мəдени өміріндегі ұлы өзгерістерге байланысты еніп отыр. Қайта құру процесі тарихымызда жаңалық болса, оған орай пайда болған сөз тіркестері де тілімізде жаңалық болып есептеледі. Стахановшы сөзі – тілімізде қолдану аясы кең, жалпы ха- лыққа түсінікті сөз. Мұндай адамдарды қайта құрудың стаха- новшылары деп атайды («Қазақстан мұғалімі») деген сөйлемде стахановшы сөзі қайта құру тіркесімен матаса байланысқан анықтауыштық қатынастағы, яғни қимыл есімі мен зат есімнің тіркесуі арқылы қайта құрудың стахановшылары деген жаңа сөз тіркесі жасалынды. Сол іспеттес: елімізде жүзеге асырылып жатқан қайта құру процесін социалистік заңдылықты нығайту- дан, совет адамдарының бойында заңды құрметтеуден, мүлтіксіз орындау сезімін тəрбиелеуден бөліп қарауға болмайды («Социа- листік Қазақстан») дегендегі қайта құру процесі тіркесі де елі- мізде болып жатқан өзгерістерге байланысты енген сөз тіркесі. Біздің сөздік қорымызда колхоздастыру заманы, электрлен- діру заманы, механикаландыру заманы, автоматтандыру зама- ны сияқты тіркестер еліміздің экономикасының алға басу қада- мына орай еніп отырғанына ұқсас бүгінгі күні революциялық же- делдету заманы деген тіркес те қолданысқа енді. Мысалы: Осы жəне басқа мыңдаған есімдерді көтерген біздің заманымыз – революциялық жеделдету заманы («Қазақстан мұғалімі») Тіл – өмірмен өзектес жанды құбылыс. Сондықтан оның сөздік құрамы əрдайым өзгеріп, толысып отырады. Əр дəуір, əр қоғам өзіне қажетті жаңалықтарды туғызса, сол жаңа зат, құбылыс, ұғым, іс-əрекеттердің өз атаулары пайда болады. Мектеп реформасы біздің оқу-ағарту саласына біраз өзгеріс- тер енгізді. Мектеп реформасының талаптарына сəйкес бала- ларды алты жастан оқытуға көшуді жүзеге асыру жұмыстары жасалуда. Мектеп реформасының өзекті мəселелерінің бірі –
260 Сөз тіркесі мен жай сөйлем алты жастағы жеткіншектерді бірінші класта оқыту. Міне, осы жаңалыққа байланысты тілімізге жаңа сөз тіркестері енді. Əрине мектеп реформасы, мектеп оқушысы, мектеп мұғалімі сөз тіркесі бізге белгілі. Бұрынғы жəне қазіргі жеткіншек тек жеті жасқа толғанда ғана мектепке алынатын. Ол заңды, үйреншікті нəрсе болғандықтан, əдетте біз тек бірінші класс оқушылары де- ген сөз тіркесін қолданатынбыз. Ал бүгінгі күні бірінші сыныпқа оқушыларды алты жастан бастап қабылдау заңдылығының шығуына байланысты енді ол туралы жаңа сөз тіркестерін қолдануымызға тура келеді. Бұл негізде алты жастағылар оқитын бірінші сыныптарда сабақ өту, тəрбие беру, мəдениеттілікке бау- лу, еңбек сүйгіштікке баулу, оларды дем алдыруда тағы да бас- қа ерекшеліктер бар. Мысалы: Алты жасарларды оқыту бағдар- ламасын іске асыру мақсатында Талдықорған облыстық мұғалім- дер білімін жетілдіру институтында елеулі жұмыстар атқарылды («Қазақстан мұғалімі»). Осы мысалдағы алты жасарларды оқы- ту бағдарламасы деген тіркес жаңа тіркес болып есептелінеді. Сол сияқты мектеп мұғалімі деген сөз тіркесі негізінде алты жасарларды оқытатын мұғалімдер деген тіркес те осы жаңа- лыққа сай еніп отыр. Қазіргі кезде компьютер барлық салаларда қолданылуда. Компьютердің мектепте қолданылуына байланысты да тілімізде көптеген жаңа тіркестер пайда болды. Сауаттылық сөзі компью- тер сөзімен тіркесуі арқылы компьютерлік сауаттылық деген жаңа тіркес пайда болды. Мысалы, Еліміздің ғылыми-техника- лық, өндірістік жəне Отан қорғау потенциялы маман-кадрлар- дың компьютерлік сауаттылығының деңгейі мен сапасына бай- ланысты екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр («Қазақстан мұға- лімі»). Электрондық есептегіш машина – оқыту құралы сөз тіркесі де жаңа тіркестің бірі. Методикалық оқу құралы деген тіркес бүкіл халыққа түсінікті. Осы тіркестердегі оқу құралы тіркесі бүгін компьютердің өмірге келуіне байланысты жаңа үстеме ма- ғынаға ие болып отыр. Электрондық есептегіш машина деген тіркес те кеше не бүгін шыққан сөз тіркесі емес. Бұл тіркес те халыққа түсінікті тіркестің біріне айналды десек, қателеспеген болар едік. Міне, осындай
261 Сөз тіркесі мен жай сөйлем халыққа таныс екі сөздің тіркесуі арқылы жаңа электрондық есептегіш машина – оқыту құралы деген тіркес те еніп отыр. Мысалы: Жақын келешекте электронды есептегіш машина – оқыту құралы ретінде мектепке жаппай енді («Қазақстан мұға- лімі»). Физика пəні, қазақ тілі пəні, химия пəні тіркестері əбден та- ныс болған. Осы іспеттес бүгін «Информатика жəне электрон- дық есептеу техникасы» пəні тіркесі де, «Компьютерлік техника жəне информация туралы білім» компьютердің мектепке келуіне байланысты туған тіркестер, «1985–1986 оқу жылынан бастап барлық орта оқу орындарында «информатика жəне электрон- ды есептеу техникасы» пəнін енгізу жүзеге асырыла бастады («Қазақстан мұғалімі»). Мысалы: Компьютерлік техника жəне информатика туралы білім осы замандағы ғылыми-техникалық революцияның перзенттері əрі соның даму процесін ілгері апара- тын жəрдемші («Қазақстан мұғалімі»). Жалпы осы компьютердің өзіне байланысты сөз тіркестері де қолданылады. Есептегіш техника. Мысалы: Оқу-тəрбие про- цесінің белсенділігін арттыру үшін есептегіш техника мектепте тікелей қолданылады («Қазақстан мұғалімі»). Есте сақтауыш тетік. Мысалы, Есте сақтауыш тетік мəліметтерді, ЭЕМ-нің барлық жұмысын басқарушы информацияны сақтайды, қажетті уақытта информацияны басқа тетіктерге беріп жəне оның жауа- бын қабылдап жазып отырады («Қазақстан мұғалімі»). Интег- ралдық микросхема: Мысалы: Интегралдық микросхема құра- мындағы элементтерінің бəрі өте кіші мөлшерде ғана жəне схе- масы өте рационалды біріктірілген электронды құрал («Қазақстан мұғалімі»). Міне, осы тіркестердің барлығы да тікелей компьютердің өмірде жиі қолданылуына байланысты пайда болған. Жаңа оқу программасының енгізген жаңалықтары да аз емес. Осы жаңа оқу программасына байланысты, мысалы, биология сабағында бионика элементтерін, яғни ғылым мен техника сала- сында биологиялық системалардың жұмыс принциптерін пайдала- нуды қарастыратын ғылымның бір түрін сабақта қолдану. Бионика элементтері тіркесі жаңа тіркес. Мысалы: Биологияның жаңа оқу программасында оқушыларды бионика элементтерімен таныс- тыру көзделген («Қазақстан мұғалімі»).
262 Сөз тіркесі мен жай сөйлем Жалпы компьютердің мектепке енуіне байланысты жəне ин- форматика жəне есептеу техникасы, калькулятор есептеу ал- горитмдері секілді жаңа тіркестерді де атап өтуге болады. Əрине, бір дегеннен жаңа сөз тіркестері пайда бола салуы мүм- кін де емес. Тілдегі пайда болған жаңа сөз тіркестерін екі жақты қарау керек. Əрбір жаңа сөздің өзіне қатысты мағыналық тобы болады. Осы қасиетке байланысты жаңа сөз көбіне сөз тіркесінде басыңқы сыңарда жұмсалуға көбірек бейім болатын сияқты. Өйткені, əрбір тілге жаңадан кіретін сөздер көбіне зат есімдер. Əзірше ол жаңа сөздер əдеттегі зат есімдер сияқты септеліп, тəуелденуі арқылы сөз тіркесінің көбіне əрі бағыныңқы, əрі басыңқы сыңары қызметінде жұмсала алады. Мұның өзі жаңа сөздің активтілігіне байланысты демекпіз. Мысалы: Еліміздің ғылыми-техникалық, өндірістік жəне Отан қорғау потенция- лы маман кадрлардың компьютерлік сауаттылығының деңгейі мен сапасына байланысты екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр («Қазақстан мұғалімі»). Екіншіден, оның морфологиялық жағы, яғни септелу процесі де айқындалу қажет. Жалпы ЭЕМ-ді жасау алғаш рет 1944 жылы жүзеге асты. Ол уақыттан бері ЭЕМ-нің төрт ұрпағы өтіп, бесінші ұрпағы дүниеге келді. Бүгін дербес электрондық есептеуіш машинасы қолданылады. Осыған дейін лампалық ЭЕМ, жартылай өткізгішті ЭЕМ-нан интегралды ЭЕМ-ға, аса үлкен схемалы ЭЕМ-дар жа- салды. Əрбір жаңа зат енуіне байланысты жаңа сөз, сөз тіркесі енетінін жоғарыда атап өткенбіз. ЭЕМ-ға байланысты бүгінгі таңда мынадай жаңа тіркестерді атап өтуге болады: 1. дербес электрондық есептегіш машинасы. Мысалы: Əр адамның жеке өз автоқаламы, фотоаппараты, транзисторы, қолға ұстап жүретін шағын телевизоры болатыны секілді енді əркімнің дербес элек- трондық есептегіш машинасы, кішкене компьютері болады («Қазақ əдебиеті»). Электрондық-есептеу деген сөз тіркесі дер- бес сөзімен тіркесу арқылы жаңа мағынаға ие болған сөз тіркесін құрап тұр. 2. Санмен басқарылатын станоктар. Мысалы: Технология- ның ендігі бір саласы – санмен басқарылатын станоктардың; робот-манипуляторлардың біріктіріліп қосылуынан шығатын Г. А . П . («Қазақ əдебиеті»).
263 Сөз тіркесі мен жай сөйлем 3. Робот-манипулятор, икемдемелі өзгермелі-автоматтан- дырылған өндіріс, икемдемелі өндірістік модульдер, икемдемелі станоктар деген тіркестерді де атап өтуге болады. Сол сияқты ЭЕМ-ды тіл білімінде де қолданады. Осы жаңа- лыққа сəйкес мынадай жаңа тіркестерді атауымызға бола- ды: түркі тілдерін математикалық жолмен зерттеу. Мыса- лы: Шəкірттеріңізбен бірге бірнеше бағытта жұмыс жүргізіп жатқаныңызды білеміз, солардың бірі – түркі тілдерін мате- матикалық жолмен зерттеу («Қазақ əдебиеті»). Электрондық есептеу машинасымен аударма жасау. Мысалы, солардың бірі – түркі тілдерін математикалық бағытпен зерттеу; екін- шісі – электрондық есептеу машинасымен аударма жасау мə- селесі («Қазақ əдебиеті»). Түркі тілдерін этнолингвистикалық жағынан зерттеу не- месе түркі тілдерін салыстырмалы түрде зерттеу секілді сөз тіркестерінің қатарына бүгінгі таңда жоғарыда аталған сөз тір- кесі енді. Техниканың түрленуі нəтижесінде минитрактор, капуста жинайтын комбайн, агрегат машина деген тіркестер пайда бо- лып отыр. Трактор, комбайн, машина зат есімдері бұрыннан белгілі. Осы сөздер мини, капуста жинайтын, агрегат сөздері- мен жаңа сөз тіркесін жасап отыр. Комбайн сөзі жалпы мағына береді. Себебі, комбайн дегеннен-ақ біз бидай не күріш, жүгері, мақта жинайтын техниканың түрі екенін түсіне қоямыз. Осы тұрғыдан келгенде комбайн сөзі жалпы мағына беріп тұрса, ал капуста жинайтын комбайн тіркесі жеке мағынаны білдіріп тұр. Комбайнның түрлерінің көбеюіне байланысты жаңа атау, сол негізде жаңа сөз тіркесі пайда болды. Мысалы: капуста жи- найтын комбайн шығару енді ғана қолға алынып, сериялық өн- дірісі игеріле бастаған («Білім жəне еңбек»). Сол іспеттес агрегат машина, мини трактор тіркестері де техника қатарының көбеюіне байланысты туған. Мысалы: Мини тракторларға арналған дизель Грузия ССР Ғылым академия- сы машина механикасы институтында шағын дизельдің отандық тұңғыш үлгісі жасалды («Білім жəне еңбек»). Бұл агрегат машинаның жұмыс əрекеті ерекше («Білім жəне еңбек»). Ауылшаруашылығында мал азығын жасау жұмысына ерек- ше көңіл бөлінеді. Мал азығының əрі құнарлы, əрі жақсы болуын
264 Сөз тіркесі мен жай сөйлем қадағалайды. Ауылшаруашылығында пішен, пішендемемен қоса шөп ұнын даярлау қолға алынған. Мысалы: Шөп ұнының көпте- ген түрлері жасалып жатыр. Белокты-витаминді концентраттар заводы осындай сапалы жемшөп даярлайтын заводтың бірі. Осы заводтың атауының өзі жаңа сөз тіркесі. Яғни белокты-вита - минді концентраттар заводы деген тіркес тілімізге еніп отыр. Ендігі алдағы уақытта фосфор заводы, цемент заводы, алюминий заводы деген тіркестердің қатарына белокты-витаминді концен- траттар заводы деген тіркесті де енгізуімізге болады. Мысалы: Белоруссиядағы Новополоцк белокты-витаминді концентрат- тар заводының өнімі осы мақсатқа қызмет етеді («Социалистік Қазақстан»). Суландыру – егін суаруда шаруашылықта көтеріліп жатқан мəселелердің бірі. Егін суаруға байланысты біз мынадай жаңа сөз тіркесін атап өтуімізге болады: дирижабльмен егін суару, дирижабльдің жауындатқыш түрі. Мысалы: Осы сияқты дири- жабльмен егін суару жөнінде тағы да біршама жобалар ұсыны- лады («Білім жəне еңбек»). Осыдан біраз жыл бұрын инженер Трофимов дирижабльдің жауындатқыш түрін ұсынды. Осы іс- петтес тиходермин биопрепараты, сол сияқты зиянкестерге қар- сы күресу жолдарының көбеюіне байланысты (егістік үстіндегі) биологиялық зонт тіркесі де енді. «Ш.Ш. Уəлихановтың туғанына 150 жыл толуын атап өте оты- рып, алғыскер ұрпақ қазақ халқының аса көрнекті перзентінің жарқын бейнесіне терең құрмет көрсетеді» (Ш. Уəлихановқа шақырылған шақыру билетінен) дегенде ұрпақ сөзімен алғыскер сөзі өзара анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесін құрауы да ұтымды шыққан. Бұрын алғыс сөзі көбіне басыңқы сыңарда жұмсалуға бейім болса, ал енді оған жұрнақ қосылуы арқылы бағыныңқы сыңарда жұмсалынып отыр. Міне, осы іспеттес асқаралы міндеттер, орталықтандырыл- ған жоспар, түрлі салалардың түйіскен түсі сияқты анықта- уыштық қатынастағы сөз тіркестері тіліміздің даму процесіне сай жасалып отыр. Ашық телефон сұхбаты: Осыған байланысты «Лениншіл жас» – редколлегиясы өткен сенбі 31 қаңтар күні газеттің «Ашық телефон» сұхбатын өткізді («Лениншіл жас»). Мұнда сын есім мен зат есімнің тіркесуі арқылы жаңа тіркес құралып отыр.
265 Сөз тіркесі мен жай сөйлем Республикалар Жоғарғы Советтерінің Президиумдары жеке- леген халық депутаттары жергілікті Советтерінің сайлауын көп мандатты сайлау округтері бойынша эксперимент ретінде өт- кізу туралы қаулы қабылдады («Социалистік Қазақстан»). Қазақ тілінде көп мандатты сайлау округі болып сапалық сын есім мен қатыстық сын есімнің бірігуі арқылы енді бағыныңқы сыңардағы күрделі сөз тіркесі жасалған. Кейде орыс тілі күнде- лікті жаңа сөз тіркестерін жасауға көп негіз болады. Орыс тілінен енген мандат сөзі көбіне өзі басыңқы сыңарда көп жұмсалып, көбіне зат есімдік қасиетке ие болып тұрушы еді. Енді сайлау системасына өзгеріс енуіне байланысты ол сөздердің өзі басқа бір анықталатын заттарға қатысты жұмсалып отыр. Қоғамдағы жаңа оқиғаның ескіге қарсы шығатындығы бел- гілі. Бұл құбылыс та тілге жаңа сөз енуде басты фактор болып табылады. Тілдегі кейбір жаңа сөздер мағыналас сөздермен тір- кесіп, жаңа тіркес құруға негіз болса, кейде тілдегі бұрыннан қолданылып жүрген сөздердің аясының кеңею процесін көреміз. Оның өзі кейде бұрын анықтауыштық қатынаста онша жұмсала бермейтін кейбір сөздердің сын есімге ауысу процесінің негізінде пайда болатын сияқты. Мысалы: Ішімдік сөзі көбіне зат есім мағынасында жұмсалатын. Сөйтіп тілде меңгеріле, матаса, қиыса байланысқан сөз тіркестерін құрауға негіз болса, ал қазіргі кез- де ол сөзге -сіз жұрнағы арқылы ішімдіксіз сөзі той сөзімен тіркесіп анықтауыштық қатынаста жұмсалуда. Сонда бұл сөздер есімдермен қабыса байланысқан сөз тіркестерін құрауы екі түр- лі жағдайда жұмсалатын сияқты. «Ішімдіксіз үйлену тойын ұйымдастырудың дəнекері болған совхоздың партия, кəсіподақ, комсомол комитеттері енді» («Қазақстан əйелдері») сөйлемінде ішімдіксіз сөзі көбіне той сөзімен тіркескенімен, кейде аралары- на сөз салып барып та күрделі сөз тіркесін құрауға себеп болып отыр. Осыған ұқсас алкогольге қарсы күрес, маскүнемдікке қарсы күрес, алкогольге қарсы насихат деген тіркестер де жиі қолданылуда. Осы іспеттес ішімдіксіз өткізілетін салт-дəстүр тіркесі де орын алып отыр. Мысалы: Ішімдіксіз өткізілетін салт- дəстүрдің жəне халықтың, əсіресе, жастардың жұмыстан бос уа- қытын салауатты, қызықты ұйымдастырудың рəсімдерін кеңінен таратудың, барлық клуб мекемелері мен спорт құрылыстарын
266 Сөз тіркесі мен жай сөйлем неғұрлым толық пайдалану маңыздылығы туралы айтылды («Со- циалистік Қазақстан»). - лық, -лік жұрнағының да активті қолданылуының негізінде жаңаша анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері қалыптасуда. Мысалы: Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы секретариат- тың кезекті мəжілісінде бір топ қаламгерлердің шығармашылық есебі тыңдалды («Қазақ əдебиеті»). Мұндай құбылыс тілде онша көп қолданыла бермейтін сала- уат сөзінің есімге ауысу процесінің негізінде олардың есімдермен тіркесу аясының кеңейгендігін көруге болады. Мысалы, Таяу- да құрылған салауаттылық жолындағы күрестің Бүкілодақ- тық ерікті қоғамы алкогольге қарсы бұқаралық қозғалысты да- мытуға, оны еңбек коллективтерінің арасына таратуға көмектесті («Социалистік Қазақстан»). Республиканың бірқатар облыста- рында салауаттылық клубтарының жұмысы жанданғаны атап өтілді («Социалистік Қазақстан»). Міне, осындағы клуб, күрес сөз- дері салауаттылық сөзімен бұрын тіркеспейтін еді, енді əдет- тегі қалыпты қолдану процесінде жиі жұмсалатын дəрежеге же- тіп отыр. Сонымен, тіліміздегі жаңа тіркестер лексикамызда бұрыннан бар сөздердің жəне жаңадан енген сөздердің бір-бірімен тіркесі нəтижесінде жасалынады. Жаңа сөз тіркесі жаңа сөз секілді бел- гілі бір заттың, құбылыстың, жаңалықтың келуіне байланысты пайда болады. Міне, сол көрініс əсіресе лексикада, одан кейін көбіне публицистикада алғаш көрініп, нəтижесінде жалпы халық- тық дəрежеге ие болса керек. Сонда лексикадағы пайда болған сөздер сөйлемде өзіне мағыналас сөздермен тіркес құрауының негізінде жаңа сөз тіркесі пайда болады. Əрине жаңа сөз тіркесі бір дегеннен пайда бола алмайды. Оның бірнеше себептері болса керек. Біріншіден: Қоғамдағы жаңалыққа сай тілде жаңа сөз пайда болады. Екіншіден: Оның тіркесе алатын сөздері болады. Үшіншіден: Жаңа сөз тіркестері сөйлем арқылы қарым-қаты- насқа енеді: Төртіншіден: Сөз тіркесіне енген сөздер сөз тіркесінің бағы- ныңқы, басыңқы сыңарында жұмсалады.
267 Сөз тіркесі мен жай сөйлем Бесіншіден: Оның құрамындағы жаңа сөздер өзара меңгеріле, матаса, қабыса байланысып, сөз тіркестерін құрайды. Олар құ- рамы жағынан: 1. Екі сыңары да қазақ сөзі арқылы: Мысалы, ішімдіксіз өт- кізілетін той, ішімдіксіз өткізілетін салт-дəстүр, алты жасар- ларды оқытатын мұғалім, асқаралы міндеттер, орталықтан- дырылған жоспар, алғыскер ұрпақ, тəртіп-талғам, асқаралы мін- деттер, т.б . 2. Бір сыңары қазақ, екіншісі басқа тілден енген. Мысалы: əйел- дер советі, əйелдер клубы, əйелдер советі президиумы, дирижабль- мен егін суғару, дирижабльдің жауындатқыш түрі, көп мандат- ты сайлау, ашық телефон сұхбаты, т.б. 3. Екі сыңары да басқа тілден енген. Мысалы: мини трактор, агрегат машина, триходермин препараты, биологиялық зонт, ро- бот-манипулятор, газоаналитикалық прибор, т.б . Жалпы тілдегі мұндай құбылыс – бір күндік, бір жылдық нəр- се емес, қоғам өміріндегі жаңалықтарға сай үнемі болып оты- ратын процесс. Міне, соңғы екі-үш жылдар арасында тілімізге енген жаңа тіркестердің бір тобы осылар. Жаңа сөз тіркесінің құрамындағы сөздер қабыса байланысу арқылы жасалуы да жиі кездеседі. Жаңа сөздер сын есім, көбіне -лық жұрнағының жалғануы ар- қылы жасалынған зат есімнен болады. Жаңа сөздер тілімізге интернационалдық терминдер арқылы жəне тікелей орыс тілінен аударылмай да енеді, сол сияқты тілімізде өз баламасын тапқан сөз тіркестері де бар. Қорыта келгенде, біз тілімізге сөздер, сөз тіркестері əлемде қоғамда болып жатқан жаңалықтарға сай, жаңа атаулардың пай- да болуына байланысты еніп отырады демекпіз. 7. Бір сөздің қайталануы арқылы құралған сөз тіркестері Сөз тіркестерінің əрбір сыңарының жасалуы туралы едəуір дəрежеде айтылып келеді. Кейбір ғалымдар сөз тіркесі болу үшін кез келген сөздің тіркесін де сөз тіркесі дейді де, негізгі сөз бен көмекші сөздердің өзара түйдектелуін де сол топқа жатқызады. Керісінше, көпшілік ғалымдар сөз тіркестері болу үшін оның əр-
268 Сөз тіркесі мен жай сөйлем бір сыңары да тек дербес мағынасы бар сөз таптары дейтін қа- ғиданы басшылыққа алады. Негізінде, сөз тіркесі болу үшін тек толық мағыналы сөздер ғана оған арқау болу керек дейтін пікір əрі дұрыс, əрі қазіргі кезде түбегейлі орын алып отыр. Толық мағыналы сөз таптарының негізінде сөз тіркестерінің байланысу формалары мен амалдары, синтаксистік қатынастары мен түрлері, сол толық мағыналы сөз тіркестерінің негізінде олар- дың өзара семантикалық ерекшеліктері де айқындалады. Əрине, сөз тіркестерінің бағыныңқылы-басыңқы сипаттарының қалып- тасуы үшін толық мағыналы сөз таптарының əртүрлі конструк- циясының негізінде оның бірнеше түрі қалыптасады. Біз сөз таптарының сөз тіркестері құралуында басты фактор екендігіне назар аудара отырып, сол сөз таптарының өздерінің ішкі тіркесу ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөліп қарастырдық. Ондай топтар мыналар: 1) Əр сөз табының негізінде қалыптасқан сөз тіркестері. 2) Бір сөз табының негізінде қалыптасқан сөз тіркестері. 3) Бір сөздің қайталануы негізінде қалыптасқан сөз тіркестері. Осы кезге дейінгі ғылыми əдебиеттерде сөз тіркестерінің əрбір сыңарының жасалуында көбіне осы үш топтың бірінші, кейде екінші топтары сөз болады да, ал үшінші топты сөз тіркестері де арнайы қарауды қажет етеді. Қазақ тілінде бір сөздің өзара қайталануы арқылы да сөз тіркестерінің жасалатындығын тіл фактілері көрсетіп отыр. Бұл сияқты факт тек қазақ тіл білімінде ғана емес, басқа да тілдерде бар екендігін көруге болады. Н.И . Филичева сөз тіркестерінің сыңарларының қай сөз та- бынан болуы туралы айта келіп, былай дейді: «Сөз тіркесі сөздердің синтаксистік тіркесуі, яғни олардың бір-бірімен бірі- гуге қабілеттілігі негізінде пайда болады. Бұл қабілеттілік əр дəрежедегі түрлі сөздерге (немесе түрлі мəндегі белгілі бір сөзге) тəн; мұны зерттеушілер біршама ерте аңғарған» [74, 40]. Бірақ фактінің осылай қалыптасуының үлкен тарихи жолы болуы керек. Біздің негізгі қарастыратынымыз бір сөз табының ішіндегі бір сөздің өзара сөз тіркесін құрауы болмақ. Мысалы, Мынау көрген – көрген емес (М. Əуезов). Сыбаннан көрерсің көреріңді (Ғ. Мүсірепов). Ақ десе ақ, нар десе нар, ақылды да мыр-
269 Сөз тіркесі мен жай сөйлем за адам көрінеді («Жұлдыз»). Осы сөйлемдерден мынадай бір сөздің қайталануы арқылы жасалған сөз тіркестерін көреміз. 1. ақ десе ақ, нар десе нар 2. көрерсің көреріңді 3. көрген – көрген емес Бұл жерде айтылатын негізгі мəселе осы сияқты бір сөздің қайталануына құрылған сөз тіркестері қазақ тіл білімінде осы уақытқа дейін арнайы зерттеудің объектісі болмай отыр. Бірақ қаншалықты зерттелмеді дегенмен де, бұл мəселені проф. М. Балақаев – қызылдың қызылы деген бір ғана мысалы арқылы көрсетіп отырады [75, 50]. Осындай бір сөздердің қайта- ланып жұмсалуы туралы кейбір пікірді проф. Р. Əміровтен де кездестіруге болады [50, 23]. Мысалы: жігіттің жігіті, аттың аты, күндердің күнінде, əдемінің əдемісі, жүйріктің жүйрігі. Бір сөздің қайталануы арқылы құралған сөз тіркестерінің пай- да болуы қазіргі кездің жемісі емес, ескі ескерткіштерде де кез- деседі: іш ішлэ – «дело делать», су сулэ – «войско войны водить» (досл.: войско, воевать). йағы йағыла – «воевать с врагами» (досл.: врага враждовать), сөз сөзлэ – «слово говорить» (досл.: слово словать) и т.д. [76, 147]. Бір сөздің қайталануының өзі бірнеше байланысу формасын- да келетіні белгілі. Н.Х . Демесинова бір сөздің қайталануын сөй- лем мүшесі ыңғайына айта келіп, тек бастауыш пен баяндауыш- тың жасалуын мына мысалдар арқылы былай көрсетеді: Бұл ауыл малды ауылдардың қалпы, сұрқы бөлек көп үйлі ауыл (М. Əуе- зов). Сіздің халық – менің аңғаруымша ақын халық. Бұл екі кі- тап – осы ауыл, өлкенің Абайдан басқа көп жанына əлі де тілімен де, сырымен де ұғымсыз кітаптар (М. Əуезов). Ол жай жол емес – ақша келетін жол, ақша жолы (Ғ. Мүсірепов). Автор мұндай кон- струкцияны тек орыс тілі арқылы пайда болған деп топшылауы көңілге қонымсыз. Кейде осындай қайталама сөздердің тіркесі арқылы қай сөз табының тіркесі аясынан шығып кететін жайттар да баршылық екендігін кездестіреміз. Мысалы: білсең білерсің, айтсаң ай- тарсың, т.б . сөз тіркестерінде шартты рай етістігі мен етістік
270 Сөз тіркесі мен жай сөйлем тіркеседі дейтін жаңа тіркес те пайда болып отырғандығын айта аламыз. Бір сөздің қайталануы арқылы жасалған сөз тіркестері бірнеше байланысу формасында келеді. Оларды өзара қиыса, матаса, қа- быса, меңгеріле байланысқан сөз тіркестері деп бөлу орынды. Бір сөздің қайталануы арқылы жасалған сөз тіркестерінде ба- ғыныңқы, басыңқы сыңардағы сөздер тек бір сөздің қайталануы арқылы жасалуы керек. Ондай кезде бағыныңқы басыңқы сы- ңардың əрбір сөздері: – біріншіден, дербес мағыналы сөздер; – екіншіден, ол сөздердің өзара синтаксистік қызметі анық; – үшіншіден, ол сөздер морфологиялық жағынан өзгере ала- тын сөздер; – төртіншіден, ондай екі сөздің тіркесінен өзара грамматика- лық мағына пайда болуы тиіс. Егерде бір сөздің қайталануы арқылы құралған сөздер то- бында жоғарыдағы қасиеттер болмаса, онда олар қаншалықты қайталанып келгенімен, өзара сөз тіркесі болмайды да, сол тобы- мен сөз тіркесінің бір-ақ сыңары қызметінде жұмсалады. І. Қиыса байланысқан сөз тіркестері Бір сөздің қайталануы арқылы қиыса байланысқан сөз тіркес- тері негізінде бастауыш пен баяндауыштың арасында болады. Олар қолданылу ерекшелігіне қарай əртүрлі жақтарда жəне дара, көпше түрінде де бола береді. Əсіресе мұндай кезде олардың қай сөз таптарынан болу жағы ерекше қызмет атқарады. Біз оларды қай сөз таптарынан болуына қарай былай топтап көрсетеміз: 1. Зат есім мен зат есім арқылы: Қиыса байланысқан зат есімді сөз тіркестерінің бастауышы көбіне нөлдік, тəуелдік формадағы зат есімдер болады. а) Бастауышы нөлдік формада келуі: Тегі Есеней Есеней ғана бола алса керек (Ғ. Мүсірепов). Малсыз күй күй болмады (М. Қам- баров). Бəйгесіз той той ма? (М. Қаназов). Жақсы жерге түскен келін – келін, жаман жерге түскен келін – келсап, – дейді ғой қазақ («Қазақ əдебиеті»). ə) Бастауышы тəуелдік формада келуі: Қарғыс атқандардың басы да бас емес, қолы да қол емес (Ə. Нұрпейісов). Əйтпесе,
271 Сөз тіркесі мен жай сөйлем жаңағы «Королева Маргоны» саудалап жүрген адамдардың ісі іс пе? («Жұлдыз»). – Не айтайын, шырағым, не айтайын... – де- геннен басқа Күңше де еш нəрсе айта алмады. Уəдеміз – уəде (Ғ. Мүсірепов). б) Кейде бастауышы көмекші сөздердің қосақталуы арқылы келе береді. Мысалы: Күнə екені күнə, бірақ қылмыс емес (Д. Дос- жанов). Бір сөздің қайталануы арқылы жасалған сөз тіркестерінің ба- яндауыштары да тек сол сөздер болуы тиіс. Бірақ баяндауыш бо- латын ондай сөздер тек бастауыш сияқты тұлғада да келе береді, кейде бастауыш жеке-дара болғанымен, сол сөздің қайталануы арқылы жасалған баяндауыш таза күйінде немесе ондай сөздерге түрлі көмекші етістіктердің де тіркесі арқылы жасалады. Оны жоғарыдағы мысалдардың баяндауыштары дəлелді түрде көрсет- се керек. 2. Сын есім мен сын есімнің тіркесі. а) Тəуірі – тəуір (М. Қа- назов). Қызылы – қызыл, жасылы – жасыл болып көсіліп жа- тыр (Д. Досжанов). Бетінің қызыл күреңденгені қызыл күреңден- ген бе? («Қазақ əдебиеті»). 3. Есімдік пен есімдіктің тіркесі. Өзгесі өзге еді, бүгінгі қы- лығын не деп дəріптейді (М. Сқақбаев). Басқасы басқа, ал Əбекең- ді ойландырған қатаң сөгіс те емес, ақшаның табылуы да емес, тіпті басқа нəрсе, сол сейфке ақшаның баруы еді (Беласқан). Менікі де менікі. Сенікі де менікі (Маржан сөз). Сол сол-ақ екен, Темір əске- рінің ұзын шеті қиқуласып, аш қасқырша ілгері ұмтылысты (М. Сқақбаев). Əй, ол ол ма, сен Тайлақбайдың не істеп жүргенін естісеңші («Қазақ əдебиеті»). 4. Етістік пен етістіктің тіркесі. Мынау көрген – көрген емес (М. Əуезов). Жоқ, оны жасамайды. Осы тоқтағаның тоқтаған («Жұлдыз»). Көзден сол бұлбұл ұшқаны ұшқан-ақ шығар (М. Қа- назов). – Айтқаны айтқан (Ж. Молдағалиев). 5. Үстеу мен үстеудің тіркесі. Бұрынғысы бұрынғы ма, қазіргіңе жол болсын (Беласқан). Жұрт бұрынғы бұрынғы ма, енді Жау- лыбай Ақсынды менсінбей тастап кетіпті деп, түрлі қауесеттер бықсытты («Жұлдыз»). 6. «Бар, жоқ» сөздерінің өзара тіркесі.
272 Сөз тіркесі мен жай сөйлем Бары бар, жоғы жоқ, қойын алар бөрі жоқ (Маржан сөз). Бары бар-ау, бірақ менікі елде, күнде жоқ неме... – деп қыбыжықтай берген Суыр Құсайынға шынын айтты (С. Жүнісов). ІІ. Матаса байланысқан сөз тіркестері 1.Зат есім мен зат есімнен құралған сөз тіркестері. а) Жалқы есім мен жалқы есімнің тіркесі. Ол тек – Еманалының Еменалы екенін, Мүсірептің түбі құл түрікпен екенін тал түсте танытса ғана қайтпақ (Ғ. Мүсірепов). Бұл Сұлтанның Сұлтан болғалы ең бірінші алған ақысы еді, ең бірінші жеген таяғы еді (І. Есенберлин). ə) Жалпы есім мен жалпы есімнің тіркесі. Əжелердің əжесі- нен бері тартып келе жатқан əйел зарын естімеген, əйел зары аза- бын көрмеген, алмаған құдайды меңіреу деп, құрғыр деп қарғай- ды (Ғ. Мүсірепов). Достарымыздың достары – біздің достар (Маржан сөз). 2. Сын есім мен сын есімнің тіркесі. Алақан соғуға қарап арқасы қозып үйренген қазақ өнерпаз- дарына бұл қиынның қиыны, қияметтің қыл көпірі («Қазақ əде- биеті»). – Ойбай, ол бір сөзбен бітпейтін қияметтің қияметі ғой (С. Жүнісов). Нанды күлге көміп пісіру, баяғының баяғысынан бері келе жатса да көшпелі қазақтың аузынан əлі дəмі кетпеген асы (Ғ. Мүсірепов). 3. Есімдік пен есімдіктің тіркесі. Сірə, менің мен екенімді біліп кетті, ұялтпайын дегені (Ш. Жан- дарбекова). 4. Етістік пен етістіктің тіркесі. Бағудың да бағуы бар көрінеді (Беласқан). ІІІ. Меңгеріле байланысқан сөз тіркестері 1. Барыс септікті сөз тіркестері. а) Зат есім мен зат есімнің тіркесі. Сазға саз, сөзге сөз (Мар- жан сөз). ə) Есімдік пен есімдіктің тіркесі. Өзіме өзім қожа, – өзіме өзім би болсам, реті келсе, басқаларға да үстемдік жүргізсем деген мұраты іске асар ма деген үміті бар («Жұлдыз»).
273 Сөз тіркесі мен жай сөйлем 2. Табыс септікті сөз тіркестері. а) Зат есім мен зат есімнің тіркесі. Мырзаны мырза десең желдіреді, малайды «малай» десең тірі өледі (Маржан сөз). Терезесінде зырылдауығы жоқ үйді үй деп керегі жоқ, – дейтін болды (Ғ. Мүсірепов). б) Етістік пен етістіктің тіркесі. Аулауын ауларсың, аузыңмен не қармарсың? (Маржан сөз). Бұлар үйге кіргенде атақты би ай- тарын айтып болып, қоштасар сөзге таяп қалған еді (Ғ. Мүсіре- пов). Абзал соңғы айтарын айтса да, отыра кеткен Сəулеге ойлы көзімен қарап қалды (Ə. Əбішев). 3. Шығыс септікті сөз тіркестері. а) Зат есім мен зат есімнің тіркесі. – Ой, көсегең көгерсін, Ақан балам, малдан мал, жаннан жан қоймай, берекемізді кетіріп еді (С. Жүнісов). Сол жерде сөзден сөз туды, бұл жігіт өз тағдыры жайында бір сыр шерткен еді (О. Сағынаев). б) Етістік пен етістіктің тіркесі. Өйтіп езу тартқанын көр- сеткенінен көрсетпегені жақсы да (Ғ. Мүсірепов). ЦУМ-ның бар қабатын түгел ақтардық, алғанымыздан алмағанымыз көп сияқты (Ш. Жандарбекова). 4. Көмектес септікті сөз тіркестері. а) Зат есім мен зат есімнің тіркесі. ...Шіркін-ай, досыңмен дос бол, қасыңмен қас бол. Досыңмен қастаспа, қасыңмен достаспа деп, Ұлақшыға айта алмай қалдым-ау (І. Есенберлин). – Əй, кем- пір ішер шайыңды іштің ғой. Енді жаспен жас болмай, қазан- дық жаққа барсаңшы (С. Жүнісов). ə) Есімдік пен есімдіктің тіркесі. Ағайынға зəбірің жоқ, өзімен өзі болып отыратын ырыс иесі бір момын адам едің, күндердің күнінде көре тұра айтпапсың деген өкпеңе қалармын деп əдейі бұрылдым... – деді (Ғ. Мүсірепов). IV. Қабыса байланысқан сөз тіркестері 1. Сын есім мен сын есімнің тіркесі. Демек, қоңыр деп қоңыр емес, күлгін деп күлгін емес (Беласқан). 2. Етістік пен етістіктің тіркесі. Тəрбиелеудей-ақ тəрбиеледім, бірақ болмады (Д. Досжанов). Жалпы алғанда бір ғана сөздің сол сөз арқылы қайталанып сөз тіркесін құрауы əдеттегі сөз тіркестеріне қарағанда, біріншіден, сөз
274 Сөз тіркесі мен жай сөйлем етілмей отыр, екіншіден, бір сөздің қайталануы арқылы құралған сөз тіркестерінің тұрақты тіркестермен жігін айқындау да негізгі мəселе болып отыр. Əрине бұл жерде бір сөздің қайталануы арқылы құралған сөз тіркестерінің көптеген заңдылықтарының басы ашылмаған. Ол туралы əлі де көптеген жұмыс істеу қажет. Мұндай тұлғалы сөз тіркестері сөз тіркесінің үлкен тобын құ- райды. 8. Синтаксистік терминдер туралы Терминологиялық сөздіктер саны мол. Бұл соның ішіндегі мамандыққа қатысты лингвистикалық терминдерді қарастыр- мақпыз. Орыс тіліндегі ең жинақы, əрі толық сөздік О.С . Ахма- нованың сөздігі болса [77], қазақ тілінде С. Кеңесбаев пен Т. Жа- нұзақовтың лингвистикалық терминдер сөздігі бар екендігі айқын [78]. Сол сияқты қазақ тіліндегі жалпы лингвистикалық терминдер туралы Ж.М . Молдажаров кандидаттық диссертация қорғады [79]. Бұл жұмыстарда терминдер тілдің барлық саласы бойынша қаралып, көптеген мəселелер сөз болады. Əрине, лин- гвистикалық сөздіктердің қолданылу аясы, дамуы өте күрделі мəселе. Қоғамның басқа да салаларының өсуі сияқты лингвис- тикалық терминдерде де О.С . Ахманованың сөзімен айтқанда, «соңғы ширек ғасыр ішінде лингвистикалық мектептердің саны мен алуан түрлері шектен тыс ұлғайып қана қоймай, лингвисти- калық ұғымдар мен терминдер де орасан зор өсті» [77, 4]. Міне, бұған қарағанда лингвистикалық терминдерді тілдің қай саласы жағынан болмасын жан-жақты даму үстінде деп білген жөн. Тілдің орфография, орфоэпия, графика, фонетика, фразео- логия, лексика, сөз тудыру, морфология, синтаксис бұларға қоса тіл мəдениеті, стилистика мəселелері, тарихи грамматика, əдеби тілдің тарихы, диалектология, лексикография жəне жалпы тіл білімі, есептеу машинасы, экспериментальды лингвистика жəне методика, т.б . əрқайсысы əртүрлі тарихи дəуірлерге сəйкес өзіне тəн түрлі терминдерді енгізіп отыр. Терминдерге грамматика, морфология мен синтаксис те қатысты болатын болса, соның ішінде синтаксистік терминдердің де өзіндік қалыптасу, даму процесі барлығы белгілі. Бұл арада біз тек синтаксистік термин-
275 Сөз тіркесі мен жай сөйлем дер, олардың қалыптасуы, берілу дəрежесі, оның синтаксистік объектілеріне қатысы туралы айтпақпыз. Ол үшін қазақ тіліндегі еңбектерді басшылыққа алдық [80]. Сол сияқты тілге қатысты əртүрлі бағдарламалар да пайдала- нылды. Қазақ тілінде синтаксис деген термин сол қалпында қолда- нылып келе жатыр. Бірақ Қ. Жұбанов оны «қоспа» [81, 140] деп аударғанымен, бірақ ондай баламаның жалпы қолдау таппағаны айқын. Қазіргі синтаксис саласы соңғы он жылда кеңінен дамы- ды. Қазіргі ғылыми əдебиеттерде синтаксистің көп аспектілері жиі айтылады. Яғни оны мынадай басты аспектіге бөліп қарауға мүмкіндік беріп отыр. Біріншісі – логикалық синтаксиспен бір деңгейде қарастырмау үшін Европаның ғылыми дəстүрі бойын- ша логика – ориентирлі деп аталатын тобы. Бұл аспекті тіл заңдылықтарымен (пəн мен оның қасиеті, сапасы арасындағы арақатыс) тығыз байланысты. Екіншісі – анағұрлым өңделген аспект – сөйлем мүшелерінің дəстүрлі модельдерінде көрсетілген құрылымдық аспект. Үшінші аспект – сөйлемнің функционал- дық перспективасымен байланысты. Оны актуалды аспекті деп атау орынды. Бұл термин сөйлемнің актуалды мүшеленуі деп аталатын теориямен бірге өмір сүріп келген. Бұл аспектінің кө- біне коммуникативті аспект деп аталуын жиі байқаймыз. Бұл дұрыс айтылмаған, себебі синтаксис өзінің барлық аспектісін есептеу машинасының үлгісімен синтаксистің аналогиялық ас- пектісі деп атау орынды [82, 37]. Біз осы синтаксистің төрт аспектісінің біріншісіне қатысты терминдерді қарастырып отыр- мыз. Қалған аспектілерге қатысты терминдерді жан-жақты айту əзірше мүмкін еместігі белгілі. Сол сияқты синтаксистің іштей түрлері туралы мынаны аңғаруға болады: О.С . Ахманова синтаксистің он үш түрінің болатынын көр- сетеді. 1. Актуалды синтаксис. 2 . Үлкен (большой) синтаксис. 3 . Кіші (малый) синтаксис. 4 . Сыртқы (внешний) синтаксис. 5 . Ішкі (внут- ренний) синтаксис. 6 . Грамматикалық синтаксис. 9. Стилистика- лық синтаксис. 10. Фиксированный (аударылмады) синтаксис. 11. Етістік синтаксисі. 12 . Есімдер синтаксисі. 13. Синтаксистік сөздік [77, 409].
276 Сөз тіркесі мен жай сөйлем Н.С . Валгина «жай сөйлемнің синтаксисі, сөз тіркесінің син- таксисі» деген терминдермен бірге «синтаксис сложного целого, синтаксис связной речи» [83, 11], В.В .Бабайцева «конструктив- ный синтаксис, структурный синтаксис, пассивный синтаксис, статистический синтаксис» [84, 22] деген түрлерін көрсетеді. Орыс тіл білімінде синтаксис пəнінің мəні туралы Н.С. Валги- на «раздел грамматики, изучающий строй связной речи» [83] десе, Г.А . Золотова «ведающий построением речи» [85, 10] – дейді. Синтаксис термині жалпы түркологияның бірі – қазақ тілінде де əртүрлі атаулармен кездесіп отырады. 1924 жылы орфографиялық конференцияда ұлтжандылардың пікірі бойынша, қазақ тіліндегі терминдер тек түркі халықтары тілінен алынуы керек дей келіп, морфологияны – нахну, синтаксисті – сафф деп аударуды ұсын- ған болатын. Бірақ синтаксис терминдерінің ондай баламасы сол кездің өзінде-ақ қолдау таппағандығы белгілі [86, 72]. Синтаксистік терминдер туралы алғашқы оқулықтарда əр- түрлі атауларды көруге болады. Сондықтан 30-жылдарда ал- ғашқы шыққан оқу құралында С. Аманжолов құрмалас сөйлемді сыйысқан, қиысқан құрмалас сөйлем деп те бергендігі айқын. 1939 жылы шыққан орталау жəне орта мектепке арналған С. Аманжолов пен Н. Сауранбаевтың «Қазақ тілінің граммати- касында» жай сөйлемге қатысты аралас баяндауыш [87] десе, ал құрмалас сөйлем синтаксисіне қатысты бірнеше терминдер берілген. 1. Бейтараптық салалас сөйлем. 2. Нұсқаулы сабақтас сөйлем. 3. Сілтеулі сабақтас сөйлем. 4. Тіркесті салалас сөйлем. 5. Үдетпелі салалас сөйлем. 6. Іргелі сабақтас сөйлем. М. Балақаевтан жай сөйлем синтаксисіне байланысты «1. Зат анықтауыш; 2. Қосалқы анықтауыш; 3. Сын анықтауыш» [88, 128], ал құрмалас сөйлем синтаксисіне байланысты «дара бас- тауышты сабақтас сөйлем» [88, 136] деген терминдерді кездес- тіреміз. Қ. Жұбанов еңбектерінде де «леп сазды сөйлем [81, 141], негізгі мүшелер [81, 144], сұрау сазды сөйлем, хабар сазды сөйлем» [81,
277 Сөз тіркесі мен жай сөйлем 141], ал тыныс белгісіне қатысты» көп ноқат, ноқат» [81, 141] сияқты қазіргі кезде қолданылмай, бірақ уақытында белгілі дəрежеде пайдаланылған терминдер жеткілікті. Тыныс белгілерінің 1920–30 жж. басылған жазба жұмыстар- дағы жəне бүгінгі əдеби тіліміздегі қолданылуы бір емес. Ол кезде осы күнгі пайдаланылып жүрген нүкте, қос нүкте, сұрау, сызықша, т.б. белгілері бар болатын. Алайда олардың кейбірін сөз арасына, сөйлем аралықтарына қоюдағы принцип басқаша болған. 1920–30 жылдарда прозалық шығармаларда нүктелі үтір- мен қоса нүкте де қазіргіге қарағанда жиі қолданылған. Үтір бел- гісін жəне нүктелі үтірді бұл кезеңде интонацияға, дауыс əуе- ніне қарап қолдану принципі болды ма деп жорамалдауға мына нəрсе түрткі болады. Мысалы, 1896 ж. «Дала уалаяты газетінде» жалпы тыныс белгілерінің сипаты жайында, олардың қандай функция атқаратындығы туралы арнайы мақала жарияланады. Онда тыныс белгілерінің атауы да қазіргіге көп ұқсамайды. Мақалада «тыныс», «тыныстың жартысы», «тыныстың төртінің бірі» тəріздес пунктуация атаулары кез болады. Ол кезде бүгінгі нүкте деп жүрген белгіміз «тыныс», ал үтіріміз «тыныстың төрт- тен бірі» болып аталған. Осыған байланысты болар, тыныс бел- гілерін дауыс ырғағының айтылу əуеніне қарай қолдану сөз етіп отырған кезеңде белгілі дəрежеде дəстүрлік сипат алған [89, 130]. 1. Синтаксистік терминдердің əртүрлі атауы осы қарастырып отырған термин сөздердің оқулықтарда, кітаптарда қолдану дəре- жесі əртүрлі. Яғни бір мағынадағы термин сөз түрлі қолданылған. Ал қазіргі кездегі «толымды сөйлем, толымсыз сөйлем» деп қолданылып жүрген термин сөздерді «толық сөйлем» [89, 145], «олқы сөйлем» [89, 146] деп берген. Осы кітабында тұрлаулы мүше деп қолданып жүрген термин сөзімізді «негізгі мүше- лер» [89, 144] деп берген. М. Балақаев «Қазақ тілі грамматикасы» оқулығында тыныс белгісіне байланысты сұрау белгісі термин сөзін «сұрақ белгісі» [90] деп берген. Ал бағыныңқы сөйлем деген термин сөздің қол- дануы да түрлі-түрлі. Бірде бағыныңқы деп қолданса, енді бірде бағыныңқылы сөйлем деп қолданылады. Бір кітаптың өзінде екеуі де қолданылады. С. Аманжолов пен Н. Сауранбаевтың «Қазақ тілінің грамма-
278 Сөз тіркесі мен жай сөйлем тикасы» оқулығында да, де, жəне жалғаулықтары арқылы жа- салған салалас сөйлем тіркесті салалас [91, 51] делінген. Ал М. Балақаев, Т. Қордабаевтың «Қазіргі қазақ тілі» кітабында мұн- дай салалас сөйлем мезгілді (ыңғайлас) салалас сөйлем [92, 233] деп берілген. Ал əрі жалғаулығы арқылы жасалған мезгілдес са- лалас сөйлемді үдетпелі салалас [91, 52] деп берген. «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында талғаулы салалас деп берілген мейлі, күй жалғаулықтары арқылы жасалған сөйлемді Аманжолов пен Сау- ранбаев бейтараптық салалас сөйлем [91, 55] деп берген. Кейбір синтаксистік терминдер қазірдің өзінде де түрлі беріліп жүр. М. Балақаев пен Т. Қордабаевтың «Қазіргі қазақ тілі» оқу- лығындағы сөз тіркесіне қатысты: 1. Жатыс жалғаулы сөз тіркесі. 2. Матаса байланысқан сөз тіркесі. 3. Меңгеріле байланысқан сөз тіркесі [91, 69]. 4. Көмектес жалғаулы сөз тіркесі. 5. Сан есімді сөз тіркестері. 6. Сын есімді сөз тіркестері. 7. Шығыс жалғаулы сөз тіркестері. 8. Үстеулі сөз тіркестері. Ал енді осы терминдер Р.С . Əміровтың еңбегінде: 1. Жатыс септікті сөзді меңгерген етістікті тіркестер [50, 36]. 2 . Матасу амалы арқылы құрылған сөз тіркестері. 3 . Меңгеру амалы ар- қылы құрылған сөз тіркесі [50, 24]. 4 . Көмектес септіктегі сөзді меңгерген етістік тіркестер. 5 . Сан есім – зат есім типті сөз тіркестері. 6 . Үстеу – зат есім типті тіркестер [50, 19] деген ата- уларды ұсынады. Міне, бұл пікірлерге қарағанда синтаксистік терминдердің қалыптасуы, аталуы əртүрлі беріліп жүргенін кө- руге болады. Сөз тіркестерінің синтаксистік қатынастары қазіргі кезде анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық деп беріліп жүр. Ал алғашқы түркологиялық еңбектерде бұл синтаксистік қатынастардың ішінде тек анықтауыштық тобы ғана басым бо- лып келді. Қазіргі кезде ондай үш синтаксистік қатынастар бір деңгейде пайдаланылуда. Кейбір ғалымдар тілдегі қалыптасқан терминдерді өзгеше атауды мақсат етеді. Т.С . Кирилова толықтауыш, пысықтауыш
279 Сөз тіркесі мен жай сөйлем терминдерін пайдалана келіп: «Семантикалық кеңейтушілер семантикалық объект, семантикалық атрибут болып бөлінсе, ал пысықтауышты детерминативтік кеңейтушілер кеңістікті, мезгіл- ді, шартты, себепті, мақсатты, т.б. білдіреді» [93] – дейді. Тіл ғылымының саласының əрқайсысына қатысты сөздіктер бар. Олар: диалектілік сөздік, фразеологиялық сөздік, тарихи сөз- дік, орфографиялық сөздік, орфоэпиялық сөздік, шет тілдер сөз- дерінің сөздігі, лингвистикалық терминдердің сөздігі, омоним- дер сөздігі, паронимдер сөздігі, дыбыстық сөздік, синонимдер сөздігі, қысқартылған сөздердің сөздігі, жазушылар тілінің сөз- дігі, түсіндірме сөздік, топонимдер сөздігі, жиілік сөздігі, этимо- логиялық сөздік. Осылар іспетті енді синтаксистік сөздіктер де дүниеге келді. Совет дəуірінде, яғни 20 жылдардан бастап лингвистикалық терминдер сөздігі шыға бастады. 1924 ж. Н .Н. Дурнованың «Грамматикалық сөздігі» шықты. Содан кейін лингвистикалық сөздіктер молынан шыға бастады. Мəселен, Л.И . Жирковтың «Лингвистикалық сөздігі» (М., 1946); С.В . Кртотевич, Н.С . Роз- зевичтің «Лингвистикалық терминдердің сөздігі» (Рига, 1963); О.С . Ахманованың «Лингвистикалық терминдердің сөздігі» (1966) бар. Сонымен қатар шет тілдерден аударылған мынадай сөздік- тер бар. Ж . Марузоның «Лингвистикалық терминдердің сөздігі» (1960), сосын Э. Хэмптің «Лингвистикалық терминдердің сөз- дігі» (1964), И. Вахевтің «Прага мектебінің лингвистикалық сөз- дігі» (1964), сол сияқты Д.Э . Розенталь, М.А . Теленкованың «Лин- гвистикалық терминдердің сөздік анықтамасы» (М., 1976). Жалпы тілде лингвистикалық сөздіктер қаншалықты мол бол- ғанымен, қазақ тілінде С.Кеңесбаев пен Т.Жанұзақовтың «Рус- ско-казахский словарь лингвистических терминов» деген сөздігі ғана бар. Бұл сөздіктің қазақ тіліндегі лингвистикалық термин- дерді жинақтап беруде маңызы бар. Бұл сөздіктер ең алғаш рет 1956 жылы шықты, ал 1966 жылы қайта өңделіп, толықтырылып басылды. Бұл сөздікке 3000-ға жуық термин енгізілген. Ол тер- миндер тілдің барлық салаларын тегіс қамтуды мақсат еткен. Бұл кітаптағы синтаксистік терминдер саны – 153. Олардың: 1) Сөз тіркесіне қатыстысы – 26. 2) Жай сөйлемге қатыстысы – 82.
280 Сөз тіркесі мен жай сөйлем 3) Құрмалас сөйлемге қатыстысы – 22 . 4) Тыныс белгісіне қатыстысы – 13. 5) Жалпы синтаксиске қатыстысы – 10. Енді осы топтағылардың əрқайсысына қандай терминдер жа- татындығын көрсетелік. Жай сөйлемге қатысты терминдер: 1. Абсолютті конструкция. 2 . Адъективті баяндауыш. 3 . Адъек- тивті сөйлем. 4 . Айқындауыш. 5 . Анастрафе. 6 . Анықталғыш. 7. Анықтауыш. 8 . Атаулы сөйлем. 9 . Атрибут. 10. Аффективті сөй- лем. 11 . Бағыну. 12 . Бастауыш. 13. Баяндауыш. 14 . Баяндауыштық. 15. Баяндауыштық аффикс. 16. Бірыңғай сөздер. 17 . Болымды сөйлем. 18. Болымсыз сөйлем. 19. Бірыңғай анықтауыш. 20. Бір- ыңғай баяндауыш. 21 . Грамматикалық бастауыш. 22 . Дара баян- дауыш. 23. Екі құрамды сөйлем. 24 . Есім бастауыш. 25 . Есімнен болған баяндауыш. 26. Есімді сөйлем. 27 . Есімшелі орам. 28. Етіс- тік баяндауыш. 29. Етістікті сөйлем. 30 . Жақсыз сөйлем. 31. Жақ- ты сөйлем. 32. Жай сөйлем. 33 . Жайылма сөйлем. 34. Жайылма жай сөйлем. 35. Жалаң сөйлем. 36 . Жалпылауыш сөздер. 37. Жанама толықтауыш. 38 . Жіктеу есімдікті анықтауыш. 39 . Ин- верция. 40. Конкретті бастауыш. 41 . Күрделі есімді баяндауыш. 42. Қаратпа сөйлем. 43. Қаратпа сөз. 44. Қимыл-сын пысықтауыш. 45. Қосарлы айқындауыш. 46. Құрамды бастауыш. 47 . Құрамды баяндауыш. 48. Қыстырма сөз. 49. Қыстырма сөйлем. 50. Леп белгісі. 51 . Лепті сөйлем. 52 . Логикалық бастауыш. 53. Мақсат пы- сықтауыш. 54 . Мезгіл пысықтауыш. 55 . Мекен пысықтауыш. 56. Но- минативті сөйлем. 57 . Оңашаланған айқындауыш. 58. Оңашаланған сөздер. 59. Предикат. 60 . Предикат есімдер. 61. Пысықтауыш. 62. Пысықтауыштық форма. 63 . Сапалық анықтауыш. 64. Себеп пысықтауыш. 65. Сөз аралық. 66 . Сөз тəртібі. 67. Сөйлем. 68 . Сөй- лемнің бірыңғай мүшелері. 69 . Сөйлем мүшелері. 70. Сөйлемнің оңашаланған мүшелері. 71 . Сөйлемдегі сөздердің орын ауысты- руы. 72 . Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. 73. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері. 74 . Сұрау белгісі. 75 . Сұраулық демеу. 76. Сұраулық интонация. 77 . Объектісіз сөйлем. 78. Толықтауыш. 79. Толымды сөйлем. 80 . Толымсыз сөйлем. 81. Тура толықтауыш. Сөздіктегі сөз тіркесіне қатысты терминдер саны – 26. 1. Адъективті тіркес. 2. Алшақ қабысу. 3 . Аналитикалық тəсіл. 4. Бағыныңқы. 5 . Грамматикалық заңдар. 6 . Грамматикалық ма-
281 Сөз тіркесі мен жай сөйлем ғына. 7 . Еркін тіркес. 8 . Жақтық қиысу. 9 . Жалғаулықсыз байла- ныс. 10. Жапсарлас қабысу. 11 . Көптік қиысу. 12 . Көсемшелі тіркес. 13. Қабысу. 14 . Қиысу. 15 . Қиысу түрлері. 16. Матасу. 17 . Мең- геру. 18. Меңгеру түрлері. 19. Предлог түріндегі меңгеру. 20. Син- тетикалық тəсіл. 21 . Сөз тіркесі. 22. Сөз тіркесінің түрлері. 23. Түй- декті тіркес. 24 . Тұрақты тіркес. 28. Тізбекті тіркес. 29. Фра- зеологиялық тіркес. Сөздіктегі құрмалас сөйлем синтаксисіне қатысты термин сөздер: 1. Анықтауыш бағыныңқылы сөйлем. 2 . Бағыныңқы сөйлем. 3. Басыңқы сөйлем. 4 . Гипотаксис. 5 . Ереуіл бағыңқы сөйлем. 6. Жалғаулықсыз сабақтас құрмалас сөйлем. 7 . Жалғаусыз сала- лас. 8 . Жалғаусыз байланыс. 9 . Қимыл-сын бағыныңқылы сабақ- тас сөйлем. 10. Құрмалас сөйлем. 11. Мақсат бағыныңқылы (сөй- лем). 12 . Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем. 13. Мекен бағы- ныңқылы сабақтас сөйлем. 14 . Паратаксис. 15 . Пысықтауыш ба- ғыныңқылы сөйлем. 16. Сабақтас құрмалас сөйлем. 17 . Сабақ- тастырушы жалғаулықтар. 18. Салалас құрмалас. 19. Салыстыр- малы бағыныңқылы сөйлем. 20. Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем. 21 . Толықтауыш бағыныңқылы сөйлем. 22 . Талғаулы жал- ғаулықтар. Жалпы синтаксиске қатысты терминдер: 1. Абзац. 2 . Бөгде сөз. 3 . Синтагма. 4 . Синтаксис. 5 . Синтаксис- тік конструкция. 6 . Синтаксистік талдау. 7 . Синтаксистік фонети- ка. 8 . Синтетикалық тілдер. 9 . Төл сөз. 10. Ішкі синтагма. Тыныс белгісіне қатысты терминдер: 1. Көп нүкте. 2 . Қос нүкте. 3 . Леп белгісі. 4 . Нүкте. 5 . Нүктелі үтір. 6 . Пунктуация. 7 . Пунктуация ережелері. 8 . Сұрау белгісі. 9. Сызықша. 10. Тире. 11 . Тыныс белгілері. 12 . Тырнақша. 13. Үтір. Осы берілген синтаксистік терминдердің арақатынасы бірдей емес. Көбісі жай сөйлем синтаксисіне қатысты терминдер. Ал қалғандары тар көлемде берілген. Бірақ оның өзінде синтаксистің əрбір объектісіне байланысты кейбір терминдер берілмеген. Мы- салы, бұйрықты сөйлем деген термин атымен жоқ. Сол сияқты сөз тіркестеріне, тыныс белгілеріне қатысты көптеген термин- дер ескерусіз қалған. Кейбір терминдер ойлануды қажет етеді. Жеке алғанда леп [94, 35] деген сөзді термин деп алуға келер ме
282 Сөз тіркесі мен жай сөйлем екен? Лепті сөйлем дегенге үйренгенмен, леп жеке қолданыла ма, қолданылмайды ма? Сол сияқты ереуіл бағыныңқылы сөй- лем [94, 131] деген термин де ойлануды қажет етеді. Бағының- қылы деген термин бар да, басыңқы деген термин сөз жоқ. Кө- семшелі тіркес деген бар да, есімшелі тіркес жоқ. Лингвистикалық терминдерде синтаксистік терминдердің 153-і берілген дедік. Əрине бұл – үлкен табыс. Бұл еңбек оқытушылар, мұғалімдер, студенттер үшін қажетті құрал екені белгілі. Пайдасы өте мол бұл сөздік өзінің құнын ешбір жойма- са керек. Дегенмен бұл сөздіктегі кейбір синтаксистік терминдер өз дəрежесінде берілді деп айта алмаймыз. Əрбір синтаксистік терминдерді беруде авторлар жағынан кеткен ақауларды байқауға да болады. Сөздікте определение – анықтауыш сөйлем мүшесіне мынадай түсінік берілген. «Сөйлем ішіндегі сөздерді анықтап, сипаттап, қандай? қалай? деген сұрауларға жауап беріп тұратын синтаксистік тұрлаусыз мүше. Анықтауыш қиысусыз (опреде- ление не согласованное) жəне қиысулы анықтауыш (определе- ние согласованное) болып бөлінеді» [94, 114] – дейді. Осындағы анықтауышқа берілген ереже, біріншіден, оның негізгі қасиетін аша алмайды, екіншіден, осы уақытқа дейінгі оқулықтардың барлығында анықтауыштың негізгі сұрауы қандай? қай? деп бе- рілсе, ал сөздіктің авторлары оған қоса қалай? деген сұрақ та қатысты деп беруі келіспейді. Оның үстіне анықтауыштың түрлеріне орыс тіліндегі согласованное, несогласованное деген терминді əкеліп қоса салады. Сөздікте бұдан басқа да ойға сұрау салатын тұстары бар, де- генмен бұл саладағы қолға ұстар аса қажетті сөздік болғасын орны ерекше. 2. Синтаксистік терминдердің құрылымы туралы. Син- такистік термин сөздер құрылысы жағынан дара да, күрделі де болып келеді. Дара синтаксистік терминдер əрі орыс тілі неме- се басқа тілдер арқылы немесе қазақтың төл сөзі арқылы да келе береді. Мысалы, Кеңесбаев пен Жанұзақовтың «Русско-казах- ский словарь лингвистических терминов» деген сөздігінде дара синтаксистік терминдер былай берілген: Мысалы басқа тілдер арқылы енген термин сөздер: 1. Атрибут. 2 . Анастрофа. 3 . Варваризм. 4 . Гипотаксис. 5 . Пара- таксис. 6 . Пунктуация. 7 . Синтаксис. 8 . Предикат.
283 Сөз тіркесі мен жай сөйлем Қазақтың өз сөздері арқылы берілген термин сөздер мыналар: 1. Айқындауыш. 2 . Анықталғыш. 3 . Анықтауыш. 4 . Бағыну. 5. Басыңқы. 6 . Баяндауыш. 7 . Нүкте. 8 . Сөйлем. Ал осы сөздіктегі синтаксистік термин сөздердің үш күрде- лі түрі беріледі. 1. Екі сыңары да орыс тілі немесе басқа тілдер арқылы жасал- ған термин сөздер: 1. Абсолютті конструкция. 2 . Синтаксистік конструкция. 3 . Син- таксистік фонетика. 4 . Релятивті синтагма. 5 . Номинативті функ- ция. 2. Бір сыңары қазақша, бір сыңары орысша немесе керісінше алдыңғы сыңары орысша, соңғы сыңары қазақша термин сөздер: 1. Адъективті баяндауыш. 2 . Адъективті сөйлем. 3 . Адъективті тіркес. 4 . Аналитикалық тəсіл. 5. Аффективті сөйлемше. 6 . Баян- дауыштық аффикс. 7 . Номинативті сөйлем. 8 . Грамматикалық бас- тауыш. 9 . Грамматикалық заңдар. 10. Грамматикалық мағына. 11. Синтаксистік талдау. 12 . Синтаксистік тəсіл. 13. Пунктуация ережелері. 14 . Предикат есімдер. 3. Екі сыңары да қазақша сөздер арқылы берілген термин сөздер мынадай: 1. Атаулы сөйлем. 2 . Бағыныңқы сөйлем. 3 . Басыңқы сөйлем. 4. Бірыңғай анықтауыш. 5 . Болымды сөйлем. 6 . Болымсыз сөй- лем. 7 . Жалғаулықты сабақтас. 8 . Жалғаулықсыз салалас. 9 . Ер- кін тіркес. 10. Есімдік тіркес. 11. Есімшелі тіркес. 12 . Қосалқы анықтауыш. 13. Құрамды бастауыш. 14. Меңгеру түрлері. 15 . Сөй- лем мүшелері, т.б. Жалпы барлық синтаксистік терминдерді беру бір жұмыста мүмкін емес. Сондықтан да сөз тіркесіне қатысты терминдерді ғана жеке беріп отырмыз. Олар: 1. Алшақ қабысу. 2 . Аналитикалық тəсіл. 3 . Аналитикалық – синтетикалық тəсіл. 4 . Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркес- тері. 5 . Аралас сөз тіркесі. 6 . Бағыныңқы сыңар. 7 . Барыс жал- ғаулы сөз тіркесі. 8 . Бір сөз табының негізінде қалыптасқан сөз тіркестері. 9 . Əр сөз табының негізінде қалыптасқан сөз тіркестері. 10. Бір сөз табының қайталануы негізінде қалыптасқан сөз тіркестері. 11 . Басыңқы сыңар. 12 . Еліктеуіш сөздің етіс- тікпен тіркесі. 13. Етістікті меңгеру. 14 . Есімді меңгеру. 15 .
284 Сөз тіркесі мен жай сөйлем Етістікті қабысу. 16. Есімді қабысу. 17 . Еркін тіркес. 18. Есімді матасу. 19. Есімді сөз тіркестері. 20. Етістікті сөз тіркестері. 21. Есімдік пен зат есімнен құралған сөз тіркестері. 22 . Есімше мен зат есімнен құралған сөз тіркестері. 23. Есімдікті сөз тіркестері. 24. Есімшелі сөз тіркестері. 25 . Есімді қатыстырма сөз тіркестері. 26. Етістікті қатыстырма сөз тіркестері. 27 . Есімдіктің етістікпен тіркесі. 28. Жақ жағынан қиысу. 29. Жалғаулар арқылы байла- нысу. 30 . Жай сөз тіркесі. 31. Жай матасу. 32. Жай меңгеру. 33. Жай табысу. 34. Жатыс жалғаулы сөз тіркестері. 35. Жана- су. 36 . Зат есімнің етістікпен тіркесуі. 37. Зат есім мен зат есім- нен құралған сөз тіркестері. 38 . Зат есімді сөз тіркесі. 39 . Инто- нация арқылы байланысу. 40. Көмекші сөзді меңгеру. 41. Кө- мекші сөзді есімді меңгеру. 42 . Көмекші сөзді меңгеру. 43. Күрделі матасу. 44 . Күрделі меңгеру. 45 . Күрделі қабысу. 46. Көсемшенің етістікпен тіркесі. 47 . Көмектес жалғаулы сөз тіркесі. 48. Күрде- лі сөз тіркесі. 49. Қиысу. 50. Қабысу. 51 . Қыстырма сөз тіркесі. 52. Қиыса байланысқан сөз тіркесі. 53. Қабыса байланысқан сөз тіркесі. 54 . Қабысудың қиысуға ауысуы. 55 . Қабысудың меңгеру- ге ауысуы. 56. Қабысудың матасуға ауысуы. 57 . Қабысудың жана- суға ауысуы. 58. Қос септік жалғаулы сөз тіркестері. 59. Матасу. 60. Меңгеру. 61. Модаль сөзді меңгеру. 62. Мекендік мағынадағы сөз тіркесі. 63 . Мезгілдік мағынадағы сөз тіркесі. 64. Мақсат мағынадағы сөз тіркесі. 65. Матаса байланысқан қатыстырма сөз тіркесі. 66 . Матаса байланысқан сөз тіркесі. 67. Меңгеріле бай- ланысқан сөз тіркесі. 68 . Метафоралық сөз тіркестері. 69 . Мағына- лық қиысу. 70. Ортақтаса байланысу. 71 . Ортақ қабысу. 72 . Ортақ меңгеру. 73. Ортақ басыңқылы сөз тіркестері. 74 . Ортақ матасу. 75. Пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері. 76. Сөз тіркесі. 77. Салаласа байланысу. 78. Сабақтаса байланысу. 79. Сатылана байланысу. 80 . Сөз тіркесінің байланысу формалары. 81. Сөз тір- кесінің байланысу тəсілдері. 82. Сөз тіркесінің түрлері. 83 . Сөз тіркесінің синтаксистік қатынастары. 84. Сөз тіркестерінің аясы- ның кеңеюі. 85. Сөз тіркестерінің аясының тарылуы. 86 . Сан жағынан қиысу. 87. Сөздердің орын тəртібі арқылы байланысуы. 88. Синтетикалық тəсіл. 89 . Сатылай қабысу. 90 . Сатылай тіркес- кен сөз тіркесі. 91. Сан есімнің етістікпен тіркесі. 92. Сын есім- нің етістікпен тіркесі. 93 . Сын есім мен зат есімнен құралған сөз
285 Сөз тіркесі мен жай сөйлем тіркесі. 94. Сан есім мен зат есімнен құралған сөз тіркесі. 95. Сын есімді сөз тіркесі. 96 . Сан есімді сөз тіркесі. 97. Субстантивті сөз тіркесі. 98 . Тұрақты тіркес. 99 . Түйдекті тіркес. 100. Тікелей қабысу. 101. Табыс жалғаулы сөз тіркестері. 102. Толықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі. 103. Фразалық тіркес. 104. Шартты райлы етістіктердің етістіктегі тіркесі. 105. Шығыс жалғаулы сөз тіркес- тері. 106. Шылаулы меңгеру. 107. Үстеулі сөз тіркесі. 108. Үстеу мен зат есімнен құралған сөз тіркесі. 109. Үстеудің етістікпен тіркесі. 110. Үстеулі қыстырма сөз тіркесі. Сөз тіркесі мен сөйлем мүшелерінің терминдерінің арала- са қолданылуы. Əдетте сөз тіркестерінің терминдері өз ал- дына, сөйлем мүшелерінің терминдері өзара бір-біріне қатыс- сыз қолданылып келсе, кейде сөз тіркесінде сөйлем мүшеле- рінің элементтері, керісінше, сөйлем мүшелерінде сөз тіркесте- рінің элементтері араласып келе береді. Мысалы, қабыса байла- нысқан анықтауыш, матаса байланысқан анықтауыш дегенде не- гізінде анықтауыш туралы сөз болғанымен, сол анықтауыштың жасалу процесінде олардың байланысу формаларының, яғни са- палық анықтауыш, меншікті анықтауышпен қатар қабыса байла- нысқан, матаса байланысқан анықтауыштар қабат қолданыла бе- реді. Ал толықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері, пысықта- уыштық қатынастағы сөз тіркестері, анықтауыштық қатынаста- ғы сөз тіркестері, мезгіл мағынадағы сөз тіркестері, мекендік мағынадағы сөз тіркестері, т.б . дегенде негізінен сөз тіркестері- нің мəселесі басым болады да, сөйлем мүшесіне қатысты термин- дер оларға көмекшілік қызметте жұмсалуға тиіс. 9. Меңгеріле байланысқан сөз тіркестері Қазақ тіліндегі басқа байланысу формаларына қарағанда мол зерттелінген байланысу формасының бірі – меңгеру. Оның көп- теген мəселелері оқулықтар, жеке монографиялық еңбектер мен кандидаттық, докторлық диссертациялар көлемінде жан-жақты зерттелуде. Онда меңгерудің бағыныңқы жəне басыңқы сыңарла- ры, олардың түрлері, жасалуы, мағыналық топтары сияқты көп- теген мəселелері сөз болуда.
286 Сөз тіркесі мен жай сөйлем Меңгеріле байланысу формалары туралы негізгі мəселе – оның бағыныңқы жəне басыңқы сыңарлары туралы. Сөз тіркестерінің басқа байланысу формаларының басыңқы сыңарларына қараған- да меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің басыңқы сыңарлары жан-жақты қаралуда. Сондықтан да меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің басыңқы сыңарлары матаса, қабыса байланысқан сөз тіркестеріне қарағанда ортақ басыңқы түрі ерекше қаралып келеді. Əрине, бұл жерде меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің басыңқы сыңары əрі етістікті, əрі есімді жəне ортақ басыңқы болғандығы олардың өзіндік ішкі ерекшеліктері əлі де болса жан- жақты қарауды қажет етеді. Меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңар- лары барыс, табыс, жатыс, шығыс жəне көмектес жалғаулы сөздер болып келетіні белгілі. Əрине меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарларының осы септіктерде жұм- салуы туралы соңғы кездегі пікірлерде онша алшақтық жоқ. Меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңар- ларында осы септіктер жұмсалуы сөзсіз. Меңгеріле байланысу формасы туралы əлі де болса, талас тудырып келе жатқан мəселе- нің бірі – олардың осы бағыныңқы сыңарлары туралы. Жалпы əрбір байланысу формаларының өзіне ғана тəн түрліше ерек- шеліктері бары айқын. Меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарларының аясында кейде тарылу, кейде кеңею процесінің болатындығын көруге болады. Меңгеріле байланыс- қан сөз тіркестерінің аясының тарылу процесін тіл фактілері айқын дəлелдейді. 1) Түркологиялық əдебиеттерде септік жалғаулы сөздер син- таксистік қызметіне қарай толықтауышық, пысықтауыштық қа- тынаста жұмсалатыны белгілі. Барыс, табыс, шығыс, жатыс жəне көмектес жалғаулы сөздердің толықтауыштық қатынаста жұмсалуын меңгеруге жатқызуда ғалымдар арасында бір бағыт жоқ. Ал сол септік жалғаулы сөздердің пысықтауыштық қаты- наста жұмсалуын В.Н. Насилов, А.А . Коклянова, Н.Т. Сауран- баев [95] сияқты ғалымдар меңгеру аясында қарастырмайды. Осының салдарынан меңгеруге толықтауыштық қатынастағы сөздерді ғана жатқызу меңгерудің аясын тарылтып жіберетінін көруге болады. Сонда пысықтауыштық қатынаста жұмсалатын
287 Сөз тіркесі мен жай сөйлем əрбір септіктегі сөздер мен сол септіктегі сөздерге шылаулардың түйдектеліп келіп жұмсалуын қай байланысу формасына жат- қызуда мектеп пен жоғары оқу орындарына арналған еңбектерде үлкен айырмашылық бар. Ғылыми еңбектерде үйге барды, үйге дейін барды дегендерді шылаулы меңгеруге жатқызу басым. Де- генмен мектеп грамматикаларында осы тіркестердің бағыныңқы сыңарларын меңгеруге жатқызбай, жанасу деумен шектеледі (ол туралы жанасу, байланысу формасы деген тақырыпты қараңыз). Жалпы түркологиялық еңбектерде, əсіресе қырғыз тілінің ма- маны А. Тұрсынов тоону қарай кетишти сөз тіркестеріндегі ба- ғыныңқы сыңардағы барыс жалғаулы тау негізгі сөз бен қарай шылауының түйдекті түрін қабысуға жатқызады. Автор тауға қарай деген бағыныңқы сыңардың байланысу формасын, оның тау сыңарының тұлғасын негізге алмайды, автор сол негізгі сөзге қатысты қарай шылауының тұлғасын негізге алуы көңілге қона қоймайды. Негізінде сөз тіркестері толық мағыналы сөздердің арасындағы байланыс десек, ал көмекші сөздер, соның бірі – шы- лаулар тек оларды байланыстыруға дəнекер болып жұмсалуға тиіс те, оның байланысу формасын негізгі сөздің тұлғасына қарап айқындау тілдік фактіге дұрыс келеді [96, 172]. Меңгерудің аясының тарылу процесі – көбіне септік жалғау- лы сөздерден кейін түрлі жұрнақтардың жалғануының нəтиже- сінде болатын құбылыс. Ондай кезде көп жұмсалатын жұрнақ - ғ ы, -гі жұрнақтары. -ғы, -гі жұрнақтары түбір сөзге жалғанып, қатыстық сын есім жасаумен бірге кейде жатыс жалғаулы сөзден кейін де жалғанып жұмсала береді. Егер жатыс жалғаулы сөздер меңгеріле байланысқан сөз тіркестерін құрайтын болса, ал енді ондай жатыс жалғаудан соң жалғанған -ғы, -гі жұрнақты сөз меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінен енді қабыса байланыс- қан сөз тіркестеріне ауысады. Оның мынадай жасалу жолдары бар. а) Негізгі сөзі -ғы, -гі жұрнақты қатыстық сын есіміне зат есімдер қосақталып жұмсалады. Мысалы: Шыңғыс, Есеней кел- генде қонақ үйдегі мəжіліс қайта қызды (С. Мұқанов). Бүкіл Қиыр Шығыс шекарасындағы Қызыл Тулы армия бір сəт ішінде ұйықтады да қалды (С. Ерубаев). Халаф батальондағы оқиғалар жайлы айтып берді (Ш. Усманов). ə) Негізгі сөзі -ғы, -гі жұрнақты қатыстық сын есімі мен сын есімнің түйдектелуі арқылы жасалады. Мысалы: Ең алды-
288 Сөз тіркесі мен жай сөйлем мен сіздің Россия телеграф агенттігінің бюллетеніне қарап, қы- зыл майдандағы күрестің барысына құлақ түріп отырдық (Ш. Ус- манов). б) Негізгі сөзі -ғы, -гі жұрнақты қатыстық сын есімі мен тағы да -ғы, -гі жұрнақты қатыстық сын есімнің түйдектелуі арқы- лы жасалады: Біз қайта келсек, тəтем төргі бөлмедегі екі кісілік темір кереуетті Танаға дайындап, маған еденге төсек салып қойыпты (Ə. Нұршайықов). в) Негізгі сөзі -ғы, -гі жұрнақты қатыстық сын есім мен сан есімнің қосақталуы арқылы келеді. Мысалы: Сол тақияның екі самайдағы жиегінен ойдым-ойдым боп түскен ақ құйқа көрінеді (М. Əуезов). г) Негізгі сөзі -ғы, -гі жұрнақтары қатыстық сын есімі мен есімдіктердің қосақталуы арқылы келеді. Мысалы: Осының бəрі жайлауға көшу сапарын жайшылықтағы, өзге мезгілдегі өзге тұрмыстың баршасынан басқаша қып жіберді. Бұл жиындағы жастар мен қартаң шаруалар түйіліп алған, қатты ашулы еді. Құнанбай өз көңіліндегі дағдарысымен кетіп еді (М. Əуезов). Мұнда негізінен -ғы, -гі жұрнақтары толық мағыналы жа- тыс жалғаулы меңгеріле байланысқан сөз тіркестерін қабыса байланысқан сөз тіркестеріне ауыстырып отыр. Ал осы сияқты құбылыс тек дербес мағынасы бар сөздер ғана емес, дербес мағынасы жоқ жатыс жалғаулы немесе негізгі сыңары септік жалғаулы, онан кейін оған түйдектелген шылау, т.б. сөздерге тəн. Олардың мынадай жасалу жолы бар. 1. Негізгі сөзі ілік жалғауының ашық жəне жасырын түріндегі зат есімі болады да, екінші сыңары -ғы, -гі жұрнақты көмекші есім арқылы жасалады. Мысалы: Əлдеқайда көл бетіндегі құс- тардың да ықыл-шықыл үндері өмір думанына бөленгендей көл қауымы өз тілімен үн қатысады (С. Бақбергенов). Шағын базар- дың ішіндегі үш қатар бөрененің шеткі, ұсақ-түйек, темір-терсек сататын бөлігінде отырған («Жалын»). 2. Негізгі сөзі ілік жалғауының ашық не жасырын түріндегі есімдік пен қосалқы сыңар -ғы, -гі жұрнақты көмекші есім ар- қылы жұмсалады. Мысалы: Менің өз басым осылардың арасын- дағы тартысқа сенбеймін («Қазақ əдебиеті»). Менің астымдағы жирен ат қырдың киігінше сырғиды (С. Сейфуллин).
289 Сөз тіркесі мен жай сөйлем 3. Негізгі сөзі көмекші есім немесе ілік жалғаулы зат есім жəне оған қосақталған -ғы, -гі жұрнақты көмекші есім арқылы жұмсалады. Мысалы: Ауылдың арғы тұсындағы биік дөңнің үсті- нен жөңкіліп сағым ағып жатыр (С. Мұқанов). 4. Шылаулар да кейде -ғы, -гі жұрнағын қабылдап, өзі қатыс- ты сөздің анықтауыш қызметінде жұмсалуын қажет етеді. Он- дай шылаулы сөздің негізгі сөзі септік жалғауындағы (көбіне ба- рыс) есімдік, зат есім, есімше, үстеу, т.б. сөздер болады. Мысалы: Құсты арал саяхаты менің сол күнге дейінгі өмірімде жаз салтана- тын бірінші рет тойлаған ең елеулі бір белесім еді (Ə. Сəрсен- баев). Ағаштан түрлі ойыншық жасағанға дейінгі менің өмірім өз алдына бір хикая еді (Жалын). Мəселен, Бұрын əл-Фараби тек жалпы математикамен өзіне дейінгі ұлы математиктер еңбегін түсіндірумен шұғылданды деп айтылатын («Жұлдыз»). Сырға ауғанға дейінгі мекені – Аманқарағай ішіндегі Əуменкөлде (С. Мұ - қанов). Бұл сөйлемдегі зат есім, есімше, шылау сөздердің бар- лығы -ғы, -гі жұрнағын қабылдап тұр. Міне, бұл сөйлемдерде -ғы, -гі жұрнақтары негізгі сөзбен бір- ге көмекші сөздерге жалғануы арқылы енді қабыса байланысқан есімді сөз тіркестеріне ауысуына байланысты бұрынғы меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің аясы тарылып отыр. Сонымен, сөз тіркесінің байланысу формалары түрлі жұр- нақтардың əсерінен бір-біріне ауысу формасында кеңею процесі- не алып келсе, керісінше екінші байланысу формасының тары- луына əкеліп соғады. Сол сияқты С.Аманжолов, А.Əбілқаевтар ол бүгін кітап оқыды дегендегі кітап оқыды сөз тіркесіндегі кітап сөзінің табыс жалғауы түсіріліп берілсе де, оны септік жалғауының жасырып тұруына негіздеп, бəрібір меңгеруге жат- қызады да, қабыса байланысу формасынан шығарып тастайды. Сөйтіп, жалпы түркологиялық еңбектерде меңгерудің аясының осы сияқты тарылу процесін көруге болады. Меңгеріле байла- нысқан сөз тіркестеріндегі тарылу процесімен бірге керісінше оның аясындағы кеңею процесін де көруге болады. П .М. Мелио- ранский -дай, -дей жұрнағын септік жалғауы десе [96, 172], Қ. Жұбанов, т.б. теңдес септеу (-дай, -дей) деп, (-ша, -ше) жұр- нағын да қосқаны белгілі [81, 344].
290 Сөз тіркесі мен жай сөйлем М.З. Закиев татар тіліндегі атау, ілік, барыс, табыс, шығыс жəне көмектес септіктеріне -дай, -дей, -сыз, -сіз, -лы, -лі, -ғы, -гі, - ча, -че жұрнақтарының негізінде уподобительный (тастай) лишительный (ормансыз) обладательный (тасты) местоименный (тастағы) деп, септіктердің санын көбейту арқылы меңгерудің аясын барын- ша кеңейтіп жібереді [97, 207-219]. Бұл жұрнақтардың сөз тудыру қызметінен гөрі сөз бен сөзді байланыстыру қызметі басым деп біледі. Бұл пікірді Ф.А. Ганиев те қолдайды [98, 74-84]. Біздіңше, бұл жұрнақтардың татар тілінде сөз бен сөзді байланыстыру жа- ғы басым болғанымен, қазақ тілінде сөз тудыру жағы басым. Сон- дықтан олар жұрнақ есебінде қарастырылуы орынды. Осы күнгі меңгеру туралы жазылып жүрген еңбектерде барыс, табыс, жатыс, шығыс жəне көмектес жалғаулы сөздер көбіне зат есім, есімдік не- месе затталып барып жұмсалатын сын есім, сан есім, есімшелер ғана деп береді. Бұл дұрыс та. Арнайы түрде септелетін сөздер осы сөз таптары екендігі айқын. Ол дау тудырмаса екен. Бірақ қазіргі əдеби тілдің материалына жүгінсек, соңғы кезде септелетін сөздердің аясы əлдеқайда молайды. Оның өзі жоғарыда аталған сөз таптарының онан əрі активтенуі арқылы десек, септелмейді дейтін басқа-басқа сөз таптары да осы кезде септеліп жұмсала- тын дəрежеге ие болып отыр. Біз бұл арада зат есім, есімдік, сын есім, сан есім, есімше сөз таптарының ондай ерекшеліктерін айту- дан гөрі онан басқа да сөз таптарының төңірегінде сөз қозғауды жөн көрдік. Есімдік септеледі дейміз. Ал қазіргі септелетін есімдіктер қатарында жіктеу есімдігі айтылады да, ал қалған есімдіктердің де септелу процесі онша елене бермейді. Сондықтан да меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінде тек бағыныңқы қызметте жіктеу есімдіктерін келтіруден ары аса алмаймыз. Барлап қарасақ, басқа есімдіктердің де септелетінін көреміз. Мысалы: Сендер- мен қашаннан ағалы-інілі болғанмын (Ж.Жабаев). Қашанға дейін қамалады бұл қоршауда (С. Мұқанов). Содан кейін папи- росынан көк түтінді будақтата күрсінді (Ə. Сəрсенбаев). Бұған дейін ол кісінің айтуынша мен ақылды да, тəртіпті де, саналы едім (Ғ. Мүсірепов). Онымен қашаннан бері көңіл қосты екен
291 Сөз тіркесі мен жай сөйлем (С. Жүнісов). Ешбірін де ол білмейтін (М. Əуезов). Бірнешені жы- латып, қуантқан неше талайды (Ғашық-наме). Бірақ бұл бала да сырын, ойын ешкімге айтпады (М. Əуезов). Көп, аз сөздерінің септелуі: Бұдан соң екеуі де көпке дейін үнсіз қалды (С. Бақбергенов). Абай, Əйгерімнің байқауынша, Мағаштың хатын қолы дірілдеп оқып, көпке шейін танып, түсініп, бойына сіңіре алмаған тəрізді (М. Əуезов). Бар, жоқ сөздерінің септелуі: Төңірегінде беті ашық жатқан темір-терсек жоғына көзі əбден жеткен (Ə. Кекілбаев). Жалғыз- ақ, мынау екі қаралылар үшін ол жоққа барабар (М. Əуезов). Бала-шағаң бар-жоғыңа қарамайды (М. Мағауин). Осы қалпын- да ол ұрыдан гөрі жоғын іздеумен болып еді («Қазақ əдебиеті»). Есеңгіреп қалған қазақтар қолдарында садақ бар екенін де ұмы- тып кеткендей (Ə. Кекілбаев). Үстеудің септелуі: Мысалы, Ертемен тұрдағы, ақбоз атыңа міндағы, құбылаға қарап жүре бер (Ж. Молдағалиев). Жүргінші- лер Ералының қазірде қуаң тартқан шалғынын біраз аралап өтті (М. Əуезов). Күн бата Еркебұлан келді, кешеден бері Отарбай- дың мінезі тіпті түсініксіз болып кетті (Ғ. Мұстафин). Ертеңіне түске жақын Абайды ұзақ жолға аттандырғалы жақындары тегіс тысқа шықты (М. Əуезов). Аудандарға жоғарыдан нұсқау беріл- ген (Ғ. Мұстафин). Жеке дыбыстардың да септелуі: «Т» мен «У» де келді деп, Ту шалқиды желбіреп. «Е» əрпі «ф» мен көрші екен Үйлессіз көрші ерсі екен (М. Əлімбаев). Есімдіктің септелуі: Əзірше мынаны ала тұр («Лениншіл жас»). Рахым балалардың бəрінен де үлкен (М. Əуезов). Күнім-ай, сонша неге жүдедің (М. Əуезов). Ушаков инженерлермен осын- да келіп еді (Ғ. Мүсірепов). Қимыл есімінің септелуі: Сол бұлақтың суы ұрыспай-талас- пай, аттарын суарып алып, жөндеріне жүре беруге жетер ме еді? (Ғ. Мұстафин). Оншалық саналы болуға əлі жас емес пе? – деседі (С. Мұқанов). Баланы оқытуды жек көрмедім (Абай). Қатыстық сын есімнің септелуі: Мен мына көк бестіге мі- немін (Ғ. Мүсірепов). Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез (Абай).
292 Сөз тіркесі мен жай сөйлем Көмекші сөздердің септеліп келуі арқылы: Көмекші етістік: Əйгерім хаттың хабары жайсыз екенін Абай жүзінен сезді де, сүйек шкафтан Абайдың көзілдірігін əперді (М. Əуезов). Жасау дегеннен көз тұнады (Ғ. Мұстафин). Киімдеріне, денелеріне адам қарап жібергенде-ақ жер қазғандар екендерін айтпай-ақ білетіндей (С. Сейфуллин). Көмекші есім: Бұл Нұра өзенінің жағасына ертеде орнаған поселкалардың бірі (Ғ. Мұстафин). Көп іздеген көмбе үстінен шығады (Мақал). Модаль сөз: Бірақ жаңағы Сақабаев сияқтыларға сеніп, етек басты болып отырып қала береді (Ə. Нұршайықов). Қысқарған сөздердің септелуі: Мартен цехында инженер Са- ғатов түнгі құйған құрышты ОТК-ға тапсырайын деп жатыр екен (С. Шаймерденов). Зер сала тексеру барысында тек арнайы септелетін сөз таптары дəрежесінде болмағанымен, басқа-басқа сөз таптарының да септелу дəрежесін көруге болады. Кейбір септелетін сөздердің осы күнге дейін еленбеуі жəне кейбір сөз таптарының бүгінгі кезде септелу дəрежесіне ие болуы арнайы қарауды қажет ететін үлкен мəселе. Сонымен, меңгеріле байланысқан сөз таптарының бағыныңқы сыңарларының бірде кеңеюі мен тарылуы – үнемі болып отыра- тын құбылыс. Меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңар- ларының аясы сөз таптары жағынан да, морфологиялық құрамы жағынан да кеңейе түскенін көруге болады. Шылаулардың меңгеруі тек етістік сөз тіркесіне ғана телініп келеді, əлі де солай. Алайда қазіргі əдеби тілде шылаулы меңгеру тек етістік меңгеруде ғана емес, есімді меңгеруде де кездесетін- дігі айқын болып отыр. Бірақ олар сөз тіркестеріне қатысты жеткілікті түрде зерттелмеген. Дұрысында олардың күрделі сөз тіркестерін құраудағы орны ерекше. Осы уақытқа дейінгі ғылыми əдебиеттерде шылаулы меңгеру тек етістікті сөз тіркестеріне қатысты делініп келгендігін айта келіп, Н.З. Гаджиева қазақ тілінің материалының негізінде құр- ғақшылыққа қарсы күрес, күзге салым уақыт еді сияқты сөз тіркестерін дұрыс көрсете келіп, зат есім мен көмекші есімдердің түйдектелуі арқылы есімді сөз тіркестерінің жасалуын алғаш көрсетті [99, 100-101].
293 Сөз тіркесі мен жай сөйлем Осы сияқты фактілер тек түркологиялық əдебиетте ғана емес, орыс тіл білімінің өзінде де пайда болып келе жатқандығын В.В . Виноградов алғаш көрсетсе [100, 51-55], «подарок сына, обед на двоих, человек в пальто, красноречивый до слез» сияқты есімді сөз тіркестерінің молая бастағандығын Н.Ю. Шведова да дəлелдей түседі [101, 24]. Осы пікірді жалғастыра келіп, Г.А. Зо- лотова бұрын тек қана есімдермен ғана тіркесе алатын шылаулы сөз тіркестерінің негізінде енді есімді шылаулы меңгерудің пай- да болуын, оған əсіресе етістік сөз тіркесінің ықпалын баса көр- сетеді [102, 89]. Ə. Ибатов сан есім, оның ішінде болжалдық сан есімдер астам, жуық, қаралы, тарта, таяу, шақты сөздері арқылы жасалып, оның алдындағы сөз барыс, шығыс септіктерінде келеді [103, 103] десе, ал И. Ұйықбаев, А. Ысқақов, К. Аханов, Ғ. Əбуханов ондай сөздерді сан есімдермен бірлесіп, болжалдық сан есім жасала- ды [104, 121] деп түсіндіреді, ал бірақ қайсысында сан есімдер- дің қандай тұлғада, қай септіктерде жұмсалатынын айтпайды. Сан есім туралы арнайы еңбек жазған Ə. Хасенов болжалдық шамалық сан есімдерді айта келіп, оның шығыс жəне барыс сеп- тіктерінде сан есімдерден соң артық, аса, астам, жуық, жақын, тарта, тақау сияқты сөздердің қатысы арқылы жасалатын- дығы, ондай кезде олар бір күрделі мүше ретінде жұмсалатынды- ғын жəне ондай тіркесті сөздердің синтаксистік қызметі анықта- уыш деп көрсетеді [105, 33-37]. Меңгерудің бұл түрін айтқанда мына мəселелерге көңіл ау- дару қажет: есімді меңгеруде қандай шылаулар қатысады, ол қандай сөз таптарымен түйдекті тіркес құрайды, олардың басың- қы сыңары қандай сөз таптарынан жасалады? Ол үшін мына мысалдарды талдап көрейік. Мысалы: Диви- зиямыз жаудың жиырма бес зеңбірегін, бес минометін, отыз бес танкісін жойып, мыңға тарта неміс солдаттары мен офицерлерін құртты (Қ. Қайсенов). Екі жүзге таяу адам күндік жерге дейін желе-жортып пəуескенің соңынан еріп отырды да, біртіндеп қала берді (З. Ақышев). Қазақстанда бұл таңда 3848 ұлттық мек- тептерде миллионға жуық оқушы оқиды («Лениншіл жас»). Маған одан артық не керек, – деді Қасым тағы да қарқылдап күліп, күректей алақанын жайған (Ə. Нұршайықов). Сатыр-күтір
294 Сөз тіркесі мен жай сөйлем бірдеңелер біздің жанымызға тақау жерде-ақ қарға сіңіп жатты (Ə. Нұршайықов). Келтірілген мысалдарда курсивпен жазылған тіркестер шылаулардың қатысуы арқылы жасалған. Мұндай топтағы сөздерді шылаулы есімді тіркестер деуге болады. Олар сол түйдегімен сөз тіркесінің бір күрделі сыңары қызметінде меңгеріле байланысады. Бұл сөйлемдердегі курсивпен жазылған сөз тіркестерінде негізгі сыңар сөздер мен шылаулар жұмсалған. Сонымен, шылаулы меңгеруде бағыныңқы сыңардың негізгі сөздері есімдер мен үстеу болып келеді. Əсіресе ондай кезде басқа сөз таптарына қарағанда шылаулармен сан есімдер көбірек қолданылады. Əзірше есімді меңгеруде жұмсалатын шылаулар жуық, астам, таяу, аса, артық, тарта, тақау. Ондай шылаулар барыс септігін меңгеретін (жуық, таяу, тарта, тақау), шығыс септігін меңгеретін (астам, аса, артық) болып бөлінеді. Зат есім- ді меңгеруге жоғарыдағы шылаулардың барлығы бірдей қатысса, басқа есімдерге көбіне гөрі, артық шылаулары қатысты болады. Шылаулы сан есімнің меңгерілуі тілімізде бұрыннан бар, ал басқа есімді шылаулы меңгерулер кейінгі кездің жемісі деу орынды. Есімді меңгеру құрамында шылаулар сияқты көмекші есім, көмекші етістіктер де жұмсала береді. Əдетте көмекші есімді сөздер тек етістікке ғана қатысты десек, енді ондай сөздер есімді де сөз тіркесін құрауға негіз бола алады. Мысалы, Құйқалы құм жаз бойына елсіз («Жұлдыз»). Комбинат кеңсесінің алдындағы жарнама ілетін тақтайдың қасында ығы-жығы халық («Жұл- дыз»). Бұл сөйлемдердегі жаз бойына елсіз, тақтайдың қасында халық сияқты сөз тіркестерінің аралық дəнекерлері бойы, қасы сияқты көмекші есімдер болады да, олар елсіз, халық сияқты зат есім, сын есімдермен меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркесін құрайды. Бетіңнен іс етуге ақылың кем, Бой өсіп, жас жетсе де білмейсің жөн. Мал, басың ағайынның талауында Алдамшы осы емес пе дүние деген? Осындағы іс етуге зат есімі е көмекші етістігінің барыс септігінде келуі арқылы ақылың кем сөздерімен есімді сөз тіркесі жасалған. Мұндай фактілер əсіресе ырғаққа құрылған қалыптас- қан тіркестер құрамында да көп кездеседі.
295 Сөз тіркесі мен жай сөйлем Қарқаралы басында жалғыз арша, Үй үстінде шыбық, т.б. Мұндай сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарлары ретінде кө- біне есімдер мен үстеу жəне етістік жұмсалады. Кейде ондай есім- ді меңгеруде шақ, жақ, кез сөздері де жұмсала береді. Бақдəулет Байсеркенов ішкен кезінде бауырмал. Қазіргі шақта жүргіншілер сирек («Жұлдыз»). Осы сияқты фактілер қазіргі кезде тілімізде едəуір бар болса да, қазақ тіл білімінде арнайы зерттеудің объектісі болған емес. Сонымен, есімді меңгеруді жасауда тек шылаулар ғана қатысып қоймай, көмекші есім, көмекші етістік, модаль сөздер де қатыса алады. Бұдан шығатын қорытынды, есімді, оның ішінде көмекші есімді меңгеру де тілімізде қалыптаса бастады. Енді шылаулы есім меңгеру туралы ғана айтып қоймай, бүкіл көмекші сөзді есімді сөз тіркестерін жан-жақты зерттеу қажеттігі пайда болды. Əрине ол көмекші сөздердің барлығының рөлі іштей алғанда бірдей емес. Мұндай сөз тіркесінде көбіне шылау мен көмекші есімдер мол қолданылса, басқалары сиректеу. Жалпы есімді меңгерудің басыңқы сыңары туралы зерттеу- шілер көбіне сын есім, сан есім, есімдіктерді ғана атаумен шек- телсе, шылаулы есімді сөздерді меңгеретін сөздер саны, құрылымы, сөз табына қатысы жағынан да оларға қарағанда аумағы кең. Проф. М . Томанов ондай сөз тіркестеріне зат есімнің, көбіне ке- ңістікті ғана білдіретін зат есімдері қатысты десе [106, 14], есімді шылаулы меңгеруде барлық зат есімдер қатыса береді. Тіпті, кей- де септеліп келген шылау сөздер де ондай кезде басыңқы қызмет- те жұмсала алады. Сол сияқты басқа да сөз таптары да мол жұм- салады. Жалпы ондай шылаулы сөз тіркестерінің синтаксистік қыз- метін де нақтылаған жөн. Əдетте меңгеріле байланысқан үйге дейін барды, орманға шейін жеттік, кітапқа құмар еді дегендегі бағыныңқы сыңарлары əрі толықтауыштық, əрі пысықтауыштық қызметте жұмсалатын. Сондықтан да ондай тұлғалы тіркестерді не толықтауыш, не пысықтауыш деп қана танитынбыз. Енді жо- ғарыдағы фактілерді алсақ, есімді шылаулы меңгерудің синтак- систік қызметіне ол принцип келе бермейді. Ондай түйдекті тір- кесті сөздерге меңгеріле байланысқан тұлғаға қойылатын қайда?
296 Сөз тіркесі мен жай сөйлем неде? кімде? сұрауларын қоя алмаймыз. Олар шылаулы тұлғада меңгеріле байланысқанымен, қанша? деген сұрауға ғана жауап береді. Тек осы ерекшелігіне қарап та, ондай шылаулы меңгеруді анықтауыштық қатынастағы есімді сөз тіркесі деп қарап таныған дұрыс. 10. Сөз таптары, олардың сөз тіркестеріне қатысы Сөз тіркестерінің негізгі құрылымдық аясын дамытуда сөз таптарының қызметі ерекше. Сөз таптарының бір-бірімен тір- кесінің негізінде сөз тіркестерінің байланысу формасы мен амал- дары, синтаксистік қызметі мен түрлері айқындалады. Сөйтіп, сөз тіркесінің өзіне тəн синтаксистік ерекшеліктері сөз таптарының өзара тіркесі негізінде ғана жүзеге асса керек. А.А . Реформатский сөз таптары туралы айта келіп былай дей- ді: «Сөз таптары – грамматикалық (бірақ лексикалық немесе лексика-грамматикалық емес) категориялар, олардың құрамы мен орналасуы əрбір тілде басқаша болады жəне олар өздерінің лексикалық қасиетімен емес, морфологиялық жəне синтаксистік ерекшеліктерінің жиынтығымен жəне мүмкіндіктерімен айқын- далады» [107, 324]. Бұл пікірге қарағанда, əрбір сөздің лексикалық мағынасы басты фактор болғанымен, негізгі мəселе етіп олардың грамматикалық, яғни белгілі сөйлем мүшесі жəне сөз тіркестері- нің белгілі сыңары болу жағын баса көрсетіп отыр. Шындығында, синтаксис мəселесі сөз таптарынсыз өмір сүре алмаған да болар еді, алайда сөз таптарының лексикалық жағынан ғана объектіге алынуы, оларды жан-жақты қарастыруға мүмкіндігі де бар екен- дігі айқын. Жалпы алғанда морфология мен синтаксис тығыз бай- ланысты, бірін-бірі əртүрлі жағынан толықтыра келіп, үлкен жүйе құрайтыны белгілі. Сөз тіркесін құрастыруда басты тұлға – сөз таптары. Сөз тір- кесі сөз табы мен сөз табының грамматикалық байланыста болу негізінде қалыптасады. Осыдан барып сөз тіркесі негізінде сөз табы мен сөз табының тіркесі арқылы ғана жүзеге асады, сол арқылы жоғарыда айтылғандай, олардың өзара қарым-қатынасы пайда болады. Бірақ бұл жерде мынаны да ескерген жөн. Сөз тіркесі кез келген екі сөздің тіркесі ме? Олай болған жағдайда
297 Сөз тіркесі мен жай сөйлем дербес мағынасы бар сөз таптары мен дербес мағынасы жоқ сөз таптарының арақатынасы қалай деген сұрау туады. Шындығында, сөз тіркестерінің əрбір сыңарын құрау үшін сөз таптарының дербес мағынасы бары да, дербес мағынасы жоғы да бірдей қатыса береді. Қалайда сөз тіркестерінің əрбір сыңа- рының құрамында ол екі топ сөздер де бола беруі мүмкін. Бірақ дербес мағыналы сөз таптары мен дербес мағынасы жоқ сөздердің сөз тіркестерінің сыңарын құрау жағынан келгенде өзіндік айырмашылығы бар. Сөз тіркесі негізінде грамматикалық та, мағыналық жақтан да өзара қатысты тек толық мағыналы сөздерден құралуы керек. Сондықтан да сөз тіркесінің əрбір сыңары болуда лексикалық мағынасы, морфологиялық тұлғасы мен синтаксистік қызметі бар зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, еліктеуіш сөздері сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары, не басыңқы сыңарлары болуында өзіндік ерекшеліктері бар. Мы- салы, үстеу, еліктеуіш сөздер сөз тіркестерінің көбіне бағыныңқы сыңарында бірде басыңқы сыңарда да жұмсала береді. Əсіресе ондай кезде басыңқы сыңарда көбіне зат есім мен етістік ерекше қызмет атқарады. Толық мағынасы жоқ сөздер де сөз тіркесін құрауға қатыса- ды дейміз. Бірақ олардың сөз тіркесіне қатысы сатылы дəрежеде айқындалса керек. Өйткені көмекші сөздер сөз тіркесінің жеке бір сыңары қызметінде жұмсала алмайды, олар толық мағыналы сөзбен түйдекті түрде ғана сөз тіркесінің не бағыныңқы, не ба- сыңқы сыңары ретінде қолданылады. Сөйтіп, көмекші сөздер сөз тіркестеріне тек басқа сөздердің құрамында келуі арқылы ғана қатыса алады. Жоғарыда аталған жеті сөз табының негізінде, яғни олардың бірімен-бірінің өзара грамматикалық байланысының негізінде əртүрлі конструкциялы сөз тіркестері пайда болады. Осы кезде сөз таптарының сөз тіркесін құрауда өзара мағыналық байланысы да шешуші қызмет атқаруы тиіс. Əрине, осы кезге дейінгі ғылыми əдебиеттерде негізінен сөз тіркестері сөз таптарының өзара тіркесі негізінде құралатынды- ғын айта келіп, əсіресе қабыса байланысқан сөз тіркестерінде олардың сыңарлары туралы біраз сөз болады. Сөз тіркестерінің жасалуында мұндай ішкі ерекшеліктен гөрі алдымен олардың
298 Сөз тіркесі мен жай сөйлем негізгі басты критерийлерін ашу, айқындау қажет сияқты. Тілдегі сол жеті сөз таптарының сөз тіркесінің əрбір сыңарын құрауда негізінде мынадай заңдылықтарға сүйенуге болады. Ол үшін əр- бір сөз тіркесінің қай сөз таптарынан жасалатындығын былай топтамақпыз: 1. Əр сөз табының негізінде қалыптасқан сөз тіркестері. 2. Бір сөз табының негізінде қалыптасқан сөз тіркестері. 3. Бір сөздің қайталануы негізінде жасалған сөз тіркестері. Сөз тіркесінің аясын құрайтын сөз таптарын осы үш бағытта қарастырудың практикалық та, теориялық та маңызы бар деп білеміз. Сөз тіркесінің бағыныңқы, басыңқы сыңарын құрауда негізін- де осы үш топтың ішінде ең негізгісі – əр сөз табының негізінде қалыптасқан сөз тіркестері. Əр сөз табының негізінде қалыптасқан сөз тіркестерінің өзін іштей бірнеше топқа бөлуге болады. Сөз тіркесін құрайтын сөз таптары негізінде сөйлем мүшелерін құрауға да негізгі фактор екендігі айқын. Сонда сөз таптары – əрі сөз тіркестерінің сыңарлары үшін де, əрі сөйлем мүшелері үшін де басты фактор. Сөйлем мүшелерінің ішінде ең негізгісі бастауыш пен баян- дауыш екендігі белгілі. Сол екі сөйлем мүшелерінің негізінде басқа да сөйлем мүшелерінің табиғаты айқындалса керек. Мы- салы, бастауышқа көбіне анықтауыш қатысты болса, ал пы- сықтауыш пен толықтауыш баяндауыш арқылы өрбиді. Міне, сөйлем мүшелеріндегі осы заңдылық сөздердің өзара тіркесіне де ортақ. Жалпы сөз тіркестерінің бағыныңқы, басыңқы сыңарларын құ- райтын сөз таптары зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, еліктеуіш сөздер, үстеулердің іштей өзара қатысы, ондай кездегі жігі барлығы білініп тұрады. Жалпы сөз тіркесін құрауда сөйлем мүшелеріндегі бастауыш пен баяндауыш қандай рөл атқарса, сол бастауыш пен баянда- уыш болатын (сөйлем мүшелері қызметіндегі басқа да сөз тапта- рын айтпағанда) зат есім мен етістік те ерекше қызмет атқарады. Ол сөз таптарының төңірегіне басқа да бірнеше сөз таптары ба- ғыныңқы қызметте жұмсалады. Сол негізде өзара бірнеше сөз тіркестері пайда болып отырады.
299 Сөз тіркесі мен жай сөйлем Зат есім – əртүрлі категорияға бай сөз табы. Сол заттың əр- түрлі сыны, саны, қимылдық сапасы, алыстығы, жақындығы, т.б. қасиеттері тек сын есім, сан есім, есімдік, есімшелер арқылы айқындалса керек. Міне, сондықтан да ол көрсетілген сөз тапта- ры тек зат есімге қатысты есімді сөз тіркестерін құрауға себеп болады. Мысалы: 1. Жұмсақ иегінің астында жұқа ғана бір толқындай боп, нəзік бұғағы білінеді (М. Əуезов). 2. 1965 жылы мектеп-интернаттардағы оқушылардың саны кемінде 2 миллион 500 мың адам болды («Социалистік Қазақ- стан»). 3. Мұнда барлық ел боп қуанып қарсы алды (М. Əуезов). 4. Келген адам шайға отырмай, не шұбат ішпей кетпейді (Ғ. Мұстафин). Міне, осы сөйлемдердегі нəзік сын есім, 2 миллион 500 мың – сан есімі, барлық – есімдік, келген – есімше өздерінің затқа қатыстылығымен бір топ сөз тіркесін құрайды. Осылайша біраз сөз табы етістікке қатысты жұмсалу барысында олар да сөз тіркесінің үлкен тобын құрайды. Мысалы: 1. Қазір менің балаларым қайтып келе қалса, мен оларды қо- раға кіргізбес едім (М. Шолохов). 2. Бұл жолы ол əрі ұзақ ұйықтады, əрі тыныш ұйықтады (В. Катаев). 3. Елшілікке барарда, Тайқасқаға мінерде, Есекем бір келгенде үш келді (Бекет батыр). 4. Аюкенім бетін жастыққа басып, солқ-солқ жылап отыр (Ə. Омаров). Міне, осындағы қазір, солқ-солқ, тыныш, ұзақ жəне үш, т.б. сөздері келіп қалу, ұйықтау, келу, жылап отыру етістіктеріне қатысты ғана жұмсала алады. Міне, осыдан барып етістікке қа- тысты сөздердің тобы немесе етістікті сөз тіркестері қалыпта- сады. Əрине, бұл зат есімге, етістікке қатысты сөздер қалайда ол сөздермен тарихи қатынасының негізінде қалыптасады. Меңгеріле, матаса байланысқан сөз тіркестерінде де қабыса байланысқан сөз тіркестері сияқты бұларда да өзіндік қатыс- ты сөздер тобы анықталады. Мысалы: 1. Балалы-шағалы жұ-
300 Сөз тіркесі мен жай сөйлем мыскерлерге арналып салынып жатқан бір барақ бар еді (А. Макаренко). 2 . Тап ортада сегіз қанат үйдің кеудесі биік ке- сек күмбезбен көтерілген (М. Əуезов). Міне, осы сөйлемдердегі жұмыскерлерге, үйдің барыс, ілік жалғаулы сөздері тек мағыналық байланыста ғана өзі қатысты сөздермен белгілі дəрежеде сөз тіркестерін құрайды. Сонымен, бағыныңқы, басыңқы сыңарлары əртүрлі сөз таптарынан құрал- ған сөз тіркестері қабыса, матаса, меңгеріле байланысқан сөз тіркестерін құрай келіп, олардың өзі іштей бірнеше кіші топтарға бөлінеді: Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестерінің бағыныңқы, басыңқы сыңарлары: 1. Зат есім 2. Сын есім 1. Зат есім 3. Сан есім 2. Сын есім 4. Есімдік 3. Сан есім 5. Есімше 4. Есімдік 6. Үстеу 7. Негізгі сөздер – көмекші сөздер 8. Тұрақты тіркес Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарлары: 1. Үстеу 2. Сын есім 3. Сан есім Етістік 4. Көсемше 5. Еліктеуіш сөз 6. Зат есім 7. Есімдік 8. Есімше – көмекші сөз 9. Негізгі сөздер мен көмекші сөздер 10. Тұрақты тіркестер Матаса байланысқан сөз тіркестерінің бағыныңқы, басыңқы сыңарлары: 1. Зат есім 2. Есімдік 3. Сын есім
301 Сөз тіркесі мен жай сөйлем 4. Сан есім 5. Есімше Есімдер 6. Қимыл есімі 7. Негізгі сөздер – көмекші сөздер 8. Тұрақты тіркес – етістік. Мысалы, Өткеннің жақсысы, жаманның бүгіні өлшеуішімен өлшенеді (Ғ. Мұстафин). Сұлулықтың көрмесі, қуаныштың жəр- меңкесі ашылды («Қазақ əдебиеті»). Қол тиірменнің қай түйеге артылғанын Жұманның өзі ғана білетін еді (Ғ. Мүсірепов). Меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің бағыныңқы, ба- сыңқы сыңарлары: барыс, табыс, жатыс, шығыс жəне көмектес жалғаулары арқылы келеді: Зат есім Есімдік Сын есім а) есімдер Сан есім ə) етістіктер Есімше б) есім мен көмекші етістіктер Негізгі сөздер – көмекші сөздер Тұрақты тіркес Міне, бұған қарағанда, əртүрлі сөз таптары арқылы құралған сөз тіркестерінің аясы кең əрі бұлардың модельдері мол-ақ. Осы көлемде болмағанымен, бір сөз табы арқылы құралған сөз тіркестері де тілде едəуір орын алады. Мұндай сөз тіркестерінің бағыныңқы, басыңқы сыңары да тек бір сөз табынан ғана жаса- луы керек. Мұндай сөз тіркестері көбіне зат есім мен зат есімнің, етістік пен етістіктің тіркесі арқылы жасалады. 1. Зат есім мен зат есімнің тіркесі. Əрине бұл тақырып ар- найы зерттелінгеннен бері белгілі. Бірақ бұл жұмыста тек қабыса байланысқан сөз тіркестері ғана сөз болды. Ал зерттей келгенімізде, зат есім тіркесі бірнеше байланысу формасында ке- летіндігін көруге болады. Оған зат есімдердің морфологиялық жағынан өзгеруге бейім екендігі де əсер етсе керек. Ол үшін мына мысалды талдадық: 1. Ол Мағаштың əкесіне жазған аса бір ауыр сыры бар хат еді (М. Əуезов). 2. Сүйіндік ұсталары істейтін қамар белбеу, күміс ер-тоқым- ның да көкесі осында көрінеді (Ғ. Мұстафин).
302 Сөз тіркесі мен жай сөйлем 3. Аяқтарында керзі етік, қолдарында темір күрек. Қыз- келіншек қырманда, қолында күміс күрегі («Қазақ əдебиеті»). 4. Ертеңіне түске жақын Абайды жолға аттандырғалы жақындары тегіс тысқа шықты (М. Əуезов). 5. Піу, шайтан. Тіпті кейіп тұрып айтып еді (Ғ. Мұстафин). 6. Қонақ үйде, дөңгелек үстел үстінде, қызғылт, күңгірт сəулесі бар тас шам жанып тұр (М.Əуезов). 7. Мынау ағаш үйлер Торсан мен оның балаларынікі, – деді Болатбай (С. Мұқанов). Міне, осы сөйлемдерде а) қамар белбеу күміс ер-тоқым ə) Мағаштың əкесі б) аяқтарында керзі етік қолдарында темір күрек қолында күміс күрегі в) қонақ үй ағаш үй сияқты тек зат есімнен ғана құралған сөз тіркестері бар. Олар өзара мынадай байланысу формаларында келіп тұр. Қонақ үй, ағаш үй сөз тіркестері қабыса байланысқан сөз тіркес- терін құраса, Мағаштың əкесі матаса, ал аяқтарында керзі етік, қолдарында темір күрек, қолында күміс күрегі сөз тіркестері меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестерін құрап тұр. Соны- мен, зат есім мен зат есімнен құралған сөз тіркестерінің өзі қа- быса, матаса жəне меңгеріле байланысқан сөз тіркестерін құрай- тындығын көруге болады. Бұл сөз тіркестерінің əрқайсының жа- салуында өзіндік ерекшеліктері бар. Соның ішінде зат есім мен зат есімнің анықтауыштық қа- тынаста қабыса байланысуы əдеттегі сын есім, сан есімдердің анықтауыштық қатынаста қабыса байланысына қарағанда өзін- дік ерекшелігі бар. Негізінде қонақ үй, ағаш үй дегендегі қабыса байланысқан зат есімді сөз тіркестері бірден қалыптаспаса ке- рек. Олар сын есім, сан есімдердің тіркесіне қарағанда кейін қалыптасқан. Қонақ үй сөз тіркесі қонаққа арналған үй сияқты қалыпта айтылып, келе-келе тілдік экономияға байланысты нор- маланған болуы керек. Мұндай сөз тіркестері тілдік экономия бойынша екі зат есімнің арасындағы дəнекер етістік сөздерінің
303 Сөз тіркесі мен жай сөйлем түсірілуіне байланысты тілде осындай өзгерістерге ұшырап отыр. Біріншіден, қонаққа арналған үй дегендегі екеуіне дəнекер етістіктер түсіріліп айтылу арқылы қонаққа үй болып меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркесі қалыптасуы тиіс еді. Бірақ бұл жерде қонаққа үй деген есімді сөз əдеттегі қолында күрек сияқты меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестеріндей мағыналық жа- ғынан келе бермейді, сондықтан да сол қалпында өзара сөз тір- кесін құрай алмайды. Екіншіден, қонаққа үй екі сөзінен нақтылы айқын сөз тір- кестерін құрау үшін тағы да тілдік экономияның əсері болып отырған сияқты. Егер алғашқыда етістіктің түсірілуі айқын бо- лып келсе, келе-келе қонақ сөзінің барыс жалғауының да түсі- рілуі ауызекі тілде пайда болып отыр. Сонда табиғи нормадағы қонаққа арналған үй, ағаштан жасалған үй тіркестерінен енді қонақ үй, ағаш үй сияқты зат есім мен зат есімнен құралған, сөз тіркестері өзара мағыналық жағынан ғана байланыса алатын сөз тіркестері қалыптасып отыр. Олар қазіргі кезде жан-жақты даму үстінде. Матаса байланысқан сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары əртүрлі сөз таптарынан болатындығы жоғарыда көрсетілді. Ал зат есім мен зат есімнен құралған матаса байланысқан сөз тір- кестері баршылық. Зат есім мен зат есімнің тіркесі кезінде ба- ғыныңқы, басыңқы сыңарлары тек зат есім болуы тиіс. Ондай кезде зат есімнің өзі жалқы есім жалпы есім негізгі туынды абстракт конкретті түрде де жұмсала береді. Мысалы, Мен жүрегімнің отын да, өмірімнің мазмұнын да сонан кейін жасадым. Сөйтіп ащы, көңілсіз күндердің, жылдардың, ғасырлардың дəстүрін бұзды (С. Ерубаев). Абайдың кəрі əжесі мен өз шешесінің бірге тұратын үйі осы еді (М. Əуезов). Осы тəріздес меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері де зат есім мен зат есімнің тіркесі арқылы жасалады. Бір сөз таптарының негізінде құралған сөз тіркестерінің ең үлкен көлемді түрінің бірі – көсемше мен етістіктің тіркесі деп
304 Сөз тіркесі мен жай сөйлем білеміз. Көсемшенің етістікпен тіркесі тек синтаксистік оқулықта біршама айтылды [108], ол ерекшеліктер төмендегіше: Көсемше бағыныңқылық сөйлемнің баяндауышы көрінетін жігі; Ондай кездегі дербес мағынасы бар көсемшеге көсемше тұл- ғалы көмекші етістіктердің тіркесінің əсері; Көсемшенің етістікпен тіркесінің мағыналық топтары; Ондай тіркестердің тіркесу қабілеті, көсемшенің етістікпен тіркесінің қалыптасу тарихы, т.б. мəселелері арнайы зерттеуді қажет етеді. Шартты рай тұлғалы етістікпен етістіктің тіркесі. Ол туралы жəне бір сөздің қайталануы арқылы қалыптасқан сөз тіркестері туралы осы еңбекте жеке-жеке тақырыптарды қараңыз. 11. Шартты рай, оның синтаксистік ерекшеліктері Етістіктің шартты райының жұрнағы негізінде етістіктің не- гізгі, туынды жəне болымды, болымсыз түрлерінен кейін жал- ғанады. Шартты рай тұлғалы етістіктерден соң жіктік жалғауы жəне -шы, -ші қосымшасы қосылуы арқылы жасала береді. Шарт- ты рай тұлғалы етістіктер негізінде морфологияда қаралады. Осы күнге дейінгі мектеп, педучилище мен жоғары оқу орындары, ғылыми əдебиеттерде ондай тұлғалы етістіктер екі түрлі бағыт- та қарастырылады [109]. 1. -са, -се тұлғалы сөздердің сөйлемнің соңында келіп, баянда- уыш болуы. Оның өзінде ондай тұлғалы сөздерден соң болар еді, екен, енді, керек сөздерінің тіркесі арқылы сөйлемді тиянақтауы сөз болады. 2. -са, -се тұлғалы сөздердің сабақтас құрмалас сөйлемнің тиянақсыз баяндауышы ретінде жұмсалуы. Осы күнгі морфологиялық еңбектер шартты рай тұлғалы етіс- тіктердің қазіргі əдеби тілде қолдану ерекшеліктерін жан-жақты ашып бере алмаса керек. Ол тұлғалы сөздердің қыры мен сыры морфологияда тек біржақты түрде қаралуда. Синтаксистік еңбектерде шолу жасау барысында -са, -се тұлғалы етістіктердің морфологиядан гөрі синтаксис саласында зерттелуінің əлдеқайда басым екендігін баса айту керек. Əсіресе
305 Сөз тіркесі мен жай сөйлем шартты рай тұлғалы сөздердің синтаксистік ерекшеліктері ту- ралы толық мағлұматты Қ. Есеновтың еңбектерінен алуға бо- лады [110]. Автордың -са, -се тұлғалы сөздердің тек шартты бағының- қылы сабақтас сөйлемде ғана емес, тіпті жай сөйлемдер ара- сында да жұмсалуы туралы пікірлерін былайша көрсетуге болады. Автор -са, -се тұлғалы сөздердің жай сөйлем синтаксисінде: а) Мен білсем, жаңағы өзің айтқан «Қаракөздің» көп ырғағын жасты мұңға айналдыруға болады. Сол əнге қосып тоқтау айт, – дейді (М. Əуезов). Сөйлемдегі Мен білсем – бастауыш пен шартты формалы баяндауыштан құралған жай сөйлемді қыс- тырма топ ретінде алып, ондай топты қыстырмалардың мол қол- данылатындығын нақтылы дəлелдейді. Сонда шартты тұлғалы етістіктердің барлығы бірдей үнемі сөйлемнің баяндауышы бо- ла бермейтіндігін, олардың сөйлемде оқшау сөздер ретінде де қолданылатындығын дəлелдейді. ə) Нем кетіпті, айтса айтар, айтпаса қояр (С. Мұқанов) сөйлеміндегі айтса, айтпаса шартты рай етістігінің əрі бо- лымды, əрі болымсыз түрлерін жеке алып қарастыруға болмай- тындығын, олардың өзі қатысты сөздер мен мағынасының тұтас- тығын негізге ала келіп, ондай сөздерді тұрақты тіркестер ретінде қарастырады. б) Əсіресе автор -са, -се мен бол көмекші етістікті түйдекті тіркестердегі бол көмекші етістігінің шылаулық мəнге ауысып жұмсалуын арнайы айқындауды мақсат еткен. Мысалы: Базаралы болса, сыртта боп жатқан қияс-тартыстың бəрін күтуші əйелден ерте білген (М. Əуезов). Осы сөйлемдегі -са шартты райы көмекші бол етістігі арқылы күрделі бастауыштың құрамында жұмсалуын дұрыс көрсетеді. Жоғарыда айтылғандай, шартты рай тұлғалы сөздер морфо- логиялық, синтаксистік жағынан айтылғанымен, оған қатысты бір мəселе, яғни шартты рай тұлғалы сөздердің жай сөйлемде қолданылуы əзірше сөз болып қозғалған емес. Осы күнге дейінгі еңбектерде шартты рай тұлғалы сөздер- дің жай сөйлемнің баяндауыш қызметінде жұмсалуы айтылып келеді. Алайда онда да шартты рай тұлғалы сөздерден соң (жай сөйлемнің баяндауышы қызметінде) оған түрлі көмекші етіс-
306 Сөз тіркесі мен жай сөйлем тіктердің қатысуы арқылы ғана жүзеге асатындығы нақтылы сөз болды. Осы күнгі синтаксистік зерттеулерде (сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңары болмаса) жай сөйлем синтакси- сінде -са, -се тұлғалы баяндауыш жасалады деп айтылмайды. Өйткені -са, -се жұрнақты сөздер тиянақты ойды білдіре алмай- ды дейтін қағида басым орын алып келгені белгілі. Бірақ Қ. Есе- нов шартты райды зерттеу барысында жай сөйлемдерде шартты райлы етістіктер де баяндауыш қызметінде жұмсалатындығын нақтылы дəлелдейді [111, 48]. 1. Шіркін, енді Ленинге жолығып осылай сөйлессе ( С. Мұқанов). 2. Биыл сіз күріштен рекорд жасап берсеңіз... Содан кейін жұрт сізден үлгі алып, сіздікі сияқты звенолар əр жерде құрылса. Сөйтіп, күріштен мол өнім алушылар Сыр бойына жайылып кет- се (С. Мұқанов). Міне, осы сөйлемдердегі курсивпен жазылған баяндауыштардың барлығы да екі түрлі жағдайда берілген. а) Сөйлессе, құрылса, кетсе тұлғалы баяндауыштар, негізінде, сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сөйлемінің баяндауы- шы қызметінде жұмсалуы тиіс болуы керек еді, енді ондай тұл- ғалы баяндауыштар жай сөйлемнің жеке баяндауышы ретінде жұмсалуы, біріншіден, құрмалас сөйлемдегі тілдік экономияның əсері арқылы құрылса, екіншіден, ондай тұлғалы сөздерге ек- піннің түсуі арқылы да сөйлемді тиянақтау процесінің пайда болғандығын көрсетеді. Екіншіден, мұны баяндауыштық тұлғада (жай сөйлемнің баяндауышы ретінде) да өзіндік бір жаңа көрініс деп білуіміз керек. Сөйтіп, -са, -се арқылы бұрын тек бағының- қы сөйлемнің баяндауышы туралы ғана ойласақ, енді ондай тұл- ғалы жай сөздің сөйлемнің баяндауышы қызметінде жұмсала- тындығын көруге болады. ə) Жоғары сөйлемдегі берсеңіз баяндауышы алдымен шарт- ты рай, онан кейін жіктік жалғауы арқылы беріліп отыр. Əрине, бұл баяндауыш алдыңғы баяндауыштарға қарағанда тұлғалық жағынан біршама тиянақтылық көрсетеді, дегенмен бəрібір өзінен кейінгі басыңқы сөйлемді керек ететін тəрізді. Мұнда таза шарт- ты рай тұлғасындағы формаға қарағанда қалайда аздап болса да тиянақтылық бар. Сонымен, бұл пікірлерге қарағанда, тағы -са, -се тұлғалы сөздердің сөйлем мүшелерінің ішінде дара баяндауышы қызме-
307 Сөз тіркесі мен жай сөйлем тінде жұмсалып, тілек, қалау, талап, т.б. мағыналарда жұмса- латындығы туралы ғылыми талдауларды келтірелік: Қ. Неталиева шартты рай тұлғалы етістіктер туралы айта ке- ліп, кейде ондай тұлғалы сөздерді: «Шартты рай тұлғалы етіс- тіктер керек модаль сөзімен оқыса керек, білсе керек қой түрінде де жұмсала береді. Олар керек модаль сөзімен айтылуда көбіне- көп оқыған болуы керек, барған болуы керек, бітуің керек қой сияқты тіркестермен мағыналас болады. Іс-əрекеттің, қимылдың нəтижесі көрінбейді» – деп, шартты рай тұлғалы сөздердің қа- лай да басқа сөздермен бірлікте келетінін көрсетеді [112, 196]. Р. Сыздықова Абай шығармаларындағы, тіпті онан да бұрын болған -са, -се жұрнақты етістіктердің керек сөзімен тіркесіне біраз тоқталған [113, 268-271]. Əрине, автор -са, -се тұлғалы етістік пен керек сөзінің тіркесі деп беруіне қарағанда, оның синтаксистік жағын сөз етті деуге болады. Автордың мына мы- салдарына назар аударалық: Жұрт айтқан сол анттың мезгілі келсе керек. Мен де, сен де амалсыз көнсем керек [113, 269] – дегенде шартты райлы келсе, көнсе етістіктері керек сөзімен синтаксистік тіркес құрай алмайды. Себебі, керек модальдік сөзі дəл осы сөйлемдерде сөйлемді жеке тұрып тиянақтай алмайды. Өйткені сол сөйлемнің бастауыштары керек сөзімен мағыналық қиыса алмайды. Егер: Мына кітап маған керек дегенде керек сөзі сөйлемді жеке өзі тиянақтап кітап, маған сөздері керек сөзімен өзара сөз тіркестерін құрай алса, ал жоғарыдағы сөйлемдердегі керек сөзі келсең, көнсем, сол сияқты барса, білсе, қылса сөз- дерімен өзара грамматикалық байланысқа түсе алмайды, олай болса, өзара сөз тіркесін де құрай алмайды. Мұндай конструк- циялы топтардың сол сөйлемдер үшін негізгі мағыналы сөздері - са, -се тұлғасы етістікті сөздерде, ал керек сөзі ол сөздерге тек көмекшілік қызметте жұмсалған деп білуіміз керек. Р . Сыздықова екінші бір еңбегінде: Ал Əмір болса сол балалар ішіндегі əнші, өнерші боп келеді. Менің болса мұршам жоқ – деген сөйлемдердің тыныс белгісін құрмаластың тыныс белгісімен шатастыруға болмайтындығын айта келіп, көбіне Əмір болса, менің болса де- гендерден кейін тыныс белгісін қоюға болмайтындығын, ондай тұлғалы сөздердің үнемі шартты рай бағыныңқы сабақтастан гөрі бастауыш не анықтауыш қызметінде жұмсалатындығын дұрыс көрсетеді [114, 10].
308 Сөз тіркесі мен жай сөйлем Проф. М. Томанов шартты рай тұлғалы етістіктердің қалып- тасуының тарихи жағына баса назар аудара келіп, ондай тұлғалы сөздердің шарт мағынасымен бірге мезгіл мəнін жəне қалау мəнін де беретінін көрсетеді [115, 110]. Əрине, -са, -се жұрнақтарының етістікке тікелей жалғануы оншалықты ой сала қоймағанымен, ондай тұлғалы сөздердің қимыл есімдерінен соң жалғануының кейбір өзіндік сыры барлығы ой салатын сияқты. Автордың көрсеткен: ер кусурсады татығсады сатығсады барығсады сөздерінде -са, -се шартты рай жұрнақтары -ығ қимыл есімінен кейін жалғанып тұрғандығын жəне ондай тұл- ғалы сөздердің сол мысалдарға келтірілген сөйлемдерінде сөй- лемнің соңында келіп, баяндауыш қызметінде жұмсалғанын анық көруге болады [116]. Автор одан əрі ығсаң тұлғасының əрі есім, əрі етістіктерге жалғануын айта келіп, қазақ тілінде сусақ, үйгірсек, жемлек сөздерінің пайда болғандығын, бірақ ол сөздер сөйлемде қол- дануында үнемі сөйлемнің соңында ғана емес, тіпті сөйлемнің ішінде, яғни тобуғсаң еріс – қызметті тілеуші, сүюші кісі де- генде есімді сөз тіркесін құрап, анықтауыштық қатынаста да жұмсалатындығын көрсетеді [116, 112]. Мұның өзі шартты рай тұлғалы сөздердің қазіргі қасиетіне қарағанда ерте кездегі қолдану аясында өзіндік үлкен ерекшелік- тің барлығын көрсетсе керек. Егер қазіргі қолдану барысында - са, -се тұлғалы етістіктер сөйлемнің тек баяндауышы қызме- тінде ғана жұмсалынады деп қана айтып келсек, ал оның ескі дəуірде, баяндауыш қызметімен бірге, тіпті есімді қабыса бай- ланысқан сөз тіркестерін де құрайтындығын көруге болады. Бұған қарағанда, шартты рай тұлғалы етістіктердің қолдану аясы қазіргіден кең болған ба деген ой келеді. Оның үстіне, -са, -се тұлғасының бұлайша анықтауыштық жасалу жолын қазіргі əдеби тіл онша дəлелдей алмаса керек. Қазіргі кездегі са-қ, се-к тұлғалы сөздер есімдер тобына ауысып кеткен болуы да мүмкін, олардан шартты райлық тұлға көмескіленіп кеткен сияқты. Дегенмен бұл форма шартты рай тұлғалы сөздердің қалай да сөйлем ішінде қолданылып, белгілі сөйлем мүшесі қызметінде
309 Сөз тіркесі мен жай сөйлем жұмсалатындығын көрсеткен болу керек. Қазіргі кезде -са, -се тұлғалы етістіктердің белгілі бір сөздермен тіркесіп келіп, баян- дауыштан басқа сөйлем мүшелері қызметінде жұмсалуы тура- лы мəселе көп айтылып, -са, -се тұлғалы етістіктердің жұмсалу аясы оншалықты сөз де бола бермейтін. Дегенмен -са, -се тұл- ғалы толық мағыналы етістіктер ондай қызметте жұмсалуы туралы айтылмағанымен, Қазан төңкерісі жəне онан кейінгі түркологиялық еңбектерде шартты рай тұлғалы «бол» кейде «де» көмекші етістіктерінің есімдермен тіркесіп келіп жұмсалуын- дағы, яғни Асан болса, бала десе сияқты есім мен шартты рай тұлғалы етістіктердің қолдануындағы өзіндік ерекшеліктерге назар аударсақ, мынаны көруге болады: 1. Темірді болзо қысқа кес, ағашты болзо ұзын кес... Кіік ползо түтү болор, кіжі болзо атту болор [117, 214]. 2. Козум болса кормоіду. Қулагим болса есітпоіду [118, 34]. Осы сөйлемдердегі болса көмекші етістігінің сөйлемдегі қызметіне Қазан төңкерісіне дейінгі жəне онан кейінгі түрколо- гияда жəне қазақ тіл білімінде жеке назар аударушылық бар. Жалпы осы күнге дейінгі еңбектерде етістіктердің, оның ішінде көмекші етістіктердің де -са, -се тұлғалы түрінің сөйлемнің ішінде келуінің барлығы да сабақтас құрмалас сөйлемнің бағы- ныңқы сыңары ретінде ғана қарастырып келеді. Бірақ осы сөй- лемдердегі: темірді ағашты киік кісі болса көзім құлағым конструкциясы шартты бағыныңқылы сабақтастың бағыныңқы сөйлемі болмайтындығы, қалайда осы конструкцияға назар ауда- ру керектігін көрсетеді. Жоғарыдағы авторлар болса сөзінің өзі қатысты сөздермен бірлікте жұмсалуын айтқанмен, біріншіден, оның өзіндік сырын, екіншіден, таза сөйлем мүшесіне қатысын да толық аша алмайды. Міне, осы сөз арқылы жасалған конструк- ция туралы Қазан төңкерісіне дейінгі түркологтардың пікірі жəне
310 Сөз тіркесі мен жай сөйлем онан кейінгі кейбір ғалымдардың да өзіндік пікірлерін көруге бо- лады [119]. Болса сөзінің өзіндік ерекшелігі туралы Р. Əміров, А. Əбілқаев [120] еңбектерінен кездестіреміз, əсіресе соңғы автор болса сөзі- нің қызметін де етістігінің -са тұлғасы арқылы да берілетіндігін көрсетеді. Бұл мəселе жөнінде Қ. Есеновтың «Шартты рай тұл- ғалы сөздердің жай сөйлемдегі кейбір қолдану ерекшеліктері» мақаласы жəне, т.б. еңбектері ерекше [121]. Қ. Есенов осы конструкция туралы жалпы шолу жасай келіп (осындағы негізгі мəліметтерді жоғарыдағы мақаладан алуға тура келді), өзіндік талдау жасайды. Автор болса сөзі арқылы, біріншіден, сөйлем мүшелерінің жасалуын, екіншіден, ол сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді жалғастыратын жалғаулыққа айналатынын, ондай кезде ыңғай- лас жалғаулық жəне қарсылықты жалғаулықтардың орнына жұм- салатынын көрсетеді. Бұған қарағанда -са, -се жұрнағы кейде сөз бен сөзді байланыстыру қызметін де атқарады деуге болады. Əдетте сөз бен сөзді байланыстыруда жалғаулар айтылғанымен, жұрнақтар туралы онша сөз бола бермейді. Дегенмен орыс тіл білімі мен түркологиялық еңбектерге шолу жасу барысында мы- наны көруге болады. Қосымшаны жалғау деп тану үшін оны басқа сөз не басқа қосымша керек етіп, өзіне бағындырып тұруы қажет. Мысалы, та- быс жалғауын сабақты етістік керек етсе, тəуелдік жалғауын ілік жалғаулы сөз (жəне керісінше) керек етеді. Осылай лексикалық грамматикалық орайда байланысу үшін жұмсалған қосымша- ларды (көсемше, есімше, рай, т.б. жұрнақтарды) жалғаулармен бір деп санауды дəлелдейді. Əдетте сөз бен сөзді байланыстыра- тын қосымшалар түбір, туынды, сөздердің соңында тұрады. Рас, тəуелдеуден кейінгі жіктік жалғауы жалғанатыны бар. Ондайда сөздер екіжақты байланыста тұрады. Ал кейбір септіктегі сөздерге кейде жіктік жалғауы жалғануы мүмкін. Ондайда септік қосымша жалғаулық қызметін жояды. Мысалы, Мен Бірлік колхозынанмын. Ал форма тудырушы қосымшаларда ол қасиет жоқ. Олардан кейін басқа қосымшалар жалғана береді (Мысалы, Білгенге маржан. Ай- тушы айтыпты). Осындайда олар немен нені жалғастырады, қай сөзбен қай сөзді байланыстырады деген сұрау тумай ма?
311 Сөз тіркесі мен жай сөйлем Əрине, олар жалғау да, жалғаулар сияқты да емес. Мəселе сол форма тудырушы қосымшалардың лексикалық-морфологиялық қызметтеріне қарап шешілуге тиіс. Сөз тіркесі кемінде екі сөздің бір-бірімен тіркесі арқылы жасалатындығы белгілі. Сонда оның бағыныңқы сыңары мен басыңқы сыңары өзара сөз тіркесін құрау үшін олар бірімен-бірі белгілі тəсілдер арқылы байланысады. Ондай тəсілдер аналити- калық, синтетикалық, үшінші түрі аналитика-синтетикалық. Син- тетикалық тəсіл бойынша, сөз тіркесінің əрбір сыңары өзі қа- тысты сөздермен жалғаулар арқылы, ал аналитикалық тəсіл – сөздердің орын тəртібі, шылау, интонация арқылы байланысып жатады. Соның ішінде сөз бен сөзді байланыстырып, сөз тіркесін жасауда жалғаулардың атқаратын қызметі ерекше. Жалғаулар негізінде қосымшалардың бір түрі. Міне, осы күнгі əдебиеттер сөз бен сөзді байланыстыруда тек жалғаулар қатысты деумен шектеледі. Ол орынды да. Əрқайсысының өзіндік функциясы, жасалу жолдары, орны бар. Жұрнақ – негізінде жаңа сөз тудыру- шы категория. Міне, осы жағынан келгенде ол лексика аясында қаралады ма, морфология саласында қаралады ма деген мəселенің өзі де қазіргі күрделі мəселенің бірі болып отыр. Бұрынғы əдебиеттерде жұрнақ сөз жасаушы элемент деумен шектелетін. Соңғы кезде жұрнақтарды В.В .Виноградовтың сөз тудырушы, форма тудырушы деп екіге бөлуіне байланысты, қазақ тілінде де жұрнақтарды осылай бөлу орын алып отыр [122, 32]. Дегенмен, «форма тудыратын жұрнақтар сөз бен сөзді байла- ныстыратын қосымшалардан гөрі сөз тудырушы қосымшаларға жақындау» [122, 32] – дейді. Ы . Маманов та форма тудырушы жұрнақтарды екі топқа бөледі. Бірінші тобын сын есім, сан есім, етістікке тəн десе, екінші топқа зат есімнің көптік, тəуелдік, септік, иелік формаларының қосымшалары мен етістіктің есімше, көсемше, қимыл есімі, рай формаларының қосымшалары мен жіктік жалғауын жатқызады [123, 32]. Міне, осы пікірлерден қалайда қосымшалардың, оның ішінде жұрнақтардың қызметі іштей бір емес деген тұжырымға келуге болады. А. Ысқақов форма тудырушы қосымшалардың қызметі екі- жақты, яғни əрі сөз тудырушыға да, сөзді байланыстырушыға
312 Сөз тіркесі мен жай сөйлем да арақатынасы бар деп, қалайда олардың сөз бен сөзді байла- ныстыруға қатысы барлығын көрсетсе, Ы. Маманов жоғарыда көрсетілгендей, форма тудырушы етістіктің есімше, көсемше, қимыл есімі, рай формаларының қосымшаларын əдеттегі сөз бен сөзді байланыстырушы төрт жалғаумен бір санайды да, ав- тор соңғы форма тудырушы қосымшалардың қызметін асыра бағалап жіберетін сияқты. Форма тудырушы қосымшаларды əдет- тегі сөз тудырушы формалардан бөліп, олардың қызметіндегі өзгешеліктерді ескеріп, өз алдына қарастыруына біз қосыламыз. Форма тудырушы жұрнақтарда негізінде ондай ерекшеліктер бар да. Сондықтан да А. Ысқақовтың «ондай жұрнақтар екіжақты, сөз тудырушы мен сөз байланыстырушы жұрнақтарының арасын- дағы категория» деуін ондай жұрнақтарға өзіндік жаңа қасиет пайда бола бастағандығынан деп тану дұрыс болар. Ы. Мамановтың ондай форма тудырушы қосымшаларды сөзді байланыстырушы қосымшалармен бір деуіне қосыла алмаймыз. Əсіресе байланыстырушы жалғаулар оларды универсал катего- рия деп білу керек. Олар қаншалықты зат есімге немесе етістікке (жіктік жалғауы) тəн делінгенмен, олар барлық сөз табына тəн ка- тегория. Олар – барлық сөз табының бірімен-бірінің тіркесі үшін негізгі тірек. Керісінше, қимыл есімі, көсемше, есімше, рай формаларының жұрнақтары негізінен тек етістікке ғана тəн, сондықтан олар, біріншіден, етістікті, оның ішінде тек есімше мен көсемшенің өзі қай сөзбен тіркессе, сол сөзге ғана қатысты жұмсалады. Олардың аясы тар, сол сөз тобы көлемінің шеңберінен шыға алмайды. Сондықтан ол топты жалғаулар тобымен бір деу келе бермесе керек. Міне, осы пікірлерден қалайда жұрнақ, оның ішінде фор- ма тудырушы жұрнақтар сөз бен сөзді байланыстыру қызметін атқарады деген тұжырым пайда болады. Қазақ тіліндегі сөз бен сөзді байланыстырып, сөз тіркесін жа- сауда жалғаулармен бірге форма тудырушы қосымшалардың қа- лай да қызметі бар деген қағида айқындалады. Бұндай пікір туралы орыс тілінде Н.А . Прокопович, М.Н . Ян- ценецкая, түркологияда А.В . Севортян, А. Абдуллаев, М.З. Закиев, Н. Базарбаев, т.б. көзқарастарына назар аудару керек болады. Жалпы қазақ тілі материалдарына қарағанда, меңгеріле, ма- таса байланысқан сөз тіркестерінің жасалуында жалғаулардың
313 Сөз тіркесі мен жай сөйлем орны ерекше. Ал қабыса байланысқан сөз тіркестерінде сөз- дердің орын тəртібімен бірге ондай кезде жұрнақтардың да қыз- меті ерекше. Мысалы: Абайлар үйге сөйлей кірді (М. Əуезов). Əр тұстан дабырласып, сөйлесіп қалған үндер шығады (Ғ. Мү - сірепов) – деген сөйлемдерде сөйлей кірді, дабырласып, сөйлесіп қалған үндер деген сөз тіркестерінің бірінші сыңарлары – етістіктер. Олар өзара қабыса байланысқан сөз тіркестерін құрап тұр. Бірақ осы сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарлары сөйле, қал етістіктері өзінің басыңқы сөздерімен тікелей сөз тіркесін құрай алмаса керек. Біз сөйле кір, қал үндер деп айтпаймыз. Сонда мұндай сөз тіркесін құрауға себеп болып тұрған -й, -ған есімше мен көсемше жұрнақтары. Осы сияқты сөз бен сөзді байланыс- тыру дəнекерлігін басқа сөз таптарының жұрнақтарынан да көруге болады. Мысалы: Олар пештің үстінде отырып қазақша кеңесті (С. Мұқанов). Кейбіреу жайдары ашық боламын деп орынсыз адамдармен жыртақтаған (Абай) – дегенде қазақ зат есімі -ша жұрнағы арқылы кеңесу етістігімен, орын зат есімі -сыз жұрнағы арқылы жыртақтаған етістігімен қабыса байланысқан сөз тір- кестерін жасап тұр. Сонымен, -са, -се тұлғалы сөздер туралы еңбектерге шолу жа- сай келгенімізде, мынаны көруге болады. Морфологиялық зерт- теулерде -са, -се тұлғалы сөздер көбіне морфологиялық жағы, қандай тұлғалы сөздерге жалғануы, ондай кездегі олардың шақ- қа, жаққа қатысы, қандай көмекші етістіктермен тіркесіп келуі деген бағытта айтыла келіп, ондай тұлғалы сөздердің құрмалас сөйлемнің сабақтас түрінің тиянақсыз баяндауышы қызметінде жұмсалатындығы көрсетіледі, дəлелденеді. Сөйтіп, -са, -се тұлғалы сөздер морфологиялық, синтаксис- тік жағынан сөз болады. Əрине, біз -са, -се тұлғалы сөздердің морфологиялық объектіде жұмсалуы туралы онша пікір қоспа- ғанымызбен, ал олардың синтаксистік жағына келгенде синтак- сис мамандары ондай тұлғалы сөздердің ерекшелігін жан-жақты көрсете білді деуге болады. Оны мынадан байқаймыз. Синтаксис мамандарының зерттеуіне қарағанда, -са, -се тұлғалы сөздер мы- надай синтаксистік бағытта сөз болды. а) сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сөйлемнің тия- нақсыз баяндауышы, басыңқы сөйлемнің тиянақты баяндауышы ретінде;
314 Сөз тіркесі мен жай сөйлем ə) қыстырма сөздер ретінде; б) тұрақты тіркестер құрамында; в) жай сөйлемнің баяндауышы ретінде жұмсалатындығы сөз болып жүр. Біз, əрине, -са, -се тұлғалы сөздердің барлық синтаксистік жағын сөз етуді мақсат етіп отырғанымыз жоқ, бұл арада ол тұлға- лы сөздердің қандай синтаксистік категорияларында сөз болып жүргенін ескерте кеп, мақсатымыз -са, -се тұлғалы сөздердің сөз тіркесі, оның ішінде шартты рай тұлғалы етістіктердің етістікпен тіркесіп, пысықтауыштық қатынаста жұмсалатындығын көрсету. Бұл тақырыпқа арнайы түрде қатысты бұрын-соңды еңбек жоқ та. Дегенмен жоғарыдағы зерттеулерде -са, -се тұлғалы сөздердің сөз тіркесіне байланысы жөнінде мынадай пікірлер кездеседі. Морфологиялық еңбектерде Қ.Неталиева -са, -се тұлғалы сөздерге түрлі көмекші сөздердің тіркесіп келіп жұмсалуын көр- сететіні белгілі. Бірақ -са, -се керек тұлғалы күрделі топқа арнайы тоқтағанымен, оны автор не морфологиялық, не синтаксистік жағынан айқындауды мақсат етпеген. Р . Сыздықова -са, -се ке- рек сөздер тобын шартты рай тұлғалы сөздердің керек сөзімен тіркесі деп арнайы атай келіп, оның өзіндік ерекшеліктерін та- рихи жағынан көрсеткен. Мұнда біздің негізгі объектіге алып отырғанымыз бір категорияны екі автордың екі түрлі түсіндіруі. Қ. Неталиева мұндай топты не тіркес, не морфологиялық ерекше- лік деп айтпаса, ал Р. Сыздықова оны арнайы сөз тіркесі ретінде қарастырады. Əрине Р. Сыздықованың көнсем керек, келсең керек сияқты мысалдарын былайша айтқанда таза арнайы сөз тіркесі деп айтуға келе де бермейді. Өйткені ондай күрделі топтың керек сөзі арнайы басыңқы сыңар ретінде қолданыла алмайды. Олар сол то- бымен түйдекті тіркес құрайды. Бірақ бұл мысалдардан, бұл тал- даулардан қалайда -са, -се тұлғалы сөздердің басқа сөздермен тіркесі бар ма, жоқ па, бірақ тіркес қатарында сөз болуының бі- рінші алғышарты демекпіз. Таза -са, -се тұлғалы сөздердің синтаксистік ерекшеліктері ту- ралы айта келіп, осы күнгі ғылыми əдебиеттерде сөйлем ішінде ондай тұлғалы сөздердің тек сабақтас құрмалас сөйлемнің баян- дауышы қызметінде жұмсалуы туралы ғана сөз болады да, сөйлем ішіндегі ондай тұлғалы сөздерден кейін міндетті түрде үтір қойылмайтынын Р. Сыздықова жоғарыда айтып өтті. Шынында,
315 Сөз тіркесі мен жай сөйлем сөйлемнің ішіндегі шартты рай тұлғалы сөздердің екі түрлі қол- данылатындығы байқалады: 1. -са, -се жұрнақтары дербес мағынасы бар етістіктерге жал- ғанып, сөйлем ішінде, соңында баяндауыш болады. 2. -са, -се кейде көмекші етістіктерге де жалғана береді. Бірақ ол көмекші етістіктер өздері сөйлемде басқа бір есім сөздермен түйдекті тіркес құрап барып қана жұмсала алады. Əрине бұл екі түрлі шартты рай тұлғасының бірінші тобы ту- ралы оншалықты талас пікір тумағанымен, екінші топ туралы, оның ішінде -са, -се тұлғалы бол, кейде де етістігі туралы жоға- рыда аталған пікірлерді келтіруге болады. Шынында, осы күнгі көркем əдебиет, публицистикада сөйлем ішіндегі шартты рай- лы сөзден кейін үтір қоя салу оп-оңай-ақ. Мысалы: Мен болсам, олай демес едім. Гүлбаршын болса, аудан орталығында акушерлік қызметте (С. Жүнісов) деген сөйлемдерде мен болсам, Гүлбаршын болса дегеннен кейін үтірмен бөлінген. Ондағы үтірдің қойылу себебі болса шартты рай тұлғалы сөз бағыныңқы сөйлемнің баян- дауышы дейтін қағидадан туып отыр. Егер болса сөзінен кейін үтір қоятын болсақ, жоғарыдағы екі сөйлеміміз де құрмалас сөйлем қатарында қаралуы тиіс болар еді. Алайда бұл сөйлемдерде шарт- ты райлы сөздер сөйлем ішінде келгенімен, олар бəрібір өз алды- на бағыныңқы сөйлем ретінде қарала қоймауы керек. Сонда бұл жердегі болсам, болса сөзі ол сөйлемнің баяндауышы болу үшін емес, ол сөзді басқа сөздермен байланыстырушы дəнекер ретінде жұмсалған. Болса сөзі Гүлбаршын, мен сөздерімен бірлікте, сөйлемде сөйлемнің бір-ақ мүшесі, яғни бастауыш қызметінде жұмсалуы тиіс. Бұған қарағанда болса сөзі есімдермен түйдекті тіркес құрай келіп, сөйлемнің бастауыш, анықтауыш, толықта- уыш қызметінде жұмсалатындығын көруге болады. Міне, бұған қарағанда, шартты рай тұлғалы сөзді қалайда сөйлемнің ішінде сөйлемдік дəрежеден гөрі енді сөйлемнің бел- гілі бір мүшесі қызметінде де жұмсалады деп айтатын боламыз. Оның бір көрінісін бол, кейде де көмекші етістіктерінің есімдер- мен түйдекті тіркесте жұмсалуынан анық көруге болады. Шартты райлы сөйлем мүшелері: 1. - са, -се тұлғалы бастауыштар а) Есімдік – шартты райлы бол етістігі арқылы: Біз болсақ барымызды бөле жерміз (М. Əуезов). Олар болса қыстан бері
316 Сөз тіркесі мен жай сөйлем Бөжейдің асына əзірленеміз деп, күш-қайраттың, сөз бен қамның бəрін соған салып жүр екен (М. Əуезов). ə) Зат есім – шылау – шартты рай етістік арқылы: Орман дейін десең бір-бірімен ұйыспай бөлек-бөлек шаншылып тұр. Адамдар дейін десең бір-бірімен көз қағысқаны, сөз қатысқаны сезілмей мелшие-мелшие қалған (Ə. Кекілбаев). б) Зат есім – шартты райлы бол етістігі арқылы: Бірен-саран оқшау шыққан тайынша, құнажын болса Сəйгелдің қуғынына ұшырап, құтырғандай жосып жүр (М. Əуезов). 2. -са, -се тұлғалы толықтауыштар: а) Келісім мағынасында: Қара жұмыс болса да істей берем əзірше (А. Байтанаев). Қандай қыстан болса да тебіндеп шығуға мүмкіндік толық (А. Нысаналин). ə) Датың болса айт, – дейді хан ақырып (Ертегілер). б) Тек не бұйырсаң да тергеп алып бұйырғайсың (М. Əуезов). в) «Алаш» баласына не болса да бірдей ортақ (С. Сейфуллин). г) Жас бала ұялса, жерге ене жаздаушы еді, бұлар неден болса да ұялмайды екен (Абай). д) Жау десе сауытын киюді ұмытып, жалаңаш шабатын, дау десе ішкен асын жерге қоятын, оның үстіне аузынан абайсыз шығып кеткен сөзінің өзін орындатпай қоймайтын қасарыспа Баймұрат хан маңындағыларды елшілердің қасына аттатқызбай қойды (Ə. Кекілбаев). е) Жылқы айтты: мен адам үстіме мінсе, алысын жақын етемін, күшім болса көреді, сүтім болса ішеді, қылыма шейін арқан істейді, – адамға менен пайдалы жан жоқ, жыл ағасы мен бола- мын, – дейді (Ы. Алтынсарин). 3. -Са, -се тұлғалы анықтауыштар: а) Теңеу мағынасында: құдай Бараққа біраз нəрсені беру- дей-ақ берген. Ер десе ер, шешен десе шешен, айлакер десе айлакер. Жолбарыс – Жолбарыс десе жолбарыс (Ə. Кекілбаев). ə) Келісім мағынасында: «Шықсам шығайын» деген ой түсті оған (С. Мұқанов). б) Салыстыру мағынасында: Аяқта кебіс байпақ, үсте сұр дырап шекпен, оның ішінде жұқалау болса да бешпент шалбар (С. Сейфуллин). в) Сапа дəрежесін білдіру мағынасында: Сен жас болсаң да ақылды адамсың (М. Əуезов). Арықтан мықты болсаң атта, тө- рем, – деген (С. Жүнісов).
317 Сөз тіркесі мен жай сөйлем г) Арнау мағынасында: Менің болса бүгін де уақытым жоқ (Газеттен). ғ) Бейтарап мағынасында: Арық дейін десең арбаның құнда- ғына əзер сыйыпты. Толық екен дейін десең шеке тамыры бат- тыйып-баттыйып шығып тұрған сопақ беті боп-боз. Бойшаң екен дейін десең мойны жатаған, арбаның арқалығынан асып жары- майды (Ə. Кекілбаев). 4. - са, -се тұлғалы пысықтауыштар: - са, -се тұлғалы пысықтауыштар сөйлемде баяндауыштармен қабыса байланысып, пысықтауыштық қатынаста жұмсалады. Ал басқа етістіктер тобы əдетте етістіктермен қабыса байланыса- ды деп айтылмайды. Зерттей келгенде жоғарыдағы шартты рай- лы сөздерден кейін үнемі үтір қоюға келмейтін жайттар қалай да олардың етістікпен тіркесіне əкеліп соғады. Əсіресе -са, -се тұлғалы сөздердің етістіктермен қабыса бай- ланысуы туралы сөз болған емес. Ал қазіргі тілдік фактілер он- дай тұлғалы сөздердің қалай да етістіктермен қабыса байланыса келіп, пысықтауыштық қатынаста жұмсалатындығын дəлелдей- ді. Ондай кезде шартты рай тұлғалы етістіктер етістіктермен мағыналық жағынан үйлесімді келе отырып, олармен іргелес тұруы арқылы байланысады. Оны мына көрсеткіш арқылы да көрсетуге болады. Шартты райлы етістік Тіркесе алатын етістіктер Тіркесе алмайтын етістіктер 123 Айтпаса да Айтпаса болмайды болады түсінікті түсінбейді ғой келмейтін шығар болмайды жазды оқыды күлді Айтса айтар, айтпаса қояр айтқандай-ақ келеді түсінеді болады
318 Сөз тіркесі мен жай сөйлем 123 Білсе білсін келеді дайындалады айтады жылайды күледі ренжиді Сөйлессе түсінеді күледі жылайды болады тыңдайды Барса келеді сөйлеседі айтады көреді болады табады жазып алады келмейді Отырса ауырады жылайды күледі болады болмайды Келсе барамын көремін шығарып саламын айтамын ұрсамын түсіндіремін күтемін келсін болады Күтсе шығамын күтсін келеді Жазса түсінікті жазсын оқысын болады барсын жазады
319 Сөз тіркесі мен жай сөйлем 123 Алса алсын барсын келсін алады болады Ойласа ойласын ойланғандай-ақ Тұрса тұрсын тұра береді тұра алады болады Оқымаса Оқыса қойсын оқысын оқи алады болады айта алады түсінеді 1. Мезгіл пысықтауыш а) Сұрақ мағынасында: Соңыра əркім орыстың əр партиясы- мен кетсе қайтесіңдер? (С. Сейфуллин). ə) Рұқсат, келісім, дəлелдеу мағынасында: Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері Əмзебек Майлыбаев «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен наградталған. Молшылық Түзербаев, Аманбек Айдар- бековтардың өздері керек десеңіз жеке-жеке көшбасшы бола ала- ды (А. Нысаналин). б) Іс-əрекеттің себебін білдіру мағынасында: Су түбінде жат- қан тас жел толқытса шығады, ой түбінде жатқан сөз шер толқытса шығады (Асан қайғы). в) Бұйрық мағынасында: «Барма, барсаң қауіп», – дейді (Ə. Ке- кілбаев). г) Қарсылықты мағынада: Оны сен сұрамасаң да, айтамын (С. Жүнісов). д) Қимыл-əрекеттің іс жүзіне асуы: Содан бері ауруханада жатқан Амантайға қолы босаса-ақ барып, көп-көп əңгіме айтатын (С. Жүнісов). Естісе-ақ Амантай жанын салады (С. Мұқанов).
320 Сөз тіркесі мен жай сөйлем Əлжан бейшара жауыр құла шолақтың желқомын алмай, жаз бол- са артына қап бөктеріп, қыс болса астына қол шана басып поселка қыдыратын еді (Ғ. Мұстафин). 2. Себеп пысықтауыштар а) Себеп мағынасында: Мас болса-ақ өзі өлең айтады, жылай- ды (С. Жүнісов). ə) Қарсылықты мағынада: Шалдықсаң да қабақ шытпа ( М. Əуе- зов). Шолпан ата дəстүрін сақтап, оны заң қолдаса да ешқайда бармады (Ғ. Мұстафин). 3. Мақсат пысықтауыштар а) Ақылдасу мағынасында: Ойланса ойланғандай-ақ нəрсе ғой (Ə. Кекілбаев). ə) Ақылдасу, ойласу, бірлесу мағынасында: Кел, билесек би- лейік (С.Мұратбеков). б) Мақсат қою мағынасында: Бағы ашылып, қосылып кетсе жарар еді (А.Жүнісов). – Ах, егер композитор болсам, – деп ар жағын айта алмай тоқтады Алма (Ғ. Мұстафин). Бірақ көпті айт- сам қорқытамын деп, сіз əуре, ұқтырам деп ел əуре (М. Əуезов). Барсақ барайық (А. Макаренко). в) Бейтарапты мағынада: Есітсе есітсін деп айтты. Өкпелесе өкпелей берсін (М.Əуезов). Ойласа ойласын (Ə. Кекілбаев). Үндемесең үндемей-ақ қой (Қ.Найманбаев). Табаласа табала- сын (Ə. Кекілбаев). Жесе жей берсін, менің нем кетіп барады (С. Мұратбеков). Егер де орталарында ондай кісі жоқ болса, яки бар болса да сайламаса, уезный начальник бірлəн военный губернатордың назначениесі бірлəн болады десе, бұл халыққа бек пайдалы болар еді (Абай). 4. Амал пысықтауыштар а) Мөлшер мағынасында: Біз аз да болса оқыған адамдар- мыз (С. Жүнісов). ə) Келісім мағынасында: Шаруашылық жоспарын орындаса да артығын қоса тапсырады (Ғ. Мұстафин).
321 Сөз тіркесі мен жай сөйлем б) Сұрақ мағынасында: – Барса нетер еді? – деп, əлдеқандай белгісіз бір қызумен ойы тұманданды (М. Əуезов). Қиналсаң да сол ұяластығыңды қиям ба? Қорықса бүйтер ме еді? (М. Əуезов). в) Өтініш мағынасында: – Тым құрмаса соңғы рет тиіспесең, қудаламасаң не етеді? (С. Жүнісов). ғ) Қимыл-əрекеттің өту процесі: Бір қора қойды жалғыз қой- шы – «айт» десе өргізіп, «шайт» десе жусататын болсын (М. Əуе- зов). г) Армандау мағынасында: Көшпенді ел, көне дүниенің киіз кітабынан оқыған, кəрі құлақтан талмаурап жеткен аңыздай, бұлдыр əңгімені атақты білімпазға қалай айтсам деп қысылып қалдым (Е. Тұрысов). д) Көлемін білдіру мағынасында: Ондайлар некен-саяқ болса да, кездеседі (А.Нысаналин). е) Қарсылықты мағынада: Əйтеуір көзден көмескі тартса да өмір сабағы ұмытылмайды екен (Ғ. Мұстафин). ж) Бұйрық мағынасында: Кетсе барсын. Əркім өз ісі үшін жауап береді емес пе? («Күншуақ»). з) Күшейту мағынасында: Өз мүлкін өзі не қылса қыла береді (Абай). Айтса айтқандай-ақ, патша Келдейді босатып, ат-шапан айыбын төлеп, еліне риза қып аттандыруға əмір етті ( Ə. Кекілбаев). Батыр сұлтанның қимылдаса қимылдап қалатын тұсы осы екені даусыз (Ə. Кекілбаев). Үлесім бар ұйысқан орман ойда, Адассам да адасам сол маңайда. Тек əйтеуір жүрегім бұл өмірде, Қайғы-мұңсыз адамдай болмағай да («Қазақ əдебиеті»). 12. Тілдік эмоцияның сөз тіркесі мен сөйлем мүшесіне қатысы Синтаксис саласында көптеген ізденістер, тіпті орыс тілінің нормасы туралы да бірнеше жеке зерттеулер, монографиялық еңбектер бар [124]. Тілдің синтаксис саласындағы өзгерістер түркологиялық ең- бектер мен қазақ тіл білімінде де, кейбір жеке зерттеу еңбектерде
322 Сөз тіркесі мен жай сөйлем де айтылуда. Əсіресе тілдегі жаңалықтардың бірі ретінде тілдегі экономия мəселесіне баса назар аударылуда [125]. Ал қазақ ті- лінде бұл мəселеге байланысты арнайы жұмыс жоқтығы айқын. Бірақ соңғы мəселе туралы Қ.Б . Балтағұлованың кейбір мақала- лары жарық көре бастады [126]. Эллипсис, оның көріністері алдыңғы екі кандидаттық диссерта- цияның бірінде көбіне морфологиялық аспектіде қаралса, екінші кандидаттық диссертацияда морфологиялық та, синтаксистік те аспектіде бірдей сөз болады. Зерттей келгенімізде, тілдегі экономия мəселесі əрі морфо- логиялық та, əрі синтаксис саласында да мол орын алған деуге бо- лады. Əрине, экономия процесінің морфологиялық көрінісін мына мысалдарды талдау арқылы көрсетуге болады. 1. Атамның орағындай үшкір мүйіздерін теріс қадап жіберіп, топырақты бұрқ-бұрқ шашып, сосын қара жолды шаңдата шапқылай жөнелетін кезі де көп (Қазақ əдебиеті) – деген сөйлемде сосын сөзі негізінде екі сөзден, яғни сонан соң о баста есімдік пен шылаудың тіркесі арқылы құралған түйдекті тіркес еді. Енді, ол екі сөз табы, біріншіден, өзара кірігіп бір сөз табы ретінде, екіншіден, екі сөз бірге жазылатын дəрежеге жетіп отыр. 2. Сыбанның баласын нағып білмей отырсың. Апырым-ау, бір жат сөз айтып қалмаса қайтсын? (Ғ. Мүсірепов). Сөйлемдердегі нағып, қайтсын сөздері о баста есімдік пен көмекші етістіктер- ден құралған түйдекті тіркестер. Енді сол екі сөз бірігіп келіп бір- ақ сөз табы ретінде жұмсалған. Оны қайтем? Бəрібір күреспей жүре алмаймын» («Қазақ əдебиеті») сөйлемдерінен де көруге бо- лады. Кеш бата өз үйінің сыртына кеп, пар ат жеккен жеңіл арба- дан түскенде, Абай мен Ербол тыста тұр еді (М. Əуезов) – деген сөйлемдегі кеп етістігі келіп болып айтылуы керек еді. Сол сияқты со да сөз бе екен? – деді Шолама, – онда мектеп салынбайды деп отырсың ба? Бұ не істегеніңіз? Со күні біз жүріп кеттік (С. Мұ - қанов) – сөйлемдеріндегі сол, бұл есімдіктеріндегі мұндай құбы- лыс бір сөз табының өз ішінде болатын жағдай. Сол сияқты мұндай тілдік экономия сөздердің түбір саласын- да ғана емес, кейде жалғауларға байланысты да байқалады. 1. Мен – президент, сен – премьер (Қ. Аманжолов). Сіз – жалын шоқ, біз – бір май (Абай).
323 Сөз тіркесі мен жай сөйлем 2. Ботакөз үйге от жақты (С. Мұқанов). Маусымбай əңгімесі Мейрамды қызықтырып барады (Ғ. Мұстафин). 3. Тау текедей мүйізді, Мəскеуден барып ашылған. Көрікті біздің көрме бай (Жамбыл). Бірінші топ мысалдарда президент, премьер, шоқ, май сөз- дерінде жіктік жалғауы, екінші топта от, Маусымбай сөздерінен септік жалғаулары, үшінші топта көрме сөзінен тəуелдік жалғауы түсіріліп айтылуы да тілдік экономияның бір көрінісі болуға тиіс. Жалпы алғанда, тілдегі морфологиялық экономияның түрі көп, бірақ ондай экономияның негізгі принципін екі бағытта қарау орынды демекпіз. Біріншіден, өзара сөз тіркесін құрай алмайтын негізгі сөз бен көмекші сөздердің өзара кірігіп келіп, бір-ақ сөз аясында жұмсалуы. Екіншіден, бір сөздің ішіндегі қосымшалар- дың сол сөз ішінде қысқарып ықшамдалуы арқылы жасалуы. Міне, қалай да тілдегі экономияның морфологиялық тəсілі, оның жан-жақты көріністері арнайы зерттелуді қажет ететін мəселе. Ал тілдік экономияның синтаксистегі көріністері туралы мынаны айтуға болады: – Сіз қашаннан бері майданда едіңіз? – дедім. – Осы соғыс қашан басталса, сонан бері (Ə. Əбішев). Жеңілдің астымен, ауырдың үстімен (Мақал). Олай дейтініміз сағатқа қарасам, таңертеңгі төрт (С. Мұқанов). Білегі жуан бірді жығар, білімі жуан мыңды жығар (Мақал) – деген сөйлемдердегі курсивпен жазылған сөздердің əрқайсысы да белгілі дəрежеде толық сөйлемнің аздап болса да қысқарған түрі болып табыла- ды. Синтаксистік экономияның морфологиялық экономиядан өзіндік ерекшелігі бар. Морфологиялық экономиялық көрсеткіш, біріншіден, сөздің өз ішінде болса, екіншіден, екі сөз бірігіп бір-ақ сөздің орнына жұмсалып, бір-ақ сөз табы, бір-ақ сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалады, үшіншіден, ондай кезде оларда мағыналық жағынан да тарылу процесі болады. Ал синтаксистік экономияда да негізінде, біріншіден, толым- ды сөйлемнің толымсыз сөйлемге ауысу процесі пайда болады, екіншіден, белгілі бір сөйлем мүшесі қызметіндегі сөздер түсіп қалуы басты фактор, үшіншіден, түсіп қалған сөздің қызметін басқа сөздер уақытша атқаруға тиіс болады, төртіншіден, соңғы
324 Сөз тіркесі мен жай сөйлем қызметті атқарушы сөздердің семантикасы бұрынғыға қарағанда қалайда молая түседі, бесіншіден, түсіп қалған сөз көбіне сөйлемнің мағынасынан белгілі болып тұрады, алтыншыдан, ондай экономияға түсетін сөз таптары көбіне зат есімдер, ал зат есімнің орнына жұмсалатын сөз таптары көбіне бұрын анықта- уыш қызметінде жұмсалуға тиісті сын есім, сан есім, есімше жəне кейде кейбір көмекші сөздер түйдекті тіркестер құрамында да жұмсала береді. Тілдік экономияны фонетика, морфология, синтаксис сала- сында да айтқанмен, олардың синтаксистегі өзіндік ерекшеліктері осы уақытқа дейін сөз болып қозғалған емес. Жалпы алғанда тілдік экономия деп айту бар да, екіншіден, ол да лексикадағы бір өзгеріс тəрізді болмағанымен, сөйлемнің ішіндегі сөздердің қарым-қатынасына белгілі дəрежеде əсері барлығы белгілі бо- лып отырады. Əсіресе тілдегі экономияның бір көрінісі сөздер- дің субстантивтену мəселесіне көп қатысты. Қазақ тілінің материалдарының негізінде субстантивтенуге бейім сөздер сын есім, сан есім жəне есімше. Бұл сөз таптарының негізгі қасиеті затты анықтау, сондықтан да олар тек затқа қатысты жұмсалуы тиіс. Бірақ солар қаншалықты затқа қатысты жұмсалады делін- генмен, тілдік экономия құбылысының əсері десек, екіншіден, өзі анықтайтын затының орнына жұмсалуын тілде ондай құ- былыстарды заттану деп атайды. Сонда тек сын есім, сан есім, есімше сөз таптарындағы заттану процесі əсіресе мақал-мəтелде, сол сияқты қазіргі көркем əдебиетте басым орын алған. Осы сөз таптарының заттануы қандай грамматикалық тұлғалар арқылы деген жағдайда əртүрлі пікірлер бар. Негізінде олардың зат- тануының негізгі грамматикалық тұлғалары: атау тұлғасы, көптік, тəуелдік жəне септік жалғауларында көрінеді. Əрине, олардың заттануында көптік, атау тұлғасында келу туралы талас тудырма- са керек. Ал олардың септік жалғауларының ішінде ілік жалғауы арқылы да заттану процесі болады дейтін пікір ойлануды қажет етеді. Қазіргі қазақ тіліндегі сөз тіркестері туралы жазылған еңбек- терде сөздердің тіркесу қабілетіндегі кейбір өзгерістер, жаңарған сөз тіркестері, олардың құрылымдық түрлері сияқты мəселелер сөз болуда. Негізінде əрбір жаңа сөз өзімен бірге жаңа тіркесетін
325 Сөз тіркесі мен жай сөйлем сөзін айқындайды. Қазіргі қазақ тіліндегі əрбір сөз табының өзі қатысты сөз таптарымен арнайы түрде сөз тіркесін құрауы бар да, сол сияқты кейде ауытқушылық та кездеседі. Бір сөз табының екінші сөз табымен тіркесу қабілеті тілдегі калька арқылы басқа-басқа сөз таптарының тіркесімен берілу процесі де болып отырады. Қазақта күз мезгілін сипаттағанда өзіндік ерекшелігіне орай күз сөзіне байланысты қоңыр күз деп айтылу орнықты қалыптасқан. Ол тіркес – бүкіл қазақ даласының көрінісін дəл, айқын дəлелдейтіні ақиқат. Оған жерінің, табиғатының көрінісі айқын дəлел. Дегенмен осыншалықты қалыптасқан сын есім мен зат есімнен құралған сөз тіркестерін алтын күз деп алуда екі түрлі өзгеріске ұшырағандығын айқын байқауға болады. Біріншіден, алтын сөзі қазақтың күз сөзімен тек калька арқылы ғана алынып отыр. Бірақ алтын күз қазақ даласының өн бойының қасиетін бере ала ма? Қазіргі баспасөз оның ол қасиетінің жалпылығына қарамай, тек кейбір аймақтағы жер көріністерімен ғана шектелетін сияқты. Сөйтіп, тілдегі əдемі табиғи қалыптасқан сөз тіркестері енді орыс тілінің аудар- ма баламасымен беріліп, оның баспасөз беттерінде орын алуы көңілге қонымсыз. Екіншіден, жоғарыда айтылғандай, бұрын күз сөзіне қатысты ондай тіркес сын есім мен зат есімнен құралған сөз тіркесі болса, енді калька арқылы ол тіркес зат есім мен зат есімнен құралған сөз тіркесіне ауысып отыр. Міне, осы сияқты құбылыстар тілде көптеп саналады. Г.И. Акимова сөз тіркесі мен сөйлем типтеріне байланысты өзгерістер туралы: «выпускать продукцию в счет одиннадцатой пятилетки етістікті сөз тіркестері қазіргі кезде тілдік экономия- ның белгісіне байланысты енді таза есімді сөз тіркесі қалпында, яғни продукция в счет 11-ой пятилетки» [127, 20] болып айты- луының қалыптасқанын көрсетеді. Немесе бұрын Невский проспект, кинотеатр «Молодеж- ный» [127, 21] осындағы Невский, молодежный сөздері прос- пект, кинотеатр зат есімдерінің анықтауышы қызметінде жұмсалып, арнайы сөз тіркесі қалпында берілетін болса, қазіргі кезде олардың субстантивтеніп барып жəне «Молодежный», «Невский» деп қана дара сөз, яғни бұрын сөз тіркестері арқылы ғана берілетін екі, үш сөзді ондай номинативті тіркестер тек жеке
326 Сөз тіркесі мен жай сөйлем сөздермен бір-ақ сыңар ретінде берілуінде онша нұқсан келе қоймағандығын көруге болады. Сол сияқты автор сөйлем көлеміндегі өзгерістерге, олардың типтерінде болып жүрген өзгерістерге тоқталған. Орыс тілінің ғылыми жəне публицистикалық тілінде мына сияқты космонавт – четыре, гимнаст No1 сияқты фактілер көп-ақ. Осы сияқты факт қазақ тіл білімінде орын алып отырғаны белгілі. Əдетте мұндай формалар қазақ тіліне тек орыс тілі ар- қылы енеді. Бірақ мұндай факт орыс тілінің негізгі ерекшелігі болғанымен, қазақ тілінде де орын алып отыр. Негізінде əрбір сөз тіркесі кемінде екі сөздің тіркесі арқылы жүзеге асуы керек. Сонда сөз тіркесі болуда бағыныңқы жəне басыңқы сыңары болуға міндетті. Ондай жағдай болмағанда сөз тіркесінің заңдылығы, біріншіден, бұзылады, екіншіден, өзара сөз тіркесі болудан қалады. Сол толық мағыналы екі сөздің негізінде сөз тіркесінің байланысу формаларының айқындалатыны белгілі. Сөз тіркесінің қабысу, меңгеру, матасу жəне қиысу байланысу формалары тек толық мағыналы сөздердің тіркесінің бағыныңқы не басыңқы сыңарларымен айқындалса керек. Сонымен, əрбір тілдің байланысу формаларын сөз еткенде, екі сөздің өзара тіркесі негізінде қалыптасатындығы еске алынуы шарт. Тілдегі байланысу формалары сөз табы мен сөз табының тіркесінің негізінде жүзеге асады. Тілдегі сөз таптарының өзіндік табиғи ерекшеліктері əрбір байланысу формаларының қалыпта- суына арнайы себеп те болады. Оның өзі əрбір сөз табының ішкі табиғи ерекшеліктеріне тікелей қатысты. Зат есім мен есімдіктер (жіктеу есімдігі) септелуге, тəуелденуге, көптелуге бейім болуына байланысты көбіне қиыса, меңгеріле жəне матаса байланысқан сөз тіркестерін, ал сын есім, сан есім, кейбір есімдіктер мен есімшелер, үстеулер қабыса байланысқан сөз тіркестерін құрауда басты фак- тор болады. Міне, осы сияқты сөз таптарындағы ерекшеліктерге сəйкес байланысу формаларының ішкі түрлері айқындалса керек. Бірақ тілдегі мұндай заңдылық үнемі сақтала бермейтіні де айқын. Бұл сияқты сөз табындағы ерекшеліктер үнемі сол қалпында ғана жұмсалып қоймай, сөйлеу, жазу мəдениетіміздің артуына сəйкес олар кейде түрлі морфологиялық өзгерістерге де ұшырап отыра-
327 Сөз тіркесі мен жай сөйлем тындары белгілі. Əсіресе мұндай құбылыс көбіне нөлдік формада жұмсалатын сөз таптарында көп кездессе керек. Сын есім, сан есім, есімше, үстеу, есімдіктер көбіне қабыса байланысқанымен, кейде тілде табиғи қалыптасқан сөз тіркестерінің байланысу формала- ры өзіндік өзгерістерге ұшырап та отырады. Сөйлемдегі өзіндік ықшамдалу процесінің өзі сөз тіркестерінің ішкі ерекшеліктеріне де тікелей əсері айқын байқалады. Сонда сөйлемде, кейде айты- лу мен жазылуда «басы артық» сыңарлардың түсірілуіне бай- ланысты жаңа синтаксистік конструкциялардың қалыптасуына əкеп соғады. 1. Ол менің сол жақ бетімнен сүйді. Мен оң жақ бетінен. Содан соң «осы жетпей ме?» дегендей, сəл ойланып алып, оң бетімнен сүйді. Мен сол бетінен («Жұлдыз»). 2 . Əр нəрсені өз кезінде ойлану керек. Қысты – қыстыгүні, жазды – жаздыгүні (Ғ. Мүсірепов). Бірінші сөйлемдегі сүйді баяндауышы өз баста- уышымен қиыса байланысқан сөз тіркесін құрауы сөйлемдегі негізгі заңдылық. Барлық сөйлемде тұрлаулы мүшелердің бірі болып, екіншісі болмағанымен, баяндауышының жақтық, сандық тұлғасынан бəрібір бастауышты тауып алуға болады. Ал енді сол сөйлемдердің «мен оң жақ бетінен», «мен сол жақ бетінен» дейтін екінші бөліктері де сөйлем. Бірақ олар өзара сөйлемдік дəрежеде болғанымен, алдыңғы сөйлемдердегі сияқты сүйді баян- дауыштары айтылмай да қолданылып жүр. Осы сөйлемдердегі баяндауыштар түсіріліп айтылғанымен, алдыңғы сөйлемдегі баяндауыштардың дəл осы жерде қатысты екендігі жалпы сөйлемнің мазмұнынан белгілі болып отыр. Əрине, бұлайша баяндауыштардың түсірілуі арқылы жасалған сөйлемдер көбіне сол сөйлемді аяқтайтын формаларға да байланысты болуы керек. Негізінде септік жалғаулы сөздердің ішінде сөйлемнің соңында шығыс жалғауы динамикалық процесті білдіретіндер ғана қа- бысса керек. Сонда бірінші сөйлемде сөйлемді етістік баяндауы- шы ғана аяқтап тұрса, екінші сөйлемде сөйлемді шығыс жалғаулы сөздер аяқтап тұрғандығы айқын. Əрине, етістік баяндауыш пен жатыс жалғаулы сөздердің баяндауыш болуында немесе сөйлемді тиянақтауында кейбір ма- ғыналық та ерешелік жоқ емес. Бұл екі сөйлем де сөйлем. Бірақ біріншісі етістікті де, екіншісі есімді. Сонда сөйлемнің
328 Сөз тіркесі мен жай сөйлем баяндауышының түсіріліп, оның орнына сол сөйлемде не пысықтауыш, не толықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер енді сол қызметінен алшақтап, сөйлемнің соңына ауысуына сəйкес сөйлемдерде өзіндік ықшамдалу процесі пайда болып отыр. Мұ - ның өзі етістікті сөйлемдерді есімді сөйлемдерге əкеліп соқтырса ауыстырады жəне сол сөйлемдегі сөз тіркестеріне де өзіндік əсері барлығы айқын. Егер бірінші сөйлемді мынадай сөз тіркестеріне: ол сүйді – бетінен сүйді – сол жақ бет – менің бетім – деп талдасақ, ал екінші сөйлемде мен оң беті- нен – сияқты қиыса байланысқан сөз тіркесі ғана бар. Соны- мен, кейінгі сөйлем мен алдыңғы сөйлем арасында, біріншіден, ықшамдалу процесі жағынан, екіншіден, бірінші жай сөйлемдегі бетімнен сүйді меңгеріле байланысқан сөз тіркесі, екінші сөй- лемде сүйді сөзінің түсіп қалуына байланысты бұрынғы байланы- су формасының басқа байланысу формасына ауысу процесі болып отыр. Екінші сөзбен айтқанда, арнайы бір сөз тіркесін құрайтын сөздердің бір сыңарының түсіп қалуынан екінші бір байланысу формасы пайда болып отыр. Міне, осы сияқты құбылыстардың сөз тіркесі, сөйлем мүше- лері синтаксисіне əртүрлі əсерлері бары айқын. Бірақ синтак- систегі мұндай өзгерістер қазақ тілі ғалымдарының арнайы зерт- теу объектілері болмай отыр. Синтаксистегі тілдік экономияның өзін үлкен екі топқа бөліп қарастырып отырмыз. 1. Бір байланысу формасының екінші байланысу формасына ауысуы. 2. Бір сөйлем мүшесінің екінші сөйлем мүшесіне ауысуы. 1. Сөз тіркесінің бір байланысу формасының екінші бір байланысу формаларына ауысуы. Сөз тіркесі синтаксисінің ең негізгі бір қасиеті – оның байланысу формалары. Сөз тіркесінің байланысу формаларының орыс тілінде неме- се түркологиялық еңбектерде саны, оның əрқайсысының ішкі ерекшеліктері жан-жақты айтылып келеді. Қазақ тіліндегі қиысу, меңгеріле байланысу формаларының берілуі, əрқайсысының ішкі ерекшеліктері Қазан төңкерісіне де- йін, онан кейін де арнайы түрде айтылып келеді. Алайда олардың
329 Сөз тіркесі мен жай сөйлем өзіне қатысты мəселелері осы күнге дейін əлі де болса толықты- рылып, өзіндік жаңа бағыттар алуда. Мысалы: Бұрынғы ғылыми əдебиеттерде меңгеру, оның бағыныңқы сыңарлары ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс жəне көмектес жалғаулы сөздер деумен ғана шектелсе, ал қазіргі кезде олардың бағыныңқы сыңарлары- нан ілік септігі алынып отыр. Бағыныңқы сыңарлары септік жалғаулы сөздер жəне негізгі сөздер мен шылаулардың түйдек- телуі арқылы берілсе, енді оған қоса сөздерге көмекші есім, көмекші етістік, модаль сөздердің қатысуы да арнайы айты- лып жүр. Оның үстіне, бұрын негізгі сөз бен көмекші сөздердің түйдектелуі арқылы құралған бағыныңқы сыңарлар тек етістікті сөз тіркестерінде ғана жұмсалады делінсе, енді көмекші сөзді есімді меңгеру деп аталатын түрі қосылып отыр. Сөз тіркестері соңғы кезде жан-жақты зерттеудің объектісі болып отыр, бола бермек те. Бірақ сөз тіркестері жан-жақты зерттеліне бастады делінгенмен, оларға байланысты ерекше еске- ретін мəселе тілдегі экономия, олардың байланысу формалары- ның бірінің-біріне ауысуы туралы. Енді оларға жеке-жеке тоқ- таламыз. 1. Қабысудың қиысуға ауысуы. Сын есім, сан есім, есімше есімдермен қабыса байланысуға тиіс. Мысалы: 1. Оның үшкір тұмсық жаңа қара етігі қардан тайғанай береді (С. Мұқанов). Тоқсандағы Жамбылға толқындатып сөз келді (Жамбыл). 2. Бірінші тəжірибе пеші қақ жартыдан артық мыс берді (Ғ. Мүсірепов). Ол жаққа екі-үш жүзге тарта жігіт кетті (С. Мұ - қанов). 3. Айтатын арызымыз бар. Сөйлейтін жерім жаңа табылды (Ғ. Мұстафин). Міне, осы мысалдардағы үшкір тұмсық жаңа қара етік, тоқсандағы Жамбылға, екі-үш жүзге тарта жігіт, айтатын арызымыз, сөйлейтін жерім тіркестері қабыса байла- нысып тұр. Сын есім, сан есім мен есімшелер заттанып барып сөйлемнің бастауышы, толықтауышы қызметінде жұмсала береді. Олар бастауыш қызметінде нөлдік тұлғада, көптік жəне тəуелдік тұлға- да жұмсалады. 1. Нөлдік тұлғада: Сын есім: – . . . Алдыңғы жақсы артқы жасқа тəлім айтпаса, ел болғаның қайсы? (М. Əуезов). Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар (Мақал).
330 Сөз тіркесі мен жай сөйлем Сан есім: Алтыншы өзінің барлық күшін ең соңғы айналым- ға қалдырып отыр («Лениншіл жас»). Есімше: Ащы мен тұщыны татқан білер, жақсы мен жаман- ды жортқан білер (Мақал). Міне, осы сөйлемдердегі жақсы, білекті, алтыншы сөздері нөлдік тұлғада затталып жұмсалуына байланысты айтылса, жығар, қалдырып отыр сөздерімен қиыса байланысқан сөз тіркестерін құрауда. 2. Тəуелдік тұлғада: Сын есім: Солардың ең көрнектісі жəне бар жиынға қадірлі, сүйіктісі – мынау қос ішекті домбы- раны безілдетіп отырған орта бойлы, қызғылт жүзді, кең ақ маңдайлы, нұрлы жігіт (М. Əуезов). Сан есім: Сауын сиырдың жүзден жиырма бесі асыл тұқым- ды болса, жүздің бергенін береді (Ғ. Мұстафин). Есімше: – Көргеніміз көп біздің (Т. Ахтанов). Бұл сөйлемдер- де жүзден жиырма бесі, көргеніміз, ең көрнектісі, қадірлі, сүйік- тісі өз баяндауыштарымен қиыса байланысқан сөз тіркестерін құрап тұр. 3. Көптік тұлғада: Сын есім: Осыдан соң барлық үлкендер көтеріліп шығып кетті (М. Əуезов). Желе жортып аттылар кетті жөніне (Ғ. Мұстафин). Есімше: Қарғитын бала ұстатпай жылдам өтуге тырысады, отырғандар ұстап алуға тырысады (С. Мұқанов). Тілде кейде кез келген ойды беруде əртүрлі əсірелеу процесі, соған сəйкес түрлі эпитет, т.б. элементтерді қосып, жан-жақты көрсету процесі де барлығы белгілі. Тілде ондай құбылысты плеоназм дейді. Оның өзінің де бірнеше түрі бар. Бұл плео- назм принципінің тілде өзіндік орны барлығы белгілі. Керісінше, кейде тілде плеоназм құбылысында антонимдерді үнемдеп қолдану да кездеседі. Егер алдыңғы тілдік заңдылық- тарда əртүрлі сөздерді көп мөлшерде пайдалану болса, ал тілдік экономияда, керісінше, сөйлегенде не жазғанда сол сөйлемді тү- сінуге нұқсан келтірмейтін сөздер сөйлемнен түсіп қалып оты- рады да, бірақ ол түсіп қалған сөздер сөйлемнің жалпы мəнінен белгілі болып отырады. Ал біз бұл жұмыста сол тілдік экономия- ның бір көрінісі субстантивтену процесі, оның əсерінен бір бай- ланысу формасының екінші байланысу формасына ауысуы тура- лы мəселені арнайы қарадық. Өйткені бұл мəселе орыс тілі жəне түркологиялық əдебиеттерде сөз болып қозғалған емес.
331 Сөз тіркесі мен жай сөйлем 2. Қабысудың матасуға ауысуы. Сын есім, сан есім, есім- шелердің септеліп келіп жұмсалуы тілімізде мол кездеседі. Оның өзі ең алдымен ілік септігінде қолданылуы арқылы бірінші кө- рінуі тиіс. Сын есім. Сын есімнің септелуінің өзін іштей бірнеше под- группалар арқылы көрсетуге болады. Сапалық сын есімнің сеп- телуі. Мысалы: Жақсының ісі де жақсы (Мақал). Осы бар үлкен- нің мұндай жердегі салты бойынша, əкесі де тұспалдап, орағытып ұқтырмай сөйлейді (М. Əуезов). Қара көктің жал құйрығы қара ғой (М. Əуезов). Қатыстық сын есімдері дара жəне күрделі түрінде септеле береді. Аттының несібесі – алтау. Жаудың несібесі – жалқы (Мақал). Мен фашиске сатылып кеткен опасыздардың қатарын алшаңдатып отырғыза алмай- мын (Т. Ахтанов). Қазіргі қалпы жол күткен екі салт аттының да көңілдерін қатты қобалжытты (Р. Райымқұлов). Міне, осы сөйлемдердегі сын есімдердің əртүрлі түрлерінің ілік септікте жұмсалуы берілген. Əрине сол септелген сөздердің негізгі сөздері жақсы, үлкен, қара көк сияқты сапалық сын есімдер мен атты, опасыз, екі салт атты сияқты қатыстық сын есімдері екені бел- гілі. Алайда ол сын есімдері септелмей тұрған кезінде жақсы бала атты кісі үлкен үй опасыз адам қара көк ат, екі салт атты кісі сияқты мықты ағаш, сөздерінің анықталатын заттарымен қабыса байланысуға тиіс. Бірақ олардың септеліп келуіне сай табиғи қалыптасқан қабыса байланысқан сөз тіркестері матаса байланысқан сөз тіркестеріне ауысып отыр. Енді олардың басыңқы сыңарлары тəуелдік жалғаулы зат есім сөздері болып келеді. Мұндай кезде қабыса байланысуға қабілетті сын есімдері енді ілік жалғаулы қалпында тіпті басқа-басқа зат есімдерге бағыныңқы қызметте жұмсала алатын дəрежеге ие болады. Мысалы: қара көк ат, атты кісі, опасыз адам дегендер, қара көктің жалқұйрығы, аттының несі- бесі, опасыздың ісі тіркесінің мағыналық жағы өзгеріп тұр.
332 Сөз тіркесі мен жай сөйлем Сөйтіп, сын есімдердің ілік жалғауда келіп жұмсалуы ар- қылы қалыпты қабыса байланысқан сөз тіркестері тілдік эконом- дықтың нəтижесінде матаса байланысқан сөз тіркестеріне ауыса- ды екен. Міне, осы сияқты құбылыстар сан есім мен есімшелердің де ілік септігінде жұмсалуына тəн. Сан есім: «Достық» жайлауында көршілес отыратын екі совхоздың бірінің аты «Украина» екенін, екіншісінің аты «Ара- рат» екенін Шайкөз бен Жанас документтерден білетін еді, бірақ директорлары кім екендігі белгісіз еді (С. Мұқанов). Биыл жет- пістің бел ортасынан асыпты (Б. Тілегенов). Егістің жүзден елу гектарына агрономияны толық қолдансаң, бұл да жүздің бер- генін береді (Ғ. Мұстафин). Есімше: Бұл жатқандардың көбі азап, шермен өткендер (Ғ. Мұстафин). Бірақ оның ойлағанының бəрі бола бермес (М. Əуе- зов). Үйде отырғандардың үшеуін де таныдым (Ғ. Мүсірепов). Уығын ат үстінен шаншатын он екі қанат үлкен үй бұл отыр- ғандардың да көрмеген үйі (Ғ. Мүсірепов). 3. Қабысудың меңгеруге ауысуы. Сын есім, сан есім, есімше- лер септеліп те жұмсала береді. Ондай кезде олар сол анықтай- тын затының орнына жұмсалатынын да көруге болады. Əрине, олардың септелу дəрежесі бірдей емес. Дегенмен қалай да оларда заттану процесі үнемі болып тұратын құбылыс. Сол сөз таптары- ның ішінен сын есімнің септелуі туралы аздап тоқталуды жөн көрдік. Сын есімдердің септелуі туралы түрліше пікір бар. Кей- бір ғалымдар [128, 64] сын есімдер септелмейтін, олар тек өзінің анықтайтын затымен қабыса байланысуға тиісті десе, ал кейбір ғалымдар сын есімдер септік жалғауын жалғап жұмсала беретінін дұрыс көрсетеді. Н .К . Дмитриев: «Егер орыс тілінде сын есім зат есімнің қызметін атқарса, кейде тіпті осы категорияға ауыс- са (салыстырыңыз), мысалы: «больные» (аурулар) «молодые» (жастар), передовые (озаттар), «старшие» (үлкендер) жəне, т.б. құмық жəне барлық түркі тілдерінде сын есімнің зат есімге ауы- суы жəне оның керісінше процесі ерекше дамыған» [129, 69] деп дұрыс көрсетті. Осы пікірді А.Н . Кононов, А. Боровков, И.П . Дыренкова, И.А . Батманов, Х. Қарабаев, Г.А. Абдурахма- нов, сол сияқты қазақ тілі мамандары: І. Кеңесбаев, М. Балақаев,
333 Сөз тіркесі мен жай сөйлем Н. Сауранбаев, С. Аманжолов, Ғ.Ғ . Мұсабаев, А. Ысқақов, Ш.Ш. Са- рыбаев, т.б . ғалымдардың [130] да қолдайтынын көреміз. Зерт- тей келгенде, сын есімнің субстантивтенуі қазіргі уақыттың ғана жемісі емес, ол тарихи процесс. Сондықтан да И.А . Батма- нов: «Если в памятниках субстантированные прилагательные встретились лишь в единичных случаях (врода урунум карам – мое светлое и черное) то с течением времени их число сильно воз- росло» [131] – деп көрсетеді. Осы пікірді Ə. Құрышжанов, М. То- мановтар да [132, 63] ескі ескерткіштердің тілін талдау барысын- да қолдайтынын көреміз. Жалпы сын есімнің субстантивтенуі зат пен сынның тығыз байланыстылығын көрсете отырып, сынның затқа жəне керісінше қарым-қатынасын көрсетеді. Олардың үнемі біріне-бірі ауысып отыратыны анық. Бірақ олар субстантивтен- генде тек сол мағынасына сай сөздерге (яғни заттарға) ауыса алады. Сол өзінің анықтайтын затының орнына ғана жұмсалады. Бірақ субстантивтенген сын есімдердің барлық қасиеттері таза заттың қасиеттеріне сай келмейді. Онда сындық қасиет айқын байқалып отырады. Яғни сын есімдер субстантивтеніп затқа ауы- сып кетпейді. Сол сияқты зат есімдер де сын есім қызметінде ғана жұмсалады. Мысалы: алтын сағат, жел диірмен дегендегі алтын, жел зат есімдері қандай? сұрауына жауап беріп қабыса байланысқан есімді сөз тіркестерін құрап, сын есімнің қызметін- де ғана жұмсалады. Осыған сəйкес И.И . Мещанинов «Сөздің бір бөлігіне тəн грам- матикалық категориялардың сақталуы сөздің осы бөлігіндегі сөзді сақтайды» [133, 204] десе, тағы бір жерде «...сын есімдер кейбір жағдайда бастауыш пен толықтауыш қызметін атқарғанымен үнемі зат есім бола бермейді» [133, 204] – дейді. Сол сияқты Ғ.Ғ. Мұсабаев сын есімнің септелуін айта келіп, олар септелген кезде «олардың заттық мағынаға жақындап тұрғаны анық. Бірақ негізгі сын есімдік мағынасының ізі жоқ емес» [134, 12] – деп көрсетеді. Олай болса, сын есімдердің субстантивтену процесі сөздердің, біріншіден, үнемі өзгеріп отырғандығын көрсетсе, екіншіден, олардың бір-бірінен ажырап кетпейтіндігін көрсетеді. Қалайда сын есімдердің септеліп келуі өзінің байырғы қалып- тасқан байланысу формасына күрделі өзгеріс енгізетіні айқын. Міне, осы сияқты құбылыс сан есім мен есімшеге де тəн деп айта
334 Сөз тіркесі мен жай сөйлем аламыз. Сонымен, сын есім, сан есім, есімшелер септеліп келген- де өздерінің анықтайтын заттарының түсіне байланысты қабыса байланысқан сөз тіркестерінен енді меңгеріле байланысқан сөз тіркестеріне ауысады. 1. Барыс септігінде: Сын есім: Жаманға жалынғанша, жат та жаныңды қарман (Мақал). Əлсізге тимекші емес (М. Əуезов). Өзі де ұшқалақ екен, сөйлесіп отырған Қоспанды қаңтарып қойып, тұсынан өтіп бара жатқан қоңқақ мұрын қараға жармасты (Т. Ахтанов). Сан есім: Кішкентайында еркелетіп Қаламұш атап еді, биыл он тоғызға шықса да сол атымен келе жатыр (Т. Ахтанов). Қазірде əуелгі отыз үй жүз елуге, отыз мал он мыңға, отыз гектар екі мың- ға жетті (Ғ. Мүсірепов). Есімше: Білгенге маржан, білмеске арзан, надандар бақра ала алмас (Абай). Асқар сырғанақ тепкендерге қарай тайғанақтай беттеді (С. Мұқанов). 2. Табыс септігінде: Сын есім: Бүйірін соққан буданкөкті мойынға қағып, қар- ғып мініп алды (Ғ. Мұстафин). Сан есім: Кампанияның жүз жиырма пайының алпысын ма- ған бересіздер (Ғ. Мүсірепов). Есімше: Ақтарылып айтып, өткенді аршып алмай дүдəмал қалдырды (Т. Ахтанов). 3. Жатыс септігі. Сын есім: Жақсыда жаттық жоқ (Мақал). Сан есім: Екіншіде Тыныбай мен бəйбішесі (М. Əуезов). Есімше: Бірақ осындай көрнекті іске қадам басқан бір-екі кісі қазақ оқығандарында болған екен (М. Əуезов). 4. Шығыс септігі. Сын есім: Қайғысыздан сақ бол, қайғылыға жақ бол (Мақал). Сан есім: Оныншы төртіншіден озып кетті (Ғ. Мұстафин). 5. Көмектес септігі. Үлкендермен де, кішімен де, жақсымен де, жаманмен де дос (Т. Ахтанов). 4. Қабысудың қиысуға ауысуы. Сын есім, сан есім, есімше- лер сөйлем ішінде қабыса, меңгеріле байланысқан сөз тіркесте- рінің бағыныңқы сыңары сияқты олар сөйлемнің соңында келіп,
335 Сөз тіркесі мен жай сөйлем басыңқы сыңарда да қолданылады. Ол сөз таптарының сөйлемді тиянақтау процесі – бұрыннан бар құбылыс. Бірақ олардың енді сөйлемнің соңында жұмсалуы арқылы олар толық баяндауыш- тың қызметін атқара келіп, сөз тіркесінде басыңқы сыңарда жұмсалуы қалай да бастауышты қажет етеді. Сонда қабыса байланысқан сөз тіркестерін қиыса байланысқан сөз тіркестерін құрауға тиісті сын есім, сан есім мен есімшелер енді қиыса байланысқан сөз тіркестерінің басыңқы сыңары ретінде қолда- нылу дəрежесіне ие болып отыр. Сын есім: Ақыры үлкен боранға айналып кетсе – колхоздар- дың арасы алшақ, алды қараңғы... (Т. Ахтанов). Ал енді пен- сияға көшемін: Совет өкіметі тұсында жатып ішерлерге, кəрі- құртаңдарға жақсы-ақ (А. Макаренко). Иілген сүп-сүйір екі қасы, көк өрімдей солқылдаған, қиылған жіп-жіңішке беліне түскен қа- лың қара шашы шумақтаған жібектей (С. Сейфуллин). Сан есім: Үйіріңмен үш тоғыз (М. Əуезов). Білетін адамдар- дың айтуынша, аталған екі оязда қазақ болыстарының саны жиыр- ма екі (С. Мұқанов). Есімше: Малы биыл Қоянды жəрмеңкесінен кейін тіпті кө- бейген (С. Мұқанов). Одан бері де Құсбектей төре Алшынбайды өкпелетіп алған соң, аға сұлтандықтан айырылған (М. Əуезов). 5. Меңгерудің қиысуға ауысуы. Меңгере байланысу фор- масы мен қиысу байланысу формасының əрқайсысының өзіндік жасалу жолы бар екендігі белгілі. Егер меңгеруде бағыныңқы сыңарлары барыс, табыс, жатыс, шығыс жəне көмектес жалғаулы сөздер болатын болса, ал қиысу бастауыш пен баяндауыштың арасындағы жақтық, сандық жағынан байланысы болып табы- лады. Сондықтан да қиыса байланысқан сөз тіркестерінің бір сыңары бастауыш, екінші сыңары баяндауыш болып келетіндігі белгілі. Ал енді меңгере байланысу формасындағы септік жал- ғаулы сөздер қалай да сөйлем ішінде не етістік, не есім сөздерге бағыныңқы қызметте жұмсалуға тиіс. Мысалы, Баян бəйбіше бір жапырақ қағазды жүрегіне қысып келе жатыр (Ə. Əбішев) – дегендегі қағазды табыс жалғаулы зат есім қысып келе жатыр етістігімен меңгеріле байланысып, септік жалғаулы сөз сөйлем ішінде қолданылған. Сол сияқты барыс, жатыс, шығыс жəне кө- мектес жалғаулы сөздер де бағыныңқы сыңарда сөйлемнің ішінде
336 Сөз тіркесі мен жай сөйлем қолданылады. Кейде ондай тұлғалы сөздер ретіне қарай сөйлем- нің соңында да келе береді. Түркі тілдерінде баяндауыштардың жасалуында көбіне жа- тыс жалғаулы сөздер туралы көбірек сөз болады да, ал басқа септіктердің ондай кездегі қызметі онша елене бермейді. Ал қазіргі əдеби тіл материалы баяндауыш қызметінде барыс, шы- ғыс кейде көмектес жалғаулы сөздердің де жұмсалатындығын көрсетеді. Əрине баяндауыштардың жасалуындағы бұл мəселе – өзіндік бір күрделі мəселе. Дегенмен барыс, жатыс, шығыс жəне көмектес жалғаулы сөздер сөйлем ішінде қолданылып, меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары ретінде қол- данылуға бейім болғанмен, енді ондай сөздердің өздері, бірінші- ден, сөйлемнің соңында қолданылып, екіншіден, сөйлемді тия- нақтау дəрежесіне, яғни предикаттық қасиетке ие болғандығын көруге болады. Жатыс септігінде ондай процесс бұрыннан бар құ- былыс болса, ал басқа септіктердің де ондай қызметте жұм- салуы – соңғы кездің жемісі. Сонымен, ондай септік жалғаулы сөздердің өздері енді сөз тіркесінің басыңқы сыңарына ауысуы да тілдік экономия процесінің, яғни ондай септік жалғаулы сөздердің əдеттегі не есім, не етістік, тіпті ортақ басыңқы сыңарларының түсіп қалуы арқылы пайда болған көрініс деп білуіміз керек. Əрине, септік жалғаулы сөздердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы қалай да қазіргі кезде мол. Бірақ бұрын меңгеріле бай- ланысқан сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары ретінде қолда- нылатын осындай сөздердің енді сөйлемнің соңында жұмсалуы тілдегі қалыпты түрдегі байланысу формаларына өзіндік əсерін байқатады. Мысалы: Барыс жалғаулы баяндауыш: Ең жақсы кітап – балаларға («Қазақ əдебиеті»). Бүкіл билік – советтерге (С. Сейфуллин). КПСС ХХVІІ съезінің қарарлары – өмірге («Социалистік Қазақ- стан»). Осы сөйлемдердегі балаларға, советтерге, өмірге барыс жалғаулы сөздер: балаларға арналған советтерге берілсін өмірге бейім сияқты қалыппен айтылуы керек еді. Бұл арада тілдік экономияның əсері арқылы арналу, берілу, бейім əрі есім, əрі етістік сыңарларының түсірілулері арқылы оларға бағының-
337 Сөз тіркесі мен жай сөйлем қы сыңардағы балаларға, советтерге, өмірге толықтауыш сөз- дері енді баяндауышқа ауысуынан меңгеріле байланысқан сөз тіркесіне ауысып отыр. Осы сияқты құбылыс жатыс жалғаулы сөздерде де орын алған. Жатыс жалғаулы сөздердің баяндауыш қызметінде де жұмсалуы негізгі сөз бен көмекші сөздер арқылы да қалыптасқан. Міне, осы сияқты құбылыс шығыс жалғаулы сөздерге де тəн. Ал советтерге, балаларға, өмірге барыс жалғаулы зат есім- дері сөйлемнің соңында келуі арқылы кітап – балаларға, бүкіл билік – советтерге, ХХVІІ съездің қарарлары – өмірге сияқты сөз тіркестерін құрауда. Мұндай сөз тіркестерінде олар қалайда өзара баста- уыштық-баяндауыштық қатынаста жұмсалып, қиыса байланысқан сөз тіркестерін құрап тұр. Бұндай құбылыс басқа септіктегі сөз- дерге де тəн. Жалпы алғанда септік жалғаулы сөздердің сөйлемді тиянақ- тау процесі (меңгерудің бағыныңқы сыңарының) енді меңгеру- ден алшақтап, тіпті басқа да байланысу формасына ауысуына се- беп болып отыр. Жатыс жалғаулы баяндауыш: Зат есім: Жас кезінде болған бір əңгіме əлі күнге дейін есінде (І. Есенберлин). Бірақ бала əлі күнге балалар үйінде («Қазақ- стан əйелдері»). Ел адамы аттылы-жаяу, үлкенді-кішілі тегіс да- лада (Ғ. Мұстафин). Екі көзі осы ауылдың ақылшысы есепті са- қалы аппақ қудай Сансызбайда (С. Мұқанов). Сан есім: Ағайынды бұл үшеуінің жас мөлшері бір-біріне жақын: Балтабек жиырма алтыда, Темірбек жиырма төртте, Кенжетай жиырма екіде (М. Мұқанов). Жиырма үштегі жігіт майданда да жиырма үште (Ғ. Мүсірепов). Сын есім: Туған жері де адам білмес алыста (Ə. Əлімжанов). Зат есім мен көмекші есімнің түйдектелуі арқылы: Мешіт қала- ның күншығыс кіреберісіндегі қырат үстінде (Д. Əбілев). Қимыл есімі: Көзінің қиығын тастап қойып, жайбарақат қа- на өз ісімен айналысуда (Б. Қойшыбаев). Қимыл есімі мен көмекші сөз арқылы: Бірақ о да Бере- геловқа қарсы болмау жағында («Социалистік Қазақстан»). Олар
338 Сөз тіркесі мен жай сөйлем бүгіндері көрші Сайрам жəне Ленгір аудандары механизатор- ларына көмектесу үстінде («Лениншіл жас»). Шығыс жалғаулы баяндауыш: Ақыл – жастан, Асыл – тастан. Мейірімділік – жүректен, Мейірімсіздік – білектен (Ма- қал). – Көрші, Қазақстанның қай түкпірінен дедің? – Оңтүстіктен (Б. Қойшыбаев). Бір сөйлем мүшесінің екін- ші бір сөйлем мүшесіне ауысуы. Н.Н . Прокопович орыс тіл білімінде синтаксистік термин ре- тінде «опрощение» деген терминді енгізген болатын [135, 127]. Осы терминді кейінгі кезде Е.А . Иванчикова, т.б . қолдап отыр. Негізінде бұл термин туралы лингвистикалық сөздіктерге назар аударсақ, оны морфологиялық, тіпті фонетикалық термин деуге де болады [136, 17]. О.С . Ахманованың сөздігінде «опрощение» терминін «то же, что деэтимологизация» деп немесе «опроще- ние слова» деумен беріп қана қойса [77, 293], ал І. Кеңесбаев, Т. Жанұзақовтың лингвистикалық сөздігінде екі сөзден бірігіп, бір сөз болып, тұтас бір мағына берудегі морфологиялық процес- тер көрсетіп, мынадай мысал берген: тасбақа – тас-бақа [94, 114]. Сонда бұл термин алғашқыда біріккен сөздің мағынасында жұм- салған болса, соңғы кезде ол термин нағыз синтаксистік терминге де айналып отыр. Мұның өзінен кейде термин сөздердің де мағынасының, жұм- салу аясының кеңейгендігін көруге болады. Бұрын бұл термин екі сөздің қосылып барып бір сөз мағы- насында қолданылуы туралы еді. Енді синтаксисте бұл термин тілдік экономияның аясымен ұштасып, өзіндік жаңа мағынаға ие болып отыр. Егер «опрощение» деген термин морфологияда тас-бақа сияқты екі сөздің бірігуі арқылы бір сөздің пайда болуы туралы сөз болса, синтаксисте бағыныңқы жəне басыңқы сыңарларының (көбіне басыңқы сыңарларының) түсіп қалып, ал бағыныңқы сыңарларының енді басыңқы сыңардың орнына жұмсалуы туралы болмақшы. Мұндай құбылысты эллипсистік элемент деу де орынды. Өйткені лингвистикалық сөздікте эллипсиске мы- надай түсінік береді: «сөйлегенде не жазғанда түсінуге нұқсан келтірмейтін сөздерді тастап кету, мыс: менің кітабым деудің
339 Сөз тіркесі мен жай сөйлем орнына кітабым деп айту» [94, 181]. Осы тұрғыдан алғанда «опрощение» эллипсиске синоним терминдер ретінде алынатын сияқты. Ал «опрощение» терминін арнайы түрде қазақ тілінде «ауысу» деп алу орынды. Жалпы тілшілер арасында ауысудың қандай тілдік катего- рияларда болатыны туралы да əртүрлі пікірлер бар. А.А . Потебнaя [137, 79] ауысу процесі тек сөз таптарында ғана болады десе, ал А.А . Шахматов [138, 20] ауысуға морфология- лық та, синтаксистік жағынан да назар аударады. Қазіргі кезде бір сөйлем мүшесінің бір сөйлем мүшесіне ауы- суы туралы айтылып жатқанмен, бір байланысу формасының басқы байланысу формасына, яғни сөз тіркестеріндегі мұндай процесс арнайы ескерілмей келе жатыр. Дегенмен В.Н. Мигирин: «Грамматикаға сөз тіркесі деген ұғымды енгізген жөн. Мұндай сөз тіркестерінде əдетте формалдық бірлік болғанымен, лекси- када функционалдық қатынас дамымаған» [139, 52] – деп, тіпті, байланысу формасының араларында да ауысу процесі болаты- нын тұңғыш көрсетіп отыр. Бір сөз табының бір сөз табына, бір сөйлем мүшесінің бір сөйлем мүшесіне немесе бір байланысу формасының екінші бір байланысу формасына, етістікті сөйлемнің есімді сөйлемге ау- ысуы сияқты мəселелердің ішінде біз тек бір сөйлем мүшесінің екінші бір сөйлем мүшесіне ауысуын ғана сөз етпекпіз. Əрбір сөз табының өзіне тəн лексикалық мағынасы мен мор- фологиялық тұлғасы болатыны сияқты, сонымен бірге олардың əрқайсысының белгілі бір сөйлем мүшесі болуы шарт. Мысалы: зат есім, есімдіктер үнемі бастауыш пен толықтауыш қызметін- де жұмсалса, сын есімдер, сан есімдер негізінде анықтауыш, етістік – баяндауыш, үстеу – пысықтауыш қызметінде жұмсалуға тиіс. Осы сияқты пікірлер орыс тіліне де тəн құбылыс. И.А . Сизова бұл туралы «Сөз табы мен сөйлем мүшесі тең құ- былыс болғанымен, бір жағынан теңбе-тең деп қарастыруға бол- майды. Зат есім бастауыш жəне толықтауыш қызметінде, сын есім анықтауыш қызметінде, ал етістік баяндауыш қызметінде жұмсалады. Сонда əрбір сөз табының негізгі синтаксистік қызметі болады да, олардың басқа да сөйлем мүшелері қызметінде жұм- салуы екінші ыңғайда қалады» [140, 25], – дейді. Бұған қарағанда,
340 Сөз тіркесі мен жай сөйлем əрбір сөз табы арнайы түрде сөйлемде белгілі бір сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалуымен бірге кейде басқа-басқа сөйлем мүше- лері қызметінде де жұмсала береді. Тіпті, бір сөз табы ретіне қарай барлық сөйлем мүшесі бола беретіндігін тіл фактілері дə- лелдейді. Бұған қарағанда, əрбір сөз табының синтаксистік қыз- метін үлкен екі топқа бөліп қарастыру дұрыс сияқты. а) Əрбір сөз табының негізгі синтаксистік қызметі. ə) Əрбір сөз табының қосымша синтаксистік қызметі. Əрбір сөз табының негізгі синтаксистік қызметі оның лек- сикалық мағынасымен тығыз байланыста болса, ал əрбір сөз табының қосымша синтаксистік қызметіне əртүрлі факторлар се- беп болмақшы. Біз бұл арада сол екінші топтың, яғни əрбір сөз табының қосымша синтаксистік қызметіндегі эллипсистік əсер- лері туралы сөз етеміз. Тілдік экономия немесе эллипсис негізінде синоним ретінде қолданылатын сияқты. Сондықтан да сөйлемнің ішінде кейде кейбір сөздердің түсіп қалып жұмсалуы тілдік нормаға қатысты болса керек. Сол процесс арнайы сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалатын сөздерді енді екінші бір сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалуына себеп болып отыр. Осы сияқты мəселелер орыс ті- лінде де кенже қалып отырғанын Н.В . Мигирин былай көрсетеді: «Лингвистикадағы ең басты міндеттердің бірі – тілдің түрлі деңгейінде болып жатқан өтпелі процестерін зерттеу. Бірақ бұл процесс сөз табы мен синтаксистік конструкция деңгейінде бел- гілі болғанымен, сөйлем мүшелері деңгейінде əлі жүйелі түрде зерттеле қойған жоқ» [139, 21] – дейді. Бұл пікір қазақ тіл білі- міне де тікелей қатысты демекпіз. Жалпы тіл-тілде тілдік экономия мəселесі айтылып жүрге- німен, олардың сөйлем мүшелерінің өзара ауысу процесіне қа- тысы арнайы сөз болған емес. Сондықтан да біз бұл жұмыста тілдің негізгі даму барысында əрбір сөз табының өзіне тəн ар- найы синтаксистік қызметі болатындығын айта келіп, келе-келе оларда қосымша синтаксистік қызметтердің де кездесетінін сын есім, сан есім, есімше, т.б . сөз таптарының негізінде көрсетіп, айқындауды мақсат еттік. Сын есім, сан есім, есімше сөз таптары негізінде анықтауыш қызметінде жұмсалуы тиіс. Дегенмен олардың заттану процесі
341 Сөз тіркесі мен жай сөйлем негізінде олар тек анықтауыш қана емес, толықтауыштың да, бастауыштың да, баяндауыштың да қызметінде жұмсалатынды- ғын көрсеттік. Əрине олар сондай қызметке ауысқанда олардың субстантивтену кезіндегі морфологиялық көрсеткіші арнайы фак- тор болуы керек. Ол сөз таптарының субстантивтену процесі көптік, нөлдік, септік, тəуелдік формада сөйлем соңында таза тұрып жəне септік жалғауларында келетіндігін негізге ала оты- рып, анықтауыштың – бастауышқа, толықтауышқа, баяндауышқа ауысуын көруге болады. Мұндай тілдік фактіні айқындаудың теориялық та, практика- лық та маңызы зор. Біз бұл арада тек сын есім, сан есім, есімшелермен кейде үс- теу, қимыл есімдерінің заттану процесінде болатын синтаксис- тік ерекшеліктеріне тоқталдық. Ондай сөз таптарының заттану процесін мынадай топтарға бөлу арқылы көрсетуді жөн көрдік. Анықтауыштың бастауышқа ауысуы. 1. Атау тұлға арқылы заттануы. Сын есім: 4–5 аттылы жарыса шауып келеміз («Жұлдыз»). Арбалы ауылға төніп келіп, біздің үйге бұрылды (Б. Майлин). Тор бедеу күндегі əдеті бойын- ша əдемі жортаққа басты, екі құлағын қайшылап, шұлғып-шұл- ғып алады (Ə. Сəрсембаев). Сан есім: Алтау ала болса, ауыздағы кетер, төртеу түгел бол- са, төбедегі келер (Мақал). Есімше: Қорыққан бұрын жұдырықтайды (Мақал). Көшіп келе жатқан – Абай ауылымен көрші ауылдар (М. Əуезов). Есімдік: Бұл – əңгіменің басы ғана (Ə.Əбішев). Анау тағы келем деп жатқан көрінеді («Жұлдыз»). 2. Көптік жалғауы арқылы заттануы. Сын есім: – Кілең сұлулар бірыңғай отыр (С. Мұқанов). Қасқыр ішікті, түлкі тымақ- ты жуандар үйге кіре бастады (М. Əуезов). Не жуандар, мық- тылар кетпепті оның қасынан (М. Əуезов). Есімше: Келгендер үй ішіне баяу амандасты (М. Əуезов). Отырғандар орнынан қозғалмады (М. Əуезов). 3. Тəуелдік жалғауы арқылы заттануы. Сын есім: Үйде отырған алыптың үлкені ең кішкенесін жұмсады ( Қазақ ертегілері). Сан есім: Оның біріншісі – кеңсе, екіншісі – қызыл отау, үшін- шісі – мал дəрігерлік пункті, төртіншісі – сауда дүкені, бесінші- сі – радиостанция (Ə. Əбішев).
342 Сөз тіркесі мен жай сөйлем Есімше: Рахыштың айтып отырғаны ақыл («Жұлдыз»). Білгенім бір тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз (Мақал). 4. Септік жалғауы арқылы заттануы. Міне, осы мысал- дарға қарағанда бұл сөз таптары заттанып барып, сөйлемде бас- тауыш қызметін атқарып тұр. Бірақ тарихи жағынан келгенде осы төрт түрлі субстантивтену процесі қазіргідей бастауыш қыз- метін атқармағаны белгілі. Анықтауыш сөйлемде зат есімнен не зат есім орнына жұм- салған басқа есімдерден болған мүшелерді түрлі жағынан сипат- тап тұрады [23, 134]. Сонда анықтауыш болатын сөздер қалай да затқа қатысты жұмсалып, оны жан-жақты айқындайды. Дəл осы арада сол затқа қатысты сөз таптары өзінің анықталатын заты- ның түсіп қалуына сəйкес, енді ол заттың орнына қолдану про- цесі пайда болады. Ол үшін жоғарыдағы сөйлемдердегі мына мысалдарға қара- лық. Жоғарыдағы мысалдардың бастауыштары мына сөздер – төрт-бес аттылы, арбалы, тор бедеу, алтау, төртеу, анау, бұл, ол, көрмес, қорыққан, көшіп келе жатқан, сұлулар, жуандар, мықтылар, келгендер, біріншісі, екіншісі, үшіншісі, төртіншісі, бесіншісі, айтып отырғаны, білгенің, білмегенің. Негізінде сөй- лемде анықтауыш қызметін атқаруға тиісті бұл сөздер атау тұлғасында (арбалы, тор бедеу, алтау, бұл, көрмес, қорыққан), көптік формада (жуандар, мықтылар, сұлулар), тəуелдік фор- мада (біріншісі, алтыншысы, білгенің, білмегенің) келіп, өздері анықтайтын сөздердің айтылмауы салдарынан бастауыш қызме- тін атқарып тұр. Төрт-бес аттылы, арбалы, қорыққан, сұлулар, келгендер деген бастауыштардың барлығы адам сөзінсіз қолда- нылып тұр, яғни негізінде ол сөздер келген адамдар, арбалы адам, қорыққан адам сияқты анықтауыштық қатынаста қолданылуы тиіс еді. Бірақ тілдік экономияның нəтижесінде анықталынатын сөздер айтылмай, субстантивтенген сын есім, сан есім, есімшеден болған анықтауыш сөздер енді сөйлемде басқа да сөйлем мү- шелерін құрап отыр. Сол сияқты сын, сан есім, есімше сөздері тəуелдік, көптік формада не бұл сөздердің анықталушы сөздері айтылмай қа- лып, соның нəтижесінде заттанған анықтауыш сөздер енді басқа сөйлем мүшелеріне ауысады.
343 Сөз тіркесі мен жай сөйлем Жоғарыда келтірілген мысалдардағы келгендер, сұлулар сөз- дері де адам сөзіне байланысты айтылған дедік. Негізінде бұл екі сөз де келген адамдар, сұлу қыздар (адамдар) сияқты басың- қы сөздерін анықтап тұрулары шарт. Бірақ мұнда да олардың анықталушы сөздері айтылмауынан, енді бұл сөздер заттанып, яғни əрі заттық, əрі сындық, əрі қимылдық, сапалық мағына білдіре отырып, сөйлемнің баяндауышымен қиыса байланыса- ды (келгендер амандасты, сұлулар отыр, т.б.) . Тəуелдік формада келген кезде де бұл сөздер сөйлемде анықталынатын сөздің айтылуынан субстантивтеніп бастауыштың қызметін атқарады да, баяндауышпен қиыса байланысады, бесіншісі радиостанция, білмегенім – тоқсан тоғыз, үлкені – жұмсады. Сөйтіп, біз бұл талданған мысалдардан тілдік экономияның нəтижесінде, яғни анықталынатын сөздің айтылмай қалуы салдарынан сын есім, сан есім, есімшеден болған анықтауыш сөздер атау тұлғада, тəуелдік, көптік формада келіп субстантивтеніп, сөйлемде бастауыш қыз- метін атқаратынына көзіміз жетті. Анықтауыштың толықтауышқа ауысуы. Септік жалғаулы түрде заттануы. Мысалы: Сын есім: Кəріге – құрмет, жасқа – жол (Мақал-мəтел). Бос өткізу өмірді, ақымаққа көңілді (Мақал-мəтел). Сан есім: Жасы сол кезде қырықтарды алқымдаған, сақал- ды, мұртты кісі еді (С. Мұқанов). Сонда ойлап-ойлап қырыққа тоқтаған (Ғ. Мұстафин). Есімше: Үйіңе бар да, неше жыл қызмет істегеніңді, қанша ақың кеткенін есепте де, арызыңды алып кел (Х. Есенжанов). Бұл сөйлемдердегі жасқа, кəріге, ақымаққа, қырыққа, қы- рықтарды, ақың кеткенін, қызмет істегеніңді деген сөздердің барлығы да толықтауыш қызметін атқарып тұр. Ал бұл сөз таптары сөйлемде негізінде анықтауыш қызметін атқаруы керек еді. Бұл мысалдарда осы сөз таптарынан болған анықтауыш сөздердің анықталатын сөздері айтылмай, ой ық- шамдалып жеткізілген. Мұндай жағдайда анықтауыш сөздер субстантивтеніп, зат есімге тəн септік жалғауларын қабылдап, сөйлемде толықтауыш қызметін атқарады. Сөйтіп, анықтауыштың толықтауышқа ауысуы тілдік эконо- мияның нəтижесінде, яғни анықталушы сөздің айтылмай қалуы-
344 Сөз тіркесі мен жай сөйлем нан болғандығы айқын. Бұл сөйлемдегі сөз тіркестерінің байла- нысына да əсер етеді. Мəселен, кəріге – құрмет, жасқа – жол деген мақалда кəрі, жас сын есім. Кəрі кісі, жас бала десек кəрі, жас сөздері анықтауыш болар еді. Анықтауыштың баяндауышқа ауысуы. Сын есім, сан есім, есімдіктің сөйлем соңында келуі арқылы. Сын есім: Ештен кеш жақсы (Мақал). Ана деген қандай жақсы (Б. Майлин). Барақ үйшіктердің бірі он кісілік (С. Сей- фуллин). Көпшілігі қара қас, қара көз, қоңырқай қызғылт неме- се ақшыл қызғылт жүзді (М. Əуезов). Айналадағы жазық пен төбешіктің бəрі де ал қаракөк (М. Əуезов). Сан есім: Жылқы мың үш жүз (Ғ. Мұстафин). Құда – мың- жылдық (Мақал). Берер жерім он екі (Х. Есенжанов). Есімдік: Асқар көрген бір белгі осы (С. Мұқанов). Жаңағы жоғарыда келтірілген мысалдардағы баяндауыш- тар – жақсы, он кісілік, қара қас, қара көз, қоңырқай қызғылт немесе ақшыл қызғылт жүзді, ал қара көк, мың үш жүз, мың- жылдық, он екі – сан есім, сын есімнен болған баяндауыштар. Бұлардың барлығы да сөйлемдегі бастауыштың сынын, сапасын, санын білдіріп тұр. Ал бұл сөз таптарынан болған сөздер негізінде сөйлемде анықтауыш қызметін атқаруы керек еді. Бірақ бұл сөйлемдерді тиянақтап, аяқтап тұратын етістік баяндауыштар айтылмай қалған. Сөйтіп, сын есім, сан есім, есімшеден болған анықтауыш сөздер сөйлем соңында келіп ба- яндауыш қызметін атқарып тұр. Мысалы: Ештен кеш жақсы деген сөйлемнің бастауышы – кеш, баяндауышы – жақсы. Бұл сөйлемнің болады немесе т.с.с. баяндауышы айтылмай қалған, яғни ой ықшамдалып жеткізілген. Мұнда жақсы анықтауыш сөзі сөйлем соңында келіп, баяндауыш қызметін атқарып тұр. Толықтауыштың баяндауышқа ауысуы. Септік жалғаулы сөздердің сөйлем соңында келуі. Барыс: Ең жақсы кітап – балаларға («Қазақ əдебиеті»). Жатыс: Асқар Кенжетай үйінде (С. Мұқанов). Барлығы ты- ным алмай қимылдауда (С. Ерубаев). Мал əлі жайылымда, жаз қызуы бойда, бүрсеңдер кездің белгілері əлі білінген жоқ-ты (Ғ. Мүсірепов). Үлкендер қонақта, жастар ойында (Ғ. Мұстафин). Үсен биыл отыз жетіде («Қазақ əдебиеті»).
345 Сөз тіркесі мен жай сөйлем Бұл сөйлемдердің баяндауыштары балаларға, үйінде, қимыл- дауда, жайылымда, бойда, қонақта, ойында, отыз жетіде. Бұ - лардың барлығы да сөйлем соңында белгілі бір септік жалғау- ларында келіп, етістік – баяндауыш айтылмай қалуы салдарынан баяндауыш қызметін атқарып тұр. Асқар Кенжетай үйінде деген сөйлемде отыр немесе т.с.с. етістік баяндауыш айтылмай қалып, жатыс септігі жалғауындағы үйінде сөзі сөйлем соңында келіп, сөйлемді (өзінше) тиянақтап, баяндауыш қызметін атқарып тұр. Ең жақсы кітап – балаларға – деген сөйлемде де балаларға сөзі барыс септігі жалғауында келіп, сөйлемде болады, беріледі не- месе т.с .с . етістік – баяндауыштың айтылмауының нəтижесінде баяндауыш қызметін атқарып тұр. Ал барыс, табыс, жатыс, шы- ғыс, көмектес септік жалғаулы сөздер негізінде сөйлемде толық- тауыш қызметін атқарады. Бұл сөйлемдерде ойдың ықшамдалып айтылуына байланысты етістік баяндауыш айтылмай қалып, септік жалғаулы сөздер сөйлем соңында келіп, баяндауыш қыз- метін атқарып тұр, яғни толықтауыш баяндауышқа ауысқан. 13. Қазіргі қазақ тіліндегі салт-сабақты етістіктердің меңгерілуі Барлық сөз таптарының ішінде ең көлемдісі жəне түрлі грам- матикалық категорияларға бай сөз табы – етістік. Негізгі етістік, көмекші етістік, шақ, рай, есімше, көсемше, салт, сабақты, жақ, етіс категориялары етістік сөз табын қалыптастырады. Етістіктің осы категорияларының əрқайсысы морфологиялық та, синтаксистік те жағынан жан-жақты қарастырылуда. Əрине, олардың морфологиялық жағынан зерттелуімен бірге, синтаксис- тік тұрғыдан қаралуы да басты мəселе болуы тиіс. 1. Етістіктер болымды, болымсыз сөйлемдер жасауда жұм- салады. Мысалы: а) Алуа осылайша боратып хатты жаза берді (С. Бақбергенов). ə) Дос-жар, қонағуар үйдің іші əзірлігін жасай бастаса да, Əбіштің бұларды шығындатқысы келмеді (М. Əуезов). 2. Сұраулы, бұйрықты сөйлемдер жасауда жұмсалады. Мыса- лы: Тапсырманы орындап келдің бе? («Жұлдыз»). 3. Құрмалас сөйлемнің бағыныңқы, басыңқы сөйлемдерінде жұмсалады. Мысалы: Иванов Зинаның бұншалықты неге қысыл-
346 Сөз тіркесі мен жай сөйлем ғанын білмесе де, кітап жайындағы əңгімені бұдан артық қоз- ғамаудың керек екенін түсінді (Ə. Нұрпейісов). 4. Сөйлем мүшелері қызметінде жұмсалады. Мысалы: а) Ауыл қыстауға қонғаннан бері Абай өзі Некрасовты ерекше пейіл бере оқыды (М. Əуезов). (Баяндауыш). ə) Маған олардың бəрі Сар- жанды құттықтауға келіп отырғандай көрінді (Ə. Əбішев). (Толықтауыш.) б) Оқығанның беті жарық, оқымағанның беті көн-шарық (Мақал). (Анықтауыш.) в) Қасындағы жолдастарына оқтын-оқтын көз жүгіртіп, əрқайсысына бір үнсіз тесіле қарап отырды (Ғ. Мүсірепов). (Пысықтауыш). 5. Сөз тіркесінің басыңқы сыңары ретінде жұмсалады. Даусы дірілдеп шықса да, қатты шықты (Ə. Əбішев). 6. Оқшау сөз ретінде жұмсалады. Мысалы: Қорытып айтқан- да, жалпы алғанда, сайып келгенде. Біз бұл жұмыста сол етістіктердің ішінде олардың лексика- семантикалық тобын құрайтын салт, сабақты етістігі туралы ғана сөз етпекпіз. Етістіктердің салт, сабақты түрлері таза етістік жағынан да көп айтылып келе жатыр. Сондықтан да қай оқулық не жеке мақала, монографиялық еңбектерде етістіктерді салт етістік, сабақты етістік етіп бөліп берушілік басым орын алған. Ол дұрыс та, өйткені бір топ етістіктер тек таза объектімен ғана сабақталып жұмсалса, енді бір топ етістіктер керісінше істің, қозғалыстың, қимылдың əртүрлі орнын көрсетеді. Мысалы: Абай мінезін Кəкітай топшылады (М. Əуезов) – дегендегі топшылау- ды етістігі сабақты етістік, өйткені ол етістік тек мінезін сөзімен тікелей байланыста жұмсалған. Сəуірде неше түрлі жауар нөсер, Нөсердің қуатымен жер, шөп өсер (Ы. Алтынсарин), – дегендегі өсер етістігі салт етістік. Өйткені ол тек барыс, жатыс, шығыс, көмектес жалғаулы сөздерді ғана керек етеді. Етістіктердің салт, сабақты болып бөлінуін ғалымдар түр- ліше түсіндіреді. А. Хасенова етістіктерді бұлайша топтауды негізінде лекси- ка-грамматикалық категория деп таниды [141, 208], ал А.Н . Ко- нонов, М. Балақаев, А. Аманжоловтар [142] көбіне оларды сөз тіркесінде меңгеру, сөйлем мүшесінде толықтауыштық ыңғайда, яғни олардың меңгеретін сөзінің ыңғайына қарай синтаксистік категорияға жатқызады.
347 Сөз тіркесі мен жай сөйлем Шындап келгенде, морфологияда салт, сабақты етістік дегені- мізбен, оларды сол жеке күйінде алып қарастыра алмаймыз. Етістікті таза сөз табы ретінде қарастырған күнде де бəрібір оларды тіркесетін сөздерімен бірлікте ғана қарастыруға тиіс боламыз. Сондықтан да салт, сабақты етістіктер негізінде синтак- систе қаралуы тиіс. Жоғарыда айтылғандай, сабақты, салт етістіктер барлық ең- бектерде айтылып келе жатқанымен, А. Хасенова: «Жеке тілдерде ғана емес, жалпы түркологиялық теориялық еңбектер мен та- рихи зерттеулерге де арнайы объекті болған бұл категорияның алдағы уақытта арнайы шешуді қажет ететін проблемалары то- лып жатыр», – дейді. Шынында, қазіргі кездегі немесе ертедегі ескерткіштердегі етістіктер, олардың сабақты, салт ретінде жұм- салуында өзіндік даму процесі бар екенін анық көреміз. Осы күн- ге дейінгі еңбектерде салт, сабақты етістік оларды топтау, сабақты етістіктің салт етістікке ауысуы, керісінше жағдайлар, оларды жасаудағы етістің қатысы, тіпті бір етістіктің өзі əрі сабақты, əрі салт етістік ретінде қолданылатындығы сияқты мəселелер сөз болуда. Дегенмен етістіктердің салт, сабақты түрлері туралы əлі де болса шешімін таппаған кейбір жайттар бар екендігін осы жұмыс арқылы дəлелдемекпіз. Жалпы салт, сабақты топ негізінде морфологияда етістік сөз табында, ал синтаксисте меңгеріле байланысқан сөз тіркестері жəне сөйлем мүшелерінде оның ішінде толықтауыш сөйлем мүшесінде сөз болады. Сонда етістік сөз табында салт, сабақтылық топ бар делінсе, ал сөз тіркесінде барыс, жатыс, шығыс жəне көмектес жалғаулы сөздерді салт етістік меңгереді де, табыс жалғаулы сөздерді сабақты етістік меңгерді, толықтауыш сөйлем мүшесінде де осы тұрғыда қаралады. Барлық оқулық, жеке еңбектерде етістік салт, сабақты бола- ды дейді де, оларға қатысты сөздерді тізіп берумен шектеледі. Бұған қарағанда негізінде қазақ тіліндегі етістіктердің бір тобы тек салт етістіктер, енді бір тобы тек сабақты етістіктер ғана бо- латын сияқты. Н . Сауранбаев, Ғ. Əбухановтардың педучилищеге арналған оқулығында етістіктер семантикасына қарай салт етіс- тік, сабақты етістік болып бөлінетіндігі жəне сабақты етістік- тердің салт етістікке, салт етістіктің сабақты етістікке ауысуы,
348 Сөз тіркесі мен жай сөйлем ондағы етіс жұрнақтарының қызметі көрсетілген. Бұған қараған- да қазіргі, бұрынғы кездегі етістіктерді үлкен екі топқа бөлуден асып кете алмаймыз. Қазақ тіл білімінде толықтауыш жəне меңгеріле байланысқан сөз тіркестері, олардың басыңқы сыңар- лары етістік болып келгенде, негізінен, етістіктердің салт, сабақты болып бөлінуі басты фактор болып табылады делінеді жəне міндетті түрде табыс септікті немесе тура толықтауышты сабақты етістік меңгереді, ал барыс, жатыс, шығыс жəне көмек- тес жалғаулы сөздерді жəне жанама толықтауышты салт етістік- тер меңгереді деп нақтылы айтылады. Ал орыс тілі немесе түркологиялық еңбектерді шолу бары- сында кейде меңгеріле байланысқан сөз тіркестері мен толық- тауышты меңгеретін етістіктер туралы басқа да көзқарастарды көруге болады. Орыс тілінің соңғы академиялық грамматикасында [143, 31] бір септік жалғаулы сөздерді бір етістіктің меңгеруінде немесе əртүрлі септіктерді бір етістік меңгереді дегенімен, сол меңге- ретін етістіктердің салт, сабақты тобына назар аудармайды да, қай септіктің қай сөз табынан болуын, қай мағынадағы етістік- тердің меңгеруін сөз етеді. Ондай кезде етістіктердің салт, са- бақты болып бөліну ерекшелігі тіпті ескерілмейді де, В.В . Ба- байцева мен Л.Ю. Максимов еңбектерінде табыс септігі мен тура толықтауышқа байланысты бір-ақ рет сабақты етістік ту- ралы айтқаны болмаса, ал басқа жағдайларда сол етістіктердің мағыналық жағына ғана назар аударады [144, 120]. Міне, осы сияқты пікірлерді басқа да еңбектерден көруге болады [145]. Тіпті хакас тілінде етістіктерді салт, сабақты деп бөлмейді де. Міне, бұған қарағанда, жалпы етістіктерді бұлайша бөлу туралы түрліше көзқарастарды көруге болады. Енді қазақ тіліндегі əрбір оқулықтағы əрі салт, əрі сабақты етістіктердің берілулеріне шолу жасап көрелік. Сабақты етістіктер Н. Сауранбаев сабақты етістіктерге: оқу, жаз, ұқ, сөк, майла, тыңда [60, 139]. Г. Əбуханов: оқу, жаз, аш, тап, жақ, ал, көр, тоқу, көрсет, таза- ла, шақыр, жина, қайыр, көшір, суғар, аудар, тəрбиеле, орында, тап,
349 Сөз тіркесі мен жай сөйлем шап, кес, тес, шеш, əкел, бер, ор, ұста, бу, жу, шаш – етістіктерін жатқызады [146, 144]. А. Ысқақов: аш, айт, бақ, бер, ек, ем, жаз, қи, ер, сап, сыз, тап, тер, ұқ, үй, шеш, ыс, іл, іш, айда, апар, жет, болжа, бүрке, ек, еле, жалға, жалма, жаса, жұмса, игер, күре, қама, қуыр, ластама, мүжі, сапыр, теже, түзе, тұса – етістіктерін жатқызады [19, 293]. А. Хасенова: жақ, тат, қи, же, жұт, түй, аш, қаз, сал, тік, жап, тес, ой, жаз, бол, жар, піш, кес, уат, сөк, жық, и, сал, отырғыз, тіз, ал, бер, жүр, сат, көм, тық, ки, шеш, бар, шаш, тер, ұр, қой, соқ, сүз, қап, өтеп, жек, бас, аш, көр, сез, біл, жалма, жебе, жері, күзет, шұқы, нұқы, сағын, жаны, ірікте, игер, күзе, мақта, суыр, сімір, оқы [147, 206-215] – етістіктері қатысты деп біледі. М. Балақаев: кес, ұр, шап, ал, бер, шақыр, сұра, сой, қама, жаз, оқы, бас, сана, таста, көзде, қолда, тыңда, жібер, қала, жама, тік, іш, же [92, 71], Р. Əміров: жу, аш, қайырып жүру, ішу, тыңдау, алып кету, қамау, сақтау, айту [50, 31-37], Ə. Төлеуов: кес, ұр, жап, ал(ды), бер, шақырды, сұрады, сой, қама, жаз, оқы, бас, сана, таста, көзде, қолда, тыңда, жібер, қала, жама, тік, іш, же, істе, қырық, тоқы, ат, арт, қаз, тара, тегістеді, соң, бауызда, түйре, байла, сана, қозға, көрді, есті, түсін, əсіре, сез, біл, шайна, жұт, аса, ем, тара – етістіктерін көрсетеді [148, 79]. А. Аманжолов: қылышта, баста, сақта, сөйле, ізде, алда, ем- деді, үйлендірді, басқару, таппады [149], М. Томанов: үйрет, жұбат, құтқар, тарт, қайыр, жақ [150] – етістіктерін жатқызады. Осы авторлардың əрқайсысында етістіктерді жинақтау бары- сында бірін-бірі қайталау басым. Солардың барлығын топтас- тырғанда қазіргі қазақ тілінде төмендегі етістіктер ғана сабақты етістіктер болатын сияқты. Оқы, жаз, ұқ, сөк, майла, тыңда, аш, жап, жақ, ал, көр, тоқы, көрсет, тазала, шақыр, жина, көшір, суғар, аудар, қайыр, тəрбиеле, орында, тап, шап, кес, тес, шеш, əкел, бер, ор, ұста, бу, жу, шаш, айт, бақ, ек, ем, қи, ер, сеп, сыз, тер, үз, үй, ыс, іл, іш, айда, апар, болжа, бүрке, ек, еле, жалға, жама, жасыр, жұмса, игер, күре, қама, қуыр, мата, мүжі, сапыр, теже, тұса, түзе, жақ, же, и, отырғыз, тіз, жүр, сат, тық, бар, тер, жүр, қой, соқ, сүз, қап, теп, бас, сөз, біл, сүй, алда, арба, ал, байқа, жалма, жері, көкі, күзет, мұқа, нұқы, тұқы, сағын, таны, игер, күзе, мақта, суыр, сімір, шап, сұра, сой,
350 Сөз тіркесі мен жай сөйлем қама, сана, таста, көзде, қолда, қала, тік, же, тыңдау, алып кету, қамау, сақтау, айту, жібер, қырық, тара, тегістеу, бауызда, түйре, байла, қозға, есті, түсін, ұмыт, ойла, иіске, шайна, жұт, тала, т.б . . Бұл етістіктер мынадай мағыналық топтарға бөлінеді: 1. Қоректенуді білдіретін амал-əрекет етістіктері: ем, же, жұт, сімір, шайна, мүжі; 2. Қырып-жою етістіктері: қи, соқ, қама, шап, көзде, бауызда, түйре, ор, жық, теп, тала; 3. Жасау, құру етістіктері: тоқы, жина, көшір, суғар, аудар, қайыр, тəрбиелеу, əкел, бу, жу, бақ, ек, сеп, сыз, тер, үз, үй, ыс, іл, айда, еле, жалға, жама, түзе, түй, ой, бөл, жар, піш, уат, отырғыз, қырық, тара, тегістеу; 4. Өзгеру етістіктері: майла, сөк, тазала, қозға; 5. Объектіні қозғалысқа түсіретін амал-əрекет етістіктері: көрсет, аудар, суғар, қайыр, ер, апар, жұмса, күре, игер, сапыр, қаз, жық, жақ, шайна; 6. Қозғау етістіктері: суыр, сана, алып кету; 7. Қалып-сапа етістіктері: отырғыз, тіз, жүр, нұқы, шұқы. Салт етістіктер Салт етістіктер, олардың əрбір оқулықтардағы берілуін былай көрсетуге болады. Н. Сауранбаев салт етістіктерге: тұр, жүр, жүгір, кел, бар, қайт, өс, көгер, ойна, жарыс, кеңес, таныс, түс, ұш [60, 137]. Т. Əбуханов: отыр, жатыр, жат, тұр, жүр, кел, кет, қайна, сайра, өз, қал, жайна, күл, кет, жарқыра, күркіре, жұмыл, түңіл, күлтілде, жүгін, бар, ұйықта, дірілде, жау, қаш, ұш, секір [151, 144], А. Ысқақов: ау, бар, бұқ, жат, жет, жұқ, жүр, кел, күл, кір, қал, қаш, нан, өс, піс, сал, ти, тоң, төз, түр, түс, ұш, шық, ық, іс, айны, айық, аңда, бекі, бұлқын, дегді, есір, елті, жарыс, жүгір, зерік, күрес, қазу, қуан, құлшын, обыр, өкін, сергі, ұмтыл, үде, арпа- лыс [19, 293]. А . Хасенова: түс, жүр, бар, кел, кет, кір, шық, жет, жүз, қаш, ат, ұш, бөс, без, көш, аз, арт, ес, жат, шөк, тұр, бат, шом, қат, адас, жуын, жүйткі, жүгір, жөңкі, кідір, сабыл, сандал, секір, сұла, тара, сейіл, қуан, айру, жеру, елігу, жарымау, кене- лу, қорқу, қызығу, еліру, кею, сиыну, ақыру, жалығу [147, 215], М. Балақаев: күл, қуан, қайғыр, жыла, жасы, есіне, жалық,
351 Сөз тіркесі мен жай сөйлем ауыр, терле, тоң, жамыл, тырыс, шаттан, насаттан, маңыра, ұлы, бозда, кісіне, мөңіре, сайра, тула, ақса, ойнақта, жоғарыла, жел, жорт, күркіре, жымыңда, жылтыңда, бұзаула, қозыла [92, 71], Р. Əміров: жүр, байлау, ілу, қыстыру, салу, жазу, қашу, сұра, бар, беттеу, отыр, тұр, көру [50, 31-41], Ə. Төлеуов: күлді, қуанды, қайғырды, жалады, шайынды, есінеді, ауырды, терледі, тоңды, шомылды, шаттанды, маңырады, ұлы, бозда, кісіне, мөңіре, сай- ра, тура, ойнақта, жорғала, жел, жорт, күркіре, жымыңда, бұзаула, сескен, жарал, зерік, күйін, қорық, ауыр, ыңқылда, есінеу, кір, шық, түс, жат, жүр, тұр, жет, бар, талпын, түшкір, кекір, домала, ырылда [148, 79], А. Аманжолов: өсу, мұңаю, қашты, қартайды, қарайды, сынды, бөлінді [149], М. Томанов: үйрен, жұбан, құтыл, тартыл, жан, қайт [150] – етістіктерін жатқызады. Сонымен, əрбір оқулықты салт етістіктер жалпы мына дəре- жеде беріледі: тұр, түс, түңіл, ти, тоң, тұр, тара, терле, тырыс, таныс, жүр, жүгір, жарыс, жатыр, жат, жайна, жарқыра, жұмыл, жүгін, жау, жет, жұқ, жүз, жуын, жүйткі, жөңкі, жыла, жеру, жа- рымау, жалығу, жоғарыла, жел, жорт, жымыңда, жылтылда, жазу, жылады, жорғала, жалын, кел, қайт, көгер, кеңес, кет, қайна, күл, күркіре, күлімде, қаш, көн, кір, қал, күрес, қажу, қуан, құлшын, кел, қат, кідір, қыдыр, құла, кенелу, қорқу, қызығу, кею, кісіне, қағылу, қыстыру, қайғырды, күйінді, кекірді, өс, ез, ойна, ұш, ұйықта, ық, іс, отыр, ұмтыл, үде, ұлы, үлгір, сайра, секір, сал, сергі, сөн, сабыл, сандал, сырғу, сұрау, сейіл, сиыну, дірілде, дегді, бар, ау, есір, елті, шық, айны, айық, ақса, бекі, бұлқын, зерік, арпалыс, шық, бас, без, ақ, аз, арт, шөк, бат, шом, адас, ауыр, ару, ашы, ло- блу, елеру, ақыру, шашу, шомыл, насаттан, бозда, мөңіреді, ақса, ілу, беттеу, есінеу, бұзаула, зерік, ыңқылда, домала, ырылда. Олар мындай мағыналарда жұмсалады: 1. Қозғалу етістіктері: тұр, жүгір, жарыс, жат, жет, күрес, қаш, кір, көш, тара. 2. Көңіл күй етістіктері: түңіл, жайнау, жымыңда, жалын, кү- лімде, қажу, қуан, құлшын, кею, шошу, қайғырды, күйінді. 3.Таза психологиялық процестермен байланысты етістіктер: қорқу, дірілде, жылады, кею, сиыну; 4. Адамның жəне жан-жануарлардың дыбыстарына байланыс- ты қолданылатын етістіктер: кісіне, ұлы, сайра, ақыру, бозда, мөңіре, бұзаула, ыңқылда, ыңылда;
352 Сөз тіркесі мен жай сөйлем 5. Табиғат дыбыстарымен байланысты қолданылатын етіс- тіктер: күркіре, жарқыра, жылтылда, көгеру; 6. Қалып-сапа етістіктері: отыр, ұмтыл, үде, сұлау, сырғу, бет- теу, жату; 7. Адамның не жанды заттардың қалып күйін білдіретін етістіктер: тол, шөк, ауыр, ару, лоблу; 8. Объектіні қозғалысқа түсіретін амал-əрекет етістіктері: жұ- мыл, жүйткі, жөңкі, жорғала, күрес, қыстыру, секір, сандалу, сырғу, сұлау, ақса, бұлқын, арпалыс, бат. Түрлі сөздіктерде етістіктердің салт, сабақты түрлері бола- тынын айтумен бірге кейде бірсыпыра етістіктер əрі салт, əрі сабақты да болады деп, ешбір мысал келтірмей-ақ бір сөзбен жал- пылама айтып өтеді. Сонда олардың пікірінше, барлық етістік сабақты, салт болып бөлінуімен шектелетін сияқты. Екінші бір ғалымдар барлық етістіктерді салт, сабақты болады деп бөліп көрсетіп, əрқайсысы 5–6 немесе 10 шақты етістік сөздерді көр- сетумен қанағаттанады. Үшінші топ ғалымдар етістіктерді салт, сабақты деп бөле ке- ліп, енді тілдік заңдылықтарына да назар аударады. Əсіресе ондай кезде етіс жұрнақтарының қатысын негізге алып қарастырады. Қазақ тіліндегі зерттеулерде амал-əрекет етістіктері ғана са- бақты етістік болады делінген. Олар, мысалы: ішу, жеу, сындыру, қирату, тазалау, сабындау, жасау, соғу, шымшу, шаншу, т.б . Бірақ лексикалық-семантикалық топтарға бөлінген басқа етіс- тіктердің ішінде де сабақты етістіктер кездесетіндігін көруге бо- лады. Қ. Бектаевтың «Кері алфавиттік сөздігі» бойынша түбір күйіндегі сабақты етістіктер мыналар: ию, ою, егу, үгу, жеу, езу, үзу, ілу, озу, ору, ұру, ату, буу, ашу, ішу, аяу, тыю, құю, ойлау, үрлеу, булау, сынау, сипау, бұрау, жасау, жамау, сынау, қанау, то- нау, арнау, тұсау, матау, аттау, ұштау, бұтау, ақтау, оқтау, іздеу, емдеу, қабу, себу, жегу, шөгу, тігу, сөгу, өңдеу, егеу, өтеу, кезу, сезу, созу, сызу, тізу, бұзу, ірку, шалу, телу, шолу, сылу, білу, тілу, жұлу, жұму, бөлу, кему, жону, керу, теру, жору, сору, тору, қорқу, иіру, бұру, жалау, қажау, тосу, ояту, жұту, күту, түту, сауу, шашу, кешу, шешу, аршу, пішу, құшу, бояу, бағу, жағу, тағу, шағу, қағу, жығу, сығу, тығу, сұғу, шоқу, нұқу, тану, жеңу, сабау, арбау, сыбау,
353 Сөз тіркесі мен жай сөйлем қадау, айдау, алдау, оңдау, өңдеу, безеу, кезеу, күзеу, сүйеу, үйкеу, билеу, үрлеу, тілеу, бөлеу, демеу, тіреу, күреу, көсеу, өртеу, бітеу, екшеу, өлшеу, теңеу, сілку, бүрку, əкел, өтіну, апару, игеру, əперу, итеру, айыру, опыру, ысыру, суыру, қуыру, ұшыру, идіру, үйіру, өсіру, өшіру, тінту, тарту, шерту, құрту, жырту, сүрту, түрту, ашы- ту, ағыту, жұлқу, сарқу, тұздау, қомдау, лаңдау, шыңдау, болжау, алалау, қуалау, уқалау, байлау, лайлау, майлау, сайлау, тойлау, сыйлау, зарлау, қорлау, торлау, жырлау, сырлау, баулау, жаурау, маялау. А. Ысқақов етістіктердің салт-сабақты болып бөлінетіндігін айта келіп, автор кейде бір етістіктің өзі əрі салт, əрі сабақты да болып жұмсалатындығын: арт, түр, тара етістіктері арқылы көрсетеді [19, 294]. Автор «айда, жібер, түсін» сияқты сабақты етістіктер 2–3 септікті бірден меңгере береді деп, тіпті бір етістіктің үш септікте келуін де дұрыс көрсетеді [19, 295]. Сөйтіп автор əрі салт, əрі сабақты етістіктер қатарында арт, жүр, тара, айда, жібер, түсір сияқты алты етістікті айқын көрсетеді. Бір етістіктің бұлайша қолданылуы туралы А. Хасенованың еңбектерінен біраз мағлұмат алуға болады. Автор етістіктерді салт-сабақты етіп бөле келіп, бір етістіктің екі түрлі жағдайда да қолданылатынына баса назар аударып отырады. Автор он- дай етістіктердің қай септіктерде келуіне қарай былайша топтап көрсетеді: а) айда, жібер, тасу, жасыр, итер, сүйрет. ə) басу, булау, көсеу, күрмеу, сүйеу, тиеу, қарып, бұйыр, арна, мата, нұсқа, сүйке, тапсыр, телі, үйке, төлет. б) безе, бөлу, бітеу, бөк, теже, омыр, тура, тырна, тара, іре, қапсар, қасу, қопар, өлшет, егеу, тасу, қотару, қадау, қорғау, сұ- рау, тілеу, өлшеу, жеу, ішу, алу, түсінбеу, іш, ал. Міне, бұл топтағы етістіктер барыс, табыс, көмектес, т.б . етіс- тіктердегі сөздерді бірдей меңгеретіндігін, ондай кездегі олардың ішкі ерекшеліктерін де дұрыс көрсетеді. Отыра сал дегенде енді салттық мағынаға ауысуын, яғни салт, сабақтылық тек негізгі етістіктер арқылы берілетінін дəл аша білген [141, 211]. Р. Əміров ұрсу, білмеу, ұстау, мін, ас етістіктері əрі табыс жəне басқа да септіктегі сөздермен келуін көрсеткен. Əсіресе
354 Сөз тіркесі мен жай сөйлем атордың етістіктің əрі салт, əрі сабақты болуында кейде негізгі сөзге көмекші сөздердің түйдектеліп келуінің əсерін былай дə- лелдейді: Осыларға (өлең) шығар – осылар туралы (өлең), босатуға (қаулы) жазды – босату жөнінде (қаулы шығар, жазды) дегендегі шығар, жазды етістіктері əрі табыс, əрі барыс септігін де бірдей меңгере алу қабілеті бар екенін айта келіп, сол барыс жалғаулы осылар, босату есімдігі мен қимыл есімі сөздеріне туралы, жө- нінде шылауларының түйдектелуі арқылы енді ол сөздерге шы- ғар, жазды етістіктері қосылып, сабақтылық қызмет атқарып тұр деп көрсетеді [50, 311]. М. Балақаев аттандыру, айналу, асып кету, жабу, міну сияқ- ты етістіктердің барыс, табыс, шығыс септіктерде жұмсалатын- дығын көрсеткен [92, 121]. М. Томанов бір етістіктің салт та, сабақтылық та қызметін ай- қындай келіп, ондай етістіктерге оқу, жазу, ұрыс, жүр, айнал, ат, ойна, қақ, жүз, қара, қама сөздерін жатқызады [150, 115]. Міне, осы əрбір автордағы əрі салт, əрі сабақты етістіктерді жинақтап көрсек, небары мына етістіктер болып шығады (кө- бінде бір-бірін қайталайды). айда егеу ас арнау өлшеу аттану аяу өлшет айналу арт өт асып кету айналу жібер қасы бұлау жүр қажыт безе жаз қондыр бұйыр жүз қотару бітеу кезең қадау бөле күрмеу қорғау білмеу кету қақ жасыр қарып қар жеу қапсыр қама Мысалы: 1. Панфилов əдетінше, саусағымен столды тықылда- тып, Мұратқа жанашыр кескінмен қарап отыр (Т. Ахтанов). 2 . Вол- ков қолдарын галифесінің қалтасынан шығармайды (А.С . Мака- ренко). 3 . Ахмет қонақтарын жазғы үйіне енгізді (Ғ. Мұстафин).
355 Сөз тіркесі мен жай сөйлем 4. Біз дəл жаңағы күлкіні көзімізбен көргендей болдық (С. Еру- баев). 5 . Олар шолақ тері тонның етегін тері шалбарға шалбарла- нып алады да, қолдарына биялайды да сирек сұғады (С. Мұқанов). Осы күнгі əдебиеттердегі əрі салт, əрі сабақты болады дейтін етістіктеріміздің жалпы саны – 38 ғана. Ал біз оларды нақты көрсету үшін төмендегідей етіп бөліп беріп отырмыз: 1. Табыс пен барыс септіктерді меңгеретін етістіктер. 2. Табыс пен жатыс септіктерді меңгеретін етістіктер. 3. Табыс пен шығыс септіктерді меңгеретін етістіктер. 4. Табыс пен көмектес септіктерді меңгеретін етістіктер. 5. Табыс пен 2 кейде 3 септіктерді меңгеретін етістіктер. 1. Табыс жəне барыс септіктерді меңгеретін етістіктер: орап сала берді, ұстатты, тастай беріп, сүртіп тастап, бердік, қойып, ай- дап, кетіп тұрған, тастай салды, алайық деп отырмыз, артуының, сүйреп əкеліспедім бе мен?, беріп жіберіп, көтеріп ұстата салып, түсірді, алып жөнедім, айтып отырғанмын, жаптырамыз, жолдау- ына қарағанда, апарып шомылдырып, үйіріп жүр, түсіріп, қымтай орап алған екен, ілді, ұстап отыр, қармағына ілді, ұшырды, зорлап қостырды, аяған жоқ, салып келді, көпсініп тұрсың ба?, түсірем деп біраз əуре болған, естірту үшін жинайды, сырғытып қойғызған, алып барып, ұшыратқан, айтқан, бере көрме, сатып, пайда түсіріп отыр, бағасың, ұстатты да, шақырмайсыз ба?, тастап, əкеліп, сілкіп тұр екен, қамап қояды, тасып тұрған-ды, алдым, бұрып, аяқтарын тез-тез басады, əкеліп кіргенде, салып, айырмаған болды, жұлып алып, апарып, орнатқанда, құйып жатыр, мінгізіп алып, тапсырар едім, көрмедің бе?, түзедім, беттетіп жібердім, əкеп түсірді, қадап алды да, қағып-қағып қойды, жіберді, апарып, кіргізе кетем, алып кірді, қайта салды, қойып жатып, алып келді, орап алып, беріп те қойған, айттыруға, іздеп тапты, көтеріп əкелді, ерттеп берсейші, түсіндіріп келеді, т.б . Мысалы: Əбдірахманды пристав дуанға алып кетті (Б. Май- лин). Ер жеткен ұлыңды үйге қамап, қашанғы жанторсық ет- пекшісің (Ж. Кейкин). Дүкеншінің дəл ойы неменеге апарып соғарын онша аңғара алмасам да айтқанын орындап, қолымды оң қалтама салдым (Ғ. Мүсірепов). – Ана кер атты келінге ерттеп берсінші ,– деді інісіне, ауыл- дың алды қозғала бергенде (З. Ақышев). Тайжан Мұсаны бауыры- на басты, арқасынан, маңдайынан сипады (З. Ақышев).
356 Сөз тіркесі мен жай сөйлем – Онда күшпен тартып алып, өзіңді абақтыға жаптырамыз (Ш. Мұртазаев). Олардың синтаксистік қызметі толықтауыш пен толықтауыш, толықтауыш пен пысықтауыш қызметінде деп екі топқа бөліп қарастырамыз. Табыс жəне жатыс септіктерді меңгеретін етістіктер. То- лықтауыш пен пысықтауыштық қатынастағы. Мысалы: Мен қасына жеткенде күбі шелектің бетін ашып, маған тостағанға ай- ран құя бастады (Ғ. Мүсірепов). Жұтып қоярдай ежірейген ала көзі егін ортасында шүйгін жүрген сиырларды көрмесе де қалбақтап қашып бара жатқан мені көріп қалғанында дау жоқ (Ғ. Мүсіре- пов). Ең жанына бататыны дəл қазір мектепте балалар бəрін де біліп отыр. Мен қос Шалқарды өмірімде үш-ақ рет көрдім (Ғ. Мү - сірепов). Жаңа автобуста саған ұқсас баланы көргенде не істерін білмегенін қайтерсің (М. Сүндетов). Табыс жəне шығыс септіктерді меңгеретін етістіктер: алып, отқа тастап жібергеніне өкінді, шошып қала берді, басым- ды көтердім, көтеріп алдым, ұстап тоқтатпақ болады, ұстап алған, шығарып, іздемен, жетектеп, ұстап мінген, абайлап алып, сақта, алып қалу, күтіп алмақшысыз ғой, сүйіп тапқан, жетектеп алып- ты, білетін, көрген емеспін, босату да қиын, аямайтын адам, қуып шығыпты, шешіп алып, күтіп алады, сүйреп шығарды, суырып алды, тастаған жоқ, келгендей ғып көрсетті, түсіп кетті, өндіріп ал, танимын, бездіріп аларсың, теуіп жіберді, алып тастаған соң, шығарып, қағыпты, шығармай бағар-ау, арашалап алу керек, естіген; алған дейді ғой, жайғызып бересің бе, алды, естиік, тап- ты, қазып, айтуды сұрады, шақырып, ұлғайтып, естіп, таныды, мазақтай бастады, шығарды. Омбыны, қалалы жерді есіңнен шығарма (З. Ақышев). – Шы- ғарма үніңді. Əн салып жатқанын естимісің, – деп мені аяғымнан тартты (Ғ. Мүсірепов). Сұлтанмахмұтты қызметтен қууға қимады (Д. Əбілев). Бізге адамды аурудан арашалап алу керек, өлім тыр-нағынан шығарып алу керек, түсінемісің? (М. Горький). Мысалы: Терің жарылып, ернің тілінбесін десең бет-аузыңды ақ орамалмен тұмшала («Лениншіл жас»). Əйелдерді анасы, апа- сымен, ерлерді əкесімен салыстыра көз жүгіртеді («Лениншіл жас»). Өйткені қазірет Мəдинаны да дозақпен өлтірді (Д. Əбілев).
357 Сөз тіркесі мен жай сөйлем Табыс пен екі немесе үш септіктерді меңгеретін етістіктер: ысырап, қағып, ішеді, аяңдап келеді, тоқтатпақ болады, тастап жіберді, құйғандай, бұйыртқан, қақпақылдап, таныстырған-ды, үйренеді, қағып, шықпырта, осып жіберді. Мысалы: Жолда осы шағылды трактормен ысырып, қанша ар- шып қойса да, қайта үйіліп қалады (М. Сүндетов). Көмектес, табыс, барыс септіктерімен: Басыммен допты онға дейін қақпақылдап, жерге түсірмеймін (М. Сүндетов). Табыс, көмектес, шығыс септіктерімен: Атының басын тартып, Мұсаның арт жағынан келді де, байтал- ды қамшымен жұқа шаптан шықпырта осып жіберді (З. Ақышев). Толықтауыш пен пысықтауыш қатынастары: 1. Табыс, көмектес, шығыс: Мысалы: Менің жасымдағы балалар тілді ең алдымен шеше- сінен үйренеді ғой (Ғ. Мүсірепов). 2. Табыс, жатыс, шығыс: – Ана бөлмеде тағамдарын үлкендерден бөлек ішеді, солай əдеттенген, – деді келіншек, алдына түскен бұрымын сілкіп тас- тап, баршаға естірте (Ж. Кейкин). 3. Табыс, көмектес: Жолда осы шағылды трактормен ысырып, қанша аршып қойса да, қайта үйіліп қалады. 4. Табыс, шығыс, барыс: – Шеген мені көпірдің үстінен өзенге тастап жіберді де, су- дан басыңды ғана шығарып шомылған балалардың ішінде отыра бер деп, өзі көпірдің үстімен тартып отырды (Ғ. Мүсірепов). 5. Қасен Сұлтанмахмұтты Қамарға сыртынан таныстырған- ды (Д. Əбілев). Міне, сонымен, осы күнге дейінгі ғылыми əдебиеттердегі салт жəне сабақты етістіктердің берілу дəрежесі, біздіңше, жет- кіліксіз. Өйткені олардың əрқайсысындағы берілген етістіктер қайталанып берілуіне байланысты салт, сабақты немесе əрі салт, əрі сабақты етістіктер туралы тиянақты мəлімет оқушы қауымға берілді дей алмаймыз. Сондықтан да біз табыс септікті негізге ала отырып, етістікке қатысты септіктерді, оларды меңгеретін етістіктердің тізімі мен мағыналық тобына жəне олардың син- таксистік қызметіне біршама назар аудардық. Мұның өзі мектеп, жоғары оқу орындары студенттері мен ізденушілердің қажетіне жарар деген ойдамыз.
358 Сөз тіркесі мен жай сөйлем Енді ойымызды бір сөзбен қорытындылайтын болсақ, тілі- міздегі барлық түбір тұлғадағы етістіктер сөйлемдегі басқа сөздермен тіркесе алу қабілетіне байланысты салт жəне сабақты болып екі топқа бөлінеді. 1. Сабақты етістік алдындағы сөздің тек табыс жалғауында тұруын қажет етеді. Мысалы, есікті жап, сүйекті мүжі, кітапты оқы, суды төк, т.б . 2. Алдындағы сөздің табыс септігінде тұруын қажет етпей-ақ, табыс септігінен басқа септіктерде тұрған кез келген тұлғадағы сөз таптарымен сөз тіркесін құрай алатын етістіктерді салт етістік дейміз. Мысалы, орныңнан тұр, үйге кір, менімен жүр, сабағыңа бар, т.б . ƏДЕБИЕТ 1. Виноградов В. В . Русский язык. 2 изд. М ., 1972 . 2. Гвоздев А.Н. Современный русский литературный язык. 2. Синтак- сис. М., 1968; Фоменко Ю. В . Является ли словосочетание едини- цей языка? //Филологические науки. 1975, No6. 3. Моисеев Л.И. Некоторые теории словосочетаний//Филологические науки. 1977, No2; Тер-Минасова С.Г., Гвишиани Н.Б. Можно ли опровергнуть учение о словосочетании? – Филологические нау-ки. 1977, No2. Кобрин Р.Ю ., Абербух К.Я. Еще раз о словочетании// Филологические науки. 1979, No5. 4. Грамматика русского языка. М ., 1954. Ч.ІІ; Бабайцева В.В. Русский язык: синтаксис и пунктуация. М ., 1979; Баскаков Н.А . Словосоче- тания в современном турецком языке. М ., 1974; Смирницкий А.С. Синтаксис английского языка. М ., 1957. 5. Фоменко Ю.В . Является ли словосочетание единицей языка?//Фи- лологические науки. No6, 1975. 6. Моисеев А. Некоторые вопросы теории словосочетания//Филологи- ческие науки. 1977, No2. С . 56; Балакаев М. Б. Основные типы слово- сочетаний в казахском языке. Алматы, 1957. 7. Гвоздев А. Н. Современный русский язык. Ч . ІІ. М ., 1958; Кузнецов П.С. О принципах изучения грамматики. Изд-во МГУ. 1961; Сухо- тин В. П. Проблема словосочетания в современном русском языке. В сб.: Вопросы синтаксиса современного русского языка. М ., 1950; Сарыев К. Словосочетания в современном туркменском литератур- ном языке. АДД. Ашхабад, 1974. 8. Шведова Н.Ю . Активные процессы в современном русском синтак- сисе. М ., 1966.
359 Сөз тіркесі мен жай сөйлем 9. Қордабаев Т.Р. Қазақ жазбалары тілінің синтаксисі. Алматы, 1966.; Исаев С. Қазақ əдеби тілінің совет дəуірінде дамуы. Алматы, 1973. 10. Серебренников Б.А., Гаджиева Н.З . Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков. М ., 1979. 11. Шербак А.М . Очерки по сравнительной морфологии тюркских язы- ков (Имя). Л ., 1977. 12. Мусаев К. Некоторые наблюдения над развитием морфологии ка- захского языка в послеоктябрьский период. Исследования по тюр- кологии. Алма-Ата, 1969. 13. Шербак А. М . Грамматика староузбекского языка. М . – Л., 1962. 14. Қордабаев Т., Томанов М. Тарихи грамматика мəселелері. Алматы, 1975. 15. Қордабаев Т.Р. Қазақ жазба тілінің синтаксисі. Алматы, 1966. 16. Дмитриев Н.К. Русские предлоги и татарские послелоги. Синтак- сический строй тюркских языков. М ., 1962. 17. Гуломов А.Г ., Асқарова М.А . Хозирги узбек адабий тили. Синтак- сис. Ташкент, 1965. 18. Аханов Қ. Грамматика теориясының негіздері. Алматы, 1972. 19. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. Алматы, 1974. 20. Борковский В. И ., Кузнецов П. С . Историческая грамматика рус- ского языка. М ., 1963. 21. Казем-Бек М.А . Общая грамматика турецко-татарского языка. Ка- зань, 1939. 318 б. 22. Дмитриев Н. К . Грамматика башкирского языка. М . – Л ., 1948. С. 120. 23. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971. 24. Баскаков Н.А . Каракалпакский язык. П . –М ., 1952; Батманов И.А. Грамматика киргизского языка. Вып. ІІ . Фрунзе, 1940; Искаков А. Наречие в современном казахском языке. Алма-Ата, 1950; Сов- ременный казахский язык. Алма-Ата, 1950; Мұсабаев Ғ. Қазақ тіліндегі сын есімнің шырайлары. Алматы, 1951; Шəкенов Ж. Қазақ тіліндегі сын есім категориясы. Алматы, 1961. 25. Реформатский А.А . Число и грамматика. Вопросы грамматики. Сб. статей к 70-летию академика И. И . Мещанинова. М . – Л ., 1960. 26. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. Алматы, 1962. 27. Дмитриев Н.К. Грамматика башкирского языка, М. – Л., 1948; Исха- ков Г.Ф . Имя числительное. Исследования по сравнительной грам- матике тюркских языков. ІІ. Морфология. М., 1955; Убрятова Е.И. Исследования по синтаксису якутского языка. М . – Л., 1950. 28. Балақаев М. Б. Структурные особенности словосочетания в тюрк- ских языках. (Казахский Государственный университет им. С. М . Кирова к 40-летию республики.) Сб. статей. Алма-Ата, 1961.
360 Сөз тіркесі мен жай сөйлем 29. Катанов Н.Ф . Опыт исследования урянхайского языка. Казан, 1903; Батманов И.А. Части речи в киргизском языке. Фрунзе, 1936; Бат- манов И.А., Арагачи З.Б., Бабушкин Ф.Г. Язык енисейских памят- ников древнетюркской письменностей. Фрунзе, 1959. С. 74; Му- талибов С.М . Морфологии за лексика тарихиден қысқача очерк; Кононов А.Н. Грамматика современного узбекского литературного языка. М . – Л., 1960; Современный казахский язык. Алма-Ата, 1957; Хасенов Ə. Қазақ тіліндегі сан есімдер. Алматы, 1957; Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1954; Қордабаев Т. Тарихи синтаксис мəселелері. Ал- маты, 1965. 30. Батманов И.А. Современная и енисейка. Фрунзе, 1962. 31. Мусаев К. Некоторые наблюдения над развитием морфологии ка- захского языка в послеоктябрьский период. Исследования по тюр- кологии. Алма-Ата: Наука, 1969, стр. 217 . 32. Гаджиева Н.З . Основные пути развития синтаксической структуры тюркских языков. М ., 1973. С. 65. 33. Ол туралы толығырақ мəліметті «нумеративті сөз тіркестері» деген бөлімді қараңыз. 34. Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық фор- манттары. Алматы, 1975. 35. Айдаров Г. Язык орхонского памятника Бильгекагана. Алма-Ата, 1966. 36. Қордабаев Т.Р . Тарихи синтаксис мəселелері. Алматы, 1965. 37. Грамматика русского языка. ІІ. М ., 1960; Валгина Н.С . Синтаксис современного русского языка. М ., 1973. 38. Грамматика современного русского языка. М ., 1970; Белошапко- ва В.А. Современный русский язык. Синтаксис. М ., 1977. 39. Бабайцева В.В ., Максимов Л.Ю . Современный русский язык. ІІІ . Синтаксис. Пунктуация. Ч, ІІІ. М ., 1891. 40. Русская грамматика. Ч . ІІ . М ., 1980. 41. Дмитриев Н.К. Грамматика башкирского языка. М ., 1948; Оралбае- ва Н., Мадина Г., Əбілқаев А. Қазақ тілі. Алматы, 1982. 42. Убрятова Е.И . Исследования по синтаксису якутского языка. М ., 1950. С. 74; Кононов А.Н. Грамматика современного узбекского литературного языка. М ., 1960. С. 342 –343; Баскаков Н.А . Исто- рико-типологическая характеристика структуры тюркских языков. М., 1975. С. 131; Нұрмаханова Ə. Қазіргі қазақ тілі. 1982, 134-б.; Əміров Р. Жай сөйлем синтаксисі. 1983. 12 -б.; Хəирги қарақалпақ тили. Синтаксис. Нокис, 1986, 20-б.; Дəуенов Е. Қарақалпақ тилиде- ги фейил сөз дизбеклириниң түрлери хəл дүзиму жоллары. Нокис, 1986. 41 -б. 43. Балақаев М.Б. Основные типы словосочетаний в казахском языке. Алма-Ата, 1957.
361 Сөз тіркесі мен жай сөйлем 44. Джапаров А. Грамматическая структура словосочетания в совре- менном киргизском литературном языке. Автореф. дисс. к -та фи- лол.наук. М ., 1955. 45. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 1975. 390-б.; Серғалиев М. Синонимия синтаксических конструкций в современном казахском литературном языке. Автореф. докт. филол.наук. Алма-Ата, 1987. 46. Оралбаева Н., Мадина Г., Əбілқаев А. Қазақ тілі. Алматы, 1982. 47. Балақаев М.Б. О комбинированном управлении прямого дополнения в казахском языке//Тюркологический сборник. 1951, No7. 48. Қазақ тілінің грамматикасы. Синтаксис. ІІ . 1967; Балақаев М., Қор- дабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971. 49. Əбілақов Ə. Меңгерудің өзіндік ерекшеліктері//Қазақстан мектебі. 1965. 50. Əміров Р. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1983. 51. Балақаев М. О комбинированном управлении прямого дополнения в казахском языке//Тюркологический сборник. No7, 1951. 52. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971. 53. Аманжолов С., Сауранбаев Н. Қазақ тілінің грамматикасы. ІІ бөлім. Синтаксис. Орталау жəне орта мектептерге арналған. Алматы, 1939. 54. Аманжолов С. Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы. Ал- маты, 1940. 55. Балақаев М. Қазақ тілі грамматикасы. Синтаксис. Жетіжылдық мек- теп пен орта мектептің 6 жəне 7-кластарына арналған оқу құралы. Алматы, 1949. 56. Арғынов Х. Жай сөйлем синтаксисінің методикасы. Алматы, 1967. 57. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. Алматы, 1971. 58. Төлегенов О. Қазіргі қазақ тіліндегі жалпы модальды жəне мақсат мəнді жай сөйлем типтері. Алматы, 1968. 59. Арғынов Х. Қазақ тілі методикасы. Синтаксис, пунктуация. Алма- ты, 1974. 60. Сауранбаев Н. Қазақ тілі. Педучилищелерге арналған. Алматы, 1953. 61. Төлеуов Ə. Қазақ тіліндегі есімдіктер. Алматы, 1963. 62. Сайрамбаев Т. Есім пысықтауыш. Алматы, 1976. 63. Убрятова И.И . Исследования по синтаксису якутского языка. М . - Л., 1950. С. 31; Гаджиева Н.З ., Серебренников Б.А . Сравнительно-исто- рическая грамматика тюрксих языков. М ., 1986. С. 90. 64. Оралбаева Н., Мадина Ғ., Əбілқаев А. Қазақ тілі (практикалық курс). Алматы, 1964. 164 -б.; Аманжолов С., Əбілқаев А., Ұйықбаев И. Қазақ тілі грамматикасы. Алматы, 1967, 7-8 -бб.; Əуелбаев Ш., Қабиева Қ. Қазақ тілі грамматикасы. 1969. 66-68 -бб.; Арғынов Х. Қазақ тілі методикасы, синтаксис, пунктуация. Алматы, 1974. 21 - 22-бб.; Аманжолов С., Əбілқаев А. Қазақ тілі. VІІ класқа арналған, 1985. 31 -32 -бб.
362 Сөз тіркесі мен жай сөйлем 65. Қабиева Қ.Е . Сөйлемдегі сөздердің байланысуы жөнінде. 1965. 5- 14-бб.; Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. 1971. 33 -35-бб.; Əміров Р. Жай сөйлем синтаксисі. 1983. 13 -14 -бб. 66. Қазақ тілінің грамматикасы, ІІ т. Синтаксис. Алматы: Ғылым, 1967. 67. Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. М ., 1966. 44- 45-бб.; Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері. Алматы, 1981. 12-13 -бб. 68. Виноградов В.В. Из истории изучения русского синтаксиса. От Ло- моносова до Потебня и Фортунатова. М ., 1958. 69. Қазақ тілінің грамматикасы. ІІ т., Синтаксис. Алматы: Ғылым, 1967. 70. Қазақ тілінің грамматикасы. Синтаксис. Алматы: Ғылым, 1967. ІІ т. 71. Современный русский язык (под. ред. проф. Д . Э . Розенталя (Раздел словосочетание писал Вопперский В.П.) М.: Изд. МГУ, 1971. 72. Нұрмаханова Ə. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1982. 73. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. Алматы, 1977. 74. Филичева Н.И . О словосочетаниях в современном немецком языке. М., 1969. 75. Қазақ тілінің грамматикасы. Алматы: Ғылым, 1971. 76. Примеры взяты: Аманжолов А. Об управлении производных гла- гольных основ в языке древнетюркских памятников. В кн.: Вопросы казахского языкознания. І изд. Алма-Ата, 1959. 77. Ахманова С. Словарь лингвистических терминов. М ., 1966. 78. Кенесбаев С., Жанузаков Т. Русско-казахский словарь лингвистиче- ских терминов. Алма-Ата, 1966. 79. Молдажаров М.М . Становление и развитие казахской лингвисти- ческой терминологии. Автореф. дис. на соискание уч. степ. канд. филол.наук. Алма-Ата, 1972. 80. Аманжолов С., Сауранбаев Н. Қазақ тілінің грамматикасы. ІІ бөлім. Синтаксис (орталау жəне орта мектептерге арналған). Алматы, 1939; Балақаев М. Қазақ тілі грамматикасы. Синтаксис. 7 жылдық мектептің 6–7 класына арналған оқу құралы. Алматы, 1949; Аман- жолов С., Ұйықбаев И. Қазақ тілінің грамматикасы. Педучилищеге арналған грамматика кітабы. 1948; Сауранбаев Н. Қазақ тілі. Лекси- ка, фонетика, морфология. Синтаксис. Алматы, 1953; Əбуханов Ғ. Қазақ тілі. Лексика, фонетика жəне морфология мен синтаксис. Педучилищеге арналған оқу құралы. Алматы, 1982; Аманжолов С. Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы. Алматы, 1940; Жиенбаев С. Синтаксис мəселелері. Құрмалас сөйлемнің топтас- тырылуы туралы. Алматы, 1941; Сауранбаев Н. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі. 1948; Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фо- нетика, грамматика. 1954; Əбілқаев А. Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем түрлері. Алматы, 1965; Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. 1966; Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. 1967;
363 Сөз тіркесі мен жай сөйлем Арғынов Х. Жай сөйлем синтаксисінің методикасы. 1967; Есенов Қ. Қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері; Серғалиев М. Синтаксистік синонимдер, 1981; Нұрмаханова Ə. Қазақ тілі. 1982; Күлкенова О.Қ. Қазіргі қазақ əдеби тіліндегі айқындауыштық стилистиканың бейне- леу функциялары. 1976; Төлегенов О. Қазіргі қазақ тіліндегі жалпы модальды жəне мақсат мəнді жай сөйлем типтері. 1968; Əміров Р. Жай сөйлем синтаксисі. 1983. 81. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1999. 82. Слюсерова Н.А . Синтаксис и морфология в свете функционального подхода// Филологические науки. 1984. No5. 83. Валгина Н.С. Синтаксис современного русского языка. М ., 1978. 84. Бабайцева В.В., Максимов Л.Ю . Современный русский язык. Син- таксис, пунктуация. М ., 1981. 85. Золотова Г.А. Коммуникативные аспекты русского синтаксиса. М., 1982. 86. Кенесбаев С. Прогрессивное влияние русского языка на казахский. Алма-Ата, 1965. 87. Аманжолов С. 4 -жылдық тіл кітабы. Алматы, 1932. 35-б.; Аманжо- лов С., Сауранбаев Н. Қазақ тілінің грамматикасы. Алматы, 1939. 88. Балақаев М. Қазақ тілі грамматикасы. Алматы, 1949. 89. Жанейісов Е. Қазақ прозасының тілі. Алматы, 1968. 90. Балақаев М. Қазақ тілі грамматикасы 6–7 класс оқу құралы. Алма- ты, 1949. 91. Аманжолов С., Сауранбаев Н. Қазақ тілі грамматикасы. Орталау жəне орта мектепке арналған. Алматы, 1939. 92. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1966. 93. Кириллова Т.С. Грамматическая и семантическая структуры двух составных предложений с осложненным именным сказуемым. Ав- тореф. дисс. на соиска, уч. ст. канд.филол.наук. М., 1960. 94. Кенесбаев С., Жанузаков Т. Русско-казахский словарь лингвисти- ческих терминов. Алма-Ата, 1966. 95. Насилов В.Н. Грамматика уйгурского языка. М ., 1940. С. 31; Кокля- нова А.А. Способы синтаксической связи слов в современном уз- бекском литературном языке (управление и согласование). Автореф. дисс. канд.филол.наук. М ., 1951. С. 43; Сауранбаев Н.Т . Қазақ тілі (педучилищеге арналған). 1953. 155-б.; Аманжолов А.С. Глагольное управление в языке памятников древнетюркской письменности. Ав- тореф. дисс. канд.филол.наук. М ., 1963. С. 38 . 96. Турсунов А. Кыргыз тилиндеги этистик сөз айқаштағы. Фрунзе, 1978. С. 172. 97. Закиев М.З . К вопросу о категории падежа в тюркских языках. В кн.: Проблемы тюркологии и истории востоковедения. Казань, 1964. 98. Ганиев Ф.А . О синтетических и аналитических падежах в татарском языке. В кн.: Вопросы тюркологии. Казань, 1970.
364 Сөз тіркесі мен жай сөйлем 99. Гаджиева Н.З . Основные пути развития синтетической структуры тюркских языков. М ., 1973. 100. Виноградов В.В. Грамматика русского языка. Т. ІІ. 1960. 101. Шведов Н.Ю . Активные процессы в современном русском синтак- сисе. М ., 1966. 102. Золотов Г.А . Очерки функционального синтаксиса русского языка. М., 1973. 103. Қазақ тілінің грамматикасы. Морфология. 1967. 104. Əбуханов Ғ. Қазақ тілі. Педучилищеге арналған. 1967. 105. Хасенов Ə. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер. 1957. 106. Томанов М. Словосочетания, выражающие временные отношения в казахском языке. АКД. Алма-Ата, 1959. 107. Реформатский А.А . Введение в языковедение. 4 издание. М., 1967. 108. Сайранбаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері. Алма- ты: Мектеп, 1981. 109. Қазақ тілінің грамматикасы. 1 . 1967. Томанов М. Қазақ тілінің та- рихи грамматикасы. Фонетика. Морфология. 110. Есенов Қ. Шартты рай тұлғалы сөздердің жай сөйлемдегі қолданылу ерекшеліктері. Қазақ пен ұйғыр тіл білімі мəселелері (Қазақ ССР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының еңбектері. 1963. ІІІ том). 111. Есенов Қ. Қазақ тіліндегі шартты жəне қарсылықты бағыныңқылы сөйлемдер. 1969. 112. Қазақ тілі грамматикасы, 1 т. Морфология. 1967. 113. Сыздықова Р. Абай шығармаларының тілі. 1968. 114. Сыздықова Р. Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайында анықтағыш. 1960. 115. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. Фонетика, морфо- логия. 1981. 116. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. Фонетика. Алматы, 1981. 117. Грамматика алтайского языка. Казань, 1869. 118. Мелиоранский П.М . Краткая грамматика казак-киргизского языка. ІІ. Синтаксис. СПб., 1897. 119. Дыренкова Н.П . Грамматика ойротского языка. М . – Л., 1940. С . 207; Дмитриев Н.К. Грамматика кумыкского языка. М . – Л., 1940. С. 199; Его же. Грамматика башкирского языка. М . – Л ., 1948. 129, 170 стр.; Баскаков Н.А . Каракалпакский язык. Фонетика и морфология. М ., 1952. С. 519; Поцелуевский А.П. Основы синтаксиса туркменского литературного языка. Ашхабад, 1943. 80 -стр.; Кононов А.Н. Грам- матика узбекского языка. Ташкент, 1948. 194-стр.; Его же. Грамма- тика современного узбекского литературного языка. М . – Л., 1960. 32-стр. 120. Əміров Р. Қазақ тіліндегі жалғаулықтар. 1956. 66–67 бб. Əбілқаев А. «Де» етістігінің мағыналары мен қызметі, 1958. 58–60 -бб.
365 Сөз тіркесі мен жай сөйлем 121. Есенов Қ. Шартты рай тұлғалы сөздердің жай сөйлемдегі кейбір қолдану ерекшеліктері. Жинақ. Қазақ пен ұйғыр тіл білімі мəселелері. 1963, 94–103-бб.; Есенов Қ. Қазіргі қазақ тіліндегі шартты жəне қарсылықты бағыныңқы сөйлемдер. 1969. 122. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. 1974. 123. Маманов И.Е . Қазіргі қазақ тілі, 1974. 124. Развитие синтаксиса современного русского языка. М .: Изд-во «На- ука», 1966; Акимова Г.Н. Новые явления в синтаксическом строе современного русского языка. Л ., 1982; Ицкович В.А . Языковая норма. М ., 1968; Он же. Очерки синтаксической нормы. М ., 1982; Истрина Е.С. Нормы русского литературного языка и культура речи. М.–Л., 1978. 125. Махмудов Н.Б . Эллипсис в узбекском языке. Автореф. канд. дисс. Ташкент, 1978; Мамедов А.Я. Эллипсис в азербайджанском языке. Автореф. канд. дисс. Баку, 1981. 126. Балтагулова Қ.Б. Қазақ тіліндегі эллипсистің түрлері//Сб. Вопро- сы теории и истории казахского языка. Алма-Ата, 1984; Балтагу- лова К.Б. К вопросу о проявлении эллипсиса как грамматической категории в современном казахском языке. Доклад, тезисы науч- но-теоретической конференции, посвященной 50-летию КазГУ им. С.М . Кирова. Алма-Ата, 1985. С. 52. 127. Акимова Г.И . Новые явления в синтаксическом строе современного русского языка. Л ., 1982. 128. Троянский А. Краткая татарская грамматика. Казань, 1860. 129. Дмитриев Н. К . Грамматика кумыкского языка. М ., 1940. 130. Кононов А.Н. Грамматика современного узбекского литературного языка. М ., 1960; Боровков А. Учебник уйгурского языка. Гордлев- ский В.А . Грамматика турецкого языка. М ., 1982. 17 -б.; Дырен- кова И.П. Грамматика шорского языка. Абдрахманов Г. Субстанти- рованные прилагательные в современном узбекском языке. Авто- реф. канд. дисс. Ташкент, 1960; Карабаев Х. Склонение и семен- тика падежей в киргиском языке. (Труды института и литературы, история. Вып. 1 . Фрунзе, 1945); Балакаев М.Б . Основные типы словосочетаний в казахском языке. Алма-Ата, 1957; Ғ. Мұсабаев. Қазақ тіліндегі сын есімнің шырайлары. 1951; Сауранбаев Н. Қазақ тілі. Педучилищеге арналған. 1948; Шəкенов Ж. Қазақ тіліндегі сын есім категориясы. 1961; Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1959. 225-б.; Сарыбаев Ш.Ш. Қазақ тілі методикасының кейбір мəселеле- рі. ІІ бөлім. Орфография жəне сөз таптары. Алматы, 1959. 79-б. 131. Батманов И.А., Аргачи З.Б., Бабушкин Г.Ф. Современная и древняя енисейка. Фрунзе, 1968. 132. Құрышжанов Ə., Томанов М. Орхон-Енисей ескерткіштерінің зерт- телу тарихы мен грамматикалық ерекшеліктері. 1968. 133. Мещанников И. И . Члены предложения и части речи. М ., 1945.
366 Сөз тіркесі мен жай сөйлем 134. Мұсабаев Ғ.Ғ. Қазақ тіліндегі сын есімнің шырайлары. 1951. 135. Прокопович Н.Н . О процессах структурного преобразования слово- сочетания в современном русском языке//Развитие синтаксиса со- временного русского языка. М., 1966. 136. Иванчикова Е.А . О развитии синтаксиса современного русского языка. М., 1966. 137. Потебная А.А . Из записок по русской грамматике. 1. М ., 1958. 138. Шахматов А.А. Синтаксис русского языка. М ., 1941. 139. Мигирин В.Н . Процессы переходности на уровне членов предложе- ния//Филологические науки, 1968. 140. Сизова И.А . Что такое синтаксис. М ., 1966. 141. Хасенова А. Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты. Алматы, 1971. 142. Кононов А.А. Грамматика современного узбекского литературного языка. М . – Л ., 1960. С. 198; Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. 1971. 121-б.; Аманжолов А. Об управлении произ- водных глагольных основ в языке древнетюркских памятников. В кн.: Вопросы казахского языкознания. Изд. 1 . Алма-Ата, 1959. С. 148. 143. Русская грамматика. Т ІІ . Синтаксис. М ., 1980. 144. Бабайцева В.В., Максимов Л.Ю . Современный русский язык. Син- таксис. Пунктуация. М., 1981. 145. Филичева Н.И . О словосочетаниях в современном немецком языке. М., 1969; Современный русский язык. М ., 1964; Дмитриев Н.К. Грамматика башкирского языка. М . –Л ., 1948. С. 239; Сафаев А.С. Семантико-синтаксическое членение предложения в узбекском языке. Ташкент, 1977; Баскаков Н.А . Историко-типологическая ха- рактеристика структуры тюркских языков. М ., 1975. 146. Əбуханов Ғ. Қазақ тілі. 1982. 147. Хасанова А. Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты. 1971. 148. Төлеуов А. Сөз таптары. 1982. 149. Аманжолов А. Об управлении производных глагольных основ в язы- ке древнетюркских памятников. В сб. Қазақ тіл білімі мəселелері. Алматы, 1959. 150. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. Алматы, 1981. 151. Əбуханов Ғ. Қазақ тілі. Фонетика. Морфология жəне синтаксис. 1982. 152. Оразов М. Қазіргі қазақ тіліндегі қалып етістіктері. Алматы: Мек- теп, 1980.
ІІІ СӨЙЛЕМНІҢ ТҰРЛАУЛЫ МҮШЕЛЕРІ
КІРІСПЕ СӨЙЛЕМ ЖƏНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ I ТАРАУ СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МƏСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ Сөйлем мүшесі, оның негізгі белгілері Сөйлем, оның негізгі элементтері Сөйлем мүшелерінің зерттелуі Грамматика салаларының даму процесі Сөйлем мүшелері, олардың жасалу жолдары - нікі, -дікі, -тікі жұрнақты сөйлем мүшелері Сөйлемнің де сөйлем мүшесі болуы Көмекші сөзді сөйлем мүшелері туралы II ТАРАУ СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІ, ОЛАРДЫҢ ЖАСАЛУЫ Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері Бастауыш Баяндауыш
369 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері КІРІСПЕ Синтаксис, оның негізгі объектілері қазақ тіл білімінде Қазан төңкерісіне дейін жəне онан кейінгі уақыттан бастап зерттеліп келеді. Бұл мəселе туралы əртүрлі көзқарастар болып келгені белгілі. Соңғы кезде синтаксистің негізгі объектісі ретінде сөз тіркесі мен сөйлем синтаксисі қаралып келеді. Бұлай бөлудің теориялық та, практикалық та мəні бар. Сөйлем синтаксисі, оның ішінде, сөйлем мүшелерінің зерттелуі 1935-40 жылдар арасында жақсы қолға алынды. Ол кезде сөйлем мүшелері туралы А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, Х. Басымов, І. Бəй- тенов, С. Аманжолов, М. Балақаев, Ə. Ермеков сынды ғалымдар көп еңбек сіңірді. Олардың арасында да сөйлем мүшелері, сөйлем түрлері туралы əртүрлі көзқарастар, талас пікірлер болды. Сөйлем мүшелеріне ерте кезден-ақ назар аударушылық басым болды. Бірақ қанша жыл өтсе де синтаксистегі бұл аталған тілдік категория осы күнге дейін жеке əрі арнайы зерттеудің объектісі болмай отыр. Бұл еңбекте бастауыш пен баяндауыш арнайы алынып, олар туралы көзқарастар, жасалу жолдары, сұраулары, түрлері жəне т.б. ерекшеліктері ғылыми тұрғыда сөз болмақшы. СӨЙЛЕМ ЖƏНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ (ПРЕДИКАТИВТІЛІК) Сөйлем – синтаксистің ең негізгі бірлігі, өйткені сөйлем ғана тілдің негізгі қызметтерін анықтай алады. Ол өзіне ұқсас тілдік басқа құбылыстардан коммуникативті қызметі мен шындық болмыстың бір бөлшегі жайында хабар беру жағынан ажыра- тылады. Адам сөйлескенде тыңдаушыға белгілі ойды білдіру не одан бір нəрсе туралы білу үшін сөйлейді. Сөйлеу айналадағы түрлі құбылыстар туралы болады. Мысалы: Осыдан соң барлық үлкендер қауырт көтеріліп, шығып кетті (М. Əуезов). Қырдағы
370 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері өзіміздің шаруаны емде (X. Ерғалиев). Мұнда бірнеше адамдар- дың тез көтерілуі, шығып кетуі мен өзімізге тиісті тірлікті рет- теу туралы сөз болып отыр. Сөйтіп, сөйлем – коммуникативті қызметі бар синтаксистік бірлік. Сөйлем синтаксистің ең басты объектісі дегенімізбен, ол бір жағынан тілдік басқа категорияларды, яғни сөз арқылы сөз тіркестерін өз бойына қамти алады. Олар сөйлемде құрылыс ма- териалы ретінде танылады. Жоғарыдағы сөйлемдерді құраушы сөздер де сөз тіркестері арқылы ғана сөйлем құрап тұр. Сол сияқты сөйлемнің өзі де синтаксистік басқа категориялардың бөлшегі ретінде құралады. Бұрын синтаксис объектісінің ең жоғары сатысы сөйлем делініп, тек сөйлемді қарастырумен шектелетінбіз. Ол дұрыс та, дегенмен ғылым дамиды, оның шегін айқындауды бір фактімен ғана шектеуге болмайды. Қазіргі кезде тілімізде текст, абзац, күрделі синтаксистік тұтастық сияқты категориялар да объектіге алына бастады. Сонда, сөйлемді күрделі синтаксистік тұтастықты құрайтын элемент ретінде де қарауға мүмкіндік аламыз. Бірақ қолданылуы жағынан алғанда жеке сөйлемнің қызметі ерекше. Сөйлем – синтаксистің ең көп аспектілі бөлімі. Олардың бой- ынан екі үлкен мəселені, яғни сөйлемнің жасалуын жəне сол арқылы олардың семантикалық белгілерін айқындауымыз керек. Сөйлемнің негізгі мəселесі оның құрылымы, жасалуы болып та- былады. Сөйлемді құрауда басты мүшелер – баяндауыш пен бас- тауыш. Бұл сөйлем мүшелерінсіз сөйлем болуы мүмкін де емес. Сөйлемнің негізгі белгілері. Сөйлемнің негізгі белгілері ту- ралы ғалымдар арасында түрліше пікірлер бар. В .В .Бабайцева сөйлемнің негізгі белгісі ретінде предикативтілік жəне интонаци- яны ғана алса [1,60], П.А. Чахоян предикативтілік пен модальдық- ты [2,554], Н.С . Валгина оған предикативтілік, модальдылық пен интонация үшеуін де жатқызады [3,14]. Ал П.А. Лекант мо- дальдылықты предикативтіліктің бір түрі [4,5] дейді. Сөйтіп, сөйлемнің белгілерін кейбір авторлар түрліше беріп жүр. Сонда жалпы сөйлемнің белгілері предикативтілік, модальдылық жəне интонация үшеуінің төңірегінде сөз болады. Бірақ кейде осы мо- дальдылық пен предикативтіліктің қайсысы негізгі, қайсысының қызметі ерекше деген мəселе төңірегінде де түрліше көзқарас
371 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері кездесіп қалады. Бірде предикативтілік пен модальдылық сөй- лемнің негізгі белгілері ретінде тең алынса, енді бірде модаль- дылықтың объектісіне предикативтілікті қосып та жібереді. В.В . Виноградов модальдылыққа қарағанда предикативтілікті кең көлемде қарады. Соңғы кезде осы пікір басым болып жүр. Оның дəлелдеуінше, предикативтіліктің мазмұны модальдылық, уақыт жəне жақ арқылы бөлініп көрсетіледі де, осылардың əрқайсысы негізгі фактор делінеді [5, 80]. Ендігі бір тіл маманы Н.Ю.Шведова, керісінше, предикативтіліктің осы қасиеттерінің ішінен жақты (лицо) шығарып тастаса [6,544], С.Г . Ильен- ко «есімнамалық – предикативтіліктің маңызды тұсы» деп көрсе- теді [7, 154-159]. 1970 жылы шыққан «Орыс тілінің академиялық грамматика- сында» сөйлемнің ережесі былай берілген: «Сонымен, жай сөйлем объективті модальдылық категориясы мен синтаксистік шақ категориясына жəне оларды білдіру құралдарының тиісті жүйе- сіне ие болады. Бұл екі категория бір-бірінен бөлек өмір сүрмейді, олар ажырамайтын бірлік – предикативтілік категориясын құ- райды. Предикативтілік категориясы əрбір сөйлемге қатысады жəне оның грамматикалық мағынасы болып табылады» [6]. Қазақ тіл білімінде М. Балақаев, Р. Əміров, О. Төлегенов [8] сөйлемнің негізгі белгісі ретінде предикативтілік пен модальдылықты алып, олардың əрқайсысының жасалу жолдарына көп назар аударады. Сонымен, сөйлемнің негізгі белгісі ретінде предикативтілік, модальдылық жəне интонация үшеуін де бірдей жатқызу орын- ды деп санаймыз. Оларды бір-бірімен тең немесе біріне-бірі басыңқылық қызметте жұмсалады дейтін пікір олардың ішкі ерек- шеліктерін ескермеуден туса керек. Сөйлем бүкіл тілдік катего- рияларды өз бойына жинақтай келе, өзіндік үлкен екі қасиетімен дараланады. Біріншіден, əрбір салынып жатқан үйдің іргетасы мен қабырғалары негізінен оның жалпы тұлғасын құрап, үй екен- дігін көрсететін болса, сөйлемде де оның негізін құрайтын эле- мент – бастауыш пен баяндауыш. Осы екеуінің негізінде ғана оның модальдылық қасиеті айқындалса керек. Сондықтан да, ең алдымен, сөйлемге тəн қасиет ол – предикативтілік. Преди- кативтілікке көбінесе тек жақ, шақ мəселесі ғана негіз болады. Осы екеуі арқылы предикативтілік жүзеге аса алады. Ал пре-
372 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері дикативтілік мына үш нəрсенің байланысы: а) субъект-преди- кат арасындағы (логикалық аспект); ə) тема-рема арасындағы (коммуникативті аспект); б) бастауыш-баяндауыш арасындағы (грамматикалық аспект). Жалпы сөйлем бір бас мүшелі, екі бас мүшелі немесе мүше- ленбейтін сөйлемдерден құралса, предикативтіліктің ең жоғары түрі екі бас мүшелі сөйлемдерде нақты, бір бас мүшелі сөйлемдер- де жартылай, ал мүшеленбейтін сөйлемдерде болмайды. Miнe, бұған қарағанда предикативтілік – тек бастауыш пен баяндауыш арасындағы таза грамматикалық құбылыс. Предикативтіліктің ар- найы көрсеткіші – жақ жəне шақ көрсеткіштері. «Предикат» деген термин баяндауыш екені белгілі. А.М . Пешковский «предикатив- ность» деген терминнің орнына «сказуемость» деген терминін енгізген болатын. Шақ категориясы. Шақ категориясы – істің əртүрлі уақыт- та істелгенін, я істелетінін, я істеліп тұрғандығын көрсетеді. Етістіктегі істің дəл мезгілдері ерекше тəсілдермен белгіленеді, олар осы шақ, өткен шақ жəне келер шақ түрлерінде беріледі. Орыс тілінің «Грамматика современного русского литературного языка» еңбегінде синтаксистік шақ категориясы, біріншіден, сөйлемнің құрылымдық ерекшелігімен, екіншіден, етістік үлгі- лерімен, сөйлемнің тұрлаулы мүшесін құрайтын негізгі етіс- тіктермен, үшіншіден, сөйлем құрамына ендірілетін быть көмек- ші етістігі арқылы беріледі дейді. Жақ категориясы. Жақ категориясы айтушы, тыңдаушы жə- не III жақта айтылады да, ол көрсеткіш етістік арқылы көрінеді. Жақ категориясының қосымшалары отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктеріне тікелей жалғанады. Басқа етістіктерге түрлі қосым- шалардан соң жалғана келе, баяндауыштың қай жақта тұрғанды- ғын көрсетеді. Сөйтіп, сол жақтық көрсеткіш арқылы сөйлемнің бастауышы да белгілі болады. Модальдылық белгісі. Сөйлемнің ең негізгі тұлғасынан кейінгі мəселе – сол сөйлем арқылы адамның қуану, шаттану, еркелеу, шошу, ашу-ыза, күдіктену, күшейту, əсерлеу, құптау, құптамау, жақтырмау, сену, мүмкіндік, керектілік, болжалдық сияқты, т.б . қасиеттері. Яғни олардың семантикалық белгілерін анықтау – екінші орындағы мəселе. Сөйлемнің бойындағы мұндай
373 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері қасиеттердің барлығы да модальдылық белгісі арқылы беріледі де, олардың негізгі көрсеткіштері рай категориясы, модаль сөздер мен демеуліктер жəне интонация болуы тиіс. Рай категориясы. Рай категориясы – етістіктің морфология- лық категориясы. Морфологиялық тұрғыдан əрбір райдың өзіндік жұрнақтары, яғни көрсеткіштері бар. Сол көрсеткіштер арқылы істің болып жатқандығы, болатындығы, болып кеткендігі ай- қындалады. Бұйрық рай. Бұйрық райлы етістіктер біреуге не біреу арқы- лы тыңдаушыға бұйыра сөйлеп, істің, əрекеттің орындалуын та- лап етеді. Шартты рай. Шартты райлы етістіктер -са/се жұрнағы ар- қылы істің, қимылдың, т.б. орындалуына, істелуіне шарт қойып, келешекте істелу қажеттігін білдіріп тұрады. Қалау рай. Қалау рай етістіктері қимыл-əрекетті істеуге істеушінің ынтасын білдіріп, тілек, қалау мағынасында айтылады: а) -ғай/гей, -қай/кей (барғайсың); ə) айтсаңшы; б) -ғай е – барғай еді; в) -ғы/гі – барғым келеді, барғысы келеді; г) барса игі еді, қойса екен. Ашық рай. Өткен шақ: жедел өткен шақ -ты/ті; бұрынғы өткен шақ -ған/ген; ауыспалы өткен шақ -атын/етін, -ушы/уші -е, (барушы едім). Осы шақ: нақ осы шақ – отыр, тұр, жатыр; ауыспа- лы осы шақ -а, -е, -й – отырамын. Келер шақ: болжалды: -ар/ер/р; мақсатты: -ғалы/гелі; ауыспалы: -а, -е, -й. Демеуліктер. Демеуліктер баяндауыш сөздерге дефис жəне дефиссіз де жалғанып, ол сөздерге əртүрлі қосымша реңктер береді. Жалпы, демеуліктердің атының өзі олардың сөйлемдерге қандай мағына үстемелеп тұрғандығын көрсетуімен нақтыла- нады: а) сұраулық демеуліктері: -ма/ме, -па/пе, -ба/бе сұраулық мəн тудырады; ə) күшейткіш демеуліктер: -ақ, -ау, -ай, -да/де, - ақ – күшейткіш мəн; -ау – риза болу, шаттану, ренжу, күйіну, мақұлдау, қолдау сияқты мəндер; -ай – таңдану, таңырқау; -да/ де – күшейту мəнінде; б) нақтылық демеуліктер: -қой – нақты- лау, тұжырымдау, мақұлдау, т.б . реңктер; -ды – нақтылай түсу мəнінде; в) шектік демеуліктер: ғана – шек қою мəнінде; г) ай – шек қою, тежеу; д) болжалды демеуліктер: ау – күшейту; түгел, түгіл, тұрсын, тұрмақ – болымсыздық мағына; екеш – қомсыну, кемсіну, мұқату.
374 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері Модальдылық сөйлемде бүкіл сөйлемге қатысты бола ма, жоқ, əлде жеке бір мүшесіне ме? Демеуліктер көптеген сөз тап- тарына тіркеседі жəне олар сөйлемнің кез келген сөйлем мүшесі бола алады. Осы ерекшелігіне байланысты олар көбіне баянда- уыш болғанымен, басқа да кез келген сөйлем мүшелері арқылы модальдылықты білдіре береді. Бұл – сөйлем туралы негізгі пікір. Сөйлем негізінен сөйлем мүшелерінен құралатыны белгілі. Сондықтан сөйлемге қатысты көптеген мəселелердің ішінен біз тек сөйлемнің тұрлаулы мүшелері жайында ғана сөз қозғамақпыз. ƏДЕБИЕТ 1. Бабайцева В.В., Максимов Л.Ю . Современный русский язык. Син- таксис. Пунктуация. М ., 1981. 2. Теоретическая грамматика английского языка. М ., 1983. 3. Валгина Н.С. Синтаксис современного русского языка. М ., 1973. 4. Лекант Я.А . Синтаксис простого предложения в современном рус- ском языке. М ., 1974. 5. Грамматика русского языка. Синтаксис. Т . II . Ч . I. М ., 1960. 6. Грамматика современного русского литературного языка. М ., 1970. 7. Ильенко С.Г. Персонализация как важнейшая сторона предикативно- сти. В сборнике «Теоретические проблемы синтаксиса современных индоевропейских языков». М ., 1975. 8. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1954; Əміров Р. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1983; Төлегенов О. Қазіргі қазақ тіліндегі жалпы модальды жəне мақсат мəнді жай сөйлем типтері. Алматы, 1968.
375 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері I. СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МƏСЕЛЕЛЕРІ 1. Сөйлем мүшесі, оның негізгі белгілері Сөйлемнің өзі екіжақты қарастырылатыны белгілі: а) сөйлем- нің құрылысы, айтылу мақсаты жəне оған қатысатын сөйлем мүшелерінің арақатынасы жəне б) сөйлемді құрайтын элемент- тер немесе сөздердің сөйлем мүшесі болу ерекшелігі. Сөйлемге қатысты осы екі мəселенің əрқайсысының өзіндік зерттелу объек- тілері бар. Соның ішіндегі ең негізгі мəселенің бірі – сөйлем мүшелері. Сөйлем мүшелері, яғни сөздер, сөйлемнің ішкі бөлік- тері. Олар – сол сөйлемді құрауда басты тұлға. Сол сөздердің қатысуы арқылы ғана сөйлем құрала алады. Міне, сол сөйлемді құрайтын əрбір сөздің өз орны, өз қызметі, өз мағынасы, өз қасие- ті бар. Қазақ тіл білімінде сөйлем бес сөйлем мүшесі арқылы құра- лады. Негізінде сөйлем мүшелерінің сөйлемдегі қасиетін айқын- дау сонау 1930 жылдардан бастап-ақ зерттелініп келеді. Қазақ тіл білімінде сөйлем мүшелерінің зерттелуін былайша топтауға болады: 1) 1922-1940 жылдар арасындағы ғылыми айтыс; 2) 1940 жылғы оқулық, ғылыми еңбектер бағытындағы айтыс; 3) 1950 жылдан кейінгі əртүрлі бағыттағы айтыс. Əсіресе сөй- лем мүшелерінің анықтамасына келгенде ғалымдар арасында түрліше көзқарастар бар. Сөйлем мүшесінің өзіндік қасиетін ай- қындауда 1940 жылға дейінгі жəне онан кейінгі əдебиеттерге шо- лу жасасақ, мынаны көруге болады. Сөйлем мүшелері, олардың негізгі белгілері, жасалуы, тыныс белгілері туралы айтыстар сол I кезеңде жақсы қойылған еді. Бұл кезеңдегі сөйлем мүшелері- нің жасалуы жайлы А.Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, X. Басымов, І. Бəйтенов, Ə. Ермеков, М. Балақаев, т.б. ғалымдар алғаш сөз етушілер болды. Ол уақытта сөйлем мүшелері тура-
376 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері лы айтыстар да негізінен оларды топтау мəселесіне, жасалуы- на қатысты ойлар жан-жақты айтылып отырды. Ең алдымен, сөйлем мүшесі туралы анықтамаларды талдап көрелік. Х . Ба- сымов пікірінше, «1) Сөйлемдегі сөзді сөйлем мүшесі дейміз; 2) Сөйлемде қанша сөз болса, солардың барлығын соншалық сөйлем мүшесі дейміз; 3) Сөйлемдегі мағыналы сөзді сөйлем мүшесі дейміз; 4) Сөйлемдегі əртүрлі сұрауға жауап берген сөзді сөйлем мүшесі дейміз». Сөйлем мүшелері туралы кейінгі кездегі авторлардың пікір- лері де жинақталды: М. Балақаев: «Сөйлемде грамматикалық мағыналарға ие бо- лып, синтаксистік қызмет атқарып тұратын сөздерді сөйлем мүшесі дейміз». М. Серғалиев: «Сөйлем ішінде басқа сөздермен синтаксистік қатынасқа түсіп, бір сұрауға жауап беріп, бір ұғым- ды білдіретін жеке сөзді немесе сөз тіркесін сөйлем мүшесі дей- міз». Р . Əміров: «Сөйлем мүшелері – сөйлем құрауда қалыптас- қан қатынастық компонент. Сөйлем мүшелері ретінде толық мағыналы сөздер қолданады». Сөйлем мүшелерін зерттеген ғалымдардың ішінде тек X. Ба- сымов қана сөйлем мүшелерінің жасалуы, оларға қатысты сөздер тобы жəне сөйлем мүшесі туралы көзқарастарға өзіндік топшылау жасай білген. Ол сөйлем мүшесі туралы əртүрлі тұжырымдардың бірінші жəне төртінші түріне қосылмайды. Бұл туралы автор, біріншіден, кез келген сөздер сөйлем мүшесі бола бермейді, екіншіден, əртүрлі сұрауға жауап беретін сөздердің барлығы сөйлем мүшесі бола бермейді, тек бірыңғай сұрауға жауап беретін сөздер сөйлем мүшесі бола болады деп көрсетеді. Автор сөйлем мүшелері дегенге сұрақ қоя келіп, енді өзіндік пікір ұсынады. Біріншіден, сөйлем мүшелері болатын сөздер айтайын деген ойды білдіруге қатысты ешбір көмекші сөздерсіз жұмсалған негізгі мағынаға ие сөздер болады. Екіншіден, сөйлемдегі айтайын де- ген ойды білдіруге керекті негізгі сөзге енді көмекші сөздердің қосақталып жұмсалуы арқылы сөйлем мүшесі жасалады дейді. X.Басымовтың бұл пікіріне қарағанда сөйлем мүшелері дербес мағынасы бар жəне ондай дербес мағынасы бар сөздерге түрлі көмекші сөздердің қосақталуы арқылы жасалады. Дегенмен автор сол сөйлем мүшелері туралы берген ережелерді жан-жақты талдау жасауға онша бара алмаған.
377 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері Сөйлем мүшелері туралы ережелердің əрқайсысының жетіс- тіктеріне, кемістіктеріне өзіндік талдау қажет сияқты. Алғашқы ережелер бойынша, біріншіден, сөйлемге қатысты кез келген сөздердің барлығы да сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалатын сияқты. Сөйлемге қатысты сөздер, олардың тобы бұл жерде еш сараланбай алынып отырғандығы айқын. Шынында, сөйлемнің ішінде дербес мағынасы бар, дербес мағынасы жоқ сөздердің тобы бар. Тіпті, дербес мағынасы бар сөздердің өздері сөйлемде мүше бола бермейтіні де бар. Сөйлем ішінде келетін оқшау сөз- дер, айқындауыштар, былайша алғанда, дербес мағыналы сөздер бола отырып, белгілі бір сөйлем мүшесі бола алмайды, бүкіл сөйлемге немесе жеке бір сөзге қатыстылығымен ғана ерекше- ленеді. Сонда, қаратпа, қыстырма, одағай, қосарлы, қосалқы жəне оңашаланған айқындауыштарды құрайтын сөздердің барлығы да дербес мағынасы бар сөздер. Бірақ бұл топтағы сөздер сөйлемнің ішінде қолданылғанымен, əдеттегі бес сөйлем мүшесі сияқты сөйлем мүшесі бола алмайды. Сондықтан сөйлемнің ішінде жұмсалатын дербес мағынасы бар сөздердің өзін де екшеп, қай- сысы сөйлем мүшесі бола алады, қайсысы сөйлем мүшесі бола алмайды деп топтау да сөйлемнің өзіндік қасиетін жан-жақты айқындауда басты шарт болуы керек. Екіншіден, сөйлемнің ішінде көмекші сөздер тобы да бар- шылық. Оларға көмекші есім, көмекші етістік, модаль сөздер жəне шылау сөздер де қатысады. Сол сияқты бұл топтардан басқа есе, рет, мəртебе сияқты сөздер жеке тұрғанда мағынасы болғаны- мен, сан есіммен қосарланып айтылғанда ғана сөйлем мүшесі бола алады. Сөйлемдегі сөздер немесе сөйлемде қанша сөз болады дейтін тұжырымдар сөйлем мүшесінің жасалуында ойлануды қажет етеді. Əрине, сөйлем құрайтын осы жоғарыда аталған сөздер. Осы сөздерсіз сөйлем мүшесі болу да мүмкін емес. Кейбір ережелер- де əртүрлі сұраққа жауап беретін сөздер сөйлем мүшесі болады дейтін де пікірлер баршылық. Шынында, сөздер сөйлем ішінде белгілі бір сұраққа жауап беретіні айқын. Бірақ кез келген сөз белгілі бір сұрауға жауап береді ме? Жоқ. Əрбір сұрау кез кел- ген сөздерге қатысты бола бермейді. Сұраулар негізінен дербес мағынасы бар сөз таптарына қойылатыны айқын. Сондықтан да
378 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері əрбір сөз табының өзіне тəн сұраулары бар. Əрбір сөз табының өзіне қатысты жеке-жеке сұрақтары болғанымен, олар көмекші сөздермен түйдектеліп келгенде, сол тобына бір-ақ сұрақ қо- йылады. Көмекші сөздер сұрақ қою жағынан ескерусіз делінгенімен, кейде сол көмекші сөздер өзі қатысты сөздердің бұрынғы сұрау- ларын өзгертіп, енді басқа бір сұрауларға ауыстыруға себеп бола- ды. Мысалы: Сіз Қатпа деген адам туралы ештеңе естімедіңіз бе? Ендеше, Қатпа үшін бұл да қолайлы (Ə. Омаров). Бұрын көрген дос, таныс тəрізді жаныңды билеп əкетеді (З. Шашкин). Үй сыртына кеп түскен ат дүбірімен аралас арсылдап үрген ит даусы келді. Сондай шақтарда, ақпанның басында, бүркеп жауып тұрған қарлы борасын ішінен бір белгісіз жан келді (М. Əуезов). Өз басым «Абай» атты романым арқылы ұлтымның етек басты, енжар, еріншек, сатымсақ мінезін біраз шенедім (Д. Досжанов). Осы сөйлемдерде Қатпа деген, дос, таныс тəрізді, ат дүбірімен аралас, борасын ішінен, романым арқылы сияқты сөз тіркестерінің бірінші, екінші сөздері анықтауыш, қалғандары пысықтауыш қызметінде жұмсалған. Осы сөйлем мүшелерінің өзі негізгі сөздер мен көптік жалғаулы сөздері сөйлемде кім? қандай? немен? нем? сияқты сұрауларға жауап беруге тиісті сөздер. Бұл Қатпа, дос, та- ныс, ат дүбірімен, борасын, романым сөздері жеке тұрғанда осы сұрауларға жауап беру арқылы сөйлемде түрлі сөйлем мүшелері қызметінде жұмсалуға тиіс болғанымен, енді ол сөздер тəрізді, аралас, ішінен, арқылы көмекші сөздердің тіркесі арқылы ондай түйдекті топтың сұраулары енді тіпті басқа-басқа сұрауларға ауысып, дербес мағынасы бар сөздердің бұрынғы сұрауларының орнына енді қосымша сұрау қосылу арқылы, біріншіден, ол сөздердің сұраулары, екіншіден, семантикалық мағыналары мүл- дем өзгеріп кетеді. Сонда Қатпа сөзі деген есімше тұлғалы көмекші етістік арқылы енді анықтауышқа, ал дос, таныс сөздері дос, таныс, ат дүбірімен, борасын, романым сияқты анықтауыш, бастауыш, толықтауыш қызметіндегі сөздер енді пысықтауышқа ауысып, пысықтауыштың сұрауларына жауап береді. Олар негізгі мағыналы сөздердің синтаксистік қызметін айқындауда жетекші қызмет атқарады. Сонымен, сөздер сөйлемде белгілі дəрежеде бір сұраққа жа- уап береді деген пікірдің өзін нақтылау да қажет-ақ. Өйткені
379 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері сөйлемдегі негізгі мағыналы сөздер белгілі сұрауға жауап беруі негізгі мəселе болғанымен, ал көмекші сөздерге жеке тұрғанда сұрақ қоя алмаймыз. Шынында, көмекші сөздер ондай қасиетке ие емес. Бірақ сол көмекші сөздердің өзі негізгі сөздерсіз қол- данылмайды. Енді оларға қойылатын сұрау тəн болмағанымен, негізгі сөздердің кейбір ерекшеліктерін синтаксистік жағынан со- лар меңгеріп кететіндігін айқын көруге болады. Тұрақты сөз тіркестері де сөйлемде жиі ұшырайтын катего- рия. Жалпы тұрақты тіркестер туралы бізде осы уақытқа дейін біржақты ғана айтылып келеді. Тұрақты тіркестер көбіне лекси- ка саласында арнайы сөз болады, ал олардың сөйлемнің ішінде сөз таптары дəрежесінде болмағанымен, сол сөз таптарының ішінде үстеу, еліктеуіш сөздер, кейбір есімдіктер тобы жəне сан есімдердің кей түрлеріне қарағанда əлдеқайда мол қолданылады. Сөйлемнің аясын, аумағын кеңейтуде тұрақты тіркестердің қыз- меті ерекше. Бірақ тұрақты тіркестер де бірнеше сөзден құралып жұмсалғанымен, олардың сол топтарына бір-ақ сұрақ қойылуы тиіс. Тұрақты тіркестердің ішінде дербес мағынасы бар сөз де, дербес мағынасы жоқ сөздер де баршылық. Бірақ олар сол тобы- мен бір-ақ сұраққа жауап беріп, бір-ақ сөйлем мүшесі қызметін- де жұмсалады. Сонымен, сөздерге сұрау қою мəселесінде екі нəрсеге баса на- зар аудару қажет. Біріншіден, сөйлемдегі негізгі мағыналы сөздер дара күйінде тұрып, белгілі бір сұраққа жауап берсе, екіншіден, негізгі сөздер мен көмекші сөздердің түйдектелуі де белгілі бір сұраққа қатысты болады. М . Серғалиевтің сөйлем мүшесі туралы ережесінде сөйлем мүшелерінің құрылысына назар аудара келіп: «Жеке сөзді немесе сөз тіркесін сөйлем мүшесі дейміз» дейтін де пікірін кездестіреміз. Құрамы жағынан əрбір сөйлем мүшесі дара да, күрделі де болып келе береді. Əрине, дара сөйлем мүшесі туралы онша талас пікір болмағанымен, ал сөйлем мүшелерінің күрделі түрінің таза сөз тіркесінен бола алады дегеніне ой- лану керек сияқты. Өйткені сөз тіркесінің негізгі бір белгісі олардың арасындағы анықтауыштық, толықтауыштық жəне пы- сықтауыштық қатынастардың болатындығы. Əрбір сөйлем мү- шесі, соның ішінде көбіне бастауыштар күрделі есімдерден жаса- ла береді. Ондай күрделі есімдерге Арал теңізі, КСРО Конститу- циясы сияқты күрделі есімдер жататыны белгілі. Міне, осы сияқты
380 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері топтар түрлі морфологиялық өзгерісіне сай сөйлемнің то- лықтауышы, пысықтауышы қызметінде жұмсалады. Осыған қа- рап бұл топтағы сөздер өзара сөз тіркесін құрайды дейтін де пікір пайда болып отыр. Мұндай топты сөйлем мүшелері делінетін тіркестер бүгін оқушы, қаланың баласы, қалаға кетті тəрізді сөз тіркестерімен бір дəрежеде болмаса керек. Егер өзара тіркесе алатын сөздердің арасында ондай нақтылы қатынас болмаса, ол сөз тіркесін құрай алмайды. Тұлғалары, сөз таптарының қатысы жағынан Арал теңізі қабыса байланысқан анықтауыштық қатынастағы есімді сөз тіркесі деп айтқан болар едік. Арал теңізі дегенді Каспий теңізі, Қара теңіз деп орын ауыстырып айта ал- маймыз. Бірақ бұл топтағы сөздерде лексикалану процесі ба- сым. Олар екі сөзден келгеніне қарамастан, сөз тіркесіндегі орын ауыстыруға болмайтын күрделі есімге айналған топтар жəне өзара сөз тіркесін құрай алмайды да, сол тобымен түйдекті топ құрайды. Сондықтан да ондай топтар сөйлем мүшесі болған кез- де сөз тіркесі тұрғысынан емес, лексикалық топ тұрғысынан ғана қатысып отыр деп білеміз. Сонда күрделі топты сөздер сөйлем мүшесі болған кезде өзара сөз тіркесі бола алмайды, сол тобымен түйдекті тіркес құрайды, осы құрамда ғана олар белгілі бір сөйлем мүшесі бола алады. Сөйлемдегі сөздер үнемі дара сөзді болып келе бермей, күрделі, кемінде екі немесе одан да көп сөздерден тұратыны айқын (бұл жерде ондай күрделі сөздердің əрқайсысының дер- бес мағынасы бар деген пікірге назар аударылып отыр). Мысалы, қызыл ала, жиырма бес, оқып отыр сияқты күрделі сөздер сол тобымен ғана бір сұрауға жауап беріп, бір ғана сөйлем мүшесі бола алады. Жоғарыдағы ережедегі сөйлем мүшесі болады дейтін пікір төңірегінде айтқан кезде күрделі сөйлем мүшелерінің əрбір сыңары бір-бір жеке сөз болғанымен, ал мұндай жағдайда олар жеке-жеке тұрып сөйлем мүшесі бола алмайды. Ондай күрделі сөйлем мүшелерінің əрқайсысының мұндай кезде жеке-жеке мағынасы негізгі объектіге алынбайды. Сол жиынтығымен ба- рып қана бір мағынаға ие болып, бір-ақ сөйлем мүшесі бола алады. Міне, бұған қарағанда сөйлемдегі барлық сөздер үнемі сөйлем мүшесі бола беруі мүмкін еместігі айқындалса керек. Сонымен, сөйлем мүшесі туралы ережелерді талдау бары- сында бірнеше өзіндік пікірлерге кез келіп отырмыз. Əрине,
381 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері бұл пікірлердің кейбірі сөйлем мүшелері үшін қажет болса, бірі керісінше ойлануды қажет етеді. Кейде бір сөйлем мүшесі ережесіне жаңадан пікір қосуға немесе кейбір пікірлерді алып тастауға əкеп тірейді. Сөйлем мүшесі дегенімізде, ең алдымен, нендей мəселелерді қамтиды, оның объектісіне нелер қатысты деген мəселені де негізге алу керек сияқты. 1) Сөйлем мүшесі болу үшін сөздер бір-біріне қатысты бо- луы керек. Сөздің өзі сөйлем мүшесі болған кезінде мынадай тұл- ғада кездеседі: а) Негізгі сөз, туынды сөз, біріккен сөз, қос сөз жəне қысқар- ған сөз түрінде; ə) Сөздің дербес мағынасы бары да, дербес мағынасы жоғы да дара-дара күйінде емес, сол негізгі сөз бен көмекші сөздер түйдектеліп немесе өзара қайталануы арқылы жұмсалады; б) Сөйлем мүшесі қызметінде тұрақты тіркестер де жұмсала алады; в) Сөйлем мүшесі қызметіне сөйлемдер де қатысады; г) Сөйлем мүшесі ретінде жеке дыбыстар да қатыса алады. Міне, бұған қарағанда, сөздер сөйлем мүшесін жасаудың ең басты шарты болуы тиіс; 2) Сөздер сөйлем мүшесі қызметінде дара күйінде, күрделі түрінде де қатысады. Ал сөздердің күрделі түрлерінің өзін екі топқа: а) дербес мағынасы бар сөздердің өзара қатысы; ə) дербес мағыналы сөз бен көмекші сөздердің түйдектелуі арқылы жəне кейде дербес мағынасы бар сөздердің қосақталып жұмсалуынан болған деп бөлуге болады; 3) Сөздер сөйлемге енгенде грамматикалық мағына білдіруі тиіс; 4) Сөздер сөйлем мүшесі болған кезде белгілі бір сұрауларға жауап беруі тиіс; 5) Сөздер сөйлем мүшесі қызметінде өзара байланысқа енуі керек. Сөйлем мүшесі болу үшін осы негізгі шарттар негізінде мы- надай анықтама туады: сөйлем мүшесі деп сөйлемде бір не бір- неше сөздер тобының басқа сөздермен синтаксистік қатынастары арқылы арнайы бір сұраққа жауап беріп, грамматикалық мағынаға ие болатын түрін айтамыз.
382 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері 2. Сөйлемнің негізгі элементтері Сөйлем – адам ойын білдірудің ең басты құралы. Сөйлем өз бойына сөзді де, сөз тіркесін де, тіпті, сөйлем мүшелерін де ретіне қарай қамти отырып, өзінің мол ауқымдылық қасиетін та- нытады. Сөйлемнің өн бойынан осы үлкен үш категорияның да əрқайсысының заңдылықтары нақтылы айқындалса керек. Бірақ сөз, сөз тіркесі немесе сөйлем мүшелері жеке-жеке объект неме- се сөйлем мүшелерінің объектісі болғанымен, олар – бірін-бірі құрауда басты тұлғалар. Сондықтан біз бұл жерде сөз бен сөйлем мүшелерінің, сөз тіркесі мен сөйлем мүшелерінің өзара ұқсастығы мен айырмашылықтарына тоқталамыз. Грамматиканың негізгі бөлімдері – морфология мен синтак- сис. Бұлардың əрқайсысының іштей өзіндік объектілері бар. Морфология əрбір сөздің лексикалық мағынасына қарай қай сөз таптарына тəндігін жəне олардың түрлі морфологиялық құрамын зерттейтін болса, синтаксис – сөйлемдегі сөздердің өзара тіркесі жəне сол арқылы сөйлем құраудың басты шар- ты. Сонымен, бұл екеуінің қарастыратын мəселелері жағынан бір-бірінен үлкен айырмашылығы бар деп білеміз. Бірақ бұл екі саланың жеке-жеке объектісі бар болғанымен, олар бір-бірімен тығыз байланысты да. Морфология, шындап келгенде, синтак- сис материалы, синтаксисті құрайтын негізгі құрал. Морфоло- гиясыз синтаксис жоқ. Грамматиканың бұл екі саласы бірін- бірі толықтырып, бір-бірінің ішкі қасиеттерін айқындап тұра- тындықтан, грамматика деген үлкен ұғымда қаралып отыр. Грам- матика термині грек сөзі – grammatike techne – «жазу өнері» деген ұғымды береді. Морфология да, синтаксис те қазіргі кезде жеке-жеке сала ретінде зерттелуде. Бұл арада морфология мен синтаксистің негізгі объектілері туралы сөз қозғаудан гөрі осы екі саланың өзара байланысы, біріне-бірінің қатысы, əсері сияқты мəселелерін айта келіп, көбіне сөйлем мүшелеріне сөз таптарының қатысын айқындауды мақсат еттік. Осы күнге дейін сөйлем мүшелері, олардың жасалуы туралы мектеп, педучилище мен жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу құралдарында арнайы айтылып келеді. Олардың бəрінде сөйлем мүшелерінің сөз тапта-
383 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері рынан жасалатындығы арнайы сөз болып отыр. Жалпы, сөз тап- тарының синтаксистік ерекшеліктері, біріншіден, əрбір сөз табы- ның соңында олардың арнайы түрде сөйлем мүшесі болуы, екіншіден, əрбір сөйлем мүшелерінің жасалуында белгілі бір сөз таптары жан-жақты айтылады. Осындай тығыз байланыстылық көп еңбектерде жалпылай айтылғанымен, кейде ол мəселелер ар- найы түрде де қаралып жүргенін көреміз. Осы тақырыпқа қатысты еңбектерде сөз таптарының алды- мен өздеріне тəн, яғни сөйлем мүшелерінен ерекшелейтін жайт- тары айтылады. Сонымен бірге сол сөз таптарының сөйлемге мүше болу кезіндегі кейбір ауытқу процестері сөз болады. Бұған қоса, əрбір сөйлем мүшелерінің жасалуында сөз таптарының өзін- дік орны, қатысу ерекшеліктері, мағыналық өзгерісі арнайы қа- ралады. Мəселен, Аманкелді өзінің жігіттерін 20-30 -дан бөліп- бөліп, таса жерге орналастырды деген сөйлемдегі Аманкелді, жігіттер, жер сөздері заттық мағынаны білдірсе, бөліп-бөліп орналастырды сөздерінде қимылдық қасиет, 20-30 -дан сөзде- рінде сандық табиғи қасиеттер бар. Лексикалық мағына – əрбір сөздің ешбір жалғаусыз атау күйіндегі мағынасы десек, грамматикалық мағына – сол лекси- калық мағынасы бар сөзге түрлі қосымшалардың жалғануы арқылы пайда болған мағына. Əрбір сөз сөйлемде нөлдік тұлғада жəне түрлі қосымшалар жалғануы арқылы əрі сөз табы, əрі сөйлем мүшесі ретінде жұмсалады. Сөздің лексикалық мағынасы енді ол сөздер сөйлем мүшесі болған кезде сақтала ма? Мы- салы: өзінің есімдігі енді анықтауыш, жігіттерін, 20-30 -дан толықтауыш болып жұмсалып, ол мағынасынан қалай да алшақ- тап кеткендігін көруге болады. Осы сөздердің сөз табы кезіндегі мағынасының енді сөйлем мүшесі кезінде болатын алшақтығы, шындап келгенде, сөздерге грамматикалық мағынаның əсерінен болуы тиіс. Грамматикалық мағынаға ие болу, негізінде, сөздерге түрлі жалғаулардың жалғануы немесе түрлі көмекші сөздер мен демеулердің түйдектелуі арқылы жүзеге асса керек. Сөз табының лексикалық мағынасы бойынша сөйлем мүшесі болатын əрбір сөздің, біріншіден, əрқайсысы бір-біріне қатысты, яғни біріне- бірі бағынышты, бағыныңқы дəрежеде жұмсала келіп, екіншіден, олардың əрқайсысының сөйлемде белгілі дəрежеде мағынасының
384 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері айқын болатыны ескеріледі. Сонда сөз таптары сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалғанда оның мағыналық жағы да назарға алы- нады. А . Жапаров сөз таптарының таза лексикалық мағынасының олар сөйлем мүшесі болып келгенде абстракцияланатындығын дұрыс көрсете білген [1,39]. Жалпы алғанда, сөз таптары сөйлем мүшесі болған кезде лексикалық мағынасын сақтайды əрі басқа бір мағыналық топқа ауысу процесі де айқын байқалады. Осы сияқты əрбір сөз табындағы заттық, сандық, сындық, қимылдық, мезгілдік қасиеттері олардың негізгі бір белгілері. Бірақ əрбір сөз табындағы осы сияқты қасиеттер енді ол сөз таптары сөйлемнің белгілі бір мүшесі болған кезінде сақтала ма, сақталмай ма, екіншіден, ол мағыналар сөйлем мүшесіне ауысқан кезде басқа форма ала ма деген мəселені шешу де қиындық келтіреді. Зат есімдер заттық мағынаға ие сөздер болғанымен, олар баста- уыш, толықтауыш қызметінде сол заттық, объектілік қатынаста жұмсалып, кейде пысықтауыштық қатынасқа ауысып кетеді. Оның негізгі бір себебі қазіргі кезде лексикалық синтаксис мəселесімен де тығыз байланысты демекпіз. Сонда, кейбір зат есімдер үнемі заттық мағынаға ие болса, ал енді бір зат есімдер лексикалық мағынасы жағынан мезгіл, мекен мағыналарына ие болып оты- рады. Керісінше, сын есімдер тек сындық қасиетке ие болуымен бірге септеліп, заттық мағынаға ие болып та жұмсалады ғой. Бұған қарағанда əртүрлі мағыналық топта жұмсалатын сөз тапта- ры сөйлем мүшесіне ауысқан кезде сол өзінің мағынасымен қоса басқа мағыналарға ауысып жұмсала береді. Сөз таптарының да, сөйлем мүшелерінің де өзіндік сұрау- лары барлығы айқын. Сөз таптарының əрбір сөзіне сұрақ жеке- жеке қойылу жағы басым. Əрине, əрбір сөз табының күрделі түрлері де бар екендігі белгілі. Сол əрбір сөз табының күрделі түрлеріне де сол сөз табының дара сұрағы ғана қойылса керек. Сөз таптарының барлығы бірдей сұрақ қоюға ие бола бермейді. Сұрау қоюға негізінде, дербес мағынасы бар сөз таптарының дара да, күрделі де түрлері ие болса, одағай, көмекші сөздер (көмекші есім, көмекші етістік, шылау, модаль сөздер) ондай қасиетке ие бола алмайды. Ал сөз таптары сөйлем мүшесіне ауысқан кезде сол дербес мағынасы бар сөз таптарының дара, күрделі түрлері де белгілі бір сөйлем мүшесінің сұрауларына жауап береді. Кейде, тіпті, ондай сөздерге басқа сөздердің қосылуы арқылы бірнеше
385 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері сөздер бір-ақ сұраққа жауап беріп, сөйлем мүшесі болатын сөз таптарының аумағы сан жағынан молая береді. Сондай-ақ əртүрлі сөз таптарының бірлігі арқылы да бір сұраққа жауап беріп, бір сөйлем мүшесі болуы да мүмкін. Сонымен, жеке сөзбен қатар бірнеше сөз, яғни дербес ма- ғынасы бар сөздердің күрделі түрлері де бір сұраққа жауап береді. Сол сияқты дербес мағынасы бар сөздерге көмекші сөз- дердің түйдектелуі арқылы, тіпті, бірнеше сөзден құралатын тұрақты тіркестер де бір сұраққа жауап бере алады. Осыған орай, сөз таптарының сұрауларына қарағанда сөйлем мүшелерінің сұрауларының аумағы кең. Оның үстіне, сөз таптарындағы сұрау- лар сөйлемнің ішінде əрбір сөзге тікелей тек өзіне ғана қойылуға тиісті болса, сөйлем мүшелеріндегі сұраулар біріне-бірі қатысы бойынша айқындалса керек. Сонда, баяндауышты бүкіл сөйлемге сұрақ қою арқылы тапсақ, бастауышты баяндауыш арқылы ғана таба аламыз. Олай болса, сөйлем мүшелеріндегі сұраулар біріне- бірі қатыстылығымен ерекшеленеді. Кез келген сөз таптарына сұрақ қоя беруге болмайтын сияқты сөйлемде барлық сөздерге де сұрақ қоя беруге болмайды. Сөй- лемдегі сөйлем мүшелерінің ішінде кейде баяндауыш қызметінде жұмсалған бар, жоқ, керек сөздеріне жəне түрлі айқындауыш сөздерге де сұрақ қою қиындық келтіретіні белгілі. Сол сияқты оқшау сөздерге де сұрақ қоя алмаймыз, бірақ олар сөйлемде сөй- лем мүшесі болмайтындығымен сипатталады. Жалпы, сұраулар əрбір дербес мағынасы бар сөз таптарына ғана тəн болса, сөйлем мүшелерінің тек өздеріне тəн сұраулары болады. Сөз таптарының сұрақтары – əрбір сөз табы үшін негізгі мəселе. Ол сөйлем мү- шелерінің сұрауларына да сай келуі тиіс. Ал енді ол сөз тап- тары басқа сөйлем мүшесі болған кезде сол сөйлем мүшесінің сұрауларына жауап беруге тиіс. Мысалы, жақсы оқушы дегенде жақсы сын есімі қандай? деген сұрауға жауап беріп, сөйлемде анықтауыш қызметінде жұмсалса, жақсы оқиды дегенде қалай? деген пысықтауыштың сұрауына, жақсыға жанас дегенде жақ- сыға заттанған сын есімі кімге? деген толықтауыштың сұрағына жауап береді. Белгілі тіл маманы I.Бəйтенов сөйлем мүшелері, олардың жа- салуы туралы айта келіп, сөйлем мүшелерін айыру үшін алдымен
386 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері мүше басына бірнеше сұраулар сайлап алып, сонан кейін ғана қай мүше екенін сол арқылы білу керек деген орыс тіліндегі əлі толық зерттелмей тұрған кездегі пікір екенін, сонымен бірге сөйлем мүшелерінің бас-басына сұрау таңдап алу, сол бойынша сөйлем мүшелерін дұрыс айырам деудің дұрыс еместігін батыл сынға алады [2,119]. Автордың пікірінше, барлық сөйлем мүшелерінің бас-басына сұрау арнаудың керегі жоқ, тек кейбір мүшелерге ғана сұрау қоя білу керек дейді де, тек пысықтауышта сұрау бол- са болғаны, басқа сөйлем мүшелеріне сұрау қоюдың керегі жоқ деп біледі. Біз автордың бұл пікіріне қосыла алмаймыз. Негізінде, əрбір сөйлем мүшесінің жеке-жеке сұраулары болуы бұл тек қазақ тіл білімі үшін ғана емес, жалпы тіл білімі үшін негізге алынған. Əрбір сөйлем мүшесінің өзіне тəн тұлғалық ерекшелі- гіне сай олардың сұраулары да сол ыңғайда қалыптасады. Сұраулар туралы екі нəрсені аңғару керек. Яғни сұрауларды морфологиялық жəне сөйлем мүшесі тұрғысынан қарастыратын боламыз. Егер біз бұл арада сұрауларды тек сөйлем мүшелеріне тели отырып сөз етсек, бұл сұраулар сөйлем мүшелеріне тек осы қалпында да жəне кейде түрлі морфологиялық өзгерістерге енуі арқылы да қатысты болады. Осы сұраулардың кейбірі тəуелденсе, енді бірі көптеліп, септеліп те жұмсала береді. Бұған қоса бұл сұраулардың тəуелденіп келгендері бастауышқа қатысты болса, ал септеліп келгендері анықтауыш, толықтауыш пен пысықта- уышқа қатысты болады. Мысалы: А. кім? не? кімім? нем? I. кімнің? ненің? кімімнің? немнің? Б. кімге? неге? кіміме? неме? Т. кімді? нені? кімімді? немді? Ж. кімде? неде? кімімде? немде? Ш. кімнен? неден? кімімнен? немнен? К. кіммен? немен? кіміммен? неммен? Мұнда кім, не? сұрауларының жекеше септеуінің атау септігі бастауышқа, ілік септігі анықтауышқа, ал қалған септіктегі сөздер объективті пысықтауышты қатынастарда жұмсалады. Олардың тəуелденуі де осы іспеттес. Əрине, сұраулардың көптік, тəуелдік жалғаулары жалғаулық қасиетке ие болса, олардың септелуінде кейде көнелену процесі байқалады. Сөйтіп, сұраулар дербес мағы-
387 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері налы сөз таптарының бəріне қатысты болса, сөйлем мүшелерін- де дербес мағыналы сөздер мен көмекші сөздер, күрделі сөздер тобы мен тұрақты тіркестер, тіпті, сөйлемдерді де білу мақсатында айтылады да, солар арқылы жауап алу процесінде мағына айқындалып отырады. Сұрауларға жауап сөздерді көп оқулықтарда көбіне тек сөз таптарының төңірегінде ғана сөз етсе, біз оларды оған қоса жоғарыда аталған сөздер тобына да қатысты деп білеміз. Сөйлем мүшелеріне байланысты негізгі мəселенің бірі – оларға сұрақ қоя білу. Əрине, əрбір сөйлем мүшесінің белгілі бір сұрақ- тары бары айтылып отыр. Бірақ осы бес сөйлем мүшесінің, ең алдымен, қайсысын табу туралы да өзіндік пікірталасы кездесіп отырады. Бірақ барлық сөйлем мүшелерінің ішінде ең негізгі ұйытқы сөйлем мүшелері – тұрлаулы мүшелер. Оларды сөйлемді құраудың басты тұлғасы деу орынды. Бірақ осы екі сөйлем мү- шесінің алдымен бастауыш немесе баяндауышын табуда біріз- ділік жоқ. Осы сияқты қайшылықтарды жоғары оқу орындарына арналған оқу құралдарынан да көруге болады. Осы екі сөйлем мүшесі сөйлемдегі ойдың иесі болуы мен сөйлемді тиянақтау жағынан алғанда төмендегідей негіздерге сүйенеді. Қай сөйлемде де ойдың иесі болуы жағынан бастауыш басты тұлға. Негізгі ой сол бастауыш төңірегінде болып отырады. Бірақ сол сөйлемдегі ойдың иесі бастауыш ашық түрде де, жасырын түрінде де келе береді. Тіпті, жақсыз сөйлемдерде бастауыштың айтылмайтыны тағы белгілі. Олай болса, бастауыш ашық, кейде жасырын, тіпті сөйлемде болмауы да мүмкін екен. Дегенмен қай жағдайда болса да (соңғысынан басқа жағдайда) ол – сөйлемнің негізгі арқауы, ой желісі. Ал баяндауыш сөйлемде негізінен сөйлемнің соңында келеді. Сөйлемнің біршама аяқталу процесі сол сөйлемдегі басқа сөйлем мүшелері арқылы емес, тек баян- дауыш арқылы ғана жүзеге асады. Осыдан барып тіл-тілде ба- яндауышсыз сөйлем болуы мүмкін еместігі де ескерілсе керек. Тіл-тілде сөйлемдер құрылысына немесе тұрлаулы, тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің қатысына, мағынасына, т.б . ерекшеліктеріне топтау барысының барлығы да баяндауышсыз жүзеге аса алмай- ды (сұраулы сөйлем туралы пікірталасы басқа екені айқын). Жай сөйлемді былай қойғанда, тіпті, құрмалас сөйлем жайлы осыны айтуға болады. Олай болса, ең негізгі пікір – баяндауышсыз сөйлем
388 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері бола алмайды. Осының өзі-ақ оның сөйлем үшін ең қажетті екенін көрсетсе керек. Екіншіден, ол – сөйлемді тиянақтау жағынан да басты тұлға. Сол сияқты бастауышты баяндауыш арқылы табу да жүйелі принцип. Осы негізде келгенде қалайда сөйлемнен баян- дауышты алғаш табу орынды. Əрбір сөз табының өзіне ғана тəн көрсеткіштері бар екені айқын. Зат есімге нөлдік, көптік, тəуелдік жалғаулары тəн болса, сын есімдерге де нөлдік форма мен сапалық, қатыстық түрлері, сан есім мен есімдік, үстеулер түрлері, ал етістікке əртүрлі категория- лар тəн. Əрбір сөз табындағы мұндай категориялар – бір-біріне ұқсамайтын өзіндік бір көрсеткіштер. Сөз таптарындағы осындай тұлғалық ерекшеліктер əрбір сөйлем мүшесіне де тəн. Бірақ əрбір сөз табындағы тұлғалық ерекшеліктер əрбір сөйлем мүшелерінің тұлғалық ерекшелігіне қатысты болады. Мысалы, бір ғана бастауыштың нөлдік, көптік, тəуелдік тұлғалары бастауыш бола- тын барлық сөз таптарына бір жүйеде қатысты болады. Ал септік жалғаулы сөздер сөйлем мүшесі болған кезде əрі анықтауыш, əрі пысықтауыш, əрі толықтауыш сөйлем мүшелерінің біріне қа- тысты жұмсала береді. Сонда, əрбір сөз табының тұлғалық ерек- шелігі əрбір сөйлем мүшелерінің тұлғалық ерекшелігіне қарай ыңғайланады. Жалпы алғанда, əрбір сөз таптарының тұлғасы сөйлем мүшелерінің тұлғасымен бір деп айтуға болмайды. Əрқай- сысының өзіндік ерекшеліктері бар. Əрбір сөз табының да, əрбір сөйлем мүшелерінің де құры- лымдық түрі бар. Сөз таптары құрылысына қарай дара жəне күрделі болып, оның əрқайсысы сөз саны жағынан дараланады. Олардың күрделі түрлерінің өзі дербес мағынасы бар бірнеше сөзден немесе дербес мағынасы бар жəне көмекші етістіктермен тіркесіп келіп те жасала береді. Бірақ сөз таптарының мұндай құрылымды түрлері дара немесе күрделі болғанымен, сол тобы- мен бір сұраққа жауап беріп, бір сөз табына ғана қатыстылығымен ерекшеленеді. Əрбір сөйлем мүшелері де құрылысына қарай да- ра, күрделі ерекшеліктерге ие болады. Бірақ сөйлем мүшелерінің күрделі түрлері кемінде екі сөзден бола береді. Сөз таптарындағы күрделі түрге қарағанда, сөйлем мүшелерінің күрделі түрлерінің кейбір ерекшеліктері бар. Сөз табында көмекші есім, модаль сөз- дер, шылаулар жеке-жеке сөз табы ретінде жұмсалса, сөйлем
389 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері мүшелерінде олар күрделі сыңардың құрамында ғана жұмсала- ды. Сол сияқты үйірлі анықтауыштар негізінде əртүрлі сөз тап- тарынан жасалғанымен, сөйлемде бір-ақ мүше қызметінде жұмса- луға тиіс. Өйткені үйірлі анықтауышқа енген сөздер сол тобы- мен бір ғана сұраққа жауап береді. Кейде бір сөйлем мүшесі бол- ған сөз таптары үйірлі анықтауыш іспетті бірнеше сөз таптарынан жасалып, бір-ақ сөйлем мүшесінде жұмсалады. Міне, бұл жағы- нан келгенде сөз таптарының құрылымдық түрлеріне қарағанда, сөйлем мүшелерінің құрылымдық түрінің аумағы əлдеқайда кең. Сөз таптарының күрделі құрамында негізінен бір сөз табына ғана қатысты сөздер болса, ал сөйлем мүшелерінің құрамында, біріншіден, бір сөз табына қатысты сөздер де, екіншіден, əртүрлі сөз таптарына қатысты сөздер тобы да кездесе береді. Сөз тап- тарының күрделі түрлері (етістікте ғана болмаса) көбіне екі сөзден аспаса, сөйлем мүшелерінде ондай күрделі сөйлем мүшелерінің саны (тұрақты тіркесті қоспағанда) бірнеше сөзді болып келе береді. Тіпті, кейде бірнеше сөзді сөйлемдер де (онда бірнеше сөз таптары бола береді) сөйлем мүшесі қызметінде жұмсала береді. Сөйлем мүшелері, оның жасалуы сөз таптарының негізінде қалыптасады. Сондықтан да сөз таптары ғана сөйлем мүшелерін құрайды. Сондай-ақ сөз таптарының қызметіндей дəрежеде тұ- рақты тіркестер, тіпті оқшауланған сөйлемдер де қолданыла береді. Тұрақты тіркестер құрамы жағынан күрделі болып келетіні белгілі. Олар – сөйлем мүшелерінің күрделі түрлерін жасаудың басты факторы. Əдеттегі сөз таптары сияқты тұрақты тіркестер сөйлемде мол жұмсала келіп, сөз табы жағынан талданбағаны- мен, сөйлемде сөйлем мүшесі болу дəрежесіне толық ие сөздер. Олар сол тобымен бір-ақ сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір-ақ мүшесі қызметінде жұмсала алады. Тұрақты тіркестер де əдеттегі сөз таптарының тұлғалық ерекшелігіне сəйкес. Бұлар да əрі сеп- теліп, тəуелденіп, жіктеліп, көптеліп, кейде кейбір жұрнақтарды қабылдай отырып, сөйлемнің барлық мүшесі қызметінде жұмса- ла береді. Бұған қарағанда, сөйлемді құрайтын элементтерге сөз таптары ғана емес, лексикалық материалдар да қатысты бола- ды. Осы сияқты сөйлемде тұрақты тіркестей болмағанымен, синтаксистік топтар да өзара іштей бірнеше сөз таптарынан
390 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері сөйлемнің ішінде сөйлемдік құрамда келіп, басқа көмекші сөз- дердің көмегімен сол өзі қатысты сөйлемнің бір мүшесі ретінде жұмсалынады. Тұрақты тіркестерге қарағанда бұл сөйлемдер іштей өзара бірнеше сөз таптарынан құралады. Əрбір сөз жеке- жеке сұрауларға жауап бергенімен, сол тобымен сөйлемде бір-ақ сұраққа жауап беріп, бір-ақ сөйлем мүшесін құрайды. Сөз тіркесі мен сөйлем мүшесі де, былайша айтқанда, тарихи категория. Əрине, жоғарыда айтылғандай, шығуы, қалыптасуы жағынан сөйлем мүшесі алғашқы орынға ие болатыны белгілі. Бірақ осы категорияның даму процесінде де өзіндік өзгерістер, біріне- бірі ұқсамайтын жайттары баршылық. Сөз тіркестері негізінде сөз табы мен оның тіркесі болғандықтан, олар сөз таптарының қа- лыптасуымен тығыз байланысты. Əрбір сөз табының өзіндік шығу тарихы бар. Сол жеке-жеке сөз таптарындағы əрі лексикалық, əрі грамматикалық құбылыстар олардың өзара тіркесу аясының даму- ына немесе тарылуына əкеліп соғады. Бір ғана зат есімнің септе- лу аясының өзіндегі өзгерістер немесе оның əрбір жұрнақтары- ның көнеленуі, түптеп келгенде, ол сөздердің тіркесу аясының тарылғанын, енді ондай тіркестердің болмайтынын айқын көрсетсе, кейбір зат есімдердің архаизмге айналып, қолданудан шығуының өзі, тіпті, енді ол сөздердің тіркесі жоққа шығуымен бірдей. Бұған қарағанда, əрбір сөз табындағы болатын архаизм, тарих мəселелері сөздердің тіркесу қабілетіне үлкен əсер етуі айқын. Керісінше, сөз тіркестерінің аясының кеңеюіне тіліміздегі жаңа сөздер, түрлі ау- дарма мəселелері өз əсерін тигізбей қалған жоқ. Бұрын бір ғана сөздермен тіркесуге тиісті сөздер, енді басқа сөздермен де тіркесе алатын дəрежеге ие болады. Бұл жөнінде мына жайтты да көрген жөн. Əрбір сөз табының қазіргі ережелері өз бойындағы қасиетті толық сақтай алмаса керек. Сын есім ережесінің мəні олардың тек затқа қатысын, ал үстеу тек қимылға қатысын анықтайтын бол- са, олар қазіргі кезде сол ережелердегі қағидалардан əрі ауытқып, сын есім, сан есімдер енді етістіктермен де, ал үстеу есімдермен де тіркесе алатын дəрежеге ие болды. Сонда, сөз таптарындағы ішкі, сыртқы даму процесі олардың тіркесу аясының не тарылу, не кеңею процесіне əкеліп соғады екен. Сөйлем мүшелеріндегі негізгі мəселе, қай сөйлем мүшесі қай сөз таптарынан жасалатындығында. Əрбір сөйлем мүшесі үшін
391 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері сөз таптарының жұмсалуы негіз болса, енді бір сөйлем мүшесі болу үшін бірнеше сөз таптары да негіз бола береді. Тіпті, кей- де сөз таптарына жатпайтын топтар, яғни тұрақты тіркестер мен сөйлемдер де сөйлем мүшесі бола береді. Бірақ əрбір сөйлем мү- шесі үшін сөз таптарының көлемі əртүрлі. Олай болса, сөз тап- тарына қарағанда сөйлем мүшелерінің аясы əлдеқайда кең. Сөз таптарын сөйлемнің негізгі құраушы элементі дейміз. Шынын- да, сөз таптарынсыз сөйлем де болмақ емес. Бірақ қалыптасуы, қолданылуы жағынан сөйлем жəне оның мүшелері сөз таптары- на қарағанда ерте қалыптасты деу орынды. Оның өзі – тарихи құбылыс. Сөз таптарын сөйлемнің ішінде екіжақты қарастырған жөн. Біріншіден, сөйлемдегі сөз таптарын сөз тіркесінің ыңғайында саралаймыз. Сөйлемдегі сөз тіркестері байланысу формалары- на қарай қабыса, меңгеріле, матаса жəне қиыса байланысқан сөз тіркестері деп топтау басым. Біз сөз тіркесінің, негізінен, қай сөз табы қай сөз табымен тіркесе алатындығы тұрғысынан ғана сөз етеміз. Сонда сөз тіркестерінің бағыныңқы, басыңқы сыңарларына қарай сөз таптары əңгіме болады. Екіншіден, сөйлемдегі сөздерді сөйлем мүшелеріне талдаймыз. Сөйлемдегі сөздерді сөйлем мүшелеріне талдау барысында біз енді оларды қай сөйлем мүшесі қай сөйлем мүшесімен байланыса алатындығын негізге алып, сөз таптары мен сөз таптарының арасындағы тіркесті сөйлем мүшелерінің байланысу қабілетіне қарай саралайтын боламыз. Сөз тіркесінің бағыныңқы, басыңқы сыңарлары бар дедік. Ал сөйлем мүшелерінде дəл ондай қасиет болғанымен, бəрібір бас- тауыш пен баяндауыштан басқасы соларға қатыстылығымен ерекшеленеді. Сөз тіркестерінің сыңарлары тұрғысында қай сөз табы қай сөз табымен тіркесе алу процесі сөз болса, сөйлем мүшелерінде баяндауышқа, бастауышқа қатысты немесе, т.б. сөйлем мүшелеріне қатысты жағы ескерілсе керек. Сөз тіркесінде сөздердің тіркесімділігі, ал сөйлем мүшелерінде байланыс мəселесі сөз болатынын байқауға болады. Сөз тіркесі сөйлем мүшелеріне қарағанда қалыптасуы жағынан кеш пайда болған. Оның тари- хи себептері бар (ол туралы грамматикалық категориялардың қалыптасуы бөлімін қараңыз). Оның өзі олардың құрамдарына да қатысты демекпіз. Сөз тіркестері тек дербес мағыналы сөздер
392 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері арқылы жасалуы міндетті шарт делінсе, сөйлем мүшелері үшін бір сөз сөйлем мүшесі қызметінде жұмсала беруі жиі ұшырайды. Сөйтіп, жеке сөздер де (сөз-сөйлемдер) жеке сөйлем бола береді. Жалпы, сөйлем ең алғашында бір сөзді болып келді деген қағида негізгі критерий болса, ең алдымен, бір сөзді сөйлем мүшелері пайда болуы мүмкін деп білеміз. Сонда алдымен сөйлем, соның негізінде сөйлем мүшелері қалыптаса келіп, сол сөйлемнің ая- сының кеңеюінің нəтижесінде, яғни сөйлем екі немесе одан да көп сөзді бола бастауына байланысты ғана сөз тіркестері пайда болуы ықтимал. Бұл арадағы негізгі мəселе бір сөз тіркесі болатын сөз- дер бір сөйлем мүшесі десек, керісінше, бір сөйлем мүшесінің іштей сөз тіркестеріне талдауға қатысы туралы мəселе ойлануды қажет етеді. Сөз тіркесі сөйлем мүшесінен кейін пайда болды де- сек те, осы синтаксистік категориялардың бір-біріне ауысу про- цесі туралы да ойлануымыз қажет. Сөз тіркесі мен сөйлем мүшелері сөйлемде айқындалады. Екеуінің де жасалуы тек сөйлем арқылы ғана жүзеге асса керек. Сөз тіркесінің негізгі мəні дербес мағынасы бар сөз табы мен сөз тіркесінің негізінде құрылады. Бір ғана қалаға кетті деген сөз тіркесінен сөз тіркесінің байланысу формасы мен тəсілі, түрлері мен синтаксистік қатынастарын айқындауға болады. Бұл жағынан сөз тіркестерін сөйлемнен жеке алып, өз алдына қарастыруға болатын синтаксистік категория деп білеміз. Сөз тіркестері сияқты сөйлем мүшелерін сөйлемнен жеке алып, өз алдына қа- рай алмаймыз. Олардың қолданылуы тек сөйлемде тұрғанда ғана айқындалса керек. Сөйлем мүшелері сөйлемнің ішінде бас- тауыш не баяндауыштық немесе соларға қатыстылығымен ғана ерекшеленеді. Сөйлем мүшелеріндегі тілдік қасиеттер сөз тіркес- терінің объектілеріне қарағанда аз. Сөйлем мүшелері бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш деп жеке-же- ке алынып, талданғанымен, бəрібір екінші бір сөзге қатыстылығы айқын байқалып отырады. Сонымен, сөз тіркесі мен сөйлем мүшесінің осындай өзгешеліктері болғанымен, екеуі – бір-бірінен едəуір түрде дараланатын синтаксистік категория. Сөйте тұра сөз тіркесі мен сөйлем мүшелерінің ұқсастық жақтары жəне байла- нысы да жетерлік. Сөз тіркестері өзара анықтауыштық, толықтауыштық, пысық- тауыштық қатынаста жұмсалуға тиісті. Кейде ондай қатынаста
393 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері жұмсалатын дербес мағынасы бар сөздерден құралған сөз түрлі себептерге сəйкес, енді өзара синтаксистік қатынасы жойылып, таза лексикалық топқа ауысу процесі болып отырады. Мұның өзі сөз тіркесін құрайтын сөздердің мағыналық бірлікте өзара жымдасуының əсерінен де, кейде ондай сөз тіркестеріндегі кей- бір сөздердің дербес мағынадан көмекші сөзге ауысу немесе бірнеше сөздің тұрақталуы арқылы көрінсе керек. Тіпті, əдетте, сөз тіркесі деп ұғынуға болатын сөз топтарының жиынтығының бір сұрауға жауап беріп кетуі де, кейде ондай топты сөздердің мағыналарының əлсіреуінің нəтижесінде осы процесс пайда бо- лып, соншалықты сөздер енді топ-тобымен сөйлем мүшесі жа- ғынан бір-ақ қызметке ауыса алатын дəрежеге ие болады. Еркін сөз тіркестерінен күрделі сөйлем мүшесіне ауысу процесі – барлық тілде үнемі жүріп отыратын құбылыс. Бүгін, кемпірқосақ, баспа- сөз, келсап сияқты біріккен сөздер уақтысында кемінде екі сөзден құралып, өзара еркін сөз тіркесі болғаны белгілі. Сонда олар бұл күн, кемпір қосақ, баспа сөз, келі can сияқты əрі есімді, əрі етіс- тікті сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарларының əлсіреуіне бай- ланысты енді күрделі лексикалық топ құрайды да, сөз тіркесі жа- ғынан оның бір сыңары, сөйлем мүшесі жағынан бір-ақ сөй- лем мүшесі дəрежесіне жетіп отыр. Кейде сөз тіркестерінің ба- сыңқы сыңарына түрлі жұрнақтардың жалғануынан олардың грамматикалық қатынасы жойылып, сөз тіркесінің күрделі сы- ңарын құрайды. Мысалы, 15-20 қой деген сөз тіркесіне 15-20 қойлы ауыл дегенде де қой басыңқы сөзіне -лы қатыстық сын есімінің жұрнағының жалғануы ол сөздегі басыңқы сөз бағыныңқы қызметке, яғни сол тобымен анықтауыштық қатынаста жұмсалатын дəрежеге ауысып отыр. Мұның өзі – жалпы сөз тіркестерінің сөйлем мүшесіне ауысу процесіндегі өзіндік бір құбылыс. Бұдан сөз тіркестеріне қарағанда сөйлем мүшелерінің аясының кеңдігін, екіншіден, мағыналық жағынан да мол ауқымды екенін көруге болады. Солардың ішінде де 15-20 қойлы адамдар бар (М.Əуезов) деген сөйлемдегі, сол сияқты ауылдан келген бала деген үйірлі анықтауышты топты өзара екі сөз тіркесі деп те немесе бір сөз тіркесі деп те айтуға болады. Бірақ осы құбылысты қаншалықты осы дəрежеде айтқанымызбен, сөйлемнің ішіндегі мұндай топты ауылдан сөзі келген сөзімен етістікті сөз
394 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері тіркесін құрап тұр деуге келмейді. Мұндағы есімше сөйлемнің соңында келіп, баяндауыштық қасиетіндегі мағынасынан дəл осы тұрғысында оның мағынасы əлсіреген. Сол себепті ол екеуінің бір-біріне пысықтауыштық қатынасы жойылып, сол тобымен сөз тіркесінің бір сыңары болу дəрежесіне ауысып отыр. Мұндай сөз тіркестеріндегі құбылыс кейде өзара сөз тіркесін құрай алмайтын топтарда да кездеседі. Мысалы: Ас-су ішіп, Əбдірахман екеуміз ас үйден шыққанда, елдің алды жата да бастап еді (Б.Майлин) дегенде, Əбдірахман екеуміз өзара сөз тіркесін құрай алмайды. Бірақ мағыналық бірлікте ол екі сөз сөйлемде бір ғана сөйлем мүшесі ретінде жұмсалады. Мұның өзі сөйлем мүшелерінің құралуында тек сөз тіркесінің ізімен емес, сөздердің өзіндік топ- талу мүмкіндігіне де байланысты. Сол сияқты «Əлін білмеген – əлек» дегенде, білмеген сөзі адам сөзімен тіркесіп, анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесін құрауға тиіс сөздер. Бірақ осы арада білмеген сөзін анықтайтын сөздің түсіп қалуына сəйкес білмеген есімшесі заттанып, сол тобымен сөз тіркесінің енді бір-ақ сыңары пайда болып отыр. 3. Сөйлем мүшелерінің зерттелуі Қазақ тіл білімінде сөйлем мүшелерін үш кезеңге бөліп қа- растырған жөн сияқты. Сөйлем мүшелері туралы 1936-40 жылдар шамасында жазылған материалдар назар аударарлық. Ол кезде бұл тақырыптағы А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, І. Бəйтенов, Х. Ба- сымов, С. Аманжолов, Ə. Ермеков, М. Балақаев еңбектерін атай аламыз. Оларда сөйлем мүшелері тек жасалу жағынан ғана сөз бо- лып қойған жоқ, олардың қалыптасу, тұрақтану мəселесіне көбі- рек назар аударылды. Мəселен, 1938 жылы Х. Басымов: «Осы күнге шейін қазақ грамматикасындағы аяғы жерге тимей келген мəселенің бірі – осы сөйлем мүшелері болып келеді» деген пікір білдірді [3,22]. Сөйлем мүшелері туралы арнайы тоқталған ғалым – А . Бай- тұрсынов. Автордың 1924 жылы Орынборда басылып шыққан «Тіл танытқыш» үшінші оқулығы синтаксис мəселесіне арналған. Онда сөйлем мүшелері бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толық- тауыш жəне пысықтауыш деп бергенін көруге болады. Ғалымның
395 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері сөйлем мүшелерін топтауын ғылыми жағынан қазір де теріске шығаруға болмайды. Сөйлем мүшелері жайлы арнайы тоқталған ғалым – Қ . Жұбанов. Ол сөйлем мүшелерін екіжақты қарастырады. Оның орын тəртібі, кейде олардың жасалуы сияқты мəселелер бойынша мақалалар жазып, кітаптарында тоқталған. «Из истории порядка слов в казахском предложении», «О построении речи на казахском языке» жəне «Қазақ тілі грамматикасы» сияқты мақалалары мен кітаптарында автор сөйлем мүшелері туралы ғылыми талас пікірлерге тоқталмайды. Тек олардың жасалуы, не- гізгі анықтамалары сияқты мəселелерді сөз етеді. Ал оның сөйлем мүшелері жайлы ғылыми көзқарасын «Жаңа грамматикалық жаңалықтар жайынан» атты көлемді мақаласынан көруге бо- лады. Автор сөйлем мүшелерінің саны, оның атаулары туралы жоғарыда аталған еңбегінде тұрлаулы жəне айқындауыш деп бөле келіп, əсіресе сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі туралы өзіндік жаңа ұсыныстар жасауды мақсат еткен. Ғалым сөйлем мүшелерін топтастыруда А. Байтұрсыновтың жүйелеуіне сын айтады. Оның сөйлем мүшелерін жасаудағы көзқарастарына бүтіндей қарсы екендігін дəлелдейді. Қ . Жұбанов сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері туралы өзінен бұрынғы автор- ларды сынай келіп, олардың жүйелеулерінің көбіне мағыналық ерекшелікке тоқталғанын дұрыс емес деп тауып, сөйлем мүше- лерін топтастыруда тұлғалық принципті басшылыққа алады. Яғни сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері деген терминнің орнына орыс тіл білімі мамандарының топтауы негізіндегі айқындауыш деп атағанды жөн көреді. Бұдан əрі автор сөйлем мүшелерін топтау- да септік жалғаулы сөздердің барлығын, тіпті ілік жалғауды сөздерді де, толықтауышқа қосып жібергенін байқауға болады. Автор пысықтауыш болатын бүгін, кеше сияқты сөздерді пысық- тауышқа қосуының негізгі себебі, олардың мағыналық жағын еске алғандықтан емес, тек тұлғалық, яғни анықтауыштық тұл- ғалы сөздермен бір тұлғалас екендігін негізге алғандықтан болып отыр. Оған қоса септік жалғаулы сөздерді толықтауышқа қосу- мен бірге, кейде ілік, кейде басқа септік жалғаулы сөздердің түсіріліп айтылуын толықтауыш деп біледі [4,38]. Қазақ тілінің сөйлем мүшелерін топтастыру туралы С. Аман- жолов та арнайы тоқталды. Автор мақаласында сөйлем мүшеле-
396 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері рін ескі жəне жаңаша жіктеу деп бөле келіп, А. Байтұрсыновтың тұрлаулы жəне тұрлаусыз сөйлем мүшелері деген жіктеуін сынға алады. Қ . Жұбановтың жіктеуін қолдай келіп С. Аманжолов: а) тұр- лаусыз сөйлем мүшелері атының көптігіне, ə) анықтауыш, толық- тауыш жəне пысықтауыштардың сұраулары мен анықтамала- рының араласып келуіне, б) оларды бір-бірінен айыруда ғылыми негіздің жоқ екеніне байланысты дəйек айтып, сөйлем мүшелерін бастауыш, баяндауыш жəне анықтауыш деп үшке бөледі [5,5-11]. Қ. Жұбанов пен С. Аманжоловтың сөйлем мүшесі туралы жік- теуі ғылыми жағынан алғанда бірізді. Екеуі де бастауыш, баян- дауышты негізгі сөйлем мүшелері дейді де, тұрлаулы сөйлем мүшелері деген терминді қолданудан шығарып тастайды. Қ . Жұ - банов сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін айқындауыш деп атаса, С. Аманжолов анықтауыш деп пайдаланғанын көреміз. Бірақ олар- дың аттары бөлек болғанымен, ішкі ерекшеліктері бірдей. Екеуі де тұрлаусыз сөйлем мүшелерін толықтауыш жəне анықтауыш деп топтастырып, оларды тек тұлғалық жағынан қарастырумен шектелген. Сондықтан да Қ. Жұбановтың сөйлем мүшелерін топ- тастыру туралы пікірі осы уақытқа дейін нақ сол күйінде оқы- тылып жүр. Ал С. Аманжоловтың жоғарыдағы мақаласындағы сөй- лемнің тұрлаусыз мүшелері туралы ойлары кейінгі еңбектерінде басқаша беріледі. Автор сөйлемнің тұрлаулы жəне тұрлаусыз мү- шелері деп топтай келіп, тұрлаусыз мүшелерді одан əрі анықта- уыш, толықтауыш жəне пысықтауыш деп бөліп көрсетеді. Демек, енді тек тұлғалық жағына ғана емес, мағыналық жағына баса на- зар аударғанын байқаймыз. Өзге ғалымдар да (Х. Басымов, І. Бəйтенов, Ə. Ермеков, М. Ба- лақаев) сөйлем мүшелері туралы бірнеше мақалалар мен оқулық- тар жазды. Бірақ бұл ғалымдар сөйлем мүшелерінің жіктелуіне назар аудармайды. Көбіне олардың жасалу жолына ғана тоқта- лады. Х . Басымов сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін қазіргіше анық-тауыш, толықтауыш, пысықтауыш деп бөлген [6,29]. І . Бəй- тенов те өз еңбектерінде сөйлем мүшелері туралы арнайы тоқталса да оның жіктелуіне көңіл бөлмейді. Көбіне сөйлем мүшесіне қойылатын сұрақтар, олардың қай сөйлем мүшесіне тəн, тəн еместігі туралы айтады [2,119]. Сөйлем мүшелері туралы біраз
397 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері мағлұматты М. Балақаев еңбектерінен ала аламыз. Автор сөйлем мүшелерін тұрлаулы, тұрлаусыз деп жіктеп, əрқайсысына жеке- жеке мақалалар жазды. Оны жоғары оқу орындарына арналған оқулық дəрежесіне дейін дамыта білді. Автордың сөйлем мү- шелеріне қатысты ойлары қазақ тіл білімінде өзіндік орын алды. Сөйлем мүшелері – қазақ тіл білімінде белгілі дəрежеде зерттелінді дегенімізбен, басқа түркі тілдерімен салыстырғанда кенже қалған сала. Өйткені осы күнге дейін қазақ тіл білімінде сөйлем мүшелерінің əр тобына немесе жеке салаларына сай бір- де-бір салиқалы еңбек жоқ. Дей тұрғанмен, қазақ тіл білімінде сөйлем мүшелері туралы үш түрлі көзқарас бар. 1) Кейбір тілші ғалымдар осы күнгі сөйлем мүшелерінің сақ- талу принципін айта келіп, оларды жаңа атаулармен толықтыр- ғысы келеді; 2) Ғалымдардың екінші бір тобы жалпы қазіргі қолданып келген сөйлем мүшелерінің аттарын жалпы алып тас- тап, оның орнына жаңаша атаулар енгізуді көздейді; 3) Ғалым- дардың үшінші бір тобы сөйлемнің тұрлаулы мүшесін ғана сақтап, тұрлаусыз мүшелерді жалпы алып тастауды ұсынады. Осылардың ішіндегі жалпы сөйлем мүшелерін алып тастау мен тұрлаусыз мүшелерді жою керек дейтін пікірлерін ескерсек, қазіргі сөйлем мүшелерін топтау грамматикалық бөлуге емес, ло- гикалық бөлуге саяды. Біріншіден, сөйлем мүшелерін топтаған кезде көбіне сөздердің мағыналық жағына баса назар аудару жағы басым. Екіншіден, сөйлем мүшелерінің өзара жігі толық ашылмайды деген қағидаларға əкеліп соғады. Сөйлем мүшелерін топтастырудағы осы сияқты көзқарастар қазақ тіл білімінде 1936-37 жылдары орын алған еді. Жалпы, тіл білімінде сөйлем мүшелерін айқындауда мына принциптер басшылыққа алына- ды. Біріншіден, сөйлем мүшесін жалпы мағыналық жағынан қа- растырады. Екіншіден, сөйлем мүшелерін грамматикалық жа- ғынан, яғни əрбір сөйлем мүшесі белгілі бір сөз таптарынан жа- салуын негізге алады. Мысалы: зат есім атау, тəуелдік, көптік жалғауларда бастауыш болады. Үшіншіден, синтаксистік жағынан, яғни қай сөйлем мүшесі қай сөйлем мүшесімен анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық қатынаста екендігі негізге алы- нады.
398 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері 4. Грамматика салаларының даму процесі Адамзат тарихында сөз бірден пайда болған жоқ. Тілші ға- лымдардың зерттеулері мен түрлі археологиялық тарихи дерек- терге қарағанда, алғашқыда адамдар бір-бірімен ымдасу арқылы қатынас жасаған. Сол ым тілі адамдардың, тайпа-тайпаның қа- рым-қатынас жасауының бірнеше ғасырдағы өзіндік құралы бо- лып келді. Леви Брюльдің көрсетуінше, америкалық үндістер мен австралиялық кейбір халықтардың осы кезде де ым тілімен сөйлесетіні анықталып отыр [7,108]. Ым тілінің арқасында ды- бысты тіл пайда болды. Дыбысты тілдің пайда болуына алдымен адамдардың еңбекке үйренуінің, еңбек арқылы өзінің қажетін, мұң-мұқтажын іске асыру мүмкіндіктерін жəне басқа да адамдар- мен қарым-қатынас жасау ниеті басты себеп болса керек. Дыбысты тілдің негізінде сөз пайда бола бастады. Əрине, сөздің пайда болуы адам баласының тіршілігі үшін үлкен жеңіс, зор табыс болғаны айқын. Сөздің пайда болуы адам баласының қоғамдық өмірінде де үлкен өзгерістер жасады. Сондықтан адамның сөйлеуінің өзі жылма-жыл дамып, өзгеріп, шыңдалып отырды. Адам баласының қоғамдық өмірінің жалпы дамуы- мен бірге оның сөйлеу процесінің қалыптасуы бұрынғы, қазіргі зерттеушілердің назарынан тыс қалған емес. Сондықтан да қай уақыттағы зерттеушілер болмасын сөйлеу процесінің қалыптасу мəселелеріне өзіндік үн қосып, сан алуан болжамдар жасап келеді. Осы мəселемен айналысушы ғалымдардың біз мына мəселелеріне ғана пікір айтуды жөн көрдік. Біріншіден, грамматикалық мор- фология мен синтаксис салаларының тарихи қалыптасу негізінде морфология мен синтаксистің қайсысы алғаш бастау алды. Екін- шіден, сөйлемдердің алғашқы қалыптасу кезіндегі сөз саны, он- дай кездегі интонацияның қатысы жəне сол сөйлемдердің сөз тап- тарына қарай көрінісі (есімді ме, етістікті ме) деген мəселелерге қысқаша болса да шолу жасап өтпекпіз. 1. А.А . Потебня «Первое слово есть уже предложение» дей келіп, грамматиканың синтаксис бөлімі алғаш қалыптасқанын дəлелдейді де, онан əрі сол сөйлемдердің өздерінің қай сөз тап- тарынан жасалғандығы жəне бастауыш, баяндауыштардың қай- сысының бұрын қалыптасқаны туралы пікір айтады [8,46].
399 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері Ф.И. Буслаев грамматиканың тіл туралы ғылым екенін айта келіп, грамматиканы этимология жəне синтаксис деп бөліп, ол екеуінің тарихи қалыптасуына келгенде синтаксистің алғашқы екенін мойындайды. Автор грамматиканы этимология жəне синтаксис деп бөлгенімен, олардың аражігі өте тығыз байланысты дейді. Əсіресе, септік жалғаулары туралы айта келіп, бір форманың өзін əрі морфологиялық, əрі синтаксистік дəрежеде қарау керек деген пікірі, шындап келгенде, өте орынды. Өйткені септік жалғаула- рын морфологиялық категория ғана деу бұл мəселені біржақты қараудан туындаса керек. Сонда ол жалғаулар морфологиялық зерттеу объектісі болғанымен, синтаксисте де басты орын алаты- ны белгілі. Н .Я . Марр синтаксис туралы еңбектерінің кейбірінде айтқаны болмаса, арнайы түрде бұл мəселе жөнінде еңбек жазба- ған. Бірақ И.И . Мещанинов Н.Я . Марр туралы айта келіп бы- лай дейді: «Сөз бен сөйлемнің байланысын мойындай келіп, Н.Я . Марр ізденістерінің қорытындысында: бірінші сөйлем мүше- сін анықтау, одан соң сөз таптарын қалыптастыру жүрді, – деген талассыз қорытындыға келді. Сондықтан жетекші орынға лек- сиканың белгілі жағы тəуелді болатын синтаксис алынады» [9,5]. Ал Н.Я . Маррдың өз сөзімен айтсақ, бұл мəселе туралы былай де- ген еді: «Сөз таптары əлі болған жоқ. Бірте-бірте сөйлем құра- мынан қимыл-қозғалысы, яғни етістікке негіз болатын атаулар бөлініп шығады...» [10,417]. Ендігі бір тіл зерттеушісі И.Д . Ан- дреев: «Не бореальды, не ежелгі үндіеуропалық арғы тілдерде сөз таптары болған емес. Оның орнына қарапайым синтаксис қолданылды», – дейді [11,289]. Ал қытай тілінде грамматика тек синтаксистен ғана тұрады, ал морфология тіпті жоқ деген де пікірлер айтылып жүр [12,58 ]. Тілші ғалымдар алдымен синтаксис қалыптасқанын жан- жақты дəлелдей келіп, енді ол синтаксистік қасиет жеке сөздер арқылы берілді ме, жоқ, бірнеше сөйлемде болып келді ме?» деген сұраққа жауап іздейді. Бұл мəселе жөнінде, əрине, көбіне алғаш- қы сөйлемдер туралы, оның саны туралы мына пікірлерге назар аударуға болады. А .А .Шахматов жеке сөзді сөйлем туралы айта келіп, сол жеке сөздің өзі əрі сөйлем мүшелері, əрі сөйлем де бола алатынын баса көрсеткен болатын [13,37]. Осы пікірді Hermann Раuт те қолдайды[14,129]. Алғашқы кездегі сөйлемнің бір сөздегі
400 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері жəне оның көптеген тілдік категорияларды қамтитыны тура- лы И.И . Мещанинов: «Сөздің бастапқы кезеңінде бір дыбыстық жиынтық аяқталған сөйлемді білдірсе, онда мұндай жиынтықтан бастауышты, баяндауышты, толықтауышты ажырату қиынға соғады», – дейді [15,21]. А.А . Потебня алғашқы сөйлемдердің құрамы туралы айта келіп: «Первообразное словесно-одночленное предложение, иначе – первообразное слово языка, каков язык на- чинающих говорить детей, предикативно» – десе [12,45], А. Попов ол сөйлемдердің қай тұлғаларда келетініне де баса назар аудара- ды. Ал С. Аманжолов: «Алғашқы сөз шыққан кезде, сөйлем осы күндегідей бірнеше сөзден құралмаған. Əр сөз, əр əріп (дыбыс) бір сөйлемнің қызметін атқара алатын болған. Оның себебі ол кездегі дыбыстар шоғырмалы (диффузды), сөздер көпмағыналы еді, оның үстіне сөз тым аз еді», – деп айтқан болатын [16,17]. Алғашқы кездегі сөйлемдердің құрамы, əсіресе, оның бір-ақ сөз- ден құралатыны туралы мəселе бала тілінің синтаксисін зерт- теу барысында тағы да айқындала түсетін сияқты. Бұл жөнінде О. Есперсен [17,417], А.Н.Гвоздев [18,30] еңбектерінде бала- лардың 1 жыл 8 айға дейінгі аралықта бір-ақ сөзді болатыны баса айтылған. Мұның өзі балалардың тілінің қалыптасуы да, түптеп келгенде, тарихи қалыптасудан онша алшақтап кетпейтінін бай- қатқандай. Міне, бұл пікірлер тілдің шығуы туралы арнайы зерттеушілер мен бала тілін зерттеуші ғалымдардың «алғашқы сөйлеу жеке сөзді сөйлемнен болғанына» күмəн келтіртпейді. Алғашқы сөз көбіне сөйлем дəрежесінде болды деген пікірмен бірге, кейде жалпы алғашқы сөзді сөйлемдерде синтаксистің қатысы туралы қарама-қайшы пікірлер де баршылық. Бала тілін зерттеушілер мен алғашқы сөйлеу кезінде ешқандай да грамматика жоқ деушілердің бір тобы жалпы қазіргі сөз таптарына жатпайтын сөздер болды десе, екінші бір ғалымдар, ең алдымен, үстеу пайда болды дейді, үшіншілері екі сөз табы пайда болды дей келіп, оны не атай ал- майды. Əрине, олардың əрбір сөз жеке сөйлемнің қызметінде жұмсалды деуін толық қолдауға болады. Оның тарихи себептері бар. Біріншіден, алғашқы дыбыс тілі шыққан кезде сөздер даму жағынан өте тапшы болды. Екіншіден, ол сөздер лексикалық жағынан ғана қажет болды ма, жоқ əлде, сол аз сөздердің өзі
401 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері бір адам мен екінші адамның немесе бір топ пен екінші топтың арасында қарым-қатынас құралы ретінде пайда болды ма деген мəселе туындайды. Сөздердің аз кезінде сол бір сөзді сөйлемдер өз уақтысында белгілі дəрежеде қызмет етті. Бірақ осы бір сөзді сөйлемнің болуы үшін олардың қай сөз таптары жағынан да, яғни не есім, не етістікті болу тұрғысынан, əсіресе, бала тілін зерттеу арқылы ең бірінші сөйлемдер есімдер екеніне баса назар ауда- рылмайды. Есімдердің сөйлем ретінде жұмсалуы морфологиялық көрсеткішсіз-ақ бір уақыттарда жұмсалса керек. Ал бір сөзді есім сөздер сөйлем бола ала ма? Оның сөйлем болу үшін не баяндауыштық, не сөйлемдік формалық белгілері болмағаны айқын. Міне, бұл жағы да ойлануды қажет етеді. Негізінде бір сөзді есімді сөздер сөйлем дəрежесінде жұмсалу үшін мына фактіге де баса назар аудару қажет сияқты. Бір сөзді есімді сөздер ешбір формалық белгісі болмағанымен, оған екінші фактор се- беп болуы тиіс дейтін қорытынды жасау керек болады. Ондай фактор – интонация. Қазіргі кезде интонация ғылыми дəрежеде жан-жақты зерттелінуде. Ол синтаксистік категорияның барлық саласына толық енді. Оның сөйлемнің мағынасын ажыратуда, сөйлемнің ішкі процесінде немесе бір сөйлемнің ішіндегі əртүрлі сөздерге байланысты бірде жоғары, бірде төмен айтылуы да əрбір сөздегі екпін тəрізді өзіндік орын алса керек. Тіпті, интонация жай сөйлемдерде ғана емес, құрмалас сөйлемнің əрбір түрінің өзінде əртүрлі айтылатыны да бірінде ұластырушы, бірінде ажыратушы қызмет атқарады. Кейде ондағы интонациялық кідіріс құрмалас сөйлемнің баяндауыштарының тұлғалық ерекшеліктеріне қарай біртүрлі болса, ал салалас құрмалас сөйлемде де оның жалғау- лықты, жалғаулықсыз сөйлемдерінде түрлі болатындығы айқын. Міне, интонацияның осы сияқты ерекшеліктері арқылы сөйлеу процесінде ескертуді, нақтылауды, өтінуді, хабарлауды, бұйы- руды, салыстыруды, сұрауды, қорқытуды, т.б. бірнеше мағына бере алатын дəрежеге ие боламыз. Сондықтан да қазіргі кезде тілдік категорияларды айта келіп, соның бəріне ортақ тағы бір тілдік категория ретінде интонацияны баса көрсеткіміз келеді. Қазіргі кезде интонация сөйлем құрылысының əбден жетілген кездегі бір əдісі арқылы танылып, соңғы кезде оның рөлі ерекше қолға алынып отыр. Профессор В.А . Артемов тəжірибе арқылы
402 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері «осторожно» деген бір сөз 22 түрлі интонациямен айтылатынын көрсетеді [19,13]. Интонацияны жалпы сөйлеу процесімен де тығыз байланысты қарауымыз керек. Жоғарыда айтылғандай, ең алғашқы сөйлемдеріміз, яғни адамдардың алғашқы кездегі бір- бірімен қатынасы бір сөзді сөйлемдер арқылы жүзеге асты деген- де, сол бір сөзді сөйлемдерде предикативтілік көріністі жасауда тек интонация арқылы көрсетпесек, жеке сөз өз алдына сөйлем дəрежесіне көтеріле алмаған да болар еді. Яғни алғашқы сөздер сөйлемдік дəрежеге ие болуы тек интонацияның қатысы арқылы ғана жүзеге аса алады. Бала тілінің синтаксистік ерекшелігін арнайы зерттеген Т.Т. Аяпова: «Бір сөзді сөйлемдер 48 қазақ баласының тілінде 55 бір типті жеке сөзді түбір сөздер болған», – дейді [20,6]. Балалар тілінің алғашқы қалыптасуы «қарапайым синтаксис» дəреже- сінде болса, ал тілдің де алғашқы қалыптасуы осы дəрежеде болды деп білеміз. Оның үстіне қазіргі бала тіліндегі бір сөзді сөйлемдердің өздерінің көп болса 48 баланың тілінде небəрі 48-ақ бір типті жеке сөйлемдер бар екені дəлелденсе, алғашқы қоғам кезінде де осы дəрежеде деп айту дұрыс болар. Бірақ Т.Т. Аяпова осы бала тіліндегі бір сөзді сөйлемдер туралы ғана айта келіп, алғашқы кезде сөз таптары болған емес, бір дегеннен синтаксис пайда болып, тек бала тілінің шығу барысы сөйлем арқылы көрінеді деп мəселені біржақты ғана қарастырады. Ол жеке сөз сөйлем болды дегенмен, дəл осы арада сол жеке сөздің сөйлем болуы мүлдем жеткіліксіз екенін ашып айта алмайды. Тек бала тілінде синтаксистік ерекшелік басым деумен шектеледі. Шынында, оның бұл сөзі дұрыс болар. Бірақ сөздер сөйлем болу үшін, біздіңше, міндетті түрде интонацияның қатысы керек, ол оны сөйлем дəрежесіне жеткізе алады. Біздің бұл ойымызды қазіргі тілдік фактілер дəлелдей алса керек. 5. Сөйлем мүшелері, олардың жасалу жолдары Бұған дейін сөйлемді құрайтын элементтер деген бөлімде бұл мəселеге қатысты көптеген жайттарды айттық. Дегенмен сөйлем- ді құрайтын элементтер мен сөйлем мүшелері негізінен бірыңғай болғанымен, əрқайсысының өзіндік ерекшеліктері де баршылық.
403 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері Сондықтан бұл арада біз сөйлем мүшелерінің жасалуын жеке алып, оны мынадай топтар арқылы беруді жөн көрдік: 1. Негізгі сөз таптарының сөйлем мүшесі болуы; 2. Негізгі сөздер мен көмекші сөздердің түйдектелуі арқылы сөйлем мүшесі болуы; 3. Негізгі сөздер шартты райлы болса, етістігінің тіркесі ар- қылы болған сөйлем мүшесі; 4. Тұрақты тіркесті сөйлем мүшелері; 5. Бір сөздің қайталануы арқылы сөйлем мүшелерінің болуы; 6. Сөйлемнің де сөйлем мүшесі болуы; 7. Қысқарған сөзді сөйлем мүшелері; 8. Жеке дыбысты сөйлем мүшелері. Осылардың ішіндегі ең негізгісі – дербес мағынасы бар сөз таптарының сөйлем мүшесі болуы. Сөздердің сөйлем элементі болуының өзін үлкен екі топқа бөліп қарастыру керек. Біріншіден, сөздер сөйлемге енгенде морфологиялық жағынан түрліше өзгеріп барып жұмсалады. Он- дай сөз таптарына зат есім, есімдік (жіктеу есімдігі мен өздік есімдігі), субстантивтеніп барып жұмсалатын сын есім, сан есім, есімше қатысты. Керісінше, сын есім, сан есім, есімше, үстеу, еліктеуіш сөздер морфологиялық өзгеріске көп ұшырамай-ақ көбіне таза күйінде жұмсалады. Бұған қарағанда сөйлемге эле- мент болатын сөз таптары əрі меңгеріле, əрі матаса байланысуға бейім болса, екінші сөз таптары көбіне қабыса байланысқан сөз тіркесінде ғана жұмсалатындығын көруге болады. Бұған қа- рағанда, сөйлемге енетін сөз таптарының өзі табиғи жағынан түрлі морфологиялық өзгерістерге түсіп барып сөйлемде жұм- салуға тиіс болса, керісінше, кейбір сөз таптары тек орын тəртібі арқылы ғана қатысады. Бірақ сол орын тəртібі арқылы ғана сөз таптары ретіне қарай морфологиялық өзгеріске ұшырап та жұм- сала береді. Бұл олардың əрқайсысының негізгі морфологиялық қасиетін көрсетсе, екіншіден, сол сөз таптарының өзі қаншалықты сөйлемге элемент болады делінгенмен, бір сөз табының өзі ретіне қарай арнайы түрде элемент болып жұмсалады. Кейде сол сөз табы немесе сол сөз табына қатысты жеке сөздер екінші бір қасиетке ие болып, ол дəрежеде жұмсала алмайды. Бұл қасиетіне келгенде əр сөз табына жататын əрбір сөздің сөйлем-
404 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері дегі қатысын тағы да екі топқа бөліп көрсетуге болады. Мəселен, Заводтың коллективі – жұмысшылар, инженерлер, техниктер – бұл заказды тез орындауға шұғыл кірісті («Социалистік Қа- зақстан»). Менің əкем хирург-дəрігерлердің съезіне қатысты («Лениншіл жас»). Сейдехан болыс Құрбан ұстаны əулетімен осы Шеңгелдіге асырып жіберген (А. Тоқмағанбетов). Өлеңім, шарла ауылды. Тыңда, дала, Жамбылды (Жамбыл). Асылында, тəртіпті оқушы ғана программадағы көрсетілген білімді толық, терең меңгере алады («Қазақстан мұғалімі»). Апыр-ау, ер көңілді бір адамның шықпағаны ма бұл (Ə. Əбішев). Осы сөйлемдерде асты сызылмаған барлық сөздер (көмекші сөздер қатыссыз) жəне асты сызылған сөздер екі топ болып сол сөйлемдерді құрауға негіз болып отыр. Осы сөйлемдердегі завод, коллектив, бұл, заказ, орындау, тəртіп, ауыл Жамбыл, толық, көңіл, шұғыл, адам, программа, т.т . сөздер мен жұмысшылар, инженерлер, техниктер, хирург, дəрігерлер, дала, өлеңім, асы- лында, апыр-ау, болыс сияқты екі топты сөздердің сөйлемге қа- тысын екіжақты қарастыру керек. Бірінші топтағы сөздер сол сөйлемдерге тікелей қатысты. Ол сөздер сол сөйлемдерде орын тəртібі өзгертіліп те, өзгертілмей де, түрлі морфологиялық құ- рамда сөйлемнің ең негізгі басты элементі ретінде қолданылған. Ол сөздердің əрбірі сол өзі қатысқан сөйлемге негізгі элемент болып табылады. Жалпы, ол сөздер тілімізде белсенді түрде сөйлем құрауда жиі қолданылады. Екінші топты сөздердің өзін іштей айқындауыш, оқшау сөздер деп топтайтынымыз белгілі. Бұл сөздер де – мағына жа- ғынан дербес мағыналы сөздер. Олар да сөйлемге элемент бо- лып жұмсалғанымен, алғашқы топтағы сөздерге қарағанда ондай еркінділік жоқ, ол сөздер өзінен бұрынғы немесе бүкіл сөйлемге қатысы жағынан ерекшеленеді. Алдыңғы топтағы сөздер сөйлемді құрауға еркін қатысады əрі ол сөздер бірімен-бірі тығыз бай- ланысты, ал айқындауыш сөздердің қай-қайсысы болса да орын тəртібі жағынан да, мағыналық жағынан да өзі қатысты сөздерге бағынышты, олай болса олар сөйлем құраудың элементі делінгенімен, өз бетінше тікелей жұмсала алмайды. Ал үшінші топтағы оқшау сөздерде сөйлем құраудың тың элементі ретінде бұл екі топтан өзгеше ерекшелігі бар. Алдыңғы
405 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері екі топтағы сөздер сөйлемде еркін немесе бірі екіншісіне іргелес тұруы арқылы байланыса барып жұмсалса, оқшау сөздер сөйлемге элемент болуы сөйлемде жеке бір сөздерге қатысы арқылы жүзеге асады. Бұған қарағанда, сөйлем құраудағы басты тұлға делінетін сөз таптарының өзі сөйлемге элемент болуда арақатынасы бірдей емес екендігін көруге болады. Мұның өзі ол сөз таптарының қолданудағы ерекшелігінен туса керек. Сонда бір сөздер сөйлемге арнайы элемент ретінде жұмсалса, енді бірде ол сөз ретіне қарай жанама немесе көмекші қызмет атқаратынын көруге болады. Əрине, бұл жерде одағай, қыстырма, қаратпа сөздердің де сөйлемге қатысында іштей ерекшеліктері бар екені айқын. Ал ол сөздерге қарағанда дербес мағыналы не- месе оларға түйдектеліп жұмсалатын көмекші сөздердің қатысы бірдей деп айта алмаймыз. Сонымен, сөйлемге элемент ретінде қатысатын сөздер дара тұрып та немесе бір сөзге селбесіп те бүкіл сөйлемнің өн бойына қатыстылығы арқасында ғана эле- мент бола алады екен. Бірақ біз бұл жерде негізінен сөз таптары туралы ғана сөз етіп отырмыз. Ал сонда сөйлемге элемент болу тек сөз таптарының үлесіне ғана тиеді ме? Сөйлем тек солардан ғана құралады ма? Шындап келгенде, сөйлем құрауда сөз таптары 70-80% басты тұлға болғанымен, кейде оның аясын кеңейтуде басқа сөздердің де қатысы айқындалуы керек. Синтаксистің көптеген мəселелері жете зерттелгенімен, оған фразеологиялық бірліктердің қатысы арнайы зерттеу объектісі болған емес. Фразеология мəселелері бұрыннан зерттеліп келе жатқанымен, оның қарқынды түрде қолға алынуы – соңғы кез- дің жемісі. Фразеология туралы 500-ден астам мақала жария- ланған екен. Осы көрсетілген еңбек ішінде орыс жəне түркі тіл- дерінде де жазылған мақалалар мен жекелеген еңбектер бар [21, 225-308]. Қазақ тілі материалдары негізінде фразеология- лық бірліктер туралы көптеген мақала, еңбектер жазылды. I . Ке- ңесбаевтың еңбектерінде фразеологиялық бірліктің синтаксистік жағы онша айтылмаған [22,491]. Сондай-ақ Р. Сəрсенбаев [23] пен Ө. Айтбаевтың [24] еңбектерінде фразеология тек бірлік аспектісінде ғана зерттелініп, олардың синтаксистік ерекшеліктері сөз болмайды. Ал Т. Қордабаев, X. Қожахметова [25], М.М. Копы- ленколардың еңбектерінде тұрақты тіркестердің сөйлем мүшесін-
406 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері де жұмсалуы айтылады. Сонымен, жалпы фразеология туралы шыққан еңбектерге шолу жасай келгенде, біріншіден, ол еңбектер өте көп, екіншіден, олардың 99 пайызы таза фразеологиялық аспектіде жазылған, үшіншіден, синтаксистік өзгешеліктері ту- ралы жазылған еңбектерде көбіне тек сөйлем мүшелері тұрғысы- нан баяндау басым. М. Балақаев сөз тіркестері, оның ішінде түйдекті тіркестердің жасалу жолының бірі тұрақты тіркестер дей келіп, қазақ тіл білімінде тұрақты тіркестердің сөз тіркесінің бір сыңары қызметінде жұмсалатындығын алғаш рет дəлелдеп берді. Бірақ автор ол мəселенің ішкі ерекшеліктерін ғана айтып, тұрақты тіркестердің сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары қызметінде ғана жұмсалатындығын ескертумен қанағаттанады [26,32]. Тілдік фактілер əр уақытта да бір-бірімен тығыз байланыста қолдануға тиіс десек, фразеологиялық бірлік те (ФБ) тілдің басқа салалары- мен тығыз байланысты. Ол сол тілдік фактілер ішінде синтаксис- тік, оның ішінде сөйлем мүшесімен де, тіпті сөйлем түрлерімен де тығыз байланыстылығы жоғарыдағы аталған еңбектерде ескеріліп отыр. Біздің байқауымызша, фразеологиялық бірліктер – тек сөйлем мүшесі ғана емес, сол сияқты сөз тіркестеріне де қатысы бар категория. Оның өзіндік ерекшеліктері бар. Жалпы, жоғарыда аталған еңбектердің ішінде фразеологиялық бірліктер- дің көбіне сөйлем мүшесіне қатысы көбірек айтылады да, олардың сөз тіркесіне катысы тек З.В . Валюсинская-Донскова [27] мен В.П. Жуковтың мақалаларында аздап сөз болады. В.П. Жуков ФБ-ның сөз тіркесіне қатысы туралы былай дейді: «Лексикалық бірліктер сияқты фразеологизм де меңгерілуге бейім. Тіпті, басқа сөзбен қиыса да, қабыса да байланысады. Басқа сөздерге қарағанда оны бөлшектеуге келмейді, ол біртұтас нəрсе» – деп, сөз тіркесінің белгілі бір байланысу формасында жұмса- латындығын көрсетеді [28]. Жалпы, сол мақалалардағы негізгі пікір ФБ-ның сөйлем мүшесі болатындығын тіл фактілерімен дұрыс дəлелдейді. Бірқатар авторлар ФБ-ны бастауыш қызметінде жұмсалуы тиіс деп, олар қалайда сөйлемнің кез келген мүшелері болатындығын айқындайды. Сонда тұрақты тіркестер сөйлем мүшелерінің қызметін атқаратындығы айқын десек, арнайы сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалатын категориялардың сөз
407 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері тіркесіне де қатысы айқындалуы тиіс. Өйткені сөз тіркесі мен сөйлем мүшелерінің қызметінде ұқсастықтарының барлығы белгілі. Екеуі де өз тұрғысынан сөйлемнің аясын кеңейтіп, ойды жеткізуде бірдей қызмет атқарады. Сөз тіркесінің сыңарларына қойылатын шарттардың бірі – олардың бағыныңқы сыңарлары- ның анықтауыштық, толықтауыштық жəне пысықтауыштық қа- тынаста жұмсалатындығы (қызыл орамал, кітапқа құмар, бүгін келді). Сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарлары басыңқы сыңар- ларымен қабыса, меңгеріле байланысады десек, олар синтак- систік қызметі жағынан анықтауыштық, толықтауыштық, пы- сықтауыштық қызметте жұмсалады. Мысалы: Сол сияқты Сейіт- құлдың үйінде бір ай жатқан жігіт қарға адым жердегі Бархан- ның баспанасына бас сұққан жоқ («Жұлдыз»). Оның үстінен өтетін үлкен көпір қол созым жерде. Қас қарайған кезде үйге кірісті (Б. Майлин). Осы сөйлемдерде қарға адым жер, қол созым жер, қас қа- райған кезде тұрақты тіркестері бар. Сөйлем мүшесі жағынан қарға адым жердегі жұрнағы арқылы Бархан сөзінің анықта- уышы, қол созым жерде тұрақты тіркесі сол сөйлемнің баяндауы- шы жəне қас қарайған кезде пысықтауыш қызметінде жұмсалған. Бұған қарағанда, тұрақты тіркестер сөйлемнің кез келген мүшесі қызметінде жұмсалады. Сөйлем мүшесі қызметінде жұмсала ала- тын мұндай оралымдар сол тобымен сөз тіркесінің де бір мүшесі қызметінде жұмсала алады демекпіз. Сонда ФБ сөйлемде сол то- бымен жеке сөз таптарының қызметіне ұқсас дəрежеде болады. Олар сол тобын жазбай, өзара түйдекті тіркес тобын құрайды. Сол түйдекті тобымен сөйлемдегі басқа сөздермен грамматикалық байланысқа еніп, сөз тіркесінің байланысу формаларының барлы- ғында да жұмсала береді. Жоғарыдағы қарға адым жер тұрақты тіркесі Бархан сөзімен қабыса, қол созым жерде тұрақты тіркесі көпір сөзімен қиыса, қас қарайған кезде тұрақты тіркесі кірісті етістігімен қабыса байланысқан. ФБ құрылымдық ерекшеліктеріне қарай əртүрлі топталады. Н.Н. Амосова ФБ-ны ішкі құрылысына қарай топтауда сөйлем мүшесі тұрғысынан да, сөз тіркесі тұрғысынан да екіжақты бірдей қарастырады [29,121-147]. В .П. Жуков «глагольные фразеологиз- мы, наречные фразеологизмы, именные и предикативно-именные
408 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері фразеологизмы» деп бірде сөз табы, бірде сөйлем мүшесі жағы- нан топтаса [30,84], А.И. Молотков «есімді, етістікті, субъективті, адвервиальды, етістікті-пропозициалды» деп сөз табы жағынан топтайды [31,8]. Əрине, оларды ішкі ерекшелігіне қарай бұлай топтау сөз тіркесі мен сөйлем мүшесі жағынан қарастыру үшін ыңғайлы-ақ. Біздің байқауымызша, ФБ жұмсалу ерекшелігіне қарай бірнеше нұсқада жəне жеке сөйлемдік түрде ғана қол- данылады. Сөйлемдік ФБ: Ай арасы талас болады, айды аспанға бір шығарды, ай десе аузы бар, күн десе көзі бар, əзілі жарасты, көзі қарауытты, кірпігі зорға қимылдайды, сабыр түбі – сары алтын, соқыр тауыққа бəрі бидай. Жалқаудың жанына барсаң, сылтаудың астында қаласың деген фразеологиялық бірліктер де сөйлемдік мағынаға ие. Өйткені олар қаншалықты сөйлемдік дəрежеге ие болғанымен, орындары сол тұрған қалпынан өз- гермейтін тұрақты сөздер тізбегі. Сондықтан ондай сөйлемдерді не сөз тіркестеріне, не сөйлем мүшелеріне талдауға болмайды деп білеміз. ФБ сөз тіркестері формасында келеді. Ондай дəрежедегі ФБ жеке өз алдына қолданылмайды да, сөйлемнің ішіндегі басқа сөздермен грамматикалық байланыста жұмсалады. Мысалы: Алайда түн ұйқысын төрт бөліп мəпелеп өсірген сол мейірбан ата-анаңның арқасында сəбилік кезден өтіп, балалық шаққа да жетіппін (С. Қирабаев). Екі жетімегін арқа еті арша, борбай еті борша боп жүріп өсіріп еді-ау байғұс, енді міне (Е. Тұрсынов). Осындағы түн ұйқысын төрт бөліп, арқа еті арша, борбай еті борша тұрақты тіркестері өз алдына жеке қолданылмай, сөйлем- нің ішінде өзара бір топ болып, сол тобымен немесе түйдегімен бір мүше ретінде ғана жұмсалған. Есімді ФБ: айбар мүйізді, жел ауыз, жел аяқ, жылы сөз, жіті көз, зар жақ, зəрлі тіл, зəңгір тау, зіңгіттей жігіт, игі мұрат, исі қазақ, ит мінез. Етістікті ФБ: абайлап сөйледі, абиырын жапты, айдауға кетті, əжетке жарады, есін жиды, əліңе қара, жауырынынан қақты, жау жарағын сайлады, жатып атар, жатып ішер, жылы сөйлесті, кенедей қадалды. Матаса байланысқан фразалық тіркестер: ай-айдың аты басқа, желдің өті, көздің жасындай, көздің жауын алды, сөзінің жаны бар.
409 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері Түйдекті тіркесті ФБ: азық қылды, аза тартты, аяқ болды, жауап берді, жауыр болды, жел берді, жəбір қылды, жер болды, жылтың етті, зақым қылды. ФБ сөйлемнің ішінде кейде өзі сөйлемдік дəрежеде болғаны- мен, сол тобымен сөйлемнің бір мүшесі ретінде, кейде тырнақ- шаға алынып, кейде төл сөз қалпында да көбіне көмекші етіс- тіктердің көмегімен сөйлемдегі басқа сөздермен грамматикалық байланысқа еніп те жұмсалады. Жалпы, сөз тіркесін құрайтын элемент – сөз . Сөз сөйлемде жеке-дара қызметімен бірге, енді сол сөздер өзара бір-бірімен тіркесіп, сөйлемді құрауға негіз болады. Бірнеше сөзден құралатын тұрақты тіркестер де сол сөздің қызметі іспеттес. 2 -3 -топтағы фразеологиялық бірліктер сөйлем ішінде қолданылып, сөйлемдегі басқа сөздермен байланысқа түсіп, сөй- лем мүшелік қызмет атқарады. Фразеологиялық бірліктер сонымен сөз тіркесінің белгілі сы- ңары қызметінде жұмсала алады десек, оның өзінің іштей ерекшеліктерін айқындау қажет сияқты. Мысалы, бір ұрты май, бір ұрты қан сияқты тұрақты тіркестер де сөйлем кұрауға қажет элемент дедік. Əрине, жеке сөздердің элемент болуына қарағанда тұрақты тіркесті сөздердің элемент болуының өзіндік ерекшеліктері де бaр. Егер жеке сөздер бір сөзден ғана келіп, сөйлем мүшесі болса, тұрақты тіркестер сөйлемге кемінде екі немесе одан да көп сөздер арқылы келіп барып жұмсалады. Бұл жағынан келгенде, əдеттегі сөздерге қарағанда тұрақты тіркесті сөздердің көлемі олардан қала қоймаса керек. Жеке сөздердің мағынасы дара бір ұғымды беру жағынан келгенде тұрақты тіркестің білдіретін мағынасына қарағанда тар. Тұрақты тіркесті топ əдетте жеке сөздерге қарағанда күрделі. Негізгі мəселе сол тұрақты тіркестердің сөйлемге элемент болудағы морфология- лық ерекшеліктері сөз болған емес. I. Кеңесбаев фразеологияны тіліміздің бөлінбес бір бөлшегі екенін айта келіп: «Қазақ тіліндегі тұрақты тіркестер (фразеоло- гизмдер) тіл ішінде өз заңдылықтарына сəйкес өмір сүретін ай- рықша категория жəне олардың əр алуан ірілі-ұсақты ерекшелік- тері мен айырым белгілерін саралай зерттейтін дербес пəн – фра- зеология» – дейді. Əрине, бұл жерде автордың фразеологияны «тіл ішінде өз заңдылықтарына сəйкес өмір сүретін айрықша ка-
410 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері тегория» деуі өте орынды [32]. Бірақ осы арада мына мəселені айқындау орынды сияқты. Егер бала зат есімі сөйлемде балаға болып септеліп, баласы болып тəуелденіп, баласымын болып жіктеліп барып жұмсалатын болса, тұрақты тіркестер сөйлемде қандай ерекшеліктерімен қатынасқа түсетіндігі ашылмаған. Осы күнге дейінгі еңбектерде тұрақты тіркестер сөйлем мүшесінде жұмсалады (Т. Қордабаев, X. Қожахметова) делінеді де, бірер мы- салмен көрсете салады. Немесе тұрақты тіркестер сөз тіркесінің бір сыңары болады деп айтушылар да олардың ішкі ерекшелік- терін жан-жақты ескермейді. Қай сөз болсын немесе тұрақты тіркес болсын сөйлемге эле- мент болуда өзіндік заңдылықтарына сүйенуі тиіс. Бізде осы күнге дейін дербес мағынасы бар сөздердің өздерінің табиғи қасиетіне сай септеліп, көптеліп, тəуелденіп, жіктеліп барып жұмсалатындығы, енді бір сөздер тек орын тəртібі арқылы ғана сөйлемнің бір элементі болатындығы айтылуда. Ал тұрақты тіркестердің сөйлем ішінде қолданылуындағы морфологиясына назар аударсақ, мынаны көруге болады. Академик I. Кеңесбаев: «Фразеологизм сөйлеу процесінде, демек, белгілі бір сөйлем ішінде құлпыра кететіні белгілі, – дей келіп, одан əрі – ФБ -ның мəн-мəнісі, қызметі, тұлғалық белгісі түгел контекст аумағында тұрып айқындалады», – дейді. Міне, бұл пікірге сүйенсек, тұрақ- ты тіркестер қалайда сөйлемнің ішінде ең негізгі бір элемент бо- лып жұмсалатын категория деп қарауымыз керек. Бірақ сөйлемге элемент болып табылатын сөз де, сөз бен көмекші сөздің тіркесі жəне тұрақты тіркестер де сөйлемге енген- де қалай да белгілі заңдылықтар негізінде жүзеге асады. Яғни сөз сөйлем ішінде əрі септеліп, көптеліп, тəуелденіп жəне жіктеліп немесе түрлі жұрнақтар жəне орын тəртібі, болмаса көмекші сөздер арқылы сөйлемдегі екінші бір сөздермен тіркесуге себеп болса, сөйлемдегі тұрақты тіркестер туралы да соны айтуға бо- лады. Біздегі осы уақытқа дейінгі еңбектерде сөйлемге қатысты сөздер, олардың морфологиялық элементтері айтылады да, тұ- рақты тіркестердің морфологиялық құрамы тіпті сөз болып қозғалған емес. І. Кеңесбаев тұрақты тіркестердің ішкі синтаксистік ерек- шеліктеріне, əсіресе, оларды іштей бастауыш, баяндауыш, анық-
411 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері тауыш-анықталғыш, пысықтауыш-пысықталғыш жəне тура то- лықтауыш пен толықталатын құрамда келетініне баса назар ау- дарады. Бұл жағынан келгенде, автордың тұрақты тіркестерді сол қалпында ғана біржақты талдауы басым. Бұл талдау бойын- ша, осы ереже тұрақты тіркестердің өз ішіндегі синтаксистік ерекшелігі болып табылады. Дегенмен тұрақты тіркестердің контексте ғана барлық қызметі айқындалуы тиіс. Сондықтан да олардың сөйлемдегі қолдану, жұмсалу ерекшеліктеріне де на- зар аудару қажет болады. Осы күнгі əдебиеттерде көбіне оның ерекшелігін ашу – басты мақсат болса, негізгі мəселенің бірі – тұрақты тіркестердің сөйлемнің ішіндегі қолдану ерекшеліктерін айқындау болып табылады. Ондай кезде тұрақты тіркестердің ішкі ерекшелігінен гөрі, енді олар екі, үш, тіпті бірнеше сөздерден болғанымен, олардың соңғы сыңарының ғана морфологиялық құрамын айқындау керек. І .Кеңесбаев бұл мəселе жөнінде тек екі-үш мысалдың төңірегінде, олардың соңғы сыңарының басқа сөздермен тіркесуі кезінде өзіндік өзгеріске ұшырайтынын айтып өтті. Сөйлемге қатысты сөздер сөйлемде қандай морфологиялық өзгерістерге ұшыраса, тұрақты тіркестер де морфологиялық жа- ғынан өзгеріп отырады. Тұрақты тіркестер мұндай өзгерістерге, түптеп келгенде, бұдан басқа да түрлі өзгеріске түрлене алады. Тұрақты тіркестерде тұлғалық жағынан ең көп кездесетін – нөл- дік форма. Нөлдік форма дегенде біздің негізге алып отырғаны- мыз екі, үш, тіпті одан да көп сөзді тұрақты тіркестердің ең соңғы сөзінің тұлғасына баса назар аудару. Əрине, ондай құрамды сөз тіркесінің соңғы сөзі зат есім, сын есім, сан есім, есімше де бола береді. Нөлдік тұлғадағы тұрақты тіркестердің соңғы сөздері көбіне өзі қатысты сөздің алдында тұрып, қабыса байланысқан анықтауыштық қатынаста жұмсалады: кəнігі жау, кəрі құлақ, кебеже қарын, шұбар төс, көлденең қонақ, көлденең кісі, қанды балақ, қан базар, құлан таза, айқабақ алтын кірпік, айқай дүние, ай дүние, айшылық алыс жер, дудар шаш, жүрісі суық, көнтек ауыз, көл иесі Қамбар, соқыр тауыққа бəрі бидай, шала оқу, шала байлық. Мысалы: Бұлар өз қолымен талай жанды өлтіріп, өзі де талай өлімнен қалған, қанқұйлы кəнігі жау (Ə. Нұрпейісов). Барақтың қанды балақ жендеттері, Төндіріп даламызға өртін,
412 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері зілін (Қ. Бекхожин). Жұрт арасындағы лақап сөз кімнің керегін өтер еді (А. Тоқмағанбетов). Көптік жалғаулы тұрақты тіркестер де біршама баршылық: жауыр сөздер, зəр ішкірлер, күндес қатындар, сары тіс сақа айғырлар, шиеттей балалар, жылау күндер, бұлау күндер, көңіл жұбатарлар, иттен де сүйек қарыздар. Мысалы: Жаттан- ды, қолдан қолға өткен, бедері кеткен ескі тиын секілді жа- уыр сөздер оқушыны селт еткізбейтіні заңды («Лениншіл жас»). Емініп артыңнан қалмайды, асыңды ішкізбейді, зəр ішкірлер (М. Əуезов). Күндес қатындар сотқар етіп асыраған балалар жетім балаға жекіп, жер тезектей тепкілеп, əрқайсысы бір сабай берген (Қ. Əбдіқадыров). Тек мына биелер мен сары тіс сақа айғырлар күн райының бұзылғанын басқа жылқылардан бұрын сезді (Ə. Нұрпейісов.) Көптік жалғаулы тұрақты тіркестер сөйлемде көбіне баяндауышты керек етіп, субъектілік предикаттық мағына- да жұмсалады. Көптік жалғаулы тұрақты тіркестердің соңғы сөздері көбіне есімдер болып келеді. Тəуелдік жалғаулы тұрақты тіркестер де мол кездеседі. Ол кезде олар екі-үш сөзді де бола береді. Ондай тұрақты тіркестер- дің бағыныңқы, басыңқы сыңары да көбіне есімдер болып ке- леді. Тұрақты тіркестер тəуелдік жалғаулы болғанда əр жақта жұмсалады да, олар ілік жалғауының ашық жəне жасырын түріндегі сөздермен де тіркесе береді: соқырдың тілегені екі көзі, төрт арыстың баласы, əзірет əлінің күші, байғұс басым, бақсы ойнағы, бақыт құсы, мал басы, басының садағасы, бел атасы, бел немересі, бетке ұстары, бетіндегі шіркеуі, бір асым, бір атым, біреудің қаңсығы – біреудің таңсығы, бір жұтым, дене бітімі, өз үйім – өлең төсегім. Мысалы: Қамауда отырған Бақытжан – Қаратайдың бел немересі (X. Есенжанов). Баяғы əруақты ие- лерге қонатын бақыт құсы енді бір қара шыбынға айналып, таздың басына, соқырдың көзіне қонатын болды деп барамын (Ш. Смаханұлы). Үшеуінің бетке ұстағаны бір ғана Зейнұр (Ə. Əбішев). He үшін десең, дүниеде жүргенде туысың, өсуің, тоюың, ашығуың, қайғың, қазаң, дене бітімің, шыққан жерің – бəрі бірдей (Абай.) Бұл жердегі тəуелдік жалғаулы тұрақты тіркестер əдеби тілде де сол қалпында кездесетін болca, ал енді тəуелдік жалғауда жұмсалатын тұрақты тіркестердің екінші тобы
413 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері нөлдік формада тұрып та сөйлемде ыңғайына қарай тəуелденіп жұмсалады: Оның ұзын құлақтан естіген бұралқы сөзі Тəтиев жолдасты алты ай əуреледі (С. Төлешев). Сары ағаш сазға біткен секілденіп, Қай жерде отыр екен бұраң белім (Халық əні). Тұрақты тіркестердің тəуелденіп келуі тек нөлдік формадағы топтар емес, кейде етістік тұлғадағы егіліп жылады, емініп алды сияқтылар да қимыл есімді тұлғада тəуелденіп келе береді: Абайдың егіліп жылауы қандайлық терең сырлы, қандайлық жан азабы десеңізші (Е. Ысмаилов). Емініп алғаның – арыңды айыр- бастап алғаның. Арсыз қалғаның – жалаң бұт қалғаның (Ғ. Мұс- тафин). Тұрақты тіркестер табиғи түрде септеліп, көнеленген септік жалғаулары арқылы жұмсалады. Ондай кезде тұрақты тіркестер көбіне барыс, жатыс, шығыс, кейде көмектес жалғауында ғана көріне алады. Мұндай көнеленген септік жалғаулы тұрақты тір- кестер екі бағытта, яғни таза түрдегі септік жалғауда жəне негізгі сөз бен көмекші сөздердің түйдектелуі арқылы келеді. Соңғысы- на көбіне шылау, көмекші есім жəне көмекші етістіктер қатысты жұмсалады, ондай кезде модаль сөздер кездеспейді десе де болады. Олардың əрбір септік жалғаулары арқылы келуі мына дəрежеде. Бірінші тобы: тұрақты тіркестер үнемі көнеленген септік жал- ғауларында (əдеттегі көнеленген үстеулер сияқты барыс, жатыс, шығыс жəне көмектес жалғауларында) келеді. Барыс септігінде: бітер істің басына, жақсы келер қасына, ер- теден қара кешке дейін, өз алдына, бірдің кесірі мыңға, мыңның кесірі түменге, жоқтан өзгеге, қазаны басқа; Жатыс септігінде: бас аманда, басы айдауда, малы талауда, баяғы бір заманда, дін мұсылман аманда, бел ортасында, бұрын- бұрын бұрында, бір аяғым көрде, бір аяғым жерде, бір қайнауы ішінде, бір қалыпта, бір қоян екеу болып көрінгенде, демнің ара- сында, ел аман, жұрт тынышта, бақыты алдында дегенде, əйт дегенде; Шығыс септігінде: берсе қолынан, бермесе жолынан, бет- аузы шімірікпестен, бірауыздан, бір есептен, бір кіндіктен, жеті түптен бері қарай, əрі-беріден соң, басқа бəле – тілден; Көмектес септігінде: көз мөлшерімен, өз бетімен, бесіктен белі шықпастан, бүйен боғымен. Мысалы: Əзірет əлінің көлең-
414 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері кесінде аман-сау жүріп жатырмыз (А. Тоқмағамбетов). Екпініне шаң ілеспей, əйт дегенде алты қырдан бір-ақ асып, керқұла ат зымырап келеді (Қазақ ертегісі). Көлденең салынған бастырықты сырғытып, ентігіп, демігіп əзер дегенде қақпаны ашты (Ж. Жұ - маханов). Əлдене уақытта бала есін жиып: – Маған осы қызды алып бермесеңіз, мен сізден безем, – деді (Қазақ ертегісі). Əрі- беріден соң майдан қайсы, оны да шатастырып отырып алды (Т. Ахтанов). Баяғы заманда тау етегіндегі жазықта сабан төбелі ескі, ескі болғанда өте ескі үй тұрды (М. Тиесов). Бұрын, бұрын бұрында қаңбақшал деген шал бопты (Халық ертегісі). Бір есеп- тен бұл ойыңыз іс болып қалуы да қисынды (С. Шаймерденов). Бір көрмеге тəп-тəуір, қазаны мен қалбаңы (Абай). Еламан бір кіндіктен жалғыз, əке-шешесінен айырылды (Ə. Нұрпейісов). Ел аман, жұрт тынышта күйінесің де отырасың, не көрінді сонша (Ғ. Мұстафин). Екінші тобы: тұрақты тіркестер сөйлемде арнайы септеліп те жұмсала береді. Ондай кезде олар барлық септік жалғауларында да келе береді. Ілік жалғауы: Сонар қардың үстінде жортқан тышқан құрлы із қалдырған жоқ еді (Ғ. Мұстафин). Қызыл сөзді желге шашқан, дуасыз ауыздың нағыз өзі еді ғой, – деп қарт Софы кеңкілдеп күлді (Ə. Нұршайықов). Қазір екінің бірінің аузындағы сөзі осы қыс боп тұр, Абай аға! (М.Əуезов). Барыс септігі: Бұның бəрін бере алмай, албырт жасты айбал- талы əккі жауға құр қол жібердік (Ғ. Мұстафин). Мөңкежан-ау, менің де амалым құрып, ішіме тікен қадалғандай боп жүрмін ғой, – деп бұл білмейтін бүйір əңгімеге басып бара жатты. Табыс септігі: Жоқтан-барды сөйлесіп, сауқым салып, Алыс- ты пияланы оңды-солды (Абай). Əр жерде төрт-бестен оңаша сөйлесіп отырған ылғи кебеже қарын, бұқа мойын, шұбар төс- терді көргеннен-ақ Мүсəпірдің жүрегі мұздап сала жөнелді (Ə. Əбішев). Жатыс септігі: Шешем осы баланы ойланбай бере салғаны үшін Құдай тағаланың өзін де ет қызуында біраз шықпыртып алды (Б. Соқпақбаев). Барлы-жоқты киініп алған туристер жоғары палубаға шығып, жел өтінде тұрып, теңіз құшағында бұлдырлап көрінген қалаға қарайды («Қазақ əдебиеті»). Қазір де анасының жылы құшағында отырып, сол кездегідей əсер қалды (Т. Ахтанов).
415 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері Шығыс септігі: Шауып келген Баймұхамбеттің керуен басты- ғы жаралы мосқал адамнан білгені – бұларға тиген Ағыбай тобы екен (I. Есенберлин). Раушан мына қалпын қоймаса, екі аяғымды бір етікке тығудан тайынбас, – деді Қоңырбай (Б. Майлин). Теріс тəрбиеде өскен баланы ес кіргеннен кейін түзеп аламын деп үміттену екіталай нəрсе (С. Көбеев). Бөкенші ет ашуымен Оралтайдың тентектігіне орай бір оғаш іс істепті (М. Əуезов). Қанат оны құмай деп жүгіріп келсе, қасқыр қып-қызыл ала қан, өлім халінде жан далбасамен тұрып жығылады (А. Хангелдин). Міне, бұл сөйлемдерден тұрақты тіркестердің барлық сеп- тіктерде де келе беретінін көруге болады. Мұнда таза күйінде жəне көмекші сөздердің тіркесі арқылы да келе береді. Тұрақты тіркестердің негізгі сөздері септік жалғауында келеді де, оған сол септіктерге тəн шылаулар тіркеліп жұмсалады. Екінші жағынан тұрақты тіркестердің негізгі сөздері нөлдік тұлғада келеді де, ал оған түйдектелген көмекші сөздер белгілі септік жалғауларда келуі арқылы жұмсалады. Тұрақты тіркестердің септік жалғаулар арқылы келуінде соңғы сөздердің қай сөз табы болуының да үлкен маңызы бар. Оны мына мысалдардан көруге болады: Зат есім: ит жеміндей олжа, жайма базар, жаманатты сөз, жиен табақ, түйінді мəселе, тұрлаусыз өскен құлан. Сын есім: арық атқа қамшы ауыр, əйел жолы жіңішке, əлпеті жаман, баданадай қоңыр, басы байлаулы, жер жаһанға белгілі, күріштей аппақ, кіршіксіз ақ, қолы жеңіл, қыздың жолы үлкен, мұнтаздай тап-таза, ой желке, қамыс құлақ, қара көк, ішіне к ірсе шыққысыз, тік сөзді. Сан есім: жер құлағы жетеу, ілуде біреу, үш тоғыз, үйірімен үш тоғыз, тұяғынан тік басқан сегіз. Есімдік: əперген ұшпағы қайсы, ақ жолтайы қайсы, аяқты жанның бəрі, жоқтан өзгеге, қазаның басқа, мүйізің қайсы, өлген жері осы, өз билігі өзінде, өз білгені өзіне, өз айғағы өзінде. Егер тұрақты тіркестердің соңғы сөздері зат есім, есімдіктен болып, септік жалғауларында мол жұмсалса, сан есім, сын есім заттанып барып қана жұмсалатындығын көруге болады. Үшінші тобы: Тұрақты тіркестердің өздері үнемі септеліп кел- ген көмекші сөздермен бірлікте дайын күйінде де жұмсалады. Əсіресе тұрақты тіркестер есімше тұлғалы етістік бола тұрып,
416 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері əдеттегі есімшелер сияқты септеліп келуі мол кездеседі. Тіпті, кейде етістікті тұрақты тіркестердің өздері де ретіне қарай септе- ліп жұмсала береді. Мысалы: Жан біткенге жалынбай, Жақсы өліпсің, япырмай! Мың түрлі күйге салып толқытады, Маңайда жан біткенді таңырқатып (Абай). Жатақ жөнінде: – Тым құрыса олардың жас буынына азды- көпті саңылау болсын, – деп ойлады (М. Əуезов). Олай болса жас буындарды еңбек сүюге баули алмай жүрген жоқсың ба, – деді (М. Иманжанов). Мұнда жан біткен, жас буын ретіне қарай əртүрлі септіктерде келіп тұр. Тұрақты тіркестер тек септеліп, көптеліп, тəуелденіп қана жұмсалуымен бірге олар түрлі жұрнақты тұлғаларда да келе береді. Ондай кезде көбіне -дай, -дей, -лы, -лі, -сыз, -сіз, -ша, -ше, - ғы, -гі, -шы, -ші жұрнақтар арқылы тұрақты тіркес есімді сөз таптарының ыңғайында жұмсала береді. - дай, -дей: азу тісі балғадай, ай балтаның сабындай, ай мен күндей, əмбеге бірдей, айырмасы жер мен көктей, ақ бөкеннің тауындай; - лы, -лі: айдай таза, күндей нұрлы, алпыс екі айлалы, бүйені майлы, дембелше денелі, жер жаһанға белгілі, хиуадай базарлы; - сыз, -сіз: айырып алғысыз, адам көргісіз, іске алғысыз, ішіне кірсе шыққысыз, халыққа сыйымсыз; - ша, -ше: жамбасы жерге тигенше, жан ұясынан шыққанша, өле-өлгенше. - ғы, -гі: тастай қараңғы; Жалқы есімдердің қатысы арқылы: ақылы Аплатон, Жүсіп пенен Зылихадай, қас Қарынбай, Шық бермес Шығайбай, көл иесі Қамбар, т.б . Тұрақты тіркестердің, əсіресе, етістік тұлғасында келуінің формалары өте мол. Бірақ біз бұл жерде есімше, көсемше, шартты тұлғасында келулерін ғана сөз етеміз. Есімше: айбынды туған, ақылға келмеген, ақыл тоқтатқан, бұла өскен, елден безген, есік көрген, етпен қайнап, сүйекке сіңген, жатырынан қағынған, жүген-құрық тимеген, жібектей есілген, барып тұрған, қылдан қиқым іздеген. Көсемше: өзім өз болғалы, көзін ала бере, тебінгі жерге шірімей, айрандап аптап, күбідей күптеп, алдын ала, ал кеп, алты малта ас болмай.
417 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері Шартты рай: айта берсең, ақыл құсың адаспай аспандаса, болмаса, жаны ұяда болса, болса да, ең болмаса да, дəу де болса жолың түссе, жыны келсе, зұлпықарын қолға алып. Қимыл есімі: жел болып тию, т.б. Тұрақты тіркестердің соңғы сөздері етістікті болып келген- дегі тұлғалық формасы да өте мол: Бала-шағаңның игілігін көр, жеңіл барып, ауыр қайт, жемтігіңді же, көр жыла, жер бола, көшке берген тайлағыңды қайтып ал, ай жүр, жыл жүр, аман жүр сияқты түрлері. Жүз аудара алмады, көз салып кетті, көз тұтып отыр, қол тартып алды, көріп алайын, көре тұра күлтеленіп жүрді сияқты дара, күрделі етістікті де болып жұм- сала береді. Əсіресе, тұрақты тіркестердің соңғы сөздері көп, аз, бар, жоқ сөздерінде мол кездеседі: Жеңілген елде желке жоқ, күдігі бар, қаперінде жоқ, өкпесі жоқ, шыры жоқ, бірлік бар жерде, тірлік бар, діті бар, жүрегінің оты бар, адырында арқар көп, адамында дархан көп, ақылы аздың азабы көп. Үйірлі анықтауыш: Есебі жоқ дəулетті, Тойға келген елдердің ортасына салынды (Н. Байғанин). Жықпасаң да күресіп талаптансаң, еті тірі жay жүрек жан деп айтаp (С. Торайғыров). Иі қатты Олжабектің бабын табатын бір ғана Жамал еді (Ғ. Мұс- тафин). Оқшау сөздер: Іске сəт, жолың болсын, қарындасым, Тал- қандай төңкеріп жер құйқасын (Ғ.Малдыбаев). Ой, желкең қиыл- ғыр, тамыр-таныстық-ай, сопаң еткізіп суырасың да шығарасың- ау (С. Төлешов). Ə-ə, жер жастанғыр, жер жастан! («Ленин- шіл жас»). Міне, келтірілген мысалдар арқылы тұрақты тіркестердің нөл- дік форма, тəуелдік, көптік жəне септік жалғауларында жұмса- латындығы көрініп тұр. Сондай-ақ біз олардың қай сөз табы- на қатыстылығы, қандай тұлғада, яғни жалғау, жұрнақ арқылы жұмсалатындығын көрсеттік. Тұрақты тіркестердің ең негізгі қасиеті – оларды құрастыра- тын барлық сөз таптарының орын тəртібінің мықтылығы мен оны құрайтын əрбір сөздің қосымшасының да тұрақтылығы. Бұл қасиет – олардың жеке тұрғандағы басты белгісі. Тұрақты тір- кестердің сөйлемде қолданылуы, сөйлемде жұмсалуы, ойымыз- ды білдірудің тиімді белгісі іспетті. Олардың қолдану процесін
418 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері негізінен сөйлемнің өн бойына қатысты десек, басқа сөздермен байланысында ең соңғы сөздердің рөлі ерекше. Соңғы сөздің тұлғасына қарай сөйлемнің де өзіндік ерекшелігі айқындалады. Сондықтан біз, ең алдымен, олардың соңғы сөздерінің тұлға- сына баса назар аударуды дұрыс көрдік. І. Кеңесбаевтың сөздігінде 90 мыңдай тұрақты тіркестер бар екендігі айқын. Тұрақты тіркестер – қазақтың байырғы тіл байлығы. Қорыта келгенде, тұрақты тіркестердің морфологиялық өзгерісі туралы мынаны айтуға болады. Тұрақты тіркестер а) бар- лық жалғауларда табиғи түрінде жұмсалады; ə) əдеттегі сөздер тəрізді əрі көптеледі, тəуелденеді, септеледі жəне жіктік жал- ғауында да жұмсала береді; б) олар нөлдік формада жəне кө- мекші сөздер арқылы келе береді; в) түрлі қосымшалар арқылы (жұрнақтар арқылы да) келе береді; г) сөйлемнің ішінде де, соңында да орын таңдамай жұмсала береді; д) жұрнақ, жалғаулар арқылы келуі олардың басқа сөздермен байланыста келуінің ең негізгі шарты болып табылады; е) морфологиялық өзгеріс арқылы олар сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарында қолданылып, анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық қатынаста жұмсалады. Мұның өзі – тұрақты тіркестер сөйлемнің барлық мүшесі ретінде жұмсалады деген сөз. 6. - Нікі, -дікі, -тікі жұрнақты сөйлем мүшелері Жалпы алғанда, əрбір сөз табының белгілі бір жұрнақтары барлығы айқын. Ол жұрнақтар сол сөз таптарын жасауға негіз бола- ды. Бірақ кейбір жұрнақтар, соның ішінде -нікі, -дікі жұрнақтары, қай сөз табына тəн, қай сөздерге жалғанады, ол сөз бен сөзді байла- ныстыра ма, жоқ, сөз тудырушы қасиеті бар ма, сондай-ақ сөйлем мүшесін жасаудағы қызметі сияқты мəселелер арнайы қарауды қажет етеді. Осы күнгі оқулықтарда -нікі, -дікі жұрнақты сөздер тек сөйлем мүшелерінде, яғни баяндауыштың жасалуында ғана болмаса, морфологияда қысқаша ғана айтылады. - нікі, -дікі формасы жайлы тілші ғалымдарымыз Ə. Нұрмаха- нова, М. Балақаев, А. Ысқақов не жұрнақ, не жалғау екенін ажы- ратпай-ақ, қосымшалар деп атайды, ал Н. Сауранбаев, Ш. Бектұров мұндай формалы сөздерді жұрнақ деп береді. Шынына келгенде,
419 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері - нікі, -дікі формаларында таза жұрнақ немесе таза жалғау қасие- тінің қайсысы басым деген мəселе ойлануды қажет етеді. - нікі, - дікі өзі жалғанған сөзге жаңа үстеме мағына тудырады ма, жоқ па? Мысалы, баланікі, менікі, Ораздікі дегенде жаңа сөз пайда бол- ды деп айту мəселесі онша басы ашылмаған немесе ол сөздердегі ондай формалардан таза жалғаулық та қасиет таба алмаймыз. - нікі, -дікі, -тікі жұрнақтарының қай сөз таптарына жалғанып ба- рып жұмсалуы туралы да бірізділік жоқ. М . Балақаев, М. Томанов, Ш. Бектұров ол жұрнақтардың қай сөз таптарына қатысты екеніне тоқталмайды, тек сол жұрнақтар жалғанған сөздерді мысалға келтірумен шектеледі [33,41]. Жалпы түркологияда жəне қазақ тіл білімінде -нікі, -дікі, жұр- нақтарының қай сөз таптарына қатысы туралы да əртүрлі пікірлер бар. А . Ысқақов бұл жұрнақтар ілік жалғауының негізінде қа- лыптасқандығын дұрыс көрсетеді. Зерттеуші бұл жұрнақты сөз- дердің қай сөз таптарына тəндігін ашып айтпағанымен, келтірген мысалдарынан (сіздікі, біздікі, кімдікі, əкемдікі, кітапхананікі, Əсеттікі) олардың əрі есімдікте, əрі зат есімге жалғанатындығын көруге болады. Автор, егер осы жұрнақтар жалғанған сөздің тə- уелдік жалғауының I, II, III жағының біріне тəндігін көрсетсе, бұл қосымшалардың жақ категориясына қатысы жоқ деп көрсетеді. Сонымен бірге бұл жұрнақты сөздердің баяндауыш қызметінде жұмсалатындығын айта келіп, Біз Əсеттікінде болдық сияқты сөйлемде осы қосымшалы сөздер сөйлемнің басқа да мүшелері болатындығын ескертіп кетеді [34,49]. Н . Сауранбаев -нікі, -дікі, - тікі жұрнақтары көбіне есімдік жəне есімдерге тəн деп біледі [35,161]. М. Балақаев -нікі, -дікі, -тікі жұрнағы жалғанған сөздер сөйлемде предикаттық қатынас құрайтынын айтады [36,95]. Осы күнгі зерттеулерге қарағанда -нікі, -дікі, -тікі жұрнақтағы сөз- дер морфологиялық жағынан өзгермейтін тəрізді. Ал зерттей келгенімізде ондай жұрнақты сөздер жіктеліп те, көптеліп те, сеп- теліп те жəне тəуелденіп те жұмсалатынын байқадық. Мысалы: – Е, есептесейік, менікі бес жүзге айналып барады. Сенікі қанша? (Ғ. Мұстафин). Менікін сандалған адамның сөлекет сөзі деп біл (Ө. Қанахин). Өзімдікі болса игі еді. Біздікі əншейін еріккеннен істей салған бір шығасы емес пе? (М. Əуезов). Түн ішінде хан иемді мазаламай-ақ, біздікіне сəл тыныстап, таң ата жетерміз!
420 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері (X. Əдібаев). Міне, -нікі, -дікі, -тікі жұрнақты сөздердің осы сияқты өзгерістері олардың сөйлемнің тек баяндауышы ғана емес, басқа да сөйлем мүшелері қызметінде жұмсалатынын көр- сетсе керек. 7. Сөйлемнің де сөйлем мүшесі болуы Сөйлем мүшелерінсіз сөйлем құралмаған болар еді. Сөйлем мүшелері де сөйлемнің ішкі ерекшеліктері, бөлшектері болып табылады. Сондықтан сөйлем мүшелері сөйлем бар жерде ғана өмір сүре алады. Солар арқылы ғана сөйлемнің ішкі ерекшеліктері айқындалады. Бірақ сөйлем қаншалықты көптеген синтаксистік категорияларды өз бойына қамти алады дегенімізбен, кейде сөй- лемдердің өздері де сөйлем мүшелерінің аясында қаралатыны айқындалып отыр. «Болды ғой, енді қойсаңдаршы» деген белгі беріп, алаңға қарай ол қол сілтейді (Б. Момышұлы). «Тірі бол- сам, журналист болуым керек» деген ой менің басыма сонда ғана ұялаған еді (Ə. Нұршайықов). «Білімнің құдіретін, тілдің құпия- сын тұңғыш рет сонда түсіндім» деуіне əбден жарар (О. Бөкеев). Бірінші сөйлемде мынадай сөйлем мүшелері бар: 1. а) болды ғой, енді қойсаңдаршы; ə) белгі; б) беріп; 2. а) алаңға қарай; ə) ол; б) қол; в) сілтейді. Екінші сөйлемде мынадай сөйлем мүшелері бар: а) тірі болсам журналист болуым керек; ə) ой; б) менің басыма; в) сонда ғана; г) ұялаған еді. Үшінші сөйлемде мынадай сөйлем мүшелері бар: а) білімнің құдіретін, тілдің құпиясын тұңғыш рет сонда түсіндім; ə) əбден; б) жарар. Осы əрбір сөйлемдердегі сөйлем мүшелерінің əрқайсысы бел- гілі бір сөз таптарынан жасалған. Ал осы үш сөйлемдегі: а) болды ғой, енді қойсаңдаршы; б) тірі болсам журналист болуым керек; в) білімнің құдіретін, тілдің құпиясын тұңғыш рет сонда түсіндім – дегендер де əрбір сөйлемді құрауға қа- тысып отыр. Жеке алған кезде бұл үш топтың əрқайсысы – өз алдына сөйлем. Əрқайсысы жеке алғанда біршама тиянақты ойды білдіреді. Əрі іштей жеке-жеке сөйлем мүшелеріне талдауға əбден болады. Сөйтіп, осы үш сөйлем өзара құрмалас та, жай сөйлем түрін- де де өзі қатысты сөйлемдердің ішінде қолданылып отыр. Біз
421 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері бұл арада жоғарыда көрсетілген үш сөйлемнің ішінен тағы да үшеуін шығарып, əдеттегідей бұларды да іштей талдауға бола- тынын көріп отырмыз. Бұл соңғы үш сөйлемнің де баяндауыш- тары қаншалықты тиянақты түрде (болды ғой, қойсаңдаршы, болуым керек, түсіндім) болғанымен, сол сөйлемдердің ішінде не салалас, не сабақтас сөйлемнің бір сыңары ретінде жұмсала алмайды. Оларды құрмалас сөйлемнің бір сыңары ретінде тели алмаудың басты себебі ол сөйлемдер баяндауыштың тұлғалық қасиетіне ие бола алмайды. Оның үстіне, ол сөйлемдердің баян- дауыштары қаншалықты тиянақты болғанымен, өздері қатысты сөйлемде басқа сөйлем мүшелерімен түрлі дəнекер сөздер арқылы ғана байланыса алады. Объектіге алынған сөйлемдер өзі қатысты негізгі сөйлемдердің ішінде əдеттегі сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалатын сөз таптары мен тұрақты тіркесті топтар сияқты сөйлемнің аясын кеңейтіп тұр. Ол сөйлем өзінен кейін жұмсалған түрлі көмекші сөздер (көбіне көмекші етістік) арқылы сол сөйлемнің бір-ақ мүшесі қызметінде жұмсала алатын дəреже- ге ие болып отыр. Мұның өзі сөйлем ішінде сөйлемдер де ретіне қарай сөйлем мүшесі болып жұмсалатындығын көрсетеді. Мұндай процесс – тілдегі бар синтаксистік категориялардың бірінің ор- нына екінші бір синтаксистік категориялардың ауысу процесі болатындығының бір көрінісі. Сонда, а) болды ғой, енді қойсаңдаршы; ə) тірі болсам жур- налист болуым керек; б) білімнің құдіретін, тілдің құпиясын тұңғыш рет сонда түсіндім сөйлемдері көмекші етістігі арқылы, сол көмекші сөздердің тұлғасына қарай олардың да синтаксистік қызметі айқындалса керек. Мəселен, болды ғой, енді қойсаңдар- шы, тірі болсам журналист болуым керек сөйлемдері есімше тұлғалы де етістігі арқылы белгі, ой сөздеріне анықтауыш, ал білдіретін, тілдің құпиясын тұңғыш peт сонда түсіндім сөйлемі барыс септікті де көмекші етістігі арқылы жарар етістігімен тіркесіп, толықтауыш қызметінде жұмсалған. Сөйлемде тек сөз таптары ғана сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалмай, кейде өзара бастауыштың, баяндауыштың құрамындағы сөйлемдер де таза немесе түрлі көмекші сөздердің дəнекері арқылы сол тобымен сөйлемде белгілі бір сөйлем мүшесі қызметінде жұмсала алады екен. Сонымен, жоғарыдағы негізгі үш сөйлемнен бөліп, арнайы
422 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері қарап отырған үш қосалқы сөйлеміміз де сөйлем ретінде қаралуға тиіс болғанымен, оларға дəнекер қызметтегі көмекші сөздердің əсерінен олар сол тобымен сөйлемнің бір-ақ мүшесі ретінде жұмсалады. Бұл факт тілімізде бұрыннан бар болса да, əзірше қазақ тіл білімінде ешбір сөз болып қозғалған емес. Дегенмен бұл туралы алғашқы мағлұматты А.Байтұрсынов- тың еңбектерінен кездестіріп те отырмыз. Автор: Сенікі, менікі деген көңіл тарлығы. Əрі жат, бері жат деген төсек тарлығы деген сөйлемді талдай келіп, осындағы сенікі, менікі, əрі жат, бері жат дегендер өзара сөйлем болып табылады, олар да етіс- тігі арқылы енді бастауыш қызметінде жұмсалған дей келіп, автор сөйлемдер де сөйлем мүшесі болатынын тұңғыш рет көрсетеді. Жəне де ондай сөйлемдердің басқа да, яғни баяндауышы болуы туралы да арнайы сөз қозғайды [37, 8]. Сөйлемнің де бастауыш қызметінде жұмсалуы туралы орыс тілінің академиялық грамма- тикасында аздап сөз болды [38, 8]. Ал түркологияда бастауыш туралы диссертациялық жұмыс жазған Ш.Ш . Шаазизов: Бесі барлар қол көтерсін деген сөйлемді талдай келіп, бесі барлар бастауыш пен баяндауыштан құралған бастауыш деп береді. Сол сияқты: звонок чалиниб, дорога кешикканлар, илтимое, бү дарс- дан кейин қайтарилмасин дегендегі бірінші сөйлемдегі бастау- ыштар жай сөйлем де, екінші сөйлемдегі бастауыштар құрмалас сөйлемнен жасалған дейді [39, 30]. Ш.Ш. Шаазизовтың сөйлем- нің де сөйлем мүшесі болады деуі – дұрыс идея, бірақ оның не- гізгі мəнін ашып бере алмайды. Оның көрсеткен тұлғалық ерекшеліктерінің барлығы да қазақ тіл білімінде бұрыннан айты- лып келе жатқан бастауыштар. Қазақ тілінде ондай бастауыштар- ды күрделі бастауыш немесе үйірлі бастауыш дейтін топта қарап келе жатқанымыз айқын. М .З. Закиев «Білегі жуан бірді жығады, білімі мол мыңды жығады» сөйлемін талдай келіп, сөйлемнің де сөйлем мүшесі болуын осы тұрғыда қарайды [40, 27]. 8. Көмекші сөзді сөйлем мүшелері туралы Жай сөйлем синтаксисінің басты бір саласы – сөйлем мүше- лері. Осы уақытқа дейінгі жоғары оқу орындарына арналған ең- бектерде олардың жасалуы дербес мағынасы бар сөздердің төңі-
423 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері регінде арнайы қарастырылды. Сонымен бірге сөйлем мүше- лерінің жасалуына байланысты көмекші сөзді сөйлем мүшелері туралы пікірлерді де кездестіреміз. Мысалы: Ауылдың маңы – терең сай, Тасыған өзен гүрілдеп (Абай). Бəрінен бұрын өзің ту- ралы бірінші хатшымыздың пікірі жақсы екен (З. Шүкіров). Анна есікке беттеді (Л. Толстой). Бүгін бұл сөздерде дағдылы арман жалын сезім тəрізді жарық сəуле елесі бар (М. Əуезов). Осы сөйлемдерде: ауылдың маңы – бастауыш; өзің тура- лы – толықтауыш; есікке қарай – пысықтауыш; сезім тəрізді – анықтауыш тəрізді сөйлем мүшелері бар. Олар негізгі сөздер мен көмекші сөздердің түйдектелуі арқылы жасалып отыр. Осы уақытқа дейінгі еңбектерді шолу барысында əрбір сөйлем мүшесінің жасалуында көмекші сөздердің қатысы туралы мы- наны білуге болады. Бастауыштың жасалуында профессор М. Балақаев, Ж. Болатов көмекші есім, көмекші етістік тура- лы сөз етсе, С. Аманжолов, М. Бектұров, М. Серғалиев мектеп грамматикасында оған тоқталмайды. Толықтауыштың жаса- луында М. Балақаев, М. Томанов туралы, жайында, жөнінде демеулерін атаса, С. Аманжолов ол демеулермен бірге көмекші есім, көмекші етістіктерді де көрсетеді. Анықтауыштардың жа- салуында профессор М. Томанов модаль сөздер мен есімше фор- малы де етістігінің тіркесі арқылы жасалады десе, М. Балақаев, С. Аманжолов көмекші сөзді анықтауышқа тоқталмайды. Түр- кологияда А. Жапаров бастауыштың жасалуында болса части- цасы мен де көмекші етістігі арқылы қолданылатындығын анық- тады [41, 9]. Бұл пікірлерге қарағанда, сөйлем мүшелерінің жасалуын- да қалай да көмекші сөздердің орны ерекше. Жалпы, көмекші сөзді сөйлем мүшелері туралы айтқанда, қандай сөз таптарына қандай көмекші сөздер сай келіп, олар қандай сөйлем мүшесін құрайтындығы жан-жақты талқылау объектісіне айналған емес. Орыс тіл біліміне көз жүгіртсек, сөйлем мүшелерінің жасалуын- да толық мағыналы сөздермен бірге көмекші сөздердің сөйлем мүшесін жасаудағы қызметі соңғы кезде арнайы сөз бола баста- ды [42, 85]. Сол тəрізді көмекші сөздердің рөлі туралы орыс тілінің маманы В.В . Бабайцева [43,56], Д.С . Маслов та орынды пікір айтқаны мəлім [44, 219].
424 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері Лингвистикалық əдебиеттерде негізгі сөздер лексикалық ма- ғынаға, морфологиялық өзгеріске жəне синтаксистік қызметке ие, ал көмекші сөздерде ондай қасиеттер жоқ деп беріледі. Көмекші сөздер тобы негізінде морфологияда қаралып келеді. Негізгі сөздерге бұл салада арнайы тоқталып, жан-жақты тал- дайды да, көмекші сөздерді тек көмекші деумен ғана шектеледі. Яғни көмекші сөздердің өзіндік ерекшелігі морфологияда ег- жей-тегжейлі ашылмайды. Оның түрлі қырлары еленбейді, сон- дықтан да олар біржақты талданумен ғана шектеледі. Оның бұ- лай болу себебі морфологиялық талдауда əрбір сөзді, бірінші- ден, бір-біріне қатыссыз, жеке-жеке талдаса, екіншіден, онда əрбір сөздің тұлғалық ерекшеліктеріне ғана басты назар ау- дарылады. Толық мағыналы сөздер өз бетінше жұмсала ала- тын болса, көмекші сөздер өз алдына жұмсала алмайды. Соған орай көмекші сөздердің сөйлемнің соңында келуі оның əртүрлі реңктік ерекшелігін ашпаса, оның мағыналық, синтаксистік ерекшеліктеріне əсер етпейді. Сонымен, негізгі сөз таптарымен түйдекті түрде жұмсалып, сөйлемнің синтаксистік қызметіне əсер ететіндері – сөйлем ішінде қолданылған көмекші етістік, көмекші есім, шылау, модаль сөздер. Енді сол көмекші сөздердің сөйлем мүшесін жасаудағы қызметін жеке-жеке көрсетелік. 1) Шылаулар. Тілімізде шылаулар деп аталатын топқа мына- лар жатады: дейін, шейін, қарай, əрі, бері, таман, шамалы, мен, гөрі, басқа, үшін, туралы, арқылы, сайын, себепті, қарай, да, не- месе, я болмаса, бірақ, өйткені, себебі, сондықтан, əлде, мейлі, біресе, кейде, ғана, сол жайында, бекер, егер, онда, т.б . Оларды сөйлемде атқаратын қызметіне қарай жалғаулықтар, демеуліктер, септеуліктер деп бөледі. М . Балақаев шылауларға көмекші есім- дерді де жатқызады [33, 52]. Шылаулардың осы түрлерінің сөй- лемде өзіндік орны бар. Демеуліктер мен жалғаулықтар сөйлем ішінде мол қолданылғанымен, сөздердің сөйлем мүшелік қызметіне əсер етпейді. Бірақ сөйлемде мұндай қызметі болмағанымен, олардың да өзіндік стильдік қызметтерінің барлығы айқын. Шылаулардың ішінде есім сөздермен түйдектесіп, олардың син- таксистік қызметіне өзіндік əсер ететін тобы – септеулік шылау- лар. Септеулік шылаулардың өздеріне қатысты сөздердің мағы- насын айқындаудағы рөлі көбіне біркелкі, яғни өзіне қатысты сөздің мағынасын толықтырушы деп көрсету орынды.
425 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері Атау септікті меңгеретін септеуліктер: сайын, үшін, арқы- лы, бойы, туралы, жөнінде, жайында, т.б . Мысалы: Саймасай жайында əңгіме осымен тынды (Б. Дəулетбаев). Мен үшін тап- сырып жіберші деген Тоқабайдың қыңқылы да Сəкеннің мазасын алды (Т. Кəкішев). Барыс септікті меңгеретін септеуліктер: дейін, шейін, қарай, қарсы, таман, т.б. Мысалы: Соған шейін бітірмесе өзім бір жай- лы қыламын (С. Мұқанов). Бір күні үйге отыра алмағасын Қо- жаш үйінен түс ауа шығып, тым болмаса Ғайшамен дидарласып кетейін деп Амантай ауылына қарай беттеді (С. Көбеев). Табыс септікті меңгеретін септеуліктер: туралы, жөнінде, жайында, дейін, шейін, т.б. Абай бүгін орыс достары туралы көп айтты (М. Əуезов). Шығыс септікті меңгеретін септеуліктер: соң, бері, кейін, бетер, бұрын. Мысалы: Сонан бері төрт жыл араларында хат үзілген емес (З.Шүкіров). Көмектес септікті меңгеретін септеуліктер: бірге, қабат, қатар. Мысалы: Себумен қатар қорғау қажет (Ғ. Мұстафин). Кеу- десі толы арман еді, əн еді, бəрін өзімен бірге əкетті ( Б. Соқпақбаев). Біздің шахталардың жайын Алматыға дейін жазып жібер- ген кім? (Ə. Əбішев). Жалт қарасам, Шұға үйіне қарай кетіп бара жатыр екен (Б. Майлин) деген сөйлемдердегі қарай, дейін шылауларының қызметін талдай келіп, А. Ысқақов Алматыға, үйіне сөздерінен шылауларды түсіріп айтуға болатындығын, бірақ оны түсіріп айтуда кейде ойды тиянақтау жағы əлсірейтіндігі ай- тылады [45, 375]. Мысалы, сол сөйлемдерді «Біздің шахталардың жайын Алматыға жазып жіберген кім? Жалт қарасам, Шұға үйіне кетіп бара жатыр екен», деп те айта беруге болады. Бұл сөйлемдердегі негізгі қарастырып отырған үйіне қарай түйдекті тіркестер де, сол сияқты кейінгі сөйлемдердегі Алматыға, үйіне сөздері пысықтауыштық қатынаста жұмсалған. Бұл жер- де олардың синтаксистік қызметінде ешбір өзгешелік жоқ. Сон- да, бірінші сөйлемде шылаулар қатысып жұмсалса, екінші сөй- лемде шылаусыз жұмсалған. Бұл арадағы айырмашылық тек олардың мағыналық реңктерінде ғана демекпіз. Өйткені бірінші сөйлемдердің мағыналық ерекшеліктері, яғни мекендік жағы айқынырақ. Жоғарыдағы мысалдарда шылаулар өзі қатысты сөз- дің мағынасын толықтыра түседі деген қағиданы дəлелдей түседі.
426 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері Осы күнгі əдебиеттерде шылау қатысты сөйлем мүшесінен немесе сөз тіркесінен шылауды алып тастағаннан сөйлем мағы- насы онша өзгеріске ұшырамайды деген қағида басым. Шы- лау өзі тіркескен сөздің мағынасын тек толықтыра түсумен ғана шектелетін сияқты. Дегенмен мына сөйлемдер құрамындағы шылаулардың қалай жұмсалғандығын талдап көрейік. а) Күлпаршын жайында Совет арқылы қанықпын (С. Ома- ров). Ысқақ жайында мұндай əңгімелер көп (Б.Соқпақбаев). ə) Оған дейін Баршын мен Бөбек қол шанада буылып-түйіліп жолға əзір тұрған жүкті бұзып, ыдыс-аяқ, ас-суды кемеге қайта шығарды (Ə. Сариев). б) Содан бері ақ жаңбыр толассыз сорғалап, малды да, жанды да мезі қыла бастаған еді (Ə. Əбішев). Осы мысалдарға қарағанда шылаулардың өзі қатысты сөздердің синтаксистік қызметін ай- қындауда қызметі ерекше. Совет арқылы, Ысқақ жайында, Оған дейін, Содан бері сияқты күрделі сөйлем мүшелерінен көмекші сөздерді алып тастасақ, бағыныңқы сөз бен басыңқы сөздердің ара- сында синтаксистік мағыналық байланыс болмайды. Осы себеп- тен олардың арасында, жоғарыдағы формада байланысуы да, синтаксистік қатынасы толық тұрақтамаған бейберекет сөздер тобы шығады. Сөйтіп, өзара түсінісуге қажетті синтаксистік заңдылықтары сақталған айқын сөздерден арқылы, жөнінде, дейін, бері, бұрын (қайталанып келген шылаулармен) шылауларының түсіп қалуынан мағыналық айқындығы жоқ топтардың келіп шыққанын көреміз. Бұған қарағанда, шылаулар өзі қатысты сөз- дердің мағынасын айқындаушы деген пікірмен бірге, кейде он- дай қасиеттеріне қоса шылаулар өзі қатысты сөздің синтаксистік қызметі мен байланысу формасында айқындаудағы қажетті құ- рал десек орынды. 2) Модаль сөздер. Тілімізде сөйлем мазмұнының ақиқат шын- дыққа қатынасы жөніндегі сөйлеушінің пікірін білдіретін арнау- лы сөздерді модаль сөздер дейді [33, 241]. Модаль сөздер есімді, етістікті болып екіге бөлінеді. Есімді модаль сөздер тобына: сияқты, сықылды, секілді, тақылетті, тəрізді, рəуішті, шамасы, зады, рас, мүмкін, бəлки, расында, шынында, керек, тиіс, қажет, əрине, т.б . сөздер жатады. Етістікті тобына: білем, көрінеді, дейді екен, болар, шығар сөздері жатады. Модаль сөздер, біріншіден,
427 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері сөйлемде синтаксистік байланысқа түспейді, екіншіден, арнайы өзіндік қызметі жоқ, өздігінен сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды деп айтылып жүр. Жалпы, модаль сөздер сөйлемде екі түрлі орында, сөйлем ішінде (ортасында) жəне сөйлем соңында, жұмсалады. Жалпы, əрбір сөз табының арнайы синтаксистік қызметі бар екендігі белгілі. Алайда модаль сөздердің синтаксистік қызметі бар деп айтылмайды. Мысалы: Асан сияқты бала келді, – де- сек, келді баяндауыш, бала бастауыш, ал Асан сөзі қаншалықты толық мағыналы болғанымен, өзіндік қызметі өз бойынан бай- қалмайды. Синтаксистік қызметі тек сияқты сөзіне байланысты айқындалады. Сөйтіп сияқты сөзінің əсерінен енді Асан сөзі анықтауыш қызметінде жұмсалады. Бұған қарағанда, өзіндік мағына мен қызметі жоқ деп табылатын модаль сөздер белгілі сөз таптарымен түйдекті тіркес құрау кезінде олардың мағыналық тобын да, синтаксистік қызметін де анықтайды. Модаль сөздер толық мағыналы сөздермен түйдектеліп, не есім, не етістікке қатысты болуына сай анықтауыштық, пысықтауыштық қызметте жұмсала береді. Сол сияқты модаль сөздерге түрлі қосымшалар жалғау арқылы да басқа сөйлем мүшелерінің қызметін көрсетуге болады. Мысалы, Бесіктен белі шықпай жатып ғалым бола қа- лады, – деп, біз секілділерді кінəлайды да («Жұлдыз»). Бірақ Домбаев сияқтылардың шамына тие беретінің жаман ( З. Шүкіров). 3) Көмекші есімдер. Көмекші есімдер сан жағынан сонша- лықты көп емес. Оларға алды, арты, үсті, жаны, қасы, арасы, ортасы, іші, сырты, басы, беті, шеті, түбі, төбесі, тұсы, маңы сөздері жатады. Мысалы: Үй іші лық толған кемпір-шал, қатын- қалаш, қыз-келіншектер түгелдей егіліп отыр (Ө. Қанахин). Вин- тер бар пəле менің үйім маңында екен деп, кең сарай үстіне бар мүлкін шығартады (I. Есенберлин). Оның қасында жүргенде жайма-шуақ көктемде далада оңаша келе жатқандай жаның да жайлы, құлағың да тыныш (Т. Ахтанов). Міне, осындағы көмекші есімдер ілік жалғауының ашық не жасырын тұлғалы есімдерімен түйдекті тіркес құрап, анықтауыштық қатынаста жұмсалатын сөздерді өзінің тұлғасына қарай пысықтауыш сөйлем мүшесіне ауыстырып отыр. Көмекші есімдер басқа-басқа сөйлем мүшесінде жұмсалатын сөздерден пысықтауыш сөйлем мүшесін жасаса,
428 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері кейде көмекші есімдерге -ғы, -гі жұрнағының қосылуы арқылы, керісінше, пысықтауыш сөйлем мүшесінен үйдің қасындағы, терезенің маңындағы анықтауыш сөйлем мүшесі жасалады. 4) Көмекші етістік. Көмекші етістіктер тек баяндауыштың құрамында келіп қана қоймай, басқа сөз таптарымен тіркесіп, өзінің тұлғалану ерекшелігіне қарай басқа да сөйлем мүшелері қызметінде жұмсалады. Көмекші етістіктердің ішінде де кейде көмекші етістіктері есімше тұлғасында тұрған басқа сөздермен де түйдекті түрде əртүрлі сөйлем мүшесін жасаудың бір тəсілі болып табылады. Əсіресе, де есімше тұлғалы көмекші етістіктер септеліп те, көптеліп те жұмсалуына қарай өзі қатысты сөзді əртүрлі сөй- лем мүшелеріне өзгерте береді. Мысалы: Сонда байқағаны: тəуір дегені тіпті тəуір екен де, жаман дегені тіпті жаман екен (С. Мұқанов). Міне, қараңдаршы, теңіз романтикасы, теңізшілер өмірі деген осы (Ə. Сəрсенбаев). Сөздерін білмегенімен əуені өте байсалды Назқоңыр үнді келеді екен (Б. Момышұлы). Қазақта «Ал- тын, күміс тас екен» деген мақал бар ( С. Мұқанов). «Абылайдың ақ үйі» дегенді айтпадыңыз ғой (С. Мұқанов). Мен құлағына бірінші рет шалынған құда түсу дегенді де түсіне алғаным жоқ, жұрттың неге күлгенін де білмедім (Ə.Сəрсенбаев). Гүлшат артық алынған билет үшін өзін айыптымын дегендей қысылыңқырап қалып еді (С. Шаймерденов). 1,2 сөйлемдердегі курсивпен жазылғаны – бастауыш, 3 сөйлемде баяндауыш, 4 сөйлемде анықтауыш, 5, 6 сөйлемде толықтауыш, 7 сөйлемде пысықтауыш қызметінде жұмсалған. Міне, көмекші сөздер деп аталатын бұл сөздер тобы өздері жеке тұрып сөйлем мүшесі болмағанымен, негізгі сөздерде тір- кесіп келіп, олардың синтаксистік қызметтерін айқындауда басты тұлға. Бұл көрсетілген көмекші сөздердің: шылаулар, көмекші етістік, көмекші есім, модаль сөздер негізгі сөйлем мүшесі болып тұрған сөздерді бүтіндей екінші бір сөйлем мүшесіне ауысты- рып жібереді. Сонымен, көмекші сөздер өздерінің жеке тұрғанда синтаксистік қызметі жоқ делінгенмен, негізгі сөздермен түйдек- ті тіркесте келгенде олардың синтаксистік қызметін өзі айқын- дайды. 5) Негізгі сөз бен шартты райлы бол етістігі. Бұл формалы сөйлем мүшелерін көмекші сөзді сөйлем мүшелерінен жеке алып,
429 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері өз алдына қарастыру орынды сияқты. Өйткені көмекші сөздерде дербестік жоқ болса, бұл бол көмекші етістігінде мағыналық жағынан нақтылық бар. Сондықтан да ондай көмекші етістік ар- қылы барлық сөйлем мүшелерінің жасалуы қазіргі кезде белсенді түрде қолданылады. Мысалы: Дəл қазір Аққұртқа кіммен болса да айқасқа түсуге дайындалды. Енді болса Аққұртқа Тасшайнардың кең ығына тығылып, бойы жылып, көңілі орнына түсе бастады (Ш.Айтматов). Осындағы курсивпен жазылған сөзге болса сөзі қосылып барып сөйлем мүшелері жасалып отыр. 6) Сол сияқты қысқарған сөздер мен жеке дыбыстардан да сөйлем мүшелерінің жасалуы қазіргі кезде баршылық. Олар да əрбір сөйлем мүшелерінің жасалуында жеке-жеке беріліп оты- рады. 7) Бір сөздің қайталануы арқылы құралған сөйлем мүше- лері. Сөйлем мүшелері тек дара жəне күрделі түрлерімен бірге бір сөздің қайталанып жұмсалуы арқылы да жасала береді. Мұн- дай формалы сөйлем мүшелері күрделі құрамда болғанымен, жасалуы жағынан əдеттегі күрделі сөйлем мүшелерінен ерекше. Тілімізде қайталаудың бірнеше жолы бар. Бастады, Нұреке, ба- стады! Нұрымжанның ауылы ғой, Нұрымжанның ауылы! Алай- да... алайда оны бір көре алмай, қалай ғана іштен тынбақпын. Біріншіден, – деді Жұман да барынша сабырлы сөйлеуге ты- рысып, – мен ол кісінің астымызға атын беріп, аузымызға асын тосқан жақсылығын ұмыта қойған жоқпын. Ұмытпаймын да. Ұмытпаған екенмін деп мен арадағы жеке бастың сыйластығын қоғамдық мүдделерімен айырбастай алмаймын (К. Сегізбаев). Міне, бұл бір автордан алынған жеке немесе текстегі сөй- лемдерде курсивпен жазылған сөздердің бəрі қайталанып беріл- ген. Бірақ бұл қайталанған сөздер делінгенімен, олардың əрқай- сысы бір-бірімен грамматикалық байланысы жоқ, бір-біріне қа- тыссыз əртүрлі сөйлем мүшелері. Бір ғана сөздің өзара граммати- калық байланысқа еніп, сөз тіркесі жағынан біріне-бірі бағы- ныңқы, басыңқы сыңарда жұмсалатын топтары да бар. Өзгені не қылайын, отаршылдың саясатын қолданбас-ау дейтін білім кеңесі екеш білім кеңесі де мені аямады (М. Дулатов). Таңатар мен Кебек өзінің оң қолы, атыс десе атысқа дайын, сарбаз (Н. Əбуталиев). Тіпті, өзі екеш өзі де осындай ілуде бір қалыптан тай-
430 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері ып ойына түспесе, есіне алып жарымайды емес пе? (Ə.Кекілбаев). Енді қыстың осы басталғаны басталған (А.Сейдімбеков). Осы сөйлемдегі білім кеңесі екеш білім кеңесі, өзі екеш өзі, атыс десе атысқа, басталғаны басталған деген қайталанған сөздер сол то- бымен сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметінде жұмсалады. ƏДЕБИЕТ 1. Жапаров А. Азыркы кыркыз тили. ІІ бөлім. Фрунзе, 1966. 2. Бəйтенов І. Сөйлем мүшелері туралы // Халық мұғалімі, 1939. 3. Басымов Х. Ауыл мұғалімі, 1938. 4. Жұбанов Қ. Жаңа грамматикалық жаңалықтар жайынан // Ауыл мұғалімі, 1937. 5. Аманжолов С. Сөйлем мүшелерін топтастыру мəселелері // Тіл мəселелері. 2 жинақ, 1936. 6. Басымов Х. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері // Халық мұғалімі, 1939. 7. Леви Брюль. Первобытное мышление. М ., 1930. 8. Потебня А.А. Из записок по русской грамматике. М., 1958. 9. Мещанинов И.И . Члены предложения и части речи. М .- Л ., 1945. 10. Марр Н.Я. Избранные работы, II. 11. Андреев Н.Д. Ранний индоевропейский праязык. Л.,1986. 12. Потебня А.А. Из записок по русской грамматике. М ., 1958. 13. Шахматов А.А . Синтаксис русского языка. 2 -ое издание. 1941. 14. Hermann Раut. Prinzipen der Spachgeschichte. 1921. 15. Мещанинов И.И . Члены предложения и части речи. М . - Л., 1945. 16. Аманжолов С. Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы. 1940. 17. Iespersen O. Hen Volk, 1964. 18. Гвоздев А.Н. Формирование у ребенка грамматического строя рус- ского языка. М ., 1949. 19. Артемов В.А. К вопросу об интонации русского языка. Учен. зап. I МГПИИЯ, Т.VI. Экспериментальная фонетика и психология речи. М., 1953. 20. Аяпова Т.Т . Развитие синтаксиса речи детей. Алма-Ата, 1988. 21. Проблемы фразеологии. Исследования и материалы. М . - Л ., 1964. 22. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Алматы, 1978. 23. Сəрсенбаев Р. Қазақ тілі фразеологиясы. Алматы, 1973. 24. Айтбаев У. Способы передачи фразеологизмов в переводах произ- ведений А.М .Горького на казахский язык. Алма-Ата, 1971. 25. Қожахметова Х. Фразеологизмдердің көркем əдебиетте қолданы- луы. 1972.
431 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері 26. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971. 27. Валюсинская-Донскова З.В. Глагольные фразеологизмы в качестве главного компонента словосочетания//Совещание языковедов юга России и Северного Кавказа по вопросу о связи в словосочетании. Тезисы докл. Ростов на-Дону, 1961. 28. Жуков В.П. Некоторые общие положения о соотношении фразеоло- гизма со словом//Вопросы фразеологии. III . Труды Самаркандского госуниверситета им. А .Навои. Самарканд, 1970. 29. Амосова А.Н . Основы английской фразеологии. Изд-во Ленинград- ского университета, 1968. 30. Жуков В.И. Соотношение фразеологической единицы и ее компо- нентов со словами свободного употребления в филологической на- уке. М., 1978. 31. Фразеологический словарь русского языка. Под.ред.А .И .Молотко- ва. М., 1978. 32. Бектұров Ш., Серғалиев М. Қазақ тілі. Алматы, 1979. 33. Қазақ тілінің грамматикасы. Алматы, 1967. 34. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. Алматы, 1974. 35. Сауранбаев Н. Қазақ тілі. Алматы, 1948. 36. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971. 37. Байтұрсынов А. Тіл – құрал. Сөйлем мүшесі жəне түрлері. III -бөлім. Тіл танытқыш кітап. Орынбор, 1924. 38. Грамматика современного русского литературного языка. М ., 1970. 39. Шаазизов Ш Ш. Подлежащее и его выражение в современном уз- бекском литературном языке.Ташкент, 1973. 40. Закиев М.З . Синтаксический строй татарского языка. Изд. Казан- ского университета, 1963. 41. Джапаров А. Главные члены предложения в современном киргиз- ском языке. Фрунзе, 1964. 42. Адмони В.Г. Введение в синтаксис современного немецкого языка, М., 1955. 43. Бабайцева В.В. Изучение членов предложения в школе (Пособие для учителя). М ., 1975. 44. Маслов Д.С. Введение в языкознание. М ., 1975. 45. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. Алматы, 1964.
432 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері II. СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІ, ОЛАРДЫҢ ЖАСАЛУЫ СӨЙЛЕМНІҢ ТҰРЛАУЛЫ МҮШЕЛЕРІ Тұрлаулы мүшелер деп сөйлем құрауға негіз болатын бас мүшелерді айтамыз. Қазақ тілі білімінде болсын, басқа да түркітану саласындағы еңбектерде болсын тұрлаулы мүшелерге, негізінен, бастауыш пен баяндауышты жатқызатыны белгілі. Алайда кейбір еңбектерге көз жүгіртсек, тұрлаулы мүшелерге тек бастауыш пен баяндауышты ғана емес, басқа да сөйлем мүшелерін жатқызушылық кездеседі. Орыс тіл білімінің өзінде баяндауышты арнайы сөйлем мүшесі дейді де, ал бастауышты толықтауыштың бір түрі дейді. Кейде тұрлаулы мүшелерге бастауыш пен баяндау- ышты жатқыза келіп, оның аясын кеңейтіп те жібереді. Сондықтан да кейде тұрлаулы мүшелердің құрамына толықтауыштың кейбір түрін, тіпті пысықтауыштың да кейбір түрін қосып жіберетіні кездеседі [1,60]. Міне, осы сияқты талас пікірлерді түркітану еңбектерінен де байқауға болады. В . Насилов «Роль сказуемого в уйгурском предложении» деген мақаласында тұрлаулы мүшелерге тек баяндауышты ғана қатысты деп біледі [2]. Автор сөйлемді тиянақтау жағынан келгенде тек баяндауыш қана басты тұлға деп ұғады да, оған ерекше мəн береді. Сол сияқты екінші бір көзқарас бойынша, тұрлаулы мүшелерге негізінде əрі бастауышты да, баян- дауышты да жатқызса, енді үшінші көзқарас бойынша тұрлаулы мүшелерге, яғни бастауыш пен баяндауышқа тура толықтауышты да қоса қарайды. Əрине, тұрлаулы мүшелер туралы əртүрлі пікірлер болғанымен, қазіргі кезде тұрлаулы мүшелерге баста- уыш пен баяндауышты жатқызу орынды деп білеміз. Бірақ осы тұрлаулы мүшелердің қайсысы қайсысына қатысты деген мəселе төңірегінде де орыс тілінде, сол сияқты түркітану еңбектерінде əртүрлі талас пікірлер кездесіп отырады. Орыс тілі білімінің өзінде бастауыш пен баяндауышты тұрлаулы мүшелерге жатқызып, осы екі сөйлем мүшелері өзара теңдік дəрежеде жұмсалады ма,
433 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері жоқ бірі екіншісіне қатысты ма? деген мəселенің төңірегінде де əртүрлі түсіндірушілік бар. А .А. Шахматов, А.И . Смирницкий, т.б. пікірлері бойынша, баяндауышты бастауышқа бағынышты сөй- лем мүшесі десе [3], керісінше, Б.А. Абрамов, А.А . Холодович, И.П. Раскопов бастауыш баяндауышқа бағынышты деп ұғады [4]. Ал үшінші бір көзқарас бойынша, бастауыш пен баяндауыш бір- біріне бағынышты емес, екеуі де сөйлемде тең дəрежедегі сөйлем мүшелері [5], И.И . Мещанинов, И.Ю. Шведов бастауыш пен баяндауышты тіпті бір-біріне қатысты емес деп түсіндіреді [6]. Қазақ тіл білімінде бастауыш пен баяндауыштың бір-біріне қатысы туралы мына жайттарды айтуға болады. С . Аманжолов бұрынғы кезде бастауыш пен баяндауыш тең дəрежедегі сөйлем мүшелері деген пікірін теріске шығара келіп, сөйлемнің негізгі қазығы бастауыш, ол екеуі тең дəрежеде емес деген пікірді ай- тады. Ол бастауыштың рөлін жоғары бағалайды да, баяндауыш бастауышқа тəуелді деп көрсетеді [7]. Ал М. Балақаев бастауыш пен баяндауыш арасына үзілді-кесілді шешім айтпай-ақ, олардың əрқайсысын синтаксистік қызметінің қай тұрғыдан қаралатынына қарай, бастауыштың ой иесі болу жағынан ерекшеленгенімен, сөйлемді тиянақтау жағынан келгенде баяндауыштың орны ерек- ше деген қағидаға келеді. Бұл жерде автор оларды бір-бірінен алшақ тұратын категория емес, байланысты екендігін, дегенмен баяндауыш бастауышқа бағынатынын ашық айтады [8]. Ж . Бола- тов, Р. Əміров баяндауыш бастауыштың грамматикалық көршісі, яғни бастауышқа бағынышты деген пікірге тоқталады [9]. Міне, жоғарыда көріп отырғанымыздай, тұрлаулы мүшелерге қай сөйлем мүшелерін жатқызу керек деген мəселе төңірегінде де, сол сияқты бастауыш пен баяндауыштың бір-біріне қатысы туралы да əртүрлі көзқарастар бар екенін байқадық. БАСТАУЫШ Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің бірі – бастауыш. Сөйлемде бастауыш екі түрлі жағдайда кездеседі. Біріншіден, сөйлемде ашық түрде бастауыш болып тұрады, екіншіден, сөйлемде ба- стауыш жасырын келуі де мүмкін. Бірақ ол жасырын келгенімен, бəрібір баяндауыш арқылы оны тауып алуға болады. Сонымен
434 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері бірге бастауыштың зерттелуі, оның ережесі, сұраулары, тұлғасы, жасалуы, құрамы, сөйлемдегі орны жəне мағынасына қарай бө- лінуі зерттеліп келеді. Бастауыш туралы қазақ тіл білімінде көптеген оқу құралдары, оқулықтар жəне ғылыми мақалалар жарық көрді [10]. Бастауыш туралы еңбектердің біразында негізгі мəселелерімен бірге олардағы кейбір жанама мəселелеріне де назар аударылған [11]. Бұл еңбектерде қазақ тіліндегі бастау- ышты басқа тілдермен салыстыру, орын тəртібі жəне стильдік қызметтері де сөз болады. Енді сол ғалымдарға сөз берсек. Х . Ба- сымов: «Бастауыш болатын сөз мағынасы жағынан сөйлемдегі ой іргесінің иесі болады», – десе [12,22], С. Аманжолов: «Сөйлемдегі айтылған ойдың иесі болып тұрған сөйлемнің мүшесін бастауыш дейміз», – дейді [13,9]. М . Балақаев пікірі «Сөйлемнің кім? не? туралы екенін білдіретін, айтылған ойға негіз болатын тұрлаулы мүшені бастауыш дейміз» деп келсе [14,18], Р. Əміров «Сөйлемде айтылған ойдың кім, не туралы екенін атап, баяндауыш арқылы айтылған қимылдың, сапаның кімге қатысты екенін білдіретін сөйлем мүшесін бастауыш дейміз» деген ережені айтады [15, 113]. С. Аманжолов, А. Əбілқаев, И. Ұйықбаев авторлығындағы мек- теп грамматикасында: «Сөйлемде атау септігінде тұрып, басқа мүшелерге бағынбайтын тұрлаулы мүшені бастауыш дейміз», – делінген. Қазақ тіл білімі мен түркітану əдебиеттеріндегі бастауыштың ережелері туралы мына жайттардың айтылғандығын көруге бо- лады. Біріншіден, бастауыштың ойдың иесі болуы. Екіншіден, ең алдымен, оның қандай сұрауларға жауап беретіндігі бірінші орын- ға, ал ойдың иесі болуы екінші орынға қойылуы. Үшіншіден, ойдың иесі деуден гөрі ойдың, баяндауыш арқылы айтылған қимылдың, сапаның кімге қатысы – басты нəрсе болуы. Төртіншід- ен, бастауыштың басқа мүшелерге бағынбайтындығы. Бесіншіден, бастауыштың тұлғалық ерекшеліктеріне, яғни атау септікте келетіндігі. Алтыншыдан, сөйлемдегі басқа сөздермен, баяндау- ышпен синтаксистік қатынастары. Бастауыш басқа сөйлем мүшелеріне қарағанда ойдың иесі ретінде қолданылатындығы айқын. Бұл жағынан бастауыш басқа сөйлем мүшелерінен айқын ерекшеленеді. Бірақ бастауыш жеке қолданылып өмір сүре алмаса керек, ол қалайда басқа мүшелері-
435 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері мен, оның ішінде баяндауышпен синтаксистік байланыста айтылғанда ғана мағыналары айқындала түседі. Бастауыш бо- латын сөздердің сөйлемдегі ойдың иесі болуы – негізгі шарт. Бастауыштың дəрежесі баяндауышпен тығыз байланыста ғана айқындала түседі. Мұның кейбір еңбектердегі ойдың иесі деу- ден гөрі сөйлемнің баяндауышы арқылы айтылған қимылдың, сапаның кімге қатысты екені осы пікірмен ұштасып жатса ке- рек. Сол сияқты бастауыш басқа мүшелерге бағынбайтын дейтін қағида да баса айтылады. Бұл қағида негізінде тұрлаулы мүшелер төңірегінде ғана сөз болса керек. Тұрлаулы мүшелер сөйлем құраудың негізі екені айқын да, ал тұрлаусыз мүшелер туралы олай айту келе бермейді. Тұрлаулы мүшелер біріне-бірі бағынышты, бағынышты емес деген үзілді-кесілді пікірлерде біз жоғарыда айтқанымыздай, сөйлем мүшелері тек бір-бірімен байланысқан кезде ғана ой айқындалатынын білеміз. Олай болса, бастауыш сөйлемде басты тұлға, бірақ оны бағынбайды деп айтуға келе бермесе керек. Сол сияқты бастауыштың тұлғалық ерекшелігі де, əсіресе, атау септікті сөздер бастауыштың тұлғасы дейтін мəсе- ленің де жігі – күрделі мəселе. Атау септіктегі сөздердің барлы- ғы тек бастауыш қана болады дейтін пікір қате. Біздіңше, атау тұлғалы сөздердің сөйлемдегі қолдану ерекшеліктеріне қараудан барып қана, яғни ондай тұлғалы сөздердің бүкіл сөйлемге не- месе өзі қатысты сөздермен қатысын айқындау барысында ғана бастауыштың қасиетін ажырата аламыз. Сонымен, бастауыш, оның ережесі туралы мынадай қорытындыға келу орынды сияқты. Бастауыш – сөйлемдегі ойдың иесі бола отырып, баяндауыш арқылы барлық қасиеті айқындалатын, белгілі тұлғада оны- мен тікелей байланыстағы жəне өзіндік сұраулары бар сөйлем мүшесі. Бастауыштың сұраулары Н. Сауранбаев, М. Томанов, Р. Əміров еңбектерінде баста- уыштың сұраулары берілмейді. М. Балақаев, X. Арғынов еңбек- терінде де бастауыштың сұрауларының толық берілмегенін көруге болады. X .Арғынов ондай сұраулар ретінде кім, не, кімі, несі сұрауларын алумен ғана шектеледі. Сонда, бастауыштардың,
436 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері біріншіден, көптік жалғауда келуі ескерілмейді, екіншіден, тəуелдік жалғаулы түрінде келетін сұраулардың тек үшінші жағы ғана алынып, ал бірінші, екінші жақтағы сұраулары еленбейді де. М.Балақаев кім? кімдер? не? нелер? түрінде ала келіп, тəуелдік жалғаудың тек үшінші жағындағы түрлерін алады. Бірақ автор 1971 жылғы еңбегінде бастауыштың сұраулары көптік, тəуелдік жалғауларда жұмсалуына қарай өзгеруі мүмкін деп ескертіп отыра- ды [16,86]. Бастауыштың сұрауларының біразы С. Аманжоловтың еңбегінде берілген. Автор 1939 жылғы мектеп грамматикасында мына сұрауларды берген: кім, не, кімі, несі, кімің, нең, нем, кімдер, нелер, нешеуі, қаншасы. Бұл сұрауларда кім, не, неше, нешеуі, қанша сұраулары негіз болады да, неше, қанша сұрауларының тек ІІІ жағы, ал кім, не сұрауларының да ІІІ жақта тəуелденіп келуі берілген. Бірақ олар бастауыш сұрауларының көптік жалғауда келіп те, ІІІ жақта тəуелденіп барып жұмсалатынын ескермейді [17,9]. С . Аманжолов бастауыштың сұрауларын соңғы ғылыми еңбегінде бермеген [18]. Түркітану əдебиеттерінде (А.Н . Кононов, Н.А . Баскаков, Е.И . Убрятова, сол сияқты қазіргі өзбек, қарақалпақ, ұйғыр тілдерінде) бастауыштың сұрауларын қарастырмайды. Жал- пы алғанда, бастауыштың сұраулары көбіне мектеп, педучилище- ге арналған оқулықтарда қаралады да, жоғары оқу орындарына арналған еңбектерде онша елене бермейді. Біздіңше, əрбір сөйлем мүшелерінің сұраулары барлық жерде берілуі орынды дейміз. Осы күнгі оқулықтарда беріліп жүрген сұрақтар түгел емес, көбіне кім?не? сұрақтары беріледі де, оның көпшесі бірде беріліп, бірде берілмейді. Ал тəуелдік жалғау тұлғалы сұрақтар екі түрлі бағытта беріледі. Көбінде тек III жақтың кімі? несі? деген сұрақтары не- месе олардың тек жекеше түрін берумен ғана шектеледі. Кім? не? сұрақтарынан басқа қанша, нешеу сұрауларының тəуелді тұлғалы түрі ғана беріледі. Негізінде бастауышты жақсы тануда оның тұлғасымен бірге сұрақтары да түгел қамтылу керек. Осы жағынан келгенде біз бастауыштың сұрауларына мыналарды жатқызамыз: Кім? Не? Кімім? Нем? Кімің? Нең? Кімі? Несі? Кімдер? Нелер? Кімдерім? Нелерім? Кімдерің? Нелерің? Кімдеріңіз? Нелеріңіз? Кімдері? Нелері? Қайсысы? Қаншасы? Нешеуі? Нешесі? Бастауыштық тұлға. Əрбір сөйлем мүшесіне тəн өзіндік тұлғасы болатыны белгілі. Сол сияқты бастауыштың да өз жасалу
437 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері жолы бар. Бастауыштың тұлғасы жайлы қазақ тілі мен түркітану əдебиеттерін шолу жасау барысында əртүрлі өзгешеліктерді көруге болады. Қазақ тіл білімінде бастауыштық тұлға бірнеше бағытта айтылады. Біріншіден, Р. Əміров жалпы бастауыш туралы жан-жақты айта келіп, оның тұлғалық жағына тоқталмайды [19]. М. Томанов бастауыштың тек атау тұлғада қолданылуын ғана айт- са [20], С. Аманжолов, X. Арғынов [21] көптік жалғаулы тұлғаны ескермейді. Бірақ С. Аманжоловтың «Біздің Отанымыздың ба- лалары бақытты» деген сөйлемдегі балалары зат есімді баста- уыш деуіне қарағанда автор оны, арнайы айтпағанымен, негізінен бұл жайтқа назар аударғанын көруге болады. Н . Сауранбаев, М. Балақаев, Ғ. Əбухановтар бастауыштық тұлға ретінде нөлдік, көптік жалғаулы сөздерді атаса, М. Балақаев «Бастауыштар кей- де» формаланбаған ілік септігінде де айтылады, ондай ілік сеп- тікті бастауыштар сөйлемнің баяндауышы не тəуелдік жалғауда- ғы сөз болып, не тəуелдік жалғаулы сөз күрделі баяндауыштың құрамында болып келеді» деп көрсетеді [22]. А. Жапаров: «Менің оқығым келіп тұрады, саған қорқуға болмайды» деген сөйлем- дердегі менің, саған сөздерінде логикалық жағынан бастауыштың мəні бар екенін, бірақ ол сөздердің грамматикалық жағынан бастауыш бола алмайтындығын дұрыс көрсетеді. Автордың мына мəселеге де назар аударуы орынды. Бірінші сөйлемдегі оқығым тəуелдік жалғаулы сөз – грамматикалық жағынан бастауыштық тұлғадағы сөз. Бірақ ол сөзді бастауыш деп ұғатын болсақ, келіп тұрады тіркесінде тиянақтау жағы жетіспейтіндігін, сонда тек менің сөзі қосылғанда ғана тиянақты баяндауыш бола алатын- дығын дұрыс айқындайды [23]. . Осыған байланысты ілік, ба- рыс жалғаулы сөздер бастауыш туралы мағлұматты ғана бере алады дейді. Қазіргі өзбек əдеби тілі синтаксисінің авторлары бастауыштың тұлғалы екенін (нөлдік, көптік, тəуелдік) айтып, бір бастауыштық тұлғада, тіпті, екі жалғаудың қабат келуін де өз тілі материалдары арқылы дəлелдейді. Кейде «Магазинге ажойиб узумлардан келди» деген сөйлемдегі узумлардан шығыс жалғаулы сөздер де бастауыштық қызметте жұмсалады дейді [24]. Осы іспетті ойды Г.Д . Санжеев моңғол тілінде де шығыс жалғаулы сөздер бастауыштық қызметте жұмсалады деп көрсетеді [25]. Бірақ осы екі тілді зерттеуші ғалымдар мұндай жалғаулы сөз-
438 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері дердің бастауыш болуын тек логикалық жағынан ғана болып тұратындығын айтпайды. Е.И. Убрятова якут тілінде негізінен бастауыш атау тұлғада болу керек екенін айта келіп, бірақ атау тұлғадағы сөздер тек бас- тауыш қана емес, анықтауыш, баяндауыш сөйлем мүшелері де бола береді деп жəне якут тілінде бастауыш болатын сөздерді тек мағынасына қарай ажыратуды ұсынады [26,92]. Осы берілген материалдарға қарағанда, қазақ тілі мен жалпы түркологияда бастауыштық тұлғаның берілуінде əртүрлі көзқарастар бар. Қазақ тіл білімінде негізінде бастауыштық тұлғалар (көптік, тəуелдік, атау тұлғада) əртүрлі авторда əртүрлі айтылғаны бол- маса, жалпы бастауыштың тұлғасы бір бағытта қарастырылады. Бірақ тек М. Балақаев қана формаланбаған ілік септігі де бас- тауыштық тұлға деген ғана ерекшелікті айтты. Ал түркітану еңбектерінде А.Н . Баскаков жалпы бастауыштық тұлғаны еле- месе [27,40], А.Н . Кононов ұйғыр, қарақалпақ тілдерінің син- таксистерінде бастауыштық тұлғаның тек атау септігінде келуін ғана негізге алады [28]. Якут тілінде бастауышты ажы- ратуда тек мағыналық жағына назар аударса, моңғол, өзбек тілдерінде шығыс, т.б . септіктерін алуы ол тілдердің ерекше- ліктері дейміз. Кей тілдерде, сол сияқты қазақ тіл білімінде, бастауыштық тұлға ретінде ілік, барыс, шығыс септіктерін де алу, негізінен, бастауыштың логикалық жағына назар аударудан туған пікір деп білеміз. 2. Логикалық бастауыш туралы Тілде ойдың иесі туралы айтқанда екі жағдайға баса назар аударылады. Осы күні де, əсіресе ертерек зерттеулерде, соның ішінде роман-герман тілдерінде, орыс тілінде сөйлемнің бас- тауышы деп синтаксистік (грамматикалық), логикалық баста- уыштар айтылып жүр. Бұл екеуі тілімізде теңбе-тең қолданылып келеді. Бірақ қолданылу орны, мазмұны, тұлғасы жағынан екеуі бір емес. Сөйлемде грамматикалық жəне логикалық бастауыш қолданылады. Бірақ осы екі бастауыш бір сөйлемде, біріншіден, кездеспейді, екіншіден, олар кездесетін сөйлемдердің арасында айырмашылық бар. Негізінде жақты, жақсыз сөйлемдерде бастау-
439 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері ыштар ашық та, жасырын да бола береді. Егер сөйлемдерде баста- уыштар жасырын тұрғанымен, баяндауышы арқылы таба алсақ, бəрібір сөйлемнің бастауышы бар деп білетін боламыз. Ал сөйлем жақсыз болған жағдайда онда сөйлемнің ішінде субъектінің қызметін дəл атқарғанымен, сол дəрежеде ойға қатысты сөздер де болатыны айқын. Енді ондай сөйлемдерде бастауыш жоқ, бірақ басқа септіктегі сөздер сол сөйлемде ойға қатысты айтылуы тиіс болады. Бірақ ол сөздер əдеттегі грамматикалық бастауыштарға қарағанда субъектілік қызметі бəсең, мұндай сөйлемдер үнемі кездеседі. Мазмұны жағынан келгенде грамматикалық бастау- ыштар өзінің баяндауышымен жақ, сан жағынан қатысатын бол- са, логикалық бастауыштарда ондай қасиет бола алмайды. Біздің жасөспірімдердің жазғы сынаққа ойдағыдай əзірлікпен кірісулері керек («Лениншіл жас»). Бұл сөйлемнің баяндауышы кірісулері керек күрделі сөздер, демек осы сөйлемдердің грамматикалық бастауыштарын іздеп тауып алуға болмайды. Сонда ол баян- дауыштарды маған, саған, оған кірісулері керек сияқты 3 жақта бірдей айыруға болады. Бұл енді осындай бастауышы жоқ сөйлемдердің де ішінде бүкіл сөйлемдегі ойға ие болатындай сөздер болуы тиіс. Ондай сөздер грамматикалық жағынан баста- уыш бола алмайды да, тек логикалық, яғни ойлау тұрғысынан ғана бастауыш қызметін атқарады. Жоғарыдағы сөйлемдегі не- гізгі логикалық бастауыш шығыс жалғаулы əзірлік сөзі. Бұл сөйлемдегі негізгі əңгіме болатын ой осы сөз төңірегінде болады да, ол сөз сөйлемнің бастауышы ретінде қалыптасқан. Тұлғасы жағынан қазақ тіл білімінде де, түркітануда да əртүрлі айтыла- ды. А . Жақыпов қырғыз тілінде логикалық бастауыш ретінде ілік, барыс, шығыс септікті сөздерді жатқызса, С. Аманжолов барыс, ілік жалғаулы сөздерді жатқызады. Ал М. Балақаев көбіне ілік жалғаулы сөздерді қатысты деп біледі. Грамматикалық баста- уыштардың ашық та, жасырын да түрін айқындау онша қиынға түспегенімен, сөйлемдегі логикалық бастауышты табудың жо- лын жақсыз сөйлем жүйесінен іздеу, сол арқылы бағдарлау орын- ды демекпіз. Сонымен, сөйлемдерімізде грамматикалық та, логикалық та бастауыштар тиісті орын ала келіп, тілдің белгілі бір элементі ретінде қажетті бөліктері болып табылады.
440 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері 3. Бастауыштың жасалу жолдары Бастауыш, оның жасалу жолы туралы мектептер мен жоғары оқу орындарына арналған оқулықтардың барлығында да айтыла- ды. Бірақ ол еңбектерде бастауыштардың жасалу жолдары нақты қаралды дей алмаймыз. Өйткені бұл мəселе көбіне сөз таптары тұрғысынан сөз етіледі де, олардың басқа-басқа топтары туралы онша сөз бола бермейді. Біз бастауыштың жасалу жолын бірнеше топқа бөліп қарастырамыз. Олар мыналар: 1. Негізгі сөз тапта- ры арқылы; 2. Негізгі сөз бен көмекші сөздердің тіркесі арқылы; 3. Тұрақты тіркестер арқылы; 4. Сөйлемнің сөйлем мүшесі бо- луы арқылы; 5. Жеке дыбыстардың қатысы арқылы; 6. Сөз тіркесі арқылы. Əрине, бастауыштың осы көрсетілген жасалу жолдарының бə- рінің дəрежесі бірдей емес. Сондықтан да осы күнгі еңбектерде бастауыштың жасалу жолында сөз таптары басты орынға қойылады да, одан басқа жасалу жолдары кейбір зерттеушілерде бір-екі сөз келтірумен шектеледі. Шынында, бастауыштың жа- салу жолында осы топтардың ішінде басты орынды сөз таптары алатыны айқын. Дербес мағынасы бар сөз таптары – бастауыштың жасалуының ең негізгі шарты. Дегенмен басқа топтың да сөйлемде қолданылу жағынан белгілі дəрежеде қызметі ерекше. Бастауыштың жасалуындағы осы топтың бəрінде де негізгі бір принцип – олардың барлығы да бастауыш қызметінде жұмсалған кезде, сол дербес мағынасы бар сөз таптарының бастауыштың мағынасын беруі. Осыдан барып бастауыштың тұлғасы, негізінен, нөлдік, көптік жəне тəуелдік жалғаулары деп білеміз. Бұл үш тұлға – бастауыштың жасалуындағы басты тірек. Осы үш тұлға арқылы дербес мағынасы бар сөз таптары мен көмекші сөздер, сөз тіркестері, сөйлем, тіпті тұрақты тіркестер де жұмсала алады. Бірақ бастауыштың жасалуындағы мұндай тұлғалар сөз таптарының өзінде бірінде аз, бірінде бірнешеу болып келеді. Нөлдік, тəуелдік тұлғалы бастауыш қызметінде көбіне есімдер, соның ішінде зат есім, есімдіктер мол қолданылса, басқа сөз таптары тіпті талғап ба- рып қана жұмсалады. Үстеулер негізінде морфологиялық жағынан өзгермейтін сөз табы десек, қазіргі кезде септеліп те, көптеліп те келгенімен, бəрібір өзінің пысықтауыштық қызметінде ғана бо-
441 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері лып, олардың тек тəуелдену тұлғасы ғана бастауыш қызметінде жұмсалатындығын көруге болады. Негізгі сөз бен көмекші сөздердің түйдектелуі арқылы жасалған бастауыштарда көмекші сөздерінің тұлғасы ғана бастауыштық тұлғаны айқындауда басты фактор болады. Сонымен, бастауыштың жасалу жолындағы осы топтарды же- ке-жеке беріп, əрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін сөз етеміз. Бірақ бастауыш болатын сөздер тек нөлдік, көптік жəне тəуелдік тұлғада ғана келіп қоймайды. Бастауыш боп негізгі сөздермен қатар шылаулар (септеулік) жəне са тұлғалы бол етістігі де жұм- салады. Мысалы: Ағайын-ауқым, шеше-туысқан болса бұл ниетті білмейді (М.Əуезов). Бұл жұмыстың сырын Балғабектің бала- шағасына дейін біледі («Жұлдыз»). Бұл сөйлемдердегі асты сы- зылған бастауыштар біріншісі атау тұлғалы сөздерге болса етістігінің, ал екінші сөйлемде барыс жалғаулы сөзге дейін шы- лауының қатысы арқылы логикалық бастауыштар жасалған. Қазіргі бұл екі тəсіл де тілімізде мол орын алуда. Осындай тұл- ғалы сөздерді бастауыштық тұлға деу мəселесі де қазіргі кезде қиындық келтіріп жүрген мəселе. Қорыта келгенде, бастауыш болатын сөздер – арнайы да жəне қосымша тұлғалық ерекшеліктерге бай. Оған қоса логикалық бастауыштар деп аталатын бастауыштар да – өзінше бір мəселе. Бастауыштарды құрамына қарай дара жəне күрделі деп бөлу орынды. Бірақ оның күрделі топтарының жасалуына келгенде бірізділік жоқ. Сондықтан біз əрбір сөз табының дара жəне күр- делі түрлерінің бастауыш жасаудағы құрылымын негізге алдық. Енді солардың əрқайсысына жеке-жеке тоқталайық. 4. Сөз таптарының бастауыш қызметінде жұмсалуы Сөз таптары бастауыштың жасалуында негізгі орынға ие. Бірақ сөз таптарының барлығының бастауыш болу дəрежесі бірдей емес. Бастауыш қызметінде жұмсалуға есімдер, оның ішінде де зат есім мен есімдік, онан кейінгі орында затталып келетін сын есім, сан есім, есімшелер қолданылады. Ал басқа сөз таптары да ретіне қарай бастауыш қызметінде жұмсала береді. Зат есімнің бастауыш қызметінде жұмсалуы. Зат есімдер – бастауыш қызметінде ең көп қолданылатын сөз табы. Оның өзі
442 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері оның мағынасымен де тығыз байланысты. Бастауыш сөйлемдегі ойдың негізі болады дейтін болсақ, сол негізгі ой көбіне заттар арқылы көрінсе керек. Сол зат есімдер бастауыш қызметінде жақ жағынан көбіне үшінші жақта айтылып барып жұмсалатыны айқын. Зат есімдер бастауыш қызметінде дара, күрделі түрде жұмсалады. Зат есімді дара бастауыштар – нөлдік тұлғадағы бас- тауыштар. Зат есімдер сондай-ақ жалқы есім, жалпы есім, деректі, дерексіз болып бөлінетіні белгілі. Сол зат есімнің барлық түрі де бастауыш қызметінде жұмсалады. Мысалы: Раушан қалтырап тұр, өкпесі аузына тығылып, сөйлеуге ерік бермейтін секілді (Б. Майлин). Бізге Жігітек емес, қонақ етіп қуанысқан, Бөкенші, Көтібақ, Көкше де аз болған жоқ (М. Əуезов). Бұл сөйлемдердегі Раушан, Бөкенші, Көтібақ, Көкше жалқы есімдері бастауыш қызметінде III жақта, сол сияқты жалпы есімдер де сондай қыз- метте жұмсала береді. Ал абстракті зат есімдер бұл топтарға қарағанда сиректеу. Қалай болғанда да зат есімнің бұл топтағылары жалқы есімде болмағанымен, бастауыш қызметінде жұмсалуға тиіс сөздер. Мы- салы: Шырылдап ұшқан бозторғай үй үстіндегі аспанға ілініп, қадалып тұр (М. Əуезов). Əрі-беріден соң сөзді түйдек-түйдегімен тастады би (Ғ. Мүсірепов). Зат есімдер бастауыш қызметінде қосарлы, біріккен түрлерінде де жұмсала береді. Мысалы: Істесең өзің істей бер. Қатын-балаңыз ашығып қалады (Ə. Сəрсенбаев). Ревком іске кірісті (С. Мұқанов). Олардың қару-жарағы, ат- көлігі мол болды (С. Мəуленов). Аманкелді құрған совдеп туын құлатпайды, жауға беріспейді (С. Мұқанов). Зат есімдер түбір күйінде де, кейде жұрнақтарды жалғап ба- рып та жұмсалады. Мысалы: Батырлық майданда сыналады, Ақылдылық ашу үстінде сыналады (Мақал). Əншілік те қазақ халқының ежелден бергі өнері (I. Омаров). Көптік жалғауы арқылы зат есімдер жиі ұшырайды. Көптік жалғауы негізінде жалқы, жал- пы есімдерге жəне нақтылы зат есімдерге мол жалғанады. Ондай кезде абстракті зат есімдер, санауға келмейтін дейтін зат есімдер ғана бұл тұлғада келе бермейді. Жауынгерлер ақ қар, көк мұз аяз- ды күндер мен түндерді елемей жүріп келеді (С. Бақбергенов). Штабтар маңына алғашқы снарядтар түсе бастады (Ғ. Мүсірепов). Сəнім де, əнім де, ендігі тірлік-тірегім де – бəрім сол адамның өзі
443 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері болды (М. Əуезов). Бірінші сентябрьден жалақыларың кемиді (Ғ. Мүсірепов). Жақсының ісі менен аты, тарихта жазып кеткен хаты өшпейді (Мақал). Зат есімді күрделі бастауыштар. Күрделі бастауыштар кемінде екі немесе одан да көп сөздерден құралады. Күрделі бастауыштардың жасалуында мағынасы бар бірнеше сөз, негізгі сөз бен көмекші сөздер, тұрақты тіркестер мен сөйлемдер де қолданылады. Осы ерекшеліктеріне сəйкес күрделі бастауыш- тарды түйдекті тіркесті, сөз тіркесті, тұрақты тіркесті, сөйлемді деп бөліп, əрқайсысын жеке-жеке көрсетуді жөн көрдік. Күрделі бастауыштың дара бастауыштарға қарағанда сөз санынан да, мағыналық жағынан да өзіндік айырмашылығы бар. Күрделі бас- тауышта күрделену процесі əртүрлі. Бірақ күрделену процесінде негізгі сөздер зат есім де немесе негізгі сыңары зат есім болып, оған күрделі анықтауыштық топтағы сөздер де мағыналық жа- ғынан бірлікте жұмсалады. Əсіресе күрделі бастауыштың жаса- луында негізгі мағыналы сөздер мен оны күрделендіруші топ- тардың мағыналық бірлігін айқындау мəселелері бізге қиынға түсетіні белгілі. Күрделі бастауыштың жасалуында күрделі есімдер мен күр- делі атаулардың жұмсалуының қиындық келтірмейтіні айқын. Мысалы: Мүбарак Тегісбаев XXVII съездің делегаты болып сайланды («Соц. Қазақстан»). Осындағы бастауыштың күрделену процесі тек жалқы есімдік қасиетке ие болудың негізі. Кейде: Шешелері Ұлберген жасы қырық бес шамасындағы кісі (С. Мұ - қанов). Йемен Халық Демократиялық Республикасының астана- сы Аден деген қала осы екен ғой (А. Шамкенов) деген сөйлемдер- дегі Шешелері Ұлберген, Аден деген қала бастауыштарының жа- салуында мағыналық бірлік басты фактор болып табылады. Сөз табы жағынан алғанда бірінші сөйлемдегі күрделі бастауыштар əртүрлі тұлғадан келіп құралса, екінші сөйлемдегі бастауышта зат есімдермен бірге оларды байланыстырушы көмекші етістік те бар. Былай қарағанда Аден деген қала сөзін анықтауыш деп те айтуға болады, бірақ тек қала деген зат есім бастауыштық қасиетке бір өзі ие бола алмай, айқындауыштың жаңа формасын қалыптас- тыра бастады. Бізде екі сыңары да мағыналы ата-ана, жақсы- жаман сияқты қос сөздер іспетті, Жамаш – əжей, Дариға – сұм
444 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері сияқты формалар да тілге енуде. Олар осы құрамда келіп те сөйлемде бастауыш қызметінде жұмсалады. Мысалы: Жамаш – əжей сиырын қорадан жетектеп шықты да, бақташының алдына салып берді (М. Мақатаев). Ал Дариға – сұм сыңғырлап күліпті де, əрі қарай жүре беріпті (М. Мақатаев). Күрделі бастауыштардың жасалуында күрделі есімдердің бірінші сыңарының ашық не жасырын келіп мағыналық бірлікте жұмсалуы жиі кездеседі. Бастауыштардың бұл жасалу жолы барлық оқулықтарда арнайы сөз болды. Мұндай тұлғалы бастау- ыштар жалқы есімдерде жəне жай тіркестерде мол кездеседі: Кітап процесі – жанды процесс (С. Шаймерденов). Сол дөңнің басында бір белорусс қызы тұр (С. Сейітов). Аталған жерлерге қонақ үйлер де, ас үйлер де тігілген екен (М. Əуезов). Сын есім, сан есім, кейбір есім мен есімше зат есімдерге анықтауыштық қатынаста жұмсалуға тиісті сөздер. Дегенмен сөйлем ішінде ол сөздер үнемі анықтауыш қызметінде ғана жұм- салып қоймай, кейде өзі анықтайтын сөзімен мағыналық тұтастықта жұмсала береді. Онда екі нəрсеге назар аударуымыз тиіс. Біріншіден, кейде нағыз бастауыш болатын зат есімдер өздері жеке тұрып, сол сөйлемнің толық иесі бола алмайды, екіншіден, сын есім, сан есім, есімдік, есімшелер өзі қатысты сөздердің нақты анықтауышы бола алмайды. Міне, екі жақты қатыста ғана əрі зат есіммен, əрі басқа сөз таптарымен енді бірлікте болып, жалпы сөйлемде ойдың иесі дəрежесіне ие болу бағыты толық айқындалады. Табиғи бірлік болмағанымен, сол сөйлемнің өн бойына қатысты бірлік пайда болу арқылы бір күрделі бастауыш дəрежесіне ауысады. Бірақ мағыналық жағынан келгенде негізгі мағына зат есімдерде болады. Мысалы: Сол сөз, менің сөзім (М. Əуезов). Тап осындай мидай даламен келе жатқанда, барар жерімізде адам тұратын елді мекен бар шығар-ay (Ғ. Мүсірепов). Осы сөйлемдердегі сөз, мекен зат есімдері сол қалпында нақты бастауыш бола алмайды, олар бастауыш делінгенімен, мағыналық тиянақтылық онша айқын емес. Сондықтан да сын есім, есімдік жəне есімшелер зат есімдермен мағыналық бірлікте тұрғанда ғана бастауыш қызметінде жұмсалады. Яғни бірінші сөйлемде баста- уыш – сол сөз де, екінші сөйлемдегі бастауыш – елді мекен. Сөз жəне мекен зат есімдеріне сол, елді есімдігі мен сын есім бірлікте келіп тұр.
445 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері Сын есім мен зат есімнің тіркесі арқылы: Жаңа күн өзінің жаңа тілегін жас көңілмен айтады (М. Əуезов). Жақсы жол – елге жора (М. Əуезов). Сан есім мен зат есімнің тіркесі арқылы: Балғабайдың Асқар көрген бір ерлігі осы (С. Мұқанов). Он екі қанат үйдің əр керегесін төрт жігіт қолдасып, əрең жайды ( Ғ. Мү - сірепов). Есімдік пен зат есімнің тіркесі арқылы: Риганы бұрын- ғысынан да сəулетті, көрікті қалаға айналдыруға бүкіл еліміз атсалысуда («Жұлдыз»). Осы ауыл саған ұнай ма? – деді Тұрар- бек тосыннан. Қай жағынан? Бұл тапқаны – Абдулақан мұғалім (Б. Майлин). Есімше мен зат есімнің тіркесі арқылы: Əйтеуір жазған нəрсең өзімнен кетті, енді оқырман қолына барып жетті деп тоқмейілсу қаламгерге қол емес (С. Шаймерденов). Күрделі бастауыштардың жасалуында бір сөздің қайталанып жұмсалуы да үлкен рөл атқарады. Сөздің қайталанып қолданылуына себеп, дəнекер болатын қосымшаның бірі – екеш. Мұндай кезде кө- біне жалпы есімдер көп қолданылады. Зат есімдердің бірінші сыңары көбіне нөлдік тұлғада жұмсалса, екінші сыңары көбіне нөлдік те, кейде тəуелдік жалғауларында да келе береді: Жан ра- хатын құс екеш құс та біледі, – деп Жарас Аманқұлға рюмка- сын тосты (Ш. Мұртазаев). Тырысқан маңдайының əжім екеш əжімі де білем-білем (Ə. Кекілбаев). Бізге өсек екеш өсек те өзек талдырып əзер жетеді (Ө. Қанахин). Сын есімнің бастауыш қызметінде жұмсалуы. Сын есім- дер – табиғатында анықтауыш қызметінде жұмсалатын сөз тапта- ры. Олар заттың түрлі сындық, сапалық белгісін, көлемін, аумағын білдіретін сөздер. Сондықтан да олар – тек зат бар жерде пайда болып, оның қасиетін сапалық жағынан айқындаушы сөздер. Сын есімдер осы қасиетіне сай зат есімдердің алдында келіп, яғни оны- мен қабат тұруы арқылы бастауыш қызметінде жұмсалады. Сын есімдер затқа қатыстылығы арқылы сол зат есімнің анықтауышы ретінде жұмсалып, келе-келе олар сөйлемде тек анықтауыштың қызметімен бірге басқа да сөйлем мүшелері, соның бірі баста- уыш қызметінде де жұмсала алатын дəрежеге ие болып отыр. Мұның өзі – бір күнде пайда болған құбылыс емес. Тіпті, зерт- тей келгенімізде осы тұлғаның Орхон-Енисей ескерткіштерінде де кездесетіндігі айқын болды. Сонда затқа қатысты сын есімдер енді олардан ажырап, өз алдына жеке сөйлем мүшесі болуда нен-
446 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері дей өзгерістердің негізінде қалыптасуы мүмкін деген сұрақ та туады. Сын есімдер бастауыш қызметінде дара жəне күрделі түрінде жұмсалады. Сын есімді дара бастауыштар. Ондай кезде сын есімдер кө- біне нөлдік тұлғада заттану процесінде көп кездессе, ішінара қосарлану арқылы да кездесіп отырады: Жақсы ісімен жақсы. Жаңа ескіге өлшеуіш (Мақал). Бас бəйгеге ірі қара тігіледі (Ə. Қоңыратбаев). Осы сөйлемдердегі асты сызылған сөздер дара түріндегі бастауыштар болса, кейде қатыстық сын есімдер де заттық мағынаға ие болып, бастауыш бола береді: «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» дейді қазақ (Ə. Қоңыратбаев). Ар- балы ауылға төніп келіп, біздің үйге бұрылды (Б. Майлин). Көптік жалғаулы сын есімдер. Көптік жалғаулы сын есім- дердің сапалық та, катыстық та түрлеріне жалғанып барып, он- дай бастауышты сөздердің көптік қасиетін көрсетеді. Мысалы: Үлкендер қатты қорқытқан болу керек, өйткені үйдегілер дауыста- рын шығара алмай, жаншылып, егіліп жылайды. Үйдегілер тегіс есік жаққа қарап, елең ете қалысты (Б. Тілегенов). Əсіресе, ажымы мол үлкендер пішіні бір қызық хикая тəрізді (М. Əуезов). Қазақ даласын көмірдей басып ақтар өтті. Оның артынан қызылдар келді (Ж. Аймауытов). Əлсіздер бұраңдан, сабырсыздар шатынай бастаған (Ғ. Мұстафин). Тəуелдік жалғаулы сын есімдер. Сын есімдер зат есімдер- дей дəрежеде болмағанымен, олардың заттану процесінің бір түрі – тəуелдену процесі. Мысалы: Мықтысы əлсізін талап, қыр- қысып жатқан мына қиянаты мен күнəсі мол дүниеде күнəһар болмай, тал бойын таза аялап жүрген жалғыз кісі бір өзі сияқты («Жұлдыз»). Үлкендері жастарын наздана қарпып жібереді (X. Есенжанов). Игі істің ертеңгісі жақсы (Мақал). Сын есімді күрделі бастауыштар. Сын есімді күрделі бас- тауыштар күрделі сын есімдердің заттануынан жасалады. Мұндай кезде күрделі сын есімдер əдеттегі дара сын есімдерше заттық мағынаға ие болады. Күрделі сын есімді бастауыштарға келгенде екі нəрсеге баса назар аудару қажет. Бірінші – сын есімдерді күрделендіретін жайттар, екінші – күрделі сын есімді бастауыштардың тұлғасы. Сын есімді күрделі бастауыштардың күрделенуіне тек күрделі сын есімдер ғана қатыспайды, соны-
447 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері мен бірге басқа да сөз таптары да қатыса алады. Жалпы, сын есімдер – өздері анықтауыштық қатынаста жұмсалатын сөз табы. Сондықтан да олар заттану процесінде сол заттың қасиетіне лайық сын есімдермен мағыналық бірлікте бір-ақ сөйлем мүшесі, яғни күрделі бастауыш ретінде жұмсалады. Шалдыққаны білінер ме екен деген күдік күшейген кезде, күрең төбел, тіпті, егесе түскендей (М. Əуезов). Есіктен салқын ауамен бірге үстіне қалың тон киген жуан қара кіріп келеді (Т. Ахтанов). Қатыстық сын есім мен заттанған сын есім арқылы: Қасқыр ішікті, түлкі тымақты жуандар үй-үйге кіре бастады (С. Кө- беев). Алдыңғы жақсы артқы жасқа тəлім айтпаса, ел болғаның қайсы? (М. Əуезов). Кейде заттанған сын есімдер дербес мағыналы болғанымен, бəрібір сөйлемде иелік мағынаға толық жете алмай, міндетті түрде тағы да толықтырушы сөздерді керек етіп тұрады. Он- дай кездегі толықтырушы сөз таптары əртүрлі. Зат есімдер мен заттанған сын есім арқылы: Бұл жиында Ызғұтты, Жақып, Майбасар сияқты үлкендер жəне баладан Құдайберді, Абай бар (М. Əуезов). Ілік жалғаулы зат есім мен заттанған сын есім арқылы: Көздерінің аласы қызарып, кезерген ерні кебек жалағандай ақ шаңдақтанып кетіпті (Р. Райымқұлов). Ауылдың үлкендері көрсе жібермейді (М. Əуезов). Сан есім мен заттанған сын есім арқылы: Екі жақсы қосылса, бірін-бірі қиыспайды. Екі жаман қосылса, кең дүниеге сыйыспайды (Мақал). Жадау бір торы мұның үйінің алдында да намаз оқығандай мүлгіп тұр (Ғ. Мүсірепов). Есімдік пен заттанған сын есім арқылы: Осыдан соң барлық үлкендер қауырт көтеріліп, шығып кетті (М. Əуезов). Бұл кəрілер сұрау салмайды (М. Əуезов). Етістік пен заттанған сын есім арқылы: Соқтыққыш жуандар көкірек керсін. Қайтпас қария жалғыз ауыз өлеңмен жайратты да салды (М. Əуезов). Сан есімнің бастауыш қызметінде жұмсалуы. Сан есімдер де сын есімдер тəрізді затқа қатысты, яғни онымен тіркесте көбіне анықтауыштық қатынаста жұмсалатын сөз табы. Егер сын есімдер бүтіндей затқа қатысты ғана жұмсалуға тиіс болса, ал сан есімдердің қызметі əртүрлі. Сан есімдердің ішінде бастауыш қызметінде жұмсалуға ыңғайы барлары есептік, реттік сан есім- дері, кейде жинақтық, болжалдық сан есімдері туралы да осы-
448 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері ны айтуға болады. Мұның өзі сан есімдердің морфологиялық өзгерісіне байланысты. Морфологиялық өзгеріске көбірек ұшы- райтындары есептік, реттік сан есімдері. Сан есімнің жоғарыда көрсетілген түрлері көбіне тəуелдену арқылы ғана бастауыш қызметінде жұмсала алады. Міне, бұған қарағанда сан есім түрлерінің бастауыш қызметінде жұмсалуының бəрі бірдей қолданыла бермейтінін көреміз. Сан есімдердің ішінде есептік, реттік сан есімдері атау септігінде көптеліп, тəуелденіп келіп те бастауыш қызметінде жұмсала береді. Ондай кезде олар дара жəне күрделі түрінде немесе заттанған сан есімдер енді өздері де түрлі анықтауыш сөздерді жетегіне алып, сол тобымен күрделі баста- уыш қызметінде жұмсалады. Сан есімді дара бастауыштар. Дара бастауыш қызметіндегі сан есімдер нөлдік, көптік жəне тəуелдік жалғауында тұрады. Атау септікті сан есімдер. Ондай кезде көбіне есептік жəне жинақтық сан есімдер көп кездеседі: Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. Аларманға алтау аз, берерменге бесеу көп (Мəтел). Тəуелдік жалғаулы сан есімдер: Төрт баладан біреуі-ақ қалды деп жазарсыз, – деді Неволя Əлішерге (Ғ. Мүсірепов). Үшеуі келгелі айдан асты (Ғ. Мұстафин). Оқып жүргенде екеуміз сыр- ласушы едік (Б. Момышұлы). Екеуіңіз бір жерден шықтыңыз (X. Есенжанов). Ондай кезде реттік сан есімдер де тəуелденіп мол жұмсалады: Екіншісі өзінің қолындағы кіші ұлының келіншегінің төркінінікі (С. Сейфуллин). Тəуелденіп жұмсалатын сан есімдер қосарланып келіп, бастауыш қызметінде жұмсала береді: Ал үш қудың біреуі не тіпті екеу-үшеуі бірдей кездесіп қалса ше? (С. Сейфуллин). Сан есімді күрделі бастауыштар. Сан есімдердің ішінде күр- делі бастауыш қызметінде таза сан есімді түрлері көп жұмсала- ды. Ілік жалғаулы сан есім мен тəуелдік жалғаулы сан есім тіркесі арқылы жасалады. Ондай кезде бағыныңқы сыңарлары ілік жалғаулы сан есімнің екінші сыңарлары есептік, реттік жəне топ- тау сан есімдері тəуелдік жалғауында келеді: Əлде екеуінің біреуі қора маңында адасып жүр ме екен? (Т. Ахтанов). Бұл екеуінің біріншісі – Нияз, екіншісі Отар еді (С. Сейфуллин). Бөлшектік сан есімдердің қатысуы арқылы: Сауын сиырдың жүзден жиыр-
449 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері ма бесі асыл тұқымды болса, жүздің бергенін береді (Ғ. Мұста- фин). Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға бай- ланысты (А. Шопенгауер). Алты қанат қызыл отауға жиналған халықтың оннан бірі сыймайды (Ғ. Мұстафин). Атау тұлғалы зат есім мен тəуелдік жалғаулы сан есімдердің тіркесі арқылы: Магид екеуміз бізді қарсы алған жергілікті жазушылардың соңына ердік (А. Шамкенов). Ілік жалғаулы есім- дік пен тəуелдік жалғаулы есептік сан есімнің тіркесі арқылы: Осы күні оның бірі жоқ, басқа бір Райханды ауыстырып тастап кеткен тəрізді (З. Шашкин). Атау тұлғалы есімдіктер мен тəуелдік жалғаулы сан есімдердің тіркесі арқылы: – Е-е, сыбаға үлесті- руші сен екеуің болсаң, айтарсың? – деп, қолын сілікті (М. Əуе- зов). Ол екеуі де бұған өтірік көлгірсіп жүрген жоқ (Т. Ахтанов). Сен екеуміз қайтеміз шариғат салыстырып, – деп, Шыңғали сөз аяғын бұра салды (Б. Аманшин). Кейде сан есімдер басқа сөздермен түйдекті түрде келуі арқылы жұмсалады. Мысалы: Таиланд, Сингапур халқының тоқсан бес процентіне жуығы қытайлар (С. Бердіқұлов). Шотбаев баяғыда Қызылордада кездескен Нартуғанды ұмыта алмай жүргенге ұқсайды. Отыз жетінші жылғысы анау. Қырқыншы жылғысы мынау (О. Сəрсенбаев). Есімдіктің бастауыш қызметінде жұмсалуы. Есімдіктердің əрбір тобының бастауыш қызметінде жұмсалуының дəрежесі əртүрлі. Жіктеу, өздік есімдіктері ондай қызметте мол жұмсалса, басқа топты есімдіктер ретіне қарай қолданыла береді. Есім- діктердің кейбір топтары бастауыш қызметінде сол қалпында жұмсалса, енді бірі заттанып барып қана жұмсалады. Сондықтан да есімдіктердің бастауыш қызметінде жұмсалу аясы əртүрлі. Атау тұлғалы есімдіктің бастауыш қызметінде ең жиі ұшырайтын- дары – жіктеу есімдіктері: Мен бе, мен, мен ертең сөз өзіме тие қалғанда, сіз жіберген қатені қайталамаймын (С. Бақбергенов). Сол сияқты сілтеу, сұрау, белгісіздік, болымсыздық, жалпылау есімдіктері де нөлдік тұлғада жұмсалады: Ұстаздың бəрі сіздей болса ғой, шіркін! («Жұлдыз»). Асқардың олай еткенін ешкім сезген жоқ (С. Мұқанов). Көптік жалғауында есімдіктердің ішінде белгісіздік есімдік- тері ғана жұмсалады: Тіпті, сойқаны сол, алда-жалда əлдебіреу-
450 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері лер талант-қабілетімен ілгерілеп бара жатқандай болса, оны еркіне жібермейді (С. Шаймерденов). Тəуелдік жалғауындағы есімдіктердің бастауыш қызметінде жұмсалуы əлдеқайда көп. Өз есімдігі арқылы: Мені өрге сүйреймін деп жүріп, өзіңіз кері кетіп қап жүрмеңіз (Б. Əлімжанов). Сілтеу есімдігі арқылы: Бəрінен осының жақсы, Ибрагим Кунанбаевич (М. Əуезов). Бар бəлесінің алдын алуға дайындалып, тас түйін отыр едім, мынаусы күтпеген соққы болды (Б. Əлімжанов). Сұрау есімдігі арқылы: Сендей ақ көңілге салмақ салмағанда, кіміміз бар біздің (Ғ. Мүсірепов). Қайсымыз қандай мəселені көтеріп, қандай тақырыпқа жазып жүргенімізді сөз еттік (А. Шамкенов). Ал, қайда барамыз, – де- ген Тұрарбек əдейі. – Қайдасы несі? Кеңсеге соғатын шығарсыз (Қ. Найманбаев). Жалпылау есімдігі арқылы: Барлығы тыным таппай қимылдауда (С. Ерубаев). Ақыры, ол əңгіме де, басқа əңгіме де, бəрі-бəрі ұмытылып қала берген (Ə. Асқаров). Күрделі есімдікті бастауыштар. Жіктеу есімдігі жəне оның тіркесі арқылы жасалады. Ондай кезде күрделі бастауыштардың бірінші сөзі атау тұлғада не ілік жалғаулы есімдіктер болады: Өзгенің өзіңе көрсеткен қызметін ұмытпа да, сенің өзің көрсеткен қызметтеріңді ұмыт (Сирия мақалы). Кейде өз есімдігіне сан есімнің тіркесі арқылы да күрделі бастауыш жасалады: Бүкіл за- водты бір өзің жүргізіп тұрсаң ғой (Ғ. Мұстафин). Етістіктің бастауыш қызметінде жұмсалуы. Басқа сөз тап- тары сияқты бастауыш қызметінде жұмсалатын сөз таптарының бірі – етістік. Етістіктер табиғи қызметі – баяндауыш қызметінде жұмсалуға тиісті сөздер. Дегенмен ғылыми немесе практикалық еңбектерде етістіктер, оның ішінде есімше, қимыл есімі немесе негізгі сөздер мен көмекші етістіктер тіркесіп келіп бастауыш бо- латыны айтылады. Етістіктің бұл үш тобының ішінде бастауыш қызметінде көбірек сөз болатыны – есімше тұлғалы етістіктер. Етістіктердің бастауыш қызметінде жұмсалуы – оның өзіндік бір ерекшелігі. Етістіктердің бастауыш қызметінде жұмсалуы олардың заттық мағынаға ие болуы арқылы ғана жүзеге асса ке- рек. Міне, бұл жағынан келгенде етістіктердің ішінде заттануға ыңғайлы категориясы – есімше. Есімше сын есім, сан есім сөз таптары сияқты қимылдық қасиетті білдірумен бірге септеліп, көптеліп, тəуелденіп жəне нөлдік тұлғада бастауыш бола алады. Оның осы дəрежеге жетуі сөйлем ішінде анықталатын затының
451 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері түсіп қалып айтылуына байланысты. Анықтауыштық қатынастағы есімше енді сол заттың орнына жұмсалып, нөлдік тұлғада баста- уыш бола алады. Сонда, есімшенің бастауыш болуының алғаш- қы сатысы – нөлдік тұлға арқылы заттанып келуі. Етістіктердің бастауыш қызметінде көп жағдайда жұмсалатыны есімше болса, сол дəрежеде болмағанымен, қимыл есімді етістіктер де баста- уыш қызметінде жұмсала береді. Қимыл есімді бастауыштар көбіне интонациялық кідіріс арқылы айтылады. Етістіктер баста- уыш қызметінде дара жəне күрделі түрде де келе береді. Етістікті дара бастауыштар. Нөлдік тұлғадағы дара баста- уыштар қызметінде есімше де, қимыл есімді түрі де жұмсалады: Ерінбеген етікші болар. Көрмес түйені де көрмес (Мақал). Сұрамақ пен білмек бар (М. Əуезов). Айтушы сен бол, орындау- шы біз болайық (Б. Майлин). Көптік жалғауында көбіне -ған, - ген жұрнақты есімшелер мен -а, -е, -й жұрнақты есімше кей- де түрлі жұрнақты жалғау арқылы қимыл есімді етістіктер де жасалады: Бүгінгі күн көшкен жалғыз Бөкенші емес, Құнан- байдың өз ауылынан көшкендер де бар (М. Əуезов). Бір кезекке тұрғандары үшін мақтанатындар да көбейе бастады (Д. Иса- беков). Тəуелдік тұлғалы етістікті бастауыш көбіне -ған, -ген, кейде -а, -е, -й жұрнақты есімшелерден жасалады: Əкеміздің жо- лымен ара ағайын болып қана жүргеніміз жөн еді ғой! (Шəкəрім). Тоқтамы – көптің қаулысы болады. Жоспарды басқарма бекіткен күйінде қабылдайтының қол көтер (Ғ. Мұстафин). Келгеніміз – Абьян деп аталатын провинция (А. Шамкенов). Қимыл есімді тəуелдік жалғаулы бастауыштар: – Ал, енді мақтауың келісті, ақтауың қандай болар екен, ə? (Б. Əлімжанов). - іс жұрнақты етістіктердің тəуелдік жалғауы арқылы: Алайда бір қадам атта- ған соң жүрісі де, жүгірісі де түзелді (О. Бодықов). Етістікті күрделі бастауыштар. Етістікті күрделі бастауыш- тар туралы осы күнгі еңбектерде онша сөз бола бермейді. Негізінде, етістіктер күрделі бастауыш қызметінде екі түрлі жағдайда кездеседі. Біріншіден, таза етістіктер арқылы жасалса, екіншіден, етістіктер өзінің жетегінде басқа да сөз таптарымен мағыналық бірлікте ғана күрделі бастауыш болады. Көсемше мен есімшенің тіркесі арқылы: Көшіп келе жатқан – Абай ауылы мен көрші ауылдар (М. Əуезов). Көсемше мен қимыл есімді етістіктің тіркесі арқылы: Қызара білу, ұяла білу – адам бойындағы ең та-
452 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері маша адамгершілік қасиет (Ч. Дарвин). Атып өлтіру, дарға асу – олардың ата кəсібі, қанына сіңген қашанғы əдет (С. Мəуленов). Көсемше мен көптік жалғаулы есімшенің тіркесі арқылы: Біреу азық, біреу сойыс əкеліп көмектесе келгендер де болды (Ə. Қо- ңыратбаев). Сөз таластыру көп адамның қолынан келеді, ал жай ғана əңгімелесе білетіндер аз-ay (А. Олкотт). Көсемше мен тəуелдік жалғаулы есімшелердің тіркесі арқылы: Сонда қыл- мыс жаса дейсіз бе? Мынау айтып келе жатқаныңыз сол ғой (Б. Əлімжанов). Жалғыз барасыз дегенде кəдімгідей жүрексініп қалғаным рас еді (А. Шамкенов). Айтып тұрғаны – «Көзімнің қарасы» (М. Əуезов). Бастауыштардың жасалуында көбіне есімше, қимыл есімі не негізгі, не көмекші етістіктер де мол жұмсалады. Негізгі сөз бен көмекші етістікті қимыл есімді бастауыштардың өзін бірнеше нұсқада көруге болады. Ондай кезде негізгі сөз бірнеше септік жалғауында келуі мүмкін де, соған сəйкес қимыл есімді етістік те сол өзі қатысты сөздермен мағыналық байланыста болады. Мыса- лы: Мысқылды түсінуден қалу – жаман ырым (Ф. Достоевский). Етістікті күрделі бастауыштың құрамында негізгі сыңары етістік болып, оған қоса есімдер де сол етістіктермен мағыналық байланыста келеді де күрделі сыңар құрайды. Мұндай кезде не- гізгі мəн етістіктерде болады. Етістіктер ондай кезде тəуелдік те жəне көптік тұлғада да келіп, сол топты күрделі бастауыш жа- сауға икемдеп тұрады. Əсіресе, ондай кезде бірінші сыңары зат есім, екінші сыңары нөлдік, көптік жəне тəуелдік жалғаулы етістіктер тобы жиі кездеседі. Зат есімдер – ілік, табыс септігінің ашық не жасырын түрі жəне шығыс септігіндегі сөздер болып келеді. Ілік жалғаулы зат есім мен етістіктің тіркесі арқылы: Ұлттық əдебиетіміздің мерейін көтерген кесек шығарма қазақ халқының энциклопедиясы деп бағалануы да əбден орынды (С. Шаймерде- нов). Жақсы ойдың тууы қандай қиын болса, өлуі де оңай емес (F. Мүсірепов). Табыс септігінің не ашық, не жасырын түріндегі зат есімдер мен етістіктердің тіркесі арқылы: – Рас, атын біле бермес, ал түсін танитындар, біздіңше, көп болуға тиіс (М. Иманжанов). Ал ағаға шаруа айтып келдім, айып па? (Б.Əлімжанов). Ойбай-ау, тіпті қара қағаз алғандар да отырған жоқ па? (Т. Ахтанов). Шығыс септікті зат есімдер мен етістіктердің тіркесі арқылы: Анадан
453 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері айырылу кімге оңай дейсің (F. Мұстафин). Əртүрлі септікті сөздер мен етістіктердің тіркесі арқылы: Жолдасын жауға қал- дыру – жамандықтың белгісі; Жолдасын жаудан құтқару – адам- дықтың белгісі (Мақал). Ілік жалғаулы сан есім мен етістіктің тіркесі арқылы: Екеудің жинағаны үшеуге жетеді (Мақал). Есімдік пен етістіктің тіркесі арқылы жасалған күрделі бас- тауыштар іштей былай бөлінеді. Ілік жалғаулы жіктеу есімдіктері мен етістіктердің тіркесі арқылы: Олардың айналдыратыны төрт-бес қарасының асты-үсті (А. Тоқмағанбетов). Сілтеу есім- дігі мен етістіктердің тіркесі арқылы: Анау көрінген не деген көп мал («Лениншіл жас»). Ал сенің сол айтқаның қайта-қайта есіме түсе береді (Ш.Мұртазаев). Кейде зат есімдерге есімшенің тір- кесіп келуі арқылы күрделі бастауыш жасала береді: Өткен ай, өткен күн, өткен сəт қайта орала ма? (М.Мағауин). Үстеудің бастауыш қызметінде жұмсалуы. Үстеудің де бастауыш қызметінде жұмсалуы туралы əуелден-ақ ғылыми əдебиеттерде аздап болса да сөз болды. Бірақ үстеулердің ба- стауыш қызметінде жұмсалуын тек тəуелденіп тұруы арқылы келгенін ғана көрсетеді. Ол дұрыс та. Үстеу сөздер септеліп те, көптеліп те, тəуелденіп те жұмсала береді. Үстеулердің бастау- ыш қызметінде жұмсалуын былайша көрсетуге болады. Нөлдік тұлғадағы үстеулердің заттануы арқылы: Бүгін – өткеннің нəтиже- сі əрі болашақтың бастамасы (В. Белинский). Үстеулер тəуелдік жалғау арқылы заттанып барып бастауыш қызметінде жұмсалады: Бұрындары бүгінінен ертеңі қызығырақ, мəндірек, көкжиегі кеңірек көрініп, ылғи алға ұмтылдыра түсуші еді (Д. Досжанов). Өлімнен басқаның ертесі жақсы (Мақал). Бөріктің астынан ки- ген тақиядай жоғарысы болған соң төмендегісін өзі-ақ жасап ала береді (Б. Қыдырбекұлы). Кейде үстеулерге көмекші етістіктің тіркесі арқылы: Бүгін деген қорқыныш пен үміттің екіұдай аралығы (Ə. Кекілбаев). Кеше деген əлсіздіктің екінші аты (Ə. Кекілбаев). Одағайдың бастауыш қызметінде жұмсалуы. Одағайлар жалпы алғанда сөйлем мүшесі болуға тиіс емес. Олар сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейтіні белгілі. Бірақ одағай сөздер кейде түрлі морфологиялық өзгерістерге түсуге байланысты ғана бастауыш қызметінде жұмсалады. Мы- салы: Үһлеулер үдей түсті. Қиқулары тынық ауаны толқытып тұр (Ғ. Мұстафин) дегенде курсивпен жазылған сөздер табиғи жағы-
454 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері нан одағай сөздер болғанымен, қазір заттанып, зат есім мағы- насында жұмсалған. Еліктеуіш сөздер арқылы бастауыштың жасалуы. Мыса- лы, əр жерде электр лампалары орнатылған... вагонеткаға айдау- шы жұмысшылардың тарсылы естіледі (Ғ. Мұстафин). Тұрақты тіркестердің (ТТ) бастауыш қызметінде жұм- салуы. Нөлдік тұлғадағы ТТ бастауыш болуы туралы айтқанда, біз оның бірнеше сөзден құралу процесінде тек соңғы сыңары- ның тұлғасына ғана қараймыз. Ондай тұлғадағы тұрақты тіркестің жасалу жолы мынадай. Сыңарлары сын есім мен зат есімдерден құралған тұрақты тіркес: Алданып, алабұртып тұрғанында, Алдың- нан қарсы шықса ақша маңдай (I. Жансүгіров). Қашаннан қара ниет қанға жерік (Ө. Тұрманжанов). Көңіл араздығы тосқауыл- дың тар кезеңінде кездесіп отырмыз ғой, ала көңіл артта қалсын (М. Əуезов). Сыңарлары етістік пен зат есімнен құралған тұрақты тіркес: Осындай шытырман оқиғалардың үстіне, мына жақтан жандарал келеді деген алып қашпа хабар да естілді (С. Мұқанов). Сыңарлары заттанған сын есімдер арқылы: Қалай дегенмен де Құлагердей ерен жүйрік Ақаннан басқа бір адамда да болмайды (А. Жұбанов). Сыңарлары зат есім мен есімшеден құралған тұ- рақты тіркес: Майхана көрмеген əзілге тоқ (А. Тоқмағанбетов). Ана көрген тон пішер, Ата көрген оқ жонар (Мақал). Сыңарлары зат есім мен қимыл есімінен құралған тұрақты тіркес: Тағы директордың табалдырығын тоздыру басталды («Лениншіл жас»). - Мақ, -мек жұрнағы бар тұрақты тіркесті бастауыштар: Рас сөзге ор қазып, тор жасамақ не деген нысап, құр өзімшілдік, əрбір адамды бұзатын пиғыл (Абай). Тұрақты тіркестер мен кө- мекші сөздердің тіркесі. Нөлдік формадағы тұрақты тіркес бірыңғай да келе береді. Мысалы: Қара мен төре таласып, Форы- мына қарасып, Алдыңнан өтті көріктен («Қамбар батыр»). Тəуелдік жалғаулы тұрақты тіркестің бастауыш болуы. Тұрақты тіркес тəуелденіп жұмсалған кезде олар жекеше де, көпше де түрде қолдана береді. Олардың көпше түрлері арнайы көп- тік жалғауларының жалғануы арқылы немесе -мыз, -міз жұрнақ- тарының қатысуы арқылы да жүзеге асады. Тəуелдік жалғаулы тұрақты тіркесті бастауыштар үш жақта да бірдей жұмсала береді. І жақтағы тұрақты тіркесті бастауыштар: Дамыл таппай от жұтудан, Өр жүрегім жүр лаулап (Б. Күлеев). Анадан туып
455 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері едік бір ұл, бір қыз, Алпыс өгей анамыз дұшпандықпен, Бізге жəбір қылыпты тыңдаңыз сіз (Қазақ ертегілері). Азан шақырып қазанның құлағын қағып, қойған атым аталмай, Қара бала атану- шы едім (Қ. Жармағанбетов). ІІ жақтағы тұрақты тіркесті баста- уыштар: Торғын шəлің басыңда, Нақ сүйерің қасыңда, Ақ сары аттай айқасып, Күнде ойна-ай, ашына (Ғ. Мүсірепов). Сары мо- йын балаларың шапқылап жүр ме? (А. Тоқмағанбетов). ІІІ жақтағы тұрақты тіркесті бастауыштар: Қазір ойласам, сол оқиғалардың өз ақылыма сыймайтындары да бар (А. Лекеров). Соңғы сыңары қимыл есімді III жақ бастауыштар: Біздің қазақтың ала қозыдай бөлінуі біз үшін көңілді нəрсе емес («Айқап»). Қыздың күйеу тас- тап, жігіттің қатын тастап, сүйген қызды алып қашуы көбейген еді (М. Əуезов). Сыңарлары етістік пен қимыл есімнен құралған тұрақты тіркестер: Ішіндегі іліп алары – менің əкем Жетібай (Д. Еркінбеков). Бірыңғай мүшелі тұрақты тіркестер: Өңкей бет- ке ұстар мықтылар. Осы күні ығайы мен сығайы жиналған екен (А. Тоқмағанбетов). Тұрақты тіркес пен көмекші сөзді бастауыштар. ТТ пен кей- де көмекші сөздер, көбіне есімше тұлғалы де көмекші етістігі мол жұмсалады. Ондай кезде тұрақты тіркеске түйдектелетін көмекші етістіктер нөлдік тұлғада да, тəуелдік жалғауында да келе береді. Лаж жоқ, кісідегінің кілті аспанда деген осы (Б. Мо- мышұлы). Қара жол ма дегенім шұбырынды із болды, Ала жаздай нəр татпай іздегенім қыз болды (Қазақ əндері). Бұл ауылдағы көзі ашық деген екеуміз-ақ болғандықтан, Қамзамен сырлас, достас болып кеттім (С. Мұқанов). Сөйлемді бастауыштар. Сөйлемді бастауыштар да əдеттегі сөз таптарынан жасалған бастауыштардың тұлғасына сəйкесте- леді. Мұнда көбіне нөлдік тұлға мен тəуелдік жалғаулы тұлғасы көбірек кездеседі де, ал көптік тұлғасы онша кездесе бермейді. Əрине олардың бастауыштық тұлғасы сөйлемнің өзінен көрін- бейді, көбіне оларды байланыстырушы дəнекерлердің көрсеткіші айқындайды. Нөлдік тұлғалы сөйлемдік бастауыштар де көмекші етістігінің есімше жəне қимыл есімді тұлғасы арқылы беріледі. Бұл жерде аралады деген артықтау (Д. Досжанов). Əсте бұл қазынаның Балқаш ауданы үшін өте қымбатқа түсіп отырғанын мамандар, диқандар, сушылар білмейді деу əбестік болар (Т. Қаупынбаев).
456 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері Тəуелдік жалғаулы сөйлемдік бастауыштар үш жақта бірдей айтылады. I жақ: Жылқы бақтым, жылап бақтым, сиыр бақтым сидаң қақтым, ешкі бақтым еңіреп бақтым, қой бақтым қоңыраулаттым, түйе бақтым, түйме тақтым дейтініміз де сондықтан (Ө.Қанахин). II жақ: Айырылмастай дауыңа қайы- рылмастай сөз айтпа деуің жөн секілді, – деді хан (О. Бодықов). III жақ: Қазақтың «мұндай тірлікті итке бермесін» дегені менің басымда емес пе? (О. Бөкеев.) «Айтайын, аңғартайын» дегені бұл күндері мына момақан түліктің арқасына мінгесіп жүргендей елестейді (Д. Досжанов). - нікі, -дікі жұрнақты бастауыштар. Ондай жұрнақты сөз- дер бастауыш қызметінде таза күйінде өзінің баяндауышымен іргелес те, алшақ тұрып та байланыса алады. Ондай кезде -нікі, - дікі жұрнақты сөздер жекеше де, көпше де барлық жақта жұм- сала береді. Мысалы: Менікі де сол бала табу, нан жабу (Ө. Қа- нахин). Сіздікі дұрыс (М.Əуезов). Біздердікі ең болмаса арты- мыздағы қатын, балаларымызға аяушылығы болар ма екен деген далбаса тілек (Ə.Кекілбаев). Көмекші сөзді бастауыштар. Көмекші етістікті баста- уыш. Күрделі бастауыштың көмекші етістіктер арқылы жасалуы тілімізде жиі кездеседі. Əрине, көмекші етістіктердің ішінде ар- найы көмекші етістік түрлері көп қолданылады. Арнайы көмекші етістіктерге -е, -де көмекші етістігі жататындығы белгілі. Əдетте, бұл көмекші етістіктер туралы айтқанда, негізінде, олардың сөйлемнің соңында келіп, баяндауыштың құрамында жұмсалуы көп сөз болады да, олардың сөйлемнің ішінде түрлі морфоло- гиялық құрамда келіп, өзі қатысты сөздерді бастауыш қызме- тінде өзгертуі арнайы қаралған емес. Де көмекші етістігі қатысты күрделі бастауыш. Де көмекші етістігі есімше тұлғасында зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, тіпті етістіктермен де түйдекті тіркестер құрай келіп, бастауыш қызметінде жұмсала береді. Ондай кезде негізгі сөздер көбіне нөлдік формада, кейде септік жалғаулы есімдер болып келе береді. Мəселен, Ана деген қандай жақсы (Б. Майлин). Тұрақты тіркес те де көмекші етістігі арқылы келеді. «Шешінген судан тайынбай- ды» – деген бар емес пе. Сонан соң алдымен «Көрмеген жердің ой-шұқыры көп» деген бар емес пе? («Қазақ əдебиеті»). Де көмекші етістігінің есімше түрі көптік те, тəуелдік те жалғауларында əртүрлі сөз таптарымен түйдекті түрде келе бе-
457 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері реді: Біздің совхозда Шатырбаев дегендер жоқ қой? («Социалис- тік Қазақстан»). Кереге мен уық бояйтын жоса дегеніміз осы дейді тағы да Қуанышбай («Қазақ əдебиеті»). Ерінен қалған мал- мүлікке əйел еншілес емес дегендеріңіз үлкен жəбір (Ғ. Мүсі- репов). Барыс жалғаулы есімдер тəуелдік жалғаулы де көмекші етістігі арқылы: Қит етсе əйеліңе, əйеліңе дейтінің бар екен (С. Жүнісов). Негізгі сөздер қимыл есімді тұлғалы де көмекші етістігі арқылы. Ондай кезде қимыл есім тұлғалы де көмекші етістігі атау жəне тəуелдік формаларда да келе береді. «Себемін», «көтеремін», «жөндеймін» деу аузыңнан шықпасын (Д. Досжа- нов). – Рас, солай деуің де дұрыс, Айша келін (Ж. Молдағалиев). Жетпей тұрса бір тиын, теңге деу де тым қиын (Маржан сөз). Кейде де көмекші етістігі есімше, онан кейін жатыс септігінің жалғауында тұрып та, сөйлемде қимылдың иесі ретінде жұмсалу процесі пайда бола бастайды. Əрине, де көмекші етістігінің екінші тұлғасы арқылы жасалуы мол кездессе, ал бұл процесс тек қалыптасу дəрежесінде. Мысалы: Содан үйге кірдік, үй дегенде біздің ауылдағы сияқты тоқал там (Ш. Мұртазаев). Əсіресе, зат есімге шартты райлы бол етістігі арқылы да бастауыштың жаса- луы қазіргі кезде жиі кездесе бастады. Мысалы: Мағжан болса Алматыға кетуге асық. Ал мен болсам сезіктенемін («Лениншіл жас»). Кейде бол етістігі сын қосымшасын жалғап барып та зат есімдермен түйдекті тіркестер арқылы бастауыш жасалады: Шы- нымды айтсам, аудан болсын, облыс болсын үлкен кеңселерден қаймығады (С. Бердіқұлов). Шылаулы бастауыш. Қазіргі əдеби тіліміздің дамуы барысын- да септеулік шылаулардың өзі қатысты сөздердің синтаксистік қызметіне əсері арта түскенін көруге болады. Осы күнгі публи- цистика, көркем əдебиетте шылаулардың өте жиі қолданыла бастағандығы айқын. Осы күнге дейін шылаулар қатысты сөздер тек пысықтауыш болады делініп келсе, енді септеулік шылаулар арқылы бастауыш та жасалатындығын көруге болады. Бастауыш – сөйлемдегі ойдың негізгі иесі. Бастауыштар- дың жасалуында шылау, оның ішінде септеулік шылаулардың жұмсалу процесі əлі күнге дейін тіпті елене бермейді. Сондықтан да əдеби тілімізде септеулік шылаулар арқылы да жаңа қалыптаса бастаған бастауыштық тұлғалардың бар екені белгілі. Ол үшін
458 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері мына сөйлемдерді талдап көрелік. Қараңғы қазақ даласында Ле- нин атын тілі шыққан жас балаға дейін біледі (Ғ. Мұстафин). Уақытында Шұғаның əңгімесін бұл өлкенің баласына шейін біліп болып еді (Б. Майлин). Олардың ішінде балалар өмірінен жазылған повесть, əңгімелерден бастап пионер активтеріне көмек кітапшаларға дейін бар («Пионер»). Осы сөйлемдердегі балаға дейін, аласына шейін, кітапшаларға дейін сияқты барыс жалғаулы зат есімдер мен дейін, шейін шылаулы түйдекті тіркестер негі- зінде пысықтауыш деп айтылуы, түсіндірілуі тиіс. Ал негізінде дəл сол түйдекті тіркестердің құрамында шылаулар қатысуына қарамастан, сол қалпында олар бастауыш қызметінде жұмсалып тұр. Сонда балаға дейін, баласына шейін, кітапшаларға дейін барыс жалғаулы сөздері мен шылаудың тіркесі арқылы жасалған мұндай формалар негізінде бастауыштық тұлға емес, бірақ мағыналық жағынан бастауыш қызметін атқарып тұр. Негізінде ондай тұлғалы бастауыштар балалары да, кітапшалары да сияқты тұлғада айтылуы тиіс еді, енді тілдік айтылу жүйесінің кеңеюіне байланысты тіпті бастауыштық жаңа тұлға, яғни шылаулы түрі айқындалып отыр. Бастауыштық мұндай тұлғаға шылаулардың ішінде тек кейін, шейін шылаулары ғана қатыса алады. Барыс жалғаулы сөз бен шылау арқылы бастауыштық тұлға кейінгі кездің жемісі дегенімізбен, мұндай құбылыс қазіргі кезде көркем əдебиет, публицистикада едəуір орын алып отыр: Қатын-бала, кемпір-шалға шейін тыста (М. Əуезов). Кəрі-құртаңдарға дейін жалғыз атына міне салып, асыға келіп жатқан себептері де сол (С. Жүнісов). Салалы келген аппақ сұлу саусақтарына шейін өз- геше (М. Əуезов). Көмекші есімді бастауыш. Жалпы, көмекші есімдер ілік жал- ғаулы сөздің ашық жəне жасырын түрімен түйдекті тіркес құ- райды. Ондай кезде ілік жалғауының ашық не жасырын түріндегі сөздер анықтауыштық қатынаста жұмсалатын сөздер бо- луы тиіс. Арнайы синтаксистік қызметі бар дербес мағыналы сөздердің синтаксистік қызметін өзара синтаксистік қызметі жоқ көмекші есімдер əртүрлі сөйлем мүшесіне ауыстыра алады. Əсіресе, көмекші есімдер тəуелдік жалғауында тұрып, бастауыш қызметінде жұмсала алады. Үстім көк, астым теңіз, атым – кеме (Т. Жароков). Ілік жалғауының жасырын түріндегі əртүрлі сөздер мен көмекші есімнің тіркесі арқылы: Кешікпей мектеп алды
459 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері адамға толды (С. Адамбеков). Үлбіреген бет пердеден үй іші қара көлеңкеленіп, айқындалмай бұлаң көрінеді (Ə. Əлімжанов). Ілік жалғауының жасырын түріндегі сөз таптары мен тəуел- діктің III жағындағы көмекші есімді мұндай түйдекті тіркестерде негізгі сөздің ілік жалғауының жасырын екендігі айқын болып тұрады. Бірақ кей жағдайларда III жақ көмекші есімі қатысты сөздер тобы бастауыш қызметінде жұмсалған кезде ол көмекші есім тəуелденіп те жұмсала береді. Ол оның бір ерекшелігі болса, екіншіден, оның негізгі сыңарларындағы ілік жалғауы онша біліне де бермейді. Мысалы: Жоғарғы жағы күміс білем (Ғ. Мүсірепов). Оң жағы – кішкене Нева (С. Ерубаев). Үлкенді- кішілі екі жағы да мақта («Қазақ əдебиеті»). Бұл көмекші есім- дердің ішінде тек жақ сөзіне қатысты бір ерекшелік деп білеміз. Ілік жалғауының ашық түрі мен тəуелдік жалғаулы көмекші есім арқылы: Базардың іші тағы да даң-дұңға толып кетті (Ə. Əлімжанов). Оның алды алаң, айналасы алма (Ғ. Мұстафин). Кейде мұндай тіркестерде көмекші есімдер қосарланып та жұм- сала береді: Қаланыц іші-сырты əскер (X. Есенжанов). Модаль сөзді бастауыш. Бастауыштың ендігі бір түрі модаль сөздер арқылы келуі. Модаль сөзді бастауыш осы уақытқа дейін сөз болған емес деуге де болады. Өйткені модаль сөзге жатқызып жүрген сөздердің өзі туралы да осы уақытқа дейін ғалымдар белгілі бір пікірге келген емес. Ол сөздерді белгілі сөз тапта- рына жатқызу жөнінде бірнеше пікір бар. Кейбір ғалымдар оны сықылды, секілді, сияқты, болар, тəрізді сөздерін шылау деп білсе, енді бір топ ғалымдар оны бейтарап сөздерге жатқызып жүр. Шындап келгенде, мұндай сөздерді модаль cөздер деп беруді біз жөн көріп отырмыз. Жалпы, мұндай модаль сөзді бастауыш- тар тілімізде бар делінгенімен, ондай модаль сөзді бастауыштар сияқты, тəрізді сөздерінің көптеліп келуі арқылы ғана жасала- ды. Ондай кезде ол модаль сөздер көбіне зат есім, есімдіктермен ғана түйдекті тіркесте келеді. Мысалы: Мына Əлжанов сияқ-тылар алдаса керек мені (С. Адамбеков). Сен сияқтылар да əдебиетте жүр-ау («Қазақ əдебиеті»). Совет өкіметі болмаса сіз сияқтылар өмірі мұқтаждықтың тырнағынан шыға алар ма еді (С. Сейфул- лин). Іштерінде «əкесі болды жетесіз, шешесі болды некесіз» деген сияқтылары да бар (С. Мұқанов). Бар, жоқ сөздерінің бастауыш қызметінде жұмсалуы. Қазір жұрт ферма басына үй салып жатыр. Сауыншылардың
460 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері үстіндегі халаты дəрігер халатынан кем емес. Ал біздің барымыз осы (Қ. Найманбаев). Қысқарған сөздердің бастауыш қызметінде жұмсалуы. Жалпы ЗАГС дегенің жай сөз (Қ.Найманбаев). Жеке дыбыстардың бастауыш қызметінде жұмсалуы. Оның үстіне фотокөшірмеде оның қандай дивизия екені көмескі шығыпты, д-сы айқын да, оның алдындағы əрпі адам танығысыз (Ə. Нұршайықов). «М» жатыр «У»-дың қасында, «Жу» деген сөз жоқ расында. «Д» отыр «О»-ның солында, Мəнісі жоқ-ау оның да. «Е» əрпі «Ф»-мен көрші екен, Үйлессіз көрші ерсі екен... Ды- быстар дəл де тап баса, Дəніс жоқ орнын таппаса. «О» мен «Т» қатар дөп келіп, Оқылды, маздап от болып. «Е»-ге кеп «Р» да жанасты, «Ер ғой» деп ол жұрт тарасты. «Т» мен «У» да келді деп, Ту шалқиды желбіреп. «А»-ға кеп «Я» таянды, Аты боп шықты Аяның. Əр сөзде дыбыс орны бар, Орайын тауып орны- ғар (М. Əлімбаев). Бір сөздің қайталануы арқылы жасалған бастауыштар. Бойжетіпсің. Əдемінің əдемісі сендей-ақ болар, қарағым. Сағын атамның əкесінің əкесі мен Қабыш ағамның əкесінің əкесі аға- йынды екен (Б. Нұржекеев). Алданыштың «папа» дегені қыз- ғаныш тудырар, тағы-тағылар сылтау іздеген адамға толып жат- қан жоқ па (Б. Нұржекеев). Сонымен, бастауыш сөйлемде орындалған, орындалып отырған, орындалатын істің иесі бола отырып, барлық сөз табынан, заттанған барлық тұлғадағы сөздерден, түрлі кө- мекші сөздерден, тіпті жеке дыбыстан да жасалады демекпіз. ƏДЕБИЕТ 1. Мещанинов И.И . Структура предложения. М . - Л., 1963; Золото- ва Г.А. Очерк функционального синтаксиса русского языка. М ., 1973. 2. Насилов В. Роль сказуемого в уйгурском предложении. Труды Инс- титута востоковедения. No1, 1939. 3. Шахматов А.А . Синтаксис русского языка. Л ., 1941; Смирниц- кий А.И . Синтаксис английского языка. М., 1957. 4. Абрамов В.П.Синтаксические потенции глагола в сопоставлении с потенциями других частей речи//Филологические науки. No 3, 1966;
461 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері Холодович А.А . Проблемы грамматической теории. Л., 1979; Рас- попов И.П. Сказуемое как конструктивный центр предложения. В книгах: Теоретические проблемы синтаксиса современных индо- европейских языков. Л ., 1975. 5. Бархударов Л.С . Структура простого предложения современного английского языка. М., 1966; Белошапкова В.А . Заметки синтакси- ческой связи между подлежащим и сказуемым. В книгах: Вопросы русского языкознания. М ., 1979. 6. Мещанинов И.И . Члены предложения и части речи. Изд. 2 -ое. М., 1978; Русская грамматика. М ., 980. 7. Аманжолов С. Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы. Ал- маты, 1940. 8. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1974. 9. Қазақ тілінің грамматикасы. Алматы, 1967; Əміров P.С. Жай сөй- лем синтаксисі. Алматы, 1983. 10. Аманжолов С. Сөйлем мүшелерін топтастыру мəселесі // Тіл мəселелері. Мақалалар жинағы. ІІ кітап. Алматы,1976; Бəйтенов І. Сөйлем мүшелері туралы // Ауыл мұғалімі, 1939; Балақаев М. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері // Халық мұғалімі, 1949; Бастауыштың жақтық мағынасы // Халық мұғалімі. 1946; Активизация субъекта в казахском языке // Известия АН КазССР, Серия лингвистичес- кая. 1948; Тұрлаулы мүшелердің байланысы // Қазақ ССР Ғылым академиясының Хабарлары. Лингвистикалық серия, 1950; Басы- мов X. Сөйлем мүшелері туралы // Ауыл мұғалімі, 1939; Хасенов Ə. Есім сөздерден жасалған бастауыш пен баяндауыштар жəне олар- дың тыныс белгілері //Халық мұғалімі, 1955; Аманжолов С. Баста- уыш туралы // Қазақстан мектебі, 1974; Бастауыш // Қазақ совет эн- циклопедиясы. Алматы, 1973. 11. Бектаева Ш. Бастауыш пен баяндауыштардың инверсиялары // Қазақстан мектебі, 1968; Миллер Е.Н ., Чукуев А.А . Место подлежа- щего в простом предложении в русском, немецком и казахском язы- ках. В кн.: Зарубежное языкознание и литература (КазГУ), Вып.3. Алма-Ата, 1978; Тұрлаулы мүшелері зат есім сөйлемдердің стиль- дік қызметі //Қазақстан мектебі, 1979. 12. Басымов X. Сөйлем мүшелері туралы // Ауыл мұғалімі, 1939. 13. Аманжолов С. Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы. Алматы,1940. 14. Балақаев М. Қазақ тілі грамматикасы. Алматы, 1949. 15. Əміров Р. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1983. 16. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971. 17. Аманжолов С.,Сауранбаев Н. Қазақ тілінің грамматикасы. ІІ бөлім. 1939. 18. Аманжолов С. Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы. Ал- маты, 1950.
462 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері 19. Əміров Р. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1983. 20. Қазақ тілінің грамматикасы. Алматы, 1967. 21. Аманжолов С., Сауранбаев Н. Қазақ тілінің грамматикасы. Алматы, 1939; Арғынов X. Жай сөйлем синтаксисінің методикасы. Алматы, 1967. 22. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971. 23. Жапаров А. Азыркы кыргыз тили. II бөлім. Фрунзе, 1966. 24. Хозирги узбек адабий тили. ІІ . Ташкент, 1966. 25. Санжеев Г. Д. Грамматика бурято-монгольских языков, М. -Л ., 1941. 26. Убрятова Е. П. Исследования по синтаксису якутского языка. М . -Л ., 1950. 27. Баскаков А.Н . Предложение в современном турецком языке. М ., 1984. 28. Кононов А.Н. Грамматика современного узбекского литературно- го языка. М . - Л., 1960; Һазирқи заман уйгур тили. Алматы, 1966; Хəзирги қарақалпақ тили. Синтаксис. Нукус, 1986. БАЯНДАУЫШ Баяндауыш, оның ережелері туралы пікірлер көп. X . Басымов: «Баяндауыш мүше шығаратын мағынасы жағынан бастауыштың болмыс ісін, жайын, сапасын, не екендігін айқын білдіреді», – де- се [1], I. Бəйтенов: «а) қара сөзде сөйлемнің аяғына, көбінесе етістіктен кейін тұрған сөзді баяндауыш, ə) сөйлемнің ішіндегі барлық сөздің түсінігі онсыз шешілмей тұрған сөзді баяндауыш, б) бастауыштың күйін, жайын, қимылын көрсетіп тұрған сөз баян- дауыш болады», – деп талдайды [2]. С . Аманжолов: «Бастауыштың ісін, қимылын білдіріп, сөйлемдегі ойды тиянақтайтын сөйлемнің мүшесін баяндауыш [3] жəне бастауышқа бағынып, онымен жақ жағынан жекеше, көпше түрде үйлесіп айтылатын тұрлаулы мүшені баяндауыш» – дейді [4]. М. Балақаев: «Бастауыштың жайын, ісін білдіретін сөйлем мүшесі» – десе [5], X. Арғынов: «Баяндауыш бастауыштың қимылын, ісін, жайын, күйін, заттың сындық сапасын, санын, мөлшерін, мекенін, мезгілін білдіреді» деген тұжырым айтады [6]. Р . Əміров: «Предикативтілік іс- əрекетті, сапаны білдіретін сөйлем мүшесі» [7], М. Серғалиев: «Бастауыштың іс-əрекетін, қимылын, қасиетін көрсететін сөйлем мүшесі» – деп қорытады [8]. Ал Ə.Нұрмаханованың пікірінше,
463 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері баяндауыш «бастауышпен предикаттық байланысқа түсіп, оның қимылын, іс-əрекетін, күйін білдіреді» [9]. Сол сияқты кейбір түркітанушы ғалымдар баяндауыш туралы мынадай пікірлер ай- тады. Н.К .Дыренкова: «Баяндауыш бастауыштың əрекетін, ама- лын білдіретін сөйлем мүшесі» [10], Н.А . Кононов: «Баяндауыш грамматикалық жағынан бастауышқа бағынышты екі құрамды сөйлемнің бас мүшесі» [11], А.Жапаров: «Сөйлем бастауышы- на грамматикалық жағынан бағынышты болып, оның қимыл- əрекетін, амалын, кім екендігін, белгісі мен сан ретін, тағы со- лар сияқты қасиетін баяндап тұрған бас мүшесінің бірі» – деген тұжырым жасаған [12]. Баяндауышқа байланысты бұдан басқа да ережелерді кел- тіруге болады. Ең алдымен, осы ережелер бойынша нендей шарт- тар барын көрейік: 1) Баяндауыштың бастауышқа бағынышты сөйлем мүшесі екендігі; 2) Баяндауыштың сөйлемдегі ойды тиянақтайтындығы; 3) Баяндауыш бастауыштың əртүрлі қасие- тін көрсетеді дегенді əр автор түрліше көрсетеді: а) ісін, қи- мылын, ə) оған қоса жайын, күйін, заттың, сындық сапасын, мөлшерін, мекенін, мезгілін; б) іс-əрекеттің сапасын; в) қасиетін; г) амалын; д) кім екендігін, белгісі мен сапа ретін; 4) Баяндауыш- тың бастауышпен жақ, жекеше, көпше түрде үйлесуі; 5) Пре- дикативтілік білдіруі; 6) Олардың екі құрамда болатындығына байланысты; 7) Сөйлемнің бас мүшесі екендігі. Бастауыштың сөйлемдегі негізгі ойға ие екендігіне дау бол- маса керек. Сондай сөйлем мүшесіне баяндауыштың бағынышты болуы – оның негізгі қасиеті де. Сондықтан бастауышқа баян- дауышты бағынышты деген пікір дұрыс. Баяндауышсыз жалпы (атаулы сөйлем болмаса) сөйлем құралмаса керек. Баяндауыш – қай сөз табынан болмасын бəрібір сөйлемді тиянақтау жағынан, оны сөйлем дəрежесіне жеткізу жағынан қандай тұлғада, қай орында келуіне қарамастан басты тұлға. Баяндауыш бастауышқа бағынышты бола отырып, оның əр іс-əрекет қасиетін көрсететіндігі туралы пікір əрқилы. Соның бəрін жинақтай келгенде, баяндауыш болатын сөздің қай сөз та- бынан болатындығына байланысты оның (яғни баяндауыштың) мағынасы айқындалады. Етістіктен болған баяндауыштар бастауыштың ісін, қимылын, іс-əрекетін, жайын, күйін, амалын білдіреді. Сөйлемде осылар- дың бəрі қимылға қатысты айтылатын сөздер.
464 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері Баяндауыш ережесіне жайын, күйін сөздерін қолдану ма- ғыналық та, стильдік жағынан да келе бермесе керек. Зат есімнің баяндауыш болуы арқылы бастауыштың кім, не екендігін, заттың мекенін білдіреді дейтін де сөздерді кез- дестіреміз. Əрине, зат есімнен болған баяндауыштардың мағы- налық қасиеті түрліше. Оның өзі баяндауыш болатын зат есімдер- дің қолданылуына байланысты. Зат есімдер жалқы есім, күрделі атаулар болып қандай тұл- ғаларда келуіне байланысты олар əртүрлі мағынаны білдіреді. Мысалы: Отаным – алтын бесігім («Социалистік Қазақстан») дегендегі баяндауыш заттық мағынаға ие болса, Колхозшылар – Бірлік колхозында («Лениншіл жас») дегенде баяндауыш мекендік қасиетке ие болып отыр. Біздіңше, зат есімнен болған баяндауыш- тар бастауыштың заттық қасиетін білдіреді. Оның өзін іштей зат есімнің баяндауыш болу кезіндегі тұлғалық ерекшелігіне байла- нысты қандай мағыналарда қолданылуында. Мəселен: Ол – сту- дент, ол – Асан дегенде оның кім екенін, Мынау – қант дегенде заттықты, Олар ауылда дегенде мекенді білдіреді. Осы ережелердегі амалын, мезгілін деген сөздер туралы oйлану керек. Сөйлемде қай сөз таптары амалды білдіріп, баян- дауыш бола беруі онша келе бермесе керек. Амалды білдіру қимылға қатысты сөздерде ғана болуы тиіс емес пе? Олай болса, бұл мағыналық сөздер де баяндауыш болуы туралы айту орынды емес. Ал мезгілді білдіру арқылы баяндауыш болу үстеу сөз та- бына ғана байланысты. Əрине, зат есімдер де септеліп келіп істің мезгілін білдіреді. Мысалы: Жасымда ғылым бар деп ескермедім дегендегі жасымдағысы мезгілді білдіріп, пысықтауыш болып тұрғанымен, тұлғалардың ондай мағыналарда баяндауыш болуы əзірше қалыптаса қойған жоқ сияқты. Баяндауыш бастауыштың мезгілін білдіруі тек үстеуге ғана қатысты деп ойлаймыз. Бірақ, жоғарыда айтылғандай, үстеулердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы қазіргі əдеби тілде кездесе бастайды. Кейбір ережелерде ғана бастауыштың баяндауышпен жақ, же- кеше, көпше түрде қиысуы сөзге тиек болады. Негізінде барлық тілде де бастауыш пен баяндауыш өзара үйлесіп айтылуы – əртүрлі болғанымен, олар үшін бұл қасиет негізгі мəселе. Жоғарыда айтылған ережелерді салыстыру барысында олардың баяндауыш
465 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері қасиетіне сай келетіні де, кемшін тұстары бар екені де байқалды. Біздіңше, синтаксистегі ең күрделі мүше – баяндауыштың алатын орны, ережесі төмендегі бағытта болғаны орынды. Сонымен, баяндауыштың ережесі нендей нəрселерді қамту ке- рек деген мəселе төңірегінде былай деп айтуға болатын сияқты. Біріншіден, баяндауыштың бастауышқа бағынышты сөйлем мүшесі екендігі; екіншіден, сөйлемді тиянақтап тұруы, сөйлемді сөйлем етудегі баяндауыштың қызметі ерекше аталуы; үшіншіден, баяндауыш бастауыштың қимылын, əрекетін, кім, не екенін, заттық қасиеті, мекені, сапасы, саны, т.б. қасиеттерін айқындауы. Баяндауыштың сұраулары Баяндауыштың негізгі бір мəселесі – оның сұраулары.Баян- дауыштың сұраулары туралы зерттеу барысында мынаны байқа- дық. Біріншіден, А.Н . Кононов, Н.К . Дмитриев, сол сияқты қазақ тілі ғалымдары Н. Сауранбаев, Р. Əміров, Ə. Нұрмахановалардың еңбектерінде жалпы баяндауыштың сұраулары сөз болмайды. Екіншіден, көптеген ғалымдар баяндауыштың сұрауларын ар- найы беріп отырғанымен, оларды толық əрі жан-жақты көрсете алмайды. Енді сол сұрауларды келтірсек: А.Байтұрсынов: не етпек? не қылмақ? қай етпек? не болмақ? нешік? немене? қалай? кімдікі? ненікі? қайсы?; С.Аманжолов: не қылдың? кім? не? қандай? нен- дей? қанша? неше? не еткен? не қылған? қайда? неде?; X.Арғынов: не істеді? не болды? не етеді? қайтеді? кім? не? қанша? қайда? қашан?; М.Серғалиев: қайтті? не қылды? не қылады? не қылмақ? не қылам? не етеміз? не істейміз? неше? қанша? қаншасы? кімі? несі?; Ғ.Əбуханов: не қылды? не істеді? не қылады? қандай? қанша? неше? нешінші? кім? не? деп көрсеткен болатын. Міне, осы сұрақтардың өзінен бірнеше құбылысты байқауға бола- ды. Біріншіден, етістікті əрі есімді баяндауыштың сұраулары түгел емес. Екіншіден, бір сұраудың бірнеше нұсқасын беріп, сұраулардың аясын кеңейтіп жібереді. Үшіншіден, барлық сұраулар əуелі тілдік жағынан келе де бермейді (қай етпек?). Төртіншіден, тəуелдік жалғаулы сұраулардың көбіне үшінші жақтағы түрі алы- нады да, бірінші, екінші жақ сұраулары ескерілмейді. Бесіншіден,
466 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері сұраулардың көбіне дара түрі сөз болады да, көптік жағы да ескеріле бермейді. Алтыншыдан, септік жалғауларының ішінде тек жатыс септігі ғана ескерілген. Морфологиялық еңбектердегі есімдік сөз табындағы сұрау- лар құрамына қарай тек дара болып келеді. Сол дара сұраулар зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, үстеу сөз таптарына тəн бо- лып келсе, етістік сөз табының сұраулары сол дара сөз таптарына екінші бір етістік сөздердің қосылуы арқылы не қылды? не істеді? дегендей күрделі болып келеді. Осы күрделі сұраулардың бірінші сыңарлары көбіне не? есімдігі болып, екінші сыңарлары істеді етістігі болып табылады. Демек, етістіктің сұраулары əрі есімнің, əрі етістіктің элементтері арқылы құралады. А .Байтұрсынов баяндауыштың сұраулары құрамына не есімдігімен бірге қай есімдігін де қосады. Сұраулардың осы сияқты құрамды түрлері синтаксисте қол- данылады. Сұраулардың морфологияда қолданылуына қарағанда синтаксисте қолданылуының өзіндік ерекшелігі бар. Бұл арада біз тек етістіктердің немесе баяндауыштың сұрауларын ғана ар- найы сөз етпекпіз. Етістіктің де, баяндауыштың да (оның ішінде етістіктен жасалған баяндауыштың) сұраулары бір екендігі айқын. Мұндай құбылыс тек қазақ тілінде ғана емес, орыс тілдерінде де осы іспетті. Əрі қарай баяндауыштың сұраулары, олардың өзіндік ерекшеліктері туралы кейбір ойларды ортаға салуды жөн көрдік. Орыс тілінде етістікті баяндауышты ең негізгісі ретінде қарастырады, сұрауы что делает? Орыс тіліндегі что делать? сұрауын Л.Д.Чеснокова грамматикалық жағынан тұрақты тіркесті қалыпқа ие болған деп берсе [13], А.И.Зарецкий ондай сұраулар есімдік пен етістіктің тіркесі арқылы жасалған. Сондықтан да олар етістікті есімдік немесе «местоимение-глагол» деп өзінше атауды ұсынады [14]. Міне, бұған қарағанда, етістіктің сұраулары жөнінде орыс тілінде де əртүрлі көзқарасты байқауға болады. Етістіктің (баяндауыштың) орыс тілі мен қазақ тілі бойын- ша негізгі сұрағы – не істейді? сұрауы. Осының негізінде қазақ тілінде не есімдігіне қыл, бол, ет көмекші етістіктерінің тіркесуі арқылы да біршама етістіктің құрама сұраулары пайда болды. Сонда, баяндауыштың сұраулары не істейді? не қылды? не бол- ды? не етпек? болып, оның əрқайсысынан етістіктің мағынасына
467 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері қарай бірнеше тұлғалық ерекшелігі пайда болады. Сөйтіп, таза баяндауыштың, етістіктің сұраулары осы тəсіл арқылы құралса керек. Баяндауыш сұрауларының ішінде бұл топтан ерекше бір сұрау қайтеді? сұрауы. Бұл негізінде кіріккен сөз. Мұның бастапқы құрамы есімдік пен көмекші етістігінің қосылуы арқылы жасалған. С.Аманжолов баяндауыш сұрауларының ішінде дара сұраулар- дың қатарында неткен? сұрауын қоса береді. Бұл да алдыңғы сұрау тəрізді құрама болып табылады. Сондай-ақ қолданыста кездесетін қайтеді? қайтті? сұраулары да екі сөзден кіріккен сұраулар. Сонымен, етістікті баяндауыштың сұраулары ретінде не істейді? не қылды? не болды? не етпек? сұраулары негізге алына- ды да, осылардың əрқайсысы етістіктің тұлғасына қарай əрі қарай жалғаса береді. Мысалы: не қылды? не қылады? не қылмақ? не қыламын?, т.б. тəрізді өзгере береді. Сол сияқты істе, қыл, бол, ет етістіктерінің алдына не сұрауы қосылып, олар да əрі қарай жалғаса береді. Баяндауыштың есімді түрлеріне байланысты сұраулары тура- лы да жоғарыда аталған еңбектерден толық мағлұмат алуға бол- майды. Мұның өзі жоғарыдағы баяндауыштың тұлғасын нақтылы ажыратпағаннан туып отырған мəселе. Жалпы алғанда, баяндау- ыш зат есім, сын есім, сан есім жəне есімдіктен де жасалатындығы айқын. Бірақ осы сөз таптарына қатысты сұраулардың берілуі төмендегіше: а) Зат есімге қатысты сұраулар: кім? не? кімі? несі? қайда?неде?; ə) Сын есімге қатысты сұраулар: қандай? нендей?; б) Сан есімге қатысты сұраулар; қанша? неше? қаншасы? Есім- діктен болған баяндауышқа үйлесіміне қарай есімдіктің барлық түрінің сұраулары қойылады. X. Арғынов баяндауыштың сұраулары ішінде қашан? сұрағын да берген. Ал А.Байтұрсыновтың баяндауыштың сұрауы ретінде нешік? деген сұрауын ойлану керек сияқты. Бұл сұрақтар тура- лы мынаны айтуға болады: біріншіден, əрбір сөз табына қатысты сұраулар толық емес. Ол сұраулар əрбір сөз табына баяндауыш болу негізіндегі тұлғалық ерекшелігін толық айқындай алмаса ке- рек. Екіншіден, тиісті бір сөз табының сұраулары баяндауышқа, сөйлем мүшелеріне сай келе бермейді. Зат есімге байланысты
468 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері сұрауларда зат есімнің нөлдік тұлғасына кім? не? сұраулары ар- найы берілгенімен, зат есімдер көптік тұлғада да келіп кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретінін бірде-бір автор ескермейді. Ақыл берген, өнерлі еткен ұям – мектебім. (С. Мұқанов) дегендегі мектебім I жақтық зат есімнен жасалған баяндауыштарға нем? деп сұрақ қоюға мəжбүр боламыз. Осы сияқты ондай баяндауыштар II жақта да айтыла береді. Олай болса, зат есімнен жасалған түріне бірінші, екінші, үшінші жақтың да жекеше, көпше сұрауларын қоюға тиісті боламыз. Сол сияқты баяндауыш болатын септелген сөздерден жо- ғарыдағы сұраулардың ішінде неде? қайда? сұраулары ғана ес- керілген. Шындап келгенде, септік жалғаулы сөздердің ішінде тек неде? мен қайда? сұрауларын ғана баяндауыштың сұрауы деу жеткіліксіз. Баяндауыш қызметінде тек жатыс, шығыс жалғаулары ғана жұмсалып қоймай, қазіргі кезде барыс, жа- тыс, кейде көмектес жалғаулы сөздер де жұмсала береді емес пе? Олай болса, септік жалғауының ішінен жатыс жалғауының неде? сұрауымен қоса кімде? сұрауы да тікелей жауап бере алады. Бұған қоса баяндауыштың сұрауы ретінде барыс, жатыс, шығыс жəне көмектес жалғауларын алу орынды. Мəселен, «Барлық базарлық – балаларға» деп қазіргі кезде айта береміз. Осындағы балаларға өзіне қайда? сұрауын қою тіпті келмейді. Сын есімнен болған баяндауыштың сұрауларына нендей? қандай? деп екі-ақ сұрақ берілген. Баяндауыштың сұрауларына жауап беретін сын есімдерді талдап көрейік. Сіздікі дұрыс (М.Əуезов). Ештен кеш жақсы (Мақал). Көпшілігі қара қас,қара көз, қоңырқай, қызғылт немесе ақшыл қызғылт жүзді (М.Əуезов). Осы сөйлемдердегі кур- сивпен жазылған сын есімдер баяндауыш қызметінде жұмсалған. Бірақ осыларға қандай? нендей? сұрауларын қоюға келе ме? Қайта, қандай? сұрауынан гөрі қалай? деген сұрақ көбірек келетін сияқты. Сонда сын есімдер баяндауыш қызметінде жұмсалғанмен, сұрау жағынан көбіне пысықтауыштың сұрауына ауысатын сияқты. М.Балақаев: Тасбұлақ өзенінің суы мөлдір (С.Омаров) дегендегі баяндауыш қалай? деген сұраққа жауап беріп тұр дейді. Бұл арада ол сөзге қалай? деген сұрақ қойылмайды (бұл – терілуден кеткен кемшілік). Ал негізінде, сын есімдердің дара, күрделі не- месе қосарлы түрлерінің баяндауыш болуының сұрауларға кей-
469 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері де өзіндік əсері де болатындығы бар. Сонымен, сын есімдердің сұрауларының ішінен баяндауыштың сұрауы ретінде негізінде тек қандай? сұрауы қатысатын сияқты. Сан есімдерге байланысты қанша? неше? қаншасы? сұраулары негізге алынған. Осы сұраулардың бірінші, екіншісі жиі қолданылады да, соңғы сұрау қолданылмайды десе де болады. Мысалы: Жылқы – мың үш жүз (F.Мұстафин). Сөйтіп, сан есімнен жасалған баяндауыш үшін қанша? неше? сұраулары толық жететін сияқты. Бірақ кейде реттік сан есімді баяндауыштарда жиі кездеседі. Ондайда баяндауышқа реттік сан есімнің сұраулары қойылатыны анық. Баяндауыштардың үлкен тобы – құрама баяндауыштар. Құрама баяндауыштар есімдер мен етістіктерден жасалады. Құрама баяндауыштардың таза бірінші сыңарларына (зат есім, сын есім, сан есім, есімдік) сұрақ қою есімді баяндауыштарға тəн болғанымен, ал құрама баяндауыштың жанындағы көмекші етістіктердің сұрау құрамына енуі, енбеуі – ойланарлық жайт. Мəселен, Ол оқушы еді. Ол жақсы еді. Ол үшеу еді. Ол мен едім – дегенде, баяндауыштары есімдер мен көмекші етістік. Ол бала тəрізді. Ол жақсы. Ол екеу сияқты. Ол мен тəрізді сөйлемдерінде тəрізді, сияқты сөздерінің қабаттасып келуі ол баяндауыштарға қойылатын сұрақтар жөнінде де ойлануды керек етеді. Осындай топты баяндауыштардың құрамында зат есім, сын есім, сан есім, етістіктер мен модаль сөздер арқылы жасалуының мағыналық та айырмашылығы бар. Бірінші топтағы көмекші етістіктерде шақтық мағына үстесе, екінші топтағы сөйлемдерде модаль сөздер түрлі болжам, ұқсату, тағы да басқа мағыналарды айқындайды. Бірақ осы сияқты құрама баяндауыштардың сұраулары есімді баяндауыштың сұрауларымен бір делініп, бұлардағы сұраулардың өзіндік ерекшелігі ескерілмейді. Біздің балалар үйдің қасында дегенде немесе баяндауыштың құрамын- да шылау болып келгенде де осыны айтуға болады. Кейде мынандай құрамды баяндауыштарға сұрақ қоюдың өзі тіпті ойландырады. Түсі торыдан гөрі күреңге жуық болса керек (Ə.Сəрсенбаев). Танабай ауылы Ақмоланың оңтүстік жағындағы Нұра өзенінің бойындағы қыстауында еді ( С.Сейфуллин). Мариям бұлардың асты-үстіне түсумен болды (Б.Майлин) сияқты септік
470 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері жалғаулы негізгі сөздерге шылау, көмекші етістік, модаль сөздер мен көмекші есімді сөздер қатысты баяндауыштарға сұраулар қою қиындық келтіреді. Екіншісі – өзінің қолындағы кіші ұлының келіншегінің төркінінікі (С.Сейфуллин). - нікі, -дікі баяндауышы- на қойылатын кімдікі? ненікі? деген сұрау тек А.Байтұрсынов еңбегінде ғана ескерілгені болмаса, ешбір жерде арнайы сұрау ретінде айтылмайды. Сонымен, баяндауыштың сұраулары туралы айтқанда ocы сияқты бірнеше мысал негізінде мына сұрауларды оған жатқызуға болады: Кім? не? Кімдер? нелер? а) Кімім? нем? кімдерім? нелерім? ə) Кімің? нең? кімдерің? нелерің? кімдеріңіз? нелеріңіз? б) Кімі? несі? кімдері? нелері? Кімге? неге? кімде? неде? кімнен? неден?қайдан? Кім еді? не еді? қандай еді? қанша еді? нешеу еді? Кімдікі? ненікі? Қандай? канша? қалай? Сонымен, қорытындылай келгенде, баяндауыштың сұраулары мыналар деп айтуда олардың қай сөз таптарынан болатындығы жəне олардың тұлғалық ерекшеліктеріне қарай да нақтылау орынды-ақ. Баяндауыштық тұлға Баяндауыш, оның қандай тұлғалардан жасалуы да басты əңгіме болуы тиіс. Баяндауыштық тұлға туралы Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, М.Балақаев еңбектерінде əртүрлі дəрежеде сөз болады. Н .Сауранбаев баяндауыштық тұлға ретінде сөздердегі жалғаусыз түрі мен жіктік жалғауы, тəуелдік жалғауы, көптік жалғауы жəне -нікі, -дікі қосымшалары арқылы келуін айт- са, С.Аманжолов тек атау күйіндегі сөздер мен жіктік жалғаулы сөздерді ғана көрсетеді. Баяндауыштық тұлғаны М.Балақаев екі топқа бөліп көрсетеді, яғни сөздердің түбір күйінде жəне сөздердің грамматикалық тұлғалар арқылы түрленген күйінде келуін көрсетеді. Сөздердің түбір күйінде баяндауыш болуын əрі есімдерге де, əрі етістіктерге де тəн дейді.
471 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері Міне, бүл пікірлерге қарағанда, жалпы баяндауыштық тұлғаның жалғаулы (тəуелдік, жіктік, септік, көптік) жəне жалғаусыз түріне - нікі, -дікі, -дүр қосымшалары қосылатындығы белгілі болды. Əрине, бұл баяндауышты тұлғалар – осы сөйлем мүшесі үшін негізгі фактор. Бірақ бұл баяндауыштың барлық түрлеріне бірдей сай келе бермейді. Сондықтан біз баяндауыштық тұлғаның əрбір түрінің жеке-жеке ерекшелігін рет-ретімен көрсетуді жөн көрдік. Етістікті тұлға. Етістіктер баяндауыш қызметінде түбір күйінде жəне түрлі жұрнақ, жалғау арқылы, сондай-ақ түрлі көмекші сөздердің қатысы арқылы жасалады. Жіктік жалғауы ең негізгі баяндауыштық тұлға болып та- былады. Жіктік жалғаулы сөздер көбіне сөйлемнің соңында келеді. Мұндай тұлғалы баяндауыштарды тиянақты, тиянақсыз деп бөліп карастыру орынды. Өйткені баяндауыштардың басым көпшілігі сөйлемді тиянақтауда жұмсалғанымен, енді бір тобы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауы- шы ретінде де жұмсалуға тиіс. Тиянақты тұлғадағы баяндауыштар – негізінен жіктік жалғаулы етістіктер, есімше тұлғалы етістіктер жəне қимыл есімді етістіктер. – Кəне, жол беріңдер, – деді ойын ағасы (X.Есенжанов). Бөгемеңдер, жол беріңдер (Ғ.Мұстафин). Сендер келсеңдер, асты болдырайын (Т.Ахтанов). Əй, тұрыңдар (Б.Тілегенов). Не сабақ оқыдыңдар? (С.Мұқанов.) Менің аралап қайтқым келеді (С.Мұқанов.) Менің əлі сізбен сөйлескім келеді (М.Əуезов). Сөйлемде бас мүшелердің өзіндік қызметінің ерекшелігінің барлығы айқын. Ал екеуінің бірлігі сөйлемдік қасиетті ерекше дəлелдей түссе керек. Бас мүшелердің əрқайсысының өзіндік қызметінің ерекшеленетіні тағы бар. Бастауыш сөйлемде ойдың иесі болу арқылы көрінсе, баяндауыш сөйлемді тиянақтап, ойдың басын қосып, бəрін біріктіруші болып табылады. Баянда- уыш айналасына толықтауыш пен пысықтауышты жəне (сапалық, меншікті) анықтауыштарды да қатыстыра отырып, сөйлемдегі ойды тиянақтауда үлкен рөл атқарады. Баяндауыш осы ерекшеліктеріне қарай, басқа сөйлем мүшелерінен ерекшеленеді. Баяндауыштың осындай касиеті оның екі түрде жұмсалуы арқылы көрінеді. Негізінен баяндауыштардың барлық еңбектерде тек тиянақты формасы арнайы беріледі. Ал
472 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері сабақтас құрмалас сөйлемде ғана баяндауыштың тиянақсыз фор- масы сөз болады. Тиянақты баяндауыштар – сөйлемді тиянақтауда басты тұлға. Сондықтан олар – əрбір сөйлем (сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауышынан басқа) үшін негізгі фактор. Ал тиянақсыз баяндауыштар, біріншіден, тек құрмалас сөйлемде ғана кездеседі. Олар тиянақсыз формада айтылғанымен, баяндауыш екендігі анық. Тиянақты баяндауыштың өзі тиянақсыз баяндауыштың негізінде жасалатыны айқын. Мысалы: Ол қызықты кітапты оқып шықты дегенде баяндауыштың негізгі сыңары көсемше де тиянақсыз, ал оны тиянақтап тұрған көмекші етістіктің тұлғасы екені белгілі. Етістіктің есімше, көсемше фор- масы жеке тұрғанда тиянақсыз болып келеді, олардың тиянақты формаға ауысуы арнайы немесе басқа да сөздердің көмекшілік қызметі арқылы жасалады. Сабақтас құрмаластағы бағыныңқы баяндауыштардың да бірінші сыңары əдеттегі баяндауыш- тар сияқты, тек оларда көмекші сөздер қатыспайды. Сонымен, тиянақсыз баяндауыштар да – баяндауыш. Бірақ олар жалпы баяндауыштың объектісінде қаралмай, тек құрмалас сөйлемде қаралуы – жалпы баяндауыш мəселесінің бір көрінісі. Тиянақсыз баяндауыштар, олардың жасалуы синтаксисте, жоғарыда айтып өткеніміздей, тек сабақтас құрмалас сөйлемде ғана айтылады. Сұрыптай келгенде, тиянақсыз баяндауыштардың жасалуында шартты рай, көсемше, есімше, қимыл есімі жəне бар, жоқ сөздері қатыса алады. Көсемше тұлғалы баяндауыштар. Көсемше тұлғалы баянда- уыштар екі түрлі формада кездеседі. Біріншіден, дербес мағынасы бар етістіктердің көсемше тұлғасы арқылы баяндауыш болады. Мысалы: Ереуіл атқа ер салмай, Ерлердің ісі бітер ме (Махамбет). Бір сəтте су бетіне мыңдаған ракеталар атылып, жібек қанаттар желбіреп, асылып-асылып тұра қалды (Ғ.Мүсірепов). Екіншіден, дербес мағыналы етістіктерге көмекші сөздер түйдектеліп келіп, көсемше тұлғасында жұмсалады: Қара басыма пайдасыз екен деп, мен көптің мұңын аяққа баса алмаймын (С.Мұқанов). Жаңа жұмысшыларға техника қатерсіздігін ұғындырмайынша, шахтаға жіберуге тыйым салынған (Ғ.Мұстафин). Бүгін ерте келемін деп еді (Ə.Нəбиев).
473 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері Есімше тұлғалы баяндауыштар. а) -ған, -ген есімшесіне - ша, -ше жұрнағының жалғануы арқылы: Сен бұл жұмысты бітіргенше, бригадир де келіп қалар («Социалистік Қазақстан»); ə) -ғaн, -ген есімшеге -дай, -дей жұрнағының жалғануы арқылы: Жаңағы тұрған жерінен өз көлеңкесі тапжылмағандай, жалғыз бейне елестеді (А.Хангелдин); б) -ған, -ген, -ар, -ер есімшелерінің септелуі арқылы: Осы Шыңғыс туарда, Уəлінің үйіне Айғанымның апасы Пірəлі келіп жатты (С.Мұқанов). Өзен түбі таза, құмайт болғандықтан, су айнадай мөлдір боп сырғиды (М.Əуезов). в) -ған, -ген жұрнақты атау тұлғалы есімшесіне түрлі шылаулар- дың тіркесуі арқылы: М.Өтемісовке ескерткіш орнатқаны үшін, партия мен үкіметке колхозшылар атынан көптен-көп алғыс ай- тамын («Қазақ əдебиеті»). г) -ған, -ген есімшесінен соң барыс, шығыс септіктерінің жалғауы жалғану арқылы: Мұның бұлай өсуі жас күнінен көп қолпаштағаннан (А.Байтанаев); ғ) -ар, -ер тұлғалы есімшенің болымсыз түрінен кейін шылаулардың тіркесі арқылы: Сережа мен шешесі дұшпандардың шеңгеліне ілікпес үшін, аудан орталығы халқымен бірге теміржол станциясына жөнелтілді (Б.Соқпақбаев). д) Осы тұлғалы есімшелердің жа- тыс, шығыс, көмектес септігінде келуі арқылы: Отыз екі жасқа келгеніне қарамастан, осы жазда капитан Енакиевтің самайына ақ кірді (В.Катаев). Аға шопанды көрісімен, қой қорасының қақпа- сын ашуға кетті (Ə.Нəбиев.) Шартты рай тұлғалы баяндауыштар: Егер сəулең болмаса, Мейлің тіріл, мейлің өл (Абай). Қимыл есімі мен шылаулардың тіркесуі арқылы: Əңгі- мені басынан бастау үшін, Саржанмен кездескен күнді есіме толық түсіріп көрейін (Ə.Əбішев). Есімді тұлға. Баяндауыш қызметінде жұмсалатын сөз тапта- ры – есімдер. Есімдердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы бірдей дəрежеде емес. Оңдай кезде көп жұмсалатыны – зат есімдер. Де- генмен, есімдердің бəрінің де баяндауыш болу принциптері бір іспеттес. Есімдер де етістіктер сияқты түбір күйінде жəне түрлі жұрнақтар арқылы жасалады. Мысалы: Қаланың іш-сырты – əскер (X.Есенжанов). Ауа тұп-тұнъқ, тап-таза, жібектей жұмсақ (Ғ.Мүсірепов). Қонақ үй шешелер үйіндей емес, сыртынан да салқын, үнсіз (М.Əуезов). Мен танктерді санай бастадым. Барлы- ғы – он жеті (А.Байтанаев). Хасен қазір колхозшы (С.Керімбеков).
474 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері Есімдердің баяндауыш қызметінде жұмсалуында жалғаулар- дың да қызметі ерекше. Əсіресе, ондай кезде жіктік, тəуелдік, көптік, септік жалғаулары ретіне қарай қолданыла береді. Ол жалғаулар есімдерге жалғану арқылы сөйлемнің соңында баянда- уыш қызметінде мол жұмсалады: Ұлпан биыл жетіде (Б.Май- лин). Бұл екі кітап – бұл ауыл, бұл өлкенің Абайдан басқа көп жа- нына əлі тілімен де, сырымен де ұғымсыз кітаптар (М.Əуезов). Мен саған – кіммін? (С.Ерубаев). Екі жұмадан бері тынышпыз (Ғ.Мүсірепов). Барым – бір өзің (М.Əуезов). Есімді баяндауыш- тардың негізгі тұлғалық белгісі – түбір күйінде жəне түрлі жалғаулы түрлері. Əсіресе, ондай кезде септік жалғаулы есімдер барыс, жатыс, шығыс жəне көмектес жалғауында келеді. Құрама баяндауышты тұлға. Есімдерге түрлі көмекші етістіктердің тіркесі арқылы да күрделі баяндауыш жасалады. Кейде ондай көмекші етістіктер септік жалғаулы есімдермен де тіркесте жұмсалады. Мысалы: Ара ағайын сен емессің (М.Əуезов). Апырмай, адамзат та ондай сұлу болады екен-ау? (Б.Майлин). Қасындағы тобықты жуандарының жасы үлкені Байғұлақ еді. Бір өзінен басқа ешкімге мəлім емес (М.Əуезов). Əрқайсысы да ойдың соңында еді (С.Сейфуллин). Түсі торыдан гөрі күреңге жуық бол- са керек (Ə.Сəрсенбаев). Баяндауыш қызметінде есімдерге түрлі көмекші сөздердің тіркесі арқылы да жасалуы мол кездеседі. Əдетте, көмекші сөздер пысықтауыш, кейде тағы басқа сөйлем мүшелері үшін ғана қолданылып келсе, қазіргі кезде баяндауыштың жасалуын- да едəуір дəрежеде қолданылады жəне олар да баяндауыштың көрсеткіші болып табылады. Мысалы: Күн тəртібіндегі мəселе – егіс жоспарын өсіру туралы (Б.Майлин). Осы – терең сайдың тұсы (М.Əуезов). Мен білмейтін жер астында (С.Мұқанов). Баяндауыш қызметінде жұмсалатын қосымша -нікі, -дікі, -тікі. Олар жалғанған сөздер баяндауыш сөйлем мүшесі ғана бола алады. Мысалы: Бұл ауыл – біздікі ( С.Мұқанов). Ал осы күнгі əдебиеттерде оның бірінші сыңарының тұлғалық ерекшелігін негізге алмай-ақ, тек құрама баяндауыштар деп қоя салады. Ол шынында, оңдай кезде құрама баяндауыштың бірінші сыңары да көптік, тəуелдік, жіктік, тіпті септік жалғуларында келе береді. Ал екінші сыңары туралы айтқанда көмекші есімдер ілік, барыс септіктерінен басқа
475 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері септіктерде де жұмсала береді. Сондықтан болар, септеулі түрінде де кездеседі. Ал модаль сөзді шылаулы түрлері бұрын сөз бол- майтын. Енді көмекші сөздерді, модаль сөздерді, шылауларды да баяндауыштық тұлға деп санау орынды. Баяндауыштың жасалу жолдары Барлық түркітану жəне қазақ тіл білімінде арнайы түрде сөз болатын негізгі мəселе – баяндауыштың жасалу жолдары. Баяндауыштың ережесі, тұлғасы, сұрауы – барлығы, негізінде, жасалу жолдарымен тығыз байланысты. Негізінен баяндауыш қызметінде сөз болатын сөз таптары – етістік пен есімдер тобы. Кейбір еңбектерде баяндауыштың жасалуында етістіктердің баяндауыш қызметінде жұмсалуын айта келіп, оның ішінде есімшенің де баяндауыш болуын А.Байтұрсынов арнайы бөліп көрсетеді. Ал Е.И .Убрятова етістіктер тек сөйлемнің соңында жұмсалып қана баяндауыш болады деп ерекше атап кетеді. Жалпы алғанда, етістіктер мен есімдердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы туралы көптеген пікірлердің негізі де – осы екі сөз табы. Сонымен бірге баяндауыш қызметінде есімдік, үстеу мен кейбір көмекші сөздер туралы түрліше көзқарастарды байқауға болады. А .Байтұрсынов баяндауыштың жасалуын жан- жақты айта келіп, кейде автор есімдік, одағайлар да баяндауыш болады деп көрсетсе, Е.И .Убрятова тек сұрау есімдіктері ғана ба- яндауыш болады дейді. Зерттей келгенімізде, есімдіктер де басқа есімдер сияқты баяндауыш қызметінде жұмсала береді. Ондай кезде есім- діктердің тек сұрау есімдіктері ғана емес, оның басқа да түрлері баяндауыш қызметін атқарады. Сондықтан баяндауыш қызметінде есімдер жұмсалады дегенде, есімдіктерді де сол дəрежеде түсінуіміз керек. Əсіресе, баяндауыштың жасалу- ында əртүрлі пікір айтылып жүрген сөз табы – үстеу. Үстеу – табиғатында мезгілді, мекенді білдіріп, арнайы пысықтауыш бо- латын сөз табы. Дегенмен осы күнгі еңбектерде үстеулер де ба- яндауыш қызметінде жұмсалады дейтін пікір орын алып жүр. Бұл туралы алғашқы пікірді С.Аманжолов айтса, Е.И.Убрятова мен Н.Сауранбаев жəне К.Аханов пен М.Серғалиев та қолдайды.
476 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері Үстеудің осы сияқты қызметі туралы қарақалпақ тілінің ав- торлары да айтады. Жалпы алғанда, үстеулердің қазіргі кез- де қолданылу аясы жан-жақты кеңейгендігін көреміз. Бұрын үстеулер морфологиялық жағынан өзгермейтін сөз табы делініп келсе, ал қазіргі кезде олар септеледі, көптеледі. Соған бай- ланысты олар тек қабыса байланысқан сөз тіркестерінде ғана емес, енді меңгеріле, қиыса да байланысатын дəрежеге ие бол- ды. Оның үстіне сөз тіркестерінің басыңқы сыңары қызметінде етістік, есімдер мол қолданылатын болса, əзірше үстеу туралы да осыны айтуға болады. Бұған қарағанда, үстеулердің түбінде баяндауыш қызметінде жұмсалуы активті процесс болуы тиіс дейміз. Баяндауыштың жасалуында С.Аманжолов шылауларды да ескертіп кетеді. Əрине, шылаулардың дербес мағынасы жоқтығы, соған сəйкес олардың дербес сөйлем мүшесі қызметінде жұмсала алмайтындығы айқын. Дегенмен автордың бұл пікірін де теріске шығаруға болмайды. Шылаулар өзі сөйлем мүшесі болмағанымен, басқа сөздердің жетегінде келіп, сол тобымен сөйлем мүшесі, соның ішінде баяндауыш та бола беретіні дəлелденіп отыр. Тіпті, тек шылаулы түйдекті тіркес қана емес, негізгі сөздер мен көмекші есім, көмекші етістік жəне модаль сөздердің де түйдекті тіркесі баяндауыш бола алатындығы дəлелденіп отыр (ол туралы бірінші тарауда арнайы тоқталғанбыз). Сонымен, негізгі сөз бен түйдекті тіркес құрайтын көмекші сөздер де – баяндауыш жасаудың негізгі бір жолы. Əдетте сөйлем мүшелері сөйлемнің негізгі элементі дейміз де, сөйлемнің ішкі бөлшектері ретінде сөйлем мүшелеріне тал- даумен шектелеміз. Зерттей келгенімізде, тиянақты ойды беретін сөйлемдердің өздері де ретіне қарай сөйлем мүшелері болатынын уақытысында А.Байтұрсынов алғаш көрсетуші болды. Бұл 1920- 25 жылдарғы алғашқы сөз болған мəселе қазіргі кезде қолданысқа ие болып отыр. Қазіргі кезде сөйлемдер таза сөз таптары арқылы жəне түрлі көмекші етістіктер арқылы да баяндауыш болуы тілімізде жиі айтыла бастады. Сол сияқты баяндауыш қызметінде жұмсалуға тиісті категорияның бірі – тұрақты тіркестер. Олар сөйлемді тиянақтай келе, сөйлемнің баяндауышы бола алады. Тіпті, баяндауыш қызметінде жеке дыбыстар да қолданылатыны дəлелденіп отыр.
477 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері Сонымен, баяндауыш, оның жасалуын біз мына топ арқылы көрсетеміз: 1) Дербес мағынасы бар сөз топтарының қатысы арқылы жасалуы; 2) Негізгі сөз бен көмекші сөздер (көмекші етістік, көмекші есім, модаль сөздер мен шылаулар); 3) Тұрақты тіркестер арқылы; 4) Сөйлемнің сөйлем мүшесі болуы арқылы; 5) -нікі, -дікі, -тікі қосымшасы арқылы; 6) Жеке дыбысты сөйлем мүшелері арқылы. Баяндауыштың түрлері Түркітану, оның ішінде қазақ тіл білімінде баяндауыш жай- лы сөз болатын басты мəселе – оның түрлері. Баяндауыштың түрлерін айқындауда, негізінен, түрліше көзқарастар бар. А.П.Поцелуевский баяндауыштың есімдерден де, етістіктерден де жасалуына қарай құралған сөйлемді есімді сөйлем жəне етістікті сөйлем деп қарастыруды ұсынады. Ал басқа еңбектердің бəрінде де, негізінен, баяндауыштың түрлерін сөз таптарының ыңғайына қарай топтастырған. А .Н. Кононов, Н. Сауранбаев, сондай-ақ қарақалпақ тілінің мамандары есімді, етістікті баян- дауыш түрін көрсетсе, С.Аманжолов «Асанның келгені жақсы болды» дегендегі баяндауышты аралас баяндауыш деп береді. Ол 1940 жылғы еңбегінде етістікті баяндауышты арнайы көр- сеткенімен, есімді баяндауышты арнайы айтпайды, бірақ құрама баяндауыш деген терминді енгізеді. М .Балақаев 1949 жылғы мек- теп грамматикасы мен 1954 жылғы академиялық грамматикада ба- яндауышты есімді жəне етістікті деп берсе, 1971 жылғы еңбегінде құрама баяндауышты қоса береді. Осылайша, баяндауыштардың түрлері жағына ғалымдар пікір- лерінде онша алшақтық жоқ. Ал кейбір ғалымдар баяндауыштар- дың есімді, етістікті жəне құрама түрлерімен бірге арнайы түрде бар, жоқ сөздерінің де баяндауыш болуын көрсетіп отырады. Сонда, бұл екі сөзді баяндауыштардың қай сөз табына тəндігінің басы ашылмайды. Оның өзі ондай сөздердің қай сөз таптарына тəн екендігімен ұштасып жатса керек. Осы іспетті рас, қажет, керек сөздері қатысты баяндауыштардың да қай топқа қатысты жағы да ескерілмейді. Мысалы: Айып менде екені рас. Бұл кітаптардан алған хабардың бəрі қазір аттанатын жолаушы үшін керек (М.Əуезов).
478 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері Баяндауыштарды қай сөз таптарынан жасалуына қарай есімді, етістікті жəне құрама баяндауыштар деп бөлуін біз де қолдай келе, сонымен бірге олардың əр тобындағы кейбір ерекшеліктерге де назар аударуды жөн деп білеміз. Етістікті баяндауыштардың өзі дара жəне күрделі болып бөлінетіндігі белгілі. Етістікті баяндауыштардың дара түрі таза етістіктен келсе, күрделі түрі осы дара етістіктерге отыр, жатыр, тұр деген ауыспалы мағыналы етістіктер жəне көмекші етістіктер түйдектелуі арқылы жасалады. Зерттей келгенімізде, күрделі баяндауыштар тек осы құрамда келуімен бірге шартты рай, көсемше, есімше, кейде қимыл есімдері мен түрлі модаль сөздер арқылы күрделі формада мол кездеседі. Ондай құрамды баяндауыштардың бірінші сыңарлары əртүрлі тұлғалы етістіктер негізгі мағынаға ие болады, ал оны күрделендіру үшін жұмсалатын сөздер əдеттегі көмекші етістіктер сияқты көмекші қызметте жұмсалады. Сонда етістікті баяндауыштағы етістікті көмекші сөздер сол негізгі мағыналы шақ, жіктік, тағы басқа ерекшеліктерін қалай айқындауға себеп болса, бұл тіркескен сөздер де сондай қызметке ие болады. Мыса- лы: Ол ағасымен кездесіп қап, өзін таныта білсе керек. Өз жүрегінің жұмбағын өзі шешуі керек. Осы күні оның бірі жоқ,басқа бір Рай- ханды ауыстырып тастап кеткен тəрізді (З.Шашкин). Балалар жұмысқа қызу кірісе бастаған болуы керек ( Ғ.Мұстафин). Гүлсімге Тұрар сырының тарихы ертеден басталған сияқты (З.Шашкин). Күтпеген жерден төбеден түскен бомбалар немістердің үрейін ұшырып, есін жиғызған жоқ (Ғ.Мүсірепов). Художник неғұрлым көп білуге міндетті (М.Əуезов.) Осы сөйлемдерде мынадай баян- дауыштар бар: білсе керек, шешуі керек, тастап кеткен тəрізді, кірісе бастаған болуы керек, басталған сияқты, есін жиғызған жоқ, білуге міндетті. Бұл баяндауыштардың бірінші, негізгі сыңарлары – етістік. Ал екінші сыңардағы керек, тəрізді, сияқты, жоқ сөздерінен жасалған баяндауыштарды етістікті деуге келе ме? Сол сияқты құрама баяндауыштар туралы да, əсіресе, оның əрбір сыңары туралы да осы сияқты пікірлерге тап боламыз. Сонда, құрама баяндауыштардың жасалуында осы күнге дейінгі еңбектерде негізінен көмекші етістіктер қатысты делінеді де, сол көмекші етістіктерге е, де тұлғаларын жатқызып жүрміз. Шалқып жүрген еркенің еркесі тəріздімін. Ішіміздегі ширағымыз да,
479 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері сергегіміз де өзің болдың. Қолдан келсе, бұл жолы Құнанбайды əшкерелеп, көп алдында тентек қып алмақ (М.Əуезов). Бұл келген Дəрмен тəрізді («Жұлдыз»). Ал осы сөйлемдердегі ба- яндауыштар: еркесі тəріздімін, өзің болдың, тентек қып алмақ Дəрмен тəрізді негізгі сөздер есімдер болып келгенімен, көмекші сыңарлары модаль сөздер. Сол сияқты Оның сөзі рас болып шықты (С.Сейфуллин). Рақым, саған көптен бері айтайын деп жүрген бір сөзім бар еді (Б.Тілегенов) дегендегі күрделі баяндауыштардың бірінші сыңарларын есім деп айтуға, тіпті, болмаса керек. Бірақ бұл топты баяндауыштар да құрама баяндауыш іспетті. Міне, бұған қарағанда, баяндауыш болатын сөздердің баяндауыш қызметінде жұмсалу дəрежесі есімді, етістікті, құрама баяндауыш- ты топтарына сыймаса керек. Олай болса, күрделі етістікті құрама баяндауыштардың да құрамдары аясының кеңейгендігін көруге болады. Оның өзі етістікті құрама баяндауыштардың құрамында жұмсалатын көмекші сөздердің аясының кеңдігінен, түрлерінің молдығынан шығатын сияқты. Сонымен, етістікті күрделі баяндауыштың негізгі сыңары етістік, көмекші сыңары көмекші етістіктер деген пікір – бұл күрделі баяндауыштың жасалу жолының тек бір түрі ғана. Ал басқа түрлері алдағы тарауларда сөз болмақшы. Модаль сөздер мен бар, жоқ сөздері етістікті жəне құрама баяндауыштың құрамында ғана жұмсалып қоймаса керек. Олар жоғарыдағы көрсетілген мысалдардағыдай өздері де жеке тұрып, баяндауыш қызметінде жұмсала алатын дəрежеге бұрыннан ие сөздер. Бірақ осы модаль сөздердің баяндауыш болуы əртүрлі еңбектерде бірен-саран сөздермен айтылғаны болмаса, олардың баяндауыштық қызметі арнайы сөз болмайды. Зерттей келгенімізде, модаль сөздер мен бар, жоқ сөздері жəне көп, аз сөздерінің баяндауыш қызметінде мол жұмсалатыны анық. Со- нымен, етістікті, есімді, құрама баяндауыштармен тең дəрежеде модаль сөзді баяндауышты да енгізуді жөн көрдік. Оның өзіндік себептері де бар. Біріншіден, бұл сөздерді етістікті баяндауышқа жатқызуға келмейтіні сияқты есімді (зат есім, сын есім, сан есім, есімдік) баяндауышқа да қоса алмаймыз, өйткені ол сөз таптарының құрамында мұндай сөздер жоқ. Екіншіден, сөйлемде қолданылуы жағынан сол сөз таптарының ешқайсысынан кем
480 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері түспейді. Үшіншіден, ол сөздер өздері тек таза түрінде ғана қолданып қойылмай, түрлі морфологиялық құрамда жəне басқа сөздермен өзара тіркесіп те жұмсалуы олардың аясының кеңдігін көрсетеді. Сонымен, баяндауыштар түрлеріне қарай етістікті (негізгі, көмекші), есімді (зат есім, сын есім, сан есім, есімдік), құрама (үстеу, модаль сөздер, бар, жоқ сөздері, еліктеуіш сөздер жəне, т.б . көмекші сөздер) болып келсе, тұлғасына қарай дара жəне күрделі болып жұмсалады. Етістікті баяндауыш Əрбір сөйлем мүшелерінің жасалуына белгілі-белгілі бір сөз таптары негіз болады. Сол сияқты баяндауыштардың жа- салуында ең негізгі сөз табы – етістік. Етістік – басқа сөз тапта- рына қарағанда ең күрделі сөз табы. Жалпы, етістік – қимылды білдіруге байланысты сөйлемді тиянақтаудың ең басты шарты. Бірақ етістіктердің əртүрлі категорияларының баяндауыш болу- ында əрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Мұның өзі оның құрамдық ерекшеліктерінен де анық байқалады. Етістікті дара баяндауыш. Етістікті дара баяндауыш негізінде синтетикалық тəсіл арқылы дербес мағынасы бар етістіктерден ғана жасалады. Жалпы алғанда, баяндауыш болатын негізгі сөз табы – етістік. Етістіктер негізінде баяндауыш болғанда сөйлемді тиянақтап, көбіне сөйлемнің соңында тұрады. Əрине, дара етістік- ті баяндауыштың жасалуы туралы барлық əдебиеттерде айтыла- ды. Бірақ ол туралы қазіргі ғылыми əдебиеттерде онша бірізділік жоқ. Орыс тіл білімінде В.В .Бабайцева дара баяндауышқа райлар, негізгі етістіктер, демеулік шылаулардың тіркесуі, фразеологиялық тұтастықтардың соңғы сыңары етістіктен құралған түр- лерін жатқызса, Е.С .Скобликова тек жіктік жалғаулы етістіктерді ғана айтумен шектеледі. Ал түркологияда А. Жапаров дара баяндауыштардың жасалуында райлардың да баяндауыш бо- луының ішінде тек шартты рай туралы айтып, ал қалған райлар ту- ралы сөз қозғамайды, көбіне дара баяндауыштардың шақ тұрғысын ғана сөз етеді. Сонымен бірге автор дара есімше, кейде ондай есімшелерге екен көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалуын
481 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері да дара етістікті баяндауышқа қосуына келісе алмаймыз. Бірақ ав- тор қимыл есімді дара баяндауышқа жеке тоқталмағанымен, ондай тұлғалы етістіктерге -шы жұрнағының қосылуы арқылы дара ба- яндауыш жасалатынын орынды көрсете білген. Ал қазақ тіл білі- мінде етістікті дара баяндауыштар туралы əртүрлі көзқарастарды айтуға болады. М. Балақаев дара етістікті баяндауыштар рай, шақ, етіс, салт, сабақты, болымды, болымсыз жəне есімше мен көсемшелер (сабақтас құрмалас сөйлемдерде) арқылы жасала- ды десе, ал мектеп грамматикасында райлар, тұйық етістік жəне есімшелер арқылы жасалатындығы аталады. «Қазақ тіл грамма- тикасында» сөйлем мүшелерін жазған М.Томанов дара етістікті баяндауыштардың есімше жəне көсемше арқылы ғана жасалған түрін береді. Міне, бұған қарағанда, дара етістікті баяндауыштардың жа- салуында олардың етістіктің қай категорияларынан болуын- да бірізділік жоқ. Бұл пікірлерді М.Балақаевтың салт, сабақты етістіктер түрін қосуы сол көрсетілген басқа да етістік тұлғаларын толықтыра түссе керек. Сол сияқты болымды, болымсыз етістіктер туралы осылай айтуға болады. Бұл арада дара етістікті баяндауыштардың жасалуын мектеп грамматикасында нақты əрі жан-жақты берілген. Ал академиялық грамматикада дара баян- дауыш туралы мағлұмат жоқтың қасы. Етістіктер дара күйінде бұйрық рай, шартты рай, көсемше, есімше, қимыл есімі, түрлі етістік жұрнақтары арқылы жəне түрлі туынды түрінде де жұмсала береді. Бірақ осылардың ішінде жай сөйлемнің немесе құрмалас сөйлемнің басыңқы сыңарының баяндауыштары, яғни тиянақты баяндауышы ретінде бұйрық рай, есімше, қимыл есімі мен туын- ды етістіктер ғана жұмсалса, ал шартты райлы немесе көсемшелер əдеттегі жай сөйлемнің баяндауышы қызметінде арнайы жұмсала алмайды. Өйткені олар сөйлемді тиянақтай алмайды. Дегенмен соңғы кезде мұндай процестен ауытқу жағын да көруге болады. Əдетте шартты райлы баяндауыштар сабақтас құрмалас сөйлемнің ғана құрамында жұмсалса, енді өз алдына да жұмсалатын дəрежеге ие болып отыр. Мысалы: Тек əлі де шындап жетілдіре түссе, профессионалдық дəрежеге жеткізсе (Н. Мағзұмов). Екіншіден, көсемшелер де тек сабақтас сөйлемнің бағыныңқы қызметінде ғана жұмсалып қоймай, əдеттегі жай сөйлемнің баян-
482 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері дауышы қызметінде жұмсалуы да соңғы кездің жемісі: – Əй, анау үйге Дүйсекең келді, қайдан таныдың? – Е, ұстазымды танымай?! (М.Қалдыбаев) (Біздіңше, бұл сөйлемдерде тілдік үнемдеу бар екені байқалады. Түсінікті нəрсені бүгіп қалғандай). Бұйрық райлы дара етістікті баяндауыш. а) Серпілсін, сергіп, қуанып сілкінсін ел (Б.Майлин). Дастарқан үстіндегі семіз қойдың тоңазыған еті, күлше нан, жантая бір қара торсық тұр. – Ей, бері қара, кел, отыр, біз Жалпақсазға барамыз (Ш.Айтматов). Тілімізді алсаң, мұнда тұра көрме, шырағым! Біздің үйге жүр (С.Мұқанов). ə) -ғын, -гін, -қын, -кін. Көп жыл өтті арада, Келдің Əлім, Түсінесің ағайын, сөздің мəнін. Ешкі емес, Сүйінбайға жылқы бітті. Қымыз ішкін, отырғын, татқын дəмін (Сөз тапқанға қолқа жоқ). Апыр- ау, бір жат сөз айтып қалмаса қайтсын? (Ғ.Мүсірепов). б) Бұйрық райлы етістіктер жіктеліп те жұмсала береді: Қалаға қонайын, далаға қонайын, өз тамағымды өзім тауып жей алам (С.Мұқанов). Бақыт беріп, бақ беріп еңбектен өрнек салғыздың (Жамбыл). в) Қалау рай арқылы: Жақсы ағаның зор дəмесін əмсе өстіп ақтағай-сың (М.Əуезов). Қимыл есімдердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы Етістіктердің ішінде баяндауыш қызметінде жұмсалуы жағы- нан өте аз айтылатыны – қимыл есімі. Қазіргі ғылыми еңбектер- дегі қимыл есімдерінің баяндауыш болуы тек -у жұрнағы арқылы ғана жұмсалатындығы белгілі. Ал қимыл есімді баяндауыштар дара да, күрделі де түрде жұмсалады. Қимыл есімді баяндауыштар- дың тұлғалық түрлерінің əртүрлі болуы оларға түрлі жалғаулар- дың жалғануы, көмекші сөздердің қосарлануы жəне олардың септеліп келуіне байланысты. Қимыл есімдері таза түрінде келуі арқылы баяндауыш болу- ында негізінде у жұрнағы түбір етістікке тікелей де немесе түрлі етістіктердің басқа жұрнақты түрлеріне кейін де жалғана береді: Күн тəртібіндегі мəселе егіс жоспарын өсіру (Б.Майлин). Мұндағы басты мақсат, тиімді тəсіл – сүтті күбіден шайқап май шығару (Ш.Сариев). Кейде қимыл есімдері тəуелденіп барып та жұмсала береді: Барлық істе дерлік ең қиыны – басталуы (Ж.Руссо). Аузың кенердей болып, қара басып отыруың... (Ж.Аймауытов).
483 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері Қимыл есімді етістіктер септеліп келіп те баяндауыш бола- ды. Ондай кезде олар дара күйінде алынып, жатыс септігінде тұрады. Мысалы: Жергілікті қазақ жылқысы түбірімен жақсарды жəне жақсаруда (С.Көбеев). Қасқыр аяқтарын серпіп жантала- суда (С.Мұқанов). Қимыл есімді баяндауыштар күрделі түрде де жұмсалады. Ондай кезде қимыл есімдері негізгі мағынаға ие бо- лып, тəуелденіп, септеліп жəне түрлі жұрнақтар жалғап, сондай-ақ түрлі көмекші сөздер арқылы түйдектеліп жұмсалады. Таза қимыл есімді баяндауышқа көмекші сөздердің тіркесуі арқылы баяндауыш жасалуында өзіндік ерекшелік бар. Егер көсемше, есімшелер күрделі баяндауыш қызметінде жұмсалғанда оларды күрделендіруші негізінен көмекші етістіктер болса, қимыл есімді күрделі баяндауыш кезінде алдымен модаль сөздер көп жұмсалады, одан кейін барып көмекші етістіктер келе береді. Мы- салы: Сылтау табылды. Енді осыны пайдалану керек (С.Мұқанов). Сол жайлы осында жеткенше, Айгүлдің əні үзілмеу керек (Ғ.Мүсірепов). Құшақтар, сүйер деп едім, өйтпеді, жұрттың бəрі самсап қарап тұрған соң ибалық қылды білем... ұялды, құшақтау керек еді, сүю керек еді (Б.Майлин). Қимыл есімді күрделі баяндауыштардың бірінші сыңарлары көбіне барыс, кейде көмектес жалғауында келеді де, оларды күрделендіруші етістіктер əдеттегідей өз мағынасы бар етістіктер болып келеді. Бірақ бұл етістіктер əдетте дербес мағыналы етістіктер болғанымен, бұл жерде міндетті түрде көмекшілік қызмет қана атқарады. Сені үрейлендірмеймін деп айта алмай отырған сөзімді енді амалсыз айтуға тура келеді (С.Мұқанов). Көпке шейін Абай тек Тоғжанның жүзіне телміре қараумен бола- тын (М.Əуезов). Қимыл есімді күрделі баяндауыштардың қимыл есімі -шы,-ші жұрнағы арқылы келеді де, оған көмекші етістіктер көмекшілік қызмет атқарады. Мысалы: Жаның кеудеңе сыймай бара жатса, соған апара сал, бірақ өзіңнен басқа сезуші болма- сын, сезуші болса сен де, мен де тірі болмаймыз, – деді (Ертегіден). Беркімбайға арқа сүйеп, Есімбек «сол өгіз сойған» ең шұрайлы жеріне қонушы еді (Б.Майлин). Кейде ондай қимыл есімді негізгі сыңарлары -лы,-лі жұрнағы арқылы келе береді. Мысалы: Ұлпан туған аулына келсе, əке-шешесінің ескі үлкен қоңыр үйі тігулі, бар-жоғы төсеулі екен (Ғ.Мүсірепов). Сонымен бірге, кейде
484 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері негізгі сыңары қимыл есімдерінен соң, есімшенің жұрнағы, онан кейін көмекші сөздердің тіркесі арқылы жасала береді. Бұл кате- гория басқаларына қарағанда сиректеу кездеседі: Əлденені білдіргісі келмей шешесін алдаусырататын сияқтанады (Ғ. Мү - сірепов). Шартты райлы етістіктердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы Əдетте шартты райлы баяндауыш сабақтас құрмалас сөй- лемнің бағыныңқы сыңарында ғана жұмсалады делініп келеді. Ол дұрыс та. Оның олай болу себебі шартты райлы етістіктерде тиянақтылықтың болмауынан. Осы қасиетіне сай олар құрмалас сөйлемнің басыңқы сыңарындағы əдеттегі жай сөйлемдерде қолданылмайды. Бірақ тіл үнемі даму процесінде болатыны белгілі. Сондай даму немесе əдеттегі сөйлемдерді тиянақтау – шартты рай- лы етістіктерге де тəн құбылыс болу – кейінгі кездің жемісі. Шарт- ты райлы етістіктердің баяндауыш болуының бірнеше тəсілі бар. Соның бірі шартты райлы етістіктердің таза күйде келіп жұмса- луы болып табылады. Мысалы: Əйелге ердің шашы ағарғаны, бетінің əжімденгені есеп емес, тек ер құшағында əйелді өртей білсе (Ғ.Мүсірепов). Етістіктердің негізгі сыңары көсемше тұл- ғалы етістік, яғни негізгі мəн өртей етістігінде екендігі белгілі. Бірақ көсемше де өз алдына жай сөйлемде баяндауыш бола алмай- ды. Сонда осы арада өртей де, білсе де –мұндай екі тұлғалы етістік- тер тиянақты баяндауыштық тұлға бола алмайды. Осы тұрысында олар сабақтас құрмалас сөйлемнің тиянақсыз бағыныңқы түрі бо- лып жұмсалуы тиіс.Жоғарыда берілген сөйлемдегі ойды осы екі етістік дəл осы жерде сөйлемді тиянақтап тұрған сияқты. Десек те олар бəрібір сабақтас құрмалас сөйлемдердегі шарттылық мəнін бұл жерде де сақтап тұрған тəрізді. Шартты райлы етістіктер сабақтас құрмалас сөйлемнің ба- яндауышы ретінде жіктеліп те жұмсала беретіні белгілі. Он- дай тұлғада олар қалайда бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы қызметінде жұмсалғанымен, кейде ондай жалғаулардан соң - шы,-ші, жұрнағының қосылуы арқылы енді тиянақты баянда- уыш қызметінде де жұмсала алады. Мысалы: Өшірет демекші,
485 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері аузыма қайдан түсті өзі, жарықтық, арақтың өшіретін айтсаңшы (Ш.Сариев). Шартты райлы етістіктердің тиянақты баяндауыш қызметінде жұмсалуында көмекші сөздердің қызметі ерекше. Тек көмекші етістік немесе модаль сөздер тіркесіп жұмсалуы арқылы оларда тиянақтылығы нақтылана түседі де, сол тобымен күрделі баянда- уыш қызметінде жұмсалады. Ондай күрделі баяндауыш кезінде шартты райлы етістіктер таза күйінде жəне жіктік жалғауларында да келуі арқылы жұмсала береді. Кейде шартты райлы баяндауышқа бір немесе бірнеше көмекші етістіктер де бірлікте келе береді. Шартты райлы ондай баяндауыштар көбіне жай немесе құрмалас сөйлемнің басыңқы сыңарларында ғана жұмсалып қоймай, сала- лас сөйлемдердің бірінші сыңарында да жұмсала береді. Мыса- лы: Ендеше, мен неге тығылам, – деді Шоқан. – Ауылға шапса дегенім ғой (С.Мұқанов). Əбдірахман мектепті бітіргенде дабысы жер жарды. Өте зерек болған ғой, учительдері де мақтаса керек (Б.Майлин). Бір сөзді күллі жұртқа жайғың келсе, біздің үйдің көршісіне ешкімге айтпа деп айтсаң болды, сол бойда алдыңнан шығады (Ш.Сариев). Көсемшенің баяндауыш болуы. Көсемше баяндауыш қыз- метінде жеке тұрғанда тек сабақтас құрмалас сөйлемде ғана жұмсалып, сөйлемнің тиянақсыз түрін құрайтыны белгілі. Ал жай сөйлем немесе құрмалас сөйлемнің басыңқы сыңарының тиянақты баяндауышы болуы үшін түрлі көмекші сөздер қосылып, жалғаулар жалғанып, күрделеніп барып қолданылады. Біз бұл арада көсемшелердің тек тиянақты баяндауыш қызметінде жұмсалуы турасында сөз етеміз. Көсемшенің негізгі жұрнақтары - ып, -iп, -п, -а, -е, -й жəне -қалы, -келі, -ғалы, -гелі екені белгілі. Бірақ А. Ысқақов көсемшенің жұрнағының бірі ретінде -ғанша жұрнағын жəне оның нұсқаларын да жатқызады. Шынында, бұл жұрнақ тұлғалық жағынан (-ған, -ша) есімше екені айқын. Бірақ автор бұл жұрнақты сөздердің есімшеге тəн тіркесу қабілеті, синтаксистік қызметі жағын ескере келіп, көсемше тобына қосқан. Таз таранғанша, той тарқар (Мақал). Көсемшенің осы жұрнақты түрлері сол жеке қалпында дара тұрып, тиянақты баяндауыш бола алмаса керек. Бірақ кейде он- дай тұлғалы көсемшелер баяндауыш қызметінде де жұмсалады.
486 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері Бірақ ондай көсемшелердің баяндауыш болуы үнемі көмекші етістіктер немесе есімше тұлғалы етістіктердің дəнекер болуы арқылы жүзеге асса, кейде көсемшелердің тиянақты баяндауыш қызметінде жұмсалуына себеп болатын дəнекерлер сұраулық шы- лаулар болады. Мысалы: Үйіңізде секіртетін емес, көкіртетін дəрі табыла ма? (Ш.Сариев). Мені айта ма,сені айта ма? (F.Мүсі- репов). Осы сөйлемдегі табыла, айта алдағы уақыттағы амал- əрекетті білдіруі керек, сөйтіп ол тиянақсыз дəрежеде тұр. Бірақ осы тұлғалы көсемшелерді сұраулық шылаулар ғана тиянақтап, өз алдында таза көсемшелі баяндауыш етіп тұр. Көсемшелер дара күйінде баяндауыш қызметінде көбіне жіктік жалғауында келуі арқылы ғана қолданылады. Кейде жіктік жалғаулы көсемшелер көптеліп те баяндауыш қызметінде жұмсала береді: Шығармын адам болсам тірі болып, Жүрмеймін бұл жиһанда жаман болып (С.Торайғыров). Бəтестің қалған сүрін бүгін түгел астырамыз (С.Мұқанов). Компанияның жүз жиырма пайызының алпысын маған бересіздер (Ғ.Мүсірепов). Көсемшелердің күрделі түрінің баяндауыш болуының бірне- ше жолы бар. Көсемшелер баяндауыш қызметінде күрделі түрінде келсе де, бəрібір өз алдына тиянақтылық дəрежеде жұмсала алмайды. Ондай кезде күрделі топтардың соңғысы қалай да тиянақтылық дəрежеге түрлі формаларды қабылдап барып жете- ді. Бірақ негізгі басты сыңарлары таза көсемше болуы қажет: а) Екі не одан да көп көсемшелер жіктік жалғауын қабылдауы арқылы ғана көсемшелі күрделі баяндауыш жасалады. Мұндай кезде -ып, - in, -n жұрнақтары көсемше мен -а, -е, -й жұрнақты көсемшелер өзара түйдектелуі арқылы жасалады. Мысалы: Үлкендері жаста- рын наздана қарпып жібереді (X.Есенжанов). Кейбір өзі білмей- тін қиын сөздерін ұстап қалады (М.Əуезов). Кең даланы бас- қан қалың қар күн сайын жіпсіп ери түседі (С.Сейфуллин). Теміржандар осылай қиғылықты салады да тұрады (Ғ.Мұстафин). ə) Көсемшелер түрлі сөздердің тіркесі арқылы жасалады. Негізінен көсемшеге көмекші етістіктер ғана арнайы қатыса ала- ды. Мұның өзі көсемшенің етістіктің басқа топтарына қарағанда өзіндік бір ерекшелігі болып табылады. Ондай көмекші сөздер а) де, е; ə) отыр, тұр, жүр, жатыр; б) Сіздер маған кеп пе едіңіз-
487 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері дер (З.Шашкин). Ол газетті лаулап жанған пешке салды, сонда барып тұла бойын жайлаған үрей дірілі басылайын деді (М. Сера- лин). б) Көсемшелерге отыр, тұр, жатыр, жүр көмекші етістіктері тіркесі арқылы: Мен үйге келсем, Əбдірахманның қаладан келгенін естіп, үй іші қуанып отыр екен (Б.Майлин). Қонақтар аттанғалы жатыр (Ғ.Мұстафин). – Отағасы, сіз қашанғы хандықты жəне қай хандықты айтып отырсыз? (Ғ.Мүсірепов). в) Көсемшелерге түрлі негізгі етістіктердің көмекші қызметте жұмсалуы арқылы. Мысалы: Кішкене жирені қолына тиген соң, жігіт артына қарай-қарай ұзай берді (Ғ.Мүсірепов). Əуес ана үйіне тұра жүгірсін («Лениншіл жас»). г) Көсемшелерге бар етістігінің көмекші қызметте жұмсалуы арқылы. Мысалы: Болыс, старшын, атшабарларын жəне песірін ертіп барыпты (М.Əуезов). Көсемшелі күрделі баяндауышта негізгі сөзі көсемше тұлғалы сөз болады. Сондықтан да көсемшелі баяндауыштың бірінші сыңары – таза көсемше, келесі сөздері көмекші етістіктер болып келеді. Күрделі баяндауыштардың негізгі сөзі жіктік жалғаулы етістіктер болады да, оны күрделендіруші етістік көсемше тұлға- лы етістік болып, сол тобымен күрделі көсемшелі баяндауыш құрайды. Олар қимылдың созылыңқы істелуін көрсетеді. Мысалы: Қадірбай ақын Жəңгірдің арғы-бергі ата-бабасымен, үрім-бұта- ғын, əйелі мен балаларын мақтап ағылады-ай кеп (Сөз тапқанға қолқа жоқ). Ыдысты ашып жіберіп, əлгі екі тақтайға жабысқан сары майды қос жеңді түріп жіберіп, сылиды келіп (Ш.Сариев). Міне, осындағы ағылады-ай кеп, сылиды кеп күрделі баянда- уыштары былай қарағанда құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сы- ңарының баяндауыш формасына ұқсас. Бірақ бұл баяндауыштар- дың соңғы сыңары тиянақсыз көсемшеде тұрғанымен, бəрібір ол баяндауыштар тиянақты ойды білдіріп тұр. Өйткені форма жағы- нан тиянақсыз сияқты болғанымен, бұл сөйлемдегі тиянақтаушы негізгі сөздер ағылады-ай кеп, сылиды кеп етістіктері де, ал кеп, келіп көмекші етістіктері өзінің көмекшілік қызметін атқарып тұр. Сөйтіп, сол тобымен бір-ақ тиянақты баяндауыш болып жұмсалып отыр.
488 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері Есімшенің баяндауыш қызметінде жұмсалуы Есімше – морфологиялық өзгеріске де жəне синтаксистік қызметке де бай. Əрине, есімше етістіктің басқа категориялары- на қарағанда есімдер сияқты барлық сөйлем мүшесі бола береді. Соның ішінде есімшелердің баяндауыш болатыны да анық. Бірақ есімшенің баяндауыш қызметінде жұмсалуы ғалымдар тарапынан оның басқа да сөйлем мүшелері болуына қарағанда жан-жақты айтылмаған. Есімшенің синтаксистік қызметі туралы еңбектерде есімше де баяндауыш қызметінде жұмсалады деп бір-ақ сөзбен айтып өте шығады. Шынына келгенде, есімше əрі етістіктерде де, есімдерде де мол түрленетін етістіктің ең үлкен категория- сы. Бұндай қасиеті жағынан есімше етістіктің басқа түрлерінен айрықша ерекшеленеді. Есімше баяндауыш болған кезде үнемі сол қалпында өзіндік лексикалық мағынасын толық сақтай алады. Осы қасиетіне қарамай-ақ бір ауыз сөзбен ғана олар да баяндауыш қызметінде жұмсалады деуі бізге жеткіліксіз. Есімшелер баянда- уыш қызметінде жұмсалған кезде əрі етістікті, əрі есімді тұлға бо- лып түрленуі арқылы жұмсала береді. Ондай кезде олар дара жəне күрделі түрінде қолданылады. Есімшелердің ішінде баяндауыш қызметінде -ған, -ген, -ар, - ер, -р, -а -тын, -е-тін, -и -тін жұрнақты түрлері жұмсалады. Ба- яндауыш қызметінде есімшенің -ған, -ген жұрнақты түрлері көп қолданылады. Мысалы: Үстінен қыс киімінің бірі – қалың күпіні тастамаған. Тағы бір жас қатын-жеңге де үлкен үйге қарай ұмтылысқан (М.Əуезов). Мағаш пен Кəкітай бүл күндерде орыс- ша кітаптарды, əсіресе жеңіл тілмен жазылған романдарды көп оқитын (М.Əуезов). Саф алтындай шын талантты да сондай халық тудырар (Н.Мағзұмов). Бұл жұрнақты баяндауыштар таза түрімен бірге жіктік жалғаулары арқылы да келе береді: Жылы төсектен тұрса да салқыннан денесі сескенбеді (М.Əуезов). Ондай жұрнақты баяндауыштар кейде демеуліктер мен сұ- раулық шылаулар арқылы сұрау мағынасында жəне түрлі со- зылыңқылықты білдіруде де жұмсалады. Есімшелі сөздерге сұ- раулық шылаулардың жалғануы арқылы сөйлем сұраулық ин- тонацияның екпінімен айтылып, тиянақты ойды білдіреді. Сон- дықтан да сөйлемді тиянақтауға қатысы жоқ есімшелердің баянда-
489 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері уыш қызметінде жұмсалуы тек сұраулық шылаулардың əсерінен деп білу керек. Бұған қарағанда, сұраулық шылаулар сөйлемде өзі жалғанған сөздерді сұраулы сөйлем етеді де, сөйлемдегі ойға тиянақтылық мəн береді. Мысалы: Əр ауыл қыстан қалай шықты, жұрттың айдаған малы былтырғыдан көбейген бе, азайған ба? (Ғ.Мүсірепов). Девяткин фельдшерге кісі жіберген бе? (М.Əуе- зов). – Сдачаны сұрағанды ма? Конечно, қою керек (Ш.Сариев). Есімшелер септеліп, тəуелденіп жəне көптеліп, заттық ма- ғынаға ие болуына байланысты сөйлемде бастауыш қызметтерде жұмсалуға тиіс. Бірақ есімшелер сөйлемнің соңында келіп, сөй- лемді тиянақтап, баяндауыш қызметінде де жұмсалады. Кей кез- де ретіне қарай бір есімше əрі тəуелденіп те, əрі көптеліп те жұмсалып, баяндауыш бола береді. Мысалы: Осының маңайы жы- бырлаған шұқырынды томар. Əр томарға төрт-бес үйден қонып, бөлек-бөлек отырғандары (Б.Майлин). – Сауып отырған сиырдың сүтін ақтап жүрсін! – деп, əлгі Алтыбас ит дым бермегені ғой (Ғ. Мүсірепов). Есімшелер түрлі жалғауларда келуі арқылы баяндауыш бо- луымен бірге, -лық, -лік, -мақ, -мек, -дай, -дей жұрнақтарын қабылдау арқылы да сөйлем соңында келіп, дара баяндауыш қызметінде жұмсалады. Мысалы: Оқтан жасырынуға өрт түтіні де жетерлік. Күннің көзінің өзі де күнұзын көлге шомылып, жа- нын сақтайтындай. Шай тамақтан өтпей қалды. Арам ас жеп отырғандаймыз. Тіпті ұрының үйінде отырғандаймыз (Ғ.Мү - сірепов). Есімшелер баяндауыш қызметінде күрделі түрінде де жұм- салады. Осы күнгі еңбектерде есімшелердің баяндауыш болуына, оның үш түрлі жұрнақты түрлеріне назар аударылып, олардың күрделі түрде жұмсалуына көңіл бөліне бермейді. Əрине, есімше тұлғалы күрделі баяндауыштардың негізгі сыңары -ған, -ген, -ар, - ер, -р, -атын, -етін, -итін жəне -мақ, -мек, -дай, -дей жұрнақтары арқылы жасалады. Қосымша сыңары е, де, болар, шығар көмекші етістіктері жəне жоқ сөзі; сияқты, тəрізді модаль сөздері; салы- ну, ұқсау, есептеу етістіктері қолданылады. Əрине, бұл сияқты көмекші сөздердің негізгі етістікке түйдектеліп келіп баяндауыш болуында шақтық жағынан онша айырмашылық болмағанымен, мағыналық жағынан əртүрлі топты көмекші сөздердің өзіндік
490 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері ерекшелігі барлығы айқын. Ондай көмекші сөздер көбіне -ған, - ге н жұрнақтарына талғамай түйдектеле берсе, ал қалған есімшелері талғап барып жалғанады десек болады. Арнайы е, де көмекші етістіктері тіркесіп келген есімшелі баяндауыштар: Хатты жіберетін адам табылмайды ғой, егер анық уəдесін алсам, ұзамай-ақ кетер едік (Б.Майлин). Ол газеттегі мақаланы оқыған екен (Н.Сералиев). Шығар, болар көмекші етістікті есімшелі баяндауыштар: Амалбек те баданадай-бадана- дай шодыры қызыл көздері өрт болып табалдырықтан аттаған болатын (Н.Сералиев). Бəлкім, бұл бейіттер біздің дəуіріміздің IX–X ғасырларында, қазақтардың арасында христиандықтың нес- торион түрінің аз уақыт тарау кезінде салынған шығар (Қ.Сəт- баев). Жоқ сөзі қатысты есімшелі баяндауыштар: – Айдын, – деді түннің бір уағында келіншегі сыбырлап. – Сен ұйықтаған жоқсың ба? (Т.Кеңесбаев). Сіз бен біз дəметтірдік те, соның ар жағында берерді бергеміз жоқ (М.Əуезов). Сияқты, тəрізді, т.б. модаль сөздер қатысты есімшелі баяндауыштар: Ондай əдемі да- уысты одан кейін естімеген сияқтымын (Ə.Тəжібаев). Қос басын- да екеумізге ермек табылатын тəрізді (Ə.Сəрсенбаев). Есімшелерге кейде бірнеше көмекші сөздер түйдектеліп ба- рып та күрделі баяндауыш жасала береді: Өйткені мұның алдын- да дəл мұндай боп жақыннан шыққан қоңырау даусын естімеген сияқты едім (Ə.Нұршайықов). Қаншама жыл өтсе де, өмірім өтіп кетсе де, үміт үзбей, Төстіктен бір хабар келер деп жүр едім (Ертегі). Өзін-өзі жəбірлеп алып, біраз ақылға келген сияқты еді (P. Мұқанова). Негізгі сыңарлары барыс, шығыс септікті есімшелерге түрлі көмекші сөздердің түйдектелуі арқылы: Жал- пы жұрт – Күлзипаны Əбдірахман қайтсе де алады деп өздерінше мəселені біткенге есептейді (Б.Майлин). Негізгі сыңарлары -мақ, - мек жұрнақты есімшелерге түрлі көмекші сөздердің түйдектелуі арқылы: Абай өзіме бірдеме айтпақ па екен? (М. Əуезов). Тап өзіңіз араласпағанда Байдалы мен Тоқай біздің Шəйгөз Уақты Есекеңнің асына да шақырмақшы емес екен (Ғ.Мүсірепов). Негізгі сыңарлары -дай, -дей жұрнақты есімшелерге түрлі көмекші етістіктердің тіркесі арқылы: Əр кездегі əдетінше, Игілік бұл жолы да жаңа бірдеме айтатындай көрінеді (Ғ.Мүсірепов). Əлдекімнің арт жағымыздан сыңқылдап күлген даусы естілгендей
491 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері болды (Б.Майлин). Негізгі сыңарлары -с жұрнақты есімшелерге түрлі көмекші етістіктердің тіркесі арқылы: Атадан мұңдық болып тумас едік, Бұрынғы ата-баба жолын қудық (Б. Майлин). Кейде негізгі сыңары І жақ пен ІІ жақтың тəуелдік жалғауын- да тұрып, онан кейін көмекші етістіктердің тіркесі арқылы да жа- салады: Пəуескесі магазиннен алған бұйымдарына толып та қалып еді. Оның үстіне қаланы кеңірек көргісі де келеді (Ғ.Мүсірепов). Айнабай өзі кедей уақытында күйеуге беріп, соңғы кезде шел бітіп, тəуірленген соң айырғысы келетін (Б.Майлин). «Жə, же- тер!» – деп айғайлап жібергісі де келді (Ғ.Мүсірепов). Етістік категорияларының аралас түрде баяндауыш болуы Етістіктің дербес мағыналы тобы да, көмекші тобы да тілімізде мол жұмсалғанымен, синтаксистік қызметі тек дербес мағыналы топтарында ғана болады, ал көмекші етістіктер өз алдына сөйлем мүшесі бола алмайды. Дербес мағыналы етістіктерге есімше, көсемше, қимыл есімі, шартты рай, етістер тобы мен жақты білдіретін сөздер жатады. Етістіктің осы категориялары жеке- жеке баяндауыш қызметінде мол жұмсалады. Мұндай құбылыс бұрыннан бар болғанымен, олардың баяндауыш қызметінде жұмсалу үлгілері арнайы сөз болған емес. Біз бұл етістікті топ- тардың бір-бірімен араласып келуінде есімше, көсемше, шақ, етіс, қимыл есімі, көбіне екі тобының ғана бірігіп, сол тобымен күр- делі баяндауыш болуын көп кездестірдік. Мұндай етістіктердің аралас құрамды баяндауышының бірінші сыңары көсемше тұлғалы етістік қана болады. Онан кейін басқа категориялары ретіне қарай жұмсала береді. Жалпы, мұндай аралас құрамды баяндауыштар құрамына қарай екі, үш, тіпті бірнеше сөзді бола- ды. Ал көмекші етістіктер көмекшілік қызметте жұмсалады. Екі етістік қатар келгенде оның біріншісі негізгі мағынаға ие болып, онан кейінгі етістіктер қанша дербес мағыналы болғанымен, бəрібір көмекшілік қызмет атқаратыны белгілі. Miнe, олай болса аралас құрамды етістікті күрделі баяндауыштың негізгі сыңары көсемше (ондай кезде көбіне -а,-е,-ып, -iп; -п жұрнақтары көп кездеседі) де, көмекші сыңарлары есімше, қимыл есімі, етістер,
492 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері - нікі, -дікі, -тікі жұрнақты есімшелер, т.б. жұрнақты сөздер де кез- десе береді. Сонымен бірге кейбір модаль сөздер мен демеуліктер де кездесіп отырады. Таза көсемше мен етістіктің тіркесі арқылы: Жазғы ауылдардың киіз-кілем сияқты үй жиһаздарын тонап кеткен (Ғ.Мүсірепов). Кейде осындай құрамды баяндауыштың есімше тұлғалары жіктеліп жəне -нікі, -дікі жұрнағын қабылдап та жұмсала береді: Бұрын кең киімге үйреніп қалғандікі ғой (Қ.Жұмаділов). Сен де мені аяғым кесілген күні тастап кетерсің (Т.Кеңесбаев). Көсемше мен есімшеге көмекші етістіктердің тіркесі арқылы: Мен келсем, менен əлдеқашан бұрын жұрт жиналып қойған екен (Б.Майлин). Сенгішпін ашық жандарға, өзім де оларды сендіру үшін ештемені аяп көрген емеспін (Ə.Тəжібаев). Көсемше -дай жұрнақты есімшеге жəне көмекші етістіктердің тіркесуі арқылы: Далада мың албасты ойнақ салып, мың пері мен сансыз жын соғысып жатқандай еді (Е.Айнабаев). От төгіп, өлім еккен күшті жау қаланың шыбын жанын алқымына əкеліп қалған еді (Ғ.Мүсірепов). Көсемше, есімшеге модаль сөздердің тіркесуі арқылы: Көзі ұясынан шығып барады, есінен танып бара жатқан тəрізді. Іші тегенедей төңкеріліп, алқымына тіреліп тұрған сияқты (Ғ.Мүсірепов). Көсемше, есімшеге жоқ сөзінің тіркесі арқылы: Жасыратыны жоқ, су шаруашылығына ғылымның соңғы табысын толық қолданып отырған жоқпыз (С.Мұқанов). Көсемше мен тəуелдік жалғаулы есімшенің тіркесі арқылы: Тағы бір саулық жол-жөнекей суда қоздағалы жатқаны да, Жыл- да ылғи сан соқтыратын Сырдың суы ұрланып келіп басып алғаны да (Ғ.Мүсірепов). Бірнеше көсемше мен тəуелдік жалғаулы (кей- де көптеліп, кейде дара түрінде де жұмсалатын) есімшенің тіркесі арқылы: Кəріліктің демдей бастағаны ма, насыбайын атып, анда- санда таяғын тықылдатып қойып отырғаны (Ш.Қалиақбаров). Күнде осылай таңдай қағысып, бас шайқасып айран-асыр болып түнеме үйлеріне қайтып келе жатқандары (Ə.Кекілбаев). Негізгі сыңары көсемшеге -дай, -дей жұрнақты есімшелердің тіркесі арқылы. Ол өлең айтып бара жатқандай (Ғ. Мүсірепов). Көсемшеге -мақ, - мек жұрнақты есімше, онан соң көмекші етістіктердің тіркесі арқылы: Жалма-жан атты жектіріп мен алып
493 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері жүрмекші болдым (Б.Майлин). Көсемше мен қимыл есімінің (тұйық райлы етістік) тіркесі арқылы: а) көсемше мен таза қимыл есімі немесе оның тəуелдік жалғауы арқылы: Хан иемнің ойы, со- лар жеткенше, керей мен уақты алдастырып ұстай тұру (С.Мұқа- нов). ə) Көсемше мен қимыл есіміне модаль сөздердің тіркесі арқылы: Оларды қайта қаңғыртып жіберу керек («Лениншіл жас»). б) Бір не бірнеше көсемшеге барыс жалғаулы қимыл есімі жəне оған көмекші етістіктердің тіркесі арқылы: Енді оған суық түскенде кəрі шешесін жəне Ұлжан қолындағы жас балаларын тоңдырып отыра беруге болмады (М.Əуезов). Əрнеге бір бой ұрып, күш-қуатты шаша беруге болмайды (С.Омаров). Көсемше мен -шы жұрнақты қимыл есіміне көмекші етістіктердің тіркесі арқылы: Көкке аунап, көлге шомылмай кетпейтін күндеріміз қандай қызық еді! Далаға да қона салушы едік (Ғ.Мүсірепов). Бұл алаптан зор шаһардың заңғар мұнаралары, заңғар күмбез- дері көрініп тұрушы еді (М.Жұмабаев). Баяндауышты күрделендіретін көмекші сөздер Əдетте баяндауыш, оның ішінде етістікті де, ортақ баянда- уыштарды да сөз еткенде оларға қатысты мəселенің бірі – олар- ды күрделендіруші элементтер. Олар, біріншіден, əрбір сөз табының күрделі түрі арқылы жүзеге асады. Екіншіден, негізгі сыңары етістік жəне есімдерге көмекші етістіктердің түйдектелуі негізге алынады. Əрине, мұның бірінші түрінің күрделенуі онша қиындық келтірмегенімен, екінші тобының жасалуында бірізділік жоқтың қасы. Оның өзі мына мəселелерге келіп тіреледі. а) етістік баяндауыш пен ортақ баяндауышқа көмекші сөздерді саралап жатпай-ақ, оларға көмекші етістіктердің тіркесі арқылы күрделі баяндауыш жасалады деу басым; ə) етістікті баяндауыш пен ортақ баяндауышты күрделендіруші көмекші сөздерде айыр- машылық ескерілмейді; б) көмекші сөздер дегенде көбіне көмекші етістіктер сөз болады да, одан да басқа топтардың қатысы ескерілмейді. Көмекші сөздердің етістік, есімдерге тіркесіп, олардың син- таксистік қызметіне əсерінің барлығы немесе оның мағынасын толықтыра түсетін ерекшеліктері де – ойлануды қажет ететін
494 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері мəселе. Басқасын былай қойғанда, көмекші етістіктердің негізгі сыңарлары мен тіркестерінің қасиеті ашылмайды. Осы күнге дейінгі əдебиеттерде көмекші етістік туралы сөз болады. Күрделі баяндауышты күрделендіруші көмекші етістіктер сөз болғанымен, дара баяндауыш жəне күрделі баяндауыш бола алатын етістік- тердің басы ашылып айтылмайды. Баяндауыш болмайтын лексикалық мағынасы бар етістік жоқ. Ретіне (яғни контекске) қарай барлығы да баяндауыш бола алады. Бірақ сол етістіктердің өздері табиғи жағынан не дара, не күрделі баяндауыш болуға өзінің қабілеті немесе өзіндік тұлғалық ерекшелігі ғана əсер ететін сияқты. Баяндауыш қызметінде жұмсалатын бұйрық райлы етістіктер тек дара баяндауыш қызметінде жұмсалады. Мысалы: Шық, үйден! Шығарма үніңді. Колхоз бастығына мына хатты тапсыр да, тез қайт! (Ғ.Сланов) де- ген сөйлемде шық, шығарма, тапсыр, қайт дара етістікті баян- дауыштар бұйрық райында тұруы арқылы жасалынған. Енді осы етістіктер өздерінен соң көмекші етістіктерді керек етпейді. Біз бұл етістіктерден кейін не арнайы көмекші сөз немесе басқа түрлі көмекші етістіктерді тіркестіре алмаймыз. Көмекші етістіктер ондай тұлғалы етістікпен тіркесе алмайды. Сол сияқты жіктік жалғаулы етістіктер де баяндауыш болып тұрған кезде дара тұлғада тұрады. Қимыл есімдері мен есімшелер баяндауыш қызметінде əрі дара, əрі күрделі түрде де жұмсала береді. Бұл олардың сөйлемді тиянақтаудағы өзіндік ерекшелігі болса, көсемше (сабақтас құрмалас сөйлемнің баяндауыш болғанда ғана дара болып келе береді) тек күрделі түрде ғана жұмсалуға тиіс. Мұның өзі көсемшелердің тұлғалық та, мағыналық та ерекшеліктеріне сай, яғни олар дара тұрғанда сөйлемді өз бетінше тиянақтай алмай- ды. Олар тиянақты баяндауыш қызметіне тек көмекші етістіктер арқылы ғана жүзеге аса алады. Осы арада мынаны да ескерген жөн. Əсіресе, күрделі баяндауыш жасауда етістіктің есімше, көсемше қимыл есімді тұлғалары негізгі сыңарға ие болады. Күрделі сыңарды құрауда көсемше – ең басты тұлға. Себебі көсемшенің дара тұлғада келуі ойды аяқтай алмайтын тиянақсыздығын білдіреді. Ал ой аяқталмаған соң сөйлем де болмайды. Олай бол- са, көсемше жеке тұрып та, жанына келесі көсемшені іргелестіріп
495 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері тұрып та өздерінен кейін көмекші етістік не дара етістіктің тұ- руын қажет етеді. Сөйтіп барып қана көсемшелі күрделі баянда- уыш жасалады. Мысалы: өлеңді айтып болды; жазып біте алма- ды; сендерді көріп кеткелі келдім. Етістікті баяндауыш, əсіресе оны күрделендіруші етістік ту- ралы барлық еңбектерде айтылып келеді. С .Аманжолов күрделі етістіктердің алты етістікке дейін де бола беретінін айта келіп, көмекші етістіктерге түйдектелетін шылаулардың да шылау- лы болып кететін жəне аздап мағынаға ие болатыны бар деп бөліп көрсетеді. Бірақ автор қандай етістіктер көмекші ретінде жұмсалатынын ажыратып көрсетпейді. Осы авторлардың мек- теп грамматикасында көмекші етістіктер ретінде жүр, бер, ба- стау сияқты етістіктері ғана ескерілген. М .Балақаев көмекші етістіктер олардың негізгі етістіктерге қосатын мағыналарының бірдей еместігін бере баста, түс, ал; тұра тұр, бер, қал; шыға келді, бастады, қоймады, тұр, кіріп сияқты етістіктер арқылы көрсете білген. Автор көмекші етістік арқылы жасалған күрделі етістіктердің мағыналық тобын айқындауды мақсат ете келіп, оның бес түрін береді. а) -а, -е, -й тұлғалы көсемше + баста; ə) -ып, -in, -п, -а, -е, -й+қал, ал, бол, сал, жібер; б) -ып, -in, -п, -а, -е, - й+кет, отыр, тұр, жатыр; в) жүр, бер, түс, кел, бар, жəне, қой. М.Балақаев мұнда, басқа авторларға қарағанда, біріншіден, көмекші етістіктерді мол қамтыса, екіншіден, оның көмекші етістіктердің қандай тұлғалы негізгі етістіктермен тіркесе алатынын да ескертуі орынды. Бірақ автор ондай күрделі баяндауыштардың бір-ақ түрін, яғни негізгі сыңары көсемшелі түрін ғана көрсетумен шектелген. Оның үстіне автор күрделі етістікті баяндауыштың жасалуында тек етістіктерді ғана сөз етіп қоймайды, сонымен бірге модаль сөздердің де қатысын дұрыс көрсетеді. И .Е.Маманов көмекші етістіктер туралы арнайы жазған еңбегінде көмекші етістіктердің үш тобына: а) ет; ə) отыр, тұр, жүр, жатыр; б) ал, бер, жібер, көр, қал, сал, қой, кет, түс, шық, тұр, жазда, таста, ұса, (ұқса), бол, бар, кел етістіктеріне тоқтала келсе де, олардың ішкі ерекшеліктеріне бара алмайды. Арнайы зерттеу барысында көмекші етістіктерге мыналар жатады: 1) е жəне де көмекші етістіктері. Бұл етістіктерді арнайы көмекші етістік деп айтуға болады. 2) Отыр, тұр, жүр, жатыр. Бұл етістіктер бірде
496 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері негізгі мағынаға ие болса, бірде көмекшілік қасиетке ие болады. Осы ерекшелігіне сəйкес оларды ауыспалы мағынадағы көмекші етістіктер деу орынды. Үшінші топтағы етістіктерге лексикалық мағынасы өз алдына бар, бірақ негізгі етістікпен тіркескен кез- де ол мағынасы күңгірттеніп, ал негізгі мағына негізгі етістікте қалады. Сонда, бір етістіктің өзі бірде негізгі мағынаға ие бол- са, енді бірде көмекшілік қызметке ие болып отырады. Көмекші қызметке ие болған етістік енді өзіндегі бұрынғы мағынасын дəл бере алмай, көмекшілік қасиетке ие болады. Кейде көмекші болып отырған етістіктеріміз негізгі етістікпен орын ауыстыру барысын- да негізгі етістікке де айналып кете береді. Екіншіден, көмекші сыңарлар таза етістікті ғана емес, модаль сөздермен де бірлікте келеді. Тым-ақ оңбай жығылсам керек, мұз да шатұр-шұтыр ете қалды, қарақұсымның қатты соғылғанына төзе алмай, жарылып кеткен тəрізді (X.Ерғалиев). Өне бойы соққы жеген кісідей мыл- жа-мылжа. Кейде Абай жүріп келе жатқан сияқты емес. Жолдың екі жағы тау сияқты да, сол таулар, жартастар бұған қарай өздері сырғып, жылжып, қиыс өтіп келе жатқан сияқты (М.Əуезов). Осы іспетті таза модаль сөздердің өздері де кейде қабаттасып келіп жұмсала береді: Бақшадағы шат-шадыман сайранның ажары кіре түсу үшін, менің үнім қосылу керек сияқтанды (С.Мұқанов). Ол бүгін алған заттарын бере бастады. Ол бүгін концертті бастап береді – деген күрделі баяндауыштардағы беру, бастау етістіктері контекске қарай ауыса береді. Мұндай құбылыс барлық етістікке тəн. Сондықтан əр автордағы он-он бес лексикалық мағынасы бар етістіктер ғана көмекшілік қызметте жұмсалады деп, олардың аясын тарылту орынды дей алмаймыз. Яғни күрделі баяндауыш- тың құрамын ажырату – əлі біржақты. Көмекшілік қызметте жоғарыда айтылған тек осы үш топ- ты етістіктер ғана қатысып қоймайды. Сонымен бірге түрлі мо- даль сөздер (керек, сияқты, тəрізді, секілді), бар, жоқ сөздері де қатысты. Бұл соңғы күрделенуші элементтер де əдеттегі етістікті көмекші етістіктер сияқты күрделендіруші қызметте жұмсала келіп, негізгі етістікке əртүрлі реңктер қосады. Мысалы: Нұржан келемеждеп жүрген сияқты (З.Шашкин). Осындағы сияқты модаль сөзін алып тастап айтуға болады. Ондай кезде сөйлем Нұржанның келемеждеп жүргенін, яғни бір уақытта айтып қана
497 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері қойды деп ұғуға да болады. Енді модаль сөзінің тіркесі арқылы айтқанда Нұржанның əлі де келемеждеуін қоймағанын, тіпті кім біледі, жалғастыра беруі де мүмкін екенін білдіреді. Əрине, негізгі сыңарлары етістік пен көмекші сыңары таза етістіктен ( оқыған еді, оқитын болар, оқып отыр) жасалған күрделі баяндауыштарды етістікті деп айту орынды, ал оқыған сияқты, айтып бар, көргенім жоқ сияқты негізгі сыңары етістіктер де, көмекші сыңарлары модаль сөз, бар, жоқ сөздері етістікті не- месе аралас құрамды күрделі деп айтқанымызбен, əрқайсының мағыналық өзгерісі ойлануды қажет етеді. Көмекші сөздер негізгі сыңарда əртүрлі реңктер беретіні туралы еңбектерде айтылуда. Ол пікірлерге біз де қосыламыз. Негізгі сөз бен көмекші сөздердің ондай мағыналық топтары бір ғана көмекші етістіктердің кө- мекшілік қызметі барысында айтылып жүр. Ал зерттеу барысын- да мынаны да анық байқауға болады. Біріншіден, таза етістікті сөздердің өзі де қабаттасып келуінен күрделі баяндауыш жасала- ды. Мысалы: үйге кірдім де шықтым; айттым болды; оның бұл жүрісі мағынасыз, келді кетті, т.б. Толық мағыналы етістіктерден болған бірыңғай мүшелі баяндауыштар да тілімізде мол кездеседі. Сол сияқты таза көмекші етістіктердің өздері де қабаттасып келе береді де, баяндауыштың мағыналық жағын күрделендіреді. Есімді баяндауыш Əрбір сөз табының лексикалық мағынасымен бірге олардың өзіне қатысты синтаксистік қызметтері болатыны анық. Сол əрбір сөз табындағы синтаксистік қызмет, шындап келгенде, оның бір өзіндік ерекшелігі болып табылады. Зат есім көбіне баста- уыш, толықтауыш; сын есім, сан есімдер – анықтауыш, етістік – баяндауыш, үстеулер – пысықтауыш қызметінде жұмсалуы – олардың негізгі ерекшелігі. Дегенмен бір сөз табы тілдік қолдануда үнемі ол қасиетке ие бола бермей, басқа да синтаксистік қатынастарға ие бола беретіні қазіргі кезде жалпы ғылыми əдебиетте танылған пікір. Бұған қарағанда, əрбір сөз табының ар- найы жəне ретіне қарай басқа да сөйлем мүшелерінде жұмсалуы айқын. Осы ерекшелік арқылы бір сөз табындағы синтаксистік қызмет екінші басқа сөз табының қызметіне ауыса береді.
498 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері Баяндауыш қызметінде арнайы жұмсалатын сөз табы – етістік. Бірақ етістік үнемі баяндауыш қызметінде жұмсалып қоймай, басқа да, яғни жоғарыдағы принципке сай анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш, тіпті бастауыш қызметтерінде де жұмсала беретіні белгілі. Осы іспетті баяндауыш қызметінде басқа да сөз таптары жұмсалуы айқын. Ол көбіне бір сөз табына ғана қатысты емес, бірнеше сөз табы да бола алады. Соның үлкен бір тобы – зат есім, сын есім, сан есім жəне есімдік, үстеу, еліктеуіш жəне басқа сөз таптары. Соның бірінші үлкен тобы есімдердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы бірізді болғандықтан, есімді баяндауыш деп жүрміз. Əрине, есімдердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы олардың негізгі қасиеті болмағанымен, сөйлемде олар қалайда баяндауыш бола береді. Бірақ есімдер негізінде сөйлемде басқа сөйлем мүшесі бола отырып, енді олардың баяндауыш сөйлем мүшесі болуы үшін өзіндік ерекшеліктері де əсер етуі тиіс. Сөйлемді тиянақтау процесінде етістік басты тұлға да, басқа топтары оның бағыныңқы сыңары ретінде жұмсалуы арқылы синтаксистік қызметке ие болады. Ал енді сөйлемде бастауыш, толықтауыш болатын зат есім, есімдік, анықтауыш қызметінде жұмсалатын сын есім, сан есімдер енді баяндауыш қызметіне ауысқан кезде олардың бұрынғы өздеріне тəн табиғи орын тəртібі өзгеріске ұшырайды. Жалпы алғанда, зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктер сөйлем ішінде анықтайтын затының алдында тұрса, енді олар баяндауыш болу үшін сөйлемнің соңында келуі керек. Бұл сөз таптары сөйлем соңында келуі арқылы сөйлемді тиянақтап тұра алады. Сондай-ақ есімдер сөйлем соңында келіп баяндауыш болған кезінде, тұлғалық жағынан əдеттегі қолдану ерекшеліктеріне, яғни морфологиялық жағынан бұрынғы қалпымен салыстырғанда өзіндік өзгерістері де болады. Есімді баяндауыш туралы айтылып та келе жатыр. Деген- мен есімді баяндауышқа қатысты мына жайттар тереңдей түсуді қажет етеді: 1) Есімдердің баяндауыш қызметінде жұмсалуының ғылыми əдебиеттердегі берілу дəрежесі; 2) Есімдердің баянда- уыш қызметінде жұмсалуындағы тұлғалық ерекшеліктері; 3) Есім- ді баяндауыштардың жасалуында есімдердің ішкі ерекшеліктері; 4) Есімдердің баяндауыш қызметіндегі сұраулары; 5) Есімдердің баяндауыш қызметіндегі мағыналық ерекшеліктері. Біріншіден,
499 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері зат есім, сын есім, сан есім, есімдік сөз таптары баяндауыш қызметінде жұмсалады делінсе, екіншіден, оларды есімді, етістікті баяндауыштар деп топтап береді. Ол туралы басқаша айтатын- дай сөз болмаса керек. Сонымен бірге есім сөз таптары да белгілі дəрежеде сөйлемді тиянақтау барысында баяндауыш қызметінде жұмсала береді. Біраз есімдердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы барысында өзара ерекшеліктері бар екені айқын. Қазақ тіл біліміндегі зерттеу еңбектерде есімдердің баяндау- ыш қызметінде жұмсалуының тұлғалық ерекшеліктері де сөз бо- лып отырады. Бұл еңбектерде есімдердің баяндауыш болуының өзі түрліше. С .Аманжолов, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, М.Томанов есімдердің баяндауыш болуын нақтылы көрсетсе, Ə.Нұрмаханова есімдер баяндауыш қызметінде жұмсалады дегенмен, олардың ішінен тек зат есімнің баяндауыш болуын көрсетумен шек- телген. С .Аманжолов етістік, зат есім, сан есім, сын есім, үстеу жəне есімдіктер баяндауыш болатын сөз таптары деп береді де, бірақ оларды іштей етістікті, есімді деп бөліп көрсетпейді. Бұл сөз таптарының баяндауыш болуын дұрыс көрсете келіп, оның өзі екіжақты, яғни алдымен зат есім, сын есім, сан есім жəне есімдіктердің баяндауыш болудағы қасиеті жəне олардың əрқайсысының баяндауыш болуын жеке түрде арнайы мысалдар- мен дəлелдеген. Н .Сауранбаев баяндауыш болатын сөздер алды- мен етістіктер, одан кейін есімдер дей келіп, автор арнайы түрде етістікті баяндауыштар, есімді баяндауыштар деп бөліп, алғашқы авторларға қарағанда есімдерге есімдікті де жатқызады. Автор сонымен бірге осылармен тең дəрежеде баяндауыш болатын сөз табы ретінде үстеуді де жатқызады, бірақ оның баяндауыштың қай тобына қатыстылығын көрсетпейді. М.Балақаев бұл мəселеге 1949 жылы шыққан мектеп грамматикасынан бастап-ақ көңіл бөліп, есімді баяндауыштардың тұлғасына да баса назар аударады. Осы пікірін 1954 жылы академиялық грамматикада жəне «Қазіргі қазақ тілі» еңбектерінде де əрі қарай жалғастырды. Осы іспетті пікірлер Р.Əміров, Ə.Нұрмаханова еңбектерінен орын алған. Мұны сөз таптары бойынша көрсетсек мынаны байқауға бо- лады. С .Аманжолов зат есімдер нөлдік тұлға мен жатыс, шығыс, кейде диалогті сөзде көмектес септігі арқылы жасалуын көрсетсе, мектеп грамматикасында жіктік жалғауы арқылы да жасалады деп
500 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері береді. Н .Сауранбаев, М.Томанов зат есімдер нөлдік тұлғада жəне жіктеліп қана жұмсалады десе, М.Балақаев зат есімдер нөлдік, көптік, жіктік, септік (жатыс, шығыс) жəне тəуелдік жалғауы арқылы жұмсалады дейді. Сын есімнің баяндауыш қызметінде жұмсалуы көптеген ең- бектерде сөз болады. Бірақ оның тұлғалық жағынан келгенде мынаны көруге болады. М .Томанов сын есімдердің тек нөлдік тұлғада баяндауыш болуын көрсетсе, Н.Сауранбаев, М.Балақаев жіктеліп барып жұмсалуын, С.Аманжолов сын есімдердің таза күйінде келетінін айта келіп, сын есімдер тəуелденіп, баяндауыш болады деп көрсетеді. Сан есім. Сан есімнің баяндауыш қызметі жайында сөз бол- ғанда оның тұлғалық жағы да түрліше көрсетіліп берілген. М. Тома- нов тек нөлдік тұлғасын көрсетсе, Н. Сауранбаев, М. Балақаев оған қоса сын есімнің жатыс септікте келуін де көрсетеді. Сан есімнің баяндауыш қызметінде жұмсалуының нөлдік тұлғада, реттік сан есім мен -ау, -еу жұрнақты топтау сан есімін де жатқызады. Есімдік. Есімдіктің баяндауыш қызметінде С. Аманжолов нөлдік тұлға, жіктік жалғауы мен -нікі, -дікі жұрнақты түрлерін көрсетсе, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, М.Томановтар олардың тек жіктеліп барып қана баяндауыш болуын көрсетумен шектеледі. Жалпы есімдердің баяндауыш қызметінде жұмсалуында, біріншіден, сөз таптарының қатысы əртүрлі. Мұндай кезде ғалымдардың көбісі зат есімге назар аударса, басқа сөз тап- тарына назар аудара бермейді. Екіншіден, баяндауыш қызме- тінде жұмсалатын есімдерді тұлғалық жағынан ғана көрсетеді. Тұлғалық жағынан бай сөз табы ретінде көбіне зат есім арқау етілсе, басқа сөз таптары ол дəрежеде емес. Оның өзі есімдердің баяндауыш қызметінде жұмсалуын толық ашып бере алмайды. Біздіңше, есімдердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы олардың əрқайсысының өзіндік ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Баяндауыштар құрамы жағынан дара жəне күрделі болатындағы айқын. Дара баяндауыштар, оларды айқындау оқушыларға онша қиындық келтірмесе керек. Өйткені дербес мағынасы бар есімдер де сөйлемді тиянақтау дəрежесіне сай дербес жұмсала береді. Таза есімдер де күрделі есімді баяндауышты құрайды. Ондай кезде таза зат есімдерден құралған баяндауыштар мол кездеседі.
501 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері Мысалы: Менің ойлайтыным – бейбіт отырған ел адамдарының өмірі, қауат болып жатқан адам еңбегі (Б.Майлин) дегенде есімді күрделі баяндауыш – адам еңбегі. Бұл жерде жеке еңбегі сөзін баяндауыш деуге келмейді, өйткені ол сол сөйлемде жеке тұрып тиянақтай алмай, ілік жалғауы жасырын тұрған адам сөзімен бірлікте ғана сөйлемді тиянақтайды. Сол сияқты таза сын есімді баяндауыштар да сол іспетті: Сақалына буырыл кіргені болма- са, Майбасар баяғысынша қызыл күрең жүзді (М.Əуезов). Оның үстіне бұл екі сөздің қайсысы негізгі мағынаға ие дегенде, негізінен ой соңғы сөзге көбірек түсетіні айқын. Сонда, зат есімді күрделі баяндауыштар көбіне изафеттік құрылыстың қай түрі болғанымен, олар тек сол тобымен баяндауыш болып жұмсалады. Əрине, таза зат есімді күрделі баяндауыштар, олардың жігі, сөйлемді тиянақтаудағы əрбір сыңарының ерекшелігі онша қиындық келтірмегенімен, есімдердің аралас түрде баяндауыш болуының өзіндік ерекшеліктері баршылық. Ол үшін мына мысалдарды талдап көрелік. Империализм – капитализмнің жоғарғы саты- сы (В.И .Ленин). Мына қонақтар – қадірлі қонақтар (Б.Майлин). Осы сөйлемдердегі баяндауыштардың екі түрін айтуға бола- ды. Біріншіден, империализм – сатысы, қонақтар – қонақтар дейтін болсақ, онда сөйлемді тиянақтаушы сөздер мағыналық та, грамматикалық та қиыса байланыспайды. Екіншіден, саты- сы, қонақтар сөздері дербес мағынасы бар есімдер болғанымен, сөйлемдегі ойды қамти алмайды. Яғни сөйлемдегі негізгі айты- латын, көтерілетін мəселе онымен баяндалмайды. Сондықтан да ол сөздер қаншалықты дербес мағыналы сөздер болғанымен, сөйлемдегі ойды тиянақтау барысында олар қалайда басқа бір сөздерді өздерінің жетегіне ала отырып, яғни басқа сөздермен түйдектеліп жұмсалу барысында ғана сөйлемді мағыналық жағынан тиянақтау дəрежесіне ие болады. Мысалда ондай сөздерге жоғарғы, қадірлі сын есімдері қатысты деп білеміз. Бірақ сын есімдер зат есімдермен қабыса байланысып, анықтауыштық қатынас құрайтын сөздер деп қалыптасып кеткені айқын. Осы сөйлемдегі жоғарғы, қадірлі сөздері сатысы, қонақтар зат есіміне анықтауыш қызметін атқаруы тиіс. Осы сияқты Біз қазір алты үйміз (X.Жұмабеков) дегенде де осыны айтуға болады. Бұған қарағанда, кейде есімді сөйлемдерде сөйлем соңында кел-
502 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері ген зат есімдер, олардың сөйлемді тиянақтау дəрежесі ойлануды қажет етеді. Қазақ тіл білімінде бұл туралы мəселені алғаш көтерген – М.Балақаев. Автор əлденеше есім тіркесіп келгенде, оның негізгі мағынаға ие болатыны соңғы сөзі деп, ол – жақсы оқушы дегенде оқушы сөзі шешуші қызмет атқарады да, жақсы анықтауыш емес, оған көмекші дəрежеде деп көрсетеді. Негізінде мұнда ол оқушы деп айтсақ та, бұл сөйлем тиянақты. Дегенмен жақсы сөзі осы арада интонациялық жағынан жеке алынып, жеке сөйлем мүшесі бола алатындай дəрежеде ме? Сол сияқты автор керісінше Бұл ат – жақсы ат дегенде негізгі мағына күрделі баяндауыштың жақсы сөзіне түседі де, ат көмекшілік қызметте жұмсалады дейді. Бұған қарағанда əртүрлі сөз таптарының қатысы арқылы жасал- ған күрделі баяндауыштардың негізгі сыңары сөйлемнің жалпы мəніне қарай өзгеріп отыратын сияқты. Осы сияқты факті автор- дың 1954 жылғы академиялық грамматикасында орын алған бо- латын. Сонда күрделі есімді баяндауыштардың əрбір сыңарының сөйлем мазмұнын айқындаудағы орны ерекше. Есімдер баяндауыш қызметінде жұмсалу барысында бұрынғы табиғи семантикасына қарағанда, көбіне сөйлемді тиянақтау дəрежесі негізгі бағытта болады. Соған сəйкес олардың ондай кездегі мағыналық ерекшеліктері синтаксистік қызметіне сəйкес түрлі өзгерістерге ұшырайды. Зат есімнің баяндауыш қызметінде жұмсалуы Зат есімнің сөйлемде баяндауыш болуы бұрыннан айты- лып жүрген мəселе болғанымен, оның тұлғалық ерекшеліктері, құрылысы, оған кейбір дəнекер сөздердің қосылуы арқылы баян- дауыш болу мəселелері жан-жақты қаралған емес. Жалпы, зат есім жалқы, жалпы, негізгі, туынды, дара, күрделі жəне түрлі жалғаулар арқылы да келе береді. Осы құрамдағы зат есімдердің зат есімдік қасиеті олардың баяндауыштық қызметінде сақтала ма? Негізінде зат есімдер – морфологияда тұлғалық жағынан басқа сөз таптарына қарағанда өзгеруге бейім сөз табы. Енді ол сөз табы баяндауыш болған кезде едəуір дəрежеде осы қалпын сақтайтынын көруге болады. Зат есімдердің баяндау-
503 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері ыш қызметінде жұмсалуын алдымен құрылысына қарай бөле келіп, онан кейін олардың тұлғалық ерекшеліктерінің негізінде қарастыруды жөн көрдік. Зат есімді дара баяндауыштар. Дара зат есімді баяндауыш- тар көбіне бір сөзден болып келеді. Кейде баяндауыш құрамына көмекші сөздер тобына жатпайтын, сол зат есімдермен дефис не бірігіп жазылатын дүр, тұғын формалары мен демеулік шылаулар енеді. а) Нөлдік тұлғадағы зат есімдердің баяндауыш қызметінде жұмсалуын ең алдымен жалқы есімдердің нөлдік тұлғасынан бастасақ: Бұл топтың ортасындағылар – Абай мен Асылбек (М.Əуезов). Оның беталысы – Сырдария (Ғ.Мүсірепов). – Са- лаумағайлакүм, мен Сырбай ғой, Əбеке (Ə.Тəжібаев). Қазақ əнін салатын – Күнзила мен Жабай (Ғ.Мүсірепов). Мұндағы курсив- пен жазылған баяндауыштар – ономастикалық, топонимикалық жағынан да жалқы есімдер. Ондай кезде олар дара жəне бірыңғай түрде де жұмсала береді. Ал соңғы сөйлемдегі Сырбай жалқы есіміне қатысты жұмсалған ғой шылауы баяндауыштық тұлғаның бірі ретінде алдындағы сөзді нақтылай түсіп тұр. ə) Жалпы есімдердің атау тұлғада баяндауыш болуы. Мысалы: Мұндай шарт-шұртта командир де жауынгер. Тасығандары – өзі өскен шөп емес, қолдан еккен жоңышқа, бидайық, мысыққұйрық (Ғ.Мұстафин). Зат есімдердің баяндауыш қызметінде тек нөлдік тұлғада емес, түрлі жалғаулардың жалғануы арқылы баяндауыш болуы жиі кездеседі. а) Көптік жалғаулы зат есімді баяндауыштар. Мысалы: Шал- ғын арасы толған – ұсақты-ірілі, қанатты-қанатсыз шегірткелер (С.Мұқанов). ə) Тəуелдік жалғаулы зат есімді баяндауыштар. Мысалы: Əкенің баласы – адамның дұшпаны, Адамның баласы – бауырың (Абай). Ескіліктің қалдығынан қол үзбеу – кейбір ақындардың надандығы, білімсіздігі (Е.Ысмайлов). б) Септік жалғаулы зат есімді баяндауыштар. Зат есімнің сеп- тік жалғауында баяндауыш болуы, оның ішінде көбіне жатыс септікті баяндауыштар бұрыннан айтылып келе жатыр. Шығыс жалғаулы зат есімді баяндауыштар да бұрыннан бар екені айқын.
504 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері Соңғы септік жалғаулы баяндауыштар көбіне мақал-мəтелдерде көп жұмсалады. Кейінгі кезде барыс жалғаулы сөздер де баянда- уыш қызметінде жұмсалу дəрежесіне ие бола бастады. Əрине, жатыс, шығыс жалғаулы баяндауыштар тілімізде бұрыннан қа- лыптасып, баяндауыштық тұлға ретінде айтылып келе жатқанымен, барыс жалғаулы баяндауыштар – соңғы кездің жемісі. Алдыңғы септік жалғаулы баяндауыштарды уақтысында орыс тілі неме- се аударманың əсері арқылы қалыптасты дейміз. Шынында, со- лай да болар. Əсіресе, жатыс жалғаулы баяндауыштар туралы осыны айтуға болар. Ал шығыс жалғаулы баяндауыштар тарихи қалыптасқан тұрақты тіркестерде толық орын алған. Сондықтан да ол септікті баяндауыштарды орыс тілі немесе аударманың əсері деу онша келе бермесе керек. Ал барыс жалғаулы баяндауыш таза аударманың əсерінен туған құбылыс екені рас. Жаңа қалыптаса бастаған барыс жалғаулы зат есімді баяндауыштар баяндауыш қызметінде жұмсалуында əлі де болса естілуі жағынан да, қолдану дəрежесі жағынан да басқа септікті баяндауыштарға қарағанда енді-енді ене бастағанын байқатады. Сонымен, зат есімдер баян- дауыш қызметінде барыс, жатыс, шығыс септік жалғауларында жұмсалады деп білеміз. Əрине, олардың қолданылу аясы бірдей емес. Жатыс, шығыс жалғаулы əрі бұрын, əрі мол жұмсалса, ба- рыс жалғаулы баяндауыштар əрі соңғы кездің жемісі, əрі жаңа қалыптаса бастаған баяндауыш формасы деп білеміз. а) Барыс жалғаулы зат есімді баяндауыштар: СОКП XXVI съезінің қарарлары – өмірге! («Қазақ əдебиеті»). Ең жақсы кітап балаларға («Қазақ əдебиеті»). Бүкіл билік – советтерге («Социалистік Қазақстан»). ə) Жатыс жалғаулы зат есімді ба- яндауыштар: Екі көзі осы ауылдың ақылшысы есепті сақалы аппақ қудай – Сансызбайда (Б.Мұқаев). Ананың көңілі – балада, баланың көңілі – далада (Мақал). Ел адамы аттылы-жаяу, үлкен- ді-кішілі тегіс далада (Ғ.Мұстафин). б) Шығыс жалғаулы зат есімді баяндауыштар: Күндестік те еліңнен, Қамалау да еліңнен, Табалау да еліңнен, Абалау да еліңнен (Дастандар). Көрші, Қазақстанның қай түкпіріненмін дедің? – Оңтүстіктен (Б.Қой- шыбаев). Жалпы, септік жалғаулы сөздерге қойылатын сұрақтардың да саны, түрі туралы ойлану қажет. Бұрын зат есімнен жасалған
505 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері баяндауыштардың сұрауы ретінде көбіне қайда, қайдан сұраула- ры ғана айтылып келді. Өйткені зат есімдердің ішінде ондай септік жалғаулы сөздер көбіне мекендік мағынаға ие деп келушілік ба- сым болды. Негізінде жатыс, шығыс жалғаулы сөздер үнемі ол сұрақтарға ғана жауап беріп қана қоймай, кімде сұрауларына да жауап береді. Оны жоғарыдағы мысалдар дəлелдейді. Екіншіден, есімді баяндауыштардың сұраулары ретінде енді барыс септігінің де сұраулары анықталу керек. Яғни есімдер, оның ішінде зат есім- нен болған барыс жалғаулы баяндауыштарға қайда сұрауларынан гөрі кімге, неге сұраулары мағыналық жағынан ыңғайлы келеді. в) Жіктік жалғаулы зат есімді баяндауыштар. Біздер, жастар, көппіз, жұлдызбыз, арыстанбыз, батырмыз, қорықпаймыз, жан- шып, таптап кетеміз, жанып тұрған отпыз, жауынбыз, біз қой- маймыз, біз кенелтеміз, біз қарық қыламыз дей бергеннен не ты- нады (Ж.Аймауытов). Мен баяғы Жамбылмын, Əлі сөзге даңғыл- мын (Жамбыл). Зат есімдердің жіктік жалғауы арқылы баяндауыш қызметін- де жоғарыдағы мысалдардан көрінгендей, екі түрлі жағдайда кездеседі. Зат есімдерге жіктік жалғауы тікелей жалғанса (жұл- дызбыз, Жамбылмын), кейде шығыс жалғауынан кейін де жалға- нып жұмсала береді. Жалқы зат есімдердің жіктеле бермейтіні бұрыннан мəлім. Бірақ жіктік жалғауы тек түбір зат есімдерге ғана жалғанып қоймай, шығыс септік жалғаулы зат есімдерге де жалға- на береді. Мысалы: мен данамын, мен ауылданмын, т.б. Сол сияқты жіктік жалғауы -нікі, -дікі қосымшалы зат есімдерге де жалғанып, бұрын да баяндауыштық қызметте жұмсалып тұрған сөзге тағы да үстемеленіп жұмсала береді. Мысалы: Мен осы жердікімін (Ғ.Мұстафин). Бұл жер колхоздікі («Социалистік Қазақстан»). Зат есімнен жасалған баяндауыштарға кейде, тұғын қосым- шасы қосылып та жұмсала береді. Негізінде бұл қосымша ай- татұғын, жазатұғын сияқты көбіне етістікке қатысты болып келетін болса, олар қазіргі кезде белсенді құбылыс емес. Деген- мен етістікті түбірге жалғануының өзі сиреп бара жатқан бұл тұлға кейде зат есімдерге де қосылып, көбіне тарихи романдардағы кейіпкерлердің сөйлеуі арқылы қазіргі əдебиет- терден де кездестіреміз: Əуелден еншісі бөлінбеген ен қазақтың ене қазаны Сайрам болған да, аяқтарының ұшынан басып, ай-
506 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері быны кірер ата шаңырағы Түркістан-тұғын. Жер түбіндегі жеті атаңның аруағы түгел риза болар, жер бетіндегі жеті ұрпағыңның кеудесін аяққаптай қылар айрықша əңгіме-тұғын (Ə.Кекілбаев). Кейде дүр тұлғасы арқылы да зат есімдер баян- дауыш қызметінде жұмсала береді. Бұл қосымшаның да тұғын қосымшасы сияқты қазіргі кезде көп кездеспейтінін көруге бо- лады. Мысалы: Жолдарымның түскені игі еді. Сейфолла кісі - дүр (Т. Əлімқұлов). б) Кейде зат есімді баяндауыштар -тын, - тін қосымшалары арқылы да жасала береді: Атасы үлкен басымен ша- руадан жеркенбейтін, бейнетқор кісі- тін (Б. Шаханов). Зат есімді күрделі баяндауыштар. Барлық оқулықтарда баяндауыштардың күрделі түрі айтылғанымен, олар көлемі, түрлері жағынан дара баяндауыштың жасалуына қарағанда əлдеқайда аз жазылды. Оның үстіне күрделі баяндауыштардың жасалуында есімдердің əрқайсысы жеке-жеке көрсетілмей, зат есім мен сын есімнің, сан есім мен зат есімнің тіркесі, зат есім мен көмекші есімнің түйдектелуі сияқты түрлі құрамдағы күр- делі баяндауыштар сөз болды. Шындап келгенде, тек зат есім- дерден ғана құралған баяндауыштың бірнеше жасалу жолы бар екенін көруге болады. Əсіресе, күрделі зат есімді баян- дауыштардың жасалуының өзін үш топқа бөліп көрсетуге бо- лады: а) əртүрлі зат есімдердің түйдектеліп баяндауыш болуы; ə) бір ғана зат есімнің түрлі формада баяндауыш болуы; б) бір зат есімнің қайталануы арқылы. Зат есімдер баяндауыш қызметінде кемінде екі немесе одан да көп құрамда келе береді. Ондай құрамдағы зат есімді баяндауыштардың көп ұшырайтыны əртүрлі мағынадағы зат есімді баяндауыштар. Адамның аты, əкесінің аты мен күрделі жалқы есімдер арқылы: Шын аты Федор Иванович Песин (Ғ.Мұстафин). Ілік жалғауының жасырын түрі мен тəуелдік жалғаулы сөздердің тіркесі арқылы: Əке болу – табиғат заңы (Ғ.Мүсірепов). Ілік жалғаулы сөз бен тəуелдік жалғаулы сөздердің тіркесі арқылы: Анау Жалбыр рөліндегі автопарктегі токарь жігіт – Тұрсынбектің Майыры («Лениншіл жас»). Коммунистер шығып сөйлеп жатыр, сөйлегендердің көбі авиазаводтың жұмысшылары («Лениншіл жас»). Кейде мұндай изафеттік құбылыс тек осындай екі құрамды ғана болып қоймай, одан да гөрі күрделене түседі. Ондай кезде зат
507 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері есімдер ілік жалғауының ашық та, жасырын түрінде де зат есімдер тəуелдік жалғаулы зат есімдермен тіркесіп, тағы да күрделене түседі. Мысалы: Сергей Петрович 1914 жылдан бері коммунистік партиясының мүшесі (Ғ.Мұстафин). Сол сияқты ондай тіркесті зат есімдер жіктеліп барып та күрделі баяндауыш қызметінде жұмсала алады: Мен соның адамымын (Ғ.Мүсірепов). Қай жыл- дан бері партия мүшесісің? (Ə.Нұрпейісов). Зат есімді күрделі баяндауыштардың бірінші сыңары ілік жалғауының ашық не жасырын түріндегі сөздер мен тəуелдік жалғауынан кейінгі жатыс септігінің жалғауында келуі арқылы да зат есімді күрделі баяндауыштар жасалады: Бірі сұлу Баянның күншығыс етегінде Жантемір қажының ауылында (С.Сейфуллин). Ұзын қазы, мырза қазы, тел қазылар үлкен үйде, жеңгеміздің кебежесінде (Т.Əлімқұлов). Зат есімді күрделі баяндауыштардың бірінші сыңарлары ілік жалғауының жасырын не ашық түрі бо- лады да, екінші сыңарындағы тəуелдік жалғаулы сөзге шығыс септігінің жалғануы арқылы жасалады: Осы күнгі өнеріміздің асылдарының бəрі сол халық қазынасынан (М.Қалдыбаев). Бұл үй – колхоз бастығының үйі (С.Бердіқұлов). Зат есімді күрделі баяндауыштың жасалуында əртүрлі зат есімдердің қызметі ерекше. Дегенмен зат есімді күрделі баян- дауыштардың жасалуында ондай құрамды зат есімдердей дəре- жеде болмағанымен, кейде бір ғана зат есімнің қайталануы арқылы жасалған күрделі зат есімдер де баяндауыш қызметінде жұмсалуы кездесіп жүр. Мысалы: Сонау Марқакөлдегі немере апаң Рабиға бар еді ғой, соның құдасының құдасымын (М.Ма- қатаев). Екі етегі жасқа толы күнде бір үйдің шаңырағы шорт сы- нып жатқанда, жұртты жұмысқа шақыру да қорлықтың қорлығы (С.Бердіқұлов). Осы сөйлемдерде құдасының құдасымын, қор- лықтың қорлығы сияқты зат есім мен зат есімнің қайталануы арқылы құралған топтар бар. Əрине, олардың бірінші сыңарлары құдасының, қорлықтың зат есімдерін анықтауыш, ал құдасымын, қорлығы зат есімдерін баяндауыш деуге болады. Бірақ бұл топ- тарды осылай іштей əрбір сөйлем мүшесіне жеке-жеке талдай- тын болсақ, олардың соңғы сыңарлары құдасымын, қорлығы зат есімдері сол өзі қатысты сөйлемдерді тиянақтап, сол сөйлемдердегі бастауыштағы оқиғаны баяндау жағы көмескіленеді. Былайша
508 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері алғанда, бірінші сөйлемдегі ілік жалғаулы сөзді алып тастап, сөйлемді «Сонау Марқакөлдегі немере апаң Рабиға бар еді ғой, соның құдасымын» деп те айта салсақ, онда айтушы апасының тікелей құдасы болып шығады. Ал ол Рабиғаның құдасының құдасы ғой. Зат есімдер қай сөйлем мүшесі болған кезде жеке-дара жұмса- ла береді. Дегенмен кейде зат есімдер қаншалықты дербес ма- ғыналы болғанымен, сөйлемді тиянақтауда жеке-дара қолда- нылмай, қалайда басқа бір сөздерді жетегіне ала отырып, сол сөздермен мағыналық бірлікте болып, сөйлемнің баяндауышы қызметінде жұмсала алады. Əрине, ондай құрамды баяндауыш- тар туралы екі нəрсені ескеруге тура келеді. Біріншіден, ондай құрамды баяндауыштардың негізгі сыңары, яғни ой тұжырымы зат есім сөзінде болуы тиіс. Бірақ негізгі сыңардағы зат есім бастауыштың мəн-жайын түгелдей нақтылай алмайды. Сондықтан да ондай зат есімдер сөйлемді тиянақтауда енді өзіне басқа бір сөзді керек етеді. Ондай сөздер қатарында негізінде сын есім, сан есім, есімдік, есімше де, сол сияқты түрлі дəнекер сөздер де болады. а) Осы арыздарды жіберіп, өздері көрінбеген Керімбек, Асыл- бек дейтін ағайынды Жанаевтар (М.Əуезов) деген сөйлемдегі баяндауыштар мыналар: Керімбек, Асылбек дейтін ағайынды Жанаевтар деген топты былайша алғанда бір есімді баяндауыш немесе осында ағайынды Жанаевтар баяндауыш та, Керімбек, Асылбек дейтін зат есімдер мен көмекші етістікті топты анықта- уыш деуге де болады. Бірақ осы топты баяндауышты топтан ажыратуға келе ме? Мағыналық жағынан келгенде Керімбек, Асылбектер де Жанаевтар, ал Жанаев деп отырғанымыз – Керімбек пен Асылбек. Олай болса, мағыналық жағынан олар бірін-бірі толықтырып, бірін-бірі айқындау арқылы сол тобымен бір-ақ баяндауыш қызметінде жұмсалған деуге болады. Бірақ бұл топты баяндауышты таза есімді деуге келмейді. Өйткені мұны құрайтын элементтер таза есімді ғана емес, мұнда дейтін көмекші етістігі де бар. Сондықтан бұл топты аралас құрамды баяндауыштарға жатқыздық. Бірақ құрама баяндауыштың жаса- луы мен бұл баяндауыштың жасалуының арасында айырмашылық бар. Құрама баяндауышта негізгі есімді сыңары бірінші орында, ал
509 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері оған көмекшілік қызметте жұмсалатын көмекші етістіктер олар- дың шақтық мəнін білдіру үшін соңында ғана қосақталуы тиіс. Ал бұл жерде есімше тұлғалы көмекші етістігі Керімбек, Асылбек жəне ағайынды Жанаевтар сияқты бір топтағы сөздер тобын бай- ланыстыра түсіп, мағынасын толықтыруға себеп болып тұр. ə) Пристань басы абың-күбің əңгіме, əрлі-берлі ағылған ала шұбар тобыр (Ж.Жұмаханов). Жалқауға от басы айшылық жер (Мақал) – деген сөйлемдердегі баяндауыштардың жігі жоғарыдағы келтірілген баяндауыштар іспетті. Тек онда баяндауыштардың дені зат есімдер болып келсе, бұл сөйлемдердегі баяндауыштарға шұбар, айшылық сияқты сапалық, қатыстық сын есімдері тобы, жер сөздерімен бірлікте жұмсалу арқылы аралас құрамды баянда- уыш болып, сөйлемді тиянақтау дəрежесіне ие болып тұр. Осы сияқты құбылысты сан есім, есімдіктерден де көруге бола- ды. Сын есім, сан есім, кейбір есімдіктер заттың анықтауышы бо- лып жұмсалуға бейім болғанымен, кейде сөйлемнің жалпы мəніне байланысты өзіне қатысты зат есімдермен мағыналық бірлікте тұрып, аралас құрамды баяндауыштың күрделі сөйлем мүшесін жасауға себеп болады. Мəселен, Менен үлкен екі қыз Айымгүл мен Сəлім екеуі де балалы-шағалы, үйлі-баранды болған адам- дар (Б.Қыдырбекұлы). Алматы – менің екінші үйім («Социалистік Қазақстан»). б) Жалпы зат есімді баяндауыштар септік жалғауында да келе беретіні айқын. Сол іспетті мұндай аралас құрамды баяндауыштардың да негізгі сыңары зат есімдері əртүрлі септікте келіп, оны күрделендіруші сыңарлары жоғарыдағы сөз таптары болады. Мысалы: Оның соңынан қарап тұрған жұрт əртүрлі ойда (Б.Қойшыбаев). Бостон Ерназарды оған дейін білуші еді, қанша дегенмен бір совхоздан ғой. Демек, олар көбінесе айнала дүниеге жауыға қарайтындар тұқымынан (Ш.Айтматов). в) Мұндай баяндауышты топтардың құрамында сан есімдер де зат есімдермен бірлікте жұмсала береді. Сонда ол сөз таптары бірлікте келіп, сөйлемді тиянақтау қасиетіне ие болады. Бірақ бір күрделі баяндауыштың құрамындағы зат есім мен сан есімнің, ең алдымен, баяндауыш болуында қай сөз табының қызметі басым. Жалпы, бастауышқа қатысты ойды нақтылаудағы қайсысы басым деген мəселе де нақтылауды қажет етеді. Алда əу бастан жеке-да-
510 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері ра Далабай келе жатыр. Қосар аттарды жетелеуші Ордабай екеуі (Н.Əбуталиев). Ақберген əлгі Əдібектермен Ақмолаға барып, ел соңынан бір қос болып келген бес кісінің бірі (Ғ.Мүсірепов). Осы сөйлемдердің соңында сан есімдер келгенімен, ол сан есімдер сол сөйлемді тиянақтай алмайды. Сондықтан ол сан есімдер тек Далабай мен Ордабай зат есімдерімен бірлікте ғана сөйлемді тиянақтаса керек. Бұған қарағанда есімді баяндауыштардың бірі зат есім, бірі сан есім тіркесі арқылы да жасалады екен. Қалайда осындай құрамды баяндауыштарда əрі заттық та, сандық та қасиет бар. Олар сөйлемді тиянақтауда өзара мағына бірлігін жасап тұр. г) Зат есім жəне оған қосымша ретінде есімдерден құралған бірнеше матаса байланысқан сөздер тобы. Ондай ілік жалғаулы сөздер сатылана байланыса келіп, сол тобымен сөйлемдегі бастауыштың жай-күйін білдіре алады. Мысалы: Келесісі – «Бірлік» совхозының үшінші фермасының бухгалтері (Д.Досжанов). Мұндағы негізгі баяндауыш – «Бірлік» совхозының үшінші фер- масының бухгалтері. Осы топты зат есімді баяндауыштардың құрамында ілік жалғауының ашық жəне жасырын түрлері де кездеседі. Негізінен осы сияқты зат есімдерге ілік жалғаулы есімдіктер де тіркесіп келіп, күрделі зат есімді баяндауыш жасауға қатысады. Мысалы: Бұл немененің лебі? (Ғ.Мүсірепов). Мұнда негізгі мағына лебі сөзінде де, немене оған көмекші қызметте жұмсалған. Зат есімді баяндауышты күрделендіруде айқындауыш, оның ішінде қосалқы айқындауыштардың қызметі ерекше: Бұл тапқаны – Абулақап мұғалім (Б.Майлин). Алдарына жайылған үлкен қызыл ала дастархан. Оң жақ шетте қымыз сапырып отыр- ған Ажар бəйбіше (А. Лекеров). Оңашаланған баяндауыш Айқындауыш барлық еңбектерде айтылып келеді. Ол со- нымен бірге Ш.Атымов пен О.Күлкенованың арнайы зерттеу жұмыстарында да cөз болғаны белгілі. Жалпы, айқындауыш мүше анықтауыштың бір түрі ретінде олар сөйлемде бір мүшеден соң тұрып, оны анықтап, түсіндіріп, қай мезгілде, қай жерде, т.б. ерекшеліктерін айқындап тұрады. М .Балақаев айқындауыш, оның ішінде оңашаланған айқындауыштарды: оңашаланған бастау-
511 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері ыш, оңашаланған толықтауыш, оңашаланған анықтауыш жəне оңашаланған пысықтауыш деп осы төрт тобын берумен шектеледі. Қазіргі əдеби тіл материалы негізінде зерттей келгенімізде, қазақ тілінде оңашаланған айқындауыштың бесінші түрі, яғни оңашаланған баяндауыштардың да қалыптаса бастағандығын көруге болады. Оңашаланған мүшелердің сөйлемнің кез кел- ген жерінде келе беретіндігі анықталды. Мысалы: Ал, жігіттер, ұядан ұшқалы отырсыңдар, ұшырып отырған мына біз, ағаларың (Б.Қыдырбекұлы). Өзім мұнда, есіл-дертім алыста, Орал жақта (Ш.Мұртазаев). Асанчик, біздің бөлмеге кел. Кел, қорықпа, тістемейміз. Иə, иə, оң жақта, отыз екінші (М.Мақатаев) деген сөйлемдердегі негізгі баяндауыштар біз есімдігі, алыста ба- рыс септікті сын есім жəне зат есімге жақта көмекші сөзінің тіркесуі арқылы жасалған есімді баяндауыштар. Ал оларды айқындап тұрған тəуелдік жалғаулы – ағаларың. Келесі Орал жақта, сосын отыз екінші сөздері біз, алыста, оң жақта сөздерінің айқындауыштары. Əрине, қазіргі тілімізде есімді баяндауыштардың бұл түрлері сирек кездессе, ал зат есімді баянда- уыш оны айқындайтын айқындауыш, яғни зат есімді айқындауыш мүшелер өте жиі кездеседі. Бірақ бұл мəселе əзірше сөз болмай, ар- найы зерттелінбей отыр. Енді оңашаланған зат есімді баяндауыш, олардың тұлғалық ерекшеліктерін жəне соған сəйкес оңашаланған мүшелерінің жасалу жолдарын көрсетелік. Баяндауышы нөлдік тұлғадағы зат есім болып келеді. Мыса- лы: Махамбет те қонақ, ат жарысының куəгері (Н.Əбуталиев). Күн демалыс. Ертең мейрам, жетінші ноябрь (М.Мақатаев). Осы сөйлемдердегі негізгі баяндауыш қонақ жəне мейрам зат есімдері. Сонда бірінші сөйлемнің баяндауышында жалпы қонақ туралы айтылып, сонымен ғана тиянақтауға болар еді, бірақ ол қонақтың ат жарысына куəгер екендігі нақтылана түскен. Онда қонақтың не кəсіппен айналысатыны қоса көрсетілуі арқылы жалпы сөйлем, оның ішінде баяндауыш та күрделене түскен. Əрине, бұл жердегі жалпы сөйлемнің күрделенуіне оңашаланған айқындауыштардың рөлі бар. Сол сияқты екінші сөйлемде де мейрам зат есімін жетінші ноябрь айқындауышы мейрамның қай мейрам екенін нақтылай түскен. Бұл жерде де оңашаланған баяндауыш күрделі түрде берілген. Жай сөйлемнің негізгі баяндауышы тəуелдік
512 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері жалғаулы зат есімі болады да, ал оның оңашаланған айқында- уышы тəуелдік жалғаулы немесе тəуелдік жалғаусыз сөздер, не сөздер тобы бола береді: Ол – Өскенбайдың үлкен үйі, Зере отыр- ған ауыл (М.Əуезов). Бəрі – балам, немерем, шөберем (Ж.Жабаев). Жай сөйлемнің баяндауышы зат есімге жайлы, іспетті шы- лауларының тіркесуі арқылы жасалса, ал ондай баяндауыштың айқындауышы да зат есім мен сол шылаулардың тіркесі арқылы жасалады. Жер мен көкке дүр сілкіндіріп, мəңгілік тонды жі- біткендей болған асқақ əн – Ұлы Достықтың гимні іспетті, бауыр- лас елдің айнымас асыл сезімі секілді («Қазақ əдебиеті»). Поэма космос жайлы, космонавт Юрий Гагарин жайлы (М.Мақатаев). Ол – осы жақында болатын ас туралы, Бөжейдің асы туралы (М.Əуезов). Сын есімнің баяндауыш қызметінде жұмсалуы Сын есімдер баяндауыш қызметінде зат есімге қарағанда аз қолданылады. Дегенмен сын есімдердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы көбіне біржақты қаралып жүр. Өйткені барлық əдебиеттерде олардың баяндауыш қызметінде жұмсалуы айтыла бермейді. Қалайда сын есімдер баяндауыш қызметінде жұмсалады дейді де, олардың тұлғалық көрсеткішін нақтылап көрсете алмай- ды. Шындығында, сын есімдер баяндауыш қызметінде жұмсалу үшін олар сөйлемнің соңында келіп, оны тиянақтап тұруға тиіс. Себебі олар сөйлемнің басында жəне сөйлемнің ішінде қолданылып, қалайда анықтауыштық қызметке жұмсалуға тиіс. Енді олар сөйлемнің соңында да келуі арқылы сөйлемді тиянақтау дəрежесіне ие болады. Негізінде сын есімдер тұлғасы жағынан əртүрлі болып келетіні айқын. Ондай қасиет олардың көбіне анықтауыш сөйлем мүшесінде толық көрінсе, ал баяндауыш қызметінде де сол дəрежеде. Сол сияқты ондай кезде олар құрамы жағынан дара да, күрделі түрде де баяндауыш бола береді. а) Сапалық сын есімдердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы. Өзі əдемі, өзі келісті, сұлу кісі, əйелі де сұлу (X.Есенжанов). Кең жазық маңдайында əжім аз (М.Əуезов). Сендерге отыз да көп (А.Макаров). Сапалық сын есімдер күрделі түрде де жұмсала береді: Бас арнадағы əуе компаниясының туы да сары ала (С.Бердіқұлов). Көзі мөлдіреген қара көк (М.Əуезов).
513 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері ə) Шырай тұлғасындағы сын есімдердің баяндауыш кызметін- де жұмсалуы: Көкше көктен гөрі көгірек (С.Мұқанов). Дене бітімі нып-нығыз, тұп-тұтас, шойындай (С.Сейфуллин). Қара жұмысшылар, əсіресе қазақтар лек-легімен келіп жатқанымен, ма- ман өте аз (Ғ.Мұстафин). Дос пен Мөңкенің арасы тым жақын (Ə.Нұрпейісов). Қатыстық сын есімдерінің баяндауыш қызметінде жұмсалуы: а) -сы, -сі жұрнақты баяндауыш. Оның ойынша, мұғалімдер мəдени-эстетикалық жағынан ұсқынсыз-ақ (Ы.Сүйінов). ə) -лы, - лі жұрнақты баяндауыш: Сақалына буырыл кіргені болмаса, Майбасар баяғысынша қызыл күрең жүзді (М.Əуезов). Сенің бұл бейбастық ойың күлкілі, қымбаттым! (III.Айтматов). б) -дай, - дей жұрнақты баяндауыш; Отырмыз біз үшеуміз бір кісінің ұлындай (Жамбыл). в) -шақ, -шек жұрнақты баяндауыш: Зəремнің ұшатыны-ақ жөні бар, өйткені менің əйелім де барлық ұрғашы ата- улы сияқты өте қызғаншақ-тұғын (Ə.Əлімжанов). Сын есімдер септеліп те, жіктеліп те баяндауыш қызметінде жұмсалады: Туған жері де адам білмес алыста (Ə.Əлімжанов). – Қали, Гриша, Илия, Есентай, Қасым, сендер маңдай алды екпіндісіңдер, ал барактарыңда мəдениетсіздік, ластық былығып жатыр (С.Ерубаев). Сын есім қайталанып келуі арқылы да ба- яндауыш бола береді. Бес болыстың би-болыстарына бір ауыл- най Сибанды кінəлі етіп шығару оңайдың оңайы (Ғ.Мүсірепов). Құсмұрын дуанына он үш жыл аға сұлтан болғанда, Шыңғыстың аузы мен тырнағы батпаған ауыл кемде-кем (С.Мұқанов). Өзі бір барып тұрған жуастың жуасы (С.Бердіқұлов). Сан есімнің баяндауыш қызметінде жұмсалуы Сан есімдер табиғатында зат есімнің анықтауышы қызметінде жұмсалуға тиіс. Дегенмен олар сөйлемді тиянақтауына сəйкес баяндауыш қызметінде де жұмсала береді. Есептік сан есімдердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы: Са- най бер. Консерватория бітіреді – бір ме? Диплом қорғайды – екі ме? Үйленеді – үш пе? (М.Мақатаев). – Малы қанша екен? – Қой- ешкісі жиырма бір мың, жылқысы бес мың (Н.Əбуталиев). Реттік сан есімдердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы: Мəдібектердің «байдың өзі» деп келе жатқаны екіншісі сияқты
514 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері (С.Сейфуллин). Алыстан ағараңдап үйлердің төбесі көрінді. Ал- дымыздағы үшінші. Келіп те қалдық (С.Бердіқұлов). Жинақтық сан есімдерінің баяндауыш қызметінде жұмсалуы: Дүниежүзінде біздің елімізден басқа да алуан түрлі мемлекеттер мен жерлер көп, бірақ адамның туған анасы да – біреу, оның От- аны да – біреу ғана (К.Ушинский). Бөлшектік сан есімдердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы: Бүйткен күйеуі құрсын. Амал жоқ, біздейлер қазір екінің бірі (Қ.Найманбаев). Болжалдық сан есімдердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы: Қызыл гвардия əскерінің саны жүздей (С.Мұқанов). Сан есімдердің жіктеліп барып бастауыш болуы: Біз жиырма төртпіз (Ғ.Мүсірепов). Ішінде қазақтан төртеуміз (С.Мұқанов). Сан есімдер тəуелденіп барып та баяндауыш болады: Маған екеу ал, – деді Гүлбаршын еркелеп. Жарайды, өзіме – үшеу, саған – екеу. Жоқ, керісінше, маған – үші, өзіңе – екісі (Б.Нұржекеев). Сан есімдердің септеліп барып баяндауыш болуы: Ағайынды бұл үшеуінің жас мөлшерлері бір-біріне жақын: Балтабек жиыр- ма алтыда, Темірбек жиырма төртте, Кенжетай жиырма екіде (С.Мұқанов). Жиырма үштегі жігіт майданда да жиырма үште (F.Мүсірепов). Сан есімдер баяндауыш қызметінде негізгі тұлғаға нумеративті сөздердің түйдектелуі арқылы жасалады. Ондай нумеративті сөздерге километр, метр, шақырым, гектар, жыл, сағат, т.б. жатады. Əрине, сан есімдер мен ондай нумеративті сөздердің қайсысы негізгі мағынаға ие деген мəселе туралы талас пікірлер барлығы айқын. Дегенмен қалайда оларда сандық қасиеті негізгі мағынаға ие болады да, нумеративті сөздер оларға қашықтық пен уақыт өлшемдерін білдіруге қатысы бар. а) Есептік сан есімдер мен нумеративті сөздер арқылы: Кəдімгідей ағаш үй сияқты, мұнарасының басында жарты айы бар, биіктігі он жеті метр, көлденеңі алты метр, кейін өртеніп кетіпті (И.Жақанов). Біздің резиденциямыз Делиден қырық шақырым (С.Бердіқұлов). Үй болғандарына он бір жыл (М.Хасенов). ə) Реттік сан есімдер мен нумеративті сөздер арқылы: Соци- ал-демократ кружогына оның алғаш жазылуы – бір мың сегіз жүз тоқсан бесінші жылдары (С.Мұқанов). Жерге қардың түскеніне үшінші күн (М. Хасенов).
515 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері Сан есімдерге кейде оған қосарланып жұмсалатын нумеративті сөздерге жуық, тарта көмекші сөздерінің тіркесуі арқылы да ба- яндауыш жасала береді. Ондай кезде сан есімдер не нумеративті сөздер ретіне қарай септеліп, оған кейін жуық, тарта көмекші сөздері де тіркесе береді. Мысалы: Үй маңында жайылып жүрген қозылар саны онға жуық (Н.Əбуталиев). Милықұдық жағындағы бұл алқаптың аумағы он гектарға жуық (Қ.Сəтбаев). Биіктігі жеті метрдей, ені он төрт метрге жуық (Қ.Жұмаділов). Ал қазақтарда мұндай жырлардың саны елуге тарта (Ə.Нұр-шайықов). Сан есімдер тек өздері ғана баяндауыш болып қоймай, кейде зат есімдермен қатар тұрып, баяндауыштық қызметте жұмсала береді. Əрине, ондай кезде осы аралас баяндауыштардың негізгі мағынасы сан есімдер болғандықтан, сол бірліктегі бастауыштың сандық қасиетін білдіреді. Мысалы: Барак үйшіктерінің бірі – он кісілік (С.Сейфуллин). Барлық істің ұшығына жету – мəселенің үшінші түйіні (Ю.Семенов). Абай мен Оспан арасы – бес-алты жас. Сондықтан оған Абай аға іспетті (М.Əуезов). Есімдіктердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы Есімдіктер зат есім, сын есім, сан есімдер сияқты сөйлемді тиянақтай отырып, баяндауыш қызметінде де жұмсала алады жəне сөйлемнің барлық мүшелері бола алатын қабілеті бар. Дегенмен есімдіктердің сөйлем соңында қолданылуынан гөрі сөйлемнің ішінде қолданылуы əлдеқайда көп. Ал есімдіктер баяндауыш болған кезде сөйлем соңында келеді де, оған екпін түсіріліп ай- тылады. Есімдіктердің баяндауыш қызметінде жұмсалуының өзін екіжақты қарастыруға болады. Біріншіден, олардың қай-қай түрлері баяндауыш болады, екіншіден, олар қандай тұлғаларда жұмсалады. Енді олардың 7 түріне тоқталсақ: Жіктеу есімдікті баяндауыш. Жіктеу есімдіктері негізінде бастауыш болуға бейім. Қалайда олар сөйлемде қимылдың иесі болып, үш жақта, жекеше жəне көпше түрде де жұмсала береді. Арнайы бастауыш болатын есімдіктер тек сөйлемнің соңында келіп, мағыналық жағынан сөйлемді тиянақтау арқылы ғана кім? не? сұрауларына жауап беріп, баяндауыш бола алады. Мысалы: Айласыз болсаң арыстандай, Аспандағы айға шабарсыз. Баянды
516 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері болсаң байтақты, Біз емес, жұртқа аға сіз (Н.Кəрібаев). Мен тағы да қайталауға əзірмін, қару-жарақтардың құнын арттыру жөніндегі жұмысты аяқсыз қалдырған сізсіз, тек сіз (Ю.Семенов). – Дау иесі мен болсам, жан иесі де мен (Ə.Кекілбаев). Ақбұйратты басқа- ратын – сіз бе, мен бе? (Ғ.Мүсірепов). Осы сөйлемдердегі баян- дауыштар – сіз, мен. Əрине, ол есімдіктер жеке тұрып та, бірыңғай түрде де əрі көпше, əрі жекеше де келуі арқылы жұмсалған. Ондай кезде бұл баяндауыштарға кім? сұрауын қоюға болады. Сілтеу есімдікті баяндауыш. Сілтеу есімдіктері негізінен анықтауыш қызметін атқаруға тиіс. Сөйте отыра олар баяндауыш та бола береді. Ондай кезде мынау, осы, сол, анау, бұл есімдіктері мол кездеседі. Мысалы: Совхозың – осы, мамандарың – мынау (М.Хасенов). Кешеден бері сөйлеген сөздерің – анау (М.Əуезов). Балтабайдың Асқар көрген бір ерлігі – осы (С.Мұқанов). Осы қыз – дəл осы (С.Мұқанов). Жарқыраған, қызуы мол шығармаң – мынау (М.Əуезов). Сұрау есімдікті баяндауыш: Сіздің нөміріңіз нешінші? (С.Мұ - қанов). Жортуылшылардың əр адымын қалт жібермей қадағалап отырған кім? (Ш.Айтматов). Бұл араның қауынының тəттілігі Шаржойдікінен қалай? (С.Мұқанов). Өздік есімдікті баяндауыш: Бұндағы жар дегенің кімің өзі (М.Əуезов). Түлкі ме, қарсақ па? Əлде тіпті қасқырдың өзі ме? (Ғ.Мүсірепов). Белгісіздік есімдікті баяндауыш: Оның келуі, келмеуі əл- деқалай (С.Мұқанов). Келетін адам ол емес, басқа біреу («Жұл- дыз»). Болымсыздық есімдігі: Бұл атақ ол үшін ештеңе емес («Со- циалистік Қазақстан»). Жалпылау есімдігі: Бұл алғысым біріңе емес, бəріңе (А.Шам- кенов). Бұған қоса есімдіктер баяндауыш қызметінде септеліп те, тəуелденіп те жəне жіктеліп те жұмсала береді: а) есімдіктердің жіктелуі арқылы: Менің айтқаныма мойынұсынғың келмейтін сен кімсің? (Б.Шаханов). Сенсің жан лəззаты! Сенсің тəн шəрбаты (Абай). Бұл өлкеге кімнің бұрын, кімнің кейін келгенін айыратын – мына сенбісің? (Қ.Жұмаділов). ə) есімдіктердің көптелуі арқылы: Бөлінейін деген оғыздар жоқ. Бөлген – сен -
517 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері дер (О.Бодықов). Оның рас. Осы өлкеде шаруаны ұмытпаған жалғыз ауыл – солар (М.Əуезов). Балалар, не білдіңдер. Білсең айтшы, бұл кімдер? (А.Сопыбеков). Оларды орындаған кімдер? (С.Бақбергенов). б) есімдіктердің септелуі арқылы: жатыс септікті баяндауыштар: Қарттар не ойламайды, олардың өз есептері өздерінде (М.Мақатаев). Олай болса, кінə кімде, кінəрат неде? (С.Шаймерденов). Мектеп салу, медіресе-жай жасау өз алды- на, оқу құралы қайда? (С.Бақбергенов). Шығыс септікті баянда- уыштар: Мұнан 40-50 жыл бұрын қой емес пе еді, сүтке қарық қылатын: қасық тік тұратын, қатық та содан, тілді үйірген құрт та – содан, бал татыған ірімшік те – содан (О.Қанахин). - нікі, -дікі жұрнақты баяндауыштар. Еңлік жыры – сенікі (М.Əуезов). Көне - дүр қосымшасы арқылы келген баяндауыштар: Солай -дүр, – деп, Əріп сирек мұртын ширатты (Т.Əлімқұлов). Есімдіктер қатысты күрделі баяндауыштар. Көк аспан алыссың-ау, көрер көзге, Биік жоқ табиғатта сенен өзге, Байлау- сыз, бағанасыз тұрсаң-дағы, Тағдыры ай мен күннің бір өзіңде (X.Ерғалиев). Барым – бір өзің (М.Əуезов). Сенің ойың – менің ойым (Б.Майлин). Үстеудің баяндауыш қызметінде жұмсалуы Осы уақытқа дейін үстеу тек пысықтауыш болып жұмсалады делінетін. Негізінде солай да. Дегенмен үстеулер басқа да, соның ішінде баяндауыш қызметінде жұмсалуын 1939 жылда- ры С.Аманжолов айтқан еді. Онда автор «мезгіл, мекен, қимыл үстеулері баяндауыш болады» дейді де, «уақыт, мезгіл сөздері бастауыш болып келгенде оның баяндауышы үстеу болып келеді» деп, екі түрлі жағдайда үстеудің баяндауыш болуын алғаш көрсеткен еді. Қазіргі əдеби тіл материалдарынан қимыл- сын үстеулерінің де баяндауыш болуын көрсетеді. Сол сияқты М.Балақаев, А.Ысқақов та үстеу тек жіктеліп барып қана баян- дауыш бола алады деп көрсетеді. Зерттей келгенімізде, үстеулер баяндауыш қызметінде де мол жұмсалатын дəрежеге ие. Мұның өзі əдеби тілдің жəне аударма тілінің дамығандығынан да көріне- ді. Үстеулер баяндауыш болған кезде көбіне бастауышпен қатар тұрады. Үстеулерге қатысты, яғни онымен тіркесте жұмсалатын
518 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері сөздері көбіне үстеу сөздері немесе мекендік мағынаны білдіретін болып келеді. Үстеулер баяндауыш қызметінде əртүрлі тұлғада да келеді. Мезгіл, мекен үстеулерінің нөлдік тұлғада баяндауыш болуы жиі кездеседі. Mысалы: Ол мəселені қозғау əлі ерте («Жұлдыз»). Оның қабілеті сендерден бір саты жоғары (М.Мақатаев). Үстеулерге түрлі көмекші етістіктер тіркесіп келуі арқылы: Жұмыстың бəрін бір күнде тындыра алмаймыз, – деді Қапез басын кегжитіп, – күн – бүгін, жыл – биыл емес (М.Хасенов). – Қазір ба- рам. – Жо-жоқ, қазір келме, кейін, кейін дедім ғой (Қ.Найманбаев). Хасеннің келгені де жаңа еді (М.Əуезов). Үстеулердің шырай тұлғасында келуі арқылы: Бүгінде шалқадан түсіп жату ертерек болар (С.Бердіқұлов). Мекен үстеулерінің баяндауыш болуы: Шынында, ең қиыны жоғарыда екен (А.Фадеев). Сын-қимыл үстеуінің баяндауыш болуы: Алас ұрған жас жігіт өзімен-өзі əуре (F.Мұстафин). Үстеулердің -нікі, -дікі жұрнағы арқылы: Есіңде болсын, інішек, ақын алдымен бүгіндікі (М.Мақатаев). Еліктеуіш сөздердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы Еліктеуіш сөздер де – үстеу тəрізді қимылға қатысты жұмсалатын сөз табы. Сондықтан да олар негізінен қимылдың істелу амалын білдіріп, пысықтауыш қызметінде жұмсалады. Еліктеуіш сөздерді С.Аманжолов «Ғылыми синтаксисінде» есімдер тобына жатқызады. Біз, шындап келгенде, еліктеуіштерді есімдер тобынан гөрі етістіктер тобына қостық, яғни бұл сөздер тек қимылға қатыстылығымен ғана ерекшеленсе керек. Сондықтан да еліктеуіш сөздерді қимылға қатысты топтағы сөздердің бірі деп білу орынды. Еліктеуіш сөздердің синтаксистік қызметі жөнінде М.Балақаев, А.Ысқақов арнайы түрде баяндауыш болады деп айтпағанымен, сөз арасында ғана, онда да М.Балақаев, көмекші етістіктердің ерекшелігі дегенде жарқ-жұрқ етеді, ыңқ-ыңқ етеді мысалдарын келтіреді. Автордың «бұл мысалдардағы етеді, етті көмекшілері баяндауыштық тұлға қызметінде жұмсалған. Оларды түсіріп, еліктеуіш сөздерді жалаң түрде баяндауыш қызметінде айтуға болмайды» – деген пікіріне қосыла алмаймыз. Қазіргі кезде еліктеуіш сөздердің көмекші сөздермен де, оларсыз да баяндау-
519 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері ыш қызметінде жұмсалуын қалыпты нормаға айналған деп айтуға болады. Сонымен, еліктеуіш сөздер мына жайттарда баяндауыш болады: Ең көп қолданылатыны – еліктеуіш сөз бен көмекші сөздер тіркесі. Мұндай кезде еліктеуіш сөздер дара да, күрделі түрде де (қосарласу) жұмсала береді: Əп-сəтте Карпов жасағының быт- шыты шықты (I.Есенберлин). Үш батыр тізе қосып еді, көк темірге оранған жау быт-шыт болды (I.Есенберлин). Қорадан шыққан сиырдың бақайы сытыр-сытыр етеді (О.Бөкеев). Енді төртеуі де тым-тырыс (Ғ.Мүсірепов). Қызылжар іші у-ду (С.Мұқанов) – дегендегі еліктеуіш сөздер қосарлы түрде жұмсалған. Ауыл іші тарс та тұрс, ешкім ешкімді біліп болмай- ды (Е.Айнабеков). Ел қағынды, Мал сабылды, Ұрлық, өтірік гу де гу (Абай). Топтың алдында нəн қылыштар жарқ-жұрқ, ұрандаған дауыс- тар көкті жарып барады (І.Есенберлин). Бірінші бастаса, екіншісі құлақ түрмейді, шарт та шұрт (Б.Тілегенов). Ал мұндағы гу, шарт, тарс сөздері қайталанып жұмсалғанымен, өзара қос сөздік қасиетте емес, де, та шылауының арқасында қайталанып жұмсалып, қарқындықты көрсетеді. Ал жоғарғы сөйлемдегі жарқ-жұрқ еліктеуіш сөзі құрмалас сөйлемнің бір сыңарында келіп, оқиғаның өте қарқындылығын білдіріп, етеді көмекші сөзі түсіріліп айтылып тұр. Еліктеуіш сөздерге модаль сөздердің тіркесі арқылы: Арт жағындағы жол бойында қыбыр еткен жан жоқ, тым-тырыс сияқты (Б.Тілегенов). Модаль сөзді баяндауыштар Күрделі баяндауыштың жасалуында модаль сөздер сөйлем соңында етістікпен де, есіммен де тіркесе келіп, негізгі сөзге көмекшілік қызмет атқаратындығы белгілі. «Қазақ тілі граммати- касы» оқулығында күрделі баяндауыштың жасалу жолдары деген бөлімінде модаль сөздер туралы былай дейді: «Керек сөзі екі түрлі мағынада, яғни негізгі лексикалық мағынасында жəне модальдық мағынасында жұмсалады. Модаль мағынасында таза көмекші сөз орнында қолданылады. Мысалы: Колхоз шаруашылығына білгір мамандар керек («Лениншіл жас»). Құнанбайдың бүгін əдейі то-
520 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері сып отырған адамдары болу керек (М.Əуезов). Бірінші сөйлемде керек сөзі зат есіммен тіркесіп, міндеттілік мағына берсе, екінші сөйлемде етістікпен тіркесіп, болжау мағынаны білдіреді» делінген. М .Балақаев модаль сөздер есім баяндауыштармен тіркесіп, күрделі баяндауыш болатындығын айтады. Бірақ оны күрделі баяндауышқа емес, құрама баяндауыштың жасалу түріне жатқызады. Мысалы: Ағаштардың басындағы тығыз, бұйра, қара көк жапырақтар баса киген папах тəрізді (Ғ.Мұстафин). Модаль сөзді баяндауыштар тек есімдермен ғана емес, етістіктермен де тіркесіп келіп, күрделі баяндауыш бола алады. Оны мына мы- салдардан көруімізге болады: Өмірдің ащы-тұщы, қайғы-қуаныш дегендері ойына да кіріп шықпайтын сияқты (Ғ.Мүсірепов). Таза модаль сөздерінің келуі арқылы: Кітаптардан шын мəнісінде уақыт белгісі болып табылатын нəрсені іздеу жəне та- уып алу қажет (A.А.Фадеев). Сырдың суы түсіп кетсе, өткел бермейтіні рас (Ғ.Мүсірепов). Жасы жеткен адамға ұстамдылық та қажет (Ə.Тəжібаев). Түрлі модаль сөздерге е, де көмекші етістіктерінің тіркесуі арқылы: Осынау аспапты алғаш жасаған өнерпазға көз алдында тұрған киіз үйдің əсер етпеуі мүмкін емес-ау (Ж.Əлмашев). Маған біреудің малының қажеті шама- лы, Құдай өз малымды өзіме бұйыртса, содан артық маған түк те керек емес (С.Мəуленов). Достыққа құл да, қожа да қажет емес (И.А .Гончаров). Кейде модаль сөзге көмекші етістіктердің тіркесуі арқылы: Сенің бұлай ойлауың мүмкін емес еді. Кейде ондай қабаттасып жұмсалған көмекші етістіктерден кейін тағы да көмекші етістіктердің тіркесі арқылы: Надандық – қу дала, оны өңдеп, ұрық себуге болады, жалған оқымыстылық – бидайық басып кет- кен өңір, оны отап бітіру мүмкін емес десе де болады (Ч.Канту). Модаль сөздерден кейін көру, бол, жоқ, кейде олардан кейін тағы да бір көмекші етістіктердің тіркесі арқылы: Барлығын да өз қолымызбен істеу қажет болды (А.Макаренко). Содан бері бұл лента, əсіресе, тұтқындағыларға тергеу жүргізу үшін мүмкін болмай қалған (Ю.Семенов). Кез келген игі іс ə дегенде мүмкін еместей көрінеді (Т.Карлейл). Айтпашы, Дəурен, ондайда, сенен басқа маған ешкімнің керегі жоқ (Т.Кеңесбаев).
521 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері Бар жəне жоқ сөздері арқылы баяндауыштың жасалуы Бар, жоқ сөздерінің нөлдік тұлғада баяндауыш болуы: Əрекет болмай – берекет жоқ, Еңбексіз – рахат жоқ (Мақал). Оң жақта аз отырған жоқ (М.Мағауин). Сұрамақ пен білмек бар (М.Əуезов). Бар, жоқ сөздерінен кейін көмекші етістіктердің тіркесі арқылы: Мұндай мінезі жоқ еді ғой! (М.Мақатаев). Даусында əрең ұстап қалған ызғар бар еді (Ғ.Мүсірепов). Бөлмеде өзінен басқа тірі пенде жоқ еді (Н.Сералиев). Ондай сөздерге «бол» көмекші етістігінің тіркесі арқылы: Оның өзінде кассада билет бар болса деңіз (Ш.Айтматов). Бар, жоқ сөздеріне түрлі модаль сөздердің тіркесі арқылы: Профессордың бекітуінше, жер астымен ағатын өзен əлі бар сияқты (С.Мұқанов). Бершіл бір жəрдем етпесе, өзгелерден үміт жоқ секілді (Ғ.Мүсірепов). Кісі көзінен таса жерде жалғыздан- жалғыз байқап еді, əзірге аяқ алысында мүдіріс жоқ тəрізді, тайпалмай ұйытқып тұр. Кейде бар, жоқ сөздері ортақ түрде де жалғана береді: Астында – жүйрігі, алдында – малы, артында – атағы да жоқ (С.Сматаев). Бар, жоқ сөздері өзара тіркесіп барып немесе бір сөздің қайталануы арқылы да баяндауыш жасала береді: Оған Ленька ғана жақтасып жүр, бірақ оның барынан жоғы (Ш.Айтматов). Сол балаға, сол үйге байланысты мұның əке-шешесінде бір сыры бары бар (Б.Нұржекеев). Бар, жоқ сөздерінен соң де көмекші етістігінен кейін тағы да көмекші етістіктердің келуі арқылы: Сенің аузың «иə» дегенмен, бет-бейнең «жоқ» деп тұр (Абдуль-Фарадж). Көмекші сөзді баяндауыштар Көмекші етістікті баяндауыш. Баяндауыштың көмекші етіс- тіктер арқылы келуі барлық еңбектерде айтылып келеді. Қазақ тілінде көмекші етістіктер көп. Жəне олар аса жиі қолданылады. Көмекші етістіктер тиянақсыз тұлғадағы негізгі етістіктермен тіркесіп, оның мағынасын тиянақтап тұрады. Мысалы: Таң бозарып атып келеді. Коля кеткелі жатыр (Ғ.Мүсірепов). Жарқыраған май күні тамылжып тұр (М.Əуезов). Негізгі етістіктер мен көмекші етістіктер түйдекті топ құрып, күрделі баяндауыштар болғанда,
522 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері субъектінің қимыл процесінің əртүрлі құбылыстарын, қимылдың басталу, аяқталу кезеңін, созылыңқылығын, дүркінділігін біл- діреді. Алдындағы жоғарғы мысалдардың біріншісі істің баста- лып келе жатқанын білдірсе, екіншісі істің болып жатқан кезеңін білдіреді. Көмекші есімді баяндауыш. Ал күрделі баяндауыштың кө- мекші есімдер арқылы жасалуы жайлы бірен-саран ғана оқулықтарда сөз болды. Атап айтқанда, С.Аманжолов, А.Əбілқаев, И.Ұйықбаев мектеп оқулығында негізгі сөз бен көмекші есімдердің күрделі баяндауыш болатындығын мысал арқылы көрсетеді: Бізде қазір қол еңбегі – жоқтың қасы (С.Сарғасқаев). Күрделі баяндауыштың көмекші есімдер арқылы жасалуы қазіргі кезде көркем əдебиетте мол кездеседі. Мысалы: Жан-жаққа қараймын, ештеңе көрінбейді, неде болса қалың қамыстың ішінде («Қазақ əдебиеті»). Бұлардың беті – қалың нудың іші (М.Əуезов). Абай айналасындағы Байкөкше, Көбей, Мағауия, Ақылбай, Əбіш, Əлмағанбет, Уəйістердің мекені де сол маңда (М.Əуезов). Мен де сол тілектердің ішіндемін (Ғ.Мүсірепов). Бірінші, екінші, үшінші сөйлемдерде баяндауыш ілік септігіндегі зат есімдер мен іші көмекші есімінің түйдектелуінен жасалып тұрса, төртінші сөйлемде сілтеу есімдігі мен маңда көмекші есімі арқылы жасалып тұр. Бұл мысалдарға қарағанда көмекші есімдер көбіне ілік септігіндегі (ашық, жасырын түрі) зат есім жəне, т.б. түйдектеліп келіп ба- яндауыш болатындығын көруімізге болады. Бұл мысалдардағы баяндауыш жасауда негіз болып тұрған қамыстың, таудың, тілектің сөздерін алатын болсақ, бұлардың барлығы да (көмекші есімдерсіз) зат есім мен есімдіктен болған толық мағыналы сөздер. Ал іші, маңы көмекші есімдері тек жəй ғана көмекшілік қызмет атқарып тұрған жоқ, морфологиялық мағынасына қарай сөздің синтаксистік қызметін өзіне бағындырып, осы сөйлемді аяқтап, ба- яндауыш қызметінде жұмсалып тұр. Егер де осы сөйлемдерімізді көмекші есімдерсіз жеке алсақ, онда ол сөйлемдеріміз аяқсыз, мағынасыз, не айтпақ екеніміз түсініксіз болып шыққан болар еді. Жалпы, ілік жалғауы арқылы сөйлеміміз аяқталмаған күйінде қалар еді. Алайда ілік жалғаулы сөз бен көмекші есімнің баянда- уыш қызметінде жұмсалуының басты шарты сөйлемнің соңында келіп, оны тиянақтауға негіз болуы. Сонымен, көмекші есімдер
523 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері негізгі сөзге көмекшілік қызмет атқарып кана қоймай, сонымен қатар ойымызды тиянақтауға да қатысты жұмсалады екен. Тағы бір айта кететін жайт, көмекші есімдер морфологиялық жағынан өзгерімпаз. Олар басқа сөз таптары секілді нөлдік формада да, септік, жіктік формада да келе береді. Шылаулы баяндауыш. Көмекші етістіктердің, модаль сөз- дердің, көмекші есімдердің, жоғарыда айтып кеткеніміздей, кейбір еңбектерде аз болса да айтылғаны белгілі. Ал күрделі баяндауыштың шылау арқылы жасалуы қазақ тіл білімінде Н.Сауранбаев еңбегінде ғана сөз болды. Осы күнгі еңбектердің ешқайсысында баяндауыштың шылаулар арқылы келетіндігі жайында ешқандай сөз болмаған. Біз қолымыздағы материалдарға сүйенетін болсақ, күрделі баяндауыштың шылаулар арқылы да жасалатындығын көруімізге болады. Мысалы: Күн тəртібіндегі мəселе – егіс жо- спарын өсіру туралы (Б.Майлин). Қасықтың сыбағасы қарымына қарай (Маржан сөз). Бірінші, екінші мысалдардағы туралы шыла- уы етістік жəне зат есіммен тіркесіп, қатыстық мағынаны білдірсе, үшінші сөйлемдегі қарай шылауы зат есіммен тіркесіп, істің ама- лын, тəсілін білдіреді. Əдетте шылау қатысты сөздер сөйлемнің ішінде келіп пысықтауыш пен басқа да сөйлем мүшелері қызметінде жұмсалатындығы ғана айтылатын. Ондай кезде шылау қатысты сөздер міндетті түрде сөйлемнің ішінде ғана қолдануы тиіс болатын. Енді ондай шылау қатысты сөздер тек сөйлем ішінде ғана емес, тіпті сөйлемнің соңында келіп, өзі қатысты сөзбен бірге сөйлемді тиянақтау дəрежесіне ие болып отыр. Жалпы алғанда, шылаулы жəне көмекші баяндауыштардың пайда болуы негізінде тілдік экономияның əсері негізінде қалыптасты. Негізінде шы- лау, көмекші есімдер қатысты сөздер – тек сөйлемнің ішінде ғана қолданылатын топтар. Кейде сол арнайы баяндауыштардың түсіп қалуы себепті жəне бұлар ондай баяндауышты сөздердің мезгілін, мекенін білдіруге ыңғайлы сөздер болған соң сол түсіп қалған баяндауышының орнына өздері жұмсалып, соның қызметін атқарып отыр. Жəне көмекші есімді, шылаулы баянда- уыштар арқылы баяндауыш семантикасының жəне баяндауыш- тық тұлғаның ауқымының кеңейгенін көруге болады. Шылаулы баяндауыш көбіне туралы, үшін, жайында, қарсы, жуық, қарай, шақты шылаулар арқылы жұмсалады. Əрине, бұл
524 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері шылаулар қатысты пысықтауыш, толықтауыш сөйлем мүшелері объектіні, мекенді, мақсатты, бағытты білдірсе, енді олар сол мағынада баяндауыш болып та жұмсала береді.Бұған төмендегі мысалдар дəлел болады: Күн тəртібіндегі мəселе – егіс жоспарын өсіру туралы (Б. Майлин). Əділ би – халық үшін, зұлым би – құлқын үшін (Мақал). Қазіргі əзілдері Ардақ жайында (Ғ.Мұстафин). Үй саны жиырма шақты (Б.Майлин). Сонымен, көмекші сөзді тұрлаулы мүшелер осы уақытқа дейін арнайы зерттеудің, арнайы қарастырудың объектісі болған емес. Көмекші сөзді бастауыштардың, соның ішінде модаль сөздің жəне шылаулы бастауыштың болуы туралы осы күнге дейін ауызға алынып, сөз болмаған мəселе болса, шылаулы, көмекші есімді ба- яндауыш туралы да сол іспеттес. Жалпы, көмекші сөзді тұрлаулы мүшелер қазіргі кезде тілімізде көп қолданылатын категория бо- лып отыр. Сондықтан да тілдегі осы сияқты материалдар – тілде арнайы сақталып, жеке зерттеуді керек ететін күрделі мəселе. Құрама баяндауыштар Баяндауыштың үшінші түрі – құрама баяндауыштар. Бұл баяндауыштың құрама деген атының өзінен мұнда əрі есімнің де, етістіктің де элементінің бар екендігі негізге алынған. Əрине, құрама баяндауыштар, олардың қалыптасуы, оларды құрайтын бірінші сыңарлары мен екінші сыңарлардың тұлғалық жəне мағыналық ерекшеліктері жеке-жеке сөз зерттеуді керек етеді. Мұндай баяндауыштардың негізінен екі сыңары, яғни есімді мен етістікті сыңарлары болатындығы негізгі фактор. Құрама баяндауыштың бірінші сыңарлары есімдер болады да, олардың өздерінің іштей қолдану дəрежесі айқындалады. Есімді баян- дауышты құрауда бұл сөз таптарының қызметі ерекше. Олар құрама баяндауыштың негізгі мағынасы да, сұрақтарда да со- ларды айқындайды. Құрама баяндауыштардың екінші сыңары етістікті делінгенімен, етістіктің ішінде тек көмекші етістіктер ғана қатыса алады. Ондай негізде көбіне е, де негізгі етістіктерге басқа етістіктер де қатысқанымен, көмекші етістіктері негізгі фак- тор болады. Құрама баяндауыштардың жасалуында бəрібір олар көмекшілік қызметте ғана жұмсала алады.
525 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері Құрама баяндауыш қазақ тіл білімінде ең алғаш peт С.Аман- жоловтың мектеп грамматикаларында сөз болған. Автор қазіргі құрама баяндауыш деген терминді ол кезде аралас деген сөзбен берген. Ал автордың 1940 жылғы грамматикасында «Етістік пен есім сөздердің араласынан болған баяндауыш – құрама, аралас баяндауыш» деп, бірде құрама, оған қоса аралас деген терминді де қоса пайдаланған. Қалай болғанда да, автор баяндауыштың бұл түрін алғаш көрсете келіп, оның бір-бірінен ажырамайты- нын, ажыраса қалса мағынасына нұқсан келтіретінін көрсеткен. Ал осы еңбектегі аралас немесе құрама баяндауыштарға берілген мысалдарынан оның бірінші сыңары, яғни есімдерден зат есім мен сын есімді кездестірсек, көмекші етістіктің сыңары ретінде бол, түс сөздерін келтірген. Ал 1940 жылғы еңбегінде құрама баяндауыштың бұл түріне елең қылмады, қылт етпеді, жылмаң етті деген еліктеуіш сөздерін де жəне көмекші сөз ретінде қылу, е етістіктерін қоса көрсеткен. Н.Сауранбаев жалпы күрделі баяндауыш, оның түрлері тура- лы пікірінде күрделі баяндауыштар таза етістіктер мен есім сөз- дердің аралас келуінен жасалады деп, есімді күрделі баяндауыш- ты ескермейді. Ал автордың аралас баяндауыш туралы тұжыры- мы дұрыс. М. Балақаев күрделі баяндауыш, олардың түрлері туралы айта келіп, жеке «Есімдер мен етістіктерден болған күрделі баяндау- ыштар» деп тақырыпты дұрыс қойғанмен, не аралас, не құрама баяндауыш деп арнайы атамайды. Автор ондай баяндауыштардың бірінші сыңарлары есімдер дейді де, есімдерге көмекші етістіктер есебінде бол, е, қал, де, көр етістіктері қатысады жəне олар есімдерге шақтық мағына қосу үшін жұмсалады деген. Автор 1954 жылғы академиялық грамматикада «құрама баяндауыштар» деп арнайы орын бере келіп, ондай баяндауыштың бірінші сыңарына есімдерге қоса еліктеуші сөзді де қосқан. Ал көмекші сөздері – көмекші етістіктер: еді, екен, емес, ет, бол, қыл, көр. Модаль сөздері: керек, тиіс, шығар, болар, сияқты сөздер. Осы күнгі ғылыми еңбектерге көз жүгіртсек, құрама баяндауыштың бірінші сыңарларына есімдерді, үстеу, еліктеуіш сөздерді, бар, жоқ сөздерін қатысты дейді. Біздіңше, құрама баяндауыштың бірінші сыңары ретінде таза есімдерді ғана алу
526 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері орынды. Ал үстеу, еліктеуіш сөздер, бар, жоқ сөздерінің күрделі баяндауыш болуы ондай мəнді бере алмаса керек. Дегенмен соңғы топты баяндауыштар қалайда не етістікті, не есімді құрама баяндауыштардың ешқайсысына қосылмайтын баяндауыштың өз алдына бір тобы. Осы топқа модаль сөзді баяндауыштарды да жатқызуға болады. Олай болса, еліктеуіш сөзді, үстеу, модаль сөзді жəне бар, жоқ сөздері қатысты баяндауыштарды да өз алды- на бір топ етіп топтауға тура келеді. Зат есімді құрама баяндауышты тұлға. Зат есімдер есімді баяндауыш құрауда басты тұлға болғанымен, енді түрлі көмекші етістіктер арқылы да құрама баяндауыш жасауда қызметі ерекше. Құрама баяндауыштардың бірінші сыңары ретінде зат есімдер мына тұлғаларда жұмсалады. Жалқы есімдер: Оның аты – Ал- пысбай екен (Б.Майлин). Орысша киінген жігіт Досанов Асқар eдi (С.Мұқанов). Зат есімдерге -ақа, -еке жұрнағының жалғануы арқылы: Кенет ол жөнге көшті. Бекен деген болам. Ауылдың көбі «Беке» дейді (Қ.Найманбаев). Жалпы есімдер: Балам, жақсы бала екенсің (С.Бердіқұлов). Біз манадан бері соны əңгіме қып отыр едік (Қ.Жұмаділов). Бұндай зат есімдер қосарланып та жұмсала береді: Қошқарбаевты жұрт газет-кісі дейтін (Ш.Айтматов). Шынына келгенде, сабақ- концерт еді (М. Қалдыбаев). Зат есімдер көптеліп те, тəуелденіп те, септеліп те келе береді: Шешей, біз арнаулы мемлекеттік жұмыстармен Орын- бордан Керекуге келе жатқан студенттер едік (Ғ. Мүсірепов). Қосалқы айқындауышы бар зат есімдер арқылы: Бұл кісі он екі ата Байұлының үлкен ақсақалы Асанбек шешен еді (Н.Əбуталиев). - нікі, -дікі жұрнақты зат есімдер арқылы: Осынша ұлан-байтақ жер халықтікі емес пе? («Жұлдыз»). Сын есімді құрама баяндауышты тұлға. Сапалық сын есім арқылы: Бұра сөйлеген күлуге жақсы, бұрыла қашқан түлкі қууға жақсы деген (С.Мұқанов). Сын есімнің шырайлары арқылы: Ақберген Бекболаттан гөрі кекшілдеу еді (Ж.Аймауытов). Жас сұлу осыдан қысылып қып-қызыл болып кеткен (М. Əуезов). Сын есімнің көптік жалғауда келуі арқылы: Бұл үшеуі он ағайындының ішіндегі ең кішілері екен (Б.Шаханов). Сын есім- дердің септелуі арқылы: Қағаз ақша шамадан тыс көп шығарылса
527 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері немесе товар айналымы кеміген жағдайда қағаз ақша бағасыздыққа ұшырайды (Саяси экономия). Сын есімдер мен басқа бір сөз таптарының бірге келуі арқылы: Молдадан сабақ оқып жүрген жас кезінде Едіге тоқсан баланы бірден жығады. Бұл – күштінің белгісі (Қ.Сəтбаев). Ресей патшасының тұсында қаншама ерлік көрсеткеніммен, мен көп жаманның бірі едім (Ə.Қоңыратбаев). Сан есімді құрама баяндауышты тұлға. Есептік сан есім арқылы: Екі деген жаман ба, əже! Санның алды бір мен екі емес пе? (М.Мақатаев). Реттік сан есім арқылы: Ғұмырында шалының да, өзінің де мұндай сыйлы төрге шығып, гүлдесте құшақтағаны бірінші рет еді (Н.Серғалиев). Жинақтау сан есімі арқылы: Олар бастығымен бірге алтау еді (Ш. Айтматов). Жинақтау сан есімінің тəуелдік жалғауы арқылы: Саған тапсырған жұмыстың бұл біреуі ғана (Н.Əбуталиев). Бөлшектік сан есім арқылы: Мен үштен бірін деп едім, мынау болмады, – деп Біжікен Торсаңға қарады (F.Мүсірепов). Болжалдық сан есім арқылы: Жинап отырған қой саны елудей еді (М. Əуезов). Сан есімдердің септелуі арқылы: Сен соғысқа кеткенде, мен жиырма сегізде едім ғой (Ш. Мұртазаев). Сан есімге түрлі нумеративті сөздердің тіркесуі арқылы жасалады, кейде ондай көмекші қызметтегі нумеративті сөздердің өздері де септеліп жұмсалады: Исатайдың да жүйкесін құртып, түбіне жеткен осы аты шулы он күн еді (Н.Əбуталиев). Оның жылдық табысы былтырғыға қарағанда бес есеге артық (Н.Əбуталиев). Есімдікті құрама баяндауыш. Жіктеу есімдігі арқылы: Тіпті əйелім де сіздер жақтан (А.Шамкенов). Жіктеу есімдігіне түрлі жұрнақтардың жалғануы арқылы: Ат құйрығын кестім, бүгіннен бастап сендік емеспін (Н.Əбуталиев). Өз есімдігі арқылы: Бəріне кінəлі өзі сияқты (М.Мақатаев). Əу баста осы əңгімеге жел берген өзі еді (Ə.Кекілбаев). Сілтеу есімдігі арқылы: Қақпанға оңай түсе қоятын аңғалың бұл емес (О.Сəрсекеев). Сұрау есімдігі арқылы: Өздеріне ұнаса, осы күні біз оларға не деуші ек (Т.Əлімқұлов). Жалпылау есімдігі арқылы: Жəнібектің аузының қалай қарай қисайғаны олар үшін бəрібір емес (Ə.Кекілбаев). Есімдіктерге - нікі, -дікі қосымшасының жалғануы арқылы: Бұл Көксақалдікі, басқа кімдікі болушы еді (Н.Əбуталиев).
528 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері Құрама баяндауышқа қатысты көмекші етістіктер Құрама баяндауыштың екінші сыңарлары қалайда етістік, оның ішінде көмекші етістіктер болуы тиіс. Көмекші етістіктер етістікті күрделі баяндауышты құрауда да қатысатыны белгілі. Бірақ ол кездегі көмекші етістіктер мен құрама баяндауышқа қатысты етістіктер саны жағынан да, көмекші етістігінің түрлерінің қатысуы, орын тəртібі жағынан да едəуір айырмашылығы бар. Етістікті баяндауышты құрауға көмекші етістіктердің 3 тобы да, яғни арнайы көмекші етістіктер, ауыспалы көмекші етістіктер мен дербес мағынасы бар, бірақ негізгі етістіктерге тіркесіп келіп жұмсалатын етістіктер де бірдей жұмсала береді. Құрама баянда- уышты құрайтын негізгі етістіктер – арнайы көмекші етістіктер. Олар барлық сөз табымен тікелей тіркесте мол жұмсалады. Құрама баяндауыштың жасалуында арнайы көмекші етістіктер белсенді рөл атқарады. Ал ауыспалы көмекші етістіктердің ішінде жүр көмекші етістігі ғана қатысады. Қалған мағынасы бар етістіктер ретіне қарай сөз болады. е, де етістіктері. Барлық еңбектерде, оқулықтарда құрама ба- яндауыш, оның жасалуында ең алдымен айтылатын етістіктер де осылар. Шынында, солай. Сонда зат есім, сан есім, сын есім жəне есімдіктер таза күйінде есімді баяндауышты құраса, енді түрлі көмекші етістіктер арқылы нендей қасиетке ие болады? Мысалы: Біздің ауылда оқыған Асан деген. Асан сөзіне деген көмекші етістігі жалғанып, Асан деген құрама баяндауыш жаса- лып тұр. Енді Асан сөзіне еді көмекші етістігін жалғасақ, Асан еді құрама баяндауышы пайда болады. Осы екі құрама баяндауыш- ты салыстырсақ, Асан еді баяндауышы нақтырақ, Асан деген ба- яндауышы көмескілеу мағынаны білдіріп тұр. Олай болса, əрбір көмекші етістіктің де сөйлем мағынасына берер өзіндік ерекшелігі бар екенін осы сөйлемдерден байқадық. Сонымен е, де көмекші етістіктері құрама баяндауыштардың жасалуында дара түрде жəне есім мен көмекші етістіктерден кейінгі түрлі ауыспалы етістіктер тіркесу арқылы негізгі желі болып табылады. Сонымен бірге кейде бұл екі етістік есімдерге өздері тіркеліп барып та жұмсала береді: Мүсірəлінің куəлігі бо- йынша бұл жолы Абай тізген ереже бабы жүзден аса еді дейді.
529 Сөйл емнің тұрлаулы мүшелері Е, де көмекші етістіктері құрама баяндауыштардың жасалуын- да басты тұлға бола отырып, олар, біріншіден, мол қолданылады, екіншіден, олар өзара жəне екеуі бір-бірімен тіркесіп жəне онан кейін түрлі көмекші етістіктер де тіркесіп жұмсала береді. Осы сөйлемдердің есім баяндауышынан соң е көмекші етістігі қайталап, əртүрлі тұлғаларда берілген. Сонда, бір ғана көмекші етістікке қарағанда екі бірдей көмекші етістіктің тіркесте жұмсалуы мағыналық жағынан да, құрамы жағынан да өзіндік ерекшелікке ұшырап отырады. Мысалы: құштар емес, сен емес, сіз емес, тегін емес дегенде нақтылық айқын болса, оларға сол көмекші етістіктің қайталанып тіркесуі дүдəмəлікті көрсетеді. Мысалы: бару мүмкін емес; бару мүмкін емес екен құрама баяндауыштардың мағынасында айырмашылық бар. Бірінде нақтылық, екіншісінде бəсеңдік байқалады. Де көмекші етістігі туралы. Де көмекші етістігі арқылы жасалған құрама баяндауыштар е көмекші етістігі арқылы жасалған құрама баяндауыштарға қарағанда аздау. Дегенмен бұл де көмекші етістігі арқылы жасалған құрама баяндауыштар да морфологиялық жағынан өзгергіш. Əмір, қойсаңшы балпылдамай, үй өзімдікі демегін (С.Бердіқұлов). Перзентім он деді ғой (М.Қалдыбаев). Кейде оның тыржиып, құлықсыз да бейілсіз, енді бірде орынсыз жалпақ сұлтан бола қалатыны бар-ды. Мінезі бірде сегіз, бірде тоғыз дегендей (Н.Əбуталиев). Осы сөйлемдердің құрама баян- дауыштары сөйлем мағынасына нақтылықтан гөрі солғындық та- нытып тұрған сияқты. Бол көмекші етістігі туралы барлық сөз таптарымен (бұл ара- да есімдерді ғана айтып отырмыз) тіркесте жұмсалатын көмекші етістіктер е, де жəне бол етістіктері болып табылады. Құрама баяндауыштың жасалуында көп қатысатын етістіктің бірі – бол етістігі. Бұл етістік бұйрық рай түрінде, жіктеліп келіп те, есімше, көсемше, қимыл есімі формасында да тұрып жəне түрлі жұрнақтарды жалғап та жұмсала береді. Ондай кезде бол етістіктері барлық есімдерге тікелей жалғанып, құрама баяндауыш жасайды. Мысалы: жақсы бол, екеу бол, мəз бол, өте əдемі бол, сыншыл бол, тəуір бол, бірінші бол, қорған бол, жақсырақ бол, екінің бірі бол, т.б . Бұл мысалдардағы нөлдік тұлғада тұр.
530 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері Бол көмекші етістігі мынадай формаларда келеді: а) Бұйрық райлы етістік арқылы: Не болсаң, ол бол деп, қолын бір сілтеді (С.Бақбергенов). ə) Жіктеліп келуі: Осы үйдің иесі менмін (С.Бердіқұлов). б) Есімше арқылы: Бұл жерде бұрын үлкен қала болған (Ш.Айтматов). в) Көсемше арқылы: Мен əке болып көрдім (М.Қалдыбаев). г) Қимыл есімі арқылы: Бар мақсат – адам болу («Жұлдыз»). ғ) Түрлі қосымшалар арқылы: Баланың келешегі оның дұрыс адам болуында («Қазақстан мұғалімі»). Құрама баяндауыштың жасалуында модаль сөздердің жəне тұрақты тіркестердің де орны ерекше. Модаль сөздер арқылы: Келе жатырмын ба, жоқ па, оған бəрібір сияқты (Б.Нұржекеев). Тұрақты тіркес арқылы: Сауысқан шықылықтап сұңқар болмас, мəстекті мақтағанмен тұлпар болмас (Мақал-мəтел). ƏДЕБИЕТ 1. Басымов Х. Сөйлем мүшелері туралы// Ауыл мұғалімі, 1939. 2. Бəйтенов I. Сөйлем мүшелері туралы // Ауыл мұғалімі, 1939. 3. Аманжолов С., Сауранбаев Н. Қазақ тілінің грамматикасы. II бөлім. Синтаксис. Алматы, 1939. 4. Аманжолов С. Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы. Ал- маты, 1940. 5. Балақаев М. Қазақ тілі грамматикасы. Синтаксис. Алматы,1949. 6. Арғынов Х. Жай сөйлем синтаксисінің методикасы. Алматы, 1969. 7. Əміров Р. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1981. 8. Бектұров Ш., Серғалиев М. Қазақ тілі. Алматы, 1979. 9. Нұрмаханова Ə. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1981. 10. Дыренкова И.К. Грамматика ойротского языка. М. - Л ., 1940. 11. Кононов H.А . Грамматика современного узбекского литературного языка. М.-Л., 1960. 12. Жапаров А. Азырқы қырғыз тілі. Фрунзе, 1966. 13. Чеснокова Л. Д . Грамматические вопросы как средства анализа пред- ложения// Русский язык в школе, 1978. 14. Зарецкий А. И . О местоимении//Русский язык в школе. 1940, No 6.
ІV ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі
І. ЖАЛПЫ БӨЛІМ ІІ. СӨЗ ТІРКЕСІНІҢ СИНТАКСИСІ ІІІ. СӨЗ ТІРКЕСІНІҢ ТҮРЛЕРІ Есімді тіркестер Қабыса байланысқан сөз тіркестері Матаса байланысқан сөз тіркестері Меңгеріле байланысқан сөз тіркестері Етістікті тіркестер Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері ІV. ЖАЙ СӨЙЛЕМ СИНТАКСИСІ *1 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері Бастауыш Баяндауыш Етістік баяндауыштар Есім баяндауыштар Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері Толықтауыш Анықтауыш жəне айқындауыш Пысықтауыш Бірыңғай мүшелі сөйлемдер Сөйлем мүшелерінің орын тəртібі Сөйлемдегі оқшау сөздер Жай сөйлем түрлері Құрмалас сөйлем туралы Синтаксис туралы жалпы еңбектер *1 * Бөлім қысқартылды.
533 Қазіргі қазақ тілі І. ЖАЛПЫ БӨЛІМ §1. Синтаксис жəне оның объектілері Синтаксис (грекше syntaxis) – грамматиканың морфоло- гия сияқты өзекті саласының бірі. Грамматиканың тең құқықты əрі өзара тығыз байланысты бұл екі саласының қарастыратын объектілері тілдің грамматикалық құрылысының мəселелері болады: морфология сөздердің грамматикалық жүйесін, құры- лысын, сөз таптарының грамматикалық жүйесін, құрылысын зерттейді. Синтаксис грамматикалық ілім ретінде мынадай не- гізгі екі салаға бөлінеді: 1. Сөз тіркесінің синтаксисі. Онда сөздердің өзара тіркесу қабілеті, тіркесу тəсілдері мен формала- ры, сөз тіркестерінің құрамы, олардың түрлері қарастырылады. 2. Сөйлемнің синтаксисі. Онда сөйлемнің құрылу принциптері, сөйлемнің құрамы, олардың түрлері анықталады. Синтаксис бұл мəселелерді сөздердің грамматикалық құ- рылысы жөніндегі ілімнен бөліп алып, олардан оқшау тұрған нəрсе деп қарамайды, өзара тығыз байланыста қарастырады. Сондықтан сөздердің морфологиялық құрылысы синтаксистің де грамматикалық талдауының негізі болады. Лексикология мен мор- фология тіл ғылымының дербес салалары болуымен қатар, олар да синтаксистен байланысын үзбейді. Сөз тіркесі – сөйлем құраудың материалды негізі де, сөйлем – адамның ойын айтудың негізгі формасы. Синтаксис сөз тірке- сін, сөйлемді, олардың түрлерін, сөйлем мүшелерін жəне басқа синтаксистік формаларды адамның ойын білдірудің граммати- калық тəсілдері ретінде, өзара байланысты категориялар ретінде зерттейді. Синтаксис сөздерді сөйлемнің бөлшектері ретінде, ал жалғауларды сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен қиюластырып тұратын морфологиялық-синтаксистік категория ретінде қарас- тырады. Сөйтіп, сөз тіркесінің, сөйлемнің грамматикалық құрылысын зерттейтін ілімді синтаксис десек, тілдің синтаксистік құрылысын да сол термин арқылы атаймыз.
534 Қазіргі қазақ тілі §2. Синтаксис мəселелерін зерттеу тарихынан мағлұмат Əрбір ғылым саласының басталу, жетілу, даму кезеңдері бола- ды. Қазақ тілі білімінің бұғанасы бекіп қалыптасқан қай саласын алсақ та, олардың əрқайсысының даму кезеңдері болған. Ғылым салаларының даму барысында оның əдепкі біртұтас жүйесінің жеке мəселелері жеке сала құрап немесе сол саланың дербес бөлшегі болып та қалыптасуы мүмкін. Қазақ тілі синтаксисі мəселелері о баста жалпы сөйлем құрылысы орайында қаралып келсе, сол ғылым дами келе сөз тіркесінің синтаксисі 1950 жылдары бой көтеріп, оның жеке мəселелері көптеген ғылыми зерттеулердің объектілері бол- ды. Қазір солардың жүйелі тармақтары айқындалып, жасалу, жұмсалу заңдылықтары ашылды. Сөйтіп, сөз тіркесі жай сөйлем синтаксисінен бөлініп, өз алдына синтаксис ғылымының бір сала- сына айналды. Сөз тіркесінің синтаксисі жайлы мағлұматты оның зерттелу та- рихымен ұштастыра ұғынбайынша көп мəселенің байыбына бара алмай қаламыз. Егер орыс тіл білімінде синтаксис ғылымының бұл саласының ұзақ тарихы бар дейтін болсақ, қазақ тілі сөз тіркесінің зерттелу тарихы 50-60 жылдардан əрі аспайды. Ол қысқа тарихтың тіл біліміне қосары айтарлықтай мол болғанмен, сөз тіркесі синтаксисі – енді ғана ғылыми дербестігімен оқшауланып, бұғанасы бекіген сала. Қазақ тіл білімі үшін осылай болуының өзі заңды. Қай ғылымның даму тарихына көз жіберсек те, əдетте олар жоқтан бар болып, тұтас қалпында дүниеге келеді де, соның ілгері даму барысында оның тармақталған салалары пайда бола- ды. Мысалы, химия о баста біртұтас ғылым болса, бұл күнде оның органикалық, органикалық емес, биологиялық, катализ тəрізді бірнеше салалары бар. Сол сияқты тіл білімін, оның бір бөлігі – грамматиканы да, ертеде филологтар дəл бүгінгідей саралап, жік- жікке бөліп қарастырмайтын. Фонетика да морфология, синтаксис қатарында грамматиканың бір бөлігі деп есептелетін1 . 1 Одан бұрын 1860 жылы Н.И. Ильминскийдің «Материалы к изучению киргизско- го наречия» (Ученые записки Казанского университета к. ІІІ -ІV) деген, одан кейін 1898 жылы «Грамматика киргизского языка» (Авторсыз). Н .Лаптевтің «Грамматика киргизского языка» деген шағын кітаптары шықты.
535 Қазіргі қазақ тілі П.М . Мелиоранскийдің 1894-1897 жылдары орыс тілінде шық- қан «Краткая грамматика казак-киргизского языка» деген екі кітабы олардан бұрын шыққан Казем-Бектің жəне миссионерлер жазған « Алтай тілінің грамматикаларына» негізделгенмен, онда да фонетика грамматиканың бір бөлігі болып, морфологияны «Эти- мология» деп атап, оған синтаксис мəселелері де енгізілді. Син- таксиске арналған кітабында морфологияға қатысты мəселелер аралас беріледі. Бұл еңбектің сол кездегі түркітанушылардың тіл мəселелерін ғылыми тұрғыдан қарастыру дəрежесінің бүгінгімен салыстырғанда төмен болғанымен, екінші жағынан, өз заманының қазақ тіл біліміне қосқан үлесі үлкен еді. Ол – қазақ тілі жайында шыққан ең бірінші əрі көлемді грамматика. П .М . Мелиоранский оны қазақ тілін өз ана тіліндей біліп, қазақ тілі материалдарын зерттей жүріп, солардың қорытындысы ретінде жазбаған, «Ал- тай тілінің грамматикасының» үлгісімен жазған, ол екі кітапта баяндалған көп мəселелер əлі күнге дейін өзінің құнын жойған жоқ. 1920 жылдары Ахмет Байтұрсыновтың «Тіл – құралдары» (үш кітап) оқу орындарында оқулық есебінде пайдаланылған елеулі еңбек болды. Онда грамматикалық атаулар мен дыбыс, буын, сөз, сөйлем құрылыстары жайында жүйелі түрде мағлұматтар берілген. Синтаксиске қатысты бастапқы мағлұмат үшінші «Тіл – құралында» баяндалады. Бертінде, 1930-1940 жылдары қазақ тілінің бірнеше грамматикасы шықты, синтаксиске арналған азын-аулақ зерттеулер мен шағын мақалалар жарияланды1 . Олар- да жай жəне құрмалас сөйлем синтаксистерінің негізгі мəселелері біршама тəуір баяндалады да, сөз тіркесінің синтаксисі атаусыз қалады. 1939 жылы проф. Қ .Қ .Жұбановтың, 1939 жылы С.Аманжолов пен Н.Сауранбаевтың бірігіп жазған оқулықтары шықты. Бұларда сөйлем мүшелерінің тіркесі жайында айтылғандарды сөз тіркесіне де қатысы бар деп қарауға болар, бірақ синтаксистің еленбей жүрген келелі саласы сөз тіркесі екенін де, оның жекелеген мəселелерін де ол авторлар ғылыми зерттеудің объектісі деп танымайды жəне 1 Олар жайында толық мағлұматты Ш.Ш.Сарыбаевтың «Библиографиялық көрсеткішінен» (1965) алуға болады.
536 Қазіргі қазақ тілі сөз тіркесі мүлде ауызға алынбайды. С .Аманжоловтың жоғарыда аталған кітабында «сөздердің тізбектері» (10) деген тақырып бар. Ол лексика мен тұрақты тіркеске қатысты мысалдарды екі бөліп баяндайды. Дұрысында, 1940 жылдары қазақ тілінің грамматикалық категорияларын айқындау жұмысы мектептерге əртүрлі бағ- дарламалар, оқулықтар жазу үстінде жүріп жатты. Бізде ол жыл- дары ғылыми-зерттеу жұмыстарының нəтижелерін жариялап барып, солар, негізінде оқулық жазылған жоқ, бірақ оқулықтар жазылу барысында көптеген ғылыми қорытындылар жасалып отырды. Сонда қазақ тілін зерттеушілердің пікірталастары жоқты бар ету бағытында болмай, көбінесе барды дұрыс түсіну, олардың грамматикалық сыр-сипатын айқындау ыңғайында болды.Солар- ды игеріп алмай тұрып, əрине, жаңалыққа қол созу оңай емес- ті. Əйтсе де, проф. Қ .Қ . Жұбанов қазақ тілінің грамматикасын жаңаша құрастырып, бірқатар грамматикалық атауларды жаңаша атап, көптеген мəселелерді өзінше дұрыс бағдарлап баяндауға ты- рысты. Сол бағытта орта мектепке арнап 1936 жылы грамматика оқулығын шығарды, соған байланысты «Ауыл мұғалімі» журна- лында «Жаңа грамматиканың жаңалықтары» деген мақала жа- риялады. Қ .Жұбановтың мектеп тəжірибесінен ғылымға шұғыл бет бұруының айғағы есебінде автордың көмекші етістіктер жайындағы [1] жəне сөйлем мүшелерінің орналасу тəртібінің та- рихы жайындағы [2] еңбектерін айтуға болады. Соңғы кітабында Қ.Жұбанов сөйлем мүшелерінің бұл күндегі орналасу тəртібінің ертеде өзгеше болғанын дəлелдейді. Сондағы ғылыми болжаулар мен келтірілген деректердің сөйлем мүшелеріне ғана емес, сөз тіркестері тарихына да тікелей қатысы бар. Мектеп тəжірибесінен бастау алған ой-пікірлер проф. С .Аман- жоловты да «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсын» жазуға итермеледі. Бұл студенттер үшін жазылған бірінші оқу құралы болғандықтан жəне автордың синтаксис мəселелерін ғылыми тұрғыдан баяндау мақсатын көздегендіктен, кезінде филолог-студенттердің қажетіне жарады. Автор ол кітапта сол кездегі «жаңа ілім» қағидаларын қазақ тілі синтаксисімен ұштастырмақ болды. Кітапта қазақ тілі материалдарына сүйеніп айтылған, дұрыс қорытқан мəселелер де бар. Ол мəселелер
537 Қазіргі қазақ тілі соңғы жылдары басқа авторлармен бірлесіп жазған орта мектеп оқулығынан [3] тиісті орын алды. 1953 жылы шыққан орта мек- теп синтаксисінде авторлар сөйлемге мынадай анықтама береді: «Тиянақты ойды білдіретін бірнеше сөз тіркесін сөйлем дейміз» (1,3-бб .) . Бұған қарағанда, сөз тіркесі – сөйлем құраудың негізі. Ал сол кітаптың 12-бетінде сөз тіркесіне мынадай анықтама берілген: «Кейбір сөз (сөйлем мүшесі) басқа сөзді я сөз тізбегін анықтап, толықтап, пысықтап немесе түрліше қиюласып, бірін-бірі керек ету жолымен байланысады. Мұндай байланыстарды сөйлемдегі сөздердің тіркесі дейміз». Бұл айтылғанға қарағанда, сөз тіркесі сөйлемдегі сөздердің байланысы болып шығады. Сөйтіп, қазақ тілі оқулығында «сөз тіркесі» деген термин 1950 жылдардан кейін оқта-текте аталады, бірақ оны авторлар- дың қай мағынада жұмсап отырғаны аян емес, оған берген анықтамалары да аз болды. Қазақ тілі синтаксисіне елеулі еңбек сіңірген ғалым С.Жиен- баев болатын. Оның жай жəне құрмалас сөйлем мəселелеріне арналған құнды зерттеулерінің қатарында сөз тіркесі бөлек тал- данбайды. Бірақ «үйірлі мүше» деген атпен қай сөздің қандай сөздермен топ құрай алатыны жөнінде айтқандарының сөздердің толықтауыш, пысықтауыш қызметтерін айыру жөніндегі дəлел- дерінің есімді, етістікті сөз тіркестеріне қатысы бар. 1954 жылы «Қазіргі қазақ тілі» деген атпен көлемді кітап шықты. Бұл кітап – қазақ тіл білімінің фонетика, лексика, грам- матика мəселелеріне қатысты жан-жақты мағлұмат беретін елеулі еңбек. Онда жеке адамға табыну, дəйексөзге əуестену тəрізді елеулі кемшіліктер бола тұрса да, көп мəселелер жүйеленіп, ғылыми тұрғыдан дұрыс баяндалған, көптеген жаңалықтар енгізілген. Ол кітаптың синтаксис саласындағы бір жаңалығы – сөз тіркесі синтаксисінің жай сөйлем синтаксисінен бөліп алынып, өзіндік өзгешеліктері бар мəселелер ретінде қарастырылуы. Осыны ай- тып отырған автордың сол жұмысында қате тұжырымы да бол- ды. Онда сөз тіркесі əрі сөз таптарының, əрі сөйлем мүшелерінің тіркесі ретінде салаласатын, сабақтасатын байланыстағы сөздер деп қаралған. Кейінгі зерттеулеріміз мəселеге басқаша қарау ке- рек екенін көрсетті. Дұрысында, сөз тіркесі – сөйлем мүшелерінің тіркесі емес, сөз таптарының тіркесі. Сөз тіркесіндегі сөздер тек
538 Қазіргі қазақ тілі сабақтаса байланысады, салаласа байланысатын бірыңғай мүше- лер сөз тіркесі деп есептелмейді. Олар жай сөйлем синтаксисінде қаралуға тиіс. Осы сынды өзге автор адресіне де айтуға болады1 . Жалпы түркітануға байланысты əдебиеттерде сөз тіркесі дегенді бөліп қарамай-ақ, «анықтауыштық есімдер тобы» («имен- ные определительные группы») дегенге ерекше көңіл бөлінді. Оның себебі: ертедегі түркітанушылар түркі тілдерінің синтак- систік құрылыстарында кездесетін өзгеше құбылыстарды ай- қындауды басты міндет етті. Расында, зат есім мен зат есімнің, сын есім мен сан есімдердің зат есімдермен жалғаусыз қатар тұру арқылы байланысқа еніп, анықтауыштық қатынаста жұмсалуы түркі тілдерінің елеулі өзгешелігі болып саналады. Олар түркітанушыларды қызықтырмай қоймайды [4]. Бірақ олар ондай есімдер тобын сөз тіркесі деген тұрғыдан емес, сөйлем мүшелерінің құрылыс ерекшеліктерін айқындау тұрғысынан қарастырады (Əрине, екеуі бір емес). §3. Сөз тіркесі жайындағы пікірлер Кейбір авторлар есімдер тобын сөз тіркесі деп танығанымен, олардың басты ерекшелігі біртұтастығында деп есептеді. Мысалы, Франция түркітанушысы Ж.Денидің ізімен проф. А.П .Поцелуев- ский былай дейді: «Два или несколько слов, представляющих собою одно целое с точки зрения логической и формальной, на- зываются словосочетанием» [5]. Осылай сөз тіркесін жеке сөзге балап, бір бүтін («одно целое») дейтін себебі тіркескен сөздердің соңғылары есептеледі де, бағыныңқылары орыс тіліндегідей есептелмейді. Бұл анықтама бойынша, лексикалық тіркестерді ғана сөз тіркесі деп тануға болатын тəрізді. Бірақ автордың келтірген мысалдарында, сөз тіркестерін топтастыруында ол байқалмайды. А.П .Поцелуевский сөз тіркестерін былай бөледі: 1) детерминативті; 2) салалас; 3) сабақтас; 4) сөйлем. Бұл бөлістің қандай принцип- ке негізделгенін түсіну қиын. Дегенмен автордың сөз тіркесі аясына əр алуан сөздер тобын тарту керек деген ойын аңғаруға 1 Мысалы, Е.И.Убрятованың «Исследования по синтаксису якутского языка» деген кітабының 69-79-беттерін қараңыз.
539 Қазіргі қазақ тілі болады. Сондықтан Н.К .Дмитриев сөз тіркесін сөйлемнен ай- ырып тану керек екеніне ерекше көңіл бөледі: «Технически и словосочетание, и предложения представляют собой группу или комплекс нескольких слов. Тем не менее, принципы, по кото- рым соединяются оба комплекса, совершенно различны. Вся- кое синтаксическое сочетание, части которого не осознаются нами как внутренние связанные подлежащее и сказуемое, будет не предложением, а словосочетанием» [6]. Мұндағы бастауыш – баяндауыштық қатынаста тұрмаған сөздер тобының бəрі сөз тір- кесі деген пікір біраз дəлелдей түсуді тілейтін болар, бірақ ғалымның сөз тіркесін сөйлемнен айыру керек екенін айтқанының үлкен мəні бар. Сол талап Н.К .Дмитриевтің сөз тіркесі жай- ында жазған мақаласында да принципті мəселенің бірі ретінде қарастырылады да, сөйлем мен сөз тіркесін олардың білдіретін мағыналарына қарап айыру керек екенін тұжырымдайды. Сөйлем пайымдауды (суждение) білдіреді, сөз тіркесі оны білдірмейді дейді [7]. Осындай суждение дегенді сөз тіркесі мен сөйлем арасын айырып тұратын межелі жік деп тану Н.А .Баскаковтың жазған мақалаларында да бар [8]. Бұл пікірді құптауға болмас. Өйткені «суждение» (пайымдау), біріншіден, грамматикалық категория- ларға тəн ұғым емес, логика ғылымына тəн. Оны елемегенде, сөз тіркесі болып есептелетін синтаксистік топтар сөйлем сияқты адамның ойын білдірудің, қарым-қатынас жасаудың да форма- сы болуы мүмкін екенін жоққа шығаруға болмады. Соны жоққа шығару үшін Н.А .Баскаков, А.И .Инкижекова – Грекулмен бірігіп құрастырған хакас-орыс тілінің сөздігі соңындағы грамматика- лық очеркте етістікті сөз тіркесінің басыңқы сөзі есімше, көсемше тұлғалы болуын талап етеді. Автордың ойынша, онда болды десек – сөйлем, онда болған, онда болып десек – сөз тіркесі. Сондай-ақ атқа мінді – сөйлем, атқа мініп, атқа мінген – сөз тіркесі. Сөз тіркестерін қарастыруға ешқандай қатысы жоқ (жіктік, есімше, көсемше) тұлғаларға сүйеніп сөз етпей, тек атқа мін, онда бол де- сек, қайтер еді? деген сұрақ туады. Сөз тіркестері мен сөйлемнің бір емес екенін мағыналарына қарап та, əлгідей тұлғалық дəйекші қою арқылы да айыру мүмкін емес. Сөздер тобын сөз тіркесі деп те, сөйлем деп те тануға бо-
540 Қазіргі қазақ тілі латын орайы бар рас. Сонда да сөйлемді сөйлемдік қасиеттеріне қарап танып, мысалы, жазық дала дегенді сөз тіркесі деп танысақ, атқа мінді дегенді əрі сөйлем, əрі сөз тіркесі ретінде қарастыру керек. Осындай мысалдарды тек сөз тіркесі не тек сөйлем ретінде тану үшін Н.К .Дмитриев те, Н.А .Баскаков та «атрибуттық» топ- тарды ғана сөз тіркесі деп қарастырады. Н.А .Баскаков «атрибуттық» (анықтауыштық) сөз тіркесі де- генді кең түрде түсінеді. Сонда анықтауыштық, пысықтауыштық, толықтауыштық қатынастағы сөздер тобын пайымдауды білдір- месе, сөз тіркесі деп таниды да, білдірсе – сөйлем, сөз тіркесі емес деп таниды. Түркі тілдерін зерттеушілердің ішінде сөз тіркесін жан-жақ- ты зерттеудің объектісі еткен ғалымның бірі – Е .И.Убрятова. Ол «Исследования по синтаксису якутского языка» деген кітабында сөз тіркестерінің түрлерін, негізінде, синтаксистік байланыс формаларының ізімен қарастырады. Сөйте отырып, сөз тіркесін «бір бүтін мағыналық единица» («целостная смысловая единица», 82-бет) деп танып, екінші жағынан, сөз тіркестерін « предикативті», «предикативті емес» деген тұрғыдан да қарастырады. Е.И.Убрятова сөз тіркестерін сөйлем мүшелері мен сөз тап- тарының басын біріктіріп, жан-жақты қарастыруды көздеген. Сондықтан оның зерттеуінде сөз тіркесіне бай материалдар негізінде жасалған дұрыс қорытындыларымен қатар лексикаға жəне сөйлем синтаксисіне тəн мəселелерді олармен араластырып алған жайлары да бар. Жалпы алғанда, бұл аталған кітап – құнды еңбектің бірі. Сөйтіп, түркі тілдерін зерттеушілер еңбектерінде сөз тіркесінің көп мəселелері əлі күнге дейін дұрыс шешімін тапқан жоқ. Сөйлемнің синтаксисі екі бөлініп қарастырылады: 1) жай сөй- лемнің синтаксисі; 2) құрмалас сөйлемнің синтаксисі. Қазақ тіл білімі тарихында Қ.Жұбанов пен А.Байтұрсынов ерекше орын алады. Тілдік құрылыстың табиғи жүйелері негізінде фонетика, лексика, грамматикалық категориялардың жұмсалу заң- дылықтары қалыптасады. Тілдік тəсілдердің жұмсалу жүйелерін айқындап, оларға өзінше ат қойып, айдар таққан кісі Ахмет Байтұрсынов болады да, олардың жұмсалу, даму, қалыптасу заң- дылықтарын айқындауға ерекше күш жұмсаған проф. Құдайберген
541 Қазіргі қазақ тілі Жұбанов болды. Екеуі де кезінде əділетсіздіктің құрбаны болды да, олардың қазақ тіл біліміндегі ізін қуған жас ғалымдар кафе- дралар мен Тіл білімі институттары құрамында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылданды. Олар мақала, кітап, оқулықтар жазса да, докторлық, кандидаттық диссертация жазса да, Ахмет Байтұрсынов құрастырған тілдегі фонетикалық, грамматикалық жүйелік пен ұғым, категория атауларын (терминдерін) пайда- ланды. Бірқатары Қ.Жұбановтың салған жолымен жеке катего- рияларды, олардың даму заңдылықтарын, тарихи құбылыстарын айқындауды мақсат етті жəне басқа тіл мəдениеті, стилистика, диалектология, т.б . мəселесімен шұғылданды. Солардың бəрі – қазақ тіл білімінің табысы. Қазақ тіл білімі – жас ғылым саласы. Ғылымның жастығы ғылыми объектілердің зерттелу дəрежесімен өлшенеді. Əсіресе, синтаксис ғылымының жастығы, біріншіден, адамның ой жұмы- сының нəтижелерінің синтезі ретінде тұтасқан бөлшектерінің пайда болу, жұмсалу заңдылықтарын айқындаудың қиын екені- мен байланысты болса, екінші жағынан, оның негізгі зерттеу- шілерінің аз-кемдігімен байланысты1 . Қазақ тілі ғылымының келешектегі зерттеушілері синтаксис мəселелерін оқып-үйреніп, басқаларға үйрететін келешектегі жас мамандар, студенттер ғылымның зерттелу тарихымен таныс бола жүріп, өздерін де ардақты ана тілінің маманы етуге жол ашады, оны өмірлік істерімен сабақтастырады. Синтаксистің басты зерттеу объектілерінің бірі – сөйлем. Сөйлем – сөз тіркесін қамтитын, қарым-қатынасты қамтамасыз ететін тілдік материалдардың біртұтас бөлшегі. Біздің басқаға айтатын ойымыз мақсатты болады: кейде, мысалы, естіген- білгенімізді біреуге хабарлауды мақсат етсек, кейде біреуден бірдеңені сұрап білуді мақсат ете сөйлейміз. Сондай мақсатты ойларымызды сөздерден сөйлем құрау арқылы білдіреміз. Ал 1 Қазақ тілінің сөз тіркестері жайында зерттеушілеріміз табысты еңбек етті. Оның жеке мəселелері бойынша 3-4 докторлық, жиырма шақты кандидаттық дисс ертация қорғалды; бірнеше монографиялық еңбек, мақалалар жазылды; филолог-студенттерге арналған оқулықтар, оқу құралдарынан тиісті орын алды; көп жылдан бері сөз тіркесінің синтаксисі дербес синтаксис саласы болып оқытылатын болды. Бірақ оның зерттеушілерін күтіп тұрған мəселелері əлі аз емес.
542 Қазіргі қазақ тілі сөздер сөйлем құрамына ену үшін өзара мағыналық, синтаксистік байланысқа түсіп, өзара тіркесіп айтылады. Сөздердің тіркесуі- нен сөз тіркестері жасалады. Сөйтіп, сөздерден сөз тіркесі, сөз тіркестерінен сөйлем құралады. Сөз де, сөз тіркесі де – сөйлем құраудың материалда- ры. Сөйлем кейде көп сөзден, кейде жеке сөзден не сөз тіркесінен жасалады. Соңғы жағдайда сөздер мен сөз тіркестері өздерінің лексикалық жəне синтаксистік қасиетін жоймайды. Түн. Аспан- да алақандай бұлт жоқ. Не болмаса: Желсіз түн. Екі кісі жүріп келеміз. Бұл сөйлемдерде түн – əрі сөз, əрі сөйлем; желсіз түн – əрі сөз тіркесі, əрі сөйлем. Осылайша, кейде сөздің, сөз тіркесінің жəне сөйлемнің тілдік материал құрамы бірдей болғанымен, олардың түсінігі бірдей емес. Сөз – айналадағы объективтік шындықтың адам басындағы сəулесі ретінде жеке-жеке ұғымды білдірсе, сөз тіркесі олардың грамматикалық қарым-қатынасын жəне мағыналық тобын білдіреді. Ал сөйлем жеке ұғымдардың синтезі ретіндегі пайымда- уды хабарлауды, сұрауды, модальділікті білдіреді. Əдетте, бұлар жеке сөйлеммен тиянақталып, ойымыз жеке сөйлеммен аяқтала бермейді. Сөйлемнің аяқталған ойды білдіруі оның маңындағы басқа сөйлемдермен қатынасына қарап та айқындалады. Мысалы: Түн, аспанда жымыңдаған жұлдыздар. Екі кісі даңғыл жолмен жүріп келеміз деген үш сөйлемнің алдыңғысын (Түн) соңғыларымен байланыстыра қарамасақ, сөйлем демей, жеке сөз деп таныр едік. Сол сияқты, Аспанда жымыңдаған жұлдыздар деген сөйлемнің де тиянақтылығы айналасындағы басқа сөйлемдермен байла- ныстыра қарағанда немесе талдағанда анық байқалады. Контек- стен бөліп алынған сөйлемдер əр уақытта мүлде аяқталған ойды білдірмейді, біршама ғана аяқталған ойды білдіреді. Тағы бір-екі мысал келтірейік. 1. Күн сары белге шұқшиып барып қалыпты. Тұс-тұстан көтерілген қою шаң тымық əуеде жаймен ғана ыдырап барады. 2. Əлдеқайда шырқаған əн естіледі. Ойды өзіне тартып ап, бойды тербеп тұрғандай. Ауыл шымыр-шымыр қайнайды: өрістен мал қайтты, көшеде ойнаған бала, жүгірген ит-құс (Ғ.Мұстафин).
543 Қазіргі қазақ тілі 1-мысалдағы екі сөйлемнің екеуі де өз алдына тиянақты. Екеуі де дараланып оқшау тұрған қалпында аяқталған екі түрлі ойды білдіреді. Солай бола тұрса да, ол екеуін өзара мағыналық байланы- сы жағынан қарасақ, табиғаттың бір мезгілдегі суретін көз алдыңа елестетеді. Ал 2-мысалдағы 6 сөйлемде мағыналық даралық бірдей емес. Əлдеқайда шырқаған əн естіледі деген сөйлемнің мағынасы айқын. Ал 2-сөйлемді онымен байланыстырып қарамай, оқшау тұрған күйінде оқысақ, əңгіменің не жайында екенін аңғара алмас едік, өйткені Ойды өзіне тартып ап, бойды тербеп тұрғандай деген сөйлемде əңгіме не туралы айтылып отырғаны күңгірт. Егер оны бірінші сөйлеммен байланыстыра оқысақ, əңгіменің əн жайында болып отырғаны айдан анық бола қалады. Одан кейінгі сөйлемдер де өзара байланысты: Ауыл шымыр-шымыр қайнайды дегенді Өрістен мал қайтты, көшеде ойнаған бала, жүгірген ит- құс деген сөйлемдер саралай түсіп отыр. Сөйлем бір сөзден тұрса да, өзара байланысты бірнеше сөзден құралса да, ол дауыс ырғағы жағынан тұтастанып, айналасындағы басқа сөйлемдерден пауза арқылы оқшаулануымен қатар, олармен мағыналық қатынасқа еніп, ұласып, ұштасып жатады. Сөйлемнің сөзден, сөз тіркесінен бөлек единица екенін айқындайтын басты белгілері мыналар: 1) сөйлем біршама аяқ- талған ойды, модальдылықты1 білдіреді; 2) сөйлем өзара байланысқа енген сөздерден, сөз тіркестерінен құралады; 3) сөйлем бастауыш пен баяндауыштың байланы- сынан туған предикаттық қатынасты білдіреді; əрбір сөйлем- нің айтылу сазы (интонациясы) болады. Осыларды негізге алып, сөйлемге мынадай анықтама беруге болады: Предикаттық қатынас негізінде біршама аяқталған ойды білдіретін тиянақты сөздер тізбегін сөйлем дейміз. Сөйлемдегі сөздердің əрқайсысы өзінің лексикалық мағына- сына лайық сөйлем құруға қатысып, тұтас ойдың мазмұнына ортақтасып тұрады. Олар сонымен қатар, сөйлемде жалаң мүше қызметінде күрделі мүше құрамында тұрып, өздерінің лексикалық жəне грамматикалық мағыналарын айқындай толықтыра түседі. 1 Айтылған ойға айтушының субъективті көзқарасын білдіруді модальдылық дейміз.
544 Қазіргі қазақ тілі Сөздер сөз тіркестерінің құрамына ену арқылы сөйлем құрау- дың материалы болады да, бастауыш-баяндауыштық (тұрлаулы), толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыштық (тұрлаусыз) қатынаста жұмсалады. Тұрлаулы мүшелер сөйлем құраудың бас арқауы, негізі болса, тұрлаусыз мүшелер олардың маңына ұйысып, баста- уыш, баяндауыш арқылы айтылған ойды толықтырып, айқындай түседі. Сөйлемнің айтылу мақсаты: Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты жəне лепті болып бөлінеді. §4. Хабарлы сөйлем Бірдеңенің не бір істің жайын баяндау мақсатымен айтылған сөйлем хабарлы болады. Асау Терек долданып, буырқанып, тауды бұзып, жол са- лып, тасты жарып (Абай). Күн қызыл арай шатырынан жаңа ғана шыққан. Аспан айдай ашық (Ғ.Мұстафин). Ғылым ауылшаруашылығын өркендете беруге үлкен көмек көрсетіп ке- леді. Халық өз бақыты үшін күресетінін білсе, оған ешбір жау төтеп бере алмайды (Х.Есжанов). Хабарлы сөйлемдердің мазмұны əртүрлі болады. Олардың мазмұны сөйлемге қатысқан сөздердің, сөйлем мүшелерінің, əсіресе, баяндауыштардың мағыналық, тұлғалық ерекшеліктерімен байланысты. Баяндауыштарының тұлғалық ерекшеліктеріне қа- рай хабарлы сөйлемдер, мысалы, болымды (Жаңбыр жауды), болымсыз (Жаңбыр жаумайды), қалаулы (Енді қырманға бара- йықшы), болжалды (Жездең ертең келетін шығар) болады да, ал баяндауыштарының қай сөз табынан жасалуына қарай етістікті (Үйдің іші жылынды), есімді (Күн жылы. Аспан ашық. Айнала жым-жырт) болып бөлінеді. Хабарлы сөйлемдер, жалпы алғанда, бірсыдырғы баяу əуенмен айтылады: жалаң сөйлемдер тақ-тұқ қайырылса, жайылма сөйлем- дерді айтқанда, дауыс сөйлемнің соңында бəсеңдей түсіп тынады. Мысалы: Түн жым-жырт. Жел де жоқ. Бірақ сəл ғана білінген салқын бар (М.Əуезов). Асанмен сөйлесіп отырған Қажымұқан бұлардың əңгімесін бөліп жіберді (Х.Есжанов). Бір сөйлемнен екінші сөйлемнің межелі жігі пауза арқылы ай- ырылып тұрады. Бірақ хабарлы сөйлемдегі жеке сөздердің айтылу əуені əр уақытта бірқалыпты бола бермейді.
545 Қазіргі қазақ тілі Көп құрамды хабарлы сөйлемнің ішіндегі бастауыштың не толықтауыштың маңына топтанған сөздердің саны неғұрлым көп болса, сол топ соғұрлым оқшаулана түсіп, көтеріңкі дауыспен ай- тылады да, одан кейін дауыс бəсеңдей береді. Таудан төмен қарай сырғанап келе жатқан шаңғышылар колхоз клубының алдына келіп тоқтады. Жазғы жайылымнан қайтқан сиырларды Айша қораға кіргізді. Бұл сөйлемдердегі дауыстың жоғарылап-төмендеуін былайша көрсетуге болады: шаңғышылар ↑ ↓ келе жатқан колхоз клубының ↑ ↓ сырғанап алдына келіп ↑ ↓ төмен қарай тоқтады ↑ Таудан сиырларды ↑ ↓ қайтқан Айша ↑ ↓ Жазғы жайылымнан қораға ↓ кіргізді. Баяндауышы зат есім мен есімдіктен болатын сөйлемдер ин- тонация жағынан екі бөлініп айтылады: жазуда оны сызықша арқылы таңбалаймыз. Ұлы далам // – менің далам. Мал басын көбейтуге ерінбей еңбек сіңірген кісінің бірі // – Жақыпбек (Ғ.Мұстафин). Бұл // – Байжанның талай келген үйі. Ол поэмадан менің есімде қалғаны // – осылар (С.Мұқанов).
546 Қазіргі қазақ тілі § 5. Сұраулы сөйлем Сөйлеу – тіл жұмсаудың басты тəсілінің бірі. Жүздесіп жəне басқа амалдар арқылы сөйлескен адамдар істің, əр нəрсенің мəн- жайын білгісі келгенде, сұраулы сөйлемнің түрлерін қолданады. Ауызекі сөйлеу стиліне тəн пікір алысудың бұл түрі əдебиетте, əсіресе, көркем əдебиет тілінде жиі қолданылады. Мысалы: 1. – Əй, тілің бар ма өзіңнің? Неге бұғасың?.. Неге жөніңді айтпайсың? – деді Қадырбек (С.Сейфуллин). 2. – Сен мұнда қайдан келдің? – Сен қайдан келдің? – деп екеуі де сасқалақтап қатар сұрасты. – Əуелі өзің айтшы (Ж.Аймауытов). Басқадан (кейде өзінен) жауап күту мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемдер көтеріңкі дауыспен айтылады. Олардың жасалу амалдары əр алуан: Көркем əдебиетте (халық өлеңдерінде де) сөйлемдердің, əсіресе, хабарлы сөйлемдердің қолдану мақсаты ойды əсерлі, көрікті, көркем етеді. Мысалы: 1. Қараңғы түнде тау қалғып, Ұйқыға кетер балбырап, Даланы жым-жырт дел-сал қып, Түн басады салбырап (Абай). 2. Тура тисе, түзелмес тіл жарасы, Оны ұға ма адамның бір парасы (Шəкəрім). 3. Арал толған ағаш. Ағаш арасы жол. Жол жиегі – жасыл шөп пен түрлі гүл. Гүлəдіпті жасыл жолда иін тіресіп, ерсілі-қарсылы жүріп жатқан жан (Ж.Аймауытов). 4. Көкшетау кейде қарлы, кейде қарсыз, Ер жігіт кейде малды, кейде малсыз. Дарияның жарға соққан толқынындай, Көз салған көрінгенге көңіл арсыз, – деп берілсе (Біржан сал), – сұраулы сөйлемдер интонация арқылы жəне сұрау есімдіктері, сұраулық шылаулар, кейбір көмекші етістіктер мен қосымшалардың қатысуы арқылы жасалады. Олардың бастылары мыналар: 1. Сұраулы сөйлемдер ма // ме, ба //бе, па //пе сұраулық шы- лаулары арқылы жасалады:
547 Қазіргі қазақ тілі – Жиналыс басталды ма? Баяндамашыға сұрақ бар ма? Анау келе жатқан Жақып па, Əсет пе? – Өзі атпен баратын жер ме, ма- шинамен баратын жер ме? (Ғ.Мүсірепов). Сұраулы шылаулар қысқарып, жіктік жалғауларынан бұрын келу арқылы да сұраулы сөйлем жасайды: – Сен немене, тоңып қалғанбысың? – деді офицер. – Ой, сенбісің? Сені де сақал басып кетіпті ғой (Ғ.Мүсірепов). Сұраулы сөйлемді бұлай құру сөйлеу тіліне тəн болатындық- тан, олар диалогтарда жиі ұшырайды. 2. Сөйлемде кім, не, қашан, қайдан, қандай, кімді ... сияқты сұрау есімдіктері айтылу арқылы сұраулы сөйлем жасалады: Мұнда қайдан жүрсіз? (З.Шашкин). – Ой, Бəтес, мұның не? (С.Мұқанов). – Сені кім шақырды? – Жиналыста қандай мəселе қаралды? 3. Шығар, болар, қайтеді деген көмекші етістіктер күрделі баяндауыштың құрамына еніп, сұраулық интонациямен айтыл- ғанда, сөйлем сұраулы болады: Сен осы ауылдың баласы шығарсың?Борашты көріп жүретін шығарсың? Оның өзін тыңдап көрсек қайтеді? (Ғ.Мүсірепов). 4. Баяндауыштың құрамында -ау, ғой шылаулары мен одағай айтылып та сұраулы сөйлем жасалады: Сен кіп-кішкене қуыршақтай едің -ау, ə? (Ғ.Мүсірепов). Егістің дайындық жұмысына қызу кірісіп жатырсыңдар ғой, ə? 5. -Ше демеулігі баяндауыштардың құрамына ену арқылы да сұраулы сөйлем жасалады: – Ал Жамал ше? Өзің ше? – Атым – Қайырғали, өзіңнің атың ше? (Ғ.Мүсірепов). 6. Кейде (көбінесе диалогтарда) хабарлы сөйлемдерді сұрау- лық интонация арқылы сұраулы етіп айтуға болады: Богданов: Сіздер ертеңнен бастап теңізге шығу жұмысына кірісіңіздер. Мəжен: Ертеңнен бастап? Богданов: Иə! (Ə.Əбішев). – Мүмкін, маған Бəтес қосылар? – деді Нұрбек (С.Мұқанов). – Ал сосын? (Б.Майлин). – Келістік қой? (М.Иманжанов). – Мынау – қызыл отаудың бастығы Бектасова Əсия деген əйел.
548 Қазіргі қазақ тілі – Əйел? – деп қалдық Қалиса екеуміз (С.Мұқанов). Сұраулы сөйлемде, əдетте, түгелімен кейде сұрау есімдіктері көтеріңкі дауыспен айтылады да, сұраулық интонациямен аяқталады. Сонымен қатар, көп құрамды сұраулы сөйлемдерде жауап күтуді білдіретін сөздер (əсіресе, сұрау есімдіктері) басқа сөздерден гөрі басым əуенмен айтылады: (Сені кім шақырды? Өзге жолдастар қайда?) Кейде ондай ой екпіні түсіп, басым əуенмен айтылатын сөз тікелей баяндауыштың қасында тұрады. Мына сөйлемдерді салыстырыңыздар. Сен баяндамаға дайындалдың ба? (Жауабы: Мен баяндамаға дайындалдым). Сен баяндамаға дайындалдың ба? (Жауабы: Мен баяндамаға дайындалдым). Баяндамаға сен дайындалдың ба? (Жауабы: Иə, баяндамаға мен дайындалдым.) Сұраулы сөйлемдерде қойылатын сұрақтардың мазмұны əртүрлі болады. Олардың негізгілері мыналар: 1. Ашық сұрақ. Біреудің ойын немесе біреудің я бірдеңенің жайын, бар-жоқтығын білу мақсатымен айтылған сұраулы сөйлемдерде сұрау ашық қойылады: – Атың кім? – деді ересек бала. – Қайырғали... Өзіңнің атың кім? – Шеген... (Ғ.Мүсірепов). Дəурен: Өзіңіз қандай ақыл бересіз? Богданов: Барлық күшті осы төбеге салыңдар дегеннен басқа айтарым жоқ (Ə.Əбішев). Ашық мəнді сұраулы сөйлемдердің баяндауыштарына ой екпінін түсіре, сұраққа жауап алу үшін бір сөйлемде сұрақ кейде екі рет айтылады. Осындай екі рет айтылатын сұрақтар көбінесе біріне-бірі қарсы мəнді сөздер болады. Сұраулы сөйлемнің сон- дай экспрессивті мəнін күшейту үшін бір сұрақ қазбаланып, кейде бірнеше рет қойылады: Ол бүгін келе ме, келмей ме? Əне өрге шыққан немене? Тау ешкісі ме, сенің ешкің бе? (Ғ.Сланов). Бұған кім кінəлі? Қайыр ма? Дəмеш пе? Ораздың өзі ме? ( З.Шашкин). Не іздейсің, көңілім, не іздейсің? (Абай). 2. Қарсы сұрақ. Бірқатар сұраулы сөйлемдерде ашық жауап берілмей, сұраққа сұрақ түрінде де жауап беріледі де, қарсы сұрақ қойылады.
549 Қазіргі қазақ тілі Богданов: Олай болса, сонша малға жерді қайдан таппақсың? Жанар: Жеріміз енді көбейгелі тұрған жоқ па? – Біздің ауылға барасың ғой, қызым? – Бармағанда қайтем? (Ғ.Сланов). – Ой, мынау тамаша емес пе? – Несі тамаша? (Т.Нұртазин). 3. Күмəнді сұрақ. Бірқатар сұраулы сөйлемдер бірдеңенің жайын білуді ғана көздеп айтылмай, айтушының бірдеңеге күмəнданғанын да білдірді: Ондай əрі сұраулы, əрі күмəнді сөйлемдердің баяндауыштарының құрамында ма//ме ... екен, екен-ау жəне ə деген сөздер болады. – Сол жаққа мен де барсам ба екен? – Мына мың болғыр бой бермей кетер ме екен? (Ғ.Сланов). 4. Таңырқаулы сұрақ. Баяндауышының құрылысы күмəнді сұрақ формаларында немесе деймісің деген сөзбен келетін сұрау- лы сөйлемдер кейде бірдеңеге таңдану, таңырқау мағынасында да айтылады. Ондай сөйлемдер əрі сұраулы, əрі лепті болатындық- тан, жазуда олардан соң сұрақ белгісі мен леп белгісі қатар қойылады: – Сізде де арман бар ма екен?! (Ə.Əбішев). – Арық адамның көзі өткір болады екен-ау?! (Ғ.Мүсірепов). – Мен білмейді деймісің?! – Бұл да келіп қалып па еді? (Ғ.Мұстафин). Сұраулы сөйлемдердің ішінде кісінің көңіл-күйін білдіретін одағай сөздер болса, сұраулы сөйлемдердің мазмұнына тағы басқа эмоциялық реңк қосыла береді. Апырмай, біздің таласымыз не болды екен?! (Ə.Əбішев). Қап, кеше неге айтпадың?! Ойбай-ау, мен кеше осылай деп пе едім?! – Қайран Сəтбек-ай, тірі ме едің?! (М.Əуезов). 5. Риторикалық сұрақ. Кейбір сұраулы сөйлемдер жауап күту мақсатымен айтылмай, бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен де айтылады. Ондай сөйлемдерде риторикалық (риторика гректің rhilos – шешен – деген сөзінен алынған) мəн болады. Риторикалық сұраулы сөйлемдер көркем əдебиетте жиі қолданылады: 1. Күнде жақсы бола ма, Бір қылығы жаққанға? Оқалы тон тола ма,
550 Қазіргі қазақ тілі Ар-ұятын сатқанға? Ойлансаңшы, Мағышым, Кімнің гүлі солмайды? (Абай). 2. Халық ұстазынан айырылса, не таппақ? Ел несімен ел? Жақсысымен ел. Басшысы болмаған елде елдік бар ма? ( М.Əуезов). Азғана малды сатып, соя берсе, ертеңгі күні кедейленіп қалса? Сараның сөзін кім тыңдамақшы? (Б.Майлин). 3. Баянауыл сияқты жерді кім сүймейді? Енді жұрт машина мен мотоцикл іздейді, арбаны қайтсін?... (З.Шашкин). Риторикалық сұраулы сөйлемдер кейде салалас құрмалас сөйлемнің құрамына енгенде құрмаластың аралығында əйтеуір, қалайда деген сөздер қолданылады: Əлде ақсиған тістері ме, əлде ақкөңілділігі ме, əлде қабағына қақ тұрмайтын ойнақылығы ма? – əйтеуір Шеген мені біржолата тартып əкетті (Ғ.Мүсірепов). §6. Бұйрықты сөйлем Бұйрықты сөйлем біреуді іс істеуге жұмсау мақсатымен айтылады. Ондай мақсатпен айтылатын сөйлемдер жалаң бұйрық ретінде ғана айтылып қоймай, сонымен қатар кісінің еркін, тала- бын, кеңесін, тілегін, жалынышын, т.б. да білдіреді. Бұйрықты сөйлем, негізінде, ауызекі тілге тəн. Көркем əде- биетте ондай сөйлем диалогта жиі ұшырайды. Бұйрықты сөйлемдер етістіктің бұйрық жəне қалау райы арқылы жасалады. Олар сөйлемнің баяндауышы болып жұмсалады да, сөйлем түгелімен асқақ əуенмен айтылады. Бұйрықты сөйлемдердің айтылу əуені оларды қандай мазмұнда жұмсауына қарай түрліше болады. Егер бұйрықты сөйлем бұйыру, қатал талап мағынасында жұмсалса, ол көтеріңкі дауыс екпінімен айтылады; егер кеңес, жалыныш, тілек мағыналарында жұмсалса, олар бəсең дауыспен айтылады. Алдыңғы жағдайда баяндауыш көбінесе сөйлемнің басына қойылады, мысалы: – Шеген! Тоқта! Қайырыла кет! Ғ.Мүсірепов). Еріңдер соңыма! (Ғ.Мүсірепов). Тарт қолыңды! (М.Əуезов). – Тоқташы, балам! – деді Шығанақ өтіп бара жатып. – Тарыңнан титтей берші (Ғ.Мұстафин).
551 Қазіргі қазақ тілі Бұйрықты сөйлем көбінесе толымсыз (бастауышсыз) болады да, оның орнына қаратпа сөз қолданылады. Қаратпа сөздер істі істеуге тиісті кісіні, бұйрықтың кімге, неге арналғанын білдіреді. Бұйрықты сөйлемдердің тағы бір ерекшелігі мынау: олар көбінесе аз сөзден құралған ықшамды болады да, екпінді əуенмен тақ-тұқ айтылады. – Қорқытпа! Тоқта, бала, тоқта! (Ғ.Мұстафин). Тыңда, дала, Жамбылды! (Жамбыл). Мақтан қума. Керек қу! Ойсыздарға қосылма! (Абай). – Қане, жігіттер, аттарыңды қамдаңдар! – Əй, бері кел, Амантай! Бері келіп кет деймін! (С.Мұқанов). Мұндай сөйлемдерде қаратпа сөздің болуы, сөйлемдердің ықшамдалып айтылуы олардың бұйрықты мəнінің өткір, əсерлі бо- луымен байланысты. Сондықтан ондай сөйлемдерді салмақты етіп айту үшін сөйлем белгілі біреуге арналады да, сол « біреу» қаратпа сөз қызметінде жұмсалады. Қаратпа сөзі болмаса, сөйлемнің бұйрықтылық күші солғын болады да, бұйрық, талап, тілек, көпке арналады. Соңғы жай мақал-мəтелдердің стиліне тəн, мысалы: Темірді қызған кезде соқ! Жалғаймын деп үзіп алма, түзеймін деп бұзып алма! Бұйрықты сөйлемдердің баяндауыштары қандай сөз болғанына жəне сөйлемнің құрамы қандай болуына қарай, олардың маз- мұны да əртүрлі болады: 1. Баяндауыштары етістіктің бұйрық райының екінші жағын- да айтылған сөйлемдер көбінесе бұйрық, талап, кейде үндеу мəнді болады: – Тарт тіліңді! Жоғал, көзіме көрінбей! – деп Ысқақ ки- мелеп кетті (С.Ерубаев). Өшір үніңді, оңбағанның баласы! (Ə.Сəрсенбаев). Төл өсір, малыңды бақ, күтіп бапта! Ел сенген, Отан сенген сенімді ақта! (А.Тоқмағанбетов). – Жоспарды басқарма бекіткен күйінде қабылдайтының қол көтер! (Ғ.Мұстафин). 2. Баяндауыштары бұйрық райдың үшінші жағында айтылған сөйлемдер көбінесе талап, тілек мəнді болады: Керімбек малды тез жайлауға айдасын! Бағар көбейсін, ша- лым! (Ғ.Мүсірепов).
552 Қазіргі қазақ тілі Көгерсін, қалқам, көсегең! Мақсатыңа жет көксеген!.. Көңілдерің жай болсын! Бақ кетпесін басыңнан! (К.Əзірбаев). 3. Баяндауыштары етістіктің бұйрық райында айтылып, оған - шы/-ші қосымшасы жалғанып, тілек, жалыныш не сыпайы түрде бұйыруды білдіретін сөйлемдер жасалады. Ондай сөйлемдер І жақта қалау мағынасында да айтылады: Келші, қалқам, менің қасыма отыршы! Қарағым, мына ба- ланы риза қылшы! Мына жұмысты тезірек бітірші! Сабыр ертең біздің үйге келсінші! Бір ауыз сөз айтайын, қатар тұрып тыңдаңыздаршы! (Ə.Əбішев). – Ататай, «түсі жақсыдан түңілме» деген еді, түсіңіз жылы екен, түсіндіре кетіңізші! (Ə.Əбішев). – Балам, жөніңді айтшы! (М.Əуезов). - шы, -ші қосымшасы жалғанған бұйрық рай тұлғалы баян- дауыштары бар сөйлемдер кейде біреуге сес көрсетіп, қорқыта сөйлегенді білдіреді: – Қане, осы баланың бəйгесін бермей көрші! (Ғ.Сланов). Көмірсіз тырп етіп көрші! (Ғ.Мұстафин). Тапсырманы орында- май көрші (Газеттен). 4. Етістіктің қалау, бұйрық рай тұлғасынан жасалған баянда- уыштары бар сөйлемдер ұран, үндеу мағынасында да жұм- салады: Колхозшылар мен совхоз қызметкерлері, ауылшаруашылық мамандары! Егіс көлемін ұлғайтыңдар, егіншіліктің мəдениетін арттырыңдар, егіннен мол өнім алатын болыңдар! Тың жəне тыңайған жерлерді онан əрі игеру үшін күресіңдер! (Газеттен). §7. Лепті сөйлем Кісінің көңіл күйін, əртүрлі эмоциялық сезімін білдіру үшін жұмсалатын сөйлемдер лепті болады. Лепті сөйлемдердің мағыналары жай хабар болуымен қатар, кісінің қуанышы, қорқынышы, таңырқауы, ызасы, аянышы, жалынышы, күмəні, жиреніші сияқты ішкі сезімдерін білдіреді. Лепті сөйлемдер мұндай мағыналарда айтылу үшін олардың құрамында көбінесе одағайлар болады. Кейде одағайлардың өзі
553 Қазіргі қазақ тілі лепті болады. Оның үстіне сөйлем асқақтаған көтеріңкі дауыспен, лептілік интонациямен айтылады: – Қап! – деді Ахмет өте шығып (Ғ.Мұстафин). – Пай-пай-пай, бұл неткен жан! (Ə.Тəжібаев). – Пай-пай, Ысқақ-ай, осындай адамдарды көре білмейсің! (Ғ.Мұстафин). – Түу, сіз қызық екенсіз! (Ш.Хұсайынов). – Апырай, аман болғай-ақ та! (Ғ.Мүсірепов). – Шіркін-ай! Біздің ауылдың жайлаудағы шалғыны қандай еді! Бұзау көрінбей кетуші еді! Ауыл келіп қонғанда, жұпар исі мұрныңды жарушы еді!.. Тау аясындағы айдын көлдің айнадай суы қандай еді! (Ж.Аймауытов). Лепті сөйлемдердің эмоциялық мағыналары олардың құрамындағы одағай, модаль сөздермен, сөйлемдердің лептілік əуенімен байланысты: 1. Қорқу, сескену, аяу, өкіну, таңырқау сияқты кісінің көңіл күйін білдіретін сөйлемдердің баяндауыштарының құрамындағы -ау, -ай демеуліктері айтылады: – Құлайды-ау! Құлайды-ау! Ол бүгін келмеді-ау (Ғ.Мұста- фин). – Ой, байғұс бала-ай!... Қарғадай баламды тағы шырыл- даттың-ау, қанішер Майбасар (М.Əуезов). Апырай, желісінің қаттысын-ай! (Ғ.Мүсірепов). – Жасаған-ау, мұндай сұлу дене болады екен ғой! (С.Мұқанов). 2. а) баяндауышы бұйрық рай тұлғадағы етістік баяндауышты сөйлем кейде тілек мағынасында айтылады: – Жасаған-ай, бала бере көр! – деді (ол). Бірақ тілек іске аспа- ды (М.Жұмабаев). ə) баяндауыштары етістіктің шартты рай тұлғасында айтылып, бірдеңені көксеу, арман ету мағынасындағы лепті сөйлем жасала- ды. Ондай сөйлем шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас болып айтылмай, жай сөйлем ретінде жұмсалады: Мына көгалға бауырыңды төсеп жатсаң! Əрбір бригадаға жерді өлшеп, сыбаға берсе! Сонан соң социалистік жарыс ұйымдастырса! Колхоз басқармасы көшпелі қызыл ту жасап, оны озық бригаданың қосына тігіп қойса! (Ғ.Мұстафин). Күрделі баяндауыштың негізгі сөзі келер шақтық есімше бо- лып, одан кейін сұраулық -ма/-ме шылауы мен еді көмекші етістігі тіркесіп те арман мəнді лепті сөйлем жасалады.
554 Қазіргі қазақ тілі Па, шіркін, мына атқа мінер ме еді! Ана көк шөпке бауырыңды төсеп жатар ма еді! – О, шіркін, ең болмаса, біздің қолымызда пышақ болар ма еді! (Ж.Верн). 3. Өткенде істелуге тиісті, бірақ істелмеген, болмаған іске өкіну ретінде айтылатын да лепті сөйлемдер болады. Ондай сөйлемдердің баяндауыштары көбінесе екі түрлі болып келеді. а) Болымсыз тұлғадағы өткен шақтық есімше мен есімше тұлғасындағы көмекші етістік (екен), одан кейін де демеулігі тұрады: – Қап, орылған астықты кеше жиып алмаған екенбіз де! Балаңды кеше жібермеген екенсің де! Ə, əттеген-ай, билетті ол кеше алып қоймаған екен де! Бірінші жақтық шартты рай тұлғасындағы етістікке -шы/-ші қосымшасы жалғанады. Ондай сөйлем ерекше көтеріңкі əуенмен айтылады: - Қап, кеше кешке қонаққа барғанша, театрға барсамшы! Апамның тілін алсамшы! ə) Тұйық райлы етістікке керек еді ғой деген тіркес жалғасатын күрделі баяндауышты лепті сөйлемдер де кейде өкініш мəнді болады: – Омарбекке солай деп айту керек еді ғой! Машинаны кеше жіберуің керек еді ғой! б) Кейде тұйық етістікке -ың//-ің қосымшасы жалғанып, одан кейін ғой шылауы жұмсалған күрделі баяндауышты сөйлемдер де өкініш мəнде айтылады: - Кеше осыны айтуың ғой! Бұл жұмысты Сабыржанмен бірігіп істеуің ғой! Пішенді ертерек шабуларың ғой! 4. Бірдеңені асыра мақтан ету, масаттану, қолпаштау мағынасында да лепті сөйлемдер жасалады. Ондай сөйлемдердің ішінде кейде қандай, ғажап, неткен, болғанда қандай, пай-пай, ай деген сөздер болады: – Айналаңа қарашы! Дүние қандай сəнді! (Ғ.Сланов). Қандай ақылды адам! Тіпті ғажап қарқын! (Ғ.Мұстафин). Жеріміз біздің неткен бай! (Х.Ерғалиев). Жаңа қоныс болғанда қандай! Пай-пай, мына аттың жорғасы-ай! – Қандай тамаша көл! (Ж.Верн). – Ойбай-ай қалай өзгерген! – Тіл қандай! Тəсіл қандай! (М.Əуезов).
555 Қазіргі қазақ тілі Тұлғасы сұраулы сөйлемдер де кейде экспрессивті мағынада лепті болып жұмсалады: – Ол – ол болсын, жə, мынау көргеніміз – қай мазағымыз!? (М.Əуезов). Ол неғылған оңбаған адам!? Мұндай сөздің кімге керегі бар!? – Шіркін, Көкшетау! Шіркін, дүниеде сендей де жер бар ма екен!? (С.Мұқанов). §8. Болымды жəне болымсыз сөйлемдер Адам объективті болмысты, ойлаған ойын хабарлауда ойын болымды не болымсыз етіп құрайды. Мысалы, Бүгін қар жау- ады деген де, бүгін қар жаумайды деген де өз кезінде шындық хабар болуы мүмкін. Бірақ сол хабардың бірінде ауа райының бізге таныс құбылысы болымды түрде айтылса, екіншісінде ол құбылыстың бүгін болмайтыны болымсыз түрде хабарланады. Ха- барлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдердің қай-қайсысы болса да осындай екі түрлі синтаксистік құрылыстың бірінде айтылады. Болымсыз сөйлем болымды сөйлем арқылы жасалады жəне болымдының қарама-қарсы мағынасын білдіреді. Сөйлемнің бо- лымды түрі – ойды айтудың негізгі формасы да, болымсыз түрі одан гөрі сирек қолданылатын қосымша формасы. Сонда болым- сыз сөйлем арқылы объективті болмысты, ойлаған ойымызды жоққа шығарып қоймаймыз, айтылған ойға ерекше стильдік өң беріп, сөйлемді түрлендіріп, эмоциялы, экспрессивті етіп айтудың да тəсілі етеміз. Алдымен болымсыз сөйлемдердің тұлғалық ерекшеліктерін санап өтейік: 1. Болымсыз сөйлемдер -ма/-ме ... тұлғалы болымсыз етістіктердің баяндауыш қызметінде не баяндауыш құрамында жұмсалу арқылы жасалады: – Жамандатқыр, мынау бір ит екен, тіпті жүрмейді (Б.Май- лин). Ол дəл осы жолы Ақмоншаққа тура қарай да алмады (М.Иманжанов). Өмірде жоқшылық, торығушылық бар дейтін, бірақ біз оны көрмеген едік (С.Ерубаев). Айбар Зəурені сүйеді, бірақ Зəуре оны ұқпайды (З.Қабдолов). ... біз қыздың несі əдемі екенін біле алмадық (С.Ерубаев). Қас сұлуда мін болмас, Қас жүйрікте сын болмас (Мақал).
556 Қазіргі қазақ тілі 2. Есім жəне есімшелі баяндауыштардың құрамында емес де- ген көмекші етістік жұмсалады: - Сен енді жас бала емессің. Поэзия – ажарлап құрған сөз тізбегі емес ... (Т.Нұртазин). Екеуі де мылтыққа жүгіргісі келеді, бірақ бірін-бірі жіберетін емес (С.Сейфуллин). Ол ... ділгерліктен құтылған да емес (Б.Майлин). 3. Жоқ сөзі баяндауыш қызметінде не күрделі баяндауыш құрамында айтылу арқылы да болымсыз сөйлем жасалады: Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ (Мақал). Аспан- да алақандай бұлт жоқ. Біздің атай ... қабағы түксиіп үндеген жоқ (Т.Нұртазин). Əлі ала көлеңке айыққан жоқ... (М.Əуезов). Осы уақытқа шейін ата дəулеті кеміген жоқ ... (Б.Майлин). 4. -сыз, -сіз тұлғалы сын есімдер баяндауыш қызметінде жұмсалғанда да сөйлемнің мазмұны болымсыз болады, мысалы: сөзі түсініксіз, баласы ақылсыз, тауы қарсыз. Қаратау кейде қарлы, кейде қарсыз. Ер жігіт кейде малды, кейде малсыз (Халық өлеңі). 5. Болымсыз сөйлем құрауға болымсыз етістіктердің қатысы ерекше болады. Саны көп болмағанмен (ешкім, ештеңе, ешбір, ешқандай, ешқайдан, ешқашан, ешқайсысы, дəнеме, түк), олардың қатысымен жасалатын болымсыз сөйлемдер жиі ұшырайды. Əдетте, болымсыз есімдіктер сөйлемнің белгілі мүшесі қызметінде жұмсалады да, сол сөйлемнің баяндауышы қалай да болымсыздық тұлғаның бірінде жұмсалады. Сөйтіп, бір сөйлемде болымсыздық мағына екі дүркін айтылып, сөйлемнің сол мағынасы бекемде- ле түседі. Болымсыздық мағынаны одан да күшейте түсу керек болғанда, бір сөйлем ішінде екі (кейде одан да көп) есімдік айты- лады. Мысалы: - Қане, кімнің сұрауы бар? – деп мəжіліс ағасы екі-үш қайырып сұраса да, ешкім үн шығармады. – Өзіміздің балалар ғой, бұлар ешкімге айтпас. – Біз ешкімді ешқайда зорлап сайламаймыз (Б.Майлин). - Біз көргендерден жөнді ештеңе қалмапты ғой. Ешкімге ұрысқан жоқ па? (Ғ.Мұстафин). Біз өзімізді атамақ тұрсын, ешқашан да ерлік жасаймыз деп ойлаған жоқпыз (А.Макаренко). - Сені ауру жеңбесе, ешкім жеңбес, – деп жантая кетті Щер- баков (Ғ.Мұстафин). – Өзі ештеңе айтқан жоқ, енді отырма! – деді (С.Сейфуллин).
557 Қазіргі қазақ тілі Кейбір сөйлемдердің тұлғасы болымды, мазмұны бо- лымсыз ыңғайда да айтылады, мысалы: оның үні өшті, оның жағы қарысты (ол үндемеді деген мағынада), неге көндім (көнбеу керек еді д.м .) 1 . Зылиқа ... көрмеген-білмеген біреудің соңына ерген. Неге ерді? ... Жылатып тастап кеткендей Қарымсақтың не жазығы бар? (жазығы жоқ д.м .) (Б.Майлин). Осындағы сұраулы сөйлемдерді болымсыз мағынада айтуға болады: Неге ерді? – Ермеу керек еді... Қарымсақтың не жазығы бар? – Қарымсақтың жазығы жоқ. Кейбір сөйлемдердің баянда- уыштары болымсыз, мағынасы болымды қалпында жұмсалады, мысалы: Ол түсінбейді емес – ол түсінеді; шындықты айтпасқа болмайды – шындықты айтамын; бұл сөзге құлақ қоймай болмай- ды – бұл сөзге құлақ қою керек; бастаған істі ақырына жеткізбей болмайды – бастаған істі аяқтау керек. Осындай мағынасы болымды сөйлемдерді болымсыз тұлғалар арқылы айтудың стильдік қызметі ерекше; ондай сөйлемдер жай «салқын қанды» хабар болмай, эмоциялы, экспрессивті болады. Əдетте, мұндай қызмет атқаратын сөйлемдердің күрделі баян- дауыштарында көбінесе болымсыздық тұлға екі рет айтылады. Тұлғасы болымсыз, мазмұны болымды сөйлемдерге мысалдар: Жұрттың айтуынша, біздің ауылдағы Нұртазадан шешен адам жоқ (С.Мұқанов). (Нұртаза өте шешен д. м.) . Сол Алшаң кісі болғанда, алты алашта одан асар кісі жоқ (Б.Майлин). (Алшаң жұрттан асқан д.м).. Заңды дұрыс орындауда, атқа мінерлердің, жуандардың алдауына ермеуде Құрымбай бəйге алып жүрген жоқ па? (Құрымбай бəйге алып жүр д. м.) . Милиция бастығы мұның қызметін жақсы деп мақтап отырған жоқ па? ( Б.Майлин). (Милиция бастығы мұның қызметін жақсы деп мақтап отыр д. м.) . Болымсыз тұлғалы сөйлемдер реті келгенде қорқу, күмəндану сияқты сезімдерді білдірудің де амалы болады: Келіні шоқаң етіп сəлем етіп болып, аузын сылп еткізді: - Бəтір-ай, сұмдық болмаса игі еді!... – деді. Қарымсақ ... бір шарасын осы таппас па екен дегендей, жүгіріп Сараның үйіне барды (Б.Майлин). 1 Д.М . – деген мағынада.
558 Қазіргі қазақ тілі ІІ. СӨЗ ТІРКЕСІНІҢ СИНТАКСИСІ §9. Сөз тіркесінің синтаксисі туралы кіріспе Грамматикалық құрылыстың өзінше дербестігі, ерекшеліктері бар топтарын – грамматикалық единицалар – тұтастықтар дейміз. Солардың басты топтары – сөз тіркесі, сөйлем. Бұлардың əрқайсысы əр алуан бөлшек, бөлімдерден құралғанымен, бəріне тəн, бəріне ортақ белгілеріне қарап, оларды тұтасқан, тұтасып ұласқан бөлшектер тобы деп танимыз. Мысалы, сөздің дыбыстық құрылысы, лексикалық, грамматикалық мағыналары болады, сөз тіркесінің құрамына еніп, адамның ойын, сана-сезімін білдірудің бөлшектері қызметін атқарады. Балықтың өмірі суда болатынын- дай, сөздің өмірі сөз тіркесінің, сөйлемнің құрамында болады. Əлемдегі жан-жануарлардың күнелтуі табиғи айналасы болаты- нындай сөздің, сөз тіркесінің де «табиғи» жұмсалу «айналасы», өмір сүру жағдайы болады. Бұлардың сондай шоғырланған ұясы да, өмір сүру қызметі де сөйлем ішінде жұмсалуы болады. Осындай қарым-қатынастың нəтижесінде əрбір грамматикалық единицалар тілдің қарым-қатынас жасау қызметіне ортақтасады. Сол үшін жеке сөздер сөз тіркестің құрамына, сөз тіркестері сөйлемнің құрамына еніп, ой, пікір тұтастығын құрастыруға қатысады. Сөйтіп, сөз тіркесі дегеніміз сөз бен сөйлемнің арақатынасынан шығатын басты синтаксистік единицаның бірі деп есептеледі, оның жұмсалу заңдылықтарын айқындаудан бұрын синтаксистік басқа единицалардан өзіндік ерекшеліктері, жақын ұқсастықтары болады. Ұласқан бөлшектері қаншама өзара тығыз байланыста болатындықтан, ол бөлшектер бірінің қызметін басқа біреуі де (кейде, орайы келгенде) атқаруы мүмкін емес пе? Көркем əдебиетте – Түн. Мидай дала. Қараңғы түн. Келді ме? Келмеді – сияқты сөздер мен сөз тіркестері сөйлем қызметінде жұмсалады.
559 Қазіргі қазақ тілі Соған қарап сөзді, сөз тіркесін сөйлемнен айырып танудың керегі жоқ деуге бола ма? Соны дəл солай айтпаса да, тіл білімінің көрнекті ғалымдары олардың арасына «сына қағып», екі айырып тастау керек екенін уағыздады. Жоғарыда (§2) айтқанымыздай, сөз тіркесінің сыр-сипаты жа- йында ғалымдардың көзқарастары əр алуан. Дұрысына көз жеткізу үшін сөз тіркесінің сөйлемнен (§3), сөзден (§9) айырмашылықтары неде екенін білу керек. Егер сөйлем қарым-қатынас жасаудың, адам ойын білдірудің негізгі формасы болса, сөз жəне сөз тіркесі – сөйлем құраудың материалдары. Өзара тығыз байланыстағы бұл үш грамматикалық категорияның əрқайсысына тəн өзіндік айырмашылықтары бо- лумен қатар олардың бастары түйісетін де орындары болатыны белгілі. Қалайда күрделі сөздерді жəне басқа түйдекті тіркестерді сөз тіркесі деп шатастырмау керек, жеке сөз тіркестері де сөйлем қызметінде жұмсалса, олар – сөз тіркестеріне тəн қасиеттерінен айырылып қалады деп түсінбеу керек. §10. Сөз, сөйлем жəне сөз тіркесі Сөз тіркесі кемінде толық мағыналы екі сөзден сөйлем құрамында жасалатындықтан, бұлардың ерекшеліктерін білу ке- рек. Сөз тіркесін сөйлемнен айырып тану керек пе? деген проблема көп ғалымдарға түрліше ой салған болатын. Көптеген ғалымдар, В.Виноградов бас болып, сөз тіркесін номинативті, сөйлемді – предикативті деп танитын болды. Осылай сөз тіркесін «номинатив» деп тану оны «сөз» дегенмен бірдей деп санауға саятындықтан, оған басқаша анықтама, сипаттама берушілер бол- ды. Мысалы, Н.А .Баскаков екі синтаксистік единицаны (сөйлем мен сөз тіркесі) қарама-қарсы екі түрлі ойлау процесінің тілдегі көрінісі деп табады: абстракциялау, конкреттеу [9]. Солардың бəрі – өзара тығыз байланыста, бірінсіз-бірі бола бермейтін екі түрлі синтаксистік тұтастықты екі бөліп оқшаулауға лайықтанған сипаттамалар. Алдымен сөз тіркестерін түгелдей номинативті деп қарау дұ- рыс емес. Ондай сөз тіркестері тек олардың жұмсалу орайында
560 Қазіргі қазақ тілі атқаратын қызметі тұрғысынан номинативті (атауыш) деп тануға болатындары бар. Мысалы, сөз тіркестері құрылымында пай- да болған терминдік тұрақты атаулар (қант қызылшасы, қызыл бұрыш, теміржол, мал дəрігері, су қоймасы, қол басы, су диірмен, т.б.) . Осындай ауыс мағыналы сөз тіркестерінен біріккен, кіріккен күрделі сөздердің жасалуы олардың екінші рет атауыш (вторич- ная номинация) дəрежесіне көтерілуі болмақ. Мысалы: атқұлақ, қараторғай, тасбақа, балықкөз, өнеркəсіп, қолөнер, кəсіподақ, қайнаға, ашудас, белбеу, бүгін, бүрсігүні. Сөз тіркесіне, сөйлемге материалдық негіз болатын – сөз . Сөз тіл білімінде лексикология мен семасиологияның зертте- лу объектісі болуымен қатар, грамматикада да əртүрлі ыңғайда қарастырылады. Сөздердің құрамы, тұлғасы, жасалу жолдары, олардың грамматикалық мағыналы топтары морфологияды, ал сөздің сөз тіркесінің сыңары болуы, сөйлем мүшесі, кейде сөйлем қызметтерінде жұмсалуы синтаксисте қаралады. Сондай-ақ тіркескен сөз топтары да əртүрлі ыңғайда қарастырылады. Сөз, негізінде, дараланған ұғымды, лексика-грамматикалық мағынаны білдіреді. Олар мағыналық үйлесімділігіне қарай тілдің синтаксистік ережелері негізінде əр алуан лексикалық жəне синтаксистік топ құрау арқылы сөйлем ішінде айтыла- ды. Қарым-қатынас жасау үшін ойды айтудың негізгі фор- масы сөйлем болса, сөзді сөйлем құрауды материалы деп білеміз. Сондықтан «Ас – адамның арқауы» дегендей, сөз – ой құраудың арқауы. Сөздер қажеттіктен өзара тіркеседі, тіркесу арқылы сөйлемге енеді. Осыдан келіп сөздердің өзара тіркесе алу қабілеттілігі олардың ең басты грамматикалық қасиеттерінің бірі болып есептеледі. Сөздердің өзара тіркесу қабілеттілігі əрбір грамматикалық топтағы сөздердің мағыналық жəне грамматикалық ерекшелікте- ріне негізделеді. Оның үстіне тіркескен сөздер тобының сапасы əр уақытта бір түрлі болмайды, əр алуан болады. Мысалы, екі, кейде одан да көп сөздер тіркесіп бір лексикалық түйдек жасалады (ақ қайың, боз торғай, кетіп бара жатыр), кейде екі не одан да көп сөз тіркесіп, синтаксистік тізбек жасалады (қарлы тау, желсіз түн, жыл сайын көріну, соған бола келу). Лексикалық жəне басқа түйдекті тіркестер «сөз тіркесі» де- ген категорияға жатпайды. Лексика-грамматикалық мағыналары
561 Қазіргі қазақ тілі айқын сөздердің біріне-бірі сабақтаса бағынып барып жасалған синтаксистік тобы ғана сөз тіркесі деп есептеледі. Өзара тіркескен сөздердің синтаксистік тобын сөз тіркесі деп тану үшін оның мынадай белгілеріне қарау керек: 1) сөз тіркесінің құрамында кемінде толық мағыналы екі сөз болады; 2) ол сөздердің бірі екіншісімен сабақтаса, мағыналық жəне синтаксистік байланыста айтылады, олар салаласа байланыспай- ды, тек сабақтаса байланысады; 3) тіркескен сөздер анықтауыштық, толықтауыштық, пысық- тауыштық қатынаста жұмсалады. Осындай синтаксистік қатынас тек толық мағыналы сөздердің сабақтаса байланысуы нəтижесінде пайда болады. Басқаша айт- қанда, лексика-грамматикалық дербестігі бар сөздерден басыңқы бағыныңқылы сөз тіркесі жасалғанда, ол сөздердің бұрынғы мағыналары өзгеріліп, жаңа лексикалық мағына пайда болмайды, мүшелік қарым-қатынасты білдіретін қосымша грамматикалық (мысалы, анықтауыштық, пысықтауыштық не болмаса шақтық, мекендік, меншіктілік, т.б.) мағына пайда болады. Мысалы, кең өріс деген сөз тіркесіндегі кең сөзінің кеңістік са- паны білдіруі – оның лексикалық мағынасы, оның сын есім екен- дігі – грамматикалық мағынасы. Өріс сөзінің лексикалық мағы- насы – мал жайылымын білдіруі, грамматикалық мағынасы – зат есім екендігі. Осы сын есім мен зат есімнің тіркесуі нəтижесінде жаңа грамматикалық мағына пайда болған. Ол – анықтауыштық. Сөйтіп, синтаксистік қарым- қатынасты білдіру үшін кемінде толық мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысқан тобын сөз тіркесі дейміз. Сөз тіркесі – сөйлем құраудың шоғырланған материалды бөлшегі. Олар сөйлемнен тыс тұрғанда жалаң сөздің жайылмаға айналуы сияқты да, сөйлем ішінде сөздер тізбегінің ұласқан бір бунағы тəрізді. Соңғы жағдайда сөздің жайылмаға айналу қасиеті күңгірттеніп, сөз тіркестерінің қосақталу жігі білінбей, тұтасып та кетеді. Өйткені бір сөз тіркесінің бір сыңары, екінші сөз тіркесінің басқа бір сыңарымен тіркесіп, кейде кірігіп, ұласып, ұштасып жа- тады. Мысалы, кең үй, екі терезе, үлкен терезе, үйдің терезесі дегендер – жалаң сөздердің жайылмаға айналу ыңғайындағы сөз
562 Қазіргі қазақ тілі тіркестері. Осыларды сөйлем ішінде айтсақ, сөз тіркестерінің ол жігі онша айқын байқалмайды. Кең үйдің үлкен терезесі ашық тұр. Бұл сөйлемдегі жоғарыда көрсетілген сөз тіркестері өзара былай ұласқан: кең үйдің терезесі, үлкен екі терезесі. §11. Сөз тіркесінің құрамы Сөздер синтаксистік топ құрап, сөз тіркесі болғанда, олардың құрамына əр алуан сөздер енеді. Ол сөздер түрлі-түрлі морфо- логиялық тұлғаларда айтылады. Сөздердің тұлғалары, лексика- грамматикалық мағыналары тіркескен сөздердің қарым-қатына- сына үйлесімді айтылады. Кез келген сөзді бірімен-бірін тіркестіре салуға болмайды. Өзара мағыналық байланыста айтыла алатын сөздер ғана синтаксистік байланыста, белгілі сөз тіркесінің құрамында айты- лады. Мысалы, үркек сөзі жанды заттың сынын білдіреді. Онда да оны үркек ат, үркек бие, үркек тайлақ дегендей сөз тіркестерінің құрамында айтуға болады, ал үркек ешкі, үркек бала, үркек тауық деу ерсі болады. Сол сияқты жуас сөзін ат, түйе, бала сөздерімен тіркестіруге болады, ал оны тауық, ағаш сөздерімен тіркестіруге болмайды. Болмайтын себебі – бұлар өзара мағыналық байла- ныста айтылмайды, сондықтан олар тіркесу қабілеті жоқ сөздер деп есептеледі. Сөйтіп сөз тіркесінің құрамына өзара тіркесу қабілеті бар сөздер енеді. Əдебиетте «терең бұрғы», «аналық қой», «жеңіліс тапты» сияқты тіркестер кездеседі. Мұндайлар теңін таппай тіркескен сөздер болғандықтан, стильдік қате деп есептеледі. Көркем əдебиетте бір затқа тəн қасиетті басқа затқа телу арқылы сөз кестелерін əшекейлеуге болады. Ондайда əдеттегіден өзгеше ойнақы тіркестер жасалады. Мысалы, Асау Терек долда- нып, буырқанып ... дегенде, Асау сөзін Терек (өзеннің аты) сөзімен тіркестіріп айту арқылы ол өзеннің көркем бейнесін көз алдыңа елестете қояды. Сондай-ақ асау сөзі əдетте, асау ат, асау тай, асау бие сияқты құрамда кездесетін болса, көркем əдебиетте асау жел (Иса) асау қиял (Жамбыл), асау жүрек (Абай), тəтті қылықтарын, есалаң тілек (М.Жұмабаев) тəрізді тіркестер де кездеседі. Мұндайды метафоралық тіркес дейміз.
563 Қазіргі қазақ тілі Енді бірқатар тіркестер құрамы мызғымайтын берік бола- ды, мысалы: жүрек шайылу, қаһарын төгу, үмітін үзу, жүрек жұту, тілін тигізу, көз қырын салу. Бұлардың құрамын өзгертіп айтуға болмайды. Мұндай тіркестерді тұрақты тіркестер дейміз. Тұрақты тіркестер өз алдына сөз тіркесі болмайды, тек сөз тіркесінің бір сыңары бола алады. Мысалы; Балаларға көз қырын сала жүр, əкеңе тілің тимесін! Еркін бала атаулы дегенге, ішкен асын жерге қойғанда, Сəрсенбай неге бала деп аузын ашпайды? (М.Жұмабаев). Сөз тіркесінің құрамы көбінесе еркін болады. Мысалы, жақсы, биік, ақылды сөзін толып жатқан зат есімдермен тіркестіре беруге болады: жақсы кісі, жақсы бала, жақсы жайлау, жақсы ырым, жақсы ниет, биік тау, биік жер, биік ағаш, биік там, ақылды бала, ақылды оқушы, ақылды қыз. Осылардай құрамын өзгертіп айтуға болатын тіркестерді еркін тіркес дейміз. Өзара тіркескен сөздің бірі екіншісін өзіне бағындырып тұрады. Сондықтан сөз тіркестері сабақтаса байланысқан екі сыңардан құралады: бірі – сөз тіркесінің ұйытқы бөлігі, сөз тіркесінің грамматикалық діңгегі – оның басыңқы сыңары, екіншісі – оның бағыныңқы сыңары. Мысалы, Жаздың көркі енеді жыл құсымен (Абай) дегенде екі сөз тіркесі бар: 1) Жаздың (бағыныңқы) көркі (басыңқы); 2) Жыл құсымен (бағыныңқы) енеді (басыңқы). Сөз тіркесі толық мағыналы екі сөзден құралған жай болады немесе оның бір сыңары, кейде екеуі де сөз тіркесінің құрамында күрделі сөздер жəне басқа түйдекті тіркестер (§12) болады. Мыса- лы: Жай сөз тіркестері Күрделі сөз тіркестері көлге қонады көл жағалай қонады тез енеді жыл құсымен енеді асықпай сөйле асықпай сөйлеп ала жөнелді жаңа домбыра қос шекті домбыра
564 Қазіргі қазақ тілі §12. Сөз тіркестерінің құрылысы Сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің морфологиялық құры- лысы əртүрлі болады: бағыныңқы сөз басыңқы сөздің мағынасына кейде үйлесе тұлғаланады, кейде грамматикалық формасына сəйкес тұлғаланады. Мысалы, кітап оқып, хат жаздық деген екі сөз тіркесінің бағыныңқы сөздері (кітап, хат) жалғаусыз табыс септігінде айтылған. Солай болуға басыңқы сөздердің қосымшалары -п (оқып), -дық (жаздық) себепкер болып тұр. Сондай-ақ кітапханадан шықтым, трамвайға міндік деген сөз тіркестеріндегі бағыныңқы сөздер барыс, шығыс жалғауларында айтылған. Сол жалғауларды керек етіп тұрған – басыңқы сөздердің қосымшалары -тым, -дік (міндік) емес, шық, мін етістіктерінің лексикалық мағыналары. Сонымен қатар жоғарғы етістіктердің түрлі тұлғада айтылуына бағыныңқы сөздердің өзара əсері жоқ. Сондықтан кітап оқы, кітап оқып, кітап оқыған, кітап оқыдық дегендей басыңқы сөздерді түрлендіргенімен, олардың бағыныңқылары бұрынғы қалпын өзгертпейді. Солар сияқты: ал- тын білезік, алтын білезіктің, алтын білезікке, алтын білезігім деп есім сөз тіркесінің де басыңқы сыңарын түрлендіріп айтуға бо- лады, бірақ оған қарап бағыныңқы сөз (алтын), орыс тіліндегідей (золотой браслет, золотого браслета, золотому браслету ...) грамматикалық тұлғасын өзгертпейді. Қазақ тілінде енді бірқатар сөз тіркестерінің екі сыңары да белгілі морфологиялық тұлғаларда айтылғанда, олар бірімен-бірі байланыста болады. Мысалы, күннің сəулесі, менің түсінгенім де- гендерде сөз тіркестерінің алдыңғы сыңарларының (күннің, менің) ілік септікте айтылуы басыңқы сөздердің тəуелдік жалғауларда (сəулесі, түсінгенім) айтылуымен байланысты жəне керісінше. Сөйлем ішінде сөз тіркестері екі түрлі ыңғайда құралады. 1. Сөз тіркестері тізбектеліп, ондағы сөздер біріне-бірі сатыла- на байланысады. Мысалы, Жолаушы үлкен ағаштың көлеңкесінде жатыр екен дегенде, үлкен сөзі ағаш сөзіне бағынып, бір тіркес – ағаштың сөзі көлеңкесі дегенмен байланысып, екінші тіркес жасаған, ал көлеңкесінде сөзі жатыр екен етістігімен тіркескен. Олардың сол сатылана байланысу жігі былай болады: Үлкен ағаш – – « – тың көлеңкесі – – « – нде жатыр екен.
565 Қазіргі қазақ тілі 2. Кейде сөз тіркестерінің құрамындағы бірнеше бағыныңқылар бір басыңқыға ортақтасып тұрады. Мысалы, Кеше театрға апаммен бардық деген сөйлемде мынадай сөз тіркестері бар. кеше театрға бардық апаммен Сөз тіркестерін құрауда зат есім мен етістіктердің қызметі ерекше. Олар көбіне сөз тіркестерінің басыңқы сыңары болады да, сапалық есімдер (сын есім, сан есім, есімше, сілтеу есімдіктері) мен үстеулер, еліктеуіш сөздер мен көсемшелер көбінесе сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары қызметінде жұмсалады. Сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары қара сөзден құралған сөйлем- дерде басыңқыдан бұрын тұрады, өлеңді сөйлемдерде керісінше орналасуы да мүмкін. §13. Түйдекті тіркестер Сөз тіркестерін дұрыс талдай білу үшін олардан басқа тір- кестердің түр-тұрпаты қалай болатынын жақсы білу керек. Өзара байланыста тұрып, тобымен сөз тіркесінің құрамына енетін тіркестер түйдекті тіркестер болады. Түйдекті тіркестер құрамындағы сөздердің бəрінің не біреуінің лексика-семантикалық дербес мағынасы болмайды. Олардың тір- кесуінен қосымша грамматикалық мағына пайда болмайды. Мы- салы, көз тігеді, жаңа бастады, шапқан сайын деген тіркестер екі-екі сөзден құралған. Олардың құрамындағы жеке сөздердің, бөлек алғанда, белгілі мағыналары бар, бірақ олардың тобын жа- зып, əр сөзді сөйлемнің жеке мүшесі деп қарауға болмайды. Ерлік жолдасының нұрлы жүзіне күлімсіреп көз тігеді. Пеш- тегі отын лаулап жана бастады. Қаракер шапқан сайын үдейді. Бұл сөйлемдердегі көз тігеді – идиомалық тіркес, баянда- уыш, ол күлімсіреп дегенмен бір сөз тіркесінің құрамында ай- тылып тұр: жана бастады – күрделі етістікті тіркес, баян- дауыш, онымен лаулап деген сөз тіркескен, шапқан сайын – күрделі есімді тіркес, ол үдейді етістігімен тіркесіп, пысықтауыш- тық қатынаста айтылған.
566 Қазіргі қазақ тілі Осылардай лексика- грамматикалық топ болып, сөз тіркесінің бір сыңары қызметінде жұмсалатын тір- кесті түйдекті тіркес дейміз. Түйдекті тіркес қалпында айтылатын сөз тобының құрылысы, негізінде, мынандай болады: 1. Күрделі етістіктер тобы. Қазақ тілінде басқа түркі тілдеріндегідей, етістіктердің бірнешеуі топтанып, бір күрделі мүше болатыны белгілі: оқып жатыр, оқып келе жатыр, келе бер, келе беретін болады, көріп отыр, көріп отыра бер. Осылар сияқты, бір түйдекті топ болатын күрделі етістіктердің бірі негізгі, екіншісі (не басқалары) оған көмекші болады да, сол түйдегімен олар сөз тіркесінің бір ғана сыңары болады (Алматы- да оқып жатыр, алыстан көріп отыр). Мұндай түйдекті тіркес құрамындағы етістіктер өзара көсемше, кейде есімше тұлғалар арқылы байланысады. 2. Есім мен көмекші етістіктер тобы. Жұмыс істеу, уəде беру, мақұл көру, қонақ болу, құлақ салу, қол қою, жол жүру сияқты тіркестер де сол түйдегімен бір-бір сөйлем мүшесі қызметінде айтылып, сөз тіркесінің бір-бір сыңары болып тұрады: бізге қонақ болды, айтқанымды мақұл көрді. 3. Қосарлы есімдер тобы. Қосарланып айтылатын бірін- бірі, біріне-бірі, өзімен-өзі, күннен-күнге, жылдан-жылға, қолдан- қолға, табыстан-табысқа сияқты тіркестер де бау-бақша, ыдыс- аяқ, құрт-құмырсқа сияқты қос сөздер де түйдекті тіркес тобына енеді. Мысалдар: «Айтайын, айтпайын» деген екі сөз бірін-бірі жеңе алмай тұрғанда, жер қайысқан топтың алды ауылға кірді (С.Мұқанов). Кəрібай мен Шығанақ біріне-бірі қарап жымыңдасты да кете берді. Шығанақ қыс бойы өзімен-өзі болып шықты ( Ғ.Мұстафин). Ешкі сүйер баласын лағым деп, тастан-тасқа секірген шұнағым деп (Фольклор). Күннен-күнге жұмыс қарқыны үдей түседі. Жылдан-жылға мəдениетіміз дамып келеді. Біз табыстан- табысқа жете бермекпіз. Шығанақ сөзі ауыздан-ауызға, Шығанақ суреті қолдан-қолға кетті (Ғ.Мұстафин). Осы мысалдарда біріне-бірі, өзінен-өзі, күннен-күнге ... тіркестеріндегі сыңарлардың бірі септік жалғаулар арқылы екіншісіне бағынып, сол жұбын жазбай, орталарына басқа сөз
567 Қазіргі қазақ тілі салмай, түйдекті топ болып тұр да, сол түйдегімен күрделі сөз тіркесінің құрамына еніп тұр (табыстан-табысқа жету, қолдан- қолға өту, бір-біріне бағыну, т.б .) . Күрделі есімдер тобы. Бұған енетін сөздердің бірінші сыңары ілік, барыс, шығыс септіктеріндегі есім болып, екінші сыңары осы жалғауларды керек ететін көмекші есімдер бола- ды. Олар да түйдекті тіркес күйінде күрделі сөз тіркесінің бір сыңары болады. Мысалы: Желтоқсанның 30 күні біздің əскерлер Ростовтың тұс-тұсынан тиіп, қаланы алды да, немістер «Мат- вей қорғанына» дейін қашты (Ғ.Мүсірепов). Жануарлар тегіс жанданып, құрт-құмырсқаға дейін тірілді (Ғ.Сланов). Біраздан кейін Асқар есін жинады (С.Мұқанов). Қазіргі Степняк алтын заводының орнында революциядан бұрын кішкене үйлер бола- тын (С.Мұқанов). Шығанақ үш күннен бері əр нəрсемен əуре (Ғ.Мұстафин). Арбаның қасында тұрғандардың кім екенін ол таныды (С.Мұқанов). Шығанақ жұмыс басында болды. Бір ха- бар аяқ астынан дүңк ете қалды (Ғ.Мұстафин). Қала үстіне біздің самолеттер де келіп қалды (Ғ.Мүсірепов). Үшін, сайын, арқылы, жөнінде, туралы, бойынша, түгіл, сияқты (секілді), тəрізді деген демеуліктер де өздерінен бұрын тұрған атау септіктегі сөздермен тұтасып бір түйдек болады: сен үшін1 , Отаным үшін, үй сайын, келген сайын, сен арқылы, тау арқылы, аңшылар туралы, бала сияқты, келген сияқты, сен тəрізді, т .б. Тұрақты тіркестер тобы. Қазақ тілінде, басқа тілдердегідей, бірқатар сөздер тобы тұрақталған тіркес қалпында жұмсалады. Мысалы, Төбеден түскен түнек жаудың үрейін ұшырып, есінен тандырды (Ғ.Мүсірепов). Бұл сөйлемдегі үрейін ұшырып, есінен тандырды деген тіркестер олардағы жеке сөздердің тіке мағынасына сəйкес ұғымда да жұмсалған, сол тобымен өзгеше мағынада да жұмсалған: үрейін ұшыру – қатты қорқыту; есінен тандыру – есін шығару. Бұлардың бір сөзін мол мағынасында, сол тұлғада кез келген басқа сөздермен тіркестіріп айта беруге болмайды ( болса, үрейім қалмады, зəрем ұшты ( қатты 1 Үшін кейде ілік септігіндегі сөзбен де байланысты болады: Сен үшін бақша бұлбұлы Сайдың сұлу гүлдерін Сұлу əнін сайраған Сенің үшін жинаған (Жамбыл).
568 Қазіргі қазақ тілі қорықтым), есімнен шығып кетті (ұмытып кеттім) сияқты өте аз кездеседі). Бұл жағынан ол тіркестерді құс ұшты, балапан ұшты, қарға ұшты, самолет ұшты; үйден шықты, кеңседен шықты, есіктен шықты деген сөз тіркестерімен тең қоюға болмайды: алдыңғылар тұрақты тіркестер де, соңғылар – еркін тіркестер. Тұрақты тіркестердің құрамындағы жеке сөздер де сөйлемнің бөлек-бөлек мүшесі болмай, сол тобымен бір-ақ мүшенің қызметін атқарып тұрады. Сонымен қатар олар сөз тіркесінің бір-бір сыңары болып, күрделі сөз тіркестерінің де құрамында айтылады: жаудың үрейін ұшырды, айтқаның есімнен шығып кетті. Тұрақты тіркестер екі түрлі болады: а) Идиомалық тіркестер: қабырғаңмен кеңес ( ой- лан), қой аузынан шөп алмайтын (жуас), салы суға кетіп отыр (көңілсізденіп отыр), тісін қайрап жүр (өшігіп жүр), тіс қаққан (ысылған), сиыр құйымшаққа салу (бір нəрсені созып кету), іші күю (қызғаншақтық ету), қас пен көздің арасында (лезде), беті бері қарады (айыға бастады). Идиомалық топтағы сөздердің байланысы берік болады, олардың тұтас топ болып тұрғандағы беретін мағынасы жеке тұрғандағы мағыналарына қатысты болмай, мүлде бөтен мағынаны білдіреді. ə) Фразалық тіркестер. Тұрақты тіркестердің бірқатарының мағынасы оларға қатысып тұрған сөздердің бірі болмаса, бірінің лексикалық мағынасымен байланысты болады. Ондай тұрақты тіркестер фразалық тіркес болады: таяқ жеу (соғылу), бас көтеру (қарсылық ету), жаны ашу (аяу), үрейін ұшыру (қатты қорқыту), есіне салу (ұмытқанын қайта айту), есінен шығу (ұмыту), көзі жету (нану), көңіліне келу (өкпелеу), түймедейді түйедей ету (асыра үлкейту), қолым тимейді (уақытым жоқ), т.б . Тұрақты тіркестегі сөздердің өзара байланысу амалдары мен синтаксистік байланыс формалары қазақ тілінің осы күнгі грамматикалық нормаларынан алшақ кетпейді. Бірақ олардың синтаксистік құрылысы «сіресіп, қатып қалған болады да, қызметі мен мағынасы мүлде өзгеріп кеткен болады» [10]. Фразалық тұрақты тіркестердің бірқатары ( мысалы, тіс қаққан, жіпсіз байлау, таяқ жеу, жаны ашу) сол құрылысы мызғымайтын, мағыналық тұтастығы берік сөздерден құралса, бірқатары кей- де тұрақты, кейде еркін тізбек ретінде айтылатын сөздерден де
569 Қазіргі қазақ тілі құралады. Мысалы, тісін қайрау – біреуге қаһарын тігу жəне тура мағынасы (мысалы: Ол ұйықтап жатып тісін қайрайды); қолына алу – бірдеңені істеуге кірісу (мысалы, Қағазды қолына алды); тісі қышу – бірдеңені айтуға құмарту (мысалы: Оның тілі қышып отыр) жəне тура мағынасы (соңғылар тура мағынада жұмсалған жағдайда тұрақты тіркес есебінде қаралмай, еркін тіркес есебінде қаралуға тиіс). Фразалық тұрақты тіркестің құрамы құбылып, өзгеріле бермейді. Бірақ бір сөз əртүрлі фразалық тіркестің құрамында келе беруі мүмкін. Мысалы: күлкі болу, ұят болу, алаң болу, мəз болу, тісін қайрау, тісін қадау, тісін батыру. §14. Сөздердің тіркесу тəсілдері мен байланысу формалары Сөздер грамматиканың қарамағына түсіп, синтаксистік қызмет атқару үшін өзара берік байланыста болуы керек. Мыса- лы: мен, жазба, өлең, ермек дегендер – бытыраңқы сөздер. Бұл сөздер біршама аяқталған ойды білдіретіндей сөйлем құрамына енгенде: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін ... (Абай) дегендей синтаксистік байланысқа еніп, өзара тіркесіп тұруға тиіс. Сонда мен деген сөз жазбаймын деген сөзбен байланысып, екінші тіркес болады, ермек үшін деген сөздер жазбаймын деген сөзбен байла- нысып, үшінші тіркес жасалады. Сөздер осылай өзара тіркесіп барып біртұтас сөйлем болғанда, олар əр алуан синтаксистік тəсілдер арқылы байланысады. Сөз бен сөзді байланыстыруға дəнекер болатын синтаксистік тəсілдер, негізінде мыналар: 1. Жалғаулар (көптік, жіктік, тəуелдік, септік). Мысалы, жастардың міндеті деген сөз тіркесіндегі екі сөздің алдыңғысы ілік жалғауда, соңғысы тəуелдік жалғауда айтылу арқылы байланысқан. 2 . Шылаулар (демеуліктер, жалғаулықтар). Отаным үшін аттанам, көрген сайын сұрайды дегендер шылаулар арқылы байланысқан. 3 . Интонация. Бұл – кітап. Жақып – бригадир – интонация арқылы байланысқан. Сөз тіркесіндегі сөздердің қосымшалар арқылы байланысуы – синтетикалық байланыс, қосымшаларсыз, орын тəртібі, ин- тонация, шылаулар арқылы байланысуы аналитикалық бай- ланыс болады.
570 Қазіргі қазақ тілі Сөздердің өзара байланысу тəсілдері негізінде қалыптасқан синтаксистік байланыс жүйесін сөздердің байланысу формалары дейміз. Қазақ тіліндегі сөздердің синтаксистік байланысу формалары мыналар: 1) қиысу, 2) матасу, 3) меңгеру, 4) қабысу, 5) жанасу. Қиысу – синтаксистік байланыстың көп қолданылатын бір түрі. Қиысу да сөйлемдегі бағыныңқы мүше (баяндауыш) басыңқы мүшенің (бастауыштың) грамматикалық мағынасына қарай тұл- ғаланады. Мысалы, Мен көрдім ұзын қайың құлағанын (Абай) деген сөйлемде мен көрдім – қиыса байланысқан сөздер. Онда мен деген бастауыштың І жақтық грамматикалық мағынасымен үйлесіп, көрдім деген баяндауыш та бірінші жақтық жіктік жалғауда айтылған. Сіздер талапты жеткіншексіздер дегенде, баяндауыш сіздер деген бастауыштың ІІ жақтың грамматикалық мағынасына жəне -дер деген грамматикалық тұлғасына қарай дəл сондай жалғауларда айтылып, қиысып тұр. Матасу – сөз тіркесінің құрамындағы бағыныңқы сөздің басыңқыға жəне басыңқының бағыныңқыға қарай тұлғаланып бай- ланысуы. Осылайша бірімен-бірі қарама-қарсы, матаса байланыса- тын сөздердің бірі ілік жалғауда, екіншісі тəуелдік жалғауда айты- лады. Мысалы: ағаштың бұтағы, сенің кітабың, колхозшылардың табысы. Меңгеру – сөз тіркесіндегі бағыныңқы сөздің басыңқымен мағыналық үйлесімі негізінде септік жалғауларының (іліктен басқа) бірінде тұрып байланысуы; меңгерілетін сөз барыс, та- быс, жатыс, шығыс, көмектес жалғауларының бірінде тұрады да, меңгеретін сөз етістік, есім не сол екеуінің ортақтасқан тобы бо- лады. Осыған қарап, меңгеруді үшке бөлеміз: етістікті меңгеру (терезені ашты, жайлауға шықты, қалтасынан алды, жолда жатты, түнімен жүрді), есімді меңгеру (қойдан жуас, оқуға ықыласты, қалада көп), ортақ меңгеру (айтуға тілім жетпейді, сөзін мақұл көрдік, жұртқа күлкі болғанмен, маған күлкі емес). Қабысу – сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарының басыңқымен жалғаусыз, қатар тұру арқылы байланысуы. Қабыса байланыса- тын сөздердің көпшілігі тұрған орындарын өзгертпейді, жұбын жазбайды. Ал бірқатар қабыса байланысатын сөздер сөйлемдегі орнын өзгертіп, өздері бағындыратын сөздерінен қашықтап та тұрады. Ондай алшақ байланыс жанасуға жатады.
571 Қазіргі қазақ тілі III. СӨЗ ТІРКЕСІНІҢ ТҮРЛЕРІ §15. СӨЗ ТІРКЕСТЕРІН ТОПТАСТЫРУ ТУРАЛЫ Сөз тіркесін бірқатар авторлар сөйлем мүшелерінің ыңғайында топтастырады. Олар тіркескен сөздердің өзара мүшелік қарым- қатынасына қарай сөз тіркесін « предикативті» жəне « предикативті емес» деп екіге бөледі де, соңғыдан « толықтауыштық», «анықтауыштық» жəне « пысықтауыштық» сөз тіркестерін шығарады. Сөз тіркестерін бұлай топтастыру сөздердің өзара тіркесу ерекшеліктеріне негізделмей, сөйлем мүшелерінің өзара тіркесіне негізделгендік болады. Егер сөз тіркесін «сөйлем мүшелерінің тіркесі» деп есептейтін болсақ, оның синтаксистік ерекшеліктерін елемей, сөйлемнің синтаксисімен араластырып жіберген боламыз. Бұл – бір. Екіншіден, сөз тіркесі мен сөйлем мүшелерінің жігі бір емес. Мысалы, кен байлығы, мал дəрігері, қос ауыз, қазан пышақ сияқты сөз тіркестері сөйлемде бір-бір күрделі мүше болып жұмсалуы мүмкін. Сондықтан ол топтасты- руды қанағаттанарлық деп айтуға болмайды. Рас, сөздер бірімен- бірі тіркесу нəтижесінде белгілі мүшелік қатынаста айтылады. Бұл жағдай сөз тіркесінің синтаксисінде еленеді. Бірақ оның ең басты белгісі бола алмайды. Сөз тіркесін топтастыру принциптерін дұрыс белгілеу үшін сөз тіркесінің объектілері нелер екенін, оның басты-басты ерекшеліктерінің нелер екенін ашу керек. Сөз тіркесі синтаксисінің негізгі объектісі – сөйлем мүшесі емес, сөз. Сөздердің өзара тіркесуі – олардың грамматикалық қасиетінің бірі. Сөз тіркесінің синтаксисінде жеке сөз таптарының, олардың бөлшектерінің басқа сөздермен жəне өзара тіркесу қабілеті, байланысу тəсілдері, сөздердің сөз тіркесін құраудағы қызметі қарастырылады. Осыларды негізге ала отырып, сөз тіркесінің құрамын, олардың мағыналарын, синтаксистік қызметтерін сөз ететін боламыз. Қазақ тілінің сөз
572 Қазіргі қазақ тілі тіркестері сөздердің өзара тіркесу қабілетіне қарай есімді жəне етістікті болып үлкен екі салаға бөлінеді. Есімді сөз тіркестерінде есім сөздердің бірі басыңқы болады да, етістікті сөз тіркесінде етістік басыңқы сыңар болады. Есімді, етістікті сөз тіркестерінің құрамдары, түр-тұрпаты əртүрлі болады. Сөз тіркесіндегі сөздердің басын құрайтын жəне сөз тіркестерін жіктеуге критерий болатын синтаксистік тірек – сөздердің байланысу формалары. Есімді жəне етістікті сөз тіркестері сол байланысу формаларына қарай өзара бірнеше топқа бөлінеді. Сөз тіркесі Есімді Етістікті Байланысу формасына қарай Қабыса байланысқан с.т. Матаса байланысқан с.т. Меңгеріле байланысқан с.т. Қабыса байланысқан с.т. Меңгеріле байланысқан с.т. Есімді сөз тіркестері қабыса, матаса жəне меңгеріле байланы- сады (соңғысы шылаулы жəне шылаусыз болуы мүмкін). Жинақтап айтқанда, сөз тіркесінің басты-басты түрлерінің схе- масы болады. Соңғылар қандай сөздерден құралатынына қарай өзара тағы бірнеше топқа бөлінеді – оларды бұдан былайғы талдаулардан көруге болады.
573 Қазіргі қазақ тілі ЕСІМДІ ТІРКЕСТЕР. ҚАБЫСА БАЙЛАНЫСҚАН СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ §16. Жалпы түсінік Есімді сөз тіркесінің басыңқы сөзі əр уақытта есім, көбінесе зат есім болады. Зат есімдердің жетегінде айтылып, оларға бағынып тұратын сөздер де көбінесе есімдер болады. Ол есімдердің бірқатары сөз тіркесін құрау үшін өзара қабыса байланысады. Қабысу – түркі тілдерінде, оның бірі – қазақ тілінде өте жиі қолданылатын синтаксистік байланыс формасының бірі. Егер қиысуда бағыныңқы сөз басыңқы сөздің грамматикалық мағынасына, тұлғасына бейімделе, тиісті жалғауда айтылып бай- ланысса, қабыса байланысқан сөз тіркестері ешқандай жалғаусыз, тек қатар тұру арқылы тіркеседі. Сонда қабыса байланысқан сөз тіркестерінің грамматикалық байланыс амалы сөздердің орын тəртібі болады. Қабыса байланысатын есімді сөз тіркестерінің құрамы əртүр- лі: оның бағыныңқы сыңары зат есім, сын есім, сан есім, сілтеу есімдігі, үстеу болады да, басыңқы сыңары зат есім, субстантив- тенген сын, сан есімдер болады. Зат есіммен қабыса тіркесетін сөздер: Зат есім: темір күрек, ағаш қасық, жел диірмен, түлкі тымақ, етікші бала, жұмысшы адам, т.б . Сын есім: биік тау, қызық өмір, жақсы талап, малды кол- хоз, қоралы қой, таудай талап, еріншек бала, жастық шақ, т.б . Сан есім: үш кісі, мың қой, оныншы мектеп, бесінші брига- да, т.б. Сілтеу есімдігі: бұл қала, мына бала, ана кісі, осы ауыл, сол табыс, ол сұрақ, т.б . Есімше: айтылған сөз, келген кісі, айтар сөзім, келетін бала, айтатын сөз, т.б. Үстеу: бүгін бала, ертең оқытушы, т.б . Бұларды жинақтап, зат есіммен қабыса байланысатын сөздерді схемамен көрсетсек, былай болар еді:
574 Қазіргі қазақ тілі сын есім мен жібек орамал зат есім мен зат есім: балалы үй сан есім мен алтыншы арба есімше мен орындалған арман зат есім: сілтеу есімдігі мен мына қала Үстеу – бүгін студент. Бұл есімдердің өзара тіркесу қабілеттілігі бірдей емес. Олардың сөз тіркесін құрау ерекшеліктерін білу үшін, əр түрін бөлек қарайық. §17. Қабыса байланысқан зат есімдерден құралған тіркестер Қабыса байланысқан сөз тіркестерінің жиі қолданылатын бір түрі – зат есімнен құралатын тіркестер. Екі зат есім атау күйінде қабыса байланысып, сөз тіркесін құрау үшін алдыңғысы соңғысына бағынып тұрады: Мысалы; алтын сағат, ағаш қасық, жібек ора- мал, т.б . Осындай тіркесте айтылатын зат есімдер тобы көбінесе екі сөзден құралады. Олар өзара əр уақытта анықтауыштық қатынаста айтылады: қамыс құлақ, бота тірсек, темір қанат, шаруа қол, т.б. Бұлар өзара анықтауыштық қатынаста айтылғанмен, сөйлемде бір заттың күрделі анықтауыштары, кейде басқа да мүше болып жұмсалады: қамыс құлақ ат, бота тірсек ат, темір қанат бала- пан, шаруа қол бала. Осы тəрізді қатар тұру арқылы бірін-бірі анықтайтын зат есімдер тобы екі, үш, кейде төрт сөзден құралуы мүмкін: қой көз бала, шоқпар басты темір таяқ. Зат есімдерден құралған сөз тіркестері тұрған орнына қа- рай байланысқанда, əрбір анықтауыштық тіркес фразалық (рит- микалық) бір екпінге бағынып, екпін жағынан бір түйдек болып тұрады. Зат есімдерден құралған анықтауыштық топқа кез келген зат есім ене бермейді. Оған өзара байланыста бола алатын сөздер тілде солай айтылып, үйреншікті болған сөздер ғана енеді. Сондықтан тас жол, темір күрек, қол сағат деп айтылады да, керісінше,
575 Қазіргі қазақ тілі жол тас, күрек темір, сағат қол деп айтылмайды (орын ауы- стырып айтуға болатын жағдайда басқа мағыналық қатынасты білдіреді, мысалы: қалта сағат – сағат қалта, көз əйнек, əйнек көз). Зат есімдерден болған сөз тіркесінің бірінші сыңары көбіне- се конкретті, материалды заттың аты, кейде солай ұғынылатын басқа есімдер болады. Күш, өнер, өнеге, əрекет, айла, айбат, сес, ұйқы, тəртіп, абырой, кінə, түс, обал сияқты абстракты зат есімдер сол түбір қалпында ол топтың бірінші сыңары болып ай- тылмайды1 . Бірқатар зат есімдер, жоғарыдағыдай, анықтауыштық құрамда жұмсалу үшін ол екеуінің алдында басқа анықтауыштар болуды керек етеді: а) Аяқ жол деп айтылмайды, жалғыз аяқ жол дегенде ғана олар анықтауыштық құрамға енеді. Арқа отын деп жалаң ай- тылмайды, бір арқа отын дегенде оның алдында сан есімнен анықтаушы болса ғана, екі зат есім қатар тұрып тіркесе алады. ə) Сол сияқты, қайнатым шай, үзім нан, асым ет қалпында етістіктің аяғына -ым/-ім жұрнағы жалғанып жасалған зат есім- дер мен басқа зат есімдер сандық анықтауышсыз бір топ құра ал- майды: бір қайнатым шай, бір үзім нан, екі асым ет сияқты құрам- да ғана айтылады. Сонда екі заттың анықтауыштық қатынаста айтылуы олардың алдындағы сан есімдерге байланысты болады. Бұлай болу – барлық затқа бірдей шарт емес. б) Салпаң, қалқан, бұлаң сияқты бейнелеуіш сөздер қатысқан зат есімдер басқа затпен тіркесіп, анықтауыштық құрамда айтыла алады: қалқан – қалқан құлақ бала, салпы – салпы ерін ат, бұлаң – бұлаң құйрық түлкі. в) Бірқатар зат есімдер өзара тіркесу үшін олардың алдында келте, қысқа, биік, ұзын, жұқа, қалың, шолақ, қаба сияқты сын есімдер болады: ұзын құйрық түлкі, биік өкше етік, қаба сақал қарт. г) Бірқатар зат есімдер тек қосарланып (қос сөз болып) ай- тылғанда ғана басқа зат есімдермен тіркесе алады: қора-қора қой, үйір-үйір жылқы, тарам-тарам тамыр, айқыш-айқыш жол, т.б . 1 Сыр мінез, тұтқын қыз, күлім көз, сандырақ сөз сияқтылар бұған жатпайды.
576 Қазіргі қазақ тілі Зат есімдерден құралған сөз тіркестері түрлі-түрлі мағыналық қатынаста жұмсалады. Ол жағдай анықтауыштық топтағы зат- тардың семантикалық өзгешеліктерімен байланысты. Мысалға қамыс қора, қамыс құлақ дегенді алайық. Бұлардың сыртқы құрылысы бірдей. Бірақ мазмұны бірдей емес: қамыс деген зат есім қораның алдында тұрып, қамыстан істелгенін білдірсе, құлақ деген сөздің алдында тұрып, құлақтың қамыстай екенін білдіреді. Соңғының орнына қамыс сырнай десек, мұнда да сырнайдың қамыстан істелгендігін білдіреді. Сол сияқты: тас үй – тастан салынған үй д.м . болса, тас еден – тас төселген еден д.м. тас балға – тасты сындыратын балға д.м. тас көмір – тастай, тас сияқты көмір д.м. күміс сағат – күмістен істелген сағат д.м . айтылса, электр сағат – электр күшімен жүретін сағат д.м. құс төсек – құстың жүнінен жасалған төсек д.м білдіреді. Бұл мысалдарға қарағанда, есімді сөз тіркестерінің мазмұны, бір жағынан, басыңқы сөздің мағынасымен байланысты болса, екінші жағынан, оның анықтауышы болған бағыныңқы сөздің заттық мағынасымен байланысты болады. Зат есімдерден құралған сөз тіркестері мынадай мағыналық қатынаста жұмсалады. 1. Заттың неден, қандай заттан жасалғанын біл- діреді: темір пеш (темірден жасалған пеш), күміс қасық (күміс- тен істелген қасық). Бұған қасқыр ішік (қасқырдың терісінен тігілген ішік), тас жол (тас төселген жол) сияқтылар да енеді. Мысалы: Егер осы айтқаның келсе, мына алтын сағатымды сыйладым саған. Болат тонын сындырып алсаң, немістер де, қоян да бір екен (Ə.Əбішев). Мен ойнамаған ағаш ат қалған жоқ (Ғ.Мүсірепов). Сапар шай ішіп отырған шыны аяғын үшінші рет босатты (Ғ.Сланов). Немістер келіп темір найзамен мені түрткілей бас- тады (Ə.Əбішев). Көргенде күміс кесе, алтын аяқ, Бір сөзді тамағыма қойдым таяп. ( С.Торайғыров)
577 Қазіргі қазақ тілі Алтын орден алғаным, Терең жырдың тиегі. Көрікті Отан алдына Ақын жырын үйеді. (Жамбыл) 2. Салыстыру, теңеу мағынасында жұмсалады: қа- мыс құлақ (ат) –аттың құлағы қамыстай д.м.; пісте мұрын (қыз) – қыздың мұрны пістедей д.м.; жібек жүн – жүні жібектей д.м.; құрыш білек – құрыштай қатты білек д. м. Мысалы: Қаракер қамыс құлағын қайшылап оқта-текте жерден ба- сын алып, төңірекке едірейіп қарап қояды (Ғ.Сланов). Жібек жүнің желкілдеп, жайраңдайсың ақ лақ. Құрыш білек, болат дене, еңбек сүйген бала жаста ( Ə.Сəрсенбаев). Құлаш мойын, кез құлақ бір бедеу ат, денсаулық ер жігіттің сұрағаны (Ғ.Сланов). 3. Бір затты басқа затқа арнау мағынасында қол- данылады. Мысалы: ат қора – ат тұратын қора; мал қора – мал қамауға арналған қора; шай кесе – шай ішуге арналған кесе; кір сабын – кір жууға арналған сабын; қазан пышақ – қазан қыру үшін жұмсалатын пышақ (қырғыш); өкше біз – өкшеге шеге қағу үшін жұмсалатын біз. Арнау мағынасында анықтауыштық тіркес құрамында жұм- салатын сөздердің өзара бірлігі күшті. Əдетте, олар бөлек жазылғанмен, мағыналық, ритмикалық бірлігі жағынан біріккен сөздер тəрізді. Сондықтан олар сөйлемнің бір мүшесі ретінде жұмсалады. Мысалы: Баймырза Қалампырға қараған кезде, Қалам- пырдың қолы өгіздің мүйіз жібіне тиді (С.Мұқанов). 4. Бір зат екінші затты мекеніне қарай анықтай- ды: тау теке, көл бақа, желке тамыр, төс қалта, қалта са- ғат, т.б. Олардың екі түрі бар. а) Сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары жер-су аты болып, ба- сыңқысы заттың сонда өсіп-өнетінін (мекенін) білдіреді: тау ешкі, су жылан, көл бақа, түрікпен кілем, т.б. ə) Қабыса байланысқан топтағы екі сөз де жалпы есім болып, бірі екіншісінің қай жердегі, қай орындағы зат екенін анықтайды: мойын ет, желке тамыр, тамақ без, ауыз үй, тамақ бау, т.б. Бұлар – бір лексикалық бірлікте айтылатын тіркестер. Мысалы: Мұныма біреу қарсылық айта қалса, шеке тамырым көгерген-
578 Қазіргі қазақ тілі ше, өңешім қызарғанша айтыса кетуге де əзірмін (Ғ.Мүсірепов). Мойын еті бөп-бөлек, майда жалды... (Абай). Ол төр бөлменің есігін аздап ашық қалдырған екен. 5. Заттың өлшемдік мағынасын білдіреді: бір қора қой, екі саба қымыз, қап-қап астық, бір асым ет, т.б . Ондай өлшемдік мағынада жұмсалатын тіркестер мынадай құрамда ай- тылады: бір қора қой, бір үйір жылқы, екі полк əскер, бір қазан ет, үш шелек су, бес қап ұн, бір уыс бидай, бес құлаш арқан, мая-мая шөп, тау-тау бидай, саба-саба қымыз, үйір-үйір жылқы, қора- қора қой, бір атым насыбай, бір сауым сүт, т.б. Мысалы: Бір табын сиырды айдалаға айдап тастап, қалаға бара жатсаңыз, көзіңіз шаңырақтай болады екен (Ғ.Мұстафин). Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар (Мақал). Тұтам емшек көк ала сиырлардан шелек-шелек сүт бор-бор сауылып жатыр (Ғ.Мұстафин). 6. Кəсіп, дəрежені білдіреді: а) инженер қыз, шəкірт бала, тракторист Есбол; ə) суретші Əбілхан, жазушы Мұқанов, бас инженер, т.б. 7. Адамның жынысын білдіреді: қыз бала, ұл бала, əйел адам, т.б. 8. Даралау мағынасында жұмсалады: қайың ағаш, алма ағаш, нар түйе, т.б . §18. Сын есімді тіркестер Сын есімді – заттың əртүрлі сындық сапасын білдіретін сөздер. Солай болатындықтан, олар зат есімдерге қатысты бо- лып, зат есімдермен тіркесіп, есімді сөз тіркесінің құрамында өте көп жұмсалады. Сын есімдердің лексикалық мағыналарына жəне синтаксистік қызметіне қарағанда, олар – есімді сөз тіркестерінің арнаулы бағыныңқы сыңары болатын сөздер. Сын есімдер мен зат есімдер қатар тұру арқылы өзара қа- быса байланысқан есімді сөз тіркесі жасалады. Мұндай син- таксистік тіркестердің құрамы əр алуан болатындықтан, олар əртүрлі анықтауыштық қатынаста жұмсалады. Мысалы, анық- тауыштық қатынаста жұмсалатын сын есімдер заттың түсін (ақ қар, боз ат, көк шөп, қызыл гүл), заттың көлемдік сапасын
579 Қазіргі қазақ тілі (тар жол, қысқа жіп, кең сарай, жалпақ тақтай, терең көл, үлкен қайрақ), заттың табиғи күйін (қалың қарағай, салқын жел), адамның, басқа заттың ішкі сырын (жақсы кісі, жаман жолдас, жуас ат, шабан үйрек, сараң əйел), тамақтың дəмін (тəтті тамақ, ащы сорпа, қышқыл жеміс), заттың салмақтық мөлшерін (ауыр жүк, жеңіл чемодан), т.б . білдіреді. Осындай əртүрлі мағынада жұмсалатын сын есімдер кез кел- ген зат есіммен тіркесе бермейді жəне барлық сын есімдердің зат есімдермен тіркесу қабілеті бірдей емес. Мысалы, тілемсек деген сөз адамның ғана сынын білдіреді. Сондықтан оны тілемсек кісі, тілемсек бала, тілемсек шал сияқты құрамда айтуға болады да, тілемсек ат, тілемсек бие деп айтуға болмайды. Сол сияқты асау ат, асау бие, асау тайлақ сияқты құрамда айтуға болады да, асау бала, асау шал, асау тал деп айту ерсі болады. Оның себебі əрбір сын есімнің білдіретін лексикалық мағынасы белгілі затқа (не заттарға) тəн сапа болады. Сондықтан мысалы, қисық сөзін қисайтуға болатын заттардың, асау сөзін көлік малын білдіретін заттардың сапасы деп айтуға болады. Көркем əдебиетте ондай, белгілі ғана заттың сапасын кейде мағыналық үйлесімі кем басқа затқа теліп, сол арқылы сөз тіркесінің мазмұнын көрікті етіп əсірелеуге болады (10-параграф- ты қараңыз). Заттың түсін білдіретін сын есімдерді кез келген сондай түсі бар заттың ұғымын білдіретін сөздермен еркін тіркестіре бе- руге болады. Мысалы, ақ қағаз, ақ қар, ақ гүл, ақ бидай, көк шөп, көк қағаз, көк бояу, көк аспан. Бұл жағынан малдың түсін білдіретін сын есімдердің жұмсалуында үлкен айырмашылық бар: біріншіден, ақ, көк, қара, қызыл, тарғыл, жирен түстерді мал ат- тарымен тіркестіргенде, олардың түсі басқа заттардан ерекше бо- лып ұғынылады, екіншіден, ондай түстердің бəрін бірдей барлық малдың түсі ретінде қолдануға болмайды. Мысалы, ақ қой, ақ ешкі деп айтылады, ал көк түйе деп айтылмайды, қара ат, қара сиыр, қара ешкі, қара нар, қара қой, қызыл ат, қызыл сиыр, қызыл қой деуге болады, ал қызыл түйе, қызыл ешкі деп айтылмайды. Сапалық сын есімдер мен зат есімдер еркін тіркес құрамында айтылғанда, сөз тіркесінің бірінші (бағыныңқы) сыңары түбір қалпын өзгертпейді де, екінші (басыңқы) сөзі түрлі тұлғада айты-
580 Қазіргі қазақ тілі ла береді. Бірақ соңғының жалғаулы болуының бұл сөз тіркесіне ешқандай қатысы болмайды. Сонымен қатар ондағы зат есімнің кейде дербестігі болмай, сын есім күрделі сөз тіркесінің құрамында айтылуы мүмкін. Мысалы: Үлкен үйдің ортасында ... тас шам бар (М.Əуезов). Оның үшкір тұмсық жаңа қара етігі қардан тайғанай берді (С.Мұқанов). Секретарь кең қабырғада жаю- лы тұрған ақ жібек шымылдықтың қасына келді (С.Мұқанов). Ербол мініп келген семіз көк атқа шана жегіп, екі жігіт қатар отырып, желдіріп келеді (М.Əуезов). Бірқатар сын есімнің сындық сапасын күшейту үшін оларға басқа сын есімдер қатысты болып, олар күрделі сөз тіркесінің құрамына енеді: тастай қатты ағаш, сүттей жарық ай, удай ащы дəрі. Қатыстық сындар мен зат есімдерден жасалған сөз тіркестері де əртүрлі мағыналық қатынасты білдіреді. Мұнда туынды сын есімдер қандай сөздерден жасалған болса, сол сөз анықтауыштық сапаның негізі болады: Таусыз, ормансыз дала (С.Мұқанов). Терістіктен ескен бо- лымсыз ғана жел лебі (М.Əуезов). Тоқсандағы Жамбылға толқындатып сөз келді (Жамбыл). Қатыстық сандар зат есімдерден жасалғанда, олармен басқа зат есімдер не сын есімдер тіркесіп, барлығы жиналып, күрделі есім сөз тіркесінің құрамында айтылуы мүмкін: а) Қасқыр ішікті, түлкі тымақты жуандар үй-үйге кіре бас- тады (С.Көбеев). Бидай өңді, үріп ауызға салғандай келін- шек есік алдына шықты (Б.Майлин). ə) Қара торы, өткір көзді жігіт жалғыз келе жатыр (Ғ.Сланов). Ұзын бойлы, талдырмаш денелі жігіт – Асқардың замандасы (С.Мұқанов). Ақ жаулықты келіншектер, үкілі Камшат бөрікті қыздар көрінеді (М.Əуезов). Ақ басты Ала- таудың Жамбылымын (Жамбыл). §19. Сан есімді тіркестер Сан есімдер – зат есімдерге тəн, оларды сан жағынан анықтап тұратын, зат есімнің жетегінде айтылатын, өзінің басыңқылық дербестігі жоқ сөздер. Олардың зат есімдермен тіркесуі арқылы
581 Қазіргі қазақ тілі қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері жасалады. Сан есімдер мен зат есімдердің өзара тіркесу қабілеті ерекше болатындықтан, ондай сөз тіркестері жиі кездеседі жəне олардың құрамы əртүрлі болады. Бірқатар зат есімдер талдап саналатын конкретті заттардың аты болады да, бірқатары абстракт ұғымының аты болады. Осыған орай, сан есімдер барлық зат есіммен бірдей тіркесе алмайды: олар санауға болатын заттардың атын білдіретін сөздермен тіркесе алады да, санауға болмайтын, абстракт ұғымды білдіретін зат есімдермен тіркеспейді. Соңғыға мынандай сөздер жатады: а) балалық, жастық, сұлулық, тазалық, жалқаулық, мырзалық, сезімділік сияқты сапалық зат есімдер; ə) гүрсіл, тарсыл, қарау, жүдеу, жасқану, мінез, қытық сияқты құбылыс, процесс аттарын білдіретін зат есімдер; б) логика, психология, химия, биология, педагогика сияқты ілім жəне ғылым аттарын білдіретін зат есімдер. Сан есім қатысқан сөз тіркесінің сыңарлары бір-бірінің тұлғалануына əсер етпейді. Сан есімдер заттың көптігін біл- діргенмен, басыңқы қызметтегі зат есімдер көптік жалғауда ай- тылмайды. Мысалы, он ешкі, қырық саулық, мың қой, оныншы мектеп, алтыншы бригада. Жинақтау сан есімдерден басқа сан есімдердің бəрі де анық- тауыштық қатынаста санауға, есептеуге болатын заттардың атын білдіретін сөздермен тіркесе береді: есептік сандар заттардың қанша екенін білдірсе, реттік сандар заттың сан ретін, нешінші екенін білдіреді: Класта жиырма төрт оқушы сабаққа қатысуға тиіс (М.Иманжанов). Бөлмеге жаңа екі қонақ келіп кірді (С.Мұқанов). Бірінші тəжірибе пеші қақ жартыдан артық мыс берді (Ғ.Мү - сірепов). Болжалды сандар есімді сөз тіркесінің құрамында заттың сандық сапасының шама мөлшері ретінде көрсетеді. Олжабек үш жүздей жылқыны айдап келеді (Ғ.Мұстафин). Біз болсақ бес-алты қырқаны сыртынан бағып отырмыз (Ғ.Мүсірепов). (Біз) Мына екі-үш қараны бағып-қағып отыр- мыз (Ғ.Мұстафин). Фабрика-завод мектебінде төрт жүзге жуық қазақ баласы оқып жүр (Ғ. Мұстафин). Ол жаққа екі жүзге тар- та жігіт кетіп еді (С. Мұқанов).
582 Қазіргі қазақ тілі Бұл мысалдарда көрсетілген есімді сөз тіркестері күрделі. Сондай күрделі сөз тіркестері сан есім мен туынды сын есімдер тобының зат есімдерге қатысы арқылы да жасалады: екі шекті домбыра, үш сеялкалы агрегат, бес балалы ана. Мысалы: (Олар) 12-13 үйлі Балтабай ауылының ық жағына қонды (С.Мұқанов). Шеген маған үш түрлі өсиет айтты (Ғ. Мүсірепов). Үш бөлмелі үйдің ортасында, диванда, Шығанақ ... жатыр (Ғ.Мұстафин). Сан есімдер уақыт, салмақ, көлем өлшемін білдіретін сөздерге жəне жасар, жастағы сөздеріне қатысты болу арқылы да күрделі есімді сөз тіркесін құрайды: үш күндік жол, алты айлық азық, бес тонна бидай, он километр жер, жүз метр мата, он жасар бала, он алты жастағы қыз. Мысалы: Екі мың пұт кеннен сегіз жүз пұттай қара мыс түсірді. Кейде ұзындығы жарты шақырым, көлденеңі жиырма, тереңдігі бес- алты метрлік шағын көлдер кездеседі (Ғ. Мүсірепов). §20. Есімшелі тіркестер Зат есімдермен қабыса байланысатын сөздердің тағы бір тобы – есімшелер. Есімшелердің зат есімдермен тіркесуі арқылы анық- тауыштық қатынастағы есімді сөз тіркестері жасалады: мыса- лы: орылған егін, жайнаған дала, көгерген шөп, келіскен кісі, ай- тар сөз, түсінетін бала. Мұндай есімді сөз тіркестерінің құрамындағы жиі кездесетін есімшелер -ған, -ген тұлғалылар. Бұларға қарағанда, атын/етін, ар/ер/р тұлғалы есімшелер есім сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары қызметінде аз айтылады. Оның себебі – есімшелердің білдіретін шақтық мағынасында: өткен шақ пен осы шақта жұмсалатын - ған тұлғалы анықтауыштар қимыл процесінің нəтижесін, оның зат есіммен тығыз мағыналық байланысын білдіреді, мысалы: маңыраған қой, боздаған бота, айтқан сөз, құжынаған мал, ұшқан құс, көрген кісі, үйде отырған бала, жерде жатқан таяқ, ауылда жүрген үгітші. Келер шақтық есімше зат есіммен тіркескенде, көбінесе оның болашақта болатын, қосымша сапасы ретінде жұмсалады. Мыса- лы: сауылатын сиыр (салыстыр: сауылған сиыр), жазатын кісі (салыстыр: жазған кісі), орақ оратын жігіт (салыстыр: орақ орған жігіт).
583 Қазіргі қазақ тілі Есімшенің сөз тіркесі құрамындағы анықтауыштық мағына- сын басқа анықтауыштармен салыстырғанда, олардың елеулі айырмашылығы бар екенін көреміз. Мысалы, сын есімнен болған анықтауыштар заттың əр алуан сындық сапасын бір қалыпты күйінде білдірсе, есімшелер заттың қимылдық сапасын про- цесс күйінде білдіреді. Бұл айырмашылықты байқау үшін сын есімдерден жасалған есімшелері бар мысалдар алайық: ақ шаш – ағарған шаш семіз қой – семірген қой Əр жерде қағылған қадалар көрінеді (Ғ.Мүсірепов). Анау көрініп тұрған төскейдің сай-саласы соншалық таныс, жақын (М.Əуезов). Айтатын арызымыз бар. Сөйлейтін жерім жаңа табылды (Ғ.Мұстафин). Əдетте, есімшелердің жетегінде оларға меңгерілетін есімдер болатыны белгілі. Олар көбінесе сол тобымен зат есімге қатысты болып, онымен бірігіп, күрделі сөз тіркесінің құрамында айтыла- ды. Мысалы: Төбеде жүрген жау самолеті сирей бастады. От жағылған екі темір пеш түксиіп тұр (Ғ.Мүсірепов). Шығыс жаққа қараған терезенің алдында қос тізерлеп... Абай отыр (М.Əуезов). Қолдан келер жəрдемді көрсеттік (Ғ.Мүсірепов). Есімшелер зат есімдермен ғана емес, олардың орнына жұм- салатын басқа есімдермен де тіркесуі мүмкін, мысалы: келген біреу, оқыған жас, кербезденген сұлу, тайсалмайтын батыр, ба- тылы бармайтын қорқақ. Үйде сəлде киген біреу отыр (С.Көбеев). Оқуға ынталанбай- тын жас бар ма қазір? (С.Мұқанов). Көреген, сүзеген, қашаған, береген, жатаған тəрізді ертедегі біраз есімшелер бұл күнде есімшелік мағынасын жойып, сын есім қатарында жұмсалады. Мұндай есімшелерден ауысқан сын есімдер де есімді тіркес құрамында айтылады: көреген кісі, сүзеген сиыр, қашаған ат, береген қол, жатаған түйе. §21. Есімдікті тіркестер Есімдіктердің ішінде қабыса байланысқан есімді сөз тіркес- терінің бағыныңқы сыңары болып жиі кездесетіндері – сілтеу, сұрау жəне жинақтау есімдіктері. Олар зат есімдермен тірке-
584 Қазіргі қазақ тілі сіп, анықтауыштық қатынаста жұмсалады. Мысалы, мына кітап, ана тау, осы қала, қай аудан, қандай мəселе? Есімдіктердің сөз тіркесінің құрамындағы анықтауыштық мағыналары бірдей емес. Сілтеу есімдіктері заттың айтушыға алыс- жақындық бағдарын нұсқап, көрсетіп анықтайды: Ол осы өзенді жағалап, Кремль жақтағы сонау көк мүйіске қарай серуендемекші еді-ау! (Ə.Əбішев). Бұл сонау Ұлытаудың қазағы Олжай дейтін (Ə.Əбішев). Бұл сөзді Сырбай қашан да кеудесін кере алған деммен айтып келеді (С.Мұқанов). Сұрау есімдіктері ол құрамда заттың сұраулық сапа қатысын білдіреді, мысалы, қай қала? неше мектеп? қандай адам? қанша саулық? Мұндай құрамда айтылатын сұрау есімдіктері – қабыса бай- ланысатын анықтауыштарға (сын есім, зат есім, сан есім, есімше жəне сілтеу есімдіктерінен болған анықтауыштарға) қойылатын сұрақтар. Басқалары қабыса байланысатын анықтауыштардың орнын баспайтындықтан, мұндай құрамда айтылмайды. Жалпылау есімдіктері есімді сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары қызметінде заттың жинақталған мөлшерлік сапасын біл- діреді. Мысалы: барлық жұрт, күллі ел, бүкіл дүние. §22. Үстеулер қатысқан есімді тіркестер Үстеулер – өздерінің лексикалық мағыналарына лайық заттың қимылдық сапасын айқындайтын сөздер. Солай болатындықтан, олар көбінесе етістіктерге қатысты болып, етістікті сөз тіркесінің құрамында жиі қолданылады (§26). Үстеулердің есім сөздермен тіркесуі де кездейсоқ құбылыс емес. Қазақ тілінің материалдарына қарағанда, мезгіл үстеулері сөйлем ішінде зат есім, сын есім, сан есім жəне бар, жоқ сөздеріне қатысты болып, солармен қабыса байланыста көп ұшырайды. Мысалы: бүгін жайлауда, енді көңілді, қазір жас, биыл жетіде, бүгін бар, ертең жоқ. Бірақ бұлар – мағыналық байланысы берік сөздердің үйлесуі негізінде жасалған бүгін келеді, енді айтады, қазір барамын сияқты сөз тіркестері емес, арқауы бос тіркестер. Олай дейтін
585 Қазіргі қазақ тілі себебіміз – мезгіл үстеулері есімдермен тіркескенде, олардың тіркесу қабілеті айқын болғандықтан жəне мағыналық байланы- сы берік болғандықтан тіркеспейді, сөйлемнің жалпы мазмұны керек ететіндіктен ғана есімді сөйлемнің құрамына еніп, есім баяндауышқа мезгілдік мағына үстеу үшін тіркеседі. Баяндауыш қызметіндегі есімдер мен үстеулердің мезгілдік қатынастағы сөз тіркесін құрауына мысалдар: Қасен қазір колхозшы (С.Көбеев). Біз де бүгін вахтадамыз (Х.Ерғалиев). Ұлпа биыл жетіде (Б.Майлин). Бозбаламын мен де енді (Жамбыл). Елсіздегі қарақшылар түнде бейқам, күндіз сақ (Ғ.Мұстафин). Шыңғыстың осы қара желі өзге уақыттың бəрінде жақсы болғанмен, дəл күздігүні жайсыз-ақ (М.Əуезов). Қазір жалғызбын ғой, көріп отырсыз (Ғ.Мұстафин). Мезгіл үстеулер сөйлемде баяндауыш болған есімдерге ғана қатысты болғандықтан, олар есімдерден қашықтап тұрып, олармен жанаса байланысуы да мүмкін. Мысалы: Қазір ол – мал бригадирі (Ғ.Мұстафин). Сəрсеннің қазір екі немересі бар (С.Көбеев). Бүгін онда біртүрлі сергектік, сезімділік бар (М.Əуезов). Жомартта əлі үн жоқ (Ғ.Мұстафин). МАТАСА БАЙЛАНЫСҚАН СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ §23. Жалпы түсінік Матасу – қиысу, меңгеру сияқты синтаксистік байланыс формаларының бір түрі. Ол изафеттік құрылыстағы сөз тіркесінің байланыс формасы: Омарбектің інісі, ағаштың бұтағы, біздің табысымыз. Бұл сөз тіркестерінің бірінші сыңарлары ілік жалғау- да, екінші сыңарлары тəуелдік жалғауда айтылған. Сөйлемдегі сөздердің осылай байланысуы – қазақ тілінің (бас- қа түркі тілдерінің де) грамматикалық құрылысындағы ерек- шелігінің бірі. Ондай сөз тіркестерінің байланысын бірқатар ав- торлар қиысу (согласование) деп қарайды [11]. Енді бірқатар ав- торлар басқа тілдерде бар байланыс формасының, əйтеуір, біріне жатқызу үшін оны меңгеру (управление) деп таниды [12]. Дұрысында, біздің матасу дегеніміз бен қиысудың кейбір сыртқы ұқсастығы бары рас. Бірақ екеуі бір емес, екеуінің маз- мұны да, сөз тіркесін құраудағы қызметі де екі басқа. Оның
586 Қазіргі қазақ тілі соңғыдан негізгі айырмашылығы мынау: егер меңгеруде өзара байланысқан сөздердің бірі екіншісіне бағынып тұлғаланса, мата- суда бағыныңқы сөз бағынатын сөзге қарай айқас байланысады. Басқаша айтқанда, бір сөздің белгілі жалғауда тұруын керек ететін сөз оның жетегінде айтылып, оған бағынып тұрады. Егер қиысуда бағыныңқы сөз басыңқы сөзге иек артып, соның жақтық, көптік мағынасына лайық белгілі грамматикалық тұлғада айтылса, ма- тасуда, керісінше, басыңқы сөз өзіне бағыныңқы сөздің жақтық мағынасымен үйлесіп, тиісті грамматикалық тұлғада (тəуелді жалғауда) жұмсалады. Сөйте тұрып, бағыныңқы сөздің тиісті жалғауда (ілік септікте) айтылуын керек етеді: Менің қарындасым келді, Сенің қарындасың келді, Оның қарындасы келді. Мұнда тəуелдік жалғаулардағы бастауыштарға баяндауыш- тар бағындырылып, ілік септіктегі сөздер олардың анықтауыш- тары болып тұр. Ортадағы сөздің бірде І жақтық, бірде ІІ жақтық тұлғада айтылуы оның бағыныңқысының ерекшелігіне қарай түрленеді де, олардың қай жақта болуымен байланысты бола- ды. Сонда тəуелдеулі сөздердің өзіне бағыныңқы сөздермен мағыналық байланысы айқасқан байланыс болады. Оны қиысумен салыстыра көрсетсек, былай болар еді. Қиысу Матасу Бастауыш Баяндауыш Анықтауыш Анықталушы Матаса байланысуды қиысудан бөліп қарау қазақ тілінің, со- нымен қатар басқа түркі тілдерінің де сөйлем құрылысында бар синтаксистік ерекшелікті дұрыс тануға себепкер болады. Олай етпей, ағаштың жапырағы, менің жолдасым дегендерді тек жақ- тық, сандық қиысу тұрғысынан қарағанда, ондай топтағы ба- сыңқының тұлғалануы ескеріледі де, ілік жалғауындағы сөздердің тəуелдеулі сөздерге бағыныңқылық ыңғайда жұмсалатыны ескерілмеген болады. Шынында, олардың екі жағын бірдей ескеру керек. Матасу деген терминді қолдануда изафеттік құрылыстағы (Темірбектің інісі тəрізді) тіркестің басқа сөз тіркестерімен де тізбектеліп, жалғаса беретінін ескеру қажет. Мысалы:
587 Қазіргі қазақ тілі Темірбектің інісі; Темірбектің інісінің пальтосы; Темірбектің інісінің пальтосының түймесі; Темірбектің інісінің пальтосының түймесінің жібі; Сенің жолдасың; Сенің жолдасыңның сөзі; Сенің жолдасыңның сөзінің қорытындысы; Сенің жолдасыңның сөзінің қорытындысының жалғасы. Бұл матаса байланысқан бір тізбекті тіркестің (Темірбектің інісі, інісінің пальтосы...) соңғы сөзі одан бұрын тұрған сөзбен матаса байланысып, ол басқа сөздермен тағы сондай синтаксистік байланысқа еніп, 3-4 сатылы топ жасалған. Ол топтың бірінші жəне соңғы сөзінен басқалары да анықталушы əрі анықтауыш бо- лып, бəрі жиналып, өзара матаса байланысқан синтаксистік шумақ құрып тұрады. Изафеттік құрылыстағы сөз тіркестерін өзара матастырып тұратын грамматикалық тұлғалар – ілік, тəуелдік жалғаулары. Сонда ондай сөз тіркестерінің бірінші сыңары ілік жалғауында ай- тылады да, екінші сыңары тəуелдік жалғауда болады. Тек біз, сіз деген екі сын есім ілік жалғауда жұмсалғанда, онымен тіркесетін сөзі жалғаусыз да айтылады: біздің бала, біздің ауыл, сіздің бала, сіздің ауыл. §24. Матаса байланысқан сөз тіркесінің бірінші сыңары Матаса байланысатын сөздер – негізінде, зат есімдер. Солай болған соң, зат есім мағынасында не зат есім орнына жұмсалатын сөздердің бəрі сол тіркестің бірінші не екінші сыңары бола ала- ды. Досболдың табысы, сенің уəдең, қойдың жүні, екінің бірі, жақсының шарапаты, жалқаудың кесірі, т.б. Мұндай сөз тіркестері анықтауыштық қатынаста жұм- салады. Ілік жалғаулы сөздердің əртүрлі құрамда айтылуына қарай матаса байланысқан сөз тіркестері əртүрлі анықтауыштық қатынаста жұмсалады. Олардың негізгі мағыналары мыналар: 1. Ілік жалғаулы меншік иесі бола алатын сөзге жалғанып, меншіктілік қатынасты білдіреді. Олар жеке жəне қоғамдық меншіктілік болуы мүмкін.
588 Қазіргі қазақ тілі Менің киімім. Колхоздың жері. Оқушының кітабы, Мемлекеттің мүлкі. 2. Ілік жалғаулы сөздер туған-туысқандық, дос-жарандық ұғымдағы сөздермен тіркесіп, отбасылық, туысқандық, т.б. қатынасты білдіреді. Менің қарындасым. Асқардың баласы. Ажардың атасы. Төлеудің қызы. 3. Ілік жалғаулы зат есімдер сол заттарға қатысы бар басқа зат есімдермен тіркесіп, зат пен заттың табиғи байланысын білдіреді. Ағаштың бұтағы. Ешкінің сүті. Қойдың жүні. Түйенің терісі. 4. Ілік жалғаулы сөз тəуелдеулі сан есім, есептік ұғымы бар зат есім жəне сын есімдермен тіркесіп, бөлшектеу, талғау мағыналарында да жұмсалады: а) бөлшектеу: оқушылардың бірі, егіздің сыңары, жиналыс- тағылардың көпшілігі; ə) талғау: адамның ақылдысы, аттың жүйрігі, қызылдың қызылы. Изафеттік құрылыстағы сөз тіркесінің бірінші сыңары жалғаусыз айтылған анықтауыш болғанда, олар өзара əрі қабыса, əрі тəуелдене байланысады. Ондайда ілік жалғауы зат пен заттың жоғарғыдай меншіктілік, туыстық, табиғи қатынасын білдірмейді, тек заттың заттық сапасы ретінде, тəуелділік қатынаста жұмсалады: колхоздың малы, колхоз малы сияқты екі түрлі формада айтыла- тын анықтауыштардың мағынасы бірдей емес, сондықтан мал шаруашылығы, колхоз аулы (колхоз аулының бейнесі) сияқты жал- ғаусыз айтылған бірқатар анықтауыштарды малдың шаруашы- лығы, колхоздың аулы деп жалғаулы айтуға болмайды. Болмайтын себебі – ілік септікті сөз жалғаулы болса, меншіктік қатынасты білдіреді, жалғаусыз болса, заттық сапа ретінде жұмсалады. Оны мына мысалдан да анық байқаймыз: Абайдың кітапханасы (Абайдың өзінің кітаханасы), Абай кітапханасы (Абай атындағы кітапхана), Абайдың мектебі (Абайдың өзіне тəн мектеп), Абай мектебі (Абай атындағы мектеп). Изафеттік темір пеш, ағаш күрек тəрізді құрылыста жəне кен байлығы, мал шаруашылығы, радио хабары сияқты құрылыста келетін түрлері де – синтаксистік байланыстағы сөз тіркестері.
589 Қазіргі қазақ тілі Екеуі де қабыса байланысқан зат есімдер тобын (қыл арқан, ағаш үй) жалғаулы есімдер тобымен (студенттердің оқуы, кеңес өкіметі, кен байлығы) салыстырғанда, алдыңғыдан соңғы топтағы сөз тіркестерінің синтаксистік байланысының берік, біртұтас екенін көреміз. Оның себебі тіркескен сөздердің соңғысы алдыңғысымен тəуелдік жалғауы арқылы да байланысып тұрады. Солай болғандықтан: Темір пештің оты лаулап жана баста- ды деген сөйлемдегі темір сөзін алып тастап айтуға болады, ал Қазақстанда кен байлығы үлкен орын алады. Игілік жолы халқымызды бақытты тұрмысқа жеткізді деген сөйлемдердегі кен байлығы, игілік жолы деген сөз тіркестерін ыдыратып, екі сыңарының бірін түсіріп айтуға болмайды. Изафеттік құрылыстың ілік жалғаулы (Қазақстанның бай- лығы), ілік жалғаусыз (кен байлығы) болып келетін екі түрінің айырмашылығы да жоғарғыдай. Ол айырмашылықты байқау үшін жоғарғы екі тіркесті бір изафеттік құрылысқа сыйыстырып сөйлем құрайық: Қазақстанның кен байлығы мол. Мұнда кен дегеннің тіркесті сыңары – байлығы. Қазақстанның деген сөздің тіркесті сыңары тек байлығы емес, кен байлығы. Сол сияқты, колхоздың мал шаруашылығы дегенде де, ілік жалғаулы сөздің (колхоздың) тіркесті тобына енетін сөздер тек шаруашылығы емес – мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы. Бұлай болу себебі соңғы сөздердің мағыналық жəне синтаксистік берік байланы- ста екендігінде. Ол байланысын жəне сөйлемдегі сөздердің өзара мағыналық қатынасын елемей, əрқайсысына бөлек-бөлек сұрақ қойып, əрқайсысын сөйлемнің тең дəрежелі жеке мүшелері деп те тануға болады: – Қазақстанның несі? – байлығы – қандай байлығы? – кен байлығы – ненің байлығы? – Қазақстанның бай- лығы. Бірақ бұлай ету дұрыс болмайды. Дұрысы Қазақстанның несі? деген сұраққа кен байлығы деп жауап беру. Өйткені əңгіме жалпы байлық жайында емес, кен байлығы жайында болып тұр. Бірақ бұл құрылысты матаса байланысқан сөз тіркесінің орта- сында басқа анықтауышы бар құраммен (Кавказдың биік таулары деген сияқты) бірдей деп қарауға болмайды: соңғыда үш сөзден құралған екі сөз тіркесі бар: Кавказдың таулары, биік таулары. Түркологиялық əдебиетте изафеттік құрылыстағы анықтауыш- тық топтың бірінші сыңары белгілі (определенный) зат болса,
590 Қазіргі қазақ тілі жалғаулы болады, белгісіз (неопределенный) зат болса, жалғаусыз болады деп түсіндіреді [13]. Біздіңше, септіктің жалғаулы, жалғаусыз болуы жалғанатын сөзінің айтушыға белгілі, белгісіз болуымен байланысты емес, меншіктілік (тəндік) қатынасты ерек- ше білдіру, білдірмеуімен байланысты. Егер тəуелдеулі заттың қай затқа (не кімге) меншікті, қатысты екенін əдейілеп, арнап көрсету керек болғанда, ілік септігіндегі сөз жалғаулы болады. Ал мұндай құрамдағы сөздердің бірі екіншісіне тек заттық сапа ретінде жұмсалса немесе ондай топтың атауыштық қызметі болса, ілік септігіндегі сөздер жалғаусыз болады. Мысалы: 1 2 3 Институттың Институт Қант директоры директоры қызылшасы Мемлекеттің Мемлекет Мал мүлкі мүлкі шаруашылығы Колхоздың Колхоз малы Сиыр малы малы Пушкиннің Пушкин Жер бөлісі кітапханасы кітапханасы Бірінші бағанадағы сөз тіркестерінің бірінші сөздерін кей- де жалғаулы, кейде жалғаусыз (2-дегідей) айтуға болса, үшінші бағанадағы сөз тіркесінің бірінші сөзін жалғаулы етіп айтуға болмайды. Оның себебі – ол сөздердің белгісіз зат екендігінде емес, бұларда ілік жалғаулы сөзі бар тіркестерге тəн мағыналық қатынастың жоқтығында. §25. Матаса байланысқан сөз тіркесінің екінші сыңары Сөйлеуші бір затты не өзіне, не өзгеге, не басқа затқа меншік- теп айтқысы келгенде, меншіктелген сөзге -нікі, -дікі, -тікі жұрнағын жалғап, Мына ат менікі. Мына сағат сенікі. Мына жер мемлекеттікі деген сияқты сөйлемдер құрайды. Сонда жоғарғы жұрнақтар жалғанған сөздерге одан бұрын айтылған заттар меншіктеліп тұрады да, ол екеуінің арасында меншіктілік қатынас туады. Сондай-ақ, зат пен заттың меншіктілік басқа табиғи қатынасын білдіру үшін меншіктеуші сөздерге ілік, меншіктелуші сөздерге
591 Қазіргі қазақ тілі тəуелдік жалғаулары жалғанып та айтылады: менің атым, сенің атың, оның аты. Əрине, бұл екі тіркестің меншіктілік мағынасы біріне-бірі жақын болғанмен, грамматикалық қызметі бір емес, ат колхоздікі – предикаттық меншік те, колхоздың аты – атрибуттық меншік. Оның үстіне ілік, тəуелдік жалғаулары арқылы айтылатын меншіктілік қатынас тəуелдеулі бір сөзбен де айтылады: атым, атың, аты, көйлегім, көйлегің, көйлегі. Матаса байланысатын изафеттік тіркестің екінші сыңары зат есім, заттанған сын есім, сан есім, есімше, есімдіктер болады: теңіздің толқыны, аттың жүйрігі, оқушылардың бесеуі, менің айтқаным, сенің өзің. Бұлар – анықтауыштық қатынастағы есімдер тобы. Жалпы алғанда, есім сөздердің бəрі де мұндай тіркестің екінші сыңары бола береді. Тіпті грамматикалық тұлғада «өзгерілмейтін» сөздер деп аталатын үстеу, одағайлар да белгілі жағдайда матаса байланысқан сөз тіркесінің екінші сыңары бола береді: еріншектің ертеңі бітпес. Грамматикаларда жіктеу есімдіктері мұндай тіркестің екінші сыңары болмайды деген ереже айтылады. Негізінде, ол дұрыс болғанымен, олардың да кейде тəуелденіп айтылуын кездестіреміз: Үйде отырған біреу сырттағы тықырды естіп: - Бұл кім? – дегенде, оған: - Мен – деген жауап болса, үйдегі кісі: - Менің кім? – деп сұрауы мүмкін. Осындайда мен, сен, біз, сіз деген жіктеу есімдіктері тəуелденіп айтылатыны болмаса, басқа жағдайда изафеттік тіркестің екінші сыңары ретінде жұмсалмайды. Негізінде зат есімдер матаса байланысқан сөз тіркестерінің екінші тəуелдеулі сыңары болып көбірек кездеседі. Соның өзінде олардың анықтайтын сөздерімен мағыналық қатынасы əртүрлі болады: Зат есім тəуелденіп, ілік жалғаулы сөзбен матаса байла- нысқанда, меншіктілік (тəндік) жəне табиғи қатынасты білдіреді: менің жолдасым, үйдің есігі, қазанның қақпағы, ағаштың жа- пырағы. Сын есім изафеттік тіркестің екінші сыңары болғанда, мы- надай мағынада айтылады: а) субстантивтенген зат есім орнында тəндік мағынада жұм- салады: менің тентегім (менің балам д.м.), колхоздың шұбары (колхоздың шұбар аты д.м .);
592 Қазіргі қазақ тілі ə) сын есімнің таңдаулы шырай мағынасында: Бұл – таудың биігі, Ақмоншақ– аттың жүйрігі. Сан есім изафеттік тіркестің екінші сыңары болып, ілік жалғаулы зат есіммен, сан есіммен матаса байланысқанда, бүтіннің бөлшегі ретінде жұмсалады: балалардың бесеуі, оқушылардың екеуі, мамырдың он бесі, төрттің бірі, онның жартыcы1 . Есімшелер жоғарғыдай тіркесте тəндік қатынаста əрі заттық, қимылдық сапа мағынасында жұмсалады: менің айтқаным, сенің жазғаның, оның көрген-білгені, сенің айтарың, оның айтар-айт- пасы. Меншіктілік ( тəндік) ұғымның мендік, сендік не бөгделік болу- ына сəйкестеніп, тəуелдік жалғаулы сөздер үш жақта жұмсалады. 1-жақ (менің) сағатым, (біздің) сағатымыз. 2-жақ (сенің) сағатың, (сіздің) сағатыңыз. 3-жақ (оның) сағаты. Тəуелдік жалғаудағы сөздер кейде жекеше, кейде көпше тұлғада жұмсалады. Оның негізгі ережелері мынаған тіреледі: меншіктелуші зат бір затқа меншіктелгенде, тəуелдік жалғауы же- кеше түрдегі зат есімге жалғанып, ілік жалғауындағы сөз де жеке- ше қалыпта тұрады: Менің атым. Кітаптың мұқабасы. Сенің атың. Үйдің есігі. Оның аты. Бригадирдің жұмысы. Ал бір зат көп затқа меншіктелгенде, меншіктеулі зат көптік жəне ілік жалғауда болады: Студенттердің жиналысы. Жапырақтардың сыбдыры. Тракторлардың дүрілі. Кейде көп зат көп затқа меншіктелуі мүмкін. Ондайда ілік жалғауындағы сөздер де, тəуелдеулі сөздер де көптік жалғауда тұрады: Біздің жұмыстарымыз. Сендердің жұмыстарың. 1 Сан есімнен құралған изафеттік тіркес кісінің жас мөлшерін білдіруде бір санды үстемелеу мағынасында жұмсалады. Раушан отыздың бесіне келді. Ол биыл жетпістің үшіне шықты.
593 Қазіргі қазақ тілі Сіздердің жұмыстарыңыз. Олардың жұмыстары. Кейде көп зат бір затқа меншіктелуі мүмкін. Ондайда ілік жалғауындағы сөз жекеше, тəуелдік жалғауы жалғанған сөз көпше түрде болады: Менің жолдастарым. Сенің жолдастарың. Оның жолдастары. Əрі көптік, əрі тəуелдік жалғауларда айтылатын зат есімдер кейде жеке зат есебінде жұмсалуы мүмкін. Ондайда көптік жалғау меншіктелген сөздің көптігін білдіреді. Мысалы, Бір дүкенде кітап сатып тұрған екі не одан да көп кісіге қарап: Дүкендеріңізде есеп кітабы бар ма? дегенде, көптік жалғау дүкеннің көптігін көрсетпейді, өзінен бұрын айтылуға тиісті ілік жалғауындағы сөздің көптігін білдіреді. Не болмаса бір баласы бар ерлі-зайыпты кісілерге: Балаларыңыз аман ба? десек, онда да -лар жалғауы балалардың көптігін көрсетпей, оның тəуелденіп тұрған сөзінің (əке-шешенің) көп (екеу) екенін білдіреді. Оны мына мысалдардан анық көруге болады: Балтабек жиырма алтыда. Балғабай жи- ырма төртте. Кенжетай жиырма екіде. Əкелері Тұяқбай ерте өлген, шешелері Ұлберген шаруадан қалмаған, жасы 45-тегі кісі (С.Мұқанов). Əшейінде алдар, арттар, соңдар, естер болып көптік жал- ғауда айтылмайтын сөздердің алдарыңдағы, арттарыңдағы, соңдарыңдағы, естеріңнен дегендей көптік тұлғада айтылуы да олардың, жоғарғыдай, көпке тəн екенімен байланысты. Біз, сіз деген есімдіктерге меншіктелетін заттардың тəуелдік жалғаулары бұл есімдіктердің мағыналарына сəйкестене І жақта ортақ, ІІ жақта сыпайы тұлғада болады. Біздің табысымыз. Сіздің табысыңыз. Сонымен, матаса байланысқан сөз тіркесіндегі екінші сөз- дің тəуелдік жалғауының қайсысында тұруы оның жақтық мағынасымен байланысты. Солай болғандықтан, тəуелдеулі сөз- дің анықтауышын өзгертіп, оның орнына жақтық мағынасы өзгеше басқа сөз қойсақ, анықталатын сөздің тəуелдік жалғауы да өзгереді:
594 Қазіргі қазақ тілі Менің табысым, біздің табысымыз. Сенің табысың, сіздің табысыңыз. Оның табысы. Бірақ тəуелдік жалғауларынан ілік септіктегі анықтауыштар- дың қай сөз екені белгілі болатындықтан, соңғылар кейде сөй- лемде ерекше айтылмайды. Бұл жағынан жіктік жалғаудағы баяндауыштың бастауышын түсіріп айтудың орайы қалай болса, тəуелдеулі сөздердің анықтауышының түсіріліп айтылуы да со- лай: егер ілік жалғауындағы сөзге ой екпіні түспесе, оның қай сөз екені тəуелдік жалғауынан белгілі болатындықтан, ол сөз ерек- ше айтылмайды. Мысалы: менің жолдасым – жолдасым; сенің сұрағыңа жауап – сұрағыңа жауап. Бұдан мынандай қорытынды шығаруға болады: матаса бай- ланысқан сөз тіркесінің мағыналық та, грамматикалық та орта- лығы – оның екінші сыңары. Оның синтаксистік қызметі бірінші сыңардан басым: ол тіркестегі сөздердің бірінші сыңары ерекше айтылмаған күнде, тіркескен сөздер тобының да орнына жұм- салады. Негізгі ереже бойынша, бір сөйлемде ілік жалғаулы сөз бол- са, сол сөйлемде онымен тіркескен тəуелдеулі сөз болады (жəне керісінше)1 , бірақ ілік жалғаулы сөз айтылмауы мүмкін. Біздің еліміз – еліміз; сенің жолдасың – жолдасың. Матаса байланысқан есімді сөз тіркесі бар сөйлемдер: Абай ең əуелі əкесіне бармай, Күңкенің үйіне кірді. Оның тамаша күлкісі əрдайым сыңғырлап шығып, ... жұрттың бəрін еліктіріп отыр (М.Əуезов). Көзімнің қарасы, көңілімнің сана- сы, бітпейді іштегі ғашықтық жарасы (Абай). Сағындықтың қорылы... машиналардың гүрілі, ас үйдегілердің аяқ тықыры солғын естіліп тұр. Үш көрпенің екеуі қонақ астында, үш жастықтың екеуі қонақ шынтағында (Ғ.Мұстафин). Бюроға қатысқан мамандардың көпшілігі Байжанның ұсынысын қолдады (С.Мұқанов). 1 Тəуелдік жалғауда айтылатын бірқатар сөздердің ілік жалғаулы анықтауышы болмайды: 1952 жылы; Парқат екеуміз; Омарбек, Тайыр үшеуіміз; ол шалқасынан түсті; бала етпетінен құлады.
595 Қазіргі қазақ тілі МЕҢГЕРІЛЕ БАЙЛАНЫСҚАН ЕСІМДІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ §26. Жалпы түсінік Сөз тіркестерінің басыңқы сыңарлары есімді, етістікті болып, бағыныңқы сөздердің байланысу формасына, тұлғасына қарай бірнеше топқа бөлінеді. Соның бірі – меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері. Меңгеріле байланысатын сөз тіркестерінің ерекшелігін олар- дың құралу тұлғасына қарап айырамыз. Олар барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес жалғауларының бірінде бола- ды да, басыңқы сөз сол жалғаудағы сөзді керек ететін етістік не есім болады. Осыдан меңгеріле байланысқан сөз тіркесі жасала- ды. Меңгеруші сөз жетектеуші де, меңгерілуші оның жетегіне еруші сөз болады. Септік жалғаулары сөзбен сөзді байланы- стырумен қатар, түрлі-түрлі синтаксистік қатынасты білдіреді. Мысалы, барыс септігіндегі сөз беталысты, бағытты, мақсатты, мезгілді, т.б . білдіреді. Сондай мағыналық қатынастар тек жалғау жалғанған сөздердің əртүрлі болуынан ғана тумайды, тұтас сөз тіркестерінің қарым-қатынасынан туады. Жоғарыда аталған септік жалғауларын меңгеріп, түрлі-түрлі мағыналық қатынастағы сөз тіркестерін құрайтын сөздер, негізінде, етістіктер болады. Солай болатындықтан меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері кең түрде жұмсалып, түрлі құрамды болып келеді. Оған қарағанда меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері сирек қолданылады. Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарлары барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес жалғауларының бірінде жұмсалады да, басыңқылары көбінесе баяндауыш қызметіндегі есімдер болады. Мысалы: (жерім) малға бай. (Ол) сөзге шорқақ. (Досан) комиссияға мүше. (Мен) саған кіммін? (Оның) сөзі маған түсініксіз. (Бұл ат) мінуге жақсы. (Бұл қылы- ғың) өзіңе жаман. Бұл тіркестердің байланысу формасы – меңгеру. Есімдердің есімдерді меңгеруі, етістікті тіркестердегідей, əрі мағыналық, əрі синтаксистік тығыз байланыс негізінде емес, əлсіз байланыс ыңғайында пайда болады. Оны түсіну үшін бір-екі мысал алайық:
596 Қазіргі қазақ тілі кетті, келді сияқты етістіктерді бөлек алғанда, олардың лексика- лық мағыналары қаншама түсінікті болғанмен, мүшелік мазмұ- нында бір күңгірттік бар сияқты болады да тұрады. Ол күң- гірттікті жойып, мүшелік мазмұнын толық ашу үшін кетті, келді етістіктерінің алдына кім кеткенін, кім келгенін, оның қайда кеткенін, қайдан келгенін көрсету керек, мысалы: Асқар қалаға кетті. Темір қаладан келді. Осындағы сөздер бірін-бірі керек етіп, өзара жымдаса байланысқан. Соның негізінде қалаға кетті, қаладан келді деген меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері жасалған. Ал кіммін, түсініксіз деген есімдерді ба- яндауыш қызметінде бөлек алғанда, олармен байланыса айты- латын бастауыштың орны жоқталады, ал барыс жалғауындағы толықтауыштың орны жоқталмайды. Өйткені кіммін, түсініксіз сөздерінің мазмұны саған, маған сияқты сөздердің тіркесуін тікелей керек етпейді. Сонда да (Мен) саған кіммін? (Айтқаның) маған түсініксіз сияқты меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестерін құрауға болады. Есімдердің бұлай тіркесуі жеке сөздің тікелей лексикалық мағынасынан тумайды, жалпы сөйлемнің мазмұнынан, айтайын деген ойға, баяндауышқа жалғаулы есімдердің керек бо- луынан туады. §27. Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестерінің түрлері Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері онша көп кез- деспейді жəне барлық есімдер бірдей ондай сөз тіркесінің мең- геруші сыңары бола алмайды. Есімдердің ішінде көбінесе бас- тауыштың күйін білдіретін сөздер есімді сөз тіркесінің басыңқы сыңары болып жиі жұмсалады. Олар мынандай есімдер: 1. Сын есімдер. Негізінде, сөз тіркесінің бағыныңқы сыңа- ры болатын сын есімдер баяндауыш қызметінде жұмсалғанда, есімді сөз тіркесінің басыңқы сыңары болып та айтылады. Бірақ олардың бəрі бірдей сөз тіркесін құрай алмайды: мысалы, заттың түсін білдіретін сын есімдер тек қардан ақ, қаннан қызыл, күйеден қара сияқты тіркес құрамында келеді, ал заттың ішкі- сыртқы сапасын білдіретін сын есімдер ондай құрамда əлдеқайда көп кездеседі, мысалы: өзіңе жақсы, маған түсінікті, тазалыққа жақсы, ақшаға сараң, жусаннан биік.
597 Қазіргі қазақ тілі Барыс, шығыс, көмектес, кейде жатыс септіктерінде айты- лып, сын есіммен тіркесетін сөздер толықтауыштық қатынаста жұмсалады: Жуас түйе жүндеуге жақсы. Қаршыға, бүркіт тазалыққа үйір, қарақұс, күшеген өлексеге үйір (Мақал). Өнімсіз іске шеп-шебер (Абай). Көңілсіз құлақ ойға олақ (Абай). Істегенің еліңе жақсы, үйренгенің өзіңе жақсы. Жақсы – ісімен жақсы (Мақал). 2. Зат есімдер. Зат есімдердің ішінде ағаш, тас, көмір сияқты атаулардан гөрі күш, бай, сын сияқты абстракт зат есімдер баяндауыш қызметінде сөз тіркесінің меңгеруші (басыңқы) бөлшегі болып көп жұмсалады. Елім менің жерге бай. Айдынды шалқар көлге бай (Жамбыл). Қашпақ, қумақ – ерге сын, көшпек, қонбақ – жерге сын (Мақал). Сендер бір-біріңе қонақсыңдар (Ғ.Мұстафин). Білгенге маржан, білмеске арзан, надандар баһра ала алмас (Абай). 3. Заттың күйін білдіретін есімдер. Бар, жоқ, көп, аз, мəлім, бəрібір, мүмкін тəрізді заттың əр алуан күйін білдіретін есімдер сөз тіркесінің құрамында басыңқы болып көбірек айты- лады: Астында семіз сары жорға аты бар (М.Əуезов). Аспан- да алақандай да бұлт жоқ (С.Мұқанов). Сақтықта қорлық жоқ (Мақал). Əуелден сұлу жайы бізге мəлім (Абай). Əйелдердің сайлауға да, сайлануға да правосы еркектермен бірдей (Консти- туциядан). Біткен іске сыншы көп (Мақал). Сан есімдер мен есімдіктер жоғарғыдай есімді сөз тіркесінің меңгерушісі болып өте аз кездеседі: Басқада құлақ екеу болса, хатшыда төртеу. Есжан, ол жақта егіске дайындық қалай? (Ғ.Мүсірепов). ЕТІСТІКТІ ТІРКЕСТЕР §28. Жалпы түсінік Етістікті сөз тіркесінің грамматикалық діңгегі етістік болады да, соның негізінде басқа сөздер етістіктің маңына топтанады. Сөз таптарының қайсысымен салыстырсақ та, етістіктердің сөз тіркесін құру қабілетінің молдығын байқаймыз. Етістіктер мен есімдердің барлық түрлері, сондай-ақ үстеулер, көсемшелер, шы-
598 Қазіргі қазақ тілі лаулы есімдер тіркесе алады. Алайда бұл сөздердің етістіктермен тіркесу дəрежесі, тіркесу тəсілдері мен формалары, сол сияқты мағыналық қатынастары да əртүрлі болып отырады. Толып жатқан есім сөздер етістіктермен ешбір қосымшасыз тіркеседі. Бұл ретте етістіктер мен есімдердің өзара байланысу түрі қабысу болады. Етістікті сөз тіркестерінің енді бір тобы есімдердің барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес жалғаулары арқылы салт жəне сабақты етістіктермен меңгеріле байланысады. Қазақ тіліндегі етістіктердің басқа сөздермен байланысуы- ның осы ерекшелігіне қарай етістікті сөз тіркестері: 1) қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері; 2) меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері дейтін екі топқа бөлінеді. Етістікті сөз тіркестері демеуліктер мен көмекші есімдердің қатысуы арқылы да құралады. Бұларды меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің құрамында қараймыз. Сөз тіркестерінің бұл көрсетілген топтары бұдан əрі де бірнешеге таралып кетеді. Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестерінің құрамы əр- түрлі болады. Етістіктермен қабыса байланысатын сөздер: үстеу- лер, еліктеуіш сөздер, көсемшелер, сын есімдер, сан есімдер, жалғаусыз зат есімдер. Есімдіктердің ішінде тек сұрау есім- діктері ғана етістіктермен қабысу жолымен қалай оқиды? қа- шан келеді? не алды тəріздес сөз тіркестерін құрайды. Қабы- са байланысқан етістікті сөз тіркестері бағыныңқы сыңар- дың ыңғайына қарай: 1) үстеулі сөз тіркестері; 2) елік- теуіш сөзді сөз тіркестері; 3) көсемшелі сөз тір- кестері; 4) сын есімді сөз тіркестері; 5) сан есімді сөз тіркестері; 6) зат есімді сөз тіркестері деген алты топқа бөлінеді. §29. Үстеулі сөз тіркестері Үстеулерді қимыл процесімен байланыста айтылатын сөздер деп қараймыз, сондықтан оларды етістіктермен тіркесу үшін қолданылатын сөздер деуге болады. Үстеулер етістіктердің ал-
599 Қазіргі қазақ тілі дында қабыса байланыста өте жиі кездесетіндіктен, ондай сөз тіркестеріне ерекше назар аудару керек. Үстеулер етістікті сөз тіркестерінің құрамында пысықтауыштық қатынаста, мезгіл, ме- кен, себеп, мақсат, т.б. мағыналарда жұмсалады. Мұндай сөз тіркестерін екі топқа бөлген жөн: а) негізгі үстеулер қатысты сөз тіркестері; ə) туынды үстеулер қатысты сөз тіркестері. Негізгі үстеулер қатысты сөз тіркестері. Негізгі үстеулер деп қазіргі кезде морфологиялық тұрғыдан бөліп-жаруға келмейтін үстеулерді айтамыз (кеше, қазір, енді, жаңа, ертең). Бұл топқа, тарихи тұрғыдан қарағанда, екі сөздің бірігу жолы- мен құралған сөздер, мысалы, бүгін (бұл+күн), биыл (бұл+жыл), қосарлы оқта-текте, жол-жөнекей, жалма-жан тəрізді үстеулер де жатқызылады. Негізгі үстеулер мен етістіктерден құралған сөз тіркестері мынадай мағыналарда жұмсалады: Мезгілдік. Бұл мағынаны білдіру үшін мезгіл үстеулері етістікті сөз тіркестерінің құрамында жиі қолданылады. Қазіргі қазақ тілінде мезгіл үстеуі тіркеспейтін бірде-бір етістік жоқ деу- ге болады. Оның себебі мынада: етістіктің шақты білдіруі – оның басты қасиетінің бірі. Үш шақтың бірінде айтылған етістіктің сол шақтық мағынасын дəлдеп, айқындай, толықтай түсетін сөз – мезгіл үстеулері. Етістіктермен қабыса байланысатын мезгіл үстеулерінің сөз тіркестері құрамындағы орын тəртібі еркін болады. Мезгіл үстеуі етістікпен қатар тұрып та, арасына сөз салып тұрып та байланыса береді. Өйткені мезгіл үстеулері сөйлемнің қай жерінде тұрмасын, тек өздері қатысты етістіктермен ғана тіркесе алады, сын есім, сан есім, есімшелер сияқты қай сөздің алдында тұрса, сол сөзге қатысты болып қалмайды. Сондықтан кеше келді, жаңа білдім тəрізді сөз тіркестерінің арасына есімдер қойып, үстеуді етістіктен қашықтатуға болады: Кеше қарындасым қаладан келді. Жаңа ғана жолаушылар атқа мінді. Ертең ол да Қарқаралыға жүрмек (М.Əуезов). Мезгіл үстеулерінің етістікпен тіркесіндегі мезгілдік мағыналары əртүрлі болады. Мысалы, бүгін, кешке, кеше, ерте, кеш, ертең, бүрсігүні, алдыңғы күні, таңертең, күндіз, түнде, күндіз-түні, ертеңінде, ерте, ертемен тəрізді мезгіл үстеулері қатысқан етістікті сөз тіркестері бір тəулік ішіндегі мезгілдің кезеңдерін білдіреді:
600 Қазіргі қазақ тілі Гудок бүгін бұрынғысынан ұзағырақ айқайлаған тəрізді (М.Горький). Мен кеше Щербаковпен сөйлестім (Ғ.Мұстафин). Ерте туып, кеш қалған (Мақал). Қожаш кеш келіп, ерте кетуші еді (С.Көбеев). Ол күндіз де, түнде де ағаштарды өсірудің қамын ойлады (А.Барагин). Керуен тартып, шұбатып, Астық тиеп күндіз-түн (Ж.Саин). Жиренше таңертең Құнанбай аулына бір əдемі тарғыл тазы ертіп келді (М.Əуезов). Биыл, былтыр, жылда, жылма-жыл, қысы-жазы, күзде тəрізді үстеулер қатысты сөз тіркестері жыл мезгілі кезеңдерін көрсетеді. Жеңіп ем былтыр ғана Арғынбайды, Осы үйде домбырасы даңғырлайды. Жылда осылайша... Бірнеше айды бірге өткізуші еді (М.Əуезов). Жаңа, енді, əуелі, енді-енді алдымен үстеулері етістіктермен тіркесіп, істің алғашқы кезеңін білдіреді. Біз жаңа соның себебін біліп келдік (М.Иманжанов). Өйткені келген почтаны алдымен өзі тексереді («Жұлдыз» журналынан). Ұдайы, үнемі, ылғи, ұзаққа үстеулері етістікті сөз тіркестерінің құрамында жұмсалып, істің созылу мерзімін білдіреді: Бұл екі ауылдың арасында мұндай қақтығыс ұдайы болып тұрады. Тары əңгімесі ұзаққа созылды (Ғ.Мүсірепов). Лезде, қазір, тез, шапшаң, қайта, қайта-қайта, əрқашан, дем арасында үстеулері етістіктермен мезгілдік қатынасқа түсіп, істің шапшаң қайталану кезеңін немесе дүркінділік ыңғайын білдіреді: Сен немене, Қайрақтыңа қайта қайтпақпысың? (Ғ.Мүсірепов). Лезде ол қайта оралып, от тамызды ( Ғ.Сланов). Біз сол сұлу шоғырға тез жетуге аса құмартып келеміз (Қ.Бекхожин). Мекендік. Іс-əрекеттің қайда болғанын білдіру – етістікті сөз тіркесінің арнаулы қызметінің бірі. Сондықтан мекен үстеулері етістіктермен жиі кездеседі де, олар көлемдік қатынаста жұмсалады: Арасында құлын-тай, айнала шауып бұлтылдап, Жоғары- төмен үйрек, қаз ұшып тұрса сымпылдап (Абай). Ол күлімсіреп төмен қарады (С.Мұқанов). Айнадай төңкерілген, үстінде аспан, төменде көк толқындар көбік шашқан (Т.Жароков). Полк ілгері жүріп кетті (Ғ.Мүсірепов). Мəстек мінген əрі жүр, жүйрік мінген
601 Қазіргі қазақ тілі бері тұр (Жамбыл). Ауылға баратын жол біресе олай, біресе бы- лай кетеді. Кеме ақырын ғана кейін шегініп барады. Божышы аттың басын кері бұрады (М.Иманжанов). Жүністің Қарагері мен бір торы ат қатар келе жатыр (С.Көбеев). Амал. Мұндай сөз тіркестері пысықтауыштық қатынаста істің əртүрлі істелу амалын, тəсілін білдіреді. Мысалы, тез, тез-тез, шапшаң, ақырын, əрең, жай, қатты, жалма-жан, кілт, жалт сияқты үстеулер етістіктермен тіркесіп, істің қарқынын, даму дəрежесін көрсетеді: Поезд тез жүріп келеді (С.Мұқанов). Байжанның əр сөзінің артынан аялдауға əрең шыдап, тағы да тез-тез қайталап жіберді (Ғ.Мүсірепов). Ол ақырын ғана жол үстіне қисайып отыра кетті де, қайта тұрды (Ғ.Мүсірепов). Абай ақырын аяңдап, əкесінің үйіне келді (М.Əуезов). Біреулер қатты-қатты қарқылдап, біреулер ақырын ғана ыржияды (Ғ.Мұстафин). Мұрат жалма-жан қалтасындағы 20 тиынды алды ... артынша кілт тұрып қалды (М.Иманжанов). Кенеттен, етпетінен, шалқасынан, қолма-қол, көзбе-көз, тікелей, зорға, əрең, босқа, əбден тəрізді сын-қимыл үстеулері етістікті сөз тіркестерінің құрамында қимылдың болу тəсілдерін білдіреді. Мысалы: кенеттен шыға келу, етпетінен құлау, қолма-қол беру, көзбе-көз сөйлесу. Байжан əбден ұзап кет- кен соң, əйел де үйге қарай беттеді ( Ғ.Мүсірепов). Шойынқұлақтың кірпігі əрең қимылдайды («Ер Төстік»). Көп, аз, талай, бірталай, анағұрлым, мұнша, бастан-аяқ, біржолата тəрізді сан-мөлшер үстеулері етістіктермен тіркесіп, анықтауыштық-пысықтауыштық қатынасқа түседі. Қожаш бастан-аяқ барлық сырын айтты. Ертең біржолата қайтамыз (С.Көбеев). Үстеулер кейде күрделі болып келеді: Келесі жылы құрғақшылық болса қайттің? (Ж.Тілеков). Алдыңғы күні ақтар Фортқа жақындап қалған ( В.Вишневский). Əбіш келер жылы оқуын тамамдап қайтатынын айтты (М.Əуезов). Туынды үстеулер қатысты сөз тіркестері. Басқа есім сөздерге – - ша//-ше, -дай//-дей, -сыз//-сіз, т.б . аффик- стер жалғану арқылы туынды үстеулер жасалатыны белгілі. Ол аффикстердің соңғы екеуі қатыстық сын есімдер жасап, сөйлем
602 Қазіргі қазақ тілі құрамында пысықтауыш мүшелердің де қызметін атқара береді. Қатыстық сын есімдер ондайда үстеуге айналып кетпейді. Ондай тұлғадағы үстеуге айналған сөздер көбінесе етістіктермен тіркесте жұмсалады. Туынды үстеулер мен етістіктен құралған сөз тіркестері əртүрлі анықтауыштық- пысықтауыштық қатынастарда жұмсалады: -ша//-ше қосымшалы үстеулермен (биылша, бүгінше, қазірше, ізінше, артынша) келген сөз тіркестері қимылдың əртүрлі мезгілдік кезеңдерін білдіреді. Бұл үшін ол үстеулер көбінесе қимыл етістіктерімен тіркеседі: биылша барма, бүгінше тоқтай тұр, əзірше жүрмеймін, ізінше кейін қайт, артынша қарадым. Қабашбай, ізінше қалаға тарт (Ғ.Сланов). Бүгінше демал, ертең Қызылжарға аттанатын бол! (Ж.Тілеков). Бүгінше жат- сын осы кухняда (С.Мұқанов). - ша//-ше тұлғалы жанды зат есімдерден жасалған үстеулер салт етістіктермен тіркесіп, сол заттарға тəн істің тəсілдерін білдіреді. Мысалы, боташа боздау, өгізше өкіру, қазақша сөйлеу, ерлерше күресу. Олар пештің үстінде отырып қазақша кеңесті (С.Мұқанов). Уа, ендеше осылай... өзгеше бір ерлерше қуанайық! (М.Əуезов). Ескі бише отырман бос мақалдап, ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап (Абай). Барынша, көбінше (көбінесе) тəріздес үстеулер қатысты етістікті сөз тіркестері істің сан- мөлшерлік жəне салыстыр- ма мезгілдік дəрежесін білдіру үшін жұмсалады: көбінше үйде боламын, барынша табыс етті, осынша күттірді. Қоғамның материалдық, мəдени қажеттерін барынша қанағаттандыру керек (Газеттен). Бүгін қал деп осыншама өтінсем де, қалмады. Оны күндіз барынша күтеді (М.Əуезов). Ел қайратты деген Тілеудің осыншама егілгені несі?! (Ғ.Сланов). Құнанбай оншама шіміркенген жоқ-ты (М.Əуезов). Кейде -ған тұлғалы есімшелер де -ша//-ше жұрнағын қабылдап, мезгіл үстеулеріне айналады. Ал мұндай үстеулер көбінесе өзі меңгеретін есім сөзбен бір тіркесте қолданылады да, осы күйінде тұтасымен етістікке қатысты болады. Айтыс Ойылға жеткенше басылмады (Ғ.Мұстафин). Менің мектебіме түс. Қолымнан келгенше қарасып көрейін (Ғ.Сланов).
603 Қазіргі қазақ тілі - дай//-дей, -сыз//-сіз аффикстерін жалғау арқылы есімдерден жасалған үстеулер сирек кездеседі. Дегенмен мұндай үстеулер етістікті сөз тіркестерінің құрамында жиі қолданылады. Зат есімдер мен -ған тұлғалы есімшелерге -дай//-дей жұрнақтары жалғану арқылы жасалған үстеулер салт етістіктермен жəне сирек болса да, сабақты етістіктермен тіркесіп, қимылдың салыстыр- малы сапасын білдіреді. Мысалы: бұлбұлдай сайрау, көріктей көтерілу, сүліктей сору, шыбықтай бұраңдау, безгек болғандай қалтырау. Кеудем көріктей көтерілді (Ғ.Мүсірепов). Нəзік бел тал шыбықтай бұраңдайды (Абай). Ол мені танымағандай бетіме қайта-қайта қарады (С.Шаймерденов). Қонақтың ұйқысы шай- дай ашылды (Ғ.Мұстафин). - сыз//-сіз тұлғалы үстеулер мен етістіктен құралған сөз тіркестері қимылдың, іс-əрекеттің əртүрлі амалын, күйін білдіреді. Мысалы: орынсыз сөйлеу, еріксіз күлу, үздіксіз көбею. Василий Антонович еріксіз күліп жіберді (Ғ.Мұстафин). Кітапханалардың саны да үздіксіз көбейіп келеді («Қазақ əдебиеті»). Итбайдың жазықсыздан-жазықсыз Амантайды бір сабатқаны бар еді. Мынау Сырдария сияқты мол судың ауылдың тұсынан пайдасыз ағып жатуы өз денесінің қаны төгіліп жату- дан кем батпайтын еді (С.Мұқанов). Кейбіреу жайдары, ашық боламын деп, орынсыз адамдармен жыртақтаған (Абай). §30. Еліктеуіш сөзді сөз тіркестер Еліктеуіш сөздер – өзіндік ерекшеліктері бар сөз табының бірі. Еліктеуіш сөздер қазіргі қазақ тілінде көбінесе көмекші не негізгі етістіктермен тіркескен синтаксистік құрамда қолданылады. Мы- салы: (мылтық) тырс етті, (жарық) жылт етті, (арба) кілт тоқтады, (бала) жалт қарады. Етістікті сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары қызметінде жұмсалатын еліктеуіш сөздер етістіктерді мəнерлі түрде еліктеу тұрғысынан сипаттайды. Оның ішінде бір буынды еліктеуіш сөздері бар тіркестер қимыл-əрекеттің шапшаңдық қарқынын меңзейді. Мысалы: жалт-жалт қарау, бұрқ-бұрқ қайнау, тарс- тарс соғу. Сонда олардың мағыналары кісінің көру не істеу
604 Қазіргі қазақ тілі сезіміне үйлесімді болып, кейде дыбысқа еліктеуді, кейде қимылға тəн əрекеттің көріну амалын білдіреді. Олардың бұл мағыналары белгілі етістіктермен не етістіктер тобымен тіркесте анық ұғынылады, етістіктердің мағыналарына қосақтаулы болады. Сон- да да ондай тіркестердің құрамындағы еліктеуіш сөздер өздерінің лексикалық та, грамматикалық та дербестігін жоғалтпайды. Оның үстіне, еліктеуіш сөздердің тіркестік топ құра алатын етістіктері белгілі ғана сөздер. Ол еліктеуіш сөздер бірнеше ғана болуы мүмкін. Мысалы: қарқ-қарқ күлу, сақ-сақ күлу, сылқ-сылқ күлу, мырс-мырс күлу. Еліктеуіш сөздер қуану, сағыну, түсіну тəрізді адамның ішкі күйін білдіретін етістіктермен тіркеспейді. Олар көбінесе қимылды немесе заттың əрекетін білдіретін салт етістіктермен тіркеседі. Мысалы: жалт бұрылу, кілт тоқтау, зыр айналу, күрс жарылу, морт сыну, жалт-жалт қарау, тырс-тырс соғу, бұрқ- бұрқ қайнау. Самолет гүрс жарылып, от жайылып жүре берді. Үйдің қабырғасында тырс-тырс соққан үлкен қабырға сағаттың ды- бысы анық естіліп түр. Жанат сылқ-сылқ күліп жіберді. Ах- мет қарқ-қарқ күлді. Алма сақ-сақ күліп жіберді (Ғ.Мұстафин). Колхоздың қара сабалары гүмп-гүмп пісілді (Ғ.Мүсірепов). Мылтық даусы гүрс-гүрс шықты (Ғ.Сланов). Бір буынды еліктеуіш сөздер сирек қолданылады. Оның үстіне, мұндай еліктеуіш сөздердің əрқайсысы белгілі бір етістіктермен ғана тіркесе алады. Мысалы, шыр сөзі айналу етістігімен ғана, кілт сөзі тоқтау, бұрылу етістіктерімен, жалт сөзі қарау, бұрылу, беру сөздерімен, қарс сөзі айырылу, жарылу етістіктерімен жəне морт сөзі сыну сөзімен, ал зыр сөзі жүгіру, айналу етістіктерімен тіркесе алады. Қос сөзді еліктеуіштер етістікті тіркестердің құрамында жиі қолданылады. Осымен байланысты мына бір жайды ескерген жөн: кез келген бір буынды еліктеуішті қосарлап айтуға болады (мыса- лы, гүрс-гүрс, жалт-жалт). Граната гүрс-гүрс жарылды (Ғ.Мүсірепов). Жанəбіл қарқ- қарқ күлді (Ғ.Мұстафин). Аспан салдыр-гүлдір құлап келе жатқандай болды (Ғ.Мүсірепов). Аяқ бассаң (ол жердің) сортаң суы шып-шып шығып жатады (Ə.Сəрсенбаев).
605 Қазіргі қазақ тілі Еліктеуіш сөздерге етіп, еткізіп түбірлес көмекші етістіктердің жалғасуы арқылы олардың негізгі етістіктермен тіркесу қабілеті арта түседі. Бұл жағдайда да ондай сөз тіркестері амал пысықтауыштық қатынаста жұмсалады. Мария апайдан басқаның бəрі де мырс етіп күліп жіберді. Қара теңіз бұрқ-бұрқ етіп қайнап жатқандай. Əлдеқайдағы біздің екі көк қырғи жарқ етіп көрінді. Құлағыма дүрс-дүрс етіп аспан жүрегінің соққаны естіледі. Оқтардың гүрс етіп түсіп, гүр етіп жарыла бастағаны естіле бастады. Семен бір темір қалпақты сақ еткізіп төбеден ұрып жіберді (Ғ.Мүсірепов). §31. Көсемшелі сөз тіркестері Көсемшелер – синтаксистік қызметі жағынан етістіктің үстеуге ұқсас бір түрі. Олар жіктік жалғауларын қабылдап, көсемшелік қасиетін жойып ала береді, бірақ көсемше тұлғаларында оқшау тұрып, күрделі мүшенің, мысалы, баяндауыштың құрамында, со- нымен қатар толық мағыналы сөз ретінде етістікпен қабыса байла- нысып пысықтауыштық қатынаста да айтылады. Соңғы екі жағдайда да көсемшелік тұлғалар бір етіс- тікті екінші етістікке бағынышты ететін қосымша қызметінде жұмсалады. Солай болғандықтан, көсемшелер тек етістіктерге қатысты болып, тек етістіктермен ғана тіркесе алады. Олардың етістіктермен тіркесу қасиетін мынадан көруге болады: етіс- тіктердің модальдық, шақтық, т.б. мағыналарын түрлендіру үшін немесе əртүрлі пысықтауыштық қатынаста жұмсалу үшін етіс- тіктер көсемше тұлғалары арқылы бірінің үстіне бірі жамалып, өзара қат-қабаттала береді. Мысалы: асықпай оқыды – асықпай оқып отыр еді – асықпай оқып кетіп бара жатыр еді; осылардың ішінде тек асықпай сөзі ғана пысықтауыш мүше қызметінде дер- бес қолданылған да, қалған көсемшелер тұтас бір түйдекті тіркес құраған. Кейде осы тəрізді қат-қабатталудың нəтижесінде бір сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалатын тіркес құрамында бес етістік, ал екі түрлі сөйлем мүшесінің қызметін атқара алатын тіркестер құрамында одан да көп етістік болады. Мысал үшін мына төмендегі тіркестерге назар аударайық: 1. Жүгіріп кету, жүгіріп кетіп бара жатыр, жүгіріп кетіп бара жатыр еді. 2 . Асықпай оқып отыр, асықпай оқып отыра береді. 3 . Асығып оқып кетіп
606 Қазіргі қазақ тілі бара жатып, сүрініп кетіп жығылып қала жаздап еді. Соңғы мысалда 11 сөз бар. Бұлар мынадай синтаксистік топтар құраған: соңғы төрт сөз баяндауыш қызметінде (жығылып қала жаздап еді), қалған үш топ əртүрлі пысықтауыш қызметінде айтылған: 1) асығып оқу; 2) оқып кетіп бара жатып сүріну; 3) сүрініп кетіп жығылу. Мұндай мысалдар қазақ тіліндегі көсемшелердің етістікті сөз тіркестерін құрауда ерекше икемділігі барлығын дəлелдейді. Көсемшелер таза етістікті сөз тіркестерінің көп кездесетін топтарын құрайды. Кез келген негізгі етістік мұндай сөз тіркесі құрамында не бағыныңқы, не басыңқы сыңар қызметінде жұмсала алады. Мысал үшін мына сөз тіркестерінің құрамына көз жіберейік: қуып жету, қуып жетіп озу, түсініп сөйлеу. Бұл мысалдағы бағыныңқы көсемшелерді мына мысалдағыдай басыңқы етіп айтуға болады: ойқастата қуу, бастырмалата қуып жету, оқып түсіну. Көсемшелердің етістіктермен тіркесуі олардың тұлғасы мен мағыналық үйлесіміне байланысты болады. Мысалы, сөйлеу етістігімен кісінің ішкі, сыртқы күйін білдіретін көсемшелер ғана тіркесе алады: ашуланып сөйлеу, ызаланып сөйлеу, күлімсіреп сөйлеу, қылмыңдай сөйлеу, қызараңдап сөйлеу, қутыңдап сөйлеу, күле сөйлеу, күліп сөйлеу, қылымси сөйлеу, назданып сөйлеу, біліп сөйлеу, түсініп сөйлеу, жақтырмай сөйлеу, ұнатпай сөйлеу, сас- пай сөйлеу, қорқып сөйлеу, отырып сөйлеу, қырылдап сөйлеу, ентігіп сөйлеу, т.б. Осы келтірілген мысалдардан көсемшелер мен етістіктерден құралатын сөз тіркестерінің аясы кең екенін аңғаруға болады. Бұдан кез келген көсемшені кез келген етістікпен тіркестіре салуға болады деген түсінік болмауы керек. Мысалы, ентіге жүгіру, асыға жүгіру, таяқ ала жүгіру, ақсаңдай жүгіру – əбден табиғи байланыстағы жарасымды тіркестер. Ал жүгіру етістігімен сызы- лып, жүре көсемшелерін тіркестіру оғаш болар еді. Етістікті сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары қызметінде көсемшелер барлық тұлғада бірдей жұмсалмайды. Бұл қызметте - ып//-іп//-п тұлғалы көсемшелердің болымды түрі жиі жұмсалады да, -а//-е//-й тұлғалы көсемшелер сиректеу, ал -ғалы//-гелі, - қалы//-келі тұлғалары одан гөрі сирек кездеседі. Көсемшелі сөз тіркестері пысықтауыштық қатынастарды, атап айтқанда, қимылдың амалын, мезгілін жəне мақ-
607 Қазіргі қазақ тілі сатын білдіреді. Сонда көсемшелер етістіктің кему процесін білдіретін сөздердің қимылдық сапасы ретінде жұмсалады. Ол үшін көсемшенің кез келген тұлғасының бірін жұмсаса болады деп қарау дұрыс емес. Бұлардың əрқайсысының өзіне ғана тəн ерекшеліктері барлығын сөз тіркесі құрамында анық байқауға бо- лады. - ып//-іп//-п тұлғалы көсемшелер амал пысықтауыш қыз- метінде көбінесе салт етістіктермен тіркеседі. Амантай орнынан ұшып тұрды (Ғ.Мұстафин). (Ғайша) шешесінің қасына сызылып қана отырды (С.Көбеев). Жолдың үстінде жалғыз қара сопайып көрінеді ( Ғ.Мүсірепов). Бір қоянды бір тазы бастырмалатып қуып келе жатыр екен (С.Ерубаев). Əр жерде ақырын шұлғып балықшы кемелері жүр (Ғ.Мүсірепов). Жүрегі алып ұшып, үрейленіп Құрымбай отыр (Б.Майлин). Дегенмен -ып//-іп//-п тұлғалы көсемшелер сабақты етістік- термен де тіркеседі. Мысалы: Əйгерім əнін Абай мүлгіп тыңдады (М.Əуезов). Қара құс ба- сып жейді, сұңқар құс шашып жейді (Мақал). - ып//-іп//-п тұлғалы көсемшелер өздеріне қатысты есімдермен бірге күрделі сөз тіркесінің құрамында да қимылдың амалын, мақсатын, т.б. білдіреді: Қаланың солтүстік жағында ... нардай шөгіп бір тау жа- тыр (Ғ.Мұстафин). Кісілер салқындайық деп далаға шықты (С.Көбеев). Батальон командирі бізге қайт деп əмір етті. Пісіп қалған алма мен өрік топ-топ етіп үзіліп түседі (Ғ.Мүсірепов). Қыз-келіншек үй тігер, бұрала басып, былқылдап (Абай). - а//-е тұлғалы көсемшелер мен етістіктерден құралған сөз тіркестері қимылдың амалын, тəсілін барынша айқын түрде хабарлайды. Лиза Рахметке қадала қарады (С.Ерубаев). Жақсылық оған күле қарайды (Ғ.Сланов). (Ол) қуаныш ете қарап отыр (М.Əуе- зов). Кейде -ғалы//-гелі, -қалы//-келі жəне -а//-е тұлғалы көсем- шелер өздеріне қатысты болатын есімдермен бірге сөз тіркесінің құрамында қимылдың мақсатын білдіреді: Айғырды Шығайбай үйірге салғалы... құлын алғалы алыс- тағы елден алдырыпты (Алдар Көсе əңгімелері). Базаралы Құнанбайға сəлем бере келген-ді... (М.Əуезов). Достық білдір-
608 Қазіргі қазақ тілі гелі келдік, – деді Қожекең (Ғ.Мүсірепов). Сен маған сəлем бере келген шығарсың? (М.Əуезов). - ғалы//-гелі, -қалы//-келі жəне -а//-е тұлғалы көсемшелер- мен келген тіркестер күрделі не үйірлі мүше қызметінде мезгілдік қатынаста жұмсалады: Ел жата Олжабек көше жөнелген (Ғ.Мұстафин). Осы сəлемді ести сала Базаралы атқа мінген (М.Əуезов). Қос сөз түрінде келген көсемшелер етістіктермен тіркесіп, қимылдың дүркінділігін, созыңқылығын білдіреді: Сөйлей-сөйлей шешен боларсың (Мақал). Ұрыны ұрып- ұрып үйден қуып жіберіпті (Алдар Көсе əңгімелері). (Ол) ... тəтті талқанды аузын толтыра-толтыра асады (Ғ.Мұстафин). Сары тазы енді таңғалып тұрып-тұрып, ақырында Абай ұзап кете бастаса, тынышсызданып, үре бастайды (М.Əуезов). Бұлардың барлығы көсемшелердің мағыналық жағынан да, тұлғалық жағынан да етістіктермен қабысу жолымен тіркесіп, етістікті сөз тіркестерінің ең көп таралған тобын құрайтындығын дəлелдейді. §32. Сын есімді сөз тіркестері Сын есімдердің етістіктермен тіркесуі – сирек кездесетін құбылыс. Барлық сын есім етістіктермен тіркесе бермейді, барлық етістікке сын есім бірдей қатысты бола бермейді. Сын есімдер етістіктермен тіркескенде, қимылға не күйге тəн қасиетті, сапаны білдіреді. Барлық етістік бірдей ондай сапалық пысықтауыш болу- ын керек етпейді. Сын есімді сөз тіркестерін құрайтын етістіктер сан жағынан көп емес, тек кісінің (не заттың) ішкі сезімін, күйін, қабылдау қабілетін білдіретін сөйлеу, түсіну, оқу, жазу, секіру, ойнау сияқты кейде қимылды, қозғалысты білдіретін кес, піш, байла, тура тəрізді сабақты етістіктер бірқатар сын есімдермен мағыналық байланы- ста бола алады. Сапалық сын есімдердің ішінде мұндай етістікті сөз тіркес- терінің бағыныңқы сыңары болады: жақсы, жаман, қатты, ұзын, қысқа, кең, оңай, қиын, ұзақ, т.б . Мысалы, жақсы сөйледі, жаман жазды, оңай түсінді, ұзын кесті, кең пішті, майда ту- рады. Мұндай етістікті сөз тіркестері пысықтауыштық қатынасты білдіреді.
609 Қазіргі қазақ тілі Олар дойбыны өте жақсы ойнайды (Ғ.Мүсірепов). Досы қат- ты сүйінген, дұшпаны жаман күйінген (Жамбыл). Ағаш кессең, ұзын кес – қысқартуы оңай, темір кессең қысқа кес – ұзартуы оңай, киім пішсең, кең піш – тарылтуы оңай (Мақал). Ол оп- оңай беріле қоятын кісі емес (Ғ.Сланов). Қатыстық сын есімдердің ішінде етістікті сөз тіркесінің ба- ғыныңқы сыңары қызметінде -сыз//-сіз, -дай//-дей тұлғалы сөздер көп жұмсалады: Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді (М.Əуезов). Еңбексіз тап- қан мал есепсіз кетеді (Мақал). Сорақы ұзын да емес, қысқа да емес, нəзік бел тал шыбықтай бұраңдайды (Абай). §33. Сан есімді сөз тіркестері Сан есімдер заттың сандық сапасын білдіретін сөз ретінде есімді сөз тіркестерінің құрамында жиі қолданылатыны белгілі. Сонысына қарап, сан есімдерді есіммен (зат есіммен) тіркесу үшін ғана қолданылатын сөздер деуге болады. Дегенмен олар етістіктермен де тіркесе береді. Сан есімдер етістікті сөз тіркес- тері құрамында пысықтауыштық қатынаста қимыл процесін сан- дық сапа тұрғысынан пысықтайды. Бұл қызметте сан есімдер атау тұлғасында етістіктермен қатар тұрады. Сонымен қатар сан есімдер рет, есе тəрізді сөздермен қосарланып жұмсалады: үш рет келді, екі есе көбейді, т.б . Есептік сан есімдер ал, айт, сөйле, кел, қара, жүр, секір, сүрін тəрізді етістіктермен қабыса байланысады. Сан есімдер бұл қызметте қимыл мен күйдің қайталану мөлшерін білдіреді. Жанбота туды екі алды (Ғ.Мұстафин). Жаңбыр бір жау- са, терек екі жауады (Мақал). Ит бір сүрінсе, қырық сүрінеді (Мақал). Қосарлы сан есімдер етістіктермен тіркесіп, іс-əрекеттің ша- мамен алғандағы қарқынын білдіреді: Би-болыстар екі-үш қонып... ауылнайға қарай кетті (С.Кө- беев). Қожаш та қамшымен Шалқанды бір-екі тартып өтті (С.Көбеев). Сан есімдер етістікті сөз тіркесі құрамында рет, дүркін сөздерімен қосарланып, қимылдың дүркінділік дəрежесін көрсетеді:
610 Қазіргі қазақ тілі Ғайша бірер рет көзінің астымен Қожашқа қарап қойды. Шалқан Жүністі қамшымен екі-үш рет сілтеп өтті (С.Көбеев). Бұл мəселе обкомда бірінші рет қаралғанда, аудан өкілі боп Рахмет те қатынасты (С.Мұқанов). Бейсен екі дүркін сөйлеп үлгерді (Х.Ерғалиев). Сан есімдер есе сөзімен қосарланып келіп, етістіктермен тіркескенде, қимылдың сандық тұрғыдан даму дəрежесін біл- діреді: Жұмыс аумағы үш есе ұлғайды (Ғ.Мұстафин). Олар жоспар- ды бірі үш есе, бірі бес есе орындады (Ғ.Мұстафин). Мезгіл мағыналы есімдер мен сан есімдер тобы етістіктер- мен тіркесіп, күрделі сан мөлшерін білдіреді: алты ай із- деді, бес километр жүгірді, он сағат істеді. Мұндай сөз тір- кестерінің сан-мөлшерлік мəні көбінесе мезгілдік, мекендік бо- лады: Ауылдастар бір төбені бір ай қазды (Х.Ерғалиев). Бұлар байдың үйінде екі-үш күн жатты (С.Көбеев). Иванов 10 минут сөйледі (Ə.Нұрпейісов). Жомарттың жоспарын Жанат сегіз күн ұстады (Ғ.Мұстафин). Үш адым алға кетті. Он километр жүгірді. §34. Зат есімді сөз тіркестері Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестерінің үлкен бір тобы зат есімді тіркестер болады. Зат есімдер сабақты етістіктермен қабыса тіркесу арқылы əрі мағыналық, əрі грамматикалық тығыз байланыстағы сөздер тобын құрайды. Сөз тіркестерінің бұл түрі тура объектілік қатынаста жұмсалады. Жалғаусыз табыс септіктегі зат есімге сабақты етістіктің қимылы ауысып түсіп, онымен біте қайнасқан байланыста тұрады. Мысалы: жер жырту, киім тігу, бала оқыту, кітап оқу, мылтық ату, қымыз ішу. Кейбір зат есімдер етістіктермен бір тіркесте жиі қолда-ны- луының нəтижесінде жəне керісінше, өздерінің бұрынғы дер- бестігінен айырылып, түйдекті тіркес қалпында баяндауыштың не басқа бір мүшенің құрамына еніп кетеді. Мысалы: сөз сөйлеу, темекі тарту, орақ ору, жол жүру, төсек салу. Мұндай тіркестердегі зат есімдер, сырт қарағанда, қимыл- дың объектісі болып көрінгенімен, қолдану тəжірибесінде табыс жалғауын қабылдамайды. Ал жоғарыда келтірілген (жер жыр-
611 Қазіргі қазақ тілі ту, киім тігу, т.б.) зат есімдер табыс жалғаулы болып та неме- се жалғаусыз да жұмсала алады. Бұл ерекшелік алдыңғылардың (сөз сөйлеу, орақ ору) құрамындағы сөздердің тығыз байланысты екенін, дербестігінің жоқтығын көрсетсе, соңғылардың ( жер жыр- ту, киім тігу) оларға қарағанда, арасының алшақтығын аңғартады. Қабыса байланысқан зат есім мен етістікті сөз тіркестерін тіркесу ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлуге болады: 1. Нақтылы зат есімдердің қимылды, қозғалысты білдіретін етістіктермен тіркесі. Мысалы: ағаш кесу, пішен ору, таяқ ұстау, ет турау, гүл отырғызу, шам жағу, тері илеу, үй салу, кілем тоқу. Шанаға екі қап сұлы сал, толтыра шөп сал (Ғ.Мүсірепов). Қыз-келіншек үй тігер (Абай). Жақып өз бөлмесінде жантайып газет оқып жатыр (Ғ.Мұстафин). Сабадан қымыз құйдырып, ортасына қойдырып (Абай). Сиыр сауатын, қой сауатын, іркіт пісетін, құрт қайнататын, одан босай берсе, жыртық иығына қап салып тезек теретін (М.Əуезов). Осындай сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарлары етістіктер- дің мағыналық ерекшеліктеріне үйлесімді болып, ыңғайласа тір- кеседі. Сондықтан, мысалы, тоқу етістігіне тоқылып жасалатын зат атауларының бірі объект бола алады, ал тоғыту етістігі қой тоғыту, қозы тоғыту тəрізді бірен-саран сөз тіркестерінің ғана құрамында жұмсалады. 2. Абстракт зат есімдер күйді, сезімді білдіретін етістіктермен тіркеседі. Сөз тіркестерінің бұл түрі сирек құралады. Өйткені ақыл, мінез, қылық, тамаша, жақсылық тəрізді абстракт зат есімдердің объектілік қызметі солғын болады. Оның үстіне, мұндай сөздері бар тіркестер сөйлем құрамында көбінесе лексикалық тіркес ретінде ұғынылады: жақсылық қылу, сыр білдіру, ақыл беру тəрізділер. Мысалы, Дем алысы – үскірік, аяз бен қар, Кəрі құдаң – қыс келіп əлек салды. (Абай). . . . 2 1-22 жылдардағыдай билік айтып олжа түсіретін ... заман емес. Сары оған мынандай сөз айтты. Досбол Хасеннің үстінен арыз бермекші (Б.Майлин).
612 Қазіргі қазақ тілі МЕҢГЕРІЛЕ БАЙЛАНЫСҚАН ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ §35. Жалпы түсінік Етістіктермен меңгеріле байланысып, əртүрлі қарым-қаты- наста жұмсалатын сөздер – есімдер. Есімдер етістікке қатысты болып меңгеріле байланысу үшін барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес жалғауларының бірінде ай- тылады. Бұл жалғаулар – есімдерді етістіктермен ұластырушы ғана емес, сөздердің синтаксистік қызметтерін саралайтын да тұлғалар. Сондықтан меңгерудің етістікті сөз тіркесін құрауда мəні ерекше. Аталған септік жалғауларының синтаксистік қызметі, негізінде, етістіктердің лексикалық мағыналарымен байланысты болады да, сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарларына септік жалғауы басыңқы сөздердің ыңғайына қарай жалғанады. Мысалы, шық, түс, қара, жібер етістіктері барыс, шығыс, көмектес жалғауларындағы сөздерді керек етіп, оларды өздеріне бағындырып, меңгеріп тұрады: шық – тауға шық, үйден шық, сатымен шық; түс – суға түс, аттан түс, арқанмен түс; қара – балаға қара, терезеден қара, бинокльмен қара; жібер – жолдасыңа жібер, қаладан жібер, поштамен жібер. Меңгеру – синтаксистік байланыс формаларының ең жиі ұшырайтын түрі. Меңгеруде де сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары, қиысудағыдай басыңқы сөздің ыңғайына еріп, белгілі жалғауда тұрады. Бірақ ол екеуінің үлкен айырмашылығы бар. Егер қиысуда бағыныңқы сөз (баяндауыш) басыңқы сөздің (бастауыштың) грамматикалық мағынасына, тұлғасына қарай рай- лас болып тұлғаланса, меңгеруде сөз тіркесіндегі сөздердің ара- сында тұлғалық райласу болмайды, тек бағыныңқы сөз басыңқы сөздің лексикалық мағынасының əуеніне қарай тұлғаланады. Түркі тілдерінде, оның бірі қазақ тілінде, кейбір жалғаудағы сөздерді меңгере алатын етістіктерге етіс қосымшасын жалғап айтқанда, олардың меңгеретін сөздерінің де тұлғалары өзгерілетіні бар. Мы- салы: Ол мені көрді – ол маған көрінеді. Ол сені байқамайды – ол саған байқалмады. Мен мақала жаздым – мен газетке жазылдым.
613 Қазіргі қазақ тілі Мұндайда септік жалғаулары етіс қосымшаларына бейімделіп өзгермейді, сол қосымшалар арқылы етістіктердің мағыналары өзгерілетіндіктен, олардың меңгеру тұлғасы да басқа болуы мүмкін. Мысалы, сұра табыс жалғауын керек етсе, сұран керек етпейді, түсіндір барыс жалғаулы сөзді меңгерсе, түсін меңгермейді. Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері бағыныңқы сөздің тұлғасына қарай былай бөлінеді: 1) барыс жалғаулы сөз тіркестері; 2) табыс жалғаулы сөз тіркестері; 3) жатыс жалғаулы сөз тіркестері; 4) шығыс жалғаулы сөз тіркестері; 5) көмектес жалғаулы сөз тіркестері. §36. Табыс жалғаулы сөз тіркестері Табыс жалғаулы сөздерді керек ететін етістіктер – сабақты етістіктер. Қазақ тілінде сабақты, салт етістіктердің тұлғалық айырмашылықтары болмағанымен, олардың мағыналық ерек- шеліктерін табыс жалғаулы есімдердің олармен тіркесе алатын не тіркесе алмайтынына байланысты айыруға болады. Мысалы, кес, ұр, шал, ал, бер, шақыр, сұра, сой, қама, жаз, оқы, бас, сана, та- ста, көзде, қолда, тыңда, жібер, қала, жама, тік, іш, же сияқты кісінің қимыл-əрекетін, ісін білдіретін етістіктер сабақты болады да, күл, қуан, қайғыр, жыла, шошы, есіне, жалық, ауыр, терле, тоң, шомыл, тырыс, шаттан, масаттан сияқты кісінің көңіл күйін білдіретін жəне маңыра, ұлы, бозда, кісіне, мөңіре, сайра, тула, ақса, ойнақта, жоғарыла, жел, жорт, күркіре, жымыңда, аһыла, уһіле, жылтыңда сияқты заттың қимылдық күйін білдіретін етістіктер салт болады. Бұларға етіс жұрнақтары жалғанып, сабақты етістік салтқа, салт етістік сабақтыға ауыса береді: Салт Сабақты Сабақты Салт Қуан Қуант Ат Атыл Шарша Шаршат Көр Көрін Күл Күлдір Жаз Жазыл Жел Желдір Тыңда Тыңдат Нан (сен) Нандыр Қыр Қырын Сайра Сайрат Жу Жуын Күркіре Күркірет Түсір Түсірт Түс Түсір Шығар Шығарт
614 Қазіргі қазақ тілі Қазақ тілінде жоғарғыдай етістіктердің мағыналарын түрлен- діруде етіс жұрнақтары ерекше рөл атқарады. Соның нəтижесінде етістіктер бірқалыпта қатып қалмай, жылысып, ауытқып меңге- ретін сөзімен сабақтылық, салттылық байланыста болу арқылы ерекше икемділік қасиетке ие болады. Кейде сабақты не салт деп ұғынылатын етістіктер екі жаққа бірдей болуы мүмкін. Қара – негізінде салт етістік. Сондықтан сен маған қара, балаға қара, жерге қара, терезеге қара болып, барыс (кейде шығыс, көмектес) септікті сөздерді меңгереді. Солай бола тұрып, түріңді қара, Омарбекті қарай көр дегендей сабақтастық байланыста да жұмсалады. Сондай-ақ, ойна – кісінің күйін білдіретін салт етістік. Сол себептен: Ол балалармен ойнады. Балалар есік алдында ойнады болып айтылса, Балалар асық ойнады. Күлəш Татьянаның рөлін ойнады дегенде, ол сабақтастық қатынаста табыс септіктегі сөздер- ді өзіне бағындырып тұрады: Қақ – сабақты етістік. - Жарайсың, Баймағамбетім, – деді де Байболат ұмтылып барып, оны арқаға қақты (С.Омаров) деген сөйлемде ол табыс жалғаулы сөзбен (оны) сабақтастық байланыста тұр. Дəл осы сияқты баяндауышы бар: Мəз болады болысың, Арқаға ұлық қаққанға (Абай) – деген өлеңде ол табыс септігін меңгермей, салт етістік сияқтанып тұр. Бірқатар етістіктің жетегіндегі барыс, шығыс септікті сөздер табыс септігінің орнына жұмсалады. Мысалы, Ол акт жазам де- генмен, не жазуға білмеді (С.Мұқанов) дегенді өзгертіп, Ол акт жазам дегенмен, не жазарын білмеді деуге болады. Сөйтіп, бір етістіктің меңгеретін сөзі бірде барыс, бірде шы- ғыс, бірде табыс септікте болғанда, олардың мағыналары бар- лық жағдайда да біріне-бірі пара-пар бола бермейді, ептеген айырмашылықтары да болады. Сол өзгешелікті ескеріп, табыс септігін меңгере алатын сабақты етістіктер мен меңгере алмайтын салт етістіктердің біразын тізіп байқайық:
615 Қазіргі қазақ тілі Сабақты етістіктер: а) Кісінің қимыл əрекетін білдіретін етістіктер: істеу, шабу, қырқу, қазу, айдау, сызу, жазу, ату, арту, сою, бауыздау, салу, түйреу, байлау, сабау, қозғау, т.б. ə) Кісінің сезімін, қабылдау əрекетін білдіретін етістіктер: сезу, сағыну, есіту, түсіну, ұмыту, ойлау, білу, иіскеу, тыңдау, т.б. б) Хайуанаттың, жəндіктердің қимыл əрекетін білдіретін етіс- тіктер: тебу, қабу, тістеу, шағу, шұқу, талау, сүзу, (ін) қазу, т.б . в) Кісінің, жануарлардың қоректену əрекетін білдіретін етіс- тіктер: шайнау, жұту, жалмау, ішу, жеу, сору, т.б. Салт етістіктер: а) Кісінің көңіл күйін білдіретін етістіктер: күлу, қуану, қайғы- ру, шошу, сескену, жылау, зерігу, масаттану, жалыну, елегізу, күйіну, қорлану, ауыру, ұйықтау, ыңқылдау, аһылау, үһілеу, есі- неу, т.б. ə) Жан-жануардың үндеу жəне қозғалыс күйін білдіретін етіс- тіктер: ырылдау, маңырау, боздау, кісінеу, мөңіреу, сайрау, жор- ғалау, ұшу, шулау, аяңдау, секіру, қарғу, құжынау, ызылдау, пы- рылдау, тоқтау, т.б. б) Адамның не басқа заттың қимыл күйін білдіретін етістік- тер: кіру, шығу, түсу, жату, отыру, жүру, тұру, жету, келу, бару, озу, талпыну, түшкіру, кекіру, қимылдау, қозғалу, домалау, т.б. в) Кісінің, заттың сындық құбылыс күйін білдіретін етістіктер: қызару, қараю, ағару, сарғаю, бозару, сұрлану, жасару, жақсару, кішірею, ұзару, т.б . Сабақты, салт етістіктердің негізгі топтарының бұл айыр- машылықтарына қарағанда, түбір тұлғалы сабақты етістіктердің көпшілігі кісінің еңбек процесімен, қимыл əрекетімен байла- нысты етістіктер болады да, салт етістіктердің көпшілігі кісінің көңіл күйін, кісінің жəне басқа заттардың үндеу, қозғалыс əреке- тін білдіреді. Бірақ заттың қимылы, күйі деп отырған етістіктер əр уақытта дəл жоғарыда көрсетілгендей белгілі затқа ғана тəн болмайды. Олардың бəрі болмағанмен, бірқатары жансыз заттың қимылы мен күйі болуы да мүмкін. Табыс жалғаулы есімдер мен сабақты етістіктерден құралған сөз тіркестері объектілік (толықтауыштық) қатынаста жұмсалады: табыс жалғаулы сөз сабақты етістікті толықтырады да, ол етістіктің
616 Қазіргі қазақ тілі қимылы тура толықтауышқа ауысып түседі, мысалы: ағашты кесу, етті турау, қойды айдау, шегені суыру, терезені ашу, пішенді ору, малды бауыздау, баланы тəрбиелеу. Барлық есімдердің сабақты етістіктермен тіркесу қабілеті бірдей емес; көбінесе ол құрамда айтылатын сөздер – зат есім- дер мен олардың орнына жұмсалатын есімдіктер жəне сапалық есімдер. Бұлар қатысты сөз тіркестері былай бөлінеді: 1) нақты объектілі; 2) абстрактіленген объектілі. Бірінші топқа қолға ұстап, көзбен көретіндей зат есімдер қатысқан сөз тіркестері енеді. Ондағы есімдер мен етістіктер ба- рынша мағыналық тығыз байланыста болады: Мыңнан аса жылқыны үш-ақ адам бағып жүр. Игілік тоқымын төсеніп, ерін жастанды да жата берді (Ғ.Мүсірепов). Қалампыр сынық ашалы бақанды сүйретіп, қоңыр сиырды ай- нала қуады. Қанеки, қарындас, қолыңды тос! (Б.Майлин). Бұл топқа табыс жалғаулы кісі аты қатысты сөз тіркестері де енеді. Самалды салқын түн Қуанышты жұбата алмады ( Б.Майлин). Жұмағұл Абайды тани барды (М.Əуезов). Ушаков Байжанды шанасына мінгізіп алды (Ғ.Мүсірепов). Табыс жалғаулы сөзі бар етістікті сөз тіркесінің екінші тобы- на абстракт есімдер мен кісінің (жан-жануардың да) көру, сезу, сөйлеу, үндеу, т.б. əрекетін білдіретін сабақты етістіктерден құралған сөз тіркестері жатады. Қуаныш солармен араласып өткізген өмірді ойлайды. Ел жүрегінің қалай соғарын аңғарғың келсе, ең алдымен жазушының тамырын бас, асыра айтар, ауыр күрсінер, бірақ жалғаны бол- мас, шындықты аңғарарсың (Ғ.Мүсірепов). Ауыл адамдары ал- дымен жазды əңгіме қылып өтті (Б.Майлин). Елін ері қорғаса, елі де ерін қорғайды (Жамбыл). Сортаңдауды, тозуды біле ме ол жер? (С.Мұқанов). Біз сүйеміз көктем күнін (Х.Ерғалиев). Осы сырды Нысаналы ақын жақсы біледі (Ғ.Мүсірепов). Бұл топқа есімдікті, сапалық есімді (есімшелі) сөз тіркестері де енеді. Күн қазір ымырт бопты, оны да жаңа байқады. Екі көше ада- сып, пəтерінен асып кетіпті. Мұны да жаңа білді (М.Əуезов). Бөлінгенді бөрі жейді (Мақал). Шөптің шашылғанын жинап алуға да мұрша жоқ (Ғ.Мүсірепов). Жақсыны көрмек үшін (Мақал).
617 Қазіргі қазақ тілі §37 Барыс жалғаулы сөз тіркестері Барыс жалғаулы есімдер мен етістіктерден құралған сөз тіркес- тері өзара меңгеріле байланысады да, жанама толықтауыш- тық, пысықтауыштық қатынастарда жұмсалады. Барыс жалғаулы есімдер қатысқан етістікті сөз тіркесінің қарым-қаты- насының əртүрлі болуы сөз тіркесі құрамының түрлі-түрлі болуы- мен байланысты, мысалы, тауға шығу (беталыс), тоғайға кіру, үйге келу (мекен), балаға беру (арнау), оқуға келу (мақсат), кешке келу, жазға киіну (мезгіл). Барыс жалғаулы есімдер кез келген етістіктермен тіркесе бермейді, олармен мағыналық үйлесімді бола алатын етістіктермен ғана тіркеседі. Олар мынан- дай етістіктер: беру, кету, келу, жату, отыру, ұмыту, сену, нану, жалыну, ұнау, сіңу, қуану, таяну, қамау, беттеу, шығу, түсу, тою, қарау, салу, жету, жүру, шабу, кіру, кірісу, қону, айту, толу, қамау, қою, жақындау, бату, қызығу, көріну, дайындау, т.б . Бұл етістіктердің көпшілігі – күйді, қимылды, сезімді білдіре- тін салт етістіктер. Салт етістіктердің жетегінде айтылатын барыс жалғауы есімдер (зат есім, есімдік, сын есім, сан есім, есімше) басыңқы сөздерге тікелей жəне демеулер арқылы қатысты болады. Бұл сөз Абайға жеткенде, Тəкежан қатты сескеніп қалды (М.Əуезов). Байжан іске кірісті (С.Мұқанов). Абайға ағашты таулар... шидем айналдырып киген кəрінің өңіндей көрінеді (М.Əуезов). Паромға мініп, ар жаққа бұлар да өтті (С.Мұқанов). Олар заңға бағынады. Ол Нұрланды көрген соң, табалдырықтан əрі аттамай тұра қалды (З.Шашкин). Сабақты етістіктер де барыс жалғаулы есімді меңгере ала- ды, бірақ олардың көпшілігі жоғарғы тізімде саналған салт етістіктермен жасалған сабақтылар болады. Олармен тіркесетін барыс жалғаулы есімдер тура объект қызметіндегі заттармен де мағыналық байланыста тұрады: Адамға жол бермеген қайран тілім... (Қ.Жұмалиев). Нақ те- резе алдында өскен алма ағашы бөлмеге күн сəулесін түсірмейді (С.Мұқанов). Быков күрегін қарға басқа жұрттан бұрын сал- ды. Ушаков Сарыарқаның əр қырқасына бір қазық қағып, көмірді темірге, темірді мысқа, мысты қорғасынға қосақтап, арқандап тастады (Ғ.Мүсірепов).
618 Қазіргі қазақ тілі Барыс жалғаулы есімдер етістікті сөз тіркесінде объектілік жəне пысықтауыштық қатынастарда жұмсалады. а) Объектілік қатынастағы сөз тіркестері, негізінде, қимыл процесінің кімге, неге арналғанын, бағытын, қандай затпен үстемеленгенін, қандай затпен түйіскенін, неге қамтылғанын білдіреді. Тоқсандағы Жамбылға толқындатып сөз келді (Жамбыл). Абайға үйдегі кемпір де бұрылып қарады (М.Əуезов). Төрт тү- лікке толды аймақ, осынау аулым колхозда (Жамбыл). Дəулетке батып белшеден, ырысқа қандым, кенелдім (Жамбыл). Жа- палақты тасқа ұрсаң да жапалақ өледі, тасты жапалақпен ұрсаң да жапалақ өледі (Мақал). Бұл жігітті қызметке алу ке- рек. ə) Пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері, негізінде, қимыл процесінің бағытын білдіреді жəне мекендік, мез- гілдік, мақсаттық мағыналарда жұмсалады. Мен ауданға барамын (Ғ.Мұстафин). Қарағандыға жүз елу кісі жіберілді. Ол... үйге кірді. Бұл үйдің барлық жаны жалаңаш- жалпы далаға жүгіріп шығыпты (Ғ.Мүсірепов). Ушаковты қонаққа шақырып келем (Ғ.Мүсірепов). Барыс жалғаулы есімдерді кейде есім мен көмекші етістіктер- ден болған құрама баяндауыштар да меңгереді. Сейіт бұл топқа жалпы сəлем берді де, тоқтамай өтіп кетті (Ғ.Мүсірепов). Судьялар ешкімге тəуелді емес (Конституция- дан). Толқынға бөгет бола алмай, ит қорлыққа көне алмай... (Қ.Жұмалиев). §38 Шығыс жалғаулы сөз тіркестері Етістікті сөз тіркестерінің жиі ұшырайтын ендігі бір түрі – шығыс жалғаулы есімдер мен етістіктер тобы. Мұнда да жал- ғаулы есімдерді етістіктер меңгеріп, солардың байланысынан толықтауыштық жəне пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері жасалады. Шығыс жалғаулы есімдерді (көбінесе зат есімдер мен есімдіктерді) меңгеретін етістіктер, негізінде, мыналар: шығу, шығару, қайту, қайтару, келу, келтіру, түсу, түсіру, жүру, қозғау, қарау, қарату, тастау, алу, алдыру, көріну, көрсету, оқу, үйрену,
619 Қазіргі қазақ тілі өту, өткізу, қорқу, озу, оздыру, таю, тайдыру, туу, тану, секіру, асу, (таудан асу), тарау, ұшу, тоқу, істеу, тігу (барқыттан тігу), салу (тастан салу), қалу, пісіру, орнату (тастан орнату), соғу, қарғу, сұрану, т.б. Бұлардың көбі қимыл (мысалы: тастау, шығару, тарау, тоқу) жəне қабылдау (мысалы: көру, қорқу, қарау, үйрену) мəнді етістіктер. Меңгеретін етістіктер осылардай əртүрлі мағынада жұмса- латындықтан, олармен шығыс жалғауда тұрып сөз тіркесін құ- райтын сөздер де əр алуан болады. Олардың тіркесінен түрлі- түрлі мағыналық қатынастағы сөз тіркестері жасалады: Мысалы, шығу етістігімен тіркесетін зат есімдер үйден (шығу), тоғайдан (шығу), көліктен (шығу) сияқтылар. Көрсету етістігімен тіркесе алатын зат есімдер – алыстан (көрсету), терезеден (көрсету) сияқтылар. Бұлар – пысықтауыштық қатынаста тұрып, мекендік мағынада жұмсалған сөз тіркестері. Ал жіптен тоқу, барқыттан тігу, (қораны) қамыстан салу тəрізді тіркестер толықтауыштық қатынаста тұрып, іске қатысты заттың материалдық тегін біл- діреді. Толықтауыштық қызметте жұмсалатын шығыс жалғау- лы сөз тіркестерінің мағыналары, негізінде, мынандай болады: 1. Заттың басқа заттан істелу тегін білдіреді. Тастан жер ошақ жасап, май қайнаттым (Ғ.Мүсірепов). Өнер-білім бар жұрттар Тастан сарай салғызды (Ы.Алтынсарин). Болаттан сұңқар ұшырып, Мұхиттан əрі асамыз. Қуаттан дария ағызып, Ерліктен ерлік туғызып Өрге өрлеп тасамыз (Жамбыл). Мұндай шығыс жалғаулы сөз тіркесін меңгеретін етістіктің жетегінде тура толықтауыш та болады. Сонда шығыс жалғаулы жанама толықтауыш тура толықтауышпен де мағыналық байла- ныста тұрады. 2. Мағлұматтың, əрекеттің шығу көзін білдіреді. Ондай сөз тіркестерін құрайтын етістіктер – кісінің қабылдау əрекетін білдіретін сабақты етістіктер: алу, алдыру, білу, есту, оқу, үйрену,
620 Қазіргі қазақ тілі сұрау. Кісіден есту, (білімді) кітаптан алу, үлкеннен үйрену, сөзінен білу, жолдасынан сұрап алу: Жүсіп оның жайын Күншеден сұрап білді (Ғ.Мүсірепов). Жұмыскерлер Ереминнен естігенін айтты (М.Əуезов). Білімдіден ақыл шығар, ақылды қарттан нақыл шығар (Мақал). 3. Шығыс жалғаулы зат есімдер айрылу, құтылу, айығу, жа- зылу, қашу, тазару, тазарту, безу сияқты етістіктермен тіркесіп, бірдеңеден арылу, құтылу мағынасында жұмсалады. Мысалы: ау- рудан айығу, бəледен құтылу, жамандықтан қашу: Қайғыдан халқым арылып, Бақыт құсын ұстадым (Жамбыл). Тиынды қызғанып, теңгеден айрылу осындайдан туады (Ғ.Мүсірепов). Көзден кетсе, көңілден кетеді (Мақал). 4. Сан есім не болмаса сан есімнен анықтауышы бар зат есім шығыс жалғауда тұрып етістікпен тіркескенде, сөз тіркесі заттың сандық бөлшегін не дараланған мөлшерін білдіреді. Сегіз жүз жылқыдан бір тай қалмаған екен. Əрбір қонақ- тың сыртында екіден, үштен жастықтар жатыр (М.Əуезов). Ваннаға олар алты кісіден кірді (А.Гайдар). – Маған күніне елу тиыннан неге беріп отыр? – Əлі бір сомнан беретін болады! (Ғ.Мүсірепов). Пысықтауыштық қатынастағы етістікті сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары шығыс жалғау арқылы тікелей етістікке не демеулер арқылы етістікке бағынады, мысалы: таудан асты, бір жылдан асты, таудан əрі асты, бір жылдан əрі асты. Пысық- тауыштық қатынастағы сөз тіркестері мынандай мағыналарда ай- тылады. 1. Көлемдік. Ондай сөз тіркестерінің көлемдік мағынала- ры істелетін істің, əйтеуір, бір басталу орнын көрсетуге негізде- леді. Көбінесе олар қимыл процесінің орнын көрсетеді, мысалы: арбадан түсу, үйден шығу, терезеден кіру, тоғайдан өту. Самойлов Жабайды арбадан түсіріп алып, тар бөлмеге əкетті. Үйдің кішкене-кішкене терезелерінен жарығы көрінеді (Ғ.Мүсірепов). Жылқы айдаған жігіттер шоқыдан асып, Ой- құдықтан өтіп, Ералыға жеткен (М.Əуезов). Қой əлі өрістен келген жоқ (М.Жұмабаев).
621 Қазіргі қазақ тілі Көлемдік мағыналы сөз тіркестерінің енді бірқатары қимыл- дың басталу, болу орнын (мекенін) білдіреді, мысалы: қаладан аттану, базардан қайту, университеттен келу, ауданнан кету, осы арадан тарау. Бұл – Нілдіден осы кесек күйінде табылған самородок еді (Ғ.Мүсірепов). Жан-жақтан келген бозбалалар екі үйді лық тол- тырды (С.Көбеев). Қар астынан, он шақты жерден құлдырап шыққан қою қара түтіндер көрінеді (Ғ.Мүсірепов). Алыстан сермеп, Жүректен тербеп Шымырлап бойға жайылған (Абай). 2. Мезгілдік. Бұл мағынада бағыныңқы сөз мезгіл мəнді жəне кісінің жас мөлшерін білдіретін есімдер болады да, басыңқы сөз көбінесе қабылдау мəнді етістіктер болады, мысалы: былтыр- дан білемін, жастайымнан түсінгенмін. Жастайымнан таңдағаным, жаттағаным – Москва (Х.Ерға- лиев). Мен Есенді кішкентайымнан білемін. Былтырдан қалған жұмыс жоқ. 3. Себеп- салдар. Бұл мағынада жұмсалатын сөз тіркесінің шығыс жалғаулы сыңары есімше не қимыл есімі болады, мыса- лы, ұялғаннан қызарды, түсінбегендіктен қателесті, ұйықтап қалғандықтан кешікті. Жақып қуанғаннан күліп жіберді (Ғ.Мүсірепов). Жабай өзінің білместігінен үялыңқырап қалды. Мүмкін, саны бесеу болғандықтан «бестік» деп аталатын шығар (Ə.Сəрсенбаев). Көптен көрмегендіктен Ботакөз апасын сағынған (С.Мұқанов). 4. Амал. Шығыс жалғаулы есімдер етістіктермен тіркескенде қимылдық амалын (қалай болғанын) білдіреді, мысалы: етпетінен құлау, даусынан тану, мұртынан күлу. Бұл үйдің адамдары... бірін-бірі қабағынан, ернінің емеуріні- нен танып əдеттенген. Қызын қабағынан танитын анасы оның ойын бөлген жоқ (Ғ.Мұстафин). Қолынан келген қонышынан басады (Мақал). §39. Жатыс жалғаулы сөз тіркестері Басқаларына қарағанда, жатыс жалғаулы есімдерді меңгере алатын етістіктердің саны онша көп емес. Олардың көпшілігі
622 Қазіргі қазақ тілі заттың күйін білдіретін салт етістіктер: отыру, тұру, жүру, жату, кездесу, ойнау, қону, көру, көрсету, ұйықтау, қалғу, сүйену, жы- лау, ескеру, үйрену, ұнау, құру, т.б . Мұндай етістіктермен тіркесетін жатыс жалғаулы есімдер мы- нандай қатынастарда жұмсалады: а) Объектілік (толықтауыштық). Объектілік қатынастағы ондай сөз тіркестерінің мағыналары қимыл процесінің қандай заттың үстінде не қандай затпен байланыста болатынын, бірдеңенің кімде екенін білдіреді, мысалы: өмірде кездесу, заңда көрсетілу, ойда сақтау, күресте озу, сөзде тұру. Бүгінгі күресте көрсеткен күшіңді өлеңге шығар (С.Мұқа- нов). Олар мал шаруашылығын өрге бастыруда зор рөл атқаруға тиіс (Газеттен). Заңда басқаша тəртіп көрсетілмеген болса, істер ашық түрде қаралады. Он сегіз мың бұл ғаламның Бар тынысы күнде тұр, Мен сықылды сорлы адамның Ықтияры сенде тұр (Абай). ə) Пысықтауыштық. Пысықтауыштық қатынастағы жа- тыс жалғаулы сөз тіркестері мекендік жəне мезгілдік ма- ғынада жұмсалады: 1. Мекендік мағынадағы сөз тіркестері зат есімдер мен отыру, тұру, жүру, қаралу сияқты заттың күйін білдіретін етістіктерден не солар қатысты күрделі етістіктерден құралады. Интернатта оқып жүр Талай қазақ баласы (Абай). Аппақ кең далада ауыл көсіле ұйықтап жатыр (Ғ.Мұстафин). Жаңа жоспар облыстық су шаруашылық мекемелерінде қаралып бекітіледі (С.Мұқанов). Жүк шаналары жолда қалып жатыр дейді (Ғ.Мүсірепов). 2. Мезгілдік мағынадағы сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары шақ, мезгіл мəнді есімдер не есімдер тіркесі болады да, басыңқылар жоғарғыдай етістіктің бірі болады: Қараңғы түнде тау қалғып, Ұйқыға кетер балбырап. Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре тұра тексермедім (Абай).
V ҚОСЫМША
624 Қосымша ПРОФЕССОР Т. САЙРАМБАЕВТЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ ХРОНОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШІ 1965 1. Сан есім мен етістіктен құралған сөз тіркестері: аспиранттар мен ізденушілердің мақалалар жинағы // Тіл жəне əдебиет мəселелері. – Алматы, 1965. – 52-58-бб . 2. Сан есім мен етістіктің тіркесі // Тіл жəне əдебиет мəселелері. – Алматы, 1965. – 8 0 -91-бб . 3. Сын есім мен етістіктен құралған сөз тіркестері: аспиранттар мен ізденушілердің мақалалар жинағы // Қазақ тілі жəне əдебиет мəселеле- рі. – Алматы, 1965. – 8 0 -91-бб. 4. Глагольные словосочетания с прилагательными и числительными в современном казахском языке: автореф. канд. филол. наук. – 1965. – 1 8 с. 1966 5. Есім сөздердің етістіктермен тіркесу қабілеті // Қазақстан мектебі. – 1966. – No1. – 7 7 -79-бб. 6. Қазақ тіліндегі «көп», «аз» сөздері туралы // ҚазССР Ғылым ака- демиясының Хабарлары. Қоғамдық ғылымдар сер. – 1966. – 2-шығуы. – 67-71 -бб. 7. Новый шаг в определении содержания обучения русскому языку в казахской школе // Русский язык в казахской школе. – 1966. – No8. – С.56-58. 1967 8. Жас ғалымдар қамқоршысы // Ленин жолы. – 1967. – 3 қазан (Р. Сəр- сенбаевпен бірге). 1971 9. Күрделі сөз тіркестерінің кейбір мəселелері. – Алматы: Мектеп, 1971. – 71-б. 1972 10. Қажетті құрал // Қазақстан мұғалімі. – 1972. – 1 мамыр. – Кітапқа сын: Əмірəлиев Ш. Адамды жан-жақты тəрбиелеу – коммунистік тəр- биенің негізі. – Алматы: Мектеп, 1971. 11. Қосарлы сан есімдердің етістікпен тіркесі // Қазақ тілі мен əде- биеті. – Алматы, 1972. – 1 -шығуы. – 2 6 -31 -бб. 1973 12. Қабыса байланысқан есім пысықтауыштар // Қазақ тілі мен əдебиеті. – Алматы, 1973. – 3-шығуы. – 1 0 2 -110 -бб. 13. Қазіргі қазақ тілі: сөз тіркестері синтаксисі. Университеттердің сырттай білім беретін филол. фак. күндізгі бөлім студенттеріне арналған
625 Қосымша бақылау-пысықтау жаттығулары. – 1-бөлім. – Алматы, 1973. – 58 -б. (М. Серғалиевпен бірге). 14. Үстеулі сөз тіркестері туралы // Қазақ тілі мен əдебиеті. – Алма- ты, 1973. – 2 -шығуы. – 54-57-бб. 1974 15. Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы: программа / Арнаулы курстар мен арнаулы семинарлардың программалары. – Алматы, 1974. – 57-65-бб. (Қ.Ы.Жолымбетовпен бірге). 16. Сөз тіркесінің құрылымы туралы// Материалы итоговой науч- ной конференции профессорско-преподавательского состава. – Алматы, 1974. – 409 б. 1976 17. Есім пысықтауыш: пед. институттар мен университеттердің сту- денттеріне арналған. – Алматы: Қаз. мем. ун-ті, 1976. – 4 6-б. 18. Күрделі сөз тіркестерінің кейбір мəселелері: филол. фак. студенттері мен мұғалімдерге арналған көмекші құрал. – Алматы: Мек- теп, 1976. – 70 б. 19. Қазіргі қазақ тілі программасы: журналистика факультеті үшін. – Алматы, 1976. – 12 б. (Р.С. Сəрсенбаев, Р.С . Əміровпен бірге). 20. Құнды зерттеу // Қазақстан мұғалімі. – 1976. – 2 3 қаңтар. – Кітапқа сын: Н. Оралбаева. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктердің аналитикалық форманттары. – Алматы: Мектеп, 1975. 1978 21. Синтаксисті талдауға байланысты кейбір ойлар // Қазақстан мек- тебі. – No7. – 54-56-бб. 1979 22. Дайындық бөліміне келіңіздер // Лениншіл жас. – 1979. – 1 тамыз. 1980 23. Етістіктің сөз тіркесін құраудағы рөлі: аспиранттар мен ізде- нушілер мақалаларының жинағы // Қазақ тілінің мəселелері. – Алматы, 1980. – 3 -13-бб . 24. Қазіргі қазақ тіліндегі қаратпалар: методикалық оқу құралы. – Алматы: Қаз.мем.ун-ті, 1980. – 50 б. (М. Томановпен бірге). 25. О роли служебных слов в образовании сложных словосочетаний // Языкознание: тез. докл. и сообщ. III Всесоюз. тюркологической конф., 10-12 сентября. – Ташкент, 1980. – С.109-110 . 26. Роль периодической печати в развитии казахской терминологии // Проблемы функционального и внутриструктурного развития литератур- ных связей с применением в сферах массовой коммуникации: программа симпозиума. – 1980.
626 Қосымша 1981 27. Білімнің жаңа қыры // Лениншіл жас. – 1981. – 1 сəуір. – Кітапқа сын: Бектұров Ш., Серғалиев М. Қазақ тілі: пед. институттар мен уни- верситеттердің дайындық бөлімдеріне арналған. – Алматы: Мектеп, 1979 (Ə. Жақыповпен бірге). 28. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері: жоғары оқу орын- дарының студенттері мен мұғалімдеріне арналған. – Алматы: Мектеп, 1981. – 197 б. 29. Тіл білімі саласындағы зерттеулер //Лениншіл жас. – 1981. – 2 3 қыр- күйек. – Кітапқа сын: Қазақ совет тіл білімінің дамуы. – Алматы: Наука, 1980 (М. Серғалиевпен бірге). 30. Синтаксическая синонимия в современном казахском литератур- ном языке: информация о защите докт. дис. М .С. Сергалиева // Совет- ская тюркология. – 1981. – No6. – С.103 . 1982 31. Роль вспомогательных слов в образовании сложных словосоче- таний // Советская тюркология. – 1982. – No6. – С.77-79. 32. Структурно-семантические типы сложных словосочетаний в сов- ременном казахском языке: автореф. дисс... д -ра филол. наук. – Алма- Ата, 1982. – 47 с. 1983 33. Қазіргі қазақ тіліндегі қыстырмалар: метод. талдау. – Алматы, 1983. – 4 6 б. (М.Т. Томановпен бірге). 34. Практикалық мəні мол // Қазақстан мұғалімі. – 1983. – 2 3 қыр- күйек. – Кітапқа сын: Оралбаева Н. Қазақ тілі: практикалық курс. – Ал- маты: Мектеп, 1982. – 2 25 б. (А.Тасымовпен бірге). 35. Сөз тіркестерінің тарихы туралы // Қазіргі қазақ əдеби тілінің грамматикалық құрылымы. – Алматы, 1983. – 1 2-28 бб. 1984 36. Білімнің жаңа қыры // Лениншіл жас. – 1984. – 1 маусым. 37. Ізденген жетер мұратқа // Социалистік Қазақстан. – 1984. – 1 3 жел- тоқсан (Т.Жанұзақовпен бірге). 1985 38. Қазақ тілі сөз тіркесі спецкурсының программасы: университет- тер мен пед. институттардың филол. фак. арналған. – Алматы, 1985. – 1 0 б. 39. Қазіргі қазақ тілі синтаксисі тарауына байланысты методикалық нұсқау. – Алматы, 1985. – 49 б. 40. Сөз тіркесі спецкурсының программасы. – Алматы, 1985. – 1 2 б. 41. Сочетаемость слов и некоторые их проявления // Тезисы науч- но-теоретической конференции, посвященной 50-летию КазГУ им. С.М . Кирова. – Алма-Ат а, 1985. – С .97.
627 Қосымша 1986 42. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис: бақылау-пысықтау жаттығулары. – Алматы, 1986. – 4 7 б. 43.Терминдердің сөз тіркесіндегі құрылымдық ерекшеліктері тура- лы // Қазақ терминологиясының мəселелері//Проблемы казахской тер- минологии. – Алма-Ат а, 1986. – 45-54-бб. 1987 44. Қазіргі қазақ тілі программасы: журналистика фак. үшін. – Алма- ты: Қазақ ун-ті, 1987. – 1 4 б. (Р.С. Сəрсенбаевпен бірге). 45. Қазіргі қазақ тіліндегі сын есімдерінің етістікпен тіркесі: метод. талдаулар. – Алматы: Қазақ ун-ті, 1987. – 3 2 б. 46. Парцелляция жəне оны аудару / Лексико-стилистические во- просы перевода: опыт, размышления, обобщения. – Алма-Ат а , 1987. – С.90-98 (М.Б. Балақаевпен бірге). 1988 47. Қазіргі қазақ тіліндегі сөз тіркесінің ортақ басыңқы сыңары ту- ралы //ҚазССР Ғылым академиясының Хабарлары: Тіл, əдебиет сер. – 1988. – No2. – 11 -17 -бб. 48. [Рецензия] // Советская тюркология. – 1988. – No2. – С.131 . – Рец. на кн.: Ағманова Е. Қазақ тілінің тарихи синтаксисі. – Алматы, 1986. 49. Тіліміздің де, діліміздің де энциклопедиясы: Ре сп. Мем. сыйлы- ғына ұсынылған қазақ тілінің он томдық түсіндірме сөздігі жайлы // Алматы ақшамы. – 1988. – 22 қараша (Ф. Оразбаевамен бірге). 50. Классификация словосочетаний по главному компоненту в сов- ременном казахском языке // Тюркология-88: тез. докл. и сообщ. V Всесоюз. тюркологический конф., 7-9 сент. 1988 г. – Фрунзе, 1988. – С.214 -215. 1989 51. А . Байтұрсыновтың қазақ тілі саласындағы еңбектері туралы // Қазақстан мұғалімі. – 1989. – 3 наурыз (О.Төлегеновпен бірге). 52. А . Байтұрсыновтың морфологиялық еңбегі // Өркен. – 1989. – 29 сəуір. – 7 б. (О. Төлегеновпен бірге). 53. Тіл байлығының бір көрінісі // Қазақстан мұғалімі. – 1989. – 28 маусым. Кітапқа сын: Оразбаева Ф. Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім синонимдері. – Алматы: Мектеп, 1988. – 1 2 6 б. (Т. Қоңыровпен бірге). 54. Тіл келешегі туралы // Лениншіл жас. – 1989. – 16 қыркүйек (Ф. Оразбаевамен бірге). 55. Тіл мəдениеті мəселелері // Қазақстан мұғалімі. – 1989. – 6 қазан. – Кітапқа сын: Балақаев М. Тіл мəдениеті жəне қазақ тілін оқыту. – Алма- ты: Мектеп, 1989. – 96 б. (Ф. Оразбаевамен бірге).
628 Қосымша 1990 56. Екі институт керек // Халық кеңесі. – 1990. – 25 сəуір. 57. Ғалымдарды кемсітуге жол берілмесе керек // Социалистік Қазақстан. – 1990. – 2 3 ақпан. 58. Жанасу байланысу формасы // Қазақ тілі мен əдебиеті. – Алматы, 1990. – No5. – 46-47бб. 59. Сөйлем мүшелерінің теориялық мəселелері спецкурсының про- граммасы. – Алматы, 1990. – 10 б. 60. Сүбелі сөздік // Қазақстан мұғалімі. – 1990. – 11 мамыр. – Кітапқа сын: Рүстемов Л.З. Араб-иран кірме сөздерінің қазақша-орысша түсін- дерме сөздігі. – Алматы: Мектеп, 1989. – 3 2 0 б. (М. Серғалиевпен бірге). 61. Шығыстану туралы құнды еңбек // Қазақстан мұғалімі. – 1990, 27 қазан. 62. Интонация, ее место в языке // Тюркская фонетика-90: тез. докл. I Всесоюз. конф., 26-28 окт. 1990 г. – Алма-Ат а , 1990. 63.Лингвистический словарь и вопросы статистики // Статистичес- кая оптимизация преподавания языков и компьютеризация обучения: тез. докл. – Чимкент, 1990. 64. Новая форма парцелляции // Язык и словестность: материалы науч. конф., посвящ. 100 -летию В.И . Поливанова. 23 -26 окт. 1990 г. – Ташкент, 1990. – Ч .1 . – С.187 -188 . 1991 65. Лингвистикалық сөздік, оның көлемі // Қазақстан мұғалімі. – 1991. – 19 шілде. 66. «Лингвистикалық терминдерден жетилистиру мəселелері» // Тиллердің өзара қатынаслары жағдаиында кəзирги Қарақалпақ тили- ниң терминологиясын тəртиплестиру мəселелери бойынша илимиэме- лин конферениясының программасы. – Нокис, 1991. 67. Оқулықтағы олқылықтар // Қазақстан мұғалімі. – 1991. 68. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. – Алматы: Рауан, 1991. – 174 б. 69. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері: оқу құралы. – Алматы: Қазақ ун-ті, 1991. – 167 б. 70. Тағы бір жаңа оқулық // Қазақстан мұғалімі. – 1991. – 2 1 қараша. – Кітапқа сын: Серғалиев М., Айғабылов А., Құлкенова О. Қазіргі қазақ əдеби тілі: морфология жəне синтаксис: жоғары оқу орындарының сту- денттеріне арналған оқу құралы. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 2 1 4 б. (Қ. Қа- дашевамен бірге). 71. Вопросы истории изучения казахского языка в русскоязычной аудитории // Учебно-методическая конференция слушателей ФПК и пре- подавателей университета по обмену опытом работы в вузе. 23-25 дек. 1991 г. – Алматы, 1991.
629 Қосымша 1992 72. Байқауымыздың бағдарламасымен танысып көріңіз // Ана тілі. – 1992. – 2 3 ақпан. 73. Биікке бет алған баспалдақ // Жас Алаш. – 1992. – 18 сəуір. 74. Бөгде тілді ұлт аудиторияларындағы қазақ тілін оқыту // Қазақ тілін жеделдетіп оқытудың пəрменді түрі: ғылыми конф., мамыр, 1992 ж. – Алматы, 1992. 75. Демеуліктердің баяндауыш жасаудағы қызметі // Қазақ тілі мен əдебиеті. – 1992. – No 7. – 8-9 бб. 76. Қазақ тілі: орыс группасының программалары туралы // Алматы ақшамы. – 1992. – 2 0 қазан. 77. Орыс аудиториясына арналған оқулықтардағы тілдік категория- лардың берілуі // Жоғары оқу орындарында қазақ тілін өзге ұлттар арасында оқыту атты оқу метод. конф. бағдарламасы., 13-15 мамыр, 1992 ж. – Алматы, 1992. 78. Тиімді əдіс // Қазақстан мұғалімі. – 1992. – 1 8 желтоқсан. 79. Тілашар: студенттер үшін. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 79 б. (Г. Сма- ғұлова, Қ. Қадашевамен бірге). 80. Ұлттық тəрбиеге – кең өріс // Қазақстан мұғалімі. – 1992. – 4 қыр- күйек (Қ.Жарықбаев, Ж. Жандосов, М. Тəнікеевпен бірге). 81. Новое в классификации словосочетаний в казахском языке // Востоковедение в Башкиристане: тез. докл. – Уфа, 1992. – С. 83 -84 . 82. Разговорник: русско-казахский для студентов. – Алма-Ат а : Ана тілі, 1992. – 8 0 с. (Соавт.: Г. Смагулова, К. Кадашева). 1993 83. Қазақ тілін жаңа қырынан оқыту // Ана тілі. – 1993. – 5 ақпан. 84. Оқулық – ескі, əдістеме – шала: қазақ тілін жоғары оқу орын- дарында оқытуды жүйелейтін бір орталық қажет // Ана тілі. – 1993. – 28 қаңтар. 85. Орыс аудиториясында Ш. Сарыбаевтың əдістемесімен қазақ ті- лін өткізу туралы // «Қазақ тілін үйретуге байланысты жетілдірілген əдістемелерді меңгеру» атты респ. конф., 17-18 желтоқсан. – Алматы, 1993. 86. Орыс түркологтары қазақ тілі синтаксисі туралы // «Қазақ тілін үйретуге байланысты жетілдірілген əдістемелерді меңгеру» атты респ. конф., 17-18 желтоқсан. – Алматы, 1993. 87. Синтаксис саласындағы жаңа бағдарлама // Қазақстан мұғалімі. – 1993. – 1 4 мамыр. 88. Тарихи синтаксис туралы алғашқы еңбек // Қазақстан мұғалімі. – 1993. – 3 желтоқсан. – 4 б. (Б.Омаровамен бірге). 89. Тұрақты тіркесті анықтауыш // Көркем шығарма тексін тал- даудың мəселелері / Проблемы изучения художественного текста: ғы- лыми-теориялық конф. материалдары. – Алматы, 1993. – 25-26 бб. (Қ. Сау- рықовамен бірге).
630 Қосымша 90. Ұлтымыздың ұлы байлығы // Қазақ тілі мен əдебиеті. – 1993. – No10-12. – 7-9 бб. 1994 91. Абай тілінің синтаксисі // Түрік тілі мен əдебиеті. – 1994. – No2. – 6 б. 92. Есімшелі оралымдар // Шоқан Уəлиханов оқулары. – Көкшетау, 1994. Жинақ. – 2 6 4 -266 бб. 93. Көптен күткен оқулық еді // Егеменді Қазақстан. – 1994. 94. Т. Қоңыров 60 жаста // Егеменді Қазақстан. – 1994. – 19 мамыр. 95. Синтаксис туралы кейбір ойлар // Ұлылық өнегесі. – Семей, 1994. 96. Сөздерді сөйлеткен Р. Сыздықова // Атамекен. – 1994. – 2 2 қазан. 97. Тамырлас тілдер туыстығы // Алматы ақшамы. – 1994. – 2мамыр. 98. Түбі бір тілдер туыстығы: түркі тілдерінің симпозиумында анық байқалды // Қазақстан мұғалімі. – 1994. – 2 8 қазан. 99. Түркі дүниесінің тіл тамыршысы: ғалым Ə. Қайдаров – 70 жас- та // Жас Алаш. – 1994. – 2 1 желтоқсан (Т. Жанұзақовпен бірге). 100. Тіл ғылымындағы үлкен ізденіс: С. Аманжоловтың « Ғылыми син- таксис» атты еңбегі жайлы // Егеменді Қазақстан. – 1994. – 2 4 қыркүйек. 101. Үлкен жазу симпозиумы // Алматы ақшамы. – 1994. – 2 мамыр. 102. Лингво-поэтическая структура стихотворений Абая // Современ- ная культура и язык: программа респ. науч. - практ. конф. посвящ. 150-ле- тию Абая. г. Семипалатинск, 5-8 окт. – Семипалатинск, 1994. 1995 103. Ана тілдің арындай: Əлем тілдері ун-тінің қазақ тілі мен шығыс тілдері каф. меңгерушісі, профессор Т. Қоңыров туралы // Егемен Қазақстан. – 1995. – 19 мамыр (Т. Шотаевамен бірге). 104. Анықтауыш, оның кейбір жасалу жолдары. – Алматы: Ре сп. бас- па каб. – 1995. – 4 2 б. (Р.Өмірбековамен бірге). 105. Қазіргі қазақ тілінің тыныс белгілері: үтір: метод. талдау. – Ал- маты, 1995. – 32 б. 106. Мазмұны терең оқулық: Р. Əміров пен Ж. Əмірованың «Жай сөйлем синтаксисі» атты оқулығы туралы // Егемен Қазақстан. – 1995. – 25 желтоқсан. 107. Ускоренный практический курс казахского языка: учеб. посо- бие. – Алматы: Санат, 1995. – 1 2 8 с. (Соавт.: К. Жунисбеков, Ф. Ораз- баева.) 1996 108. Ана тілінің тарланы // Жас Алаш. – 1996. – 2 0 сəуір. 109. Əрі ғалым, əрі ұстаз: М. Балақаев туралы естелік // Егемен Қа- зақстан. – 1996. – 11 желтоқсан. 110. Ғасыр грамматикасы // Караван. – 1996. – 15 қаңтар.
631 Қосымша 111. Жылуы мол жан еді: тілші-ғалым Мəулен Балақаев туралы // Түркістан. – 1996. – 2 0-26 қараша. 112. П .М . Мелиоранский грамматикасына бір ғасыр // Жас Алаш. – 1996. – 8 қаңтар. 113. Синтаксис туралы ойлар. – Алматы: Мектеп, 1996. – 59 б. 114. Синтаксистің кейбір мəселелері. – Алматы: Мектеп, 1996. – 1 36 б. 115. Тіл ғылымының тарланы: Ө. Айтбайұлы туралы // Жас Алаш. – 1996. – 1 3 сəуір (М. Ержановпен бірге). 1997 116. «Абай жолы» романындағы ортақ қабыса байланысқан сөз тіркестері // ҚазМУ Хабаршысы. Филол. сер. – 1997. – No13. – 8 6 -88 -бб. (М. Əбдірамановамен бірге). 117. Ана тілге ғашық еді...: əйгілі тілші М. Балақаевтың туғанына – 90 жыл // Егемен Қазақстан. – 1997. – 11 қараша (Ө. Айтбайұлы, Ш. Сарыбайұлымен бірге). 118. Жаңа оқулық // Қазақ тілі мен əдебиеті. – 1997. – No 2. – 3 б. 119. Жаңа сапалы оқулық // Қазақстан мұғалімі. – 1997. 120.Жаңа сипаттағы оқулық // Қазақ тілі мен əдебиеті. – 1997. – No9-10. – 124 -127-бб. 121. Күрделі пысықтауыштардың қазақ тілінде берілісі // Тіл білімінің өзекті мəселелері. – Алматы, 1997. 122. Қазақ тіліндегі тіркесімділіктің кейбір кезеңдері // ҚазМУ Ха- баршысы. Филол. сер. – 1997. – No8. – 10 -13 -бб. 123. Қазақша-орысша пəрменді лексиканың минимум сөздігі: орыс бөліміне арналған. – Алматы: Қазақ ун-ті, 1997. – 23 б. (Қ. Саурықова, А.Сыбанбаевамен бірге). 124. Қазіргі қазақ тілі: сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі: жоғары оқу орындары филол. студенттеріне арналған оқулық. – Өңд., толық. 3-бас. – Алматы: Санат, 1997. – 2 3 7 б. (М. Балақаевпен бірге). 125. Қалам қуаты // ҚазМУ Хабаршысы. Филол. сер. – Алматы, 1997. – No9. – 102-103 бб. 126. Құнды еңбек: П.М . Мелиоранскийдің «Қазақ тілі грамматика- сына» бір ғасыр // Жас Алаш. – 1997. – 16 қаңтар (Н. Түймебаевамен бірге). 127. Қымбат пен сымбат // Егемен Қазақстан. – 1997. – 29 қазан. – Кітапқа сын: Айтбайұлы Ө. Қазақ сөзі. – Алматы: Рауан, 1997. 128. Профессор М. Балақаев өмірі ізденіс үстінде еді // ҚазМУ Ха- баршысы. Филол. сер. – Алматы, 1997. – No15. – 6 -8 бб. 129. Профессор М. Балақаев 90 жаста // Наука Казахстана. – 1997. – 1-15 қараша. – С.5 (Ө. Айтбаевпен бірге). 130. Профессор М. Балақаев туралы: М. Балақаевтың қайтыс бол- уына бір жыл // ҚазМУ Хабаршысы. Филол. сер. – 1997. – No7. – 7 б.
632 Қосымша 131. Пікір // ҚазМУ Хабаршысы. Заң сер. – Алматы, 1997. – No5. – 228-229 бб. – Кітапқа сын: Сапарғалиев Ғ., Ибраева А. Мемлекет жəне құқық теориясы. 132. С . Аманжоловтың синтаксистегі кейбір ойлары // ҚазМУ Хабар- шысы. Филол. сер. – 1997. – No 9. – 7-8бб. 133. Синтаксиске қатысты кейбір ойлар // Қазақ тілі мен əдебиеті. – 1997. – No1-2. – 117-122 бб. 134. Тарихи тіркесімділік//Қазақ тілі мен əдебиеті. – 1997. – No2. – 7-9 -бб. 135. Ұстаз жазушы // ҚазМУ Хабаршысы. Филол. сер. – 1997. – No 14. – 98-100-бб . 136. Үлкен ғалым: Т. Кəкішев туралы // ҚазМУ Хабаршысы. Филол. сер.–1997.–No4.–5б. 137. Из истории исследования казахского языка // История исследо- ваний культуры Казахстана. – Алматы, 1997. – С.116 -123 . 138. Современный казахский язык. – Алматы: Санат, 1997. – 224 с. (Соавт. М .Б.Балакаев). 1998 139. Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерінің басқа түркі тілдеріне игі əсері/Мемлекеттік тіл: бүгіні мен болашағы: А. Байтұрсынұлының 125 жылдығына арналған республикалық ғылыми-теориялық конф. ма- териалдары. – Астана, 1998. – 1 49-153 бб. 140. Ғалым. Жазушы. Ұстаз: лингвист-ғалым М. Серғалиевтің еңбек- тері туралы // Атамекен. – 1998. – 1 0 наурыз (А. Исановамен бірге). 141. Даналық мəйегі // ҚазМУ Хабаршысы. Филол. сер. – 1998. – No24. – 35 б. (Қ.Қарабаевамен бірге). 142. Қиыса байланысқан сөз тіркестері туралы // Қазақстан Респуб- ликасының Ғылым министрлігі-Ғылым академиясы Хабарлары. Тіл, əдебиет сер. – 1998. – No4. – 19-24 бб. 143. Қос септікті тура толықтауыштар // ҚазМУ Хабаршысы. Фи- лол. сер. – 1998. – No25. – 1 2 3-126 бб. (Г. Есжановамен бірге). 144. Өзге ұлттарда ұшыраспайтын ой-тұжырымдар: филол. ғылы- мының д-ры, профессор Г. Смағұлованың «Мағыналас фразеологизм- дердің ұлттық-мəдени аспектілері» атты еңбегі туралы // Заман- Қазақстан. – 1998. – 6 қараша. 145. Өнегелі өмір иесі // ҚазМУ Хабаршысы. Филол. сер. – 1998. – No17. – 21-25 бб. 146. Профессор М. Балақаевтың ғылымдағы жолдары // Профессор М. Балақаевтың 90 жылдығына арналған конф. материалдары. – Алматы, 1998. 147. Үстеулердің басыңқы сыңарда жұмсалуы // ҚазМУ Хабаршысы. Филол. сер. – 1998. – No18. – 7 7 -80 бб. (Ə. Ибраимовпен бірге). 148. Ізденіс жолында: филол. ғыл . д-ры, профессор Н. Əуезбаев тура- лы // Қазақстан мұғалімі. – 1998. – 1 4 қаңтар. – 7 б. (А. Сыбанбаевамен бірге).
633 Қосымша 1999 149.Ахмет Байтұрсынұлы еңбектері жəне оның басқа түркі тілдеріне игі əсері // Ұлттық рухтың ұлы тіні: ғылыми мақалалар жинағы. – Алма- ты, 1999. – 31 0 -323 бб. 150.Бастауыш // Қазақстан ұлттық энциклопедия. – Алматы, 1999. –310 б. 151.Қазақ тіл білімі əлеміндегі феномен // Жұбанов Қ. Қазақ тілінің жоғары курсы: лекциялар желісі. – Алматы, 1999. – 5 -6 бб. (С. Мырзабе- ковпен бірге). 152.Қазақ тілінің практикалық курсына арналған бағдарламасы: ун-тің аралық (орта) топ студенттеріне арналған / Құраст. К.Д . Сауры- қова. – Алматы: Қазақ университеті, 1999. – 18 б. 153.Қ. Жұбанов синтаксисіндегі сөз тіркестері // Қ. Жұбановқа 100 жыл. – Ақтөбе, 1999. 154. Қ. Жұбанов тіркесімділік мəселесі туралы // ҚазМУ Хабаршы- сы. Филол. сер. – 1999. – No34. – 16-19бб. 155. Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулерден жасалған сөз таптарының кейбір мəселелері // Қ. Жұбанов жəне қазақ тіл білімі. – Алматы, 1999. – 220-227 -бб. (Ə. Ыбыраевпен бірге). 156. Қос септік жалғаулы меңгеру туралы // ҚазМУ Хабаршысы. Фи- лол. сер. – Алматы, 1999. – No 33. – 41 -45 бб. (Г.К. Есжановамен бірге). 157. Құттықтаймын! Р.С. Əмірге 70 жыл // ҚазМУ Хабаршысы. Фи- лол. сер. – 1999. – No33. – 6-7-бб. 158. Мемлекеттік тілдің жүзеге асуын Ат а заңнан бастайық // Еге- мен Қазақстан. – 1999. – 2 7 қаңтар. 159. Сын есімді етістік сөз тіркестері // Қазақ тілі мен əдебиеті. – 1999. – No1. – 37 -42 бб. (М. Жолшаевамен бірге). 160. Түркия тілінің орыс ғалымдары арқылы зерттелуі: Шығыс елдерінің өтпелі кезеңдегі мəдени жəне тарихи процестері // ҚазМУ Ха- баршысы. Шығыстану сер. – 1999. – No 9 . – 4 2 -50-бб . (К. Кочпен бірге). 2000 161.Академик Н. Сауранбаевтың «Қазақ тілі» оқулығының тағды- ры // ҚазМУ Хабаршысы. Филол. сер. – 2 0 0 0 . – No4(38). – 25-27 бб. 162.Академик Нығмет Сауранбаев жəне жай сөйлем синтаксисі туралы // Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі мен Ұлттық Ғылым академиясының Хабарлары. Тіл, əдебиет сер. – 2 00 0 . – No5-6 (123-24). – 15-20 -бб. 163. Газет тілінде қате болмаса... // Қазақ университеті. – 2 0 0 0 . – No6, қаңтар-ақпан. 164. Қазіргі қазақ тіліндегі жаңа синтаксистік терминдер жинағы // Қостілді терминологиялық сөздіктерді құрастыру принциптері мен əдістері. – Алматы, 2000. – 7 1 -76 -бб.
634 Қосымша 165. Ортақ матасу туралы // Университеттік білім мен қоғам – үшінші мыңжылдықта: XXX халықаралық ғылыми-əдістемелік конф. – Алматы, 2000. – 2 -бөлім. – 1 35-136 -бб. 166. С. Исаев еңбектеріндегі сөз тіркесі мəселесі туралы // Тілім деп өмір сүріп ем. Жинақ. – Алматы, 2000. – 1 69-172 -бб. 167. Сөйлем мүшелері туралы // Тілтаным. – 2 0 0 0 . – No1. – 19-21 -бб. 168. Ұстазым профессор М. Балақаев жайлы естелік // ҚазМУ Хабар- шысы. Филол. сер. – 2000. – No 8(42). – 9-4-бб. 2001 169. Баяндауышсыз сөйлемдер туралы // Қазақстанның тəуелсізді- гіне 10 жыл. Нəтижелері мен болашағы: халықаралық ғылыми конф. – Алматы, 2001. – 104 -107 -бб. 170. Баяндауыштың жасалуының тағы бір көрінісі // Қазақстанның тəуелсіздігіне 10 жыл. Нəтижелері мен болашағы: халықаралық ғылыми конф. – Алматы, 2001. – 1 0 8-112 -бб. 171. Қазақ тіліндегі шектеулі тіркестердің түсіндірме сөздігі. – Алма- ты: Қазақ ун-ті, 2001. – 1 4 1 б. (Б.Қ. Рысбаймен бірге). 172. Қазіргі қазақ тіліндегі парцелляция құбылысы: бөлшектелген сөйлемдер: оқу құралы. – Алматы: Қазақ ун-ті, 2001. – 1 09 б. (А. Ақы- жановамен бірге). 173. Мемлекеттік тілдің Ат а заңға қатысты кейбір мəселелері // Мем- лекеттік тіл жəне рухани мəдениет: Ш. Сарыбаевтың 75 жылдығына арналған респ. ғылыми -теориялық конф. – Алматы, 2001. – 7 6 -79-бб . 174. С.Исаев жəне грамматика мəселелері // С.М . Исаев оқулары. – Алматы, 2001. 2002 175. Ана тілге ғашық еді // ҚазҰУ Хабаршысы. Филол. сер. – 20 0 2 . – No9(60). – 3 -5 -бб. (Ө. Айтбайұлы, Ш.Сарыбайұлымен бірге). 176. Есімді сөз тіркестері // Қазақ грамматикасы: фонетика, сөз- жасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. – 605-627-бб . 177. М .М. Бағызбаева – факультеттің ірі ғалымы // Материалы между- народной конференции, посвященной 70-летию доктора филологиче- ских наук, профессора, академика ВШ РК М.М . Багизбаевой. – Алматы, 2002. 178. Орыс тілді қазақтар туралы // Қазақ университеті. – 20 0 2 . – 2 8 ма- мыр. 179. Қазақша-жапонша тілдескіш. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 7 2 б. (С.А . Қалқабаева, Р. Ямотомен бірге). 180. Тұлға. Жар. Ана // Мая Бағызбаева: эссе, сұхбат, естеліктер. – Ал- маты, 2002. – 37 -39-бб. 181. Тіл – ұлт тамыры: орыс тілді қазақ жастарының назарына // Қазақ университеті. – 2 0 0 2 . – 26 қараша.
635 Қосымша 182. Тіл үшін күрес – елге тиген үлес // Егемен Қазақстан. – 2002. – 5 наурыз (Ə. Қайдари, Ө. Айтбаев, К. Құрманəлиевпен бірге). 183.Ұстаз, жазушы // Зейнолла Қабдолов – ұстаз, ғалым, жазушы: өмірі мен шығармашылығы туралы мақалалар мен сұхбаттар, өлеңдер- жырлар. – Алматы, 2002. – 1 65-169-бб. 184.Ұстаз жəне оның шəкірттері // ҚазҰУ Хабаршысы. Филол. сер. – 2002. – No 9(60). – 57-60-бб . 185. Функционалды грамматика туралы // «Қайнар» университетінің Хабаршысы. – 2002. – No3. – 57-62-бб. 186.Структурно-семантические типы сложных словосочетаний в сов- ременном казахском языке. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 2 0 2 с. 2003 187. Байланысу формаларындағы кейбір өзіндік ерекшеліктер // Қазақ тілі мен əдебиеті. – 2003. – No2. – 55-59-бб. 188. Байланысу формаларын оқыту мəселесі туралы // Жоғары кə- сіптік білім беру жүйесінде кредиттік технологияны жүзеге асырудың ғылыми-əдістемелік аспектілері: əл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушы- профессорларының ХХІІІ ғылыми-əдістемелік конф. материалдары. – Алматы, 2003. – 3 -бөлім. – 79-81 -бб. 189. Қазіргі қазақ тілі: сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі: оқу- лық. – Өңделіп жəне толық., 4-бас. – Алматы: Санат, 2003. – 2 39 б. (М. Ба- лақаевпен бірге). 190. Олжас ақынның олжалы еңбегі // Қазақ университеті. – 2 0 0 3. – 25 наурыз. 191.Оралман туралы // Қазақстан-Заман. – 2 0 0 3 . – 25 ақпан. 192. Орыс тілді аудитория оқулықтарындағы грамматикалық катего- риялардың қазақ жəне орыс тілдерінде берілу дəрежесі // Жаңаша оқыту проблемалары: бүгіні мен болашағы: жоғары оқу орындары арасын- дағы ғылыми-практикалық конф. – Алматы, 2003. – 7 -9 бб. 193.Өркениет пен ұлттық идея үндескен // Алматы ақшамы. – 2 0 0 3 . – 29 наурыз. 194. Профессор С. Аманжоловтың өзінен бұрынғы синтаксис ғалым- дарымен арақатынасы // ҚазҰУ Хабаршысы. Филол. сер. – 2003. – No4(66). – 1 6 -20 -бб. 195. С .М . Исаевтың сөз тіркесіне қатысты кейбір ойлары туралы // Көркем əдебиет тілінің өзекті мəселелері: 2003 ж. 30 сəуірдегі «Про- фессор С.М. Исаев оқулары» аясында ұйымдастырылған халықаралық ғылыми-теориялық конф. материалдары. – Алматы, 2003. – 1 -бөлім. – 3 6 - 40-бб. (С. Омаров, Ш.Ш. Сарыбаев, Ө. Айтбайұлымен бірге). 196.Сəті түскен сұхбат // Сақшы. – 2003. – 20 ақпан. – 5 б. 197.Ұлт тіліне жаңаша өң берген: Елбасы Н.Ə . Назарбаевтың «Сын- дарлы он жыл» атты еңбегіндегі ұлттық тілдің қолданысы туралы // Еге- мен Қазақстан. – 2003. – 2 сəуір.
636 Қосымша 198. Ұлт тіліне жаңаша өң берген // Қазақстан: сындарлы жыл- дар жəне ғаламдық мəселелер: ҚР Президенті Н.Ə . Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» еңбегі бойынша өткізілген қорытынды ғылыми- теориялық конф. материалдары. – Алматы, 2003. – 6 6 б. 199. Шетелдерден қандастарымызды қалай қайтарамыз? // Қазақстан- Заман. – 2003. – 7 ақпан. 2004 200. Қазіргі қазақ тілі: сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі: оқулық. – Өңделіп жəне толық., 4-бас. – Алматы: Білім, 2004. – 2 2 4 б. (М. Балақаевпен бірге). 201. Қазіргі қазақ тіліндегі тіркесімділіктің кейбір мəселелері: оқу құралы. – Алматы: Қазақ ун-ті, 2004. – 91 б. 202. Қос тілді ғылымды меңгерген Əбекең Қайдари // ҚазҰУ Хабар- шысы. Филол. сер. – 2004. – No8. – 8-12бб. 203. Лингвистикалық терминдерді қазақшалау туралы // Білім сапа- сы – XXІ ғасыр өркениетінің кепілі: əл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушы-профессорларының ХХХVІ ғылыми-əдістемелік конф. мате- риалдары. – Алматы, 2004. – 1 0 8 -110 бб. 204. Профессор М. Балақаевтың белгісіз еңбектері // Қазақ универ- ситеті. – 2 0 0 4 . – 2 8 қыркүйек (С. Ақымбекпен бірге). 205. Профессор М. Балақаевтың белгісіз еңбектері туралы // ҚазҰУ Хабаршысы. Филол. сер. – 2004. – No 5 (77). – 22-24 бб. 206. Түркі əлемінің жүгін арқалаған ғалым: А.С. Аманжоловтың 70 жылдық мерейтойына жəне ғылыми-ұстаздық қызметінің 45 жыл- дығына арналған «Түркі сөз əлемі» атты халықаралық ғылыми-теория- лық конф. материалдары // ҚазҰУ Хабаршысы. Филол. сер. – 2 00 4 . – No6(78). – 2 4 -25 бб. 207. Тіркесімділіктің дистрибуциясы. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 100 б. 208. Ұлттық тіл: бүгіні мен болашағы // Мемлекеттік тілді оқытуды жетілдірудің өзекті мəселелері: ғылыми-əдістемелік конф., 22-23 сəуір, 2004 ж. – Алматы, 2004. 2005 209. Есімдер синтаксисінің кейбір мəселелері. – Алматы, 2005. – 1 75 б. (Қ. Оңалбаевамен бірге). 210. Жақ категориясының функционалдық көрінісі: оқу құралы. – Ал- маты: Қазақ университеті, 2005. – 55 б. 211. Қазақ тіл білімі əлеміндегі керемет құбылыс // Жұбанова М. Əкем – жарық жұлдызым. – Алматы, 2005. – 1 89-191-бб. (С. Мырзабе- ковпен бірге). 212. Профессор Р. Əмір жəне ауызекі сөйлеу тілі // ҚазҰУ Хабаршы- сы. Филол. сер. – 2005. – No4 (86). – 6-8 -бб. (М. Мамаевамен бірге).
637 Қосымша 213.Ш.Ш. Сарыбаевтың «Библиографиялық көрсеткіші» – қазақ тіл білімінің айнасы //Академик Ш.Ш. Сарыбаев жəне қазақ тіл білімі мəселелері. – Алматы, 2005. – 1 6 -23-бб . (С. Ақымбекпен бірге). 2006 214. «Жақсы» сөзінен жасалатын сөз-сөйлемдер // Тіл жəне əдебиет: кешегісі мен бүгіні: халықаралық ғылыми-теориялық конф. материалдар жинағы, 5 сəуір, 2006 ж. – Алматы, 2006. – 8 6 -89-бб. (А.А. Шойбекова- мен бірге). 215. Оқулықтың оқулығы // ҚазҰУ Хабаршысы. Филол. сер. – 2 0 0 6 . – No4(94). – 186б. 216. Сүйер ұлың болса, сен де сүй: академик Ө.А . Айтбаевтың 70 жылдығына орай // «Қайнар» университетінің Хабаршысы. – 2 0 06 . – 1/1 бас. – 4 -6 -бб. (Д. Əлкебаевамен бірге). 217. «Төлеген-толғау» дастанын оқығанда // Дала мен қала. – 2 0 0 6 . – 1 желтоқсан. – 2 1 б. (А.Салқынбаймен бірге). 2007 218. Дыбыстық жүйенің жанашыры (Ғалым келбеті)/Филология ғы- лымдарының докторы, профессор С. Мырзабековтің 70 жылдық мерей- тойына орай ұйымдастырылған «Қазақ тілі ғасырлар тоғысында: теория- сы, тарихы жəне қазіргі жайы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары// Хабаршы. – No5 (104). – 2007. – 8-11 -бб. (С. Ақымбекпен бірге). 219. Ғалым келбеті // «Қазақ тілі ғасырлар тоғысында: теориясы, тари- хы жəне қазіргі жайы» атты профессор М. Балақаевтың 100 жылдығына арналған халықаралық конференция материалдары. – Алматы, 2007. – 440-442 -бб. 220. Ат а-ана жүрген ізбенен // Қазақ университеті. – 2 0 0 7. – 2 қараша. 221. Мəулен Балақаев: зерттеу-эссе . – Алматы, 2007. – 159 б. 222. Құрмалас сөйлемдер жүйесі: Оқу құралы. – Алматы, 2007 (Б. Сағындықұлымен бірге). 2008 223. С. Исаев еңбектеріндегі сөз тіркесі мəселесі туралы / Тілім деп өмір сүріп ем: Естеліктер. – Алматы: Өнер, 2008. – 1 69-175-бб. 224. Өнегелі өмір иесі / Лебіз (Профессор М.Р. Серғалиевтің қыз- метіне арналған жинақ). – Астана, 2008. – 2 4 -29 бб. 225. Синтаксис мəселелері. – Алматы, 2008. – 7,5 б.т. (Б. Сағын- дықұлымен бірге). 226. Синтаксистің өзекті мəселелері / Жалпы білімділік 12 жылдық білім беру жүйесіндегі оқытудың үштілдік мəселелері: Ғылыми- əдістемелік конференция материалдары. – Семей, 2008. – 1 0 3 -106 -бб. 227. Морфологияның қиын мəселелері / Тіл жəне жаһандану: бүгіні
638 Қосымша мен болашағы. Халықаралық ғылыми-теориялық конференция мате- риалдары. 228. Сөздердің дистрибуциясы: Электронды оқулық. – Алматы, 2008. – 1 0 1 б. (М. Мамаевамен бірге). 2009 229. Профессор Фатима Мұсабекова – тыныс белгісі теориясының негізін қалаушы / Профессор Фатима Мұсабекова жəне тіл білімі мен əдістеме мəселелері: Халықаралық ғылыми-теориялық жəне практи- калық конференция материалдары. – Алматы, 2009. – 5 -6 -бб. 230. Бергенінен берері мол ғалым еді // ҚазҚызПУ. – 2 0 09, қараша. 231. Морфология: кеше, бүгін. Түркі əлемі: тарих, қоғам, табиғат. Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алма- ты, 2009. – 232-240-бб. 232. Қабысудың негізі – аналитикалық сөйлемдер // ҚазҰУ Хабар- шысы. Фил. сер. – 2009. – No4. – 83-87-бб. 233. Жастардың ынтасы қызықтырады//Ана тілі. – 2 0 09. – 2 6 тамыз (Б.Сағындықұлымен бірге).
МАЗМҰНЫ АЙТБАЙҰЛЫ Ө. Профессор Талғат Сайрамбайұлы Сайрамбаевтың өмірі мен шығармашылығы ............................... 3 Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері ............................... 9 Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі .................................... 201 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері .................................................. 367 Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі .... 531 Қосымша ...................................................................................... 623
Талғат САЙРАМБАЕВ ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ МƏСЕЛЕЛЕРІ Редакторы Төлеубек Алпысбаев Корректоры Шəрипа Жамықаева Беттеуші Нұрбүбі Садықова Суретші Нағым Нұрмағамбетов Басуға 04.08 .2014 қол қойылды. Пішімі 60х90 1/16 . Офсеттік қағаз. Баспа табағы 40,0. Шартты баспа табағы 40,0. Таралымы 4000 дана. ЖШС «Абзал-Ай» 050009, Алматы қаласы Абай даңғылы, 143, 425-кеңсе тел/факс: 8(727) 394 38 32, 385 74 67 E-mail: Bekbosin-serik60@mail.ru