Текст
                    Алматы Әйелдер Орталығы
«Қылықты әйел» онлайн курсы
@almaty.aielder.ortalygy
АДАЛ ЖАРДЫҢ ДҰҒАСЫ
БАРЛЫҚ МАҚТАУ-МАДАҚ АЛЛАҒА ТƏН! ІЗГІ СƏЛЕМДЕР ӨЗІНЕН КЕЙІН ПАЙҒАМБАР
КЕЛМЕЙТІН МҰХАММЕДКЕ (ОҒАН АЛЛАНЫҢ ИГІЛІГІ МЕН СƏЛЕМІ БОЛСЫН)
БОЛСЫН!
Я, АЛЛАҺ! Я, ƏР-РАХМƏƏН! (АСА РАХЫМДЫ) Я, ƏР-РАХИИМ! (ЕРЕКШЕ МЕЙІРІМДІ)!
Өзің береке жаудырған түннің үшінші бөлігінде құлың келді алдыңа. Қолын көтерді,
алақанын жайды, тілін сөйлетті, маңдайын сəждеге қойды, босағаңнан кеткісі келмейді.
Дəл осы уақытта «Кім Менен дұға қылса, оның дұғасын қабыл етемін. Кім Менен
сұраса, сұрағанын беремін. Кім Менен кешірім өтінсе, кешіремін!» деп уəде берген
Өзіңсің ғой! Я, Раббым! Бар менің дұғам! Көп менің дұғам!
Я, ƏС-СƏМИИЪ (ЕСТУШІ), Я, ƏЛ-БАСЫЙЫР (КӨРУШІ), Я, ƏЛ-МУЖИИБ (ЖАУАП
ҚАТУШЫ), Сен маған «киім», билеуші еткен, арамызға сүйіспеншілік пен мейірім,
жанашырлық орнатқан, мені «гүлім, аманатым» деп алақанына салған, Жəннатым
болар деп үміт еткен жалғызым, жан-жарым үшін дұға жасағым келеді...
Я, ҺƏƏДИ (ТУРА ЖОЛҒА САЛУШЫ), «Я, РАББИ (РАББЫМЫЗ)! «Бізді тура жолға
түсіргеннен кейін жүректерімізді ауытқытпа жəне Өзіңнен бір мейірім сыйла.
Ақиқатында, Сен – Сый Берушісінің (əл-Уаһһаб)». Жарымды Өзіңе серік қосу күнəсінан
аман ет, амалдарының зая кетуінен сақта! Жүрегін Өзіңнің дініңде бекем ет! Өз
тағатыңа бағытта!
Я, ƏЛ-МƏЛИК (ПАТША)! Я, ƏЛ-ХАИЙ (ТІРІ)! Я, ƏЛ-ҚАЙЮУМ (ТҰРҒЫЗУШЫ) !Оның
өмірінің қорғаны болған дінін, тіршілік еткен мына дүниесін жəне қайтар орны болған
Ақыретін дұрыстап жақсарта гөр! Дүние тіршілігін əрбір қайырлы істерді көбейтетін
орын ет, өлімді əрбір жамандықтан құтылатын демалыс ет!
Я, ƏЛ-ҚААДИР (ШАМАСЫ ЖЕТУШІ)! Я, ƏР-РАЪУУФ! (МЕЙІРБАН, ЕСІРКЕУШІ)! Оны
Қабірдің азабынан, Тозақтың отынан, өмір мен өлім бүлігінен сақта!
Я, ƏЛ-УАҺҺАБ (СЫЙЛАУШЫ)! Жан-жарыма ұлы Сыйың Фирдаус Жəннатын нəсіп ет!
Ақыретте шыншылдармен, ізгілермен, шəһидтермен бірге болуды тарту ете гөр!
Я, МУҚАДДИМ (ІЛГЕРІЛЕТУШІ, АЛҒА ШЫҒАРУШЫ)! Я, ЗYЛ-ЖƏЛƏƏЛИ УƏЛ-ИКРААМ
(ДАҢҚ ПЕН ҚҰРМЕТ ИЕСІ)! Оны жəне балаларымызды тақуалардың алды ете гөр!
Өзіңнің алдыңдағы, Қияметтегі, адамдардың арасындағы дəрежесін биік ет! Сені разы
ететін қайырлы қызмет бер! Адал ризық-несібе бере гөр!
Я, ƏЛ-ХƏСИИБ (ЕСЕПКЕ ТАРТУШЫ)! Сенің қаһарыңды оятатын істерден аулақ ет!
Ақыреттегі таразысын ауыр ет, амал кітабын оң қолынан алушылардың қатарынан қыл!
Я, ƏЛ-ХАКИИМ (ДАНА, ХИКМЕТ ИЕСІ), Я, ƏЛ-АЛИИМ (БІЛУШІ), Я, ƏЛ-ФƏТТƏƏХ
(АШУШЫ, ЖЕҢІС БЕРУШІ)! Оған жақсы мен жаманды айыратын қабілет, даналық бер!
Əлбетте, кімге ол нəсіп болса, ол көп жақсылыққа қол жеткізді. Оның білімін арттыр!
Соңынан Ақыретіне азық болатын, өлімінен кейін де жалғасын табатын қайырлы білім
қалдыру абыройын нəсіп ет! Ең көркем мінез-құлықтарға бағытта, жаман мінезқұлықтардан арылта гөр!


Алматы Әйелдер Орталығы «Қылықты әйел» онлайн курсы @almaty.aielder.ortalygy Я, МУЪТЫЙ (БЕРУШІ)! Оған таусылмайтын нығмет (бақ), үзілмейтін қуаныш, Өз дидарыңды көру лəззатына, зиянды қайғыларсыз, адастыратын бүліктерсіз Өзіңе жолығуға құштарлықты сұраймын! Саған деген ұмтылысын көркем ете гөр! Я, ƏН-НАСЫЙИР (ЖƏРДЕМШІ, ЖЕҢІС БЕРУШІ)! Өзіңді еске алуға, Өзіңе шүкіршілік етуге əрі Өзіңе көркем түрде құлшылық етуге жəрдем бер! Өзіңнің құзырыңда қабыл болатын ғибадаттар жасауда көмекші болғайсың! Я, РАФИИҚ (ДОС, ЖҰМСАҚ)! Оны Өзіңе дос тұта гөр! Оған Сенен артық дос табылмайды. Расында, Сен Өзіңе дос тұтқан пендең қор болмайды. Айналасына оны Сенің разылығың үшін жақсы көретін, ол үшін дұға жасайтын, Қияметте шапағатшы болатын тақуа жолдастарды топтастыра гөр! Я, УƏЛИИ (БАСҚАРУШЫ, ҚАМҚОРШЫ), Я, ƏЛ-МƏУЛƏ (ЖАҚЫН ҚҰЛДАРЫНА ҚАМҚОРШЫ)! Күндіз де, түнде де оны Өз қамқорлығыңа ала гөр! Оның Сенен басқа арқа сүйері, қорғаны жоқ! Жалқаулықтан жəне жаман халде қартаюдан аман ет! Дініне, тұрмыс-тіршілігіне, жанұясы мен мал-мүлкіне жарылқау мен есен-амандық бер! Я, ƏЛ-ХƏФИИЗ! Алды-артынан, оң жақ-сол жағынан, төбесінен Өзің сақта! Нəпсісінің кесірінен, шайтанның жамандығы мен тұзағынан сақта! Оны əлсіздіктен, жалқаулықтан, қорқақтықтан, сараңдықтан, қаусаған кəріліктен, қатыгездіктен, қаперсіздіктен, мұқтаждықтан, қарызға батудан, қорлықтан, кедейліктен, күпірліктен, пасықтықтан, араздықтан, екіжүзділіктен, əрі өзгелердің естуі үшін, əрі көруі үшін амал қылудан сақтай гөр! Я, Алла! Оны саңырау, соқыр, жынды, алапес болуынан жəне барлық жаман аурулардан сақтауыңды сұрап, бір Өзіңе сиынып, пана тілеймін! Я, РАББ! Оның істері мен жүрегінің иесі – Жалғыз Өзіңсің! Маған қатысты оның жүрегіне Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сəлемі болсын) Аишаға (оған Алла разы болсын) деген махаббатын салып қойғайсың! Екеумізге Өзіңнің разылығың үшін болған сөнбейтін махаббатты нəсіп ет! Я, ƏЛ-УƏДУУД! Оны Өзің сүй! Оған Сені, Елшіңді, дініңді, Құраның мен сүннеттіңді сүйетін жүрек бер! Сені жақсы көретінді жақсы көруді жəне Сенің жақсы көруіңе жақындататын əрбір амалды жақсы көруді сүйікті ет! Иман көркемдігімен көріктендіре түс əрі бізді тура жолды ұстанған жетекшілерден ете гөр! ƏШ-ШƏƏФИИ (ШИПА БЕРУШІ)! Тəні мен жүрегінің дерттерінен айықтыра гөр! Өзіңнің алдыңа сау жүрекпен барушылардан ете гөр! Я, ƏЛ-ЖƏМИИЛ! Оның жүзін маған, менің ажарымды оған сұлу ет! Жанымызды сұлу ет! Мені оның көзінің қуанышы, жүрегінің тыныштығы ете гөр! Я, ƏЛ-ҒАНИИ (БАЙ), Я, ƏР-РААЗИҚ (РИЗЫҚ БЕРУШІ), Я, ƏР-РАЗƏƏҚ (РИЗЫҚТЫ МОЛ ЕТІП БЕРУШІ)! Ризығын берекелі ет! Осы дүниеде ер жігіттің бақыты болатын үш нəрсені: көзінің қуанышы болатын, дүние-мүлкін сеніп тапсыра алатын əйелді, жолдастарынан артта қалып кетпейтін жақсы, жүйрік мініс көлікті, көп бөлмелі кең үйді оған да нəсіп ет! Я, Алла, біз Сенен бұл дүниенің бар байлығын сұрамаймыз. Ақыреттегі бақытты өмірді, Өзіңнің жаныңдағы кең сарайды, Жəннат бақтарындағы жайлылықты мақсат тұтамыз! Я, Раббымыз! Бізге бұл дүниеде де жақсылық бер, ақыретте де жақсылық бер жəне бізді тозақ азабынан сақта!
Алматы Әйелдер Орталығы «Қылықты әйел» онлайн курсы @almaty.aielder.ortalygy Я, ЪАФУУ (ҒАФУ ЕТУШІ)! Я, «ҒАФУУР (КЕШІРУШІ), Я, ƏТ-ТƏУУƏБ! Оның кіші-үлкен, əуелгі-кейінгі, жасырын-əшкере күнəларын кешіре гөр! Күнəларды кешіретін Өзіңнен басқа ешкім жоқ! Я, ЪАЗЫЙИМ (ҰЛЫ)! Я, ЪАЗИИЗ (ҮСТЕМ)! Оған разы бол! Оның соңғы сөзінің «Лə илəһə иллə Аллаһ» болуын нəсіп еткейсің! О, Жаратқан, адал жар болуды нəсіп ет! Сенің қолдауыңсыз бұл ниетіме жете алмасымды білем. Мені өзімшілдіктен, төзімсіз болудан, кейігіштік мінезден ада қыл, бəрін сүйіспеншілікке айналдыр. Бағыну мен қабылдауды үйрет. Жаман əдет пен көңілсіздіктен арылт. Ауыр сөз айтудан, кикілжің кезінде оның тасжүректігінен тығылып қалудан сақта. Маған мейірім бер, адалдық бер, кең пейіл мен жұмсақ мінез бер. Ашуымды ырықтап ұстар парасат бер. Жүрегімді қатыгездіктен емде, жұбайым екеуміздің арамыздағы тайталастың биік қамалын қират. Жап-жаңа жүрек бер! Тек махаббат пен тыныштығы бар жүрек бер! Қуанышын жасырмайтын асыл жүрек бер! Осалдығым мен нашар мінезімді бір өзім жеңе алар емеспін. О, Тəңірім, мені өзгертетін қуат тек өзіңде бар! Жұбайыма жасаған қиянатымды жүрегімнен көрсетші! Оны лайықты түрде сүймегенім үшін, еркекке тəн қасиетіне бола құрметтемегенімді кешір! Оған ашуланғаным үшін, сынап-мінегенім үшін, тасжүректік танытқаным үшін кешір! Өкпе-ренішті жиып, ашу мен көңіл қалудан басқаны білмегенім үшін кешір! Сен ғана кешіре алатындай толыққанды ұлы кешіріммен оны кешіруге мүмкіндік бер. Өткенін еске түсірместен бүтіндей кешіруді нəсіп ет! Ақ некемді ақ пейілмен емдеп, шаңырағыма мамыражай өмір сыйлайтындай мінез бер! Жұбайым екеумізге таусылмас əңгіме бер! Суынып кетуден сақта! Табалдырықтан аттасаң, ар жағы ажырасуға апаратын қателіктен сақта! Жұбайыма қолғанат əрі адал дос болуды үйрет! Шаңырағымызды азаматым əрқашан аңсап келетін шаттықтың бесігі ете гөр! Қараса көзі қуанып, көңілі масаттанатындай өзімнің сымбатыма уақыт бөлуді үйрет!
Алматы Әйелдер Орталығы «Қылықты әйел» онлайн курсы @almaty.aielder.ortalygy Рухани бай, парасаты мен білімі келіскен, күш-қуаты асып-тасыған, жүрегі нəзік əйел болуды нəсіп ет! Асыл жарым деп менімен мақтанатындай əйел болуды жаза гөр! Жұбайымды бар кемішілігі мен асқақтығын қабылдай отырып сүюді үйрет! Оны өзгертуге талпынтпа! Ол өзгере алмайтынын түсінем. Бірақ оның бойынан, Жаратқан ием, бір өзің ғана бере алатын өзгерістерді асыға күтем! Оны тек өз игілігіне сай өзгерте гөр! Екеуміздің де кемелдігіміз кем, оны мойындаймын. Біртұтас келмелдік тек өзіңе тəн, Тəңірім! Тек өзіңнің қолдауыңмен екеуміздің арамыздағы бар байланыс биік дəрежеге көтерілер деп үміттенем! Күйеуім үшін дұға етуді үйрет! Менің дұға жасайтын ниетімді шынайы сүйіспеншіліктің тілі ете гөр! Арамыздағы махаббат өшсе, қайта алаулат. Шын махаббаттың барына көзімді жеткізші! Сезімімді күйеуім сезіне алатындай көрсетуді үйрете гөр! Қай істе де келісімге жеткізетіндей екеуміздің ынтымағымызды мығым ете гөр! Еркін өмірді аңсап, бір-бірімізбен тайталаса жөнелетін қыңырлықтан сақта! Екеумізді бір бүтін ете гөр! Ұлы некенің қасиетін сақтау үшін бір-біріміздің қателігіміз бен əлсіздігімізді байқатпай, біріге еңбек етуді үйрет. Бір-бірімізге тірек боп, ынтымақты болуға ниеттендір! «Ортақ ой, ортақ ниетпен» біріктіре гөр! Бір өзіңе жəне бір-бірімізге деген адалдығымыз күн өткен сайын үдей берсін деп тілеймін! Еріме шаңырақтың иесі болуды үйрет! Маған оның отағасы дəрежесін қолдап, құрметтеуді үйрет! Оның жүрек қалауын түсінуді, əр пікіріне ілтипатпен қарауды үйрет! Маған оның мақсаты мен қалауын анық ете гөр! Орын алып үлгермеген түйткілдерді алдын ала сездірте гөр!
Алматы Әйелдер Орталығы «Қылықты әйел» онлайн курсы @almaty.aielder.ortalygy Біздің отбасылық өмірімізге жаңа тыныс бере гөр! О, Тəңірім, мені өзгерте гөр! Өмірге бар ынта-ықыласыммен жаңаша қарауды үйрет! Жұбайым етіп берген адамға деген бар пейілімді ағарта гөр! Оған сеніммен қарауды үйрет! Жүрегімді жап-жаңа шексіз махаббатпен, жаңа мейіріммен, жаңа тілекпен толтыра гөр! Мені лайықты адал жар ете гөр!